The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanzhar.kuderov, 2022-12-07 05:34:32

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Болат Төлепбергенов

ШЫҒЫСТЫҚ

ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР

ШҚО Өскемен қаласы әкімшілігінің қолдауымен
жарық көрген

Астана – 2022

УДК 94 (574)
ББК 63.3
Т65

Құрастырушы: Болат Төлепбергенов

Техникалық редакторы: Гүлбаршын Абылғазинова

Кітапқа қолдау көрсеткен редакциялық кеңес құрамы:
Рамазанов Марат (жетекші), Байгундинов Қайырхан, Сарманов
Тоқтарғазы, Аймуханбетов Нұрхалық, Самултурова Динара, Касимова
Лайла, Бопаева-Әубәкірова Баян

Т65 Шығыстық желтоқсандықтар. Тарихи естеліктер/ Б.Төлепбергенов.
– Астана: «Булатов А.Ж.» ЖК, 612 бет.

ISBN 978-601-326-675-6

1986 жылы 17-18 желтоқсанда Алматыда бастау алып, 19-23 жел-
тоқсан күндері қазақ жерінің барлық өңірінде жалғасын тапқан желтоқ-
сан көтерілісі туралы білеміз. Оны ұйымдастырған желтоқсаншы жастар-
дың бүгін: арты елуден асып, алды жетпіске келді. Осы желтоқсандықтар
аталған үлкен топтың бір пұшпағы шығыстық желтоқсандықтар болып
табылады. Желтоқсан-86-да олардың жазықсыз соққыға жығылып, ауру-
сырқаулы болып қалғандары қаншама. Олардың бүгінгі күні армандары-
на жете алмай өмірден өтіп жатқандары да біршама.

«Шығыстық желтоқсандықтар» аталған осы естеліктер жинағы
кітабы, Желтоқсан-86-ның 35 жылдық атаулы күндері қарсаңында,
шығыстық желтоқсандықтарға құрмет пен тағзым көрсету мақсатында
жарық көріп отыр. Сонымен қатар, кітапта айтылған желтоқсандықтардың
ерлігі бүгінгі жастарды отаншылдық рух пен адамгершілік қасиеттерге
шақырады.

Кітап көпшілік қауымға арналған.

ISBN 978-601-326-675-6

УДК 94 (574)
ББК 63.3

© Б.Төлепбергенов, 2022

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Алғы сөз

І

1986 жылғы «Желтоқсан» туралы тұңғыш хабарды Совет
Одағының Телеграф Агенттігі (СОТА) таратты. Онда: «18
желтоқсан, 1986 жыл. Кеше кешкiсiн және бүгiн күндіз Ал-
матыда ұлтшыл элементтер арандатып салған оқушы жастар
тобы көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетiнiң жуырда болған пленумының шешiміне наразылық
білдірді. Бұл жағдайды бұзақылар, арамтамақтар және қоғамға
жау басқа да адамдар пайдаланып, құқыққа қарсы әрекеттер
жасады. Сондай-ақ азық-түлік магазинін, жекеменшік автомо-
билдерді өртеді, қала азаматтарына қарсы намысты қорлайтын
әрекеттер жасады...», - деп, тұп-тура «сұмдық жаңалықтармен»
басталған.

Осындай Кеңес агенттiктерiне сiлтеме жасай отырып,
батыс елдерiнiң Рейтер, АП, ЮПИ, АФП сияқты ақпарат агент-
тiктерi де Қазақстандағы көтеріліс туралы хабарлар таратты.
Лондонда шығып тұратын «Гардиан» газетi Мәскеудегi арнау-
лы тiлшiсiнің деректерін пайдаланып, 1986 жылы 22 желтоқсан
күнi берген хабарында Алматыдағы жағдайды қысқаша: «...Де-
монстрацияға қатысушылар 17 желтоқсан, сәрсенбi күнi түстен
кейiн коммунистiк партияның орталығына үш жақтан шабуыл
жасаған. Кейбiр бөлмелерiн қиратқан. Алматыға шұғыл түрде
25 000 солдат жiберiлген. Мәскеуден арнаулы 15 самолетпен
тергеушiлер де жiберiлген...» - деген хабарларды жариялады.
Осы жастардың күресі мен бойкөрсетулерінен кейін екі ай
бойы Алматы мен Қазақстанның өзге де қалалары бүкіл әлем-
нен оқшауландырылды.

Осы уақыттың ішінде кеңестік билік Алматыда және Қа-
зақстанның басқа да өңірлерінде қылмысқа пара-пар жазалау
шараларын жүзеге асырды. Іле, рақымсыз кеңестік билікке
қарсы, гуманистік пиғылдағы жеке ұйымдар мен елдердің
«Желтоқсандық» аталған 70 мың жастарды арашалау мақса-

3

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тындағы күресі басталды. Мәселен, АП ақпарат агенттігі 1987
жылы 20-шілдеде Венадан хабарлап, өлім жазасына кескен
қазақ жасына байланысты Мажарыстанда 41 адам қол қойған
мәлімдеме жарияланғанын жеткізді. АФП агенттігі Чехослава-
кияның адам құқықтарын қорғау жөніндегі «Хартия - 77» атты
тобы да өлім жазасына кесілген қазақ жасы Қайрат Рысқұлбе-
ковке байланысты мәлімдеме жасағанын айтты. ...Рейтер мен
АП агенттіктерінің 1987 жылы 29 маусым күні Польшадағы
«Бостандық және бейбітшілк үшін күрес ұйымы» 1987 жылы
26 маусым күні Варшавадағы Кеңес одағы елшілігі арқылы Ми-
хаил Горбачевке рақымшылық жасау туралы хат жолдағанын
жариялады. АҚШ перезиденті Рональд Рейган 1987 жылы 19
шілде күні Езілуші ұлттар аптасына байланысты жариялаған
мәлімдемесінде 1986 жылы адам құқықтары және тәуелсіздік
үшін күрескен халықтарды санай келіп, олардың қатарында
қазақтарды ерекше атап көрсетті.

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30
жыл, әйгілі Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл толады. 1986 жылы
өрімдей ұл-қыздарымыз қызыл империя - Кеңес Одағының
қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шығып, қан
төккенен кейін, тура бес жыл өткенде Республикамыз Тәуел-
сіздігін жариялады. Екі айтулы ұлық күндеріміздің қабысып
жатуының өзінің символдық мәні бар.

1991 жылы желтоқсан айында алғашқы Президентімізді
ұлықтау (инаугурация) күнінен көп уақыт өтпей-ақ, 12 жел-
тоқсан 1991 жылы №540 «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18
желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа
тартылған азаматтарды ақтау туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы шықты. Сол Жарлықта 17 желтоқсан
– Қазақстанда Демократияның жаңару күні болып бекітілді.
1994-95 жылдары желтоқсандықтардың күш салуының арқа-
сында оларға жеңілдіктер қарастырған Үкіметтік өкімдер мен
қаулылар шықты.

Дегенмен, бүкіл Қазақстанды қамтыған желтоқсан
қозғалысына қатысушыларды аялау мен құрметтеу мәселесі
жергілікті жерлерде өз деңгейінде болмай келгені шындық.

4

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Осыны байқаған, Президент Қ.К. Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен
қымбат» атты мақаласында (egemen.kz) «азаттықтың алғашқы
қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі
лайықты бағаланып, жоспарлы түрде насихатталуы керек,-деп
атап айтты.

Осы жағдаяттарды ескере отырып, Республикамыздың
Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, желтоқсан көтерілісінің 35 жыл-
дығы аясында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
әкімдігінің желтоқсан көтерілісіне қатысқан жерлестері туралы
кітап шығаруды қолға алып отырғандығын Отан тарихы мен
желтоқсандықтарға деген құрмет деп қуана қабылдауға болады.

ІІ

Енді, «Шығыстық желтоқсандықтар» деп аталып отырған
еңбегіміздің басты кейіпкерлерінің туып-өскен жерлеріне бір
көз салсақ. Өйткені, батырларға ерекше тәрбие мен асқақ рух
беретін туған жердің суы мен топырағы ғой...

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүс­тік-
шығысында орналасқан, Павлодар, Қарағанды және Алматы
облыстарымен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі және
Алтай Республикасымен, Қытай халық республикасымен ше-
каралас. Оның аумағы Қазақстан жерінің 10%-ын құрайды.

Ақ қыраулы Алтай, Кенді Алтай. Алтайдың асты да ал-
тын, үсті де алтын, беткейі малға, маралға толы. Осының бәрі
– Өр Алтайдың төсінде орын тепкен Шығыс Қазақстанның
ғажайып жер екендігі. Бір сөзбен айтқанда, Шығыс Қазақстан
- Еуразияның дәл кіндігіндегі жер жәннаты. Ол туралы ұлы
Мағыжан ақын:

Алтайға жер жүзінде тау жоқ жеткен,
Алтайға бетегедей алтын біткен.
Бейіштей алтын Алтай етегінде,
Ертеде алаш елі мекен еткен.
Ол күндер көз жетпейтін ерте күн ғой,
Ерте күн – ертегідей ерке күн ғой.

5

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Өткен күн – ұстатпайтын сұлу сағым,
Жалғыз-ақ желден жүйрік жетеді ой.
Өткен күн ертегімен таласқандай,
Уа, дүние, ол күндерде алаш қандай?!

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан байтақ Қазақстанның жа-
сыл желек ормандарының 60%-нан астамын құрайтын өлке,
көздің жаудың алар Катон-Қарағайда осы елде. Шығыс аймағы
өзен көлдердің де отаны: Алакөл, Зайсан, Ертіс, Бұқтырма да
осы Шығыста.

Бүгінде әлем халықтарының назарын өзіне аударып, ұлт-
тық мақтанышымызға айналып отырған, осы өңірдің тауы
мен жартастарында неше ғасыр құпия сырларын бүгіп жатқан
«Берел қорығыны». Бұл өлкеде Берелден басқа да Шілікті
қорғандары, Аблайкит будда ғибадатханасы, Ырғызбай, Қозы
Көрпеш-Баян Сұлу, Еңлік – Кебек кесенесі, Қоңыр әулие үңгірі
сынды бай тарихи-мәдени мұралар шоғырланған. «Алтай түркі
әлемінің бесігі» деп осыдан кейін аталған шығар.

Шығыс Қазақстан кең-байтақ еліміздің інжу-маржаны
іспеттес те өңір. Бұл теңеу оның таңғажайып табиғатына, ғана
емес, барша бітім-болмысына, тамаша адамдарына да тікелей
қатысты. Жалпы Семей өңірі, қарт Ертістің бойы, Алтай мен
Шыңғыстау сілемі – талай ел қорғаған батырлар мен батагөй
билерді, жезтаңдай шешендер мен сұңғыла ғалымдарды дүни-
еге әкелген құт мекен.

Шығыс өңірі жаугершілік замандарда да рухының биік-
тігін байқатқан. Бұл өңірден Жоңғар басқыншылығымен ұл-
т-азаттық күресте бүкіл қазақ жерін қорғап қалуға неше рет
қатысқан қаһарман алаштың бас батыры Қабанбайдан бастап,
айтулы Жәнібек Бердәулетұлына дейін, қазақ халқын Отан
қорғаудағы сұрапыл соғыс жылдарындағы алмағайып ауыр
замандардан аман алып шыққан, халқымыздың данышпан
көсемдері Майқы би мен әйгілі Әнет бабадан, Ақтайлақ би,
Жанақ ақын ұдайы халқының қамын ойлаған Құнанбай қажыға
дейінгі кемеңгерлер есімін бір сәт еске алар болсақ, көз алды-
мызда сан алуан асыл ардагерлеріміздің парасатты бейнелері

6

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тұлғаланып шығады.
Бүгінгі күні шығысқазақстандық-семейліктерге өз жер-

лестері: хакім Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбер-
діұлы бастаған қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің, аты
әлемге әйгілі ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің жөні бір бөлек.
Ұлы Отан соғысы жылдарының батырлары Төлеген Тоқтаров,
Ізғұтты Айтықов, Сабалақ Оразалинов, Қасым Қайсенов және
басқалар осы өңірден шыққан.

Одан кейінгі сөз өнерінің шеберлері Кәмен Оразалин,
Шәкір Әбенов, Әди Шәріпов, Тұрсынхан Әбдірахманова, Әзіл-
хан Нұршайыхов, Оралхан Бөкей, Қалихан Ысқақ, Мұхтар
Мағауин, Кәдірбек Сегізбай, Марат Қабанбай, Тұрсын Жұрт-
бай, Ұлықбек Есдәулет т.б. басқалары. Сол сияқты, ғалымдар
Қайым Мұхамедханов, Шериаздан Елеукенов, Зәки Ахметов,
Рымғали Нұрғалиев, Асқар Егеубай тәрізді әдебиеттанушы
ғалымдар да шығыстықтар. Осы өңірде туған қызық жыры-
ның мерейін Еуропа кіндігі Парижде күллі әлемге асқақтата
көтерген күміс көмей әнші Әміре Қашаубаев осы ардақтыла-
рымыздың қатарында алдымен аталады, КСРО халық әртістері
Ришад Абдуллин, Бибігүл Төлегенова, композитор Еркеғали
Рахмадиев, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, дәстүр-
лі әнші Жәнібек Кәрменов, өнертанушы Жарқын Шәкәрімов
есімдері шығыстықтар үшін мақтаныш.

Бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары бірік-
тіріліп, қазір еліміздің шығыс бөлігі толығымен бір облыс
болып отыр. Яғни, құрсағы алтын, қойнауы құт жерұйық ме-
кен Кенді Алтай мен қасиетті Семей өңірі ел шекарасының
шығысын түйіндеп тұр.

Семей – Шығыс Қазақстандағы үлкендігі жағынан екін-
ші қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. Аумағы, ауыл-
дық округтерді қоса алғанда, 27,5 мың шаршы шақырымды
құрайды. Қала халқының саны 300 мыңнан асады. Семей тек
Шығыс Қазақстан облысының емес, республикадағы мәдени,
тарихи орталық болып саналады.

Семей мыңжылдық тарихы бар қазақия жеріндегі көне
шаһардың бірі. Мәдениеттанушы, ақын-сазгер Құсмілия

7

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Нұрқасым Семейдің 840-940 жылдары Қимақия мемлекетінің
астанасы болғанын, осы ғасырда Ертістің оң жағалауында Қи-
мақ Одағына кірген тайпа санына сәйкес жеті тас мешіт бой
көтергені жайлы жазады. «Семей» сөзі көне түркілерге жата-
тын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген
мағынаны білдірсе, «Алаш сөзі түркі тілінде бауырлас, қандас,
туыс деген мағына береді екен. Яғни, Семей, Алаш атауы –
тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең ежелгі атаулардың бірі.

Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы
негізгі сауда орталықтарының дамуында ерекше рөл атқарды.
Он жылдан кейін 1728 жылы азиялық көпестермен сауда опе-
рацияларын бақылау үшін кеден мекемесі құрылды. Алғашқы
жылдары Семей кедені «Сібір жарлығына» бағынды.

1776 жылы капитан Андреев Семей бекінісінің жаңа жо-
басын жасады. Жол, көпір салып, жолдар мен қоршаулардың,
бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске
ескі бекініс тұрғындары, орыс-казактар, әскери қызметкер-
лер, саудагерлердің дені көшіп келе бастады. 1854 жылдың
1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды.
Семей қаласы облыс орталығына айналды. Қайта құрылған
облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды.
1873 жылы Семейде телеграф, ал 1910 жылы телефон және
Қазақстандағы тұңғыш су құбыры пайда болды.

Алаш идеясының алтын бесігі, асыл өзегі болған Се-
мей қаласының XX ғ. басындағы саяси ықпалы, экономи-
калық белсенділігі, өмір сүру сапасы өте жоғары еді. Алаш
ұғымындағы рухтық, асқақтық, өрлік халық бұқарасын дүр
сілкіндіріп, тарихи үрдістің жаңғыруы мен дамуын жеделдете
түсті. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, драматург Жүсіпбек
Аймауытов: «Семей – бір губерния елдің миы. Ақыл-ойдың
табысы Семейде. Семей – бір губерния елдің жүрегі. Семей
бүлкілдесе, бір губерния ел бүлкілдейді» деп әділ бағасын
берген. Содан бері Семей – ұлт саясатының кіндігін кескен
бірегей қала болып саналады. Семейдің Алашорда автономи-
ялы үкіметінің астанасы болғаны, шаһардың сол жағалауы
10 жыл бойы, Алаш қаласы атанған. 1917 жылдың 13 жел-

8

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тоқсанында Орынборда ІІ жалпықазақ құрылтай жиынында
Алашорда ұлттық-территориялық автономиясының астанасы
етіп «Алаш» қаласын белгілеу туралы шешім қабылданып, ав-
тономияның басшылығы Алаш қаласына 1918 жылдың наурыз
айында көшіп келіп орналасты. Осы дата Семей қаласының
ресми түрде астана болғанын көрсетеді. Қазақстандағы тұңғыш
Семейде ашылған телеграф арқылы 1918 жылы 20 наурызда
«Алашорда» төрағасы Әлихан Бөкейханның тапсыруымен
Халел Ғаббасов автономия құру жөнінде Семейден телеграф
арқылы Сталинмен келіссөз жүргізгені тарихтан мәлім. Алаш
Орда үкіметін Орта Азия аймағындағы ең ықпалды, басты
саяси күшке айналдырған қазақ халқының «Ұлттық саяси эли-
тасы» Семейде шоғырланды.

Қалада ғасырдан асатын тарихы бар ғимараттар көп.
Солардың бірі 1903 жылы іргетасы қаланған елімізде алғаш
ашылған мұғалімдерді даярлайтын оқу ордасы – қарашаңы-
рақта заңғар жазушы Мұхтар Әуезов, алаш арысы, драма-
тург Жүсіпбек Аймауытов, Қазақ КСР Ғылым академиясы-
ның тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан,
қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, белгілі режиссер, актер
Шәкен Айманов сынды ұлт зиялылары білім алып, ағартушы-
лық, қайраткерлік, жазушылық, ғалымдық қадамдарын баста-
ды. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы,
журналист Нәзипа Құлжанова 1914 жылы 26 қаңтарда Абай
Құнанбайұлының қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби
кеш ұйымдастырды. Семейдегі Абай атындағы қазақ музыка-
лы-драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы
болып саналады. Оған дәлел, 1917 жылы Мұхтар Әуезовтың
басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Ке-
бек» пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды.
1920 жылдары құрамына әйгілі Әміре, Иса, Жұмат, Қалибек
сынды майталман өнер иелерін топтастырған «Ес-Аймақ»
театры, тек 1934 жылы ғана ресми түрде бекітілді. Елімізде
алғашқы киелі мекен Семейде цирк өнері бастау алған. Жауры-
ны жерге тимеген, орасан күштің иесі атақты Қажымұқан өнер
көрсетіп, ертіс жағасындағы тұрғындарға керемет кеш силаған.

9

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ХХ ғасырдың басында шаһарда жүздеген адамдар палуандар-
дың, ауыр салмақ көтеретін алып күш иелерін, таңғажайып
қимыл-әрекет жасаушылардың өнерін тамашалаған. Ал 1914
жылы Семей губерниясының абсолюттік чемпионы атағына
тұңғыш рет біріншілік өтті.

1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін
округтік болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді,
алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы
болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды.

ІІІ

Ілгеріде айтылғандай, 1986 жылы желтоқсан айында
тұңғыш ел Тәуелсіздігі үшін жанпидалыққа барған, ай аты-
мен «желтоқсаншылар» аталғандар ішінде шығыстың өрімдей
ұл-қыздары көп еді. Олар Алматыда басталып, еліміздің бар-
лық өңірін шарпыған көтерілістерге қатысты.

Осы еңбекте олардың ерлік пен азапқа толы жолы баян-
далады. Ерлік дейтініміз: жастардың «мәңгілік» деп аталған
Кеңес Одағына, оның тірегі коммунистік партиясы шешіміне
тұңғыш саяси қарсы шыққандығы болса, азапқа толы деуімізге:
олардың жаппай жазалануы мен қудалануы. Әкімшілік жа-
заға тартылған, оқудан, партиядан, комсомолдан шығарылған
шығыстық «Желтоқсандықтар» әбден азап шекті. Ол кезде
коммунистік партия мен комсомолдан шығу қоғамнан мүлде
аластатылу болып табылатын.

Сол жылдары ұлт намысын қорғамақ болып, Өскеменнің
орталығына асыққандар: СДИ, УКПИ, Педучилищенің, Коо-
перативный техникумының, Саратов совхоз-техникумының
студенттері болатын. Бұлардан басқа, жақын орналасқан Ұлан
ауданының жастары да қалаға қарай ағылады.

Өскемен педагогикалық училищесінде 17-18 желтоқсанда
Алматыдағы болған оқиға туралы хабар алған студенттер 21
желтоқсан күні әртүрлі пікірталастан кейін, 22 желтоқсан күні
2 қазақ тобы таңертең сабаққа бармайды. Осы арқылы олар
өздерінің Алматыдағы жастар толқуын қолдайтындықтарын

10

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

білдіреді. Алайда, 15-16 жастағы студент қыздардың бұл әре-
кеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні ке-
штен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік,
құқық қорғау орындары тарапынан сабаққа келмеген студент-
терді тергеу, олардан жауап алу басталады.

Абрайымова Балапанның айтқандарынан: «Біз алаңға
шыққамыз жоқ, бірақ сабаққа бармай қойдық, өз наразылығы-
мызды осылай көрсеттік. Сол күні түстен бастап бізді тергеп,
тексеру басталып кетті. Жеке, жеке шақырып алып, тергеді.
Сұрайтындары: «Кім бастады? Кім ұйымдастырды?». Біз бірақ
табандылық танытып, ештеңе айтпадық. «Оқудан шығара-
мыз, ауылдан ата-аналарыңды шақыртамыз», деп қорқыт-
ты. Сол күндерде бізден сабақ беріп жүрген өзіміздің қазақ
мұғалімдеріміз де теріс айналды. Жалғыз орыс тілі пәнінен
дәріс берген Сүлейманова Мағрипа Қапашевна деген ұстазы-
мыздың қолдауын әлі күнге ұмытпаймын. Жалғыз сол ұстазы-
мыз ғана сырт көзге білдірмесе де «Бұлары дұрыс емес» деп
бізге жігер, қайрат берді.

Нәтижесінде орынсыз қорлау, жала жабу мен тергеуге
шыдай алмаған студент Сәбира Мұхамеджанова «Барлығын
ұйымдастырған мен!» деп мәлімдеп, жатақхананың 5-қабаты-
нан секіріп, мерт болады. Ақырында 5-қаңтарда педучилище-
де қайта жиналыс болып, әлгі оқиғаны ұйымдастырды деген
оқудан шығармақ болған алты қызды комсомол билеттерінің
тіркеу кітапшасына «Өскеменде тәртіпті бұзғаны үшін» деген
қатаң сөгіс берумен шектеліп, райларынан қайтады.

Сәбира өзінің қайғылы қазасымен көптеген студент
жастарды тергеу-тексеруден, қудалаудан құтқарып қалады.
Сәбира Мұхамеджанова ерлігі туралы алғаш қаламгер Асқар
Алтайдың «Ол он алты жаста еді» мақаласында айтылады.

Комсомол билеттерінің тіркеу кітапшасына «Өскеменде
тәртіпті бұзғаны үшін» деген қатаң сөгіс берілген қыздар:

1. Анар Ғабдуллина - Семей, Абай ауданы, Қарауыл ауы-
лының тумасы;

2. Андыбаева Гүлжанат - Зайсан ауданы тумасы;
3. Тұрысбекова Алмагүл – Тарбағатай ауданы тумасы;

11

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

4. Абраимова Балапан – Катонқарағай ауд., Ақмарал ауы-
лының тумасы;

5. Тақатова Бақыжамал - Зайсан-Тарбағатай тумасы;
6. Сәлімжанова Жаңыл - Самар ауданының тумасы.
Өскемен қаласындағы кооперативтік техникумның бух-
галтер-экономист мамандығы бойынша оқитын топтарда 23
желтоқсанда комсомол ұйымының жиналысы болады. Ол жи-
налыста Б. Тусупова, Б. Қалибаева, А. Әлімбаева жəне тағы
бірнеше қызды ұйымнан шығарды жəне оқудан шығарылулары
мүмкін екені хабарланды. Бақытгүл Тусупова өздерінің сон-
дағы әрекеттері туралы: «1986 жылғы оқиғаға келер болсақ,
астанамыз Алматының жастары Г. Колбинді Қазақ КСР ОК
бірінші хатшысы лауазымына тағайындауға қарсы көтеріліске
шығып жатқан кезде, мен өзімнің тобымдағы қыздар Каримга-
зина Гульжан, Туктубаева Назира, Калибаева Бақыт, Бузубаева
Динара, Алимбаева Алмагульдермен ақылдаса келіп, «үндеу
парақтарын» жазуды жөн көрдік. Бұл парақтарды сабақта қа-
зақ тілінде жаздық, алайда біздің өзіміздің тобымыздағы Г.
Джакамбаеваның бізді сырттай бақылап жүргендігін ешқай-
сымыз аңғармаппыз. Үндеу парақтарын жазып алып, сабақтан
кейін, оларды қаланың аудандарына, студенттер қалашығы,
пед. училище, құрылыс техникумы жақтарға тараттық. Үндеу
парақшасының мәтінінде біз еліміздің тағдырына немқұрайлы
қарамайтын барлық адамдарды Ленин алаңына шығып, қала-
ның басты көшесімен жүріп өтуге шақырдық.
Мұның ақыры, Өскемен қаласындағы кооперативтік тех-
никумның бухгалтер-экономист мамандығы бойынша біраз
студенттер оқудан шығарылды.
Кейін, аталған оқу орындары мен басқада оқу орында-
рынан жазықсыз сотталғандар:
1. Ақтанов Ербол Дәркенұлы 1962 ж.т., Өскемен пед-
институт студенті, Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қаты-
сушыларды қуаттау мен қорғау үшін болған Өскемен қала-
сында өткен ұлттық толқуға қатысқан. Ісі сот орындарына
жіберіліп, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленіп,
оқудан шығарылған.

12

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

2. Ардаханов (Арғынханов) Ербол Шарықжанұлы 1969
ж.т. Марқакөл ауд. тумасы. Өскемен педучилище студенті,
Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қуаттау
мен қорғау үшін болған Өскемен қаласындағы ұлттық толқуға
қатысқан. Ісі сот орындарына жіберіліп, 1жыл 6 ай бас бостан-
дығынан айыру жазасы белгіленген.

3. Баянғазин Азамат Мақұлбекұлы Катонқарағай ауд. ту-
масы. 1965 ж.т. - ТМК жұмысшысы, Алматыдағы желтоқсан
оқиғасына қатысушыларды қуаттау мен қорғау үшін болған
Өскемен қаласындағы ұлттық толқуға қатысқан. Ісі сот орын-
дарына жіберіліп, 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы
белгіленген. Қазір Өскемен қ. тұрады.

4. Кәрімғазина Гүлжан Ғазизқызы 1969 ж.т. Өскемен коо-
перативтік техникум студенті, Алматыдағы желтоқсан оқиға-
сына қатысушыларды қуаттау мен қорғау үшін болған Өскемен
қаласындағы ұлттық толқуға қатысқан. Ісі сот орындарына
жіберіліп, 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген

5. Сақатов Тұрсынхан Сейілханұлы 1954 ж.т. Лениногор
тау-кен металлургия техникумының студенті, жастар газетінің
жарты бетін ала жарық көрген Колбиннің суретін сызып, үстіне
«Долой» деп жазып, жатақхананың қабырғасына іліп қойғаны
үшін қылмыстық жазаға тартылып, 3 жылға бас бостандығы-
нан айырылды.

Шығысқазақстандық желтоқсаншылардың жазықсыз
қудаланғандары:

Әбдрахманова – Глубокое аудандық ауруханасы бас
дәрігерінің орынбасары. Алматы оқиғасын талқылауға ар-
налған жиналыстарда жатарды қаралап сөйлеуден бас тартып,
жастар қозғалысын ашық қуаттайтындықтарын білдірген.

Аукирова Саясат Кәрімханқызы – Зайсан ауд. тумасы.
Өскемен пединститутының студенті. Алматыдағы желтоқсан
оқиғасына қатысушыларды қуаттау мен қорғау үшін болған
Өскемен қаласында өткен ұлттық толқуға қатысқан. Ісі оқу
орнының жиналыстарында қаралып, комсомол қатарынан,
оқудан шығарылған. Кейін оқуын бітіріп, Ленин жолы мек-
тебінде қызмет еткен.

13

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Қаербаев Тұрсынбек - Өскемен пединститутының де-
нешынықтыру факультетінің 4 курс студенті. Алматыдағы
желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қуаттау мен қорғау үшін
болған Өскемен қаласында 22 желтоқсан күні өткен ұлттық
толқуға қатысқан. Ісі оқу орнының жиналыстарында қаралып,
оқудан шығарылған. Кейін оқуын сырттай бітірген. Сол сияқты,
Асқарова Ләззат, Жиенгелдинова Сәлима, Исабаева Бақыт
оқудан шығарылған.

Әбдіхалықов Әлімхан – Марқакөл ауд. тумасы, мал
дәрігері. Өскемен. 2019 жылы қайтыс болды. Алматы оқиға-
сын талқылауға арналған жиналыстарды ешкімнен жасқан-
бай, жастар қозғалысын ашық қуаттайтындықтарын білдірген.
Нәтижесінде жұмыстан босатылып, қызметін төмендеткен,
қудалауға ұшыраған.

Жоламанов Еркін – студент, Өскемен. Алматыдағы жел-
тоқсан оқиғасына қатысушыларды қуаттау мен қорғау үшін
болған Өскемен қаласында өткен ұлттық толқуға белсене қа-
тысқан.

Жұмажанов Тұрысбек– Катонқарағай, коммунист. Алма-
ты оқиғасын талқылауға арналған жиналыстарды ешкімнен
жасқанбай, жастар қозғалысын ашық қуаттайтындықтарын
білдірген. Нәтижесінде түрмеге қамалған.

Кенжеғарина Л.Б. – Өскемен пединституты дирижер хор
кафедра меңгерушісі. Алматы қозғалысын толық қуаттайтынын
білдірген мәлімдеме жасаған.

Қалтаев Сәду – Шымкент облысы тумасы, СДИ 4 курс
студенті, Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысушыларды
қуаттау мен қорғау үшін болған Өскемен қаласында өткен
ұлттық толқуға қатысқан. Ісі оқу орнының жиналыстарында
қаралып, оқудан шығарылған. Кейін оқуын қайтадан жалға-
стырған.

Құрманбаев Тілеуғазы – Семей, СДИ, оқудан шыға-
рылған, жыл салып қайта қабылданған.

Қисықов Ермек – Тарбағатай ауд. тумасы. Өскемен пе-
дучилище 2 курс студенті. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына
қатысушыларды қуаттау мен қорғау үшін болған Өскемен қа-

14

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ласындағы ұлттық толқуға қатысқан. Ісі комсомол ұйымының
жиналысында қаралып, БЛКЖО мүшелігінен және оқудан
шығарылған.

Орамалов Амангелді - Марқакөл ауд. тумасы. Өскемен
педучилище 2 курс студенті. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына
қатысушыларды қуаттау мен қорғау үшін болған Өскемен қа-
ласындағы ұлттық толқуға қатысқан. Ісі комсомол ұйымының
жиналысында қаралып, БЛКЖО мүшелігінен және оқудан
шығарылған.

Орамалов Амангелдінің айтуы бойынша Өскемен пед­
училищесінен соталған, оқудан және комсомол қатарынан
шығарылды 14 студент жапа шеккен. Олар: Өмірбекова Сәуле
қатаң сөгіс берілген және Темірғалиева Фарида.

Торпақов Дәулет – Марқакөл ауд. тумасы. Өскемен пе-
дучилище 2 курс студенті. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына
қатысушыларды қуаттау мен қорғау үшін болған Өскемен қа-
ласындағы ұлттық толқуға қатысқан. Ісі комсомол ұйымының
жиналысында қаралып, БЛКЖО мүшелігінен және оқудан
шығарылған.

Құттыбаева Қ.– Глубокое ауданы, ИПК диспетчері. Ұл-
тшылдық бағыттағы үгіттер таратқан.

Майлыханов Н.– Глубокое ауданы, АГРОпром зоотехник.
Ұлтшылдық бағыттағы үгіттер таратқан.

Рамазанов Жеңісбек – партия қызметкері, Катонқарағай
тумасы. Алматы оқиғасын талқылауға арналған жиналыстарды
ешкімнен жасқанбай, жастар қозғалысын ашық қуаттайтын-
дықтарын білдірген.

Самултурова Динара Тоқтамұратова – Марқакөл ауд. ту-
масы. Семей пединститутының тарих факультетінің 1 курс
студенті. Семейде өткен жастар толқуына қатысқаны үшін
комсомол қатарынан және оқудан шығарылған. 1 ай тергеуде
болған.

Сауханов Нұрғазы - СДИ, оқудан шығарылған, жыл са-
лып қайта қабылданған.

Түсіпбекова Шолпан – Зайсан қ. «Өрнек» кәсіпорыны
филиалының бас бухгалтері. «Егер Алматы оқиғасын жақта-

15

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ушылар Зайсан қаласында жаппай наразылық шарасын өт-
кізетін болса, оған қатысатынын» мәлімдеген.

Шағалақова Б.Р. - Өскемен қ. № 9 ГПТУ партия ұйы-
мының хатшысы. Алматы қозғалысын толық қуаттайтынын
білдірген мәлімдеме жасаған. Нәтижесінде партия қатарынан
шығарылған.

Хасанов – Глубокое аудандық ауруханасының хирургі.
Алматы оқиғасын талқылауға арналған жиналыстарда жатар-
ды қаралап сөйлеуден бас тартып, жастар қозғалысын ашық
қуаттайтындықтарын білдірген. Өз сөзінде: «Қазақ ССР-нің
КСРО-дан бөлек шығуға құқы бар», - деп көрсеткен.

Осы шығыстық желтоқсандықтардың ел көзіне ілігіп,
халықтың құрметіне ие болуына еңбек сіңірген азаматтар да
баршылық. «Жақсының жақсысын айт...» деген халқымыз-
дың асыл сөзі бар. Кіріспемізде ол азаматтардың атын атап,
түсін түстемесек дұрыс болмас. Ілгеріде атап өткендей Сәбира
Мұхамеджанова туралы Асқар Алтайдың «Ол он алты жаста
еді» мақаласынан кейін, Республикалық «Желтоқсан Ақиқа-
ты» қозғалысы басшылары Бейсенғазы Нүкенов, Бейсенбай
Сайфолдалар бастаған т.б желтоқсандықтар бар, 2011 жылы
31 мамырда Алматыдан келіп, С.Мұхамеджанованың Өскемен
қаласында оқыған мұғалімдер училищесіне белгі тас қояды.
Бұдан кейін де бұл азаматтар «Шығыстың шынары» аталған
батыр қыздың ел арасында танымал болуына қатысты жергілік-
ті азаматтармен бірігіп, біраз іс-шаралар өткізеді. Жергілікті
азаматтар дегенде нақты айтсақ, бүгінде «Шығыс Қазақстан
облысы JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Марат Рамазанов бастаған желтоқсандықтар С.Мұхамеджа-
нованың аруағын еске алып, ұлықтау тұрғысында барынша
күш-жігер танытып жүр. Марат Рамазанов, Болатбек Тантыбаев
т.б жігіттер мен қыздардың бірлесуі арқасында 2020 жылы 4
қаңтарда Өскемен қаласында С.Мұхамеджанованың 50 жыл-
дығына орайластырылып, осы жолда шейіт болған шығыстық
азаматтарға арнап алғаш ас берілді. М.Рамазанов: «Осы Ас
беруді ұйымдастыруда Болатбектің еңбегі ерен болды» дейді
өзінің желтоқсаншы жерлесіне деген ризашылығын жасыра

16

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

алмай. Бұған Алматыдан ілгеріде аты аталған Б.Сайфолда ба-
стаған желтоқсандықтар арнайы келіп қатысты, Астанадан да
қонақтар шақырылды. Астанадан белгілі желтоқсаншы Қ.Рах-
метов, қаламгер Б. Төлепбергенов бастаған азаматтар келіп,
батыр қыздың аруағын тағызым етті. Осы күндері облыстық
ішкі саясатпен бірлесе отырып, Өскемен қаласында О. Бөкей
атындағы облыстық кітапханада «Желтоқсан-86: Қаhарлы
желтоқсанның беделі мен берері» атты дөңгелек үстел өт-
кізілді. Бұл үрдіс одан әрі жалғасып, 2021 жылы 13 қарашада
С.Мұхамеджанованың жерлестерінің шақыруымен Ақжар және
Ақмектеп ауылдарында Сәбираға арналып қатым түсіріліп,
ас берілді. Мұның да басы қасында М.Рамазановпен қатар
Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылының Абай атындағы орта
мектептің тарих пәнінің мұғалімі, білімді Қуаныш Қабидолдин
сияқты ел азаматтары жарғақ құлақтары жастыққа тимей еңбек
етті. Сол жолда ақжарлық Омарбеков Сержанмен танысу сәті
түсті. Ол - көптеген жылдар бойы жыл сайын С.Мұхамеджа-
нова атындағы тенистен турнир өткізіп, ел алғысына бөленіп
жүрген азамат екен. Сол сияқты, шығыстың шынары аталған
батыр жерлестерін әу бастан ел алдына шығаруға еңбек етіп
жүрген азаматтар жетерлік. Солардың бірі, Сәбираман 8-сы-
ныпқа дейін бірге оқыған Балқиянова Майгүл. Ол Сәбираның
өзі оқыған мектебінде бұрышын ұйымдастырып, С.Мұхаме-
джанованы оқушыларға өнеге етіп жүрген үлгілі мұғалім. Со-
нымен қатар, Ақжарда мектеп директоры болған Шаймарданов
Сайлаухан, оның жұбайы, ұстаз Аринова Нұрфатихалар жерлес
қыздарын елдің алдына шығаруға алғаш еңбек сіңірген аза-
маттар қатарына жатады. Олар Сәбираны ұлықтауды өздерінің
туған қызы Сәбираның сыныптасы Гүлжауһар мен Балқиянова
Майгүлдің құлағына құйып, сол жолда қызмет жасауда жол
көрсетіп отырған. Сондай-ақ, блогерлігімен әлеуметтік желіде
Сәбираның аты елге белгілі болуына ерекше ат салысып жүр-
ген азаматтардың бірі - Мейіржан Темірбеков.

М.Рамазанов осы еңбекті аяқтау барысында қуанышты
бір хабар жеткізді. Ол хабары: С.Мұхамеджанова оқыған пе-
дучилище директоры Фарқат Саханұлы студенттер жатақха-

17

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

насында үздік оқушыларға арналған бөлме ұйымдастырып,
ол бөлмені заманауи жабдықтап, оған «Сәбираның бөлмесі»
атағын бермекші болып жатқан көрнеді. Сонымен қатар, Сәби-
раның атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалмақшы екен.
Шығыс Қазақстан облысында Зайсан қаласы алғашқылардың
бірі болып, С.Мұхамеджановаға көше берді. Енді, Өскемен
қаласында да жаңа шағын ауданнан көше берілмек көрінеді.
Ол көшенің ортасында желтоқсандықтарға арналған күлзар-
лы бақ орнатылмақшы екен. М. Рамазановтың сөзіне сүйене
отырып, батырларды ұлықтаудағы істеріңізге сәттілік тілейміз
шығыстықтар дейміз.

18

ЖШІЕЛЫБТОҒӨҚЫСАЛНСДІТЫМЫҚТҚАР

1986 жылы 19 – 22 желтоқсан аралығында
Өскемен және Семей қалаларында болған саяси

бас көтерулерге қатысқандар қақында

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ ЕСІМІЗДЕ

1985 жылы сегізжылдық мектепті бітіріп, арман қуып,
ұстаздық жолды таңдап, облыстың аудандарынан келіп,
Өскемен қаласындағы «СССР-дің 50 жылдығы» атындағы
педагогикалық училищеге оқуға түстік. Өзімізбен қатар
құрбыларымызбен танысып, Амурская көшесіндегі студенттер
жатақханасынан орын алдық. Барлығымыз тату - тәтті, алаңсыз,
сабағымызды да жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға да белсене
араласып тұрып жатқан небәрі 15-16 жастағы оң - солымызды
әлі біле қоймаған өрімдей қыздар едік.

1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы оқиғаны
еміс-еміс естіп, не болып жатқанын білгіміз келді. Бір
дүрбелеңнің басталғанын жатақхананың артқы жағындағы
терезеден, Өскемен құрылыс-жол институты мен Өскемен
педагогикалық институты студенттерінің «Қазақ болсаңдар
шығыңдар, намыстарың қайда?» - деп ұран тастап айқайлап
бара жатқан бір топ жігіттердің дауысынан «ел басына өзге
ұлт өкілінен басшы тағайындалғаны және бойларыңда
ұлттық рух болатын болса шеруге шығуға» шақырғанын
білдік. Күннің аязына қарамай, сол желтоқсанның ызғарлы

20

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

күнінде біз де кішкентай жүрегімізбен, патриоттық рухпен,
группамызбен сабаққа бармай, «Орталық алаңға шығайық»
-деп шештік. Ондағы мақсатымыз 17-18 желтоқсан аралығында 
Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің
отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылығы,
бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарына
қолдау білдіру еді. Алматыдағы көтеріліске байланысты
жатақханаларда қазақтардың екі-екіден жүруіне, бір бөлмеден
бір бөлмеге кіруіне рұқсат берілмей, дәлізде кезекшіліктер
қойыла бастады. Олар жатақханадан, бөлмелерден ешкімді
шығармай, бақылау жүргізді.

Ертеңгі күні алаңға өзіміз ғана шықпай училищедегі 2
қазақ тобы (сол кезде училищеде барлығы 3 - ақ қазақ тобы
оқығанбыз) мен еңбек бөлімінде оқитын қазақ студенттерінің
де алаңға баруын қаладық. Ақылдаса келе 15 жастағы 1 курс
студенттерін алаңға шығуға шақырмауды жөн көрдік, басқа
қабатта тұратын 4 курс студеттерімен группаның 1-2 қызы
дәліздегі кезекшілерден тығылып, жасырын сөйлесіп қайтты.
Ал астындағы, екінші қабаттағы еңбек бөлімінде оқитын ұлдар-
мен группаның қыздары жіпке ас қасық байлап, терезеден қа-

сық арқылы хат жіберіп,
ертеңгі алаңға шығу
туралы жоспар құрдық.
Ақылдасып, ертеңінде
сабаққа бармай, алаңға
шығатын болып шештік.
Біз сабаққа барудан бас
тарту арқылы наразы-
лығымызды білдірмек
болдық. Бұл біздің
Желтоқсан көтерілісіне қосқан тамшыдай үлесіміз еді. Бұған
бізді ешкім ұйымдастырмады, ешкім үгіт-насихат жүргізбеді.
Алматыда болған көтерілісті естіп, бей - жай қала алмадық.
Топпен шықсақ сезіктеніп, жолымыз бөгеле ме
деп, дүкенге шыққан тәрізді таңертеңнен бірден-екіден
жатақханадан шығып кеттік. Барлығымыз желтоқсанның

21

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ызғарлы аязына қарамастан, бойымызды намыс кернеп,
орталық алаңға бармас бұрын, қазіргі «Жеңіс» даңғылындағы
«Победа» дүкенінің жанында сап түзеп, кеше түндегі ұран
тастаған жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесіп,
алаңға бет алмақшы болдық. Кездесуге «Жеңіс» даңғылы мен
«Победа» дүкенінін таңдау себебіміз, бала кезімізден кинодан
көріп, әдебиет пен тарихтан білетін, білектің күшімен, найзаның
ұшымен елін қорғап, Жеңіске жеткен ата-бабаларымыздың
рухы қолдап, солардың жолын қуу, бойымыздағы елімізге,
жерімізге деген патриоттық сезім еді. Ал, ол жерге жоғарғы
оқу орындарының студенттері шыға алмай қалды. Себебі, сол
оқу орындарының студенттерінің жоспарларынан арнайы
қауіпсіздік комитеті хабардар болғандықтан, бірден арнайы
жасақтардан күзеттер қойылған екен.

Біздер, яғни училище
студенттері шыға қояды де-
ген ешқандай күдік болмаған
екен. Біз күні бойы «Жеңіс»
даңғылы мен Ленин атын-
дағы алаң аралығында жүріп-
жүріп, ешқандай аға буын
студенттерімен кездесе алма-
дық. Алаңда білектеріне «па-
трульдік белгі» байлаған «па-
трульдер» мен құқық қорғау
саласының қызметкерлері,
милиция қызметкерлері бар-
лығымызды қуған кезде бас
сауғалап, жан-жаққа қаштық.

Қашып құтыла алмаған-
дарды ұстап, Стаханов көшесіндегі ішкі істер бөліміне алып
кетті. Желтоқсанның сол күнгі ызғарлығы сонша, дүкендер-
ге кіріп жылынып алып, алаңға кіреміз деген үмітпен күн-
нің суықтығына қарамай алаңға қайта-қайта бардық. Күннің
суықтығы соншалық бір дүкеннен бір дүкенге кіріп жылынбаса
жүру мүмкін емес еді.

22

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Алаң жақта болғандар алаң жақтан, Стаханов көшесін-
дегі ішкі істер бөлімінде болғандар сол жақтан, кешке қатты
тоңып, қарнымыз ашып жатақханаға келдік. Жатақхана мен оқу
орнының алдында қаптаған милиция жасақтары болды. Сол
жерден тергеу, тексерулер басталды. Барлық студенттер алыс
аудандардан келіп оқитын болғандықтан, бос уақытымызда
кино көріп, диспут, сайыстар өтетін бірінші қабаттағы «Қызыл
бұрыш» деп аталатын бөлмеге жинап, барлығы жиналған соң
училищеге апарып, бір-бірден бөлмеге кіргізіп, тергеу жұмы-
старын жүргізіп, түннің бір уағына дейін ұстады. Группалас
қыздар бірнеше сағаттар бойы оқу орнының дәлізінде түре-
геліп тұрдық. Бәріміз де әбден шаршадық. Не үшін сабаққа
бармадың? Алматыдағы оқиға үшін бе? Алматыдағы хабарды
кім жеткізді? Қыздарды сабаққа бармайық деп сен үгіттедің
бе? - деген сұрақтар қойғаны есімізде. Бірнеше тергеуші қайта-
қайта кіргізіп сол сұрақтарды қойды. «Жаныңдағы қыздар
сен бастады деп айтты» деп, қорқытып, өтірік те айтқызбақ
болды. Дәлізге шыққанда қыздардың барлығына солай айтқа-
нын білдік. Бір-бірімізге айдап салды. Ұрлық жасады деген
айып тағып, немесе кез-келген қылмысты мойныңа іліп, түр-
меге қамаймыз деп те қорқытты. Бірақ бар жоғы 16 жастағы
группаның қыздары бірін-бірі сатпады. Бұл біздің қыздардың
сыйластығы, сенімі, ерлігі деп білеміз. Түннің бір уағында
бәрімізді жатақханаға жіберді.

Жатақханада, училищеде біздің 2-ШО-3 тобын жи-
налысқа салып, тәртібімізді үнемі талқылап, аптасына бір
болатын жиында тұрған кезде де, «бастарыңды көтермей
тұрыңдар», «сендер кінәлісіңдер» деп, тұқыртып отыратын.
Қыздар ешкімнен жылы сөз естімей, кінәсіз екенімізді айта
алмайтынбыз. Училищенің асханасындағы тамақты орыстар
пісіреді, сендер орыстарға қарсы шыққансыңдар, сондықтан
орыстардың пісірген тамағын ішпейсіңдер деп, училищенің
асханасынан тамақ ішуге тиым салды. 2 апта бойы не дұрыс та-
мақ ішпедік, не дұрыс ұйқы көрмедік. Дәретханаға, жуынуға (2
орыс ұлтының өкілдерінен) қарауылмен барып-қайтып жүрдік.

Училище әкімшілігі қане шындарыңды айтыңдар кім

23

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

бастады? Айтпасаңдар барлықтарың училищеден шығасыңдар,
сотталасыңдар деп қорқытты. Сағаттап ұстап, ауыр сөздер
айтып, қысым көрсетіп, намысымызға тиді. Оқудан шығарып
тастай ма деген қорқу да болды. Сол кезде неше күн дұрыс
тамақтанбаған қыздардың кейбіреуі әлсіреп, талып қалған
кездері де болды. Группа белсенділерінің жеке комсомол
карточкаларына қатаң сөгіс берілді.

Бұл тергеу бірнеше күнге созылды. Сабақтан кейінгі
барлық уақытта ауық-ауық бізді тергеумен болды. Күндіз
күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдық. Қатты қалжырадық,
құр сүлдеріміз қалды. Осындай қысымға шыдамаған соң
тобымыздан Сәбира Мухамеджанова бар кінәні өз мойнына
алып: «Мен ұйымдастырдым, жазаласаңдар мені жазалаңдар,
басқалардың еш кінәсі жоқ» деді. Бұдан Сәбираның бойындағы
батырлықты, қайсарлықты, каһармандықты көруге болады.
Біздер: «Сәбира сен емес бәріміз кінәліміз» деп шу ете түстік.
Біздің пікірімізбен сөзімізге құлақ түрген ешкім болмады. Олар
бізді тыңдаған да жоқ.

Оқу орнынан:
«Қыздарыңның тәртібі
жаман, бұзылған, ба-
лаңыздың оқудан
шығуына байланысты
келіңіздер» деген мәтін-
мен ата-аналарымызға
жеделхат жіберіліп,
уайым үстіне уайым
қосылды. Коммунистік
партия қатарында болған ата-аналарды баласы көтеріліске
қатысқаны үшін жиналысқа салып, партиядан шығарамыз
дегенге дейін барды. Алғашқылардың бірі болып Сәбираның
анасы келген еді. Келген ата-аналармен жеке сөйлескендері
аздай, балаларыңызға дұрыс тәрбие бермегенсіздер деп жалпы
жиналыс өткізіп, ата-аналарды да кінәләді. 1986 жылғы жел-
тоқсанның 26-сы күні, келген ата-аналармен жиналыс болып
жатқанда, құрбымыз Сәбира Мухамеджанова Өскемен қаласы

24

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Амур көшесіндегі училище жатақханасының 5 қабатындағы
№141 бөлменің терезесінен секіріп, жас өмірін қиып, өзін
мерт етті. Барлығымыз бірінші қабатқа қарай жүгірдік. Барсақ
Сәбираның денесін жатақхананың 1 қабатындағы «Қызыл
бұрыш» бөлмесіне кіргізіп жатыр екен. Өрімдей группаласы-
мыздың көз алдымызда мерт болғаны жанымызға қатты батты.
Қызы өзін мерт қылған күні анасы бөлмеде зар илеп жылап,
қызына жоқтау айтып, бәріміздің сай-сүйегімізді сырқыратты.
Бөлмедегі жататын төсегі ойсырап, қатты қапаландық. Құрбы-
мыздан айырылу біз үшін өте ауыр болды. Бұл күндер үшін
кім жауап береді?

Курстасымыз Сәбираның оқиғасынан кейін ұзақ уақыт
бойы ұйқы-күлкімізден айырған тергеу-тексеру сап тыйылды.
Шығарылған бұйрықтар да жойылып, күндеріміз ақырындап
бір арнаға түсе бастады. Дегенмен де, сол уақыттағы оқиғалар
жүрегімізде өмір бойы жазылмайтындай жара салып кетті.
Сәбира құрбымыз барлығымыз үшін өзін құрбан етіп, бізді
арашалап қалды. Біз арамызда жүрген досымыз, курстасымыз,
өжет те батыр қыз Сәбирадан осылайша айырылып қалдық.

1 курсты Сәбира 110 бөлмеде Жагумбаева Бизада,
Лұқпанова Айнаш, Мұхамеджанова Ләззат (Ләззат-еңбек
бөлімінде оқыған) студенттік өмірді бастаған еді. 2 - курстың
басында Сәбира №141 бөлмеде жерлестері Қасымова Уатхан,
Назарбекова Жанар, Сахариева Гүлнар төртеуі тұрды.

Арамызда Сәбира өзінің ерекше шалт қимылы, жарқ -
жұрқ ете қалатын өткір жанары, өжет мінезімен ерекшеленіп
тұратын. Әрдайым бетіңе тіке қарап, ойындағысын бүкпесіз,
ашық айта салатыны болушы еді. Бір-бірімізбен ешқашан сөзге
келмей, бір нанды бөліп жеп, тату-тәтті жүруші едік. Сабира -
тайсалмайтын қайсар рухты, өткір көзді, қызу қанды, турашыл,
әділ, досқа адал қыз болатын. Ауылдан Сәбираның анасы
Күлшар апа қызына жатақханаға жиі келіп тұратын. Сәбираның
анасы сабырлы, салиқалы, талапшыл, тарих пәнінен сабақ
беретін ұстаз болған. Сәбира анасына еркелеп, қалжыңдап
да алатұғын. Сәбира отбасы туралы, әсіресе - Сауле деген
апайы мен әскер қатарындағы Төрехан деген ағасы туралы жиі

25

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

айтушы еді. Біз оның өжет мінезіне, сарт-сұрт еткен жылдам
қимылына қызығушы едік. Әңгіме барысында, кішкентайынан
өжет болғанын, ұл балалармен ойнағанды жақсы көретінін
айтатын. Бұл оның кішкентайынан еш нәрседен қорықпай,
еркін, батыл боп өскенінің белгісі еді. Ашуы да, қайтуы да
тез, ақкөңіл, адал дос бола білді. Біреудің теріс мінезін көрсе
ойындағысын ірікпей айтатын, тік мінезді болатын. Біз білетін
құрбымыз, курстасымыз, Желтоқсан құрбаны - Мухамеджанова
Сәбира Есімбекқызы осындай еді.

Сабираның да арманы көп еді. Әттең мына «Желтоқсан
оқиғасы» болмағанда бәлкім ол да біз сияқты мұғалім болып,
өзі сияқты патриот ұл-қыздарды тәрбиелеуге үлесін қосар ма
еді?...

Бізді қудалау, бақылау келесі оқу жылдарында да жалға-
са берді. 3-курста бізді Алматы көшесіндегі училищенің №2
жатақханасына ауыстырды. Біздің тәртібімізге әлі де бақылау
күшті болды. Сол кездегі саясат па екен, әйтеуір группаның
қыздарын әр бөлмеге 2 қазақ, 2 орыс қыздан тұрғызды. Олар-
мен тіл табыса алмадық. Олар да бізге жоламай, бөлек тамақта-
нып, бөлек жүретін. Өз тобымыздағы қыздармен тұра алмау,
бірге жүрмеу - бұл да психологиялық жағынан біз үшін ауыр

26

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қысым болды. Сол кездегі 16-17 жастағы біздер осындай сан
қилы қиындықтар мен сынақтарға сынбай, жастық жігеріміз-
бен қарсы тұра білдік. Оқуымызды оқып, Бизада, Әсел, Зәуреш,
Гүлмира, Еркежан т.б қыздар сол кездегі облыстық «Арай»
ансамбліне домбыраға, Күнсұлу, Гүлнар, Әсел, Ляззат т.б қыз-
дар облыстық «Маздақ» драмтеатрына қатысып жүрдік. Сол
педучилищенің дене тәрбиесінің ұстазы, Ю. Лукашенко жүр-
гізген «Фото сурет» үйірмесіне Уатхан, Ләззаттар да қатысқан.
Әуесқой қыздардың түсірілген фотоларының арасында, қыздар-
дың студенттік өмірдегі әр сәттерінен түсірілген фотолардың
ішінде Сәбирамен түскен фотода «Батыр қыз» туралы естелік
болатынын кім ойлаған?... Қанша қиындықтар көрсек те груп-
па қыздары еш мойымай сабақтарын жақсы оқып, училище
қабырғасындағы үздік группалардың бірі болдық. Алдымызға
қойған мақсаттарға ұмтылдық.

Қанша жыл өтсе де сол оқиға бүгінгі күнге дейін
жадымызда сақтаулы. Әлі оң, солымызды да айыра алмаған
небәрі 16 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім
қыздарға көрсетілген сол кездегі саяси көзқарас өте ауыр
тиді. Сол уақыттарда психикамызға үлкен зақым келді
деп ойлаймын. Әлі күнге дейін басымыздың қатты зеңгіп
ауыратыны, кейбір қыздардың жүрек ауруынан медициналық
есепте тұрғандығықтары, жыл сайын ауруханада инсульт
бөлімінде жатып, емделетіндіктеріне де осы оқиға әсерін
тизді деп ойлаймыз. Әрқайсымызды жеке-жеке тергеп,
зіркілдеген тергеушілерге жауап бере алмай ботадай боздадық.
Барлығының айтатыны комсомолдан, оқудан шығаратыны
және одан кейінгі өмірде ешқандай жерге оқуға да, жұмысқа
да қабылдамайтындай бұйрықтың шешімі шығарылатындығы
туралы болды. «Болмаған дүниені болды деп мойында» деп
арқырағанда жанымыз мұрнымыздың үшіне келе шошынып,
жанымызды қоярға жер таппадық. Ата-аналарымыз үшін де,
біз үшін де аса ауыр күндер болған еді. Күндіз күлкіден, түнде
ұйқыдан айрылдық. Тергеуден келе сала жатақханадағы қыздар
төсегімізге құлай кетіп, жылайтынбыз. Педучилищеде де орыс
мұғалімдері мен студенттерінен қатты қысым көрдік. Олар

27

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

көрген жерде сөйлеп, айтпағанды айтып, кекетіп-мұқатып, ар-
намысымызға тиетін. Сол уақытта алдыңғы күндер бұлыңғыр
болып елестеген еді. Сол кездегі жан күйзелісімізге, көрген
қорлықтарымызға кім жауап береді? Сонда да мойымай
сабағымызды ойдағыдай аяқтап, бүгінгі күнде әрқайсымыз
әр салада қызмет етудеміз.

Желтоқсан оқиғалары – ұлт тарихында өшпес ізі қалған
оқиға. Сол кезді қазір ауызбен айтуға жеңіл болғанмен ақылмен
ойлап, саналы түрде терең түсінген адамға оңай болған жоқ.

Құрбымыз, группаласымыз, Желтоқсан құрбаны Сабира
Мұхамеджанова «Халық қаһарманы» атағына лайық деп
есептейміз. Сәбираның ерлігіне, рухына басымызды иеміз.
Біз ешқашан құрбымыздың жарқын бейнесін ұмытпаймыз!
Жылда 16 желтоқсанда мешітке барып, құрбымызға құран
бағыштау дәстүрімізге айналды.

Өкінішке орай, Желтоқсан көтерілісіне 35 жыл өтсе де,
күні кеше ғана болғандай есімізде... Егер қазақ жастары алаңға
шығып, қарсылық көрсетпесе біз тәуелсіздікке қол жеткізер
ме едік?....

Бүгінгі таңда егеменді еліміздің ұрпақтары қазақ
жастарының қозғалысын, оның себептері мен құрбандары
туралы біліп жүрсе екен дейміз. Қазіргі уақытта көптеген
қыздар білім беру саласында қызмет етудеміз. Біздің басты
міндетіміз - еліміздің дамуына зор үлес қосатын, білімді де
мәдениетті, парасатты да абзал, өз Отанын сүйетін Сәбирадай
батыр ұл-қыздарды тәрбиелеу. Тәлім-тәрбие беріп отырған
ұрпақтарымыздың болашағы айқын, тәуелсіздігіміз мәңгілік,
елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!

28

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

2 – ШО -3 ГРУППАСЫНЫҢ ҚЫЗДАРЫ,
СӘБИРА МУХАМЕДЖАНОВАНЫҢ
ҚҰРБЫЛАРЫ:

1. Абдрахманова Еркежан
2. Абетаева Гүлнара
3. Абилтаева Гүлмира
4. Ахмадиева Жанат
5. Баирова Зәуреш
6. Демесинова Нұргүл
7. Жексембаева Меңдігүл
8. Жагумбаева Кизатаева Бизада
9. Кададанова Күнсұлу
10. Қанапина Әсел
11. Раисова Роза
12. Сагдолдина Күлмира
13. Оразмолданова Алмагүл
14. Мурзиа Жұлдыз
15. Назарбекова Жанар
16. Садыкова Жанагүл
17. Хасенова Ляззат
18. Лукпанова Айнаш
19. Нурпейісова Алмагүл
20. Шегебаева Гүлнар
21. Чигебаева Алмагүл
22. Чокенова Дәрібаева Раушан
23. Нургазина(Серикбаева) Керим
24. Темиргалиева Фарида
25. Рустемова Жадыра
26. Сахариева Гүлнар
27. Мухамеджанова Сәбира

28. Касымова Уатхан

29

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ЕСТЕЛІК-АРНАУ

(Желтоқсан құрбаны Сабира Мухамеджанованың
рухына арналады)

Желтоқсанның ызғарлы күндерінде,
Жастықтан бал-бұл жанған жүздерінде,
2-ШО-3 группасының қарлығаштары
Айрықша із қалдырған өмірлерінде.

Ойлары таза, алардай биік асулары еді,
Ауылдағы ата-ана, бауырлары-басу еді.
Қазағым деп соққан нәзік жүректері
Көңілдері алып ұшқан тасулы еді.

Сабира-ортамызда ұшқын атқан,
Өмірге қанаттанып келе жатқан.
Өр мінез, қайсар да өжет тұлғасымен
Тарбағатайдың қызғалдағы үміт артқан.

Жарқ еткен қысқа ғана өмірінде
Еш арамдық, әділетсіздік болмады көңілінде.
«Мен бастағам, барлығына мен кінәлі!»
Жасындай жарқ еткендей деген сөздері де.

Ғұмыры қысқа болды жұлдыздай жарқыраған,
Қос жанары өткірліктен оттай лапылдаған.
Нақты шешім, қысқа сөйлеу әдеті еді
Есімде қалды мәңгіге осы қалпы маған.

Еске аламыз, бейнесін сағынамыз,
Тағдырдың жазуына жабығамыз.
Құран беріп, дұға жасап, ерлігін айтып бүгін
Группаластары әрқашан сағынамыз.....

Кададанова К.З
30

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АҚТАНОВ ЕРБОЛ

Сотты болғаным үшін барлық жерде жұмысқа
алмады...

1986 жылғы желтоқсан айы-
ның 21-і күні әлі есімде, сол кездегі
Өскеменнің ызғарлы суығы жалынды
жастардың іс-қимылына кедергі кел-
тіре алмады. Қызығы мол студенттік
шақтарын өткізіп жатқан Өскемендік
өрімдей қыз-жігіттер Д. А. Қонаев-
тың орнынан түскенін, оған Ресейден
Колбиннің келгенін және Алматыдағы
жастар легі оған өз наразылықтарын
білдіріп жатқанын естіп, үн қосқан-
быз. Солардың арасында педагогика-
лық институттың үшінші курсы мен - студенті Ақтанов Ербол
Сәркенұлы да болғанмын.
Күнделікті жаңалықтарды біліп отырамыз. 17-18
желтоқсанда сол кездегі республика астанасында жастар
шеруге шыққанын естідік. Студент қауымы осы сәттерден
бастап ерекше қадағалануға алынды. Бірақ амалын тауып,
сытылып шығып, облыстық партия комитеті орналасқан
ғимараттың алдындағы топқа қосылған едік. Содан бастап,
ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қырына алындық.
Ушанов атындағы алаңға келгенде бәрімізге жаппай
қысым көрсетілді. Менің оң көзіме сол кезде милициялар
ұрғанда пистолеттің қыры тиген. Қазір нашар көреді, мынау
содан қалған белгі, бетімді қан жуып кеткеніне қарамастан
түрмеге әкеп тоғытқан. Мен дәрігер шақыруды талап еткенде
кезекшілер отыратын орынға жеткізген. Сол жерден амалын
тауып тысқа шығып, қашып кеттім, пәтеріме келіп жуынып,
шайындым. Жаңадан отбасын құрғанмын, тұңғышым алты
айлық, жөргекте жатқан. Алайда түн ортасында «ректор іздеп,
шақырып жатыр» деген желеумен мені артымнан келіп алып

31

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

кетті. Көптеген студенттерге «Ербол бастап апарды» деген
түсінік жазғызып, маған жала жабудың сан түрлі амалдары
ойластырылыпты. Үшінші курстың студенті, сол сағаттардан
бастап тергеуге алындым. Алғашында «ұлтшыл» деген айып
тағылды. Кейіннен «бұзақылық жасады» деп кінәлады. Айна-
ласы алты күннің ішінде маған арналып ашылған қылмыстық
іс сотқа жолданды. Сөйтіп, бір жарым жылға сотталдым.

Сол бір жарым жылдың ішінде мені допша лақтырды.
Ресейден бастап, Қазақстанның түрмелерін айналып
шыққандай болдым. Берілген уақытты өтеп, отбасыма оралдым.
Мен сотталып кеткенде «Айнабұлақ» шаруашылығында еңбек
еткен ата-анамды жиналысқа шақырып, әбігерге салғанда, сол
кездегі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы жиынға
қатысудан бас тартып, азаматтық көрсеткен екен.

Мені желтоқсан оқиғасына қатысушы ретінде өмірімде
екі рет арнайы қабылдауға шақырып, құрметтеген қазіргі аудан
әкімі Серік Зинабекұлы Зайнулдинге айтар алғысым зор. Сол
кісіден басқа ешкім елеп-ескерген жоқ. Өзім жоғары білімді
маманмын, бірақ сотты болғаным үшін маған жұмыс та беріл-
меді, қазір қатардағы жұмысшымын. Күні бүгінге дейін сотты
болғаным үшін ақтала алмай жүрмін. Ол құжат компьютерде
әлі сақталғандықтан, баламның қызметке қабылданбағаны
мен үшін ауыр соққы болды.

***
Ербол Ақтанов жиырма жылдан кейін, дәлірек айтқанда
2006 жылы «Қуғын сүргін құрбаны» қатарына енгізілді. Бірақ
1991 жылы қылмыстық ісі тоқтатылғанмен, әлі күнге дейін
ақталмағаны көңіліндегі кірбіңнің бірі. Оны дәлелдейтін
анықтамасы қолында.
Ербол бүгінде ер жасы елуді алқымдаған немерелерінің
сүйікті атасы, балаларының асқар тауы, ақылшысы. Өнегелі
отбасының тірегі.

32

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АҚЫЛБАЕВ БАҚБОЛАТ

1982 жылдан бастап Шығыс
Қазақстан облысының кеңшар-
ларында жұмыс өндіруші болып
еңбек еттім. 1986 жылдың жазын-
да Ұлан ауданының Передовой
кеңшарында аға прораб болып
жұмыс істей бастадым. Қазір есімде,
1986 жылы 19 желтоқсанда совхоз
директоры Л.А. Бельчуевскийдің
кабинетінде өткен жедел кеңесте,
Польских кеңшарының партия
комитеті Алматы қаласындағы ұл-
тшыл жастардың Колбинді Қазақ КСР бірінші хатшысы етіп
тағайындауға наразылық білдіру үшін алаңға шыққанын хабар-
лады. Д.А. Қонаевтың жұмыстан босатылуы туралы хабарды
естігенде, жиналысқа келгендердің бәрі шошып кетті. Біз де
үнсіз отырдық, жағдай күрт шиеленісе бастады.
Жиындағылар бірден екі лагерге бөлінді. Содан кейін
диспетчер Кудинова Қазақстан Компартиясы пленумының
бұл шешіміне, кімді тағайындау керектігін тек, партия білетіні
туралы айтты. Біздің жергілікті партия лидерлерінен лайықты
кандидаттардың жоқтығы туралы бізден кімнің сөйлей бастаға-
ны есімде жоқ, мысалы, сол КСРО Коммунистік партиясының
екінші хатшысы Мирошниченко неге тағайындалмағанын
сұрадық. Сөйтіп, біз кеңседен шығып кеттік.
Менің кабинетіме қазақ ұлтынан, әріптестерім жиналды.
Барлығы толқып, не істерін, қалай боларын білмеді. Үлкен
жолдастар жастары елуге жетпеген, кішілер жиырма беске тол-
маған. Біз Алматыдағы және басқа қалалардағы туыстарымыз
бен достарымызға қоңырау шалуды жөн көрдік. Наразылық
білдірушілерді қолдау үшін. Ешқандай ақпарат болған жоқ, тек
қауесет. Теледидар, радио үнсіз қалды. Біз Өскемен қаласына
баруды шештік.
Бірнеше адам қаладағы жағдаймен танысайық деді. Бірақ

33

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Меновное ауданында кіреберісті полицейлер бронетранспортер-
мен қарулы сарбаздармен қоршап алды. Бізді қалаға жібермеді.

Ауылға келген соң совхоз директоры Бельчуевский мен
партия ұйымдастырушысы Польских бізді шақырып алып,
қалаға барудың не керегі бар екенін сұрай бастады. Облыстық
милиция департаменті мен жергілікті ауылдық басшылықтың
жігіттеріне рахмет. Қасақана әрекет жасамауды сұрады.

Кейіннен бізді аудан мен облыстың БХСС, Стройбанк
халықтық бақылауы бойынша тексерулер, қудалау басталды.
Жалақым 120 сом болатын маған 660 сом көлемінде негізсіз
айыппұл салынды. Ол кезде менің бағып-қағуымда бес балам
болса да, оған қарамады. Оның үстіне анам мен әйелім декрет-
тік демалыста болатын. Сонымен совхоздан басқа жұмысқа
кетуге мәжбүр болдым. Содан бері менде қудалау фобиясы бар.

***
Ақылбаев Бақболат Сағымбайұлы 1954 жылы 13 шілдеде
Семей облысы, Жарма ауданында туған. 1972 жылы ауылдағы
Михайлова орта мектебін бітірген. Сол жылы Завидное ауылы,
Улан ауданына көшіп келген. 1974-1976 жылдары Кеңес әскері
қатарында болған. 1976 жылы ӨЖҚИ (УКСДИ) дайындық
курстарына түсіп,1982 жылы оны сәтті тәмәмдаған.

АМАНБАЕВА ГҮЛЖАНАТ

Мен, 1966 жылы 10 тамыз күні
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қа-
ласында дүниеге келдім. 1984 жылы
10 сыныпты бітіріп, Өскемен қала-
сындағы педагогикалық институттың
«Орыс тілі мен әдебиеті» факультетіне
оқуға түстім. Сонда оқып жүріп Жел-
тоқсан шеруіне шықтым. Сабақтан
шыға сала «Юбилейный» кинотеат-
рына тартып отырдық. Ақылдасып,

34

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

келісіп, сөз байласып шыққан ешкім жоқ. Әркім өз намысына,
ерік-жігеріне, жүрек лүпіліне еріп жастар жиналып жатқан
жерге барды. Мен де сол жерден табылдым. Ұзын бойлы, бет-
жүзі сопақтау, басында ұзын ондатр құлақшыны бар, мойнына
ұзын шарф ораған, (ол кезде мода) жігіт ағасы «Қазақстан»
паркіне барып, митинг ашып, КПСС-тің әділетсіз шешіміне
өз наразылығымызды білдіретінімізді айтып, бөлініп-бөлініп
колоннаға тұруымызды өтінді. Тұрдық. Мен СДИ-дың балала-
рымен тұрыппын. Жол-жөнекей жастар қосыла берді. «Менің
Қазақстаным» әнін айтып, айтулы орынға жылжыдық. Біз оры-
нымыздан қозғалған соң МАИ, ГАИ қызметкерлері машина-
мен, будкамен қоршап «Тараңдар», «Тараңдар», «Сендердің
бұл істерің қате, арандатушылық» деген сияқты сөздер айтып,
«Ушанов» паркіне дейін еріп келді де, сол жерде қоршап, ұрып-
соғып, кейбіреулері резеңке сойылмен талдырып, будкалы
машиналарға тией бастады. Мен шетке қарай қаша бергенімде
өкшемнен тиген соққыдан ауада ұшқан сияқты айналып келіп
жерге құладым. Қатты сасқалақтағаннан еш жерімнің ауырға-
нын сезбедім, тек, тұрып, үстімді қаға бастағанда бір миллици-
онер келіп, «Неғып тұрсың» дегенде «Автобус тосып тұрмын»
дедім. «Қанша болды тосқаныңа?» дегенде «бір сағат» деп айта
салдым. «Бұл жерден тез кет пәлеге қаласың», - деп ары қарай
жүгіріп кетті. Ер-жігіттерді резеңке сойылмен ұрып, қыздарды
көтеріп машинаға лақтырып тией бастағанда курстас қыздың
«аяғым» - деп айқайлаған дауысын естіп қалдым. Тиейтіндерін
тиеп әкеткен соң ана жерден, мына жерден тығылып қалған
студенттер шыға бастады. Ұзын саны 20-30 жас «Енді ЦСК-ға
барайық» деді. Онда қазақтар көп жиналып «Қазақстан» пар-
кіне барып, ойымызды жүзеге асырайық деген оймен ЦСК-ға
келсек қадам сайын милиция қызметкерлері қоршап тұр екен.
Еріксіз жатақханаға қайттық.

Ертеңінде сабаққа барғанда милиция қызметкерлері
келіп, тізім бойынша атымызды атап, тор көзді машинаға тиеп
бөлімшеге алып барды. Содан күнделікті тергеу басталды. Ең
сорақысы, айға жуық, «халық жауы», «бұзық», «нашақор»,
«ұлтшыл» атанып жүрген бізді Ақтанов Ерболдың сотына

35

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

куәгер етіп апарды. Біздің атымыздан өздері куәгерлік беріп,
табақтай қағаз толтырып, астына қолымызды қойып қойған.
Сот үстінде Ерболды даттап «ол солай, ол бұлай» дегенді
естігенде таң қалғанымнан «мен қашан олай дедім» деп еңіреп
жылап жібердім. Ерболдың келіншегі бірдеңелерді айтып
жатыр, оны еститіндей жағдайым жоқ. Ол қайдан білсін не
болып, не қойып жатқанын, қалғаны бұлыңғыр ...

Әкем келмегенде, кім біледі, енді бір күн шыдар ма едік...
Ең өкініштісі... анамның ренжіп қалғаны. Ақ-қараны айырмай
дүниеден өтіп кеткені.

Оқу бітіріп алып-ұшып ауданға келгенде «Бұл ауданда,
саған деген жұмыс та, орын да жоқ!» деп кесіп айтып, есікті
тарс жапқан адамардың бүгінде тірісі жоқ. Сол уақытта «Мәңгі
өмір сүреміз...» деген-ау сірә!!!

Анамыз айықпас дертке шалдығып жанында күтуші
болып отырғанда, «аманат» қылып тапсырған мектепте де
қысқартуға ұшырап, арық, көше тазалап бастаған еңбек
жолымда талай «сүтке тиген күшіктей» болған, «ІІ сортты»
санаған, жаныма түрпідей тиген дүниелер өтті, кетті. Өмірдегі
бар сүйенерім «табан ет, маңдай терім» екенін жақсы түсіндім.

Өмір деген - күрес! Күресіп келеміз! Алланың берген
нығметі жеткенше адал еңбегімді ұлағатты ұстаздық жолына
арнап, әр періштенің жүрегіне - иман, санасына - мейірім,
қиып түсер қылыштай қайсарлық, «қар мен нөсерге» төтеп
берер төзім, елін, жерін құрметтей білетін рух тәрбиелеп,
Тәуелсіздіктің тұғырын берік ұстай білетін нағыз патриоттар
тәрбиелеуге аз да болса өз үлесімді қоссам, арманым жоқ!
«Жалт етіп өте шығар жалған дүниеде ірілікпен, бірлікпен
тірлік кешіңдер!» дегім келеді.

***

Бүгінгі күні Гүлжанат Мержақыпқызы Зайсан ауданы,

Зайсан қаласындағы Ю. Гагарин атындағы орта мектеб» КММ

директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Зайсан

ауданы бойынша «Желтоқсан ақиқаты» қоғамының төрайымы.

36

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АСКАРОВА ЛЯЗАТ

1984 жылы мектеп бітіріп, Өскемен қаласына пединсти-
тутқа оқуға түстім. 1986 жылы екі курсты бітіріп, үшінші кур-
сты оқып бастаған едік.

Осы жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан компартиясы
орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев-
тың орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуын естіп, біраз
сөйлеп-сөйлеп қойғанбыз. Онсыз да ана тілімізде сөйлеуге мұң
болған, жетім баланың күйін кешіп жүргенде, бұл жаңалық
жығылғанға жұдырық болып тиді. 17-желтоқсаннан бастап
Алматының жастары бейбіт шеруге шығыпты дегенді естідік.

22 желтоқсан күні кешке сабақтан шыға сала, біздің топ
және қатарлас екі қазақ тобы, «Юбилейный» кинотеатрына
кино көрейік деп жиналдық. Барып билетке кезекке тұрсақ,
билет бітіп қалыпты. Енді қайтайық па әлде жақын маңдағы
тағы басқа кинотеатрларға барып көрейік пе деп тұрғанда,
біреулер «Бейбіт шеруге шығайық» деген ұсыныс білдірді.
Сол жерде тұрған біздер қолдай кеттік.

Иә, неге біздерде Алматыдағы жастарды қолдамаймыз.
Біздің де ішімізде қайнап жатқан назымыз бар еді. Ол - ұл-
тымыздың көрген зәбірі, теңсіздік, қазақ тілінің мүшкіл халі,
құжаттардың тек орысша толтырылуы, қазақтарды кемсіту,
міне, осыларды күнде көріп жүріп, іштей наразы болып
жүретін едік. Бірақ сыртқа шығаруға дәрмен жоқ.

Сол жердегі жастар біріміздің артымыздан біріміз, еш-
кімге тиіспей келе жатырмыз. Жол-жөнекей милиция көліктері
келе жатқанын көріп, ешқайда қашпаймыз деп шештік. Уша-
нов алаңына енді кіре бастағанымызда, ешқандай ескертусіз,
құқық қорғау қызметкерлері, ДНД, солдаттар бар, бас салып
ұстап милиция автокөлігіне тыға бастады. Кейбіреулері қашып
кетіп жатты.

Бәрімізді милиция бөлімшесіне алып келді. Ұлдарды
бөлек әкетті. Ал мені басқа бөлмеге апарып тергеу жүргізді,
біткен соң Ленин бөлмесіне отырғызып кетті. Ол жерде бір
тәулік отырдым, ертеңінде кешке сағат 20-21-лерде жіберді.

37

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Таңертеңнен бастап тағы тергеу басталды, бірінен шығып
екіншісіне, одан шығып үшіншісіне, ... бесіншісіне. Солай
қаншама күн өтті. Соңында оқудан, комсомолдан шығарды.

Үйге (сол кезде Самар ауданы) қазіргі Көкпекті ауданы,
Көкжыра ауылына әке-шешеме келдім. Әкем колхоз агрономы,
партия қатарында болған. Оны жиналыстан жиналысқа са-
лып, партиядан шығару керек депті. Анам кіші сыныптардың
мұғалімі еді. Ол кісіні педкеңеске салып, жылда оқу жылы ба-
сталарда тамыз айында өтетін конференцияда айтып, міндетті
түрде жер қылады екен. Самар ауылында асханаға жұмысқа
орналасып едім, мұндайларды қара жұмысқа салу керек деп,
шығарып жіберді.

Рухым сынбады. Мен, тек ата-анам үшін қиналдым.
Осындай қысымдар болып тұрды, сонда да демеу беріп, қол-
даған ата-анама, туыстарыма алғысымды жеткізгім келеді. Егер
сол жастық шағым оралып келсе, осы жолды еш ойланбастан
таңдаймын. Өйткені елім, жерім, тілім деп соққан жүрек ешқа-
шан басқа жолға түспейді.

Құдайға тәуба бұл күндері оның бәрі өтті. Бүгінгі жастар
Тәуелсіздіктің осындай қиындықпен келгенін түсінуі керек.

ӘБДІЛДИНОВА (ЖИЕНГЕЛДИНОВА)
СӘЛИМА

Желтоқсан оқиғасы менің 20
жасқа толған туған күнімді курстар
құрбы-достарыммен атап өтіп, еш-
нәрсені ойлатпаған, жалындаған
жастық жалын, албырт шағыма тап
келді. Бір жұлдызнамада: «Мерген-
дер тәуекелшіл келеді. Көп сөйлейді.
Үнемі өзін бақытты сезініп, көңіл-
күйі көтеріңкі болады. Мергеннің
табиғаты – 6 жасар бала секілді өте
шыншыл келеді, ашық, көңілді, иде-

38

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

алист» деп жазылыпты. Бұл менің сол кездегі болмысымды
дөп басып сипаттайды.

1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматыда өткен оқиға тура-
лы біз тек 22 желтоқсанда ғана естідік, ол туралы теледидар-
дан айтты ма, жоқ па ол жағын білмеймін. Сол 22-желтоқсан
дүйсенбі күні біздің топ, Өскемен педагогикалық институты-
ның филология факультетінде «ұлт мектебіндегі орыс тілі мен
әдебиеті» мамандығы бойынша оқитын 3-курс студенттері,
Бажов көшесінде орналасқан 2-корпустан таңертеңгі дене шы-
нықтыру сабағынан шығып, институттың бас корпусының
жанындағы жатақханамызға оралдық. Келе салып елімізде
бір түсініксіз жағдай орын алғанын естідік. Д. Қонаевты алып
тастап, орнына Колбин деген белгісіз біреуді тағайындапты.
Алматылық жастар бұған қарсылық білдіріп алаңға шыққан
дейді, біз оларға қолдау көрсетуіміз керек екен. Сол үшін бүгін
кешке орталық алаңға шығып, біз де өз қарсылығымызды көр-
сетейік деген парақшаны бір жігіт әкеп, кіре берісте кезек-
шілікте отырған біздің курстас құрбымыз Аукирова Саясатқа
беріп кетіпті. Тосыннан келген хабарды түсінбей старостамыз
тұратын бөлмеге жүгірдік. Бәрімізді мазалаған сұрақтар: «Не
болып жатыр? Әділдік қайда? Неге Колбин?». Нақты жауап
таба алмай, сабақтан соң кешке алаңға барамыз деп келістік
(біздің негізгі сабақтарымыз түстен кейін өтетін).

Сол күні институтта оқытушыларымыз бізге үш кісіден
артық топталмаңдар, кешке ешқайда шықпаңдар деп ескертті.
Бірақ бойында өз ұлты, өз елі үшін титтей де болсын намысы
бар жастар кезекшілікке келген оқытушыларды киноға барамыз
деп алдап, алаңға баруға асықты. Біз құрбым Бақыт Исабаева
екеуіміз де алаңға бет алдық. Бақыт өте салмақты, не нәрсені
болсын ойланып жасайтын ақылды, тиянақты қыз болатын.
Басында тартыншақтағанымен, менің көңілімді қимай алаңға
барды. Сол кездегі «Юбилейный» кинотеатрының маңайында
біз сияқты жастармен қоса милиция қызметкерлері көп екен,
олар бізді көріп «қайда барасыңдар, қайтыңдар» деп тоқтат-
пақ болды. Біз болсақ киноға келдік деп кинотеатрға кіріп,
көз алдарқаттық. Біраздан соң біреулер сыртқа шығыңдар,

39

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жастар көп жиналды, алаңға барамыз деді. Ешқандай дайын-
дықсыз, ешбір ұрансыз «спонтанно» сап түзеп алаңға қарай
жылжып, жолдан өттік. Арт жақтан біреу «Менің Қазақста-
нымды» айтайық деді. Мен сол кезде біздің артымызда келе
жатқан курстасым Ербол Ақтановты көріп, «Товарищи, с нами
сам Ербол Актанов» деп айқалаппын. Қазір ойлап отырсам, ол
сөзіммен өзімді-өзім жебеп, өзгелерге рух берген болуым керек.
Өйткені Ербол бізден 2-3 жас үлкен, Отан алдындағы әскери
борышын өтеп келген әрі ойын ашық айта алатын, жеке пікірі
бар арамыздағы ересек, отбасылы жігіт болатын.

Ербол сабақты да жақсы оқыды. Бірде сабақты себепсіз
босатқаны үшін деканат оның бір айлық шәкіртақысын са-
бақтан қалмай, жақсы оқып жүрген қызға береміз деп шешім
қабылдайды. Ербол болса, ол менің таза еңбегім, сондықтан
оны қайда жұмсауды өзім шешемін деп бір айлық шәкіртақы-
сын сол кездегі «Бейбітшілікті қорғау» қорына аударған еді.
Бұл оның азаматтық ұстанымының жоғары екендігінің көр-
сеткіші деп ойлаймын.

Сонымен, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әнұранын-
да айтылғандай «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз» - деген асқақ ой же-
телеп, намыс үшін сапқа тұрған жастар алаңдағы «Обком»
ғимаратының алдынан өтіп, сол кезде күллі қазақтың бей-
ресми әнұранына айналған «Менің Қазақстаным!» әнін ша-
быттана шырқап, М.Горький көшесіне бұрылдық. Бір кезде
Өскемен құрылыс-жол институтында оқитын Сәду дейтін
оңтүстік жақтың жігіті (оны сонда оқитын құрбым арқылы
сыртынан білетінмін) алдымызға шығып «тезірек студенттер
қалашығына барып, барлық жатақханаларды көтерейік, көп
болсақ бізге ешкім ешнәрсе істей алмайды» деді. Жалынды лек
енді студенттер қалашығына қарай бағыт алды. Сап түзеген
күйі Үлбі көпірінен өттік, кейбір құрбыларымыз сол жерден
автобусқа отырып жатақханаға қайтып кетті. Қалғанымыз
Ленин даңғылымен екпіндеп Ушанов алаңына тақай берген
тұста жан-жағымыздан қаптаған милиционерлер шыға келді.
Біреулер қашты, біз алдыға қарай жүре бердік, сұраса кинодан

40

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

келеміз деп айтамыз деп келістік.
Оқиғаның көкесі ертеңінде басталды. Ербол ағамызды

сол түні жалдамалы пәтерінен алып кетіпті. Келіншегі таңертең
жатақханаға келіп бізді кінәлады, етегі жасқа толып, шарасыз-
дықтан бізге қарғыс та айтты. Жерлесіміз әрі ағамыздай болған
азаматты құрбым Бақыт екеуіміз қалай ақтап алсақ деген ниет-
пен: «егер бізден сұраса Ерболды киноға, алаңға біз шақырдық,
көпірден өткеннен кейін үйіме, отбасыма қайтам дегенде де біз
қорқамыз, бізді жатақханамызға жеткізіп сал деп жібермедік»
деп айтуға байлам жасадық. Түстен кейін сабақта отырғанда
КГБ (мемлекеттік қауіпсіздік комитеті) қызметкерлері келіп,
алаңда қара көрсеткендердің барлығын бір-бірлеп сұраққа алды.
Басында мен құрбыммен киноға бардым, қарсылық білдір-
гендерге сол жерден қосылдық, ол жерде болғандарды таны-
маймын деп жауап бердім. Сұрақ алу бірнеше күнге жалғасты,
енді бізді прокуратураға шақыртатын болды. Прокуратуға кешкі
сағат жетіде барғаннан жатақханаға түнгі бір-екілерде, қала
жым-жырт ұйқыда жатқанда, қақаған аязда, жападан-жалғыз са-
лым суға кетіп оралып жүрдім. Сұрақ алған Котов деген офицер
маған «Өтірік айтуды доғар, сені құрбыларыңның бәрі көрген,
тіпті Ақтанов бізбен бірге деп айқайлағаныңды да айтып отыр,
қалай сен ешкімді танымайсың? Сәлима, сен жассың ғой, Ак-
тановты қорғаштама, оның ұйымдастырушы екенін бәрі айтып
отыр. Өзіңді ойла, болашағыңды ойла. Мұндай ағаттығың ертең
өз өміріңе, тіпті сенің балаларыңның да өміріне кедергі болады,
билікке қарсы шыққандар үшін барлық есіктер жабылады», -
деп аяушылық сыңай танытқан болды. «Құрбыларымды көргем
жоқ. Ал Ербол ұйымдастырушы емес, мен ұйымдастырушы
жігітті көрдім, ол бізге бағыт-бағдар беріп отырды, бірақ оның
аты-жөнін білмеймін, көрсем міндетті түрде сіздерге айтамын»
деп өтірік уәде бердім. Котов бізге сол ұйымдастырушы жігіт-
ті іздеп табуға уақыт берді, бірақ біз ешкімді іздеген жоқпыз.
Себебі біз үшін ортақ мүддемен жүрген бір қазақ үшін екінші
қазақтың басын бәйгеге тігу миға сыймайтын іс еді. Инсти-
туттың комсомол комитетінің жиналысында маған: «Сен өзі
отбасылы жігітпен қандай қарым-қатынастасың, неге ол үшін

41

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

шыр-пыр боласың? Шындықты айт, әйтпесе масқара боласың,
ата-анаңды шақыртамыз, қандай қыз тәрбиелегенін көрсін» деді.
Мен құрбыммен келісіп алған жауапты қайталаудан танбадым.

Аяғы іс сотқа берілді, Ерболды бес жылға бас бостан-
дығынан айырды. Ұлтаралық алауыздық пікір таратушы деген
желеумен мені, құрбым Бақытты, үндеу жазылған парақшаны
қыздарға көрсеткен Саясатты және мінезі біртоға, ешкімге
соқтықпай тыныш жүретін курстас құрбымыз Асқарова Ләз-
затты алдымен комсомолдан, кейін институттан шығарды. Бұл
тоқырау заманының солақай саясатының біздің жас өміріміз-
ге тигізген сыртқы әсері ғана - «айсбергтің» үстіңгі беті. Ал
әрқайсымыздың жан дүниемізге келтірген «әсері» тек бізге
және бір Аллаға ғана аян. Өз ортаңда «өгейліктің» қамытын
көтеріп жүрудің не екенін менің құрбыларым – желтоқсаншы-
лар жақсы түсінеді деп ойлаймын.

Биыл Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл толады, ҚҰТТЫ
БОЛСЫН! Елімізде жаңа бір буын өсіп, орда бұзар 30 жасқа
келді, қуанарлық, мақтан тұтарлық дүниелерге шүкіршілік
етеміз. 50 жылда ел жаңа - жаңа Қазақ елінің жарқын бола-
шағы тәрбиелі, білімді, ізденімпаз, іскер ұрпақтың қолында,
сондықтан оларға ел игілігі үшін биік мақсаттарға қол жеткі-
зуде табандылық, сәттілік және телегей табыс тілеймін.

БАЙГУНДИНОВ ҚАЙЫРХАН

16 желтоқсан 1986 жылы, Өске-
мен қаласы. Өрт бөлімінің облыстық
басқармасы. Қайырхан бүгін жұмысқа
таң атпай ертерек келген. Өйткені, кеш-
кі ұшақпен Алматы қаласына оқуға
ұшу керек. Билетті күні бұрын сатып
алып қойған болатын. Жұмысқа келе
салысымен, құжаттарды жинастырып,
оларды орына қалатын адамға өткізу-
ге міндетті. Сағат тоғыз болмай, жан-

42

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жақтан өзімен оқитын жігіттер оған телефон шала бастады.
Болат Манаспаев Күршім ауданның аға инспекторы, екеуі

бір группада оқитын. Алматыға барғанда бірге жатақхана ала-
ды. Ол Қайырхан қай уақытта ұшатынын сұрап, барғанда қайда
тоқтайтын біліп алды, мекен-жайларымен алмасты. Қайырхан,
Болат, Асылбек, Виктор, Юрий Хромцов тағы басқа жігіттер
жаз айында емтиханды бірге тапсырып, Алматы өрт сөндіру
училищесінің бірінші курс курсанттары қатарына оқуға қабыл-
данған. Оқу мерзімі - 3, 5 жыл. Училище - өрт күзетінің кіші
және орта басшы құрамын даярлау және қайта даярлау мек-
тебі болып саналады. Мұнда Қазақ ССР ІІМ басқармасының
әскерилендіріленген өрт күзетінің оқу жасағы болған. Жұмыс
істейтін курсанттарға жылына екі рет оқу бағдарламасымен
даярлық жүргізетін. Бұл жігіттер сырттай оқуға қабылданған
болатын. Оқу мерзімі жаздық және қыстық болып, екіге бөлін-
ген. Жаздық оқу шілде айында өтеді. Қысқы сессия осы жел-
тоқсан айының ортасына шақырылатын. Оқу барысы он күн,
Жаңа жылды бәрі үйде өткізеді.

Қайырхан жігіттермен сөз алмасып болған соң, отырып
жұмысқа кірісті. Кешкі уақыттқа дейін біршама шаруаларды
тындырып кету керек. Жан-жаққа телефон шалып, аудандар-
мен хабарласып, төтенше болған жағдайлар жайында хабар-
лама жинап алды. Қайырханның негізгі орындайтын жұмысы
- облыс көлемінде өрт қауіпсіздігінің жағдайы мен оны бол-
дырмау шаралары. Үлкен өрт болса, өрт болған жерге барып,
шығу себептерін анықтап, айыпты адамдарға тексеріс жүргізіп,
құжаттарды тергеу органдарына жіберетін. Өрт алаңында адам
өлімдері орын алса, түн уақытына қарамастан, алыс па, жақын
ба, жолға шығып кете беретін. Ондай жағдайлар оқтын-оқтын
болып тұратын.

Облыс көлемінде 19 аудан, бірнеше кенттер мен қалалар
болатын. Қайырхан жаз уақытында шөп, егіншілік кезінде
аудандарға жол сапарға аттанатын. Өрт қауіпсіздік шарала-
рын толық орындату үшін шаруашылық мекемелерімен тығыз
байланыста жұмыс жасайды. Аудандық басшыларға хабарла-
ма жазып, ескерту жасайды, өрт қауіпсіздігін орындамайтын

43

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

мекеме басшыларына айып пұл салып, жұмыстарына шектеу
қояды. Осы аталған жұмыстарды реттеп, қасындағыларға
уақытша тапсырып кетуге міндетті. Өйткені, жоғарғы орган
басшыларына қандай жұмыстар атқарылған жайлы әрқашан
есеп-хабарлама береу керек, оны істемей кетсе оқу орнына
телефон шалынуы мүмкін.

Сонымен кешке дейін барлық жұмыстар тәмәм болып,
әуежайға жинала бастаған. 12 нөмірлі автобус сол жұмыс орны-
нан алыс емес, тура әуежайға апаратын аялдамаға тоқтайтын.
Автобуспен жеткен Қайырхан әуежайда тіркеуден өтіп, жүк-
терін өткізіп, ұшаққа барып жайлап сатып алынған орынға
отырады. Басындағы фуражкасын, қолындағы қол дорбасын
жоғарғы сатыға орналастырып, енді шалқайып басын көтеріп,
жайғаса бергенде, салонға ентігіп милиция майоры жүгіріп
кіреді. Қайырханның аты-жөнін сұрап, оның ұшақтан түсуін
сұрады. Милицияның арғы жағында қара костюм киген, қара
көзілдірікті, сұрғылтау галстук таққан адам тұрғанын көреді.
Сонымен жүгін қайтарып алып, артқа қарай әуежайға қарай
беттеді. Не болғаны жайлы олар сөз қозғамады. Тек Қайырхан
олармен еріп, әуежайдың алдында тұрған қара «Волганың»
артына барып жайғасты. Милиция қызметкері әуежайда қалды.
Сонымен қара «Волга» қайта оны жұмыс орына алып келді.
Қара костюмді жігіт Қайырханды ертіп, екінші қабатта отыра-
тын облыстық өрт бөлімі бастығы орынбасарының бөлмесіне
әкеліп кіргізіп, онымен ымдасып сөйлесіп, Қайырхан екеуін
жеке-дара қалдырып кетті.

Орынбасардың айтуынша, төтенше жағдай болған тәрізді,
Қайырханды бөлмесінен ешқайда сұраусыз шықпауын өтінді.
Қайырхан үйіне телефон шалайын десе, телефоны істемейді
екен. Бөлмеден шығу үшін ішкі телефонмен хабарласып, ба-
стықтан сұрану керек. Бастықтың айтуынша, ешкімге әзір-
ше телефон соғуға болмайды. Тек дәретханаға ғана сұранып
шығу керек, оған сыртқы есіктен бір шаршы метр ары баруға
болмайды.

Қайырхан түнгі он екіге дейін тапжылмай отырды. Еш-
кім оған кіріп шықпайды. Қасындағы отыратын жігіт басқа

44

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

бөлмеге ауысқан сияқты. Түннің бір уағында кезекші сержант
келіп, Қайырханды жатақханаға апарып, дем алуға қалдырды
да сыртқы есігін құлыптап кетті.

Жатақхананың ішінде жуынатын орын, тамақ жасайтын
бөлме және төсек бар екен. Таңғы сегізден кете кезекші келіп
есікті ашып, оны жұмыс бөлмесіне апарып кіргізіп кетті.
Таңертең барлық бөлім офицерлері жұмыс орындарында отыр
екен. Қазақ офицерлері іштерінде көрінбейді.

Сегіз жарымда есік ашылып, Қайырханды бөлімше ба-
стығы жұмыс бөлмесіне шақырып жатқанын айтты. Кезекші
оны Рябковтың бөлмесіне ертіп апарды. Оның жұмыс бөл-
месінде барлық бөлім офицерлері жиналған екен. Арасында
тағы қазақ жігіттері көрінбейді. Бөлімше бастығы капитан С.А.
Рябков Қайырханды жақындау отыруын сұрады. Ол оның қа-
сындағы орындыққа барып жайғасты. Барлығының түрі сұсты,
түнерген. Біреу өліп қалғандай, ешкім бір-бірімен сөйлеспейді.
Әдетегідей жұмыс жағдайын да сұрамайды.

Үнсіздікті бөлімше бастығы бұзды. - «Қайырхан, ты зачем
порвал портрет Колбина» –деді. Оның кім екенің білмейтін
Қайырхан: «Кто он такой, что за портрет?»- деп өзіне тосын
сұрақ қояды. Сонда Рябков «вам откуда баранам знать, кто ка-
кой Колбин, теперь наша власть пришла, теперь тебе придется
идти, бараны пасти»- деп шегелеп айтты. «Зачем баранам тас-
кать погоны, можешь сразу снимать и идти свой колхоз, бара-
ны пасти» -деді. Осындай кемсітуді ешкімнен естіп көрмеген
Қайырхан, бөлімше бастығының кеңірдегінен мықтап ұстап
алып: «Я тебя самого заставлю свиньей пасти» - деп оны есінен
тандыра жаздаған. Не боларын кім білсін, отырған офицерлер
жабылып жүріп, әрең дегенде оны бөлмесіне қайта тықпағанда.
Сөйтіп, бөлменің есігін сыртынан құлыптап тастайды.

Бұл оқиға 1986 жылы, 17 желтоқсан күні облыстық
өрт бөлімінде болған еді. Түстен кейін келіп Қайырханнан
жағдайын сұраған майор В.П. Коншу: «Ты зачем это сделал?»
деген сұраққа, ол жауап бермеді. Оны өзі жақсы біліп тұр. Есік
қайта жабылды.Үстіндегі қабатта не болып жатқаны белгісіз,
телефон, радио жоқ, есік жабық, ешқайда шыға алмайсың. Еш-

45

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

кім іздеп келмейді. Қайырханды кешке жатар орынға кезекші
апарып кіргізіп, сонда отырып тамақтанады. Ішкі телефон тек
бастықпен және оның орынбасарларымен қосылған. Олармен
ол сөйлесе алмайды, тек дәретханаға сұранып шығады. Оқитын
кітап, немесе газет-журналда жоқ. Түнгі уақытта жатар орынға
апартын кезекші жігіттер тек орыс тектілер, олар ләм-мим
демейді, есікті ашады кіргізіп қайта жабады. Жатар бөлмеде
артық ештеме жоқ, ыдыс-аяқ, электроплитка, тоңазытқыш және
жататын темір төсек. Оның бәрі жуынатын сабын, паста, тіс
жуғыш, ауыстыратын киімдер, үйде киетін спорттық шалбар,
оқуға апартын нәрселер. Күнделікті бөлмеде жуынып жүрді.

31 желтоқсан күні түнгі он екіге таяу кезекшінің қа-
рауымен Қайырханды 1987 жылды бірге отырып торт жеп,
шай ішіп қарсы алуға өз бөлмесіне бастықтың орынбасары
В.П. Коншу шақырады. Қайырхан ең алдымен үйге телефон
шалуға рұқсат сұрайды. Үйдегі отбасын Жаңа жыл мейрамы-
мен құттықтауға бастық Коншу рұхсат беріп, артық сөйлеуге
шектеу қояды. Коншу В.П. шай ішіп отырғанда бір ауыз сөз
қозғамайды, ешқандай жаңалықтар айтпайды. Тек оны Жаңа
жылымен құттықтап, кезекшіні шақырып, Қайырханды жатар
бөлмесіне апаруын сұрайды.

Солай күндер өтіп, 16 қаңтар 1987 жылы Қайырханға
Харьков қаласына бір айлық қайта даярлау оқуына шақырту
қағазы келеды. Оқу кезеңі 2 қаңтардан 3 наурызға дейін екен.

Қаңтардың бірі күні одақтас Украина еліне Қайырхан
ұшақпен ұшып келеді және оны «Харьков» қонақ үйіне орна-
ластырады. Оқуға келген офицерлер саны 100 астам екен, олар-
дың барлығы дерлік туыстас он бес мемлекеттің азаматтары,
ең үлкен шенділісі подполковник, майорлар, капитандар мен
аға лейтенат дәрежесіндегі офицерлер болатын. Прибалтика
елдерінің, Азербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызстан,Украина, Россияның әртүрлі жерлерінен (Якутия,
Тува, Мордва, Чуваш, Удумуртия, Бурятия және т.б.) келген
«мен атайын, сен тұр» деген жігіттер болатын. Қайырхан бар-
лық жаңалықты Алматы қаласының азаматы, желтоқсан оқиға-
сына басынан аяғына дейін қатысқан Бекенов Әскербек деген

46

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

майордан естіген. Бұл сұмдық жағдайды ол бүкіл аудиторияда
жария қылып айтып берген. Зығырданы қайнаған, ашу –ызаға
булыққан кейбір офицерлер, бір жұмадан кейін Қазақстаннан
келген делегацияның басшыларын іздеп барады. Делегацияны
басқарып келген сол кездегі Қазақстан ЛКЖО басшысы Серік
Әбдірахманов орнында болмай, орнында тек көмекшісі жас
жігіт отыр екен.

Делегация өкілдері сол кездегі мәдениеттің он күндігімен
туыстас Украина еліне келген болатын. Харьков көшесінің
бойы Қаз ССР туымен көмкерілген, құдды бір Қазақстан мем-
лекетіне айланғандай. Офисқа келген офицерлер осы сарынмен
өздерінің үйлеріне телефон шалып, желтоқсанның Алматыдағы
оқиғасын әркімге жеткізіп жатты. Қатарында нашақорлардың
болмағаны, маскүнемдердің мүлде болмағаны айтылып жатты.
Қайырханның сол кездегі таң қалғаны туысқан елдердің аза-
маттары осы оқиға желісіне қатты қолдау көрсеткені. Грузин,
азербайжан, армян, литвандар, эстондар, латыштар және тағы
басқа ұлт өкілдері Кеңес үкіметіне риза емес екендігі жайлы
ойларын ашық айтты. Украина КГБ қызметкерлері келіп, неге
екенін білмейді, оқудан Қайырханды қайтаратынын, ол жақта
жазаға тартылатынын айтты. Сөйтсе КГБ-ге Қайырханның
сөзін жеткізген лейтенент Казанов Аркадий Петрович деген
Смоленск қаласынан келген жігіт болатын, ол бірге бір бөлмеде
тұратын, Қайырхан өз пікірін оған түнде айтқан болатын. Қайта
оқу басшылығы араға түсіп, Қайырхан үйіне қайтарылмайтын
болды. Солай жазадан аман қалды.

Оқу аяқталғанша Желтоқсан оқиғасы оқуға қатысушы-
лардың ауызынан түспеді. Керек десең мекен-жай, телефонда-
рын беріп, егер ол жақта қысым көрсетсе, Қайырханға көмек
көрсететіндерін айқын айтып жатты. Шынымен, бүкіл туысқан
елдердің өкілдері Кеңес үкіметінің саясатына қарсы пиғылда-
рын ашықтан-ашық білдіріп жатты.

Қайырхан қазір ойланса ол оқудан қайтып келген соң,
қуғын-сүргінге қатты ұшырады. Күнделікті оның артынан
жұмыста бақылау, кірген-шыққаннын жазып-сызып отырады.
Партиялық жиналыста оның есебі тыңдалып, талқыға түсіп

47

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жатты. Оның ісі партбюрода қаралып, бірақ жазасыз шықты.
Өйткені басқарма бастығы Дюсенбин Қайрат Ғафуұлы оған
арашаға түсті. Ол мән-жайға қанық адам болатын. Партюро
мүшелері көптеген орыс жоғарғы лауазымды адамдар. Басқар-
ма бастығының сөзінен қайткенмен қаймықты.

Бастауыш партия ұйымның жетекшісі жиналыста өзі
ескерту алып, сабасына түскендей болды. Жиналыстың күн
тәртібінде мынадай фабула жазылған болатын: - «Рассмотре-
ние хулиганских действий члена КПСС Байгундинова К.К.
против своих коллег, имеющий место 17 декабря 1986 года».
Партиялық хаттама да былай жазылған болатын - «Коммунист
Байгундинов К.К. 17 декабря 1986 года совершил на рабо-
те хулиганство с прямым умыслом. Он явно показал свой
поступок неуважение к обществу – нагло оскорбляя своих
коллег, демонстративно показав свое пренебрежительное
отношение к правилам социалистического общежития
и нормам коммунистической морали». Осы хаттама облы-
стық өрт бөлімінің бастауыш ұйымының жетекшісі Аубакиров
Майдан Қадылбекұлының қолымен жазылған. Сол фабула
Коншудың айтумен құрастылғаны айдан анық. Партбюроға
шақырылып, қысқаша болған жайды, отырғандарға алдын-ала
жазылған қағазды оқып берген. Бірақ, бірінші хатшы Колбин-
нің портретін жырттың деген айып, онда Қайырханға тағыл-
мады, бұл жай арандату үшін жасалған Рябковтың қитұрқы
ісі болу керек.

Бұл дегеніміз қылмысты іс және оны айып тағу үшін
оның дәлелдері болу керек. Рябков оны да Коншумен бірге
ойластырған болулары мүмкін. Партбюрода Рябковпен болған
инцидентті атап өтті. Рябковтың кеңірдегін ұстағаны айқын,
оған офицерлер куә болған. Облыстық Ішкі істер басқарма
бастығы, партбюро мүшесі Қайрат Дюсенбин Қайырханға
былайша сұрақ қояды: «Осы жағдайдың орыны болғанын
растайсың ба деп. Қайырхан: «Иә болғаны рас, тек олар мені
малға теңеді, сен қойсың деп, погоныңды шешіп қой бақ деп
мені ар-намысыма тиді - деді. - Басқадай ештеме болған жоқ,
мен Рябковқа тискен емеспін, ол маған жабылған жала» - дейді

48

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Қайырхан оны қазақша айтып, генералға солай сөзін жеткізді.
Генерал «боссың» деп, оны жиналыстан шығарып жібереді.

В.П. Коншу партбюрода генералдан сөз естіп шыққа-
ның, өзі келіп Қайырханға жеткізген. «Сенің тамырың тереңде
жатыр екен» -деп ары өзінің ары қарай, оған тиіспейтіндігің
айтады. «Там тебя все защищали, не могу понять» - деген
В.П.Коншу. Әрине адамды «қойға» теңеп айтқаны, партбюрода
отырған басқа орыстарға да ұнамаған шығар. Шынымен, бір-
шама уақыт Коншу оған тиіспеді. Бірақ, Қайырханға әкімшілік
жағынан ескерту жасалып, бұйрыққа қол қойылған.

1987 жылдың аяғында бөлім бастығы болған Искаков
Қасым Искакович оның үстінен жазылған арыз бойынша
жұмыстан босатылып, Коншу екеуі орындарын ауыстырады.
Билікке келген Коншу өзінің Қайырханға қатысты арам ой-
ларын іске асыра бастайды. Күнделікті жұмыста ілік іздейтін
болып алды. Коншудың қолшоқпары бөлімше бастығы Сергей
Рябков Қайырханның жұмыстарын жоспарлап, жан-жақты
аудандарға іс-сапармен қуатын болды. Оған куә ретінде рес-
публикалық өрт басқармасы бастығының орынбасары, пол-
ковник Жетпісбай Жанғалиев кезекті тексеруде айтқан сөзінде
– «Владимир Петрович, Вашем отделе, только один человек
работает что ли?, покажите мне его» - дегенде Коншу, «он
командировке» деп айтқан екен. «У него самый лучший пока-
затель во всех направлениях, почему другие так не работает»
- деген жоғарғы басшының сөзін қазақтың жігіттері естіген.
«Его надо поощрять и наградит соотвественно, отправляйте
представление» - деген екен. Бірақ сол награданы және ақша-
лай сыйлықты әрине С. Рябков алды.

Ұлы Октябрь мерекесіне қарсы бүкіл өрт бөлімінің жи-
налысында В.П. Коншу Рябков Сергейдің кеудесіне апарып
награданы қадаған, қолына сыйлығын конвертке салып берген.
Жұмыста ақырғы ескертумен жүрген Рябков Сергей Андреевич
республика көлемінде ең нәтижелі қызметкер атанып шыға
келеді. Басқалары алғыс та алмайды. Сол заманғы солақай
саясаттың зардабынан қазақтар ғана жапа шекті. Бағынбаған-
дарды түрмеге отырғызды, жұмыстан шығарды, қудалауға

49


Click to View FlipBook Version