The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanzhar.kuderov, 2022-12-07 05:34:32

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қолмен құрсанған солдаттарға қарсы, тек қана «алға!» деп
ұрыс саламыз, ешкімнің де шегінгілері жоқ. Бірақ қаруланған
солдаттар қоймайды, артқа қарай ығыстырады. Біз қайтадан
алдыға шығамыз. Осылай түн ауғанша ұрыс салдық. Алаң
қан-жоса болды. Қыздарымыз көйлектерінің етегін жыртып жа-
рақаттарымызды таңып береді. Қайталап кірісеміз. Таңға жуық
шаршап-шалдығып, ту-талақайымыз шығып, үйге қайттық.

Ертеңінде сабаққа келсем, сабақ болмайтын сияқты, бірақ
топтың барлығы дерлік сабаққа келіпті, түгелін ертіп (топтың
старостасы едім) тағы Брежнев алаңына бардық, алаң толған
солдаттар. Кешегіден бірнеше есе көп. Тағы айқайлап ұран-
датып жүрміз.

Сол күні басымнан аямай соққы алдым. Есімнен танып
қалыппын (сотрясения мозга), екі қазақтың жігіті сүйреп келе
жатқанда есімді жидым. Әйтеуір әбүйір болғанда, ұсталмай
Ленин көшесіне жетіп, сол жерде шеруге қайтадан қосылдық
(бір айта кететіні сол екі жігітпен кейіннен 2019 жылы жо-
лықтым, есімдері: Орынбек, Серік болып шықты).

Шеру енді алаңға беттей алмай, Ленин көшесімен төмен
қарай жылжыдық. Жазушылар Одағына барып ақыл-кеңес
берулерін сұрамақшы болып едік, ешкім шықпай қойды. Тек,
бір әйел адам ғана шығып, балаларым босқа құрбан болатын
болдыңдар ғой деп егіліп жылады. Оның кім екені есімде жоқ.

Күндізгі екілердің шамасында бұл қарсылықты да тас-
талқан қылып таратты.

Желтоқсан оқиғасынан кейін үш айдай тергеуде жүрдім.
Мен ұсталмасамда топты алаңға алып шықанымды білген,
соны мойындатамыз деген оймен тергеудің небір амал-тәсіл-
дерін қолданды. Ұрды-соқты, намысыма тиетін айтпаған
сөздері жоқ, бір жазғанымды отыз рет жазғызды. Жазудан
сәл ауытқушылық болса басым бәлеге қалатын еді. Абырой
болғанда менде аяғына дейін шыдап бақтым. Бір орыс капи-
таны қалайда сені мойындатып, түрмеде шірітемін деп жанын
салып еді, арманы орындалмай, аман-есен құтылып шықтым.

Тергеуде жүрген кезде Бекбаев Бейіл деген азамат-
пен таныс болдым, ол байланыс техникумында оқиды екен,

500

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

бір-бірімізге әрқашан қолдау көрсетіп жүрдік, ол азамат та
сотталмай құтылып кетті.

Бұл бір менің ғана басымнан өткен жағдай, ал қаншама
ұл-қыздарымыз осы Тәуелсіздік жолында құрбан болды.

Қазір жүрегім ауырады. Өйткені, алаңда болған қанша
боздақтарымыз құрбан болып, іздеусіз, сұраусыз қалды.

Сол замандағы жастарымыздың рухына басымды иемін,
Қызыл Компартияның қылышынан қан тамып тұрғанда, жалаң
қолмен жасқанбай сол жүйеге қарсы тұрды және оны жеңуге
болатынына сенді,
мойымады, жасқан-
бады, қайтпады, ба-
старын тігіп өздерін
құрбан етті. Алаңда
болған әрбір азамат
Тәуелсіздіктің қар-
лығашы болып мәңгі
есімізде сақталады..

***
Сарманов Тоқтарғазы Халилулаұлы 1965 жылы, наурыз
айының жетісі күні бұрынғы Семей облысы, Аягөз қаласында
дүниеге келген. Әкесі - Сарманов Халилула Құттықожаұлы.
Анасы - Сарманова Закен Нұрқасымқызы (ата-анасы екеуі де
қазіргі кезде мәңгілік мекен-жайына аттанған).
1965 жылы әке-шешесі Шығыс Қазақстан облысы, Тар-
бағатай (Ақсуат) ауданы, Кіндікті ауылына жұмыс бабымен
көшіп келеді. Тоқтарғазы 1972 жылы сол ауылда мектеп та-
балдырығын аттаған. 1980 жылы сегізінші сыныпты аяқтап,
ілгеріде айтылғандай, Семей қаласындағы құрылыс технику-
мына оқуға түскен.
Қазіргі уақытта Семей қаласында Буксирная көшесі, 42-
үйде тұрады. Қалалық JELTOQSAN-86 қоғамдық бірлестігінің
төрағасы. Отбасы бар, үш бала тәрбиелеп, Тәуелсіз Қазақстан-
дағы үлгілі отбасының бірі ретінде өмір сүруде.

501

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
САЯБАЕВ МЫРЗАСАДЫҚ

Менің отансүйгіштік сезімім мәңгілік өшпейді

Балалық шағым ауылда өткендік-
тен, ауыл шаруашылығына өте жақын
болдым. Сол себепті, 1980-1982 жылда-
ры аралығында СПТУ-111 училищесін-
де тракторист-машинист мамандығын
меңгеріп шықтым. Бір жыл көлемінде
ауыл шаруашылығында еңбектендім.

1983-1985 жылдар аралығында
Ресей елінің Волгоград қаласында
әскери борышымды өтедім. Үлгілі
солдат атандым.
Арманым, арман қала Алматыны бағындыру еді. Жұмыс
өтілімді 1986 жылы қаңтар айында Алматыда желдеткіш
тетіктерін жасайтын зауытта жүргізуші болып бастаған едім.
Жатақханамыз «Таугүл» шағынауданында орналасқан еді.
Желтоқсан айының 17-і күні жұмысқа бара жатып,
қолдарына ұран сөздер жазылған плакат көтерген қыз-
жігіттерді көрдім. Ұрандары ұлт мәселесіне қатысты. Бұл
бірден басымды ойға жетеледі. Бұған дейін көрмеген оқиға.
Сөйтсем, Дінмұхамед Ахметұлының орнына Колбин деген
біреу келіпті. Соған наразылық білдірген топ екен.
Бірден қаным қызды. Жұмысты тастап, Нұрбосынов
Әділ, марқұм Бақабаев Қалибек, марқұм Кенесаров Райымбек,
Ботабаев Мұрат есімді жан достар әлгі лекке қосылдық та
кеттік.
Жалындаған жастармыз ғой ел, жер десе рухымыз
оянады. Елге деген жанашырлығымыз асып-тасып тұрған
кезі, бірден алаңға бет алдық. Одан кейінгі әңгіме елдің бәріне
етене таныс. Оған 35 жыл болды. Бәлкім, айтылып бітпейтін
де шығар. Өйткені, бұл қазақтың өлмейтін тарихы. Өкініштісі,
күні бүгінге дейін саяси бағасын алған жоқ.
Өзімнің осы көтеріліске қатысқанымды ерлік санаймын.

502

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Айтып жүретін ауыр оқиғалардың бәрінің куәгері ғана емес,
қаhарманымын. Қолға түстім. Автобусқа тиеп жатқан сәтте
бүкіл күш жігерімді жиып, қолдарынан сытылып шықтым.

Алаңға барғанымды білген басшылар шүйлікті. Әйтеуір,
жұмысты жақсы істейтінімнің арқасында қуылмадым. Өзге
достарымнан естігенім сол тұрақтанып жатқан жатақханам
тәртіп сақшыларымен құрықталыпты, соны естіп, «Өжет»
поселкесінде тұратын Сәрсен атты туысқанымның үйіне барып
қонып жүрдім. Алайда, алаңға шығудың амалын ойластырған
едім. Алаңда жүрген достарымды тастауға қимадым. Бар ойым
сол алаңға шығып, ұрандап қазақ жастарымен бірге болу еді.

Сол заманның саясаты көптеген жастардың арманына
тосқауыл болды, кей достарым жұмыстан, оқып жатқан оқу
орындарынан шығып қалды.

Мен де осы оқиғалардың салдарынан жұмыстан шығып,
туған жеріме оралдым. Туып өскен жерімде сол бұрынғы
жұмысыма орналастым, 1989 жылға дейін тракторшы болып
істедім. Сол жылы отбасылы болдым.

Қазақ елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін Желтоқсан
оқиғасына қатысқан барлық жастардың іс-әрекеті мәңгіге
есімде. Осынау жастардың көзсіз әрекеттерінің нәтижесінде
Қазақстан Тәуелсіздігін алды деп ойлаймын.

1995 жылы Тәуелсіз Қазақстан алдындағы әскери
міндетімді өтеу мақсатында, келісімшарт түрінде әскери
қызметке орналастым. Әскери қызмет атқару қиын болғанымен,
Отан алдындағы борышымды өтеу міндет деп білемін.

Жаңа ғасыр, яғни 2008 жылы ҚР Қарулы күштері
қызметінен зейнеткерлікке шықтым. Әрине, қызметіммен
қимастық сезіммен қоштастым. Қазіргі таңда артымнан ерген
ұрпағым - екі ұлым әкесінің ізін қуып, әскери қызметте. Мен
оларды мақтан етемін. Қазіргі таңда құдайға шүкіршілік етемін,
толық отбасымыз екі қырандай ұлымнан - 5 немерем бар.

Адам ұрпағымен гүлденеді дегендей. Немере әрдайым
ыстық қой. Оларда атасының Отан қорғау жолында құрбан
бола жаздағаны жайлы естіп, ұлықтап келеді. Желтоқсан
оқиғасына қатысқан азаматтармен оқиға құрбандары болған

503

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жандарды үнемі еске алып, бас қосып, мұң шерімізді басып
отырамыз. Менің қазақ еліме деген отансүйгіштік сезімім
мәңгілік өшпейді.

Әр елдің тарихында ерекше орын алатын күн -
Тәуелсіздікке қол жеткізген күн. «Тәуелсіздік», «егемендік»
- өте бір есте сақталатын, ұмытылмайтын қастерлі сөздер.
Тәуелсіздік – халқымыздың аңсап, қан төгіп, тер төгіп жеткен
күні. Қазақ жері - біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа
қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.

Болашақ жастарға айтарым, елімізде қандай жағдай
болмасын, үнемі еңселеріңді көтеріп, Отанымыз үшін
кеуделеріңді оққа төсейтіндей, халқыңды қауіпсіздіктен
сақтайтындай батыл да, батыр болулары. Қазір міне, тәуелсіз
еліміз гүлденіп, нұрланып келеді. Осы күнімізге шүкіршілік
етейік, Қазақ елі.

***

Саябаев Мырзасадық Ошанұлы - 1965 жылы, 10
қарашада Семей облысы, Үржар ауданы, Үржар селосында
дүниеге келген. Ата-анасы қарапайым адамдар, әкесі - Саябаев
Ошан, анасы - Саябаева Рысжамал. Мырзасадық көп балалы
отбасында, 12 ағайынды. Қазір 9 ағайынды. Бауырларының
барлығы қарапайым, қазақи тәрбие алып, қазақтың -дәстүрін
дәріптеп келе жатыр және әрқайсысының өз отбасылары мен
кәсіптері бар.

Ол 1972-1980 жылдар аралығында Семей облысы
Үржар ауданы, Үржар селосы, Абай атындағы орта мектептің
8 сыныбын бітірген. Жоғарыда айтылғандай, одан әрі
оқуын жалғап, 1980-1982 жылдары аралығында СПТУ-111
училищесінде тракторист-машинист мамандығын меңгерген.

504

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
СӘРСЕНБАЕВ ЕСІМЖАН

Мен Алматы қаласына 1985
жылы келдім. 1986 жылғы жетоқ-
сан көтерілісіне бастан-аяқ қатыс­
тым.

Көтерілістің бірінші күні
күндіз бейбіт шерумен басталды.
Өкімет әскері қас қарая естерін
жинап, су шашатын машиналарын
іске қосты. Мұздай қаруланған,
қалқандары бойларымен бірдей
әскерлер резеңке сойылдарымен
жиналған топты тықсыра бастады. Сол кезде ашуға булыққан
алаңдағы жастар жалаң қолдарымен қаймықпай қарсы тұрып,
әскерлермен қақтығыса кетті. Ол кезде мен Алматы «КульБыт-
Строй» тресінің №8 Құрылыс Монтаж Басқармасында істедім.
Жатақханамыз Жароков пен Жандосов көшелерінің қиылысын-
да орналасқан еді. Қатар тұрған екі жатақхананың тұрғындары
түгелге жуығы барды. (Бірен-саран жатақхана кеңесінің мүше-
лерінен басқалары). Және сол кезде СМУ-15 деп аталған аудан
құырылыс жатақханаларына толы еді, Дежнев пен Мұстафин
көшелерінің қиылысында орналасқан болатын. Олардың бәрі
бізге қосылды. Жолдан «Жобалау институтының» маңындағы
қандай да бір оқу орынының жатақханасының қыздарын қо-
сып алдық. Оларды қамап, шығармай отыр екен. Шынжырмен
құлыпталған есікті сындырып жатқанда, декандары қазақ екен,
бізге разы болғаны ма, әлде жүрексінгені ме, күлімсіреп, бір
ауыз сөз айтпай қарап тұрды.
Менің қасымда шығыстың жігіттерінен Қырықбаев
Төлеубек, Дүкенбаев Серік (суреттегі), Раханов Дәукен,
Оспанов Талғат, Мырзаханов Бейбітхан, Әмірғазин Серік,
Бағлаев Бәке, және қырғыздың Чороев Жәнібек деген жігіті
болды. Сол кездегі жас шамасына қарасақ олардың барлығы
ерекше батырлық көрсетті.
Бізді көтерілістің үшінші күні адамдардың қарсылығы

505

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

әлсіреген кезде қолға түсірді. Бәрімізді топырлатып ұрып-
соғып, Урал және автобустарға тиеп, советский РОВД-ға
алып келді. Біз машинадан түскенде тосын сыйдың көкесі
болды. Олар адамдардан құралған ұзын дәліз құрап дайын тұр
екен. (Егер адам деуге тұратын болса) Бізді сол дәліз арқылы
жібергенде алдынан өткендерді әлі жеткенше ұрумен болды.
Тіпті дәліз құрап тұрғандардың ішінде орыстың жәй адамдары
да болды. Соның ішінде Зайсанның Кижиков Серік деген
жігіті таяқ жеп жатқан қызды денесімен жауып жығылған
кезде, соққының бәрін өз басына қабылдап, қазір қояншық
(эпилепсия) ауруына ұшырады. Уақытында емделе алмады.
Себебі ол кезде ауруханаға барған жастарды орыс тілді немесе
ұлты орыс шовинист дәрігер сымақтар өкіметке ұстап беріп
жатты. Оның әйелі Айсұлу 15 тәулікке қамалып шықты.

Ал біздің ауылдың тағы бір азаматы Әділханов Халелхан,
ол кезде қайда оқығанын білмедім, трибунаны уақытша басып
алғанда «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген»- деген өлеңді
оқып, жиналған жастардың рухын қатты көтеріп жігерлендіріп
жіберді. Қазір Алматы қаласында тұрады, бірнеше кітаптың
авторы. Алаңда ерлік көрсеткен аялуы қарындастардың да
аты жөндерініңі есіме түскендердің бірі Шагирова Мусфира
Даутхановна есімде. Қыздар алаңның қарсы бетіндегі үйлердің
«ракушка» жабындыларын сындырып, жігіттерге кесек ретінде
лақтыруға дайындады.

Ал біз, Дүкенбаев Серік пен Қырықбаев Төлеубек
үшеуіміз жарты жыл бойы Бақанастың алыс совхоздарының
бірінде қашып, бас сауғалап жүрдік. Өйткені бәрін қайтадан
асықпай тергеуге шақырып, содан қамай бастады. Орыстың
шовинист жастары білегіне үйінен қызыл шүбереке байлап,
өтірік ерікті жасақ болып, келе жатқан қазақ жігіттерін таяқтың
астына алатын болды. Неге екенін, соған бірнеше күнге дейін
құқық қорғаушылар көздерін жұмды.

Кезіндегі халық пен партия біртұтас деген былшылға
Лениннің бейнесіне табынып келген халық Кеңестің
басқыншының шын бейнесін көрді.

Міне, содан бері 35 жыл өтті. Менің есімде қалғаны,

506

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

өз ішімізден басшыларының айтағына еріп, жолдастарын
ұстап берген ерікті жасаққа қосылып, көтерілісті басуға
шыққандар болды. Қазір үйлі-баранды болып, түк болмағандай
балаларының қасында өмір сүріп жатыр. Балаларының бетіне
шіркеу болмасын деп, атын атауды жөн көрмедім. Аты есіме
түспеген иықтастарым, ерліктің үлгісін көрсеткен апай-
қарындастарым, бәрімізді айтпады деп жазғыра көрмеңдер.
Қаншама жыл өтсе де, бейнелерің ешқашан өшпейді.

СӘТИЕВ БОЛАТБЕК

1986 жылғы Алматыдағы
желтоқсан көтерілісін еске алу,
сол оқиғаға қатысқан әр қазақ
азаматы тәрізді мен үшін де зор
қасірет... Өйткені, сонау 35 жыл
бұрынғы ызғарлы түннің елесі
өмірімде ұмытылмастай ізін
қалдырып, еріксіз еске түсіруде...

1986 жылдың шілде
айында өзім қатарлас жастар
тәрізді, арман қала Алматыға
жұмыс іздеп бардым. Сөйтіп, кезіндегі Қаскелең ауданындағы
Пригородный кеңшарының, Киров селосында құрылысқа
жұмысқа кірістім... Ол кезде 21 жаста едім.
Сол жылы, яғни, 1986 жылы 16 желтоқсанда жұмыста
жүргенімде ҚКОК-ның І хатшысы Д. А. Қонаевтың орнына
Мәскеуден жіберілген есімі елге белгісіз орыс өкілін қойға-
лы жатыр екен деген хабарды естідік. Бұл хабарды ести сала,
анық-қанығын білмекші болып, қасымдағы Ермек, Ғалым есімді
жігіттер мен жездем Ниязбеков Оралханмен бірге алаңға келдік.
Алаңда жиналған өзіміз сияқты жастар көп екен.
Жастардың өзара әңгімелескен сөздерінен Отанына деген
сүйіспеншіліктері, береке-бірліктері, елі үшін алаңдаушылық
сезімдері байқалып тұрды. Олар да мән-жайды білмек болып

507

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

келгендерін айтты. Содан соң сап түзеп тұрған бірінші
қатардағы каска киген әскерлермен сөйлесіп тұрдық. Көпшілігі
қазақ, қырғыз балалары екен. Екінші қатарда тұрған әскерлер
орыс ұлтынан екенін байқадық. Не болғанын түсінбей
тұрғанымызда алаңға қарусыз жастарға қарсы қаруланған
әскерлер тап берді. Олар саперлік күрекпен, дубинкамен
тағы басқа да қарулармен жабдықталған. Жастарды тарату
мақсатымен өрт сөндіретін машинамен көпшілікке су шашты.
Өзімізді қорғау мақсатында біз де әскерлерге қарсы шықтық.

Сондай аласапыранда кенет басыма желке тұстан қатты
соққы тиіп құлағанымда, екі аяғымнан ұстап сүйретіп әкетті.
Қанша уақыт өткенін білмеймін, есімнен танып қалыппын.
Есімді жисам, автобустың қасында тұрған әскери адамдардың
алдына апарып тастапты. Өз-өзіме келгенімді көріп қазақ
әскери азаматтарының бірі «Қонаев саған не берді? Бәрін
бастап жүрген осы жастар!»- деп, одан сайын солдаттарға
соққыға жыққызды. Сүйреген беті автобустың ішіне кіргізді,
іші темір тормен екіге бөлінген.

Автобус толған қанға боялған жастар.Тормен бөлінген
түпкі жағына қап-қап ұнды бірінің үстіне бірін үйіп
тастағандай адамдарды лақтырып толтырып тастағанын
көргенде, бұл не сұмдық деп шошып кеттім. Солдаттар одан
сайын аямай соққыға жығып, бетімді қан басып кетті. Сол
мезетте толық денелі, бойшаң қазақ офицері мені автобустан
түсіріп алып, жедел жәрдем көлігіне сүйрей жөнелді.
Ауруханаға келгенімде жарақаттанған көп жастарды көрдім.
Қатты соққының салдарынан басым, бет-аузым ісіп, қабағым
жырылып, ерінім бөлініп кеткен екен. Есімнен танып жатып,
оларды қалай тіккенін сезбеппін.

Оянып есімді жия бастағанда қазақ медбикелері мені
ауруханадан шығарып жіберуге тырысты. Медбикенің біреуі
фамилиямды сұрады, мен аузымды қимылдата алмай әрең
дегенде «Сатиев» дедім. Бірақ медбике менің сөзімді түсінбей
«Садуақасов» екен деп айтып, жазғызып жатты. Сөйтті де,
медбике мені орнымнан демеп тұрғызып, «Әскери адамдар
келмей тұрғанда қашып кетіңіз» деп, далаға аурухананың

508

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

артқы есігінен шығарып жіберді.
Түннің қай уағы екенін білмеймін аяз бетімді қарып,

басымды тоңдырды. Өзім тым әлсіз болғандықтан, ұзақ
жүре алмай, көзіме түскен бір орындыққа отыра кеттім. Бір
уақытта қарды басып жүріп келе жатқан адамның жүрісі таяп
келе жатқанын сездім. Орнымнан тұрып қашуға әл-дәрменім
болмағандықтан, ұсталсам ұсталайын деп отыра бердім.
Басымды әрең көтеріп қарап едім, әскери шендегі адамға
ұқсаттым. «Әй, балам, болмады ғой, болмады» - деп басын
шайқады. Мені қолтығымнан көтеріп, жетектеп үйіне апарды.
Көп жүрмегенімізге қарағанда үйі таяу маңда болған сияқты.
Үйінде жасырынып, жүре алмай 2 күн жаттым. Бет-аузым
ісініп, ерінім тігілгендіктен дұрыс сөйлей алмадым. Үйіне
апарған адамның «Апайың больницада жатыр еді...» деп, өзі
күріштің суын дайындап, трубкамен маған ішкізгені есімде
қалыпты...

Ұйықтап кеткен екенмін, ана кісі мені оятты. Шошып
оянып, көзім бірден ілулі тұрған шинельге түсті. Әскери адам
болған соң, мені ұстап берген екен деп ойладым. Сөйтсем,
жұмысқа барып келген сияқты, «Ана жақтағы жастардың
жағдайы қиын болып жатыр...» деп қынжылды. Сосын
«Бауырым, кейін мына аласапыран басылғанда, апай-жездеңді
ертіп кел, жақынырақ танысайық» деді.

Тәуір бола бастағанымда Заря восток поселкесінде
тұратын апай-жездемнің үйіне жетуіме көмектесті. Бетімнің
жарасын өзінің мойын орамалымен (шарф) тұмшалап
жасырып орап, автобусқа жетектеп әкеліп отырғызып жіберді.
Бір өкініштісі өзіме жолығып, көмектескен қайырымды
адамның аты-жөні есімде қалмапты. Өмірімді құтқарған сол
бір қазақ азаматына алғысым шексіз... Кейіннен сол адамды
тауып, алғыс айтуға сәті түспегеніне өкінемін.

Апай-жездемнің үйіне келсем, мені жоғалып кетті
деп, апайларым, туысқаным Садықова Гүлжанат барлығы
жылап отыр екен. 15-20 күндей трубкамен тек сұйық тамақ
іштім. Бет-аузымдағы жарақаттарым дұрыс тігілмегендіктен,
тігілген жіптері түспей, талай уақыт бейнет көрдім. Осындай

509

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

аласапыран кезде мен туралы ақпарат бермеген Пригородный
кеңшарындағы жұмыстағы басшыларыма және бірге жұмыс
істеген азаматтарға көп рахмет айтамын. Осы оқиғадан кейін
1987 жылдың басында туған ауылыма қайттым...

Бүгінде 56 жасқа келсем де, «Желтоқсан оқиғасының
қасіреті» өмірімнен өшер емес... Қасіретті желтоқсан оқиғасы
қаншама жастардың өмірін қырышынынан қиып құрбан етті.
Мен сол түні өз жастығымды, болашақ өмірімді, ең баға жетпес
қазынам – Денсаулығымды құрбан етіппін. Қаншама жылдар,
күндер өтсе де, күндіз-түні жаным қиналып, денсаулығым
сыр берген сәтте көрген соққының зардабын қайта сезінгендей
боламын. Амал қанша, жоғалтқанымды қалпына келтіре
алмасым жаныма батады.

Десе де, Аллаға шүкір, 1989 жылы жұбайым Гүлбаршын-
мен отбасын құрып, 5 бала сүйіп отырмын. Өзімнің кіндік
қаным тамған жер - киелі Құйғанда тұрып жатырмын.

***
Сәтиев Болатбек

Жетпісұлы 1965 жылы, 3
қазанда Шығыс Қазақстан
облысы, Тарбағатай ауданы,
Құйған ауылында дүниеге
келген. 1983 жылы Қа-
зақстанның 40 жылдығы
атындағы орта мектепті
бітіріп, 1983-1985 жыл-
дары Қызылорда облысы,
Ленск қаласында Отан ал-
дындағы борышын өтеген.

510

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
СЕЙІТОВА НҰРШАТ

1986 жылдың 17 желтоқсан күні
болатын. Біздер Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық институтының
үшінші курс студенттері едік. Күн-
делікті сабақ өтіп жатқан, 10 минуттық
үзілісте даладағы айғай-шуды естіп,
корпустың терезесінен қарасақ, Сей-
фуллин даңғылының бойымен ағылып
бара жатқан жастарды көрдік. Жастар
«ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ - ҚАЗАҚ БАСШЫ КЕ-
РЕК», «НАМЫСТЫ ҚОРҒАЙЫҚ”, т.б. ұрандар айтып кетіп
бара жатты.
Біздер: Мекеева Майра, Ағалиева Әйгүл, Тыхметова
Гүлнәр, Майғаранова Әлия, Баянғазина Майгул, Зейнуллина
Дина және мен патриоттық намысымызға тырысып, сабақтан
қашып шықтық. Көшедегі жастарға қосылып, Республика
алаңына бет алдық. Бірнеше көшені артқа тастап, жаяу, алаңға
жеттік. Сол топпен бірге алаңда жүрген жастарға қосылып,
айғайлап, талабымызды айттық, «Менің Қазақстаным» әнін
айтып, үлкен үмітте жүрдік.
Желтоқсаншылардың ішкі ызасын білдіргендей күн
де ызғарлы еді. Алаңда жүргендердің көзінде от, жандары
жігерлі, ештеңеден қорықпады. Алматының бірнеше жұмыс
орындарынан, завод-фабрикаларынан, оқу орындарынан
жиналған студенттер, жұмысшылар алаңға жинала бастады.
Бірге барған қыздар сол үлкен топтың ішінде бір-
бірімізден адасып қалдық (олардың ақталуына мен куә бола
аламын). Қандай қайраттансақ та, бойымызды үрей де билеп
тұрды. Алаңда жүрген студент жастардың ішінде Байланыс
техникумында оқитын Сағадиева Назигүл деген қызбен
таныстым, екеуіміз бар дауысымызбен басқалардан қалыспай
үн қосуда болдық. Біздер ортада, шетімізде 2-3 қатар милиция,
солдаттар жасағы қоршап тұрды.
Суыққа тоңып, әрі-бері жүріп, әлсіреп түс ауған соң

511

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қоршаудан шығып бара жатқанымда мендей жас қыз-
жігіттерді милициялар аямай резеңке шоқпарларымен ұрып
жатқанын көрдім. Жанұшырып, қалай құтыларымды білмей
жүгіре жөнелдім. Жан-жақтан тиген таяқтан ессіз құлап
жатқандар көп еді, солардың бірі мен болдым. Солдаттар жүре
алатындарды милиция машинасына тиеді, ал әлсіз қалғандарды
Зил көлігінің қорабына лақтырып жатты. Мен көппен бірге Зил
машинасына түстім. Үсті-басы қан-жоса, киімдері жыртық,
әлсіреген 30 шақты жастарды Бутаковка өзенінің бойына әкеп,
қоқыс төккендей төгіп тастап, кете барды.

Кеш батып, түн болды. Қатты соққыдан бас жарылып,
қол сынғандар көп. Сөйтіп, кемедегінің жаны бір дегендей
бір-бірімізге көмектесіп, сүйретіп жолға шықтық. Қол көтеріп,
өткен-кеткен машинаны тоқтаттық. Үсті-басымыздың қанын
көріп, “обалы жоқ” дегендей бірнеше машина тоқтамады.
Түнгі онға тақау бір жеңіл машинаға іліндім, шамасы барлар
отырдық. Бізге жаны ашып, баратын жерімізге дейін жеткізді,
жолда қалғандар қаншама. Есеңгіреп отырып жүргізушінің
атын да сұрамаппын, машинаның маркасы көк түсті Волга
болатын, бейтаныс адамға алғысым шексіз. Қалтарыстағы
қармен беті-қолымның қанын ешкім көріп қоймасын деп
тазалап, жаным түршігіп жатақханаға жеттім. Алаңға бірге
барып, адасып қалған қыздарым да мен сияқты әртүрлі
қиындықты бастарынан өткізіпті. Денеміздегі жараны,
көгергенді ешкімге көрсетпей жасырын емделдік.

Мен осылай желтоқсан оқиғасына куә болдым. Ертеңгісін
18 желтоқсанда КНБ кызметкері келіп, мені корпусқа алып
кетті. “Мені оқудан шығарып, жазаға тартатын болды-ау» деп
қатты қиналып кеттім. Ол кезде мен үшінші курс студентімін
және өзіміз тұратын жатақхананың коменданты болатынмын.
Әлгі КНБ қызметкері мені бір аудиторияға кіргізіп, 2 жәшік
алаңда қатысушылардың фотосын көрсетті. “Танитын студент-
терді анықтап айтасың, жасырсаң жауапқа тартамыз” - деді.

Маған тікелей қатысты емес екеніне іштей қуанып, көзіме
жас алдым. 4 сағат тергеп, фотоларды тексертіп, менен жауап ала
алмады. Топтың ішінде жүрген өз фотомды көрдім (сәті болған-

512

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

да алыстан анық түспеген), онымен қоса өз институтымның
қыздарының фотосын көрдім. Мен тек мында біздің студенттер
жоқ деумен шектелдім. Таяқ етімізден өтіп, сүйегімізге жетсе
де саяси құрбан болмайық деп шыдамдылық таныттық.

Осы күнге дейін көрген қорлығымыз ойыма түссе, жаным
түршігеді. Тәуелсіздік Қазақстанға оңай жолмен келген жоқ,
бұл тек менің ғана басымнан өткен оқиға. Кішкене болса да
өз үлесімді қостым деп ойлаймын.

***
Сейітова Нұршат Файзоллақызы, Шығыс Қазақстан
облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ селосының тумасы, казіргі
тұрғылықты жері Алматы қаласы.

СЕЙІТБАТТАЛОВ СЕРІКХАН

1985 жылы Отан алдындағы
борышымды атқарып келіп, Алма-
ты қаласына бардым. Онда УПТК-ға
жұмысқа түсіп, бір жылдан кейін
өз еркімен кеттім. АРО-1 ге көмек-
ші слесарь қызметін атқардым. 1986
жылы 17 желтоқсан күні кешкі сағат
19.00 шамасында «Алмагүл» жатақха-
насының алдына барғанда, біреулер
алаңда ереуіл болып жатыр, соған қа-
тыспайсыңдарма деп үндеу тастады.
Д. А. Қонаевты орынан алып, орыс патша келеді деді. Содан
қасымдағы досым Абенов Рысқали «Алмагүл» жатақханасы-
ның бір топ қыздарын ертіп, жаяу, сағат түнгі 23.00 шамасында
алаңға жеттік.
Біз барсақ бір аз ғана адамдар жиналып тұр екен. Содан
қыздар тоңдық, ертең жұмыс деген соң, қайта жаяу оларды
апарып, қайтадан 6-лар шамасында жаяу алаңға бардық.
Алаңда «Жастар» жатақханасындағы достарымды кезіктірдім.

513

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Марат Баякенов, Айбек Қонаев, Марат Темірбеков, Болат
Өскенбаев, Сарсен атты т.б. достарымен жүздестім. Сол үш күн
ішінде талай оқиғаның куәгері болдым. Оның өзі ұзақ әңгіме.

18 желтоқсан күні алаңда Д.А. Қонаев ақсақалды көрсе-
туін талап еттік. Содан кешке қарай тарқастық. Мен досымды
ертіп, Әбеновті жатақханама «Красный гвардейский» тракт,
474 екі қабатты 21-бөлмеге АРО-1 жатақханасына әкелдім.
Сонымен досымды ертіп барғанымды қайтейін, 2-қабат толған
қазақпыз, арамызда жалғыз кәрі апамыз орыс болатын. Жа-
тақхана алдында менің чемоданым, киім-кешегім, альбом,
үлкейтілген фоталар бәрін шарбаққа іліп тастаған екен.

19 күні таңертең жұмысқа бардым. Мастер қазақ, же-
текшім орыс. Олар үстінгі қабатқа көтерілсін деп хабарлама
айтып жатты. Жүрегім аузыма тығылды. Бас директор шақы-
рып жатыр деді. 1 сағатта мені жұмыстан шығарып жіберді.
Содан мен қайда барамын, ақыры «Жастар» жатақханасында 7
ай тығылып жаттым, түнде ғана қалтарыс терезе арқылы кірем,
осылай күнім өтіп жатты. 1987 жылы «Сайран» бекетінен до-
старым сағат 9-ға таяу автобусқа салып, Көктерек ауылына
келіп жеттім. Сонда тұрып жатырмын.

***
Сейтбатталов Серікхан Бейсенбекұлы 1964 жылы 1
желтоқсан айында Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бақты
ауылында дүниеге келген. 1982 жылы мектепті бітірген.1983
жылы мамыр айында әскер қатарына алынды. АРО-1 ге
көмекші слесарь қызметін атқарып жүріп, 1986 жылы
желтоқсан көтерілісіне қатысқан. Желтоқсан ардагері.

514

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
СЕРҒАЗИНА ГҮЛМИРА

Мен, (Сергазина Гулмира
Даулетбаевна құжат бойынша),
1969 жылы 02 сәуірде Шығыс Қа-
зақстан облысы, Күршім ауданы,
Ақсуат ауылында көпбалалы отба-
сында дүниеге келдім. 1976 жылы
Ақсуат орта мектебіне 1-сыныпқа
қабылдандым. Бастауыш сынып-
ты бітірген соң, 1979 жылы аудан
орталығына көштік. №3 Күршім
орта мектебіне 4-сыныпқа қабылдандым. 1986 жылы аталған
мектепті аяқтадым. Сол жылы Алматы шетел тілдері педа-
гогикалық институтының (АПИИЯ) неміс тілі факультетіне
оқуға түстім. Институтқа түскен күннен өте белсенді болып,
институт пен жатақхана өміріне етене араласып кеттім. Өйткені
ата-анамның және мектебімнің патриоттық тұрғыдағы мықты
тәрбиесі болды. Алғашқы күннен-ақ жауапкершілікті өз мой-
ныма ала білдім. Сабақ басталмай тұрып ауылшаруашылық
жұмыстарына қатынасып, тобыма бригадир болдым. Сабақ ба-
сталған соң да әртүрлі пәндерден ғылыми баяндамалар жазуда
ұстаздармен тығыз қарым-қатынаста болдым. 1986 жылдың
қазан айында институтымызға Германиядан келген студенттер-
ге гид-экскурсовод болып, институт тарихын және студенттер
өмірін неміс тілінде түсіндіріп айтып бергенмін. Сол үшін
институт әкімшілігі тарапынан ата-анама, №3 Күршім орта
мектебі әкімшілігіне үздік тәрбие мен жақсы білімім және
көшбасшылық қасиетім үшін Алғыс хаттар барып тұратын.
1986 жылдың 16-желтоқсан күні бір топта бірге оқып,
бір бөлмеде тұрған құрбым Төлегенова Гүлмира екеуміз
түстен кейін сағат 4-5 шамасында Құрманғазы көшесіндегі
институттың 3-жатақханасынан шығып, алаңға демократиялық
митингке қатысуға бет алдық. Алаңға келген кезде халық өте
көп еді. Және де біртіндеп жан-жақтан келіп, қосылып та
жатты. Басында халық бейбіт түрде сұрақтар қойып, жауап

515

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

алғысы келді. Сол алаңда естіген сұрақтарым:
1. Неге Д. А. Қонаевты үнсіз орнынан алып, орнына

Қазақстан азаматы тағайындалмады?
2. Неге басқа мемлекет өкілі біздің елді басқаруы керек?
3. Ұлты қандай болса да неге қазақстандық азамат

тағайындалмады?
Тағы да осы сияқты көптеген сұрақтар қойылды, бірақ

ешкім жауап бермеді. Алаңға шыққандар үкімет тарапынан
дәйекті жауап күтті. Өкінішке орай, жауаптың орнына таяқ
жедік. Милиция алаңға жиналғандарды қуып, соққыға жықты.
Өрт сөндіретін машиналармен үстімізге мұздай суық су шашып,
түгел сулары біткен соң кетіп қалды. Бірақ ешқайсымыз
қашып кетпедік. Алаңда отырып, әнімізді айттық. Сосын
бізді милициялар мен әскери киім кигендер дубинкамен ұрды.
Құрбым Төлегенова Гүлмираның басынан да, арқасынан да
әскери адамдардың ұрғанын көрдім. Өзім де таяқ жедім. Жалпы
алаңдағы адамдардың бәрі соққы көрді, қансырап құлап жатты.

Шамамен кешкі сағат сегіздерде алаңдағы әрбір адамды
әскери адамдар мен милициялар бір-бірлеп ұстап әкетіп
жатты. Бір уақытта бір топ жастарға М. Әуезов атындағы
театр актеры, қоғам қайраткері, ұлтымыздың мақтанышы
Жаманқұлов Тұңғышбай ағамыз жастарға «жастар сабыр,
даурықпаңдар. Мынау бір бейбіт басталған шерудің соңы міне

516

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қантөгіс болды» деп ақылға шақырып жатқан кезінде ол кісінің
шекесіне не тигенін білмеймін, әйтеу маңдайынан қан сорғалай
бастады. Ағаның шекесін таңып бердім. Осы сәт есімде, сосын
өзімде ұсталып қалдым. Бізді Алматы-1 жақтағы РОВД-ға әкеп,
түсініктеме алды. 8-9 сағат қамауда ұстап, шығарып жіберді.

Институтта комсомол комитеті тарапынан қатаң сөгіс
алып, комсомол билетіме жазылды. Және комсомол комитеті
тарапынан сабақтан бос уақытта әкімшілік жұмысқа тартты.
Оқудан шықпай қалғаным ұстаздарымның арқасы деп білемін.
Институтты 1990 жылы аяқтап, 28 жыл ҚР Білім саласында
қызмет атқардым, Алтынсарин медалі иегерімін (2017ж),
«Болашақ бағдарламасы» стипендиятымын (2012ж. 24.12. ҚР
ТЭК шешімі), ҚР Парламенті депутаттарына ағылшын тілінен
сабақ бердім (2015-2018жылдар).

2010-2018 жылдар арасында Қазақ ұлттық өнер уни-
верситеті жалпы білім беру мектебінде жұмыс жасадым. Сол
уақыттағы бөлім басшысы Ибраев Саят Баймұратұлының
маған берген мінездемесі: «Сергазина Гүлмира Дәулетбайқызы
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі. Кәсіби ізденісі мен шығармашылық бел-
сенділігі жоғары, қазіргі жаңа технологияны өз тәжірибесіне
қолданып, сабақ берудің кәсіби шебер маманы атанған ұстаз.
Сергазина Гүлмира – білім мен тәрбие беруде оқушының
жеке дамуына жаңа көзқараспен қарайтын, әр баланың жеке
қабілетін дамытуға жұмыс жасай білетін білікті мұғалім. Өз
шәкірттерін бүгінгі күннің талабына сай терең біліммен қа-
руландыру мақсатында зерттеу жұмыстарымен шұғылданып,
оқушының танымдық ойының дамуына, ғылымды жан-жақты
игеруіне, белгілі бір іспен айналысуына ықпал жасай білетін,
ата-аналардың мектеп өмірімен тығыз байланыста болуына
мүмкіндік туғыза алатын ізденімпаз мұғалім. Қазіргі білім
талаптарының сұранысы жоғары деңгейде көрінуіне байла-
нысты әрбір ұстаздың оқытудың жаңа технологияларынан
хабардар болып, өз тәжірибесіне енгізуіне мол мүмкіндіктер
туып отырған сәтте, мұғалім өз біліктілігін көтеруде, кәсіби
даму жолында білімін жетілдіріп, оқушылардың ағылшын тілі

517

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

пәніне деген қызығушылығын арттыруда, тіл мәнерін үйретуге
көп жұмыс жасауда. Бүгінгі күні Гүлмира Дәулетбайқызы өз
тәжірибесінде «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту»
технологиясын қолданады және осы халықаралық жобаның
тренері, Қазақстан және Халықаралық Оқу Ассоциациала-
рының мүшесі. Сергазина Гүлмира Дәулетбайқызы өзінің
іс-тәжірибесін халықаралық деңгейде танытып, ҚазОА-ның
ұйымдастырған бірнеше Ұлттық және халықаралық конферен-
цияларға қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталған.

2008 жылы Румынияда өткен халықаралық конферен-
цияға Қазақстаннан барған екі қатысушының бірі. Сол жылы
мемлекет грантын ұтып алып, Берлин қаласында басқару қыз-
меті бойынша білімін жетілдіріп келген білікті де іскер маман.

2009-2010 оқу жылында Халықаралық деңгейдегі
Британ елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ақпаратты
технологияны қолдану арқылы ағылшын тілін жүргізу және
оқушыларды басқару» тақырыбындағы семинарға қатысушы.
2010-жылдан бастап «Оқулық» ӨҒПО ағылшын тіліндегі
оқулықтар сарапшысы.

Сергазина Гүлмира Дәулетбайқызы Қазақстан Республи-
касы Тұңғыш Президентінің халықаралық «Болашақ» стипен-
диясының иегері. Осы бағдарлама бойынша Ұлыбританияның
Рединг университетінде тағылымдамадан өтіп және сол уни-
верситетте «Pedagogical diagnostics criteriа: the effectiveness of
the learning process in higher education» тақырыбында ағылшын
тілінде мақаласын жариялады.

Өркениетті еліміздің жас ұрпақтарына сапалы білім мен
саналы тәрбие берудегі үздіксіз ізденісі мен жаңашылдығы,
білімі Сергазина Гүлмира Дәулетбайқызының өз мамандығы-
ның шебері екендігін дәлелдейді.

Жоғары деңгейлі біліктілік санатын растайтын
нәтижелері:

1. шетелдік тағылымдама (Германия), 2008ж.
2. тілдік курс (неміс тілі, 3 ай, Германия), 2008ж.
3. ҚР Тұңғыш Президентінің халықаралық «Болашақ»
стипендиясы иегері, 2012ж.

518

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

4. тілдік курс (ағылшын тілі, 6 ай, Ұлыбритания), 2013ж.
5. шетелдік тағылымдама (Ұлыбритания), 2013ж.
6. шетелдік басылым: «Pedagogical diagnostics criteriа:
the effectiveness of the learning process in higher education»,
University of Reading (UK)
7. республикалық басылым: Жұлдыздар мекені.
(ҚазҰӨУ-нің 15 жылдық мерейтойына орай) А., 2013. қаз.,
орыс, ағыл. тілінде
8. халықаралық конференциялар: 2008ж., 2009ж.,2010ж.,
2011ж. 2012ж., 2013ж.,2 014ж., 2015ж.
9. республикалық, қалалық конференциялар: 2007ж.,
2008ж., 2009ж., 2010ж., 2011ж.,
2012ж., 2013ж., 2014ж., 2015ж., 2016ж., 2017ж., 2018ж.
Наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі:
1. ҚР Тұңғыш Президентінің халықаралық «Болашақ»
стипендиясы иегері, 2012ж.
2. ҚазҰӨУ ректорының алғыс хаты, 2013ж.
3. «Астана Дарыны» ӨҒПО директорының алғыс хаты,
2011ж.
4. «Оқулық» ӨҒПО директоры орынбасарының
анықтамасы, 2012ж.
5. 2010-2018 оқу жылындары арасында әртүрлі деңгейдегі
марапаттары.
6. «Гордость Казахстана: Образование и наука»
биографиялық энциклопедияға шыққан. Астана-2017ж,
252-бетте.
7. «Алтынсарин» медалі иегері, 2017ж.
Осындай әріптесіммен мақтана аламын».
Өзімді 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысып,
өз көзіммен көргендіктен Қазақ еліне тәуелсіздік туын
желбіреткен желтоқсаншы күрескер деп есептеймін.
Нұр-Сұлтан қаласы
Кенен Әзірбаев к., 14/1-45
е-пошта: [email protected]

519

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

СЛӘМБЕКҚЫЗЫ ГҮЛНАР

1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағында
ұлттың санасын, намысын жетелеген қайсар буынның
келгенін әйгіледі

1986 жылы 17-19 желтоқ-
сан күндері Алматы қаласында
Брежнев атындағы алаңға ха-
лықпен бірге шыққан адамның
бірімін. Мен ол кезде Қазақ
Мемлекеттік Қыздар Педагоги-
калық институтының кітапхана-
тану факультетінің 3 курс сту-
дентімін. Әлемді елең еткізген
1986 жылғы Алматы оқиғала-
ры қазақ топырағында ұлттың
санасын, намысын жетелеген
қайсар буынның келгенін әй-
гіледі. Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен
кетпес аса ауыр және қайғылы беттерінің бірі. Бұл оқиғалар
Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес одағына еніп келе жатқан
жас демократия үшін күрестің басы болды.
Алаңға шығу мақсатымыз: КСРО үкіметінің отаршылдық,
әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық білдіруіміз
еді. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы
тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің
басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының
пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия
комитетінің 1-хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы
етіп тағайындауы түрткі болды. Жастардың ұйымдастыруымен
әділет іздеп үкімет үйінің алдына шеру құрып бардық.
Қасымда бірге оқитын, комнатада бірге тұратын досым
Гүлжан болды. Еліміздің қазіргі әнұраны «Менің Қазақста-
ным» әнін айтып шерудің ішінде болып, алаңға бардық.
Алаңда үкімет басшылары шығып «Жастар қайтыңдар, ұят

520

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

болады» деген сөзден аса алмады. Тұщымды жауап алмаған
соң, сеңдей теңселген халықтың саны көбейе түсті. 17 жел-
тоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де алаңға саяси тәуелсіздікті
талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып,
кешкісін адамдар саны 20 мыңға жетті. Бірақ халықтың қойған
талап-тілектері аяқ асты етіліп, «бұзақыларды» күшпен тарату
мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері
мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. Күннің ызғары
аяқты тоңдырып, еріксіз жылынып келуге қайттық. Кешкісін
халықты алаңнан қуу мақсатында өрт сөндірушілер шақыры-
лып, суық сумен атқылап қуды. Халықтың ашу-ызасы арта түсті.

Ертеңінде бақайшығына дейін қаруланған құқық қорғау
қызметкерлері сап түзеп, алаңды қоршап алыпты. Алаңға кіру
мүмкін емес. Сол кезде бір жас қыз сапты бұзып өте берді.
Оны қуған милиция қол шоқпармен басынан соғып сұлатты.
Қыздың басынан аққан қан бет жүзін жапты. Сол сәт қазақ
жастарының намысына, тиіп төбелес басталып кетті... Сапты
бұзып жара ентелеген адамдар үкімет үйінің алдына келіп
арыз-шағымдарын айта бастады.

Мінбеге шығып сөйлеген адамдарды ұстап алып әкетіп
жатқан соң, алаңдағы адамдар жүрелеп отырып, сөйлейтін
адам түрегеліп айта бастады. Мінбеге үкімет үйінің адамда-
ры шығып тағы сол «Жастар қайтыңдар, ұят болады» деген
сөзден басқа ештеңе түсіндіріп айта алмады. Оқу орнында
студенттерді түгендеп, іздестіре бастады. Кеш келгендеріне
«түсінік» жаздырып жатты.

Ертеңінен бастап жатақхананың есігін құлыптап, ешкімді
шығармады. Сабақты жатақханаға келіп өткізді. Менің көріп
білгенім осы болды. Әркім әртүрлі әңгіме тарқатып жатты.
Сол жылы «комендантский час» бір айдай орнады. Қазақтарды
менсінбей миығынан күлген орыстардың мысы басылды...

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болғанымызда
қарсы әскер күші қолданылды. Топтарды ығыстыру үшін жедел
отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып,
қала көшелеріне аттандырылды. КСРО ІІМ-нің бұйрығы
негізінде дайындалған «Құйын - 86» операциясы бойынша

521

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр

тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған топтарды басып,
таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер
бөлімдеріне, Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына
апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың
адам ұсталған. Осы көтерілістің арасында болып, бостандыққа,
тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихына елеулі үлес
қосқаныма қуаныштымын.

«Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер,
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп кек пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...»

Мұхтар Шаханов

***
Сләмбекқызы Гүлнар 17.08.1964 жылы ШҚО Зайсан
ауданы Сарытерек ауылында дүниеге келген. Желтоқсан ар-
дагері.

СМАҒҰЛОВ АМАНГЕЛДІ

«Желтоқсан» оқиғасы
кезіндегі куә болған оқиғаларым

1986 жылы Алматы қаласын-
дағы эстрада және цирк өнері студи-
ясында білім алып жүрген студент
едім. Көшеге шыққан бетім болатын,
сабылып кетіп бара жатқан жастар-
ды көрдім. Бәрінің көкейіндегі сұрақ:
«Қонаевты не үшін орнынан алып

522

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

тастады? Колбин деген кім? Неге өзіміздің Қазақстанның
тумасын, қазақ ұлтының өкілін тағайындамай Қазақстанда бол-
маған, халықпен бірге осы өңірде тұрмаған басқа жақтың, өзге
ұлттың өкілі Колбинді тағайындайды?». Көкейдегі сұрақтарға
жауап алу үшін бейбіт түрде Орталық алаң, Республика алаңы-
на жиналдық.

Жастар өте көп жиналды,
жоғарыда отырған басшылар
трибунаға шығып жастарға
«Тараңдар» деді, бірақ жоға-
рыдағы біздің сұрақтарымызға
жауап берілмеді. Кешке қарай
Сәтбаев көшесінің бойында өрт
сөндірушілер формасын киген
әскери жасақ, кілең орыс ұлты-
ның өкілдері бізді тосып тұрған
екен. Ол жағын біз білмедік. Бір
заматта бізге өрт сөндіретін
машинамен су шашып, ұрып-
соғып қуалай бастады. Айна-
ланың бәрі азан-қазан болып кетті. Шудан басың айналады.
Не болғанын ұға алмай әйтеуір жан-дәрмен бір-бірімізді сүй-
емелдеп, жетектеп қашып құтылдық.

Көкейдегі сұрақтар маза бермей, оған қоса жазықсыз
ұрып-соғып су шашқаны ашуымызды келтірді. Ертесіне қайта
алаңға шықтық. Қойған сұрағымызға тағы да жауап берілмей,
бізге мінбеден «Тараңдар!», «Қайтыңдар!» деген қатқыл
үндерді ғана естідік. Бір кезде, сол жердегі «Алтын дән» деген
кафенің алдына бізді, бір топ жігітті шақырып алып келіссөзге
араларыңнан кісі жіберіңдер, олар сендердің сұрақтарыңның
жауабын біліп қайтады деді. Сосын «мен барам, мен барам»
деп 4 жігіт шықты. Соларды алып кетті.

Біз күтіп тұрдық. Арада бірталай уақыт өтті. Бірақ ол
жігіттер қайтпады. Сосын біз «бағана алып кеткен жігіттерді
неге жібермейсіңдер? Олар қайда?», - деп сұрай бастап едік
бізге күш қолдана бастады. Ақ үйді қоршап тұрған әскери

523

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жасақтармен қақтығыс басталды.
Тағы да қашып құтылдық. Не үшін күш қолданып

қуалағанын түсінбей әлекпіз. Бізге тек сұрақтарымызға
дұрыс, әрі нақты жауабын берсе болды, қайтатын едік. Сол
күні автобустар жүрмейді, таксилер қол көтерсек тоқтамайды.
Ақыры жаяу қайттық.

Келесі күні әскери жасақ дайын тұрған екен. Бізді бас са-
лып ұрып-соғып, қолға түскендерін сүйреп әкете бастады. Қолға
тұскен қыз балаларды да аямай шашынан сүйреп, тепкілеп
жатты. Араша түсіп қыздарға көмекке ұмтылған біз де қолға
түстік. Екі жағымнан екі әскерилер сүйрелеп келе жатқан кезде
бір әскери киінген орыс жігіті алдымнан шығып қолындағы
қадамен басымнан соқты. Бір жағыма қарай басымды бұрып
үлгердім, қатты тиген соққыдан есімнен танып қалыппын.

Қанша жатқанымды білмеймін, есімді жисам ақ үйдің
алдында жатырмын. Сол кезде басым жарылып, желкемдегі
омыртқа сүйектер жапырылып қалған екен. Айналамда жайрап
жатқан жастар. Оларды автобусқа тиеп жатыр. Қашпақ болып
орнымнан тұрайын десем бетімнің бәрі қан-жоса, басым
айналады. Орнымнан тұрмақ болған мені бірі басымнан,
бірі аяғымнан ұстап қой секілді автобустың ішіне лақтыра
салды. Есімнен тағы танып қалыппын. Бір есімді жиып жан-
жағыма қарасам Әл-Фараби көшесінің бойында тізілген
автобус, қасымдағылар санап 17 автобусқа тиеді деп жатты.
Бір кезде автобустар орнынан қозғалып, БТР мен күзетшілер
бар артымызда, көше бойымен кетіп бара жаттық. Терезеден
қарап келе жатып мынадай сұмдық көрініске куә болдық.
Бір қазақтың жігітін әскери киінген орыс жігіттері күрекпен
соғып жатыр. Ана жігіт дір-дір етіп жатыр. Кеудемізді ыза
кернеп, қатты ашуландық. Жүріп келе жатқан автобустан
шыға алмаймыз, не істерімізді білмей қанымыз басымызға
шауып ызаға булығып кете бардық. Әлі күнге дейін сол
көрініс көз алдыма жиі елестеп, есіме түсіп кетсе тамағыма
өксік тығылады. Сол жігіт не болды екен, аман қалды ма, жоқ
па?! - деген ойға батам.

Автобустағы жігіттердің ішінде шамасы бар деген

524

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жігіттер ақырын ымдап, сыбырласып терезені сындырып
қашудың амалын ойлай бастадық. Бір кезде бұрылыста автобус
жүрісін баяулатып бұрыла бастаған кезде 4 жігіт қатар тұрып
төбе жақтағы ұстайтын темірден ұстадық та терезені бірақ
тептік. Автобуста тоқтай қалды. Автобустың шопыры мүмкін
әдейі тоқтаған болар, көмектесейін деді ме кім білсін?!...
Сол мүмкіндікті пайдаланып күл-талқан болған терезеден
секіріп түсіп шамамыз барлар қаша бастадық. Бар күшімізді
бойымызға жиып басымыз ауған жаққа қашып келеміз. Айнала
у-шу, арсылдаған иттің үргені, атылған автоматтың дыбысы,
айғайлаған, шыңғырған дауыстар. Басымнан алған жарақаттың
кесірінен құлағым шыңылдап, басым ауырып келеді. Шамам
кетіп бара жатқанын сезіп келем. Алдымыздағы үйдің
подъезіне кіріп, пәтерлердің есігін тоқылдатып көрдік, ешкім
ашпайды. Әскери жасақтың қолына түспес үшін 5 этаж үйдің
шатырына шығуды көздеп ең үстіңгі этажға шығып алдық.
Артымыздан қуып келе жатқан әскерилерге кімдер екенін
білмейміз, басқа бір жігіттер кездесіп қалып, өздері төбелесіп
жатты. Әйтеуір бізді қуып келе жатқан әскерилер біз кірген
подъезге кірмеді. Ең үстіңгі этажға шығып алып айналаның
тынышталғанын күттік. Қарнымызда ашып, өзіміз тоңып
кеткенбіз. Айнала тынышталған кезде шықсақ, аялдамаға
қарай бір автобус келе жатыр екен. Жанұшырып жеттік-ау
әйтеуір. Үлгердік.

Артқы есіктен кірсек автобуста кілең орыстар. Олар
үстіміз қан-қан болған соң ба, бізден жасқанып алдыңғы
жағына қарай ығысып кетті. Біз арт жағында тұрдық. Ол №3
автобус болатын. Горный гигантқа дейін барды да ары қарай
соңғы аялдама деп жүрмей қойды. Жолға шығып машиналарды
тоқтатып отырып кетуге тырыстық. Қол көтерсек ешқандай
машина тоқтамайды. Орыс шоферлар тіпті бізге тоқтамақ
түгіл қағып кете жаздайды. Содан бір қазақ жігіті тоқтап,
бізді отырғызып алып, «Неге орыстарға қол көтересіңдер?
Олар сендерді қағып өлтіріп кетсе қайтесіңдер?» - деп ұрысты.
Сөйтіп бізді орталыққа әкеліп тастады. Сол жерде қоштасып,
әрқайсымыз өз үйімізге қайттық. Жатақханаға келсем, мені

525

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

күтіп отыр екен бәрі, аман келгеніме қуанып, басымдағы
жарақатты апарып тіктірді.

2-3 күннен кейін КГБ тексеріп, сұрақтың астына ала
бастады. Қай уақытта түсіргенін білмеймін менің суретім
жатыр алдында. Күнде тергеу, өте қиын жағдай болды. Сол
кездегі қиналғанымызды ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Сол кездерде студияда завуч болып істейтін марқұм Рақым
Бөлегенов деген кісі маған көп көмек жасады. Сол кісінің
арқасында құтылып шықтым. Ол кісі жүгіріп қорғамаса
менің қазір аман болуым екіталай еді. Ол кісінің жақсылығын
ешқашан ұмытқан емеспін! Ұмытпаймын да! Амал қанша,
сондай керемет мықты азамат өмірден ерте өтіп кетті!

Сол бір қиын-қыстау кездерді, келеңсіз, қорқынышты,
әрі өкінішті жағдайларды еске алғым да келмейді. Бірақ,
жүрегімнің бір шетінде желтоқсанның сол кездегі ызғарындай
сақталыпты. Есіме түссе, әлі күнге дейін денем түршігеді...


***

Жоғарыдағы әңгіменің авторы Смағұлов Амангелді
Адықұлы 1961 жылғы 7 қарашада Шығыс Қазақстан облысы,
Марқакөл ауданы, Горное ауылында дүниеге келген.

1969 жылы Горное ауылындағы қазақ орта мектебіне
1 сыныпқа барып, 1979 жылы 10 жылдық мектепті бітірген
соң автокөлік жүргізушісінің курсына түсіп, аталған курсты
аяқтаған. Түрікменстандағы Теджен қаласында 2 жылдық
әскери борышын атқарды. Туған ауылына қайта оралған ол
Горное совхозындағы клуб меңгерушісі болды.

1982 жылы Алматы қаласына барып «СМУ-15» құрылыс
мекемесінде ағаш шебері болып жұмыс істейді.

1985 жылы Алматы қаласындағы Республикалық
эстрада-цирк студиясының «домбырамен ән салу» бөліміне
түсіп, жезтаңдай әншілер Қалыбек Ақтаев, Жәнібек Карменов,
Қайрат Байбосынов, Меруерт Өтекешова, Зейнеп Қойшыбаева
сынды өнер майталмандарынан дәріс алады.

Студияда білім ала жүріп бала күнінен сүйікті ісі
домбыра жасауды қолға алуды жөн көрген ол, домбыра

526

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жасау шеберлігін шыңдау мақсатында Алматы қаласындағы
Жолаушы Тұрдықұлов, Айтмұхамбет Тежекенов секілді хас
шеберлерден домбыра жасаудың әдістерін үйреніп, терең
меңгере бастайды.

1987 жылы Эстрада-цирк студиясын бітірген соң
Талдықорған облыстық филармониясының Қазақ ССР-інің
халық әртісі Дәнеш Рақышевтың жетекшілігімен құрылған
«Тамаша» тобына әнші болып орналасады. Әншілік өнерімен
қоса домбыра жасау шеберханасын ашып, киелі аспапты өз
шеберханасынан жасап шығара бастайды.

Шеберлік қасиет оған ағаштан түйін түйген оның арғы
атасы Лұқбек атадан дарыған екен. Ал әншілік өнер халық
әндерін, дәстүрлі әндерді шебер орындаушы, жыр, дастандарды
жатқа айтатын оның нағашы апасы Нұрымхан ападан дарыса
керек. Сондықтан болар, ол бала күнінен өнерге жақын болып
өседі.

1992 жылы ата-анасының қалауымен туған жеріне қайта
оралған ол, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылына
көшіп келіп, аудандық мәдениет үйіне әнші болып орналасады.
Күршімде өзінің қолөнер шеберханасын ашып, жұмыстан бос
уақытында ұлттық саз аспаптарын, сандық, орындық, үстел
секілді ағаштан бұйымдар жасаумен айналысады.

2008 жылы Ұлан ауданы әкімшілігінің арнайы
шақыртуымен Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов
кентіне көшіп келеді.

Өзінің шеберлігі мен әншілік өнерін шыңдай түскен
Амангелді облыстық, халықаралық, аймақтық әншілер
байқауларына және республикалық домбыра жасау
шеберлерінің байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

527

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

СҰЛТАНОВ ДӘЛЕЛХАН

1980-1982 жылдары әскер
қатарында болып, Алматыға оқуға
келдім. 1986 жылы көтеріліс болған
кезде мен республикалық дәрігер-
лер білімін жетілдіру институтында 
жүргізуші болып, жұмыс істеп жүр-
генмін. 1986 жылы 16 желтоқсан
күні бастығым Алдашев Ахмет Ал-
дашевич институттың ректоры, қа-
лалық советтің депутаты, қалалық
салауатты қоғам ұйымның төраға-
сы еді. Ол Жоғарғы Кеңес үйіне
кеттік шұғыл шақыртып жатыр жиналыс пленум болады деді.
Жоғарғы Кеңес үйіне келгенен кейін ол кісі пленумға қатысып
тез шықты. Көңіл-күйі өте нашар болып шықты. Көлікке келіп
үндемей отырып қалды.
- Аға не болды, - деп едім.
- Ақсақалды орынынан алып тастады, - деді.
Сол кезде Қазақстан мемлекеті басшы  Д. А. Қонаевты
өте қатты сыйлайтын. Сол халықтың бірі мен едім, жүрегіме
бір нәрсе сұғып алғандай жағдай болды.
1986 желтоқсаның 17 күні бастығымды Әуезов пен Вино-
гродав көше қиылысындағы ғимаратқа алып келдім, ол кісі бұл
жерде 2 сағат боламын, лекция оқимын деді. Мен заправкаға
барып, Мир көшесімен көтеріліп, оңға Сәтпаевпен бұрылған-
да сағат 11:30 дай уақытта көргенім, әр жерде он-он бестен
жиналған  жастар Сәтпаев көшесімен ойларында ешқандай
арамдықтары жоқ, қолдарында ұстаған «Каждому народу свой
вожд сказал В.И.Ленин» деген жазулары бар, қазақша «Әр ұлт-
тың өз көсемі өзіне» деген қазақша жазылған лозунгтар ұстаған,
алаңға қарай қозғалған жас қыздар мен жігіттерді көрдім.
Бұдан кейін, айдап отырып бастыққа келдім. Ол кісілер
үш адам болып тосып тұр екен. Бастығыма Сатпаев көшесінен
көргенімді айттым, ол кісі үндемей қалды. Бір минуттай

528

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

өткеннен кейін, ол: «Тогда Гарбачев қателескен екен, - деді. -
Біздің халықты бағаламай отыр, онда біздің қазақ жастарының
көкіректері оянған екен, - деді тағы. Маған ол кісінің сөзі әсер
еткені соншалықты денем біртүрлі болып, совет өкіметіне
деген жек көрінішті бір сезім пайда болды. Бастықты үйіне
жеткізгенен кейін, ол кісі:

- Ертең келмей-ақ қой, машинаңды  жөнде, - деді.
Таңертең  8:30  жұмысқа келдім, вахтадан гараждың кіл-
тін алайын деп едім, вахтадағы екі кемпір, бірі орыс, бірі ұйғыр
әңгіме айтып жатыр екен. Орыс кемпірдің айтқанын құлағым
шалып қалды. Ол: «Этих нацистов, наркоманов,  шовинистов
Сталин пожалел. Эти ихни про внуки, у них в крови осталось.
Надо была тагда 30 году их уничтажать, это ошибка Стали-
на» - деді. Менім қаным басыма бірақ шықты. Өйткені, менім
әкем қайтыс болғанда ауыл ақсақалдарының айтып отырғанын
құлағыммен естігем, «Қыдырмолланың әкесі кезінде бірнеше
ауылды аман алып  қалуға атсалысып, халыққа қызмет жасаған
адам» - дегендерін. Атам Рүстем мерген болыпты, ашаршылық
кезінде Зайсан - Тарбағатай өңірінде аш отырған ауылдарды,
сол кездегі бас көтерер адамдар біргіп аштан қырылмас үшін
шекарадан Қытайға өткізіпті. Мына кемпірлердің сөзінен кейін
ойлана қалдым да, оларға сұрақ қойдым:
- Откуда вы знаете, что они наркоманы? - деп едім.
- Только что передали по радио, на улица Құрманғазы
сажгли садик, - деп соғып тұр.
Мен:
- Ваш радио врёт, - деп ашуланып, кілтті алмай, мен де
алаңға қарай тарттым.
Алаңға келсем, жастар көп жиналыпты. Мен жастарға
қосылдым. Ол жерде автопаркте бірге  жұмыс жасап, жа-
тақханада бірге тұрған жігіттерді көрдім. Олар: С. Тұрғанбаев,
Қ. Т­ үкибаев, М. Бухаров, Е. Байжумин, Ж. Шалғынбаев және
т.б. жастардың дауыстары шығып жатыр. Талаптары «Кол-
бинды алып кетіңдер» деп жатты. «Қонаев атамызбен сөй-
лестіріңдер», - деген дауыс жан-жақтан шығып жатты. Мир 
көшесінің бойымен алаңнан жоғары терезелері торланған өрт

529

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

сөндіретін машиналар, әскери техникалар, мұздай қаруланған
омондар мен солдаттар тізіліп тұрды. Жастардың  Д. А. Қона-
евқа трибунаға шығарып сөз беріңдер деген талабы күшейе
бастады. Сол кезде опыр-топыр басталып кетті. Бір қызды екі
омон жығып алып, шашынан тартып бірі сүйреп, екіншісі ду-
бинкамен ұрып жатыр. Мен ол қызды кұтқаруға ұмтылдым,
мені де арқамнан дубинкамен  ұрып құлатты. Мир мен Сәтпаев
қиылысында тұрған бізді 15-бағыттың автобусына тиеп жат-
ты. Қарасам, шопыры біздің жатақханада тұрған  Серега атты
орыстың жігіті екен, көргенде қатты куандым. Соған қарай
ұмтылдым: «Серега отпусти!» - десем. Ол: «Сен үшін жауап
бермеймін» - деп теріс қарады. Үш дружник пен екі милици-
онер маған қарап қарқылдап күлді, «Сендерге алаңға кім кел»
деді деп тағы  күлді. Содан мені Калининский РОВД-ға әкеліп,
уақытша торға қамады. Сәлден соң бір-бірлеп кабинеттерге
тергеуге апарып, сұраққа алып жатты. Мені де бір кабинетке
әкеліп кіргізді. Ол жерде шашы буырыл тартқан, шені подпол-
ковник, еңгезердей қазақ қарсы алды. Ол мені тергеу  орынына:
«Бауырым, мына иттердің дауысын естідің бе?» - деді. Сол кезде
дәлізде «Ты шалаба!» - деген, орыс сержанттарының боқтық,
дауысы естіліп жатты. Жаңағы еңгезердей қазақ: «Мен өмір
бойы өкіметке, милицияда қызмет жасап, өз ұлтыма ара түсе
алмаймын деп ойламаппын - деп, қатты қынжылды. - Сен қайда
тұрасың, - деді. Мен: «Сол РОВД-ның артында жатақханада
тұратын едім» - дедім. Ол тағы: «Мен сені кәзір жіберемін, 
ұсталып қалмай үйіңе жет» - деді. Өзі кезекшіге менімен бірге
барып, шығарып жіберді. Ер-азамат, ұлтын қатты сүйетін нағыз
жігіт екен. Оның бет-бейнесі әлі көз алдымда.

Мен үйге келдім, кеудем ауырады, дем ала алмай құсқым
келеді. Сол кездегі шаруашылық жөніндегі проректор Қали-
асқаровқа звандадым болған жағдайды түгел айттым. Ол кісі:
«Шықпай  жат, өзім хабарласамын» - деді. Ол бір уақытта маған
хабарласып: «12 емханада бүгін кезекші Батыр деген хирур-
г-травматолог бар, соған жолық, - деді. Ол кезде міндетті түрде
пропискамен ғана қабылдайды. Менің пропискам сол 12 емха-
наға қарайтын. Ол кісі мені қарап: «Екі қабырға сынған, қатты

530

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

соққыдан, ми шайқалған», - деп, өзі 10 күн қарап емдеді. Ол
жігіт те патриот азамат екен. Мен істеп жүрген институтта одел
кадрымыз отставкадағы полковник еврей еді. Сол артыма түсіп,
сол кезде СДИда сырттай окитын едім, 1987 жылы көктемгі
сессияда мені оқудан шығарып  жіберді. Онымен қоймай үйдің
кезегінен алды, мені уақытша жүк  машинасына отырғызып,
артынан аула сыпырушыға ауыстырды. Тұратын жеріміз жоқ,
пропискамыз жоқ, бәріне көндік. Қазіргі күні жүрекке төрт ота
жасалды, қант диабеті бар, сол кездегі соққының салдарынан
бас ауырады, кан қысымы көтеріледі, 2-ші топтағы мүгедекпін.
Сөйтседағы кейін оқуымды бітірдім. Сынбадым, мұқалмадым.

***
Сұлтанов Далелхан Қыдырмоллаұлы 1961 жылы 10
қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы Қамыш-
Завод ауылында дуниеге келген. 1979 жылы Тарбағатай
ауданы, Крупская селосында  орта  мектепті бітірген. Жоғары
білімді. Бүгінгі  күні Алатау әкімшілігінде Қарасу Өжет ықшам
ауданында әкім болып қызымет атқаруда. Жұбайы екеуі 5
бала  6 немере тәрбиелеп өсіріп жатқан құрметті әке, әрі ата.
Желтоқсан ардагері.

СЫРЫМБАЕВ ЕРНАЗ

Әскер қарсы алып, соққыға жықты

1986-шы жылы 16-шы желтоқ-
сан күні Алматы қаласына барып,
митингіні көріп келгеннен кейін, бөл-
меге студенттерді жинап, кеңестік.
17-ші желтоқсан күні таңғы сағат
5.00-де 150-дей студент шығып, ав-
тобуспен орталыққа митингіге бар-
мақшы болдық. Техникумда топта
староста және студенттік кеңестің
төрағасымын. Бұл Алматы гидроме-

531

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

лиориативті техникумына бір жыл бұрын оқуға түскенмін.
Орталықта бізді жасақталған әскер қарсы алып, соққыға

жықты. 22 студентті жасақтағылар автобусқа салып алып, қалға-
нымызды техникумның «актовый залына» әкеп тығып, сол жер-
де жиналыс өткізіп, ешкімнің ешқайда шықпауын бұйырды.

18-шы желтоқсан күні 4 жігіт қайтадан Алматыға кел-
генімізде, Абай даңғылының бойында орыстардан құрылған
жасақшылар арасында орыс ұлтты милиционер болды, ол бізді
орталық алаңға апарып автобусқа кіргізді, автобуста көп ми-
лиционерлер отырды, ішінде қазақ ұлтының капитаны бізді
шығарып қайтарып жіберді. Кейіннен барлығына «выговор»
- қатаң сөгіс беріп, сол 22 студентті оқудан шығарды. Кейін
олар қайтадан оқуға қабылданып бітіргені туралы естідім.

Ақыры, 1988-ші жылы Алматы гидромелиориативті
техникумын бітіріп шықтым. 1994-1999-ші жылдары Семей
педагогикалық институтын дене шынықтыру және спорт
мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды
1988-ші жылы Самар учас-
кесінде инженер-гидро-
техник болып бастадым.
1992-2005-ші жылдары
Самар ауылындағы Ж.
Болғанбаев атындағы орта
мектепте денешынықтыру
пәні мұғалімі қызметіне
орналастым; 2005-2007-ші
жылдары Күршім ауданы-
ның білім бөлімінде спорт
саласының бас маманы бо-
лып тағайындалып, 2007-2011-ші жылдары Күршім ауданының
спорт бөлімінің басшысы болдым.
2011-ші жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Күршім
ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің
директоры қызметін атқарудамын.
2016-ші жылы «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл» медалімен,

532

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

2018-ші жылы «Күршім ауданының» медалімен, 2018-ші жылы
Ғылым және білім министрлігінің күміс медалімен, 2020-
шы жылы «Шығыс Қазақстан кәсіподағына - 100 жыл» төс
белгісімен марапатталдым.


***

Сырымбаев Ерназ Закенұлы - 1963-ші жылдың,
желтоқсан айының 8-ші жұлдызында, Шығыс Қазақстан
облысы, Күршім ауданы, Тастоған ауылында дүниеге келген.

1971-ші жылы Алғабас ауылындағы Совет орта мектебіне
барып, 1981-ші жылы мектепті тәмамдаған.

1982-ші жылы әскер қатарына алынып, 1985-ші жылы
әскери-теңіз флотында азаматтық борышын өтеген.

ТАСТЕКЕЕВ ЖҮРСІН

Жастарға түсіндірудің орнына күшке жүгінуді жөн көрді

1986 жылы Желтоқсан
оқиғасы кезінде Жүрсін Та-
стекеевтің жасы 21-де бола-
тын. 1985 жылдың соңында
әскери борышын өтеп кел-
ген жас жігіт әуелі универ-
ситеттің дайындық курсын
бітіріп, онан соң физика
факультетіне оқуға түсіп,
білім алып жүрген. Желтоқ-
сан оқиғасына қатысқаннан
кейін оқудан шығарылған.
Жүрсін осыдан тура 33 жыл бұрын, желтоқсанның 17-і
күні өзі куә болған оқиғаны былайша еске алады:
- Сабақтан түс мезгілінде шығып, жатақханаға келген
едік. Кенет сырттан айғай-шу естілді. Қарасақ, Космонавтар
(қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы) көшесімен әртүрлі плакат

533

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ұстаған қарақұрым адам кетіп барады екен. Қолға түскен
киімді иыққа іле сала сыртқа атып шығып, біз де ілестік.
Көппен бірге Бейбітшілік (қазіргі Желтоқсан) көшесімен
жоғары көтерілдік. Алаңға (қазіргі Республика алаңы) жете
бергенімізде милицияның белгісі бар “Волга” жеңіл көлігі
алдымызға түсіп жүріп отырды. Топтың бас жағында болған
едім, жүргізушінің жанында генерал формасындағы адам
отырғанын көрдім. Алаңды милиция қоршап тұр екен. Бірақ
жаңағы “Волгадағы” адам бұйырған соң бізді алаңға өткізді.

Жүрсіннің сөзінше, алаңға жиналған жұрт өздерін
толғандырған сұраққа билік толымды жауап береді, я
Дінмұхамед Қонаев елдің алдына шығып, жағдайды түсіндіреді
деп күткен. Бірақ Қазақ ССР компартиясы орталық комитеті
(қазір Алматы қаласы әкімдігі – ред.) ғимараты алдындағы
мінберге шыққан үкімет шенеуніктері мен өзге де адамдар
“Бұларың дұрыс емес, қайтыңдар, әйтпесе жаман болады”
дегеннен басқа жарытып ештеңе айтпады дейді ол.

Жүрсін Тастекеев (жоғарыда сол жақтан бірінші тұр)
курстастарымен бірге. Алматы, 1986 жылы түсірілген сурет.

Жүрсін Тастекеев алаңда халық көп болғанын, жастар
бірігіп ән шырқап, бейбіт шеруде тұрғанын айтады. Кейін билік
оларды күштеп таратуға кіріскен.

534

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

- Кешке қарай қазіргі Желтоқсан көшесімен алаңға жүк
көлігі кірді. Спорт киіміндегі бір-екі жігіт көліктің үстіне
шығып алып, “мұнда арақ бар екен, мә, алыңдар” деп айғайлап
жұртты шақырды. Біреулер “Жігіттер, бізді арандату үшін
мұны әдейі әкелген, оған жоламаңдар!” деп, әлгі көлікке ұм-
тылған кей жасты тыйып тастады. Бір кезде Фурманов (қазіргі
Назарбаев) көшесі жақтан өрт сөндіретін мәшинелер келіп,
су шашты. Жастар оларға мұз, тас лақтырды. Қараңғы түсе
бастаған кезде алдыңғы қатарда шеп құрып тұрған милиция
қызметкерлері кейін шегінді де, орнына солдаттар келді. Содан
кейін дауыс зорайтқышпен “Шабуылға!” деген бұйрық берілді.
Сол-ақ екен, алаңдағы халықты бірнеше қатар айнала қоршап
тұрған солдаттар бас-көзге қарамай төпелеп ұра жөнелді, - деп
еске алады Жүрсін Тастекеев.

Ол алаңдағы наразыларды күштеп тарату түннің бір
уағына дейін жалғасқанын, солдаттың резеңке таяғы өзіне де
тигенін, бірақ олардың қолына түспей аман-сау құтылғанын
айтады.

Фотогалерея: Алматы, 17-18 желтоқсан 1986 жыл

- Желтоқсанның 18-і күні билік алаңға арнайы техника
қойып, жан-жағын қоршап, ешкімді өткізбей тұрды. Көшенің
әр тұсында милиция, солдаттар мен “дружинниктер” (“халық
еріктілері жасағы” – ред.) жүрді. Кешке жатақханаға бірінші

535

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

курс комсоргы (бастауыш комсомол ұйымының жетекшісі –
ред.) Құрманғазы Рахметов келді. Ол қалада пәтерде тұратын
және физика пәні ағылшын тілінде оқытылатын арнаулы топта
болатын. Құрманғазы “егер бұл қарсылығымыз үш күнге
дейін жалғасса, БҰҰ назарға алады екен, сондықтан ертең де
шығайық” деп кетті. Түнімен плакаттар жазып дайындадық.
Желтоқсанның 19-ы күні түске қарай қырық шақты жігіт тағы
да алаңға бармақшы болдық. Бірақ Никольский базарының
қасына жеткенімізде алдымызға кесе-көлденең тұра қалған
автобустан түскен солдаттар бізді қуып ала жөнелді.
Кейбірімізді ұстады, өзгеміз қашып құтылдық, - дейді Жүрсін.

Жүрсін Тастекеевтің айтуынша, билік бейбіт шеруді
күшпен басқаннан кейін онымен бір курста оқитын
студенттерді тергеуге шақыру басталған. Бірақ Жүрсінді
тергеуге шақырмауы онымен бірге оқитын кейбіреуге күдікті
көрінген.

- Желтоқсанның 21-інен бастап екі топтағы студенттерді
тергеуге ала бастады. Құрманғазыны қамап қойды. Бірде
курстас қыз “Сені неге шақырмайды?” деп сұрады. Шақыратын
шығар деп едім, тізімдегінің бәрін тергеп, сенен аттап өтіп
кетті деді ол. Бұл сөзден кейін өзімді кінәлі сезіне бастадым.
Бір күні сабаққа келсем, прокуратура өкілі оқытушыдан бір
студенттің аты-жөнін сұрап жатыр екен. Кейін сыртқа оған
ілесе шықтым да “Мені неге тергеуге шақырмайсыздар?”
дедім. Фамилиямды сұрап, қолындағы тізімге қарады да “аты-
жөнің жоқ екен” деді. Сосын сұрақ қоя бастады. Әскерден
борышымды өтеп келіп, білім алып жатқанымды, алаңда
болғанымды айттым. Семей жақтың тумасы екенімді естісімен
орнынан атып тұрып “Құрманғазының жерлесі екенсің ғой,
ол мұны жалғыз ұйымдастыруы мүмкін емес. Сен де жауапқа
тартыласың” деп түсініктеме жаздырды. Қай күні, қай уақытта
алаңда болғанымды жазып бердім. Таңертең бас прокуратураға
келесің деп қағаз берді. – дейді ол.

Жүрсіннен прокуратура қызметкерімен болған әңгімені
естіген курстастары оны “алаңда болғаныңды неге айттың, енді
сотталатын болдың” деп сөккен. Ертеңіне бас прокуратураға

536

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

барған Жүрсін өзіне шақыру қағазын берген әлгі қызметкер
бір бөлмеге ертіп апарғанын айтады.

- Үстел басында жасы үлкен, полковник шеніндегі
адам отыр екен. «Не істедің? Алаңға шықтың ба?» деп
сұрады. Курстастарымның «енді сотталасың» деген
сөзінен кейін үрейленіп қалған басым «Жоқ, алаңға барған
жоқпын» дедім. Ол мені кіргізген тергеушіге «несіне
әкелдің, мұнсыз да іс жетеді ғой» деп мені босатып қоя
берді. Содан дәлізге шыққанымда қолын кісендеп тергеуге
әкеле жатқан Құрманғазы Рахметовті көрдім. Онымен қысқа
ғана тіл қатысып үлгердім. Құрманғазы іс материалдарында
менің фотосуретім жүргенін айтып, «қаш» деп кеңес
берді. Университетке келсем мені оқудан шығарылғандар
тізіміне енгізіп қойыпты. Сөйтіп ауылыма қайттым, - дейді
ол. (Құрманғазы Рахметовты сот «жаппай тәртіпсіздік
ұйымдастырды» деген айыппен жеті жылға қатаң режимдегі
колонияға қамау туралы үкім шығарған. Түрмеде екі жыл екі
ай отырған ол 1989 жылы бостандыққа шығып, 1990 жылы
ақталды.)

Жүрсін Тастекеев ауылында бір қыс құрылыста жұмыс
істегенін, 1987 жылы жазда оқуға қайта қабылдауын сұрап
берген өтінішін университет деканаты қанағаттандырудан бас
тартқанын айтады. Кейін ол сауда техникумына оқуға түсіп,
бітіріп шығады.

Жеке кәсіпкер Жүрсін Тастекеев қазір Алматы облысы
Қаскелең қаласында тұрады.

https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-1986-
december-events-33-years/30328934.html

537

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ТАТЕНОВА ГҮЛНАР

Мен, Шығыс Қазақстан облы-
сы, Зайсан ауданы, Кемпір-Бұлақ
ауылында 1966 жылы 13 сәуірде
дүниеге келдім. Отбасым қарапайым
болды.

1973 жылы 1 қыркүйекте
алғашқы мектеп табалдырығын атта-
дым. Кеңсай совхозында 8 сыныпқа
дейін оқыдым. 1981 жылы Зайсан
қаласындағы кәсіптік-техникалық
училищесінде оқып, 1984 жылы бітіріп, Алматы қаласына
оқуға бардым. Бірақ түсе алмадым. Сосын Алматы үй құрылыс
комбинатына жұмысқа орналастым.
1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысып алаңға
шықтым. Сол кездегі алаңдағы оқиға әлі көз алдымда.
Қыздарды шашынан сүйреп алаңнан қуды. Қазақ қыз-жігіттерді
аямай тепкілеп, қолдарын артқа қайырып, автобусқа тиеп
әкетіп жатты. Жеріміз үшін, еліміз үшін қорықпай алаңға
шығып, «Менің Қазақстаным» әнін айтып тұрдық.
Кешкісін жатақханаға оралдық. Ертеңінде жұмысқа
жатақхана алдынан әкетіп жүрді. Содан екі-үш ай көтеріліске
қатысқаным үшін жиналысқа шақырып отырды. Не үшін
алаңға шыққанымды сұрады. «Әке-шешеңді, өзіңді жұмыстан
шығарамыз», - деп әбден мазалады. «Бұдан кейін сендерді
ешқайда жұмысқа алмайды», - деп қорқытып, әуреге салды.
Енді ешқашан көтеріліс болмасын деп тілеймін. Елімізде
тыныштық болсын. Болашағымыз жарқын болсын.
Қазіргі кезде Өскемен қаласында тұрамын. Құдай берген
екі ұлым бар. Екеуі де отбасылы, балалары бар.

538

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ТАШКЕН ОРАЗ

1986 жылдың күзінде Алма-
ты қаласындағы ағаш өңдеу ком-
бинатында жұмысқа тұрып, атал-
мыш комбинаттың «Көктем» атты
жатақханасына орналастым. 1986
жылғы желтоқсандағы СОКП орта-
лық комитетінің шешіміне наразы-
лық мені де 16 желтоқсан күні ор-
талық алаңға алып келді. Менімен
бірге Ерболат, Жұмағали (марқұм),
Ермек, Марат (марқұм) есімді жер-
лес замандастарымда барып еді. Халықтың көптігінен орта-
лық алаңда ине шаншар орын жоқ. Жастар қосылып «Менің
Қазақстаным» әнін шырқағанда алаң күңіреніп тұрды. Бұл
әннің жастарға ерекше құдіретті рух бергенін айтып жеткізу
мүмкін емес. Бұл елге, жерге деген патриоттық сүйіспеншілік
сезім еді. Орталық алаңдағы қазақ жастарының басты талабы:
«Әр ұлттың өз көсемі болу керек», «Оян қазақ», «Бірігіп бір
тудың астына тізе қос» деген жалынды ұрандар әр жерден
саңқылдап естіліп жатты. Мұздай болып қаруланған әскер түн
ортасында алаңға қарай лап қойып шабуыл бастады. Жастар
алаңнан ығыстырылып шығарыла бастады. Бір топ таныс жа-
стар шегініп отырып, «Поршень» зауытының жатақханасына
бас сауғаладық.
Мұнда да түн ішінде милиция бөлме-бөлмені тінтіп
тексеру басталған шақта, бесінші қабаттың балконында
салбырап біраз уақыт тұрып, аман қалған кезім есімде. Бұдан
кейінгі күндерде де кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы
наразылықтар күшейе түсті. Орталық алаңдағы адамның
көптігі соншалық, қасыңдағы жолдасыңнан әп-сәтте көз жазып
қаласың, енді бір кезде қайтадан қауышып жатқаның.
Бұл қазақ жастарының көтерілісі тоталитарлық жүйенің
күшімен аяусыз тапталып жаншылды. Жаппай қуғын-
сүргін науқаны басталса да, әр-әр жерде қазақ жастары

539

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

шоғырланып бас көтеріп жатты. Міне, сондай бір кезеңде
желтоқсанның 25-күні Ермек екеумізді бұзақылық үшін деп
айыптап, Талғар қаласындағы ішкі істер бөліміне қамады.
Ермек екеумізде бір комбинаттың жұмысшысы болатынбыз,
әрі бір ауылда тай-құлындай тебісіп бірге өскен жолдасым
еді. Жаңа жылдың 4-інші қаңтары күні Ермек екеумізді сот
залына әкелді. Бағымызға қарай судьяның қаракөз келіншек
болып шыққаны. Аты-жөні есімде қалмапты. Бірақ менің
шамалауымша, ұлты ұйғыр екені есімде қалыпты. Судья
келіншек бізге ұрыса сөйлеп – «Енді ұлтаралық араздықты
қою керек» - деп екеумізге бірдей айыппұл салып, сот залынан
босатып жібергені. Адамға ең қымбат дүние бостандық
екені, бостандықтың қадірін жалындаған жас кезінде ұға
қоймағанымызды сол сәтте түсіндік.

Желтоқсанның ызғарлы күндерінде досым Ерболат
оңтүстіктің қызы Айданамен танысып, таныстықтары соңында
махаббатқа ұласты. Келер жылында екеуі отау құрып, шаңырақ
көтерді. Міне, содан бері отыз жылдан астам уақыт өтті.
Тәуелсіздік орнаған жылдардан бері өзім кәсіпкерлікке ден
қойдым. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, туып-
өскен ауылым Сарытеректе еңбек етіп, тұрып жатырмын.
Ауылымның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімді
қосудамын. Жолдасым Алма екеуміз Дастан, Еламан есімді екі
ұлды тәрбиелеп өсіріп, жоғары білім беріп, өз салаларының
жақсы мамандары болуға ықпал жасадық. Аяулы, Алтынай
атты екі келін түсіріп, олардан немере сүйіп отырмыз. Бүкіл
әлемде үстемдік құрып, қаһарын дүние жүзіне паш еткен
Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесіне қарсы шыққан
қазақ жастарының жанқиярлық ерліктері, қылышынан қаны
тамған қызыл империяның күйреуіне әкеп соқты. Дүниеге
тәуелсіз Қазақстан есімде жаңадан мемлекет туғаны айдай
әлемге аян болды. Тәуелсіздік жолында жандары қыршыннан
қиылған қаһарман боздақтарымыз Қайрат, Ербол, Ләззат,
Сәбиралардың ерліктері мәңгі ұмтылмас.


540

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

***

Ораз Ташкен 1965 жылы 21 мамырда Шығыс Қазақстан
облысы, Зайсан ауданы, Сарытерек ауылында Ұлы Отан
соғысының ардагері Сәкібаев Ташкен мен анасы Нұрқияның
отбасында дүниеге келген.

1985 жылы Кеңес Армиясы қатарынан оралған соң, бір
жыл кеңшарда мал шаруашылығында жұмыс істеген. 1986
жылдың күзінде Алматы қаласындағы ағаш өңдеу комбинатына
жұмысқа тұрып, сонда желтоқсан көтерілісіне қатысқан.
Желтоқсан ардагері.

ТӘЖІБАЕВ ҚАНАТ

1986 жылы Ауыл шаруашылық
институтының (Каз. СХИ факультет
мех-и) 3-курс студентімін. Менің
айтайын дегенім, сіздердің 1986
жылғы желтоқсан оқиғасын еске алып,
ұлықтау үшін көтеріп отырған бастама-
ларыңызды немесе ұсыныстарыңызды
қолдаймын. Мен желтоқсан оқиғасына
бәрі қатысты деп айта алмаймын, оны
бірге жүрген орта немесе курстастар
біледі және түсінеді.
Біз 4 жігіт курстас Мех. Фак №4-ші жатақханасының
бірінші этажында Қуатбеков Жанат, Иманқұлов Рахим, Көкенов
Жанатбек және мен - Тажибаев Қанат бірге тұрдық.
1986 жылғы 16 желтоқсан күні күндіз бәрін естідік,
бейбіт түрде Қонаев атамыздың орнына қазақ болсын деген
оймен кешке алаңға шықтық. Алаңда толған қыз-жігіттер
бәрі жастар. Басында бейбіт түрде өтіп жатты, «Менің
Қазақстаным» сынды патриоттық әндер айтылды. Қаруланған
әскер екі жақты қоршап тұр. Трибунадан жастар қайтыңдар
деген сөздер.

541

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Бір кезде ортаңғы алаңды басып-жаншып 4 өрт сөндіргіш
машина су шашып өтті. Артынан қаруланған әскер жастарды
бас көзге қарамай ұрғылай бастады. Бұған шыдамаған біздер
тойтарыс бердік. Ол жерде қалай тұрасың, қыздарды шашынан
тартып, сүйреп жүрген орыс әскерлері, олар аяусыз ұрғылап
жатты. Бір кезде мен қасымдағы жігіттерден айырылып
қалдым. Артымыздан тағы әскер келіп бізді ұрғылай қуды. Сол
кезде біз «Океан» деген магазиннің алдында ұсталып қалдық.
Сол жерде ұсталып қалған жігіттердің бәрін алаңның ортасына
алып келіп отырғызып қойды. Бір орыс генералы ортада
отырған бір қазақ жігітін қолындағы таяқпен бастан ұрды,
ол ес-түссіз жерге құлап түсті. Алаңда айқай-шу төбелес, қан
жоса болған қазақ жігіттері. Бір кезде алаңға 4-ЛАЗ автобусы
келіп біздерді соған тиеді.

Алды, арты қаруланған жасақпен ұсталғандар Әл-
Фараби көшесімен «Қазақфильмге» қарай келе жаттық. Бір
кезде бір жігіттер «бәрімізді атады деп, одан да терезені
сындырып қашайық» деп айтты. Менің қасымда Гилимов
Самат 5-курс студенті, Атыраудың жігіті бар. Содан алдыңғы
жақта жүргізушіге жігіттер тап берді, автобус тоқтап қалды. Біз
терезені сындырып, далаға секірдік, үлгергеніміз жан-жаққа
қарай қаштық, үлгермегені ұсталып қалды. Сол «Қазфильмнен»
Сейфулина – Маметоваға дейін жаяулап, түнгі 3-те әпкемнің
үйіне келдім. Бізді алаңда резеңке шоқпармен ұрған кезде, оны
сезбеппім. Үйге келгенде әпкем арқамды көріп шошып кетті.
Түнімен ыстығым көтеріліп, таңертен сабаққа келдім. Келгенім
жақсы болды, тексеріс жүріп жатыр екен.

18-желтоқсан тағы алаңға бардық. Ол жерде Роза
Бағланова апайлардың жастарды сабырға шақырып жатқан
сөздерін естідім. Бірақ бұл күні кәдімгідей қатты соғыс болды.
Өртсөндіргіш машина, көп әскер, бәрі қаруланған, біздің
жатақхана жақын ғой, бізді қуып әкелді. Жатақхана есігін
жауып қойсақ та ішіне бұзып кірді, кезекші мұғалімдерді
адам құрлы санамады, бәрін сабап бірінші этажда тұрдың деп,
бәрінің есіктерін теуіп сындырған.

Біз 2-қабатқа көтеріліп, су шашып, лестницаларға шкаф

542

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

төсектерді үйіп кіргізбедік. Бұл түнгі сағат 4-ке дейін болды.
Терезеден қарасақ қолдарында күрек, иттермен жүрген әскери
адамдар (Қазіргі арнайы жасақ). Осылай желтоқсан оқиғасын
сол кезде бірге оқыған жігіттер түсінеді, біледі. Кейде 17
желтоқсан күні телевизордан кейбір жігіттер көшеде ұсталып
қалдым деп мұңын айтып жатады. Ол дұрыс емес. Сол алаңда
болып ұсталсаң, сонда әңгімеңді айт. Мен осы желтоқсан
оқиғасын әскери салада болған соң ешкімге айтпадым.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан қыз жігіттер
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуына
кішкене болса да өз үлестерін қосты деп ойлаймын. Қазір
құдайға шүкір, Тәуелсіз мемлекетпіз.

Желтоқсандықтар аман-болыңдар! Қатысқан курстастар,
сендерде аман-болыңдар.

ТОҚЖІГІТ МАҚСҰТ

Әзірбайжан Мәмбетовті де соққыға жықты

Желтоқсан оқиғасы кезінде мен
АДК-да жұмыс істеуші едім. Абай
даңғылы мен Бауман көшесінің қиы-
лысқан жерінде «Юность» деген жа-
тақханада тұратынбыз. Бір топ жігіт
қазіргі Республика алаңына барып
бас жарылып, көз көгеріп, одан қал-
ды қаланың шетіне апарып әскер мен
милициялар ұрып-соғып, тепкілеп
тастап кетті. Жаяулап-жалпылап түн-
гі 2-3-те жатақханаға жеттік. Бәріміз
жиналып, көргенімізді әңгіме қылдық. Сонда бір жігіт: «Мен
бүгін Әзірбайжан Мәмбетовпен бірге ментурда болдым», -деді.
«Қой, - дестік біз, - мүмкін емес». «Шын айтамын, - деді әлгі
жігіт. -Милиция ұстап алып бір автобусқа кіргізді. Соның ішінде
басы жарылған, бет-аузы қан-қан Әз-ағамыз отыр. Мені Әзір-

543

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

байжан ағамыз: «Кел, алдыма отыра ғой», - деп тізесінің үстіне
отырғызып, белімнен қос қолдап ұстап отырды» - деді әлгі жігіт.

Артынан жазалау басталды. Бізді 33-баппен тіркеуден
шығарып, жұмыстан, жатаханадан бір-ақ қуып шықты. Міне,
содан бері 25 жыл өтіпті. Бізді қойшы, қарапайым адамбыз.
Ә. Мәмбетов туралы неге жазылмайды? Неге айтылмайды?
Өткенде заңды бұзып Тәжікстанға қонған Ресейдің екі
ұшқышын соттап еді, бүкіл Ресейдің телерадио, баспасөзі
шулап қоя берді. Тіпті, Медведевтің өзі араласып, дүние бір
дүрлікті. Оны айтасыз, бізде «Рудный Алтай» деген орыс
тілінде шығатын газет бар. Сол газет бірде вокзалда қаңғырып
қалған итке 3-4 санын арнады. Ой, бір бұрқыратып жазды-ау
дерсің. 1- санында оған дядя Кол колбаса бергенін, 2- санында
тетя Маша нан бергенін, еден жуып жүрген тетя Поля болса
астына үйінен көрпеше әкеп салғанына дейін майын тамызып
жазғаны шіркіндердің... Артынан ол ит «вокзалдан жоғалды»
деп тағы бір бетінде жазды. Ал Желтоқсан көтерілісінде қанша
адам өлді, қанша адам сотталды, жұмыстан қуылды, оқудан
шығарылды, қаншасы із-түзсіз жоғалды? Телерадио, зиялы
қауым, «Нұр Отан» партиясы тым-тырыс. Сонда біз Желтоқсан
көтерілісіне қатысқандар иттен де қадірсіз бе?

***
Тоқжігітов Мақсұт Қуанқанұлы, 1960 жылы 17 қазанда
Қытай Халық Республикасы, Шәуешек қаласында қарапайым,
толыққанды отбасында дүниеге келді. 1962 жылы Қазақстанға,
Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қаратал ауылына көшіп
келген. Отбасында әкесі, шешесі, үлкен ағасы болды, екі апайы
бар. 1967 жылы Қаратал ауылындағы мектеп табалдырығын
аттады. Мектепте сабақты жақсы оқыған Мақсұт, 1975 жылы
осы аталған мектептің 8-класын бітіріп, отбасы жағдайына
байланысты әрі қарай оқымады. 1976 жылы «Красный
Партизан колхозында ашылған трактор училищесінде оқыды.
Училищені бітіріп әртүрлі жұмыстар істеген.
1979-1981 жылдар арасында әскер қатарына шақырылып,
Отан алдындағы борышын өтеді. Әскерден келгеннен

544

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

кейін әртүрлі жұмыстармен айналысты. 1985 жылы 21
қараша Алматы қаласына жол тартып, Алматы мақта-мата
комбинатынның 3-цехына қалыптаушы болып жұмысқа
қабылданды.

1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде жастармен
бірге алаңға бейбітшілік шеруге шығып, қудалауға
ұшырады. 1987 жылдың 19-тамызында 32-бап бойынша, өз
еркімен жұмыстан кетті деп жазып, жұмыстан шығарылып,
Благодарное ауылындағы әке-шешесінің үйіне қайтып келеді.
1988 жылы Благодарное ауылындағы «Красный партизан»
колхозының трактористер курсына тіркеліп, колхоз мүшелігіне
қабылданады. Қатардағы колхозшы ретінде жұмыс істеп
жүргенде, КСРО ыдырап колхоздар мен совхоздар таратылып,
жұмыссыз қалады. Қазіргі уақытта сол Шығыс Қазақстан
облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылында тұрып жатыр.

ТОҚТАБАЕВА ГҮЛБАРШЫН

Бейтаныс үш бейне

Желтоқсан – 86, ызғарлы күн,
Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.
Өттің де астан-кестен, ойда жоқта,
Артыңа ұмытылмас із қалдырдың.

Алматы шеттілдер инсти-
тутының неміс және ағылшын
тілі факультетіне оқуға түстім.
Желтоқсан оқиғасы болған 1986
жылы үшінші курста оқып жүр-
ген едім. Сол бір оқиғаны еске
түсірсем. 16 желтоқсан күні
әдеттегідей жатақханадағы күн-
деріміз өтіп жатқан. Түнгі сағат
бірлер шамасында жатақхана
маңайы у-да шу болып кетті.
Студенттердің барлығы бал-

545

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

конға шықты. Неге шықпайсыңдар, ертең алаңға шығамыз
деп айғайлаған дауыстар.

Ертеңінде сабаққа бардық, сабақ деген аты болмаса,
сабақ дұрыс болған жоқ. Қазақ халқының өз елін, жерін
қорғаудағы қажырлылығын, жанын аямайтын патриоттығын,
тәкаппарлығын ескере отырып, «бізге неге шықпасқа» деп
бөлмеде бірге тұратын құрбым Қалима екеуіміз алаңға баратын
болып шештік. Дайындалдық.

Көшеге шықсақ автобустардың көбін тоқтатып тастап-
ты. Содан Брежнев алаңына жаяу бардық. Барсақ алаң толы.
Ана көшеден де, мына көшеден де топ-топ болып, адамдар
келіп жатыр. Үкімет үйінің төбесінен үлкен прожектор түсіп
тұр. Алдыңғы жағында солдаттар. Жиналған тобырдан еш-
кімді трибунаға жақындатпады. Біраз зиялы қауым өкілдері
келіп, жастардың қайтуын сұрады. Бірақ оған жастар көнбеді.
Алаңдағы халықпен бірге “Елім-ай” және “Атамекен” әнін
орындадық.

Жиналған жастарды бірнеше рет алаңнан қуды. Кезекті
бір қуғандарында Қалима екеуіміз бір-бірімізден ажырап
қалдық. Қол ұстасып қашанғы жүгіресің. Екеуіміз екі бөлек
кеттік. Қарасам артымда солдаттар қуып келеді. Алдымда бір
қыз бен бір жігіт. Үй-үйлердің арасынан арттарынан менде
қалмай жүгіре бердім. Жүгіріп, құтыламыз дегенімізден
ештеңе шықпады. Алдымызда үйлердің қоршауына тап
болдық. Ешқайда қаша алмайсың. Қараңғы түн. Екі солдат
па, сақшы ма белгісіз қолдарындағы дубинкамен екі-үш рет
салып-салып жіберіп жөндеріне кетті. Біздің қатты айғайлап,
шыңғырғанымыздан болар. Үшеуіміз бір-бірімізге тығылып
алғанбыз. Соққы жаман тиді.

Сөйтіп үшеулеп жүріп Қазақ педагогикалық институты
жатақханасына жеттік. Маңайында білектерінде қызыл лента
таққан кезекшілер жүр екен. Қыз сол жатақханада қалды.
Жігіт мені Сейфуллин көшесіндегі Қалиманың туысының
үйіне дейін әкеп кіргізіп кетті. Есімде қалғаны - ол жігіттің
Алматылық екені. Жанымызда бірге соққыға жығылған қызды
да танымайды екен. Бір-бірімізді танымайтын үш бейтаныстың

546

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

басынан бұл күн осылай өтті. Не аты-жөнімізді сұраспағанбыз.
Қалима менің алдымда ғана келген екен. Бір-бірімізді

көріп қуанып кеттік. Келесі күні кешегі қорқыныш болмағандай
тағы алаңға бардық. Алаңдағы адамдар саны кешегіден де көп.
Жиналған топтың қолында «Пленум шешіміне қарсымыз!»,
«Әр ұлтқа өз басшысы!» деп жазылған плакаттар. Көпшілік
«Бір күнде ұлттың тағдырын неге шеше салады, Қонаевтың өзі
шығып айтсын» деп айғайлай бастады. Бірақ біздердің талап,
тілектерімізге құлақ асқан ешкім болмады.

Біршама уақыттан кейін трибунаға бір топ жоғары
лауазымды адамдар шықты. Солардың ішінде Роза Бағланова
апамыз да бар болатын. Жиналған көпшілікке ақыл-кеңестерін
айтып, тарауды сұрады. Милиционерлер алаңдағыларды біраз
жерге дейін қуып тастайды. Біздер қайтадан жиналып алаңға
барып аламыз. Бір кезде алаңда айғай-шу, ұрып-соғу басталып
кетті. Асфальт көшемен топталып, жүгіріп келе жатқанымызда
машинадан әскерилер түсіп, қуды. Тағы да үй-үйлердің
арасымен қаштық. Кешегіге қарағанда біраз тәжірибеміз де бар
дегендей. Бір көп қабатты үйдің маңайында жеңіл машиналар
тұр екен. Сол жерге барып жасырынып қалдық.

Қалима екеуіміздің желтоқсан оқиғасына қатысқаны-
мызды мұғаліміміз Нұрбикеш Баймуровна ғана білді. Сабақ
басталған кезде корпустың алдында фотограф суретке түсіріп
тұр екен. Ойымызда түк жоқ түсе салдық. Бірінші сағат лекция
болатын. Залға кіргеніміз сол еді, қыздардың әңгімесі фотоға
түсіріп тұрғаны - кім алаңға барды, соларды анықтау үшін,
анықталса оқудан шығарады екен. Ана үкімет үйінің төбесінен
түсіп тұрған прожектор фотоға да түсіріп алған екен. Қалима
екеуіміз бір-бірімізге қарап, үндемедік. Екінші сабақ ағылшын
тілі сабағы біткен соң, мұғалімімізге алаңға барғанымызды
мойындадық. Ол кісі менен басқа ешкімге айтпаңдар, тіпті
туыстарыңа да деді. Ал ана институттың алдындағы фотограф
жылдың аяғына дейін тапсырылған міндеттемелерін орындау
үшін студенттерді фотоға түсіріп тұрғанын айтты. Екеуіміз
қатты қуанып кеттік.

Бүгінде Желтоқсан көтерілісі - бүкіл өзгерістердің

547

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

бастауы болды. Тәуелсіздік таңы атқалы 30 жыл болды.
«Теңіз тамшыдан құралады» дегендей, бұл Қалима екеуіміздің
кішкене болса да Тәуелсіздікке қосқан үлесіміз деп білемін.
Осы жылдары біздің Қазақстанымыз тамаша жетістіктерге қол
жеткізді. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Жыл сайын
16 желтоқсанда желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар мен
азаматшалар Қайрат Рысқұлбеков монументіне жиналып, гүл
шоқтарын қоюды, боздақтардың рухына тағзым етуді, құран
бағыштауды әдетке айналдырғанбыз. Желтоқсан көтерілісіне
қатысқан сол кездегі жастар таяқ жеп, жазықсыз қамалса да
ешқашан өкінбейтінін айтады. Өйткені, олар болашақтың қамы
үшін бастарын бәйгеге тікті.

Желтоқсандық  өрендер ұмытылмайды, ерліктері мәңгілік
сақталады. Олай болса,  біз, ұлағатты сөздерді жастардың
санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын
сыйлауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін
оятуға бағыт-бағдар беруге міндеттіміз.

Қазіргі уақытта курстасым, құрбым Қалима Раисова
Өскемен қаласында тұрады. Ағылшын тілі пәнінің жоғары
санатты мұғалімі. Жолдасы орманшы. Отбасыларында үш
балалары бар.

Өзіме келсем, қазіргі уақытта мектепте директордың
оқу ісі жөніндегі орынбасарымын, жолдасым Төлепбергенов
Ришат Кабиолданович «Шілік» шаруа қожалығының жетекшісі.
Отбасымда екі қыз, бір ұлымыз бар.


***

Тоқтабаева Гүлбаршын Уалқанқызы 1966 жылы 3
наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының
Сарытерек ауылына қарасты Сайхан бөлімшесінде дүниеге
келген. Әкесі Тоқтабаев Уалқан «Кендірлік» совхозының
алдыңғы қатарлы шопандарының бірі болған. Гүлбаршын 1983
жылы Сарытерек ауылындағы Н. М. Пржевальский (қазіргі
Сарытерек) атындағы орта мектепті бітірген.

Зайсан ауданы
Сарытерек ауылы

548

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ТӨГІСБАЕВ ШӘРІПҚАЗЫ

Мен, Төгісбаев Шәріпқазы
Мұсабекұлы, Шығыс Қазақстан
облысы, Тарбағатай ауданы,
Қабанбай батыр ауылында (бұрынғы
Крупская ауылы) дүниеге келдім.
1972 жылы мектепке бардым. 1982
жылы орта мектепті бітірдім. Сол
жылы әскер қатарында 1984 жылға
дейін әскери борышымды өтедім.

1985 жылы автомектеп оқып,
Қабанбай ауылында жұмыс істедім.
1986 жылы Алматы қаласында Алматы Инстрой ЦМР-6 жұмыс
істедім. Сол жылы 16-желтоқсан көтерілісіне қатыстым.
17-желтоқсан күні таңертең жұмысқа бардым. Алматы за-
водында іссапармен негізгі мамандығым – компресщик болып
жұмыс істедім. Сонда бастықтар «сен неге жұмысқа келдің?»
деп маған қатты сөйледі. «Қазақтардың бәрі алаңда...» деген
оймен, нарядқа қол қойдырып, анықтама алып алдым. Со-
дан 17-желтоқсан күні сағат 9-да алаңға бардым, жалғыз өзім,
көптеген жігіттер мен қыздарды кезіктірдім. Ауылдастарым,
сыныптастарым - Ермек Құмашов, Ермек Ниязбеков, Қайрат
Абдрахманов, Жанат Алханова. Өзіммен жатақханада бірге
тұратын Бейсалиев Асхат, Росиия Астрахань облысы Волгоград
ауданы, Тюрен кентінің тумасы, екеуіміз жүрдік.
Алаңда тұрғанда өрт сөндіру машинасымен су шашты,
сол кезде бір жігіт оларға қарсы шықты. Сол кездегі алаңдағы
ұл-қыздар Өкімет үйінің алдына бірақ бардық. Асхат екеуіміз.
Қоршаған орыс офицерлері мен қазақ курсант офицерлері.
Трибунада көптеген тұлғалар сөз сөйледі. Менің есімде
қалғаны Роза Бағланова сөйледі, тыныштыққа, бірлікке
шақырды. Қазақтың генерал-лейтенанты келіп, келіссөз
жүргізді. Аты-жөні еімде жоқ. Қазақтың қыз-жігіттерінен
Өкіметті қазақ немесе Қазақстанның азаматы басқару керек
деп талап қойылды.

549


Click to View FlipBook Version