ІІ
ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІНІҢ
СОВЕТ ДƏУІРІНДЕ
ДАМУЫ
КІРІСПЕ
І. БАСПАСӨЗ ТІЛІНІҢ ƏДЕБИ ТІЛМЕН ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСЫ
ІІ. БАСПАСӨЗ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖƏНЕ
ЖАҢА СӨЗ ЖАСАУ ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫ
ІІІ. КЕЙБІР МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ІV. СӨЗ ТІРКЕСІМДІЛІГІНІҢ АРТУЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 253
КІРІСПЕ
Қазақ əдеби тілінің тарихы, оның қалыптасу процесі мен
даму жолдары – қазақ тілі білімінің кенже қалып, кеш зерттеле
бастаған саласы. Олай болудың себептері де жоқ емес. Өйткені
халқымыздың əр дəуірде мирас қып қалдырған жазба мұраларын
өз алдына жан-жақты арнайы зерттеп алмай, жазба нұсқалардың
əдеби тілді қалыптастырып, ілгері дамытудағы рөлін айқындамай,
əдеби тіліміздің тарихы, қалыптасуы мен даму жолдарына
байланысты түйінді мəселелерді шешу мүмкін емес. Ал əдеби
тілдің тарихына байланысты зерттеу еңбектер шеңбері əзірше
жеке мақалалар көлемінен аспай келеді. Олардың өзінде де
көбінесе белгілі дəуірдегі əдеби тіліміздің нақты сипатталып,
көріністері, өзіндік ерекшеліктері талданбай, əдеби тілдің жалпы
мəселелері баяндалып кетеді. Сондай-ақ əдеби тіліміздің тарихы
қай кезеңнен, кімнен басталуы керек деген тəрізді мəселе де ға-
лымдар арасында көп жыл бойы дау туғызып келді. Əдеби тіл-
дің тарихына байланысты əртүрлі көзқарастың болып келуі де
əр дəуірдегі жазба мұралардың тілін осы ыңғайда байсалды зерт-
теуге мүмкіндік бермеді. Тек кейінгі жылдары ғана көркем сөз
шеберлерінің шығармалары, жекелеген жазба мұралар тілі зерт-
теле бастады. Ұсынылып отырған еңбек қазақ əдеби тілінің со-
вет дəуірінде даму процесін мерзімді баспасөз материалдары
негізінде талдап көрсетуге арналған. Бұл жұмыстың мақсаты –
қазақ əдеби тілінің қоғамдық қызметі жан-жақты дамып, арта
түсу кезеңіндегі, яғни совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз, көркем
шығарма тілін зерттеу арқылы осы шақтағы əдеби тіліміздің
лексикалық құрамын, грамматикалық құрылысын, олардың өзін-
дік ерекшеліктерін, кейбір тұлғалардың тұрақтану процесін жəне
қоғамдық публицистика тілінің кейбір заңдылықтарын, даму
қарқынын көрсету. Газет-журнал материалдары негізінде жазба
əдеби тілімізде болған жаңалықтар мен өзгерістердің, кейбір көне
тұлғалардың жандануындағы сырын түсіндіру. Сондықтан да
негізгі тілдік материалдар көбіне газет-журналдардан алынды.
254 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Тілдегі болып жатқан өзгерістер, белгілі бір тілдік құбылыстың
жоғалып, екінші біреуінің туып, жандана бастауы ешбір себепсіз
болмайды. Белгілі кезеңде болған ондай жаңалық-өзгерістер қо-
ғамдық қажеттіліктен жалпы тілдің даму барысында оның ішкі
заңы негізінде туып отырады. Тілдің белгілі бір кезеңдегі бір-ақ
тармағын зерттегеннің өзінде де ол жалпы тілдің даму заңды-
лығынан бөлініп алынбай, сол дамудың желісінде қаралады да,
мезгілдік, көлемдік жағынан шектілігі шартты түрде ғана бола-
ды. Тілдегі əрбір құбылыс белгілі дəрежеде басқа да тілдік құбы-
лыстармен тығыз байланыста болып отыратындықтан, оның өмір
сүріп, тілде қолданылуы сол басқа құбылыстар қатарында көрі-
неді, солар арқылы қабылданып түсініледі. Ал ондай тілдік құ-
былыстар арасындағы байланыстар мен олардың сипаттары та-
рихи жағдайларға байланысты құбылып, өзгеріп отырады. Тілдің
тарихын, тілдік құбылыстардың туып, қалыптасу процесін зерт-
тегенде, сол тілдік құбылыстарды тудырған не, оның қалыптасу
кезеңінде басқа да тілдік құбылыстармен қандай қарым-қатынаста
болды дегендерді анықтау қажет. Тілдік құбылыстың өзгеруі
көбіне өзі өмір сүріп, байланыста болатын басқа құбылыстардың
өзгеріп кетуі нəтижесінде болады [74, 21]1. Яғни бір кезеңдегі тілдік
құбылыс басқа да құбылыстармен байланыста, қарым-қатынаста
болатындығын ескере отырып, сол байланыстың да дəрежесін,
даму сатысын көрсету қажет.
Совет дəуіріндегі əдеби тілімізді, міне, осы жағынан бұрынғы
дəуірлердегі жазба тілмен салыстыра қарасақ, бұл кезеңдегі
тіл жүйесінде, құрылымында біршама өзгерістердің болғанын
байқай аламыз. Өйткені қоғамдық өмірде болып жатқан алуан
түрлі өзгерістердің ұлт тіліне белгілі дəрежеде із қалдырып, əсер
етіп отыратыны айқын. Тілдің өзі жүйелі, құрылымды қоғамдық
құбылыс болғандықтан да, қоғамдық жаңалықтар тілге де əсерін
тигізіп отырады. Тілдің фонетикалық жүйесі грамматикалық құ-
рылысы баяу өзгеретін болса, лексикалық құрамы оларға қараған-
да қарқынды дамитыны белгілі. Қоғамдық өмірдің əр саласынан
1 Пайдаланылған ғылыми əдебиеттер кітаптың соңында нөмірленіп беріледі, ал
үзінді пікір алынған жерлерде сілтеме жақша ішінде көрсетіледі, онда бірінші сан –
еңбектің реттік нөмірі, кейінгі сан – оның беттері. Сілтеме бірнеше еңбекке берілсе,
олардың арасы жəне жалғаулығымен байланыстырылады.
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 255
тілімізге көптеген жаңа сөздер, тіпті тілдік үлгілер еніп, кейбір
қолданылып жүрген сөздер ескіре бастайды.
Осындай өзгерістерді тілдің грамматикалық құрылысынан да
байқауға болады.
Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы баспасөз тілінің
лексикалық құрамының баюы, жаңа сөз жасау процесінің дамуы,
кейбір морфологиялық тұлғалардың активтенуі, олардың стильдік
сипат алуы, сөз тіркесімділігінің артуы ыңғайында баяндалады.
Бірақ соған байланысты жекелеген тілдік единицалардың, тұлға-
лардың, тілдік үлгілердің қалыптасу, даму процесін, активтеніп,
стильдік сипат алып, белгілі бір жанрда қолданылуға икемделуін,
бір жағынан, басқа да жазба нұсқалар тілімен, басқа да түрік тілде-
рінің материалдарымен салыстырып зерттемей, екінші жағынан,
сол тұлғалардың тілдегі сандық көрінісін, қолданылу жиілігін ай-
қындамай тұрып көрсетуге болмайды.
Тілдегі грамматикалық формалардың немесе тіпті жеке сөздер-
дің сандық үлесі (көрінісі) оның қолданылу кызметін белгілі дə-
режеде ашып, айқындай алады. Тілдің басты қоғамдық қызметі
оның қатынас құралы екендігінде болса, ішкі даму, өрістеу тен-
денциясы сандық жағынан да көрініп отырады. Мысалы, тілдегі бар
формалардың, барлық тілдік элементтердің атқаратын қызметі,
қолданылу мүмкіндігі бірдей емес, олардық ара салмағын сандық
талдау ғана ашып бере алады. Бұл туралы В.В. Ярцеваның пікі-
рін келтіре кетейік: «Егер біз тілдің дамуында сапалық жəне сан-
дық факторлардың рөлін тексеріп қарайтын болсақ, онда сандық
фактор тілдің қолданылу қызметімен (функционирование языка),
тіпті сыртқы экстралингвистикалық құбылыстармен де байла-
нысып жататыны анық байқалады... Ал тілдің қолданылу қызметін
зерттегенде, сандық қасиеттерді көрсететін квантитативті əдістер-
ді кеңінен қолдану қажет» [83, 122–123]. Демек, тіл дамуының
əр кезеңін зерттеуде сандық талдаудың, квантитативті əдістің
қажеттігі даусыз, өйткені сандық талдау тілдегі сапалық өзгерісті,
тілдік элементтердің қолданылу өрісін дəл көрсете алады жəне
сөздің, грамматикалық тұлғалардың, фонемалардың, тіпті тілдік
үлгілердің сапалық салмағы тілдік қолданыста ғана көрініп
отырады, оның қолданылу қабілеттілігі тек солардың сандық
көріністері арқылы байқалады.
256 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Сандық талдаулардың объектісі ретінде əртүрлі баспасөз нұс-
қаларынан жəне көркем əдебиеттен үзінділер алынды. Сонымен,
бұл еңбекте баспасөз тілінің барлық лексика-грамматикалық ка-
тегориялары емес, əдеби тілдің дамуын жəне мерзімді баспасөз
тілінің, өзіндік ерекшеліктерін көрсете алатын басты-басты мəсе-
лелері жекелеген тілдік құбылыстар ыңғайында салыстырмалы-
тарихи тұрғыдан сөз етіледі. Осымен байланысты тілдік мате-
риалдар əр дəуірдегі баспасөз органдарынан алынды, ал мысал-
дардағы грамматикалық, стильдік, жазу ерекшеліктеріне, орфогра-
фиялық дəстүрге байланысты баспасөздің өзінде кеткен қателер
түзетілмей, сол қалпында алынды.
Е с к е р т у : Статистикалық талдау жүргізілген үзінділер мы-
налар: 1) Құрамында 5000 сөз қолданысы бар текст («үш мақала):
«Кəсіпшілер ұйымы» («Қызыл Қазақстан» журналы, 1922, №4,
көлемі 1395 сөз қолданыс)1. «Көшпеліден отырықшы тұрмысқа
айналу» («Қызыл Қазақстан», 1922, №5, сөз қолданысы – 1617),
«Партияны күшейту һəм оның жаңа міндеттері» («Қызыл Қазақ-
стан», 1922, №7, сөз қолданысы – 1888). Бұл үш мақала бір
үзінді текст болып алынды да, оның шартты белгісі ретінде –
(текст) – N1 (көлемі, N1 – 5000 сөз қолданыс) таңбалар алынды.
Осындай үш мақаланы алғанымыздың себебі – бұндай көлемде
сол кезеңдегі баспасөз беттерінен тұтас бір мақала таба қою
қиын. Сондықтан үш мақаланы бір-ақ үзінді текст деп алдық.
2) Салыстырмалы материал ретінде дəл осы журналда шыққан
М. Əуезовтің «Қорғансыздың күні», («Қызыл «Қазақстан», 1922,
№3, 4, 5) атты əңгімесінен (Т2 – екінші текст, көлемі 5000 сөз
қолданыс, N2 = 5000) үзінді алынды. Сонда бұл салыстырылатын
текстердің (Т1+Т2) жалпы көлемі (N1+ N2) 10000 сөз қолданыс, яғни
бұл текстер үшін жалпы N=10 000.
Сонымен бірге сандық талдаудың объектісі етіп «Еңбекші қа-
зақ» газетінің 1926 жылғы сандарынан 11 бас мақала алынды
1 Соңғы кезде тіл білімінде статистикалық талдаудың белгілі дəрежеде орын алып
отыруымен байланысты жаңа терминдер қолданыла бастады. Соның бірі – сөз
қолданыс, ол статистикалық талдаудың объектісі болған үзінді текстегі қолданылған
сөздердің жалпы саны деген ұғымды білдіреді, яғни тексте қанша сөз бар оларды
неше рет қолданылғанын көрсететін ұғым.
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 257
(№147–148, 151, 153–154, 165–166, 168, 172, 178–179). Бұлардың
жалпы көлемі (N) 4039 сөз қолданыс. Сондай-ақ «Социалистік
Қазақстан» газетінің 1969 жылғы 16 жəне 17 октябрьдегі екі нө-
мірі түгел жəне осы жылғы 18 октябрьдегі нөмірінің жартысы
сөз қолданыс жағынан, сөз таптарының жиілігі жағынан, морфо-
логиялық тұлғалардың қолданылу ерекшелігі жағынан талданды.
Жалпы баспасөздің, я көркем шығарманың тіліне тəн өзіндік
ерекшеліктері, белгілі заңдылықтары осы үзінділерден де орын
алған. Өйткені қазіргі статистика ғылымының дəлелдеп көрсетке-
ніндей, өте шағын жəне кіші мөлшерлер, не шамалар өздері үлкен
шамалардың немесе белгілі жиынтық мөлшерлердің бөлшегі бол-
ғандықтан, ондағы негізгі заңдылықтардың бəрі де сəйкес келіп
отырады. Мысалы, М. Əуезовтің тіл ерекшелігін сөз еткенде, оның
өзіндік тіл өрнегін, тілдік единицалардың қолданылу ерекшелігін,
заңдылықтарын ашу үшін жазушының барлық шығармаларын
статистикалық жағынан талдап шығу керек болады. Жазушының
барлық шығармалары үлкен шама, жиынтық мөлшер деп алынады.
Ал барлық шығармаларды түгел талдамай-ақ, белгілі тəртіппен
сол шығармалардан үзінділер (ол шағын, кіші мөлшер не шама
деп аталады) алсақ, бұл шағын мөлшерден (үзіндіден) авторға тəн,
барлық шығармаларында (жиынтық мөлшерде) көрініп отыратын
негізгі заңдылықтар сол дəрежеде орын алады. «Үзінді қанша
шағын болса да, ол белгілі мөлшерде бүтін шығарма туралы жалпы
қағидалар жасауға мүмкіндік береді», – деп көрсетеді ағылшынның
атақты статист ғалымы Дж. Юл [84, 27].
258 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
І. БАСПАСӨЗ ТІЛІНІҢ ƏДЕБИ ТІЛМЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Баспасөз тілі – жазба тіл. Қай дəуірде болсын баспасөз өзі
қызмет етіп отырған халықтың тілін пайдаланып қана қоймайды,
оның байып, дамып отыруына əсер-ықпалын тигізіп те отырады.
Жалпы халықтық тілді қажетіне қарай қолдануда да толып жатқан
өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені бір публицистік мақалада, тіпті
газет-журналдың бір нөмірінде жалпы халықтық тілдің сөз байлығы
түгел пайдаланылмайды. Тілдің грамматикалық құрылысының
белгілі бір бөлегі жанрлық ерекшелікке байланысты көбірек
қолданылса, енді бір бөлегі екінші кезекте қалып қояды. Демек,
жалпы халықтық тілдің баспасөз беттеріне өрнектеліп, қолданыс
табуы кейде бір қарағанда сезіле бермейтін тілдік элементтерді
таңдап алумен байланысып жатады. Ол таңдау жалпы халықтық
немесе баршаға түсінікті тəрізді критерийлермен де шектеле
қоймайды. Жалпы халықтық немесе баршаға түсінікті деген
ұғымды жамылатын тілдік элементтердің баспасөз тіліне жат
болатыны, онда қолданылмайтыны да кездеседі. Əдеби тілді тек
мерзімді баспасөз ғана пайдаланбайды. Тарихи тамыры тереңге
бойлайтын көркем шығармалардың жанрлық түрлері де, ғылыми
əдебиеттер де əдеби тілде жазылады. Бірақ бұлар əдеби тілге ортақ
иелік қылып, оны өздерінің құрал-қаруы еткенмен, бір-бірінен
айырғысыз бір-ақ нəрсе емес. Жалпы мазмұны жағынан бұлардың
бір-бірінен айырмашылықтары, ерекшеліктері бар екені белгілі.
Айырмашылық, өзгешелік жалғыз мазмұн жағында, яғни жанрлық
жағынан ғана емес, сонымен бірге əдеби тілдегі кейбір үлгілерді,
тұлғаларды сұрыптай талғап қолдануынан да байқалады. Яғни
ондай өзгешелік тілдік форма, стильдік құрылымнан да байқалып
отырады. Оның үстіне мерзімді баспасөз əдеби тілдегі дайын
материалдарды ғана, əдеби норманы сол қалпында пайдаланып,
соның шеңберінде ғана қалып қоймайды. Əдеби норманы негізге
ала отырып, кейде оның өзгеруіне де ат салысады. Өйткені əдеби
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 259
тіл де, оның нормасы да бір қалыпта болмайды. Қазіргі кезде
оның байып, дами түсуіндегі үлестің үлкені де баспасөзге тиіп
отыр. Демек, баспасөз тілінің əдеби тілмен қарым-қатынасын сөз
еткенде, алғашқысының құр дайын құрылыс материалдарын ғана
пайдаланып отыратын пассив құбылыс емес екендігін, «аларымен
бірге берері» де бар, əдеби тілге əртүрлі əсер етіп отыратын
құбылыс екенін байқаймыз.
Жаңа сөздер сөздік құрамға күнделікті баспасөз арқылы
еніп отырады. Кейінгі кезеңдерде əдеби тілімізден берік орын
алып, белгілі қажеттікті өтеп жүрген тілдік құбылыстардың
көбі-ақ əуел баста мерзімді баспасөз тілінде қолданыла бастап,
кейін қалыптасып, нормаланып барып, əдеби тілге еніп отырды.
Ондай тілдік элементтер қазіргі əдеби тілімізде аз емес. Олардың
кейбірін атай кетейік: Қазіргі қазақ тіліндегі осы шақ мағынасын
білдіретін -уда тұлғалы етістіктің сөйлемде баяндауыш қыз-
метінде қолданылуы (мысалы, жұмысшылардың талабы қаралуда,
партия қатары күн санап өсуде) -и тұлғалы қатыстық сын есімдер
мен олар тіркеске түсетін конструкциялар (мысалы, саяси
сабақ, мəдени құрылыс, ресми хабар, тарихи шешім), кейбір
жұрнақтардың сөз тудырғыштық қызметінің артуы (мысалы,
айлық, сенбілік, он күндік, қатараралық əдіс, басылым, көшірме,
үйірме, төреші, спортшы, бастама, айналым), қатысты мəндегі
жартылай матаса байланысқан (изафет ІІ) тіркестердің активтенуі
(мысалы, тап күресі, өмір шындығы, космос кеңістігі), ырықсыз
етіс тұлғалы етістіктің активтенуі жəне объектілік-предикаттық
қатынастағы сөйлем құрылысының жиі қолданылуы (мысалы,
қаулы қабылданды, хабар жарияланды, қозғалыс тоқтатылды)
тағы басқалар – əдеби тілге мерзімді баспасөз əкелген жаңалықтар
(осындай тұлғалар мен тілдік үлгілер төменде сөз етіліп, арнайы
талданатындықтан, бұл жерде олардың қолданылу ерекшеліктеріне,
атқаратын қызметіне байланысты мысал келтіріп талдауды артық
көрдік). Сондай-ақ мерзімді баспасөз тілі арқылы ауысқан жаңа
сөздер, байырғы сөздердің жаңа мағынада қолданылуы да əдеби
тілдің дамуындағы айтарлықтай өзгеріс болып саналады, өйткені
бұрын қолданыста болмаған сөздердің пайда болуы немесе
сөздің жаңа мағынаға ие болуы – басқа байырғы сөздермен жаңа
тіркестер құрауға себін тигізеді, сөйтіп, сөздің лексикалық жəне
грамматикалық тіркесімділігін арттырады. Сондықтан да қазіргі
260 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
баспасөзіміздің тілі қалай қалыптасты, əр кезеңдегі баспасөз тілі-
нің бір-бірінен қандай алшақтық, айырмашылығы бар деген тəрізді
басты мəселелермен бірге баспасөз тілінің əдеби тілді байытудағы
рөлі, оның кейбір стильдік тармағын қалыптастырудағы қызметі,
жалпы əдеби тілдегі стильдерден алатын орны сияқты мəселелерді
ашудың теориялық та, практикалық та мəні ерекше екені күмəн
тудырмайды.
Баспасөз тілі мен көркем əдебиет тілінің
өзіндік ерекшеліктері
Көркем стиль1 мен көркем əдебиет тілі деген ұғымдар бір емес.
Əрине, көркем стиль негізінен көркем əдебиет тілінен көрініп
отырады. Ал көркем əдебиет тілінде тілдік стильдердің басқа
түрлері де кездеседі, өйткені көркем əдебиет тілі деген ұғымның
шеңбері жеке стильдік тармақтың қай-қайсысынан да əлдеқайда кең.
Дегенмен көркем əдебиет тілінде тілдік стильдердің көпшілігі-ақ
тоғысып өмір сүре алса да, көркем əдебиет тілі басқа да əдебиеттер
тілінен, соның ішінде басқалардан гөрі көркем əдебиет тіліне бір
табан жақынырақ болып келетін мерзімді баспасөз тілінен, өзіндік
ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Ол ерекшеліктер жанрлық,
стильдік-тілдік жəне баяндау əдісінен көрінеді.
Алған тақырыпты ашуда, оқушыға жеткізіп, түсіндіруде публи-
цистика мен көркем шығарманың əдістері бір емес, олардағы
басты айырмашылық ойды жеткізу мақсатынан туып отырады.
Көркем шығармада айтайын деген ой, негізінен, тура айтылмайды,
образдар арқылы беріледі жəне ол тарихи фактілер арқылы ғылыми
тұрғыдан дəлелдене бермейді. Мысалы, жауыздықты көркем
шығарма авторы кейіпкердің іс-əрекеті, қылығы, психологиясы,
мінезі, не басқа кейіпкермен, болып жатқан оқиғамен қарым-қа-
тынасы, т.б. арқылы көрсетеді. Оны құр жалаң сөзбен жауыз еді,
оңбаған еді, озбыр еді десе, ол оқушы сезіміне ешбір əсер де
етпес еді.
1 Баспасөз тілін сөз еткенде, оның стиль мəселелерімен де қарым-қатынаста болаты-
ны белгілі. Бірақ біз бұл жерде оған арнайы тоқталмадық. Ол өз алдына жеке зерттеуді
қажет ететін мəселе. Бұл еңбекте шартты түрде көркем əдебиет түріне байланысты
көркем стиль жəне публицистикалық шығармалар (газет-журнал) тіліне байланысты
ресми стиль деген терминдер алынды.
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 261
Мысалы, М. Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Құнан-
байдың, «Қорғансыздың күні» атты əңгімесіндегі Ақан болыстың,
С. Мұқановтың «Ботакөз» романындағы Итбайдың, т.б. жауыз-
дығы, озбырлығы олардың іс-əрекетінен, психологиясынан айқын
көрініп отырады. Автор оны суреттегенде, өзі көрінбейді, оқушы
тек кейіпкерді көреді. Жəне ол жауыздық феодалдық қазақ
қауымындағы болыстардың, үстем тап өкілдерінің көбіне тəн
қасиет еді. Ал публицистика, баспасөз мақалаларында ондай
приемдардың қажеті болмайды. Оны айқынырақ көрсету үшін
бірер мысал келтірейік.
Қазақтың көркем сөз шеберлерінің бірі Ғабит Мүсірепов қа-
зақ қауымына ислам дінінің тарамағанын, қазақтар шын мəнінде
дінді тұтпайтынын, діндар емес екенін былай көрсетеді: «Байжан
өзі үйде, төр алдында кешкі намазын оқып жатыр. Аты намаз
демесек, Байжекеңнің көңілінде де онша көп құлшылық барлығы
байқалмайды. Жарық деп, жыра деп ойланбай, төтелеп асқан салт
адамша намазын сүріне-қабына асығыс оқып жатыр. Сырттан
əйелінің ашынған даусы естілгенде, Байжекең намаз үсті деген
жоқ:
– А, сволочь қатын, бірдемені бүлдірдің-ау! – деп қалды. Сво-
лочь деп еркелеткені болмаса, байғұстың жаны қысылып жүр-ау
деп ойлаған жоқ. Ширақ аяңдап құдықтан қайтқан аттардың терезе
алдынан өткендегі тықырын естігенде, Байжекең Омбыда Ушаков
жектіріп берген үлкен қара аттың енді өз малы болып кеткенін есіне
алды. Намаз үсті деген жоқ, Ушаков кəпір де болса, мұсылманнан
артық деп ойлады. Осындай нəрселер ойын бөле бергендіктен,
намаздың неше басын оқығанын да ұмытып қалды...
Үйге асығып-аптығып кірген екі жас бала əкелерінің намаз
үстінде екеніне қарамай:
– Əке, кіші апам келе жатыр, кіші апам! – десті қуанған дауыс-
пен қатар шуласып.
Басын жерге қоя берген Байжекең маңдайын жайнамазға тигізе
беріп, жұлып алды да, балаларына бұрылып:
– Апаңды үйге шақыр, от жақсын! – деді де, жайнамазға қарай
қайта еңкейді. «Намаз деген сақалға салынатын бір салық қой»
деп қалжыңдайтын Байжекең оның қалай оқылатынына да мəн
бермейтін еді. Сол əдетінше тезірек атқарып тастауға асықты.
262 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
... Қуанған балалар əкесінің не бұйырғанын ұғынып болғанша,
үйге Елизавета келіп кірді. Қашанғы əдеті бойынша есікті жаба
беріп:
– Здравствуйте, – деді жұмсақ айқын даусымен. Елизавета
келгенде, балаларынан кем қуанбайтын Байжекең намазын тағы да
ойланбай-ақ үзе тастап:
– Абажди, қызым... бог первай, шелабек опторой, – деді арты-
на бұрылып.
... Намазын енді болған шығар деген деңгейге жеткізе беріп,
жинай салды да, Байжекең қапыл-ғұпыл етігін киіп, тымағын
бастыра байлап жатып:
– Шырағым, қызым, тепер бог прощай. Наулкеде баба сер-
шайт! Абажди, потом шай пить буйдым, – деді де далаға шығып
кетті» (Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке». Таңдамалы шығармалар.
ІІ том. Алматы, 1955, 247–276-бб.). Байжекең намазын бірнеше
(төрт) рет бұзып оқып, асығып бітіреді, бірақ сол намаздан не
қалды деп ойламайды. Ол намаз оқуды құдайға құлшылық етудің
бір белді түрі деп қарамай, «сақалға салынатын бір салық қой»
деп түсінеді. Сондықтан əйтеуір жұртпен қатар өз уақытында
оқу керек. Байжанның соңғы, намаз оқып болғаннан кейінгі
«теперь бог прощай!» деген сөзі де оның діндар, дінге аса құштар
емес екендігін көрсетеді. Бұл жерде ешбір баяндау жоқ, тек бір
эпизод, картина ғана бар, соның өзі жеткілікті. Артығы да, кемі
де жоқ, көз алдыңда тірі сурет. Ал Байжан белгілі кезеңдегі қазақ
шаруасының типі екендігінде дау жоқ. Демек, автор осы Байжан
образы арқылы, оның ойы, іс-əрекеті, қимылы арқылы тек осы бір
болар-болмас көріністен қазақ қауымында дінге сенушілік үлкен
өріс ала алмағандығын айқын көрсетеді. Осы тəріздес сипаттауды
қазақ халқының ұлы ақыны Абай өлеңдерінен де көреміз.
Мен жасымнан көп көрдім,
Мұсылманды, кəпірді.
Абыралыдай көрмедім,
Намаз білмес пақырды.
Қираəтін оқытып,
Көріп едім, шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 263
Не қылады нəпілді.
Намаз шамның артынан
Құржаң-құржаң етеді.
Жер ұшық берген кісідей
Тоңқаңдай ма, не етеді.
Нəпіл түгіл, намазы
Бəрі желге кетеді.
«Еннатайна кəлкаусар
Пошел дереу күнакар»...
Аяғын ойлап айтқаны:
«Əні-шаны күлəптар».
Осы оқумен намаздың
Қай жерінде сауап бар?!
Тегін ойлап байқасаң,
Мұнда ми жоқ, құлақ бар.
(Абай. Алматы, 1954, 123–124-бб.).
Байжан мен Абыралы образдары белгілі бір тип, бірін-бірі
толықтырып тұр. Тегінде, Абыралы да Байжан сияқты намазды
сауап үшін емес, əйтеуір «сақалға салынған салық» деп қарап
оқитын болса керек, аяттың ішкі мазмұнына, мағынасына көңіл
аудармайды. Дұрыс па, бұрыс па – оған шек келтірмейді де, оны
ойлауға мұршалары да жоқ, тек жұрт қатарлы «жығылып-тұру»
керек. Міне осы образдардың өзі ешбір дəлелсіз-ақ қазақ елінде
ислам діні тамырын жая алмағанын көрсетіп тұр. Мұнда дəлелдеу
жоқ, ашық айтылған жалаң үгіт те жоқ, тек картина арқылы бе-
рілген образ ғана бар. Ал публицистикада бұл мəселенің ашылуы
мүлдем басқаша. Мысалы, «Еңбекші қазақтың» 1924 жылғы
27 июньдегі санында жарияланған «Əулиеге, молаға табынуды
қою керек» деген мақалада əулие атанған бір кісінің моласына
табынуға ел осы күнге дейін барып жүретіні айтылады. Əсіресе
науқас алдамдар жанына шипа іздеп, кейбіреулер ауру жылқы,
түйелерін апарып, молаға табынып жүреді. Соның ішінде молаға
табынуға бара жатқанда, ауру адамның науқастан шыдай алмай
өліп кеткенін келтіре отырып, мақала авторы былай деп қорытады:
«Əулиеге, молаға табынуды енді қазақ баласына қоятын уақыт
жетті. Ауырған кісі докторға көрінуі керек. Мал ауырса, док-
264 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
торына көрсету керек. Əулиенің өзі де, моласы да ондайға түк
пайда келтірмейді, қайта пайдасынан зияны басым болып шыға-
ды. Мұны білетін, ойланатын күнің жетті, қазақ кедейі» немесе
«Дін мен мектеп» деген мақалада («Еңбекші қазақ», 22 март,
1927) жалпы діннің шығу тарихын марксистік тұрғыда баяндап
береді. Діннің адам баласы мен табиғат арасындағы қатынасынан
қолдан жасалғанын көрсетеді. Сонымен бірге қоғам дамуына
сай діннің де өзгеріп отыратыны, кейін дін түрлі-түрлі болып,
ол байлар табының идеологиясы екені баяндалады. Исаның
қалай Құдай, Мұқамметтің қалай пайғамбар болуы сипатталып,
нақты деректер негізінде дəлелденеді. Немесе бұл жерде Шоқан
Уəлихановтың қазақ жұртының діндарлығы, ислам дінінің таралуы
жайында жазған публицистикалық мақалаларын еске түсірсек
те жеткілікті. Міне осы мысалдан көрінетіндей, публицистикада
көркем шығармадағыдай образдылық, типтендіру (типизация),
эмоционалдық, метафоралық, т.б. меңзеу болмауы олардың жанр-
лық жағынан басты айырмашылығының бірі деп көрсетуге бо-
лады. Яғни көркем шығармада айтылуға тиісті пікір тура айтыл-
май, образдар арқылы суреттеліп, оқушысына əсер етеді. С. То-
райғыровтың бəрімізге таныс «Бір адамға» атты өлеңін еске
түсірейікші. Не бары 24 жолдан тұратын шағын шығарма.
Сырт қарағанда жай нəрселер ғана сияқты: жиюлы қазына,
мал, шен-шекпен, оқа, бұлды түйме, сылдырлақ, теңгелер, су-
реттер, күміс кесе, алтын аяқ. Алғашқыда оқушы да ақынмен
бірге бұл нəрселерді көріп, жай тамсанып қояды. Ақсақал шал
бұл бұйымдарды «ата-бабаларымыздың еңбегі» деп шаттана көр-
сетеді. Бірақ олар қалай келген? Шынжыр балақ, шұбар төс
шонжарлардың сорлыларды қан қақсатып, момындардың сорын
қайнатып, қанын сорып, аяусыз қанауынан жиналған дүниелер
екені ашық айтпаса да түсінікті. Оқушының көз алдына осы
картина елестейді. Кесенің ішінен «нақақ көзден жас» іздеуі осы
ойды ширықтыра түседі. Бұлардың бəрі тура өз мағынасында
тұрған жоқ. Тіпті қанау процесі де жоқ, бірақ ол осындай жеке
эпизодтан анық байқалады. Өлеңдегі асыл бұйымдар жəне кесе-
дегі нақақ көз жасы феодалдық қоғамдағы қайшылықты, қоғамдық
екі үлкен таптың қарым-қатынасын үлкен полотнодан көрсетіп
тұр. Яғни өмірдегі жай көзге көріне бермейтін деталь арқылы
қоғамдық өмірдің үлкен қайшылықтарын елестетіп тұр.
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 265
Көркем шығарма өз оқушысына осылай ой салады, кейде оны
ашық та айтпайды, тіпті мəселенің түйінін шешіп те бермейді,
оны оқушы үлесіне қалдырады. Осы ыңғайда көркем аударма
мəселесін зерттеген ғалым əрі жазушы С. Талжанов айтқан мына
бір əңгімені келтіре кету жөн сияқты. «Жаңа қалам ұстап жаза
бастаған жас жазушы алғашқы туындысын тəжірибелі сыншыға
көрсетуге апарып беріпті. Алдында бір əкелген əңгімесінің
көркемдік дəрежесі төмен болып, сыншының өткір сынына бір
ілігіпті. Енді жас жазушы ол сынды ескеріп, осы əңгімесіне барын
салыпты, оқығанда өзі де сүйсініп, енді сыншыға ұнар деп ойлапты.
Өйткені образды өткір де ойнақы сөздер, ұтымды ойлар орынды
қолданылып, əңгімеде жарасым тапқан секілді. Сыншы əңгімені
бас алмастан оқып шығыпты. Оның жүзінен көз алмай телміре
қарап, əрбір қимылын аңдап отырған жас жазушы сыншының бет
əлпетінен ештеңе ұға алмапты. Бірақ өзіне-өзі сенімді-ақ сияқты.
Сыншы түгел оқып шығып: «Шырағым, оқушыны аямапсың ғой.
Аясаң етті», – депті. Түкке түсінбеген жас жазушы: «Неге?» – деп
сұрапты. «Əңгіменің барлық түйінін түгел шешіп беріп, шешімін
өзің айтып беріпсің. Оқушыға ойланатын не қалды? Оқушы жас
бала емес қой, шайнап бергенді қылғыта беретін. Осыдан кейін
оқушы ойында не қалады? Лев Толстойды оқышы. «Қызыл бөрік»
(«Красная шапочка») əңгімесін оқыдың ба? Оқысаң, тағы да оқы.
Толстой қызыл бөрікті қыздың өлгенін айтып жатпайды, əңгіме
соңында қызыл бөріктің бұтақта ілініп тұрғанын көрген оқушы
өзі ойланады. Əрбір көркем шығармада оқушының да үлесі болу
керек. Онсыз ол сапалы көркем шығарма болмақ емес», – депті
сыншы.
Бұл келтірілген сыншы сөзінен көркем əдебиеттің тағы бір
өзіндік ерекшелігі көрініп тұр. Əдебиет түрлерінің басқаларында,
соның ішінде публицистикалық шығармаларда да, «оқушы үлесі»
деген болмайды, өйткені белгілі хабарлаудың, желісі де, оның
түйіні де онда түгел шешіліп отырады, автор ойы нақты айтылады.
Ғабит Мүсіреповтің ертерек кезде жазған «Сəбит Мұқановқа
хат» деп аталатын мақаласынан бұл пікір айқынырақ сезіледі:
«Мен əр бөлімді нығыз түймегендігімді білем. Бірақ онымның
өзіне бір баға бермекші едім. Көркем əдебиетте менің бір сүйетін
нəрсем – жалғасы білінбей, көбінесе жалғасы келесі бөлімді оқып
266 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
отырғанда ғана сезілсе екен деймін. Бұл, мүмкін, ескірген түрі
болар. Сөйтсе де мен осыны ұнатам. Жазушылар əсіресе байламын
көрсетіп қоятыны бар, мен оны ұнатпаймын. Менің Гогольді сүйіп
оқитынымды білетін едің ғой: көбінесе ол маған осы жағынан
ұнайды» [56, 10].
Міне, осы сияқты ерекшеліктерге сай тілдік элементтер сұрып-
талып қолданылады. Көркем шығармада ауыс мағына, тілдік
элементтердің көп мағыналығы оның негізгі тілдік ерекшелігі
болып саналады. Ауыс мағына көп мағыналық, метафора, мето-
нимия, эпитет, теңеу, салыстыру, гипербола сияқты алуан түрлі
көркемдік тəсілдер арқылы беріледі. Бірақ бұдан көркем шығарма
тіліндегі барлық сөздер ауыс мағынада қолданылады екен деген
қорытынды тумасқа керек. Көркем əдебиеттің ерекшелігі сол –
ондағы тура немесе негізгі мағынада қолданылған сөздер ауыс
мағынада немесе көп жағдайда контекстік мағынада қолданылған
сөзге сабақталып, соның ықпалына түсіп, сəйкестік құрып, көркем
образ, кесек мүсін жасап тұрады. С. Торайғыровтың «Бір адамға»
өлеңіндегі əртүрлі асыл жиһаз, қымбат мүліктердің барлығы кесе
ішінен іздеген «нақақ көзден жасқа» сабақталып, үйлесім тауып,
бəрі қосылып түйдектеліп, кесек образ жасап тұр, ол образ тіпті
беріліп тұрған сөздердің негізгі мағынасынан да туып тұрған
жоқ. Сондай-ақ көркем шығарманың тілдік форма мен мазмұн
бірлігінің осындай өзіне ғана тəн ерекшелігі болады. Ондағы
образды беретін, басқа сөздерді өзіне сабақтап, белгілі тізбек жасап
тұратын сөздің дəлдік дəрежесі де өзгеше. Мысалы, Абай мен
С. Торайғыров өлеңдеріндегі «Мұнда ми жоқ, құлақ бар», «Жусақ
та, денемізден кетер емес. Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз»
деген жолдардағы сөз мағынасы, сөйлем білдіретін ой тек осы
контексте, осы өлеңдерде ғана түсініледі. Мұның ерекшелігі де
осында. Сондықтан да көркем шығармада белгілі дəрежеде жазушы
интеллектісіне қарай кейбір еркіндік, формальды түрде жалпы
ауытқу сияқтылар да болып отырады. Лексика-грамматикалық
тұрғыдан тіркеспейтін сөздер кейде бір-бірімен байланысқа түсіп,
белгілі бір контекстік тұтастық құрайды. Соның негізінде соны ой,
көркем сурет туады. Бірақ ондай еркіндік, нормадан ауытқу тілдік
жағынан дəлдік ұғымын жоққа шығармайды. Көркем шығармадағы
дəлдіктің өз ерекшеліктері бар. Ол дəлдік контекстегі тілдік
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 267
элементтердің жеке тұрғандағы сипатынан емес, түгел контекс
ансамблінде көрінеді, мағына сыйымдылығымен байланысып жа-
тады. Яғни ондағы жеке сөздер болсын, тізбек, тіркестер болсын,
тіпті сөйлемдер болсын, кесек ойдың бөлуге келмейтін жарқын-
шағы болып, көркемдік тəсілдердің барлығымен де тұтасып ке-
теді. Сондықтан да көркем шығарманың жеке сөйлемдерін бөлек
алып қарасақ, тұрған орнына қарағанда оның экспрессивті-эмо-
циональды бояуы əлсіреп, образдылығы күңгірт тартады. Көркем
шығармада қарапайым тілдік элементтердің өзі құлпырып, көркем
стильдің «радиациясына» ұшырап отырады. Сөйтіп барып, көр-
кем шығармада көркем стиль басқа тілдік элементтерді өз əуені-
не салып, негізгі ой мақсатына бағындырады. Демек, онда ситуа-
циялық қасиеттің барын, ол қасиет көркем стильдің өмір сүріп,
жүзеге асуы үшін қажет шарттардың бірі екенін көрсетуге бола-
ды. Өйткені қандай да құбылыс болмасын көркем шығармада тура
айтылмай, ол белгілі көркемдік əдістер арқылы образбен оқушы
сезіміне əсер етеді. Кейде баяндалып отырған құбылыс дəл осы
қалпында емес, өзгеше, кейде қарама-қарсы мəнінде де түсініледі.
Көркем стильдің осындай ситуациялық қасиеті – оның өзіндік
ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатқан құбылыс.
Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы мына бір суретті
еске түсіре кетейік. Өнерімен өзін де, өзгені де таңдантқан асқан
шебер Сандыбай үйші Игілік ісін тыңғылықты бітірсе де, өз ісін
бітіре алмай, «бүгін тəуекел етіп», Игілікке «жолығуға келе жатыр
еді». Ағаштың алдында аруағы қозып, алдына жан салмайтын
Сандыбай дəл бұл жерде «сəлемді қалай берерін, не айтарын,
қалай айтарын ойланып, ойланған сайын еш нəрсеге тұрақтай ал-
май, абыржып келе жатыр. Игілік сөзді өзі бастап кетпегенде,
сорлы Сандыбай сəлем берумен тоқталып, таусылып та қалатын
еді...» «Ой қалтасы көп шаруалардың» бірі Сандыбайдың бұдан
кейінгі іс-əрекеті, ойы, қиялы оқушыны бастапқыда сендіріп те
қалдырғанмен, оқушы күдіктене қарап оқи түседі. Өйткені «паң да
тəкаппар да емес Игілік би» суық жүз көрсетіп, қабақ шытпайтын,
бəрін де алдын ала ойлап, айламен істейтін, қалбалақ Сандыбай
үйші түгіл, Жұман бай, Жұмабек төре, Күреңкөз қожа, Боздақ
билердің өздері Игіліктің айдауына қалай көніп кеткенін өздері де
сезбеген болатын. Тек «ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір
268 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар
еді. Күреңкөз қожаның тышқанның құмалағынан жасағандай ұсақ
қара тастардан тізген тəспиғымен бірге барлық буын-буыны сар-
тылдап кетер еді. Сол Игілік қазір Сандыбайға жаны аши, қамқор
бола сөйлеп тұр, сөзінде ешбір ірілік те, өктемдік те жоқ тəрізді.
– Шеберім, сен айналып қалдың-ау... Үйге кірген-шыққан са-
йын сен есімде жүрсең де, біздің бір қарбаласымыз көбейіп кетті...
ренжіме... Қазір малыңды осы араға айдап əкелер, анықтап көріп,
таңдағанынды ал, – деді Игілік.
– Сіздің малдың жаманы бар деймісің... бұйырғаны болад та, –
деді Сандыбай ыржиып...
– Сонда да көр, ұнатқан үйіріңді ал. Мына бір үйірді жылқы-
шы саған айдап келе жатқан болар, – деді Игілік.
Алдында торы төбел айғыры бар он торы бие, он тобылғы торы
құлынымен ойнақтап шауып өзенге қарай өтті...
– Мына бір үйірді де көр, – деді Игілік, екінші мыңнан бөлініп
шыға берген бір үйір жылқыны нұсқап.
Өңкей теңбіл қара көк биелер, қырау тұрғандай ғана ақ қылаңы
енді біліне бастаған қара құлындар жақындай беріп, жасылдай
жарқ етіп, өзенге қарай шауып кетті...
– Шырағым, сен абыржыма... əбден көр, таңдап ал... Мына бір
үйірді де осылай қарай бөліп шығарды ғой... – деді Игілік.
Сандыбай өзге дүниені түгел ұмытып, өзінің қандай күйде
тұрғанында жұмысы жоқ, Игілік нұсқаған жаққа қарады. Мына
бір бұлт ішінде бір үйір жылқы жатыр десе, Сандыбай аспанға да
қарайтын еді...
– Бұл араға келген жылқылардың түрі осы, – деді Игілік, –
Күтем десең, ертең осы араға өзге қостар да келіп қалар. Өзің
біл. Жаңағы өткен үйірлердің ұнағаны болса, оныңды айтарсың»
(«Оянған өлке», 111–112-бб.). «Өзі жасаған үйге енді өзі кіре
беруге рұқсат жоғы да есіне түсе қалып», əр үйірден таңдаған
жылқысын алып қайтпақ тұрсын «Сандыбай жалшының халіне
қалай оп-оңай түсіп қалғанын өзі де сезген жоқ». Дəл осылай
болып бұл құбылыс тек осы ситуацияда түсініледі. Оқушы тек
Сандыбайды аяйды. Сондықтан да көркем шығармадағы тілдік
элементтер сол контексте ғана дəл сондай көркем ой жүгін көте-
ре алады.
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 269
Көркем творчестволық контексте саналы түрде жəне белгілі
көркемдік, композициялық мақсатта пайдаланылған тілдік құрал-
дарды көрнекті тіл маманы X.X. Махмудов «стилема» деп көрсе-
теді [52, 316]. Бірақ көркем шығармаға көркемдік қасиет беріп, оны
ерекшелендіретін нəрсе сол «стилеманың» көркем əдебиетте тек
қолданылуы ғана емес, ең негізгісі жəне бастысы шығармаға нəр
беріп, құлпыртатын, оны көркем стиль деп тануға негіз болатын,
сезімге əсер ететін нəрсе – тілдік құралдардың қалай қолданылуы,
яғни оның жазушы сөз өрнегінде орнын тауып, пайдаға асуы, сол
контексте жарқырап, жанындағы тілдік элементтерге жан бітіріп,
қиыннан қиысқан образды ойды білдіре алуында болса керек.
Сондықтан Х.Х. Махмудовтың: «Əңгіме Гогольдің қандай тілдік
құралдарды жəне қанша мөлшерде қолданғандығында емес, олар-
ды Гоголь қалай пайдаға асыра білуінде болса керек» [52, 291]
деген пікірі өте орынды.
Көркем стиль қатарына көтерілген тілдік құралдардың осын-
дай өзіндік ерекшеліктері негізінде белгілі көркем шығармада
лайықты орнын тауып, сəтті қолданылған жаңалық тек сол шығар-
мада өмір сүреді де, сол контексте көрік беріп тұрады, ол əрдайым
жаңалық болып қалады, ескірмейді, замандастары үшін де, кейінгі
ұрпақ үшін де ой салмағын жоғалтпай, өзі білдіретін ықшам да
көркем образды əсте тотықтыруға жібермейді.
270 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
ІІ. БАСПАСӨЗ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
ЖƏНЕ ЖАҢА СӨЗ ЖАСАУ ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУЫ
Белгілі бір шығарма, я газет-журнал тіліндегі лексиканы, бол-
маса жалпы тілдегі лексиканы əр тұрғыдан əртүрлі топтарға бө-
ліп қарауға болады. Мысалы, қазақ тіліндегі сөздер мағыналық,
лексикалық құрамы, стильдік сипаты жағынан түрліше топтарға
бөлініп жүр. Бұл еңбекте осы топтар əрқайсысы жеке-жеке
қаралмайды, ол – бұл еңбектің міндеті де емес.
Жұмыста ең алдымен тақырыпқа орай совет дəуірінде туған
жаңа сөздер сипатталады. Сол сияқты қазақ тіліне орыс тілінің
тигізген əсері де сөз етіледі. Орыс тілінің əсері екі түрлі болғаны
анық: бірі – тікелей сөз ауысу (заимствование), екіншісі – калька,
аударма жолымен ана тілінің материалдары негізінде жаңа сөздер-
дің жасалуы, болмаса орыс тілінің əсерімен тілімізде бұрыннан бар
сөздердің мағыналарының кеңеюі мен тарылуы, яғни бірі – орыс
тілінен тікелей сөз алу болса, екіншісі – орыс тілінің əсері арқылы
қазақ тілінің сөз тудыруындағы ішкі мүмкіндіктерінің жетіле түсуі.
Қазақ тілінің ғылыми терминологиясы Совет өкіметінің ал-
ғашқы жылдарында жасалып, қалыптаса бастады. Сондықтан осы
жəне кейінгі кезеңдегі термин сөздердің көптеген өзгешеліктері де
байқалып отырады.
Совет өкіметінің алғашқы кезеңіндегі мерзімді баспасөз тілінде
«кітаби тіл» қалдықтары мен сөйлеу тілінің элементтері жиі
ұшырасады. Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілі лексикасының
осындай ерекшеліктері арнайы сөз етілмейді.
1. Байырғы сөздердің қолданылуы
Баспасөз тілінің лексикалық құрамы сөз болғанда, ең алдымен,
байырғы сөздердін қолданылуы, белгілі шығарманың тілінен
жалпы тілдегі сияқты төл сөздердің алатын орны, қолданылу си-
паты, даму қарқыны мəселесіне көп көңіл бөлінді. Өйткені қандай
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 271
да жазба шығарма болмасын жалпы халықтық тілдің қол жеткен
табыстарын, күнделікті өмірдегі қатынас құралының ең бір опера-
тивті материалдарының бірі – байырғы сөздерді қолданбай тұра
алмайды. Əрине, байырғы сөздер деген ұғымның өзі шартты. Ол
тек төл сөздер деген мағына ғана емес, оған ертеректе тілге бөтен
тілден еніп, кейін ана тіліміздің игілігіне айналып, жаттығын
жоғалтып кеткен сөздер де жатады. Өйткені олар төл сөздер сияқты
сөздік қорға еніп, көбіне өзінің о бастағы мағынасын да, тұлғасын
да өзгертеді.
Баспасөз тілінде байырғы сөздердің көрінісі, қолданылу сал-
мағы өзіндей басқа категориялардың қай-қайсысынан анағұрлым
басым болып отырады. Мысалы, «Социалистік Қазақстан» газе-
тінің 1969 жылғы 16 октябріндегі санын талдағанда, байырғы
сөздердің жалпы саны 49,69% те, сөз қолданыс 56% болды. Бұл
сандар айқынырақ болу үшін мына кестеге назар аударайық.
Газеттің бұл санында 2125 сөз 8834 рет қолданылған (цифрлар,
нөмірлер, белгілер есептелінбеді).
Баспасөз тілінің Сөздің
лексикалық құрамы саны
Жалпы сөз
санына
проценттік
қатынасы
Сөз қолданы-
сының
саны
Сөз қолданыс
санына
проценттік
қатынасы
1. Шеттен (орыс тілінен 394 18,53% 1581 17,897%
енген сөздер) 174 8,2% 884 10,07%
2. Мағына өзгерісінің 239 11,25% 748 8,467%
нəтижесінде жасалған
жаңа сөздер 262 12,33% 625 7,75%
1056 49,69% 4492 56%
3. Байырғы сөздерге
қосымша қосылу
арқылы жасалған жаңа
сөздер
4. Кісі аттары, жер, су,
ел, мекеме, мемлекет
атаулары
5. Байырғы сөздер
Əрине, газеттің бір саны жалпы сол газеттің тілі туралы толық
мəлімет бере алмайды, дегенмен, ең алдымен газеттің бір санында
272 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
8000–9000 сөз қолданыс болатыны, олар негізінен 2000–2300
сөздің көрінісі екені бұрын да басқа тілдердің материалдары
негізінде көрсетіліп жүр. Осының өзі дұрыс екенін біздің мына
сандық талдау да байқатып отыр. Сол сөз санының жартысына
жақыны, ал сөз қолданыстың жартысынан артығы байырғы сөз
категориясына тиетіндігі осы таблицадан анық көрінеді. Егер
газеттің басқа сандарын да дəл осылай етіп талдасақ, лексикалық
құрам түрлерінің сандық жағынан үлесі пəлендей өзгермеген болар
еді. Соның ішінде байырғы сөздер жəне олардың қолданылу саны
жалпы сөз бен сөз қолданысының жартысы маңайында болар еді.
Ал олар қандай сөз дегенде, яғни қолданылған жеке-жеке сөзге, сөз
қолданысқа келгенде, кейбір өзгерістер, алшақтықтар байқалуы да
мүмкін. Ол заңды да. Өйткені газеттің бір нөміріндегі сөз бен сөз
қолданысының саны көп емес (2125–8834).
Байырғы сөздерді сөз таптары жағынан талдап қарасақ, қазіргі
грамматикаларда көрсетіліп жүрген сөз таптарының қай-қайсысы
да қолданылған. Баспасөз тілінде қолданылған зат есімдердің
көпшілігі, негізгі сын есімдер, сан есім мен есімдіктер, үстеу
сөздер, шылаулар, негізгі жəне күрделі етістіктердің көбі байырғы
сөздер болып келеді.
Баспасөз тілінде қолданылған байырғы сөздердің өзіндік
кейбір ерекшеліктері де көзге түседі. Кейбірінің қолданылу аясы
тар, сирек болса, енді бірқатары өте актив түрде қолданылып,
жиілігі өте жоғары болып отырады. Олар – кейбір шылаулар, бірді-
екілі сан есімдер, есімдіктер, зат есімдер, етістік сөздер. Баспасөз
тілінде актив түрде қолданылған сөздердің жиілік көрсеткіштері,
ерекшеліктері төменде «Баспасөз тілінде қолданылған сөздердің
сандық көрінісі» деген тақырыпта толық баяндалатындықтан, бұл
жерде оны қайталап жатпадық.
Байырғы сөздер тобын құрайтын көптеген лексемалар баспасөз
тілінде өздерінің бұрынғы лексикалық мағыналарының үстіне жаңа
мағыналық реңк үстеп, қолданылу шеңбері кеңейе түсті. Олардың
негізгі лексикалық мағыналары үлкен өзгеріске түспегенмен,
баспасөз тілінде жиі қолданылып, сөйлемдегі қызметі артып,
жаңа сөз тіркестерін құрап, əдеби тілді дамытуға елеулі үлес те
қосып отырғандығын көреміз. Мысалы, еңбек сөзі бұрыннан-ақ
қолданылып, тілдің белгілі қажеттігін өтеп келгені аян. Мерзімді
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 273
баспасөз тілінде бұл сөз бұрынғы мағынасынан айырылып қалған
жоқ, сол мағынада қолданыла отырып, оған жаңа мағыналық реңк
үстеліп, қызметі артып, басқа сөздермен тіркесе алу қабілеттілігі
артып отырғаны бірден көзге түседі. «Социалистік Қазақстан»
газетінің бір-ақ санында (1969 жылғы 16 октябрьдегі) қолданылған
мына сөз тіркестері осыған толық дəлел бола алады: еңбек өнімділігі
артып, мерекелік еңбек вахтасы, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке
деген ынта-жігер, еңбек ері, еңбек адамдары, еңбек қазанында
қайнау, бір жерде еңбек ету, еңбектің рақаты, еңбегін жоғары
бағалау, еңбегімен тұлғалану, адал еңбек, еңбектің нəтижесі,
қажырлы еңбек, жазылған еңбек, еңбекті екінші тілге аудару,
көптеген еңбектері, еңбегінің аудармасы, еңбек жолында, еңбек
озаттары, еңбекке шақыру, еңбек үлгісі, еңбек серпілісі, еңбек
дүбірі, еңбек пен игілік көздері, еңбек дəстүрі, еңбек сүйгіштігі,
еңбек ардагерлері, еңбекпен өсірілген, еңбек шынары, еңбек ұйым-
дастырылды, күрделі еңбекті ұйымдастыру, еңбектегі ерлік, т.б.
Əрине, қазіргі мерзімді баспасөз тілінде еңбек сөзінің өрісі, қол-
данылу аясы бұдан əлдеқайда кең, сөйлемде атқаратын қызметі,
жаңа сөздермен тіркес құру қабілеті мол. Өйткені бұл сөздердің
мерзімді баспасөз тіліндегі жалпы қолданылу шеңбері, барлық
тіркесімділік қасиеті, əртүрлі мағыналық реңктері газеттің бір-ақ
санында толық көріне алмауы мүмкін. Соның өзінде де газеттің
бір санында қолданылған еңбек сөзінің осы қасиеттері, яғни
мағыналық реңкі, сөйлемдегі қызметі, тіркесімділік қабілетінің
артып, жаңа тіркес құрай алу мүмкіндігі өскенін айқын байқауға
болады. Жоғарыда келтірілген шағын тізімнен еңбек сөзінің сөз
тіркесі құрамында əрі бағынушы, əрі бағындырушы компонент
ретінде əртүрлі тұлғада тұрып, сан алуан қарым-қатынаста түрлі-
түрлі қызмет атқарып тұрғанын көреміз. Бірде еркін синтаксистік
тіркестің құрамында басқа сөздермен жаңа байланысқа түссе,
бірде еңбек сөзі тұрақты тіркес құруға ұйытқы болады. Дəл сол
сияқты егіс, егін, ену-енгізу сияқты байырғы төл сөздеріміздің
осындай қызметке ие болып, жандана түскенін газеттің сол
санында қолданылған мына тіркестер де байқатады: егін ерлері,
егін комбайны, егін шаруашылығы, егін кораблі, егіс алқаптары,
егісті игеру, егіс талабы, егіс жүйесі, жүйеге ену, өндіріске енгізу,
пікірлері енгізілген, егіс жүйесін енгізу, т.б. Жоғарыда талданған
274 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
еңбек сөзі тілімізде көптен бері қолданылып келе жатқаны дау-
сыз. Жаңа қоғамда еңбек процесі жаңа мəнге, жаңа мазмұнға ие
болып, оған деген жаңа қоғамдық көзқарас қалыптасты. Еңбек
əр азаматтың қажеттілігіне айналды, құрмет көрсеткіші ретінде
бағалана бастады. Соған орай ол ұғымды білдіретін атаудың өзі
жаңа сипат алып, оған жаңа мағыналық реңк үстеліп, сөйлеу
процесінде жаңа қызметке ие бола бастады, жаңа тіркестер құрауға
мүмкіндік туды.
Əрине, байырғы сөздердің бəрі бірдей осындай дамуға
ұшырап, қызметі кеңейе бермейді. Бірақ олардың көпшілігі ептеп
болса да не мағыналық дамуға түскенін, не қолданылу аясының
кеңігендігін, не атқаратын қызметінің артқанын көреміз.
Мысалы, шығу-шығару етістігі «Социалистік Қазақстан»
газетінің 1969 жылғы 16 октябрьдегі санында 53 рет қолданылған.
Мағыналық өзгерістерге өте аз түсетін категориялардың бірі болып
саналатын етістіктің өзі негізгі тұлғасында активтенгендігін осы
факті де дəлелдей алады. Оған газеттің сол санында қолданылған
шығу-шығару етістігінің көптеген тіркес жасауға қатысқанын
көрсетсек те жеткілікті: жоспарды абыроймен орындап шығу,
сөздіктер жарыққа шықты, сапарға шығу, эстафета алып шығу,
облыстарды аралап шығу, озып шыққандарға тапсырылуы, көшеге
шықты, орбитаға ұшып шыққанын атап көрсетті, проценттен
орындап шықты, жарыс сөзге шықты, озып шыққандармен тере-
зе теңестіру, көш бастап шыққан, жабдықтары қатардан шы-
ғады, жерді айналып шықты, демалысқа шыққан механизаторлар,
шығудың мезгілі, кітапты басып шығару, арнап шығару, ғылым
кандидатын даярлап шығару, жапон тілінде шығару, олқылықтан
шығарудың шаралары, теңіз суын тазартып шығару, мұнай
шығаратын скважиналар, бірінші шығарылатын лотерея, бесін-
ші шығарылуы бойынша, партиядан (партия қатарынан) шығару,
құрамынан шығарылған, үйлестіру-есептеп шығару орталығы,
космос кораблі шығарылды, жол үстіне шығару, спутник орбита-
ға шығарылды, т.б.
Бұдан бір қарағанда шығу-шығару етістігінің сандық жағы
болмаса, сапалық өзгеріске түскендігі байқалмауы да мүмкін. Бұл
тіркестерде де шығу-шығару етістігі өзінің əдеттегі қызметіндегі-
дей, байырғы қолданысындай негізгі етістік ретінде де, көмекші
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 275
етістік ретінде де жұмсалған. Бірақ оның басқа сөздермен
жаңа тіркес құрап, жаңа қатынасқа түсіп тұруы бірден байқала
қоймайды. Олардың бəрі де байырғы қасиеті сияқты. Ал жіті
көзге бұл етістіктің жаңа тіркес құрамында жандана қолданылып
тұрғандығы бірден байқалады. Сондай-ақ шығу-шығару етістігінің
байырғы басты қасиеті предикаттық қатынасты білдіріп, негізінен,
сол қызметте жұмсалуы болса, бұл жерде одан басқа субъектілік,
объектілік, атрибуттық қатынастарды да білдіріп, соған лайық
жаңа қызмет атқарып та тұр. Байырғы сөздердің бұлай өркендеп,
қызметінің артуында совет дəуірінің əр кезеңіндегі мерзімді
баспасөздің атқарған рөлі елеулі. Мерзімді баспасөз беттерінде
ондай қолданыстар кейде бірінші рет дүниеге келіп, кейде өмірлік
«паспорт» алып отырды.
2. Неологизмдер (советизмдер)
Октябрь революциясы қазақ қауымына, сонымен бірге қазақ-
тың əдеби тіліне ұлы өзгерістер енгізген дəуір болды. Қазақ тілі
лексикасының баюы, молаюы Совет өкіметі тұсындағы қоғамдық,
əлеуметтік, экономикалық, мəдени зор өзгерістермен байланысты
екені анық. Қазақ сахарасында Совет өкіметінің орнап, жаңа
өскелең мəдениеттің, ғылым мен техниканың, оқу орындарының
келуі қазақ халқының экономикасын, əлеуметтік тұрмысын өз-
гертіп, сонымен қатар əдеби тілін жаңа сатыға көтеріп, оның қол-
данылу аясын, жұмсалу арнасын кеңейте түсті, өйткені əрбір
жаңа қоғамдық құбылыс, əрбір жаңа ұғым өзімен бірге жаңа сөз
бен тіркестерді ала келеді, немесе ескіні жаңартып, жаңғыр-
тады. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ тілі лекси-
касының байи түсуін, көптеген жаңа сөздердің жасалу жолда-
рын, сондай-ақ сөздердің қазақ тіліне ену тенденциясын 20 жыл-
дардағы мерзімді баспасөз материалдары арқылы көрсетуге бо-
лады. Өйткені жаңа ұғым сияқты əдеби тілге ене бастаған жаңа
сөздер, терминдер алғаш баспасөз беттерінде көрініп отырды.
Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қазақтың əдеби тілін
қалыптастыруда, одан əрі дамытуда 1920 жылдардағы мерзімді
баспасөздің маңызы ерекше екенін атап өту керек. Күнделікті бо-
лып жатқан əлеуметтік, саяси, экономикалық, мəдени өзгерістерді,
276 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
жаңа ұғымдарды көпшілік халыққа бұл кезеңдегі мерзімді баспа-
сөз – газет пен журналдар ана тілінде кешіктірмей жеткізіп тұрды.
Жаңа қоғамның келуімен байланысты туған жаңа сөздер, тер-
миндер қоғамдық өмірдің алуан түрлі саласында өз орындарын
тауып, қолданылып жүрді.
Қазақстанда социализм жеңіп, жаңа қоғам орнауымен байла-
нысты қазақ тілінің лексикасы жалпы саясаттық жəне əкімшілік
істері терминдерінің кіруімен байи түсті: саясат жəне мемлекет,
сыртқы жəне ішкі саясат, соғыс жəне бейбітшілік мəселесі, ұлт
мəселесі, мемлекеттік жаңа басқару органдарымен байланысты
туған көптеген жаңа ұғымдар пайда болды. Əсіресе революция,
оның жеңісі, революциялық қозғалысқа байланысты туған сөздер
əр алуан.
Мысалы: Осы күнгі революция болғаннан бері қарай адым-
даған қазақ əдебиетінің жемісті жерлерін алып, ескі шыға бастаған
кезіндегі əдебиетпен салыстырып қарасақ, арасында көп айыр-
машылық бар (ЕҚ, 2 август, 1923). Мұнан былай сынды келеке,
əзіл орнына ұстамай, «найза түртер» қылмай, шыққан адабиятды
революционный жол мен жалпы кедей сынға салып, онан кейін
жазушылар сынға салулары тиіс (ЕҚ, 1923, 2 август).
Қазіргі əдеби тілімізден орын тепкен «революция» деген сөз
«төңкеріс» деп те алынып жүрді: Ең соңғы уақыт Октябрь төң-
керісінен бүгінге шейін (ҚҚ, №5, 1925). Россияда ісшілердің қоз-
ғалысы 1905-ші жылғы төңкерістен басталды (ЕҚ, 25 май, 1923).
Біз, төңкерісшілер, бұл іске былайғы жайбарақат істерше тыныш
қарай алмаймыз (ҚҚ, №11, 1922).
Жер-жерде халықтың сана-сезімі оянып, бостандық күресіне
шығуымен байланысты ереуіл (стачка), қозғалыс (движение), тап
(класс), тап тартысы, тап ұрысы (классовая борьба), əртүрлі тап,
партияға байланысты большевик, еңбекшіл, бейнеткер (трудовой),
социалшіл, ортақшыл, капиталшы, либераль, т.б. алуан түрлі сөз-
дер қолданылған.
Коммунистік партияның саясаты мен жүргізген ісіне байла-
нысты да көптеген жаңа сөздер мен тіркестер пайда болды. Мы-
салы: Жеткілікті құлыб, школдар ашып, қыздарды, балаларды
тегісінен оқытыб, кейінгі өсе келе жатқан жас буынға білім, тəрбие
беріб социализм жолын малданған елдің азаматтарын даярлау (ҚҚ,
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 277
№10, 1922). Бұл туралы «Еңбекшіл қазақ» газетінің 95-ші нөмі-
рінде жазғамыз һəм партияның ұлт мəселесі туралы нұсқа жол
көрсетіб шығарған қарарын қазақшаға аударыб басқанбыз (ЕҚ,
1 июнь, 1923). Байлар жағы қан майданда жығылыс тауыб, жау
құралын еңбекшілер табына берсе де, еңбекшілерді мəдени құрал
күшімен жеңіб, қайтадан құл етбек мақсұты мен қансыз майдан
ашыб, тегіс аттаныс жасаб отыр (ҚҚ, №11, 1922). Бұлардан басқа
жарыс сөз, талас сөз, тартыс (прение), сөзшең, шешен (оратор),
серке (лидер), жоба (проект), топ (собрание), программа, əдіс
(метод), мүше, член, үндеу (воззвание, обращение), т.б. көптеген
сөздер кездеседі.
Жаңадан партия, совет органдарының, мекемелерінің қазақ
даласына келуімен қазақтың ұлттық тіліне көптеген жаңа мекеме,
ұйым, лауазым, қызмет, т.б. атаулары енді. Мысалы: Социал негі-
зіне құрылған Кеңестер республикаларының одағында жалпы
Ресейлік денсаулық сақтайтын комиссариаттың мағлұматы бо-
йынша үстіміздегі жылдың ішінде оба ауруы мен 48 адам гəнə
ауырған (ЕҚ, 30 июнь, 1923). 20 жылы Кеңес хүкіметі Адай уе-
зіне орнасымен халық ағарту бөлімі ашылған (ЕҚ, 30 июль, 1923).
Халық комиссариатының алқасының мүшелері басқармалар-
дың бастықтары болыб отыруын аса қажет деп тану керек (ЕҚ,
9 июль, 1923).
Өндірістің неше түрлі саласы дами түсті, экономикалық
өмірдегі жаңалықтар тілімізге жаңа сөздер енгізді. Мысалы:
Потребительдер (тұтынушылар) ұйымдасуы хақында (ҚҚ, №11,
1922), Мемлекеттік ауыл шаруасының бірлігіне жалпы Ресейлік
көрмеден 1200 шаршы саржан орын берілген (ЕҚ, 18 июль, 1922).
Уездік жер комиссиясының қарауында болады: уақ қала, ауылдар
арасында һəм түрлі ұйымдар (совхоз, колхоз) кəсіб дүкендері
һəм махкамалар арасында жер туралы болған дау-жанжалдар...
(ҚҚ, №11, 1922). Одан басқа француздың сауда ұялары Рурдан
айына 380 000 тонна кокс алады (ЕҚ, 2 август, 1923). Қарардың
негізгі мақсаты – еңбек ақысын көбейту хақында əр жерде
берекесізденіп күресіп атқандарды біріктіру, бірыңғай майдан ашу
һəм жұмыскерлер хүкіметін орнату (ЕҚ, 9 июль, 1923).
Бұлардан басқа 20 жылдардағы баспасөз беттерінде қара то-
пырақ аудан, стипендия, жарнама, процент, саудадан алынатын
278 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
салық, азық-түлік салығы, шетен жер, қарыз, қаржы, астық
қарызының қағаздары, т.б. толып жатқан экономиканың алуан
саласын қамтитын сөздер кездеседі.
Мəдениетіміздің өрлеуімен бірге əдебиет, өнердің əр саласы
дамып, ілгері басты, театр өнері өрбіді. Мəдениет пен халық ағар-
ту ісінің алуан саласындағы ұғымдарды бейнелейтін көптеген
жаңа сөздер тілімізге енді.
Оқуға байланысты: Екінші басқыштық мектептерге,
техникумдерге һəм жоғарғы дəрежелі оқу ордаларына адам кір-
гізуге əзірлеу мен болатұн жəрдемші мектебтерге (рабфак) то-
лық білім алған, тəжірибе көрген оқытушы дайындап шығару –
күн шығыстық оқытушылар əзірлейтін орданың еншісіне тиген
міндеті (ЕҚ, 30 июнь, 1923). Жəне екінші жағынан үш тілде оқы-
ту үшін мектепті кітаб, оқу құралдары жағынан қамсыз етуге жо-
ғарыдан ісмета бойынша жіберілетүн қаражат жеткіліксіз болып
келді (ҚҚ, №2, 1925). Оқып даярлайтын сабақтарын мəлімдеген-
нен кейін оқушыларға толық ерік беріледі: қай күні қай тəж-
рибе – қанаға барып дəріс даярлаймын десе де (ҚҚ, №2, 1925).
Бұлардан басқа əр пəндердің терминдері, жоғары оқу орында-
рының факультеттері, т.с.с. жаңа атаулар көптеп кездесіп отырады.
Əдебиет, өнер, театр салаларына байланысты: Ендігі салмақ
елдегі қалам қайраткерлерінде тұр (ҚҚ, №ІІ, 1922). Əдебиет ашық
майданға шығыб көрінсе, көбейсе, оны сынаушылар да (критик)
көб болмақшы (ЕҚ, 20 август, 1923). Трагедия қаһармандары өте
дəрəжəда табанды болулары мен, ақылды һəм қолынан іс келетүн,
ұстаған жолынан айрылмайтұн кісілер болады (ҚҚ, №10, 1922).
Белгілі ойнаушыларымыз болмағанмен, оқтасында əуесқой жас-
тарымыз жиналыб ойнайтұн еді, қазақша пьесалар жоқ (ЕҚ,
30 июль, 123).
Ғылым мен техника саласында да бұл кезеңде қазақ тіліне аз сөз
енген жоқ. Қазақ елінде бұрын болмаған жаңа техника, ғылымның
əр саласы (физика, химия, биология, медицина, математика,
геология, астрономия, т.б.) өзімен бірге талай-талай жаңа сөздер,
тіркестер əкелді. Мысалы: Темір жол салыныб, отарба жүргеніне,
судың үстімен пароход жүргеніне, судың астымен сүңгуір қайық
жүргеніне, құрғақ, жай қара жолымен автомобиль жүргеніне
едəуір уақыт болды (ЕҚ., 30 июль, 1923). 3 майда француздың бір
ұшқыш «Барбу» деген кісісі 11 аттың күшіндей қуат бен ұшатұн
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 279
моторлы машина шығарыб, соны мен Ла-Манш каналын екі
айнылыб қайтқан (ЕҚ, 30 июль, 1923). Бұл аурудың жайылуына
һəм басталуына себеб болатұн бацилл деген микроб құрты (ҚҚ,
№5, 1922). Бұнан сақтанатұн амал (əгəр ылғи бір жерде тұратұн
болса) малды ектіреді (ҚҚ, №5, 1922).
Бұрынғы қазақ елінде бірді-екілі заң, право мəселелеріне бай-
ланысты сөздер бар болса, енді арнаулы мекемелердің құрылуы-
мен, олардың қызметі артып, іс жүргізуімен байланысты көптеген
жаңа ұғымдар, сонымен бірге көптеген жаңа сөздер пайда болды.
Мысалы: Мəлімдемелер мен бірге мынадай куəлік қағаздар жі-
берілуге керек... (ЕҚ, 18 июль, 1923). Халық заң комисариаты қа-
сынан мамлəкат бақылау махкамасы (прокуратура) ашуға (ҚҚ,
10, 1922). Маинцеде француздың соғыс соты мен қызметке салақ
қараған үшін өлім жазасына тергелген 7 кісі жолдама (кассацион)
арыздарын берген (ЕҚ, 18 июль, 1923). Жер комиссиясының мү-
шелері өздеріне артылған ісін жүргізіб тұрғанда, халық тергеу-
шілері (судья) хақы (право) мен пайдаланады (ҚҚ, №10, 1922).
Жұмысшы мен қара шаруалар үкіметі соңғы жылдардың ішінде
бір аз заң шығарды. Мəселен: қылмыс заңы, ақылы істер заңы, іс
жүргізу заңдары, жер заңы – тағы басқалар (ҚҚ, №2, 1925). Мұн-
дай қосымша жазалар аяусыз беріліб отырмақшы (ҚҚ, № 2, 1925).
Берілген мысалдарда Совет өкіметінің алғашқы жылдарында
қазақ тіліне ене бастаған барлық жаңа сөздер, терминдер түгел
тізіліп берілген жоқ, оларды түгел қамту мүмкін емес, еңбекте
тек олардың басты-бастылары ғана жоғарыдағыдай топтарға
бөлініп сөз етілді. Кейінгі жылдарда баспасөз тілі арқылы əдеби
тілге ене бастаған сөздер де аз емес. Кейінгі кезеңдерде олардың
тематикалық шеңбері кеңейе түсті, қоғамдық өмірдің көптеген
салаларын қамти бастады. Төмендегі тақырыптарда олар да сөз
етілетіндіктен, бұл жерде оған арнайы тоқталмадық. Бұл кезеңде
туған неологизмдердің жасалуы да біркелкі емес.
3. Баспасөз тілінде сөз мағынасының дамуы
Жоғарыда байырғы сөздердің баспасөз тілінде қолданылуы-
ның кейбір ерекшеліктері көрсетілді. Совет дəуіріндегі мерзімді
баспасөз бұрыннан қолданылып келе жатқан сөздерді сол күйінде
280 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
ғана пайдаланып, немесе оларға жаңа мағыналық реңк беріп,
тіркесімділік қабілетін арттырып, қызметін кеңейтіп қана қойған
жоқ, сонымен бірге оларды жаңа мағынада қолданып, олар жаңа
сөз тудыру процесіне де қатысып отырды. Сөз жасаудың лексика-
семантикалық жолы баспасөз беттерінде мықтап өркендеп, əдеби
тілді дамытып, байытуда елеулі үлес қосты.
Бұл кезеңдегі мерзімді баспасөз беттерінде тілімізде бұрыннан
қолданылып келе жатқан байырғы сөздердің жаңа мағынада
жұмсалуы, болмаса сөздердің мағына тарылуы я кеңеюі, не аудар-
ма арқылы енген жаңа сөздер көп кездеседі. Лексиканы байы-
тудың бұл амалы қай тілде болмасын тіл дамытуда үлкен рөл
атқарады. Өйткені тіл дамуының қай сатысында болса да оның
өзгеруі, өрістеуі, оған жаңалықтардың енуі сол тілдің ішкі заң-
дылықтарымен сəйкес болып отырады, ұлттық тілдің базасынан,
жалпы халықтық тілден, оның өзіндік ерекшеліктерінен алшақтап,
бөлініп кетпейді. Оны осы мерзімді баспасөз тілінің материалдары
да қуаттай алады. Қазақ жастарына бұған дейін болған кемшілік
көзқарасты тастаб, орыс жастары мен бірдей қарау керек (ҚҚ,
№10, 1922). Майда болған сайлауда бейнетқорлар даусын дендеб
эсерлерге, меньшевиктерге, кадеттерге берген еді (ЕҚ, 25 май,
1923). Бұл ретте сіздердің көрсететұн жəрдемдеріңіз мынау болу
керек: əуе кемесіне жəрдем беруге шақырыб, қалың еңбекшіл
бұқараның арасында үндеу тарату керек болады (ЕҚ, 9 июль,
1923). Партияға түсуге екпін бар (ЕҚ, 9 июль, 1923). Сондықтан
əрбір еңбекшіл адамдардың һəм жұмыскерлердің əлеумет дүкеніне
міндетті мүше (член) болыб жазылу керек (ҚҚ, №11,1922).
Мысалдағы көзқарас сөзі бұрын адамның бір затқа қарауы, көз
салуы, көз тастауы мағынасында ғана қолданылса, енді адамның
белгілі бір құбылысқа, мəселеге деген түсінігін, пікірін, ойын
(мировоззрение) байқатады. Дауыс сөзі бұрын ауыздан шыққан
дыбыс мағынасын білдірсе, енді ол сонымен бірге жаңа мəнге ие
болып, мақұлдау, қолдау сияқты ауыс мағынаны білдіретін болды.
Сол сияқты мəжіліс, қамқор, мүше, шешен сияқты байырғы
сөздердің жаңа мағынада қолданылғанын байқау қиын емес.
Осы тəрізді 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз беттерінде
тіл сөзінің жаңа мағынада жұмсала бастағанын көреміз.
Тіл сөзі баспасөз дегенмен синонимдес мағынада айтылып,
орган деген сөздің орнына қолданылады. Дайын большевизмнің
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 281
негіздерін түсіндіріп тұру үшін, басқа түрлі ағымдарға қарсы сөз
жазып тұру үшін тиісті күш бен партияның орталық тілі болған
«Правда» газеті қуаттандырылуға тиіс (ҚҚ, №3, 1924). Мысалдағы
тіл дегеннің орнына орган сөзін ауыстырып қолдануға əбден
болар еді. Соңғы кездерде тіл сөзінің осы мағынасы қолданылудан
шығып, қазіргі уақытта орган сөзі қолданылатын болды (Партияның
орталық тілі емес, партияның орталық органы).
Бұл сөзден -ші жұрнағы арқылы тілші деген жаңа сөз де осы
кезеңде жасалған. Мысалы: Қолдан келгенше жұмысшылардың
арасынан шыққан тілшілердің санын артдырыб, оларды «төре-
шілдік» ауруынан, бір жазғанды қайта-қайта жаза беруден сақтауға
күш салу керек (ҚҚ, №3, 1924). Жұмысшылар тұрмысы, ауыл тұр-
мысы туралы жазыб тұратын тілшілерді көбейтуге, клубтарды,
кружокдерді һəм басқа сол тəрізді орындарды жаюға жəрдем
көрсету керек (ҚҚ, №3, 1924).
Мысалдағы тілші сөзі корреспондент дегеннің орнына қол-
данылып, белгілі бір мамандықтың атын білдіріп тұр. Тілші сөзі
корреспондент мағынасында баспасөз бетінде осы күнге дейін
қолданылып келе жатыр.
Бұл кезеңде тіл сөзі хабар, жар салу мағынасында да қолда-
нылғанын көреміз. Мысалы: Адай ревкомы мен халық ағарту
бөлімі тіл соғыб, оқуға ыждғатды жас азаматтарға күн ілгеріден
орын көздестірудің жолында (ЕҚ, 30 июль, 1923).
Сол сияқты құрал сөзі де 1920 жылдардағы баспасөз беттерінде
жаңа мағынада жұмсалғанын байқаймыз. Əдетте құрал сөзі
қазақ тілінде аспап мағынасында (инструмент, средства), жарақ,
əскердің қаруы мағынасында (вооружение) айтылса, енді осы ма-
ғыналарының үстіне жаңа мағынада орыс тіліндегі пособие сө-
зінің баламасы ретінде қолданылатын болды. Ол үйірмелерде ең
алдымен құрал есебінде жолдас Лениннің өз кітабтары жүргізіл-
сін (ҚҚ, №3, 1924).
Осы тəрізді сөздер 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз
беттерінде көптеп кездеседі: бөлім (секция), ақтар (белые), үндеу
(призыв), шарт (договор), шешен (дипломат), жоба (проект), əдіс
(метод), алқа (коллегия), əуесқой (любитель), ойнау [сахнада]
(играть), қоздыру (возбуждать), орынбасар (заместитель), ұя
(ячейка), ұйым (организация), одақ (союз), ісші (работник), орта-
282 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
лық (центр), нығайту (утвердить), т.б. Бұл сөздер олардың жа-
салуына тигізген орыс тілінің ықпалы да жоқ емес. Орыс тілінің
əсерімен мағына кеңею мен тарылу арқылы жасалған сөздерде
калька мен аударманың да ұшығы жоқ емес. Калька мен аударма
арқылы жасалған терминдік туындылардың өзі де сол сөздердің
алғашқы байырғы мағынасымен байланысты екені анық. Мысалы:
Жаңа да бұл орындардың өзіне түрік əскерлерінің аты бөлекдері
кіріп-шығыб жүр деген де хабарлар бар (ҚҚ, №11, 1922). Бөлек –
контексте орыс тілінің подразделение деген сөзінің мəнін беріп
тұрған калька жолымен туған сөз.
Əзірбайжан республикасындағы мұсылман дін бастықтары
«Түрік комитеті» атты газетінде жалпы халыққа шақыру басып
шығарған (ЕҚ, 27 август, 1923) деген мысалда орыс тіліндегі
призыв сөзінің, формалық, мағыналық ықпалының негізінде
тіліміздегі байырғы шақыру етістігіне жаңа мағына үстелген. Сол
сияқты соглашение сөзінің баламасы ретінде келіс сөзі кездеседі.
Россиядан Польшаға, Польшадан Россияға келіп-кетіп тұратын
хат, телеграмдарды жүргізіп тұру тақырыпты келіс осы биылғы
жылғы июнь айынан басталмақ (ЕҚ, 1 июнь, 1923).
Жоғарыда келтірілген мысалдардың азды-көпті терминдік
мəні бар. Бұл кезеңде ана тілі материалдары негізінде сөз жасау
процесі, сөзге жаңа мағына үстеу терминология, терминдік сөздер
саласында ғана емес, сонымен бірге лексиканың басқа салаларында
да бар екені байқалады.
Бұл процесс, сөз жасаудың осы лексика-семантикалық жолы,
кейінгі кезеңдердегі мерзімді баспасөз беттерінде өрістей түсті.
Кейінгі жылдары, бір жағынан, бұл сияқты жаңа сөздердің көп-
шілігі орнығып, əдеби тілдің төрінен мықтап орын алып, жалпы
халықтық тілдің игілігіне айналса, кейбірі қолданудан біртіндеп
шығып қалып отырды. Екінші жағынан, осымен бірге жаңа сөз
жасау процесі тоқталмай, қатар жүріп отырды. Онда да белгілі
дəрежеде орыс тілінің əсер-ықпалы байқалып отырады. Мысалы:
Күрті су қоймасы арқылы Жетісудің жартылай шөлейт жерін
суландырып, оны халық игілігіне пайдалану үшін осында ғажайып
құрылыстар салына бастады (СҚ, 1965, 4 декабрь). Цехты биыл
пайдалануға беру белгіленіп отыр (СҚ, 1968, 29 март). Қазіргі жиі
қолданылып жүрген қойма, пайдалану сөздерінің алғашқысын
совет тұсында пайда болған сөз деп есептесе соңғысын мағына
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 283
өрісі кеңейген сөздердің қатарына жатқызамыз. Қойма сөзі орыс
тіліндегі хранилище сөзінің əсерінен жасалғаны белгілі, бірақ
бұл жерде əдеттегі белгілі бір затты я жүкті қоятын орын ма-
ғынасымен қатар сумен байланысты мағынада (су қоймасы) қол-
данылатын болды. Сондай-ақ пайдалану етістігінің орыс тіліндегі
«использовать, воспользоваться» дегендердің баламасы ретінде
бірінші сөйлемдегі қызметі мен мағынасында қолданылуы Совет
өкіметінің алғашқы жылдарындағы мерзімді баспасөз тілінде ор-
ныға бастап, кейін қалыптасып кетсе, екінші сөйлемдегі (пай-
далануға беру) мағынасы (орыс тіліндегі «сдать в эксплуатацию»
дегеннің ықпалынан туған) соңғы кезде ғана пайда болып, орныға
бастаған құбылыс.
Мерзімді баспасез тілінде осындай жаңа сөздер, я жаңа мағына
туумен бірге олардың қолданылу аясы кеңейіп, басқа сөздермен
тіркесу мұмкіндігі де артып отырды. Оны орыс тіліндегі идеал
мағынасында қолданылған мұрат сөзінен байқауға болады. Қай
ұлт екеніне қарамай-ақ жалпыға ортақ коммунистік мұраттарды
жүзеге асыру жолында күресіп жатыр (ҚƏ, 1965, 25 июнь). Ол жоқ
жерде адамның аяулы өмірі асыл мұраттар жайындағы кескекті
күреске емес, əншейін күнделікті тірлікке айналып кетер еді (ЛЖ,
1965, 31 октябрь). Тарихтағы əрбір елеусіз, ескерусіз ақиқаттарды
анықтағанымыз адамзаттың ежелден бері күресіп келе жатқан
асқар таудай абзал мұраттарын қорғағанымыз болып табылады
(Сонда).
Соңғы кезде əсіресе спорт ойындарына байланысты көптеген
жаңа сөздер туып, не көне сөздер жаңғырығып, жаңа мағынаға
ие бола бастады. Сондай көп қолданылған сөздің қатарына сөре
(старт), мəре (финиш) сөздерін жатқызуға болады (бұл екі сөздің
кейде бірінің орнына екіншісі жұмсалып кететін кездері де бо-
лады). Немесе төмендегі мысалға назар аударайық: Енді біраз
уақыттан соң В. Степанов «Уралмаш» қақпасына қарымта доп
енгізді (СҚ, 1965, 10 ноябрь). Оның көрсеткіші – 13,4 секунд (ЛЖ,
1965, 13 октябрь). Ойын жалғасқан кезде, алматылықтар шабуылды
күшейте отырып, қарсыластар торына бірнеше доп түсірді (ЛЛ,
1965, 30 октябрь). Ойынның бірінші кезегінде Д. Омаров пен
М. Умаров екі доп, екінші кезекте В. Степанов пен Ю. Акимов
екі доп соқты (сонда). Футболда «жұлдыздығын» қаншама бетіне
ұстағанмен, Абгольц шындықты мойындады (С, 1965, 27 февраль).
284 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Алайда мəреге екі жүйрік тізгін тістесе қатар жетіп, ойын ережесі
бойынша қосымша кездесу өткізуге тиіс болды (СҚ, 1965, 27
ноябрь). Осы жылғы футбол маусымында Қазақстанның екінші бір
командасы қарағандылық «Шахтер» де финалдық айқасқа жақсы
жетіп еді (сонда). Мұнда алаң иелері жеңіске жетті (ЛЖ, 1965, 13
октябрь). Жерлестеріміз – финалдық бəсекелерде жеңілістің ащы
дəмін татпаған жалғыз команда (Сонда).
Əрине, байырғы сөздердің мағыналық дамуынан туған спорт
терминдері, жаңа сөздер мұндай бірді-екілі мысалдың көлемімен
шектелмейді. Біршама тұрақтала бастаған жаңа мағынадағы сөз-
дермен бірге контекстік мағынада жұмсалатын, сол контексте ғана
сол жаңа мағынада ұғынылатын сөздер де баспасөз тілінде кездесіп
отырады. Оған келтірілген мысалдардың ішіндегі «жұлдыз»
(«звезда») сөзі де дəлел бола алады. Бұл сөз орыс тіліндегідей
өнердің, спорттың кейбір саласына, əсіресе футболға, байланысты
орыс тіліндегі ыңғайда, дəл сол қызметте қолданылған. Сондай-ақ
төмендегі мысалдағы айыпкер сөзі де орыс тіліндегі «виновник»
сөзінің дəл баламасы ретінде қолданылған. Бұл сөздің өн бойына
орыс тіліндегі «виновник» сөзінің ауыс мағынасы, стильдік сал-
мағы телінген. Сонан соң осы əңгімедегі бір қызықтысы кештің
«айыпкері» ата-анасына қалай жəрдемдесетіндігі жайлы сөз сөй-
леді (ЛЖ, 1965, 3 февраль).
Жалпы қазіргі мерзімді баспасөз тілінде мағына жаңғыруы
арқылы жасалған сөздердің қолданылу аясы кең екендігін мына
фактіден де көруге болады. «Социалистік Қазақстан» газетінің
бір нөмірінде кездесетін 2125 сөздің, 194 сөзі – жаңа мағыналы
сөздер. Жалпы 8834 сөз қолданыстың 884-і де мағыналық өзгеріске
түскен сөздер, яғни газеттің бұл санындағы жалпы сөздің 8,2% сөз
қолданыстың 10,07% жаңа мағыналы сөздердің үлесіне тиеді. Бұл
лексиканың осы саласы үшін шағын көлем, аз сан емес. Газеттің
бір нөмірінде (СҚ, 1969, 16 октябрь) кездескен осы жаңа сөздер
тіркестерімен қосымша 1-де берілді (жақша ішінде əр сөздің
қолданылу саны, яғни неше рет қайталанғандығы беріліп отырды).
Келтірілген мысалдардағы кейбір сөздер жалпы жасалуы жа-
ғынан мерзімді баспасөз тілінде тек жаңа мағынаға ие болу арқылы
ғана жасалған жаңа туынды деп танылмайды, сонымен бірге
олардың тууында сөз жасаудың басқа жолдары да, атап айтқанда,
қосымша жалғану арқылы жаңа сөз жасау жолы да қатысқанын
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 285
көреміз. Мысалы, аралық, арнаулы, атындағы, бауырлас, білім,
жасанды, қабылдау, құрама, озық, озат, талқылау, шешім сияқты
сөздер негізгі жəне туынды түбірлерге: -лық, -у+лы, -да+ғы,
-лас, -ім, -нды, -да+у, -ма, -ық, -ат, -лау, -ім жұрнақтары жалғану
арқылы да жасалған. Бірақ көрсетілген жұрнақтар арқылы жасалған
осы сөздер бұрын да қолданылып келген, ал совет дəуіріндегі
баспасөз тілінде бұл сөздер жұрнақ жалғанған күйінде мағыналық
өзгеріске түсіп, жаңа мəнде жұмсала бастайды, яғни бұл сөздердің
баспасөз тілінде жаңа мағынаға ие болып, жаңа қызмет атқаруы
құрамындағы қосымшалардың тікелей əсері, соның нəтижесі емес,
сондықтан да бұл сияқты сөздер осы тақырыптың шеңберінде
қаралды.
Екінші бір ескеретін жай – аталған сөздердің көбі қазірде жат
көрінбей, жасанды сөз сияқты байқалмауы мүмкін. Оның себебі
сондай сөздердің көпшілігі-ақ совет дəуіріндегі баспасөз тілінде
ертеректе жасалып қалыптасты, қазір тұрақталып, тілге бүтіндей
сіңісіп кетті. Мағына өзгеруі арқылы жасалған жаңа сөздер дегенде,
олардың соңғы 5–10 жыл ішінде туғандығын көрсетіп отырғаны-
мыз жоқ, жалпы совет дəуіріндегі баспасөз тілінде жасалып, қа-
лыптасқаны туралы əңгіме болып отыр. Сондай-ақ баспасөз тілін-
дегі жаңа сөздердің шеңбері жоғарыда көрсетілгендермен шекте-
ліп қалмайды. Бұл мысалдар газеттің бірақ санынан алынды. Со-
нымен бірге берілген тіркестердегі жаңа сөздердің мағыналық
шеңбері, қолданылу қызметі мен аясы, басқа сөздермен қарым-
қатынасы сол көрсетілген мысалдармен шектелмейді, егер газеттің
басқа сандарын талдасақ, ондай жаңа сөз тіркестерінің қатары
əлдеқайда көбейе түсер еді, жаңа мағыналары мен қызметтері
ашыла бастар еді. Бірақ əңгіме жеке-жеке сөздің тіркес құрауы
жайында емес, жалпы совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде
мағына өзгеру арқылы жаңа сөз жасау туралы болғандықтан, оны
осы көрсетілген мысалдармен шектедік.
4. Орыс тілінен енген сөздер
Тіл қанша бай болғанмен, басқа тілдермен қарым-қатынассыз,
өз бетімен, тек өзінің ішкі мүмкіндіктерінің шеңберінде ғана да-
мымайды. Белгілі бір халықтың, басқа халықтармен əр жағдайда
286 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
қарым-қатынас жасаудың нəтижесінде тілдердің бір-біріне ауыс-
түйіс жасап, əсер-ықпал етіп отыратыны белгілі. Əсіресе қо-
ғамдық өмірде зор өзгерістер болып жатқанда, жеке бір тілдің
ішкі мүмкіншіліктері жетісе бермейді. Сондықтан көршілес тіл-
дердің, халқымен қарым-қатынас жасап отырған тілдің лексика,
грамматика саласында əр дəрежеде ықпалы болуы заңды құбылыс.
Əсіресе лексика саласында білім мен техникасы дамыған елдің
ықпалы ерекше болатыны белгілі. Совет дəуірінде қазақ тіліне
əсер-ықпалын мол тигізген тілдің бірі – орыс тілі. Лексика са-
ласының өзінде ғана орыс тілінің мыңдаған сөздері қазақ тіліне
еніп, кейін біртіндеп əдеби тілге толық сіңісіп жатты. Сондай-ақ
қазіргі тіліміздегі интернационалдық сөздердің, əсіресе термин-
дердің, көбі орыс тілі арқылы енді. Олардың əдеби тілде жиі
қолданыла бастап, кейін тұрақтану процесін осы кезеңдердегі
мерзімді баспасөз тілінен айқын байқауға болады.
Төменде орыс тілінен енген сөздер, бір жағынан, совет дəуі-
ріндегі мерзімді баспасөз тілінің лексикалық құрамының бір бө-
легі болып есептеліп, сол ыңғайда баяндалса, екінші жағынан, бұл
процесс тілді байытудың біржолы, жаңа сөз тудырудың бір тəсілі
ретінде сипатталады.
Қазақ пен орыс халықтарының қарым-қатынасы сонау ерте за-
мандардан бері қарай үзілмей келе жатқан қатынас. Қазақ тіліне
орыс сөздерінің ене бастауы да өте əріден, ертеректен басталады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде орыс тілінен енген сөздер ту-
ралы жазылған зерттеулер жоқ емес. Қазақ тілінің мамандары
І. Кеңесбаевтың, Ғ. Мұсабаевтың, М. Балақаевтың, А. Хасенова-
ның, К. Ахановтың, Т. Қордабаевтың, X. Махмудовтың, Б. Сүлей-
менованың еңбектерінде бұл мəселелер əр жақты сөз етіледі.
Сондай-ақ туыстас түркі тілдеріне орыс тілінің тигізген əсер-
ықпалдары жайында да арнайы зерттеулер, мақалалар баршылық.
Онда қазақ тіліне сөз ауысудың кезеңдері, кірме сөздердің ана
тілімізде игерілу процесі, орыс тілінен енген сөздердің лексика-
морфологиялық, стильдік ерекшеліктері сияқты мəселелер сөз
етілетіндіктен, бұл жерде оларға тоқтап жатпаймыз.
Революциядан бұрын орыс тілінен енген термин сөздердің
көлемі тым шағын. Тек Ұлы Октябрь революциясынан кейін орыс
тілінен қазақ тіліне жаңа сөздердің ауысуына ерекше мүмкіндік
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 287
туды. Ғылымның, мəдениетіміздің, экономикамыздың дамуында
орыс халқының рөлі қандай болса, қазақ тілі лексикасының ба-
юында, дамуында орыс тілінің орны сондай, Əсіресе қазақ тілі-
нің терминология саласын байытуда орыс тілінің əсері зор. Жаңа
ұғымдардың енуімен байланысты көптеген жаңа атаулар пайда
болды: трамвай, аэроплан, мотор, машина, пароход, электр, тра-
гедия, пьеса, клуб, факультет, театр, труппа, опера, устав, арен-
да, Совет, конференция, капиталист, буржуазия, большевик, мень-
шевик, революция, аппарат, палата, коммунист, комитет, прог-
рамма, комиссия, т.б. Мысалы: 1 – түб бөлімге алынады: 7 жыл-
дық мектеб програмы шамалы білімі болған 15–16–17 жастағы
еркек, əйел (ЕҚ, 18 июль, 1923). Басқа партиялардан ескіні жақ-
таушылар ғана (консерватор) көб дауыс алған, яғни 5,383,000, ол
уақытта барлық либеральный партиялар бірігіб 4,186,000 дауыс
алған (ЕҚ, 9 июль, 1923). Трагедия кітабы ойналғанда ... кеудесіне
мейрім орнаб ықтиярсыз көзіне жас төгіледі (ҚҚ, №10, 1922). Орал
губерниясындағы қазақтардың выставкаға жіберетін нəрсесі (ЕҚ,
9 июль, 1923). Жалпы Ресейлік Кеңестер комитетінің жилысы жо-
баны мақұлдаб, 19 адамнан комиссия түзеб, жоғарыдағы негізге
сүйеніб тəптештеб шығаруды қосқан (ЕҚ, 9 июль, 1923).
Бұл сөздердің біразы орыстың төл сөзі болса, енді бір қатары,
негізінен, батыс халықтары тілінің сөзі, интернационалдық лек-
сика. Осы интернационалдық сөздер қазақ тіліне орыс тілі арқы-
лы еніп отыр, өйткені олар орыс тілінің сөздік құрамынан əлдеқа-
шан орын алған. Мысалы, революция сөзі орыс тілінде XІX ға-
сырдан бері қолданылып келе жатса, қазақ тілінде Октябрь рево-
люциясынан кейін ғана пайда болды. 1920 жылдардың өзінде
революция сөзі қазақ тілінде толық тұрақтай қойған жоқ. Алғаш-
қыда ол сөздің орнына төңкеріс сөзі қолданылып жүрді. Ал
переворот деген ұғым «аударыс» болып алынған [9, 82].
Совет дəуірінің алғашқы кезеңіндегі мерзімді баспасөз
материалына қарағанда, қазақ тіліне енген орыс сөздері мен ин-
тернационалдық терминдердің саны, қолданылу аясы одан бұ-
рынғы дəуірлермен салыстырғанда əлдеқайда кең өріс алғанын
байқаймыз. Мысалы, «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы 11 са-
нында басылған бас мақалалардың лексикасын талдап көрелік.
Мұнда 1067 сөз 4039 рет қолданылған. Осы 1067 сөздің əрқай-
288 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
сысы бірдей жиілікпен қолданылмаған, яғни əрбір сөздің тексте
қайталану саны бірдей, біркелкі емес. Кейбір сөз 37 реттен қол-
данылса, кейбірі бір-бірден ғана жұмсалған. Демек, жалпы бір
сөздің қайталануы орташа алғанда 3,785-ке тең (4039; 1067),
яғни сөздің орта жиілігі – 3,785 деп алсақ, кейбір жекелеген сөз-
дің қайталануы, яғни жиілігі, бірде осы мөлшерден анағұрлым
артық, бірде кем болып келеді. Енді осы тексте орыс тілінен енген
сөздердің жəне сөз қолданыстың салмағына назар аударайық.
Бұл тексте орыс тілінен жəне орыс тілі арқылы енген сөздің саны
52 де, ол 120 рет қолданылған, яғни жалпы сөздің 4,87% жəне
сөз қолданыстың 5,22% орыс тілінен енген сөздер. Бұл текстегі
орыс тілінен енген сөздердің қолданылуындағы орта жиілігі
текстегі сөздердің жалпы орта жиілігінен жоғары (4,038–3,785).
Осының өзінен революциядан кейінгі дəуірдегі орыс тілінің əсері
(сандық жағынан да, сапалық жағынан да) басым екендігі айқын
көрінеді. Мысалы, осы тексте революциядан бұрын қазақ тіліне
кірген сөздің саны 10, ол небəрі 16 рет қолданылған, ал совет
дəуірінде енген кірме сөздердің саны 42 де, сөз қолданысы 194.
Тексте қолданылған, революциядан бұрын енген сөздердің жалпы
текстегі сөздермен қатынасы былай болады: жалпы сөздің 0,93%
де, сөз қолданыстың 0,39%, ал текстегі жалпы орыс тілінен енген
сөздермен салыстырсақ, революциядан бұрын енген орыс сөздері
текстегі жалпы орыс тілінен енген сөздердің 19,23%, солардың
сөз қолданысының 7,62% болады. Олардың орта жиілігі текстегі
сөздердің орта жиілігінен əлдеқайда төмен (1,6; 3,785). Октябрь
революциясынан кейінгі дəуірде енген сөздердің текстегі көрінісі
басқаша. Текстегі жалпы сөздің 3,94%, сөз қолданысының 4,89%
те, текстегі жалпы кірме (орыс тілінен) сөздердің 80,77%, солардың
сөз қолданысының 92,38% болып келеді. Олардың орта жиілігі
революциядан бұрын енген сөздердің орта жиілігінен, сондай-ақ
текстегі бір сөздің жалпы орта жиілігінен жоғары (4,62; 3,785).
Демек, аз ғана уақыттың ішінде (Октябрьден кейін он жыл ішінде)
қазақтың мерзімді баспасөз тіліне революциядан бұрынғы барлық
кезеңмен салыстырғанда орыс тілінен енген сөздің саны анағұрлым
көп. Олардың қолданылу аясы кеңіп, сөйлемде əртүрлі қызмет
атқарып, актив сөздерге айнала бастады. Сондай-ақ олардың біразы
(52-ден 13 сөз) қазақ тілінің қосымшаларын (жұрнақ) қабылдаған.
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 289
Осының өзінен бұл сөздердің қазақ сөздерімен тығыз қарым-қа-
тынасқа түсіп, жаңа тіркестер құрауға ұйытқы бола бастағанын
байқаймыз.
Орыс тілінен енген бірқатар сөздердің өзгеру тарихы өзінше
бір қызық жəйт. Шынында, олар о баста түркі тілінен шығып,
түркі тілдері топырағында жаратылып, орыс тіліне барып енген де,
белгілі бір дəуірлерден кейін шыққан тегіне (түркі тілдеріне, со-
ның ішінде қазақ тіліне де) қайтып оралған. Аңдап, байқап, эти-
мологиялық талдау жасап қарасақ, ондай сөздердің саны аз емес.
Мысалы, артель деген сөз қазақ тіліне бертінде XX ғасырдың
басында ғана келіп қосылғанға ұқсайды. Ертерек кезде қазақ қа-
уымында артельдердің болмағаны анық, өйткені мал өсірген
қазақ қоғамдасып, бірлеспеген. Қазақ жерінде революциядан
кейінгі дəуірде ғана артель құрыла бастаған. Мысалы, артель
ұйымдастырудың алғашқы барысы туралы 20-жылдары былай
деп жазылған. Мал өсіретін артельдер жасау керек... көшпелі
қазақтар арасында мал өсіретін артельдер жасалған, жұрттың
түсінбеуіне яки жердің шалғайына қарап алғашқы кезде ата жігі
мен жасауға да болады (ҚҚ, 1922, №4). Бұл мысалдан қазақ қа-
уымына артель деген ұғымның (сонымен бірге сөздің өзі де)
кейін пайда болғанын аңғару қиын емес. Ол орыс тілінен еніп
отыр. Бірақ шын мəніне келгенде, артель сөзі орыс тілінің емес,
түркі тілдерінің материалдары негізінде жасалған. Демек, о баста
мұны орыс тілі шамамен XVІ ғасырда түркі тілдерінен алған да,
сіңісе келе ол қазіргі түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне
XX ғасырда қайта оралған. Бұл сөздің орыс тіліне енуі туралы,
негізінен алғанда, үш түрлі пікір бар. Л.З. Будаговтың айтуы
бойынша, ол тобол татарларының тіліндегі орталай деген сөзден
барып өзгертіліп алынған сияқты, оның мағынасы ортақ болу,
ортақтасу [20,1 122–123]. А.Г. Преображенскийдің айтуынша,
артель «заимств из тат. ортақ общий, общник: ортақ – эль народ;
орталық товарищество» [60, 18]. Ал үшінші бір ғалымдар арт
(«арт жақтағы» деген тіркестегідей) жəне ел сөздерінің қосындысы
болар деген жорамал жасайды, «из тат.– башк. арт ил (народ,
находящийся позади», т.е. «резерв» [32, 563]. Н.К. Дмитриев бұл
сөзді орыс тіліне түркі тілдерінен енді дегенді гипотеза ретінде
ғана ұсынады. Сөз басында келетін о дыбысын орыс тілінің өкіл-
290 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
дері əдетте а дыбысымен айтатынын ескерсек (атара – отар,
Амаров – Омаров, т.б.) ортақ, орда, орталай сөздерінің құрамын-
дағы «о»-ның артель болып «а»-ға айналғанын түсіну қиын емес.
Оның үстіне о дыбысына екпін түспеуі де ескерілуі керек. Соны-
мен, түркі тілдеріндегі орда, ел сөздері орыс тіліне ауысқанда
артель болып қалыптасқан.
Сол сияқты товар сөзі де қазіргі қазақ тіліне тікелей орыс
тілінен енген. Ол сөздің тілімізде жаппай етек алуы, термин болып
қалыптасуы кейінгі кездерден басталады, XІX ғасырдың соңғы
кездері мен XX ғасырдың бас шені аралығында шығып тұрған
«Дала уалаятының газеті мен «Түркістан уалаятының газетінің»
беттерінде товар сөзінің орнына «пұл, зат» деген балама сөздер
қолданылған.
Адес шаһарина өз жайынан чығмыш газетінің айту бойынча
кела баслағанлар пұллар алуб каюларны жибермак ният илан
Азия ічинде тұрмыш жамағатлар араларине тағы да күтуб тұра-
дылар бик көб келатұғын кездама пұлларны уа ғайри һəр хил
пұллардан һəр хил темир нарсаларны уа ғайри ұсақ түйек пұллар
илан орысшасы – В Одессу по словам местных газет начали уже
прибывать товары для отправки на дальний Восток. Ожидается
масса мануфактурных, бакалейных и колониальных товаров,
железных изделий и галантерейных товаров (Дала уалаятының
газеті, 1888, 18 март). Тіпті 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз
беттерінде бұл термин бірде товар тұлғасында кездессе, бірде зат,
я бұл тұлғаларында ұшырасады Мысалы: Товарын алуға шамасы
келген қала базарына сүйеніп, аяққа басқан өнерлі кəсіп қуатсыз
жалпы тұтынушыға, ауыл халқына сатқан кезде товарын өткізе
алмай қалды (ҚҚ, 1924, №3). Сендикатдар (сауда, кəсіп бірліктері,
ұйымдары) затдарын қымбат өткізу саясаты мен қолданғандығы,
өнерлі кəсіпте əсіресе сауда да зат тасу ретіндегі жол шығындары
аса үлкен болғандығы... (ҚҚ, 1924, №3).
Демек, товар сөзі 1920 жылдардың өзінде де тілімізге толық
сіңісіп, кедергісіз сол күйінде қолданылып кете алмағандығын
көреміз, Бұл сөз көне түркі тілінде жазылған ескерткіштердің
біразында кездесіп отырады [49, 435]. М. Қашғаридің «Дивану
лұғат-ит түрік» атты еңбегінде товар сөзі мал, мата мағынасында
қолданылған [51, 389]. Бұл сөздің мағыналық даму процесін мына
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 291
схема арқылы көрсетуге болады. Товар – мал-мата – қытай жі-
бегі – қымбат бұл (мата, товар).
Көне түркі тілдерінде қолданылып келген товар сөзі қазақ тілі
сияқты кейбір түркі тілдерінде сақталмай, ұмытылып қалған да,
бұл тілдерге ол сөз орыс тілі арқылы қайтып оралған. Бір кездерде
түркі тілдерінен орыс тіліне еніп, кейін белгілі бір кезеңдерде
біршама өзгерістерге түсіп, қазақ тіліне қайтып оралған сөздердің
саны бірқыдыру. Мысалы, үтік, стакан, севрюга (балықтың аты),
атаман, доға (ат жегетін сайман), ярлық, штан, тайга, т.б.
Жұмысымызда біз араб-парсы тілдерінен енген сөздерді ар-
найы сөз етпейміз, Əрине, араб-парсы тілдерінің түркі тілдеріне
тигізген əсерін жоққа шығаруға болмайды, сөз жоқ, түркі тілдеріне,
соның ішінде қазақ тіліне араб-парсы тілдерінің көптеген сөздері
енді. Олардың бірқатары осы кезеңде термин болып та қалып-
тасты. Араб-парсы сөздері қазіргі қазақ тілі лексикасының белгілі
бір бөлегін құрап отырғаны даусыз. Дегенмен ол сөздер (араб-
парсы сөздері) қазақ тіліне басқа тілдер арқылы Октябрь рево-
люциясынан бұрын енген. Саясат сөзінің мағыналық даму бары-
сын байқап көрсетейік. Бұл сөз түркі тілдеріне араб тілінен енген.
В.А. Гордлевский бұл сөздің төркінін, түбірін түріктерден іздеу
керектігін айтады [30, 275].
Яса деген сөз кейбір қазіргі жəне көне түркі тілдерінде де қол-
данылады.
Тарихта Шыңғыс ханның бірнеше жасасы (жаса) болғаны бел-
гілі. Яса (жаса) түркі, монғол халықтарында заң болып есептелген
көрінеді. Сөйтіп түркі сөзі jаsа араб тіліне кіріп, оның тұлғасы мен
мағынасы өзгеріп, қайта түркі тілдеріне саясат түрінде ауысқан.
Тіл материалдарын қарастырып, тілдерді əлі де болса сал-
ғастыра зерттей түссе, осындай фактілер көптеп табылар еді. Араб-
парсы, түркі, монғол тілдерінде тұқым, қырмызы тəріздес сөздер-
дің кездесіп отыруы осыны аңғартады.
Осы алуандас сөздер мағына жағынан болсын, келу тарихы
жағынан болсын күрделі кірме сөздер болып есептеледі. Бұларда
бір тілден екінші тілге ғана ену емес, шыққан тегіне қайта оралу
болғандықтан, бұл алмасу (заимствование) уақыт жағынан күр-
делі, ұзақ болып келеді. Лексика, соның ішінде кірме сөздер сөз
болғанда, олардың осындай бір ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
292 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Орыс тілінен сөз ауысу процесі кейінгі дəуірде де тоқтаған жоқ.
Кейінгі кезеңдердегі баспасөз тілінде орыс тілінен енген сөздердің
бірқатары тұрақтанып, кейбірі қолданудан шығып қалды. Оның
үстіне тілімізге жаңа сөздер де еніп, əдеби тілімізді байытып
отырды. Қазіргі мерзімді баспасөз тілінде орыс тілінен енген сөз-
дердің саны да, қолданылу аясы да едəуір екенін «Социалистік
Қазақстан» газетінің талданған нөмірінен (1969, 16 октябрь) кө-
руге болады. Онда не бары 394 орыс тілінен енген сөз 1581 рет
қайталанып қолданылған, яғни кірме сөздер текстегі жалпы сөз
санының 18,53% (2125 сөзден), сөз қолданыстың 17,897% (8834
сөз қолданыстан) құрайды. Бұл аз емес. Əдеби тілдің қай стилінде,
қай жанрында (ресми, ғылыми-техникалық шығармаларды есеп-
темегенде) жазылған шығармалармен, баспа нұсқалармен əсіресе
көркем əдебиетпен салыстырсақ, мұндағы орыс тілінен енген сөз-
дердің саны, сөз қолданысы анағұрлым көп, жан-жақты екенін
байқауға болады.
Орыс тілінен енген сөздердің қолданылудағы орта жиілігі де
Р – 4,013 (1581; 394), жалпы текстегі сөздердің орта жиілігімен Р –
4,157 (8834; 2125) өте жақын, тіпті тең деуге де болады.
Осы орыс тілінен енген сөздердің (394 сөз, 1581 сөз қолданыс)
312-сі ешбір жұрнақсыз түбір күйінде 1378 рет қолданылған
да, 82-сі қазақ тілінің əртүрлі жұрнақтарын қабылдап, туынды
түбір тұлғасында 203 рет қолданылған. Бұл жерде орыс сөздері
түбір тұлғасында қолданылған дегенде, олар қазақ тіліндегі сөз
байланыстырғыш тұлғаларын, яғни əртүрлі жалғауларды (көптік,
септік, тəуелдік, жіктік) жалғанып жұмсалғанын есепке алмай-ақ
отырмыз, өйткені ол жалғаулар жаңа туынды түбір тудырмайды.
Газет тілінде түбір күйінде қолданылған сөздер қосымша – 2-де
беріледі. Ол тізімге машиналардың, не оның тетіктерінің кейбір
атаулары, сондай-ақ таза техникалық терминдердің кейбірі кірмей
қалды. Соның өзінде де осы берілген кірме сөздердің əр жақты
екенін көруге болады. Бұлар – қоғамдық өмірдің əр алуан сала-
сында қолданылып жүрген сөздер. Бұдан басқа газеттің осы са-
нында 82 кірме сөз туынды түбір тұлғасында 203 рет қолда-
нылған. Бұл туынды сөздер кірме түбірлерге қазақ тілінің -лық,
-лік, -дық, -дік, -тық, -тік (68 сөз, 175 сөз қолданыс), -л, -шы, -ші
(3 сөз, 10 сөз қолданыс), -да+ған (1 сөз, 1 сөз қолданыс), -да+у
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 293
(1 сөз, 1 сөз қолданыс), -лан,+дыру (1 сөз, 5 сөз қолданыс) жұр-
нақтарын қабылдап, жаңа тіркеске түсіп, жаңа мағынада, қызметте
қолданылған. Олардың тізімі жəне басқа сөздермен тіркеске түсуі
төменде қосымшалармен байланысты беріледі. Ол сөздер де
қолданылу аясы жағынан, мағыналық шеңбері жағынан əр алуан.
Жоғарыдағы орыс тілінен енген сөздердің кейбірі тілімізге
ертеректе, совет дəуірінің алғашқы кезеңдерінде еніп, қазір əдеби
тілімізден берік орын алса, енді бірқатары мерзімді баспасөз ті-
лінде кейінгі кезеңдерде қолданыла бастайды. Осының өзі қазақ
əдеби тіліне орыс тілінен сөз ауысу процесі əсте тоқтап қал-
мағандығын, ол əлі қарқынды түрде дамып отырғандығын, əдеби
тілді байытудың əлі де бір арнасы екендігін анық байқатады.
5. Қосымша арқылы сөз жасау процесі
Жаңа сөз тудыру процесінде қосымшалардың атқаратын рөлі
зор. Бұл қасиет түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің де
дамуында үлкен орын алып келгені аян. Совет дəуіріндегі мерзімді
баспасөз тілінде бұрыннан белгілі кейбір байырғы жұрнақтар-
дың жалғану өрісі біршама кеңейіп, бұрын жалғанбаған сөздерге
үстеліп, жаңа ұғым, жаңа сөз, термин тудыратын болды. Сөйтіп
əдеби тілдің лексикасын байытып, грамматикалық құрылысын
дамыта түсті. Бұл жұрнақтар қазақ тілінің байырғы сөздеріне
жəне орыс тілі арқылы кірген сөздерге де жалғанып, жаңа ұғым
тудырады.
Дара қосымшалардың активтенуі
Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде жаңа сөз тудырып,
жандана түскен қосымшалардың бірі – кəсіпті, мамандықты
«адамның, белгілі бір дағдыға айналған іс-əрекеті мен қабілет
қасиеттерінің аттарын» [82, 212] білдіретін, қазіргі тілімізде
өнімді жұрнақ қатарында жүрген -шы, -ші аффиксі. Негізінен
бұл аффикстер байырғы төл сөздерге, болмаса сөздік қорға ертеде
еніп, тұрақты орын тепкен кірме сөздерге жалғанады. Мысалы:
Елдегі ұғымдарға оңай рет бен істелетін уақ өнерлерінің өрнек
үлгілерін көрсететін нұсқаушылар жіберуге тиіс (ҚҚ, №4, 1922).
294 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Орындарда жұмыс істеу үшін қазақтан жеткілікті үндеушілер
(инструктор, инспекторлар) даярлансын (ҚҚ, №4, 1922). Респуб-
лика бақылаушысы қасында белгіленген шама бойынша қолқа-
бысшылары болады (ҚҚ, №10, 1922). Бұл мысалдардағы нұс-
қаушы, үндеуші, бақылаушы, қолқабысшы деген сөздер – осы ке-
зеңде келіп, жасалып, қалыптаса бастаған сөздер. Олар инструк-
тор, инспектор, пропагандист, прокуратура, инспекция, помощ-
ники, деген орыс тіліндегі сөздердің баламасы ретінде қолданыл-
ған. Бұл сөздердің кейбірі сол ұғымды дəл бере алмай, балама-
лықка жарамай, əдеби тілімізге сіңісіп кете алмады.
Бұл қосымшалардың, орыс тілі арқылы енген сөздерге жал-
ғануы өте сирек кездеседі. Оның өзі де ұтымды болмағанын
байқаймыз. Мысалы, бірлі-жарым жерде орыс тіліндегі -ист, -изм
қосымшаларының орнына қолданылған. Түркияның астанасы бү-
тін дүния капиталшы хүкіметтерінің көзін тіккен Стамбул шаһары
сол заманғы ионандардан күш бен алынған екен (ҚҚ, №11, 1922).
Кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде -шы, -ші жұрнақ-
тарының қызметі мен жаңа сөз тудырғыштық қасиеті кеміген
жоқ. Бұл жұрнақ мерзімді баспасөз тілінде орыс тіліндегі белгілі
бір қосымшаның баламасы ретінде ғана қолданбай, -чик(щик),
-ист, -ең сияқты тек мамандықты, кəсіпшілікті, т.б. ғана емес,
адамның, басқа да қасиеттерін білдіретін сөздерге де жалғанады.
Мысалы: Насихатшы мен саяси хабарламашыға көмек (СҚ,
1967, 5 декабрь). Айталық, аппаратшы КПСС мүшесі Николай
Смирнов – насихатшы. Михаил Григорьев ше? Ол – цехтағы
партия тобының жетекшісі (СҚ, 1965, 26 ноябрь). Көрмеге жас
живописшінің тамаша 50 шығармасы қойылған (СҚ, 1967, 7
август). Жарыста роликті конькимен шұғылданушылардың үлкен
бір тобы қатысты (СҚ, 1967, 29 октябрь). Поэмашы ақындардың
жаңашыл мінез танытатын жемісті бағыты да осы... Өткен жыл-
дың қысында «Талапты» совхозының орталығында ұйымдасты-
рылған тракторшылар əзірлейтін қысқа мерзімді курсты алты
қыз бітіріп шықты (ЛЖ, 1965, 30 октябрь).
Келтірілген мысалдардағы -шы, -ші жұрнағы арқылы жасалған
жаңа сөздердің мағыналық жағынан да, жұмсалу қызметі жағынан
да шеңбері кең екендігін көреміз. Сонымен бірге баспасөз тілінде
бұл қосымша түбір не сөз талғап жатпайтынын да аңғарамыз. Ол
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 295
бірде негізгі түбірге, бірде туынды түбірге жалғанса, бірде төл
сөзге, бірде кірме сөзге қосылады. Бірде есім сөздерге жалғанса,
енді бірде етістік түбірге де қосылып сөз жасайды. Оны төмендегі
мысалдар да толықтыра түседі. Осы жағынан алып қарағанда, бұл
жұрнақтың қолданылу қызметі, сөзге жалғану қабілеті біршама
универсалды.
Соңғы кезде мерзімді баспасөз беттерінде осы қосымша арқылы
спортқа байланысты көптеген жаңа сөздер туып, кең қолданылып
жүр. Ол сөздердің де тұлғалық құрамы əртүрлі. Мысалы: Осы
нəтиженің еншілесі еліміздің бұрынғы рекордшысы Нина Пона-
морева болатын (ЛЖ, 1965, 13 октябрь). Төреші тарапынан бірнеше
ескерту алған Р. Салимова ойыннан шығуға мəжбүр болды (ЛЖ,
1965, 30 октябрь). Ойынның бірінші жартысы аяқталуға жақын
қалғанда, қонақтардың шабуылшысы Дураков есепті теңестірді.
Ал біздің қақпашымыз Мозговой өз дəрежесінен төмен ойнап,
оңай доптардан айырылып қалды (СҚ, 1965, 25 декабрь). Жақында
Петропавл қаласында болып өткен конькишілердің байқау жарысы
осының куəсындай (СҚ, 1965, 10 декабрь), Оларға қазір отыздан
астам совхоз спортшысы жаттығуда (СҚ, 1965, 4 декабрь).
Осы мысалдардағы төреші, шабуылшы, қақпашы, конькиші,
спортшы сияқты сөздер орыс тіліндегі судья, нападающий,
вратарь, конькобежец, спортсмен деген сөздердің баламасы ретінде
қолданылған. Спортқа байланысты жаңадан пайда бола бастаған
сөздердің саны бұлармен шектелмейді. Осылардың қатарына
жаттықтырушы, қорғаушы, жартылай қорғаушы, шаңғышы, ойын-
шы, теннисші сияқты сөздерді де жатқызуға болады.
Кейде бұл қосымша жалғанған сөздер мамандықты емес,
спортшының қай командаға жататынын да білдіреді. Бұл жағынан
-шы, -ші жұрнағының жаңа сөз тудыру мүмкіндігі мол. Мысалы:
Біз спартакшылар сапында 200 000 физкультурашы болады деп
міндеттенген едік (С, 1967, 28 октябрь). Екінші орында Сверд-
ловскийдің армияшылары. Москваның динамошылары Петроза-
водскінің «Локомотив» командасын 16:0 есебімен ұтты (ЛЖ, 1965,
4 декабрь).
Сондай-ақ кейде спортқа байланысты кірме сөзге қосымша
жалғанып жасалған туынды түбір мерзімді баспасөз тілінде əлі
да толық қалыптасып, тілге сіңісіп кете алмай жүргенін көреміз.
296 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Ондайда бұл жұрнақ орыс тіліндегі -ист қосымшасының мағы-
насы мен қызметінде жұмсалады да, баспасөз тілінде ол екі тұл-
ға жарыса қолданылады. Екі жақтың футболшылары да үздіксіз
шабуылдады (ЛЖ, 1967, 1 ноябрь). Ойын Қазақстандық хоккей-
шілердің басымдылығымен өтті. Жақында «А класында ойнайтын
Алматының «Буревестник» командасының волейболшылары
Фрунзе қаласына жүріп кеткен болатын... Молдавияның Бельцы
қаласында өтіп жатқан шахматшы əйелдердің чемпионаты ара-
лық бəсекеге жетті (ЛЖ, 1965, 1 декабрь). Футболистерді екінші
трактор бригадасының бригадирі Вячаслав Егорович Полосон,
волейболистерді төртінші бригаданың бригадирі Иван Григорье-
вич Стебунов жаттықтырады (СҚ, 1965, 4 декабрь).
Бұндай қосар сөздерге футболшы-футболист, волейболшы –
волейболист, шахматшы – шахматист тəрізділер ғана емес, олар-
дың қатарына теннисші – теннисист, штангашы – штангист, бокс-
шы – боксер, баскетболшы – баскетболист сияқты көптеген сөздер
жатады.
Көңіл сезімін, икемділікті, бейімділікті, құмарлықты, кейде
тіпті қоғамдық тапты білдіру үшін жұмсалатын -шыл, -шіл
жұрнақтарының қызметі де осы кезде ерекше көзге түседі. -шы,
-ші жəне -шыл, -шіл, қосымшалары бір-біріне жақын болған-
мен, қызметі екі басқа деуге болады. -Шыл, -шіл негізінен есім
сөздерден сын есім жасайды [45, 238, 251 жəне 76, 137, 138, 196].
...жалпы Ресейлік ортақшыл жасдар ұйымы жиылысқа ұсыныб
отыр (ЕҚ, 9 июль, 1223). Бұл сырттай қарағанда солшыл болғаны
мен біздің қазіргі жайымызда асыққандық (ҚҚ, №19 21, 1926).
... конгрестің мүшесі республикшіл Фред Бриттен, «РосТА»-ның
тілшісі мен сөйлесіб отырыб мына келешектегіні мəлімдеген
(ЕҚ, 18 июль, 1923). Себебі ісшілдердің ұйымдары төңкерісшіл
жұмысшылардың... ту тіккен ордасы болды (ЕҚ, 25 май, 1923).
-Шыл -шіл қосымшалары арқылы жасалған сөздер көптік,
септік, жіктік жалғауларының бірін қабылдап субстантивтеніп,
кейде зат есім болып та жұмсала береді. Мысалы: Егер ескі
қалыбынан танбаса, езілген еңбекшілдер келешек күнде де өз
құқығына ие бола алмай қалуы мүмкін (ЕҚ, 25 май, 1923). Біз,
төңкерісшілдер, бұл іскебылайғы жайбарақатістерінетыныш қарай
алмаймыз (ҚҚ, №11, 1922). Бұл мысалдағы -шыл, -шіл арқылы
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 297
жасалған сөздер, біріншіден, заттанып, зат есім мағынасында қол-
данылса бір сөздерде -шы, -ші жұрнағының мағынасы мен қыз-
метінде жұмсалған. Мысалы, еңбекшіл, төңкерісшіл дегендер
еңбекші, төңкерісші (революционер) тəрізді сөздердің орнына
қолданылғаны байқалады. Бір мағынада жоғарыдағы мысалдар-
дағыдай еңбекші – еңбекшіл тұлғалары кездеседі. Сол сияқты
кəсібші – кəсібшіл тұлғасындағы сөздер де ұшырасады. «Экс-
телсиюф» газетасы жуырда Русиядан қайтқан елшісі атақты
кəсібшіл (промышленный) Мюллердің айтыб барғанын басады
(ЕҚ, 1 июнь, 1923).
Сөйтіп 1920 жылдардағы баспасөз беттерінде бұл екі
қосымшаның бірінің орнына бірі қолданылып отыруы ұшырасады.
Бұлардың мағыналық жағынан бір-біріне жақындықтары да жоқ
емес, -шы, -ші қосымшаларының затқа сындық мəн үстеуі – осы
жұрнақтың о бастағы негізгі мағынасының бірі болған. Қазір ол
тек контексте ғана көрінеді. Мысалы, малшы, етікші дегенде тек
бір мамандықтың аты ғана емес, сонымен бірге заттың (адамның)
сыны екенін де көруге болады (малшы кісі, бала, етікші кісі,
жылқышы қыз т. б.).
-Шыл, -шіл жұрнағы байырғы төл сөздермен қатар орыс тілі
арқылы енген бірлі-жарым сөздерге де жалғанған: социалшіл,
республикшіл, т.б. Қазіргі мерзімді баспасөз тілінде де бұл қо-
сымша активтігін əлі жоғалтқан жоқ.
Аудан комсомолецтері мен жастары өнертапқыштар мен жа-
ңашылдар қозғалысына белсене қатысып, ортақ ісіне үлес қосуды
мұрат етті (ЛЖ, 1969, 11 март).
Бірде зат есімнен зат есім, бірде зат есімнен сын есім тудыратын
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы жасалған жаңа
сөздер де бұл кезеңде көп кездеседі. Бұл жұрнақтардың осы екі
түрлі қызметі де совет дəуірінің əр кезеңіндегі мерзімді баспасөз
беттерінен айқын көрініп отырады... Татарстан республикасының
Орталық Атқару Комитеті тасқын судың апатына ұшыраған
халыққа жəрдем беруді сұраб, Русиялық кемесерлер кеңесіне
өтініш салған (ЕҚ, 27 август, 1923). Облыстық жастар комитеті-
нің баяндамасы туралы съезде едəуір талас сөздер болды (ҚҚ,
№10, 1922).
Совет дəуірінің алғашқы кезеңіндегі мерзімді баспасөз ті-
лінде -лық қосымшасының зат есімнен зат есім тудыратын түрі
298 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
де көп ұшырасады. Осы жұрнақ арқылы жаңа сөздер туып
отырды. Мысалы, 15-ші октябрьден 15-ші ноябрьге шейін екі
жұмалық істелді... Семей губернасында 15-ші декабрьден бастаб
продналогты тез жинау үшін екі жұмалық жасалды (ҚҚ, №4,
1922). Сайлау алдында болатын кедейлер жилысында кедейлердің
белсенділігін өсіру шарасы қарастырылсын (ҚҚ, №19–20, 1926).
Бұл қосымшаның бір ерекшелігі – ол орыс тілі арқылы енген
жəне еніп жатқан жаңа сөздерге де жалғана береді: принциптік,
революциялық, большевиктік, т.б. Сол сияқты аймақтық, уездік,
облыстық, саламаттық, денсаулық (сақтау комиссариаты), аудан-
дық, демократтық, т.б. көптеген жаңа сөздер қолданылған. Қо-
сымша арқылы жаңа сөз жасаудың бұл түрі кейінгі жылдары да
сөз тудырудың өнімді амалының бірі болды: ракеталық, кванттық,
космостық, физикалық, механикалық, т.б.
Осы қосымшалармен тарихи жағынан төркіндес -лы, -лі, -ды,
-ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жасалған жаңа сын есімдер де бұл
кездегі баспасөз беттерінен жиі ұшырасып отырады. Мысалы:
Оның үстіне партияның бөлек мүшелерін жаңа үнем саясаты
бұзыңқыраб бара жатқанына қарсы жауабты орындардағы қыз-
меткерлердің шамадан тыс жақсы жүріп, тұрғанына қарсы күрес
ашылсын деген саяси бюроның ұсынысында мақұл деб табылады
(ҚҚ, №3, 1924). Партияның жергілікті 2,653 бөлімі (ЕҚ, 9 июль,
1923). Ондай жаман қалыбтармен күресуді партия өзінің кезекті
жұмыстарының бірі деб санаб отыр (ҚҚ, №3, 1924).
Кейде -лық қосымшасының орнына бұл кезеңдегі баспасөз
тіліндегі сөздерге -лы, -ты жұрнағы жалғанған тұлғалар да ұшы-
расады. Мысалы: Советті Русияның белгілі шешені жолдас
Красин... (ЕҚ, 25 май, 1923).
-Лық қосымшасы соңғы кезде де өзінің негізгі қызметтері
мен мағынасын, жаңа сөз тудыру қабілетін кеміткен жоқ. Қазіргі
мерзімді баспасөз тілінде де бұл жұрнақ əртүрлі тұлғалы түбірге,
төл сөзге де, кірме сөзге де жалғанып, жаңа сөз жасауда үлкен
рөль атқарады. Бұл қосымшаның бойынан əдеби тілдің белгілі
бір стильдік тармағына тəн қасиет те байқалады. Осы жұрнақ
жаңа сөз, терминдер тудыру арқылы жазба əдеби тілді байытып,
олардың басқа сөзбен тіркесімділігін арттыра түсті. Сол жаңа
сөздер жəне олар ұйытқы болға тіркестер əдеби тілдің белгілі бір
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 299
стильдік тармағында, атап айтқанда, ресми стильде, тұрақтануға
бейімделе бастайды. Мысалы: Осы заманғы еңбек құралдары
мен прогрестік технологиялық процестерді жете пайдалану ісі
өндірісті ұйымдастыруды жақсартумен шебер ұйымдастырылмаса,
олардың экономикалық тиімділігі күткендегідей болмайды (СҚ,
1965, 26 ноябрь).
Англияда өткізілген апталық (СҚ, 1965, 27 октябрь). Қазіргі
кезде Алматыда қала көшесін таза ұстау айлығы жүргізілуде (СҚ,
1967, 7 апрель). Болмашы мерзім ішінде жақсы деректер, Əлияның
туыстарының естеліктері де жиналып қалды (ЛЖ, 1965, 30 ок-
тябрь).
Осы аз ғана мысалдардың өзінен -лық жұрнағының алуан
турлі қызметі, əр жақты мағыналылығы, активтілігі, жаңа сөз
жасаудың өнімді жолының бірі екендігі бірден көзге түседі. Бұл
жұрнақ кірме сөз болсын, төл сөз болсын талғаусыз жалғана
береді, оған жоғарыда келтірген прогрестік, технологиялық,
экономикалық, физикалық, молекулалық, органикалық тəрізді осы
қосымша арқылы жасалған сөздер мысал бола алады. Олар жеке
тұрып та, күрделі я қосарланған сөздердің құрамында жұмсалып
та, қатыстық мағынаны білдіре отырып, атрибуттық ыңғайда
сөздің тіркесімділігін арттыра түседі, əрі оған бір мағыналық,
дəлдік қасиет үстеп тұрады. Ол бір мағыналық дəлдік қасиет
-лық арқылы жасалған мамандық, тиімділік, біріншілік, апталық,
айлық, естелік сияқты сөздердің бойынан көрінсе де, бұлардың
грамматикалық қызметі өзгеше. Бұлар атрибуттық қызметтен
айырылуының нəтижесінде дерексіз абстрактылы зат есімдер
болып тұр. Мұндай зат есімдер осы жұрнақ арқылы негізгі түбірден
де, туынды түбірден де, зат есімнен де, сын есімнен де, сан есімнен
де, етістіктен де жасала береді, оны берілген мысалдардан айқын
байқауға болады.
Сондай-ақ бұл жұрнақ жалқы есім сөздерге жалғанып, адамның
мекенін, жерін, белгілі мекеме, ұйым, қоғамға қатысын да білдіріп
тұрады. Бұл мағынасы мен қызметінде де -лық жұрнағы көбіне
сөзді субстантивтендіріп зат есім тудырады. Төмендегі мысалды
салыстырайық. Кездесуде 5:2 есебімен торпедолықтар жеңіске
жетті (ЛЖ, 1965, 1 декабрь). Кипр республикасының ішкі істеріне
ешкім де қол сұқпауға тиіс, тек кипрліктердің өздері ғана –
300 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
гректердің де, сол сияқты түріктердің де өздері ғана өз тағдырын
шешуге праволы (СҚ, 1967, 6 июль). Чапаев поселкесі жəне тіпті
чапаевтық минералды су курорты да бар (ЛЖ, 1968, 29 февраль).
Бұл мағынадағы -лық жұрнағының сөзге жалғану қабілеті зор
екенін айта кету керек. Қазіргі баспасөз бетінде осы мəндес
москвалық, өскемендік, сібірлік, тбилисилік, қазақстандық, көкше-
таулық, оралдық, шымкенттік, т.б. жаңа сөздер көп кездеседі.
Бұл сияқты жаңа туындылар көбіне субстантивтеніп, зат есім бо-
лып, заттық мағынада қолданылғанмен, атрибуттық қызметінен
біржола айырылып қалмайды. Кейде олар қатыстық мағынаны
білдіріп, белгілі бір сөздермен атрибуттық қатынаста жұмсалып,
сын есімнің қызметін де атқарады (шымкенттік футболшылар,
қазақстандық жігіттер, москвалық артистер, т.б.).
Бұл қосымшаның қазіргі мерзімді баспасөз тілінде жаңа сөз
тудырудағы, басқа сөздермен жаңа тіркес құраудағы орнын анық
байқау үшін «Социалистік Қазақстан» газетінің бір санындағы
(1969, 16 октябрь,) текске статистикалық талдау жасап көрейік.
Текстегі барлығы 2125 сөз бен 8834 сөз қолданыстық 170 сөзі
жəне 491 сөз қолданысы -лық жұрнағы арқылы жасалған
туындылар яғни бұл жұрнақ арқылы жасалған сөз бен оның
қолданылысы жалпы сөз санының 8%, сөз қолданыстың 5,558%.
Бұл – қолданылған əрбір он екі сөздің бірі осы жұрнақ арқылы
жасалғанын көрсетеді. Осы сөздердің 102-ісі байырғы сөздерден
жасалып, 316 рет қолданылған да (жалпы сөздің 4,8% де, жалпы
сөз қолданыстың 3,577%), 68-і орыс тілінен енген сөздерден
жасалып, 175 рет қолданылған (жалпы сөздің 3,2% де, жалпы
сөз қолданыстың 2%-не жақын). Сол сөздер тіркестерімен жақша
ішінде жиіліктері көрсетіліп қосымша 5-те берілді. Орыс тілінен
енген түбірлерге жалғанып жасалған сөздер бөлек қосымша – 6-да
берілді.
Ол тізімдегі сөздердің кейбірі бұрын да қолданылып келген.
Бірақ бұл жерде олар жаңа мəн-мағынаға ие болып, қызметінің
артып, қолданылу аясының кеңеюіне байланысты беріліп отыр.
Осы шағын тізімнен мерзімді баспасөз тілінде қолданылған -лық,
-лік, -дық, -дік, -тық -тік жұрнағының əр жақты қызметін байқау
қиын емес. Бұл қосымша негізгі түбірге де, туынды түбірге де
жалғанған, сондай-ақ, -ғыр (-гір, -қыр, -кір), -лы (-лі, -ді -ді,