The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by malika.abdresheva, 2020-11-25 00:45:16

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Қазақ əдеби тілінің тарихы 101

Немесе: Тыңдасаңыз, жақсылар,
Əуелі сөздің басынан,
Өлім жақын адамның
Көзі менен қасынан...

Табынан озған датқалар,
Таққа мінген патшалар
Салынбай қалмас, табытқа...
Ойлап тұрсам сұм өлім
Кімдердің тұтпас жағасын.

(С. Сейфуллин. Шығармалары. 6-том.
Алматы, 1964, 150–151-бб.).

Қаның субча йүгүрті, Сөңүкүң тағча йатды... (КТб, 24). «Ал-
памыста»:

Майданнан аққан қызыл қан
Сарқырап ақты судай боп.
Өліктері төбе боп,
Төскейден шапқан қырдай боп.

Қаңым қаған сүсі бөрі тэг эрміс, йағысы коң тэг эрміс (КТб,
12)–Əкем қағанның қолы (əскері) бөрідей еді, жауы қойдай еді.
«Алпамыста»:

Қойға шапқан бөрідей
Талқандап қуып бөледі.

«Қобыландыда»:

Қойға тиген қасқырдай.
Сойып кетіп барады.

Кейінгі кезде көне түркі жазба ескерткіштерінің осындай
тілдік, дəстүрлік, поэтикалық жағына көңіл аударыла бастады.
Қазақ тілінің материалдарымен бұл ескерткіштерді салыстыру
нəтижесінде көп ортақтық, мол ұқсастық бары айтылып, мұның
өзі кездейсоқ ұқсастық емес, көне түркі поэзиясының тілдік,
жанрлық, поэтикалық, дəстүрлік, тұрақты образдылық жағынан

102 Қазақ əдеби тілінің тарихы

бергі XV–XVІІІ–XІX ғасырларға келіп жеткен белгілері, үзіліссіз
жалғастық іздері деп көрсетіліп жүр1.

Араб басқыншылығынан кейінгі кездегі
Караханид кезеңіндегі жазба əдеби тіл

VІІІ ғасырдан былайғы жерде шығысты тітіреткен түркі қаға-
наттары ыдырап, түркі тайпалары араб басқыншылығының езгі-
сінде қалып қойды. Араб басқыншылығы ресми идеология ретінде
ислам дінін əкелді, араб тілін енгізді. Бұл кезеңдегі жазбалардың
көпшілігі араб жазуымен жазылды. Əрине, бұл құбылыс бұдан
бұрынғы түркі əдебиетінің, тілінің қалыптасқан дəстүрлерін, құ-
рылыс-құрамын, жанрлық ерекшеліктерін бүтіндей құртып жібере
алмаса да, түркі тілі табиғатына біраз жаңалықтар əкеліп енгізді.

Бұл кезеңге жататын жазба нұсқалар, тілдік материалдардың
бізге жеткені негізінен XІ–XІІ ғасырларда жазылған шығармалар
болып келеді. Олар: Жүсуп Баласағұнның «Құтадғу білік» (1069
жылы жазылған) атты дастаны, Махмұд Қашқаридың «Дивану
лұғат ат-түрк» (1072-74 жылдары жазылған) атты филологиялық
(салыстырма сөздік) еңбегі, Ахмед Йүгнакидің «Һибат-ул хака-
их» атты еңбегі, Қожа Ахмед Яссауидің шығармалары, Тефсір
(Құранның 18-сүресінен аяғына дейін аударылған тəржімасы), т.б.

«Құтадғу біліктің» үш түрлі нұсқасы белгілі. Оның бірі (Вена
қолжазбасы) ұйғыр жазумен жазылған да, екеуі (Герат немесе
Каир қолжазбасы жəне Наманған қолжазбасы) араб жазуымен
жазылған. Автор кіріспесінде шығармасын боғра хан тілінше жаз-
дым дейді. Шығарманың өзі өлеңмен жазылған да, кіріспесі қара
сөзбен жазылған. Ғалымдар арасында шығарманың кіріспе бөлі-
мін автор (Ж ү с у п Б а л а с а ғ ұ н ) өзі жазбаған, оны (кіріспені)
бұл шығарманы кейінгі көшірушілер қосқан, өйткені қара сөзбен
жазылған кіріспе бөлімі мен өлеңмен жазылған негізгі бөлімдер-

1 Өмірəлиев Қ. XVІІІ–XІX ғасырдағы қазақ поэзиясының VІ–XІІ ғасырдағы іздері //
«Қазақстан мектебі», 1968, №9, 92–96-бб.; Джолдасбеков М. Древнетюркские лите-
ратурные памятники и их отношение к казахской литературе. Автореферат канд. дис-
сертации. Алма-Ата, 1969; Құрышжанов Ə. Көне түркі тілдерінің жазу нұсқалары
мен қазіргі қазақ тілі // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл, əдебиет
сериясы, №1,1974, 51–60-бб., т.б.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 103

дің арасында тілдік, сөз саптау ерекшеліктері жағынан айырма-
шылық байқалады деген де пікір бар. Шығарма негізінен төрт
кейіпкердің арасында бақыт, құт туралы сөз сайысына құрылған.
Осыған қарап кейбір зерттеушілер оны қазіргі кейбір түркі ха-
лықтарының мəдени өмірінен орын алған айтыс жанрының (қыр-
ғызда – айтышуу, өзбекте – лапар, қарақалпақта – жуаб, қазақта –
айтыс) туу, даму, өркендеуімен де байланыстырады.

М а х м у д Қ а ш қ а р и д ы ң «Дивану лұғат ат-түрк» атты
үш томдық еңбегі – көне түркі тілдері жайындағы салыстырма-
лы филологиялық еңбек. М. Қашқари еңбегінде түркі тілдерінен
келтіріп отырған əрбір сөзді арабша түсіндіріп отырады. Еңбекте
жеке сөздердің мағыналық ерекшелік-шеңберінен басқа, түркі
тілдерінің грамматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі, түркі
тайпаларының бір-бірінен тілдік айырмашылықтары туралы көп
мағлұмат берілген. Сондай-ақ М. Қашқаридың бұл еңбегі түркі
халықтарының тарихы, географиясы жəне түркі тайпаларының
этнографиясы туралы да көптеген деректер береді. Кітапта көне
түркі фольклорының үлгілері де беріліп отырылған. Онда бірнеше
жүздеген фольклорлық өлеңдер, нақыл сөздер, тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні болған мақал-мəтелдер жиі ұшырасады.

«Дивану лұғат ат-түрк» һижра есебімен 464 жылғы бесінші
айдың алғашқы күнінде (25.01.1072) жазыла бастаған да, 466 жыл-
ғы 6-айдың 10 күні (10.02.1074) аяқталған. М. Қашқаридың дай-
ын тұрған бұл кітабының бірінші нұсқасын ирандық бір кісі екі
ғасыр өткен соң, 1266 жылдың 1 авгусында көшіріп алған деген
дерек бар: ол туралы осы көшірменің соңында мынадай деген жазу
бар: «Əуелі Саве, кейінірек Шам (Дамасск) қаласының тұрғыны
Мұхаммед бин Абубекир ибни Абилфатах (оны тəңірі жарылқа-
сын) осы кітапты түпнұсқасынан көшіріп, 664 жылы оныншы
айдың 27 жексенбі күні бітірді». М. Қашқаридың бұл еңбегін
кейінгі кездердегі (XІV ғасырда) авторлар да өз еңбектерінде
пайдаланып отырған. Мысалы, Андалусиядан шыққан көрнекті
ғалым Абу-Хайянның 1312 жылы Каирда жазылған атақты «Ки-
таб ул-идрак лилисан ит-түрк» (Түрік тілдерін түсіндіретін
кітап) еңбегінде кездесетін кейбір үзінділердің осы М. Қашқари
шығармасынан алынғандығы байқалады. Мысыр елінің əйгілі та-
рихшысы Б. Айни өзінің Европа, Сирия жəне Үндістан тарихын

104 Қазақ əдеби тілінің тарихы

зерттеуге арнап жазған бір еңбегінің «Түркі қауымдарының тари-
хы» атты бөлімінде қашқарлық ғалым ибни Мұхамедтің кітабынан
алынған үзінділерден ондағы оғуз руларының таңбалары жөнінде,
түркі тілдері мен ұйғыр жазуы жайында жəне түрікмен тілінің
кейбір сөздері туралы бірсыпыра мəліметтер жариялайды.

М. Қашқари өз еңбегінде көптеген түркі ру-тайпаларының
тілдік ерекшеліктерін көрсетіп, түсіндіріп отырады. Ол материал-
дарды автор ел аралап жүріп жинағандығын былай жазады: «Мен
түрклер, оғузлар, чығыллар, яғмалар, қырғызларының шаһарларын,
қышлақ уа йайлауларын көп йыллар кезіп чыкдым, лұғатларын
түплəдім, түрлі хил сөз хусусиятларын урғаны, анықладым. Мен
бу ішлəрни тіл білмегенлігім учүн емес, бəлки бу тіллердегі һəр
бір кічік фарықларын һаманықлаш үчүн қылдым». Міне, осындай
істерінің арқасында М. Қашқари – түркі халықтары тілін (жəне
араб тілін де) ғана жақсы біліп қоймаған, түрлі тайпалардың тілдік
ерекшеліктерін, диалектілік айырмашылықтарын да өте жақсы
біліп, айыра алған филолог. Автор бүкіл түркі халықтарының
(тайпаларының я тайпа одақтарының) тілін екі үлкен топқа бөліп
қараған, ол: түркі тілі жəне оғыз тілі. Түркі тілі деп М. Қашқари
қырғыз, қыпшақ, тұқси, яғма, чығыл, ығрақ, жарық тілдерін
түсінеді. Сөздігінде берген сөздерді ол қай тілде қолданылатынына
қарап белгі салып отырған, ал сөздікке енген сөздің қай тілден
алынғаны беймəлім болса, автор оны «екі тілдің бірінде – не түркі,
не оғыз тілінде» дейді. Ғалымның айқындауынша, тілдің жеңілі –
оғызша, ең турасы, ең жақсысы яғма, тұхси тілдері, ал бұл соңғы
аталған түркі тайпалары – Іле өзенінің бойын жайлаған елдер,
Іле – түркі тайпаларының жайқыны (үлкен дариясы) – Амудария-
сы дейді.

Сондай-ақ кейбір түркі ру-тайпаларының тілдік ерекшеліктері
туралы М. Қашқаридың пікірлері назар аударарлық. Автор тұхси,
яғма, чығыл тілдерінің я диалектілерінің ерекшелігін айта келіп,
бұл тілде з (і) дыбысын қолданбайтынын, оның орнында й дыбы-
сы жұмсалатынын айтады: қайың–қазың. Бұл айтылғаннан басқа
көрсетілген тілдерде (диалектілерде) д/т, г/к дыбыстарының алма-
суын жазады: ад–ат, ада–ата, одын–отын, т.б. М. Қашқари оғыз
тілдерінде əсіресе қосымшада ғ дыбысының түсіп қалатынын да
көрсеткен: мысалы, ауға (аңға) барған дегенді оғыздар ауға ба-

Қазақ əдеби тілінің тарихы 105

ран деп қолданады, сол сияқты оғыздар сөз басында м дыбысының
орнына б қолданатынын айтады: мен бардым – бəн бардым.
Автордың көрсетуінше, ұйғырлардың тілі түркіше, бірақ өздері
сөйлесетін тағы бір тілі бар, бұлар қытаймен (Шын) шектес бес
шаһардың (Бешбалық, Жанбалық, Сұлми, Қоча) бойында тұрады.

М. Қашқари арғу тілі туралы мынадай мəліметтер көрсетеді.
Өзге түркі тілдерінде й қолданылатын жерде арғулар тілінде
оның орнына н жұмсалады, мысалы, қой–қон, қай–қану, шығай–
шыған, күйді–күнді, қаймақ–қанақ. Оғлан сөзін арғулар ны
оғла деп, білер, бардым, келдім сөздерін білор, бардум, келдум
деп, сонор дыбысқа бітсе де, оған барыс септік -қа жалғанады:
тамқа, сондай-ақ арғулар сөз басында қолданылатын й ды-
бысын ж етіп айтады, мысалы, жігіт. Сын есім тудыратын
-лы, -лі жұрнағы бұл тілде толық түрінде -лық, -лік болып
жалғанады, болымсыздық мағынаны білдіру үшін дағ/зағ шыла-
уы қолданылады: ол андағ ол – ол онда жоқ, бұл тұлғаны оғуздар
өз тіліне алды, бірақ түрін өзгертті: дағ ол дегенді өзгертіп тəгүл
(түгүл) түрінде қабылдады деп көрсетеді.

М. Қашқари сөздігінде алфавиттік тəртіп қатаң сақталмаған.
Сөздер «Лұғатта» құрамына қарай беріледі, яғни алдымен бір
буынды, сонан кейін екі буынды сөздер келеді. Сөздіктегі
сөздердің орналасу тəртібі былай: 1) сөз басында І (əліп) келген
есімдер; ат, ет, от, т.б. 2) төрт əріпті сөздер (диакретті белгі сана-
лады) уа, оңа; 3) үш əріпті бөлім: алп, уыт; 4) ортада əртүрлі əріп
қолданылатын сөздер: ағыр (ауыр), атыз, үгір (үйір), өгіз, атан;
5) созыңқы -аа бөлімі: аат (есім) аач, аақ, т.б.

М. Қашқари сөздігінде жеке сөздермен бірге үш жүзге жуық
мақал-мəтел, сол шамада өлең шумақтары берілген. Ол өлеңдер-
дің бірқатары түркі халықтарының ертеден келе жатқан ауыз
əдебиет үлгілері де, бірқатары автормен замандас ақындардың
шығармаларынан алынған үзінділер деген пікір бар.

Кейбір ғалымдардың көрсетуінше, А х м е д Ү й г н а к и д і ң
«Һибат ул-хакаик» атты шығармасының тілі «Құтадғу біліктің»
тіліне жақын. Оның жазылу мерзімі туралы да талас пікір жоқ
емес. Бұл – 506 жолдан тұратын өлеңмен жазылған дидактикалық
шығарма, бізге əрі ұйғыр жазуымен, əрі араб алфавитімен жа-
зылған нұсқалары келіп жетті. Шығарма бірнеше бөліктен тұра-

106 Қазақ əдеби тілінің тарихы

ды: əуелі кіріспе Алланы, Мұхаммед пайғамбарды, халифтерді
мадақтаудан басталады, одан соң білім-ғылымның пайдасы мен
білмеудің зияны, тілді қалай сақтау керектігі туралы кеңес пен
ережелер, дүниенің тұрақсыздығы мен өзгергіштігі, жомарттық
пен сараңдық, зұлымдық, адамгершілік жырланады. Өзі туралы
шығармасының соңында былай деп жазады:

Абибнің йэрі аты йугнак эрур,
Сафалық ғажаб йэр көңүллəр йүрүр.
Атасы аты Махмуды иугнаки,
Адиб Ахмет оғлы, йоқ, ол һич шек.
Китабының аты эрүр һибат
Алхақаик, ғибарат ғарабтан ошұл,
Тамамы эрүр қашғари тіл білэ,
Айтмыш адиб диққэти тіл білэ.
Экэр білсə қашғар тілін һəр кіші,
Білүр ол адибінің никэм аймышы.

Ақынның (туған) жер аты Үйгнак еді,
Таза, ғажап жер, көңілді үйірер.
Əкесінің аты – Махмұды Үйгнакидің,
Ақын Ахмед баласы, жоқ онда еш шек.
Кітабының аты еді «Һибат
Əл-хакаик», арабтан алған осыны.
Тамамдады қашғар тілімен,
Айтты ақын кестелі тілмен.
Егер білсе, қашғар тілін əр кісі,
Білер ол ақынның не деп айтқанын.

Əрине, қараханид кезеңінде жазылған шығармалардың тілі
бірдей бола да бермейді. Олардың өз ішінде бір-бірінен айырма-
шылығы да жоқ емес. Ондай тілдік айырмашылықтардың кездесуі
бұл кезеңдегі шығармалардың біздің заманымызға түпнұсқа кү-
йінде жетпей, кейін жасалған əртүрлі көшірме нұсқаларында же-
туімен де байланысты болса керек. Жоғарыда келтірілген фактілер
жəне шығармалардың бірнеше нұсқасы, бірнеше жазумен (араб
жəне ұйғыр) жазылған түрі болуы осыны көрсетеді. Жекеле-

Қазақ əдеби тілінің тарихы 107

ген тілдік ерекшеліктерге қарамастан А.Н. Самойлович XІ–XVІ
ғасырларға жататын жазба нұсқалардың тілін ортаазиялық түркі
əдеби тілі деп қарап, оның негізгі үш кезеңін бөліп көрсеткен:
орталығы Қашқар болған қараханид кезеңі (XІ ғ.), орталығы Сыр-
дарияның төменгі ағысы мен Хорезм болған оғыз-қарлық кезеңі
(XІІ–XІV ғасырлар), Шағатай ұлысындағы шағатай кезеңі (XV–
XVІ ғасырлар)1.

С.Е. Малов бұл кезеңде екі түрлі түркі тілінің болғанын (шы-
ғыс д-тілі мен батыс й-тілі) көрсете келіп, араб басқыншылығы-
мен байланысты араб жазуының, ислам дінінің, мұсылман идео-
логиясының үстемдік құруы негізінде XІ–XІV ғасырлар ішінде
д-тілі й-тіліне ауыса бастағанын айтады. Əрине, бұл ауысу
бірден бола қоймайды. Оны Құранның көне түркі тіліне аудары-
лу нұсқалары (тефсір), сондай-ақ бірсыдырғы жазба нұсқалардың
екі түрлі жазумен (көне ұйғыр жазуы жəне араб жазуы) жазылуы
көрсететінін айтады2.

Академик В.В. Радлов бұл кезеңдегі түркі тілін үш диалектіге
бөліп қарайды: 1) солтүстік, 2) оңтүстік, 3) аралас (шығыс жəне ба-
тыс). Бірақ бұл диалектілердің жекелеген ерекшеліктері болмаса,
бір-бірінен айырарлық тілдік меже айқын көрсетілмейді. Өйткені
сол кезде жазылған ескерткіштер тілінің өзінде диалектілік айыр-
машылық жүйелі түрде сақталып отырылмайды. Сондықтан ав-
тор Шығыс Түркістан жазба тілін көне ұйғыр тілімен байланысты
қарайды. Екінші жағынан, бұл жазба əдеби тіл басқа түркі ру-
тайпаларының тілдерінің əсерінен өзгеріп отырғанын көрсетеді3.

А.К. Боровков та шығыс түркі жəне оғыз-түрікмен əдеби жазба
тілдерінің болғанын көрсете отырып, олардың өзара бір-бірімен
байланысты екенін, белгілі бір жазба нұсқаның тілін осылардың
біріне жатқызғанмен, онда екіншісінің де тілдік ерекшеліктерінің
кездесіп отыратынын айтады4.

1 Самойлович А.Н. К истории среднеазиатско-турецкого языка. – Сб.: «Мир-Али-
Шир». Л., 1928, стр. 21–22.

2 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.–Л., 1951, стр. 221–222.

3 Қараңыз: Щербак А. Грамматический очерк языка тюркских текстов X–XІІІ вв. из
Восточного Туркестана. М.–Л., 1961, стр. 17–18.

4 Боровков А.К. Лексика среднеазиатского тефсира XІІ–XІІІ вв. М., 1963, стр. 10.

108 Қазақ əдеби тілінің тарихы

А.М. Щербак бұл кезеңдегі жазбалардың тілі қарлуқ–ұйғыр
тілінде (диалектісінде) жазылғандығын көрсетеді1.

Э.Н. Наджип бұл кезеңдегі шығармалар əртүрлі тайпа диалек-
тілерінің негізінде қалыптасқан əдеби тілдердің барлығын көр-
сетеді деп түйеді. Ғалымның көрсетуінше, əдеби тілдердің екі
түрлі негізі болған: ұйғыр-қарлуқ жəне оғыз-қыпшақ, ал бұл шақ-
та жазылған шығармалар тілінде бұл екі түрлі тілдің де ерекше-
лігі əр дəрежеде орын алып отырады, бұл желі кейінгі кезеңдер-
дегі (XІV–XV ғасырлар) əдеби тілдерден де байқалады2.

Осы келтірілген үзінді пікірлерден көрінетіндей, қараханид
кезеңіндегі жазба нұсқалардың тілі, əдеби тілі, оның ерекшеліктері
туралы күні бүгінге дейін тұрақты бір пікір жоқ. Жазба нұсқалар
тілінде жеке ру-тайпа тілдерінің (қашан жəне қай жерде жазылуы-
на да байланысты болар) ерекшеліктері көрініс беріп, олардың өзі
біртұтас, жүйелі бола бермейді. Тіпті бұдан кейінгі кезеңдердегі
əдеби тіл көрсеткіштері болып саналатын шығармалардың өзінде
ондай ерекшеліктер кездесе береді. Қайткен күнде де осы кезең-
дердегі əдеби тілді түрлерге бөлуде жеке тілдік ерекшеліктер
негізге алынып отырғанмен, олардың бір-бірімен ұқсас, сəйкес
жақтары көп екенін мойындамасқа болмайды. XІІІ–XІV ғасырда
əдеби тілде жазылған шығармалардың өзі, Э.Н. Наджиптің ай-
туынша, «Сырдарияның төменгі жағынан бастап Кіші Азия мен
Египет аралығындағы ұлан-ғайыр территорияда жазылып, ол
жазбалардың тілінде жекелеген диалектілік элементтерге саятын
аздаған ғана айырмашылықтар байқалады»3.

Бұдан былайғы жерде қазақ тіліне тəн болып келетін тілдік эле-
менттер жазбалар тілінде байқала бастайды. Мысалы, М. Қашқари
оғуздар мен қыпшақтар тілінде сөз ортасындағы ғ дыбысының
түсіріліп айтылуын көрсетеді: тамғақ-тамақ. Сөз ортасындағы
д дыбысының й дыбысына айналуы да осындай көрсеткіш деуге
болады; адақ-айақ (аяқ).

Сондай-ақ бұл дəуірдегі поэтикалық шығармаларда жиі кез-
десіп отыратын өлең құрылыстарының, ұйқас ерекшеліктерінің,

1 Щербак А.М. Көрсетілген еңбек, 26-бет.
2 Хорезми. Мухаббатнаме. Издание текста, транскрипция, перевод и иследование
Э.Н. Наджипа. М., 1961, стр. 7–8.
3 Сонда.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 109

жанрлық түрлерінің XV ғасырдан былайғы жердегі ақын-жы-
раулар шығармаларымен, батырлық өлең-жырлармен, кейінгі
XVІІІ ғ., тіпті XІX ғасырлар ақындарының (Бұқар жырау, Махам-
бет, Абай, т.б.) шығармаларымен үндес, сəйкес келуі кездейсоқ
болмаса керек-ті.

Сөз соңында М. Қашқари сөздігінен алынған мына өлең жол-
дарына назар аударайықшы:

Алып ер Тоңа өлді мү?
Эсіз ажун қалды му?
Өдлік өчін алды му?
Эмді йүрэк йыртылар.

Немесе: Алып ер Тоңа өлді ме?
Иесіз дүние қалды ма?
Уақыт өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар.

Эрді ашын татурған
йавлақ йағығ қачурған.
Оғрақ сүсін қайтарған
Басты өлім ақтару.

Елге асын татырған,
Жаман жауды қашырған,
Оғрақ қолын (əскерін) қайтарған
Басты өлім ақыры.

Йағы отын өчүргэн,
Тойдың аны көчургэн,
Ішлэр үзүб кэчүргэн.
Тэгді оқы өлдүрүр.

Жауының отын өшірген,
Тойдан оны көшірген.
Істер қиын кешірген,
Тиді оғы өлтірер.

110 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Махмуд Қашқари келтірген бұл жоқтау үлгісіне арнайы талдау
жасалмаса да, оның қазақ поэзиясында кездесетін жоқтау жанры-
мен рухы, дəстүрлік ерекшеліктері, образ қолдану қисыны, баян-
дау тəсілі, соларға сай сөздерді, грамматикалық тұлғаларды сұ-
рыптап қолдану жүйесі жақын екендігін дəлелдеп жатудың қаже-
ті жоқ.

Махмуд Қашқари «Сөздігінде» келтірілген түркі тайпалары
арасында айтылып жүрген ауызша поэзия көріністері, үзінділері
шығарылуы жағынан XІ ғасырдан көп ертерек мерзімге жататы-
нын айтады (олардың көне түрік кезеңіндегі жазба нұсқалар тілімен
үндес келуімен ғана емес, бұл жоқтауда аты аталатын, мысалы, Алп
Ер Тоңа, Тоңа Алп ер Африсиаб сияқты тарихи адамдардың нақ
өмір сүрген мерзімін тарихи деректермен анықтай отырып), көне,
орта, кейінгі кезеңдердегі жырларда, ауызша поэзияда көшпелі
тайпалардың психологиясына тəн мінездер ұқсас мəнде беріл-
ген. Автор өзінің «мені» атынан əрі «ол» болып сөйлейді, сөйтіп,
«ақын – мені» мен «кейіпкер – мені» қосылып кетіп, соған сай
ұқсас, өлең құрылысы əр кезеңге жататынына қарамастан сəйкес
келіп отырады. Сондай-ақ -ған формасы қазақ жəне оған тіл жа-
ғынан өте жақын халықтардың поэзиясында, дəлірек айтқанда,
тұрмыстық поэзияда жоқтау өлеңдерді, азаматтық поэзияда жоқ-
тау əрі мақтау өлеңдерді, эпостық жырларда батырларды сипат-
тайтын өлеңдерді жасаудың бірден-бір стильдік-тілдік құралы
ретінде барынша кең қолданысқа түскен қосымша» екенін, оның
мұндай қолданысы М. Қашқари келтірген материалдардан бас-
талатынын көрсете келіп, Қ. Өмірəлиев: «Ұйқасты, біріншіден,
грамматикалық тұлғалардың түрленісіне құру, екіншіден, ол
сөздердің етістік болып келуі, үшіншіден, олардың баяндауыш
қызметінде тұруы М. Қашқари дəуіріндегі ауызша поэзияның да,
бергі дəуірдегі қазақ атымен белгілі ауызша поэзия үлгілерінің
де бірден-бір негізгі ерекшелігі» жəне «XV ғасырға дейін жəне
XV ғасырдан бергі жерде туған, белгілі бір кісілер атына телініп
жүрген не «авторы» белгісіз дидактикалық-шешендік сөздеріміз-
дің басы – стильдік-тілдік үлгісінің басы VІІІ ғасыр ескерткіш-
теріндегі мақал, шешендік сөздер мен XІ ғасырда қағазға түскен
мақалдарға тəн стильдік-тілдік үлгіде жатыр», – деп қорытады1.

1 Өмірəлиев Қ. XV–XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. Алматы, 1976, 48–77
жəне 67, 69, 76, 64-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 111

Моңғол шапқыншыларынан кейінгі
орта ғасырлық кезеңдегі жазба əдеби тіл

XІІІ ғасырдың басында бүкіл түркі жерінің моңғол шап-
қыншылығына ұшырағаны белгілі. Көптеген түркі ру-тайпалары
шапқыншы елдің қарауына көшті, бағынбай қарсылық көрсеткен
ру-тайпалар, тайпа одақтары қиян-кескі апатқа ұшырады, аяусыз
жазаланды, мекендерін тастап, бас сауғалап, бөтен жерге босып ке-
туге мəжбүр болды, құлағы кесіліп құл болды, бекіністер мен қала-
шаһарлар жермен жексен болып, ойран-ботқасы шықты. Түркі
жеріндегі Отырар тəрізді ірі мəдениет ошақтары мен қалалардың
тағдыры осылай болды. Шапқыншылыққа қарсылық көрсеткен
қыпшақтар сияқты жекелеген ру-тайпалардың басқыншыларға
төтеп бере алмай, бас сауғалап, біразының тоз-тоз болып Европаға
қарай өтіп кетуінің себебі де осындай қатыгездіктің салдары еді.

Екінші жағынан, қылышынан қан тамған қаһарлы Шыңғысхан
қолы жергілікті түркі халықтарынан шыққан нөкерлермен де
толыға түсті. Жарты дүниені дүр сілкіндірген монғолдар түркі
елдерін басып алып, жерін кеңіткенмен, жергілікті халықтың
этникалық, тілдік ерекшеліктерін өзгертіп жібере алған жоқ,
керісінше, жергілікті түркі халқымен араласып, соған сіңісіп те
кетіп отырды. Түркі жерінде екі мемлекет құрылды: Шыңғыс
ханның үлкен ұлы Жошы билеген Алтын Орда хандығы мен екінші
баласы Шағатай билеген Шағатай ұлысы. Бұл екі мемлекеттің
арасында қарым-қатынас үзілген жоқ. Кейбір түркі ру-тайпалары
бірде Алтын Орда хандығына енсе, енді бірде Шағатай ұлысына
қарап отырды.

Бұл екі мемлекеттен басқа жерлерде де жазылған жазба ескерт-
кіштер бар. Олар көбіне қыпшақ жазбалары деп аталып келді.
Араб елінде мəмлүктермен (XІІІ–XІV ғасырлар) байланысты ха-
лифаттың орнына сұлтандық құрылып, қыпшақтар (түркілер)
үкімет билігін басып алғаннан былайғы жерде түркі тілін білу
қажет бола бастайды. Осы тұста Египетте əртүрлі жанрдағы жазба
нұсқалар дүниеге келе бастайды.

Осыған орай Э.Н. Наджиптің мына пікірін келтіре кету лазым:
«Бұл ескерткіштер əр жерде, тіпті кейде бір-бірінен өте алшақ
территорияда жазылса да, олардың тілін территорияларының та-

112 Қазақ əдеби тілінің тарихы

рихи байланыстығын есепке алып талдағанда, ол шығармалардың
тілдік негізі бір, ортақ дəстүрі, ортақ ерекшеліктері бар екендігін
көрсетеді, мұның өзі бұл шығармаларды бір əдеби тілде жазыл-
ды деуге негіз болып табылады»1. Əрине, əр шығарма тілінде кез-
десіп отыратын кейбір өзіндік тілдік ерекшеліктер жергілікті
жердің əсерінен, сөйлеу тілінің ықпалынан да болып отырады. Сол
шығармалардың кейбірінің тіліне тоқтала кетейік.

Х о р е з м и д і ң «М ұ х а б б а т - н а м е с і » 1353 жылы
(754 һижрамен) Сыр бойында жазылған. Бізге бұл шығарманың
ұйғыр жазуымен жəне араб жазуымен жазылған екі нұсқасы жет-
кен. Автор (Хорезми – псевдоним, лақап аты) қоңырат ұрығынан
(руынан) шыққан арыстан жүрек Мұхаммед Қожабектің тілегімен
жазғанын айтады. Араб жазуымен жазылған шығарманың нұсқасы
948 өлең жолынан, 474 бəйіттен, сүйгенінің ғашығына жазған он
бір намеден (хаттан) тұрады. Шығарманың тілі өте көркем, өз
кезінің поэтикалық тілі байқалады.

Эгэр мың йыл тірілсэ Хатэми-тай,
Сенің атың ішіткэч йірлэр өпкэй.
Ұлұс тұттұң қамұқ ғақлың күчідін,
Чэрік тэ қан тамар қамчың үчіндін.

Егер мың жыл тірілсе Атымтай,
Сенің атыңды есітіп жер сүйер (өбер).
Ұлыс тұттың (ел қылдың) барлық ақылыңның күшімен,
Əскерінде қан тамар қамшың үшінен.

Құйаш тэк дэвлэтің тэндэ болсун,
Ишікіндэ йэті көк бэндэ болсун.

Күндей дəулетің тəнде болсын,
Есігінде жеті көк пенде болсын.

Жамалың йэті элэмға сипахлар,
Қатыңда йір өпэрлэр жұмла шахлар.

1 Xорезми. Мухаббат-наме. Издание текста, транскрипция, перевод и исследование
Э.Н. Наджипа. М., 1961, стр. 18.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 113

Сұлулығың жеті əлемге белгілі,
Қасыңда жар сүйер барлық шахтар.

Сені көрген өзіндін йат болур,
Рухұңны көрсе мың, шах мат болур.

Сені көрген өзінен жат болар,
Рухыңды (жүзіңді) көрсе мың, шах мат болар.

Сондай-ақ «йүзің айнасында жан көрінер», «жаһан желдей,
өмір гүлдей офасыз» сияқты жолдар мен сөз орамдары образды
ойдың, көркем сөз кестесінің нағыз нышаны емес пе?!

Тэнім барынча сэндэп йүз чэуірмэн (жасырман),
Ешкінің топырақындан баш көтэрмэн.
Қамуқ (барлық) ғұмрум сэнің назың фидасы (құрбаны),
Менің көңлум құшы базың (өмір шаттығының) фидасы.

немесе:

Нəчə хошэмэтлі сұлтан болса болсун,
Этмэн мал үчүн мэдху (мақтау, мадақтау) сəні мэн
Қиамэт қа тэкин (дейін) халсун атуң тэб,
Сэнің тапқунда (табынуда) болдум ашына мэн.

Бұл жолдардың қазақ поэзиясымен үндестігін, оның тілі де
қазіргі қазақ тілінен онша алшақ емес екендігін байқауға бола-
ды. Өлең құрылысы, сөз саптау өрнегі, образды ой беру жүйесі
жағынан да қазақ ақындарының шығармаларымен ұштасып
жатады. Мысалы, Абай өлеңдерінен «Көңіл құсы құйқылжыр
шартарапқа», «Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша
мал үшін тұрман зарлап» сияқты көркем де образды ой беретін сөз
тізбектері мен орамдары үндес келетін жолдарды кездестіруіміз
тіпті де кездейсоқ емес. Көңіл құсы деген сөз тіркесінің бірдей
немесе мал үшін сені мен мадақ етпен жəне мал үшін тұрман
зарлап болып сөйлемнің құрылымдық жағының өте ұқсас (мал

үшін жəне мадақ етпен, тұрман келуін) келуін желідей тартылған

жалғастықтың көрінісі деп білу керек болар.

114 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Осы тұлғаның қолданылу шеңбері мен ерекшеліктері тура-
лы бұрын айтылып келген пікірлерге қысқаша назар аудара кету
қажет. Ең алдымен, зерттеушілер -ман, -мен, -бан, -бен, -пан,
-пен формасын ауыспалы осы (келер) шақтың -ма-й-мын, -ме-
й-мін, -ба-й-мын, -бе-й-мін, -па-й-мын, -пе-й-мін болымсыз
тұлғасының 1-жақ түрінің қысқарған варианты деп көрсетеді. «Бо-
лымсыз етістіктің келер шақтық тұлғасының бірі 1-жақта ма-й-
мын... болуы – грамматикалық норма. Сонымен қатар ол ауытқып
-ман... түрінде де жұмсалады»1. Екіншіден, ол тұлға XІX ғасыр
ақындары мен ауыз əдебиеті үлгілерінде кездесетіндігі көрсетіліп
жүр: «1-жақ етістіктің ауыспалы осы шақтағы тұлғасын да (тын-
баймын) ықшамдап беру бар (тынбан)... Бұл тұлғаны стильмен
байланыстырып, өлеңге батырлық, жігерлілік сипат беретін тəсіл
деп те қараймыз». «Ауыспалы шақтық болымсыз тұлғаның (-й
жұрнақты көсемшенің жіктелген түрі – отырмаймын, тұрмаймын)
қысқартылған вариантының (отырман, тұрман) параллель
қолданылуы.... Бұл да поэзия тілінің шарттылығынан туған, өте
əріден келе жатқан норма (эпос жырлары мен Махамбет, Шернияз
тілдерін қара)»2.

«Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінің 1-жақта -ма-й-мын
вариантының орнына -ман (фонетикалық түрлерімен) аффиксті
тұлғасы да кездеседі. Жəне бұл амал актив жұмсалған: Тоғай
қондым, өкінбен. Ару сүйдім, өкінбен (Доспамбет). Көбе сайлап
қименді, Алдыма алып сүйменді (Шалкиіз). Мұныңа, ханым, шы-
даман (Жиембет). Бұл тұлғаның семантикасында үзілді-кесілділік
реңк (категоричность) бар»3.

Ең алдымен, бұл форма – ауыспалы осы (келер) шақ -ма-й-мын
(варианттарымен) тұлғасынан емес, есімшеден болған болжалды
келер шақтың болымсыз тұлғасынан (-ма-с-пын, ме-с-пін, -ба-с-
пын, -бе-с-пін, -па-с-пын, -пе-с-пін) ықшамдалып қалыптасқан
түрі. Сондықтан да бұл тұлға үзілді-кесілділік, жігерлілік реңк
білдіреді, яғни мұндай мəн осы тұлғаның ықшамдалғаннан кейінгі
пайда болған қасиеті емес, толық түрінде бар болған ерекшелігі:

1 Балақаев М. Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері. 54-бет.
2 Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ əдеби тілінің тарихы. 54, 99-бб.
3 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы. 56–57-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 115

бармаймын–бармаспын–барман, т.б. Екінші, бұл тұлға тек қазақ-
тың ақын-жазушыларының, эпос жырларының тілінде ғана емес,
одан бұрынғы орта ғасырлық кезеңдегі жазба əдебиетте де кез-
десіп отырады, қазақ тіліне содан келген.

Бұл екі кезең арасындағы жалғастықты қазіргі қазақ тілі мен
«Мұхаббат-наменің» грамматикалық құрылысы арасындағы ұқ-
састық-сəйкестіктер де дəлелдей түседі. Шығарма тілінде дыбыс
үндестігінің əсерін анық байқауға болады. Мысалы, йаратты,
мухаббат-тын, сəдəфтин, Мухаммад-тин, т.б. сөздерде жедел
өткен шақ, шығыс септік формалары сөздің қатаң дыбысқа
бітуіне байланысты (соңғы сөз д дыбысына аяқталғанмен, ол т бо-
лып естіледі) қосымшалар қатаң дыбыстан басталып жалғанған.
Бұның өзі бұл кезде осы фонетикалық зандылықтың тілден берік
орын алғанын көрсетеді. Дыбыс үндестігі басқа түркі тілдерімен
салыстырғанда қазақ тілінің өзіндік бір ерекшелігі екені белгілі,
бірақ ол ХІІІ–XІV ғасырдағы түркі əдеби тілінде жүйелі түрде
сақтала бермейді. «Мухаббат-наме» тілінде де оның сақталмай оты-
ратын да кезеңдері кездеседі: таш-дин. Қайткен күнде де əртүрлі
жазба нұсқалардың тілінде дыбыс үндестігі заңдылығының бой
көрсетіп қолданылып отыруы бұл заңдылықтың бірсыдырғы түркі
тілдерінде бар фонетикалық заңдылық екенін байқатады.

Егер қалыптасқан ондай заңдылық болмаған болса, белгілі бе-
рік дəстүрі бар (қосымшаның алғашқы дауыссыз дыбысына бай-
ланысты бір-ақ вариантта қолданылу дəстүрі) жазба тілде оның
ешбір көрінісі байқалмаған болар еді. Бірақ осындай берік жазба
дəстүр бұл заңдылықтың шеңберін, шегін анықтауға мүмкіндік
бермейді. Бұл – бір. Екінші жағынан, осы кезеңдегі жазба нұс-
қалар, араб алфавиті сол шақтағы тілдің дыбыстық жүйесі мен
грамматикалық құрылысын дəл де толық бере алады деп те айта
алмаймыз. Бір сөздің əр жерде (əсіресе кейбір дыбыстарға байла-
нысты) əртүрлі таңбалануының өзі осыны көрсетеді.

Көмекші етістік ер тұлғасымен бірге е түрінің қолданылуы
(күш əмəс мин), тəуелдік жалғаудың 3-жақ тұлғасынан кейін жа-
тыс, барыс септік жалғауларының алдынан -н дыбысының келуі
(көңүл бахрында – көңіл теңізінде, тəніндэ, Иса фақына, Мухаб-
бат ғауһаринга, т.б.) мен табыс септіктің жалғауы -ны, -ні мен
бірге -н болуы (сачыны жəне йэлин, ұлұғ тэңрінің атын), -лық,

116 Қазақ əдеби тілінің тарихы

-лік жұрнағы мен -лы, -лі қосымшаларының сараланып, жеке-
жеке форма ретінде қалыптаса бастауы, есімшенің -мыш, -міш
формасынан гөрі -ған, -ген жəне -ар, -ер тұлғаларының жиірек
қолданылуы жəне анықтауыш қызметінде де жұмсала беруі
(уафа қылған кіші, сіз өлтіргэн кіші), қимыл есімнің -ғу, -у фор-
малары қалыптаса бастауы (тойға кіру), бұйырық (тілек) райдың
1-жақ көрсеткіші -айын, -ейін (хыдмет қылайын, жиһанға йэгү
атыңны йайайын) тұлғасының қолданылуы, болымсыз есімше
тұлғасының 1-жақта (-маспын) қысқартылып, -ман (-мен) түрінде
жұмсалуы (эшикің топырақындан баш көтүрмэн, көңүлгэ өзгэнің
меһирін йэвутман, этмэн мал үчүн мəдху сэнэ мэн (жəне бұл
тұлғаның кейінгі қазақ поэзиясына (Бұхар, Махамбет, Абай) тəн
болып келуі, өзгелік етістің -дыр, -дір, -тыр, -тір тұлғаларымен
бірге (өлтүрмэк, аздұрмақ, келтүрмэн) -ыр, -ір (-ұр, -ур) тəрізді
қысқарған түрінің (кэтүрмэк, киүрмэк, кэүчрмэк, білүрмэк)
қолданылуы жазба тілден жаңа тілдік элементтердің берік орын
ала бастағанын байқатады. Сондай-ақ бойын сұну (мойынсұну),
оқ ату, аһ ұру, көзге ілу сияқты тұрақты тіркестердің «Мұхаббат-
намеде» осы күйінде қолданылуы бұлардың қалыптасуы ерте кез-
де болып, тілімізге сол күйінде енгенін көрсетеді.

«Мұхаббат-намедегі» бұйрық райдың -ғын (-қын), -ғыл
(-қыл), бұйрық (тілек) райдың көпше 1-жақ көрсеткішінің қыс-
қарған -лы, -лі (-лық, -лік түрінің орнына) тұлғалары қазіргі
кезде қазақ тілінің жергілікті тіл (диалектілік) ерекшеліктерінде
кездесіп отырады.

Бұл кезеңдегі жазба əдеби тілдің тағы бір көрсеткіші болып та-
былатын нұсқаларға əр жерде дүниеге келген қыпшақ жазбалары
жатады. Оларға Египетте жазылған «Таржимани түрки ва араби»
(1245 ж.), Иби-Муханнаның «Китабу Хуллийат ул-Инсан ва Хул-
бат ул-лисан» (XІІІ–XІV ғ.ғ.) атты сөздігі, Абу-Хайанның «Китаб
ал-Идрак ли-лисан ал-атрак» (1312), жəне «Китаб ат-тухфат аз-
закийа фил-луғат ит-туркия» сияқты лингвистикалық еңбектер
жатады.

Қыпшақ жазбаларының ішінде С е й ф С а р а и д ы ң «Гүл-
стан бит-түрки» (XІV ғасыр) атты поэмасының орны ерекше.
Қолжазба 372 беттен тұрады. Əрбір бетте 13 жол бар. Бұл – шейх
Саадидің «Гүлстан» атты поэмасының түркішеге аударылған

Қазақ əдеби тілінің тарихы 117

нұсқасы. Бірінші бетте сол кездегі əр ақынның өз қолымен жазған
өлеңі бар. Сейф Сараидың өзі алғашқы шумағында Ирактың
сұлтаны өз отанын тастап Египетке келгенін баяндайды. Үшінші
бетте (парақтың екі бетіне бірдей жазылған) алты жол тексте
«Гүлстанды» түркішеге аударған Сараидан шыққан Сейф екенін,
бұл аударманы Эмир Тейхасқа арнайтынын айтады. Тек төртінші
беттен ғана аударма басталады. Автор бұл шығармасында өзінің
дос-жарандарының ақыл-кеңесі бойынша Египеттің хаджиб-ал-
худжабы Тейхас-бектің атын ардақтап, соның құрметіне парсы
классигі Саадидің «Гүлстанын» аударғандығын, өзі, Сейф Са-
раи болса, Египетке келгінші екенін айтады. Бұл шығарманы
аударған, жазған мезгілі де бəйтпен (өлеңмен) берілген. Аударма
тəмəмдалған шақта Сеиф Сараи жетпіске келген, ол шаввал айы
һижраның 798 жылы еді, яғни 1391 жылдың авгусы. Демек, автор
1321 жылы, Алтын Орданың дəуірлеп өсіп, Өзбек ханның билеп
тұрған дəуірінде (1312– 1342) туған, ал Алтын Орда ыдырай бас-
тап, өзара ұрыс-керіс өрши бастағанда, автор Египетте болған.

Сеиф Сараидың «Гүлстанын», ғалымдардың көрсетуінше, сөз-
бе-сөз аударма деуге болмайды, өйткені автор Саадидің «Гүл-
станының» бір жерде мазмұнын ғана сақтап өз бетінше жырлайды,
енді бір жерде қысқартса, бір жерде өз жанынан қосып көбейтеді.

Шығармада кітаби жазба дəстүр сақталып отырған. Соның сал-
дарынан қосымшаның дыбыс үндестігіне байланысты вариантта-
ры байқала бермейді. Мысалы, көптік жалғаудың -лар, -лер, жіктік
жалғаудың (бірінші жақ көпше) -быз, -біз, ілік септіктің -ның, -нің
варианттары қолданылып отырады да, қазіргі қазақ тіліндегідей
-дар (дер, -тар, -тер), -мыз (-міз, -пыз, піз), -дың (-дің, -тың,
тің) сияқты сөздің соңғы дыбысына байланысты құбылып оты-
ратын варианттары кездеспейді. Бұлай болу бұл кезде жəне осы
шығарма жазылған тілде дыбыс үндестік заңы əлі болмаған деген
түйін жасауға негіз болмайды, оны кітаби жазу дəстүрінің ықпалы
деп қараған жөн, өйткені басқа қосымшалардың жалғануында ды-
быс үндестік заңының сақталып отыратыны да байқалып қалады.
Мысалы, барыс септік керсеткіші -ға, -ге-мен бірге -қа, -ке,
шығыс септік көрсеткіші -дан, -ден-мен бірге -тан, -тен (шығарма
тілінде бұдан бұрынғы жəне кейінгі жазба тілде қолданылатын
-дын, -дин қысаң дауысты қосымша формасы өте сирек кездеседі

118 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жəне осы фактінің өзі кітаби жазу дəстүрінің қаншалықты əсері
болғандығын байқатса керек): құл-ларым-дан, аш-тан, бойын-
дан, т.б. Сондай-ақ барыс септік көрсеткіші сөзге тəуелдік жал-
ғаудың 1, 2-жақтарынан кейін -а, -е, 3-жағынан кейін -на, -не, та-
быс септік көрсеткіші тəуелділіктің 3-жағынан кейін -н кейде -ны,
-ні болып, жатыс септік көрсеткіші (-да, -де) мен тəуелдік
жалғаудың 3-жағы арасында -н дыбысының келуі, қимыл есім
формасы -гу (қазақ тілінде – у-да ғ түсіп қалған болу керек) жəне
оған -шы, -ші жұрнағының жалғанып та қолданылуы (йонғушы,
шүкір қылғушы), бір жағынан, шығарма тілі мен қазіргі қазақ
тілінің жақындығын, жалғастығын көрсетсе, екінші жағынан,
қазіргі қазақ тіліндегі жаңа деп жүрген тілдік құбылыстардың
өзі кем дегенде XІІІ–XІV ғасырларда қалыптасып, тұрақтала бас-
тағанын байқатады. Мұның өзі сөз ортасы мен сөз аяғында ғ
дыбысының не түсіп қалып, не басқа дыбысқа ауысуынан да
көрінеді. «Гүлстан» тілінде сөздің осындай көне де, жаңа да фор-
масы жарыса қолданылады: ұлұ– ұлұғ, толун–толы, бірлə–бірлəн–
білə, ары–арығ–арық (ару, таза), т.б. Бұл сияқты параллель тілдік
құбылысты түркі-араб сөздігі мен Ибн-Муханнаның сөздігінен
де, мысалы, чырағ–чыра (шырақ), ағрығ – (ауру), ачы (ащы, ачығ
емес), ұлұ–ұлығ, Абу-Хайянның грамматикасынан да, мысалы,
арығ–ары (ару, таза), битик–бити (бітік, кітап, жазу), чэриг–чэ-
рик–чэри (əскер, шеру), Кодекс Куманикус, XV ғасырдағы поло-
вец документтері тілінен кездестіруге болады.

Қыпшақ жазбаларының бірі – «Кодекс куманикус» (Соdех
Сumanіcus, қысқаша СС). Бұл – XІV ғасырдың басына (1303 ж.)
жататын ескерткіш. Еңбек латын əрпімен жазылған жəне екі бө-
лімнен тұрады: біріншісі – куманша (қыпшақша)-латынша-пар-
сыша сөздік те, екіншісінде ауыз əдебиетінің əртүрлі үлгілері
келтірілген. Осы «Кодекс куманикустың» кейбір тілдік ерекшелік-
терін қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарасақ, біріншіден, жоғарыда
көрсетілгендей, бұл екі тілдің арасындағы жалғастылықты, екін-
шіден, қазақ тіліндегі жаңа тілдік құбылыстардың басталуы, қа-
лыптасу, тұрақтану процесін байқаймыз.

Басқа да қыпшақ жазба ескерткіштері сияқты мұнда да сөз ор-
тасы мен сөз соңында ғ, г дыбыстарының кейде у, й дыбыстары-
мен алмасып келетіндігін немесе бүтіндей түсіп қалатындығын

Қазақ əдеби тілінің тарихы 119

аңғарамыз. Мұндай құбылыс бір сөздің əр жердегі қолданысы-
ның өзінен де көрініп отырады: оғұл – ұл, бағла – байла, сарығ –
сары, ағрығ – аврув (ауру), бігіз – біз, мүгіз – мүйіз, туғра – тув-
ра, т.б. Кезінде С.Е. Малов ескерткіштегі бұндай ерекшелік қазір-
гі қазақ тілінің өзіндік белгісімен сəйкес келетінін атап көр-
сеткен болатын. Бір бұл ғана емес, кей жағдайда ч дыбысының
орнына ш-ның қолданылуы (қысқаш–қысқач қана емес, мұнша–
мұнча емес, аш–ач қана емес, ешкі–ечкі, темірші–темірчі емес,
іш-іч қана емес, қылыш–қылыч емес, бышақ–бычақ емес, екінші–
екінчі емес, т.б., сонымен бірге қысқач, алтуынчы, кеч–кеш, іч
тұлғалары да кездеседі), ш дыбысының орнына с-ның жұмсалуы
(тіші–тісі [ұрғашы], болус–болуш, тас–таш, түшті–түсті, йе-
міш–йеміс, күн тоғышы–тувус, үштүнгү – үстін-гү, т.б.), сон-
дай-ақ и-дің орнына е дыбысы, у (ү)-дің орнына о (ө) дыбыстары-
ның жұмсалуы (ешіт – ишіт емес, емчек–имчек емес, ол –ул
емес, қол – қул емес, төшек – түшек емес, т.б.) осы ғасырлар ара-
сындағы тілдік жалғастылықты арттыра түседі. «Кодекс кумани-
кус» тілінде жүйелі түрде болмағанмен басқа да қыпшақ жазба-
лары тəріздес дыбыс үндестік заңының орын алуы бұл құбылыс-
тың кездейсоқ емес, жаппайлық қасиеті болғанын көрсетеді.

120 Қазақ əдеби тілінің тарихы

ІІІ. ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП,
ДАМИ ТҮСУ ДƏУІРІ

Қазақ халқының жеке ел болып, халық ретінде тарих сахнасы-
нан орын алуы, тарихи əдебиеттерге қарағанда, XV ғасырдан (тіпті
кейде XІV ғасырдың аяқ кезінен) басталғанымен, ол кездегі қазақ
тілінің əдеби тілдің көрсеткіштері боларлықтай жазба нұсқалары
болмады немесе бізге келіп жеткен жоқ.

XV ғасырға жатқызылып жүрген кейбір ақын-жыраулар твор-
чествосының көрсеткіші саналып келген поэзиялық туындылар-
дың жұрнақтары, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен үзік-үзік
өлең-толғау жолдары, поэзиялық шығарма қанша түрін көп өзгер-
те қоймай, уақыт санына төтеп бере алады дегенмен, XV ғасырда
тұрақты нормасы, жүйелі дəстүрі бар əдеби тіл болды деп айтуға
толық негіз бола алмайды. Ұйқасқа, буын санына, рифмалық-
ритмикалық ерекшеліктерге, т.б. байланысты поэзиялық шығар-
мада өзгеріс, сөздердің ауысып кетуі өте аз, кейде болмайтын бол-
са да, сөз тұлғалары, сөз құрамындағы дыбыс өзгерістері мүлде
болмайды деп айта алмаймыз. Тілде болып отырған өзгерістер
поэзиялық шығармаларға да əсер етпей қоймайды. Əсіресе ұйқас,
буын санына, ритмикалық ерекшеліктерге ешбір əсер етпейтін ды-
быс өзгерістері бұған дəлел. Мысалы, ұлығға – ұлығқа – ұлыға,
атның – аттың, т.б. Дегенмен, поэзиялық шығармада өз дəуірі-
нің, туған кезеңінің рухы, тілдік ерекшеліктері сақталмай да
қоймайды. Бұл бір. Екіншіден, қазақ тіліндегі жазба нұсқалар
XVІ ғасырдан бергі мерзімдерге жатады.

Үшіншіден, «Қазақ ССР тарихы» «XV ғасырда қазақ тілі өзіне
тəн ерекше белгілерімен дербес тілге айналды» (бірақ нақтылы
тілдік фактілер мен материалдар берілмеген) дегенімен, қазақ
халқының қалыптасып болуы XVІ ғасыр екені белгілі, «Қазақ хан-
дықтарының құрылуы қазақ халқының қалыптасу процесінің
аяқталуына себепші болды. XVІ ғасырдың басындағы қазақ хан-
дықтары Қазақстанның барлық территориясында болмаса да,

Қазақ əдеби тілінің тарихы 121

сол кездің өзінде-ақ қазақ халқын біріктірді. Халық болып нығая
қоймаған тайпаларды біріктірген бұрынғы мемлекеттерден қазақ
хандықтарының айырмашылығы осында болды» («Қазақ ССР
тарихы». 1-том. Алматы, 1957, 230, 155–156-беттер). Сондықтан
қазақ əдеби тілінің қалыптасу дəуірін осы XVІ ғасырдан бастаған
жөн. Р. Сыздықова соңғы зерттеу еңбегінде «қазақтың ауызша төл
əдеби тілінің тарихын XV–XVІ ғасырлардан» бастайды1.

Бұл дəуірдің алғашқы кезеңдерінің ерекшелігі сол, қазақ
халқының халық болып қалыптасқан кезіне дейінгі Орта Азия
мен Қазақстан жерін жайлаған түркі халықтарына ортақ жазба
əдеби тілдің кітаби тіл дəстүрінің қазақ əдеби тілінің жеке əдеби
тіл ретінде қалыптаса бастауымен байланысты шеңбері тарылып,
мəдени өмірден шыға бастамай, қайта жаңа тілдік ортада одан
сайын өріс ала түскенін байқаймыз. Сөйтіп қазақ əдеби тілі та-
рихында қос тілділік құбылыс орын ала бастайды. Бір жағынан,
əртүрлі жанрлардағы жазба тілде (ресми документтер, хат қағаз-
дар, жарлықтар, шежірелер, т.б.) кітаби тіл дəстүрінің мықтап
сақталуы байқалып отырса, екінші жағынан, көркем поэзияда
(ақын-жыраулардың шығармаларында) сөйлеу тілінің элемент-
тері, нормалары берік орын алып, тұрақтала бастайды. Мұндай
қос тілділік құбылыс қазақ тілі топырағында осы кезден бастап,
Октябрь революциясына дейін, тіпті кей жағдайда XX ғасырдың
30-жылдарына дейін, бірде бір-бірімен жақындап, бірде алшақтап
үзілмей жарысып келіп отырды. Бұл құбылыстың үзілмей жалға-
сып отыруы тұрақты ортақ орфографиялық (жазба) дəстүрдің,
кітаби тіл дəстүрінің берік сақталуымен де байланысып жата-
ды. Мысалы, Қадырғали Қошымұлы Жалаиридің «Жамиғ ат-та-
уарихы»2, Əбілғазы Баһадұрханның «Шежіре-и түркиі»3, XVІ–
XІX ғасырлар арасында жазылған əртүрлі ресми қағаздар, доку-
менттер4 осы ортақ дəстүрді пайдаланып жазылған. Бұл шығарма-
ларда X ғасырдан былайғы кездегі жазба мұраларда қалыптасқан

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы. 20-бет.
2 Москвада 1598–1600 ж. Борис Годуновтың құрметіне арнап жазған. «Жамиғ ат-
тауарих». И.Н. Березин. Библиотека восточных историков. Қазан, 1854.
3 Абулғазы Баһадурхан. Шежіре-и түрки. Қазан. 1824.
4 Материалы по истории Казахской ССР. т. ІV. М.–Л., 1940.

122 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жазу дəстүрінің мықтап орын алуы көпшілік түркі халқына
түсінікті, ортақ болу мақсатынан туған болу керек. Сондықтан да
көпшілік авторлар өздері жазған шығармаларының тілін түрки
тілі деп атап келгені мəлім. Мысалы, XІV–XV ғасырлардың
ақындары Атаи, Секкаки, Лүтфи, тіпті Алишер Науаи да, одан
кейінгі ақын-жазушылар да өз шығармаларын түркі тілінде жазып
отырмыз деген. Лүтфидің «Гүл уа наурыз» поэмасының басын-
да былай делінген: «Гүл уа наурыз эфсанасын сал (яғни аңызын
жырла), Айт ол қиссаны түрки тілінде1». Əбілғазы Баһадұрхан өз
шығармасының («Шежіре-и түрки») тілі туралы былай дейді: «Бұл
тарихты йахшы уа йаманның баршалары білсін деп түрки тілімен
айттым. Түрки болғанда сондай түсінікті де жеңіл сөздермен йаз-
дым, тіпті беш йасар бала да түсінеді»2.

Мұндай жазу дəстүрі, емле үлгісі бертін де сақталып отырғаны
Махамбеттің кейін табылған хатынан, Абай шығармаларының
Мүрсейт қолжазбаларынан да анық байқалады. Абай шығарма-
ларынан алынған мына бір үзіндіге назар аударайық: «Ей, йүрэгім-
нің қуаты ф(э) рз(э) ндлэрім! С(і) злэргэ адам оғлын (ы)ң м(і)
нэзлэрі туралы б(і) раз сөз йазып йадгэр қалдырайын, ыхлас бірлэн
оқуып ұғып алуңызлар, оның учүн махаббатың толады»3.

XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында жарық көрген
кітаптар, газет-журналдар («Түркістан уалаятының газеті», «Дала
уалаятының газеті», «Айқап», т.б.) тілінен де міне осыны бай-
қаймыз. Жазба тілдің мұндай ерекшелігі, оның қазіргі орфогра-
фиялық, орфоэпиялық нормаға сəйкес келмеуі, араб-иран тілдері
элементтерінің басым болуы қазақ тіл білімінде «кітаби тіл» деп
аталып жүр. Кейінгі кезде ғалымдардың кейбірі осы сипаттағы
тілдік құбылысты байқап та жүр. «Жазба əдеби тілінің өзі орта-
азиялық түркі əдеби тіліне сүйенген «кітаби тіл» атанған түрі мен
қазақтың қолтума, жазба алдындағы əдеби тілінің жалғасы ретінде

1 Қараңыз: Артамошина В. Д. Условия формирования и некоторые особенности
языка среднеазиатских поэтов-предшественников А. Навои. – В кн.: «Тюрко-мон-
гольское языкознание и фольклористика». М., 1960, стр. 8.
2 Абулғазы Баһадурхан. Шежіри-и түрки. Қазан, 1824, 23-бет.
3 Əбілқаев А., Өмірəлиев Қ. Қазақ тілі тарихи грамматикасының практикумы. Ал-
маты, 1973, 102-бет.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 123

дамыған, XІX ғасырдың орта тұсынан басталатын түр болып жəне
екіге бөлінеді»1, – деп жазады Р. Сыздықова.

Демек, Октябрь революциясына дейінгі мерзімдегі əдеби тіл-
дің қалыптасуында екі түрлі бағыттың болғаны байқалады: ол –
жазба тілде көне емле үлгісін, кітаби тіл дəстүрін барынша сақтап,
өмір қажеттігіне сəйкес келе бермейтін араб, иран тілдерінің
элементтерін мейлінше көбірек қолданып, əдеби тілдің аясын
тарылтып, жазба тілді белгілі дəрежеде штампқа айналдыру
əрекетіндегі бағыт пен оған қарама-қарсы əдеби тілдің өрісін
кеңейтуді көздеп, сөйлеу тіл нормаларын əдеби тіл дəрежесіне
көтеру, жалпы халықтық тілдегі элементтердің əдебилігін арт-
тырып, сырт тұлғасын тұрақтандырумен бірге олардың стильдік,
қолданыстық, семантикалық арнасын кеңейтуде тілдің ішкі
мүмкіндіктерін толық сарқа пайдалануды мықтап ұстанған бағыт.
Əдеби тіл майданындағы бұл екі бағыт кейінгі кездерде (əсіресе
XX ғасырдың басында) шығарма авторының идеялық көзқарас-
тарымен де астасып келеді. Ол, бір жағынан, прогресшіл-демок-
ратиялық баспасөз органдарының (мысалы, «Айқап» журналы,
«Қазақстан» газеті), ағартушы-демократ ақын-жазушыларымыз –
С. Көбеевтің («Қалың мал» романы, Қазан, 1913), С. Торайғыров-
тың, М. Сералиннің («Топ жарған». Троицк, 1900; «Гүлкашима»,
Орынбор, 1903, т.б.), Т. Жомартбаевтың («Қыз көрелік», роман,
Семей, 1912), С. Сейфуллиннің, Б. Майлиннің, С. Дөнентаевтың
көркем туындылары, басқа жанрдағы əдебиеттер, оқу, қираəт кі-
таптары, хрестоматиялар, əліппе-оқулықтар (М. Дибердиев. «Қа-
зақ балаларына қираəт кітабы», Қазан, 1910; М. Малдыбаев, «Қа-
зақша оқу кітабы», Семей, 1912; Шаһмардан оғлы. «Кел, балалар,
оқылық кітабы», Қазан, 1898; А. Көбеев. «Үлгілі бала», Қазан, 1912;
М. Көшімов. «Ақыл кітабы», Қазан, 1908; М. Нұрбайоғлы. «Көр-
генді бала – үлгілі ана», Орынбор, 1911; Т. Жомартбаев. «Балаларға
жеміс», Семей, 1912; Закария бин Ерғали. «Қазақ əліфбесі», Қазан,
1910; Мұқамедораз бин Ерғали. «Қазақша əліпби», Уфа, 1910;
«Əліпбе яки төте оқу», Уфа, 1911; М. Малдыбаев. «Қазақша ең
жаңа əліпбе», Уфа, 1912; Қ. Ходжиков. «Мектеп ал қазақ əліфбе»,
Орынбор, 1912; Кенжеғали бин Ғабдолла бин Серғали. «Қазақша

1 Сыздықова Р. Əдеби тілдің статусы. 60-бет.

124 Қазақ əдеби тілінің тарихы

əліпбе кітабы», Қазан, 1913, т.б.) тілі мен, екінші жағынан, ескішіл
ақын-жазушылардың шығармалары (Н. Наушабаев «Мажумат қа-
зақия», Қазан, 1908; Əбубəкір Кердері. «Əдебиет қазақия» яки
Əбубəкір молла сөзлері», Қазан 1908; Сабал Ақылбек. «Бес намаз»,
Қазан, 1911; Ашмағамбет оғлы Баймбет. «Назымлы ығтиқад»,
Орынбор, 1913; Ақмолла Мөшһүр. «Шағыр Ақмолланың Шаһа-
буддин маржани мəрсиясы ва башқа шағырлары», Қазан, 1907;
Мəулекей Салсал, Қазан, 1906; Нұрым оғлы Мырза Юсуф. Шаһ-
маран, Қазан, 1901, т.б.), кертартпа, қадимшыл діни əдебиет нұс-
қалары (Қарымсақов Ақит. «Ахуал қиямет», Қазан, 1908; М. Ты-
нышлықұлы. «Нахту-и-наби», Қазан, 1903; Ш. Қашафуддинұлы.
«Оқы намаз кітабы», Қазан, 1898; Н. Минаев. «Иман-ислам»,
Уфа, 1915, т.б.) тілін салыстырсақ, ол ерекшелік айқын байқалады.

1. ХV–ХVІІІ ғасырлардағы
қазақ əдеби тілін танытатын үлгілер

Соңғы кезде «XV–XVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мəдени-
рухани өмірінде жаңа құрала бастаған халықтың сөйлеу тілі
мен қазақ халқын құраған ру-тайпалардың əріден келе жатқан
поэзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған əдеби тіл қызмет
етті. Ол, негізінен, поэзия түріндегі көркем əдебиет пен ауызша
жүргізілетін дау-билік саласында (шешендік сөздерде) көрінді, –
деген пікірмен қоса, – сонымен қатар хан жарлықтары, өзге ел-
мен арадағы қарым-қатынас қағаздары, тарихи шежірелер сияқты
жазба туындылардың қажетін о р т а а з и я л ы қ т ү р к і ə д е б и
тілі өтеп отырды. Қазақ хандарының канцеляриясы ресми хат-
хабарларын, іс-қағаздарын, үкім-жарлықтарын, ғылыми əдебиетті
көбіне шағатай немесе түркі деп аталып кеткен тіл дəстүрінде жаз-
ды. Қазақтың жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қошымұлы
сияқты тарихшысы да өз шығармасын (кейін «Жамиғ ат-тауарих»
деген ат қойылған) 1602 жылы осы тілде жазып бітірді»1, – тəрізді
екіұштылау пікір айтылып жүр.

Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихын қазақ халқының ха-
лық болып, жеке мемлекет (хандық) құрау кезінен, XV–XVІ ға-

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы. 25-бет.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 125

сырлардан басталатынын мойындасақ, сөз жоқ, бұл кезеңнің
əдеби тілін танытатын үлгілерге ең алдымен қазақ қауымында
алғаш дүниеге келген хандық кезеңде өмір сүрген көркем сөз ше-
берлерінің (ақын-жыраулар мен шешендер) бізге жеткен, қазірде
мəлім болып отырған туындылары жатады. Кейінгі кездерде жа-
рық көрген зерттеулер1  мен солардың нəтижесінде құрастырыл-
ған текст жинақтары мен хрестоматиялық еңбектерде2  ол ақын-
жыраулардың шығармалары беріліп жүр. Олар – Сүйінішұлы
Қазтуған жырау, Сұрғалтайұлы Сыпыра жырау, Асан қайғы, Дос-
памбет жырау, Тіленішүлы Шалкиіз (Шалгез) жырау, Марғасқа
жырау, Шобан, Жиембет жырау, Ақтамберді жырау, Тəтіқара
ақын, Есет жырау, Үмбетей жыраулардың арнау, толғаулары мен
есімі бізге жеткен осы кезеңдерде өмір сүрген би-шешендердің
сөздері, Əз Жəнібек ханның ақылшысы, тіпті бас уəзірі болған
деп айтылатын Жиренше шешен, Əз Тəуке ханның кеңесшісі, ше-
шен билерінің бірі болған Төле Əлібекұлы, Қаздауысты Қазыбек
би Келдібекұлы, Əйтеке би, Байдалы би, Сырым Датұлы, Қыпшақ
Ізбасты сияқты шешендердің бізге жеткен шешендік арнау, толғау
сөздері, шешендік сындары, өсиет нақылдары, дау сөздері, т.б.

Рас, бұл кезеңдегі ақын-жыраулар, би-шешендердің арнау,
толғауларын тілдік жағынан талдағанда екі нəрсені мықтап еске-
ру қажет. Біріншіден, ол туындылар кейінгі ұрпаққа негізінен
алғанда ауызша жеткен, демек, олар ұрпақтан ұрпаққа көшу са-
парында белгілі дəрежеде тілдік жағынан кейбір өзгерістерге
ұшыраған. Сөйтіп ол туындылардың алғашқы түрі қырналып,
жонылып, оның көпшілігі тіпті уақыт сынына төтеп бере ал-
май кейінгі ұрпаққа жетпей қалуы да мүмкін. Екіншіден, олар
қаншалықты ауызша таралып, келешек ұрпақтарға ауызша жетіп
отырса да, нақыл түрінде айтылған. Белгілі ұйқасқа, буын санына,
өлшемге, мағыналық ойға құрылған өлең, жыр болғандықтан, бұл

1 Мағауин М. Қобыз сарыны. Алматы, 1968; Сүйіншəлиев X. Қазақ əдебиетінің
қалыптасу кезеңдері. Алматы, 1968; Өмірəлиев Қ. XV–XІX ғасырлардағы қазақ
поэзиясы. Алматы, 1976; Дербісəлин Ə. XV–XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы.
Алматы, 1982; Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғғ. қазақ əдеби тілінің тарихы, т.б.

2 Үш ғасыр жырлайды. Алматы, 1965; Ертедегі əдебиет нұсқалары. Алматы, 1967;
Алдаспан. Алматы, 1971; XV–XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1982;
Бес ғасыр жырлайды. 1-том. Алматы, 1984, т.б.

126 Қазақ əдеби тілінің тарихы

туындылар əуел бастағы тілдік ерекшеліктерін кейінгі ұрпақтар
айтуында да барынша сақтап, біздің заманымызға қаймағы көп
бұзыла қоймаған қалпында жетті. Соған орай тіпті XV–XVІІ ға-
сырлар тілін елестетіп қана қойған жоқ, сол кезең қырқасында
болған құбылыстардың да куəсі боларлық сипатты қамтыды.
Соның нəтижесінде ол шығармалар қазақтардың ноғайлармен
бірге өмір сүрген кезеңін де елестететін еді, яғни олар сол кезеңде
қазақпен бірге Ноғайлы елінің құрамында бірге өмір сүрген ноғай,
қарақалпақ сияқты халықтардың да ортақ əдеби мұрасы болды.

XV–XVІІ ғасырлардағы қазақ əдеби тілін танытатын үлгілерге,
бір жағынан, ақын-жыраулар туындылары, екінші жағынан, би-
лер мен шешендердің сөздері, үшінші жағынан, ауыз əдебиетінің
лиро-эпостық, батырлар жырлары сияқты түрлерінен басқа үл-
кен екі топтағы дүниелер жатады. Оның бірі – алғашқы қазақ хан-
дарының жарлықтары, бір-бірімен жəне өзге елмен (əсіресе
орыс елімен) арадағы қарым-қатынас қағаздары, өйткені «əрбір
қазақ ханы, сұлтан мен ру басы қатынас, іс-қағаздарын, үкім-
жарлықтарын жүргізіп, оны іс жүзіне асырып отыратын, кеңсе
хатшылығы қызметін атқаратын абыз ұстап отырған»1. Бұл туын-
дылар «XVІ–XVІІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары»
атты документтер жинағында көрсетілген: Тəуекел ханның елшісі
Құл-Мұқамед пен Ораз-Мұхамед ханзаданың қазақтардың Москва
мемлекеті қол астына еніп, онымен əскери одақ құруы жайындағы
əңгімесінің жазбасы, Ораз-Мұхамед ханзаданың ақшалай сыйлық
жібергені үшін Федор Иванович патшаға алғысы, Ораз-Мұхамедтің
Тəуекел ханға Москва мемлекетімен достық қарым-қатынасты ор-
натуды сұрап жазған хаты, қазақ халқы Тəукенің Россиямен достық
қарым-қатынасты қалпына келтіруді жəне Тоболскіде ұсталған
Келдей мырзаны Қазақстанға қайтаруды өтініп І Петрге жазған
хаты, т.б. Əрине, бұл сияқты ресми іс-қағаздар архив қойнаулары
мен кітапхана қоймаларынан əлі де көптеп табыла беруге тиісті.

Екіншісі – тарихи шежіре сипатындағы тарихи туындылар.
Олардың қатарына Қадырғали Қошымұлы Жалаиридың «Жамиғ
ат-тауарих», Əбілғазының «Шежіре-и-түрк» сияқты туындыла-
ры жатады. Бұлардың бір үлкен ерекшеліктері – жазба нұсқалар

1 Казахско-русские отношения в XVІ–XVІІІ веках. Алма-Ата, 1961, стр. 15.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 127

болғандықтан, хатқа түскен кезеңнің, жазба дəстүрін толық сақтап
қалған. Сондықтан да ол жазбалардың тілін бірде «орта азиялық
түркі əдебиет тілі» деп, бірде «шағатай тілі» деп сан саққа жүгіртіп
жүрміз. Шындығында солай ма? Ол жазбалар негізінен Қазақ
хандығында жазылса, жазған авторы қазақ болса, оның тілі қандай
тіл болмақ? Ол қазақтар үшін болмай, кім үшін жазылған болмақ?
Рас, тілі, сөз саптау ерекшеліктері жағынан бұл шығармалар X–
XІ ғасырларда қалыптасқан орта азиялық түркі тілі дəстүрінің
негізінде туып, оның қазақ топырағында əр қарай жалғасып,
дамыған түрі болып табылады. Міне, осы тұстан бастап, осындай
ерекшеліктері бар қазақ əдеби тілі тарихында қос тілдік құбылыс
пайда болды. Оның бірі – сөйлеу тілі негізінде қалыптасып,
негізінен поэзия мен шешендік сөздерде өмір сүріп келген, кейін
XІX ғасырда жаңа сападағы жазба əдебиет тіліне негіз болған
əдеби тіл еді. Екіншісі – орта ғасырлық түркі жазба əдеби тілінің
дəстүрлерін сақтай отырып, қазақ топырағында əрі қарай дамыған,
əртүрлі жазбалардан көрініп отырған дəстүрлі жазба тіл болды.
Ол күні кешеге, Октябрь революциясына дейін өмір сүріп келді.
Олардың əрқайсысының қазақ əдеби тілі тарихында өз орны бар.

2. Халықтың сөйлеу тілі негізіндегі
ақын-жазушылар шығармаларының тілі

Алтынорда хандығы ыдырауының салдарынан құрылған Ақ-
орданың өзі XІV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында
«Шыңғыс тұқымдарынан тараған сұлтандардың өзара қырқысқан
күрестерінің нəтижесінде бірнеше феодалдық иеліктерге бөлінді,
бұлардың ішіндегі ең ірілері Ноғай ордасы мен Өзбек хандығы бол-
ды». «XV ғасырдың ортасында Өзбек хандығында династиялық
күрес шиеленісе түседі. Əбілхайыр ханнан жеңіліп, Барақ ханның
балалары – Керей мен Жəнібек сұлтандар өздерінің ауылдары-
мен Шу өзенінің бойына көшіп кетті». Сөйтіп алғашқы қазақ
хандықтары құрыла бастайды. Міне, қазақ мемлекетінің құрылуы
жөнінде «Қазақ ССР тарихының» беретін негізгі мəліметтері осын-
дай. Бірақ бұдан былайғы кезде де қазақ қауымының тарихында
орталықтанған мемлекеті бола қоймады. Қазақ хандықтары бір-
біріне тəуелсіз, кейде уақытша тəуелді болғанмен де, əрқайсысы

128 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жеке-жеке əкімшілік ретінде қатар өмір сүрді. Соған қарамастан
əр хандықтың құрамындағы этникалық топтар басқа хандықтағы
топтармен тығыз қарым-қатынаста, аралас-құралас болып келді.
Əрине, əр ханның тұсында сол хандықтың немесе ру-тайпа ода-
ғының идеологы ретінде өз ақындары, жыраулары болды. Бірақ
көбінің аты, шығармалары бізге жеткен жоқ. Дегенмен ел есінде
сақталып, əр кезде хатқа түскендері де толық жиналды, сұрып-
талды деп те айта алмаймыз. Соңғы кезде ғана қолға алынып, жи-
налып, зерттеле бастаған материалдарға назар аударсақ, əдебиет
тарихында болсын, əдеби тіл тарихында болсын бұл кезеңнің
əлі де көлеңкелі жағы аз емес екенін көреміз. Сондықтан бұл
жерде жарық көрген еңбектер мен материалдар ғана пайдаланы-
лып, жеке ақын-жыраулардың шығармалары мен тілі жоғарыда
көрсетілгендей сол көлемде ғана қысқаша баяндалады.

Бір ескеретін нəрсе мынау. Хандық дəуірдегі ақын-жыраулар-
дың толғау, жырлары кейінгі ұрпақтарға ауызша жеткендігі мəлім.
Мұның өзі кейінгі кезеңде ол шығармаларға аз да болса өзгеріс
енуі мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. Тіпті шығарманың
толық түрінде сақталуын да қамтамасыз ете алмайды. Бұл – бір.
Екіншіден, ақын-жырау шығармаларының барлық ұзын-ұрғасы
емес, жекелеген бөліктері ғана жетті, тіпті кейбір бөліктері кейінгі
кезең ұрпақтарының көбірек айтуы салдарынан авторлығын
жоғалта бастап, кейінгі ақын-жыраулар шығармаларында мақал-
мəтел түріндегі дайын материал ретінде де қолданылатын болды.

Сондықтан XV–XІX ғасырлар арасындағы ақын-жыраулардың
творчествосынан кейбір қайталаулардың орын алуы кездейсоқ та
емес. Əр кездің əр ақын-жырауына телініп жүрген мына жолдарға
назар аударайық.

Доспамбет жырауда:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.

Шалкиізде:
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып,

Қазақ əдеби тілінің тарихы 129

Тепсінісіп келгенде,
Тең атаның, ұлы едің –
Дəрежеңді артық етсе, тəңірі етті.

Осы жолдар идеялық жағынан да, өлең құрылысы жағынан да
Махамбет шығармаларынан бой көрсететіні ойымызды дəлелдей
түседі.

Марғасқа жырауда:
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тəңірісіп жатырсың!
Хан емессің, касқырсың,
Қара албасты басқырсың.
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалың жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы ер Есім
Есігіңе келіп тұр:
Шашқалы тұр қаныңды!
Алғалы тұр жаныңды.

Ақтамберді жырауда:
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екеміз?!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз!
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ме екеміз?!

Осындағы жолдарды Махамбет шығармаларымен (Жəңгір
ханға, Баймағамбет сұлтанға айтқандары, «Ерулі атқа ер салмай»
өлеңдерімен, т.б.) салыстырсақ та жеткілікті.

Махамбет пен Шалкиіз жыраудың арасындағы ұқсастықты
мына жолдар айқынырақ көрсетсе керек.

130 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Шалкиізде:
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер күлік бар.
Көн сандықтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар,
Көрінгеннің бəрін де кісі демеңіз,
Күбе-күндіз тал түсте
Тайраңдап түзге кетер кісі бар.

Махамбетте:
Құнқақты ердің астында
Көп жүгіретін күлік бар.
Көн сандықтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар,
Қарайғанның, жігіттер,
Бəрін кісі демеңіз.
Күбе-күндіз жайраңдап,
Түзге шықпас ерлер бар.
Атаның ұлы ерлерге
Малыңды бер де басың қос,
Басыңды қос та, бек сыйлас,
Күндердің күні болғанда,
Басың жауда қалар ма?!

Ата ұлының баласы
Асыл ерге малың бер.
Малың бер де, басың қос,
Басыңа тарлық түскенде,
Ардақтаған əділ жанын аяр ма?!

Үшіншіден, ақын-жыраулар шығармалары кейінгі ұрпаққа
толық түрінде жете бермейді дегеннің өзінде де оларда өз кезінің
ерекшеліктері, өз кезінің рухы сақталып отырады. Бірақ олардың
тілінде сол кездегі жазба нұсқалардың тілінен айырмашылығы
бар. Бұл, бəлкім, сол кездегі өзгерістерге түскен сөйлеу тілдің
əсері де болар.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 131

Сүйінішұлы Қазтуған жыраудың (XV ғасыр):
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт...

немесе:
Кежідегі адамға
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қара шалар деп,
Түн ұйқысын таптырмас...
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп, –

деген жолдарынан, бір жағынан, көне түркі поэзиясының өлең
құрылысы, ұйқас ерекшелігі білініп тұрса, екінші жағынан, ерлік,
батырлық жігер байқалып, жаугершілік өмірді елестетеді.

Д о с п а м б е т ж ы р а у д ы ң (XVІ ғасыр) шығармаларынан
мына жолдарға назар аударайық:

Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен.
Ту құйрығы бір тұтам
Тұлпар міндім өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен.
Зерлі орындық үстінде,
Ал шымылдық ішінде
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен!

Өлең құрылысы да, сөздердің бір-бірімен тіркесі де, «то-
ғынды», «түзедім» (құрдым деген мағынада), «ту», «дулыға»,
«ал» (қызыл деген мағынада), «тұлымшақ», т.б. сөздердің қол-
данылуы оқушының көз алдына сол кезеңдерді елестетпей ме!
Сондай-ақ «Көмбідей ару жаларға», «Жазыда көп-ақ жортқан
екеміз», «Ал иіндігін аударып», «Сақ етер», «Сақсырым толды
қаныма», «Жарақшылар жоқ па екен, Жармай білте саларға»

деген тəрізді жолдар өз кезеңдерінің жемісі, XVІ ғасырдағы тіл

132 Қазақ əдеби тілінің тарихы

құрылысының жемісі деуге болады. Бұл сияқты жолдар, сөздер
тіркесі мен жеке сөздер кейінгі Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа жы-
раулар шығармаларында да кездесіп отырады.

Тіленшіұлы Ш а л к и і з ж ы р а у д ы ң (XV–XVІ ғасырлар)
шығармасындағы:

Жемсауыңа келгенде, Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
Саған дұшпан – маған жау, керекті күні алдыңда
Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!
Немесе:
Сұлтан ием, сен менің бармай тапқан қағбамсың, –
сияқты жолдар Хорезмидің «Махаббат-намесіндегі» Мұхаммед
Хожабекке арнауларымен сəйкес келіп отырады. Салыстырайық:

Күчум йетмиш чэ көп хидмэт қылайын,
Жеханға егү атыңны йəйайын.

Күшім жеткенше көп қызмет қылайын,
Жиһанға игі атыңды жайайын.

Тэним барынчэ сендин йуз чэвүрмэн,
Ишикиң топрақындин баш кэтүрмэн.

Тəнім барынша сенен жүз жасырман,
Есігіңнің топырағынан бас көтермен.

Құйаш тек дэвлэтиң табэндэ болсун,
Ишикиңда йети көк бэндэ болсун.

Күндей дəулетің жарқырап жатсын
Есігіңде жеті көк пенде болсын.

Ал «Жазылы алтын қол кескен Алдаспаным өзіңсің», «Аттансаң
жазы түзде көрерсің», «Қатты бір тартып бек атсаң, Қайрылып ба-
рып тез сынар Қайың оқтың жарқасы» сияқты ойлы орамдар өз
замандастарына да, кейінгі дəуір жырау-жыршыларына да ортақ
өлең сөздің өнегесі болып келеді.

Осындай тілдік өрнегін кейінгі кезеңдегі Бортағаш ұлы Жием-
бет жырау, Марғасқа жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау
шығармаларынан да кездестіреміз.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 133

Сөйтіп XV–XVІІ ғасырдағы қазақ ақын-жыраулар шығарма-
ларының тілі ортағасырлық түркі əдеби тілі, соның дəстүрі,
орфографиялық принциптері негізінде қазақ тілі топырағындағы
жазба кітаби тілден өзгеше, сөйлеу тілі арнасында қалыптасып,
сол бағытта дамыды. Жəне ол шығармалар көбіне, жоғарыда
көрсетілгендей, ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарады. Ал бұл құбы-
лыстың, яғни шығармалардың ауызша таралуының өзіндік ерек-
шелігі болды: біріншіден, ол шығармалар тілінде ауызша тілдің
элементі басым болып, бүгінгі тілімізге тым жақын келетін;
екіншіден, халық жадында ол шығармалар толық сақталмай, қо-
ғамға қатысты, келешекке, өмір құбылыстарына байланысты ой
түйіні сақталып, тіпті тұрақталып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыр-
ған. Дəл осы ерекшелікті билер, шешендер сөздеріне, толғаулары-
на байланысты да айтуға болады. Оның үстіне поэзия үлгілерін,
əсіресе өмір шындығын образды оймен жеткізіп, мағыналы,
мəнді, философиялық шешім жасайтын поэзияны, сөз құдіретін
халық дəріптей білген. Ол үлгілерді қастерлеп, келешек ұрпаққа
өнеге еткен. Ақын-жыраулар мен жыршылар өлең сөз үлгілерінің
өзіндік қасиетін, стильдік-жанрлық сипатын, буын санын, ұйқас
ерекшелігін, өмір құбылыстарына лайық нақтылы ой түйінін
негізінен өз қалпында сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізіп отыр-
ды. Осыған орай ол туындылардың тілдік жағынан көп өзгеріске
ұшырамай, өз кезінің, яғни XV–XVІІ ғасырлардың тілдік ерек-
шеліктерін көрсете алатынын айта кету керек. Рас, онда кейбір
кейінгі қоспалар, аздаған өзгерістер болуы да мүмкін. Бірақ ол
авторлы поэзия тілінің басты ерекшелігі емес. Сондықтан XV–
XVІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясына тəн тағы бір үлкен ерек-
шелік – ондағы айтылған ой қазақтың мақал-мəтелдерімен аста-
сып, ішкі мағынасы жағынан да, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы,
салыстыру ерекшеліктері жағынан да үндесіп, қоғамдық құбылыс
жайлы «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» беріледі.

Асанқайғының:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,

Жел толқыса, шығады.

134 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса, шығады, –

деуі – нағыз нақыл сөз. Мұндағы шумақтың алғашқы жартысы
жалпы айналадағы табиғат құбылысына (кейде малға) байланыс-
ты да (тастың су түбінде жатуы), тек соңғы бөлігі өмір қисыны-
на (сөздің ой түбінде жатуы) қатысты болады, сөйтіп, а-б-в-б
түрінде 7–8, 7–8 буынды ұйқас құрап, а – субъектің б – предика-
ты, в – субъекттің б – предикаты болып жұмсалады, сол арқылы
өнегелі ой айтылады. Бұл мақалға тəн қасиет. Немесе «Қилы-
қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан Қарағай басын
шалмай ма?!» түріндегі астарлы ой халық ұғымында күні бүгінге
дейін «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар»
түрінде мақал, нақыл түрінде айтылып, ойға сыймайтын, еске
келмейтін өзгеріс заман да болар деген ұғым білдіреді. Қазтуған
жыраудың «Азамат ердің баласы жабыққанын білдірмес, Жаман-
дар мазақ қылар деп» дегенін оқығанда: «Бөрі арығын білдірмес,
сыртқа жүнін қампитып», – деген мақал еске түседі. Доспамбет
жыраудың: «Дүниенің басы сайран, түбі ойран» деген өмір жайлы
ой түйінін оқығанда, бір жағынан, «Мұхаббат-намедегі» «Жаһан
йелдек, өмір гүлдек офасыз» тəрізді ой қисыны еске түседі. Екінші
жағынан, кейінгі ақын-жыраулардың өмірді уақытша, алдам-
шы нəрсе, адам өмірге күліп келіп, жылап кетеді деп – жырлауы
еріксіз ойға келеді. Мұндай ой түйіндері, нақыл сөздер Шалкиіз
жырау поэзиясынан тіпті көп кездеседі:

Бар күшіңді сынамай балуандармен күреспе...
Таң боларсың əлемге, сөз боларсың күлемге...
Ақылсыз достыдан ақылды дұспан артық-ты...
Қырға шықпас жаманның барынан да жоғы игі...

Алып, алып, ал сақын, аңдып жүрген дұшпаннан жүз сақын,
Күле кіре, күңіреніп шыққан достан мың сақын!

Жақсылардың өзі өлсе де, сөзі сау,
Ойлап тұрсам жаманның жалаңдаған өз басына тілі жау...

Қазақ əдеби тілінің тарихы 135

Жаманнан туған жақсы бар адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан туған жаман бар, күндердің күні болғанда,

бір аяқ асқа алғысыз...
Дұспанға беліңді шешіп инанба,
Инантып тұрып өлтірер.

Халық поэзиясын жақсы білген, оған өзі де үн қосқан Шалкиіз
жырау кезі келгенде дайын мақалдарды тілдік материал ретінде
пайдаланып отыр ма, əлде Шалкиіз аузынан сəтті шыққан сөз мар-
жандары, өрелі ой кестесі нақыл болып, кейін халық мақалына
айналып кетті ме? «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық», –
деп Шалкиіз бірінші айтты ма, əлде халық (одан бұрын бол-
са да, əйтеуір халықтың бір өкілі айтты ғой) даналығын дайын
күйінде алып отыр ма, «қырға шықпас» деген түсіп қалып (бұл
жерде ол сөз тіркесі жаманның ынжықтығын, енжар қорқақтығын
күшейтіп тұр), игі сөзі жақсымен ауысып, «Жаманның барынан
да жоғы жақсы» болып қалыптасты ма? Бұл сұрақтарға нақты жа-
уап бере қою оңай емес. Қайткен күнде де Шалкиіз жырау халық
даналығын қастерлеп, ондағы мəнді ойды білдіретін дайын мақал-
мəтелдерді қолданып қана қойған жоқ, кейінгі ұрпаққа мұра боп
қалған көптеген нақылдардың да авторы оның өзі болған деген
тұжырым айтуға болады.

А қ т а м б е р д і ж ы р а у д ы ң : «Қыздың көркі құлпыда,
жігіттің көркі жылқыда!» дегені «Ағаш көркі – жапырақ, адам
көркі – шүберек» деген халық даналығын құр қайталау ғана емес,
дəлдеп, саралап, сахара өміріне лайықтап, кестелі ой өрнегін да-
мыта түскені деп қарауға болады. Немесе:

Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер, –

деген жолдардан қилы-қилы ой аңғарылады емес пе?!
Ақтамберді жыраудың: «Бұлаңдап жүрген жігіттің жо-

март қолын жоқ кесер», – дегені халық даналығына негіз бол-
ды ма? Сол сияқты «Қап түбінде жата ма болаттың асыл сы-
нығы?», «Үмбетай жыраудың: «Қарап жатқан жыланның
құйрығын неге басасың?» немесе «Үйіңдегі ұлың жаман бол-
са, есіктегі құлмен тең, қойныңдағы қатының жаман болса,

136 Қазақ əдеби тілінің тарихы

қаңтардағы мұзбен тең», – сияқты сөздері халық даналығымен
астасып жатқан жоқ па?!

XV–XVІІ ғасырлар ақын-жыраулары тілінің лексикасына
үңілетін болсақ, көпшілік сөздері күні бүгінге дейін қолданылып
келген түсінікті, төл туындыларымыз болып келеді. Қазақтың
халық поэзиясына тəн бұл сөздер айналаға, табиғат дүниесіне,
мал, жан-жануарлар, аң-құсқа байланысты екені көрінеді. Мыса-
лы, тұрымтай, торғай, сұңқар, бүркіт, құлан, торпақ, қасқыр,
тобылғы, бұлт, көл, аспан, айдын, қошқар, бура, айғыр, бұқа,
көктем, жас, мас, торы ат, тобық, теңіз, терек, тышқан,
аққу құс, қиян, күлік, қилы заман, жабы, тұлпар, т.б.; қоғамның
əлеуметтік құрылысына, əлеуметтік топтарына байланысты сөз-
дер: халық, ел, жұрт, кеңес қылу, хан, қарашы, сұлтан, би, бай
ұлы, жамандар, жақсылар, жарлы, т.б.; жаугершілікке байла-
нысты сөздер: жау, дұшпан, топ бастау, қол жауып, қол бастау,
жағасына адам қолы тимеу, т.б.; қару-жарақ атаулары мен соғыс-
қа байланысты сөздер: Тобыршығы биік жай салып, дұшпан ат-
тым; шаһид кештім, жарақшы, сақ етер, жармай білте саларға,
жазылы алтын қол кескен алдаспан, көбе бұзар жебе, дулыға,
қайың оқтың жарқасы, атқан оғын таба алмау, қан жұқпас
қайғы қара болат, жаурынына күшіген жүнді оқ шанышқан,
он екі құрсау жез айыр, садаққа салған бұлындай, шабылмаған
семсер, ерлерден салсам нөкерді, ақ сауыт, алмасын арнап суа-
рып, болат найза, қап түбіне сыймаған қара болат, қанды көбе,
ала балта сияқты сөздер мен сөз орамдары жиі қолданылғанын
көреміз. Əрине, бұл сияқты сөздердің кейбірі тура мағынасында
қолданылып отырса, кейбірі ауыс мəнде, белгілі образды ойды
ұштай түсу мақсатында да жұмсалып отырады. Олардың стиль-
дік мақсатта қолданылуы – өз алдына мəселе. Сондай-ақ кейбір
синоним сөздер сараланып қолданылады, мысалы, жұрт, ел,
алаш, т.б. сөздердің əрқайсысының өзіндік мəні, бояуы айқындала
бастайды. Сонымен бірге кейбір сөздердің көне тұлғалары да
жиі кездесіп отыратыны кейінгі зерттеулерде көрсетіліп жүр1:
қол мағынасындағы ал; дала, жапан түз мағынасындағы жазы;
орау мағынасындағы құрсау; сол сияқты толғау, сақын (сақтан),

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы. 44–53-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 137

ағбыту, тебір, көмбідей ару жалар, нараду, үрмеу, қарындас, игі,
қыршын, т.б. сөздер. Мұндағы сөз тұлғаларынан көне кезең ізін де
байқап қаламыз. Қазіргі қимыл есімі (тұйық етістік) -у тұлғасының
орнына бірде -ар, -ер, бірде -мақ, -мек тұлғалары жұмсалып оты-
рады. Жарақшылар жоқ па екен жармай білте саларға (-салуға,
Доспамбет); Жауға шаппақ (-шабу) не керек (Шалкиіз); Алқалаған
ауыр қолдар тоқтарға (-тоқтауға, Шобан); Елің кеңес құрғанда,
айналып ақыл табарға (-табуға, Жиембет), Қанын ішіп қанбаққа
(-қануға), Жанын отқа салмаққа (-салуға, Жиембет), т.б. Немесе
қосымшалардың сингармонизм заңына бағынбайтын түрі, сөз-
дің көне тұлғасы қолданылғанын да көрсете кеткені жөн: Жел-
ге шашын үрмеген (-үрлетпеген, Доспамбет); Етеклеп (-етек-
теп) жиған көп халқын...; Едігеден туған ұғылдың (-ұлдың)...;
Байлардың мақтанбағы малдан дүр; Арғымақ ару атлар (аттар)
сескенсе; Ойда жатмақ (-жатпақ), ұсар ма! Тоқсанға жасы
жетпей қарымас (-қартаймас); Он сан ноғай бүлген (-бүлінген)
күн (Шалкиіз); Ес білгенден (-білгеннен) Есім хан; Қайрылып
қайыр қылғуға (қылуға). Менің менен (менімен) ханым, ойнаспа...;
Қаланың қасы бүлгенде (-бүлінгенде)...; Толастар мерзім жетпей
дүр (Жиембет), т.б. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгеніндей, -мас-
пын, -меспін тұлғасының орнына -ман, -мен түрінің қолданылуы
ортағасырлық поэзиядан бастап бұл кездегі жыраулар тілінде де,
кейінгі ақындар өлеңдерінде де жиі кездеседі.

3. Кітаби тіл дəстүрі жəне оның қазақ əдеби тілі
тарихынан алатын орны

Əдетте революциядан бұрын жарық көрген жазба нұсқалардың
тілінде қолданылған, бірақ қазақ əдеби тіліне сай келе бермейтін
тілдік құбылыстар, араб, иран тілдерінен енген жалпы халықтық
сипат ала алмаған сөздер, қолданудан шығып бара жатқан кө-
нерген сөздер, көршілес түркі (өзбек, татар, т.б.) тілдеріне тəн
грамматикалық тұлғалар мен тілдік үлгілер «кітаби тіл» деп анық-
талып жүр. Ертерек дəуірлерге жататын жазба тіліміздің сипаты
туралы, əсіресе революциядан бұрын жарық көріп келген кітаптар
мен кейбір қолжазбалар тілі туралы əртүрлі пікір бар. Мысалы,
С.Е. Малов ол кітаптар тілін «кітаби мұсылманша-татарша жар-

138 Қазақ əдеби тілінің тарихы

гон» десе1, академик В.В. Радлов революциядан бұрын қазақтар-
дың өз жазба əдеби тілі болған жоқ, ал қазақша жазылған кітаптар
тілі «шұбарланған қоспа тіл» деп қарайды2. Қоспа тіл деген мұндай
пікірді басқа да ғалымдар, əсіресе қазақ тіл мамандары қуаттайды3.

Ал енді бір топ ғалымдар бұл кезеңдерге жататын жазба
нұсқаларды бір халықтың мұрасы ретінде ғана көрсетіп, олардың
тілін бір-ақ тілге теліп, «көне өзбек (староузбекский) тілі» деп
атайды4. Бұл зерттеушілердін кейбірі XІV–XV ғасырдағы өзбек
тілінің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры (сол
материалдар негізінде) дəл бүгінгі тұлғасында қалыптасқан деп
көрсетеді.

Сөйтіп, тіл мамандарының көпшілігінің айтуынша, қазақ да-
ласында революциядан бұрын шыққан шығармалардың тілі таза
қазақ тілі емес, бірде шағатай тілі, бірде араб-парсы, татар, қазақ
жəне басқа түркі тілдерінің қосындысы болып келеді. Бір жағы-
нан, жазба тілде мұндай тілдік фактылардың орын алып келгенін
дəлелдеп жатудың қажеті жоқ. Сырт қарағанда дұрыс пікір.
Екінші жағынан, тілдің тарихы, қазақ тілінің тарихы, қазақтың
əдеби тілінің қалыптасу тарихы тұрғысынан қарастырсақ, бұл –
сыңаржақ пікір, өйткені «шағатай» немесе «көне өзбек» делініп
жүрген, ал дұрысында «ортағасырлық түркі əдеби тілінде» қазақ
тілінің көптеген элементтері бар. Ол тіл бір тайпаның, болмаса бір
елдің (народность) ғана тілі емес. Негізінен, оны түркі тілдерінен
өзгеше белгілі бір фонетикалық жүйесі бар, өзіндік грамматика-
лық құрылысы бар бөлек тіл дегеннен гөрі жазба əдебиеттегі
т і л д і к д ə с т ү р деп қараған жөн. Қазақ халқының арасында
революцияға дейін жазба əдебиетімізде ол тілдік дəстүр үлкен
орын алып келгені айқын. Халқымыз сүйсіне тыңдайтын көптеген
қиссалардың, жырлардың көбінің, ресми қағаздар, хаттардың осы

1 Малов С.Е. К истории казахского языка // Известия казахского филиала АН СССР,
Отд. литературы и языка, 1941, № 3, стр. 99.
2 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. т. 3. СПб, 1870,
стр. 19.
3 Құрышжанов Ə. «Кітаби тіл» материалдарынан. Қазақ тілі тарихы мен
диалектологиясының мəселелері. 2-шығуы. Алматы, 1960, 73-бет.
4 Боровков А.К. Алишер Навои – как основоположник узбекского литературного язы-
ка. – Сб.: Алишер Навои. М.–Л., 1941, стр. 100–102.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 139

тілдік дəстүрде жазылуы қазақ даласындағы кездейсоқ құбылыс
деп қарауға болмайды. Ал «шағатай тілі» деп аталатын тіл
түркологияда бір-ақ тілдің, өзбек тілі көлемінің тұрғысында ғана
қаралып келеді.

Ескі дəуірдің фактілеріне жүгінсек, шағатай (көне өзбек – ста-
роузбекский) деп аталынатын тіл тек өзбек тілінің мұрасы емес,
сонымен қатар қазіргі Орта Азия, Қазақстан жерлеріндегі біраз
халықтардың мұрасы, ортақ дəстүрі екенін байқауға болады. Осы
шағатай немесе көне өзбек деген терминдерді кейінгі зерттеушілер
енгізді, ал дұрыстығында ол шығармалардың авторлары өздері
жазып отырған тілді «т ү р к і » немесе «т ү р к и » тілі деп атап
отыратындықтарын айта кету керек. XІV–XV ғасырлардың
ақындары Атаи, Саккаки, Лутфи, тіпті Алишер Науаи да, одан
кейінгі ақын-жазушылар да өз шығармаларын т ү р к и тілінде жа-
зып отырмыз деген, демек, ол шығармалардың тілі де түрки тіл.
Мысалы, Лутфидің «Гүл уа наурыз» поэмасының басында былай
дейді: «Гүл уа наурыз эфсанысын сал (яғни аңызын жырла), Айт
ол қиссаны түркі тілінде»1.

Əбілғазы Баһадұрхан өзінің, шығармасының тілі туралы былай
дейді: «Бұл тарихты йақшы уа йаманның баршалары білсін деп
түрки тілімен айттым. Түрки болғанда сондай, түсінікті де жеңіл
сөздермен жаздым, тіпті бес жасар бала да түсінеді»2.

Жалпы осы күнге дейін Рабғузидің «Қисасс-үл-Əнбиясы»,
Бабурдың «Бабурнамесі», Абулғазының «Шежре-и-түркиі», т.б.
көптеген көне мұралар халық арасына «түрки шығармалар» де-
ген атпен таралып келді. Бұлай аталудың себебі де жоқ емес.
«Түрки» тілінде жазылған шығармалар түркі халықтарының
қай-қайсысына болса да түсінікті, орфографиялық жағынан бол-
сын, грамматикалық жағынан болсын біршама қалыптасқан, дəс-
түрі бар еді. «Кітаби тілдің де өзіне тəн, белгілі нормасы бар.
Сондықтан жазу тілінде бұл стильде Абай заманынан басталған
жаңа əдеби тілмен қатар белгілі бір дəстүр бойынша қалыптасып,

1 Қараңыз: Артомашина В.Е. Условия формирования и некоторые особенности языка
среднеазиатских поэтов-предшественников А. Навои. – В кн: Тюрко-монгольское
языкознание и фольклористика. М., 1960, стр. 8.

2 Абулғазы Баһадурхан. Шежіре-и-түрк. Қазан, 1824, 23-бет.

140 Қазақ əдеби тілінің тарихы

көне түркі тілінің ізі бойынша жазылып, Қазақстан топырағында
Октябрь революциясына дейін қолданыс тапқаны айқын.
Сондықтан «кітаби тіл» қазақ халқы жақсы түсінетін, бұқараға кең
тараған тіл болды»1, – деген пікір айтады Ғ. Мұсабаев. Сонымен
қатар «Ол жыл өткен сайын жаңарып, ішінара өзгеріске ұшырап
отырған»2, кейбір элементтері нормаланып, əдеби тілдің қажетіне
сай қолданыс тапты да, кейбір тұлғалар мен жекеленген сөздер
мүлде ескіріп қалып отырды. Қазақ тілі тарихында, соның ішінде
қазақтың əдеби тілі тарихында кітаби тіл деген ұғымның орны
анықталмай жүргендігі, біріншіден, ол туралы тұрақты пікірдің
əлі болмай келгендігінде болса; екіншіден, XІX ғасыр мен XX ға-
сырдың бас кезіндегі діни мистикалык сарында жазған ақын-
жазушылар осы дəстүрді құрал етіп, шығармаларын осы тілде
жазды. Ол ақын-жазушылар өз шығармаларын халық арасына кең
таратып, олардың халық арасында беделін арттырып, «қасиетті»
шығарма қатарына қосу мақсатымен бұрыннан келе жатқан көне
жазба дəстүрді өз мүдделері үшін барынша пайдаланып бақты.

Зерттеуші əдебиетші болсын, тілші мамандар болсын ол жа-
зушылардың творчествосы мен тілін зерттей келіп, ақын-жазу-
шылардың көзқарасын, идеясын сынап келгені мəлім. Сөйтіп
сол жазушылардың тілі де сынға ілініп отырды. Тіпті кейбір
зерттеушілердің еңбегінде жазушы творчествосы, тіпті жазушы
тілі сыналмай, жалпы кітаби тіл дəстүрінің сыналып отыратыны
да кездеседі.

Революциядан бұрынғы жазба тілді қазіргі сөйлеу тілімен,
болмаса бүгінгі таңдағы əдеби тілмен салыстыру, сөйтіп, тілдің
даму процесін, баю жолдарын айқындамай, арадағы алшақтықты
ғана көрсетіп, одан жатсыну – мəселенің дұрыс шешілуіне пайда
тигізбесе керек. «Тіл қоғамдық құбылыс» болғандықтан дамып,
өзгеріп отыруымен қатар жазба тілдің шығуымен байланысты
туған жалпы халықтық тілдің екі үлкен саласы: сөйлеу тілі меп
жазба тіл əр уақыт бірдей болмақ емес, бірін-бірі толықтырып оты-
рады. Қай кезеңнің тілін зерттесек те, сол кезең тұрғысынан қарап,
пікір айту керек. Демек, кітаби тіл дəстүрі мен XІX ғасырдағы

1 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
2 Құрышжанов Ə. «Кітаби тіл» материалдарынан. 74-бет.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 141

мистикалық сарында жазған ақын-жазушылардың тілін бір деп
қарауға əсте болмайды. Кітаби тіл дəстүрі – ол жазушылардың
өзінен бұрын қалыптасқан тілдік дəстүр. Тек соңғылары кезінде
оны пайдаланып қалды, өйткені тілді жеке адамдар жасамақ емес.
Тіл – бүтін халықтың тарихымен тығыз байланысты тарихи кате-
гория. Олай болса, жеке жазушылардың тілі, идеялық бағыты мен
«кітаби тіл» деген ұғымдарды шатастырмау керек.

Демек, кітаби тіл дəстүрі сөз болғанда, көбіне қазіргі əдеби
тіл нормасына сай келмейтін лексикалық, фонетикалық, грамма-
тикалық ауытқулар айтылады. Олардың көбі көненің қалдығы,
бөтен тілдердің əсері сияқты тілдік элементтер болып келеді. Бұл
жерде мынадай нəрсені де естен шығармаған жөн. Ол – көне мен
жаңаның жымдасып келуі. «Кітаби тілдің негізі – көне; түркі тілі,
ол қазақ халқына жат тіл емес», кітаби тілдің дəстүрі тым ұзақтан
келеді1.

Көрнекті түркологтардың жасаған түрік тілдерінің классифи-
кациясында қазақ тілі тарихи даму тұрғысынан қарағанда, ең жаңа
түркі тілдеріне жатады. Оның жаңалануының өзі – тым көнелігі.
Соның өзінде қазақ тілінің тəнінде көнеден қалған «көздер» (руди-
мент), тілдік көне элементтер өте көп кездесетіні өткен тараулар-
да көрсетілді де.

XІX ғасырға дейінгі жазба мұралар тілінде белгілі бір ортақ-
тық, ортақ дəстүр барлығы анық байқалып отырғанымен, ол жазба
мұралардың көнелері жазылу мерзімі жағынан қазақ жұртының
өз алдына халық болып, ел болып, мемлекет құрағанға дейінгі
кезеңдеріне жатады. Өйткені тарихшылардың көрсетуінше, қазақ
халқының жеке этникалық топ ретінде бөлініп шығып, қалыпта-
сып, ел болып тарих сахнасына келуі, жеке мемлекет құру дəуірі –
XІV–XV ғасыр. Ал қазақ халқының ел болып, халық болып
қалыптаспай тұрған кезінде, яғни əлі халық жоқ кезде, оның əдеби
тілі қайдан болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін.

Бірақ мына нəрсе ескерілмей жүр. Қазақ халқы белгілі ру-
тайпалардан құралған. Осы күнге дейін қазақ деген этнонимнің
шығу тарихы белгісіз. Ол туралы əртүрлі жорамал бар екені
белгілі. Қайткен күнде де бұл атау қазақ халқының құрамына ен-

1 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962, 165–166-бб.

142 Қазақ əдеби тілінің тарихы

ген ру-тайпалармен байланысты болуы керек. Ол ру-тайпалардың
көбінің XІV ғасырға дейінгі əр кезеңде тарихта аты қалған, кейде
мемлекеті болған үлкен этникалық топтар, іргелі ел екендігі мəлім.
Олардың қалдырған жазба мұралары да бар еді. Жалпы түркі деп
аталатын əдеби тіл қайткенде де оларға да ортақ болған. Олай бол-
са, олардың ұрпақтары үшін ол жазба мұралар, оның тілі жат бо-
луы керек пе?

Екіншіден, қазақ халқы XІV–XV ғасырларда құралып, қалып-
таса бастады дегенімізбен оның ар жағында бұл халықтың қалып-
тасу тарихы жоқ деген пікір тумайды. Қашан да үлкен бір халық,
жоқ жерден туа салмақ емес қой. Қазақ халқының қалыптасқан
кезінде қазіргі ру-тайпалардың көбі-ақ қазақ халқының құрамын-
да болмауы, оған кейін біртіндеп енуі мүмкін, сонымен бірге кей
жағдайда олар қазақ əдеби тіліне кейбір өзгерістер де ала келуі
ықтимал.

Егер осыны мойындасақ, яғни қазақ халқының XІV ғасырға
дейін де қалыптасу дəуірі бар десек, оның əдеби тілі тарихының
осындай қалыптасу дəуірін жоққа шығаруға болмайды. Əрине, бұл
дəуірлер, оның жазбалары – көптеген қазіргі түркі халықтарының
ортақ дəуірлері, ортақ мұралары.

Ортағасырлық дəуірдегі жазбалардың тілінен қазіргі қазақ
əдеби тілінде тілдік жаңа элемент болып саналып жүрген
құбылыстардың қалыптаса бастағанын да байқаймыз.

Ортағасырлық жазба ескерткіштер («Гүлстан бит-түрки», «Ко-
декс куманикус», мəмлүк Египетіндегі жазбалар, т.б.) тіліндегі
жаңа тілдік құбылыстар жоғарыда аз-кем сөз болды. Соған қоса
XІV–XV ғасырдың жазба ескерткіші болып саналатын «Китаб
аттуһфа-уз закийа фил-луғат-ит түркийа» («Түркі тілі туралы
жазылған ерекше сыйлық кітабы») атты шығарманың тілі жайын-
да мына бір деректі келтіре кету қажет:

«Аттуһфаның» фонетикалық ерекшеліктері қазақ тілінің қа-
зіргі əдеби тілінің фонетикасымен бірдей келеді. Мысалы, сөз
соңындағы ғ-ның түсіп қалуы сары (сариғ емес); сөз соңында
келетін ерін дауыстыларының орнына езу дыбысын пайдалану
улы (улу емес); сөз соңындағы ғ-ның орынша у-дың айтылуы тау
(тағ емес), сондай-ақ «Аттуһфада» біржола ауысып үлгірмесе де ч

Қазақ əдеби тілінің тарихы 143

орнына көбінесе ш қолданылған: шөлмек (чөлмек емес), шуберек,
шыбын, шімен, шіркін, т.т.»1 .

Жазба тілдің өзінде ауызша тілдің əсерімен осындай тілдік эво-
люцияны байқайтын болсақ, сонымен бірге жоғарыда көрсетілген
қос тілдік құбылыс деп атауға негіз болған екінші тілдік процесті,
ортағасырлық жазба тілдің дəстүрлерін, əсіресе орфографиялық
дəстүрлерін берік сақтап, қазақ тілі табиғатында əрі қарай дамы-
ған кітаби тіл дəстүрінің, екінші əдеби тіл, жазба əдеби тіл болып
қатар өмір сүріп келгендігін де көрсете кеткен жөн. Бұл ыңғайда
жоғарыда Абай шығармаларынан алынған бір сөйлемді ұсын-
ған едік. Орайы келгенде бұл жерде Махамбет Өтемісұлының
1839 жылы жазған бір беттік хатының кейбір тілдік ерекшелікте-
рін ескерте кетейік: «1. Сөз басында ж дыбысы жүйелі түрде й
əрпімен берілген. 2. Қазіргі əдеби тілімізде с дыбысы келетін орын-
дарда (мағынаға нұқсан келмейтін жағдайда) ш əрпі жазылған.
3. «Де» етістігі мен одан туындаған етістік формаларында сөз
басындағы д орнына т əрпі жазылған. 4. Кейбір сын есім сөздері-
нің соңында г, ғ, к, қ дыбыстары сақталып отырған. 5. «Бол» етіс-
тігі кей жерде «ол» түрінде, мен есімдігі бен түрінде ұшырайды.
6. Еді етістік формасы жүйелі түрде ерді түрінде келеді. 7. Түбірге
қосымша қосылғанда қазіргідегідей үндестік заңы сақталмай, қо-
сымша көбінесе бір тұлғада жалғанған. 8. Араб-парсы тілінен ен-
ген сөздер көп жағдайда өздерінің, о бастағы тұлғаларын сақтап
жазылған»2.

Бұл не? Тілдің кері бағытта, көнеге қарай қайта дамуы ма?
Əлде ортағасырлық түркі тілінде жазылған дүние ме? Əрине, жоқ.
Көне жазба дəстүрді бұзбай, соның негізгі талаптарын сақтай оты-
рып қазақ тілінде жазу болып табылады. Жəне бұл – бірлі-жарым
ғана кездесетін кездейсоқ құбылыс емес, қазақтың жазба əдеби
тілі тарихынан белгілі орын алған Октябрь революциясына дейін

төл əдеби тілмен қатар өмір сүріп келген тілдік құбылыс.

Соңғы кезде XV ғасырдан бастап, яғни қазақтың хандық дəуі-

рінен бері қарай үзілмей келе жатқан əдебиет барлығы айқын-

1 Арынов Т. «Китаб аттуһфа-уз закийа фил-луғат-ит туркийа» лексикасы туралы
бірер сөз // Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы, 1981,
168-бет.

2 Əбілқасымов Б. Қазақтың жазба əдеби тілінің тарихына қатысты кейбір мəселелер
жайында // Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары, 129–130-бб.

144 Қазақ əдеби тілінің тарихы

далып, ақындардың шығармалары табыла бастады. Бұл факт қазақ
халқының жеке халық болып бөлініп, қалыптаса бастаған шағы-
нан бастап, бұрынғы жүйелі дəстүрі бар көне жазба тіл мен сөйлеу
тілі жəне сол жазба тілдің негізінде жаңа көркем шығарма тілінің,
поэзия тілінің іргесі қаланып, қалыптаса бастағанын көрсетеді.

Бұдан былайғы жерде қазақ əдеби тілінің тарихында өзіндік
ерекшелігі бар кезеңдер болды. Сөйлеу тілдің негізінде қалыптаса
бастаған жаңа поззия тілімен қатар көне дəстүрлі ортақ түркі
əдеби тілі де қазақ əдеби тілі тарихының сахнасынан мүлде кетіп
қалған жоқ. Жазба мұралардың көпшілігі-ақ сол ортақ əдеби тілде
жазылып, жалғастылық тапты. Мысалы, Қадырғали Қошымұлы
Жалаиридің1  «Жамиғ-ат-тауарихы», Əбілғазы Баһадурханның
«Шежіре-и-түркиі», XVІ–XІX ғасырлар арасында жазылған əр-
түрлі ресми қағаздар, документтер2  осы ортақ тілдік дəстүрді
толық пайдаланып жазылған. Бұл сияқты қос тілділік кейінгі ке-
зендерде де, тіпті XX ғасырдың басына дейін қазақ қауымында
орын алып отырды. Бір кезеңдерде ол екеуінің алшақтығы ажы-
рай түссе, енді бірде жақындай түсті. XІX ғасырда Абай, Ыбы-
рай негізін қалаған жаңа əдеби тіл де осы сияқты əртүрлі тілдік
дəстүрдің жақсы жақтары мен жалпы халықтың сөйлеу тілінің
сұрыпталуы мен сымбатталуы негізінде қалыптасты. Демек,
«кітаби тіл» деп аталып жүрген жазба дəстүр – ортағасырлық
дəуірде жасалған үлгі. Бұл дəстүрдің басты ерекшелігі сөздердің
көне тұлғаларын, көптеген түркі тілдеріне ортақ формаларды
барынша сақтауында еді. Сондықтан да сөйлеу тілінен шығып
қалған көне тілдік элементтер əр кезеңдегі жазбалар тілінде қайта
жаңғырып қолданылып отырылды.

«Кітаби тіл» дəстүрі тек көне түркі тілінің қалдықтарымен ғана
шектелмейді. Сонау ІX–X ғасырлардан бастап XX ғасырдың басы-
на дейінгі тарихтың ұзақ сонарында жөнді-жөнсіз ауысып келген
араб-парсы сөздерінде де белгілі бір көлемде кітаби тіл шеңберінің
бір бөлігін қамтитын. Өйткені ерте заманнан бергі түркі тілдерінің

1 Москвада, 1598–1600 ж. Борис Годуновтың құрметіне арнап жазған. Жамиғ-ат
тауарих. И.И. Березин. Библиотека восточных историков. Казань, 1854; Абулғазы
Баһадурхан. Шежіре-и түрік. Казань, 1824.
2 Материалы по истории Казахской ССР. т. ІV. М.–Л., 1940.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 145

табалдырығын аттаған араб-парсы сөздерінің бəрі бірдей қазақ
тіліне толық сіңісіп, жалпы халықтық қолданыс тауып кете алған
жоқ. Міне, осылардың кейбірі де жазба мұраларда ғана аракідік
қолданылып, кітаби тіл шеңберінде қалып қойды.

Қазіргі қазақ тілінде «кітаби тіл» деген ұғымды осы ыңғайда
анықтап, əдеби тіл тарихынан тиісті орнын беру керек, өйткені
əдеби тілді дамытуда, байытуда оның белгілі үлесі бар. Кітаби
тіл дəстүрі XV ғасырдан былайғы жерде қазақ халқының мəдени
өндірісінің бір көрінісі болып табылатын əртүрлі жазбалар тілін
құрау қызметін атқарумен бірге кейінгі кездегі əдеби тіліміздің
қажетін өтеуте жарады, əдеби тілден тұрақты орын тепкен көптеген
жаңа сөздердің, грамматикалық тұлғалар мен конструкциялардың
жазба кітаби тіл арқылы келгендігі байқалады.

Сөйтіп «к і т а б и т і л д ə с т ү р і» деген тілдік құбылысты
мына ыңғайда түсіну қажет:

1. Жалпы халықтық сипат ала алмаған, белгілі бір кезеңдерде
жазба тілде, кейде жекелеген шығарма тілінде қолданылған араб-
парсы сөздері мен формалары, туыстас халықтардың тілдерінен
кездесетін кейбір жеке сөздер мен грамматикалық формалар.

2. Сөйлеу тілінде қолданудан шығып қалған көне тіліміздің
қалдықтары. Бұл топқа ортағасырлық түркі тілінің қалдықтары
ғана емес, сонымен қатар жалпы көне түркі тілінде бір кезде дер-
бес қолданылып келген, ал кейінгі шақта белгілі бір шығарманың,
болмаса белгілі дəуірлердің жазба тілінде ғана кездесетін жеке-
леген сөздер мен көне формалар жатады.

3. Сонымен қатар кітаби тіл сөз болғанда, жазу, орфография-
лық дəстүр де айтылуы тиіс. Əсіресе қазақ тіліне тəн дыбыс
үндестігінің ескерілмеуі ерекшелігі бірден байқалады. Көптеген
туыстас түркі халықтары (қазақ, өзбек, татар, қырғыз, т.б.) араб
алфавитімен бірдей жазып, бірақ əр халықтың тілінің ыңғайына
қарап əртүрлі оқылатыны кімге де болса аян. Демек, кітаби тіл –
грамматикалық жағынан көптеген түркі халықтарына ортақ дəс-
түрі бар тіл.

Оның негізгі орфографиялық ерекшеліктері, дыбыс үндестік
заңының сақталмауы, сөздің көне, жалпы түркілік ортақ тұлғасы
түрінде жұмсалу тенденциясы – XX ғасырдың басына дейін қазақ
əдеби тілінің жазба түрінде қолданылып келді. Мұның басты

146 Қазақ əдеби тілінің тарихы

себебі – түркі тілдерінің жақындық, ортақтық қасиетін сақтау бол-
са керек. Мысалы, «Айқап» журналының редакторы Мұқамеджан
Сералин «Емле мəселесі» атты мақаласында алфавит пен емле
мəселелері халықтың мəдени өмірінде, дамуында үлкен орын
алатындығын көрсете келіп, бұл мəселеде мынандай принцип
ұсынады: «Екінші, хəріф жаңа əліфбе жұртты қосуға да, айыруға
да себепкер болғандықтан, біздің тұтынған хəріфіміз басқа түрки
балаларының хəріфтерінен ұзақтап, бөлініп кетпеске тиіс»1.

Міне, кітаби тіл дəстүрі деген ұғымды осы тұрғыдан осындай
топтарға бөліп қараған тиімді болар еді, сонда ғана көне түркі,
ортағасырлық түркі тілдері мен қазақ тілінің қарым-қатынасы
ашыла түседі, қазақ əдеби тілінің жазба түрінің қалыптасып, даму
тенденциясы айқындалады.

4. Ортақ түркі дəстүріндегі
жазба əдеби тіл нұсқалары

Міне, осындай сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан поэзия
тілімен бірге ортағасырлық түркі жазба дəстүрін сақтап келген
жазба əдебиет тілі де Октябрь революциясына дейін қатар өмір
сүріп келді. Бұл ерекшеліктерді Қадырғали Қошымұлы Жа-
лаиридың «Жамиғ-ат тауарих» (1598–1600 жылдары), Əбілғазы
Баһадурханның «Шежіре-и түрік» (1640 жылдары) атты шығар-
малары мен əртүрлі хан жарлықтары, қатынас қағаздарының тілі
анық байқатады2. Мысалы, бірлі-жарым жерде ғана болмаса, сөз
басында қазақ тілінің ерекшелігіне байланысты ж келетін жер-
де ол й болып беріледі: йол, йігіт, йапырақ, йахшы, т.б. Əрине,
ж дыбысының да қолданылуы кездесіп отырады: жабғу, жан,
жайық, жауап, т.б. Ж дыбысының орнына й дыбысының қол-
данылуы, сөз жоқ, кітаби тіл дəстүрінің əсері. Сондай-ақ кейбір
сөздердің көне тұлғаларында жұмсалуы (мысалы, тағға – тауға,

1 «Айқап». 1914, № 4, 56-бет.
2 Бұған байланысты мына əдебиетті қараңыз: Қордабаев Т. Тарихи синтаксис
мəселелері. Алматы, 1964; Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мəселелері.
Алматы, 1975; Сыздықова Р. Қадырғали Жалайыридың «Жамиғат-тауарих» атты
шежіресі тілінің зерттелу жайы // Қазақ ССР ҒА-ның Хабарлары, тіл-əдебиет серия-
сы. 1979, №1.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 147

тігді–тиді, йағмұр–жаңбыр, йағар–жауар, т.б.) да осы пікірді
жандандыра түседі. Бір мысал «Иағмұр айндан хақның фэрма-
ны білэн йағар ол сэбэбдин барчэ халықғэ ғадилиң тигэр йағмүр
мысаллық. Затың мысал айға ұхшар, айдын мүрад барча ғалам
ічіндэ жануарға йарұқлығы тигэр, сенің барча ічіндэ ықсаның
тигэр сеһурал қылыб. Йарұлқауың теңізгэ ұхшар, теңіз мұрад ол
тұрур дария турур, дария суын һичким ерсэ ічіб түгэтэ алмас».

Жазба тілде кітаби тіл дəстүрінің мықтап орын алғанып көр-
сететін фактіге қосымшалардың қазіргідей дыбыс үндестігіне
байланысты вариантталып келмей, сөздің соңғы дыбысы қатаң
не ұяң, не үнді я дауысты дыбысқа бітуіне қарамастан бірдей
жалғана беруі де көрсетеді. «Жамиғ-ат тауарих» тілінде сөз туды-
ратын -лық, -лік (кейде -лұғ, -лүг тұлғасында да келіп, əрі зат
есім, əрі сын есім тудыра береді), -лы, -лі жұрнақтарының қазіргі
қазақ тіліндегідей -дық, -дік, -тық, -тік жəне -ды, -ді, -ты, -ті
варианттары кездеспейді: дұшпанлық қылды, достлық етішді,
иігітлікде өлді, ғадиллық етэргэ сэңэ лайық, екі мың атлығ би-
лэн қарауыл қойды, тағлы-ташлы йер, Мэскэу атлығ шаһар,
көріклүк хатұн, т.б. Көптік жалғау көрсеткіші де (-лар, -лер
жəне -лэр) жуан-жіңішкелігін есептемегенде бір вариантты бо-
лып келеді: қарындашлар, беклэр, төрт хатұнларының бірі ол
ерді, ғадатлары ол тұрұр, т.б. Мұндағы көптік жалғауының бір
ерекшелігі 3-жақта тұрған етістік тұлғаларына да жалғана береді:
Уа бұ мағұллар аслы екі бөлэк болұб өттілэр. Эгэр күнаһ етсэ-
лэр..., т.б. Көптік жалғауының бұндай қолданысы қазіргі қазақ
тіліне тəн емес, тек етістіктің 2-жақ көпше түрінде ғана кездеседі
(келдіңдер, барыңыздар, көрсеңдер, т.б.), кейбір түркі тілдерінде
(мысалы, татар) бар.

Дыбыс үндестігіне байланысты осындай ерекшелікті септік
жалғауының жалғануынан да байқаймыз. Мысалы, ілік септік
көрсеткіші -ның, -нің, -ниң (Қоңғыратның падшаһы ерді), табыс
септік -ны, -ні, -н (хатынны алды, сөзні көб білгэй), шығыс септік
-дын, -дин (төрт ұғылдын бірісіні тілэді, қауымдин ерділэр).

Соған қарамастан кейбір қосымшалардың жалғану ерекше-
ліктеріне қарағанда бұл кезде дыбыс үндестігінің əсері болған,
сөйлеу тіліне тəн дыбыс үндестігінің əсері бірлі-жарым кездесіп
те қалады, бірақ жазба кітаби тіл дəстүрінің əсері мықты болып,

148 Қазақ əдеби тілінің тарихы

ол ескеріле бермеген деген пікір айтуға болады. Мысалы, барыс
септік жалғауы -ға, -ге, -на, -не, -а, -е-мен бірге -қа, -ке түрінің
қолданылуы (халқың сенің сая дəулэткэ ұхшар, гадлың сенің
бұлтқа ұхшар, ұруш қылмақгэ қауым меркітке йіберді), жатыс
септіктің -да, -де (-дə) түрімен бірге қатаң дыбысқа аяқталған сөзге
бірлі-жарым болса да -та, -те жалғауының жалғануы (төрт йақ-
та, əууел башта), өткен шақ тұлғасы -ды, -ді, кейде -дұ, -дү фор-
маларымен бірге қажет жерде -ты, -ті вариантының қолданылуы
(уалаятларда аты–чауы чыкты, бұл мағуллар ұлұсы екі бөлек
болұб өттілэр) осы пікірімізді дəлелдей түседі.

Осы сияқты тілдік ерекшеліктер Əбілғазы Баһадурханның
«Шежіре-и түрік» атты шығармасы, əртүрлі қатынас қағаздары,
документтер тілінен де байқалады. Мына екі үзінді мысалды
салыстырсақ та жеткілікті. «Ғақыллы уа мағырифатлы кіші еді.
Яхшы уа яман халық баршасы келгендин соң, ол Оғуз хандан
қалған уалаятлар, уа еллэр, уа өлік һэм тірік маллар баршасы бұ
айтқан падшаһ задаларның ұлұғына ұлұғша уа кішісіне кішіше
берді. Бу йігірмэ төрт ұғыл нехахлы хатұнлардын еді» (Əбілғазы
Бахадұрхан, Шежіре-и-түрік, 17-бет) жəне «Орал йуртындағы
башқүртлар да бұзылуб шыққанлардұр. Аны да күш-қуатыңыз
бірлэн алғаныңыз йоқдұр. Біз өзіміз оқ қайтаруб йібэргэнміз.
Бізнің ол йақшылық ішлэріміз де ұнұт болуб тұрадүр. Иана ан-
дын башқа Торғауыт қалмақ қолыңыздын босаб кетді. Аны да
қуатыңыз бірлəн жетүб алғаныңыз йоқдұр» (Материалы по исто-
рии Казахской ССР. т. ІV. М.–Л., 1940, стр. 98).

Əбілғазының «Шежіре-и-түрік» атты шығармасы XVІІ ғасыр-
дың бірінші жартысына жатса (1640 жылдар), үзінді келтірілген
Ералы сұлтанның полковник Д.А. Гранкинге Нұралы хан мен
Айчуақ сұлтанды босату туралы хаты 1784 жылдың 4 авгусында
жазылған.

Қадырғали, Əбілғазы шығармаларының жəне хаттың тілінде
ортақ құбылыстар көп-ақ. Тіпті бір стильде, бір тілдік дəстүрде
жазылған, бір-бірінің жалғасы іспеттес. Бəріне де жəне кейінгі
кезеңдердегі жазбаларға, ресми іс-қағаздар тіліне де ортақ тіл-
дік ерекшеліктер деп сөз басында ж дыбысының орнына й бо-
лып келуін (йаман–жаман, йоқ–жоқ, йахшы–жақсы, йібэр–жі-
бер, т.б.), с дыбысының орнына ш дыбысының, ш дыбысының ор-

Қазақ əдеби тілінің тарихы 149

нына ч дыбысының (иш–іс, йахшылық–жақсылық, башқа–басқа,
ичуб–ішіп, ичиндэ–ішінде, барчо–барша, т.б.), қосымшалардың
дыбыс үндестігіне байланысты вариантталып жалғануының сақ-
талмауын, сөздің көбіне көне түрінің қолданылуын (тигди–тиді,
көмекші етістіктер тұрұр–тұр, эрди–еді, ұғұл–ұл, ұлұғ–ұлы,
өлүк–өлі, тирик–тірі, аны–оны, аның үчүн–сол үшін, бірлан, би-
лан–мен), шығыс септік жалғауы кейде -дын, -дин тұлғасында
келуін, есім баяндауышқа да, етістік баяндауышқа да дүр сөзінің
тіркесуін, арабизм, парсизмдердің жиі қолданылуын көрсетуге
болады. Əрине, бұл сияқты тілдік құбылыстардың қолданыл-
уында əрдайым бірізділік сақтала да бермейді. Кейде осылармен
бірге сөздің жаңа, кейінгі тұлғасы да қолданылып отырады. Тіпті
бір кезеңде, бір жолда жазылған қатынас қағаздарының тілінде
эрді де, эді де, киши де, киси де, т.б. кездесіп отырады. Бұлай болу,
біріншіден, жазған адамның сауаттылығына, кітаби тіл дəстүрін
қаншалықты сақтай алу қабілетіне байланысты болса, екіншіден,
ауызша сөйлеу тілінің, сөйлеу нормаларының да əсерінен деп
тұжырымдауға болады.

Сондай-ақ бұл кездегі жазба нұсқалар («Жамиғ-ат-тауарих»
болсын, «Шежіре-и түрік» болсын, əртүрлі қатынас қағаздары
болсын) тіліндегі жазба кітаби тіл дəстүрінің əсері дыбыс үн-
дестігінің сақталмауынан ғана емес, сонымен бірге жекелеген сөз-
дердің көне тұлғаларының, əдеби тілден орын ала қоймаған араб,
иран тілдерінен келген сөздердің көбірек қолданылуларынан
да байқалады. Мысалы, қазіргі ұқсату, салыстыру, теңдестіру
мағынасындағы -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағының -тағ, -тэг,
-дағ, -дэг түрінде қолданылуы, та, уа, һəм, лэкин, аның үшін,
ким, т.б. шылаулардың жұмсалуы осыны көрсетеді. Бұл дəстүр
кейінгі кезеңдердегі жазба тілде де барынша сақталып, жалғасып
келді.

5. Халық ауыз əдебиетінің тілі жəне
оның əдеби тілге қатысы

Халық ауыз əдебиеті деген ұғымға сол халықтың өзімен бір-
ге жасасып, ұзақ заманалар бойына ұрпақтан ұрпаққа ауызша
жетіп, авторлығын жоғалтса да, ұмытылмай, ескірмей, халық

150 Қазақ əдеби тілінің тарихы

сана-ұғымында үнемі ұсталып, жетіліп, шыңдала түсіп отырған
əдебиет туындыларын жатқызамыз. Олар бірнеше түрге бөлінеді,
əрқайсысының жанрлық, тілдік жағынан пайда болуы, шығу
мерзімі, дамуы, халық ұғымында толық сақталып қалуы жағынан
өзіндік ерекшеліктері бар. Халық ауыз əдебиетінің түрлері болып
саналатын мақал-мəтелдер, ертегілер, əртүрлі аңыз əңгімелер,
шешендік сөздер, халық арасында əр алуан тақырыпқа шығарылған
өлеңдер, батырлар жырлары мен лиро-эпостық жырлар, тұрмыс-
салт жырлары, айтыс өлеңдер бір қатарда қарала ала ма? ХV–
XVІ ғасырлардан былайғы жерде халық ауыз əдебиетімен бірге,
бірақ одан едəуір өзгеше, «индивидуалдық творчество» сипаты
бар, авторлы «профессионал əдебиет»1 қатар өмір сүріп келсе,
олардың арақатынасы да ерекше болып келді. Яғни ауыз əдебиеті
нұсқаларының кейбірі сол авторлы поэзиямен өте жақын, бірі
екіншісінің тікелей жалғасы сияқты болып отырса, кейбіреулерінің
алшақ екенін байқаймыз. Айталық, ауыз əдебиетінің өзіне тəн
белгісі деп, біріншіден, авторының белгісіз болуы, бір кезде авто-
ры болып, кейін біржола ұмыт болуы, екіншіден, ұрпақтан ұрпаққа
ауызша жететіндіктен көп вариантты болып келуі, үшіншіден,
кейбір қалыптасқан дағдылы сөздер, тіркестер мен сөйлемдер
ортақ болып, бір шығармадан екінші шығармаға сол күйінде ауы-
сып, көшіп жүруі, төртіншіден, ауыз əдебиетінде бірнеше өнердің
бірлесе көрінуі, өнер синкретизмі, яғни ақындық, жыршылық,
өнер, əн-күй əуені, орындаушылық қабілеті көрсетілсе2  де ауыз
əдебиеті түрлерінде бұлардың қасиеті бірдей емес. Мысалы,
ертегілердегі варианттылық пен батырлар жыры, лиро-эпос жыр-
ларындағы варианттылықтың аты ұқсас болғанымен, сипаты,
қасиеті мүлдем бөлек-бөлек. Ондағы сөз қолданудың тұрақтылығы
да өзгеше. Батырлар жыры мен лиро-эпос жырларының ауыз
əдебиетіне тəн қасиеті оларды ауыз əдебиетінің басқа түрлерімен,
мысалы, ертегілер мен аңыз əңгімелерден гөрі жазба əдебиетке
дейін өмір сүріп келген авторлы поэзиямен жақындастырады.
Оларды жақындататын бір ерекшелік – олардың дүниеге келу
мерзімі, Ноғайлы заманының ар жақ, бер жағы. Сондықтан да

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы. 12–13-бб.
2 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1974, 8–9-бб.


Click to View FlipBook Version