The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by malika.abdresheva, 2020-11-25 00:45:16

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Қазақ əдеби тілінің тарихы 51

Немесе, екіншіден, а жəне г диалектілерін өзара бір-бірі-
мен салыстырғанда а, б, г, диалектілері ішіндегі халықтың б
диалектісінде сөйлейтін бөлігі этникалық жағынан а диалектісімен
де, г диалектісімен, де жақын болуы ықтимал. Яғни а диалектісі
мен б диалектісінің, б диалектісі мен г диалектісінің а жəне г
диалектілерімен салыстырғанда тілдік жағынан да, этникалық
(туыстық) жағынан да жақындығы, ортақтығының көп болуы
да айтылып отырған тілдік процеске əсерін тигізеді. Ондайда б
диалектісінің а жəне г диалектілерімен салыстырғанда əдеби тілге
негіз болуы өзге диалектілер үшін де əрі қолайлы, əрі тиімді.

Əрине, бір диалектінің əдеби тілге негіз болуының себептері
тек осы жағдайлар емес, ол диалектінің басқа да көптеген ар-
тықшылықтары болады. Орыстың əдеби тілі Москва диалекті-
сінің негізінде қалыптасты дегенде, орыс тіл білімінің маманда-
ры осындай жағдайларды ескерсе керек.

Татар тілі өз ішінде бірнеше говордан тұратын негізгі үш
диалектіге бөлінеді. Олар: 1) орта (Қазан) диалектісі, 2) батыс
(мишар) диалектісі, 3) шығыс (сібір) диалектісі. Татар ұлттық
əдеби тілінің қалыптасу процесінде оған негіз болған орта (Қазан)
диалектісі көрінеді, өйткені ол басқа диалектілерге қарағанда
фонетикалық, жүйесі, грамматикалық құрылысы əлдеқайда
дамыған, сөздік құрамы бай, орфоэпиялық нормасы тұрақты диа-
лект еді1 . Сондай-ақ орта диалектінің мұндай қасиетке ие болу-
ында халықтың сол диалектіде сөйлейтін бөлігінің географиялық
жағынан орналасуы, ол территорияда ірі қаланың, кəсіпорындар
мен үлкен-үлкен мəдени ошақтардың, баспа орындарының, оқу-
ағарту жүйесінің ерте жетілуінің, т. б. толып жатқан мəдени-ағарту
істерінің көп əсері болғаны даусыз. Бұл – бір жолы.

2. Əдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халық-
тың тілі болуы да ықтимал. Əдеби тілдің бұлай қалыптасуы
көбіне сол халықтың басынан кешірген саяси, экономикалық
жағдайларымен тығыз байланысты. Бөтен тілдің əдеби тіл болуы
сол халықтың тəуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағы-
нышты ел болуымен, мəдениетінің мешеу қалуымен байланысты
болып келеді. Əдеби тілдің бұлай қалыптасуының өз ерекшелік-

1 Ахунзянов Э. Русские заимствования в татарском языке. Казань, 1968, стр. 186.

52 Қазақ əдеби тілінің тарихы

тері бар. Кей жағдайда əдеби тіл болып саналатын бөтен тіл ол ха-
лық үшін белгілі бір мерзім ішінде ғана өмір сүріп, кейін ол
қасиетінен айырылып қалады. Немесе ондай əдеби тіл жергілікті
халық тілімен қатар өмір сүріп, тек жазба ресми əдеби тіл шең-
берінде қалып қояды. Кей жағдайда əдеби тіл болып қалыптасқан
бөтен тіл жергілікті халық, тілімен қарым-қатынасқа түсу нəти-
жесінде бірсыдырғы өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

VІІІ ғасырдан бастап түркі жерін арабтар жаулап ала баста-
ды. Басқыншылар түркі халықтарының жерін жаулап алып қана
қойған жоқ, сонымен бірге өздері жаулап алған елге ислам дінін
мықтап таратумен бірге, жергілікті халықтың тілін, мəдениетін
де құртып жіберуге əрекет жасады. XІ ғасырдың ұлы ғұламасы
Абу Райхан Бирунидің айтуынша, «Кутейбе Ибн Муслим əл-Ба-
хили Хорезм жазуын өртеп, оны жақсы білетін жəне сол кездегі
əртүрлі ғылымды халыққа үйрететін, оқытатын адамдарды құр-
тып жіберді. Бұдан кейін хорезмдіктер өте сауатсыз, қараңғы
қалды. Тек олардың есінде өткен кездің аңыздары мен елестері
ғана сақталды»1.

Бұл кезде Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекенде-
ген түркі халықтары мен тайпаларының ресми тілі, əдеби тілі,
ғылыми əдебиетінің тілі араб, парсы тілдері болды. Сондықтан да
түркі халықтарынан шыққан ғұлама ойшылдардың еңбегі араб я
парсы тілінде жазылды. Мұхаммед хорезм əл-Маджусидің, Абу
Райхан Бирунидің, т.б. астрономия, география, математика, алге-
бра, тарих, этнография ғылымдары саласында жазған мəңгі өшпес
еңбектерінің араб тілінде жазылуы, дүниежүзі ғалымдарының
екінші ұстазы атанған қыпшақ руынан шыққан Əбунасыр əл-
Фарабидің музыка, математика, физика, астрономия, астроло-
гия, медицина, ғылымдардың шығу тарихы туралы мəңгілік жа-
сай беретін еңбектерінің де араб тілінде жазылуы, Мұхаммед
Хайдардың «Тарихи Рашиди» атты тарихи еңбегінің парсы тілінде
жазылуы, Махмұд Қашғаридың əйгілі «Түркі тілдерінің салыс-
тырмалы сөздігі» («Дивану лұғат-ат түрк») атты еңбегінің араб
тілінде жазылуы – бəрі-бəрі міне осыны көрсетеді. Əзербайжан
халқының классик ақыны Низами да өз шығармаларын əзірбай-
жан тілінде емес, парсы тілінде жазған. Міне осындай құбы-

1 Абу Райхан Бируни. Избранные произведения. Ташкент, 1957, стр. 48.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 53

лыстардың негізгі себебі, бір жағынан, жоғарыда көрсеткеніміз-
дей, түркі жерінде араб үстемдігінің, ислам дінінің зорлықпен
тамырын кең жаюының салдарынан болса, екіншіден, бұл кезде
əлем халықтарына танылудың, басқа елдерге кеңінен тараудың,
ғылым көгіне самғаудың бір жолы – араб, парсы тілдерінде еңбек
жазу еді. Бұл кезеңдерде осындай құбылыстардың нəтижесінде
ғылыми еңбекті, көркем шығарманы араб не парсы тілінде жазу
дəстүрге де айналып кетті. Шығыстағы ірі-ірі мəдени ошақтардың
үлкен кітапханаларында жиналған еңбектердің басым көпшілігі,
араб, парсы, грек тілдерінде жазылған туындылар еді.

Бұған басқа елдерден де мысал келтіруге болады. Мысалы,
Бразилия елінің əдеби тілі – португаль тілі. Ол XVІ ғасырда Брази-
лияны жаулап алу нəтижесінде пайда болып, жергілікті жерде рес-
ми тіл, əдеби тіл болып қалыптасты. Сол сияқты Аргентина мен
Кубада осы күнге дейін əдеби тілдерінің испан тілі болуы да осы
жағдайларға байланысты басқыншылық, отаршылдық кезеңінен
қалған мұра еді. Бірақ бұл жасанды əдеби тіл əуел бастағы өзі пайда
болған тілмен əр уақыт сайма-сай келіп, бірдей де бола бермейді.
Яғни Бразилиядағы əдеби (португаль) тілдің Португалиядағы,
Аргентина мен Кубадағы əдеби (испан) тілдің Испаниядағы
əдеби тілден ішінара болса да айырмашылықтары жоқ емес1.
Өйткені оның қалыптасуына, даму барысына, жергілікті жағдай,
сол жердің ерекшелігі, халық тілі əсер етпей қоймайды. Қайткен
күнде де жергілікті тілден жекелеген тілдік единицалар, тіпті
грамматикалық модельдер де еніп отырады. Жаңа тілдік ұғымның
енуімен байланысты алғашқы өзінің тегімен (осы мысалдағы Пор-
тугалия мен Испаниядағы əдеби тілмен) ешбір қарым-қатынассыз
дамып, өзгеріп, жаңа тілдік элементтер туып, кейбіреулері көне-
ріп отыруы мүмкін.

3. Көп жағдайда əдеби тіл сол халықтың барлық иə бірнеше
диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілдің негізінде,
сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз əдебиетінің дəстүрінде қа-
лыптасады. Ондайда бұған кейде халықтың я жеке ру-тайпалар-
дың көне дəуірде болған жазба дəстүрі, сонымен бірге əртүрлі
əдебиет дəстүрлері де əсер етіп отырады.

1 Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили. М., 1967, стр. 38–39.

54 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Əрине, əдеби тілді құрайтын бірнеше диалектінің оны қалып-
тастырудағы рөлі, атқарған қызметі бірдей бола да бермеуі
мүмкін. Кейде тіпті бір я бірнеше диалект əдеби тілге негіз бо-
лып, қалған диалектілер əдеби тілдің баюына, сымбаттала түсуі-
не, сөз құдіретінің артуына, жанрлық-стильдік жағынан күрде-
лене, сомдана түсуіне ықпал етуі де ықтимал. Енді бірде əдеби
тілді қалыптастыруда бір диалектінің фонетикалық жүйесі негізге
алынса, екіншісінің грамматикалық құрылысы, тағы біреуінің сөз-
дік құрамы əдеби тілге көбірек енуі мүмкін. Қайткен күнде де
бірнеше диалектінің жиналып əдеби тілді қалыптастыру жолын-
дағы қатысы алуан түрлі деуге болады.

Соңғы кезде қазақ тілінің көрнекті мамандары қазақтың əдеби
тілі бір диалектінің негізінде емес, жалпы халықтық тілдің негізін-
де қалыптасты деп санайды. Егер қазақ тілінде диалектілер бар
деп мойындайтын болсақ, солардың бəрі немесе басым көпшілігі
əдеби тіл жасауға қатысқан дейді. Кезінде қазақтың əдеби тілі
бір-ақ диалектінің, солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қа-
лыптасты деген пікір болды. Бұл пікірдің кейбір қисынсыз жағы
белгілі дəрежеде сөз болғанмен, күні бүгінге дейін оны ешбір
зерттеуші дəлелді түрде толық жоққа шығарған жоқ.

2. Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихы
туралы көзқарастар

Шынында да социалистік ұлт тіліне айналып, қоғамдық
қызметінің артуы барысында сан салалы, көп жанрлық-стильдік
қасиеті сомдана түскен қазақ əдеби тілі қашан, қалай қалыптасқан
деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа бірден, бір сөзбен жау-
ап бере қою оңай емес. Бұл мəселе жайында қазақ тілін зертте-
ген бірсыпыра мамандар өз пікірлерін айтқан болатын. Бірақ
қазақ əдеби тілінің, қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы осы
күнге дейін тұрақты бір пікір жоқ. Бұл жайында, əдеби тілдің
анықтамасы, оның өзіндік ерекшеліктері (яғни қандай тілді əдеби
тіл дей аламыз деген ыңғайда), оларды айқындайтын меже, əр
дəуірдің əртүрлі жазба нұсқалары əдеби тілдің көрсеткіштері бола
ала ма, т.б. толып жатқан мəселелер жайында пікір айтушылар
бірыңғай, бірізді көзқарасқа келген жоқ. Əр ғалым əдеби тілдің

Қазақ əдеби тілінің тарихы 55

белгілерін өзінше анықтап, қашан қалыптасқанын да сол ыңғайда
қарастырады. Тіл мамандарының бұл мəселеге байланысты пікір
алалығының болуы да көбіне оған əртүрлі анықтама беріп, соған
орай оны əркімнің өзінше түсінушілігіне байланысты болып
отыр. Енді сол пікірлерге қысқаша тоқтала кетейік.

Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері Н. Сауранбаев, С. Аман-
жолов, Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, Р. Сыздықова, Б. Əбілқасымов
жəне басқалары өз еңбектерінде қазақ əдеби тілінің тарихи баста-
уы, қалыптасу жолдары мен кезеңдері сияқты мəселелер жөнінде
пікірлерін білдірген.

Н. Сауранбаев1  «К истории казахского литературного язы-
ка» атты мақаласында қазақ əдеби тілі Ұлы Октябрь социалистік
революциясынан кейін ғана пайда болды деген пікірдің дұрыс
еместігін, мұндай көзқарас тарихи фактілерді талдау негізінде
емес, жай долбармен айтыла салынған пікір екендігін сынай келіп,
революциядан бұрын да əдеби тілдің болғандығын көрсетеді.
Өйткені революциядан бұрын да белгілі территорияны мекенде-
ген, экономикалық өмірінде біркелкі құрылысы, ортақ мəдениеті
мен тілі бар қазақ халқы тарихи жағынан алғанда ұзақ жылдар
бойы жəне өзара əр кез үзбей қарым-қатынас жасаудың, бірлесіп
өмір кешудің нəтижесінде XV ғасырдан бастап қалыптаса бас-
тайды. Бірақ автор бұл еңбегінде əдеби тіл деген ұғымды жазба
тіл дегенмен бара-бар қарайды да, қазақтың жазба əдеби тілінің
ерекше ұлттық негізі XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ба-
сында қалана бастады, бірақ казақ халқының өз алдына жеке
мемлекеті болмағандықтан, қазақ əдеби тілі халық арасына кең
түрде тарай алмай қалды, тек, негізінен, XІX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақтың ағартушылары мен жазба əдебиеті
өкілдерінің поэтикалық шығармалары, бірлі-жарым газет-журнал
мен басылып шыққан кітаптар тілінің шеңберінде қалып қойды
деп қорытады.

Автор келесі бір мақаласында («Қазақтың əдеби тілінін тари-
хын зерттеу туралы») əдеби тіл деген ұғымды қалай түсіну ке-

1 Ғалымдардың негізгі зерттеу еңбектері, монографиялары, ғылыми мақалалары
кітаптың соңындағы əдебиеттер тізімінде толық берілді. Бұл жерде əр ғалымның
арнайы пікір айтылған еңбектері аты аталып қана көрсетіліп отырды.

56 Қазақ əдеби тілінің тарихы

ректігін талдай келіп: «Əдеби тілді тек жазумен ғана байланысты-
рып, оны тек кітаби жазба тіл деп анықтаушылық ортағасырлар-
дағы əдебиетпен байланысты шыққан. Мұндай түсінік, əрине,
ескірген, теріс түсінік. Ол қазіргі əдеби тілдердің, негізгі
белгілерін, оның əр алуан көрінісін, оның қоғамдық рөлін қамти
алмайды. Қазіргі заманда əдеби тілді жазу тұрғысынан ғана қарап
анықтау дұрыстыққа жатпайды», – деп орынды пікір айтады. Міне,
осындай əдеби тіл деген ұғымды дұрыс түсінудің негізінде, бір
жағынан, «XІІ ғасырдан бастап жасалып, XV ғасырда Орта Азия,
Қазақстан халықтары арасына толық тараған... академик А.Н. Са-
мойлович айтқандай, «Орта Азия түрік əдебиет тілі» деп аталатын
жазба тілдің, кітаби тілдегі нұсқалардың, екінші жағынан, «XVІІІ
ғасырдан бұрын шыққан» «халықтың ежелден келе жатқан бай
ауыз əдебиетінің нұсқаларының» қазақ əдеби тіліне қатысы бар
екенін, қазақ əдеби тілін қалыптастырып, дамытуда белгілі рөл
атқарғанын, маңызы бар екенін орынды көрсетеді.

Қазақ əдеби тілінің тарихына осындай тұрғыдан қарап, оны
Н. Сауранбаев мынадай дəуірлерге бөледі: 1) XІX ғасырдың екінші
жартысына дейінгі дəуір; 2) XІX ғасырдың екінші жартысынан
XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі дəуір; 3) Советтік дəуір.

Қазақ əдеби тілінің қайдан басталатыны, қалыптасу тарихы
туралы батыл пікір айтқан зерттеушілердің бірі – Сəрсен Аман-
жолов1. Ғалым қазақ тілі мен қазақ əдеби тілінің қалыптасу
ерекшеліктері мен кезеңдерін бөлек-бөлек қарайды. Қазіргі қазақ
тілі үш территориялық диалектінің негізінде құралды. Ол үш тер-
риториялық диалект қазақ халқының құрамына енген ру-тайпа-
лардың басын құраған үш тайпа одағының тілдері еді, ал жеке ру-
тайпа немесе тайпа одағының тіл тарихы көне дəуірге кетеді. Ол
тайпа тілдерінің немесе диалектілерінің тамыры бір жағынан көне
түркі тілімен ұштасып жатса, екінші жағынан, олардың кейбірі
Орхон-Енисей, Селенгі-Талас жазба ескерткіштерінің тілімен
жақын болса, кейбірі көне ұйғыр жазбаларының тіліне жақын,
үшінші біреуі құман тіліне, төртіншісі Қожа Ахмед Яссауидың
тіліне жақын еді дей келіп, ғалым қазақ тілінін негізі біздің эра-
мызға дейін, тұтас түркі тіл семьясының негізі ыдырай бастаған

1 С. Аманжоловтың əдебиет тізімінде көрсетілген еңбектерін қараңыз.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 57

кезден қалыптаса бастайды да, кейін туыстас тайпа одақтары
мен түркі халықтарының тілдерімен араласып, бірде жақындап,
бірде алшақтап отырады деп түйеді. Сондықтан да автор жеке-
леген жазба нұсқалар тілін кейін қазақ халқының құрамына ен-
ген тайпа одақтарының тілдік көрсеткіші деп қарайды. Мысалы,
Орхон-Талас-Селенгі жазбаларын дулат тайпа одағы мемлекетіне
жатқызып, қазақ халқының, көне ру-тайпа тілінің алғашқы жаз-
ба үлгілері деп қараса, Мұхаммед Хорезмидің «Мухаббат-наме-
сін» қоңырат ру диалектісінде, «Нехудж-ул Фарадис» кердері
диалектісінде жазылған, т.б. деп таниды.

Ал қазіргі қазақ əдеби тіліне солтүстік-шығыс диалектісі
негіз болды. Оған себеп болған, автордың пікірінше, біріншіден,
орыстың озық мəдениетіне бір табан болса да бұл территориядағы
қазақтардың жақындығы болса, екіншіден, Шоқан Уəлиханов,
Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты оқыған ғалымдар
мен көркем сөз шеберлерінің тарих сахнасына келуі еді. Абай
Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннен бұрын əдеби тіл өрнегі-
нің үлгісі боларлықтай жазба əдебиет өкілі болған жоқ еді. Бұл
екі қайраткер үлкен іс атқарды, қазақтың жазба əдеби тілінің
негізін қалады. Бұлай болудың себебі, біріншіден, Абай да, Ыбы-
рай да Қазақстанда капитализмнің туу дəуіріндегі жаңа мəдени
өрлеудің жаршысы болды, екіншіден, олар өз творчествосында
көп жағдайда орыс əдебиетінің классиктерін үлгі тұтып, соларға
еліктей білді, халықтың тілдік байлығына қалай қарау керек,
олардан өте қажетті, айқын, айшық сөз үлгілерін, тіл құралдарын
қалай ала білу керектігі жөнінде үйрене білді. Абай халықтың
тіл қазынасынан жеке сөздерді, фразаларды құрылыс материалы
сияқты таңдап, өнерлі шебер, үлкен суреткер, құрылысшы архи-
тектор ретінде олардан көрікті сөз күмбездерін орната білді.

Міне осындай ерекшеліктердің негізінде XІX ғасырдың екін-
ші жартысында жалпы қазақтың ұлттық тілінің калыптасу кезе-
ңінде шешуші диалект солтүстік-шығыс облыстарындағы қазақ-
тардың диалектісі болды да, ол қазіргі қазақ əдеби тіліне негіз
болды деп қорытады автор.

Қазақ əдеби тілінің тарихы, басталу кезеңі, қалыптасу дəуір-
лері туралы Ғ.Мұсабаевтың да пікірлері бар. «Становление и раз-
витие казахского литературного языка и вопросы казахской диа-

58 Қазақ əдеби тілінің тарихы

лектологии» (Алма-Ата, 1952) деген еңбегінде автор əдеби тіл
деген ұғымды қалай түсіну керектігін аша кетеді. Əдеби тілді
белгілі бір халықтың бір тұтас ортақ тілінің ең жоғарғы формасы
ретінде түсінушілікпен қатар оған ұлттық тіл жəне жазба тіл де-
ген ұғымдарды қосатынын айта келіп, бұл ұғымдардың өзі тепе-
тең бола бермейтінін айтады. Белгілі бір халық ұлтқа айналғанда
ғана, оның əдеби тілі ұлттық сипат алады, ал оған дейін де əдеби
тіл болуы мүмкін. Екінші жағынан, əдеби тілдің дамуы жазудың
тууымен тығыз байланысты болса да, жазба нұсқалардың бəрі
бірдей əдеби тіл ескерткіші бола бермейді. Сондықтан автор
əдеби тіл ұғымын тек жазба тілмен ғана байланыстырмай, ерек-
ше экономикалық жəне саяси жағдайларға байланысты белгілі
кезеңде өз жазуы болмаған халықтың рухани мəдениетінің фор-
масы болып табылатын жалпыға ортақ қалыптасқан тілін де əдеби
тіл деп түсінеді. Ондайда (жазуы мүлде жоқ немесе кітап басты-
ру ісі нашар дамыған халық өмірінде) əдеби тіл ауыз əдебиетіне
негізделеді. Ғ. Мұсабаев бұл еңбегінде С.А. Аманжоловтың «қа-
зақ əдеби тілі солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалып-
тасты» деген пікірін теріске шығарып, «Қазіргі қазақ əдеби тілі
жалпы халықтық қазақ тілі негізінде қалыптасты, ол қалыптасу
XІX ғасырдың екінші жартысынан бұрын болған еді. Сондықтан
Абай мен Ыбырай өз шығармаларын қазақ тілінің бір диалектісін-
де жазған жоқ, əдеби тілінде жазды», – деп көрсетеді. Сонымен
бірге автор қазақ əдеби тілі тарихының басын қыпшақ тобындағы
түркі халықтарының барлық жазба ескерткішімен байланыстыра
іздестіру керектігін атап өтеді. Ал əдеби тілге негіз болған жалпы
халықтық қазақ тілінің көне тарихы, Ғ. Мұсабаевтың айтуынша,
көне түркі жазба ескерткіштерінің тіліне саяды.

Көне түркі тілі, автордың көрсетуінше, үйсін тайпа диалектісі
еді, өйткені қазіргі қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен грам-
матикалық құрылысы V ғасырда қазақ жерін мекендеген түркі
тайпалары тілінің негізгі сөздік қоры мен грамматикалық құры-
лысына өте жақын еді. Ал Талас жазба ескерткіштері табылған
жерлерді V ғасырда үйсіндер мен қаңлылар мекендеген болатын,
сондықтан Талас жазба ескерткіштері қазақ тілінің көне дəуірдегі
көрінісі болып табылатын үйсіндер мен қаңлылар тілінің жазба
ескерткіштері болып саналады деп түйеді.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 59

Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы
батыл пікірлер М. Балақаевтың еңбектерінде де бар. Автор əдеби
тілдің пайда болуын негізгі «екі түрлі ерекшелікпен» тікелей
байланыстыра қарайды. Халықтық тіл əдеби тілге айналуының
бірінші шарты ол тілдің «белгілі нормаға түсуі» болса, екіншісі
«онда стильдік құбылыстардың, яғни стильдік тармақтардың
пайда болып, қалыптасуы» болып табылады. М. Балақаев кейбір
зерттеушілердің (мысалы, С.А. Аманжоловтың), «қазақ əдеби
тілі солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасты, Абай,
Ыбырайлар өз шығармаларын қазақ тілінің осы диалектісінде жа-
зып, əдеби тілдің негізін қалады» деген пікіріне қарсы шығып:
«біріншіден, қазақ тілінде ондай жеке диалект жоқ, екіншіден,
Абайды бір ғана диалектіде жазды деу шындыққа жатпайды.
Дұрысында Абай мен Ыбырайлар тұтас қазақ территориясын ме-
кендеген жалпы халық тілінің байлықтарын жақсы біліп, дұрыс
ұштап, жарата білді. Егер олар өз шығармаларын бір тайпа елдің,
өз елінің ғана «диалектісінде» жазған болса, мұншалықты түсі-
нікті болып, кең, тарамас еді», – деп жазады. Ғалым кейінгі жарық
көрген монографиялық енбектерінде де («Қазақ тілі мəдениетінің
мəселелері», «Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары»), мақа-
лаларында да («Əдеби тіл жəне көркем əдебиет», т.б.) əдеби тілді
ең алдымен тек жазба тіл деп анықтайды. «Əдеби тіл жазу ар-
қылы, əдеби мұраларды баспаға басып жұртқа тарату арқылы,
ауызекі тілдің байлықтарын екшеп саралау арқылы қалыптаса-
ды» («Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері», 10-бет). «Жазусыз
əдеби тіл жасалмайды» («Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары»,
36-бет). «Басқаша айтқанда, əдеби тілдің даму тірегі – жазу. Жазу
арқылы кестеленбеген тіл – əдеби тіл емес, жазусыз да əдеби тіл
жасала береді деген сөз – тілдің əдеби, əдеби еместігінің айыр-
ма жігі болмайды деген сөз. Жазусыз əдебиет тілі – шала жансар
тіл» (Сонда, 44-бет). «Тек жазба əдебиет тілін ғана əдеби тіл деп
тануға тиіспіз. Жазу – тілдің əдеби болып оқшаулануының шарт-
ты белгісі ғана емес, сонымен қатар əдеби тілге тəн қасиеттерді
тудыруға, соларды баянды етуге керекті мықты тірек» («Əдеби тіл
жəне көркем əдебиет», 18-бет) деген сияқты əдеби тілдің ең не-
гізгі: белгісі туралы жалғыз ғана критерий ұсынып (ол – тек жазу,
əдеби тілдің тек жазба формада ғана өмір сүре алуы), сол арқылы

60 Қазақ əдеби тілінің тарихы

ауыз əдебиетінің батырлар жыры мен лиро-эпостық поэмалары
сияқты сымбатталған тілде, қалыпты əдеби дəстүрде жырлана-
тын түрлері де, тіпті хандық дəуірде өмір сүріп, шығармалары
ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен ақын-жыраулар туындылары
да əдеби тілдің көрсеткіші бола алмайтындығын баса айта келіп:
«Сөйлеу тілінің əдебиеттік сапада жұмсалуы жазба əдеби тілдің
ілгері даму барысында пайда болады. Соған қарап қазір əдеби
тілдің жазбаша жəне ауызша формасы бар деп есептейміз», – деген
(«Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары, 65-бет) екіұшты пікір
айтады.

Бұл пікірге қарағанда XІX ғасырдың екінші жартысында не-
месе XX ғасырдың басында əдеби тілдің жазбаша жəне ауызша
формасы болмаған тəрізді. Өйткені автор: «осыншама көптеген
жазба жəне басқа да əдебиеттің болуы қазақ əдеби тілінің алғашқы
пайда болу кезеңі XVІІІ ғасырдың соңы мен XІX ғасырдың
бірінші жартысы аралығы екенін көрсетеді» (Сонда, 35-бет) дейді.
Сондай-ақ «əдеби тілдің тағы бір белгісі – оның сөз байлығының
құрамында өзге тілден жазба əдебиет арқылы ауысқан сөздер көп
болады. Олардың санының аз-көптігі əдеби тіл дəрежесінің де
қандай екеніне өлшем бола алады» (Сонда, 28-бет) дегенді айта-
ды. Жазба əдебиетке дейін басқа тілден сөздер ауыспай ма екен?
Тілдің даму тарихына көз жіберсек, жақын отырған, қарым-қаты-
нас жасап отырған халықтар тілінде сөз ауысу жазба əдебиетсіз де
болып отырады ғой.

«Əдеби тіліміздің қалыптасу тарихынан бірер сөз» деген
Е. Жанпейісовпен бірігіп жазған мақаласында əдеби тілдің қа-
лыптасуы жайында былай деп жазады: «XІX ғасырдың екінші
жартысына дейін де қазақ əдеби тілі болды. Қазақтың əдеби тілі
сонау V ғасырда емес, XІX ғасырдың екінші жартысында да емес,
бірінші жартысында пайда болды. Өйткені халық тілінің жаз-
ба əдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы жəне бірді-
екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дəлірек
айтқанда, əдеби тілдің белгілерінің айқындала бастаған мезгілі –
осы, XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен XІX ғасырдың бірінші
жартысы... Əдеби тілдің пайда болу шағын жазба əдебиет үлгі-
сінде көрінген тұтас бір ақындық мəдениетпен байланыстыра қа-
раған жөн. Жазба əдебиет үлгісінде алғаш өз алдына нышан берген

Қазақ əдеби тілінің тарихы 61

осындай ақындық, мəдениет бізге XVІІІ ғасырдың орта тұсы мен
XІX ғасырдың бірінші жартысынан мəлім. Қазақтың халықтық
тілі осы тұста ғана Бұқар, Махамбет, Алмажан, Шернияз, Дулат
сияқты сөз шеберлерінің өңдеуіне түсіп, толықтырыла бастай-
ды, халық тілі осы дəуірде ғана жазба əдебиеттік нормаға түседі.
Қазақтың əдеби тілінің пайда болған шағы XVІІІ ғасырдың орта
тұсы мен XІX ғасырдың, алғашқы жартысы деудегі бірінші дə-
леліміз осындай.

Халық тілінің осылай сөз шеберлерінің дүкенінде өңделіп,
əдеби тілдік нормаға түсуінің нəтижесінде өз алдына енді жеке-
ленген стильдік құбылыс та айқындала бастайды. Қазақ əдеби
тілінде алғаш пайда болған мұндай стильдік құбылыс – кеңсе тілі.
Кеңсе тілі, рас XVІІІ ғасырда да болды. Бірақ халықтық тілмен
көп үйлеспей жатты. Ал XІX ғасырдың бірінші жартысындағы до-
кументтер тілінің халықтық тілге негізделе бастағанын көреміз».
Демек, бұл зерттеушілер, жоғарыдағы пікірлерінен айқын көрі-
нетіндей, əдеби тілді жазба тіл деп түсінеді де, əдеби тілдің қа-
лыптасуын жазба əдебиеттің тууымен тікелей байланыстырады.
Ал XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен XІX ғасырдың басында
өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармалары кейінгі ұрпаққа,
негізінен, ауызша жетсе де, ол шығармалардың тілі қалайша жаз-
ба əдеби тілдік үлгі болмақ деген сұрауға «Қазақ əдеби тілінің
тарихының» авторлары: «Олардың өлеңдерін баспадан шығаруға
мүмкіндіктері болмады, өлеңдері бізге ауызша жеткенмен, ауыз
əдебиетіндегідей бірнеше вариантта емес, қай өлеңді алсақ та,
авторы ұмытылмай бір-ақ вариантта, негізінен, сол алғашқы шы-
ғарылған күйінде жетті. Ендеше бұл ақындардың өлеңдерінің сөз
үлгісін жазба əдебиет нұсқасы ретінде, əдеби тілдік нормаға түсе
бастаған үлгі ретінде талдауға əбден болады», – деп жауап береді.

Демек, жазба əдеби тілдің өзіндік негізгі ерекшелігі оның жаз-
баша түрде болуы ғана емес, сонымен бірге оған үлкен дəстүр,
тұрақты норма, тілдік элементтерді жүйелі түрде сұрыптап, қол-
дану да тəн болады.

Қазақ əдеби тілі тарихының өзекті мəселелері жөнінде кейінгі
кездерде сүбелі пікір айтып жүрген зерттеушілердің бірі – Р. Сыз-
дықова. Ғалым қазақ əдеби тілі тарихының жеке кезеңдеріндегі
əдебиет мұраларының тілін, жеке ақын-жазушылар (əсіресе Абай)

62 Қазақ əдеби тілінің тарихы

шығармаларының тілін зерттеумен бірге əдеби тілдің статусы,
өзіндік ерекшеліктері («Əдеби тілдің статусы». Қазақ ССР Ғылым
Академиясының Хабаршысы, 1979, №6), қазақ əдеби тілінің даму
кезеңдері жəне əрбір кезеңдегі əдеби тілді сипаттайтын нұсқалар
мен əдеби тілдің нормалану процесі, əдеби тілдің жазба түрінен
бұрын пайда болған ауызша əдеби тіл немесе ауызша тараған əдеби
тіл, сондай-ақ қазақтың ұлттық кезеңге дейінгі жəне ұлттық əдеби
тілі, олардың өзіндік ерекшеліктері (XVІІІ–XІX ғасырлардағы
қазақ əдеби тілінің тарихы, Алматы, 1984) сияқты мəселелерді
сарапқа салады.

Қазақ əдеби тілінің өзіне тəн басты белгілерін анықтауға
арналған мына пікірін келтіру орынды. «Əдеби тілдің ең басты
белгісі – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы,
бұл – бір. Қызметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдасты-
рушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы, яғни жалпыға ортақ
қасиеті болуға тиіс. Бұл – екінші меже дейік. Əр нəрсенің, əр
құбылыстың заты (мəн-мəнісі, табиғаты) салыстыру арқылы өзге
нəрселердің, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы
таныла түседі. Əдеби тілді тану үшін оның қарама-қарсысына
қойылатын басты құбылыс-ауызекі сөйлеу тілі. Бұл – тілді əдеби
тіл деп тануға қажет үшінші қасиет. Əдеби тіл – қоғамның қолдану
практикасында сыннан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс
деп қабылдаған жəне ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы
шарт. Бұл – төртінші сипаты»1.

Тілді əдеби деп тану үшін оның соған негіз бола алатын басты
белгілерін, негізгі критерийлері нақтылы түрде айқындап берудің
маңызы ерекше, өйткені бұл мəселе қандай тілді əдеби тіл дейміз
дегенді анықтап қана қоймайды, сол анықтаманың, белгілердің
негізінде əдеби тілдің қалыптасу кезеңін, басталу мерзімін, даму
процестерін, оның қалыптасуына негіз болған құбылыстар мен
даму процесіндегі бағыттарды айқындауға, сырын аша түсуге,
əдеби тілдің қалыптасып, даму эволюциясын байқап, танып бі-
луге мүмкіндік береді.

1 Сыздықова Р. Əдеби тілдің статусы // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабар-
шысы, 1979, №6, 54-бет; Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің
тарихы. Алматы, 1984, 9-бет.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 63

Бірақ автордың: «Əдеби тіл» деген ұғым – қазақ тілі үшін де
тарихи, құбылмалы түсінік. Қазіргі қазақ тілі үшін оның жаз-
ба түрінің болуы, сан салалы стильдерге тарамдалуы, қоғам
өмірінің барша саласына түгел қызмет етуі – заңды шарттар. Ал
бұл шарттарға қазақ əдеби тілі əрдайым, барлық кезеңдерге бірдей
жауап бере алмаған»1, – деген пікірін түсіну қиын-ақ. Біріншіден,
бұл шарттар «əдеби тіл» деген ұғымды танудағы заңды белгі бол-
са, оған қазақ əдеби тілі де «əрдайым, барлық кезеңдерге бірдей»
жауап бере алуы керек, əйтпесе не шарттар дұрыс емес, не əдеби
тіл ол кезде болмаған. Екіншіден, осы тұрғыдан тарихи түсінік
болсын, ұғым болсын құбылмалы емес, кезең ерекшелігіне, даму
процесіне байланысты өз ерекшеліктерімен танылуға тиісті.
Сондықтан бұл көрсетілген шарттар – əдеби тілдің əдебилігін
танытатын белгілер емес, бəлкім əдеби тілдің даму дəрежесін
айқындайтын көрсеткіштер болуы. Бəлкім, оның ерекшелігін: «Ол
жаңа кезең қазақтың жазба əдеби тілінің бірнеше жаңа сападағы
белгілерге ие болған дəуірі, қазақ қауымында да қызмет етуге пре-
тендент болып келе жатқан «кітаби тіл» дегеннен арасын ашып
алған дəуірі, əдеби тілдің əлеуметтік қызметінің кеңейе түскен
тұсы, стильдік тармақтарға бөліне бастаған шағы, қысқаша,
XІX ғасырдың екінші жартысы – жалпы қазақ əдеби тілінің емес,
қазіргі жазба əдеби тіліміздің басы»2 , – деп анықтаған дұрысырақ
болар.

Айта кету керек, соңғы кезде қазақ тіл білімінде əдеби тілдің
өзіндік ерекшеліктерін, оны басқа тілдік құбылыстардан бөліп
айыра аларлықтай негізгі белгілерін, оның көріну формасын анық-
тауда екі түрлі көзқарас болып отыр. Оның бірі – əдеби тіл тек
жазба тіл, демек, тек жазба əдебиет тілін ғана əдеби тіл деп тануы-
мыз керек те, ауыз əдебиеті, ауызша таралған шығармалар (ақын-
жыраулар шығармалары, билер сөзі) тілі тіпті авторларының, бо-
луына да қарамастан əдеби тіл бола алмайды. Екіншісі – əдеби
тіл тек жазба тіл емес, əдеби тілдің сөйлеу тіл формасының да бо-
луы, демек, əдеби тіл деп жазба əдебиет тілін ғана емес, ұрпақтан

ұрпаққа ауызша таралып келген əртүрлі əдебиет нұсқалары (ауыз

əдебиеті, ақын-жыраулар шығармалары, т.б.) тілі танылуға тиіс.

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы. 11-бет.
2 Сыздықова Р. Əдеби тілдің статусы. 59-бет.

64 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Р. Сыздықова осы екінші пікірді қуаттай отырып, оған қисынды
дəлелдер ұсынады. «Əдеби тілдің статусы» деген мақаласында
мынадай пікірлер келтіреді: «Қысқасы, қазақта халық ауыз
əдебиетінен өзге, бірақ оған едəуір белгілерімен ұқсас келетін про-
фессионал əдебиет те өмір сүріп келді (тіпті ол біздің заманымызға
дейін жетіп отыр), оны əдеби тіл санатына кіреді деп табамыз. Бұл
тілді, бір жағынан, ауыз əдебиеті тілінен, екінші жағынан, жазба
əдеби тілден айырып тану үшін біз оған қазақтың жазба алдын-
дағы (орысша – предписьменный) əдеби тілі деген атау ұсына-
мыз» (57-бет). «Қазақтың бай ауыз əдебиеті тілін де əдеби тіл деп
танимыз, өйткені бұл да жергілікті диалектілерден жоғары тұрған
(наддиалектные, яғни бір ғана диалектіде жырланған емес), күнде-
лікті ауызекі сөйлеу тілінің қарама-қарсысында тұрған, белгілі бір
нормалары қалыптасқан, сұрыпталған, қырланған сипатқа ие. Əр
халықтың ауыз əдебиетінің жанрлық жағынан түрленуіне, туу,
таралу, даму ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен өзгешелене түсе-
тіндігін ескерсек, эпос сияқты ірі көркем үлгілері мейлінше да-
мыған қазақтың бай ауыз əдебиетін тануға өзге халықтардың
ізімен кету шарт та емес, мүмкін де емес» (Сонда, 60-бет). Автор
бұл пікірін «XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы»
атты кейінгі зерттеу еңбегінде жалғастыра түсті. Ол қазақ əдеби
тілін ұлттық кезеңге дейінгі жəне ұлттық əдеби тілі деп бөледі,
сөйтіп бұл екі кезеңнің аралық тұсы – өткен (XІX) ғасырдың ІІ жар-
тысы, ал халық ауыз əдебиетіне едəуір белгілерімен ұқсас келетін,
бірақ композициясы, мазмұны, тақырыбы, идеясы, көркемдік
тəсілдері жағынан ерекшеленетін «индивидуалдық творчество
сипаты бар» кейінгі ұрпаққа «ауызша таралып жеткен» «профес-
сионал əдебиет» оған дейін өмір сүріп келген деп дəлелдейді,
ал авторлы əдебиет, бір жағынан, ауыз əдебиетімен ұқсас болса
(ауызша таралып, ауызша сақталуы, соның салдарынан біртіндеп
«редакцияланып», там-тұмдап жаңғыртылып отыруы; «ақын-жы-
раулар тілінің қайнар көзі мен сөз мүсінін жасайтын қалыбы –
ертеден келе жатқан ауыз əдебиет тілі» болу, сондықтан кейбір
суреттеу құралдары жағынан ұқсас түсуі, импровизациялық
қасиет, т.б.), екінші жағынан, өзіндік ерекшеліктері арқылы (қайт-
кен күнде иесінің барлығы, авторлығының сақталуы, соған сəйкес
сөз саптау мəнері, қисынының ерекшеліктері болуы, «уақыт пен

Қазақ əдеби тілінің тарихы 65

мекенге қарай нақтылық, адамның ішкі дүниесін суреттеушілік,
лиризм сарыны» күшейе түсуі, өлең техникасындағы жаңалықтар
мен даралықтар, т.б.) ауыз əдебиетінен ажыратылады дейді. Міне,
осындай талдаулардың нəтижесінде қазақ əдеби тілінің тарихын
кезеңдерге бөлу мəселесіне байланысты ғалым мынандай класси-
фикация ұсынады:

«І кезең – XV–XVІІ ғасырлар; ІІ кезең – XVІІІ ғасырдан XІX
ғасырдың жартысына дейін; ІІІ кезең – XІX ғасырдың ІІ жарты-
сынан Октябрь революциясына дейін; ІV кезең – советтік дəуір».
Ал əдеби тіл тарихының нақ XV ғасырдан басталуының себебі
мынау: «Сайып келгенде, тарих сахнасынан қазақ деген этноним
орын ала бастаған тұсы осы болды» (8–22-бб.).

***

Сөйтіп, жоғарыда айтылған пікірлерді жинақтай келгенде,
əдеби тіліміздің басталу тарихы, кезеңдері туралы төрт түрлі
көзқарасты бөліп көрсетуге болады. 1. Əдеби тіл тарихы көне
дəуірден басталады. Орхон-Енисей деп жүрген көне түркі жазба
нұсқалары қазақ халқына немесе қазақ халқын құраған кейбір ру-
тайпаларға тікелей қатысы бар (Ғ. Мұсабаев, Б. Кенжебаев, т.б.),
сондықтан жазба əдебиетімізбен бірге қазақ əдеби тілінің тарихын
V ғасырдан бастау керек. 2. XІX ғасырдың екінші жартысына дейін,
Абай дəуіріне дейін, қазақтың өзіндік жазба əдебиеті болған жоқ,
сондай-ақ белгілі нормаға түскен жүйелі əдеби тілі де болған жоқ.
Қазақ əдеби тілінің қалыптасуы Абай, Ыбырай творчестволары-
мен тығыз байланысты (С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, т.б.). Демек,
əдеби тіліміздің тарихы XІX ғасырдың екінші жартысынан баста-
лады (Бұл пікірді кезінде Н.Т. Сауранбаев та қатты қолдаған, бірақ
соңғы мақаласында ол XІX ғасырдың екінші жартысына дейін де
əдеби тіліміз болды, ол өзі əдеби тілдің қалыптасу, даму тарихын-
да бір кезең бола алады деген пікір айтқан). 3. Əдеби тілдің тарихы
жазба əдебиетіміздің пайда болуымен байланысты XVІІІ ғасыр-
дың екінші жартысынан басталады (М. Балақаев, Қ. Жұмалиев,
Е. Жанпейісов, т.б.). 4. Қазақ əдеби тілі қазақ халқының жеке ел
болып, хандық құрған кезінен, яғни XV–XVІ ғасырдан басталады
(А.Ы. ЬІсқақов, Р. Сыздықова, С. Исаев, т.б.). Жазба əдебиет үлгі-

66 Қазақ əдеби тілінің тарихы

лері онша сақталмаса да, бұл кезеңдерде жазба əдебиет үлгісіне
жақын авторы белгілі əдеби тілде жырланған поэзия болған. Əрине,
ол поэзия кейінгі ұрпаққа ауызша жетіп отырған. Қайткен күнде
де қазақ халқының жеке ел болып, мемлекет құраған шағында
мəдениет өндірісінің құралы болып, рухани, əдеби мұраларын
туғызған ерекше ауызша əдеби тілі (Р. Сыздықова) болған. Оның
үстіне көне түркі жазба əдеби тіл дəстүрі де сол кезде жəне кейінгі
кезеңдерде қазақ қауымының мəдени, əдеби, əлеуметтік өмірінен
өзіндік ерекшеліктерімен орын алып келеді.

Ал қазақ əдеби тілінің қалыптасу жолы туралы қазақ тіл
білімінде екі пікір бар екенін айтпасқа болмайды. Оның бірі –
қазақ əдеби тілі бір диалектінің негізінде, «солтүстік-шығыс диа-
лектісінің негізінде» қалыптасты деген С. Аманжоловтың пікірі
болса, екіншісі – қазақ əдеби тілі бір диалект негізінде емес,
жалпы халықтық тілдің негізінде (Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев,
М. Балақаев, Ғ. Мұсабаев, т.б.) қалыптасты деген көпшілік тіл
мамандарының пікірі.

Сондай-ақ əдеби тілдің сипатын түсінудің өзі бірдей, біркелкі
емес. Кейбір зерттеушілер (М. Балақаев, Е. Жанпейісов) əдеби
тілді тек жазба тіл деп түсініп, оның тарихын тек жазумен, жазба
əдебиеттің пайда болуымен ғана жəне оның стильдік жағынан са-
ралана бастауымен байланысты қараса, енді бірсыпыра зерттеу-
шілер (Н. Сауранбаев, Ғ. Мұсабаев, т. б.) жазба əдебиет үлгілері-
нің əдеби тілді дамытудағы рөлін дұрыс бағалай отырып, əдеби
тіл тек жазба əдебиет бар жерде ғана қалыптасады деген пікірдің
сыңаржақ екенін, кей жағдайда əдеби тіл жазба əдебиеттен де
бұрын пайда болатынын немесе жазба əдеби тіл қазақтың ұлттық
əдеби тілінің тууымен байланысты да, одан бұрын ауызша тара-
ған əдеби тіл болғандығын (Р. Сыздықова) көрсетеді.

3. Қазақ əдеби тілінің тарихи негіздері,
арналары жəне қалыптасу, даму кезеңдері

Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы
осы күнге дейін қазақ тіл білімінде тұрақты бір пікірдің болмауы,
əртүрлі көзқарастың, орын алып келуі, біріншіден, бұл мəселені
анықтаудың өзі əрі қиын, əрі күрделі екенін көрсетеді. Екіншіден,

Қазақ əдеби тілінің тарихы 67

көне дəуірден (көне түркі жазба ескерткіштерінен) бері бізге бел-
гілі жазба нұсқалардың тілін қазақ тілімен салыстыра зерттеп,
олардың арасындағы тілдік алшақтықтар мен ұқсастық, бірлестік-
терді жəне өзара байланыстарының арақатынасын анықтамай,
қазақ тілінің əр дəуірдегі даму, өзгерістерін еске алмай, қазақ
əдеби тілінің тарихына байланысты негізгі мəселелерді толық, дұ-
рыс шешуге де, ол жөнінде дұрыс ғылыми пікір қалыптастыруға
да болмайды.

Үшіншіден, қазақ əдеби тілінің, тарихы туралы пікір айтқан
зерттеушілеріміздің қазақ əдеби тілінің сипаттамасы, өзіндік
ерекшеліктері, анықтамасы туралы түсініктері де біркелкі емес.
Міне сондықтан да бір қарағанда əр зерттеушінің пікірі өз тұрғы-
сынан дұрыс сияқты көрінгенімен, онда əлі де анықтай түсетін
жайттар аз емес. Соларға зер салып көрейік.

Əдеби тіл – белгілі бір х а л ы қ т ы ң сұрыпталған, нормаға
түскен, баршаға ортақ тілі, сол халықтың қоғамдық мəдени
өндірісінің құралы мен рухани, əдеби байлығын жеткізудің көр-
сеткіші. Сол халықтың өзі болмаса, оның əдеби тілі де болмақ
емес екені түсінікті. Демек, əдеби тіл халықтың халық болып құ-
ралуымен, даму тарихымен, мəдени өркендеуімен тығыз байла-
нысты. Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ əдеби тілінің тарихы көне
замандардан, Орхон-Енисей-Талас жазба нұсқалары мерзімінен
басталады деген шындыққа жанаса ма?

Қазақ халқының халық болып, жеке мемлекет құрып, тарих
сахнасынан орын алуы XV ғасырдың аяғында Керей мен Жəнібек
сұлтандар бастаған бірнеше тайпалардың Өзбек хандығынан бө-
лініп көшіп, Жетісудағы өзге тайпалармен бірігіп, қазақ хандығы-
ның құрылуымен байланысты екендігі тарихи əдебиеттерден
белгілі. Басқаша айтқанда, Қазақстан тарихшыларының көрсе-
туінше, XV ғасырға дейін қазақ халқының өз алдына жеке мем-
лекеті болмаған, əлі өз алдына жеке халық болып құрылмаған.
Əрине, қазақ халқын құраған белді-белді ру-тайпалардың бұдан
бұрын да тарихта белгілі екені еленбей отырған жоқ. Əңгіме
олардың халық болып бірігіп құралуында болып отыр. Осы тұр-
ғыдан келгенде қазақ халқы халық болып құралғанға дейін оның
əдеби тілі болды деп түюге келе ме? Өйткені əдеби тіл – ру-тайпа
тілі емес, жалпы халықтық сұрыпталған тіл, жалпы халықтық

68 Қазақ əдеби тілінің тарихы

сипаты бар мəдени өндірістің құралы ғой. Сондықтан XV ғасыр-
дан бұрын қазақ халқының өзіне ғана тели аларлық əдеби тілі бол-
ды деуге ешбір қисын жоқ. Бұл – бір ерекшелік. Екіншіден, жалпы
тіл сияқты əдеби тіл де бір кезеңнің ғана жемісі емес. Əдеби тіл бір
күнде немесе бір жылда туып, жасала қоймайды. Жалпы халықтық
тілдің негізінде қалыптасқан əдеби тілдің, өзі кейде сол халықтың,
халық болып қалыптасқан кезеңінен кейін тууы не халықтық
тілмен бірге қалыптасуы мүмкін. Онда əдеби тіл жоқ жерден жа-
сала қоймайды. Сол халықты құраған ру-тайпалардың тілі немесе
оған дейінгі тайпалық одақтардың тілдік үлгілері мен дəстүрлері
əдеби тілдің қалыптасуына, өркендеуіне негіз болады. Міне, осы
жағынан əдеби тіл қалыптасқанға дейінгі тілдік материалдардың
(жазба нұсқалар тілінің) сол əдеби тілді қалыптастырып, дамы-
тудағы рөлін, оның тарихи негіздері мен арналары ретінде əдеби
тіл тарихы мəселелерін қозғағанда айтпай кетуге болмайды.
Басқаша айтқанда, халық болып қалыптасқан кезеңдерге дейін
болған жазба тіл сол халықтың əдеби тілі тарихының басы болма-
са да, сол əдсби тілді қалыптастыру қызметі жағынан оның тарихи
негіздері болып, бір арнасы ретінде ол тілдік нұсқалар əдеби тіл
тарихынан өз орнын алуға тиісті. Міне, осы тұрғыдан қарағанда,
көне түркі əдеби тілі (Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштері
болсын, қараханид тұсындағы жазба мұралар болсын, Алтын
Орда, Шағатай хандықтары мен ұлыстарында жазылған мұралар
мен қыпшақ жазбалары болсын жəне олардың тілі əдеби тіл екені
осы күнде ешбір дау туғызбайды) қазақ əдеби тілінің жеке нор-
маларын қалыптастырып, жеке тілдік жүйелеріне негіз болғанын,
сөйтіп, қазақ əдеби тілінің тарихи негіздерін, қалыптасуындағы
арналары екенін көрсету қазақ əдеби тілінің тарихына тікелей бай-
ланысты.

Қазіргі кезде көне түркі жазба мұралары қазақ əдеби тілінің
тарихынан белгілі орын алады дегенде, міне, осы ыңғайда, қазақ
əдеби тілінің тарихи негіздері мен арналары ретінде түсінсек, оның
ешбір оғаштығы жоқ.

«Қазақ əдеби тілі XІX ғасырдың екінші жартысында Абай,
Ыбырай шығармаларының негізінде қалыптасты» деген пікірдің
де кемшіліктерімен қоса жанды жері бар. Ең алдымен, қазақ əдеби
тілінің осы кезеңде қазақ халқының ұлы классик ақыны Абай

Қазақ əдеби тілінің тарихы 69

шығармалары негізінде сымбаттала, сұлулана түскенін, көркемдік
дəрежесі артып, қолданылу аясы кеңейе түскенін мойындамасқа
болмайды. Бірақ, əрине, Абай, Ыбырайдан бұрын қазақ əдеби
тілі болмады деу шындыққа мүлдем жанаспайды. Абайдың өзі
шығармаларын өзінен əлдеқайда бұрын қалыптасқан əдеби тілде
жазғандығын Мұхтар Əуезов атап көрсеткен болатын. Ғұлама жа-
зушы М. Əуезов əдеби тіл бір дəуірдің бір-ақ жазушысымен бірге
туып қана қоймайтынын, бұл ретте орыс əдеби тілінің негізі ту-
ралы орыс тіл мамандарының өзі орыс əдеби тілі А.С. Пушкин-
нен ғана басталады деп көрсетпейтінін айта келіп: «Абайдың
алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпос-
тарындағы ұзынды-қысқалы салттық, тарихи жырларындағы
шебер көркем өлең үлгілерін ұмытуға бола ма? Оларда немесе
XVІІІ ғасырда көпке жайылған жырлар тудырған Бұхарда,
XІX ғасыр басында асыл-əсем бай тілмен халықтық асқақ, ескек
жырлар тудырған Махамбетте қазақтың əлеуметтік тілінің үлгі-
өрнектері жоқ деуге бола ма? Əсіресе Октябрь революциясынан
бұрын қазақтың барлық өлкелерінде тіл байлықтары тұтасып
қосылып, біркелкі мол қазына болмай тұрған кезінде еңбек еткен
Абайдың шығармалары əдебиет тілінің түгел негізін құра қойды
деуге сыя ма? Олардың да сөз қолдану үлгілерін əдеби тіліміздің
жалпы даму, жетілу, қалыптасу барысынан бөліп алып қарау
қаншалықты орынды болмақ?»1 – деп өте орынды көрсетеді.

Демек, XІX ғасырдың екінші жартысы, осы кездегі ақын-
жазушылар шығармасы, əсіресе, Абай, Ыбырай шығармалары,
қазақ əдеби тілінің тарихында, дами түсуінде ерекше сапалы белді
бір кезең болып табылады, бірақ əдеби тілдің қалыптасу тари-
хының басы бола алмайды. Сондықтан XІX ғасырдың екінші жар-
тысында Абай, Ыбырай есімдерімен байланысты қазақтың ұлт-
тық əдеби тілі өмірге келді (А. Ысқақов, Р. Сыздықова) деген пі-
кірдің ақиқаттығы айқындала түседі.

Осы тұста мына бір жайттың да басын аша кету керек. «Қазақ
əдеби тілі солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасты.
Солтүстік-шығыс диалектісінің қазақ əдеби тіліне негіз болуы-

1 Əуезов М. Қазақтың əдеби тілі туралы // «Əдебиет жəне искусство» журналы,
1951, № 4.

70 Қазақ əдеби тілінің тарихы

на Абай, Ыбырай сияқты көркем сөз зергерлерінің шығармалары
үлкен əсер етті» деген сияқты С. Аманжоловтың пікірін кейбір
зерттеушілер басқаша түсініп, «Абай өз шығармаларын қазақ
тілінің бір ғана диалектісінде жазды деуге бола ма? Өйткенде
Абай шығармалары Қазақстанның барлық жеріне кең тарап, то-
лық түсінікті болар ма еді?» деген тəрізді дау айтады. Бұл жерде,
біздіңше, бір нəрсені екі түрлі түсінушіліктің салдарынан осындай
пікір туып отыр. «Абай өз шығармаларын қазақ тілінің белгілі бір
диалектісінде жазды» деген тезистің айтылуына ешбір қисын да,
орын да жоқ. Олай болғанда Абай шығармаларының қазақ əдеби
тіл тарихының төрінен орын алуы, Абайдың қазақ əдеби тілін жаңа
сатыға көтеруі сияқты пікір айтуымыздың өзі негізсіз болар еді.

Ал қазақ тілінде диалект бар ма деген мəселе қазақ тіл
мамандарының арасында жиырма шақты жыл бойы айтыс
туғызып келді. Көпшілік зерттеушілердің «қазақ тілінде диалект
жоқ» деген үзілді-кесілді тұжырымына қарамастан, жиырма-отыз
жыл бойына жиналған материалдар мұның өзі сыңаржақ пікір
екенін көрсетіп отыр. Шындығында да Қазақстанның орталық,
солтүстік-шығыс пен оңтүстік жəне батыс аймақтарында тұратын
қазақтардың тілінде ешбір айырма жоқ па? Бар екені бірден
көрінеді. Мейлі оны жергілікті тіл ерекшеліктері дейік, мейлі
диалектілік ерекшеліктер дейік – əйтеуір жеке территорияға
байланысты тілдік ерекшеліктердің бар екені хақ. Оны бұл жер-
де дəлелдеп жатудың, ешбір қажеті жоқ. Ол дəлелденген. Жеке
мақалалар мен зерттеу еңбектерін былай қойғанда бұл мəселе
жөнінде бірнеше докторлық диссертация, ондаған кандидаттық
диссертация жазылып, қорғалуы – қазіргі кезде «қазақ тілінде
диалект бар ма, жоқ па?» – деп сұрақ қоюдың өзі сауатсыздықты
көрсетеді. Əрине, қазақ тіліндегі жергілікті тілдік ерекшеліктерді
анықтауда диалектілік белгілері айқын көрініп тұрған тілдер
тұрғысынан өлшеп, сондай ерекшеліктерді іздеу орынды емес.

Қазіргі кезде тіл мамандары тарапынан қазақ тілінің жергілікті
(диалектілік) ерекшеліктеріне байланысты қыруар материал жи-
налды. Олардың біразы жарық көріп, көпшілік талқысына түсті.
Соларға назар аударып, қай территорияда тұратын қазақтардың
тілдік ерекшеліктері əдеби тіл нормасына жақын деген сұраққа ой
жүгіртейікші. Əрине, Қазақстанның орталық, солтүстік, солтүстік-

Қазақ əдеби тілінің тарихы 71

шығыс аудандарында тұратын қазақтардың тілі əдеби тіл норма-
сына əлдеқайда жақын. Бұл факт. Оны мойындамасқа лаж жоқ.
Əдеби тілден жекелеген сөз шеңберінде лексикалық ауытқу бол-
маса, дыбыстар жүйесінде, грамматикалық құрылыста əдеби
нормадан үлкен бір тұрақты айырмашылық кездестіру қиын. Ал
оңтүстік жəне батыс аудандарда тұратын қазақтардың тілінде
фонетикалық жағынан да (ж-дж, ш-ч, с-ш; ж-й, т. б. дыбыс алма-
сып қолдануы), грамматикалық құрылыс жағынан да (бере-жақ,
бар-ғын, айта-лы, бару-лы, келгім жоқ, т. б.) əдеби тілден ауытқу
айта қаларлықтай. Осының өзі тегіннен тегін бе? Болмаса Абай
шығармаларынан кейін солтүстік-шығыс аудандарда тұратын
қазақтар əдеби тілге, əдеби нормаға тез арада бірден көше қойды
деуге бола ма? Əрине, жоқ.

Мұндай фактілер басқа аймақтарға қарағанда орталық, сол-
түстік-шығыс аудандарда тұратын казақтардың тілі əдеби нор-маға,
əдеби тілге əлдеқайда жақын екенін көрсетеді. С. Аманжоловтың
əдеби тілдің қалыптасуы жөнінде негізгі теориясына өзек болған
да осындай фактілер.

Бірақ осыдан ғана барып, əрине, қазақ əдеби тілі бір ғана
диалектінің негізінде жасалды деген қорытынды шығару асығыс-
тық болар еді. Қазақ əдеби тілінің негізгі нормалары, дыбыстық
жүйесі, лексикалық құрамы, грамматикалық құрылысы қазақ
халқына тегіс ортақ, түсінікті. Қазақстанның кейбір аудандарын-
дағы (батыс, оңтүстік) əдеби тілден ауытқушылықтар, тілдік
ерекшеліктер оларды əдеби тілге бүтіндей қатыстыруға, бай-
ланыстыруға келмейтіндей айырықша деп айтуға болмайды.
Тіпті солтүстік-шығыс делінетін «диалектіде», сол аудандарда
тұратын қазақтар тілінде əдеби тілмен сай келмейтін ауытқулар,
тіпті осы өлкеден шыққан сөз зергерлерінің тілінде кездесіп оты-
ратын əдеби тілдің шеңберіне ене қоймайтын тілдік құбылыстар
бұл «солтүстік-шығыс» диалектісі мен əдеби тіл бір емес екенін
көрсетеді. Сондықтан да соңғы кезде зерттеушілердің көбі əдеби
тілдің негізін жекелеген диалектілерден, жергілікті тіл ерекше-
ліктерден емес, жалпы халықтық тілден іздеп жүр.

Дегенмен, қазақ əдеби тілінің негізі бір диалекті болды деген-
нің бүгінде дəлелдеуге болмайтынын қанша назарға алсақ та, қазақ
əдеби тілін қалыптастыруда белгілі бір тілдік диалектілердің əсері

72 Қазақ əдеби тілінің тарихы

болғандығын мойындамасқа болмайды. Əрине, ол диалектілердің
тигізген əсерінің мөлшерін, ерекшеліктерін қазір нақ айқындау
мүмкін емес. Өйткені XV–XVІ ғасырларға дейінгі ру-тайпа не-
месе территориялық диалектілер, олардың басты-басты тілдік
ерекшеліктері туралы бізде ауыз толтырып айтарлық ешбір
мəлімет жоқ немесе ру-тайпа тілдерінің, болғандығы туралы пікір
болғанмен (мысалы, Махмуд Қашқаридің «Дивану лұғат-ат түрік»
атты сөздігі), олар тілдік құрылысы жағынан толық сипатталмаған.

Осы тұрғыдан қарағанда С. Аманжоловтың Орхон-Талас-
Селенга жазба ескерткіштері дулат тайпасының, XІV ғасырға
жазылған «Мұхаббат-наме» шығармасы (авторы Мұхаммед Хо-
резми) қоңырат тайпасының, Кетбұға жыраудың Шыңғыс ханға
баласы Жошының өлімін өлеңмен естірту үлгісі XІV ғасырдағы ке-
рей-найман тайпа одағының, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының
1876 жылы И. Березин жариялаған нұсқасы алшын тайпасының,
XІV ғасыр ескерткіші «Нехидж ул-Фарадис («Жұмаққа бара-
тын тура жол», авторы Махмуд Али) атты шығармасы кердері
тайпасының диалектісінде жазылған деген пікірлері, сондай-ақ
Ғ. Мұсабаевтың Талас жазба ескерткіштері көне үйсін, қаңлы
диалектілерінің көрсеткіші болады деп анықтауы дəлелді пікірлер
емес. Бұл пікірлер кейбір кездейсоқ құбылыстар мен фактілерге
негізделген. Осындай пікір айтушылардың басты дəлелдері, бірін-
шіден, осы жазбалар өздері телініп отырған тайпалардың бір кез-
дерде мекендеген жерлерінен табылып отыр (Талас жазба ескерт-
кіштері табылған территорияны үйсіндер мен қаңлылар жайла-
ған – Ғ. Мұсабаев; Орхон-Талас-Селенга жазбалары дулат тайпа-
лар одағы мемлекеті тұсында жазылған – С. Аманжолов), екіншіден,
олардың кейбіреулерінің авторы белгілі бір ру-тайпаға жатады
(мысалы, «Мұхаббат-наме» поэмасының авторы Мұхаммед Хо-
резми қоңырат руынан, Кетбұға жыраудың найман руынан, «Не-
хидж ул-Фарадистің» авторы Махмуд Алидің кердері руынан
шығуы – С. Аманжолов). Бұл сияқты фактілер сол диалектілердің
тілдік ерекшеліктерін ашып бере алмайды. Сондықтан бұл аталған
шығармалар белгілі бір диалектіде жазылған деу əлі де дəлелді
емес.

Бұдан, əрине, қазақ əдеби тілін қалыптастыруда қазақ тілі то-
пырағында болған кейбір диалектілердің əсері мүлде болмаған
екен деген қорытынды тумайды. Қазақ тіліндегі диалект мəселесі

Қазақ əдеби тілінің тарихы 73

əсіресе оның ерекшеліктері, айырықша белгілері, тарихи жағынан
этникалық топтармен байланысы əлі күнге дейін толық шешімін
таба алмай келгендіктен, қазақ əдеби тілін қалыптастыруда же-
келеген диалектілердің ықпал-əсері қалай болды деген сияқты
мəселелердің басы ашылмай отыр. Дегенмен қазақ əдеби тілін
қалыптастыруда кейбір диалектілердің белгілі дəрежеде ықпалы
болғандығы туралы айтылған пікірлерді мүлде жоққа шығаруға
болмайды. Мысалы, С. Аманжоловтың көне арғын диалектісі ту-
ралы айтылған пікірін ескерусіз қалдыруға болмайды. М. Қаш-
қаридің арғу тайпасы туралы жəне оның тіл ерекшеліктері тура-
лы айтылған фактілерін негізге ала отырып, С. Аманжолов ол ма-
териалдар қазақ халқын құраған белді рулардың бірі көне арғын
диалектісіне (автор арғын тілінің ерекшеліктеріне байланысты
ру атының өзінде сөз соңында н дыбысы болмаған немесе түсіп
қалған деп көрсетеді) жатады деп түйеді. М. Қашқаридің «басқа
түріктерге қарағанда арғындар сөз соңында й дыбысының орны-
на н дыбысын қолданады (қой деудің орнына қон, шығай деудің
орнына шыған жəне қай деу-дің орнына қану, күйді деудің орны-
на күнді, қаймақ деудің орнына қанақ деу), сондай-ақ балықты
(балықлы), ұғлан (оғлан), білер, бардым, келдім сияқты сөздер мен
сөз формалары арғындар тілінде балықлығ, оғла, білор, бардум,
келдум болып айтылады, сонар дыбысқа біткен сөзге барыс септік
жалғауы – -қа тұлғасында (тамқа болып) жалғанады, көрінді деген
етістік түбір күйінде көр түрінде қолданылып отырса да, көзіңді
болып айтылады, арғын тілінде дағ, зағ деген оғуз тілдерінен
ауысқан болымсыздық мағынаны білдіретін демеуліктер де
қолданылады: ол андағ дағ ол – ол онда жоқ, бірақ олар оны
өзгертіп бұзып тəгүл//түгүл деп қолданады» деген пікірлерін
негізге ала отырып, С. Аманжолов осы мағлұматтар арқылы XІ ға-
сырда арғын диалектісінің қандай болғанын жəне тоғыз ғасыр
ішінде қандай өзгерістерге ұшырағанын көз алдымызға елестетуге
болады дейді. Өйткені біріншіден, қазіргі қазақтар тілінен қанақ
(қаймақ), қон (қой), қану (қай) сияқты сөздерді ешбір кездестіруге
болмайды, екіншіден, соңғы буындарда еріндік дауысты дыбы-
стар айтылатын білор, бардум, келдум сияқты етістік формала-
ры да қазіргі қазақ диалектілерінің ешқайсысында байқалмайды,
үшіншіден, арғын тілінде – -лық (лік) жұрнағы ықшамдалған

74 Қазақ əдеби тілінің тарихы

(-лы) формасында қолданылмай, ассимиляция заңдылығына ба-
ғынбауына (дыбыс үндестігі бойынша, ұяң, қатаң дыбыстардан
басталатын варианттарының болмауына) қарағанда, бұл тілде
XІ ғасырда дауыссыз дыбыстар ықпалы болмаған деп түюге бо-
лады. Дауыссыз дыбыстар ықпалының болмауы (сонар дыбысқа
біткен сөзге -қа түріндегі барыс септік жалғауының жалғануы –
осының бір көрінісі), С. Аманжоловтың айтуынша, көне арғын
диалектісін VІ–VІІІ ғасырлардағы көне дулат диалектілерімен
жақындастырады. Сондай-ақ С. Аманжоловтың көрсетуінше, ар-
ғын диалектісі – сөз басында й дыбысының орнына ж-ны басым
қолданатын диалект, ол М. Қашқари мысалдарынан анық көрі-
неді: арғындар йікіт сөзін жігіт деп айтатын, міне қазіргі қазақ
тілінде арғын диалектісінің көп ерекшеліктері сақталмаған, тек
қазіргі қазақ тілінің негізгі белгілерінің бірі болып саналатын сөз
басындағы ж дыбысының қолданылуы ғана сəйкес келеді, бірақ ол
тек арғын диалектісіне ғана емес, қазақ одағын құраған басқа да
көптеген тайпа тілдеріне тəн болатын1.

Бұл, əрине, əлі де дəлелдей түсуді қажет ететін болжам пікір.
Дегенмен қазіргі қазақ тілінде көне ру-тайпа диалектілерінің ізі
жіті қараған кісіге байқалып отырады. М. Қашқаридің арғу ті-
ліне байланысты сөз (түбір) соңында й дыбысының орнына н ды-
бысының қолданылу ерекшелігін келтіретінін С. Аманжолов қа-
зіргі қазақ тілінде мүлдем кездеспейтін құбылыс деп көрсетсе,
тілімізде қоныш–қойыш (түбірлері қон–қой), қисық–қыңыр (түбір-
лері қый–қын(ғыр), қою–қону (түбірлері қой–қон етістіктері),
қандай–қайда (түбірлері қан–қай), көйлек–көншек (түбірлері көй–
көн–тері мағынасында XІІІ ғасырдағы түрік-араб сөздігінде, Абу-
Хайянның грамматикасында, Кодекс куманикус тілінде көйлек
сөзі күнлек, көнлек түрлерінде берілуін де ескерте кеткіміз келе-
ді), тəңірі (тəңгірі)–тəйірі сияқты параллельдердің қолданылуы
əңгіме болып отырған тілдік құбылыстың қазақ тілінен белгілі
дəрежеде орын алғандығын байқатады.

Сондай-ақ сөз–сөйле, жаз–жайла, қой–қозы–қозда сияқты
сөздерде з–й дыбыстарының алмасып келуі көне тілдік құбылыс

1 Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Алма-Ата,
1959, стр. 97–98.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 75

пен жаңа құбылыстың тұлғалары, таза тілдік көріністері деуге
сыймайды, өйткені тілімізде, біріншіден, з дыбысына аяқталатын
сөздерге -ла, -ле, -да, -де, -та, -те сияқты жұрнақтар жалғанғанда,
з дыбысы й дыбысына өзгеріп кете қоймайтын көз-көздеу, аз–аз-
дап, қыз–қыздыр, кез–кездеу, боз–боздау, саз–саздау, тез–тезде-
ту, тұз–тұздау тəрізді тұрақтылық бар. Екіншіден, бұл – жаңа
тілдік құбылыс пен көне тілдік құбылыстың көрінісі болатын
дыбыс алмасуы болса, түркологтардың көрсетуінше, з топтағы
тіл й топтағы тілден көнерек құбылыс, сондықтан жоғарыдағы
параллель диахронды аспектіде керісінше сөй–сөзле, жай–жаз-
ла болу керек еді, өйткені сөз соңындағы дыбысқа қарағанда
қосымша мен түбір арасындағы дыбыс бір сыдырғы тұрақты бо-
лып, деформациялық өзгеріске аз түседі. Бұл пікірді дəлелдейтін
тілімізде фактілер аз емес, Мысалы, қазіргі қолданылып жүрген
ұлы, сары деген сөздердің көне түрлері ұлығ (улуғ), сарығ екені
белгілі. Сөздердің көне түрі ұлғай, сарғай деген сияқты туынды
сөздерде (-ай – есім сөздерден етістік тудыратын жұрнақ: мол-ай,
қара-ай, аз-ай, т. б.) сақталып қалған.

Мұның өзі сөйле, жайла, қой тəрізді сөз түрлерінің қалыптасуы
ерте кезде болғандығын байқатады. Оған осы сөздердің сөзшең,
сөзуар, (көп) сөзді, жазуға, жаздық сияқты басқа да туынды
тұлғалары дəлел бола алады. Қайткен күнде де əр дəуірге жататын
көне мұралар тілінде сөйле дегеннен гөрі сөзле туынды сөздің, жаз
мағынасында йай жəне йаз сөздерінің қатар қолданылуы белгілі
бір диалектілік ерекшеліктердің ізін байқатса керек. Мысалы,
Інім Күл тігін бірлэ сөзлэшдіміз – інім Күлтегінмен сөйлестік
(Күлтегін ескерткіші), Анлар ара сауал уа жауаб муназара ке-
жар сөзлэмиш турур – олардың арасында сұрақ пен жауап беріп
түсіндіру əңгімесі (сөйлеуі) болды («Құтадғу білік»), Қыш йай білə
тоғушты–қыс жазбен айтысты (М. Қашқари), сондай-ақ Құтба
ақынның «Хосрау–Шырын» поэмасында, Орта Азиялық тефсир-
де, т.б. орта ғасырлық жазба мұралар тілінде йаз сөзімен қатар
йай сөзі де қолданылған1. Бір сөздің осындай екі түрлі вариант-

1 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.–Л., 1951, стр. 31, 232,
309, 422, 383; Фазылов Э. Староузбекский язык. Хорезмийские памятники XІV в.
т. І. Ташкент, 1966, стр. 460, 464.

76 Қазақ əдеби тілінің тарихы

та жұмсалуы XІІІ ғасырдағы қыпшақ (түрік)-араб сөздігінде, Ибн
Муханнаның сөздігінде, XV ғасырдағы половец документтерінің
(сөзле жəне сөйле болып) тілінде, т.б. жазбаларда жиі байқалып
отырады.

Қазіргі қазақ тілінде кездесіп отыратын осындай ерекшеліктер
кездейсоқ емес екендігін осы көрсетілген салыстырма талдау-
лар байқатса керек. Əрине, қазақ тілін қалыптастыруда белгілі
диалектілердің қатысы болды дегенде, ол қандай диалектілер
жəне олардың қандай дəрежеде əсері болды деген сұраққа дəл
де толық жауап бере алатын материал əлі жоқ. Ол алдағы талай
зерттеулердің нəтижесінде ғана шешілмек.

Қазақ əдеби тілі XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен XІX ға-
сырдың басынан осы кезде өмір сүрген ақын-жыраулардың
шығармаларынан басталады деген пікір соңғы кезде жиі айты-
лып жүр. Рас, XVІІІ ғасырдың соңы мен XІX ғасырдың басында
өмір сүрген ақын-жыраулардың творчествосы қазақ əдеби тілін
дамыта түсуде айтарлықтай маңызы болғанын жоққа шығаруға
болмайды. Бірақ қазақ əдеби тілі осы кезде ғана туып, қалыптасты
деген пікірдің дəлелі онша жетімді деуге болмайды. Бұл пікірді
ұсынушылар екі нəрсеге сүйенеді. Бірі – жазба əдебиеттің, осы
кезден басталуы, демек, əдеби тіл жазба əдебиеттің пайда болуы-
мен дүниеге келеді. Екіншісі – стильдік тармақтардың қалыптаса
бастауы, осы кезеңнен бастап кеңсе стилінің қалыптаса бастауы.

Əдеби тілді тек жазба əдебиетпен байланыстыра қарау, əдеби
тілдің басын жазба əдебиеттен ғана іздеу əр уақытта қисынды бола
қояр ма екен? Барлық халықтың əдеби тіл тарихын сөз еткенде,
бір ғана өлшеммен пішуге бола бере ме? Сол халықтың қоғамдық,
саяси-экономикалық, мəдени даму ерекшеліктерін ескермеуге
болмайды. Бұл жайында жоғарыда сөз болғандықтан, сондай-ақ
Н. Сауранбаевтың, Ғ. Мұсабаевтың, ол жөнінде орынды пікірлері
келтірілгендіктен, əдеби тілді бұлай анықтау – мəселеге бір жақты
қарау екенін дəлелдеудің реті жоқ. Əдеби тілдің қалыптасып, да-
муында жазба əдебиеттің рөлін, əрине, жоққа шығаруға еш бол-
майды. Дегенмен Октябрь революциясына дейін жазуы, жазба
əдебиеті болмаған халықтың, бай ауыз əдебиеті, ұрпақтан ұрпақ-
қа ауызша жеткен авторы белгілі мол əдеби мұрасы бола тұрса,
əдеби тілі жоқ болған деп үзілді-кесілді айту дұрыс па? Бай

Қазақ əдеби тілінің тарихы 77

ауыз əдебиеті, ақын-жыраулар туындылары арқылы халық тілі
сұрыпталып, сымбатталып, тұрақты нормаланып, барша халыққа
ортақ болып əдеби тіл дəрежесіне де көтерілуі мүмкін.

Əдеби тілдің стильдік тармақтарының болуы туралы айтқанда
əдетте қарқынды дамыған əдеби тіл туралы айтамыз. Əдеби тілдің
қалыптасқан, жаңа дамып келе жатқан шағында одан стильдік
тармақтардың түрлерін іздеп, оның əдебилігін сол талаппен ғана
өлшеуге бола бермейді. Стильдік тармақтарға бөліне қоймаған,
көркем поэзия түрінде қалыптасып, дамып келе жатқан əдеби
тілді əдеби тіл деп танымауымыз қиянат емес пе! Демек, біздіңше,
стильдік тармақтардың, болу-болмауы əдеби тілдің даму қарқыны
мен дəрежесінің межесі болу керек.

Міне, осы айтылғандар қазақ əдеби тілінің тарихы, қалыптасу,
даму кезеңдерін айқындаудың қаншалықты қиын əрі күрделі
екендігін көрсетсе керек.

***

Қазақ əдеби тілі бір күнде, бір жылда қалыптаса қойған жоқ.
Қазақ халқы жеке ел болып, халық болып қалыптасқанға дейін сол
халықтың тілінің, қалыптасу нышандары, оның тарихи негіздері
мен арналары болды. Түк жоқ жерге əдеби тіл пайда бола қоймаса
керек. Қазақ əдеби тілі нормаларының тарихи негізі көне дəуірге
кетеді. Өйткені көне түркі жазба нұсқаларында: байқалатын
негізгі тілдік нормалар, заңдылықтар кейін қазақ тіліне де негіз
болған. Көрнекті түркологтардың, түркі тілдерін топтастырула-
рына (классификация) қарағанда, қазақ тілі тарихи даму жағынан
ең жаңа түркі тілдері қатарына жатса да, қазіргі қазақ тілінде оны
көне түркі тілімен тікелей жалғастыратын материалдар аз емес.
Солардың, кейбіріне назар аударайық. Мысалы, көне түркі тілінде
сөз ортасында я сөз соңында келетін ғ, г дыбыстары қазіргі қазақ
тіліндегі сөздерде түсіп қалады немесе у, й дыбыстарына айналып
кетеді: бағла – байла, боғузла – бауызда, мүгіз – мүйіз, сарығ –
сары, тағ – тау, туғ – ту, т.б. Ал ығы – жығы, жүгіру сияқты
сөздер көне кезден бері түр-тұлғасын өзгертпей тілімізде сақталып
қалған. Жығы сөзі жиын дегенмен, жүгіру – жүйрік, жүйтку
сөздерімен түбірлес (түбірлері жығ – жый – жи, жүг – жүй) екені

78 Қазақ əдеби тілінің тарихы

дау туғызбайды. Сол сияқты сарғай, ұлғай, ұлығ болсаң, кішіг бол,
қостың кішігі болғанша, иттің күшігі бол тəрізді туынды сөздер
мен мақал-мəтелдер құрамында қолданылатын кейбір сөздерде
соңғы көне формант шыға келеді. Бұл сияқты тілдік фактілерді
кейінгі кездердегі басқа түркі тілдерінің тигізген ықпалы деуге
ешбір негіз жоқ.

Сөз соңындағы ғ, г дыбыстарының түсіп қалуы (кішіг – кіші,
ұлығ – ұлы, т. б.) XІІІ–XІV ғасырлардағы жазба нұсқалардың тілі-
нен де байқалады. Мысалы, Сейф Сарайдың, «Гүлстан биттүрки»
атты аударма шығармасында бір сөздің ұлығ та, ұлы да екі түрі
кездеседі. Сөздің көне жəне жаңа түрлерінің жарыса қолданылуы
басқа да қыпшақ жазбаларында жиі ұшырасып отырады1.

Сондай-ақ өлтір (өлдір емес), келтір (келдір емес), қалтыр
(жəне қалдыр болып та айтылады), өлімтік (өлімдік емес), қымты
(қымды емес), ертте (жаңа түрі, егер бұл сөз ер деген зат есімнен
жасалса, ерле болу керек еді), жеңілтек (жеңілдек емес), малты
(малды емес), оңтайлану (оңдайлану емес), жиынтық (жиындық
емес) сияқты сөздерде түбір тұлға үнді сонор дыбысқа бітсе де,
қазіргі қазақ тіліндегі дыбыс үндестігі заңына қайшы келетін
қатаң дыбыстан басталатын қосымшаның жалғануы бұл тілдік
фактілердің көнелігін көрсетсе керек. Дыбыс үндестігі заңы не-
гізінде қазір ал-дыр (алтыр емес), атты жел-дір (желтір емес), он-
дық (оңтық емес) жіп, жайылым-дық жер (жайылым-тық емес),
т.б. толып жатқан туынды тұлғалар қолданылады. Бұл фактіні
көне түрік руникалық жазба ескерткіштерінің тілімен салысты-
руға болады. Қазіргі қазақ тілінде кейбір сөздердегі тіпті түбір мен
қосымшаның арасында дыбыс үндестігіне, үйлесімділігіне қайшы
келетін Орхон-Енисей көне түркі жазба ескерткіштерінің тіліне
тəн осындай лт, нт, мт, рт дыбыс тіркестерінің байқалып отыруы
тіпті кездейсоқ болмауы мүмкін.

Қимыл есімдерінің қазіргі формасы -у жəне орта ғасырлық
-с тұлғасымен бірге (толған-ыс, қолдан-ыс, серпіл-іс, қозғал-ыс).
Қазіргі қазақ тілінде -ш формасының кездесуі – көненің қалдығы,
ескінің көзі: сағын-ыш, жұбан-ыш, былған-ыш, өкін-іш, өтін-іш,

1 Қараңыз: Наджип Э. Кыпчакско-огузский язык Мамлюкского Египета XІV в.
Автореферат докторской диссертации. М., 1965.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 79

аян-ыш, қуан-ыш, сүйен-іш, қызған-ыш, таян-ыш, т.б. Бұл жерде
жеке сөздердің туу кезі айтылып отырған жоқ, сөз жасаудың үл-
гісі (модель) назарға ұсынылып отыр.

Орхон-Енисей дəуірінде өнімділігін жоғалтып, рудимент ре-
тінде ғана кездесіп отыратын -ын, -ін, -н (-сын, -сін), -ғары, -гері
формалары1  түбір сөздің құрамында қазақ тілінде де жиі ұшырап
отырады: бұрын, қысын, жазын, ертеңгісін, ақырын, ұрын (келу),
жасырын, ықтасын, жақын (бұл сөз М. Қашқари сөздігінде
йағру–жағру түрінде де кездеседі), қиын, еркін, жоғары, ілгері,
бері, шағын, жақын, жырынды (болу), бұрын, астыртын, кейін,
ішкері, тысқары, т.б. Бұл сөздер ең кем дегенде мың жылдан
бұрын жасалып қалыптасқан да, тілімізге сол қалпында бір бүтін
ретінде еніп тұрақтанған, өйткені V–VІІІ ғасырлардағы жазба-
лар тілінің, өзінде бұл қосымшалар бірді-екілі сөздің құрамында
ғана кездеседі жəне қазіргі кезде өзінің о бастағы мағынасы мен
қызметінен алшақтап кеткен.

Сол сияқты көне кезеңде етістік пен есім сөз таптарының
сыртқы грамматикалық тұлғалары жағынан ажыраспай тұрған-
дағы күйінің де жұрнақ-жұқаналары қазақ тілінде сақталған. Оны
қазіргі қазақ тіліндегі əрі етістік, əрі есім болып қолданылатын,
кейбір еңбектерде омоним деп беріліп, кейінгі кезде түркі
синкретизмі деп танылып жүрген мына параллель сөздерден кө-
руге болады: түт (түбітті түту) жəне түт (тозаңның түт болып
қабырғаға тұрып қалуы, содан жасалған түттену етістігін
салыстырыңыз): қос (екі затты я санды қосу) жəне қос (екі, қос ат),
жақ (жағу, майлау) жəне жау (көне түрі жағ – йағ, мағынасы май,
жау жұмыр, жау бүйрек, көздің жауы – көздің майы деген тұрақ-
ты тіркестерде сақталған, ал майла етістігі, кейінгі дəуір жемісі,
сөз соңында ғ дыбысы бірде етістікте қ дыбысына, бірде есімде
у дыбысына ауысқан), тат (шөптің таты жəне көне жазбаларда:

1 Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде -ын, -ін, -н (-сын, -сін) тұлғасы көне
құралдық септік көрсеткіші, ал -ғары, -гері тұлғасы -ға-ры (-ға-ру), -ге-рі (-ге-
ру) деген барыс септіктің күрделі тұлғасы, соңғы -ры (-ру), -ры (-ру) көне барыс
септік көрсеткіші деп талданады. Бұндай пікірдің шындыққа қисыны аз. Өйткені
бұл тұлғалар, біріншіден, əрі есім түбірге, əрі етістік түбірге бірдей жалғанған.
Екіншіден, қызметі мен мағынасы жағынан субстантивтенуден гөрі адвербиалдану
мəнін атқарған. Ол жөнінде толығырақ мына еңбекті қараңыз: Исаев С. Қазақ əдеби
тілінің совет дəуірінде дамуы. Алматы, 1973, 123–133-бб.

80 Қазақ əдеби тілінің тарихы

мысалы, Махмуд Қашғаридің, Ибн-Муханнаның сөздіктерінде,
түрікше-арабша сөздікте (тағамның дəмі) жəне тат (тату, астың
дəмін білу), көр жəне көз, өкір жəне өгіз (р мен з дыбыстарының ал-
масуы – заңды құбылыс), қыз (от қызды дегенде) жəне қыз (қызыл
сөзінің түбірі, жасыл деген сияқты, ол қызғылт сөзінен анық
көрінеді, өйткені -ғылт жұрнақ сондай-ақ қызар деген етістіктің
түбірі де есім – қыз, ағар деген сияқты), сай (бірдеңеге сайып
құю) жəне сай (терең сай дегенде), жай – жаз (жайып қою) жəне
жай – жаз (жазық, тегіс жер), тоң (тоңу, жаурау) жəне тоң (қатқан
кесек, жер), соз (тарту созу) жəне соз (ақырын деген мағынада.
Тез байығаннан соз байыған қайырлы деген мақалда ол мағына
анық байқалады), тоз (тозып кету) жəне тоз (тоз-тоз болу, ұсақ),
той (тою) жəне той (ойын-той), көш (көшу, қоныс аудару) жəне
көш (кө-шуге тиелген жүк, жолға дайындалған керуен), құй (құю,
төгу) жəне құй (шұңқыр, құдық дегенмен түбірлес, басыңа құй
қаздым ба дегенде сақталған), шек (жол тарту, жүру, сапар шегу,
шегіну дегеннің түбірі) жəне шек (ара, шектес, шегара дегенде), ық
(желдің жөнімен ауу, ығу) жəне ық (желдің соғуы жетпейтін жер,
ықтасын), т.б.

Мұнда етістік (түбір тұлғада) пен есім түбірдің, бірдей ды-
быстық сəйкестікте келуі сырттай ғана ұқсастық емес, олардың
мағыналық жағынан да үйлесімді келуі кездейсоқ емес. Бұл жер-
де əңгіме туынды түбір етістіктер мен есімдердің ұқсас болуын-
да емес, бұлар – негізгі түбірлер, бір буынды ғана көне тұлғалы
сөздер. Бұл сияқты параллель сөздер (есім-етістік) сонау ерте
заманда қимыл, іс-əрекет пен зат жəне оның атауы əртүрлі сын,
сапасы бір-бірінен грамматикалық тəсілдер арқылы əлі ажы-
рап, сараланбай, олар сөздердің семантикалық ерекшеліктері,
сөйлеу процесіндегі тұрғысы арқылы берілу дəстүрі басым болған
дəуірде қалыптасқан. Ол кез – қосымшалар, əсіресе сөз тудыратын
жұрнақтар əлі толық қалыптаспаған тіліміздің балаң шағы.

Бұл пікірдің дұрыстығын қазақ тілінде қолданылып жүр-
ген жақ жəне майла деген етістіктердің қалыптасу, даму ерек-
шеліктерін талдаудан анық көруге болады. Жақ етістігіне қара-
ғанда -ла жұрнағы арқылы жасалған майла етістігі тілімізде
кейін пайда болған. Бұл сөздің (майла) тілімізде қолданыла бас-
тауы май мағынасындағы жағ, йағ (жау) сөзінің қолданылудан

Қазақ əдеби тілінің тарихы 81

шыға бастап, май тотеміне байланысты оның орнына жаңа
сөздің (май сөзінің) енуіне байланысты. Содан былай қарай май
мағынасындағы жағ (жау) сөзі қолданудан біржола шыға бастай-
ды да, тек кейбір тіркестердің құрамында ғана сақталып қалады:
жау бүйрек, жауқазын, жаужұмыр, көздің жауы1, т.б. Міне
осындай тілімізде көне құбылыс пен кейін туған тілдік элемент-
тер қатар қолданылып, кейін біреуі (əдетте көнесі) тілден мүлде
шығып қалады не жаңа мағыналық реңкке ие болады. Солардың
қатарына жалғыз жағу – майлау параллелін ғана емес, көздің
жауы – көздің майы, ашқарақ – ашкөз, тауы шағылу – тауы
қайту – беті қайту, т.б. тілдік единицаларды жатқызуға болады.

Лексика-семантикалық жағынан болсын, грамматикалық жа-
ғынан болсын қазіргі қазақ тіліндегі көне түркі тілінің əсері,
қалдығы бұлармен ғана шектелмейді. Кейбір тұрақты фразео-
логиялық тіркестер, метафоралық орамдар, қос, қосарланған сөз-
дердің, дəлме-дəл немесе кейбір семантикалық я фонетикалық
ерекшеліктерімен қазіргі қазақ тілі мен көне түркі жазба нұсқалар
тілінде сəйкес келуі, сондай-ақ кейбір сөздер мен тіркестердің көне
түркі тіліндегідей ерекшеліктерімен қазақ тілінде қолданылуы
тіпті де кездейсоқ емес. Мысалы, кімнің жерін жерлесең, соның
суын сула деген мақалда жерле, сула етістіктері бұл сөздердің,
қазіргі мағынасынан ерекше, көне түркі тіліндегі қолданысымен
сəйкес жұмсалған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде жерле
етістігінің жерге көму, содан туған ұялту, жерге қарату деген ауыс
мағыналары берілген. Ал жоғарыдағы көрсетілген мақалдағы
жерге қоныстану мағынасы ауыс мағына деп берілген2 . Кейінгі
шыққан түсіндірме сөздікте жерле етістігінің бұл мағынасы
(біреудің жерін мекендеу, қоныстану) екінші мағына ретінде
беріледі де, мақал кімнің жерін жерлесең, соның жырын жыр-
ларсың деп бұрмаланады3. Біздіңше, жерлеу етістігінің жерге
қоныстану – иемдену мағынасы, сулау етістігінің бірге, тұзы жа-

1 Бұл сөздердің даму жолдарын толығырақ мына еңбектен байқауға болады:
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966, 40-бет.

2 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-том. Алматы, 1959, 231-б.; 2-том. Алматы, 1961,
280-бет.

3 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-том. Алматы, 1979, 99-бет.

82 Қазақ əдеби тілінің тарихы

расып отыру, суды бірге ішу деген мағынасы – бастапқы, алғашқы
мағыналары. Өйткені бұл мағыналар түбір сөз (жер-су) білдіретін
мағыналарға жақын жəне осы мағыналарда бұл туынды етістік-
тер көне түркі жазба ескерткіштерінде қолданылып отырған.
Мысалы, Ж. Баласағұнның «Құтадғу білігінде» мынадай жолдар
кездеседі. Бөрі қой білэ сувлады ол едун – Бөрі қоймен сулап (біріге
су ішіп, тұзы жарасып) жүрді ол кезде, Қозы бірлэ сувлап жүрді
бөрі1 – Қозымен бірге сулап (су ішіп) жүрді бөрі, т.б.

Көне түркі жазбаларындағы түн қатып (Тоныкөк), алты
бағ бүдүн, алтын кешіг, сегіз адақлығ барымым, арқыш-тіркіш,
йадағын-йалаңын, өлу-йіту сияқты тұрақты тіркестер мен қос
сөздер қазіргі қазақ тілінде не сол күйінде сақталған, не кейбір
ғана өзгерістерге түскен: түн қатып, 12 баулы ел немесе 92 баулы
қып-шақ, алтын кісе, семіздің сегіз аяғы бар немесе семіздің аяғы
сегіз, іркіс-тіркіс, жадағай-жалаң, өлу-жіту. Міне, мұнда кей-
біреулері толық дəлме-дəл келсе, кейбіреуінің құрылуы, берілу
формасы сақталған.

Осы көрсетілген тілдік фактілер қазіргі қазақ тілінің көне түркі
тілімен қарым-қатынасы бар екенін, ол кездейсоқ емес, жүйелі
жалғастық негізінде қалыптасқанын көрсетеді. Қазақ халқы
XV ғасырларда құралып, қалыптаса бастады дегенде, оның ар
жағында бұл халықтың қалыптасу тарихы жоқ деген пікір тумай-
ды. Қашанда үлкен бір халық жоқ жерден туа салмақ емес. Қазақ
халқының қалыптасуы кезінде қазіргі ру-тайпалардың көбі-ақ
қазақ халқының құрамында болмауы, олардың кейін біртіндеп
енуі мүмкін, сонымен бірге кей жағдайда олар қазақ əдеби тіліне
кейбір өзгерістер де ала келуі мүмкін. Міне, сондықтан да қазақ
əдеби тілін қалыптастыруда көне түркі əдеби тілінің, оның жеке
нормалары мен дəстүрлерінің рөлі болды, қазақ əдеби тілінің тари-
хи негіздері мен арналарының бір басы көне түркі əдебиетінде жа-
тыр, деп толық айта аламыз. Бірақ бұл кезде қазақ əдеби тілі жеке
əдеби тіл ретінде əлі қалыптасқан жоқ еді. Сондықтан қазақ əдеби
тілінің туу, қалыптасу кезеңі осы дəуірден басталады демеген-
мен, қазақ əдеби тілінің тарихын, тарихи негіздері мен арналарын
сөз еткенде, бұл дəуір əдеби тілін, оның қазақ əдеби тілінің нор-

1 Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.–Л., 1951, стр. 245, 246.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 83

маларын қалыптастырудағы рөлін, сол сияқты көне түркі əдеби
тілінің қазақ əдеби тіліне ғана емес, басқа да көптеген қазіргі түркі
тілдерінде ортақ екендігін жоққа шығаруға болмайды.

Осы тұрғыдан келгенде қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихын
сөз етпестен бұрын оның қалыптасуының тарихи негіздері мен ар-
наларын сөз етпеуге тіпті де болмайды.

Қазақ əдеби тілінің тарихи негіздері мен қалыптасу арнала-
ры, бір жағынан, көне кездің өзінде үлкен жазу мəдениеті мен
əдеби дəстүрінің негізінде қазіргі көптеген түркі халықтарына
ортақ қатынас құралы ретінде, Ұлы Түркі қағанатынан бастап,
одан кейінгі шақтарда өмір сүрген түркі халықтарына қызмет етіп
келді. Сол бір ежелгі дəуірдің өзінің мəдениет, əдебиет өндірі-
сінің құралы болып қызмет атқарған тұрақты нормалары, қалып-
ты, жүйелі тілдік дəстүрлері мен заңдылықтары орныққан көне
əдеби тілі болды. Екінші жағынан, сөз өнерін бар өнердің басы деп
бағалап, оған ақыл-ойдың, сезім-парасаттың, білім мен білгірліктің
межесінен қарап мəн беріп келген, ұлан-ғайыр территорияны ме-
кендесе де, шын мəнінде орталықтанған мемлекеті болмаса да, сөз
саптауында, тіл ұстартуда ерекше бір тілдік айырма өзгешелік бол-
май келген, жаппай халыққа түсінікті, диалектілік ерекшеліктерге
онша бөліне қоймаған сөйлеу тілі, күнделікті тұрмыстық қажет-
тікті өтеуден бастап, ел мүддесін, ердің құнын шешуге дейін қыз-
мет атқарған жалпы халықтық ауызша тілі болды. Үшінші жағы-
нан, еріккенде, ерте күнді өткізуде ермек етуден бастап ой-қия-
лын, арман-тілегін, мұң-мүддесін баян еткен, бар өмір философия-
сын, рухани қазынасын соған сыйғызған, халық ауыз əдебиеті,
оның тілі көшпенді халықтың қоғамдық ой-санасының, өмір тір-
шілігінің айнасы болғанын ерекше ескерген жөн.

Қазақ əдеби тілінің тарихи негіздері, қайнар көздері болып та-
былатын бұл тілдік құбылыстардың қазақ қауымы табиғатында
өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы, қазақ əдеби тілі сөздік құ-
рамының, грамматикалық құрылысының, фонетикалық жүйесінің
негізгі нормалары көне түркі əдеби тілінен бастау алды. Соған
орай əртүрлі жанрлардағы жазу дəстүрлері мен жазба нормалары
қазақтың сөйлеу тілі нормаларына қайшы болса да сақталып, жазба
тілден орын алып келді. Ал сөйлеу тілінде керісінше жазба тілдің
тұрақты нормалары сақталмай, тіл дамуында жедел құбылыстар

84 Қазақ əдеби тілінің тарихы

орнықты, яғни сөз тұлғаларының, бір жағынан, ықшамдалып,
редукциялануы, екінші жағынан, жаңадан күрделену тенденция-
сы байқалып отырды. Сөйтіп əдеби тілдің тарихи негіздері мен
қалыптасу арналары болып саналатын бұл екі құбылыс бір-біріне
қарама-қайшы келіп, бір тілдің аясында белгілі дəрежеде бірлікте
өмір сүріп, тілдің диалектикалық дамуының бір көрінісі болып
отырды. Ал ауыз əдебиеті тілінде сөйлеу тілінің элементтері
молырақ байқалып отырса да, белгілі əдебиет дəстүрінің негізінде
ол біршама тұрақтылық сақтап, əсіресе, поэзиялық түрге келген-
де, дəстүрлік сипаттың мол орын алғандығын байқаймыз. Сөйтіп
қазақ əдеби тілінің тарихи негіздері мен арналары болып табы-
латын бұл тілдік құбылыстар, бір жағынан, қазақ əдеби тілінің
қалыптасуына дейін өмір сүріп, қазақ əдеби тілінің іргетасын
қалауға, қалыптастыруға негіз болса, екінші жағынан, қазақ əдеби
тілімен қатар дамып, өмір сүріп отырды. Сондықтан да ол тілдік
арналар – қазіргі көптеген түркі тілдеріне ортақ мұра. Сол себепті
де мұның өзін қазақ халқының жеке халық болып қалыптасқанына
дейінгі мерзімдегі тілдік көріністер кезеңі, жалпы түркі əдеби тілі
дəуірі деп санаймыз. Сол сияқты бұл дəуір түркі тілдеріне ортақ
мұралар болып, қазақ əдеби тілін қалыптастыруда белгілі рөл
атқарғанмен де, қазақ əдеби тілінің қалыптасып, даму тарихына
арнайы жеке дəуір я кезең болып енбесе де, қазақ əдеби тілінің
тарихында оның қалыптасуының тарихи негіздері мен арналары
болып жеке қаралуға тиісті.

Сонымен, қазақ халқының құралып, қоғамдық өмірден орын
алу кезеңінен, яғни XV–XVІ ғасырлардан бастап, қазақ əдеби
тілінің іргесі қалану үстінде болды. Оның бұдан былайғы даму
дəуірлері мен кезеңдері сол кезден бастау алады. Оларды шарт-
ты түрде үш дəуірге бөліп қарауға болады. 1. Қазақ халқының
халық болып қалыптасқаннан кейінгі кезден, яғни XV–XVІ
ғасырлардан бастап, XІX ғасырдың екінші жартысына дейінгі
қазақ əдеби тілінің туып, қалыптасып, даму дəуірі. 2. Қазақ
əдеби тілінің XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Октябрь
революциясына дейінгі кездегі даму дəуірі, яғни ұлттық əдеби тіл
сипатын алған дəуірі. 3. Қазақ əдеби тілі дамуының советтік дəуірі.

Əрине, əрбір дəуірдің өзіне тəн ерекешеліктері, əртүрлі кезең-
дері бар. Соған орай қазақ əдеби тілін қалыптастырып, дамытуда

Қазақ əдеби тілінің тарихы 85

сол дəуірлердегі, оның кезеңдеріндегі жазба тілдің əсері біркел-
кі емес.

Қазақ əдеби тілінің тарихи негіздері мен арналары деп көрсе-
тілген тілдік көрсеткіштердің бір тобы түркі халықтарының
көпшілігіне ортақ көне түркі əдеби тілі болса, оның өзі мерзімі,
тілдік ерекшеліктері, қазақ əдеби тіліне қатысы жағынан бірдей
емес. Сондықтан көне түркі жазба нұсқаларын (көне түркі əдеби
тілі бізге əр кезеңдердегі жазба мұралар арқылы келіп жетті)
бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады:

1. Көне түркі жəне Орхон-Енисей-Талас кезеңі. Бұл кезеңнің
əдеби тілін көрсететін материалдар – VІ–VІІІ ғасырлар арасын-
да жазылған руникалық жазба ескерткіштер. Оларға Күлтегінге,
Тоныкөкке, Білге қағанға, Мойыншорға арналып қойылған ескерт-
кіштердегі жазбалар жатады.

2. Араб басқыншылығынан кейінгі кездегі Қараханид ке-
зеңі. Бұл кезеңнің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын жазба
материалдарға Жүсуф Баласағұнның «Кутадғу білік» атты поэ-
масы, Махмұд Қашқаридің «Дивану лұғат ат-түрік» атты лин-
гвистикалық еңбегі, Ахмед Йүгнакидің «Һибат ул-хакаик» атты
еңбегі, Қожа Ахмед Яссауидің шығармалары («Хикметі») жатады.
Мерзім жағынан бұл кезең X–XІІ ғасырларды қамтиды.

3. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі ортағасырлық ке-
зеңі. Бізге жеткен жазба мұраларды жанрлық, тілдік жағынан
сарапқа салсақ, бұл кезеңдегі əдеби тілдің өзіндік ерекшеліктері
байқалады. Кейбір тілдік нормалар тұрақтанып, сұрыпталудың ор-
нына əрқайсысы бөлек-бөлек етек алып қалыптаса бастайды. Оған
себеп бұл кезеңдегі жазба мұралардың əр мерзімде ғана жазылуы
емес, сонымен бірге əдеби мұралардың территориялық, əкімшілік
жағынан алшақ жерлерде жазылуынан болса керек. Бұл кезеңдегі
тілдік ерекшеліктерді көрсететін материалдарға, бір жағынан,
Алтын Орда хандығында, сол тұста жазылған мұралар, екінші
жағынан, Шағатай ұлысында жазылған жазба нұсқалар жатады.
Оларға Хорезмидің «Мұхаббатнамесі», Құтба ақынның «Хос-
рау-Шырыны», Сейф Сарайдың «Гүлстан-бит түркиі» (Сағдидің
«Гүлстан» поэмасының аудармасы), «Нахудж ул-Фарадис»,
Рабғузидың «Қысас-ул-анбиясы», т.б. шығармалар жатады.

Сондай-ақ Мəмлүк Египеті мен Сирияда жазылған нұсқалар

(лингвистикалық еңбектер: грамматикалар мен сөздіктер), қыпшақ

86 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жазбалары да («Кодекс куманикус») осы кезең жазба тілінің мате-
риалдары болып саналады. Бұл кезең мерзімдік жағынан XІІІ–XV
ғасырларды қамтиды.

Сөйлеу тілінің элементтері осы кезеңдердің қай-қайсысында
болсын жазылған жазба нұсқалардың тілінен байқалып қалып
отырады.

Ауыз əдебиеті нұсқаларының тілі, бір жағынан, қазақ əдеби
тілі арналарының бірі болып табылса, екінші жағынан, кейінгі
кезеңдерде əдеби тілдің даму тарихынан да орын алатынын ес-
керуіміз қажет.

Қазақ əдеби тілінің қалыптасып, дамуын төмендегідей негізгі
үш дəуірге бөлуде мынадай басты меже ұстанамыз: біріншіден,
əдеби тілдің қалыптасуы, əртүрлі əдебиет жанрларының туып,
даму барысында тілдік ерекшеліктері пайда болды; екіншіден,
жазба əдебиеттің тууына орай əдеби тіл ұлттық сипатқа ие бол-
ды; үшіншіден, совет дəуірінде əдеби тіл ерекше қарқынмен да-
мып, оның қоғамдық қызметі жаңа сапада артты, жаңа жанрлық-
стильдік тармақтар туып қалыптасты. Мұндағы əр дəуірдің өзі
бірнеше кезеңнен тұрады, осыған байланысты əр кезеңнің өзіндік
ерекшеліктері байқалып отырады.

1. Қазақ халқы жеке ел болып қалыптасқаннан кейінгі
кездегі қазақ əдеби тілінің жеке əдеби тіл ретінде туа бастап,
əрі қарай дами түсу дəуірі. Бұл дəуір шамамен XV–XVІ ғасыр-
лардан басталып, XІX ғасырдың орта тұсына дейін созылады.
Бұл дəуірдің өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай ерекшеліктерді
ескере отырып, қазақ əдеби тілінің жеке əдеби тіл ретінде туа бас-
тап, əрі қарай дами түсу дəуірін төмендегідей кезеңдерге бөлуге
болады.

1. Қазақ хандығы дəуіріндегі қазақ əдеби тілінің қалыптасу
кезеңі. Бұл кезеңге алғашқы қазақ хандығы тұсынан бастап
(XV ғасырдың аяғы) XVІІІ ғасырға дейінгі ақын-жыраулардың
(Сүйінішұлы Қазтуған жырау, Сұрғалтайұлы Сыпыра жырау,
Доспамбет жырау, Тіленшіұлы Шалкиіз жырау, Марғасқа жы-
рау, Бортағашұлы Жиембет жырау, Сарыұлы Ақтамберді жырау,
Тəтіқара жырау, Үмбетей жырау, Есет жырау, Қалқаманұлы Бұқар
жырау, т.б.) шығармалары, Қадырғали Қошымұлы Жалаиридің
«Жамиғ ат-тауарих» атты еңбегі, ресми документтер, іс қағаз-
дары жатады.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 87

2. Xалық ауыз əдебиетінің нұсқалары. Əдеби тіл тарихына
тікелей қатысты бұл материалдарды жеке бөліп қарастырғанда,
оны жеке белгілі бір тарихи кезеңге, уақыт, ғасыр шеңберіне
жатқызу қиын. Өйткені халық ауыз əдебиеті нұсқаларының көбі
шығу мерзімі жағынан көне кезеңдерге жатқанымен, жиналып,
хатқа түсуі негізінен XІX ғасыр. Ал ұрпақтан-ұрпаққа ауызша
жеткенде, бұл шығармалардың грамматикалық құрылысы, сөздік
құрамы əрдайым уақыт сынына толық төзіп, төтеп бере бермеген,
о бастағы қалпы, түр-тұлғасы бүтіндей сақталып қалмай, кейбір
жері жаңарып отырады, өзгеріске түсіп, варианттылық қалыпқа
ұшырайды. Сонымен бірге оның тілі бүтіндей өзгеріп, жаңарып та
кетпейді, көненің қалдығы, өз кезеңінің кейбір іздері өн бойында
сақталып та отырады. Сондықтан олардың дəл мерзімін көрсету
қиын, дегенмен əдеби тіл тарихына өзіндік ерекшелігімен енуге
тиіс. Оның негізгі тілдік материалы болып батырлар жыры, лиро-
эпостық туындылар есептеледі.

3. X І X ғ а с ы р д ы ң б і р і н ш і ж а р т ы с ы н д а ғ ы ə д е -
б и т і л . Бұл кезеңнің əдеби тілін көрсететін материалдарға
Махамбеттің, Шернияздың, Шөженің, Мұраттың, Сүйінбайдың,
Дулаттың, Шортанбайдың, Байтоқтың, Жанұзақтың, Алмажанның
поэзиялық шығармалары жатады. Бұл кезеңнің ерекшелігі сол,
осы кездерде өмір сүрген ақын-жазушылардың шығармалары
бізге толығырақ жеткен, өзгеріске түспеген деуге болады.

Сондай-ақ бұл кезеңдегі тілдік нұсқаларға ресми іс-қатынас
қағаздары, яғни хан-сұлтандардың, старшындардың орыс патша-
сына, əкімдері мен əкімшілік органдарына жəне кейде бір-біріне
жазысқан арыз-өтініштері, мəлімдемелері, хаттары жатады.

ІІ. XІX ғасырдың екінші жартысында қазақтың жаңа
сападағы ұлттық əдеби тілінің қалыптасып, даму дəуірі. Қазақ
əдеби тілінің тарихындағы бұл дəуірдің бірінші кезеңі ұлы ақын
Абай, ұлы ағартушы Ыбырай есімдерімен тығыз байланысты.
Сондай-ақ бұл кезеңнің ерекшелігі қазақ тілінде алғаш кітап бас-
тырып шығару, газет шығарумен, көркем прозаның қалыпта-
суымен де астасып жатады.

Бұл дəуірдің екінші кезеңі XX ғасырдың басында қазақ
əдеби тілінің жазба əдебиеттің түрлі жанрлары арқылы дами

түсуімен байланысты. Көркем поэзияда Абай дəстүрінің одан

əрі жалғасып, дами түсуімен, көркем проза жанрларының іргесі

88 Қазақ əдеби тілінің тарихы

берік қаланып, əдебиеттің жаңа жанрларының қалыптаса бастауы-
мен ерекшеленеді. Оған С. Торайғыровтың, С. Көбеевтің, М. Се-
ралиннің, С. Дөнентаевтың, т.б. демократ ақын-жазушылардың
творчестволары, осы кезеңде жарық көрген оқулықтар, педагоги-
калық əдебиеттер, медицина-ветеринария саласындағы аударма
əдебиеттер, газет-журналдар дəлел бола алады да, солар арқылы
əдеби тілдің даму тенденциясы байқалады.

ІІІ. Қазақ əдеби тілі дамуының советтік дəуірі əдеби тілі-
міздің стильдік тармақтарының қалыптасып, орасан зор дəрежеде
дамуымен, қоғамдық қызметінің артуымен, барлық салада əдебиет
жанрларының өркендеуімен ерекшеленеді, соның нəтижесінде
қазақ əдеби тілінің сөздік құрамы бұрын болмаған қарқында бай-
ып, сөз тудыру жүйесінің мүмкіндіктері артып, грамматикалық
құрылысы, синтаксистік құрылымы күрделене түсті. Соған орай
əдеби тілдің сұрыпталып, сымбаттала, жаңа сапада, жаңа дəрежеде
даму тенденциясы байқалады.

4. Көне түркі тілінің қазақ əдеби тілін
қалыптастырудағы рөлі

Қазақ əдеби тілінің, оның дыбыстық-фонетикалық жүйесіндегі,
сөздік құрамындағы, грамматикалық құрылысы мен сөз тудыру,
сөз түрлендіру жүйесіндегі негізгі заңдылықтар мен нормалардың
көпшілігі-ақ көне түркі тілінен мирас болып енді. Əрине, олардың
сипаттары да, жүйелілігі де біркелкі емес. Оларды айқынырақ
байқау үшін əр кезеңдегі көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін
қазақ əдеби тілімен салыстыра қараған жөн. Сонда ғана көне түркі
əдеби тілінің қазақ əдеби тілінің қалыптасуындағы үлкен бір та-
рихи негізі мен арнасы екені айқындалады. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі осы жағынан талданып, кезеңдерге бөлініп
қаралады.

Көне түркі (Орхон-Енисей) жазба мұраларының
қазақ əдеби тіліне қатысы

Бұл кезең – түркі тілдері тарихының жазба мұралары сақтал-
ған ең көне кезеңі. Əрине, қазіргі жеке-жеке ел болып қалыптас-
қан түркі халықтары ол кезде өз басына отау тігіп, бөлек-бөлек

Қазақ əдеби тілінің тарихы 89

халық ретінде қалыптаса қойған жоқ еді. Тарихшыларымыз түркі
қағанатын (Ұлы түркі қағанаты болсын, Батыс Түркі қағанаты
болсын, Шығыс Түркі қағанаты болсын) құлдық-рулық қоғамның
көрінісі ретінде танып, ірі тайпалық одақ деп көрсетіп жүр. Қайткен
күнде де бір кезде ірі мемлекет құрған түркілердің құрамында
кейінгі кезде жеке-жеке түркі халықтарын құраған ру-тайпалар
бар еді, өйткені өз кезінде ірі мемлекет құрған, озық мəдениеті
болған халықтардың кейін із-түзсіз жоғалып кетуі мүмкін емес.
Міне, сондықтан да көне түркі мəдениеті, жазуы, тілі қазіргі
көпшілік түркі халықтарына ортақ деп танылудың заңды екенін
байқаймыз.

V–VІІІ ғасырларда Қытай шекарасынан Византияға дейін, Ми-
нусинск ойпатынан Тянь-шань тауларына дейінгі аралықта түркі
халықтары мекен етіп, ірі мемлекет құрғандығы тарихтан белгілі.
VІ ғасырда Ұлы Түркі қағанаты ыдырап, Батыс Түркі қағанаты
жəне Шығыс Түркі қағанаты болып екіге бөлініп кетеді. Бұдан
былайғы жерде түркі тайпалары, ру-тайпа одақтары ыдырап,
бөлшектене бергенімен, елдігін бүтіндей жойып алған жоқ.

Көне түркілердің үздік мəдениетін көрсетерлік əртүрлі жаз-
ба ескерткіштері бізге дейін келіп жетті. Оның көпшілігі тасқа
қашалып жазылған. Бірлі-жарым ағаш таяқшаға ойылып жазылған
да жазба ескерткіші табылды. Соған қарағанда бізге белгілі көне
түркі жазба ескерткіштері көне кезеңде жазылған көне түрік
мұраларының ұшығы ғана деуге болады, олардың көбі уақыт сыны-
на шыдамай, əртүрлі оқиғалардың салдарынан кейінгі ұрпақтарға
жетпей, құрып кеткен.

Көне кезеңнің тілдік ерекшеліктерін белгілейтін мұралар
көпшілік əдебиетте Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштері деп
аталып жүр. Ол ескерткіштер көлемі жағынан əрқилы: кейбіреуле-
рі бірлі-жарым сөз тіркестері мен сөйлемдерден тұрса (Енисей,
кейбірі Талас ескерткіштері), кейбірі үлкен көлемді текстер (Ор-
хон ескерткіштері) болып келеді. Бұдан, əрине, Орхон-Енисей-Та-
лас жазба ескерткіштерінен бұрын дүниеге келген мұралар болма-
ды деген пікір тумайды. Бұл жерде көне түркі тілінің бізге жеткен
жазба үлгілері сөз болып отыр. «Бірақ түркі тайпалары тілінің де,
поэзиясының да басы, туу басы сол тарихы белгілі сөз үлгілері
емес. Ол дүниеге келген тарихи құбылыстың туу басы емес, та-

90 Қазақ əдеби тілінің тарихы

рихы белгілі кезеңнің ғана басы. Сондықтан да V–VІІІ ғасырға
тəн сөз үлгілері – түркі тектес халықтар тілінің, сөз мəдениетінің
шартты түрде ғана «басы», «алғашқы үлгісі» болып есептелінеді.
Ал V ғасырдан арғы жерде І ғасыр тұсына тəн тұтас сөз үлгілері
түркі тектес халықтардың сөз мəдениетінің басы болудан қалып
қояды. Өйткені сөз үлгілерінің сақталуы да, табылуы да таза
кездейсоқтық»1, – деп жазған Қ. Өмірəлиевтің пікіріне қосылмауға
болмайды. Сондықтан да бұл жазбалар тек бізге жеткен, бізге
белгілі болған түркі халықтарына ортақ көне жазба əдебиеттің,
демек, əдеби тілдің басы болып, қазіргі көптеген түркі əдеби
тілдерінің, соның ішінде қазақ əдеби тілінің тарихи негіздерінің,
қалыптасу арналарының басы, алғашқы жазба көріністері болып
қаралуға тиісті.

Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштерінің табылуы, оқылуы,
зерттелуі жайында əдебиеттерде көбірек айтылып жүр. 1893 жылы
дат ғалымы В. Томсен, 1894 жылы академик В.В. Радлов құпия
(руникалық) жазудың кілтін тауып, оқуға мүмкіндік туғаннан
былайғы жерде бұл ескерткіштер тілі əр елдің ғалымдарының на-
зарын аударып келеді. Көлемі үлкен жазба мұралардың, (Мыса-
лы, Күлтегінге, Тоныкөкке, Білге қағанға, Елтіріске, Мойыншорға
қойылған, т.б. ескерткіштер) тілін зерттеген ғалымдар бұл
ескерткіштердің əдеби мұралар екенін дəлелдеп отыр. И.В. Стеб-
лева көне түрік ескерткіштерін белгілі бір поэтикалық өлшемге
бағындырып, əрбір буынның музыкалық екпінін тауып, поэзия-
лық шығарма деп дəлелдейді2. Оны қазақ əдебиеті мен тілінің та-
рихын зерттеп жүрген ғалымдар да қолдайды, көне түрік поэзия-
сы, өлең үлгісінде жазылған шығармалар деп қарайды3.

Қазақ поэзиясы тілінің көне кезеңдерін зерттеп жүрген
Қ. Өмірəлиевтің Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштерінің тілі
жайындағы пікірі бұлардан басқаша: «Рас, «Күлтегін», «Тоныкөк»
ескерткіштерінде поэзияға тəн, соған жақын үзіктер бар. Бірақ

1 Өмірəлиев Қ. XV–XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. Алматы, 1976,
31–32-бб.
2 Стеблева И.В. Поэзия тюрков VІ–VІІІ веков. М., 1965.
3 Қараңыз: Ертедегі əдебиет нұсқалары. Алматы, 1967, 26–56-бб.; Мұсабаев Ғ.,
Махмұтов А., Айдаров. Қазақстан эпиграфиясы. 1-шығуы. Алматы, 1971, 109–
156-бб., т. б.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 91

ол тұтас ескерткіштер тіліне, жанрына тəн бір бүтіннің жасалуы-
на тəн ерекшелік емес, ол – ескерткішті тасқа түсірген автордың
ауызша поэзияға тəн тəсілдерді арагідік пайдалануы, кіргізуі ғана.
«Күлтегін», «Тоныкөк» – поэзия да, творчестволық өлең-жыр да
емес. Олар, жұрт айтқандай, поэма да емес, түркі қағандары мен
батырларының ерлік жорықтарын баяндайтын шежіре ғана. Оның
стильдік ерекшелігі – «мен» атынан баяндай айтылуы. «Күлте-
гін» – шығарылған емес, айтып отырып жаздырылған («барқ ітгү-
чі, бедіз йаратығма, бітіг таш ітгүчі табғач қаған чықаны...»).
«Тоныкөк» те айтып отырып жаздырылған («Түрк Білге қаған
еліңе бітітдім (жаздырдым) бен Білге Тоныкөк»). Сондықтан да
бұлар ауызекі сөйлеу тілінің баяндай айту нормасына жақын», –
дей келіп, жазбалар тіліне талдау жасай келіп, оны ауыз əдебиеті,
басқа жанр нұсқаларымен салыстыру нəтижесінде ол ескерткіш-
тер бір ғана стильде жазылмағандығын анықтайды да: «VІІІ ға-
сырдың басында жазылған «Тоныкөк», «Күлтегін», «Могилян»
сияқты ескерткіштер – жазба əдеби нұсқалар. Олар – хан жарлық-
тары мен шежіренің алғашқы үлгі-нұсқалары. VІІІ ғасырда туған
(шартты) бұл жанр XІV–XV ғасырға үзіліссіз келіп жеткен»1, – деп
қорытады.

Өте ойланарлық жəне осы бағытта тарихи-салыстырмалық,
тарихи тілдік стильдік, əдебиеттік, жанрлық зерттеу жұмыстарын
жүргізуді қажет ететін пікір. Əрине, ол кезең поэзиясы немесе
поэтикалық жырының сипаты бүгінгі біз талдап жүргендей қа-
сиетте болмауы да мүмкін ғой. Қазақтың халықтық жырларын-
да əдеби баяндаудың əртүрлі стильдік-жанрлық тармақтарының
кездесіп отыруы, поэзия түріндегі жырлаудың өзі ұйқас, тармақ,
шумақ жағынан бір жырда бастан-аяқ біркелкі болып келмеуі,
өлең-жыр түріндегі баяндаулармен бірге қара сөзбен айтылатын
хабарлаулар, жалғасымдар, сол сияқты таза қара сөз түрінде келе-
тін кейбір ауыз əдебиеті нұсқалары түріндегі поэзиялық үлгілер-
дің кездесіп отыруы, бұған қарағанда, кездейсоқ болмай, үлкен
əдеби дəстүрдің, баяндау үлгілерінің кейбір ерекше түрлерінің
жалғастығы болуы да ықтимал. Бұл дəстүрдің күні кешеге дейін
XX ғасырдың басында өмір сүрген белгілі ақындарымыздың

1 Өмірəлиев Қ. XV–XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі, 37–38, 38–44, 45-бб.

92 Қазақ əдеби тілінің тарихы

творчестволарынан да тиісті дəрежеде орын алуы бұл құбылысқа
шоши қарауға болмайтынымызды көрсетеді.

Көне түркі жазба ескерткіштерін мейлі поэзиялық шығарма деп
дəлелдейік, мейлі шешендік толғау үлгілері бар прозалық шығар-
ма дейік, хан жарлықтары мен шежіренің үлгісі дейік (əрине,
оны анықтау қажет жəне ол анықталуға тиіс), қайткен күнде де
көне түркі ескерткіштерінің жазба əдеби нұсқа екеніне ешкім де
күмəн айтпайды. Демек, оның тілі де сұрыпталған, сымбатталған,
нормалары толық қалыптасқан өз кезінде үлкен дəстүрі болған,
кейін олардың көбі қазіргі түркі тілдеріне негіз болған əдеби тіл
екендігінде дау жоқ.

Əрине, қазақ əдеби тілі мен көне түркі əдеби тілінің арасында
айырмашылық мол. Көне түркі тілі қазақ əдеби тілінің қалыптасу
басы бола алмайды, қалыптасу арналарының бірі, тарихи негіздері
ғана бола алады. Айырмашылықтың болуы да заңды, арада бір
жарым мың жылдай уақыт өтті. Айырмашылықтың көбі тілдің
лексикалық құрамына байланысты.

Бірақ соған қарамастан көне түркі тілінің грамматикалық құ-
рылысын, фонетикалық жүйесін, лексикалық құрамын талдап қа-
расақ, қазақ əдеби тілінің негізгі нормаларының көбі көне түркі
тілімен сай келеді. Бұл – ол нормалардың өте ертеде қалыптас-
қандығын, кейін қазақ əдеби тілі қалыптасқанда, оған негіз бол-
ғандығын көрсетеді.

Көне түркі тілінің дыбыстық жүйесіне байланысты дыбыс-
тардың саны, артикуляциялық ерекшеліктері əлі де толық ай-
қындалды деуге болмайды. Соған қарамастан бұл салада қазақ
əдеби тілі мен көне түркі тілінің кейбір сəйкестіктерін көрсетуге
болады. Қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстардың көпшілігі (кейін
бөтен тілден енген жеке дыбыстарды есептемегенде: в, ə, һ, х, ц,
щ, э, т.б.) көне түркі тілінен мирас болып қалған. Сондықтан да
олар қазақ тіліне өз ерекшеліктерімен, өз қасиеттерімен бірге ен-
ген. Ол дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып жүйелі топ-
талуымен байланысты. Соның негізінде үндестік заңы тұрақты
сақталған. Тілімізде байырғы сөздердің біркелкі жуан я бірыңғай
жіңішке дыбыстардан құралуы, сөздің соңғы буынының жуан бо-
луына қарай оған жуан дауысты қосымшалар жəне жіңішке болу-
ына қарай жіңішке дауысты қосымшалар жалғануы күні бүгінге

Қазақ əдеби тілінің тарихы 93

дейін берік сақталып келе жатқан жүйелі заңдылық, тұрақты норма
болып саналады: оқушы-лар-ымыз-ға, кел-ген-дік-тен, мəдениет-
тен-дір-іл-ген, т. б.

Сонымен бірге көне түркі тілінде дауыссыз дыбыстар да жуан-
жіңішке болып бөлінген. Бірақ барлық дауыссыз дыбыс олай
топтанбайды. Мысалы, б, д, й, л, н, р, с, т дыбыстарының жуан
жəне жіңішке түрлері бөлек-бөлек болса, соған сəйкес көне түркі
жазба ескерткіштер тілінде жуан түріне біртүрлі таңба (əріп),
жіңішке түріне жүйелі қалыпта басқа əріп қолданылса, з, м, н, п,
ч, ш дыбыстары жуан-жіңішкелік жағынан бейтарап. Сондай-ақ
лт, нт, нч дыбыс тіркестері де (бұлар да бір-ақ таңбамен беріліп
отырады) жуан-жіңішке болып бөлек-бөлек ажырамайды. Бұл
бір. Екіншіден, кейде тексте дауыссыз дыбыстың жуан түрін
белгілейтін таңбасының орнына жіңішке түрі де қолданылып
отырады. Мұның өзі дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке бо-
лып бөлінуі барлық дыбыстарды қамтымайтынын, демек, оның
өзі Орхон-Енисей дəуірінде бұл фонетикалық тілдік құбылыстың
жойылуға қарай бет алған даму процесіндегі бір кезең екенін
көрсетеді. Бұл – тіпті де кездейсоқ тілдік құбылыс емес. Кейінгі
кездерде дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішкелік қасиеті жоға-
ла бастайды. Қазіргі қазақ тіліндегі қ-ғ, к-г параллель дыбыстар-
дың алдыңғысы тек жуан, соңғысы тек жіңішке болып қолда-
нылуы сол көне дəуірдің қалдығы болуы əбден мүмкін. Бұл пікірді
жоғарыда келтірілген қазақ тілінде көне түркі тілінің қалдық-
тарының қолданылуы да дəлелдей түседі.

Көне түркі тілінде қазақ əдеби тіліндегідей дауыссыз дыбыс-
тардың үндесіп келуі (ассимиляция) жүйелі түрде кездеспейді.
Ассимиляция заңдылығы ол кезде болмаған, кейін ғана кейбір
түркі тілдерінде пайда болған деген де пікір бар. Қазіргі қазақ
тілінде бектер, қағанға, бұдұнға, таудағы, келді, қағанда, т.б.
тұлғада айтылатын сөздер көне түркі тілінде беклер, қағанқа, бу-
дунқа, тағтақы, келті, қағанта түрінде қолданылған. Мұның өзі
шынында да дыбыс үндестік заңы кейінгі кезеңдерде қалыптасты
ма деген ой туғызады. Өйткені, мұнымен қоса қазіргі көптеген
түркі тілдерінде бұл заңдылық жоқ. Рас, кейінгі кезеңдердегі араб
алфавитімен жазылған мұраларда да бұл заңдылық сақталмайды.
Əрине, оған қарап дыбыс үндестік заңы бертін XІX ғасырда,

94 Қазақ əдеби тілінің тарихы

тіпті XX ғасырда қалыптасты деп қорытуға тіпті де болмайды.
Кейінгі жазбалардың тілінде ол заңдылықтың көрінбеуі кітаби тіл
дəстүріне, жазу емле үлгісіне байланысты болған болу керек.

Тіпті көне түркі тілінің өзінде бірде қосымшаның сонор я ұяң
дыбыстан басталатын вариантының (мысалы, -лар, -лер), бірде
қатаң дыбыстан басталатын вариантының (мысалы, барыс, жатыс
септік тұлғалары: йылқа, йазықа, қағанқа, оғлумқа, анта, тағ-
та, т.б.) сөзге жалғануында, сондай-ақ басқа да кейбір қосымша
тұлғаларының сөзге жалғануында белгілі бір жүйенің сақтала
бермеуі қайран қалдырады. Мысалы, табыс септік мағынасындағы
-ны, -ні, -ын, -ін тұлғаларымен бірге -ығ, -іг, -ғ, -г тұлғаларының
арасында бəлендей айырма жүйе байқалмайды: йінчү үгүзіг кече
Тэмір қапығқа тэгі сүлэдіміз (КТб, 39)1  йінчү өзенін кеше (кешіп
өтіп), Темір қақпаға дейін соғысып бардық. Йэнчү үгүзүг кэче...
(Т. 44) – йенчү өзенін кеше. Күл Тэгін... тоғузерін санчды –
(КТб, 48–49). Күлтегін тоғыз ерін (батырын) шанышты; қаға-
нын йітүру ыдымыс (КТб. 7) – қағанын құртып (жітіріп) жіберді.
Сабымын түкэті эсідгіл (КТм, 1) – сөзімді түгел естіңдер. Жа-
тыс септік жалғауы да бірде -та, -те, бірде -да, -де тұлғасында
көрініп отырады. Тэнрі тэг тэнрідэ болмыш түрк білге қаған...
(КТм, 1) – тəңрідей тəңріде болған немесе: тəңірі текті тəңірідей
болған түріктің білгір қағаны. Ілтэ бұң йоқ (КТм, 3) – елде мұң
жоқ. Бу йірдэ олурып, табғач будун бірлэ түзəлтім (КТм, 4) – бұл
жерде отырып, табғач халқымен қосылдым. Өтүкэн йышда иіг
йоқ эрміс (КТм, 4) – Өтікен жерінде (тоғайында) игі ие жоқ еді.
Йаблақ будунта үзэ олуртым (КТб, 26) – жаман халықта (халықты)
билеп отырдым. Көздэ йаш кэлсэр, көңүлтэ сығыт кэлсэр
(КТб, 51) – көзге жас келер, көңілге шер келер. Батыс септік
тұлғаларын да көрсете кетуге болады: Шантуң йазықа тэгі
сүлэдім (КТм, 3) – Шантуң жазығына дейін соғысып бардым.
Байырқу йірінэ тэгі сүлэдім (КТм, 4) – Байырқу жеріне дейін
соғысып бардым, т.б.

1 Мысалдар Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности, М.–Л., 1951
атты еңбектен алынды. Шартты белгілер: КТм – Күлтегін ескерткіші (кіші жазу),
КТб – Күлтегін ескерткіші (үлкен жазу), Т – Тоныкөк ескерткіші. Транскрипция
қазақ алфавиті негізінде: э таңбасы а дыбысының жіңішке (ə, е) сыңары, у – əрі у, əрі
ұ дыбыстарын білдіреді.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 95

Көне түркі (Орхон-Енисей жазба ескерткіштері) тілінде осы
сияқты кейбір тілдік тұлғалардың қолданылуында фонетикалық
жəне грамматикалық жағынан бірізділіктің сақтала бермеуі онда
белгілі бір тұрақты жүйенің болмауынан ба, əлде белгілі бір
жазу (орфографиялық) дəстүрінің болып, жоғарыда көрсетіліп
өткендей, ауызша баяндаудың нəтижесінде кейде сөйлеу тілінің
əсерінен жазу дəстүрінен ауытқып отырудан ба? Егер соңғы бол-
жам шындыққа жанасса, ол кезде сөйлеу тілінде дыбыс үндестігі де
бар болып, кейбір қосымшаның қатаң, ұяң, кейде сонор вариантта-
ры берілген мысалдардан байқалатындай, жазуда «жүйесіз» түрде
көрініп отыруы əбден ықтимал. Жазудың дəстүрлік жүйесі əбден
қалыптасқан көне түркі жазба тіліндегі осындай «жүйесіздік» пен
«ауытқуды» басқаша түсіну де, түсіндіру де өте қиын-ақ. Жеке-
леген дыбыстардың қолданылу позициясына байланысты көне
түркі тілі мен қазақ тілінің көптеген айырмашылықтары бар екені
айтылып жүр. Дыбыстардың ондай қолданылу жүйесіне түркі
тілдерін классификациялау мəселесі де тікелей тіреліп отырады.
Ч мен ш (қач–қаш), ш мен с (таш–тас), й мен ж (йақшы, –жақсы),
д мен т (демір–темір), ғ мен у, й (тағ–тау, бағла–байла), з мен й
(сөзле–сөйлеу, азақ–айақ), б мен м (бен–мен, бініп–мініп), и мен
е (ил– ел), т.б. дыбыс сəйкестіктері көне түркі тілі жəне қазіргі
кейбір түркі тілдері мен қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері болып
көрсетіліп жүр. Көне түркі тілінің материалдарына зер сала қа-
расақ, онда бұл дыбыстар жұбының алғашқы көне түрі ғана жүйелі
түрде қолданылып қоймайды екен, дыбыс жұбының екіншісі де;
қазақ тіліне тəн деп ұйғарылып жүрген, кейін қалыптасқан жаңа
түрлері де ұшырасып отырады. Көне түркі жазба ескерткіштерінің
тілінде бұл жұп дыбыстардың бірінің орнына екіншісінің қол-
данылуы бір сөздің өзінен де көрінеді. Мысалы, бір сөз бір жер-
де ш дыбысымен айтылса, екінші жерде с дыбысымен айтыла-
ды: іш–іс, кіші–кісі, йаш–йас (жас), барш–барс, түргеш–түргес,
аш–ас, адаш–адас (жолдас, дос), беш–бесінч, алтмыш–алтмыс,
үкүш–үкүс (көп), бармыш–бармыс (бар-ған), олурмыш (отырған) –
қылыңмыс (болған, істелген), сүңүш–сүңүс (соғыс), йыш–йыс
(жер, тоғай), Ертіш–Ертіс сияқты параллель сөздер көне түркі
тілінің бір кезеңіндегі ескерткіштер тілінен де байқалып отыра-
ды. Мұндай құбылысты кейбір ғалымдар бірде «ш дыбысының с

96 Қазақ əдеби тілінің тарихы

дыбысына ауыса бастауы» десе, бірде диалектілік-говорлық ерек-
шелік деп көрсетеді.

Көне түркі жазба ескерткіштер тілінде и (і) мен е, б мен м, г
мен д дыбыстары да жарыса қолданылып, алмасып отырғанды-
ғын байқаймыз: йір–йер (жер), бид–бер, йл (іл)–ел, икі–екі, йіті–
йеті, бен–мен, беңгү–меңгү, келті–келді, өлүртім–өлүрдім, анта–
анда, т.б.

Көне түркі тілінің осындай тілдік материалдары ш мен с,
и (і) мен е, б мен м, т мен д дыбыстарының бірінің орнына
екіншісінің алмасып қолданылуы V–VІІІ ғасырлардың өзінде жа-
рыса кездесетінін байқатады. Бəлкім, осы жұптың екіншісі кейін
жалғаса келіп, қазақ тіліне негіз болуы ықтимал. Ал қазақ тілінде
й-дың орнына ж дыбысының пайда болуы, ғ дыбысының у не й
дыбысына айналуы немесе түсіп қалуы жазба тілде Орхон-Енисей
(V–VІІІ ғасырлар) дəуірінен кейін ғана көріне бастайды.

Сөз басында й дыбысының орнына ж дыбысының қолданылуы
туралы мəліметті М. Қашқаридің «Дивану лұғат ат-түрк» атты
еңбегінен кездестіреміз. М. Қашқари кейбір түркі рулары (оғыз,
қыпшақ) й дыбысын ж-мен алмастырып айтатынын көрсетеді,
басқа түркі тайпалары йуғду деп айтса, оғыздар мен қыпшақтар ол
сөзді жуғду (шуда) деп айтады дейді1. Сондай-ақ М. Қашқаридың
еңбегіне сүйене отырып, С. Аманжолов та арғындар (арғу) йікіт
сөзін жігіт деп айтатын болған дейді2. А.Н. Бернштам да VІ–
VІІІ ғасырда Батыс Түркі қағанатының құрамына енген кейбір
тайпалардың тілінде ж дыбысының қолданылып отырғанын
дəлелдейтін фактілер келтіреді. 568 жылы жазылған Визан-
тия елшісі Земархтың жазбасында йоғ (өлген кісіні жерлеуге –
жоқтауға байланысты əдет) сөзі жоқ (джоғ) болып жазылған, ал
армян зерттеушісі М. Каганкатуйскийдің XІ ғасырда жазылған
еңбегінде ебғу сөзі (титулдың аты) жебгу (джебгу) болып берілген,
сондай-ақ бұл сөз сол тұстағы араб жазбаларында да ж дыбысы-
мен таңбаланған3.

1 Кошгарий М. Девону луғат-ит түрк. 1-том. Тошкент, 1960, 67-бет.
2 Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, стр. 97.
3 Бернштам А.Н. О древнейших следах джекания в тюркских языках Средней
Азии. – Сборник «Памяти академика Н.В. Марра». М.–Л., 1939, стр. 19–21.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 97

Бұған қарағанда ж дыбысының қолданылуы да көне құбылыс
болған, бірақ ол тілдік құбылыс көне жазба нұсқаларда берілме-
ген. Оның себебі əртүрлі болуы мүмкін. Ж дыбысымен сөйлейтін
түркі тайпалары аз болуы не негізгі түркі тайпаларынан шет болуы
ықтимал. Орхон-Енисей-Талас ескерткіштерін жазған авторлар ол
тайпалардан шықпауы мүмкін.

Əрине, көне түркі тілінің барлық ерекшеліктері бізге жеткен
жазба нұсқаларда толық көріне бермеуі таңғаларлық жай емес.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің аздығы мен шағындығы осыны
байқатады.

Көне түркі тілінің грамматикалық құрылысын байқататын ма-
териалдарға да аз да болса назар аудара кетейік. Бұдан оның қазақ
тілімен жалғастылығы салыстырусыз-ақ көрінеді.

Сөздердің тəуелдену жүйесі. Заттар арасындағы тəуелділік,
екінші заттың меншіктілік, иелік қатынасы көне түркі тіліндегі
тəуелдік жалғаулар арқылы беріледі. Тəуелдік жалғау қазақ
əдеби тіліндегідей үш жаққа байланысты көптік, жекелік бойын-
ша оңаша, ортақтық қажетін сақтап түрленеді. Грамматикалық
тұлғалары мынадай:

І - ж а қ , ж е к е ш е : -м, -ым, -ім, -ум, -үм: будун-ым (халқым),
қағаным (ханым), іні-м. Інім Күл тэгін. Сабымын түкэті эсідгіл
(КТм, 1) – сөзімді түгел естіңдер, көрүр көзім; к ө п ш е -мыз, -міз,
-ымыз, -іміз: қанымыз (əкеміз), эчіміз (ағамыз, үлкен туыстары-
мыз).

ІІ - ж а қ , ж е к е ш е : -ың,-ің: қаған-ың, оғыл-ың (ұлың, балаң),
қан-ың. Қаның субча йүгүрті; сөңүкүң тағча йатды (КТб, 24) –
қаның суша жүгірді, сүйегің тауша (үйіліп) жатты.

ІІІ - ж а қ , -ы, -і, -сы, -сі: қаған-ы, бэг-лэр-і, көз-і. Көзі қашы
йаблақ болтачы тіп (КТб, 51) – көзі, қасы жаман болар деп; Тоқуз
оғуз бэглэрі будуны (КТм, 2) – Тоғыз оғыз бектері, халқы.

Септеу жүйесі. Көне түркі тілінде септік түрінің саны ту-
ралы əртүрлі пікір айтылып жүр. Қазақ əдеби тіліндегідей ар-
найы тұлғасы жоқ атау септіктен басқа ілік, барыс, табыс, жатыс
септіктерінің қолданылуы жайында пікір тұрақты. Қазіргі қазақ
тілінде қолданылатын шығыс септік тұлғасы (-дан, -ден, -тан,
-тен) көне түркі тілінде қолданбаған, жоқ деген де пікір бар. Ол
дұрыс емес. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде шығыс септік

98 Қазақ əдеби тілінің тарихы

формасы бар. Рас, ол өте сирек кездеседі. Сондай-ақ көне түркі
тілінде, кейбір ғалымдардың көрсетуінше, құралдық септік
тұлғасы (-ын, -ін) қолданылады. Мұның өзі де даулы. Өйткені
-ын, -ін формалары қимыл, іс-əрекеттің қалай, немен істелетінін
(құралдық-амалдық мағынаны) білдіріп, əрі есім түбірге, əрі етіс-
тік түбірге бірдей жалғанады. Бұл тұлғаның осындай ерекшелігі
оны септік жалғау көрсеткішінен гөрі үстеу тудыратын тұлға емес
пе екен деген ой салады1.

Ілік септіктің тұлғасы -ң, -ың, -ің, -ның, -нің: қаған-ың, Таб-
ғач қағаның бедізчіг ыты (КТм, 12) – табғач ханының суретші-
лерін жіберді. Байырқұның ақ адғырығ бініп (КТб, 35) – Байыр-
құның ақ айғырын мініп.

Т а б ы с с е п т і к к ө р с е т к і ш і екі түрлі: бірі -ғ, -г, -ығ,
-іг, екіншісі -ны, -ні жəне -ын, -ін, -н. Ол сабығ эсідіп (Т. 12) – ол
сөзді естіп; ісіг, күчіг бэртім – істі, күшті бердім; ісіг, күчіг бір-
міс (КТб, 8) – істі, күшті берді; ақ адғырығ бініп (КТб, 35) – ақ ай-
ғырын мініп; алып Шалчы ақ атын бініп тэғміш (КТб, 40) –
алып Шалчы ақ атын мініп (жауға) тиді; тоғуз ерін санчды
(КТб, 49) – тоғыз ерін (жауынгерін) шанышты жəне экі эріг санч-
ды (КТб, 48) – екі ерін шанышты.

Қазіргі қазақ əдеби тілінде табыс септіктің алғашқы тұлғасы
(-ғ, -г, -ығ, -іг) бүтіндей кездеспейді.

Б а р ы с с е п т і к т ұ л ғ а с ы : -қа, -ке, кейде -ға, -ге (əсіресе
-ғару, -геру тұлғасының құрамында). Түрк білгэ-қаған бу өдкэ
олуртым (КТм, 1) – түрік білімді (білгір) ханы бұл орынға отыр-
дым; Шантун йазықа тэгі сүлэдім (КТм, 1) – Шантун жазығына
(жеріне) дейін соғыстым. Барыс септік тұлғасы жіктеу есімдіктері
мен тəуелдік жалғаулы сөздерге -а, -е түрінде жалғанады. Маңа
көрүр анча будун көп ітдім (КТб, 2–3) – маған қарайтын осынша
халықты көп еттім; білгэ қаныңа, эрміс бармыс эдгү эліңэ кэнтү
йаңылтығ, йаблақ кігүртгіг (КТб, 23) – білімді ханыңа, ерлігі мол
бай ізгі еліңе өзің жаңылып, жамандық əкелдің.

Ж а т ы с с е п т і к т ұ л ғ а с ы : -да, -де, -та, -те. Тэңрі тэг
тэңрідэ болмыш (КТм, 1) – тəңрі текті, тəңрідей болған; көзде
йаш кэлсэр (КТб, 51) – көзде (көзге) жас келер; анта өтрү

1 Қараңыз: Исаев С. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы. Алматы, 1973,
131–133-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 99

қағаныма өтүнтүм (Т, 12) – анда өткесін (содан кейін) ханым-
нан өтіндім; Суңа йышда сүңүшдіміз (КТб, 35) – Соңа жерінде
соғыстық. Жатыс септік жалғауы тəуелдік жалғаудың 3-жағынан
кейін жалғанғанда -нда, -нта тұлғасында қолданылады: Тоңа ті-
гін йоғынта (КТб, 47) – Тоңа тегін азасында (жоқтауында). Көне
түркі тілінде жатыс септіктің қолданылу, мағыналық шеңбері кең
екенін байқаймыз. Жатыс септік тұлғасы барыс септіктің, шығыс
септіктің мағыналарында қолданыла береді. Ол жоғарыда беріл-
ген мысалдардан да байқалады. Жатыс септік тұлғасының осын-
дай, көне түркі тіліндегідей, барыс жəне шығыс септік мағына-
ларында да қолданылуы қазақ тілінде де болған, кейін де жалғасып
келген. Мектепте оқу – моллаға оқу – молладан оқу сияқты
конструкциялардың бір кезде қолданылуы, үйге – үйде деген ба-
рыс жəне жатыс септік тұлғадағы сөздерге қайда (түбірі қай, -да –
жатыс септік жалғауы) деген бірдей сұрақ қойылуы, сонда кет-
ті – сонда тұр, осында келді – осында болды, мұнда келді – мұн-
да тұр, бол, т.б. параллель конструкцияларда жатыс септік тұлға-
сының əрі қимылдың болу орнын, мекенін, əрі бағытын қатар
білдіруі міне осыны аңғартады. Демек, мұның өзі көне кезден
қалған тілдік үлгі, грамматикалық тұлға екен.

Ш ы ғ ы с с е п т і к т ұ л ғ а с ы : -тан, -тен. Шығыс септік
тұлғасы көне түркі тілінде сирек кездеседі. Бірақ соған қарап,
оны есептен шығарып тастауға болмайды. Йарықлығ қантан
кэліп йақа элтді? Сүңүгліг қантан кэліпэн сүрэ элтді? (КТб,
23) – Жарақтылар (қарулы адамдар) қайдан келіп жарып өтті?
Сүңгілілер (сүңгі ұстағандар) қайдан келіп, ысырып (сүріп) өтті?

Осы шағын ғана сипаттаманың өзінен көне түркі тілінің
грамматикалық құрылысының (сөз болған жүйелер шеңберінде)
қазіргі қазақ тілімен қаншалықты жақындығы бар, ұқсас екендігін
аңғару қиын емес. Əрине, ондай ұқсастық бұл екі дəуірдегі тілді
тепе-тең деп қарауға негіз болмайды. Тəуелдеу, септеу жүйелерін-
де сыртқы тұлғалық жағынан болсын, ішкі мағыналық жағынан
болсын, қолданылу аясы жағынан болсын айырмашылықтардың
болып отыратынын естен шығармаймыз. Олай болмағанда тіл
дамуының ерекшеліктерін ескермеген болар едік.

Осындай көне түркі тілі мен қазақ тілі арасындағы ұқсас-
тықты, демек, жалғастықты, басқа да грамматикалық құрылыс

100 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жүйелерінен, жеке сөз таптары ерекшеліктерінен (жіктеу есім-
діктері, есімдіктің басқа топтары, сын есімнің түрлері, сан есім
түрлері, шылаулардың қызметі мен қолданылу шеңбері, т.б.),
жіктелу жүйесінен, етістіктің есімше, көсемше, рай жүйесінен,
шақ тұлғаларынан, сөз тудыру жүйелерінен көруге əбден болады.

Тек бұл айтылғандар ғана емес, сөз саптау өнері, өрнекті сөз
кестелеу, образды ойды жеткізу, көркемдеу тəсілінің ортақтығы,
поэзиялық үлгілердің сан сырды сездіретін ішкі ой шеңбері,
сыртқы тұлғасы жағынан көне түркі тілі дəстүрінің, қазақ тілі-
мен, қазақ əдебиетімен үндес, жалғас келіп жатуы – үзілмеген
жалғастық желінің айғағы. Көне түркі жазба ескерткіштері (мы-
салы, «Күлтегінге», «Тоныкөкке» арналып қойылған) тірінің жоқ-
тау поэзиясы болып, жоқтай отырып, қайғыра отырып, өзіне-өзі
басу айту, жұбату айту əдеті, оның кейінгі дəуірлерде де салт,
ұғым жағынан түсінікті болуы кездейсоқ емес. Қазақтың əр
дəуірде өмір сүрген ақын-жыраулары көне түркі поззияларының
үлгілерін, ондағы сөз саптау өнері мен дəстүрін білген, өйткені
бұларға ол ұрпақтан ұрпаққа, ананың сүті аркылы, ана тілі арқы-
лы жетіп бойға сіңіп отырған.

Жоғарыда көрсетілген ұқсастықтармен қоса мына сияқты об-
разды ойды білдіретін көне түркі тіліндегі сөз кестелерінің кейін
кездесіп отыруы осындай үзіліссіз жалғастықтың айғағы болса
керек.

Көрүр көзім көрмəз тэг,
Білір білігім білмэз тэг болты.
Өзім сақынтым
Өд тэңрі йасар,
Кісі оғлы қоп өлгэлі төрүміс... (КТб, 50).

Жайықтың суы лай-ай,
Көр болды көзім жылай-ай.

(«Қыз Жібек»)

Көретін көзім көр болды
Бір перзентке асық боп

(«Алпамыс»)


Click to View FlipBook Version