ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Марат ағамен сөйлесіп тұрдым. Сөйлесе келе ол кісінің жел-
тоқсаншы екенін білдім. Осылайша желтоқсаншылармен қайта
табыстым. Марат ағаны үйге ертіп келіп, барлық желтоқсанға
байланысты қағаздарымды көрсеттім. Сөйтсем сол қағаздармен
ақталуға болады екен. Сонша ізденіпсіңдер, еңбектеніпсіңдер
деп Марат аға жол көрсетті. Марат аға арқылы Бейсенбай аға-
мен таныстым. Осы кісілерге алғысым шексіз.
***
Омарғазин Өміржан Мұқанұлы (Омаргазин Омиржан
Муканович төлқұжат бойынша) 1965 жылы, 30 қарашада
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында (Шынқожа батыр
көшесі, 8 үй) өмірге келген. Байланыс телефоны
УРАЗАЕВ ИБРАЙ
Мен, 1964 жылы 9
қыркүйекте Большенарым
ауданы Новоберезовка ауылында
дүниеге келдім. 1981 жылы мен
сол кездегі Алма-Аты деп ата-
латын қалаға келдім. Келген-
нен кейін 18 жастағы жас жігіт
жұмыс іздей бастады. 39-Құры-
лыс монтаж басқармаларынан
жұмыс таптым - ағаш ұстасы
атандым. 1982 жылы 11 қазан-
да мені Кеңес Әскері қатарына
шақырады. Алатау РВК. Әскер-
ден кейін «Трест Казстройпром» ағаш ұстасы болып жұмыс
істедім.
1986 жылы 16 желтоқсанда автобуспен «Қазақстан»
қонақ үйіне қарай бет алдым, сол кезде автобусты жас
студенттер тоқтатып, олар ұрандармен бейбіт шеруге шықты.
Автобусқа жігіттердің бірі кіріп, «Қазақ бар ма» деп айқайлады
450
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
мен достарыммен бірге тұрып, «Не болды» деп сұрадым?
Олар Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты шығарып тастағанын,
ал оның орнына Геннадий Васильевич Колбинді Қазақстан
Компартиясының бірінші хатшысы етіп тағайындағанын айтты.
Біз шығып, демонстрацияға қосылдық. Алаңға бейбіт
демонстрация келді. Студенттерден біз - Д. А. Қонаевты КОКП
ОК сол кездегі төрағасы М. С. Горбачевтің бұйрығы бойынша
шығарып, Г. В. Колбинді жібергенін, жолымыз бойынша білдік.
Студенттер Қазақстан ОК басшылығына Қазақстаннан
бір адамды қоюды талап етті. Күндіз бәрі бейбіт және тыныш
болды, кешке қарай билік полиция мен әскерлердің көмегімен
жастарды алаңнан ығыстыра бастады, сәйкесінше студенттер
мен полиция арасында қақтығыстар басталды.
Мені кешкі сағат 21:00-де автозакқа алып кетті және
көптеген студенттер қатарында «Қазақстан» қонақ үйінің
артындағы қабылдау-тарату орнына алып келді.
Камераларда шамамен 25-30 адам, өлшемі 3х3 метр
болатын камера болды. Камерада бір-біріне мықтап тұрып,
бірнеше сағаттан кейін кезек-кезек ұйықтауға шешім
қабылдадық, біреулер еденде ұйықтайды, жартысы тұрады.
Камерада екі тәулік болған соң жаңадан келгендерден
кейін алаңда қорқынышты істер басталғанын, сарбаздар сапер
күректерімен жастарды ұрып-соғып, автозакпен Алматы шетіне
шығарғанын білдік.
17 желтоқсанда менің
өмірімде есімде қалды - қыз-
дарды дәлізде милиционерлер
салып алып келді, бастысы
(қазақтар-орыс емес) оларды
дубинкалармен ұрды, «сендер-
ді кім қоздырды деп». Бірақ
қыздардың бірі де дауысты да
шығарып, жылаған да емес.
Біз камерада болған кезде
«бізді ұрып-соғыңдар, оларға
тиіспеңдер» деп айқайладық,
451
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бірақ бұл полициялар біздің камераларға келмеді.
Жауап алу барысында маған Алматыдан 24 сағат ішінде
кететінімді ескертті. Түнде 19-20 желтоқсанда, барлық
деректерді жазып, шығарды. Жатақханаға келгенде комендант
МҚК-дан мені іздеген айтады. Сол күні мен Алматыдан үйге
кеттім. Өскеменде әкеммен кездестім. Ол ауылға оралмағаным
жөн деді, өйткені оны аудандық партия комитетіне шақырып,
әуреге салған екен. Аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысы оны Алматыда партия мен КСРО үкіметіне қарсы
шықтыңдар деп сөгеді. Содан кейін жұмысқа орналастыру
бюросы арқылы мен жұмысқа Шемонаиха қаласына
орналастым. 1988 жылы үйге оралып, әлі күнге дейін сол туған
жерімде тұрамын.
ОРАЗҒАЛИЕВ АРҚАТ
Менің балалық шағым Семей
облысы, Абай ауданы, Саржал ауы-
лында өтті. Саржал нағыз полигон-
ның сынақ алаңы болған ауыл екенін
әлі күнге біреу білсе, біреу білмейді.
Осы ауылдан онжылдық мектепті
бітіріп, әскери борышымды өтеп кел-
ген соң, 1985 жылы Алматы қаласын-
дағы Сәулет құрылыс институтына
оқуға түстім. Қызықты, алаңсыз сту-
денттік өмір өтіп жатты.
1986 жылдын 17 желтоқсаны, шырт ұйқыда жатқан
біздерді, алаңға шығыңдар деп «Менің Қазақстаным» әнімен
шеруге кетіп бара жатқан студенттер оятты. Бөлмедегі
группалас жігіттер Сапарбеков Нұрболат, Тұралиев Қайрат,
Зұлхожа Бақтығұлов төртеуміз жағдайды естіп, жылдам
жиналып, бізде алаңға бет алдық.
Алаңда өзіміз сияқты әр оқу орнынан келген студенттер,
қала жастары, трибунада қазақтын игі жақсылары жиналыпты.
452
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Досхан Жолжақсыновтың дауысын бірден таныдым. Өйткені
бала кезден «Бандыны қуған Хамит» киносын көп көруші едім.
Ол кісі «жастар тараңдар, бекерге сотталасындар, арттарыңда
тіректерің жоқ» деп жатыр. Жастар легі Жазушылар одағына
қарай бет бұрдық. «Олжас, Олжас» деп Олжас Сүлейменов
ағамызды шақырдық. Иық тірескен жастар «Әр ұлттын өз
көсемі болуы керек» деп ұрандатып наразылығымызды біл-
діріп қоямыз. Жан-жақтан милициямен әскерилер қоршап
тұрды. Көшеде басқа ұлттың қызыл шүберек байлаған халық
жасақшылары қолдарында кеспелтек темір, таяқтары бар, қуып
соғып жүрді. Кешке жатақханаға келгенде топтасым Рахым-
бердиев Талғаттын басынан ауыр соққы алғанын естідік. Сол
соққыдан Талғат Рахымбердиев есі ауып, ауру болып қалды.
Топтастарым Нұрғалимов Бектұрсын, Пірекеев
Оралбай, Мақсат Нұрқасымов желтоқсанның 17-і күні күндіз
арттарынан қуған солдаттардан қашып жатақханаға келді. Бізді
жатақханадан шығармай жауып тастады.
Жатақхананың астыңғы қабатына жиналыңдар деген
сон бәріміз астыға түстік. Бізді ұзын бойлы екі қазақ жігіті
күтіп отыр екен, қарасам біреуі ауылдың жігіті Ахмет Матаев
екен. Жерлесімді көріп болған жағдайды ашық айта бастап
едім, Ахмет байқаңдар біз КГБ-данбыз деп куәлігін көрсетті.
Байқаңдар қатты тексеру жүріп жатыр, - деп ескертіп, ағалық
міндетін атқарып кетті.
Көрші бөлмедегі құрылыс факультетінің студенті Аққо-
жин Ораз, Баймұратов Құдайберген соққыға жығылып тергеуде
болды, оқудан шығып қалды. Әділдік іздеген қазақ жастарына
жалған жала жабылып, бізден төмен курста окып жүрген Қайрат
Рысқұлбеков қамауға алынды. Кеуделерін намыс билеген, көз-
дері ашық, білімді, өрімдей жас жігіттер мен қыздар, мұндай
аяусыз қатыгез соққының боларын күтпеген еді. Қаңғып келген
шүрегей көлге пана болмайтынын сол кезде тағы танытты.
Желтоқсан оқиғасы менің өмірімдегі естен кетпес ауыр
оқиға болып қалды. Біздің тәуелсіз ел болуымызға бірден бір
себепкер осы қайсар қазақ жастарының қаны төгілген Ұлы
көтеріліс.
453
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ОРАҚБАЕВ БАҚЫТ
Толағай тарихтың жүгін көтерген желтоқсан оқиғасы
Мектепті алтын медальмен үздік
бітірген соң Алматыға келіп, сол кез-
дегі С. Киров атындағы ҚазМУ-нің заң
факультетіне емтихан тапсырғанымен,
конкурстан өтпей қалдым. Елге оралған
соң екі жыл қатарынан жұмыс істедім.
1983 жылы арманым орындалып Қаз-
МУ-дің заң факультетіне оқуға түстім.
Сол кездегі алаңға бейбіт шеруге
шыққан ұлт мүддесін ту етіп көтерген
жалынды жастардың басынан кешкен-
дерін айту түгілі еске алудың өзі ауыр. Сол кезде әділдік іздері
жер қалмаған еді. Сенің шағымыңа отарлық саясатты көздеген
орталықтың құлақ түрмейтіні анық еді. Жазықсыз темір торға
қамап, айыптап, қос бүйірден басына қорғасын құйылған ре-
зина сойылмен (дубинкамен) ұрып соққанына шыдадық. Бірақ
халқымыздың жан айқайын жеткізген біздерді тепкіге алатындай
соншалықты не жаздық?
Енді оқиғаны басынан бастасақ, 1986 жылы 17 желтоқ-
санда таңертең сабаққа келгенде «Алаңға жастар жиналып
жатыр», «халық Орталық партия комитетінің Пленумына қарсы
екен», «Қонаевтың орнына Ульяновскіден «Колбин» деген
біреуді әкеліп қойыпты», «соған халық кешеден бері наразылық
танытуда» дегенді естідік. Қазақстанды сырттан келген біреуге
билетіп қоймақ деген сөз қызуқанды жастардың намысына тиді.
Сабақтан шыққан соң түсте студенттермен бірге, алаңдағы
шеруге қолдау көрсетуге бет алдық. Жолда «Менің Қазақста-
ным», «Атамекен» әндерін жаңғырта шырқап, астананың бас
алаңына (Брежнев атындағы) келіп жеттік.
Алаңда байқағанымыз өзіміз секілді өрімтал жастар көп
жиналыпты. Кітап дүкендерінің бірінен плакат сатып алып,
соған қыздардың далабымен ірі етіп Қазақстанның егемендігі,
454
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ұлт бостандығы және Лениннің ұлт саясатына байланысты
сөздерін жазып ұран қылып көтеріп жүрдік.
Көптің ортасында аралап жұртты суретке түсіріп жүрген-
дер көп екен. «Газет-журналдарға шығып жатсақ, ата-анала-
рымыз көріп қалар» деген оймен қолымызды бұлғап қоямыз...
Сөйтсек, қателесіппіз. Олар Мемлекеттік қауіпсіздік коми-
тетінің (КГБ) қызметкерлері екен. Оны кейіннен қамалғанда,
тергеуге алынғанда ғана білдік...
Алаңға барғанда, шеруге шыққанда, ойымызда билік ха-
лық сөзіне құлақ түреді, онымен санасады деген үміт басым еді.
Бейбіт ниетпен басталған шара болатын. Қазір көріп жүрміз
ғой телеарналардан, шеруге шыққандар қолына қару болар
темір, тас алып алады. Бізде ондай ой болмады. Тоталитарлық
жүйенің темірдей тәртібі әлі де ызғарынан қайта қоймағанын
сол кезде ғана түсіндік.
Милициялар дауыс зорайтқыш арқылы жиналған жастарға
«Тараңдар!» деп бұйырып, айғайлап жатты. Алайда биліктен
жартымды жауап алмаған көпшілік бұған селт етпеді де.
«Пленум шешімі қайта қаралсын!», «Хатшылыққа орыс
тағайындайтын болса, қазақстандық орыстар да бар», «Тала-
бымыз осы!» - деді көпшілік ішінен батылдау жігіттер қарсы
айқайлап отырды. Алайды, мінбедегі Саяси бюро өкілдері,
өкімет басшылар қатарынан «Тараңдар, әйтпесе күштеп та-
ратамыз!» - деген өктем дауыс көтерілді. Бірақ наразы халық
тайсаймай, алаңнан ығыспайтынын сездіріп тұрды. Кеш түсе
бастаған кезде жағдай ушыға бастады. Биліктегілер халықтың
райынан сескенді ме алаңға мұздай қаруланған әсер әкеле ба-
стады. Олар жұртты сырттан қоршауға кірісті. Бәрі алдын
ала жоспарланған болса керек. Кеш басталған кезде алаңды
қоршап тұрған өрт сөндіруші машиналар жұртқа жақындап
келді. Қақаған аязға қарамастан суық су шаша бастады.
Көп ұзамай-ақ, үкімет үйі жақтан арнайы сауыт
саймандары бар, қолдарына қалқан, сойылмен, саперлік болат
күрекпен мұздай қаруланған солдаттар қаптап кетті. Қаныпезер
топ-тобымен жүгіріп келіп, ешкімді аямастан ұрып-соға баста-
ды. Соққы тиіп құлаған, жарақат алған жастарды екінші тобы
455
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қыз-жігіт екеніне қарамастан шаштарынан сүйреп, шетке қарай
дайын тұрған жүк машиналарының қорабына тоғытып жатты.
Өз халқына қарсы шығып, сойыл көтерген билікті үкімет деп
айтудың өзі әбестік болса, халқын қорғап жауға қарсы тұру-
дың орнына қыз-бозбалаларға өктемдік көрсетіп қару сілтеген
жандайшаптарды сарбаз деп атаудың өзі ағаттық қой.
Мен солдаттың қақпанынан сытылып шыққанымен,
құтыла алмадым. Біреу абайсызда аямастан қарақұстан сой-
ылмен соғып өткенде есеңгіреп қалдым. Жерде жатқан біреуге
шалынып құладым. Есімді жиғызбастан бас-көзге қарамастан
екі солдан тепкілей жөнелді. Қолымды қайырып, шашымнан
сүйретіп жабық машинаға дейін сүйреп әкеліп тиеді. Бет-ау-
зы қан, үсті-басы жыртылған жастарға толы жүк көлігі қыл-
мыскерді қамайтын тергеу изоляторына (СИЗО №1) әкелді.
Камера лық толы. 16 адамдық тар қапаста 24 жігіт қа-
малған. Жатпақ түгілі отыратын жер болмағасын тастай суық
еденге сұлай кеттік. Көрші камералардан әредікте қыздардың
жан түршіктіре шыңғырған дауыстары да құлаққа келеді. Қол-
дан келер қайран жоқ. Намыстан ширығып отырмыз.
Адамның бас еркіндігіне ештеңе жетпейді екен... Осыған
дейін құр далбасаға еріп, бостандық деп жүргеніміз бос сөз
болып шықты. Ардақ тұтатын партия осы лаңды, қантөгісті
бастап бергеніне әлі де сене алмағандар көп ортамызда.
Қапаста қамалған сол 3 күнде өзіммен тағдырлас жастар-
мен таныстым. Кейбіреулері оқымаса да ойы терең, ұлт бо-
стандығы десе қоң етін кесіп беруге әзір жайсаң жігіттер екен.
Жалтақтамай, жалбақтамай, болған істі қайыспай қарсы алуға,
әділет атаулыны ту етіп көтергілері бар. Бірақ, сол кездегі қатаң
тәртіп оған құлақ асып, жапқан жалаларымызды жеңілдеттіре
қоймады. Камерада менімен бірге қамалғандарға мен болашақ
заңгер ретінде ертең тергеуші алдында берер жауаптарын Қыл-
мыстық Кодекстің баптарымен саралап, бас бостандықтарынан
айыру емес, әрі кетсе айыппұлмен құтылу жағын үйреттім.
Камерадан шығарылып, жасы өзіммен шамалас айдауыл-
дан әдеттегі «сыбағамды» алып болғаннан кейін, жауап алатын
бөлмеге жеткізілдім. Стол басында отырған шегір көз сары осы-
456
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
дан бірер жыл ғана бұрын өзім оқып жатқан факультетті бітіріп
кеткен таныс орыс жігіт екен. Басыма іс түсіп, қылмыс жасаған
күдікті адам ретінде ұсталып отырған менімен оң қабақ танытып,
жылы ұшырай әңгімелесе ме деп үміттенгем. Бірақ ол жылы
қабақ танытпады. Керісінше, тітіркеніп, жиырылып:
- Сен заңгер боламын деп едің, енді қашан боласың,- деп
салған жерден дөңайбат көрсетті.
Тағы бірде ол жауап алып, дауысын көтеріп келе жатыр
еді, тергеу бөлмесінің есігі кенет ашылып, бір адам кіріп келді.
Тергеуші жауап алуын кілт тоқтатып, орнынан атып тұрды.
Оған ілесе мен де тақтай бекітілген орындығымнан көтерілдім.
Қарасам, жалтыраған жалпақ маңдайынан шалқайта
кейін қайырып шаш қойған, сұлу қара мұртты, түсінен игілік-
тің нұры шашқан орта бойлы, мығым денелі қазақ жігіті екен.
Үстінде арнайы киімі жоқ болса да, тергеушінің орнынан атып
тұрып, тілін жұтқандай қалшия қалуына қарағанда, мына кел-
ген кісінің оның үстінен қарайтын шені үлкен адам екендігі
күмәнсіз еді. Бірақ, тергеушімен жұмысы болған жоқ. Ұй-
ықтамай мыж-мыжы шыққан киімі жыртылған оның үстіне
айдауылмен жауап алушылар әбден титықтатқан маған сынай
қарады. - Аты-жөнің кім? - деп, сұрады менен қазақшалап.
-Орақбаев Бақыт Қалиназарұлы-деп жауап бердім.
-Қай жақтан келдің, қайда оқисың?
-Семей облысының Аякөз қаласынан. КазМУ-дің заң
факультетінің төртінші курс студентімін.
-Бес минутсыз заңгер екенсің ғой, әй, жігіттер-ай, ба-
старың жас... байқамадыңдар ма? Елдегі ата-ана мен туыста-
рыңның жағдайы, көз майын тауысып, аяқтауға жақын қалған
оқуың ендігі жерде не болады? - деп қынжылды ол.
Бұл сөздерді естігенде менің жүрегім қылп етті.
-Жә, уайымдама! Басқа салғанын көресің. Мә, мынаны
жеп ал! -деп, қолына ұстаған бір бөлке ақ наннан қалтасынан
шығарған пышақпен қалыңдау етіп маған тіліп берді.
Мен алмадым. Сыпайы ғана бас тарттым, «камерада на-
нымыз, суымыз бар» - деп бөтен адамның берген сауғасын
камераластарымнан жасырып жеуді жөн көрмедім.
457
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
-Жауың емеспін, ал! - деді ол. –Камерада қандай нан жеп,
қандай су ішіп жатқандарыңды жақсы білемін. Кәне, көзім-
ше же! - деп салды. Расында да, бір күн камерада аш жаттық,
тек екінші күннің соңына қарай қара нан мен қара шай әкеп
берген еді. Мен наннан бір үзіп ауызыма салдым, қалғанын
қалтама салып қойдым. Ол аға тергеушінің алдында жатқан
тергеу хаттамасын оқып, толтырылған құжаттарды аудары-
стыра біраз қарап тұрды да, «жалғастыра беріңіз» дегендей
ишара танытып, шығып кетті.
Желтоқсанның сол бір ызғарлы күндері басқалар
көлеңкесінен қорқып, жастарға қоса қамшы сілтегендерді
көп көрдім. Алайда қамалғандарға демеу болып, қанатымен
су тасыған қарлығаштай оларға нан үлестірген адамның қайы-
рымдылығын ұмыта алмаймын. Әлі күнге дейін сол кісінің
аты-жөнін біліп, сөйлессем деген ой көкейімнен кетпейді...
Тергеушілер қанша жерден жала жауып, барлық пәлені
үйіп төккенімен шектеулі мерзімнің шегінен шығып кете алма-
са керек, үш күннен кейін «нашақор», «маскүнем» деп жаман
ат тағылған жастардың алды босап шыға бастады. Мен де
арада үш күннен кейін, түнде қапастан шығарылдым.
Бірақ, бәленің бұл басы ғана екен. Бостандықта үкіметтің
сойылын соққан жандайшаптар шамасы жеткенше дөңайбат
көрсетіп, аяқтан шалып қалуға асықты. Алдымен өзім оқитын
топта тәртібім талқыланды да, одан кейінгі тағдырымды шешу
факультет деканы, комсомол комитеті мен университеттің ком-
сомол комитетіне тапсырылды. Оқудан шығарылуым мүмкін.
Алаңға барғандардың көбі далада қалып жатты.
Менің тағдырым талқыланған жиында әркім жарыса сөй-
леп, «ақты қара» деуге келгенде ойдан шығарылған түймедей
дәлелдер түйедей етіп қарағандарына, өзімізбен қатар оқыған
жандардың «саяси сана сезімі төмен деп» маған қарсы дауыс
бергендері мені қатты таңдандырды. Тек «жеме жемге» келгенде
оқуды жақсы оқығаным ғана таразыны басты деп ойлаймын.
Тергеу органдары екі ай кінәмды дәлелдей алмағаннан
соң, ақыры ұсақ бұзақылық жасаған деген құжаттар толтырып,
ісімді сотқа жөнелтті.
458
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Күткен сотта келіп жетті. Судья, жасы 35-40 шамасын-
дағы қарагөз келіншек, «-Ұятсыздар, арсыздар, сендер Қа-
зақстанды бүкіл әлемге масқара қылдыңдар, жап ауызыңды,
сендерді құрту керек!» - деп айқайлап, ауызымды да аштырмай,
ақталуға шамамызды келтірмей, сөйлетпей қойды. Ауызыңды
ашайын десең, одан сайын өршелене түседі.
Егер 15 тәулікке қамалсам мен бәрінен айырылатын
едім... Бірдеңе деп айтуға мүмкіндік болмай, үн-түнсіз тұр-
дық. Ақыры, Алматы қаласы сол кездегі Калинин аудандық
сотының 1987 жылы 10 ақпандағы қаулысымен «1986 жылдың
17 желтоқсанында Брежнев алаңындағы студенттердің жаппай
тәртіпсіздігіне қатысып, бұзақылық жасады» деген кінә тағы-
лып, 50 сом айыппұл салынды.
Оқуды бітіргеннен кейін де жолым оңғарылып кеткен
жоқ. Қайда барсам да Желтоқсан оқиғасы кезінде жамалған ат
алдымнан шығып отырды. Жан азабынан түскен жалғыз мен
ғана емес, өзімдей небір тепсе темір үзетін замандастарым бар
екенін медеу тұтып, ақырын күттім. Өйтпеске шарам да жоқ еді...
Содан бері жылжып жылдар өтті. Тән жарасы жазылып,
жастар мен олардың рухани дем берушілеріне айналған халқы-
мыздың арыстандарының көрген жәбірінің, шеккен жапасының
өтеуіндей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алып, тарих
қосынына, қосылды. Сондағы айдауылдардың, тергеушілер-
дің қолдары тиген, судьялардың тәлкегіне айналып, партия
белсенділерінен түртпек көрген жастар қазір ұжым ұстаған,
ұлт тұлғасы боларлық азаматтарға айналды.
Мен де өз мамандығым бойынша қызметке орналастым.
Университет тәмамдағаннан соң біраз уақыт адвокат болып
жұмыс істеуге тура келді.
1988 жылдың желтоқсан айында бұрынғы Семей, Аякөз
ауданының прокуроры Қайырбек Шыныбаевтың қолдауымен
прокурор көмекшісі қызметіне ауыстым. Содан бері 23 жыл
прократура органдарында қызмет етіп келемін.
Сол кездегі Семей облысының прокуроры Жақсылық
Байтұқбаев еңбегімді бағалап, 1996 жылы Шұбартау ауда-
нының прократурасын басқаруды ұсынды. Кейіннен Күршім,
459
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Зайсан, Тарбағатай аудандарының прокуроры және Шығыс
Қазақстан облыстық прокуратурасында жауапты қызметтер
атқардым. Қазіргі уақытта Семей қалалық прокурорының
жедел іздестіру қызметіне қадағалау жүргізу жөніндегі аға
көмекшісі қызметін атқарып келемін.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 4 желтоқсан
2006 жылғы №405/7 бұйрығымен Тәуелсіздіктің 15 жылдық
мерекесіне байланысты «Қазақстан Республикасының 1-дәре-
желі Прокуратура Озаты» атағы берілді.
Жұбайым Айгүл Орақбаева екеуіміз үш бала тәрбиелеп,
өсірудеміз. Бақыттымыз. Еліміздің дербестігіне, халқымыздың
бодандықтан құтылғанына, бейбіт заман орнағанына қуанамыз.
Алаңда, солдаттар құрсауынан сытылып шыққан, жатақха-
наға келмей қалған мені және басқа да таныстарын қаладағы
адам қамайтын барлық орындардан хабар болмаған соң, тіпті
мәйітханалардан шарқ ұра іздеген, сол қиын күндерде қима-
стық көңіл танытқан курстастарым: Сұңқар Рүстемов (Жағы-
паров) қазір Солтүстік Қазақстан облысының бір ауданында сот
төрағасы, Нұрмахан Зұлбыхаров Ұлттық қауіпсіздік комитетінде,
Қайрат Бөрібаев прокуратура органдарында қызмет атқарады.
Мен 1997 жылы Алматы облыстық прокурорының орын-
басары Башитовтың анықтамасына сәйкес ҚР Президентінің
12.12.1991 жылғы Жарлығы негізінде «саяси қуғын-сүргін
құрбаны» ретінде танылып, ақталдым.
«Ана тілі» газетінде 2009 жылы 28 қыркүйекте №39
санында Н.Оразалин, С.Матаев, Ұ.Есдәулетов, Ж.Кенжалин ба-
стаған бір топ қазақ зиялыларының Елбасы атына «Желтоқсан
көтерілісінің қаһармандары марапатталса» деген хаты жарық
көрді. Онда Желтоқсанға белсене қатысқан және қудалау көр-
ген жандарды «Ерлік үшін» медалімен марапаттауды сұраған
бір топ азаматтар ішінде менің де атым аталды.
Кейде басымнан өткендерді басқалардың қолқалауымды
әңгімелей отырып, өз-өзімнен қысылатыным бар. Неге дейсіз
ғой. Айдауылдың соққысы мен тергеушілердің қатыгездігін
көрген тар қапасқа қамалып, бір жұтым суға зар болған тек
мен ғана дейсіз бе? Желтоқсанның қақаған аязы да түрмелер
460
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
лық толуына байланысты Қаскелеңнің қойнауларына ағызып
төгілген көбік қар үстінде қан жоса болып жайрап жатқан шала
жансар жігіттер мен қыздар тапталып. Қатарға қосылса, алақа-
нына салып әлпештейтін ел қадірлейтін нағыз солар ғой!
Биыл Желтоқсан оқиғасына 35 жыл. Ал Тәуелсіздігімізге
30 жыл толып отыр. Тарих шежіресінің ашылатын парағы-
на айналған жылдың сол бір ызғарлы күндері бәріміздің
жүрегімізден мәңгілікке өшпестей орын алып, тәуелсіздігіміз
бен егемендігімізді паш еткен халқымыздың торқалы тойы
мерейлі мерекесіне ұласты.
Өзіміз сияқты өрімдей жастардың, бауыр-қарындастары-
мыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздіктің туы ешқашан
жығылмасын, еліміздің баянды тірлік кешіп, берекелі бірлігі
арта беруі үшін барлық күш жігерімізді жұмсауымыз керек.
***
Бақыт Орақбаев, 1964 жылы ақпан айының соңында
Аякөз қаласында дүниеге келген. Желтоқсан ардагері.
Бүгінгі күні, Семей қаласы прокурорының жедел
іздестіру қызметін қадағалау жөніндегі аға көмекшісі, әділет
кеңесшісі.
ОРАЛБАЕВ ЖАНДАРБЕК
Жиылған өңшең жас құрақ, алаңға бардық топ құрап
1983-1985 жылдары Кеңес Арми-
ясы қатарында болып келіп, Алматы
қаласындағы «Алма-Ата культбыт-
строй тресі», СМУ-7 бөліміне бе-
тоншы болып жұмысқа орналастым.
Айтқым келгені Желтоқсан көтерілісі
қарсаңында мен оның орталығына
айналған Алматы қаласында болған-
дығым.
1986 жылы желтоқсанның 17-
461
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
18-і, екі күн алаңда болдым. Келесі күні солдаттар қоршап,
резеңке сойылмен соғып, ес жиғызбай Совет аудандық ішкі
істер бөліміне алып келіп, жаппай тергеу жүргізді. Одан соң,
Лобачевский 10-шы үйде орналасқан түрмеге қамады. Осы
қапаста екі апта жаттым. Қанша тепкілеп, сабап, жаңылдырып
сұрақ қойғанымен «Ешқандай бөтен ойым болған жоқ , тек не
болып жатқанын білу үшін бардым» деген жауаптан танбадым.
Шыға сала жұмысқа бардым. Бұл жерде де жылы қа-
бақпен қарсы алған ешкім болмады. Көпке шыдамадым, өз
ықтиярыммен жұмыстан шықтым. Оның үстіне маған осы
маңайдан кетуімді талап етті. Ұзын сөздің қысқасы, «Бұзақы,
өкіметке қарсы»,- деген жалаға төзе алмай, ауылға қайттым.
Туған жерім Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы,
Ақши ауылы еді. 1963 жылы дүниеге келгенмін. Мұнда да
кейбір солақай көзқарасты адамдардың салқын қабағы мен
үдірейген көзқарастарын түрлерінен аңғардым.
Қалай десек те, уақыт өте біртіндеп Желтоқсан
көтерілісіне деген көзқарас өзгерді. Мұхтар Шаханов бастаған
табанды азаматтар оның құрбандарын ақтап шығып, олардың
нағыз батырлар екенін дәлелдеді. Содан бастап құрмет пен
қошемет күшейді. «Желтоқсанның 30 жылдығы» медалімен ма-
рапатталып, мерейіміз өсуде. Шынайы құрмет пен жұрт ықы-
ласы кеш те болса, өзінің иесін тапты деп ойлаймын. Бүгінгі
таңда отбасылымын. Құдай қосқан қосағым Гүлсім Қайсақызы
ардақты ұстаз, қызым Назым, ұлым Досқан жоғарғы оқуларын
тамамдап, өз мамандықтары бойынша қызмет жасауда.
Осының барлығы Тәңір жазған Тәуелсіздіктің арқасы
дей келе жүректен жарып шыққан өлең жолдарымды қасиетті
Желтоқсан көтерілісіне арнағым келеді.
Үзіліп түскен тамшы жыр
Желтоқсанның кешінде,
Алаңға бардық бесінде.
Талай жылдар өтсе де,
Кешегідей есімде.
462
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Жиылған өңшең жас құрақ,
Алаңға бардық топ құрап.
Қорқытпақ болды, біздерді,
Мұздай сумен атқылап.
Қазақтың қайсар ұлдары,
Батыл да өжет қыздары.
Тоңдыра сені алмады
Желтоқсанның ызғары.
Алаңға шығып жастарым
Бәйгеге тікті бастарын.
Тәуелсіздік жолында
Қиды талай жас жанын.
Ербол менен Қайратым,
Сәбира мен Ләззатым.
Ұрпақтарға үлгі боп,
Тарихта қалды мәңгі атың.
Рухы биік жас жалын,
Ашық болсын аспаның.
Тәуелсіздік мәңгі боп,
Жасай бер, Қазақстаным.
Оралбаев Жандарбек Қалибекұлы
15.12.2018 жыл
463
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ОСПАНОВА (СЕРМЕНОВА) ҚАРЛЫҒАШ
Мен, 1965 жылы 15 тамыз күні
Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылының
тумасымын. Желтоқсан оқиғасында
АХБК-да, 2 фабрикасында жұмыс істе-
гем, сонымен қатар, сырттай КазПИ-ге
түскем.
18-ші желтоқсанда қыздармен
алаңға шықтық. Бір аздаған жастар
транспораттарымен алаңның ортасын-
да тұр екен, біз соларға қосылмақшы
болдық, бірақ солдаттар мен милиция
жастарды қоршап, бізді жолатпай қойды. Содан кейін офицер
қол көтеріп еді, солдаттар жастарды қуып, ұрып-соға бастады.
Мен фотаға түсірем деп тұра қалып едім, мені сол офицер
ұстап алды да, ППМ автобусқа апарды. Жол бойы автобуста
милиция ұрды, фотоапаратты тартып алды. Алатау ауданын-
дағы РОВД-ға әкелді, автобустан түскенде резеңке сойылмен
тағы да ұрды. Камераға отырғызды, адамдарды әзер сыйғызды.
Жауап алды да жібере салды.
АХБК-ға артынан РОВД-дан
қағаз келіп, кейіннен көп зардап шек-
тім, жұмыстан шығуға тура келді. Сол
күні РОВД-лар толып кетті, солдаттар
қаланың шетіне апарып шешіндіріп,
аязда далаға тастап кеткен, солдаттар
самосвалға тиеп, жастарды свалкаға
терең төккен. Ауруханалар толық боп,
бір Сәуле деген досымды жатқыза
алмай қойдық. Солдаттар тоңқайтып
қойып «Чтоб вы калбиты-калбитов не
рожали» деп тепкілеген.
Қазір Аягөз ауданы Ақтоғай станциясында тұрамын.
Жолдасым Рафик екеумізде үш бала, үш немереміз бар. Жол-
дасым Рафик АХБК-да менімен бірге жұмыс істеген.
464
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ӨМІРБАЕВА АЙНАГҮЛ
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы әрбір қазақ отбасында
із қалдырды.
Ол кезде мен Поршень зауытында жұмыс істейтінмін.
Біз ол кезде жалындаған жас едік.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Колбин кел-
ді деп естідім. Саясаттан алыс болсақта, қазақ деген қаны-
мыз бар бойымызда. Неге бұл орынға өзіміздің қазақ азама-
ты отырмасқа деген оймен 17 желтоқсан күні алаңға шықтық.
Жатақханамыздың есіктерін жауып тастаған еді. Біз қыздар
Түйтебаева Гүлшат, Туғанбаева Зауре және т.б. бірінші қабат-
тағы терезеден секірдік.
Алаңда жастар өте көп болды. Асфальттың бәрі қан, жы-
лаған, айғай-шу. Бізді қуып, су шаштыма, әйтеуір қашып, қайта-
дан жатақханаға келдік. Көптеген тексерулер болды, жұмыстан
статьямен шығаруға аз қалды. Мастеріміз құтқарып қалды.
Сонымен, 1988 жылы 17 қыркүйекте Серік деген жігіт-
пен екеуіміз қосылып, отау құрдық. Екі қызымыз бар.
Үлкен қызым әкесінің жолын қуды, жолдасы екеуі по-
лицияда қызмет етеді. Шені – майор, куйеу бала – капитан. 2
ұлдары бар.
Кіші қызымда тұрмыста, 1 баласы бар.
***
Айнагүлдің жолдасы Нармұхаметов Серік Мұратұлы сол
кезде КСРО Ішкі Істер Министірлігінің Алматыдағы арнайы
орта милиция мектебінде оқып жүреді.
16 желтоқсанда мектеп курсанттардың барлығын алаңға
шығарады. Сол кезде Серік жарақат алып, госпиталъда жатып
шығады.
Қазақ жастарын барикаданың екі жағында табыстырған
тағдыр ақыры қосып та тынады. Әрине Серіктің сол кезде өз
еркімен қазақ жастарына қолы көтерілімес еді. Көтерілген де жоқ.
Серік милиция мектебін бітіргеннен кейін Қазақстан
Республикасы Ішкі Істер Министрілігінің қатарында қызмет
жасады. 2009 жылы 17 шілдеде, мезгілсіз қайтыс болады.
465
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ӨТЕПОВА (АНКЕЖАНОВА) РЫСКҮЛ
Сен әлгі, Гүлбарамның желтоқсанға қатысқан қызы
емессің бе?!
1986 жылдың тамыз айында
бұрынғы бас қаламыз – Алматыға оқуға
тапсыруға келдім. 1986 жылы «Қазақ
тұтынушылар одағының» Алматы тех-
нологиялық техникумына оқуға түстім.
Біздің техникумның орналасқан жері
“Каргалинка” еді, бұрын “Кооптехникум”
деп аталды. Одан орталық алаңға дейін
жарты сағаттай автобуспен жүретінбіз.
Бізге №26, №33 автобустар қаладан қа-
тынайтын еді. “Чапаев”, “Алатау” совхоз-
дарын басып өтеміз, біздің техникум ең соңғы аялдама болды.
1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең сабаққа бардық,
түстен кейін, яғни 16.00-17.00 шамасында Алматыдағы жа-
стардың алаңға шыққаны туралы естідік. Көтерілістің баста-
луына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен
санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің
1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайын-
дауы түрткі болды. Орталық алаңға жастардың жиналып, Д.А.
Қонаевты басшылықтан алмауын, үкіметке қарсы екенін біл-
діріп, бейбіт шеруге шыққандарын естіп, бізде білдік.
18 желтоқсан күні таңертең қыздар жатақханасының
алдына техникумның 120-150-дей 1-ші, 2-ші, -3ші, 4-ші курс
студенттері жиналдық. Ол кезде мен 1-ші курс студенті едім.
Жатақхана алдында студенттер сапқа тұрып, қазіргі әнұраны-
мыз “Менің Қазақстанымды” шырқап, алаңға тарттық. Біздің
техникумнан ұзағанда алдымыздан шыққан техникум директо-
ры - В.И. Бойко, техникумның тағы да басқа басшылары кері
қайтуымызды сұрады. Бірақ біз бейбіт шерумен кетіп бара
жатқанымызды, кері бұрылмай, алаңға баратынымызды айттық,
ол кісілер кетіп қалды. Біршама уақыт өткен соң, тура қаланың
466
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
кіре беріс жағы Орбитаға жеткенде, алдымыздан қаруланған
әскери адамдар шығып қоршауға алды, біраз айғай-шу болды,
қаруланған әскерлер бізді алаңға жібермеді. Сол жерден Ика-
рус автобустарына тиеп, жақын жердегі Алатау совхозының
бөлімшесіне алып келді. Сағат 11-12-лер шамасында сол жерде
автобустың ішінде қамауда отырдық, сырттың бәрін әскерлер
күзетіп тұрды. Бізді бөлімшенің ішіне бір-бірден, күзетпен
кіргізіп, қылмыскерлер сияқты фотаға түсіріп, түсінік жаздыр-
ды. Сұрақ-жауап алған орыс-қазақ жігіттері болды, түсінікте-
мені орыс тілінде жазуды бұйырды, оқып жүрген студенттер
ана тілімізде жазамыз деп шу шығардық немесе түсініктеме
жазудан бас тарттық. Бізді қамауға алған әскер басшылары
айғай шығарды. Жастар айтқанына келіспей, ақыры соңында
ана тілімізде түсініктеме жазуға келісті. Түсініктемені қазақ
тілінде жазып бердік. Түсініктеме алып болған соң, кешкі
сағат 22.00-00.00 аралығында техникумның актовый залында
қамауда отырдық. Кейін қыздарды сапқа тұрғызып, күзетпен
жатақханаға алып келіп кіргізді.
19 желтоқсан күндері жатақхана алдын әскерлер мен ми-
лиция қызметкерлері күзетіп тұрды. Бәрі басылған соң группа
жиналысы, одан соң студенттер жиналысы басталды. Жиналыс
қорытындысы бойынша қатаң сөгіс жариялады, комсомол қа-
тарынан шығарды, тұрғылықты жерге оқу орнынан Желтоқсан
оқиғасына қатысқандығымыз туралы қағаз жіберілді. Сондай
қағаз менің анам жұмыс істейтін “Фрунзе” колхозының басқар-
масынада келіп жетті. Анамды басқарма бастығы, партия коми-
теті, комсомол комитеті, профком комитеті жиналысқа салып,
жұмыстан шығарды. Оқушы сіңіл-бауырларым да жиналыстан
жиналысқа салынды. Сол кездегі үкіметтің саясатынан жапа
шеккен қаншама қазақтар, жастар қуғын-сүргінге ұшырады.
Сол саясаттың зардабынан, анам 10 баласын асырап отырған
жұмысынан шығарылды. Анамның ешқандай кінәсі болмады,
бар болғаны баласы үшін отқа да суға да түскені ме?! Анашым
шырылдап жүріп, бала-шағамның қамы деп, өзін, денсаулығын
ойламай, ауыр дерттен көз жұмды. Жатқан жеріңіз жайлы бол-
сын деп дұға тілеуден басқа амалым қалмады...
467
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Содан Восток, Мирный ауылдарыны мұғалімдері, кейбір
басшылары, үлкен ауыл ақсақалдары, апалар мені көрген
сайын “Сен әлгі, Гүлбарамның желтоқсанға қатысқан қызы
емессін бе?!”- деп батасын беріп жатса, бір марқайып қаламын.
1989 жылы аталған оқуымды бітіріп, Мақаншы ауданы-
ның «Хлебозаводына» жұмысқа орналастым. Жай жұмысшыдан
цех мастері, лаборант, экспедитор болып жұмыс жасадым. 1991
жылы тұрмысқа шығып, 5 бала тәрбиелеп отырған көп балалы
анамын. Жолдасым Утепов Асылан - тракторист, машинист бо-
лып жұмыс жасайды. Баларым: тұла бойым тұңғышым Айнұр
– қазірде аспазшы болып қызмет жасайды, екіншім Дәурен
- әскери қызметте, үшіншім Дархан әскери қызметте, қызым
Жансая - мейіргер, кенжетайым Әділ - қазірде Отан алдындағы
борышын өтеуде, мамандығы ұстаз. Өзім көп балалы ана ретін-
де 53 жастан 50% пенсия аламын. Қазіргі уақытта мектепте
кіші қызметкер болып жұмыс істеймін. Мектептегі іс –шара-
ларға қатысып, оқушыларға көрген білгенімді айтып жүремін .
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз
жыл ішінде Қазақстан шекарасын бекітіп, өз алдына демокра-
тиялық зайырлы мемлекет болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда
егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы,
салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқ-
санның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды
рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең
мемлекет болып қалыптастық. Желтоқсан ызғарына елі мен
жері үшін қарсы тұрған ата-баба рухына мың тағзым!
***
Құжатында Утепова (Анкежанова) Рыскуль Бойтановна
1967 жылы, 28 ақпанда Урджар ауданы, Восток ауылында дүни-
еге келген. 1974 жылы Мақаншы мектеп-интернатының 1-сы-
нып табалдырығын аттап, 1984 жылы 10- сыныпты бітірген.
1984 жылы, 16 шілдеден бастап Фрунзе колхозында
«Қылғалдақтар» комсомол жастар бригадасында сауыншы
болып жұмыс істеп, 1986 жылы «Қазақ тұтынушылар одағы-
ның» Алматы технологиялық техникумына оқуға түскен. Оқып
жүріп, желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Желтоқсан ардагері.
468
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
РАЙЫМБЕКОВА ЖАЙНАГҮЛ
Мен, 1965 жылы 23 сәуірде
дүниеге келгем. 1986 жылы Алматы
қаласында фабрикада жұмыс істегем.
16 желтоқсан күні, түнгі сағат 12-
де жұмыстан шығып жатақханаға келіп
шай ішіп отырсақ, далада айғайлаған
дауыстар, 5-этажда тұрамыз. Бұл не
айғай деп балконға шықсақ, «Қазақтар
шығыңдар» - деп бір топ жастар жігіт-
тер, қыздар. Содан естідік Колбинді
Қонаевтың орнына сайлапты деп. Біз
де киініп далаға шықтық, біздің жатақханадан бірталай қыздар
шықты. Барлығымыз әрі қарай кеттік. Әр жатақхана жаяу барып
«Қазақтар шығыңдар»- деп, бәрі балконға шығып, кәдімгідей
қуанып күтіп тұрғандай айқайлап шығып жатыр. Солай әр жа-
тақхананың алдына барып қазақтарды жинап, одан әрі көбейтіп,
алаңға қарай бет бұрдық. Сол кезде қазақтардың бәрі бір-бірін
танитындай көрінді, бәріміз Абай көшесінде келе жатырмыз.
Анадай алыстан орыстың кемпірлері балконнан банке, анау-мы-
нау лақтырып жатты. Түгел екі жақ жолда не көлік ештеме өтпей-
тіндей топтасып келе жатырмыз. Келе жатқан машина, автобустар
бұрылып қашып кетіп жатты. Бір автобус түсінбеді ме тоқтап
алда тұрып қалған жерде төңкеріп, яғни аударып кете бердік алға,
сол кезде алдымыздан бір топ солдаттар шықты. Үстерінде сауыт,
бастарында каска, қолда дубинка және овчаркалары бар. Бізге
кері қайтыңдар дейді. Оған тыңдап тұрған біз жоқ, баса көктеп,
одан әрі жаяу «Менің Қазақстаным» әнін айтып алға кете бардық.
Алаңға да жеттік. Уже алаңда сапта солдаттар тізіліп тұр.
Алдыңғы қатарларға кілең қазақтарды тұрғызып қойған. Киген-
дері сауыт, каска, қолдарында дубинка. Телевизордағы соғыс
киноларды көрген сияқты. Өзіміз көзімізбен көрдік. «Менің
Қазақстаным» әнін айтып тұрдық арлы-берлі жүріп Колбинмен
жолығуды талап еттік. Олар арамыздан бір адам ғана барып
кездесуге деп алып кетті ішке қарай. Недәуір уақыт өтті. Біз әлі
469
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ән шырқап, қазақтар алға деп не бір ұрандарымызды айтып тұр-
дық. Кенеттен жіберген адамымыз шықты. Ол адамды үйретіп,
небір сөздер айтып үгіттеп жіберсе керек ол адам, солардың
сөзін сөйлеп айта жөнеліп еді, оны сені не үшін жібердік деп
ұра берді. Содан таң атты. Студенттер келді ауыстыруға, кешке
қайта келеміз деп кеттік, үйге келіп жұмысқа бармай, ұйықтап
алып кешке шығайық десек милициялар жібермеді. Общежи-
тияда бірнеше милиция.
Содан 3 күн жұмысқа бармадық. Милициялар қазақтарды
ұстап алып, ұрып, соғып қаланың шетіне поляға, свалкаға лақты-
рып жатты. Кейбіреуін камераға қамап ойларына келгенін істеп,
ұрып соқты. Кәдімгі телевизордан соғыс кино сияқты болды
ғой. Мені комсомолдан шығарып, қатаң сөгіс берді, жиналысқа
салды. Жұмыстан да шығарды. Сол кезде жолдасым айтып еді,
кейін осы кез мейрам болып қаладыы, - деп, әлі бала-шағамызға
айтып отырамыз деп. Кейіннен бәрі бітіп, талай уақыт өтіп бәрі
тынышталған соң, қайта өздері шақырып, комсомолға алды. Сол
кезді еске алсам, жаным түршігеді. Әсіресе қазақтың қыздарына
қиын болды. «Топқайың» ауылында бір қызды ұстап түрмеге
қамап қойды, ойларына келгенін істеді, ұрып, соғып.
Жолдасым Қайнар
1992 жылы Катон ауылында
«Арай» атты газетіне және
облыстық «Дидар» газетіне
«Желтоқсан-1986»-дағы
уақиғаларды жазған болатын.
Катон ауылының мектебі, Е.
П. Рыков атындағы мектепке
Дәметкен Садуақасқызы де-
ген ұстаз шақырып, оқушылардың алдында ашық сабақ өткізіп,
Желтоқсан уақиғасын айтуды өтінді. Көзбен көргенді айтып
жеткізу қиын және ауыр. Іс-шара соңынан болды.
Енді сол кез қайталанбасын. Заманымыз тыныш болсын
демекпін. Қазір жолдасымның сол кезде айтқан сөзі есіме
түседі. Осы кез кейін мейрам болып қалады дегені рас болды.
Жазған: Жайнагүл Райымбекова, Қайнар Райымбеков
470
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
РАҚЫМЖАНОВ ЕРЛАН
Жазушылар одағынан ешкім шықпады
Шығыс Қазақстан облысы Қа-
тонқарағай ауданында тұратын Ерлан
Рақымжанов, 1986 жылы желтоқсан-
да қазіргі Алматы облысы, Қарасай
ауданындағы Қарғалы ауылында ор-
наласқан Алматы технология технику-
мының бірінші курсында оқып жүрген.
Ол желтоқсанның 17-і күні Алматы-
дағы алаңға Қарғалыдан келген.
- Қарғалыдан автобусқа отырып,
қазіргі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы тұрған жерге дей-
ін жеттім. Ары қарай автобусты өткізбеген соң жаяу бардым.
Жол-жөнекей бет-аузы қан, қолы-басы жараланған жастар жиі
жолыға бастады. Бұл жақта не боп жатыр деп аң-таң боп келемін.
Алаңға келгенде төңкерілген, өртенген көліктерді көрдім. Иін
тірескен халық, бір-бірінің қолынан ұстап, “Менің Қазақстаным”,
“Атамекен” әнін қосыла шырқаған қыз-жігіттер. Анадайда әскери-
лер тұр, біресе олар бері итереді, біресе шерушілер оларды бас-
палдаққа дейін ысырып тастайды. Екі-үш сағат жүрген соң Қарға-
лыға қайттым. Келсем, жатақхананы қоршауға алыпты. “Қайда
болдың?” деген сұрағына “Қаланың шет жағына бір жұмыспен
бардым” дей салдым. Бөлмеге келген
соң жігіттер жиналып кеңесіп, келесі
күні алаңға баратын болып келістік, -
дейді Ерлан Рақымжанов.
Желтоқсанның 18-і күні Ерлан
қасындағы бірнеше серігімен қайта
барған кезде алаңға ешкімді өткіз-
бей, қоршап тастағанын көрген.
Ерлан Рахымжанов, 1986
жылы Желтоқсан оқиғасынан кей-
інгі түскен суреті.
471
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
- Алаңға қазіргі Назарбаев көшесі жағынан айналып бар-
дық. Біздің алдымыздағы нөпір артқа қарай лықсыды. Оған қа-
рамай алға қарай жүріп келеміз. Бір уақытта адамдар шалынып
жығылып, бірінің үстіне бірі құлап, үйіліп қалды. Сөйтсем, арғы
жақтан резеңке таяқпен, солдат күрегімен ұрып, итпен қуалап
келеді екен. Кері бұрылып қашып, Абай ескерткішінің жанына
жиналдық. Сол жерден Жазушылар одағына дейін жаяу бар-
дық. Ғимараттың есік-терезесі түгел жабық тұрды. Анда-санда
қыз-келіншек терезеден сығалап қана қарайды. Бір сағаттай сол
жерде тұрдық. Ақын-жазушыдан ешкім шықпағасын қайтадан
алаңға бармақшы болдық. Қазіргі Қабанбай мен Абылайхан
көшелерінің қиылысына жеткен кезде қасымдағы ақтөбелік
Идаятов, қапалдық Бақыт Найзабеков, Жаркенттен Сабыр Жа-
нысов және мені бірге ұстады. Төртеумізді сол маңдағы КГБ-
ның (мемлекеттік қауіпсіздік комитеті – ред.) кеңсесіне апарды.
Подвалға түсіріп, тыржалаңаш шешіндіріп, өне-бойымыздан ек-
пенің, иненің ізін іздеді. Кейін Совет ауданы ішкі істер бөліміне
апарып тергеді. Сонда саусақ ізін алып, суретке түсірді. Кейін
«оқу орындарыңа барыңдар, сол жерде Қаскелең ауданы КГБ
тергеушілері күтіп отыр» деп қоя берді. Расымен күтіп отыр екен,
бізді бірден сұрақтың астына алып, таң атқанша тергеді. Оқудан
шығармақшы болды, біздің техникумның директоры Бойко де-
ген адам еді, жиналыста «Бұлардың барлығын жауапкершілігіме
алайын, өзім қадағалаймын» деп бізді алып қалды. Сөйтіп сол
кісінің арқасында оқуымызда қалдық, бірақ бір жарым жылдай
бақылауда болдық, тергеуге шақырып тұрды. Әкем коммунист,
мектеп директоры болып істейтін, мені тергеуге алғаннан кейін
оны «жұмыстан шығару керек» деген хат келіпті, оның барлығы
менде сақтаулы тұр, - дейді Ерлан Рақымжанов.
Қазақ жастарының 1986 жылы желтоқсанда советтік
әкімшіл-әміршіл жүйеге бейбіт наразылық танытуы бүкіл
Кремль саясатына қайшы келетін шеру деп бағаланып, қа-
тыгездікпен басып-жаншылды. Жастарды алаңнан күштеп
таратқаннан кейін көп ұзамай елде қуғын-сүргін басталды.
https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-1986-
december-events-33-years/30328934.html
472
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
РАМАЗАНОВ МАРАТ
Желтоқсан жалауы желбірейді
1986 жылы Алматы қала-
сы, есеп-қисап техникумының
соңғы үшінші курс студенті едім.
16.12.1986 жылы уақыт кешкі
20-21шамасында, жатақханаға
басында ақ қоян қалпағы бар жер-
лесіміз Қалелхан Ибраймханов
деген азамат келіп, Д. Қонаев ата-
мыздың орнына, Россия жерінен
Колбин дегенді тағайындады. Жа-
стардың барлығы жиылып алаңға шығып жатыр. Бізде барып
өз қарсылығымызды білдірейік деп, хабарлады.
Әкем марқұм кезінде, «Бір адам таққа отырса, жүз адам
атқа отырады» деп айтқаны да есіме оралды. Менің туған
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласын
сол кезде орыс халқы билеп-төстеп тұрған кез еді. Бұл қа-
лада қазақтар қазақ тілінде сөйлесе, оларды ұлтшылдар деп
айыптап, қазақ салт-дәстүрімен ұлттық шараларды атқарса
даланың надан қазақтары деген келемежге қалушы едік.
Жерлесім Қалелханның айтқан хабарын естігенде, өт-
кен жылдардағы орыстардың ұлтымның ар намысына тиетін
өктемдігі мен озбырлығы есіме түсіп, бойымда ерекше бір
сезім мен ашу пайда болып, өз еркіммен Қалелханның сөзін
қолдап, алаңға барып
қарсылығымызды біл-
дірмекке бірден шешім
қабылдадым.
Сол кездің өзін-
де ғана жатақханадағы
курстас азаматтар
Серік Кекіліков, Серік
Мустахимов, Орынбек
473
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Жакенов, Асқар Төлепбергенов, Қайрат Осимбаев сынды аза-
маттармен, жиырма шақтымыз жиылып, алаңға аттандық. Бұл
жерде басты назар аударатын бір мәселе, ешкім ешкімді үгітте-
ген жоқ. Хабар келіп түскенде барлығымыз бірден бірауыздан
алаңға шығуға шешім қабылдадық. Соған қарағанда басқа
жігіттердің де бойында шерге батқан ұлттық намыстың шер-
мендесі болған сияқты.
Біз бекер бармаппыз. Шамалы уақыттан соң, топ арасы-
нан бір азамат дауыстап, Сендер қайтыңдар. Ертеңгісін Кол-
бинге қарсымыз дейтін әр қазақты, жатақханадағы, квартира-
дағы, жұмыстағы бәрін-бәрін алаңға ерте келіңдер. Біз шағын
топ осында боламыз деген дауыс шықты.
Шамамен түнгі сағат 23-24 болар, біз жатақханаға келіп,
Қалелхан Ибраймханов, Еркін Бадлдаев, Серік Кекіліковтың
бөлмесінде болды. Мен оларға қыздардан екі ақ простыня
тауып беріп, өз бөлмеме кеттім. 17.12.86 жылы ертесінен
ағайынды Шамалбек, Мұратбек Ыдырышевтар, Серік Му-
стахимов, Асқар Төлепбергенов тағы курстас қыздарымыз бар,
алаңға беттедік. Көше толы жастар. Лек-легімен ағылып келіп
қосылуда. Бәрінің көңіл күйлері көтеріңкі еді. Алаңға бірге
барған тобымыз бір-бірімізден көз жазып қалдық. Өкінішке
орай трибунаға қарсы оң жақ шетінде көтерілісші жастар-
ды қоршап, Алматы орта милиция мектебінің курсанттары
сап түзеп бірінші қатарда тұрды. 1982-1983 жылдары менде
осы оқу орнына оқуға түсіп, курсант болған едім. Тәртібіме
байланысты, жаңжалдасқаным үшін милиция мектебінен шет-
тетілгенім бар.
Алаңдағы жастармен курсанттардың ара қашықтығы
үш-төрт метр ашық коридор болған еді. Ортада «мирный мир-
ный» деп, айғайлап жүріп, көтерілісшілерді өзімше шиеленіске
жібермей, қолымды сермеп жүріп, бұрынғы кураторым майор
Мироновтың көзіне көзім түсіп еді, ол маған жымиып бас изеді.
Түс уақытынан асқан кез еді. Мінбеге шығып сөз сөйле-
гендердің арасында бір әйел адам жастарды қолдаған болуы
керек. Себебі сол сәтте ары қарай сүйреп алып кетті ме, жа-
стар шуылдап, қайта шығаруын талап етті. Мінбеде сөз сөйле-
474
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
гендерге қар, мұз, мрамрдың сынықтары лақтырыла бастады.
Жиылған жастар арасында толқу туындады. Қоршап тұрған
курсанттарға, әскери адамдарға ереуілшілер арасынан сөзбен
тиіскендер де байқалды. Қазақ емессің бе? Неге халыққа, қа-
заққа қарсы шығасыңдар деген сияқты сөздер айтылып жатты.
Ары-бері жүгіріс кезінде, өзімнің жерлесім Көкенов Жанатбекті
және түс кезінде Әлпиев Ерболатты да алаңнан жолықтырдым.
Топ ортасында нақты есімде жоқ, қызыл пальтолы ма, бір қыз
жылап, көз жасын тоқтата алмастан, «Қыздар, жігіттер та-
раңдар, кәзір атады, қару қолданады, жеті мемлекеттен әскер-
лер, десанттар көмекке келді» деп, тілдесуге кіріп-шыққан
«жеті ме, он ба» азаматтардың сөзін қиналып әзер жеткізді.
Ортақ дауысқа салып шешіпті. Колбин бір дауыс артық алып,
сайланыпты деді көз жасын тия алмай.
Осы кезде әскерлерге күш қосылды ма белгісіз, сол кезде
олар ереуілші жастарды қуалап бөле бастады. Жүгірген қалың
топтың шетімен жағалай келе үлкен сырты әйнек дүкеннің
қасына жеткенімде, екі азамат әйнек есікті тепкілей бастады.
Ішінде көздері бақырайып, үрейленген үш сатушы орыс ұлты
тұрды. Тепкілеген екі азаматты дереу қойғызып, сол жерде
кідіріс жасадым. Жүгірген жастардың бірі, неге өйткені белгісіз
жағамнан жұлқып, жүгіріп өтті. Шалқалақтап барып, құлама-
стан екпініммен қаша жөнелдім.
Сол қашқаннан жатақханаға қалай жеткенімді білмеймін.
Курткамның замогы сөгіліп, алдым ашық қалыпты. Сағат
19-шамасы болар, нақты есімде жоқ жатақханадан жиылып
көшеге қайта шықтық. 17.12.1986 жылы Мустахимов Серік
көшеден жеделдетіп өтіп бара жатқан орыс азаматын тоқтатып
сөйлеспек еді, қойнынан арматурасын суырып алып, ұрмақ
болды. Бірақ үлгертпей Серік баспен ұрып үлгерді. Жанжал
басталып жиылған үш-төрт орыс азаматтары жан жаққа қашып
тынды. Сөйтіп, 17-18-ші желтоқсан осы секілді жағдаймен өтіп
жатты. 19-шы желтоқсанда жатақхана қоршауда болды. Сабақ
3-4 күн жатақханада өтті. Мен 31-ші топта оқитынмын. Кура-
торымыз Чухонцевамен қарым қатынасым өте нашар болатын.
Осы көтерілістен кейін таң қаларлықтай өзгеріп, Рамазанчик
475
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
болып, шыға келдім. Үйіне шығарып салу менің міндетіме
айналды. Үш күн қасыма бір-бірден үш азаматты кезек ертіп
үйіне жеткіздік. Бірінші күні шайын беріп қайтарды. Екінші
күні пирожки орап беріп, босағадан қайттық. Үшінші күні
подъезден кеттік.
Арада қанша күн өткені есімде жоқ. Жатақханаға топпен
бірге кірген едім, кураторым вахтадан қарсы алды. Мені алды-
на шақырып алып, көпшілікке масаттана хабарландыру жасады.
«Тебя самый первый отчислилии из техникума. Можешь
больше не приходить на занятия» деп хабарлады. Шуылдап
кірген студенттер әп-сәтте жым болдық. «Теперь хоть куда
можешь идти», деп селкілдеп күлді. «Организатор, враг народа.
Спасибо скажи, что не сдали тебя, иди иди», дегені мені жерге
тыққандай болды.
Содан комнатама қалай жетіп, кіргенімді білмеймін.
Соңынан білдім, жұма, сенбі 19-20-шы желтоқсан 1986
жылы жатақханада өткен жиналыста, алаңға шақырған, ұй-
ымдастырған Рамазанов деп, айтқан қыздар болған екен. Со-
нымен дүйсенбі 22.12.1986 жылы техникум директорының
бұйрығымен оқудан қуылыппын.
1987 жылдың қаңтар айының он, он бесіне дейін ешқайда
шыға алмай, комнатада жасырынумен болып, аяғында қашып
Кекліков Серік екеуіміз елге оралдық.
Ауылға келген соң
да жағдайымыз түзел-
меді. Жұмысқа орна-
ласу бізге бір мұң бол-
ды. Еңбек кітапшаңды
жөндеп кел деп, еш жер
жұмысқа да алмады.
Сөйтіп Алматыға қайта
оралуыма тура келді.
Осы айдың соңғы он
күндігінде техникумға барып, еңбек кітапшамды түзетіп, елге
оралып, жұмысқа орналастым.
476
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
***
Рамазанов Марат 10.05.1961 жылы Шығыс Қазақстан
облысы Зайсан ауданы, Мұжықсу, бүгінде Көкжыра ауылында,
қарапайым отбасында өмірге келген.
Қазіргі уақытта Рамазанов Марат Айтахметұлы жел-
тоқсан көтерілісінде жазықсыз жапа шегіп, қызыл империя-
ның қанды қол саясатының құрбаны болған патриоттардың
әлеуметтік-құқықтық мүддесін қорғау мақсатында көптеген
игі істерге бастамашылық қызмет атқаруда. Ол осы мақсат-
та құрылған «Шығыс Қазақстан облысы JELTOQSAN-86»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Марат Айтахметұлы отбасылы, 6 баланың әкесі, 10 не-
меренің атасы. Зайсан қаласында тұрады.
РАХМЕТОВ ҚҰРМАНҒАЗЫ
Замандасқа хат
Таудан құлап
Аққан судың арыны,
Тас бұзады
Деген мына өмірде.
Дарыны кең
Адамзаттың баласы
Жара салған
Пендешілік көңілге.
Иә,замандас,
Көңілдерде көп арман
Сағым болып,
Қол созады сонардан
Жете алмай,
Жеткізе алмай жүрмейік
Келешекке,
Керегінше солардан.
Уа, замандас,
477
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Көңілде көп сұрақтар
Жауап қайда,
Жүректерде тұрақтар?
Шындық қайда,
Әділдік қайда көмілген
Төріне ме, көріне ме заманның...
Тек уақыт,
Тарих қана сұраптар.
Уа, Ұлы Дала
Аққулары қайдасың?
Қане таста,
Жеке бастың пайдасын.
Халқың мынау,
Сендерден үміт күткен
Ордасында,
Бақыт тойын тойласын!
(Құрманғазы Рахметов)
***
Келген жаңа жыл-
ды қарсы алып, жұрт
жұмысқа ендi кiрiсiп
жатқанда Қазақтың мем-
лекеттiк университетiнiң
бiрiншi курс студентi,
комсорг Құрманғазы Рах-
метовтың «қылмыстық iсi»
Жоғарғы сотта қаралды.
Апыл-ғұпыл қаралып, 9-каңтар күнi Қ. Рахметов жетi жылды
арқалап шықты.
«1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде ҚазМУ-дың
физика факультетіндегі ағылшын тілін бірге оқытатын «ар-
наулы физика» мамандығы бойынша бірінші курс студенті
болатынмын. Курстың комсомол жетекшісі едім.
...17 желтоқсанда бәріміз ел қатарлы алаңға бардық.
Менің жанымда болған Мейіржан және Нұрлыбек Қ уанбаев
478
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
үшеміз бірге барсақ, алаңның ортасында жастар үйіріліп тұр
екен. Сыртын милиция қоршап алыпты. Бірақ, ол кезде алаңға
кіргізіп жатқандықтан біз де ішке тежеусіз еніп кеттік. Күні
бойғы дүрбелеңнің бәрінің ішінде болдым. Тек кешкісін аяғым-
нан алған жарақаттан жатақханаға қайтуға тура келді.
... он сегізі күні алаңда болған емеспін. Өйткені мен
қоғамдық кассир болғандықтан, студенттерді жаңа жылға үй-
леріне қайтару үшін ақшаларын алу керек болды. Бес курстың
ақшасын алып, олардың старосталарына таратып бергесін
өз шаруама кірістім. Кешкісін осындағы нағашы ағамның
үйіне кетіп бара жатқан кезде көбіне орыстардан құралған
ерікті жасақшылар кездесіп қалып, арада қақтығыс болды. Он
жетісіндегі жағдай есімнен кетпей, түні бойы ұйықтай алмай
шықтым. Содан он тоғызы күні жатақханаға келіп, курс ішін-
дегі комсомол жетекшілерін жинап алдым.
... Қаншама адамдарды тұтқындап, автобусқа тиеп әкетіп
жатқанын алаңда көргесін өз шешімімізді қабылдадық. Сөйтіп,
«Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Қазақ ССР Конституция
қағидалары сақталуы тиіс!» деп жазған ұрандарымызды алып,
бірінші курс студенттерінің бес тобы А. Байтұрсынов көше-
сімен жоғары көтерілдік. Жолда театр-көркемсурет инсти-
туты мен өзіміздің химия факультетінің жатақханаларына
барып айқайлап, бірге шығуын өтіндік. Көп күтпестен қайта
қозғалғанда бізді ерікті жасақшылар тоқтатты. Оларға: «Сендер
көріп тұрсыңдар ғой, қолымызда қаруымыз, ештеңеміз жоқ, біз
алаңнан алып кеткендерді қайда әкеткенін білуге, талап-тілек-
терімізді жеткізуге кетіп бара жатырмыз», - деп құтылдық. Әрі
қарай әңгімелесіп, Шевченко көшесінен өткенде мен артта келе
жатқанмын. Басымды көтеріп қалсам, бәрі бытырап жан-жаққа
қашып барады екен. Әуелде ештеңе түсінбей аңтарылып тұрып,
аямай соққы алғанымды бір-ақ білдім. Артыма бұрылып қал-
сам, милиционер қазақ жігіті тұр. Оның түрі әлі күнге дейін көз
алдымда. «Қарсы жауап қайтара ма?» деп менен қорыққандай
мелшиіп тұрып қалыпты. Жерге қарасам, қан тамып жатыр...
Мені жеті жылға соттап, жиырма бес «физфактфқтар-
ды» оқудан шығарыпты. Кейіннен қайта орналасқандары бар,
479
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Қайсыбірі басқа ЖОО түсіп, кейбірі қолдарын бірақ сермеп
Алматыдан мүлдем кетіп қалған екен. Байтал тұрмақ бас қайғы
замананы басымнан өткізіп, кейіннен, ойлап қарасам тікелей
болмаса да көп жастардың обалына қалғандай екенмін. Та-
рыдай шашылып кеткен сол курстастарым есіме түсіп, отыз
жылдық кездесуіміздің алдында солардың тізімін өздеріңізге
ұсынуды жөн көріп отырмын. Желтоқсан 86-да бір факультет-
тен осыншама адамның қудалауға түскенін естімеп едім, ондай
болмаған да еді. Бәлкім, біреуі көршіңіз, біреуі ауылдасыңыз,
біреуімен бір мектепте, болмаса, ЖОО қызмет жасап жүрген
де боларсыздар? Желтоқсан 86-ның отыз жылдығына байла-
нысты тәуелсіздігіміздің бесігі - Алматының бас Алаңында,
17 желтоқсан күні бас қосып, сол Алаңда келместің кемесіне
отырып кеткендер мен осы күнге жетпегендердің аруақтарына
құран бағыштап, рухтарына тағзым ететінімізді жеткізерсіздер
деген үмітпен, естелік авторы – Құрманғазы.
Құрманғазы Рахметов жалпы білім беретін мектептің
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған
Қазақстан тарихы оқулығына енген. Оқулықта, ол туралы
былай деп жазылған. 11 сыныптың Қазақстан тарихы: «1986
жылы желтоқсанда алаңға шыққан жастар жаппай қуғын-сүр-
гін саясатын көрмеген, тоталитарлық жүйенің идеологиялық
илеуінде әлі де болса жаншылмаған, ұлттық мәдениеттің озық
үлгілерінен сусындаған жас ұрпақ еді. Сондықтан да шеруге
қатысқан мыңдаған жастардың Қайрат Рысқұлбеков, Құр-
манғазы Рахметов сияқты өкілдері ерліктің және отаншылдық
рухтың биік үлгісін танытты (Өңделіп, толықтырылған үшінші
басылымы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі бекіткен. Алматы «Мектеп» 2015. Авторлары:
М.Қойгелдиев, Ж.Қасымбаев, Ә.Төлеубаев, Т.Далаева, Е.Қа-
лиева. 293-296 бб).
480
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
РАХЫМБАЕВ НҰРДАРИЯ
Намысымыз ойнап, 2 күн қатарынан шықтық
1986 жылы 17-18 желтоқсан
аралығында Алматыда болған қазақ
жастарының КСРО үкіметінің отар-
шылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне
қарсы наразылық іс-қимылдары: бо-
стандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған
қазақ халқы тарихындағы елеулі
оқиға болып табылады.
Дәл сол кезде мен Талдықорған
қаласында студент жастармен бірге
орталық алаңға шықтым. Мақсатымыз - әміршіл-әкімшіл жүй-
еге қарсы шыққан Алматылық қазақ жастарына қолдау көрсету
еді. Қазақ жастарын, оның ішінде өрімдей қазақ қыздарын
сабап, митингіні таратып жатыр деген сөзге намысымыз ойнап,
2 күн қатарынан алаңға шықтық.
Көшеге шыққан жа-
старды милиция өрт сөн-
діргіш машиналармен су
шашып қуды. Біз алаңнан
қашып Киров көшесі,
226 мекен-жайындағы
жатақханаға келдік. Ойы-
мызда оқудан шығып қа-
ламыз ба, деген күдік те жоқ емес. Ауылдан шешем жарықтық
та хабарласып, маған алаңдап жатты. Бірақ, милицияның қа-
рамағына түспей қашып құтылған себепті оқудан қуылмадым.
Желтоқсан оқиғасынан соң оқу орнында қатаң тәртіп
орнатылып, жатақханада тексеріс күшейтілді. Студенттік
кезде бастан өткен, қанға ұласқан бұл оқиға – санамызда мәңгі
сақталып қалды.
1989 жылы туған ауылыма оралып, мектепке мұғалімдік
қызметке орналастым. 1990-1995 жылдары Өскемен қала-
481
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
сындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде
инженер-техник мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
Қазіргі уақытта Семей қаласында тұрамын. Отбасымда
жұбайым -мұғалім, ұлым - студент. Жеке кәсіпкерлікпен
айналысамын.
Жұбайым Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызы - «Үздік
педагог-2019» республикалық сайысының жеңімпазы, ҚР
білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин төсбелгісінің
иегері, педагог-шебер, педагогика-психология ғылымдарының
магистрі. Ұлым Нұрдарияұлы Арман - Жоғары азаматтық
колледжінің 4-курс студенті.
Болашақтағы арман-мақсатымыз - келешек ұрпақ өз
жерінде, өз елінде бейбіт өмір сүріп, өз еліне қызмет жасап,
Отанын көркейтуге атсалысса деймін. Бабалар қанымен, аға
ұрпақ жанымен келген тәуелсіздігіміз жасай берсін!
***
Рахимбаев Нұрдария Қожақанұлы 1965 жылы Шығыс
Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылында
көпбалалы отбасында дүниеге келген. Анасы - Бадерикамал
Солтанғазықызы көп жылдар ұстаздық қызмет атқарған, әкесі
- Қожақан Рахимбаев механизатор болған.
Нұрдария:
- 1972-1980 жылдары Жданов селосында, Екпін орта
мектебінде оқыды;
- 1980 -1983 жыдары Ақсуаттағы кәсіптік-техникалық
училищеде білім алды;
- 1983 жылы Ресейдің Горький автомобиль зауытында 2
ай өндірістік іс-тәжірибеден өткен;
- 1983 жылы Талдықорған қаласындағы Индустриальды-
педагогикалық техникумға оқуға түсіп, «техник-механик»
мамандығын меңгерді;
- 1983-1985 жылдары Байқоңыр қаласында әскери
борышын өтеп келгеннен кейін, 1985 жылы Талдықорғандағы
оқуын жалғастырады.
482
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
РАХЫМЖАНОВ ҚАЙРАТ
Желтоқсан оқиғасы бүгінгідей көз
алдымда. Мен ол кезде Совет армия-
сындағы борышымды өтеп келген жыл
еді, медицина институтының 3 курсын-
да оқып жүргенмін. Халқымыздың сүй-
ікті ұлы - Дінмұхамед Қонаевтың орны-
на, ешкімге белгісіз, Ресейде жай облыс
басқарған Колбин дегенді қойды деген
хабар қатты ашу-ыза тудырды. Лекция,
сабақ кезінде дискуссия болып, «бұлар
не, бізді ұлт ретінде жойылды деп есеп-
тейді ме, басқа бірде-бір республикада өзге ұлт өкілі бірінші
хатшы емес, неге Қазақстанды өзге ұлт өкілі басқару керек?»
- деген пікірлер айтылды.
Сабақтан ертерек жатақханаға қайттық, жатақханада да
у-шу, сол әңгіме қазандай қайнап жатыр. Сосын бір уақытта
жастар Брежнев алаңына митингке жиналып жатыр деген хабар
келе қалды. Бірден бір топ студенттер қыз - ұлы аралас солай
қарай бет алдық.
Жанымда бірге жерлес курстасым Омаров Тоқтарбек
болды. Алаң толы адам. Неше түрлі ұрандар. Негізгі талап
- Қазақ басшы. Осы арада мен армияда бірге болған, СХИ
да оқитын- Белдеубаев Мұратты, өзімнің інім - Рахымжанов
Мұратты, мединститутта оқитын Имажанов Солтанбекті, ауыл-
дастарым Алматыда оқитын - Шалбарбаев Айдар мен Қалқанов
Мұратты жолықтырдым.
Үкімет үйінің алдында қалқаны мен қолдарында ре-
зеңке сойылдары бар солдаттар, формадағы милициялар тұр-
ды. Әлсін әлсін топтың тарауды талап етіп жатыр. Солармен
қайта-қайта қақтығыс басталып кеткен. Тас лақтыру, төбелес.
Айналада өртенген машиналар мен төңкерілген автобус. Сол-
даттар бірталай ығыстырады да, қатты қарсылық көрсеткен
соң кейін қайтады. Бір уақытта алаңдағы трибунаға солдаттар
мен милиция қорғауымен үкімет адамдары шықты. Бүкіл лық
483
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
толған алаңдағы адамдар қолдарын көтеріп «Қазақ басшы!»
деп ұрандады.
Сәл уақыттан кейін біреуі микрофоннан «ЦК компартий
Казахстана не изменит свое решение» - деп айтып еді, три-
бунаға карай тастар қарша жауды. Оларды қалқанмен қорғап
алып кетті. Бір жігіттер Үкімет үйіне басып кіреміз деп ұран
салып еді, бірден Үкімет үйін қоршап тұрған солдаттар мен
милиционерлермен қақтығыс басталды. Бір сәтте жігіттердің
«Тұңғышбай аға осында» деген дауысын естідім. Жалт етіп қа-
расам жан-жағынан адамдар ентелеп Тұңғышбай Жаманқұлов
пен Әзірбайжан Маметовты қоршап тұр екен. Біз айғайлап
сұрап жатырмыз, «Аға, неге бұлай, не істеуіміз керек» деп. Ол
кісі: «Қаракөз қарақтарым-ай, менің қолымда тұрған не бар,
міне жандарыңдамын, сендермен біргемін», - деді. Сол уақытта
лап еткен солдаттардың шабуылы басталды да, ол кісілерден
де, жанымдағы інімнен де көз жазып қалдым.
Қарулы күшке төтеп бере
алмай алаңнан қашуға тұра кел-
ді. Фурманов көшесінің бойынан
төмен қарай, үйлердің арасын та-
салап Тоқтар екеуміз жатақхана-
ларға дейін жеттік. Ол өзінің №3
жатақханасына кетті, мен өзімнің
№7-8 жатақханама вестибулине
кіруім сол еді, қолымнан шап
етіп бір кәріс пен орыс жігіт
(артынан білдім жоғарғы курс
студенттері екен) ұстап алып,
коменданттың комнатасына алып барды.
Ол комнатаға кірсем, біздің зам. декан Салменов. Е., сту-
дент кеңесінің бастығы Ораз, жатақхана коменданты Сара
апай және бір қазақ бейтаныс кісі отыр екен. Алғашқы үшеуі
де мені жақсы таниды. Ішімнен біткен жерім осы, не үшін
жатақханаға келдім деген ой орап барады.
- Мынау кім? - деп сұрады Салменов, Ораз бен Сараға
қарап мені танымайтын адам сияқтанып. Ораз басын шайқап
484
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
«Бұл кісі біздің жатаханада тұрмайды» деді. «Не үшін мұнда
келдің» - деп сұрады, Салменов менен. «Жерлесіме келгем»,
- деп жауап бердім.
Көзге бейтаныс қазақ кісі араласты: Орыс пен корейге
вахтаға барындар деді де, Оразға қарап: «Әзірше подвалдағы
комнатаға апарып таста, сосын көреміз», - деді. Коридорға
шыға салысымен жан-жағына қарап, ешкім жоқ екен Ораз
маған сыбырлап: «Қаш, Аққалидың комнатасына, мен сені
черный ходтан қашып кетті деп айтамын», - деді.
Аққали үйленген жігіт, бір комнатада әйелі, курстас
Айжанмен, бір жастағы баласымен бірге тұратын. Зу етіп сол
комнатаға кіріп кеттім, есіктері ашық тұр екен. Ақкали бірден
төсек астына тығып жіберді де есікті жауып алды. Артынан
білдім, Ораз студсовет жатақхана алдына жасырын пост ұй-
ымдастырып, кешігіп алаңнан келгендерді черный ход арқы-
лы жатақханаға кіргізіп жүр екен. Мені байқамай қалыпты.
Ертеңінде түк болмағандай сабаққа бардым.
Міне, мен үшін Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының ба-
тылдығы мен бірлігі ретінде есімде қалды.
РАХЫМЖАНОВА АНАР
Сол бір күндерді еске алсам...
Менің туып-өскен жерім
- Шығыс Қазақстан облысы Ка-
тонқарағай ауданының Еңбек ауы-
лы. Әкем Төлеген Рақымжанұлы
көп жылдар бойы туған аулымдағы
орта мектепте қазақ тілі мен әде-
биеті пәнінің мұғалімі болып, жас
ұрпақты туған тілдің мәйегінен
сусындатқан ардагер ұстаз еді.
Жетіжылдық, одан сегізжылдық,
соңынан орталау мектеп болған
485
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ауыл мектебін орта мектеп дәрежесіне жеткізу үшін бар күшін,
беделін салған мектеп басшысы болып ұзақ уақыт қызмет
атқарды. Алматыдағы С. М. Киров атындағы мемлекеттік
университетте білім алып, заманымыздың заңғар жазушысы
М. О. Әуезовтың дәрістерін тыңдаған әкемнің диплом жұмы-
сына Мұқаңның жазған пікірі ол кісінің соңғы жазбаларының
бірі болса керек.
Әкем - ұстаздық қызметпен қатар ақындық жолын да
жалғаған шығармашылық адамы еді. 1971 жылы Катонқарағай
ауданы Большенарым ауданынан бөлініп жеке шыққанда
аудандық «Арай» газетінің ашылып, қалыптасуы жолында
жазғы демалыс уақытында біраз уақыт журналистік қызмет
атқарғанын әңгімелеп айтып отырушы еді. Әкемнің өлеңдері
мен мақалалары аудандық, облыстық және республикалық
баспасөз басылымдарының беттерінде үнемі жарияланып
тұрды. Ауданда Қазақстан Жазушылар Одағына мүше болған
алғашқы ақын. Ауданның Құрметті азаматы. Анам - Нұрбангүл
Кәсенқызы тоғыз баланы өмірге әкеліп, солардың тәрбиесімен
айналысқан үй шаруасындағы адам еді. Анамыз әкеміздің
мұғалімдік, басшылық қызметпен алаңсыз айналысуына,
шығармашылық шабытының шарықтауына өз хал-қадірінше
демеушілік көрсетіп отырды.
Бастауыш сынып оқып жүрген кезден-ақ әдеби кітап-
тарды оқуға құмар болдым. Жоғары сыныпқа өткен кезде бұл
қызығушылығым арта түспесе кеміген жоқ. Мектеп пен ауыл
кітапханасына түскен жаңа кітаптарды таласа-тармаса оқушы
едік. Бұл кітаптарды оқымаған достарымызға мазмұнын айтып
беріп қызықтыратынбыз. Мектеп пен сыныпта шығатын қа-
бырға газеттерін безендіру жұмысы менің мойнымда еді. Бұл
газеттерге мақала жазып, өлеңдерімді де жариялайтынмын.
Өскенде бастауышта тәлім берген Нұролда мұғалім мен әкем
сияқты ұстаз болу - арманым еді.
Ауылымдағы мектеп сегізжылдық болғандықтан
орта мектепті аяқтау үшін басқа ауылдарға қатынап оқушы
едік. Сыныптас басқа балалар көрші Өрел мен Шыңғыстай
ауылдарындағы мектептерге барып жатқанда мен нағашымның
486
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ауылы Топқайың мектебінде оқуымды жалғастырдым. Бұл
мектепте де әкемнің берген біліміне сай үлгерім көрсете алдым.
Мектептің қабырға газетінің редколлегия мүшесі болдым.
Мен орта мектепті аяқтаған жылы өзімнен кіші сіңілім
Жанарды жүрегіне Өскемендегі сол кездегі мықты хирург Э.
Рейштің басшылығымен ота жасауға дайындады. Анам үй
шаруасынан шыға алмай, әкем қызметінен босай алмай ота
жасалғанша сіңлімнің жанында болдым. Құдайдың құдіретімен,
хирургтің біліктілігімен ота сәтті өтті. Сол жылдың күзінің
соңғы шенінде Семей қаласындағы жіп иіру фабрикасына
үйренуші-оқушы болып жұмысқа тұрдым. Жұмысқа
икемділігімді байқаған бастықтар келесі аптадан-ақ негізгі
жұмысшы құрамына енгізді.
Келесі жылында құрбым Гүлшат екеуміз ару қала
Алматыға арман қуып келген едік. Жоғарғы оқу орнына
конкурстан өте алмаған соң құрылысқа (СМУ-50) сылақшы
болып кірдік. 1986 жылдың жазында мұғалім боламын
деген арманымды іске асырайын деп құрбымыз екеуміз
98-автобуспен ЖенПИ-ге құжат тапсыруға бара жатқанда құжат
салынған пакетіміз бөтен бір қыздың қолында кетіп, бір айдан
соң әрең табылған-ды. Оның өзі де бір түрлі түсініксіз жағдай
болған еді. Сөйтіп, құжат тапсыру уақытынан кешігіп қалдық.
Күз айында кезекті еңбек демалысымды алып, ауылдағы әке-
шешем мен бауырларыма барып қайттым.
Ауылымнан желтоқсанның 15-інде келдім. Желтоқсан-
ның 16-сы күні кешке радиодан республикамыздың Бірінші
хатшысы Д.А.Қонаевты орнынан алып, орнына ешкім таны-
майтын, біздің республикамыздан тыс жерден келген Г.В.Кол-
бин деген біреуді тағайындады деп естідік. Бұл ақпараттық ха-
барды естіген жұмысшы-студент жастар ашу-ызаға булықты.
Жолдан тымауратып келген едім, сондықтан құрбым Гүлшат
Төпеновамен бірге желтоқсанның он жетісінде таңертең Орби-
тадағы 4-емханаға барып, денсаулыққа байланысты уақытша
жұмысқа жарамсыздық қағазын аштырдым. 98-автобуспен Жан-
досова – Правданың (қазіргі Алтынсарин) қиылысындағы аял-
дамадан түсіп қалып, орталыққа баратын 66-автобусқа отырдық.
487
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Автобус толы қазақтың жастары екен. Біздің жанымызға
бір жігіт жақындап келіп өзін таныстырды (аты-жөні есімде
қалмапты), өзінің комсорг екенін айтты. Сендер алаңға бара-
сыңдар ма деп сұрады. Біз алаңға бара жатқанымызды айттық.
Жаңағы жігіт алаңға бармаңдар, ол жақта жастарды ұрып-
соғып әкетіп жатыр деді. Біздің ашу-ызамыз одан әрі асқынды.
«Алаңға өз ойын айтуға барған қарусыз, бейбіт жастарда нелері
бар, оларды неге ұрып-соғады, неге қамайды?» деген ұшы-қиы-
ры жоқ жауапсыз сұрақтар бізді жігерлендіре түсті. Әркім өз
ойын айтуға құқылы дедік. Автобус Орталық стадионға жет-
кен соң жүргізушісі ары қарай бармайтынын айтты. Құрбым
екеуміз сол арадан түсіп, Абай даңғылымен бір топ жастармен
бірге республика гимнін айтып Алаңға қарай беттедік.
Алдымыздан бір топ қыздармен келе жатқан Қалмұратов
Құрманбай жолықты. Ол өзін бізге Коля деп таныстырған
еді, шын аты Құрманбай екенін кейін жазған естеліктерін
оқып, суретінен таныған едім. Жанындағы ЖенПИ-дің
қыздары екен. «Түнімен алаңда болдық, тоңып кеттік,
қыздарды шығарып салып келемін, мені тосыңдар» деді.
Сол мезетте Құрманбайдың басындағы малақайын Гүлшат
менің басыма кигізе салды. Мен малақайды кимеймін деп
қолыма ұстап алдым. Алаңға жақындаған сайын қатарымыз
488
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
молайып, толқын арасында келе жатқандай әсерде болдық.
Алға қарай ентелегенде алаңға барған жастардың ойында
республиканың бетке ұстар, білімді азаматтары біздің талап-
тілегімізді жоғарыға жеткізсе деген үміттері бар еді. Сөйтіп
толқынданып теңселіп тұрған топтың лықсып қалай алдына
шыққанымды да аңдамай қалдым. Дәл алдымда бізге қарай
жүгіріп келе жатқан жас қазақ жауынгерлерін көрдім. Бір
сәтте топтағы жастардың бәрі бұрыла салып қаша бастады.
Ең алдына шығып кеткен мен бір мезет қалт тұрып қалдым.
Енді бұрылып қаша беріп едім, алдымдағы адамға шалынып
құлап түстім. Құлаған кезде де Құрманбайдың малақайын
тастамай, қолыма қысып ұстап алдым. Жаңағы екі солдат
екі қолтығымнан көтеріп алып, жоғарыға қарай сүйрелей
жөнелді. Қолдарын сілкіп тастап, өзім жүремін дедім. Олардың
енді мені оңайлықпен босатпайтынын білдім. Маңайымыз
әскерлерге толып кетті. Бұл уақытта Гүлшат қашып барып
телефон будкасына кіріп тығылып тұрыпты. Мені ұстап
әкетіп бара жатқанын көріп, будкадан шыға сала құтқармақ
болып жүгірген ол орыс солдаттарының қолына түскен екен.
Құрбымды Фрунзе аудандық ішкі істер бөліміне апарып
қамап, сол жерде ұлты орыс әскерлері соғып, шашынан
ұстап қабырғаға ұрған екен. Сол кездегі ұрып-соққанның
зардабынан осы күні құрбымның басы ауырады. Әскерилер
мені тұмсығы шығыңқы пазик автобусқа апарып тықты.
Автобус іші қазақтың жас қыздары болатын. Бізді Қаскелең
ауданының ішкі істер бөлімінің жертөлесіне қамады. Сол жерде
алдымыздан (анфас), қырымыздан (профиль) суретке түсірді.
Туған жылымызды, туған жерімізді, қайда жұмыс істейтінімізді,
оған қоса тұрғылықты мекен-жайымызды түгел жазып алды.
Алаңға не себепті барғанымыз туралы сұрақ-жауап алды.
Кешке босатып жібергенімен ешқайда қашып кете
алмайсың, жұмысыңа бізден хабарлама барады деді. Қалтамда
бір тиын ақшам жоқ еді. «Не істеймін? Қалай қайтамын?»
деп жанымдағы қыздармен бірге дағдарып тұрғанда жаныма
әлгінде жауап алған азамат келіп қайтуға ақшамның бар-жоғын
сұрады. Жоқ деген жауабымды естіген ол темір Лениннің суреті
489
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бар бір сом ақша берді. Сол ақшамен жанымдағы төрт қызбен
қалаға жеттім. Қаскелеңнен Алматыға дейінгі жолақы 15 тиын
екенін сонда білдім. Өмірі көрмеген Қаскелеңді түнде көре
алған жоқпын. Алматы ішіндегі қоғамдық көліктің жолақысы
5 тиын еді. Сөйтіп, бес қыз қаладағы тұрағымызға жеттік. Дәл
сол 17 желтоқсан күні Қарғалы техникумының студенті кіші
ағайым Ерлан да Фрунзе аудандық ішкі істер бөліміне қамалған
екен. Ол жерден босап шығысымен жатақханама келіп, мені
іздепті. Гүлшат құрбым да менен соң біраздан кейін келді.
Көретін құқайымыз енді басталды. Жатақханадағы ба-
стықтар бізге тәрбиелік «іс-шараларын» кейінге қалдырмай,
тап сол сәттен бастап жүргізуді қолға алды. Кім екенімізді енді
білгендей болдық. Біздің адресімізге небір балағат, құлаққа
ауыр сөздерді аямай-ақ құшырлана төкті. Жұмыста бұл жағдай
екі еселене жүргізілді. Намысымызға тиетін, жаныңды қор-
лайтын сөздердің сан түрлісін естідік. Қаңтар айында жұмы-
стағы басшыларымызға ішкі істер бөлімдерінен арнайы қа-
тынас қағаздар келіпті. Онда біздің тәртібімізді қарап, комсо-
молдан шығарылып, жұмыстан шеттетілуіміз керек деп талап
еткен екен. Осы кезде бригадирім Анна Петровна Конина мені
қорғап шықты. Жұмыстан шығартпады. Бірақ комсомолдан
шығарып, бес жыл бойына жоғары оқу орнына оқуға түсуге
құқығы болмайды деген қаулыларға қарсы ештеңе істей ал-
мады.
Ал Гүлшатты жұмыстан шығарып жіберді. Еш жерге
жұмысқа орналаса алмай жарты жылдай Алматыда жүрді.
Анасы қайтыс болып кеткен еді. Әкесі басқа әйелге үйленген
екен. Өгей шешесі құрбымды жаратпады, үйге кел деп шақыр-
мады. Сөйлесіп жүрген жігіті Қадыр Төлеубаев желтоқсанның
ызғарлы күндерінде алаңда ұсталып, Боралдайдың шұңқы-
рына апарып лақтырып тастағанда аман қалған қазақтың қа-
ракөздерінің бірі еді. Қызылорданың Жаңақорған ауданының
Бесарық бекетінде туып-өскен. Азаматтық әскери борышын
ауған жерінде өтеп келген еді. Қадырдың бүкіл сырт киімдерін
әскерилер шешіп алғанда бар құжаттары курткасының төс
қалтасында кеткен екен. Оны да жұмыстан шығарып жіберіп,
490
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жарты жылдай жұмыс іздеп жүрді. Жаз шығысымен екі жас
қосылып, Қадырдың еліне, Қызылордаға кетті. Қазір ақар-
лы-шақарлы, көп балалы үлкен отбасыға айналды.
Бір жылдан кейін мен де тұрмысқа шықтым. Жолдасым
Марат Баекенов екеуміз бір ұл, бір қызды өсіріп, жеткіздік.
Марат та желтоқсанның жаныңды түршіктірер аязында
17,18,19-ы күндері алаңнан табылған жастың бірі болды.
Алаңға үш күн қатарынан бардың деген желеумен, сол кездегі
заң талаптары солай деп 33-баппен жұмыстан шығарылған
еді. Кеңес дәуірінде өмір сүрген адамдар 33-баптың қандай
шараларды қамтитынын жақсы біледі. Гүлшат құрбыммен
көп жылдар хабар алыса алмадым. Бес-алты жыл бұрын
оның телефон нөмірін тауып алдым. Бір-бірімізбен сағыныса
сөйлесіп жатырмыз. Қазір Гүлшат құрбым сол кезде алған
соққының кесірінен денсаулығы нашарлаған екен. Бір кезде
Гүлшат айтады: «Анар, екеуміз желтоқсан көтерілісі себебінен
екіге айырылдық, оқуға түсеміз деген арманымыз да жайына
қалды. Сені сағынғанда теледидардан желтоқсан туралы
кинотүсірілімдегі бейнеңді көріп бір жылап, бір қуанып,
мына жақтағы таныстарыма мақтанып айтамын. Әне, ана
ала пальтода кетіп бара жатқан менің құрбым, мен де сол
жерден ұсталған едім деп айтамын», - дейді. Ал мен өзім сол
кинотүсірілімді бағамдап бір қарамаппын. Құрбымның сөзінен
соң әлгі бейнені қарасам расында көз алдымнан отыз жыл
бұрын өткен оқиғалар тізбектеліп өте шықты. «Уақыт – емші»
дейді, дегенмен СМУ-50 «Алматы Культбытстрой»-да еңбек
етіп, Фестиваль көшесіндегі жатақханада тұрған кездегі сол
бір күндерде өткен оқиғалар санада әлі жаңғырып тұр.
491
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
РЫМБЕКОВ ЕРЛАН
«Құтқармадың» - деп маған мұң шаққандай қос ару...
Бүгінгі біздің кейіпкеріміз ызғар-
лы желтоқсанның куәгері, Алматы мем-
лекеттік бизнес колледжі директорының
тәрбие ісінің орынбасары және тіл-әде-
биет пәнінің мұғалімі Рымбеков Ерлан
Қайырұлы.
Ол жылы Ерлан небәрі он төрт
жаста болатын. Алматыдағы №2 қазақ
экспериментальді мектеп-интернатының
8 сыныбына қабылданған ауыл баласы,
қарбаласы көп қала тірлігіне енді ғана
үйреніп келе жатқан. Қыстың аязды күнінде ауылдағы ата-ана-
сын сағынған Ерлан тәрбиешіден сұранбай қалааралық теле-
фон байланысы арқылы Семей облысы Ақбұлақ ауылында
тұратын үйімен сөйлесуге кетіп қалады. Бірақ, байланыс сәтсіз
болып, екі сағаттай почта бөлмшесінде тұрып, сөйлесе алмай
қайтады. Сол сәтте Ерлан өзінің өміріне өшпес таңба қалды-
ратын оқиғаның куәсі боламын деп ойламап еді.
- Бұл күні ауа райы бұзылып, қар жауып тұр еді. Аңсап,
сағынған ата-анаммен сөйлесе алмағаныма көңілім құлазып,
мұңайып келе жатқанмын. Бір кезде қолдарына ұран сөздер жа-
зылған плакаттар ұстаған жастардың тобын көрдім. Алғашында
бір мерекелік шараға ұйымдастырылған шеру болар деп ойлап,
қызықтап қарап тұрдым. Бір мезетте алаңға машинамен солдат-
тар келіп, жастарға күш көрсете бастады. Айқай-шу, сапыры-
лысқан халық, ештеңе түсінбедім. Сол сәтте топтың ішіндегі
екі қызға көзім түсті. Арттарынан қуып келе жатқан қарулы
солдаттарды көріп, екеуі сөмкелерін тастап, қаша жөнелген
еді, біреуі шалынып, қатты құлады. Екіншісі құрбысын демей
беріп еді, бір солдат жетіп келіп, оны күрекпен ұрып, сұлатып
түсірді. Құлап жатқан қызды да тепкінің астына алды. Аппақ
қар ару қыздардың қып-қызыл қанына боялды.
492
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Бұл аянышты сурет менің жадымда мәңгі сақталып
қалды. Сол кезде өзімді екі қызға араша бола аламаған
дәрменсіз бала болғаным үшін кінәлі сезіндім. Қолымнан
келгені бар даусыммен «Қойсаңшы!», - деп айқай салғаным
есімде. Сол сәтте басыма ауыр бір нарсе сарт етіп, көзімнің
оты жарқ ете қалды. Есімнен танып құладым. Қанша уақыт
өткенін білмеймін, есімді жисам, жанымда тағы бір жігіт
бар, милиция машинасымен кетіп бара жатыр екенбіз. Түн
ортасында бізді милиция бөлімшесіне алып келді. Жарық
жерге кіргенде «Мынау бала ғой», - дегенін естідім. 2-3 сағат
қамауда ұстап, бір кезде тергеуге шақырды. Сол кезде мен бар
шындықты, ауылдан келгенімді, интернетта оқып жатқанымды,
ата-анамның үміт артып отырған баласы екенімді, ауылмен
сөйлесуге барып, келе жатқанда ұсталғанымды айтып бердім.
Тергеп отырған екі қазақ, бір орыс жігіті еді. Әлгі орыс
жігіт «Өтірік айтады, сенбеу керек», - деп мені кіналады. Екі
қазақ жігіті бір-біріне қарап жастауы үлкеніне: «Әлі бала ғой,
не істейміз, Сәке?» дегенде, орта жастағы жігіт ағасы «Сен
ананы алып кет, қалғанын өзім реттеймін», - деді орысты
нұсқап қазақ тілінде. Орыс шығып кеткен соң Сәке деген азамат
менен қайдан келгенімді, не мақсатпен келгенімді тәптіштеп
сұрады. Шынымды айттым. Ол да осы Семей өңірінен екен.
Мені тыңдап болған соң, сол жерде жазылған протоколды
жыртып тастады да: «Бауырым, қазір сені босатамыз. Сен
бүгін интернатқа бар да ертең, бар құжаттарыңды алып, ауылға
қайт. Саған мұнда қауіпті. Көрген-білгенің туралы жан адамға
тыс жарып айтпа», -деп бағанағы қасында болған қазақ жігітін
шақыртып, мені интернатқа әкелтіп тастады. Өкінішке орай,
мен сол адамның толық аты-жөнін, қызметін сұрамаппын. Егер
сол бір қайырымды жан болмағанда, менің тағдырым не болар
еді? Қазір сол Сәке деген азаматты көріп, қайда екенін білсем,
өз алғысымды жеткізсем деген арманым бар.
Сонымен интернатқа келдім. Тәрбиеші Пернегүл деген
апай бүкіл топты жинап мені іздеп алаңдап отыр екен. Мен
ауылыммен сөйлесуге пошта бөлімшесіне барып келгенімді
айттым. Ол «Алаңда не болып жатқанын білесің бе? Енді
493
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бірде біреуің жатақханадан шықпайсыңдар» - деді. Шынында
бірнеше күн бойы бізді ешқайда шығармады. Тіпті сабаққа да
бармадық. Сол оқиғадан кейін мен біраз науқастанып қалып,
қалада тұратын нағашымның үйіне кеттім. Оған «маған
Алматының ауа-райы жақпады, денсаулығым дұрыс болмай
жүр, ауылға қайтамын» дедім. Ондағы ойым, бір күні милиция
келіп алып кете ме деп қорыққаным еді.
Ауылға келгенде де шындықты ешкімге айтпадым.
Бірақ бойымды билеген үрей тыныштандырмады. Бір күні
көршінің үйіне милиция машинасы келіп тоқтады. Мені іздеп
жүрген шығар деп, үйден қашып шығып, ауыл сыртындағы
таудан асып қарап тұрдым. Бір кезде машина кетіп қалды.
Үйге келіп, анамнан көрші үйге милиция неге келгенін сұрап
едім, бір ұрлық болып соған шақыртқан екен. Осылайша талай
жылдар бойы милиция көрсем, қорқатын болдым.
Кейін ес біліп, есейген соң, тоғыз жылдан соң ғана ішіме
сыймаған оқиғаны таныстарыма баяндап бердім. Сол кезде
соққыға жығылып, қызыл қанға боялған қос ару қазір бар ма
екен? Тағдырлары не болды, соны да білгім келеді. Қанша жыл
өтсе де, әлі күнге дейін сол бір қос ару маған «Құтқармадың»,
- деп кіналап тұрғандай болады.
Әрине, мен өзімді желтоқсан оқиғасына қатыстым деп
есептемеймін. Бірақ қатысқандардың алдында басымды иіп
тағзым етемін. Себебі, мен бала болсам да сол кездегі қазақ
жастарының қаһармандығы мен қайсарлығының, олардың
жазықсыз жапа шегіп, көрген қорлығы мен зорлығының куәсі
болдым. Сол кезде бірер сағат қамауда болғанда жап-жас қазақ
жігітінің тізерлей жүгініп, Алладан медет сұрап отырғаны да
қазіргі күнгідей көз ал-
дымда. Ол кезде үлкен-
дер болмаса, жастар ара-
сында дінге сенушілер
болмайтын ғой...
Осы арада тағы
бір айта кетер жайт, сол
кездегі қазақ жастары-
ның дүкен сөрелеріндегі
494
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
«Хлеб», «Сахар», «Мука» - деген жазуларды «Нан», «Қант»,
«Ұн» - деп қазақшаға аударып кетуінің өзі ұлттық рухтарының
биік болғанын көрсетпей ме?! Көтеріліс кезінде бойдағы ашу,
намыс - күш-қуат бере ме екен, жастарға су шашып жатқан
өрт сөндіру машинасын аударып тастағанын да көрдім. Кезінде
бұл әрекеттер тәртіпсіздік, жастардың жүгенсіздігі, қылмыс
деп бағаланып еді. Кейін ойлап отырсам, бұл нағыз қайсарлық,
ерлік екен ғой.
Менің тілегім, осы тәуелсіздігіміздің бастауы болған
Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қаһармандарға мемлекет
тарапынан қолдау көрсетіп, «Ардагер» атағы берілсе екен.
Егеменді елімізде әрдайым бейбітшілік, ынтымақ болып, жас
ұрпақ қайғы-қасірет көрмесе екен!
Осылай деп сыр шерткен Ерлан Рымбековтің ақындық
өнері де бар екен. Оқырман назарына Ерланның желтоқсан
оқиғасына арнаған өлеңін ұсынамыз.
Жазып алған Асем Бапанова
САВЛЕХАНОВ СЕРІКҚАН
Мен, 1965 жылдың 5-ші қыркүй-
егінде Семей облысы, Үржар ауданы,
Үржар совхозында дүниеге келдім.
1973 жылы Тасбұлақ ауданында 1-ші
сыныпқа бардым. 1983 жылы Мақаншы
ауылында М.И. Калинин атындағы орта
мектепте, 10-шы сыныпты аяқтадым.
1983 жылы Алматы энергетика-
лық институтты күндізгі бөлімде, Элек-
тро-механикалық факультетінде, Элек-
тропривод және автоматизация өндірістік
қондырғылары (ЭиАПУ) мамандығын оқып, 1984-1986 жылдары
Кеңестік әскер қатарында борышымды өтедім. 1986 жылы инсти-
тутты 2-ші курстан жалғастырдым. Институтта А корпусы және
Б корпусы болатын.
1986 жылы 17 желтоқсанда, Б корпусының алдында 1 топ
жігіт қызу әңгіме айтып тұр екен. Біздің топтағы Шымкенттік
495
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Әлихан деген жігіттен алаңда бейбіт шеру болатыны жайлы біл-
дім. Жаңағы жігіттермен Сәтпаев көшесіне шықтық, сол жерде
бізге басқа институттің ұл-қыздары қосылып, алаңға келдік.
Алаңға келсек полиция қызметкерлері алаңды қоршап
алған, бір-бірінің қолдарынан тығыз ұстап тұр. Алаңнын ар
жағынан Фурманова көшесінен бір топ студенттер алаңға
кіреміз деп ұмтылды, бірақ полиция қызметкерлері оларды
кіргізбеді. Сол кезде біздің Сәтпаев көшесімен келген студент-
тер полиция қызметкерлерінің шеңбер құрып тұрған жасағын
бұзып, алаңға кірдік.
Алаң басқа да желтоқсаншыларға тола берді. Күн батқан
кезде бізге өрт сөндіруші машинамен келіп су шашты. Менің
үстім су болып, аязда қатып қалғандықтан, жатақханаға қайттым.
САЙФОЛДА БЕЙСЕНБАЙ
«...Өзiм Шымкент дене шы-
нықтыру техникумында сырттай
оқимын. Тарбағатай ауданында спорт
нұсқаушысы болып қызмет iстеймiн.
Қысқы, сессияға бара жатып, жолай
Алматыда аялдап, ылғи жолдаста-
рыммен емтиханға бiрге дайындала-
тынбыз. Кезектi келiсiм сол желтоқ-
санның беймаза күндерiне тап келдi.
Әдiлханов Қалелхан, Тұңғатов Ерлан,
Қапаев Дәулет сияқты он шақты жiгiт кеудемiзде намыс оты
оянып, Брежнев алаңына бардық. Қыздарды соққан кезде мен
оларды арашаламақ болып, тұра ұмтылдым. Қыздарды қолда-
рынан сүйреп, солдаттардың құрсауынан алып шыға бердiм.
Бойым ұзын, өзiм спортшымын, ол кез қайратым тасып тұрған
жiгiт шағым. Солдаттар менен қаймығып, шегiнiп кеттi. Бiр
кезде қолдарына қызыл байлаған дружинниктер қаумалап алды.
Қолдарында газетке ораған ұзын бiрдеңелерi бар. Сөйтсем, ола-
ры – арматура екен. Бiреуi қақ шекемнен қойып қалды...»
(Жазып алған М.Жанұзақұлы)
496
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
***
Біздер 2007-2008 жылдары желтоқсан ұйымын құруға
ізденіс үстінде болдық. 2009 жылы «Патриоттық қозғалыс
«Желтоқсан Ақиқаты» Республикалық деңгейде жалғыз ұйым
болып тіркелдік. Алғашқы төраға болып Бейсенғазы Нүкенов
сайланды. Мен құрылтайшы және бірінші орынбасар болып
сайландым. Сол жылдардан бастап 55-тен аса іс-шаралар
өткіздік. Ең маңыздыларын айтар болсам, 2011 жылы 31
мамырда С.Мұхамеджанованың Өскемен қаласында оқыған
оқу орны училищесіне белгі тас қойдық. Үкіметтен берілетін,
жойып жіберген ресми желтоқсан куәлігін қайта жасаттырдым.
2015 жылы желтоқсандықтарға қоғамдық көлікте жүру
жеңілдігін Алматы қаласында пайдалануға ат салыстым, тіпті,
бастамашы болдым. Ол жолда қала маслихатының табанын
тоздырып жүріп жеңіске жеттік. Жеке өз басым, Республика
бойынша 500 жүзден артық адамды ақталуға көмектестім.
Желтоқсандықтардан арнайы топ құрып, олармен күндіз-түні
десем артық айтқандық болмас, мұрағаттарда бірге отырдық.
Әр желтоқсандықтардың Желтоқсан көтерілісіне қатысы бар,
жапа шеккендігін дәлелдеу оңайға түскен жоқ. Өскемендік
37-желтоқсандықтарды ақтауға және оларға қоғамдық қорғаушы
ретінде қызмет еттім. Оның ішінде С.Мұхамеджанованың
топтас 28 қызын ақтауға тікелей ат салыстым.
497
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
САРМАНОВ ТОҚТАРҒАЗЫ
Желтоқсан көтерілісін өз басымнан өткіздім
1980-1983 жылдары Семей
қаласындағы құрылыс технику-
мында білім алдым. Ол кезде қа-
зақша мектепте оқыған, бір ауыз
орысша білмейтін 15 жастағы
жасөспірімге орысша оқу қандай
қиыншылық тудырғанын түсініп
отырған шығарсыздар.
1983-1985 жылдары әскер
қатарында болып, Отан алдындағы әскери борышымды өт-
керіп қайтып, 1985 жылдан 1986 жылдың маусым айына дейін,
Кіндікті ауылында электро-монтер қызметін атқардым. Сол
жылы Алматының Ауылшаруашылық институтына, ауыл-
шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша оқуға
тапсырып, 1-курсына оқуға түстім.
1986 жылы желтоқсан айында, Мен, Мырзамұратов
Сағымғали (Қызылордадан), Құрымбаев Қасқырбай
(Шымкенттен) үшеуіміз пәтер жалдап тұратынбыз.
1986 жылы 16-шы желтоқсан, кешқұрым Сағымғали
екеуімізге, көшеде екі орыс ұлтының жігіттері жөнсіз келіп
тиісті, не керек десек «казахи теперь вам хана» деп себептен
себепсіз шүйлігіп, намысымызға тиетін сөздермен балағаттап,
дөрекілік көрсетті. Арты төбелеспен тарқастық.
Екеуіміз де ұқпаймыз, бұлар неге бізге жөнсіз тиісті
деп. Қойшы сөйтсек, Колбин деген орыс келді, енді сендердің
күндерің қараң, деп тойлатып жүр екен.
Қонаевтың орнынан алынып, Колбиннің
тағайындалғанын біз ертеңінде сабаққа барғанда естідік, сол
кезде ғана кешегі екі орыс жігітінің ерсі қылықтары түсінікті
бола бастады (провокациялық әрекеттердің қай тараптан
болғанын ескеріңіздер).
17-ші желтоқсан сағат таңертеңгі ондар шамасында
498
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Абай, Фурманов көшелерінде қатты айқай-шу болып кетті,
көше толған қазақтың жастары, қолдарында транспаранттар,
ұрандатып «Менің Қазақстаным» әнімен әндетіп өтіп жатыр.
Бізді корпустан шығармады, қамап ұстап отырды, көше әбден
тынышталған кезде, енді үйлеріңе қайтыңдар деп қайтарып
жіберді. Әрі-бері жүріп тобырды іздеп, таба алмадым. Е,
қайтып кеткен екен ғой деп, менде үйге қайттым.
Кешке дейін үйдемін, ештеңеден хабарым жоқ (ол
заманда ұялы телефон жоқ), қасымда бірге тұратын екі жігітте
жоқ, бұлай кешікпеуші еді, қайда жүр екен деп ойлап қоямын,
мүмкін туыстарына қонаққа кеткен болар деп жорамалдадым.
Кешкі сағат сегіздер мөлшері болатын, тасыр-тұсыр
екеуінің үйге кіріп келіп:
- Сен естімегенсің бе, алаңда қазақтар көтеріліп жатыр,
біз қарынымыз ашқан соң ауқаттанып алайық деп келдік, - деді.
Содан үшеуіміз Брежнев атындағы алаңға бет алдық,
келсек, алаң толған қазақтың жастары мен қыздары, атойлап
жүр. Сол жерде институтта бірге оқитын бірталай азаматтарды
кезіктірдім, атап айтсам Жексембиев Ербол (Жамбыл облысы),
Қасимов Оразбек (Семей қаласы), Қаятов Ерғали (Талдықорған
облысы) т.б.
Ерболдың үсті-басы бензин сасып тұр екен, неге деп
сұрасам он сегіз машина өртеуге араластым деп қояды, маған
біреуін қалтырмадың ба, деп қалжыңдадым. «Қазір болады»,-
деп ол да жауап беріп қояды.
Бір уақытта өрт сөндіруші машиналар үстімізге
мұздай суық су шаша бастады, малмаңдай су болдық. Өне
бойымызға мұз қатып дірдектей бастадық. Енді қайтеміз,
еріксіз қолымызға тас қиыршықтарын алып машиналарға
қарай лақтырдық. Біреуі алаңның ортасына тұрып қалды.
Тас тигеннен бе, әлде өшіп қалғанба, оны тексеретін кез емес.
Машинаның ішіндегі жүргізушіні алып шығарып тастап,
машинаны бірнеше жігіт төңкеріп сол жерде өртеп жібердік.
Ерболға айтып қоямын, «міне, менде сенің ізбасарың болдым»,
деп (қалжыңмен).
Қолымызда тас қиыршықтарынан басқа қару жоқ, жалаң
499