The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanzhar.kuderov, 2022-12-07 05:34:32

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

Шығыстық желтоқсандықтар печать-1

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

болдым деп те айта алмаймын. Қолымнан келгені көппен,
қазағыммен бірге болдым. Кеудемде әлдебір күш пайда болып
намысымды қыздырды.

Екі-үш күн өткен соң алаңда түсірілген фотолар бойынша
Ұлттық қауіпсіздік комитеті көтеріліске қатысқандарды іздеп,
тексере бастады. Мені цех бастығы Нүкенов Сапарғали
шақырып алып, үндеместердің іздеп жүргенін, қолдарында
менің фотосуретім жүргенін айтып, ауылға қайтуға кеңес берді.
Сонымен ауылға, Соколовкаға қайттым. «Всемирная Пламя»
колхозының парторгі мал бағуға адам таппай отыр екен. «Егер
мал бағуға шықпасаң, көтеріліске қатысқаныңды айтып КГБ-
ға жаптырам» - деп қорқытты. Содан мал бағуға шықтым.
Бәрібір қауіпсіздік комитетінің адамдары мені тауып алды.
Ақыры тұрмысқа шыққан апайымның соңынан Өскеменге
қашып келдім. Еш жерге жұмысқа шықпай базар жағалап сауда
жасадым. Ақыры осы Өскеменге тұрақтап қалдым. Бүгінде
«Шығыс- ақпарат» медиахолдингінде жүргізуші болып
істеймін.

Желтоқсан көтерілісі – ешқандай ұйымдастырушысыз,
ұлттық намысы жаныған қазақ жастарының ішкі жан
толқынысы еді. Әлдебір белгісіз күш рух берді. Кеңес
идеологиясы қаншама мықты болғанмен ұлттық намыс бәрінен
жоғары тұратынына көзім жетті. Күні бүгін үстімізге суық су,
көбік шашқан машиналар, дубинка ұстаған милиция түсіме
кіреді...

ИСКАКОВ МАРАТ

1984-ші жылы Алматыдағы Еңбек Қызыл Ту орденді
ауылшаруашық институтындағы өсімдік қорғау факультетіне
түсіп 1989-шы жылы бітіріп шықтым. 1986-шы жылы 3-ші
курстың студенті болатынмын. 1986-шы жылдың желтоқсан
айының 18-сі күні, таңғы сағат 6 да Іле ауданына қарасты
Комсомол поселкесінен шықтым, өйткені, үлкен апайым
Ысқақова Жәмила Кәкенқызы сол ауылда тұратын.

600

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

7.50 уақыт шамасында номері 2-ші автобуспен Ленин
Абай көшесіне дейін институттың 1-ші корпусының алдына
келсем, әйнектері сынған, бұған не болып қалды деп Абай
көшесіндегі жастарды көріп, барайын деп тұрған едім, біздің
факультеттің деканы Сейілханов Мұқтар аға мені көріп қалып,
әй бала сабаққа кір деген соң, 3-ші корпустағы сабаққа кірсем
ыңғай қыздар отыр екен. Мені көре сала «сен қайда жүрсің,
барлық старосталар алаңға кетіп қалды» деді, өйткені, мен
2-ші группаның старостасы едім.

Сөйтіп отырғанда, курстас Сейдахметов Жантөре келді,
(Алматының Нарынқол ауданынан) оған да қыздар сұрақтың
астына алып еді, Еңбекші қазақ ауданындағы ағасының үйінен
келген екен. Жантөре екеуміз бірігіп алаңға шығайық деп
тұр едік, мұғаліміміз кіріп келіп, «сабақта отырыңдар алаңға
шықпаңдар, шықсаңдар оқудан шығып қаласыңдар», - деп
айтып бола бергенде қолдарында таяқ тастары бар бір топ
жастар кіріп келді.

Жантөре екеумізге қарап сендер не қыл деп отырсыңдар,
қазақ емессіңдер ме деп айтқаны сол-ақ екен, Жантөре екеуміз
өре түрегелдік. Шығып корпустың алдына келсек, онда да
жиын болып жатыр екен. Жиында институттың ректоры
Шах, деканымыз Сейілханов Мұқтар, кураторымыз Фарзана
Райхановна, барлықтары алаңға шықпаңдар, шықсаңдар оқудан
қуыласыңдар деп айтқанына қарамастан, мен Жантөреге жүр
кеттік алаңға, не болып жатыр екен көрейік, деп алаңға келдік.
Келсек, Абай Фурманова көшесінің қиылысында үлкен Лиаз
автобусы терезесінің бәрі быт-шыт, әлгі автобусты екі жағынан
итеріп құлата алмай жатыр екен, бізде барып көмектестік,
сосын ештеңе шықпаған соң Жантөре екеуміз Фурманов
көшесінің бойымен Ленин көшесіне келсек, ыңғай жастар,
қолдарына жасасын Қазақстан, «Смерть Колбину» деген
ұрандарды ұстап алған, «Менің Қазақстаным» деген әнді айтып
тұр екен, біз де әнге қосылдық.

Жанымызда үкімет үйіне дейін бірнеше қатар солдаттар,
онан кейін милиция, ең алдыңғы қатарда қазақ милициялары
тұрды. Сол мезет сағат күндізгі 11-ден асқан уақыт, жаныма

601

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

қарасам жерлесім Құдагелдин Маратты көрдім, менен мектепті
1 жыл бұрын бітірген, 1961-ші жылғы, әңгімелесе кеттік.

Оның айтуынша, кеше яғни, 17-шы желтоқсан күні
сағат түнгі 12-де алаңға жиналдық, сосын жиналғандарға бұл
заңсыз митингі тарқаңдар деген дауыстар естілді, бірақ біз
Қазақстанның басшысы неге қазақ болмайды, не үшін орысты
(Колбинді) қояды деп айтқанымызға қарамастан, бізді тықсыра
қуды, бірақ біз оған қарамастан қарсылық көсеттік. Сол мезетте
өрт сөндіргіш көліктерімен бізге қарай ыстық су шашты, құдай
сақтап мен алысырақ тұрғанмын, біздің тағы бір жерлесіміз
Шуашев Бақытбек Казгудың журналистика факультетінде
оқитын, сол ыстық суға күйіп қалды деп, әңгімелесіп бола
бергеніміз сол еді, үкімет үйі жағынан 3-4 ер адам ақ жалау
ұстап, қатар қатар тұрған әскерилер, милициялар жол беріп
шетте тұрған қазақ милиция майорынан рупорды сұрап алып
бізге «Тыңдаңдар!!! Біз үкімет үйіне барып неге Қазақстанда
қазақ басшы болмайды, неге орысты (Колбинді) қояды деген
сұраққа бірақ жауап алдық. Бұл шешім Мәскеуден беріліп отыр,
сондықтан біз ештеңе шеше алмаймыз деген жауап алдық»
деді, сөз соңында үлкен кісі (ақ жаулықты апа) сөз алып мен
қазақтың жастарына ризамын, қазақтың қазақ екендігін, қаны
қазақ екендігін көрсетіп алаңға шыққандарыңа ризамын деп
сөзін аяқтай бергенде, сол қапталдан, яғни Ленин көшесі
жағынан 2 әскери Урал машинасына тиелген әскерилер шыға
келгені.

Сол еді тұрған жастар қолдарындағы не бар таяқ,
темірлерді лақтыра бастағады, қасымыздағы алдыңғы
қатардағы қазақ милиционерлері бізге қарай тап беріп,
қолдарындағы резеңке шоқпармен ұрғылай бастады. Мен
сол мезетте тұрған жеріміз агрофактың жатақханасының
алды болғандықтан артқа қарай, яғни, балық сататын дүкенге
қарай қаша бастағаным сол еді, екі қазақ қызы адамдардың
аяғына тапталып, көмектесіңдер деген жан айқайын ести
сала, қыздарды күйім келгенше көтерейін деп, ыңғайланып
жатқан кезде милицияның таяғы (дубинка) сарт етіп желкеме
тиді. Қаптаған милиция, еріксіз соларға қарсы, келген

602

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

жағыма қарай жүгіруге тура келді, қарсы келген бір милиция
басымнан таяқпен ұра бергенде, басымдағы үлкен қара суыр
малақайымды ұстата салдым, екіншісі тақай бергенде аспалы
қара сумкамды ішінде 2-ші группаның журналы және КазСХИ
деген мөр бар, 2 кітабы бар сумка, иығымнан сыпырылып кетіп
екеуінен құтылдым ғой деп, жанұшыра қарсы келе жатқанда,
үшінші милиция алдыма корғанатын құралы 1,5метр (шитті)
қоя қойып, таяқпен төпелей бастады. Мен еріксіз басымды екі
қолыммен қорғаштап тізерлеп отыра кеттім, қолымды арқамды
сабалай жөнелгені сол еді біраздан кейін, «қаш, қазақ қаш», деп
маған айғайлай жүріп артына жалтақтап қарап, «бей его, бей»
деген сөздерді бірнеше қайталады, сол кезде мен арасында
басымды көтеріп қарасам сол жақ қолын көтеріп тұр екен, мен
болмаймын қай таныс екен байқағаным шені сержант екен
қайтадан ұрғылай жөнеліп сол қолын көтерген кезде сытылып
кеттім.

Сытылып шыға сала, алаңға бірге келген Жантөрені
іздей бастадым, сол кезде жездем Өтелбаев Жұмабайды
Кенен Әзірбаевтың шөбересі Боралдайдағы қант зауытының
отдел кадры қызметін тастап алаңда кездесеміз дегенді кім
ойлаған, жездем мені көре сала Марат желкеңнің бәрі қан ғой
дегенде барып мойнымды ұстасам жылымшы қан екен оны ет
қызуымен байқамаппын. Мойнымда ұзындығы екі метр шарфы
еді, ол кезде сән еді ғой, мойнымнан алып тастадым түгелдей
қан болып кетіпті, сол кезде (сотресения мозга) алған екенмін.

Жездемнің үйге қайт деген сөзіне, иә деп жауап қатып,
ары қарай Жантөрені тауып алайын не болды екен деп
үрейленіп жан жағыма айқайлай бастағаным сол еді, ыржиып
алдымда тұр, не болды десем, елдер балық сататын дүкенге
қарай қашқан кезде солармен бірге құтылып кеттім дейді. Мен
Жантөреге болған оқиғаны барлығын айтып, сонан кейін менің
сумкамды іздеу үшін алдыңғы қатардағы қазақ милицияларына
қайта-қайта тап беріп, қолда ештеңе жоқ, ыза буғаны соншалық,
шетте тұрған милицияның шитінің шетінен аяқпен тепкілеп
қаша жөнелеміз. Сөйтіп, кешке дейін бас киімсіз аязда жүрдік,
бірақта сумканы да, бас киімді де таба алмадық.

603

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

Менің көбінесе байқағаным, қазақтың жас қыздары қуған
кезде тапталып жерде жатты, сол құлаған қыздарды сапёрный
күрекпен арқасынан осқанда қан шашырағанын көргенде,
қаның басыңа теуіп, аязыңды керек етпей, ашу ыза буып кеш
қалай батқанын білмей қалдық. Менің көз алдымда жараланып
ыңырсып жатқан қыздарды милиция көлігіне салып әкетіп
жатты, бірақ, қолыңда ештеңе жоқ, жалаңаш қолмен ештеңе
істей алмағаныңа өкінесің.

Кеш бата Абай көшесінің бойымен «Менің Қазақстаным»
әнін айтып арлы-бері жүріп, сағатыма қарасам жұмысқа
баратын уақыт болыпты, ол кезде мен вневедомостный
охранада күзетте оқи жүре, қосымша жұмыс істейтінмін. Сағат
кешкі 9 болып қалған екен. 1-ші Алматыдағы жұмыс орныма
келсем, жездем отыр екен, менімен бірге күзетте болып, мені
Іле ауданына қарасты Комсомол поселкесіне алып кетті. Онда
барған соң, апайым Жәмила оншақты күн сабаққа жібермеді.10
күн өткен соң институтқа келсем курстың старостасы Саяхат
(Алматы облысының) жігіті, қабырғасының бірнеше жері
сынған, 1-ші группаның старостасы Маликта (Алматы облысы)
бірнеше жерден жарақат алып ауруханада жатыр екен, себебі
17-шы желтоқсан күні старосталарды жинап, қолдарына қызыл
белгі тағып, халыққа қой деп айтыңдар деп жіберсе, оларды
халық соққыға жыққан.

Одан құрысын деп, қызыл белгісін алып тастаса,
милициядан таяқ жеп, дәрігерден бірақ шыққан. Содан,
бізбен көрші оқыған жеміс-жидек факультетіндегі бір баланы
студенттік билетін алаңнан тауып алып, 5жылға сотталды
деген хабарды естіп, менің алаңда қалған сумкамды тауып
алса, сотталамын деген ой мазалады, сабақ сайын мұғалімдер
журналды сұрап мазамды алды, абырой қылғанда аяғы бәрі
тыныш аяқталды.

***

Ысқақов Марат Кәкенұлы 1962-ші жылы 15-ші мамырда
Семей облысы, Ақсуат ауданы, Комсомол совхозында дүниеге

604

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

келген. 1979-шы жылы Комсомол орта мектебін бітіріп, сол
жылдардан бастап Семейдегі мед институтқа, Алматыдағы
ауылшаруашылық институтына оқуға тапсырып 5 жылдай түсе
алмай, ауылда, Алматыда еңбекке араласып жүріп, 1981-1983
жылдары Кеңес Армиясында ЦГВ Чехословакияда әскери
міндетін атқарып қайтқан.

Қазір Шығыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылық
аумақтық инспекциясында қызмет етеді. 2 баласы бар:
1ұл,1қыз.

Қазіргі тұрғылықты жері, Семей қаласы, Докучаев
көшесі – 45, 34 ші пәтер.

ІШКІБАЕВ МАРАТ

Тәуелсіздік үшін күресіп әрі қызмет еткен азамат

1986 жылы Марат жел-
тоқсанда көппен бірге бейбіт
шеруге шығып, Алматы қала-
сында демонстрацияда жүр-
генде, жендеттердің қолына
түседі. Жолда автобуспен
әкеле жатқанда, автобустың
артқы терезесін сындырып,
далаға қашып шығады. Оның
артынан бірталай шерушілер
қоса терезеден шығып, жен-
деттердің құрсауларынан
қашып кеткен. Солай аман-е-
сен жатақханаларына жетіп тығылған.
Марат өзінің айтуынша, шеру кезінде солдаттың
басын көздеп соққан сапер күрегінен, әкесінің сатып берген
күзен құлақшыны аман алып қалған екен. Күрек шала тиіп,
басындағы күзен құлақшын ұшып кеткен.

605

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

***

Ішкібаев Марат Салтыбекұлы 1964 жылы 7 қараша
айында Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданың Шірікаяқ
селосында дүниеге келген. 1971 жылы Марқакөл ауданының
Қарой ауылында орта мектептің есігін ашып, 1981 жылы
оқуын жақсы деген бағамен тәмамдаған. 1981-1982 жылдары
Марқакөл ауданындағы Боран селосында орналасқан (СПТУ)
училищеде оқыған. Осы аталған училищені үздік бітіріп,
Қазақстан Еңбек Қызыл ту орденді ауыл шаруашылық
институтына оқуға түсті. Аталмыш институтта оқи жүріп
спортпен шұғылданды, еркін күрестен «Спорт шеберлігіне
кандидат» деген атаққа ие болған. Институтты 1987 жылы
нәтижелі аяқтап ШҚО, Ұлан ауданы сол кездегі «Передовой»
кеңшарына машина-трактор жөндеу паркіне меңгеруші
қызметіне тағайындалды.

Осы қызметте бірнеше жыл істеп, сол ауылда орналасқан
«Комсомол» құс фабрикасында ауысып, шеберхана меңгерушісі,
цех бастығы қызметтерін атқарды. 90 жылдардың ортасында
ішкі істер қызметіне шақырылып (УБН) нашақорлармен күрес
басқармасына ауысып, жемісті еңбек етіп, сол басқарманың
орынбасары дәрежесіне көтерілген. Кейінен Катон-
Қарағай аудандық ішкі істер бөлімі қызметіне жіберілді. 4
жылға аудандық ішкі істер бөлімін басқарған Марат, өзінің
іскерлігі арқасында облысымыздың ірі аудандардың бірі
Үржар аудандық ішкі істер басқармасына бастық болып
тағайындалды. Өз халқына, Отанына деген адал қызметі үшін
4 медальмен және бірнеше мақтау қағаздарымен, ІІМ бағалы
сыйлықтарымен марапатталды.

Екі қызын тәрбиелеп оқытып, үлкен белестерге жетеледі.
Өкінішке орай, 2012 жылы 9 қазан айында Үржар аудандық
ішкі істер бөлімі бастығы қызметінде жүргенде аяқ астынан
жүрек талмасы дертінен дүниеден озды.

606

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз..........................................................................................3
ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ ЕСІМІЗДЕ.................................20
2 – ШО -3 ГРУППАСЫНЫҢ ҚЫЗДАРЫ, СӘБИРА
МУХАМЕДЖАНОВАНЫҢ ҚҰРБЫЛАРЫ:..............................29
ЕСТЕЛІК-АРНАУ..........................................................................30
АҚТАНОВ ЕРБОЛ.........................................................................31
АҚЫЛБАЕВ БАҚБОЛАТ..............................................................33
АМАНБАЕВА ГҮЛЖАНАТ........................................................34
АСКАРОВА ЛЯЗАТ......................................................................37
ӘБДІЛДИНОВА (ЖИЕНГЕЛДИНОВА) СӘЛИМА..................38
БАЙГУНДИНОВ ҚАЙЫРХАН .................................................42
БЕКҚАЗИНА МАРИНА .............................................................54
ҒАБДУЛЛИНА АНАР...................................................................55
ЕСІРКЕНОВА (КӘРІМҒАЗИНА) ГҮЛЖАН..............................60
ЖҮНІСБЕКОВ ҚАМАЛБЕК .......................................................69
ИГІСІНОВ ЕРСІН..........................................................................70
ИМАНҚҰЛОВ ТАЛҒАТ...............................................................73
ИСАБАЕВА БАҚЫТ.....................................................................81
КЕГЕНБАЕВ БАҚЫТЖАН..........................................................82
ҚАЗБЕКҰЛЫ ҚАЙЫРХАН .........................................................84
ЖАЗБАЛАРЫНАН........................................................................84
ҚАЛТАЕВ СӘДУ..........................................................................93
МАСАБАЕВА ҚАЗИПА...............................................................95
МҰҚАШЕВ ЖАНАТ.....................................................................96
МҰХАМЕДЖАНОВА СӘБИРА..................................................102
МҰХАМЕТҚАЛИЕВА СӘНИЯ...................................................114
НАСЫРОВ ЕРЖАН.......................................................................116
ОРАМАЛОВ АМАНГЕЛДІ .........................................................117
ОСПАНОВА (НҰРАХМЕТОВА) ЖАНАР..................................119
САМУЛТУРОВА ДИНАРА..........................................................125
САХАРИЕВА ГҮЛНАР................................................................128
СӘТИЕВА ГҮЛБАРШЫН ...........................................................133
СҰЛТАНБЕКОВ ЗЕЙНОЛЛА......................................................135
СҮЛЕЙМЕНОВ БАҚЫТБЕК......................................................139
ТАНДЫБАЕВ БОЛАТБЕК............................................................141
ТҮСІПОВА БАҚЫТГҮЛ..............................................................143
ХАСЕНОВА ЛӘЗЗАТ....................................................................148
ШАЙМАРДАНОВА ГҮЛЖАУҺАР.............................................150
ЫСҚАҚОВ НҰРЛАН....................................................................158

607

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

АУДАНОВА БАҚЫТКҮЛ............................................................159
АБАҒАН БОЛАТ...........................................................................169
АБДҰҒАЛИЕВА ГҮЛЖАН..........................................................172
АБДҰҒАЛИЕВ НҰРЛАН............................................................174
АБРАЙЫМОВ ЕРКІН...................................................................175
АҒАЛИЕВА АЙГҮЛ.....................................................................178
АЖАХМЕТОВ АРХАТ.................................................................182
АЖАХМЕТОВ ҚАЙРАТ...............................................................185
АЙМУХАНБЕТОВ НҰРХАЛЫҚ................................................192
АЙТБАЕВ ЕРІК.............................................................................198
АЛИМБАЕВ НҰРЛАН .................................................................201
АЛМАБАЕВ ӘЛІБЕК...................................................................202
АЛПЫСБАЕВ БАЙСАҒАТ...........................................................213
АСАНҚЫЗЫ СӘНИЯ...................................................................215
АСЫЛБАЙ АБЫЛАЙХАН...........................................................218
АХМЕРОВ АРДАҚ.......................................................................227
АХМЕТОВ ӘНУАР.......................................................................228
АХМЕТОВ МЕЙРАМБЕК ...........................................................233
АХМЕТОВА НӘЗИГҮЛ...............................................................235
АШУБАЕВА ГҮЛМИРА ..............................................................240
ӘБДЕНОВА ГҮЛБАҚЫТ.............................................................243
ӘБДРАХМАНОВА (ШЫНЖЫРОВА) ГҮЛНҰР........................244
ӘБІШТАЙ ЕРЖАН........................................................................246
ӘДІЛБАЕВА БАЯН.......................................................................250
ӘДІЛХАНОВ ХАЛЕЛХАН..........................................................254
ӘЛМҰХАМЕТОВ ТАЛҒАТ.........................................................260
ӘЛІМБАЕВ ОРАЛХАН................................................................264
ӘЛПИЕВ ЕРБОЛАТ......................................................................267
БАЖЫҒАЛИЕВА (ӘШІМОВА) ЖАЙНАГҮЛ...........................274
БАЙПАҚОВ ЕРЖАН....................................................................276
БАЙШЫБАЕВ ЖӘНІБЕК............................................................278
БАҚЫЖАНОВА (ҰЛТАРАҚОВА) БАҚЫТГҮЛ........................284
БАРДОСОВА НИЛЯ.....................................................................286
БЕЛЕБАЕВ ДҮЙСЕНБЕК............................................................288
БЕЛТАЕВ АСЫҒАТ......................................................................289
БИЛАЛОВ НҰРЛАН.....................................................................291
БОПАЕВА (ӘУБӘКІРОВА) БАЯН..............................................292
БӨТЕНОВ ТӨЛЕГЕН...................................................................296
БҰЙРАНОВ БОЛАТ......................................................................300
ДӘУЛЕТШИНА ЖАННА.............................................................302
ДНИСЛЯМОВА (ӘДІЛБАЕВА) ЖАННА...................................305

608

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

ДИХАМБАЕВ НҮСІПХАН..........................................................308
ДУАНОВ МӘУЛЕТҚАН...............................................................309
ДУСУПОВ БАҚЫТБЕК...............................................................311
ДЮСУПОВ ДҮЙСЕНҒАЗЫ........................................................313
ЕСЕНБЕКОВА ГҮЛНАЗИРА.......................................................316
ЕСІРКЕНОВА (АНКЕЖАНОВА) ПАРИДАШ..........................317
ЖАҚАТАЕВА ШЫНАР................................................................319
ЖАҚЫПОВА (ҚОТАНБАЕВА) АНАР.......................................320
ЖЕКЕНОВ ОРЫНБЕК..................................................................325
ЖЕКЕНОВА ӘЛИЯ.......................................................................326
ЖЕКСЕНБАЕВА КҮМІС..............................................................327
ЖУМУКЕНОВ АЙДАРБЕК.........................................................329
ЖУМАДИЛОВ СЕРІК..................................................................330
ЖҰМЕКЕН ЛӘЙЛӘ......................................................................336
ЖҮНІСБЕКОВА (ЖАРҚЫМБАЕВА) ҚАЙША.........................343
ИҚЫМБАЕВА РАЙГҮЛ...............................................................345
КАТРАНОВА (ПАНИНОВА) ГҮЛБИРА.....................................346
КЕКІЛІКОВ СЕРІКХАН...............................................................351
КЕНЖЕХАНОВА (МҰҚАНОВА) РОЗА....................................352
КӨБЕЛДЕСОВА СӘНИЯ.............................................................355
КӨКЕНОВ ЖАНАТБЕК...............................................................357
КІСІМІСОВ ЕРБОЛАТ..................................................................359
ҚАБДОЛЛИН СЕРІКҚАН............................................................364
ҚАДЫРБАЕВ МҰХТАР...............................................................365
ҚАДЫРОВА ЗӘУРЕШ.................................................................366
ҚАЖЕНОВА МУНИРА.................................................................369
ҚАЛИАҚБАРОВА (САДЫҚОВА) АНАРГҮЛ...........................370
ҚАЛИЕВА КӘМШАТ...................................................................374
ҚАЛИФАНОВА КҮЛӘШ.............................................................376
ҚАМАЛИЕВ БЕКЖАН.................................................................378
ҚАПТАҒАЕВ ЕРШАТ...................................................................381
ҚАСЫМОВ ОРАЗБЕК...................................................................382
КАСИМОВА ЛАЙЛА...................................................................385
ҚОЖАҚОВ НҰРТӨЛЕУ ОШИБАЕВ ДУЛАТ .........................388
ҚОНАЕВ АЙБЕК..........................................................................390
ҚОНЫСПАЕВА ЛАЙЛЯ..............................................................391
ҚОШТАЕВА (МҮЖЕБАЕВА) КҮЛӘЙІМ..................................396
ҚҰЛЖАБАЕВА ӘЛИЯ.................................................................405
ҚҰМАРОВ БАҚЫТБЕК...............................................................406
ҚҰСАЙЫНОВ БАУЫРЖАН........................................................409
ҚЫРЫҚБАЕВ МҰРАТ..................................................................411

609

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

МАЙГАРАНОВА ӘЛИЯ...............................................................413
МАМИЕВ ЖАНАТБЕК ...............................................................418
МАМЫРБАЕВА ШЫНАР............................................................419
МАМЫТОВА ЖАНАТ..................................................................421
МЕШЕЛОВ АСЫЛБЕК................................................................423
МУСИНА ҚАПИЗА......................................................................425
МҰХАМЕДРАХИМОВ АБДУЛХАМИТ....................................430
МҰҚАЖАНОВ ЖҰМАТАЙ.........................................................433
МҰХАМЕТЖАНОВ МЕЙІРБЕК.................................................437
НАКИШЕВ КЕНЖЕБЕК..............................................................439
НҰРПЕЙІСОВ БЕРІКХАН...........................................................440
НҰРБОСЫНОВ ӘДІЛ...................................................................441
НҰРМҰХАНБЕТОВ ЕРЛАН.......................................................442
ОМАРОВ ТОҚТАРБЕК................................................................443
ОМАРОВА ГҮЛМИРА:................................................................447
ОМАРҒАЗИН ӨМІРЖАН............................................................448
УРАЗАЕВ ИБРАЙ..........................................................................450
ОРАЗҒАЛИЕВ АРҚАТ..................................................................452
ОРАҚБАЕВ БАҚЫТ......................................................................454
ОРАЛБАЕВ ЖАНДАРБЕК...........................................................461
ОСПАНОВА (СЕРМЕНОВА) ҚАРЛЫҒАШ...............................464
ӨМІРБАЕВА АЙНАГҮЛ..............................................................465
ӨТЕПОВА (АНКЕЖАНОВА) РЫСКҮЛ....................................466
РАЙЫМБЕКОВА ЖАЙНАГҮЛ..................................................469
РАҚЫМЖАНОВ ЕРЛАН..............................................................471
РАМАЗАНОВ МАРАТ...................................................................473
РАХМЕТОВ ҚҰРМАНҒАЗЫ.......................................................477
РАХЫМБАЕВ НҰРДАРИЯ..........................................................481
РАХЫМЖАНОВ ҚАЙРАТ............................................................483
РАХЫМЖАНОВА АНАР.............................................................485
РЫМБЕКОВ ЕРЛАН.....................................................................492
САВЛЕХАНОВ СЕРІКҚАН.........................................................495
САЙФОЛДА БЕЙСЕНБАЙ..........................................................496
САРМАНОВ ТОҚТАРҒАЗЫ........................................................498
САЯБАЕВ МЫРЗАСАДЫҚ..........................................................502
СӘРСЕНБАЕВ ЕСІМЖАН...........................................................505
СӘТИЕВ БОЛАТБЕК....................................................................507
СЕЙІТОВА НҰРШАТ...................................................................511
СЕЙІТБАТТАЛОВ СЕРІКХАН....................................................513
СЕРҒАЗИНА ГҮЛМИРА..............................................................515
СЛӘМБЕКҚЫЗЫ ГҮЛНАР.........................................................520

610

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР 1986

СМАҒҰЛОВ АМАНГЕЛДІ..........................................................522
СЫРЫМБАЕВ ЕРНАЗ..................................................................531
ТАСТЕКЕЕВ ЖҮРСІН..................................................................533
ТАТЕНОВА ГҮЛНАР...................................................................538
ТАШКЕН ОРАЗ..............................................................................539
ТӘЖІБАЕВ ҚАНАТ......................................................................541
ТОҚЖІГІТ МАҚСҰТ....................................................................543
ТОҚТАБАЕВА ГҮЛБАРШЫН....................................................545
ТӨГІСБАЕВ ШӘРІПҚАЗЫ..........................................................549
ТУКУЕВА КҮМІС.........................................................................551
ТУРЛИЕВ ОРАЗБЕК ....................................................................553
ТҰРБЕКОВА ГҮЛНАРА...............................................................554
ТҮСІПБАЕВ БАУЫРЖАН...........................................................558
ТІЛЕНОВ ШАЛҚАР.....................................................................561
ҰЛЫҚБЕК БЕЙСЕНҒАЗЫ...........................................................563
УАЛИЕВ БОЛАТ............................................................................568
ХАЛЕЛОВ БЕРІКХАН.................................................................571
ХАМЗИН КӘДІРБЕК....................................................................573
ХАМЗИН ҚАНАТ..........................................................................579
ХОСЕТОВ СЕРІКҚАЛЫ..............................................................580
ХҰСАЙЫНОВ ТАЛҒАТ...............................................................583
ШАРЫҚБАЕВА САЛАМАТ........................................................584
ШАХЫТБАЕВА (САБЫРБАЕВА) АЙТЖАМАЛ......................588
ШАЯНБАЕВА (ТОҚТАСЫНОВА) ҚАТИРА..............................591
ШКИБАЕВА МАЙРА....................................................................593
ШОШЕНОВА БАҚЫТГҮЛ..........................................................594
ШӨЖІКОВА ЗӘМЗӘГҮЛ............................................................596
ЧУБУНТАЕВ ДҮЙСЕНБЕК.........................................................597
ИСКАКОВ МАРАТ........................................................................600
ІШКІБАЕВ МАРАТ.......................................................................605

611

Болат Төлепбергенов

ШЫҒЫСТЫҚ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР

Басуға 27.10.2022 жылы қол қойылды
Шартты баспа табағы 12,4 Пішімі 60/841/8

Таралымы 200 дана
Тапсырыс 0152

«Булатов А.Ж.» жеке кәсіпкер
010000, Астана қ.,

Керей, Жәнібек хандар к-сі, 22-38
Тел.: 8/7172/223-418

e-mail: [email protected]

Кітап тапсырыс берушінің файлдарынан басылды,
мазмұны мен қатесіне баспа жауапты емес.


Click to View FlipBook Version