ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ақталмаған Желтоқсанға қатысушы азаматтар қатарындамын.
Мен сияқтылар көптеп толып жатыр. Себебі барлық құжаттар
мұрағаттан жойылған...
27 жасымда отбасын құрдым. Жұбайым, екі балам – бір
ұл, бір қызым бар. Көп жылдар «Базис» корпорациясында
сылақшылардың бригадирі қызметін атқарып, Алматы қала-
сындағы көптеген әдемі ғимараттар мен нысандардың бой
көтеруіне атсалысып, алдыңғы қатарлы бригада болып көзге
түстік. Көптеген Алғыс хаттар, күміс және алтын грамоталар-
мен марапатталғам.
Міне, биыл ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл, Желтоқсан
оқиғасына 35 жыл толып отыр. Ата-бабамыз ғасырлар бойы
азаттыққа қол жеткізу жолында арпалысқан, бодандықтан
бостандыққа жету үшін күрескен. Ендеше, бұл Тәуелсіздіктің
бізге оңайлықпен келмегенін, тікелей 1986 жылы Желтоқсан
көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының арқасында жеткенін
өскелең жас ұрпақ біліп өсуге тиісті. Ұрпағымызды намысты,
өз отанын, ана тілін, дінін сүйетіндей, Отан үшін отқа тү-
сетіндей, қазағы, халқы үшін жан беруге аянбайтындай етіп
тәрбиелеуге тиіспіз.
***
Айтбаев Ерік Амангелдіұлы 1969 жылы 1-ші тамызда
Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат селосында (қазіргі
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат селосында) қызметкерлер
отбасында дүниеге келген. Отбасында жеті бала тәрбиеленіп
өсті. Ерік Амангелдіұлы балалардың ішінен төртінші перзент.
1976 жылы жоғарыда аталған ауданның Кіндікті кеңшарында
алғаш мектеп табалдырығын аттап, әке-шешесінің қызмет
бабымен Ойшілік кеңшарындағы орта мектепке ауысқан.
200
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АЛИМБАЕВ НҰРЛАН
1959 жылы туылған. Зайсан
қаласында тұрған. 1977-1979 жыл-
дары Кеңестік Армия қатарында
қызмет етті. Өскемен қаласында
автопаркта 3 жыл жұмыс істеген.
1983 -1987 жылдары Алматы қала-
сына келіп Алматы құрылыс ком-
бинатында ел қатарлы еңбек еткен.
Нұрлан Желтоқсан
көтерілісіне Аламаты қаласында
жүріп қатысқан. Ол сол жылдар-
дағы ел басына күн туған кезді
терең күрсініп барып: «Бізді эрово-
казалдың қасында су шашып, қоршады. 3-4 жігіт ОМОН-дар-
ды қолымызға түскен заттармен қорқытқан болып, 20 шақты
қыз, 10 шақты ұлдарды олардың қоршауынан құтқардық. Одан
кейін барлығымыз Абылайхан даңғылы мен М.Мақатаев көше-
сі (бұрынғы Пастер) қиылысқан тұсты бетке алып қашып
құтылдық. Тағы қоршауға түстік, таяқ жедік. Солдаттар бізді
аяу дегенді білмеді. Бізде жігіттер барынша қорғанумен бол-
дық.
18- де сағат 11-де су шашты. Онда да тиіп қашып жүріп
қақтығысып, алаң жаққа ұмтылумен болдық. Тағы бірде До-
стық даңғылы жаққа қашып құтылдық.
Екі күн сілікпеден кейін Фурманов-Әл Фараби жақта
апайымның үйіне бардым. Бір жеті сонда жаттым. Біраз күнен
кейін өзіме келіп, жұмысқа барсам, жұмыстан шығарып жі-
беріпті. Қазір ол күндерді ойласам, қаным басыма шабады»,
- деп аяқтады Нұрлан ағамыз өз сөзін.
201
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АЛМАБАЕВ ӘЛІБЕК
Жанымды жаралаған Желтоқсан
Биылғы жылы Желтоқсан
көтерілісінің 35 жылдығы қарсаңын-
да әртүрлі әңгімелерді естіп, 1986
жылдың жаңғырығы жан дүниемді
тебірентіп, бетіме желтоқсанның
ызғырығы келгендей ауыр да мұңды
күйге түстім. Иә, қазіргі уақытта біз
тәуелсіз Қазақстанның халқымыз.
Көп нәрсені ойлай бермейміз. Көп
нәрсенің байыбына бармаймыз. Бұл
тәуелсіздік бізге қандай жолмен және
ненің немесе кімнің арқасында келгеніне мән бермейміз. Көп-
шілік қауым белгілі бір мемлекеттің тәуелсіздікті алуы үшін
қан төгіс майданға шығып, қолға найза мен балта алып, жауға
қарсы шабуылға шығуы деп түсінеді. Алайда бұл мүлдем қате
түсінік.
Кезінде белгілі бір объективті және субъективті себептер-
мен Қазақстан елі Қызыл Кеңестің құрсауында қалып, жетпіс
жыл көлемінде бүкіл кеңес үкіметін шикізатпен, экологиялық
таза азық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар, сол Одақтың
саяси-құқықтық және идеологиялық шырмауында болғаны
тарихи дерек. Осы Одақтың өктем саясатының нәтижесінде
1986 жылғы Қазақстанға қатысты жасаған «әмірі», ұлтжанды
қазақ азаматтарын бейжай қалдырмады. Алайда сол азамат-
тардың билікке қарсы шығу немесе төңкеріс жасау сияқты
пиғылы болмаған еді. Құқықтық мемлекеттің өрімдей ұл-қыз-
дары партия басында отырғандарға қарапайым ғана сұрақпен
жүгінген болатын. Ол, неге бірінші хатшы сырттан әкелінеді,
неге Қазақстандық азамат емес?
Алайда шырылдаған шындықты сұрап орталық алаңға
шыққан, көбінесе менімен тетелес менің Отандастарым жа-
зықсыз соққыға шығылып, жасанды ойдан шығарылған себеп-
202
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
термен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, алды жазықсыз
дәлелденбеген себептермен сотталып, соңы қуғын-сүргінге
ұшырап, әсіресе болашақтан асқақ арман күткен студент жа-
стар оқудан шығарылып, жұмысшы жастарымыз жалғыз ғана
табыс көзі болып тұрған жұмыстарынан айырылып, ел ішінде
дүрбелең туған заман болды. Жалпы 1986 жылдың аяғы 1987
жылдың басы жандүниесі қазақ деп шырылдаған жан баласына,
аласапыран кезең болған еді. Қазірдің өзінде сол кездегі, әсіресе
Алматы қаласындағы орталық алаңда және оның айналасында
болған өз көзіммен көрген оқиғалардың ретроспективасын
есіме түсірсем, қазірдің өзінде жаным түршігеді.
Негізінде мен 1986 жылдың қараша айында үйленіп,
отбасын құрып, өзімнің студент кезіндегі досым Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданы, Жусалы станциясының азаматы
Тлеуов Ақылбекпен (бүгінде марқұм, жол апатынан қайтыс
болған) кездесуге Алматы қаласына желтоқсанның 14-де кел-
ген едім. Негізгі мақсатым Алматы қаласынан қызмет тауып,
сол жаққа отбасыммен қоныс аудару. Біз Ақылбек екеуіміз 15-
ші желтоқсанда дәмханада кездесіп, көп нәрсені еске түсіріп,
қызметке тұру мәселесін әңгіме қылған едік.
Ақылбек бойдақ, бар жерден шыққан бала. Аздап көңіл
көтергенді ұнатып, көп нәрсені ойламайтын ештеңені уайымда-
майтын, бір үйдің ерке баласы еді. Бірақ, өтірікті, арамдықты,
сатқындықты жан-тәнімен жақтырмайтын, адал әрі сенімді
дос еді. Спортқа тікелей қатысы болмаса да өзіне сенімді, сері
жігіт болатын.
Сол кезде Ақылбектің әлде туған, әлде нағашы ма есімде
жоқ, әйтеу бір ағасы Алматы қаласындағы үлкен бір трестің
бастығы еді. Есімі есімде қалмапты. Ақылбек сол ағасының
қолында Алматыда тұратын. Ол ағасы мені ертеректен біз
Ақылбек екуіміз Павлодар қаласында бір жатақханада тұрған-
нан бері білетін. Маған дегенде ол кісінің көзқарасы жақсы
еді. Алдын-ала келіскен уәде бойынша Ақылбектің сол ағасы,
«Егер Әлібекпен бірге жүріп, бірге тұратын болсаң екеуіңді де
қызметке аламын», - деген шарты бар еді. Мен де сол уәдеге
сеніп Алматыға келгенмін.
203
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Ол кезде ұялы телефон жоқ. Жалғыз байланыс құралы үй
телефоны еді. Келісім бойынша Ақылбек үйге барып, ағасымен
ақылдасып, мен оған телефон шалып, қай күні, қайда бару ту-
ралы уәделесеміз деп қол алысып қоштастық. Сол күні уақыт
жай болғандықтан біз ертең телефон арқылы хабарласамыз
деп келістік. Бұл желтоқсанның 15-де болған оқиға.
Келесі күні, яғни желтоқсанның 16-ы күні кешке мен
телефон шалып хабарласқанда, біз келесі күні, яғни желтоқ-
санның 17-де сағат 11.00 орталық алаңның жанындағы почта
бөлімінің Мир көшесіне қараған телеграф жағында кездесеміз
деп келістік. Себебі Ақылбектің ағасы бізді сағат 12.00 кез-
десуге шақырған. Мен ол кезде Алматы қаласында тұратын
апайым Сәуленің үйіне тоқтағанмын. Апайым Сәуленің сол
кездегі пәтері Әуезов драма театрының жанында Жамбыл
көшесінде еді. Апайымның жолдасы белгілі балалар жазушы-
сы-журналист, Зайсанның тумасы, бүгінде марқұм болған Ма-
рат Қабанбаев. Кейіннен ол кісі Алтынбек Сәрсенбаевтың
командасында болған. Танымал қаламгер опозиционер болды.
«Дат» газетінің атасы десек те болады.
16-шы желтоқсан күні кешкі телеақпараттан Орталық
партия комитетінің шешімімен Д.Қонаевтың бірінші хатшы-
лықтан кетіп, орнына Колбиннің тағайындалғаны туралы ха-
барды естідік. Алайда ешқайсымыз оған саяси тұрғыда мән
берген жоқпыз. Телехабардан да артық ештеңе баяндалмады.
Тек, жездем Мәкең, «япырай Димекеңе не болды екен, бұлар-
дың орыстары өлгенше отыра беруші еді ғой, арты тыныш
болса екен», - деген пікірін айтты. Басқадай бұл тақырыпқа
әңгіме қозғалмады. Себебі біз жездем екеуіміз басқадай әдеби,
әлеуметтік тақырыптарға әңгіме қозғап отырғанбыз, тек соны
жалғастырып кеттік.
Ертесінде мен мөлшермен сағат тәңертеңгі 10.00 шама-
сында үйден шығып, жаяулап келіскен почтаға қарай аяңда-
дым. Себебі екі орта бәлендей қашық емес еді. Бастапқыда
Әуезов театрына дейін менің көзіме оғаш ештеңе байқалмады.
Абай даңғылын кесіп өтіп Байзақов, Ботаническая көшелеріне
түскенде 3-5-тен топталған жастардың көбейгенін байқадым.
204
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Барлығы сол мен кетіп бара жатқан бағытқа кетіп барады және
қолдарында ерекше мән беретін ештеңе жоқ. Әңгімелері көңіл-
ді, қызу тақырыпта. Алайда ашу немесе дүрлігудің нышаны
мүлдем жоқ. Құтты бір тойға немесе парадқа жиналуға кетіп
бара жатқан сияқты.
Мен ілгері жүрген сайын топталған жастардың қатары
көбейе бастады. Мөлшермен 3-4 квартал жүрген соң халықтың
саны мүлдем көбейді. Халық саны көбейген сайын дауыстар
да қатты шыға бастады. Мен тек сол кезде ғана төтенше бір
жағдайдың орын алғанын және бұл оқиға кешегі телеақпа-
раттан естіген хабармен, яғни 1-ші хатшылық лауазымға
сайланған Колбинмен байланысты екендігін ұқтым. Себебі
жастардың әңгімесінен сұраусыз-ақ анықталып тұрғандай,
олардың барлығы дерлік патриоттық рухтағы тақырыпқа
әңгімелесіп бара жатты. Әсіресе «айтсын», «түсіндірсін біз-
ге», «тіпті Қазақстанның орысы болса да болады ғой, «әйтпесе
Қазақстанда басшылыққа лайық бір қазақ табылмады ма», -
деген әңгімелерді менің құлағым анық естіді.
Осы толқыған адамдар легімен орталық алаңға жақын-
дағанда халықтың саны мүлдем көбейіп кетті. Мен почтаның
ғимаратына жақындағанда адамдардың тобырымен еріксіз
көшенің екінші бетіне ысырылып қалдым да почта ғимараты-
ның екінші бетіне шығып қалдым. Себебі олардың барлығы
топталып бірнешеу боп келе жатса мен жалғызбын, содан
еріксіз ығыса бердім.
Мир көшесіндегі почтаның телеграф тұрған ғимаратына
жеткенде мен бойымның ұзындығын пайдаланып, ғимарат-
тың алдынан Ақылбек досымды іздедім. Алайда адамдардың
көптігінен досымды таба алмадым. Себебі ғимараттың алды,
оның баспалдағы түгел қаптаған адамдар болды. Осы кезде
жастардың арасынан ұрандаған дауыстар да шығып жатты.
Сөйтіп тұрғанда мен адамдардың тобымен еріксіз ығысып
Орталық алаңнан бірақ шықтым. Менің есіл дертім, досым
Ақылбекті тауып алу болатын. Мойнымды созып жан-жағым-
нан соны іздеймін. Бірақ таппадым. Досымды сол қалпы кез-
дестірмедім. Ақылбектің өзі ер мінезді, қызушаң және ұлтшыл
205
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
патриоттыққа бейім жан еді. Жастардың осындай толқуын
көргенде ол шыдамай еріксіз белсенділік көрсетіп, көпке ара-
ласып кетті ме деп ойлаймын.
Содан мен Орталық алаңдамын. Көптің ішіндемін. Жан-
жақтан дабырлаған жастардың дауыстары. Бірен-саран бол-
маса жиналған адамдардың басым бөлігі жастар. Арасында
тыңдасам студенттер және жұмысшы жастар да бар. Түгел
өрімдей қыздар мен жігіттер. Ару Алматының сол күнгі ауа-
райы бүртүрлі ызғарлы еді. Тіпті табиғат ананың өзі билікте бо-
лып жатқан әділетсіздікті жақтырмағандай ызғарланып тұрды.
Жиналған жастар ортаға билік басындағылардың келіп,
түсінік беруін талап етті. Біреулер «ортаға Димекеңнің өзі
келсін». «Сол кісінің аузынан естиік, ол кісі өз еркімен кетті
ме әлде кетірді ме», деген сияқты айқайлар болып жатты. Енді
бір топ Ш. Қалдаяқовтың Қазақстанын шырқап жатты. Шы-
нын айту керек жалпы жиналған жастардың бойында ашу мен
ыза болса да, олардың көңілдері жайдары, жүздері жылы еді.
Менің маңымда тұрған жастардың арасында шабамын, қыра-
мын, жоямын деген пейілдің нышаны да жоқ еді. Керісінше
барлығы позитивті күйде, күннің суықтығына тонып қалмас
үшін өздерін жайдары ұстауға тырысып, ішінара әзілдесіп,
орындарында секіріп жылынып тұрды.
Қазір тура есімде жоқ мөлшермен сол түске тақаған
уақытта болар деймін, жастар ақылдаса келе билікке парламен-
тёрлерді жіберуді шешті. Ортаға іріктеліп белсенділер шықты.
Мен алыста тұрдым, сол себепті олардың кімдер екенін және
неше адам екенін анық көре алмадым. Алайда рупор арқы-
лы айқайлаған дауыстардан осындай жағдайлардың болып
жатқанын естіп, көріп тұрдым. Осы кезде алаңды қоршаған
милиция формасындағылар болды. Алғашында олар халыққа
тимегенімен, халықты жақтырып та тұрмағаны анық байқалып
тұрды. Милиционерлер жастарды ортаға өткізбеуге тырысып,
жастарға көпе-көрнеу бөгет жасап тұрды. Алайда қызбаланған
қыздар мен жігіттер оларды тыңдамастан, шептерін бұзып
ортаға өтіп толып жатты. Көп ұзамай алаң халыққа лық толды.
Біраз жастардың қолында ұрандаған транспаранттар пайда бол-
206
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ды. Менің сол кезде байқағаным, жігіттерден гөрі қыздардың
батылдығы мен қайтпас қайсарлығы әлдеқайда басымырақ
болды. Қазақ ұлтты милиционер жігіттерге тап-тап беріп, «қа-
зақ емессің бе, неге қазақтарға қарсы шығып тұрсың?», деген
сияқты өктем-өктем талап қойып, милиционер қазақтарды
жерден алып жерге салып жатты.
Парламентёрлердің кеткеніне бірталай уақыт болды.
Уақыт түстен асты. Жастар тарқамады және тарқау туралы
ешкімде ой да болған жоқ. Бағанағыдай емес енді «Менің
Қазақстаным» әнімен «Елім-ай» әндері жан-жақтан шырқа-
ла бастады. Сол кезде менің жанымда тұрған бір топ жастар
бір-бірімен әзілдесіп, орталарында тұрған нәзік келген, үстіне
ашық түсті пальто киген сары шашты қызға «Ой қарында-
сым-ай! Сізді автобустан лақтырып жібере жаздадық қой»,
- деп қалжыңдап жатты. Сөйтсе автобуста келе жатқанда осы
бойжеткенді орыс ұлтының өкілі екен деп, біреулер автобу-
стан түсіріп жібермек болғанда, оның тек шашын бояған қазақ
қызы екенін біліп, алып қалыпты. Енді міне бұрын бір-бірін
танымаса да, ұлт басына кемсіту мен қорлау келгенде барлығы
иықтасып, бір алаңда тұр. Сол кездегі ұлт өкілдерінің рухына
әсіресе қайтпас қайсар мінезді жастарымызға мен бүгін тағзым
етемін.
Биліктен ойға қонымды жауап немесе түсініктеме күтіп
алаңда тұрған кезімізде мен жан-жағыма жалтақтап Ақылбек
досымды іздеп тұрдым. Оны кездестіремін, табамын деген
үмітім әлі жоғалмаған еді. Алайда оны сол қалпы мүлдем кез-
дестірмедім. Дегенмен, мен сол бейбіт шерудің ішінде өзімнің
жерлесім, менен бір класс жоғары оқыған ауылдасым Сим-
тиков Елшатты кездестірдім. Ол маған қарағанда әлдеқайда
басым белсенділік көрсетіп, баған басына шығып, айқайлап
тұрды. Мен оны алыстан көріп байқағаныммен ол мені көр-
меді. Себебі арамыз бірталай алшақ болған еді. Жету мүмкін
болмады. Соңынан естуімше ол да кезінде біраз қуғындалған
екен. Алайда бүгінгі күні бәріне деген сенімсіздік танытып,
ешқандай іс-шараларға араласпайтын көрінеді.
Жиналған жастар қаншама тосқанымен жіберілген
207
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
парламентёрлеріміз оралмады. Сол кезде олардың өздерін
қамап тастапты, ұрыпты деген сөздер шыға бастады. Енді
алаңдағы жұрт ашуға басты. Сол кезде парламентёрлердің
арасында болған бір бойжеткен шығып, жылап тұрып жұртқа
«қайтыңдар», «тарқаңдар», «арты жаман болады» деген әңгіме
айтты. Мен өз басым ол қызды көрмедім де айтқанын да есті-
медім. Дегенмен алдыңғы шепте болып жатқан оқиғалар соңғы
қатарда тұрған біздерге жетіп жатты. Осы сәттен бастап жи-
налған жұрттың ішінде шынайы толқу басталды.
Жиналған жастардың арасынан «Колбин кет!», «До-
лой Колбина», «Әр елде сол елдің басшысы болсын», - деген
ұрандар орысша, қазақша естіле бастады. Осы кезде мінбеге
шыққан белсенділер орысша және қазақшалап «Тарқаңдар
әйтпесе қазыр күшпен тарқайсыңдар», - деп әртүрлі қоқан-
лоқы көрсете бастады. Алайда алаңға жиналған жастар оларды
тыңдамақ түгілі айылдарын да жиған жоқ. Керісінше олардан
«Дінмұхамед Қонаевтың өзі келсін, әйтпесе кетпейміз, тарқа-
маймыз, керек болса осы алаңда түнейміз», деп жатты.
Осы кезде менің тағы бір байқағаным, кейбір белсенді
жігіттерді оңашалап алып кетпек болып жатты. Алайда олар-
дың барлығын алып кетуге шамалары келмеді. Дегенмен же-
тектеп алып кеткендері де болды. Біраздан кейін алаңда ұшқан
бас киімдер (әсіресе милиционерлердің) және қар кесектері
мен кірпіштің сынықтарын байқай бастадым. Белгісіз бір ер
азамат баған басына өрмелеп шығып, радиоқабылдағыштың
үншығармасын жұлып алып лақтырып жіберді. Оның бұл ба-
тыл әрекеті басқаларға рух бергендей болды.
Осы сәтте бейбіт шеру керісінше майдан даласына
айналғандай болды. Себебі алаңды қоршаған милиционерлер
қолдарындағы суық қаруларымен алаңдағы жастарды ұрып-
соғып, қуалай бастады. Жастар да қарап қалмай оларға қарсы-
лық білдірді. Екі жақтың да адамдары соққыға жығылып жатты.
Көптің аты көп қой, жастар да бой берер емес. Қолдарында
қарулары болмаса да, қарулы милиционерлерге тайсалмай
төтеп бере бастады. Тіпті керісінше милиционерлердің өздерін
тықсырып алаңның шетіне шығарып тастаған кездері де бол-
208
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
ды. Екінші жақта керісінше жастардың да тығырыққа тіреліп,
алаңнан ойсырыла қуылған сәттері де болды. Арасында қыз-
дар мен жігіттердің жарақат алып алаңға жығылып, тапталып
жатқандарын да көрдім. Солардың бірі менің өзім жығылып
жатқан жігітке шалынып, омақаса құлап тобырдың астында
қалып қойдым. Со жолы сол жақ қолым жаман жаншылып
қалыпты. Алғашында ет қызуымен мән бермеген едім. Соңы-
нан байқадым сол қолымның алақанымның сырты мен білек
тұсым ісіп кетіпті және білегімдегі командир сағатым болған
(корпусы күміспен жалатылған, темір серіппелі браслеті бар
еді), сол сағатым қолым жаншылғанда түсіп қалыпты. Орнында
білегіме батқан ізі ғана қалған екен. Кім екенін танымаймын,
маған бейтаныс жігіттер мені және басқа да жігіттер мен қыз-
дарды демеп тұрғызып алды. Есімді жиып, қол аяғымның сау
екенін байқаған соң өзім сияқты жарақат алған, құлап жатқан-
дарға көмектесуге кірістім. Себебі мен өзім туғаннан төбелеске
жоқ адам едім. Сондықтан төбелесіп жарытпасымды білген
соң өзіме санитарлық қызметті өзім жүктеп, жаралыларды
шетке сүйрей бастадым. Үстіп жүріп өзім де басымның оң
жағынан оңдырмай соққы алдым. Дубинка ма әлде күрек пе
анығын әлі білмеймін әйтеу бір затпен тиген соққыдан ауыр
дене жарақатын алыппын. Тиген соққыдан есеңгіреп құладым.
Қанша жатқанымды білмеймін, есімді жисам бөтен қыздар
мен жігіттердің мені тұрғызып, мойнымдағы шарфыммен ба-
сымды байлапты. Мен бірақ соны өзім байқамаппын. Тек сырт
киімімнің су болғанын ғана білдім. Менің үстімде сырты нығыз
қара матамен қапталған тон, мойнымда қолдан тоқылған ұзын
ала шарф, бұтымда қара көк түсті шалбар, басым жалаңбас
болатын. Басыма киіп келген боялған қазақи қоян бөркімді
апайымның үйіне тастап кеткенмін.
Басымдағы жарамды орап берген сол қыздар мен жігіт-
тер мені және тағы да бір қызбен екі жігіт, төртеуімізді сол
маңдағы бір ауруханаға алып келді. Келсек аурухананың бар-
лық есіктері жабық екен. Ол кезде кеш түсіп, күн қараңғы
болған еді. Әйтеу тоқпақтап жүріп сол жастар аурухананың бір
қосалқы есігін аштырып алды. Менің сонда бір байқағаным,
209
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
есікті ашқан дәрігерлер емес керісінше қазақ ұлтты жас сани-
тар қыздар болды. Олар бізді орау бөлмесіне емес керісінше
бір қосалқы бөлмеге алып келіп, жарақаттарымызды тазалап,
таңа бастады. Мені есеңгіреп тыныш тұрғандықтан болар ең
соңынан қарады. Алдымен жарақатын ауырсынып, дауыстап
мамалап, жылап тұрған қызды қарады. Сосон екі жігіттің жа-
раларын таңып берді. Кезек маған келгенде менің басымды
ораған шарфты шешкен кезде аққан қан мен жарамды көріп,
қыздар шошып кетті. Біреуі жүгіріп барып дәрігерді шақыруға
кетті. Біраз уақыттан кейін орта бойлы, толық денелі жасы егде
тартқан, сол жердегі қыздардың айтуынша Мария Митрофа-
новна деген медсестра келді. Ол кісі жай келмей, ұрсып келе
жатты. Менің ұққаным бойынша неге есікті жауып алды? Кім
ондай бұйрық берді? Сыртта қанша жарасынан қан сорғалаған
адамдар тұр, деп ашуланып жүрді. Келіп менің жарамды көрген
Мария Митрофановна «ой-ой-ойлап», «что же это делается а»,
«что же мне делать», «потерпи родной, потерпи», - деп менің
жарамды емдей бастады.
Мен бүгінгі кезде сол маған алғашқы дәрігерлік көмек
көрсеткен жастарды, санитарларды және Мария Митрофанов-
наны көргім және оларға өзімнің алғысымды білдіргім келеді.
Алайда олардың ешқайсысын күні бүгінге дейін кездестіре
алмай келемін. Артынан білдім сол аурухана Сейфуллин көше-
сіндегі Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы екен.
Біз жарамыз таңылып, есімізді
жиған соң, сол жерден кетудің ама-
лын іздедік. Себебі бізден кейін де
сол жолмен жаралылар біртіндеп келе
бастады. Ауруханаға жату туралы
ойлау да мүмкін емес еді. Себебі біз
онда жасырын жолмен кіріп, ем алып
тұрмыз. Ешкім біздің аты жөнімізді
сұраған да жоқ және біздің де айтқы-
мыз келіп тұрғаны шамалы еді.
Содан біз бірге кірген үш жігіт
бірге шығып кеттік. Маған қарағанда
210
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
олардың жаралары жеңілдеу еді. Есімде қалғаны біреуі қолын
мойнына асып алған болатын. Біз таныспадық та. Аурухана-
дан шыққан бойы тасалап қараңғыда жарық көшеге шықпай
келе жатқанымызда үйлердің арасынан бір жигули маркалы
автокөлігі шыға келді. Біз сасқанымыздан оның жолын бөгей
кеттік. Сол кезде машина тоқтап біз тез арада оған отырып
алдық. Жүргізуші бізден ересектеу азамат екен. Түріне қарасақ
интелигентый киінген, орысша сөйлейтін қазақ жігіті еді. Біз
ол адамды таксист екен деп, үйімізге апарып тастауын сұра-
дық. Ол жігіт бізді аяды ма әлде нағыз ұлттың патриоты ма
білмедім, әйтеу еш қиналмастан, тек үлкендік ақылын айтып,
«байқаңдар» деп үй үйімізге таратып тастады. Тіпті бізден
жол ақы да алмады.
Мен бірден апайымның үйіне барудан бас тарттым. Бірін-
шіден, басымның жарақатын, қан-жоса болған үстімді көрсе
онсыз да жүрегі ауыратын апайым Сәуле шошып кетер деп
қорықтым. Екіншіден, жездем ол кезде мемлкеттік БАҚ-а еңбек
етеді. Соған зияным тиер деп қорықтым. Содан аэропорт жақта
Уссуриская көшесінде тұратын кластасым әрі ағайындас туы-
сым Рысхан Әкімтаеваның үйіне барайын деп шештім және сол
автокөлікпен Рысханның үйіне келдім. Осымен менің қызыл
кеңестің қандықол қырғынымен ойламаған жерде басталған
«шайқасым» басталмай жатып аяқталды.
Рысханның жолдасы Жағыпар Қызылорда жақтың аза-
маты, аңқылдаған ақкөңіл, көзі ашық жігіт. Күні бүгінге дейін
сол қалпынан айнымаған азамат. Менің күйімді көріп, шошып
кеткен Рысхан мен Жағыпар екеуі бірден мені үйге кіргізіп,
шешіндіріп, тамақ беріп, төсек салып жатқызып қойды. Ер-
тесінде бір уколдар әкеліп салып, жарамды жаңалап таңып, сол
жатқаннан мені бір апта үйде тығып, емдеді. Ертесінде Рысхан
менің апайыма телефон шалып, оны тыныштандырып қой-
ды. Кешінде апайым Сәуле жездем Марат екеуі келіп, халімді
сұрап, тамақ, дәрі-дәрмек әкеліп беріп кетті. Бір аптадан кейін,
Жағыпар маған Қапшағайдан Жанғыз төбе станциясына дейін
поезға билет әкеліп беріп, мен үйге, яғни Зайсанға оралдым.
Сол кезде алған дене жарақатым бертінге дейін менің
211
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
мазамды алушы еді. Қазір толық жазылды ма әлде менің ағзам
оған толық көндігіп кетті ме білмеймін. Әйтеу ауырғанын қой-
ды. Ал сол қырғында алған менің жан жарақатым ауқын-ауқын
есіме түскенде жүрегімді сыздатып, жан-дүниемді ауыртады.
Әсіресе сол қырғында жастарға суық қару қолданып, қыздары-
мызды шашынан сүйреп, ұлдарымызды қан-жосасын шығарып
сабап, оларды қуғындап, түрмеге қамап соттап, әлімжеттік
көрсеткендердің ішінде Мәскеудің қол шоқпарына айналған
өзіміздің қандастарымыздың да болғаны есіме түскенде кәдім-
гідей жан азабын тартып, қиналысқа ұшырайтын кездерім де
болады. Неткен жетесіздік, неғылған әділетсіздік және қандай
мүсәпірлік деп ойлаймын. Бүгінде Алла тағаладан маған сон-
дай ұрпақ бере көрме, деп тілеймін.
Уақыт бәрін емдейді дейді. Дегенмен біздің жарамыз әлі
емделер емес. Себебі мен қазіргі кездің өзінде 1986 жылдың
ызғарлы желтоқсанын есіме алсам кәдімгідей бойымды үрей
билеп, жаным түршігеді. Соққыға жығылып жатқан қыздар мен
жігіттердің жарасын ауырсынған дауыстары, жан айқайы, ми-
лиционерлердің қатыгез қанталаған көздері, олардың боқтықта-
ры, қолдарындағы қан-қан болған күректері мен қалқандары
әлі күнге дейін көз алдымда. Оны ұмыту мүмкін емес. Сол
қырғыннан қанша адам қыршынынан қиылып ажал құшты.
Қаншасы өмірлік мүгедек болып қалды. Қаншасы сотты болып
тағдырлары тәлкекке түсті. Алайда солардың сол жанкештілігі
бүгінде дұрыс бағаланып отыр ма? Бүгінде неге жоғары мін-
белерде осы тарихи жағдайды жәй оқиға деп атайды? Неге
ол тарихи революциялық ұлт көтерілісі деп жарияланбайды?
Әлем мойындаған көтеріліс, неге өзінің тарихи мекенінде сая-
си-құқықтық тұрғыда бағаланбайды? Неліктен осы Желтоқсан
көтерілісіне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіліп, диссер-
тациялар жазылмайды? Бұл шаралардың орындалуы кімнің
мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін?
Уақытында Бүкілодақты, Әлемді дүр сілкіндіріп, он
бес татулас елдердің тәуелсіздігіне қол жеткізуде, револю-
циялық серпіліс күшіне ие болған, Әлемге әйгілі Желтоқсан
көтерілісінің 35 жылдық мерейтойы жақындауда. Елімізге
212
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тәуелсіздіктің өз еркімен келмегені бүкіл әлемге аян. Ендеше
сол тәуелсіздікке қол жеткізуде желтоқсанның ызғарлы аязы
мен кеңес үкіметінің қанды қол саясатына қарсы шығып, ха-
лықтың хас батырлары атанған ұлдарымыз бен қыздарымызды
ұлықтау баршамыздың ортақ мүддеміз деп түсінемін.
Әлібек Оқапұлының ту сыртынан түскен суреті.
Өзі және жолдастары үстіне киген қара тоны мен шаш
қойысынан таныған. 1986 ж. Брежнев алаңы
АЛПЫСБАЕВ БАЙСАҒАТ
Мен, 1984-ші жылы әскери
борышымды атқарып, туған ауы-
лыма оралдым. Ата-анамның қа-
сында сағыныш мауқымды басып,
бір-аз күн болған соң, Алматы қа-
ласына жол тарттым. Алматы қа-
ласына келгеннен кейін, «Алматы
құрылыс» компаниясының «СМУ-17» деген бөліміне құрылысшы
болып жұмысқа орналастым. Зымырап уақыт өтіп жатты.
213
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
1986-шы жылдың ызғарлы желтоқсан айы да келіп жетті.
Қазақ ұлтының басшысы Д. Қонаевты алып тастап, орнына
басқа ұлттың, яғни, орыс ұлттың уәкілі - Колбинді сайлады
деген әңгіме бұрқ ете қалды. Желтоқсанның 17-сы күні студент
жастардың Республика алаңына шыққанын естідік. Ол кезде біз
Әл-Фараби көшесінің бойында бес қабатты үйдің құрылысын
көтеріп жатқанбыз. Бір уақытта сол құрылыс компаниясының
бас инженері Игнатенко, қасында профкомы бар, аты-жөні
есімде жоқ, сол екеуі келе сала бәрімізді жинап алып, «бе-
рите арматуру бьют наших русских» деген кезде, қанымыз
басымызға теуіп, білгеніміз орысша, білмегеніміз қазақша
әлгілердің өздерін балағаттап, сол жерде жүрген жастар жұмыс
киімімізді ауыстырып, «Республика» алаңына тура тарттық.
Алаңда құжынаған халық, барлығының жан айқайы:
«Басшымыз өзіміздің қазақ ұлтынан болуы тиіс», - деген
ұран. Солардың арасынан мектепте бірге оқыған сыныпта-
сым Сәнияны көзім шалып қалып, бір, екі ауыз сөйлесіп, мен
қасымдағы екі жігітпен алдыңғы қатарға лап қойдық. Бір топ
болып келген жігіттер жан-жаққа бөлініп, бір-бірімізден көз
жазып қалдық. Сол кездегі алдыңғы шепте тұрған әскери фор-
мадағы қазақ бауырларымызға жан айқайымызды барынша
жеткізіп-ақ жатырмыз, бір-ақ құлақ асқан ешкім жоқ. Алдыңғы
сапта тұрғанымызға көп те болған жоқ. Жарты сағаттан кейін
әлгілерге бұйрық келді-ау деймін, бірден бізге лап қойған-
да есімізді жинап та үлгіре алмай қалдық. Үлгергеніміз қол
көтеріп, қарсыласып тырысып бақтық. Бірақ мұздай қаруланған
екен, сол иттердің басыма тиген «дубинкасынан» кейін есім
кіресілі-шығасылы болып қалдым. Автобусқа жеткенше ды-
рылдатып сүйреп, бүйірімнен, қабырғамнан тепкіледі, күрте-
шемнің капишоны жұлынып, жыртылып кеткен. Менің шашым
желкеме түсетін, ұзынырақ еді, не қыз екенімді, не жігіт
екенімді ажырата алмайтындай болған соң, қыздарды тиеген
автобусқа бірақ апарды. Ол кезде қыз-ұл деместен, бәрін бірдей
соққыға жығып, тепкіледі. Есімнен тандым, ал есімді жиған
кезде, көзімді ашсам қыздардың арасында екенмін. Сондағы
қыздарға алғысымды айтқым келеді, өздерінің жарақатынан
214
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
аққан қанына қарамай, менің басымдағы, бетімдегі қанымды
сүртіп әлек, бәйек болып жатыр екен. Сол көтеріліске шыққан
аруларға басымды иіп, тағзым етіп жүремін.
Мені сол қаланың орталығындағы бір бөлімшеге алып
келіп, сұрақ қойып, жауап алды. Басымнан қан тоқтамаған
соң дәкемен таңып, байлап берді. Қыздарды басқа бөлімшеге
алып кетті. Бұл жерде де орын болмаған соң, біраз адамдарды
«Саяхат» автобекет маңындағы бір бөлімшеге апарып қамады.
Сол жерде екі тәулік қамалып, тергеуде болдық. Екі тәуліктен
кейін ол жерден шықтым. Қасымдағы екі жігіттің біреуі екі
күннен кейін шықты, ал екіншісін бір жұмадан кейін қаланың
шетіндегі қамақтан шығарып алдық.
Алайда, желтоқсан көтерілісіне қатысқаныма өкінбеймін.
Менің өз жеке ойым, осы көтеріліс басқаларға Қазақ деген
елдің өр екенін, намысты екенін ұқтырды. Тәуелсіздігімізге өз
үлесімді қостым деп және өзімді көк туымды көкке көтерген
күрескерлердің бірімін деп санаймын.
***
Алпысбаев Байсағат Көксегенұлы 1964-ші жылы, 20-шы
ақпанда, Семей өңірі, Үржар ауданы, 1 май ауылында дүниеге
келген.
АСАНҚЫЗЫ СӘНИЯ
Желтоқсан сызы жүректен кетпейді
...Техникумды аяқтаған соң, жұмыстың ыңғайы келсе
қалада қалмақ оймен нағашы апа - жездемнің үйінде едім.
Курстас қыздармен араласып тұратынмын. Дәл сол күні
олар маған жастардың алаңға жиналатынын айтты. Ойланба-
стан мен де баруға келістім.
Кешкісін үш жолдас қыз Алматының Фурманов пен Абай
көшелерінің қиылысында кездестік.
Алаңға жастар көп жиналған екен. Хормен «Менің Қа-
215
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
зақстаным» әнін шырқап, «Әр халыққа - өз ұлтынан басшысы
сайлану керек!» - деп ұрандатып, мінберге қарай ұмтылуда.
Мінберден үкімет басшылары сөйлеп, «тараңдар, әйтпесе,
соңы жақсылыққа апармайды», - деп үгіттей бастады.Тыңдап
жатқан ешкім жоқ, айқай-шу, оларға қарсы кесек-кесек қар
лақтырды.
Кейбір қайсар жігіттер микрофонға беттегенде, микро-
фон шнурын кесіп тастады. Оларды сөзбен ескертіп тарата
алмағанда, күшпен таратпақ болды. Өрт сөндіруші машина-
лар көлігі жастар тобын қақаған қыстың сары аязында сумен
атқылап, алаңнан қуа бастады.
Келесі күні алаңға қайта шыққанымызда солдаттар,
абалап үрген иттерімен милиционерлер жиналғандарды
жан-жақтан қоршап, қолдарындағы сапер күрекшелерімен,
шоқпармен ұрып таратуға тырысқанын көзіммен көрдім. Ара-
шалаймыз дегендердің өзі соққыға жығылып, қансырап жатты,
сұмдық жан түршігерлік жағдай еді.
Сондай бір сәтте әскери адам ба, әлде милиционердің
бе шоқпары, байқамай қалдым, шынтағыма келіп сарт етті.
Басында ет қызуымен аңғармай, сәлден кейін тез қимылдап
топтан шетке қарай бір қыздан адасып, екі қыз қараңғыға қарай
сіңіп, әрең дегенде құтылып шықтық.
Көшеде жарық жерлермен жүруге қорқып, қараңғы қуы-
стармен, үйлердің ара-арасымен жүріп, қинала тоңып таң ата
үйге жеттік. Сол күнгі күннің суықтығындай ызғарлы құрғақ
аязды ешқашан көрмеген шығармын?!?
Жылынып, ес жиғаннан кейін қолымның ауырып тұрға-
нын сезіп қарасам, оң қолымның шынтақтан жоғары бір
бөлігінің еті бөлінген екен, ет қызуымен жан сауғалап жүре
берген екенмін және ол кезде қарау мүмкін де емес еді. Ем-
ханаға бармадым, барғанға да қорқатын кез еді, үйде емделіп,
содан оң қолымда тыртық қалды.
Күннің шытырлаған аязын, көзбен көрген жантүршігерлік
жағдай, оны көрмеген адамға айтып жеткізу қиынның қиыны еді.
Кейінірек бойымды билеген үрейден, көзіммен көрген оқиғалар
елесі кетпей, қазір де есіме түскен сайын, қаншама жылдар өтсе
216
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
де ойласам, есіме алсам қиналамын, денем түршігеді.
Қаншама жалындаған жастар өзіміз сияқты алаңға
шыққан қыршынынан қиылып, өмірден өтті, қаншамасы жа-
зықсыз абақтыға қамалды, оқудан себепсіз шығарылды, жұмы-
стан босатылды.
Көрген үрейлі оқиға мені де ауылға кетуге мәжбүрледі.
Өзім бітірген мектебіме оралдым, жұмысқа орналастым, өмір
жалғасын тапты.
Бірақ болған оқиғаны тіс жарып ешкімге айтпадым,
айтуға да болмайтын кезең еді ғой, бойдағы үрей талай жыл-
дарға дейін арылмады.
Сол бір 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қазақтың қа-
зақтығын сақтап қалу үшін, біздің тәуелсіз ел болып, ата-баба-
дан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін
қан төгіп, жазықсыз жазаланған, кеудесіне қазақ деген ұлттың
намысы ата қанымен, ана сүтімен келген қыршын жастар Қа-
зақстан тәуелсіздігін аламыз деп қасық қанын қиған жоқ па еді?!
Уақыт деген шапшаң, 35 жылдың да қалай сырғып өте
шыққанын байқамай да қалдық.
Содан бері Алматыға барған сайын Тәуелсіздік мону-
ментіне барып, өткенімді еске алып, қаза болған боздақтарға
тағзым ету әдетіме айналған.
Тәуелсіздік - басты жетістігіміз, халқымыздың қасиетті
құндылығы.
Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштарымен осы оқиғаға
қатысқаныма еш өкінбеймін, керісінше қазір мақтанышпен
еске аламын.
Сол күндер қазір алыстап кеткенімен, отты жылдардың
жарықшағы қалған жүректер әлі де бар арамызда.
Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің бірден-бір себебі болған
– Желтоқсан оқиғасы. 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында
Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отар-
шылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қи-
мылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы
тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Тек сол жылдардың тақсіретін тартпай, бейбіт күнде
217
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
өмірге келген жастар сол жылдарды бағалай білсе игі.
Қазақ жастары ел басына күн түскенде етігімен су кеш-
кен азаматтардың ерлігімен танысып, оларды өз идеалдарына
айналдырса құба-құп болар еді.
Бүгінгі күні егемен ел болып, қазақ деген ұлт болып
сақталып қалуымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ
ерлігінің арқасы.
Әрқашанда Отанын сүйетін, елін жаудан қорғау үшін
қасық қаны қалғанша аянбай шайқасқан Бауыржан мен Рахым-
жанның, Мәншүк пен Әлияның, Қайрат пен Ләззаттың ерлік-
терін бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге қылу, жастарды отансүй-
гіштік рухта тәрбиелеу әрбіріміздің міндетіміз деп білемін.
***
Сәния Асанқызы, Шығыс Қазақстанның Үржар елді ме-
кенінің тумасы. 1982 жылы мектепті аяқтап, екі жыл ауылында
жұмыс жасаған, содан кейін Алматыдағы политехникалық
техникумға түскен. Аяқтаған. Мамандық бойынша еңбек еткен.
Қазір еліміздің астанасында тұрады. Отағасы, екі ұл, екі келін,
бес немересімен бақытты жанұя.
АСЫЛБАЙ АБЫЛАЙХАН
Өзге емес өзім айтам өз
жайымда - деп Қасым Аманжо-
лов атамыз айтқандай, бір үзік
сырымды қағаз бетіне түсіріп, өз
басымнан өткен жайды баяндап
отырмын.
Ауылда өскен, албырт
жас едік аңғал едік, арман қуып
астанамыз Алматыға сонау 1985
жылдың қара күзінде досым Той-
базаров Солтанбек екеуіміз келіп
едік. Алматыдағы Сәкен Сейфул-
218
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
лин көшесіндегі еңбекке орналастыру орталығы болушы еді,
соған келіп жатақханасы бар мамандығымызға келетін жұмыс
іздедік. Қолымыздағы мамандықты растайтын құжаттарымыз-
ды көрсеттік. Сол жерден бізге ұсынысхат жазып берді. ТЭЦ-2
мекемесінің су ГРЭС строй бөлімшесіне бетонщик-ағаш ше-
бері болып жұмысқа орналастық. Сайын көшесі мекен-жайы
бойынша «Энергетик» жатақханасынан 4-ші қабаттан Тойба-
заров Солтанбек екеуімізге бөлме берді. Әкеміз үй алып бер-
гендей қуандық. Бөлмені тазалап, жуып-шайып қарық болып
жүрміз. Бірінші, екінші қабаттары ұқыпты, таза екен. Үшінші,
төртінші қабаттарда онша тазалық жоқ, бір сөзбен айтқанда,
ылғи тентектер тұрады екен.
Жұмысқа келіп, бізбен істейтін жұмысшылармен таны-
сып, жұмыс киімін алдық. Алғаш барғаннан көп кедергілер-
ге, әділетсіздіктерге тап болдық. Жұмысшыға тиесілі кейбір
заттарды қоймада жоқ деп бермей қойды. Аңқаумыз ғой, менің
есімім Абылайханды айта алмаймыз деп, қиынсынды, Алик,
Алеша деп айтсақ қалай болады деді? Біздің азан шақырып
қойған атымызды бұрмалауға болмайды дедім. Абылайхан
деп толық айта алмасаңдар, Абылай деп қысқартып айтыңдар
дедім. Болат деген жігіттің аты Боря, Мақсат деген жігіттің
аты Макс екен. Мен:
- Никакой Марик, Шарик не знаю, атым Абылай, - деп
өз ойымды айттым. Кейбіреуі сен ұлтшылсың деді. Бір ай
жақсы жұмыс істеп, қорытынды шығарар кезде көтермеақы
береді. Қазақтардың кемшілігін айтып, тырнақ астынан кір
іздеп көтермеақы бермеуге тырысады. Біздің қазақ кемшілігін
мойындай салады, қарсылық танытпайды. Басқа ұлттар ақша
үшін бой бермейді, өз еңбектерін ешкімге талатпауға тырыса-
ды. Қазақ балалары ондай таласқа бара бермейді, үнсіз қалады.
Сол себепті жұмыстан кешікпей, арақ ішпей, темекі тартпай
бар ынтаммен жұмыс жасадым. Қазақ жаман демесін дедім.
Бізбен бірге зейнеткерлікке жақын қалған кісілер жұмыс істеді.
Жұмыс орынымызбен, шешінетін вагоншіктің арасы алыс,
оның үстіне жердің астына қарай 32 метр тереңдікте жұмыс
жасайтынбыз. Содан үлкендерді аяп, бар саймандарды земблге
219
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
салып көмектесіп жүрдік. Сүймені бар, күрегі бар, жуан балға-
сы бар дегендей. Кейін бригадамызға Витя деген орыс баласы
келді, солдатқа барып келген екен, мамандығы дәнекерлеу. Бір
күні Солтанбек досым басқа жақта жұмыс істеп, біз істеп жүр-
ген жерде болмады. Содан Витяға: «Үлкендердің саймандарын
носилкаға салып алып кетейік» десем, ол өзіне тиесілі сайма-
нын алып кетіп қалды. Бригадирімізге «саймандарды қалай
жалғыз көтеремін, Витя көмектессін», деп едім, ол ешкімнің
сөзін тыңдамай, «Әркім өз саймандарын өзі алсын» - деп кетіп
қалды. Ертесінде де солай істеді. Ал бізге күнде міндеттеп
қойған, міндетті түрде барлық саймандарды қалдырмай жинап
жүруші едік. Кейін бізде әркім өз сайманын алсын деп, өзіміз
істеген сайманды ғана алып жүрдік. Кешкі мектеп болды, оған
бригадирдің келісімімен, жолдамасымен барасың. Басқа өзім
қалайтын жақсы мамандыққа оқиын деп бригадирден рұқсат
сұрасам, ол маған үш жыл еңбек тәжірибең қажет және мен
жолдама берсем ғана оқисың деп рұқсат бермеді. Басқа ұлтқа
ондай кедергі болғаны жоқ. Біз сол ауылдан келген соң, өз
үстемдіктерін жүргізіп жүрді.
Коммунистік партияның кезектен тыс пленумы болып,
көп жыл басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты орнынан
алып тастады деген хабар жан жаққа тарап жатты. Менің Қы-
зылордалық досым Оралбаев Рахым екеуміз, мектепте бірге
оқыған кластастар Нархоз институтына оқитын еді, соларға
қонаққа барған едік. Студенттер, жастар жиналып алып, Қо-
наев атамызды орнынан алып тастап, орнына бір келімсекті
Мәскеу тағайындапты деп, гу-гу әңгіме құрып отырғандары-
ның үстінен түстік. Менің байқағаным жастардың көкірек
көздері ашық, еліне, жеріне, тіліне немқұрайды қарамайтын
нағыз ұлтжанды екен. Әрбір ұлттың өз көсемі болады, қа-
зақтың ішінде бір адам табылмады ма деп, өз ойларын айтып
жатты. Содан бәріміз, ертеңнен бастап өз талабымызды қоя-
мыз деп алаңға шығуға келістік. Мен өз жатақханама келсем,
жұмысшы жастар да жиналып қызу пікір таластырып жатыр
екен. Кеңес үкіметінің қазаққа істеген зобалаңы, ашаршылығы,
қалай конфискация жүргізгендері, бәрі-бәрі сөз болды. Тағы ер-
220
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
теңнен бастап бейбіт түрде алаңға
шығуға келістік.
Таңертең келісім бойынша
тамағымызды ішіп, жатақхана-
мыздың алдына шығып, біраз
тұрдық. Көбі шықпады. Тойба-
заров Солтанбек және Жамбыл-
дың Қанат деген жігіті, Алматы
облысынан Болат деген, Өскемен
қаласынан Төлеген, Болат және
мен, Өскеменнен тағы бір Болат,
сонымен он бес шақты бала бол-
дық. Жұмағали Саин көшесімен
жаяулатып АХБК мекемесінің жатақханалары «Аққу», «Жа-
стар», «Айгүлден» және сол мекеменің училищесінен жастар
қосып алдық. Жұбанов көшесімен бұрылып Мате Залка көше-
сімен жоғарылатып, Абай даңғылына түстік. Абай даңғылы-
мен жолдағы АДК мекемесінің жатақханаларына соқтық. №2
автобус паркінің балалары қосылды, содан жаяулатып алаңға
келдік. Алаңда көп жастар жиналыпты. Милиция қаз қатар жи-
налып тұр екен. Білектеріне қызыл шүберек таққан белсенділер
де тіресіп, Сәтбаев көшесіндегі трибунаға жолатпай қоршап
алыпты. Трибунада милиция формасын киген офицерлер және
де басқа да үкімет адамдары «Тараңдар» деп айқайлап тұрды.
Жан жақтан әскери машиналар зуылдап топты жарып, үкімет
үйіне қарай ағылып жатты. Жедел жәрдем машиналары да кіріп
жатты. Біреулер жедел жәрдем ішінде камераға түсіріп жүр,
байқаңдар деп ескертті. Суретке түсіріп жүр дегендер де болды.
Жастар жиналып алып, әркім өз пікірін айтып тұдық.
Ішімізден ойын ашық жеткізеді деген, өжет жастарды үкіметке
жіберіп тұрдық. Жан жақтан қолдарына транспорант ұстаған
жастар ағылып келіп жатты. Сонда бір татардың қызы: - Ре-
бята я с вами, я мусульманка, я невиновата что я не говорю
по казахский, я с вами – деп жылап тұрды. Солдаттар ентелеп
келіп жастарды аяусыз соққыға жығып, құлағандарын әкетіп
жатты. Арамыздан үкімет үйіне кеткен жастарымызды қамап
221
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
жатыр дегенді естідік. Кезекте бір текетіресте оң құлақ ше-
кеден қатты соққы алдым. Басымдағы қоян малақайымның
құлағы түсірулі еді. Соққының қаттылығынан аяқ қолымнан
жан кетіп қалды, тыпырлап әрең есімді жиып жендеттерге
ұсталмай, құтылып кеттім. Сәтбаев пен Фрунзе көшелерінің
қиылысында военный госпитальдың бұрышында болған еді
бұл оқиға. Құлағымнан қан кетіпті, оны кейін білдім, қатып
қалыпты. Сондай текетірестер жиі қайталанып тұрды.
Кезекті бір қуғанда біз «Океан» дүкенінің қасынан бірақ
шықтық. Сонда сырт жақтан ПАЗ автобусы келе қалды. Біздің
арамыздан бір жігіт жүгіріп барып автобустың ішіндегі шофе-
рын жұлып алып жерге түсіріп, өзі мініп жендеттерге қарсы
жылдамдықты арттырып, тақап келіп өзі секіріп түсіп қалды.
Солдаттар тез екіге жарыла қойды. Автобус солдаттардан өтіп
барып қиралаңдап барып тоқтап қалды. Солдаттардың ішінен
біреуі жүгіріп барып рөлге отырып, кері бұрылып жүйткіп
келе жатыр еді, алдынан қолын көтеріп біреу тоқтатып алды.
Командирі ғой деймін. Содан жендеттер бізді Сәтбаев көше-
сінің бойымен артқа қуалады. «Океан» дүкенінен өте бере
тор темірден жасалған стеллаждарды көріп, соларды сүйреп
шығарып, жендеттерге қарсы әрекет жасадық. Қардың үстінен
сырғанатып, солдаттарға қарсы қалқан ретінде қолдандық.
Менің бір қолымда ағаштың бұтағы, бір қолымда бордюрдің
сынықтары болды. Сол күні қараңғы түскенше жүрдік. Жан
жақтан прожекторлар жарқырап түсіп тұрды. Өрт сөндіргіш
машиналар пайда болды. Терезелері торланған, қатты газға
беріп жастарға жоғары қысыммен су шашты. Малмандай су
болып жастар жан-жаққа қаша бастады. Суыққа тоңып, аш,
жаяулатып сол күні жатақханамызға оралдық. Бізді комендант,
тәрбиеші және бірнеше танымайтын белсенділер күтіп алды.
Әрқайсысымызды қара тізімге жазып алды. Ертеңнен бастап
жұмысқа шығыңдар, әйтпесе, жатақханадан қуамыз, жұмы-
стан шығарамыз деп, қоқан- лоқы көрсетті. Бөлмеге келсек,
арамызда Тойбазаров Солтанбек және де бірнеше жұмысшы
жастар жоқ болып шықты. Таң ата Солтанбек келді. Оларды
да вахтада қара тізімге алып, қоқан-лоқы көрсетіпті. Басында
222
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
малақайы жоқ, тоңған, аш екен. Сөйтсе, олар алаңда ұсталып
қалыпты. Түрмеге апарса, бәрі лық толған жастар. Содан олар-
ды жүк тиейтін машинамен Алматының шетіндегі алыс төбеге
апарып ұрып, қардың үстіне тізерлетіп тастап кетіпті. Қыздар-
ды тізерлетіп екі бұтының арасынан теуіп, бала таппасын деп
далаға тізерлетіп, ұрып-соғып, тастап кетіпті. Содан бірін-бірі
жетелеп, Алғабас ауылына келіпті. Қалаға бара жатқан жеңіл
машиналарға қол көтерсе, ешкім тоқтамай өте шығады екен.
Содан бір түріктің азаматы тоқтап, оларды Алматыға жеткізіп
салыпты.
Келісім бойынша ертеңінде алаңға жаяулатып келдік.
Жастар жан жақтан жиналып жатыр екен. Біз Зоовет институ-
тының жатақханаларына жол-жөнекей соқтық. Оларды вахтада
жібермей мұғалімдері ме, білектеріне қызыл шүберек таққан-
дар жібермей тұрды. Жастар қылтимадан (балконнан) секіріп,
бізге қосыла бастады.
Алаңға лек легімен жан-жақтан жастар толассыз келіп
жатты. Қолдарында жазылған ұран плакаттары бар. Дауыс
күшейткіштермен өз ойларын айтып жатқан жастар да кезде-
сті. Солдаттарды қолымызға түскен бордюрдің сынығымен
атқылап, олар қуса, кейін шегінеміз. Біраз тұрғаннан кейін,
ЖенПИ-дің, Поршень заводының жастарын жинамаққа, ЦУМ
жаққа бәріміз қол ұстасып жүріп кеттік. Ол жақтан да көптеген
жастар қосылды. Жолда жазушылар үйінің алдына келіп тоқта-
дық. Ағаларымыздан әділдік сұрап, араша сұрап, айқайлап
шақырдық. «Қыздарымыздың шашынан сүйреп, ұрып-соғып,
әділетсіздік жасап жатыр жендеттер!» дедік. Ешкім далаға
шықпады, көбі терезеден қарап тұрды. Есіктің алдында да
біраз адам тұрды. Біраз тұрдық, еш жауап болмаған соң, қол
ұстасып алаңға бейбіт түрде шеруімізді жалғастырдық.
Жолда Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін
айтып алаңға бет түзедік. Абай мен Мир көшесінің қиылысын-
да бір топ жастар Роза Бағланова апамызды қоршап тұрғанын
көрдім. Солардың қасына бардым. Роза апамыз: «Тараңдар!
Босқа араңдап қаласыңдар»,- деп жылап тұрды. Содан біреу
өз пікірін айтпақшы болып, иығынан тартқан еді, ол кісі: «Сен
223
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
неге мені иығымнан жұлқылайсың, сен тұрмақ Брежнев ата-
ларың да жағамнан ұстап көрген жоқ», - деді.
Біраз тұрған соң алаңға қарай жастармен бірге шерулетіп
келдік. Халық көп жиналды. Сол күні кешке прожектор жарқы-
рап тұрды. Жендеттер қанша тырысса да, жастарды тарқата
алмады. Біресе олар бізді қуады, біресе біз оларға тойтарыс
береміз. Өрт сөндіргіш машиналар су шашып жастарды қуалай
бастады. Әбден тоңып, аш, шаршап жатақханамызға келдік.
Жатақхана алдында білектеріне қызыл шүберек таққан бел-
сенділер және өзіміздің жатақхананың тәрбиешісі, коменданты
күтіп алды. Тағы да қоқан-лоққы көрсетті.
Шаршап, тоңып, сол күні түнеп шығып, ертесінде тағы
да алаңға баратынымызды айтып, жатақхана алдында жинал-
дық. Көп ешкім қосылмады. Алаңға бара жатқанда көшеде өте
көп милиция еді. Білекке қызыл шүберек таққан белсенділер
және жендеттер алаңға тақап қалғанда топ-топ болып жүрді.
Содан бізді көріп жендеттер тұра қуды. Қолдарында резеңке
шоқпар, аржағы бержағы көрінетін қалқан, жастарды аямай
соққыға жығып, құлағандарын әкетіп жатты. Үй-үйдің арасы-
мен қаштық, кейбіреуі подъездерге тығылып, оларды арты-
нан қуып жетіп, аяусыз соққыға жығып, қыздарды шашынан
сүйреп әкетіп жатты. Араша түспекші болдық, қолымыздан
түкте келмеді.
Кезекті бір шайқаста үй-үйдің арасымен қашып келе жа-
тып, екі үйдің арасынан темір тормен қоршап қойыпты. Сол
жерден жастар секіріп-секіріп өтіп жатты. Менде өте бергенде
аяғым тайып екі темірдің арасына қылтамнан ілініп қалдым.
Аяғымды шығарайын десем қашқан жастар мүмкіндік бермеді.
Әрең дегенде шығарып жүгіріп келе жатсам, қолдарына қызыл
шүберек таққан бір топ шыға келді. Мен ақсаңдап келе жатыр
едім, мені ұстамай ары қарай кетіп қалды. Қашқан жастарды
артынан қуып, сол күні алаңға жолатпады. Ештеңе шықпаған
соң жатақханамызға қайтып келдік.
Тергеу сонан соң басталды. Тойбазаров Солтанбек тағы
бір Болат деген жігіт те бізбен бірге жұмыс істеген. Бірінші
профком жиналысы болды, бізді сүмірейтіп тұрғызып қойып,
224
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тергеді. «Неге шықтыңдар?» - деп. Бұлар халықтың жауы, қа-
бырғаға қойып ату керек деді табельші келіншек. Бәрі шамала-
ры келгенше бізді қаралады. Одан комсомол жиналысы болды,
онда да жазғырулар болды. Комсомолдан шығарды. Бригада
жиналысында мастерім Володя мені қорғап сөз сөйледі. Жас
болса да батыл сөздер айтты, «Мы без Аблая не можем», -
деді. Коммунистер де жақтап, қатаң сөгіспен мені жұмыста
қалдырды. Комендантым Саша: «Бұл ешқайда шыққан жоқ,
жатақханада болды», - деді. Қоғамдық жұмыстарға, спорттық
шараларға белсенді қатысатынбыз, содан ғой деймін, бізді
қорғап сөйлегендері. Тойбазаров Солтанбек досымды еш жер-
ге алынбасын деген қатал бабпен жұмыстан шығарып, еңбек
кітапшасына жазып берді.
Радиодан, телевидениеден, газеттерден жастарды жазалау
басталды. Маскүнем, наркоман деген жала жабылып жатты.
Жоғары оқу орындарының басшылары, мұғалімдер, комсомол
ұйымдарының басшылары жастардың әрекетіне теріс баға
беріп, оларды оқудан шығару керек деп, тұс-тұстан қаралау
басталды. Соттау, тергеу басталды. Көрген күніміз сол, қорқу-
мен өтіп жатты. Қашан бізді ұстап алып кетеді деп, үреймен
жүрдік. Жатақханаға комитеттің адамдары күнде фотолармен
іздеп келіп жүрді. Суреті шыққан жастарды ештеңеге қаратпай
әкетіп жатты. Ату жазасына кесіліпті дегендерді естідік. Біздің
жатақханада Төлеген, Болат екеуі Өскеменнің жігіттері еді,
екеуін де жұмыстан, жатақханадан шығарды. Жамбыл облысы-
ның жігіті Қанатты да шығарды. Алматы облысынан Болатты
да шығарды. Содан мен қатаң сөгіспен жұмыста қалып, ең
төменгі коэфициентпен жалақы алып, айтқандарын істеп көп
әділетсіздіктерді көрдім. Бір жылға дейін жұмыс-жатақхана
деп өмір сүрдік. Туыстарымызға, достарымызға бара алмадық.
Өмір күрес қой, спортпен айналысып, Алматы мен Біш-
кек арасында 1988 жылы 9 май күні марафонға жүгірдім. Сөй-
тіп, ақырындап, сенімге кіріп, жұмысымды жақсы істеп, көзге
көрініп, ел қатарлы өмір сүре бастадық. Күнделікті күндізгі
дайындық бөліміне оқуға түстім. Мал дәрігерлік оқуға түсуге
үміттендім. Кешкісін екінші сменаға жұмысқа барып жүр-
225
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
дім. 1988 жылы Талғарда ауыл шаруашылығы техникумына
оқуға түстім. Оны да ойдағыдай бітіріп шықтым, сөйтіп өмір
жалғаса берді.
***
Асылбай Абылайхан Қалқанұлы, 1963-ші жылдың 8 мау-
сымында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ
совхозы, Жаңа тұрмыс ауылында, Асылбаев Қалқаның отба-
сында дүниеге келген. Әкесі Қалқа - ұста, ағаш шебері, тарих-
ты терең білетін, оқығаны бар, ауылды басқарған, өз ортасында
беделді, еңбегімен маңайына сыйлы, жан-жақты, қарапайым
жуас адам болған.
Анасы Сейполдақызы Гүлзипа - еңбекқор, гүл өсірген,
тері илеп, тоқыма тоқып, кесте тіккен, жеті бала өсірген.
Абылайханның нағашы атасы - Игісінов Сейполда зергер,
өз заманында ауқатты, маңайына қамқор, қайырымды, жомарт,
он саусағынан өнер тамған жан болған, Ұлы Отан соғысында
шейіт болған.
Абылайхан 1971-ші жылы, Зайсан қаласындағы мек-
теп интернатқа 1-ші сыныпқа барады.1974-ші жылы отбасы
жағдайымен Кеңсай (Мичурин) қой совхозына ауысады. 1979-
шы жылы Зайсан қаласындағы СПТУ-19, кəсіптік техникалық
училищеге түсіп,1982-ші жылы бітіріп шығады.
1982-84-ші жылдары Ресей еліндегі, Киров облысы, Кро-
во-чепецк қаласындағы 55237-əскери бөлімшесінде əскери
борышын өтеп келеді.1985-ші жылы, шофёрлар дайындайтын
курсты оқып, бітіріп шығады. Сол жылы əрбір жасқа тән арман
қуып, астанамыз Алматыға келеді. ТЭЦ-2 мекемесінің, су-грэс-
строй бөлімшесінде ағаш шебері-бетонщик мамандығымен
жұмыс істейді.
226
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АХМЕРОВ АРДАҚ
Мен, 1964 жылы 20 қарашада
Шығыс Қазақстан облысы Катон-
қарағай ауданында дүниеге келдім.
1982 жылы Орал орта мектебін
ойдағыдай бітіріп, осы жылы
Алматы қаласына жол тарттым.
Құжаттарымды Қазақ Еңбек
Қызылту орденді ауылшаруашылық
институтының ауылшаруашылығын
механикаландыру факультетіне қа-
былдау емтихандарын үздік тапсы-
рып, студент болып шыға келдім.
1986 жылы желтоқсан айында 5-ші курс студенті едім,
жатақханамыз №5 болды. 17 желтоқсан күні таңертең 11-лер
шамасында курстас досым Ерболат Әріпжанов екеуіміз сол
кездегі «Брежнев» алаңына бардық. Бір аздаған жастар болды.
Қолдарында «Каждому народу своего вождя», «Да здравствует
идеи Ленина» деген тақырыпта әртүрлі транспоранттары бар.
Араларында милиция қызметкерлері де жүрді. Таза бейбіт шеру
жүріп жатты. Сол кезде ұлты орыс бір милиционер екі жігіттің
қолындағы транспорантты алып алмақшы болып еді, жігіттер
де қайсарлық білдіріп «товарищ майор вы что, против идеи
Ленина» деген еді, әлгі офицер бұрылып кетіп қалды.
Түске таман біз жатақханаға қайтіп келіп, түскі асымызды
іштік, сабақтан қалған балалар келіп, кешке қарай қайта алаңға
жиналатынымыз деп шештік. Жатақханамыз алаңға жақын
орналасқандықтан асықпай адамдар жинала бастаған еді, сағат
кешкі 16.00 шамасында алаңнан қуалау басталды. Солдаттар
да көп, 4 қатар сапта тұрды. Барлығымызды ығыстырып
тастаған соң, түнде сағат он екі, бірлерде жатақханаға келдік.
Қасымыздағы №7-ші және №6-шы жатақханалардың барлығын
әскери солдаттар иттерімен қоршап, таң атқанша күзетіп тұрды.
Ертеңгісін сырттан басқа институттың студенттері мен
жастар келіп, біз қайтадан топқа қосылдық. Тағы да күні-
227
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
түні жүріп, түнде тағы қуалау басталды. Әскерилердің және
милицияның 7-8 машиналары алаңда өртеніп жатты. Көшеде
4-5 қатар үлкен әскери БТР машиналары жастардың үстіне
қарай жүре бастады. Амал жоқ шегінуге тура келді. Аяу деген
жоқ, қыз ба, ер бала ма қарамайды, қолындағы дубинка немесе
сапер күректерімен оңдырмай соғады. Екінші күні түнде біз
жатақханаға бекініп алдық. Солдаттар сыртында, біз іштен
пожарный рукавтармен су шашамыз, қолдағы бар ағаш, кірпіш,
бутылканы лақтырып бірінші этаж терезелерінің көпшілігін
қиратып салды. Далады қатты аяз.
18 желтоқсан, таңертең «Океан» магазині алдында 40
шақты адамбыз, қолға түсіп, автобусқа тиеп, қала сыртына ол
кезде Әл-Фараби көшесімен кетіп бара жатқан едік, сыбырлап
ақырын келісіп бес-алты қарауыл солдатты ұрып автобус
терезелерін сыңдырып қашып шықтық. Содан I-Алматы ықшам
ауданында группалас бала тұратын сонда бардым. Қоңыров
Серікжан деген, Семей, Аягөздің Айтаңсық ауылынан, сонда
үш күн жатып жатақханаға келдім. Содан кейін бәрі басылып,
КГБ қызметкерлері келіп, суреттер бойынша іздеп тексеріп,
екі, үш айдай келіп жүрді.
АХМЕТОВ ӘНУАР
Мен, 1966 жылы 7
ақпан Шығыс Қазақстан
облысы, Жарма ауданы, Қы-
зыл ағаш ауылында туғанмын.
1983 жылы орта мектепті
бітіріп, 1984 жылы Кеңес ар-
миясына шақырылдым. 1986
жылы Алматы Ауылшару-
ашылық институты, механика
факультетіне түстім.
1986 жылы 16 желтоқсан күні бөлмемізге курстасымыз
Ерлан келді (фамилиясын ұмытып қалыппын). Қолында
228
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
газеті бар. Бөлмеде Белдеубаев Мұрат, Исин Амангелді,
Тимур және мен тұратынбыз. Маңызды хабар бар деген
соң, көрші бөлмеден Шыныбаев Нұрғали, Келдинов Дулат
және біраз курстас жігіттер жиналып қалдық. Газеттегі
хабардан Д.А.Қонаев ағамыздың орнынан алынып, Колбиннің
сайланғанын естіп, сол жерде неге бұлай, қазақта бір ер жігіт
табылмады ма деп ызаға булығып, не істейміз деп ойға қалдық.
Негізі біздер кеңес армиясында болып келгендер, ұлтаралық
қатынасты жақсы білетінбіз және орта мектепті бітіре сала
институтқа түскен жастарға қай ұлт қандай екенін айтып
отыратынбыз.
Сол түні мен сызу сабағына дайындалып, түннің бір
уағына дейін отырдым. Түнгі бірлерде бөлмеден шықсам,
жоғарғы курстың жігіттері жиналып отыр екен. Бөлмеме кіріп
жігіттерді оятып, бір нәрсе болайын деп жатыр дедім...
Таңертеңінде сабаққа кешігіп шықтым. Жатақханадан
шықсам курстасым Маржан жылап келеді.
-Маржан, не болды десем, қаладағы студенттер көтерліп
жатыр, ал бізді корпустан шығармай жатыр деді. Корпусқа
барсам Мұрат Белдеубаев, Ораз Қасимов, Мұрат Қырықбаев,
Нұрхалық Аймуханбетов, Талғат Нұрманбетов және т.б.
курстастар жиналып қалыпты. Абай даңғылы толған студент
жастар, бізді мұғалімдер жібермей тұр. Басқа жолмен Брежнев
даңғылынан бірақ шықтық. Сол жерде бұрышта балық сататын
дүкен бар еді, соның қасында жастарға араласып кеттік.
Арамызда үлкен кісілер, әскери киінген жоғары шенді қазақ
азаматтары жүрді, бізді сабырлыққа шақырып, тараңдар деп.
Осы Талғат Нұрманбетов сондай кісілердің біреуімен қызу
пікірталас жүгізгені есімде қалыпты.
Енді трибуна тұрған жерге өтейік десек, милиция қоршап
жібермеді. Біз содан бір топ жігіттер құрылыс техникумы
жақтан алаңға өтіп кеттік. Алаңда құжынаған жастар.
Трибунада партия қызметкерлері тұр. Трибунаның оң жағында
корреспондентер фото-видеоға түсіріп жатыр. Сол жерде бір
белсенді жастар трибунаға шығып сөз сөйлейміз деді. Бірақ
милиция жібермеді. Біраздаң соң милициялар қыспаққа ала
229
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
бастады. Бұған шыдамаған жастар қарсылық көрсете бастадық.
Мен кеш бата жатақханаға оралдым, біздің жатақхана
алаңның қасында еді. Өйткені жатақханаға милиция кіріп,
жастарды қуалап жүр деген хабар алдым. Ал бөлмедегі Исин
Амангелді ауруханадан, операциядан шыққан болатын, сол
жігітке бірнәрсе болып қалмасын деп мен қайтып кеттім.
Кешінде жатақханада жиналыс болды. Мұғалімдер ірі-ірі
жігіттерді жинап алып, ертең институтты қорғайсыңдар,
ешкімді кіргізбейсіңдер және шығармайсыңдар деді. Қолға
тағатын бір-бір қызыл шүберек берді. Түннің бір уағында
жігіттер оралды, жатақхананың есігін ашқызбады. Содан
жігіттер біздің бөлменің терезесінен кіре бастады. Белдеубаев
Мұрат, Арман, Ораз Касимов. Архат Ажахметов, Нұрхалық
Аймұханбетов, т.б жігіттер оңбай таяқ жепті. Мұрат пен Арман
арқаларын көрсетіп жатыр, қып-қызыл. Сойылдың іздері қалып
қойыпты.
Таңертеңінде, бұл 18-де, бізді мұғалімдер алып кетті.
Абай даңғылында тұрмыз. Қасымда Н. Талғат, Бекежан,
Қ. Мұрат т.б жігіттер бар. Ара-арамызға қасымыздағы
партшколаның кісілерін тұрғызып қойды. Абай мен Фурманов
қиылысында бір автобус аударылып жатыр, жанған. Белсенді
жігіттер үстіне шығып сөз сөйлеп жатыр. Ары қарай бір ЗИЛ
маркалы машина жанып жатыр. Сеңдей соғылысқан қыз-
жігіттер. Кейбіреулері бізге қарап, шығыңдар, қорықпаңдар
деп жатса, енді біреулері АШИ қорқақтар деп намысқа тиіп
жатыр. Енді мына жерден қалай құтыламыз, жігіттерге қалай
қосыламыз деп тұрғанда қасымызға бір жігіт келді.
- Жігіттер мына жерден кете алмай тұрсыңдар ма деді.
-Қазір бұл жерге бір топ жігіттер келеді солармен араласып-
қосылып кетіңдер, аудиторияда қамалып отырған студенттерді
де шығарып алыңдар деп ескертіп кетті. Содан бір топ жігіттер
келіп, соларға араласып кеттік. Қызыл шүберекті лақтырдық.
Сабақта қамалып отырған екінші потоктың жігіттерін босаттық.
Фурманов көшесімен алаңға қарай көтерілдік. Солдаттар
тізіліп тұр, қалқан, дубинкаларымен. Солдаттардың ар
жағында әрбір бұрышта таяқ жеп жатқан ұл-қыздар. Солдаттар
230
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қоршап алған. Ұрып жатыр. Сол көшеде жатақханалар да
бар еді, балкондарына шығып қызықтап тұрған жастарды да
көрдім. Алаңға жібермеді, таяқ жеп кері шегіндік. Енді Абай
даңғылымен орталық стадион арқылы өтуге бел будық. Сол
кездегі есімде қалғаны алдыңғы қатарда қара куртка киген бір
жігіт жүрді, қаланың жігіті ме деп ойладым орысша сөйлеп
жүрді. Нағыз ер жігіт екен. Жол-жөнекей автобустарды
тоқтатып қазақтарға үгіт-насихат жүргіздік, «түсіңдер бізге
қосылыңдар қазақтар»,- деп.
Ешқандай арақ-ша-
рап ішіп алғандарды
байқамадым, ешкімге
де, басқа ұлттарға да
тиіспедік. Жол бойы
құрылыс техникумына
және зовет. институты-
ның лабораториясы бол-
ды ма есімде жоқ, соларға кірдік қамалып отырған жігіттер
болса босатайық деп. Орталық стадионнан жоғары, алаңға
көтеріле бергенде, бірнеше автобустар тоқтай қалды. Ішінен
солдаттар сау ете түсті. Төбелестік, жұлқыстық бірақ өте алма-
дық. Бой бермеді. Қаштық. Қасымда Шыныбаев Нұрғали бар
(ауылдасым және курстасым) қашып келеміз, артыма қарасам,
бір қазақтың жігіті қуалап келеді, қолында пистолеті бар. Ас-
панға қарай атып келеді. Біз Нұрғали екеуміз стадионға келіп
тығылдық. Кеш бата жатақханаға келсек ойран-топыр болып
жатыр, не болды десек солдаттар тағы да кіріп кетіп, талай
жігіттерді ұрып-соғып кетіпті. Себебі, алаңнан қашқан жастар
бізге келіп тығылған. Жігіттермен ақылдасып, солдаттарды
кіргізбейміз деп шештік. Солдаттар тағы да келді, қарсы тұрып
төбелес аштық, таяқ жедік, бірақ беріспедік. Талай қыз-жігіт-
терді аман алып қалдық.
19-ында Нұрғали екеуміз политех. институтының жа-
тақханасына кеттік, кластас және ауылдас жігіттер бар еді,
солардың хал-жағдайларын білейік деп. Көше толған патруль
екен. Бұрыш-бұрыштарда тұр. Күндіз болғаннан кейін бе, бізге
231
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
тиспеді. Кешке жатақханаға келсек, актовый залда концерт
болып жатыр екен. Артистер келіп, жастарға басу айтып жа-
тыр екен. Біз қатыспадық. Көтерілістен кейін ана жігітті алып
кетті, ана курстың жігітін фотамен іздеп тауып ұстап әкетті деп
естіп жаттық. Мұрат марқұм Талғат, мен тағы басқа жігіттер
видеоға түсіп қалыппыз. Оны мен сол кезде білмедім, ауылда
ағаларым теледидардан жаңалықтардан көріпті.
Мына фоталарға, көтерілістен кейін түскенбіз. Арамызда
үш-төрт жігітті оқудан шығарған болатын, сол естелік болсын
деп түскенбіз. Ал мына фоталарды мен видеодан скриншоттап
алғамын.
Өзім қудаланған жоқпын, семья жағдайыма байланысты
1988 жылы оқуымды тастап, шешемнің қасына келдім.
Досым, желтоқсан көтерілісіне қатысқан Мұрат Белде-
убаев туралы біраз естелік. Мұратпен бірінші курста, селхоз
жұмыстарында таныстым. Алматы облысы, Ташкен-саз село-
сына помидор жинауға жіберген болатын. Белсенді жігіт еді,
спортқа құмар, бокс десе ішкен асын жерге қоятын. Ол бокс
секциясына, мен волейболға бардым. Бір бөлмеде тұрдық. Сол
кезде бөлмеге гирларды, бокс қолғабын алып келген Мұрат
еді. Арамызда сол бәрін ұйымдастырып жүретін. Жат қылығы,
жаман әдеттері жоқ. Жастарға ақылшы бола білетін, білімді
жігіт еді. Желтоқсан көтерілісінде бөлмеде ең қатты таяқ жеген
осы Мұрат марқұм болатын.
Қанша жыл мені іздеп, ұмытпай, Семейге келіп
мені тауып алған осы досым Мұрат болатын. Сол кезде
кездескендегі қуанғанымыз естен кетпес, өкініштісі, фотаға
да түспеппіз. Жатқан жері торқа, иманы жолдас болсын.
Қазіргі уақытта Семей қаласында тұрып жатырмын, жанұям
бар. Әскерилендірілген теміржол күзетінде күзетші болып
қызмет істеймін.
Адресім: ШҚО, Семей қ. Холодный ключ. 51/3.
232
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АХМЕТОВ МЕЙРАМБЕК
(1963-2020)
Қазақша сөйлеуді ар са-
найтын қазақтардың дәурені
жүріп тұрған кез. Біз кітап
фабрикасында жұмыс жаса-
дық. Жатақханада әр облыстан
жиналған жастар тұратынбыз.
Кітап түптеу цехына Мейрам-
бек келіп жұмысқа тұрды.
Бәріміз жұбымыз жазылмай
бірге жүретінбіз. Кешке тамақты
бірге ішіп, бос уақытымызда
Мейрамбекке қосылып ән салатынбыз. Мейрамбек домбырамен
қатар гитара да тартатын, сегіз қырлы бір сырлы сері жігіт еді.
Ал біз Мәкеңе косылып жатақхананы әнмен қалықтататынбыз.
Жұмыстағы жасы үлкен аға-тәтелер Мейрамбекке: «Мына
топ қыздың қайсысымен жүресің?» -, деп қалжыңдайтын,
Мәкең жымиып күліп қана қоятын. Ал бізге көрші тәтелер:
«Әй, әнші балапандарың қайда?», - деп сұрайтын.
Осылайша әндетіп еңбек етіп жүргенде, аяқ асты қазақ
жастарының басына қаралы күн туды. Аспан айналып жерге
түсті десе де болады. Бұл күн - 1986 жылғы 17-18 желтоқсан еді.
Түн ортасындағы ұрандар: «Қазақ жастары, шығыңдар
алаңға! Қазақтарға қысым көрсетіліп жатыр, көбейсек райла-
рынан қайтар»,- деді.
Еш ойланбастан өре тұрдық. Белсенділер мен коммуни-
стер бізді шығармауға тырысты. Біз бой бермей артқы есікті
бұзып шықтық. Алаңға бет алдық, жолда бізді қолдарында
кару, автомат, жетекте иттері бар қарулы жасақ қоршауға алды.
Оларға көмекке «белсенділер» келді. Сұмдар икарус авто-
бусқа адамдарды аямастан малша тиеп жатты. Сол кезде біз
Мейрамбекке:
- Сендер қалыңдар! Анау жігіттерге қосылыңдар білмей
қалады! - деп едік...
233
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
- Сендерді қаматып қойып қалай жүреміз? Не болса да
бірге! - деп бізбен бірге ішке енді, уақытша қамау абақтысына
тоғытылдық. Сағат сайын тергеу, қинау, бір тамшы суға зар
болып, азапты күндерді басымыздан өткердік.
Бесінші тәулікке қараған түнде директор Акпасов
шығарып алды. Аш, әбден сүлеміз қатқан біздер бірімізді
біріміз түгендеуге шамамыз келмеген-ау шамасы. Есімізді
жиғанда Мейрамбектің жоқтығын білдік, енді не істерімізді
білмейміз. Алдымыздан шыққандар ала көздерімен қарап теріс
айналады. Өз есіміміз жайына қалып, «Декабристер» деген
лақап атты иемдендік. Рұқсатсыз нанға, магазинге баруға тиым
салынды.
Әлия, Перне, Галя, Шолпандар Мейрамбекті іздегенде,
оның еш дерек бермегенін айтты. Қамалып келгеннен кейін үш
күн өткенде түнгі екілер шамасында есікті біреу тақылдатты.
«Бұл кім?», - деп едік, «Мен, Мейрамбекпін!»,- деді, қыздар
өре түрегелдік. Есікті ашсақ, ашаң жүзді сері жігітіміздің өңі
қуарып кеткен. Оны көк ала қойдай сабағаны көрініп тұр.
Әйтеуір, кеудесінде жаны барына шүкір дестік. Асылхан,
Кариман, Фарида төртеуміз Мейрамбеке қарап жыладық.
«Жыламаңдар, әлі уақыт көрсетеді. Мен, ашпын», - деді.
Есмізді жиып, шай қойып, Мейрамбекті тамақтандырдық.
Қамаудан кейінгі елдің көзқарасын, тергеуден көз ашпай,
қандай күйге ұшырағанымызды айтып жыладық. Айтып тауыса
алмайтын, жүрегімізде мұз боп қатқан сол желтоқсан біз үшін
зор қасірет болып қалды.
Мейрамбек еліне кетті. Тоқырау жылдар да өтті.
1996 жылы Мейрамбек бізді іздеп келді. Марқұм менің
жолдасым Әлім қатты қуанды. «Бір хабарға (передачаға) түсуге
келдім. Желтоқсанның таяғын білесің ғай қатты ауырамын,
қанша өмір сүретінімді білмеймін», - деді. Екі күн түнеп, еліне
кетті.
Содан кейін тағы арамыз үзіліп қалды. «Баламның
тойында Мейрамбекті өзім барып ертіп келемін»,- деуші еді
жолдасым, ол күнге жетпей өмірден озды...
2019 жылғы желтоқсанда Т. Айтбайұлы жазған «Алматы
234
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
1986 Алматы» кітабынан бізді көріп, арнайы ұйымдарға
хабарласып, бізді тауып алды. Жас балаша мәз болдық. 22
наурызда кездесеміз деп бізге хабарласып жүрді. Біз сол күнді
асыға күттік. Амал не, ол күнге жетпей жаны жайсаң, жүрегі
кең асыл азаматымызды сұм ажал ортамыздан алып кетті. Сол
кездегі соққы, дене жарақаты өмірден ерте кетуіне әсері бар
деп ойлаймыз.
Мейрамбек қысқа ғұмырында өнерден орнын ойып
тұрып алды. Әсем әнімен ән әлемінің аспанында қалқыды.
Енді, артындағы ұрпағына Аллам амандық, береке берсін!
Жанаркүл Шайзақызы естелігінен
АХМЕТОВА НӘЗИГҮЛ
«Қырғыз қызы Гүлнәр, татар
қызы (атын ұмыттым) бізді ұй-
ымдастыруда ерекше белсенділік
танытты...»
Арман қуып Алматыға келіп,
оқуға түсе алмай полиграфиялық
училищеге тапсырдық, сол жердегі
«Қарлығаш» деген жатақханада
Бағжамал (Маусымбаева (Қожағұло-
ва) Бағжамал Мырзахметқызы) еке-
уіміз бірге тұрдық. 1986 жылы, желтоқсан айында түн ішінде,
жатақханада шай ішіп отырғанымызда, найзағай жарқылдады,
қып-қызыл найзағайды тұңғыш көруім, үлкен қыздар бұл жақ-
сы ырым емес деп сәуегейлік айтты. Ол кезде, оған кім мән
берген...
Кітап және мектеп дәптерлерін түптеуші болып жұмыс
істедім. Біз екінші ауысымда істейтінбіз. 16 желтоқсанда сағат
екіден сегізге дейінгі ауысымда істедік. Тамақ іше бергенімізде
235
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
коридорда у-шу басталды, бір қыз кеп Д.А. Қонаевтың орны-
нан алынып, ешкім білмейтін Колбиннің келгенін, бірінші
корпуста жиын боп жатқанын, алаңға барамыз деген жаңа-
лықты айтты.
Бірінші корпусқа бардық, ызаға, ашуға толы пікірлер
айтылып жатты, ертең алаңға шығамыз дедік. 1958 жылғы
қырғыз қызы Гүлнәр, 1962 жылғы татар қызы (атын ұмыт-
тым) бізді ұйымдастыруда ерекше белсенділік танытты. Ер-
тең алаңға баратын болып төсекке бас қойғанбыз. Ұйықтап
жатсақ, екілер шамасында күңіренген, ұрандатқан, «Менің
Қазақстанымды» айтқан тым қатты дауыстардан ояндық. Он-
кологиялық аурухана жанындағы біздің жатақхана Брежнев
алаңының жанында болатын. Енді біреулер таңертең емес,
қазір шығатынымызды айтты.
Жужик деген кісі Бағжамал еке-
уімізге тез болуымызды талап етіп, зекіп
ұрысты. Тез-тез киініп шықтық, Партия
қатарындағы технологтар Мария мен
Женя шықпайтындықтары туралы, бұл
дұрыс еместігі туралы бізге сыбырлап
айтты. Шығар есікті жауып тастаған-
дықтан өртке арналған есікті улап-шулап
жүріп ашып алып, далаға шықтық. Кетіп
бара жатқан халыққа қосылдық.
Брежнев алаңына кетіп бара
жатқанда, таяп қалғанда колонна алдына автобустар тоқтады.
Кейбіреулер тұрғын үйлердің подьездеріне тығылыпты, автбу-
стар қоршай қалды. Кілең сап-сары жалтыраған әскери киінген
адамдар тұрды. Бір қазақ кісі келді де қайда баратынымызды
сұрап, олар да сонда баратындықтарын айтып автобусқа бірге
отыруымызды сұрады, біраз ойланып барып, сол автобусқа
отырдық. Алаң жап-жақын жер болса да автобус өте көп жүрді.
Сонда ғана бізді алдап отырғызып алғандарын түсіндік. Олар
қарсылығымызға қарамастан бізді қаланың алыс жағына алып
кетті. Ұзақ жүріп барып тоқтады, сөйтсек, изоляторларда орын
болмағандықтан, Ленин ауданындағы изоляторға әкелген екен:
236
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
түсер кезде қорқып түспейміз, прожектор самаладай жамырап
тұр, екі жақта солдаттар тұр, қақпаға дейін овчаркалар абалап,
төрт қабырғалы цемент ғимаратқа қарай түспегендерді сол-
даттар теуіп түсірді.
Суық цемент, отырар жер жоқ, аяқ талған соң амалсыз
отырдық. Адам деген көп: ешкімді ешкім білмейді, бір-бірден
тексеруге әкетті. Кезегім келгенде мені де шақырды, кабинетте
орыс офицері мен бір солдат отыр, қайдан, кім екендігімді
сұрады, «Таза қазақ емессің ғой, мұнда нең бар?» - деді. Таза
қазақ екендігімді айттым. «Кімдер ұйымдастырды, Әзірбайжан
Мәмбетов пе? Ол ұсталған»,- деп сұрады. Аяғымды айқасты-
рып отырған мені теуіп жіберді, ұшып түстім. Түрі бұзылып,
желке шашымнан тартты, қайта отырғызды. Сұрақ қоюшы
әскери адам мені өзімен бірге ертіп шықты, коридорда бізбен
бірге жұмыс істеген бір жігітті қан-қан күйінде сүйреп бара
жатқанын көрдім, иманым ұша қорқып кеттім. Бізді көрген бір
қазақ әскери адам маған қарап, офицерге: «Оны неге сүйреп
жүрсің, анда апарып қама»,- деді. Мені әкеле жатқан орыс
тергеуші бір темір есікті ашып, сонда итеріп жіберді: құдай-
ау, иісі деген қолқаны ататын жер екен, қараңғы. Қайда кел-
генімді білмей жылап тұрғанымда, атымды атаған адамның
Бағжамал екендігін білдім, сөйтсем онда көп қыз қамалып
отыр екен, нар төсек, ине шаншар жер жоқ, әжетхана үшін
эмаль кастрюль ғана қойылыпты. Нар үстінде түк те жоқ, ауа
кеп тұрған кішкентай ғана тесік бар, ауа тар, демалу қиын.
Бажайлап қарағанымда кей таныстар да бар екен. Бізді ұй-
ымдастырған екі қыз да осында келді. Таң қайсы, түн қайсы
екендігін білмейміз, тынысым тарылған соң қыздар кішкетай
тесікке әкеп ауа жұтқызып, демалдырды. Қара пальтом мен
«хомут» деп аталатын тоқыма шарфым да қолаңса иістен са-
сып кетті.
Түн бе, күн бе неше мәрте тексеруге апарды, үш күн
бойында сусыз, тамақсыз отырғанымызда 19-желтоқсанда бізді
күзетіп тұрған екі қазақ солдат саңылаудан сыңғалап ақырын
ғана ебін тауып, бізден жиналған азын-аулақ 3 сомға 3 лимонад,
4 нан әкеліп берді, үлкен қыздар оны бізге тең етіп бөліп берді.
237
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
Аузынан бір-бір жұтымнан іштік. Сондай жақсылық та болған.
Сонымен сол аядай тар, суық цементті жерде үш күн
болдық. Өзара бір-бірімізді ұстап бермеу туралы ақылдасып
аламыз. Түнгі үш кездерінде ме, білмеймін, камера ашылып:
«Кітап фабрикасынан қыздар бар ма?» деген дауыс шықты,
«Бармыз» деп шуылдадық, сөйтсек арнайы автобуспен кәсіпо-
дақ, партия органы, цех бастығы кеп тұр екен, Галина Алексе-
евна деген цехтің бастығын көріп жылап жібердік, сотталып
кетеміз деп ойладық қой.
Сөйтсек, біз Ленин ауданындағы түрмеде отырғанымы-
зды сосын білдік қой. Түн ішінде автобусқа тиеп әкеліп, кітап
фабрикасының акт залына алып келіп, біршама үгіт-насихат
оқып, жатақханамызға әкеліп тастады, жуынып-шайынып,
ертеңінде жұмысқа барғанымызда орыстар халық жауын көр-
гендей үдірейе қарап, мазақ етті, сыйақыдан қиып тастады, қай
жерде болса да, бізді түртпектей берді, ауылға да хат жіберіпті.
Бір күні ауылдан сіңілім Роза сөйлесу пунктіне шақырып,
ата-анамның уайымдап отырғанын айтты. Анамнан хат келді:
«Коммунист әкеңнен ұят болды ғой»,- деп жазыпты. Сәуірде
сіңілім Роза қайтыс болды. Ауылға барып, жетісінен соң қа-
лаға қайттым. Жұмыста қудалау басталып жатыр екен, тал-
дықорғандық Сара деген жалғызбасты ана болатын, соны да
жылап-еңірегеніне қарамастан жұмыстан шығарып жіберді. Су-
реттерменен тергеу орын-
дары келіп, таныс-білістері
бар ма екендігін сұрайтын;
Еңлік деген қызды сурет-
ке түсіп қалғандығы үшін
шығарып жіберді.
Бір күні Орталық
комсомол комитетінің хат-
шысы С. Әбдірахманов ескі
балалар әлемі дүкені жанындағы ғимаратта сұраққа шақы-
рады деді. Бір топ қыз бардық, әркімді фамилиясы бойынша
шақырды. С. Әбдірахмановтың мұрты қиылып тұрған жас кезі,
қып-қызыл мауыты жабылған столдың екі жағында комитет
238
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
мүшелері отыр. Бәрі орысша сөйлейді, тілің келмесе бәрі ма-
зақтап күледі. «Комсомол қатарынан шығасың, билетті таста»
дегенде бермеген менің қолымнан тартып алды, кешірім сұра-
сам да бермеді. Билетімнен айырылған мен зар еңіреп шықтым,
бір қимасымнан айырылғандай күй кештім.
Бөлмеме келіп ерекше уайым-қайғы шектім, билеттен
айырылу деген ол кезде ең үлкен ауыр жазаның бірі болатын.
Сосын кейбіреулердің «Комсомол қатарынан не үшін шыға-
рылдың?» деген сұрағына жауап бермеуге тырысам, әйтпесе
қайда, тағы да есіңді шығарады.
Роза сіңілімнен бір айырылып, комсомол билетінен
екі айырылып, он тоғыз жасымда осындай күй кештім. Жа-
нымдағы Бағжамал қатаң ескертумен комсомолда қалды, оны
шығарған жоқ.
Жап-жас басыммен осындай ауыртпалықта жүрген
адамға жұмыс істеуден не береке бар дейсің, анам хат жазуын
қоймаған соң, ауылға қайтуға сұрандым, екі жыл мәжбүрлі
жұмыс істеуге тиісті болуыма қарамастан цех бастығы босатты.
Ауылға келдім, онда да кеу-кеулеген өсектен, «Мұрат-
ханның қызы саяси сенімсіз екен», деген сөздерден құтыла
алмадым, ауыл клубына меңгерушісі боп жұмысқа тұрмақ
болған сәтімде де біреулердің көрсетуімен жұмысқа тұра ал-
мадым. Сосын жаз шыға ата-анамның рұқсатымен Алматыға
қайтып, құрылыс техникумына оқуға түстім. Құрылыс тех-
никумында оқып жүргенде сан мәрте шақырылған комсомол
жиналысына баратындар менің неге қатыспайтындығымды
сұрағанда үндемей қоятынмын.
Иә, Желтоқсан оқиғасы осылай біздің өмірімізде өз ізін
қалдырды...
***
Ахметова Нәзигүл Мұратханқызы 1967 жылы 20 қазанда
ШҚО, Марқакөл ауданы, Боран ауылында дүниеге келген.
Маусымбаева (Қожағұлова) Бағжамал Мырзахметқызы
1968 жылы 17 ақпанда ШҚО, Үржар ауылында дүниеге кел-
ген. Нәзигүл екеуінің басынан өткені бірдей оқиға. Екеуі бір
бөлмеде тұрған.
239
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
АШУБАЕВА ГҮЛМИРА
Екі ғасырды көзбен көрген ұлағатты ұстаз
1982 жылы 17 жасар бой-
жеткен әке жолын қуып ұстаз
болғысы келді. Арманын жүзе-
ге асыру мақсатында Алматы
қаласына келіп, Алматы шет
тілдері иститутының ағылшын
факультетіне түсті. Қалаға білім
қуып келген жас қыз, жатақха-
нада жатып оқыды. Шығыс Қа-
зақстанның қиыр шетінен келген ауыл қызында қайдан туыс
болсын қалада?! Бірақ ондай қиындыққа мойымай, кітапхана
мен оқу орынның ортасында жүріп, арада төрт жылдың қалай
өткенін де байқамады. Енді аз шыдаса көп жыл армандаған
дипломда қолға тимек. Бұл дегеніміз өзі аңсаған ұстаздық
қызметке жолдама емес пе? Алайда бәрі басқаша болды...
1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы, бұрынғы
астанамызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп,
шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!», қазақ елінің өз
көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан
Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған
пленумында, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына
Кеңестер одағының Комунистік партиясы Генадий Колбинді
тағайындаған. «Құланның қасуына, мылтықтың басуы» дөп
келді демекші, қазақ елінің көп жылдар бойы санасында қорда-
ланып жатқан азаттықтың бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді.
Сол жылы 21 жасар, бойында қазақтың қаны ағып тұрған
талдырмаш бойлы, қайсар қыз Гүлмира Дүйсембайқызы шетте
қалмақ емес-ті. Шеруді басу үшін 25 мың солдат апарылды.
Олар қазақ жастарын ұрып-соқты. Осы көріністерді көзімен
көрген, өрт өшіргіш машиналардан атқылаған судың астында
қалған Гүлмира Дүйсембайқызы бұл жайттар жайлы көп айта
бермейтін. Тек бір сөзінде: «Алаңға барған бізді орта жастан
240
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
асқан бір қазақ милиционері құтқарып жібермегенде, не өліп,
не сотталып кетер едік» деген еді. Жатақханаларына қуыс-
қуыс, қараңғы көшелерді сағалап, өйтіп-бүйтіп зорға жеткен
бұлардың соңына қудалау түсіп, көп тексерістен кейін оқудан
шығарып жіберді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге
шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»
деген кінәлар тағылды.
Алматыны артқа
тастап, туған ауылы-
на қайтқан Гүлмира
Дүйсембайқызы екі
жыл уақытын зорға
өткізді. Қол қусырып
отыруды ұнатпайтын,
алған бетінен қайт-
пайтын, мінезді қыз
1988 жылы көрші Көктал ауылына барып ұстаздық қызметін
бастайды. Ол жерде екі жыл қызмет атқарып 1990 жылы өзінің
туған Бақты ауылына келіп, мектепте ұстаздық қызметін жалға-
стырады. Мен бұл жерде Гүлмира Дүйсембайқызы мұғалімдік
қызметін жалғастырды деп жазуыма болушы еді. Өйтпедім...
Оның бір ғана себебі бар, ол кісі нағыз ұстаз еді. Сол 1990 жыл-
дан 2021 жылға дейінгі аралықта алдынан қаншама оқушылар
білім алып, аңсаған армандарына қанат қақты. Мұғалімнің
міндеті мектепке кеп сабағын беріп қана кету емес, оқушы-
ның жан дүниесін ұғынып, дұрыс бағыт-бағдар беру. Міне сол
адам нағыз ұстаз! Гүлмира Дүйсембайқызының сырты қатал
болғанымен, ішкі жан дүниесі нәзік болатын. Бала жанын ұға
білетін, керек кезінде қолдай білетін өз ісінің шебері еді.
Үйдің жұмысы мен мектептің жұмысын қатар алып жүре
білген Гүлмира Дүйсембайқызы тек жақсы мұғалім емес, жақ-
сы жар, аяулы ана да бола білді. 1999 жылы 34 жасында тұр-
мысқа шығып, бала сүйді. Аякөз қаласынан әпке-жездесіне
қыдырып кеп жатқан Молдаханов Уалихан есімді бойдақ жігіт,
Гүлмира Дүйсембайқызын сыртынан көріп ғашық болып, көп
ұзамай екеуі отбасын құрды. 2000 жылы өмірге Райхан, Мәди
241
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
есімді ұлдары келді. Уалихан ағамыз Бақты ауылында елге
абыройлы, қолынан бәрі келетін тракторист болып қызмет
атқарады. Ал, ұлдары Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің
соңғы курсында оқып жатыр. Аққа құдай жақ демекші, 1986
жылы оқудан шығарып жібергенімен 2000 жылы ақталып,
бұрынғы Алматы шет тілдер институты, қазіргі Абылай хан
атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тіл-
дері Университетіне қайта қабылданып, 2004 жылы бітіріп,
армандаған дипломын алып шықты.
Иә, айтқанға оңай. Бара салды, түсе салды, ала салды деу
өте оңай. Шындығында көтеріліске қатысты деп күстаналап,
саусақпен көрсетіп, қыр соңынан қалмаған кеңес өкіметі қол-
шоқпарларының құқайын айтпағанда, сол зобалаңның психоло-
гиясына, жан-дүниесіне салған жарасы өмір бойына жазылмады.
Ал, тән жарасының зардабын жазу үшін ауылда екі жыл уақыт
жіберді. Қаншама дәрі-дәрмекті ішкендіктен асқазан мен бауыры
да дімкәс болды. Сырты бүтін, іші түтін күн кешті. Сөйтіп жүріп
ұстаздық еңбек жолында мектепішілік, аудандық, облыстық ма-
рапат, мадақтамаларын маңдай терімен алды. Мен оларды тізіп
жатпай-ақ, соңғы жылдары алған жетістіктеріне тоқтала кетейін.
2016 жылдың 1 наурызында «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық
Қазақ Творчестволық Бірлестігі Халықаралық «Ы.Алтынсарин»
алтын медалімен марапаттап, алғыс хатын жіберсе 2018 жылы
«Үржар ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай
Құнанбайұлы айтпақшы, ұстаз болу, тынбай еңбектенуді талап
ететін бейнеті зор, зейнеті аз мамандық.
Дегенмен Гүлмира Дүйсембайқызы атақ, марапат іздеп
емес, жанын салып еңбек етті. Ол кісінің ауырдым дегенін
естімеппін ғой тіпті. Кеңестік өкімет пен Тәуелсіз Егемен
Қазақстанды көрген ұстаз 2021 жылы сәуір айында қабырға-
мызды қайыстырып, бұл жалған өмірден озып кете барды.
Артында қалған жолдасы мен баласына ол кісінің жасамаған
жасын берсін! Жабылмайтын амал дәптерінің бірі берген білім
болса, Алла сол дәптерінің бетіндегі сауаптарын екі еселеп,
жанын жанатта қылсын!
242
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
***
Ашубаева Гүлмира Дүйсембайқызы 1965 жылдың 12
наурызы күні Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданы,
Бақты ауылында дүниеге келген. Әкесі мектепте мұғалім
қызметін атқарып, мектеп директорлығына дейін көтерілген,
оқыған көзі ашық адам болған. Осындай зиялы отбасында
дүниеге келген Гүлмира Дүйсембайқызы мектепте жақсы оқып
11 сыныпты 1982 жылы тәмамдады.
ӘБДЕНОВА ГҮЛБАҚЫТ
1986 жылы Алматы каласында
«Поршень» зауытына жұмысқа ор-
наластым. 1986 жылы 16,17,18 жел-
тоқсан күндері тарихта маңызы бар
көтеріліске қатыстым.
Бірінші хатшы Д. А. Қонаевты
себепсіз орнынан алып, оған Моск-
ваның бұйрығымен, қазақ халқымен
санаспай, қазақтың салт-дәстүрінен
хабарсыз, бір ауыз қазақша сөз біл-
мейтін адамды тағайындауы - қазақ
жастарының ыза-кегін туғызды. Өз наразылығымызды білдіріп,
«Әр ұлттың өз көсемі болу керек» деген ұранмен менде алаңға
шықтым.
16-желтоқсан күні мен екінші ауысымға баруым керек
еді. Жұмысқа бармастан, дос кұрбым екеуіміз алаңға бет ал-
дық. Сол күнгі болған жағдайды өз көзімізбен көрдік. Бей-
біт шеруді әскери күшпен, милиция жасақтарымен, спецназ
сарбаздарымен күшпен таратуға әрекет жасады. Сол кезде
қырғын басталып кетті. Қолдарында күрек, дубинка, темір
қалқандары бар спецназ жендеттері жастарды қан-жоса етіп
ұрып-соғып, машиналарға тиеп алып кетіп жатты. Қыздарды
шаштарынан сүйреп, аямай соққыға жықты. Сол кезде мен
243
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
трибунаға шығып үлгердім. Үкімет үйіне жақындаған кезде
мен құлап, аяғымды ауыртып алдым.
Кешке қарай өрт сөндіретін машинамен су шашты. Сол
күнгі ызғарлы суық есімнен кетпейді. Қатты тоңдық. Өртенген
машиналарға жылынуға тырыстык. Сөйтіп арпалысып жүріп
танды да атырдық. Қарнымыздың ашқанын, тоңғанымызды
ұмытып кеттік. Алаңда таныстарымызды кездестірдік. 17
күні түс кезінде, алаңнан шыға достарым мені жаяу, Сәтпаев
көшесінде тұратын апайымның үйіне жеткізіп тастады. Әлі
күнге дейін сол оқиға көз алдымда.
Егемендікті алған соң Отанымды сыртқы жаулардан
қорғау үшін әскер қатарына қабылданып, 14 жыл адал өтеп,
зейнеткерлікке шықтым.
***
Гүлбақыт Бидашқызы 1967 жылы 23 қазан айында
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында
дүниеге келген. Осы ауылда орта мектепті бітірген.
ӘБДРАХМАНОВА (ШЫНЖЫРОВА) ГҮЛНҰР
«Қайтуға балам үшін ғана көндім. Әйтпесе сол жерде
жүргендерден жаным артық па еді?...»
1986 жылы Алматы педагоги-
калық шетел тілдері институтының
5 курс студенті болатынмын. Тұрмыс
құрғам, ұлды едім. Алматы педаго-
гикалық институтының (АГПИ, худ.
граф) №2 жатақханасында тұратын
едік. Жолдасым Абдрахманов Марат
Тұрарович 1 курс студенті болатын.
1986 жылы 14 желтоқсанда
ауылдан ұлым ауырып, ауруханаға
244
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
түсті деп телеграмма ал-
дым. Ертеңіне 15 жел-
тоқсан күні ұшақпен
ұшып кеттім. 16 жел-
тоқсан күні кешке радио-
дан пленум шешімімен
Г. Колбин басшылыққа
сайланды, Алматыда
жастардың наразылық
толқуы басталды деген
хабар селт еткізбей қоймады. 17 желтоқсан күні Алматыға
қайта ұшып келдім.
Студенттер мен жұмысшы жастар пленум шешімін қол-
дамайтындарын, наразылықтарын білдіріп алаңға жиналып
жатыр дегенді естіп, түстен кейін жолдасыммен, біраз жігіт-
термен, қыздармен үнімізге, жанайқайымызға құлақ асар деп
Брежнев алаңына бардық. Бейбіт шерушілерге қосылдық.
Алғашқыда митинг бірқалыпты жағдайда ғана болып
жатты, қолдарына көтерген «Әр республикаға өзінің басшысы
болсын» деген сияқты ұрандар. Көкейімізде «Неге?» деген
сұрақ көп. Кешке қарай адам қарасы да, милиция да көбейді.
Жиналғандарға тараңдар деп жатты. Күш қолданатындарын
айтып, алаңнан қуа бастады. Соққыға жығып, аяусыз ұрып
жатыр. Суыққа қарамастан ызалы жастар одан сайын ұрандатып,
қарсылық білдірді. Жағдай ушыға түсті. Өз басым дәл осындай
ушығады деп ойламадым. Жылап жүрмін. Жолдасым бірдеңеге
ұрынсақ баламыз не болады деп мені сүйреп, көптің арасынан
әрең алып шығып, қашып отырып, жатақханаға әрең жеттік.
Алаң мен жатақхананың арасы бір көшенің бойында
еді. Қайтуға балам үшін ғана көндім. Әйтпесе сол жерде
жүргендерден жаным артық па еді? Жатақханадан қайтып
ешкімді шығармады. Кезекшілік қойылған. Жолдасым ертеңіне
қайта барды. Небір адам сенгісіз жағдайлардың болғанын
айтты. Ұсталмады. Ол да өз институтында комсомолда
тергелді. Көрсеткен суреттерден шықпаған соң, қудалаудан
аман қалды. Мені 19 желтоқсан күні институтта комсомол
245
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
комитетіне шақырып жатыр деді. Барсам 15,16,17 желтоқсан
күндері сабақта болмапсың, яғни алаңда болдың ғой деді.
Балам ауырды деп телеграмма келді, барып қайттым дедім.
Көп суреттердің арасынан кімді танисың деді. 2-ші күні де
шақырды. Сол суреттерде «кімді танисың, шыныңды айт, оқудан
шығуың мүмкін», - деді. Үшінші күн дегенде телеграмманың
дубликатын алдырып, көрсеткен соң, қайтып шақырмады.
17 желтоқсандағы бір күнгі көріністің өзі менің әлі күнге
дейін көз алдымда. Күрсінбей еске ала алмаймын, жүрегім сыз-
дап, көзіме жас келеді. Әрбір қазақ, ұрпағымыз Тәуелсіздіктің
оңай келмегенін жүрегімен шын сезініп, қадіріне жетсе деймін.
***
Әбдрахманова Гүлнұр Тоханайқызы, тұрмыс құрғанға
дейінгі тегі Шынжырова, 1965 жылы 2 наурызда сол кездегі
Семей облысы Бесқарағай ауданында (аса қауіпті полигон
аймағында) дүниеге келген.
ӘБІШТАЙ ЕРЖАН
Бейбіт шеру болатын
Жастайымнан темір-терсек-
ке үйір болған әдетіммен мен 1985
жылы Алматы қаласындағы ауыл
шаруашылығы институтының меха-
ник факультетіне құжат тапсырып,
емтиханнан мүдірмей өттім. Сон-
дағы Фурманов-Сәтпаев көшесіндегі
№5 жатақханадағы, 27-ші бөлмеде,
Тарбағатайлық Сейітпеков Қайрат,
Ыдырышев Асхат, Күршімдік Ақша-
жанов Қайрат деген жігіттермен бір-
ге бір үйдің баласындай тұрып жаттық. Сөйтіп, механик фа-
культетінің 2-ші курс студенті атанып жүргенбіз. Біздің дәріс
алып жатқан корпусымыз Абай мен Фурманов көшелерінің
246
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
қиылысында еді.
1986 жылдың 17-шы желтоқсаны күні, таңертенгі сағат
9.00 шамасында сабақта отырғанбыз, топ-топ болып кетіп бара
жатқан көп қазақ жастарын терезеден көріп қалдық. Ештеңеден
хабарымыз жоқ, бұл жайға таңырқап қалдық. Кенет, есіктен
кіріп келген үш-төрт-жігіт:
- Ей, қазақтар, неғып отырсыңдар? Мәскеу бұрыс шешім
шығарды. Кеттік Орталық алаңға, наразылығымызды біл-
дірейік!- деп айқай салды. Сол айқайды ести сала біз ор-
нымыздан атып тұра есікке қарай бет алдық. Осыны көрген
мұғалім тосқауылдап бізді тоқтатпақ болды. Дегенмен, біз ұл-
қыз болып есіктен сытылып шықтық. Жан-жақтан бізге келіп
қосылған жастар көп болды. Ленин көшесімен құлдилаған күйі
ҚазПИ мен ЖенПИ ді аралап шығып, Брежнев атындағы орта-
лық алаңға жеттік. Біз келгенде алаңда ешқандай шу, даңғаза
жоқ, жиылғандар шағын-шағын топ болып, тыныш қана тұр
екен. Бұл шынында да бұзақылық, басбұзарлықтан ада бейбіт
шеру болатын. Содан, түс ауа жақын жердегі жатақханамызға
барып, тамақ ішіп алдық та, алаңға қайтып оралдық. Манағы-
дан әлдеқайда молайып кеткен шеруші қауымға келіп қосыл-
дық, сол-ақ екен, қарулы әскерлер мен милиция қызметкерлері
алаңды тұтастай қоршауға алды.
Патриоттық әндер шырқалды. Бірқатар танымал, көр-
некті адамдар мінберге шығып, жастарға «Тарқаңдар, ертең
өздеріңе жаман болады, бұл өкіметке қарсылық» деген сынды
үгіт-насихат айтып
жатты. Бірақ оларға
құлақ асқан жастар-
ды байқамадым.
Әйтеуір, Бибігүл
Төлегенова апамы-
здың топ алдына
шығып сөз сөйле-
гені есімде.
18-ші желтоқ-
сан күні жиналып,
247
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
алаңға тағы бардық. Бұл жолы әскер молайып, милиция қыз-
меткерлерінің қаһарланып алғаны байқалды. Қоршау біртіндеп
тарыла түсті де, бір кезде алдыңғы жақтан шу етіп жанжал
шығып кетті. Сол-ақ екен, әлгінде тыныш тұрған солдаттар
жастарға лап қойып, резеңке сойылдарымен бас-көз деместен
төпелей жөнелді. Шошынып, кейін лықсыған алдыңғы лек кей-
інгілерді жығып, таптап, әркім басы ауған жаққа қаша жөнелді.
Бірақ күні бұрын дайындалып қойған солдаттар қайда қашсақ
та, алдымыздан шығып, шамаларының келгенінше сабалау-
мен болды. Резеңке сойыл жон арқамнан сарт ете қалғанда ет-
бетімнен құлап түстім. Көзім қарауытып кетті, сөйтсе де, мына
қоршаудан сытылып шығар саңылау іздеп, еңбектеген күйі
жұрт аяғы саябырлаған бұрышқа қарай жанұшыра қаштым.
Абырой болғанда, бірнешеуіміз құтылып шығып, жүгірген
күйі келіп, жатақханамызға кірдік те, бөлмеміздің есігін бекітіп
алдық.Топырлап кірген жастардың артынан іле-шала, ақыра
ұмтылып, әскери шенділер қуып келді. Олар кейбір бөлмелер-
дің есігін бұзып кіріп, қолдарына түскен студенттерді сүйретіп
әкетіп жатқанын естіп отырдық. Бірақ біреуге көмек беретіндей
шамамыз жоқ еді.
19-ші желтоқсан күні жанында бір топ мұғалімдер бар
деканымыз бізді жатақханадан шығармай, есікте аңдып оты-
рып алды. Сол күні кешке таяқ жеп қорлық көріп, тергеуден
шыққан шымкенттік бір жігіт мені көріп:
- Ержан, бұл арадан қашып жоғал! - деді. - Ана жерде
сенің де суретің тұр, көп ұзамай іздеп келіп қалар...
Алматының шетінде жеке меншікті үйде тұратын бір
досым бар еді, тікелей соған тарттым. Бағыма қарай, сәтін
салғанда, ол үйде екен, жағдайымды мен айтпай-ақ түсінді.
Сөйтіп 10 күн тырп етпей жаттым. Жатақханаға келсем, ба-
яғы күй жоқ, жігіттер мен қыздардың қабақтары сынық, жұрт
бір-бірімен ашық-жарқын сырласудан қалған. Мен танитын
жігіттердің бірталайы оқудан шығарылып, елдеріне қайтып
кетіпті. Бізге өсімдіктану пәнінен сабақ беретін қытымырлау
мұғалім бар, сол мені көрген бойда:
- Аа, келдің бе, белсенді ереуілші, - деп тікірейді. Заңнан
248
ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986
құтылып кеттім деп ойлайтын шығарсың, асықпа, мен сені
алысқа ұзатпаймын!
Ол өз дегеніне жетті, бірнеше сынаққа баға қоймай сан-
далтты да, ақырында қаңтардағы емтиханнан құлатып тынды.
Салым суға кетіп, туған жерді бетке алдым. Үйге келген соң,
совхозда жүргізуші болып машина жүргізуге кірістім.
Өз жекеменшік авто көлігіммен (Камаз) Алтай өңірінен
көмір жеткізіп, тұтынушыларға тапсырыс бойынша жұмыс
жасаймын. Жаз бойы қарбыз егіп, күзге дейін соның қамы-
мен жүреміз. Төккен теріміз далаға кетпей жанұяммен пайда
көреміз.
Менің отбасымда жұбайым - Қарлығаш, балаларым - Бей-
імбет, Қуаныш есімді екі ұлым бар. Әр жыл сайын желтоқсан
айында 1986 жылы басымнан өткерген сол бір жүрекке жара,
көңілге нала салған қаралы күндердің өзін еске алу оңай емес.
***
Әбіштай Ержан Әбіштайұлы 1964-ші жылдың шілде
айының 27-ші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Күршім
ауданында дүниеге келген.
1971 жылы №3 Күршім орта мектебінің есігін ашып,
ол мектепті 1981 жылы қазақша 10 жылдық орта біліммен
тәмамдаған.
1981-1982 жылдар аралығында СПТУ-да тракторист-ма-
шинист мамандығын 8 ай оқып, әскери комиссарияттың (во-
енкомат) жолдамасы арқылы 1982-1983 жылдар аралығында 6
айлық мерзімдік (ДООСАФ) көлік жүргізу оқуын бітірген. 1983
жылдың маусым айында әскер қатарына шақырылып, 1985
жылдың мамыр айында Мәскеуден әскери борышын атқарып
келген.
249