ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
есімде жоқ, Ержанды қазақ майоры тергеуге алды. Өкінішке
орай, аты - жөндері есімізде қалмапты. Олар Ержан досым
екеуміз туралы ақпарат бар екенін: Өскемен құрылыс
техникумы студенттеріне үгіт-насихат жүргізгенімізді және
алаңға шыққанымыз туралы бұлтартпас айғақтар барын айтты.
Ержанға СДИ студенттеріне үгіт-насихат жүргізгенін
айтты. Орталық алаңға студенттерді наразылық шеруге
шақырғанымыз жайлы бәрін білетінін айтты. Сонымен, досым
Ержан екеуіміз үш күн тергеуде болдық. Бізді бірнеше күннен
кейін ғана үйімізге жіберді. Қаладан шықпау керектігі туралы
қолхат бердік. Екеуіміз шыққан бойда естелік үшін суретке
түстік.
Бізден түсініктемелер алды. Ондағы мақсаттары - біздің
не үшін Колбинді басшы болып қойғанына қарсы екенімізді
білу. Түсініктеме мазмұны: біздің ойымыз жане мақсатымыз
Д.А. Қонаевты қолдайтынымызды, ол кісінің басшы болып
қала беруін талап ету.
Үш күн бойы сол тергеушілер бізге әртүрлі сұрақтар
қойып, не үшін алаңға шыққан мақсатымызды сұраумен болды.
КГБ-ның аядай сұп-сұр бөлмесінде 3 күн болдық. Бөлменің
ішінде қатты 2 тапшан жане 2 дыбыс ұлғайтқыштан басқа
ештеме болмады. Түнде бүк түсіп отырамыз. Күндіз тергеуде
боламыз. Бұл жерге не үшін қамалғанымызды түсінбедік.
Қалайда жаман нәрсе жасап жүрмегенімізді білсек те, ішімізде
қобалжу болды. Ойымызда тек оқуымызды бітіріп, қалаған
мамандық иесі болып, халқымызға адал қызмет ету еді.
Содан жатақханаға барып, жуынып-шайынып оқу
корпусына келсем, мені барлығы іздеп жатқан екен. Барған
бетте бөлім меңгерушісі Швецова техникум директоры
Сикеринге алып барды. Кабинетке кірген бетте ашуға
булығып, түнектей болып қарсы алған директор мені оқудан
шығаруға бұйрық беретінін айтты. Содан кейін күнделікті
қудалау басталып, оқуымды жалғастыруға мүмкіндік
болмады. Комсомол жиналысында бөлім меңгерушісі жане
кураторым Бурованың қолдауымен оқудан шығарылмай қатаң
сөгіс жарияланды. Дегенмен, белгісіз жағдайлармен оқуды
100
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жалғастыруға мүмкіншілік болмады. Ержан досым екеуміз
де Кеңес әскері қатарына өз еркімізбен сұрандық. Кеңес
әскерінде борышымызды өтеп келген сон, Ержан екеуміз
Өскемен педагогикалық институтына түсіп, ойдағыдай аяқтап
шықтық.
Сол кезден кейінгі өмірім мыңдаған қарапайым
қазақстандықтар сияқты болды. Шынара есімді арумен (Ұлан
ауданының тумасы) Өскемен қаласында отбасын құрдым.
Екеуміз адал еңбек ете жүріп, Алла берген перзенттерімізді
тәрбиелеп, бүгінде немере сүйіп отырған бақытты отбасымыз.
1997 жылдан бері Алматы қаласының тұрғынымыз.
Ұрпағымызды Отанымыздың патриоттары болуға, ғылым мен
білім игеруге, адал еңбек етуге тәрбиелеудеміз. Үлкен қызымыз
Перизат тұрмыста, екі баланың анасы. Мамандығы химик-
технолог. Күйеу баламыз Еркебұлан Ішкі істер Департаментінің
майоры. Гүлмерей қызымыз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да
PhD докторанты. Кішкене екеуі мектеп оқушылары. Жолдасым
Шынара оқытушы, өзім Алматыдағы ЖШС «Citex» инкассация
қызметіндемін.
Аяулы анам, Кайникамал қажымен бір шаңырақ астында
бақытты күндерде өмір сүрудеміз. Мұқаш отбасы бүгінде
«керегесі кең, шаңырағы биік» өскен-өнген әулет. Әкеміз бен
анамыздан тараған ағайындарым бүгінде Қазақстанның түкпір-
түкпірінде ұрпақтарымен бақытты.
Әрбір қазақстандықтың кеудесін мақтаныш сезімге
бөлейтін Желтоқсанның баст ы жеңісі – тоталитарлық
жүйеге ең алғаш болып ашық қарсылық білдіруі. Бүгінде
әлем мойындаған тәуелсіз Қазақстанда ұрпағымызбен өз
елімізде өмір сүрудеміз. 16 желтоқсан менің отбасым үшін
ерекше еске алатын күн. Жыл сайын Ержан досымыз екеуіміз
жер шалғайына қарамастан, осы Желтоқсан оқиғасына
байланысты күндерді еске алып, бүгінімізге шүкіршілік етеміз,
егеменділікке ие болған қазақ халқына бірлік, береке, бақытты
өмір тілейміз.
101
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
***
Сатыбалдин - сол кездегі тегі Жанат Мұқашұлы қазіргі
тегі - Мұқашев Жанат Мұқашұлы 1969 жылы 28 сәуірде,
Семей облысы Аягөз ауданы Таскескен ауылында ұстаздар
отбасында дүниеге келген. Отбасында Жанат Мұқашұлы, 10
баланы дүниеге әкеліп, қатарынан қалдырмай тәрбиелеп, бар-
лығын ЖОО орнында білім алуға жағдай жасап, жақсылыққа
итермелеп, қайырымдылыққа баулыған ата-анасы Сатыбалды
ұлы Мұқаш және Сатыбалды келіні Кайникамалды мақтан
тұтады. Ол ата-анасына мәңгілік қарыздар екенін аузынан
тастамайды. Олардан алған тәрбие Жанатқа өмір бойы азық
болып келеді.
МҰХАМЕДЖАНОВА СӘБИРА
Қаһарман қазақ қызы
(Желтоқсаншы Сәбира Мұхамеджанова туралы)
Зайсан қаласынан Ақжар ауы-
лына аттанып бара жатқан автобус
iшiнде әрi-сәрi күй кешiп, қырық
қадам жердi көрiнбес қылған құсқа-
натының қалқыған қарына көз тiгiп,
Сәбира туралы естiген әңгiмелердi
еске түсiруге тырыстым.
“Бары-жоғы он алты жастағы
бойжеткен қыз өзiн-өзiн өлiмге қа-
лай қиды екен? Оған қандай ерiк-
жiгер күшi жеттi екен?...” деген
сұраулы ойлар бiрден-ақ қамап алды. Құсқанатының қарындай
анталаған, ой мен жүрегiмдi шабақтаған сезiмнiң ортасында
қалдым. Ерiксiзбiн... Әлден уақыттан кейiн ғана есiмдi жиған-
дай болып, жүрек тоқтатып, Сәбираға қатысты жайларды сал-
мақтауға көштiм.
102
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Сәбира... Сәбира Мұхамеджанова, 1985 жылы сегiз-жыл-
дықты үздiк бiтiрiсiмен, Өскемен қаласындағы педучилищенiң
бастауыш кластарға мұғалiмдер даярлайтын қазақ бөлiмiне
келiп түскен. Бiрiншi курсты орташа бiтiрген.
Класс жетекшiсiнiң айтуына қарағанда, “математика,
физика секiлдi пәндерден жақсы оқыса да, кей сабақтардан
нашар оқитын”.
Класс жетекшiсi – Шолпан Мұхамедиева бұл оқиғаны
көз алдынан кино лентасын өткiзiп отырғандай бастырмалата
әңгiмеледi. Бiр таңқаларлығы: айтатын сөздерiн әлдеқашан
жұптап, тақпақтай жаттап алған адам секiлдi, бiр сарынмен
төндiре айтады. Сәбираның мiнезi тiк, сабақ үстiнде қатты
сөзге келiп қалса, шығып жүре беретiнiн, онымен бiрге тұрған
қыздардың айтуына қарағанда, бiр жолы кеудесiн, бiлегiн
алмаспен тiлiп тастағанын, Сәбираның семьясында бұрын
да бiр қыз асылып өлiптi дегендi естiгенiн, жалпы, шешесi
де дұрыс емес секiлдi боп көрiнгенiн, соған қарағанда
семьясында бiр “жетiспеушiлiк” бар ма деген күдiгiн айта
келiп... “22-желтоқсан күнi екi қазақ бөлiмi сабаққа келмей
қойды. Олар сол күнi кешкi сағат бес-алтыларға дейiн көшеге
шығып, ЦУМ-ның маңайына барыпты. Кеш қарая жиналған
қыздарды жиналысқа шақырып, мән-жайды түсiндiрдiк. Оларға
неге шықтыңдар деп едiк, жатақханаға кеше жақсы киiнген бiр
әйел келiп: “Ертең ЦУМ-ға келiңдер! Алматыдағы жағдайды
сол жерде естисiңдер. Мұндағылар шындықты сендерге айтпай
отыр. Алматы жақтан 9 адам келедi...” - деп айтты дестi. Оны
қоқыс төгуге шыққан Нұрпейiсова Алмагүл көрiптi.
Ал, 26-желтоқсан күнi жеделхат салып шақырған ата-
аналармен кездестiк. Iшiнде Сәбираның да мамасы бар.
Арада көп уақыт өттi ғой, мен сол бiр жағдайды ұмытып та
қалыппын... Сәбирамен де, мамасымен де оқу iсi меңгерушiмiз
– Мария Жұмағұлованың кабинетiнде сөйлескенбiз. Қасымда
қай мұғалiмдер болғаны есiмде жоқ. Сәбираның шешесi қиын
адам екен. “Мен сенiмен сөйлеспеймiн. Директормен сөйлесем”
деп жеделхатты лақтырды. Мен директорға кеткенiмде,
Сәбира шешесiмен бiрге кабинетте қалған. Қайтып келсем
103
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
– жоқ, жылап шығып кетiптi. Iле-шала “құлап кеттi” дегендi
естiдiк... Десе де, Сәбира сондай сұмдық мiнез-кұлығымен
бiрде болмаса, бiрде қайтыс болар едi. Бәрiбiр ол өлер едi!” -
деп класс жетекшiсi сөзiн аяқтады.
Оның соңғы сөзi кеудемдi қанжармен осып жiбергендей
болды. Класс жетекшiсiнiң сөзi “айттым-бiттi!” деп кескен
үкiмiндей естiлдi. “Аузыңыз барып, қалай айтасыз?” деген са-
уалға: “Сәбира “Мен оқымаймын, өлемiн!” деп, маған бiрнеше
рет айтқан. Ол бәрiбiр адам болмас едi. Шешесi зорлап оқытты
ғой”, – деп жауап бердi. Бұл жерде Шолпан Мұхамедиеваның
көп нәрсенi тайсақтап, шындықты толық айтпағанын, бүгiп
қалғанын түсiндiм. Училищенiң директоры Николай Никола-
евич Баранов пен оқу iсiнiң меңгерушiсi Мария Жұмағұлова
да, “Бiз ештеңе айта алмаймыз” деп ат-тондарын ала қашты.
Ал, сол 22-желтоқсан оқиғасына қатысты училищеден
сегiз жасөспiрiм жiгiт шығарылыпты. Олардың кейiннен үшеуi
ғана оқуға қайта қабылданып, бiреуi ғана аяқтаған. Училище
қабырғасынан тек қана ер балалардың шығарылуы да, әрине,
тегiн емес. Өйткенi сол күнi 4-курста оқитын қыздардан
да көшеге шыққан ғой... Ол кезде жатақханада немесе оқу
залында, жұмыс басында бiр сағат болмай қалған адам
астана ғана емес, шет қалаларда да “сырттай” бұйрықпен-
ақ шығарылып жiберiлгенi бүкпесiз шындық. Бiрақ, он
алты жасар қаршадай қыздың қайғылы қазасы училищеде
оқитын басқа қазақ қыздарын тергеп-тексеруден, оқу орнынан
қуылудан құтқарғаны анық.
Толқу 22-желтоқсан күнi кешкi сағат 7 мен 9 аралығын-
да болған. Сәбиралар да, яғни педучилищеде жиналыста
отырғанғой... Толқу “Юбилейный” кинотеатры алдынан баста-
лыпты. “Қаладағы желтоқсан жайын тап басу үшiн толқудың
iшiнде болып, Өскемен жол құрылысы институтынан шыға-
рылған, арада жыл салып барып кейiн аяқтаған Нұрғазы Сау-
ханов пен Тiлеуғазы Құрманбаевтың әңгiмесiне құлақ түрейiк.
– 22-желтоқсан күнi кешкi сағат сегiз мөлшерiнде
шымкенттiк Қалтаев Садуыл деген жолдасыммесәдун үйге
“переговор” соғуға бара жатқанбыз. Ойымызда ештеңе жоқ.
104
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Ушанов алаңындағы киоскiнiң қасынан өте берiп едiк, қасында
қызметкерлерi бар милиция полковнигi жолыға кетiп, машинаға
отырыңдар дедi. Бiз не iстедiк, переговорға бара жатырмыз деп
едiм, барған соң сөйлесемiз, айыптарың жоқ болса босатып
жiберемiз дедi полковник. Бiз полковниктiң өзi айтып тұрған
соң ерiксiз иландық. Бiрақ ол бiздi алдап соқты!
Барған бетте камераға жапты. Ертеңгiсiн тергеушiде
болдық, кешке дейiн бiр сөтке бойы ас-сусыз жаттық. Кешкiсiн
институттан деканымыз Тастанбеков бастаған мұғалiмдер
келiп, бәрiмiздi шығарып әкеттi. Өзiм оқитын бөлiмнiң
комсомол ұйымы ұнамды мiнездеме берген екен, бiрақ оған
қарамапты да. Еңбек кiтапшама: “За идейно-морально-
политической неубежденности отчислен из института” деп
жазыпты, – деп семейлiк Тiлеуғазы Құрманбаев қасындағы
Нұрғазыға қарады.
– Тiлеуғазымен бiр камерада мен де отырдым, – деп ба-
стады әңгiмесiн Н.Сауханов. – Қамерада он екi адам отырдық.
Бәрiмiз де студентпiз. Өз басым 22-i күнi “Юбилейный”
кинотеатры маңына жиналу туралы студенттер арасынан
естiдiм.
Бұл сөз пединститут жақтан шығыпты... Iлияс Алдекеев
деген бiрге тұратын жолдасыммен митинг дегенге қызығушы-
лықтан кешкi жетi мөлшерiнде кинотеатрға қарай тарттық.
Обкомның алдындағы Ленин алаңы мен кинотеатр
жақтан шыққан 50-60 адам шерулеп келе жатыр екен. Олардын
көбiсi кинодан шықса керек. Барлығы да жастар. Бiз осы
жерде қосылдық. Осы кезде бiр орыс капитан басқарған
милиция қызметкерлерi жолымызды кес-кестеп: “Сендер неге
жиналып жүрсiңдер? Ойларыңда бұзықтық бар, кетiңдер!” –
деп араласты. Бiз: “Сендер айтпасаңдар да жатақханамызға
кетiп барамыз”, – дедiк. Олар бiрақ қалмастан ерiп отырды.
Ушанов алаңына жеткенше жол бойы бос болды. Алаңда бiздi
күтiп тұрғандар бар екенiн бәрiмiз де сездiк. Артық ештеңе
iстей қойған жоқпыз ғой, сондықтан бiзге қайтер дейсiң деген
сенiмдi оймен алған беттен таймадық.
Алаң бос екен, бiрақ жан-жағынан түйiсетiн бес көшенiң
105
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
торабын милиция мен басқа да жай көлiктер – жүк машинасы,
автобустармен тығыңдап тастапты. Алаңға келген бойда әлгi
көлiктерден қарғып-қарғып түскен милиция қызметкерлерi
мен халық жасақтары бас салды. Қолдарында келтектерi бар.
Бiз мұндай боларын алдын-ала сезгендiктен қарсыласпадық.
Олар бiрақ дөкiрлiк танытты. Қыздардың шашынан сүйреп,
жiгiттердiң қолдарын бұрап, келтекпен ұрып-соғып жатты.
Екi қазақ жiгiтi қолымды қайырып, автобусқа дедектете итерiп
кiргiздi.
Бәрiмiздi де Ульба аудандық Iшкi iстер бөлiмiне алып
келдi.
Қасымдағы бiрге жүрген жолдастарыммен бiр камераға
қамады. Адам көп болғандықтан, камера жетiспедi-ау деймiн,
көбiсiн сол түнi-ақ босатып жiбердi. Камерада қамалғандар
бiр тәулiк бойы отырдық. Мұғалiмдерiмiз келiсiмен бiздi де
қоя бердi.
Бiрақ заң орны менi көп айналдырды. 24-i күнi бөлмемде
прокурордың шақыруын тастап кетiптi. Мен, институттағы
тағдырым белгiсiз болса да, сабақтан қалмай барып жүргем.
Сабақтан кейiн тергеушiге келдiм. Ол: “Қанша, қандай
транспарант жаздың?.. Қазақтарды айғайлап көшеге шақыр-
дың...” – деп жала жапты. Осыны мойында, “организатор”
екенiңдi мойында деп әуреледi. Мен мойындай қоймадым.
Содан 30-желтоқсанға дейiн осы бiр-екi сұрақпен мазалап,
“таскать” еттi. 30-ы күнi бәрiмiздi де шақырды. Мен бiрiншi
боп келiппiн. Тергеушi бiр жапырақ қағаз ұстатты. Онда
ұйымдастырушы, транспорант жазушы, көшеде ұран салып,
қазақтарды көтерiлiске шақырушы екенiмдi мойындағаным
туралы жазылыпты. Мен қол қоюдан бас тартып, дәлелдеп
шығуын өтiндiм. Тергеушi ойланып қалды да: “Мен саған
“очная ставка” берем, егер кiнәсiз екенiңдi дәлелдесең,
босатамын”,– дедi. Бiрден-ақ келiстiм. Өзiммен бiрге барған
Iлиястың бөлмелес жiгiттерiн куәға тарттым. Тергеушi олармен
менi жүздестiрер алдында бес минөттей жеке-жеке жолығысып
алды.
Бетпе-бет жауап кезiнде Қайрат Жанәбiлев:
106
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
– Бiздi бөлмеге келiп шақырған – осы. Колбинге карсы
көшеге шығамыз дедi, – деп салғаны. Мұндай жаланы күтпеген
басым күйiп кеттiм, үстелдi жұдырықпен бiр-ақ қойдым да:
“Болды!.. Ендi не iстесендер де ерiктерiң. Мен ештеңе де
айтпаймын», – деп отыра кеттiм.
Екi-үш минөт тым-тырыс қалдық. Әлгiнде тергеушi
Қайратты үгiттеп, қорқытқан ғой деп ойладым. Тергеушi маған
көзiн тiккен. Бәлкiм, қазiр кiнәсiн мойнына алып, кешiрiм
сұрап жалынар десе керек. Мен де үнсiз мелшидiм.
Осы кезде Қайраттың ар-ұяты шыдамады-ау деймiн:
“Жаңағының бәрi өтiрiк. Өшiрiп тастаңыз. Мен ендi шындықты
айтамын”, – дедi. Ал, Iлияс болса, бiрден-ақ бар шындықты
жайып салды. Сосын бiр сағаттан кейiн тергеушi iшке
шақырып: “Сауханов, сен өзiңдi ақтадың. Боссың!” – дедi...
Институтта бастауыш комсомол қатарынан, не оқудан шығару
мәселесi күн тәртiбiне қойылды. Бiрге оқитын студенттер
комсомол қатарынан шығаруға, бiрақ оқу орнында қалдыруға
жүз процент қол көтердi. Сол-ақ екен, жиналысқа қатысып
отырған институт комсомол ұйымының хатшысы:
– Егер бұл комсомол қатарынан шығарылса, институттан
да автоматты түрде шығады, – деп мәселенi бiр-ақ ауыз сөзбен
шешiп тастады. Отырғандар iштей қарсы болса да, өзiмiз
бiрдеңеге ұшырап кетермiз деген қауiппен үнсiз қалды. Бары
– осы...
Иә, бары осы ма?
Сексен алтыншы жылғы желтоқсан сойқаны Өскемен
қаласында да жастардың толқуына әсер еткенi даусыз. Бiрақ
бұл толқуды сол кезде ешкiм де сабырлылықпен, салқынқан-
дылықпен салмақтай қоймады. Жастардың көшеге стихиялы
түрде шыққаны жоғарыдағы куәгердiң сөзiнен анық көрiнiп
отыр. Тiптi олар әлi күнге дейiн өздерiне қандай айып тағылға-
нын, № 830 “с” бұйрығында берiлген айыптаудың мазмұнын да
бiлмейдi екен. Сегiз адам қол қойған “за идейно-политической
неубежденности в социалистическом строе, проявление чуж-
дой морали, выразившихся в виде оголтелого национализма,
учинении массовых беспорядков на улицах г.Усть-Каменогор-
107
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ска...” деген бұйрықтың өзi құпия түрде берiлсе керек. Өйткенi,
бұл бұйрықтың өзiнде көп қайшылықтың ұшы көрiнiп тұр.
Қалада “қаны тамшылаған ұлтшылдықтың” бола қоймағаны-
нан, “жаппай бейбастақтықтың” еш жерде көрiнiс бермеуiнен
осындай жалған бұйрық берiп отырған жоғарғы оқу орнының
өз басшылары да қорықса керек.
Өскемен педагогика институтының ректоры Ережеп
Мәмбетқазиевтiң айтуына қарағанда, сол кезде бұл оқу
орнында еңбек және соғыс ардагерлерiнен құрылған институт
мұғалiмдерi комиссиясы құрылып, олар көптеген жазықсыз
студенттердi жазаланудан аман алып қалған. Мұндай игiлiктi
iске институт партия ұйымының хатшысы Анатолий Адамович
Поюк мұрындық болғанның орнына: “Обкомның идеология
бөлiмiнен маған телефон соғып жатыр, сiздер неге кiнәлiлердi
шығармайсыздар? Тезiрек шара қолданыңыз!”- деп ректор мен
құрылған комиссияның мүшелерiн мазалай берiптi.
Ал, сол бiр дүрбелең уақта Обкомның идеология бөлiмiн
басқарып отырған Г. Л. Бердюгин жоғарыдан нұсқау мен
бұйрықты телефонмен талай жерге шалған. Ол IIМ, МҚК т. б.
мекемелер қарайтын обкомдағы әкiмшiлiк комиссиясын кейiн
де көп уақытқа дейiн “курировать” етiп отырған. Желтоқсан
жағдайында бұл билiктi де емiн-еркiн пайдаланып, тоқырау
жылдары тұрғысынан “тiкелей басқарып”, тоталитарлық қана
емес, империялық жолмен жедел жүзеге асырған. Бiрақ бұл
жерде Бердюгиннiң өзiне де “жоғарыдан” бұйрық келгенiн,
жоғарыдағы “ұр тоқпақ” Зақаш Камалиденовтың өзi жастарды
“алашордашылдар” дегенiн ұмытпағанымыз жөн.
Алматыдағы желтоқсан ызғары сол күндерде ауыл-село-
ларға да жеттi. Күршiм ауданындағы аупарткомның идеология
бөлiмiн басқарған Ысқақов та “Қалғұты” совхозындағы ауыл
мұғалiмдерi Әлтай Есқалиев пен Ақбота Болатоваға жағдайдың
мәнiсiн түсiндiргеннiң орнына, жиналыста дүрсе коя берiп,
тiптi мұғалiмдердiң артына шырақ алып түсiптi.
Сол кезде Өскемен сауда техникумының үшiншi курс
студентi, Күршім ауданы Құйған аулынан шыққан Гүлжан
Кәрiмғозина, кәмелетке жасы толмаса да, қазақша бiлмесе де,
108
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
“өкiметке қарсы қазақ тiлiнде листовка
жазған қауiптi элемент” ретiнде жауапқа тартылып, бiр
жылға сотталып кеттi. Жоғарғы Кеңесте құрылған Желтоқсан
комиссиясы Гүлжанды қылмысының жоқтығына байланысты
толықтай ақтап шықты.
***
...Зайсаннан шыққан автобус балықшылар ауылы Тұғылға
түс ауа жеткенде күн шайдай ашық екен. Мұнда құсқанаты
түнде жауып, Ертiстi бойлай Алтайға ауып кетсе керек.
Тарбағатай өңiрiнiң көгi көкөңездене қалыпты. Наурыз
күнi ғана шағырмақ. Тобықтан түскен құсқанаты қара жердiң
бетiнде шала-пұла ерiп, темiреткiдей шұбартып жатыр. Тұғыл-
дан әрi Ақжар жақын. Көп кешiкпей Толағай тауын бүйiрлей
орағытып, Тарбағатай ауданының орталығына да жеттiк.
Ертеңгiсiн ертемен Тарбығатай ауданы басшыларының
бірі Марат Қарасаевпен Сәбираның ауылы Ақмектепке келе
жатып: “26.12.86 г. Между Мухамеджановой”, ее матерью и
классным руководителем педагогического училища произошел
разговор по поводу ее поведения и успеваемости, после чего
Мухамеджанова пошла в общежитие. Зайдя в свою комнату,
она пошла сразу же к окну стала на подоконник и высунулась в
форточку, а потом через нее выбросилась с 5-этажа. В машине
“скорой помощи” Мухамеджанова скончалась”,– деген Ульба
аудандық прокуратурасының тергеушiсi А.М. Альферовтың
қорытындысын еске түсiрiп, тергеушi “нелiктен желтоқсанға
қатысты конфликтiнiң туғанын, ұрыс-керiстiң түп-төркiнiн
жасырып қалды?” деген түйткiлге жүйрiк ой тiзгiнделе бердi.
Кешiкпей-ақ түйiлген түйткiлдi алпысқа кеп қалған ақ
шашты Сағидолдина Күлшар апа аз да болса тарқатты.
– Мен жатақханаға жеткенiмде, Сәбирам түскi сабаққа
кеткен екен. Тәрбиешiсiнiң рұқсатымен кiлт әкелген соң
141-бөлмеге барып отырғанымда, қызым келiп құшақтап,
денсаулығымды сұрады. Көңiлiм босап, оны қатты қысып
жыладым... Көп кешiкпей жиналысқа шақырып келдi. Сол-ақ
екен жүрегiм бiрдеңенi сезгендей атқалақтай, аузыма тығылып,
109
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
барғым келмедi. Сол сәтте Сәбирам: “Менi 10-класқа қайта
қабылдай ма?” – дедi. Мен: – қабылдайды, дедiм. Сосын:
“Сатқын деген ат жақсы ма?” дедi абыржып, көзi ұшқын
шашып тұр екен. Мен бейшара, ойымда түк жоқ: ол сөздiң несi
бар деппiн. “Өзiңiз мұғалiм бола тұрып, оның жай сөз емес
екенiн бiле тұрып, қалай айтып отырсыз?” – дедi ол ренжiп.
Жиналыста менен басқа ата-аналардан екi әйел, үш
еркек бар екен. Жиналыс жүрiп жатқанда Сәбирамның класс
жетекшiсi Шолпан: “Сен барлық қыздар үшiн жауап берем
деп едiң ғой, – деп қызыма шүйiлдi. – Соны шешеңе қайталап
айтшы”. “Өзiңiз ауылдың мұғалiмi емессiз, осы сөздi қалада
тұрып қалай айтасыз, ауыл мұғалiмiне?” - дедi де, қызым түрi
бұзылып, булығып, еңiреп жiбердi намыстан.
“Менiң балам, сүт кенжем, өзiмнен де ауыр сөз естiген
емес едi”, – дедi. “Иә, солай ма?”- дедi класс жетекшiсi. Сөйттi
де: “Ендi бұлардың училищеде оқу-оқымауын директор
шешедi” деп, есiктен шығып кеттi. Осы кезде Сәбирам өзiмен
бiрге жиналысқа түскен қызбен қасымда тұр едi, iле-шала
қайда шығып, қалай шығып кеткенiн байқай алмай қалдым.
Класс жетекшiсi қайтып келдi, директор көрiнбедi. Бiз
күтiп қалдық. Бес минөт өтпей жатып-ақ екi ер бала жүгiрiп
келiп:
“Апай, бесiншi этаждан құлап, қызыңыз өлiп қалды!”,
- дедi аптығып. Менiң жүрегiм тас төбеме шықты. “Менiң
Сәбирам ба?” дей бердiм. Есiктi таба алмай қалдым... Балам,
бала-ақ едi!...» - деп көзiнен жас парлаған ана отырып қалды.
Ал, Сәбираның класс жетекшiсi Шолпан Мұхамедиева-
ның отыз жыл мектепте мұғалiм болып, құрметтi демалысқа
шыққан бұл адамның ақыл-есiне күмән келтiргенiнiң бекер
екенiне, ешқандай үлкен қызының асылып қайтыс болмаға-
нына, шаңырағының естерi бүтiндiгiне көзiмiз жеттi. Рас, бiр
ұлы рактан қайтыс болыпты. Он алты жасар кенжесiнiң өлiмi
бұл шаңырақты дауыл тұрғандай шайқалтып кетiптi. Алпыс
үшiншi жылғы Сәуле сiңiлiсi Сәбира өлiмiнен кейiн бас аруына
шалдығыпты, қарындасы қайтыс болған кезде әскерде жүрген
алпыс сегiзiншi жылғы iнiсi Төрехан келген бойда iшiмдiк-
110
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ке салынып, бұзылып кете жаздапты. Бәрiнен де, “Сәбираны
өлтiрiп әкелген сенсiң, сен кiнәлi!” деп екi күннiң бiрiнде ақ
шашты ананың басынан сөз айырмайтын әкесi Ерсiнбектiң
күйiгi бүкiл ауылды күңiрентедi. Ашынған әке: “Бәрi өлiп, сол
аман жүрсе, артық едi!” - дейдi.
17-қазанда үйiне жазған хатында Сәбира сағынышты
шерте келе, “Класс жетекшiмiз бiр мәжiн. Ананы iстеңдер,
мынаны iстеңдер деп мылжыңдай бередi...” деп баға берiптi.
Осының өзiнен-ақ желтоқсанға дейiн де оқушы мен класс же-
текшiсi арасындағы жағдай шиеленiсе түскенi анық байқала-
ды. Сондықтан шешесi қанша жалынса да, жиналыс үстiнде
кешiрiм сұраудан Сәбира бас тартқан. Мұның өзi – Сәби-
раның бiржола тұйыққа тiрелгенiне, он алты жастағы өтпелi
кезеңдегi жас қыздың өлiмнен басқа жол таңдай алмауына
айғақ дер едiк. Әрине, бұл жерде класс жетекшiсi, мұғалiмдер
ұжымы педагог ретiнде өтпелi кезеңде жасөспiрiмнiң қандай
iске де бас тiгетiнiн ескерiп, оны iштей түсiнiп, тығырықтан
шығарудың жолын қарастыруы керек едi. Өкiнiштiсi, олай
болмай шықты.
Сондай-ақ, Шолпан Мұхамедиеваның “Сәбира бiр жолы
кеудесiн, бiлегiн алмаспен тiлiп тастапты. Мұны айтып жүрген
– Зәуреш Байырова” деген сөзiмен, Зәурешпен де кездестiк.
Ол бiрiншi курста ғана бiрге тұрғанын, Сәбираның аса
адал, өжет екендiгiн айта келiп, кеудесi мен бiлегiнен тiлiнген
жерiн байқаусызда бiр көрiп қалғанын, бiрақ оның өлiмiне
мұның ешқандай қатысы жоқтығына, Сәбира сана-сезiмiнiң
сызатсыз мөлдiрлiгiне кепiлдiк бере сөйледi. Ал, екiншi курста
бiрге тұрып, қайтыс болған сағатына шейiн бiр болған Уатқан
Қасымова мұндай қылықты Сәбирадан мүлде байқамағанын,
көзбен көрмегенiн айта келiп, Сәбираға қатысты кезеңдi
жасырмай жеткiздi.
– Сол, 1986 жылы 22 желтоқсанда бiздiң группа сабаққа
барған жоқ. Ол күнi қазақтарды көтерiлiске шығасыңдар
деп, тәрбиешiлер жатақханадан шығармай жүр екен. Бiздер
бiрден-екiден дүкенге барамыз деп таңертең тоғыз жарым
мөлшерiнде көшеге қыдырып кеткенiмiз – көшеде, пәтерге
111
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
кеткенi – пәтерде, бiр сөзбен, әркiм өз шаруасымен тарап кеттi.
Сағат бес мөлшерiнде бiздiң группаның қыздарын жатақханаға
кiргiзбестен, келген бетте “сендердi училищеге шақырып
жатыр” деп ауыздан аттандырып жатыр екен. Училище оқу
iсiнiң меңгерушiсi Мария Жұмағұлованың кабинетiнiң алдына
жиналып қалған қыздардың арасында кей қыздар жылап-
сықтап тұр. Әсiресе, Сәбира елден ерек ботадай боздап,
қыздардың қой дегенiне көнбей жылап отыр. “Не болды?” –
деп сұрасақ, “Бәрiне кiнәлi мен! Қыздар үшiн мен берем
жауапты. Мен бәрiн бастаған. Мен кiнәлi!” - деп айтыпты
мұғалiмдерге.
Бiздi де бiр-бiрлеп шақырып алып сұрады. Iште Мария
Жұмағұлова, Останина, Шолпан Мұхамедиева бар екен.
Мұғалiмдерiмiз “күдiктi” қыздардың қатарына
кiргендердiң ата-аналарын шақырып жеделхат салды.
Зайсандық Жанат Ахмедиеваның: “Бiз не iстедiк? Ешкiмдi де
бастап апарғанымыз жоқ қой. Бастағанда қайда апарамыз?” –
деп зар жылағаны әлi есiмде...
Ата-аналарын шақырған құрбыларыммен 26 желтоқсан
күнi жеке жиналыс болып жатқанда мен сабақтан келiп, тамақ
пiсiрiп қойып, үйлерiмен сөйлесуге телеграфқа кеткен Гүлнәр
мен Жанарды және шешесiмен жиналысқа кеткен Сәбираны
күтiп, алдыма дипломатымды қойып, төсек үстiнде сабақ қарап
отырғам. Кеш қарайып қалған мезгiл. Кенет есiк сарт етiп ашы-
лып, көзi жылағаннан қанталап, iсiнiп кеткен, жүзi ашу-ызадан
өрт сөндiргендей Сәбира кiрiп келдi. Мен: “Не болды?” - дедiм
жүрегiм қобалжи. “Ештеңе болған жоқ”, - деп бiр-ақ қайыр-
ды. “Мамаң қайда?” дедiм. Сәбира терезеге қарай қозғалған
бетте: “Соны қарағалы тұрмын” деп, терезе ернеуiне секiрiп
шықты. Сыртын перде жауып қалды. Ойымда түк жоқ, мен
есебiмдi шығарып отыра бердiм. Iле-шала терезе пердесi сытыр-
лады. Жалт қарасам, Сәбираның аяғы желдеткiштен көрiнедi.
Шошығанымнан атып тұрып, жөнеле бергенiмдi бiлем. Сол
кезде Сәбираның «Қош!» деген ащы бiр даусын естiп қалдым.
Қарсы бөлмедегi қыздарға жүгiрiп барып: “Қыздар,
Сәбира секiрiп кеттi!” – дедiм. 108-109-бөлмедегi қыздармен
112
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бiрге бәрiмiз төменге жүгiрдiк. Бiрақ бiздi бiрiншi қабаттан
тысқа шығармай қойды. Қыздарды тәрбиешiлер бөлмелерiңе
барыңдар деп таратып жiбердi. Мен бөлмеде отыра алмадым.
Желдеткiш ашық тұр... Сәбира шешемдi қараймын деп,
менi алдап секiрiп кеткен сияқты болды да тұрды. Аяғының
астына терезе алдындағы ток плитканы қойыпты. Жүрегiм
қобалжып, шыдай алмай төменге түстiм. Бiрiншi қабатта
Сәбираны зембiлмен көтерiп келе жатыр екен. Бетiне ақ жауып
тастапты. Сосын “жедел жәрдеммен” ауруханаға алып кеттi.
Көз алдым тұманытып, егiле бердiм.
Әлден уақытта Сәбираның шешесiн бөлмемiзге ертiп
келдi.
Ол кiсi: “Қызым, сүт кенжем-ау, бұл не iстегенiң? Не
жазығың бар едi? Өлтiрдi ғой!.. Өлтiрдi!..” - деп үзiп-үзiп
сөйлей бердi. Шешей бiр-екi күн Сәбираның төсегiнде жатып
шықты... Кәрi ана қатты қиналып, көз алдымызда шөгiп кеттi.
– Қарағым! - деп жiп иiрiп отырған Уатқаннын анасы
Жұмахан шешей әңгiмеге араласты. – Сол Сәбираның өлiмiнен
кейiн, қасында бiрге болған бұған да оңай соққан жоқ. Түн
баласында шошып оянатын болып кеттi. Жүрегi аузына
тығылып, алғашқы кезде тiптi талып та қалатын.
Дәрiгерлер қатты шошынған, жүрегi ауырады дейдi.
Қазiр де тiлiнiң астына тәбiлеткi қойып, қысылып қалып
жүредi... Сәбираны сол кезде не нәрсе итермеледi екен деп
мен де кейде ойланамын. Он екiде бiр гүлi ашылмай кеттi ғой,
қайран қарағым!..
Шешей көзiне жас iркiлiп, үнсiз қалды.
Иә, көңiлдегi көп түйткiлдiң түйiнi тарқағандай... Бiрақ
тергеушi Альферов бұл өлiмнiң жай өлiм емес екенiн бiлсе
де, мойынға алар жауапкершiлiк пен желтоқсан дүрбелеңi
дегеннен бойын тартып, “разговор по поводу ее поведения и
успеваемости” деп, сылап-сипап қана “жабулы қазан жабулы
қалсын” ниетiмен, қасақана жылы жауып қойғаны сөзсiз.
Бұл жерде класс жетекшiсi Шолпан Мұхамедиеваны ғана
кiнәлi деу ағаттық болар едi. Егер Сәбирамен, оның анасымен
әңгiме болған сәтте училище директоры Николай Баранов келiп,
113
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
басқа да мұғалiмдермен бiрге бар жағдайдың анық-қанығына
жеткенде, қайғылы жағдай болмас па едi?!
Сәбира туралы сол кезде Жоғарғы Кеңес комиссиясы өз
сөзiн айтты. Бiрақ... суық қарыған жауқазындай жас ғұмыр ер-
дiң – ерi, азаматтың – азаматы ғана шыдайтын нар iстi нахақ та
болса мойнына алып, жарық дүниеден саналы түрде баз кештi.
Қайсар қазақ қызы Сәбира осындай қаһарман еді...
Асқар АЛТАЙ
жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі,
халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері,
ҚР «Құрмет» орденінің иегері
МҰХАМЕТҚАЛИЕВА СӘНИЯ
Мен, 1966 жылы 22 шілде айын-
да Шығыс Қазақстан облысы, Күр-
шім ауданы, Дарственное ауылында
көпбалалы отбасында дүниеге кел-
дім. 1973-1983 жылдары 1-8 сынып-
ты Дарствен селосындағы 8 жылдық
мектепте, 1980-1983 жылдары 9-10
сыныпты Раздольное орта мектебінде
оқып аяқтадым. 1983 жылы Күршім
кәсіптік-техникалық училищесінде
білім алдым. 1984 жылы Талдықорған
педагогикалық техникумына оқуға түсіп, «Техник-механик»
мамандығын меңгердім.
1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматы қазақ
жастары КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшілік
жүйесіне қарсы наразылық білдіріп, ереуілге шықты. Дәл осы
кезде мен Талдықорғанда студент жастармен бірге орталық
алаңға шықтым. Мақсатым әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы
шыққан Алматылық қазақ жастарына қолдау көрсету еді. Қа-
зақ жастарын, соның ішінде өрімдей қазақ қыздарын сабап
114
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жатыр деген сөзге намысымыз ойнап, 2 күн алаңға шықтық.
Көшеге шыққан жастарды милиция қудалап, өрт сөндіруші
машиналармен су шашқылап қуды. Біз алаңнан қашып, үйлер
арасынан Киров 226 мекен-жайындағы жатақханаға келдік.
Оқудан шығып қаламыз ба деген күдік те жоқ емес. Ауылдан
әке-шешем хабарласып, алаңдап жатты. Бірақ милицияның
қармағына түспей, қашып құтылған себепті, оқудан қуылмадық.
Желтоқсан оқиғасынан соң оқу орнында қатаң тәртіп
орнатылып, жатақханада тексеріс күшейтілді. Бәрі қоршауға
алынды. Студент кезде бастан өткізген бұл оқиға мәңгі сана-
мызда қалмақ. 1987 жылы туған ауылыма оралып, Чердояқ
ауылының орта мектебіне мұғалімдік жұмысқа орналастым.
1989 жылы тұрмысқа шығып, 1994 жлы Өскемен қаласына
көштім.
Анам – М. Дакен Қайнолда қызы үй шауасымен айна-
лысты, зейнеткер.
Әкем – М.Совет механизатор болып жұмыс атқарды,
зейнеткер.
Отбасымда жұбайым – шахтер, үлкен ұлым үйленген,
жоғары білімді, жеке кәсіпкер. Қызым тұрмыста, әкімдікте
жұмыс істейді, жоғары білімді. Кіші ұлым 16 орта мектепте,
7 сыныпта оқиды. Өзім медицина колледжін аяқтап, фарма-
цевт мамандығын алдым. Осы мамандық бойынша Өскемен
қаласы әскери лазаретінде жұмыс атқарудамын. Болашақтағы
арман-мақсатымыз келешек ұрпақ өз жерімізде, өз елімізде
бейбіт өмір сүріп, өз еліне қызмет жасап, көркейтуге атсалысса
деп ойлаймын. Бабалар қанымен, аға ұрпақ жанымен келген
Қазақстан тәуелсіздігі биіктен көріне берсін.
115
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
НАСЫРОВ ЕРЖАН
Мен, 1969 жылы 26 шіл-
деде Семей облысы Аягөз қала-
сында дүниеге келдім.
1986 жылы Аягөз қала
сындағы №5 орта мектепті
үздік бітірдім. Сол жылы Өске-
мен қаласындағы Құрылыс-жол
институтына ОДД факультетіне
тапсырып, оқуға түстім. Өкінішке орай оқуды толық аяқтай
алмадым, зачеттар қойылмай, емтиханға рұқсат берілмеді. 16
желтоқсан күні наразылық шеруге шыққаннымның себебі ме
екен, түсініксіз жайт болды. Амал жоқ, бұдан кейін 1988 жылы
Астрахань облысы, Ахтубинск қаласындағы НИИ им. Чкалова
әскери бөлімінде әскери қызметімді атқарып келдім.
Өскемен қаласындағы Құрылыс-жол институтына түсіп,
желтоқсан үшін оқудан шығып қалғаныма сағым сынбай, Аягөз
қаласындағы Балалар жас спорт мектебінде жұмыс істеп жүріп,
1987 жылы Өскемен педагогикалық институтына тапсырып,
1993 жылы педагог - инженер факультетін толық бітіріп
шықтым. Оқу бітіргеннең кейін абыроймен Ұлттық банкте,
Халықтық банкте, Аягөз аудандық орталық ауруханасында,
тағы да бірнеше мекемелерде қызмет атқардым.
Қазір Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы,
«Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесін-
де маман болып жұмыс атқарамын.
2003 жылы Өскемен қаласындағы Қазақстан-Америка
университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай
бітірдім.
2013 жылы Аягөз қаласында ГПТУЦ РОО «Отан»-да
«Бухгалтер» мамандығы бойынша оқып бітірдім.
Үйленгенмін. Жұбайым, екі балам бар. Қызым тұрмыста,
3 немерем бар. Ұлым жұмыста.
Әкем 2017 жылы қайтыс болған, анашым бар. «Анасы
бар адамдар ешқашан картаймайды» демекші бірге тұрамыз.
116
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ОРАМАЛОВ АМАНГЕЛДІ
Туған жерім Марқакөл ауданы,
Былғары-Табыты ауылы. Ауылда сегіз
жылдық мектепті тамамдап,1985-ші
жылы Өскеменге жол тартып, СС-
СР-дің 50 жылдығы атындағы педа-
гогикалық училищеге оқуға түстім.
Қалаға бірінші рет келген кезім. Жа-
тақханада тұрып, студенттік өмірдің
қызықтары мен қиындығын бастан өт-
кіздім. Орысша дұрыс білмегендіктен,
«45-тің» (аялдама атауы) орыстарынан талай таяқ жедік, аялда-
маға жеткенше ауланың үлкен кішілері қыз-ұлымызға қарамай
бықпырт тигендей ететін. Сөйтіп бірінші курсты аяқтадық.
1986 жылдың күзінде қайта оқуға келіп, қаланың оң-со-
лын біліп қалған кез. Бізді бықпырт қылған аула балаларын
енді олардың үйлеріне тығатын болдық. Қыс келіп, ызғарлы
желтоқсанда келді. Саясат дегенді білмейтін жас өрім біздерге
қазақ басшысына орыс тағайындалатыны жайлы естіп, жа-
тақханамыз дүрлігіп абыр-сабыр болып жатты.
16-17 желтоқсанда Алматыда көтеріліс болғанын естіп, біз-
де наразылығымызды білдіре бастадық. Бәріміздің артымыздан
аңдып, жатақханаға күзет қойылды. Училищеге санап кіргізіп,
санап шығарып отырды. 19-шы желтоқсанда күндіз Қарағанды-
дан жастар келеді, бәріміз бірігіп шығамыз деген ақпарат естіп,
алаңға шығуға кешкіге дайындалдық. Қазақ тобындағы Сәбира,
Фарида тағы басқа қыздар кешке шығармай қояды деп, жатақха-
наға келмей көшеде жүрді. Сәуле деген топтасым записка жазып
алаңға шығатынымыз жайлы хабар таратты.
Жатақханада тұратын ұлдар кешке сағат 5-6-ларда тере-
зеден секіріп алаңға бет бұрдық. Әркім өз жолын тауып алаңға
да келдік. Барғылары келмегендер тренировкаға кетті.
Ленин алаңында кілең студенттер, жан-жағымыздан қор-
шаған әскер, милиция. Арасынан аралап күдікті дегендерді
ұстап жатыр. Ербол деген курстасымды ұстап әкетті (кейін
117
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
естідік сотталып кеткенін). Алаңнан шығып Орджоникидзе
көшесімен Ушан алаңына қарай бет бұрдық. Негізгі ұранымыз
«Колбин долой, орыс болмасын...».
Ушан алаңына келгенде әскерилер, милициялар жан-
жақтан қоршап, Вояж ресторанына қарай тықсырды. Уда-шу
болып бәрі жан-жаққа қашты. Біз курстас группаластарым
Даулет, Ермек үшеуіміз қашпай бірге жүрдік. Ойымыз “моя
милиция меня бережеть”, біз ештеңе істеген жоқпыз, боқтаған,
төбелескен жоқпыз деп тұрғанда екіден келіп, қолымызды
қайырып, екі кісі сиятын «Уазиктің» артына алты баланы бірақ
тықты. «Уазиктің» артқы есігімен басымыздан соғып, қысып
тиеп алды. Біз ешқандай қарсылық көрсетпедік.
«Стахановканың» іші лық толы, айғай-шу. «Одиночный»
камерада 11 адам отырдық. Содан тергеу басталды. «Кім ба-
стады», «неге шықтың», «фамилия айтыңдар» деп қорқытып,
әр 15 минут сайын тергеуші ауысып тергелдік. Камерада үл-
кен жігіттер де болды (СДИ, УКПИ студенттері). Олар босқа
сотталып кетесіңдер, киноға бардық деп айтыңдар деді. 2-3
күн абақтыда жатып, 4 пирожкиді әрең алдырдық. 11 жігіт
бөліп жедік. Отыратын орын жоқ, бір-біріміздің тіземізге оты-
рып күнелттік. Іші сасық, туалеті де камераның ішінде екен,
душтың суағары сияқты тесік қана.
Соңғы тергеуде екі тергеуші екен, түнгі сағат екілер шама-
сы. Орыс тергеуші айналдырып сұрақ сұрап, шатастырып жатыр.
Жанындағысы ұзын бойлы сары қазақ жігіті, бір қарағанда сол
жақ көзі қызарған, артымнан арқамнан жұдырығымен түйіп
өтті. Өкпем түсіп қалғандай әрең демалдым. Орысша-қазақша
«бастаған кісінің фамилиясын
айт» дейді. Осылай бірнеше рет
ұрғылады, әрине мен ол кезде
шама келгенше дайын отырдым.
Камерада отырғанда басында
қалай айттың, сол сөзіңде тұр
деп үйреткен. Бір-ақ ауыз сөз
“Киноға бардым”. Содан түнгі
үштерде босатып жіберді.
118
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Дірілдеп-қалшылдап жатақхананы әрең тауып, қыздар-
дың комнаталарына қар лақтырып жүріп, терезеден тартылып
әрең кірдік. Таңертеңінде училище директоры Баранов жа-
тақхананы аралап жүр екен. Біз тығылып жатырмыз, ол «чем
здесь воняеет» депті. Біз сасып кеткенбіз ғой, абақтыда жатып.
Бізді бірден жатақханадан шығарды. Комиссия құры-
лып, комсомолдан, оқудан қуылдық. 9 ұл оқудан шығарылдық,
қыздарды білмедім қаншасы зардап шеккенін. Сәбирамыздан
айырылдық. Сәуле қашып кетті ауылына. Содан үй-күйіміз
жоқ далада жүрдік. Түнде ел жатты дегенде жатақханаға ке-
леміз, 4-ші этажда тұратын қыздар терезеден тартып алады.
Астыңғы этаждарда күзет, суықта 4-ші этажға шыққанша қо-
лымыз қарысып әрең шығамыз. Бір аптадан кейін әкем келіп
алып кетті, ұрысқан жоқ.
Желтоқсан көтерілісінде талай боздақтарымыз бақи-
лық болды. Жандары жәнәттә болсын. Талайы зардап шекті,
қуғын-сүргінге түсті. Қазіргі кезде Желтоқсан қаhармандары
ақталып жатыр. Даулет, Ермек, Фарида, Сәуле мен ақталдық.
Әліде басқа қыз-жігіттер ақтала алмай жүр. Тәуелсіздік қар-
лығаштары ешқашан ұмытылмақ емес.
Бүгінде отбасым бар.Ұл-қызым, немерем бар. Аллаға
шүкір.
ОСПАНОВА (НҰРАХМЕТОВА) ЖАНАР
Мен, 1969 жылы, 7-маусымда
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбаға-
тай ауданы, Шілікті ауылында дүни-
еге келгенмін. 1984 жылы Шілікті
орта мектебінің 8-сыныбын жақсы
деген бағамен тәмамдап, Өскемен
қаласындағы кооперативтік техни-
кумның бухгалтер-экономист ма-
мандығына оқуға түстім.
1986 жылы тоталитарлық жүй-
еге, орыстандыру саясатына қарсы
119
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
шыққан жастардан құрылған топқа еш ойланбастан қосы-
лып кеттім, өйткені 1-курстан бастап Г.А. Крутько деген топ
жетекшіміз мені орыс ұлтынан төменсің деп, жерден алып,
жерге салатын сөздерінің қатты өткені сондай, өз жерімізде
қазақ ғана қожайын екенін дәлелдеу мақсатын алдыма қойдым.
Мені Крутьконың ұлтшыл деп атау себебі, орыс тілі пәнінен
жазылған диктантта мен “2” алдым, ал орыс мектебінен келген
жанымдағы орыстың қызы “5” алды, мен топ жетекшісі ретін-
де Г.А.Крутькоға барып, бұл бағалар әділетсіз қойылды, енді
орыс қызы екеуміз қазақ тілінде жазайық, сол алған бағаны
бөліп қойғызыңыз!- деп айтып едім, “Қарай көр ұлтшылын,
ұнамаса үйіңе барып қой бақ!”- деді.
Сол күннен бастап, мен жаққа ала көзденіп қарап,
оңтайын тауып, жерлеуге дайын тұратын. Сол әділ баға қой-
дыртыңыз деген кезде мені техникумдағы оқу ісінің меңге-
рушісі Атахановқа (ұлты өзбек болатын) жетектеп апарып,
жерден алып, жерге салды. Мен 1-курста Алматыда қараша
айында өткен потреб. кооперацияның 13-сьезіне көркемөнер-
паз (домбырадан) болып қатысып, техникумға алғыс әкел-
генімді айтып, Атаханов мені басқа қырымнан ақтап әлек
болды. Қазір түсінемін, ол кісі де бір түрік баласы екенімізді
жоққа шығармай, маған ұрыспай, керісінше шамасы келгенше
қорғаштапты.
1986 жылы 17-желтоқсанда қазақ ұлтын бірлікке,
орыстануға қарсы күреске шақыратын парақшалар тараттық,
құрылыс техникум жағында жапсырып жүрген жерімізден
халық жасақшылары көріп қалып, әрең құтылғанбыз. Сол
күні Г. Каримғазина, Д. Бузубаева, Б. Тусупова Н. Туктубаева
т.б. қыздар бар, алаңға бет алдық! СДИ, Пед. института
оқитын үлкендер жағы Өскемен қаласындағы Нұрмағамбетов
(бұрынғы Орджиникидзе) көшесімен шеруге шықтық. Орталық
алаңға жетпей, шеруді милициясы, халық жасағы бар, мұздай
қаруланған әскерилер, күш көрсете бастады үлкендер жағы
“кішкентай қыздар ортаға қарай жүріңдер, қазір қуалайтын
болса, топырламай бір-бірден бытырай қашыңдар, көп
қабатты үйлердің жертөлесіне кіріп кетіңдер!”- деп ақылдарын
120
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
да айтып жатыр. Айқай-шу басталып, қашыңдар!- деген
үлкендердің сөзімен жан-жаққа қаша жөнелдік! Қорықпаңдар,
аман болсаңдар ертең осы жерде жиналамыз қазақтар!- деп
айқайлаған дауыстар бірте-бірте алыстап қала берді. Бір
жертөлеге бірнеше қыз тығылып, енді жатақханаға бір-бірден
кірейік, туысымыздан келдік!- деп айтайық деп келістік.
Ертеңінде (жертөледе тығылып көп отырып қалдым
ба), дене қызуым көтеріліп, тамағым баспа (ангина) болып,
сабақтан соң дел-салым шығып, жатып қалдым. Қыздар біз
барып келейік, сен әзірше бөлмеде қал!- деп өздері кетті. Біраз
уақыттан соң тағы да қуды деп қайтып оралды.
Сол күні алаңға шақырған парақшамызды бір орыс
тілді қазақ қызы мұғалімдерге аударып беріп, әшкерелепті.
Гүлжан қызуқанды қыз болатын, қазақ емессің бе, бізді неге
орыстарға әшкереледің?- деп, сол қызды ұрып жіберіп, содан
жатақханамыз шу ете түсіп, директор, оқу-білім бастығы бәрі
сау етіп жетіп келді. Бір бөлмеде мен, Каримғазина Гүлжан,
Туктубаева Назира бірге тұрғанбыз. Бөлмемізге директор
И.С. Ким кіріп келді, мен мұғалімдердің дауыстарын естіп,
көрпемен бетімді жауып жата қалдым, сол кезде директор
бетімді ашып «Бөлмеден аттап шығатын болсаң, ертең талқыға
салмай-ақ техникумнан
қуып шығамын»- деді.
Коридордағы шуыл
сәлден соң басылды да,
бөлмеге Назира келді,
болған жайды маған
айтып берді. Бірнеше
күннен соң 5-6 қызды
оқудан, комсомолдан
шығарды, ал Каримгазина Гүлжанды қамауға алды. Гүлжанды
тергеу де, сот та жылдам өтті, сотына анасы шақырылып, Гүл-
жанның бас бостандығынан айрылу үкімін анасы өз құлағымен
естіді. Анасы біздің бөлмеге Гүлжанның киімдерін алуға келді.
Жылап отырған анасын құшақтап, жұбатпақшы болғаным
жайына қалып, өзім қоса жылап қоя бердім... Бір жағынан
121
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бәріміз бірге алаңға шығып көтеріліске бірге қатысып, аяғында
Гүлжанның ғана қамауға алынғанына қатты жүрегім ауырды,
анасының алдында өзімді кінәлі сезініп тұрдым. Анасы мінезі
кең, дархан адам болатын, сендер бостандықта жүрсіңдер,
менің қызым ғана сотталды”- деп те бізге айып тақпады. Ана
ғой, үлкен адам болғандықтан ба, әлде менің мінез-құлқым
ол кісіге айнадай болып көрінді ме, мені құшақтап, “Гүлжан-
ды изоляторға жапты ғой, қайран қызым-ай!?”- деп жылаған
дауысы сай-сүйегімді сырқыратты... Әділетсіз сол өкіметтің
опасыздығы Гүлжанның анасының өмірінің бір шетін шы-
тынатып, сындырып жатқандай болды маған, бар қолымнан
келгені көзінен парлап аққан жасын сүртіп, Гүлжанды Арми-
яға кетті деп ойлаңызшы, ол бәріне төзетін, қайсар қыз, көп
ұзамай қауышасыздар!- деп қоямын. Онымнан түк шықпа-
сын, жұбата алмасымды біліп, Гүлжанды сатып кеткен қызға
жүгіріп барып, Гүлжанның анасынан кешірім сұра, сен қыз
ғой баласынан тірідей айырған!”- деп, бөлмемізге алып кел-
дім. Орыс тілінде сөйлейтін ол қыз, “Тәте кешір, тәте кешір,
бұлай болатынын білмедім”- деген сөздерді айтып жатты. Мен
Гүлжанның анасының кеңдігіне, тектілігіне қайран қалдым,
әлгі қызды даттаған да жоқ, соққан да жоқ, тек қатты өксікке
тұншығып, қолын сермеп, “баршы, кетші!”- дегенді қолымен
сермеп көрсетті.
Біраздан соң есін жиып, «Жанар Гүлжанның киімдерін
жинап берші»- деуге зорға тілі келді. Тарам-тарам көз жасы
тоқтамастан, тағдырына, бауыр еті баласынан, кәмелетке де
толмаған қаршадай қызынан тірідей айырған өміріне қапалы,
жүрегін күйдірген өкініш отына оранған күйі, құр сүлдерін
сүйретіп, қызының киімдерін құшақтаған қалпы жатақханадан
шығып бара жатты.
Актовый залда жиналыс болды, 5-6 қызды оқудан шыға-
рып, жиналыс ашты, сол жиналыста Бузубаева Динара атып
тұрып, “Мен Алматылықтарды жақтаймын, олар дұрыс істеді,
Колбинді таққа отырғызбай қойды!”- деп айғайлап тұрды.
Жиналыс бітіп, тобымызға тарадық. Топқа келгенім сол еді,
топ жетекшіміз Крутько маған: “Сен де ұлтшыл емессің бе,
122
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бір бөлмеде тұрдың, бірге алаңға бардың, сені неге шығар-
майды?”- деп жер-жебіріме жетті. Сөздері шектен шығып жат-
са да, қарсы сөз айтқан жоқпын, диплом қорғауға 5-6 ай ғана
қалды, ата-анамның үмітін ақтайын, 3-жыл оқытты ғой!- деп,
үндемеуге тырыстым...
Бірақ Крутько соңымнан қалмай, қудалаумен болды. Бір-
неше мәрте директорға, оқу бөлімінің меңгерушісіне алып
барып, менің де ұлтшыл екенімді айтып, жер тепкілеп тұрып
алды. Сонда директор да, оқу меңгерушісі де басқа ұлттан
болған соң ба, Крутьконың сөзін көп тыңдамай, мені оқудан
шығарса, үрлемелі аспаптар оркестрі құлайтынын (мен 3-жыл
техникумда үрлемелі аспаптар оркестрінде тенор аспабында
ойнадым) айтып, сылтау айтып еді, “Байқаңыздар, сіздер ұл-
тшыл қызды қалдырып отырсыздар, ертеңгі күні көтеріліске
шығып жатса, өздеріңіз жауап бересіздер!”- деп дікілдеді. Со-
нымен не керегі бар, менің де тағдырымның қысқа жіптей
күрмеуге келмей тұрған жайын Крутьконың сөздері-ақ шеше
салды. Оқудан шығарамыз, әке-шешеңді шақырт!- деген бұй-
рық алдым. Крутьконың айызы қанып, мені жендеттердей
алдына салып алып, сөйлесу пунктіне (переговорныйға) барып,
5 минут үй-ішіммен сөйлесуге тапсырыс беріп келдік.
Ертеңінде мені сабаққа кіргізбеді, межелі уақытта
Крутько мені дедектете телефонмен сөйлесу пунктіне әкеліп,
апайыммен сөйлестім. Телефон құлағын Крутько ала сала,
«Әке-шешесі тез жетсін, қыздарың оқуынан шыққан, тағы
бүлікке қатыспай тұрғанда алып кетіңдер!»- деп бірден кесіп
айтты. Айыр тілі бар құдды әбжылан дерсің шіркінді, сөйле-
суге алған 5 минут уақытты да өзі билеп-төстеп, мені жатақха-
наға алып келді де, бөлмеден шықпай отыруыма бұйрық берді,
шықсаң Каримгазинаның аяғын құштыртамын- деп зіркілдеді.
Ертеңінде кеште әкем де жетті. Әкем оқу басшылығымен
сөйлесті, «5-6 ай ғана қалды оқуының бітуіне, кешіріңіздер, бала
ғой, ештеңені ұқпаған ғой, енді тыныш жүреді!»- деп соңғы
сөздерін айтып жалынып жүр. Әкем озат шопан болып, Обком
пленум мүшесі болатын. Өз қолынан ештеңе өнбейтінін білген
соң, «Коммунизм туы» газетінің тілшісі Құрманбек деген (әлде
123
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Құрманбеков па, есімде жоқ) адамды әкеліп, сөйлестірді, бірақ
ол кісі «Кәке, балаңыз бүлікшіл деген атпен қуылып отыр техни-
кумнан, өзіңіз коммуниссіз, сізге зияны тиеді, балаңыздың ама-
нында үйіңізге алып кетіңіз! Өкіметке қарсы бүлікке қатысқан!»-
деп, техникумдағы оқуыма
«НҮКТЕ» қойып берді.
Әкем мені жетегіне
алып,Тарбағатайдың
Шіліктісіне қой ауылға
алып келді. Жол бойы,
«Үйге келген соң, бүлік жа-
сап шығып қалдым- деме,
оқи алмадым,- деп айт, шешеңе де солай айт, елдің бәрі солай
ойласын!»- деп үйретіп келді. Үйімізге келген соң, әкемді сов-
хоз директоры шақырып, «менен звондап сұрап жатыр, сіздерді,
баласы екеуі келді ме деп?»- депті. «Балаңыздың ісі нашар,
араласпай, үйден шығармай отырыңыз»- депті. Сонымен сту-
денттік өмір, дипломмен хоштасып, үй қамақта жүрдім.
Бір күні Түктібаева Назираның анасы (тышқанның уын
себетін болып жұмыс атқаратын) келіп, мені көре сала «Құдай
зауалдарыңды берсін, бүлікшіл болған қай теңім, елдің қыздары
сабақтарын оқып, бітіргелі жатыр, Назира екеуің болсаңдар, бізді
ел-жұртқа қарабет қылдыңдар!»- деп, дүрсе қоя берді. Анам
ештеңе түсінбей, «Қой қайдағыны айтпай, менің қызым оқи
алмай шығып қалған, қайдағы бүлік?»- деді. «Оқи алмаса 2,5
жыл қалай оқыпты?»- деп Назираның шешесі де болмайды.
Сонымен диплом жоқ, мені оқудан шығарғанда құжаттарымды
қолыма бермей қойды, тым болмаса құжатымды алып, басқа
оқуға тапсырайын! деп, техникумға неше мәрте бардым, бірақ
әртүрлі сылтау естіп, құжатымды ала алмадым. 2,5 жыл уақытым
зая кетті. Диплом жоқтың кесірінен әр түрлі жұмыстар атқардым,
отбасын құрдым, 3-бала, 5-немерем бар Аллаға шүкір!
16-желтоқсан жұрттың бәрі Тәуелсіздікті тойлатып, 4
күн демалып жатқанда, желтоқсан көтерілісі құрбандарының
жерге тапталған армандары, тотариталдық жүйе жендеттері
мен қол шоқпарларынан алған моральді соққының өтеуін кім
124
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
өтер?- деп жүрегің қан жылап тұрары анық.
Айта кетейін дегенім көбінесе мектепте өтетін салта-
натты мерекеге жыл сайын немерелеріме мектепке барамын,
сонда ауылдық әкім, мектеп директорлары тәуелсіздік күнімен
құттықтаумен ғана шектеледі... Желтоқсаншылар да осы күні
жандарын салып, осы тәуелсіздігімізді алуға себепкер болған
желтоқсан құрбандарына да бір мақтау арнайық деген бір ауыз
сөз, бір ауыз естелік айтпай жанымды жаныштап, көңілімді
қынжылтты, әлде Тәуелсіздік туы төбесінде желбіреген біздің
өкіметке желтоқсаншылардың қираған тағдырының еш құны
жоқ болғаны ма???
САМУЛТУРОВА ДИНАРА
Желтоқсан жүрегіне өшпес таңба салды
Динара Самултурова, Марқакөл
ауданы, Черняевка ауылында дүни-
еге келген. 1986 жылы желтоқсан
оқиғасы кезінде Семей каласындағы
Крупская атындағы педагогикалық
институттың тарих факультетінің
1-курс студенті еді. Болашағынан
зор үміт күттіріп, ұстаздық жолды
таңдап, алаңсыз білім алып жатқан
кезінде Динара Тоқтамұратқызының
өз ұлтына жасалған әділетсіздіктерге
шыдамай, биліктің озбыр саясатына қарсылық білдіруі – үлкен
ерлік.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына сырттан әкелінген
Г. Колбиннің тағайындалғаны қазақ жастарының намысына
тиді. Д.А. Қонаевтың Бірінші хатшы қызметінен босатылуы -
бүкіл қазақты дүр сілкіндіріп, ұйқысынан оятқандай әсер етті.
Ертеңінде мыңдаған жастар бейбіт шеруге шықты. Динараның
125
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
да бойындағы намыс оты найзағайдай жарқылдап, бұл оқиғаға
селқос қарай алмай, студенттерді ұйымдастырып, плакатқа
ұрандар жазып, жатақхананың дәлізіне іліп қояды.
Сол сәтте МҚК бөлімшесінің қызметкерлері плакатқа жа-
зылған ұранды кім ұйымдастырды, бұл кімнің ісі деген сауалға
жауап іздеп, Динарамен бірге құрбыларын да абақтыға әкеліп
тергеуге алады. Абақтыда бір күн бойы тергеп, сұрақтардың
астына алып, Динара Самултуроваға шеруді ұйымдастыруға
қатысы бар деген айып тағып, төртеуінде білім алуларына
мүмкіндік бермей институттан шығарып жібереді. Динараның
жастық жалынды шағындағы арманы су сепкендей басылып,
көңіліне кірбің түсті. Сол күнгі қабылданған шешім ол үшін
ең қатыгез ұйғарым еді.
Сонымен қатар, институтта комсомол комитеті мен ка-
федра жиналысына салып, комсомол қатарынан шығарып,
ұлтшыл, халық жауы, партияға қарсы шықты, ұстаз болуға
лайық емес деген айыптар тағылады. Комиссия бірауыздан
олардың іс-әрекеттеріне теріс баға беріп, ауылдарына қайтарып
жібереді. Сөйтіп екі жыл көлемінде Динара Тоқтамұратқызы
Марқакөл ауданында құрылыста жұмыс істейді. 1988 жылы
бала күнгі арманын жүзеге асыруды мақсат еткен қайсар, батыл,
ержүрек Динара Самултурова Алматы қаласындағы педаго-
гикалық институтына тарих факультетіне оқуға түсіп, 1992
жылы оқуын тәмәмдағаннан кейін алғашқы еңбек жолын өзінің
туған жерінен бастайды. Кейін еңбек жолын Марқакөл, Ұлан
аудандарында жалғастырады. Қазіргі таңда Өскемен қаласында
жұмыс істейді.
Ұстаз бен отбасының берекесін ұштастыра білген Динара
Тоқтамұратқызы тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар бір шаңы-
рақтың ұйытқысы, адал жар, аяулы ана, асыл әже атанып отыр.
Желтоқсан оқиғасы тарихтың қатпарына еніп, өрендей
қазақ жастарының ер рухы болып қалды. Құрдастарын ұлт
мүддесін қорғауға шақырып, парақшалар таратып, ұран
тастап, алаңға шығуына себепкер болған, соның салдарынан
қудаланып, оқудан шығарылып, түрмеге қамалып, тағдырдың
тәлкегіне ұшыраса да, қазақ халқының намысын таптатпау
126
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
үшін батыл қадамға барған осындай аға-әпкелеріміздің
арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
- «Менде Желтоқсан
көтерілісіне қатысқан қаһар-
манмын» - деп кеудемді қағу-
дан аулақпын. Себебі, Тәуел-
сіздігіміздің, тіпті бұрынғы
Кеңес Одағы құрамындағы
барлық республикалардың тәу-
елсіздігінің бәйшешегі болған
бұл ұлы дүрмектен кеуделерін-
де намыс оты ойнаған сол кез-
дегі қазақтың ұл-қыздарының
ешқайсысы да қалыс қалған
жоқ. Тек, олардың көпшілігі абақтыға түсіп, азап көрмеген-
діктен осы азат күнге жеткізген Аллаға тәубаларын айтып,
қарапайымдардың қатарында жүр. Рухы биік, намысы берік
бабаларымыздың асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры
ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұра-
тымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізуден гөрі, оны сақтап тұру
бағасы қымбат. Сондықтан біздер кешегі тәуелсіздік жолында
жанын қиған ардақтыларымыздың асыл армандарын ақиқатқа
айналдырып қана қоймай, баянды етуге тиіспіз. Бірлігіміз бе-
кем, тірлігіміз тиянақты болып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік
болғай», - деді Динара Самултурова.
Негізінде қазақты қазақ еткен – желтоқсан. Сондықтан
желтоқсан оқиғасының тарихтан алатын орнын көрсетіп,
бағалауымыз керек. Сіз сияқты батыл жүректі, намысшыл
қазақ қыздарын пір тұтамыз, желтоқсанда көрсеткен ерлігіңізге
басымызды иеміз.
Э. Ахметованың жазбасынан
127
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
САХАРИЕВА ГҮЛНАР
Желтоқсанның жұлдызы
1986 жылы, «Желтоқсан
оқиғасы» кезінде мен Өскемен қа-
ласындағы мұғалімдер даярлайтын
училищенің 2-курс студенті едім.
Сол жылдары біз Амурская көше-
сінің бойында орналасқан жатаха-
наның №141 бөлмесінде Мұхаме-
джанова Сәбира, Қасымова Уатхан,
Назарбекова Жанар төртеуміз бір
бөлмеде тұрдық. Барлығымыз тату-
тәтті, сабағымызды да жақсы оқып,
қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, алаңсыз тұрып
жатқан едік. Ол кезде небәрі 16 жастағы өрімдей қыз едік.
Сол жылы желтоқсан оқиғасы орын алғанын барлығымыз
да білеміз, барлығымыздың да есімізде. Желтоқсан оқиғасына
кішкентай жүрегімізбен, патриоттық рухпен бізде қатысқан
едік. Арамызда бөлмелес қызымыз Сәбира да бар еді.
Сабира менің жерлесім, Тарбағатай өңірінің тумасы. Сәбира,
тайсалмайтын қайсар рухты, өткір көзді, қызу қанды, сабағын
жақсы оқыған, турашыл, әділ, досқа адал қыз болатын.
«Әділетсіздікті көрсем өзімді қоярға жер таппаймын» дейтін.
Бір жатақханада, бір бөлмеде тұрғанбыз. Оның төсегі менің
төсегімнің бас жағында болатын. Дәмді тамақ пысырсам риза
болып «сүйгеніңнің сүйіктісі бол, түсіңде сүйіктіңді көр»-
деп қалжыңдайтын. Мен де сүйіктіңді жолықтыр дейтінмін.
Армандарымызды айтып, сыр шертетінбіз.
Сәбираның да арманы көп еді. Әттең, мына «Желтоқсан
оқиғасы» болмағанда бәлкім ол да біз сияқты мұғалім болар
ма еді, кім білсін. Сол желтоқсанның ызғарлы күнінде біз де,
тобымызбен сабаққа бармай қалып едік. Ондағы мақсатымыз
17-18 желтоқсан аралығында Алматыдағы бостандыққа,
тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының КСРО үкіметінің
128
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылығына
қолдау білдіру еді.
21 желтоқсан күні жатақханамыздың №110 бөлмесіне
жиналып, бізде қазақ жастары сияқты шығып, өз үлесімізді
қосайық деп бір шешімге келдік. Сабаққа бармайтынымызды
айтып келістік. 1986 жылдың 22-желтоқсаны күні таңертең
ерте сабаққа бармай, көшеге шықтық. Бірақ, Өскемен
қаласының көшелерінен митингке шыққан ешқандай жастарды
көре алмадық. Тек, толып жүрген сақшыларды ғана көрдік.
Күні бойы көше кезіп, кеш бата жатақханаға келдік. Бізді
жатақханаға кіргізбей, бірден оқитын жерімізге апарып, АКТ
залына барлығымызды кіргізіп, училище әкімшілігі, үкімет
адамдары, МҚК тергеуге алып «Қайда болдыңдар?», «Сабаққа
неге келмедіңдер?», «Қандай мақсаттарың бар?», «Бұл кімнің
жоспары?», «Кім бастады деп?» деп тергеудің астынан алды.
Бұл тергеу қатарынан 3-4 күнге созылды. Сабақ
бітеді, біте салысымен әкімшілік алдына апарады. «Не үшін
шықтыңдар?», «Кім бастады?»... Ешқайсысымыз үндемейміз.
Сонда училище әкімшілігі «Сендердің қолдарыңнан не
келеді?, сендер менің астымдағы иленіп қалған трәпкісіңдер,
шамаларыңа қарасаңдаршы, сендердің қолдарыңнан ештеңе
келмейді»- деп, сол кезде әбден тілдеп намысымызға тиген еді.
Таңертең сабақ, одан соң күнде тергеу, неше күн тамақ
ішкен жоқпыз. Ас әзірлейтін бөлмеде орыс ұлт өкілдерін
кезекшілікке қойып бізді сөйлеспесін деп, әжетханаға да бару
үшін қасымызда орыс ұлтының кезекшілері еріп жүретін. Бұл
қысым емей немене? Неше күн тамақтанбаған қыздар, тағы
да тергеу, сол күні училище әкімшілігі қане шындарыңды
айтыңдар кім бастады? Айтпасаңдар барлықтарың училищеден
шығасыңдар, сотталасыңдар деп қорқытты. Ата аналарымызды
шақыртты. Сағаттап ұстап қысым көрсетіп, балағаттап
намсымызға тиді. Оқудан шығарып тастай ма деген қорқыныш
болды. Неше күн ыстық тамақ ішпеген қыздар әлсіреп, талып
та жатты. Сонда Сәбира «Мен бастадым, ал қайтесіңдер,
қыздарды босатыңдар, олар әбден бітті, мен кінәлімін» деп
атып тұрған еді, жасқа толы қанталап тұрған көздері әлі есімде.
129
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Бұдан Сәбираның бойындағы батырлықты, қайсарлықты,
каһармандықты көруге болады. Сәбира, сен емес бәріміз
кінәліміз деп шу ете түстік. Біздің пікіріміз бен сөзіміз-
ге құлақ түрген ешкім болмады. Олар бізді тыңдаған жоқ.
Кінәліні таптық дегендей бәрімізді босатып, Сәбираны алып
қалды. Айыпты деп танылған Сәбираны «ұлтшылдардың
басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтқан»
деп жала жапты, небәрі он алты жастағы қыз мұндай жаланы
көтере алмай, 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен
қаласында жатақхананың бесінші қабатынан біз тұратын №141
бөлменің терезесінен секіріп, өзін-өзі мерт етті. Группаластары
үшін жанын берді. Мен мұны ерлік деп бағалаймын.
Сол кезде Сәбираның анасы ауылдан жиналысқа келіп
еді. Қызы өзін мерт қылған күні анасы бөлмеде зар илеп жылап,
қызына жоқтау айтып бәріміздің сай-сүйегімізді сырқыратып,
біз қатты қапаланып едік. Бөлмедегі жататын төсегі ойсырап,
қатты күйзеліп едік. Өрімдей группаласымыз көз алдымызда
мерт болғаны жанымызға қатты батты. Ауыр күндерді бастан
кешірдік. Бұл күндер үшін кім жауап береді? Бұл сабағымызға
да әсер етіп, стипендиядан қағылдық. Бізбен бірге оқитын
еңбекке баулу бөліміндегі ұлдар сабақтан шығарылды. Олар
жерлестеріміз Қисықов Ермек, Кегенбаев Бақытжан, Орамалов
Амангелді т.с.с.
Бізге сабақ беретін мұғалімдердің де бізге деген
көзқарастары өзгеріп, ауыздарына келген сөзді айтып бізді
жер қылатын. Бұны қорлық деп айтуға болады. Бұдан соң
тағы тергеу күндер басталды. Бізді, Жанар, Уатхан және мені
прокуратураға сүйреледі. Сәбирамен бір бөлмеде сендер
тұрдыңдар, сендер итеріп жіберген жоқсыңдар ма?, оның
өліміне сендер кінәлісіңдер деп жала жапты. Тергеушілердің
барлығы орыс ұлты, сұрақтан соң қағазға қол қойдырады.
Қағазда не деп жазылғанын білмейміз, қой десе қоя береміз.
Өйткені орыс тілінде жазылған. Оқиға болған күні біз ауылдағы
үй- ішімізбен сөйлесуге переговор пункітіне кеткен едік деп,
өзімізді ақтадық. Келесі оқу жылында бізді жатақханада 2
қазақ 3 орыспен араластырып тұрғызып қойды. Бұл да саясат
130
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қой. Тілге шорқақпыз, тіл табысып бірге тұруға тура келді.
Сол кездегі жан күйзелісімізге, көрген қорлықтарымызға кім
жауап береді? Осының оң шешімін табуын сұраймын. Сондай-
ақ, жерлесіміз Сәбираға өкімет тарапынан жеткілікті құрмет
көрсетілмеді. Сәбира Мұхамеджановаға «Халық қаһарманы»
атағы берілсе. Өкімет тарапынан қаражылай қолдау көрсетіп,
мектебінен «Сәбира Мұхамеджанова» атындағы кейінгі
үлгідегі мұражай ашылса. Сол бөлмеде патриоттық рухтағы
дөңгелек үстел, конференция, семинарлар өткізілсе, жас
ұрпақтың рухы оянар еді. Сәбираның ерлігіне, рухына
басымды иемін. Құрбыма арнап жазылған ағам Сахариев
Жұмабек Назарханұлының арнауы:
Желтоқсанның жұлдызы
Жылдар жылжып алыстатып араны,
Желтоқсанның ызғары сыздатады көңілдегі жараны.
Қайрат, Ләззат, Сәбира тәуелсіздік таңы еді,
Құрбандарды еске алсақ жүректерде шоқ жұлдыздай жанады.
Ауыл болса тамырынан қайнары,
Бақшасында бұлбұл құсы сайрады.
Бір атадан үш ұл, екі қыз болса,
Ішіндегі Сәбира еді қаймағы.
Отан сүю жастық жігер есебі,
Сәбираны еске алсақ кешегі.
Оқушылық өмірде де белсеніп,
Жастығында жалын атты деседі.
О, желтоқсан неткен суық ызғарлы ең,
Студент болып бірге оқып қыздармен.
Жатақханада жан құрбы болып тұрып,
Сәбира қыз қарындастарым Гүлнар, Жанармен.
131
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Жан құрбылар жүрген кезде жараса,
Студенттік жастық өмір тамаша.
Ұлтын сүйген қарлығаштай қыздарды,
Құқын шектеп жатақханаға қамаса.
Ұлттық намыс алаңға сонда шақырғанда,
Күрекпен ұрып құлатып, тас тырнағын батырғанда.
Бес қаруын асынған жендеттері,
Жалаң қол шыққан жастарды қоғадай әттең сонда жапырғанда.
Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира еді асылдай,
Саясаттың салдары сұрқия еді осындай.
Қаншама тағдыр жылыстап жылдар өтсе де,
Желтоқсанның тарихы, әлі де жатыр ашылмай.
Жүректен шыққан жырларым,
Осыған міне тоқталмақ.
Сұлу сөздің көркемін,
Ақындар бүгін ақтармақ.
Құрбандардың ерлігі,
Үлгі болсын ұрпаққа.
Жерлесіміз Сәбираның
Бейнесі жадымызда сақталмақ
Дәуірлей бер Отаным,
Батыс, шығыс аймағым.
Татулық пен бірлікте,
Қызу еңбек қайнарым.
Ән ұраным шарықтап,
Жасай бер мәңгі Отаным.
Мөлдір аспан жүзінде,
Желбіреп көк байрағым.
132
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Сабағымызды ойдағыдай аяқтап мектепке мұғалім
болдық. 1992 жылы облыстан ауылдық жерге, тұрған үйімізге
прокуратурадан кісі келіп, тағы да сұрақ алып кеткен. Сонда
ауыл адамдары «бұл қыз не бүлдірген?», «облыстан прокурор
іздеп жүр» деп, тағы сөзге қалғанымыз бар.
Желтоқсан оқиғасы – ұлт тарихында өшпес ізі қалған
оқиға. Сол кезді қазір ауызбен айтуға жеңіл болғанмен ақылмен
ойлап, саналы түрде терең түсінген адамға оңай емес. Тәлім-
тәрбие беріп отырған ұрпақтарымыздың болашағы айқын,
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын.
СӘТИЕВА ГҮЛБАРШЫН
Тамшы болып тарихқа айналдың
Қазақ жастарының тотали-
тарлық режимге қарсы шыққан
1986 жылғы, 16 желтоқсандағы
ұмытылмас оқиғасынан бері 35
жыл уақыт өтіп кетіпті. Өмір -
өзен толқындары бізді әйгілі Жел-
тоқсан көтерілісінен уақыт өткен
сайын алыстатып әкетіп бара жатса
да, жүректерде мәңгілік ұмытыл-
майтын бір нәрсе бар. Ол – дүниені
дүр сілкіндірген желтоқсан күн-
деріндегі қазақ қыздары мен жігіт-
терінің ерлігі. Ал біздер олардың рухына, ерлігіне тағзым етеміз.
Мен осы оқиға болған жылы, Өскемендегі «СССР-дің 50
жылдығы атындағы Өскемен педагогикалық училищесінің»
студенті едім. 4-курста оқып жүрген кезіміз. Қазақстан бойын-
ша Желтоқсан көтерілісінің толқулары жүріп өткенде, Алматы-
да 17-18 желтоқсанда болған көтеріліс бізге 20-21 желтоқсанда
жеткен болатын. Біздер, сол кездегі екі қазақ группасы, бұл
оқиғаға өз бағамызды бердік, үндемей қала алмадық.
133
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Сол кездегі училище директорының алдын-ала жүргізген
әңгімелеріне де құлақ аспай, жатақханадағы аңдуға да
мойынсұнбай сабаққа барудан бас тартып, қарсылығымызды
білдірген болатынбыз. Сол кезде желтоқсан оқиғасына берілген
баға мүлде басқаша еді. Алматы қаласында есірткі қолданған
бұзақы-жастардың әрекеті деп көпе-көрнеу аяусыздықпен
жазаланды. Ал біз болсақ сол оқиғаға енжарлық таныта
алмадық, әрі бұл сол қоғамда орын алған келеңсіздіктерге
деген ішкі жан айқай еді. Себебі, ешкім ешкімді мәжбүрлемеді,
әркім өзінің ішкі түйсігімен әрекет етті.
Біз үш күн сабаққа барудан бас тарту арқылы өз наразы-
лығымызды білдірген едік. Бұл біздің Желтоқсан оқиғасына
қосқан тамшыдай үлесіміз еді. Бұған бізді ешкім ұйымдастыр-
мады, ешкім үгіт-насихат жүргізбеді. Алматыда болған оқиға-
ны естіп бей-жай қала алмадық. Бар болғаны сол.
Осыдан кейін дүрбелең басталды. Қауіпсіздік комитетінің
қызметкерлері сабақтан тосып алып, тамақ ішуге ғана мұрсат
береді де, артынша жауап алуға шақырады. Содан кешке қарай
бірақ босатады.
Бірнеше күннің ішінде «не болдымға?» ұшырадық. Үйіміз-
ден ата-анамызды шақыртып, оқудан шығару мәселесі тұрды.
Осы кезде Сәбира 2-курста оқып жүрген болатын. Сәбира
бар кінәні өз мойнына алды. «Мен ұйымдастырдым, жазала-
саңдар мені жазалаңдар. Басқаларының еш кінәсі жоқ», - деген
батыл қыздың терең ойлы жанары әлі көз алдымда. Сәбира
жас өмірін қиып, бұл дүниемен қоштасты.
Бірақ, бұдан әрі де тергеулер жалғасты. 16 жастағы
өрімдей қыздың нәзік жан-дүниесінде не болғанын, қандай
күй кешіп кеткені бәрімізге жұмбақ. Бірақ біз білетін шындық
– ол Сәбираның қайсарлығы, әркімнің қолынан келе бермейтін
бейбіт күндегі ерлігі...
«Сәбира тұйық мінезді, қайсар, уәдесінде тұратын, кез-
келген жағдайда сенім артатын адал құрбы еді», - деп еске
алады бірге оқыған курстасы, бүгінде Семей қаласының
тұрғыны, ұстаз Оразмолданова Алмагүл Қадылбекқызы.
Сәбира Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылынан болатын.
134
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Оны туған ауылына апарып, жерлеп қайттық. Аяулы қызынан
айырылған ананың қайғысына ортақ болып, Сәбираның мәйітін
алып шыққанда жолдың ұзақтығы екі еселеніп құр сүлдеріміз
жетіп еді. Сабирамызды соңғы сапарға шығарып салдық. Өзіміз
де ештеңенің байыбына бара алмай теңселіп қалып едік. Осы
оқиғадан кейін бәрі тынышталған сияқты болды. Бірақ талай
студент жастар оқудан шығарылды.
Бүгінде, дархан даламызды дүр сілкіндірген желтоқсан
оқиғасына 35 жыл. Елдігіміздің бір белгісі – өткен
тарихымызға құрметпен қарау, тарихи тұлғаларды құрметтей
білу. «Тамшыдай болып тарихқа айналдың Сәбира, сен біздің
жүрегімізде мәңгі сақталасың!».
***
Сатиева Гүлбаршын Гапуевна, «Жарсу орта мектебі»
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
СҰЛТАНБЕКОВ ЗЕЙНОЛЛА
Мен, 1944 жылы ақпан айын-
да Аягөз қаласында дүниеге кел-
дім. Аягөз - туып-өскен, өмірге қа-
нат қаққан жерім, сол жерде, 1963
жылы он бір жылдық орыс мектебін
бітірдім.
Жалпы әкем - теміржолшы,
анам - үй шаруасындағы адам, екі
апайым болды. «Орысша оқысаң
- адам боласың» деп орысша мек-
тепке берген ғой. Орысша оқысақ
та, Аягөз қазақи жер болған соң,
қазақы намыс қанымызға сіңді. Анам ауырған соң, алдыма
дәрігер болам деген мақсат қойдым.
1964 жылы Семей медицина нститутына оқуға түсіп,
оны 1970 жылы бітірдім. 1970-1972 жылдары әскер қатарына
135
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
шақырылып, Самарқант қаласындағы әскери дәрігер бөлімше-
сінде – Отарда болдым. 1972-ші жылы әскерлік борышымды
өтеп келіп, Өскемен қаласындағы, Абай көшесіндегі №1-ші
орталық амбулаториялық ауруханаға отоларинголог-дәрігер
болып орналастым.
1975-ші жылдан бастап, металургтер мен шахтерлерді
емдеу барысында облыс кәсіподағында дәрігер болып және
облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болып
қызмет атқардым.
1959 жылы Өскеменде Алматы қаласындағы ғылы-
ми-зерттеу өлкелік патологиясына қарасты 110 орындық
бөлімше ашылған еді.
1983 жылы осы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты
«Кәсіби патология клиникасы» Ғылыми зерттеу институты-
ның өлкелік патологиясына ауысып келдім, кәсіби ауруларды
емдедім. Өскеменнің, Риддер, Глубокое, Күршім, Марқакөл, т.б.
аудандардың экологиясы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар
жүргіздім.
1986 - жылы бәрімізге белгілі Желтоқсан көтерілісі болды.
1987-ші жылы біздің жұмыс орында соған қатысты «партиялық
жиналыс» өтіп, сол оқиғаны тақыладық. Осы мәселе жөнінде
талқылау болғанда, біздің қызметкерлер ішінде бас-ғылыми
қызметкер, әріптес, медицина ғылымының кандидаты Ысқақов
Ғайыз Кәрімбайұлы мен бас медбике Дүсіпова Шайзада Әб-
дікәрімқызы, врач физио-терапеевт Садыкова Әлия сынды
әріптестер сөз сөйледі. Олардың бар айтқаны «Қазақстанды
қазақ басқару керек! Совет өкіметіне қосып жатқан үлесіміз
өте көп, астық, ет беріп отырмыз»,- деген сөздер айтылды.
Кейіннен бұл айтылғандардың барлығы партия мен КГБ-орын-
дарындарына жеткені белгілі болды. Содан өкімет тарапына
қысым басталып кетті.
1987-1988 жылдары «Казахстанская правдаға» «Поста-
новление Пленума обкома партий по национальному вопросу
ВКО в связи с декабрскими событиями» деген қаулы жарыққа
шықты (архивте бар). Сол жерде «национализм выражен в
таких организациях, соның ішінде «НИИ-краевой патологий
136
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Усть-Каменогорска» деп жазып қойыпты.
Мөлшері, 2000 жылы ма, осы қаулы «Рудный Алтайда»
жарияланды, Мен онда бас дәрігермін. Алматыда біздің бас
институт орналасқан, сол жерге, Алматыға «ғылыми кеңеске»
шақырды, содан сенбі күні ұшып кеттім. Барсам, директор,
медицина ғылымдарының докторы, профессор Козловский
Владимир Антонович, өте жақсы адам еді, «ты что там де-
лаешь?»- деді. Мен абдырап тұрып қалып, а что случилось?-
дегенімде, «Казахстанская правда» газетін қолыма ұстатты.
«Прошел пленум обкома партий по Восточно-Казахстанской
области в связи с декабрскими событиями»- деп жазылған
екен. Онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша желтоқсан
көтерілісіне байланысты, облыстық жиналыста, партиялық
пленумда аталып өткендей, Өскемендегі краевой патологияда
ұлтшылдық наразылығын білдіргені туралы жазылған еді.
Сол жерде директорымыз «сен қайта бер, барып дайын-
дал, мен комиссия мүшелерін жинап, аттестация өткіземіз.
Саған көмектесу керек»- деді. Бір, екі аптадан кейін Алматы-
дағы НИИ-краевой патологиядан «партком хатшысы», «комсо-
мол хатшысы», «профсоюздық ұйым» не бары жеті адам болып
келіп, барлық қызметкерлерге аттестация өткізді. Қорытын-
дысын жасап, директор Козловский екеуміз жиналып, облы-
стық партия комитетіне бардық. Облыстық партия ұйымының
идеология бойынша хатшысы Г.Л. Бердюгинге «мен директор-
мын, бұл кісі осында бас дәрігер деп» өзімізді таныстырдық,
мәселені айттық. Ол кісі «пленумда бұл талқыланды, бұларда
«ұлтшылдық мәселесі өте күрделі жағдайда ұшығып тұр» деп.
«Шығыс Қазақстан бойынша 20 пайызы қазақтар тұрады, ал
бұл Сұлтанбековте 75 пайыз қазақтар жұмыс істейді», - деді.
Содан мен: «бізде не бары 23 пайыз қазақ істейді, 70 пайыз
емес» дегенімде, ол кісі маған қарамай, ана кісіге бұрылып:
«бұл сұрақ бойынша мен жақсы білем, бұл кісі бәрімізді ал-
дап отыр. Бөлім меңгерушілері мен бас бухгалтері, барлығы
қазақтар», - деп, өзіме айып таға бастады. Содан мен тағы да
бір ақталудың жолын іздестіріп, «олай емес, бас бухгалтер
орыс, терапия бөлімінің меңгерушісі орыс, неврологияда ұйғыр,
137
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
аллерголог бір ғана қазақ бар» деп түсіндірген болдым. Ол:
«Жоқ сен дұрыс айтпайсың, тағы басқа сұрақтар бар»,- деп,
әңгімені екі ұшты аяқтады.
Сол желтоқсан көтерілісінен кейін, біз әр жұма сайын
обкомға, горкомға, КНБ-ға, райкомға қызметкерлер құрамы,
қаншалықты қазақ, қаншалықты орыс істейтіні жайлы мәлімет,
ақпарат беріп отырдық. Сонда осы цифрлар көрсетілген.
Г.Л. Бердюгин қасымдағы бірге келген директор Коз-
ловскийге қарап тұрып, «сіз қашан қайтасыз?- деді де, ол кісіге
«сіз қайта беріңіз, а мы с ним сами разберемся»- деген сөздерін
ести сала, біттім деп ойладым. Мына дүрбелең басылғанша,
әйтеуір бір жаққа бас сауғалап қашып кетуім керек болды. Өз
мамандығым лор болғандықтан, облыстық ауруханадағы бас
лор-дәрігері Кис Нина Августиновнаға (қайтыс болып кетті
марқұм) тез арада біліктілікті көтеру курсы болса жіберуін
өтінген едім, «Тбилисиге жолдама бар» деп жазып бере қойды.
Наурыз аяғы-ау шамасы, ұшып кеттім. Мамыр айының
10-ы шамасында мен қайтып келдім. Шамамен мамыр айы,
20-25-і аралығында Г.Л. Бердюгин Алматы қаласына жұмысқа
ауысып кетті. Қуандым, бірақ ештеңе өзгерген жоқ, райкомға
шақырады, инструктор келеді, тексеру болып тұрды. Қандай
жұмыс атқарылып, істеліп жатқаны жөнінде және «интерна-
ционализм» ұлшылдық қалай болып жатқан жөнінде ақпарат
пен мәлімдеме беріп отыратын болдық. Менің өз жеке пікірім
сол кезде де жұмыс орындардағы және үй телефондарына да
арнайы тындалу қондырғысы қойылған-ау деймін. Сезетінмін.
ОБХС-тан келіп тексерді. Бір жолы текссеруге үш адам
келді. Неменеге келдіңдер десем, «по работе тексеруге» дейді.
Бір ай отырып кетеді. Ол кісіден сұрасам, ол: «біз үш жағдайда
келеміз, бірінші – жоспарлы түрде, екінші – шағым бойынша,
үшінші - органнан шағым түскен жағдайда. Осы үшеуінің
қайсысы өзіңіз білерсіз деді. Тексеру барысында түк те тапқан
жоқ, басқадай саяси жағынан да аман шықтық.
1991 жылға дейін, Егемендік алғанға шейін үстімнен
анонимка жазды. Бөлімімдегі басқа ұлт өкілдерінен бізге
қысым жасайды деген шағым түсе бастады. Бір күні шопырым
138
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жұмысқа әкеліп тастады, сағат он бір болып қалған, сыртқа
жұмыстармен шығуым керек. Шопырымды таба алмадым, ол
кезде ұялы телефон жоқ. Бір уақытта келді.
Сұрасам, өзін, кәсіподақ төрағасы Ю.Е. Понамареваны,
лаборант Бибигүл Муканова деген кісіні, Стаханов көшесіндегі
милиция бөлімшесіне алып кетіп, отырғызып тергепті.
Тергеуші қазақ жігіті, ол бізге келіп сұрап жүретін. Сол
тергеуші «Сұлтанбеков не айтады, жұмыста, жиналыста не
дейді, желтоқсан туралы не айтады» деп оларды сұрақтың
астына алыпты. Олар «жұмыс туралы айтады, жиналысты
ешкімге тиіспеңдер деп айтады» деп жауап беріпті ...
Понамарева: «біз неге отырмыз, өзін шақырып, өзінен
неге сұрамайсыңдар» деген екен, келген екеуін қайтарып
жіберіп, Бибигүлді алып қапты. Оны сонда бір тәулік ұстады.
Сосын таныстар арқылы Бибигүлді шығарып алдық. Ол
бүгінде Астана қаласында тұрады.
Тек, 1991-ші жылы егеменді алып көзіміз ашылды-ау.
1992 жылы жұмысқа еркін барып, еркін жүретін болдық.
Медицина саласында 37 жыл істедім, 3 жыл ғылыми
лабораторияның меңгерушісі, 34 жыл басшылық қызметте
болдым. Бүгінгі күнде медицина ғылымдарының докторы,
профессор, академик атағын иеленіп, бар өмірімді денсаулық
саласына арнадым.
Ендігі тілерім, еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын
деймін. Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
СҮЛЕЙМЕНОВ БАҚЫТБЕК
1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, «Таврия» ауданы
Саратовка совхоз техникумына мал дәрігерлік мамандығы
бойынша оқуға түстім. 1986 жылы 16-желтоқсанында қазақ
елін басқарған Д.А. Қонаевтың себепсіз орнынан босатылуына
байланысты қазақ студент жастары жиналып, Алматы
қаласындағы алаңға көтеріліске шықты.
Сол күні Саратов техникумының жастары да өз
139
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
наразылықтарын білдірмек болып, Өскемен қаласындағы
студент жастарға қосылды. Барлық студент жатақханалары
милициямен қоршауға алынып, бұл ойларын іске асыртпады.
Сол жылдары мен оқып жатқан топтың старостасы және
коммунистер партиясының қатарында едім. Ол кезде партия
заңы қатал, маған топты ұстап тұра алмадың, оларды
Өскеменге бастап апардың деп айыптар тақты.
Сол күннен бастап қудалаулар басталды, артыма аңдулар
қойылып, себепсіз жиналыстарға сала бастады. Дегенімен мен
мойындамай, билікке өз ойымды айттым, сонда да жағдайым
қиындай бастады. Бір күні сынып жетекшім неміс азаматы
болатын, сол кісі келіп, Бақытбек сен туралы техникумда
жаман ойлар айтылып жатыр, саған қауіп төніп тұр деді. Менің
саған көмегім болсын, құжаттарыңды жасырын алып берейін,
сен оқуды тастап үйіңе қайт деді. Сөйтіп, бітіруге 6 ай қалғанда,
мәжбүрлі түрде оқуды тастауға тура келді.
Ауылға келіп егін шаруашылығында еңбек жасай
бастадым. Ауылда да маған жақсы қабақ таныта қоймады.
Сол бұрынғы жиналыстар, себепсіз сұраулар. Көпке дейін
қорқыныштар бастан кетпеді. Ақыры аудандық партия
жиналысында менің тәртібім қаралып, қатаң сөгіс жариялады.
Бұл мен үшін ауыр соққы болды. Барлық жасаған еңбегім зая
кеткендей болды. Себебі сол кездері үкімет жастар тәрбиесіне
байланысты атқарған жұмыстарыма мені Қаз ССР-нің
құрмет грамотасымен марапаттаған. Москва қаласындағы
Бүкілодақтық көрмеге қатысқан Жарсу ауылдық кеңесінің
депутаты, сол жылдары облыстық партия комитетінің пленум
мүшесі болған едім. Осындай еңбек еткен жылдарым еш
кеткендей болды, дегенімен еш мойымадым, өкінбедім...
Енді міне, сол Желтоқсан көтерілісінің арқасында
Тәуелсіз ел болдық. Еліміз дүние жүзіне танылған дамыған
елдердің қатарында. Қазірде аянбай еңбек етудемін, жанұям,
бала-шағам бар. Зайсан қаласында тұрамын. 2011 жылдан
бастап «Зайсан» ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік
мекемесінде вахтер болып жұмыс жасап жүрмін. Менің 61
жылдағы еңбек көрсеткіштерім мен өмір тарихым осындай
140
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
болды. Енді қалған өміріме ел іргесі тыныш болып, бала-
шағамыздың дені сау болып, солардың қызығын көріп,
тыныштықта өмір сүрсек деймін.
***
Сүлейменов Бақытбек, 1957 жылы 10 қаңтар айында
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауы-
лында дүниеге келген. 1964 жылы «Правда» сегіз жылдық
мектебінен оқып,1972 жылы әрі қарай 9-10 сыныпты бұрынғы
Мичурин совхозы, Лагерь селосында аяқтаған. 1974 жылы орта
мектепті тәмамдаған. Сол жылы 35 бала өндіріске қалып, бір
жыл шопан болып еңбек еткен.
1975 жылы совхоздың жолдамасымен Зайсан қаласын-
дағы СПТУ-19 училищесіне алты айлық трактор мамандығына
оқуға түскен. Оны бітірген соң Сарши -2 фермасына моторист
болып жұмысқа кірген.
ТАНДЫБАЕВ БОЛАТБЕК
1966 жылы 27-ші наурызда Зайсан ауданы, Қарабұлақ
ауылында өмірге келгенмін. 1986 жылы әскери борышымды
өтеп келген соң Өскемен медициналық училищесінің 1-
курсына қабылдандым. Демалыс күні колледж жатақханасында
медициналық ақ халаттарымды жуып отыр едім, сағат 11-12-лер
шамасында бөлмемнің есігін семейлік бір қыз (есімі есімде жоқ)
қағып: «Атамыз Қонаевтың орнына шет елден Колбин дегенді
қойыпты, бүкіл қазақ жастары көтеріліп жатыр» -деп хабарлады.
Жатақханадан Пединститут, СДИ, медучилищенің жа-
стары лек-легімен алаңға беттедік. Еділ, Бүркіт тағы басқа
студенттер алаңды беттеп кетіп жатты. Физкультурныйдың
жігіттері де қосылып бәріміз алаңнан табылдық. Шамамен
300-400-дей жастар жиналды. Сол кезде қолын жоғары созып
тұрған Лениннің ескерткіші көзіме түсті. Ескерткіштің төбесіне
қалай шыққанымды өзім байқамай қалдым. Ескерткіштің тө-
бесіне шығып:
141
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
-Жолдастар тарқамаңдар, Қазақстанды қазақ басқарсын! -
деп, қолымды сермеп, айқайға бастым. Алаңның келесі бетінде
3-4 өрт сөндірушілердің су шашатын машиналары тұрды.
Ақ үйден 3-4 адам жүгіріп шығып: «Түс-түс» деп айқайлай
бастады. Қайдан келе қалғанын байқамадым 2-3 ұзын бойлы
орыс жігіттері келіп мені тартқылап, жұлқылай бастады.
Мені жұлқылап, қолымды қайырып жатқанда Айдын деген
Катонның және Тарбағатайдың физкультурник жігіттері аман
алып қалды. Әкімшілік адамдары, милиционерлер жиналған
жұртты күштеп трамвайға тығып жатты. Біз де бір трамвайға
нығалып кеттік. Спорт сарайы аялдамасынан түсіп, студенттер
қалашығына беттедік. Сол сәтте азық-түлік сататын дүкеннің
жанына жеткенімізде артымыздан 3 милиция машинасы, екеуі
«жигули», біреуі «уазик» автокөлігі қуып жетіп, топ ішінен
мені қалай жұлып алып машинаға тыққанын ұқпай қалдым.
Машинамен Ульбинскиийдегі Стахановскийге алып келді.
Подвалға түсіріп, сұрақ-жауап алу басталды. Ұран
салып, ескерткіштің басына шыққанымды айтып тергей
бастады. Майор орыс әйелі тергеді. 1 сағат мөлшерінде
туған ағам Тандыбаев Жұмабек келді. Ол аға лейтенант шені
бар, студенттер қалашығында учаскелік милиция қызметін
атқаратын еді. Ағама кесірім тиер ме екен деп қатты қорықтым.
Ағамды өте қатты ренжіттім. Орыс әйелі «в Алмату надо
отправить» деп жатты. Ағам Жұмабек бастығына кіргізді. Ол
орыс болса да құдайға қараған кісі екен. «Егер алаңда ағаңмен
жолықсаң төбелесер ме едің? Өзің спорт киіммен жасақталып-
ақ шығыпсың ғой» деді. Ағам «Бұл керісінше, бұларың дұрыс
емес, қайтыңдар деп айтыпты» деп жатыр. Өзінің беделі үшін,
менің амандығым үшін осындай бұрмалауға барды.
Сонымен демалыс күннен дүйсенбіге дейін қамауда ұстап,
босатты. Бірақ екі ай мөлшерінде тергеуде болдым. КГБ листов-
ка таратыпсың деп жала жауып көп қинады. Оқуымды жалға-
стыруыма да Жұмабек ағам атсалысты. Училищенің мұғалімдері
мені неге оқудан қумайды деумен болды, соңыма түсті. Сонымен
көп кедергілерге жолығып, оқуымды әзер тәмамдадым. Бүгінде
жанұялымын. Өскемен қаласында тұрамын.
142
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ТҮСІПОВА БАҚЫТГҮЛ
Мен, 1969 жылы 28 маусымда
ШҚО, Ұлан ауданы, Ұлан ауы-
лында дүниеге келдім. 8 сыныпты
үздік аяқтап, 1984 жылы Өскемен
қаласындағы Кооператив технику-
мының. «Тауартану» факультетіне
оқуға түстім.
Техникумдағы оқу барысында
бірнеше рет мектепті қазақ тілінде
тәмамдаған маған және менің то-
бымдағы қыздарға деген әділетсіз
қарым-қатынастың куәсі болдым.
Оларға орыс тілінде оқу ауыр болды,
өйткені акцентпен сөйледі, ал орыс тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі, тегі есімде жоқ, аты-жөні Ирина Викторовна бұған
күле қарады. Әрине, мұның барлығы жаныма бататын, қыздар
ұялып, қысылып, өз ойларын ашылып айта алмайтын.
Аты-жөні есімде жоқ, экономика пәнінің мұғалімімен
болған бір оқиға есімде қалыпты, ол бүкіл мәжіліс залына
«қазақтар – көшпелі халық, олар әлі де киіз үйлерде тұрады»
деп бастады. Ол кезде бізбен қатарлас барлық топ отырған
болатын. Әлгі жерде пікірталас болып кетті, жағдай шие-
ленісіп бара жатқан соң, мұғалім кешірім сұрады. Осындай
оқытушылардың біздерді, яғни қазақ қыздарын кемсітулері
есімде ерекше қалыпты.
Өзімнің сынып жетекшім Прищепчик Нина Николаев-
на жайлы бірер сөз айта кетуді жөн көріп отырмын. Ол бізді
жақтыртпайтындығын ашық көрсететін, бізге «дружочек» дей-
тін иттің лақап атымен. Бір күні мен әбден ыза болып, ол кісіге
маған олай айтпаңыз, менің аты-жөнім бар деп айтып салдым.
1986 жылғы оқиғаға келер болсақ, астанамыз Алматы-
ның жастары Г. Колбинді Қазақ КСР ОК бірінші хатшысы
лауазымына тағайындауға қарсы көтеріліске шығып жатқан
кезде, мен өзімнің тобымдағы қыздар Каримгазина Гүлжан,
143
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Туктубаева Назира, Калибаева Бақыт, Бузубаева Динара, Алим-
баева Алмагульмен «үндеу парақтарын» жазуды жөн көрдік.
Бұл парақтарды сабақта қазақ тілінде жаздық, алайда біздің
өзіміздің тобымыздағы Г. Джакамбаеваның бізді сырттай бақы-
лап жүргендігін ешқайсымыз аңғармаппыз.
Үндеу парақтарын жазып алып, сабақтан кейін бөлініп
алып, оларды қаланың аудандарына, студенттер қалашығы, пед.
училище, құрылыс техникумы жақтарға тараттық. Үндеу па-
рақшасының мәтінінде біз еліміздің тағдырына немқұрайлы қа-
рамайтын барлық адамдарды Ленин алаңына шығып, қаланың
басты көшесімен жүріп өтуге шақырдық. Үкімет бізді естісін,
«біз астана жастарымен біргеміз» дедік. Бұл біздің қолымыздан
келді. Белгіленген күні «Юбилейный» кинотеатры қасындағы
алаңға көптеген жастар жиналды. Олардың ішінде біз өзімізді
«батыр» санадық. Осы арада бір жас жігіт жайлы айта кетейін,
аты есімде қалмапты. Мен күндіз үндеу парақтарын таратып
жүрген кезде, «Октябрь» кинотеатрының қасында маған бір
жігіт жақындап, танысқысы келетінін айтты. Ал мен оның қо-
лына әлгі парақшамды ұстаттым да, осы жерге келесің, сонда
танысамыз дедім. Сол күні алаңда әлгі жігіт маған жақындап:
«Міне, біздің тарих факультетінің жігіттері» деді. Сол жігіттің
арқасында біз, яғни біздің техникумның қыздары Ордженикидзе
көшесі маңында колоннадан ажырап қалдық, ол бізге сендер
қалыңдар, біз студенттер қалашығына дейін барамыз деді.
Жылдар өте келе түсінгенім, сол жігіт біздің сол кездегі
«қорғаушы періштеміз» болған екен ғой деймін, біздерді соққы
мен қудалаудан сақтап қалды.
Студенттер колоннасы трамвай жолының бойымен
алаңнан Спорт сарайы жаққа қарай беттеді, қастарында
айқайлап, шоқпарларын сермеп, өзге ұлттың көбінесе ересек
ер адамдары жүрді.
Біз сберкассаның артына тығылып, шеруді бақылап
тұрдық. Сосын ұсталып қалмайық деп, тезірек жатақханаға
асықтық. Онда біраз уақыттан кейін педагогтар жиналып, ком-
натадағы жастарды санай бастады. Кешке бәрі ойдағыдай, бізге
комнатадан шықпаңдар деген бұйрық берілді.
144
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Ал таңертең сабаққа келсек, бірінші сабақтан кейін бізді
«тосын сый» күтіп тұрды. Үндеу парақтарға қатысы бар бар-
лық қыздарды директорға, кейін ол жақтан МҚК-ға шақырт-
ты, тергеу басталды, бізді таңертең ерте жатақханадан алып
кетеді, әбден кешке қайта әкеліп тастайды, осылай бірнеше
күн жалғасты.
Бір кезде біз жайлы
сынып жетекшімізге
топта бірге оқитын Тал-
дықорғанның қызы Джа-
камбаеваның жеткізген-
дігі мәлім болды. Ол қа-
зақша түсінеді және оқи
да алатын болып шықты,
алайда үнемі ана тілін біл-
меймін деп айтатын.
Қазір бірнеше жыл өткен соң, ойлаймын, егер біздің
сынып жетекшіміз Н. Н. Прищепчик Джакамбаеваның
мәлімдемесіне сыни қарамай, бізді кабинетке шақырып алып,
бізбен сөйлессе, ол кезде бәріміз де 16-17 жасар жас қыздармыз
ғой, тіпті баламыз, ал ол тәжірибелі педагог, біз бәріміз жан-
жақтан келген студенттерміз, ата-анамыз алыста, ал біздің
анамыз да бәрі де сол болатын. Егер солай болғанда, бәрі
де басқаша болар ма еді, біздің әрқайсымыз ұяттан өртеніп,
қорланбас па едік... Сол кезде техникум мен комсомолдан
шығып қалғандардың барлығымыз да «жақсы» мен «өте
жақсыға» оқыдық қой. Оқу үрдісінің барлық іс-шараларына
қатыстық, ауыл шаруашылығына егін жинағалы да бардық,
спорттық жарыстарға қатыстық, мен өзім кешкі уақытта
кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасадым, қалаға
патрульге бірлесіп шықтық, техникум мен қаланың комсомол
жұмыстарына белсене атсалыстым.
Осының бәріне қарамастан, бір сәтте ғана қоғамнан
шеттетілдік, бізге ярлык іліп, оқудан және жатақханадан да
шығарып тастады.
Сол жылдар жаңғырығы әрқайсымыздың жүрегімізде
145
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
орны толмас жара қалдырды. 1986 жыл оқиғасы әрқайсымыз-
дың тағдырымызда алдағы уақытта бізге деген адами қатына-
стың болуына шектеу қойды. Біздің барлығымыз, әсіресе ата-а-
наларымыз қорлық көрдік. Желтоқсан оқиғасы салдарынан
балалары зардап шеккен барша ата-аналарға басымды иемін.
Бүгінгі күні мен өзім анамын, үш немеренің апасымын
және оларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы үлкен
мақтанышпен айтамын.
Сол кезде біз өзімізді батыр, әрі өз еліміздің бір бөлшегі
санадық және ол тегін емес еді...
Бүгінгі күні жылдар бойы ішімде жатқан жазылмас
дертімді де ақтарып салсам деймін. Бұған дейін көп айта
бермейтінмін, алайда 15 қазанда әкемнің өмірден өткеніне 31
жыл болды. Мен жақсы оқыдым, оның мақтанышы болдым.
Техникумға түсіп, институтқа жолдама күтіп тұрған болатын.
Алайда, бір сәтте ғана мұның барлығы шайылып, халық
жауына айналып, әке-шешеңнің үмітін ақтамау, бұл өте ауыр
еді. Әкем 1990 жылға дейін өзін-өзі ұстады, соңғы екі жыл тіпті
ауыр тиді. Осының барлығына мен кінәлі екенімді сезетінмін.
Алайда мені ата-анам, сіңілілерім ешқашан айыптап көрген
емес. Бірақ әкем 1990 жылы 15 қазанда өзіне-өзі қол жұмсап
қайтыс болды. Мен мұндай қайғыны күтпеген едім. Ол өмірді
жақсы көретін. Біз өте жақсы өмір сүрдік. Жерлеу күні оның
жақын досы Борис алыста іс-сапарда болып, келе алмады.
Кейін ол үйге келіп, мені жеке шақырып алып, сен білесің
бе, әкең сенің кесіріңнен кетті, сен оның сенімін ақтамадың,
ол мұндай масқараны көтере алмады деді. Сөйтсем, әкеме
адамдар айтады екен, сенің мақтан тұтқан қызың осы ма, не
оқуы жоқ, не жұмысы жоқ, не білімі жоқ деп бетіне басқан екен.
Әкем осының барлығын ішінде сақтап келген екен. Бүгінгі күні
мен осының барлығын ақтарып, ішімнен шығарып салғым
келеді. Әрине, ол кезде біз жаспыз, патриоттық сезім деген
жанып тұрды, алайда біз мұның барлығы біздің тағдырымызға
үлкен әсер етіп, ата-анамызға, олардың тағдырына зиянын
келтіреді деп ойламадық. Қазір соның барлығын ойласам,
өмірім түбегейлі өзгеріп, анам 48 жасында жесір қалды. Біз
146
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
үш қыз әкесіз қалдық. Міне, осы кінәм үшін мен өз-өзімді
өмірден өткенше кешірмейтін шығармын...
Гүлжан Карімғазинаның ана-
сы жайлы жеке айта кеткім келеді.
Ол кісі өте жігерлі адам еді. Бір
жолы судья Гүлжанның анасына сөз
бергенде, ол кісі жүрегі қан жылап
тұрса да, «мен қызымды әділет-
сіздікке және сатқындыққа жол
бермеуге тәрбиеледім, егер істеген
әрекеттері заңға қайшы болса, өз
қолымен істегенін өзі мойнымен
көтереді» деді. Мұны сөзбен жет-
кізу мүмкін емес еді. Сот залынан
шыққан соң Гүлжанның анасы
біздің сынып жетекшімізге жақын-
дап, «ой Нина Николаевна, сен не істедің, біз балаларымызды
саған тапсырып едік қой» деді. Иә, әрине егер сынып жетекшіміз
біздің қаракөз қыздарымызды алаламай, бәрімен бірдей көрсе,
мүмкін барлығы да басқаша болар ма еді?! Қаншама адамның
тағдыры сынбас еді ме?!...
Желтоқсан оқиғасы жүректегі орны толмас жара. Сол
кезде ол масқара болып саналды, сондықтан мен біртіндеп ол
күндердің жаңғырығын санамнан
өшіре бастағанмын. Ал қазір Алла
қаласа, ақталып жатқан жағдайда
мен сол кездегі елім үшін егілген
патриоттық әрекеттерімді ерлік са-
нап, ақырындап қыздармен бастан
өткерген ауыр сәттерімді сыртқа
шығарып жатырмын. Бұған дейін
мен тек бергі жақтарын ғана жаза-
тынмын. Ал қазір тергеуге барған
сәттерімді, жатақханаға келіп, сол
кезде «Воронок» деп аталған қара
көлікке барлығымызды тығып,
147
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
апарып жеке бөлмелерге бөліп, тергеушілер қорқытып, сен
неге айтпай отырсың, басқа кабинеттегілер айтып қойды деп
бопсалайтын. Есімде, менің алдымда өзімнің жеке іс-құжат-
тарым жатты, тергеуші соны меңзеп, міне мұнда қыздардың
берген түсініктемелері бар, олардың айтуынша барлығын ұй-
ымдастырып жүрген сен екенсің деп қорқытты. Бірақ мен сол
кезде мүмкін жастықпен болар, тергеушіге мені беттестіріңіз,
бетіме айтсын, себебі олай болған жоқ деп сөз қайтаратынмын.
Міне, осындай тергеулердің өзі қорқынышты еді. Сол үрейдің
іздері санамда қалып қойған сияқты. Олай дейтінім, таяуда ШҚ
облыстық Прокуратураға реабилитацияға қатысты құжаттарды
апарған сәтте, көрші ғимарат ҰҚК, бұл менің өмірімдегі ең
жағымсыз да ауыр жол екенін түсіндім. Осы уақытқа дейін мен
бұл туралы ашылып жазып, Желтоқсан оқиғасына қатысқаным
жайлы айтқан емеспін.
Жыл өткен сайын, анам да мені түсініп, қолдап келді.
Міне, 14 жыл болды анам да төсек тартып жатыр. Анам менің
ақталғанымды естіп, осыншама жылғы бейнеттің зейнетін
көріп, қызы елінің нағыз батыры екенін естіп кетсе екен
деймін. Ең соңында айтарым, егер уақытты қайта қайтарса, мен
қайтадан дәл осылай жасар едім. Мен өз ісіме еш өкінбеймін.
ХАСЕНОВА ЛӘЗЗАТ
1986 жылы Өскемен қаласын-
дағы педагогикалық училищеде
оқитынмын. Аталмыш оқу орнын-
да қазақ тілінде оқитын тек екі топ
қана болды. Қалғанының бәрі орыс
топтары.
Басқа қалалардағы билік саяса-
тына қарсы шеру әңгімелерін естідік.
Кешінде, сабақтан кейін, бөлмемізде
отырғанбыз, жатақхананы айналып,
терезеге қарап айқайлап жүрген қазақ
148
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жігітін көрдік. Жақындап тыңдасақ, «Қазақтар, қайдасыңдар?
Ертең таңертең алаңға жиналамыз!» деп айқайлап жүр екен.
Соны естігеннен кейін екі қазақ тобы ақылдасып сабаққа дейін
шығып кететін болып келістік.
Таңертеңінде келіскендей барлығымыз ұйымдасқан түрде
шығып кеттік. Бірақ келіскен жерге келсек, ешкім көрінбейді.
Сөйтсек, бізден бұрын барғандардың барлығын ұстап алып
кетіпті. Олар келесі келетіндерді күтіп аңдып тұр екен. Біз де
тұтылдық. Автокөліктерге тиеп, бірден оқу корпусының акты
залына апарды.
Екі күн сонда отырдық. Кім бастады, кім ұйымдастырды?
Бұл сұрақтарына ешқайсымыз жауап бермедік.
Кейін жатақханаға келгенде де ешкімді ешқайда шығар-
мады. Бақылауда болдық. Сол уақытта топтағы қыздардың
жасы 15-16-ларда еді. Сондықтан, оқу орнының атынан бар-
лығымыздың ата-анамызға жедел хат жолданды.
Ең бірінші болып марқұм Мұхаметжанова Сәбираның
анасы келді. Ол кісімен училище директоры Баранов өз каби-
нетінде жеке сөйлесті. Не сұрады, не айтты, ол жағын білмейміз.
Біз бөлмеде отырғанбыз. Сәбирамен бірге тұратын Уатхан
есімді қыздың айқайынан барлығымыз бөлмеден атып-атып
шықтық. Сәбира бөлмесіне келіп, терезеден сыртқа секіріп
кетіпті.
Бізді астына түсірмеді. «Жедел жәрдем» келді, анасын
шақырды, бірақ бәрі кеш болды.
Осы жағдайдан кейін барлығымыз ата-аналарымызға
«келмеңдер, бізде бәрі жақсы» деп, хат жолдадық. Училище
басшылығы солай жасатты. Басқа бөлімдерде оқитындардың
оқудан шығарылғандары болды.
***
Хасенова Ләззат Каукенқызы 1970 жылы 2 ақпанда Тар-
бағатай ауданы, Қарасу ауылынды дүниеге келген. Қазір Зайсан
ауданы, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде директор-
дың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.
149