ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Кешкісін омон жасақтары келіп, ит қосып, әскери тәртіп
бойынша алаңнан қуды. Мен сол ауданды жақсы білетінмін,
Қазтаев атындағы музей жаңадан салынып жатқан. Сонда 2 ай
іссапарда едім. Үйлердің арасымен орталық стадион және цирк
аумағына қарай қаштық. Басыма арматура тиіп, жарақаттандым.
Нархоздың ұл-қыздары және СМУ-15, СМУ-40, Алматы тресс
құрылыс ұл-қыздары содан қашып құтылдық. Түнгі 2-сағат мөл-
шерінде жатақханаға келдім. Қасымда жолдасым Асхат таңға
жуық келді, ол қатты таяқ жепті, милицияға түскен, оның ағасы
Қонаевтың телехранителі болған. Бір ағасы Фрунзиский РОВД
жұмыс істеген сол кісілердің таныстары арқасында шығарып жі-
беріпті. Мен жатақханада совет общежитиесінің мүшесі болдым.
20-желтоқсанда КНБ, милиция, ішкі саясат келді. Фото-
ларды қарап отыр, Асхат екеуіміз тұрған фото шыға келді.
Ақырын жерге түсіріп, носкиге тығып алдым. Сол фото бертінге
дейін болған, жоғалтып алдым. Ол бірақ архивте бар, оны ала
алмадым. Бейсенбай аға іздестіріп жатыр. Мен қысқаша есімде
қалғаны осы. Солтанов Далелхан, Бейсенбай ағалармен кезігіп,
Тарбағатай ауданында желтоқсан ақиқаты Республикалық бір-
лестігін ШҚО облысы Тарбағатай аудандық филиалының орын-
басары болып сайландым.
Төгісбаев Шәріпқазы Мұ-
сабекұлы, Марат Рамазанов Зай-
сан ауданының желтоқсан ақиқа-
ты Республикалық бірлестігі
төрағасымен жұмыс істедік.
Қазіргі Шығыс Қазақстан
желтоқсан ақиқатының төраға-
сы болып жұмыс істеді. Көптеген
жұмыстарды бірге істедік. Ол кісі
жұмыста өте мықты адам, сон-
дықтан ол кісіні құрметтеймін.
Фотодағы Асхат, мен, Ақтө-
бенің жігіті аты есіме түспей
қойды. Қазақстан қонақ үй жа-
нында түскенбіз.
550
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ТУКУЕВА КҮМІС
Мен, 1984 жылдың сентябрь
айында, Алматы қаласына бардым.
Алматы құрылыс басқармасына (Ал-
матинский стройтельный управле-
ниеде - АСУ) сылақшы мамандығы
бойынша жұмысқа орналастым.
Маған Тимирязев-Гагарин көше-
лерінің қиылысында «Казнецстрой»
жатақханасынан орын берді және
қалалық тіркеуге алды.
1986 жылдың 17 декабрі күні
жұмыстан сағат 18:00 де келіп, көтеріліс болып жатқанын
жатақханада естідік. Жанымда екі қызбен алаңға баратын
болдық. Сәтпаев көшесімен алаңға кетіп бара жатқанда, бір
жігіт, қыздар бармаңдар деді, алаңға шыққандарды ұстап әкетіп
жатыр деді. Оның сөзін тыңдамай бардық. Барсақ алаңдағы
шыршалар құлап жатыр, қоқыстар шашылып, бір «уазик» ма-
шинасы өртеніп жатыр екен.
Тротуардың бойымен жағалап келе жаттық. Милициялар
сапқа тұрып, парадтағыдай аяқтарының ғана дыбыстары
естіліп, бүкіл алаңның бойымен келе жатты. Кенет, тротуардың
шетінде тұрған адамдарды ұстай бастады, бәріміз қаша
бастадық. Мен тайып жығылып, жығылған күйде домалап
барып, тротуардан секіріп, үйлердің арасымен қаштым. Түсіп
тұрған жарықтан артымнан біреу келе жатқанын көрдім.
Сөйтсем, менімен барған бір қыз екен, бір қызымызды ұстап
алып кетті. Екеуіміз көңіліміз құлазып жатақханаға қайттық.
Таңертеңінде сағат 10 мөлшерінде жанымда Бағдат
және Ғайни деген қыз үшеуіміз алаңға қайта бардық. Алаңда
адамдар көп екен, бірақ алаңға жолатпайды. Солдаттарды авто-
бустармен әкеліп түсіріп жатыр. Солдаттар бізді қуалап, Ленин
проспектісіне дейін барды. Біз солдаттардың артынан қайта
алаңға келдік. Біз шеткі алаңға қарап тұрдық, алаңның ішін-
дегілерді, ұрғандардан жарақат алғандарын жедел жәрдеммен
551
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
әкетіп, кейбіреулерін автобуспен әкетіп жатыр. Бізде алаңның
ортасына кірдік, сол кезде бір-бірімізді таптап құлап қалдық.
Орнымнан тұра бергенімде, басымнан резеңке шоқпармен
ұрғанда, басыма тиген соққыдан жерге құлап түстім.
Есімді тез жинап, көзімді ашсам, бәрін ұстап әкетіп
жатыр. Екі-үш адам қашып, алдымызда тұрған ғимараттың
есігіне барсақ шынжырлап жауып тастапты. Қатар-қатар ми-
лицияларды тізіп қойып қойған. Менің жанымдағы қыздарды
желкелерінен сүйреп-сүйреп алып кетті. Мен ғана қалдым.
Алдымда қазақ милиция жігіт тұр, мені ұстайды деп тұрсам,
ол маған көзімен ымдап, өтіп кет деп тұр екен. Сөйтіп мені
өткізіп жіберді. Мені іздеп Бағдат пен Ғайни алдымнан шықты.
Басыма тиген соққыдан, төбем ауырып, есімнен таңғандай
болып тұрмын. Олар менің жағдайымды көріп, кеттік деп жа-
тақханаға қайттық.
Содан, жұмыста бірінші комсомол жиналысына сал-
ды, одан жалпы жиналыс болды, оған салды. Өйткені мен
жығылған кезде тіземмен жығылыппын, аяғым ауырып ақсап
жүрдім. Басымнан ұрғанның бәрін жұмыстағылар естіп алған.
Көппен жүргенде қорықпайды екенсің, жалғыз қалған жаман
екен. Маған ешкім ара түспейді, бәрі жерге қарайды. Өзімніңде
жұмыс істегім келмей кетті. Сонымен мені “за прогуль” деп
жұмыстан шығарды. 17 желтоқсан күні барғандағы ұсталып
қалған қызды, күнде РОВД-ға шақырып, жаныңда кімдер бол-
ды деп сұрайды екен.
Сонымен тауым шағылып, мен ауылға қайтып кеттім.
552
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ТУРЛИЕВ ОРАЗБЕК
(«Поршень» зауытында жүк түсіруші)
Мен, Турлиев Оразбек
Кабдуллаевич, 1965 жылғы 17 ақпанда
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар
ауданы, Қызылту ауылында дүниеге
келдім. 1986 жылы 17 желтоқсанда
Қонаевтың орнына Колбинді қойыпты
дегенді естіп, «Поршень» зауытының
жігіттері алаңға бардық. Барсақ
алаңда жастар «Қонаевтың орнына
қазақ табылмады ма» деп наразылық
танытып тұр екен.
Сол топқа бізде қосылдық. Бір сәтте бір сары автобус
бізге қарай келе жатты, сол кезде ішімізден біреу камераға
түсіріп жатыр деп айқай салды. Біз солай қарай жүгіріп,
тас аттық. Ішіндегілер автобусты тастай қашты. Автобусты
аударып тастайық деп едік, көтере алмадық. Ішімізден біреу
бактың аузын ашып, шүберек салып өртеп жіберді. Бір кезде
2-3 машина келіп топқа су шаша бастады. Оған қолымызға не
түсті, соны лақтырдық. Олар көліктерін тастап қашты. Сөйтіп
милициялар мен жасақтар, солдаттар бізге жүгіріп, бірде бізді,
бірде оларды алаңнан қуалап жүрдік.
Тр и бу н а д а н
«жастар қайтыңдар»
деп қазақтың белді
адамдары бірінен
соң бірі сөйлеп жат-
ты. Содан біршама
уақыт өтті. Сағат
түнгі 24.00-1.00-лер-
де жастардың кейбіреулері қайтып, солдаттар көбейіп, алаңнан
бізді қуып шықты. Мен жатақханаға келгенде түнгі сағат 2-лер-
де коменданты бар, милициясы бар, кеш келгендерді жазып
отыр екен.
553
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
18 желтоқсан күні сағат 9-да тұрып, жатақханадан
шығайық десек шығармады. Содан 2-ші этаждан секіріп,
алаңға бардық. Барсақ алаңға жастарды жібермей тұр екен.
Жастар қару ұстамай бейбіт жолмен тұрайық деп біріміздің
қолымыздан біріміз ұстап тұрдық. Сол кезде қалың топтың
ортасынан біреулер келе жатқан солдат толы әскери техникаға
тас лақтырды. Милициялар мен жасақтар, солдаттар арматура
дубинкамен қаруланған, бізге лап қойды, бізді ұра бастады.
Мен есімнен танып қалыппын. Бір кезде біреулер айқайлап
арашалап жүр екен, мені арашалап алды. Олар милиция
курсанттары, қазақ жігіттер екен. Мен басым жарылып,
қабағым жарылып кетіп бара жатқанда милиция ұстап алып,
бір будка машинаға отырғызды. Іші толған соң, бізді Алатау
ішкі істер бөліміне апарды. Сол жақта тергеп, маған және
тағы 3-4 жігітке жедел-жәрдем шақыртып, бізді №2 қалалық
клиникалық ауруханаға апарды. Ауруханада 10-15 күндей
жаттым, күнде тергеді. Шыққан соң 2 айдай тергеді.
Біздің ауылдан алаңға шыққан жастар: Турлиев Халел,
Дүйсенов Жамбыл, Жалбыров Асхат, Назарбаев Асылбек,
Жолшаранов Серік, Оспанов Ақылбек (ақталғаны бар,
ақталмағандары да бар).
ТҰРБЕКОВА ГҮЛНАРА
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынның қатысушылары
мен куәгерлері хақында өз естелігімнен
1986 жыл, желтоқсанның он
жетісі. Қыздар педагогикалық институ-
ты жатақханасының аядай бөлмесінде
бес қыз бірге тұрамыз. Сол уақыттағы
елдегі болып жатырған оқиғалар-
дан толықтай хабарымыз болмаса да,
естігендеріміз бар болатын. Ертесіне,
әдеттегідей, күнделікті сабақтарымызға
бардық. Мұғалімдердің түр-әлпетінен
554
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
әлдебір нәрсеге алаңдаушылық, мазасыздық, әбіржу айтпаса
да байқалып-ақ тұрды. Қаладағы жағдайды түнде естігеніміз
бар, бірақ осыншама жаппай тұрақсыздық орын алады деп
ойламап едік. Аудитория ішіндегі студенттер арасында күбір-
күбір әңгіме, дауыстары да өте баяу естіледі. Есімде, сол күні
қыз-жігіттерді аңду, ұстап алып алып кету процесі жүріп
жатты. Бала шақтан «сақтықта қорлық жоқ», «сақтансаң
сақтаймын» деген тәмсілді бойға сіңіріп өскендіктен, біраз
тың тыңдап, кідіріс жасап қалдық.
Бізге тарих сабағы болып жатты. Мұғаліміміз: «Мен қазір
келемін, ешкім сыртқа шықпасын!»,- деді. Осы сәтте сырттан
«Қазақстаным» әнін айтқан бір топ жігіттердің дауыстары
естілді. Біз терезеден таңырқай далаға үңілдік. «Қыздар, та-
рихшылар! Намыстарың болса көшеге шығыңдар!»,- деген
сөздерді естідік. Естідік те бір-бірімізге қарап үнсіз түсіністік.
Мекеева Мәрияш,
Б аянғазина Майгүл, Зейнулина
Дина, Ағалиева Айгүл сабақтан
қашып, сыртқа шықтық. Сырт-
тағы көрініс іштегі жағдайдан
әлдеқайда қорқынышты екен.
Бос кетіп бара жатқан жүр-
гінші автобустар, жан-жағына
алаңдаумен жаяу келе жатқан
жүргіншілер... Біздегі басты ой
- алаңға барып бүлік шығару
емес, не болып жатқанын көзбен көру еді.
Автобусқа міндік. Көше бойында қолдарында әділеттікке
шақырған плакаттары бар жастар, кимешек киген үлкендер.
«Қазақ еліне - қазақ басшы керек» деген сөздер болды.
Қазақшасы дұрыс болмаса да, әннің қайырмасына қосылып
айтып келе жатқан жастарды көрдік. Пушкин көшесіне
келгенде автобус ары жүрмеді, алаң жақта жиналған топтарды
көріп қастарына жақындадық.
Біздің көргеніміз мұздай қаруланған милициялар. Қолда-
рында ұзын таяқ, шегелері бар. Мұндай жағдайды бұрын соңды
555
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
көрмегендіктен біздер
топтан тысқары ысыры-
лып тұрдық. Бір мезетте:
«Тарқаңдар, оқу орында-
рың іздеп жатыр!»,- деген
дауысты естіп, қайтуға
жиналдық. Артымыздан
қатты айқайлаған жігіттің
дауысы еріксіз біздерді
тоқтатты. «Қазақтар, намыс қайда, Еліңнің елдігін тартып
алып жатқанда?!»,- деген сөздер біздерді алаңға қарай же-
теледі. Алаңға жастар көп жиналды. Осы кезде милициялар
жан-жақтан топты қоршап алды. Топтағылардың ішінен на-
мысшыл жігіттер бой көтеріп қарулы жасақтарға қарсылық
білдірді. Өмірімізде көрмеген түрме машинасын көзбен көру
және жағымсыз дауысын есту ол басқа дүние екен.
Қарсылық білдірген жігіттерді топтан тартып алып, сүй-
рей жөнелді. Қашқаны қашып, ұсталғандары таяққа шығылды.
Осы уақытта менің аяғымның қатты ысып кеткенін сездім.
Ауырсынғаныма қарамай ақсаңдай басып басқа қыздарға
көмектесуге ұмтылдым. Жанымдағы қыздардың шашынан
тартып, тепкіге ілініп жатқанын көзім көрді. Қасымдағы жол-
дас қызым Мекеева Марияш өз мойнындағы шарфты алып
аяғымды байлап берді. Алаңда жаппай «Қазақстаным» әні
шырқалғанда денеңнің бәрі шымырлап, қаның басыңа шауып,
намысың оянып ештеңеден қорықпай кетеді екенсің.
Ленин көшесі бойындағы қашқан жігіттерді су ағардың
ішіне тығыздап тығып кеткен жерлерінен қыздар болып
шығарып алдық. Бір-бірімізді танымаймыз, бірақ бауырдай
жанашырлық таныттық. М. Майра екеуміз Тимирязева
көшесімен бойтасалап келе жатқанымызда алдымыздан басқа
ұлт өкілдерінің жігіттері шығып, тепкінің астына алды. Мен
өзім жаралы келе жатқандықтан бұл соққы қатты тиді. Майра,
өзі нәзік жан болғандықтан тепкінің салдарынан ауыр жарақат
алды. Ал бізде дәргерге барып көріну деген түсініктен гөрі,
оқудан шығарыласың деген қорқыныш басым болды.
556
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Кешкісін екеуміз жатақханаға кел-
дік. Жатақханадағы Сейітова Нұршат
группаласымызға желтоқсан оқиғасына
қатысқан студенттердің суреттерін ке-
зекпен көрсетіп, олар туралы ақпарат
сұрапты. Нұршат біздің суреттерімізді
көріп, таныса да танымағандай жауап қа-
тып, бізді тағы бір сынақтан арашалап
қалған екен. Баянгазина Майгүл, Зейну-
лина Дина, Ағалиева Айгүл, Майғара-
нова Әлия бірге алаңға барғанымызбен
бөлек-бөлек келдік. Жанарларымызда қорқыныш пен үрей, көз-
де жас.... жататын орнымызға барып, теріс қарап жатып алдық,
комнатада үнсіздік, әркім өз ойымен көргені мен естігенімен
іштей күресуде....
Алматы қаласы. Аппақ қар, қызарып жатыр. Ол күнәсіз
жастардың қаны еді... 1986 жылғы әскери топқа жалаңаш
қолмен шыққан біздер сияқты жас студенттерге бұл үлкен
сабақ болды.
Жоғарыдағы жазылған Желтоқсан оқиғағасына
қатысқандар:
Мен, Тұрбекова Гүлнара Мұхамедияқызы Маңғыстау
облысы, Ақтау қаласы, тарихшы;
Мекеева Мәрияш Төлебековна Маңғыстау облысы, Өзен
қаласы, «Өзенмұнайгаз» инженері;
Сейітова Нұршат Файзуллановна Шығыс Қазақстан,
Зайсан қаласы, Айнабұлақ селосы;
Баянғазина Майгүл Мәулімгазиновна Шығыс Қазақстан,
Зайсан қаласы;
Зейнулина Дина Калидолловна Алматы қаласы, тарихшы;
Ағалиева Айгүл Болатовна Семей облысы, Аягөз ауданы,
Таскескен ауылы, тарихшы;
Майғаранова Әлия Қинаятовна Шығыс Қазақстан, Уржар
ауданы Ақшоқы ауылы, тарихшы.
Тәуелсіздік тұғыры мықты болсын, еліміз тыныш,
туымыз биік, еңсеміз енді түспесін!
557
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ТҮСІПБАЕВ БАУЫРЖАН
1984-1985 жылдары Алматы
қаласының Ауыр машина құрасты-
ру заводында жұмыс істедім. 1985-
1988 жылдары Алматы қаласындағы
энерго-құрылыс техникумында оқып,
білім алып шықтым. Осы естелікті
жазудағы мақсатым, сонау естен кет-
пес 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
туралы жеткізу еді. Сол жылы, 17
желтоқсан күні, қазақ жастарының
Брежнев алаңына наразылық бей-
біт-шеруге шығатынынан хабардар болдық. Бұл наразылық
сол кезде Қонаевты орнынан себепсіз алып тастауына байла-
нысты болды. Сол күні курстастарым: Тұралықов Манарбек,
Дармышев Ибрагим, Қанағат Бердібеков, Ерлан Искаков, Ор-
даханов Алик алтауымыз сағат 10.00-де Алаңда болдық.
Алаңда ең бірінші студенттер болды, ал жұмысшы жастар
түске қарай қаптады. Ең бірінші билікке қарсы айтылған
сөз, ол әр халықты өз ұлтының азаматы басқарғаны. Барлық
осы шеруге қатысқан жастардың бір талабы -Қазақстанның
басқарушысы - қазақ болуын талап етуі. Осы талапқа биліктің
қарсы айтқаны, ол бір сағат ішінде жастардың алаңды босатуы,
басқаша жағдайда күш қолданатындарын айтты.
Бір сағатта, керісінше жастар мүлде көбейіп кетті. Сол
уақыт өте салысымен әскерлер мен милиция өкілдері өз
күштерін қолданып, жастарды ұрып-соғуды бастады. Әсіресе
қыздарды аямай ұрып, соққыға жыққанда, сонда жүрген халық
шыдамады. Көтеріліс басталып кетті. Алаң қан-жоса болды. Екі
жақтан да көп шығын болды. Әркез ұрыстан кейін жедел жәрдем
келіп жарақат алғандарды тиеп әкетіп жатты. Жедел жәрдемнің
саны көп болды. Алаңда тіпті күшіміз тең келмей, шегінгенде,
нағыз патриот қыздардың мықты сөздерінен кейін, қасқайып
қарсы тұрдық. Ол сөз: “ Елім үшін жан құрбан, егер қашатын
болсақ, неге келдік? Алға, қазақтар! “- деген сөздері еді...
558
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Биліктің сол
бір арандату істері де
әлі есімде... Алаңға
Газ-66 машинасына
арақ тиеп әкеліп,
әдейі алаңға тастап
қашқандары, тіпті
тура сондай машина
ішінде 11 дана
АКМ қаруын әдейі тастап қашқаны, тек патронсыз болды,
соның бәрін көзім көрдім. Бұның бәрі биліктің жастарды
маскүнем және үлкен тәртіп бұзушылар ретінде көрсеткілері
келгені болатын. Қақаған аязда өрт сөндіргіш көлігімен
канализацияның сасық суымен жастарды атқылағаны , олардың
ешқандай да сөзге құлақ аспағаны, тіпті қанды қайнатты. Бұл
күн мен үшін өте ауыр күндердің бірі болды.
Алаңда әлі арпалысып жүрміз, түнгі сағат 02.00 болды.
Қатысушылардың жартысы қайтты. Мен де қайттым, жалғыз.
Жатақханаға келсем, іші толған милиция екен. Ұсталған жерім
осы шығар деп тұрғанда, -Ей кімсің?, Неғып тұрсың?- деген
сөзге бұрылып қарасам, формамен тұрған адамды көріп, қаша
жөнелдім. Бауыржан, тоқта! - деген сөзге бұрылып, қарасам,
Алатау РОВД-сында істейтін милиция аға лейтенанты Алик
екен. Фамилиясы есімде жоқ.
Мен оны жақсы танитынмын. Ол айтты, қайдан жүрсің?-
деп. Алаңнан келе жатырмын деп айттым. Бауыржан, қазір
барлық жерде тексеру жүргізіліп жатыр, егер сотталғың
келмесе, бардым деп айтпа. Сен менімен бірге жүрсің, сен
менің досымсың. Жүр жатақханаңа кіргізіп жіберейін, деп
өзімен бірге ертіп кірді. Сол жерде мені сұрақтың астына
алғандарға, ол менімен болды дегеніне әрең сенді. Себебі, түн
ортасында келгенім түрімде тұрған. Осы жерде айтпағым, сол
Алик сияқты ұлтшыл азаматтың арқасында мен ұсталмай
кеттім. Біз алтауымыз, 16,17,18 желтоқсанында үш күн бойы
сол Алаңда болдық. Бірақ, біздің жан айқайымызды биліктен
ешкімде тыңдамады.
559
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Үш күннен соң қудалау басталды. Бізді техникумда ең
бірінші сұраққа шақырды. КГБ-ның майоры, аты-жөні есімде
жоқ. Біз барған жоқпыз деумен болдық, екі күн қатарынан
сұрақта болдық. Бұл тек менің өз басымнан өткен оқиғалар.
Менің тарихым. Ал қаншама қыз-жігіттердің алаңда қыршын
кеткенін көзім көрді. Боздақтарымыздың рухына бас иемін.
Міне, Аллаға шүкір! Тәуелсіздік алғанымызға 35 жыл болады.
Баянды болсын деп, әрдайым Алладан тілеймін!
***
Түсіпбаев Бауыржан
Зиябекұлы 1963 жылы қазан
айының 24-нде бұрынғы Се-
мей облысы, Жарма ауданы,
Михайловка ауылында дүни-
еге келген. Қазіргі уақыт-
та Талдықорған қаласында
тұрады. Әкесі Түсіпбаев Зи-
ябек Жүнісұлы, анасы Нұрхат
Бейсебаева, өкінішке орай,
ата-анасы бұл өмірден озып
кеткен.
Бауыржан Зиябекұлы 1969 жылы жанұя жағдайына
байланысты ШҚО, Тарбағатай ауданы (бұрынғы Ақсуат),
Кіндікті ауылына қоныс аударып келген. 1971-1982 жылдары
осы ауылдың Ғ. Мұратбаев орта мектебінен білім алған. 1982-
1984 жылдары әскери азаматтық борышын Ресейдің Қиыр
Шығысында өткерген.
560
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ТІЛЕНОВ ШАЛҚАР
1986 жылы әйгілі Желтоқсан
оқиғасына қатысушысымын. 1986
жылы мен Алматы Қазақ ауыл ша-
руашылық институтының механи-
каландыру факультетінің 5-курс
студенті болдым.1986 жылдың 16-
желтоқсан кешінде троллейбуста
келе жатып Қазақстан КП орталық
комитетінің кезектен тыс плену-
мы болғанын, сол кездегі ОК-ның
бірінші хатшысы Д. А. Қонаевтың
орынынан алынғандығы жайында хабардар болдым. Орнына
Ресейдің Ульянов облысының адамының сайланғанын есітідім.
Халықтың бұл шешімге наразы екенін білдім.
Жатақханаға келген соң, менімен бірге тұратын Сауратов
Әбдімұқан, Шайманов Кенжебай, Маханов Мұрат деген
жігіттермен осы жағдайды бірге талқыладық. Әр жерде
наразылық шеруін өткізуге дайындық жүріп жатқанын естідім.
Осы институттағы өзімізбен оқып жатқан топтың комсорогы
Сауранов Әбдімұқанның айтуымен шеруге қатысамыз деп
шештік. Сол кезде Абай даңғылымен келе жатқан бейбіт
шеруге қосылып, Орталық алаңға келдік. Халық өте көп
жиналды. Митинг басталды. Біз өзіміздің осы шешімге қарсы
екенімізді дауыстап жеткіздік.
Бірақ алаңды қоршап алған әскерилер мен милиция
қызметкерлері бізді алаңнан қууға тырысты. Сол кезде ЛҚЖО
бірінші хатшысы Серік Әбдірахманов, бәрімізге қақтығысқа
бармауымызды өтінді. Біз одан Колбинге бірнеше адамды алып
барып, онымен жолықтыруды өтіндік. Серік өз келісімін беріп,
арамыздан 5-6 адамды ОК ғимаратына алып кетті. Бірақ біраз
уақыттан кейін, жіберген адамдармыз қайтып келді. Колбин
қабылдаудан бас тартқан екен.
Алаңда қақтығыстар бола бастады. Бір жүк машинаның
үстінде шығып алған халық әртісі Роза Бағланова апамызды
561
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
көрдік. Ол кісі қантөгіске бармауға өтінді. Бірақ милиция мен
әскерилер күш қолдана бастады. Бір мезгілде біз алаңға басып
кіріп, орталық трибунаға барып Колбинның ел алдына шығуын
талап еттік. Милициямен қақтығыс жалғасып жатты. Біраз уақыт-
тан кейін Нұрсұлтан Назарбаев, Закеш Камалиденов және тағы
бір адам шығып, Колбинның трибунаға шықпайтынын, біздің
талаптарымыздың оған жеткізілетінін хабарлады. Ашынған жұрт
Орталық комитет үйіне қарай жүргенде, бізге қарсы күш қолда-
нылып, елді дубинкамен соғып, алаңнан қуа бастады.
Қолға түскендерді автобусқа күштеп кіргізді. Мені және
Сауранов Әбдімұқан т.б. таныс жігіттерді автобуспен апарып,
киімімізді жыртып, айдалаға Алматының батыс жағына апарып
тастады. Біз қайтадан алаңға келген кезде, алаңды әскерилер
мен милицияның қалың тобы басып алыпты. Содан түн
ортасына дейін алаңға ешкімді кіргізбей, жан-жаққа қуалау
басталды. Халық алдында сөйлегендер таңертең алаңға қайта
шығуға шақырды.
Содан таң атқанша жатақханада болып, таңертең
қайта алаңға бардық. Алаңға кіре сала бізді жаппай ұрып-
соғу басталды. Резеңке таяқ, сапер күрегімен қаруланғандар
ешкімді аяған жоқ. Біз де қолға түскен нәрселермен қаруланып,
қорғана бастадық. Алаңға өрт сөндіретін машиналар кіріп,
халықты сумен қуа бастады. Алаңда күш құрылымдарының
бірнеше машиналары өртене бастады. Әскерилер алаңға бір
жүк машинасын тастап қашты. Елді арандату үшін машинаның
кузовына, автоматтық патрондар, ракеталар қалдырып кетіпті.
Қақтығыстар 18-желтоқсанның таңына дейін жалғасты.
Біздің жатақханаға қаруланған әскерилер басып кіріп,
үлкен қақтығыс орын алды. Сол жерде кезекшілікте жүрген
«Трактор, автомобиль» кафедрасының оқытушысы, ақсақал
Жамбаев Қанат Атайбековичті әскерилер сапер күрегімен
ұрып қатты жарақтап кетті. Сол жатақханада тұратын қыздарға
шейін қарсылық көрсетіп, ақыры әскерилерді жатақханадан
қуып шықтық. Олар көмек шақырып, 2-БМП машинасымен
бізді қуалап, сол кездегі Ленин көшесінде тағы қақтығыс
болды. Ол қақтығыс Көктөбеге дейін жалғасты. Одан кейін
562
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Қажымұқан көшесімен келе жатып, өрт сөндірушілер әскери
училищесінің курсанттарымен кездесіп, олармен де үлкен
қақтығыс болды. Бұл кезде менің жанымда Ә. Сауранов, К.
Шайманов, М. Байбосынов, Ә. Шағдаровтар болды. Кейіннен
білгеніміздей, Ресейден тағы да әскерилер келіп, халықты
басуға жұмылдырыпты.
Осылайша алаңдағы бас көтерулерді аяусыздықпен
басып-жаншыған коммунистік партия, ертеңінде қуғын-сүргін
процессін бастады. Оқудан қаншама адам қуылды. Түсірілген
фотосуреттер арқылы іздеу басталды. Қазіргі жарнамаланып
жүрген фоталарда менің және досым Шайманов Кенжебайдың
да бейнеміз бар. Бір фотосуреттегі бейнемді Қ. Шалғымбаев
деген оқытушы бар еді, сол кісі көрсетпей алып, үйіне апарып
тығып қойыпты. Маған жаны ашығаны болу керек.
***
Тіленов Шалқар Сапарханұлы, 1965 жылы 15 қаңтар
айында ШҚО,Үржар ауданы, Мақаншы ауылында туып өскен.
Қазір Өгізбаев көшесі, 41 үйде тұрады.
ҰЛЫҚБЕК БЕЙСЕНҒАЗЫ
Сол бір Желтоқсан оқиғасын ұмыта алмаймын!
Қазақ мемлекеттік университетін
(КазМУ) бітірген жылы Қазақ ССР Ми-
нистрлер Кеңесі жанындағы баспасөзде
мемлекеттік құпияны сақтау басқарма-
сына жұмысқа алынып, осы мекемеде
істеп жүрген кезім болатын. Жарты
жыл арнайы бақылаумен оқытып, ан-
тымызды қабылдап, содан кейін ғана
жұмысқа кірістік. Қызметім бөлім ре-
дакторы. Жұмысым оңай емес, өте күр-
делі болды. Сол кездегі Кеңес Одағы-
563
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ның елу жеті министрлігі мен мемлекеттік комитеттерінің
барлық құпияларын баспасөзде кетіп қалмауына жол бермей
қадағалау. Сол бір кездегі Республика деңгейіндегі газеттер
мен журналдар және өзге де баспасөз құралдары осы басқар-
маның арнайы тексеруінен өтіп, содан кейін ғана жарыққа
шығатын. Газеттерді күнделікті қатаң тексеріп «В свет», - деп
қол қойып беретін едік. Жоғарыда аталған бүкіл министрлік
пен мемлекеттік комитеттердің құпияларын есте ұстау оңай
емес еді. Бұған мықты зерде, шыныққан денсаулық керек бо-
латын. Журналистиканы жаңа ғана бітірген екі жігіт аранайы
орындардың қатаң түрде тексеруінен өтіп, осы жұмысқа қа-
былдандық. Бірі мен, екіншісі менімен бірге оқыған Еркінбек
деген курстас жігіт еді. Жоғары жақтан таңдау тек журнали-
стика факультетінде ғана болды. Тіпті, туған-туыстарым мен
жаңа үйленген әйелім де менің қайда істейтіндігімді, сондай-ақ,
мен істейтін мекеменің Алматы қаласының қай квадратында
екендігін білмейтін. Қойылған талап солай болатын.
Қол қойған газеттерімізге ертеңінде қайтадан мұқият тек-
серу мен талдау жүргізілетін. Тәртіп өте қатаң еді. Құпия деп
саналатын қандай да болмасын «Секретный» немесе «Совер-
шенно секретный» деп келетін құжаттар абайсызда баспасөзде
кетіп қалатын болса, айтуға ауызың бармайтын жаза белгіле-
нетін. Ресейде жасырын зауыт ашылып қалып, оны баспасөзде
жіберіп қойған осындай мекемеде істейтін азаматтың қалай
жазаланғанын бізге талай рет ескерткен болатын. Кейде, ой-
лайтынмын «Осы жұмысқа қайдан келдім», - деп. Бірақ, ден-
саулығым жарап, ата-тегімді тексеріп, дұрыс болған соң, «сен
бізге қабылданасың», - деген соң, оған қарсы тұратын күш қайда.
Күнде таңертең жұмысқа жиналғанымда, «елу жеті министрлік-
тің біреуінің құпиясын жіберіп қоймадым ба» деген көңілімде
үрей тұратын. Өстіп жүріп, екі жылдай уақыттың қалай өткенің
білмей қалдым. Дегенмен, біраз тәжірибе жинап қалған едім.
Сөйтіп жүргенде, 1986 жылдың желтоқсаны да келді. Бір күні
жүгіріп қасыма Еркінбек келді. Көрші кабинетте отыратын.
- Бейсеке, Орталық Комитетке Қазақстанның бірінші
хатшысы орекең (орыс) болғалы жатыр дейді ғой, - деді.
564
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Пленум болып жатқанын білетінмін. Дегенмен, орыс ұлтының
өкілін бірінші хатшылыққа тағайындайды дегенді шынымен де
ойламаппын. Екеуміз қолайсызданып, не істерімізді білмедік.
Біраздан соң, КазТАГ-тан Пленумның материалдары келді.
Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып
Колбин Геннадий Васильевич деген тағайындалыпты.
Ертеңінде басқармаға жұмыстағы біздерді жиналысқа
дереу жинап алды. Бастығымыз қазіргі Республикаға танымал
адам болатын. Басқармада істейтін қазағымыз, орысымыз түгел
жиналдық.
- Орталық алаңға жастар жиналып жатыр екен. Мәскеудің
шешіміне қарсылық танытып жатқан көрінеді. Ешкім өзінің
жұмысынан басқа жаққа аттап баспасын, - деді. Айналаға
алаңдап, қателік жіберіп алмаңдар! Қатаң бақылауда
жүресіңдер !
Жиналыстан кейін, арнайы көлік жұмысымызға апарып
тастады. Ішімнен ойлаймын «он тоғыз облыстың жарымын
қазақтар басқарып отыр, ешқайсысы бірінші хатшы болуға
жарамаған ба?! (Ол кезде елімізде он тоғыз облыс болатын).
Жұмысымыз кейде түннің біраз уақытына дейін созылатын.
Газеттерге қол қойып, кабинетті жауып шыққалы жатыр едім,
қасыма көрші бөлмеден шығып Еркінбек келді.
- Алаңға соға кетсек қайтеді, - деді. Қамығып, уайымдап
тұрғанын байқадым.
- Егер, бізді ұстап алса, оңдырмайды ғой, - дедім күдік-
теніп. Сонымен қойшы, екеуміз үйімізге апаратын қызметтік
көлікке отырмай, жаяу кеттік. Фурманов көшесімен (қазіргі
Н.Назарбаев даңғылы) өрлеп, біраз жүрген соң, (жол бойы
көліктерді тоқтатып тастаған) алаңға жақындадық. Орталық
Комитеттің (осы кезгі Алматы қалалық әкімдігі) айналасын сап
түзеген милиция. (әскер ертеңіне келген). Алаңдағы қарақұрым
жастар ұрандатып, дуылдасып жатыр. Қанымыз қызып, біз де
осы топқа кіріп кеттік. Улап-шулап жатқан жастар, алыстау
қатар-қатар тұрған милицияға жұдырықтарын көрсетіп, кейбірі
қолдарына ілінгендерін лақтырып, қызбаланып кеткені көрініп
тұр. Жастардың арасынан ортаға шығып, өршелене сөйлеп
565
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жатқан шешендерге, қабақтары түксиген қызыл погондылар
ежірейе қарайды.
Біраз уақыттан кейін, Орталық Комитеттен бір топ адам
бері шығып, алаңдағы трибунаға көтерілді. Танығаным, біреуі
Орталық Комитеттің хатшысы Зақаш Камалидденов, енді біре-
уі сол кездегі Қазақ ССР Президиумының төрағасы Саламат
Мұқашев. Арасындағы біреуі жастарға қарата – «Қарақтарым,
сендердің бұлай істегендерің дұрыс емес. Сөз ұғатын бол-
саңдар, тараңдар!», - деді. Тағы да біраз сөйледі. Оны тыңдаған
жастар қайда, шулап, ұрандата бастады. Ешкім тыңдамаған соң,
әлгінде келгендер, келген іздерімен қайтып кетті. Жас қыздар
мен жігіттер бір кезде «Интернационал» өленің шырқай баста-
ды. Қазіргі күндері ол алаңнан көлік жүрмейді. Сол уақыттарда
арлы-берлі көлік жүретін. Бір кездерде қасымыздан көлік жүріп
бара жатты. Қызынып тұрған топ жігіт әлгінің алдына тұра
қалып, тоқтатты да, жүргізушісін ішінен суырып алып, көлікті
жабылып аударып тастады. Багына от қойып, жағып жібергені.
Қою түтін будақтап, көлік лезде жанып кетті. Солақ екен, өзге
де жігіттер алаңның шетінде тұрған бірнеше көлікті итеріп
алаңға алып келді. Оларды да аударып, жанармайына от қойып
жіберді. Осыларды көрген соң, тәртіп сақшылары әлгілерге
тап берді. Төбелес басталды да кетті. Милиционерлер бірнеше
жігітті сүйреп, алып бара жатты. Бірақ, алаңдағы басқа жастар
жүгіріп келіп, әлгілерді құтқарып алды. Алаң у-шу. Бір кезде
тәртіп сақшылары қайтадан қатарларын түзеп, сапқа тұрды.
Тегі, «араласпаңдар» деген бұйрық келді ме, - деп ойладым.
Қолдарымызға қарды жеңтектеп, Орталық Комитетке қа-
рай лақтырамыз. «Долой, долой», - деп шулағанымыз әлі есімде.
Жеңімнен біреудің тартқаның байқап, артыма қарасам
Еркінбек ентігіп тұр.
- Бейсеке, арамызда біреулер фотоға түсіріп жүр, тыңшы-
лар болмасын. Мекемеден біздің үйімізге телефон шалып, іздеп,
тексеріп жатқан болар, қайтайық, - деді. Шынында да, солай
болуы мүмкін екенін ойлап, қайтсақ-қайтайық дедім. Екеуміз
дүрмекке түсіп жатқан қалың топтан бөлініп, көшеге шықтық.
Сонда байқағаным, Орталық музейдің қасында қазақтың бетке
566
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ұстар зиялы қауым өкілдері жиналып, алаңдағы жастарға қа-
рап тұрғанын көрдім. Көбін таныдым. Екеуміз біршама жүріп,
Әл-Фараби даңғылына түсіп, үйімізге қарай жаяу аяңдадық.
(Автобустарды әлдеқашан тоқтатып тастаған).
Ертеңінде жұмыстан кейін Еркінбек екеуміз тағы да жа-
сырын түрде алаңға келдік. Бойымызды кернеген жастық күш-
қайрат қой, бір орында тұрғызбаған. Кешегідей емес, алаңның
айналасында милиционерлермен қатар, әскерлердің тұрғаның
көрдік. Біраздан кейін, әскерлер жастарды ұрып-соғып, қуып,
тарата бастады. Топтың алдында, әскерлер тұрған жақтағы
жігіттер мен қыздар соққыға жығылып, қайсыбірі жараланып
құлап жатты. Шамамыз келгенше, қолымызға түскен заттар-
мен әскерлер тұрған маңайға зырқыратып лақтыра бастадық.
Қасымда жүрген Еркінбекті біраздан соң, жоғалтып алдым.
Сөйтіп, түн жарымына дейін жүрдім. Ертеңгі жұмысым ойыма
түсіп, ішімнен «кетуім керек», - деп ойладым. Сонымен қатар,
мен істейтін орын мемлекеттік құпия мекеме болғандықтан,
ұсталып қалсам аямайтындығын түсіндім. Ақырын жылыстап,
алаңдағыларға көңілім ауыра жалтақтап Фурманова көшесімен
Әл-Фарабиға қарай шықтым. Ертеңінде білгенім, жастардың
жараланғандарын әскерилер көлікке тиеп, тау арасына апарып
тастағандарын естідім. Әлі есімде, жұмыста түс кезінде бірге
істеп жүрген ұжымның қазақтары бөлек, өзге ұлттар бөлек
тамақ ішетін болдық. Тіпті, бір ұрсысып қалғандай едік. Уақыт
шынында да қиын кез еді. Сол уақытта елімізде кадр саясаты
бірінші орынға шықты. Сол бір кездерде Алматының көше-
сінде жүру де қазақтар үшін қауіпті болатын. Сондай-ақ, ұлты
қазақтар басқа ұлттардың алдында қорланғандай сезінуші едік.
Осының бәрі ауыр тисе де, шыдадық. Елімізге соққы болып
тиген сол Желтоқсан оқиғасы әлі күнге дейін ойыма түскенде,
өзімді біртүрлі сезініп, ренжи бастаймын. Сондықтан да, мәні
мен мағынасы ерекше, қадір-қасиеті мол Тәуелсіздігіміздің
бағасын түсініп, өткенді ойымыздан шығармайық!
Бейсенғазы Ұлықбек
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
567
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
УАЛИЕВ БОЛАТ
1986 жылдың қаңтар айында
Алматы қаласына келіп “Алматы
СУ ГРЭС строй” деген мекемеге
жұмысқа орналастым. Менімен бірге
әрі ауылдасым әрі класстасым Бөте-
нов Төлеген Сәмиұлы келіп жұмысқа
орналасты. Аталмыш мекеме бізге
Алматы қаласының Сайын көшесі 10-
үйде орналасқан “Энергетик” деген
жатақханадан орын берді.
Сол жатақханаға орналасқан
кезде өзіміздің жерлестеріміз Зайсан ауданының азаматтары
Тойбазаров Солтанбек, Себетов Ермек және Асылбаев Абы-
лайхандармен қоян-қолтық жете араласып жүрдік. Осы жер-
лестерден басқа Жамбыл облысы, Луговой станциясының
тумасы Қанат деген жігітпен, Қарағанды облысы, Егіндібұлақ
ауданының тумасы Тимур деген жігітпен және де осы күндері
аттары есімде жоқ басқа да азаматтармен араласып жүрдік,
сол араласқан қалпы достығымыз нығайып, жұмыстың да,
демалыстың да ыстық-суығын бірге бөлісіп жүрдік.
Содан 1986 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні кешке
жұмыстан келген кезде, Орталық алаңда бүкіл жастар жиналып
жатыр дегенді естіп, барлығымыз, атап айтқанда мен, Бөте-
нов Төлеген, Тойбазаров Солтанбек, Себетов Ермек, Асылбаев
А былайхан, Қанат, Тимур, сол алаңға барып таң атқанша жүрдік.
Содан сол жүргеннен біз 17,18 желтоқсан күндері де алаңда
болып, сол алаңда болған оқиғалардың барлығына қатыстық.
Есте қалар оқиғалар бойынша айтар болсақ, 17-жел-
тоқсан күні шамамен таңғы сағат 6.00 кезінде мен, Бөтенов
Төлеген екеуміз жатқан бөлмеге, жатақхана коменданты (аты
жөні есімде жоқ, ұлты орыс, әйел адам) мекеменің ортан қол
басшылары келіп бізді 1-қабатта орналасқан Ленинский комна-
таға жинады. Жиналғандар ішінде көбінекей қазақ емес ұлттар
және комсомол мен партия белсенділері болды. Сол арада бізге
568
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Орталық алаңға Үкімет пен Партияға қарсы ұлтшыл элементті
жастар шығып жатқанын, жиналғандардың іс-әрекеттері заңсыз
деп жиналғандарға тосқауыл қою керектігін жеткізді.
Содан соң біздің жатақханадан және де көрші жатақхана-
лардан жиналған адамдарды қолымызға қызыл шүберек тағып
(халық жасақшысы), Мате Залка көшесінде орналасқан АХБК-
ның ГПТУ-нің жатақханасына әкеліп түсіріп, осы жатақхананы
аңдып сыртқа ешбір адамды шығырмауды тапсырды. Содан
біз жатақхананы коршауға алып тұрдық, сол кезде жатақхана
орналасқан көше бойымен топ-топ болып басқа жұмыскерлер
жатақханаларының жастары өтіп жатты. Сол шерудегілердің
қолдарында “Әр елге өз көсемі керек” деген сияқты транс-
поранттар болды, сол жазулар ішінде заңға қайшы келетін
ешқандай сөздер болмады, демек бейбіт шеру болды.
Одан әрі қарай, осы топтарды көрген, біз аңдып отырған
жатақхана жастары, кілең қыз балалар, сыртқа шағып шеруге
қосылу мақсатында, есікті аңдып тұрған біздерді итере ба-
стады, ал кей біреулері терезеден де секіріп шығып көшедегі
шерулерге қосылып жатты. Осының бәрін көрген шерудегі
жастар біздерге (Қазақтарға) қарап қатты-қатты сөздер айта ба-
стады (Сендердің намыстарың қайда, жап-жас қыздарды ұстап
тұрғандарың не деген сияқты), оларға қосылып жатақханадағы
жап-жас бүлдіршіндей қыздар да біздерге сөздер айта бастады.
Осы намысқа тиер сөздерден кейін біздер, көбінесе қазақ
жігіттері өзімізге тапсырылған жерлерді тастап, жатақханадағы
жас қыздардың көшеге шығуларына көмектесіп, солармен
бірігіп көшедегі шерулерге қосылып, орталық алаңға бет алдық,
сол кезде біздің арттарымыздан бастықтарымыз айғалап: «Сен-
дер жұмыстан шығарыласыңдар, сотталасыңдар» деп, бірақ
ол сөздерді ешкім тыңдамай алаңға бет алды. Сол жүргеннен
шерлерумен бірге Абай көшесіне шығып, осы көше арқылы
Орталық алаңға жеттік. Алаңға жеткенге дейінгі жолдарда ше-
рулерге жан-жақтан әр-түрлі жастағы адамдар қосылып жатты.
Осы Орталық алаңда болған кезде белгілі тұлғалардан
менің көргенім Халық әртісі Асанәлі Әшімов пен Роза Бағланова
болды, осы адамдар жиналған халыққа өздеренің ақылдарын
569
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
айтып, алаңнан тарауымызды сұрады, бірақ та жиналған ха-
лық бұған келіспеушіліктерін білдіріп алаңда қала берді. Осы
желтоқсан оқиғасынан кейін көптеген бұқаралық-ақпарат ха-
барлары, алаңда кілең нашақорлар мен маскүнемдер болды деп
және оларға жәшік-жәшік арақ-шарап таратылды деген ақпарат
таратқан. Бірақ дәл мен өзім және де бірге болған достар да
бұндай жағдайларды көрмедік, өйткені алаңда тек қана жастар
болған жоқ, небір зиялы қауымдар мен үлкен адамдар да болды.
Содан барлығымыз Үкімет үйі алдында тұрғанда, әске-
рилерге бұйрық беріліп жаппай ұрып-соғу басталған кезде,
жиналған халық тарыдай шашылып жан-жаққа қаша бастады.
Мен бір топпен бірге үкімет үйінен басқа жаққа қарай қаштым,
сол қашып бара жатқан кезімде әскерилер артымнан қуып
жетіп резеңке шоқпарлармен менің басымнан ұрып құлатты.
Сол құлаған кезде резеңке шоқпарлармен бірге әскерилердің
тепкісін де жедім. Одан әрі мені және мен сияқты ұсталған-
дарды алаңның арғы бетінде тұрған Авто Зак машиналарына
сүйрей жөнелді. Қатты таяқ жеп жүре алмағандарды аяқтары-
нан сүйреп, қыз балаларды шаштарынан сүйреді. Машинаға
тиер алдында осы ұсталғандардың барлығын қазақ емес басқа
ұлт өкілдерінен құралған халық жасақтарының (Народная
дружина) ортасынан өткізді. Сол ортадан өткен кезде әскери-
лерден жеген таяқтан өзге халық жасақтарынан да таяқ жедік.
Резеңке шоқпарлармен ұру, темір кесінділерімен ұру, қол жұм-
сау, аяқпен тебу деген сияқты, осы таяқтар тиген кезде халық
жасақшалары тарапынан небір намысты таптайтын сөздер
айтылды. Одан әрі бізді бірнеше машинаға тиеп милицияда
орын болмағандықтан, қала сыртына апарып Қаскелең тас
жолына апарып тастап кетті. Бірақ та сол барған жастар жолда
автобустарды тоқтатып тағы да алаңға бардық.
Ереуілге шыққан халықты басып тоқтатқаннан соң
біз сияқты ереуілге қатысқан адамдарды қудалау басталды.
Қудалаудың салдарынан біздің жатақханадан мені, Тойбазаров
Солтанбекті, Бөтенов Төлегенді және де басқа да азаматтарды,
жұмыс орнынан ( Прогул) деген статьямен шығарды, және де
осымен қоймай үшеумізді де Комсомол қатарынан шығарып,
570
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Алматы қаласынан қуып жіберді.
Осының салдарынан 1987 жылдың қаңтар айында мен,
Тойбазаров Солтанбек және Бөтенов Төлеген үшеуміз Өскемен
қаласына келуге мәжбүр болдық.
Содан осы келгеннен үшеуміз де сол Өскемен қаласында
тұрақтап қалып, үйлі-барынды болдық. Әр жылы желтоқсанда
өзімізше бірігіп мерекені атап өтеміз. Бір өкінішті жай 2020
жылдың маусым айында сұм ажал арамыздан досымыз
Тойбазаров Солтанбекті алып кетті, марқұмның артынан бір
қыз, үш ұлы және немерелері қалды.
***
Уәлиев Болат Сейтмұхамбетұлы 1965 жылы 02 сәуір
айында, Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы,
Үш-Төбе ауылында туған. 1985 жылы Кеңес әскері қатарынан
келген соң, 1986 жылдың қаңтар айында Алматы қаласына
келіп “Алматы СУ ГРЭС строй” деген мекемеге жұмысқа
орналасқан. Сонда жүріп Алматы көтерілісіне қатысқан,
Желтоқсан ардагері.
ХАЛЕЛОВ БЕРІКХАН
Мен, Халелов Берікхан Айт-
кешұлы, 1964 жылы 25 мамырда
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім
ауданы, Сарыөлең аулында дүниеге
келдім. 1981 жылы Ш. Уәлиханов
атындағы орта мектебін бітіріп, сол
жылы Алматы қаласындағы П.И.
Чайковский атындағы музыкалық учи-
лищенің вокал бөліміне оқуға түстім.
1982-1984 жылдары Совет Ар-
миясы қатарында болдым. 1987 жылы
музыкалық училищені ойдағыдай
тәмәмдап, Қазақ мемлекеттік Құрмағазы атындағы консерва-
ториясына вокал бөліміне қабылдандым.
571
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
1992 жылы консерваторияны бітіріп, Б. Байқадамов атын-
дағы хор капелласына жұмысқа орналастым.
1997 жылы Абай атындағы опера және балет театрына
шақырылдым.
2006-2013 жылдары Астана қаласындағы К. Байсейітова
атындағы опера және балет театрында солист болдым.
Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қа-
ласында «Астана опера» театрын-
да жұмыс істеймін.
1986 жылы 17 желтоқсан
күні жастар алаңға жиналып
жатқанын естіп алаңға келсем,
алаң толған жастар. Трибунаның
алдында жүз шақты адам «Қазақ
басшы, қазақ басшы» - деп бір
отырып, бір тұрады. Соларға жақындай бергенімде оң жақ
қанаттан қалың топ адам «Аттан қазақ, қазақ басшы» - деп
ұрандап алдыға ұмтылды. Меніңде арқам қозып ерекше бір
сезіммен соларға ілестім. Үкімет алдына жақындағанда спец-
наз бізге қарсы шабуылдады, біз кейін серпілдік. Арқамнан
бір-екі дубинка тиді. Сол күйімізде біз сол қанатқа келдік. Мен
біреуге есем кеткендей «Аттан қазақ, қазақ басшы» - деп, алға
ұмтылдым. Артымнан басқалары ерді.
Спецназ бізге қарсы шабуылға шықты. Бәрі артқа сер-
пілгенде мен ең соңында қалдым. «Держите этого провокато-
ра» - дегенді құлағым шалғанша екеуі екі жақтан шап беріп,
екі қолымды қайырып отырып әкеп, сары автобустың артқы
қатарындағы темір тордың ішіне кіргізіп, сыртын кұлыптап та-
стады. Сәлден соң тағы бір азаматты кіргізіп, ортаға тұрғызып
қойып бір офицер екі жақтағы орындықтан екі қолымен ұстап
екі аяқпен: «Больше не будешь рожать, сука» - деп тепкенде
әлгі азамат біз отырған торға арқасымен соғылып, бас киімі
ұшып кеткенде ұзын қара шаш сусылдап төмен құлады. Сонда
ғана оның кыз екенін білдік.
Үш тәулік қамауда жатып тергелдім. Сол жылы «исклю-
чен из рядов комсомола за участие в событиях 17-18 декабря
1986 года» - деген мінездемемен Алматы қаласындағы П. И.
Чайковский атындағы училищені бітірдім.
572
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ХАМЗИН КӘДІРБЕК
86-ның Желтоқсаны...
Сол жылдары Алматы қаласын-
дағы Театр және өнер институты су-
ретшілер бөлімінің студентімін. Әбіл-
хан Қастеевті мақтан тұтып, Леонардо
до Винчи, Микеланджело, Донателло,
Шишкиндердің ғажайып туындыла-
рына тамсанып, таңдай қағып жүрген
кезіміз.
Кеш батып, ымырт үйіріле
бастаған уақыт еді. Есік қағылды.
Қыздар жағы ғана қағушы еді деп,
бəріміз елеңдей қалыстық. Біздің жауабымызды күтпестен
есік ашылды да, ар жағынан 30-дар шамасындағы бір бейтаныс
жігіттің бейнесі көрінді. Аман-сəлемнен кейін ол бірден:
- Жігіттер, естідіңдер ме? Москваның шешімімен
Қонаевты орнынан алыпты. Орнына бізге мүлдем бейтаныс
Колбин дегенді қойыпты. Неге бізден сұрамайды? Неге елмен
санаспайды? Неге қазақ бола алмайды? - деген сұрақтарды
жаудыртып ала жөнелді. Өз сұрақтарына өзі жауап айта келе:
- Қысқасы, жігіттер, ертең орталық алаңға жиналып,
наразылығымызды білдіруіміз керек! - деді де шығып кетті.
Митинг, шеру дегенді тек теледидардан ғана көріп жүрген
біз, түк түсінбеген қалыпта қала бердік. «Бұл өзі не болды?»
деп, коридорға шығып, көрші бөлмелерді аралап шықтық.
Байқағанымыз, бізге келген жігіт жалғыз болмағанға ұқсайды.
Кей бөлмедегі студенттер лозунг жазуға да кірісіп кеткен екен.
«Жарайды, не болар дейсің» деп көп мəн бере қоймадық. Ал
таңертең күндегі əдетімізбен сабаққа жиналып, сыртқа бет
алған едік, шыға берісте бізді басқа бір жігіт: “Жігіттер, кеше
айтылды емес пе, алаңға шығамыз деп, қайда барасыңдар?” -
деп тоқтатты. Сол жерде бұл жағдайдың өте маңызды екенін
сезгендей болдым.
573
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Қағаз-қаламымызды бөлмемізде қалдырып, сыртқа
шықсақ, бірталай жастар жиналып қалған екен. Біраз
уақыттан соң алаңға қарай бет түзедік. Жол- жөнекей тұрған
жатақханалардың студенттері қосылып, 200-дің ар жақ, бер
жағында жиналған жастар, алаңға да келіп жеттік. Сондағы
алғаш көргенім -алаңдағы милицияның көптігі. Алаңның орта
тұсында топталып тұрды. Жақындай келе байқағаным, 200
әлде 300-ге тарта жастарды қоршап алып, ешкімді шығармай,
ешкімді кіргізбей тұрды. Бізді көре сала қоршаудағылар бізге,
біз оларға қарай лап қойдық. Екі жақтан келген екпінге төтеп
бере алмаған милицияның құрған шебі үзіліп, көптен көрмеген
достарша құшақтасып жатырмыз. Бейне бір соғыс туралы
кинолардағы екі фронттың қосылып жатқаны тəрізді. Сұраса
келе білгеніміз, олар АЗВИ-дің студенттері болып шықты.
Бізден жарты сағаттай ертерек келген екен. Сонымен 400-
500-ге тарта студенттер алаңда өз талаптарымызды қойып,
наразылығымызды білдіре бастадық. Үкіметке “Қазақстанға
қазақ басшы болуы керек!” деген талап қойған едік. Лениннің
“Əр ұлттың өз басшысы болуы керек” деген сөзін желеу етіп,
ұрандатып жүрміз. Арамыздан бірінің иығына бірі шығып сөз
сөйлеп, белсенділік танытып жатқандар да табылып жатты.
Уақыт өте толқу қыза түскендей болды. Бірақ қоршап тұрған
милиция бізге қарай ешкімді өткізе қоймады ма, кісі саны аса
көбеймеді. Жан-жағымыздан фотоға, камераға түсіріп жатты.
Оған мəн беріп жатқан ешкім жоқ. (артынан сол фотолар
бойынша қудалауға түскен едік).
Бір уақытта арамыздан бір жігіттер шығып: “Барлық
жатақханаларға күзет қойыпты, ешкімді шығармай жатқан
көрінеді, көмекке бару керек!» - деп хабарлады. Кейін ойлап
отырсам, сол сəттегі өте бір дұрыс шешім болған екен.
Көшкен сеңдей бір жаққа қарай лықсыған қалың топтан
сескенді ме, əлде алаңнан кеткендері дұрыс деп шешті ме,
əйтеу, шепті ашып, бізге бөгет жасамады. Қалың топ Ленин
даңғылын бойлап, төмен қарай жылжи бастадық. Жолай тұрған
жатақханалардағы студенттерді босатып, өзімізге қосып алып
келеміз. Барлығына да күзет қойып тастапты. Барған бойда
574
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
үлкен екпінмен кіріп, есікті ашып жібереміз. Кейбіреулері
жасқанды ма, əлде қолдау көрсеткені ме, біз таяп келген кезде
ысырылып шеттеп кетеді. ЖенПи-дің жатақханасына жеткен
кездегі көрініс тіпті таң қалдырды. Есік алдында он шақты
милиционер тұрып алған. Қыздардың барлығы балконда.
У да-шу. Бізді көрген бойда олар тіпті арқаланып кетті ме,
сыртқа лап қойды, кейбіреулері тіпті екінші қабаттан секіріп
жатты. Қаншасы мертікті, кім білсін? Оны байқаған жігіттер
қатты ширықты. Сонымен, Панфилов паркінен бұрылып, Мир
көшесімен бе, əлде, Космонавтар көшесімен бе, қайтадан
алаңға қарай өрледік. Мен шерудің жоғарғы жағында келе
жатқан едім. Бір уақыт артқа қарап қалып, өз көзіме өзім
сенбедім. Шеруде келе жатқандардың ұшы-қиыры жоқ! Бүкіл
Алматы теңселіп тұрғандай еді...
Кенет біреулер Шəмші ағамыздың “Менің Қазақстаным”
əнін бастап жіберді. Мен де қосыла кеттім. Өз дауысымды
өзім естімеймін. Көп дауыстың ішінде, өз дауысың жұтылып
кетеді екен. Бірігу деген осы болар! Биік-биік үйлердің
балкондарынан қарап тұрғандардың көбі бізді қолдай білді.
Түкке түсінбей, сыбағандар да болды. Сонымен алаңға қайта
оралдық. Милиция алғашқыдан да көбейіпті. Енді бұрынғыдан
бетер жігерленіп, ұрандата бастадық. Трибунаға Д. Қонаевтың
өзін шақырдық. Шындықты өз аузынан естігіміз келді. Үлкен
адамның сөзіне тоқтайтын едік, бәлкім. Бірақ шығармады,
шыға алмады ол кісі. Жастар толқуы уақыт өте үдей түсті.
Әлден уақытта трибунаға бір əйел адамды шығарды. (Сол
адамның тағдыры не болғанын əлі күнге ешкім білмейді,
ешкім ол туралы осы уақытқа дейін айтқан емес). Ол кісі
Украинадан ба, əлде, Беларуссиядан ба қонаққа келгенін жəне
алаңға келе жатқанда ұстап алғанын, содан қулыққа басып,
халықты таратуға байланысты сөз айтамын деп трибунаға
шыққанын, ары қарай үкіметтің əділетсіздігі, қазақтарды халық
деп санамайтындығы, 1937 жылды қайта оралтып, репрессия
жасамақшы деген сөздерді айта бастаған сəтте, арғы жағынан
КГБ-ның адамдары сүйреп алып кетті. Негізгі қатты толқу
сол кезде басталған еді. Жағдай шиленісе бастады. Айғай-
575
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
шу көбейіп, ерегіс үдеп кетті. «Əлгі адамды қайтарыңдар!»
деп жастар ашуға булығып, ашынды. Қаракөз қыздарымыз
қасымыздан кетпей, бірге жүрді. Ешкім сөзімізді ескеріп,
мақсатымызға мән бермеген соң, жалынымызды жаншуға
тырысқан соң, ашуға берілгеніміз рас. Тас та лақтырылды,
шыны да сындырылды. Милиция 6-7 қатар шеп құрып
алған. Алдыңғы 1-2-ші қатарға тек қазақтарды қойған. Олар
иығындағы погондарын көрсетіп, “Бізде бұйрық” деп ақталған
болады. Бүкіл алаң лық толы. Ымырт үйіріліп кеткен кез. Əр
жерлерде шу етіп шиеленістер арта түсіп барып басылып
жатты. Мен алдыңғы жақта, трибуна жақта жүрген едім.
Толқудың негізгі бағыты сол жақта болатын. Бар ойымыз 5-6
қатар құрылған шепті бұзып өтіп, үкімет үйіне жету. Онда
кіргенде не істерімізді кім білсін. Бірде біз итереміз, бірде
олар қайтарып тастайды. Сөйтіп ілгерінді-кейінді жүрген
сәттің бірінде жалғыз қалып қалмасым бар ма. Маңайымда
тұрған қазақтар КГБ-ның адамдары екен, шап беріп 3-4 адам
мені бас салды. Секіріп үлгермедім. Алдыңғы жақта жүрген
3-4 қазақ мені алға қарай, милиция артқа қарай тартады.
Еңгезердей КГБ қызметкерлері қойсын ба. Жұлып алды да,
қолымды қайырған күйі ала жөнелді. Апарған күйде ППМ
автобусына апарып тығып жіберді. Онда отырған екі орыс
милиция қызметкері алып ұрып мені тепкілей жөнелді.
Біреуі тіпті үстіме шығып алып, екі аяғымен секіреді. Мен де
берісе қоймай, оларды сыбап-ақ жатырмын. Олар өршелене
түседі. Бетімді қан жауып, жердегі езілген қарлы лайсаңмен
араласып, түрім адам шошырлық болып кеткенін сеземін. Бір
кезде шаршады-ау деймін, анадай жерге барып отырды. Мені
тұрғызбады. Басымды ақырын көтерсем, төр жақтағы торға
тағы бір қазақты қамап қойыпты. Тұрма дегеніне қарамай,
ақырын тұрып барып, орындыққа отырдым. Түрімді көріп
кішкене түйсігі оянды ма, əйтеу, қасыма келмеді. Содан
əлгі қазақ екеумізді Сейфуллин РОВД-сына алып келді де,
жеке-жеке қамап тастады. «Ертең этаппен бірден Магаданға
жібереміз», - дейді. Бұрын-соңды істі болып көрмеген басым,
шынымен де сескеніп қалдым. Қазір ойласам, талай қазақтың
576
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
соры болған Магадан сұп-суық естіледі екен ғой. «Ауылда əкем
болса хал үстінде жатыр, мен мына жақта із-түзсіз жоғалып
кетсем, не болады?” деген ойда отырған кезде, құдайға қараған
бір орыс келіп, мені алып шығып туалетке апарып жуындырып,
қайта əкеліп қамап тастады. Қолға түсіп қалғаныма өкініп-ақ
отырмын. “Алаңда не болып жатыр екен. Шіркін, осы жерден
біреу босатып жіберсе, қайта солай қарай тартар едім” - деп
қайтпай отыр едім, сау еткізіп 15-20 шақты жігітті əкеліп
қамады. Бір сенім пайда болғандай болды. Енді жалғыз
емеспін. Не көрсем де солармен бірге көремін. Оларды маған
қарсы тұрған “обезянникке” əкеліп қамады. Сұрап білсем, мені
алып кеткеннен кейін көп ұзамай-ақ ақыры шепті бұзған екен.
Үкімет үйіне қарай лап қойғанда, ол жақтан бастарында каска,
қолдарында қалқан, дубинка ұстаған арнайы бөлім əскері
қарсы жүгірген ғой. Ондайды бұрын-соңды көрмеген жастар,
тосырқап қалады да, арындап келе жатқан əскердің сұсынан
сескеніп бей-берекет қаша бастайды. Арнайы бұйрық алған
əскер аянсын ба. Қолдарына түскендерін ұл ма, қыз ба қарамай
сабай берген екен. Сонда қолға түскендер екен.
Жарайды, сонымен біршама уақыт өткен соң,
барлығымызды қайтадан автобусқа отырғызды. Қайда
апарады, не істемекші, ешкім ешнəрсе айтпайды. Бізді автобус
орындықтарына жайғастырып, əр қайсымыздың артымызда
қос-қостан күзет қойды. Əлгі иттер желке жақта тұрып алып,
барғанша сабап барды. Бейқам отырғанда көк желкеден тиген
соққыдан кəдімгідей-ақ есеңгіреп қалады екенсің. Ұмыттырып
барып қайта соғады. Сонымен, əйтеу, жетер жерге де жеттік.
Екі милиционер екі жақтан қайырғанда, қолың желкеге
дейін жетеді. Бəрімізді үлкен бір камераға əкеліп кіргізді.
Жағалай құр ағаштан істеген төсек. Төсек деген аты ғана.
Қатар шегеленген тақтайлар. Матрац жоқ. Әбден сарғайып
кеткен раковина. Дәретханасы бəрі бір бөлменің ішінде. Əлгі
тақтайшаларға сыймаймыз. Кезектесіп жатамыз. Аштан аш
жатқанымызға үшінші сөткеге кетіп барады. Не тамақ, не су
бермейді. Аштық пен шөлден бұралдық. Жаман раковинаның
суына ризамыз. Күнде тергеу. Көптеген фотоларды алдыңа
577
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жайып тастайды. Өз фотоңды өзің көріп тұрып, мен емес
дейсің. Бағыма қарай менен үш фота ғана шықты да, үшеуінде
де қырын түсіппін. Мойындамадым. Үшінші күні түске қарай
тамақтандырды-ау, əйтеуір. Ішінде күрішінен тасы көп суға
басқан ботқа берді. Кешке қарай ақырындап 4-тен, 5-тен босата
бастады. Менің кезегім түнгі 12-лер шамасында келді. 5 адам
шықтық. Сұрастыра келсек, бірінші Алматыда екенбіз. Содан
жаяу қоя берді. Былай шыққан соң бесеуіміз бес жаққа тарап
кеттік. Қанша жүргенім есімде жоқ, Жатақханаға таяп қалған
екенмін. Бір уақытта бір үйдің екінші қабатынан біреу маған :
-Қазақсың ба?- деп айқай салды. Тоқтай қалып:
- Иə,- дедім.
- Алдыңа қарашы.
Алдымда жол қиылысында бір топ адамдар тұрған. Мəн
берген жоқ едім.
- Олар - орыстар, қазір қолына түссең өлтіреді, - деді.
Артынан білсем, бізден кейін жұмысшы жастар
шығып, шеру екі күнге созылған екен. Сол кезде үкіметтің
тапсырмасымен заводтарда жарты метрден арматуралар
дайындап, тек қана орыс ұлтынан топ құрып, көше тəртібін
«сақтауға» шығарыпты. Сонымен үй-үйдің арасымен жүріп
отырып, жатақханаға келсем, есік алдында тағы бір топ тұр.
Жатақхананың арт жағында бұрын кешігіп келгенде кіріп
жүретін жасырын жолымыз болушы еді. Сонымен келіп,
терезеден бөлмеме кірсем, бəрі ұйықтап жатыр. Асан деген
жігіт оянып кетті де, таң қалып, мені үш күн іздегендерін
айтты. Біраз əңгімелескен соң, қалжырап барып отырғаным
сол еді, Асан қасыма келіп, бір тілім қағазды ұсынды. Алып
қарасам, телеграмма. Əкем қайтқан екен өмірден. Өкініш,
күйініш, күйзеліс, дәрменсіздік – мені жаншып-ақ жіберді.
Өйткені, бізге қаладан шығуға тыйым салынған. Әкеммен
қоштасуға да жібермеді.
Содан екі ай бойы күнде РОВД-ға шақырды.
Комсомолдан шығарды. Оқудан шығуға мәжбүр болдым.
Жастар қаласы, білім ордасы атанған ару Алматы қаншама
жастың көз жасын көтеріп, төгілген қанды аппақ қарымен
578
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жауып, ызасын ішіне түйіп қала берді... Онда менің Ұлы
суретші болсам деген арманым қалды. Әкеме жете алмаған көз
жасым қалды. Оқудан, жұмыстан қуылып, адасқан достарым
қалды. Қазақтың тапталған намысы қалды.
Міне, 86-ның Желтоқсаны осылай болған еді. Болған
жағдай қысқартылып жазылды. Бұл - Қазақ тарихының мәңгі
өшпейтін бір парағы!
Кәдірбек Хамзин, 86-ның студенті
Жарсу ауылы, Зайсан ауданы.
2020 жыл, желтоқсан.
ХАМЗИН ҚАНАТ
Мен, 1965 жылы 18 қаңтарда
бұрынғы Семей облысы, Аягөз
ауданы, Сергиополь ауылында
дүниеге келдім. 1971 жылы 1-
сыныпқа қабылданып, 1981 жылы
10-сыныпты бітірдім. 1981 жылы
Алматы қаласына барып, Алматы
құрылыс техникумына оқуға түстім.
Сол аталған техникумда 2 жыл
оқығаннан соң, мені оқуды бітіртпей,
әскер қатарына шақырып, әскерге алып кетті. Отан алдындағы
борышымды Мәскеу қаласында өтеп, 2 жылдан соң аман-есен
еліме оралдым. 1985 жылы күзде әскерден келіп, Сергиополь
ауылында жұмыс істедім.
1986 жылы 1 қыркүйекте аталған оқу орнында 4-курстан
оқуымды жалғастырдым. Сол «АСТ» – «Алматы строительный
техникумында» оқып жатып, 1986 жылдың 16-желтоқсанында
жастармен бірге алаңға шықтым. Барлығымыздың алаңға
шығуымызға себеп болған Д. А. Қонаевтың орнына
Қазақстанда білмейтін, онда өмірі болмаған Г. В. Колбиннің
579
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
елімізге басшы етіп сайланғаны үшін еді. Осыған бәріміз
қарсы болып алаңға шықтық. «Қазақстанға - қазақ басшы!»,
«Әр халыққа - өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық
берілмесін!» деген ұрандармен «Менің Қазақстаным» әнін
шырқап, алаңға шықтық.
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы қазақ жастарының
Брежнев алаңындағы бейбіт шеруі қанды оқиғаға айналғаны
баршамызға аян. Мені сол алаңда түнгі сағат 23:40-та ұстап,
ұрып-соғып, Октябрьский РОВД-ға апарып қамады. Сол
РОВД-да 2 күн жаттым. Мені оқудан шығарып тастады. Бірақ
1987 жылы 1 қаңтарда мен оқуыма қайтадан қабылданып, 1988
жылы ақпан айында аяқтап, дипломымды қолыма алдым.
ХОСЕТОВ СЕРІКҚАЛЫ
Желтоқсанда болғаным үшін қудалау елде де жалғасты
1985 жылы Алматы қаласындағы
өнер институтының Қапшағай қала-
сындағы филиалының (культпросвет-
техникумы) мәдениет ағарту бөліміне
оқуға түстім. 1986 жылы 2-курс сту-
денті едім.
Қысқы сессияда Құрманғазы
атындағы консерваторияда өнер жетіл-
діру бағытында оқып жүргенбіз. 17-жел-
тоқсан күні жігіттермен бірге алаңға ба-
рып, желтоқсан оқиғасына қатыстым.
Милицияға ұсталып, Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде тер-
геуде болдым. Таққан айыптары, «алаңға араққа тойып алып,
анаша шегіп бардың ба?», «Жоқ біреулердің азғыруымен болмаса
күштеп апарды ма?» дегендей сұрақтар қойылды.
Қамауда 3 күн жаттым, қасымда Ержан, Талғат, Сайран
деген жігіттер болды. Олар Талғарлықтар болатын. Ережеп
Шымкент жақтыкі болған, сөйтіп бір қазақ ағайлардың көмегі
580
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
арқасында тергеуден босатылдым. Менін сотталмауыма немесе
айыппұл алмауыма сол қазақ ағайындардың көп көмегі тиді.
Ауылға қайттым.
Құжатсыз қалғандықтан
басқа жұмыс істеуіме
тура келді. Кочегар бол-
дым, шопыр болдым,
құрылыста істедім әй-
теуір жан бағудың әре-
кетін жасадым. Қайта
барып жалғастырып
оқуға мүмкіндік болмады. Өзі бір қиралаңдағаннан кейін, ар-
баның артқы дөнгелегі құсап ізден шыға береді екен.
Н. Назарбаевтың желтоқсандықтарды ақтау туралы
Жарғысы (1991 жылы) шыққанына қуанып, 1994 жылдары
қайта серпіліп, 1998 жылдары мектепке оралып, 2000 жылы
Семейдің педагогикалық институтының тарих және құқық
бөліміне оқуға түсіп, 2003 жылдан бастап осы тарих, құқық
саласында сабақ беріп келемін.
Өзім бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қаратал
ауылының Суықбұлақ деген қыстағында қарапайым малшы
отбасында дүниеге келдім. Мақаншыда әжемнің қолында
болып, 1967 жылы С. Сейфуллин атындағы орта мектептің
бірінші класына қабылданып, 1977 жылы осы аталған
мектепті бітірдім. Өзім кішкентай кезімнен өнерге бейім
болып, домбыра шертетінмін. Мектептегі, мәдениет үйіндегі
баян үйірмесіне қатысып жүріп, оны да тартып үйрендім. Сол
жылы мектеп бітіре салысымен, облыстық жас өнерпаздар
конкурсына қатысып, одан әрі Алматыдағы республикалық
жас өнерпаздар байқауынан жүлделі орын иеленіп, оқуға
қабылдандым. Бірақ отбасы жағдайыма байланысты оны бітіре
алмадым. Әкем тоғызыншы класс оқып жүргенде дүниеден
озды. Біз жанұяда жеті бала едік, анам жалғыз өзі бағып-
қағып қатарға қосты. Анама көмектесу мақсатында оқуды
тастап ауылға қайттым. 1978-1980 жылдары әскер қатарында
болып, Отан алдындағы борышымды өтеген соң, 1981 жылы
581
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қайта Алматы қаласындағы эстрадалық студияға тапсырып,
оқуды бітірдім. 1983-1985 жылдары Мақаншы ауылындағы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте музыка пәнінің
мұғалімі болып жұмыс жасадым. Кейін Ақшоқы ауылының
мәдениет қызметкерлігіне ауыстым. Жоғарыда айтқандай, 1985
жылы Алматы қаласындағы өнер институтының Қапшағай
қаласындағы филиалының (культпросветтехникумы) мәдени-
ағарту бөліміне оқуға түстім. Желтоқсан көтерілісімен
тағдырым осы оқу орнында оқып жүргенде тоғысты.
2006 жылы желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына
Мақаншы ауылында желтоқсанға қатысқан азаматтар мен
қыздардың басын біріктіріп, оқушылармен кездесу өткіздім.
Мектепте өткізуге рұқсат бермеді, амалсыздан орталық
кітапхана залында өткіздім.
Осыдан соң тағы қудалау басталды, оны ұйымдастырушы
сол кездегі Найманбай орта мектебінің директоры Жұмағазы
Жақанбаев деген болатын. «Екі партия деген болмайды, сен
нені көксеп жүрсің, мен сені құртам, қайда барсаңда менің
құрығым ұзын», - деп әйтеу ойына келгенін айтты.
Ақыры жұмыссыз қалдым. Қой енді, қалаға барайық деп
Семейге көшіп, мен сол қалада Қайнар колледжінде, жолдасым
көп салалы колледжде сабақ беріп жүргенбіз, тағы да «жер
астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей әлгінде
айтқан Жақанбаевтың сыбайластары артымнан шам алып ізіме
түскен екен, дәл тауыпты.
Сонымен, Семей қаласында да қудалау әлімжеттілік
болды. Сөйтіп жүргенде, Жақанбаев пенсияға кетті, сыбайласы
отставкаға кетіпті, сонымен «есің барда еліңді тап» деген
емеспе атам қазақ, елге келіп ағалап, көкелеп жүріп жұбайым
екеуміз жұмысқа орналастық. Құдайға тәуба, қазір істеп
жүрмін. 2016 жылы Мақаншы орта мектебінде желтоқсаның
30 жылдығына байланысты кездесу өткізіп едім, тағы
қақшаңдап қолшоқпарлары өре тұрған соң, қойшы, балаларыма
кесірі тиер, осылардың деп, жылы жауып қойғанмын.
2020 жылдың желтоқсанында әкімшілікке шақыртып,
мадақтау қағаз беріп, Тәуелсіздік күніне орай 2020 жылдың 15
582
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
желтоқсанына қарай төсіме медаль тағып, қошамет көрсетті.
Сөйтсем, өзімнің желтоқсаншы қыз-жігіттерім екен. Бүгін,
алғаш өзің бас болып құрап едің, мына 35 жыл қарсаңында қа-
лыс қаласың ба деген сөздерін тастай алмай жүрген жайым бар.
Елбасы Қ. К.Тоқаевтың Егемен 05.01.2021 жылғы Қа-
зақстан газетіне «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында осы
Желтоқсан оқиғасына қатысқан сол кездегі өрімдей қыз-жігіт-
тердің тағдырына бей-жай қарамайтындығына баса назар ауда-
рып тоқталған. Соған байланысты менде немқұрайлы қарай
алмадым, өткен 2021 жылдың 31 мамыр қуғын-сүргін күні де
біздің қыз-жігіттерді қатыстырып, кездесу өткіздім, өйткені, сол
кездегі өрімдей қыз-жігіттер жазықсыз жапа шекті ғой.
Бүгінгі күнге дейін өзімде, жолдасымда ақталған жоқпыз,
соттау туралы өкіметтің қағазын алғаным жоқ, өйткені жоғары
да айтып өттім, 3 күн ішінде мен кетуім керек болды, қазақша
айтқанда, «қараңды батыр» дейді ғой қазақ. Осылайша өтіп
жатқан өміріміз бар.
ХҰСАЙЫНОВ ТАЛҒАТ
Мен Шығыс Қазақстан облысы,
Көктерек ауылында 1966 жылы дүниеге
келдім. 1986 жылы әскер қатарынан
оралып, Алматы қаласына жол тарттым,
бірақ оқуға тапсырмай, байланыс
техникумына сырттай оқитын болып
шештім.
1986 жылы 17 желтоқсанда таңғы
сағат 6-дан бастап алғашқы автобуспен
техникумға келген біздер алаңда көп
адамдарды көрдік. Техникум ішіне тексеріп кіргізеді. Біздің
бәрімізді ленинский комнатаға жинады. Сол жерде Қонаевтың
орнынан алынып, Колбиннің келгенін естідік.
Сағат 8-дер шамасында политехникалық, Алматы
энергетика институты жақтан шыққан колоннаға бізде
583
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қосылдық. Сөйтіп алаңда азаттық әнін айттық. Әр елдің өз
басшысы болу керек деген қағазға қол қойдық.
18-і нен 19-на қараған таңғы сағат 6 да болу керек бізді
Мир көшесі мен Сәтбаев көшесінің қиылысында бір топ
милиция қызметкерлері қоршауға алып, ұрып-соға бастады.
Құлағандарды тепкінің астына алып, сүйретіп алаңға әкеліп,
мұзға етбетімізден жатқызып, дубинкамен ұрып отырды. Сонан
соң бізді машинаға тиеп, далаға әкеліп тастады. Алматыға
жеткен біз, қайта алаңға орала алмадық, арамызда қыз-
келіншектерде болды.
1987 жылы мен «Поршень» зауытына келіп жұмысқа
орналыстым. Бастықтарға алаңда болғанымды жасыра
алмадым. Ол жерде қауіпсіздік комитетінің адамдары келіп,
біреуі орыс, біреуі қазақ менен жауап алды. Бұл түнгі сағат 9
–дар шамасы болатын. Олар сұрақтар қойып, қорқытып, үркітіп,
ақыр аяғында мастерді шақырып соған мені тапсырып кетті.
КГБ қызметкерлері бірі полковник дәрежесінде, біреуі майор
екенін артынан, милиция участковыйынан білдім. Өзім Алматы
– 1 ауданның, Читинская 19 көшесінде тұрдым. Участковый
мені бақылауға алды.
30.08.2021 жыл
ШАРЫҚБАЕВА САЛАМАТ
Тергеуге түсіп, оқудан шығып қалдым
Алматыдағы қыздар педа-
гогикалық институтында оқып
жүрген кезім болатын. Жатақха-
нада тұрамын. Мақаншы ауылын-
дағы орта мектепті бітірген соң,
жоғарғы оқу орнына 1983 жылы
түскен едім. Студенттік қызықты
күндер қалыпты жағдайда өтіп
жатқан. 1986 жылғы Желтоқсан
584
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
оқиғасы басталғанда мен 3 курс студенті болатынмын. Сол
кездегі Қазақстан Орталық Комитетіндегі өзгерістерді инсти-
тут қабырғасында оқып жүрген мен және менің құрбыларым
алғашында білгеміз жоқ.
Сабақтан келіп, асханадан түстік асымызды ішіп, бірнеше
қыз бөлмемізде ертеңгі сабағымызды пысықтап отырғанбыз.
Бір уақытта тереземіздің түбінен бір топ жігіттердің «қыздар,
орталық алаңға келіңдер, митинг болып жатыр, соны қолдаңдар»,
- деп айғайлады. Олар біраз тұрып, қайта-қайта айғайлаған соң,
кетіп қалды. Біз жапатармағай орнымыздан тұрып, «ол болып
жатқан қандай митинг», - деп ойладық. Бөлмедегі қыздармен
ойласа келе, орталық алаңға барып келуді ұйғардық. Сөйтіп,
үш – төрт қыз барымызды киініп, алаңға тарттық.
Келгенімізде, Орталық Комитеттің алдындағы алаңда
жиналған қалың жастарды көрдік. Ду-ду еткен нөпір адам
қарасы, ел аузындағы «Менің Қазақстаным» әнін айтып тұр
екен. Алаңның айналасын қоршаған милиция мен әскер жа-
сақтарын көрдік. Біраздан кейін қайсыбір жастар қарды жен-
тектеп, әлгілерге қарай лақтыра бастады. Сол-ақ екен, жігіт-
тердің бірқатары айналадан іздеп-тауып, қолдарына іліккен
түрлі заттарды, кірпіш, мрамордың сынықтарын және басқа да
нәрселерді лақтыруға кірісті. Бұл әрекет ұзақ уақытқа созыл-
ды. Тағы бір айтарым, алаңның шет жағасында өрт сөндіруге
арналған машиналардың қатар-қатар тұрғанын байқаған едім.
Жеңілдеу киініп шыққан біз, қалай десек те тоңа баста-
дық. Қараңғылықтың түскенін айғай-шудың ортасында жүріп
байқамаппын, бір кезде алаңды қоршап тұрған милиция мен
әскер жасақтары жастарды қуып, ұрып-соғып тарата бастады.
Сол-ақ екен, жастар мен жасақтардың арасында нағыз төбелес
басталды да кетті. Мен өзіммен бірге келген құрбыларымның
қайда кеткенін білмей қалдым. Қолдарында күрекшелері бар
солдаттар жиналғандарды аямай ұрып, жабылып ұстап, дайын
тұрған арнайы көліктерге тией бастады. Құрбыларымды із-
деп, айғайлап жүрген кезде, қарсы алдымнан келген солдат,
қолындағы затымен басымнан ұрып жібергені. Тәлтіректеп
кеткен мен құлай жаздап, әрең түзелдім. Сонан кейін, бірне-
585
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
шеуі қолымды қайырып, жабық машинаға әкеліп, ішіне қарай
лақтырып жіберді. Сонан соң, беті мен еріндері ісіп кеткен,
үстеріне қан қатқан, жаралы болған қыздар мен жігіттер толы
көлік орынынан қозғалып, біраз уақыт жүрген соң, айналасы
қоршалған ғимаратқа әкеліп түсірді де, бізді қамап тастады.
Кейіннен ұққаным, бұл Алматы қаласындағы Мәскеу ауданы-
ның тергеу изоляторы екен.
Аздан кейін, бір-бірлеп бізді кеңсеге алып келіп,
тексеріп, тергеу басталды. Мені де бір уақытта тергеушінің
алдына алып келді. Әлі есімде, қайда оқитынымды, қайдан
келгенімді және алаңға не себепті барғанымды жаналқымға
алып сұрағаны. Сонымен қатар, қасымда кімдердің болғанын
және олардың аты-жөндерін анықтауға кірісті. Мен, шамам
келгенше ештеңені айтпауға тырысып, қалада ағамның үйінде
тұратынымды айтып, мізбақпай тұрып алдым. Ішімнен қатты
қорқып, «оқудан шығып қалатын болдым- ау, тіпті соттап
жіберсе қайттім» деп қиналдым. Тағы бір айтарым, осы
Желтоқсан оқиғасы басталмай тұрып, біраз ай бұрын тұрмысқа
шыққан едім. Жолдасым ауылда тұратын. Ішімде үш айлық
балам бар. Осылардың барлығын ойлап, әрі-сәрі болдым.
Тергеуші бір кездерде менен тұратын үйімнің телефоны
бар ма деп сұрады. Мен болсам қолма – қол ағамның үйінің
телефонын бердім. Тергеуші бірден үйге телефон соғып, ағам
Айтқазыны осында шақырды. Көп ұзамай алып- ұшып, сол
кездерде КазМУ-де сабақ беретін ағам жетіп келді. Тереуші
көзімше менің сол үйде тұратын – тұрмайтынымды анықтады.
Көп нәрселерді менен және ағамнан сұрағаннан кейін, ағам өзі
кепілдік беріп, мені уақытша тергеушіден сұрап алды. Ешқайда
кетпеймін деп ұсынған қағазына қол қойып бердім. Дегенмен,
әлі де тергелетінімді қатаң ескертіп, әрең босатты.
Сол күні ағамның үйінде болып, ертеңінде жатақханаға
келдім. Келсем, тұратын жеріміздің есігі тарс жабылған,
ешкімді көшеге шығармайды. Әрең деп күзетте тұрғандардан
сұранып жүріп, жатақханаға кірдім. Бөлмеде өзіммен бірге
тұратын қыздардың бірі де жоқ. Кеше олар менімен бірге
кеткеннен әлі қайтып оралмаған екен. Ішімнен олардың
586
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
да ұсталып, қамауға алынған ұқтым. Енді бізді институтта
тергеу басталды. Деканатта кеше қайда болғанымызды, немен
айналысқанымызды анықтауға кірісті. Көзім қарауытып, басым
айналып жүрген мен, мандытып дұрыс жауап бере алмадым.
Ақыры мені оқудан шығарып жіберді. Ағам Айтқазының үйіне
қалай келгенімді білмеймін, мені туыстарым қаладағы №4
орталық ауруханаға әкеліп, емделуге жатқызып тастады. Содан
ол арада он күндей жатып емделдім. Осы күндердің ішінде, сол
тергеу бөліміндегілер ауруханаға қайта- қайта телефон шалып,
үнемі тексеріп тұрды. Тегі мені қашып кетпесін деп ойлады-ау.
Ауруханадан шыққан соң, ағамның үйіне келіп, біраз күн-
дер сонда болдым. Ара-арасында оқу орынымдағы деканатқа
барып жүрдім. Олар мүлде жолатпады, тіпті сөйлеспеді де. Бір-
де жатақханаға барғанымда, өзіммен бірге тұратын қыздарды
кездестірдім. Киімдерін жинап, елдеріне қайтқалы жатыр екен.
Түрлерінен жылағандары көрініп тұр. Олар да алаңда ұсталып,
біраз күндер қамауда болыпты. Тергеген көрінеді. Сол тергеу
изоляторы институтқа хабарласып, бұларды оқудан шығар-
тып жіберіпті. Бөлмелес екі құрбымның біреуі өзім секілді
Мақаншыдан болса, екіншісі Шығыс Қазақстан облысының
(ол кезде Семей облысы бөлек еді) Зайсан ауданынан болатын.
Сөйтіп, бәріміз ойда жоқта оқудан шығып қалдық. Қат-
ты қиналдық. Дегенмен, олар елдеріне кеткенмен, бірнеше
жылдан кейін қайтадан келіп сырттай оқуды бітіріп алды. Мен
болсам ағамның үйінде тұрып жаттым. Алматыда сол бір күн-
дері қазақтар үшін ауыр болды ғой. Көшеде жүрудің өзі біздің
қазақтарға қауіпті болатын. Оқудан шығып қалғаныма қанша-
лықты өкінгеніммен, үмітімді үзбей институттың әкімшілігіне,
өз факультетімнің деканатына үнемі барып, жолығып тұрдым.
Сөйтіп жүргенімде, төрт айдан кейін мені ақыры қайтадан
оқуға қабылдады ғой. Сондағы қуанғанымды айтсаңшы. Қи-
налып, қорқып жүрсемде, барлық мүмкіндігімді салып, оқуды
жақсы оқыдым. Әйтеуір, әупірімдеп жүріп, институтты бітіріп,
дипломымды қолға алдым. Дегенмен, сол бір қиын-қыстау
күндердің белгісіндей, кейде әлі күнге дейін кезінде соққы
тиген басымның айналатыны және қан қысымым көтеріліп,
587
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ауыратыны бар. Бірақ, еліміздің осы күнгі тәуелсіздігіне қу-
анып, өз уақытында ел-жұртымыз үшін намыс қуып, алаңда
болғаныма, таяқ жеп, тергеуде болсам да, денсаулығым үшін
қиналсам да, ешкімге ренжімеймін. Ішімнен «тәуелсіздігіміз
мәңгілік болғай», - деп, үнемі ойлап жүремін. Жастарында
Отанын, жұртын сүйе білмейтін, патриотизмі болмаған елде,
ол мемлекет көп ұзамай құлап қалады. Бұл әлем тарихында
талай рет дәлелденген нәрсе ғой. Сондықтан, мемлекеттік
идеологияның басым бағыты жастарды тәрбиелеуге, елін,
атамекенін сүюге және құрметтеуге бағытталуы керек. Мен,
солай ойлаймын, - дейді Саламат Орынбайқызы Шарықбаева.
***
Қазіргі күндері Саламат Орынбайқызы Мақаншыдағы
жастарға арналған орталық кітапханада қырық екі жыл бойы
кітапханашы болып істеп келеді. Біз кейіпкерімізге мықты
денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз!
Бейсенғазы Ұлықбек жазбасынан
ШАХЫТБАЕВА (САБЫРБАЕВА) АЙТЖАМАЛ
Мен, 1986 жылы Алматы
қаласындағы «Алматыкультбыт-
строй» мекемесінің СМУ-51 деп
аталатын бөлімінде сылақшы-сыр-
лаушы мамандығы бойынша жұмыс
істеп жүргенмін. Сонымен қоса
осы СМУ-51-дің комсорг қызметін
атқардым. Әлі есімде 1986 жылы 16
желтоқсан күні өкімет басына Ресей
қаласынан орыс адамы келді деген
суық хабар естідік. «Алматыкульт-
бытсрой» мекемесінің комсоргтары жиналып түнімен лозунгы
дайындадық. Ертесінде еш алаңсыз мерекеге щыққандай қо-
588
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
лымызда «Әр ұлт басында өз адамы болуға тиіс. В. И. Ленин»
деген лозунгымыз бар алаңға бардық. «Біз қазақ ежелден еркін-
дік аңсаған» деп өлеңімізді айтып тұрып, Қонаев атамыздың
трибунаға шығып мән-жайлы түсіндіруін талап еттік.
Алаң үсті-үстіне тол бастады. Әр жерден «аяғы жақсы
болмайды, тараңдар» деген үлкен адамдардың да сөзін
тыңдамадық. Алаңнан кетпедік. Әбден тоңып, қарнымыз
ашты, қас қарайды. Арпалыста ары қашамыз, бері қашамыз.
Ертесінде қайта шығамыз деп ақылдасып қайттық.
Ертесіндегі көрініс тіпті сұмдық. Алдыңғы қатарда
милициялар, екінші қатар жап-жас сарбаздар, ары қарай өмірі
біз көрмеген Ресей сарбаздары. Қолдарында резеңке сойыл,
беттерін қалқандармен жауып алған. Ығыстырып алаңнан қуды,
су да шашты. Ең соңында тіпті аяған жоқ, шетінен резеңке
сойылмен ұрып жығып, тепкілеп машинаға тиеп әкетіп жатты.
Аяқтың асты тапалған бас киімдер. Алғашында жедел-жәрдем
машиналары да келді, соңында жүре алмады ма көрінбеді.
Алғашында келген жедел-жәрдем машиналарына жаралыларды
толтырып жібердік. Сол кезде мен жанымдағы қыздардан көз
жазып қалдым. Сөйтіп жүргенде тағы кеш батты. Қақтығыс
жалғасып жатты.
Әлі алысып жүрміз. Бірге барған СМУ-51-дің біреуі де
жоқ қасымда. «Океан» дүкеніне қарай шегінгенімізде адасып
қалдым. Іздейтін де, жүгіретін де шамам жоқ. Есіл дертім
қыздардың біреуін көретін шығармын деп үміттенемін. Сол
кезде есеңгіреп тұрған мені бейтаныс екі жігіт қасымнан өте
беріп, қолыпмнан ұстап «неғып тұрсың, қаш» деп, Сатпаев
көшесінің бойымен батысқа қарай алып жүгірді.
Жүгіріп келем деген аты ғана, екеуі дедектетіп, сүйреп ке-
леді. Есімде қалғаны Поршень заводында істейді екен. «Қашпай
қолға түссек, аямайды» деді. Қыздарды ойлап жылап келем, не
істерімді білмей, қазіргі Байтұрсынов көшесіне таяғанда, бізді
қуып жетіп, біреуін резеңке сойылмен ұрып машинаға тиеді.
Мені сүйреп келе жатқан екіншісі маған қатты айғайлап «тез бас
аяғыңды» деп қояды. Екеуміз ары қарай Абай көшесіне қарай
қаштық. Абайға жетпей екіншісін де ұрып жығып тиеп алды.
589
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Мен Абайдың арғы бетіне өтіп, сол жердегі ағаштың түбіне
отыра кеттім. Қуғыншылар өздері де әбден шаршаған ба, әлде
мені аяп кетті ме, бетіме қарап тұрды да кетіп қалды.
Ертесінде қаншама жігіттер мен қыздардың қамалған-
дарын естідік. Соның ішінде Иманқұлова Мереке, Можанова
Гүлжанар, Көкенова Гүлнәш, Қанапиянова Гүлмира, Жарасова
Сара т.б. қалғандарымызды комсомолдан шығарды. 19-ы мені
туған жеріме қайтуымды талап етті. Қайтпаған жағдайда 5
немесе 10 жылға сотталатынымызды ескертті.
Туған жер де құшағын жая қарсы алған жоқ. Халық жауы
атандық. Мектеп директоры, ауылдағы ұстаздардан небір ауыр
сөздер естідім. Не болса да деп қайта Алматы қаласына келдім.
Сол алаңда бір ауылдан бір сыныпта оқыған үш қыз болдық.
Жүнісова Роза, Бидайбекова Мереке және мен. Біздің алаңда
болғанымыз үшін жақын туыстарымыз да жапа шеккен. Оларға
кесіріміз тиді. Ата-ана, туған-туыстар, бауырларымыз уайымға
салынды. Партиядан шығарылды. Біздер үшін барлық есік жа-
былды.
Дегенмен, қанша қорлық көрсек те, біз еш өкінбейміз.
Өйткені біздер ата-бабамыз көкірегімен қорғаған жер үшін, ұлт
тағдыры үшін шықтық. Сол кездер қазір есіме түссе, бойымда
ерекше сезім билейді, мақтанамын, 2 топтағы мүгедек болып
қалсам да. Не көрсем де, ұлтыммен, өзімдей қазақ қыздары-
мен көрдім. Ойымды «Құз басындағы аңнының зары» деген
Мұхтар Шаханов ағамыз бен Шыңғыс Айтматовтың кітабы
шыққан кездегі, Мұхтар ағаның маған сыйға тартқан кіта-
бындағы маған арнаған қолтаңба өлеңімен аяқтағым келеді:
Айтжамал!
Желтоқсанда ел деп қаққан қанатың,
Сен бір жайсаң қыз екенсің жаны ақын.
Саған әр кез қолдау айтып, жол берсін,
Нақ сол тұста толтырғандар еркектердің санатын.
Ағалық көңілден Мұхтар Шаханов
31.05.1997жыл.
590
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
***
Шахытбаева (Сабырбаева) Айтжамал Добенқызы, 1965
жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Қарағай ауданы,
Қызыл Жұлдыз ауылынды дүниеге келген.
ШАЯНБАЕВА (ТОҚТАСЫНОВА) ҚАТИРА
Мен, Зайсан қаласының Қаратал ауылында туып өстім.
1985 жылы орта мектепті тәмәмдеп, отбасы жағдайыма
байланысты күз айында Алматы қаласына аттанып кеттім.
Оқуға кеш болғандықтан, бірден «Поршень» деген зауытқа
жұмысқа кірдім. Онда өзім сияқты жастар көп екен. Бауман
көшесінің 168 ғимаратындағы, «Қарлығаш» атты жатақханаға
орналыстым. Зауытта жартылай автоматтандырылған темір
жонушы мамандығын 2-ай оқып, әрі қарай станокта жұмыс
жасай бастадым. Сол жылы қыс өте қатты болды. Жұмысты
екі ауысыммен істейтінбіз.
Мен кезекті түнгі 2-ші ауысымнан шығып, автобус
аялдамасында дос қыздармен автобус күтіп тұрғанбыз. Бір
кезде автобус толы жастар «алаңға барамыз», бізбен жүріңдер
деп автобусқа отырғызды. Автобус еш жерге аялдамастан
алаңға апарып, бірақ тоқтады.
Алаңда кілең студенттер мен жұмысшы жастар екен. Бір
кезде трибунадан Роза Бағланованың «Қарақтарым қайтыңдар»
деген дауысын естідік. Жастарды алаңнан қарулы күштермен
қуып жатыр екен. Артыма қарасам, бір топ әскери адамдар
келіп қапты, біреуі мені «скотина» деп дубинкамен ұрып
құлатты. Осы сөзі менің есімде қалып қойды. Дубинка менің
арқама тиді, ұшы келіп басыма тиді. Мен қатты шошынып, тұра
қаша жөнелдім. Бір кезде «тез, тез жүгіріңдер» деп қазақтың
екі жігіті, қолымыздан қатты ұстап алып, көп тобырдың ішінен,
бізді алып шықты. Бетоннан секіріп, Абай көшесінен бірақ
шықтық. Содан бір кафеге кіріп ыстық шай ішіп, әрқайсымыз
жатақханамызға тарқастық.
591
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Жатақханаға келсек абыр-сабыр, араларында жараланған-
дар да бар екен. Менің басымда аздап ісіп тұр екен. Менің
үстіме киген қалың қоңыр тоным, менің жанымды алып қалған
екен.
Сол бір 16-желтоқсанды еске алсам, денем мұздап
сала береді. Одан кейін 17-18 желтоқсан, екі күн бойы бізді
жатақханадан шығармай қойды. Кейін барғандар өте қиын
жағдайларға тап болыпты.
Ол кезде комсомол, профсоюз деген ұйымдар болған.
Алаңға барғаным үшін мені жиналысқа салды. Кабинетте
тізіліп адамдар отырады. Бір-бірлеп бізді тергеуге ала бастады.
Солардың бірі Тойбазарова Сандуғаш, Гүлбақыт Боран
ауылынан, фото суреттері бар. Сонда бір қазақ жігіті бізге
жаны ашып, осы пәледен қорғап алып шықты. Көбісі орыс
басшылар, біз орысша жақсы сөйлей алмаймыз. Сол 16-сы
күні алаңға барғандарға тегіс қатаң сөгіс жазып берді. Мен
сол заводтта 1985 жылдан 1988 жылға дейін жұмыс жасадым,
сосын қысқартуға түстім.
***
Қазір, Зайсан қаласында жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне бірге қатысқан
қыздарыммен хабарласып тұрады. Төрт баланың анасы, үш қыз,
бір ұлы бар. Тұңғыш қызы Аида дәрігер, ортаншы қызы Ақбота
банк қызметкері, ұлы Абылайхан әскери қызметте, кенже қызы
Әсерлім студент, болашақ технолог, Алматы қаласында оқиды.
29.07.2021 жыл
592
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ШКИБАЕВА МАЙРА
1967 жылы 25 маусымда ШҚО,
Марқакөл ауданы, Алексеевка ауылында
дүниеге келдім. 1984 жылы Қарой орта
мектебін бітіріп, сол жылы Қазақтың
Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық
Институтының Жаратылыстану – геогра-
фия факультетінің география-биология
бөліміне оқуға түстім.
1986 жылығы желтоқсан оқиғасы
кезінде 3 курс студенті едік. Аудитория
терезесінен бір топ жастардың шуын
естіп, не болғанын білмей аң-таң болып жатақханаға келгенде
қазақ жастарының алаңға шыққанын білдік. Таңертең сабаққа
жиналып жатқан кезде Д. А. Қонаевтың орнынан алынып, Ре-
сейдің Ульянов деген жерінен Г. В. Колбин деген адамның
басшылыққа келгенін естіп бөлмедегі қыздар таң қалғанбыз.
Бұл жаңалықтың арты рухты қазақ жастарын алаңға бейбіт
түрде жиналуына алып келді. Жоғарғы жақтан «Әр халыққа
– өз көсемі!» болуын талап еткен транспоранттар мен лозунг-
тар жазылды. Алаңға 6-8 қыз бірге бардық, бірақ шеруге
шыққан адамдар арасынан адасып қалдық. Сол кезде менің
таң қалғаным Алматыда осынша қазақтардың бар екендігі.
Автобус, трамвай, троллейбусқа отырсаң басқа ұлт өкілдерін
көретінмін.
Қазақ жастарының бірлігін, ұйымшылдығын көрдім.
Брежнев алаңына жиналғандар қазір әнұран болған Шәмші
ағамыздың «Менің Қазақстаным» әнін айтқан кезде өн
бойыңнан ток жүріп өткендей. Қазірге дейін әнұранымыз
айтылған кезде сол кез көз алдымнан киноның лентасындай
жүріп өтеді, тамағыма өксік тығылғандай болып тұрамын.
Жастарды сабырға шақырып алаңға Роза Бағланова
апамыз шықты. Жастардың топырынан бірге барған
қыздардан адасып қалып, жатақханаға бірден, екіден келдік.
Келе сала бір-біріміздің амандығымызды көріп, ары қарай не
593
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
болатынын білмедік. Алаңға шыққандардың фотосуреттерін
оқу орындарына әкеліп іздестіріп жатыр деген сөзді естіп,
біздің суреттеріміз де болса қайтеміз, оқудан шығарса ата-
анамыздың үмітін ақтай алмадық деген қорқынышпен оқуды
бітірдік. Менің де ата-анам білген жоқ, алаңдатқым келмеді.
Ол туралы егемендігімізді алған соң ғана айттым.
ШОШЕНОВА БАҚЫТГҮЛ
Сиыр қораға қамады
1984-ші жылдан 1986-шы жыл-
дар аралығында - Алматы қаласын-
дағы Технологиялық техникумда оқып
жүрген кезім. Алматы қаласының жа-
нындағы Каргалинка поселкасында
жатақханада Шынар, Роза, Ақтөбелік
Байқоңыр деген қыздармен бірге тұра-
мын. (Ал мына төмендегі суреттегі
қыздар Алматыда бірге болған құр-
быларым).
Желтоқсан айының 16-сы күні,
түнгі сағат 11-12.00 шамасында Политехникалық институттың
жігіттері келіп, бізге дайын «лозунг пен плакаттар» таратты. Со-
нымен біздер ертеңінде таңертен сағат 6.00-ден бастап Алматы-
дағы орталық алаңға шығамыз деп ойланып, жоспарлап қойдық.
Таңертен тұрып, өзіміз ойлаған жоспарды іске асырмақ бо-
лып, сыртқа шығайық десек, оқу орнының басшылығы жатақха-
наның есіктерін тас бекітіп жауып тастаған. Содан терезеден
секіріп-секіріп түсіп, техникумның алдында түгелдей жиналып,
апорт өсетін үлкен саябақ арқылы Алматыға шығатын жолды
бетке алдық. Сөйтсек, ол жолды да жауып тастапты. Жол үстіне
көлденең танкі әкеп қойған. Саябақ арқылы жүріп бара жатқан
бізді ұлттары бөлек кабардин-балқар солдаттары ұстап алды.
Олар қысып, дөңгелек шеңбер жасап, қоршап алып, бізді
594
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қол шоқпарлармен сабап, 4 автобусқа тиеп алып, ұзыннан ұзақ
салынған мал қамайтын «баз» - сиыр қораға апарып қамады.
Одан кейін, сұрақтан-сұрақ қойып, тергеу жүргізіп, бізден
жауап алды.
Содан кешке дей-
ін қамап, ұстап, кешке
техникумның «актовый
залына» алып келіп, сол
жерде жиналыс ашып,
сұрақтан шатылып, сөз-
дерінен ұсталған сту-
денттерді кінәлі деп та-
пқандарын комсомолдан
шығарды.
Сол күндері оры-
стар мен қазақтар ара-
сында үлкен дау, жанжал
туындағаннан соң, өзіміз
сол жерден бас сауғалап,
жан-жаққа қашып кеттік.
1987-ші жылы, мау-
сым айында Шөшенов Кенжекелді деген жігітке тұрмысқа
шықтым. Ұлдарым - Азамат, Серік, қызым - Мадина атты ба-
лаларым бар. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысы, Ахмер
ауылында, балалар ауылы, отбасылық типтегі мемлекеттік
комуналдық мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс атқарамын.
***
Шошенова Бақытгүл Тұлғатбекқызы 1966-шы жылдың
14-ші тамызында, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
Теректібұлақ, бұрынғы «Мәжібай түбек» ауылында дүниеге
келген.
1974-ші жылы Қаратоғай ауылындағы орта мектеп табал-
дырығын аттап, аталмыш орта мектепті 1984-ші жылы бітірген.
595
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ШӨЖІКОВА ЗӘМЗӘГҮЛ
Желтоқсан - ұлт рухының биік белесі
1986 жылы 16 желтоқсанда Алма-
ты қаласында қазақ жастарының жа-
ппай толқуы басталды. Мен ол кезде
Алматы қаласындағы Алматы Мемле-
кеттік Медицина институтының 2-курс
студенті едім.
Қазақстан компартиясы орталық
комитетінің бірінші хатшысы Дін-
мұхаммед Қонаевтың орнына Ген-
надий Колбиннің тағайындалуы - жа-
стардың наразылығын туғызды. Жетім
баланың күйін кешіп, өз ана тілінде сөйлеуі мұң болған, сол
үшін де қазақ тілінің мәселесіне алаңдап жүрген жастарға бұл
хабар жығылған үстіне жұдырық болды.
Желтоқсанның ызғарлы күнінде, біздер алаңға жаман ой-
мен бармаған едік. Біз бұл шеруге бейбіт жолмен Тәуелсіздікке
қол жеткізу үшін қатыстық. Сол шеруге шыққан жастардың
ішінде мен де болдым.
Шерудің арты көтеріліске айналды. Сол көтерілісте басқа
студенттермен бірге мұзды су шашқан машиналарға қасқая
қарсы тұрған және қолында шоқпар таяқтары бар жендеттердің
соққысына ұшыраған қазақтың жас студент қызы едім.
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған
адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз
бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, ауыр кезеңдерден өтіп келіп
отыр.
Бүгінде отбасыммен, бала-шаға, немерелеріммен Алма-
ты қаласында тұрып жатырмын. Жыл сайын Тәуелсіздік күнін
тойлаған сайын, балаларым мен немерелеріме Тәуелсіздіктің
оңай келмегендігін айтып, елі үшін жанын берген азаматтарды
ұмытпау керегімізді естеріне салып отырамын.
596
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
***
Шөжікова Зәм-
зәгүл Биахметқызы 1965
жылдың 8 қарашасында
Семей облысы, Мақан-
шы ауданында дүние-
ге келген. Сәкен Сей-
фуллин атындағы орта
мектепті 1983 жылы
бітірген. Ауданаралық
емханада диспечер бо-
лып жұмыс істеп, 1990
жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтын бітірген.
1990 жылы маусым айынан бастап Мақаншы ауданын-
дағы орталық дәріханада қызмет жасаған, 2008 жылдан бастап
ауданаралық емханада дәріхана меңгерушісі болып, кейін 2019
жылдың 15 қазанынан бастап Алматы қаласына көшіп келіп,
қазіргі таңда Алматы қалалық емханасында дәріхана бөлімінің
меңгерушісі болып еңбек етеді.
ЧУБУНТАЕВ ДҮЙСЕНБЕК
Дүйсенбек Чубунтаев - 1963
жылы Алматы облысы, (ол кезде
Талдықорған) Сарқанд ауданы,
Соколовка ауылының тумасы.
«Армия қатарынан босаған
соң 1986 жылы Алматы ауыр
машина жасау зауытынды еңбек
етіп жүргем. Сол кездегі зауыт
директоры болып Бидный (әкесінің
атын ұмытыппын), цех бастығы
Сапарғали Нүкенов, кадр бөлімінің бастығы Багдасаров деген
азаматтар болатын. АЗТМ жатақханасында бір топ жастар
тұрып жаттық. 16 желтоқсан күні әдеттегідей бір топ жігіт
597
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Баймырзаев Жомарт (Жаркент), Карамолдинов Жангелді
(Талдықорған), Аукеев Мурат (Алматы облысынан) жатақхана
фойесінде теледидардан футбол көріп отыр едік, кенет Виктор
деген тележүргізуші тікелей эфир тоқтатып, «Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің басшысы Дінмұхамед
Ахметұлы Қонаев қызметтен босатылып, орнына Василий
Геннадиевич Колбин тағайындалды» деді де ары қарай
Колбиннің өмірбаянын айтып кетті.
Біз аң-таң болып, енді не істейміз дегендей бір-бірімізге
қарадық. Содан шамамен бес минут өткенде Нархозда оқитын
жігіттер жүгіріп келді. Барлығының орталық алаңға жиналып
жатқандарын айтты. Сол жерде транспорант жасап, «У каждого
народа должен быть свой вождь» деп жазып алып, алаңға
тарттық. «Алаңға шығыңдар!» - деп ешкім шақырған жоқ.
Қазақ елін қазақ басқару керек, әрі бәріміз сыйлайтын Қонаев
ағамыздың биліктен осылай кетуін күтпеген едік. Соған наразы
болып, қанымыз басымызға тепті. Әркім өз ерік- жігерімен
алаңға ұмтылдық.
Орталық алаңға екі сағат ішінде 10 000-дай адам жиналып
қалды. Біраз уақыттан соң полицейлер жиналғандарды қуып,
көнбегендерін дубинкамен соға бастады. Төбелес басталды,
полицейлер су шашты. Аязды күні мұздай суық судан киіміміз
қатып қалды. Судың екпініне шыдамай артқа шегініп кетеміз
де, қайтадан алға ұмтыламыз. Бір кезде жаңағы су шашқан
машинаның төңкеріліп, өртеніп жатқанын көрдім. Абыр-
сабыр кезінде қасымдағы жолдастарымнан айрылып қаппын.
Қалшылдап тоңа бастаған соң, жатақханаға қайтып киімдерімді
ауыстырдым.
Сол кезде Алматыда өндіріс орындары көп болатын.
Сонда жұмыс жасайтын жастар да жиналыпты. Сол күні
алаңнан түн жарымында ертеңіне жиналатын болып
тарқастық. 17 желтоқсан күні таң атпастан алаңға қайта келдік.
Жиналғандар көп болды. Дәл осы күн оқиғаның қызған шағы
болды. Алаңға әскерилер мен курсанттарды әкеле бастады.
Кеуделерін намыс кернеген жастар қазіргі Алматы қаласының
әкімдігі орналасқан ғимаратты басып алды. Алаң маңындағы
598
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
талдарды қопарып, қарама-қарсы бетте орналасқан мәрмәр
тастар сататын дүкенді қиратты. Барлық өндіріс орындарының
басшылары, оқу орындарының ректор, декандары жастарды
кері қайтаруға тырысқанымен болмады. Оларды қармен
атқылап, қуып жібердік. Қашып кеткендер арасында қазір
басшылық қызметте жүргендер де бар.
Киімімді ауыстыра сап қайта алаңға келдім. Алаңда
адам қарасы көбейіпті. Бір-бірімізді қолтықтан ұстап
«Менің Қазақстанымды» айтып, трибунаға қарай ұмтыламыз,
милиционерлер дубинкамен соғып, кері қайтарады.
Тобымыздан жаңылсақ та басқа қазақтармен қол ұстасып қайта
алға ұмтыламыз. Көбін танымаймын, студенттер, жұмысшы
жастар екені көрініп тұрды. Ара-тұра ересек адамдар да
жүрді. Зиялы қауым өкілдері шығып, жастарға басу айтып
жатты, көпшілігін танымадым. Басым көпшілігі тәртіпсіздікті
доғаруды талап етті. Солардың кейбірі бүгін желтоқсан
қаһарманы болып жүргені жынымды келтіреді... Кенет
әскерилер топты жарып кіріп, дубинкамен соғып жастарды
машинаға тией бастады.
Әскер қатарынан азаматтық борышымды өтеп келгем,
жастарға қарағанда біршама өмірлік тәжірибем бар. Алайда
дубинканың соққысы мен бірнеше әскерилерге қарсы тұру
мүмкін емес еді. Мен де көппен бірге тентпен жабылған ГАЗ-
66 машинасына тиелдім. Үсті басымыздағы су мұз болып
қатып қалды. Байқағаным - беталысымыз Қапшағай тас жолы.
«Тастай қараңғы аязды түн, қайда апара жатқаны белгісіз,
жеткен жерде полицейлер аямай дубинамен соғады-ау» - деген
ой келіп, жолда машинадан секіріп түсіп қалдым. Қайтадан
жаяу Алматыға тарттым. Бағыма қарай бір көлік тоқтап ала
кетті. Су киіммен дірілдеген қалпымда қайтадан алаңға
келдім. Полицейлер тағы су шашып, малмандай су болдым да
жатақханаға қайттым. Жалғыз жүргендіктен көп ешкім назар
аудармады, әрі қаланы жақсы білетіндігімнің көмегі тиді. Киім
ауыстырып қайта орталық алаңға барсам «правительственные
войска» қоршап алып, ешкімді жібермеді. Жатақханаға қайтуға
тура келді. Алаңға шығып ештеңе қиратқам жоқ, көшбасшы
599