The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanzhar.kuderov, 2022-12-07 05:34:32

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ӘДІЛБАЕВА БАЯН

1986 жылы мен Қ. Сатпаев
атындағы Қазақ политехникалық
институтының екінші курсында едім.

1986 жылы 15 желтоқсанда,
кешке басқа институтта оқитын та-
ныстар келіп біздің группаға ертең
бейбіт демонстрация өтеді, алаңға
шығамыз деді. Қазақ емеспіз бе,
елімізді басқа ұлт өкіліне басқартып
қоямыз ба, өзіміздің де ел басқара-
тын азаматтарымыз бар емес пе деді.
Бізде ылғи ұлдар оқыған, бір ауыздан шығамыз деді. Топта
екі орыс, екі қазақ қыз болғанбыз. Қазақ қыздар кеттік бірге
боламыз дедік.
Ертеңінде көшеге шықтық. Алаңға екі жақ көшеден
лек-легімен ағылған, лозунг көтерген студенттер. Біз алаңның
шет жағына келіп тоқтадық. Біз алыстан қол сермеп сөйлеп
тұрған жігіттерді көрдік. Бірақ кімнің кім екенін білмедік. Ол
күні бәрі дұрыс сияқты болды. Ертеңінде тағы сол алаңда бол-
дық. Кураторымыз отцепление боласыңдар, әйтпесе бәріңді
оқудан шығарады, мені жұмыстан қуады деп зар иледі. Ия, біз
сөйтеміз деп кеттік. Екінші күні өз көзіммен көргенім, жастар
айқайлап қатты ышқынып шуладық. Бір уақытта өрт сөндіретін
машина су шашып жан-жаққа қашқан жастар, арнайы киінген
жасақшылар резеңке сойылдармен қуалап ұрғаны. Біреулеріміз
алдыға қарай шығамыз, алдымыздағылар бізге қарай қашып,
кімнің кім екенін білмей қалдық. Шыны керек не болғанын
түсінбедім.
Біреу мені қолымнан сүйреп тарта жөнелді. Қайда бара-
мыз деген сұраққа қаш басыңа резеңке сойыл тимей тұрған-
да, сенің шамаң жетпейді әне қарашы деп сүйреп келеді. Сол
жағымда ақ үйдің жанында субұрқақ (фонтан) болған, сонда
өлі-тірісі белгісіз қыз жатты беті басын қан жуған. Мен оған

250

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ана қызды ала кетейік десем ол өліп қалған, саған бермейді.
Форма кигендер тұр жанында,- деді... Сол қашқаннан жа-
тақханаға әзер жеттік. Келсек, біздің біраз балалар жүр екен,
кейбіреуінің үсті қан, киімдері жыртылған, аяқтары ақсаған,
біреулері қолдарын ұстап жүр. Әзер қашып құтылдық дейді.
Әскерге құр қолмен не істейсің.

Ертеңінде топтан біразымыз шыға алмадық, өйткені
жетекшіміз бізді қамап алды. Басқа бөлмеде болып ұсталмай
қалғандар қайта кетті. 3 күн бойы пошта да істемеді. Еш жаққа
хабарласа алмадық.

1987 жылдың ақпан айы болатын. Оған дейін оқудан
шығарып, әркімді бір тексеріп үрей туғызған кез болды. Мен
негізі тобымда комсорг болатынмын. Староста орыс жігіт,
профорг қарақалпақ жігіт болған. Бір күні сабақта отырғанбыз,
форма киген адам кураторымызды шақырып алды. Ол кеткен
соң сабақ соңында үшеуіміздің ертең милицияға баратынымы-
зды айтты. Тек о кісінің айтқаны отцеплениеде болдым деп
айтыңдар, басқа сөз қозғама деді. Ертеңінде староста, профорг,
комсорг болып үшеуміз бір милиция пунктіне бардық, үше-
умізді үш кабинетке алып кетті. Менен сұрақ сұраған жігіт
қазақтың әдемі мұртты жігіті болды. Мен оны көргенде қу-
андым, өзіміздің қазақ қой деп, бірақ алданыппын. Көресінді
сол көрсетті. Оның жанында орыс та болды, бірақ олар ол
сияқты тиіспеді. Аты-жөнімді сұрап болған соң, көтеріліске
неге шығасың, үкіметке неге қарсысың деп бастады. Жаныңда
кім болды соларды жазып берсең сені босатам деді. Мен ку-
раторым айтпақшы отцеплениеде болдым деп отырып алдым.
Кешке 8 мөлшерінде қайттық. Ертең 8-де келесіңдер деді. Келе
жатып не болғанын бір-бірімізге айттық. Оларды арасында
қол жұмсап соғыпты. Олар маған тек бір сөзіңде тұр деді. Біз
сен үшін қорқамыз, қызсың ғой, соқса шыдамай айтып қоя-
сың ба деп. Мен оларға өліп кетсемде ешкімді сатпаймын деп,
миымды айналдыратын дәрі бермесе мен шыдаймын дедім.
Бірақ қорқыныш сезімі билеп алды.

Осылай наурыздың аяғына дейін таңертең барып, кеш-
ке қайтып жүрдік. Кей күні таяқтың қаттысынан жүре ал-

251

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

май бір-бірімізге сүйеніп, жұбатып жүретінбіз. Мен екеуінің
мықтылығымен өзімді қайрап, мықты болуға тырыстым. Күнде
бір сұрақ. Кім қатысты, суреттерден іздейміз. Мен үшінші
күннен бастап таяқ жедім. Шапалақпен бастады, орындыққа
байлап қойып орындықты теуіп құлататын, қалай төңкерілсең
солай айналдыра тепкілейді. Жаныма батқаны ішіме матрас
салып тепкілегені. Күнде кешке мен жылаймын. Бала күннен
құдайдан қорқатынмын. Тек ішімнен құдайым көмектесші
дейтінмін. Албастылар таңба түсірмеуге тырысатын. Сын-
байтындай шыңғыртып қол аяғымды қайыратын. Ұлдардың
айтуына қарағанда олар менен көп көресінді көрген. Олар мені
Баян, өлімге дайын бол деді. Мен неге деп едім бұл жерден
тірі шығармайды екен деді. Мен қатты жыладым. Бірақ екеуіне
қарасаң ештемеден қаймықпайды. Ажалың келсе құтылмай-
сың деді. Мен өлім деген сөзді естігенде, неге біреулер үшін
біз өлуіміз керек деппін. Сонда олар сен басқаларды ұстап
берсең де өлесің, ол иттер сені алдап отыр деді. Екеуі маған
қарап тұрған көздерін көрсеңіз, ештемеден қорықпа деген от
шашып тұрған көз жанарлары кәдімгідей адамға рух береді.
Менде солардың арқасында бәріне шыдап шықтым. Әрбір күні
бір-бірімізге иттердің не істегенін айтып, қайсарлана түсеміз.
Бір-екі рет таңертең мен тұра алмай денемді көтере алмаған-
да, 8-ден кешігіп жаттық, екеуі менсіз бармай тұр. Сонда ана
иттер машиналарымен алып кетеді, пунктке жеткенше екеуін
менің көзімше соғады. Тиіспе, ол мен тұра алмадым десем,
мені итеріп жібереді. Осылай күндер өтіп жатты. Кураторым
мені көріп жылайды, сонда апай бізді сендер үшін өлтіреді,
мен қайтем артымда ауру әке-шешем, жарымжан бауырым,
мектепте сіңілім бар, әке-шешем бірдеме болып қалса, оларға
кім қарайды деп жылаймын. Ол кісі менімен бірге жылап жұба-
тады. Сен еліңнің батыр қызысың, шыда, сен өлмейсің, тек
қорықпа дейді. Менің жүрегімде шешем айтқан құдайым бар,
ол мені неге құтқармайды деп еңіреймін. Жылай-жылай, қорқа-
қорқа батыр болдым. Ішімде ана иттерге деген (Ең сорлысы
өзімнің қазақтарымнан көресінді көрдім ғой) кектену пайда
болды. Өзіме өзім жігер беріп қатая түстім. Наурыз айының

252

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

аяғы. Пунктте мен отырған бөлмеге күн сәулесі түсіп тұр.
Мен орындықта отырдым. Ана иттің жанындағы орыс келіп
маған қарап отырды. Бөлме темекінің иісі сасып тұр. Бірақ
соған қарамастан менің жаным тынышталып терезеге қарап
тоғайлардың көк атқанын қызықтадым. Балалық мұңсыз өткен
шағыма оралдым. Көзіме жас келді, анда-санда тамып кетеді,
соған орыс жігіт үндемей қарап отырды. Бір кезде «ты боишь-
ся смерти» деген дауысынан шошып кеттім. Мен «да» дедім.
«Кто не боиться» дедім.

Түс уақыты жақындап қалды, әлгі ит әлі жоқ. Әлгі орысқа
«нас сегодня убьет» дедім. Ол үндемеді. Ана ит мені соққан-
да орыс кейде мені иықтан ұстап тұратын, арасында өзінше
бірдеме деп мені қорғайтын. Анау оған едірейіп қарайтын,
«чо тебе она нравится» деп. Ол үндемейді. Тал түсте ол есікті
ашып маған «иди» деді. Менің ойым бізді өлтіруге апарады
ғой деп ойладым. Есіктен шыққан кезде староста мен проф-
оргім құшақтасып күлімдеп тұр. Мені өлімге апара жатқанда
қорықпасын деп рух беріп тұрма деп, екіншіден жындану-
дың азақ алдында тұрғандағы күлкіме деген ой жүгірді. Мен
оларға жақындаған кезде екеуі мені қатты құшақтап алды, тіпті
ауырған қабырғамды сындырып жіберетіндей. Мен қоштасып
тұрған шығармыз деп еңіреп жылай бердім. Үшеуіміз есіктен
сығылысып шықтық, мен аң-таңмын мыналар неге артымыз-
дан жүрмейді, неге жеке-жеке алып жүрмейді деп. Үшеуіміз
тротуарда келе жаттық, мен олардың алдына шығып қайда
барамыз деп тоқтай қалдым.

«...БІЗ БОСАДЫҚ...», ары қарай мен естен танып қа-
лыппын. Есімді жинағанда кураторым, «Батырым менің» деп,
бетімнен тоқтамай сүйіп жатты. Осы жағдай бізді есейтті.
Қазіргі кезде институт бітірген соң орысым Россияға кетті.
Профоргім өз еліне Қарақалпаққа кетті. Бір-бірімізді 1990
жылдан кейін осы күнге дейін көрген жоқпыз. Ұзын-құлақтан
естуімше профоргімнің 3 қызы бар екен, бірақ инсульт алып,
екі жыл болды әйелі қарап отыр деді. Мен жер сілкінісінен
кейін, жолдама бойынша (направления) бармай, әке-шешемнің
жанына Зайсанға қайттым. Осы жерде жұмыс істедім, тұрмыс

253

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

құрдым, жеке кәсібімді аштым. 3 қызым бар.
Ендігі сол қыздарым дүниеге әкелген немерелерімнің тәт-

ті қылығына тоймай өмір сүру. Осылардың замандары дұрыс
болсын. Әрдайым бейбітшілік болсын.

***
Әділбаева Баян Арғынқызы Зайсан қаласының тумасы,
М. Әуезов мектебінің түлегі. 1985 жылы Алматы қаласының
Қ. Сатпаев атындағы Қазақ политехникалық институтының
металлург факультетіне инженер-механик мамандығы бой-
ынша оқуға түсіп, 1990 жылы бітірген.

ӘДІЛХАНОВ ХАЛЕЛХАН

Жиырма жылдан кейін сол араға келіп, жер сатып
алып, үй салам деп кім ойлаған...

1986-жылы Алматыда жұмыс
істейтін едім. КазГУ-ге тапсырып,
стажым жоқ деп қабылдамады. 16-жел-
тоқсан күні Ауыл шаруашылық инсти-
тутына (СХИ) бір жігітті іздеп барған
едім, кешке қарай Брежнев алаңында
жиналған жастарды көрдім. Не жиын
деп сұрастырсам, сұмдық. Қазақстан-
ды жиырма жыл басқарған Қонаевты
20-минутта орнынан алып тастапты.
Орнына қазақ таппағандай Ульяновск
облысынан Колбин дегенді сайлапты. Менің де ашудан қаным
басыма тепті. Енді жетпегені осы еді, онсыз да орыстың отары
болып отырмыз. Тіл кетті, дін кетті, енді орыс басшы болса
автоматты түрде Россияға қосыламыз. Жігіттер ақылдасып,
қазір тараймыз да әркім өз жатақханасынан студенттерді ертіп
келеді дедік. Ұзақта тұратындар таңертең келетін болды. Мен
студент болмағандықтан Алматы есеп-қисап техникумында

254

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

оқитын жерлестеріме тарттым (УКТ).
Есеп-қисап техникумында оқитын жерлестерім Өмірбе-

ков Серік, Ыдырышев Шамалбек, Рамазанов Марат, Орынбек
деген жігіттерге түнделетіп келіп істегендерімді, жастардың
Алаңға жиналып жатқанын айттым. Ол жерде көбінесе қыз ба-
лалар оқитын, жігіттер оншақты ғана. Солардың ішіндегі жасы
үлкені Марат еді. Марат айтты, қазір Алаңға барып көзімізбен
көріп қайтайық деп. Біразымыз такси ұстап Алаңға барып
жағдайды көзбен көріп келдік. Өте активный болып жүрген
АЗВИ мен СХИдің жігіттері екен. Таңертең шама келгенше
студенттерді көтеріп, плакаттар мен лозунгтер алып шығатын
болып келістік. Адамдар үсті-үстіне жиналып жатты. Мили-
ция да жүрді, бірақ ешқандай қақтығыс болған жоқ. Жатақха-
наға келген соң Марат пен Серік қыздарды оятып простыняға
лозунгтер жаздырды. Ленин комнатасынан Қонаевтың тағы
біреулердің суреттерін алып алдық.

17-күні таңертең есіктен шыққанымызша, есікті Гаухар
деген комендант бекітіп алған соң терезеден қашып шықтық.
Сол бетімен жолдағы жатақханаларға соғып, Абай көшесімен
жоғары Алаңға тарттық.

Алаңға біз келгенде адамдар қаптап тұр екен, бәрінің
аузында бір сөз: Қонаевты қайта сайласын, болмаса орнына
қазақ басшы сайласын. Әр жерде белсенділер айғайлап сөйлеп
жатты. Түске қарай адамның көптігі сонша Алаңға сыймай
кетті. Біреулер дыбыс күшейткішпен сөйлеп жатты, бұлай бо-
сқа тұрмайық, Қонаевты шақырыңдар, Олжасты шақырыңдар
деген талап қоя бастадық. Бізді сыртымыздан әскерилер мен
милиция, ерікті жасақшылар қоршай бастады. Біздің нара-
зылығымызды шет елден келген туристер мен журналистер
көрсін деп Отырар қонақ үйіне бет алдық. Әр жерден, бұл
бейбіт шеру, ән салыңдар деген дауыстар шығып жатты. Менің
дауысым зор еді, баритон. Әскерде ән бастаушы болғаным тағы
бар. Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнін шырқап қоя бердім.
Мыңдаған адам қосылып, Алматы тербеліп кеткендей болды.
Отырардың қасына барып митингі жасадық. Автобустың үстіне
шығып қызу қанды жігіттер сөйлеп жатты. Шетелдіктер фотоға

255

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

түсіріп жатыр. Мәселе тереңдей бастады. Қыза келе іштегі
жетпіс жыл бойы жиналған запыран шыға бастады. Қазақ тілі
мемлекеттік тіл болсын! Қазақ жерінде ашық аспан астында
бомба жарып жатыр, «Семей полигоны жабылсын!», «Қазақ
мектептері мен балабақшалары ашылсын!», «Қазақстанға қазақ
ұлтынан басшы сайлансын!» деген ұрандар айтылып жатты.

Алаңға қайта келіп басшылардың шығуын талап еттік.
Біреулер шығып тараңдар деп сөйлеп жатты. Сол кезде Кеңес
Одағында ылғи баскесерлерден жасақталған армия болған
екен, соларды және басқа жақтардан десанттар әкеліп, мұздай
сумен атқылап бейбіт халыққа шабуыл бастады. Ұрыс, төбе-
лесті алдымен әскерилер бастады. Сыналап ортаға кіріп, қой
бөлгендей бөліп апарып машиналарға тией бастады. Мен бір
қарасам тас лақтырып алдыға шығып кетіппін, қоршап апарып
машинаға тықты.

Автобустың іші қан сасиды. Мені еңгезердей бір офицер
малақайымды шешіп алып аузымнан бірақ ұрды. Отыра
қалғанда бір солдат бір теуіп мұрнымды сындырды. Бет аузым
қан жоса болып отырсам, артымда отырған бір жігіт, тебя в
шапку что то засунули дейді. Ақырын малақайымды шешіп
қарасам, газетке ораған көк шөп. Кейін білдім ғой, шегетін
канапля екен. Басымда ақ қоян малақайым болатын, соның
бүктеуіне анаша тығып жіберген ғой.

Әуезов аудандық милициясына алып келді. Ал кеп терге,
ал кеп сабасын. Менің қолымда жас кезде салған наколка бар
еді, это точно наркоман, давай проверим деп тінте бастады.
Малақайымды алып күліп қояды, тыққан нәрсесін таппаған
соң одан әрі тепкіледі. Содан камералар бос емес, лықа толы
болған соң бізді басқа жаққа әкетті. Сейфуллиннің бойындағы
түрмеге әкеліп еді, онда да орын жоқ. Он бес шақты адамбыз,
аулаға алып шығып, жерге тізерлеп отырғызды, қолымыз
желкемізде. Астымыз көк мұз, бас көтерсең автоматпен бір
ұрады. Амалсыздан көк мұзға отырдық. Жарты сағаттан
кейін аяқтарымыздан жан кете бастады, күн де сондай суық.
Арамыздан бір үлкендеу жігіт былай деді. Жігіттер бұлай
отырсақ босқа өлеміз, бәріміз бірдей тұрайық деді. Сүйретіліп

256

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тұрып жатырмыз, солдаттар жүгіріп шығып ұрып жатыр,
қарсыласқан боламыз, спецназға не істейсің. Есімді жисам
тағы біреу бетімнен ұрып жатыр, иен дала, аппақ қар. «Тұр
бауырым, жи есіңді. Халелсің бе?» деп қояды. Атымды естіп
есімді бірден жидым. Иен далаға апарып қарға көміп кетіпті.
Боралдай жақтағы моланың астындағы судың бойында. Қалың
қамыстың арасында жатырмыз, қарға көмулі. Өлді деп апарып
тастаған болуы керек.

Құдайдың құдіреті, жиырма жылдан кейін сол арадан
келіп, жер сатып алып үй салам деп кім ойлаған. Қасымдағы
жігіт алдымен есін жиса, қардың астында жатырмын дейді,
үстімде жатқан адам қатып қалған. Әрең дегенде аударып
маңайымды қармансам, сенің қолың шығып жатыр екен. Сенің
қолыңнан ұстап тартылып шықтым, қолың жып жылы екен,
тірі ғой деп сені де шығарып алдым дейді. Құдай айдап кезінде
КазГУ-дің Алатау жатақханасында бірге тұрған жігіт. Менің
қолым сынған, сол жамбасыма автоматтың пышағын сұғып
алыпты.

Сүйретіліп Боралдайға баратын жолға шықтық. Машина
тоқтамайды, бір бортовой УАЗ тоқтады-ау. Екемізді борттың
үстіне жатқызып, үстімізді палаткамен орап, Бурундайдағы
үйіне алып келді. Әйелі түрімізді көріп шошып кетті. Ана
кісі бізді моншасына кіргізіп, бір бір стакан самогон берді.
Ішіңдер де жатыңдар, қазір келемін деп шығып кетті. Біраздан
кейін бір медсестраны ертіп келіпті, біздің жараларымызды
тазалап, перевязка жасап берді. Ағамыз моншаны ақырындап
жағып ренжімей осында түнеп шығасыңдар деді. Тамаққа
тойып алып, сонда қонып шықтық. Ақымақ басым үйдің
адресін де сұрамаппыз. Ағаның аты Коля болатын. Мен де
Колямын деп күлгенмін. Ол кезде Гүлнарлар Гуля еді. Қанат,
Қайрат болса Коля болатын. Ертеңінде жатқан үйімізге рахмет
айтып қызық көрдік пе, жастық па, әлде ерлік пе қалаға қайта
бардық. Қолым оралған, мұрын сынған. Соған қарамай
Жұбан Молдағалиевтың «Мен Қазақпын» деген өлеңін оқып
бердім. Отырыңдар деп біреулер өлең оқып жатыр екен. Сол
18-күні кешке қарай таяқ жегендермен бірге 12-ауруханаға

257

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

түсіп мұрнымды қайта сындырдым. Отыз жылдан кейін сол
анықтама табылып зардап шеккенім расталып, ақтау қағазын
алдым. 19-күні Қапшағайға дейін таксимен кетіп, ары қарай
автобуспен ауылыма қаштым. Алматыда жаппай қуғындау,
қамауға алу басталды. Ауылға өліп-талып жетсем, кешке
жақын комендатурадан капитан Бародич деген келіп тұр.

Алматыдан келдің бе деді, иә деп едім, менімен жүріңіз
деп алып кетті. Ауылымыз бұрынғы Тарбағатай ауданы Шілікті
совхозы. Шекаралық аймақ болған соң ауылда әскери комен-
датура бар. Мені сол камендатураға әкеліп үш күн тергеді.
Көтеріліске қатыстым десем бірден қамауға алмақшы. Көшеде
біреулермен төбелесіп қалдым, Алматыда жағдай жаман деп
шешем шақырып алды дедім. Содан ешқайда кетпейсің деп
қолхат алып қоя берді. Ертеңінде әке-шешемнің рұқсатымен
қазір Алматыда тұратын ағайым, сол кезде Шымкенттің Жеті-
сай деген жерінде. Қашпақ болсаң зымыра деп Жетісайдан
бірақ шықтым. Ол жақта да Алматыдан барғандарды іздеу
басталған соң шабашниктермен Сібірге тартып отырдым.
Шабашник дегендер қазіргі бригада баяғы, ақшасына келісіп
жұмыс істейсің. Бізді таныс адамдар Сібірдің қалың орманына
апарып тастады. Жұмысымыз өзенмен ағып келген, ағаштарды
ары қарай бағыттап ағызып жіберу. Әр бұрылыс, иірімде екі
адамнан тұрамыз. Сөйтсек бұл ағаштарды сотталғандар кесіп,
бұтап суға ағызады екен. Сумен барып баржаға тиеледі. Бензин
шықпайтын жеңіл жол.

Бізді апарған алаяқтар паспортымызды бермей, жарты
ақшамды алған соң, ол жақтан да қаштым. Зонаның маңайы
болған соң елу ме, жүз шақырымға дейін ауыл жоқ. 3-4 күн
адасып жүріп орманда ара ұстайтын шалдың үйіне тап болдым.
Шалмен бір айдай тұрған соң Тайгадан шығарып, Обьтың бір
саласынан жүк таситын баржға салып жіберді. Қойшы не керегі
бар, арып-шаршап, көрмегенді көріп ауылға да жеттім ау. Ше-
шем мені жоғалып кетті деп милицияға беріп қойыпты. Олар
келіп бір күн сұрақтың астына алды. Өзіміз жақтың қазақтары
ғой, барлық шындықты айттым. Ешнәрсе істемей қоя берді.

Міне, менің басымнан өткен желтоқсанның ызғары осын-

258

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

дай. Қазір сол кездегі суықтан артроз, артрит дегендерді жамап
алдым, буындарым қақсайды. Бір инсульт алып, 3-топтағы
мүгедекпін. Айтпақшы, 2007-жылы Алматыға көшіп келіп,
баяғы өзімізді апарып тастаған судың жағасынан жер алып,
үй салдым. Сол бұлақ Көк Қайнар деп аталады екен.

Алматыға келген соң да тыныш жатпай қоғам өміріне,
саясатқа араластым. «Желтоқсан Ақиқаты» деген Республи-
калық қоғамдық бірлестігін құрдық. Шығыста желтоқсан мә-
селесі қозғалмайды, Сәбирадай батыр қыздың аты да аталмай
жатқаны қабырғама батып жүр еді. Бір күні Зайсандағы досым
Маратқа телефон соқтым. Мәке бәрін қой да Алматыға жел-
тоқсанның құрылтайына кел. Байлық, мансап деген қолдың
кірі ғой. Кезінде дүркіретіп сауда да жасадың, елден бұрын екі
этажды үйде тұрғыздың, енді болашақ ұрпақ үшін, желтоқсанға
біраз жұмыс істейік дедім. Келіссең сені Шығыс Қазақстан
облыстық «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» қоғамдық бірлестігіне
төраға етіп сайлайық дедім. Марат жігіт қой, келісті. Сәбираға
дүркіретіп тұрып ас беріп, конференция өткізіп, елу жасын
атап өтті. Өскеменнен көше алып берді. Алда да атқарар істері
көп. Ақ жол бауырым. Биыл атақты Желтоқсан көтерілісіне
35-жыл. Айтатын әңгіме көп, тыңдайтын билік болмай тұр...

***

Әділханов Халелхан Ибрайымханұлы 1962 жылы
бұрынғы Тарбағатай, қазіргі Зайсан ауданы, Шілікті
ауылының Жалши деген фермасында дүниеге келген. 1979-
жылы Шекарашы орта мектебін бітірген. 1980-жылы Шығыс
Қазақстан Совхоз техникумына оқуға түскен. 1981-83 жылдары
әскер қатарында борышын өтеген.

259

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ӘЛМҰХАМЕТОВ ТАЛҒАТ

Ауғанстандағы қиян-кескі соғыс­
тың арасында жүріп, екі жыл мерзімді
өтеген соң, елге қайтып оралдым. Оның
өзінде де қайтар уақыт жақындағанда
моджахедтермен ұрыс барысында ауыр
жараланып, Ресейдің Новосібір қала-
сында бірнеше ай емделіп, әрең жа-
зылған соң, ата-анам мен туыстарым-
ның көмегінің арқасында елге келдім.

Сөйтіп, келесі жылдың көктемін-
де, яғни 1986 жылы Алматыдағы рес-
публикалық Құрылыс және сәулет
техникумына оқуға түстім. Оқып жүргеніме үш айдын жүзі
ғана болған. Желтоқсанның ортасындағы бір күні, сабақтан
жатақханаға келсем, дәліз бен бөлмелерде студенттердің у-шу
болып жатқанын көрдім. Бөлмеме келіп, кітаптарым мен
дәптерімді тартпаға салып жатқаным сол еді, бір студенттің
есікті ашып, бәрілеріңді демалыс залына шақырып жатырмыз,
- деп хабарлама жасады.

Біраз уақыттан соң, төменгі қабаттағы залға келдім.
Атшаптырым кең бөлменің іші студенттерге лық толы. Бәрі
шуылдап, бір нәрсені талқылап жатыр екен. Түсінгенім, Қа-
зақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаев-

260

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тың орнына Ресейдің бір облысының (Ульяновск облысынан)
ұлты орыс азаматы тағайындалған көрінеді. Бір уақытта, ұзын
бойлы жігіт ортаға шығып, бәрілерің қазір жатақхананың ал-
дына шығыңдар, топ болып орталық алаңға барамыз. Қазір
сонда жастар жиналып жатыр. Бізде соларға қосылып, митинг
жасаймыз, - деді айғайлай сөйлеп.

Сонымен, қойшы, бәріміз есік алдына шығып, даурыға
сөйлеп, қазіргі академик Сәтпаев даңғылымен жоғары өрледік.
Алаңға келсек, жастардың қалың тобының у-шу болып жатқа-
ның көрдік. Қайсыбірінің қолдарынан плакатқа жазылған ұран
сөздерді оқыдық. Кейбіреулерінің «Долой Колбина!», - деп
айғайлағаның естідім. Алаңның Орталық Комитет жағында
сапқа түзелген әскерлерді көріп, тіксініп қалдық.

Сөйтіп, алаңға жиналған нөпір жастар мен бірге айғай-
шуға бастық. Жұқа киініп шыққан мен, аздан соң, тоңа баста-
дым. Біраз уақыт өткен соң, Орталық Комитеттен бірнеше адам
бері шығып, алаңның ортасындағы мінберге шықты. Бұрын
газеттен көріп жүрген Қазақ ССР Президиумының төрағасы С.
Мұқашевты және Орталық Комитеттің хатшысы З. Камалиде-
новты, сонымен қатар, тағы бірнеше адамды таныдым. Олар,
бізге қарап біраз сөйлеген соң, - «балалар мұнда тұрмаңдар,
тараңдар», - деді сөздерін аяқтап. Сонан соң, келген іздерімен
кері қайтты.

Күн суытып, қараңғылық түсті. Ду-ду еткен нөпір адам
қарасы, ел ауызындағы «Менің Қазақстаным» әнін айтып тұрды.
Алаңның айналасын қоршаған милиция мен әскер жасақтарын
көрдік. Менің тағы бір айтарым, алаңның телерадио ғимара-
ты жағында қатар-қатар өртке су шашатын машиналардың
тұрғанын аңғардым. Біраздан кейін, бізге қарама-қарсы тұрған
әскерлердің қозғала бастағаның көрдім. Бір уақытта, шулап
тұрған жастарға әлгі әскерлер тап берді. Жастар мен әскер-
лердің арасында қоян-қолтық айқас басталды да кетті. Қолда-
рында күрекшелері бар солдаттар жиналғандарды аямай ұрып,
жабылып ұстап, дайын тұрған арнайы көліктерге тией бастады.
Айналаның бәрі у-шуға толып кетті. Киімдері жыртылып, бет-
терін қан басқан жастарды ұрып-соғу жалғасып жатты.

261

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Біздің жігіттер де аянып қалған жоқ, жігіттердің бірқа-
тары айналадан іздеп тауып, қолдарына іліккен түрлі заттар-
ды, кірпіш, мрамордың сынықтарын және басқада нәрселерді
лақтыруға кірісті. Бұл әрекет ұзақ уақытқа созылды.

Маған қарама-қарсы келіп қалған бір-екі солдатты әскер-
де меңгерген әдістерімен алып ұрдым. Өзім кері шегініп, қалың
топтың арасына кіріп кеттім. Өстіп ары-бері қан-жоса болып
төбелесіп жүргенімізде түннің біраз уақыты өтіп кеткенін
сезбеппін, өзіммен келген таныс студенттерді іздей баста-
дым. Әскерлер жабыла ұстап жиналған жастарды үсті жабық
автокөліктерге тиеп жатты. Айналадан ауыр жарақат алып
ыңырсыған жігіттердің, сондай-ақ, көлікке мінбей шыңғырған
қыздардың дауысы естіліп тұрды.

Бір уақытта қасымнан ұзын бойлы қызды шашынан сүй-
реп бара жатқан солдаттың жанына жүгіріп келіп, әлгінің қо-
лын қайырып, жамбасқа салып лақтырып жібердім. Босанған
қыз айғайлап, қаша жөнелді. Мен болсам өзіме жақындаған
әскерилерді жолатпай, қаша төбелесіп жүрген кезімде біре-
удің артымнан: - Талғат, Талғат!, - деп шақырғаның естідім.
Артыма жалт қарасам, өзімнің досым Қалибекті таныдым.
Ол жаныма жүгіріп келіп, - пәтерге кеттік, таңертең ерте ке-
лемыз, - деп құлағымның түбінен айғайлады. Сөйтіп, екеуміз
Әл-Фараби даңғылына қарай жүгіріп асып, алаңнан ұзай бердік.

Таң ата Орталық алаңға бет
алдық. Ойымыз кешегі түннен кей-
інгі өзгерістерді көру. Жастық қой
шіркін! Ұсталып қаламыз-ау, оқудан
шығарып тастайды ғой деген ой са-
намызда жоқ. Көңіліміз алабұртып,
қалайда алаң жақты шолып қайту
болды. Біз келсек, алаңда көп ешкім
жоқ екен. Алаңға кіре алмай жүрген
біраз жастардың тобын көрдік. Со-
ларға келіп, қосылдық. Анандайдан
милиционерлердің бір-екеуі келіп,
бізге ескерту жасады. Әскерлер бол-

262

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

са әлі де Орталық Комитетке жақын арада сап түзеп, ұзыннан
ұзақ тұрғанын көрдік. Сонымен не керек, қасымдағы Қалибек-
пен және бірнеше жігіттер қосылып, бір топ болып Фурманова
көшесімен төмен қарай қозғалдық. Гоголя көшесімен жүріп
Отырар қонақүйінің алдынан өткенде, шетелдік азаматтар бізге
қол шапалақтап қолдау көрсетті.

Ары келе жатқанымызда көп қабатты тұрғын үйдің жоға-
ры жағынан лақтырылған бір-екі құмыра топтағы біреуміздің
иығымызға және бірінің арқасына сарт ете қалғаны. Құмы-
ра тигендер қатты ауырсынды. Жоғары қарап едік, балконда
тұрған орыс кемпірі бізге қарап былапыт сөз айтып, жұды-
рығын түйді. Ыза болған жігіттер, жаңағы құмыраларды кем-
пірдің балконына қарай зырқыратып лақтырып кеп жіберді.
Терезелердің салдыр-гүлдір сынғаны, кемпір мен тағы біреу-
лердің ойбайлаған дауыстары естілді.

Мир көшесінде тұрған горисполкомның қызыл шүберек
таққан кызметшілерімен төбелес басталып кетты. Алаңға қайта
келсек, әскерилер мен милиционерлер алаңды қоршап алыпты.
Ешкімді кіргізбейді. Сонымен, ұсталып қалмайық деп, жігіт-
термен бұралаң көшелерге түсіп, пәтерге әрең қайтып келдік.

Ертеңінде алаңға барғандардың түгелін залға жинады.
Келсек, сахнада техникум директоры және оның орынбасар-
лары отыр екен. Оқу орнының сабақ беретін мұғалімдері
қабырғаға жақын жағалай отыр. Бір уақытта техникум дирек-
торы орнынан тұрып, бізге қарап, ренжи сөйледі. Сонымен
қатар, отырған мұғалімдердің кейбіріне бізге ие болмай көшеге
жіберіп қойғаны үшін, сөгіс жариялады. Алаңдағы оқиғаға қа-
тысқан бір қатар студенттер оқудан шығарылды. Біздің группа-
дан комсорг жане физург Каденова Мадина и Балабеков Серікті
бүкіл топ қорғап аман алып қалдық. Қалғандарымызға қатаң
ескерту беріп, оқуда қалдырды. Бірақ, түгелімізді жеке-же-
ке қабылдап, айыбымызды мойнымызға салды. Кезек маған
келгенде, мені де орнымнан тұрғызып, біраз сөздерді айтты:
«Талғат Башырұлы, сен әскерде Отан алдындағы парызыңды
Ауғанстанда атқарған екенсін, сол үшін де оқуда қалдырып
отырмыз. Бұдан кейін біздің үнемі бақылауымызда жүретін

263

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

боласың, - деді қатаң үнмен жаратпай сөйлеп, - Мынандай
жағдай енді сенде қайталанбайды деп сенеміз».

Иә, сөйтіп, әупірімдеп оқуда әрең қалғаным бар. Деген-
мен, кезінде осы болып өткен ұлы оқиғаға қатысқаныма қазір
де қуанбасам, өкінбеймін.

ӘЛІМБАЕВ ОРАЛХАН

Сол 1986 жылдың 17-ші желтоқ-
саны күні таңертең жұмысқа келген
кезімде жігіттердің жиналып тұрғанын,
әңгімелерінен Қазақстан мемлекетінің
сол кездегі басшысы Д. А. Қонаевты ор-
нынан себепсіз алып тастағаны тура-
лы және орнына Ресейден басқа басшы
әкеліп қойғалы жатқаны туралы естіп,
сол жиналған жұртпен бірге өзімнің де
қарсылығымды білдіруге алаңға бар-
дым. Қалың қазақтың арасынан жолдасым, кластасым Нұр-
лан Бекбаевты кездестірдім. Екеуміз сол жерде тұрған өрт
сөндіретін машиналар мен танктердің қасына жақындадық.
Бүкіл жиналған қазақ, жас-кәрісі бар қарсылықтарын білдірді.
Халық арасынан белсенді мүшелерді жинап, іштегі жиын-
ды көздерімен көріп, құлақтарымен естуге алып кіріп жатты.
Бірақ, өкінішке орай біраз уақыт өтсе де, олардан еш хабар
болмады. Біздерді 3-4 мәрте сол жердегі тұрған әскерилер мен
милиция қызметкерлері соққыға жығып, қуып тастап отырды.
Қолымызда ешқандай қорғанатын заттар болмады.
Мөлшері түс кезі, сол кездегі Фурманов көшесі жағынан
10-15 автобус тұрғандарды жапыра кіріп, ішінен ақ каска киген,
қолдарына ақ қалқан (щит) ұстаған әскер халыққа лап қойды.
Жас, кәрі демей барлығымызды соққыға жықты. Талай адамды
ұстап әкетті. Біздер қайта жиналып келген кезде сол жағдай
тағы қайталанды. 
Осындай кездердің бірінде мен сол жердегі госпиталь

264

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

(военный) қорғанынан ішке қарай секіріп, сол жерден шыға
бере қолға түсіп қалдым. Шамам біреуіне ғана жетті, олар көп
еді. Сол арада бәрі жабылып мені бел тұсымнан темір труба-
мен соғып жерге құлатты, ары қарай не болғанын білмеймін.
Есімді жисам, 15-20  әскери киім кигендер қоршап тұр екен.
Ішінен біреуі, «мынау әлі тірі екен, өлтіріп забордың арты-
на лақтырайық» деді. Тағы бірі келіп аяғымен мені аударып,
«киген шалбары Американский екен» деп, артқы қалтамнан
Ауғанстанда қызмет еткенім үшін берілген куәлікті көріп, «мы-
нау ана жақта соғысып келген екен, енді мұнда соғысайын
деген екен» деп арасында прапоршик шені бар кісіге куәлігімді 
берді, ол тегі жаны ашыды ма, «өлтірмеңдер» деп өтіп бара
жатқан жедел жәрдем шақырды.

Менің екі аяғымды баса алмай, тіпті аяғым жоқ сияқты
жатқанмын, жедел жәрдемдегілер менің ана-мына жерімді
басып көріп, сүйектері сау, мұндайларды алмаймыз деп кетіп
қалады. Біраз уақыттан соң мені көтеріп әкеліп милиция қыз-
меткерлеріне тапсырды. Екі капитан мені бүкіл алаңда тұрған
(оципление) қоршау арасымен тағыда соққының астына алып
телевидение қасында тұрған автобусқа әкеліп тықты. Онда
отырған адамдар үлкен әйел, ағалар маған көмектесіп артқы
орындығына отырғызды. Біраздан соң терезелерді торланған
ПАЗ автобусына отырғызып ылғи жастарды, 10-15 адамбыз,
сол кездегі Ташкент көшесіндегі РОВД-ға әкелді, онда орын
болмады. Одан әрі Сейфуллин көшесіндегі түрме болу керек
соған әкелді, ол жерде де орын болмады. Одан әрі Жангелдин
көшесінде орналасқан Түрксиб РОВД-сы сол жерге әкеліп
қамады. Бір камерада қанша адам екенін білмеймін отыра-
тын орын жоқ, бір тапшан тұр екен соған мен сияқты жүре
алмайтын, қол сынған, бас жарылғандар отырдық. Сол жер-
дегілер көбі театральнидың студенттері болды. Қалғандары тік
тұрды, өйткені бәрі полға отырса сыймайтын болды. 3 күн аш
отырдық, суды туалет бочогынан іштік. Кештен бастап терге-
ушілер бір-бірден алып шығып, болмаған істемеген нәрселерді 
мойнымызға тағып, ақыры мені 15 күнге жабатын болды. Егер
тағы басқа қылмысың болса ары қарай түрмеге отырасың деді.

265

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сот болып прокурор ма, үлкен кісі менімен жеке сөйлесіп,
Ауғанстанда әскери борышымды атқарғанымды ескерді ме,
әлгі алаңда қалтамнан алған куәлігіме сұрау салдырды. Абы-
рой болғанда куәлік 3-күннен кейін табылып мені 19-20-ма,
үйіме қайтарды.

Сөйтіп, мен үйде бір апта жатып, аяқтарым басуға келіп
жұмысқа шықтым. Комсомол жиынына салып жерден алып,
жерге салды. Онымен қоймай алыста жатқан әке-шешемді ауыл
арасында, райкомнан, облыстан келген адамдар абыройларын
айрандай төкті.

1988 жылдың қаңтар айынан бастап, мамыр айына дей-
ін мені жұмыс басынан алып кетіп, өтірік сенің фотоларың
табылды, пышақпен милиция қызметкерін жараладың деп
айып тақты. Есімде бары, екі тергеушінің бірінің аты Марат
фамилиясын білмеймін, олар маған мойындай сал, жеңілдік
болады, ары кетсе 2-3 жыл ғана отырасың деді. Мен олармен
келіспедім, қол қоймадым.

Ақыры біреуі маған келісейік, сен ауған соғысы ардагері
екенсің, сенің льготаң бар, Волга автокөлігіне кезекке тұр, ары
қарай өзім жасаймын, саған ақысына 2500 сом (рубль) беремін
деді, мен тағы келіспедім.

Содан кейін ұққаным, менен оларға сол ғана керек екен.
Ойланып кел деп үйге қайтарды. Болған жағдайды келіп жез-
деме айттым. Ол кісі бәрі түсінікті болды, барма деді. Біраз
уақыттан соң олар 1-2 рет жұмыс орныма келді, мен олардан
тығылып қалдым. Сонымен бұл жағдай тоқтады. Өкінішке
орай, белдің зардабын біраз көрдім.

***
Әлімбаев Оралхан Разқанұлы 1966 жылы 27 наурызда
Шығыс Қазақстан облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 
1984 жылы әскер қатарына шақырылып, 1986 жылы
әскери борышын Ауғанстан жерінде абыроймен орындап елге
оралған. Мемлекеттен алған алғыс хат, наградалары бар. 1986
жылы Алматыдағы КазГУ-ге оқуға түсе алмай, Алматыжил-
строй СМУ-30 құрылыс мекемесінде жұмыс істеген.

266

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ӘЛПИЕВ ЕРБОЛАТ

...жергілікті тұрғын қазақтар, үлкен қарттар бізге нан,
тамақ таратып жүрді

1986 жылы мен сол кездегі Қа-
зақ ССР-нің орталығы Алматы қа-
ласында қазақ Мемелекеттік Ауыл
шаруашылығы институтының электр
энергетика факультетінде 5 курс сту-
денті едім.

1986 жылы 16 желтоқсанда
кешке жақын радиодан сол кездегі
Қазақ ССР-і Компартиясының бірін-
ші хатшысы Д.А. Қонаевты орнынан
алып тастап, орнына Колбин тағайындалды деген хабар естідік.
Сабаққа дайындалып жатқан бөлмедегі барлығымызда реніш
болды. Ертеңінде Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің
қиылысындағы №2 корпуста сабақта отырғанбыз, бұл 1986
жылдың 17 желтоқсаны еді, әлі есімде, таңертенгі сағат 9:00
шамасы болатын.
Бір кезде сыртта машиналардың дауысы, адамдардың
айқайы естіле бастады. Біз барлығымыз терезеден сыртқа
қарадық, 500-ден астам адам Абай даңғылымен Республика
сарайына қарай кетіп бара жатты. Сабақ беріп тұрған мұғалім
коридорға қарай беттеді, біз артынан қоса шықтық. Бірінші
этажда сыртқа шығар есіктің алдында сол кездегі ректор Борис
Николаевич Шах тұрды. Бізге сабақ оқығыларың келмесе,
фамилияңды айтта ана тобырға қосыла беріңдер деді, ондағысы
институттан шығартып тастаймын дегені ғой.
Біз бір топ 5 курс студенті, ыңғайлы жер тауып, сыртқа
шықтық, әлі не болғанын ұқпадық. Институт үлкен бір квар-
тал ішінде: барлық корпустары спорт алаңы, әскери кафедра,
тамақтанатын 2 асхана, 1 кафе, кітапхана, шеберханалар орна-
ласқан болатын және №1-5 жатақханаларда осында орналасқан
еді. Сабақ оқығанға барлық жағдай жасалған. Біз бір топ 5

267

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

курс студенттері №4 өзіміз орналасқан жатақханаға келдік,
бір-бірімізден сұраймыз не болып жатыр деп. Біраздан соң
орталық алаңға бардық. Алаң тура біздің жанымызда еді, әрі
онда бірінші хатшы отыратын мемлекеттік үй де сонда болатын,
қазір Алматы қаласының әкімшілігі орналасқан.

Алаңға жан-жақтан біз сияқты жастар келіп жатты. Три-
бунадан сол кездегі Камалдинов, Князев сияқты басшылар сөз
сөйлеп халықты сабырға шақырып, үйлеріне қайтуды сұрап
жатты. Бірақ үйіне қайтатын жастар көрінбеді, керісінше,
алаңға келушілер үсті-үстіне көбейе берді. Сол кездегі мили-
ция қызметкерлері әр жерлерде қадау-қадау болып сап түзеп,
бізге қарап тұрды. Барлығымыз не болғанын сонда ғана ұқтық.
Кешке дейін тарамаған соң халықты сумен атқылап, таяқтай
бастады. Ызаға булыққан біздерге, күшке күш көрсетуге тура
келді. Алаңда су атқыш машина, милиция жигули машинасы,
автобус - жастар қолынан отқа оранды. Біздің №4 жатақханада
сол кездегі факультет деканы Арғын Ғазизович Омашев ба-
стаған бір топ мұғалімдер жиналыс ашып, бізді кезекшілікке
қойды. Жатақхана есігін тарс жауып, құлыптап қойды, бұл 17
желтоқсан, сағат 22-23 шамасы еді.

50 жігітті 3-ке бөліп 30 жігітті №3 жатаханамен екі ор-
тада кезекшілікке, 10 жігітті жатақхананың екінші жағына
қойды. Ондағы ойлары институт территориясына бірде-бір
адам кірмесін дегендері еді. 10 жігіттің ішінде менде бар, бізге
жатақхана есігін күзетесіндер деді. Барлығына график жасап,
тізімдеп, қолымызды қойғызып, 4 конвертке салып, 4 жаққа жі-
берді. Олар Қазақ ССР орталық коммунистік комитетіне, Қазақ
ССР комсомолдар орталық комитетіне, ішкі істер министір-
лігіне, КГБ-ға қол қойып, мөр соғып жіберді. Кейіннен білдік
осы бір жіберілген документтің арқасында біздер сотталмай,
сабағымызды оқуға, аман қалуымызға үлкен ықпал болғанын.

18 желтоқсан, сағат 7:00 дейін біз жатақханада есік күзе-
тумен болдық, таңғы 7:00 ден кейін есік бұзылып барлығы-
мыз көшеге шығуға, адамдармен араласуға жағдай туды. Жел-
тоқсанның 17-сі мен 18-не қараған түнде әр 2-і сағат сайын
бізді тексеріп отырды. Көшедегі халыққа қосылған соң мен

268

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сәтбаев-Фурманова көшесінің қиылысына бардым, адамдар
көп екен, алаң мен Күләш Байсейтова көшесінің, Бейбітшілік
көшесімен Сәтбаева көшесінің қиылыстарында адам қарасы
көбірек екен, сол кезде менің мөлшерімше оқиғаға қатысқандар
10-15 мындай болады.

Бір қызығы жергілікті тұрғын қазақтар, үлкен қарттар біз-
ге нан, тамақ таратып жүрді. Оқиғаға қаланың орысқа айналып
кеткен қазақтары да қатысқанын көрдім. 18 күні сағат 13-14 тер
шамасында «ЗИЛ-130 тиелген Москвадан келген»- деп жатты,
Альфа группасы келді. Алаңды 5 қатар құрып жібермей тұрған
милиция, ішкі әскер т.б. құрылымдар болды. Қолдарында ду-
бинка, саперлық күрекпен қаруланып, бастарында иегіне дейін
түскен әйнегі бар сары шілем, үстерін бірақ жауып тұрған
оргстеклодан істелген қалқандар, осының барлығы бір түрлі
суық, жаман әсер қалдырады екен.

Ал, ортада тұрған үкімет үйін бірқатар иықтарымен сап
түзеген автомат асынған әскерлер қоршап тұрды. Үкімет үйі
барлық жағынан көтеріліске шыққан адамдармен қоршалған,
оған дейін жету үшін 700-800 қадамдай бар еді. Үкімет үйінің
төбесінде пулемет, зеңбірекке ұқсас нәрселер, әскерилер тұрып,
телевидениеге түсіріп жатты, бірнеше камералар, үлкен 3 аяғы
бар фотопараттармен фотаға түсіргендері байқалып тұрды.

Үкімет үйінің қарсы бетіндегі ауыл шаруашылығы ми-
нистірлігінің ғимаратының үстінде де осындай жағдай. Бұлар
барлық алаңға жақын көшедегі тұрған адамдарды түсірумен
айналысты. Альфа группасы келгенде оларға жол ашып күзетте
тұрған милиция, әскерилер бізге лап берді. Бұл Брежнев алаңы-
ның Сәтбаев көшесі, Фурманов көшесімен қиылысқан тұсы еді.
Алаңды қоршап тұрған милиция, әскерлер саны мөлшермен
5-6 мың болатын. Мен сол жерде көппен бірге жүргендіктен
қашуға тура келді.

Океан магазині мен Пицерияның қиылысқан жерінде екі
қазақ қызы құлап мен жандарында кісінің көптігінен, нөпір
қысымымен бір тізерлеп отырып қалдым, қолымды қарманып
біреудің мойнындағы шарфына жармасыппын, содан 4-5 адам
іркес-тіркес болып, адамдар өтіп болғанша бірімізді-біріміз

269

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

сүйемелдеп тұрдық. Құлап жатқан 2 қызды адамдар таптап
өтіп жатты, бәрі өтіп болған соң екі қызды қолтығынан көтеріп
алдыға жүгірдім. Кездейсоқ бас киім тігетін шеберхана жағына
шығыппын, сол кішкене ғана жерде 200-ден артық ұл-қыздар
сығылысып тұр екенбіз, шеткі ернеуі мрамордан, граниттен
жасалған ернеулер бырт-бырт тастары сынып жатты. Жігіт-
тері аз, қыздары көп ортада қалдым, тезірек шешім қабылда-
масам, жағдай қиындай түсетінін білдім. Жолды 5 милиция
мен әскери адамдар жапты, қолдарында дубинка, үшеуі қа-
зақ ұлтынан екен, біреуі “кетсеңші” деп маған айғай салды,
өйткені көп жерде көбіне жігіттерді алып кетіп жатқан еді.
Мен “шегініңдер” деп айқай салдым, үш қазақ шегіне жөнелді
қалған екеуі ұқпасада бірге кетті мен төмен жағы 4-5 метр бо-
латын жерге қарай секірдім. Орнымнан тұрып жатқанда еңге-
зердей бір орыс милиционер дубинкамен аямай ұрды, қайта
абырой болғанда сол иығыма тиіп құлауға аз-ақ қалдым, иығым
сынды ма деп едім аман екен. Жүгіріп бара жатып көз қиығы-
мен байқап қалдым, бір орыс милиционер бір қазақ қызының
шашының артынан ұстап алып бетін дубинкамен соққылап
жатыр, көмек көрсету деген ол жерде бірге қалумен бірдей еді.

Сол жерден 70-80 метр жерде көтеріліске шыққан қалың
жұрт тұр екен, мен соларға барып қосылдым, көз алдымызда
қаптаған милиционерлер адамдарды - қазақтарды ұл демей,
қыз демей тепкілеуде, көше бойы айғай-шу. Аз тұрып халық
қайта лап беріп, соғып жатқан жүздеген адамды құтқардық.
Құмырсқаның илеуіндей болған уақиға еді және бәрі қас-қағым
сәттерде болды. Осылай кезең-кезең бір-бірімізге шабуылдап
тұрдық, таяқ жеп, қан-қан болған қазақ жастары.

Милиция, әскерилер тек бірінші күні ғана таяқ жегені
болмаса қалған күндері оларға түкте болған жоқ. Көше бойы
аққан қан іздері, жарылған бас, шыққан көз, еңіреген адамдар.
Брежнев алаңының ортасында 14 автобус тұрды (5 ЛАЗ ав-
тобусы, 9 ПАЗ) оқтын-оқтын адамдарды соған салып алып,
сабап-сабап алып кетіп жатты.

18 күні сағат 11-лер шамасында Колбинмен кезде-
суге жиырмаға тарта адамдар барып келді. Бұдан ештеңе

270

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

шықпайтыны бәріне белгілі еді. Москвадан Соломенцев
ұшып келді деп жатты. Халық арасында сол кезде комсомол-
дың бірінші хатшысы болған Серік Абдрахманов келіп тоқтау
айтып жүрді. Сол толқулар кезінде біздің факультет деканы
А.Ғ. Омашев жарықтық ағай орысша сөйлеп, қазақтарды аса
менсініңкіремей, қазақша білмейтін кісі сияқты болып жүретін,
сол деканым қысылған кезде қазақша сайрап, бисмилланы
айтып, қазақша Құдайды аузына алғанда мен таң қалдым. Есіме
артынан қазақтын “қысылғанда соқыр көзден жас шығады”
деген мақалы түсті.

Aбай даңғылы мен Фурманова көшесінің қиылысында
бір ЛиАЗ автобусын тоқтатып «Кім сөйлейді?», «Кім қандай
ақыл айтады?»- деп адамдар шуласып тұрдық. Сөйлеймін де-
гендерді автобус төбесіне шығарып айтқызады, ондайлар өте
көп болды. Тіпті біреу алыстау жерден мен сөйлеймін десе
соған автобусты жылжытып апарады, бейне бір сіріңке ко-
рабындай. Айтпағым адамдардың көптігі, күштің көптігі еді.
Бірақ айтылған ақылды ешкім тыңдап, орындап жатқан жоқ
еді, бәрі «стихиный» еді. Түстен кейін Роза Бағланова апай, қа-
сында оншақты қазақ қыздары бар, басу айтуға келіпті. Ол кісі
ақымақтық, тараңдар, кетіңдер деп халыққа терістеу сөйледі,
ашу қысқан адамдар ол кісіге “сенде қазақсың, сол қазақтың
арқасында белгілі болдың, кетсең өзің үйіңе кет” деп айтып
тастады. Әзербайжан Мамбетов, Олжас Сүлейменов, Мұхтар
Шахановтар үйінде қамауда деген информация тарап жатты.
Мир проспектісі мен Сатпаев көшесі жағында халық арасына
КГБ әдейі автомагазинмен арақ, торт таратқанын көрдім. Ол
жақта зооветинституты, архитектурный институт, байланыс
техникумы азаматтары тұрған. Бірақ халық ондай арандатушы-
лыққа бармады.

Халық арасында қолдарына фотоапарат ұстаған бір-
неше, түрлері орыс-татар жігіттеріне ұқсайтын азаматтар
жүрді. Байқап қалғандары фотоаппаратын тартып-ап өздерін
азды-мазды жөндеп қойдық. Мұндайдың екеуі құрылыс ми-
нистірлігінің алдында болды. Кешке қарай біздің №4 жатақхана
мүлде тұруға жарамай қалды, 10-20 минутқа милиция басып

271

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

алады сосын жарты сағаттан кейін біз оларды қуып шығамыз,
осыны көргеннен кейін №2 жатақханадағы тұратын кластасым
Д. Бейсенов пен нағашы інім А. Тлеужановтың қандай халде
екенін білмекші болдым.

Институт территориясымен соларға жетпекші болдым,
әншейінде 10-15 минут жүретін жерді бір сағаттан артық жүру-
ге тура келді. Жол бойы милициямен біздер қазақтар төбелесу-
ге тура келді. Былайша айтқанда солай жол салуға тура келді.
Қаптаған овчарка иттер, резеңке сойыл, күрекпен қаруланған
милиция, әскерилер. Досыма келсем олардың жатақханасын
кірер аузын барикада істеп тастапты, мені көріп танығандар
кішкене саңылау жасап ішке кіргізді, олардың да жатақха-
насына қаптап милиция кіріп, саперлік күрекпен көптеген
жігіттердің, қыздардың бастарын жарыпты. Бастарын барып
тіккізген ұл-қыздар бейне бір соғыста жүргендейміз. Оларды
көріп қозғалмай салбырап қалған сол қолыма шүкіршілік дедім.

Терезеден көріп тұрдық, БТР мен БМП мен халықты қу-
алап жатты, басып жаншып жатты. Овчаркаларын жетелеп,
халықты талатқаны қаншама. Біздер бір соғыста жүргендей
танысақта-танымасақта бір-бірімізге болысып жаттық. Ер-
теңінде алаңға шығу мүлде мүмкін болмай қалды.

Осы болған уақиғадан кейін бізді барлық құзырлы ме-
кемелер тексере бастады. Біз бәріміз киімдерімізді өзгертіп,
шашымызды алып, түрімізді өзгертуге тырыстық деген сияқты.
Қаңтар айының аяғына дейін күнде осындай тексерулер болды.
Қолдарында фотолары бар жатақхана кезіп, аудиторияларға
барып тексерді. Содан барлық қазақтарға арналған жарлық
шықты, «үш адамнан артық жиналуға болмайды» деген. Егер
біз үшеу-төртеу болып жинала қалсақ жанымызға милиция
жетіп келетін.

Март айына дейін коменданттық сағат жариялады, сағат
22:00 дейін шектеу қойды. Көше толған милиция, славян
халқына жататындар көшеде кезекшілікке тұрды, өздері өз
еріктерімен кезекшілікке келіп жатқан оларды көргенде ыза-
мыз келді. Өз елімізде, өз жерімізде, өз астанамызда не еркін
жүре алмайтын, не өз тілімізде сөйлей алмайтын халге түстік.

272

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сондықтан 16-желтоқсан ел Тәуелсіздігін алған күн деп аталды,
менің ойымша бұл Д. Қонаев ақсақалға деген кұрмет сияқты.

3-4 жыл өткен соң мерекеге 17 желтоқсан қосылды, мұны
да Желтоқсан оқиғасына құрмет ретінде істелді ме деп ой-
лаймын. Қазір міне, көк туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз
бар, жер жаһанда көлемі жағынан 9-орында тұрған тұғырлы
елге айналдық. Әлемнің бар елі бізді таныды, бізді біледі, біз-
бен санасады. Қазір көшеде, ғимараттарда, барлық жерлерде
де өз тілімізде сөйлей аламыз. Бұл тәуелсіздіктің тәтті дәмі!

Әрине болған оқиғаны, сол бір Желтоқсан күндерін
көбірек жазуға болар еді, кейін де айтылар. Ал осы бір жазған-
дарым қазіргі, болашақтағы жас ұрпақ - тәуелсіздіктің қандай
жолмен келгенін білсін деп жазғаным. Мен өзімді сол оқиғаға
қатысқанымды мақтан тұтпаймын немесе мен осылай істедім
деп кеуде қаға алмаймын, менің ойымша жүрегі Қазақ деп
соққан әрбір адам елін, жерін қорғауы керек. Бұл барлығы-
мыздың міндетіміз.

***
Әлпиев Ерболат Сайфоллаұлы 1965 жылы 13 мамырда
Зайсан қаласында қарапайым көп балалы отбасында дүниеге
келген. Орта білімді Зайсан орта мектебінде алған. Энерге-
тика мамандығы әрдайым құрметті болып саналғандықтан,
жүрегінің қалауымен және туыстарының кеңесі бойынша өз
таңдауын жасап, Қазақстанның ең көне жоғары оқу орында-
рының бірі - Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын
“инженер-электрик” мамандығы бойынша оқуға түсіп, бітірген.
Институтты бітіргеннен кейін жеке тұлға ретінде де,
басшы ретінде де қалыптасудың барлық жолынан өткен, өзінің
еңбек жолын 1988 жылы Ақсуат комбинатында БӨҚжА электр-
мен жабдықтау және шебері болып бастаған.
Энергетикаға, Зайсан АЭЖ-сіне 1988 жылы ҚТ инже-
нері болып келді, 1992 жылдан бастап АЭЖ диспетчері болып
тағайындалды, содан кейін Оңтүстік аймағының диспетчерлік
қызметінің бастығы, 2004 жылы - Зайсан АЭЖ-сінің бас инже-
нері болып тағайындалды, ал 2005 жылы - Зайсан АЭЖ-сінің

273

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

бастығы, бір жылдан кейін 2006 жылы - Оңтүстік аймағының
директоры болды, 2007 жылы “ШҚ АЭК” АҚ пайдалану де-
партаментіне Өскемен қаласына директор лауазымына ауы-
стырылды, 2008 жылы - Сол жағалау аймағының директоры
болып тағайындалды, ол кейіннен 2012 жылдан бастап Өске-
мен аймағымен біріктіріліп, Алтай Аймағы деп аталды.

2013 ж. - 2016 ж. аралығында дейін Аймақтар бойынша
басқарушы директор лауазымында қызмет атқарды.

2016 жылы ШҚ АЭК АҚ құрылымының өзгеруіне байла-
нысты “Алтай аймағы” директоры болып тағайындалды, оның
құрамы Шығыс Қазақстан облысының 14 ауданы - Өскемен,
Өскемен қ. ҚС тобы, Алтай, Большенарым, Глубокое, Зайсан,
Күршім, Катон-Қарағай, Көкпекті, Сол жағалау, Риддер, Таврия,
Тарбағатай, Шемонаиха электр желілерінен құралған.

БАЖЫҒАЛИЕВА (ӘШІМОВА) ЖАЙНАГҮЛ

1986 жылы желтоқсанда Қаз-
ПИ-дің 5 курс студенті едім.

1986 жылы желтоқсанның 17-
сі күні кешке қарай №4 физика-ма-
тематика факультетінің жатақхана-
сындағы студенттермен бірге «Менің
Қазақстаным» әнін шырқап, алаңға
шықтық. Алаңға өте көп жастар жи-
налды, «Басшы қазақ болсын!» деп
жан-жақтан жастар ұрандап, өз та-
лабымызды айтқанда, алаңда қолда-
рында қалқандары бар әскери адамдар мен солдаттар саппен
тұрған еді. Бір кезде алаңға шыққан адамдарды сумен атқыла-
ды, милиционерлер қуып, ұстап алып соға бастады. Сол кезде
алаңдағы барлық адамдар жан-жаққа қаштық.
Түнде жатақханаға қайтып бара жатқан кезімізде автобус
Сәтпаев көшесінің бойындағы жолдың шетіне тоқтап, ішінен
патрульдер жүгіріп шығып, бізді қуып ұстап алды, мені жағам-

274

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

нан көтеріп алып, автобустың ішіне лақтырды, мен автобу-
стың ішіне құладым. Содан кейін біртіндеп автобустың іші
ұсталған студенттерге лық толы болды. Бұдан кейін Әуезов
аудандық ішкі істер бөліміне апарып, есігінен кіргенде бір-
ден екі қолымызды мойнымызды ұстатып, сапқа тұрғызды да,
орта бойлы ұлты орыс милиция киіміндегі майор: «Надо их
по казармам солдатам сдать. Солдаты сами знают что с ними
делать», - деп айқайлады. Сол кезде өзім ішімнен «Құдайдан
тілерім, осы жерде соғасың ба соқ, өлтіресің бе өлтір, тек ка-
зармадағы солдаттардың қолына түсіре көрме» деп тіледім.
Сонымен фамилиямызды, аты-жөнімізді, қай институттың
студенті екенімізді сұрап қағазға жазып алды да, беліміздегі
белбеуді, мойнымыздағы шарфты алып қалды да, бір-бірлеп
фотоға түсіріп алып, темір тордың ішіне қамап тастады, оның
ішінде адамдардың лық толғаны соншалық, бір аяқпен тұрдық,
жанымда курстасым Нұрпейісова Гүлнар, Серкебаева Какима
да бірге болды.

Алаңда АХБ-да жұмыс істейтін ауылдасым Омарова Гүл-
мираны көрген едім, бір-бірімізбен амандасып өттік. Түнімен
сол жерде қамауда болдық, мен сол темір тордың ішіне кіргенде
ауылдасым Омарова Гүлмираны қайта көрдім, ол да ұсталған
екен.

Таңға жуық фамилия бойынша бір-бірлеп шақырып алып
кетті. Әр студентті бір-бірден кабинеттерге апарып, ұрып-
соғып, сұрақ-жауап алды, түсініктеме жаздырды, содан кейін
босатты.

Содан кейін комсомол жиналыстарына салу басталды,
группаның, курстың, факультеттің, институттың комсомол
жиналыстарына салынып, комсомол қатарынан шығарылдық.
Жетекшіміз келіп, сен институттан шығарылғалы жатырсың,
бұйрыққа ректор қол қойса болды шығарады деді, бірақ
институттан шығарған жоқ.

1987-2004 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданының Малороссийка ауылында физика пәнінің
мұғалімі қызметін атқардым. Мектеп директоры менің Жел-
тоқсан оқиғасына қатысқаным туралы оған ештеңе айтпасам

275

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

да біліпті. Үш жыл бойы мен туралы аудандық оқу бөліміне
ұжымда ұлт араздығын тудырған жоқ деп мінездеме, ақпарат
беріп отырғанын тек 1991 жылы ғана маған өзі айтып берді.

***
Бажығалиева (Әшімова) Жайнагүл Сайлауқызы Шығыс
Қазақстан облысы Күршім ауданы Бурабай ауылында 1965
жылы 13 тамыз күні дүниеге келіп, 1980 жылы Бурабай
сегізжылдық мектебін, 1982 жылы Күршім №3 орта мектебін
бітірген. 1982 жылы қазақтың Абай атындағы педагогикалық
институтының физика-математика факультетіне оқуға түскен.
Жоғарыда айтылғандай, 1987-2004 жылдар аралығында Шығыс
Қазақстан облысы Самар ауданының Малороссийка ауылында
физика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 2004 жылдың 1
қыркүйегінен бастап Риддер қаласының «Шаңырақ» көпсалалы
мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.

БАЙПАҚОВ ЕРЖАН

Біз шегінбей табан тіреп тұрып алдық

1986-шы жылы Алматы қала-
сындағы байланыс техникумында
оқып жатқан кезім еді. 16-шы желтоқ-
сан күні сабақта отырған едік, кенет-
тен Сәтпаев көшесі жағынан шыққан
айқай-шуды ести сала, терезеден ен-
телей қарадық. Қолдарында лозунгы
ұстаған АЗВИ –студенттерінің кетіп
бара жатқанын көріп, соларға ілесіп
алаңға бармақшы болып, отырған
орынымыздан ұшып түрегеле сыртқа
шықтық. Кедергі болған адамдарды шеткері ысырып тастап
алаңға тарттық.

276

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сол жастарға қосылып, қасымда Мухаммед Рахимов
деген жігітпен Брежнев атындағы алаңға келгенде, жастар
аз-маз жиналып жатыр екен. Біраздан кейін жан-жақтан
студенттер қаптап кетті. Алдымызды қарулы әскерлер мен
милиция қызметкерлері шеп құрып қоршап алды. Біз шегінбей
алға ұмтылып, табан тіреп тұрып алдық, бұл қақаған аязды
қыс мезгілінің түске дейнгі уақыты еді.

Олар аяусыз бас, көз демей «дубинка» - резеңке ала
таяқпен төмпештеп ұра бастады. Сол жерде ала таяқ астында
қалған мен де басымнан соққы жеп, жарақат алдым.

Желтоқсан көтерілісіне қатысқаным үшін сөгіс алып,
оқудан шығып қала жаздап, аман қалдым. Осы көтерілісте
алған соққылардың әсерінен денсаулығыма нұқсан келіп, қан
қысымым көтеріліп, жүрегім ауырады. Екі аяқтан басып, жүре
алмай, сал болып қалдым. Қазіргі таңда Мақаншы ауылында
тұрамын. Ауыр жұмысқа жарамсыз болып танылып, 3-ші топ
мүгедегімін. Жанұямда жолдасым және үш балам бар еді.

Өкінішке орай, қолыма қонған құсымды мезгілсіз
ұшырып алып, тірідей ажырап, опық жеудемін. Мұндай
күйзеліс күйімді ешкімнің басына бермесін.

***
Байпақов Ержан Хамитұлы 1965-ші жыл, шілде айының
18-ші жұлдызында Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы
ауылында дүниеге келген.
1972-ші жылы мектеп табалдырығын аттап, 1982-ші
жылы Сәкен Сейфулин атындағы орта мектепті бітірген.
1983-1985-ші жылдар аралығында Украинадағы Харьков
қаласында әскери борышын өтеген.

277

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
БАЙШЫБАЕВ ЖӘНІБЕК

...шындық іздеп шағым айта
келген елдің ақырғы арман-тілектері
Арқада ескен желтоқсан желімен

ұшып кеткендей болды

Мен, 1965 жылы, қаңтар
айының 1-інде Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай
аулында көп балалы жанұяда дүниеге
келдім.

Әкем Байшыбаев Ибрай соғыс
ардагері, шешем Байшыбаева Әнуза
«Алтын алқа иегері». Әке-шешеміз
10 баланы асырап, оқытып жеткізді.
Орта білім алған соң, ары қарай
білімімді жетілдірем деген балалары-
на қарсы болған жоқ. Сондықтан да болар, барлығымыз өзіміз
таңдаған мамандығымыз бойынша еліміздің әр қалаларында
білім алдық. Өз басыма келсем, 1972-1982 жылдары Қара-
тоғай орта мектебін жақсыға бітірген соң, ары қарай білімімді
жалғастыру мақсатымен 1982 жылы Қарағанды қаласына келіп,
құжаттарымды Қарағанды мемлекеттік медициналық институ-
тының санитарлық-гигиеналық факультетіне тапсырдым және
де сол жоғарыда аталған жоғарғы оқу орнына түстім.

Ол уақытта білім беру
жүйесі жоғарғы оқу орын-
дарында тек орыс тілінде
берілетін. Қазақ мектебін
бітіріп, қазақ ауылынан кел-
ген өзім сияқты жастарға ба-
стапқы кезде біраз ауырлау
болды. Әсіресе білген за-
тынды дұрыс жеткізе алмай қиналып, оқыған еңбегінді дұрыс
бағаламаған кездерде қатты күйзелуші едік. Одан қалса ла-

278

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тын тілі ол да қатар жүреді. Жастық жігер және оқуға деген
құштарлықтың арқасында бізде ол қиындықтарды аз уақыт
арасында жеңе білдік. Студенттік кезде спортпен айналысып,
көркемөнерпаздар жұмысына да белсене араластым. Біздің
7 топта қазақтар, орыстар, кәрістер оқыды. Сонымен қатар,
студенттік қызықты шақтын күндері, жылдары жылжып өтіп
жатты.

1986 жылы жоғарыда аталған оқудың бесінші курсында-
мын. 17 желтоқсаныңда жолдасым Бауыржан екеуіміз Бульвар
Мир көшесі бойында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы
театрға спектакль тамашалауға келдік. Үзіліс кезінде біздің
институтта домбырадан жетекші болған Мерген атты жігітпен
жолығып қалдық. Ол бізге 17-желтоқсан күні Алматы қаласын-
да болған жайды естіртті және ертеңгі күні өзіміздің қалада
Обкомның мекемесі алдыңда шеру болатының айтты. Кешке
жатақханаға келген сон, бұл жағдайды өз ортамызда талқыла-
дық және де өз пікірімізді алаңға шығып білдіреміз деп шештік.

18 желтоқсан күні алаңға шыктық, біздің ортамызда тек
студенттер ғана емес, жұмысшы жастар да болды. Шеруге
шыққандар ортасында басқа ұлттың өкілдері де болды. Біздер
Бульвар Мира көшесі бойымен Обкомнын мекемесі алдына
келгенде, алдымызда милициямен бірге ішкі әскер жауынгер-
лері шепте тұрды. Олар біздің Обком мекемесіне жақында-
уымызға жол бермеді. Жиналған халықтың жергілікті Обком
басшылығына талап-тілегі, елдің мүддесін және тағдырын
шешетін маңызды мәселені жоғарғы құзырлы орындарға жет-
кізуін сұрау мақсатында еді. Өкінішке орай, халықтың алдына
Обкомның өкілдерінен ешкім шықпады және де халық пікірі
естусіз, елеусіз қалды.

Осыдан кейін, «Халық сақшылары» - милициялар және
ішкі әскер жауынгерлері жиналған қауымды күштеп тықсыра
бастады, қарсы сөз айтқандарға күш қолданып, қолдарын
қайырып, «ППС» көліктеріне сүйрелеп, қолдарындағы
шоқпарларымен тоқпақтап, зорлықпен автокөліктерге отырғыза
бастады. Жалаң қолымен тек өздерінің азаматтық құқығын
қорғау үшін жиналған халық осылайша күшпен қамауға алына

279

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

басталды. Бір өкініштісі халықтың үкіметке деген сенімі,
одан қалды жоғарғы лауазымды шенеуліктердің қарапайым
халықтан қаншалықты алыс екендігі сол сәтте белгілі болды
және шындық іздеп шағым айта келген елдің ақырғы арман-
тілектері Арқада ескен желтоқсан желімен ұшып кеткендей
болды. Сол көптің ішінде мен де бар едім, қолға түскен көп
жастардың бірі болып ППС автокөлігі ішінде жергілікті Ленин
аудандық ішкі істер бөліміне қарай кете бардым.

Біздерді ішкі істер бөлімшесіне әкелген соң тергеу
жұмыстары басталды. Ондағы мақсаттары, кім ұйымдастырды,
не үшін, қандай мақсатпен шықтық соны анықтау. Тергеу
барысында да милиция қызметкерлері тарапынан қорқыту
және күш көрсету амалдары қолданылды. Тергеу болған соң,
қаладан шықпау туралы ескерту жасалып және шықпаймын
деген қолхат алып, босатты. Одан соң бізді оқу орнында
алдымен топтың, кейін факультеттің, содан кейін институттың
жиналыстарында қарады.

Ол кезде жоғарғы оқу орнында студенттің комсомол
қатарында болуы міндетті түрде болған, сондықтан алдымен
комсомол қатарынан шығарды. Содан кейін ауылдағы ата-
анама хабар жіберді. Ауылдан үлкен ағам келді, оқу ісі
жөніндегі проректорға бірге бардық. Ол жерде ағама менің
істерімнің дұрыс емес екенің ескертіп, бірақ ары қарай
оқуымды жалғастырады деп сендіріп шығарып салды.

Сонымен арада екі апта өткен соң, жаңа жыл мерекесінен
кейін, 1987 жылдың 9-шы қаңтарында курстың жалпы
жиылысы болды, сонда факультет деканы А.М. Филатов біздің
оқудан шығарылуымыз туралы бұйрықты оқыды.

мен және достарым Бакеев
280

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Әлібай - Балқаштан, Тоқатов Қанат - Павлодар облысынан,
Бейсембаев Айқын - Қызылорда облысынан, жоғарыда аталған
институттың №9 бұйрығымен институттан шығарылдық.

Бұйрықтың мазмұны мынадай болған «За недостойное
поведение, выразившееся в антиобщественных проявлениях
и нарушении учебно-трудовой дисциплины исключить из
института студента 5-го курса санитарного-гигиенического
факультета 507 группы Байшыбаева Жаныбека Ибраевича.
1965 г.р., подпись и.о. ректора М.Т.Алиякпаров».

281

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Бізге ең ауыр тигені орнымыздан тұрғызып бұйрық
оқылған соң, деканның бес жыл бірге оқыған бүкіл курстастар-
дың алдында «покиньте зал» дегені, әлі күнге құлақтан кетпейді.

Содан біраз уақыт Қарағандыда болдық, ауылдағы туған-
туысқа айту ұят, ойымыз, мамыр айына дейін жұмыс жасап,
содан соң әскерге бірге кету болды. Бірақ ол ойымызды сез-
гендей деканаттан үйлерімізге институттан шығарылғанымыз
жайлы және Қарағандыда қалдырмай алып кетуімізді сұрап,
телеграмма салыныпты. Амалдын жоқтығынан бір-бірімізге,
бірге оқыған, бірге жүрген дос, жолдастарға және бауыр басып
қалған Қарағандыға хош деп туған өлкемізге тарастық.

Ауылға келген соң ұмытылар деп ойлағаным болмады,
онда келген күні жергілікті участкелік милиционер келіп, күнде
кешкі сағат сегізге дейін келуімді және сегізден кейін үйде отыру
керек екенін, бір жаққа баратын болсам оған ескертуімді талап
етті. Бұл қорлыққа шыдамай қарсы шықтым, бірақ онымды ұғар
ол жоқ, менде бұйрық солай деп келісер емес. Бір жақсы болға-
ны ол кісі шешем екеуі рулас болғандығы, шешем жарықтық өте
ақылды, сөзге де шебер адам еді, бір-екі сөзбен оны тоқтатып,
менің оған күнде бармайтынымды және әскерге шақырылғанша
ауылда тыныш жүретінімді айтып, келісіп шығарып салды.

1987 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырыл-
дым, алғашқыда ПВО Московский округте дайындық өттім,
кейін менде толық бітірілмеген медициналық білімім бар
екенін білген соң, Красногорск қаласының маңында орналасқан
114 округтік әскери госпитальға ауыстырылдым.

282

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Ол кезде Ауғанстанда соғыс жүріп жатқан кез болатын.
Біздің медицина взводын әскери госпитальдің жанында жарты
жыл бойы дайындықтан өткізді. Біздің ортамыздан бірнеше
курсантты да Ауғанстанға жіберді. Мен өзім сұрандым, ондағы
ойым ерлік көрсету емес жоғарыда көрсетілген институттан
шығарылғандағы үкімді теріс, өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеу
мақсатында еді. Бірақ жібермеді. Себебін сұрағанымда, әскери
госпитальдің бастығының саясат жағынан орынбасары менің
институттан не үшін шығарылғаным жайлы оқу орнымнан
дерек алдырғанын айтты және одақтан тыс жерге бара ал-
майтынымды ескертті. Бұл шешім менің жеке басыма деген
сенімсіздік еді. Ол менің намысыма тиді.

1989 жылдың маусым айында әскери борышымды аяқтап
үйге келдім. Тамыз айында бұрынғы оқу орнымды жалғастыруға
бел буып Қарағанды қаласына келдім. Жоғарыда атап өткен үш
досым да келді. Біздің жеке іс қағаздарымыз үш мәрте болған
ректорат мәжілісінде қараусыз қалдырылды. Ақыры қыркүйек
айында болған төртінші ректоратта қаралып, соңғы ескерту беріп,
бір жылдық ескерту мерзімімен оқуға қабылдау шешімі шықты.

1991жылы өмір-
лік жұбайым Райгүл-
ге үйленіп, жоғарыда
аталған оқу орынды
ойдағыдай аяқтап,
Шығысыма, туған
жеріме келдік. Еке-
уіміз мамандығымыз
бойынша медицина
саласында қызметке
орналастық. Мен облыстық санитарлық эпидемиологиялық
станцияда қызмет жасадым. Кейін әскер қатарына шақырылып
әскери медицина саласында қызмет атқардым.
2010 жылы медицина қызметінің подполковнигі шеніңде
зейнеткерлік демалысқа шықтым. Әскерде қызмет атқарған
кезімде медицина қызметінің үздігі медальдарымен, 1,2
дәрежелі «Қайсар» төс белгілерімен марапатталдым.

283

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

***
Бұл күнде жұбайым екеуіміз үш баланың әке -шешесіміз,
бір немереміз бар.
Зейнеткерлікке шықсам да еңбек жолымды мамандығым
бойынша жалғастырудамын. Коронавирустан еліміздің басына
іс түскенде, эпидемиялық қауіп төнген кезде Семей қаласында,
кейін Өскеменде провизорный стационар ашылуына көмек-
тесіп, медицина қызметкерлерін оқытып, солармен үзеңгілес
болып екі мәрте провизорный стационарда қызмет жасадым.
Сол провизорный стационарларды ашу кезінде әскери қызмет-
те жүріп, Санкт-Петербургте әскери медициналық академия
курсында алған тәжірибем көп көмектесті.
Мен сіздерді, өзімнің өмірбаяныммен қысқаша таны-
стырып өттім. Бар айтарым, тән жарасы жазылар, бірақ сонау
жылдардағы желтоқсан оқиғасына қатысып, кейін небір әділет-
сіздікті басынан өткерген жастардың жан жарасы жазылмай,
жүректерде өшпес терең із қалдырғаны өкінішті. Ол бір кем
дүние. Бұл тек өткенді еске алу деп ойламаңыздар, келер буын
жастарға тәуелсіз елдің еркіндігі мен елін сүйген аға буын
өкілінен аманат деп білгейсіздер.

БАҚЫЖАНОВА (ҰЛТАРАҚОВА) БАҚЫТГҮЛ

1986 жыл, желтоқсанның 17-
сі Алматы қаласы. Мен құрбы қыз-
дармен серуендеп келе жатқан едім.
Қарасам алдымызда бір топ адам үй-
мелеп бір нәрсе қарап тұр. Жақындап
келсек, газет сатушы екен. Ол газет-
те Қонаевтың орнына қойған ұлты
басқа азамат Колбин туралы мақала,
суретімен тұр екен. Біз таң қалдық,
аяқ астынан неге бұлай болды деп.
Адамдар топ-тобымен алаңға кетіп

284

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

бара жатыр екен. Соларға еріп біз де алаңға бардық. Ондағы
ойымыз неге біздің қазақ елін басқа ұлттың адамы басқарады,
неге Қонаевты алып тастады? Бәріміздің ойымыз осы болды.
Күн суық, аяз еді…

Алаңда адам көп болды. Жастар «Атамекен», «Қазақста-
ным менің» деген патриоттық әндерді айтып тұр екен. Біз де
қосылып айттық. Жігіттер мрамордың тастарын көп қылып
дайындады. Біз тастарды тасып тұрдық. Сөйтіп тас лақтырдық,
11 көлік жанғанын көрдік. Біраздан кейін үлкен-үлкен су шаша-
тын көліктер келіп, үстімізге суық су шашты, пальтомыз қатып
қалды. Кетіңдер!- деп 600 солдат артымыздан қуды. Қашып әрең
құтылдық. Бірақ алаңда болғанда айтты: «Қазақ деген қандарың,
намыстарың болса ертең таңертең алаңға шығындар!» деп.

Түнгі сағат 1 де жа-
тақханаға келіп: «Таңертең
алаңға шығайық»- деп айт-
тық. 17-ші желтоқсан күні
таңғы сағат 5.00 де қайта жи-
налдық. Қазақ деген намыс
жібермеді. Вахтершаны акт
залына қамап, телефондар-
дың барлығын қиып таста-
дық. Далаға шығайық десек,
жатақхананың сыртқы есігін
құлыптап тастапты. Біз тере-
зеден секіріп шықтық. Бір топ
болып алаңға қарай бет алдық.
Қайдан шыққанын білмеймін, ППМ автокөлігі артымыздан
қуды. Бірақ алысқа ұзамай, яғни, алаңға жетпей ұстап алды.
Бізді сол көлікке тиеп, Ленинский РОВД-ға алып келді. Содан
бізді (допрос) жауапқа тартты (шапалақпен соқты, темір цеп-
пен ұрды). Теріс қаратып дубинамен ұрғанда көзім қарауытып
талып қалдым, бетіме су шашып, есімді жиғызып қайта орын-
дықпен ұрды. Неше түрлі боғауыз сөздер айтылды. Осылай
бізден өштерін алды.

18-ші желтоқсан күні, түнгі 2.00-ге дейін тергеді. Таңға

285

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жуық бізді көлікке тиеп КПЗ-ға алып келді ол жерде 10 тәулік-
ке қамады. Қараңғы подвал, 1 камерада 50 қыз жаттық. 50
адамға 1 унитаз, 1 раковина. Камерада не күн не түн екенін
білмейміз. КПЗ-да жатқан жігіттерді өлгенше ұрады да, қан-
дарын бізге жуғызады. Кезекпен тамақ істейміз. Патриоттық
өлеңдер айтамыз. Біздің дауысымызды көрші камера да жатқан
жігіттер естіп, қуанды.

10 суткамыз бітіп, далаға шықанымдағы қуанышымды
айтып жеткізе алмаймын. Қайта жарық дүниеге келгендей бол-
дым. Далада желтоқсанның аяғы, қар жоқ, жаңбыр жауып тұр,
жер қап-қара. Жаңа жылдық шыршалар құрулы тұр. «Желтоқ-
санға қатысып мерт болған жазықсыз жандардың туыстарының
көз жасы ғой…»,- деймін ішімнен. КПЗ-дан шыққан соң да
ешқандай жақсылық болған жоқ. Оқуда шығарды, комсомол-
дан шығарды. Ешқайда жұмысқа алмады, фашистсіңдер деп
Алматыдан қуды. Баратын жер жоқ, қыста далаға қонған кезім
де болды. Сол кезді ойласам жүрегім ауырып қан жылайды.
Құдай басқа бермесін. Келер ұрпағымыз мұндайды көрмесін.
Елім аман болсын.


***

Бақытгүл Нұрқұмарқызы ШҚО, Өскемен қаласы, Катон-
Қарағай ауданы, Өрел ауылының тумасы, 1966 жылғы.

БАРДОСОВА НИЛЯ

1985-1990 жылдар аралығында
Алматы шет тілдері пединститутын
неміс және ағылшын тілдері пәнінің
мұғалімі мамандығы бойынша
оқып шықтым. Институтты бітіріп,
ШҚО Марқакөл ауданы, Прииртыш
ауылында ұстаздық қызметімді
бастады. 1994 жылдан бері

286

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Шеңгелді ауылында қазақтың тұңғыш әскери-ұшқышы Жақып-
бек Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебінде ағылшын
тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеймін.

1986 жылы желтоқсанның сол айтулы күндерінде Алма-
ты шетел тілдері пединститутын неміс және ағылшын тілдері
пәнінің мамандығына оқып жүрген студенттерміз ғой. Кеңе-
стер Одағының ыдырауына ерекше ықпал ететін ұлт-азаттық
көтерілісінің белең алатыны, ол өз өмірімізге із қалдыратынын
ойламаған кезіміз. Дегенмен де республика астанасы болған
Алматыда қазақ тілінің мүшкіл халі, кейбір жайттарда ұл-
тымыздың төмен дәрежеде бағаланатыны жайлы өзара пікір
алмасуымыз да әңгіме өзегіне айналушы еді.

Желтоқсанның сол бір дүбірлі күнінде ештеңеден хаба-
рымыз жоқ, таңертең сабаққа жиналдық. Алматы шетел тілдері
пединститутының екінші курс студентімін. Автобуста қазақ
жігіттері алаңдағы болып жатқан оқиғадан хабардар етті.

Институтта бәрі абыр-сабыр, студенттердің бірден
жатақханаға қайтуын талап етті. Абдырып қалған біздер жа-
тақханаға келдік, бірден жиналыс өткізіп, алаңда бұзық жа-
стар дүкендерді тонап, машиналарды өртеп тәртіпсіздік жасап
жатқанын, барғандарға қатаң шаралар қолданатынын ескертті.

Түстен кейін қыз-
дар ақылдасып алаңға
баруға шықтық, таңер-
теңгідей емес, көлік
қозғалысы тоқтапты,
тәртіп сақшыларының
қараң-құраңы көбейе
түсіпті, олар қайтуы-
мызды талап етеді.

Кешке қарай «Елім-айлап» өтіп жатқан жастардың
даусын естіп, бүкіл жатақханадағы студенттер улап-шулап,
астыңғы холлға түстік, сыртта тәртіп сақшылары қоршап тұр,
есікті жауып тастаған. Қайсар, намысшыл қазақ қыздарын сол
кездерде көрдім, өзім де жігерлендім, бірі жылап, бірі басу
айтып жатыр, астыңғы холлдың әйнектері сынып, шығып

287

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

үлгергендері бар, үлгермегендерін тәртіп сақшылары итере
ұстап жібермей күшпен ішке итереді. Ешқайда шығармады,
дүкенге тәртіп сақшылары бірге еріп жүрді.

Тәуелсіздік деген ұғымның қаншалықты қымбат екенін
сезінудің өзі осы Желтоқсан оқиғасынан бастау алды деп
ойлаймын.

Менің мақсатым - Алматы жоғары оқу орындарының оқу
корпусінда, жатақханаларында Желтоқсан ызғарын сезінген
қазақ жастарының сол кездердегі халін жеткізу.

***
Бардосова Ниля Зейнолданқызы 1968 жылы 8 ақпанда
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Аманат ауылында
дүниеге келген. 1982 жылы Мөнекей сегіз жылдық мектебін,
1984 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-
интернатын тәмамдаған.

БЕЛЕБАЕВ ДҮЙСЕНБЕК

Мен, 1966 жылы, 3 наурызда
дүниеге келдім. 1986 жылы Алматы
гидромелиоративтік техникумының
«гидромелиорация» мамандығы бой-
ынша оқуға түсіп, 1-ші курс студен-
ті едім. Желтоқсан айының 14-күні
жоғарғы оқу орнынан студенттер біз-
ге «Халық намысы үшін көтерілейік»
деген ұранмен келді. Біз 16 желтоқсан
күні таңғы 5-те жатақханадан ұлдар,
қыздар барлығымыз бірақ көтерілдік.
Маяковский көшесімен жүріп келіп, бұрылған кезде ав-
тобустар, омондар, милициялар тұрды, олар бізді қоршап алды.
Сол жерде бәрімізді ұрып-соқты. Біз де қарсыластық, бірақ
қарсылық көрсеткенімізге қарамай автобусқа тиеді, автобусқа
сыймағандарын жаяулатып барлығымызды техникумға алып

288

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

келіп акт залына қамады. Акт залында қамауда бір күн болдық.
Ертеңінде бізді босатты. Сол күні түнде қайтадан көтеріліске
шықтық, бірақ осы жолы тек қана ұлдар болдық. Көтерілістен
кейін техникум директорын жұмыстан алып тастады да, жа-
тақханаға күзет қойды. Жатақхана коменданты мен күзетшілер-
дің бәрін орыс ұлтынан қойды. Техникум басшылары маған
көтеріліске шыққаным үшін түсініктеме жаздырып, оқудан
шығармақшы болды. Бірақ мен ол кезде техникумда спортқа,
қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын едім. Басшылық
менің техникумдағы белсенділігімді ескеріп, мені оқудан
шығармай қалдырды.

Қазіргі уақытта тұратын мекен-жайым: Шығыс Қазақстан
облысы, Үржар ауданы, Қарабұта ауылы. «Қарабұта орта
мектебі» КММ-де директордың шаруашылық ісі жөніндегі
орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін.

БЕЛТАЕВ АСЫҒАТ

Мен түршігіп кеттім

Мен өзім алғашқы күні алаңға
бармадым, кешкі сағат сегіздер ша-
масында СМУ-15 жаққа барғанмын.
Сол жерде көргенім: “Восход”, “Сне-
жинка” жатақханаларының қасында
топ болып жиналып келе жатқан қа-
зақ қыздарын, біреулер қуып жүріп,
ішінен біреуін ұстап алып жұлқылап
әкетіп бара жатты. Мен барып қызды
олардан тартып алып, қоя бердім де,
өзіме жармаса кеткендерді ұрып тастап кеттім.
Сол жерде Қонаевты орнынан алып тастағанын, алаңға
адамдар шыққанын естідім.
Ертеңінде алаңға бардық, Абай, Ленин көшесінен ба-
сталып, 28-ші Панфиловшылар саябағына барып, Гоголь

289

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

көшесінен бұрылып қайта жоғары қарай жүріп, ескі алаңның
қасындағы “Балалар әлемі” дүкенінің алдында, шерушілерді
тоқтатпақшы болған ДНД-шниктермен төбелесіп, Абай көше-
сіне қайтып келген шеруге қосылып бірге жүрдім.

Келесі күні тағы бардық, сонда соңғы минуттарында
видеоға түсіп қалыппын.

Бұл, желтоқсанның
үшінші соңғы күнінің,
дауыс қатайтқыштар мен
прожекторлар қосылар
мезеттің алдында, алаңның
Сәтпаев көшесі жағында
жүрген жастарды алаңға
қуып тығар алдындағы
соңғы минуттарында түсірілген видео. Мен қолына шоқпар
алып қазақ жастарын ұрып жүрген орыс адамды арт жағынан
көріп қалдым да, жетіп барып оны жерге құлатып, теуіп жатыр
едім. Айналамдағылар оны түгел жабыла тепкілей кетті.
Құлаған адам бірден шала-жансар болып жатып қалды,
біреу менің артымнан келіп: «Жігіттер былай тұрыңдар», - деді
де, қолыңдағы ішінде арматурасы бар бетонмен анау адамның
жотасынан ұрды. Оның сол кезде сүйегінің сынған дыбысы
естілді. Ұрған адам арматурасы бар бетонды қайта көтеріп анау
адамның үстіне тастай салды. Мен түршігіп кеттім. Сол кезде
мен басымды көтеріп артқа бұрылғанмын, видео сол мезетте
бізді түсіріп алған екен.
Сол оқиға қаншама жылдар ойымнан кетпей, есіме түсе
беретін. 2007-ші жылы Желтоқсан оқиғасы болған алаңға
бардым. Ол жерде адамдар жүр екен. Ішінен Қасен Қожақмет
деген кісіні танып, ол кісіге амандастым да, Сәтпаев көшесі
жаққа көрсетіп, сол 1986-шы жылғы оқиғаны айтып бердім.
Қасен аға:
- Ол орыс адамды танимын, Савицкий деген бізбен
баспаханада жұмыс істейтін, жұмыстан сұраусыз ешкімге
айтпай ерте шығып кетіп алаңға барыпты, алаңдағы адамдарды
ұрып тастап содан қайтыс болған, - деді.

290

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
БИЛАЛОВ НҰРЛАН

Мен, 1986 жылы Алматы қаласында Каз ИФК-тың (қа-
зақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институты) 1-курс студенті
болатынмын. 17-желтоқсан күні 13.00-14.00-лер шамасында соң
бәрімізді үйге, жатақханаға қайтарды, сабақ болмайды деп. Мен,
орталық алаңда қазақтар жиналып ереуілге шығып жатыр екен
деп, жігіттерден естіп, жатақханаға келіп заттарымды тастап,
басқа комната тұратын Бөкетов Әскербек, Жомарт атты студент
үшеуіміз балконнан секіріп, алаңға қарай қашып шықтық. Осы
жігіттер институттың 2-курсында оқитын. Олар егер алаңда
бір-бірімізден адасып қалсақ, Сәтпаев-Желтоқсан көшелерінің
оң жақ тұсын белгілеп, осы жерде кезігеміз деп уағдаластық.

Түннің бір уағында Әскербек екеуіміз бір-бірімізді әрең
тауып алдық. Жомартты сол қалпы таппадық. Ол басынан
жараланып, басқа жігіттер сүйреп алып шығып, басқа пәтерге
апарыпты. Өрт сөндіргіш машиналар су шашқанда, үстіме су
тиіп, киімім мұз боп қатып қалды. Әскербекте алаңда жарақат
алып, Космонавтов-Тимирязев көшелерімен, қуыс-қуыспен
тығылып, әлсіреп жатақханаға қайттық. Жатақханада бәрімізді
тексеріп, есікке кезекшілерді қойыпты.

Жомартты ертеңінде балконнан кіргізіп аламыз деп
жатқанда, ол ДНД –ға ұсталып қалды. Оны сол үшін оқудан
шығарды.17-күні түнде кеш бата бір топ жігіт тағы алаңға
қарай шықтық. Бірақ біз алаңға жетпей ДНД-лар жолда ұстап,
бізді аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратына әкеліп, бізден
сұрақ сұрап, сосын таратып жіберді.

Ол кезде 5-минут сайын кезекшілер жатақхананы айна-
лып жүретін. Түннің жарымында жатақханаға балкон арқылы
кірдім. Менің қасымдағы жігіттер Букетов Әскербек ШҚО,
Самар ауданы, Қойтас ауылынан болған. Жомарт боксшы жігіт
Жезқазған қаласынан, Пазылбеков Бақытжан Түркістан қа-
ласынан және тағы басқалары физкультура институтының
студенттері болатын.

***
Билалов Нұрлан Шалқардың тумасы, Алматы қаласында
Желтоқсан көтерілісіне қатысқан, Желтоқсан ардагері.
Байланыс Тел. 87013176845

291

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

БОПАЕВА (ӘУБӘКІРОВА) БАЯН

Қол ұстасып бірге тұрдық

1986 Қаскелең қаласындағы пе-
дучилищеге оқуға түстім. Училищеде
комсомол комитетінде хатшы болдым,
қоғамдық жұмыстарды қызыға атқара-
тынмын. Сол 16 желтоқсан күні топ-
тың старостасы құрбым Қанлыбаева
Салтанат екеуміз күзгі ауылшаруашы-
лығы жұмысынан КИЗ,КАЗМИС де-
ген жерде жұмыс жасап тапқан еңбек
ақымыз менің атымда жинақбанкісін-
де еді. Соны кассадан алуға Алматыға
жолға шықтық. Сағат шамамен 3-4 тер кезі еді.
Сбербанктен алатынымызды алдықта сыртқа шықтық.
Алаң жақын болғандықтан ұрандаған дауыстар шығып жатты.
Уақыт кешкі сағ 6-7-лер шамасы. Жас емеспіз бе, қызығушы-
лық пайда болып, алаң жаққа кетіп бара жатқан бір топ жа-
стардан жөн сұрадық.
- Қыздар сендер естімедіңдер ме, бүгін 18 минуттық пле-
нумда Д. А. Қонаевты орнынан алып, бірінші хатшылыққа
Республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы
еш хабары жоқ, қайдағы бір орысты қойыпты. Колбин дейме
біреу әйтеуір,- дегенді естігенде намыстан жарылардай болдық.
- Кеттік бізде, - деп бейбіт шеруге ілесіп жүріп кеттік. -
Жол бермейміз мұндай бассыздыққа, - деп жанымыз өртенді.
Патриоттық әндер әр әр жерден шырқалып жатты. Ұран-
датып,айқай шу. Бейбіт түрде жастардың талабын естір құлақ
болмады. Сол тұрғанмен түнгі 10:30,11:00 дер кезінде құрбым
екеуміз такси ұстап Киров көшесі, 236 үйдегі жұмысшылар жа-
тақханасына қайттық. Менің аға, тәтем мен құрбымның апайы
тұратын.
Сол күнгі Алматының суығы естен кетпес, түнделетіп
келгенімізге вахтер ағай ренжіді, жатақханаға әзер дегенде

292

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

кірдік. Ол кісілерде көтерілістен хабардар екен. «Жап-жас ба-
ласыңдар араласпаңдар ондайға», - деп біраз ақылдарын айтты.

Таңертең сабаққа барамыз деп қайта шықтық. Онымыз енді
шыңдық емес еді. Үлкендерді тағы алдадық. Алаңға жетіп, шеруге
ілестік. СХИ, КазГУ, ЗООВЕТ институт, Нархоздың студенттері
«Әр ұлттың өз басшысы болуы керек» деген плакаттар ұстаған,
«Әр халыққа-өз көсемі», «Қазақстанға қазақ басшы», «Долой Кол-
бину!» деген транспоранттар көтерген жастармен қосылып кеттік.

Оймызда еш жамандық жоқ. Брежнев аланыңдағы шеру
қанды оқиғаға айналарын ешбір қазақ білмеді. «Атамекен»,
«Менің елім» әнің шырқаған жастар легі тоқтаусыз келіп жат-
ты. Талабымызды айтып жеткізе алмай қанымыз қайнайды,
бір бірімізді танымасақ та сол жердегі береке бірлігіміз мықты
болды. Жігіттер қыздарға қамқорлық танытып жатты. Қыздар
жігіттерді қайрап, қолдап жігерлендіріп жатты. Сол күні бірінші
рет жазушы Софы Сыматаев ағаны көрдім, жазушы аға жастарға
ақылын айтып-ақ жатты. «Қайтыңдар айналайындар, босқа аран-
дап қаласыңдар мына әскерлер сендерді аямайды, БТР-лар, өрт
сөндіруші машиналар, мұздай қаруланған орыс әскерлері келіп
жатыр, көрдіңдер ме... - деп, - естір құлақ болса талаптарыңды
баяғыда естір еді, шығар еді мінберге», - деп жаны ауырды. Оны
ұғатын ешкім болмады жастар қатты ширықты.

Ызғарлы күнді де елемедік. Тоңып, жаурап, тұрсақ та
елемедік. Түрлері сұсты әскерлерге қарсы құр қол шықтық.
Бір уақытта су шаша бастады, жазықсыз ұрып соғу басталды.

Жастар бір-бірімізден айырылмай қол ұстасып бірге тұр-
дық. Бірге қозғалдық ешкім емкімді танымасада солай істедік.
Сол уақытта бір-бірімзге деген достық, бірлік, адамгершілік
басым еді біздерде. Намыс оты лаулап тұрған жастар едік.
Айнала азан-қазан шу. Қыс кеші де ерте түседі емес пе, жан
жақтан пржектарлар жанып тұр. Әбден дір-дір етіп тоңдық.
Сонда да кетпедік. Бір кезде қашыңдар тез деген дауыс шықты.
Бұрылып үлгермедік бір нәрсе арқа тұсымнан қатты тиді. Ұмар
жұмар ұшып түстім. Салтанат орта жақта тұрған тағы бір жігіт
қолымнан тартқан кезде пальтомның жағасы дар етіп жыр-
тылды. Еңбектеп тұра алмай жатыр едім бір ер адам папаха

293

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

киген «қызым мына жаққа қарай жүгір» дегендей белгі берді.
Салтанат екеуміз солай жүгірдік. Тайып құлап, арғы жақтан
иттер абалаған, бізді ме басқаны ма қуғаның білмедік. Сол
екпінмен 28 панфиловшылар паркінен бірақ шықтық.

Жүгірумен айналысқанымыз осындайда көмек болды.
«Саяхат» автовокзалынан бірақ шықтық. Ғимараттың арт жағы-
нада бір есік ашық тұр екен, подвал болса керек, бірдеңе соған
домалап түстік. Еден жуатын апай «О боже!» деп қорқып кетті.
Біздің түрімізге қарап түсінген соң, ымдап былай жүріңдер
деді. Сүйретіліп сол кісінің еден жуатын саймандары тұратын
қуыс коморкасы екен соған тықты бізді.

Жүгірген дыбыстар азайғандай болды, қатты шаршап
қалыппыз, үн жоқ отырмыз. Жылы жер екен, трубаға киімдерді
жайып қойдық. Апай тыныш отырыңдар деп кетті арқам удай
ашып, басым мең зең. Салтанат та оңбай таяқ жепті аяғын уқа-
лап отыр. Сол жерде ұйықтап қалдық. Таңғы 6-ларда апай оятты.

- Солдаттар кетіп қалды, менен сұрады жоқ көрмедім, - деп
айттым деді. Орыс болған соң сенген шығар тексеуге ұмтылмаған.

Ұлттың жаманы болмайды деген рас ау шамасы. Апайдың
үлкен көмегі тиді. Үсті-басымызы тазалап, көзге түспес үшін,
дұрысталып алдық. Жұлынған пальтомның жағасын ұзын шар-
фпен орап алдым. Таңғы 7:30 да орыс апамыз автобусқа билет
алып келді (кейіннен апайды іздеп барып сый-сияпат жасадым).

Автобусқа отырдық Қаскеленге келе жатырмыз, үн жоқ
екеумізде жол бойы тексеру. Студентпіз сабаққа бара жатыр-
мыз деп студенттік билеттерімізді көрсетеміз. Қазақ милиция
жігіттері үндемейді қазақша абайлаңдар деп кетті. Ол кезде
қазақша сөз айтудың өзі ерлік еді. Аман-есен училищеге жеттік.

Ол жерде де абыр-сабыр, у-шу. Кім қайда кеткен деген
тексеру басталыпты. Кураторымыз 36 «А» группаның (орыс
группасы). Майра Валиевна «жесть» қойды. Сендер қалаға
ақша шешіп алуға бардыңдар, солай айтасыңдар деп келісіп
алдық. Сол бір жапырақ қағаз чек банктің сол құтқарды. Ол-ол
ма, 2-3 күннен кейін КГБ дан адамдар келіп сұрақтың астына
алды. Кураторымыз ортаға түсіп аман қалдық. Жағасы жоқ
пальтоны мусорға тастадым.

294

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Сол бір ызғарлы желтоқсан айын еш ұмытпаспын. Жеген
таяқ, көк мұз, аяз жүректе мәңгі қатып қалды. Кейіннен папаха
киген адам кім екен деп іздеп едім генерал М. Қалматаев екен.
Кездесудің сәті түспеді. Ол ағамыз да марқұм болып кетіпті.

Тәуелсіздік дегенде сол уақыттағы ауыр оқиғалары көз
алдымда документальды фильмдер сияқты келеді. Қазақ жа-
старының қайсар мінезді қыздардың намысқойлылығы, орыс
әскерлерінің сұсты қатал түрлері...

Айтылмаған осы жан сырымды жан анам да білмеді. Осы
күніміз - сол алаңда қан төккен жастардың ерлігі.

Екі балам, жанұям бар. Екі қала Семей-Астанада тұрамын.

***
Бопаева (Әубәкірова) Баян Әлиқызы 1967 жылы 24 қазан-
да Семей облысы Үржар ауылында дүниеге келген. 1985 жылы
Қызыл–ту орта мектебін бітіріп, сол жылы өз қалауыммен
мектепте Аға пионер вожатый болып жұмыс істеген. Келесі
жылы - 1986 жылы жоғарыдағы оқиға орын алған Қаскелең
қаласындағы педучилищеде оқуын жалғастырған.

295

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

БӨТЕНОВ ТӨЛЕГЕН



1986 жылдың қаңтар айында
Алматы қаласына келіп «Алматы
СУ ГРЭС строй» деген мекемеге
жұмысқа орналастым. Менімен бір-
ге әрі ауылдасым әрі кластасым Уа-
лиев Болат Сейтмұхамбет ұлы келіп
жұмысқа орналасты. Аталмыш меке-
ме бізге Алматы қаласының Сайын
көшесі 10 үйде орналасқан «Энерге-
тик» деген жатақханадан орын берді.
Сол жатақханаға орналасқан кезде
өзіміздің жерелестеріміз Зайсан ауданы азаматтары Тойбазаров
Солтанбек, Себетов Ермек және Асылбаев Абылайхандармен
қоян-қолтық араласып жүрдік. Осы жерлестерден басқа Жам-
был облысы, Луговой стансаның тумасы Қанат деген жігітпен,
Қарағанды облысы, Егінді бұлақ ауданы тумасы Тимур деген
жігітпен және де осы күндері аттары есімде жоқ басқа да аза-
маттармен араласып жүрдік, сол араласқан қалпы достығымыз
нығайып, жұмыстың да демалыстың да ыстық-суығын бірге
бөлісіп жүрдік.
Содан 1986 жылдың желтоқсан айының 16 күні кешке
жұмыстан келген кезде, Орталық алаңда бүкіл жастар жиналып
жатыр дегенді естіп, барлығымыз, атап айтқанда мен, Уалиев
Болат, Тойбазаров Солтанбек, Себетов Ермек, Асылбаев Абы-
лайхан, Қанат, Тимур, сол алаңға барып таң атқанша жүрдік.
Содан сол жүргеннен біз 17, 18 желтоқсан күндері де алаңда
болып, сол алаңда болған оқиғалардың барлығына қатыстық.
Есте қалар оқиғалар бойынша айтар болсам, 17 жел-
тоқсан күні шамамен таңғы сағат 06 кезінде мен, Уалиев
Болат екеуміз жатқан бөлмеге, жатақхана коменданты (аты
жөні есімде жоқ, ұлты орыс, әйел адам) мекеменің ортан қол
басшылары келіп бізді бірінші қабатта орналасқан Ленинский
комнатаға жинады. Жиналғандар ішінде көбінекей басқа ұлттар

296

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

мен комсомол және партия белсенділері болды. Сол арада бізге
Орталық алаңға Үкімет пен Партияға қарсы ұлтшыл элементті
жастар шығып жатқанын, жиналғандардың іс-әрекеттері заңсыз
деп жиналғандарға тосқауыл қою керектігін жеткізді.

Содан соң біздің жатақханадан және де көрші жатақхана-
лардан жиналған адамдарды қолымызға қызыл шүберек тағып
(халық жасағы) Мате Залка көшесінде орналасқан АХБК-ның
ГПТУ-нің жатақханасына әкеліп түсіріп, осы жатақхананы
аңдып сыртқа ешбір адамды шығармауды тапсырды. Содан
біз жатақхананы коршауға алып тұрдық, сол кезде жатақхана
орналасқан көше бойымен топ-топ болып басқа жұмыскерлер
жатақханаларының жастары өтіп жатты. Сол шерудегілердің
қолдарында «Әр елге өз көсемі керек» деген сияқты транс-
поранттар болды, сол жазулар ішінде заңға қайшы келетін
ешқандай сөздер болмады, демек бейбіт шеру болды.

Одан әрі қарай осы топтарды көрген, біз аңдып отырған
жатақхана жастары, кілең қыз балалар, сыртқа шағып шеруге
қосылу мақсатында, есікті аңдып тұрған біздерді итере ба-
стады, ал кейбіреулері терезеден де секіріп шығып көшедегі
шерулерге қосылып жатты. Осының бәрін көрген шерудегі
жастар біздерге (қазақтарға) қарап қатты-қатты сөздер айта ба-
стады (Сендердің намыстарың қайда, жап-жас қыздарды ұстап
тұрғандарың не деген сияқты), оларға қосылып жатақханадағы
жап-жас бүлдіршіндей қыздар да біздерге сөздер айта бастады.

Осы намысқа тиер сөздерден кейін біздер, көбінекей
қазақ жігіттері өзімізге тапсырылған жерлерді тастап, жа-
тақханадағы жас қыздардың көшеге шығуларына көмектесіп
солармен бірігіп көшедегі шерулерге қосылып Орталық алаңға
бет алдық. Сол кезде біздің арттарымыздан бастықтарымыз
айғайлап жатты (Сендер жұмыстан шығарыласыңдар, сотта-
ласыңдар деп) бірақ ол сөздерді ешкім тыңдамай алаңға бет
алды. Сол жүргеннен шерумен бірге Абай көшесіне шығып,
осы көше арқылы Орталық алаңға жеттік, алаңға жеткенге
дейінгі жолдарда шерулерге жан-жақтан әр-түрлі жастағы
адамдар қосылып жатты.

Осы Орталық алаңда белгілі тұлғалардан менің көр-

297

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

генім Халық әртісі Асанәлі Әшімов пен Роза Бағланова болды,
осы адамдар жиналған халыққа өздерінің ақылдарын айтып,
алаңнан тарауды сұрады, бірақта жиналған халық ол сөздерге
қарамай алаңда қалатындарын білдіріп жатты. Дегенменде,
алаңда ұрып-соғу басталған кезде осы Роза апамыз жарақат
алған адамдарға көмектесіп жүрді. Осы желтоқсан оқиғасынан
кейін көптеген бұқаралық-ақпарат хабарлары, алаңда кілең
нашақорлар мен маскүнемдер болды деп және оларға жәшік-
жәшік арақ-шарап таратылды деген ақпарат таратқан. Бірақ дәл
мен өзім және де бірге болған достар да бұндай жағдайларды
көрмедік, өйткені алаңда тек қана жастар болған жоқ, небір
зиялы қауым өкілдері мен үлкен адамдар болды.

Тағы бір есте қалатын жай, барлығымыз Үкімет үйі ал-
дында тұрғанда, әскерилерге бұйрық беріліп жаппай ұрып-соғу
басталған кезде, жиналған халық тарыдай шашылып жан-жаққа
қаша бастады. Мен бір топпен бірге Үкімет үйінен сол жаққа
(Ленин көшесі) қарай қаштық, ал сол жерде биіктігі адам бой-
ының жартысынан келетін етек тастар (бордюрлар) болған,
соған жеткен адамдар етек тастарға секіріп шығып ары қарай
қашып жатты. Сол елмен бірге мен де қашып бордюрға шығып
жатқан кезімде, менің аяғымды біреу тартқылады, артыма бұры-
лып қарасам бойы кіп-кішкентай жап-жас бір жасөспірім қыз
жылап, ағатай мені тастамаңыз деп тұр екен, ол кезде әскери-
лер дубинкаларын жалаңдатып бізге жетіп қалған. Содан мен
қайтып түсіп, жаңағы қызға болысып тастан шығарып жіберіп,
енді өзім шығам деген кезде, артымнан келіп қалған әскеридің
резеңке шоқпары менің басыма тиіп құлап түстім, сол жерде
әскерилерден резеңке шоқпар да, тепкі де жедім. Одан әрі мені
және мен сияқты ұсталғандарды алаңның арғы бетінде тұрған
Авто Зак машиналарына сүйрей жөнелді, қатты таяқ жеп жүре
алмағандарды аяқтарынан сүйреп, қыз балаларды шаштарынан
сүйреді. Машинаға тиер алдында осы ұсталғандардың барлығын
қазақ емес басқа ұлт өкілдерінен құралған халық жасақтары-
ның ортасынан өткізді, сол ортадан өткен кезде әскерилерден
жеген таяқтан өзге халық жасақтарынан да таяқ жедік, резеңке
шоқпарлармен ұру, темір келтектермен ұру, қол жұмсау, аяқпен

298

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тебу деген сияқты, осы таяқтар тиген кезде халық жасақшала-
рынан небір намысты таптайтын сөздер айтылды.

Одан әрі бізді бірнеше ма-
шинаға тиеп милицияда орын бол-
мағандықтан, қала сыртына апа-
рып Қаскелең тас жолына апарып
тастап кетті, бірақта сол барған
жастар жолда автобустарды тоқта-
тып тағы да алаңға бардық.

Одан әрі ереуілге шыққан
халықты басып тоқтатқаннан
соң біз сияқты ереуілге қатысқан
адамдарды қудалау басталды. Сол
қудалаудың салдарынан біздің
жатақханадан мені, Тойбазаров
Солтанбекті, Уалиев Болатты және де басқа да азаматтарды,
жұмыс орнынан (Прогул) статьямен шығарды, және де осымен
қоймай үшеумізді де комсомол қатарынан шығарып, Алматы
қаласынан қуып жіберді. Осының салдарынан 1987 жылдың
қаңтар айында мен, Тойбазаров Солтанбек және Уалиев Болат
үшеуміз Өскемен қаласына кетуге мәжбүр болдық.

Содан осы келгеннен үшеуміз де сол Өскемен қаласында
тұрақтап қалып, үйлі-барынды болдық. Әр жылы желтоқсанда
өзімізше бірігіп мерекені атап өтеміз, бір өкінішті жай 2020
жылдың маусым айында сұм ажал арамыздан досымыз Той-
базаров Солтанбекті алып кетті, марқұм сол желтоқсан құр-
бандарының ақталып (реабилитация) шықандарын көре алмай
кетті, дегенменде марқұмның ұрпағын жалғайтын артынан бір
қыз, үш ұлы және немерелері қалды.

***
Бөтенов Төлеген Сәмиұлы 1965 жылы 07 ақпан айында,
Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы, Үш-Тө-
бе ауылында туған. 1985 жылдың желтоқсан айында Кеңес
әскері қатарынан келген соң, Алматыға барып, Желтоқсан
көтерілісіне қатысқан. Желтоқсан ардагері.

299


Click to View FlipBook Version