ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
БҰЙРАНОВ БОЛАТ
Мен, Ленинградта 2 жыл
Отан алдындағы борышымды
атқардым, әсем қала Алматыны
көру бала кездегі арманым еді. Сол
себепті жол-жөнекей Алматыға
келдім. Алматыда ауылда бірге
өскен жолдасым Ахметов Елшат
Зоовет институтта оқитын.
Жолдасым мені күтіп алып,
Алматыны аралатты.
Қазақстанның 1-ші хатшысы
Д. А. Қонаевты орнынан алып,
орнына біз танымайтын Г. Колбинді қояды деген сыбысты
естіп, алаңға жастармен бірге көтеріліске шықтық. Сол
кезде сендей соғылысқан қазақтың ұл-қыздары, студенттер
мен жұмысшы жастар. Қатулы қабақ, түнеріңкі жүз. Сол
сәтте көздерінен неден болса да тайынбас жігер отының
ұшқыны көрініп тұрды. Қолдарында әртүрлі плакаттар.
Әскери дубинкамен және қалқанмен қаруланып, қарсы бетте
самсаған омондар тұрды. Бір-екі жерде төңкерілген милиция
көлігі өртеніп жатты. Жастар хормен «Менің Қазақстаным»,
«Елім-ай» әндерін шырқады. Сол күні күн қатты аяз болатын.
Жастарды алаңнан тарқату үшін өрт сөндіргіш машинамен
мұздай суық су шашты. Оны елеп жатқан ешкім жоқ. Топ
ішінде қыздар басым сияқты көрінді. Дауыстары жарқын-
жарқын шығады. Өжеттіктері, қайсарлықтары таңдандырды.
Ол кезде жасым 21-де, жауырыны қақпақтай, жұдырығы
тоқпақтай, жалындап тұрған жас кезім болатын. Сол кезде
қазақтың талай ұл-қыздарын омондармен төбелесіп, құтқардық.
Көтерілістен кейін Алматыға сырттан ешкімді кіргізбей,
Алматыдан ешкімді шығармады. Сол себеппен ауылға желтоқ-
санның соңында қайттым. 1987-1991 жылдары Ақарал совхо-
зында жұмыс істедім. 1991 жылы 18 октябрьде Рахимжанова
300
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Маншүкке үйлендім. Қазіргі уақытта 5 балам бар. Тұңғыш
қызым Айгерім мектепті алтын белгі медальімен бітірді. Сосын
Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін
қызыл дипломмен бітірді. Оқуын ары қарай жалғастырып,
Қыздар педогогикалық университетінде магистратура, докто-
рантураны қызыл дипломмен аяқтады. 2015 жылы Кундибаев
Дарханға тұрмысқа шықты, қазір Алматы қаласында тұрып
жатыр. Қазір қызымнан немерем бар.Тұңғышы Мейірхан, екін-
шісі Томирис. Екінші балам Бейбарыс Алматы қаласындағы
Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінде 2-курс оқиды.
Қызым Ажар 11-сыныпта оқиды, одан кейінгі қызым 9-сы-
ныпта оқиды. Кенже ұлым Қайсар 7-сыныпта оқиды. Спорттық
секцияларға (волейбол, күреске) қатысады. Қайсардың арманы
елге танымал өзінің апайлары Гүлжан Исанова, Зарина Рай-
фова сияқты балуан болғысы келеді.
2016 жылы «Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік
медалімен марапаттады және Зайсан қалалық филиалы
төрайымының орынбасары деген Желтоқсандық куәлік
тапсырды. 2018 жылы 9 қарашада «Жомарт жүрек»
төсбелгісімен марапаттады. 2019 жылы «Баймұрат батыр»
қоры комиссиясының шешімі бойынша марапатталдым. Қазір
Зайсан ауданы, Біржан ауылында тұрып жатырмын. Қазір
«Қайсар» жеке шаруа қожалығым бар. Жолдасым Рахимжанова
Маншүктің атында «Бейбарыс» жеке шаруа қожалығымыз бар.
***
Бұйранов Болат 1965 жылы Ақарал ауылында дүниеге
келген. Әке-шешесі малшы болған. Шешесі 12 бала тәрбиелеп
өсірген көп балалы ана «Алтын алқа» иегері. Болат 1971 жылы
Ақарал ауылындағы 4 жылдық мектептің 1-сыныбына барған.
Ол 4 жылдық мектепті 1975 жылы бітіріп, Рожков ауылына
келіп, 8-ші сыныпқа дейін оқып, 1979 жылы мектепті бітірген.
1980 жылы Зайсан ауданындағы СПТУ-19-да тракторист,
машинист мамандығын оқып бітіріп, 1984 жылы әскери
борышын өтеуге барған. Әскерден келе жатып Алматы
көтерілісіне қатысқан. Желтоқсан ардагері.
301
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ДӘУЛЕТШИНА ЖАННА
1986 жылы желтоқсан айында мен
Алматыда едім. Ю.А. Гагарин атындағы
қыстық киімдер тігетін фабриканың №6
цехында жұмыс істеймін.
17-18 күндері алаңға шығып таяқ
жеп, бет-аузымның көгергенінен, үсті-
басымның ісіп кеткенінен жұмысқа
шыға алмадым. Милициялар дубинкамен
сабаған болатын. Содан кейін фабрикаға
қайтып бармадым.
Алаңға баруыма не себеп болды?
Ол кезде мен фабриканың 1-ші ауысымында жұмы-
ста болатынмын. Дос қызым екеуміз 17-шы желтоқсан күні
жұмысқа бара жатқанда ілініп тұрған листовкаларды көрдік.
«Бойыңда қазақ деген қасықтай қаның болса, Брежнев алаңын-
да келіңдер» деп жазылыпты. Соны көрдік, оқыдық. Жұмысқа
барсақ орыстар жұмыс істеп отыр, қазақтар алаңға барамыз
деді. Досым екеуміз соларға қосылдық та кеттік. Бізді жина-
лысқа салды. Бірақ жұмысымызға қайта оралдық. Жұмыстан
кешкі бесте шығамыз. Бестен кейін алаңға дос қызым Ардақ
Алдажарова екеуміз бардық.
Алаңға барғанда жастардың шоғырланып тұрғанын
көрдік, досым екеуміз жастарға қосылдық. Кеш қарая бастады.
Күн ол кезде өте суық болатын. Кешке таман алаңдағы жастар
қолдарында плакаттар, орталарына алау жағып, «Менің
Қазақстаным» әнін айтып тұрды. Кешке таман қаруланған
солдаттар келе бастады. Қолдарында резеңке сойылдар, сапер
күрек, беттерінде қалқандар.
Мінбеге Бибігүл Төлегенова, Серік Абдырахмановтар
шығып бізге «тараңдар» деді. Сол кезде репредуктордан, «Қа-
зақтар маскүнемдер, алқаштар, наркомандар» деп айтты. Сол
кезде өздері әрең тұрған жастар жердегі тасты солдаттарға
қарша боратты.
Содан кейін бізге күш қолданылды. Бізді алаңнан қусын
302
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
деген бұйрық берілді. Алаңда қираған, жанған автобустар мен
аударылған жеңіл машиналарды, су шашатын машиналарды,
солдаттар жетектеген иттерді көрдім. Жаңағы жағдайдан кейін
бізді алаңнан қуа бастады.
Мен соғысты көрген жоқпын. Бірақ сол алаңдағы көрініс
құтты соғысты елестетті. Қан-жоса болған адамдар, өлген
адамдар, жансауғалап қашқан адамдар, тіпті екіқабат әйелді де
көрдім. Дос қызым екеумізді милициялар резеңке сойылдың
астынан алып сабады. Көп таяқ жедік. Үсті басымыз қан-жоса
болды.
Бағымызға қарай бір қазақтың солдаты кездесті, соған
жалынып жалбарынып, жыладық. Бізге көмектесіп, бізді
алаңнан шығарып жіберуін сұрадық. Ол солдат көмектесіп
мені және досымды алаңнан шығарып, автобус аялдамасына
дейін апарып салды. Біздің бағымызға қазақ солдат кезікті,
әйтпесе жағдай басқаша болатын еді.
Алаңға шыққанда сумкам бар еді, қолыма іліп алған,
жанұшырып қашқанда сумкам алаңда түсіп қалыпты. Біз
алаңда тұрғанда қасымдағы дос қызым екеумізді жоғарғы
жақтан түсірілген көп суретке ілініп қалыппыз. Сол суретпен,
алаңда жоғалтқан сумкамның ішіндегі жұмысқа кіретін рұқсат
қағазбен менің аты-жөнімді біліп, жұмысқа келіп, көп іздепті.
Ол кезде мен ауылға қайтып кеткенмін.
Мен, досым екеуміз орыс кемпірдің үйінде пәтер жалдап
тұратын едік. Өмірім 180%-қа бұрылды. Қасымдағы досымның
туыстары оны жұмысқа алып қалды, менің жақын қорғаныш
болатын ешкімім жоқ болған соң ауылға кетуге тура келді.
Сол мен істеген фабриканың филиалында Көшкімбаева
Қаламқас деген апайым жұмыс істейтін, әйтеуір сол кісі жаны
ашып, қолынан келгені фабрикадан еңбек кітапшамды алып
берді. Әйтпесе мені К30Т-33-пен шығарамыз деген. Жұмы-
стан шыққан уақытым 1987 жылдың 19 ақпаны. Сөйтіп жаным
қалды.
КГБ-ның адамдары жұмысқа барып, сынықтан сылтау
іздеп, мені көп іздеген. Таппаған соң мені қай жақтыкі екенін
біліп, Ақсуаттың КГБ-сына айтқан. Мен Ақсуатқа қашып келіп,
303
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тығылып жатқанда КГБ-ның адамдары үйге қоңырау соғып,
мені өздеріне шақырды. Басында келіспедім. Соңынан әкем
екеуміз бардық. Әкемді кіргізбді.
Мен кіріп КГБ-ның адамдарымен сөйлескенде таң қал-
дым. Алматыдағы фабрикадағы бірге істеген дос қыздарымның
бәрін айтып отыр. Маған алаңға не үшін барғандығым тура-
сында түсіндірме жаздыртты. Ол кезде мен 18 жаста ғана едім.
«Алаңға барғаның жөнінде аузыңнан шығарсаң соттаймыз»,
деп қорқытты.
КГБ-ның адамдары жұмған аузыңды ашушы болма
деген соң, өзіміздің егемендігімізді алғанға дейін аузымды
ашпадым, желтоқсан оқиғасының куәгері екенімді кейіннен
айта бастадым.
Бүгінгі тыныс-тіршілігім жақсы, «Қожагелді батыр»
атындағы орта мектепте жоғарғы санатты ұстазбын. Кейінгі
біздің балаларымыз мұндай сұмдықты көрмей-ақ қойсын,
бақытты өмір сүрсе деймін.
Арман, мақсаттарым: осы желтоқсан оқиғасына қаты-
сушы ретінде - ақталсам деймін. Осы аталған мектебімнен
- зейнеткерліке шығып, бала-шаға, немерелерімнің ортасында
болсам.
***
Дәулетшина Жанна
Қадырқызы 1968 жылы 31
мамырда Семей облысы,
Ақсуат ауданы, Ақсуат
ауылында дүниеге келген.
Отбасында 7 бала, Жанна
үйдің үлкені. Ол 1975-
1985 жылдар аралығында
Ақсуат орта мектебінде
білім алған. Әкесі Қадыр
быткомбинаттың экономисі, анасы Сайлаугүл аудандық
кітапхананың меңгерушісі болған. Әкесі бүгінде о дүниелік.
Анасы дін аман. Жаннаның: Жанаргүл, Айдын, Шалқар,
304
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Ботабек, Айман, Шолпан деген бауырлары бар.
Жаннаның өзінің төрт баласы бар. Екі баласы үйленген,
аяқтанбаған әлі бір ұл, бір қызы бар, екеуі де жұмыс істейді.
Балаларының аты: Аян, Олжас, Санжар, Аружан. Келіндерінің
аты: Аида, Аяулым. Сонымен қатар, Жанна - сегіз немересі бар
аяулы әже. Немерелерінің аттары: Ажар, Аяжан, Расул, Аянат,
Наргиз, Аят, Мансұр, Ислам. Жолдасы Бейбіт Дубековтің
өмірден озғанына 5-ші жылға аяқ басты. Заң қызметкері еді,
майор болып зейнеткерлікке шыққан.
ДНИСЛЯМОВА (ӘДІЛБАЕВА) ЖАННА
Тәуелсіздіктің 30 жылдық ме-
рейтойын көретін біз қандай бақытты-
мыз! Жеткен жетістік, алынған асулар
өз алдына бөлек әңгіме...
Тәуелсізбіз, егеменбіз деп шаттана-
мын, тәубәшіліктен басқа айтарым жоқ.
Бірақ, жүрек түкпірінен, ой шұңқыры-
нан бір қылаң еткен ой - шаттығыңды
қарып өткендей болады.
Ол - өткен күннің елесі. Ия, сонау
1986 жылдың естен кетпес қыс айының
бас кезі. «1986 жыл», кім ойлаған бейбіт өмірдің шырқы бұзы-
латындай екі күн ішінде қанды қырғын боларын. Мектепті
бітіріп, тұлымымыз желбіреп, алып-ұшып оқуға түстік. Алматы
қаласы Шет тілдер институты, неміс тілі факультетінің 1 курс
студенті атандық.
Ойда жоқта 17 желтоқсан күні «Аттан қазақ, аттан!» де-
ген ұранмен бір топ жастардың артынан еріп алаңға шықтық.
Жастардың қолдарында сойылдай таяқтары бар, шығыңдар
алаңға десе түк түсінбестен солардың артынан ере бердік.
Үкімет үйінің алдына көп адам жиналған екен. Толып
тұрған темірмен қаруланған әскери бөлімдердің солдаттары
мен ішкі істер қызметкерлері жастарды алға өткізбей тұр. Со-
305
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
дан таңертеңнен кешке дейін сол арада тұрдық, әркімге бір
қараймыз, өзімізде қорқыныш басым, әрі итерсе әрі жығы-
ламыз, бері итерсе бері жығыламыз. Бір-екі қызуқанды жас
жігіт мінберге шығып сөйлеуді талап етіп еді, аналар жібермей
қойды. Мінберге ұмтылған бір жігітті милиция формасындағы
біреу қолындағы резина сойылмен маңдайынан салып жіберді.
Бет-жүзін қан жуған жігіт басын ұстап жерге отыра кетті. Сол
мезет оның қасындағы тағы бір қазақ жігіті шыдай алмай ана-
ның жағасынан ала түсті. Қолындағы сойылын жұлып алып
тұмсық тұстан оны да ұрып өтті. Жанымыз шығып біз тұрмыз.
Айнала сол сәтте апыр-топыр болды...
Біз жүрміз, түсіміз бе, өңіміз бе білмей. Аяқтан өткен
ызғар құлақ шекені солқылдатып барады. Жастардың көбі
жеңіл киінген. Тіпті кейбіреулері жалаң бас, көйлектерімен
жүр. Күн суық деп қайғырып тұрған ешкім жоқ. Жастардың
аузында ән. Олар хормен «Менің Қазақстаным» әнін айтып тұр.
Тағы біреулері «Қонаевты шақырыңдар, не болғанын соның
өз ауызынан естиік. Мінбеге шықсын» деп бар дауыстарымен
айғайлап тұр. Үкімет үйінің алдындағы қырғын әрі қарай
жалғасып жатты.
Бір мезгілде өрт сөндіргіш машиналар көрінді. Анталап
келіп алаң алдына тоқтай қалды да, жапатармағай жастарды
қоршай бастады. Секіріп-секіріп түскен брезент киімді адамдар
жалма-жан қолдарындағы су жіберетін ұзын шлангілерді жа-
старға қаратып, ағын суды ағытып жіберді. Түтіктерден атыла
шыққан зәрлі су топталып тұрған біздің үстімізге жаңбыр-
ша жауды. Қашып барамыз, айғайлап жылап жүрміз, сөйтіп
жүргенде Зауреш құрбымды жоғалтып алдым. Одан сайын
жыладым, оған қарап жатқан ешкім жоқ, басымыз ауған жаққа
қарай қаша бердік.
Қашып келеміз, жаяу жолмен жүре бердік. Келе жат-
сақ алдымыздан көп автобустарды тізіп қойып жолды жауып
қойған. Ал тағы қаштық үйлерге барып кірсек орыстар қуып
шығады. Ақыры, тоңып адасып жүріп жатақхананы таптық.
Келсек кіргізбейді. Әйтеуір жылап жүріп оған да кірдік.
Әбден тоңған, қарнымыз аш, сөйлеуге мұрша жоқ.
306
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Айтып айтпай не керек. Одан сабаққа бардық. Сабақ
деген аты ғана күнде тергеуге алып кетеді. Сол институт-
тың ішінде Семейдің қыздары, осылар бастаған дейді. Күнде
қорқытады, бітірген кезде тыңдалды деген қағаз аласыңдарсен-
дерге диплом жоқ деп. Содан қойшы, жылап-еңіреп үйімізге
қайттық. Зауреш құрбым екеуіміз 1987 жылдың күзінде өз
еркімізбен оқудан шығамыз деп өтініш жазып кетіп қалдық.
Семейге келіп Шәкәрім педагогикалық институтына түсіп
оқуымызды жалғастырдық.
Бірақта бүгінге дейін сол бір бейне есімнен кетпейді.
Оны қойшы елмен бірге жүре бердік, кемедегінің жаны бір ғой.
Қатты бататыны арман қуып барған оқуымызды оқи алмадық.
Поезда отырып қайтқандағы жылағаным батты. Айтып айт-
пай не керек, сол бір желтоқсанның қанды кешінде қанша жа-
стың соры қайнады. Қаншама қазақтың қыздары шаштарынан
сүйретіліп, тепкінің астында қалды. Қаншама жас жұмыстан
немесе оқудан жазықсыз шығарылды. Сол күнгі Алматының
ауа райы да түнеріп тұрды. Сөйтсек Егемен Қазақстан, ел
боламыз деп аттан салып жүрген екенбіз. Сонда қаншама жа-
стардың өмірін құртып, жастарға жазықсыз жапа шектіріп,
кейбір білместігі бар үлкен азаматтар осы жиынды бастады
ғой. Өздері тысқары қалып, жастардың өмірін ойрандады. Мен
кейде ойлаймын басқа жолмен бұл шешілмес пе еді деп... Қан
төкпей-ақ. Әлде осы қан төгілген соң осы еркіндікке жеттік
пе. Мен өзімді енді ғана Тәуелсіз елдің азаматшасы сезініп
отырмын.
***
Жанна Әбдешқызы Шығыс Қазақстан облысы, Жар-
ма ауданы, Қоңырбиік ауылы, «Қоңырбиік негізгі мектебін-
де»-КММ, педагог-психолог болып қызмет істейді.
307
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ДИХАМБАЕВ НҮСІПХАН
Мен, 04.09.1964 жылы туғам. 1985-
1990 жылдары Алматы қаласында Ауыл
шаруашылық инистутының электофика-
ция факультетінде оқыдым. 1986 жылы
16, 17,18 желтоқсанда болған оқиғаның
басынан аяғына дейін қатыстым.
Жатақханамыздың орналасқан
жері Абай көшесі мен Фурманов көше-
сінің қиылысы. Қазіргі Назарбаев көше-
сі. Жанымда көп курстас жігіттер болды.
Долдаев Отан, Кемелев Сапар, Кощанов Бейбіт, Баймағамбетов
Демеу, Семей қаласында 10 шақты желтоқсандықтар болдық.
2013-2016 жылдары Семей ішкі политикасы 14.15-желтоқсанда
жастармен, оқушылармен кездесу өткізуге шақыратын.
Қазір Нұр -Сұлтан қаласында 23-15 көшесі, 9/3 үй. 79
пәтерде тұрамыз. Нұр-Сұлтан қаласында «Тәуелсіздік таңы -
Желтоқсан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Үйлестіру
кеңесінің мүшесімін.
Желтоқсан!
(Желтоқсан құрбандарына арнау)
Буырқан қәне, Желтоқсан.
Орашы қарлы боранмен.
Қайраттың қайсар мінезін,
Өзіңнен іздеп табам мен.
Желдетші қәне, Желтоқсан.
Желіңе жастар үн қосқан.
Еседі желмен Ләззаттың,
Ерлігі жайлы жыр-дастан.
Мұздатшы қәне, Желтоқсан.
Мұзыңа нәзік гүл біткен.
308
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Сәбира рухы мұз бетін,
Азаттығымен гүлдеткен.
Қаһарлан қәне, Желтоқсан,
Аязың бассын жер бетін.
Қазағым енді елдігін,
Ешкімге қолдан бермесін.
Ызғарлан қәне,Желтоқсан,
Ерболдың аты өлмесін.
Жас кеткен жастың жалауын
Желтоқсан желі тербесін...
Камшат Әбілғазықызы
Ақын, Өскемен қаласы. 2021 жыл
ДУАНОВ МӘУЛЕТҚАН
Мен, 1986 жылы бұрынғы
Самар ауданы Самар селосындағы
жол-құрылыс басқармасында (ДСУ-
14) жол шебері мамандығы бойынша
жұмыс істедім. Сол жылы желтоқсан
айының басында Самар жол-құрылыс
басқармасының басшылығы Алматы
қаласындағы Қазақ ССР автомобиль
жолдары министрлігіне бір айлық
тәжірибе алу курсына оқуға жіберді.
Жетісу қонақ үйінде тұрып оқы-
дық. 1986 жылы 17 желтоқсанда сағат 9.30 кезінде Үкімет
басына Колбиннің келуіне қарсы шеру өтіп жатқанын естіп,
мен де орталық алаңға бардым. Шеру Алматы зооветеринар-
лық иниститутының алдынан басталып, орталық алаңға дейін
барды.
309
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Орталық алаңды милиция жасақтарымен қоршап,
қорғап тұрды. Су атқылайтын өрт сөндіру машиналары сумен
шерушілерді атқылап таратпақ болды. Бірақ шерушілер оларға
қарсы бардюр сынықтарын атқылап қарсылық көрсетті.
Бір кезде шерушілердің бір бөлігін милиция жасақтары
қоршап алып, қолдарын қайырып, сотталғандарды таситын
машиналарға бөліп кіргізіп, Алматы қаласының маңындағы
Каменка деген селоның маңайына далаға апарып, машинадан
шықан жастарды резеңке сойылдармен сабап, машинадан
тепкілеп шығарды. Сонда қазақ жастарының кейбіреуі тұра
алмай, қан құсып, біреуі есінен танып жатты. Онымен қоймай,
енді жиналсаңдар сотталасыңдар деп оларды қорқытып жатты.
Сол кезде басымнан резеңке сойылдармен бірнеше рет
соқты. Басымды қорғаймын деп қолыммен қорғанғанымда
қолымның білек тұсынан тиген соққыдан қолым күп болып
ісіп кетті. Емханаға барсаң шеруге қатыстың деп жауапқа
тартыласың… Ауруханаға да, емханаға да бармадым.
Жатақханаға келіп, қолымды орап алып сабаққа қатысып
жүрдім. Сол Каменка селосының маңайында жастарды
тағы бірнеше машинамен әкеліп түсіріп, соққыға жығып
жатқанын көрдім. Әйтеуір, қорлық пен азапты бірдей тартып,
желтоқсанның аяғында курсты бітіріп, үйіме қайттым.
***
Дуанов Мәулетқан Мырзахметұлы 1962 жылы 22 шілдеде
Күршім ауданы, Аманат селосында туған. Күршім №3 орта
мектебін 1979 жылы бітірген. 1981-1983 жылдары Кеңес
Армиясы қатарында әскери борышын атқарған. 1983 жылы
Кемеров қаласындағы сәулет- құрылыс техникумына түсіп,
1986 жылы «жол құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.
Үйленген үш баласы бар. Қазір Күршім ауданы Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімнің кадр қызметкері.
2021 жыл 24.08.
310
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ДУСУПОВ БАҚЫТБЕК
Мен, 1983-1985 жылдары
Украин жерінде әскери міндетімді
атқарып, осы жылы Алматы гидро-
мелиоративтік техникумына түстім.
Техникумды оқып жүріп 1986 жылы
16-17 желтоқсан оқиғасына қаты-
стым.
1988 жылы 28 сәуірде гидро-
мелиорация мамандығы бойынша
техник-гидротехник квалификаци-
ясы берілді.
Қазіргі уақытта жұбайым Рая
екеуміз Күршім ауданы, Алғабас ауылында тұрамыз.
Үлкен қызым Асем тұрмыста, Өскемен қаласындағы
Титан-магний комбинатында жұмыс істейді. Ерасыл, Кәусар,
Ералы есімді балалары бар.
Кіші қызым Мадина №3 Күршім гимназиясында
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Отбасылы, Нарұл есімді жиенім өсіп келеді.
Әйгілі Желтоқсанды осы өлең арқылы одан сайын тани
түсемін.
311
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Желтоқсан алаңы
М. Шаханов:
Тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші “желтоқсанның жалаң аяқтары” деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады. ...
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей алмас.
Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.
***
Дусупов Бақытбек Толеуханович 17 қаңтар 1965 жылы
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жылтау селосында
дүниеге келген.
1972 жылы Зеленое ауылында Совет орта мектебінің 1
сыныбына қабылданған. 1982 жылы Зеленое ауылында Совет
орта мектебін аяқтаған.
312
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ДЮСУПОВ ДҮЙСЕНҒАЗЫ
Желтоқсан оқиғасынан
бір күн бұрын жатақханаға қара
волгамен бір жігіттер келді.
Қонаевты алып тастап, оның
орнына есімі елге белгісіз бір
орыс тағайындалғанын айтты.
Намысы бар жігіттер ертең алаңға
шығатындарын ескертті. Кешке
қарай жатақханада жиналыс ашып,
таңертең бізде алаңға шығамыз деп
келістік. Таң ата жұмысқа бармай,
бірден алаңға қарай беттедік. Жан-
жақтан плакат ұстаған жастар жинала бастады. Ішінде АЗВИ
мен СХИ студенттері бар. Дегенмен адам саны аз болдық.
Студенттерді жібермей жатқанын біліп, «Менің Қазақстаным»
әнімен КазПИ жаққа бет алдық. Корпусты милициялар қоршап,
ешкімді шығармай жатыр екен. Біраз қыз-жігіттер 1-қабат
терезелерінен секіріп түсіп, бізге қосылды.
Содан кейін ЖенПИ жаққа келдік. Мұнда да сол көрініс.
Милициялар қоршап алған. Ол жақтан да студенттер амалын
тауып шығып, қатарымызға қосылып жатты. Бәріміз қайта
алаңға келдік. Алаңда жастар көп жиналыпты. Оған біз де
келіп қосылдық.
Айқай-шу басталды. Алаңға сыймай кеттік. Біраз зиялы
қауым өкілдері трибунадан сөйлеп, бізді тоқтатпақ болды.
Ішінде А. Әшімов, Б.Төлегенова бар. Н. Ә. Назарбаев та
шығып, жастарға басу айтпақшы болды. Бірақ оған жастар
көнбеді. Бізді тоқтату қиын болды. Бір кезде ішімізден он
шақты жастар шығып, ақ үйге сөйлесуге кірді. Олар шықпай,
миллициялар бізді итеріп, алаңнан қумақшы болды. Бастарына
каска киген, қолдарында қалқан, шоқпарлары бар курсанттар
да келді. «Тараңдар!» деп қанша айғайласа да, ешкім орнынан
қозғалмады. Сол сәтте бізге күш көрсетіп, алаңнан қуа бастады.
Біз де дегендеріне көнбей, қарсылық таныттық. Сөйтіп қанды
313
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
төбелес басталып кетті. Бізде ешқандай қару болмағандықтан,
алаңда өсіп тұрған шыршаларды сындырып алып, оларға қарсы
жүгірдік. Қазақ қыздары да аянып қалмай, бізге көмектесе
бастады. Көрші ғимараттың алдындағы мәрмар тастарды
асвальтқа ұрып сындырып, бізге беріп тұрды. Біз оларды
қарсыластарға лақтырамыз. Олар да бізге лақтырады.
Бір кезде өрт сөндіруші машиналар келіп, бізге суық су
шаша бастады. Су болғанымызға қарамастан, машинаның
артқы жағына оралған шлангаларын жұлып алып, алдыңғы
әйнектерін сындыра бастадық. Олар қаша жөнелді.
Арпалысып жүріп, түн жарымы болғанын да білмей қалдым.
Желтоқсанның ызғарлы желі сүйектен өте бастады. Киімімді
ауыстырып алайын деп, жатақханаға қарай беттедім. Қарным
да ашқан. Жатақханаға келсем, кіре берісте милициялар толып
жүр екен. Терезеден кіруге тура келді. Киімімді ауыстырып
алып, жолдасымның үйіне бардым. Ол ештеңе естімепті. Мән-
жайды түсіндіріп, ертеңінде ояна сала екеуіміз алаңға қайта
келдік. Алаңды милиция мен әскери адамдар түгел қоршап
алыпты. Біраз уақыт кіре алмай жүрдік. Сол жерде қасымда
достарым Марат (Сарқанның жігіті), Нурик (Күршімдікі),
Самат (Ұланның жігіті) болды. Зауытта өзіммен бірге туған
бауырым Мұрат та істейтін. «Сен алаңға шықпа! Сотталсам,
мен жалғыз сотталайын» дегеніме қарамастан, ол да кешкі
уақыттарда алаңға шығып жүргенін білдім. Туған қарындасым
Гауһар да кешке қарай сабақтан кейін алаңға шыққанын
артынан естідім.
Біз бұрынғы Фурманов көшесінің бойында тұрдық. Бір
уақытта бір рота солдат бізге қарай айғайлап тұра жүгірді.
Шегінуге мәжбүр болдық. Олар бізге тап берді. Милициялар
да келіп қосылды. Соққының астына алды. Қашып бара
жатып, шалынып, бәріміз құлай бастадық. Тұра беріп едім,
екі солдат қолтығымнан ұстап, басымнан арматурамен салып
қалды. Басыма тиген соққы есеңгіретіп жіберді. Қан саулап
ағып жатыр. Олар мені сүйреп барады. Үкімет үйінің қасында
арнайы машиналарға қыз, жігіттерді тиеп жатқанын көрдім.
Мені сонда апара жатыр еді, бір кезде «Отпустите его! Я сам
314
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
его поведу!», - деген дауыс шықты. Мені сүйреп келе жатқан
екі солдат кетіп қалды. Артыма қарасам, бойы ұзын, мұртты
капитан жігіт тұр. «Жігітім, қаш мына жерден!» деді. Төмен
қарай жүріп, Абай көшесіне түстім. Қан тоқтамай ағып келеді.
Жолдан ЖенПИ-дің таныс қыздары кездесті. Олардан қол
орамал сұрап алып, қанды тоқтатуға тырыстым. Бірақ қан
тоқтамады. Содан кейін қайта жолдасымның үйіне бардым.
Әйелі медбике болып істейтін. Жарамды таңып берді.
Жарақатым ауыр болғандықтан, алаңға шықпауымды өтінді.
Кешке қайта жатақханаға бардым. Милиция қаптап
жүр екен. Артқы жақтағы терезеден кірдім. Ертесі жұмысқа
бардым. Екі күн жұмыста болмағанымды біліп қойыпты.
Бірден жиналысқа салып, комсомол ұйымынан шығарды. Бір
аптадай КГБ жігіттері тергеді. РОВД-ға шақырып, әртүрлі
сұрақтар қояды. Үлкен альбомдағы фотосуреттерді көрсетіп,
кімдерді танитынымды сұрайды. «Білмеймін» деп құтыламын.
Бір аптадан кейін мені тергеушіге өткізіп берді. Ол да күнде
сұрақтың астына алды. Тергеу жұмыстары 5-6 ай уақытқа
созылды. Жатақханадан да қуылдым. Қызылордалық Шора
деген таныс жігіттің, басқа да таныстардың үйін паналап
жүрдім. Бір күні Смагулов Бақтыбек бастаған тоғыз жігіт
Волгаград облысына кірпіш құюға кеттік. Қайтып келіп,
зауытқа бармай, туған ауылым Көкөзекке оралдым. Содан
бері осы ауылда тұрамын. Жеке шаруашылығым бар.
***
Дюсупов Дүйсенғазы Тұрсынұлы 1960 жылы 24 қазанда
бұрынғы Семей облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында
дүниеге келген. 1968-1978 жылдары Үржар ауданы, Көкөзек
(Ириновка) ауылында Көкөзек орта мектебін бітірген. 1979-
1981 жылдары Ауғаныстанда әскери борышын өтеген. 1981-
1986 жылдары Алматыдағы Киров зауытында еңбек еткен.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы. 1987 жылдан
бері ШҚО Үржар ауданы, Көкөзек ауылында тұрады. Үйленген.
Жеке шаруашылығы бар.
315
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ЕСЕНБЕКОВА ГҮЛНАЗИРА
Сол жылдар есімде...
1986 жылы мен Алматы қаласы
Қыздар педагогикалық институтының
1 курс студенті болатынмын. Жасым
он жетіден енді асқан, әлі баламыз.
Бәрін жеңіл ойлаймыз, байыбына
барып та жатпаймыз.
Сол, 17 желтоқсан күні, біз ба-
сты корпуста «Технология материа-
лов» деген пәннен практикалық сабақ
өтіп жатқанбыз. Группадағы қыздар
жүгіріп келіп, «Қыздар, барлық студенттер алаңға жиналып
жатыр екен, жүріңдер шығайық! Қазір 4 курстың қыздары
келіп айтты, «Қонаевты алыпты, бізге орыс басшы болыпты.
Барлығы көтеріліп жатыр!»- деді. Біз болсақ, ойланбастан
жүгіріп шықтық. Сабақ беріп тұрған оқытушы Андрей Захаро-
вич Горбунов түсініп қойып шығармай қойды, бәріміз итеріп
шығып, алаңға қарай бет алдық.
Желтоқсанның суық аязын да елеген жоқпыз, жол бойы
қазақ жігіттері бізді көріп, өздеріне қосып алды. Солай Сейфул-
лин көшесімен Абай даңғылына шығып, Фурманов көшесіндегі
орталық алаңдағы топқа қосылдық. Онда қалың жұрт, оларды
қоршаған милиция, жігіттер қалың топты (толпаны) итеріп,
бізді кіргізді. Біреулері аяқтан шалады, біреулері қолымыздан
тартады, әйтеуір кірдік ішіне. Болып жатқан жағдайды толық
түсіндік, сонымен кешке дейін тұрдық. Топпен кіріп, ығысып,
трибуналға да жеттік.
Содан бір өкілдік шығып, тынышталдырып жатты. Оны
қалың ел тыңдаған жоқ. Кеш те болып қалған, көпшілікпен бірге
«Қазақ үшін алға! Бізге қазақ басшы керек» деп ұрандаттық.
Ымырт бола бастағанда, халыққа ыстық су шашып, одан қала
әскерилер қалқандарын сайлап, ұра бастады. Жұрт бытырап
қаша жөнелді. Группадағы қыздардан Барменбаева Эльмира еке-
316
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
уміз ғана қалыппыз, қорқа бастадық, ысырылып шығып, қаша
жөнелдік. Артымызға қарасақ, өртенген автобус, біз «Океан»
магазиніне жүгіріп кіріп едік, онда орыстар айқайлады. Де-
реу шығып, Сейфуллин көшесіне қарай жүгірген бойда, Абай
даңғылының бойындағы үйлердің арасымен, жатақханаға жеттік.
«Қазақстан» кинотеатрынан бұрыла бергенде орыстың жігіт-
тері бізді қуып, әрең қашып құтылдық. Масанчи көшесіндегі
№3 жатақханаға келіп, есіктен кіре алмай, кураторымыз бізді
терезеден кіргізді. Есіктің алдында тұрған милиция мен ректо-
раттың басшылары екен. Тоңып кеткенбіз. Келесі күні Ленин
комнатасына жинап алып, «оқудан шығасыңдар деп» қорқытты.
Үш күн бойы светті өшіріп тастап төртінші қабатқа жинап алып,
қорқытып ұстады. Келесі күннен бастап қоршаған милиция
асханаға апарып, желкемізде тұрып, тамақ ішкізіп тұрды.
Одан соң көптеген оқиғаларды естідік. Еліміз үшін алаңға
шығып, рухымыздың мықтылығын көрсеттік. Жас болсақ та,
өз еркімізбен, «елімнің бір азаматымын» деп шықтым. Сол
күндеріме мақтанамын. Елім үшін құрбан болсам да өкінбес
едім! 35 жылдың осы оқиғасы тарих қойнауына енді. Менің
құрбыларым бүгінде Желтоқсаншылар ұйымына мүше болып,
көптеген шараларға қатысып жүр. Менің тарихым осы...!
ЕСІРКЕНОВА (АНКЕЖАНОВА) ПАРИДАШ
1984 жылы 10-шы сыныпты
бітіріп, бұрынғы бас қаламыз
Алматыға оқуға тапсыруға келдім,
бағым жанбай, оқуға түсе алмадым.
Алматы қаласында үлкен әпкем
Нағима Анкежанова бас киім тігетін
фабрикада жұмыс жасайтын.
Мен сол кісінің қасына фабри-
каға жұмысқа тұрдым. Жұмысты өте
жақсы атқарып, бригадир санатына
дейін көтерілдім. Фабриканың жа-
317
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тақханасында тұрдым. Жатақхана Байзақ пен Жамбыл көше-
сінің қиылысында орналасқан. 1986 жылы 14-15 желтоқсанда
жатақханадағы есіктерде ақ қағаздар қыстырылып тұрды. Ол
қағазда былай деп жазылған еді: «Алаңға шығамыз! Бізге қо-
сылыңдар! Бізге Қазақ ұлтты Елбасы керек!» – деген сөздер
болды. Қағаздағы бұл сөздер бізді елең еткізді.
16-шы желтоқсан жұмысқа бармай, әпкемнен тығылып,
қыздармен Алаңға қарай жол тарттық. Бұл көтерілістің
басталуына республика халқының пікірімен санаспайтын
Мәскеудегі Орталықтың Ресейдегі Ульянов облысы партия
комитетінің 1-ші хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК-нің 1-ші
хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Орталық алаңға
жастардың жиналып, Д. А. Қонаевты басшылықтан алмауын
сұрап, бейбіт шеруге шыққандарын естіп, бізде келдік.
Содан Байзақов көшесімен жоғары қарай жүріп, Абай
көшесімен алаңға қарай тарттық. Жастар лег-легімен жолдан
қосылып, «Менің Қазақстаным!» деген әнді айтып келеміз,
жазып алған ұрандары бар жастар жолдан біздерге қосылып,
қол ұстасып, қолтықтасып Алаңға жақындай бердік. Бір-
бірімізден қатты жабысып ұстап алғанбыз, өйткені, қолды
жай ұстасаң, солдаттар итеріп алға жылжи алмайсын.
Алаңға жақындағанда қаруланған солдаттар дубинкамен
ұрып, су шашып, шашымыздан сүйреп автобусқа тығып жатты.
Басымнан қатты ұрған кезде есімнен танып қалдым. Есімді
жиғанда, автобуста келеміз, бір жерге әкеліп төкті. Біздер
қатты қорқып, еңіреп, жылап, айғайлап жүріп, әлгі жерден
қараңғы кезде қашып шықтық. Үсті-басымыз қан, киміміз
жыртылған, жаяу жүгіріп жатақханаға келдік, бірақ бізді
кіргізбей қойды.
Ақыры әпкем мені жатақханаға кіргізіп алды. Ертеңінде
жұмыста мені жиналысқа салып, сөгіс беріп, комсомол билетімді
алып алды да жұмыстан шығармақшы болды. Қайта-қайта тек-
серіп, ақыры мені жұмысқа цех бастығым Э. А. М ұзафарова
алып қалды. Мен сол фабрикада екі цех бригадирі болып жұмыс
істегенмін, соның арқасында қалдым жұмыста. Сол кезде қа-
сымда болған Шымкенттен келген Майран аяғынан алған
318
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
соққыдан кейн аяғынан кемтар болып қалды.
1987 жылы күзде оқуға түсіп студент атандым.
Ал мен басымнан, белімнен, арқамнан алған соққыдан
кейін белім ауырып, қатты суықтағаннан аяқ-қолым қатты
сырқырап ауырады. Басым ауырғанда жатып қаламын.
Осы аурулардың барлығы сол кездегі қатты суықта болған
қасіреттен деп ойлаймын.
Бірақ, сол Желтоқсан қасіретінен кейін Егеменді Қазақ
елі болғанымызға қатты қуанамын!!! Болашақ жастарымыз
біз көргенді көрмесін. Еліміз тыныш, Жеріміз аман болсын!
- деймін...
***
Есіркенова (Анкежанова) Паридаш Кәрімбайқызы 1967
жылы 25-ші тамызда, Үржар ауданы, Қайыңды (Восток) ауы-
лында дүниеге келген. 1974 жылы 1-ші сынып табалдырығын
аттап, 1982 жылы мектепті Қарабұлақ ауылында бітірген.
ЖАҚАТАЕВА ШЫНАР
1969 жылы 3 шілдеде Шілікті
ауылында дүниеге келдім. 1976-1986
жылдары аталған ауылдағы мектептен
10 жылдық орта білім алғаннан кейін,
Алматы қаласына оқуға аттандым.
Кәсіптік білім алып жүрген кезімде
Желтоқсан оқиғасы басталып, ұлтжанды,
рухы асқақ жастармен бірге алаңға
шықтым. Группаластарым өзге ұлт
өкілдері болғандықтан сабақтан қашып
шығып, алаңға жалғыз баруыма тура
келді. Қазақ жастарының, елінің тәуелсіздік жолында өздерін
құрбан етуге дайн екендігіне куә болдым, азаттық жолында
күрескен жас патриоттардың ұлтына Отанына деген зор
сүйіспеншілігін көрдім.
319
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Алаңда ығы-жығы толған халық еді... Олардың қолда-
рында әртүрлі мазмұнда ұрандар болды. Жастардың талабына
көнбеген басшылық әскерилермен, милициялармен қорқы-
тып, су шашып, күш қолдана бастады. Танымасақ та, өзімізден
үлкен ағаларымыз бізге жанашырлық танытып, қайтыңдар,
қашыңдар деп, ұсталсақ қамалатынымызды айтып, жан-жаққа
қаша бастадық.
Ал, үшінші күні, алаңға жастар тағы да жиналды. Жан-
жақтан қойылған пост, қорғаныш құралдарымен, бірнеше
қатар әскер алаңның жан-жағынан қоршап тұрды. Жастар да
қайтпады, сол кездегі комсомол ұйымының секретары мен
Роза Бағланова апамыз машинамен аралап жүріп, әр жерге
тоқтап, жастарға басу айтты. Осындай жағдайларды көре
тұра, алаңға ешкімге айтпастан баруым жастығым ба, әлде
еліме деген сүйіспеншілігім бе деген сұрақ көкейімде тұрады...
Қалай болғанда да, Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болғай, көк
аспанымызды бұлт шалмасын дегім келеді.
ЖАҚЫПОВА (ҚОТАНБАЕВА) АНАР
Иә, сол бір төрткүл дүниені дүр сіл-
кіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиға-
сы талай адамдардың жүрегіне өшпе-
стей қаяу салып, небір он екіде бір гүлі
ашылмаған өндірдей ұл-қыздарды тағдыр
тәлкегіне түсіргені баршамызға аян. Со-
дан бері 35 жыл уақыт өтсе де, желтоқ-
сан айы жақындаған сайын ет жүрегім
елжіреп, жүрегім сыздап, кеудедегі терең
күрсініс жанымды қатты мазалайды.
Әлі есімде, сол жылғы қала тұрғындарының айтуында
бұрын болмаған, ерекше шыңылтыр аязды еді. Біз Абай атын-
дағы педагогикалық институттың филология факультетінде
4-курста оқып жүрген болатынбыз. Орталықта оқып, қала
шетіндегі 11-микро ауданда Халық шаруашылығы институ-
тының жатақханасында тұрып жаттық.
320
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
17 желтоқсан күні түнгі сағат 11-де көрші бөлменің төрт
қызы жылап-еңіреп кіріп келді. Бастары жалаңаш, бас киімдері
қолдарында, су боп аязға қатып қалған, пальто, тондары да
қоқиып қатқан, тістері тістеріне тимейді, әрең сөзге келеді. Біз
дереу киімдерін ауыстырып, шәй қойып, мән-жайды сұрауға
кірістік. Оқиға былай болыпты.
Олар ымырт жабыла бастаған кезде Пушкин атындағы
орталық кітапханадан жатақханаға қайтуға шығады. Аялдамаға
жете бере орталық алаңға кетіп бара жатқан бір топ жастарға
кезігіп, солармен бірге алаңға барады. Ештеңеге түсінбеген
олар сұмдықтың көкесін сол жерде көзбен көреді. Алаң толы
жастар, сол жерден қуалау әрекеттері, ұрып-соғу, итпен қуу,
өрт сөндіргіш машинамен су шашу... Бір қыздың пальтосын
ит жыртқан, екі әскери адам оны сүйрелеп әкетіп бара жатқан
жерінен қалған үш қыз жабыла кетіп көмектесіп, төбелесіп-
тартысып, бірін-бірі әрең дегенде шетке алып шығады. Содан
жаяу қашып отырып, аязға үсіп-жығылып жеткен беттері екен.
Олар орталықта мәжіліс болғанын, Д. А.Қонаев
басшылықтан алынып, орнына басқа жақтан Колбин
деген біреудің келгенін хабарлап, ертең алаңға қайта бару
керектігін айтты. Сонымен, не істейміз? Түнімен ұйқы қашты,
жоғарыдағы озбырлық іс-әрекеттерге ашынып, орталықтың
өктемдігіне, қоғамдағы әділетсіздікке алғаш рет көз жеткіздік.
Азаматтық ой-санамыз, ұлттық намысымыз дәл осы кезде
оянды десем артық айтпаған болар едім. Өйткені, бұған
дейінгіміз алаңсыз жастық күндер, қияли махаббатқа шомған
түндер, күнделікті сабақ, бірер аптадан кейінгі сессия қамы,
үзеңгі достар, сырластар еді. Студенттік соңғы жыл, қимай
қоштасар әсем қала Алматы, қызғалдақтай құлпырған жастық,
бақытты шақтар... Міне, осы мамыражай сәтімізді Желтоқсан
ызғары қарып өтті. Махамбет ақынның:
«Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң
Төңірек жаққа қарандық» дегеніндей, біз де түніменен
ақылдасып, ертеңінде алаңға баруға бекіндік.
321
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
17 желтоқсан. ҚазПИ-дың және онымен көрші теат-
р-өнерінің институтының студенттері сабақты тастап, жаяу
лек-легімізбен алаңға келдік. Алаң толы жастар, құмырсқадай
құжынаған халық... Үкімет үйі әскерилермен, солдаттармен
қоршалған. Әскерилерге қарсы біз де сап түзеп тұрдық. Саптың
алдыңғы қатарында жоғары әскери шенділер. Одан кейін ба-
старына темір каска, бір қолда қалқан, екінші қолдарына темір
таяқ ұстап, қалың шинель киген солдаттар. Бейнебір өзіміз
тек кинодан, ия болмаса шетел хабарларынан көретін ортада
тұрғандаймыз. Сұмдық сол сәтте басталды. Біз жақтан бір
қыз, бір жігіт орталыққа келісімге кетті. Олар келгенше біздер:
«Кең екен жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп терлеген
Қазағым мықты ғой!» - деп «Қазақстаным» әнін әуелете
шырқап тұрған едік. Сол кезде кенет: «Я, Аруақ! Я, Абылай!
Аттан, аттан!» деген дауыстар естіліп, айқас басталып кетті.
Төңірек у да шу, шыңғырған, ойбайлаған, ыңырсыған дауыстар
төбе құйқаңды шымырлатады. Дәл топтың алдына шығып
алған біз артқа қашуға бұрылып та үлгермедік. Үйме-жүйме
боп үйелеп құлап жатырмыз, басыңды көтертпейді. Әскерилер
легі үстімізден сүріне-қабына мыжығаны мыжып, аттағаны
аттап, тепкені теуіп өтіп жатыр. Мен бірінің аяғынан тартып
қалып, бірін жығып, екінші біреуінің шинелінің етегінен
322
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қос қолдап жұлқып құлаттым. Екі адам болса да, сүріндіріп
жыққаныма ризамын. Басқадай әрекет қолдан келер емес. Сол
жерде әскери етіктер мен шинелдің етегінен басқа адамның
жүзін көру, бір-біріңнен араша сұрау мүмкін емес-ті, тұруға
да, сытылып шығуға да еш жол жоқ. Қатты тепкі, темір
соққы, шыңғырған дауыс, қан... Кеудемнен тыныстай алмай
қиналамын, мұрыннан аққан қан бет-аузымды жуып кеткен,
сөйлеуге тілім келмейді. Көз де қыраудан әзер ашылады, есімді
әрең білемін. Бір сәтте... әлі есімде, жасы елулер шамасындағы
әскери көк шинелді адам: «Балам-ау, бекер келдің-ау!» деп
көтеріп алып, шеттегі «Береке» нан дүкенінің алдында жылап
тұрған аналардың қасына қалдырып өзі асығыс жүгіріп кетті.
Аналар менің бетімді қармен жуып, аяушылық сезімдерін
білдіріп, алаңдағыларға қарғыс айтып жатыр.
Біраз уақыт өткен соң менің есім кіріп, тұруға ұмтылдым.
Аналардың мені жібергісі жоқ, алайда жолдастарымды тауып
алу қажеттігін түсіндіріп, оларға рахметімді айтып, қайта топ
ішіне кіріп кеттім. Сондағы көргенім: жүк машиналарынан
түскен әскерилер тобы шеңберге жастарды қоршап алып,
резеңке таяқпен ұрып-соғып, күштеп машинаға тиеп жатыр.
323
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Қарсылық білдірген азаматтарды аяусыз тепкілеуде...
Қасымдағы дос құрбым Жарқынның еріні жыртылған, беті
қан-қан, қолғабымен аузын басып алып құрақ ұшып мені
іздеп жүр екен, кезіге кеттік. Жылап көрісіп жатырмыз.
Алаңнан төмен түсіп келе жатып, Абай-Фурманов көшелері
қиылысында бас сүйегі жарылған, бастан аққан қаны ақ қарға
сіңіп, жайылып жатқан, әлдеқашан жан тапсырған қазақ жігітін
көрдік. Ағаларым не ауылдастарым болып қалмасын деп,
жанына барып жүзін дәл көргендегі шошынғанымды сөзбен
айтып жеткізе алмаймын. Кейін білдік, ол – Ербол Сыпатаев
болып шықты. Маған әскери адам көмек көрсетпегенде, мен де
тепкіден талықсып, сол сәтте жан тапсыруым әбден мүмкін еді.
Осылайша, алғаш рет бейбіт
заман әділетсіздігін, өлімді, қанды
көрдік. Артынан қудалану, айыптау,
ол аздай ату жазасы, Қайрат
тағдыры...
Алаңдағы оқиғадан кейін бір
апта оқуды тоқтатып, жатақханада
ұстады. Біздің факультеттен
жоғалған жеті қызды госпитальдан,
түрмеден тауып әкеліп, дереу
комсомолдан, оқудан шығарды. Сессия бір айға шегеріліп,
ауылға таратып жіберді. Алаңды, бізді түсірген камераны
қасымыздағы азаматтар шағып, түсірушіні ұрып тастаған еді.
Суретіміздің жоқтығынан құдай сақтап тергеуге ілінбедік.
Алматы қаласындағы барлық оқу орындарының
студенттері жаппай қысқы демалысқа жіберілді. Мен Семей
облысы, Шұбартау ауданы, «Горный» совхозындағы үйіме
келдім. Ол кезде менің жүріп-тұруға денсаулығым жарамай,
бүйректегі зақымнан ісініп, Семей қаласындағы облыстық
больницаның нефрология бөлімшесінде бір ай ем алдым. Содан
бері сол соққыдан алған қатты зақым салдарынан диспансерлік
есепте тұрамын, жылдың әр мезгілінде ауруханадан көз
ашпаймын.
Алаңдағы шындықты тек әкеме айттым. Әкем сонда
324
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
терең ойланып, көзіне жас алып отырып:
Балам, енді қудалаудан аман болсаң, денсаулығыңды күт,
артын күтейік, - деген еді.
Бүгін, міне сол кездегі қазақ жастарының бас көтеруі
бодандық сеңін бұзып, азаттыққа, тәуелсіздікке бастаған
алғашқы қадам екендігін еске алғанда, ұлт намысын, ел
тәуелсіздігін қорғауға тамшыдай болса да үлес қосқаным
үшін өзімді бақытты сезінемін... Бірақ, бірінші байлық –
денсаулық жоқ... оның өтеуін кім өтер? Желтоқсан оқиғасы
әлі де жадымызда, ызғары – жанымызда...
ЖЕКЕНОВ ОРЫНБЕК
Мен, 1964 жылы 19 қараша күні
Алматы облысы Алакөл ауданы Екпін-
ді ауылында дүниеге келдім. 1972-
1982 жылдары Екпінді орта мектебін
бітірдім. 1982-1984 жылдары Кеңес ар-
миясы қатарында әскери борышымды
атқардым. 1984-1986 жылдары - Укра-
ина Республикасы Кривой Рог қаласы
в/ч 33714 әскери бөлімшесінде, кей-
ін Алакөл ауданы «30 жылдық Қа-
зақстан» колхозында жүргізуші болып жұмыс істедім.
1986 жылы Алматы қаласындағы есеп-кредит
техникумына оқуға түстім. 1986 жылдың 17 желтоқсаны күні
оқуға бара жатып, Космонавт көшесінің бойында, Шевченко
көшесінің қиылысында қазақ жастарына қосылып, Брежнев
атындағы алаңға бардық. Бізді волга автомашинасымен
қазақ генералы бастап жүрді. Алаңда көп таныстарымды
кездестірдім. Рамазанов Марат, Кекліков Серік, Сахов Ербол,
Сейсебеков Айдар (марқұм) тағы басқа көп қыз жігіттерді
Қанат Абеуов, Мырзатаев Сейсен, Керимбеков Тимур,
Мусралиев Марат, Жумагулов Айдын, Мусаев Берік, Искаков
325
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Ербол, т.б. қыз-жігіттер.
17 желтоқсан күні кеш бата өрт сөндіргіш машиналары-
мен су шашып, қуалап, дубинкамен соғып, бәріміз жан- жаққа
қашуға мәжбүр болдық. Менің қасымда Сахов Ербол (Шым-
кент қаласынан) екеуміз бір-бірімізді сүйреп қаштық.
18 желтоқсан күні Сахов Ербол ұсталып оқудан
шығарылды. Мырзатаев Сейсен ұсталып, Бұрындай жаққа
апарып соғып таәкетіліп, соққыға жығылыпты. Сол кеште
жатақханада кездестік. Алаңда жастар біреу сөйлесе, қалғаны
тыңдап, ауызбіршілікті болды.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы, Акжар шағын ауданы,
Усикова 3я (Наурызбай ауданы) тұрамын.
ЖЕКЕНОВА ӘЛИЯ
Мен, 1969 жылы 27 сәуір күні
Алматы облысы, Іле ауданы Байсерке
ауылында туылдым. 1986 жылы Ал-
маты есеп-кредит техникумына оқуға
түстім. 1986 жылы 17 желтоқсан күні
түс уақытында біздің техникумның қа-
сынан Космонавт көшесінің бойымен
жастар өтіп, бүкіл қазақтарды алаңға
шақырып бара жатты. Соларға ілесіп
бізде алаңға бардық. Сол күні кешке
солдаттар итке талатып, таяқпен соғып,
пожарныймен су шашып, бәріміз қаштық. Таяқ жесек те, еш-
кімге арызданбадық. Сесебі, ол уақытта оқудан шығарып,
өкіметке қарсы шықтың деп қудаланатын болдық.
Қазіргі мекен жайым: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,
Усикова 3я көшесі. 1986 жылы тұрмысқа шыққанға дейінгі
тегім - Молдамұратова Әлия Нашенқызы.
326
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ЖЕКСЕНБАЕВА КҮМІС
Мамырсу ауылындағы орта мектепті 1983 жылы бітіріп,
Алматы қаласында «Қыздар педагогикалық» институтына
оқуға түскен Күміс апай, желтоқсан оқиғасында төртінші
курсты бітіруші студент екен. Сол қақтығысты күні таңертесін
сабақта мұғалімдер Мәскеуде Қазақстанның басшысы болып
Колбин тағайындалып қойғаны, енді еш өзгеріс болмайтыны
туралы айтады. Ол түсте жатақханаға келіп отырғанда,
Алматыда оқып жүрген студенттер алаңға шығуға шақырады.
Болып жатқан оқиғаның мән-жайын естіген төртінші, бесінші
жатақхана студенттері жаяу-жалпы орталық алаңға бет алады.
Бұдан арғыны Күміс апай былай түсіндіреді:
- Алаңда Үкімет үйінің алдында үш қатар тізілген
милиция мен әскер жасақтары және өрт сөндіруші
машиналар қатар-қатар тұрды. Сағат кешкі 5-ке дейін «Менің
Қазақстаным» өлеңін қайта-қайта ұрандатып айтумен болдық.
Сағат 5-тен аса бастарында каска, қолдарында дубинкалары бар
әскерлер машинамен келіп, ұрып-соғуға көшті. Құлағандарды
ұстап жабық машинаға лақтырып жатты, алаңдағы шыңғырған,
ыңырсыған дауыстан құлақ тұнды. Мен өзіммен бірге келген
группалас қыздарымның қайда кеткенін білмей қалдым. Көп
студенттермен бірге сол кездегі үлкен гостроном магазин,
ұмытпасам «Окиан» деп аталатын. Әскерлер қуғанда көп
студенттер соған кіріп кеттік. Одан қолдарында дубинкасы бар
әскерлер бізді автобусқа тиеді де, қала шетіне апарып ұрғылап
түсіріп тастады.
Аяқ қолымыз тоңған, түнге қарай, танымаймын, үш- төрт
басқа қыздар мен әзер жолды тауып бір машина шофер бізге
ұрсып, бұларың не өлесіңдер деп, тұратын жатақханамызға
тақау әкеп тастады.
Есіміздің шыққаны сонша, түннің бір уағында жатақха-
наға жетіп, топтағы қыздарды түгендесек, екі қызымыз Марха-
ба мен Зауре жоқ болып шықты. Сол күні екеуін ұстап, ұрып
түрмеге тығып фотоға түсіріп алады. Ертеңінен бізге комсомол
комитетінен келіп, топта күнде түсініктеме алу басталды. Мұн-
327
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
дай құғын-сүргін, жазалау ақпан айында аяқталып, екеуінде
оқудан шығарып, бір түнде Алматы қаласынан кетулерін та-
лап етті. Осы оқиға бізге қатты әсер етті, шын жүрегімізбен
жыладық. Осы оқиға біраз жылдан соң Мархаба желтоқсан-
дықтармен бірге аштық жариялап өз құқығы үшін күрескенін
теледидирда айтылып, ол ақталып шықты. Оны теледидардан
көріп қатты қуандым, қыздарды білетін сіңілдерім де көріп,
сол күні маған звондап құттықтап жатты.
Күміс апай ауылымызда көп жылдар әлеуметтік қызмет
саласында балаларға тәрбиеші болса, бүгінде жастарды
отансүйгіштікке тәрбиелеуде өзіне міндет етіп қойған
кітапханашы, Жанарбек аға екеуі ұлдарын үйлендіріп, бес
немересіне сүйікті ата-апа.
***
Күміс Кинаятқызы 1965 жылы 28 қазанда ШҚО Аягөз
ауданы, Мамырсу ауылында дүниеге келген.
1973 жылы Мамырсу ауылы Сабыржан Ғаббасов
атындағы мектепке 1- сыныпқа барып, 1983 жылы 10 сыныпты
бітірген.
1983 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік
қыздар педогогикалық инситуттіне бірінші курсына кітапхана
факультетіне түскен.
1987 инситутті Семей қаласы Абай атындағы кітапханада
жұмысын бастаған.
Еңбек өтілі: Аягөз ауданы, Ақши ауылдык әкімдігінің
аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы КММ-да
тәрбиеші болып 15 жыл жұмыс атқарған.
1989 жылы Аягөз қаласы Ақши ауылына Карынов
Жанарбек Қалиасқарұлымен отау құрған. Жанұяда екі ұл, бес
немере өсіріп отырған ардақты ана.
328
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ЖУМУКЕНОВ АЙДАРБЕК
Мен Шығыс Қазақстан облысы,
Марқакөл ауданы, Шеңгелді аулында
1965 жылы 5 сәуірде дүниеге келдім.
1982 жылы Боран ауылындағы орта
мектепті бітірдім.
1983 жылы Отан алдындағы
борышымды атқаруға Германияға ат-
тандым. 1985 жылы әскерден келдім.
Сол жылы Алматы қаласына бардым.
Алматы үй құрылыс комбинатына
жұмысқа орналастым.
1986 жылы 17, 18 желтоқсанында «Желтоқсан
көтерілісіне» қатыстым. 2 күнде де алаңға шықтым.
Алаңда сұмдық оқиғалар болып жатты. Әскери солдаттар
алаңдағы жастарды ұрып-соғып, қыздардың шаштарынан
жұлып автобусқа тиеп жатты. Жатақхананың алдына келіп,
жастарды иттерге талаттырып, алаңға шыққан адамдарды
фото суреттерімен іздеп қолдарынан келгенін істеді. Көп
адамдаржоғалып кетті. Қолдарына түскенін автобусқа тиеп
әкетті. Ол адамдар қайтып келмеді. Қазіргі кезде Өскемен
қаласында отбасыммен тұрамын.
Бозбала
Кешегі жап-жас бозбала,
Елім деп шықты тек қана.
Апырмау қандай күш еді,
Қолында жоқ сотка да.
Алаңға шықты алаңсыз,
Ұқсамас олар сотқарға.
Өрімдей ғана қыз-жігіт,
Сілкініс болды қоғамға.
Қырандар биік шыңдар да,
Қарамас дауыл боранға.
329
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Отыз бес жыл өтсе де,
Қырандар әлі тек алда.
Қарғалар мың болса да,
Бас иіп қыран тұрама?
Көк туым менің желбіре,
Дауылды көрген құлама ?
Алпыстан асқан “қыз-жігіт”,
Үлгі боп мәңгі тұр алда,
Ерлігі қалған алаң да...
(Имангалиев К.А.)
ЖУМАДИЛОВ СЕРІК
Уақыт бізді таңдады
«Өмір мен бостандық сол үшін күнделікті күресе
алатындарға ғана лайық».
(Иоганн Волфьганг Гёте)
Мен, 17 желтоқсанның таңында
ҚазПТИ-дің тау-кен факультетінің 5
курс студенті, әдеттегідей, Сәтпае-
ва көшесімен сабаққа бара жаттым.
Институттың маңында жастар тобы-
ры кездесіп, соңғы жаңалық: Д. Қона-
евтың орнына Г. Колбиннің тағайын-
далуын талқылап жатты.
Олардың барлығы жергілікті
емес басқа басшының тағайындалуы-
на ашулы еді. Аудиторияға кіргенде
де республика басшысының тағайын-
далуы туралы дауласып жатқандарын естдім және А. Киселев-
тің қолынан Г. Колбиннің портреті бар «Вечерняя А лма-Ата»
газетін көрдім. Мен оның қолынан портреті бар газетті жұлып
330
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
алып, жыртып тастадым. Сол кезде осы қылығымның маған
қаншалықты қымбатқа түсерін білгенімде...
Астананың барлық түпкірінде әртүрлі жастағы жастар
басшының тағайындалуын талқылап жатты. Бір мезетте
Коммунистік партияның орталық комитетінің ғимаратының
алдындағы Брежнев алаңында түстен кейін бұл жағдайға
байланысты түсіндіру жүргізіледі деген сыбыс келді.
Студенттер алаңға ағыла бастады. Барлығының қолда-
рында Колбиннің кетуін талап еткен ұрандар мен плакаттар.
Бірақ тыныштық ұзаққа созылып, митингке шыққандарға еш-
кім де бір, екі сағат болса да шықпады. Адамдардың шыдамда-
ры таусыла бастады. Сол уақыт аралығында алаңды айнала
милиция қоршап алды.
Мен уақыт өткізу үшін досым «Сазген» ансамблінің
(қазір танымал композитор) жетекшісі Секен Тұрысбековке
Панфилов атындағы паркке қарай бағыттадым. Менен осы
жағдайларды естіп, ол да алаңға жинала бастады.
Біз алаңға келгенде жағдай әлі де бірқалыпты еді. Бірақ
түсіндіруді тоса жалыққан жастар талаптарын айқайлап айта
бастаған. Сағат 16.00-ге таман трибунаға сарғыш пальтосының
бір жеңі жұлынып қалған әйел адам шықты. Ол айқайлап, оны
Фурманова көшісінен милиция қызметкерлері жібермей, сабап,
пальтосын жыртып тастағанын айтты. Бір айта кететін жағдай,
осы сәтке дейін алаңдағы адамдардың ұлттары әртүрлі және
де тіпті әйелдер де балаларымен жүрген болатын. Неше жыл
өткеннен кейінгі түйген ойым: ұзақ уақыт ешкімнің түсіндіруге
шықпағаны, елемей қоюы, трибунада әлгі әйелдің қайдан екені
белгісіз (әлі күнге дейін оның кім екені және трибунаға қалай
шығып алғаны әлі де белгісіз!) шыға келуінің барлығы келесі
жағдайлардың тууына әкеліп соқтырған екен.
Осының барлығына қарамастан жағдай бақылауда еді.
Үлкендер жағы барлық күштерімен бұл жағдайдың алдын
алғысы келсе де, белгісіз біреудің қолы бізді бұл жағдайға
алып келе жатқан екен. Тіпті кейіннен берілген «мас жастар»,
«ұлтшылдық» және басқа да жүректі ауртатын анықтамалар
алдын ала белгіленіп қойған екенін түсіндім.
331
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Мысал келтіре кетейін: «Номерлері жоқ автокөліктер
ішімдіктер әкеп тұрды» делінген баспасөзде, бірақ бұндайды
мен көрмедім. Тек жедел жәрдемнің машиналарын ғана
өткізіп тұрған қоршаудағы алаңға тіпті номері жоқ машиналар
қалай өтер еді. Бұған дәлел ретінде хроникалық фотоларды
қарап шығуға болады. Ол суреттердің бірде-бірінде мұндай
машиналар көрінбейді. Оның орнына қатысушылардың түрлері
анықтап түсірілген, мұндайға тіпті қазіргі аппаратурасы
мықты операторлар да қызығатындай. Алаңда ішіп алғаны бар
жастардың жүрген кездері болды, бірақ үлкендер жағы оларды
алаңнан алыстатуымызды сұрағанда біз оларды алаңнан
шығарып тастап отырдық. Адамдардың барлығы бейбіт те
тыныш жағдайдың түсіндірілуін қалады.
Кешке қарай алаңда Алматылық жоғарғы командалық
және шекаралық училищесінің курсаттарының, ішкі әскер
солдаттарының пайда болуы көпшілікті одан ары ашуландырды.
Тек қана қас қарайғанда ғана трибунаға үкімет басшыла-
ры шықты. Жан-жақтан «Қайта құру жүргізіліп жатса, демо-
кратия қайда?», «Әр халыққа-өз басшысы», «Еш ұлттың, еш
құқығы жоқ!» және т.б. плакаттар жоғары көтерілді.
Жиналғандардың алдында тек бірнеше республика
басшылары шығып олардың тарауын сұрады. Қорқытулар да
басталды, бірақ нақты түсінікті ешкімнің беретін түрі болмады.
Осының барлығы таңнан бері ашуға булыққан жастардың
қарсыласуына әкелді. Жауап ретінде ашуға булыққан айғайлар,
қар кесектері, мұздар ұшты. Соның өзінде де барлығы ешбір
маңызсыз ойын сияқты болып көрініп тұрды.
Ең қорқыныштысы алаңға толық жабдықталған арнайы
жасақтың келуімен басталды. Біз бұндайды тек батыстағы
шеруге шығушыларды қуып: «Капиталистер адамдарға осылай
қарайды» деп айтып жататынан көрген едік. Біз бұның қалай
болатынын өзімізде сезініп көрдік, бірақ алаңнан денелерін
алып кетсе де, жандары сол жерде қалған бауырларымыз бен
қарындастарымызды қайтара алмаймыз.
Ештеңеге қарамастан біз соңына дейін интернациона-
листер болып қалдық. Кешке қарай жақын маңдағы үйлердің
332
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тұрғандары үйлеріне қайта бастады. Біз тұрған жақта Мир-
Cатпаев көшелерінің қиылысында №15 және № 18 автобу-
стардың аялдамасы бар еді. Біз тобымызбен 4-5 адам болып,
өткізілген автобустан (сол уақытқа дейін өткізіп жатқандары-
нан) түскен адамдарды подьездарына дейін шығарып тастап
отырдық. Бірақ осыған қарамастан баспасөздер бізді «ұлтшыл-
дар» деді, себебі олай айту біреулерге тиімді болған көрінеді.
Текетірестің өршуін өрт сөндіру машиналарының
көмегімен шешпекші болды. Бізді күшті брандспойттың
көмегімен, біреуі өртеніп кетсе де, кәдімгідей Фурманова
көшесі жағынан бастап, шәйіп тастады. Су болған шолақ
тоныммен үйіме қарай (тетя Марусияда тұрған пәтеріме) бет
алдым. Бірақ алаңнан шыққандарды жүк мәшинесіне тиеп
алып, тергеуге апарды. Онда бізге осы шерудің «бастаушысы»,
бірталай жастағы ер адамдардың фотоларын көрсетіп, танитын
танымайтынымызды сұрады. Таңдап алған әдістері сенімді
болса да, тіпті қыздар да бұған келісім бермеді.
Таңертең мені және бір жас баланы, зооветеринария
институтында оқиды ғой деймін, ғимараттың айналасындағы
алаңды сыпыртуға алып шықты. Сол сәтте екеуіміз қашып
құтылдық.
Үйге келгенімде тетя Марусия тамақ беріп, өзін сонша
уайымдатқаным үшін ұрсып та алды. Содан ол өзінің көршілері
келіп, оған: «Алаңда орыстарды соғып жатыр, қазір сенің
пәтеріңді жалдаушылар келіп бізді де өлтіреді» деп милиция
шақыруын өтінгендерін күліп тұрып айтып берді.
19 желтоқсанда мен сабаққа бардым. Сол күннен бастап
комсомол институты тәуілік бойы Брежнев алаңындағы
қарсыласу қатысушыларын өз қатарларынан шеттетумен
айналысты. Менің де ісім қаралды. Менің ол жерде болуыма
тау-кен факультетінің порторгі Игбаевтың (аты мен әкесінің
атын білмеймін, білмей-ақ қояйын!) мені алаңда көрдім деп
жеткізуі себеп болды. Барлығына үкім біреу еді: «билетіңізді
үстелге қойыңыз» деген. Дәлізде «Маяк» радиосының
тілшілері жұмыс жасап жүретін. Мүмкін біреулердің есінде бар
шығар, ол сол кезде барлық мезгілде жұмыс жасайтын студия
333
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
болатын. Мен интервью беруге келісіп, шын мәнінде, ондағы
жағдайдың қалай болғандығын және өзімнің ойымның қандай
екенін айтып бердім. Бұл жағдай менің анамның инфаркт алып
қалуына әкеліп соға жаздады. Отанымдағы бір досым мені
радиодан естіп, үйге жүгіріп барып туыстарыма мені «Маяк»
радиосынан естігенін айтқан. Елестетіп көріңіздерші: мемлекет
бойынша толық ақпаратты оқшаулау, бізді даттайтын қысқа
ақпараттар, халықтың ойы – осының барлығын есту деген
қандай анаға болса да ауыр тиері анық.
Мен комсомол билетімді өткізбек болып, «өткізу па-
рағын» алып, қол қойғызу үшін біразын айналып шығып, ең
соңында деканға кірдім. Оның аты-жөні Цехов Алексей Фили-
пович болатын. Ол кісі менің тағдырымның бұлай бұрылғаны-
на келіспей, мені қайтадан Мұнай корпусына апарып, комитет-
ке өзі кіріп шықты. Оның оларды қалай көндіргенін білмеймін,
бірақ 20 минут өткен соң мені кабинетке кіргізіп, факультет
деканының сұрауы бойынша комсомол С. Жұмаділовтың жеке
ісі қайта қаралатынын айтты. Қортындысында қайта дауыс
беріп, жеке істегі «Желтоқсан оқиғасындағы Брежнев алаңын-
дағы көпшілікті ұйымдастырғаны үшін» деп жазылған қатаң
сөгіспен шектелді. Осы сәттегі есімде қалаған жағдай: сол
жерде отырған орыстар - «Қатаң сөгіске» дауыс берсе, қазақтар
- «Алдыңғы шешімді өзгертусіз қалдыруға» дауыс бергені. Мен
бірақ оларды сөкпеймін. Өйткені бұл жүкті олар өздерімен
бірге ала кетерін білемін. Маған сол да жеткілікті. Олардың
ендігі егеменді мемлекеттің игілігіне «еңбек» етіп жүргеніне
сенімдімін. Олардың өмірбаяны біздікімен салыстырғанда
тап-таза екені анық!
Бұнымен жағдайлармен бұл істің біте қалуына ерте
еді, өйткені Игбаевтың жеткізуі мен екі топтағы балалардың
өтініші МҚК кабинетіне дейін жетті. Осы сәтте тағдырым
мені тағы да бір жақсы адаммен жолықтырды. Бұл азамат
менің өмірімдегі ең маңызды рөл атқарған. Ол – МҚК аға
лейтенанты Дутбаев Нартай Нұртаевич (Кейіннен ҚР ҰҚК).
Емтиханға дейін, тіпті күнделікті десе де болады, мені не МҚК
не милицияға шақыртатын. Дипломды қорғауға жіберердің
334
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
алдындағы ғылыми коммунизмнің мемлекеттік емитханынан
өткізбей қоя ма деген де сенімсіздік болды.
Емтихан тапсыру кезінде мынадай жағдай болды: билет
бойынша сұрақтарға беске жауап бердім. Өзім сұралатынын
біліп жүрген сұм сұрақта қойылды: «Брежнев алағындағы
қарсыласуға не себепті қатыстыңыз? Мен бұл сұраққа жауап
бермейтінімді айттым. Тағдырым осы сәтте де маған күліп
қарап, тапсырып отырған пәнімнің оқытушысы, атақты
профессор С. Тұраров комииссия мүшелерінің ойын бөліп:
«Менің студентім пәнді үздік білетінін көрсетті. Сұрақ
қоймасақ та болады!» - деді.
Әрине, қызыл диплом бермесі анық еді. Сонымен
қоса, офицер атағын да жоққа шығарды. Баязитов Нариман
Хакимовичтің (қазір қайтыс болған) басшылығымен
кафедрасында тау-кен ісі бойынша оқуымды жалғастыруға
да рұқсат бермеді.
Сонымен қатар, жылдың басында кен орындарына бөлу
болғанда онда менің фамилиям жоқ еді, өйткені мен кафедрада
қалуым керек еді. Менің таңдауым да жоқ еді.
Бұл жерде мені негізі Верхберезовка ауылынан болған
досым Сергей Шахов (өкінішке орай, енді марқұм) өзіне бөлін-
ген Ертіс полиметалл комбинатындағы орнын маған беруімен
бір сыннан құтқарып қалды. Ал оның өзі болса Риддерге кетті.
Кейіннен өзім сол ауылдың әкімі болып тағайындалған, Алтай
ауылындағы Ертіс кенішінде жұмысымды бастадым.
Міне 30 жыл өзіміздің қаншама ата-бабамыз өз өмір-
лерін беріп, аңсап кеткен тәуелсіз елде тұрып келеміз. Қан-
шама уақыт өтті. Уақыт барлығын өз орнына қояды. Біздерге,
желтоқсан оқиғасының қатысушыларына Кеңес өкіметін құла-
тушылар деген даңқ керек емес. Бізді уақыттың өзі таңдаға-
нына мақтанамыз!
335
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ЖҰМЕКЕН ЛӘЙЛӘ
Алаңдағы алты қыз
1984 жылы орта мектепті бітір-
ген соң, Алматыдағы С.М. Киров
атындағы Қазақ мемлекеттік уни-
верситетінің филология факультетіне
түстім.
1986 жылы қазақ жеріндегі ең
әсем, еңселі ғимаратта, 3-курста оқып
жүрген кезіміз ғой... Алда - намы-
сыңды жанитын, біліміңді сынайтын,
шыдамың мен төзіміңді қайрайтын
қысқы сессия. Үкілі үмітіміз, асқақ
арманымыз шығандап тұрған сәт. Қыздармен бірге 513-бөлмеде
әңгіме-дүкен құрып, біріміз шай қамымен, біріміз киім үтіктеп,
біріміз айнаға қарап, жайма-шуақ отырғанбыз.
Жаңадан салынған тұрағымыздың сол кездегі сән-сал-
танаты ерекше-тін: егіз қозыдай жатақханалар Алатау етегін-
де алашабыр бұлттан жауған аппақ қарға оранып жатқан-ды.
Балконға шығар терезеден жатақханамыздың сырт жағындағы
ағаштарға көз сала жүріп, әркім өз тіршілігімізбен әуреміз.
Сөйте жүре сол кезде бүкіл студент қауымының төсегінің қа-
бырғасына қағылған, велосипедпен қашып бара жатқан қоян
мен оны мотоциклмен қуып келе жатқан қасқыр бейнеленген
жұқа кілемше тұсына ілінетін «Арман» деп аталатын шағын
радионы да тыңдай жүреміз.
Шап-шағын ғана «Арманнан» әсем ән, күмбірлеген күй,
ертегі, жаңалықтар төгіліп жатады. Түс ауа, кешкі мезгілде
жаңалықтардан Д.А. Қонаевтың орнына басқа жанның, Улья-
новскіден келген Г.В. Колбиннің келгенін естігенімізде тосын
хабарға аңтарылып қалдық. Бізді айран-асыр еткені - рес-
публика қауымына мүлдем таныс емес адамның келуі және
пленумның аяқ асты өтуі болды.
Бөлмедегі қызылордалық Жеңісгүл Ермаханова, гурьевтік
336
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
(бүгінгі Атырау) Айгүл Өтеғалиева үшеуіміз осы мәселелермен
бас қатырып отырғанымызда секциялық тұрағымызға топтасы-
мыз, қызылордалық Майра Сағындықова келді. Бір-бірімізге
естігенімізді асыға-аптыға айтудамыз. Сол кезде Майра жа-
тақхана студенттерінің орталық алаңға өз ойларын, наразы-
лықтарын білдіруге шыққалы жатқандықтарын жеткізді.
Бөлмедегі үшеуіміз жиналып шыққанымызда қарсы бөл-
меде тұратын бір курс жоғары оқитын қызылордалық Жаныба-
ева Қалдыгүлмен кездесіп қалдық. «Біз ол жерге әділдік іздеп
барамыз»,- деді жоғары ақылы стипендиямен оқитын, бәріміз
үлгі тұтатын Қалдыгүл. Қалдыгүлге өзімен бірге оқитын орта
бойлы, қарақат көзді қостанайлық құрбысы Әсия (фамилиясын
ұмыттым) қосылды. Біз төмен түсіп, далаға шыққанымызда
көпшілік студенттердің тосын хабарды ести сала алаңға кетіп
қалғандарын білдік.
КазГУградтың Алатауға қарар
төбелері жағындағы әл-Фараби
даңғылымен қатынайтын №66, 100-
інші автобустарының аялдамасына
жеткенше пленум шешіміне қарсы
пікіріміз ұлғая бастады, топтанған
қыз-жігіттер қарасы да молайды.
Фурманов көшесімен ызғытып
келе жатқан автобусымыз Брежнев
алаңының қарасы көрінісімен-ақ
жүрісін баяулата бастады. Себебі
жол ережесін бұзып көшені кесіп
өтіп жатқан жаяу жүргіншілер көп екен. Сол жаққа көз тіккен
автобус ішінде отырған әртүрлі ұлт өкілдерінде үн жоқ. Олар
аяқ асты болған саяси жағдайдың тым ауыр екендігін айтпай-
ақ түсінетін секілді.
Аялдамадан түскеннен-ақ үкімет үйіне таман адам
қарасы молайып, ұран салғандар, талап етушілер дауысы
естіле бастады. Бұл алаң бізге бұрыннан өте жақсы
таныс: мереке, мейрам кезінде жалаулатқан, ұрандатқан
транспаранттарымызды, шар, гүлімізді алып, әнімізді салып,
337
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қол бұлғай мінбедегі Дінмұхаммед атамыз бастаған ел
қызметіндегілерге шаттықпен есендесе өтетінбіз.
Бұл күнгі келіс мүлдем бөлек еді. Бұл келіс - өзіндік ел
басқару құқығы тапталған, ұлт ретінде ар-намысы жоққа шыға-
рылған, өктемшіл орталыққа өзіндік ойын, құқын жеткізбек
болған, ашынған халықтың үнін жеткізушілердің жанайқайы
болатын. Алаңға жиналғандардың дені біз қатарлы өрімдей
жастар: ауа райының сол күнгі суықтығына қарамастан жеңіл
киініп, жалаңбас жүргендері де байқалады. Көпшілік жігіттер
құлақшын, шапка, пальто, куртка; қыздарда пальто, куртка,
бастарында сол кездегі сәнді тоқыма берет, ұзын шарф, құндыз
бөрік киген.
Бір сәт қана бақылап тұрған біздер топтанып тұрғандар
жанына жақындадық. Қызуқанды қазақпыз ғой, аузынан
жалын ата сөйлеп тұрғандар пікірін естігенде манадан айтып
келе жатқан ойымыздың мүдделес екендігіне көзіміз жетті.
Ленин өсиетінің бұрмаланғандығы, ана тіліміздің жетімсіреуі,
қазақ топырағына аяғын да баспаған адамның ел тізгінін
қолға алуға келуі, ұлтымызды басқа ұлт өкілдерінің шеттетуі,
қалада тұрғын үйлерде өз ұлтымыздың аз тұрып, жалдамалы
пәтер кезіп жүргендігі, орталықтың нағыз отаршыл бейнесінің
ашылғандығы, тағы да басқа мәселелерді бірімен бірі таласа
айтқандардың көкейінен субұрқақтай атылды.
Бір шеттен «Менің Қазақстаным» әнін бастаған жігіт
даусы естіліп еді, барлығы қостай жөнелді. Жиналғандар
талабын жеткізуші топ жасақталып, олар үкімет үйіне қарай
кетті. Салтанатты шеру өтетін мінберге шығып сөйлеушілерді
ешкім тыңдай қоймады, себебі ол жігіттердің қолында
микрофон жоқ еді.
Бір заматта бәрі дүрліге қалды, «Генерал келді», - деп.
Жанымдағы бір қыздың айтуы бойынша, ол белгілі генерал
екен. Орта бойлы, тарамыс келген, әскери киімді, егделеу кісі
жастардың ортасында қалды, жастардың ашу-ызаға булыққан,
наразы пікірлерін тыңдап үнсіз тұрды. Бір жігіт оның сұр түсті
папахасын жайымен басынан алып: «Біз, міне, осылай бассыз
қалдық қой, аға...» - деді. Генерал ештеңе деместен жастардың
338
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қоршауында тұра берді. Ой-пікірлерін жарыса айтқан жастар
сөзіне дәнеңе демеді.
Бір мезетте микрофоннан: «Қыздар мен жігіттер! Ор-
талықтың пленумының шешімі өзгермейді, жатақтарыңа
қайтыңдар!» деген ер адамның дауысы естілді. Жастардың
микрофонсыз айтылған жауабын микрофон иесі, әрине, есті-
меді. Мүмкін, естігісі де келмеді.
Қараңғы түскен кез еді, орталық алаңның ортасында жа-
рық жанып тұрғанмен де шетте, сәл көмескілеу жерде тұрған
жастар әлденені нұсқай шу ете қалды. Алаң у да шу болып
кетті. Не болғанын ұқпай, байыптап болғанша «Шегініңдер,
қашыңдар!» деген қыздардың дауысы естілді. Алаңның күнба-
тыс жағынан аузынан су бүркіп келе жатқан машина көрінді, ес
жинай, бір-бірімізді сүйреп шетке ығыстық, аңдамай қалғандар
суға малшынып, басқалар құтқармақ боп, алаңның басқа жағы
әлі ұрандатып, өмірімізде көріп-білмеген жайт орын алды.
Мана талап-тілектерін білдірмекші боп үкімет үйіне
кеткендерден хабар болмады. Болуы да мүмкін емес еді, өй-
ткені бірін-бір біліп болмайтын жағдай орын алды. Бәрібір
адам саны көбейе берді. Өзіндік мүдделерін айтушылар да
молая берді. Алаңның күншығыс жағында қарына қызыл белгі
байлағандар пайда болды.
Жастар жағы мүлдем дайын емес еді. Қарсылық біл-
дірушілерді ұстамақ болғандарға кейбір жігіттер жентектел-
ген қар лақтырып қана қарсылық көрсетті. Иә, күш мүлдем
тең емес еді... Жалаң қолмен шыққан көзсіз батырларға орта-
лықтың адуын бұйрығын орындаушылар қарсы шықты. «Бұлай
болмайды, біз азбыз, олар көп, жастарды жинап әкелейік!»
деген пікірлер айтылды, ойланып тұрсақ - жалаң қол, жен-
тектелген қар... қарсыластарымызға мүлдем әсер етпейді екен.
Өзімізден жоғары курс оқитын Қалдыгүл мен Әсияны
қара-құрым халықтың арасынан таба алмадық. Жатақхана-
мызға қайтатын көлік жолдары адамға толы, ол жаққа бару
мүмкін емес. Пушкин кітапханасына барар жолға әрең шығып,
такси тоқтатайық десек, басқа күндері сылаң қағып жетіп ке-
лер таксиі құрғырлар зуылдап өтіп жатыр, ешқайсысы мой-
339
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ын бұрмайды. Әбден құр сүлдеріміз қалғанда бір жеңіл ма-
шина тоқтап, отырғызып, шала қазақтілді жүргізуші қалада
жағдайдың қиын екендігін, жастар талабының бәрібір орын-
далмайтындығын, қазақтар өздерінің «кім екендігін» ойлануы
керектігін айтты. Кеңестік тәрбиеге көрген біздер ол кісімен
де «кім екендігін» деген екіұшті сөзі үшін біраз жерге дейін
пікірталастырдық. Тимирязев көшесі арқылы кірген такси
жүргізушісі бізден тым қымбат жолақысын алып, жатақхана-
мызға жеткізбей түсіріп кетті. Мына аласапыранға куә болған
біздер жатақханаға келіп сөзді неден бастарымызды білмей
дағдардық, өйткені айтар жайт өте көп еді.
Алаңға бірге барған осы алты қыз қазіргі таңда еліміздегі
ең құрметті мамандық иелері: біреуі - ғалым, екеуі - мұғалім,
біреуі - ақын, біреуі -продюссер, біреуі – зерттеуші-журналист.
Жастар тұрды Алаңда
Желтоқсан сайын жетім боп,
Бір жылап алар жүрек бар...
Е. Раушанов
Айттың не,
айтпадың не - бәрібір ғой,
Сен жайлы бәрімізде бір ғана ой,
Жанарымда сол кезгі оқиға тұр -
Бодандыққа қарсылық, көрсеткен бой.
Алаң тұр
түнеріп ап, бүгіп сырды,
Хабары Орталықтың төбеге ұрды,
Өрімдей ұл мен қызы ашынуда,
Сезбестен алда тұрған азап, сорды.
Қара көз
оттай жанып, шоқтануда,
Қарсы тұрмақ темір мен тосқан уға.
340
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
«Қалжа жеген анамыз Ұлы қайда?»-
Мінбеге ұран салып тоқталуда.
Керек емес
ешкімге, керек емес,
Қостаған жасы үлкен ерек емес.
Қайыңдай ұл мен қызың майысады,
Үлкендер жоқ - олар бізге терек емес!
Өрімдей
жастар тұрды сол Алаңда,
Құрдасым, сіңілім, бәлкім, бірі - ағам ба,
Қазақтың талшыбық қызы тұрды -
Тағдыр төніп, төзімді сынағанда.
Үлкендер жоқ,
сол күні көргенім жоқ,
Олар жайлы арам ой тергенім жоқ,
Іштей ғана Ұлылар жайлы ойладым -
Біреуге елігіп, мен ергенім жоқ.
Қазақтың
үзілмейтін бауы қайда?
Асқақтыққа шақырар тауы қайда?
Үлкендер жоқ, оларды көрмегенбіз,
Жай күндері ұрандар сауы қайда?
Машина өтіп кетті суын шашып,
Жауқазынға жайқалған уын шашып,
Микрофоннан өктем бір үн естілді,
Ұрандаған жастардың шуын басып.
Сол бір үн
құлағымда қалған мәңгі,
341
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Ашынды жастар тағы үннен әлгі.
«Өзгермейді Орталық шешімі!» -деп,
Қайталаған есектей мәнсіз әнді.
Жұқа пальто,
шапка мен ұзын шарф -
Нағыз Қазақ жиылды ұран салып,
Желтоқсанның кешкі сол аязында
Батырлықты тұңғыш рет көргем анық.
Ұл-қызы
қазағымның Алаңда тұр,
Түнерген аспаным да кеңестік сұр,
Жалаң қол, жүрегі ыстық ұрпағыңды,
Шоқпары бодандықтың, ал, кәне, ұр!
Жентектеп қар атқылап, қылған қайрат,
Үйіне үкімет сөз сап, қаны қайнап,
Сол ғана мен көрген күн желтоқсанда –
Тұр еді нағыз Қазақтың көзі жайнап!
Жылдар өтті,
шашылған бір тарымыз,
Мазалайды сол кездегі Арымыз,
«Желтоқсан алауы» тек бір көрінді,
Режиссері Жәнібекжан* - бір барымыз.
Тағы көрдім,
тағы көрдім сол күнді,
Суын шашқан машинаны сол түнгі.
Құлағыма жетті дауыс: «Ағалар!» -
Үлкендерсіз, баба іздеген бір үнді.
Бір жарқ етті
Жәнібектің филімі,
Қарып өтті тұстастардың Күйігі,
342
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Экраннан іздеп жүрмін тағы да,
Сол болды ма мүмкіндігі, иіні?!
Қайда, қайда Желтоқсанның түйіні?!
Қайда, қайда құрдастардың биігі?!
*(Жәнібек – Жаңабай Жетіруов – КазГУ-лік, филолог,
«Желтоқсан алауы» деректі фильмінің режиссері).
***
Жұмекенова Ләйлә Кәкенқызы 1966 жылы Шығыс
Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Шеңгелді ауылында
дүниеге келген.
ЖҮНІСБЕКОВА (ЖАРҚЫМБАЕВА) ҚАЙША
1983 жылы Алматы қаласын-
дағы Қазақтың мемлекеттік қыздар пе-
дагогикалық институтына математика
мамандығы бойынша оқуға түскен-
мін. Желтоқсан көтерілісі болған кез-
де IV курс студенті едім. 1986 жылы
17желтоқсан күні таңертең дос қызым
Сапарғалиева Раушан Алдабергенқы-
зы екеуміз және де басқа да қыздар
келісім бойынша екі-үштен бөлініп
жатақханадан шығып Алматының
Брежнев атындағы алаңына жиналдық.
Бейбіт шеруге жиналғандар студент және жұмысшы жастар еді.
Бұл шерудің себеп салдары бәріңізге мәлім. Жиналған көпшілік
республика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А. Қонаевтың
өзінің келіп түсіндіруін талап етті.
Сонымен қатар жұмысшы жастар жастар өздерінің әле-
уметтік жағдайларын, тұрғын үй мәселесін, жұмыс тапшы-
лығын өзекті өткір мәселе ретінде қойды. Қарусыз бейбіт ше-
343
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
руге шыққан жастарды қарулы әскер күштеп қуа бастады. Сол
кезде әртүрлі жан түршігерлік оқиғаларға куә болдық. Біздің
факультетте оқитын 1-курс студенті басынан қатты соққы алып
үйіне қайтарылды, кейіннен оқудан шығып қалғанын естідік.
Ертесінен бастап бізді сағат сайын түгендеп, жатақхана-
дан оқу корпусына дейін санап апарып, санап алып қайтатын
болды. Бұл жағдай біраз уақытқа дейін созылды.
1987-1989 жылдар аралығында Келдемұрат ауылын-
дағы Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепте математика
пәнінің мұғалімі болдым.
1989 жылдан бастап Қаратал орта мектеп бақшасыда
математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келем. Қазіргі
таңда отбасылымын, үш баланың анасымын.
***
Жүнісбекова (Жарқымбаева) Қайша Бейсенқызы
1966 жылы 18 наурызда Семей облысы Мақаншы ауданы,
Благодарное ауылында дүниеге келген.
1973 жылы Қызыл жұлдыз ауылында 1- сыныпқа барған.
1976-1983 жылдары Мақаншы ауылындағы Сәкен Сейфуллин
атындағы орта мектепті бітірген.
344
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ИҚЫМБАЕВА РАЙГҮЛ
Бұрынғы Семей облысы, Үржар
ауданы, Үржар ауылында 1964 жылы
23 желтоқсанда дүниеге келдім. 1982
жылға дейін Елтай ауылында тұрдым.
Сол жылы Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектепті бітіріп, Алматы қаласын-
дағы Абай атындағы Қазақ педагогика-
лық институтының физика-математика
факультетіне түстім.
1986 жылы аталмыш оқу орнының
5-курсына өткен болатынмын.
16 желтоқсан күні әдеттегідей барлығымыз сабаққа ба-
рып, жатақханаға оралғанымызда есіктегі парақшаларды (ли-
стовкалар) оқыдық. Онда «Қазақстан КПОК кезектен тыс Пле-
нум өткізіп, Д. А. Қонаевтың орнына Колбин деген басқа ұлт
өкілін сайлапты. Қазақтар, бойларыңда ата-баба рухы болса,
қазақпыз десеңдер алаңға шығыңдар. Әрбір ұлт өз елін өздері
басқаруы тиіс, - деген мағынада жазылған.
Сол 17 желтоқсанға қараған түні жатақхананың есіктерін
жауып, кезекшілікте мұғалімдер мен
милиция өкілдері отырды. Есіктен
шыға алмасымызды біліп, екін-
ші этаждағы ас үйдің терезесінен
секіріп түсіп, Абай даңғылы бойы-
мен қолдарында «Долой Колбина!»,
«Колбин, кет», «Қазақстанға қазақ
басшы!», «Қазақстан жасай бер-
сін!», - деген ұрандары бар «Менің
Қазақстаным» (қазіргі гимн) әнін
шырқап келе жатқан жастарға қо-
сылып алаңға бардым.
Алаңда ығы-жығы адам көп екен, мінбеден шығып сөйле-
гендер «Тұрмаңдар, тараңдар!»,- дейді. Бірақ оларды тыңдаған
адам жоқ, үсті-үстіне келіп қосылып жатты. Біздің мақсатымыз:
345
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қазақ елін қазақ азаматының басқаруын жеткізу еді. Сондай
мақсат, талаптарды жеткізген кезде, бізді милиционерлер қуып,
соға бастады. Бәріміз жан-жаққа қаштық. Қайта жиналдық.
Алдыңғы жақтан шыққан солдаттар кезіккендерді соққыға
жығып жатты. Олар жиналғандарды қуып, таратуға әрекеттенді.
Тықсырып қуған кезде кейбір адамдар құлап, аяққа басылып
та жатты. Ондай басылып қалғандарды самосвал қорабына
лақтырып, алып кетіп жатты.
Бірге шыққан қыздар жанталаста бөлініп, бөлініп ада-
сып қалдық. Түн ортасы ауғанда бөлмемізге жаяу келдік. Есік
жабық. Алаңға бармай қалған орыс тобының жігіттері артқы
есікті шағып, содан ішке кіргізіп алды.
Түнімен дұрыс ұйықтай алмадым. Таңертең ұстаздар
келіп, түгендеп, жиналыс ашты. «Жатақханадан шықпаңдар,
ешқайда бармаңдар, құрисыңдар!», - деп қатты ескертті. Өздері
кезекшілік атқарып, қажетті тағамдарды алуға ғана бір-бірден
жіберіп отырды. Бірақ біз оған қарамадық. Алаңға тағы бар-
дық. Әбүйір болғанда жарақат алмадым. Одан кейін қаншама
тергеу-тексеруде болдым. Құдай сақтап қалды деп ойлаймын.
КАТРАНОВА (ПАНИНОВА) ГҮЛБИРА
Ол Алматыға келіп,
жоғары оқу орнына балы
жетпегендіктен, қаладағы №3
ГПТУ-ға құжаттарын тапсы-
рады. 1984 жылы училищені
бітіргеннен кейін, қаладағы
бас киімдер фабрикасына
жұмысқа тұрады. Ал 1986
жылы Алматы технологиялық
институтының кешкі бөліміне түседі. Сөйтіп, 1986 жылдың
желтоқсан айында Гүлбира күндіз – бас киімдер фабрика-
сында, кешке – технологиялық институттың кешкі бөлімінде
оқып жүрді. Фабрикада өзі жұмыс істеген бригадада Гүлнәр
346
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Әбылқайырова бригадир, ал Гүлбира комсорг болып қоғамдық
жұмыспен белсенді айналысады.
1986 жылдың 17 желтоқсанында Гүлбира әдеттегідей
күндіз жұмыстан кейін, кешкі сабаққа барады. Студенттердің
көбі сабаққа келмегендіктен, сабақ өткізілмеді. Автобуспен
жатақханаға келе жатқан Гүлбира көліктегі 1-2 орыс ұлтты
егде адамдардың келесідей өзара әңгімесін құлағы шалып
қалады: «Қазақ жастары қалада неше түрлі бұзақылық жасап,
бір жерлерде машиналарды төңкеріп, өртеп жіберіпті, бір жер-
лерде бала-бақшалардағы орыс балаларын өлтіріп кетіпті-мыс».
Жатақханаға келіп, қасындағы қыздарға тамақ жасап, содан
кейін біраз дем алайын», - деп ойлайды. Кешкі 23.00 шама-
сында қыздар жұмыстан келеді. Олар өздерінің арнайы авто-
буспен келгендерін айтады. Қыздар келе салысымен, алаңға
бармақшы боп, жиналады. Әкімшілік жатақхананың есігін жа-
уып, ешкімді сыртқа шығармай қояды. Қыздар оған қарамастан,
2-қабаттағы балконнан секіріп, алаңға топ-топқа бөлініп кете
барады. Гүлбира да бармақ болған екен, бірақ бірге тұратын
Жанар атты қыз жүрегі қысылып ауырып қалғандықтан, оның
қасында қалып қояды.
Келесі 18 желтоқсан
күні Гүлбира жұмысқа барма-
стан алаңға барып, не болып
жатқанын өз көзімен көрмекші
болады. Түскі сағат 12.00 ша-
масында қыздар жан-жақтан
жинала бастайды. Түнде кет-
кен қыздардың көбін мили-
ция бөлімдеріне алып кетіпті.
Оларды алаңнан қайтып келе
жатқанда, милицияның кезек-
ші наряд қызметкерлері ұстап,
ұрып-соғыпты. Қыздардың
айтқан әңгімелерін естіп,
алаңға келген соң, жастардың жинала бастағанын көреді.
Жиналған он шақты қыз үндеу қағаз жазып алып таратайық,
347
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
- деп келісіп, оны іске асырады. Орысша «Долой Колбина!»,
«Нам не нужен русский!» деп жазады да, бөліп алады. Жол-
жөнекей оларды әрбір жерге жапсырады. Тіпті қалалық соттың
алдында тұрған машиналардың шынысына да жапсырып ке-
теді. Алаңға кетіп бара жатқан бір топ жастарды көріп, оларға
қосыла кетеді. Алаңға дейін ешқандай іс-қимыл жасамай, ке-
дергісіз жетеді. Ешқандай бұзақылық байқалмайды. Олар-
дың ойынша осы шеру бейбіт жолмен шешілу тиіс сияқты
еді. Алайда, алаңға жеткенде, олар қаз-қатар тұрған әскери
адамдардың түгелдей қару-жарақпен, дубинкамен, техника-
мен жабдықталғандарын көреді. Алдыңғы қатарда бірыңғай
қазақ жігіттері.
Алаңға шыққан жастар тарапынан ешқандай заң бұзушы-
лықтар байқалмайды. Бір жерлерде ән айтылса, кейбір жер-
лерден өз ойларын ортаға сап бөлісіп тұрған жастарды көреді.
Әскери қызметкерлер қайта-қайта келіп, таралуларын сұрайды.
Бірақ, жастар тарай қоймайды. Сөйтіп, қас қарайып, кеш түседі.
Сол кезде өрт сөндіруші машиналар алаңға келіп, су мен оқ
атыла бастайды. Жастар жан-жаққа қаша жөнеледі. Біреулер
шалынып құлап жатса, ал кейбіреулері су атқылағандықтан
құлап жатады. Сөйтіп, жастардың көбі 18 желтоқсанды алаңда
өткізеді. Кешкі сағат 20.00-21.00 шамасында қыздар жатақха-
наға келеді. Сол түні көптеген қыздар түнеуге келмейді. Себебі,
оларды милиция бөлімдеріне алып кеткен екенін кейін естиді.
Келесі күні, 19 желтоқсанда Гүлбира жұмысқа шығып,
біраз әріптестерінің жұмысқа келмегенін көреді. 20 желтоқсан-
нан бастап, ұжымдарда жиналыстар өткізіле бастайды. Алаңға
барған, жұмысқа шықпаған қыздарды жұмыстан, комсомолдан
шығара бастайды. Шамамен, 24-27 желтоқсан күндері, бастық
оны қалалық прокуратураның шақыртып жатқанын айтып,
сонда жібереді. Прокуратураға келгенде, оны жас орыс тер-
геуші тергеп, қағаздарды көрсетеді. Гүлбира оларды бірден
тани кетеді, себебі өздері жазған үндеулер екенін көреді. Бірақ,
арасында қазақша жазылғандары бар екен. Тергеуші үндеулерді
олардың жазғанын сараптама анықтағанын айтады. Сонымен,
17-18 желтоқсан күндері алаңға шығып, үндеу таратқандары
348
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
үшін үстерінен қылмыстық іс қозғалады. Тергеу басталып
кетеді. Қыздарды біртіндеп жауапқа шақыра бастайды. Тер-
геу екі айға созылады. Тілхатпен әзірше бостандықта жүреді.
Алайда, сотқа бес қыздың қылмыстық ісі жіберіліп, қалғандары
куә ретінде өтеді. Барлық айып: ұйымдастырушы - бригадир
Гүлнар Әбылқайырова мен оны іске асырып мәтінін жазған
комсорг Гүлбира Панинова болып шыға келеді.
Сонымен, 1987 жылдың 27 наурызында Алматы қалалық
сотының үкімімен Гүлбира Панинова алаңға барып, Желтоқсан
оқиғасына қатысқаны үшін ҚазССР ҚК-нің 60-65 баптарымен 2
жылға сотталады. Адвокаттары Жоғары Сотқа арызданса да, 1987
жылдың 8-ші маусымынан бастап 1-ші қыркүйегі аралығында
ІІМ-нің ЛА - 155/4 Арнайы Мекемесінде жазасын өтейді.
01.09.1987 жылғы
ҚазССР Жоғары Сот
шешімімен босап шығып,
сот үкімі 2 жылға кейін
шегіндіріледі.
Ал ҚазССР Жоғары
Сотының Пленумының
Қаулысына сәйкес 1990
жылдың 20 наурыз күні
толық ақталып шығады.
1995 жылдың 3
тамызы күні Қазақстан
Республикасының «Көп-
шілік саяси қуғын-сүргін
құрбандарын реабили-
тациялау туралы» Заңы
бойынша №1675 9Г сери-
ялы күәлігі беріледі.
Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Катранова (Панинова)
Гүлбира Төлеубайқызы 2016 жылы 25 сәуір айында, елу
жасына 40 күн қалғанда қайтыс болды. Артында жолдасы,
қызы мен ұлы, туған-туысқандары қалды.
Желтоқсантанушы, зерттеуші, журналист Болатбек
349