ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ШАЙМАРДАНОВА ГҮЛЖАУҺАР
Сәбирамен 8-ші сыныпта
таныстым. 1984 жылы, қыркүйек
айының басында Ақмектепке көшіп
келдік. Сәбираны тәтесі үйге ертіп
кеп таныстырды. Біздің сыныптас
болатынымызды сол кезде білдік.
Ұяңдау болып көрінді... Кейін
екеуіміз екі кластың старостасы
болғандықтан талай сайыстарда
«бәсекелес» те болып жүретінбіз,
бірақ бір рет те қатты сөйлегенін
немесе бетке келгенін көрмеппін,
естігенім болмаса.
Көктем кезі, әкем мен анам қора жақта жұмыс істеп жүр-
ген, Сәбира қолында Ш. Айтматовтың «Плаха» деген орысша
кітабы бар, тағы да сол, жылы жымиған қалпы көзін төмен
түсіріп, «мына кітаптың мазмұны қасқыр туралы екен, түсініп
оқиықшы, қайтыс болған ағамның кітабы еді»- деді де, мен
папаларыңа көмектесейін деп жүгіріп кетті. Өзім ауырып
отырғандықтан, селқос кітапты аштым да, сөздері күрделі
болғандықтан, бір бетті «переводтадым» өзімше. Сосын бірге
оқиық деп үйге кіріп, кезек-кезек дауыстап, біраз жерін оқып
едік, сол күйі кітаптың аяғына жетпедік...
Бірде, қыстың күні 10 минуттық үзілісте «жүр, үйге ба-
рып шай ішіп келейік» деді. Жүгіріп кеп, тәтесін құшақтады
да, фартугымызды шешпестен столға отыра кеттік. Картошка-
ның иісі мұрын жарады, «күйген жерін жеймін» деп таласып
қопарып жатырмыз. Келесі жолы әдейі сен үшін күйдіріп пы-
сырамын деп тәтесі ішегі қата күлді. Тағы бір жолы барғанда
«Тәте, сүт ішем» дедім. «Өй, мынау бұзау ғой сүт ішетін» деп
тағы да ішегі қата күліп, сүт құйып берген-тін.
Ақпан айы... мектепте Күмісжан деген мұғалімнің ұй-
ымдастыруымен жиналыс болды. Сәбираға «Шаймарданова-
ның кесірінен біз вечер дегенді ұқтық, сол ұйымдастырған деп
150
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жаз» деп желкесінен тұрып алыпты. «Неге жазам, ол тіптен
бұдан хабары да болған жоқ, қызық екенсіздер» деп есікті
тарс еткізіп шығып кетіпті, кейін естідік. Иәәә, өмірде неше
түрлі типтегі адамдар болады ғой, кейін көзіне жас алып тұрып,
«мама-папаңды мұқатқымыз келген» деп кешірім сұрап еді
сол мұғалімдер.
Сөйтіп оқу бітіріп, Сәбә екеуімізді екі әке оқуға қалаға
шығарып салды. Өскеменнен апайым күтіп алып, бір айдай
бір төсекте жатып, медосмотрдан бірге өтіп, ол педучилищеге,
мен медучилищеге түстік. Арасында іздеп барып, жатақханаға
кіре алмай қайтқан кездерім де болған.
Декабрьде каникулға келген кезі... қар қапалақтап жауып
тұр, көшедегі шамның астына тұрып алып, аспанға қарап, біз
ұшып барамыз деп айғайлаймыз да қарға құлаймыз. Сәбәның
сол кезде өзін еркін ұстап, ашыла түскенін байқадым. Кейін
біздікіне сирек келсе де, тыныш отырмайтын еді, ыдыс-аяқты
жуысып, үй жиысып жіберетін пысықтығы арта түскендей.
Есіме түсіп отыр, бірде айтқанмын «Саған рахат, үйің
жақын, аяқ киімің былғанбайды. Маған көктемнің осы екі айы
ұнамайды, қыс бойғы былықтар көрініп, жер езіліп, есті шыға-
рады» дегенімде, аңтарылып қарап тұрды да «ааа, рас айта-
сың, онда маған да қыс та, көктемнің май айы ғана ұнайды»
151
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
деді күліп. Сөйтіп оның шын мәнінде қай мезгіл ұнайтынын
сұрамаппын.
Бірде май айының бас кезі інімді ертіп, Сәбә, Нұрғайша
деген сыныптасымыз төртеуіміз Қызылқора жаққа бәйшешек
теруге бардық. Құшағымызға толтырып қайттық, өзіміз мәзбіз
«міне, май айы осысымен ұнайды» дедім күліп. Келген соң ол
да, біз де шешемізден «таяқ» жедік. Мынанша гүлді не істейміз
енді, обал емес пе деп сөйлеп, анам жарықтық гүлдерді кіші
ыдыстарға салып жүр. Сол күні Сәбә мені «біздікіне қонсын-
шы» деп сұрап алуға бірге келген, анамның мына түрін көріп,
«қой кеттім» деп сыбырлап шығып кетті. Анам артынан жүгіре
шығып, тәтеңе ала бар деп, өзі пысырған пирогтан және өзіңе
деп кәмпиттер сап беріп жатыр. Ертесі ол да айтты «көп жұлма,
алақаның сыйғанша ғана ал» деп тәтем ұрысты деді. Кейін өзі
жалғыз барып теріп кеп жүргенін айтты...
Сәбираның қазасы бүкіл ауылға ауыр қайғы болды.
Жыладық, жоқтадық... газет бетін бермей жаздық... Есейдік,
ер жеттік. Үйлендік, тұрмыс құрдық. Сыныптасымыз Самат
Жақсылықов айтпақшы «Сәбирадан туылған ұрпақ қандай
болар еді, нағыз патриот, ұлтым деп жүрегі соғар азаматтар
болар ма еді?!» Әттең...
1990 жылдың қыркүйек айында бір себептермен Алма-
тыға бардық. Қазіргі Желтоқсан алаңында Советқазы Ақатаев
т.б. ел ағаларымен таныстық. Сәбира туралы да сөз болды.
Тараздағы штабтың (ол кезде солай аталатын) мекен-жайын
берді. Не деп барам, не үшін деп жүргенде, әкемнің сөзі түрткі
болды. «Шіркін-ай, мына бала ақталмай қалар ма екен (ақта-
лу деген сөзді мен сонда бірінші рет әкемнен естідім), халқы
үшін өзін құрбан етіп отыр ғой, әттеген-ай. Әлі күнге дейін
тәтесі зар илеп отыр, әкесі үндемей егіледі, шарасыздан»- деді.
Көзім жасаурап кетті... Сосын бар жайды әкеме айттым, «бар,
қалдырма, сол жақтан сенің бір себің тиер» деп, одан ары
жігерлендірді.
Тараздағы азаматтар керемет жұмыс жасады, халықпен
тығыз байланыста болып, әкімшілік бата алмаған кейбір мә-
селелерді қолдарына алды. 1990 жылы әлі Тәуелсіздік болмай
152
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тұрып, қала күні мейрамында алаңға көк туымызды желбіретіп
шықтық. Жанымызда «обкомның» төбесінде қызыл ту ілініп
тұр. Телевидение жүгіріп келді, сіздерде неге көк ту, қандай
ұйым, сектасыздар ма деп сұрақтың астына алды. «Көк ту- көк
аспан түстес, ол бейбітшіліктің - белгісі. Барлық қазақстан-
дықтарды осы көк тудың астына жиналуларыңызды сұраймыз»
- деп жауап бердім. Бұл туды Алматыдан С. Ақатаев ағамыз
беріп жіберген-тін. Артынша Комсомол паркін Қ. Рысқұлбе-
ковтың атына алып беріп, тағы бір мәртебеміз көтеріліп еді.
Өскемен жақта осындай ұйым ашқандар бар ма екен, қалай
білсе деген сұрақ көкейімде үнемі жүруші еді.
1991 жылы Тараз қаласындағы «Замандас» деген газетке
«Қазақты жүрегім десең, «Азатты тірегім де» деген өлеңім
шықты. Талай жерге «сүйреді», институттан шығармақ болып,
әкемнің араласуымен қалдым.
Сол жылдың 22-ші наурызында ипподромда кездейсоқ
бір ағамен таныстық... Кеудемде қасқырдың көкке ұлып тұрған
төсбелгісі (значок). Бұл ненің белгісі деді, өзімізге әбден таныс,
мезі қылған КНБ-ның тыңшысы. «Бұл - қазақ»- деп жауап бер-
дім. Әлгі «тыңшымыз» мысқылдап «еее, енді қазақты қасқырға
теңедіңдер ме» деп мырс етті.
- Иәәә, аға, момын қой боп бозторғайды жұмыртқа-
латқанша, азаттықты аңсаған қасқыр боп ұлиық. Қай цирктен
көрдіңіз, қасқырды өзіне дрессировать (үйреткенін) еткенін,
аң патшасы - арыстаннан бастап, ирелеңдеген жыланға дейін
адам өзіне бағындыра алған, ал қасқырды қанша ұстасаңыз
да өз үйірін табады.
- Дұрыс айтасыз қарындасым, сөз сөйлеуің бөлектеу, қай
жақтансың?-деді бір аға ұлын иығынан түсіріп, келіншегіне
беріп жатып.
- Шығыс Қазақстан, Өскемен жақтанмын - деп ем,
- Міне қызық, мен сол Өскеменде тұрам, желтоқсанға
қатысып па едің?-деді.
- Жоқ, қатыспадым, бірақ кластасымыз
С. М ұхаметжанованың ақталуы үшін «Азат» қоғамына кірдім.
- Ооо тоба, мен сол Сәбирамен бір запроста болған едім,
153
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бір көргенім бар еді (бәлкім, басқа қыздармен шатастырды,
бәлкім, шынымен болған шығар...). Өскеменге келсеңіз, міне
адресім, айтатын әңгіме көп деп, пединституттың 4-ші жатақха-
насының мекен-жайын берді. Арнайы қысқы каникулда, күннің
аяздығына қарамастан ұшып келіп, Лиза деген апайымды ертіп,
жатақханаға келдім. «Жаңа ғана баласын поликлиникаға алып
кетті» - деді көршілері. Өкінішке орай қайта іздеп келудің сәті
болмады. Кейін сол ағамыздың «Желтоқсан қарлығаштары»
деген өлеңі шыққанда қатты қуанып едім, әлі Өскеменде екен-
сіз ғой Аға, аман жүріңіз деп. Амал не...
Адрес бюросына барып неше рет запрос жасаттым, та-
ппады. Сөйтсек, ол ағамыз дүниеден озып кетіпті...
2011 жылы желтоқсанда «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозға-
лысының Өскемен қаласындағы бөлімшесінің басшысы Абай
Әнуарбекұлының ұйытқы болуымен кездесу өтті. Сол кезде
дүниеден өтіп кетсе де көп азаматтарға марапат қағаздары
ұсынылды. Ішінде осы Сәду Қалтаев ағамызды да тізімге қо-
сып жіберген едім. Неше жыл Абай ағаның үйінде тұрды...
Кейін Түркістандық Талғат Иманқұлов ағамыз хабарласып,
осы марапатты Таразға біраз азаматтармен барып, мектептен
сынып ашылған екен, табысталып, әке-шешесі, жанұясымен
тілдесіп, құран оқытып қайтты.
Осы Талғат Иманқұлов ағамыз туралы қысқаша айтып
өткім келеді. Ол кісі 1986 жылы СДИ-дің 4-ші курс студенті
екен, Сәду ағалармен курстас болған. Желтоқсанда алаңға
шығып, институттан қуылған. Кейін «Семей-Невада» қозға-
лысында белсенді мүше бола жүріп, «Азат» қозғалысымен
жұмыс істеген (ол кезде Желтоқсан құрылмаған). Сәті келіп М.
Шахановпен кездесіп, осы «үш арысымыздың» (артық болмас
олай атағаным) қатарына Сәбираның суреті мен аты-жөнін
тіркетіп үлгерткен (1990 жылдар мөлшері). Міне қазіргі күнге
дейін үшеуінің қатарында суреті, аты-жөні аталып жүр. Айта
берсе, ол кісінің еңбегі ерекше.
2004 жылы желтоқсанға қарсы телевидениге бардым,
қандай хабар жүргізгелі жатырсыздар, Сәбира туралы білесіз-
дер ме деп. Бас редактор қуанып кетіп, «көктен іздегеніміз,
154
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жерден табылды, жаңалық өзі келді... жарнамалардың бәрін
қысқартып, осы тақырыпта кең ауқымды хабар түсіріңдер»-
деп нұсқау берді. Сол күні әкем келе қалып, екеуіміз көп
сұрақтарға жауап бердік... Байланыс үзіліп қалмасын деген
соң, телефонмен алмастық.
Күдерімді үзіп, іштен тынып жүргенімде Әлия Ибақова
деген тілші қыз және Ақмектеп ауылының жас ұстазы Миржан
Темірхановтар кезігіп, сөніп бара жатқан шоққа дем бергендей
болды. Әлияның түсіне Сәбира бекер кірмеген болу керек, ол
да көп ізденіп, жұмысына қауіп төніп тұрса да, тәуекел деп
жұмыс атқарды. Бір күні Әлия М. Шахановпен сөйлестірді,
«мына Шығыс не дейді, Сәбира ақталды емес пе, сендер
ендеше неге үндемей жатырсыңдар?»-деп ашуға булықты.
Кейін сыныптастар, ауылдастар атынан М. Шахановқа хат
жаздым. Құсбеков Бейсенбай ағамыз табыстады. Жылдан-
жылға жаңғыртып кластасымыз Балқиянова Майгүл, Тамара
ұстаздың т.б еңбектері ерен-ақ.
Шаймарданов Сайлаухан әрі ұстазымыз, әрі ақылшы,
қамқор әкем осы Сәбира туралы көп ізденген еді. М. Балқия-
нова айтатын, папаң кезіккен сайын «ұмытпаңдар, ізденіңдер»
деуші еді деп. Сәбираға «Тарбағатай ауданының құрметті аза-
маты» деген тізімге, лауазымға кіргізіп үлгеріп кетті.
Мен енді Сәбираға байланысты өткізілген іс-шараларға
тоқталып өтейін, мақтанғандай болмайын, кешіресіздер әрине,
барлық жұмыстарда бірге жүрдік, әйел заты болған соң ба әрі
қолдау көрсететін группаластарын таппадым, не азаматтар
болмады, сондықтан болар ауырлау тиді, сонда да Сәбира үшін
деп бәріне шыдадым...
2006 жылы 11-ші желтоқсанда сыныптастардың
ұйымдастырылуымен Ақмектеп ауылына барып ас беріліп,
қатым түсірілді. «Ол 16 жаста еді...» деген тақырыпта еске
алу кеші өтіп, мектепте қаһарман бұрышы ашылып, мемориал
тақта ілінді. Аудан ішілік спорт ойындары өткізіліп, Ақсуат
1-ші орын алып, сыйлықтар берілді. Сол жерде өзі оқыған
мектептің атын беру, облыс орталықтарының ішінен көше атын
беру туралы қол жиналып, ауданға ұсыныс түсірілді. Аудан
155
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
облысқа, облыс жоғары жаққа жіберді. «Қазақстан-Өскемен»
арнасынан телевидение келіп, облыс бойынша көрсетілді.
Өскемен қаласынан ұстаздары Аманғайша Аймұханбетова,
Нұрбатиха Аринова, Ғанибет Аймұғанбетов керемет сұхбат
берген еді. «Көзкөргендер» және «Елден хабар» деген
тақырыпта Әсира Нәжметдинова хабар шығарды.
2009 жылы С. Аманжолов атындағы университеттің
студенттері кездесуге шақырып, кіші көрініс қойылып,
студенттер арасында біраз әңгіме қозғалды.
2010 жылы Алматыдан патриоттық қозғалыс «Желтоқ-
сан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы
Бейсенғазы Нүкенұлы бастаған біраз азаматтар осы қалада
дөңгелек стол өткізді. Бұл жерде Құсбеков Бейсенбай аға
мен Тұңғатов Талғат ағалардың еңбектері ерекше еді. Сонау
Алматыдан Тарбағатайға барып, группаласы Уатханмен, сы-
ныптастарымен кездесіп, осында «Достық үйінде» Әкелеев
Сахан ағамыздың (таяуда марқұм боп кетті) жүргізуімен кең
ауқымда әңгіме қозғалып, тағы да мектеп атын беру туралы
ұсыныс жасалды.
Т. Тұңғатовтың гаражында 7 ай тұрып, әйтеуір деген-
де 2011 жылы 31 мамыр күні өзі оқыған колледжге ескерт-
кіш-тақта орнатылды. Сол кезде облыстық әкім орынбасары Т.
Түсіпбековпен бәрі келісіліп, рұқсатын берген болатын. Теле-
видение, газеттерден тілшілер келді. Бірақ ақпарат құралдарын
156
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жарыққа шығармады. Неге, кімнен қорықтық?... Әйтеуір, жолы
болғыр белгісіз біреу, авторсыз «Дидар» газетіне сол күнгі
нөмірге жазып үлгерді.
Бір жолы Алматыдан келдім, жолығуға бола ма деп
Бейбіт Жұмажан хабарласты. Ақмектепке кіргеннен шыққанға
дейін сізді айтты, Сәбира туралы деректер сізде бар деген
соң арнайы Өскеменге келдім деп, әңгімемізді диктофонға
көшіріп алды. «Тағдыр-Таразы» деген журналға Сәбира туралы
жазылған мақаласын беріп кетті.
Сол 2011жылы 2-ші желтоқсанында қалалық «Ұлт тағды-
ры» қоғамының төрағасы Абай Әнуарбекұлы мен Республи-
калық төраға Дос Көшімнің ұйымдастыруымен «Желтоқсан
қарлығаштары» марапатталды. Артынша 14-ші желтоқсанда
Ақмектеп ауылында Сәбира атына кабинет ашылды. Бәрі газет-
ке жазылды. 2011 жылдың 28 мамырында радиодан Желтоқсан
көтерілісіне қатысқан барлық азаматтар ақталсын деген жақсы
хабар естіген едік. Амал не? Әлі үнсізбіз...
2012 жылы тағы осы ағаларымыздың ұйымдастыруымен
Ақмектепте Сәбираның басына құлпытас орнатылып, ас
берілді. 100 кг артық тұратын құлпытасты Алматыдан
әкелуге інім Мейірбек көмектесіп, ауылда Темірбеков пен М.
Балқиянова т.б. сыныптастар мен ұстаздар ұйымдастырды.
Осыдан 23-25 жыл бұрын шамасында Сәбира туралы
ізденіп, біраз есік қақтым. Әкем және Ораз Жүнісов деген жа-
зушымен ақылдасып, әкімшілікке бардым. «Сен кімсің, қайдан
келдің, Сәбира кім» т.б. қатты сөздер естіп, жылап шықтым.
Далаға шыққанымда артымнан бір аға жүгіріп шығып, «мойы-
ма қарындасым, Сәбираны таныту үшін, әлі 20 жылдай уақыт
керек-ау, қазір түк істей алмайсың. Бірақ мойыма», - деп еді...
Зымыраған уақыт-ай, содан бері Тәуелсіздігіміздің неше
бес жылдықтары тойлануда. Енді тағы бір 20 жыл күтпейтін
шығармыз?! 53 көшеге ат енгізу, өзгерту туралы Ахмердың
21-ші көшесінен С. Мұхаметжановаға ат берілу туралы 2012
жылы 25 мамырда бекітіліпті. Сөзге келіп қалып едім, қаланың
ортасынан ойып тұрып көше атын беруге намыстандыңыздар
ма деп. Біреулер «болды емес пе» деп ренжуде. Жоқ, сіз
157
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ұмытсаңыз да, мына біз, болашақ ұрпақ ұмытпауы тиіс, тарихта
қалу керек. Тәтесінің «Сәбирам - менікі емес, халықтың қызы,
өздері жоқтап, өздері ақтап алсын»- деген сөзі әлі күнге дейін
есімнен шығар емес. Ол бізге парыз, қарыз, міндет.
Сөз анасы, әдебиет патшасы атанған хан апамыз Қанипа
Бітібаева айтпақшы, қаршадай қызға бәріміз жабылдық, мінезі
жаман, оқуы нашарлап кетті деп. Соны сылтауратқан ғой, ар
жағында әлі шешімі табылмаған саясат жатты ғой. Бір кінәсі
өзін-өзі лақтыруы, психологиялық қысым жасалғаны, соған
әкеп тірегені ешкімді ойландырмады. Тарихтағы асыл арыста-
рымыздың тағдырын осы Желтоқсан құрбандары қайталауы
міндет пе еді?... Сәбира да балалы-шағалы болып отырар еді...
Тағы да неше жыл үнсіз қалып, үмітіміз сөне бастағанда
Рамазанов Маратбек Айтахметұлы аға хабарласып, осы
Желтоқсан жұмысын өз қолына алғанын, бірден көптеген
шаруалар бітіргенін айтты. Арқамнан ауыр жүк түскендей
болып, тағы да сөніп бара жатқан үмітімізге сәуле сыйлады...
Бәріміздің түптеп келгендегі ойымыз, арманымыз - Сәбираның
ақталуы, өзі оқыған мектебі Сәбираның атын күтіп тұр...
мектептің атын алып беру. «Қаһарман» деген атқа лайық қой.
Енді үмітіміз ақталады деген сеніммен ағамызға үміт артамыз,
тек қана алға, Аға!
ЫСҚАҚОВ НҰРЛАН
1982-1988 жылдары Өскемен қаласындағы құрылыс-жол
институтының «Жол қозғалысын ұйымдастыру» факультетін
оқып бітірдім. Осы жоғарғы оқу орнында оқып жүргенде 1986
жылы болған Желтоқсан көтерілісіне белсенді түрде қатыстым.
Сол үшін қудалауға түсіп, оқудан шығып қала жаздадым.
Факультет деканы А.Тастанбекованың бізді қорғап оқудан
шығармай алып қалған адамгершілігінің арқасында, көп қазақ
балалары оқуды бітіріп шықтық.
1988-1990 жылдары Гурьев облыстық ІІБ-сы облыстық
мемлекеттік автоинспекиясында аға инспектор, жолдарды
158
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қадағалау инспекторы болып қызмет атқардым;
1991-1993 жылдары Зайсан қаласындағы УМС-4
мекемесінде экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы
болдым;
1994-1996 жылдары ШҚО ІІБ-сы Зайсан АІІБ-нің
бөлімшелік инспекторы;
1996-1997 жылдары ШҚО ІІБ-сы Зайсан АІІБ-нің аға
анықтаушысы;
1997-2007 жылдары ШҚО ІІБ-сы Зайсан АІІБ-нің аға
тергеушісі;
2007-ші жылдың желтоқсан айынан бастап, зейнеткер-
лікке шықтым.
***
Ысқақов Нұрлан Алпысбаевич 1962 жылдың сәуір айы-
ның 13-жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы,
Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Жамбыл ауы-
лындағы сегіз жылдық мектепті 1977 жылы бітіріп, 1978-1979
жылдары Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы толық
орта мектепті бітірген. 1980-1982 жылдары Литва Республика-
сында Кеңес Армиясы қатарында Отан алдындағы борышын
өтеген. Желтоқсан көтерілісіне Өскемен қаласында қатысқан,
Желтоқсан ардагері.
АУДАНОВА БАҚЫТКҮЛ
журналист-қаламгер
Желтоқсанның құпия құрбаны
әңгіме
Күнұзақ тым-тырыс тұрған телефон безгегі тұтқан ба-
ладай безілдеп қоя берді. Тұтқаны көтергені сол арғы жақтан:
– Айгүл сенбісің? – деген таныс дауыс жүрегін дірр еткізді.
– Пойыздан түскенім осы. Сағындым. Шықшы, қыдырайық.
– Жарайды, киноға барайық. Керемет кино түсіпті.
159
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Қайсар екеуі кинотеатрдың алдында кездесті. Екеуінен
басқа ешкім жоқ. Театрдың есігі тас құлып. Қайта көшеге бет
алды.
– Биылғы қыс ызғарлы ма қалай? Тоңып қалған жоқсың ба?
– Жоқ. Алматының ақ қысына үйрендім.
Жігіт еліктің лағындай сүйкімді қызды құшағына қыса
түсті.
– Жігітім, темекің бар ма? – деді тұстарынан өтіп бара
жатқан топ жігіттің бірі.
– Жоқ.
– Намысың ше?
Қайсар түсінбеді. Қақтығысқалы тұрған шығар деп ой-
лаған. Бейтаныс жігіттің жанары жанып тұр екен.
– Жұрт алаңда ұлтының намысы үшін күресіп жатқанда
мұның қыз құшақтап тұрғанын қараңдар.
– Не айтқалы тұрсың, бауырым? Алаңда не болып жатыр?
Аяқ астындағы көк мұзға бір сәт тесіле қарап тұрған
жігіт:
– Ештеңе. Бұлай жүруші болмаңдар. Мына қарындасты
үйіне аман жеткізіп таста. Өзің де жалғыз жүрме, – деді де
кете барды.
– Не болып жатыр екен? Барып көрейік, – деді Айгүл.
– Аа, айтпақшы бүгін Дінмұхамед Қонаевты алып, орнына
басқа хатшы сайлағаны үшін наразылық боп жатыр дегенді
естіген ем.
Екеуі бас алаңға бет алды. Ығы-жығы халықтың шуы-
нан не болып жатқанын дұрыс түсіне де алмады. Дауыс зо-
райтқыштан сөйлеп тұрған адамның сөзі ырың-жырың шудан
анық естілмейді. Көбі студенттер мен жұмысшы жастар екенін
аңғарды. Бұлар қыстырылып алдыңғы жаққа шығуға талпын-
ды. Осы сәт үстеріне құйып берген мұздай судың екпінінен
көппен бірге жерге құлады. Үсті-бастары малмаңдай су болды.
Қара мұзға қолын тіреп орнынан әрең тұрған Қайсар Айгүлді
тұрғызып бауырына басты. Қыз тоңғаннан қалш-қалш етеді.
Ерні дірілдеп, әппақ жүзінен су сорғалайды. Өзінің де тістері
сақылдап кетті.
160
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
– Қайтайық, сені үйіңе шығарып салайын.
Қарақұрым халықты жарып өту оңай болмады. Осы сәт
арнайы жасақтың бас-көз демей төпелеп келе жатқанын аңғар-
ды. Қарусыз қолдардың қарсыласуға дәрмені де жоқ. Құлап
жатыр, сұлап жатыр. Бар ойы Айгүлді құтқару болған жігіт
қыздың қолын қатты қысып алға ұмтылды. Қақ маңдайдан
тиген соққыдан оңбай құлады. Әлдекімдер тепкілей жөнелді.
Көз алдында Қайсарын сабап жатқандарға Айгүл де ұмтылған.
Жамбасынан тиген ауыр тепкі жер жастандырды. Одан арғысы
есінде жоқ.
Есін ауруханада жиды. Аяулы анасы басында жылап
отыр екен.
– Қайсар қайда? – болды алғашқы сұрағы. Жамбас сүйегі
сыныпты. Басы жарылып, мия зақымдалыпты. Айлар бойы
уақыт аурухана төсегіне таңылуға тура келді. Қайсарды ойлап
алаңдаған көңілі тыныш таппады. Аяғына тұра сала балдақпен
шолтаңдап бармаған жері, кірмеген есігі қалмады. Қайсардың
оқу орнына барды. Сұрастырды. Ол жердегілер оның атын да
естігісі келмейтін сияқты.
– Оқудан шығарылды. Оңбаған бұзақы, – деді деканы
қабағын тыржитып. – Түрменің төрінде отырған шығар енді.
Ондайлардың орны сол жер.
Айгүл тура түрмеге тартты. Мұнда да ешкім құшақ жая
қарсы алмады. Кездестірмек түгілі атын естігісі келмейтін
тоңмойындар Айгүлдің өзіне жекіре ұрсып, доқ көрсетеді.
– Қарындас, неге келе бересің? Бәрібір кездестірмейді.
Қайсар Есілов өлім жазасына кесілген, – деді соңғы келгенде
әлдебір сержант. Қазақ екен. Айгүлдің жүрегі тоқтап қала
жаздады.
– Неге аға? Не кінәсі бар?
– Кінәсі дейсің бе? Ақымақтаусыңдар ғой жастар. Көз жа-
сыңды тый. Әйтпесе... – Оның даусы қатая бастады. – Әйтпесе,
сен де мыналардың құрбандығына айналасың. Қайт қарағым.
Қайта келме. Бар, кет!
– Қалай кетем?! Қалайша? Мына тас қабырғаның ішінде
Қайсарымның қай хәлде екенін көрмей қалай кетпекпін? Оның
161
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
еш кінәсі жоқ! Оны алаңға алып барған мен! Алаңға барғаны
үшін қамасаңдар мені де қамаңдар! Мені де атыңдар!
– Мен саған көмектесе алмаймын. Сүйгеніңе хат жаз,
жеткізейін. Одан басқа қолымнан келер қайран жоқ.
Айгүл асыға-үсіге төрт ауыз сөздің басын әрең құрады.
– Рахмет, аға. Бұл жақсылығыңызды ұмытпаспын. Тек
хатымды қолына табыстаңызшы.
Сержант Айгүлді түрменің қақпасына дейін шығарып
салды. Бұл кезде ақпан ауып Алматы аязының беті қайтайын
деген. Айгүл тек кеудесін ғана сүйретіп үйіне қайтты. Сана-
сынан сержанттың «өлім жазасы» деген сөзі кетер емес. Көз
алдында кеше ғана бірге жүрген, сессия сайын ауылынан алып-
ұшып, сағына жететін Қайсары кетер емес.
Енді оны көре алмайды...
***
Қайсар сол күні алаңнан ес-түссіз хәлде мұнда келген.
Есін тас қабырғалы камерада жиды. Жан-жағында өзіндей
тағы бес-алты жігіт отыр. Бәрінің бет-жүзі қан. Ыңырсып жа-
тыр. Мұның де беті көнектей ісіп кетіпті. Бүкіл денесі ауырып
тұрған сияқты. Есіне Айгүл түсті. «Қайда қалды екен?» деп
ойлады. Әлде жаңағы қыздардай тепкінің астында қалды ма?
Осы ой санасына сап еткенде жүрегі ауырып кетті.
– Алаңда не болып жатыр екен? Қыздарға обал болды.
Оларды да аяп жатқан жоқ, – деді бірі даусы қарлығып.
– Оңбағандар! Осынша жыл сеніп келген өкіметіміз
өзімізді қорлайды деп кім ойлаған? Өз елімізде өз ойымызды
айта алмасақ неге жүрміз? Біз қазақ халқы сонда мына СССР-ға
малай ғана ма? Өз еркіміз, өз құқығымыз жоқ па?
– Тыныш, ақырын сөйле...
– Біз не істедік, ә? Тек өз ойымызды айтуды ғана ойладық
қой. Неге бұлай?... Жігіт қыстығып қоя берді. – Мына қазақтың
сорлы маңдайы қашан жарқырайды екен, ә? Жоңғар... қалмақ...
енді орыстың тепкісі. Жеткен жеріміз осы ма?
Жігіттер тордағы арыстандай аласұрды. Осы сәт етіктері
сартылдап жасауылдар жетіп келді.
162
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
– Ах, подонки! Лежим да? – есікке таяу жатқан бір жігітті
«ыңқ» еткізіп бір тепті. – Қайсар Есилов на допрос!
Сержанттың бірі мұның қолын артқа қайырып, сүйрелеп
тергеу бөлмесіне алып келді. – Есилов Қайрат Даулетович.
Студент...
Тергеушінің ұзын-сонар баяндамасынан ұққаны бұл әл-
дебір милиция қызметкерін темірмен ұрып өлтіріпті.
– Жоқ! Мен ешкімді ұрған жоқпын! Ешқандай темір... –
бұл сөзін аяқтамай жатып тергеушінің тегеурінді жұдырығы
тұмсығына сарт етті. Қайсардың ашуы бетер қозды. – Мен
ешкімді ұрған жоқпын! – деді қанды түкірігі шашырай.
Сот процесі ұзаққа созылып барып Қайсарды ақыры өлім
жазасына кесті. Ақталатынына ешқандай күмәні болмаған балаң
жігіт соттың үкімін естігенде әлден өлуге асыққандай тамырла-
рын қуалап, миына жеткен әлдебір аурудан басын ұстап отырып
қалды. Жиырма жылда есте қалған әрбір минутын көз алды-
нан өткізді. Әкесін суреттен көргені болмаса, жүзін көрмепті.
Ал, анасы бертін, бұл он төртке толған шағында жол апатынан
қайтыс болды. Әкесі жалғыз екен. Жалғыздан қалған жалғыз
тұяқ анасы өлген соң ауылындағы ағайындарының қолында
жүріп мектеп бітірген. Сырттай оқып, колхозда шопыр болып
жұмыс істейтін. Айгүлмен де сессияға келгенде танысқан.
Сот үкімінен соң Қайсарды жеке камераға қамады.
Күнұзағына серігі ой. Осындай күндердің бірінде жеп отырған
нанының ішінен бүктелген қағаз шықты. «Өлтірмек болғаны
ғой» деп ойлады алғашында. Бір жапырақ қағаздың бүктеуін
жазды. «Қайсар, сені сүйемін. Сүйем! Айгүл» деп жазыпты.
Қуанды. Айгүл тірі екен ғой. Тас қабырғаны төбелеп жылады.
Алғаш рет өміріне налыды.
Оншақты күннен соң бұларды этаппен басқа жаққа жі-
берді. Арнайы тас қараңғы вагонмен жеткізілген «смертниктер»
қайда келгендерін де, қанша күн жол жүргендерін де аңдай
алмады.
Ертеңіне таң қылаң бере саппен жүргізіп асханаға айдап
келді. Қаншама айдан бері жөнді тамақтанбаған Қайсар ас-
хана мәзірін көргенде таң қалды. Дастархан смертниктерге
163
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
емес, қонаққа жасалғандай жайнап тұр. Қаймақ, стақан толы
сүт, сары май, ыстық сорпа... Өмірмен қош айтысқалы жүрген
мұңлықтың бәрі жеп қалайын дегендей асап жатыр.
Осылай үш күн өтті. Үш күн ішінде Қайсар дастархандас
болғандармен танысып та алды.
– Оқушы қызды зорлап, өлтіргенім үшін, – дейді әнебір
шикіл сары шімірікпестен. Енді бірі есірткі сатқаны үшін отыр.
Мұның алаңға барғаны үшін өлім жазасына кесілгенін білгенде
ешқайсысы үн қатпады. Не ойлағандарын кім білсін. Төртінші
күні бұларды сапқа тұрғызып ашық алаңқайға шығарды.
– Ең ауыр жазаға кесілген қылмыскерлер! Сендер
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ең құпия және
арнайы бақылаудағы базасында тұрсыңдар. Бұл «өлі зона!»
КСРО-ның соңғы жиырма жылдағы ең құпия әрі қауіпті жо-
басы. Бұл жерден ешкім, ешқайда қашып кетпеген және кете
де алмайды. Бір шақырым радиустағы барлық аймаққа жа-
рылғыш заттар қойылған. Сендер уран шахталарында жұмыс
істейсіңдер және қалдықтарды әдепкі киіммен жинайтын
боласыңдар. Өлетіндерге арнайы киім берілмейді. Өйткені,
ол киімдер мына сендердің өмірлеріңнен әлдеқайда қымбат
тұрады. Уран шахтасында кімнің қанша өмір сүретінін ден-
саулығы ғана біледі. Сендердің мәйіттеріңді ешкім көмбейді
де. Мүрделеріңнің өзі-ақ күлге айналады. Өздеріңді аяудың да
қажеті шамалы, өйткені сендер онсыз да өліксіңдер...
Еңгезердей полковник ұзақ сөйледі. Оның әр сөзі
өңменіңнен өтердей суық еді. Мына сөздерді естігенде Қай-
сар өмірге келгеніне өкінді. Артында қабірі де қалмай күлге
айналмақ. Не деген қатыгез ең тағдыр!..
Күннен күнге бұлардың қатары сирей берді. Кешегі жүр-
ген кейбіреулер бүгін жоқ. Қайсарды қайғы мүжіп бітірді. Ол
енді тек тезірек өлуге ғана асықты. Ажал да Қайсарға қарай
асыққандай таң қылаң бере кіріп келді. Темір есіктің салдырлап
ашылған құлпының даусы ажал-қоңыраудың сыңғырындай
тас қабырғаларды жаңғыртты. Алаңқайға алып шықты. Төр-
теу екен. Екі жағына екі надзиратель ертіп полковник келді.
Қатулы қабағын жазбай, ұйқысы қанбаған кісіше жанындағы
164
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жандармандарға доқ етті.
– Отведи к северной шахте, и зақрыть там на всегда! –
деді.
– Но там повышенная радиоактивность. Они не выживут
и пятнадцать минут, – деген адьютанттың сөзіне құлақ та аспай
кері қарай қадам басып бара жатты.
Қайсардың миында осы екі сөйлем азаншының даусын-
дай жаңғырып қала берді.
БТР-ге салып әлдеқайда алып келді. Арнайы киім киген
төрт бес әскер шахта есігін ашты. Қайсар да, жанындағы үш
серігі де өмірмен қош айтысқандай аспанға қарады. Аспан
тұп-тұнық. Ұшқан құс та жоқ. Бұлт та жоқ. Екеуін де уранның
уы күлге айналдырып жібергендей. Айнала тап-тақыр. Өлі
дала. Өлім қақпасының аузында ұзақ тұруға уақыт болмады.
Қайсар өткен өмірін ойлап та үлгермеді.
– Алға! – деді әскердің бірі.
– Қош, – деді Қайсар.
Ажал қақпасы қайта жабылды. Өмір ажал қақпасының
саңылауынан жыртия күле қарады. Күннің сәулесі көзді арбап
жыртыңдайды. Улы газ ә дегеннен қолқаны қапты. Екінші
қақпа жабылды да саңылау да, сәуле де ғайып болып, тас-түнек
қараңғылық орнады.
– Ааааааааааа....
Азынап жатты. Ешкім естімеді. Кім қанша азынады бел-
гісіз. Бірін бірі естуден қалып бара жатты. Қайсардың басы
айналып, терісі тырыса бастады. Әлі қалмай құлай берді.
Соңғы рет Айгүлді есіне алды. «Сүйем сені, Айгүл, сүйем...»
***
Айгүл бүгін түс көріпті.
Шыр етіп безектеген тұтқаның ар жағынан Қайсардың
дауысы ап-анық естілді. «Айгүл, алаңға келші, сені күтем...»
Бұл қуанып оянды. Желтоқсанның таңы алакеуімденіп
атып келеді екен. Түсін неге жорырын білмеді. Шақырып жа-
тыр. Қайсардың дауысы санасында сол баяғыдай жаңғырды.
Сол жылғы желтоқсаннан мәңгілік естелік болып қалған ақ-
165
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
сақ аяғын сылтып басып алаңға келді. Одан бері де жиырма
жыл уақыт жүзін жасырыпты. Жұрт «Тәуелсіздіктің жиырма
жылдығы» деп атойлап жүр. Ал, мұның желтоқсан деген сөзді
естігенде жүрегі зырқ етеді.
Сылтып басып Тәуелсіздік монументінің алдына келді.
Жоғарыға көз тастады. Жиырма жылда заман осынша өзгереді
деп кім ойлапты? Бәрі аяқ астында, көзді ашып-жұмғанша
болды емес пе? Қайсардан көз жазып қалғаны қай тұс еді?
Міне, мына жер емес пе? Осы тұс еді ғой... Алаң толы жастар
еді. Әйтеуір, осы жерлерде Қайсардың ізі жатыр. Рухы жүрген
шығар.
– Ата, мұнда неге гүл қойып жатырсыз? – деген кішкентай
баланың сөзіне жалт қарады. Немересі мен атасы екен.
– Бұл ескерткіш осы күндердің құрбандығына айналған
батырларға көрсетілген құрмет. Олардың рухы осы алаңда
шыр айналып жүрген шығар.
– Амансыз ба, аға?
Бұл таныды. Амандасты. Сол, сол кісі ғой. Түрмеде...
– Амансың ба, қарындасым? – Ол да таныды.
– Таныдыңыз ба? Арада жиырма жыл өтсе де ұмытпап-
сыз...
– Ол күндерді қалай ұмытарсың? Қанша жас қыршын
кетті. Қаншама жас сен секілді сол күндердің зардабын тартып
жүр. Бәріне кінәлі мен секілді қорқақ ағаларың ғой, қалқам.
Сендерді қорғай алмадық. Қолында билігі барлар тағынан
аударылып қалуынан қорықты. Ал мен, бар болғаны сержант
қана едім. Қолымнан ештеңе де келмеді... Сол себепті үнемі
осы алаңға келіп азаттық жолында құрбан болған азаматтардың
рухының алдында кешірім сұраймын..
– Аға, өлім жазасына кесілген Қайсар Есілов менің сүй-
генім еді. Сол жігіттің қабірін тапсам деп ем. Сіз талай жыл
қызмет еттіңіз ғой. Бәлкім білерсіз. Маған Қайсардың қабірін
табуға көмектесіңізші.
– Қабірін дейсің бе?..
– Иә. Тіпті бәрін топырлатып бір шұңқырға көмген болса
да, қай жерде жатқанын тауып беріңізші.
166
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
– Ол марқұмдардың маңдайына қабірде жату да бұйыр-
маған екен, қарындасым. Олар... олар уран шахтасында күлге
айналған...
– Не дейсіз? Уран... шахтасында?..
Айгүлдің тамырларын бойлап жүгірген әлдене жүрегіне
жетті. Құлағына Қайсардың даусы талып естілді.
– Айгүл, алаңға келші, күтем сеніііі...
– Қайсар... – деді ерні дірілдеп. – Мен келдім... Қайсар...
Тез жеткен жедел жәрдем көлігі желтоқсанның тағы бір
құрбанын алып кетті. Ал, Бас алаң еш уайымсыз Тәуелсіздіктің
тойына дайындалып жатты...
167
ШЫҒЫСТЫҚ
ЖІІЕЛТБОҚӨСАЛНДІЫМҚТАР
1986 жылы 17 – 18 желтоқсан аралығында
Алматы қаласында болған көтеріліске
қатысқан шығыстық: Өскемен, Семей
өңірінің тумалары турасында
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АБАҒАН БОЛАТ
Ызғарлы түндер, ызбарлы жүздер
...Сол күндер есiме түссе, әлi
күнге дейiн ет жүрегiм езiлiп, жа-
нымды қоярға жер таба алмаймын.
Оқиға кезiндегi жастар көрген қор-
лықты Құдай ешкiмнiң басына бер-
месiн. Қанды оқиға ойға оралғанда
жарылған бастың орны солқыл-
дап, қыздардың құлындай шырқы-
раған дауыстары құлағыма келедi,
алаңдағы көрiнiс көз алдымнан өтедi.
Тән жарасын қойшы, жан жарасын
айтсаңшы! Жүректегi мұз әлi ерiген жоқ. Жалғанда мұндай
нәрсенi көзбен көрiп, бастан өткергеннен ауыр ештеңе болмас.
...Сол күндер есiме түссе, әлi күнге дейiн ет жүрегiм езiлiп,
жанымды қоярға жер таба алмаймын. Оқиға кезiндегi жастар
көрген қорлықты Құдай ешкiмнiң басына бермесiн. Қанды оқиға
ойға оралғанда жарылған бастың орны солқылдап, қыздардың
құлындай шырқыраған дауыстары құлағыма келедi, алаңдағы
көрiнiс көз алдымнан өтедi. Тән жарасын қойшы, жан жарасын
айтсаңшы! Жүректегi мұз әлi ерiген жоқ. Жалғанда мұндай
нәрсенi көзбен көрiп, бастан өткергеннен ауыр ештеңе болмас.
Мен ол кезде Алматыда жұмыс iстейтiнмiн. Әлi есiмде.
16 желтоқсан күнi кешкiсiн радио-теледидардан орталық
комитет пленумының шешiмiн естiгенде қатты қапаланға-
нымыз рас! Таңертең жұмысқа келгенде бәрiмiздiң айтқаны-
мыз кешегi жаңалықтың жайы. Түскi он бiрлер шамасында
басшылықтан кісілер жетті. Шағын жиын жасады. Кешкiсiн
жұмыстан қайтқанда орталық алаңды қиып өтетін автобустар
өздерінiң күнделiктi жолдарын өзгертiп, басқа көшемен жүрiп
кеттi. Автобус iшiндегi адамдардың бәрiнiң аузында алаңда
болып жатқан наразылық, бiреулерi мақұлдаса, екiншiлерi
қарсылық айтады. Бiз, жұмыстан бiрге шыққан екi-үш жiгiт,
169
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Сәтбаев көшесi бойынан түсiп қалдық та, алаңға беттедiк. Алаң
толы адам. Желтоқсанның сүйектен өткен суығына тонған
жастар екi-үш жерге алау жағып, жылынып тұр. Алаң шетiн
ала Үкiмет үйiне дейiнгi аралық толған қарақұрым солдат,
милиционер, жасақшылар. Қолдарында ұстаған қалқандары,
резiңке таяқтары бар. Мiнберде тұрған Үкiмет басшылары
дауыс күшейткiшпен жастардан алаңды босатып, тарауларын
сұрап, сөйлеп-ақ жатыр. Наразылық бiлдiрушiлер айқайлап,
Қонаевты көрсетуді талап етуде.
Уақыт озған сайын қарама-қарсы тұрған екi жақтың ара-
сында шағын қақтығыстар жиiлей бастады. Жастар қолдарына
түскен бұта, темiр-терсек, мрамор сынықтарын лақтырып, қа-
рулы солдаттарға қарсылық бiлдiруде, тым ерленiп алға шығып
кеткендерi соққыға жығылып жатыр.
Сағат түнгi 10-дар шамасында бағанадан көңiлге қорқы-
ныш ұялатып, дөңкиiп-дөңкиiп тұрған өрт сөндiргiш машина-
лар қаз-қатар тiзiлiп тұра қалды да, үңiрейген оқпандарынан
су атқылап бiзге қарай жылжыды. Шыңғыра қашқан қыз-боз-
балалар. Атқақтаған су сираққа тисе, сындырып жiбере жаз-
дайды, екпiнi сондай күштi, жұлындай ұшырады. Көптеген
адам құлап қалды. Уралай ұмтылған солдаттар бас-көз демей
қолдарындағы сойылдарымен соққылап, қанжоса еттi жастар-
ды. Сол күнi түнi бойы жасақшылармен күшейтiлген, қасқыр
иттерді жетектеген милиция күзеттерi қоян аулауға шыққан-
дай көше-көшені кезіп кетті. Ұсталғандарды аямай тепкiлеп,
машиналарға тиеп қамай берген екен.
Ертеңгi сағат 8 мөлшерi. Орталық алаңды қорғаушылар-
дың түрi өрт сөндiргендей. Қолдарында сығымдай ұстаған
арматура, кабель кесiндiлерi, шынжырлар, сапер күрекшелерi.
Жиналып жатқан жастарға көздерiне қан толып жауыға қа-
райды. Үкiмет басшыларының қанқұйлы шешiмiнен хабарсыз
наразылық бiлдiрушiлер қолдарындағы ұрандарын көтерiп,
әндетiп Сәтбаев пен Фурманов көшелерiнiң қиылысына жи-
налды. Ұрандарының мазмұны: «Әр республиканы өз көсемi
басқарсын!», «Қазақстан жасай берсiн!», «Лениндiк ұлт сая-
саты жасасын!». Орыс халқына, басқа да ұлттарға қарсы жа-
170
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
зылған бiрде-бiр ұран болған жоқ.
Сағат 10-11-лер шамасында Фурманов көшесiнiң жоғары
жағымен солдаттар тиелген тағы 4-5 автобус келiп тоқтады.
Олардың түс-әлпеттерi бөлектеу. Бас киiмдерiнiң бауын тартып
байлаған, оның үстiне бастырына ақ қаска киген, бес қарулары
бойларында. Алаңға кiрген автобустардан үн-түнсiз түсе-түсе
қалған олар бейне бiр жанды машиналар сияқты тiзiлiп тұра
қалды да, қолдарындағы сойылдарымен қалқандарын тар-
сылдатып, жат дауыспен қиқулай айқайласып бiзге қарай лап
қойды. Соларды бағанадан күтiп тұрғандай, қалғандары да
қосыла ұмтылысты. Көрсең сол кезде не болғанын! Айқай-
шу, қым-қиғаш, бiреудi-бiреу бiлмейдi. Алаң лезде босады.
Үлгергенiмiз қашып, үлгермегенiмiз соққыға жығылдық. Бо-
саған алаң қойға қасқыр шапқаннан кейiнгi көріністі көзге
елестетедi. Әр жерде бiр қанға батып жатқан жiгiттер, қыздар.
Қастарында үш-төрттен құтырған ит сияқты арсылдаған жа-
залаушы-қанiшерлер. Бас көтеру мүмкiн емес, өледi-ау деп
ойламайды, қансырап жатқандарды үстi-үстiне сойылдап, теп-
кiлейдi. Әсiресе қыз балаларға көрсеткен қорлығын көргенде,
жаныңнан түңілесің. Фашистердiң қылығынан асып түскен
сойқандарды көрдiк. Қолдарының қышуы қанғанша сабаған
соң, сүйрелеп апарып автобустарға лақтырып тастай бердi.
Автобус iшi қан сасиды, жарылған бас, сынған қол, шыққан
көз, қарау мүмкiн емес. Жараланғандарға толған автобустар
қала сыртына жылжи бастады. Бiраз ұзаған соң, бiз тиелген
автобус тоқтап, түсе бастадық. Орта жастағы капитан шенiн-
дегi қазақ жiгiтi: «Балалар, ендi алаңға жоламаңдар, жазым
болып кетесiңдер айналайындар», - дей берiп едi, былшиған
семiз жирен орыс оның өзiне зекiп ұрса жөнелдi. Капитанның
бетiне қарап едiм шарасыздықтан бет-әлпетi бiртүрлi болып
кетiптi. Шыдай алмай терiс айналдым.
Сол күнi қас қарая итшiлеп қалаға әрең жеттiк. Жеген
таяқ, тиген суықтың әсерiнен бiр апта бас көтере алмадым.
Жұмысқа шыққан кезде көргенiмiз қудалау, неше түрлi сөз-
дермен қорлау болды. Iш қазандай қайнайды, бiрақ күресуге
дәрмен жоқ. Бiрге iстейтiн жiгiттермен бiрге комсомол билетiн
171
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
өткiзiп, соңғы ескертумен жұмыста қалдырылдық. Осыған да
тәубе деп, қыбырлап жүре бердiк.
Радио мен теледидарды қоссаң, еститiнiң қазақтардың
ұлтшылдығы, газет бетiн ашсаң - оқитының бетке ұстар
азаматтарымызды қаралау. Бiр сұмдық кезең болды ғой, әйтеуiр.
Қазiрдiң өзiнде кiмге сенерiмiздi бiлмеймiз.
«Шынында да, желтоқсан оқиғасы туралы көп айтуға
болады, әлi айтылар, жазылар да» деген ойда қалдым мен.
Бiрақ сол кезде болашаққа, аға ұрпаққа деген сенiмдерi жел-
тоқсанның ызғарлы желiне ұшқан жастарымыздың сенiмiн
оралту үшiн не iстеп жатырмыз?
1991 жылы Мұхтар Шаханов комиссия құрып, бiраз игi
iстер атқарды. Бірақ аяғына дейін жеткен жоқ. Нағыз ақиқат
айтылар деп үміттенген шақта, быт-шыт болып тарап, комис-
сия мүшелерінің барлығына жуық лауазымды қызметтерге ие
болды да, тексеру жұмыстары тұйыққа тірелді. Ал жастардың
бейкүнә қанына ортақ болған «игi жақсыларымыздың» көп-
шiлiгi жылы орындарынан күнi бүгiнге дейiн жылжыған жоқ,
қызмет бабымен өсiп кеткендерi де кездеседi.
Материал 2004 жылдың
желтоқсанында жазылған
“Abai.kz”
АБДҰҒАЛИЕВА ГҮЛЖАН
1986 жылы Желтоқсан оқиға-
сы кезінде мен Алматы қаласындағы
В. И. Ленин атындағы Қазақ поли-
техникалық институты Тау-кен фа-
культетінің 3-курс студенті едім.
17 желтоқсан күні таңертең
әдеттегідей сабаққа келдім. Наразы
лық білдірген жастар Л.И. Брежнев
атындағы алаңға (қазіргі Республика
алаңы) жиналып жатыр деген хабар-
172
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ды естідік. Кейбір сабақтың дәріс залының терезелері Қ. И.
Сәтпаев көшесіне қарағандықтан, сол көшемен Республика
алаңына қарай беттеген 15-20 адамнан құралған топтардың
легі дәріс терезесінен көрініп тұрды. Жастар арасында «Менің
Қазақстаным» әнін айтып бара жатты.
Сабақтың аяқталғанын күтіп, Шәкіртова Разия деген кур-
стас құрбым екеуміз де кешкі 17-лер шамасында Қ. И. Сәтпаев
көшесімен алаңға қарай бет алдық. Рәзия әрі менің жерлесім,
Зырян қаласынан. Алаңға жастар көп жиналған екен. Алаңның
Сәтпаев және Мира (қазіргі Желтоқсан) көшелерінің қиылысы
жағына барып тұрдық. Алаңның орта жағында жиналған жа-
стар жасақшылардың шеңбер түзеген сабымен бөлініп түрды.
Ары өткізбейді. Қоршаудың бергі жағына жастар легі жиналып
жатты. Саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандар, арасында па-
триоттық әндер айтылып жатты. Күн аяз болатын. Бір мезетте
жастар жан-жаққа лап етіп тура жүгірді. Басында не болғанын
түсінбей қалдым. Мира (Желтоқсан) көшесінің бойымен Абай
даңғылына қарай мен де жүгірдім. Разия құрбымнан адасып
қалдым. Көше өте тайғанақ. Құлап-сүрініп Абай даңғылына
әзер жеттім. Сол кездегі кеудеме өксік тығылып, жан-дүнием
құлазыған күйімді әлі күнге дейін айтып жеткізе алмаймын.
Қазіргі уақытта Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қа-
зақстан техникалық университетінің Жер туралы ғылымдар
мектебінің профессоры қызметін атқарамын, Студенттер мен
магистранттарды ғылым жолына жетелеп, болашық тау-кен
ісі мамандығын терең меңгерулеріне өз үлесімді қосып, еңбек
етудемін.
***
Абдұғалиева Гүл-
жан Юсупханқызы – тау
кен инженері-маркшейдер,
техника ғылымдарының
докторы, профессор, Ресей
жаратылыстану ғылымдары
Академиясының академигі.
173
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Туған жері – Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (қазіргі
Күршім) ауданы, Горное (қазіргі Ақбұлақ) селосы. 1984 жылы
Марқакөл ауданы Қарашілік орта мектебін Алтын медальмен
бітірді.
Абдұғалиева Г.Ю. Студенттік жатақхана,
Алматы қаласы, 1988 жыл
АБДҰҒАЛИЕВ НҰРЛАН
Туған жері – Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (қазір-
гі Күршім) ауданы, Горное (қазіргі Ақбұлақ) селосы. 1980
жылы Марқакөл ауданы Алексеевка (қазіргі Марқакөл) орта
мектебін жақсы аттестатпен бітірді.
Абдұғалиев Нұрлан Юсупханұлы да Желтоқсан
көтерілісінің ыстық-суығын көрген қазақ жастарының бірі.
Желтоқсан оқиғасы кезінде ол Алматыдағы Қазақ ауылша-
руашылық институтының ауылшаруашылығын механика-
ландыру факультетінің 3-курсында оқыды. Олардың тұратын
жатақханасы Л.И. Брежнев алаңына жақын орналасқандықтан,
жатақханадағы қазақ жастары милиция қызметкердері мен
жасақшылардың соққысына қатты ұшырады. Нұрлан қазақ
жастарын ұрып-соғудан қорғау үшін жасақшыларға қарсы
тұрған жастардың қатарынан. 1989 жылы Нұрлан Юсупханұлы
аталған институтты қызыл дипломға бітірді. Бүгінгі күні
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында «Бастау» шаруа
қожалығын басқарып, өзінің жеке кәсіпкерлігімен айналысады.
174
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АБРАЙЫМОВ ЕРКІН
Мен,1983 жылы орта мектепті
жақсы аяқтап, осы жылы Алматы
қаласындағы Қазақ политехника-
лық институтының металлургия
факультетіне оқуға түстім.
Сол бір ызғарлы, қақап тұрған
1986 жылдың 16 желтоқсанында біз
группаластарымызбен досымыздың
туған күнінен шықтық. «Қазақстан»
мейрамханасы арқылы орталық алаң-
мен Сәтпаев көшесіндегі жатақха-
намызға қайтып келе жатқанда, қа-
зақтың үш жігіті бізді қуып жетіп, «Жігіттер, қыздар! Бүгін
Пленум болып Қонаев ақсақалды орнынан алып тастады. Ор-
нына Қазақстанға беймәлім Ресейден біреуді қойып жатыр.
Өз елімізден, өз ұлтымыздан бір адамды басшы қою керек
деген назарылығымызды білдіру үшін алаңға шыққалы отыр-
мыз. 17 желтоқсан күні 18.00 де шығамыз келіңдер, барлығына
айтыңдар»- деді де әрі қарай жүгіріп кетті.
Біз ертеңінде,
яғни 17 желтоқсан
күні сағат 15.00-де
«Целинный» ки-
нотеатрына груп-
памен билет алып
қойғамыз. Сол кез-
де «Танцор диско»
деген үнді фильмі
жүріп жатыр еді.
Кураторымыз Максимов «Үш адамнан артық жиналуға бол-
майды» деп бізді киноға әзер жіберіп, өзі еріп барды. Кинодан
шыққан соң қыздарды жатақханаға тастап, не болып жатқанын
білу үшін мен, Қайрат Сатылғанов (Тараз), Дәулет Жайнақов
(Алматы облысы), Қанат Дүйсенов (Семейден) алаңға тарттық.
175
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Алаң біздің жатақханадан тым алыс емес еді. Келсек алаң
толған қазақ жастары, у-шу. Мінбеде адамдар тұр, микрофон-
мен бір нәрселер айтылып жатыр, бірақ жақсы естілмейді.
Мінбенің астында, үстінде дыбыс үлкейткіштер қойылған
ПАЗ автобустары тұр.
Айғай-шу. Күн суық. «Алаңнан қайтыңдар, үйлеріңе та-
раңдар»,- деп қалқандары бар, резеңке таяқ ұстаған, бастарын-
да каска киген милиционерлер мінбені жағалай шеп құрып
тұрды. Содан соң біраздан соң алаңға өрт сөндіргіш, үстінде су
шашатын құрылғысы бар машиналар келе бастады. Жастарды
ығыстыру үшін деп қатты күшпен мұздай су шашып, үсті ба-
сымызды малмандай су қылды. Өзі күн суық, аязда үстіміздегі
киген киіміміз қатып қалды. Күннің суығына, үстіміздегі киген
киімнің қатқанына қарамай «Бізге қазақ басшы керек!» - деп
айқайлап, мінбеге қарай лап қойдық. Мұздай қаруланған сол-
даттар мен милиция қызметкерлері тықсырып алаңнан қуып
шығуға тырысады, біз уралап, қайта жүгіреміз. Сөйтіп оларға
қарсы жүгіріп жүргенде біз, бірге келген достар бір-бірімізден
ажырап қалдық.
Мен ұрандап жүріп милиция құрған шептен өтіп кетіп-
пін, басымды көтерсем, көз алдымда самай шашы ағарған
орта жастағы майор шеніндегі қазақ милиционер «Балам тірі
тұрғаныңда қайт үйіңе! Бізге ешкімді аямаңдар, көтерілісті
қайткен күнде басыңдар деген қатаң бұйрық берілді. Қайт
үйіңе!»- деді де бұрылып кетіп қалды.
Шет жақпен Сәтпаев көшесіне қайта шықсам Сәтпаев
көшесі мен қазіргі Желтоқсан көшесінің қиылысында жігіт-
тер нан таситын «хлебовоз» машинасын тоқтатып, алаңдағы
суыққа тонған, аш, мұз болып қатып қалған қыз-жігіттерге
ыстық нан таратып жатыр екен.
Содан жатақханаға киім ауыстыруға бардық. Қайта
шығайық десек, жатақхана жанына автобустар тосып тұр екен.
Әскери формадағы адамдар барлығымызды лық толтырып
алып, сол кездегі (Калинин ауданы) акт залына апарып қамап
тастады. Содан 18 желтоқсан күні түстен кейін бізге бір-бір
қызыл повязка беріп, «Оқудан шыққыларың келмесе тәртіп
176
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
сақтап, Сәтпаев көшесінде байланыс техникумының алдында
тұрасыңдар»- деп қоя берді. Бізді апарған кезде алаңды әскери
техникамен қоршап түндегі милициялардың орнына мұздай
қаруланған жасақ, білік темір, күрек ұстаған орыс ұлтының
адамдары тұрды. Жастар атойлап алаңға жүгірген кезде, қа-
рулы әскер лап қойып ұрып-соғып, артында қалған қыздарды
басынан, арқасынан сом темірлерімен, күректерімен ұрып
жығып, бір қызды төртеу-бесеуі тепкілеп жатқанда, қызыл
повязкаларын лақтырып тастап солдаттарға қарсы жүгірдік.
Бет ауыздары қан басқан екі қызды құтқарып алып қалдық.
Оларды қайтарып жіберіп, өзіміз жаңағы жастардың арасына
араласып кеттік.
Сол күні
жатақх анаға бар-
май, пәтер жал-
дап тұратын та-
ныс жігіттердің
үйлеріне барып
қонып, ертеңінде
сабаққа бардық.
Бір аптадан кей-
ін алғашқы әске-
ри дайындық сабағында әскери киім кимеген, түрлері суық
адамдар келіп, барлығымызды тұрғызып қойып қолдарындағы
фотоларымен бетімізге үңіліп қарап ешкімді таба алмай кетіп
қалды.
Міне, желтоқсан оқиғасы менің есімде жастардың батыл-
дығы мен бірлігі ретінде қалды. Биыл, осы қаралы Желтоқсан
оқиғасына 35 жыл толады. Бұл оқиғаға қатысқандар тек, 1990
жылдардың бас кезінен бері ақтала бастады. Бүгінде осынау
бас көтеруге «ұлтшылдық көрініс» деп берілген саяси бағаның
қате тұжырым екені мойындалып, қазір Желтоқсан оқиғасы
Кеңес Одағының құлауына пәрменді соққы берген алғашқы
бас көтеру ретінде қарастырылады. Ал оқиғаның бел ортасын-
да жүргендер қазақ жастары ресми үгіт-насихат барысында
«Қазақстан тәуелсіздігі үшін күрескендер» деп аталып жүр.
177
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Желтоқсан оқиғасын - 70 жылдық әміршіл-әкімшіл
Кеңестік жүйеден кейін, Қазақстанның қайта түлеуінің бастауы
деп атап көрсете аламыз. Желтоқсан оқиғасы – ұлт санасынан
өшпейтін, Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болып қала бермек!
***
Абраиымов Еркін Тілеубердіұлы 1966 жылы 15 қаңтарда
Катон-Қарағай ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.
Әкесі Абрайымов Тілеуберді - қарапайым механизатор, шешесі
Майра – ауылдық акушер болып еңбек атқарған.
АҒАЛИЕВА АЙГҮЛ
Мен, еліміздің астанасы
Алматыға Семей облысы, Аякөз
ауданы, Таскескен ауылынан ба-
рып, 1983 жылы Алматыда қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық
институтының тарих және құқық
факультетіне оқуға түстім. Сей-
фуллин көшесінде №7 жатақханада тұрдық.
Желтоқсан айының 17-сі күні төртінші курс, екінші топ
студенттері әдеттегідей кезекті сабақ – дүниежүзі тарихынан
семинарға Гүлжанат апайымызды күтіп отырғанбыз. Қоңырау
соғылысымен апайымыз аудиторияға кіріп келді. Түрі бұзылып
кеткен. Қатты толқып тұрғаны байқалды. Дауысы дірілдеп:
«Естідіңдер ме...»,- деді. Бәріміз үрпиісіп қарап қалыппыз.
Апайымыз: «Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшы-
сы Д.А. Қонаевты орнынан алып тастады. Орнына сырттан
келген Г. Колбинді сайлапты. Д.А. Қонаев еліміздің бағына
туған қандай асыл азамат еді»,– деп бір тоқтады. Гүлжанат
апайымыз шындықты жақтайтын, бұқпантайлап жүрмейтін
бірбеткей адам еді.
Сол жылдары «Қайта құрудың» енді басталып, демо-
кратияның алғашқы лебі сезіліп жатқан кезі болатын. Та-
178
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
рих факультетінде оқып, саясатқа бір табан болса да жақын
болғандықтан ба, аудиториядағы бүкіл қыздар дүр етіп, қызу
пікірталас басталып кетті. Пікірталаста: «Неге Д.А. Қонаев-
тай Қазақстанға адал еңбек сіңірген адамды орнынан алып
тастайды?», «Неге елімізді басқаруға тілімізді, тарихымызды
білмейтін сырттан, басқа ұлттан адамдар әкеледі?», «Қазақ елін
қазақ ұлтынан шыққан асыл азаматтар неге басқармайды?»,
Астанамыз Алматыда «Неге бір ғана ұлттық қазақ мектебі?»,
«Неге қазақ тілі екінші орында?» деген қызу талқылаулар өтті.
Бәріміз толқып, намыстанып, қанымыз қайнап дүрлігіп, абыр-
сабыр болып отырғанда үзіліс болды.
Келесі сабақ басталар алдында «Сәкен Сейфуллин көше-
сінде қаптаған жастар легі орталыққа бет алған, қолдарында
«Әр ұлтты өз ұлтынан шыққан басшысы басқару керек» деген
жазуы бар плакат ұстап, биліктің әділетсіз саясатына қарсы өз
наразылықтарын білдіруге Брежнев алаңына бара жатыр екен»,
– деп, сыртқа шығып кеткен Дина мен Күләш ентіге жетті.
Тағы да көтерілдік. Намыс оты өршіді. Жиырма жастағы жа-
нып тұрған жастық шағымыз ғой. Бір топ қыздар сабақтан қашып
шығып көшеге жүгірдік. Олар: Зейнуллина Дина, Ерназарова
Күләш, Сейітова Нұршат, Тыхметова Гүлнәр, М екеева Майра,
Баянғазина Майгүл, Майғаранова Әлия және мен.
Көшеге шыққан
жастар легіне ілесіп,
жаяу-жалпылап түс
кездерінде Брежнев
алаңына жеттік. Кел-
сек, алаңға жастар лық
толып кетіпті. Мінбеде
жігіттер өздерінің қар-
сы пікірлерін айтып, жалынды сөйлеп жатты. Алаңда жастар
қолдарында «Әр ұлтты өз ұлтынан шыққан басшысы басқару
керек» деген В.И. Лениннің сөздері жазылған плакаттар ұстап
тұрды. Өздерінің наразылығын білдіруге бейбіт жолмен алаңға
келгендерді милициялар кіргізбей шынжыр жасап қоршауға
алыпты. Шынжырдан өте алмай, милициялар зекіріп, біздерді
179
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қуалап алаңға кіргізбеді.
Бір кезде жүз шақты жігіттер қатты лекпен келіп, шын-
жырды бұзып алаңға өттік. Бейбіт шеру арқылы алаңда өз
талаптарымызды дауыстап қойып, тапжылмастан алдыңғы
шепте кешке дейін тұрдық. «Менің Қазақстаным» әнін айттық.
Бейбіт шеруімізде ұрандатып, елімізді билеуге өз ұлтымыздан
шыққан, еліміздің намысын қорғайтын, өркендететін азаматты
тағайындауын талап еттік. Ол кезде әкімшіл-әміршіл жүйеге
қарсы тұрып, бастарын бәйгеге тігіп, тік қарап қарсы тұрып,
өз талаптарын айту, ел намысын қорғау үшін алаңға атойлап
шығу, бұрынғы КСРО-ға кірген елдердің ішінде тек қазақ жа-
старының қолынан келді. КСРО құрамына кірген елдердің
ішінде ең алғашқы болып демократия үшін, тәуелсіздік үшін
күрескен қазақ жастары, біз болдық.
Арпаласып алаңда жүргенде, бірге келген қыздар бір-
бірімізден адасып қалыппыз. Жанымда Шымкент облысы,
Шәуілдір ауданынан келген Ерназарова Күләш деген досым
ғана қалыпты.
Түнге қарай
үкімет адамдары біз-
ге микрофон арқылы:
«Жастар, тараңдар,
әйтпесе күш қолдана-
мыз!» деп қоқан-лоққы
көрсетіп, кіжініп, өктем
дауыспен айғайлай ба-
стады. Бірақ біз алаңнан
тапжылмай өз талаптарымызға жауап күттік. Бізді тыңдап, еле-
ген ешкім болмады. Иә, биліктің бізге айтар жауабы болмады...
Айтқандай-ақ, бір кезде сол жақтан екі машина шыға
келіп жаппай су шашып, мұздай судың астында қалдық. Ақ тон
шылқылдап су болды. Тісіміз тісімізге тимей, желтоқсанның
ызғарлы түнінде селкілдеп тоңа бастадық. Күләш екеуміз судан
ығысып, мүлдем алдыңғы шепке қарай жүгірдік.
Түнде алдымыздан қатарлай тізілген, аппақ жарқыраған
темірден жасалған ұзын қалқандары бар, қолдарында үлкен
180
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
таяқтары бар жасақтар бізге лап қойды. Кейін білдік бұлар
Ауғанстан соғысы үшін арнайы дайындықтан өткен резерв
жасақтары екен.
Жасақтар топтарын бұзбай тез жетіп, жастардың арасына
кіре салысымен төпелеп сатырлатып ұра бастады. Алаңның
ортасына «Жедел жәрдем» машиналары толып кетті. Жастарды
«жедел жәрдемге» салып милицияға әкетіп жатыр деген шу
шықты. Шетімізден қолына ілінгендерді жұлмалап әкетіп
жатыр. Қолдарында ұзын қалқандары, резеңке сойылдары
бар әскерлер топқа тез кіріп, бас-көзге қарамай сабай бастады.
Алаңда айқай-шу. Ыңырсып, жараланып қалғандар, жанұшыра
шыңғырған қыздар, қарсыласуға дәрменсіз құр қол тұрған
жігіттер. Күләш екеуміз дәл бір соғыс кезіндегідей у-шу ортада
қамақта қалдық. Бір кезде сол жақ иығымнан қатты соққы тиді,
етбетімнен жерге құладым. Қатты ауырсынып әрең дегенде
тұра бергенімде, Күлаштың қатты шыңғырып жылап, соққыдан
тұра алмай жатқанын көрдім. Жанұшыра Күлашқа жақындауға
көмекке ұмтылдым.
Мүмкін сол күні «Жедел жәрдем» машинасында кетер
ме едік, әлде майып болар ма едік, қазақтың жігіттері көп
соққыны өздеріне дарытып, бізді қорғаштап алаңның шетіне
дейін алып шықпағанда...
Сол күні ұлттық рухымыздың көтерілгені соншалық,
қазақтың балалары бір-бірімізге бауыр болдық. Бір-біріміз
үшін қатерге дайын тұрдық. Сол бейтаныс екі жігіттің
қарындастарына қамқор болған ерлігі, тектілігі есіме түссе
күні бүгінге дейін жүрегім елжіреп көзіме жас келеді. Сол
азаматтар аман болып, бақытты ғұмыр сүрсе екен деп тілеймін.
Түн ішінде сүйретіліп жатақханаға әрең жеттік.
Жатақхананың кіреберіс есігінде арнайы жасақтар отыр екен.
Барлығы бойлары өте биік, орыс ұлтынан екен. Есіктен кіруге
жасқанып біраз тұрдық. Жас жігіттер түн ішінде неге екені
белгісіз бізді үнсіз өткізіп жіберді. Бірақ бір адамды сыртқа
шығармады. Бәлкім сондай бұйрық алған шығар.
Бөлмедегі досымыз Қойшиева Света біз кешіккенге
қатты алаңдап қорқып отыр екен. Жағдайды білген соң бәйек
181
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
болып күтті. Ешкімге жақ ашпадық. Жатақханада үш күн
қатаң бақылауда қамақта болдық. Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінен жатақханаға қайта-қайта келіп, қатаң іздестіру
болса да, сол кезде жатақханада комендант болып жұмыс
істеген досымыз Сейітова Нұршат ештеңе білмейтіндей қалып
танытты.
Біз осылай 1986 жылғы желтоқсанның бұрқасынынан
аман қалдық. Желтоқсанда Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін
қанша жастар қыршын кетті. Оларға мәңгілік тағзым етеміз.
Осыншама қиындықпен келген Тәуелсіздігіміз мәңгі
болсын. Қазақ елінің көк туы өркениетті елдер қатарында биік
желбіресін. Ұрпақтарымыз, ұлы даланың текті ұрпақтары,
Қазақ елі мәңгі жасасын!
АЖАХМЕТОВ АРХАТ
Желтоқсан таңы – азаттық таңы
Мен әскерден келгеннен кей-
ін, 1986 жылы қазақтың Еңбек қы-
зыл ту орденді Ауыл шаруашылық
институтының ауыл шаруашылық
механикаландыру факультетінің
1-ші курс студенті атандым.
1986 жылы желтоқсан айы-
ның 17 жұлдызы Абай даңғылымен
бұрынғы Фурманов көшелерінің
қиылысындағы екінші корпуста
лекция болып жатқан. Сағат 9:00
де транспорант, лозунг ұстап, ұрандаған жастардың шеруі
басталып кетті. Бізді, яғни екінші корпустағы студенттерді
шығармай милициямен қоршауда ұстап тұрды. Сағат түскі
12:00 де студенттер бәрібір күшпен шығып кеттік.
Қазақтың жастары сол кездегі Брежнев алаңына жина-
лып жатыр,- деп естіп алаңға бардық. Сондағы мақсатымыз
182
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
- Д.А.Қонаевты орнынан алып тастауына байланысты бір топ
жастар болып, бейбіт шеруге шығу. Ұранымыз - «Қазақстанға
қазақ басшы!», «Әр халыққа - өз көсемі!», «Ешбір халыққа
артықшылық берілмесін!», «Өз елімізде қазақ басшысы бол-
сын!», «Орыстың отаршылдық саясаты жойылсын!» деген
ұрандар. Сөйтіп, «Менің Қазақстаным» әнін айтып шыққан
жастар легіне қосылдық.
Брежнев алаңында 17-18 желтоқсан күндері қыстың
ызғарлы суық күніне қарамай, алаңда шеруде жүрдік. Кеңес
армиясының мұздай қаруланған жазалаушы әскерлері Ново-
сибирск, Свердловск, Ташкент қалаларынан келіп, өкімет үйін
қоршауға алып тұрды. Солардың ішінде, Кеңес армиясының
Қазақстандық бөлімдері де болды.
18 желтоқсан күні бейбіт шеру болып жатқан кезде, сағат
түскі 13:00 де Брежнев алаңында тұтқиылдан Кеңес армиясы-
ның әскерлері шеруде жүрген жастарға лап беріп, ұл-қыз демей,
шетінен қолдарындағы резеңке сойылдармен ұрып, соққыға
жыға бастады. Сол арада 20-30 студенттерді, орыс офицер-
лері «Что вам Советская власть не нравится» деп шетіміз-
ден сабап, тепкінің астына алды. Бір орыстың офицері мені
көрсетіп, «Вот этому мало попалось» деп, соққының асты-
на алып жатқанда, есімнен танып қалдым. Содан, «Океан»
дүкенінің алдында есімді жисам, бір қазақ сержант сүйреп келе
жатыр екен. Менің есімді жинағанымды біліп автобусқа апара
жатқан жерінен «Әй бауырым, қаша аласың ба?- деп сұрады.
Содан оған: «Океан дүкенінің Фурманов көшесі жағында арка
бар,- дедім, - соған жеткізіп салсаң, ары қарай қаша аламын»,
- дедім. Жаңағы дүкеннің артқы ауласында гараждар көп еді.
Оның арғы жағы Ауылшаруашылық институтының стадионы
еді. Жаңағы сержанттың жаны ашып кетті ғой деймін, аркаға
дейін жеткізіп салды. Сол қазақ сержанты болмағанда, қазір
жағдайым қандай болар еді, бір Алла біледі.
Қатты соққыдан басым ісіп, алдыңғы күрек тісім ортадан
морт сынған. Бойымды әзер тіктеп, ауырған денемді әзер сүй-
реп, кете бердім. Егер жанымды алып қалған сол сержантты
қазір қайта көрсем шексіз ризашылығымды білдірер едім.
183
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Сонымен, жаңағы аркадан өтіп гараждардың төбесінен
секіріп, СХИ-дің стадионына жеттім. Стадионға келсем өк-
пелері өшкен, ауыздары кепкен, таяқ жеп соққыға жығылған,
менің курстастарым сұлап-құлап жатыр екен. Мен де солардың
жанына барып құладым.
Біраз уақыттан кейін есімізді жиып жатақханаға кел-
дік. Келсек жатақхананың алдында қаптаған милициялар мен
жедел жәрдем машиналары, аяқ-қолы сынған, бастары жа-
рылған, соққыға жығылғандарды тексеріп әкетіп жатыр екен.
Біз қорқып, қан сасыған жатақханаға кіруге асықпадық. Біраз
уақыт өткеннен кейін жатақханадан мұғалімдер шықты да,-
«Әй балалар енді далада тұрмаңдар тағы ұрып кетеді»- деп
жатақханаға кіргізді. Менің бөлмем сол жатақхананың екінші
қабатында еді. Бөлменің қарама-қарсысында Ленинская комна-
та бар еді. Содан ба, әйтеуір менің бөлмемнің есігі аман екен.
Жатақхананың ішінде бірде бір бөлменің сау есігі жоқ,
бәрі қираған, сынған. Содан бәріміз менің бөлмеме кірдік.
Сағат кешкі 21:00 бөлмеде 5-ші курста оқитын ағам - Ажах-
метов Қайрат жоқ, ол диплом жазып жатқан. Бөлмеге жаралы
студенттер лықа толып, сыймай кеттік.
Солардың ішінде Асқаров Жамбыл Жүнісбайұлы, 1967
жылы туған СХИ-дің ОТРМ (организация технологий ремонта
машин) факультетінде оқитын 1 курс студенті де ауыр соққы-
дан жараланған. Жараланғандардың жарасын таңып, алғашқы
медициналық көмек көрсетіп, ыстық шай беріп, басқа да фа-
культетте оқитын, танитын да танымайтында группаластары-
мызға қол ұшын создық.
Түнгі 23:00-дер шамасында, Белдеубаев Мұратбек деген
группаласым келді. Түрін көріп шошып кеттік, бет-аузын адам
танымастай ғып соққан. Содан түнгі сагат 01:30-да яғни, 19
желтоқсанда 5-ші курстағы ағам Қайрат келді. Үсті-басы қаннан
көрінбейді, беті-аузы ісініп, домбығып кеткен, қолдары соққы-
дан жарақат алған. Оларды автобуспен қаланың сыртына апарып
тастаған кезде, ағам бірен-саран адамдармен қашып келіпті.
Біз жас болсақ та, ұлтымыз үшін өз басшымыздың бо-
луын, тәуелсіз елімізде өмір сүрсек деген ұғымның мағынасын
184
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
терең түсіндік. Сол кездегі жалын атқан жастар мен көкірегі
ояу азаматтарымыздың көбі, тәуелсіздігіміз үшін күресте мерт
болып, өмірден өтті, қаншасы ауру, мүгедек болып қалды. Біз
сол кездегі қатты аяздың ызғарына қарамастан, суық су шашып
алаңға шыққандарды есеңгіреткен, қазақтың ұл-қыздарын
аяусыз ұрған, жан түршігерлік оқиғаның куәсі болсақ та, бізді
сол кезде намыс кернеп, ұлтын сүйген жастардың қайтпас
қайсарлығы мен сол алаңда ерлікпен өлген қазақтардың рухы,
бүгінгі тәуелсіздігімізге қол жеткізді.
Сол бір желтоқсанның сұрапыл екі күнін есіме түсірсем,
денем әлі күнге дейін түршігеді. Желтоқсан жаңғырығы жа-
дымнан кетпейді.
Желтоқсан таңы - тәуелсіздік таңы болып атқаны, қазақ
жастарының қайсарлығы, рух пен намыстың, өз ұлтына деген
сүйіспеншілігінің шексіз дәлелі.
Ендігі арманымыз - жастардың болашағы жарқын, тәу-
елсіздігіміздің тұғыры биіктеп, аспанымызда көк туымыз
желбіреп, қазақ халқының мерейі әрқашан үстем болсын
дейміз.
АЖАХМЕТОВ ҚАЙРАТ
Тәуелсіздік таңы – бақыт таңы
Қайрат аға жаздағы еңбек де-
малысында отбасын алып Алматыға
барып қайтты. Желтоқсан қырғыны
болған жерлерді аралап, Республи-
ка алаңына да барды. Тәуелсіздік
монументінің түбіндегі құйылған
алақан орнына алақанын салып
марқайып қайтты.
Қайрат Зекенұлының туған
жері – Шілікті. Осы Шілікті, Шорға
өңірінде Қаракерей Қабанбай ба-
185
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
стаған қазақ қолы жоңғар жандайшаптарына аямай соққы
беріп, Тарбағатай тауынан асыра қуыпты. Бала жасынан ба-
балар ерлігіне қанып өскен Қайрат та сол Қабанбай бабасы
сияқты ерлік елге - мұра, ұрпаққа - аманат екенін тағы да бір
танытты. Желтоқсандықтардың ерлігі, Тәуелсіздік таңы үшін
күресі, «қызыл компартия» қаһарынан жасқанбай қазақ үшін
күресі – солардың маңдайына жазылған бақыттың бірі десек,
Қайрат аға сол бақытқа ие болыпты.
Бұл – алды қасірет, соңы бақытқа айналған қанды оқиға
қалай болған еді?
1986 жылдың желтоқсаны қазақ тарихынан ойып тұрып
орын алды. Дәлірек айтсақ, он жетінші желтоқсан құл бол-
маймын ұл боламын деген мұрты тебіндеп, ер жеткен ұлдары-
мыз бен бой жетіп шашы желбіреген қыздарымыздың азаттық
таңына ұмтылған күні ретінде есте қалды.
Зырылдап жылжыған жылдар-ай десеңізші!? Содан бері
екі ондыққа сәл ғана толмайтын уақытта өтіпті. «Желтоқсан
ызғарын» басынан кешірген азаматтар бүгін жігіт ағасы жа-
сына да жетіпті. Өзін қойып, өзгеге ақыл айтып, жөн сілтейтін
жас. Сондай жастың бірі, желтоқсан оқиғасының куәгері –
Ажахметов Қайрат Зекенұлы.
Қайрат Зекенұлы Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі
әскерінің қатарында қызмет атқарып жүр. Қазір подполков-
ник шенінде, полк командирінің қару-жарақ және техника
жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді. Желтоқсанның сан
тарапқа жүгірген қанды оқиғалары хақында әртүрлі әдебиет-
терден, ақпарат беттерінен де оқыдық. Десек те, сол алапат
арасында болған шеруге қатысушы адаммен кездесу, онымен
сұхбаттасу сәті бірінші рет болып тұр.
- Он жетінші желтоқсан күні әдеттегідей сабақта отырған-
быз. Бір кезде терезеден көшеде лық толған адамдарды көрдік.
Ұрандатып, наразы болып бара жатқанын білдік. Байқап қара-
сақ, кілең қазақтың жастары. Неғылған шу, неліктен осыншама
қалың жастар көшеге шықты деген оймен бүкіл топ профессор
Рыбаковтың басуын тыңдамай далаға шықтық,- дейді қаһарлы
күндердің алғашқы минуты туралы Қайрат Зекенұлы. Инисти-
186
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тут алдында жиналған студенттер алдына ректор кесе көлденең
тұрып, сес көрсете айғайлады «Көшеге шыққандарың оқудан
шығасыңдар»,- деп қорқыта зекіген ректордан жасқанған бар-
лық студент сол жерден жатақханаға тарқасты.
Қайрат жатақханаға келе салысымен туған бауыры Ар-
хатты іздеп тауып, көңілі орнығып, түс мезгілінде бір топ жа-
стармен мән-жайға қанықпаққа Орталық алаңға барды. Қолы-
на мегафон ұстаған қазақтың жігіттерінің сөзін бағып тұрып,
наразылықтың төркінін түсінді. Қалың нөпірдің көкейінде
бір сұрақ: «Қонаевтың кінәсі не, кінәсі болса да неге басқа
қазақты қоймаған? Біз ешкімге бодан болмаймыз» деген жастар
жоғарыдан жауап күтті. Бір кезде алаңға қаруланған милиция,
ішкі әскер сарбаздары, әскери орындардың курсанттары келіп,
жиналғандарды ұрып-соғып таратпаққа ниеттенді. Онсыз да
наразы болып тұрған көпшіліктің ашу-ызасы кемеріне сыймай
лықсыды. Қолына ілінгендерді сабап жүрген милиция мен
курсанттарға қарсы шыдамай жастар да төбелеске шықты.
Қалың нөпірдің қарулы топпен айқасына Қайрат та еніп
кетті. Көз алдында өрімдей-өрімдей қыздарды беліне дейін
өрілген бұрымынан сүйреп бара жатқанға шыдамады. Қаракөз
қыздарымызға араша түсіп, басталған қырғын қанға бөгіп
барып түнге таман тоқтады. Әркім өз жатақханасына тарап,
түнімен кеңес құрған жастар таңертең тағы да Орталық алаңға
жиналды.
Алаңдағы мінбеге елімізге белгілі, беделі бар деген аза-
маттарды әкеп, жастарға басу айтқызып жатты. Қазаққа аты
мәшһүр әнші Роза Бағланова мінбеге көтеріліп, ақыл айтып,
ашулы халықты тоқтатуға әрекет етіп жатты. Дәл осы кезде
Сәтбаев көшесінен жоғары жақтағы Фурманов көшесіне қарай
бір БТР және он шақты машинаға тиелген солдат өтіп бара
жатты. БТР үстінде басшылық етіп отырған орыс офицері
пулеметті көпшілікке бұрып «огонь» деп айғайлап қорқытпақ
ойда болды. Расында «огонь» болды, бірақ кері жақтан тас,
ағаш, бөтелке БТР-ға нөсердей жауды. Халық пен қарулы топ
арасында қоян-қолтық төбелес басталды. Солдаттар саперлік
күрекпен, резина таяқпен бейбіт тұрғындарды аямады. Төбе-
187
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
лесе шегініп қашқан көпшілік қанға езіліп құлап жатты.
- Кезінде спортпен мықтап айналысып едім. Қазақша
күрес әдісін жетік білетінмін. Жүгіріп келе жатсам, алдымда
бір жігіт сенделіп құлайын деп тұр. Қолтықтап демей бергенім
сол еді, арт жақтан басыма қада тигенін ғана білемін. Есімен
танып, тізерлеп қалыппын,- дейді қырғын сәтін әңгімелеген
Қайрат аға.
Бүгежектеп отыра кеткен Қайраттың көзі бұлдырап түк
көрмей кетті. Бір кезде бір ноқат көрінді де үлкейе келіп ес кір-
ген сайын жарық та көрінді. Тізерлеп отырған күйі оң жағына
бұрылып қарап еді, бәтеңкені көрді. Бәтеңкені бойлап жоғары
қараса, қолында резина таяғы бар алпамсадай орыс офицері
мысқылмен «қайтер екен» деген оймен қарап тұр екен. Енді
қашпақ түгілі тұратын болса, екінші соққы оңдырмайтынын
сезген Қайраттың көзі алдында жатқан таяққа түсті. Басын
жерге түсіре шұлғып отырды да, көзді ашып-жұмғанша таяқты
сермей орнынан атып тұрды. Бойы төбе тірейтін майордың
аузы қан болып шыға келді.
Ытып қаша жөнелген Қайраттың аяғы жүрмейтін сияқты.
Алдында ығы-жығы арпалысқан, төбелескен көпшілік. Өзі өлім
арасында есеңгіреп, буыны беки алмай келе жатса да, есіне
інісі Архат түсті. «Архат аман ба, тірі ме?» деген ой мазалай
берді. Дәл осы сәт артынан тағы да бір қатты соққы басынан
сарт ете түсті. Жерге дүрс етіп құлағаны да сол еді, тасырла-
та тепкілеген аяқ жан-жақтан жауып кетті. Ауылдан тіктіріп
киіп жүрген суыр малақайды қолына киіп бас етіп көрсетіп, ал
басып керісінше куртканың ішіне тығып алды. Бірақ сансыз
етік қойсын ба, есінен айырылып Орталық алаңда екі сағаттай
жатты. Етбетінен жатқанда, бір күшті қол иығынан аударып
шалқасынан қаратты. Екі қазақ милициясы екен.
-Ей, бауырым, өзің кете аласың ба? - деді біреуі.
-Иә, тек қана «Океан» магазинінен ары шығарып са-
лыңдаршы,- деді. Екі милицияның қолтығына еніп енді жүре
бастағаны сол еді, қарсы алдынан өзі ұрып қашқан алпамсадай
орыс майоры шыға келді. Сөзге келместен қаданы Қайратқа
сермеп қалды. Оң қолы милицияның беліндегі белдігінен ұстап
188
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
келе жатқан еді. Бір алапат күштің демегені сондай зор де-
нелі жігітті белдігінен қыса көтеріп солға лақтырып, оң қолын
шынтақтай басын қорғай қойып үлгерді. Қада келіп сарт етті.
Бұны көріп шошынған әлгі қазақ милиция:
-Кісі өлтіруші! - деп айғай салды да, майорды аузына
салып қалды. Ол шалқалай құлады. Жан-жақтан милиция
қаптап, Қайратты көтеріп ала жөнелді.Үкімет үйін қоршаған
солдаттардың сегіз қатарынан өтіп, автобусқа тиемекші. Қайрат
араша сұрамаққа баспалдақ алдында тұрған подполковник
шеніндегі қазаққа мән-жайды айтпақ еді. Ол «кеселің маған
тиеді» деп маңайына жолатпады.
Қолға түскеннің бәрін нығап автобусқа тиеді. Әл-Фараби
даңғылымен милиция бөліміне әкеле жатты. Автобустың арт
жағындағы ызаланған жастар терезені сындырмақшы болып
тепкілей бастады. Автобус легі лажсыздан тоқтады. Есіктен
ешкімді шығармай тұрмаққа күш салған милиция есін жинап
үлгермеді. Лап қойған көпшілік далаға қашып шықты. Қарсы
алдында он-он бес метрдей жердегі дуалдан секіріп қашпа-
са, басқа жол жоқ, екпіндете соған жүгірді. Қайраттың қолы
ыршып барып дуалдың шетінен ұстады. Тартыла көтеріліп
басына шықса да, үстіне тартылған қосымша тікенек сымдар
кедергі келтірді. Сонда да жан дәрмен ары ырғып түсті. Артына
жалтақтай бақша ішімен жүгіре жөнелді. Алдынан көрінген
көп қабатты зәулім үйлерге тақағанда, ентігін басып сәл аяңға
көшкені сол еді, төртінші қабаттың болконында тұрған бір
қарт сұқ саусағын шошайтып бірдеме деп жатты. Саусағын
Қайратқа көрсетіп нұқып-нұқып қояды. Не айтқысы келіп
тұр деп артына бұрылса, арындаған екі милицияның қарасы
көрінді. Қайтадан күшін жинап жүгіре жөнелді. Бақшаның
келесі шеті де биік дуалдармен қоршалыпты. Одан да бөгел-
меді, секірді, бірақ жерге арқасымен гүрс ете түсті. Үйдің ал-
дына жүгіріп шығып, төртінші подъездің есігіне кіріп, ішіне
жасырына қалды. Ентігін баса алмай тер шүмектеп тұрғанда,
бірінші қабаттағы шеткі пәтердің есігі ашылды. Қайраттың
тығылып тұрған түрін көріп аяныш билеген орыс әйелі ішке
кіргізіп, жасыра тұрды. Су сұрап ішіп, жуынуға рұқсат сұрады.
189
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Үстін қалпына келтіріп, он-он бес минут тұрып, сыртқа шықты.
Көшенің бәрі сабылған халық. Біреуге біреу қарайтын
емес. Айғай-шу, барлығының ызасы келіп ештеңеге қарайтын
да, тайынатын да емес. Жатақханаға жеделдете басып келе жа-
тып, есіне тағы да Архат түсті. «Аман ба, сау ма?» деген ой ба-
сын кеулеп алған. Жатақхананың бірінші қабатында сау-тамтық
қалмаған. Бірде-бір сау есік жоқ, бәрі қираған, сынған. Қайрат
екінші қабатта тұратын. Онда да сол көрініс екен. Өзі тұратын
бөлме дәліздің ең шетінде болатын және оған қарама-қарсы
студенттердің жиналатын лениндік бөлмесі орналасқан. Әй-
теуір «күн көсем» жанында тұрғандықтан болар, бөлмесінің
есігі сап-сау тұр. Жанталаса кілтін салса, ашылмайды. Ішінен
жабылғанын білді де, дереу дыбыс берді. Ашылған есіктен
ішке кірсе, бір бөлмеге отыз шақты бала жасырынған екен.
Қайрат інісі Архатпен қуана қауышты. Түнімен ешкім
ешқайда бармады. Бірақ, таң тағы да шумен басталды. Жа-
тақхана ішіне лап қойған милициялар есіктерді сындырып,
бөлмелерге кіре бастады. Осы кезде шырттай киініп, галстук
тағынған төрт-бес адам келді. Олар милицияларды тоқтатып,
сыртқа шығарып жіберді. Сөйтсе, олар МҚК-ның адамдары
екен.
Ертеңінде сабақ басталды да, өмір қайта жалғасты.
- Алаңдағы алапат ішінде талай боздақтар қыршыннан
қиылды. Мен құдай сақтап аман қалдым, құтылдым да. Мен
үшін он жетінші желтоқсан екінші туған күнім, - дейді ойға
батқан Қайрат Зекенұлы. Тәуелсіздік үшін күрестің кесірінен
елу жеті адам институттан қуылған екен.
- Біз шын мәнінде тәуелсіздік үшін күресіппіз. Мен
үшін бұл күн - үлкен мереке. Кезінде өзімізді ақтай алмадық.
Құдайға тәуба, қазіргі таңда әділ бағасын алды ғой, - дейді
Қайрат аға.
Ержан Әбдірахмановтың жазбасынан
Өскемен қаласы 2005 ж.
Облыстық «Дидар» газеті
190
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Желтоқсан таңы
Желтоқсанда найзағай оты жарқ етіп
Оянды қазақ ұйқысынан селт етіп.
Жастар көппіз алаңда жүрген жиналып
Пожарныйлар қуалап, үстімізге су шашып.
Темір сауыт құрсанған, сап құрап
Әскерилер, милиция жүр шапқылап
Дубинка, күрек оңды-солды соққылап
Қан ағады бас-құлақтан атқылап.
Көше жабық, жастар көп ұрандаған
Тәуелсіздігі елімнің қымбат маған.
Ұрып-соғып қусада дубинкамен
Еркекпіз ғой, жесекте таяқ жасымаған.
Жараланып басымнан ақсада қан,
Намыс оты күннен күнге тасыған,
Айқас-тартыс ұзаққа барып басылған,
Тәуелсіздік жеңісі сол күндерден басталған.
Еліміздің бірлігі, ердің ерлігі сыналған,
Ерліктің белгісі, алақаны тарихта қалған,
Қазақтың жүрегінде намыс отын тұтатқан,
Желтоқсанда жаңа шуақ таң атқан.
Бабаларым армандап, аңсап өткен,
Тәуелсіз елім міне-мықты бекем!
Шаттыққа, бақытқа қолы жеткен,
«Декабрист» батырларын мақтан еткен.
Ажахметов Қайрат Зекенұлы
17 желтоқсан 2016 жыл
Өскемен қаласы
191
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АЙМУХАНБЕТОВ НҰРХАЛЫҚ
«...жатақхананы тексеріп,
көзге түскен жастардың бәрін
таяқтап, қамауға алды, тіпті
алаңға бармағандар да жазықсыз
таяқ жеп, қарсылық білдіргендер
соққыға жығылды».
1984 жылы Алматы қаласын-
дағы ауылшарушылық институты-
ның «Ауыл шаруашылығын меха-
никаландыру» факультетіне оқуға
түсіп, сол жылдың күзінде Отан
алдындағы борышымды өтеу үшін
сонау Қиыр Шығысқа әскер қатарына аттанып, екі жылдан соң,
яғни, 1986 жылы қайтадан оқуымды жалғастырдым. Бұл қазақ
елінің Тәуелсіздігін алуға себеп болған 1986 жылғы Желтоқ-
сан оқиғасы болған жыл еді. Сол жылы Алматы қаласындағы
студенттер, жұмысшы жастар түгелдей дерлік осы оқиғаның
қатысушысы, куәгері болды десем артық айтпаймын.
Мен де сол жастардың қатарында желтоқсанның құрбаны
болмасам да, құрамында болып едім... Сонау Қиыр Шығыстың
ауа-райымен салыстырғанда, 86-жылдың желтоқсаны елін,
жерін сағынған мен үшін ерекше жылы, ерекше әсерлі
болған еді. Әскери борышымды өтеп келіп, студенттік өмірді
жалғастырып жатқан кезім. Желтоқсан айының 16 күні сабақ
біте салысымен әдеттегідей Абай көшесіндегі пельменханаға
бардық. Сол жерде «Д. Қонаевты орнынан алыпты, орнына
Колбинді қойыпты», «Алаңда көтеріліс болады екен» деген
алып-қашпа әңгімелер естідік. Содан Абай көшесі, 8 мекен-
жайындағы алаңның тура бұрышындағы жатақханаға келіп,
киім ауыстырып алып, орталық алаң жаққа барып қайтпақ
болдық. Нұрахан, Рүстем есімді курстастарыммен алаңға
барғанымызда әрбір жерде топталып тұрған 30-40-тай адам
жиналғанын көрдік. Ешқандай көтерілістің нышаны да
192
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
білінген жоқ, біздің ойымызда да ешқандай бөтен ой болмады.
Ары-бері жүрген соң, жатақханамызға қайтып оралдық.
Ертеңгі күні лекцияда отырғанда, есікті жұлып ашып бір
топ үлкен жігіттер баса-көктеп кіріп келіп, қарсылық білдірген
оқытушыны соққыға жығып, «Не қылып отырсыңдар? Неге
алаңға шықпайсыңдар»- деп, айқайға басты. Кейін білсек, олар
жұмысшы жігіттер екен. Көпшілігі сол топпен ілесіп алаңға
кетті. Біз жатақханаға бет алдық, себебі костюм, свитермен
жүргендіктен, бөлмемізге барып, киім ауыстырып алайық деп
шештік.
Жатақханамызға келіп, жылы киініп алып, алаң жаққа
бардық. Алаңда кешегідей емес, біршама адам жиналыпты.
Қалың нөпірдің ішінен ығыса отырып мінбе жаққа келіп жеттік.
«Қазақстаным менің» деп әндеткен жастармен бірге үш-төрт
сағаттай тұрдық. Мінбеге шығып сөйлеген сөздерді қасымыз-
дағы айқай-шудан дұрыстап естімедік те, ұқпадық та. Бір ме-
зетте тұрған адамдар өзара ығысып, топ арасында бір толқын
жүріп өткендей болды. У-шу болып, ешкім ешкімді ұқпай кетті.
Ортамызға бомба түскендей болды. Жиналғандар
қасқырдан үріккен қойлар сияқты жапа тармағай жан-жаққа
қаша жөнелді. Жүгіріп келе жатып, су шашқан өрт сөндіруші
машиналарға тап болдық. Сол қашқаннан қашып, бас сауғалап,
жатақханаға келіп тығылдық.
Милиция (жендеттер) екен десем, өзіміздің жігіттер екен,
қолтықтап жатақханаға кіргенде есімді жидым. Сол күні бастан
қатты соққы алған едім. Бұл жолы таяқ жемес те едім. Алаңнан
жүгіріп келе жатып, мех. фактың жаңа ғимаратының жанынан
өте бере, аяғын ауыртып алған қыздарды көріп, қол ұшын
созып, оларды демеп, жатақхана бұрышына дейін әкелдік, сол
үшін біраз бөгеліп қалған едік. Өз жатақханамыздың тұсында
артымыздан қуған жендеттерден соққы жедік.
Бөлмемде ес жиып, су болған киімдерімізді ауыстырып,
қайта алаң жаққа барғанымызда БТР-ларды әкеліп қойыпты.
Алаң у да шу, жаппай қуғындау басталып, біз де бас сауғалап,
қайта кері қаштық, бірақ біз жатақханаға қайта кіре алмадық,
есігін жауып тастапты. Әрқайсымыз бет ауған жағымызға
193
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бытырай қаштық. Мен төмен құлдилап, Абай көшесіне жетпей,
Панфилов-Абай көшелерінің қиылысында ұсталдым.
Ұрып-сабап, УАЗикке тиеп, тірек пунктіне апарды. Онда
1-2 сағаттай тергедi. Тірек пунктіне әкеле жатқанда машина
ішінде отырған екі жігіттің біреуі «Студентсің бе? Құжатың
бар ма? Тез арада көзін құрт» деген соң, студенттік билетімді
жыртып, фотосын шайнап жұтып жібердім. Опорныйда құжаты
жоқтарды есік алдына тізерлетіп, қарға отырғызып қойды. Сол
кездегі алған соққыдан ба, өткен суықтан ба, білмеймін, сол
жақ тізем бірнеше күннен соң күп болып ісіп кетті.
Содан соң үлкен машинаға тиеп қаланың шетіне апарып,
түсіріп кетті. Сол жерде быт-шыт болып жан-жаққа қаштық.
7-8 сағаттай жүгіріп (арасында дем алып) Алматыға жеттім.
БАК (большой Алматинский канал) жақта Марат құдамның
үйіне жетіп, паналап, аман қалдым. Сосын жатақханаға келіп,
2 күндей ешкімге есік ашпай, қорғанып жаттық. Өйткені, ба-
стан аяқ қаруланған сарбаздар жатақханаға кіріп келіп, бүкіл
жатақхананы тексеріп, көзге түскен жастардың бәрін таяқтап,
қамауға алды, тіпті алаңға бармағандар да жазықсыз таяқ жеп,
қарсылық білдіргендер соққыға жығылды, біз оларға тойтарыс
бере алмай, бас сауғалап бөлмелерімізге тығылдық. Ақыры
терезеден секіріп түсіп, қашып кеттік. 3-4 күндей жатақхана
қаңырап бос қалды.
Алматыда болған
жағдайды естіп, «Ойбай
студенттерді қырып жа-
тыр екен»- деп, шешем
ауылдан іздеп келген
еді. Ол кезде мен бас
сауғалап, Ленин көше-
сінің бойында тұратын
құдағиымызды паналап
жүргенмін. Арасында сабаққа барып жүрдік пе? Сол мезеттер
есімде мүлдем жоқ. Әйтеуір комсомол қатарынан шеттетілсек
те, оқудан қудаланбай қалғанымызға шүкіршілік еттік. Сес-
сияны бәрімізге автомат қойып, ауылға қайтарып жібергені
194
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
есімде қалыпты. Сөйтіп, мені іздеп келген анаммен ауылға
қайтып кеттім. Сол кездің қай күн екені нақты есімде қалмапты,
апайым жаңа жылдан соң дейді, жеңгем 20-25 желтоқсан дейді.
Кезінде, алаңға барып, суретке немесе видеоға түсіп
қалғандардың бәрін іздеп, тапқанын соттап, жауапқа тартып,
қамалғандар да болған еді. Мына фотосуреттерде соққы да
жеген, оқудан да шыққан, қудаланған, алаңға бірге барған, бір
бөлмеде тұрған, қайтыс та болып кеткен курстастарым бар.
Соларды тауып, әділ шешім шығартып, ақтайтын адам бар ма
екен? Біз сол Желтоқсан оқиғасын жария етіп, кеуде қағып жар
салардай ерен ерлік жасамаппыз, алаңға барғанымыз үшін бас
сауғалап қашып, тығылып жүрген сол күндерден бері 35 жыл
өтіп кетіпті-ау! Кезінде «Құрбаны болмасақ та, құрамында
болғанбыз» деген бір мақала жазған едім, бәрі ұмыт қалды,
мақалам да жарық көрмеді. Сол жылдардан бері 5-6 рет отаға
түсіп, наркоз алдым... Есте не қалды дейсің? Барлығы өткен
күннің елесі болып санадан өшіп қала береді екен.
Бүгінде міне Аллаға шүкір, аман-есенбіз! Мың да бір
шүкір... Бүгінгі бейбітшілік заманның әр желтоқсанында сол
Желтоқсанда бірге болған достарды еске аламын! Өкінішке
орай, бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар демекші, марқұм
болған курстастарым Мелиханов Талғат, Белдеубаев Мұрат,
Қоңыров Берікжан, Намысбаев Болат, Көпбосынов Мұхит,
Магзин Саулебек, Имаков Қанат, Сүйіндіков Әміржан, Қаналиев
Мәлік сынды азаматтарды үнсіздікпен бір сәтке еске ала отыра,
иман байлығын беріп, жандары жәннатта болсын демекпін.
Желтоқсанның жаңғырығы менің санамда ғана емес,
барша жастардың санасында жаңғырып, ел Тәуелсіздігінің
аясында көзге көрінер-көрінбес сағымдай болып, жыл өткен
сайын алыстап барады. Сол оқиғаны, жастар көтерілісін есіме
түсіріп, «Желтоқсанды мен бүгін еске аламын...» деген атаумен
шығарған өлеңімді назарларыңызға ұсынғым келеді.
Амандықта болайық, достар! Тәуелсіздік күніне түрткі
болған Желтоқсан көтерілісіне қосқан тамшыдай үлесімді
мақтан етемін! Бабалардың арманы тәуелсіздік тұғырымыз
мықты болсын!
195
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Тойыңа шашу шашып, жыр жазамын,
Орындалды арманы бабалардың.
Қолыма қалам алып, түрткі болған,
Сұрапыл сол кездерді еске аламын.
Желтоқсанды мен бүгін еске аламын,
Боздақтардың алаңға аттанғанын.
“Колбин мырза келді,”-деп ел басына,
Наразылық шерудің басталғанын.
Жастар едік сол кезде білім қуған,
Ұстаздардан тәрбие- тәлім алған.
Қол ұстасып, алаңға біз де аттандық,
Ата-баба ұрпағы жолын қуған.
Алаңда жиналған жұрт абыр- сабыр,
Аға, апай, қарындас, бірі- бауыр.
Наразылық нышанын білдіреді,
Қайдасың?-деп, «Қасқалдақ қара бауыр...»
«Қазақстан- елім»,- деп әнге салып,
Мінбе жаққа бет алдық, қол ұстасып.
Сабын түзеп, қоршаған сарбаздар тұр,
Бастан аяқ жасанып, қару асып.
196
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Жантүршігер сәттерді еске аламын,
Кейде мұздап жүрегім, мұңаямын.
Азаттықтың жолында құрбан болған,
Боздақтарды бір сәтке еске аламын.
Еске аламын достарды бірге болған,
Қиын- қыстау сәттерде қолын созған.
Желтоқсанның ызғарлы түні есімде,
Тәуелсіздік күніне түрткі болған.
Шаттық өмірі тілеймін жастарыма,
Қасіреті болмасын бастарында.
Тәуелсіз қазағымның көк байрағы,
Мәңгі тұрсын желбіреп аспанында.
Қуанышты мерейтой құтты болсын,
Абыройың әрдайым үстем болсын.
Қол жетпеген арманы бабалардың,
Тәуелсіздік тұғырың мықты болсын!
***
Аймұханбетов Нұрхалық Сейтқазыұлы, 1966 жылы
мамыр айының 24 күні Шығыс Қазақстан облысы Күршім
ауданы, Калинино (қазіргі Егіндібұлақ) ауылында дүниеге
келген. 1983 жылы №3 Күршім орта мектебін бітіргеннен кейін,
Целиноград қаласындағы инженер-құрылыс институтына
оқуға түсіп, отбасы жағдайына байланысты ауылына оралған.
Кейін, өзі айтқандай, 1984 жылы Алматы қаласындағы
ауылшарушылық институтының «Ауыл шаруашылығын
механикаландыру» факультетіне оқуға түсіп, сол жылдың
күзінде Отан алдындағы борышын өтеу үшін сонау Қиыр
Шығысқа әскер қатарына аттанып, екі жылдан соң, яғни, 1986
жылы қайтадан оқуын жалғастырып жүргенде Желтоқсан
көтерілісіне қатысқан. Желтоқсан ардагері.
197
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АЙТБАЕВ ЕРІК
1986 жылы орта мек-
тепті жақсы аттестатпен
бітірдім. Осы жылы Алма-
ты қаласындағы Ауылша-
руашылық институты, ме-
ханика факультетіне (СХИ,
мехфак, қазіргі Қазақ ұлт-
тық аграрлық университеті)
кеңшардың ауылшаруашы-
лығы кеңесінің арнайы жолдамасымен оқуға түстім. Оқу орны
ғимараты Фурманов пен Абай көшелерінің қиылысында, ал
жатақханамыз Қ.Сәтбаев пен Ш.Уалиханов (бұрынғы Красин)
көшелерінің қиылысында орналасқан. №6-шы жатақхананың
6-шы бөлмесінде Тұрдин Мұрат, Жолдасов Нұржан, Қабаев
Елік (марқұм) деген азаматтармен бірге тұрдым.
1986 жылы 16-шы желтоқсан күні таңертең әдеттегідей
сабаққа жиналып жатыр едік. Радиодан Д.А. Қонаевтың
орнына Мәскеуден (Ресей) Колбиннің қазақ еліне келіп, ел
басқаруға сайланатынын естіп, «орыстың Қазақстанға, қазақ
ұлтын басқаруға сайланғаны несі деп, кеудемізді намыс кернеп,
сабаққа бардық. Корпустамыз. Содан сағат 11-лер шамасында
тереземізге тас лақтырылды. «Шығыңдар! Қосылыңдар!» деген
топқа біз де шығып, алаңға беттедік.
Екі күн, яғни 17-18 желтоқсан күндері алаңда боп, 18
күні (Желтоқсан, 1986) алаңда ұсталдық. Біраз ұсталған топты
автобусқа тиеп, қаланың сыртына апарып (қай ауыл екені
есімде жоқ және ол кезде жас балғын 17 жастағы студентпіз),
қақаған ызғарлы аязда біздерді жалаң аяқ түсірді. Автобустан
жалаң аяқ түсіргенде жауыздар үлкен таяқтармен, резеңке
шоқпарлармен аяғымыздан, арқамыздан, басымыздан қатты
ұрған болатын. Мен бір аяғымнан қатты жарақат алдым сол
сәтте. (Автобус ішінде біздің кім екенімізді білмесін деп
студенттік билеттерімізді шайнап тастағанбыз). Сол кезде
бәріміз жан-жаққа жан сауғалап бытырай қаштық. Екі жігіт
198
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
сол ауылдағы үйдің тауық қорасына кіріп, тығылдық. Үй иесі
бізді көріп (басқа ұлт өкілі екен) «Что творится в городе? дейді.
Біздің жағдайымызды көріп жаны ашып кетті. Біз аяқ киім
тауып беруін өтіндік. Бізге аяқ киім берді.
Аман қалған біз екеуіміз, қалаға жету үшін такси ұстадық.
Таксист те, алдында отырған жігіт те орыс екен. Қаланың шығу,
кіру тұстарына күзет қойылған екен. Күзетшілер орекеңдерді
көріп, тексермей жібере салды. Қалаға жете сала екеуіміз
екіге бөлініп кеттік. Ол жігіттің кім екені есімде жоқ. Тағдыр
бізді сол қиын сәтте жолықтырған болатын. Мен аяғым ісіп
кеткен күйде Атакентте (ВДНХ) тұратын туысымның үйіне
барғанмын. Бәрі жұмыста. Кішкене қыз мені танып, есік ашты.
Жатын бөлмеге кіріп, ес-түссіз құлаған екенмін. Сәлден соң ес
жидым. Есімді жидырған туыстарым екен. Қаладағы жағдайдан
хабардар олар ауруханаға хабарласпай, таныс дәрігерді үйге
шақырған екен. Мені тексертіп, ем-дом жасатты.
Есімді жиып, үш
күннен кейін жатақханаға
келсем, бүкіл жатақхана-
да болмаған студенттердің
барлығын «қара тізімге»
іліктіріп, оқудан шығарыпты.
Содан қудалау басталып, оқу
жайына қалды... Әйтеуір, қа-
маудан аман қалдым. Ауылға
қайтып келдім.
Елдің аузында әртүрлі
әңгіме. «Ана парткомның
ұлы Алматыдағы оқуынан
бұзақылық жасап қуылып-
ты. Маскүнем болған ғой-
»...т.б.с.с. Содан, армия, басқа оқу (аяқталмаған), т.б. дегендей...
Уақыт зырғып өтіп жатты. Міне, содан бері 35 жыл өтті. Сол
бір қасіретті, қайғылы, Тәуелсіздік алу жолына ызғарлы жел-
тоқсан айында алаңға шыққан қазақ жастарының шырылдаған
үндері әлі көз алдымнан кетпейді. Мен де бүгінгі күнге шейін
199