Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 451
Басқа да туыстас халықтар сияқты қазақ халқының да мəде-
ниеті, əдебиеті, сонымен қатар тілінің қарыштап дамуы, қарқынды
өркендеуі Ұлы Октябрьдің жемісі екені кімге де болса аян. Қазақ
халқының шын мəніндегі бай да сапалы жазба əдеби тілі Ұлы Ок-
тябрь социалистік революциясынан кейін күшті қарқынмен дамы-
ды. Жазба əдеби тілді дамытуда ғылымның, техниканың, əдебиет-
тің жетілуі, баспасөз орындарының көбеюі үлкен рөл атқарды.
Осыған орай сөйлеу тілінде қолданылмайтын, кейде, тіпті, жекеле-
ген салаларда ғана қолданылатын жеке сөздер, сөз орамдары жəне
грамматикалык формалар пайда болып, жазба əдеби тілдің қаже-
тін өтеп келгені белгілі. Тілдегі ондай топтар əлі де болса туып
отырады.
Ендігі басын ашатын мəселе – осындай топтар «кітаби тіл»
қатарына кіре ме, жоқ па? Орыс тіл білімінде олар «кітаби тілге»
еніп, сол тұрғыдан зерттеледі. Орыс тілін зерттеушілердің көрсе-
туінше, жалпы халықтық тілдің мұндай тобы, бір жағынан,
күнделікті сөйлеу тілінде қолданылмайтын немесе өте аз қолда-
нылатын, екінші жағынан, жазба тілмен байланысты болады.
Оған мəдени өмірдің алуан түрлі саласын қамтитын жазба тілдің
лексикасы жатады1. Ал қазақ тілінде «кітаби тіл» деген ұғымды
бұлай анықтауға бола бермейді. Ондай сөздер, сөз орамдары мен
грамматикалық формаларды, яғни сөйлеу тілінде жұмсалмай, тек
жазба тілде қолданылып отыратын тілдік құбылыстарды, біздіңше,
жалпы əдебиет тілі (бұл атау «əдеби тіл» дегеи терминнен басқа)
деп атап, соның ішінде жанрлық жағын ескеріп, көркем шығарма
тілі, баспасөз тілі немесе газет, журнал тілі, ғылыми əдебиет тілі,
қоғамдық-саяси публицистика тілі (язык общественно-политиче-
ской публицистики), іс жүргізу, кеңсе қағаздарының тілі (язык де-
ловых бумаг, документов), т.б. осы тəріздес түрлерге бөліп қарауға
болады. Ал «кітаби тіл» деген термин – осы соңғылар сияқты тек
жалпы тілдің өмір сүру формасы мен жанрлық-стильдік жағынан
алғандағы бір түрі ғана. Бұл термин орыс тіліндегі «церковно-сла-
вянский язык» деген терминмен сəйкес келеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі «кітаби тіл» деген ұғымды осылай
анықтап, əдеби тіл тарихынан тиісті орнын беру керек, өйткені
1 Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. М., 1965, стр. 179–180.
452 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
əдеби тілді дамытуда, байытуда оның белгілі үлесі бар. Оны мы-
надан да көруге болады. Қазіргі баспасөз тілінде, ғылыми əдебиет
тілінде жиі қолданылып жүрген – и арқылы жасалған қатысты
сын есімдер əдеби тілімізге осы «кітаби тіл» арқылы келіп енген.
Қазіргі кезде ол сын есімдердің саны санаулы-ақ болса да, қолдану
аясы кең екенін аңғару қиын емес: саяси (сабақ), тарихи (шешім),
мəдени (іс), əскери (бөлім), т.б. қала берді тіліміздің қажетін өтеуге
жарап, əдеби тілден тұрақты орын тепкен көптеген жаңа сөздер
жазба кітаби тіл арқылы келгендігі байқалады.
«Кітаби тіл» туралы ойласқанда мыналарды ескеру қажет:
1. Жалпы халықтық сипат ала алмаған, белгілі бір кезеңдерде
жазба тілде, кейде жекелеген шығарма тілінде қолданылған араб-
парсы сөздері мен формалары, туыстас халықтардың тілдерінің
əсерінен пайда болған кейбір жеке сөздер мен грамматикалық
формалар.
2. Сөйлеу тілінде қолданудан шығып қалған көне тіліміздің
қалдықтары. «Тілдегі көнерген сөздер мен номинативті стильдік
неологизмдер түгелдей кітаби лексикаға жатады»1 – дейді
Н.М. Шанский. Бұл топқа жалғыз «шағатай» не «көне өзбек» деп
аталып жүрген ортағасырлық түркі тілінің қалдықтары ғана емес,
сонымен қатар жалпы көне түркі тілінде бір кезде дербес қолда-
нылып келген, ал кейінгі шақта белгілі бір шығарманың, болма-
са белгілі дəуірдің жазба тілінде ғана кездесетін жекелеген сөздер
мен көне формалар жатады2.
3. Сонымен қатар «кітаби тіл» сөз болғанда, жазу, орфография-
лық дəстүр де айтылуы тиіс. Көптеген туыстас түркі халықтары
(қазақ, өзбек, татар, қырғыз, т.б.) араб алфавитімен бірдей жазып,
бірақ əр халықтың тілінің ыңғайына қарай əртүрлі оқып келгені
кімге де болса аян. Демек, «кітаби тіл» – грамматикалық жағынан
көптеген түркі халықтарына ортақ дəстүрі бар тіл.
Міне, «кітаби тілді» осы тұрғыдан, осындай топтарға бөліп
қараған тиімді, сонда ғана көне түркі ортағасырлық түркі (шаға-
тай, я көне өзбек деп аталынып жүрген) тілдері мен қазақ тілінің
қарым-қатынасы ашыла түсер еді.
1 Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. М., 1963, стр. 89.
2 Бұл туралы қараңыз: Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі, 164–177-бб.;
Сыздыкова Р. Язык произведении Абая, стр. 18–24.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 453
Адам баласының талай ғасырлар бойы жасап келген нəрселе-
рін, солардың тарихын жоққа шығаруға тырысқан Дюрингті сы-
най келіп, Ф. Энгельстің «ана тілінің материясы мен формасы»
сол тілдің туып, қалыптасып, бірте-бірте дамуы айқындалғанда
ғана түсінікті бола алады, ал мұның өзі, біріншіден, сол тілдің өлі
тұлғаларын ескеріп, есепке алмай, екіншіден, туысқан тірі жəне
өлі тілдермен салыстыра қарамай мүмкін болмайды1 деген қағи-
дасын басшылыққа алуды ұмытпауымыз керек.
Шынында да, тілдің диалектикалық дамуын ескермесек, тілдің
түрлі категорияларын, оның бүгінгі күйін, дəрежесін, сол дəрежеге
жетуін зерттеу, ашу мүмкін емес. Тілдегі көне элементтер бірден
құрып кетпей, көп уақыттарға дейін сол тілдің қажетін өтеуге
жарап, қолданыла береді. «Кітаби тіл» дəстүрінің сарқыншағы
Октябрь революциясынан кейін бірден жоғалып, жойылып кетті
деуге болмайды. Қазақтың мерзімді баспасөз беттерінде, əсіресе
араб алфавиті өмір сүріп тұрған кезде, «кітаби тілге» тəн же-
келеген лексикалардан басқа орфографиялық, грамматикалық
ерекшеліктер де кездесіп отырды. Тіпті, совет дəуірінің алғашқы
жылдарындағы баспасөздің өзі «кітаби тілде» қалыптасқан жазу
дəстүрінен толық арыла қоймағандығы белгілі. Бұл саладағы
орфографиялық ерекшеліктер, немесе «кітаби тіл» элементтері,
негізінен, фонетикалық жəне фонетико-морфологиялық болып
келеді.
Шығыс халықтарының (араб-парсы) тілдерінен енген сөздер-
ді, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне дəл келмесе де, сол тілдердің
орфографиясына лайықтап жазуға бағыт ұстағандық байқалады.
Мысалы: амал – ғамал, əріп – харіф, əскер – ғаскер, тағы сол сияқ-
ты көптеген сөздер.
Сондай сөздердің бірі – ст дыбыстарына бітетін сөздер. Ол
туралы «Қазақ əдеби тілінің тарихы» былай деп жазады: «XX ға-
сырдың басындағы баспасөз жəне кейбір əдебиеттер тілінен бай-
қалатын ендігі бір фонетикалық құбылыс – дауыссыз қосар ст
фонемалары. Бұл қосар дауыссыз осы кезеңдегі көркем əдебиет
тілінен де, одан арғы жердегі жазбалардан да ұшырасады. Қосар
ст олардың қай-қайсысында да рас, дос (раст, дост) есімдерінде
1 Энгельс Ф. Анти-Дюринг. М., 1950, стр. 303.
454 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
қолданылады. Ал XX ғасырдың басындағы баспасөз жəне кейбір
əдебиеттерде бұл екеуінен басқа дұрыс (дұрыст) сөзінде де жұм-
салады.
Бұл ретте жəне əдеттегі рас, дос есім сөздері т дыбысынан
кейін ара-тұра септік жалғауының да бірін қабылдай береді. Яғни
қазіргі əдеби тіліміздегі дұрыс, расынан, расына, досқа сөздері бұл
кезеңдегі баспасөз бен кейбір əдебиеттерде дұрст, растна, раст-
нан, достқа түрінде жұмсалған.
Осы қосар дауыссыз ст етістік сөзден де аңғарылады. Ол –
қазіргі əдеби тіліміздегі өсу етістігі. Бұл ара-тұра туынды түбірлі
етістік ыңғайында өстіру түрінде қолданылады. Мұндай қосар
дауыссызбен келетін өстіру етістігі ілгеріректегі шығармалардың
ішінен, əсіресе Алтынсариннің еңбегінен, Абайдың қара сөздері-
нен байқалады»1.
Бұл көрсетілген ерекшелік сол сөздердің бастапқы тұлғасын
сақтап жазудан туған. Əрине, дос, рас, дұрыс есімдері мен өсіру
етістігінде ст дыбысын жазу бір нəрсе емес. Алдыңғы есім сөздер
тілімізге парсы тілінен енген, сол тілде дост, раст, дұрыст
болып жазылады. Бұл жерде сол дəстүр сақталған. Ал өсіру
етістігінің өстіру тұлғасында жұмсалуы – сөздің көне тұлғасын
сақтаушылық. Сөздің түбірі – өс етістігі, оған – тір өзгелік етіс
жұрнағы жалғанған. Сөйлеу тілінде осы сияқты кейбір сөзге
жалғанған қосымшаның құрамындағы т дыбысы түсіп қалып, ыр
(-ір) жұрнағына айналған. Мысалы, қазіргі əдеби тілімізде қол-
данылатын асыру (атты таң асыру) етістігінің көне тұлғасы таң
астыру екенін Л.З. Будаговтың сөздігінен де көруге болады. Иль-
минскийден алған материалдарында мынадай мысал береді: атды
таң астырып қойдым2.
Осының негізінде қазіргі əдеби тіліміздегі -ыр (-ір) жұрнағы-
ның əуел бастағы толық тұлғасы -тыр (-тір) екенін байқаймыз.
Қосымшаның жалғануына байланысты да біршама дыбыстық
ерекшеліктер байқалады. Қазақтың əдеби тілінде қосымшалардың
көбі дыбыс үндестігіне қарай бірнеше вариантта жұмсалса, бұл
1 Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы,
1968, 130-б.
2 Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Т. І. 1869, стр. 52.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 455
кезеңдегі баспасөз тілінде ол қосымшалардың бір, не екі-ақ ва-
рианттары қолданылады, көбіне-көп қатаң дыбыстан басталатын
қосымшалар жалғанбайды. Бұл процестің XІX ғасырдың аяғы
мен XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз тілінде жүйелі
қолданылуының өзіндік ерекшелігі де жоқ емес.
Жалпы «Айқап» журналы тіл туралы жариялаған кейбір мақа-
лаларында болсын, практикалық ісінде болсын, түркі тілдерінің
бір-бірінен сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы жағынан да
алшақтап кетпей, қайта жақындата түсу бағытында болды. Бұл
позиция журналдың орфограммасына əсер етіп отырды. Ал рево-
люциядан кейінгі баспасөз одан біртіндеп арыла бастады.
Көптік, септік жалғауларының, сол сияқты бірсыдырғы жұр-
нақтардың сонор, ұяң дыбыстарынан басталатын варианттары
жалғанады. Мысалы: «Шикі заттарды (тері һəм жұн) ашдар фай-
дасына жұмсау керек» (ҚҚ, №4, 1922, 8-б.). «Сондықтан əзіргі
уақытда жергілікті халық басқармалардан бұрын һəм хүкімет
есебінде жер мен пайдалануға ақысы бар» (ҚҚ, №10, 1922, 75-б.).
«...аса зор құрмет көрсетб шадлықбен қарсы алған» (ЕҚ, 9 июль
1922) «...қираған үйлері биыл қыстаудан түзетдірілді, көңілге
олқы жер қалдыртмады» (ЕҚ, 18 июль, 1923). ...Езілген жұрт-
дың қорғаны – Кеңесдер хүкіметіне істелген қызметін тарих
ұмытбасдай болды (ҚҚ, №4, 1922, 6-б.)
Қатаң дыбысқа біткен сөзді байланыстыру үшін көбіне бен шы-
лауы қолданылады. Мысалы: «Əсіресе соғыс мəселесіне келгенде
əлгідей Савет бен партияның бірдей қатысулары...» (ҚҚ, №7–8,
1922, 13-б.). Фракцияшылдық мақсат бен өзін айтыс талқысына
салмақшы болғандарға қарсы партия аянбай батыл күрес ашуға
тиіс (ҚҚ, №3, 1924, 7-б.).
Сөз тудыратын, не форма өзгертетін жұрнақтардың қатаң ды-
быстан басталатын варианттары жалғанбай, олардың орнына ұяң,
не сонор дыбыстардан басталатын варианттары үстеледі. Сондай-
ақ мерзімді баспасөз тілінде сөз соңындағы көсемшенің -ып, -іп,
формасы көбіне -уб -үб тұлғасында жазылып жүрді. Бұлай жазу
бұдан бұрынғы кездегі жазбалар тілінде де біршама тұрақты. Сол
кездегі сөйлеу тілінде көсемшенің -ып, -іп тұлғалары -уб, -үб
(п-ның б-ға айналуын айтып отырғанымыз жоқ) болып айтылды
деуге сыймайды. Бұл да көне дəстүрдің көрінісі болуы мүмкін.
456 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
А.М. Щербак X–XІІІ ғасырлардағы жазбаларды талдай отырып,
М. Қашғари етістіктің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың өз-
геруін түркі тілдерінің үш топқа бөлінуімен байланысты көр-
сеткенін жазады: түркі -ым, -ыб, іб, оғуз-аб, -еб, арғу-уб, үб1, т.б.
Бұл – көне тайпа тілінің қалдығы ма, болмаса кездейсоқ
ұқсастық па – ол арасын айту қиын. Ал п дыбысының б болып
жазылуын п дыбысына аяқталған сөзге дауысты дыбыстан баста-
латын қосымша жалғанғанда, ол ұяңданып, б-ға айналып кетуімен
жəне жалпы п əрпінің бұл кезеңдегі араб алфавитімен жазылған
жазба əдебиет тілінде өте сирек кездесуімен ғана түсіндіруге бо-
лады. Ол шығармалардың авторлары, п жəне б дыбыстарын əр
позицияға байланысты əртүрлі айтылатын болса да, бір-ақ түрде
жазылады деп түсінген болу керек. Оған себеп: араб əліппесінде
б мен п əрпінің сараланбауы əсер еткен сияқты.
Сондықтан да түбір сөзде болсын, қосымшада болсын п ес-
тілетін жерде көбіне-көп б жазылып отырады: айтпа емес, айт-
ба, бітіріпті емес, бітірубді, көп емес, көб, есеп емес, есеб,
сондай-ақ мектебке, ғазаб, хисаб, т.б. Бұлай жазуда араб жазу
дəстүрінің əсері де жоқ емес, өйткені араб алфавитінде п дыбысы
белгіленбеген, яғни араб тілінде ол дыбысқа жеке таңба жоқ, тек
б ғана бар. Бірақ арагідік қана қазақтың сөйлеу тілі əсерінен кейін-
гі кезде п дыбысы да жазылып қалады: истепендия, шықпас, т.б.
Қазақ тіліндегі үндестік заңы көп жерде бұзылып қолданы-
луының негізгі себебі сол кездегі мəдениет, өнер майданында
еңбек еткен қалам қайраткерлерінің, арабша жазу үлгісін сақтауға
бағыт ұстағанынан деп қараған жөн. Бұл пікірді «Айқаптың»
мына бағыты да дəлелдей түседі. «Айқапты» шығарушы редак-
тор Мұхамеджан Сералин «Емле мəселесі» атты мақаласында бұл
негізгі екі мəселенің төңірегінде зерттеліп шешілуі тиіс: Ол – ал-
фавит мəселесі жəне жазу, яғни тар мағынада емле мəселесі екені
көрсетіледі. Бұл мəселе күн тəртібіне негізінен дұрыс қойылып,
автор: «Біздің тіліміздегі бар дыбыстардың араб хəріфінде (яғни
алфавитінде – И.С.) жоқтары бар. Араб хəріфінде бар дыбыстардың
біздің тілімізде жоқтары бар. Соның үшін араб хəріфін тілімізге
1 Щербак А.М. Грамматический очерк языка тюркских текстов X–ХІІІ вв. из Вос-
точного Туркестана. М.-Л., 1961, стр. 149-159.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 457
дөп келерлік етіп бейімдемек, жазуды əркім бет-бетіменен жаза
бермей, белгілі бір соқпаққа салмақ – бізге де міндет», – деп келіп,
емле, алфавит мəселесінде осындай дұрыс принциппен бірге мына
пікірді де ұстанады: «Екінші, хəріф жаңа əліфба жұртты қосуға
да, айыруға да себепкер болғандықтан, біздің тұтынған хəріфіміз
басқа түрки балаларының хəріфтерінен ұзақтап, бөлініп кетпеске
тиіс»1.
Бұдан, əрине, журнал пантүркистік бағытта болған екен деген
ұғым тумайды, журналдың бұл мəселедегі негізгі бағыты – қазақ
тілінің өзіндік ерекшеліктерін сақтап, соны бере отырып, тіл даму
процесіндегі туыстас тілдердің жақындығын, қарым-қатынасын
ескеру.
20-жылдардың екінші жартысынан бастап, баспасөз тілі «кі-
таби тілдің» бұл тəрізді дəстүрінен арыла бастағаны байқалады.
1927-1929 жылдар аралығындағы газет, журнал тілінде мұндай
фонетикалық, фонетика-морфологиялық ерекшеліктерді кездестіре
қою қиын. Өйткені жазу, алфавит, орфография мəселелері сол
кезде мəдени майданда негізгі мəселелердің бірі еді. Олардың
белгілі жүйеге түсуі қажет болды. Жаңа өкімет органдары жаппай
сауаттандыру мəселесімен бірге алфавит, емле мəселесін де күн
тəртібіне қойып, оның дұрыс шешімін табу жөнінде бірқатар ша-
раларды жүзеге асырды.
Мерзімді баспасөз беттерінде алфавит, емле жайында бұл кез-
де пікірталастары ұйымдастырылып, ол жөнінде кезеңіне лайық
ресми шешім қабылданып отырды. Мысалы, «Еңбекші қазақ»
газеті бұл туралы кезінде дискуссия ұйымдастырып, оқушы көп-
шілік пікірлерін жариялап отырды. «Емлені өзгертуге жоба» де-
ген мақалада «емлеміз хат тануға қолайлы, көпке ұнамды түрге
келгенде ғана бұл мəселе (емле туралы дискуссия) тоқтау керек»,
«жазудың оңай, төте жолымен оқыту қараңғы жұртта білте шам-
ның орнына электр сəулесін түсіргенмен бірдей себеп», өйткені
«білімнің есігі жазу танумен ашылады», – деп келіп, дəстүрмен
жазатын артық таңбаларды алып тастауды ұсынады2. «Жазу
таңбаларымызды азайту туралы жоба» деген мақалада сол кездегі
1 Айқап, 1914, №4, 55, 56-бб.
2 Емлені өзгертуге жоба // «Еңбекші қазақ» газеті, 1924, 7 январь.
458 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
қазақ тілінің дыбыстарын белгілеу үшін 100-ден аса таңба алы-
нып отыр, дұрысында дыбыс басына бір-ақ таңба беру керек, басы
артық таңбаларды алып тастау керек деген ұсыныс кіргізген1. Ол
пікір «Емле туралы» деген мақалада да ашық айтылады2. Онда
əрбір дыбысқа дара таңба (əріп) беріп, айтылуынша жазу керектігі,
басы артық араб əріптерінің алфавиттен алынып тастау қажеттігі
көрсетілген.
Бұл мəселеге өз кезінде өкімет органдары да араласып отыр-
ды. Олардың кейбірі жайында дер кезінде қаулы-қарар қабылдап,
жеке ережелердің орнығып, жаппай қолданылуына мүмкіндік жа-
сады. «Қазақша жазу тақырыпты жаңа ережелер»3, «1924 жылы
июль айының ішінде болып өткен қазақ-қырғыз білімпаздар
жиылысының, жасаған қаулысы»4, «Емле туралы қаулы»5, т.б.
Бұдан былайғы жерде тіл майданына мамандардың саналы түрде
араласуының нəтижесінде тілдегі ала-құлалық, əр ізділік жойы-
ла бастады. Соның негізінде «кітаби тілге» жататын кейбір тілдік
элементтер əдеби тілге еніп, орныға бастаса, кейбірі бүтіндей
қолданудан шығып қалды.
Демек, Октябрь революциясына дейінгі мерзімді баспасөзде,
жалпы жазба əдебиетте тіл құрылысы майданында екі түрлі
бағыттың болғаны байқалады. Оның бірі – жазба тілде көне
«кітаби тіл» дəстүрін барынша сақтап, оның үстіне араб, иран
тілдерінің элементтерін мейлінше көбірек қолданып, əдеби тілдің
аясын тарылтып, жазба тілді штампқа айналдыру əрекетіндегі
бағыт болса, екіншісі оған қарама-қайшы əдеби тілдің өрісін
кеңейтуді көздеп, тілге жаңа элементтерді кіргізуден қашпай, оның
ішкі мүмкіндіктерін толық пайдаланумен бірге қажет деген жерде
шетел тілдеріндегі сөздерді батыл қолданып отырған бағыт.
Əдеби тілдегі бұл екі бағыт шығарма авторының идеялық
көзқарасымен де астасып жатады. Ол осы кездегі мерзімді баспа-
сөз, (мысалы, «Айқап», журналы, «Қазақстан» газеті), көркем шы-
1 «Еңбекші қазақ» газеті, 1924, 11 март.
2 «Сана» журналы, 1923, №1.
3 «Темір қазық» журналы, 1923, №2-3; «Шолпан» журналы, 1923, №6-7-8.
4 «Сана» журналы, 1924, №2-3.
5 «Жаңа мектеп» журналы, 1929, №5.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 459
ғармалар (С. Көбеевтің, С. Торайғыровтың, Б. Майлиннің, С. Сей-
фуллиннің, М. Сералиннің, Т. Жомартбаевтың)1, т.б. жəне оған
қарама-қайшы Нұржан Наушабаевтың, Нысабайдың, Досқожа-
ның, Əбубəкір Кердеридің, Ақмолланың, Сабал Ақылбектің, т.б.
шығармалары. Басқа жанрдағы əдебиеттер (оқу, қират кітаптары,
хрестоматиялар)2, əліппе-оқулықтар3, медицина-ветеринарияға
байланысты əдебиеттер4 жəне кертартпа қадимшіл, діни əдебиет
нұсқалары5, т.б. тілінен айқын көрінеді. Бірақ прогресшіл бағыт əлі
төрт аяғынан тең басып, бірден дұрыс дамып кете алмады, бірінші
бағыттың ықпалынан толық арыла алмады. Соған қарамастан
қазақтың əдеби тілі стильдерінің жеке-жеке өріс алып, жанрлық-
тілдік жағынан қалыптаса бастауында бұл еңбектер елеулі рөл
атқарды.
Осы əдебиеттер негізінде бұрын болмаған жаңа стильдердің
нышаны пайда бола бастайды. Қазіргі əдеби тілдегі ресми стиль-
ге тəн болып келетін жекелеген сөздер, терминдер, сөз тіркес-
тері мен конструкциялардың көбі алғаш осы əдебиеттер тілінде
пайда болып, жасалып отырды, жазба əдеби тілге сол іспеттес
еңбектер арқылы еніп отырғандығы даусыз. Мысалы: Қышыма
1 Көбеев С. Қалың мал. Қазан, 1913; Сералин М. Топ жарған. Троицк, 1900. Гүлкашима.
Орынбор, 1903; Жомартбаев Т. Қыз көрелік. Семей, 1912, т.б.
2 Дибердиев М. Қазақ балаларына қират кітабы. Қазан, 1910; Малдыбаев М. Қазақша
оқу кітабы. Семей, 1912; Шаһмардан оғлы. «Кел, балалар, оқылық» кітабы. Қазан,
1898; Көбеев С. Үлгілі бала. Қазан, 1912; Көшімов М. Ақыл кітабы. Қазан, 1908;
Нұрбай М. оғлы. Көргенді бала, үлгілі ана. Орынбор, 1911; Жомартбаев Т. Балаларға
жеміс. Семей, 1912, т.б.
3 Закария бин Ерғали. Қазақ əліфбасы. Қазан, 1910; Мұқамедораз бин Нұрбай. Қазақша
əліфба. Уфа, 1910; Əліфба яки төте оқу. Уфа, 1911; Малдыбаев М. Қазақша ең жаңа
əліфба. Уфа, 1912; Коджиков Қ. Мектеп алқазақ əліфба. Орынбор, 1912; Кенжеғали
бин Ғабдолла бин Серғали. Қазақша əліфба кітабы. Қазан, 1913; Шаабатдин Ғ.
Қазақша самоучитель. Қазан, 1914, Ишанғали Бейсен баласы. Қазақша дұрыс жазу
қағидаласы. Қазан, 1914, т.б.
4 Трахома деген жаман көз ауру. Қазан, 1898; Афат яки холера əңгімесі. Қазан.
1905; Шешектің һəм шешек егудің жайларынан. Орынбор, 1906; Адамның чумасы
турасында. Орынбор, 1911; Оба жайында қазақша əңгіме. Қазан, 1905, т.б.
5 Қарымсақов Ақит. Ахуал қиямет. Қазан, 1908; Тынышлық ұлы, М. Накту-наби.
Қазан, 1903; Кашафуддин Ш. ұлы. Оқы намаз кітабы. Қазан, 1898; Манаев Н. Иман-
ислам. Уфа, 1915; Закария бин Ерғали. Тажин хүкімдері. Қазан, 1908, Хайырғали бин
Яқұббай. Қазақ тілінде тажуид. Астрахан, 1913; Кəшімов М. Таһарат қалай алу керек.
Қазан, 1908, т.б.
460 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
терінің жұқбалы ауруы (Қышыманың турасында, 3-б). Ел ішін-
де бала күнінде бір егілсе де, сонан соң ектірмейді бір еккен бо-
лады деп (Шешектің һəм шешек егудің жайларынан, 10-б.).
Сол себеблі ол адам обамен ауырғанын білмей, сау кісілермен
бірге асаб, ішіб һəм жатыб тұруымен оларға жаяды (Обадан қа-
лай сақтану, 6-б). Оба құртдары сумен, тамақбен адамның ішегіне
түссе, бек көбейіп, адамды ауыртады (Сонда, 7-б). Аурудың жұқ-
балы құрты ауырған малдың тұла бойында болады (Малда бола-
тын жұқбалы аурулардың һəм оларға қарсы ғамал қолдану ха-
қында, 3-б.).
Бұл ретте көбіне-көп қазақ тілінде бар ежелгі ұғымның тілдік
материалдары іске асып отырғандығы байқалады. Сондай-ақ қажет
деген жерлерде орыс тілінен сөз алушылық, тіпті, кейде сөз орам-
дарын, жеке конструкцияларды да сол күйінде тілге енгізушілік
көрініп қалады. Мысалы: Əгерде доқтор чума екен деб айт-
са, кешікпестен науқасты балнитсаға (ауру бағатын үй) апаруға
тиіс (Адамның чумасы турасында, 8–9-б.). Публичный яғни һəр
кімдерге болуға жарайтұғын жилысдар советдің постановлениесі
бойынша құрылады, сол жиылыстарға іске кірісмесден тек кіру
отыруға рұхсат беру председательдің қарамағында болады (Торгай-
ский сельскохозяйственный обществоның уставы, Орынбор, 1903,
23-б.). Ол жаңа стильдік тармақтың туа бастағанын көрсетеді.
Əдеби тілдегі стильдер жəне баспасөз тілі
Əдеби тіл мен баспасөз тілінің қарым-қатынастары əңгіме
болғанда стиль мəселесі сырт қала алмайды. Баспасөз тілі əдеби
тілдегі жеке стильдік тармақ бола ала ма, жоқ па, сондай-ақ
баспасөз тілі əдеби тілдің бір бұтағы бола тұрып, жалпы халықтық
тілдің құрылыс материалдарын қалай пайдалана алады, əдеби тіл
қызмет ететін басқа да əдебиет жанрларының тілдік материалдар-
ды сұрыптап қолдануындағы ерекшеліктері неде деген сияқты
сұрақтар баспасөз тілі мен əдеби тілдің тікелей арақатынасынан
туады. Яғни əдеби тілдің жазба тіл, сондай-ақ баспасөз тілі де
жазба əдебиет тілі екенін көрсетіп, олардың белгілі дəрежеде бір-
лікте болатынын анықтап, сөйте тұрса да ол екеуінің айырма-
шылықтары бар екенін саралау осы сұрақтардың шешілуі негізінде
айқындалады. Оның бір ұшы стиль мəселесіне барып тіреледі.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 461
Стиль деген терминнің мəн-мағынасын айқындай түсу қажет,
өйткені стиль мəселесін тікелей сөз еткен еңбектерде немесе оған
жол-жөнекей соға кеткен зерттеулерде стиль атауының ұғымы,
оның анықтамасы, əдеби тілдегі стильдер, олардың түрлері, бір-
бірінен айырмасы, өзіне тəн айырым белгілері, қарым-қатынасы,
стильдің даму процесі сияқты алуан түрлі мəселелер айқындалып,
ашылған жоқ. Кейде стиль туралы пікірлер бір-біріне қайшы
болып келсе, кейде сөз саптау ерекшелігіне байланысты стиль
мəселесі мүлде сөз болмайды. Бұлардың аражігін ажыратып,
стиль деген ұғымның əдеби тілдегі орнын, əдеби тілде жазыла-
тын белгілі жанрлық шығармаларда көріну мүмкіндігін, яғни
əдеби стильдердің бір-бірінен айырмашылығын түсіндірмей,
стиль мəселесін толық ұғыну мүмкін емес. Ол жайында кейбір
пікірлерді ортаға салуды жөн көрдік. Қазіргі совет тіл білімінде бұл
əселелердің қандай тұрғыда баяндалып, қалай анықталатынына,
көрсетілген ерекшеліктеріне көз жіберерлік.
Негізгі лингвистикалық еңбектердегі ғылыми пікірлерді қо-
рытып барып жасалған, соңғы лингвистикалық терминдердің сөз-
дігінде стиль былай анықталған: «Стиль (слог, язык). Одна из диф-
ференциальных разновидностей языка. Языковая подсистема с
своеобразным словарем, фразеологическими сочетаниями, оборо-
тами и конструкциями, отличающаяся от других разновидностей
в основном экспрессивно-оценочными свойствами, составляющих
ее элементов и обычно связанная с определенными сферами упо-
требления речи; то, что эти разновидности, или подсистемы, яв-
ляются дифференциальными (т.е. задачей различения), выявляется
особенно ясно тогда, когда элементы одного стиля конструктиру-
ют с элементами другого»1. Автор жалпы стильдің өзін бірнеше
түрге бөліп қарайды. Мысалы: əкімшілік стиль, академиялық
стиль, архаизмдік стиль, архаистік əзіл стилі, салтанатты немесе
жоғары стиль, диалогтік стиль, жанрлық стиль, индивидуалдық
стиль, халықтық-поэтикалық стиль, нейтралды стиль, сөйлеу
стилі, функционалды стиль, т.б.
Функционалды стильді тілдің негізгі қызметінің саралануына
қарай мынадай түрге бөледі: «стиль научный-функция сообщения,
1 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966, стр, 455, 456.
462 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
стиль обиходно-бытовой – функция общения, стиль обиходно-де-
ловой – функция сообщения, стиль официально-деловой – функ-
ция сообщения, стиль публицистический – функция воздействия,
стиль художественно-беллетристический – функция воздействия»1.
Демек, тілдің негізгі қызметіне қарай саралану түрі, бұл еңбек
бойынша, үшеу-ақ: хабарлау, қатынасу жəне əсер ету, ал осыдан
тарайтын стиль саны алтау. Осының негізінде ғылыми стиль, күн-
делікті іс-əрекеттік стиль, ресми-документтік стиль жəне публи-
цистикалық стиль мен көркем-беллетристикалық стильдердің өз-
ара бір-бірінен айырмашылығы, айырым белгілері, ерекшеліктері
неде, олар бір-бірінен қалай ажыратылады дегендердің критерийі
жоқ.
Ал стильдердің жанрлық топтасуын автор тілдік стильдердің
белгілі əдеби жанрларға икемделіп, тəнденуі деп көрсетеді2.
Академик В.В. Виноградов соңғы еңбектерінің бірінде тілдің
маңызды қоғамдық қызметінің ерекшелігіне қарай қатынасу, ха-
барлау жəне əсер ету сияқты түрлерінің негізінде тіл құрылысының
жалпы көрінісінде стильдің үш түрін бөліп көрсетеді: қатынас
қызметіне қарай күнделікті тұрмыстық стиль (обиходно-быто-
вой стиль), хабар қызметіне қарай күнделікті іс-əрекеттік, ресми
документтік жəне ғылыми стильдер, əсер ету қызметіне қарай
публицистикалық жəне көркем-беллетристикалық стильдер. Олар
кейде қарама-қайшы болып келгенмен, көп жағдайда бір шеңбер-
ден шықпайды3.
А.Н. Гвоздев əдеби тілдегі стиль мəселесін сөйлеу (речь) ерек-
шеліктері негізінде сөйлеу стилі тұрғысында қарастырады. Жал-
пы халықтық тілдің тілдік жүйесінде жалпы құрылымы бір бол-
ғанмен, қолдануда белгілі шеңберде кейбір өзіндік ерекшеліктері,
айырым белгілері бар, белгілі ұғымды, ойды білдіруде өзіне тəн
амал-тəсілдері, тұлға-түрлері бар тілдік жүйелер қалыптасады.
Сөйлеу стилі тілдік жүйелердің осындай сөйлеу мақсаты мен
мазмұнына, қызметіне қарай бөлінетін түрлері болып табылады4.
1 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966, стр, 455, 456.
2 Бұл да сонда, 196-бет.
3 Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. М., 963, стр. 6.
4 Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. М., 1965, стр. 17-18.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 463
Р.А. Будагов тілдік стиль деген ұғымды тарихи қалыптасқан, басқа
стильдік тармақтардан өзіндік ерекшеліктері арқылы ажыратыла
алатын тілдік құбылыстар жиынтығынан тұратын жалпыхалық-
тық тілдің бөлек-бөлек тармақтары деп түсінеді1.
Демек, стиль ең алдымен қолданылуда өзіндік ерекшеліктері,
айырым белгілері бар тілдік элементтер жүйесі немесе əдеби
тілдің өзіндік сөздік құрамы, грамматикалық тұлғалары бар
сараланған бір бөлігі. Стиль тілдің даму барысында қалыптасады.
Оны стилистика мəселелерін талқылаудың қорытындысы да бай-
қатты: «Стиль это общественно осознанная и функционально
обусловленная, внутренне объединенная совокупность приемов
употребления, отбора и сочетания средств речевого общения в
сфере того или иного общенародного, общенационального языка,
соотносительная с другими такими же способами выражения, ко-
торые служат для иных целей, выполняют иные функции в рече-
вой общественной ирактике данного народа»2.
Тілдегі стильдер сөз етілгенде, стильдердің əдеби тілдегі
жанрмен байланысы бірден көрсетіледі3. А.И. Ефимовтың көр-
сетуінше, əдеби тілдің стильдерін топтастыруда ең алдымен
жанрлық принципті негізге алу керек, өйткені тілдегі стильдердің
қалыптасып, дамуы белгілі бір жанрдың пайда болуымен байла-
нысты4. Ломоносовтың əдеби тілдегі үш стиль теориясының негі-
зі де экспрессивтік-жанрлық принципі болатын. Демек, стильдер-
дің топтастырылуы да тілдің жанрлық қызметімен байланысты
қаралады. Сондықтан əдеби тіл стильдері сөз етілетін еңбектерде
оның түрлері, стильдерді бөлуде ұстанған негізгі принципі əртүр-
лі болып келеді.
Зерттеушілердің көбі стильді екі түрлі ұғымда қарастырады:
тілдік стиль, сөйлеу стилі5. Осымен байланысты тілдің қоғамдық
1 Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили. М., 1967.
2 Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики // «Вопросы языкозна-
ния», 1955, №1, стр. 73.
3 Гвоздев Л.Н. Аталған еңбек, 18-бет.
4 Ефимов А.И. История русского литературного языка. М., 1961, стр. 15.
5 Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики. стр. 71, 82–83; Ко-
жина М.Н. О понятии стиля и месте языка художественной литературы среди
функциональных стилей. Пермь, 1962. 21-25; Будагов Р.А. Литературные языки и
языковые стили. 1967, стр. 68.
464 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
өмірде қолданылу шеңберінің түріне қарап зерттеушілердің көбі
жазба тіл – жазба стиль жəне сөйлеу тіл – сөйлеу стилі неме-
се кітаби жазба стиль жəне ауызекі сөйлеу стилі деп те бөледі1.
«Қазақ тілінің стилистикасы» деген атпен оқулық ретінде қазақша
алғаш шыққан еңбекте де осы жүйенің ізімен «Қазақтың жал-
пы халықтық тілінің стильдері», «Өзі ішінара бірнеше стиль
түрлеріне бөлінетін ауызекі сөйлеу стилі жəне кітаби-жазу стилі»
болып екіге бөлінеді2. Стильдердің бұлай бөлінуі жалпы халықтық
тілдің қоғамдық өмірде екі түрлі формада өмір сүруінің негізінде
қаралған. Əрине, жалпы халықтық тілдің бұл екі формасының
бір-бірінен өзара айырмашылықтары да жоқ емес. Ойды білдіру
процесінде тілдік құрылыс материалдарын пайдалануда олардың
мүмкін деген өзіндік ерекшеліктері бар. Ал ерекшеліктер, соңғы
зерттеу еңбектерінің көрсетуінше, мыналар:
1. Сөйлеу тілінің стилі ең алдымен адамдардың күнделікті өмір
қажеттілігінен туатын мəселелер жөніндегі қарым-қатынасын қа-
нағаттандыруға қызмет етеді.
2. Бұл қарым-қатынас семьяда жəне өндірісте өздерінің тəжі-
рибе бірлігінің байланысы негізінде болатын адамдар арасында
ауызекі сөйлеу тілде болып өтеді. Осындай қарым-қатынастың
əдеттегі түрі диалог болып саналады (сөйлеу тілінің стилі диалог
арқылы беріледі)3.
Диалогта сөзге, сөйлеуге қатысушылар бір-бірімен тікелей бай-
ланыста болады жəне олар сөйлеу процесінде оп-оңай қосымша
түсіндірме жасап, кеткен кемшіліктерге түзетулер енгізеді, неме-
се өзінің тыңдаушысына түсініксіз болған жайларды түсіндіреді.
Бұл құбылыс əдетте күрделі болып келмейді. Сондықтан сөйлеу
тілде дəлдік, айқындық қадағаланып жатпайды; онда толымсыз
сөйлемдер көп қолданылады, кейде əңгімеге қатысушылар бір-
бірін ыммен, бет əлпетінің қимылынан ұғынысады, керісінше,
1 Стильдердің бұлай бөлініп таралуы Л.В. Щербаның, А.Б. Шапироның, В.В. Ви-
ноградовтың, А.А. Булаховскийдің, Р.А. Будаговтың, А.Н. Гвоздевтің, т.б., ғалым-
дардың еңбектерінен анық байқалады. Ол Д.Э. Розентальдің «Практическая стилис-
тика русского языка» (М., 1965, стр. 11–12) атты еңбегінде де келтірілген.
2 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.
Алматы, 1966, 15–18-бб.
3 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы,
Алматы, 1966, 16-бет.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 465
сөйлеудің тəптештеліп қадағалануы, толымды болуы сөйлеу тілді
(речь) басы артық ауырлатуға, қажетсіз педантизмге əкеледі.
Сөйлеу тілі стилінің екінші бір өзіндік үлкен ерекшелігі – онда
жазба тілде өз бояуында толық көріне алмайтын, сөйлеудің, ойдың
ажарын енгізетін, эмоционалды-экспрессивті мəнін аша түсетін
интонация басты компонент болып саналады1.
«Қазақ тілінің стилистикасы» атты еңбектің авторлары сөйлеу
тілін жеке стиль ретінде қарап, оның өзіндік ерекшеліктерін көрсете
отырып, сөйлеу тілінің өзін бірде жазба тілмен жақындатып, бірде
алшақ көрсетеді. «Қазір сөйлеу тіліне баяндама, лекция, əңгіме,
консультация сияқты кітаби жазу тілінің элементтері еніп, берік
орын ала бастады. Бұл тақырыптар кітаби лексика мен фразеоло-
гияны басым қолданып, сөйлем құрылысының күрделі болуын та-
лап етеді. Ал күнделікті тұрмыстағы сөйлеу тілінде еркіндік бар.
Мұнда сөйлем сұрақ, жауап түрінде қысқа, тұжырымды болып
құрылады. Сөйлеу тілі стилінде, негізінен, жалпылама лексикаға
жататын сөздер пайдаланылады. Сондай-ақ, диалектизмдер, қара-
пайым жəне тұрпайы сөздер кеңінен қолданылып, онда əдеби нор-
ма сақталмайды2. Осы сияқты көрсетілген сөйлеу тіл мен жазба
тілдің айырмашылықтары, стильге берілген анықтамадай, өзіндік
ерекшеліктері, айырым белгілері бар тілдік элементтер жүйесі
жағынан, жазуда не сөйлеуде олардың қолданылу ерекшеліктері
жағынан айқындалмайды.
Сондықтан стильдерді бір принцип тұрғысынан бір жақты
өлшемдес негізінде айқындамай, көрінген ерекшеліктерді, айыр-
машылықтарды сараламай, жаңа стильдердің айырым белгілері
деп тани берсек, тілдегі стильдердің сипатын ғылыми негізде
баяндап бермек түгілі, тіпті оның санын ажыратудың өзі күрделі
іске айналып кеткен болар еді.
Бұл, əрине, сөйлеу тілі мен жазба тілдің арасындағы айыр-
машылықтарды жоққа шығармайды3. Сөйлеу тілі қашан да болма-
1 Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка, стр. 19–21.
2 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.
16-бет.
3 Будагов Р.Л. Литературные языки и языковые стили, стр. 77–96; Балақаев М.,
Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы, 15–17-бб.;
Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка, стр. 17–20, т.б.
466 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
сын белгілі жағдайда болады. Сондықтан да сөйлеушінің сөйлем
құрылысында жоқ сөздер, басқа да тілдік элементтер ситуациялық
қана болып, сол ситуацияда түсініледі, яғни ситуация сөйлеуде
тілді (сөйлеуді) толықтырып, дəлдеп, айқындап тұрады.
Интонация, ым, қолдың, т.б. қозғалысы ситуацияға байланыс-
ты. Əңгіме өтіп жатқан ситуация сөйлеу тілінің өзіндік негізгі
ерекшелігі болып табылады. Ал диалог осыдан барып туады.
Сөйлеу тілі мен жазба тілдің бұндай елеулі айырмашылықтары,
негізінен, тілдің өмір сүру формасының өзіндік ерекшеліктерінен
туып отырады, яғни сөйлеу тілі мен жазба тіл – жалпы тілдің өмір
сүру формасы. Сондықтан тілдің бұл екі формасында өзіндік ерек-
шелік болғанмен, оның əрқайсысын жеке тілдік стиль деп тануға
болмайды. Оның үстіне сөйлеу тілі мен диалектінің шеңберлес,
сəйкес келетін де кезі болады. Кейде жалпы халықтық сөйлеу тіл
болмай, XІX ғасырдың екінші жартысына дейінгі Италиядағыдай,
жазба əдеби тілге қайшы көптеген диалектілер болуы мүмкін. Сон-
да диалектілерді де сөйлеу стилі демекпіз бе?
Жалпы халықтық тілдің сөйлеу тіл формасы мен жазба тіл
формасы тарихи жағынан қарағанда тілдік стильдер əлі қалыптаса
қоймаған кезеңдерде де болып, өмір сүруі мүмкін1.
Сөйлеу тілі мен жазба тіл жеке стильдер деп бөлініп көрсетілген
еңбектерде тілдік стильдердің түрлері осымен шектелмейді. Яғни
тілдің бұл екі «стилінен» басқа да стиль түрлері көрсетіліп отыра-
ды. Бұлай болғанда, стиль деген ұғымды белгілі бір жүйелі прин-
цип негізінде қарамай, «ситуацияға» байланысты түрлі критерий
ұсынуға тура келеді. Демек, біздің байқауымызша, сөйлеу тілі
мен жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары
болғанмен, ол айырмашылықтар кейде əдеби тіл стилі мəселе-
лерімен астасып жатқанмен, бұларды «сөйлеу тілі мен жазба тіл-
ді» жеке стильдік тармақтар деп бөліп қарау дұрыс емес.
Əдеби тілдегі стильдер жүйесі сөз етілген еңбектерде функ-
циональды стильдерді классификациялау əртүрлі принциптер не-
гізінде болып келгенмен, оларда көбіне-көп жанрлық принцип,
тілдің жанрлық ерекшеліктері негізге алынады. Сондықтан да
бұл еңбектерде əдеби тілдегі стильдердің саны бірде көп, бірде
1 Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили, стр. 80–82.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 467
аз көрсетілгенмен, олар жалпы алғанда бір-біріне ұқсас болып
келеді. Мысалы, А.И. Гвоздев алдымен кітаби (жазба) жəне сөйлеу
стильдерін бөліп көрсетіп, кітаби стильдің өзін «алдына қойылған
міндеттерге байланысты өзіндік ерекшеліктері бар жеке стиль-
дерге» бөліп қарайды. Олар: ресми іс стилі, көркем əдебиет стилі,
публицистикалық стиль, ғылыми-көпшілік əдебиет стилі. Ресми-
іс стилі ғылым, техника, ресми заң органдары, мекемелердің іс-
қатынастары саласында қызмет етеді. Көркем шығарма стилі
тілдің əртүрлі көркемдік тəсілдері арқылы көркем образдар жасау-
ды мақсат етеді. Публицистикалық шығармалар стилі бұқараны
үгіттеп, ұйымдастыруды, оларды күреске шақыруды мақсат
тұтады. Бұл стильдің бойында ғылыми жəне көркем стильдердің
элементтері де болады. Ғылыми-көпшілік шығарма стилі көпші-
лікке арналған əдебиеттерде қызмет етеді1.
«Тілдегі жанрлармен байланысты» осындай тілдік стильдер-
мен бірге, автордың көрсетуінше, салтанатты-риторикалық стиль,
ресми-суық стиль, сырластық-еркелету стиль, юморлық-əзіл стиль,
сатиралық-кекету стиль тағы бар2. А.И. Ефимов мынадай стильдер-
ді бөліп көрсетеді: көркем-беллетристикалық стиль, қоғамдық-
публицистикалық стиль, ғылыми стиль, профессионалды-тех-
никалық стиль, ресми-іс қағаздар стилі, эпистолярлық стиль3.
В.П. Мурат функционалдық стильдердің мынадай классифика-
циясын ұсынады: əдеби сөйлеу стилі, поэтикалық стиль, саяси-
газеттік стиль, ресми-іс қағаздар стилі, ғылыми стиль, профессио-
налды-техникалық стиль, қарапайым сөйлеу стилі4. Ал Р.А. Буда-
гов стильді бұл жағынан екіге ғана бөледі: көркем стиль не ғы-
лыми баяндау стилі5. Стиль мəселесі сөз етілген басқа да еңбектер-
де стильдік тармақтардың жоғарыда көрсетілген түрлерінің көбі
қайталанып келеді. Стиль саны бірінде артық, бірінде кем болып
келуіне қарамастан, бəрінде дерлік (Р.А. Будаговтан басқалары) ғы-
лыми стиль (ғылыми-техникалық, ғылыми-ресми, т.б.), публицис-
1 Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка, стр. 18–25.
2 Бұл да сонда, 28–31-бб.
3 Ефимов А.И. История русского литературного языка. М., 1954, стр. 21–27.
4 Мурат В.П. Об основных проблемах стилистики. М., 1957, стр. 20–22.
5 Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили, стр. 31–165, 215–246.
468 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
тикалық стиль (қоғамдық-публицистикалық, саяси-газеттік, т.б.),
ресми стиль (ресми-іс-қағаздар, ресми-канцеляриялық, т.б.), көр-
кем стиль (көркем-беллетристикалық, поэтикалық, көркем сөй-
леу, т.б.) сияқты функционалды стильдерді төртке бөлу тəн болып
келеді1. Стильдерді топтастырудың бұл принципі жəне стильдер-
дің бұл түрлері «Қазақ тілінің стилистикасында» да дəл осылай
болып қайталанып келеді: іс қағаздары (ресми) стилі, публи-
цистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем əдебиет стилі2.
Стильдерді топтастыруда тек тілдік элементтердің экспрес-
сиялығын негізге алу, яғни экспрессиялық принцип негізінде
стильдерді бөлу ғылыми жағынан дəлелсіз екені соңғы зерттеулер-
де айқын көрсетіліп жүр. Ондағы «салтанатты (риторикалық), рес-
ми (суық), сырластық – еркелету, əзіл, кекету (сатиралық) стиль-
дер» тұтас стильдік жүйе құра алмайды. Негізінен лексикада ғана
көрінетін экспрессивті бояу «стилі» ұғымы «бөлудің логикалық
негізі» бола алмайды, стильдерді топтастыру принципінің қызме-
тін атқара алмайды.
Тілдегі стильдерді бұлай топтастырудың үлкен бір кемшілігі –
онда стильдерге тəн өзіндік тілдік ерекшеліктердің жүйелі бір
принцип, бір ізді критерий негізінде екшеленбеуінде. Яғни бір
стильдік тармақты сөз еткенде оның лексикалық ерекшелігі көр-
сетілсе, енді бірінде жалпы жанрлық айырмашылық айырым белгі
болады. Жанрлық классификацияның кемшілігі – онда «өзіндік
тілдік элементтер жүйесінен» гөрі жанрлық ерекшеліктер көбірек
сөз болады. Ал бұл екеуі бір емес. Тілімізде бір-бірінен аз да бол-
са өзіндік айырым белгілерімен ажыратылатын əдебиет жанрлары
көп. Жаңа жанрлардын да пайда болуы мүмкін. Көркем əдебиеттің
өзінде жанр түрлері қаншама? Ғылыми əдебиеттегі жанрлар одан
кем деуге болмайды. Солардың əр қайсысының тілі жеке-жеке
стильдік тармақ бола ала ма? Бұл жөнінде Р.А. Будаговтың мына
пікірлері өте орынды.
Кейде газет стилі, əкімшілік стилі, публицистикалық стиль,
жарнама (реклама) хабарларының стилі, тағы да сондай көптеген
1 Қараңыз: Розенталь Д.Э. Практическая стилистика русского языка. М., 1965, стр.
12-13.
2 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.
18–33-бб.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 469
стиль түрлері көрсетіліп жүр. Бұлай бөлудің өзі дұрыс емес
екендігін көреміз. Əрине, жарнама (реклама) тілінің, мысалы,
өзіндік ерекшеліктері болады. Ол жайында арнаулы зерттеулер
бар. Бірақ жарнама хабарландыруларының тілі немесе əкімшілік
бұйрықтардың тілі қанша өзгеше болғанымен, ол əр уақытта жеке
тілдік стиль құрай алмайды, олар өз бетімен жеке стильдік тармақ
бола алмайды1. Сондай-ақ жарнамалардың өзі де əртүрлі. Телеви-
зордан берілген рекламаның техникалық тəсілдері (оны естіп қана
қоймаймыз, көзбен де көреміз) радиодан берілген хабарландыру-
лардан өзгеше. Мұндайда тіл белгілі жүйе ретінде өзгеріп кетпейді,
тек жағдайға ыңғайланады. Тіл белгілі жүйе ретінде үлкен өзгеріске
түспейді, тек бірсыдырғы сөздік клишелер жасалып, белгілі
коммуникацияның қажетіне сəйкес жекелеген сөздер сол шеңберде
ғана қолдануға бейімделіп отырады2. Немесе тіл білдіретін
өзіндік ұғымдар мен қатынас шеңбері жағынан ұсақтау принципі
тұрғысынан келсек, ғылыми баяндаудың өзін, яғни ғылыми
əдебиеттер тілін, бүтін стиль ретінде емес, оның əртүрлеріне бай-
ланысты бөлшектеп кетер едік, яғни медициналық, физикалық,
химиялық, биологиялық, астрономиялық, филологиялық жағынан
тағы да басқа стильдер туған болар еді. Ол ол ма, біздің кезімізде
енді «астрономиялық стильдің» өзін «космостық» стиль жəне
«жай астрономиялық» стиль деп те бөлу керек болар еді. Ал
шындығында, медик өзінің ғылыми шығармаларын химиктей
жазбаса да, сол сияқты химик пен биологтың немесе филологтың
ғылыми шығармалары бір-бірімен тілдік, сөз саптау жағынан дəл
ұқсас болмаса да, мұндай жеке стильдер жоқ. Қайткен күнде де
ғалымдар біркелкі ғылыми баяндау стилін пайдаланады, өйткені
онда ойды білдірудің формасы, тəсілі ортақ, сондықтан ғылыми
стильдің өзі ғылым түрлерінің ерекшеліктерінен тумайды, ғылыми
баяндаудың ерекшелігінен айқындалады. Мысалы, «медицина
стилінің» айырмашылықтары ең алдымен жеке ғылым ретінде
медицинаның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты да, тек жанама
түрде тілге қатысты: жеке ғылым саласында жұмсалатын термин-
дер жиынтығы өз алдына ерекше стиль құрай алмайды... Соны-
1 Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили, стр. 69–70.
2 Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили, стр. 72–73.
470 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
мен бірге əрбір ғылым саласы қалыптасқан ғылым ретінде белгілі
қасиеттері арқылы ерекшеленетін ғылыми баяндау стилін пайда-
ланады1.
Дəл осындай құбылысты көркем шығармалар тілінен де, көр-
кем баяндау стилінен де байқаймыз. Роман, повесть, əңгіме, поэма,
мысал өлең, эпос, баллада, т.б. тілі жеке-жеке стиль бола алмайды.
Əрине, көркем əдебиеттің бұл жанрларының бір-бірінен өзіндік
ерекшеліктері, айырмашылықтары жоқ емес. Тіпті, əр жазушының
өзіндік тіл ерекшеліктері, өзіндік сөз саптау мəнері бар. Бірақ
əр жазушының əрбір туындысы, кейбір өзіндік ерекшеліктеріне
қарамастан, жеке-жеке тілдік стиль құрай алмайды.
Мұнымен бірге стильдердің түрлері сөз етілгенде, олардың
бір-бірінен айырмашылығын көрсететін негізгі жəне басты айы-
рым белгілер мен кездейсоқ немесе негізгі емес ерекшеліктер
ажыратылып, сараланбай жүр. Сондай-ақ əрбір стильдің тілдік
ерекшелігі лексика, əсіресе терминдер шеңберінен əрі аспай қа-
лады. Оны жоғарыда келтірілген үзінді пікірлерден де айқын бай-
қауға болады.
Ал жеке стильдік тармақ болудың басты белгісі «қолдануда
өзіндік ерекшеліктері бар тілдік элементтер жүйесі» болса, ол
«жүйе» тек лексика, соның ішінде арнайы салалы терминдер
шеңберінен ғана көрінбейді. Тіпті терминдер стильдерді топтасты-
руда негізгі критерий, басты белгі бола да алмайды.
Сондықтан осы тұрғыда стильдік тармақтарды белгілей ала-
тын грамматикалық категориялар мен тұлғалардың мəнін ашып,
қолданылу өрісін көрсетудің қажеттілігі күмəн туғызбайды. Сон-
дай-ақ тілдегі əдебиет жанрларының бір-бірінен айырмашылық-
тары, өзіндік ерекшеліктері де біркелкі емес. Əдебиет жанрла-
рын бөлудің белгілері мен басты критерийлері тілдік стильдерді
топтастырудың негізгі айырым белгілері болмауы да мүмкін, өйт-
кені жанр мен стиль бір нəрсе емес. Əрине, олардың мүмкін бола-
тын ортақ белгілерін жоққа шығаруға болмайды.
Екінші бір ескеретін нəрсе – əдебиет жанрларының туып, да-
муы тілдік стильдердің тармақтарын қалыптастыруда үлкен рөл
атқарады. Яғни тілдік стильдердің пайда болып, жеке өріс алуы
1 Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили, стр. 72–73.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 471
тілдегі белгілі жанрлардың дамуымен, өзіндік өріс алуымен тығыз
байланысты. Мысалы, XX ғасырдың бас кезінде публицистика
жанрының өркендеуі (газет-журналдардың көптеп шығарылып,
олардың өзіндік тіл ерекшеліктері қалыптаса бастауы), ғылым
мен техникаға байланысты əдебиеттердің жазылуы (аударма
əдебиеттермен қатар ана тілінде жазылған ғылыми əдебиеттердің
де баспа бетін көріп, жарыққа шығуы), совет дəуірінде əртүрлі
ресми іс-қағаздар мен документтердің жүйелі түрде қалыптасқан
тілде жазылуы, т.б. қазақ тілінің ресми стилін қалыптастырып,
жеке стильдік тармақ деп тануға негіз болатын басты белгілерін,
релеванттық көрсеткіштерін саралап, нормаландыруда үлкен рөл
атқарды. Бірақ бұл сияқты жанрлар жеке-жеке тілдік стильдік
тудырған жоқ.
Демек, пікірімізді қорытындылай келгенде, қазіргі əдеби
тілімізде қалыптасқан, өзіндік белгілері бар негізгі стильдік үш
тармақты көрсетуге болады. Олар: көркем стиль, ресми стиль жəне
бейтарап (нейтральды) стиль. Тілдік стильдерді бұлай бөлудің
өзі абсолютті емес екендігін де ескерген жөн. Ондай шарттылық
жоғарыдағы көрсетілген еңбектерде де айтылады.
Сонымен бірге бұлай бөлінген тілдік стильдер əдеби тілдің
өз ішінде ғана қаралады, сол шеңберде ғана қолданыс табады,
сондықтан белгілі бір стильде жазылған жанрлық тексте басқа
стильдердің элементтері қолданылып отыруы мүмкін. Мұның өзі
таза бір стильде жазуға болмайтынын, қайтсе де онда басқа стиль
элементтері болып отыратынын көрсетеді. Сол себепті де тілдік
стильдерді əдебиет жанрлары тұрғысынан топтастыруға бол-
майды. Əрине, белгілі жанрдағы текст стиль жағынан бүтіндей
бейтарап емес. Олай болғанда стильдерді бөліп, оны танудың,
зерттеудің қажеті де болмас еді. Бұлай бөлу стиль мен жанр
категорияларының белгілі дəрежеде бірлікте болатынын, бірақ ол
екеуі бір емес екендігін көрсетеді.
Əдеби тілдегі стильдерді жоғарыдағыдай үш түрге бөлгені-
мізде, стиль түрлерінің осындай əдебиет жанрларымен тығыз қа-
рым-қатынаста бола тұрып, ол екеуі бір емес екендігін, сондай-ақ
стильдік тармақтарды ажыратуда «өзіндік ерекшеліктері бар тілдік
элементтер жүйесінің» қолданылу шеңберінен басқа тілдік жалпы
қоғамдық қызметімен тікелей байланыста болатынын да ескердік.
472 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Тілдің негізгі қоғамдық қызметі – оның коммуникативтігі, яғни
оның қатынас құралы екендігі. Сондай-ақ тіл жалаң коммуни-
кативтік қызмет атқарып қана қоймайды, белгілі бір ойды жұрт-
қа жеткізудің əртүрлі жолы болады, ол ойдың айтылу жəне жету
мақсатына байланысты. Мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны жай
ғана хабарлап (тілдің қатынасу қызметі) беруге болады. Онда
тыңдаушы сол оқиғаның тек болғаны туралы, жалпы сол оқиға
туралы хабар ғана алады. Бұдан басқа ол оқиғаны көркем түрде
образды етіп суреттеп беру де бар. Онда жеткізуші оқиғаның
бəрін бірдей тізбей-ақ, кей эпизодтарын ғана тереңірек көрсету
арқылы жəне сол көрсетуде жалаң баяндаумен ғана емес, əр-
түрлі көркемдік əдіс қолдану арқылы тыңдаушыға əсер етеді.
Айтушының болған оқиғаға деген өз көзқарасы, соған қалай қа-
райтындығы баяндау ерекшелігі арқылы тыңдаушының да оқиғаға
қатысатын адамдарға деген көзқарасын қалыптастырады. Тіпті
кейде басқа іс-əрекет құбылыс арқылы сол оқиғаны меңзеуі
мүмкін. Енді бірде сол оқиғаға қажетті документтер, əртүрлі ма-
териалдар арқылы сол күйінде жеткізіледі. Оқиғаның өзі толық
түрде жəне ешбір қосымшасыз баяндалады, оның болу себептері
нақтылы түрде дəлелденеді. Демек, негізгі оқиға біреу болса да,
оның тыңдаушысына жетуі үш түрлі болады жəне ол үш түрлі
баяндаудың бір-бірінен айырмашылығы əрқайсысының баяндау
формасында, тыңдаушыға əсер етуінде ғана емес, осыған лайық
тілдік элементтерді сұрыптап қолданудан да анық байқалады.
Яғни тілдік стильдердің топтасуы тілдің қоғамдық қызметімен
жəне ойды тыңдаушысына жеткізудің мақсатымен байланысты
болып келеді. Демек, тілдің негізгі қызметі – коммуникативтік
қызметінен басқа эстетикалық қызметінің сөз сұрыптап, тілдік
элементтерді талғап қолдануда айтарлықтай əсері бар.
Соған орай тілдің негізгі қызметтерін ойды хабарлау мақ-
сатына қарай үшке бөліп қарауға болады. Ол: қатынасуға байла-
нысты жалпы коммуникативтік қызметі, əсер етуге байланысты
коммуникативтік-эстетикалық қызметі, хабарлауға байланысты
нақты коммуникативтік қызметі.
Осыған байланысты тілдің қатынасу мақсатына қарай жал-
пы коммуникативтік қызметінде бейтарап (нейтральды) стильді
белгілейтін «өзіндік ерекшеліктері бар тілдік элементтер жүйесі»
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 473
қолданылып отырса, əсер ету мақсатына қарай коммуникативтік-
эстетикалық қызметінде көркем стильді белгілейтін «өзіндік
ерекшеліктері бар тілдік элементтер жүйесі» қолданыс таба-
ды, ал хабарлау мақсатына қарай тілдің нақты коммуникативтік
қызметінде ресми стильді белгілейтін «өзіндік ерекшеліктері бар
тілдік элементтер жүйесі» қолданылып отырады. Əрине, тілдің
осындай əртүрлі қызметі қандай да тексте болсын жалаң болып
келмейді, ойды хабарлау мақсаты əр сəтке байланысты əртүрлі бо-
лып өзгеріп отырады.
Бірақ ойды хабарлаудың басты мақсатына сəйкес тілдің негізгі
қызметінің белгілі бір түрі де басым болып келеді. Сондықтан
да қолдануда жалаң бір стиль емес, бірнеше стильді белгілейтін
тілдік элементтер қат-қабаттасып келіп отырады, бірақ оның
біреуі текстің жанрлық ерекшелігіне, ондағы айтылатын ойдың
мақсатына жəне тілдің қызметіне қарай басым жұмсалады. Ол
көркем шығармадан өте-мөте анық көрінеді.
Көркем стильді белгілейтін тілдік элементтердің өзіндік ерек-
шелігі сол – тілдік элементтің бір мағыналықтан гөрі көп ма-
ғыналық қасиетімен, əсіресе сөздің көбінесе өзгерген мағынасын
қолданумен тікелей байланысты. Ол тек лексикадан ғана көрініп
қоймайды, грамматикалық тұлғалардың өзі осыны байқатады.
Жəне тілдегі бар материалды көрнекті, образды етіп қалауында
да өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан, əрине, көркем стильдегі
тілдік элементтердің көп мағыналық қасиетін бір-ақ контекспен
байланыстыруға болмайды. Бұл жерде тілдік элементтердің жал-
пы қолданылу ерекшелігі мен мүмкіндігі, көркем стильде ретіне
қарай жаңа контекстік мəн-мағынаға ие бола алатындығы айты-
лып отыр. Көркем стильді белгілейтін тілдік элементтер өздерінің
басты міндеті болатын эстетикалық қызметті көп мағыналық,
сөздің əдеттегі номинативтік мағынасымен ауытқып, окказиа-
нальды мағыналары арқылы ғана өтей алады. Сол арқылы тілдік
элементтерге жаңа коннотациялық мəн, реңк үстеліп отырады.
Образдылық, экспрессия – барлығы да осындай көп мағыналық
нəтижесінде бола алады. Сондықтан да көркем стиль көбіне-
көп көркем əдебиетте, сондай-ақ ішінара публицистикалық əде-
биеттерде жұмсалады.
Бірақ бұдан көркем стиль мен көркем əдебиет стилі (егер осы
соңғыдай термин болса) сияқты ұғымдар бар деген қорытынды
474 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
шықпайды, өйткені көркем шығармада ретіне қарай көркем стиль-
ден басқа ресми стильдің, сондай-ақ бейтарап стильдің элементтері
қолданылып отырады. Көркем əдебиет стилі стиль туралы жа-
зылған басқа еңбектерде арнайы көрсетіледі. Онда стиль ұғымы
жалпы көркем əдебиет тілі тұрғысынан қаралады. Сондықтан,
зерттеушілердің көрсетуінше, көркем əдебиет стилінде тілдік
стильдердің басқа түрлері де тоғысады.
Сонымен бірге көркем əдебиет стилі тілдік стильдердің басқа
түрлерінен өзгеше тұратын, басқа стильдерден бөлек қаралуға
тиісті категория екені де көрсетіледі. Өйткені əдеби тілдің функ-
ционалдық стильдеріне қарағанда, көркем шығарма тілінде сөйлеу
тілі, тіпті əдеби емес тілдік элементтер – диалектілік, жаргондық,
кəсіби сөздер, т. б. қолданылып отырады, яғни көркем шығарма тілі
«көп стильді», «көркем шығарма тілі – тілдік стильдерге қарағанда
өзгеше тілдік құбылыс»1 сондықтан бұл құбылысты өзге стильдік
тармақтардан бөліп, ерекше стиль – ерекше көркем шығарма стилі
деп қараған жөн2. Бұл жерде əңгіме стиль жайында емес, жалпы
көркем шығарма тілі туралы болып отыр, өйткені бір стильдің
ішінде екінші стиль болмайды, ал бір тексте екі-үш стильдің тілдік
элементтері болуы мүмкін.
Əрине, кейбір тілдік элементтер қолданылу ретіне қарай бірде
бір стильдің ерекшелігін байқатса, енді бірде басқа стильдің ерек-
шелігін көрсетуі мүмкін.
Бірақ бұл бір стильдің ішінде екінші стильдің көрінуі емес.
Сондықтан көркем стильді айтқанда, көркем əдебиет негізге алын-
са да, ол (көркем стиль) көркем шығарма тілі болып табылмайды.
Көркем шығарма тілі – көркем стиль шеңберінен шығып
кететін əлдеқайда кең құбылыс. Көркем шығарма тілі сөз етілгенде,
көркем əдебиетте əртүрлі стиль элементтерінің тоғысуы, қарым-
қатынасы жеке-жеке əңгіме болуы мүмкін. Ол қажет те, өйткені
көркем шығармада көркем стильді қажетіне қарай пайдалана білу
жазушы шеберлігімен де ұштасып жатады.
Ресми стильдің өзіндік белгілері болатын тілдік элементтердің
негізгі қасиеті – бір мағыналылық, относительді мағына тұрақ-
1 Левин В.Д. О месте языка художественной литературы в системе стилей
национального языка // «Вопросы культуры речи» вып. 1. М., 1955, стр. 73, 77, 97.
2 Виноградов В.В. О языке художественной литературы. М., 1959, стр. 637.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 475
тылығы, номинативтігі. Ол бір мағыналылық нақтылы болып
келеді, ой астарлылығы керісінше болмайды. Ой дəлдігі көркем
стильде образдылық арқылы берілсе, ресми стильде ешбір астар-
сыз нақтылы жəне дəлдікпен беріледі. Ресми стильдің өзіндік
ерекшеліктері ғылыми əдебиеттер тілінен, ресми іс-қағаздар, доку-
менттер тілінен, сондай-ақ публицистикалық шығармалар тілінен
(əсіресе газет-журнал тілінен) анық байқалады. Публицистикалық
шығармалар тілінің1 көркем əдебиет тілінен ажыратылатын ең
басты айырмашылығының өзі онда тілдік стиль элементтерінің
қолданылу ерекшелігімен байланысты болса керек. Лексиканы
былай қойғанда, мысалы, қазақ тіліндегі баспасөз тіліне тəн бо-
лып келетін -и тұлғалы қатыстық сын есімдер жəне олар құрай-
тын сөз тіркестері (тарихи оқиға, əдеби тіл тəріздес), ілік септік
жалғауы түсіп қалған сөз бен тəуелдік жалғауы сөзден тұратын
релятивті тіркестер, -лық қосымшасының деривациялық қызме-
тінің артуы, ырықсыз етіс жұрнақты сөздер жəне олардың объек-
тілік-предикаттық қатынасқа түсуі арқылы құралған сөйлем
құрылыстары, нексусты түйдекті тіркестер, т.б. штампқа айнала
бастаған тілдік құбылыстар ресми стильді белгілейтін тұлғалар
болып табылады. Демек, грамматикалық тұлғалар өздерінің
белгілі грамматикалық мағынаны білдіруіне байланысты жəне
ол мағынаның өзіндік ерекшелікке ие болуына қарай тілдік стиль
тармақтарына бейтарап емес, тіпті кейде грамматикалық үлгілердің
(модель) өзі стильдік көрсеткіш ретінде қалыптаса алады. Бейта-
рап стильді белгілейтін тілдік элементтерде көп мағыналық та, бір
мағыналық та қасиет бола береді. Басқаша айтқанда, көркем стиль
мен ресми стильдің шеңберіне енбей қалатын тілдік элементтер
бейтарап стильдің белгілері бола алады. Сондықтан да бұл стильдің
белгілері болып саналатын элементтер тілдік қолданыстың қай
түрінде, қай жанрында болсын кездесе береді. Өйткені тілдік
қолданыстағы образдылықты да, нақты бір мағыналық ресмилікті
1 Публицистикалық шығармалар немесе газет-журнал тілін көрсете алатын текс-
терге мерзімді баспасөзде жарияланған материалдардың бəрі бірдей ене бермейді.
Онда ғылыми еңбектер де, көркем шығармалар да басыла береді. Мерзімді баспа-
сөз тілінің ерекшелігін көрсететін материал ретінде публицистикалық мақалалар,
корреспонденциялар, бас мақалалар сияқты текстер тілі сөз етіліп, мысалдар солар-
дан алынды.
476 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
де өзара бір-бірімен салыстырып, белгілі тексте оларды бір-бірімен
қиюластырып, дəнекер, əрі соларға жалпы фон, сөз кестесін тігетін
полотно тəрізді болып тұратын осы бейтарап стильдің тілдік
элементтері. Мұндай мағыналық қасиеттерден əр стильдің өзіндік
ерекшеліктерін бейтарап тілдік элементтер арқылы ғана тани ала-
мыз. Сөйтіп зерттеушілердің көбі мерзімді баспасөз, яғни газет,
журнал тілін публицистикалық стиль немесе кейде газет-журнал
тілінің стилі1 деп көрсеткенмен, оған тəн «өзіндік ерекшеліктері
бар тілдік элементтер жүйесі» айқындалмайды. Сондай-ақ ол
«көркем беллетристикалық стиль» түрі сияқты əсер ету қызметін
де атқарады2.
Жоғарыда көрсетілгендей, көркем əдебиет тілі мен көркем
стиль деген ұғымдар бірдей емес, яғни көркем əдебиет тілінде
көркем стильді белгілейтін тілдік элементтерден басқа да тілдік
материалдар қолданылатыны сияқты, мерзімді баспасөз тілінде де
əр стильдік тармаққа жататын тілдік элементтер жұмсала береді.
Ол мерзімді баспасөз бетінде басылған материалдың сипатына
да байланысты. Соның өзінде де публицистикалық материалдар
тілінде ресми стильді белгілейтін тілдік элементтер тəн болып, ол
материалдың беллетристикалық сипатына қарай көркем стильге
тəн тілдік элементтер де жұмсалып отырады. Мерзімді баспасөз
тілінде белгілі қажеттіліктен туып, қалыптасып отыратын тілдік
штамптар, тұрақты түлғалық үлгілер мен конструктивтік модель-
дер осыны аңғартады. Мерзімді баспасөз тілі, бір жағынан, осы
қасиеттері арқылы, яғни ресми стильге тəн тілдік элементтер
жүйесінің қолданылуы негізінде, ғылыми əдебиеттер, ресми іс-
қағаздар тіліне жақындап, көркем əдебиет тілінен ерекшеленіп
отырса, екінші жағынан, беллетристикалық сипаты арқылы, яғни
көркем стильге тəн тілдік элементтер жүйесінің қолданылуы
негізінде, керісінше, ғылыми əдебиеттер, ресми іс қағаздар тілінен
оқшауланып, көркем əдебиет тіліне жақындай түседі. Міне, осы-
дан келіп мерзімді баспасөз тілінің атқаратын қызметіне қарай
тілдік элементтерді сұрыптап қолдануында белгілі бір бірлік пен
1 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы,
18–33-бб; Балақаев М. Қазақ тілінің мəдениеті. Алматы, 1971, 12-бет, т.б.
2 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов, стр. 456.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 477
қарама-қайшылықты, содан туындайтын күрделі тілдік процесті
байқаймыз.
Қазақтың мерзімді баспасөзінің жүз жылдан аса тарихы бар.
Сөйтсе де əуелгі кезде (революциядан бұрын) мерзімді баспасөз
тілі жазба əдеби тілдің өзіндік ерекшеліктері орныққан нормала-
ры бар, жүйелі тілдік өрнектерімен, публицистикалық мазмұнына
сай сөз тігісімен сипатталатын тұрақты көрінісі ретінде бірден
қалыптасып кете алмады. Біздің байқауымызша, оның басты се-
бебі, революциядан бұрынғы газет-журнал шығару ісінің тарихы
онша терең, мерзімі ұзақ болмауында ғана емес, сонымен бірге бұл
мəселені (газет-журнал шығару), жалпы баспа ісінің казақ қауымы
үшін жаңалық болуымен, баспа ісінің көршілес татар, башқұрт,
өзбек халықтары өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болуымен
алғашқы газеттердің, негізінен, аударма органдар болуымен жəне
маман да сауатты журналистердің жетіспеуімен тікелей байла-
нысты.
Сондықтан да алғашқы қазақ газеттерінің тілінде орфография-
лық ерекшеліктерді ескермегеннің өзінде сөйлем құрылысынан
болсын, сөйлемдегі сөздердің орын тəртібінен болсын, сөздердің
сөйлем ішінде байланысу ерекшеліктерінен болсын, бұрын қазақ-
та жоқ ұғымдарды бейнелеу үшін жаңа сөз алуда болсын, бірізді
норма, орныққан жүйе байқала бермейді. Бірер мысал: Сырдария
облуснай махкамесінде ағуст айының ічінде судиялардан түскен
даулы істер суралары (ТУГ, 1881, 15 август). Ат зауатдарының
улығ махкамесінде ойлаб жатедүр Орта Азиядағы ақ бадсағе
қараған жерларка бір талайат зауатын ашуға бу жердагі қыр
атын тузату учун (ДУГ, 1888, 17 июнь). 3 нчі гинуарде, 1887 нчі
жылы мужски гимназияде болған тамаша ойынларунда Дала уа-
лаятны билаб турғучы гинарал гурбнатр хазратларине мадах-
лаб шығарған өлаңні оқуғанлар еді екі қазақ балалары үшбуны
шығарған 2-нчі класта окуб жүрген аталмыш мужски гимнази-
яда Матен Бекетай оғлы (ДУГ, 1888, 15 февраль). Министерства
юстиции (қазилық уəзірі) Министрлар кеңесіне Государственный
думаның қарауына кіргізу үшін Ташкендский судебный округде
һəм Ақмола, Семипалат облусларында мировой судьялар һəм сол
жердегі окружный сотларда товарищ прокурорларны көбейту
хақында проекті кіргізібді (А., 1913, №2) һəр уақыт болынмақддүр
478 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
діни, əдеби уа фани кітабларының һəр түрлісі (А., 1912, №2), Мен
ойлаймын қазақды ғаскерие қызметіне жарамайды деп, бүрак
қылуб чиғриб тастар диб (А., 1912, №2).
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақтың
жазба əдеби тіліне осылай құрылған сөйлемдер тəн, норма екен
деп қарауға болмайды. Бұл сөйлемдердің құрылысы, сөйлемдегі
сөздердің орын тəртібі қазақ əдеби тілінің нормаларынан тыс бөтен
тілдің ықпалынан немесе ауызекі сөйлеу тілінің əсерінен туған.
Тіпті бұрын қазақ тілінде жоқ ұғымдардың атауын алуда, жаңа сөз
жасауда да бірізділік жоқ екенін осы мысалдар анық көрсетеді.
Революцияға дейінгі газет-журнал беттерінде бір ұғымды біл-
діру үшін бірнеше параллель сөздердің қолданылуы да жиі ұшы-
райды. Бас мектеб (ыбтидаһи мектеп) дегеніміз сəби балалары-
мыздың өз тілі менен оқи тұғын діни мектебі һəм русче оқы-
латұғын аулнай һəм волостной школдар (А., 1912, №9). Емшек сүті
менен баланың денесі – кеудесі қанша артса, көңіліндегі миллет
махаббаты да сонша арта берсун (А., 1913, №8). Осындай ұлт ғамы
үшін ашылған оқу ханаға ақша күші менен һəм тіл күші менен
жəрдем беруін халықдан жүз салыб өтінеді (А., 1914, №5).
Əрине, тілдің коммуникативтік қызметінің артып отыруымен
байланысты тілдің грамматикалық құрылысында, фонетикалық
жүйесінде, сөздік құрамында болып отыратын жаңалықтардың,
жаңа тілдік элементтердің, жасалып отыратын жаңа сөздердің нор-
малануы, тұрақтануы бірден бола қоймайды. Бұл – күрделі про-
цесс. Революциядан бұрын шығып келген қазақ газет-журналда-
ры осы міндетті толығымен атқарып кете алмаса да, ол процестің
бір арнаға түсіп, белгілі бағыт алуына үлкен рөл атқарды. Яғни
революцияға дейінгі мерзімді баспасөз тілі публицистикалық
шығармаға тəн əдеби тіл көріністерін, оның грамматикалық,
лексикалық шеңберлерін, жүйелі нормаларын белгілеп бере алмаса
да, кейбір тілдік элементтердің публицистикалық тілге икемделуі
мүмкін жəне оның қажет екендігін байқатты.
Тілдік элементтердің нормалануы, жаңа ұғыммен байланысты
туып отыратын тілдегі жаңалықтардың тұрақтану процесі əсте
тоқталмақ емес. Сондықтан да қазіргі мерзімді баспасөз тілінен
де əртүрлі варианттылықты, сəтсіз туындыларды да кездестіріп
қаламыз. Оның бір жағы тіл не сөйлеу мəдениеті мəселесімен де
ұштасып жатады.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 479
3. Мерзімді баспасөз тілі мен көркем əдебиет тілінің
өзіндік ерекшеліктері
Көркем стиль мен көркем əдебиет тілі деген ұғымдар бір емес
дедік. Əрине, көркем стиль, негізінен, көркем əдебиет тілінен,
кейде беллетристикалық публицистика тілінен көрініп отырады.
Ал көркем əдебиет тілінде стильдердің басқа түрлеріне тəн тілдік
элементтер де өріліп келеді, өйткені жеке стильдік тармақтың
қай-қайсысынан болса да көркем əдебиет деген ұғымның шеңбері
əлдеқайда кең. Дегенмен көркем əдебиет тілінде стильдік тармақ-
тардың көпшілігі тоғысып өмір сүре алса да, ол көркем стильді
сипаттайтын жеке жанр ретінде басқа да əдебиеттер тілінен, соның
ішінде басқалардан гөрі көркем əдебиет тіліне бір табан жақыны-
рақ болып келетін мерзімді баспасөз тілінен өзіндік ерекшеліктері
арқылы ажыратылады. Ол ерекшеліктер жанрлық-тілдік, стильдік-
тілдік жəне баяндау əдісінде болып келеді.
Алған тақырыпты ашуда, оқушыға жеткізіп, түсіндіруде публи-
цистика мен көркем шығарманың əдістері бір емес. Ол əртүрлілік
ойды жеткізу мақсатынан туып отырады. Көркем шығармада ай-
тайын деген ой, негізінен, тура айтылмайды, образдар арқылы
беріліп отырады жəне ол тарихи фактылар арқылы ғылыми тұр-
ғыдан дəлелдене бермейді. Мысалы, көркем шығарманың авто-
ры жауыздықты кейіпкердің іс-əрекеті, қылығы, психологиясы,
мінезі, не басқа кейіпкермен, болып жатқан оқиғамен қарым-
қатынасы, т. б. арқылы көрсетеді. Оны құр жалаң сөзбен жауыз еді,
оңбаған еді, озбыр еді десе, ол көркем шығарма болмас еді, оқушы
сезіміне ешбір əсер де етпес еді. Мысалы, М. Əуезовтың «Абай
жолы» эпопеясындағы – Құнанбайдың, «Қорғансыздың күні»
атты əңгімесіндегі – Ақан болыстың, С. Мұқановтың «Ботакөз»
романындағы – Итбайдың жауыздығы, озбырлығы олардың іс-
əрекетінен, психологиясынан айқын көрініп отырады. Автор оны
суреттегенде, өзі көрінбейді, оқушы тек кейіпкерді көреді. Жəне ол
жауыздық феодалдық қазақ қауымындағы болыстардың, үстем тап
өкілдерінің көбіне тəн.
Ал баспасөз мақалаларында ондай əдістердің қажеті жоқ. Оны
айқынырақ көру үшін бірер мысал келтірейік.
Қазақтың көркем сөз шеберлерінің бірі Ғабит Мүсірепов қазақ
қауымында ислам дінінің тарамағанын, қазақтар шын мəнінде
480 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
дінді қадір тұтпайтынын, діндар емес екенін былай көрсетеді:
«Байжан өзі үйде, төр алдында кешкі намазын оқып жатыр. Аты
намаз демесек, Байжекеңнің көңілінде де онша көп құлшылық
барлығы байқалмайды. Жарық деп, жыра деп ойланбай, төтелеп
асқан салт адамша намазын сүріне-қабына асығыс оқып жатыр.
Сырттан əйелінің ашынған даусы естілгенде, Байжекең намаз үсті
деген жоқ:
– Ай, сволочь қатын, бірдемені бүлдірдің-ау! – деп қалды. Сво-
лочь деп еркелеткені болмаса, байғұстың жаны қысылып жүр-ау
деп ойлаған жоқ. Ширақ аяңдап құдықтан қайтқан аттардың терезе
алдынан өткендегі тықырын естігенде, Байжекең Омбыда Ушаков
жектіріп берген үлкен қара аттың енді өз малы болып кеткенін есіне
алды. Намаз үсті деген жоқ. «Ушаков кəпір де болса, мұсылманнан
артық» деп ойлады. Осындай нəрселер ойын бөле бергендіктен,
намаздың неше басын оқығанын да ұмытып қалды...
Үйге асығып-аптығып кірген екі жас бала əкелерінің намаз
үстінде екеніне қарамай:
– Əке, кіші апам келе жатыр, кіші апам! – десті қуанған дауы-
спен қатар шуласып.
Басын жерге қоя берген Байжекең маңдайын жайнамазға тигізе
беріп, жұлып алды да, балаларына бұрылып:
– Апаңды үйге шақыр, от жақсын – деді де, жайнамазға қарай
қайта еңкейді. «Намаз деген сақалға салынатын бір салық қой»,
– деп қалжыңдайтын Байжекең оның қалай оқылғанына да мəн
бермейтін еді. Сол əдетінше тезірек атқарып тастауға асықты.
...Қуанған балалар əкесінің не бұйырғанын ұғынып болғанша,
үйге Елизавета келіп кірді. Қашанғы əдеті бойынша есікті жаба
беріп:
– Здравствуйте, – деді жұмсақ, айқын дауысымен. Елизавета
келгенде, балаларынан кем қуанбайтын Байжекең намазын тағы да
ойланбай-ақ үзе бастап:
– Абажди, қызым... бог первай, шелабек опторой!– деді артына
бұрылып.
...Намазын енді болған шығар деген деңгейге жеткізе беріп жи-
най салды да, Байжекең қапыл-құпыл етігін киіп, тымағын басты-
ра байлап жатып:
– Шырағым, қызым, тепер бог прощай! Наулкеде баба сар-
шайт! Абажди, потом шай пить буйдым, – деді де, далаға шығып
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 481
кетті»1. Байжекең намазын бірнеше (төрт) рет бұзып оқып, асығып
бітіреді, бірақ сол намаздан енді не қалды деп ойламайды. Ол на-
маз оқуды құдайға құлшылық етудің бір белді түрі деп қарамай,
«сақалға салынатын бір салық қой» деп түсінеді. Сондықтан
əйтеуір жұртпен қатар өз уақытында оқу керек. Байжанның соңғы,
намаз оқып болғаннан кейінгі, – «теперь бог прощай!» деген сөзі
де оның діндар емес, дінге аса құштар еместігін көрсетеді. Бұл
жерде ешбір баяндау жоқ, тек бір эпизод, көрініс қана бар, соның
өзі де жеткілікті. Ал Байжан белгілі кезеңдегі қазақ шаруасының
типі екендігінде дау жоқ. Демек, автор осы Байжан образы
арқылы, оның ойы, іс-əрекеті, қимылы арқылы тек осы бір болар-
болмас көріністен қазақ қауымында дінге сенушілік үлкен өріс
ала алмағандығын айқын көрсетеді. Осы тəрізді сипаттауды қазақ
халқының ұлы ақыны Абай өлеңдерінен де көре аламыз:
Мен жасымнан көп көрдім
Мұсылманды, кəпірді, –
Абыралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қираəтін оқытып
Көріп едім, – шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нəпілді.
Намаз шамның артынан
Құржаң-құржаң етеді.
Жер ұшық берген кісідей,
Тоңқаңдай ма, не етеді?
Нəпіл түгіл намазы
Бəрі желге кетеді.
«Еннатайна кəлкаусар,
Пошел дереу күнəкар»
Аяғын ойлап айтқаны:
«Əні-шаны күлаптар».
Осы оқумен намаздың
1 Мүсірепов Ғ. Оянған өлке. Таңдамалы шығармалар. ІІ том: Алматы, 1955, 274–
275-бб.
482 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Қай жерінде сауап бар?
Тегін ойлап байқасаң,
Мұнда ми жоқ, құлақ бар1.
Байжан мен Абыралы образдары белгілі бір тип, бірін-бірі
толықтырып тұр. Тегінде Абыралы да Байжан сияқты намазды
сауап үшін емес, əйтеуір «сақалғға салынған салық» деп оқитын
болса керек, аяттың («Еннатайна кəлкаусар») ішкі мазмұнына,
мағынасына көңіл аудармайды, дұрыс па, бұрыс па – оған шек
келтірмейді де, оны ойлауға мұршалары да жоқ, тек жұрт қатарлы,
«жығылып-тұру» керек.
Міне осы образдардың өзі ешбір дəлелсіз-ақ қазақ елінде ис-
лам діні тамырын терең жая алмағандығын көрсетіп тұр. Мұнда
дəлелдеу жоқ, ашық айтылған жалаң үгіт те жоқ, тек картина
арқылы берілген образ ғана бар. Ал публицистикада бұл мəселенің
ашылуы мүлдем басқаша, Мысалы, «Еңбекші қазақта жарияланған
«Əулиеге, молаға табынуды қою керек»2 деген мақалада əулие
атанған бір кісінің моласына табынуға ел осы күнге дейін барып
жүретіні айтылады. Əсіресе науқас адамдар жанына шипа іздеп,
кейбір ауру жылқы, түйелерін апарып, молаға табынып жүреді.
Соның ішінде молаға табынуға бара жатқанда бірнеше ауру
адамның, науқастан шыдай алмай өліп кеткенін келтіре отырып,
мақала авторы былай деп қорытады: «Əулиеге, молаға табынуды
енді қазақ баласына қоятын уақыт жетті. Ауырған кісі дохторға
көрінуі керек. Мал ауырса, мал дохторына көрсету керек. Əулиенің
өзі де, моласы да ондайға түк пайда келтірмейді, қайта пайдасы-
нан зияны басым болып шығады. Мұны білетін, ойланатын күнің
жетті, қазақ кедейі!».
Немесе «Дін мен мектеп» деген мақалада3 жалпы діннің шығу
тарихын маркстік тұрғыда баяндап береді. Діннің адам баласы мен
табиғат арасындағы қатынасынан қолдан жасалғанын көрсетеді.
Немесе бұл жерде Шоқан Уəлихановтың қазақ жұртының
діндарлығы, ислам дінінің таралуы жайында жазған публицис-
1 Абай. Шығармаларының толық жинағы. ІІ том. Алматы, 1954, 123–124-бб.
2 «Еңбекші қазақ» газеті, 1924, 27 июнь.
3 Бұл да сонда, 1927, 22 март.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 483
тикалық мақалаларын («Қырғыздардағы шаман дінінің іздері»,
«Тəңірі», «Даладағы мұсылмандық жайында», т.б.) еске түсірсек
те жеткілікті.
Міне, осы мысалдан көрінетіндей, публицистикада көркем
шығармадағыдай образдылық, типтендіру болмауы олардың
жанрлық жағынан басты айырмашылығының бірі деп білген жөн.
Яғни көркем шығармада айтылуға тиісті пікір тура айтылмай, об-
раздар арқылы суреттеліп, оқушысына əсер етеді. Тағы бір мысал.
С. Торайғыровтың «Бір үйде жиюлы екен қазына мал»1 деп баста-
латын əйгілі «Бір адамға» өлеңін оқып көрейік. Не бары 24 жолдан
тұратын шағын шығарма.
Сырт қарағанда жай нəрселер ғана сияқты: жиюлы қазына-
мал, шен-шекпен, оқа, бұлды түйме, сылдырлақ, теңгелер, сурет-
тер, күміс кесе, алтын аяқ. Алғашқыда оқушы да ақынмен бірге
бұл нəрселерді көріп, жай тамсанып қояды. Ақсақал шал: «Ата-
бабамыздың еңбегі» деп шаттана көрсетеді бұл бұйымдарды.
Бірақ олар қалай келген? Шынжыр балақ, шұбар төс шонжар-
дың сорлы момындардың сорын қайнатып, қанын сорып, аяусыз
қанауынан жиналған дүниелер екенін ашық айтпаса да түсінікті.
Оқушының көз алдына осы картина елестейді. Кесенің ішінен
«нақақ көзден жас» іздеуі осы ойды ширықтыра түседі.
Бұлардың бəрі тура өз мағынасында тұрған жоқ. Тіпті қанау
процесі де жоқ, бірақ ол осындай жеке эпизодтан анық көрінеді.
Өлеңдегі асыл бұйымдар жəне кеседегі «нақақ көзден жас»
феодалдық қоғамдағы қайшылықты, қоғамдық екі үлкен таптың
қарым-қатынасын үлкен полотнодан көрсетіп тұр. Яғни өмірдегі
жай көзге көріне бермейтін деталь арқылы қоғамдық өмірдің үлкен
қайшылықтарын елестетеді.
Көркем шығарма өз оқушысына ой салады, кейде оны ашық
та айтпайды, тіпті мəселенің түйінін шешіп те бермейді, оны
оқушының үлесіне қалдырады.
Бұл жөнінде көркем аударма мəселесін зерттеуші ғалым, əрі
жазушы С. Талжанов айтқан мына бір əңгімені келтіре кету жөн
сияқты. «Жаңа қалам ұстап жаза бастаған жас жазушы алғашқы
туындысын тəжірибелі сыншыға көрсетуге апарып беріпті. Ал-
1 Торайғыров С. «Бір адамға». Шығармалар, І-том. Алматы, 1967, 113–114-бб.
484 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
дында бір əкелген əңгімесінің көркемдік дəрежесі төмен болып,
сыншының өткір сынына бір ілігіпті. Енді жас жазушы ол сын-
ды ескеріп, осы əңгімесіне барын салыпты, оқығанда өзі де қатты
сүйсініп, енді сыншыға ұнар деп ойлапты. Өйткені образды, өткір
де ойнақы сөздер, ұтымды ойлар орынды қолданылып, əңгімеде
жарасым тапқан секілді. Сыншы əңгімені бас алмастан оқып
шығыпты. Оның жүзінен көз алмай телміре қарап, əрбір қимылын
аңдып отырған жас жазушы сыншының бет əлпетінен ештеңе ұға
алмапты.
Сыншы түгел оқып шығып: «Шырағым, оқушыны аямапсың
ғой. Аясаң етті!» – депті. Түкке түсінбеген жас жазушы: «Неге?» –
деп сұрапты. «Əңгіменің барлық түйінін түгел шешіп беріп,
шешімін өзің айтып беріпсің. Оқушыға ойланатын не қалды?
Оқушы жас бала емес қой, шайнап бергенді қылғыта беретін. Осы-
дан келіп оқушы ойында не қалады? Əрбір көркем шығармада
оқушының да үлесі болу керек. Онсыз ол сапалы көркем шығарма
болмақ емес», – депті сыншы.
Бұл келтірілген сыншы сөзінен көркем əдебиеттің тағы бір
өзіндік ерекшелігі көрініп тұр. Əдебиет түрлерінің басқаларында,
оның ішінде публицистикалық шығармаларда да, «оқушы үлесі»
деген болмайды, өйткені онда белгілі хабарлаудың желісі де, оның
түйіні де шешіліп отырады, автор ойы нақты айтылады.
Көркем сөздің шебері Ғабит Мүсіреповтың ертерек кезде жаз-
ған «Сəбит Мұқановқа хат» деп аталатын мына мақаласынан бұл
пікір айқынырақ сезіледі: «Мен əр бөлімді нағыз түймегендігімді
білем. Бірақ онымның өзіне бір баға бермекші едім. Көркем
əдебиетте менің бір сүйетін нəрсем – жалғасы білінбей, көбінесе
жалғасы келесі бөлімді оқып отырғанда ғана сезілсе екен деймін.
Бұл, мүмкін, ескірген түр болар. Сөйтсе де мен осыны ұнатам.
Жазушылар əсіресе байламын көрсетіп қоятыны бар, мен оны
ұнатпаймын. Менің Гогольді сүйіп оқитынымды білетін едің ғой:
көбінесе ол маған осы жағынан ұнайды»1.
З. Ахметовтың мына пікірі де жалпы көркем шығарманың, со-
ның ішінде поэзияның, өзіндік ерекшеліктері бар екенін көрсете-
ді. Поэтикалык символдарда құбылыстар мен заттардың сипат-
1 Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Əдеби-сын еңбектері.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 485
тары шартты образдар көмегімен поэзиялық меңзеу түрі арқылы
беріледі; осы ерекшеліктері арқылы, бір жағынан, поэтикалық ой
айқын да нақтылы дəлдікпен айтылмайды да, екінші жағынан,
оның арқасында символды образ ерекше жүк көтеріп, терең
мазмұнға ие болып тұрады1.
Əртүрлі əдебиет жанрларының, яғни публицистиканың да,
«көркемөнердің де, ғылымның да міндет-мұраты бірдей. Жүгі-
нетін, қуат алатын қайнар бастауы ортақ: ол – осы объективті
жаратылыс əлемі» болса да, «творчестволық суреткер əрекетінде
əлбетте ой мен сезім бауырласады да, табиғат бейнесінің күллі
ою-өрнегін нұрландырып, өзекті көркемдік арқауға айналып ке-
теді», «образ арқылы даралайды». «Суреткер ұлан-ғайыр дүние
шындығынан ойлантып, көңіл-күйіне қуат берген, рухани тірек
болған, толғандырған жеке бір тіршілік штрихтарын бөліп алады
да, адамзаттық ортақ мəн-мағына дарытады»2.
Міне осы сияқты ерекшеліктерге сай тілдік элементтер сұрып-
талып қолданылады. Көркем шығармада ауыс мағына, тілдік эле-
менттердің көп мағыналығы, яғни əртүрлі комбинаторлық мағына
оның негізгі тілдік ерекшелігі болып саналады. Ол окказиалдық
ауыс мағына, көп мағыналық, метафора, метонимия, эпитет,
теңеу, салыстыру, гипербола сияқты түрлі көркемдік тəсілдер
арқылы беріледі. Бірақ бұдан көркем шығарма тіліндегі барлық
сөздер ауыспалы мағынада қолданылады екен деген қорытынды
тумаса керек. Көркем əдебиеттің ерекшелігі сол – ондағы тура
мағынада қолданылған сөздер ауыспалы мағынада немесе көп
жағдайда контекстік, комбинаторлық мағынада қолданылған сөзге
сабақталып, соның, ықпалына түсіп, сəйкестік құрып, көркем
мүсін жасап тұрады.
Жоғарыда көрсетілген, С. Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңін-
дегі əртүрлі асыл жиһаз, қымбат мүліктердің барлығы кесе іші-
нен іздеген «нақақ көзден жасқа» сабақталып, үйлесім тауып,
бəрі қосылып түйдектеліп, кесек образ жасап тұр. Ол образ тіпті
беріліп тұрған сөздердің негізгі мағынасынан да туып тұрған
жоқ. Сондай-ақ көркем шығарманың тілдік форма мен мазмұн
1 Ахметов З.А. О языке казахской поэзии. Алма-Ата, 1970, стр. 7–8.
2 Серікқалиев З., Серікқалиева Э. Ақыл таразысы. Алматы, 1976, 47, 15, 16, 13-бб.
486 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
бірлігінің осындай өзіне ғана тəн ерекшелігі болады. Ондағы об-
разды беретін, басқа сөздерді өзіне сабақтап, белгілі тізбек жасап
тұратын сөздің дəлдік дəрежесі де өзгеше. Мысалы, жоғарыдағы
Абай мен С. Торайғыров өлеңдеріндегі «Мұнда ми жоқ, құлақ
бар», «Жусақ та денемізден кетер емес, сондағы тұқым шашып
сепкеніңіз» деген жолдардағы сөз мағынасы, сөйлем білдіретін
ой тек осы контексте, осы өлеңдерде ғана түсініледі. Мұның
ерекшелігі де осында. Сондықтан да көркем шығармада белгілі
дəрежеде жазушы интеллектісіне қарай кейбір еркіндік, формаль-
ды түрде жалпы нормадан ауытқу, грамматикалық, аномалиялық,
метабазистік құбылыстар орын алып отырады. Көркем стильде
тілдік элементтердің дистрибуциялық шеңбері кеңейіп, олардың
узуальды мəн-мағынасын бұзады.
Лексика-грамматикалық тұрғыдан тіркеспейтін сөздер бір-
бірімен байланысқа түсіп, белгілі бір контекстік тұтастық құрайды.
Соның негізінде соны ой, көркем сурет туады. Бірақ ондай
еркіндік, нормадан ауытқу тілдік жағынан дəлдік ұғымын жоққа
шығармайды. Көркем шығармадағы дəлдіктің өз ерекшеліктері
бар. Ол дəлдік контекстегі тілдік элементтердің жеке тұрғандағы
сипатынан емес, түгел контекс ансамблінде көрінеді, мағына
сыйымдылығымен байланысып жатады.
Яғни ондағы жеке сөздер болсын, тізбек, тіркестер болсын, тіпті
сөйлемдер болсын өз беттерімен өмір сүрмей, кесек ойдың бөлуге
келмейтін жарқыншағы болып, көркемдік тəсілдердің барлығымен
де тұтасып кетеді.
Сондықтан да көркем шығарманың жеке сөйлемдерін бөлек
алып қарасақ, тұрған орнына қарағанда сүреңсіз, өте күңгірт бо-
лып көрінеді. Көркем шығармада қарапайым тілдік элементтердің
өзі құлпырып, көркем стильдің «радиациясына» ұшырап отыра-
ды. Сөйтіп барып, көркем шығармада көркем стиль басқа тілдік
элементтерді өз əуеніне салып негізгі ой мақсатына бағындырады.
Демек, онда ситуациялық қасиеттің барын, ол қасиет көркем
стильдің өмір сүріп, жүзеге асуы үшін қажет шарттардың бірі
екенін атап көрсетуге болады. Өйткені қандай да құбылыс болсын
көркем шығармада тура айтылмай, ол белгілі көркемдік əдістер
арқылы образбен оқушы сезіміне əсер етеді.
Кейде баяндалып отырған құбылыс дəл сол қалпында емес,
өзгеше, кейде қарама-қайшы мəнінде де түсініледі. Көркем стиль-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 487
дің осындай ситуациялық қасиеті – оның өзіндік ерекшеліктері-
мен тығыз байланысып жатқан құбылыс.
Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлке» романындағы мына бір суретті
еске түсіре кетейік. Өнерімен өзін де, өзгені де таңдантқан асқан
шебер Сандыбай үйші, Игілік ісін тыңғылықты бітірсе де, өз ісін
бітіре алмай, «бүгін тəуекел етіп», Игілікке «жолығуға келе жа-
тыр еді». Ағаштың алдында аруағы қозып, алдына жан салмай-
тын Сандыбай дəл бұл жерде «сəлемді қалай берерін, не айта-
рын, қалай айтарын ойланып, ойлаған сайын ешнəрсеге тұрақтай
алмай, абыржып келе жатыр. Игілік сөзді өзі бастап кетпегенде,
сорлы Сандыбай сəлем берумен тоқталып, таусылып та қалатын
еді...». «Ой қалтасы көп шаруалардың» бірі Сандыбайдың бұдан
кейінгі іс-əрекеті, ойы, қиялы оқушыны бастапқыда сендіріп те
қалдырғанмен, оқушы күдіктене қарап, оқи түседі.
Өйткені «паң да, тəкаббар да емес Игілік би» суық жүз
көрсетіп, қабақ шытпайтын, бəрін де алдын ойлап, айламен
істейтін, қалбалақ Сандыбай үйші түгіл Жұман бай, Жұмабек
төре, Күреңкөз қожа, Боздақ билердің өздері Игіліктің айдауына
қалай көніп кеткенін өздері де сезбеген болатын. Тек «ала көзін
бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер
басына қара жамылғандай болар еді.
Күреңкөз қожаның тышқанның құмалағынан жасағандай ұсақ
қара тастардан тізген тəспиғымен бірге барлық буын-буыны сыр-
тылдап кетер еді». Сол Игілік қазір Сандыбайға жаны аши, қамқор
бола сөйлеп тұр, сөзінде ешбір ірілік те, өктемдік те жоқ тəрізді.
– Шеберім, сен айналып қалдың-ау... Үйге кірген-шыққан сай-
ын сен есімде жүрсең де, біздің бір қарбаласымыз көбейіп кетті...
Ренжіме... Қазір малыңды осы араға айдап əкелер, анықтап көріп,
таңдағаныңды ал, – деді Игілік.
Сіздің малдың жаманы бар деймісің... Бұйырғаны болад та, –
деді Сандыбай ыржиып...
– Сонда да көр, ұнатқан үйіріңді ал. Мына бір үйір жылқыны
саған айдап келе жатқан болар, – деді Игілік.
Алдында торы төбел айғыры бар он торы бие, он тобылғы торы
құлынымен ойнақтап шауып өзенге қарай өтті...
– Мына бір үйірді де көр, – деді Игілік, екінші мыңнан бөлініп
шыға берген бір үйір жылқыны нұсқап.
488 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Өңкей теңбіл қара-көк биелер, қырау тұрғандай ғана ақ қылаңы
енді біліне бастаған қара құлындар жақындай беріп, жасылдай
жарқ етіп, өзенге қарай шауып кетті...
– Шырағым, сен абыржыма... əбден көр, таңдап ал... мына
бір үйірді де осылай қарай бөліп шығарды ғой... – деді Игілік.
Сандыбай өзге дүниені түгел ұмытып, өзінің қандай күйде
тұрғанында жұмысы жоқ, Игілік нұсқаған жаққа қарады. Мына бір
бұлт ішінде бір үйір жылқы келе жатыр десе, Сандыбай аспанға да
қарайтын еді...
– Бұл араға келген жылқылардың түрі осы, – деді Игілік.
Көрем десең, ертең осы араға өзге қостар да келіп қалар. Өзің
біл... Жаңағы өткен үйірлердің ұнағаны болса оныңды айтасың1.
«Өзі жасаған үйге енді өзі кіре беруге лұқсат жоғы да есіне түсе
қалып», əр үйірден таңдаған жылқысын алып қайтпақ тұрсын,
«Сандыбай жалшының халына қалай оп-оңай түсіп қалғанын өзі
де сезген жоқ». Дəл осылай болып бұл құбылыс тек осы ситуа-
цияда түсініледі. Оқушы тек, Сандыбайды аяйды, сондықтан да
көркем шығармадағы тілдік элементтер сол контексте ғана дəл
сондай көркем ой жүгін көтере алады.
Көркем творчестволық контексте сапалы түрде жəне белгілі
көркемдік, композициялық мақсатта пайдаланылған тілдік
құралдарды көрнекті тіл маманы X.X. Махмудов «стилема» деп
көрсетеді2. Бірақ көркем шығармаға көркемдк қасиет беріп, оны
ерекшелендіретін нəрсе сол «стилеманың» көркем əдебиетте тек
қолданылуы ғана емес, ең негізгісі жəне бастысы, шығармаға нəр
беріп, құлпыртатын, оны көркем стиль деп тануға негіз болатын,
сезімге əсер ететін нəрсе – тілдік құралдардың қалай қолданылуы,
яғни оның жазушы сөз өрнегінде орнын тауып, пайдаға асуы, сол
контексте жарқырап, жанындағы тілдік элементтерге жан бітіріп,
қиыннан қиысқан образды ойды білдіре алуында болса керек.
Сондықтан X.X. Махмудовтың: «Əңгіме Гогольдің қандай тілдік
құралдарды жəне қанша мөлшерде қолданғандығында емес, олар-
1 Мүсірепов Ғ. Оянған өлке, 111–112-беттер.
2 Махмудов X. X. Некоторые вопросы теоретической стилистики // Филологический
сборник, вып. ІV. Алма-Ата, 1965, стр, 316.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 489
ды Гоголь қалай пайдаға асыра білуінде болса керек»1, – деген
пікірі өте орынды.
Көркем стиль қатарына көтерілген тілдік құралдардың осын-
дай өзіндік ерекшеліктері негізінде белгілі көркем шығармада
лайықты орнын тауып, сəтті қолданылған жаңалық тек сол
шығармада өмір сүреді де, ол əрдайым жаңалық болып қалады,
ол ескірмейді, замандастары үшін де, кейінгі ұрпақ үшін де ой
салмағын жоғалтпай өзі білдіретін ықшам да көркем образды əсте
тотықтыруға жібермейді. Демек, бұл сияқты тілдік құралдар, бір
жағынан, жеке жазушының еншісіндегі жаңалық болып сақталса,
екіншіден, жалпы көркем стиль, көркем сөз дегендерге ортақ бо-
лып, соның əрі жемісі, əрі көрінісі болып қалмақ.
Сондай-ақ көркем шығарма тілінің, көркем стильдің басқа
стильдермен ортақ типологиялық тенденцияларымен қатар өзіндік
қалыптасу ерекшеліктері, тарихи даму жолдары болады. Ол
бағытта арнайы зерттеулердің əлі де қажет екендігі белгілі. Бұл
жерде тек көркем шығарма мен публицистикалық əдебиеттердің
стилі бір емес екенін, олардың айтылу мақсатына қарай оларда
тілдік материалдарды пайдалану да бірдей еместігін дəлелдеуге
тырыстық. Əрине, көркем шығарма деген ұғымның өзі күрделі,
əр автордың туындысы екіншісі бір шығармамен бірдей болмауы
мүмкін, бірақ олардың қай-қайсысына да ортақ қасиет – жоғарыда
келтірілгендей, көркем шығарма мен көркем стильдің өзіндік
ерекшеліктері, əр автордың өзіндік жəне индивидуальдық қасиеті,
сөз саптау шеберлігі сол көрсетілген ерекшеліктердің шеңберінен
шығып кетпейді. Сондықтан көркем шығармадағы жеке автор
шеберлігі сияқты мəселелер мүлде сөз болмайды. Сондай-ақ жеке
авторлардың кейде сəтсіз шыққан туындылары да ескеріледі,
өйткені əңгіме жеке көркем шығарма тілі емес, жалпы көркем
əдебиет пен көркем стиль төңірегінде ғана болып отыр.
Сонымен, бір ғасырдан аса мерзім ішінде мəдени өміріміздің
өркендеуіне ат салысып, игілікті əсерін тигізіп келген қазақтың
мерзімді баспасөзінің, оның тілінің өзіндік қалыптасу тарихы,
даму жолы бар. Қазақтың алғашқы баспасөз органдары өз кезіндегі
жазба тілді пайдаланды. XІX ғасырдың екінші жартысындағы
жазба тілде (баспа бетін көрген кітаптар тілінде) көпшілік түркі
1 Бұл да сонда, 291-бет.
490 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
тілдеріне белгілі дəрежеде ортақтық қасиет көзделетін жазба
дəстүр тəн болатын. Оны ғалымдардың көпшілігі «чағатай» «татар»
тілдерінің элементтері араласқан «кітаби тіл» деп қарап, əдеби тіл
деген ұғымға қарама-қарсы қоюға тырысып келді. Шындығында
ол өзінше жеке бір тіл емес, өйткені сол кездегі қазақ тілінен
фонетикалық жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы
бүтіндей өзгеше тіл емес, ортағасырлық түркі жазба əдеби тілінің
негізгі ерекшеліктерін сақтауға тырысқан, сөздің көне тұлғаларын,
қосымшалардың дыбыс үндестігіне бағынбайтын бір-ақ вариан-
тын, араб тілінен енген сөздерге сол тілде жазылатын түр-тұлғасын
сақтауға тырысқан жазба дəстүр еді. Сондықтан да оны «кітаби тіл
дəстүрі» деп атаған орынды. Бұл – бір. Екіншіден, ол дəстүр рево-
люциядан бұрын жарық көрген жазба əдебиет тілінен белгілі орын
алып келді. Оны бүтіндей жоққа шығаруға болмайды. Революци-
ядан бұрын жəне жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысын-
да шығып келген газет-журналдар да бұл «кітаби тіл» дəстүрін
пайдаланады. Тек кейінгі кездерде мерзімді баспасөз тілі одан
біртіндеп арыла бастады, белгілі ғылыми иринциптер негізінде
қалыптасып, жазба, орфографиялық дəстүр тұрақтала бастады.
Оны қалыптастыруда советтік мерзімді баспасөздің атқарған рөлі
зор.
Белгілі дəрежеде көркем шығарма тілінің əсер-ықпалы
арқасында қалыптаса бастаған мерзімді баспасөз тілі, бір жағынан,
ой жеткізу мақсаты негізінде баяндау əдісінен туатын тілдік
құбылыстарды сұрыптап қолдану ерекшеліктеріне байланысты
көркем шығарма тілімен жақындасып, біркелкі тілдік единицалар
мен тұлғаларды, үлгілерді пайдаланып отырса, екінші жағынан,
тілдік тұлғаларды, үлгілерді қолданудың сандық та, сапалық та
айырмашылықтары байқалып, одан өзгешеленеді, ресми стильге
жататын жазба «əдебиет тіліне тəн бір мағыналық қасиетке ие бо-
лып, ресми əдебиеттер, ғылыми əдебиеттер тіліне жақындасады.
Сөйтіп барып, публицистикалық жанрдың қоғамдық кызметінің
ерекшелігіне лайық, оның жету мақсаты негізінде мерзімді
баспасөз тілі əдеби тілдегі үш стильдің тілдік элементтерін де
өзінше пайдаланады. Мерзімді баспасөз тілінің, элементтерін
сұрыптап қолдануы, яғни лексика -грамматикалық ерекшеліктері,
олардың біртіндеп қалыптасуы, тұрақтануы келесі тарауларда сөз
болады.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 491
ІІ. БАСПАСӨЗ ТІЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ
ДАМУЫ ЖƏНЕ ЖАҢА СӨЗ ЖАСАУ ПРОЦЕСІ
Белгілі бір шығармада немесе газет-журналда тілдің лексика-
лық құрамына енетін барлық сөз жұмсала бермейді. Жазба əде-
биет жанрлары баяндау мақсатын лайықты лексикалық құрам-
ның белгілі бөлігін ғана пайдаланады. Мысалы, статист ға-
лымдардың көрсетуі бойынша, Абай шығармаларында не бəрі
алты мыңнан сəл-ақ астам сөз қолданған болса, Абай тілдегі одан
басқа сөздерді білмеген, немесе XІX ғасырдың екінші жартысын-
да қазақ əдеби тілінің сөздік құрамы сан жағынан сол шамада де-
ген қорытынды шығаруға болмайды. Абай шығармаларының тілі
үшін қойылған мақсатты атқарып шығуда лексикалық құрамының
сол көлемдегі, сол шеңбердегі сөздерді қолдану жеткілікті болды.
Бұл – бір. Екіншіден, əдетте, көркем публицистикалық шығармада
тілдің лексикалық құрамында ертеден бері қалыптасқан сөздер
ғана қолданылып қоймайды, сонымен бірге əдебиет жанрлары,
əсіресе мерзімді баспасөз, лексикалық құрамының жаңа сөздермен
толығып отыруына да ат салысады. Сөйтіп барып, əдеби тілге
əртүрлі əсер етіп, оның байып, дами түсуіне үлкен үлес қосып оты-
рады. Ондайда ең алдымен тілдің өз ішкі мүмкіндігіне қарай жаңа
ұғымдардың келуімен байланысты байырғы сөздер жаңа мағынаға
ие болады, əртүрлі қосымшалар мен аналитикалық тəсілдер
арқылы жаңа сөздер туып жатады. Сонымен бірге қажетіне қарай
басқа тілден де сөздер ауысып отырады.
Міне осындай тілдік дамудың диалектикалық нақты көрінісін
қазақтың мерзімді баспасөз тілінің сөздік құрамынан айқын
көреміз. Өйткені жеке сөздердің дамуы арқылы тілдің сөздік
құрамының дамуын көруге болады. «Белгілі бір кезеңде белгілі бір
тілдегі жеке сөздердің, мейлі олар бір сөз табына жатсын, мейлі
əр сөз табына жатсын, даму бағыты сол тілдің жалпы алғанда
түгел сөздік құрамының даму бағытын айқындай алады»1, – деп
көрсетеді Р. А. Будагов.
1 Будагов Р.А. Проблемы развития языка. М.–Л., 1965, стр. 51.
492 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
1. Байырғы сөздердің қолданылуы жəне
сөз мағынасының дамуы
Баспасөз тілінің лексикалық құрамы сөз болғанда, ең алдымен
байырғы сөздердің қолданылуы, белгілі шығарманың тіліндегі я
жалпы тілдегі сияқты төл сөздердің орны, қолданылу салмағы,
даму қарқыны ең бірінші орында тұрады. Өйткені қандай жазба
шығарма болмасын, жалпы халықтық тілдің қол жеткен табыс-
тарын, күнделікті өмірдегі қатынас құралының ең бір оперативті
материалдарының бірі – байырғы сөздерді қолданбай тұра ал-
майды.
Баспасөз тілінде байырғы сөздердің көрінісі, қолданылу сал-
мағы өзіндей басқа категориялардың қай-қайсысынан да анағұр-
лым басым болады. Мысалы, «Социалистік Қазақстан» газетінің
1969 жылғы 16 октябріндегі санын талдағанда, байырғы сөздердің
жалпы саны 49, 69 процент те, қолданылуы 56 процент болды.
Бұл сандар айқынырақ болу үшін мына кестеге назар аударайық.
Газеттің бұл санында 2125 сөз 8834 рет қолданылған. Цифрлар,
номерлер, белгілер есептелінбеді.
Баспасөз тілінің Сөздің саны
лексикалық құрамы Жалпы сөз
санына
проценттік
қатынасы
Қолданылған
сөз саны
Қолданылған
сөз санының
проценттік
қатыансы
1. Шеттен (орыс тілінен енген 394 18,53 1581 17,897
сөздер) 174 8,2 884 10,07
2. Мағына өзгерісінің нəти- 239 11,25 748 8,467
жесінде жасалған жаңа сөздер
262 12,33 625 7,75
3. Байырғы сөздерге қосымша 1056 49,69 4992 56
қосылу арқылы жасалған жаңа
сөздер
4. Кісі аттары, жер, су, ел, ме-
кеме, мемлекет атаулары
5. Байырғы сөздер
Əрине, газеттің бір саны жалпы сол газеттің тілі туралы толық
мəлімет бере алмайды. Дегенмен газеттің бір санында 8000–9000
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 493
сөз қолданылатыны, олар негізінен 2000–2300 сөздің көрінісі екені
бұрын да көрсетіліп жүрген. Осының өзі дұрыс екенін біздің мына
сандық талдау да байқатып отыр. Сол сөз санының жартысына
жақыны, ал қолданылған сөздің жартысынан астамы байырғы
сөз категориясына тиетіндігі осы кестеден анық көрінеді. Егер
газеттің басқа сандарын да дəл осылай етіп талдасақ, лексикалық
құрам түрлерінің сандық жайынан үлесі пəлендей көп өзгермеген
болар еді. Соның ішінде байырғы сөздер жəне олардың қолданылу
саны жалпы сөз бен сөз қолданудың жартысындай болар еді. Ал
олар қандай сөз дегенде, яғни қолданылған жеке-жеке сөзге кел-
генде, кейбір өзгерістер, алшақтықтар байқалуы мүмкін. Ол
заңды да. Өйткені газеттің бір нөміріндегі сөз бен қолданылатын
сөздің саны шекті-ақ (2125–8834). Байырғы сөздерді сөз тапта-
ры жағынан талдап қарасақ, қазіргі грамматикаларда көрсетіліп
жүрген сөз таптарының бəрі де қолданылған. Баспасөз тілінде
қолданылған зат есімдердің көпшілігі, негізгі сын есімдер, сан
есім мен есімдіктер, үстеу сөздер, шылаулар, негізгі жəне күрделі
етістіктердің көбі байырғы сөздер болып келеді.
Баспасөз тілінде қолданылған байырғы сөздердің өзіндік
кейбір ерекшеліктері де көзге түседі. Кейбіреуінің қолданылу аясы
тар, сирек кездесіп отырса, енді бірсыдырғысы өте белсенді түрде
қолданылып, жиілігі өте жоғары болып отырады1. Олар – кейбір
шылаулар, бірді-екілі сан есімдер, есімдіктер, зат есімдер, етістік
сөздер.
Байырғы сөздер тобын құрайтын көптеген лексемалар баспасөз
тілінде өздерінің бұрынғы лексикалық мағыналарының үстіне
жаңа мағыналық реңк үстеп, қолданылу шеңбері кеңейе түскенін де
көреміз. Олардың негізгі лексикалық мағыналары үлкен өзгеріске
түспегенмен, баспасөз тілінде жиі қолданылуының нəтижесінде
сөйлемдегі қызметі артып, жаңа сөз тіркестерін құрап, əдеби тілді
дамытуда елеулі үлес қосып отырғаны байқалады. Мысалы, еңбек
1 Көне түркі тілінде, мысалы, Күлтегін ескерткішінде «еңбек» (емгек ~ нг/ң мен
м/б–метатеза) азап, қиыншылық, қайғы мəнінде қолданылған: қағаны өлті, буйуруқы
беглері йеме өлті, он оқ будун емгек көрті – қағаны өлді, төрелері (бұйырушылары),
бектері жəне өлді, он оқ халқы азап шекті, қиыншылық көрді; Малов С.Е. Памятники
древнетюркской письменности. М.– Л., 1951, стр. 30. Бұдан былай бұл еңбек ПДП
деп шартты түрде қысқартылып алынды.
494 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
сөзі бұрыннан-ақ қолданылып, тілдің белгілі қажетін өтеп келгені
аян. Мерзімді баспасөз тілінде бұл сөз бұрынғы мағынасынан ай-
ырылып қалған жоқ, сол мағынада қолданыла отырып, оған жаңа
мағыналық реңк үстеліп қызметі, басқа сөздермен тіркесе алу
қабілеттілігі артып отырғаны бірден көзге түседі.
«Социалистік Қазақстан» газетінің бір-ақ санында (1969 жылғы
16 октябрьдегі) қолданылған сөз тіркестері осыған толық дəлел
бола алады: еңбек өнімділігі артып, мерекелік еңбек вахтасы,
еңбекті ұйымдастыру, еңбекке деген ынта-жігер, еңбек ері, еңбек
адамдары, еңбек қазанында қайнау, бір жерде еңбек ету, еңбектің
рахаты, еңбегін жоғары бағалау, еңбегімен тұлғалау, адал еңбек,
еңбектің нəтижесін, қажырлы еңбек, жазылған еңбек, еңбекті
екінші тілге аудару, көптеген еңбектері, еңбегінің аудармасы,
еңбек жолында, еңбек озаттары, еңбекке шақыру, еңбек үлгісі,
еңбек серпілісі, еңбек дүбірі, еңбекпен игілік көздері, еңбек дəстүрі,
еңбек сүйгіштігі, еңбек ардагерлері, еңбекпен өсірілген, еңбек шы-
нары, еңбек ұйымдастырылды, күрделі еңбекті ұйымдастыру,
еңбектегі ерлік, т.б.
Газеттің бір-ақ санында қолданылған осы еңбек сөзінің мағы-
налық реңкі, сөйлемдегі қызметі, тіркесімділік қабілетінің артып,
жаңа тіркес құрай алу мүмкіндігі өскенін айқын аңғаруға болады.
Осы шағын тізімнің өзінен еңбек сөзінің сөз тіркесі құрамында əрі
бағынушы, əрі бағындырушы компоненті ретінде əртүрлі тұлғада
тұрып, сан алуан қарым-қатынаста түрлі-түрлі қызмет атқарып
тұрғанын көреміз.
Бірде еркін синтаксистік тіркестің құрамында басқа сөздермен
жаңа тіркеске түссе, енді бірде еңбек сөзі тұрақты тіркес құрауға
ұйытқы болады. Мұндай тілдік құбылыс ең алдымен сол сөз
білдіретін атаудың, заттың, не оның сынының, қимылының өзі
жаңа қоғамдық құбылыстың өзгерістері ала келген жаңалықтармен,
жаңа ұғыммен байланысты.
Талданып отырған еңбек сөзі тілімізде көптен бері қолданылып
келе жатқандығы даусыз. Өйткені еңбек процесі – ертеден белгілі
құбылыс. Солай бола тұрса да, жаңа қоғамда еңбек процесі жаңа
мəнге, жаңа мазмұнға ие болып, оған деген жаңа қоғамдық көз-
қарас қалыптасты. Демек, қазақтың мерзімді баспасөзі бұрынан
қолданылып келе жатқан сөздерді сол күйінде ғана пайдаланып
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 495
немесе оларға жаңа мағыналық реңк беріп, тіркесімділік қабілетін
арттырып, қызметін кеңейтіп қана қойған жоқ, сонымен бірге
оларды жаңа мағынада қолданып, жаңа сөз жасап та отырды. Тілде
сөз жасаудың осы лексика-семантикалық жолы баспасөзде мықтап
өркендеп, əдеби тілді дамытып, байытуға елеулі үлес қосып келеді.
Мерзімді баспасөз беттерінде тілімізде бұрыннан қолданылып
келе жатқан байырғы сөздердің жаңа мағынада жұмсалуы, болмаса
олардың мағынасы тарылуы я кеңеюі, сол сияқты аударма арқылы
енген жаңа сөздер көптеп ұшырасады. Лексиканың баюының бұл
түрі қай тілде болмасын тіл дамуында үлкен рөл атқарады.
Өйткені тіл дамуының қай сатысында болса да оның өзгеруі,
өрістеуі, оған жаңалықтардың енуі сол тілдің ішкі заңдылықтары-
мен сəйкес жүргізіледі, ұлттық тілдің базасынан, жалпыхалықтық
тілден, оның өзіндік ерекшеліктерінен алшақтап, бөлініп кетпейді.
Бұл үш адамды гуалар (свидетели) деп атайды (А., 1913, №6,
120-б.). Бұлар бала оқытб ағартады деуге де болмайды (А., 1914,
№5, 85-б.) Сондай-ақ «Айқап» тілінде əдебиет кеші, серік, кеңес,
астана, т.б. сияқты жаңа сөздер я жаңа мағынада қолданылған
сөздер көптеп кездеседі. Сырт қарағанда, куə сөзінің «Айқап»
қосқан жаңа мағынасы жоқ сияқты. Өйткені қазақ тілінде бұдан
бұрынғы дəуірлерде де куə сөзі бір нəрсеге айғақ болушы, растау-
шы деген мағынада қолданылып келген. Бірақ бұл жерде куə жал-
пы айғақ болушы ғана емес, ресми айғақ болушы мағынасында,
яғни терминдік мəнде қолданылып отыр. «Ағарту» етістігі бұрын
өзінің тура, ақ түске айналдыру мағынасында қолданылып келсе,
бұл жерде үйрету, сауаттандыру, оқыту мағынасында жұмсалған.
«Ағарту» етістігінің дəл осы мағынада əдеби тілімізде
тұрақтануында «Айқап» журналының қызметі ерекше. Жалғыз
бұл емес, оқу-ағарту саласында журнал сан алуан жаңа сөз енгізді.
Оның көбі ана тіліміздің ішкі мүмкіндіктерінің негізінде жасалып
отырды. Ол, бір жағынан, «Айқап» журналының халқымызды оқу-
ағарту ісіне шақырып, сол жолда елге қызмет етудегі мақсат,
бағытынан да айқын көрінеді.
Халық арасында оқу, білім алу ісін өркендету, əсіресе ескі
мұсылманша оқудан гөрі жаңаша, европа халықтарынан үлгі-өнеге
алу, сол жолда оқу сияқты мəселелер – «Айқап» журналының
көтерген өзекті проблемаларының бірі. Журнал өз заманында ел
496 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
болудың кілті білімде, өнерде, оқуда деп уағыздады, Сондықтан
да оқу-ағарту саласына байланысты сөздерді, мейлі ол кірме сөз
болсын, мейлі жасанды сөз болсын, «Айқап» журналының көптеп
қолдануы заңды да.
Кеш сөзі де жаңа мағынада, яғни сауық жиыны, бас қосу жиы-
ны мағынасында қолданылып отыр. Бұл сөздің, осы мағынасы ана
тіліміздің материалы негізінде туып тұрса да, оған тигізген орыс
тіліндегі вечер сөзінің əсер-ықпалы да жоқ емес.
Жазба əдеби тілімізге бұл сөз осы мағынасында еніп, берік
орын тепті. Кеш сөзінің осы мағынасында тек осы кезеңдерде
əдеби тілге ене бастауын көрсете алатын мынадай фактілер де бар.
Мысалы, «Дала уалаятының газетінде» кеш сөзі қолданылмай,
оның орнына тамаша,не ойын сияқты сөздер қолданылған.
Мужской гимназияда яғни еркек балалар оқитұғын жерде
3 ғинуардың түнінде 1888 жылы бек тамаша ойын қылғандар (ДУГ,
1888, 1 июль), Орысша аудармасында бұл тіркес «литературный
вечер» деп берілген.
Ал XX ғасырдың бас кезіндегі баспасөз тілнің өзінде кеш
сөзі кейде араб-иран тілдерінен енген сөздермен ауыстырыла-
ды. Қазіргі кезде кеш сөзінің тіркесімділік қабілеті де артты, ол
əдебиет кеші дегеннен басқа, сауық кеші, музыкалық кеш, белгілі
датаға, оқиғаға арналған кеш сияқты сөз тіркестерінің құрамында
кеңінен қолданылады.
Осындай жаңа мағынаға ие болған сөздер – серік, кеңес. Ке-
йінгі жылдары, совет дəуірінде де бұл термин сыртқы түрін
өзгертіп, серіктік тұлғасында осы мағынада қолданылып келеді.
Кеңес сөзі «Айқап» тілінде ақылдасу, ақыл сұрау, ақыл беру сияқты
ежелгі мағынасында емес, жаңа мағынада жəне терминдік мəнде
қолданылған.
Ақылдасу, пікір алысу мағынасында «Айқап» журналы кеңес-
пен бірге көбіне-көп араб тілінен енген мəслихат сөзін де қолда-
нып отырды. «Оқушыларымыздан маслихат сұраймыз (А., 1913,
№2, 45-б.). Халыққа тағы бір мəслихат» («Қазақстан», 1912,
4 февраль).
Бұл кезеңдегі мерзімді баспасөз бір сөздің осындай дəстүрлі
мағынасын ажыратып, соған сəйкес екі түрлі сөз қолданған. Кеңес
сөзінің осы терминдік мəнін көрсете түсу үшін жақша ішіне орыс-
ша баламасын (совещание) беріп отырады.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 497
Бұл сөз кейінгі жылдары əртүрлі мағыналық өзгерістерге түсе
отырып, күні бүгінге дейін осы мағынасынан айырылған жоқ.
Бұдан кеңес сөзі «Айқап» журналының беттерінде жоғарыдағы
мағынада ғана қолданылған екен деп қорытындылауға болмайды.
Бұл сөзді қазіргі мағыналарының толық қалыптасу жолын осы
«Айқап» тілінен айқын көре аламыз, яғни жиналған белгілі бір
топ адамдар, белгілі мақсаттағы бас қосу мағынасынан басқа осы
мағынаға ауысу процесіндегі мағыналық реңкті де байқаймыз. Ол
əрі ақылдасу, əрі жиналу, яғни жиналып ақылдасуды білдіру.
Мұндай мəселелерді ашу үшін елдің білгір бас адамдарының
бірге жиылуб кеңес етуі тиіс (А., 1913, №4–5, 75-б.).
Сол сияқты «Айқап» беттерінде кеңес сөзі мекеме аты мəнінде
де қолданылып отырады. Министерство юстиции (қазилық уəзірі)
Министрлер кеңесіне думаның қарауына кіргізу үшін... (А., 1913,
№2, 46-б.).
Сол сияқты мұрат, мүдде сөздерінің қазіргі əдеби тіліміздегі-
дей, əсіресе баспасөз тілінде қолданылуындай, мағына өрісіне
жетуінде осы кезеңдегі газет-журналдың айтарлықтай рөлі бол-
ды. «Айқап» бетінде мүдде, мұрат сөздері мұң-мұқтаж, ой жəне
мақсат, түпкі тілек, асыл арман мағыналарында қолданылып
отырған.
Осылар туралы көңіліміздегі мүддəмізді хакімдердің құла-
ғына түсіру керек емес пе? (А., 1912, №13, 280-б.). «Мұны
жазғандағы мұрад сөзлар оқурсызлар деген, оқуғаннан мұрад
орнына келтірерсізлер деген» (А., 1913, № 2, 30-б.). «Бұл жақсы
тəрбиелеу дегенімізден мұрад – дененің саулығына ұмтылу» (А.,
1913, №2, 27-б.) «Айналдырғын бүкіл қазақдағы бес-алты білім-
паз көсемдерімізді «декабристлерша» құрбан жолына жіберген-
мен қазақ мұрадын таба ала қояр дейсіз бе?» (А., 1914, №2, 25-б.).
Бұл мысалдардағы мұрат əдеттегі мағынасына, əсіресе ерте-
дегілерде ұшырасатын мұрат сөзінен (ақырында іздеген мұраты-
на жетіпті дегендегі сияқты) өзге мəнде қолданылған. Мұнда жеке
кісінің мақсаты, түпкі тілегі ғана емес, бүкіл бір жұрттың келешек
арманы, алға қойған мақсаты дегенді білдіреді. Соның өзінде де
бұл жердегі үш сөйлемде ол сөз нақ бір мағынадан қолданылып
тұрған жоқ. Алғашқы сөйлемде ол тағлым, мақсат, ниет дегенге
жақын болса, екінші сөйлемде мақсат, қорытынды, алар үлгі де-
498 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
генмен сыбайлас, ал үшінші сөйлемде түпкі мүдде, асыл арман,
алға қойған мақсат деген мағыналарға үндес келеді. Бұл жағынан
қарағанда мұрат сөзінің «Айқап» беттерінде жұмсалуы тұлғалық
жағынан болсын, сөйлемде атқаратын қызметі жағынан болсын,
XVІІ–XVІІІ ғасырлардағы жазба тілге жақын, үндес болып келеді.
Мысалы, Қадырғали Жалаиридің «Жамиғ-ат тауарихынан»
алынған мына сөйлемдердегі мұрат сөзінің қолданылуымен са-
лыстырып көрейік: «Құллықдын мұрад – ол тұрұр. Айдын мұ-
рад – барша ғалам ішінде жандарға яруқлыға тигəр» (4–5-бб.).
«Айқап» тілінде де, осы мысалда да мұрат сөзі өзімен бай-
ланысқан сөзді шығыс септік формасында меңгеріп тұр. Бұл мы-
салдардың қайсысында болсын мұрат сөзі мақсатпен синонимдес
келгенмен, «Айқап» ол екеуін бір сөз деп қарамастан, əрқайсысын
өз орнында қолданған.
«Айқап» қолданған мұрат сөзі – жалпы мақсат емес, түпкі
мақсат, алға қойған игі істер. Бұл жағынан осы сөз XX ғасырдың
бас кезіндегі баспасөз тілінде жаңа мəнде қолдануы арқылы қазіргі
мерзімді баспасөз тілінде идеал мағынасына ауысып, саралануына
мүмкіндік туды.
Қазіргі газет-журналдар тілінде бұл сөз осы мағынада то-
лық қалыптасып, асыл мұрат, биік мұрат, ұлы мұрат тəрізді
тіркестер құрайды. «Бүгінгі өмірдің биік мұраттарын, халықтар
достығының күшін, баяндайды... Коммунизм орнатушы ұрпақ-
тардың ажыраспас тағдыры ұлы мұраттарды қастерлеп, қадыр
тұтқан халқымыздың тұтас бітімінен танылады» (СҚ, 1967, 29 ок-
тябрь)...
Демек, «Айқап» тілінде қолданылған мұрат сөзі мен қазіргі
мерзімді баспасөздегі жұмсалатын мағынасы арасында мықты
байланыс бар. Осыдан бұл сөздің қазақ баспасөз тіліндегі даму
процесі айқын байқалады.
Бұл процесс совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде жанда-
на түсті. Мысалы, «Қазақ жастарына бұған дейін болған кемшілік
көзқарасты тастаб, орыс жастары мен бірдей қарау керек» (ҚҚ,
№10, 1922, 20-б.) «Майда болған сайлауда бейнетқорлар даусын
дендеб эсерлерге, меньшевиктерге, кадеттерге берген еді» (ЕҚ,
25 май, 1923). Қалың еңбекшіл бұқараның арасында үндеу тарату
керек болады (ЕҚ, 9 июль, 1923). «Ортақ ашық мəжілістерінде
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 499
Семей уезіндегі бір қазақ, бір орыс облысының қамқоры (шеф) бо-
луды лайық көріб қаулы қылынған» (ЕҚ, 25 май, 1923). «Партияға
түсуге екпін бар» (ЕҚ, 9 июль, 1923). Міндетті мүше (член) болыб
жазылу керек» (ҚҚ, №1, 1922, 54-б.).
Мысалдағы көзқарас сөзі бұрын адамның бір затқа қарауы ғана
болса, енді тек қарауды ғана білдірмей, сол адамның сол құбылысқа
қатынасын, ол мəселеге қалай қарайтынын, түсінгенін, пікірін,
ойын, адамның құбылысқа деген позициясын білдіреді. Дауыс
ауыздан шыққан дыбыс болса, енді оның саяси мəні бар, мақұлдау,
не мақұлдамау дегендерді аңғартады. Сол сияқты мəжіліс, қам-
қор, мүше сияқты байырғы сөздердің жаңа мағынада қолданылға-
нын көру қиын емес.
Осы тəрізді сөздер 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз бет-
терінде көптеп кездеседі: бөлім, ақтар, үндеу, шарт, шешен, жоба,
əдіс, алқа, əуесқой, ойнау, қоздыру, орынбасар, ұя, ұйым, одақ,
ісші, орталық нығайту, т.б.
Бұл туындылар, негізінен, ана тілінің материалдарынан жасал-
ғанмен, оларда орыс тілінің де ықпалы жоқ емес. Сондықтан орыс
тілінің əсерімен мағынасы кеңеюі мен тарылуы арқылы жасалған
сөздерде калька мен аударманың да ұшығы жоқ деуге болмайды.
Калька мен аударма арқылы жасалған терминдік туындылардың
өзі де сол сөздердің алғашқы байырғы мағынасымен байланыс-
ты екені анық. Мысалы: «Жаңа да бұл орындардың өзіне түрік
əскерлерінің атды бөлекдері кіріп-шығыб жүр деген де хабарлар
бар» (ҚҚ, №11, 1922).
Бөлек сөзі контексте орыс тілінің подразделение деген сөзінің
мəнін беріп тұрған калька жолымен туған сөз. «Газетте жалпы-
халыққа шақыру басыб шығарған» (ЕҚ, 25 август, 1923).
Бұл мысалда орыс тіліндегі призыв сөзінің формалық мағына-
лық ықпалының негізінде тіліміздегі байырғы шақыру етістігіне
жаңа мағына үстелген. Ана тілі материалдары негізінде сөз жасау
процесі, сөзге жаңа мағына үстеу терминология, терминдік сөздер
саласында ғана емес, сонымен бірге лексиканың басқа салаларын-
да да бар екені байқалады.
Бұл процесс, сөз жасаудың осы лексика-семантикалық жолы,
кейінгі кезеңдердегі мерзімді баспасөз беттерінде өрістей түсті.
Кейінгі жылдары, бір жағынан, бұл сияқты жаңа сөздердің көп-
500 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
шілігі орнығып, əдеби тілдің төрінен мықтап орын алып,
жалпыхалықтық тілдің игілігіне айналса, кейбірі қолданудан
біртіндеп шығып қалып отырды. Екінші жағынан, осымен бірге
жаңа сөз жасау тоқтамай, қатар жүріп отырды. Онда да орыс
тілінің белгілі дəрежеде əсер-ықпалы байқалып отырды. Мысалы:
«Күрті су қоймасы арқылы Жетісудың жартылай шөлейт жерін су-
ландырып, оны халық игілігіне пайдалану үшін осында ғажайып
құрылыстар салына бастады» (СҚ, 1965, 4 декабрь). «Цехты биыл
пайдалануға беру белгіленіп отыр» (СҚ, І968, 29 март). Бұл мы-
салдағы қойма, пайдалану сөздері қазіргі кезде онша жат болма-
ғанмен, олардың тілімізде жаңа мағыналы сөз екенін түсіну қиын
емес.
Оның бер жағында бұл сөздер дəл осы контексте тағы жаңа
мағынаға ие болып тұр. Қойма сөзінің орыс тіліндегі хранили-
ще сөзінің əсерімен жасалғаны белгілі, бірақ бұл жерде əдеттегі
белгілі бір затты я жүкті қоятын орын емес, сумен байланысты
мағынасы соңғы кезде ғана қалыптаса бастаған. Сондай-ақ пай-
далану етістігінің орыс тіліндегі использовать, воспользоваться
дегендердің баламасы ретінде бірінші сөйлемдегі қызметі мен
мағынасында қолданылуы Совет өкіметінің алғашқы жылдарын-
дағы мерзімді баспасөз тілінде орныға бастап, кейін қалыптасып
кетсе, екінші сөйлемдегі мағынасы (орыс тіліндегі «сдать в экс-
плуатацию» дегеннің ықпалынан туған) соңғы кезде ғана пайда
болып, орныға бастаған құбылыс.
Біршама тұрақтала бастаған жаңа мағынадағы сөздермен
бірге контекстік мағынада жұмсалатын, сол контексте ғана жаңа
мағынада ұғынылатын сөздер де баспасөз тілінде кездесіп отыра-
ды. Оған соңғы кезде жиі қолданылып жүрген «жұлдыз» («звезда»)
сөзі де дəлел бола алады. Бұл сөз искусствоның, спорттың кейбір
саласына байланысты орыс тілінің ыңғайында, дəл сол қызметте
қолданылған. Сондай-ақ мына мысалдағы айыпкер (кейде «айып-
ты») сөзі де орыс тіліндегі «виновник» сөзінің дəл баламасы ретінде
қолданылған. Бұл сөздің өн бойына орыс тіліндегі «виновник»
сөзінің ауыспалы мағынасы, стильдік салмағы телінген. «Сонан
соң осы əңгімедегі бір қызықтысы, кештің «айыпкері» ата-анасы-
на қалай жəрдемдесетіндігі жайлы сөз сөйледі» (ЛЖ, 1965, 3 фев-
раль, 3-б.). Қазіргі мерзімді баспасөз тілінде мұндай аккумуля-
циялық құбылыс жиі кездесіп отырады.