The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanzhar.kuderov, 2022-12-07 05:34:32

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Төлепбергеннің «Қасиеттім – Желтоқсан!» публицистикалық
кітабының басты мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі
туралы нақты деректі мағлұматтарды қоғам талқысына салу,
осы арқылы өскелең ұрпақ –жастарды патриоттық тұрғыда
тәрбиелеуге үлес қосу.

Аталмыш кітаптың ішіндегі «Желтоқсан: Таныс
та бейтаныс есімдер» атты 4-ші бөлімнің «Желтоқсанда
сотталған азаматтар» тізімінің № 70 реттік санында Панинова
Гүлбира Төлебайқызының аты-жөні жазылған. Желтоқсанға
қатысушылардың жалпы тізіміне 843 азамат пен азаматшалар
енген.

Кітаптың 156-бетіндегі 1-абзацта: «Он томдық «Консти-
туциялық Соттың желтоқсан оқиғасы туралы ісіндегі» дерек-
тер бойынша сотталғандардың саны жүз адамнан асады. Ал
олардың жиырма екісі – қыздар. Яғни, 20 жас ару бас бостан-
дығынан айрылған, екеуі еңбекпен түзеу жазасына кесілген,
біреуі қара жұмысқа жіберілген», - деп жазады кітап авторы
журналист Болатбек Төлепберген.

***
Катранова (Панинова) Гүлбира Төлебайқызы 1966 жылы
2 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен-Нарын ауданы,
Новоберезовка ауылында дүниеге келген. Әкесі – Панинов
Төлебай Ризыханұлы, анасы – Панинова Нұрбағи Құмашқызы
қарапайым жұмысшылар. Паниновтар жанұясында 10 бала
дүниеге келіп, тәрбиеленген.
1973 жылы Гүлбира Катонқарағай ауылындағы В. И.
Ленин атындағы орта мектепке 1-сынып оқушысы болып,
мектеп табалдырығын аттайды, осы мектепті 1983 жылы
жақсы аяқтайды.

350

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

КЕКІЛІКОВ СЕРІКХАН

«Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені,
Желтоқсан желі ызғарлы,
Солдырды гүлді,
Тоңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды».
(А. Асылбеков)

Бұл өлең жолдарының толық
мағынасын тек сол ауыр кезеңді басы-
нан кешіргендер ғана түсіне алар деп
ойлаймын. Мен өзім осы әнді естіген
сайын көңілімде мұңды, ауыр сезім пайда болып, желтоқсан
дүрбелеңі күндеріндегі сол оқиғаларды қинала еске аламын.

***

Кекіліков Серікхан Өмірбекұлы
– 1964 жылы Шығыс Қазақстан облы-
сы, Зайсан ауданы, Шілікті кеңшары,
Жалши ауылында дүниеге келген.
1971-1981 жылдары Шекарашы орта
мектебінде оқып, білім алған. 1982-
1984 жылдары Армия қатарында аза-
маттық борышын өтеген. 1985 жылы
Алматыдағы есеп-кредит технику-
мына оқуға түсіп, 1986 жылы 16-шы
желтоқсандағы көтеріліске қатысқан-
дығы үшін оқудан шығарылып, қу-
далауға ұшыраған. Әрі көтеріліс кезінде алған жарақатынан
емханаға түскен. Оқуын кешігіп 1988 жылы бітіреді. 1989-1997
жылдары Жалшида дүкенде сатушы болып қызмет атқарады.
Содан бері өзінің жеке кәсібімен, яғни, мал шаруашылығымен
айналысады. Бүгінгі таңда Алматы қаласында тұрады. 1986
жылы шаңырақ көтерген, бір қыз, үш ұлдың әкесі.

351

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

КЕНЖЕХАНОВА (МҰҚАНОВА) РОЗА

Мен ол кезде «Самал» ықшам
ауданында тұрғын үйлер салу жұмы-
сында жүрдім. 16-желтоқсан күні Д.
А. Қонаевты қызметінен алып, орнына
Г. В. Кольбинді басшы етіп тағайын-
дауы біздің ашу-ызамызды тудырды.
Бұл хабар меніңде намысымды оят-
ты, өз мемлекетімізде өз ұлтымыз-
дың адамы басшы болуы керек деген
талап-тілегімді жеткізу үшін ертеңгі
күні Алаңға барамын деп шешім қабылдадым.
1986 жылы 17 желтоқсан күні қала жастарының шеруге
шыққанын естігеннен кейін бірге істейтін қыздармен жұмыстан
сытылып шығып, алаңға келдік. Бәріміз әділетсіздікке
ызалы едік, наразылығымызды білдіріп, айқайлап, белгілі
азаматтардан жастарға түсіндіруін талап еттік. Жастарды
алаңнан қуа бастаған кезде қашып құтылдық.

18 желтоқсан күні күндіз тағы
барып, тағы наразылық білдіріп, Роза
Бағланованың сөйлеген сөзіне куә
болдым. Ол кісі біздерді «тараңдар»
деп үгіттеді. Жастар болса тыңдамай
өршелене айқайлап, ұсынысты қабыл
алмады. Жендеттер күш көрсете
бастағанда тағы қашып құтылып,
жұмыс орнына бардық, жұмыста
қатты аңду болғандықтан, жұмысты
біржола тастап кете алмадық.
Жұмыстан шыққаннан кейін бірден алаңға тарттық,.
Алаңға барған кезде жастармен бірге «Атамекен», «Менің
Қазақстаным» әндерін айтып тұрғанбыз. Бір кезде жастарға
қарсы жойқын шабуыл бастады. Барған құрбылардан көз жа-
зып қалдым, олар ертерек кетіп қалыпты. Бұл - адам айтқысыз
көрініс еді. Жастар сеңдей соғылысып, солдаттар жастарды

352

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

аяусыз сабауға көшті. Сол кезде мен де таяққа жығылып, орыс
жендет: «на тебе власть, ах, как мы натоптали вас!!!» деп мені
бүйректен теуіп, сабай жөнелді. Артта қалып қолға түскендерді
естен тандыра сабаған соң, олар жатқандардың үстінен таптай
қалғандарын қуа жөнелді.

Алаңды тазартып келе жатқан солдаттар ма, әскерилер ме,
милиция ма, солар құлаған жастарды жинап алып кетіп жатты.
Алаңда қанша жатқанымды білмеймін, сол күн ерекше ызғарлы
суық еді. Бір мезетте есімді жисам «қарындас, жүгір, маған
қарама» деді бір формадағы қазақ жігіті. Жанұшыра жүгіре
жөнелдім, ет қызуымен жарақатымды сезбедім, көп қабатты
үйлердің біріне тығылмақ болған жастарға қарай бет алғанда,
«здесь калбиты, здесь» деп балконда тұрған шовинист кем-
пір айқай салды. Сол кезде жендеттер жастарды ұстап әкетіп
жатты, мен ағашқа жабысып жан сауғаладым. Байқап қалған
кезде жанұшыра кері қашып, екі құлағым шулап, жастардың
шыңғырғаны құлақтан кетпей, ештеңені ойлауға мұршам бол-
май жүгіре беріппін.

Бір кезде өз-өзіме келген кезде қарасам, “Пионерлер үйі”
көзіме оттай басылды, өйткені, мен қараңғы түнде адасып
кетер едім немесе бұзықтардың қолына түсер ме едім, қайтер
едім. Ентігімді басып, өзімді ретке келтіріп, «Арман» кино-
театры жақтағы аялдамаға қарай жүрдім. Аялдамада автобус
тосып жігіттер тұр екен. Жандарына барып: «Қазақсыңдар
ма?» дедім. Олар оқиғадан бейхабар кинодан шыққан жастар
екен, маған үдірейе қарады. Оларға: «алаңда қазақтарға жаман
болып жатыр ғой» деп мән-жайды түсіндірдім. Олар түсіністік-
пен қарап маған көмектесті. «Орбитаға автобус жүре ме?» - деп
сұрадым. Сөйтсем, автобус мүлде жүрмейді екен. Есіме Поли-
техникалық институтта оқитын құрбым Тұрдинова Мария түсті.
Соны айтып едім, мені олар солай қарай алып жүрді. Жолда
қолдарына қызыл шүберек байлаған «дружинниктер» бізді
көріп боқтап, соңымызға түсті, қолдарында ұратын қаруы бар.

Содан жігіттер кезек-кезек сүйрелеп, қашып келе жатқан-
да, жаңылмасам Масанчи көшесі бойындағы милициялардың
тірек пункті бар екен, содан шыққан милицияларды көріп,

353

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қуғыншылар кері қашты. Милиционер жігіттер: «біз ішіміз
қыж-қыж қайнап, осылай болса да көмек жасап тұрмыз қа-
зақтарға» - деп, кіжініп сөзін тұздықтап жіберіп «кешіріңіз
қарындас» деді де, «жігіттер, мына қарындасты аман-есен
үйіне жеткізіңдер» - деді. Милиционерлердің бірі бізді көзге
түспейтін жерлермен, қауіпті жерден алып шықты, ары қарай
жатақханаға жол сілтеп жіберді. Бағыма қарай адамгершілігі
бар қазақ жігіттеріне кезігіп, сойқаннан аман қалдым.

19 желтоқсан күні соққыдан денемді көтере алмай,
иығым шыққан, бүйрек соққыдан зақымданған, өне бойым
көгерген, резеңке шоқпар іздерінен ауырсынып жұмысқа
3-сағат кешігіп бардым. Әлі күнге сол соққылардың зарда-
бын тартып жүрмін. Денсаулығыма нұқсаны келді. Сөйтсем,
бірге істейтіндер мені таба алмай уайымдап отыр екен. Олар:
«алаңға бардым деп айтпа» деп ақыл қосты, бірақ олар менің
барғанымды біліп отырған, өйткені алаңда сумочкам қалған,
ішінде жатақханаға кіретін рұқсат қағазым қалған.

20-21 желтоқсанда екі күн қатарынан құрылыс басқар-
масында комсомол мен кәсіподақ жиналысы болып, алаңға
барғандардың ісін қарады. Біздерді жеке-жеке кіргізіп,
сұрақтың астына алды. «Сендер ұлтшыл, нашақор, бұзақы-
сыңдар» деп жер-жебірімізге жетті. Бұл жиналыста бір жа-
тақханада тұрған Анар Рахымжанова да болған, ол 32-бөлмеде,
мен 36-бөлмеде тұрдым. Жылдық сыйақымнан айырды. 33
баппен жұмыстан, комсомолдан шығармақ болды, сол кезде
инженер грек азаматы (аты-жөні есімде жоқ) және жанашыр
әріптестер көптеген жастарды алып қалды.

Сол кездегі жұмыс орным: СМУ-50 «Алматы Культбыт-
строй». Тұрған жерім: Фестивальная көшесіндегі «Восход»
жатақханасы еді.

***
Кенжеханова (Мұқанова) Роза Манапқызы Шығыс Қа-
зақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылының тұрғы-
ны, 1986-жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан, Желтоқсан
ардагері.

354

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
КӨБЕЛДЕСОВА СӘНИЯ

Желтоқсан сызы жүректен кетпейді

Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл
толып, Желтоқсан оқиғасына 35 жыл
өткенімен, ызғарлы күндердің жаңғы-
рығы әлі есімде. Бұл, сол кездегі алып
империя Кеңес Одағының құрамына
кіретін елдер арасында тоталитарлық
режимге ашық қарсы шығудың көрінісі,
демократияның алғашқы ұшқыны еді.

Алматыдағы политехникалық
техникумды аяқтап жұмыстың ыңғайы
келсе қалада қалмақ оймен нағашымның үйінде едім. Ол кезде
мен курстастарыммен араласып тұратын кезім. Олар жастар-
дың алаңға жиналатыны жайлы айтты. Ойланбастан мен де
баруға келістім. Үш жолдас қыз кешкісін Алматының Фур-
манов пен Абай көшелеріне шықтық. Жастардың мақсаты: өз
еліміздің басқару тізгінін өз азаматымызға ұстату болатын.
Алаңға жастар көп жиналған екен. Хормен «Менің Қа-
зақстаным!» әнін шырқап, «Әр халыққа – өз басшысы!» деп
ұрандатып, мінберге қарай ұмтылуда. Мінберден партия,
үкімет басшылары сөйлеп, тараңдар, тарамасаңдар арты жа-
ман болады, - деп үгіттей бастады. Тыңдап жатқан ешкім жоқ,
айқай-шу, оларға кесек-кесек қар лақтырып, кейбір қайсар
жігіттер микрофонға беттегенде, микрофон шнурын кесіп
тастады. Оларды сөзбен тарата алмаған соң, күшпен таратпақ
болды. Өрт сөндіруші машиналар көлігі, жастар тобын қақаған
қыста сумен атқылап, алаңнан қуа бастады.
Келесі күні алаңға қайта шыққанымызда солдаттар, ми-
лиционерлердің жиналғандарды жан-жақтан қоршап, қолда-
рындағы сапер күрекшелерімен, шоқпармен ұрып таратуға
тырысқанын көзбен көрдім. Арашалаймыз деушілердің өздері
соққыға жығылып, қансырап жатты. Енді сұмдық, жан түр-
шігерлік жағдай еді.

355

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сол сәтте милиционер ме әлде әскери адамдар ма көріп
үлгермедім, қолындағы шоқпары шынтағыма тиді. Басында
не болғанын аңғармай, кейіннен тез қимылдап шетке қарай
топтан әрең дегенде сытылып шықтым. Бір қыздан адасып,
екі қыз қараңғыға қарай сіңіп, әрең дегенде құтылдық. Көшеде
жарық жерлермен жүруге қорқып, қараңғы жерлермен қинала
тоңып таң ата үйге жеттік.

Сол күнгі күннің суығындай ызғарлы құрғақ аязды
ешқашан көрмеген шығармын. Жылынып, ес жиғаннан кей-
ін қолымның ауырып тұрғанын сезіп қарасам, оң қолымның
шынтағымнан жоғары бір бөлігінің етін бөліп жіберіпті, ет
қызуымен жүре берген екенмін және ол жерде қолға қарауға
еш мүмкін де емес еді.

Күннің шытырлаған аязын, көзбен көрген жантүршігер-
лік жағдайды, басынан өткермеген көрмеген адамға айтып
жеткізу қиынның қиыны. Кейіннен бойымды билеген үрей
мен көзіммен көрген оқиғалар елесі кетпей, қаншама жылдар
өтсе де қазір де есіме түскен сайын ойласам, есіме алсам
қиналамын, денем түршігеді. Өзіміз сияқты алаңға шыққан
қаншама жалындаған жастар қыршынынан қиылып, өмірден
өтті, қаншамасы жазықсыз абақтыға қамалды, оқудан себепсіз
шығарылды, жұмыстан босатылды.

Көрген үрейлі оқиға мені де ауылға кетуіме мәжбүрледі.
Өзім бітірген мектебіме оралып, жұмысқа орналастым, өмір
жалғасын тапты. Бірақ болған оқиғаны тіс жарып ешкімге
айтпадым, бойдағы үрейден талай жылдар бойы арылмадым.

Уақыт шапшаң ғой, отыз бес жылдың содан бері қалай
сырғып өткенін байқамай да қалдық. Еңбек демалысымда
Алматыға барған сайын, өткенді еске түсіріп, Тәуелсіздік мо-
нументіне барып, қаза болған боздақтарға тағзым етіп тұрамын.

Тәуелсіздік - біздің басты жетістігіміз, халқымыздың
қасиетті құндылығы. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашта-
рымен бірге, желтоқсан оқиғасына қатысқаныма ешқашан
өкінбеймін. Қазақстанымның байрағы әрқашан биік, еліміз
аман, жұртымыз тыныш болса екен деген тілеумен өміріміз
жалғасын таба берсе екен.

356

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

***
Көбелдесова Сәния Асанқызы 27 ақпан 1965 жылы қазір-
гі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, 1 Май ауылында
дүниеге келген. 1982 жылы мектепті аяқтаған соң 2 жыл ауы-
лында жұмыс жасаған. 1984 жылы оқуға түскен. Аяқтаған. Ең-
бек еткен. Қазір еліміздің Астанасында тұрып жатыр. Отағасы,
екі ұл, екі келін, бес немересі бар, бақытты жанұя.

КӨКЕНОВ ЖАНАТБЕК

17 желтоқсан күні сабақта
отырғанбыз, аудиторияға 2-3 жігіт
кіріп келіп:

- Не қылып отырсыңдар?
Алаңға халық жиналып жатыр, Қо-
наевты орнынан алып, орысты әкеліп
қойды,- деді.

Лекцияда 75-тей студенттер
отырған, 3 группа, бәріміз түрегеліп
коридорға шықтық. Коридорда шу-
лаған студенттер, шығар есікте білек-
теріне қызыл лента байлаған мұғалімдер, тағы біреулер тұрып
алған. Шулаған жастар қояма, бұзып жарып алаңға кеттік.
Келсек алаң толған халық, 2-3 қатар милициялар тұрып алып,
алаңға жібермей тұрды.
Біздің ойымызда неге бірінші хатшы өз ұлтымыздан
болмайды деген намыс бар. Халықтың да ашу ызасын келтірген
осы сұрақ. Осыдан бастап көтерісшілерде әр түрлі талаптар
қоя бастады.
-Неге балабақша қазақша емес?
-Мектептерде неге қазақша аз оқытады?
Бір кезде қоршау бұзылып, халық алаңның ортасына
қарай ағылды. Кешқұрым шақ. Алаңнан қуу үшін өрт сөндіргіш
машиналармен су шаша бастады. Біздер де қарсылық көрсетіп
қолға түскен тас, мрамордың сынықтарымен атыса бастадық.

357

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Түн бола бастағанда солдаттар пайда болды. Қолдарында
қалқан, дубинка, кішкене күректері бар. Қырғын сол кезде
басталды.

Үстіміз малмаңдай су, менің үстімде ұмытпасам жасыл
клеткалы пальто. Прожекторлар жарқ-жұрқ етеді. Алаңда өр-
тенген, аударылған машиналар. Бізде жан берісіп, жан алысып,
біресе солдаттарды трибунаға дейін қуамыз, біресе олар бізді
төмен қарай қуды. Айғай шу, құлаған, тапталған халық. Біре-
удін біреуге қарайтын жағдайы жоқ. Солдаттардың көптігінен
жан жаққа қаштық. Мен баспалдақтан төмен қарай қашқан
кезде дубинкадан соққы алдым. Жауырыныма тисе керек, ет
қызумен білінбей түнге дейін жүрдім. Түнгі 1-2-лер кезінде
жатақханаға қашып келсек, деканның орынбасары Құрманға-
лиев деген, кешігіп келгендерді тізімге алып жатыр екен.

Ертеңінде, 18 желтоқсанда арқамнын ауырғанына қарама-
стан алаңға барамын деген шешім қабылдап, есіктен шығар-
маған соң, екінші қабаттан секіріп, алаңға қайтадан кеттік.
Келсек, алаңға солдаттар жолатпай қуалап жүр екен, біраздан
сон халық жиналып қайтадан қақтығыс басталды. Солдаттар
көше көшемен қуалап, ұрып соғып, ұстап, машиндерге тиеп
жатты. Біз Сәтбаев көшесімен қақтығысып келеміз. Сол кезде
Марат Рамазановпен кездесіп қалдым, ол да солдаттармен
атқыласып келеді. Сөйлесуге шама жоқ, солдаттар қуып келеді.
Жатақханаға кіре алмай ары қарай қаштым. Содан түннің бір
уағында жиенім Сейітқамзин Нұрланның үйіне келім. Ол сол
кезде милицияда істейтін. Менен 5 жас үлкендігі бар. Үсті ба-
сым алба-жұлба, жауырыным ісіп кеткен. Ол кезде ауруханаға
бара алмайсың. 3-4 күн сол үйде емделіп жаттым.

Кейін жеңгейді құттықтауға, 8-наурызда барғанымда,
жиенім маған грамотасын көрсетеді 17-18 желтоқсанда болған
қоғамдық тәртіпсіздікті басқаны үшін деген. Мен үндемей
қойғанмын. Кейін бір барғанымда ана грамотаны өткізіп
тастадым деді.

Мен осы Тәуелсіздікке біраз болса да үлесімді қостым
деп ойлаймын.

358

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

***
Көкенов Жанатбек Ризабекұлы, (құжат бойынша
Кенжебекович) 05.06.1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы,
Зайсан ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келген.
1981 жылы Зайсан қаласындағы кәсіптік техникалық
училищені бітіріп сол жылы Алматы қаласындағы қазақ
ауыл шаруашылық институтының «Ауыл шаруашылығын
механикаландыру» факультетіне оқуға түскен.
1984-1986 жылдары әскери борышын өтеп, оқуын
Алматыда қайтадан жалғастырған кезде Желтоқсан көтерілісіне
қатысқан.

КІСІМІСОВ ЕРБОЛАТ

Факультетіміздің деканы басқа ұлт болатын, бізбен бірге
барып прокурорлармен сөйлесіп, бізді босатып алды

Мен Кісімісов Ерболат Тұр-
сынханұлы, 1963 жылы 1 қаңтарда
Семей облысы, Мақаншы ауданы,
Бақты ауылында дүниеге келгенмін.
1986 жылы Абай атындағы Қазақ пе-
дагогикалық институтының көркем-
сурет-графика факультетінде оқып
жүргенмін. 17 желтоқсан күні таңғы
сағат 8-де Кеңестер Одағы Комму-
нистік партиясының тарихы пәнінде
отырғанымызда, 16 желтоқсан күні
Қазақ КСР коммунистік партиясы-
ның пленумы өтіп, Қазақ КСР коммунистік партиясының
бірінщі хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алып, Г. Колбин
дегенді тағайындапты дегенді естігенде төбемнен суық су құй-
ып жібергендей халге түстім. Бірге оқитын группаластарымыз
бәріміз гу-гу, ішіміздегі ашу-ызамыз сыймай дәріс беретін
тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяғанов
ағайымызды сұрақтың астына алдық. Кеңестер Одағы Ком-

359

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

мунистік Партиясының бас хатшысы М. Горбачев және КСРО
Саяси бюросы мүшелері Қазақстан халқының келісімінсіз неге
шеттен, республиканы білмейтін адамды әкеледі, бұл дегенің
қазақ халқын мазақ ету емес пе, деген сұрақтар қарша борады.

Осылай іштегі ызамызды айтып отырғанда сырттан
«ҚазПИ! шығыңдар» - деген айқай-шу естілді. Терезеден қара-
сақ, қаптаған қазақтың жігіттері мен қыздары. Бұны көргенде
ішіміз өртеніп отырған біздер орнымыздан өре түрегеліп сыртқа
шығайық десек, есікте факультетіміздің деканының орынбасары
және бір топ профессор-оқытушылар сыртқа шығармай тұр.
Содан қайта аудиторияға келіп, сыртқа терезеден секіріп шығып,
шеруге қосылдық. Сырттағы жастардан жөн сұраса келсек, Ал-
маты театр және көркемсурет институты мен Қазақ Мемлекеттік
ауылшаруашылық институтының студенттері екен. Біздің Абай
атындағы ҚазПИ-дің, бүкіл қаны қазақ жастары көшедегі шеруге
қосылып, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институты-
на қарай бет алдық. Жолдан Алматы шет тілдер педагогикалық
институты, Алматы медицина институты, Алматы технология
институтының студенттері қосылып, Л. И. Брежнев алаңына
(қазіргі жаңа алаң) жиналдық. Жан-жақтан ағылып жұмысшы
жастар, басқа да оқу орындарынан келген жастар алаңға толып
кетті. Жастардың қолында КСРО Конституциясынан, заңдардан
және басқа да ұрандар жазылған лозунгілер бар.

Сағат 16:00 шамасында алаңдағы трибунаға Қазақ КСР
орталық бюросының мүшелері шықты. Алаңдағы жастар
шуылдап, өздерінің Кеңестер Одағы Коммунистік Партиясы
Саяси бюросының шешіміне қарсылықтарын білдіріп, шешімді
өзгертіп Қазақ КСР-на бірінші хатшылыққа республика аза-
матын сайлауды ұсынды. Сөзді Қазақ КСР министрлер каби-
нетінің басшысы Н. Назарбаев алып, жастарға алаңды босатып
тарауға шақырды және сендер азсыңдар дегенге келтірді. Оған
жастар шешімді өзгертпей алаңнан кетпейтіндіктерін айтты.

Осылай шуылдасып тұрғанда жан-жақтан арандату
басталды, трибунадағы Н. Назарбаев бастаған тобырға қар
лақтырып. Алаң айқай-шу, бір шетінен милиция жасақтары
мен әскерилер қоршай бастады. Кешке қарай арты төбеле-

360

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ске ұласты. Алаңда кәдімгідей милиция мен әскерилермен
жастардың арасында қанды төбелес. Сол төбелестің ішінде
қолымызға не түссе соны милициялар мен әскерилерге лақтыр-
дық. Лақтыратындай көп зат та жоқ, әйтеу алаңдағы мрамор
тақталарды сындырып соларды лақтырдық. Бір мезетте қара-
сам кіп-кішкентай өрімдей жас қызды бір милиция жатқызып
алып шашынан сүйреп, шыңғыртып жатқанын көріп шыдай
алмай кеттім. Қолыма ұратын зат іздеп жан-жағыма қарап
едім, сұрағанымдай жаныма тамырымен жұлынған шырша
ағашы кеп түскенін көре салып алайын деп тұра ұмтылғанымда,
менен бұрын біреу қағып алды. Әлгіге бауырым маған берші
деп едім, ол ала сап қызды сүйреген милицияға тұра ұмтыл-
ды. Мен де қалыспай милицияға тап бердім. Бұрын жеткен
жаңағы азамат милицияны құлақ шекеден аямай қолындағы
ағашпен ұрғанда басындағы малақайы ұшып кетті. Сонда да
милиция қыздың шашынан жіберетін түрі жоқ. Мен артынан
келіп мойнынан қылқындыра екі-үш мәрте жұлқи тартқаннан
қылқынып кеткен милиция қыздың шашынан қолын босатты.

Қызға қаш деп айқай салдым да, милицияны шалқасынан
құлатып тепкілей жөнелдім. Осы мезетте әлдебір соққыдан
мұрттай ұшып түстім. Үстім лезде шылқылдаған мұздай су
болды. Мені мұрттай ұшырған өрт сөндіруші машинадан
шашқан екпіні қатты су екен. Ет қызуымен жүріп күннің
ызғарлы суық екенін сол кезде сезіндім. Үстімдегі курткам,
киімім су болғандықтан ауыр болып, қимылдауыма кедергі
келтірді. Алаңнан Байсейітова көшесімен төменірек Абай
көшесіне түсіп, кеудемдегі курткамды шешіп сығып алдым
да қайта киіп алдым. Киіп алғанымды қайтейін курткам мен
шалбарым аяздан мұз болып қатып қалды. Сағатқа қарасам
түнгі 11.00 болып қалыпты. Үйге қайтайын деп жаяу Жандосов
көшесіне бет алдым. Үйге жеткенше сағат түнгі 12.00 болды.
Үйдегілер бірдеме болып қалды ма деп алаңдап отыр екен.
Ертеңінде 18 желтоқсан күні таңертеңмен институтқа келдім.
Факультетте институт комсомол комитеті студенттерден
ДНД (Дружина народных добровольцев) жасақталып жатыр
екен, көшедегі тәртіпті қадағалау үшін. Бір-бірімізге түндегі

361

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қанды шайқасты әңгіме қылып біраз тұрдық. Түнде алаңда
біраз курстастарымызды милициялар ұстап алып қаланың
сыртына карьер жаққа апарып тастапты. Түнімен жаяулатып
жатақханаға жетіпті. Барлығымыз білегімізге қызыл матаны
байлап алып Панфилов паркіне кезекшілікке аттандық.
Кезекшіліктен бұрын барлығымыздың ойымыз алаңға бару
болып тұрды. Содан ақылдаса келіп кезекшілікке барған
курстарымызбен қызыл матаны шешіп, алаңға бет алдық.

Фурманов көшесімен жоғары Сәтбаев көшесіне алаңға
қарай қаптаған жастарға қосылып біз де келе жатырмыз. Фурма-
нов пен Сәтбаев көшесінің қиылысында сап түзеп бастарында
каска, қолдарында беттерінен тізелеріне дейін жауып тұрған
қалқан мен резинкадан жасалған шоқпар (дубинка), құдды
бір орта ғасырдың рыцарларына ұқсайды. Бұндай қалқан мен
шоқпар ұстағанды бұрын соңды телевизордан ғана, шетелдік
полициялар шеруді тарқатуға пайдаланатынын көруші едік.
Сөйтсек бұл түрмелерде болып тұратын толқуларды басатын
арнайы жасақтар түнімен Свердловск (қазіргі Екатеринбург)
пен Ереван қалаларынан самолеттермен жеткізіліпті. Түні-
мен ұйықтамай көздері қанталап тұрғаны көрініп тұр. Біздің
қолымызда тастан басқа ештеме жоқ. Жақындағанда түрлері
адам шошырлық. Тасты жаудыра бастадық. Қалқанмен тұрған
жасақ тасты шыбын шаққан құрлы көретін түрлері жоқ. Лекпен
келіп сапқа шабуылдағанда жасақ азда болса артқа шегінгендей
болды. Біршамамыз алаңға өтіп үлгердік. Өткенімізді қайтейік
қоршауда қалып қойдық. Қоршауда қалғандарымызды бір-бір-
леп ұстап машинаға тией бастады. Амал жоқ қалғандарымыз
қоршауды бұзып-жарып әйтеу шығып, Сәтбаев көшесімен Ле-
нин даңғылына бет алдық та ауылшаруашылық институтының
аумағына кіріп кеттік. Арнайы жасақтар ауылшаруашылық
институтының жатақханаларының есіктерін сындырып кіріп,
студенттерді соққының астына алыпты. Содан қайта Сәтбаев
көшесіне шықсақ машина толы әскерилер алаңға қарай кетіп
барады екен, қарап тұрмай машиналар колоннасына тасты қар-
ша бораттық. Машиналар мен БТР-лар тоқтамастан алаңға өтіп
кетті. Алаңға бару мүмкін болмай қалды. Алаңды айналдыра 5-6

362

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қатар жасақтар мен милициялар қоршап тұрды. Содан Абай мен
Фурманов көшесінде троллейбусты тоқтатып қойып, үстіне бір
азамат шығып сөз сөйледі. Біздің жан айқайымызды шетелдік-
терге естірту үшін шет елдіктерге арналған Отырар қонақ үйіне
шерумен бару көпшілікпен мақұлданды. Содан Отырар қонақ
үйіне жеткенде шетелдік меймандар балкондарда тамашалап
тұрды. Шеруге қатысушылардың арасынан ағылшын, неміс,
француз тілдерін жетік меңгерген жастар шығып кезек-кезек
сөйлей бастады. Одан кейін шерушілер топ-тобымен тарқаса
бастадық. 19 желтоқсанда көшеде қаптаған патрульдер, шеруге
азын аулақ шыққандарды ұстап машиналармен әкетіп жатты.

Содан келесі күндері жазалау науқаны басталды. Күнде
таңертең хабарландыру ілінетін тақтадағы тізімді қараймыз.
Күнделікті 40-50 студент оқудан шығарылды деген тізім тұратын.
Алдында алаңдағы шеруде группалас бір жігітіміздің студенттік
билеті алаңға қалтасынан түсіп қалыпты. Сол бойынша мили-
циялар іздеп келіп, барлығымызды прокуратураға шақыртты.
Таңертеңгісін сабаққа келсем прокуратураға шақырту тізімінде
тұрмын. Прокуратураға шақыртқанда тергеушілердің барлығы
басқа ұлт өкілдері. Бізді «бандиттер» деп қояды. Күнделікті қоя-
тын сұрақтары жаттанды болып қалды. Сұрақтан кейін түсінік-
теме жазғызады. Прокуратурада сұрақта жүргенімде кластасым
Есімбаев Қалидың туған інісі Қадыр да сұрақта жүр екен. Ар-
тынан 3 жылға жала жабылып, шеруді ұйымдастырушылардың
қатарында болды деп сотталып кетті. Ол бауырымыз түрмеден
босап келіп, осыдан бір-екі жыл бұрын дүние салды.

Сұрақта бір апта жүргенде факультетіміздің деканы басқа
ұлт болатын, бізбен бірге барып прокурорлармен сөйлесіп, бізді
босатып алды. Фаультетіміздің деканы қазақ болғанда проку-
ратурадағылар тыңдамас та еді. Себебі сол кезде күллі қазақ
халқы жау болып есептелген. Сол деканымыз болмаса мүмкін
біз де сотталып кетер ме едік. Сотталғандардың көпшілігіне
жала жабылып кетті ғой. Группаластардың ішінен студенттік
билетін алаңға түсіріп алған студентпен, компартияға өтуге
кандидат болып жүрген жолдастарымыз оқудан шығарылды.

Міне, желтоқсанда басымнан өткені осы болды.

363

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ҚАБДОЛЛИН СЕРІКҚАН

1986 жылдың 16 жел-
тоқсанында Қазақстан
Компартиясының басшысы
Д.А. ­Қонаевтың отставкаға
кетуіне байланысты елімізге
Ресейден басшы әкеліп қойға-
ны, сол кездегі жастардың ашу
ызасын, зығырданын қайнатты.
Қазақты басқаруға Г. В. Колбинді тағайындады. Сол күні жа-
ппай листовкалар мен лозунгілер көз ілеспес жылдамдықпен
барлық жерлерге таратылып жатты.
«Оян қазақ», «Намысты қолдан бермейік» деген сөздері
бар листовкалар дамылсыз таратылып жатты, кім таратып
жүргені белгісіз. Жалындап тұрған кезіміз, барлығымыз 17
желтоқсан күні алаңға бет алдық. Ол кезде жасымыз 21-де.
Шамалғандағы Гидромелиорация колледжінің студентіміз.
Негізгі алаңға барғандағы мақсатымыз көтеріліс ашу
емес болатын. Үкіметке түсіндіреміз деп ойлағанбыз, бірақ ол
жақтағы жағдай біз ойлағаннан да басқа еді. Жастардың қарасы
өте көп екен. Арнайы жасақ әкелінген. Ешімді ешкім ұқпайды,
аямайды. Сол жастардың легінде курстас достарым Сырымбаев
Ерназ, Дусупов Бақытбек деген жолдастарым болды.
Ол кезде біреуге бірдеме айту, дәлелдеу деген мүмкін
емес еді. Көп адамдармен бірге бізде таяқ жедік. Ұрып-соғып
автобусқа тиелдік. Өлтіреді, ұрады деген қорқыныш болғанмен,
елім жерім деп соққан жүректі тоқтату мүмкін емес.
Ештеңеден қорықпайсың, жалындап тұрмыз. Қаруланған
арнайы жасақтан да, заң қызметкерлерінің аяусыз соққысы-
нан да қаймықпадық. Автобуста аяусыз ұрып-соғып төбелес
басталған сәтте ол жерде түрлері көрінбегенімен жүрегі қазақ
азаматтары бар екен.
Кенет автобус есігі ашылып «қашыңдар» деген дауыс
шықты, қаланың шеті, иен дала, қаштық, адасып жан сауғалайтын
жер іздедік. Алла көмектесті ме, бытырап қашып аман қалдық.

364

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

19 желтоқсанда оқу орныма келгенде үлкен жиналыс бо-
лып тәртіпсіздігіміз үшін оқудан шығасыңдар деді. Сонымен
бұйрықпен оқудан шығарды.

Ауылға келген соң әке-шешеміз үрейленіп қорқумен бол-
ды. Үйге бөтен адамдар келіп сұрақ алады, қысқасы бақылауға
алды. Жұмысқа қабылдамайды, ол кезде біз декабрист атандық.

1991 жылдың желтоқсанында оқуға қайта шақырылып,
1992 жылы дипломды алып, қазір сол мамандығым бойынша
Қарабұта ауылында «Шығыс Су Шар» бөлімінде 30 жыл болды,
қызмет етіп келемін.

***
Қабдоллин Серікқан Әукенұлы 1965 жылы 23 мамырда
туған. Қазір Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қа-
рабұта ауылы, Қабанбай №40 мекен-жайында тұрады. Ма-
мандығы «Гидротехник».

ҚАДЫРБАЕВ МҰХТАР

Мен, 1966 жылы 1 қаңтар
күні Семей облысы, Мақаншы ауда-
ны Благодарное ауылында дүниеге
келдім. 1973-1983 жылдары Благо-
дарное ауылының мектебін бітір-
дім. 1984-1986 жылдары Польша
халық республикасында әскери бо-
рышымды өтедім.

1986 жылы транспортиров-
щик мамандығы бойынша Алматы
мақта-мата комбинатына жұмысқа
орналастым.
1986 жылы 16 желтоқсан күні «Жұлдыз» 6 мкр орна-
ласқан жатақханадан шықтым. Қарасам көшеде студенттер,
жастар кетіп бара жатыр екен. Олар Абай даңғылымен Бреж-
нев алаңына қарай бет алды. Мән-жайды сұрасам наразылық

365

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

білдіру үшін екен. Менде оларға қосылдым. Басқа ұлттың
адамын тағайындағанға бір адамдай болып қарсылығымызды
білдіру үшін алаңға бардық.

Алаңда біраз жарақат алдық. Бірақ, қазақтың намысы
үшін аянбадық.

1986 жылы 25 желтоқсан күні жұмыс орнымнан за прогул
33-бабпен шығарды. Алаңдағы жарақаттардан денсаулығы-
ма біраз зиян келді. Сол арпалыста солдаттар 3 қабырғамды
сындырды.

Көтеріліс кезінде алған соққылар өз алдына, мені ауыл-
да да қудалады. АХБК-дан 33-бабпен қуылғандықтан, Еңбек
кітапшамды лақтырып жіберіп, сол жердегі іс-жүргізушімен
келісіп, басқа еңбек кітапшасын бастатып алып, содан жан
сауғалап ауылға жеттім. Міне, сол уақыттан бері ауылда тұрып
келе жатырмын. Тәуелсіздікке азда болса үлес қосқаныма
мақтанамын. Жастарға ылғи желтоқсан көтерілісін білулеріңіз
керек деп айтамын.

ҚАДЫРОВА ЗӘУРЕШ

Арман, арман, арман алысқа жетелейді...

Кеңес кезіндегі Семей облысы
(қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауда-
ны, Саржал ауылындағы Саржал орта
мектебінің 10-сыныбын бітіре сала,
өзімнің бала күнгі арманым «Шіркін,
астанамыз Алматының төрінде жоғары
оқу орнын тәмамдап, сүйікті де киелі
туған ауылыма «мұғалім» болып ора-
лып, шәкірттеріме қуаныш сыйлап,
білім нәрімен сусындатсам деуші едім.
Иә, арманым орындалып, өмірлерін ұстаздыққа арнаған сүйікті
аға-жеңгем Қабсаламұлы Шайқыслям мен Абдрашқызы Нүрзи-
ялардің ақыл-кеңес, бағыт бағдарымен Алматының шет тілдер

366

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

институтына оқуға түсіп «арманымның-орындалғаны-ай» деп
әкемнен 3 жасымда қалған өкініш, реніш, сағынышым бәрі
артта қалғандай болып еді.

1986 жылы Алматы. АПИ-
ИЯ (Алматы шет тілдер педаго-
гика институты). 1986 жыл оқу
жылы -I-курсқа қабылданған жас
студентке жатақхана өмірі тіптен
қызық, абыр-сабыр, сабаққа
дайындалған студенттер. Жексен-
бі, көңілді демалыс. Республика-
мыздың түкпір-түкпірінен кел-
ген өзім сияқты жастар. Бәріміз
де бір-бірімізге бірден үйренісіп,
тіпті туыстай болып кетіп едік.

Осылайша ауылдан апам мен анам Жәнәпия, Үміткен-
дер жіберген тамаққа тойып, білім алып студенттік шақтың
қызықты өмірінің 1 жылының орта кезеңін алаңсыз өткізіп
жүрген күндерім еді.

17,18 желтоқсан, 1986 жыл.
«Қазақ жастары алаңға шығыңдар, алаңға шығыңдар»
деген дауыс біздің жатақханағада келіп жетті.
«Қазақ жастары деген сөз» тектен тек айтылып тұрған
жоқ шығар деген патриоттық сезіммен ақ матаға помадамызбен
«Әр ұлттың өз басшысы болуы керек» деген жазулар жазып
алып, Брежнев алаңына бізде кеттік. Сол сәттерде дубинкамен
милиционелердің қуғаны, ұрғаны, су таситын машиналар-
мен қуғаны, шаштарымыздан жұлып алаңнан қайтарғандағы
сұмдық көріністі айтып жеткізу мен үшін өте ауыр және айтып
жеткізу мүмкін емес еді. (Осы уақытқа дейін ешкімге айтыл-
масын деген бұйрықпен ешкімге айтпап едім).
Осы 16,17,18 желтоқсаннан кейін қазақ жастарының
арманы орындалды-ау деп билік басына кім келер екен
Қазақстанымыз «Егемен», «Тәуелсіз ел» болар ма екен деп деп
жүргенде, «Біз сендерді оқудан шығармаймыз, өз еріктеріңмен
кетіңдер» деген тапсырма бұйрықтармен жарты жылғы

367

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қуанышым «Құмға сіңген судай» болып, туған ауылыма қайтуға
тура келді. Алаңда жүргенде ауылдастарым Әділбаева Жанна,
Оразғалиев Архатты көріп, әрі қарай сөйлесуге мүмкіндік
болмай қалғанына өкініп, олар да ауылға қайтар ма екен деп
жол бойы өзімнің қанды оқиғадан аман қалғаныма «тәуба»
десемде, қазақтың қыз жігіттері мәрт, патриот, қаһарман,
баһадүр, қайсар, төзімді екендігін ой елегінен өткізіп өкініш
кернеп Семейдің темір жол вокзалына қалай жеткенімді де
білмей қалыппын.

Ата-анама болған оқиға мүлде айтылмау керек деп
тапсырма берілген. «Оқу қиын, оқығым келмеді» деген лағнет
сылтауды айтып отбасыма оралдым. Міне, әділетсіздіктің
құрбаны болып, арманымның алысқа бармай-ақ қанаты
қырқылды.

Неге? Не үшін? деген
сұрақтардың жауабын біліп
тұрсам да әлі күнге дейін
сол арманыма жете алмай,
мақсатыма қарсы тұрған
сол кездегі билік басындағы-
ларды кіналаймын. Қазақ
жастары, яғни біз сияқты
өрімдей жастар болмаса әлі
күнге дейін Ресейдің отарында, қарамағында болушы едік...
Біздер қатысқан желтоқсан оқиғасынан кейін, қаһарман
қазақ жастарының арқасында «Егемен, Тәуелсіз Қазақстан»
атандық емеспе?
Сол тәуелсіздігімізге де биыл 35 жыл. Осынау жылдары
кешегі Қазақстан мен бүгінгі Егемен Қазақстанды салыстырып,
саралап көрсек, жер мен көктей емес пе?
Тәуелсіздіктің арқасында Семейдің Шәкәрім атындағы
педагогика институтына қайта оқуға түсіп, отбасын құрып, ел
қатарлы күн кешудемін. Алайда бірнеше диагнозбен дәрігерлік
есепте тұрамын.
Әрине, біздің жан айқайымызды кім тыңдайды дейсің
де қоясың...

368

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ҚАЖЕНОВА МУНИРА

1981 жылы Абай атындағы Еңбек Қызыл ту орденді
қазақ педагогоикалық институтынның дайындық бөліміне
тыңдаушы болып қабылдандым. 1982 жылы осы аталған
институтқа түстім. 1986 жылы 5-ші курс студенті едім. 1986
жылдың 16 желтоқсанында Дінмұхаммед Қонаевтың Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан
алынып, оның орына Геннадий Колбиннің тағайындалуы
жергілікті халықтың наразылығын туғызды.

17 желтоқсан сәрсенбі күні «Әр ұлттың өз басшысы
болсын» деген ұранды ту еткен қазақтың ұл-қыздары бейбіт
түрде күресіп, саяси көзқарастарын білдіргісі келген еді. Біз
«билік қарсы күш қолданады» деген ойдан аулақ болдық. 1986
жылғы 17 желтоқсанда қазақ жастары осылайша бейбіт түрде
өз ойларымызды ашық айтуға жиналдық.

1987 жылы химия және биология мамандығы бойынша
оқуды бітіріп шықтым. 2000 жылы қосымша Абай атындағы
Алматы мемлекеттік Универиститетінің қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы бойынша бітірдім. 1987 жылдан бастап Жамбыл
атындағы негізгі орта мектебінде химия, биология пәнінен са-
бақ беремін. 1990 жылы Ескендиров Дулат Шаймарданұлымен
отбасын құрдым. Отбасында екі балам бар. Екеуі де Астана
қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ-
ститін бітірді. Қазіргі күні Астана қаласында жұмыс істейді.

Талай-талай тоналдым да тапталдым,
Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым.
Көк көйлекті көктемде туылып
Желтоқсанда еріп кеткен ақ қармын.

Күңіренсе үн шығады көрден де,
Шертілмеген шерім қанша шерменде.
Өз тіліңде өмір сүріп,
Сонан соң,
Не жетеді өз тіліңде өлгенге.

(Әлібек Шегебай)

369

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

***
Қаженова Мунира Аубакировна 1962 жылы 10 қаңтарда
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Дайыр ауылында
қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасында үшінші
бала.1969 жылы Дайыр ауылындағы Гоголь атындағы орта
мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1979 жылы бітіріп
шыққан.1980 жылы Алматы қаласындағы «Поршень»
зауытында, поршень цехында темір жонушы болып жұмыс
істеген.

ҚАЛИАҚБАРОВА (САДЫҚОВА) АНАРГҮЛ

1986 жылы 19 жастағы Анар-
гүл Садықова Алматыдағы Гага-
рин атындағы тігін фабрикасында
жұмыс істейтін. Желтоқсанның
17-і күні сағат 23:00-де жұмы-
стан шыққан әріптестерімен бір-
ге жатақханаға оралып, демалуға
ыңғайланып жатқанда бірінші қа-
баттағы фойеге шақырып жатыр
дегенді естіп, өзге қыздармен бірге
барған.
- Біздің фабрикада Диханбаева деген тігінші жұмыс
істейтін. Нақты қай кеңестің екені есімде жоқ, әйтеуір депутат
болатын. Сол кісі бізге Дінмұхамед Қонаевтың Қазақ ССР-і
басшылығынан алынып, орнына бұрын Ресейдің бір облысын
басқарған Геннадий Колбин деген адамның тағайындалғанын,
бүгін Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы – ред.) жа-
стар шығып, республика басшысын халықпен келіспей алып
тастағанына наразылық білдіріп, мұның себебін Қонаевтың өз
аузынан естуді талап етіп жиналғанын айтты. “Бейбіт шеруге
шыққан жастарды жазалап жатыр, үкіметтен оларды қудала-
мауды сұрайық” деді ол. Фойеге жиналған 60-70 шақты адам
таңертең ерте алаңға баратын болып тарастық, - деп еске ала-

370

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ды Анаргүл 33 жыл бұрын
болған оқиғаны.

Алматы тігін фабрика-
сының жұмысшысы Анар-
гүл Садықова. Сурет 1986
жылы жазда түсірілген. От-
басы архивіндегі фото.
Анаргүл күндіз жұмыста жүргенде болған жаңалықты
естіп, бөлмесіне бірден қайтпай, фойеде өзге қыздармен сөй-
лесіп біраз уақыт тұрып қалғанын айтады
- Арада жарты сағаттай уақыт өткенде 4-5 милиция қыз-
меткері келіп, Диханбаеваны алып кетті. Мұны көрген өзге
қыздар “ол кісінің не кінәсі бар, біз енді жастармен бірге Ди-
ханбаеваға да араша түсуіміз
керек” деп ұйғардық, - дейді
ол.
Алматы тігін фабри­
кас­ының жұмысшысы Анар
Садықова (оң жақта тұр)
әріптесімен бірге жұмыс
орнында. Сурет 1986 жылы
күзде түсірілген.
Анаргүлдің сөзінше,
желтоқсанның 18-і күні ша-
мамен 65-70 жұмысшы қыз
таңертеңгі сағат 6-дан кете
қазіргі Төле би мен Байзақов
көшелері қиылысы тұсын-
дағы жатақханадан Брежнев
алаңына қарай жаяу шыққан.
- Шевченкодан өтіп, Құрманғазы көшесіне жете бер-
генімізде алдымызды кес-кестей тоқтаған “Икарус” автобу-
сынан ит жетектеп, резеңке таяқ ұстаған солдаттар секіріп
түсіп, бізге тарпа бас салды. Айғайлап, шулаған бізді автобусқа
күштеп сала бастады, қарсыласқандарды резеңке таяқпен ұрып
кіргізді. Бірер қыз қашып кетпек болып еді итті жібере салды.

371

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Менің қасымда Өскеменнің қызы бар еді, соның қолын ит
оңдырмай талап тастады, оған кейін көмек те көрсеткен жоқ.
Бізді “Целинный” кинотеатры қасындағы милиция басқарма-
сына апарып, подвалға түсіріп, қамады, - дейді Анаргүл.

Оның айтуынша, қыздарды түске дейін ешқайда
шығармай әлгі жерде ұстаған.

- Төбесі тор екен, содан жоғарыдан төніп қараған милиция
қызметкерлері бізді мазақтап күліп, “Сендерге не жоқ? Тыныш
жайыңа жүрмейсіңдер ме? Ашсыңдар ма, мә, алыңдар!” деп
келеке ғып, бізге кәмпит, тағы басқа ұсақ-түйекті лақтырды.
Арамыздағы үлкен қыздар әлгілердің тастағанын жинап алып,
өздеріне лақтырып, “Менің Қазақстаным” әнін шырқады, -
дейді Анаргүл.

Оның сөзінше, қамауда отырғандарды тек түстен кейін
ғана тергеуге шақыра бастаған.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Алматы тігін
фабрикасының 19 жастағы жұмысшысы Анаргүл Садықованы
Алматы қаласы милиция басқармасындағы тергеудің хаттамасы.
Алматы, 18 желтоқсан 1986 жыл.

- Кейбіреуді тергеуге алып кетіп, кейін қайта әкеп қамап
жатты. Бір кезде мені шақырды. Дәлізбен келе жатып жерде
сұлық түсіп жатқан қыз бен жігітті көрдім, тағы бір жігіт қа-
бырғаға арқасын сүйеп, көзін жұмып отыр екен. Үшеуінің де
үсті-басы қан. Қыздың бір қолы еденге жайылып жатыр. Бір
кезде формадағы біреулер өтіп бара жатып оның қолын теуіп
жіберді. Сол кезде ана жігіт “Бұларың не?” деп еді, әлгілер бас
салып оны ұра жөнелді. Бұл сұмдықты көріп шошып кеттім.
Мені бір бөлмеге кіргізді, үстел басында егде адам отыр екен.
Сұрағына жауап беріп, алаңға не үшін бармақ болғанымды айта
бастаған едім, әлгі адам “Балам, бұл айтқаның өзіне ғана емес,
туған-туысыңа да зияны тиеді” деді ақырын ғана. Сөйтті де
менен оны-мұны сұраған боп отырып, өзі қағазға бір нәрсені
жаза бастады. Бір кезде қағазды алдыма жылжытты да, таза
парақ беріп осыны көшір деп ишара қылды. Мен көшіріп жа-
зып, қол қойып бердім, сосын ол мені сыртқы есікке дейін өзі
ертіп апарып, шығарып жіберді, - дейді Анаргүл.

372

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Анаргүл Садықованы Алматы қаласы милиция басқарма-
сындағы тергеудің хаттамасы. Алматы, 18 желтоқсан 1986 жыл.

Арада отыз жылдан астам уақыт өткенде Анаргүл Са-
дықова Алматы мемлекеттік архивінен 1986 жылы желтоқсан-
ның 18-і күні милиция капитаны С. Базарбаевқа берген жауа-
бының хаттамасын алған. Онда Анаргүл Садықовадан жауап
алу сағат 16:05-те басталып, 17:10-да аяқталғаны көрсетілген.

Анаргүл тергеушіге “бүгін сағат 6:30-да жатақханадан
шығып, құрбыларыммен бірге алаңға қызықтауға бара
жатқанда Шевченко мен Құрманғазы көшесінде (бұл екі
көше қиылыспайды – ред.) автобустан түскен бір топ милиция
қызметкерлері мен патрульдер қуалап, ұрып, итеріп автобусқа
салып Совет аудандық милиция бөлімшесіне әкелді. Біз бірге
жатқан қыздармен тек қана көруге бара жатқан едік” деп жауап
берген. Бұған қоса ол ауылда тұратын әкесінің зейнеткер,
анасы үй шаруасындағы адам екенін, “келешекте ешқандай
шеруге шықпауға уәде беретінін” айтқан.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Алматы
тігін фабрикасының 19 жастағы жұмысшысы Анаргүл Са-
дықова құрбысымен бірге жатақхана бөлмесінде. Алматы, 4
сәуір 1987 жыл.

Милиция босатып қоя бергенімен, Анаргүл Садықованы
алда басқа жаза күтіп тұрған еді.

- Цех бастығы “үкіметке қарсы шыққандарың дұрыс бол-
мады” деп бізді сөкті. Екі аптаға жетпей комсомол қатарынан,
жатақханадан шығарып жіберді. Жас кезім ғой, комсомолдан
шығарғанда қатты жылағаным есімде. Бұрын жалақыға үстеме,
сыйлық ақша қосып, қолыма 110-120 сом мөлшерінде айлық
алып жүргенмін, енді соны қиып тастаған соң 47-48 сом ғана
алатын болдым. Жарты жылдай туыстарымның үйін паналап
жүрдім. Сегіз айдан кейін өтініш жазып, жатақханаға қайта ор-
наласуға рұқсат алдым, бірақ еңбекақым сол күйі дұрыс болған
жоқ. 1988 жылы күзде ауылыма оралдым, - дейді Анаргүл.

Ауылда тұрмысқа шығып, төрт перзент сүйген Анаргүл
Қалиақбарова (ерінің тегіне ауысқан) қазір Алматыда тұрады.
Ол қаладағы байланыс қызметін көрсететін компанияда опе-

373

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ратор болып жұмыс істейді.
- Содан бері отыз үш жыл өтіпті ғой. Қазір ойлап отырсам,

совет заманындағы идеологияның әсері ме, шындық, әділет
үшін барсақ өтініш-талабымызға құлақ асар, бізді тыңдайтын
шығар деген сенім болған екен. Алайда олай болмай, қаншама
жазықсыз жан жапа шеккенін білеміз ғой. Ол кездегі
жастардың патриоттық сезімі қазіргіден басқаша, шынайы
болған сияқты. Кейде маған жастардың сол ерлігі әлі күнге
лайықты бағаланбай келе жатқандай көрінеді, - дейді Анаргүл
Қалиақбарова.

https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-1986-
december-events-33-years/30328934.html

ҚАЛИЕВА КӘМШАТ

Орысша оқыған жас жігіт-
тердің «Менің тілім орысша болса
да, жүрегім сендермен бірге, тілім
шұбарланғанына айып етпеңдер»
деп жылап айтқан сөздері әлі
есімде»

Орыс кемпірдің үйінде пәтер-
де тұратынмын, терезенің алдын-
дағы кішкене радионы таңертең
тұра салып қосып едім, кешегі пле-
нумды, Колбиннің келгенін, Қонаев-
ты орнынан алып тастағаны жөнінде айтып жатыр екен, дереу
радионы өшіре салдым, құдды орыс кемпір естіп қоймасын
дегендей ой келді.
Жанұшырып ЖенПИ-ге жеттім, фойеде тұрмыз, осы
сәтте екінші этаждан жүгіріп мұғалімдер де жетті, аудиторияға
кіріңдер деп айқайлап қояды да, қасымызға келіп, «енді
тезірек шығып кетпейсіңдерме, есік жабылмай тұрғанда» деп
құлағымызға сыбырлап кетеді.

374

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Алаңда менің қасымда орыс әйел екі қызымен жүрді.
Басында білмей жүрме деп ойлап қоям, сосын шыдамай сіздер
неге шығып жүрсіздер дедім. Егде орыс әйелінің жүзінде
ашу-ыза байқалады. «Сен Колбинды танисың ба» деп өзіме
дүрсе қоя бермесі бар ма, содан, ашу ызаға булығып ұзақ
сөйлегенінен ұққаным, Ресейдің Ульяновск облысынан екі
ай бұрын көшіп келген екен. Ол жақта Колбин басқарып,
елдің жағдайын, тұрмысын әбден құрдымға кетірген көрінеді,
содан Алматыдағы құрбысына, «біздің жақта жағдай жақсы,
кел» деген сөзін ести сала, екі қызымен Қазақтанға тартып
отырыпты. Енді дейді, артымнан Колбин келіпті, есімнен
танып қалдым, мен ол оңбағанды көргім келмейді, енді мен
қайда барам дейді.

Сөйтіп тұрғанда, құлағымызға сыбырлап кетті, «тез
оншақты адам жиналып, листовка таратып келіңдер» деп... Бір-
бірімізге қарап едік, бір қыз: «Кеттік, менің квартирам таяу»
деді. Оның артынан ілестік. Түн, қараңғы, оншақты адам судан
өттік, талдың арасымен жүріп бір бөлмелі үйге келдік. Артық
әңгімеге уақыт жоқ, үнсіз дереу қағаз, ручка, қарындаш тауып,
әркім әр жерде жүрекжарды листовкаларын жазып, әзірлеп
алды. Екі-үштен бөлініп, көше-көшеге, аулаға лақтырып
кетеміз де тығыла қаламыз, тура партизандар сияқтымыз. Қазір
ойлаймын, сол листовкаларды оқып алаңға келгендер бар ма
екен, сақтап қойғандар болды ма екен деп.

Сол күні «Елім-айлап» ән салдық, көзде жас, ащы өксік,
әркім жігерлі сөздермен ортаға шығып сөйлеп жатыр. Орысша
оқыған жас жігіттердің «Менің тілім орысша болса да, жүрегім
сендермен бірге, тілім шұбарланғанына
айып етпеңдер» деп жылап айтқан
сөздері әлі есімде.

Бір кезде жан-жақтан прожектор
шамы жанғаны сол екен, алаң күндіз-
гідей жарық болып кетті. Осыны күт-
кендей қалқанмен қорғанып, дубинкасы-
мен ұра бастаған жазалаушылар алаңды
әп-сәтте қызыл қанға бояды.

375

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Содан бері 35 жылдай уақыт өтіпті. Биыл 40 жыл педа-
гогикалық стажбен зейнеткерлікке шықтым. Немерелерімді
тәрбиелеудемін. Солар қазақ елінің іргесін қалайтын нағыз
азамат болар деген үмітім бар.

***

Қалиева (Нұрбергенова) Кәмшат 1961 жылғы. Шығыс

Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тумасы. Алматы

облысы, Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебінің тарих пәні

мұғалімі. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің ардагері.

Телефоны:

ҚАЛИФАНОВА КҮЛӘШ

1975 жылы Мақаншы ауылын-
дағы Сакен Сейфуллин атындағы
орта мектеп табалдырығын аттап,
1985 жылы орта мектепті бітірген
кейін, Алматы облысы, Талғар қала-
сындағы мед. училищеге мейірбике
факультетіне оқуға түстім.

1986 жылы 17 желтоқсанда
таңертең сабаққа барайық деп шық-
сақ, есіктерге жазып кетіпті «40-лет
Қазақстан театрында митинг болады
сағат онда. Сонда келіңдер, кеудеңде
жанын болса, қазақтың қаны болса, осы митингіге қалмай
келіңдер» деген жазулар. Ол күні бізді ешқайда шығармай
қойды.
Ертеңгісін, яғни 18-желтоқсан күні біз төрт қыз ұшаққа
билет аламыз деп сұранып шықтық. Алдымен билетімізді
алдық, содан кейін түс ауа, мөлшері бестер шамасы болуы
керек, біз алаңда бейбіт шеру болып жатыр екен деп барғанбыз.
Бірақ митинг болып жатыр екен. Жігіттер: «Мен қазақпын,
мың өліп, мың тіріліген» деп өлең оқылып, «Менің елім» деп

376

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

әндер айтылып жатты.
Бір кезде әскерилер қолдарында дубинкаларымен ұрып,

бәрімізді қуа жөнелді. Біз ұсталып қалмас үшін қаштық. Сол
кезде, менің сол жақ қабырғамнан қатты соққы тиіп, мен құлап
қалдым. Есімді жисам, емханада жатырмын. Дәрігерлерге
машина қағып кетті деп өтірік айтып, емханаға жатпай шығып
кеттік. Себебі мұғалімдеріміз біліп қойып, оқудан шығарып
жібереме деген қорқыныш болды.

Қазіргі таңда, 1987 жылдан бері Мақаншы ауылының
ауруханасында мейірбике қызметін атқарамын. Үш баланың
анасымын, төрт немере сүйіп отырмын.

Ұжданымды ұлтан етпек табанға,
Қарғыс айтып қан соқталы зауалға.
Айналып жүр қазақтың кең аспанын,
Ұлы ерліктің сыймас жыры қағазға.

Ей, намыстың найзағайдай ұлдары,
Қызыл тілін қылыш еткен қыздары!
Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге,
Жанарында - Желтоқсанның ызғары.

(Ұларбек Нұрғалымұлы)

***

Қалифанова Күләш Қаржанқызы 1968 жылы, 16
маусымда ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында туған.
1975 жылы Мақаншы ауылындағы Сакен Сейфуллин атындағы
орта мектеп табалдырығын аттап, 1985 жылы орта мектепті
бітірген. Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан,
Желтоқсан ардагері.

377

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ҚАМАЛИЕВ БЕКЖАН

1986 жылғы 16-шы желтоқсан
- қазақ халқына ауыр да, сынақты
күн. Олай дейтін себебім,бір ғасырға
жуық билеп төстеген қызыл импери-
алистік қоғамға қарсы күрескен жа-
лынды да, жігерлі қазақ жастарының
жан айқайының көрінген күні. Біздер
сол кездегі жастар, студенттер мен
жұмысшылар, тоқымашылар мен
тігіншілер, құрылысшылар және де
басқа саладағы қызметкерлер сұрқия
саясаттың езгісіне қарсы тұрып, қарсылық білдірген едік. Ал,
бейбіттүрде шеруге шыққан халыққа сол кездегі өкімет өзінің
кім екенін көрсетті. Біздер олардың тарапынан ұрып-соғу, қор-
лау, жала жабу сияқты айуандықтарын көрдік.
16-күні кешкі сағат 21.00 де теледидардан, «Уақыт»
(«Время») деген орталық хабардан жүргізушіД. А. Қонаев-
тың зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты өз өтінішімен
Орталық комитеттің бас хатшылығынан босатылғанын, оның
орнына Геннадий Колбиннің сайланғанын хабарлады. Біздер,
көптеген жұмысшы жастар жатақханадан шығып, барлығымыз
аялдамаға келіп маршрутпен жүретін автобусқа отырдық. Ав-
тобуста негізінен жастар болды. Барлығымыз орталық алаңға
бардық. Алаң толы халық. Басында ешқандай басбұзарлық
қозғалыстар болған жоқ.
17-сі күні 14:00-15:00 шамасында соқтығысу,ұрып-соғу
басталды. Көбінесе қыздар өжеттіктерін көрсетіп, сапта тұрған
әскерлермен қақтығыса берді. Кешке жақын әскер жағы көбейе
бастады. Итке талату, өрт сөндіргіш көліктен су атқылау ба-
сталып кетті. 17-18 күндері жағдай өте ауыр болды. Әскер мен
милиция бейбіт халыққа өздерінің айдап салған иелерінің бұй-
рығын бұлжытпай ғана емес, аса бір белсенділікпен атқарды.
Қырып-жою дегеннің не екенін сол кезде ұқтым.
Мәңгүрттерге бұйрық берсең болды екен. Шаш ал десе, бас

378

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

алатынын көрсетті. Сол кезде алдыңғы қатардағы жастардың
арасында қазағымның қаракөз қыздары көп болды. Біздер ер-а-
заматтар араңдап қалмасын деп қорғап бақтық. Күш қоя ма?
аяусыз ұрып соғу көп болды, бас жарылып, қол сынды. Бірақ
жастардың рухын сындыра аламады.

Алматыда өмірін-
де болмайтын аяз үш
күн қатарымен болды.
Біздер кетіп қалсақ
қайта жинала алмай қа-
ламыз ба деп, тарамай,
күні-түні жүрдік. Құры-
лыс маңайынан ағаш
жинап от жағып, жы-
лынып жүрдік. 17-18-і
күні әскер саны алаңдағы халықтан көп болып кетті. Бастарына
ақ каска, қара киген арнайы жасақ - «спецназ» әскерлері ха-
лықты аямай ұрып-соқты. Менің осы күнге дейін көз алдымнан
кетпейтін бір жағдай жанымды мазалайды. Біз қыздар қолға,
қорлауға түсіп қалмасын деп солдаттармен арпалысып, қарусыз
күресіп жатқанда, өзін солдат күрегімен ұрайын деп жүгіріп
кеп қалған солдатпен қас батырларша жанталасып, күресіп
жатқанын көзім шалды. Көзінде от жанып тұрды. Сол қаракөз
қарындасым аман қалды ма екен деген ой ылғи мазалайды.
Сондай бір ауыр сәтте өзім де ауыр соққы тиді. Есімді бір
білем, бір білмеймін, сүйреп бара жатқанын еміс-еміс білемін,
маңайдың бәрі кинокамераға түсіріп жүрген адамдар.

Есімді орталық түр-
меде жидым. Ол жерде
біздерді басымыздан си-
паған жоқ. Күнде тергеу,
ұрып соғу, қорқыту. Тер-
геушіге әлі-ақ бізідікі
дұрыс болады, қызыл
сұрқия өкімет түбі бір
құриды дегенім үшін

379

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

де таяқ жедім. Біздерді кінәлаулары, сондағы жастарға, біз-
ге тағылған «кім сендерді ұйымдастырған» деген сұраққа
тағылған айып, қылмыс кодексінің 171, 173 –III , 200-III, 62-б,
67 деген ең ауыр баптары, «Ұлттар арасында араздық ұйымда-
стырушы» деген ауыр статья, бұзақылық, ішкі істер қызмет-
керлеріне қарсылық ету....

Бір әредікте өзімнің жерлестерімді кездестірдім, алаңда
біздер Катон-Қарағай ауданы Еңбек ауылынан алаңда сол
күні азаматтар мен азаматшалар болдық. Апалы-сіңілілі
Өтелбаевтар, ағалы-қарындас Шағалиевтар, ағалы-қарындас
Рақымжановтар, Сүлейменов Қайырбек, Акимбаев Бимырза,
Қашқынбаев Мұрат, Оралғазина Алма, Бияров Есен,
Жұмақанов Карл, Раисов Арман, Сүлейменова Кенжегүл,
Нүрсеева Кенже, Құдайбергенов Ермек, Райымбеков Қайрат
сынды азаматтармен бірге жүрдік. Ол жерде елге, руға бөлген
ешкім жоқ. Басына күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңнен
қол шығарды қазағым.

Жұмыс орнымызда комсомол жиналысы болды. Жаңа
жылдан соң мені және менімен бірге жұмыс істеген Мұрат
деген жігітті 33-бап еңбек кодексімен жұмыстан шығарып
жіберді. Сондағы таққан айыптары - алаңға барғанымыз.
Көптеген таныс жігіттер жұмыстан қуылды.

Өктемдік көрсеткен қызыл империя өз-өзінен іріп-
шіріп құлады. Алғашқы болып сол империяға қарсы тұрып өз
тәуелсіздігін аңсаған қазақ халқы армандаған тәуелсіздігіне қол
жеткізді. Ұзағынан сүйіндірсін. Біздер көрген қиыншылықты
келер ұрпақ көрмесін. Келешегіміз жарқын, аспанымыз ашық
болсын. Игі істеріміз ілгері болсын.

***

Қамалиев Бекжан Бияхметұлы 1963 жылы 20 наурызда
өмірге келген. ШҚО, Катон-Қарағай ауданы, Еңбек ауылының
тумасы, Желтоқсан ардагері.

380

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ҚАПТАҒАЕВ ЕРШАТ

1986 жылы Алматы қаласындағы
«Энергостройтельный» техникумына
түсіп, студент атандым. Сол жылы
желтоқсанда алаңға шығып, Желтоқ-
сан көтерілісіне қатысқан азаматпын.
Ауыр жарақат алып, 18 желтоқсанда
ес-түссіз №2 қалалық клиникалық
ауыруханасына түсіппін. Есімді әрең
жиып, аман қалғаныма шүкіршілік
еттім. Бірақ, мені желтоқсан ызғары
тәнімді аман қалдырғанымен, жа-
нымды аман қалдырмады. 1986 жылғы желтоқсанға қатысқан
деген айғақпен оқудан қуылып, комсомолдан шығарылдым.
Ол кезде комсомолдан шығу деген саяси сенімсізсің деген
атақпен бірдей болатын. Қоғам саған басқаша қарайтын. Осы
жағдайдың бәрінен кейін, армандап түскен оқуымнан шыға-
рылғанан соң, ауылға қайтуыма тура келді.
Желтоқсан қырғынынан аман қалғаныма тәубе айтып,
1988 жылдан бастап ауыл тірлігіне араластым. 1989-1997
жылдар аралығында совхозда ауыл шаруашылығына жұмысқа
тұрдым. 1992-1997 жылдары Алматы қаласында «Қазақтың
мемлекеттік аграрлық» университетінің агрономия мамандығы
бойынша сырттай оқып шықтым.
1997 жылдың сәуір айынан Ақтоғай станциясында темір
жол саласына жұмысқа тұрдым. 2001 жылы Тараз қаласында
«Тех школда» темір жол саласындағы білімімді жетілдірдім.
Қазіргі уақытта «ВЧДК-26. ПТО ст. Ақтоғай. РЗД-33» бақылау
пунктінде аға вагон қараушы болып еңбек етемін.
Алматы қаласы Алатау аудандық сот шешімімен «азаттық
үшін күрескер» деп танылдым.
Алматы қалалық прокуратурасының шешімімен саяси
қуғын-сүргін құрбаны және «ақталды» деген анықтама алдым.
«Желтоқсан ардагері» медалінің иегерімін. «Тәуел-
сіздігіміздің 20-25 жылдығына» орай берілген медалдарым бар.

381

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Өзен шайып, өте алмайтын қанды Алаң.
Қара жерден шөлі қанған сенсің-ау,
Қан мен жасқа әлі шөлі қанбаған.
Сұрап алып сұрқы кеткен айдан нұр,
Азаттыққа арпалысқан майдан бұл.

Құрмет саған, Желтоқсандық боздақтар,
Өшпейтін жыр бұл- алаңға ойған жыр!
Солмайтын гүл, бұл алаңға қойған гүл,
Солмайтын гүл ойсыздарды ойландыр.
Орысшалап қала қызы қарқылдап,
Бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр…

(Ұларбек Нұрғалымұлы)

***

Қаптағаев Ершат Ермұхаметұлы 1969 жылы 17 қаңтарда
Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
Тарлаулы селосында (бұрынғы Тансық совхозы) дүниеге келген.

Осы ауылдан 1986 жылы Камал Кадыржанов атындағы
Қызыл-Қия 10 жылдық орта мектебін бітірген. Отбасылы:
жолдасы Қаптағаева Фатима - теміржолшы, және екі баласы
бар. Үлкен қызы - студент, кіші ұлы - оқушы.

ҚАСЫМОВ ОРАЗБЕК

1986 жылдың Желтоқсан айын-
да мен - Қасымов Оразбек, Әбдіреев
Қайрат (Семей облысы), Жұмашев
Бауыржан (Талдықорған облысы),
Оразымбетов Қайрат (Қызылорда
облысы) төртеуіміз №6-шы жатақха-
нада 49-шы бөлмеде тұратынбыз.

16-шы желтоқсан күні кешке
таман, аты-жөндерін білмеймін екі
жігіт келіп жатақхананың сыртынан,

382

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

«жігіттер ертең таңертең алаңға шығыңдар Қонаев атамызды
орынынан алып тастады, соған қолдау көрсетейік» деп
шақырып кетті. Қонаевтың жұмысынан алынғанын сол күні
естіп, қатты ашуландық және барлығымыз ертеңінде шығамыз
деп уәделестік, бірақ қай уақытта шығатынымыз белгісіз болды
да таңертең сабақтан кейін шығамыз деп шештік.

Таңертең әдеттегідей сабаққа бардық, сағат 10.00
мөлшерінде Абай- Фурманов көшелері бойында қатты шу
болып кетті, сол кезде сызбалы геометрия сабағынан лекция
жүріп жатқан болатын. Лектор В. Л. Федоров терезеден
ұрандатқан қазақ жастарын көріп, сабақ бітті деп тайып
тұрды. Біз корпуста қамалып шыға алмай, жабық тұрған
есікті сындырып, 20 шақты жігіттер далаға жүгіріп шықтық.
Есік алдында декан, проректорлар тұр екен, осыдан алаңға
баратын болсаңдар бәріңді оқудан шығарамын деп қорқытты.
Біз тыңдамай шеруге қосылып кеттік. Шеру Ленин көшесімен
төмен қарай түсіп, Қазақ Педагогикалық институтының
жанымен және Гоголь көшесінің бойындағы Қыздар
Педагогикалық институтының жатақханасына қарай барып,
Бейбітшілік көшесімен көтеріліп Брежнев атындағы алаңға бет
алдық. Бұл кезде шерудегі адамдар саны қаншама есе көбейіп
алған болатын, жолдан қазақтың қыз-жігіттері қосылғанның
үстіне қосыла берді. Алаңға келгенде, алаң қазақ жастарына
толып кеткен, үлкен митинг өтіп жатыр екен.

383

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Митинг кешке дейін бейбіт түрде болды, ешқандай
төбелес, ұрып-соғу болған жоқ, сойқанның барлығы кешке
жақын басталды. Алдымен сықырлаған аязда мұздай су шашты,
радиорубкамен қазақтар бұларың дұрыс емес қайтыңдар деп
біздің ашу-ызамызды тудырды. Бізде қарап қалмай әскерилерді
тас қиыршықтарымен атқыладық, олар бізді сойылдармен,
саперлік күректермен сабай жөнелді, түннің бір уағына дейін
осылай алма-кезек шабуылдарға ұласты.

Сол жерде институтта бірге оқитын азаматтардың
бірнешеуін кезіктірдім, атап айтқанда Айтмұқамбетов
Нұрқалық (ШҚО), Сарманов Тоқтарғазы (Семей қаласы),
Ахметов Ануар (Семей облысы), Көпбосынов Мұқит
(Талдықорған), Нұрманбетов Талғат (Күршім) және тағы
басқалары.

Жараланғандарымыз жарамызды таңып, түннің бір
уағында жатақханаға қайттық. Ертеңінде таңертең алаңға
қайтадан келдік, қарасақ адамдар кешегіден де көп жиналған
екен, тағы да сол сойқан қайта басталды, мұздай қаруланған
әскерилер аядыма, жастарды күректермен, сойылдармен сабап
жүріп тарқатты. Біз бірнеше жігіттер қыздар СХИ-дың №6
жатақханасының 5-ші қабатында баррикада жасап солдаттарға
ұсталмай аман қалдық.

Желтоқсан оқиғасы әлі көз алдымызда тұр, қаншама ұл-
қыздарымыз, көз алдымызда мерт болды. Болашақта мұндай
қантөгіс қайталанбаса екен деп тілеймін.

Қазіргі кезде зейнеткермін, Семей қаласында тұрамын,
жұбайым Ляйла екеуіміз үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмыз,
жақында немерелі болдық.

***
Қасымов Оразбек Жұмағазыұлы 1966 жылы қаңтар
айының 16 күні бұрынғы Семей облысы, Бірлік ауылы,
Бесқарағай ауданында дүниеге келген.
Қазіргі уақытта Семей қаласы, Утепбаева көшесі 44/105
ші үйде тұрады. Әкесі - Қасымов Жұмағазы Қасымұлы, анасы
- Қасымова Тамара Қаппашқызы 1966 жылы жұмыс басымен

384

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Жаңасемей ауданы, Бөкенші ауылына көшіп барған.
Оразбек Жұмағазыұлы 1973-1983 жылдары Калинин

атындағы, Бөкенші орта мектебінде білім алған. Ол 1984-
1986 жылдары әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы
әскери борышын Польша жерінде өтеп қайтып, 1986 жылы
Алматының Ауыл шаруашылық Институтының, ауыл
шаруашылығын механизациялау фаультетіне оқуға түскен.

КАСИМОВА ЛАЙЛА

Ызғарлы желтоқсан айы… 1986
жыл.

16-17 жастағы ұл-қыздар топ бо-
лып «Целинный» кинотеатрына киноға
барған едік. Сеанс бітіп, жатақханаға
қайтуға трамвай күткенімізге 1 сағаттай
уақыт болды. Ақыры жаяу улап-шулап
ұзақ жүрдік. Жатақханаға кіріп келген
кезде тәрбиеші аға-апайлар «Жандарым,
аман-есен келдіңдер ме, жарақат алма-
дыңдар ма?» - деп, үстімізді тексеріп,
құшақтай кетті. Біз аң-таң болып, не болғанын түсінбей, біраз
тұрып қалдық. «Енді ешқайда шықпаңдар, ата-аналарыңа біз
жауап береміз!» - деп бөлмелерімізге шығарып салды. Ештеңе
түсінбестен бәріміз бөлмеге келгең соң, сұрастыра бастадық.
Әркім әртүрлі ақпарат айтып, бізді одан сайын алаңдатты:
«Қазақ болсаңдар, ертең алаңға шығыңдар» - деп жатақхана
сыртыңда айқайлап бір топ қыз-жігіттер келгеңін айтты. Сол
күні ұйқы қашты… Барлығымыз ертеңгі күні қалай алаңға
баратынымызды ойлап аласұрдық.
17 желтоқсан… Таңғы ас ішуге асханаға шықтық. Учи-
лище маңайының барлығы қызыл шүберек таққан мұғалімдер,
тәрбиешілер. Арақашықтық бір жарым метрден тұрып алған.
Бар ойымыз алаңға енді қалай барамыз? Таңғы асымызды
ішер-ішпестен жатақханаға асықтық. Әншейінде таңертең ерте

385

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

келмейтін мастеріміз Сапар Әлиұлы артымыздан бізді қуып
жетіп, «Тезірек киімдеріңді ауыстырып, сабаққа жүріңдер» -
деп, бұйрық берді. Екінші қабаттағы өзіміздің шеберханамызға
кіріп отырғанымыз сол еді, есікті сыртынан кілтпен тарс етіп
жауып тастады…

СПТУ - 14 деп аталатын,
Тимерязева-Жарокованың бойын-
да орналасқан оқу орнында 34А
тобы, музыка факультетінде білім
алып жүрген шағымыз. Топта 22
ер бала және 2 қыз бала болдық.
Староста Айна сол күні жатақха-
нада кезекші болып қалды. Мен
Ләйлә - камсорг болып қоғамдық
жұмысқа белсене қатысатын үздік
студенттердің бірі едім. Музыка факультетінде Қазақтың Ұлт-
тық Аспаптарын жасайтын шебер мамаңдығың игеріп, қосым-
ша «Жас шебер» оркестрінде баян аспабында ойнап жүрдім.
Менімен бірге нағашы бауырым Аян домбыра аспабында ор-
кестрде ойнады. Сол күні ұлдардың барлығы, «Енді қалай
шығамыз, бізді қамап тастады!» - деп, отырғанда, маған ой
келді. Екінші қабаттың терезесінен секіріп шығудан басқа
амал жоқ. «Кім бірінші секіреді?» - деп сұрағанда, бәрі бір
адамдай үндемей қалды. Ендеше мен бастаймын деп, бірінші
болып секірдім. Қалың қардың үстіне түсіп, ешқандай жарақат
алмағанымды көріп, бәрі
секіре бастады. Бір нәр-
седен құр қалғандай, аял-
дамаға жүгірдік.
Таңғы 9-10 шама-
сы. Лық толы автобусқа
отырып, алаңға жақын-
дағанда «Құрылыс учи-
лищенің» қасында то-
пырлаған жастарды көріп,
сол қатарға қосылдық.

386

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

«О, қазағым, оян!» - деген лозунг әлі көз алдымда. Қазақ жа-
стары ашынып, қолдарыңдағы таяқшаларымен Құрылыс учи-
лищесінің, шыны есік-терезелерің шағып, ойран топырын
шығарып келе жатыр. Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»
әнін қайта-қайта айтып, айқайлай береміз. Алаңның қақ орта-
сына қалай келгенімізді білмей қалдық. Әр жерде радиорубка-
мен ащы дауыстар естіледі. Группадағы ұлдардың барлығын
жоғалтып алдым. Сол сәтте үлкен әскери машиналар келіп
тоқтап, топырлап солдаттар түсе бастады. Қолдарыңдағы ре-
зеңке сойылдарымен адамдарды ұра бастады. Менің арқама да
бір-екі рет қатты тиіп кетті. Сол сәтте «Мұхит» деген дүкеннің
бұрышында қалып қойдым. Бағыма қарай бір жас солдат қолың
беріп, бұрыштан шығарып алды. «Көзіме көрінбей, жоғал!» -
деп, айқай салды.

Құжынаған халық, қансыраған адамдар. Біреудің аяқ
киімі жатыр, біреудің сырт киімінің жеңі, бас киімдер, жарақат
алған милиционерлер - осының бәрін өз көзімен көріп, қатты
шошып жыладым. Қайда барарымды білмей көп адамдар
тұрған аялдамаға бардым. Жүрегім қатты соғып, алыста
қазақтың қыздарын шаштарыңнан жұлып, қарға бастарын
тығып, ұрып жатқандарын өз көзімен көрдім. Сол сәтте
аялдамада халыққа танымал әнші Роза Бағланова көзіне жас
алып: «Балаларым, қойындар! Бұларың не?» - деп бірнеше
рет жалынды. Оны тыңдап жатқан ешкім жоқ. Кәдімгі
кинодағыдай, соғыс болып жатқандай.

Автобус ішіндегі қазақтар-
ды шығарып жіберіп, қалған
орыстарды ұрып соқты. Так-
си, басқа жеңіл машинадағы
адамдарды солай аямады. Груп-
паластарымнан ешкімді таба
алмағаң соң, жаяу жатақханаға
жалғыз өзім қайттым. Менен
бұрын келген ұлдар, аяқ-қолдары
сыңған дереу дәрігерлерге қара-
тып, естері шығып жатты. Мені

387

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

көрген мастерім ашулаңып, айқайлап ұрса жөнелді. «Өліп
қалсаң, қайтесің, ешқайда бармандар деп айттым емес пе?!!».
Мен үндемей басымды төмен салбыратып тұрдым. Түс көр-
гендей боп, есімді екі сағатта әзер жидым.

Екі күннен кейін тергеу басталды. Бір сұрақты қайта
қайта қойды. «Неге? Не үшін бардың? Группаны апарғаң сен!
Терезеден секірген сен! Сені соттаймыз!…»

Училищеде нағашы ағайым Тлеубек Саньязов мұғалім
болып қызмет жасаған еді. Және өзімнің мастерім Сапар
Әлиұлы екеуі мені алып қалды. Үздік студент ретінде
Венгрияға жолдаманы қиып тастады.

***
Касимова Лайла Алтайқызы қазіргі таңда Семей
қаласында тұрады. 1970 жылы 24-інші наурызда туған, 30 жыл
ұстаз болып қызмет етеді. «Айналайын» өнер студиясының
жетекшісі. Жолдасы Касимов Оразбек Жұмағазыұлы сол күні
алаңда болған желтоқсан ардагері. Жолдасы екеуі отбасында
4 бала тәрбиелеп өсіріп отыр.

ҚОЖАҚОВ НҰРТӨЛЕУ ОШИБАЕВ ДУЛАТ

1986 жылы мен Қожақов Нұртөлеу Мамытқанұлы Ауыл-
шаруашылық институтының 2-курс, Ошибаев Дулат Серікұлы
1-курс студенттері болатынбыз. Біздің жатақханамыз сол Ор-

388

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

талық алаңға жақын Сәтпаев көшесінде орналасқан. Кешке
жақын төрт-бестердің шамасында жатақханада адамдардың
дабырлаған дауыстары естіліп, шу болып кетті.

Дәлізге шықсақ қолдарында таяқтары бар бірталай
жігіттердің әрбір комнатаның есігін ашып жүргенін
көрдік. Тыңдап тұрсақ Д.А. Қонаевты алып тастап, орнына
танымайтын Колбин дегенді әкеп сайлапты деген хабарды
таратып жүргендерін естіген соң, бізде барлығымыз жиналып
орталық алаңға бардық.

Бірінші күні сондай қатты қақтығыс болған жоқ. Екінші
күні, яғни, 17 желтоқсан күні алаңға қайта жиналдық. Сол күні
бізді алаңнан қуған кезде, ұстап алып, қолымызды қайырып
жабық машинаға әкеп тықты. Біріміздің үстімізде біріміз жа-
тырмыз. Қатты таяқ жеген ыңырсыған адамдардың дауыстары
естіліп жатты. Машинаның түнек қорабынан түк көрінбейді.
Күре жолдан алыс жапан далаға бізді әкеліп тастады. Машина
алыстап кеткен соң үлкен жолға шықтық. Қыстың қақаған
суығында бірталай жер жаяу жүрдік. Сол кезде бір машина
қасымызға келіп тоқтай қалып тез отырыңдар деп біздерді бір
үйге әкелді. Үй иесі шай беріп, қасымыздағы жараланған жігіт-
ті сол үйдегілер алып қалды. Қалған екі-үшеуімізді, өздеріңде
сақ болыңдар деп, біреулер сұраса бір-біріңді танымайтын
болыңдар деген ақылын айтып қаланың шетіне әкеліп тастады.

Жатақханамызға келсек, есік-терезелері ашық-шашық
жатыр екен. Жаны қысылған жастардың көбі жақын тұрған
жатақханаларға, біразы туған-туыстарына кетіп қалған
сияқты. Осындай оқиғаның куәгері болған сол кездегі жиырма
жастың айналасындағы біздердің өзі қазіргі таңда елуді
еңсеріп, алпысқа да таяп қалдық. Содан бері де 35 жыл өтіпті.
Желтоқсан желімен, жастардың алаулаған жастығымен келген
Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын деп тілейміз.

389

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ҚОНАЕВ АЙБЕК

1986 жылы ақпан айында Ал-
матыға сапар шектім. Онда мен ІІМ
жұмысқа түсуге барғанмын. Меди-
циналық комиссиядан өтіп, 1-Ал-
матыдағы химчистка мен мясоком-
бинаттың қасындағы Лобачевский
көшесінде спец. приемникта ста-
жировка өттім. Стажировка 15-20
күндей болды, одан мені полкка
жіберді. Онда «Горький» паркін-
де болдық. Мені қалалық тіркеуде
болмағандықтан жұмысқа алмады.
Мен СМУ-15 мекемесіне келіп жұмысқа орналастым.
«Жастар» жатақханасында тұрдым. Осы жұмысқа мен балташы
болып орналастым.
17-желтоқсан күні кешкі жұмыстан қайтып бара жатып,
жастардың алаңда жиналғанын көріп, автобустан түсіп қалдым.
Содан алаңға бардым. Алаңда жастар жағы көп жиналыпты.
Трибунада жастар жағы шығып сөйлеп жатты. Біраздан кейін
алаңда төбелес болып кетті. Сол арада біз Үкімет үйіне қарай
беттедік. Сол арада өрт сөндіру машиналары бізге су шашып,
қатты жарық түсіріп, милициялар келіп ұрып соқты. Судың
соққысы да өте қатты болды, соған шыдамай, біз сол арада
әлсіреп жығыла бастадық.
Түнгі сағат 12 шамасында «Жастар» жатақханасына
қайттық. Таңертең ерте бүкіл жастар алаңға қарай бет алды.
Ұрандарымыз «Қазақ атқа мін, майданға, майданға» деп,
түгелімен алаңға қарай бет алдық. Жолда Абай мен Фурманов
көшесінің қиылысында Роза Бағланова апамыз бізге тоқтау
сөз айтып, сабырға шақырды. Бізді алаңға кіргізбей милиция
мен курсанттар ұрып-соға бастады.Ұсталғандардың қолын
қайырып, қыздардың шаштарынан сүйреп, әкетіп бара жатқан
жерлерінен құтқарып алдым. Түнгі сағат 19.00 мен 20.00-ге
дейін алаңда болдым. Тоңған соң жаурап, жатақханаға қайттым.

390

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

18-желтоқсан күні таңғы бесте мені, жатақханадан ұстап
әкетті. Машинаға салып УВД-ға апарды. Содан Қонаев деген
тегім үшін, мені қатты соққыға жықты. Мені бір жұма тексерді.
Қаладан қуып жіберді. Содан өз ауылыма қайттым.

Қонаев Айбек

Қатал уақыт заулап бара жатыр-ау,
Әділетті әлі іздеп жүр тірілер.
О, желтоқсан аждаһамен алысқан,
Соған жаны жігеріңді жанытсаң.
Қайраттардың рухын айт алдымен,
Жер бетінде қай қазаққа жолықсаң.

Жасыл шарда қазақ деген атыммен,
Қанаттасып ұшып барам ғасырмен.
Желтоқсанда жауап бергем жаһанға,
Бодандыққа бағынбайтын басыммен!

(Ұларбек Нұрғалымұлы)

ҚОНЫСПАЕВА ЛАЙЛЯ

1986 жылдың 17 желтоқсанда
біз Абай даңғылында тұрған оқу кор-
пусында сабақта отырғанбыз. 1984
жылы осы Қазақтың Еңбек Қызыл
Ту Орденді ауылшаруашылық инсти-
тутына оқуға түскен болатынмын.
Тереземіз дәл Абай даңғылы жаққа
қарайтын аудитория болатын. Орыс
кісі сабақ беріп тұрған еді. Сырттан
«қазақтар, шығыңдар» деген айқай
естілді. Біз бұл не шу деп орнымыздан түрегеліп, мойнымы-
зды созып қарай бастадық. Мұғалім отырыңыздар деп ескерту
жасады. Бұл соңғы сабақ болды ғой деймін.

391

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сабақтан шығып, астына 1-қабатқа түсіп үйге қайтпақ
болғанда, сыртқы есік маңында топырлаған адамдар тұрды.
Есікті декандар, проректорлар, мұғалімдер жауып алып
студенттерді шығармай тұр екен. Соған қарағанда оларға
ешкімді шығармаңдар деп бұйрық берілген болуы керек. Біз
сол кезде Қонаев атамыздың орнына Колбин сайланды дегенді
естідік. Жатақханамыз да сол оқу ғимаратының жанында
орналасқан еді. Қарындары ашқан топтастарымыз, кеттік артқы
есіктен шығып кетейік деп, бізді ертіп алып кетті. Сөйтіп,
жатақханаға келдік.

Сосын бәрі алаңға кетіп жатқан соң ұлдармен еріп
қыздар да алаңға кеттік. Бәріміз бейбіт шеру болады деп
ойлағандықтан алаңсыз тұрдық. Алдыңғы жақта мінберден
зиялы қауым өкілдерінің біреуі сөз сойлеп жатты. «Жастар
үйлеріңе қайтыңдар» деген сөздер ғана есімде қалыпты. Бір
кезде жанымдағы Сәуле деген қыз екеумізге, Сәуле (шын
есімі - Сұлушаш) кейінгі курста оқитын еді, біздің факультетте
сабақ беретін бір мұғалім Сәулебаев па, фамилиясы ұмытып
қалыппын, «қайтыңдар жатақханаға, әйтпесе оқудан
шығасыңдар» деді. Біз сонда да елемей тұра бердік. Ол кісі
сол кезде Сәулеге сабақ беретін болғасын, оның фамилиясын
атап, қайтыңдар деп қайтадан ескерту жасады.

Ақыры, біз оқу-
дан шықсақ, ата-ана-
мыз ұрсады ғой деп
жатақханаға қайттық.
Жатақханамыз Ленин
даңғылында орналасқан
еді. Тереземіз де сол
даңғылға қарайтын. Бір
кезде көшеден жүгірген,
айқайлаған шу естілді.
Жүгіріп терезеден қарасақ, алаңда бір қалқанды төбелеріне
ұстаған, бір қалқанмен алдарын жауып қоршалып алған, қолда-
рында резеңке сойылдары бар солдаттар тырқырата қазақтарды
қуып келеді екен. Жатақхананың алдында теректер өсетін,

392

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

сол теректердің арасымен қашқан қазақтар теректердің асты-
нан тас, бұталарды жұлып алып солдаттарға қарай лақтырып
жатты. Олар бізге бір нарсе лақтырыңдар деп айқайлады. Жа-
тақхананың терезесінен гүлдің ыдысы, айраннын бутылкала-
рын студенттер лақтыра бастады. Жігіттер оны солдаттарға
лақтырды. Жатақханада ешкімді шығармай вахтаны күзетіп
қолдарына қызыл шүберек байлаған мұғалімдер және үлкен
курс студенттері тұр. Қыздар аэропортқа бір адамды тосып
алуға барамыз деп шығып кеткебіз.

Алаңға келгенде алаң толы қаптаған қазақтын ұл-
қыздары. Олар: «Қазақстанға қазақ басшы болсын!» - деп
айқайлап жатты. Біреулер мінберден сөйлеп жатты. Роза
Бағланова, тағы бір қазақ ер адам сөйледі. Алдыңғы жақта
Тұңғышбай ағамыз, тағы басқа өнер қайраткерлері тұрды.
Біз арт жақта тұрғандықтан кім не сөйлегені шала есімде
қапты. Әйтеуір, жастар тараңдар, қайтыңдар дегендері есімде.
Содан жастар шу ете қалды да, қаша бастады, біз де қаштық.
Сол кезде жастарға су шашқан екен. Қашып келе жатқанда
милицияның машинасы лап етіп өртенді. Біз түкке түсінбей
қалдық. Бәрі қаша бастағасын біз де әрі қарай қаштық. Арт
жақта бір қыздың шыңғырып жылаған даусы естілді.

393

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Кейін барлық курстастарымыз жиналып сөйлескенде,
бір қыз лас суағар құдыққа түсіп кетіпті, сол кезде оны
жігіттер суырып алды деп айтты. Әйтеуір жатақханаға
жеттік. Жатақхана алды тола қаптаған студенттер, милиция
қызметкерлері машиналарымен, қолдарында қызыл байлаған
біздің үлкен курс студенттері. Және де милиция машинасына
біреулерді тиеп жатты. Жатақханаға кірсек қолына қызыл
шүберек байлаған ағайымыз вахтада күзетте тұр екен, ол кісі
ИПФ деген факультеттің деканы ма еді, ұмытыңқырап қаппын.
Ол: «Сендер «қайда жүрсіңдер, тез кіріңдер!»,- деді.

Біз екінші қабатқа көтеріле бастағанда екі орыс солдат
алдымызда баспалдақпен жүгіріп түсіп келеді екен. «Где вы
были сучки, откуда пришли, на площадь ходили?!» - деп бізге
айқай салды. Олардың көздерінің сұсы зәрлі екен. Шегірейген
көздері бізді атып, жеп қоя жаздардай боп тұр. Сол зәрлі көздер
есіме түссе әлі күнге денем дір етіп, қорқыныш пайда болады.
Қорыққанымыздан аяқ-қолымыз дірілдеп кетті, аузымыздан
сөз шықпай қалды. Не істерімізді білмей қалдық.

Біз әрине мұндай жағдайды, әсіресе солдаттар бізге өстіп
жаман қарап, боғауыз сөз айтады деп ойламадық қой. Біз аэро-
порттан келдік дедік. «Не врите вы с площади пришли суч-
ки!» - деп жаңағы солдат тағы айқай салды. Мен боқтағанына
ыза боп сасқанымнан аузыма келгені сол «сам такой» -деппін
сасқанымнан. Солдат «Я тебе сейчас покожу!», - деп соңымнан
қуа жөнелгені. Қыздардын бойы менен кішірек болғасын және
өзім спортпен айналысқасын, жақсы жүгіре алатын болғасын
«сендер алдыға түсіңдер де қашындар», - дедім де арттары-
нан мен де қаштым. Қашқанда да солдат жетіп алмасын деп,
баспалдақты екі аттап секіріп қаштым. Бір кезде 2 қабатқа
жеткенде құтылған шығармыз деп артқа қарасам төбемде
дубинка көтерілген, артымда солдат жетіп қалған. Зәрем зәр
түбіне кетсе де, солдаттың көзіне бұрылып «соқсан соқ, мен
де көрейін!», - деп ішімнен ойлап, жиіркенішпен тура қарап
тұра қалдым. Сөйткенше болған жоқ ана солдатты қасындағы-
сы екінші солдат «ей бізді шақырып жатыр, кеттік», - деп
айқайламасы барма! Солдат бұрылып алып астыңғы қабатқа

394

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жүгіріп түсіп кетті. Қыздар: «Неге тұрып қалдың қашпай, соқса
өлетін едің! - деп ұрысты. «Сол кезде резеңке шоқпар басыма
тисе не болар едім, не өліп, не мүгедек болушы едім», - деп
кейде аман құтылғаныма тәубе деп отырамын. Қолына қызыл
шүберек байлап кезекші боп тұрған мұғаліміміз бәрін көріп
тұрып бізге араша түсе алмады.

Сол солдаттар барлық бөлмелерге теуіп кіріп алаңға
шыққандарды да, шықпағандарды да дубинкаларымен ұрып
кетіпті. Қайта мені бір құдай сақтады. Болат Рамазанов деген
курстасымыз алаңнан таяқ жеп келгенде, жаңағы солдаттар
жатақханада қуып ұрғанда бір көзіне дубинка тиіп, қып қы-
зыл боп қанталап кетіпті. Содан кейін соққы тиген көзі нашар
көретін болды. Тағы бір ИПФ деген факультетте оқитын бір
қыз (атын ұмыттым) ол да алаңнан таяқ жеп бөлмесінде ауы-
рып жатқан жерінде, сен де алаңнан келдің деп ұрып кетіпті.
Артынан алаңға шыққан біздерге арақ ішкен, маскүнемдер,
ұлтшылдар, есірткі шеккендер деп айып тақты. Алаңдағы
жастар барлығы сап-сау, бейбіт шеруге шыққан еді. Біз арақ
деген нәрсені атын естісек те қолымызға ұстап көрмеп едік.

Сол күні түнде Ресейден солдаттар әкеліпті, тік ұшақпен
түнде түсіріпті деп естідік. Резеңке шоқпармен ұрып-соққаннан
қанша қыз-жігіттер өліп, ұстағандарды машиналарға тиеп
әкетіп жатты. Солдаттардың қимылынан дайындалған жасақтар
екені көрініп тұрды. Алаңда менің екі ағам да болды. Үшеуміз
де, ол кезде қалта телефон жоқ, бір-бірімізбен ақылдаспай
өзіміздің жолдас, құрбыларымызбен алаңға шығыппыз.

Ағаларым құрылыста жұмыс істеген еді. Бір ағам Сабиев
Марат Рахманбекович 1961 жылы туған, сол көтеріліст­ е
соққыдан қайтыс болды
деп, Мұрат ағама бір
жолдасы айтыпты. Сол
а ғ а м ­С а б и е в М ұ р а т
Р­ ахманбекович 1960 жылы
туылған Алматыда тұрады.
Листовкалар таратқан
екен. Кейін ол кісі жазушы

395

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Олжас ағамыздың жанында жүрді. Ағам Мұраттың оқиғасын
өзі айтқанмен менің есімде қалмапты. Есімде қалмау себебі,
ол кезде ондайды айтуға да қорықтық. Одан бері талай заман
өтті ғой.

ҚОШТАЕВА (МҮЖЕБАЕВА) КҮЛӘЙІМ

1985 жылы, жаз айы апайым
Бағдатпен ілесіп сол кездегі
астанамыз Алматы қаласына келдім.
Денсаулығымның нашарлығына
байланысты жұмыс табу қиынға
түсті. Сол кезде апайым АХБК,
яғни, мақта-мата комбинатында
жұмыс жасайтын жерінде 1983-ші
жылдан 1987-ші жылға дейін Алатау
аудандық депутаттығына сайланған.
Ол өзінің қарамағына жататын
«11-микрорайон» көшесіндегі Зоя Яковлевна басқаратын
№95-ші балалар бақшасына «нянка» - тәрбиешінің көмекшісі
ретінде жұмысқа орналастырды. Саина 26\1 көшесіндегі,
«Жастар» жатақханасындағы №25 бөлмеге тұрғызды.
1986 жылы жаз айы, «Марачека» көшесіндегі «АХБК»
мақта-мата комбинатына қарасты және №10 қалалық
поликлиникаға «санитарка» болып ауыстым. Мұнда, Орынгүл,
Қарлығаш, Рая деген қыздармен таныстым.
Күз айында 8-ші март көшесіндегі «РМУ - мед учелище,
вечерний общий профилін» оқып бастаған мен, екі-үш ай ғана
оқып үлгердім. Өйткені сол кезде тағдырды тас-талқан еткен,
ызғарлы желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі басталып кеткен еді.
1986 жыл 17-ші желтоқсан, Бұл кезде мен 32-бөлмеге
ауысып, Айнаш, Гулмира деген қыздармен тұрып жатқан едім.
Жатақханаға кіріп келіп, 2-ші қабатына баспалдақ сатысымен
көтеріле бере құлағым шалды, дәлізде қыздар у да шу, бір-
бір тілімдей қағаз алып жүгіріп жүр. Бөлмеге кіре бере сол

396

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тілдей қағаз қолыма түскенде үнқағаз болып шықты. Менің
қолымнан біреу жұлып әкетті. Бір білгенім «алаңға ереуілге
шығыңдар!» деген және көп адамдар тізімі, ұран сөздер
болды. «Теледидардан көрсетіп жатыр, біз көрдік, КСРО-ның
бірінші хатшысы Дінмұхамет Қонаевты алып тастап, орнына
Волгаградтан келген Колбинді халық қалауынсыз сайлап жатыр
- дейді біреуі, ал екіншісі, - Жоқ-ей Ульяновскіден келген», -
деп бөлмедегі қыздар сарнап отыр.

Бірге жұмыстас құрбым
Орынгүлмен түстен кейін, жұмы-
стан шыға сала алаңға бет алдық.
Мен қаланы дұрыс білмейтін
болғандықтан соған еріп жүре
бердім, үгіттеуші өзім болсам да.
Екі аялдамадан «пересадка» жа-
сап автобусқа отырдық. Әйтеуір
бір жерге келіп, түсіп қалдық та,
әрі қарай жаяу жүрдік. Қарасақ
ЖенПИ-дің қасында қазағым-
ның қара домалақ ұлдары мен
қаракөз қыздары жиналып тұр
екен. «Сендер қайда бара жатырсыңдар?» - деді ішіндегі жүдеу,
ұзынтұра бір жігіт. Орынгүл екеуміз бір-бірімізге қарап, айта
алмай қысылып, қорқып тұр едік. «Сендер де алаңға бара жа-
тырсыңдар ма?» - деп, «бері келіңдер онда, бізде сонда барушы
едік», дегенде жерден қоян тапқандай қуандық. Олар бір ба-
ланы күтіп тұр екен. Ол «жарайды жүре берейік артымыздан
қуып жетер» дегенде, әрі қарай солармен бірге ілесіп, жаяу
жүріп кеттік. Біраздан соң алда кетіп бара жатқан біреулерге
барып қосылдық, олардың қолында лозунг болды, артқы қатар-
дан бізге келіп қосылып жатқан жастардың қолында да лозунг
болды. Олар менен тым алшақ болғандықтан не жазылғанын
анық көре алмадым. Жол бойы «Менің елім Қазақстаным!»
әнін айтып бара жаттық.

Кешқұрым кез, біз Брежнев атындағы алаңға жеткенде
қарулы күш тұрды. Алға қарай ұмтылған бізді, шегіндіріп

397

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

итермелегенде артқа қарай құлай жаздап, бір-бірімізге сеңдей
соғылдық. Екінші рет алға ұмтылған кезде ентелеп қақпадан
ішке ендік. Адамдар жан-жақтан лық толып кетті де, көпшілік
сатыға шығып бара жатты. Біз де екінші сатысына шығып
тұрдық. Тағы «Менің елім Қазақстаным» әнін шырқадық.

Үкімет үйінің төбесінен көк шам жанып, ол бетімізге
бірде түсіп, бірде түспей айналаны шарлап айналып тұрды.
«Тараңдар! Тараңдар!» - деген әйел дауысы, соңынан ер адам-
ның дауысы естілді. Біраздан соң бізден төмен жерде тұрған
жастарды қой айдаған қойшыдай ала таяқпен соға бастады.
Сол таяқ бізге де жақындап, жетіп қалғанда, мен қашуға
ыңғайланып едім. Мынадай ине шаншар жер жоқ, қалың ха-
лық арасынан Орынгүлді жоғалтып алдым. Енді сол жерден
аман, тірі шығуға тырысқан мен ала таяқ астына тап болдым.
Бел омыртқадан ұрып-ұрып жібергенде етбетінен құлап түстім.
Апырым-ау, мал екеш малды да бұлай соқпассыз?! Не деген
қаныпезерлік?! Мен бейшара қалпымда жерден тұрып, қақпаға
қарай бет алдым. Анаау жақта оңды-солды, айқасып-шайқасып
жатқан қолдар, шыңғырып шыққан ащы дауыстар, мына жақта
су шашқан «пожарный» - өрт сөндіргіш машина. Үстіме киген
қара тоным су шашқаннан қаудырлап қатып қалды. Аяғыма
кигенім қара аляска етік, табаны биіктеу жылдам жүгіруіме
бір талай кедергі жасап келеді. Соған қарамастан жүгіре бер-
дім. Көп жүгірдім. Соңымнан қуып келе жатқан иттің дауысы
естілгенде, тіпті міне, міне етегімнен бас салса құлаймын, ит-
тер жұлмалап жұлқылайды, немесе адам қазір мені желкемнен
ұстап, шалқалата құлатып, сүйреп алып кетер деген үреймен
есім шығып, жынданып кете жаздадым.

Сол жүгіргеннен мол жүгіріп темір жолдан бірақ шығып-
пын. Үрген ит дауысы да, адамдардың дауыс жаңғырығы да
сап тиылды. Ентігімді басып, жан-жағыма қарасам, тірі пенде
жоқ. Бұл қалай болғаны? Жанағы ит пен жүгірген адам қайда?
Мен қайда? Бір заматта өтіп бара жатқан адамнан сұрадым.
«Бұл жер темір жолға жақын анау тұрған» - деп жүріп кетті.
Бұл түнде Аллаһ мені көріп тұр, барлық істің куәгері болып,
ай да төбемде.

398

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Болған оқиға ұшты – күйді жоқ болғаны мені қатты
таңырқатты. Көрген түстей болды десем… біреулер сенер,
біреулер сенбес. Дәлелдеп қайтем... Үрей билеп қорыққаным,
қашқаным, таяқ жегенім, мынандай аязда тоңғаным кімге ке-
рек? Кім мәжбүрледі? Ешкім де, өз аяғыммен, өз еркіммен
барып, өз көзіммен әділетсіз істі көрдім. Өкінбе тірі қалдың, ал
сонда қалған басқа адамдар ше? Не болды олармен? Өзіммен
бірге сап түзеп, құжынап барған жастар қайда екен? Өзіммен
өзім күбірлеп отырмын. Қой отыра беруге болмас деп, орным-
нан тұрдым. Дірдектеп жүріп, әрбір үйдің есігін қағып, әйтеуір
бір кішкентай жер үйден әйел шығып, есік ашып мені түнетті.

Бүгін 18-і, таң, кез-келген адамнан жол сұрай отырып,
жұмыс орныма келдім. Орынгүл екеуміз жұмыста аман-сау
табысып, кешегі жеген таяқ аз болғандай, тағы да алаңға бет
алдық. Кешегі жеген таяқ еттен өтіп, ашу, ызаға булығып, ашы-
нып шықтық. Бүгін автобуспен ұзақ жүріп бардық. Аялдамадан
түскен жолдың арғы жағына шықтық, көп жүрмедік, біраздан
соң көпшілікке барып қосылдық. Қай жер екенін нақты біл-
меймін, сұрап білудің не керегі бар? Біз қыдырып жүргеніміз
жоқ, жетер жерімізге жетсек болғаны. Қай жермен қалай жүру,
кіммен жүру маңызды емес. Маңыздысы өзіміздей жастарға
барып қосылып, алаңға бару, көпшілік не көрсе біз де басқа
жазғанды көрерміз. Біздің арман, мақсат төбелес емес талап
- Колбинді қуып жіберу, өз жерімізде өз қазағымыз билік жүр-
гізсе деген ой. Біз қолымызға ешқандай қару алмадық, ешкімді
оқыстан жазым етіп өлтірген жоқпыз.

Алаңда кешегіден де мықты қарулы, көп күзет тұр. Не
көрсек те көппен бірге көруге бел будық. Бұл түні сол жақ
жағымнан соққы жеп, есімнен танып қалған мен автобустың
ішінде үйме-жүйме болып жатқан көп адамдар арасынан
көзімді ашып, есімді жиған кезде ұйқыдан оянғандай болдым.
Басыма темір байлап қойғандай, зілдей ауыр, дыңылдап тұр.
Есіктен шығайын деп бара жатып, терезеден көріп қалдым,
біреуді екі кісі сүйретіп әкетіп бара жатыр. Түспей қайта орал-
дым. Орынгүлді іздей бастадым. Бір кісінің аяғы мен келесі
адамның қолы денесін жауып қалған құрбымды тауып алып,

399


Click to View FlipBook Version