ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
шапалақпен ұрып-ұрып жібердім. Су жұтып қойғандай, тұн-
шығып оянды. Олар қайтып келгенше біз автобустың астына
түсіп, жер бауырлап жаттық. Дәл сол кезде соғыста болмасақ
та, жаумен шайқасқан ата-ағаларымыз, Мәншүк, Әлия апала-
рымыздың окопта жатып, қалай жер бауырлағанын сезіндім.
Олар тағы, тағы көп адам тасыды. Ішімдегі ой маза берер емес,
қазір адам санын тексерсе, жетіспейтін екі адам санын іздеп,
бізді тауып алса өлтіріп, сүйреп апарып тастайды. Бірақ бізді
іздемеді, санамаған-ау шамасы? Әлгі екі кісі өлі-тірісіне қа-
рамай, тасып болған соң, бірі рөлге отырып, бірі ішке кірді.
Олар есіктерін жауып, жолға енді жүрейін деп жатқанда, ав-
тобус астынан аунап кеттік. Олар ұзай бере, сүрініп-жығылып,
автобустың келіп-кеткен жолына түсіп ізімен жүре бердік.
Бағымызға Алматыға қарай бара жатқан бір жеңіл
машина тоқтап, бізді ала кетіп, «Ташкент» көшесінен түсіріп
кетті. Орынгүл «попутка» тоқтатып, өзінің хирургияда
«медсестра» - медбике болып істейтін құдашасымен бірге
тұрып жатқан «Дружба» деген аулына кетті. Ал мен попутка
ұстап өз жатақханама келсем, кіре берісте үш ер адам,
қолдарына бірдей қызыл повяска тағып алған патрульдер тұр.
Есіктің шыны көздері болғаны жақсы болар ма еді? Әйтпегенде
байқамай уысына түсер ме едім?
Менің ішке кіруге жүрегім дауаламай, сырттан кеттім.
«Мате-Залка» көшесіндегі Алтын құдашамның үйіне келіп тұр-
мын. Алтын есік ашып тұрып, «үй, түн ортасында неғып жүрсің,
адасып жүрсің бе?» - деп күлді де, «Түріңе не болған ей а!?...
бір жақ беті көгеріп, бір жақ беті бозарып, әй не болды деймін
саған?» - деп көзін бақырайтып, бетін бетіме тақап, «мынау
сау емес», - деді. Менде сұраққа жауап берер шама жоқ, қатты
тоңып кеттім. «Үй мынаған не жеткен ә, беті, ауызы көгеріп?»
- деп мені нұқып қалды да, «сен алаң жаққа барғаннан саумы-
сың?!» - деп, зіркілдеп, «өле алмай жүрсің бе? Маған сенбесең
айнаға қарашы?» - деді. Менде үн жоқ, үндемей жеңбесем бол-
мас, бір ауыз сөз айтсам мың ауыз сөздің пәлесіне қалармын?
Ертеңгі күні 19-ы таңмен тұрып, жатақханаға бардым.
Дүрбелеңнің дүрсілі басылса да күзет әлі тұр. Кіре берісте үш
400
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ер адамның біреуі толық, екеуі орташа келген. «Қарындас сіз
кімсіз, кімге келдіңіз, қайдан келдіңіз?», - деп тергей жөнелді.
Мен аузымды ашып жауап бергенше «Она у нас живет» - деді
вахтер әйел. Бөлмеме қарай жүре бастап едім, вахтер әйел
тергей бастады «тебя вчера не было, позавчера тоже, где тебя
носила, где была?» - деді. Мен бетімді жауып: «у близкого
родственицы» деп жауап бердім. Патрульдің бірі төбемнен
ұрып қалғандай: «алаңға барған жоқсың ба?» - дегенде ба-
сымды шайқап, «жоқ барғаным жоқ» деп өтірік айта салдым.
Қазір егер шындығымды айтсам бұдан бетер, үлкен тергеуге
алып кетер, құрыдым ғой. Өтірікті жек көрсең де, өтірік айтуға
мәжбүрлі кез болады екен.
19-ы, жексенбі, бұл күн «қанды жексенбі» - аталмыш
«траурный день» деп аталды. Өйткені бұл күні көтеріліс болған
алаңда қаза болған жендеттер мен курсанттарды, көкке мылтық
атып, салтанатты түрде жерледі.
20-сы жұмысқа бардым, бізде сестра хозяйка Татьяна
Петровна карта ашатын бір зәлім еді. Сол алдымнан шыға
келмесі бар ма? «Гуля, ты была, участвовала на завостовке?»
- деп, сұрағанда сасқалақтап, «не-нет!» деп өтірік айта салдым
тағы. Өйткені көтеріліске қатысқанымызды білсе жұмыстан
статьямен шығарады – бір, апарып түрмеге жауып тастайды –
екі, өлі -тірі қаларың екі талай – үш.
Жұмыстан үш күнге сұранып алдым. Бетімнің көгергені
басылғанша көздеріне көп көріне бермейін деп, Семей облы-
сы, Шұбартау ауданы, Бақанас совхозына тұрмысқа шығып
кеткен Бағдат апайыма, поезға отырып тартып қойдым. Ол
жақтан қайтып, келіп 24-і күні қайта жұмысқа барғанымда
Татьяна Петровна ақ халаттарды үтіктейтін кабинетке шақы-
рып алды. Кіріп келсем маңдайы қасқайған, қалған шашы
артқа таралған, мұрыны қоңқыш келген, денелі ер адам отыр.
Ол өзін Әуезов атындағы ауданнан келіп отырған тергеуші
«следовательмін» - деп айта кете, «бетіңе не болған?» - деді.
Құлап қалғам дей салдым. Ішімнен ойлап тұрмын, сонда мені
ғана тергеу үшін бе деп. «Гуля скажи все правду, теперь тебе
все равно некуда деться» - деп кабинеттен шығып кетті. Тер-
401
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
геушімін деген: «Алаңға бардың ба? Қай күні бардың? Сағат
нешеде? Кімдермен?» - деп сұрақ астына ала жөнелді. Де-
немді үрей билеп, аяғым дір-дір етіп, қорқа бастадым. «Жоқ,
барғаным жоқ. Алтын құдашамның үйінде болдым», деп оңай
құтылмақпын. Тергеуші: «Сен көтеріліске қатыстың! Барған-
сың алаңға! Жоқ дейсің бе?!»- деп жүзі қатулы. Иә, барғаным
жоқ деп қайсарланып, өтірік айтып, құтылып кету ойым еді.
Тергеуші: «Міне!» - деп, табақтай суреттері бар бетті алдыма
лақтырып жіберді. Мен стол жанында тұр едім, ол төр жағын-
да отыр. Бір орнымда мелшиіп қатып қалдым. Бұл не болды
екен? - деп қарасам көп адамдардың іркес-тіркес тұрған суреті.
Есіме сап ете қалды, алаң, сатылар, құжынаған халық, әске-
ри адамдар, өрт сөндірушілер, иттер. Тергеуші тағы: «Қара,
қара дұрыстап қара! Бар ма екенсің?!» - деп тықақтады. Әлгі
суреттен өзімді көріп шок болдым. Ендігі өтірік айтар амал
қалмады. «Мынау сенсің, иегіңдегі мең ше, қайда жібересің?
Ал жауап бер! Мынаған не дейсің?!» - деп тергеуші мені әбден
тығырыққа тіреді. «Бір жерден құтылдым-ау десем де, бір жер-
ден ұсталған жерім осы болды-ау. Сорлы басым- ай. Қолмен
істегенді мойныңмен көтер дегендей, алса алып кетсінші, не
істесе де, өтірік айтудан жалықтым, беріле салайын, өлтірсе де.
Анама хат та жазу керек еді». Осылай ойымның астан - кестеңі
шығып тұрғанда, кенеттен тергеуші жұмсақ сөйлей бастады:
«Сен өзі әдемі екенсің, шашың да ұзын, шіркін, мендік болса
ғой дегендей екен? Сен егер мен не айтсам соған көнем десең
сені түрмеден аман алып қаламын. Менің әйелім, бір балам
бар - деді, - Жақсылап мені тыңдап ал, мен әйел, баламмен
бірге тұрамын, саған да қалаған уақытымда барып тұрамын,
«семейный общежитиеден» бөлме алып беремін. Ал егер көн-
бесең мен сені осы қазір алып кетем де, бірінші өзім, сонан соң
сол жерде неше милиция бар соның бәріне очеретке қойды-
рып, бере салам!» - деді беті бүлк етпей. Осы бір аласапыран
кезде, мына жексұрынның нәпсісін ойлауын айтсаңшы. Ой
сорлы басым- ай, енді жетпегені маған осы еді?! Тағы да өтірік
айтуға мәжбүрлеп тұр ғой, қайтем енді. «Мен келісім берсем
әкетпейсіз ғой?» – дедім. Ондағы ойым алдап кету. Тергеуші:
402
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
«Қалауың білсін, бірақ тағы да өтірік айтып, менен құтылып,
қашып кетемін деме! Мына суретпен бәрі бір тауып аламын,
өзім іздемесем де қоластымдағыларға айтып таптырамын, өмір
керек болса ойлан, ақымақ болып жүрме!» - деп сенімді түрде
суретті нұсқап қояды. «Жарайды келіссең онда бара бер, бірақ
күнде келіп, тексеріп тұрамын, бар жұмысыңа!» - деді.
Арымды саған кірлетіп қара бет болмай-ақ қояйын, одан
да, қашып құтылғаным жөн болар. Қарап тұрмай қулық ойла-
стырдым, қалай да алдауым керек, әйтпесе менің жүрегінен
талма ауыруы бар анам, менің түрмеде жатқанымды естісе
хәлі не болады? Анам үшін келісім бере салсам да, қашып ке-
тудің бір амалын ойластыру керек, бірақ қалай? Қайтейін енді,
оның көрсеткен суретінен өзімді-өзім көріп тұрып, мойында-
масқа шара жоқ, қатысқанымды, кіммен барғанымды, қашан
барғанымды, иттен қорқып қашқанымды, таяқ жегенімді де
мойындадым. Шырылдап шындық тұрғанда ештеңе жасыра
алмассын, неше жерден жалған айтып, құтылсаң да, бір жерден
тұтыласың. Жасыру мүмкін емес. Мен кабинеттен шығар кезде
Татьяна кіріп бара жатып, «Че, Гуля собирай вещи и досвида-
ния да? - деді. Ия саған, піштіру, аққұлақ! Құйыршығымды да
ұстатпай кетем әлі сендерге! Екеуі не деп ымдасып, жымдасқа-
нын білмедім, Татьяна бұдан былай ештеңе демеді.
Тергеуші жөніне кетті. Ал енді мен тез арада кетуім керек,
бірақ қайда? Ал Орынгүл сол «Дружбаға» кеткеннен келмеді.
Мен анама хат жазып, почтаға салып жібердім. Сондағы: Асыл-
дан ардақты, күмістен салмақты - жан анашым. Сіздің қалыңыз
қалай? Менің қалым аса жақсы емес, жаман да емес. Тек сіз
мені қате кетсем кешіріп, түсінер деген үміттемін. «Анаға хат»:
Өмірге үмітімнен күдігім зор.
Болам ба - деп бір күні оларға қор.
Қолыма бұғау салып әкетсе егер,
Беліңді бекем буып сабырлы бол!
От кешті Отаным!-деп тентек қызың
Отқа күйіп қаларын білмей құздың.
403
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Ұрлық, зорлық күнә жасағам жоқ.
Бар жазығым алаңға барғанымның,
Қалай-ғана түсіндірем ана-жаным!
Осы хатта бір маған ақталу жоқ.
- деген өлең шумақтарымен жолдадым. Өз туған жеріме
келсем, жұмыс орнымдағы құжаттар арқылы тауып алады, одан
да Батыс жері алыс жер - деп киімдерімді терезеден лақты-
рып, Мерген қағып алып, соған ілесіп жүре бердім. Әйтеуір
мені таба алмайтын алысқа бас сауғалап кетуім керек болды.
Бұрыннан таныс, достасып жүрген, қазіргі балаларымның
әкесі Қоштаев Мерген Нәбенұлымен қашып барып - Батыс
Қазақстан облысы, Қаз-Таловкы ауданы, Бостандық савхозын-
да тұратын, Қоштаев Нәбен және Падиша - деген ата-енемнің
қолына келін болып түстім. Қашып барып тапқан жерім сол
болды. Жұмыстан сұранған да емеспін, өз еркіммен - по соб-
ственной желание» де емес, статьямен шығарылған да емес-
пін. Кейіннен мен келмеген соң өздері өз еркімен шықты деп
шығарған болар, мүмкін құжатымды жойып та жіберген болар,
анығын білмейді екенмін.
***
Мен, 1967 жылы, ақпан айының жиырма үшінші
жұлдызында, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Кіші
кесік «Константиновка колхозы», Шірікаяқ ауылында дүниеге
404
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
келдім. Қазіргі кезде Күршім ауданы, Тоқаев көшесі, №27-
үй, №8-ші пәтер тұрғынымын. Бұл аймақ әкем – Мүжебаев
Айымқан Сапиолдаұлы мен Анам – Мүжебаева Нұрғазипа
Нұрмұхамбетқызының ата қонысы.
1999-шы жылдан 2004-ші жылға дейін Шірікаяқ
ауылында тұрып, мектеп жабылатын болып, Күршім ауданы,
Бейбітшілік көшесі, №86 үйді сатып алып, балаларымды
көшіріп әкелдім. Әртүрлі жұмыста жүріп, Зәмзәгүл, Гүлназ
атты қыздарымды өсіріп, жеткізіп, тұрмысқа ұзаттым.
Мейірбек атты ұлымды үй етіп үйлендірдім. Қазір де қол
қусырып отырғаным жоқ, Аллаға шүкір, Өскемен қаласында
жұмыс жасап жүрмін. Негізгі тұрағым, Күршім ауданы, Тоқаев
көшесі, №27 үй, №8 пәтер.
Жалғыз ғана жаныма бататыны Нұрлан деген балам
2017 жылдан бастап аяқтан жүре алмай, 2-топ мүгедегі
болып қалғаны. Қаншама төзімдімін дегеніммен жанымды
жонып, төзімім мен сабырды сары уайым жұқартты. Негізі
бұл жазғандарымды менің кітап бастырып шығарармын деген
топтамамнан алып жіберіп отырмын.
ҚҰЛЖАБАЕВА ӘЛИЯ
Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы –
Айналайын, алтын қанат – Азаттық!
Саған құрбан жастығым да, жаным да,
Саған құрбан атпай қалған таңым да.
Тереңдігі қабірден де тереңдеу
Менің қайғым – Қазағымның қанында!
(Әлібек Шегебай)
405
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Мен, 1967 жылы 11 наурызда
Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауда-
ны, Мақаншы ауылында дүниеге келдім.
1974 жылы 1 қыркүйекте мектеп
табалдырығын аттап, 1984 жылы 25
мамырда орта мектепті бітіріп, Алма-
ты қаласына оқуға бардым. Алматы
қаласындағы Қарғалыдағы Коопера-
тивный техникумына түстім, Шым-
кент қаласындағы филиалына барып
оқыдым. 1986 жылы желтоқсан айында шеруге қатыстым.
Шерудің арты көтеріліске айналып, оған қатысқан
шымкенттік студенттер поезға отырып, Алматы қаласына шығып
бара жатқанымызда, милиция органынан келген топ, бәрімізді
қудалап поезға отырғызбай, поезды мүлдем тоқтатып тастады.
Мені және қасымдағы группаластарымды ұстап оқудан
шығармақшы болды. Жатақханаға қамап, есіктің сыртына
милиционерлерді күзетке қойды. Содан оқудан шықтым.
2007 жылы қайтадан Абай атындағы Пед Университетке
түсіп, 2010 жылы бітіріп, қазір Қаратал орта мектебінде
география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.
ҚҰМАРОВ БАҚЫТБЕК
Мен, 1986 жылы Алматы қала-
сындағы Ленин атындағы КазПТИ та-
у-кен факультетінде әзірлік курсында
оқып жүрдім. Оқитын жеріміз Орби-
та-3 болды. Тұратын №4 жатақхана-
мыз Габдуллин көшесі, 5-үйде орна-
ласқан.
17 желтоқсан күні, түстен кейін
сағат 2-3 арасында сабақтан шығып
№32 ватобуске отырдық, қасымда
курстас ұл-қыздар болды. Сонда,
406
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
автобуста, мұнай факультетінің қыздары «Алматының сту-
дент жастары жаңа алаңға шеруге шығып жатыр» - деп айтты.
Себебі, Дінмұхамед Қонаевты алып тастап, орнына басқа
жақтан Колбин деген кісіне қойыпты, сол үшін бәрі наразылық
білдіріп, шеруге шыққан.
Біз Темирязев көшесіндегі телевиденияның маңында
бәріміз автобустан түсіп, алаңға бет алдық. Келсек, онда еш-
кімді кіргізбейді, қоршауға алған (оцепление). Бәріміз ары-
бері жүгіріп жүріп, бір ашық жерін тауып, алаңға кіріп кеттік.
Сол жерде маған «Қонаевтың орнына неге басқа бір бөтен
адамды әкеп қойды, өзіміздің қазақтын адамын неге қоймады»
деп, не үшін шеруге шыққандарын түсіндірді. Талай адамдар
трибунаға шығып, сөз сөйлеген, ішінде қазақ қыз-келіншектер
болды, ол кісілерді өкімет үйіне алып кетіп, сосын оларды
шығармады. Қайда алып кеткенің ешкім білмейді.
Алаңда бәрі өлең айтып, ұран тастап жүрді. Бір таң қа-
ларлығы, қыздар жылап жүріп «әр ұлттың өз басшысы деп
ұран айтыңдар» деп айқайлап жүрді. «Елім-ай» деген өлең
де айттық. Қонаевты шақырсын алаңға деп және алып кеткен
адамдарды босатсын деген талап койдық.
Кешкі, сағат беске қарай, алаңға жан-жақтан қазақтын
студент жастары, жұмыскерлер келіп жатты. Оларды милиция
кіргізбеді. Сонымен қатар, милиция, әскерлер де келіп жатты.
Бір кезде қақтығыс басталып кетті.
Сырттағылар қоршауды бұзып бәрі алаңға кірді. Алаңдағы
сарбаздар, милиция жасақтарының қолдарында таяқ, қалқан, ба-
старында каска халықты қуа бастады. Біздің қолымызда түк жоқ,
амалсыздан алаңдағы ағашты сындырып қаруландық. Ол оңай
сынбады, мрамор плиталарды бұзып алдық. Бұрынғы соғыстағы
сияқты, екі жақта сапта тұрдық, сонда сарбаздардың арасында
қазақ жігіттері болды, олар біз не істейміз деп әрең жылжығын-
дай болып көрінді. Ал орыстар болса, тебініп, қалқандарын ұрып,
айбар шегіп тұрды. Біз оларды таспен атып, қуып, ақ үйге дейін
апардық. Тас біткесін қайта артқа қарап қаштық. Жолда құлап
қалған қыз-жігіттерді ұстап әкетіп жатты. Біз дайындап қойған
тастарды алып қайта шабуылға шығып, оларды тағы қуып тасты-
дық. Бір кезде бір топ әскери сарбаздар мен офицерлерді қысып,
407
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
итеріп, трибуна қасына әкелдік. Солдаттарға тиіспей, олардың
жазығы жоқ деп, қолдарындағы қаруларын алып, өздерін босатып
жібердік. Ал офицерлер аздап таяқ жеді.
Бірнеше рет қақтығыстар болды. Әскерилер біз атқан
тастан қорғанып қалқандарын қойып артына тығылытын бол-
ды және біздің лақтырған тастарымызды алып өзімізге атты,
талай кісілердің басына, бетіне тиді. Сол кезде біреулер «мед
институт!» деп айғайлап жатты, олар (қыздар) келіп, жара-
ланған адамдарды әкетіп жатты. Біраздан соң алаңға әскери
өрт сөндіру көліктері кірді, төбесінде сумен ататын пушкасы
бар. Олар қаншама адамдарды сумен алып құлатты, бәріміз
жаң-жаққа қашып жүрдік. Оған да қарамастан жан-жақтан
таспен атып, ол көлік тоқтатылды.
Мен сонда жүгіріп жүріп дипломатымды жоғалтып ал-
дым. Бір кезде бір жігіт құлап қалған қызды қолына көтеріп
алып, екі ортаға алып шығып «мынау қызға не істедіңдер»
деп айқайлады, ол қыз ес-түссіз болатын, артынан оған не
болғанын білмедім. Біраздан соң, сағат түнгі онға таман алаңға
генерал Нұрмұхамбетов шықты, қақтығыстың бәрі тоқтады.
Мен дипломатымды іздеп, 1-2 квартал төмен жерде, бар-
дюрдын үстінен тауып алдым, алаңда құлаған киім-кешек, бас
киімдер, сумка, папкалардың бәрін қыздар жинап алып астына
тығып қойған. Сол аланда қаншама қайсар қыздар болды, ұстаз
болып істейтін қыз-келіншектер беріліп, бәрі жылап жүрді.
Енді жатақханаға
қайтайын деп тұрғанда, бірге
оқитын орыс тобынан екі до-
сымды кездестіріп, олар да сөй-
лесу жеделхаты бар екен, соның
арқасында әрең жатақханаға
кірдік, өткені вахтаның ішінде
толған милиция мен деканат
мүшелері отыр екен.
Сол кезде мен ұлттың тәу-
елсіздігі мен құқығын қорғауға
жанталасқан қазақ қыздарына
таң қалдым.
408
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ҚҰСАЙЫНОВ БАУЫРЖАН
Институт бітіргенімізге 30 жыл
болыпты-ау. Кездесу жайында ақыл-
дасып, әңгіме барысында ШҚО облы-
сында желтоқсаншыларға арнап кітап
шығарылғалы жатқаны туралы естідім,
біраз бастан кешкен оқиғаларды айта
кетейін деген ой туды. Нұрқалық - По-
ток старостасы болды.
Қазақстан тәуелсіздігі желтоқсан-
нан бастау алады. Өз басым Желтоқсан
- оқиға емес, қазақтың ұлт азаттығы жо-
лындағы көтеріліс, тәуелсіздіктің баста-
уы деп білемін. Оған Г. Кольбиннің Қазақстанға келгені - басты
себеп болды. Қазақ жастарының осы көтерілісінің арқасында
өзге бауырлас республикалар, 70 жыл үстем еткен империя-
ның іріп, шірігеніне көздерін жеткізіп, көп уақыт өткізбей, өз
тәуелсіздігін алды.
1986 жылы 17 желтоқсаны менің де көңілімде бүгін-
гідей сайрап тұр. Ол кезде мен Алматы қаласындағы Ауыл
Шаруашылық Инстиутында 1 курс студенті едім. Бұл күні
де біз, таңертең әдеттегідей сабаққа баруға жиналып жатқан-
быз. Бір уақытта радиодан Қазақстан Компартиясы орталық
Комитетінің Пленумы болып, Д.А. Қонаевтың денсаулығына
байланысты қызметтен босағаны туралы, оның орнына бұған
дейін Ресейдің Ульяновскі облысын басқарған Г. Кольбиннің
тағайындалғаны жөнінде хабар берілді. Барлығымыз таңқа-
ларлықтай жағдайда болдық. Сол кезде бәріміздің басымызда
«Ағамыздың ауырғанын естімедік қой, егерде оның денсау-
лығы келмей жатса, орнына бір қазақ не болмаса Қазақстанда
тұратын өзге ұлттан біреу табылмағаны ма», - деген ой келді.
Сабақ аудиториясында отырған кезде, даладан жиналған
адамдар келіп, ұйымдастыра бастады. Сол күні сабақ болған жоқ.
Кешке біз АЗВИ-ға бокстан жарысқа барғанбыз, (он шақты
студент) жарыс сағат онда бітті. Жатақханаға мен кіріп үлгердім,
409
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қалған балаларды милициялар ұстап алып кетті. Оларды үш күн
қамауда ұстады. Негізгі себебі: «Көтеріліске шықты» деген айып.
Келесі күні алаңға шықтық. Алаңға шығу себебіміз: «Қа-
зақстанның намысын қорғай отырып, Г. Кольбинға қарсылығы-
мызды білдіру. Әр мемлекет өз ұлтынан болу керектігін талап
еттік. Г. Кольбинге қарсы шықтық. Біздің қазақ жастарының
халқына деген, жеріне деген талаптарына жауап беруіне өтін-
дік. Алаңда милициялар мен әскери адамдар болды, қолдарын-
да қалқан, дубинка, лопатка (күрек) болды. Алаңда ыстық су
мен мұздай суды халыққа шашып, халықты алаңнан қуды.
Жылаған адамдарды елемей, машинаға тиеп, ұрып, әкетіп
жатты. Мен су болып, жатақханаға келдім. Жатақханаға кел-
сем, алдымда әскерилер қатар тізіліп тұрып жатыр екен,
мен жатақханаға кіріп үлгердім, (яғни, есікті жауып үлгердім).
Оларды мен ішкі жатақханаға кіргізбей жауып тұрдым, ми-
лиция мен әскери адамдар 5 минуттан кейін мені желкемнен
ұстап, артқы жағымнан лақтырып жіберді, артыма қарасам,
өзіміздің мұғалім - кафедра меңгерушісі Жанбаев есікті ашып
жіберіпті, содан кейін оның өзі таяқ жеді. Милициялар мен
әскери адамдар жатақханаға кіріп кетті. Студенттерді сабап,
тепкілеп машинаға тиеп алып кете бастады.
3-4 этаждан студенттерді лақтырды. Біз қарсы шығып,
жатақханада милициялар мен әскери адамдарға қарсылық
көрсеттік және қуып шықтық. Төбелестік, бөтелке лақтырдық,
таспен қарсы шықтық. Мейілінше қолдан келгенінін жасадық...
Осы оқиғадан кейін талай студент құқығын қорғай алмай,
оқудан себепсізден-себепсіз шығарылды. Қазақтың қайсар
ұлдары мен қыздары бастап берген Тәуелсіздік жолындағы
күрестің нәтижесін бүгін, тек қана Қазақстан халқы ғана емес,
сол кездегі одақта болған барлық бауырлас елдер көріп отыр.
***
Құсайынов Бауыржан Ишембайұлы 1965 жылдың 29
мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Ақжар селосында өмірге келген. 1986-1991 жылдары Қазақ
ауыл шаруашылығы институтының студенті болған.
410
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ҚЫРЫҚБАЕВ МҰРАТ
1983 жылдың 8-ші қазаннан бастап
1985 жылдың 18-ші қазанға дейін Герма-
нияда Рехаген деген қаласында әскери
борышымды өтедім. Содан кейін ауылға
оралып, Марқакөл ауданында, Алексеев-
ка ауылында орталық мәдениет үйінде
жүргізуші болып қызмет жасадым. 1986
жылы Алматы қаласына барып, СХИ
механика факультетіне құжаттарымды
тапсырып, оқуға түстім, студент болып
жатақханаға орналастым, бір бөлмеде төрт жігіт бірге тұрдық,
Саниязов Бекежан, Нұрманбетов Талғат, Телманов Ертай және
мен. Бекежан мен Талғат жерлестерім, ал Ертай - Қызылорда
облысынан. Саниязов Бекежан ШҚО, Катон-Қарағай ауданының
тумасы, ал Нұрманбетов Талғат ШҚО, Күршім ауданының тумасы.
1986 жылы 16 желтоқсанда көтеріліс басталғанда мен
дәрісханада отырғанмын, қасымда кімдер болғанын нақты
есімде жоқ, бір мезетте бәріміз орнымыздан атып тұрып
сыртқа тұра жүгірдік, сыртқы есікте бізді декан мен екі мұғалім
шығармай тұрды, бірақ оларды ешкім тындамай шығып кетті.
Мұғалімдер мен деканның аты жөндерін ұмытып қалыппын,
естісем есіме түседі. Содан бәріміз орталық аланға бардық.
Үш күн қатарынан бардық.
Бірінші күні біз жиналып тұрған кезде Н. Ә. Назарбаев
ортаға шығып сөз сөйледі, халықтың шуылдағанынан дұрыс
естілмеді, шамамен түсінгенім бойынша халықты тоқтату үшін
басу сөз сөйледі. Содан кейін бізді милиция қызметкерлері қуа
бастады, халық өте көп болды, милиция қызметкерлері бізді
артқа ығыстырған кезде бір-бірімізге басылып қалдық, себебі
олар шоқпармен және әйнек қалқандармен қаруланған бола-
тын. Шоқпармен ұрып, қалқанмен итермеледі, мен алдыңғы
қатарда болғанмын, артқы катарлардың ұшып жатқан тастар
бізге де, милиция қызметкерлеріне де тиіп жатты, содан бәріміз
қашып құтылдық.
411
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Келесі күні ғой деймін тағы да жиналып алаңға бардық,
содан шуылдап Колбин кетсін деп айқайлап шулап тұрдық,
бір кезде бір адам трибунада тұрып, дауыс зорайтқышпен
айқайлап сөйледі, араларыңыздан бірнеше адам трибунаға
шығып талаптарын айтсын деді. Содан кейін арамыздан бес
адам шықты, ішінде атақты жазушымыз Сүлейменов Олжас
аға бар еді, нақты не айтқаны қазір есімде жоқ. Сол трибунада
бір әйел адам сөйлеп жатқанда бақыртып қолдарын қайырып,
милиция қызметкерлері бесеуін де алып кетті.
Алаңда тұрған милиция қызметкерлері бізді ұрып-соға
бастады, не болып кеткенін ұқпай қалдық, өрт сөндіру көлігі
келіп су шаша бастады, оның алдына бір патрульдік көлік
ағызып келіп бізді соқты, тоқтаған кезде патрульдік көлікті көп
жігіттермен аударып тастап қаша жөнелдік, ішінен бір милиция
майоры бізден қашты. Жатақханаға қашып келіп тығылдым,
екі милиция қызметкері артымнан қуып келіп бөлмеде соғып,
боқтап кетіп қалды.
Оқиғалар үш күн арасында болды, күндерін мүмкін шата-
стырып отырмын, тағы бір күні жастар болып Абай көшесімен
өрлеп келе жаттық, өте көп халық болды, сол кезде бізге қарсы
автобус келе жатты, жүргізушісі орыс ұлттының жігіті болды.
Жігіттер оны автобустан түсіріп тастады да, бәрі автобусқа
сыйғанынша мініп алды, ішінде мен де бармын, содан кім
автобус жүргізе алады деп шулады, мен жүргіземін деп рөлге
отырып, автобусты алаңға дейін апардым. Біз түскен кезде алаң
басында милиция қызметкерлері мен әскери көліктер толып
тұрды, тағы да бәрімізді тырқыратып ұрып-соғып қуды. Әй-
теу қашып құтылдық, содан кейін бізді жатақханадан қоршап
шығармай қойды. Кейіннен мені милиция қызметкерлері іздеді,
сол үшін мен ауылға қашып кетіп қалдым. 1987 жылы барып
ерікті түрде арыз жазып оқудан шығып кеттім.
Біздің ішімізде төмендегідей жігіттер болды:
1. Белдеубаев Мұрат бізді ұйымдастырып бастап жүрді,
батыл өжет еді.
2. Саниязов Бекежан
3. Нұрманбетов Талғат
412
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
4. Сүлейменов Нұрлыбек
5. Жексенбаев Серікжан
6. Алеш (Ануар) фамилиясын ұмытып қалыппын
7. Аймұханбетов Нұрхалық
8. Дәулет
9. Жеңіс
10. Архат
11. Ерік
Тағы да басқа
жігіттер болды,
оларды ұмытып
қалыппын.
***
Қырыкбаев Мұрат Қадырмолданұлы 1965 жылы
23-ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданының
Қызылтас ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1972
жылдан бастап, 1982 жылы 25 маусымда Марқакөл ауданы
Қарой ауылында оқып бітірген, сол күні Қарой совхозына
жұмысқа трактор жүргізушісі болып орналасқан. Совхозда
жұмыс істеп жүріп, совхоз атынан 1983 жылы қазан айында
шофер курсын бітіріп, жүргізуші куәлігін алып, әскер қатарына
шақырылған. Желтоқсан ардагері.
МАЙГАРАНОВА ӘЛИЯ
1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасының қатысушысы және
куәгері ретінде өз естелігімнен...
Мен, ШҚО, Үржар ауданы,
Ақшоқы ауылының Тұрағұл Қоңыр
атындағы орта мектептің тарих пәні
мұғалімімін. Қазір Ақшоқы ауылында
тұрамын.
413
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
1986 жылы 17 желтоқсан Қазақтың Қыздар педагогикалық
институтында, Тарих және Заң негіздері факультетінің 3-
курсында оқимын. Сол күні қар жауып Алматы қаласы аппақ
қарға оранған. Күн қатты суық, ызғарлы. Мен туған тәтемнің
үйінде тұратынмын. Күнделікті әдетіммен сабаққа келдім.
16-желтоқсан күнгі жаңалықты теледидардан естігеніммен
толық хабарсызбын. Таңертең автобуста халықтың әбіржулі
екенін, мазасызданып, күбірлеп, сөйлеп келе жатқандарын
байқадым. Сабаққа келгенде де курстастарымның біртүрлі
алаңдаушылықтарын байқадым.
Содан 08.30- да бірінші группаға КПСС тарихы
басталды. Сабақта 1 - пардың 1 - сағаты жүріп жатқан кезде
даладан қатты айқайлаған дауыстар естідік. Қолдарында
транспоранттары бар, суреттер, неше түрлі лозунгілер ұстаған
жастардың ұзын легі Гоголя көшесімен жоғары қарай өтіп
жатыр екен, халықтың көптігі сондай, көшеге сыймайды.
Ұзын лек тіпті бітпейді. Айқайлап, шулап кетіп жатты. Біздер
не жағдай екенін білмейміз, барлық студенттер терезеден
қараумен болдық. Мұғаліміміз: « - Мен қазір келемін», -
деді де шығып кетті. Сырттан «Қазақстаным» әнін айтқан
жастардан, «Қыздар! Намыстарың болса көшеге шығыңдар»
деген сөздерді естідік. Сабақтың ары қарай жалғастырылуына
мүмкіншілік болмады. Тарих факультетінің деканы мен оқу
бөлімінің хатшысы келіп біздерді тыныштыққа шақырып,
«Сендер, тарихшысыңдар, мына көшедегілердің қатарына
қосылатын болсаңдар, саяси сотталасындар» - деп қатты
ескертті. Сабақ өтілмеді. Кураторымыз келіп, барлық
студенттердің сапқа тұрып, бір кісідей жатақханаға баруларына
бұйрық берді. Мен үйде тұратынмын. Жатақханаға барсам
қайта шыға алмайтынымды білдім де, сумкамды алып
сыртқа қаштым. Далаға жүгіріп шыққанымда, оқу орнының
алдындағы көп милиционерлерді көргенімде есім шығып кетті.
Ақырын жүріп отырып Қазақстан кинотеатрының алдындағы
аялдамаға келдім. 09.30-дан 11- ге дейін аялдамада тұрдым.
Әрең дегенде 94-ші автобусқа отырдым. Сейфуллин көшесінің
жоғарғы Абай көшесіне шығу жағы тыныш екен, халық көп.
414
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Автобустың ішінде орын жоқ. Халық иық тіресіп тұр. Алдыңғы
жақта екі әйел ұрсысып жатты. Бір кезде «Вонючие казахи...»
деген сөзді естідік. Үлкен қазақ апасы орыс әйеліне біресе
қазақша, біресе орысша сөйлеп, «Если казахи вонючие, зачем
тебе жить в Казахстане, бар өзіннің еліне, менсінбесең» деп
қатты сөздерді айтты. Бір байқағаным, сөздің басын орыс
әйелі бастады, Қазақтардың намысына тиетін ауыр сөздер
айтты. Автобус ішінде қатты толқу. Автобустың орта шенінде
мен тұрмын. Алдымда кішкентай ғана ауылдан келген қазақ
қызы тұр екен. Оның жанында алпамсадай екі орыс жігіті
тұрды. Маған ол екі орыс жігіті спортсмендер сияқты көрінді.
Бір уақытта автобус іші қатты толқу, айқай шу, орыстар
орыс әйелдің сөзіне қосылып айқайлап жатты (Сол кез адам
құқығының аяққа тапталып, баса-көктеп билеу кезеңі болғаны
көрініпте тұратын, қазағымның кеңпейілділігі, қандай қорлық
пен азапқа болса да шыдап келген кезі)
Жанымдағы қаршадай қазақ қызы сіңілім сияқты көрінді.
Орыс жігітінің бірі сол кішкентай ғана қызды ұрып жіберді.
Қыз баланың бас киімі ұшып кетіп, өзі де құлап қалды. Мен
орыс жігітіне айқай салдым. « - Ты почему бьешь?» - деп бір
уақытта менің өзіме иығыма алпамсадай дәу жігіттің жуан
жұдырығы сарт етіп тиді. Есеңгіреп, бір есім бар, бір есім жоқ,
талып қалыппын. Есімді жинасам, автобус іші қатты айқай шу,
бір қазақ әйелінің «Қазақтар бар ма, қазақтарды ұрып жатыр»
деген сөзі естілді. Автобус қатты жүріп тоқтайтын емес, іші
төбелес, жұдырықтасу. Бір кезде арт жақтан үш қазақ жігіті
елді құлатып жапырып, орта шеңге келіп, екі орыс жігітін быт-
шыттарын шығарып тепкіледі. Бір қазақ жігіті қатты жүріп
бара жатқан автобустың есігін келіп ашты, қазақ жігіттерінің
екі орыс жігітті арттарынан теуіп құлатқанын көрдім. Екі орыс
жігіті жол шетіндегі арыққа цементке құлады. Сол кезде біздің
намысымызды қорғап, араша түскен ағаларымыздың бар екеніне
көзім жетіп, қуанып, бойымды керемет патриоттық сезім биледі.
Керемет мақтаныш сезімді байқадым. Автобус Абай көшесіне
шыққанда үлкен топтың көшені босатпай айқайлап келе
жатқанынан қашқан автобустың шоферы автобусты үйлердің
415
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
арасымен айдап, Сәтпаевадан жоғары қарай қашса да, үлкен
топтың арасына кіріп кетті. Автобус үлкен топтың арасында
қалды. Біздерге сыртқа шығындар деп айқайлады. Шофер
автобустың есігін ашпай қойды. Халық автобусты шайқап
құлатуға шақ қалғанда, халық айқайлап есікті ашқызып, сыртқа
шықтық. Бұрын-соңды мұндай жағдайды көрмеген бізді керемет
қорқыныш, үрей биледі. Ашынған халықтың қолдарында ұзын
таяқтар, тастар, шегелері бар. Тәуелсіздікке деген талпыныс,
азаттыққа деген арпалыс, жастардың қолында «Қазақ еліне
қазақ басшысы керек, намысты қорғайық» деген жалынды
ұрандар айтылды. Сол топпен бірге жастарға қосылып,
айқайлап талабымызды айтып, «Қазақстан» әнін айтып үлкен
үмітпен жүрдік. Сол жерде өз курстастарым: Агалиева Айгүл,
Тхметова Гүлнара, Сейітова Нұршат, Зейнуллина Дина, Мекеева
Майра, Байангазина Майгүлдерді кездестіріп қалдым. Суыққа
тоңған, қайсар, қайратты қыздардың көздерінен от-жалын
байқадым. Олар да Тәуелсіздікке деген арпалыстарын білдіріп,
патриоттық сезімдерін білдірді. Қазақ жастары ортада, оларды
қоршаған милиционерлер, солдаттар, жасақталған отрядтар
дубиналарымен жастарды аямай соққанын көзім көрді. Өзіме
де сол бір милиционердің қатты соққысы келіп, кеудеме тиді.
Топпен бірге ішке қарай қашамын деп құладым. Топтың
астында қалдым. Бір қазақ қызы келіп көмектескені есімде.
Жылаған қыздардың ащы даусы, айқайлаған жалынды сөздер,
ащы дауыстардан қатты үрейде болдық.
Жасақталған отрядтың соққы-
сымен бірге суықта жастарға маши-
намен суық су шашқаны тіпті сорақы-
лық болды. Сол кезде бірге жүрген
курстастарымнан жан-жаққа қаша-
мын деп ажырап қалдым. Курстас
қыздарымның соққыға жығылғанын
да көрдім. Ауыр жарақаттар алды.
Нұршат курстасымды милиционерлер
топтан сүйреп, ұрып-соғып, жабық
машинаға тығып көп жастармен бірге
416
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
алып та кетті. Қыздардан ажырап қалғаннан кейін топпен бірге
ішке қарай ары-бері қашып, жасақтар мен милиционерлердің
қолына түспеу әрекетін жасадым. Күннің ызғары, қарынның
ашқаны, бәрін ұмытып, аман қалудың жолын іздедім. Намыс-
шыл жігіттердің қарулы жасақтарға қарсылық білдіргендерін
сүйреп, ұстап әкетіп жатқанын көрдім. Қазақ қыздарының
шаштарынан сүйреп, тепкілегенін де көрдім. Жол шетіндегі
арықтарда өліп жатқан жастарды да көрдім. Бір-бірімізді таны-
масақта қыздар бір-бірін қолдап сүйеп, тұрғызып, жанашыр-
лықты таныттық. Содан кеш қарая жанымда жүрген бейта-
ныс төрт қызбен талдардың қалқасымен топтан әрең дегенде
сытылып шығып, талай жерді жүгіріп отырып, Жандосова
көшесі бойындағы күнделікті өзім отырып келетін автобусыма
отырдым. Сол автобуспен үйіме келе жатып, соңғы аялдамаға
жақын қалғанымда автобуста мен және үш жігіт қалыппыз.
Жердің мұз болып қатқандығы сондай біз отырған автобус
шыр көбелек айналып аударылып қала жаздадық. Әрең дегенде
автобус шоферы автобусты басқара алып, тоқтатты. Үрейден
үрей билеп, есім шығып, қатты қорқып отырғанымда үш жігіт-
тің біреуі « - Мына қарындас қой, бағанағы автобус ішіндегі
бізді жақтаған» деген сөзін естіп қарасам, расында да қазақ
қыздарының ар- намысы үшін жандарын салған батыр ағала-
рымды көргенде жылап жібердім. Бұл үш жігіт НАРХОЗ- дың
жігіттері екенін НАРХОЗ - дың жанынан түскенде білдім. Сол
ағаларға мың да бір рақметімді айтамын.
Осы Желтоқсан оқиғасына қатысқанымды жария етіп
айта алмадым, себебі, қатысқан жастарды оқудан шығарып,
әке-шешелерімізге де кесіріміз тиіп кететінін біліп құпия
ұстадық, қорықтық. Нұршат курстасымызға рақмет. Нұршат
сол кезде студент бола жүріп, жатақханада комендантша да
болып істеді. Көтерілістен кейін КГБ қызметкерлері келіп,
Нұршатты бірнеше сағат бойы тергеген. Көтеріліске қатысқан
әр оқу орындарының бірнеше жәшік суреттерін әкеліп
ешқандай жасырмай көрсетіп, айтуын талап еткен. Жасырған
жағдайда жазаға тартылатынын ескертіп қорқытқан. Нұршат
курстасым қауіпке басын тіксе де біздерді аман алып қалып,
417
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бұл қыздар біздің оқу орнынан емес деген. Себебі, топтың
ішінде жүрген біздерді фотодан өзі таныса да, жасырып,
болашағымызға балта шапқыздыртпай, аман алып қалған.
Міне, мен осылай Желтоқсан көтерілісінің қатысушысы
мен куәгері болып шықтым. Содан бері ешкімге жариялап
айтпадым. Саяси сотталудан, оқудан шығып, ауыр қылмыскер
саналудан қорықтым.
Бүгінгі таңда тарихтың ақтаңдақтарының сырын ашып
жатқанда, менде осы оқиғаны жазып, жариялап отырмын.
Өзіммен бірге көтеріліске қатысқан курстастарым бүгінгі
күнде:
1. Тұрбекова (Тхметова) Гулнара – Атырауда, тарихшы.
2. Мекеева Майра – Атырауда, КазМұнайда, инженер.
3. Сейітова Нұршат – Алматыда тарихшы.
4. Агалиева Айгүл – Павлодарда тарихшы.
5. Зейнуллина Дина – Алматыда тарихшы.
Автор: Майгаранова Алия Кинаятовна
Желтоқсан оқиғасына қатысып, елінің патриоты болған
курстас қыздарыма куәгермін.
2021, 20 – қазан.
МАМИЕВ ЖАНАТБЕК
Мамиев Жанатбек Ғазизұлы - 1961 жылы, 8 тамызда
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген
азамат. 1986 жылы Алматы қаласында жұмыс істеп жүрген кезі.
17 желтоқсан күні жолдастарымен көшеде жүрген. Бейтаныс
қыздардан, «Сіздер неғып жүрсіздер, Қонаев атамызды алып
тастады» дегенді естіп, мән-жайды ұғады. Сонда 1,5 метрдей
түзу ағашты алып екі жағын екі жігітке ұстатып, ортасын
қаңылтырмен орап, екі қолға таяқ ұстап, барабан сияқты
соғып бүкіл жатақханадағыларға айғайлап, кеттік алаңға,
қазақтар қайдасыңдар деп, бүкіл қазақтарды жинаған, барабан
соққан жігіт осы Жанатбек еді. Олар көшенің ортасымен
барабан соғып, артынан бір топ азаматтар еріп, алдыңғы
418
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
шепті өздері бастап келе жатқанда, ортасынан бір қыз шығып,
«азаматтар, біздің жүгенсіз кеткеніміз дұрыс емес, Жазушылар
одағына барсақ қайтеді» дейді. Содан Жазушылар одағына
келіп, «Мұхтар аға, Олжас аға» деп айғайлайды. Бірақ олар
шықпайды. Сол жерде біраз айғайлап, қайта алаңға қарай
беттейді. Сол жерде топтың ішінен үлкен театрдың жетекшісі,
лауазымды азамат Азербайжан Мамбетовты көреді.
Топ ішінен әкімшілікке кіру керек болады, Марат Сабиев
деген Күршімдікі, Қалғұтының тумасы, сол азамат және тағы
бір жігіт, одан кейін бір қыз үшеуі кіреді. Қанша уақыт өткені
белгісіз, үшеуі шыққан кезде қыздың жылағанын, айтқанын
естіді, одан кейін солдаттардың шабуыл жасап қуалап,
қашқанына өзі куә болған. Көп фотосуреттегі адамдардың
жанында тұр. Мамиев Жанатбектің суреті бар. Қырындап,
беттеріңді көрсетпеңдер деп айқайлап тұрған дауысын
естігендер де бар және қырындап түскен фотосы да бар.
Солдаттар қуалаған кезде қашып келе жатып, өзінің кластасы
Самал деген жығылып жатып, «Жака-Жака» дегенде, қолынан
жұлқып тұрғызып, жағасынан ұстай алып сүйрей ала қашқан
азаматымыз осы адам. Ол бүгінде Өскемен қаласында бапкер
болып оқушыларды тәрбиелеуде.
МАМЫРБАЕВА ШЫНАР
Сол кезде мен бар жоғы
23 жаста болатынмын. Барлығы
да есімде, Желтоқсан ызғары
жүрегімде мұздай болып қатып
қалған сияқты. Сол күнгі Желтоқ-
санда Алаңға шығуыма себепкер
болған жандарға, өзіме әліде риза
боламын.
Алматы мақта-мата ком-
бинатында (АХБК) жіп иіруші
болып жұмыс істедім. Түнгі
419
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
кезектен келіп демалып жатқаным сол еді, көзім ілініп кетіпті,
кенеттен шошып ояндым, құлағыма дауыстар келіп жатты,
тұрып қарасам далада көптеген жігіттер мен қыздар жатақхана
терезесі алдында біздерді Алаңға шақырып тұр екен. Менің
патриоттық сезімім, Отанға деген сүйіспеншілігім күшті
болғандықтан бірден далаға шығып, Алаңға баруға бел будым.
Сол кездегі атойлаған сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес еді.
Біз келген кезде жастарға алаң лық толған, ине шаншар
жер жоқ. Ұрандаған жас қыздар мен жігіттерге мен де қосылып
кеттім. Сол жерде болған қанды оқиғаны, басымнан кешірген
жағдайды еске түсірсем: дубинкадан таяқ жегенім, естен
тандыру әдіс-айласын қолданып есімнен тандырғаны... бәрі,
бәрі көз алдымда.
Сол жерде алғашында таныстарым, туыстарымның
жүргенін көрдім, бірақ олардан аяқ асты көз жазып қалдым.
Өйткені милиция мен әсери адамдар бізді бөліп-бөліп қоршап
алып, бір-бірімізден ажыратып жіберді. Қоршауға түскенен соң
солдаттардың бізді аяғалы тұрмағанын жүрегім сезді. Қаша-
мын деп құлаған кезде тобырдың астында қалдым. Сол кезде
мені ұстап алды.
Біздері сол сүйреген қалпымызда Алаңның ары жағында
тұрған автобустарға қой тиегендей тиеп алды. Менің бір өзіме 3
әскери адам жабылып сүйрегені әлі есімде. Қорыққаным да бар,
мұрнымнан қан саулап тоқта-
май қойды, соққыдан белімді
баса алмай қалдым. Басым ге-
мотома болып ісіп кетті.
Мен автобуста есімді
жинаған кезде қан жоса
болған, құлағы жырылып қан
атқылаған қызды көргенде не
болғанымды айтып жеткізу
мүмкін емес. Әлі күнге дейін
сол күнгі оқиға есіме түссе,
жан дүнием төңкерілгендей
болады.
420
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Аллаға тәубе жарық дүниеге құштарлығымның арқасын-
да аман қалдым деп ойлаймын. Айта берсем өте көп жағдай
басымнан өтті, бірақта осыны көзіме жас алып отырып жазып
отырмын. Осы Желтоқсанда құрбан болған, бірақ белгісіз бо-
лып әлі айтылмай келе жатқан қыздар мен жігіттер қаншама
десеңізші. Солардың Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін құрбан
болғанын біреуі білсе, біреуі білмес. Соған жаным ауырады.
1986 жылдан бері 35 жыл өтсе де Желтоқсан оқиғасы, жоғарыда
көрген жаншошырлық суреттер менің жадымда мәңгі сақталады.
Зайсан қаласы, Шығыс Қазақстан облысы 2021 жыл
МАМЫТОВА ЖАНАТ
Мектептегі оқуымды 1980 жылы
Алматы қаласындағы арнаулы физи-
ка-математика мектебінде (РФМШ)
жалғастырдым. 1982 жылы сол РФМШ
бітіріп, Санкт-Петербург қаласындағы
жоғарғы оқу орынына инженер-ме-
дик мамандығы бойынша білім ал-
дым. 1986 жылы отбасы жағдайыма
байланысты, Алматыға қайта келдім.
Ауыл шаруашылық институтының
экономика факультетіне оқуға түстім.
1990 жылы оны бітіріп шықтым. 1986
жылы 17-желтоқсан күні Алматыда Брежнев алаңында болған
бейбіт шеруге шыққан қаншама қазақ жастарының ішінде болған
желтоқсан оқиғасының куәгері болдым.
17-желтоқсан күні суық хабарды естіп есеңгіреп қалдық.
Енді еліміз қандай күй кешер екен, болашағымыз не болады
деген алаңдаушылық пен үрей бізді алаңға апарды. Бізді ешкім
үгіттеп, мәжбүрлемеді. «Алаңға шығамыз, алаңға» - деген қазақ
жастарына қосылып бейбіт шеруге шыққан едік. «Қазаққа
қазақ басшы» деген негізгі ұранымыз болды. Талаптарымыз
қабылданбай тарқамаймыз дедік. Бірақ, бізді тарқату үшін
421
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қарулы күштер қолданып, аяусыз соққыға жықты. Алаңда
қаншама жазықсыз жандар қан төгіп, өмірлерімен қоштасты.
Қаншама таныс, жақын, жолдастарымызды жоғалтып,
жүрегімізде жазылмастай жара қалды.
Мен сол институтты бітіріп 1990 жылы өз туған жеріме
Зайсанға оралдым. 1990-1996-шы жылдар аралығында
Кеңсайда, ауыл шаруашылық саласында өз мамандығым
бойынша қызмет еттім. 1996 жылы шаруашылық тарап кетті.
…Азаттық!!! деп аппақ тілекпен,
Ұлы далалық жүрекпен,
Абақтыдан айқайлаған арыммен;
желтоқсанның қар-мұзындай ызғарлы –
қан сасыған сан ғасырдың табымен;
көкшіл түнде көкке ұмсынған Тәңірлі –
Көк бөрінің зарымен;
жан дүниемнің жасын жаңбырын селдетіп…
Соқыр заман мен Ақырзаманның арасын,
Өлеңімнің музыкасымен тербетіп,
Жалап жазып, жүрегімнің жарасын,
Елім деген есті үмітке елжіреп,
Көк байрағым желге қарсы желбіреп!
Ауызымда аласұрып қызыл тіл,
Тәуелсіздігіме сүйініп,
Таңдайыммен табынып,
Маңдайыммен иіліп,
Қан майданда қаным сіңген топырағымда тебіреніп,
Уай, Әділет!
Алдыңда Теңіздей толқып сөйледім!!!
(Бауыржан Қарағызұлы)
***
Мамытова Жанат Ғұмарқызы, 1965 жылы 21 наурыз
айында өмірге келген. Туған жері Сарши ауылы, Зайсан ауда-
ны, қазіргі Кеңсай ауылы. Мичурин орта мектебінде оқыған.
1986 жылы Алматыда желтоқсан көтерілісіне қатысқан, Жел-
тоқсан ардагері.
422
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
МЕШЕЛОВ АСЫЛБЕК
Әскерден соң арман жетелеп
Алматы қаласына аттандым.
Жанұямның тұңғышы болған-
дықтан ата-әжемнің тәрбиесінде бол-
дым. Атам Жұмақан Ұлы Отан соғы-
сы ардагері. Мен үшін ең құрметті
адам. Ол кісінің өміріндегі жанкешті
оқиғалары мен әңгімелері Отаныма,
жеріме, еліме деген сезімді оятты.
КазГУ-дың тарих бөліміне түссем
деген арманым осыдан бастау алса
керек. Барлық жастар сияқты еңбекке
ерте араластым.
Мақсат айқын болғанда адамға қанат бітіп, желдей
еседі екен. Жұмыстан босай қалғанда кітап пен спорт серігім
болды. Тарихтан сыр шерткен кітаптарды зерделей бердім.
Спорт шеберлерімен қатарласа жарысқа түсіп, шаңғы, бокс
салаларында өнер көрсетіп, жетістіктерге жеттім.
Осындай ізденіс, талпыныс үстінде жүрген жастық
шағымда, 1986 жылы, желтоқсанның 17 күні кешкі сағат 7-лер
шамасында жұмыстан келгенімде жатақхана дүрлігіп жатыр
екен. Мұрат деген жігіт мән-жайды түсіндірді. Естіген бойда
автобусқа мініп, алаңға қарай тарттық. Келсек алаң адамға
лық толы екен. Шеру басталып кетіпті. Екі-үш су шашатын
машина өртеніп жатты. Сөйтіп топ ішіне бізде еніп кеттік.
Трибуна маңына жақындадық. Мрамор плиткалар жұлынып
жатыр. Бізді қоршауға ұмтылған жасақтарға тойтарыс беріп,
түн ортасына дейін болдық.
Ертеңінде, 18 күні әдеттегідей жұмысқа тасымалдайтын
автобус келді. Жұмыс орынға жақындағанда Айнабұлақ ауда-
нынан сексен шақты студент, жұмысшылар шықты. Жұмы-
стағылар бұл жайдан хабарсыз екен. Барлық жағдайды айтып
бердік. Сол үшін жиналап жатқанын түсіндірдік. Сонан кей-
ін отыз шақты адам топқа қосылдық. Фурманов көшесімен
423
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бір-бірімізді қолтықтап, алынбайтын қамал сияқты «Менің
Қазақстаным» әнін орындап келеміз. Брежнев алаңына да
жақындап қалдық. Көшедегі барлық транспорт тоқтап жол
беруде. Трибуна жақтан Р. Бағланованың жастарды сабырға
шақырып, басу айтқан дауысы естіледі. Қарсы алдымыздан
бір топ студент қыздар шықты. Қолдарындағы плакатта жа-
зылған сөздер бар. Соларға қосылып алып, мәдениетті, бейбіт
түрде наразылығымызды жеткізбек болып, Үкімет үйіне қарай
бет алдық.
Сол-ақ екен, сау етіп арнайы әскери техникалармен
жабдықталған Ресей жазалаушы отряды алаңды қоршауға
алды. Аяусыз, қатыгездікпен басып-жаншу басталды. Саперлік
күрекпен, дубинкалармен жастарды ұра бастады. Алаң у-шу,
адамдардың жан айқайы ашуды одан әрі өршіте бастады.
Бұйрық беріп тұрған жазалаушы отрядтың офицерін бір майор
жақтан бір ұрып сұлатып түсірді. Дереу майордың қолын
қайырып алып кетті. Қоршауға түскендерді жүре алмастай
аяқтан ұрып, бас көтертпей төмпештей берді.Үстімізден
жаншып жатты. Алдыма келген капитан «мынау кеше де
болған» деп дубинканың астына алып, қан-жоса қылды.
Көзімді ашып, не боп жатыр екен деп жан-жағыма қараймын.
Басы салбырап төмен қарап тұрған полковникті көзім шалды.
Автобусқа бізді малша тиеп, Тимириязев көшесін бойлай,
Орбита жаққа көтерілді. Лық толы автобус баяу қозғалады.
Мен артқы жақта болдым. Кеудемді ыза кернеп, терезені
шағыңдар деп айқайладым. Сол-ақ екен терезелер шағылып,
сыртқа секіріп түсіп жатты.
Автобус та тоқтады. Сынған автобустың жанында қолын
төбесіне қойып, «Теперь меня осудят» деп жүргізуші қала
берді. Күндізгі екі шамасында сүйретіліп, жаяу-жалпылап,
жатақханаға әзер жеттім. Жуынып-шайынып, екі күн өзіме
келіп, жұмысқа шықтым. КГБ-ның адамдары келіп суретке
түсіріп, қайта-қайта тергеп, жұмыс орнымызда тексеріп,
сыртымыздан аңдып жүрді. Біздің парторг бізді жақтап, қорғап
алды. Кейіннен денсаулығыма байланысты туған елге оралдым.
Сол бір бала кезімде оқыған І. Есенберлиннің «Көшпен-
424
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ділері» тулаған жалынды жастардың жігерін жанып, намысын
оятып, ұлттық рухының көтерілуіне себілген дәндей болды.
Ата-баба аңсаған тәуелсіздікті Желтоқсан жастары Көк
ту қылып желбіретті.
***
Асылбек Қинуарбекұлы 1962 жылы Шығыс Қазақстан
облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген.
Ауылындағы «Правда» сегізжылдық мектебінде оқыған. Кейін
аудан орталығындағы №19 кәсіптік-техникалық училищені
бітірген. 1980-82 жылдары Вологда облысы Череповец
қаласында әскери борышын өтеген. Отан алдындағы адал
қызмет үшін төс белгі мен түрлі марапаттарға ие болған.
МУСИНА ҚАПИЗА
Жарқын болашағамыз әлі алда
1986 жылы қыркүйек айында
Алматы қаласына келіп, аяқ киім
фабрикасының №13 СПТУ-да
тігінші мамандығын тәмамдап, алты
айлық курс оқып жүргенмін.
1986 жылдың көтерілісіне аяқ
асты келдім. СПТУ-да оқып жүр-
генімде біздің жатақхана Жандосов
көшесінде орналасқан болатын. Біз-
ге он күндік демалысқа барасыңдар
деді. Ол кезде елге барып-қайту үшін
он күн бұрын билет алатын едік. 17 желтоқсанда барып Зай-
санға (ШҚО) 27-не билет алуым керек болған.
17- желтоқсан күні сабақтан шығып Айнабұлақ
мөлтекауданында тұратын туысқанымның үйіне бардым. Одан
өзімнің төлқұжаттарым мен ақшамды алып, сол үйге қонып,
ертемен билетке баратын болғанмын. Кешкі ас ішіп отырғанда
425
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
далада айғайлаған дауыстар шыға бастады. Радиодан әр жарты
сағат сайын, далада әртүрлі бұзақылар бар, далаға шықпандар
деп хабарлады. «Қазақтар шығындар, намыстарын болса
шығындар, бізге қосылындар» деген дауыстар шығып жатты.
Ол кезде менім жасым 21де.
Содан, ақырын балконға шығып қарасам 4-5 бала тұр
екен. Үлкендер сұрай бастады, сол кезде естідім, Қонаевты
алып, орнына Колбин дегенді қойыпты деді. Қазақтың салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын білмейді, тіпті тілінде білмейді. Грузия
жерінде болған, ештеңеден мақұрым, соған қарсы шығамыз
деді. Содан үстіме жұқа пальто мен күздік етігімді киіп, сыртқа
шықтым. Қыздардан бірінші боп мен барып олармен таныстым.
Содан әр подъезден қасымызға адамдар қосыла бастады.
Сонымен нақтысын айтқанда, кешкі сағат 19.00-ден
кете Айнабұлақ мөлтекауданынан шыққан жастармен бірге
көтеріліске қатыстым. Жәнібек, Мұрат, Олжас атты және
де тағы да басқа балалар болды. Біз жастар қол ұстасып,
ұзыннан ұзақ боп, әр үйден адамдар шақырдық. Басшымыз кім
екенін білмейміз, өлең айтамыз, Шәмші атамыздын «Менің
Қазақстаным» өлеңін айтып, арасында «далаға шығыныздар,
бізге қосылыңыздар», деп айқайлаймыз. Содан көшеге
шықтық. Сол жерде жиналыс өткізіп тұрғанда автобустар арлы
берлі маза бермеді. Жігіттер қасымыздан өтіп бара жатқан 146
автобусты тоқтатып, ішіндегілерге «түсіңіздер» деді, жүргізуші
орыс жігіт болған, мен түспеймін деді. Кенеттен ақ москвич
машинасы келді. Ішінен орта жастағы әйел адамды екі жігіт
түсіріп, машина үстіне шығарып сөз сөйлетті. «Орыс болғаны
дұрыс. Орыстар болмаса біз ештеме істей алмаушы едік» деді.
Одан кейін де, қазақтын қолынан ештеме келмейді, ештеңені
игере алмайды», - деді.
Оған қарсы ортамыздан егде адам шығып сөйлеп, «Олай
емес, қазақта басқара алады» деп, алдыңғыны тойтарып
тастады. «Өз қазағымыз бар», - деді.
Кенеттен арамыздан ба, әлде тосынан келген адамдар
ма, төбелес басталды. Қаша жөнелдік, жүгіріп келе жатсам
артымнан қуып келе жатқан дауысты естідім. Қатты шошыдым,
426
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
мені қуып жетіп алса не істеймін деп. Ақырын артыма
қарасам, артымдағы әйел адам екен ол кісі бірдеме деді, мен
сасқанымнан «ия» дедім, сенде ана жақтан қаштын ба дегендей.
Екеміз бірге бағанағы жерге бардық. Ол жердегі шешім, «енді
бәріміз орталық алаңға барамыз» деді. «Барайық» деп қолдап,
тағы жолда Шәмші атамыздын «Менің Қазақстаным» өлеңін
айтып келе жатқанда, қашыңдар деген айқай естілді. Келе
жатқанда қашындар деген айқай тағы естілді.
3-4 рет қашып құтылып, таңғы 3-тен кете топтың үлкен-
дері: «үйлеріңізге қайтыңыздар, таңертен ертемен орталық
алаңға барамыз, әркім өз ойын айтады» деген уәжге келді.
Сонымен, таңғы 4-те үйге келсем, апайым мені тосып
ұйықтамай отыр екен. «Қайда болдың, неге бардың ертең
бірдеме болса, ауылдағы жалғыз ағаң ренжиді ғой», - деді.
«Ертең тағы барасың ба» деп сұрақтың астына алды. Таңертен
билетке барам деп едің ғой деді. Жоқ, алдымен алаңға барам,
сосын билетке барамын дедім. Содан таңғы 6-да автобусқа
шығып жатақханама келдім. Келсем, есік жабық. Есікті қағып
ашып кірдім, кірген соң қайдан келдің, кешеден бері тексеріс,
енді сендерді мастерлерің өзі апарып, өзі әкеп отырады деді.
Мен үйден келгенімді айтып, комнатама бардым. Қыздар да
тұрып, жуынып жатыр екен.
Мастеріміз келіп, «енді күнде өзім апарып, өзім әкелем» -
деді. «Кімде кім шығып, көшедегілерге қосылатын болса, оған
мен жауап бермеймін. Бірақ, сендерді де, мені де жұмыстан
шығарады», - деп қосып қойды. Содан сағ 10.00де болды,
мен сұранып билет алуға бардым.
26 желтоқсан кешке туысымның үйіне барып, сол үйден
шығып, 27 желтоқсанда Өскемен автобусына отырып, 28
желтоқсан күні Жаңғызтөбеге таңғы сағ 2.30-3.00 кездерінде
автобустан түстім. Жаңғызтөбеде бірнеше адамдар тұр екен.
Билет алмақшы боп едік, билеттер сатылып кеткен деді. Менім
қасыма бір қыз келіп, ол да Зайсанға билет сұрады. Екеуміз
сонымен сол жерде танысып, жолға шығып Зайсанға көліктер
тоқтаттық. Ешкім тоқтамайды. Содан қайта автобекетке келіп
едік, өзіміз сияқты екі жігіт қосылды. Бәріміз сол Алматыдан
427
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
келген болып шықтық.
Күн суық, қалың деп киген киімдерімізден де тоңып
кеттік. Қасымдағы қыздың тоңғаны сонша, сөйлей алмай қалды.
Төртеуімізді ешкім алмайды, солай отырғанда Георгивкаға
барсаңдар сол жерде автобус бар, сол жерге барыңдар деді.
Бәріміз бардық, ол жерде де билет жоқ. Билет сататын әйел
адамға айтып, жылынып алуды сұрадық. Рұқсатын беріп, сол
жерге жатып біраз ұйықтап алдық.
Сағат 6.00-да келіп бізді оятып біраздан соң автобус
келеді деді. Өскемен автобусы келді, екі адамға орын бар деді.
Елдің бәрі бізге үрейлене қарайды. Қайтадан Жаңғызтөбеге
келіп отырдық. Бүгін 31 желтоқсан болды, не болсада бүгіннен
қалмай қайту керек деп отырмыз. Солай отырған кезде Семей
автобусы да келді, жүргізушілермен сөйлесіп едік, үш орын
барын айтты. «Қазақ десең өзіңе тиеді» демекші, қазақ
жүргізушісі орыс жүргізушісне қарап бұларды алып кетіп,
басымыз пәлеге қап жүрмейік деп күлді де, алмай-ақ қояйық
деді. Солай тұрған кезде бір әскери киінген жігіт кеп, «орын
бар ма» деп орыстан сұрады, о кісіге «бар, отырыңыз» деді.
Ол кісімен сөйлесіп, «айтыңызшы бізді де алып кетсінші» деп
жалынып, «біздің қайта алмай жүргенімізге төрт күн болды»
дедік. Сол кісі орыспен сөйлесіп бәрімізді алып кетті.
Сонымен ауылыма жетіп, үйге келдім. Үйге келсем үлкен
әпкем тосып жүр екен. Қалғандары ауылдың шыршасына
кетіпті. Әпкем: «Ағаңды көрмедің бе, жаңа ғана жарық келе
жатыр деп шығып кетіп еді» дегені сол еді, ағам іле-шала
артымнан кірді. Ағам аяқ-қолымды уқалады. Бетімнің үсіп
кеткенін үйге келгенде ғана білдім.
Содан бері 35 жыл өтті. Осы уақытқа дейін қасымда
болған үшеуін іздеймін. Басшымыз Марат ағаға да «осы
үшеуін іздеймін» деп айттым. Осы жазғандарымды оқыса,
түбі бірімізді біріміз табармыз деген ойдамын. Неше күн
осы суықта, қақаған аязда жүріп қатты ауырдым. Оны тұмау
деп жай емделіп, қоя салдық. Осының салдарынан ана болу
бақытынан да айырылдым. Оны да 37 жасымда тұрмысқа
шыққанымда білдім. Көпке дейін жалғыз ағамды қарадым,
428
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қамқор болдым. Ағам 45 жасында өмірден озды. Сонымен
өмірімді 180 градусқа бұрып, дін жолына өттім.
Алла жолына 26 жасымнан құлшылық жасаудамын.
Оң мен солды айырдым, обал мен сауапты білдім. Жалғыз
жүргенде маған бір жақсы адамды кездестіре гөр деп Алламнан
сұрайтынмын. Аллам менім тілегімді қабыл алды.
Бүгінгі күні азаматым екеуміз бірге құлшылық жасап,
бірге жұмыс істейміз. Барған жерім өте жақсы жер. Ешкім
біздің бетімізге басып ештеме демейді. Бірақ, желтоқсан
жаңғырығы жүрегіңде жара болып тұрады екен. Маңдайымызға
тағдырдын жазғаны осы болған ғой. Бұлттың артынан күн
шығады дейді ғой, әр жаманнын артынан бір жақсы болады
деген. Қасымдағы жарыма да рахмет, менің жағдайымды
түсініп, ұрпағымыз жоқ деп бетіме баспайды. Қайын жұртыма
да рахмет ешкім мені сөкпейді, бәрі сыйлайды.
Менің аз ғана болсада өмірім осы. Сол кезде басты
арманымыз - Тәуелсіздігіміз болсын деп атсалыстық. Сол
кездегі қазақ балаларының айтқан небір шешен сөздері бәрі
есімде.
Осы оқиғаға қатысқаныма өкінбеймін. О дүниелік боп
кеткендер, жандары жәннатта болсын. Жарқын болашағамыз
әлі алда. Болашағымызда алда өсіп өніп келе жатқан жаста-
рымызға табыстай отырып, Алла нәсіп етіп тәуелсіздігіміз
жойылмасын деп тілеймін, Әумин.
***
Мусина Қапиза Шаймар-
данқызы 1965 жылы 1 қарашада
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан
ауданы, Қарабұлақ ауылында дүни-
еге келген.
Әкесі Шаймардан Мұсаұлы
- соғыс ардагері және діндар адам
болған. Қапиза әкесін көрмеген,
өйткені, әкесі дүниеден өткенде ол
бар жоғы 9-10 айлық бала екен.
429
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Анасы Пармиза Нұртуғанқызы - тыл ардагері және он
екі баланы дүниеге әкелген алтын алқа иегері, батыр ана.
Анасынан да ерте 15 жасында айырылған. Анасы Пармиза 52
жасында дүниеден өткен. Он екі баланың бесеуі бала кезінде,
сәби кездерінде шетінеп кеткен екен. Қапиза Шаймарданқызы
үйдін кенжесі.
Оқуы мен еңбек жолы:
Қапиза Шаймарданқызы 1973 жылы Қарабұлақ ауылын-
дағы Абай орта мектебіне 1 класқа барып, 1983 жылы сол
жерде орта мектепті аяқтаған. 1983 жылдың қыркүйек айында
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы Жібек ма-
талар комбинатында жіп иіруші болып жұмысқа орналасқан.
1986 жылы қыркүйек айында Алматы қаласына келіп, аяқ киім
фабрикасының №13 СПТУ-да тігінші мамандығын тәмамдап,
алты айлық курс оқыған. Жоғарыда айтылғандай сонда жүріп
желтоқсан көтерілісіне қатысқан. 1987 жылдың мамыр айында
ГРЭС-тегі Жетісу аяқ киім фабрикасында жұмысын жалға-
стырған. 1987-1992 жылдар аралығында осы Жетісу фабрика-
сында тұрақты жұмыс істеген. 1992 жылдың қыркүйек айында
фабрика тоқтаған соң Зайсанға қайтқан.
МҰХАМЕДРАХИМОВ АБДУЛХАМИТ
Мен, 1964 жылы 5 мамыр күні
Семей облысы Мақаншы ауылында
дүниеге келдім. Желтоқсан оқиғасы
кезінде мен Алматы «Электро –
байланыс» техникумның 3-ші курс
студенті болатынмын. Сол күні,
яғни 16-желтоқсан күні біз полит-
экономика сабағында отырғанбыз.
Шамамен таңғы он жарым кезінде
Сәтпаев көшесінің бойымен, сол
кездегі Брежнев алаңына қарай,
қолдарына транспарант ұстаған жас
430
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жігіттер мен қыздар өлең айтып, бейбіт шерумен алаңға қарай
кетіп жатты. Біз ешнәрсеге мән бермей, сабақта отырдық.
Бір кезде біз оқитын корпустың 1-қабатындағы терезе-
лерді сындырып, басқа оқу орындарының студенттері ішке
кіріп, «далаға шығыңдар!» деп, алаңға қарай бізді бастады. Біз
сонда ғана Д. А. Қонаевты үкімет басынан алып тастағанын
білдік. Сол сәтте көптеген жастармен алаңға қарай беттедік.
Жан-жақтан басқа оқу орындарының студенттері «Менің Қа-
зақстаным» әнін айтып, алаңға жиналып жатты. Бізді бір ап-
таға кезектен тыс каникулға шығарып жіберді. Бірақ біз үйге
қайтпай, жастармен алаңда жүрдік. Мен оқыған оқу орнының
жатақханасы Сәтпаева көшесі мен Мира көшесінің қиылысын-
да орналасқан еді. Мұғалімдер бізді құрғақ тамақ (сухой поек)
беріп жатақханада қамап ұстамақшы болды. Оған көнбеген біз,
терезеден қашып шығып, алаңға бардық.
17-желтоқсан күндізгі уақыт болатын... Алаңда жүрген
милиция қызметкерлерінің иықтарына асып жүрген радио-
станция арқылы «жастарды күштеп тарату» туралы бұйрық
келеді. Сол сәттен бастап, жастарды жаппай ұрып-соғу бастал-
ды. Прибалтикадан және жан-жақтан келген арнайы жасақтар
(спецназ) қолдарына темір қалқан мен сапер күректері және
дубинкаларымен бейбіт шерудегі жастарды аяусыз ұрып-соға
бастады. Біздің қолда ешқандай қорғанатын зат жоқ болған-
дақтан, жердегі мрамор тастарды сындырып, қолымызға ұстап
қорғандық.
Жан-жағымыз қанға толды, шыңғырған ащы дауыстар,
жарылған бастар, өрімдей жас қыздар алаңда жайрап жатты.
Мен оқитын техникумның алдында біздің қыздарды қан-жоса
қылып, ит тиегендей жүк машинасына лақтырып, белгісіз
жаққа әкетіп жатты. Сол кезде алаңда жерлесім Рахметов
Құрманғазыны анық көрдім. Ол қолындағы дауыс күшейткіш
құралмен «ЦК» трибунасының алдында жастарға үндеу айтты:
«Қазақтар ояныңдар! Бұл әділдік емес! Әр ұлттың өз көсемі
болу керек!». Трибунаға көптеген сол кездегі политбюро
өкілдері бізді сабырлыққа шақырды. Бірақ халық олардың
сөздеріне аса мән бермей, Д. А. Қонаевты тыңдағысы келді.
431
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Бір кезде трибунаға Р. Бағланова апамыз жастарды са-
бырлылыққа шақырды, жастар бір сәтке ғана тына қалғандай
болды. Енді қарасақ, бір әйел кішкентай баласымен трибунаға
атылып шықты: «Қазақтар, ояныңдар! 1937 жылғы сияқты
саяси құрбан болмаңдар! Егер мен жоғалып кетсем, менің фа-
милиям Нуркенова! (қателеспесем)», - деп сөзін жинап болмай,
милициялар баласын қолынан жұлып алып бір бөлек, өзін
бір бөлек белгісіз жаққа алып кетті. Қазақ қыздары топтың
басында жүріп, өздерінің Отансүйгіш екенін көрсете білді.
Спецназдар жастарды жазалауды тоқтатар емес, жанымдағы
курстасым Байжұманов Нұрлан Мәркеленұлы екеуіміздің олар-
дың соққысынан бір аман қалғанымыз әлі есімнен кетер емес.
Өрт сөндіргіш машиналар жастарға су шашып, суық күнде мал-
мандай су болсақ та, ешқайсымыз алаңнан кетпедік. Біз оқитын
жатақхана Сәтпаев көшесі, 18А №1 жатақханасы - кішігірім
ауруханаға айналды. Бастары жарылған қазақ жігіттері келіп
жараларын танып жатты. Қолдарына қызыл шүберек байлаған
басқа ұлт өкілдері жастарды темір арматурамен аяусыз ұрып-
соғып жатты. Жастар шамасы келгенше қарсыласты.
Шамамен 10-15 күн өткеннен кейін техникумға Мем-
лекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) өкілдері келіп тергеу
жұмыстарын жүргізді. Қолдарындағы сол кезде түсірілген
фотосуреттер, транспарант ұстап тұрған қыз-жігіттерді жа-
ппай оқудан шығара бастады. Басқа ұлт өкілдерінің староста,
комсоргтары алаңға шыққан жастарды көрсетіп берді, ұстап
берді. Жерлесім Бахты ауылының тумасы Көбентаева Нағи-
маны алаңға шыққаны үшін оқу орнынан шығарып жіберді.
Желтоқсан оқиғасына қатысқанымды айтуға көпке дейін
жүрексініп жүрдім. Себебі, ұзақ жылдар бойы әскери қызмет-
кер болдым. 2011 жылдан бастап құрметті демалыстамын.
Осылайша, сол кездегі оқиғаны басынан кешірген жастардың
бірі мен едім. Жазғанымның бәрі шындық, ақиқат!
432
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
МҰҚАЖАНОВ ЖҰМАТАЙ
Тергеуден келе жатқанда Ләззатты (Асанова Ләззат)
жолықтырып едім
1986 жылы, біз Алматы
көркемсурет училищесінің
4 курсында оқып жүрген-
біз. 17 желтоқсан күні мен
алаңға кешкісін курстасым
Дүйсенхан екеуіміз бардық.
Қалған курстастарым күн-
діз кетіп қалған болатын. Біз
барған кезде алаңда лық толы
адамдар, мұздай қаруланған
милиция жасағы болды. Әр
жерде өртенген машиналар.
Ақ үйдің төбесінен айқұш-ұй-
қыш прожекторлар жанып
тұрды. Милиция жасағымен
иін тірескен жастар, біре-
се олар, біресе біз итереміз.
Кері қашқанда жығылғандарды (көбінесе қыздарды) сүйрей
қашамыз. Қолға түскен затты лақтырамыз (домалақтап қарды,
мрамордың сынығы) трибунаға шыққандарға айқайлап жүрген-
де бір топ жазушылардың ішінен жездемді көрдім, қатар тұр
екенбіз. Жездем ақын-жазушы, сол кезде Жазушылар Одағында
істейтін Байбота Қошым-Ноғай деген кісі.
Менің үстімде жұқа қара куртка болған, бас киімсіз
барғанмын. Кейіннен тергеуде жүргенде, мен сенің фотаңды
көрдім, басыңда «петушок» киген мойыныңды созып қарап
тұр екенсің, бір топ адамдардың ішінде, бірақ мен сен екеніңді
айтпадым деп 1-курс студенті маған айтып келді.
Өтірік екенін, оны артымыздан аңдытып қойғанын түсін-
дім. Бас киімсіз барғанымды жақсы білемін.
Әбден тоңғаннан кейін түннің бір уақытында қайт-
433
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тық. Жатақханаға келсек, дәлізде мұғалімдер толып алыпты.
«Қайдан келдіңдер, алаңға бардыңдар ма?» деп сұрақтың асты-
на алып жатыр. Біз «кинодан келдік» деп өтірік айттық. Сту-
денттер жатақханаға әрқалай келіп жатты, кейбіреулері жарақат
алған. Оларды біз екінші қабаттың терезесінен жамылғымен
көтеріп кіргізіп алдық. Ішінде менің де ағам бар екен.
Ағам да алаңға бір топ жұмысшы жастармен барыпты.
Қайтарда менің жағдайымды білейін деп келіпті. Әбден тоңған,
үсті басы су-су, өрт сөндірушілердің шашқан суына үсті мал-
мандай су болған, қатты жаураған. Аты-жөні Мұқажанов Әлім-
бай Қалиқанұлы, 1958 жылы туылған. СМУ-35 деген құрылыс
ұжымында істеп жүрген кезі. Оның да өзі бастан кешірген
әңгімелері бар, сол күні әлденеге ұшырайсың деп, қайтармай
қасыма алып қалдым.
Түнімен бір-бірімізге көргендердерімізді айтып жатыр-
мыз. «Ұран» жаза бастадық, бірыңғай Лениннің сөздері. Бірақ
нақтылы қандай сөздер екені есімде жоқ. Таңертең 18 жел-
тоқсан күні «Ұран» ұстап қайтадан шықтық, ағамда бізбен
бірге алаңға шықты. Орта жолда алаңға жеткізбей «Абай» мен
«Космонавт» қиылысында екі-үш автобус милиция жасағы
келіп тоз-тозымызды шығарып, итпен, аспанға мылтық атып
қуалады. Жан-жаққа бытырай қашып жүріп алаңға әрең де-
434
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
генде жақындап бардық.
Алаңның маңы толған әскер, жан-жағын қоршап алған,
жолатпайды. Кәдімгі соғысқа дайындалғандай. Арасында бір
егде тартқан орыс «Уходите, вы ничего не можете сделать»
- деп айқайлап тұр. Үкімет адамы, арты толған әскер (Мира-
Сатпаева).
Түс ауа қайтқан шығармыз есімде жоқ. Содан кейін біздің
семестр басталып кетті. Жаңа жылдан кейін бізді Москва-Ле-
нинградқа бір айға практикаға жіберді.
Біздің Алматыдан екенімізді біліп, ол жақтағылар не бол-
ды деп сұрайды. Біз ештеңе айтпадық. Эрмитажда жүргенде
көріп қайтайықшы деп «Кенесарының» басын іздедік. Неге
екені белгісіз Орта Азия бөлімін ремонт деп жауып тастапты,
таба алмадық, мүмкін ол жерде болмаған шығар.
Бір айдан соң Алматыға қайтып келдік, бізді милиция
тосып тұр екен. Бәріміздің аты-жөнімізді атап тұрып, повестка-
ларын беріп кетті. Тергеу басталды, сабақ жайына қалды. Біз
сол кездегі «Советский» ауданындағы ішкі істер бөлімінде
тергеуге бардық. Қасымдағы екі курстасымды, Дүйсенбаев
Махмұрат пен Қалиев Даниярды ҰҚК-ға (КГБ) жіберді.
Тергеушілер жан-жақтан келгендер екен. Өйткені, ішкі
істер бөлімі бөлек жерде тергеді. Кезекті бір тергеу арасында,
аулада жүргенде сонда істейтін жерлесім мені көріп қалды,
мен ол кісіге ұят болады деп көрінбей жүр едім. Қырықбаев
Болатхан Шайықұлы, ол кезде капитан шенінде аға тергеуші
болатын. Амандасқаннан кейін не істеп жүрсің деп сұрады да,
жауап күтпестен сезе қойды.
Қолма-қол кабинетіне шақырып алды. Мойындадың ба
деді, ия бардым дедім. Өйткені олар мен туралы бәрін біліп
отыр, 1-курс студенттері айтып беріпті. Өзімде жасырмай
барғанымды айттым. «Жағдай қиын, бекер айттың, соттала-
сың, құрып кеткенде оқудан шығасың», - деді. «Қазір бар да
жаздым-жаңылдым қорыққанымнан бардым - деп айттым де,
сөзіңді қайтарып ал, ары қарай мен көмектесем», - деді. Терге-
ушіге кіріп кетіп ұзақ сөйлесті. Шыққаннан кейін, «мен таны-
майтын адамдар екен, басқа жақтан келгендер, бірақ сөйлестім
435
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бәрі жақсы болады, сөзіңді қайтып ал» деді де кетіп қалды.
Тергеушілер маған одан сайын шүйлікті. Мен ана кісіге
зияным тиіп кетеді екен деп сөзімді қайтып алмадым. Жал-
пы ойларына келгенін істеді, ұрды, соқты, мазақтады. Кей
адамдарды 10 күнге қамап тастады. Артымыздан тыңшы жі-
берді. «Қазақстан» деген ел болмаған, сендер құтырып кет-
кенсіңдер деген айыптаулар көп болды. Мені содан кейін сол
кездегі Калинин ауданына ауыстырды. Онда да сол бір сұрақ,
көрмегенді көрдім, білмейтінді білем деп айтсаң қоя береміз
деп алдады. (Сватковский) деген кісі «Бұл иттер саған 100 рет
сен шошқасың деп айта береді, жүз бірінші ретте өзің қорқыл-
дап шыға келесің, сондықтан бір айтқан сөзіңнен қайтпа» деп,
солай істедім.
Айтпақшы, кезекті бір тергеуден келе жатқанда Ләззатты
(Асанова Ләззат) жолықтырып едім. Таныс болатынбыз. Олар-
дың жатақханасы біздікімен көрші болатын, араласып жүретін-
біз. Ол да тергеуден келе жатыр екен. Біраз әңгімелестік, ол
мойындамағанын айтты. Бойында қайсарлығы, өжеттілігі бар
қыз, қатты ыза болып тұрғаны сезіліп тұрды. Мен оны соңғы
рет көріппін, көп ұзамай ол қайтыс болып кетті.
Содан кейін мені прокуратураға жіберді. Онда да сол
әңгіме, істемегенді істедім, көрмегенімді көрдім деп айтуым ке-
рек екен. Ақыры түк шықпағаннан кейін істі тоқтатты, қысқаша
осы. Оқуды бітіргеннен кейін сотталасың деп шешем ауылға
шақыртып алды. Аудандық Мәдениет бөлімінде суретшілер
шеберханасының аға меңгерушісі болып қызмет атқардым.
Кеңес үкіметі құлағаннан кейін евро жөндеу жұмысына
ауыстым. Өйткені тоқырау кезінде күн көру керек болды. 30
жыл еңбек еттім. Қазіргі уақытта мүгедектігіме байланысты
зейнеткермін.
***
Мұқажанов Жұматай Қалиқанұлы 1963 жылы 21 мау-
сымда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Ақжар ауы-
лында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Үржар ауылында Титов
көшесі, №77-ші үйде тұрады.
436
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Солдан оңға қарай 1-қатар: Қалиев Данияр (ШҚО Зайсан), Әуе-
зов Тресбай (Қызылорда, Арал). Екінші қатар: Нұркенов Дүйсен-
хан (Тараз), Досов Қабен ( Павлодар, Баянауыл). Үшінші қатар:
Рахалиев Мұқаш (Қостанай), Дүйсенбаев Махмұрат ( ШҚО
Үржар ауданы, Елтай ауылы). Жоғарыда екі қыздың ортасында
отырған мен - Мұқажанов Жұматай Қалиқанұлы. Осы аталған
азаматтардың барлығы желтоқсаншылар
МҰХАМЕТЖАНОВ МЕЙІРБЕК
1986 жылы әскери борышымды
өтеп келгеннен кейін Алматы сәулет-
құрылыс институтының құрылыс (ПГС)
факультетіне оқуға түстім.
1986 жылы 16 желтоқсанында оқу-
дан жатақханаға келгенде тәуелсіздікке
ұмтылған қазақ жастарының Брежнев
атындағы алаңға бейбіт шеруге шыққан-
дарын естідік.
17 желтоқсан күні таңертең кур-
стастар шеруге шықпақ болғанымызда, милиционерлер мен
деканаттан келген адамдар жатақхананың есігін күзетіп шығар-
май қойды. Оған қарамастан 40 шақты жігіттер мен қыздар
437
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
терезеден секіріп шығып, алаңға барып көппен бірге сол ке-
зеңдегі Кеңес билігіне өз қарсылығымызды білдірдік.
Арнайы қаруланған жасақшылардың күш қолдануы
кезінде, сол күні түстен кейін 300-дей адам көпшіліктен бөлініп
қалдық. Бізді жасақшылар ұрып-соғып автозактарға тиеп алып
кетті.
Көліктің іші қараңғы, қайда апара жатқаны белгісіз.
Барлығымызды қаладан алыс, тау бөктеріне апарып тастады.
Жастар оларға шабуыл жасайды деп ойлады ма, иттерін ұстаған
жасақшылар автоматпен аспанға оқ жаудырады.
Бізді түсіріп кеткен жер қалың қарлы, жолсыз. Біреудің
басы жарылған, біреудің бет-аузы қан, бәріміз бір-бірімізді
сүйемелдеп қалаға қарай ілбіп беттедік. Менің курткам
жыртылған, тиген соққыдан бүкіл денем ауырып әрең жүрдім.
Кешкісін жатақханаға ақырындап жетіп алдық.
Бірнеше күннен кейін «17 желтоқсан күні институтта
да, жатақханада да болған жоқсыңдар» - деп талай тексеру
жүргізді. Біздің курстастардан 4 жігіт сотталып кетті. Оның
біреуі Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков. Одан басқа 6
жігіт пен 2 қыз оқудан шығарылды.
Арада 35 жыл уақыт өтсе де 1986 жылдың ызғарлы
желтоқсанын еске алу барлығымыз үшін өте ауыр.
***
Мұхаметжанов Мейірбек Мәжитбекұлының Семей
қаласының тұрғыны, инженер-құрылысшы. Ол Семей облысы
Абай ауданы Саржал ауылында туып өскен. Сол жерден мектеп
бітіріп әскер қатарына шақырылған. Әскери борышын өтеп
келген соң, жоғарыда айтылғандай, Алматы сәулет-құрылыс
институтының құрылыс (ПГС) факультетіне оқуға түскен,
сонда оқып жүріп желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Желтоқсан
ардагері.
438
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
НАКИШЕВ КЕНЖЕБЕК
Мен, Накишев Кенжебек Са-
дықұлы 1968-ші жылы, 30-шы мау-
сымда, Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданында дүниеге келдім.
1985-ші жылы, Аягөз ауданындағы
№58-ші орта мектепті бітіріп, сол
жылы Алматы темір жол технику-
мына оқуға түстім.
1986-шы жылы, 16-шы жел-
тоқсан күні Д. А. Қонаевты орны-
нан алып тастап, орнына Мәскеуден
келген Колбинді сайлапты деп естідім.
Әрине, мен іштей қарсы болдым, өзіміздің қазақ жерінде,
өз мемлекетімізді неге қазақ азаматы басқармайды? - деп
ойладым.
1986-шы жылы 17-ші желтоқсан күні біз жатақханадан
15-20 шақты бала митингі алаңына шығуға бет алдық. Сол
күні біз Л. И. Брежнев атындағы алаңда милиция мен әскери
солдаттарға ұсталып, соққыға жығылдық. Бірінші Алматыдағы
«Октябрский» атындағы РОВД-ға апарып, бізді қамап тастады.
Ол жерде де бізді соққыға жығып, тергеуге алды. Сол
жерде қансырап екі күн камерада жаттық. РОВД-дан 19-ші
желтоқсанда шыққан соң, оқуымызды жалғастырмақ болып
едік, бірақ прокуратураға тергеуге алып кетіп отырды.
30-шы желтоқсан күні оқу орнынан үкім шығарып,
(приказ №406, 1986 ж., 30 желтоқсан) мені Желтоқсан
көтерілісіне қатысуыма байланысты техникумдағы оқуымнан
шығарып жіберді.
Бірақ мен өзімді, қазақ елінің тәуелсіздік алуына себепші
болған, көк туды көкке көтерген желтоқсан күрескері ретінде
санаймын.
[email protected]
439
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
НҰРПЕЙІСОВ БЕРІКХАН
Күнді күткен мекен етіп таң астын,
Көкейінде «дербес!» сөзі жаңғырып.
Періштеге ғашық болған Алаштың,
Қыран құсты сүюі де заңдылық!
Шаһарларын абат қылып, жасыл қып,
Келешекке көш түзеген мәңгілік.
Көктегенді көксеп жүрген асыл ұлт,
Аспан түсін таңдағаны заңдылық!
Құрсауында мың бұлқынып тозақтың,
Бас алаңды желтоқсанда қан қылып.
Жамандыққа жаны бөтен қазақтың,
Аман қалып, өсуі де заңдылық!
Алты құрлық, сан көршіммен жарастым,
Бәрі маған бас шайқайды таң қалып.
Жеңімпаздық тарихы да Алаштың,
Қайталанып келуі де заңдылық!
(Ақберен Елгезек)
Нұрпейсов Берікхан, 1955
жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданы, Шірікаяқ
ауылында туған. 1962 жылы Ленин
атындағы Шірікаяқ орта мектебіне
барады. 8 сыныптан соң СПТУ-25 те
оқиды. Совхозда тракторист болып
жұмыс жасайды. 1984 жылы Ал-
матыға барып, Промстройға құры-
лысшы болып жұмысқа орналасады.
1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысып, жұмыстан қуылады.
1987 жылы ауылға келіп Высокогор совхозына Теректібұлақ
фермасына жұмыскер болып орналасады. 1991 жылға дейін
сол ауылда жұмыс жасайды, қазір Күршім ауданында тұрады.
440
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
НҰРБОСЫНОВ ӘДІЛ
1986 жылдың 17 желтоқсанында
Алматыда темір бетон зауытының
жатақханасында, жұмыстан кейін,
жігіттерден Брежнев алаңында жастар
көтеріліске шығыпты деп естідік. 17-18
желтоқсан күндері алаңға жігіттермен
біз де бардық.
Менімен болған жігіттер: Саябаев
Марзан, Садық, Бақаев Қалибек
(марқұм), Кенесаров Райымбек,
(марқұм), т.б жігіттер болды. Кешке
жендеттер бізді ұрып-соғып, су шашып, бізді басып шанши
бастады. Сол кезде артқа шегіндік, бірақ милиция қаруларымен
ұрған соң жан-жаққа тарап қаша бастадық. Сол кезде мені бір
милиция резеңке шоқпармен ұрғанда есімнен тана жаздап,
қашып құтылдым. Басымның мең-зең болғаны соншалық
түсінбей кеттім не болып кеткенін. Сол қашқаннан ауылдас
жігіттермен жалдамалы пәтерге барып, бас сауғаладық.
Содан бері көзді ашып-жұмғанша 35 жылдың жүзі
болыпты. Бір өкініштісі, Желтоқсан оқиғасының күні бүгінге
дейін саяси бағасын алмағаны. Осы желтоқсан 86 көтерілісіне
қатысқанымды мақтан санаймын. Бұл күн Қазақ елінің
тарихында мәңгі қалса екен деп ойлаймын.
441
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
***
Нұрбосынов Әділ Тұрдығазыұлы 1964 жылы маусым
айының 5-ші жұлдызында Семей облысы Ұржар ауылында
дүниеге келген. 1971 жылы мектеп табалдырығын аттап 1981
жылы мектепті тамамдаған. 1981 жылдан 1983 жылға дейін
Семей қаласында оқыған. 1983-1985 жылдары Кеңес үкіметінің
әскер қатарында өз борышын өтеген.
1983 жылы Алматыға, темір жол инженерлік институтына
сырттай оқуға түсіп, темір бетон зауытында жұмыс жасаған.
1987 жылы Семей қаласында Семей геологиялық барлау
техникумында оқыған. 1996 жылдан 2009 жылға дейін ҚР
Күштер қатарында әскери қызметте болған. Қазіргі кезде
әскери зейнеткер. Екі ұлы, бір немересі бар.
Мекен-жайы: ШҚО Семей қаласы Юность көшесі, 41
үй, 44 пәтер.
НҰРМҰХАНБЕТОВ ЕРЛАН
Мен, 1963 жылы 26 қазанда
Семей облысы, Көкпекті ауданы,
Ақсуат ауылында дүниеге келгенмін.
1981 жылы М. И. Калинин атындағы
орта мектепті тәмамдадым.
Содан кейін жүргізуші куәлігін
алып совхозда 1984 жылға дейін еңбек
еттім. Сол жылы Алматы қаласындағы
Алматы үй құрылысы комбинатына
(АДК) жұмысқа келдім. 3 цехта
формовщик, кейін ПКР-да плотник болып жұмыс жасадым.
1986 жылы 16-18 желтоқсанда жастардың алаңға
шығып жатқанын естіп, көмекке жатақханадағы балалармен
алаңға бардық. Жанымда Оспанов Нұрлан, Мейрамбек, Серік
тағы басқа жігіттер болды. Көтеріліс аяқталғаннан кейін
қатысқан жастарды қудалай бастады. Көтеріліске қатысқан
жұмысшыларды 33-КЗОТ пен жұмыстан шығарамыз деген.
442
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Бірақ маған сол АДК-да жұмыс істейтін ағам көмектесіп,
құжатымды «өз еркімен жұмыстан босатылды» деп алып
берді. Сөйтіп мен туған ауылыма қайтып кеттім
ОМАРОВ ТОҚТАРБЕК
Өз басым Желтоқсанды
біреулер айтып жүргендей, оқиға
деп емес, қазақтың ұлт азаттығы
жолындағы соңғы көтерілісі,
Тәуелсіздігіміздің бастауы деп
білемін. Кеңестер Одағы деген
алып империяның жүргізіп келе
жатқан ішкі және сыртқы саяса-
тына бұрыннан көңілдері толмай
жүрген намысшыл ұл-қыздары-
мыздың осындай ерлік іске ба-
руына халқымыздың сүйікті ұлы Дінмұханбет Қонаевтың
биліктен кетірілуі, Ресейдегі бір облыстың ғана басшысы
болған Г. Колбиннің оның орнына әкелінуі басты себеп болды.
Қазақ жастарының осы көтерілісінің арқасында бұғаудағы өзге
бауырлас республикалар да жетпіс жыл үстемдік еткен импе-
рияның іріп-шірігеніне көздерін жеткізіп, көп уақыт өткізбей
өз тәуелсіздігін алды.
Бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылдың он жетінші
желтоқсаны менің де көңілімде бүгінгідей сайрап тұр. Ол
кезде мен Алматы қаласындағы Мемлекеттік медициналық
институттың екінші курсында оқитынмын. Бұл күні де біз
таңертең әдеттегідей сабаққа баруға жиналып жатқанбыз.
Бір уақытта радиодан Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің Пленумы болып, Дінмұхамед Қонаевтың
денсаулығына байланысты қызметінен босағанын, оның
орнына бұған дейін ресейдің Ульяновск облысын басқарған Г.
Колбиннің тағайындалғаны жөнінде хабар берілді. Барлығымыз
төбемізден жай түскендей күй кешіп, аңтарылып қалдық.
443
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Сол кезде бәріміздің басымызға «Дінмұхамед ағамыздың
ауыратынын естімеп едік қой. Бұл қалай болғаны? Егерде оның
денсаулығы шынымен де келмей жатса, орнына бір қазақ не
болмаса да Қазақстанда тұратын өзге ұлттан біреу табылмады
ма?» деген ой келді. Сол оймен Сейфулин мен Комсомол
(қазіргі Төлеби) көшесінің қиылысындағы бас оқу корпусына
келгенімізде онда жиналған өзге студенттер де небәрі он сегіз
минуттың ішінде Д. Қонаевтың тағдырын шешкен Пленум
жұмысына өздерінің қарсы екендіктерін білдіріп жатты.
Сабақ арасындағы үзіліске шығып, қайтадан аудиторияға
кірсек біреу тақтаға: «Қазақ бауырлар, намыстарың болса бірің
қалмай түстен кейін Брежнев алаңына келіңдер!» деп жазып
кетіпті. Сол жерде түстен кейін сабаққа келмейтіндігімізге
келісіп, арамыздағы төрт өзге ұлттың өкілдеріне «сендер де
бүгін сабаққа бармаңдар, үйлеріңде болыңдар» - деп ескертіп
сағат 15.00-ге таяу орталық алаңға (қазіргі Республика
алаңы) келдік. Жол бойында өзіміздей жас жігіттер мен
қыздар «Қазақстанды қазақ басқаруы керек. Ұлтымыз үшін,
ұлтымыздың Рухы үшін жанымыз пида!» - деп жазылған жазуы
бар бір парақ қағаздарды таратып жүрді. Орталық алаңның
бір тұсынан дауыс күшейткіш құралмен:
– Әр республиканың өз
ұлтынан басшысы, көсемі
болуы керек. Барлығымыз КОКП
Орталық Комитетінен соны
талап етейік! Бізге Колбин керек
емес. Қайдан келсе, сонда қайта
кетсін! - деп бір жап-жас қазақ
жігіті ұрандап тұр. «Лениндік
ұлт саясаты жасасын!» - деген
сөзді үлкен әріппен қызыл матаға
жазып алып, екі адамнан керіп
ұстап жүргендері де, әлсін-әлсін
дауыстап айтып тұрғандар да
бар. Курстасым Қайрат Рахымжанов екеуміз алаңдағы қалың
топтың ішіне кіріп, Үкімет Үйінің алдындағы мінберге
444
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жақындағанымызда Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы
институтында оқитын күршімдік досым Айтмұханбетов
Нұрхалықты бір топ жігіттермен жолықтырдым.
Сағат 17.00-ге таман қолдарына резеңке шоқпар мен
қалқан ұстаған милициялар да көліктермен көптеп келе ба-
стады. Бұл күні аспан асты тым ызғарлы еді. Жұқа киіммен
жүрседе жиналған жұрт тараған жоқ, керісінше сәт сайын
жан-жақтан лек-лек болып келген жастармен алаң үсті тола
түсті. Қазақ Мемлекеттік университетінен де, ауылшаруашы-
лығы, зооветеринарлық, өнер тағы басқа институттардан да
өзімізге таныс қыз-жігіттер жүр. Бәрінің де ауызында бір-
ақ сөз: халыққа жаққан Димаш ағамыз Горбачевке несімен
жақпады? Оның орнына миллиондаған қазақтың ішінен бір
адам таппай, қайдағы белгісіз біреуді сүйреп әкелгені несі?
Горбачевтың мына қылығы қазақ ұлтын көзбе-көз менсінбеу,
басыну ғой. Бұған жол берсек бабаларымыздың аруағы қор-
ланбай ма? Намыстан жаратылған Қаракерей Қабанбай мен
Қанжығалы Бөгенбайдың, хан Кененің ұрпақтары емеспіз бе?
Өліспей беріспейік! Жиылған халықтың намысын шақырып,
рухын көтеріп жүргендердің көпшілігі өзіміз сияқты өрімдей
жастар. Әсіресе, қыздар жағы белсенді. Мінберге шығып жи-
налғандарды райларынан қайтарып, таратпақ болғандар да бар.
Әділетсіздікке ашынған жұрт оларды мінберден қуып жіберді.
Фурманов көшесі жақтан су шашатын машиналар
шығып, шахмат тақтасы тәртібімен бізге қаратылып тұрғызыла
бастады. Сәлден кейін барлығы прожекторларын жағып,
сиреньдерін қосып, біз тұрған жаққа баяу жылжып жақындап
келіп тоқтады. Мінберге қайта-қайта шығып, қыз-жігіттерге
«тараңдар» деп бұйырып жүрген бір қазақ генералы (аты-жөні
жадымда сақталмапты) жиналған топқа соңғы рет алаңнан
кетуді ескертті де, өйтпеген жағдайда күш көрсетілетіндігін
жеткізді. Алаңдағы топ ішінен біреу: «Тұрған орнымыздан
тырп етпейік, тисіп көрсін» - деді.
Арада бес-он минуттай уақыт өткеннен кейін су шаша-
тын машиналар бізге жақындап келіп сумен атқылады. Қат-
ты қысыммен шашылған судан құлағандар да бар, үсті ба-
445
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
сымыз малмандай су болып еріксіз кейін шегіндік. Бірақта
ешкім де милиционерлер мен өрт сөндірушілерден сескен-
ген жоқ. Керісінше ұлттың намысын қорғап, бейбіт ереуілге
шыққандарға күш көрсеткен билікке деген ыза-кектері арта
түсті. Ашынған жастар алаңның жанындағы үйлерге баса-көк-
теп кіріп, оларда қойылған өрт сөндіретін құралдарды алып
шықты. Олармен су шашатын машиналардың су шашқыш
құрылғыларын шауып, бұзды. Су шашып көпшілікті тарқатпақ
болған әрекеттерінен ештеме шықпаған соң өрт сөндіретін
машиналар қайтып кетті де, олардың орнын милиционерлер
басты. Оларды ереуілшілер жаяу жүргіншілер жолына төсел-
ген тақта тастардың сынығымен атқылап кейін ығыстырды.
Арттарынан көмекпен келген милиционерлер бұдан кейін де
бірнеше рет жиналған топқа шабуыл жасады. Соның бірінде
Қайрат екеуіміз қолға түсіп қала жаздап әрең қашып құтылдық.
Қопарылған тақта тастарды қарсы жаққа дәлдеп жүріп еңге-
зердей бір милицияның алдына қалай барып қалғанымызды
білмеймін, оң жақ жамбасымның тұсынан тиген соққыдан қал-
пақтай ұшып түсіп, жер бауырлай алға қарай ұмтылдым. Сол
кезде қатарымда келе жатқан Қайрат қолтығымнан іле қашты.
Милиционерлермен болған осы қақтығыс кезінде олардың
ППМ (қазақшасы милицияның жылжымалы пункті) деген сары
автобусын бәріміз жабылып аударып, өртеп жібердік. Анан-
дай жерде милицияның тағы бір көлігі - УАЗ автомашинасы
төңкерілген күйде отқа оранып жатты.
Милицияның жылжымалы пункттері мен жабық қорапты
машиналар көшелерден қолға түскендерді күшпен ұстап,
қамай бастады. Қайрат екеуіміз Фурманов көшесі жақтағы
үйлердің алдында қарусыз қыз-жігіттер мен милиционерлердің
арасындағы шайқастың үстінен түстік. Ойбайлап, құлындағы
дауысы шыққан адамдардың үні құлақты жарды.
Түн ортасында жатақханамызға келсек есікті тас қып жа-
уып тастапты. Оны ашқызсақ қара тізімге ілінетінімізді бірден
түсіндік. Бізді жатақхана ішіндегілер ақ жаймаларды жалғап
терезеден жоғарғы қабатқа көтеріп алды. Жатар алдында жата-
ханадағы студенттерді тізіп қойып тізіммен тексеріпті. Біздің ор-
446
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
нымызға басқалар «мен» - деп жауап беріпті. Құдай қолдағанда
біздің 17-желтоқсанда орталық алаңға барып, көтерілісшілердің
арасында болғанымызды ешкім білмей қалды.
Ертеңінде бірінші-екінші курстың студенттерін саппен
сабаққа алып барды. Жоғарғы курстағыларды сабаққа жіберген
жоқ, жатақханадан шығармай қамап ұстады. Бұл күні де бір
топ жігіт түстен кейін ебін тауып, сабақтан сытылып орталық
алаңға шықтық. Бірақта оған жете алғанымыз жоқ. Алаң
милиционерлермен, қарулы солдаттармен қоршалған екен.
Жолай, Құрманғазы көшесіне жақын маңда милиционерлердің
қыздар педагогикалық институтының бір топ студентерін
ұрып-соғып, машинаға тиегелі жатқан жерінен құтқарып
қалдық. Қысқасы, саяси билік пен талапшыл топтың арасына
Желтоқсанның бірінші күні түскен жік милиционерлер мен
жастардың арасындағы қақтығысқа осылай алып келді.
Қазақтың қайсар ұлдары мен қыздары бастап берген
Тәуелсіздік жолындағы күрестің нәтижесін тек қана Қазақстан
халқы емес, сол кезде одақта болған барлық бауырлас елдер
бүгінде көріп отыр.
ОМАРОВА ГҮЛМИРА:
«Қазаққа қазақ басшы...»
1985 жылы арман қуып, Алма-
тыға оқуға түсуге келіп, бірақ оқуға
тапсырмай АХБК-ға жұмысқа тұрдым.
АХБК-да жұмыс істеп жүргенде 1986
жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің
көщбасшысы Қонаевты орнынан алып
тастағанын естідік.
17 желтоқсан күні жастар алаңға
шығып, өз қарсылықтарын білдіріп жа-
тыр екен деп естіген соң, жолдас қы-
зым Әбілмәжінова Майжамалмен бірге
алаңға шықтық. Алаңда жастар өте көп жиналған, қолдарында
«Қазаққа қазақ басшы керек!», т.с.с. плакаттар жазылған.
447
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Сонымен қатар, алаңда солдаттар қаз қатар тұрды, жастар
өзіміздің талабымызды айтып тұрғанда өрт сөндіру машинала-
рынан су атқылап, солдаттар бізді қуалай бастады. Жан-жаққа
қаштық, қашып бара жатқан жолда патруль машиналарынан
милиционерлер мен солдаттар түсіп, ұстап алды.
Әуезов аудандық РОВД бөлімшесіне апарып қамады. Тек,
пальтомыздың белбеуін, шарфымызды алып қалды. Қырымыз-
дан, алдымыздан фотосуретке түсірді. Түнімен сол жерде каме-
рада тұрдық. Камерада ине шаншар жер болмады. Бір аяқпен
тұрдық десе де болады. Бұдан кейін, әрқайсымызды жеке шақы-
рып, кабинетке апарып, ұрып-соғып, түсініктеме алды.
Келесі күні босатылып шығарылған соң жұмысқа бардық.
Жұмыста алаңға шыққанымызды біліп, комсомол ұйымының
жиналыстарына салып, комсомол қатарынан, жұмыстан
шығарылдым.
Бүгінгі күні туған ауылым Бурабайда тұрып жатырмын.
***
Омарова Гүлмира Қабдығалиқызы 1968 жылдың 28
қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
Бурабай ауылында дүниеге келген. Бурабай сегізжылдық
мектебінде орысша 8 сыныпты бітіріп, 9-10 сыныптарды
Раздольное орта мектебінде аяқтаған.
ОМАРҒАЗИН ӨМІРЖАН
Калинин ауданындағы сотқа
апарып 10 күнге қамауға
шешім шығарды
1986 жылы әскерден келген
соң Алматы қаласындағы байланыс
техникумына оқуға түстім. Біздің
техникумның орналасқан жері -
бұрынғы Сәтпаев-Мир көшесінде,
алаңның қасында еді.
448
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
17-ші желтоқсан күні таңертең 8-ден кете саябақта
отырған кезімізде Зоотехникалық-малдәрігерлік және Поли-
техникалық институтының жігіттері біздің корпусқа кіріп, Д. А.
Қонаевты орнынан алғанын, орнына Колбинді қойғанын айтты.
Солармен бірге біздің топтан 3-4 жігіт ілесіп алаңға бардық.
Алаңда жүрген жерімізден полиция қызметкерлері ұстап
алып, Әуезов РОВД-сына апарып тергеп, ескерту жасап бо-
сатты. Түнге қарай босап шығып, жатақханаға келе жатқанда,
қайтадан ұстап алды. Көйлегімнің жағасындағы қанды көріп
«Сенің де қатысың бар» деп ұрып-соғып, сосын далаға апарып
тастады. Түнімен жүріп өзіміз жаяу қайттық.
1987 жылы 5-ші қаңтар күні мені іздеп келіпті. Біреу-
лер көрсетті ме екен, қолдарында фото тауып алып, тергей
бастады. Масанчи көшесінің бойындағы қалалық ішкі істер
бөліміне апарып, 24-ші қаңтарға дейін тергеді. Сосын Калинин
ауданындағы сотқа апарып 10 күнге қамауға шешім шығарды.
Сөйтіп, Лабочевский көшесіндегі «спец. приемныйға» апа-
рып жатқызды. 10 күнді сонда өткіздім. Осылайша, бірінші
семестрдің каникулын түрмеде өткіздім.
Ақпан айының 5-інде босап шықтым. Әйтеуір оқудан
шығарған жоқ. Бірақ карточкамызға «Қатаң сөгіс» деген жа-
зуды жазып берді. Бұл сол күндерден қалған бір белгі...
Осыдан кейін неше жыл үнсіз жаттық. 2010 жылдан бері
қарай желтоқсан оқиғасына қатысқан құжаттарды жинасты-
рып, ақталу үшін іздене бастадым. Алматыға, бұрын оқыған
техникумға барып, сол кезде желтоқсан оқиғасына қатысқан
студенттердің тізімін алдым. Алматы қаласындағы респуб-
ликалық архивке іздеу салдым. Архивтен Әуезов РОВД-сына
қамалған, ескерту алған деген ғана жауап алдым. Калинин
ауданындағы сотталғаным жайлы мәлімет ала алмадым. Ақталу
үшін кейін Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасына хат
жаздым. Одан да жауап болмады.
Күндер өтіп жатты. Бір күні бір досымды шығарып сал-
мақшы болып автовокзалға бардым. Келсем досымның жа-
нында бір адам тұр екен. Ол Марат аға екен. Досым таксиге
отырып, жанындағы кісі сыймай қалды. Келесі такси келгенше
449