Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 551
творчестволық кілт тіркесінің табиғаты өзгеше. Бұл ондай орыс
тіліндегі тіркеске тікелей балама болу арқылы тумаған, орыс
тілінің əсері творчестволықпен пайдаланылып, тың, атауды, жаңа
ұғымды білдіру үстінде туған.
Қазіргі кездегі мерзімді баспасөз тілінің сөздерді бір-бірімен
жаңа байланысқа түсіріп қолданудағы тағы бір ерекшелігі көр-
сетілген -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті немесе -лық, -лік, -дық, -дік,
-тық, -тік жəне осы функциялас басқа да қосымшалы сөздердің
пысықтауыштық қатынаста етістіктермен қабыса байланысуы.
Бұл қосымшалар негізінен, сын есім тудыратыны белгілі. Қатыс-
тық туынды сын есімдер заттың қатысын, қасиетін білдіретіндік-
тен, жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, зат есім сөздермен
қабыса байланысып, атрибуттық қатынастағы тіркес құрайды.
Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде тілдік единица-
лардың мұндай қызметі өрістей түсуімен бірге, ондай сын есімдер
етістіктермен де қабыса байланысып, сын-қимылдық қатынаста-
ғы тіркес құрап отырады.
Олай болса, партия, совет жəне шаруашылық органдары мал
төлдету науқанын əрбір колхоз бен совхозда, бөлімше мен фер-
мада, отарда үлгілі өткізуді ұйымдастыруға, сөйтіп, межелі төл
алуды қамтамасыз етуге міндетті (СҚ, 1968, 29 март). Туысқан
жастар одақтары қиыншылықтарды табысты жеңуде (ЛЖ, 1967,
7 февраль). ...Оның басшылары жауапты болар еді (ҚМ, 1965,
11 февраль). ...Ой елегінен өтпесе, журналист алған фактінің
творчестволық өңделуі не болмақ? Ал творчестволық өңделме-
се, əлгі фактілер оқушысын қалай баурамақ? (ҚƏ, 1967, 5 май).
...жеңіл өнеркəсіпке арнап бөлінген қаржы əлі де қанағаттан-
ғысыз игеріліп келе жатқаны айтылды (СҚ, 1968, 29 март).
Мысалдағы көрсетілген тіркестер орыс тілінің əсері арқылы
туғандығы сөзсіз. Олар орыс тіліндегі туынды үстеу – етістік
конструкциялы қабыса байланысқан тіркестерден (мысалы, пло-
дотворно побеждать – табысты жеңу, примерно провести – үлгілі
өткізу, т.б.), не мүлде басқа типтегі тіркестерден (мысалы, «быть
ответственным» деген пысықтауыштық қатынастағы меңгеріле
байланысқан тіркестен пысықтауыштық қатынаста қабыса
байланысқан «жауапты болар еді» тəрізді тіркестің жасалуы) ауда-
рылып барып жасалған.
552 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Мұндай қатынастағы тіркестер қазақ тілінде мүлдем қолда-
нылмаған жат құбылыс деген қорытынды тумаса керек. Сын есім,
əсіресе қатыстық сын есім-етістік конструкциялы еркін синтак-
систік тіркестерді былай қойғанда, осындай құрамды кейбір
тұрақты я түйдекті тіркестер де қазақ тілінде кездесіп қалады.
Онын өзі мұндай синтаксистік единицалардың тілімізден белгілі
орын алғанын көрсетеді.
Бірақ ол қазіргі қазақ тілінде тұрақты емес. Сондай-ақ совет
дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде сын есім + зат есім, сан
есім + зат есім, есімдік + зат есім, зат есім + зат есім құрамды
қабыса байланысқан сөз тіркестерін былай қойғанда, етістік
(əсіресе есімше түрі) + зат есім қонструкциялы тіркестердің
қалыптасып, қолданылуы үлкен өріс алады: көрсетілген факт,
алынған хабар, бөлінген қаржы, туысқан халықтар, жұмыс
істеп тұрған кəсіпорындар, қаралған мəселе, жасалған баяндама,
қабылдалынған қаулы, орындалған міндеттеме, т.б.
Бұл сияқты атрибуттық қатынаста қабыса байланысқан сөз
тіркестері формалық жағынан предикаттық қатынаста қиыса
байланысқан синтаксистік единицалардың компоненттері өзара
орын ауысуынан қалыптасқан да, соның нəтижесінде ой білдіруден
ұғымды, атауды білдіруге ауысқан. Жəне ол ауысу сол единица-
лар құрамындағы компоненттердің өзара мағыналық сəйкестігінің
негізінде болып отырады. Мұндай конструкциялы единицалар
баспасөздің мақала тақырыптарында жиі қолданыла бастайды.
Сөйтіп тіркес құрамындағы сөздердің мағына үйлестігі сол
сөздердің тіркесу қабілеттілігімен ұштасып, тіркес құраудағы
басты қасиетінің бірі болып есептелсе керек. Кейде тілімізде
бар тұлғамен бірге орыс тілі ықпалынан туған жаңа тіркестер де
мерзімді баспасөз тілінде көптеп ұшырасып отырады. Мысалы:
...Құттықтау сөздер болды (ЕҚ, 30 июнь, 1923). ...Құтты бол-
сын айтты (ҚҚ, №4, 1922, 42-б.) дегендегі құттықтау сөздер
орыс тілінің «приветственная речь (слово)» деген тіркесінің не-
гізінде туған. Бұл ұғым қазақта да жоқ емес еді, ол екінші сөйлем-
дегідей «құтты болсын» тіркесі арқылы берілетін. Бірақ ол екі
тіркес саралана бастағанын байқаймыз: соңғы тіркес көбіне-көп
орыс тіліндегі «приветствовать, поздравлять» деген бір-ақ сөздің
орнына жүре бастайды. Кейін осы тіркес те сөйлеу процесінде
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 553
сирек қолданылып, оның орнына «құттықтаймын» деген жалғыз
етістік жүре бастайды.
2. Айқындауыш мүше жəне
оның қолданылу ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тілінде, екі зат есім қатар келіп, анықтауыштық
қатынаста жұмсалуы жиі кездесіп отырады. Ондай синтаксистік
топ түркологияда изафет І деп те аталып жүр. Қазақтың мерзімді
баспасөз беттерінде осындай жаңа синтаксистік тіркестер туа
бастағанын көреміз.
...Үндеуші жолдас асықбай толық қылыб түсіндіргеннен ке-
йін (ҚҚ, №4, 1922; 27-б.). Бұл нелікден? Орындардағы партия
комитеттерінің камунист қазақ азаматларының салақтығынан
(ҚҚ, №3, 1924, 2-б.).
Мұндай тіркес құрамындағы сөздердің орын тəртібі қазақ
тілінде біршама тұрақты: қатар тұрған екі зат есімнің алдыңғысы
соңғысын анықтап, соған бағынып тұрады. Совет дəуірінің
алғашқы жылдарындағы мерзімді баспасөз тілінде жиі кездесетін
осындай конструкцияның бірі – жолдас сөзінің адам аттары мен
фамилияларын анықтап жұмсалуы.
Жолдас Красин Европаның хүкіметі бастықтары мен ауызша
сөйлесуге ұшыб кетті (ЕҚ, 25 май, 1923). Бұл ретте де тəжірибені
жолдас Лениннен алуымыз тиіс (ҚҚ, №3, 1924). ...Жолдас
Воровскийдің Шведсарияда өлтірілуі еді (ЕҚ, 25 май, 1923).
... – жолдас Калинин өз қолынан бірінші атды əскерге (армия)
қамқорлық туын табсырған (ЕҚ, 1 июнь, 1923).
Бұл тəрізді тіркестер көбінесе сөйлемде түйдектеліп жұмсала-
ды, сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Олар негізінен
орыс тіліндегі үлгінің ізімен жасалған: товарищ Красин, товарищ
Ленин, товарищ Воровский, товарищ Калинин, т.б.
Бұлар қазақ тілі грамматикаларында айқындауыш мүше деп
аталып жүр. Орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтарда айқындауыш анықтауыштың ерекше бір түрі деп
беріледі «айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, көбінесе
оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен
дəлдеп, толықтырады немесе қосымша көлденең сапасын көр-
554 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
сетеді»1. Грамматикаларда айқындауыш мүшенің қатарына Ал-
памыс батыр, Əсет балуан, Жарас қарт сияқты тізбектер жат-
қызылған.
Міне, осы тұста əлі басы ашылмай тұрған даулы да күмəнді
мəселе – жоғарыда берілген жəне сол типтес тізбектердің екінші
сыңарларының мəнінде айқындауыш мүше бола ала ма? Яғни
екінші компоненттері өзінің алдындағы сөзді анықтап тұр ма?
Өйткені сөйлем мүшелерінің (жеке сөздердің емес, анықтауыштың
анықталушы сөзден кейін тұруы) бұл сияқты орын тəртібі қазақтың
əдеби тіл нормасына сай емес деуге болады. Бұл жерде поэзиядағы
сөздердің орын тəртібі, немесе стильдік мақсатта қолданылған ин-
версиялар еш болып отырған жоқ.
Қазақ тіліндегі қалыпты орын тəртібі – анықтауыштың анық-
тайтын сөзінің алдында тұратыны белгілі. Ал Алпамыс ба-
тыр, Əсет балуан, Жарас ақын, Баян сұлу, Əлім мерген, Əшім
қарт сияқты тізбектердің екінші сыңарлары анықтауыш сөз
(айқындауыш) деуге тиек болып отырған құбылыс – батыр, ба-
луан, ақын, сұлу, мерген, мырза, қарт сөздерінің семантикасын-
да сандық (анықтауыштық) қасиеттің болуында. Бұлардың көбі,
рас, сын есімдер, қайсыбірі субстантивтенген сөздер. Олар қашан
да бір затты, құбылысты анықтауға, сөйтіп барып, сөйлемнің
анықтауыш мүшесі болуға бейім тұрады. Бірақ осыған қарап бұл
тəрізді сөздер сөйлемде (тіркесте) тек қана анықтауыш болады де-
ген пікір тумаса керек. Олар ретіне қарай анықталушы сөз болып та
жұмсала береді. Жоғарыда берілген тіркестерде екінші сыңарлары
анықтауыш емес, анықталушы сөз ретінде қолданылған.
Айталық, студент қазақ əдебиетінен емтихан тапсырып отыр
делік. Оқытушы: «Батырлар жырын айтып бер», – деді. Студент:
«Қай батырды айтайын?» – дейді. Оқытушы: «Батыр Алпамыс-
ты», – демейді, «Алпамыс батырды айт», – дейді. «Батыр Алпа-
мысты айт», – десе, ол оқытушының казақ əдеби тіл нормасын, тіл
мəдениетін білместігі болар еді.
Демек, қай? деген сұрақ бұл жерде Алпамыс сөзіне қойылып
отыр, яғни осы арада Алпамыс – анықтауыш. Егер тіркес батыр
1 Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. Алматы,
1961, 126-бет.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 555
Алпамыс түрінде келсе, анықтауыш батыр деген сөз болар еді. Бұл
сөздердің осындай тəртіпте қолданылуының өзіндік заңдылығы
бар. Мысалы, ауылда Алпамыс атты кісі бірнешеу делік. Халық
оларды бір-бірімен шатыстырмас үшін өздерінше қосалқы ат
қойып алады: біреуіне өз есімімен қоса батыр, екіншісіне шешен,
үшіншісіне қара, төртіншісіне ұзын, т.б. сияқты. Сол Алпамыстың
бірі керек болып қалса, қасында тұрған кісіге: «Алпамысты шақыр»
десе, ол міндетті түрде «қай Алпамысты» дер еді. Сонда шақыр
деген кісі я «батыр Алпамысты», я «шешен Алпамысты», т.б.
дейтіні сөзсіз. Бұл позицияда қай? деген сұрақ батыр (я ше-
шен, я ұзын, т.б.) сөзіне қойылып отыр, бұл жерде батыр (шешен,
ұзын) – анықтауыш та, Алпамыс – анықталушы сөз. Сол сияқты
Жарас ақын – қай ақын? да, ақын Жарас – қай Жарас болар еді.
Басқа да осы тəріздес тіркестерді осылай талдауға болады.
Əрине, берілген тіркестерге сұрақ қойып, бір-бірінен ажыра-
тып, бірін анықтауыш, екіншісін анықталушы сөз деуіміз – осы
сияқты тіркестердің мəн-жайына, табиғатына толық түсіну үшін
жасалған талдаулар. Болмаса мұндай тіркес құрамындағы сөздер
бір-бірімен ұласып келіп, бір-бірінен бөлінбей, сөйлем ішінде
сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Сондықтан жоғарыда
берілген тəріздес тіркес құрамындағы сөздер əрдайым сөйлемнің
жеке-жеке мүшесі бола алмайды. Сонымен бірге осы тақылеттес
тізбектердің компоненттерін əрқашанда бір-бірімен ауыстырып
қолдана беруге де болмайтынын ескеру қажет.
Демек, кейбір оқулықтардағы: «Бұлардың (қосарлы айқын-
дауыштардың, яғни жоғарыда талданған тіркестердің – И.С.) ор-
нын алмастырса, олардың мағынасы бұзылмай, яғни анықтауыш
сөз анықталушы сөзге айналады да, анықталушысы анықтауышқа
айналады. Қосарлы анықтауыштың дағдылы анықтауыштан ай-
ырмасы орын талғамайды»1, – деген пікірге қосылуға болмайды.
Себебі сөз тіркесі құрамындағы компоненттердің бір-бірімен орын
алмасуының нəтижесінде ол сөздердің синтаксистік қызметі ауы-
сады. Сонымен бірге мағыналық өзгеріске де ұшырайды. Мыса-
лы, Алпамыс батыр, Əсет балуан, Жарас ақын, Баян сұлу сияқты
тіркестермен батыр Алпамыс, балуан Əсет, ақын Жарас, сұлу
1 Əбуханов Ғ. Қазақ тілі. Алматы, 1964, 301-бет.
556 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Баян дегендер бір емес, олардың бір-бірінен айырмашылығы бар.
Алғашқы топтағы тіркестерде басты мағына, негізгі ой батыр,
балуан, ақын, сұлу жайында да, адам аттары солардың нақтылы
кім екенін білдіреді, ал соңғы топтағы тізбектерде басты мағына
Алпамыс, Əсет, Жарас, Баян жайында да, алдындағы сөздер – сол
адамдардың сындық қасиеттері, белгілері.
Екінші сыңары, жеке талдап қарасақ, ешбір даусыз анықталушы
сөз қызметінде болатын, ал анықтауышы жалқы есім болып
келетін тіркестер де тілімізде баршылық. Мысалы, Арал теңізі,
Балқаш көлі, Сырдария, Қара теңіз тəрізді атаулық тіркестердің
алғашқы жалқы есім сыңарлары анықтауыш екеніне күмəндануға
болмайды. Əрине, бұл сөз орамдарында бір-бірімен орын алма-
суы байқалмайды. Оның себебі адам аттарындағыдай бұлар да
басқа атаулармен қайталау жоқ жəне соңғы типтес тіркестер халық
ұғымында сол қалпында ежелден бері айтыла келіп қалыптасқан,
берік орналасқан.
Адам аттарымен келгенде анықтауыш пен анықталушы сөз-
дің мағыналық салмағы тетелес келетіндіктен жəне ол екі сөз
мағыналық жағынан жымдасып, тұтасып, бір бүтін іспеттес жұм-
салатындықтан, олардың орнын алмастырғандағы мағыналық өз-
геріспен қайсысы анықтауыш, қайсысы анықталушы сөз екендігі
бірден аңғарыла қоймайды.
Жоғарыда айтылған пікірді айқынырақ пайымдау үшін мына-
дай бір талдау жасап көрелік. Мысалы, шəкірт бала, ұста бала,
батыр бала, ақын бала жəне бала шəкірт, бала ұста, бала ба-
тыр, бала ақын деген тіркестердің алғашқы тобындағы бала
анықталушы сөз де, оның анықтауыштары: шəкірт, ұста, батыр,
ақын, ал екінші тобындағы бала анықтауыш, оның осы сөздерді
анықтап тұрғаны ешбір дау туғызбайды. Енді бала дегеннің ор-
нына адам атын қойсақ, одан тіркестің грамматикалық мағынасы,
компоненттерінің синтаксистік қызметтері өзгеруі тиіс пе? Əрине,
жоқ. Ал бірінші топтағы тіркестер мен екінші топтағы тізбектердің
мағыналық айырмашылығы да байқалып тұр. Мына іспеттес
тіркестерде ол айырмашылық тіпті айқынырақ көрінеді: көз
əйнек – əйнек көз, қалта сағат – сағат қалта, мосы ағаш – ағаш
мосы, өкше біз – біз өкше, тамақ без – без тамақ, т. б. көз əйнек
көзілдіріктің, тағы сондайлардың шынысы болса, əйнек көз – көзі
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 557
шыққан адамның көзінің орнына салынған көз сияқты шыны я сол
сияқты зат, яғни жасанды көз; қалта сағат – сағаттың бір түрі,
сағат болса, сағат қалта – сағат салу үшін тігілген қалта; ағаш
мосы – ағаштан жасалған мосының өзі болса, мосы ағаш – мосы
істеуге арналған ағаш; өкше біз – өкшеге шеге қағу үшін жасалған
біздің бір түрі болса, біз өкше – жіңішке, біздей үшкір өкше: тамақ
без – əркімде-ақ болатын тамақ астындағы без болса, без тамақ –
тамағына шыққан ауру, т.б. Бұл тіркестерде лексикалық айырма
барлығы үшін қосарлы, қосалқы деп бөлуге орын қалмайды.
Кісі аттарынан кейін тұрған компоненттерді кезінде профессор
Құдайберген Жұбанов та анықтауыш болмас па екен деген болжам
жасаған. Автор Күн сұлу, Ай сұлу, Таң сұлу, Күн жарық, Ай жарық,
Таң жарық сияқты адам аттарында кездесетін сұлу, жарық сын
есімдері анықтауыш болуға тиіс, өйткені бірінші сыңарларын бас-
тауыш, екінші сыңарларын баяндауыш деп бөлуге болмайды десе
де1, енді бір жерде бай, батыр, сұлу сияқты сөздер адам аттарымен
тіркес құрағанда, ол екеуінің (кісі аты мен жаңағы сөз) қайсысы
сындық белгіні байқауға, көрсетуге байланысты бай, батыр, сұлу
тəрізді сөздер кісі аттарын анықтап та, оның анықталушы мүше
қызметін де атқара алады деп қорытындылайды2. Бұл соңғы
пікірін кейінгі жазған бір мақаласында да қайталайды: Ертай
ұста деген тіркесте Ертай сөзі ұста дегеннің алдында тұрып,
оның анықтауышы болады деп тұжырады3.
Жоғарыда көрсетілгендей, əр кезде, əсіресе Совет дəуірі тұ-
сында, орыс тілінің ықпалынан тілімізге көптеген жаңа тіркес еніп
отыр. Кейде олар мерзімді баспасөз беттерінде дұрыс алынбай,
орыс тілінен тура аударылып орыс тіліндегі орын тəртібі қалай
болса, қазақ тілінде де солай енгізілген.
Жұмыскер машинашы, су тасушы, кондуктор тағы басқалары
бар 8 мың кісі ақша сұраб көрініс жасаған (ҚҚ, №4, 1922, 34-б.).
...Партия бір жағынан өзінің жұмысшы-мүшелерінің санын арт-
дырады (ҚҚ, №3, 1924, 7–8-бб.).
1 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966, 37–38-бб.
2 Сонда, 44–45-бб.
3 Сонда, 97-бет.
558 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Мысалдағы жұмыскер машинашы, жұмысшы-мүшелері де-
ген тіркестер орыс тіліндегі «рабочий-машинист», рабочие-
члены» дегендерден тұпа-тура аударылып алынғаны күмəнсіз.
Екінші тіркесте дефистің сақталуы да осының айғағы. Дұрысында
машинашы жұмыскер, (партия өзіне) мүше жұмысшылары
түрінде болу керек, өйткені машинашы, мүше деген зат есімдер
жұмыскер, жұмысшы дегендерді анықтап тұрады, солардың
атрибуты. Тілімізде сəтсіз алынған телефон-автомат, мүше-
корреспондент, инженер-техник, жұмысшы-комсомолец тəрізді
тіркестер мерзімді баспасөз тілінде қалыптасып та бара жатыр.
Орыс тілінің өзінде де бұлардағы автомат, корреспондент,
техник, комсомолец дегендер – анықтауыш сөздер. Орыс тіліндегі
ондай тіркестерді (приложение) ана тілі негізінде сəйкестендіріп
алмай тұпа-тура аударып алу қазіргі баспасөз беттерінде де
ұшырасып жүр. Ұшқыш-космонавтармен кездесу кештері
өткізілмек (СҚ, 8 август, 1964), Оның оқымысты-математик
ретінде өсу жолын қарасақ... (СҚ, 26 май, 1961). Бұлар «Трудо-
вой пахарь» артелінің №3 трактор бригадасының комсомолец-
механизаторлары еді (ЛЖ, 23 июль, 1964). Олардың қатарына
жас механизатор Ошан Əлиевті, комсомолец-тракторшылар
Дүйсенбай Əлібековті, Мейірхан Сейсебаевты, Дəртай Исаковты
жəне тағы басқаларды қосуға болады (ЛЖ, 23 июль, 1964). Оның
мақсаты ғалым-зоотехник болу (Сонда). Оқушы-бала, қыз оңаша
кездессе, өзін-өзі көзсіз дөрекілікке итермелейді (ЛЖ, 17 октябрь,
1964), бірақ əрі қарай мынадай сөйлем бар: Енді ересек жігіттер
жайына келейікші (Сонда).
Асты сызылған тіркестер орыс тіліндегі летчик-космонавт,
ученый-математик, комсомольцы-механизаторы, комсомольцы-
трактористы, ученый-зоотехник, ученик-подросток дегендерден
бұлжытпай аударылып алынған; осы тіркестердегі анықтауыш-
тар – космонавт, математик, механизатор, тракторшы-зоотех-
ник, бала (подросток) екенінде күмəн жоқ. Бірақ орыс тілі мен
қазақ тілінің бір-бірінен ерекшеліктері, айырмашылықтары бар
екенін ескермеске бола ма? Орыс тілінде анықтауыш сын есім,
сан есім, есімдік, есімшеден болады да, өзі анықтайтын сөзімен
көптік я жекеше, родтық, септік, т.б. тұлғаларда қиысып келеді
(согласованное-определение), болмаса, анықтауыш болатын, зат
есім ілік септік тұлғада келіп, анықтайтын сөзінен кейін келеді
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 559
(несогласованное определение), əдетте зат есім орыс тілінде түбір
я атау тұлғада тұрып анықтауыш қызметін атқармайды. Егер зат
есім анықтауыштық қызметте тұруы қажет болса, одан сын есім
жасалмаса, я жасалатын сын есімнің мағынасы өзгеше болатын
болса, онда зат есім амалсыздан өзі анықтайтын сөзінен кейін
тұрып, айқындауыштық тіркес құрайды. Летчик, ученый, член, т.б.
сөздерін айқындайтын космонавтический, зоотехничный, коррес-
пондентный деген сын есімдер жоқ, бола қалса, мысалы, теле-
фон-автомат дегеңде (автоматный, я автоматический), оның
мағынасы бөлек, басқаша болады. Ал қазақ тілінде жоғарыда
көрсеткеніміздей екі зат есім қатар келе береді жəне алғашқы
соңғысын анықтап тұрады.
Сондықтан қазақ тілінде жоғарыдағы тəріздес тіркестердің
орын тəртібі былай болу керек: космонавт-ұшқыш, математик-
ғалым (оқымысты), механизатор-комсомолецтер, тракторшы
комсомолецтер, зоотехник-ғалым, жас өспірім оқушы, коррес-
пондент мүше, т.б. Осы айтылған пікірді айқынырақ пайымдау
үшін соңғы тіркесті талдап көрейік. «Тілімізде осы тəрізді толық
мүше (орысшасы действительный член) деген тіркес бар. Мүше
сөзінің анықталушы екенін, оның анықтауышы толық сөзі екенін
көру қиын емес. Осыған лайық член-корреспондент тіркесі қазақ
тілінде корреспондент (қандай, қай?) мүше болуы əбден сыйым-
ды. Демек, айтылған жəйт, бір жағынан тіл мəдениеті мəселесіне
де тіреліп тұр.
Мына мысалдардағы тіркестер де қазақ тілінің ішкі заңды-
лықтарына сəйкес құрылмаған. Орта мектептерді бітірген жас-
тар қатарынан осы курстарда кемінде 40,5 мың жұмысшы-
құрылысшы (монтажшы мен механизатор)... даярлау жөніндегі
1966 жылға арналған жоспар бекітілсін (СҚ, 6 февраль, 1966).
Елдің ең жоғарғы заң органы – Индонезия консультативтік кон-
гресінен конгрестің барлық мүше коммунисі шығарылған (СҚ,
5 апрель, 1966). Орыс тіліндегі нұсқасы: Утвердить на 1966 год
план подготовки на указанных курсах рабочах-строителей... (Ка-
захстанская правда, 6 февраль, 1966). ...Из состава народного кон-
сультативного конгресса Индонезии высшего законодательного
органа страны – выведены все члены коммунисты («Огни Ала-
тау», 5 апрель, 1966).
560 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Бұл сияқты тіркестер кейбір оқу құралдарында біршама дұрыс
беріліп те жүр. Соңғы шыққан үлкен орфографиялық сөздікте
автомат-телефон түрінде осы тіркестің берілуі əбден орынды.
Бірақ сөздікте көрсетілгендей бұл екі сөздің арасында дефистің
қажеті жоқ.
Күнделікті баспасөз беттерінде кейде бұл тəріздес тіркестер
орын тəртібі жағынан дұрыс құрылғанымен, компоненттері
бір-бірінен дефис арқылы бөлініп тұрады. Мысалы, ...батыр-
қала Севастополь (ҚМ, 1 июль, 1965). Қазақ ССР Ғылым ака-
демиясының корреспондент-мүшесі, профессор Есмағанбет
Ысмайыловтың осы конгресте сөйлеген сөзін жариялап отыр-
мыз (ҚƏ, 14 август, 1964). Мен бүрмесі кең халат-көйлек кием
(ҚƏ, 10 декабрь, 1965). Мектеп жанындағы интернаттың жəне
интернат-мектептердің көбеюіне байланысты... (СҚ, 1967, 23
июнь). Костюм-көйлек («Қазақстан əйелдері» журналы, 1963,
№3, 31-б.).
Бұл сөйлемдердегі бөлініп көрсетілген тіркестер орыс тіліндегі
город-герой, член-корреспондент, платье-халат, школа-интер-
нат, платье-костюм сияқты сөз орамдарының əсерінен туса да,
қазақ тілінде орын тəртібі ана тілі ерекшелігіне сай дұрыс өзгер-
ген. Бірақ тіркеске енген сөздердің арасындағы дефистің басы
артық, бұл жерде қос сөз жоқ, ол екі сөз бірыңғай тең мағыналы
емес, анықтауыш пен анықталушы сөздің арасына ешбір тыныс
белгісі қойылмайтыны белгілі.
Бұл сияқты тіркестер мерзімді баспасөз беттерінде əрдайым
қате алынып жүр деген қорытынды тумайды. Мына мысалдар оған
дəлел: Кувейттің делегаты Латын Америкасының қарар жоба-
сына қарсы дауыс беретінін атап айтты (СҚ, 1967, 6 июль).
Азербайжанның физик ғалымы Малик Рамазан Заде жаңа тео-
риясын ұсынды (ЛЖ, 1967, 20 июнь).
Бұл мысалда орыс тіліндегі проект-резолюция, ученый-физик,
приложение тіркестері қазақ тілінің ерекшеліктеріне сəтті аудары-
лып берілген.
Соңғы кезде орысша мерзімді баспасөз тілінде мұндай ай-
қындауыштың (приложение) қолданылуы кең өріс алып отыр.
Олар қазақша дұрыс аударылып берілуі керек. Кейінгі шақтарда
жасалған друзья-футболисты (футболист достар), завод-дедушка
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 561
(ата завод), читатели-ученики (оқушы оқырмандар), письмо-ри-
сунок (сурет хат), девушка-солдат (солдат қыз), режиссеры-до-
кументалисты (документалист режиссерлер), концерт-отдых
(демалыс концерт), исполнители-солисты (солист орындаушы-
лар), концерт-беседа (əңгіме концерт), девушка-комсомолка (ком-
сомолка қыз), студенты-строители (құрылысшы студенттер),
летчик-истребитель (истребитель-ұшқыш), учителя-воспитате-
ли (тəрбиеші мұғалімдер), город-курорт (курорт қала), т.б. туын-
дылар мерзімді баспасөз тілінде қолданылуы сөзсіз. Ондайлардың
қатары өсе бермек. Олар қазақ тілінің өз заңдылығына сəйкес
құралып, қалыптасуы қажет.
Ал қазақ тілінде анықтауыштың анықталатын сөзден соң
тұратын кезі бар ма деген сұрақ болса, ондай кері орын тəртібі
кездеседі деп жауап беріледі. Сөйлем мүшелерінің мұндай орын
тəртібі қазақ тілінде, негізінен, екі түрлі жағдайда ұшырасады:
бірі – үйірлі мүше құрамында, екіншісі – араб-парсы тілдерінен
калька жолымен енген я бүтіндей сол күйінде алынған, халық
ұғымында тұрақталып қалған жүз қара тəрізді бірлі-жарым
тіркестер. Үйірлі мүшенің құрамына келгенде, анықталушы сөз өз
ішінде бастауыш, ал анықтауыш баяндауыш қызметіне ұқсайды:
басы темір таяқ, күн жарық кезде, сабы қысқа күрек, т.б. Бірақ
бұлардың табиғаты айқындауыш делініп жүрген сөз тізбектерінен
мүлде бөлек.
Сөйтіп қазақ тілінің грамматикаларында айқындауыш болып
жүрген көптеген тіркестер – дұрысында кəдуілгі анықтауыш пен
анықталушы сөз орамдары, немесе сол тəртіппен тұрақталуға
айналған тіркестер. Бұларды ажыратып, əрқайсысын өз атымен
атаған абзал. Сөз жасау процесінде оған творчестволықпен қарап,
тілдің ішкі заңдылығын, ерекшелігін əрдайым ескеріп отырған
жөн. Əрине, аталмыш тізбектердің бəрі тұрақтылығы жағынан
бірдей емес: кейбірі еркін синтаксистік тіркес болса, басқалары
тұрақты тіркес тобына енеді. Ол – өз алдына бөлек мəселе.
Қазақ тілінде айқындауыш мүше бар ма десек, оған грам-
матикаларда оңашаланған айқындауыш болып аталып жүрген
синтаксистік единицаны жатқызуымыз керек. Мысалы: Біз, ком-
сомолецтер (СҚ, 17 февраль, 1966). Өзі əнші, өзі сұлу Байтасқа
екеуі де – бірі кəрі, бірі жас бала – қызғана да, тамашалай да
562 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
қараған еді (М. Əуезов). Оның қуаты облыс бойынша ең жоғары
дəрежеге жеткізілген – сағатына 80 тоннаға жуық астық та-
зартады (ЛЖ, 25 август, 1966). Біз, халық ағарту майданының
қызметкерлері (ҚМ, 1 сентябрь, 1966). ...партия мен үкімет алға
қойып отырған аса жауапты міндетті – жасөспірімдерге жан-
жақты білім-тəрбие беру ісін – ойдағыдай шешу керек (Сонда).
Торқалы тойға – 50 жылдыққа тарту шашуларды күні бұрын
əзірледік (С, 1967, 23 октябрь). Бұл ойы іске аспаса, үйреншікті
болған идеологиялық қаруына – антикоммунизм мен антисове-
тизмге – жүгіреді (ЛЖ, 1967, 7 февраль). Бұл жолы біз талант-
ты артисімізді тағы бір қырынан – көркемсөз оқу шеберлігі
тұрғысынан – танығандай болдық («Тың өлкесі», 1964, 6 август).
Осы мысалдардан көрінетіндей, айқындауыш өзі айқындайтын
сөзінен кейін тұрып, оның заттық, шақтық, сандық, т.б. мағына-
ларын дəлдеп, талдап, саралап, айқындап тұрады да, айқындалу-
шы сөзбен көбінесе жақтық, септік жағынан сəйкес келіп оты-
рады. Айқындауыштың анықтауыштан бір өзгешілігінің өзі ай-
қындауыш пен айқындалушы сөздің сөйлем ішінде формалас,
тұлғалас келуінде жəне субъектілік, атрибуттық, толықтауыштық
(объектілік), пысықтауыштық, баяндауыштық, т.б. мағыналары-
ның болуында. Сөйлемде айқындауыш мүшені алып тастасақ,
одан сөй-лем мағынасы ойсырамайды. Айқындауыш жеке сөз, сөз
тіркесі, кейде сөйлем де бола береді.
Айқындауыш – тілімізде өте ерте кезден бері қолданылып келе
жатқан байырғы категория.
Көне түрік жазба ескерткіштері тілінде де айқындауыш мүше
жиі кездесіп отырады. Мысалы, Ілгері, Қадырқан йышқа тегі,
керү, Темір қапыға тегі, контурмыс (ПДП, 29) – ілгері, Қадырқан
жеріне дейін, кері (кейін), Темір қапыққа дейін, кондырды
(қоныстандырды). Яғмысы бен ертім, Білге Тонукук (ПДП, 61) –
жақындағысы мен едім, Білге Тонукук. Мұндай айқындауыш
«Айқап» журналында да жиі қолданылып отырған. ...біз, болыс-
лар, бұ журналға күш-көмек берейік (А, 1912, №3, 71-б.). Біз, жа-
стар, оқығанымыз бар (А, 1913, №1, 6-б.). «Айқап» журналында
біздерге (қазақтарға) татар туғандарымыздың файдалары тиді
ме? (А, 1913, №4–5, 95-б.). Біздің мұсылман, əсіресе қазақ халқы,
ауырса алдын алуб табибке бара қоймайды (А, 1913, №8, 185-б.).
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 563
Демек, қазіргі мерзімді баспасөз тілінде əдеттегі кейбір еркін
жəне тұрақты тіркестерді айқындауыш мүше ыңғайында қате
қолданумен бірге, нақ айқындауыш мүшенің өзі жиі жұмсалып
отырғанын көруге болады. Көне дəуірден бері тілімізде бар бұл
тілдік үлгі мерзімді баспасөз тілінде жандана, дами түсіп, əртүрлі
тұлғада, сан алуан формада қолданылып, өрісін кең жая бастайды.
3. Меңгеріле байланысқан жаңа сөз тіркестері
Тілімізде меңгеру септік (іліктен басқа) жалғау тұлғалары
арқылы байланысқа түскен сөз тіркесінің типі екені белгілі.
Сөйлеу процесінде сөздерді бір-бірімен дəнекерлеп, байланы-
стыруда септік жалғауларының атқаратын қызметі зор. Жасалған
əртүрлі сандық, статистикалық талдауларға қарағанда, тілімізде
сөз тіркесі типтерінің ішінде ең жиі кездесетіні меңгеру болып та-
былады. Дəлірек айтсақ, орта есеппен тексте қолданылатын əр 10
сөздің екеуі септік жалғау формасында тұрады да, сол текстегі сөз
тіркесі типтерінің ішінде 40 проценті меңгеру болып табылады.
Бұл – тіліміздің бойында бұрын қалыптасқан қасиет. Қазақтың əр
дəуірдегі мерзімді баспасөзі сөз байланысындағы осы ерекшелікті
пайдаланып, əрі қарай дамыта түсті. Мерзімді баспасөз тілінде
меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің қатары сан жағынан ғана
артып қойған жоқ, сонымен бірге сапа жағынан өрістей түсті,
бұрын қолданылмаған жаңа сөз тіркестері қалыптаса бастады.
Сонымен бірге қазіргі тілімізде əбден тұрақтанып қалған кейбір
тіркестердің қалыптасу, орнығу процесін байқауға болады. Мыса-
лы, қазіргі əдеби тілде қалыптасып, тіпті фразалық тіркеске айна-
лып кеткен бой жету тіркесі «Айқап» тілінде кейде бойға жету
болып та қолданылып отырады. Өлерін білерлік қызым есін білген,
бойға жеткен, обалын басқаға айтпай, өмірлік жолдасын өзі
ұнатыб табқаны жақсы болды (А, 1912, №8, 172-б.).
Бірақ бұдан «Айқап» тілінде бұл сөз тізбегі əрдайым бойға
жету тұлғасында қолданылып келді деуге болмайды. Негізінен,
бұл тіркестің қазіргі əдеби тілдегі тұлғасы да жиі кездеседі. Жаны
ашымаған билеушінің ризалығынан тысқары бойжеткен қыздың
өзі таңдау, өзі қалау не ғайыб болады (А, 1912, №8, 173-б.).
«Айқап» тілінде бұл тіркестің кейде бойға жету тұлғасында
қолданылуы тіпті де кездейсоқ емес. Осы кезде жазылып, жарық
564 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
көрген ақын-жазушылардың шығармаларынан да бұл тұлға кез-
десіп қалады. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романынан мына-
дай шумақты оқуға болады: Есіне түсуші еді өткен күндер, Қыз
болып бойға толып жеткен күндер.
Бой жету тіркесінің көне тұлғасы – бойға жету. Осы тұлғада
бұл тіркес қазіргі қырғыз тілінде де, əсіресе мерзімді баспасөз
тілінде де ұшырасып отырады: Қарасам, бойго жеткен эки қыз
босогодо турушат («Советтик Кырғызстан», 1966, 6 февраль, 3-б.).
Жету етістігі о баста бой сөзімен тіркескенде қабыса байла-
ныспай, меңгеріле байланысқан, мағыналық жағынан фразалық
тіркес болмай, еркін синтаксистік тіркес болған. Бұл тіркестің
фразеологиялық «қасиет» алуы, яғни орны жəне мағыналық
жағынан бір тұтасып, тұрақтануы, оның кейінгі қолданыстарының
жемісі. Жету етістігі өзінің тура мағынасында қолданылғанда,
əрдайым өзі байланысып, тіркес құрамына енген сөздің барыс
септік жалғауында болуын талап етіп тұрады: біреуге, бір нəрсеге
жету.
Сол сияқты бұл етістік қазіргі қолданысында тұрақты тіркеске
айналып кеткен құрамда, осындай ауыс мағынада қолданылғанда
да екінші сөзбен барыс септік жалғауы арқылы байланысады:
түпке жету, сертке жету, етінен өтіп, сүйегіне жету, қадіріне
жету (Абайда: Жетпедім, не жасырамын Гауһарымның қадіріне),
Қиын ба екен үлкею, жеткем жоқ па өгізге (Абай), Кəмелетке
жету, балиғыға (балиғатқа) жету, т.б.
Соңғы екі тіркес (кəмелетке жету, балиғыға жету) лексика-
семантикалық құрылысы мен функциясы жағынан да, бере мағы-
насы, жету етістігінің атқаратын қызметі мен тіркес құрамында-
ғы орны жағынан да бой жету тіркесімен үндес, ұқсас. Тек айыр-
машылық сөздердің тіркес құрау тұлғасында. Кəмелетке жету,
балиғатқа жету тіркестері кейін құрылған (Оны шет тілден енген
алғашқы компоненттері де көрсетіп отыр). Бой жету тіркесінің
алғашқы тұлғасы «Айқап» бетінде қолданылғандай бойға жету
екенін грамматикалық үлгі жағынан ұқсас, адам емес итке бай-
ланысты айтылатын оның бір жасқа толғанын көрсететін үйіне
(үйігіне) жету тіркесі айкындай түседі. Əрине, бұл жерде осын-
дай салыстыру онша да қолайлы болмас, бірақ олардың (адам мен
иттің) салыстыруға болмайтынын еске алмай, ол жағына назар
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 565
аудармай, тек лингвистикалық тұрғыдан, берілген тіркестердің
ғана құрамдық, мағыналық, қызметтік жағынан синоним екенін
қарастырсақ, бұл екі тіркестің жасалу жолының бір екенін көреміз.
Осындай болжам негізінде əдеби тілде тұрақты тіркес болып
қалыптасып кеткен ер жету дегеннің о бастағы тұлғалық құрамы
ерге жету, барыс септік жалғауы арқылы байланысуға тиіс екенін
байқаймыз. Бірақ бұл тіркес те көне түрін сақтай алмай, жалғаусыз-
ақ тіркесуі қалыптасқан.
Қазіргі əдеби тілде қабыса байланысып тұрған басқа да
тұрақты, түйдекті тіркестер «Айқап» тілінде барыс септік жалғауы
арқылы тіркесіп қолданылған. Мысалы, онда аяқ басу тіркесі
қазіргі тұрғыдан мүмкін болатын аяқты басу тұлғасында табыс
септік жалғауы арқылы байланыспай, жоғарыдағы сияқты барыс
септік жалғауы арқылы аяққа басу больп қолданылады. Тезірек
аяқға баса қоймады-ау... қолынан ұстаб аяққа басуға үйретемін
деб ұмтылушылар да бар (А, 1911, №11, 2-б.). Біздің ілгері
қарай жылжуб аяқға басуымызға себебші болатұғын хатун-
қызларымызды оқытайық (А, 1912, №8, 175-б.). Бір жұртдың
жұрт қатарына кіруб аяқға тез басуы тілдерінін сақталуына
қарай болады, тілдері сақталыб келген жұрт тез аяқға басыб,
тілдерін жоғалтқан жұрт көб қиындық көрген соң, басқа өзінің
тілін таратқан жұртдың тілі менен аяқға басады (А, 1913, №19,
406-б.).
Қазіргі жазба əдеби тілде бұл тіркестің құрамындағы бірінші
сөзі тəуелдік жалғауын жамылғанда, немесе екі компоненттің
арасына басқа сөз қатыстырылғанда, бұлар табыс септік жалғауы
арқылы байланысады: аяғын басу, аяқты қатты (тез) басу, аяқты
қалай басу керек, т.б.
Бірақ бұл норманы негізге алып, «Айқап» қолданған тұлғалық
құрамды стильдік қате, нормадан ауытқушылық деуге болмай-
ды. Бұл тіркес дəл «Айқап» қолданғандай тұлғасында Абай қара
сөздерінде де кездеседі: Адам екі аяғына басып тік өсіп, дүниені
тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты (27-сөз). Адам ба-
ласын... екі аяққа бастырыб жаратпақтығы махаббат емес пе
(38-сөз).
«Айқап» тілінде кейде басу етістігі аяқ сөзімен барыс септік
жалғауы арқылы тікелей тіркеспей, көмекші есім арқылы да бай-
566 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
ланысады. Ондайда барыс септік жалғауы көмекші есім жарты-
лай матасып, бір лексема қызметінде жұмсалады. ...заман бізді не
ғылсын; бізді аяқ астына басуб өте шығар (А, №6, 117-б.).
Мұндай қолданыста аяқ сөзінің я ол ұйтқы болатын түйдекті
тіркестің барыс септік жалғауы арқылы басу етістігіне меңгерілуі
онша оғаш емес, өйткені аяқ астына басу тіркесі жоғарыдағы
құрамды тіркестен мағыналық жағынан ерекшелігі бар, басу
етістігі мұнда өзінің тура мағынасынан айырылып қалмаған.
Қазіргі əдеби нормаға сай емес барыс септік жалғауы арқылы
байланысу «Айқап» тілінде осындай бірді-екілі тіркес айналасын-
да ғана шектелмейді. Бұдан басқа қазіргі əдеби тілде табыс септік
арқылы меңгеріле байланыспайтын тіркестер де кейде барыс
септік жалғауы арқылы тіркес құрайды.
Осыдай дұрыс сөздерді де құлақға асуб (А, 1912, №9, 206-б.).
...жөнге сілтеб жіберу тиіс емес бе? (А, 1911, №7, 6-б.). Жаз
болса жазық сахраға жайлаб күн көрген (А, 1911, №10, 1-б.).
Бұл мысалдағы құлаққа асу, жөнге сілтеу сөз тізбектері қазіргі
əдеби тілде құлақ асу, жөн сілтеу тұлғасында тұрақты тіркес бо-
лып қалыптасқан да, сахраға жайлау тіркесі сахраны жайлау бо-
лып табыс септік жалғау арқылы меңгеріле байланысқан. Соның
нəтижесінде жайлау етістігі қазіргі нормада сабақты етістік болып
қалыптасқан.
Ал жайлау етістігінің барыс септікті сөзді меңгеруі де стильдік
қате емес, ол – сол сөздің мағыналық ерекшелігінен туған жəне
тұлғалық құрамы. Дəл осы сөздің жасалуындай, мағыналық,
функциялық жағынан ұқсас қыстау етістігі де барыс септікті сөзді
меңгереді. Бұл екі етістік негізінен жермен байланысты сөзбен тура
объектілік қатынаста қолданылмай, меңгерілетін сөз бағыттық,
көлемдік, мекендік ұғымды білдіріп, қалыптасқан. Сондықтан да
бұл тіркестегі барыс септік жалғауы – көне құбылыс та, табыс
септік жалғауы кейін пайда болған.
Берілген мысалдардың негізінде барыс септік жалғауы табыс
септік жалғауы сияқты кей-кейде түсіп қалып жұмсала беретіндігі
көрінеді. Тұрақты тіркеске, түйдекті тіркеске айналып кеткен есім
сөз бен көмекші етістіктен құралған күрделі единицалар бір кезде
синтаксистік еркін тіркес болған, онда етістік компоненті көмекші
етістік емес, негізгі етістік қызметін атқарып, есім сөзді меңгеріп
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 567
тұрған. Мұндай тілдік құбылыста тек табыс септік жалғауының
түсіп қалуы емес, барыс септік жалғауының түсіп қалуы жəне оның
салдарынан тіркес компоненттерінің тұрақтылығы, мағыналық
жағынан бір-бірімен жымдасып кетуі де ерекше рөл атқарған. Бұл
құбылыс тек осындай əр кезеңге жататын жазба деректердің тілін
зерттегенде ғана айқын көрінеді. Барыс септік жалғауының кейде
түсіп қалып жұмсалуы ілік жəне табыс септік жалғаулары сияқты
тілдегі үнемдеу теориясының негізінде əуел баста сөйлеу тілде
басталатын құбылыс болу керек. Ондай құбылыс шығармаларын
сөйлеу тілдің негізінде жазатын ақын-жазушылардың тілінен жиі
кездесіп отырады. Мəскеу бардым, не көрдім: Туысқан, туған ел
көрдім (Жамбыл).
Барыс септік жалғаудың түсіп қалып жұмсалуы табыс септік
пен ілік септік жалғауларына қарағанда өте сирек кездеседі жəне
олардан ерекшелігі байқалады. Жоғарыда көрсетілгендей, барыс
септік жалғаудың түсіп қалған тұлғадағы конструкциялары сөйлеу
процесінде ілік, табыс септік жалғаулары сияқты əрі ашық, əрі
жасырын (түсіп қалып) түрде бірдей əрдайым жұмсала бермейді.
Сол себептен де бұл процесс кейбір еңбектерде көрсетілмейді де1.
Бірақ оған қарап, бұл процесті сөйлеу тілінің аясынан асырмай
тастауға да болмайды. Бұл – тілдің даму барысында болып отыра-
тын өзгерістердің бірі – ықшамдалу процесінің бір көрінісі болып
табылады2. Яғни сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздегі
барыс септік жалғауының түсіріліп қолданылуы əр кез болып оты-
ратын тілдік құбылыс екені байқалады. Сондықтан да бұл тілдік
құбылыс көркем сөз шеберлерінің сөз өрнегінен де көрініп отыра-
ды. Мысалы, Абай поэзиясындағы: Өзге ойдан тыйылып, бірімен
бірі əуре, жүрекке қүйылып жан рахат бір сəуле дегендегі жан
рахат тіркесі барыс септік жалғауынсыз (жанға рахат) құралып
қолданылған.
Мұнымен бірге, яғни кейбір септік жалғауларының сөйлеу
процесінде түсіп қалуымен бірге, мерзімді баспасөз тілінде
септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жаңа
1 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1964, 75-76-бб.
2 Богородицкий В.Л. Введение в татарское языкознание в связи с другими тюркскими
языками. Казань, 1934, стр. 81.
568 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
сөз тіркестерін жасауға негіз болады. Бір ескере кететін жайт –
тілімізде меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек
қолданылады. Соған қарамастан əсіресе совет дəуіріндегі мерзімді
баспасөз тілінде мұндай байланысты сөз тіркестерінің (септік
жалғаулы сөз – есім сөз) сан жағынан артып отырғанын айтпай
кетуге болмайды.
Əрине, байланысу тəсілдері жағынан есім мен етістіктің
тіркесу қабілеттілігі, мағына сыйымдылығы бірдей емес. Сонымен
бірге кейінгі кездегі мерзімді баспасөз тілінде есімді меңгерудің
жандана түскенін көруге болады. Əрине, кез келген есім сөз
меңгеріле байланысқан сөз тіркесінде басыңқы компонент ретінде
ұйтқы бола бермейді. Сондай-ақ септік жалғауларының бəрі де
(іліктен басқасы) меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін құрай
бермейді.
Осындай құрамдық жəне құрылымдық жағынан мерзімді
баспасөз тілінде қолданылған сөз тіркестерінің мынадай
ерекшеліктерін көрсетуге болады. Есімді меңгеруді құрауда жиі
кездесетін негізгі байланыстырушы тұлға – барыс септік жалғауы,
ал табыс септік жалғау ондай қызмет атқармайды. Мұндай сөз
тіркестерінің басынқы компоненті көбіне зат есім болып келеді.
Бүгінгі біздің рухани қазынамыз – бұл өткен ғасырлардың жемі-
сі, келешек ғасырларға өсиет (ЛЖ, 1970, 28 октябрь). Галереяға
саяхат (ЛЖ, 1970, 17 октябрь). Партиямыздың жалынды сөзі –
іске жаршы (СҚ, 1970, 21 октябрь). Əділ қойылмаған баға –
оқушыларға үлкен моральдық соққы (СҚ, 1970, 16 декабрь). Бұл –
аға сержант, КПСС мүшелігіне кандидат К. Тубаевтың сөзі
(ЛЖ, 1970, 15 декабрь). «Лениншіл жастың» сынына жауап (ЛЖ,
1970, 16 декабрь). Бұл ұсыныс... НАТО соғыс блогына мүше көп-
теген мемлекеттердің зор ынтасын туғызып отыр (ЛЖ, 1970,
17 октябрь). ...қазір жас мамандарға ұстаз (ЛЖ, 1970, декабрь).
Кейде бұл сияқты есімді сөз тіркестері барыс септік жалға-
уымен бірге араларына деген көмекші етістікті дəнекерлеп те
жұмсалады. Оның өмірге деген ғашық жүрегі (ЛЖ., 1970, 15 де-
кабрь). ...біздің кадрларға деген мұқтаждығымызды ойдағыдай
қанағаттандырмай жүр (СҚ, 1970, 16 декабрь). Еңбекке деген
сүйіспеншілік (СҚ, 1970, 16 декабрь). Сонда да еңбекке деген
құштарлық жігерін жасытпады (ЛЖ, 1970, 16 декабрь). Сондай-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 569
ақ кейде барыс септік жалғаулы сөзді меңгеретін компонент бір
сөз болмай, бірнеше сөзден құралған тіркес те болып келе береді.
Бірақ оның негізгі сөзі, компоненттің басты элементі зат есім сөз
болады. ...бастауыш ұйымдарға үлгі ретінде аталады (ЛЖ, 1970,
17 декабрь). Рас, олардың əрқайсысының өмірі жаза білгенге бір-
бір дастан (ЛЖ, 1970, 17 декабрь). Ендеше бұл – алдағы ұлы іске
сенім аманаты іспетті. Екі қолға бір жұмыс (ЛЖ, 1970, 16 де-
кабрь).
Мерзімді баспасөз тілінде жатыс септік жалғауындағы сөзді
зат есімнің меңгеруі де жиі кездесіп отырады.
Автобуста кілең жастар (ЛЖ, 1970, 22 октябрь). Сонымен,
оқушы қолында тағы бір құнды кітап (ЛЖ, 1970, 28 октябрь).
Эфирде жаңалықтар (ЛЖ, 1970, 17 декабрь). Қолдарында сига-
рет (ЛЖ, 1970, 24 октябрь). Көктөбеде ақ отау бар, саясында «Ар-
ман» (ЛЖ, 1970, 29 октябрь) ...ауруханада көп жылдан бері дəрі-
гер (ЛЖ, 1970, 29 октябрь). Мен Жамбыл ауданындағы XXІІ парт-
съезд атындағы колхозда агрономмын (ЛЖ, 1970, 17 октябрь).
Жатыс септікті сөз – зат есім құрамды сөз тіркесінің
жұмсалуында кейбір ерекшелік бар. Меңгеріле байланысқан
мұндай есімді сөз тіркестері, мысалдан анық көрінетіндей, есімді
баяндауышты сөйлемде, не соған ұқсас жайылма атаулы сөйлемде
жиі қолданылады.
Мұнымен бірге мерзімді баспасөз тілінде аз да болса шығыс
жəне көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан зат есімді
меңгеру де кездесіп отырады.
Мақталы алқаптан хат (ЛЖ, 1970, 17 октябрь), Сабырлы да
салмақты сөзі, қоңыр даусы, ой оралымы өзге жұрттан парасат
үстемдігін аңғартады (ҚƏ, 1970, 25 декабрь). Ал сайлаушылармен
жұмыс та өз дəрежесінде өрістеуде (ЛЖ, 1970, 11 декабрь). Бұларда
жыл сайын спортпен шұғылданушылар саны өсіп отырғанына
қарамастан, шаңғы, коньки сияқты спорт жабдықтарының санын
көбейтуге жеткілікті көңіл бөлінбей отыр (СҚ, 1970, 16 декабрь).
Шетелдермен байланыс қатынасы қалпына келтірілуде (СҚ, 1970,
21 октябрь). ... мектеп оқушылары мұғалімімен саяхатта (ЛЖ,
1970, 28 октябрь).
Зат есім сияқты баспасөз тілінде басқа сөздерді əр септік жал-
ғауында меңгеріп жиі қолданылатын сөз табының бірі – сын есім-
570 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
дер мен бар, жоқ, көп сөздері. Сын есімдер (сапалық та, қатысты
да, негізгі де, туынды да) зат есімдер сияқты барыс, жатыс, шығыс,
көмектес септіктерінде тұрған сөздерді меңгере берсе, бар,
жоқ, көп сөздері, негізінен, жатыс, шығыс септік жалғауындағы
сөздерді меңгереді. Ондайда бұл сөздер (сын есімдер) сөйлемде
не баяндауыш, не анықтауыш қызметін атқарып тұрады. Қазіргі
мерзімді баспасөз тілінде: жастарға қолайлы, өндіріске кажетті,
талапқа сай, республикаға белгілі, қуанышқа толы, көпке таны-
мал, адамға қымбат, сөзге (уəдеге) берік, есепке жүйрік, көмекке
əзір, атқа лайық, қыс қамсызға қатал, қоғамға жат, іске адал, бұған
мүмкіндік мол, бұлақтарға (суға), мəдени мұраға бай, шөпке тап-
шы, міндетіне селсоқ, машинаға, жұмысқа батыл, іске тəжірибелі,
еңбекке озат, цирк əлемінде жаңа да соны, өмірінде ерекше, аудан-
да қиын, шетінен семіз, аттан қымбат, сұлу қыздан да əдемірек,
махаббаттан артық, маған бұрыннан таныс, ұятынан басым, судан
таза, бұрынғыдан тығыз, жоспардан тыс, еңбекпен ертеден таныс,
қайталанбас бояуымен қымбат, үйлермен көршілес, кұдіретпен
тең, өзімен кұрдас, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған мұраларымен
ұшан-теңіз, облыста бар, досынан көп, аспанда жоқ, əсерде шек
жоқ, заводта көп, құрамында бар, жұмыста шалағайлық көп,
адам өмірінде белестер көп, т.б. толып жатқан сөз тіркестері
қолданылған. Бұлар «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас»,
«Қазақ əдебиеті» газеттерінен алынды.
Тіпті басқа сөздердің меңгеру табиғатына тəн емес сын есім,
үстеу сөздер де мерзімді баспасөз тілінде меңгеріле байланысқан
сөз тіркесінің басыңқы компоненті ретінде бірлі-жарым болса да
кездесіп отырады. Əзірге ерте (ЛЖ, 1970, 27 октябрь). Өйткені ка-
бинада үшеуміз (ЛЖ, 1970, 15 декабрь). Стол басында екеу (ЛЖ,
1970, 24 октябрь). Одақта төртінші (СҚ, 1970, 16 декабрь).
Осы аз ғана талдаудың өзі қазіргі мерзімді баспасөз тілінде
меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің жандана түсіп,
актив қолданыла бастағанын көрсетеді. Оның көпшілігі ана тілі
материалдары негізінде орыс тілінің əсерінен туып отырады. Бұл
процесс совет дəуірінің алғашқы жылдарындағы мерзімді баспасөз
тілінен де айқын көрініп отырады.
...Тамақтан да басқа таза һауа, сəулеге де мұқтаж (ҚҚ, №6,
1922, 8-б.). Ұшу бізге қажет (ЕҚ, 30 июль, 1923). ...партиядан
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 571
тыс əйелдердің конференциясы болды (ЕҚ, 18 июль, 1923). Шет
қызметтерге көбірек партиядан тыс жұмыскерлерді жіберу керек
(ҚҚ, №7–8, 1922, 12-б.).
Бұл мысалдағы тіркестердің кейбірі ана тілімізде бұрыннан
қолданылып келе жатқан (мысалы, тамақтан басқа, бізге қажет
тəрізді тіркестер), кейбірі бар үлгінің негізінде басыңқы сөз жаңа
сөзбен тіркес құрайды, енді бірде орыс тілінің əсері арқылы жаңа
тіркес жасалған. Сəулеге мұқтаж – жаңа туынды, бірақ тілімізде
малға мұқтаж, дүниеге мұқтаж сияқты тіркестер қолданылып
келді. Əрине, оның құрылымында орыс тілінің əсері де жоқ емес
(необходимость в свете), мұқтаж сөзі, негізінен, нақтылы заттың
атымен тіркеседі, ал сəуле, ауа сияқты сөздермен тіркесу – орыс
тілінің тіркес құрамына еткен ықпалының нəтижесі. Сəулеге де,
ауаға да мұқтаж деген ұғым қазақта болмаса керек. Ал партия-
дан тыс деген тіркес тіркестік құрылымы жағынан да, құрамы
жағынан да орыс тілінің əсері екені даусыз.
Қазақтың мерзімді баспасөз тілінен аралас (комбинированное)1
меңгеріле байланысқан сөз тіркестері де белгілі орын алады.
Басыңқы сөз көбіне-көп ойдың предикаты болып, есім жəне бол,
қыл, е, сал, ал, шығар, жаса тəрізді көмекші етістіктер болады. Бұл
күрделі басыңқы сөз іліктен басқа септік жалғауының қай-қайсысын
болса да меңгере алады. Тілімізде іліктен басқа септіктердің
синтаксистік қызметі етістіктердің лексикалық мағынасымен
тығыз байланысты болатындықтан етістік меңгерудің алатын
орны ерекше, өйткені, етістік қимылды, процесті, т.б. білдіру үшін
объектілік, мекендік, кейде мезгілдік қатынаста тіркескен сөздің
белгілі септік жалғауында тұруын талап етеді.
Əр кезеңге жататын, əсіресе, совет дəуірінің алғашқы жылда-
рындағы мерзімді баспасөз тілінде кездесетін бұл типтес жана
сөз тіркестерінің жасалуы əртүрлі: соның ішінде ең негізгісі орыс
тілінің əсерінен 1) бұрын қолданылуда болмаған жаңа етістіктер
жасалып, есім сөздің белгілі септік жалғауында тұруын талап
етеді; 2) бұрын қолданылуда бар етістіктер, кейін жаңа мағына,
не контекстік реңк үстеліп, жаңа сөзбен септік жалғауы арқылы
1 Балакаев М.Б. О комбинированном управлении прямого дополнения в казахском
языке // Тюркологический сборник. М.-Л., 1951, №1, стр. 43-47.
572 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
тіркеседі. Бірінші жол арқылы туған жаңа тіркестердің басыңқы
етістік компоненті орыс тілінен тікелей енген сөздерден де
жасала береді. Совет дəуірінің алғашқы кезеңдерінде туған
кеңестендіру, коллективтендіру, колхоздастыру, электрлендіру
тəрізді етістіктер өз алдында тура объектіні талап етеді. Сондай-
ақ төл сөзден жасалған көгалдандыру, суландыру, т.б. тəрізді
етістіктердің қолданылуы мен қызметі де осылардай. Жаңа сөз
тіркесі қалыптасуының бұл жолы кейінгі кезеңдердегі мерзімді
баспасөз тілінен де белгілі орын алып келеді. Соңғы уақыттарда
жасалып келген: наградтау, автоматтандыру, механикаланды-
ру, интенсивтендіру тəрізді етістіктер тура объектіні меңгеріп,
оның өзінен бұрын тууын талап етеді. Сонымен қатар бұл сияқты
етістіктер басқа да объектілік, мекен, мезгілдік қатынастарда жаңа
тіркес құрай алады: шопанды орденмен наградтау, баланы туған
күнімен құттықтау, маған осы істі міндеттеді1, т.б.
Əдетте бұл іспеттес сөз тіркестері бұрын тілде бар үлгінің
негізінде ешбір грамматикалық тұлғалардың өзгеруінсіз, немесе,
бұрын қолданылып жүрген байланысу амалдары өзгеріп, жаңа
үлгіде құралады.
Əрине, бұрын түспеген байланысқа түсіп, жаңа сөз тіркесінің
құрамында жұмсалған сөздердің мағынасында да даму байқалып
отырады. Жаңа туған сөздердің басқа сөздермен байланысқа
түсуінде көбінесе қай септік жалғау тұлғасын меңгеруі бірден
қалыптаса қоймайды, өйткені оған, біріншіден, ол сөздің бұрын
қолданылып келген мағынасының не сол сөз лексика-грамма-
тикалық жағынан жақын сөздің байланысу тəсілі мен үлгісі əсер
етіп отырса, екіншіден, сол жаңа сөздің, я мағынаның тууына əсе-
рін тигізген басқа тілдегі синтаксистік үлгі де ықпал етеді. Осы-
лардың нəтижесінде əсіресе революциядан бұрынғы мерзімді бас-
пасөз тілінде бір мағынаны білдіру үшін əртүрлі тұлғалық бай-
ланыста қолданылатын калька арқылы туған, контаминация ар-
қылы туған, көне үлгінің негізінде туған тіркес варианттары жұм-
салады. Мысалы, тілімізге бұрынырақ кіріп, сөйлеу процесінде
басқа сөздермен байланысу тəсілі толық қалыптасып орнықпаған
1 Қараңыз: Нұрханов С. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір жаңа сөз тіркестері жайында //
«Қазақстан мектебі» журналы, 1963, №3, 73-бет.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 573
сайлау етістігі «Айқап» тілінде бірде табыс септігіндегі, немесе ол
түсіп қалған (жасырын тұрған) сөзбен тіркес құраса, бірде шығыс
септік жалғаулы сөзді меңгеріп, енді бірде барыс септік жалғаулы
сөзді меңгеріп тұрады. Бір адамды күн бұрын белгілеб, делегат
сайлаб қойса, бір-бір жерде облосной съезд болса баратұғын ада-
мы (делегаты) даб-дайын болуб тұрар еді. ...Жиылған жұрт біреуді
председатель сайлау, мəжілісдегі сөйлеушілер сол председатель-
дің һəр бір бұйрығына бой сұну тиіс (А, 1913, №6, 118-б.). Себебі:
һəр халық файдалы адамдардан өздері сайласын (А, 1913, №11,
247-б.). Фəленше волыслықға сайланады деген сөз де ел арасында
жайылыб кетді (А, 1913, №1).
Сайлау етістігінің дауыс беру арқылы белгілі ресми орынға
өкіл ету мағынасы жоғарыда берілген тіркестік құрамда XІX ға-
сырға жататын жазба мұралар тілінен де кездеседі. Мысалы,
Абай шығармаларында сайлау етістігі мынадай сөздермен əртүрлі
тұлғалық құрамда тіркесіп қолданылған: би сайланғандық, билікке
сайланса, үш жылға болыс сайланды, ол орынға сайланып, же-
ребемен сайлап, болыстыққа сайлаймын1. Осыларды жинақтай
келгенде, мынадай тіркес үлгілерін көрсетуге болады: 1) би, бо-
лыс сайлау; 2) белгілі бір орынға (билікке, болыстыққа) белгілі бір
мерзімге сайлау; 3) белгілі жолмен (жеребемен) сайлау; 4) белгілі
жерде сайлау.
«Айқап» тілінде осы үлгілердің бəрі де бар деуге болады. Оның
үстіне сайлау етістігі шығыс септікті сөзді де меңгеріп, адамдар-
дан сайлау болып қолданылған.
Ең алдымен сайлау етістігімен сыртқы тұлғасы жағынан қа-
быса байланысып тұрған (би, болыс, председатель, делегат сай-
лау дегендегі) тіркес элипсисс арқылы жасалған деуге болады.
Бұл тіркесті байланыстырып тұрған етіп көмекші етістігі (би
етіп сайлау, болыс етіп сайлау, председатель етіп сайлау, делегат
етіп сайлау) түсіп қалған да, сайлау етістігі есім сөзбен жымда-
са байланысқан жəне түсіп қалған көмекші етістіктің көмекшілік
қызметі өзіне ауған. Бұл тұжырымды біреуді председатель сайлау
тіркесі де көрсетеді, өйткені бұл тіркесті біреуді председательді
сайлау емес, біреуді председатель етіп сайлау деп қайта құруға
1 Абай тілі сөздігі. Алматы, 1968. 514-бет.
574 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
болады. Екіншіден, сайланатын адам атақ-дəрежеге сайлаудан
кейін ғана ие болады, сондықтан болысты, председательді сай-
ламайды (қайта сайлауы мүмкін), адамды сайлайды. Сөйтіп бұл
тұлғалық құрамдағы сайлау етістігі, бір жағынан, көмекшілік
қасиетін жамылып, екіншіден, негізгі мағынасынан да айырылып
қалмағандықтан, толық мəніндегі түйдекті тіркес болып кете ал-
мады.
Демек, XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөздің өзі де
бұрынғы бар синтаксистік үлгіні толығымен пайдаланып отырды.
Бұрын жасалған сол үлгілердегі сөз тіркестерін барынша қолдап,
əдеби тілге сіңісіп кетуіне атсалысты. Сонымен бірге ондай бар
үлгінің негізінде жаңа сөз тіркестерін де жасап отырды, бұрын
тіркеспеген сөздер жаңадан бір-бірімен байланысқа түсе баста-
ды. Болыс сайлау, би сайлау сияқты үлгінің негізінде жасалып,
«Айқап» тілінде қолданыла бастаған, кейін қалыптасып кеткен де-
легат сайлау, председатель сайлау дегендер – осының айғағы.
Басыңқы компоненттері бұрыннан тілде бар болса да, жаңа
сөз тіркесін құрауға ұйтқы болуы, сөйтіп жаңа сөз тіркесін жасау
процесі кейінгі совет дəуіріндегі баспасөз тілінде өрістей түсті.
Партияның жоғарғы орнының атынан бұл қаулыны бекітуді кон-
ференция Коммунистер партиясының ХІІІ-нші тобына ұсынуды
керек деп табады (ҚҚ, №3, 1924, 16-б.). ...партиядағы азамат-
тарды сұрыптайтын жалпы русиялық қайта қаттау (есеб алу)
жұмысы болмақ (ҚҚ, №7–8, 1922, 12-б.). Ауылдағы белсенділерді
іске тартудың екі жобасы бар (ЕҚ, 19 июль, 192-б.). Қазақстанның
облыстық партия комитетін жаңадан сайлау (ҚҚ, №4, 1922,
1-б.). Клубтардағы жұмыстар да кітаб оқу, жақсы күйлер ойнау,
əдемі жырлар жырлау (ҚҚ, №10, 1922, 17-б.).
Мысалдағы бекіту, сұрыптау, тарту, сайлау, ойнау етістіктері
тілімізде бұрыннан-ақ табыс септігін меңгеретіні айқын. Сол
сияқты ұсыну, тарту етістіктерінің де барыс септігімен тіркесуі –
тілдегі ертеден келе жатқан құбылыс. Бірақ ол етістіктер осы
септіктерді меңгергендерімен, семантикалық жағынан дəл
мысалдардағыдай сөздермен тіркеске түспеген. Олар тіліміздегі
бар үлгінің негізінде орыс тілінің əсерінен жаңа ұғымдардың
келуімен байланысты туған. Орыс тіліндегі тіркестер мен осы
берілген тіркестер құрамы жағынан да, байланысу формасы
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 575
жағынан да, сай келген: қаулыны бекіту – утвердить постановле-
ние, азаматтарды сұрыптау – очистить граждан, белсенділерді
тарту – привлекать активистов, облыстық партия комитетін
сайлау – избирать областной партийный комитет, күйлер ой-
нау – играть (исполнять кюи мелодии). Тіркес құрамындағы бұл
сөздер бір-бірімен табыс септік (винительный падеж) тұлғасында
тура объектілік қатынаста байланысқан. Соңғы тіркес тіпті ана
тіл материалы ескерілмегендіктен туған, өйткені қазақ тілінде
күй тарту деген байырғы тіркес қолданылады. Домбыра, сырнай
сөздерімен тіркескенде де тарту етістігі орыс тіліндегі играть
етістігінің мағынасын бере алады: баян тарту – играть на баяне,
домбыра тарту – играть на домбре, т.б. Ал жанама объектілік, не
мекендік қатынаста жұмсалған тіркестер де орыс тіліндегі үлгімен
сай келеді. XІІІ тобына ұсыну – представить на XІІІ пленум, іске
тарту – привлекать к работе.
Мерзімді баспасөз тіліне байланысты байқалатын тағы бір
ерекшелік – онда жазба əдебиет жанрларының басқа түрлерімен
салыстырғанда кейбір септік тұлғалардың, мысалы, жатыс жəне
көмектес септік жалғауларының жиі қолданылуы. Ойды білдірудің
ең кіші тілдік единицасы сөйлемде іс-əрекет, процесс белгілі бір
мезгілде, белгілі бір орында (мекенде) өтуі хақ. Ондай мезгілдік,
мекендік мағынаны негізінен жатыс септік жалғауы білдіреді.
Бірақ əртүрлі себептің салдарынан (оған назар аударылмау не-
месе мекен мен мезгіл алғашқы сөйлемдерден белгілі болу, т.б.)
жатыс септікті сөз айтыла да бермейді. Ал мерзімді баспасөз
тілінде қимылдың, процестің мекені мен мезгіліне ой екпіні
түсіп, ол мағынаны білдіретін сөздердің тексте қолданылуы қажет
болатынын байқаймыз. Сондай-ақ жалпы сөйлеу процесінде
сандық жағынан басқа септіктермен салыстырғанда, көмектес
септік жалғауы сирек қолданылады. Көмектес септік білдіретін
грамматикалық мағына образды ойды көрсетуден гөрі реңкі басым
екені байқалады.. Сондықтан да ол тұлға көркем шығармадан гөрі
қоғамдық-саяси, публицистикалық əдебиет пен баспасөз тілінде
көбірек қолданылады. Сол тенденция қазақтың алғашқы баспасөз
тілінен де байқалады.
Жаны жақсы тəрбиеленіб, əлпеш менен өсдірілген кісі (А, 1913,
№19, 406-б.). Міне, осы жер торғ (пəсеке) менен сатылашақ (А,
576 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
1912, №12, 269-б.). Алхасил һəр кім «Айқап» журналына һəр түрлі
қарау менен қарады (А, 1911, №12, 2-б.). ...төте оқу менен оқытуға
қарсы тұрдық, аз күнде көп нəрсені жеңіл жол менен білдіруді
көбсіндік (А, 1913, №10, 214-б.). Халық оған қалыбды театрға
кірген секілді билет менен жиналды (А, 1913, №13, 294-б.). Енді
хазіргі уақытда замана ғылымы менен тəрбиеленуб шықған жас-
дарымыздың бұ хақиқатны сөйлеу турасында фікірлері екі түр-
лі (А, 1913, №3, 60-б.). Сол науқаста ғылым тəжірибесіменен
шығарылған һəр падшалы жұртда егетұғын дəру бар (А, 1913, №3,
58-б.). Дүнияның дөрт бұрышы менен тезде телеграмм менен ха-
барласды (А, 1912, №8, 196-б.).
Мұндай тіркестері бар сөйлемдердің санын одан əрі көбейте
беруге болар еді. Бұл мысалдағы өсірілу, сатылу, қарау, оқыту,
білдіру, тəрбиелену, шығарылу, хабарласу сияқты етістіктердің
көмектес септікті сөзді меңгеруі тілімізде бұрын ұшырасып отыра-
тын тілдік құбылыс болса да, дəл мысалдағы сөздермен көмектес
септігі арқылы байланысу осы кезде, негізінен, орыс тілі əсерінен
пайда болған құбылыс. Сонымен бірге мұндай тұлғалық құрамды
тіркестердің əлі де орныға қоймағандығы, кейде əртүрлі тұлғамен
жарыса байланыса беруі де кездеседі. Ондай варианттылық, мы-
салы, пайдалану етістігінің қолданылуынан айқын көрінеді. Іс-
əрекеттің, қимылдың мекенін білдіретін жатыс септікті сөзді бы-
лай қойғанда, объектілік қатынаста бұл етістік XX ғасырдың бас
кезіндегі мерзімді баспасөз тілінде жəне басқа əдебиеттер тілінде,
негізінен, шығыс септікті сөзбен, табыс септікті сөзбен жəне
көмектес септікті сөзбен байланысып, жарыса жұмсалады. «Айқап»
тілінде пайдалану етістігі бірде жатыс септік арқылы байланысқан:
соққан желден пайдалану, шаруаның қысылғандығынан пайдала-
ну, аққан судан пайдалану, балаларынан пайдалану, жерден пайда-
лану, шаруаның шаруасыздығынан пайдалану, əрбір низам-закон-
нан пайдалану, дəруден пайдалану сияқты жаңа тіркес құраса, енді
бірде көмектес септікті сөзді меңгеріп, нанғыштық мінезіменен
пайдалану, жазушылар һəм ғылым иелерінің əдебиетімен пай-
далану, ғылымның бұлағымен пайдалану, табиғаттың дəулетімен
пайдалану тəрізді жаңа сөз орамдарын құруға ұйтқы болады. Со-
нымен бірге бұл етістік «Айқап» тілінде ара-тұра табыс септік
жалғаулы сөзді де меңгеріп жұмсалады. Сол қазынаның жеке
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 577
мүлкінің ішінен жаз шабынын, қыс тебінін файдаланатұғын жол
бар деб есітеміз (А, 1912, №7, 167-б.).
Пайдалану етістігі, осы мысалдардан анық көрінетіндей, өзі
меңгеретін сөзімен мейлі шығыс септігі арқылы, мейлі көмектес
септігі арқылы, мейлі табыс септігі арқылы байланыссын – бəрінде
де, сыртқы тұлғасы бөлек-бөлек болғанмен, бірақ грамматикалық
мағынада, объектілік қатынаста қолданылған. Сыртқы тұлғасы
болмаса, грамматикалық мағынасы жағынан жерден, судан, дəру-
ден, т.б. пайдалану – табиғаттың дəулетімен, ғылым бұлағы-
мен, т.б. пайдалану дегендердің арасында айырмашылық жоқ. Бұ-
лардың орнын ауыстырудан ешбір өзгеріс байқалмайды.
Пайдалану етістігі кейінгі дəуірлерде жиі қолданыла бас-
тайды. Əуелгі кезде бұл етістік пайда ету, пайда қылу тəрізді
түйдекті тіркес тұлғасында қолданылғанға ұқсайды. Абайдың қара
сөздерінде де пайдалану етістігі шығыс септікті сөзді меңгеріп,
пайда ету, пайда қылу деген тіркестердің мағынасында қолданыл-
ған. Сен өзің инанмақтығыңнан пайдаланамын (пайда етемін)
десең, пайда береді, кəміл иман болады. Жансыз жаратқандарынан
пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуан-
дардан пайдаланатұғын (пайда қылатұғын ақылды инсанды жа-
ратыпты.
Пайда ету, пайда қылу тіркестері табыс септігімен қатар шығыс
септікті сөзді де (біреуден я бір нəрседен пайда ету, пайда қылу)
меңгереді. ...қазыналық қорық жерден файда етіп (пайдаланып)
жүр (А, 1912, №10, 228-б.). Оқуған жастардан ел файда, үмід ет-
кен (пайдаланған, үміт еткен) сияқты, құр үмід менен тек тұрмай,
сол жастардан файдалана білу де керек (А, 1913, №8, 168-б.).
Демек о баста, пайдалану етістігі жаңа қолданыла бастағанда,
пайда ету, пайда қылу түйдекті тіркестердің мағынасында, соның
қызметінде жұмсалып, тіркес меңгерген сөздің тұлғасын өзгертпей
байланысқа түскен. Сондықтан да ол бұл кезеңдегі жəне бұдан
бұрынғы, бұдан кейінгі кезеңдердегі жазба тілде көбіне шығыс
септікті сөзді меңгеріп қолданылып отырған. Сонымен бірге
бұл етістіктің жазба тілде, əсіресе мерзімді баспасөз тілінде жиі
қолданылып, тұрақтауында орыс тілінің де əсері бар. Ол орыс
тіліндегі пользоваться, воспользоваться (чем-то) етістіктерінің
мағынасын бере бастауы. Соның нəтижесінде меңгерілетін сөздің
578 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
тұлғалық ықпалы (көмектес септік – творительный падеж) да
болып отырды. Нанғыштық мінезімен пайдалану, əдебиетпен
пайдалану сияқтылар – воспользоваться доверчивостью, поль-
зоваться литературой дегендерден калька арқылы жасалған ту-
ындылар. Сөйтіп барып, пайдалану етістігінің төңірегінде көне
үлгінің негізінде шығыс септік тұлғасы арқылы байланысқан жаңа
тіркестер туып отырса, орыс тілі əсерінің нəтижесінде көмектес
септік жалғауы арқылы байланысқан жаңа тіркестер туып отырды.
Орыс тілінің ықпалы негізінде пайдалану етістігінің активтілігі
өсіп, тіркесімділігі арта түседі. Пайдалану етістігінің ұйтқы болуы
арқылы туған əр тұлғалы (шығыс жəне көмектес септіктер арқылы
байланысу) тіркестер кейінгі кезеңдерде де баспасөз тілінде
қолданылып отырды.
Мұндай бір грамматикалық мағынада немесе грамматикалық
синоним ретінде қолданылатын əр тұлға арқылы байланысқан
параллель сөз тіркестері – белгілі кезеңдегі əдеби тілде кездесіп
отыратын құбылыс. Ондай параллель сөз тіркестерінің байланысу
тəсілі көмектес септік – шығыс септік қана емес, сонымен бірге
шығыс септік – табыс септік – барыс септік, көмектес септік – ба-
рыс септік, т. б. да болып келеді. Қазақтың жазба əдеби тілінде бір
кезде жиі қолданылған я қолданылып жүрген: мұғалімнен (молла-
дан) оқу – мұғалімге (моллаға) оқу, бір өнерді үйрену – бір өнерге
үйрену, атты міну – атқа міну, маған амандасу – менімен аман-
дасу сияқты үлгідегі сөз тіркестері, міне, осыны көрсетеді. Əрине,
бұлардың туып, қалыптасуы бірдей, біркелкі деуге болмайды.
Тілдің даму барысында бірде екі түрлі ұғымның бірте-бірте жақын
мағынаға ие болуының нəтижесінде оны (ұғымды) білдіретін
əртүрлі тұлғадағы сөз тіркестері синоним бола бастаса, енді бірде
ұқсату (аналогия), немесе элипсисс сияқты процестер параллель
сөз тіркестерін тудыруға негіз болады, бірде ондай құбылыс бөтен
тілдің əсерінен туады.
Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде де пайдалану етістігі
басқа сөздермен əртүрлі қарым-қатынастарда жаңа тіркес құрап,
жаңа мағыналық реңкте қолданылады1. Мұндай ерекшеліктерді,
1 Қараңыз: Исаев С. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы. Алматы, 1973, 158–
160-бб.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 579
сөздердің тіркесімділік қасиетінің артуын мерзімді баспасөз ті-
лінде басқа да етістіктердің қолданылуын талдаудан байқауға
болады.
4. Сөйлем құрамындағы кейбір ерекшеліктер
Тіліміздегі сөздер ойдың материалы ғана, олар бір-бірімен қа-
рым-қатынасқа түсіп сөйлем құрағанда ғана белгілі ойды білдіре
алады.
Сөздердің сөйлем ішінде бір-бірімен байланысқа түсіп, тір-
кесуі тіркеске енетін сөздердің семантикасы мен олардың қолда-
нылу, қалыптасу дəстүріне байланысты.
Осыдан еркін (синтаксистік) тіркестің өзі шартты атауы екенін,
ол бүтіндей еркін болмайтынын аңғарамыз. Осыған орай сөз
тіркестеріне байланысты сөйлем ішінде сөздердің тіркесу қабілеті
артып отырғанын көреміз. Мерзімді баспасөз тілінде əркез ондай
жаңа туындылардың сəтті бола бермейтіні де байқалады.
Мысалы: Олардың көкірегінде қайнап жатқан қымбатты
сөздерін еріксіз тартып шығаруға тырысқан жөн (ҚҚ, №11, 1922).
Жер туралы таласты мəселелерді тексеріб, дұрыстаб шешу үшін
губерналық, уездік, волстық жер камисиялары жасалды (ҚҚ, №10,
1922). Мұнда сындық экспрессияны күшейте түсу үшін қабыса
байланысқан тіркестің алдыңғы сын есім, не сындық, сапалық
мағынадағы есім сөзге -лы/-лі, -ды/-ді,-ты/-ті жұрнағы үстеліп
қолданылған. Бірақ бұлар əдетте «қымбат сөз», «талас мəселе»
түрлерінде қолданылар еді. «Қымбатты» деген туынды түбір
туыстық мəндегі сөздер жəне кісі аттарымен араларына «көретін»
сияқты сөз салып (қымбатты көретін туыс сияқты) тіркесе алады.
Мұндай үлгідегі жаңа тіркес Абай шығармаларында да кез-
деседі: Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, Ақша жүз, алқы-
зыл бет тіл байлайды. «Қыр мұрын» дегенді ақын «қырлы тас»,
«қырлы ағаш», т.б. сияқты үлгіге салып қолданған.
Мерзімді баспасөз тілінде кейде бір ұғымды білдіру үшін екі
я одан да көп сөз қолданылады. Мұндай сөздерді контекстік ду-
блеттер десек те болады. Мысалы, орыс тіліндегі «болельщик»
«финиш» сөздерінің баламасы ретінде бірде жанкүйер, бірде жа-
нашыр жəне бірде сөре, бірде мəре сөздері сапырылып жұмсала
580 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
береді. Əрине, бұл сөздер синоним болғанымен, мағыналық
ерекшеліктері де жоқ емес. Жəне терминдік мəнде жарыспалы
сөздердің біреуін-ақ қалыптастырып, мүмкіндік болса, екіншісіне
жаңа мағына беру қажет. Мысалы, сөрені старт ұғымына, мəрені
финишке, ал жанкүйерді болельщик, любительді жанашыр деп
тұрақтандыруга əбден болады. Кейбір қалам қайраткерлері мен
журналистер тілдегі бар байырғы сөздерді қолданудың орнына
жасанды сөзге я сөз тіркестеріне құмар. Мына мысалдарға на-
зар аударайық: Осындай мақсатпен ұйымдастырылған шағын
отряд 1963 жылы Маңқыстау жарты аралы мен Үстіртке сапа-
рында Гурьев облыстық өлкетану музейінен көне қыпшақ жа-
зулы құмыра кездестірді (БЕ, 1966, №2), Егіз туған үшеу (СҚ,
1965, июль). Семья шырқын сақтау – үлкен парыз (СҚ, 1967,
7 апрель). Бірақ төрт баласын тастап кеткеніне табаны аттай
жыл толды (ЛЖ, 1965, 31 июль). Қазақ, əдетте, орыс тіліндегі «по-
луостровты» жарты Арал емес, түбек дейтін еді; егіз деген екеу-
мен бара-бар, үшеу туса, оны үшем дейтін еді. Сол сияқты шырқы
сөзі сақтаумен емес, бұзу етістігімен, табаны сөзі мысалдағы
мағынасында аттай сөзімен емес, күректей сын есіммен, ал ат-
тай табанысыз-ақ жыл сөзімен тіркесіп қолданылар еді.
Зат есімге көптік жалғауының жалғануында да өзіндік ерекше-
лік бар. Бұл ерекшелік, жоғарыда көрсетілгендей зат есімнің ал-
дында сан есім, немесе көп, бірнеше сияқты анықтауыштар тұрса,
анықталушы сөзге көптік жалғауының жалғанбайтыны. Осыған
қарамастан, баспасөз бетінде қырыққа жуық автомашиналар, көп
жұмыстар, бірнеше жылдар, алпыстан аса адамдар сияқты сөз
орамдары кездесіп отырады.
Баспасөз тілінде: уақыты – уақытысы, бірі – бірісі, біреуі –
біреуісі, көбі – көбісі деген сияқты параллельдердің де қолда-
нылып жүргенін айта кеткен жөн. Біздіңше, бұлардың алдыңғы
сыңарларын тұрақтандырып, екіншісін кейбіреулердің сөйлеу
тіліне ғана қалдырған жөн. Өйткені екінші сыңарларында тə-
уелдік жалғаудың үшінші жақ көрсеткіші екі дүркін (і-сі, ы-сы)
жалғанған, оның біреуі-ақ жеткілікті. Осы жүйе кестесімен кезісі,
үшісі, үшеуісі, азысы деп айтпаймыз да, жазбаймыз да ғой.
Ендігі бір назар аударатын мəселе – орыс тілінен аударылған
сөз тіркестерінің жатықтығы мен тілге үйлесімділігі жайын-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 581
да. Қазіргі баспасөз тілінде орталық емес кейіпкер, толық емес
саны, жылдамдығымен пайдалана білу, ресми емес мəліметтерге
қарағанда, үлкен адымдау, кеткенімен пайдалану, техника қауіп-
сіздігін сақтау сияқты тіркестер де жиі ұшырасады. Толық емес,
орталық емес, ресми емес дегендердегі емес сөзі орыс тіліндегі
не болымсыздық тұлғасының орнына жүріп тұр. Бұларды осы-
лайша сөзбе-сөз аудармай, неполный, нецентральный, неофи-
циальный сөздерінің мағынасын берерлік бір-ақ балама алса,
жеткілікті болар еді. Техника қауіпсіздігі (техника безопасности)
тіпті орыс тіліндегі тіркестің мəніне түсінбегендіктен туған, мұн-
да техниканың қауіпсіздігі (безопасность техники) туралы емес,
жұмыс істеудегі қауіпсіздіктің шаралары, жолы, соның техникасы
жайында сөз болып отыр.
Ойдың жүйелі, нақтылы болуы, оқушыға я тыңдаушыға дұ-
рыс жетуі сөйлем құрамында қолданылған сөздердің лексика-
семантикалық ерекшеліктерімен бірге көбінесе олардың дұрыс
орын тəртібіне де байланысты. Сөздердің сөйлемдегі орын тəртібі
ол сөздердің бір-бірімен өзара байланыста болып, атқаратын қыз-
метінің негізінде айқындалады. Басқа түркі тілдеріндегідей, қазақ
тілінде, сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі біршама тұрақты.
Сөйлем мүшелерінің орын тəртібінің жалпы сипаты, классикалық
түрі мынадай: баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан
бұрын, анықтауыш анықталатын сөздің алдында, толықтауыш пен
пысықтауыш өздері бағынатын сөздердің, яғни өздері толықтайтын,
пысықтайтын сөздердің алдында тұрады. Сонда сөйлем кестесінің
мынадай үш үлгісі болады1:
Бастауыш – анықтауыш – толықтауыш – пысықтауыш – баян-
дауыш.
Анықтауыш – бастауыш – толықтауыш – баяндауыш.
Анықтауыш – толықтауыш – бастауыш – анықтауыш – пысықта-
уыш – толықтауыш – баяндауыш.
Өлең-жырларда кейде өлең құрылысының ерекшелігіне орай
бұл тəртіп сақтала бермейді. Сондай-ақ кейде стильдік мақсаттар
үшін сөйлем мүшелерінің қалыпты орны өзгеріп, инверсия арқылы
1 Қараңыз: Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтак-
сис. Алматы, 1961, 153-161-бб.
582 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
белгілі бір сөзге ой екпіні түсіріледі. Мысалы: тарт қолыңды!
жоғалт көзіңді! тəрізді сөйлемдерде толықтауыш əдеттегіден тыс
өзі меңгерілетін сөзден кейін тұр. Бірақ əр уақытта инверсия орын-
ды бола бермейді. Əсіресе публицистикалық, ғылыми шығарма, га-
зет-журнал тілінде сөйлем мүшелерінің орнын қалай болса солай
ауыстыра беруге болмайды. Ондай жағдайда сөйлем жатықтығынан
айырылып, мағынасы қиындап, негізгі ой көлеңкеленіп қалады.
Мысалы, Бірақ Русияның Саветдерінің Орталық Комитеті жо-
ғарғы трибуналдың бұл хұкімін бекітіб өлім жазасын уақытша
тоқтатды мынадай шартбен (ҚҚ, №10, 1922) деген сөйлемде
мынадай шартпен деген тіркес əдеттегіге қайшы өзі меңгерілетін
тоқтатды деген баяндауыштан соң тұр. Бұл мысалдағы инвер-
сия белгілі стильдік қызмет атқарып тұр дей қою қиын, өйткені
одан ойдың айқындылығы, дəлдігі, сөйлемнің керкемділігі ар-
тып тұрған жоқ, қайта керісінше айтуға қиын, айтайын деген ой
күңгірттеп тұр. Қажетсіз инверсиялы өрескел сөйлемдер, дұры-
сында қазақ тілінің ерекшелігі ескерілмей, орыс тілінен тұпа-тура
аудармалар, революциядан бұрынғы баспасөз тілінде, əсіресе
«Дала уалаятының газеті», «Түркістан уалаятының газеті» бетте-
рінде өте жиі ұшырайды. Бұл органдар аударма сөйлемдегі сөз-
дердің орын тəртібін түп нұсқадағы орнынан бұлжытпай қояды.
19 нчі ноябрьде Қарқаралы оязына қараған Абыралы елінің
қазағы Нұрлыбек Айтчоқы баласының падшаһлық жерундағы
қыстаб жүрген қыстауынан өрт чығыб аталмыш қазақның өртқа
күйганлар екі қорасы алтмыш чомала пічаны екі туйясы, бір аты
(ДУГ, 22 январь, 1888). Көбтан бері мен қ а л а б едім сенуң менан
сөйласуга, кымбатлы достум, һич бір уақыт болмай жүр еді. Енді
кез келді сөйлесуга ең ауал саған бастаб айтамын қыр илан құтды
болсын деб баһасыз һадиадларұңыз (ДУГ, 25 март, 1888). Қараңыз
жұрт! Атағы бүтүн дүнияға белгілі бір маршалдың хыдыме-
тіне? (А, №3, 1911).
Мерзімді баспасөз тілінің бір ерекшелігі онда бойынша деген
сөзге аяқталатын орамдардың қолданылуы болып саналады. Бо-
йынша көмекші сөз көбіне-көп орыс тіліндегі «по» предлогының
қызметін атқарады.
Совет хүкіметінің заңы бойынша əйелдер еркек бен қатар жү-
ре де алады, сөйлей де алады һəм тілеген жеріне бара да алады (ҚҚ,
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 583
№4, 1922). Съездің қарары бойынша бұдан былай ұйымдастыру
жұмысы тəртіптелуге тиіс (ҚҚ, №10, 1922). Жоғарыда айтылған
рет бойынша оқу орындарының қажетін өтемек үшін халықдан
салғырт жолы мен ақша жию туралы тағы да декрет шығарылды
(ҚҚ, №11, 1922). Семейдің губерниялық атқару комитетінің қау-
лысы бойынша екі əуе кемесі сатылыб алынбақшы болған (ЕҚ,
30 июнь, 1923).
Мұндай сөз орамдары революциядан бұрынғы баспасөзде,
əсіресе «Дала уалаятының газеті» мен «Түркістан уалаятының
газеті» беттерінде көбіне-көп аударма мақалаларда кездесіп оты-
рады. Осыған қарағанда, ол сөз орамдарының қалыптасуында да
орыс тілінің əсері бар.
Ұлықтарды білдіруі бойынша Петерборда ақче істейтұн үйде
бір жылда 865 пұд алтун күміснің қоғуғы чыққан екан (По офи-
циальным сведениям в С.-Петербургском монетном дворе в про-
должении одного года образовалось 865 пудов сора, содержащего
драгоценные металлы) (ДУГ, 29 июль, 1888).
Кейбір етістік я есім баяндауыштардың, жалаң тұрып та,
көмекші етістіктермен қосылып та, өзі меңгеретін, болмаса қа-
бысатын, не қиысатын сөздерден, я сөз орамдарынан бұрын жұм-
салуы да кездесіп отырады. Кейде ондай баяндауыштардың мең-
геретін я қиысатын тұлғасын бір-ақ сөз, я сөз тіркесі болмай, бүтін
сөйлем де болып келеді.
Мінекей мұның бəрінен көрініп тұр, қазақ əйелдерінің шаруа-
сында қатынасы зор екендігі (ҚҚ, №7–9, 1922). Англияның 5 ірі
өнер кəсібінен уəкілдер шығыб, соңғы уақытда Аңғарада мəжіліс
құрған конституция алу мақсатымен (ЕҚ, 9 июль, 1923). Бұл
көрсетеді: бұған дейін қазақ жасдары арасында берекелі жұмыс
істелмегендігін һəм қазақ жасдары жалпы жасдар ағымынан шетде
қалғандығын (ҚҚ, №10, 1922). Бұдан а ң ғ а р ы л а д ы : түсініксіз
нəрсе бас қатыратыны (ҚҚ, №10, 1922). Бұл сөйлемдердегі баян-
дауыштың (көрініп тұр, ацғарылады, көрсетеді) бастауыш, то-
лықтауыштан бұрын сөйлемнің басында айтылуы қажеттіліктен
туып тұрған жоқ. Дұрысында ол баяндауыштар сөйлемнің соңында
келуі керек. Бұл мысалдарда сөйлемдегі сөздердің тек қана орны
өзгерген болса, енді бірде сол орны өзгерумен қатар кейбір бай-
ланыстырушы көмекші сөздер (көбіне-көп екендігі деген көмекші
584 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
етістіктен жасалған есім форма) түсіп қалып қолданылады. Міне,
бұдан анық көрінеді кедейлердің қолын жеткізу ушін алдымен
оқытыб, олардын арасында болған сауатсыздықты жою керек (ҚҚ,
№4, 1922). Бұл жоғарыдағы саннан көрінеді көшбелі мал бағу мен
кəсіб қылатын халықдың саны 211 мың (ҚҚ, №4, 1922). Əркімге
белгілі қазақ халқының тұрмысын алсақ, шаруашылық, саясат, ма-
даният һəм басқа жағынан болсын, бізің көршіміз орыс халқынан
анағұрлым кем (ҚҚ, №4, 1922). Əркімге белгілі қазақта көб қатын
алушылық байлардың ісі (ҚҚ, №7–8, 1922).
Бұл мысалдардағы баяндауышты сөйлемнің аяғына қойып
айту үшін оның алдынан екендігі деген сөзді қосып қолдану ке-
рек. 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз беттерінде басыңқы сы-
ңарлары бұрын келіп, бағыныңқы компоненттері сөйлемнің ал-
дында тұратын сабақтас құрмаластар да ұшырасып отырады.
Бұлар астықды бірінші егінменен кəсіб қылатын крестьяндар-
дан сатып алады, егер де крестьяндардың егіні жақсы шығыб,
өздерінің ішермендіктерінен артылыб қалатын болса (ҚҚ, №4,
1922) деген сабақтас құрмаластағы шартты бағыныңқы сыңары
сөйлемнің соңында тұруы қазақ тіліндегі қалыпты құбылыс емес.
Егер де деген жалғаулықтан бастап, болса деген шартты райлы
етістік арасындағы үзінді құрмалас сөйлемнің алдында тұруы
қажет.
Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде жай сөйлем құ-
рылысының күрделене түсу тенденциясын да байқаймыз. Мұнда
ауызекі сөйлеу тілінде, əртүрлі шежірелерде (Əбілғазы Баһадұрхан,
Қадырғали Жалайри, т.б.), ертеректе, сол сияқты революциядан
бұрынғы мерзімді баспасөз тілдерінде көп қолданылатын жай
сөйлемнің жалаң түрлері ғана кездесіп қоймай, сонымен бірге
жайылма түрі де, əртүрлі есімшелі, көсемшелі сөз орамдары бар
күрделі сөйлемдер тіпті сирек кездеседі. Көбіне-көп жеке-же-
ке жалаң сөйлем болатын формалар біріктіріліп, күрделеніп, бір
сөйлем құрамында айтылады. Тіпті 1920 жылдардағы мерзімді
баспасөз беттерінде күрделі ойды беруде жалаң сөйлемдердің ор-
нына сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері арқылы күрделілене түсетін
жайылма сөйлемдер көп ұшырасады. Тіпті қазақ совет баспасөзі-
нің қарлығаштары «Қазақ мұңы», «Ұшқын» газеттерінің беттерін-
де, негізінен, күрделі жайылма сөйлемдердің көп қолданылғанын
көру қиын емес.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 585
Бейнетқорлар хүкіметінің тəртібін орналастыру һəм қазақ
халқының автономиясы жайында кеңесіб, ең əуелі неше ғасыр-
лардан бері құлдықта-хорлықта жүрген қазақ халқын құтқарушы,
түбкі бейнетқорлар хүкіметін һəм оның Қызыл Армиясын кон-
ференция құттықтайды. Конференция бейнетқор қазақ халқын
бірігуге, талмай жұмыс істеуге һəм Руссиядағы қосбалы бей-
нетқорлар хүкіметінің бір бөлімі болған қазақ афтономиясының
ісін алға бастырып, тəртібін ел ішіне орналастыруға шақырады
(«Ұшқын», 18 февраль, 1920).
Бұл мысалдағы екі сөйлемнің екеуі де жай сөйлем болса да,
ішінде тұрлаусыз мүшелердің, көсемше, есімшеден құралған
орамдардың қатынасуы арқылы күрделі ойды беріп тұр.
Сол сияқты құрмалас сөйлемнің қазіргі бөлініп жүрген түрле-
рінің қай-қайсысын болса да бұл шақтағы мерзімді баспасөз
беттерінен ұшырастыра аламыз. Революциядан бұрынғы баспасөз
материалдары, сол сияқты ауыз əдебиет үлгілерімен құрмалас
сөйлем жүйесі жағынан салыстыра қарасақ, совет дəуіріндегі
мерзімді баспасөз тілінің кейбір ерекшеліктерін, компоненттерінің
күрделілігіне түскен формаларын байқай аламыз. Ауыз əдебиеті
нұсқаларында (ертектер, жыр, шежіре), «Дала уалаятының газе-
ті», «Түркістан уалаятының газеті», «Айқап» журналында көп
ұшырап отыратын құрмалас сөйлемнің жалаң компоненттері, не
жай сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің (көбіне баяндауыш) орны-
на бұл кездегі баспасөзде кемеліне келген, қазіргі тілімізде жиі
қолданылатын толымды компонентті құрмалас сөйлемдер жұм-
салады.
Сонымен бірге бұрынғы баспасөз беттерінде, жазба нұсқалар-
да онша көп кездесе бермейтін құрмалас сөйлемнің кейбір түрлері
де совет дəуірінен бастап жандана түскендігі байқалады. Соның
бірі – бір компонентті сол есімдігіне аяқталатын сілтеулік мағына-
дағы салалас құрмаластың іліктес түрі. Бұл тым анық. Анықтығы
сонша, сөзді көбейтуге тұрмайтын сияқты (ҚҚ, №5, 1924). Мұның
бəріне себеб болып тұрған сол, бұл екі елдің еншісінің бөлекдігі
(ҚҚ, №4, 1922). Бірінші дəуірдің өзгеден айырарлық, негізгі бел-
гісі сол: жерге жеке қожалық болсын деген жол жүзеге асырылыб,
мұның зардабынан жер шаруашылығы мен кұн көрерлік ауыл
халықдары жер һəм адамның еңбегін билеушілердің қолдарына
таралып кетді (ҚҚ, №5, 1922).
586 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Бұл сөйлемдердің құрылысында, бір жағынан, ауызекі сөйлеу
тілінің элементтері болса, екінші жағынан, орыс тілінің əсер-ық-
палы да жоқ емес сияқты. Осы келтірілген құрмалас сөйлемдердің
құрылысы мен құрылымы орыс тіліндегі кейбір анықтауыш ба-
ғыныңқы (придаточные определительные) – сөйлемдерге сəйкес
келеді. Бірінші компоненттердегі сол сілтеу есімдігі орыс тіліндегі
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып келетін «такое» деген-
мен сыбайлас.
Сол сияқты жалғаулықты жəне жалғаулықсыз салалас құрма-
ластың да, сабақтас құрмаластың барлық түрлері де қолданылып
отырғанын мына мысалдар-ақ көрсете алады. Бұл арада бұрын-
соңды жазба шығармаларда аса көп кездесе бермейтін сабақтас-
тың түрлеріне мысалдар келтіріледі. Құрмаластың барлық түрлері
де қамтылмайды, оларға арнайы жеке тоқталмаймыз да, өйткені
ол – бұл жұмыстың негізгі объектісі, басты мақсаты емес.
Генуяның аяғы жалпы немен бітерін айтуға əлде де ерте-
рек, сонда да əзіргі іс бағдарына қараб, қайткенмен бізге, Кеңес
Руссиясына, көлемді базарлық жібере қоймайтындығын көңіл
сезе бастады (ҚҚ, №7–8, 1922). Қазақ аймағы Руссияның басқа
жерінен қай ретінен болса да артда қалған, шаруасы төмен, кесіб
дүкендері аз, сондықтан жұмыскерлер де аз (ҚҚ, №3, 1924).
Балшевек партиясы өзінің ішінде фраксия группировка жасауға
қашанда қарсы болған һəм қарсы болады да, өйткені бөлек груп-
пировкаларда күрес үстінде фраксия болыб шыға келмек (ҚҚ,
№3, 1924). Бұған фраксия көне қойғысы келмейді, себебі оның
ішін ауыртыб отырған кешегі Руссиядан қайтарып алмақ болған
борышы қолына тимеді (ҚҚ, №4, 1922). Осы күнгі Европаның
шаруасын жөндеу деген фікірлерге мұрындық болыб жүргендер
де сол жеңген жақтар, бірақ Генуяның аяқ алысын аңдағанда
«қамқорлар»-дың көңілдері шаруашылықдан да, бірлікден де
бұрын бөтен жаққа бұрылғандығы көрінеді: езілген Руссияны
умарлаб Кеңес хұкіметін тұқырту (ҚҚ, №7–8, 1922). Баяғыда
орыстың ақыны Пушкиннің «Руслан һəм Людьмила» деген поэма-
сы, өлеңдері майданға шыққанда, ескі мектебдің барлық жазушы
журналисдары поэмаға қарсы сын жазыб бүкіл журналдың бетін
толтырған екен (ЕҚ, 2 август, 1923). Коммунист партиясы бейнет-
хорлар еңбекшілердің қорғаны болғандықтан, Қазақстанда ұлт
бостандығы қазақ еңбекшілеріне берілген (ҚҚ, №7–8, 1922). Бұл
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 587
екі шартдың екеуі де шаруаны капиталшылық түрінен социалдық
түріне қарай жетектейді, мұның екеуін де тұрмысқа іске асыра
алатұн нəрсе каператиб (ҚҚ, №19–21, 1926). Жұмыс ашылғалы ай-
дан артса да, айта қоярлық һеш нəрсе істелген де жоқ; күннің көбі
талас-тартыс сөз жарысдарға жұмсалу мен арты божыраб баратыр
(ҚҚ, №7–8, 1922). 1917-нші жылы февраль төңкерісі жасалыб,
Русияда уақытша хүкімет тұрғызыб, Керенский билігін жүргізген
дəуір (ҚҚ, №5, 1922). Бұл клубтардың халына əйелдер араласыб,
кызмет ететін үлгілі балалар жұрты, балалар бақшасы болу өте
қажет (ҚҚ, №7, 8, 1922). Егер ескі қалыбынан танбаса, езілген
еңбекшілдер келешек күнде де өз хұхықына ие бола алмай қалуы
мүмкін (ЕҚ, 26 май, 1923).
Осы тəріздес бұл шақтағы мерзімді баспасөз беттерінде құр-
малас сөйлемнің көп бағыныңқылы сабақтас, аралас құрмалас
түрлері де кеңінен қолданылғанын көреміз. Бірер мысал берейік:
Бір жағынан, шашқан егінді шөп-шалаң басыб кеткендіктен,
екінші жағынан, құрғақшылық болыб жауын жаумай тұрғандықтан,
Қостанай губрнасындағы Жаркөл уезінің егінінің 90 проценті
істен шығыб қалыб отыр (ЕҚ, 2 август, 1923). Бəлки жиылыс тараб
кетісбей өкбелеб кетер де, бірақ Русия атына барушылар Европаның
тұрмысын, интересін білгеннен кейін, өзіміздің түб мақсатымыз
болған сауда-айырбас жасауды, бітім шартдарды, кəсібді кеңейту
жағына қам қылу керек (ҚҚ, №7–8, 1922). Жер шаруашылығы мен
күн көретін ауыл халықтары санына қарағанда аса көб болған мен,
жерлерінен айрылған соң, ықтиярсыз өздерінің еңбектерін поме-
щикке һəм ауыл байларына сатуға тура келді һəм соны менен жер
мен күн көретін ауыл халқы мəңгүлік помещик ауыл байларының
құлдығында қалды (ҚҚ., №5, 1922). Неғұрлым ұйтқысы күшті бол-
са, партия да күшті болмақ, партияның ішінен еш бір жарықшақ,
бұлтақ шықбақшы емес (ҚҚ, №3, 1924). Олардың есі жиналыб,
сайлау десе көзі қызарыб, «қу бас домалайдының» кебіне ба-
суы айдан анық, сондықтан қазақ кедейі ұмытбау керек, хүкімет
кедейдікі, хүкімет алдында сөз жуандікі емес еңбекшіл кедейдікі,
атқа мінерлер, дуалы ауыз ақсақалдар осы күнге шейін мойныңа
мінген, артынан еріб, бас шұлғыб келгенсіңдер (ЕҚ, 27 август,
1923). Қара жерге қан жалатқан Европа соғысын тұтандырған
шоқ да жаһангерлердің жер жүзінің тұтасына таласқандығы еді:
Германияның өнер-хайласына пəлденіб көкірек көргенін көтере
588 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
алмай, біраз Европалық мемлекетдердің одақтасыб соғысқандағы
ниетдері бұлардың да өз көлемдерін көркейту болса да, үлкен
соғысдың аялғысында Русияның халқы өз беттерінше өзгеріс жасаб,
жауыз хүкіметдерін қалдырыб соғыс сафынан шығыб қалғанмен,
қалған Русияның бұрынғы одақтастары бастабқы падша хүкіметі
бардағы белгіленген бойдын өзінен қолдарын жазбазған бойы
мен қалған, олардың əлде де Генуя жиылысын шақырғандағы
мақсатдары Европаның шаруашылығын жанданудың емес, тағы да
қара халықдың қанын төгу болып шығайын деб отыр (ҚҚ, №7–8,
1922).
Осы берілген мысалдардан баспасөз беттерінде құрмалас
сөйлемнің алуан түрлі қолданылып отырғандығы анық байқалады.
Жай сөйлемдердің құрмаласу тəсілдері де қазіргі грамматикалар-
да, сондай-ақ жеке зерттеулерде беріліп жүрген түрлеріне, яғни
арнаулы жалғаулықтар, компоненттерінің баяндауыш формалары,
мағына, интонация арқылы құрмаласу амалына сай келіп отыраты-
нын жоғарыдағы мысалдардан əбден көруге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің жалпы қалыптасып, даму
қарқынын айқындап, оның лексикалық құрамы мен грамматика-
лық құрылысын жекелеген тілдік единицалар шеңберінде талқы-
лап, талдаудың, оларды əдеби тілдің стильдік басқа тармағына
жататын тілдік материалдармен салыстырудың нəтижесінде мы-
надай мəселелер анықталды.
Газет-журнал тілі жалпы халықтық əдеби тілдің, жазба тілдің
бір көрінісі болса да, басқа жанрлық шығармалар тілінен, əсіресе
көркем шығарма тілінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі бар.
Ол ерекшеліктер ой білдіру мақсатының, ойды жеткізудегі əдеби
приемдардың өзгешеліктерінде ғана, яғни бірінде көркемділік,
образдылық, т.б. тəсілдерінің басым, я тəн болуында ғана емес, со-
нымен бірге соған лайық ойдың формасы тілдік тұлғалардың да
біркелкі қолданыла бермеуінде, яғни жекелеген грамматикалық
формалар мен лексемалардың белгілі бір стильде жұмсалуға өте
икем болуында. Демек, əр стильдік қасиеті бар, əр жанрға жататын
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 589
текстің – баспасөз тілі мен көркем шығарма тілінің арақатынасын
көрсетудің теориялық та, практикалық та мəні бар. Мерзімді
баспасөз тілін басқа жазба əдебиет жанрларынан тілдік құрылысы
жағынан ажыратарлықтай грамматикалық формалардың бар екені,
яғни кейбір формалардың əдеби тілдің осы екі түрінің біріне ғана
тəн, немесе біреуінде көбірек қолданылатыны байқалады.
Баспасөз тілінде -и тұлғалы қатыстық сын есімдер, -лық,
-лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -шыл, -шіл, -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе
қосымшалы зат есімдер мен сын есімдер, -уда/ -уде тұлғалы баян-
дауыштар, көптік жалғауы, ортақ жəне ырықсыз етіс тұлғалары1
терминдік мағыналардағы лексикаланған атаулық тіркестер, иза-
фет ІІ тіркестері, т. б. конструктивті тұлғалар сан жағынан көп
қолданылады да, сапалық жағынан салмақты болып келеді. Де-
мек, бұл формалардың қолданылуында стильдік реңк айқындала
түседі. Бұлар тілдік форма жағынан баспасөз тілінің мазмұнына
сəйкес келіп отырады. Мерзімді баспасөз материалдары ондай
стильдік формалардың қалыптасу, даму жолын да көрсете алады.
Баспасөз тіліне тəн кейбіреулері тілдегі басқа да жанрлармен, яғни
ғылыми шығарма, публицистика тілімен астасып кетеді. Өйткені
ондай текстер стильдік жағынан бір-біріне өте жақын.
Осы формалар негізінен, белгілі кезеңге байланысты талданса
да, олардың көпшілігі жалпы баспасөз тілінің қай кезеңінен бол-
са да азды-көпті кездесіп отырады. Яғни бұл тұлғалар мен фор-
малар тек белгілі бір кезеңдегі баспасөз тіліне ғана тəн емес, со-
нымен бірге жалпы баспасөз тілінің арқауы іспеттес. Бұл құбылыс
мерзімді баспасөз тілінін стильдік жағынан құрылымы, тілдік
құрамы əр алуан екенін көрсетеді.
Баспасөз беттерінде орыс тілінен ауысқан жəне орыс тілі ық-
палынан туып отырған сөздер жəне сөз тіркестерімен қатар көне
дəуірге тəн «кітаби тіл» элементтері, сонымен бірге сөйлеу тілі
элементтерінің жұрнақ-жұқаналары ұшырасып қалады. «Кітаби
тіл» жəне сөйлеу тілі элементтері жеке сөздердің қолданылуында,
яғни лексика көлемінде ғана емес, сонымен бірге орфографиялық
жазу дəстүрінде кейбір морфологиялық формалардың жалғануын-
1 Қараңыз: Исаев С. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы (мерзімді баспасөз
материалдары бойынша). Алматы, 1973.
590 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
да, тіркес аясында да көрініп отырады. Оның негізгі себебінің
бірі – бұл кезеңде, əсіресе Совет өкіметінің алғашқы кезеңінде,
баспасөз тілі, революциядан бұрын да газет-журналдардың шығып
келгеніне қарамастан, жеке бір стильдік тармақты белгілей ала-
тын жанр ретінде қалыптасып кете алмай, ізденіс үстіндегі тол-
қуында болса керек.
Мерзімді баспасөз тілі аз ғана уақыттың ішінде жазба тілдің
осындай салаларынан мүлде ажырап, жаңа стильдік бағыт алып
кетуі мүмкін де емес еді, дегенмен революциядан бұрынғы
баспасөз тілімен салыстырғанда жазу дəстүрінің біраз жаңара
түскендігі бірден байқалады.
XX ғасырдың басында, əсіресе, Совет өкіметінің алғашқы
жылдарының өзінде-ақ, көркем шығарма тілінің дамуымен қатар
ресми стильдің көрінісі ретінде ғылыми шығарма, публицистикалық
шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады.
Əрине, бұл құбылыстың жаратылысында орыс тілінің əсер-
ықпалы бар екені даусыз, өйткені стильдік тармақтардың сарала-
на бастауының өзі орыс тілі ықпалымен тығыз байланысты. Орыс
тілі арқылы енген жаңа ұғым өзіне лайық тілдік единицалардың
жасалуын талап етті. Мерзімді баспасөз тіліне бұрын қолданыла
бермеген дербес конструкция, сөз тіркесі, сөйлем құрылысы-
ның, т.б. үлгілері енуіне əсер етті. Олардың көпшілігі мерзімді
баспасөз тілі арқылы жазба əдеби тіліміздің игілігіне айналды.
Совет дəуіріндегі, əсіресе оның алғашқы жылдарындағы,
мерзімді баспасөз қазақтың терминологиясын қалыптастыруда да
орасан зор қызмет атқарды.
Баспасөз бетінде дұрыс алынбаған не жарыспалы терминдер-
дің де қолданылып отыруына қарамастан, газет-журналдар қазақ
терминологиясының негізін салуға атсалысып, белсене қатысқанын
көреміз. Ғылым мен техниканың əр алуан саласындағы терминдер-
ді əрдайым көпшілік алқасына салып отырумен қатар солардың
жарамды, дұрыс дегендерін пайдаланып, батыл қолданып отырды,
сөйтіп терминдерді қалыптастырудың бірден-бір жаршысы болды.
Жəне термин туралы ғылыми, сын мақалалар да басып тұрды.
Бір ғасырлық тарихы бар мерзімді баспасөздің тілін зерттеудің
нəтижесінде оның бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай
аламыз. Жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілі
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 591
екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түседі.
Əсіресе «кітаби тіл» дəстүрінің элементтері кеми бастайды.
Жазу тəжірибесінің көне дəстүрі, араб алфавитінің қолайсыз-
дығы қазақ тілінің ғасырлар бойы қалыптасқан үндестік заңын
қирата алмаса да, жазу ісінде көптеген қайшылыққа жол беріп,
жазу жəне оқуды екі пəнге айналдырған еді. Орфоэпия ескерілмей,
қосымша дəстүр бойынша маллар, жанлар, мал-лы, жан-лы
түрінде жазылып, қазақшаланып, мал-дар, жан-дар, мал-ды, жан-
ды болып оқылатын.
Бұл қайшылықты жоюға, бірден халық тілін нысана етуге бой
ұрған баспасөз ескі дəстүрді талқандай алмаса да, жаңаның ізін
сала бастады.
Сол сияқты қажетсіз терминдерді, кейбір шылау сөздерді
(мысалы, һəм, хақында, ша, ше, оның үшін, соның үшін, оның
себепті, т.т.) қолданудан да бас тарта бастайды. Белгілі шеңбер-
дегі баспасөз тіліне тəн сөз орамдары шыңдалып, сараланып,
өңделе түседі.
Қазақтың əдеби тілін одан əрі дамыта түсуде мерзімді бас-
пасөздің рөлі де орасан зор. Қазақ халқының ағартушылары
Абай, Ыбырай іргесін қалаған қазақтың ұлттық жазба əдеби тілі
жаңа сатыға көтеріліп, сапа жағынан да, сан жағынан да арта
түсті. Қазақ тілі ғылым тілі, техника тілі бола алды. Қазақтың
əдеби тілін лексикалық жағынан байыта түсуде, орфографиялық,
грамматикалық жағынан нормалауда баспасөз ізгі қызмет атқарды.
Қоғам дамуының нəтижесінде ғылым мен техника, экономика
мен мəдениеттің өрістеуіне байланысты туып отырған жаңа сөз-
дер жəне орыс тілі арқылы енген интернационалдық лексиканы
ғана қолданып қоймай, қазақтың төл сөз байлығын да бұл кездегі
газет-журналдар барынша сарқа пайдаланып отырды. Екінші
тілден, əсіресе орыс тілінен, сөз алуға газет пен журналдар көбінесе
қазақ тілінде баламасы табылмаған жағдайда ғана барады.
Баспасөз бетінде көнеріп бара жатқан көптеген сөздер жаңара-
жанданып, мағына кеңеюінің, немесе тараюының нəтижесінде
кəдеге асты.
Қазақ тілін зерттеуге қазақ тіл білімі мəселелеріне де қазақтың
мерзімді баспасөзі барынша назар аударып отырды. Тіл білімін-
дегі көптеген талас мəселелер дер кезінде дискуссия ұйымдасты-
592 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
рып, мамандардың, сондай-ақ оқушы көпшіліктің де пікірлері га-
зет-журнал беттерінде жарияланып келді.
Əсіресе орфография, емле мəселесіне «Еңбекші қазақ» газеті
зор көңіл аударып, дүркін-дүркін дискуссия ұйымдастырып, кейін
араб алфавитінен латынға көшерде жаңа əріптерді, сондай-ақ жаңа
емле қағидаларын оқушыларына дер кезінде жеткізіп отырды.
Қазақ тілін дамыту туралы қажетті мəселелер көтеріп, ол жөнінде
ғылыми-практикалық маңызы бар мақалалар жариялап келді. Сол
сияқты мектепте, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту,
оқулық жазу деген мəселелері де назардан тыс қалмады.
Мерзімді баспасөз материалдары арқылы жазба тілде сөйлеу
тіліне қарағанда басқа тілдің əсері дəуіріне қарай сан жағынан да,
сапа жағынан да көлемді болып отыратыны, ол ықпал тек лексика
шеңберінде ғана емес, грамматика саласында, əсіресе сөз тіркесі,
тіпті сөйлем жүйесінде де орын алатыны анық байқалады.
Октябрь революциясынан кейінгі жерде басқа да көптеген
ұлт тілдері сияқты қазақ тілінде орыс тілінің тигізіп отырған игі
ықпалы зор. Баспасөз тілінде ол ықпалды көрсететін фактілер
жеткілікті.
Қазақтың мерзімді баспасөзі тілімізде бұрыннан бар тілдік
единицалар мен формаларды кеңінен қолдана отырып, сөз туды-
ру мəселесінде тілдің потенциялық мүмкіншіліктерін де батыл
пайдалана білді. Мерзімді баспасөз тілінде тілімізде бар үлгінің
негізінде жаңа сөздер, сөз орамдары туып, олардың көбі-ақ жазба
əдеби тілдің төрінен мықтап орын алды. Жаңа сөз тудыруда кейбір
тұлғалардың активтілігі артты. Олар -шы, -ші (кітапханашы,
үңдеуші, кəсіпші, нұсқаушы, еңбекші, насихатшы, төреші), -шыл,
-шіл (солшыл, ісшіл, жаңашыл), -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
(социалдық, революциялық, естелік, апталық, онкүндік, мамандық,
космостық),-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті (жауапты, кезекті, советті),
-ша,-ше (ұйымша, кітапша, бөлімше), -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
(үйірме, мəлімдеме, баспа, көшірме), -ым, -ім, -м (басылым,
айналым), -ман, -мен (оқырман, көрермен), -ыс, -іс, -с (атта-
ныс, қосылыс, жазылыс, жеңіліс), -шылық, -шілік, -шылдық,
-шілдік (жетекшілік, əміршілік, бұқарашылдық, солшылдық,
жауапкершілік), өзгелік етіс тұлғасы -дыр, -дір, -тыр, -тір
(кеңестіру, мəдениеттендіру, белсендіру, электрлендіру, мамандан-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 593
дыру), -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі (жылжымалы, та-
нымалы), т.б. тұлғалар.
Сондай-ақ мерзімді баспасөз тілінде аналитикалық тəсілмен сөз
жасау процесі де дами түсті. Бұрын əдеби тілімізде қолданылмаған
жаңа қос сөздер (оқу-ағарту, азық-түлік, себеп-салдар), біріккен
сөздер (өнеркəсіп, көзқарас, баспасөз), атаулық тіркестер (жа-
рыссөз, күн тəртібі, тап күресі, ұлт мəселесі) пайда болды.
Сөздерді қысқартып қолдану тəсілі – əдеби тілімізде тек Ұлы
Октябрь революциясынан кейінгі кезде ғана қолданыла бастаған
құбылыс. Совет дəуірінің алғашқы жылдарынан бастап күні
бүгінге дейін мерзімді баспасөз бұл тілдік құбылысты өз беттерінде
қажетінше пайдаланып келеді.
Мерзімді баспасөз тілінде сөз тіркесімділігінің артып, бұрын
кездеспеген жаңа сөз тіркестерінің қолданылып отырғанын көре-
міз. Олардың көбі əдеби тілге сіңіп, тілдің қажетін өтеуде.
Тіл мəдениетіне байланысты мерзімді баспасөз тілінде əлі де
ұштала беретін жайттар аз емес. Мысалы, қатыстық мағынаны
білдіретін сөз тіркестері белгілі грамматикалық формалар арқылы
беріледі. Олар – изафеттік құрылыстағы сөз орамдары немесе
қатыстық сын есім тұлғалары арқылы қабыса байланысқан сөз
тіркестері. Бұл заңдылық мерзімді баспасөз тілінде кейде сақтала
бермейді.
Мерзімді баспасөз тілінде сөйлемнің құрамдық, құрылымдық,
тұлғалық түрлерінің қолданылуында белгілі тенденцияның
барлығы да байқалады. Егер Октябрь революциясына дейінгі
мерзімді баспасөз тілінде қысқа құрамды жай сөйлемдер, -ып,
-іп, -п көсемше тұлғалы бірыңғай мүшелі жəне бағыныңқылы
сөйлемдер көбірек қолданылып келсе, кейінгі кезеңдерде құрмалас
сөйлемдер, олардың көптеген түрлері қолданыла бастайды. Со-
нымен бірге жай сөйлемдердің бірыңғай, үйірлі мүшелер арқылы
күрделенген жайылма түрлері көбірек қолданылып, жай сөйлем
құрамындағы сөздердің саны арта түседі. Қорытындылай келген-
де, жоғарыдағы талданған материалдар мерзімді баспасөз тілінің
өзіндік ерекшеліктері, тілдік тұлғаларының жүйелі қолданылу
салмағы бар публицистика тілі болуға бағыт алғанын айтуға
мүмкіндік береді. Қазіргі күнде орныққан əрі бір жүйеге келген
мерзімді баспасөз тілі, оның сөздік құрамы мен грамматикалық
594 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
құрылысы бірден қалыптаса қойған жоқ, олардың өзіндік
қалыптасу, даму процесі бар. Мерзімді баспасөз тілі қанша
жетілген болса да, əлі де даму үстінде болатынын, қалыптасу
процесі тоқталмайтынын, үнемі жақсартуда болатынын да айтуға
тиіспіз.
Шартты түрде қысқартылып алынған атаулар
А. – «Айқап» журналы
БЕ – «Білім жəне еңбек» журналы
ДУГ – «Дала уалаятының газеті»
ЕҚ – «Еңбекші қазақ» газеті
Ж – «Жетісу» газеті
ҚƏ –«Қазақ əдебиеті» газеті
ҚҚ – «Қызыл Қазақстан» журналы
ҚМ – «Қазақстан мұғалімі» газеті
ҚП – «Қазақстан пионері» газеті
ЛЖ – «Лениншіл жас» газеті
СҚ – «Социалистік Қазақстан» газеті
С – «Спорт» газеті
ТУГ – «Түркістан уалаятының газеті»
ПДП – С.М. Малов. Памятники древнетюркской письменности.
М-Л., 1951.
Абұлғазы – Абұлғазы Баһадур хан, Шежіре-и түрік, Қазан, 1824.
Жалаири – Қадырғали Жалаири. Жамиғ-ат тауарих. Библиотека
восточных историков проф. И. Березина. Казань, 1854 (XVІ ғасырдың
аяғы мен ХVІІ ғасырдың басына жататын жазба ескерткіш).
Мұхаббат-наме – Мұхаббат-наме-Хорезми. Издание текста, транс-
крипция, перевод и исследование Э.Н. Наджипа. М., 1961 (XІV ғасыр
ескерткіш).
ІV
ЯЗЫК
ПЕРИОДИЧЕСКОЙ
ПЕЧАТИ
1920-х ГОДОВ
АВТОРЕФЕРАТ
диссертации на соискание ученой степени кандидата
филологических наук
АВТОРЕФЕРАТ
диссертации на соискание ученой степени
кандидата филологических наук
АКАДЕМИЯ НАУК КАЗАХСКОЙ ССР
ИНСТИТУТ ЯЗЫКОЗНАНИЯ
На правах рукописи
С. ИСАЕВ
ЯЗЫК
ПЕРИОДИЧЕСКОЙ ПЕЧАТИ
1920-х ГОДОВ
АВТОРЕФЕРАТ
диссертации на соискание ученой степени кандидата
филологических наук
Научный руководитель –
кандидат филологических наук,
доцент Т. Р. КОРДАБАЕВ
АЛМА-АТА, 1966
Автореферат 597
Одной из основных проблем казахского языкознания является
вопрос о становлении и развитии казахского литературного языка.
В этой связи большой научный интерес представляет изучение
языка казахской публицистики.
Язык казахской советской периодической печати и его особен-
ности до сих пор специально не изучались, хотя роль прессы
в развитии литературного языка, в формировании его стилей,
в систематизации терминологии, а также в нормализации лексики,
орфографии грамматического строя очень велика.
Именно в первые десятилетия после Октября начинает склады-
ваться научный стиль, формироваться научная терминология
и обогащаться словарный состав казахского языка путем исполь-
зования своих внутренних ресурсов (расширение или сужение
значений отдельных лексем и словосочетаний), при помощи ка-
лек или переводов и посредством заимствований. Все это четко
отражается в языке периодической печати 20-х годов.
Проблема взаимоотношений между языками пародов СССР,
в частности взаимоотношения между казахским и русским, в тео-
ретическом отношении актуальна, ибо без глубокого и всесторон-
него ее изучения «трудно, даже невозможно признать природу
не только лексических, но и ряда стилистических и фонетико-
грамматических закономерностей современного казахского язы-
ка»1. Вопрос воздействия на язык социальной действительности
и степень возможного изменения языка в отдельных ярусах в связи
с преобразованием общества можно проследить на материалах
печати 20-х годов.
Таким образом, изучение языка прессы в советское время
имеет не только теоретическое, но и практическое значение.
Данная работа на основе исследования языка периодической
печати 20-х годов, одного из периодов наиболее бурного развития
казахского литературного языка, его интенсивного обогащения но-
выми словами, сочетаниями и расширения общественных функций,
преследует следующие задачи: показать лексические, грамматиче-
ские и орфографические особенности языка печати данного
1 С.К. Кенесбаев. К вопросу о влиянии русского языка на казахский // Вестник АН
КазССР, 1953, № 6, стр. 11.
598 Автореферат
времени; раскрыть некоторые общие и частные закономерности и
степень развития языка общественной публицистики; объяснить
новые языковые явления, наблюдаемые в периодической печати 20-х
годов; показать советизмы, а также активизацию некоторых древних
форм и причины, побудившие ее, формирование терминологиче-
ской системы казахского языка и, наконец, выяснить особенность
языка прессы этого периода в сравнении с современным казахским
литературным и устно-разговорным языком, с одной стороны, и
письменно-книжным языком дореволюционного времени, с дру-
гой. В связи с этим в диссертации привлечены материалы из казах-
ской периодической печати вообще (начиная от первых попыток
до современных образцов), хотя работа и посвящена исследованию
языка печати определенного периода. Поэтому хронологические
рамки рассматриваемых в работе проблем несколько условны, так
как любые явления в языке взаимосвязаны с другими явлениями,
и их «существование всегда поддерживается совокупностью
связей с другими явлениями», «характер связей между языковыми
явлениями исторически изменяется»1.
Основные языковые материалы взяты из газеты «Еңбекші қа-
зақ», выходившей с 1921 года, и журнала «Қызыл Қазахстан»,
издававшегося с 1922 года (в дальнейшем они даются сокращенно
«Е. Қ.» и «Қ.Қ.»).
Во введении обосновывается необходимость изучения избран-
ной темы, дается краткий обзор и перечень казахской периодики
до конца 20-х годов, история изучения вопроса, методика исследо-
вания, характеризуются некоторые общие черты языка печати дан-
ного периода. Подчеркивается необходимость применения некото-
рого количественного анализа грамматических форм для выясне-
ния корреляции определенных языковых явлений и своеобразных
особенностей языка периодической печати в отличие от художе-
ственного произведения. Ибо «каждое языковое явление, помимо
качественной определенности, говоря условно и образно, обладает
и некоей «массой», т.е. занимает в кругу других языковых явле-
ний некое пространство и соизмеримо с ним в некоих измерениях
1 Б.А. Серебренников. О взаимосвязи языковых явлений и их исторических измене-
ний // «Вопросы языкознания», 1964, №3, стр. 21.
Автореферат 599
с разной степенью интенсивности»1. Выборки общим объемом
14039 слов сделаны из трех публицистических статей (в дальней-
шем T1) [Қ. Қ. за 1922 год №№4, 5, 7–8, объем N1=5000 слов] и
рассказа М. Ауэзова «Қорғансыздың күні» (Т2), напечатанного в
Қ. Қ. за 1922 год № 3, 4, 5, который считается одним из лучших
художественных творений того времени (N2 = 5000 слов), а также
из 11 передовых статей (Т3) [Е. Қ. за 1926 г., N3 = 4039].
***
Первая глава работы посвящена лексическим особенностям
языка периодической печати. По характеру лексических на-
пластований и распределения по группам в стилистическом
плане лексика печати рассматривается в рамках трех основных
разделов; неологизмы (советизмы), элементы книжного языка и
элементы устно-разговорной речи. В работе приняты во внимание
существующие в лингвистической науке классификации лексики
по структуре или структурная классификация, по значению или
семантическая классификация и т.д., дополняющие друг друга.
Изменения в общественной жизни обусловили изменения и в
лексике казахского языка. Появился целый ряд слов и терминов для
обозначения новых понятий, многие из которых были узаконены
на страницах печати первого послеоктябрьского десятилетия.
В тематическом плане советизмы в языке печати можно раз-
делить на несколько групп:
а) слова и термины, отражающие цробуждение самосознания
народа, его борьбу за свободу и национальную независимость,
повседневную деятельность Коммунистической партии, Советско-
го государства, общеполитическая лексика, а также слова и соче-
тания, связанные с названиями партийных, советских органов и
учреждений, должностей: тaп, epeyіл, большевик, көзқарас, əдіс,
исполком... К ү н т ə р т і б і н д е төменгі мəселелер тұр:істелген
іc туралы баяндама... һəм ағым істер (Е. Қ. 1923, 27 август);
1 В.Р. Адмони. Качественный и количественный анализ грамматических явлений //
Теоретические проблемы современного советского языкознания. М., 1964, стр. 56–57.
600 Автореферат
б) слова и термины, связанные с экономикой страны: азық-түлік
салығы, бюджет, тұтыну, жеңіл кəсіп. Мал өсіретін артель-
дер жасау керек (К. Қ., 1922, №4);
в) слова и термины, относящиеся к области культурной жизни
и просвещения: пьеса, театр, халық үйі, əуесқой (любитель),
қаһарман, оқу жылы. Белгілі о й н а у ш ы л а р ы м ы з болмаған-
мен, оқтасында əуесқой жастарымыз жиналып ойнайтын еді –
қазақша пьесалар жоқ (Е. Қ. 1923, 30 июль).
Названия различных учебных дисциплин и их термины утвер-
дились в основном в 20-е годы, и периодическая печать, постоянно
публикуя эти слова на своих страницах, доводила их до читателей;
г) слова и термины, обозначающие научные и технические
понятия: сүңгуір қайық,ұшқыш, автомобиль, əуешілер, аттың
күшіндей қуат;
д) юридические термины: право, үкім, тергеуші, ақылы істер
заңы, кодекс. Адамдарға қарсы сот тексеруін қоздыру (Қ. Қ., 1922,
№10).
Хотя некоторые из этих лексем изредка встречаются и в доре-
волюционных изданиях, они не нашли там широкого применения,
закрепились только в советское время и большая заслуга печати
именно в популяризации и словесном оформлении новых понятий
и в образовании новых слов, в превращении потенциальной воз-
можности в реальную.
В диссертации анализируются способы образования советиз-
мов – новых слов и терминов – в языке печати 20-х годов, которые
сводятся к следующему:
1) Семантический путь, куда включаются расширение и суже-
ние значения, переосмысление старых значений слов, а также но-
вые слова и сочетания, образованные при помощи семантических
калек и переводов. Реализация внутренних языковых ресурсов яв-
ляется одним из основных источников пополнения и обогащения
новыми словами языка печати, так как любой язык «не может в
формах своего выражения и даже своей терминологии оторваться
от национально-языковой базы, от общенародного языка»1. Слова,
ранее бытовавшие в казахском языке, с появлением новых поня-
1 Материалы объединенной научной сессии, изд. АПН РСФСР. М., 1951, стр. 56.