The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by malika.abdresheva, 2020-11-25 00:45:16

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 401

Есімді меңгерудің басыңқы компоненті көбінесе сын есім, не
субстантивтенген есім сөз болып келеді. Ол осы берілген мысалдан
да айқын көрінеді (басқа, мұқтаж, қажет, тыс). Бұл тіркестердің
кейбірі ана тілімізде бұрыннан қолданылып келе жатқан (мысалы,
тамақтан басқа, бізге қажет тəрізді тіркестер), кейбірі бар үлгінің
негізінде басыңқы сөз жаңа сөзбен тіркес құрайды, енді бірде орыс
тілінің əсері арқылы жаңа тіркес жасайды. Сəулеге мұқтаж – жаңа
туынды, бірақ тілімізде малға мұқтаж, дүниеге мұқтаж сияқты
тіркестер қолданылып келді. Əрине, оның құрылымында орыс
тілінің əсері де жоқ емес (необходимость в свете). Мұқтаж сөзі,
негізінен, нақтылы заттың атымен тіркеседі, ал сəуле, ауа сияқты
сөздермен тіркесуі – орыс тілі тіркесінің нəтижесі. Сəулеге немесе
ауаға мүқтаж деген тіркестер – қазақта бұрын қолданылмаған
тіркестер. Ал, партиядан тыс деген тіркестің құрылымы жағынан
да, құрамы жағынан да орыс тілінің əсері екені даусыз.

Совет дəуірінің алғашқы жылдарындағы мерзімді баспасөз
тілінен аралас (комбинированное) меңгеріле байланысқан сөз
тіркестері де белгілі орын алады. Басыңқы сөз көбінесе ойдың
предикаты болып, есім жəне бол, қыл, е, сал, ал, шығар, жаса
тəрізді көмекші етістіктерден құралады. Бұл күрделі басыңқы
сөз іліктен басқа септік жалғауының қай-қайсысын болса да
меңгере алады. Мысалы: Аспанға да біз ие боламыз (ЕҚ, 30 июль,
1923). Жаңа барлық ұйымға жазылған мүшелердің тажриба үшін
жилысын жасатыб, жинылысқа қалай басшылық қылуын көрсетеді
(ҚҚ, №4, 1922). Бірақ оның есесіне əркім істеген ісіне партияның
алдында, жұмысшылар табының алдында жауабкер екендігін
толығырақ ұғыныб, көбірек алдын ала ойланыб, уақиғаларды
зерттеу жұмысының ішкі маңызын арттыру жағына күш салуға
тиіс (ҚҚ, №3, 1924). Мамлакат бұйымдарын өндіріб жасаб шы-
ғару ісдерін тəртебке салыб халық керек жарақтарын əзірлеб
шаруашылықды көтеру шарасына, қамына белсеніб кірісе алмады
(ҚҚ, №4, 1922). Хұрметті мүшелері: Ленин, Клара Цеткин... жол-
дастар бір дауыстан қабыл алынды (ЕҚ, 18 июль, 1923). Келті-
рілген сөз тіркестерінің басыңқы құрама компоненттерінің біразы
бұрыннан тілде қолданылып жүрген тіркестер болса, кейбірі –
тілдегі үлгінің негізінде жасалған жаңа туындылар. Бұл сөз тір-
кестерінің господствовать, руководить [работой] собрания, от-

402 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

ветственный перед партией за свое дело, привести в порядок,
принято единогласно, большинством голосов приняли постанов-
ление, т.б.

Бір қызығы бұл сияқты жаңа сөз тіркестері екі түрлі əдіспен
жасалған. Оның бірі – орыс тіліндегі тіркестің беретін мағынасын,
мазмұнын сақтай отырып, ана тілі негізінде, бұрынғы бар
үлгіге сүйене отырып жасалғандар. Онда орыс тіліндегі форма
қабылданбаған. Ондай тіркестердің тігісі жатық, əрі тілге сіңімді
болады. Екіншісі – орыс тіліндегі тіркестердің сыртқы тұлғасын
сақтап аударылып алынғандар. Мысалы: партияның алдында
жауапкер – ответственный перед партией, көп дауыспен қабыл
алыну – принято большинством голосов, т.б.

Əрине, бір тілдегі сөздердің меңгеру формасы екінші тілдегі
меңгеру тұлғасына сəйкес келе беруі мүмкін, бірақ кейде екінші
тілде ол форманың жандануы басқа тілдегі тұлғаның да əсерінен
бола береді.

Мысалдағы көрсетілген сөз тіркестерін аралас меңгеру деуіміз
мынадан: ең алдымен, олар екі-ақ сөзден тұрмайды, құрамына
кем дегенде үш сөз енген, сол үш сөз бір-ақ тіркес жасап тұр.
Екіншіден, басыңкы компонент – есім жəне көмекші етістіктен
құралған күрделі сөз. Оларды сөйлем ішінде бір-бірінен ажыратып
алуға болмайды. Мысалы, ие боламыз, басшылық қылу дегендерді
одан əрі бөлшектеуге келмейді. Бұларды бір-бірінен бөліп
қарасақ айтайын деген ойымызды жеткізе алмаймыз. Оның үстіне
сөздердің арасындағы белгілі қатынас та бұзылады. Аспанға ие
боламыз, немесе жиылысқа басшылық қылу тіркестерін одан əрі
екі сөз тіркесіне бөлуге болмайды.

Аралас меңгерудің қолданылу мүмкіндігі кейінгі дəуірдегі мер-
зімді баспасөз тілінде де арта түсті. Зат есім, сын есім сияқты
сөздер көмекші етістіктермен түйдектеле тіркесіп, басқа сөз-
дерді белгілі септік жалғауында меңгеріп тұрады. Бұндайда тір-
кес құрамындағы сөздерді байланыстырып тұруда көбінесе кө-
мектес септік жалғау қызметінің артқанын көреміз. Есім мен
етістіктен құралған күрделі сөз (түйдекті тіркес) көмектес септік
жалғауы арқылы басқа сөзді меңгеріп тұрады. Мысалы: Ал мал
шаруашылығына маусымды жұмысқа барған кісілер үймен, азық-
түлікпен жəне мəдени жағдайлармен қамтамасыз етілсін (СҚ,

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 403

1968, 29 март), Жаңа жылды фабрика бойынша жоспардан тыс
40 мың сомның өнімін шығарумен қарсы алғанбыз (СҚ, 1965,
12 февраль). Шаруашылық экономикасының нығаюы, өндірістік
көрсеткіштердің жақсаруы үлкен коллективтің əрбір мүшесінің
жоғары сапалылықпен қажырлы еңбек ете білуінің жəне жаңа-
лықты, озаттықты творчестволылықпен пайдалануының арқа-
сында мүмкін болды (Сонда). Сөйтіп ол өте шебер қарсыласын
5–4 есебімен тізе бүктірді (ЛЖ, 1967, 12 октябрь). Нақты фак-
тілермен ата-аналар арасындағы өз балаларына беріп отырған
тəрбиесі сөз етілді (ЛЖ, 1968, 17 февраль). Бұл екеуінен бас-
қалары да осы үлкен анасының сүйенішімен күн көріп ер жетті
(ҚМ, 1965, 11 февраль). Ал акробатика жаттығуларына В. Га-
лиев басшылық етуде (СҚ, 1965, 27 февраль). Келтірілген мысал-
дардағы қамтамасыз ету, қарсы алу, еңбек ету, мүмкін болу,
тізе бүктіру, сөз етілу, күн көру, басшылық ету сияқты түйдекті
тіркестер бір сөздің қызметінде қолданылып, бөліп-жаруға кел-
мейтін единицалар ретінде қалыптасқан. Олардың кейбірі бұрын-
нан-ақ қалыптасқан (қарсы алу, еңбек ету, сөз ету, күн көру)
күрделі сөздер болса, бірқатары (қамтамасыз ету, мүмкін болу,
тізе бүктіру, басшылық ету) кейінгі дəуірде, негізінен совет
дəуірінде орнығып қалыптасқан единицалар. Осындай күрделі
сөздердің компоненттері қазір формалық жағынан бір-бірімен
ешбір жалғаусыз қабыса байланысып қолданылған, бірақ олардың
көбі күрделі сөзге, түйдекті тіркеске əлі толық айналмай, еркін
тіркес кезінде септік жалғауы арқылы байланысқан болу керек:
еңбек ету, тізені бүктіру, күнін көру, т.б. Дəл осындай əлі күрделі
сөз категориясына толық еніп кетпеген, бірақ еркін тіркес те бола
алмайтын, компоненттері бір-бірімен септік жалғаулар арқылы
(əсіресе барыс септік арқылы) байланысқан контекстік түйдекті
тіркестер де қазіргі мерзімді баспасөз тілінде басқа сөздерді белгілі
септік жалғауында немесе шылаулар арқылы өзіне бағындыра
байланысып қолданылып, аралас меңгеру категориясын дамыта
түсіп отыр. Мысалы: Институт өмір сүрген 7–8 жыл ішінде
ғылыми-зерттеу саласындағы қол жеткен табыстармен көзге
түсіп келеді (ЛЖ, 1969, 11 март). Бұл кездесуде алаң иелері 1 : 0
есебімен жеңіске жетті (ЛЖ, 1967, 31 октябрь). Төрт күнге
созылған бəсекеде 210 жас палуан сегіз медаль үшін тартысқа

404 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

түсті (ЛЖ, 1967, 12 октябрь). Мысалдардағы көз бен түсу, жеңіс
пен жету, тартыс пен түсу зат есім мен көмекші етістік сөздер ба-
рыс септік жалғауы арқылы бір-бірімен байланысқа түсіп, түйдек-
ті тіркес құрып, соның нəтижесінде сөйлемде бөлуге келмейтін
бір бүтін единица қызметін атқарып, табыстармен, есебімен,
бəсекеде, медаль үшін деген зат есімдерді көмектес, жатыс жəне
шылау арқылы меңгеріп тұр.

Тегінде есімді меңгеру мен аралас меңгерудің арасы өте жа-
қын. Көбінесе шаққа байланысты есімді меңгеруді аралас меңгеру-
ге жəне керісінше ауыстыруға болады: сəулеге мұқтаж болды
(болады, еді, т.б.), бізге хажет болады (болды, еді) немесе, аспанға
біз ие (иесің), жиылысқа басшы, істеген ісіңе партия алдында
жауапкерсің, т.б. Кейде тіпті бұл тəрізді есімді сөз тіркестерін
етістік меңгеруге де айналдыруға болады: аспанға иелену, істерін
тəртіптеу, бір дауыстан (дауыспен) қабылдау, т.б. Бірақ кез
келген есімді не аралас меңгерулер осындай басқа сөз тіркестеріне
ауыса бермейді: кейбір есім сөздерден етістік жасау мүмкін емес.
Мысалы, тыс, басшылық, жауапкер тəрізді есім сөздерден етістік
жасалмайды. Ал олар, жоғарыда көрсеткеніміздей, жеке тұрып та,
көмекші етістікпен қосарланып тұрып та белгілі септік жалғауын
меңгере алады. Соған байланысты меңгеріле байланысқан сөз
тіркестерін контекстік күйінде осылай топтау орынды тəрізді.

Тіл білімінде, түркологияда осы тəрізді тіркестерді анали-
тикалық етістік деп жүргендер де бар [6, 16, 18]. Есім сөз бен
көмекші етістіктен құралған тіркестердің етістік орнына жүріп,
есім сөздерден қосымша арқылы жасалған етістіктермен пара-
пар қолданылатындары да кездеседі. Мысалы, жаман деді – жа-
мандады, мақұл алды – мақұлдады, əңгіме қылды – əңгімеледі, қабыл
алды – қабылдады, т.б. Əрине, бұл қосарлап берген етістіктерді бір
деп қарауға болмайды. Олардың семантикасында, құрылысында,
тұлғасында өзгешеліктер бар. Тіпті есім сөздерден қосымша
арқылы жасалған етістіктердің біразы ертеде тіркес болса керек.
Қосымшалардын көбі-ақ бір кезде жеке дара сөз болғандығы
белгілі. Демек, бұл арада есімді, аралас жəне етістік меңгеру деп
үшке бөлгенде, ол топтау текстің қазіргі құрамы мен құрылысына
сүйеніп, соған негізделуі тиіс. Мысалы: Басқада құлақ екеу болса,
секретарьда төртеу (Ғ. Мұстафин). Сөйлемде екі түрлі меңгеру

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 405

бар: басқада екеу болса – аралас меңгеру, секретарьда төртеу –
есімді меңгеру. Мысалда алғашқы баяндауыш (екеу болса) өткен
шақ тұлғасында жасалып тұр, өйтпегенде бол көмекші етістік
айтылмаған болар еді, екінші баяндауыш (төртеу) осы шақ мағы-
насында қолданылған. Егер оны өткен шақ, я келер шақ мағы-
насында айтатын болсақ, соңғы баяндауыш тек есім ғана емес,
құрама баяндауыш (төртеу болды, я төртеу болады) болар еді. Бұ-
лардың қай-қайсысын болса да тек етістікке ғана жатқызу мəселе-
ні жеңілдетпейді.

Аралас меңгеру, құрама баяндауыштың қолданылуы көне тү-
рік жазба ескерткіштерінің тілінде де ұшырасып отырады. Мыс-
алы: ... түрк беглерін будунын ертенү еті мағ ітді [50, 19] – түрік
бектерін, халқын ардақтап мақтады (мақтан етті). Будун боғзы тоқ
ерті [49, 61] – Халықтың тамағы тоқ еді. Сонымен бірге қазіргі
баяндауыш құрамында қолданылатын кейбір есімдер көне түрік
тілінде етістік болып та қолданылғанын көреміз: Анча-кынча ана-
сы катун балықта ідіз калык та йатып удыйур, еркен ертінгу йавуз
тұл түседі [49, 177]. Осы кезде анасы ханым (қатын) қаладағы үй-
дің (сарайдың) жоғарғы бөлегінде жатып ұйықтап, жаман түс
көрді.

Тілімізде көп ұшырасатын тіркестердің бірі – етістік меңгеру.
Өйткені іліктен басқа септіктердің синтаксистік қызметі етістік-
тердің лексикалық мағынасымен тығыз байланысты. Сол сияқты
етістік қимылды, процесті, т.б. білдіру үшін объектілік, мекендік,
кейде мезгілдік қатынаста тіркескен сөздің белгілі септік жалға-
уында тұруын талап етеді.

Совет дəуірінің алғашқы жылдарындағы мерзімді баспасөз
тілінде кездесетін жаңа сөз тіркестерінің жасалуы түрлі-түрлі:
орыс тілінің əсерінен 1) бұрын қолданылуда болмаған жаңа
етістіктер жасалып, есім сөздің белгілі септік жалғауында тұруын
талап етеді; 2) бұрын қолдануда бар етістіктер кейін жаңа мағына,
не контекстік реңк үстеліп, жаңа сөзбен тіркеседі. Олардың
бірсыпырасы – объектілік қатынаста жұмсалатын тіркестер. Бі-
рінші жол арқылы туған жаңа тіркестердің басыңқы етістік
компоненті орыс тілінен тікелей енген сөздердей де жасала береді.
Осы кезде туған кеңестендіру, коллективтендіру, колхоздастыру,
электрлендіру тəрізді етістіктер өз алдына тура объектіні талап

406 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

етеді. Сондай-ақ төл сөзден жасалған көгалдандыру, суландыру, т.б.
тəрізді етістіктердің қолданылуы мен қызметі де сондай. Мысалы:
Қазақстанның 5-партия канперенсиясінің артынан біздің алды-
мызға ауылды кеңестендіру деген ірі мəселе туды (ҚК, №19–21,
1926). Сөз тіркесін жасаудың бұл жолы кейінгі кезеңдерде де
белгілі орын алып келді. Соңғы уақыттарда жасалған наградтау,
автоматтандыру, механикаландыру, интенсивтендіру тəрізді
етістіктер тура объектіні меңгеріп, оның өзінен бұрын тұруын та-
лап етеді. Сонымен қатар бұл сияқты етістіктер басқа да объек-
тілік мекен, мезгілдік қатынастарда жаңа тіркес құрай алады:
Шопанды орденмен наградтау, баланы туған күнімен құттықтау,
маған осы істі міндеттеді, т.б. [57, 73].

Бұл сияқты тіркестердің басыңқы компоненттері орыс тілі-
нен енген сөздер, немесе орыс тілі ықпалынан жасалған жаңа
етістіктер болады. Демек, ондай сөз орамдары құрылымы жағы-
нан да, құрамы жағынан да, байланысу амалы жағынан да тіліміз-
дегі жаңа туынды болып есептеледі. Қандай да тіркес болмасын
синтаксистік жағынан лексикадағы жеке сөздер сияқты дербес
бөлшек болып есептелуі тиіс. Сондықтан да əрбір сөз тіркесі бай-
ланысу тəсілі жағынан бір-біріне жақын болғанмен, оның
құрамындағы сөздердің мағыналық сыйымдылығына (семанти-
ческая емкость), тіркесу қабілеттілігіне, лексика-грамматикалық
қызметіне байланысты жеке-жеке талдануы керек. Тек сонда ғана
тілдегі синтаксистік байланыстың, сөз тіркесінің даму барысы
ашылады. Сонда ғана тілдің даму барысындағы грамматикалық
тұлғалардың белгілі кезеңдердегі қызметі, аясы көрініп отырады.
Осы тұрғыдан қарағанда жоғарыдағы тəріздес тіркестер – тек
синтаксистік жаңа туындылар ғана емес, сонымен бірге лексика-
лық та жаңа туындылар. Демек, сөз тіркестері категориясы жаңа
сөздердің енуімен, не жасалуымен, жаңа мағына үстелуімен, не
мағына кеңеюі я тарылумен де тығыз байланысты. Олай болса,
сөз тіркестерін тек сыртқы тұлғасы жағынан ғана емес, оның ішкі
семантикалық жағынан да талдау жасау керек. Сөйтіп сөз тіркесінің
көлемі, кеңістік шеңбері мен ішкі тереңдігі, сыйымдылығы бірдей
қаралуы тиіс.

Осы жағынан алғанда жоғарыда көрсетілген сөз тіркестерін
жасаудың екінші түрін тіркес құрамындағы басыңқы етістіктің

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 407

қызметі мен мағыналық сыйымдылығына жəне тіркес құрылымы-
на, жасалу жолына қарай да екіге бөлуге болады: 1) бұрын тілде бар
үлгінің негізінде ешбір грамматикалық тұлғалардың өзгеруінсіз
жасалған жаңа тіркестер, 2) бұрын қолданылып жүрген байланысу
амалдары өзгеріп, жаңа үлгі негізінде туған тіркестер. Бұл сияқты
тіркестердің басыңқы етістік компоненттері бұрын тілде бар
болғандықтан, лексикалық жағынан жаңа жасалған сөз болып
есептелмейді, тек жаңа, не қосымша мағына, я мағыналық реңк
үстеледі. Мысалы: Ауылдағы белсенділерді іске тартудың екі
жобасы бар (ЕҚ, 19 июль, 1926). Қазакстанның облыстық пар-
тия комитетін жаңадан сайлау (ҚҚ, №4, 1922). Клубдардағы жұ-
мыстар да кітаб оқу, жақсы күйлер ойнау, əдемі жырлар жырлау
(ҚҚ, №10, 1922). Мысалдардағы тарту, сайлау, ойнау етістіктері
тілімізде бұрыннан-ақ табыс септігін меңгеретіні айқын. Сол
сияқты ұсыну, тарту етістіктері де барыс септігімен тіркесуі –
тілдегі ертеден келе жатқан құбылыс. Бірақ ол етістіктер осы
септіктерді меңгергендерімен семантикалық жағынан дəл мына
мысалдағыдай сөздермен тіркеске түспеген. Тілдегі бар үлгілер:
қораны бекіту, уағаданы бекіту; қонаққа ұсыну; баланы бауырына
тарту; болысты сайлау (бұл да өз кезінде орыс тілінің əсерінен
туған болу керек), доп ойнау, т.б. Мысалдағы көрсетілген тіркестер
осы тіліміздегі бар үлгінің негізінде жаңа ұғымдардың келуімен
байланысты туған. Орыс тіліндегі тіркестер мен осы келтірілген
тіркестер құрамы жағынан да, байланысу формасы жағынан да сай
келген: белсенділерді тарту – привлекать активистов, облыстық
партия комитетін сайлау – избирать областной партийный
комитет, күйлер ойнау – играть (исполнять) куи (мелодии). Тіркес
құрамындағы бұл сөздер бір-бірімен табыс септік (винительный
падеж) тұлғасында тура объектілік қатынаста байланысқан. Соңғы
тіркес тіпті ана тіл материалын ескерілмегендіктен туған, өйткені
қазақ тілінде күй тарту деген байырғы тіркес қолданылады.
Домбыра, сырнай сөздерімен тіркескенде де тарту етістігі орыс
тіліндегі играть етістігінің мағынасын бере алады: баян тарту –
играть на баяне, домбыра тарту – играть на домбре, т.б. Ал жанама
объектілік, не мекендік қатынаста жұмсалған тіркестер де орыс
тіліндегі үлгіге сай келеді (іске тарту – привлекать к работе).

Жаңа сөздермен тіркесуімен байланысты бұл сөз орамдарын-

дағы басыңқы етістіктерге жаңа мағыналық реңк қосылған.

408 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

Енді бірқатар сөз тіркестері басыңқы компоненттің бұрын
тіркесіп жүрген үлгілерінің негізінде жасалса да, орыс тіліндегі
тұлғамен сəйкес келе бермейді. Ондай сөз орамдарында көбінесе
семантикалық, лексикалық ал шақтық болмай, тек байланысу
формасында өзгешелік болады, яғни тіркестің беретін мағынасы
да оның құрамындағы сөздер де көп өзгермейді, тек орыс тілінде
басыңқы компонент бір септікті меңгерсе, қазақ тілінде ол басқа
септікті меңгереді. Осыған бірнеше мысал берейік: Сондықтан
ашылған ұйымдарда тезірек сауатсыздықды жоғалтуға керекті
құралдарды əзірлеб оқытушылар дайындайтын курсдер ашуға тиіс
(ҚҚ, №4, 1922). Аналық-балалықты сақтау (ЕҚ, 18 июль, 1925).
Русия ішінде болыб өткен партияны сұрыбтау ісі көңілдегідей
болыб өтді (ҚҚ, №7–8, 1922). Саяси сауатсыздықты бітірмеген
кандидаттар мүшелікке өтбей қалатын тəртібте бар (ҚҚ, №7–8,
1922). Хүкімет билігі еңбекшілер қолына көшті (ҚҚ, №4, 1922).
Кəсібшілер ұйымының кіндік камитеті Русиядағы ашыққандардың
пайдасына сексен мың ақша жəрдемін жіберген (ҚҚ, №4, 1922).
Осы мысалдардағы көрсетілген сөз тіркестерін орыс тіліндегі
сөз орамдарымен салыстырып қарасақ, олардың алшақтығы бір-
дей емес. Кейбіреулері бір-біріне өте жақын. Əсіресе мекендік
қатынаста байланысқан барыс септігі орыс тілінде де мекендік қа-
тынаста меңгеріледі. Осы тіркестерді салыстырып көрейік. Мы-
салдардың тұсындағы жақшалардың ішіне басыңқы етістік ком-
поненттердің бұрыннан қолданылып келе жатқан үйреншікті тір-
кестері беріледі: сауатсыздықты жоғалту не жою (бір затты
жоғалту, жою) – покончить с неграмотностью; партияны сұрыптау
(бір нəрсені сұрыптау) – очистка в партии; қолына көшу (ауылға
көшу) – перейти в руки.

Енді бірқатар тіркестер – жаңа үлгіде жасалғандар. Тілімізде
бірді-екілі қолданылып жүрген етістіктер жаңа тұлғада бұрын
меңгермеген формамен тіркеседі. Ондай жаңа туындыларда орыс
тілінің əсері айқын-ақ көрінеді, бірақ орыс тіліндегі байланысу
формасы сай келе бермейді. Мысалы: көмір қазушылар жапа-
тармағай ереуіл көтеруге құлақтандырылған (ЕҚ, 2 август, 1932)
Қазақстан һəм Башқыртстан – бұл екі жұртдың тарихы қан мен
де, тіл мен де, саясат жүзінде де, шаруа жүзінде де – əбден бай-
ланысқан екендігі көзі ашықдарға мəлім (ҚҚ, №4, 1922). Құлақ-

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 409

тандыру етістігі табыс септікті меңгеруі тиіс еді, өйткені сөз
соңындағы -дыр өзгелік етіс формасы салт етістікті сабақты
етістікке айналдыратыны даусыз. Құлақтандыру етістігінің барыс
септігін меңгеруі қазақ тілі табиғатына тəн емес еді. Байланысу
етістігі де связь на основе политики и экономики тіркесінің ың-
ғайында жаңа сөзді меңгеріп тұр.

Бұл процесс кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде де
өріс ала бастады. Мына мысалдарды келтіре кеткеннің өзі оны
дəлелдей тұседі. Алматының «Қайрат» пен Свердловскінің «Урал-
маш» футболистері арасындағы ойынды тамашалау үшін бұрна-
ғы күні футбол əуесқойлары Қазақ ССР-нің Орталық стадионына
тағы да көп жиналды (СҚ, 1965, 10 ноябрь). Гитлершілдер Сталин-
град түбінде жеңіліске ұшырағаннан кейін басқа бағыттарда да
қалай да кек алуға тырысып бақты (ЛЖ, 1968, 23 февраль). Жантө-
рин – туысы күрделі, парасатты рөлдерді қалайтын байсалды
артист, қазіргі қазақ театры мен киносындағы ең талантты, диа-
пазонға бай суреткерлердің бірінен саналады (ЛЖ, 1967, 28 июнъ).
Шын жүректен құттықтайды (ЛЖ, 1964, 23 июль).

Баспасөз тілінің бір ерекшелігі – əдеби тілдің басқа жанрлық
салаларына қарағанда кейбір морфологиялық тұлғалардың сапа
жағынан да, сан жағынан да ерекше қолданылуы. Сондай ерек-
шеліктің кейбірі совет дəуірінің, алғашқы жылдарындағы мерзімді
баспасөз тілінен де көрініп отырады. Мысалы, жатыс септігінің
сөйлем ішінде айтылу, айтылмауы баяндауыштың ыңғайына,
мағынасына байланысты. Сөйтсе де көбіне көркем шығармаларда
жатыс септігі бар сөз түсіп қалып отырады.

Оның, əрине, көптеген себебі бар. Бірде етістіктің өзінен, се-
мантикасынан мекендік ұғым айқын көрініп отырса, бірде алғаш-
қы сөйлемдерде қимылдың мекені айтылып өтеді. Кейде іс-əре-
кеттің болған мекені қажет те етілмейді. Қимылдың белгілі ме-
кені, мезгілі болуы шарт. Бірақ ол мағыналардың белгілі форма
арқылы беріле беруі шарт емес. Демек, етістік пен орынды, ме-
кенді білдіретін сөз арасындағы байланыс (меңгеру) сыртқы форма
жағынан əлсіз болады. Ал кейде мерзімді баспасөз тілінде сон-
дай əлсіз байланыстың қажет болуы байқалып, ол көбінесе баян-
дауышқа жақын тұрады.

Мысалы: Жиылыс осы жылы 15-нші февральда Орынбор

қаласында болмақ (ҚҚ, №4, 1922). Вологда қаласындағы «Сокол»

410 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

атты жазу қағазын істейтүн фабрикде бесінші машина іске кіріс-
кен (ЕҚ, 1 июнь, 1923). Осы күні Торғай уезінде барлығы 26 школ
бар (ЕҚ, 9 июль, 1923). Жалпы Одақтық партия конференциясын-
да 350 адам болған (ҚҚ, №3, 1924). Мысалдардағы жатыс септікті
сөздің қай-қайсысы болсын сөйлемнің беретін мағынасы үшін
өте қажет, өйткені жатыс септігіндегі мекендік ұғым қимыл, іс-
əрекетпен (баяндауышпен) тығыз байланысты, жатыс септігіндегі
сөзге екпін түсіріліп, ерекше айтылады. Мысалы, Айыптыларды
сотта айыптау (КҚ, №10, 1922) деген сөйлемде іс əрекеттің бо-
латын орнына мəн беріліп тұр. Сотта сөзінің бұл контексте бе-
рілуі міндетті. Əрине, айыптау етістігінің семантикасынан қи-
мылдың, процестің орны, мекені сезіледі, бірақ оған қосымша
күшейтпелі мəндегі жатыс септікті сөз берілген. Мына мысалдан
ол анық көрінеді. Еңбекте көп көзіне түскен озаттар: Жақан
Еркешев, Ким Леонид, Феня Стрелова, Еркетай Иманбаевтар
оқуда да үлгілі, өнегелі жақтарымен көрінуде (ЛЖ, 1964, 23 июль).
Мұнда еңбекте, оқуда сөздері қимыл, процестің əртүрлі мекенін
білдіріп тұруына қарамастан, сол сөздерге ой екпіні түсетіндіктен,
соған баса назар аударылады, жатыс септік жалғауы оны ай-
қындай түседі. Жатыс септігінің сапалық өзгерісін оның сандық
көрсеткіштері де байқатады. Көркем шығармалармен салыстыр-
ғанда публицистика, газет-журнал тілінде жатыс септігінің қолда-
нылуы, статистикалық талдауға қарағанда, 1,5–2 есе жиі кездеседі.

Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде көмектес септігінің
де жандана түсуі байқалады. Көптеген сөздер (етістіктер) көмектес
септігін меңгеру арқылы жаңа тіркес құрай отырып, соның не-
гізінде өз ішінде біршама семантикалық өзгерістерге ұшырайды,
жаңа мағынада немесе мағыналық реңкте қолданылады. Соның
арқасында ол сөздердің тіркесімділігі (сочетаемость) арта түседі.
Мысалы, пайдалану етістігі жаңа мағыналарда қолданылып, ті-
лімізде көптеген жаңа тіркестер жасалды. 1920 жылдардағы мер-
зімді баспасөз тілінің өзінде пайдалану етістігі жер зат есімімен
əртүрлі мағыналық қарым-қатынаста тіркесіп, соның арқасында
олар əртүрлі грамматикалық формада байланысқан. Мысалы: Сол
екінші статьядағы «г» бөліміне қөшпелі ретімен жерден пайда-
лануға болады деген сөз қосылады (ҚҚ, №10, 1922). Ахырында
кіндік Башқыртстан жерінен Қазақстан пайдалануға төрт жүз мың

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 411

тоғай лайықтады (ҚҚ, №4, 1922). ...былай халықға қараған жерді
жай етіп пайдалану туралы ғана жерге орындастыру ісі қолға
алынбақ (ҚҚ, №10, 1922). Кіндіктен (Мəскеу) жер мен файдалану
туралы жалпыға бірдей жаңа закон шықты (ҚҚ, №10, 1922). Жер
жұмысын орнықты қалыбқа түсіру ниетімен Россия Кіндік камитеті
еңбек бен жер пайдалану тақырыбты қаулысына қосымша төменде
көрсетілген закондерді нығайтуға қаулы қылады (ҚҚ, №11, 1922).
Жер комиссиясы жер пайдалану туралы законды қарап, Қазақстан
камиссариатының түпкілікті законға қосымшаларын мақұл тапды
(ҚҚ, №10, 1922).

Осы мысалдардан анық көрінетіндей, пайдалану етістігі мең-
геру формасына қарай бірнеше мағыналарда қолданылған, олар
орыс тіліндегі пользоваться, использовать, воспользоваться, поль-
зование деген сөздердің мағыналары: жерді пайдалану – исполь-
зовать землю, жермен (жерден) пайдалану – пользоваться землей,
жер пайдалану – землепользование.

Пайдалану етістігі мерзімді баспасөз тілінде табыс, шығыс,
көмектес септіктерінен басқа барыс септігін де меңгере алады.
Мысалы: Бұнан басқа да ой бөлетін жер кандидат болыб жүргенде
əртүрлі іске пайдаланыб, қосыб кіру керек (ҚҚ, №7–8, 1922).
Жергілікті халық арасында жер мəселесі тексеріліп орындалғанға
дейін қазақ халқына жермен пайдалану ретін, жерінің шекарасын
белгілеуді өзіне һəм бұл мəселеде қатынасы бар елдің сайланған
уəкілдеріне тапсырылады (ҚҚ, №10, 1922).

Пайдалану етістігінің əсіресе көмектес септігін меңгеріп қол-
данылуы орыс тілінің əсерінен туғанын байқау қиын емес. Жо-
ғарыда келтірілген мысалдардағыдай пайдалану етістігінің шы-
ғыс жəне көмектес септігін меңгеру арқылы жасалған тіркестер
бір-бірінен мағыналық жағынан онша алшақ емес: жермен (жер-
ден) пайдалану. Мына мысалдарды салыстырып қарасақ, олардың
бір-бірінен айырмашылығы жоқ екені байқалады. Ауыл əлі ұйқы-
да: өз керегін өзі білмей Савет закондері мен пайдалана алмай
отыр (ҚҚ, №4, 1922). Бұл күнге шейін біздің ауылдағы жастары-
мыз газет-журналды оқып, олар мен пайдалануды білмейді (ҚҚ,
№4, 1922). Қысқасында бұл күнге дейін қазақ халқы бұл үлес бен
пайдаланды деген болмас (ҚҚ, №4, 1922) ... от бен пайдалана да
білмеді ... (ҚҚ, №5, 1922). Бірақ: Бар айырмасы билеб отырған

412 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

бай, төре, жалғыз-ақ өз ұлтынан шыққан сол ұлттың тілін ғадет-
ғұрпын білетіндігі, мұндай ұлт бостандығынан іс басында тұр-
ған байлар төрелер тобы ғана пайдаланады (ҚҚ, №7–8, 1922).
Қысқасы ол ажайыбқанадан (музей – И.С.) пайдаланыб жүрген
жан бар деб айтуға ауыз бармайды (ЕҚ, 15 июль, 1926). Олай
болса, мұғалімдерге ең пайдалы жол – əдебиет кітабтары, газет-
журналдардан пайдалану білім педагогике оқыту əдісі (ЕҚ, 13
июль, 1926). Мысалдардағы осы тіркестерді былай көрсетуге
əбден болар еді. Совет закондерімен (Совет закондерінен) пай-
далану, газет-журналдармен (газет-журналдардан) пайдалану,
(тексте бұл қос сөздің орнына олармен деген есімдік қолданыл-
ған), ұлт бостандығынан (ұлт бостандығымен) пайдалану, ажа-
йыпханадан, əдебиет кітаптары, газет-журналдардан (газет,
журналдармен) пайдалану.

Пайдалану етістігінің сөз тіркесі құрамында өзімен байланы-
сып тұрған сөзді əр формада меңгеруі көркем шығарма тіліне де
ене бастағаны байқалады. Көркем сөздің шебері Мұхтар Əуезов-
тің тілінде бұл етістік бірде табыс септігін меңгеріп тұрса, бірде
көмектес септік жалғаулы сөзбен тіркесіп жұмсалады. Мысалы:
Байтастың құрбыдай қалжыңдағанын пайдаланып: «Ал, Ойке
апаңа не бетіңді айттың сонымен, Байтас аға ... – деп жабыса түсті
(М. Əуезов. «Абай жолы», І, ІІ). Сөйткенше, жырынды жау мұның
жаңағыдай сасқалаңымен пайдаланып, шоқпарды да тартып алды
(Сонда, 9). Əрине, автор бұл екі түрлі форма арқылы байланысқан
тіркеске екі түрлі стильдік реңк берген болу керек. Бірақ соңғы
тіркестік жасандылығы сезіліп тұр. Кезінде профессор Құдайбер-
ген Жұбанов бұл етістік (пайдалану) көмектес септігін меңгер-
мейді, ол қате, тек табыс септігін меңгереді (кеткенін пайдалану
сияқты) деп көрсеткен болатын [34, 117].

Көмектес септікті сөз тіркестері негізінен «объектілік жəне
пысықтауыштық қатынастарда, түрлі-түрлі мағынада жұмсалады»
[12, 66]. Осындай қатынастағы сөз тіркестерінің көбі-ақ орыс
тілі əсерінен жасалып отырғанын көреміз. Мысалы: Олай болса,
еңбекшілерді де байлардағы секілді мəдени қару мен қаруландыру
керек (ҚҚ, №11, 1922) ... 9 нші Саветдер съезінің қаулылары мен
қолдануы керек (ҚҚ, №7–8, 1922). Сайыспен айналысқан жеті
жыл ішінде тоғыз рет халықаралық кездесу өткізілді (ЛЖ, 1967,

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 413

12 октябрь). Тиісті программаны аса шебер орындап шыққан
Алматыдағы №56 мектептің 11 класс оқушысы Людмила Баранова
1314,8 ұпаймен бірінші орынды жеңіп алды (СҚ, 1965, 12 февраль).
Өзінің туған жерге деген ыстық махаббаты, сегіз жыл бойы
біліммен сусындаған мектебіне сағы-нышы орыс тілінде ойнап-
ақ тұр (ЛЖ, 1965, 3 февраль). Осы көрсетілген тіркестер орыс
тіліндегі вооружить знаниями (навыками), руководствоваться
постановлениями (декретами), заниматься фехтованием, завое-
вать (первое место) очками, жаждать знанием тəрізді сөз орам-
дарымен астасып жатады. Күресу етістігі жаңа ауыспалы мағы-
наларда жұмсалып, мынадай сөз тіркестерін жасауға ұйтқы бола-
ды: табиғатпен күресу (борьба со стихией природы), сауатсыз-
дықпен күресу (борьба с неграмотностью), аштықпен күресу
(борьба с голодом), ішкілікпен күресу (борьба с пьянством), зиянды
əрекеттермен күресу (борьба с вредительством), аурулармен кү-
ресу (борьба с болезнями), тап жауларымен күресу (борьба с
классовыми врагами) т.б. Əрине, күресу етістігінің мұндай мең-
геру үлгісі тілімізде бұрын да бар болатын (ол менімен күресті),
немесе ол түйе балуанмен күресті, т.б. Бірақ бұл жерде екі нəрсені
баса айта кеткен жөн: бірі – күресу етістігінің семантикасында
өзгеріс бар екенін ескерту керек. Күресу – бұрын екі-ақ кісінің
арасында болатын процесс болса, енді топтардың арасында, тіпті
жансыз нəрсе, əрекеттерге қарсы істелетін процесс болып табы-
лады; екіншісі соның арқасында ол етістіктің тіркесімділігі
артып отыр. Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде көмектес
жалғаулы сөз тіркестері кейде субъектілік, объектілік қатынаста
да жұмсалады. Басыңқы компонент етістікпен мағыналық-грам-
матикалық жағынан субъектілік, грамматикалық-тұлғалық жағы-
нан объектілік қатынаста байланысады, яғни формалық жағынан
қимыл иесі бола тұрып, септік жалғауы жамылып барып меңге-
ріледі, ондайда басыңқы сөз көбінесе ырықсыз етіс мағынасында
жұмсалады. Мысалы: Октябрь төңкерісінен бері қанша съезд,
конференциялар болса да, Кеңесдер үйінің үлкен залы Түркістан-
ның жергілікті халқымен мұндай толған жоқ еді (ҚҚ, №4, 1922).
1908–1910 жылға дейін ісшілердің қозғалысы əскердің, полицияның
күшімен уақытша басылды (ЕҚ, 25 май, 1923). «Социалистік
Қазақстанның» осы жылғы 7 январьдағы номерінде жоғарыдағы

414 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

тақырыппен редакцияға хат жарияланған еді (СҚ, 1966, 2 март).
Еңбекте көп көзіне түскен озаттар ... оқуда да үлгілі, өнегелі
жақтарымен көрінуде (ЛЖ, 1964, 23 июль). Бұл тіркестердің
орыс тілі əсерінен туғанына күмəн жоқ. Олардың түпнұсқасы:
переполнено местным населением, подавлено силой войска и по-
лиции, опубликоваться под темой, показываться с хорошей сто-
роны. Баспасөз тілінде осындай сапалық жағынан ғана емес,
сандық жағынан да көмектес септіктің қолдануында едəуір өз-
геріс байқалады. Газет-журнал тілінде көркем шығарма тілімен
салыстырғанда көмектес септік жалғауының активтігі екі есе
артты. Оны арнайы статистикалық талдаулар көрсетіп отыр.

3. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің дамуы

Екі сөз бірі ілік септігінде, екіншісі тəуелдік жалғауында
тұрып, анықтауыштық қатынаста жұмсалған тіркес компоненттері
матаса байланысады. Ол түркологияда изафеттік құрылыстағы
сөз тіркесінің үшінші типіне жатқызылып жүр. Осындай сөз
тіркестері көбінесе меншіктілік мағынасында жұмсалады. Совет
дəуіріндегі жəне əсіресе оның алғашқы жылдарындағы мерзімді
баспасөз тілінде матаса байланысқан көптеген жаңа сөз тіркестері
туып отырғанын көреміз: комиссияның протоколы, партияның
мүшесі, азықтың налогы, партия ұясының хатшысы, партияның
Орталық Комитеті, ленинизмнің негіздері, партияның ішкі құры-
лысы, партияның тарихы, жұмысшылардың көтерілісі, партия-
ның бірлігі, т.б.

Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тіліндегі сөз тіркесі
шеңберінде ілік септік жалғауы арқылы байланысқан конструк-
циялар ерекше орын алады. Егер басқа септік жалғаулары тарихи
қалыптасқан екі толық мағыналы сөз я лексикалық единицаны
бір-бірімен байланыстырып, өзі жалғанған сөзді екінші сөзге
бағындырып тұрса, ілік септік жалғауы өзі жалғанған сөзді екінші
сөзге бағындырып қана қоймайды, сонымен бірге оның белгілі
тұлғада (тəуелдік жалғауда) тұруын да талап етеді. Бірақ кейде
тəуелдік жалғаудың түсіп қалып қолданылуы да кездесіп отырады.
Əсіресе ілік септік жалғауында тұрған сөз біз, сіз деген жіктеу
есімдігі не өзіміз деген өздік есімдігі болса, онымен байланысқан

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 415

сөз тəуелдік жалғауын қабылдамай да жұмсалады: біздің ауыл,
сіз-дің жігіттер, өзіміздің кісі. Мысалы: Біздің жігіттер сені
қатеден ұстапты, қызылдарға бұл елдің кегі жоқ (Ж. Саин).
Білем, білем сіздің көмейді тескенін не екенін (Ə. Əбішев). Бір
сəтте басыма əлденеше ойлар келді, егер босата қалса, өзіміздің
адамдарды қайдан табамын (Ж. Саин). Бұл – қазіргі əдеби тіліміз-
дегі əдеттегі құбылыс. Сондай-ақ қазіргі əдеби тілде, əсіресе
прозада қолданылмайтын Базарбайдың Төлеген, Қобыландының
Тайбурыл тектес есім-діктен басқа сөздер де тіркескенде, тəуел-
дік жалғаудың түсіп қалуы эпостық шығармаларда, ақын-жырау-
лардың туындыларында кез-десіп отырады. Бұл факт қазіргі түркі
тілдерінің кейбірінде бар. Мысалы: түрік тілінде менің əкем,
сенің анаң тіркестері беним баба, сенин ана болып та қолданыла
береді [42, 77, 415]. Сондай-ақ біздің үй, сіздің қонақ тіркестері
өзбек тілінде бизнинг үй, сиздің меһмон, азербайжан тілінде бизим
əв, сизни мусафир тұлғасында да жұмсалады. Бұл типті тіркестің
екінші компонентіндегі тəуелдік жалғауының түсіп қалуы XІ ғасыр
ескерткіштері Жүсуп Баласағунның «Құтадқу білік» пен Махмуд
Қашқаридың «Дивану лұғат-ит түрк» атты шығармаларынан да
кездеседі: мениң тилек, мениң йүрек, кимиң тавар, т.б. [3, 126–127].

Түркологияда ілік септікті сөз бен тəуелдік жалғаулы сөзден
құралған тіркестер жалпы изафет ІІІ болып аталғанмен, кейбір
зерттеулерде меңгеру [62, 179] немесе қиысу [31, 205 жəне 42,
379 жəне 3, 117] деп көрсетіледі. Ондай байланыстағы тіркес
меңгеру бола алмайды, өйткені, академик И.И. Мещаниновтың
көрсеткеніндей, меңгеру бір жақты ғана байланыс жəне жоғарыда
көрсетілгендей, меңгеріле байланысқан тіркестің басыңқы ком-
понентінің грамматикалық формасы сөз болып отырған байла-
нысқа, сондай-ақ сол тіркестің өзіне ешбір қатысы жоқ. Мысалы,
баланы көрдім, сенен үлкенмін сияқты сөз тіркестерінде екінші
компонент тіркес құрамындағы бірінші сөзді меңгеріп, бағын-
дырып байланысып тұр, бұл екі сөз арасындағы байланыс табыс
(-ны) жəне шығыс (-нен) септік жалғаулары арқылы ғана болып
тұр. Екінші сөздегі жедел өткен шақтың -ді жұрнағы мен -м жəне
-мін жіктік жалғауы дəл осындай тіркес құрауға ешбір қатысы
жоқ, сондықтан баланы көргенсің, баланы көрерсің, баланы көріп,
немесе сенен үлкендеумін, сенен үлкен, т.б. тəрізді екінші сөздің

416 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

тұлғасын өзгерткенмен, тіркес құрамындағы сөздердің байланысу
типі өзгермейді, ал ондай өзгерту ілік септікті конструкцияда тіпті
де мүмкін емес, менің оқушысы, сенің кітабым, біздің жігіттері
деп құрауға болмайды. Сондықтан тəуелдік жалғаулы сөз ілік
септікті сөзді меңгеріп тұрады деген пікір бір жақты, формальды
ғана.

Жоғарыдағыдай байланысқан сөз тіркесінің типінде қиысудың
да элементі бар: тіркес құрамындағы екі сөз өзара бір жақта
қиысады: менің қалам-ым, сенің қалам-ың, оның (баланың) қа-
лам-ы. Бірақ көпше я жекеше тұрып қиысу жүйелі, тұрақты емес.
Мысалы, сендердің ауылдарың, сенің ауылдарың жəне сенің аулың,
сендердің аулың деген тіркестердің екінші сөзіндегі -дар көптік
жалғауы бірінші компоненттегі көптік жалғаудың мағынасы мен
формасына бағынышты емес, сондай-ақ керісінше бірінші сөздегі
-дер көптік жалғауы екінші сөздің мағынасы мен тұлғасына
байланысты емес. Бұлардағы көптік жалғау өзі жалғанған сөз (ол
заттың иесін білдірсе де, меншігін білдірсе де) білдіретін заттың
көптігін ғана көрсетеді.

Егер қиысуда байланыс екі жақты болса, матаса байланысқан
сөз тіркестерінде байланыс үш жақты болады. Мына мысалдарды
салыстырып көрейік.

Мен келдім (оқушымын), менің кітабым
Сен келдің (оқушысың), сенің кітабың
Сіз келдіңіз (оқушысыз), сіздің кітабыңыз
Ол келді (оқушы), оның кітабы
Біз келдік (оқушымыз), біздің кітаб (тар) ымыз
Сендер келдіңдер (оқушысыңдар), сендердің кітаб (тар) ың
Сіздер келдіңіздер (оқушысыздар), сіздердің кітаб (тар) ыңыз
Олар келді (оқушы), олардың кітаб (тар)ы
Қиысуда, осы мысалдан көрінетіндей, бірінші компонент өзінің
семантикасы мен грамматикалық мағынасы арқылы (жақ жəне
көпше я жекеше) екінші сөзбен байланысқа түсіп, предикаттық
қатынастағы единица құрады. Екінші тұлғасын өзгерткеннен
бірінші сөздің грамматикалық формасы өзгеріп қана қоймайды, ол
бүтіндей басқа сөзге ауысып кетеді. Мысалы, келдік деген сөзбен
мен (сен, ол) есімдіктері емес, тек біз сөзі ғана қолданылады.
Олардың байланысын былай көрсетуге болады:

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 417

мен келдім

Ал сөз тіркесінің талданып отырған типінде бірінші компонент
өзінің грамматикалық формасы (ілік септік жалғауы) арқылы
екінші сөздің грамматикалық формасымен (тəуелдік жалғауы)
байланысқа түседі, бұл қиысуда жоқ, ал өзінің семантикасы мен
грамматикалық мағынасы арқылы екінші сөздің грамматикалық
формасымен (тəуелдік жалғаудың жаққа байланысты өзгеруі)
байланысқа түседі. Жəне керісінше: екінші сөздегі тəуелдік жалғау
тіркеске енген алғашқы сөздің ілік септігінде тұруын талап етеді. Бұл
жерде мынаны да ескерген жөн. Тəуелдік жалғауы (грамматикалық
форма ретінде) бір грамматикалық категория болып есептелініп
жүргенмен, кем дегенде грамматикалық үш мағынаны білдіреді.
Ол, ең алдымен, тəуелділік, меншіктілік мағына (бұл – негізгі
мағынасы). Содан кейін жақтық жəне жекешелік иемесе көптік
мағына. Бұндай конструкциялы тіркес құрамындағы сөздердің
байланысу схемасын былай көрсетуге болады:

менің кітабым

Осының өзінен де оның қиысудан айырмашылығы бар екені
айқын көрінеді.

Бұлармен қоса сөздердің əрбір байланысу формалары өзіндік
ерекшеліктермен де сараланады. Қиысу түркі тілдерінде сөздердің
байланысу типтерінің сөз тіркесін құрайтын басқа түрлерінен пре-
дикаттық қасиет, яғни сөйлем болу, ой білдіре алу қасиеті арқылы
ерекшеленеді. Демек, қиыса байланысқан синтаксистік единица-
лардың өзіндік ерекшелігі модальдылықты, шақты, коммуника-
цияны, ойды білдіруімен тікелей байланысты. Ал талданып отыр-

418 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

ған синтаксистік единицалар (матасу) сөз тіркесінің басқа типтері
сияқты модальдылықты білдірмей, тек атауыштық, коммуника-
тивтік емес, номинативтік қызметте ғана жұмсалады.

Сөз тіркесінің синтаксисі мен жай сөйлемнің синтаксисі жеке-
жеке қаралып келгенмен, бұл екі синтаксистік единица бір-бірімен
аралас-құралас, тығыз байланыста болады. Кейде жай сөйлем, бір
жағынан, бірнеше сөз тіркесінің жиынтығы болып қаралса, екінші
жағынан, ол сөз тіркесінің де бір түрі болып қаралып келді, сөйтіп,
сөз тіркесі мен сөйлем кейде бірігіп кетіп отырады, яғни кейбір
синтаксистік единицалар бірде сөйлем деп ұғынылса, енді бірде ол
сөз тіркесі болып қаралды.

Соңғы жылдарда жарық көрген теориялық еңбектерде сөз
тіркесі синтаксистің дербес бір саласы деп түсіндіріліп, онда
қажетті модальдылық, шақ, хабарлау интонациясы сияқты сөй-
лемге тəн категориялардың бірі де болмайтыны көрсетіледі.

Сөз тіркестері сөйлем құрудың материалы бола тұрып, бұл
жағынан, жеке сөздермен жақындасады, бірақ сөз тіркесі мен сөз
бір емес екені анық (75 жəне 59 жəне жоғарыда талданған атаулы
тіркестерді қараңыз). Міне осы тұрғыдан да қиысу деп аталатын
бастауыш + баяндауыш жəне изафет ІІІ немесе матасу деп аталатын
ілік септікті сөз бен тəуелдік жалғаулы сөзден құралған анықта-
уыш + анықталушы сөз конструкцияларын біріктіріп, бір категория
деп қарауға болмайды. Демек, сөздердің байланысу формалары
(типтері) мен сөз тіркесінің типтері өзара өте ұқсас болғанымен,
бір-ақ грамматикалық категория бола алмайды. Сөйтіп талданып
отырған сөз орамдары сөздердің байланысу амалдары жағынан
да, атқаратын қызметі жағынан да, тілдік құбылыстарды білдіруі
жағынан да қиысудан өзгеше екендігін көрсетеді. Сондықтан
сөздердің байланысу формаларында болсын, сөз тіркесі типтерінде
болсын оның жеке синтаксистік категория ретінде берілгені
дұрысырақ сияқты (қараңыз: 11 жəне 12 т.б.).

Матасудың құрамындағы сөздердің байланысу формалары мен
тəсілдері күрделі. Сөз тіркесінің бұл типінде екі компоненттің
грамматикалық формалары арқылы болатын байланысу амалдары
сол тіркесті құрауда шешуші рөл атқарады. (Əрине, тіркес құра-
мындағы сөздердің семантикалық сəйкестігі де, олардың мағына-
лық жағынан үйлес болуы бүтіндей бейтарап емес). Сондықтан
да қазіргі қазақ тілінде, əсіресе мерзімді баспасөз тілінде, матаса

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 419

байланысқа түскен сөз орамдары көптеп қолданыла бастағаны
байқалады. Жалпы бұл синтаксистік үлгі жаңа сөз орамдарын
тудыруда сөз тіркестерінің басқа типтеріне қарағанда актив түрде
қолданылады, тіркес құрамындағы сөздердің грамматикалық фор-
малары арқылы үш жақты байланысының негізінде олардың
жасандылығы, тілге жаттығы білінбейді. Бұндай тіркестердің лек-
сика-морфологиялық құрамы əртүрлі бола береді. Тек зат есімнен
ғана емес, басқа есімдерден де, сондай-ақ етістік түрлерінен, тіпті
тұрақты жəне түйдекті тіркестерден болған қазақтың байырғы
сөздері мен əр кезеңде енген кірме сөздер матаса байланысқан
сөз тіркесінің бірінші де, екінші де компоненті бола алады. Мы-
салы: Ауылға шығарылғалы отырған жаңа əліб мəдениет ат-
танысымыздың саяси астары осы жоғарғы айтылғандардан туа-
ды (ЖМ, 1929, №4). Əрбір жұма күндері оқушы комсомолецтердің
саяси сабағы өткізіледі (ЛЖ, 1962, 2 март). Айтты-айтпады, ой
елегінен өтпесе, журналист алған фактінің творчестволық өңделуі
не болмақ? Оқу мен үйренудің дүкені – өмірді білу, оның толып
жатқан сырлары мен заңдарына тереңірек қанығу (ҚƏ, 1967, 5
май). Мысалдағы бөлініп көрсетілген тіркестер өз кезеңі үшін
жаңа синтаксистік конструкциялар болып саналады. Олар орыс
тіліндегі политическая подоплека нашего похода, политическое
занятие комсомольцев, (творческая) переработка фактов, лабора-
тория учебы и овладения знаниями деген конструкциялардың
əсер-ықпалынан туған. Сөз тіркесінің бұл типі мерзімді баспасөз
тілінде жиі қолданылуын статистикалық талдаудың нəтижелері
де дəлелдей түседі. Мысалы, «Социалистік Қазақстан» газетінің
бір нөмірінде (1969, 16 октябрь) 8834 сөздің 803 сөзі ілік сетпік
жалғауында жұмсалған (9,2%), ал бұл тіркестің жалпы сөз қол-
данысқа қатынасы 21,16%.

Мерзімді баспасөз тілінде ілік жалғаусыз құралған изафет ІІ
деп аталатын тіркестердің қолданылуы жандана түсті. Біз ондай
тіркестерді (ілік септік жалғаусыз, сөз + тəуелдік жалғаулы
сөз) жартылай матасу деп атадық. Өйткені матасумен оның
генетикалык байланысы сөзсіз. Олар: кеңестер үйі, қосшы
ұйымдары, марксизм үйірмелері, тəжірибе мектебі, еңбек мектебі,
əуе кемесі, кəсіпшілер ұйымы, оқу жоспары, почта қатынасы,

сауық кештері, жұмыскерлер партиясы, сауда қатынасы, оқыту-

шылар конференциясы, астық қарызы, саламаттық сақтау бө-

420 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

лімдері, тап күресі, почта-телеграф бюросы, баспасөз қызмет-
керлері, аурухана қызметкерлері, төңкеріс ұраны, Совет жұмысы,
капитал дүниясі, зат айырбасы (товарообмен), кəсіп дүкендері, т.б.

Матаса байланысқан сөз тіркестері құрамы жағынан əрқилы:
оның құрамында орыс тілінен жəне орыс тілі арқылы енген ин-
тернационалдық лексика да, қазақ тілінің байырғы сөздері де,
калька, аударма арқылы жасалған жаңа сөздер де кездесіп отырады.

Жартылай матасу – көркем шығарма тілінен гөрі ресми до-
кумент, ғылыми шығарма, баспасөз тілдеріне тəн құбылыс. Көр-
кем шығармаларда изафет ІІ өте сирек қолданылады. Мысалы,
«Қорғансыздың күнінде» 30-ақ, ал баспасөз тілінде 348 жартылай
матаса байланысқан сөз тіркестері қолданылған. Ал толық ма-
тасудың саны шамалас (353:357). Оның есесіне көркем шығарма
тілінде матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші тəуелдік жал-
ғаулы компоненттерінің жеке тұрып жұмсалуы жиі кездеседі. Бас-
пасөз тілінде ол 140 болса, «Қорғансыздың күнінде» – 463 (N1
5000, N 2 – 5000).

Алғашқы компоненттің мағынасы контекстен, немесе екінші
компоненттің семантикасынан-ақ түсінікті болса, бір-ақ сөз жұм-
сала береді. Мысалы, балам, кітабың деген сөздерден менің
балам, сенің кітабың деген тіркестердің бар екені айқын көрінеді.
Демек, ілік септікте тұрған сөз 1, 2-жақ жіктеу есімдігі болса,
ол сөз екінші компоненттегі тəуелдік жалғау тұлғасынан бірден
байқалып тұрады. Тіл қашан да ауырдан жеңілге, күрделіден
қарапайымдылыққа қарай бейімделіп отырады. Тілдегі артық
элементтер түсіп, қысқарып отыруы – оның икемді болуының бір
шарты. Аффикстердің бір кезде толық сөз болып, кейін қысқа-
рып, тіпті кейбіреулерінің ықшамдалып қалуы – осының көрінісі.
Ондай процестерді проф. В.А. Богородицкий мəдениеттің өсуімен
тығыз байланысты ойлау, сөйлеу процесінде энергияны аз жұм-
сау үшін тілдің үнемдеу (экономикалық) моменттері деп көр-
сетеді [18, 33].

Ал ілік септік жалғауында тұрған сөз 3-жақ жіктеу есімдігі не
басқа сөз болса, оның бүтіндей түсіп қалып, тəуелдік жалғаулы
сөздің жеке өзі қолданылуында ерекшеліктер болады, өйткені
1, 2-жақтарда алдыңғы сөз біреу-ақ болса (ие менің, не сенің,
сіздің), 3-жақта дəл қай сөз екені көрсетілмейді, яғни онда зат

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 421

иесінің нақтылығы жоғалады. Мысалы, оның т.б. кез келген
3-жақтағы сөздер тіркесуі мүмкін. Көркем шығарма тілінде
түсіп қалған 3-жақтағы сөз контекстің өн бойынан немесе екінші
сөздің семантикасынан, сөйлем құрылысынан аңғарылып тұруы
мүмкін. Мысалы, кешегі бала біздікіне келіп, кітабын алып кетті
деген сөйлемде кітап баланікі екені, кітабы сөзі баланың немесе
өзінің деген сөздермен тіркесетіні бірден байқалады. Ол сөз тіпті
осы сөйлемде айтылмай, алғашқы сөйлемдерде қолданылуы да
мүмкін. Ондай жағдайларда ол сөзді əр сөйлем сайын қайта-қайта
қолданудың қажеті де болмайды. Керісінше мерзімді баспасөз
тілінде ондай ситуациялар шекті ғана. Ол мерзімді баспасөз тілінің
көркем шығарма тіліне қарағанда ойды білдіру мазмұны жағынан
болсын, формасы жағынан болсын біршама ресми, нақтылау,
номинативті болып келуімен тығыз байланысты. Бірінші сөздегі
ілік септік жалғауының түсіп қалуы сол синтаксистік конструкция-
ға бір мағыналық, терминологиялық сипат береді, яғни бұндай сөз
орамдары атауыштық, номинативтік мағынада қолданылуының
нəтижесінде тұрақтылық қасиетке ие бола бастайды, олардың
құрамындағы компоненттері бір-бірімен жымдаса түседі, бөлуге
келмейтін бір бүтін единица ретінде, жеке сөз сияқты қолданыла
бастайды. Сөйтіп сөйлеу процесінде сөйлемнің бір-ақ мүшесі
қызметін атқаруға бейімделеді (Атаулық тіркестерді қараңыз).
Оны мына мысалдан да айқын көруге болады. Кəсіп ұяларын
басқарушылар одағы еңбек ақыны қысқарту мақсатымен тауда
қызмет ететін жұмыскерлермен бірлесіп жасалған уəде қағазды
бұзды (ЕҚ, 1923, 18 август). Үйлестіру-есеп шығару орталығы
келіп түскен информацияны өңдеумен шұғылдануда (СҚ, 1968,
18 январь). Телевизия жəне радиотелефон байланысын космос
арқылы қабылдау пункттерінің жүйесі шартты түрде «Орбита»
деп аталады (БЖЕ, 1968, №3).

Матасудың немесе изафеттің бұл екі түрінің шығу төркіні бір.
Бірақ оның алғашқы формасы, изафеттің дамуына негіз болған
тұлғасы туралы тюркологияда əртүрлі пікір бар. Бұл түрлердің
(изафет ІІІ, изафет ІІ жəне изафет І – жібек орамал, ат қора, мал
азық т.б.) ең көнесі аффикссіз түрі, яғни изафет І екенін түрколог-
тардың көпшілігі-ақ мойындайды. Мысалы, проф. Қ. Жұбанов

көне түркі тіліне есім сөздердің атау тұлғада тұрып байланысуы

тəн екенін айтады [34, 21–22].

422 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

Н.К. Дмитриев те ондай пікірді қуаттайды. «Бұлардың ішін-
дегі ең көнесі – бірінші түрі. Ол түркі тілдерінің дамуындағы
өте көне дəуірін, морфологиялық көрсеткіштер (аффикстер) əлі
қалыптаса қоймаған жəне сөздердің бір-бірімен қатынасы тек
синтаксистік тəсілдер арқылы болған дəуірін байқатады. Құмық,
чуваш сияқты түркі тілдерінде де сөз тіркесінің бұл типі көп
қолданылады» [31, 224]. Сөйтіп түркі тілдерінде изафет І ертеде-
ақ, грамматикалық формалардың бөлініп шықпай тұрған кезінде
де болған, бір кездегі жеке сөз болған формалар басыңқы сөзбен
осылай байланысқан, кейін изафеттің сонғы екі түрі дамыған.
Ал изафет ІІ мен изафет ІІІ қалай дамығаны туралы талас пікір
көп. А.М. Щербак ілік септігінің қолданылуы арқылы жасалған
изафетті кейінгі шақтың жемісі деп қарайды. «Поссесивті кон-
струкцияларда морфологиялық көрсеткіштердің кейінгі кездерде
ғана жалғана бастауын ескере отырып, шығыс Түркістан текс-
терінде жиі кездесіп отыратын бэг аты (бектің аты), баш ағыры
(бас ауруы), ары йағы (араның балы) сияқты тіркестерді көне
үлгілер деп қараймыз. Схемалы түрде олардың дамуын қосымша
өзгерістерін есепке алып, былай көрсетуге болады:

зат есімде: бэг ат – бэг ат-ы – бэг-н-нің ат-ы;
есімдікте: мэн ат – мэн ат(ы)-мэн – мэн-нің ат-ым – мэн(н) ің
ат» [81, 87].
Бұл пікірді С.С. Майзель алғашқыда қолдайды: «Негізгі бел-
гісі тек орын тəртібі болатын Со + Мо тұлғалы аморфты изафет-
тен кейін Со + М1 изафет, яғни релятивті аффикс жалғанатын
изафет туған, содан кейін барып, анықтауышы ілік септігінде
тұратын С1+М 1 изафет жасалған» [48, 51]. Кейін С.С. Майзель
бұл пікіріне қарама қарсы пікір айтады: «Изафеттің эволюциясы
мен құрылымдық өзгерістердің өсуі ондағы аффиксті тұлғалардың
прогресті түрде əлсіреуінен көрініп отырады» [48, 178]. Ж. Дени-
дің мына пікірін С.С. Майзель қуаттайды: «Бір білікті адам,
паша ауылда бақша сатып алады. Алғашқы кезде онысы раsаnіn
bаhсеsі – пашаның бақшасы деп аталады. Кейін бұл тіркес жиі
қолданыла келіп, раsа bаhсеsі түрінде болып, енді біраз уақыт
өткен соң, ол таза атауға айналып кетуі мүмкін, ол атау бұл жердің
иесі ұмытылғанда да сақталып қалады» [48, 181–182].
Жеке конструкциялардың осылайша дамуы қазақ тілінен де
байқалады, тіл маманы И.Е. Мамановтың айтуынша, қазіргі Бай-

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 423

жан көл дейтін көл атының дамуы былай болған. Байжан дейтін
бай осы көлді жайлайды екен. Оны өз меншігіне айналдырып, жаға-
сына жан қондырмайды екен. Ол көл Байжанның көлі атаныпты.
Бертін келе айтыла-айтыла Байжан көлі болып, одан меншіктілік,
тіпті қатыстық мағына ұмытылып, тек атауыштық, номинативтік
мағынаға ауысып, қазір тек Байжан көл болып аталады екен. Дəл
осындай фактіні тағы келтіруге болады. Омбы облысы, Назыбай
ауданына қарасты Еңбекші қазақ деген ауыл отыратын жерде
қоғыр көп. Соның бірі Қарпатай қоғыр аталады. Оның аталу
тарихы былай болған екен. Сол ауылдың Қарпатай деген кісісі
қатарынан бірнеше жыл жұрттан бұрын сол қоғырдан шөп шабады
екен. Осыны ескеріп, бұрын аты жоқ қоғырды ауыл Қарпатайдың
қоғыры деп атап, кейінгі жылдары ол қоғырға жұрттың көбі шөп
шабуға бара бермейді. Бертін келе бұл қоғыр Қарпатай қоғыры
болып атанып, сөз тіркесі атауыштық қасиетке қарай ауысты.
Қазір ол қоғырдың, шөбін бұрын барған адам шаба береді, ауыл
оны бірде Қарпатай қоғыры, бірде Қарпатай қоғыр деп атайды.
Осындай тарихы бар қоғырлар бұнда көп.

Сонымен, изафеттің дамуы туралы бір-біріне қарсы екі түрлі
пікір бар: бірі – морфологиялық форманың өрістеуін негізге алған
пікір де, екіншісі – морфологиялық форманың біртіндеп жоғалуын
негізге алған пікір. Екеуінің де бастапқы тұлғасы изафет І. Оны
былай да көрсетуге болады.

1) Со + Мо–Со + М1–С1+М1
2) Со + Мо–С1+М1-Со + М1 (С.С. Майзельдің белгілері).
Теориялық жағынан бұл екі дамудың екеуі де болуы мүмкін.
Бірақ біздің байқауымызша, бұндай конструкциялардың даму
процесі керісінше болған тəрізді, яғни жартылай матасу кейінгі
дəуірдің жемісі болу керек. Олай деуге мынадай себептер бар. Ең
алдымен бұны қазіргі қазақ тіліндегі кейбір тұрақты тіркестердің
эволюциясы айқындай түседі. Оның кейбірі жоғарыда айтылды.
Сол сияқты қазір тұрақты тіркес не күрделі сөз болып кеткен мал
азығы, төр ағасы, отағасы, төл басы сияқты көптеген тілдік
единицалар əуелде толық тұлғалы сөз тіркесі болған болу керек.
Екіншіден, тəуелдік жалғауы ілік септік жалғауынан бұрын шығып,
ілік септік жалғауы кейінгі кезде ғана сөзге жалғана бастады дей
алмаймыз. Олай деуге негіз жоқ. Түркі тілдерінің материалдарына

424 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

сүйенсек, ілік септік жалғауы көне формалардың бірі екенін жəне
ол басқа септік жалғауларының тууына негіз болғандығын көре-
міз. Сондай-ақ ұйғыр тіліндегі мениңгə сияқты сөздерде барыс
септік жалғауы ілік септіктің үстіне жалғануы – қазіргі нормаға
қайшы. Ол факт «Құтадқу біліктің» тілінен кездеседі: сəниң-ден,
аның-дың, аның-да, сəниң-дə т.б. [3, 38, 39]. Демек, тілдің ішкі
дамуына қарап отырсақ, мынадай схеманы байқаймыз:

С1+М1 – Со + М1–Со + Мо (малдың азығы – мал азығы – мал азық).
Ал Со + М1 – С1+М1 даму тілімізде тіпті кездеспейді. Демек, біздің
байқауымызша, изафеттің эволюциясы былай болған:

Со + Мо – С1 + М1 – Со + М1 – Со + Мо.
Бұл жерде соңғы нəтиже бастапқы үлгісіне ұқсайды, демек,
изафеттің дамуынан бекерге шығаруды бекерге шығару заңды-
лығын көруге болады. Бірақ тілімізде барлық тіркес осы жолмен
жасалып жатқан жоқ. Бұлардың əрқайсысы жеке-жеке үлгі болып
қалыптасып, жаңа туындылар соның негізінде дайын үлгі бойынша
жасалып отырады. Ол (жаңа сөз тіркестері) жалпы осы үлгілер
өткізген эволюцияны əрқайсысы өз басынан өткізе бермейді.
Демек, сөз тіркесі мен оның үлгісі – екі нəрсе, олар бір-біріне сай
келе бермейді. Тілдік (синтаксистік) үлгілер əр жанрда, кез келген
стильде бола береді, ал жеке сөз тіркестері ондай универсалды емес.
Сондықтан жалаң үлгілер жалпы тілдік элементтер көрсететін
ерекшеліктерді, өзгешеліктерді толық білдіре алмайды. Үлгілердің
типі тілде анағұрлым шағын. Демек, модельдеу (моделирование)
тілді зерттеуде қажет тілдік категория, инструмент болғанмен,
оның кемшіліктері де жоқ емес. Сондықтан да əрбір синтаксистік
единицаны грамматикалық үлгі арқылы жеке-жеке қарау керек,
яғни олардың қолданылуындағы сандық көрсеткіштері арқылы
сапалық қасиеттерін айқындау қажет.

ҚОРЫТЫНДЫ

Совет дəуіріндегі қазақтың жазба тіліндегі, əсіресе мерзімді
баспасөз тіліндегі, азын-аулақ кездесетін лексикалық, грамма-
тикалық ерекшеліктерді талқылап, талдаудың, оларды əдеби тілдің
басқа стильдік тармағына жататын тілдік материалдарымен салыс-
тырудың нəтижесінде мынадай мəселелерді анықтауға болады:

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 425

1. Газет, журнал тілі – жалпы халықтық əдеби тілдің белгілі бір
стильдік ерекшеліктерін көрсететін тармағы. Оның басқа стильдік
тармақтардан, əсіресе көркем шығарма тілінен айырмашылығы,
өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшеліктер ойды берудегі əдеби
əдістердің өзгешеліктерінде ғана, яғни бірінде көркемділік, бей-
нелік т.б. тəсілдерінің басым, я тəн болуында ғана емес, сонымен
бірге ойдың формасы тілдік тұлғалардың да біркелкі қолда-
ныла бермеуінде, яғни кейбір грамматикалық формалар мен лек-
семалардың белгілі бір стильде жұмсалуға икемді болуында.
Демек, əр стильдік тармақтың, сондай-ақ əр стильге жататын
текстің – баспасөз тілі мен көркем шығарма тілінің – арақатынасын
көрсету, бір жағынан, əдебиеттің мəселесі болса, екінші жағы-
нан, лингвистиканың да үлесіне тиеді. Бірақ стиль деген ұғым
мен жанр деген ұғым бір емес. Сондықтан тілдегі стильді жанр-
лық жағынан ғана топтауға болмайды. Сондай-ақ бұл əр стиль-
дік тармақтарды бір-бірінен тілдік құрылымы жағынан ажыра-
тарлықтай грамматикалық формалардың бар екенін, яғни кейбір
формалардың əдеби тілдің осы екі түрінің біріне ғана тəн, немесе
біреуінде көбірек қолданылатынын көреміз. Баспасөз тілінде
сандық жағынан көп қолданылатын формаларға -и тұлғалы қа-
тыстық сын есімдер, -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік), -шыл
(-шіл), -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосымшалы зат есімдер мен
сын есімдер, -уда (-уде) тұлғалы баяндауыштар, көптік жалғауы,
ортақ жəне ырықсыз етіс тұлғалары, терминдік мағыналардағы
лексикаланған атаулық тіркестер, изафет тіркестер, т.б. жатады.
Демек, бұл формалардың қолданылуында стильдік реңк барын
аңғару қиын емес. Бұлар тілдік форма жағынан баспасөз тілінің
мазмұнына сəйкес келіп отырады. Бұл формалардың жоғарыда
көрсеткеніміздей қалыптасу, даму жолы бар. Ал кейбірі баспасөз
тіліне тəн бола тұра тілдегі басқа да жанрлармен, яғни ғылыми
шығарма, публицистика тілімен астасып келіп отырады. Өйткені
ондай текстердің стильдік жағынан бір-біріне жақын екенін
көреміз.

Осы формалар бұл еңбекте, негізінен, белгілі кезеңге байла-
нысты талданса да, олардың көпшілігі жалпы баспасөз тілінің қай
кезеңінен болса да кездесіп отыратындығы байқалады, яғни бұл
тұлғалар мен формалар тек белгілі бір кезеңдегі жазба тілге ғана

426 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

тəн емес, сонымен бірге жалпы жазба тілдің арқауы іспеттес деуге
болады.

2. Мерзімді баспасөз тілінің стильдік құрылымы, тілдік құра-
мы əр алуан екенін көреміз.

Баспасөз бетінде орыс тілінен ауысқан жəне орыс тілі ық-
палынан туып отырған сөздер жəне сөз тіркестерімен қатар көне
дəуірге тəн «кітаби» тіл элементтері, сонымен бірге сөйлеу тілі
элементтерінің жұрнақтарын да ұшырастырамыз. «Кітаби» тіл
жəне сөйлеу тілі элементтері жеке сөздердің қолданылуында, яғни
лексика көлемінде ғана емес, сонымен бірге орфографиялық жазу
дəстүрінде, кейбір морфологиялық формалардың жалғануында,
тіркес аясында да көрініп отырады. Оның негізгі себебінің бірі –
əсіресе совет өкіметінің алғашқы кезеңінде, баспасөз тілі, рево-
люциядан бұрын да газет-журналдардың шығып келгеніне қара-
мастан, жеке бір стильдік тармақты белгілей алатын жанр ретінде
толық қалыптаса алмауында болса керек. Революциядан бұрынғы
жазба əдебиеттің арнасы халықтық сөйлеу тіл, бай ауыз əдебиеті,
сонымен бірге ертеден бері қалыптасқан жазба əдеби дəстүр, орта
ғасырлық əдеби тіл екені айтылып келді [39, 56].

Аз ғана уақыттың ішінде жазба тілдің осындай салаларынан
мүлде айырылып кету мүмкін де емес еді, дегенмен революциядан
бұрынғы баспасөз тілімен салыстырғанда, ол дəстүрден арыла түс-
кендігі бірден байқалады.

Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде-ақ көркем шы-
ғарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде
ғылыми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз
алдына қалыптасып дами бастады.

Əрине, бұл құбылыстың жаратылысында орыс тілінің əсер-
ықпалы бар екені дау туғызбайды, өйткені стильдік тармақтардың
дифференциялана бастауының өзі орыс тілі ықпалымен тығыз
байланыста. Бұл кезеңде орыс тілі əсерінен жеке сөздер мен лек-
сикалық тіркестер жасалып қана қойған жоқ, сонымен қатар дербес
конструкция, сөз тіркесі, сөйлем құрылысының т.б. үлгілері де ене
бастағаны көрінеді. Осы кезеңдегі мерзімді баспасөз бұл екі тілдің
арасындағы байланыстырушы мықты звено болды.

4. Совет дəуіріндегі, əсіресе оның алғашқы жылдарындағы
мерзімді баспасөз қазақтың терминологиясын қалыптастыруда да

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 427

орасан зор қызмет атқарды. Баспасөз бетінде дұрыс алынбаған не
жарыспалы терминдердің де қолданылып отыруына қарамастан,
бұл кездегі газет-журналдар қазақ терминологиясының негізін
салуға белсене қатынасқанын көреміз. Ғылым мен техниканың
əр алуан саласындағы терминдерді əрдайым көпшілік талқысына
салып отыруымен қатар солардың жарамды, дұрыс дегендерін
пайдаланып, баспасөз бетінде батыл қолданып отырды, сөйтіп
бар, термин қалыптастырудың бірден-бір жаршысы болды. Жəне
термин туралы ғылыми, сын мақалалар да басып тұрды.

5. Совет дəуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нəтижесінде
жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай
аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі
мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқала-
ды. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сара-
ланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Əсіресе
«кітаби» тіл дəстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын
анық байқауға болады. Мысалы, бұрын қосымшалардың сонор,
ұяң дыбыстан басталатын варианттары ғана жазылып келсе, енді
қажетті жерінде яғни қатаң дыбысқа аяқталатын түбірге қатаң
дыбыстан басталатын жалғау, жұрнақ қосыла бастайды. Сол сияқ-
ты араб тілі дəстүрімен жазылатын кейбір сөздердегі басы артық
əріптер де жазылмай, араб-парсы тілінен енген сөздердің жазылуы
сөйлеу нормасына жақындай түсті. Оны мына мысалдан-ақ көруге
болады. Қала салу, 15 десятинадан жер алу қазақдың хакімлері
менен байларына ұнамайтын іс («Айқап», 1914, №2). Жасасын
(қазақтың еңбекшіл хүкіметі («Ұшқын», 7 октябрь, 1920). Əрине,
бұл сипрлар Каммунист партия белсенділері, Кеңес үкіметінің
комсомолдар жұмысына тездік бен қатынасыб партия жұртшылы-
ғы Кеңес заңына қарай жастарды баулу жөнінде іске қызу
кіріскенін көрсетеді (ҚҚ, 19–21, 1926). Сол сияқты қажетсіз тер-
миндерді, кейбір шылау сөздерді (мысалы, һəм, хақында, ша, ше,
оның үшін, соның үшін, оның себепті, т.т.) қолданудан да бас тарта
бастайды. Белгілі шеңбердегі баспасөз тіліне тəн сөз орамдары
шыңдалып, сараланып, өңделе түседі.

6. Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөздің қазақтың əдеби тілін
одан əрі дамыта түсудегі рөлі де орасан зор. Қазақ халқының
ағартушылары Абай, Ыбырай іргесін қалаған қазақтың ұлттық

428 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

əдеби тілі жаңа сатыға көтеріліп, сапа жағынан да, сан жағынан да
арта түсті. Қазақ тілі ғылым тілі, техника тілі дəрежесіне көтерілді.

7. Бұл кездегі мерзімді баспасөз қазақтың əдеби тілін лекси-
калық жағынан байыта түсуде, оны орфографиялық, граммати-
калық жағынан нормалауда біршама қызмет атқарды. Қоғам
дамуының нəтижесінде ғылым мен техника, экономика мен мə-
дениеттің өрістеуіне байланысты туып отырған жаңа сөздер жəне
орыс тілі арқылы енген интернационалдық лексиканы ғана қолда-
нып қоймай, қазақтың төл сөз байлығын да бұл кездегі газет-жур-
налдар барынша сарқа пайдалана алды. Осы кезеңдегі газет-жур-
налдар басқа тілден қазақ тіліне негізінен баламасы жоқ сөздерді
ғана алып отырды.

Баспасөз бетінде көнеріп бара жатқан көптеген сөздер жаңа-
рып, мағына кеңеюі не тарылуының нəтижесінде кəдеге асып
отырды.

8. Қазақ тілін зерттеу, қазақ тіл білім мəселелеріне де мерзімді
баспасөз барынша назар аударып отырды. Тіл біліміндегі көптеген
талас мəселелер жөнінде дер кезінде дискуссия ұйымдастырып,
мамандардың, сондай-ақ оқушы көпшіліктің де пікірі газет-
журнал беттерінде жарияланып келді. Əсіресе орфография, емле
мəселелеріне «Еңбекшіл қазақ» газеті зор көңіл аударып, дүркін-
дүркін дискуссия ұйымдастырып, кейін араб алфавитінен латынға
көшерде жаңа əріптерді, сондай-ақ жаңа емле қағидаларын
оқушыларына дер кезінде жеткізіп отырды. Қазақ тілін дамыту
туралы қажетті мəселелер көтеріп, ол жөнінде де əрі ғылымдық,
əрі практикалық маңызы бар мақалалар жариялап отырды.

9. Қорыта келгенде, 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз, бір
жағынан, совет дəуіріндегі жаңа сапалы, көп стильді қазақ əдеби
тілі мен революциядан бұрынғы іргесі жаңа қаланған ұлттық əдеби
тілдің арасындағы «көпір» болса, екінші жағынан, сол «көпірлік»
қызметін ойдағыдай орындап, əдеби тілді қалыптастырып, одан əрі
дамыта түсуде, жаңа үлгіні ұштастыра беруде ерекше рөл атқарды.

10. Қазақтың революциядан бұрынғы баспасөз материалдарын,
көне жазба мұраларын революциядан кейінгі кездердегі баспасөз
жəне басқа жазба материалдарымен салғастырудың нəтижесінде
мынадай да тұжырымға келуге болады: ауызекі сөйлеу тіліне
қарағанда кейбір жағдайларда жазба тіл тезірек өзгергіш, дамығыш

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 429

келеді. Мысалы, XІX ғасырдың аяқ шені, XX ғасырдың 10 жыл-
дары, 20-жылдары жəне соңғы шақтағы сөйлеу тілдері бір-бірінен
онша алшақтап кетпесе, жазба тілде күрделі-күрделі өзгерістер
болғаны байқалып отырады. Демек, бір кездегі жазба тілдің
ерекшеліктерін қазіргі күндегі жазба тілмен ғана емес, көбіне-көп
ауызша сөйлеу тілімен салыстырып барып өзіндік ерекшеліктерін
көрсеткен жөн тəрізді. Сонда барып тілдің даму, өзгеру процестері
толық көрініп отырады.

11. Баспасөз материалдарының негізінде екінші бір тілдің ти-
гізген əсер-ықпалын байқай аламыз. Сонымен бірге жазба тілде
сөйлеу тіліне қарағанда басқа тілдің əсері дəуіріне қарай сан жағы-
нан көлемді болып отыратыны, ол ықпал тек лексика шеңберінде
ғана емес, грамматика саласында, əсіресе сөз тіркесі, тіпті сөйлем
жүйесінде де болатындығын көреміз.

Октябрь революциясынан кейінгі жерде басқа да көптеген ұлт
тілдері сияқты қазақ тіліне орыс тілінің тигізіп отырған ықпалы
зор. Ол ықпал баспасөз тілінен анық байқалады.

ƏДЕБИЕТТЕР

1. Абдрахманов А. О принципах составления русско-казахских отрас-
левых терминологических словарей. – В книге: Вопросы терминологии.
М., 1961.
2. Абулғазы Баһадурхан. Шежіре-и-түрки (наме кітабы). Қазан, 1824.
3. Абдурахманов Г.А. Исследования по старотюркскому синтаксису (XІ
в). М., 1967.
4. Адмони В.Г. Качественный и количественный анализ грамматических
явлений. – В кн. Теоретические проблемы современного языкознания.
М., 1964.
5. Аманжолов С.А., Абдрахманов А. О научной терминологии и пере-
водной литературы в казахском языке. – В кн.: Вопросы казахского
языкознания. 1, Алма-Ата, 1959.
6. Аманжолов А.С. Глагольное управление в языке памятников древне-
тюркской письменности. Автореферат канд. диссертации. М., 1963.
7. Арабско-русский словарь. М., 1957.
8. Артомошина В.Е. Условия формирования и некоторые особенности
среднеазиатских поэтов-предшественников Навои. – В кн. Тюрко-мон-
гольское языкознание и фольклористика. ИВЛ. М., 1960.

430 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

9. Атаулар сөздігі. Қызыл Орда, 1931.
10. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
11. Балақаев М. Қазақ тіліндегі изафеттік құрылыс // «Халық мұғалімі»,
1946, №1–2.
12. Балақаев М.Б., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтак-
сис. Алматы, 1961.
13. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы. Алматы, 1966.
14. Бартольд В.В. Работы по истории ислама и арабского халифата.
Культура мусульманства. Сочинения. т. VІ. М., 1966.
15. Баскаков Н.А. Каракалпакский язык, ІІ, фонетика и морфология. ч. 1.
М., 1952.
16. Баскаков Н.А. Типы атрибутивных словосочетаний в каракалпакском
языке // «Вопросы языкознания», 1956, №8.
17. Башкирско-русский словарь. М., 1958.
18. Богородицкий В.А. Введение в татарское языкознание в связи с
другими тюркскими языками. Казань, 1934.
19. Боровков А.К. Алишер Навои – как основоположник узбекского
литературного языка // Алишер Навои. М.-Л., 1941.
20. Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий.
т. 1-2. СПб., 1869, 1871.
21. Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили. М., 1967.
22. Вандриес Ж. Язык. Лингвистическое введение в историю. М., 1937.
23. Вербицкий В.В. Словарь алтайского и аладагского наречий тюркских
языков. Казань, 1884.
24. Виноградов В.В. Об основных типах фразеологических единиц в
русском языке. – В кн. А.А. Шахматову. М., 1947.
25. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. М.,
1963.
26. Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики // «Вопросы
языкознания», 1955, №1.
27. Виноградов В.В. О языке художественной литературы. М., 1959.
28. Вопросы развития литературных языков народов СССР в советскую
эпоху // Материалы всесоюзной конференции. Алма-Ата, 1964.
29. Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. М., 1965.
30. Гордлевский В.А. К вопросу о влиянии турецкого языка на арабский
// ЗКВ при Азиатском музее АН СССР. т. V. Л., 1930.
31. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. М-Л., 1948.
32. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. М., 1962.
33. Ефимов А.И. История русского литературного языка. М., 1961.
34. Жубанов X. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата, 1966.
35. Искаков Ф.Г., Пальмбах А.А. Грамматика тувинского языка. М., 1961.

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 431

36. Карашева Н.О. Грамматические особенности языка казахской публи-
цистики начала XX века (на материале журнала «Айкап»). Автореферат
кандидатской диссертации. Алма-Ата, 1959.
37. Карашева Н. О грамматических особенностях казахской публицистики
начала XX века (на материале журнала «Айкап») // Вопросы казахского
языкознания. Алма-Ата, 1959.
38. Кенесбаев С.К. О некоторых фразеологических единицах в казахском
языке // Известия АН КазССР т. 135, серия филологии и искусствове-
дения. Алма-Ата, 1954, вып. 1–2.
39. Кенесбаев С.К. Развитие казахского литературного языка в советское
время // М. О. Ауэзов. Сб. статей к его шестидесятилетию.
40. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962.
41. Кожина М.Н. О понятии стиля и месте языка художественной ли-
тературы среди функциональных стилей. Пермь, 1962.
42. Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного
языка. М.-Л., 1956.
43. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного
языка. М.-Л., 1960.
44.Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мəселелері. Алматы, І
басылуы, 1958, ІІ – 1960, ІІІ – 1960, ІV – 1962, V – 1963.
45. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954.
46. Қордабаев Т.Р. Қазіргі қазақ тіліндегі шақ категориясы. Алматы, 1953.
47. Левин В.Д. О месте языка художественной литературы в системе
стилей национального языка // Вопросы культуры речи. вып. І. М., 1955.
48. Майзель С.С. Изафет в турецком языке. М-Л., 1957.
49. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951.
50. Малов Е.С. Памятники древнетюркской письменности Монголии и
Киргизии. М.-Л., 1959.
51. Махмуд Кашгари. Дивану луғат-ит түрк. Тошкент, т. І. 1960, т. 3. 1963.
52. Махмудов X.X. Некоторые вопросы теоретической стилистики //
Филологический сборник, вып. ІV, Алма-Ата, 1965.
53. Мещанинов И.И. Члены предложения и части речи. М., 1957.
54. Мурат В.П. Об основных проблемах стилистики. М, 1957,
55. Муратов С.Н. Устойчивые словосочетания в тюркских языках. ИВЛ.
М., 1961.
56. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Алматы, 1970.
57. Нұрханов С. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір жаңа сөз тіркестері жа-
йында // «Қазақстан мектебі», 1963, №3.
58. Персидско-русский словарь. Сост. Б.В. Миллер. М., 1960.
59. Проконович Н.Н. Словосочетание в современном русском литера-
турном языке. 1966.

432 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

60. Преоброженский. Этимологический словарь русского языка. М.,
1910–1914.
61. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. т. І–4. СПб, 1888–1911.
62. Решетов В.В. Об одном узбекском падеже // Тюркологический
сборник. І. М., 1951.
63. Розенталь Д.В. Практическая стилистика русского языка. 1965.
64. Рубинчик Ю.А. Современный персидский язык. ИВЛ. М., 1960.
65. Русско-азербайджанский словарь. Баку, 1956.
66. Русско-кумыкский словарь. М., 1960,
67. Русско-ногайский словарь. М., 1956.;
68. Русско-татарский словарь. Казань, 1958,
69. Русско-тувинский словар. М., 1953.
70. Русско-узбекский словарь. М., 1954.
71. Русско-уйгурский словарь. М., 1956.
72. Русско-хакасский словарь. М., 1961.
73. Севортян Э.В. К соотношению грамматики и лексики в тюркских
языках // Вопросы узбекского языкознания. Ташкент, 1954.
74. Серебренников Б.А. О взаимосвязи языковых явлений и их истори-
ческих изменений // «Вопросы языкознания». 1964, №3.
75. Сизова И.А. Что такое синтаксис. М., 1966.
76. Современный казахский язык, фонетика и морфология. Алма-Ата,
1962.
77. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы, 1969.
78. Төлеуов Ə. Қазақ тіліндегі зат есім мен сын есім тудыратын жұрнақ-
тар. Алматы, 1956.
79. Фрумкина Р.М. Статистические методы изучения лексики. М., 1964.
79а. Хасенова А.Қ. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. Алматы,
1959.
80. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. М., 1963.
81. Щербак А.М. Грамматический очерк языка тюркских текстов X–ХІІІ
вв. из Восточного Туркестана. М.-Л., 1961.
82. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1964.
83. Ярцева В.Н. О методах анализа языка. Теоретические проблемы
современного советского языкознания. М., 1964.

84. Дж. Эдни Юл., Д. Дж. Кендэлл. Теория статистики. М., 1960.

ІІІ

ҚАЗАҚТЫҢ
МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ

ТІЛІНІҢ ДАМУЫ

КІРІСПЕ

І тарау. ƏДЕБИ ТІЛ ЖƏНЕ БАСПАСӨЗ ТІЛІ

1. Кітаби тіл туралы көзқарастар жəне кітаби тіл дəстүрінің
қазақ əдеби тілімен қарым-қатынасы

2. Əдеби тілдегі стильдер жəне баспасөз тілі
3. Мерзімді баспасөз тілі мен көркем əдебиет тілінің өзіндік

ерекшеліктері

ІІ тарау. БАСПАСӨЗ ТІЛІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ
ДАМУЫ ЖƏНЕ ЖАҢА СӨЗ ЖАСАУ ПРОЦЕСІ

1. Байырғы сөздердің қолданылуы жəне сөз мағынасының
дамуы

2. Орыс тілінен енген сөздер
3. Араб, иран тілдерінен енген тілдік элементтердің

қолданылуы
4. Баспасөз тілінде сөз қолданудың кейбір ерекшеліктері
5. Қосымша арқылы сөз тудыру процесінің дамуы

ІІІ тарау. БАСПАСӨЗ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ

1. Қабыса байланысқан жаңа сөз тіркестері
2. Айқындауыш мүше жəне оның қолданылу ерекшеліктері
3. Меңгеріле байланысқан жаңа сөз тіркестері
4. Сөйлем құрамындағы кейбір ерекшеліктер

ҚОРЫТЫНДЫ

Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 435

КІРІСПЕ

Қазақтың мерзімді баспасөзінің сонау 1870 жылы Ташкент
шаһарында алғаш жарық көрген «Түркістан уалаятының газеті»1
мен 1888 жылы Омбы қаласында дүниеге келген «Дала уалаятының
газетінен»2 басталып, бүгінгі күнгі «Социалистік Қазақстан» газеті
мен «Қазақстан коммунисі» журналы бастаған жүздеген мерзімді
басылымдарға дейінгі үлкен тарихы бар. Бұл тарих қазірге дейін
біршама жеткілікті дəрежеде зерттелді деп айтуға болады. Бірақ
сол бір ғасырдан астам тарихы бар қазақ баспасөзі тілінің дамуы,
қалыптасуы, оның жеткен биігі жөнінде мұны айтуға болмай-
ды екен. Біздің бұл мəселені зерттеу объектіміз етіп алуымызға
итермелеген де, міне, осы жағдай еді. Бірақ біз осы шағын зерт-
теу еңбегіміз арқылы бұл мəселені жинақтап, бітіріп тастадық деп
айта алмаймыз. Өйткені бұл көптің күшімен орындалатын, əлі
де талай-талай зерттеулердің объектісі болуға жарайтын кең де
күрделі проблема.

Революциядан бұрынғы қазақ баспасөзі тілінің даму тарихы,
олардың тілдік ерекшеліктері əр қырынан зерттеу объектісі болып
келді3.

Ол жұмыстардың қай-қайсысы да қазақ баспасөз тілінің белгілі
кезеңдегі статикалық күйін сипаттауға арналған көлемді еңбектер.
Бірақ бұларда баспасөз тілі əдеби тілдің қалыптасып, дамуы

1 Қараңыз: Бекхожин X. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. Алматы, Қазмембас,
1964, 26–36-бб.; Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөзіндегі материалдар. Алматы, 1963, 3–73-бб.
2 Қараңыз: Бекхожин X. Аталған еңбек, 36–57-бб.; Субханбердина Ү. Аталған еңбек,
74–246-бб.
3 Бұл жөнінде жоғарыда аты аталған X. Бекхожиннің, Ү. Субханбердинаның, Т. Аман-
досовтың, Б. Кенжебаевтың, Т. Қожакеевтің көрсетілген еңбектерінен басқа мына-
ларды атай кеткен орынды: Қарашаева Н. «XX ғасырдың басындағы қазақ публици-
стика тілінің ерекшеліктері» («Айқап» журналының материалдары бойынша. 1959,
кандидаттық диссертация; Б. Əбілқасымов. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы,
1971; Т.Р. Қордабаев. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. Алматы, 1966.

436 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы

жағдайында қаралмайды. Осы аты аталған еңбектерден басқа да
газет-журналдар беттерінде, жеке жинақтарда қазақтың баспасөз
тілі жайлы мақалалар жарияланып келді. Демек, революциядан
бұрынғы баспасөз тілі жайында аз да болсын зерттеу еңбектер бар.
Ал мұндай пікірді совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілі жайын-
да айта алмаймыз.

Бұл жұмыстың мақсаты – революциядан бұрынғы, совет дəуі-
ріндегі мерзімді баспасөз тілін бір-бірімен байланыста зерттеу
арқылы оның əр кездегі лексикалық құрамы мен грамматикалық
құрылысының өзіндік ерекшеліктерін, кейбір тілдік үлгілердің
мерзімді баспасөз тілінде тұрақтану процесін көрсету, сол арқы-
лы публицистика тілінің кейбір заңдылықтарын ашу, даму қар-
қынын көрсету, газет-журнал материалдары негізінде жазба əде-
би тілімізде болған жаңалықтар мен өзгерістердің, кейбір көне
тұлғалардың жандануындағы сырын түсіндіру.

Тілдегі болып жатқан өзгерістер, белгілі бір тілдік құбылыс-
тың өшіп, екінші біреуінің туып, жандана бастауы ешбір себепсіз
болмайды. Белгілі кезеңдегі ондай жаңалық-өзгерістер жалпы
тілдің дамуы барысынан, қоғамдық қажеттіліктен, тілдің ішкі заңы
негізінде туып отырады. Тілдің белгілі бір кезеңдегі тармағын
зерттегеннің өзінде де ол жалпы тілдің даму зандылығынан бөлі-
ніп алынбай, сол дамудың желісінде қаралады. Р.Л. Будаговтың
көрсетуінше, тілдің дамуы оның өткен кезінен ғана емес, қазіргі
сəтінен де байқалады, тілдегі тарихи құбылыстар оның қазіргі
сəтінен көрініп отырса, қазіргі дəрежесіне жетуі тарихи дамуынан
танылады1.

Тілдегі əрбір құбылыс белгілі дəрежеде басқа құбылыстармен
тығыз байланыста болып отырады. Тілдік құбылыстар арасындағы
байланыстар мен олардың сипаттары тарихи жағдайларға бай-
ланысты құбылып, өзгеріп отырады. Тілдің тарихын, тілдік
құбылыстардың туып, қалыптасу тарихын зерттегенде, осы тілдік
құбылыстарды тудырған не, оның қалыптасу кезеңінде басқа
тілдік құбылыстармен қандай қарым-қатынаста болды дегендерді
анықтау қажет. Тілдік құбылыстың өзгеруі көбіне өзі өмір

1 Будагов Р.А. Проблемы развития языка. М.-Л., 1965, 17–99-бб.

Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 437

сүріп, байланыста болатын басқа құбылыстардың өзгеріп кетуі
нəтижесінде болады1.

Яғни тілдегі бір кезеңдегі құбылыс басқа да құбылыстармен
байланыста, қарым-қатынаста болатындығын ескере отырып, сол
байланыстың дəрежесін, даму сатысын көрсету қажет.

Осыған орай қазақ əдеби тілін бір ғасырдан аса тарихы бар
мерзімдегі баспасөз тілінің материалдары негізінде салыстырмалы
түрде зерттеп, ондағы жеке тілдік құбылыстардың қалыптасуын,
даму заңдылықтарын, стильдік бояу алуға икемденуін жалпы
баспасөз тілінің басқа да жазба əдебиет жанрлары ішінен алатын
орны мен өзіндік ерекшеліктерін, баспасөз тілінің əр кезеңде сөздік
құрамы мен сөз тудыру процесінің грамматикалық құрылысының
дамуын айқындап ашудың теориялық та, практикалық та мəні зор
екенінде ешбір күмəн жоқ. Бұл мəселелер жеке-жеке тарауларда
арнайы баяндалады.

1 Серебренников А.Б. О взаимосвязи языковых явлений и их исторических измене-
ний // «Вопросы языкознания», 1964. №3, стр. 21.

438 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы

І. ƏДЕБИ ТІЛ ЖƏНЕ БАСПАСӨЗ ТІЛІ

Баспасөз тілі – жазба тіл. Қай дəуірде болмасын мерзімді бас-
пасөз өзі қызмет ететін халықтың тілін пайдаланып қана қоймайды,
оның байып, дамып отыруына əсер-ықпалын тигізіп те отырады.
Жалпы халықтық тілді қажетіне қарай қолдануда да толып жатқан
өзіндік ерекшелік бар. Айталық, бір публицистік мақалада, тіпті
газет, журналдардың бір нөмірінде жалпы халықтық тілдің сөз
байлығы түгел пайдаланыла алмайды. Тілдің грамматикалық
құрылысының да белгілі бір бөлігі жанрлық ерекшелікке байла-
нысты көп қолданылса, енді бір бөлігі пайдаланылмай қалып
қояды.

Демек, жалпы халықтық тілдің баспасөзде колданылуы кейде
бір қарағанда сезіле бермейтін тілдік элементтерді таңдап алу-
мен астасып жатады. Ол таңдау жалпы халықтық немесе баршаға
түсінікті өлшемдермен де шектеле бермейді. Жалпы халықтық
немесе баршаға түсінікті деген ұғымды жамылатын тілдік
элементтердің баспасөз тіліне жат болатыны да кездеседі. Əйтсе
де көбіне мұндай жағдайда əдеби тіл, əдеби норма деген тəрізді
ұғым мен атаулар баспасөз тілінің шарты есебінде қолданылады.
Бірақ əдеби тілді тек мерзімді баспасөз ғана пайдаланбайды. Тари-
хи тамыры тереңге бойлайтын көркем шығармалардың жанрлық
түрлері, ғылыми əдебиеттер де əдеби тілде жазылады. Бірақ бұлар
əдеби тілге ортақ өздерінің құрал-қаруы еткенімен, оларды бір-
бірінен айырғысыз бір-ақ нəрсе екен деп қарауға болмайды. Жал-
пы мазмұны жағынан бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары,
ерекшеліктері бар екені кімге де болсын белгілі.

Айырмашылық, өзгешелік жалғыз мазмұн жағында ғана емес,
сонымен бірге əдеби тілдегі кейбір үлгілерді, тұлғаларды сұрыптай
талғап қолданудан да байқалады. Яғни, ғалымдардың, еңбектерінде
арнайы сөз етудің нысанасы бола бермейтін тілдік форма, стильдік
құрылымынан да өзгешелік байқалып отырады. Оның үстіне,
мерзімді баспасөз əдеби тілді, əдеби норманы сол қалпында пай-

Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 439

даланып, соның шеңберінде ғана қалып қоймайды. Баспасөз əдеби
норманы негізге ала отырып, жаңа нормалар қалыптастыруға да
икемделіп тұрады.

Өйткені əдеби тіл де, оның нормасы да өзгермей бір қалыпта
тұрмайды, қазіргі кезде оның байып, дами түсуіндегі өзгерістің
үлкені де баспасөздің үлесіне тиіп отыр.

Демек, мерзімді баспасөз тілінің əдеби тілмен байланысын сөз
еткенде, алғашқысының дайын құрылыс материалдарын ғана пай-
даланып отыратын енжар құбылыс емес екендігін, сонымен қатар
берері де бар, əдеби тілге түрліше əсер етіп отыратын құбылыс
екенін ескерусіз қалдыруға болмайды. Тілдегі өзгерістер, сөздік
құрамға жаңа сөздердің енуі күнделікті сөз қолданудан туып оты-
рады. Бірақ ол жаңалықтар жеке бір адамның қолдануынан бірден
əдеби тілге сіңісіп кете бермейді. Ол сөз əдеби тілге сіңіп кету
үшін белгілі бір уақыт тілдік қолданыста болып, одан тұрақты
орын алуы керек. Осындай сыннан өткеннен кейін ғана ол адам-
дар арасындағы қарым-қатынаста күнделікті пайдаланыла жүріп,
біртіндеп жаңалық болудан қалады. Бұл процесс қоғам дамуының
барлық сатыларында жүріп жатады. Өйткені қоғам дамуымен бірге
тіл де дамып отырады.

Кейінгі кезеңдерде əдеби тілімізден берік орын алып, белгілі
қажеттілікті өтеп жүрген тілдік қ ұ б ы л ы с т а р д ы ң көбі əуел
баста мерзімді баспасөзде қолданыс тауып, қалыптасып, норма-
ланып барып, əдеби тілге еніп отырды. Ондай тілдік элементтер
де, тіпті, тілдік үлгілер де қазіргі əдеби тілімізде аз емес. Мыса-
лы, қазіргі қазақ тіліндегі осы шақ мағынасын білдіретін – уда
тұлғалы етістіктің сөйлемде баяндауыш қызметінде қолданылуы,
-и тұлғалы қатыстық сын есімдер мен олар тіркеске түсетін кон-
струкциялар, ырықсыз етіс тұлғалы етістіктің активтенуі, түйдекті
тіркестердің жəне объектілік-предикаттық қатынастағы сөйлем
құрылысының жиі қолданылуы, т.б. əдеби тілге мерзімді баспасөз
тілі əкелген жаңалықтар еді. Сондай-ақ, мерзімді баспасөз тілі
арқылы ауысқан жаңа сөздер, байырғы сөздердің жаңа мағынада
қолданылуы, спорадикалық өзгерістер, тілдік клишелердің қалып-
тасуы да əдеби тілдің дамуындағы айтарлықтай үлес болып сана-
лады. Өйткені қолданыста болмаған сөздердің келуі немесе сөздің
жаңа мағынаға ие болуы басқа байырғы сөздер мен жаңа тіркестер

440 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы

құрауға, сөйтіп, сөздің лексикалық жəне грамматикалық тіркесін
жақсартуға əкеледі.

Сондықтан да қазіргі баспасөзіміздің тілі қалай қалыптасты,
əр кездегі баспасөз тілінің бір-бірінен қандай алшақтық, айыр-
машылығы бар деген тəрізді басты мəселелермен бірге баспасөз
тілінің əдеби тілді байытудағы рөлі, оның кейбір стильдік тармағын
қалыптастырудағы қызметі, жалпы əдеби тілдегі стильдерден ала-
тын орны сияқты мəселелерді ашудың теориялық та, практикалық
та мəні бар.

Қазақтың мерзімді баспасөз тілі бірден туып, қалыптасып
кеткен жоқ. Оның ешбір негізсіз жасала салмайтыны да белгілі.
Мерзімді баспасөз тілінің тууы қазақ тілінде газет, журналдардың
алғаш дүниеге келе бастауымен тығыз байланысты болса да, одан
бұрынғы жəне сол кездегі жазба тіл, жалпыхалықтық тілдің нор-
маларынан ауытқып кете қоймайды. XІX ғасырдың аяғы мен
XX ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз тілінде қазіргі тұрғы-
дан қарағанда жалпы əдеби нормаға жатпайтын кітаби тіл эле-
менттері мен ауызекі сөйлеу тіліне тəн болып келетін элизиялық
құбылыстардың белгілі дəрежеде орын алып келуі кездейсоқ емес.
Қазақтың мерзімді баспасөзі туғанға дейін жалпыхалықтық тілдің
жалпы шеңберін, оның əртүрлі жанрлық ерекшеліктерін көрсете
алатын қандай нұсқа-деректер бар десек, оған ең алдымен бай
ауыз əдебиетінің нұсқаларын, əр кезеңдегі ақын-жыраулардың
шығармаларын, сондай-ақ ортағасырлық «түркі əдеби тілінің»
негізгі дəстүрлерін сақтап келген əртүрлі жазба нұсқаларды (ше-
жірелер, ресми іс қағаздары, хаттар, т.б.) жатқызуға болар еді. Бір
жағынан, осылардың, екінші жағынан, сөйлеу тілінің мерзімді
баспасөз тіліне əсері тимеуі мүмкін емес. Сондықтан қазақтың
мерзімді баспасөз тілінің лексикалық құрамы мен сөз тудыру
процесінің, грамматикалық құрылысының дамуы сияқты басты-
басты мəселелерге кіріспес бұрын бұл тарауда кітаби тіл дəстүрі
жəне оның қазақ əдеби тілімен қарым-қатынасы, əдеби тілдегі
стильдер, бұлармен баспасөз тілінің қарым-қатынасы сияқты
мəселелер жалпы тұрғыда сөз болады. Өйткені мерзімді баспасөз
тілінен белгілі орын алып келген немесе онымен тікелей қатысы
болып отыратын осы сияқты мəселелерді сырт қалдырып, баспасөз
тілінің қалыптасып, даму процесін толық, жан-жақты талдау
мүмкін емес.

Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 441

1. Кітаби тіл туралы көзқарастар жəне кітаби
тіл дəстүрінің қазақ əдеби тілімен қарым-қатынасы

Қай халықты алсақ та, күнделікті сөйлеу тілінде сөздік қорын
əр кез толық пайдалана бермейді. Сол сияқты шеттен енген же-
келеген сөздер мен грамматикалық формалар да жалпы халықтық
сипат ала алмай, белгілі мақсатта көбіне жазба əдебиет тілінде
ғана қолданылады. Кейде тілде олардың басқа варианттары да
қалыптасады.

Осындай сөздік құрамның ауызекі тілде бірсыпырасының
қолданылмай, тек əртүрлі жанрдағы жазба тілде кездесуі сол тілде
сөйлейтін халықтың ол сөздерге, грамматикалық тұлғаларға тү-
сінбеуінде ғана емес, сөйлеу тілінде ондай тілдік бөлшектердің
оншалықты қажет болмай, соңғылардың жұмсалу қабілеті, қол-
данылу бағыты басқаша екендігінде. Немесе жазба тілдің консер-
вативті нормалық дəстүр ерекшелігінде болу керек. Демек, ол ерек-
шеліктер тарихи тұрғыдан топшыланады. Міне, осындай сөздер
мен грамматикалық бөлшектер «кітаби тіл» қатарына жатуға тиіс.

Əдетте революциядан бұрын жарық көрген жазба нұсқалардың
басылымдардың тілінде қолданылған, бірақ қазақ əдеби тіліне сай
келе бермейтін құбылыстар, араб, иран тілдерінен кезінде еніп,
жалпыхалықтық сипат ала алмаған сөздер, қолданудан шығып
бара жатқан көнерген сөздер, көршілес түркі (өзбек, татар, т.б.)
тілдеріне тəн грамматикалық тұлғалар мен тілдік үлгілер кітаби
тіл деп анықталып жүр. Ерте дəуірлерге жататын жазба тіліміздің
сипаты туралы, əсіресе революциядан бұрын жарық көріп кел-
ген кітаптар мен кейбір қолжазбалар тілі туралы əртүрлі пікір
бар. Мысалы, С.Е. Малов ол кітаптар тілін «кітаби мұсылманша-
татарша жаргон» десе1, академик В.В. Радлов революциядан
бұрын қазақтардың өз жазба əдеби тілі болған жоқ, ал қазақша
жазылған кітаптар тілі «шұбарланған қоспа тіл» деп қарайды2. Бұл
пікірді басқа да ғалымдар қуаттайды. Мəселен, Ə. Құрышжанов
былай деп жазады: «Қарапайым халықтың жүрегіне жол тауып,

1 Малов С.Е. К истории казахского языка // Известия казахского филиала АН СССР,
Отд. литературы и языка, 1941. №3, стр. 99.

2 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. т. 3. СПб., стр, 19.

442 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы

еліктіре түсу мақсатымен молдалар «кітаби тілге» сөйлеу тілінің де
жұрнақ-жұқаналарын ендіріп отырған. Оның үстіне татар тілінен,
қала берді басқа да түркі тілдерінен талғамсыз келіп қосылған
сөздер араласып, айтарға «дуалы», естірге «киелі» қоспа тіл пай-
да болған»1. Б. Кенжебаев: «Оларды қалың бұқара былай тұрсын
қазақтың мұсылманша оқыған сауатты деген адамдарының өзі
жөнді ұқпайтын»2, – деп көрсетеді. Р. Сыздықова бұл тілді толық
əдеби тіл деп айтуға кейде бола да бермейтіндігін, онда қазақ
тіліне тəн тұрақталған нормалардың сақталмағанын, араб-иран
тілдерінен басқа шағатай, татар тілдерінің үлгілері де жиі кездесіп
отыратынын айта келіп, Абайдан бұрын жəне Абай дəуірінде тіл
құрылысы майданында оның белгілі орын алып келгендігін баса
көрсетеді3.

Ал енді бір топ ғалымдар бұл кезеңдерге жататын жазба
нұсқаларды бір ғана халықтың мұрасы ретінде көрсетіп, олардың
тілін бір-ақ тілге теліп, «көне өзбек (староузбекский) тілі» деп
атайды4. Бұл зерттеушілердің кейбірі XІV–XV ғасырдағы өзбек
тілінің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры (сол ма-
териалдар негізінде) дəл бүгінгі тұлғасында қалыптаса қойған деп
көрсетеді.

Сөйтіп тіл мамандарының көпшілігінің айтуынша, қазақ да-
ласында революциядан бұрын шыққан шығармалардың тілі таза
қазақ тілі емес, бірде шағатай тілі, бірде араб-парсы, татар, қазақ
жəне басқа түркі тілдерінің қосындысы болып келеді. Бұл пікірдің
бір жағынан дұрыстығын тіл фактілерінің өзі-ақ дəлелдеп береді.
Екінші жағынан, тілдің тарихы, қазақ тілінің тарихы, қазақтың

1 Құрышжанов Ə. «Кітаби тіл» материалдарынан // Қазақ тілі тарихы мен диалек-
тологиясының мəселелері. 2-шығуы. Алматы, 1960, 73-б.
2 Кенжебаев Б. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары. Алма-
ты, 1958, 19–20-бб.
3 Сыздыкова Р.Г. Язык произведений Абая. Автореферат докторской диссертации.
Алма-Ата, 1971, стр. 18–24.
4 Боровков А.К. Алишер Навои – как основоположник узбекского литературного
языка // Сб. Алишер Навои. М.–Л., 1941, стр. 100–102; Щербак Л.М. К истории
образования узбекского национального языка // «Вопросы языкознания», 1954, №6,
стр. 109; Решетов В.В. Узбекский язык. І, введение, фонетика. Ташкент, 1959, стр.
17; Благова Г.Ф. О характере так называемого «чагатайского» языка конца XV в. //
Тюрко-монгольское языкознание и фольклористика. М., 1900, стр. 35, т.б.

Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 443

əдеби тілінің қалыптасу тарихы тұрғысынан, сол негізде бұл –
сыңаржақ пікір, өйткені «шағатай», немесе «көне өзбек» деп
жүрген, ал дұрысында «орта ғасырлық түркі əдеби тілінде» қазақ
тілінің көптеген элементтері бар. Ол бір тайпаның, болмаса бір
елдің (народность) ғана тілі емес. Негізінен, оны түркі тілдерінен
өзгеше белгілі бір фонетикалық жүйесі бар, өзіндік грамматикалық
құрылысы бар бөлек тіл дегеннен гөрі жазба əдебиеттегі тілдік
дəстүр деп қараған жөн. Қазақ халқының арасында революцияға
дейін жазба əдебиетімізде ол тілдік дəстүр үлкен орын алып келгені
айқын. Қара халық сүйсіне тыңдайтын көптеген қиссалардың,
жырлардың көбі, ресми қағаздар, хаттардың осы тілдік дəстүрде
жазылуы қазақ даласындағы кездейсоқ құбылыс деп қарауға бол-
майды. Ал «шағатай тілі» деп аталатын тіл түркологияда бір-ақ
тілдің, яғни өзбек тілінің тұрғысынан, сол көлемде ғана қаралып
келеді.

Ескі дəуірдің фактілеріне жүгінсек, «шағатай» (көне өзбек –
староузбекский) деп аталатын тіл тек өзбек тілінің мұрасы емес,
сонымен қатар қазіргі Орта Азия, Қазақстан жерлеріндегі біраз
халықтардың мұрасы, ортақ дəстүр екенін байқауға болады.
Осы «шағатай» немесе «көне өзбек» деген терминдерді кейінгі
зерттеушілер қолданып отырды, ал ол шығармалардың авторлары
өздері жазып отырған тілді «түркі» немесе «түрки» тілі деп атап
отыратындықтарын айта кету керек. XІV–XV ғасырдың ақындары
Атаи, Саккаки, Лутфи, тіпті Алишер Науаи да, одан кейінгі ақын-
жазушылар да өз шығармаларын түрки тілінде жазып отырмыз де-
ген, демек, ол шығармалардың тілі де түрки тіл. Мысалы, Лутфидің
«Гүл уа наурыз» поэмасының басында былай дейді: «Гүл уа нау-
рыз эфсанысын сол (яғни аңызын жырла), Айт ол қиссаны түрки
тілінде»1.

Əбілғазы Баһадүрхан өзінің шығармасының тілі туралы былай
дейді: «Бұл тарихты йақшы уа йаманның баршалары білсін деп

түрки тілімен айттым. Түрки болғанда сондай, түсінікті де жеңіл

сөздермен жаздым, тіпті бес жасар бала да түсінеді»2.

1 Артимошина В.Д. Условия формирования и некоторые особенности языка
среднеазиатских поэтов-предшественников А. Навои. – В кн.: Тюрко-монгольское
языкознание и фольклористика. М., 1960, стр. 8.

2 Баһадүрхан Абілғазы. Шежіре-и-түрк. Қазан, 1824, 23-бет.

444 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы

Жалпы осы күнге дейін Рабғұзидің «Қиссас-үл-Əнбиясы»,
Бабурдың «Бабүрнамесі», Əбілғазының «Шежіре-и-түркиі», т.б.
көптеген көне мұралар халық арасына «түрки шығармалар» де-
ген атпен таралып келді. Бұлай аталудың себебі де жоқ емес.
«Түрки» тілінде жазылған шығармалар түркі халықтарының қай-
қайсысына болса да түсінікті, орфографиялық жағынан болсын,
грамматикалық жағынан болсын біршама қалыптасқан дəстүрі бар
еді. «Кітаби тілдің» де өзіне тəн, белгілі нормасы бар.

Сондықтан жазу тілінде бұл стильде Абай заманынан басталған
жаңа əдеби тілмен қатар белгілі бір дəстүр бойынша қалыптасып,
көне түркі тілінің ізі бойынша жазылып, Қазақстан топырағында
Октябрь революциясына дейін қолданыс тапқаны айқын. Сон-
дықтан «кітаби тіл» қазақ халқы жақсы түсінетін, бұқараға кең
тараған тіл болды»1 деген пікір айтады Ғ.Ғ. Мұсабаев. Сонымен
қатар «Ол жыл өткен сайын жаңарып, ішінара өзгеріске ұшырап
отырған»2, кейбір элементтері нормаланып, əдеби тілдің қажетіне
сай келіп, қолданыс тапты да, кейбір тұлғалар мен жекеленген
сөздер мүлде ескіріп қалып қойды. Қазақ тілі тарихында, соның
ішінде қазақтың əдеби тілі тарихында кітаби тіл деген ұғымның
орны анықталмай жүргендігі, біріншіден, ол туралы тұрақты
пікірдің болмай келгендігінде болса, екіншіден, ХІХ ғасыр мен
ХХ ғасырдың бас кезіндегі діни мистикалық сарында жазған
ақын-жазушылар осы дəстүрді құрал етіп, шығармаларын осы
тілде жазды. Ол ақын-жазушылар өз шығармаларын халық ара-
сына кең таратып, олардың халық арасында беделін арттырып,
«қасиетті» шығарма қатарына қосу мақсатымен бұрыннан келе
жатқан көне жазба дəстүрді өз мүдделері үшін барынша пайдала-
нып бақты.

Зерттеуші əдебиетшілер болсын, тілші мамандар болсын, ол
жазушылардың творчествосы мен тілін зерттей отырып, ақын-
жазушылардың көзқарасын, идеясын сынап келгені мəлім. Жазу-
шылардың тілі де сынға ілініп отырады. Тіпті кейбір зерттеушілер-
дің еңбегінде жазушының творчествосы, тілі сыналмай, жалпы
кітаби тіл дəстүрі сыналып отырғаны кездеседі.

1 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1962, 165-бет.
2 Құрышжанов Ə. «Кітаби тіл» материалдарынан, 74-бет.

Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 445

Революциядан бұрынғы жазба тілді қазіргі сөйлеу тілімен,
болмаса бүгінгі таңдағы əдеби тілмен сəйкестендіру, сөйтіп тілдің
даму процесін, баю жолдарын айқындамай, арадағы алшақтықты
ғана көрсетіп, одан жатсыну мəселенің дұрыс шешілуіне пайда
тигізбесе керек. «Тіл қоғамдық құбылыс» болғандықтан, дамып,
өзгеріп отыруы заңды. Сонымен қатар жазба тілдің пайда болу-
ына байланысты туған жалпы халықтық тілдің екі үлкен сала-
сы: сөйлеу тілі мен жазба тіл əр уақыт бірдей болмақ емес, олар
бірін-бірі толықтырып отырады. Қай кезеңнің тілін зерттесек те,
сол кезең тұрғысына қарап, пікір айту керек. Демек, кітаби тіл мен
ХІХ ғасырдағы мистикалық сарында жазған ақын-жазушылардың
тілін бір тіл деп қарауға əсте болмайды. «Кітаби тіл» – ол ақын-
жазушылардың өзінен бұрын қалыптасқан тілдік дəстүр. Тілді жеке
адамдар жасамайды. Тіл – бүтін халықтың тарихымен тығыз бай-
ланысты тарихи категория. Олай болса, жеке жазушылардың тілі,
идеялық бағыты мен «кітаби тіл» деген ұғымдарды шатастырмаған
жөн.

Демек, кітаби тіл дəстүрі сөз болғанда, көбіне қазіргі əдеби
тіл нормасына сай келмейтін лексикалық, фонетикалық, грам-
матикалық ауытқулар айтылады. Олардың көбі көненің қалдығы,
бөтен тілдердің əсері сияқты тілдік элементтер болып келеді. Бұл
жерде мынадай нəрсені де естен шығармаған жөн. Ол – көне мен
жаңаның жымдасып келуі. «Кітаби тілдің негізі – көне түркі тілі,
ол қазақ халқына жат тіл емес, кітаби тілдің дəстүрі тым ұзақтан
келеді»1. Кітаби тілдің көрнекті бір үлгісі ретінде Рабғузидің
«Қыссас-ул-анбиясының» тілін талдай келіп, кітаби тілге ертедегі
əдеби тілдің тұрақты дəстүрі, белгілі жазу дəстүрі, стильдік
стандарттылық тəн екенін көрсете отырып, ол араб, парсы, түрік,
татар тілдерімен аралас жазылған деген Ғ.Ғ. Мұсабаевтың пікірін
мойындамасқа болмайды2.

Көрнекті түркологтардың жасаған түркі тілдерінің классифи-
кациясында қазақ тілі тарихи даму тұрғысынан қарағанда, ең жаңа
түркі тілдеріне жатады. Оның жаңалануының өзі – тым көнелігі.

1 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Современный казахский язык. Лексика. Алма-Ата. 1959.
стр. 107–117; 165–176.

2 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1962. 165–166-бб.

446 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы

Соның өзінде қазақ тілінің тəнінде көнеден қалған «көздер» (руди-
мент), тілдік көне элементтер өте көп кездеседі.

Мысалы, сөз ортасында я сөз соңындағы көне ғ, г дыбыстары
қазақ тілінде я түсіп қалады, я й, у дыбыстарына айналып кетеді;
бағла – байла, боғузла – бауызда, мүгүз – мүйіз, сарығ – сары, т.б. Ал
ығы-жығы, жүгіру сияқты сөздер көне деп айтуға болады. Жығы
сөзі жиын дегенмен, жүгіру – жүйрік сөзімен түбірлес (түбірлері
жығ – жи, жүг – жүй) екені дау тудырмайды. Сол сияқты сарғай,
ұлғай, ұлығ болсаң, кішіг бол, қостың кішігі болғанша иттің күшігі
бол тəрізді туынды сөздер мен мақал-мəтелдерде сөз соңындағы
көне формант шыға келеді. Бұлар – кейінгі кездерде басқа түркі
тілдерінің тигізген ықпалы емес, көне тілден қалған фонетикалық
сілемдер.

Сөз соңындағы ғ дыбысының түсіп қалуы – сонау ХІІІ–XІV ға-
сырлардағы жазбалардың тілінен бастап байқалатын құбылыс.
Мысалы, Сейф Сараидың «Гүлстан бит-түрки» атты аударма шы-
ғармасында ұлығ та ұлы да – екеуі де бар. Бұл кезеңдегі басқа
да қыпшақ жазбаларында сөздің көне жəне жаңа түрлерінің жа-
рыса қолданылуы жиі ұшырап отырады1. Қазақ тіліндегі өлтір,
келтірме, қалтыр, кемтігі (сенімен толсын), толтыр, келте,
өлімтік, қымты, ертте (жаңа түрі ерле болуы керек еді), мал-
ты, əнтек, оңтайлану, жиынтық сияқты сөздерде түбір тұлға
сонор дыбысқа бітсе де, қазіргі қазақ тіліндегі дыбыс үндестігіне
қайшы келетін, қосымшаның қатаң дыбыстан басталып жалғануы
бұл құбылыстың көнелігін көрсетсе керек. Оны орхон–енисей–
талас жазба ескерткіштерінің тіліндегі көне құбылыс болып са-
налатын лт, нт, рт дыбыс тіркестерінің тұрақты қолданылуымен
салыстыруға болады.

Қимыл етістіктерінің қазіргі формасы -у мен бірге, орта дə-
уірлік -с пен бірге қазіргі қазақ тіліндегі -ш формасы – ескінің көзі,
көненің қалдығы: сағын-ыш, жұбан-ыш, былған-ыш, өкін-іш, аян-
ыш, қуан-ыш, сүйін-іш, қызған-ыш, таян-ыш сүйен-іш, т.б. бірақ
толған-ыс, қолдан-ыс, серпіл-іс, қозғал-ыс, т.б.

1 Наджип Э. Кипчакского-огузский литературный язык Мамлюкского Египета XІV в.
Автореферат докторской диссертации. М., 1965.

Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 447

Қазақ тілінің көнелігін кезінде профессор С. Аманжолов та кей-
бір сөздердің руникалық жазбаларда ұқсас келуімен байланысты
айтқан болатын1. Орхон-енисей дəуірінде өнімділігін жоғалтып,
рудимент ретінде кездесіп отыратын, түркологияда құрал септігі
деп аталып жүрген (ал дұрысында басқа категорияның көрсеткіші
болуы мүмкін) тұлғаның көрсеткіші -н (-ын, -ін)2 түбір сөздің
құрамында қазақ тілінде де жиі ұшырап отырады: қысын, жазын,
ертеңгісін, қырын, ақырын (келу), ұрын (келу), жасырын, бұрын,
жақын (бұл сөз М. Қашғаридің сөздігінде йағру – жағру түрінде
де кездеседі), қиын, еркін (еркімен келді салыстыр), т.б. Бұл сөздер
ең кем дегенде мың жылдан бұрын жасалып қалыптасқан, өйткені
V–ХІІІ ғасырлардағы жазбалар тілінің өзінде бұл қосымша бірді-
екілі сөздің құрамында ғана кездеседі. Сол сияқты көне кезеңде
етістік пен есім сөз таптарының ажыраспай тұрғандағы күйінің де
жұрнақ-жұқаналары қазақ тілінде сақталған.

Қазіргі қазақ тіліндегі əрі етістік, əрі есім болып қолданыла-
тын мына параллель сөздерден көруге болады: Тұт (түбітті түту)
жəне түт (тозаңның, т.б. түт болып қабырғаға тұрып қалуы, со-
дан (жасалған) түттену етістігін салыстыр), қос (екі затты,
санды қосу) жəне қос (екі, қос ат), жақ (жағу, майлау) жəне жағ,
жау (май, жаужұмыр, көздің жауы – көздің майы деген тұрақты
тіркестерде сақталған, ал майла етістігі – кейінгі дəуір жемісі),
тат (шөптің таты жəне көне жазбаларда тағамның дəмі) жəне
тат (астың дəмін білу, тату), көр жəне көз, өкір жəне өгіз (г мен
к, з бен р дыбыстарының алмасуы – заңды құбылыс). Қыз (от
қызды дегенде) жəне қыз (қызыл сөзінің түбірі осы қыз, ол қызғылт
сөзінен анық көрінеді, өйткені – ғылт жұрнақ), сай (бірдеңе сайып
құю) жəне сай (терең сай дегенде), жай, жаз (жайып қою) жəне
жай, жаз (жазық, тегіс жер), тоң (тоңу, жаурау) жəне тоң (қатқан
кесек жер), соз (тарту, созу) жəне соз (ақырын деген мағынада).
Оны мына мақалдан анық көруге болады: тез байығаннан соз
байыған қайырлы, той (тойып жеу) жəне той (той жасау), көш
(көшу) жəне көш (көш басы), құй (құю) жəне құй (шұңқыр, құдық,

1 Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алма-Ата,
1959.

2 Ысқақов Л. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1964, 329-б.

448 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы

басында құй қаздым ба дегенде), т.б. Бұндай етістік (түбір тұлға-
да бұйрық райдың 2-жағыңдағы) пен есім сөздердің бір тұлғада
келуі сырттай ғана ұқсастық емес, олардың мағыналық үйлесімдігі
бар екені күмəн келтірмейді.

Бұлар өте көне құбылыс дейтін себебіміз осы мысалдар со-
нау ерте заманда қимыл, іс-əрекет пен зат жəне оның атауы сара-
ланбай тұрған дəуірде қалыптасқан. Ол кез – қосымшалар, əсіре-
се сөз тудыратын жұрнақтар, деривациялық тұлғалардың өлі реле-
ванттық дəрежеге жетпеген тіліміздің балаңдық шағы. Сондықтан
да тілімізде көне құбылыс пен кейінгі тұлғалар кейде бірдей қол-
данылып, кейін біреуі (əсіресе көнесі) тілден мүлде шығып қала-
ды не жаңа мағыналық реңкке ие болады.

Сондай деп жағу жəне майлау, көздің жауы – көздің майы,
ашқарақ – аш көз тəрізді синоним сөздер мен сөз орамдарын атай
аламыз.

XІX ғасырға дейінгі жазба мұралар тілінде белгілі бір ортақтық,
ортақ дəстүр барлығы анық байқалып отырғанмен, ол деректердің
көпшілігі жазылу мерзімі жағынан қазақ жұртының, өз алдына
халық болып, ел болып, мемлекет құрағанға дейінгі кезеңдерге жа-
тады. Өйткені тарихшылардың көрсетуінше, қазақ халқының жеке
этникалық топ ретінде бөлініп шығып, қалыптасып, ел болып та-
рих сахнасына келуі, жеке мемлекет құру дəуірі – XІV–XV ғасыр.
Ал қазақ халқының ел болып, халық болып қалыптаспай тұрған
кезінде, яғни əлі халық жоқ кезде, оның əдеби тілі қайдан болады
деген заңды сұрақ тууы мүмкін.

Бірақ мына нəрсе ескерілмей жүр. Қазақ халқы белгілі ру-
тайпалардан құралған. Осы күнге дейін қазақ деген этнонимнің
шығу тарихы белгісіз. Кейбір тарихшы, əдебиетшілердің ақ қаз,
қаздай ақ, қаз оқ, ғазақ, т.б. топшылаулары ғылыми негізде бол-
май, көбіне халықтық этимология болғандықтан, сондай-ақ қазақ
халқының қалыптасу тарихынан бөліп қаралатындықтан, көңілге
қонбайды. Қайткен күнде бұл атау қазақ халқының құрамына ен-
ген ру-тайпалармен байланысты болуы керек. Ол ру-тайпалардың
көбі XІV ғасырға дейінгі əр кезеңде тарихта аты қалған, кейде
мемлекеті болған үлкен этникалық топтар, іргелі ел болғаны мəлім.
Олардың қалдырған жазба мұралары да бар. Жалпы түркі деп
аталатын əдеби тіл оларға да ортақ болған. Олай болса, олардың
ұрпақтары үшін ол жазба мұралар, соның тілі жат болуы керек пе?

Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 449

Екіншіден, қазақ халқы XІV–XV ғасырларда құралып, қа-
лыптаса бастады дегенде, оның ар жағында бұл халықтың қалып-
тасу тарихы жоқ деген пікір тумайды. Қашан да үлкен бір халық
аспаннан бір күнде салбырап түсе қалған жоқ қой. Қазақ халқының
қалыптасқан кезінде ру-тайпалардың көбі қазақ халқының құ-
рамында болмауы, олар кейіннен біртіндеп енуі мүмкін, сонымен
бірге кей жағдайда олар қазақ əдеби тіліне кейбір өзгерістер ала
келуі де ықтимал ғой.

Олай болса, оның əдеби тілінің осындай қалыптасу дəуірін
неге жоққа шығарамыз. Əрине бұл дəуірлер, ол кездің жазбала-
ры – көптеген қазіргі түркі халықтарының ортақ дəуірлері, ортақ
мұралары.

Орта ғасырлық дəуірдегі жазбалардың тілінен қазіргі қазақ
əдеби тілінде тілдік жаңа элемент болып саналып жүрген құбы-
лыстардың қалыптаса бастағанын да байқаймыз.

Соңғы кезде XV ғасырдан бастап, яғни қазақтың хандық дəуі-
рінен бері қарай үзілмей келе жатқан əдебиет барлығы анықталып,
ақындардың шығармалары табыла бастады. Бұл факт қазақ хал-
қының жеке халық болып, бөлініп, ел болып, қалыптаса бастаған
шағынан көне жазба тілі мен сөйлеу тілінің болғанын, ал сол жаз-
ба тілдің негізінде жаңа көркем шығарма тілі, поэзия тілі іргесі
қалана, қалыптаса бастағанын көрсетеді.

Бұдан былайғы жерде қазақ əдеби тілінің тарихында өзіндік
ерекшелігі бар кезеңдер өтті. Сөйлеу тілінің негізінде қалыптаса
бастаған жаңа поэзия тілімен көне дəстүрлі ортақ түркі əдеби
тілі де қазақтар арасында қолданыла берді. Жазба мұралардың
көпшілігі сол ортақ əдеби тілде жазылып отырды. Мысалы,
Қадырғали Қошымұлы Жалаиридің1 «Жамиғ-ат тауарихы», Əбіл-
ғазы Баһадүрханның «Шежіре-и-түрки»2, XVІ–XІX ғасырлар ара-
сында жазылған əртүрлі ресми қағаздар, документтер3, т.б. осы
ортақ тілдік дəстүрді толық пайдаланып жазылған. Бұл сияқты қос
тілділік кейінгі кезеңдерде де, тіпті XX ғасырдың басына дейін

1 Москвада, 1598-1600 ж. Борис Годуновтың құрметіне арнап жазған. Жамиғ-ат тауа-
рих. Березин И.И. Библиотека восточных историков. Казань, 1854.

2 Баһадүрхан Абулғазы. Шежіре-и түрки. Қазан, 1824.

3 Материалы по истории Казахской ССР. т ІV, Алма-Ата, 1940.

450 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы

қазақ қауымында орын алып отырды. Бір кезеңдерде ол екеуінің
алшақтығы ажырай түссе, енді бірде жақындай түсті. XІX ғасырда
Абай, Ыбырай негізін қалаған жаңа əдеби тіл де осы сияқты əртүр-
лі тілдік дəстүрдің жақсы жақтары мен жалпы халықтың сөйлеу
тілінің сұрыпталуы негізінде қалыптасты. Демек, «кітаби тіл» деп
аталып жүрген жазба дəстүр – ортағасырлық дəуірде жасалған үлгі.
Бұл дəстүрдің басты ерекшелігі – сөздердің, көне тұлғалардың
көптеген түркі тілдеріне ортақ формаларды барынша сақтауында.
Сондықтан да сөйлеу тілінен шығып қалған көне тілдік элемент-
тер əр кезеңдегі жазбалар түрінде, əсіресе революцияға дейінгі
баспасөз тілінде қайта жаңғырып қолданылып отырды.

«Кітаби тіл» дəстүрі тек көне түркі тілінің қалдықтарымен
ғана шектелмейді. Сонау ІX–X ғасырлардан бастап XX ғасырдың
басына дейінгі ұзақ сапарда жөнді-жөнсіз ауысып келген араб-
парсы сөздерінің де белгілі бір көлемі кітаби тіл шеңберінің бір
бөлшегін құрайды. Өйткені ерте заманнан бері түркі тілдерінің
табалдырығын аттаған араб-парсы сөздерінің бəрі бірдей қазақ
тіліне толық сіңісіп, жалпы халықтық қолданыс тауып кете алған
жоқ. Міне, осылардың кейбірі жазба мұраларда ғана арагідік
қолданылып, «кітаби тіл» шеңберінде қалып қойды.

Араб-парсы сөздерінің бірсыпыра түркі халықтарының тіліне
енуі араб басқыншылығымен ғана емес1, сонымен қатар мұсылман
дінінің түркі халықтары арасында кең таралуынан жəне араб-пар-
сы əдебиетіне, мəдениетіне еліктеуден де болар2. Орта ғасырда
өмір сүрген көптеген түркі ақын-жазушыларының, тарихшы-
философтарының өз шығармаларын сол араб-парсы тілінде жазуы
осыны көрсетеді.

Қазақ тілінде, əсіресе Уфа, Қазан баспаларынан шыққан қа-
зақтың ақын-жазушыларының шығармаларында, татар тілінің
элементтері де болып келді. Бірақ кейбір зерттеушілердің «та-
таризм» деп жүргендері тек татар тіліне ғана тəн құбылыс емес,
сонымен бірге басқа да түркі тілдерінде кездесіп отырады. Сон-
дықтан ондай тіл фактілерін көне ескерткіштермен жəне басқа
туыстас түркі тілдерімен салыстыра қараған жөн.

1 Абу Райхан Беруни. Избранные произведения. Ташкент, 1957.
2 Талжанов С. О. Исторические периоды развития казахской литературы и роль пере-
вода в этом процессе. Автореферат докт. дисс. Алма-Ата, 1972, стр. 17–35.


Click to View FlipBook Version