The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanzhar.kuderov, 2022-12-07 05:34:32

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ұшыратып, қуғын-сүргінге түсірді.
Соның бірі, ауылдан қалаға жұмысқа келген Қайыр-

хан өмірдің ащы азабын өз көзімен көргенде, жаны түршік-
кен. Озбырлардың қазаққа жасаған жамандығын көргенде,
қоғамдық көліктердің ішінде келе жатқан қазақтарды, өз
тілінде сөйлемеңдер деп жазғыратын немесе көліктен түсіріп
тастайтын әлімжеттік жасайтынын талай көрген. Басқадай
да сұмдық жағдайлар жоғарғы оқу орындарында болып жа-
татын. Арызданатын, бірақ баратын жер жоқ. Ол арыздарды
ешкім тыңдамайтын немесе жылы жауып қоятын. Сол жыл-
дары кемсіту, төмендету, жала жабу жоғарғы деңгейге жеткен
болатын. Қалада тұратын орыс тілдес қазақтарда сана да, на-
мыс та жоқ болатын. Олар орыстармен бірге қосыла шәуілдеп
үретін «кәндек» иттер сияқты. Жиналыста орыстың сойылын
соғып, қайдағы жоқ болмаған сөздерді қозғап, табалап Қайыр-
ханды жермен жексен қылмақшы болғандары да арасында
болған. Көбісі билікке қызмет етіп, жоғарғы сатыға көтерілу,
билікке жағыну үшін, басқаларды құрбан етті. Пысықайлар
мен жылпостар мал әкеліп, балық тасып, панты мүйіздерін
жоғарғы билікке тасыды. Көптеген бірге істеген Қайырханның
әріптестері жоғарғы дәрежеге жетіп, лауазымдарын көтеріп,
шен-шекпен киіп, марапаттарға ие болып, полковник, генерал
дәрежелеріне жетті.

Көп ұзамай бөлім бастығы ауысқан соң, Коншу және
оның маңайындағылар тағы бас көтере бастады. Әр жерден
ілік іздеп, Қайырханның жұмыстарын қатты қадағалауға алды.
Күнде жоспар құрып, кешке орындалған жұмыстардың есебін
Рябковка айтып беріп отыратын болды. Уақыт мөлшерін де
көрсетіп, қай уақытта тапсырма орындалғаны жайында то-
лық ақпарат беретін болды. Солай уақыт өте келе, Коншу өз
жұмыс бөлмесіне шақыртып, сені жоғары сатыға көтереміз
деп, облыстық басқарма еңбекпен түзеу мен түрме мекемесінің
(ГУИД ВКО) бөліміне ұсыныс жасайды. Ол лауазымға мекеме
бастығы полковник Карибаев Муратбек Серкенович бір адамды
маған жұмысқа жіберші деп өтінген екен. Оған Қайырханның
кандидатурасы түседі.

50

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Карибаев қарсы болмай, Қайырханды жұмысқа кіргізеді.
Түрме басқармасына келгенімен, оны қудалау тоқтамады. Неше
түрлі сұмдық жағдайлар осында да орын алды. Басында бұл
жұмысқа ден қойған Қайырханды, енді басқа жұмыстар-
мен алмастырып, жан-жаққа оны қуа бастайды. Жалақыны
уақытында алмайтын болды, оның жалақысын басқа мекеме
төлейтін болған. Олар жоспарды орындамаса, бұлар ай сайын
ақшасыз қалатын болды. Ақша орнына жеміс-жидек, көйлек
көншек, шалбар бере бастады. Күндіз-түні түрменің күзетінен
шықпайтын болды. Таңертеңгі жиналыстағы бастықтың айғай-
шуы мен боқтаған сөздері әбден зықысын кетіре бастады.
Анық тозақ отына түскендей болатын. Облыс бойынша 6 түрме
болған, екеуі аудандарда, қалғаны қала ішінде орналасқан.
Өрт қауіпсіздігіне Қайырхан жауап береді. Сотталғандар неше
түрлі өнер көрсетіп, түрмелерде өрт шығарады. Соның бәріне
ол жауапты. Сотталғандарға әдейі өрт қойғызғандай, бастық
шұқшиып жаланың бәрін оған жаба бастайды. Қарамайсың,
тексермейсің, олармен жұмыс жасамайсың деп жер-жебіріне
жетеді. Сотталған неше мың адам болса, соның бәріне сол жа-
уапты сияқты оған айғайлайды. Ақыры шыдамаған Қайырхан
өз «еркімен» жұмыстан босатылды. Бұл 1991 жылы тамыз айы
болатын. Негізінде, сараптап қарасақ, 1986 жылы желтоқсан
айында, қараптан қарап, неге оған жала жабылып, оқудан неге
алып қалды, не үшін? Сол кезде оны қамап қоятындай ол қан-
дай қылмыс жасады, не үшін оны далаға шығаруға қорықты?
Басқалар емін-еркін оқуына кетті, Қайырханды ұшақтан
түсіріп, неге жұмыс орнына қайтарды. Не үшін? Не қылмыс
жасап қойды екен. Түсініксіз? Неге оны қудалауға ұшыратты,
неге ол 22 жыл құғын-сүргінге түсіп, жұмыссыз жүрді?

Неге оны жазықсыз жазалап, соттың шешімін өзіне көр-
сетпей, таныстырмай оны бір жылға шартты түрде соттайды.
Амнистияға түскеннен кейін де, төлқұжатын бермей, бірнеше
жыл ешқайда бара алмай жүрді. Оның ашқан жұмыс көздерін
лезде жаптырып, шоттарын бұғаттап тастайды. Облыс әкімі
болған Л. Метте Қайырханды мемлекеттік мекемелерге бас
сұғуға шектеу қойды, барған жерде оны кеудесінен итеріп

51

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

кіргізбейтін.
«Халықтар достығы» үйінің директоры оған айқын

айтқан екен, саған біздің мекемеге кіруге облыс әкімі шектеу
қойған деп. Сонымен облыс әкімінде бақылауда болса және
мемлекеттік қауіпсіздік комитеті оны сыртынан бақылап жүрді.
Облыстық КГБ қызметкері полковник Соколовский бөлмесіне
шақырып, мардымды ештеме айтпай, тек оның заң бұзушы-
лыққа бармай, тыныш жүру керектігін ескерткен. Иа ол ты-
ныш жүрді, ешқандай заң бұзушылық салдары болған емес.
Облыстық партиялық комитеті әкімшілік бөлімінің төрағасы
Ю.Н. Филипенко Қайырханды өз бөлмесіне шақырып, біршама
әңгімелеседі.

Облыстық прокуратура тергеушісі Борис Кольцов қа-
сақана жала жауып, Қайырханды түрмеге тоғытпақшы болған.
Ақыр аяғы Кольцов Борис өзі істі болып, төрт жылға бас
бостандығынан айырылған. Облыстық Арбитраж сотының
төрағасы Тихонов Қайырханның мектептегі оқушы қызын
дәлізде ұстап қорқытқан.

Облыстық Ішкі істер басқармасының саяси бөлімінің
жетекшісі Колесников саяси жағынан әңгіме өткізген, бірақ
оған ешқандай айып тақпаған. Тек бір айтқаны – «хулиганство
–это преступление, можно загреметь под фанфары, и по-
лучить пять лет срока тюрьмы» - дегені оны ойландырған.
Шынымен, солай болды ма деп ойлаған. Рябковты барлығы-
ның көзінше кеңірдегінен алғаны рас, кейін бастық болған
Коншуды да ызадан булығып кеңсе бөлмесінің қабырғасына
жапсырған. Бөлімше бастықтары Сергей Рябков пен Владимир
Литвинов жүгіріп келіп оларды айырып алған. Осыған желеу
боп тұрған өздері екенін жақсы біледі, сондықтан ешқайда
шағынбады.

Солай ішкі арпалыспен олар үш жыл өткенін білмей де
қалған сияқты. Бұлар ішкі жау емес, ашық жау екенің Қайыр-
хан жақсы біледі. Іс-сапарда болғанда, Рябковтар өздеріне
жеке бөлме алып, Қайырханнан аулақ жүретін. Тамақты да
бірге отырып ішпейтін.

Кейіннен, Рябковпен басқа жұмыста бірге істейтін болып

52

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Қайырхан бір жылдай өрт сөндірушілермен жұмыс жасаған.
Рябков Қайырхан қатысқан жиналыстарға басын сұқпайтын,
көрсе көрмегендей болып, қашқақтап алыстау жүретін. Сонда
да, 17 желтоқсан 1986 жылы Сергей Рябковтың Қайырханға
жала жапқаны, оның өміріне елеулі қиыншылықтар туын-
датқан, 22 жыл бойы азап шеккенін, жаяу-жалпы қалдырғаны,
үйінен, күйінен айырғаны, оның жеке өміріне балта шапқаны
қалай ұмытылсын. Жала жабу, оның есімін қаралау, артынан
қудалау, қуғын-сүргінге түсіру кімге де болсын ауыр тиеді.

2013 тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тек-
серуі алты айға созылып, Қайырхан 2014 жылы қаңтар айында
Верхне-Березовка кентінің әкімі лауазымына тағайындалған.
2017 жылы мамыр айында зейнетке шыққан. Өмірінің жиырма
екі жылын жұмыссыз өткізді. Кірпіш бұзып, жүк тиеді, сауда
жасап отбасын асырауға барлық күш қуатын салды.

Бірер жыл ауылда өмір сүрді. Әр түрлі жұмыстар істеп,
табыс тапты. Ақыры баспаналы болды, астына көлік алды,
жұмысқа қолын жеткізді. Жаланың салдарынан адам қатары-
нан шыққандай болған, енді туыстары, мен достары, жоламай
кеткендерімен қайта табысты. Зейнетке шыққан соң, оның
атақ-абыройы артып, дәрежесі қайта көтеріліп, ел санатына
қайта қосылды.

2016 жылы Ұлттық қауіпсіздіқ комитетінің департамен-
тінің нұсқауымен Қайырханды 30-жылдық Тәуелсіздік күніне
орай, «Желтоқсан оқиғасына қатысқан» үшін мерекелік ме-
дальмен марапаттады. Мерекелік медалды Глубокое аудандық
әкімі Байғонусов Қалихан Байғозыұлы бүкіл жұртшылықтың
алдына табыстады. Алдына Глубокое аудандық әкімі болған
Владимир Кошелев Тәуелсіздік мерекесінің 20-жылдығына
орай Қайырханды Мәдениет үйіне шақырып, халықтың басын
қосып, медальды Қайырханға табыстауға бас тартқан. Соны-
мен мерекелік медаль оған берілмей қалған.

1991 жылы тұған жастарға бір-бір медаль төстеріне қадап,
Тәуелсіздікке қатысы болмағандарға, сый-сияпат жасағандары
Қайырқанға ауыр тиді. Жиынның ақырында аудандық маслихат
хатшысы Кошелевтің өзінің төсіне медаль қадап, Тәуелсіздікке

53

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

сіңірген еңбегі үшін оған зор алғыс айтты. Сол жолы жиырма-
дан астам адам медаль төстеріне қадады. Не үшін екен, олар
Тәуелсіздікке қандай еңбек сіңірді, не бітірді? Жастардың сол
жыл туғаны үшін де медаль табыстау керек пе? «Әділдік жоқ
дегеніміз осы ғой.

Әңгімені жазып алған
Б. Ақылбаев, 2017 жыл

БЕКҚАЗИНА МАРИНА

1986 жылы Марина Семейдің
Н. Крупская атындағы мемлекеттік
педагогикалық институтының бірінші
курсында оқиды. Институттың нөмірі
3-ші жатақханасында тұратын. Марина
және екі студент қыз 1986 жылы 16-жел-
тоқсанында жатақхананың төрінде ілулі
тұрған Колбинның үлкен суретінің асты-
на «Казахи тоже могут управлять своим
народам» деген жазуды іліп кеткен. Ер-
теңінде институтқа үш адам келіп, курс
жетекшісіне жолығып, Марина және курстас екі қызды «Бала-
лар бақшасына апарамыз» - деп, оларды алып кеткен.
Бірақ олай болмай, орталықтағы үлкен темір қақпалы
үйге үшеуін апарады. Үшеуін үш бөлек әкетеді. Ертеңінде олар-
дан түсініктеме алып, тергеуші Маринаны ұйымдастырушы
ретінде тергей бастайды. Аягөзден әке-шешесін шақыртады.
Өзін ректорат оқудан шығарып, оған қоса комсомол қатарынан
босатады.
Семейде оны тіркеуге алмайды, жұмысқа түсе алмай
жүргенде, милициядан шақырту қағаз келіп, Маринаны әке-ше-
шесіне «қызыңды ешқайда шығармайсың»- деп қатаң тап-
сырыпты. Осылайша 16 жасар Марина «ұлтшыл, тәртіпсіз,
бұзақы» аталған.

54

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Тәуелсіздік алған соң, Марина қайта оқуын жалғасты-
рып, Семей облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып,
мұрағаттан қағаздарын қайтарып алған.

Аталмыш жоғарғы оқуын бітіріп, бастауыш сыныптар
мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Марина Бекқа-
зина жиырма жылдан бері қалалық қазақ мектеп-гимназиясын-
да жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып келе жатқан
тәжірибелі маман, ұстаз. Өскелең ұрпаққа Отансүйгіштік рухта
тәрбие беруді өзіне міндет етіп қойған.

***

Бекқазина Марина Амангельдиевна,1968 жылы 29 жел-
тоқсан айында, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында
өмірге келген. Өзінің де жанұясында үш бала тәрбиелеп, өсір-
ген ардақты ана, немерлеріне сүйікті әже.

Б. Малдыбаевтың «Аягөз жаңалықтарынан» алынды
16 желтоқсан 2017 жыл

ҒАБДУЛЛИНА АНАР

Алматыда болған жастар нара-
зылығын біз, яғни Өскемен педаго-
гикалық училищесінің студенттері,
20-21 желтоқсан күндері ести баста-
дық. Сөйтіп, Өскемен қаласының
студенттерінде де толқу басталды.
21-желтоқсан күні кешкі сағат 7-8
мөлшерінде 30-40 шақты жас қыз-
дар мен жігіттер біздің жатақхана-
ның қасынан өтті. Олардың ішінен
біреуі: Алматыда қазақтарды жазық-
сыздан-жазықсыз қырып жатқан-
да, сендер неғып отырсыңдар?

55

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Өздеріңнің наразылықтарыңды білдірмейсіңдер ме? - деді.
Сол-ақ екен, үйлердің бұрыш-бұрышынан МАИ машиналары
шыға келіп, қыз-жігіттердің қолдарын арттарына қайырып,
түйгіштеп автобусқа салды да алып кетті. Біз бұның бәрін
жатақхананың терезесінен қарап көріп тұрдық. Жаңа ғана көз
алдымызда өткен оқиғаға сенер-сенбесімізді білмедік. Бірге
тұратын алтауымызда да біртүрлі толқу бар. Түні бойы әлгі
жастардың ендігі күні не болады деп әңгімелесіп жаттық.

Ертеңінде сағат 10-ның кезінде 2-курс қыздары келіп:
Бүгін Пединститут, Құрылыс-жол институтының студенттері
алаңға шығады екен, сендер не істейсіңдер? - деді. Біз алаңға
шығудың қауіпті екенін айта келіп, сабаққа бармауды ұйғардық.
Тек, ешқайсымыз да жатақханада қалмайық, өзіміздің наразы-
лығымызды осылай білдірейік, деп шештік. Басқа бөлмелердегі
қыздарға хабарладық та, үйді-үйге тарап кеттік.

Кешкі сағат 7-8 мөлшерінде жатақханаға келсек, сту-
денттер абыр-сабыр, мұғалімдер қаптап жүр. Өзіммен бірге
тұратын қыздармен сөйлессем: Қазір училищеде жиналыс
болады, МХК-дан адамдар келіпті, бізді тергейді екен,- дейді.
Осында түңгі сағат 1-ге дейін жауап алды. Сұрайтындары:
Алматыдан 20 шақты кісі келіпті. Олардың біреуі сендерді
ұйымдастырған. Сол ұйымдастырушыны айтып беріңдер. Өз
басым ондай ешкімді көрген жоқпын. Қыздардың біреуі жа-
уабында: астыңғы қабатқа бір көзілдірікті әйел келіп, сендер
неге көтерілмейсіңдер депті-мыс, - дейді. Оны кім айтқанын
да білмейміз.

Осыдан 26-желтоқсанға дейін
күні-түні тексеріс болды. Естімеген
сөзіміз қалмады. «Ұлтшылсыңдар,
фашиссіңдер, Ленинге қарсысыңдар»,
жергілікті халық арасында «ылғи,
бұзылған, анаша тартатын қыздар
екен» деген сөздерге дейін тарады.
Кейін артымнан іздеп келген анам
мен ағам бұл сөздерді естіп: «Бұлары
жөнсіз екен»,- деп қатты қынжылды.

56

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Басқаны қойып училищедегі өзіміздің қандастарымыз тепсініп-
тепсініп сөйледі. Әсіресе, кәсіподақ комитетінің төрайымы
қазақ қызының (аты-жөнін ұмытып қалыппын) бізді жерден
алып, жерге салып, үлгерім үшін училище бойынша бірінші
орын алып, құрмет тақтасына ілінген, топ болып түскен фо-
тамызды басқа ұлт өкіліне алғызғаны көз алдымда.

Бір аптаның ішінде жүдеп-жадап, құр сүлдеріміз ғана
қалды. Бәрімізді бір ауыр ой билеп алған. Тамақ ішуге де
зауқымыз жоқ. Өмірден түңілу де жоқ емес. Басқа қыздар йод,
сірке суын сатып алыпты дегенді естіп, ойға қалып жүрдім.
Оның үстіне бірге тұратын Абраимова Балапан деген қыздың
жүрегі аурушы еді, ол да қайта-қайта талып қалады. Қыздар-
дың бәрі жылаған, салы суға кетіп жүр. Осы кездерде қиналға-
нымызды сөзбен жеткізу қиын.

Сонымен, бірге тұратын 6 қызды - Андыбаева Гүлжанат,
Тұрысбекова Алмагүл, Абраимова Балапан, Тақатова Бақыт-
жамал, Сәлімжанова Жаңыл және мені ұйымдастырушылар
ретінде оқудан шығарады деп естідік. 26-сы күні кешке алтауы-
мыз педучилищенің оқу ісінің меңгерушісіне кіріп, бастан-аяқ
қалай болғанын айттық. Ол кісі бізді мұқият тыңдады, бірақ
училищеде қалдыруға көмектесем деп уәде бере алмайты-
нын айтты. Осы әңгімеден кейін біз жатақханаға келе жатыр
едік, бір қыздар жолығып «Мұхамеджанова Сәбира 5-қабаттан
секіріп кетті» деді. Үстімізден біреу суық су құйып жібер-
гендей болды. Жүгіріп келсек, «Жедел жәрдем» машинасына
Сәбираны салып, қолдан дем беріп жатыр екен. Түрі боп-боз.
Біз бесінші қабатқа көтерілгенде Сәбираның анасының қабырға
жағалап, зарлап жылап жүргенін көрдік. Бәріміз егіліп кеттік.

Мұғалімдер, тәрбиешілер басқа қыздардың төсектерінің
бас-аяғын қарап, тыққан йод, сірке суларын шығара бастады.
Ал, училище директоры Н. Н. Баранов осыдан бастап Сәби-
раның хабарын күтіп, бірінші қабаттағы телефонның қасынан
шықпады. Бұған дейін ол барлық ата-аналарға «Қызыңыздың
училищеде оқығанына байланысты тез жетіңіз» деп жедел хат
салып та қойып еді. Мұндай жеделхатты алған ата-ананың
қызым тірі ме, өлі ме деп жүрегі ұшатыны бесенеден белгілі.

57

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сәбираның анасы да осы шақырту бойынша келіп еді. Байқұс
ана қызынан көз алдында айырылып қалатынын білді дейсің
бе?

Мен Сәбираны бір жатақханада тұрғандықтан бұрыннан
жақсы білетінмін. Әр нәрсе туралы өз пікірі бар, өжет қыз бо-
латын. Алғашқы күнгі жауап алу кезінде: «Бәрін де өз мойныма
алып, сендерді құтқарып қаламын», - дегенін де естіп едім.

Иә, Сәбира өзінің қайғылы қазасымен көптеген студен-
т-жастарды тергеп-тексеруден, қудалаудан құтқарып қалды
(Сәбираның қайғылы қазасы туралы «Желтоқсанның» үшінші
кітабында А.Алтайдың «Ол он алты жаста еді» мақаласында
жазылды. Сондықтан қайталамадым).

Сәбираның қайтыс болғанын бізге таңертеңгі сағат 7-де
училищенің спортзалына жинап алып айтты. Осыдан кейін-ақ
мұғалімдердің де, тергеушілердің де «қорықпаңдар, сендерге
ештеңе болмайды» деп, көзқарастары өзгеріп сала берді. Тіпті,
біздің маңымызды басуға қорқып жүрген кейбір қандастары-
мыздың да жүзі жыли бастады. Сәбираның табытын алып
шыққанда жалаңбас тұрған қыздарға Н. Н. Баранов «суық тиеді,
бас киімдеріңді киіп алыңдар» деп қояды. Осылайша бәрінің
ақылы Сәбираның өлімінен кейін кіргендей. Олар біздің ке-
удемізде өшпес кектің, жазылмас жараның қатып қалғанын
қайдан білсін.

Ақырында 5-қаңтарда тағы да тергеп-тексеруден кейін,
жиналыс болып, әлгі оқиғаны ұйымдастырды деген алты қызға
қатаң сөгіс беріп, комсомол билеттерінің тіркеу кітапшалары-
на «Өскеменде тәртіпті бұзғаны үшін қатаң сөгіс» деген сөй-
лемді жазып берді. Қалғандары ауызша сөгіс алды. Ал басқа
бөлімдерде оқитын ұл балалар оқудан шығып, сотталып жатты.
Бұл жайында оны басынан өткізгендер өздері жазуға тиіс.

Менің бұл мақаланы жазудағы мақсатым - қазақ тарихын-
дағы ұлы оқиға, демократиялық жаңғырудың бастамасы бо-
лып енген Желтоқсан оқиғасы құрбандарының бірі Сәбира
құрбымды еске алу. Кеш те болса оның қазақ жастарының
бостандығы, Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін құрбан болғандығы
жөніндегі өзім көріп-білген шындықты жария ету.

58

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Мұхамеджанова Сәбира, өзі айтқандай, бізді МХК қуда-
лауынан, училищеден шығарудан, тіпті, сотталудан құтқарып
қалу үшін жанын қиып, ерлік көрсеткен құрбымыз. Сондықтан
оның аруағына бас иіп, жыл сайын еске алу біздің адамдық
парызымыз. Жалпы Сәбира сияқты Желтоқсан құрбандары
ұмытылуға тиіс емес. Сондықтан Сәбира Мұхамеджанованы
мәңгі есте қалдыру үшін, оның өскемендік, тарбағатайлық
жерлестері туған жерінде, Өскемен қаласында көше, не мектеп
атын беру мәселесін көтеретін уақыт жеткен сияқты. Тіпті,
ескерткіш орнатса да артық емес. (Ресейде демократия құр-
бандарына КСРО Батыры атағы берілгенін еске алайық).

1986 жылы желтоқсанның қатерлі күндерінде кейбіреулер
бізден сырт айналып жатқанда, өздерінен де төңген қауіп-қа-
терге қарамай, қиналған кезде біздің қасымызда болып, ақыл
айтып, дем бергендері үшін орыс тілі пәнінің оқытушысы
Мағрипа, сурет пәнінің оқытушысы Бақыт сияқты ұстаз-а-
пайларымызды еске алып, алғыс сезімімді білдіремін.

***

Анар Ғабдуллина Өскемен педагогиқалық училищесін
1987 жылы үздік бітірген. Кейін Қарағанды мемлекеттік уни-
верситетіне түсіп, 1992 жылы тәмамдаған. Қазір Астана қа-
ласының Сот сараптамалары институтында жұмыс істейді.

59

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ЕСІРКЕНОВА (КӘРІМҒАЗИНА) ГҮЛЖАН

Мен үшін бұл – отансүйгіштік... еліме деген махаббат!

Менде басқа құрдастарым
сияқты сол қанды қырғынның қа-
тысушысы болдым. Мен, 8-ші сы-
ныптан кейін, 1984 жылы Өскемен
қаласының Кооперативтік техни-
кумына оқуға түскен болатынмын.
1986 жылдың желтоқсанында небары
17 жаста едім.

Бізге Алматы жастары мен ми-
лицияларының арасында - Қазақстан
Орталық комитетінің бірінші хатшы-
лығынан Д.А. Қонаевты алып, Кол-
бинді тағайындағаны үшін - қақтығыстар болып жатқаны тура-
лы хабар 3-ші курс оқып жатқан кезімізде келді. Дәл осы кезде
біздің көзқарасымыз, дүниетанымымыз басқа болғандықтан
ба, Алматы қаласындағы ереуілге шыққан жастарды қолдауға
арналған парақшаларды жасырынып жазып жүргенде бізде
тіпті қорқу деген сезім болмапты.
Оқу орнымызда топта жиналыс жасап, арандатушылыққа
берілмеуімізді, сыртқа шықпауымызды қатаң түрде ескертті.
Жиналыстан соң сол кездегі курстастарым, зайсандық Қали-
баева Бақыт, Әлімбаева Амангүл жəне тағы да басқа қыздар-
мен техникумнан шығып бара жатып, Алматыдағы жастарға
қалай көмектессек болады екен деп ақылдастық. Соны білген-
дей, алдымыздан басқа топтардағы Бұзубаева Динара кездесе
қалды. Одан не істесек болады деп сұрағанымызда, Өскемен
студенттері Алматы студенттерін қолдауға, алаңға шығуға
шақырып жатқан үндеу парақшасы бар екенін айтты. Үндеу
парақшасында митингінің өту күні де жазылған екен. Көбей-
тіп, қалаға іліп шығу керек болды. Ол кезде компьютер жоқ,
біз дəптердің парақтарына үлкен əріптермен көшіріп, үндеу
парақшаларды көбейте бастадық. 2-3 күнін ішінде қалаға іліп

60

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

шығу керек болған соң, сабақ үстінде де жазып жүрдік. Кешке
қаланы аралап парақшаларды жапсырып шығатынбыз. Есімде,
бір күні үлкен ағам оқитын Құрылыс техникумына жапсырға-
нымда, ҰҚК қызметкерлері үндеу парақшасы туралы біліп

қойды.
Аталмыш

жағдайдан соң, солдаттар
біздің жатақхананы, тех-
никумды қоршап алды,
ҰҚК-нен адамдар келді,
барлығымызды жинап,
жиналыс жасап, парақша-
ларды кім таратқанын
сұрады. Біз мойындама-
дық. Бірақ, өмір заңды-
лығы шығар, арамызда
бір қыз бізді ұстап берді.
Бірге оқып жатқан топта-
сымыз қазақ қыз еді. Са-
бақ үстінде парақшалар-
ды жазып жүргенімізді
көргенін айтып, бізді көрсетті. Бізді МҚК не алып кетті.
Тергеу болды. Тергеушілер ауысып отырды, бірі мойында-
уымды сұрады, бірі қорқытты, бірі айтқандарын қағазға жазып
беруімді талап етті. Мені бір кабинетте жалғыз өзімді тергеді,
басқа қыздарға не болғанын білмеймін. Оларды бізге парақша-
ларды кім беріп, барлығын кім ұйымдастырғаны қызықтырды.
Мен барлығын жоққа шығарып, мойындамай қойдым. Мені
ағамның техникумынан парақша тапқандарымен қорқытты,
оны ілген сенсің деді. Бізді түн ортасында бірақ босатты.
Митинг күні бізді қайтадан МҚК не алып кетті, тағы да
бітпейтін тергеулер басталды. Қысым көрсетулері жүйкемізді
жұқартып жіберді. Кешке алаңға шықпауымызды ескертіп
барып босатты. Біз тыңдамай, бəрібір бардық. Бірақ кешіккен
екенбіз. Алаңдағы адамдардың көп бөлігі жастар, транспарант
ұстап, милиция мен солдаттардың қоршауында алаңнан көпірге

61

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қарай бара жатты. Бізді солдаттар ол жаққа жібермей қойған
соң, жатақханаға оралдық.

Келесі күні, 23 желтоқсанда комсомол ұйымының
жиналысы болды. Жиналыста мені, Қалибаева Бақытты,
Әлімбаева Амангүлді жəне тағы бірнеше қызды ұйымнан
шығарды жəне оқудан шығарылуымыз мүмкін екенін
хабарлады. Біз, əрине, барлығымыз жыладық.

Мен үшін техникумнан шығып қалу өте ұят еді. Оның
үстіне соңғы курс, дипломға да аз қалған болатын. Ата-анама
қай бетіммен қараймын, үйге қалай қайтамын деп уайымдадым.
Білмеймін, шарасыздықтан ба, ашудан ба бізді сатып жіберген
қызға «Бізді МҚК не ұстап бергеннен не таптың?» деп бас
салдым. Содан соң тұтқындалдым, алдын ала қамауда ұстау
камерасына қамалдым. Тағы да тергеулер, камера, қамау, сот.

Ақыры мені 173 баптың 2 тармағы бойынша соттады.
Маған қолданған бап: «Халықаралық қорғауды пайдаланатын
адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау». Менің кəмелеттік
жасқа толмағаным үшін 65-бапты қолданбады. 1 жылға бас
бостандығымнан айырды.

Мені ұстап алып, тергеп, қорқыту, үркіту болғанда да
алған бетімнен қайтпадым. Өйткені мені ата-анам əділетсіздік-
ке жол бермеуге, елімді, жерімді сүюге тəрбиелеген.

Сонымен, 1986 жылдың 23 желтоқсанынан бастап, 1987
жылдың 12 наурызына дейін
мен Өскеменнің «Крепость» де-
ген түрмесінде болдым. Мені
осы «Крепостьқа» жапқанда,
жіберілетін тағамдарға тыйым
салынған болатын, мен тек түр-
менің ботқа-баландасын жеуіме
тура келді. Бірақ, ұзынқұлақ
әңгіме тез таралады ғой, со-
дан еркектер отыратын камера
жағында мен туралы естіген
адамдар мені қолдап, «батыр қы-
зымызға» деп арнайы адамдардан

62

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

үнемі тәтті тағамдар жіберіп отырды, оның ішінде қант-кәмпит,
печеньелер болатын.

18 жасқа толуыма 13 күн қалғанда мені Ресейдегі (Новый
Оскол) қаласындағы кəмелеттік жасқа толмаған балалар
колониясына жөнелтті. Екі апта күтпегендеріне қарағанда
мені қатты қинағылары келді-ау.

Новый Осколға жеткенше 1 жарым айымды жолда ва-
гонзак-столыпинда, Қазақстаннын, Ресейдің көп қалаларынын
уақытша түрмелерінде өткіздім. Ата-анаммен байланыс жасай
алмадым, хат жазуға тыйым салды. Бірақ мен сонда да жазып,
жолда этаптан түсетін қыздардан жасырын беріп жіберетінмін.
Бір таңқалдырғаны, кейін үйге қайтқанымда, анам хатымды
көрсетті. Хатымды жүрегі жұмсақ бір кісі Воронеж вокзалы-
нан тауып алып, оқыған екен. Оқып қойғаны үшін конвертке
кешірім сұрап жазып, хатты адрес бойынша анама жіберіпті.
Өмірде жақсы адамдар бар екен.

Жаңа (Новый) Осколға жеткенде, мені, сосын этапта
қосылған Нарқыз атты өзбек қызы және алты орыс ұлтының
қыздарын карантинге жатқызуды ұйғарды. Сондағы
басқарушылар мен қызмет көрсетушілер өздерінің басқа
ұлттардан үстем екенін көрсету үшін және шовинистік тұрғыда,
біз мұсылман болғандықтан ба екен, сол Нарқыз екеуміздің
шашымызды тақырлатып алып тастады, ал ана алты орыс
қызға тиіспеді. Айта кететін жағдай, өзбек қызы Нарқыздың
шашы көздің жауын аларлықтай жарқыраған, қалың, қарғаның
түсіндей қап-қара еді. Сонда дәрменсіздіктен әрі күйіктен
ішім оттай жанған еді. Нарқыздың жағдайы менен де нашар
болды. Анадай шаштан айырылып, мазақ қылғандарына, әдейі
қасақана істегендеріне шыдай алмай, өксіп жылап, көз жасын
тыя алмағаны әлі де көз алдымда, сол кездерде моральдік-
психологиялық жағдайда өте ауыр болып еді. Оның үстіне,
этаппен бірге келген алты орыс қыздың «колонияға кірсең,
өлтіреміз» деп қорқытып, үркіткен сөздері әлі есімде...

Сол жерде, жолда 18-ге толғанымды біліп, «қайтадан
Қазақ ССР-ына этаппен қайтуға дайындал» деді. Тағы да
вагонзак-столыпиндар, жол, Ресейдің түрмелерін көріп мен

63

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Қазақстанға қайттым.
Шамамен, 1987 жылдың маусым айында, Алматы облы-

сындағы (Жауғашты) əйелдер колониясының 5-ші отрядына
түстім. Отряд басшысы мен үлкен əйелдер ақылдасып, менің
мерзімім де, жасым да кішкентай болғандықтан, жұмыс істет-
пейміз деп шешіп, техникалық бақылау бөліміндегі əйелдің
жанына жіберді. Ол əйелдер тігін фабрикасынан техникалық
бақылау бөліміне бұйымдар таситын. Сырттан келген басқа
адамдар олардан дайын бұйымдарды қабылдап алып, сапасын
тексеретін.

Айта кететінім, осы отрядта Алматыда Желтоқсан
көтерілісіне қатысқан қыздар да болды. Оның бірі – Гүлнар
Әбілқайырова, 3 жылға бас бостандығынан айырылған,
екеуіміз бірден сырласып, жақын болып, достастық, түрменің
қара нанын бірге бөлісіп жедік.

Шілде айының соңында колония басшылығы амнистия
болатынын жариялады. Амнистияны ненің құрметіне жасаған-
дарын ұмытып қалдым, бірақ менің бабым амнистияға жа-
татынын жəне комиссияға дайындалуым керектігін ескертті.
Есімде, мені амнистия комиссиясы отырған кабинетке кіргізді,
хатшы менің сотталған бабымды, парақша таратқанымды,
қоғамға жат, ұлттық əрекеттерге қатысқанымды оқып берді.
Отырғандар жым-жырт болды. Сол сəтте олардың жүздеріне
қарап шықтым, бəрі қазақ екен. Хатшы менде ешқандай тəртіп
бұзушылық болмағанын айтты. Комиссия мүшелері бірден «Біз
келісеміз!» деді. Бірақ комиссия төрағасы, прокурор орнынан
тұрып айқайға басты: «Сен ұлтшылсың! Біз қазір сені босатып
жіберсек, бостандыққа шығып, ерлік жасағандай мақтанасың,
қазақ үшін күрестім, сендер үшін азап көрдім деп кеудеңді
соғасың. Сендейлерді өмір бойына бас бостандығынан айыру
керек!», - деді.

Мен сол жерде жылап алдым жəне шешімнің қандай
болғанын аңғармастан кабинеттен шықтым. Соңынан мені
амнистиялады. Кейде сол прокурорды есіме аламын, қазір
қайда екен, кім екен, желтоқсанға қалай қарайды екен?

1987 жылдың 6 тамызында анам келіп, Құйғандағы үйге

64

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

алып қайтты. Үйге келіп, ата-анамның қандай қиындықтарға
тап болғанын білдім. Мен қамауға алынған соң ата-анам да
біраз қиындықты бастан өткізіпті. Менің ата-анама және
менің бетіме қара күйе жаққан кеңес өкіметтің екі жүзділігі
өмірімді тас-талқанын шығарып, быт-шыт етті. Əкемнің
жұмысында жиналыс жасап, барлық ұжым оны талқылапты.
Ұлтшыл қыз тəрбиеледі, егер партия қатарында болғанында,
қызының қасына отыратын еді, депті. Анам мұғалім еді, оны
кітапханашы қызметіне ауыстырыпты. Елдің қаңқу сөзіне
қарамастан, мен бірден əкем жұмыс істейтін кəсіпорынға
бухгалтер болып орналасып алдым.

1989 жылдың қысында біздің үйге Желтоқсан көтерілісін
тергеу жөніндегі комиссияның өкілі келді, мен оған менің
ісімді қайта қарау туралы арыз жазған болатынмын. 1990
жылдың қыркүйек айында аудандық ІІБ өкілі маған ақталу
туралы қаулыны алып келіп, таныстырды. Осыдан кейін
Өскемен қаласындағы кооперативтік техникумнан бірнеше
рет қоңырау шалып, менің қайта оқуға қабылданғанымды жəне
келіп, оқуды жалғастыруымды өтінді. Мен оқуымды аяқтап,
диплом алдым.

Ерекше айтар жерім, анам туралы. Әр ана баласының
қызығын көруге үміттенеді ғой, ал енді сіз ойлап көріңізші,
сіздің қызыңыз сіздің үмітіңізді ақтамақ түгілі, сол кездегі
тұжырым бойынша керісінше масқара қылды. Оқудан,
комсомолдан шығарылғанын қоя тұра, түрмеге жабылды.
Ойлаңызшы, бір сәт осыны, отбасының, ата-ананың күйін.
Бүкіл ел менің отбасыма ала көзбен қарап, табалаумен
болды, өз елімде отбасымызбен «халық жауы» болдық, мен
түрмеде, ата-анам ауылда, шіріген жүйенің, адамдардың бұрыс
көзқарасының құрбаны болдық, әсіресе мұның бәрі анама ауыр
тиді. Іштей өзімізді жедік, қанша жүйке құрыды, қызының
қандай күйде екенін біле алмаған кімге жақсы?! Бір жағынан
балаңа деген махаббат, екінші жағынан елдегі өсек-аяң...

Еш ұмытпаймын, маған берілген медальды анам жа-
рықтық кеудесіне тағып алатын, мен көбірек лайықтымын деп
қалжыңдайтын, азап пен қуғын-сүргінді сенен аз көргем жоқ деп..

65

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Ата-анам өмірден ерте кетті, оған менің желтоқсанға қа-
тысуымның əсері бар ма деп ойлаймын. Ағамның мен үшін жы-
лағанын да ұмытпаймын. Өзі əлі студент болса да, ата-анамызға
не айтамын, деп өзін кінəлап жылаған еді. Өмірімде сол кезде
ер адамның көз жасын бір-ақ рет көрдім,.. Менің қиналғаным
түкке тұрмайды, алайда ағамның көз жасы... Əлі күнге дейін ол
оқиғаларды жыламай еске ала алмаймын, қазір де жылап жазып
отырмын. Сол бір кезеңдерде сынып кетпей, рухымды биік ұстап
қалған күш – болашаққа сенім дер едім. Адам алдағы күндерге,
жаксылыққа сенгенде ғана мықты болады. Мен бостандыққа
шығып, ата-анаммен кездесем, жақындарымның, достарымның
ортасына ораламын деп сендім. Оқуымды аяқтап, елге қызмет
ететін маман боламын деп мақсат қойдым.

Сол мақсатыма жеттім. Келген соң оқуымды жалғасты-
рып, мамандық алдым. Ұнатқан жұмысымды жалғастырып
келе жатырмын.

Арада өткен отыз төрт жылдан кейін артқа бұрылып,
өзіме «желтоқсанға не үшін қатыстым?», «Неге әке-шешеме,
ағама салмақ салдым?», «Егер бəрін артқа қайтарсам, қалай
əрекет етер едім?» деген сұрақтар қоямын. Мен үшін бұл
– отансүйгіштік, патриотизм, ұлтыма, еліме деген махаббат,
өмірімді қайта бастасам да осы жолдан таймаған болар едім
деп, жауап берер едім. Өйткені, мені ата-анам солай тəрбиеледі,
сол үшін жасаған әрекетіме еш өкінбеймін. Тіпті өзімнің Тəу-
елсіздік жолына қосқан кішкентай үлесім үшін мақтанамын да.

Биыл Тəуелсіздігімізге 30 жыл, Желтоқсан көтерілісіне
35 жыл толмақ. Мен өтіп кеткен жылдарыма ой тастап, түрмеге
қамалған кездерімді еске алғанда, түрменің барлық тауқыметін
көрсем де, қайталап айтамын өткенге ешбір өкінбеймін. Өзімнің
жасаған əрбір əрекетімді дұрыс деп санаймын.Сол желтоқсан
құрбандары аңсаған азаттық пен тəуелсіздікті бүгін көрудеміз.
Бұл - біздің ата-бабаларымыздың да ғасырлар бойы аңсаған
арманы еді ғой. Бүгінгі Қазақстан - əлемге танылған мемлекет.
Көк туымыз əлемнің төрінде желбіреп тұр. Өзінің басшысы,
өркендеген халқы бар. Қазіргі ұрпақ ұлтжанды, салт-дəстүрге
жанашыр, ана тіліне адал, еліне қорған болса екен деймін.

66

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Желтоқсан - менің мақтанышым, мәртебем. Қазір мен
елу жастан астым, отбасыммен Алматы қаласында тұрамын,
ел қатарлы тіршілік етіп жатырмыз. Жеке компанияда бас
бухгалтер болып жұмыс істеймін. 18 жасымнан бастап 34 жыл
бойы жұмыс жасап келем. Мен үшін - отағасым Есіркенов
Айзат Серікұлы мен балаларымның Аян, Абзал, Айғаным және
туыстарымның амандығы маңызды.

2002 жылдың 4-ші сәуірінде еңбектегі жетістіктерім үшін
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР
Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.

Тағы да «Тəуелсіздік күні» жақындап келеді, тағы да
телефон қоңыраулары жиілейтін болды. Журналистер, туыстар,
таныстар сол күндер туралы сұрайды, мерекемен құттықтайды.
Ал менің көзіме жас келіп, тамағыма өксік тығылады. Желтоқ-
сан оқиғасы əлі ұзақ уақыт менің жүрегімді ауыртып, есімнен
кетпейтін қиянат пен қасірет болып қала берері сөзсіз.

Бұрын, ұлым кішкентай кезінде менің неге осы мейрам
сайын жылайтынымды түсінбейтін. Жұбатып, жыламауымды
өтінетін. Мейрам емес пе, бəрі қуанышты, бір-бірін құттықтап,
сыйлық сыйлап жатыр, неге жылайсыз деп, жасымды сүртетін.
Үлкейген соң менің қайғымды түсініп, қолдау көрсететін
болды. Қазір «Анашым, мен сізді жақсы көремін жəне
сізбен мақтанамын, сіз маған патриотизм мен Отанға деген
махаббаттың үлгісін көрсеттіңіз», - деп жұбатады. Сондағы
маған балалық махаббатымен жазған бірер өлең шумақтары:

Желтоқсан ызғары жаныңды жонып жұқартқан,
Әділетсіз билік аяусыз сені жылатқан.
Сөз сүйектен, таяқ еттен өткенде,
Тәуелсіздік таңы басыңнан сипап жұбатқан.

Жігер мен намыс көремін сенің тұлғаңнан,
Отанға берген махаббат нәрлі шуақтан,
Желтоқсан желіне тонсаң да сонда қаншама,
Ұрпақты жылытып келесің мейір құшақта, - деген.
Желтоқсан - менің өшпес дертім болса да, отбасым,
балаларым - менің жан дауам.

67

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сөз соңында
Менің арманым: Желтоқсан көтерілісі өзінің ұлттық ста-
тусын алса.
Менің, мен сияқты қазақ қыздарының, сол күндерді
бастан кешкен өмірін, саяси қуғын-сүргін көргендерін негізге
алып, кітаптар жазылса, фильмдер түсірілсе. Бұл көтеріліс
міндетті түрде тарих бетінде қалса, еліміздің Тәуелсіздігі
мәңгілік болса екен.

Екінші сурет - Медальмен отырған солдан оңға:
монументте отбасыммен иықтастарым Алимбаева Амангуль,
- Жолдасым Айзат, қызым
мен, Калибаева Бақыт
Айғаным,ұлым Абзал

Топтық сурет - 3 курс Анам Рысбаева
Кооперативный техникум- Сақыпжамал
товароведное отделение, Рысбайқызы
мен үшінші қатарда ортасында
турмын қызыл көк кофта

68

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Мен, 25.09.1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күр-
шім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келіп, 1976-шы жылы
Құйған орта мектебінің табалдырығын аттап, 1984-ші жылы
бітірдім. Бұдан кейінгі өмірімді жоғарыда жыр ғып айттым.

2019 жылдың 16 желтоқсанында мен Зайсанға курста-
старым, иықтастарым, желтоқсан қаһармандары - Қалибаева
Бақыт, Әлімбаева Амангүл, Бұзубаева Динарамен қауышып,
біздер өткенді еске алып сыр шертістік.

31.05.2021

ЖҮНІСБЕКОВ ҚАМАЛБЕК

1984-1989 жылдары Семей зоове-
теринариялық институтында оқыдым.
Желтоқсан оқиғасы болған кезінде IІІ
курс студенті едім. 1986 жылы 17 жел-
тоқсан күні таңертең бүкіл Зоовет сту-
денттері шеруге шығу үшін «Спартак»
стадионына жиналамыз деген әңгімені
естіп, Алматылық студенттерге қолдау
көрсетуге бекіндік. Сол күні біз, жа-
тақханада тұратын студенттер 60-70
бала «Спартак» стадионына бет алдық. Жолда бізді стадионға
жеткізбей милиция кызметкерлері, ОМОН жасақтары қоршау­
ға алып тірек пунктіне алып барды. Сол күні түнімен сонда
болдық, институт ректоры, деканат шақырылып «бастаған
адам оқудан шығарылады» деді. Содан барлығымыз қолхат
беріп жатақханаға кіріп шығуымыз қатаң бақылауда болды.
Бұл жағдай біраз уақытқа дейін созылды. Әйтеуір, сотталу,
қудаланудан аман қалдық. Біразға дейін сенімсіздердің қата-
рында болдық.
Адал еңбегімнің арқасында абырой жинап, 1989-1997
жылдар аралығында Семей облысы Мақаншы ауданы Қаратал
колхозында мал дәрігері болып жұмыс істедім. 1997-2000 жыл

69

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

мамыр айына дейін Қаратал ауылдық округінде бас маман
болып жұмыс істедім. 2000 жылдың 11 мамырынан бастап
бүгінгі күнге дейін Үржар аудандық аумақтық инспекция-
сында бас маман, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспекторы болып істеп келемін. Қазіргі таңда отбасылымын,
үш балам бар.

***
Жүнісбеков Қамалбек Олжабекұлы 1964 жылы 11 ма-
мырда Семей облысы Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында
дүниеге келген.
1971 жылы 1- сыныпқа барған. 1981 жылы Мақаншы
ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепті бітірген.
1982-1984 жылы әскери борышын Ленинград облысы, Луга
қаласында өтеген. Желтоқсан көтерілісіне Семей қаласында
қатысқан. Желтоқсан ардагері.

ИГІСІНОВ ЕРСІН

Ызғары жанын тоңдырған...

Жастардың жалынды жігерлері
мен қайтпас қайсарлықтарының арқа-
сында солақай саясаттың құрбаны
болған талай боздақтың қанымен жет-
кен Тәуелсіздік куәгерлерінің ызғар-
лы күннен қалған жазылмас жарасы
жүректерінен өше қояр ма екен?

Сол заманда «жаман» атты жамы-
лып жастық шақтарында «нашақор»,
«бұзақы» атанып, байыбына бармаған-
дарға «халық жауындай» болған жа-
стардың оқиғадан кейінгі кешкен күндері өздеріне ғана аян
болар. Бізге белгісі – ақиқат. Қақаған желтоқсанның суығын-
да олардың бір кісідей жұмылып, теңдік пен әділдік сұрауға

70

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жұмылдырған күш ол – еліне, ұлтына деген шексіз сүйіспен-
шілік.

Өткен жылдың желтоқсан айында «Дидар» газетінде
жарияланған желтоқсанның құрбаны, қазақтың қаршадай па-
триот қызы Сәбира Мұхамеджанованың туған ауылына барып
тілшінің дайындаған мақаласынан оған арналып ескерткіш
тақта орнатылғанын оқыған едік. Ал бүгінгі кейіпкеріміз – сол
Сабиралармен бірге алаңға шығып, ұсталғандардың арасында
бір күн қамауға алынып, Желтоқсан оқиғасынан соң қуғынға
ұшыраған Ерсін Игісінов. 1985 жылы Шілікті орта мектебінің
8 сыныбын бітірген соң Өскемендегі бұрынғы педучилищеге
(қазір колледж) еңбек сабағынан беретін мұғалімдер дайын-
дайтын бөліміне оқуға түседі. Оқиға болған жылы 2 курстың
студенті еді. Өскемендегі студенттермен бірге Желтоқсан
оқиғасына қатыстың деген айып тағылып, ата-анасына оқу

орнына тез жетсін деген
жеделхат жолданады.

Сол кезде отбасы-
мызда не болғанын білмей
қорықтық. Әкем Өскеменге
кетті. Екі күннен кейін ба-
уырымда келді. «Бір жылға
қара жұмыс істейтін бол-
ды. Оқиғаға қатысқан жа-
стардың барлығы оқудан
шығарылды. Ата-анала-
рымен бірге ауылдарына
қайтты. Бізбен бірге анасы
жиналыста болған Ақмек-
тептің бір қызы қайтыс
болып, ата-анасы сүйегін
алып қайтты» деді әкем,- деп күрсінді сол кезді есіне алған
Ерсіннің әпекесі Сәния Игісінова.
16-ға толмаған жастарға әділетсіздіктен себепсіз айып
тағылып, кінәсіз жазаланғанынан қандай моральдық, пси-
хологиялық зардап шеккенін ойлаудың өзі қорқынышты еді.

71

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Біз тек елін сүйген, ұлтын сүйген жастарға үн қосып,
өзіміздің талап-тілегімізді білдірдік. Сол кезде бейбіт мақсат-
пен алаңға шыққан жастарды аямай соққыға жығып, қуғындай
бастады. Жиналғандар жан-жаққа қашты. Бізді алаңда ұстап
алыпғ тар бөлменің ішіне қамап тастады. Он бес шақты бала-
мыз, түкті түсінбейміз «сендер орыс ұлтының саясатына қарсы
шықтыңдар» деген сөзі жадымызда жатталып қалды. «Кейін
сендер тек мал ғана баға аласыңдар» деп оқудан шығарып
ауылға қайтарды, - деді Ерсін өткенін еске алып.

Ауылына орылған Ерісннің сол кездегі «жалтақой»
басшылардың бақылауына ұшырап, тіпті басқан-тұрғанын
көршісіне аңдытқан кездері, күнделікті таңертең учаскелік
инспекторға барып тіркелетіні бүгінде өткенінен қалған өшпес
із іспетес. Мекемелерге пеш салатын Тұрсын деген ақсақалдың
қасына көмекші болып жұмыс істей жүріп өзімен бірге мектеп-
те оқыған достарының көзінен тасаланатын шақтары да оның
өмірінде «жазасын өтеген жандай» болғанын есіне оралтады.
Сөйтіп жүріп кешкілік мектепте 10 жылдықты бітірген соң
Өскемендегі педагогикалық институтқа (қазіргі университет)
география факультетіне оқуға түседі. І курстан кейін әскер
қатарына барып міндетін өтейді. 1992 жылдан Шілікті орта
мектебінде ұстаз, шаңырақтың тірегі, асқар таудай әке.

Міне, сол 1986 жылдың желтоқсанынан бері 16 желтоқ-
сан күні өткеннің куәгерлерін шақырып, болған жайдан бүгінгі
ұрпаққа әңгіме айту, осылайша бүгінгі жастарды отансүй-
гіштікке тәрбиелеу дәстүрге айналған. Алайда, өтер іс өтті,
кетті дейтін кейіпкеріміздің сол зұлмат күннен қалған көңілінде
жан ауыртар жай қалғаны байқалып тұрады.

Азат күннің мерейлі де шуақты күнін кешіп жатқан Тәу-
елсіз елдің бүгінгі азамттары жүректерінде өз жанын елі үшін
қиған ер ұлдарының, батыр қыздарының есімін ардақтауы ке-
рек. Әр кез Тәуелсіздіктің ызғарлы күннің суығында жалынды
жастардың жанайқайымен келгенін қастерлейтін, солардың
рухына тағзым ететін боламыз.

72

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ИМАНҚҰЛОВ ТАЛҒАТ

Біз, Өскемен Құрылыс-
жол институтында оқып жүрген
кезімізде 1985-1990 жылдары
Өскемен қаласында студенттерді
қоса санағанда қазақтар саны
9,8 %, ал Шығыс Қазақстан
облысы бойынша 27% болатын.
Біз оқып жүрген институтта қазақ
мұғалімдер 8,5% болатын. Әрине
мұндай нәрсе Қазақстанның
оңтүстік өңірінен оқуға келген
жастарға әрекше әсер қалдырды.
Біз, алғашқыда басқа елге
келгендей болдық. Өзімізді тек студенттер қалашығындағы
жатақханалар аумағында еркін, өз елімізде жүргендей сезіндік.
Қаладан кештеу қайтсаң толған автобус ішінде көп болса 4-5
қазақ ұлттының студенті болатынбыз және өзара қазақ тілінде
сөйлессең айналадағы орыс ұлтының өкілдері «мемлекеттік
тілде сөйле», «вы что там на французском звездите» - деген
сияқты ескерту жасап тиісіп, өктемдік танытатын.
Бұл жағдай 1986 жылғы «Желтоқсан» көтерілісінен кейін
ғана су сепкендей басылды. Мұндай жағдай бізге, қазақтар көп
тұратын жерлерден келгендерге ерекше көрінетін. Оның үстіне
алғашқыда оқу да оңай болмады. Себебі, он жыл қазақша
мектепті қазақша емтиханмен бітірдік, одан институтқа түсу
үшін емтиханды қазақша тапсырып түстік, ал одан кейін
лекция да, қалған практикалық сабағы да барлығы бірден
орысша басталды. Лекцияда не жазып үлгеру керек немесе
мұқият тыңдап отыру керек болды. Бір сәтте әрі тыңдап, әрі
жазып отыру алғашқыда қиын болды. Оңтүстіктің жігіттері
жыл сайын бір-бірімізбен танысып, жерлестік басқосулар
өткізіп тұрдық. Алғашқы кезде 60-70 адам (студенттер мен
жұмысшы жастар) жиналып, дастархан жайсақ, кейіннен
90-жылдары 200 адамнан асатын болдық. Бітіріп жатқан 5-курс

73

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жігіттері 4-ші курстың 5 студентін сайлап, келесі жылдың
басқосуын тапсырып кететін.

Мұны айтып отырған себебім, 1987 жылы жаз айында
біздің «Жол жүрісін ұйымдастыру» кафедрасында сабақ
беретін Қиялбаев Әбді деген мұғалімімізбен қоса төрт жігіт
болып, бір ауылды жерде кірпіш құйып ақша табу үшін жаздай
жұмыс жасаған едік. Бірде түнде киіз үйдің ішінде жатып Әбді
ағайыммен қазақтың тағдыры туралы таң атқанша әңгімелесіп
шықтық. Әбді Талдықорған облысының жігіті еді, Мәскеуге
аспирантураға оқуға баруға дайындалып жүрген болатын.
Сонымен екеуміз күзде Талдықорған мен Шымкенттің белсенді
деген жігіттерімен бас қосып, дастархан үстінде таныстырып,
сонан соң екі облыс жігіттері басқа өңірдің жігіттерімен
(Шымкент-Өскемен, Талдықорған-Семей) кездесіп, танысып,
қазақтар мәселесін талқылауды жоспарладық.

Бір күні, 1987-88 жылдың қыс айлары болу керек,
маған Әбді ағамыз Мәскеуден бір үлкен, қалың конверт беріп
жіберіпті. Ашсам, ішінде хаты бар екен, оған қоса суреттер,
Таулы Карабах жайында «самоиздат» мақала. Хатында
Мәскеудегі қазақ жастары Мұхтар Шаханов пен Олжас
Сүлейменов ағаларымызбен кездескені туралы, екеуміздің
киіз үйде жатып қазағымыз туралы таңға дейінгі әңгімеміз
туралы, сөзінің аяғында қазақтың намысы үшін үш мәселені
орындау керек деп аманат ретінде тапсырыпты. Біріншісі -
желтоқсан көтерілісі бойынша Мұхтар ағамызға, екіншісі -
Олжас ағамызға Семей полигонын жабуға көмектесу, соңында
үшіншісі - қазақ тілі мәселесі бойынша жұмыс атқару болды.
Хатты да әдемі әдеби тілде, намысымызға тиетіндей етіп жер-
жебірімізге жететіндей етіп жазған екен. Содан жақын деген
жолдастарымызды жинап талқыға салып, неден бастаймыз, не
істейміз деп бірнеше рет жиналып, өзімізше асықпай біртіндеп
қолдан келерінен бастадық. Арамызда басым көпшілігі
өзіммен бір немесе қатар группада оқитын жігіттер болды:
Омаров Қанат, Сахиев Марат, Байқадамов Алмат, Залиев Серік,
Досқараев Жахия, Шыныбеков Ташкенбай, Қозыбаев Серик,
Бельгубаев Төлеухан, Абдрахманов Тахир, Қондыбаев Болат,

74

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Тасқынбаев Базарбек, Таенов Алтай, Абдреев Нұрлан одан
бөлек Қалтаев Сәду, Дүйсеков Мейірбек және жатақханадағы
басқа да белсенді жігіттер болды.

Бірінші болып Өскемен педагогикалық институты
және Өскемен жол-құрылыс институтымен қосылып қазақ
тілі қоғамын аштық. Қазақ тілі қоғамымыздың тең төрағасы
сайланды (біздің институттан мені тең төрағаның бірі
ретінде сайлады), әрине мүшелеріміздің басым көпшілігі
педагогикалық институттан болды. Біздің институт техникалық
жағынан, оның үстіне ұлдар болғасын мүшеміз аз болды.
Құрған қоғамымыз біршама жұмыстар атқарды: қазақ тілінен
тегін сабақтар өткізілді, үйлену тойы, бесікке салу сияқты
көріністерді «Наурыз» сияқты қала деңгейіндегі мерекелерде
көрсетіп жүрдік, қазақтың ұлттық киімдерінің бәрі пед.
институтынан шықты. Дайындықтарымыздың (репетиция)
барлығы пединституттың жатақханасының 8 қабатындағы
кең дәлізінде (вестебюлінде) өтетін, соңынан Шымкенттік
«Дәрібаевтар» ансамбілінің қазақша орындауында үлкен
қатты дауыс беретін құрылғымен (колонка) би (дискотека)
кеші болатын.

Екінші кіріскен жұмысымыз институтымызда «Невада-
Семей» комитеті болды. Біздің институттың «Невада-Семей»
қозғалысы комитетінің төрағасы болып мен сайландым.
Әбді ағамыздың Мәскеуден жіберген Семей полигонындағы
жарылыстардың көрінісі, оның салдарынан жапа шеккендердің
және кеміс туылған балалардың суреттерінен екі стенд жасап
институттың бірінші этажындағы кірген беттегі вестибюльге
қойдық. Институт студенттерінен Семей полигонындағы
жарылысты тоқтатып полигонды жабу туралы талап қойылған
хат жазып КСРО Жоғарғы Кеңесіне 2500 қол жинап жібердік,
соңынан толықтырып Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне 4500 қол
қойылған хат жолдадық.

«Невада-Семей» қозғалысының Алматыда өткен
екінші конференциясына және «Невада-Семей - врачи мира
за безъядерный мир» халық аралық конгресіне барғанда
Шығыс Қазақстан облысының «Невада-Семей» қозғалысының

75

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

басшысы Садыков Жеңіс Айтмұханұлы мені Мұхтар
Шахановпен таныстырды. Мұхтар ағамызға Өскеменде де
шамамен 500-дей жастардың көтеріліп көшеге шығып, орталық
алаңда облыстық коммунистік партия ғимаратының алдында
бейбіт шеру өткізгенін, бірақ қайтар жолда Ушанов алаңына
келгенде милиция қызметкерлері қоршап, тап беріп жаппай
ұстап қамауға алғанын және оларды оқу орнынан, жұмыс
орнынан шығарғанын жеткіздім. Ол бойынша Өскеменде
барлық студенттік және жұмыскерлер жатақханаларын аралап
оқу мен жұмыстан шығарылғандардың тізімдерін дайындап
жатқанымызды айттым. Ең бастысы сол кезде педагогикалық
училищеде бір қыздың секіріп мерт болғаны туралы мәлімет
бар екенін жеткіздім. Бұл жұмыстарды атқару ол кезде өте
қиыны болды және желтоқсан туралы сұрағанда елдер сескеніп
қарайтын, сондықтан ол «Қазақ тілі» қоғамы мен «Невада-
Семей» қозғалысының жұмыстарымен қатар жүргізіліп
отырды. Мұхтар ағамызға жиналған құжаттарды толықтырып
тапсыратын болып уәделесіп қайттым.

Өскеменге келгесін педучилище жатақханасында болған
оқиға бойынша мүмкіндігіміз жеткенше толығырақ мәлімет
жинадық. Мәлімет бойынша 1986 жылы 22-желтоқсанда
Өскемен қаласында оқу орындарының студенттері мен
жұмысшы жастары Алматы қаласында 16-17 желтоқсанда
болған көтерілісті естіп, көшеге шығып орталық алаңнан өтіп,
бейбіт шеру жасаған. Сол күні педучилищенің екі группасы
наразылық білдіріп, сабаққа шықпаған және шеруге қатысқан
болуы керек. Өскеменде сол кезде шұғыл жиналыстар өткізіліп,
оқудан және жұмыстан шығару жаппай орын алып жатқан.
Қаладағы барлық жұмысшы жатақханаларының «красный
уголок» бөлмелерінде 40-50 адамдардан құралған топтар
кезекшілікте отыратын. Сол кезде педучилище оқушысы
Сәбира Мұхамеджанованың да шешесін ауылынан шақыртып,
аудандық партия комитетінде «тәрбиелік» мәні бар әңгіме
(беседа) жүргізеді. Сол «әңгімеден» кейін, жер жебіріне жеткен
сөздерден кейін, ұлттық ар-ожданы тапталған жасөспірім қыз
намыстан, шарасыздықтан өртеніп, қорлық пен әділетсіздікке

76

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

шыдамастан жатақханаға жақындағанда анасынан бұрын
бесінші қабатқа жүгіріп көтеріліп, өз бөлмесінің терезесінен
секіріп, өз өмірін қияды.

Осы жерде айта кететін нәрсе, 1990 жылы «Литературная
газета» - бүкілодақтық газетіне: «Народный депутат СССР
Мұхтар Шаханов налево направо раздает мондаты и ищет
невинных жертв декабрьских событий 1986 года»- деп екі
журналист (біреуінің аты Янелис деген болатын) сынап
мақала жазған екен. Бұл газетті маған институттың мұғалімі
берген болатын. Мақаланы оқып шығып, ашуланғным сонша,
мақаланың әр абзацына Өскеменде де тура Алматыдағыдай
көтеріліс орын алғанын келтіріп, оның үстіне бір студенттің
өлімі орын алғанын көрсетіп литературная газетіне «Ашық
хат» жолдадым. Хаттың соңында: «Если вы такие объективные
журналисты, то нужно было представить только имеющиеся
факты, а народ не глупый, сам бы разобрался» - деп аяқтап
жолдаған едім. Хаттың қолдан жазылған екінші көшірмесін
Кентаудан үйден Өскеменге қайтып бара жатқанда «1986
- Желтоқсанға» арналып құрылған адам құқығын қорғау
комитетіне, Алматы қаласына апарып тапсырдым. Сол кезде
Мұхтар Шаханов ағамыз да кіріп қалды, ашық хатпен танысып
10 минуттан кейін қайта кіріп келіп, қолымды алып, қайта
танысып кім екенімді, қайдан екенімді сұрады. Сосын: «Бұл
жігітке мандат беріңдер, құрбан болған қыз туралы, қалған
мәліметтерді жинауға» - деп еді, мен: «Қажеті жоқ аға,
былайша да жинай беремін» - деп едім ойымда мақаладағы
сынды еске түсіріп, ол кісі: «Онда жинағаныңша жинап жібер,
мен сосын адам құқығын қорғау комитетінің мүшелерін
жіберем қосымша» - деді.

Өскеменге жеткеннен кейін педагогикалық орта оқу
орнының (училище) директорына барып, орыс кісі екен, өзімді
таныстырдым: «Я студент 5-го куса УК СДИ скоро приедут
представители комитета защиты прав человека созданный по
расследованию декабрьских событий 1986 года, я собираю
предворительную информацию. Что Вы можете пояснить
по поводу смерти студентки Мухамеджановой Сабиры?», -

77

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

деген кезімде түрі бұзылып кетті. Ол кісі Сабира туралы
теріс мінездеме бере бастады: «ол орташа оқыған, отбасы
нашар, бұрын суицид болған, өзі де психикалық ауытқуы
болуы мүмкін, сондықтан осындай жағдайға барған», - деген
сөздер айтып, жазбаша түрде түсініктеме берді. Сонан соң
менің сұрауым бойынша бір аудитория беріп Сәбираға сабақ
берген мұғалімдерді жинап берді. 10-12 мұғалімдер дәлізде
күтіп, кезекпен кіріп түсініктерін жазбаша түрде берді.
Барлығының түсініктері сол директордың түсініктемесіне
шамалас болды, бірақ бәрінің бір қорқыныш үрейлері бар
еді. Қазіргі таңда ойлансам таң қаламын, мені 5-ші курс
студентімін деп студенттік қызыл құжатымды көрсеткендегі
үрейлері, қорқынышы есімде қалыпты. Егер Сәбира дәл солар
айтқандай болса, ешнәрседен қорықпай мені кімсің деп қуып
шығуына болар еді. Айтқандары шындық болмағасын солай
болды, егер нағыз тергеу болғанда Сәбираны өз-өзіне қол
жұмсатуға жеткізгені үшін аудандық партия қызметкерлерінен
бастап қылмыстық жауапқа дейін тартуға болар еді. Желтоқсан
бойынша барлық жиналған мәліметті Алматыға беріп жібердік.

1991 жылдың көктемінде Өскемен қаласына облыстық
«Азат қозғалысының» құрылтай жиналысын өткізуді Уақов
Қабидолла Құсманұлы деген павлодарлық жолдасыммен
құпия түрде ұйымдастыруға тура келді. Ол құрылтайға
Алматыдан «Азат қозғалысының» тең төрағасы Советқазы
Ақатаев пен «Азат» газетінің бас редакторы Батырхан
Дәрімбетовтерді шақырған едік. Алдында құрылтайды
Жол-құрылыс институтында өткіземіз десек, Баталов Ю.В.
деген ректорымыз институттан шығарамыз деп сәлем айтып
жіберіпті. Жатақханада өткіземіз десек, жатақханадан шығарам
депті. Мен институттың кәсіподағында «народный контролін»
басқаратынмын. Кәсіподақ арқылы жеткізетін хабарды. Сонан
соң далада стадионда сағат 15:00-де өткіземіз деп жарияладық
бәріне. Айтылған уақытта 100-ден астам адам жиналды. Ал
бастаймыз ба деген кезде Қабидолла екеуміз жиналыстың
Педагогикалық институттың арендасы төленіп қойған үлкен
лекция жүргізетін аудиториясында болатынын жариялап,

78

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

бәріміз сонда тарттық. Сәбетқазы мен Батырхан ағаларымыз
оларға да айтпағанымызға таң қалды. Құрылтай өте жоғары
деңгейде өтті. Соңында Құрылыс-жол институтының студенті
Жамбыл облысының тумасы, Өскеменде желтоқсанда шерудің
алдыңғы қатарында жүрген Қалтаев Сәду деген досымыз
Желтоқсанда қаза болған барлық қазақ қыздарына шығарған
«Желтоқсанда ұшқан қарлығаштар» деген өлеңін оқып берді.
Жиналған халықтың Сәбетқазы мен Батырхан ағаларымыздан
бастап көзіне жас алмаған адамы қалмады. Талай аты-жөні
«белгісіз» жағдайда жоқ болып қыршын кеткен қазақтың ұл
қыздары болды, солардың жаны жәннатта болсын. Тарих
құпиялары әлі ашылады болашақта.

Өлеңнің шығу тарихы

Өлеңнің авторы Өскемен Жол-құрылыс институтының
сол кездегі студенті Қалтаев Сәду Нартайұлы, Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Красная поляна ауылының тумасы (1962-
1995ж). Өскеменде 1986 жылы 22- желтоқсан күні жастарды
бастап шығып топтың алдында жүрген азаматтың бірі. МҚК
(КГБ) қызметкерлері іздеп қоймаған соң, оқуды тастап қашып
кетуге мәжбүр болып, сырттай бітірген.

Өлеңін Сәбира Мұхамеджановаға және Желтоқсанда
құрбан болған қарындастарымызға арнаған. Алғаш рет
бұл өлеңін автор 1991 жылы Өскемен қаласында АЗАТ
қозғалысының облыстық бөлімін құру кезінде құрылтай
жиналысында оқыды. Жиналыс өткен пединституттың
аудиториясына жиналғандардың барлығы көздеріне жас алды.
Жиналысқа Советқазы Ақатаев және Батырхан Дәрімбетовтер
(Азат қозғалысының сол кездегі тең төрағасы және Азат
газетінің бас редакторы) арнайы Алматыдан келіп қатысқан
болатын. Сонан соң АЗАТ қозғалысының «АЗАТ» газетінің бас
редакторы Б.Дәрімбетов 1991 жылдың желтоқсандық номеріне
алғаш басып шығарған.

Бұл өлең оқылмастан «АЗАТ» газетінің бетінде архивте
шаң басып жатқанына 25 жыл болыпты.

79

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ЖЕЛТОҚСАНДА ҰШҚАН ҚАРЛЫҒАШТАР!

Желтоқсанның соққан қарлы бораны,
Кең даламды ақ түтікке орады.
Аш дауылдан тартып өмір азабын
Топ қарлығаш қайда ұшып барады.

Назар салмай ызғарға да, қарға да,
Қарап тұрдым түсіне алмай таңдана.
Желтоқсанның боранына қарсы ұшқан
Топ қарлығаш сені айдаған ажал ма!

Көзім шалды, құлады әне қарлығаш,
Қыздай әсем ала бауыр талдырмаш.
Шыдай алмай көмекке мен жүгірдім,
Кеш қалдым-ау, көміп қалды қар алғаш.

Желтоқсанда қанша қанат қайрылған
Қаншама құс серігінен айрылған.
Мөлдіреген қарақат көз жанарлар,
Сескенсеңдер неге ұштыңдар айбыннан.

Сапарларың болмады-ау деп оңынан,
Қан аралас қарды көріп түңіле
Мен де кеттім қарлығаштар соңынан.
Жанарлардан төгілген жас мың кесе,
Көзден ғайып көзіне ешкім ілмесе.
Жете алды ма ұшқан құстар мұратқа
Біле алмадым, қарлы боран білмесе.

Құс қазасын халық қалай білмеді,
Көктем келіп, бәйшешектер гүлдеді.
Гүлге айналып кеттіңдер ме, құстарым,
Қарлығаштар-Желтоқсанның гүлдері.

80

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ИСАБАЕВА БАҚЫТ

1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің V пленумында Г.В. Колбин басшылыққа
тағайындалды. Алматыда, кейін 19-22 желтоқсан күндері
Өскемен қалаларында да студент және жұмысшы жастардың
жаппай толқуы басталды.

КОКП ОК бас хатшысы Михаил Горбачевтің «қайта
құруына» сеніп қалған қазақ жастары бейбіт шеруге шығып,
Қазақстан компартия комитетінің бірінші хатшысы болып
Қазақстанға белгісіз Г.В. Колбиннің (Ульяновск облыстық
партия комитетінің бірінші хатшысы) тағайындалуына
наразылықтарын білдірді.

Сол бір 1986 жылғы желтоқсан күндері басымнан кешкен
оқиға күні кешегідей қаз-қалпында есімде қалыпты.

Мен Исабаева Бақыт Қажикеновна 1966 жылы 01 сәуірде
Зайсан қаласында дүниеге келдім. 1973 жылы Ю.Гагарин
атындағы мектепке 1 сыныпка бардым. 1976 жылы Әуезов
мектебіне 4-сыныпқа барып,1983 жылы осы мектепте 10-
шы сыныпты аяқтадым. 1984 жылы Өскемен қаласындағы
педагогикалық институттың қазақ сыныптарындағы орыс тілі
факультетіне оқуға түсіп, 1987 жылы Желтоқсан оқиғасына
қатысқаным үшін оқудан шығарылдым.

1988 жылы аталған оқу орынына қайтадан қабылданып,
оқуымды жалғастырдым. 1988 жылы тұрмысқа шықтым.
1990 жылы Кеңсай орта мектебінде орыс тілі пәнінің мұғалімі
болып жұмысымды бастадым. 1995-2000 жылдары Саржыра
мектебінде мұғалімдіқ жұмыс атқардым. 2000 жылдан бастап
қазіргі уақытта Октябрь мектебінде орыс тілі пәні мұғалімі
болып жұмыс істеймін. Жолдасым, ұлым-келінім, екі немерем
бар.

02.08.2021 жыл

81

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
КЕГЕНБАЕВ БАҚЫТЖАН

Мен, Шығыс Қазақстан
облысы, Тарбағатай ауданы,
Шолақорда ауылының тумасы-
мын. Осы ауылда Б. Майлин
атындағы (ол кезде 8 жылдық)
мектепті 1983-жылы бітіріп,
Өскемен қаласындағы педагоги-
калық училищенің «Сызу және
еңбек» мұғалімдерін даярлайтын
бөліміне оқуға түстім...

1986 жылғы желтоқсан
оқиғасы басталғанда мен 4-кур-
ста оқитын едім. Сол бір күні
әдеттегідей педагогикалық институттың спортзалында өтетін
гимнастика секциясында жүріп, сондағы жігіттерден: «Қазақ
жастарының «Юбилейный» кинотеатры жанында жиналып,
Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы
Д.А. Қонаевтың орнына Г. Колбиннің тағайындалуына байла-
нысты жастардың наразылық шеруіне» баратынын естідім.
Жаттығудан келе салып, жатақханада бірге тұратын жігіттер-
мен бірге кинотеатр маңына бардық. Бір-бірінен естіген қазақ
жастары топ-топ болып келе бастады. Жиналған жастардың
ойында өзіміздің талап-тілектерімізді басшылыққа жеткіземіз
деген ниет қана болатын. Біртіндеп алаң жастарға толып кетті.
Жиналған топ, бейбіт шерумен Ушанов алаңына жеткен кезде,
алды-артымызды қарулы милиция жасақтары мен орыс ұлт-
ты жұмысшылардан құралған ерікті халық жасақтары (ДНД)
қоршап алды. Біздің қояр талап-тілектерімізге құлақ асар еш-
кім болмады. Қарулы жасақ жан-жағымыздан келіп, біздерді
ұстай бастады. Топты бастап келе жатқан СДИ, пединститут-
тың студенттері және біздерден жасы үлкен ағаларымыз еді.
Кенеттен, олардың бірі: «Қашпаңдар, бәрімізді бірдей қамай
алмайды»,- деп айқайлады. Осы сөзді естіп, тұрып қалған бізді

82

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

милиция жасақтары шетімізден ұстап әкете бастады. Кенет,
мені де екі дружинник келіп, екі қолтығымнан ұстап апарып,
«уазикке» қамады. Ұсталмағандар қашып үлгерді. Сол күйі
бізді Стахановкадағы тірек пунктіне әкеліп, карцерге қамады.

3-4 адамдық карцерде 10-12 адамнан отырдық. Отырдық
деген жай сөз, ол жерде отыру мүмкін емес еді. Тік тұрған
қалпымызда бізді 2-3 күн бойы қамауда ұстады. Кезек-кезек
апарып, сұрақ-жауаптың астына алды. Тар бөлмеде ас-сусыз,
ұйқысыз өткізген 2-3 күн біз үшін ғасырға бергісіз күндер
болды... Қателеспесем, желтоқсан айының 26-сынан 27-сіне
қараған түн болатын. Түнгі сағат 2-3 шамасында бәрімізді бо-
сатып қоя берді. Біз бірден жатақханаға келдік, ондағы жігіттер
бізді терезеден тартып шығарып алған еді.

Ертеңінде сабаққа барсақ, үлкен плакатқа жазылған:
«Бұзақы қылықтары үшін оқудан шығарылады» деген бұй-
рықтағы тізімнің ішінен өз аты-жөнімнің де жазылғанын
көрдім. Сөйтіп, барлығымыздың ата-аналарымызды ауылдан
шақыртты. Барлығымызды комсомол қатарынан шығарды, жол-
дастық сотқа қайта-қайта сүйреді, нәтижесінде «қылмыскер»
ретінде қаулы жасалып, оқудан шығарылдым. Сәбира Мұха-
метжанованың терезеден секіріп, өз өмірін қиғаны да осы
күндер еді. Содан ауылға қайттым. Ауылда да оңай болмады.
КГБ қызметкерлері күнделікті келіп тексеріп тұрды. Бәрінен
ата-анама, әсіресе анама ауыр соққы болды. Ол кезде анам
мектепте мұғалім болатын. Менің қылығым үшін ұжымында
жиналысқа түсіп, сөгіс алған еді. Мұнымен де қоймай, анамды
партия, кәсіподақ жиналыстарына салып, бір ай сүйреді...

83

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

1990 жылы отан алдындағы борышымды өтеуге аттан-
дым. Әскери теңіз күштері қатарында болып келген жылы
желтоқсан айында Өскемен педагогикалық училищесіне қайта
қабылданып, оқуымды тәмамдап шықтым. 1991-ші жылдан
бастап өз мамандығым бойынша жұмысқа қабылданып, еңбек
жолымды бастадым. Қазір Өскемен қаласындағы №15 орта
мектепте «Алғашқы әскери дайындық және технологиялық
дайындық» пәнінен сабақ беремін. Міне, менің желтоқсан
оқиғасында басымнан өткізген оқиғаларым осындай.

ҚАЗБЕКҰЛЫ ҚАЙЫРХАН
ЖАЗБАЛАРЫНАН

Желтоқсан құрбандары

Сол кезде жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінде фа-
культеттер болмады. Орыс тілінде оқу, әсіресе, ауылдан қалаға
келіп, оқуға түскендерге ауыр болды. Орыс тілін білмейтін
қазақ жастары емтиханнан емін-еркін өте алмайтын. Қазақтар
өз пікірін, айтар ойларын жеткізе алмайтын. Басшылардың
барлығы тегіс орыстар мен басқа ұлттың өкілдері болатын.
Бір анықтама қағаз алу үшін ауыл қазақтары қаншама уақыт
сандалып жүретін. Қазақ оқушыларын тіпті еден жуушы орыс
әйелдері, не коридормен жүргізбей, не сабаққа кіргізбей әуре
сарсаңға түсіретін.

Қоғамдық орындарда қазақтар өз тілінде сөйлей де ал-
майтын. Не сөйлесең де, ойыңды орысша айтып жеткізуге
тиіссің. Орыстар толық еркіндікте жүрді, жұмыс және оқу
орындарында басшылар тек орыс тіліндегілер болды. Жетпіс
жыл қызыл империяның ықпалында жүріп, қазақтар ең баға-
лысы - ана тілін жоғалта жаздады. Сол кездегі статистикаға
сүйенсек, Өскемен қаласында 1986 жылы 7 ғана пайыз қа-
зақтар тұрған, оның жартысынан көбі ауылдан, оқуға келген
қазақ жастары болатын. Олардың жатар орны тек студенттік
жатахана немесе үй жалдап тұратын.

84

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Қазақтар жылдар бойы баспана алу үшін кезекте тұрды.
Ауылдан келген қазақтарға орыстар аула ішіндегі қораларын
жалға өткізетін. Ол кезде әрбір орыстың үйінде шошқа асы-
райтын, оның сасық иісінен қазақтар тамақ ішуге жиіркенетін.
Өлгендерге жаназа шығару, молдаларды ауылдық кеңеске
шақырып, айыппұл төлеумен шектелетін. Қазақтарға жан-
жақтан шектеу қойылды. Мемлекеттік қызметкерлерге қайтыс
болғандарға топырақ салуға, қол жаюға барса, қатаң жазаға
ұшырайтын. Қабір басында олар өздері жиналып, жеке тұра-
тын. Тек туған-туыстарына көңіл айтуға ғана рұхсат етілетін.
Сексенінші жылдарың басында, қазақтар осындай ауыр халге
тап болды. Осыны көрген қазақ зиялы жастары, орыстан қатын
алып, солардың сойылын соғып кетті. Орыстан қатын алған-
дар, жоғарғы билік органдарына тағайындала бастады. Үлкен
қызмет алған зиялылар, қазақ халқының мүшкіл жағдайына
пысқырып та қарамайтын болды.

1986-1989 жылдары Өскемен қаласында көптеген аран-
датушылық әрекеттер баршылық болды. Қызыл империя
жергілікті халықтардың құқын көпе-көрнеу өрескел бұзып,
олардың өз жерінде тәуелсіздіктерін аңсауға да мүмкіншілік
бермейтін. Осыны бұрын аңғарған бір топ қазақ зиялылары,
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан бір топ құрды.
Олар бұл бастаманы экологиялық жолмен Жоғарғы билікке
жеткізуге тырысты. Өскемен қаласы - ол жылдары экология-
лық өте лас қалалардың қатарында болатын. Оған қоса 200
шақырым таяу жерде орналасқан Семей ядролық полигоны әр
жарылыстардан радиациялық әсер әкелетін, оның әсері ауаға,
суға, жерге, табиғатқа орасан зор зиян келтіретін. Өкініштісі,
осы қитұрқы саясатқа ешкім ұтымды тосқауыл қоя алмады.
Белсенді азаматтарды билік ұтымды пайдаланып, ұлтаралық
қарым-қатынастарды саясаттандыра бастады. Адасқандар мем-
лекетке қатер туғызатыны айдан анық.

1985 жылы ҚСРО басшысы М.С. Горбачевтің «Жариялы-
лық», «Қайтар құру» кезеңінде құрылған бейресми ұйымдар
өз жұмыстарын демократиялық құндылықтарды насихатта-
удан бастап, аяғын ұлтараздық қарым-қатынастарды шие-

85

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

леністіретін жағдайға әкеліп соқтырды.
1986 жылы Желтоқсан - халық наразылығы, ешқандай

да «қазақ ұлтшылдығы» емес еді, оны ойдан шығарған сол
кездегі билік номенклатурасы болатын. 70 жыл бойы «ин-
тернационализмнің алтын ұясы, мызғымас ұлы достықтың
лабораториясы» аталып келген Қазақстан бір-ақ күнде «әсіре
ұлтшыл» халық болуы мүмкін бе еді. Әрине мүмкін емес. Қа-
зақ жастарының наразылығы орыс немесе басқа ұлттарға қар-
сы бағыталмағаны күмәнсіз. Бірақ басқаларға сабақ болу үшін,
жоғарғы билік желтоқсан көтерілісін «қазақ ұлтшылдығы»
деп көрсетті. Желтоқсанның соңы ҚСРО-нің түкпір-түкпірін-
де сан түрлі оқиғалардың әкелуіне апарып соқты. (Тбилиси,
Вильнюс, Сумгаит, Баку т.б.). Көп ұзамай алып империяның
күл-талқаны шығып күйрегені белгілі.

Қазақ халқы осы күнге дейін желтоқсанның қаралы
жағын, қасіретті тұсын сөз етіп келді. Ендігі кезеңде осы құбы-
лыстың шынайы келбеті мен мән-мағынасын, тарихи орыны
мен рөлін, яғни осы оқиғаға не желеу болғандығы, не үшін
алаңға жастардың шығуына себеп болды? Кейін, неге осы
желтоқсан оқиғасы елеусіз, ескерусіз қалды.

Сол 1986 жылы желтоқсан айында дүрлігу Шығыс
өңірінде де болып өтті. Наразы топ алаңға шықпақшы болып,
неше қайтара жиналғанда, милиция жасақтары жастардың
басын қостырмай, қайтарып отырды. Көбін абақтығы апарып
қамап, немесе алыс жаққа апарып тастаған. Осы жайында
сол кезде облыста ішкі істер басқармасының штаб бастығы
болған милиция полковнигі Қуанғали Шұлғаубайұлы Нұғы-
манов айтып берген еді. Шерушілер Ленин даңғылы, Ушанов
алаңында, Киров, Орджоникиздзе, М.Горький көшелеріне бей-
біт шерумен өз наразылықтарын жоғарғы билікке жеткізу үшін
шыққан. Олар: СДИ, УКПИ, Педучилище, Кооперативный
техникум, Саратов совхоз-техникумының студенттері болатын.
Бұлардан басқа да жастар Ұлан ауданының жақын орналасқан
ауылдарынан қалаға қарай ағылады. Айыртау ауылынан бір-
шама жастарды бастап келген Ақылбаев Бақболатты жолда
милиция жігіттері тоқтатып, қалаға кіргізбейді.

86

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сол кездегі облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Қайрат Ғафуұлының жасырын бұйрығымен, қазақ милиция
қызметкерлері студенттерді, басқа да жастарды барынша ұрып-
соқпауға тырысқан. Тәртіп бұзғандарын милиция бөлімшесіне
әкеліп, түсініктеме алып, үйлеріне қайтарып отырған.

***
Ұлан ауданы өрт бөлімі жұмысшыларының атынан
облыстық өрт сөндіру бөлімінің бастығы Искаков Қасым
Искаковичтің үстінен домалақ арыз келіп түсті. Облыстық
ішкі істер басқармасының атынан арызды тексеруге мені
жіберді. Ол кезде бұл басқарманы Дюсенбин Қайрат Ғафуұлы
басқарған. Ол кісінің өзі ды қыл үстінде жүрген. Соған
қарамастан ол кісі бізді ешқандай жамандыққа бермеуге
тырысты. Талай қиындықтарды басынан кеше отырып, Қайрат
аға бізді өзі кете кеткенше ешкімге талаттырған жоқ. Топырағы
торқа болсын демекпін. Ол кісі желтоқсан оқиғасы салдарының
жала жабылып, түрмеге отырды. Соған мойымай көп кешікпей
түрмеден босады. Бірақ ауруға шалдығып, көп ұзамай осы
дүниеден өтті. Ол қостанайлық болатын, жерлестері оны
аса құрметпен еске алып, оның құрметіне қаланың ортасына
ескерткіш орнатыпты деп естігенмін.
Домалақ арыз Асубұлақ елді-мекенінен түскен еді.
Тексеру барысы Қасымға жазған арыздардың оған жағылған
күйе екендігін түсіндім. Жазған куәгерлер жарытып ештеме
айта алмады. Тексеру барысын келіп баяндап, Қасымға
жабылған жала екенін Қайрат ағаға жеткіздім. Әрине, бұған
билік басындағылар сенген жоқ. Қасым орнында қалды.
Мені партия жиналыстарының күн тәртібіне енгізіп,
партиялық есебімді тыңдады. Ешқандай қойылған
кінәлауларды мойындамадым. Менің жауаптарым нақтылы
болғандықтан, партбюро мүшелері ешқандай жаза қолдана
алмады. Ақыры мені бір шен жоғарылатып, Қасым ағаның
қасынан алыстатты. Басқа жұмысқа ауыстырды.
Қасым Ысқақұлы Ысқақов (Искаков Касым Искакович)
1939 жылы Ұлан ауданы Точка деп аталған ауылда дүниеге

87

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

келген. Мектепті бітіргенен кейін өзінің алғашқы жұмысын
1957 жылы өрт сөндіру бөлімінің қатардағы өрт сөндіруші
қызметінен бастады. 1958 жылы Свердлов қаласында өрт
техникалық училищесіне оқуға түсіп, 1961 жылы ойдағыдай
бітіріп, Тарбағатай ауданына өрт сөндіру бөлімінің инспекторы
болып жіберіледі. 1962 жылы қараша айында Өскемен
қаласының өрт сөндіру бөлмшесінің қарауыл бастығы
қызметіне тағайындалады. Осы жұмыста шыңдалған жас
Қасым 1964 жылы Мәскеу қаласына Өрт сөндіру саласының
Жоғарғы мектебіне оқуға жіберіледі. Ол оқуды тәмәмдаған
жас маман Өскемен қаласына келіп, облыстық өрт бөлімінің
аға инженері болып тағайындалады. Көп ұзамай 1971 жылы
Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру бөлімінің бастығы
қызметіне кіріседі. Осы қызметінде тапжылмай 1987 жылы
қазан айына дейін істеді.

Қасым Ысқақұлы қатардағы жауынгерден полковник
дәрежесіне жеткен Қазақстандағы ең бірінші жас офицер
болатын. Оның жасы сол кезде небәрі 38-де еді. Бірақ оның
дәрежесінің осындай өсуіне 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
тосқауыл қойды. Желтоқсан ызғары оны аямай шарпып өтті.

Ол кезде мен облыстық өрт сөндіру бөлімінің аға
инспекторы қызметіне келген едім. Қасым аға мені өзіне жақын
тартып, мені жұмысқа шақырды. Өскемен қаласынан, басқа
адамдар жылдар бойы кезекте тұрып, қолдары жетпеген жаңа
салынған көп қабатты үйден, 3 бөлмелі пәтерді ойып тұрып
алып берді. Бұл жағдайды мен бұл кісінің маған деген үлкен
ықыласымен қатар, Қасым аға менен үлкен үміт күткен сияқты.

Иә, сол 1986 жыл, желтоқсан айы Қасым Ысқақұлы мен
маған үлкен сынақ әкелді.

1987 күздің қараша айында Қасым ағаны да өз орнынан
алып, оны өрт бөлімінің орынбасары қызметіне тағайындады.
Орнын «сұр жылан» майор Владимир Петрович Коншу басты,
ұлты неміс болатын. Айтқандай нағыз жылан. Әрине үлкен
билік орнынан кеткен Қасым аға мойымады, басқалар құсап
ішқұса болмады. Жұмысын жалғастыра берді. Колбинның
тұсында, Қасым Искакович ең бірінші болып өрт бөлімінде

88

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қазақ тілін үйрену керек деп, орыстар мен орыс тілділерге
курс ашты. Оның алғашқы мұғалімі қылып мені тағайындады.
Курсқа қырықтан астам адам келіп, қазақ тілін үйренуге
«ықылас» жасады. Бірінші болып курсқа орыс тілді Қасым
Искаков жазылды. Бастық өзі өнеге көрсетіп сабаққа бірінші
болып келетін. Басқаларға шара жоқ, басшы өзі отырғандықтан
олардың өздері шақырусыз келетін. Қазір сол орыстар кезіксе
маған, қазақша сәлем береді. Соған да шүкір.

***
Горбачевке хат. КОКП Бас хатшысы М.С. Горбачевке
өскемендік орыс азаматы,Ұлы Отан соғысының ардагері
Косенко Григорий Илларионович 1986 жылы Алматыдағы
желтосан айында болған көтеріліске қатысты хат жолдаған.
«Мен Қазақстанда туып өстім, мектепте қазақтармен бірге
оқыдым, майданда бірге соғыстым. Олар қарапайым, мейірбан,
қонақжай халық, - деп жазды Косенко.Менің мектептес
досым Закен Қалиаскаров, Капан Қапанов, менімен өскен және
соғысқа аттанған колхоздың төрағасы Әубәкіров, майданда
қатар жүріп соғысқан Сілям Нұржанов – біз бәріміз бірге
туғандай бауыр едік...».
«...Алматыдағы өршілдікпен бас көтеру бізге
аспаннан түскен жоқ, ол жылдар бойы дайындалды. Және
ол Қазақстанда бірінші рет емес. Бұл не жағдай! Неге
аяқ астынан жаулық орнады? Неліктен көзі ашық, оқыған
қазақтар орыс халқына өшпенділікпен қарайды? Алматыдағы
жастар наразылығының түп төркіні әлеуметтік теңсіздікте
деп санайды Косенко. Ал, бұл теңсіздік ұлтқа қарамайды. Оған
қазағың да, орысың да, татарың да, немісің де, бәрі бір. Олар
өз білгендерін жасады, заңсыздыққа салынды. Парақорлық,
қосып жазу, маскүнемдік жайлады. Қоғам мүлкі талан-
таражға салынды. Өйткені біз «қырағылығымызды толық
жойдық, таптық сезімімізді жоғалттық. Партияға, оның
басшы орындарына оңтайлы жасырынған Совет өкіметінің
жауларын жіберіп алдық...»,- деп жазды Г.И.Косенко.
Арада бірнеше ай өткен соң Косенко Григорий Иллари-

89

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

онович почта жәшігінен шағын ғана шақыру қағазын тауып
алады. Онда «Құрметті Косенко жолдас! Сіздің Краснозна-
менная көшесі, 117 үйдегі психо-неврологиялық диспансердің
5-кабинетіне келуіңізді өтінемін»,- деп жазылыпты. Соңында
дәрігердің аты-жөні, телефоны және қабылдайтын уақыты
көрсетілген, «Осы қағазды көрген бойдан бір түнде жиналып,
үйден кетіп қалды, содан бері хабарсызбын», - дейді әйелі Ли-
дия Васильевна. Осы хаттың түсіндірмесін жазған журналист
С. Оразалыұлы, Г. Косенко желтоқсан қозғалысының себептері
мен мақсатын дұрыс түсініп, оны толық қолдаушылардың бірі
болған. (Ғани Қарасаев, Қозғалыстың 20-жылдығы кітабынан
алынған) 2006 жыл.

***
Марқакөл аудандық партия комитетінің 1987 жылғы
21 ақпанында өткен пленумында да Алматыдығы желтоқсан
оқиғасы мәселесі қаралып, онда осы «ауданнан Алматыдағы
желтоқсан оқиғасына 12 жастың қатысқандығы» туралы
айтылған. Осылар туралы журналист Ә. Қадылбекұлы жастар
бастамасын қаймықпай қолдап, нәтижесінде жергілікті партия,
әкімшілік тарапынан жапа шеккен Әлімхан Әбдіхалықовпен
әңгіме өткізген.
«1986 жылы 18-желтоқсан күні «Марқакөл» кеңшарының
кеңсесінде жиналыс болатындығын хабарлап, коммунистерді
соған қатысуға шақырды, - деген Әлімхан.
– Мен келсем, жиналыс басталып кетіпті. Оған ауылы-
мыздың беделді деген азаматтары, белсенді коммунистер
жиналыпты. Мен онда мал дәрігері қызметін атқаратынмын.
Ауданның бірінші басшысы сөйлеп тұр. Оның сөзінен менің
білгенім республикамызда ұзақ жылдан бері басқарған Қона-
евтың орнына Қазақстанға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын
біреуді Ульянов облысынан алып келіп, отырғызыпты Алма-
тыда бұған наразылық білдіріп алаңға шыққан жастардың
бәрі нашақор, маскүнем, бұзақы көрінеді. «Шектен шыққан
тобырды» айыптап тұрған бірінші басшының сөзін шығып сөй-
легендер де қолдайтындықтарын білдіріп жатыр,тіпті, бірінің

90

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

аузына бірі түкіріп қойған дейсің.
Шыдай отыра алмай сөз сұрадым. Жиналғандар алаңдағы

жастарға арнап бір ауыз жылы сөз айтуға жарамады-ау! Алаңға
шыққан жастардың арасында біздің балаларымыз,бауырла-
рымыз бен қарындастарымыздың жүруі де мүмкін ғой. Олар
анашамен араққа масайған жастар болса, сонда біз қандай
ұрпақ тәрбиелеп отырмыз? Жаппай жазғыратындай олардың
жазығы алаңға шыққаны ма? Қазақстанды қазақ ұлтының
өкілі басқаруға тиіс. Қазақстаннан ғарышқа кім көрінгеннің
бәрі ұшып жатыр. Қазақстаннан шыққан ғарышкер неге жоқ.
Жоғарғы билік басындағылар Қазақстанды қойшылар елі деп
ойлайтын шығар. Міне менің сөзім, қысқаша айтқанда, осы
мәселелер төңірегіңде болды.

- Сен барып тұрған алашордашыл екенсің, шық жина-
лыстан,- деп бірінші басшы есікті нұсқады. Онымен қоймай:

- Мынаны партия қатарынан шығару керек, - деді.
- Билетті сендер берген жоқсыңдар, әділ еңбегіммен ал-
дым,- деп шығып кетіп есік алдында тұр едім, біраздан кейін
сені кеңшар парткомының хатшысы шақырып жатыр деген
соң соған бардым. Жиналыста алаңдағы жастардың әрекетін
жақтап біреуі тым болмағанда бір ауыз сөз айта алмағанына
күйіндім. Хатшы үнсіз ғана қолымен алдындағы орындықты
ұсынды. Ол да тұжыраған қалпы тіл қатқан жоқ, осылайша,
біраз отырдық. Мені неше түрлі ой биледі. Абақтының темір
торы көз алдыма келеді. Содан ол «жүре бер» деді, екеуіміз
үнсіз ұғысқандай болдық...
Кеңсенің алдында біраз басшылар мен белсенділер тұр
екен. Не болғанын жамырай сұраған оларға «партиядан шыға-
рады» дей салдым. Хатшымен арамызда мұндай әңгіме бол-
мағанды. Біреулердің қыр соңымнан қалмай жүргенін өзім
де сеземін. Жақын жүрген жолдастарым да оңаша ескерте
бастады. Сен енді байқа, артыңда бақылаушылар жүр. Дәл
қазір қолыңа кісен салып, ішкергі жаққа апарып, атып тастаса
да, ешкім сені ақтай алмайды, - деді. Расында, сол бір кез жан
күйзелген ауыр жылдар болды ғой. Бір жұмадан кейін аудан
орталығындағы қауіпсіздік комитетінің қызметкері шақырды.

91

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сен осы қай елдің тыңшысысың деп 37-жылғы қуғын-сүргін-
ді көз алдыма елестетіп, қалтамды тінтіп шықты. Қалтамда
қағаздарым бар еді, екі қой өлді, үш қой көмілді деген актілер
болатын. Одан басқа ештеме де алмады...

Кеңшар директорын басқа жұмысқа ауыстырып жіберді.
Өзімінің жұмыс орыным жиі ауысатын болды. Мал дәрігері
міндетінен босатып, емдеу пунктіне жіберді. Одан соң ветса-
нитар болдым. Төрт-бес ай бойы күні түні малды жайып жүріп,
Зырянға, Өскеменге айдап жеткіздік.

Бастықтар: - жақсы істесең, жиналыстағы сөзің үшін өзіңді
ақтап шығасың. Егер бір бас мал жоғалтсаң, түрмеге түсесің, -
деді. Бұлар мені соттауға себеп таба алмай жүрді. Жұмсағанда да
ылғи бір күрмеуі қиын жерге жіберетін болды, - дейді Әлімхан
ағамыз. Кітап авторы Ғани Қарасаев «Алматыдағы 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасы және Шығыс Қазақстан». 2006 жыл.

Ал осы оқиғаның куәгері болған басқа адам жағдайды
былай суреттейді. Жиналыста отырған аудан басшысы про-
курор мен ішкі істер бөлімінің бастығына Әлімханды дереу
тұтқындадаңдар деп бұйрық берген. Партия билетін дереу
бірінші басшы өзі қолына алған. Прокурор қаулыны бекіту
үшін, тергеуші Әлімханның қолына кісен салып аудандық
прокурордың алдына апару міндетті, сондықтан сақшылардың
көмегімен прокурордың алдына апарып, кісенделген қолын
жылу радиаторының трубасына байлап тастаған.

Прокурор Әлімханнан «сен жауырыны жерге тимеген
балуан екенсің» - дейді. Мықты азамат екенің көрініп тұр, ан-
дағы байлаулы кісенді жұлып алсаң, әрі қарай сені қамауға
рұқсат бермеймін, қолхатпен сені босатамын,- дейді. Әлімхан
сіз айтқан сөзіңізде тұрсаңыз болды мен, бұл кісенді быт-шыт
қыламын, тек кім шығынды өтейді деп, прокурорға сұрақ қо-
яды. Прокурор алдымен шынжырды үз, бір шынжырды жарам-
сыз деп, мына актіге мен өзім қол қоямын. Сақшылар жазады
актіні, - деп оларға нұсқау берген. Осыны ести сала Әлімхан
көзді ашып жұмғанша шынжырды ортасынан қақ бөліп, тіпті
темір трубада майысып кеткен екен. Прокурор сөзінде тұрып,
Әлімханды қолхатпен түрмеден босатқан. Қылмыстық іс кейін

92

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қысқартылған. Әлімханды жұмыстан босатқан. Әлімханның
осы ерлігі, азаматтық ақкөңілі ел арасына тарап аңыз боп
кеткен. Елімізге белгілі ақындар Әлімханның ерлігін айтып,
бірнеше өлеңдер жазды, газет беттеріне патриоттық сезімде
мақалалар шықты.

Әлімхан бірнеше жыл сенімсіз адам ретінде кұпия есепте
тұрып, мамандығы бойынша ел игілігіне қызмет істей алмады.
Басшылар ішінде ауданда Декабрист деген атауға ие болды.
Әлімханнан ешқандай құзырлы органдар кешірім сұрамады.

(Ой түрткіні жазған Нұғыманов Қуанғали қажы Шұлға-
убайұлы. Отставкадағы милиция полковнигі, Өскемен қаласы.
2016 жыл).

ҚАЛТАЕВ СӘДУ

1986-1991жылдар арасында
да, егемендік алғанша да Өске-
меннің сипаратис, шовинисттері
елді дүрліктіріп қоймады. Тіптен
облыс бірігіп Семейден қазақтар
келіп саны көбейсе де шовинистер
Ресейге қарайлап баяғы империя-
сын аңсап жүр әлі. Сол 90-жылы
өзімізге научный коммунизмнен
сабақ беріп жүрген Н. Собалин
деген мұғаліміміздің «Импульс»
деген облыстық жастар газетіне
жазған мақаласымен танысып, екі
«жол қозғалысын ұйымдастыру» тобы ашық жиналыс өткіздік.
Мақаласында: «Восточный Казахстан исконно русские зем-
ли, «чалаказаки (полукиргизы)» появились в 30-х годах ХХ
века» - деп жазған екен. Собалиннің өз мақаласын талқылау-
дан қашқақтағанына көнбей жиналысқа ректор, білім жөнін-
дегі проректор, комсамол комитеті мен провком басшылары,
партком, барлық декандар мен кафедра меңгерушілері және

93

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

сол күні Алматыдан орталық компартиядан бір лектор келген
болатын, ол да қатысты. Студенттер екі группада 50 жастар,
оның әр группасында жеті студент қазақ ұлтынанбыз, бірақ
бәріміз ұлтымызға қарамай өте сыйласып тату болдық, қалада
тұратын және жатақханада тұратын орыс ұлтының группалас
қыздарына қорған болып, тіптен үйлеріне барып ата-анасымен
шәй ішіп танысып жүретінбіз. Сонымен алдында Н.Собалин
жиналысқа қарсы болып еді партком, комсамол комитеті мен
кәсіподақ араласқаннан кейін сабақ біткесін жиналыс өткізуге
келісуге мәжбүр болды. Сол арада екі жігітімізді үш сағатқа
пед.институттағы тарихшы мұғалімдерге көмек сұрап жіберіп
алдық. Мен жиналысты ашып бізге научный коммунизмнен
сабақ беретін мұғаліміміз Н.Собалиннің «Импульс» деген
облыстық жастар газетіне шыққан мқаласын талқылайтыны-
мызды айтып Н.Собалинге сөз берілді. Оған қойылған сұраққа,
ол екі кітапқа сүйеніп жазғанын айтты. Сонан соң біздің екі
студентіміз кезекпен Шығыс Қазақстан өлкесінің тарихы ту-
ралы алып келген он кітап бойынша қысқа да нұсқа лекция
оқығандай болды. Он кітапты пед.институттың мұғалімі жақ-
сылап дайындап берген екен, ішінде Собалин сүйеніп жазған
екі кітабы да бар екен, тарихты бұрмалағаны бәріне айдан анық
болды. Собалиннен мен: «Сіз мақалаңыздың соңында «та-
рих ғылымының кандидаты» - депсіз, кандидаттықты қандай
тақырыпта қорғадыңыз» - дегенде, ол «Риддер комбинатының
партия ұйымының тарихы бойынша» - деп жауап берді. Мен
жиналысты қортындылап, жастарды шатастырып ұлт арасы-
на іріткі салып отырған «мұндай өлкетанушы (краевед) адам
жастарға тәрбие бере алмайды, бізге мұндай адамның сабақ
бергенін қаламаймыз, онымен қоса мұндай адамды партиядан
да шығару керек» - деп институт басшыларына ашық екі талап
қойдық. Н.Собалин өз мақаласына «оправержение беремін»
- деп сөз берді. Жиналыста басшылардан ешкім сөйлемеді,
парторг жалпы сөздер айтқан болды. Бұл мақала бойынша
институтымызда тарихшылар шақырып 5 дөңгелек үстел өт-
кіздік, Ғылым академиясына барып академик-тарихшы Манаш
Қозыбаевпен де кездестік. Собалин сабаққа келсе 50 студент

94

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тұрып аудиториядан шығып тіке ректорға баратын болдық.
Соңында «ар-намысымызды қорлады» деп 30 студент Собалин-
ді сотқа беруге барсақ: «Коллективтен қабылдамаймыз» - деген
соң менің атымнан сотқа талап-арыз тастадық. Содан Собалин
1991жылы біз диплом қорғап біткенше «инфаркт алдым», - деп
ауруханаға жатып алды. Кейін, Н. Собалинді сырттай оқытатын
факультетке ауыстырған екен дегенді естідік. Ал, «Импульс»
газеті Н.Назарбаев Өскеменге келіп халықпен кездескенде бір
параққа 4-5 қатар сөз жазып 50-60 жас қол қойып: «Областная
газета «Импульс» из молодежной газеты превратилась в рупор
сипаратиский настроенных элементов...» - деп жазып мен ашық
түрде алдымдағы адамдардан Н. Назарбаевқа беріп жібердім.
Қолына алып дауыстап басын оқып, аржағында ұлтаралық
мәселеге тоқтап өтті. Ал газет бір айға жетпей жабылып кетті.

Ия бұл студенттік өмірде қоғамдық жұмыспен, еліміз
үшін деп жасаған іс-шараларымыздың есте қалған кездерімен
сіздермен бөліскеніміз.

Мен өзім Кентау қаласының тумасымын, Өскемен
жол-құрылыс институтын «Жол қозғалысын ұйымдастыру»
мамандығы бойынша 1991 жылы бітіріп, жолдамамен
Жезқазған облысына МАИ қызметіне бардым, Қарағанды
қаласында, соңында Кентау қаласының ІІБ бастығының
орынбасары қызметінен зейнетке шыққанмын, шенім
подполковник. Кентауда тұрамын.

МАСАБАЕВА ҚАЗИПА

Мен, 1949 жылы 1 қарашада дүниеге келдім. 1967
жылы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында 10 жылдық мектеп
бітірдім де, Өскемен педагогикалық институтының «Биология»
факультетін бітіріп, Өскемен қаласындағы педагогикалық
училищеге тәрбиеші болып орналастым. 1986 жылы
16-желтоқсанда студенттер Ушанов алаңына шығып, өздерінің
наразылықтарын білдіріп, 3 күн бойы сабаққа бармай қойды.
Мен сырттай бақылап арттарынан жүрдім. Студенттердің 3 күн

95

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

бойы сабаққа бармай наразылық жасағанын біліп қойған пед.
училище директоры Н.Н. Баранов 7 студентті оқудан шығарды.
Жақсы оқитын балалардың әке-шешелерін шақыртты. Соның
ішінде Мұхаметжанова Сәбираның анасы бірінші болып
келді. Келген күні Барановтың кабинетіне Сәбира екеуі барды.
Сонда мамасы Сәбираға Барановтан кешірім сұра дейді. Ал
Сәбира сұрамайтынын айтып, жатақханаға келіп өзінің 5-ші
қабатындағы бөлмесінің терезесінен секіріп мерт болады.

Ертеңінде мамасына оның қазасын естіртіп, профкомнан
автобус алып, қасымызға 10 студентті алып, күн аяз болғанына
қарамай Ақмектепке жеттік. Сәбира қайтыс болған соң тергеу
тоқтады. Сәбираның мамасы қолхат жазды. Оқудан босаған
7 ұлды оқуға қайта алуын сұраған. Баранов 7 студентті оқуға
кайтарып алды. Бірақ соның бесеуі ғана оқуға қайтып келді.
Менің өтінішім сол Сәбираға тұрған көшесінің атын берсе
екен деймін.

03.08.2021 жыл

МҰҚАШЕВ ЖАНАТ

Өскемендегі ұмытылмас Желтоқсан...

1986 жылы Тас-
кескен ауылындағы
Ыбырай Алтынсарин
атандағы орта мектепті
үздік бітіріп, Өскемен
қаласындағы Жол-құры-
лыс институтының
(СДИ) Архитектура фа-
культетіне оқуға тап-
сырдым. Өкінішке орай,
конкурс үлкен болды да, ұпайым жетпей оқуға түсе алмай
қалдым. Кейіннен Өскемен құрылыс техникумына құжатта-

96

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

рымды тапсырдым. Онда менің үздік аттестатымды ескеріп,
ешқандай емтихансыз оқуға қабылдандым.

Сонымен 1986 жылдың қыркүйегінде Өскемен құрылыс
техникумының 2-курс студенті атандым (ПГС бөлімі). 201
тобының комсоргы болып сайландым. Сол жылдары құрылыс
техникумының директоры Сикерин, бөлім бастығы Шведцова,
кураторымыз Маргатита Людвиговна Бурова болатын. Ол
кезде техникумда қазақ бөлімі болмайтын. Тек орысша ғана
бөлімдер болды. Сонымен Өскемен құрылыс техникумында
оқып жаттым. Сабақ үлгерімім жақсы, техникум белсенді
студентерінің бірі едім. Қоғамдық жұмыстарға қызыға
қатысатынмын, сабағым да ойдағыдай еді.

1986 жылы желтоқсанда біздер студентерді дүр
сілкіндірген бір уақиға болды. Шамасы 16-17 желтоқсан
күндері. Еліміздегі соңғы ақпараттарға құлақ асып жүретінбіз.
Москвадан жаңа жарлық келіп, Қазақстан басшысы
Д.А.Қонаевты орнынан алып, ол кісінің орнына ресейлік Г.
Колбин дегенді сайлапты деген ақпарат студенттер арасында
тарап кетті. Бұл ақпарат басқаларды білмеймін, өз басымды
қатты алаңдатты. Сол кезде Өскемен құрылыс техникумының
жатақханасында тұратынмын. 17 желтоқсан күні группаластар
арасында осы тақырыпты талқылап, өз ойымызды ортаға
салып жаттық... Менің сол кездердегі бозбалалық түйсігім:
«Д.А.Қонаев мырзаны неге басшылықтан алады. Ол кісінің
біздің Қазақстанға сіңірген еңбегі орасан зор ғой. «Целинаны»
көтерді, тағысын тағы да, ауылды жерлердің, мектеп, бала-
бақшалардың жағдайларын жасауға атсалысты. Не үшін ол
кісіні алып тастайды?» деген ойлар кетпей қойды.

Соңғы ақпараттардан Алматыда студенттер 17 желтоқсан
күні наразылық шеруге шыққалы жатыр екен. Өскемен
студенттері де алматылық жастарды қолдап, орталық алаңға
шығып өз наразылықтарын білдірмекші болып жатқандарын
естіп, мен де солардың ішінде болуым керек деп шештім.

Сөйтіп, 16 желтоқсан күні кешкісін сабақтан соң
өзім тұратын Өскемен құрылыс техникумының жатақхана
тұрғындарын аралап, «ертең, демек 17 желтоқсанда Орталық

97

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

алаңға шығып, өз наразылықтарымызды білдірейік, бәріміз
бірігіп, бір ауыздан шығып», деп үгіт насихат жүргізгенім
рас. Сол күні кешке СДИ-да ОДД-факультетінде оқитын
досым Ержан Насыров Миллятбекұлы - Семей облысы Аягөз
қаласында дүниеге келген, СДИ студенттерінің де ертең шеруге
шығатынын айтты. Өскемен жол - құрылыс интитутына
Алматыдан әнші Талғат Кеңесханов (марқұм) және бірнеше
азаматтармен келіп үгіт насихат жүргізді. Бұл ақпаратты мен
сол кезде Өскемен жол-құрылыс институтында оқып жүрген
жерлес досым Насыров Ержаннан естідім. Мен ертең бізде
жатақхана студенттері шығуға дайын екенін айттым. Ертесінде
Ержан досыммен студенттер қалашығында кездесетін болып
келістік. Бірақ, таңертең біздің жатақхананы милиция топтары
қоршап алып, далаға ешкімді шығармауға тырысты. Мен және
жанымызда өздерінің бейбіт мақсаттағы тілек мүдделерін
жеткізбек болған бір топ, әр курс студенттері балкон арқылы
шығып, екінші этаждан секіріп далаға шығып кеттік. Барлығы
алаңсыз..

...Жол-жөнекей «Юбилейный» кинотеатры алдындағы
алаңға бардық. Жиналған студенттер саны бірталай еді.
Арасында жұмысшылар да бар. Сол жерде Ержан Насыров
досым да бір топ СДИ студенттерімен жүр екен. Бәріміз
қосылып наразылық білдірмек болып ұмтылып жүрміз.
Милиция жасақтары көбейіп кетті. Топталып жүрген біздерді
көріп қудалап, қайтуларымызды талап етіп жатты. Бірталай
адамдарды ұстап әкетіп жатты. Біздер Алматыдан келген Талғат
Кенесханов сынды азаматтардың тобымен жүріп, студенттер
мен жастарға үндеулер айтып жүрдік. Кешке дейін ереуілге
жиналып жатқан ел-
жұртпен бірге жүрдік.

Күн суық. Бұл
алаңнан қашып Уша-
нов атындағы алаңға
барып өз наразыл­ ы­
ғымызды білдіріп
жүрдік. Осы кезде

98

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

омон жасақтары біздерді резеңке сойылмен ұрғылап алаңнан
кетуімізді талап етіп, тыңдамағандарды арнайы машиналарға
қудалап тығып жатты. Біз қаланы жақсы білгендіктен Өскемен-
нің қатты аязына әбден тоңған, таяқ жеген бір топ студенттер
көшелерді тасалап жатақханаға жеттік. Ондағы ойымыз  Өске-
меннің қаһарлы да қытымыр қысында үсік шалған беті-қолы-
мыз кішкене икемге келген сон, алаңға қайта бару еді. Неғұр-
лым көп адам табандылық таныта білсек, ойымыз жоғары
жаққа жетіп қалар дедік. Осылай СДИ-дің 2 - жатақханасына
жетіп, сол кездегі студком Мукалиев Мұқаштың көмегімен
Ержанның бөлмесіне кедергісіз өттік. Жатақхананың 5-қа-
батындағы 526-шы бөлмеге кіріп демімізді алғанымыз сол
еді, екі адам есік қағып кіріп келді. Біреуі қазақ, екіншісі орыс.

Бізге келіп амандасқаннан кейін «Жанат, Ержан деген
сіздер ме» деді. Қазақ кісі (екеуінің жастар шамасы 35-40).
Біз «иә бізбіз» дедік. Онда сендер гитара жақсы тартып, өлең
айтады екенсіңдер естідік деді. Біз гитара шертіп, әнді жақсы
айтатынымыз рас еді. Ойымызда ештене жоқ.

«Бізге бір - екі номер қойып жіберу керек еді, бізбен
жүріп қойып бересіңдер ме?» деді. Ержан досым да, мен де
«иә, жарайды» деп ойымызда ештеме жоқ, келісіп, екеуіміз
сыртқа шықтық. Далаға бет алып бара жатқанымызда
Манжеков Лескен және тағы басқа студенттер алдымыздан
шығып, «уайымдамаңдар, бәрі жақсы болады» деп шығарып
салды. Бірінші қабатқа түссек сол кездегі жатақхана тәртібіне
қарайтын милиция қызметкерлері тұр. СДИ жатақханасының
алдында бір УАЗ маркалы машина тұр. Ана кісілер сол
машинаға отыруымызды өтінді. Балалығымыз ғой, біз
машинаға отырғанда бірақ түсіндік. УАЗ машинасында бір
шинель майор пагонымен ілініп тұр екен. Олар бізді Өскемен
КГБ-на, Юбилейный кинотеатрынан жоғары, циликат
кірпіштен салынған ғимаратқа алып келді. «Жол бойы ағылып
жүрген адамдар не үшін көшеде, алаңда жүр» деп әртүрлі
сұрақтар астына алды.

МҚК ғимаратына кіргеннен біз бәрін түсіндік. Дереу
екеумізді тергеуге алды. Мені орыс капитаны фамилиясы

99


Click to View FlipBook Version