The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by malika.abdresheva, 2020-11-25 00:45:16

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 351

шығармалардың əртүрлі жанрлық салаларында да кездесіп
отырады. Сондай ақ ауыз əдебиетінің əртүрлі саласында қолданыла
береді.

Ол:
Ергенегі мойнында,
Екі намаз соңында,
Өзі хақтың жолында
Анау қырдан асып бара жатыр, –

дейді (Қазақтың күлдіргі-сықақ əңгімелері, Алматы, 1963, 24-бет).

Немесе: Шытырма көйлек етінде,
Немесе: Нұр сəулесі бетінде,
Бұралып кетіп барады
Перінің қызы секілді.

Он қыз нөкер қасында,
Өзі он бес жасында.
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашпау шашында.

Үш қызы бар қасында-ай,
Өзі он төрт жасында-ай (Қыз Жібек).

Талай ғасырдан бері сақталып келе жатқан халықтың асыл
қазынасы қазақтың мақал-мəтелдерінде де осындай тұлғалы осы
шақ баяндауыш жиі кездесіп отырады. Мысалы: Қызым үйде,
қылығы түзде. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Бас
жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде. Мал арыстаннын
аузында, түрікпеннің түбінде. Жақсылық ағаш басында, жаман-
дық аяқ астында. Ерлік білекте емес, жүректе. Бөрі азығы
мен ер азығы жолында. Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ
деме – бөрік астында. Жыланның уы басында, Бейқамның жауы
қасында. Бұл тұлғаны жазба əдебиеттен, көркем сөз шеберлерінің
тілінен де кездестіре аламыз. Мысалы: Біз чаруалықдан босана
алмай жатырмыз; чаруалықдан бос адамдеріміз бөтен кəсібде
(Айқап, №10, 1912). Колхоз конторы мен партком бөлмесі де
алаңдағы осы клубта (Мұстафин). Ал Сүйіндік сол сөзді оп-
оңай, бір айналмай айтып салса, ертеңгі тауқымет бұнда

352 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

(М. Əуезов). – Е, ол мына Шыңғыстың ет бөктерінде, Бөкенші
асуының бауырында (М. Əуезов). Жатыс септігінің есім сөздерге
жалғанып, осы шақтағы баяндауыш қызметін атқаруы 1920 жыл-
дардағы мерзімді баспасөз тілінде де ұшырасып отырады. Мы-
салы: Орыс оқытушылары мен қазақ учительдеріне оқу орыс тілін-
де (ЕҚ, 30 июнь, 1923). Жұмысшылар мектеб ашылса, шын бейіл-
деніб, ынталаныб оқитын түрде (ЕҚ, 30 июнь, 1923). Соның іші-
нен 110-ы ұлт облыстары мен республикелерінде (ЕҚ, 11 июнь,
1926).

Қазақ тілінде жатыс септігі негізінен есімшенің -ған тұлғасы-
на жалғанып, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін ат-
қарады. Мысалы: Бұндай халдерін көріб отырғанда, көзі соқыр,
мисыз меңіреу болмаса анық сенеді (ЕҚ, 1 июнь, 1923).

Сол сияқты осы тұлғалы есімше мен кез, шақ тəрізді шылау
сөздер тіркесіп келгенде, бұл жалғау шылау сөздерге жалғанып
баяндауыш қызметінде өткен шақты білдіреді. Мысалы: Бағың
асқан шағыңда, құзғын салсаң, қаз ілер, Бағың тайған шағыңда,
тұйғын салсаң, аз ілер (мақал).

Оқ тоқтаған кезінде,
Қорен аттан құлады.
Туын қолдан турады (Қыз Жібек).

Етістіктің осы шағын білдіріп, сөйлемнің баяндауыш қызметін
атқаратын жаңа -уда (-уде) тұлғасы өскелең өмірдің қажетіне сай
жоғарыда көрсетілген тəрізді тілімізде бұрыннан бар үлгілердің
негізінде туғанын көреміз. Бұл тұлға өзінің негізгі мекендік ұғымын
білдірумен қатар іс-əрекеттің де мекенін, сөйлеп тұрған мезгілдегі
күйін де көрсетеді. Əрине, ертерек кезде жатыс септігіндегі есім сөз
көмекші етістіктермен қоса да айтылған болу керек. Кейін етістік
түсіріліп қолданылса керек. Одан ой ұштала түспесе, мағынаға
нұсқан келмейді. Мысалы, Ерлік білекте емес, жүректе деген
мақалдың алғашқы түрі: Ерлік білекте емес (болмайды), жүректе
болады тəріздес болуы мүмкін. Ал жатыс септігінің көне кездің
өзінде грамматикалық мағынасы мен қызметі жан-жақты болға-
нын Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің, сондай-ақ Караханид
дəуірі жəне орта ғасырларда жазылған жазба мұралардың тілінен

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 353

айқын көре аламыз. Оларда жатыс септігіндегі сөз қазіргі барыс,
шығыс, т.б. септіктердің де мағынасында жұмсалып, сөйлемде
алуан түрлі қызмет атқарған.

Ал етістіктің -у тұлғасы есім сөздерге жақын екені белгілі:
ол етістіктерден тікелей жіктелмейді, есімдерше септеледі, оған
басқа да жұрнақтар жалғана береді. Сондықтан болса керек, бұл
тұлға соңғы кезде қимыл есімдері (имена действия) деген атқа ие
болып жүр.

Бірақ -у тұлғалы сөздерде етістіктің де қасиеті бар. Демек,
-уда тұлғасы сөйлемнің баяндауышы бола алатынын, іс-əрекет-
тің белгілі шағын білдіруін, тілдің даму процесіндегі жеке кате-
гориялардың жаңа бір дəрежесі деп қарауға болады.

Осымен бірге жатыс септігінің, баспасөз беттерінде 1920 жыл-
дардан басталып, қазір белгілі орын алып жүрген тағы бір қызме-
тін де атап өту керек. Ол – мақала тақырыптарында қолданылуы.
Мақаланың тақырыбы толық сөйлем бола бермейді. Бұл, əрине,
орыс тілінің əсері екені даусыз. Мысалы: Ресейлік еңбек қорғау
кеңесінде (ЕҚ, 18 июль 1923). Өлкелік ағарту қызметкерлер ода-
ғының басқармасында (ЕҚ, 17 август 1926).

Осы тақырып аттары орыс тілінен тікелей аударылып алынға-
ны сөзсіз. Бұл сөйлемшелер қазақ тілінде бұрын қолданылмаған,
өйткені сөйлемнің құрылысы, ойдың жүйесі тілімізге тəн емес
еді. Бұл сөйлемшелер орыс тіліндегі мына тізбектердің баламасы
ретінде қолданылған: «В Российском совете защиты труда»;
«В правлении краевого союза работников просвещения».

Осы екі тілдегі сөйлемшелерді салыстырып қарасақ, қазақ
тіліндегі баспасөз беттеріндегі мақала тақырыптарында жаңа
қолданыла бастаған жатыс септігі орыс тіліндегі в, на предлогының
(предложный падеж) қызметін атқаратынын көреміз. Жалпы осы
позициядағы жатыс септігі орыс тілінің предлогты септігінің
(предложный падеж) орнына қолданылады. Кейде орыс тіліндегі
үстеулер қазақ тілінде көмекші сөздер арқылы да беріледі.
«Төңкеріс алдында Германия» (ЕҚ, 27 август, 1923) «Германия
накануне революции».

Жатыс септігінің бұл қызметі соңғы кезде баспасөз тілінде
арта түсті. Мысалы: Қауіпсіздік Советінде (СҚ, 15 май. 1964) –
В совете безопасности. Шетел дипломаттары Қазақстанда (Сон-

354 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

да) – Иностранные дипломаты в Казахстане. Күн сəулелі Асуанда
(Сонда) – В солнечном Асуане. СССР журналистер Одағында (СҚ,
14 май, 1964) – В союзе журналистов СССР.

Бұл тəрізді сөйлемшелер тек орыс тілінен аударылған мақала
тақырыптарында ғана емес, қолтума мақала тақырыптарында да
кездесіп отырады. Осы үлгіде қазақ тілінің өз ішкі мүмкіншіліктері
арқылы жасалған тізбектер аз емес. Демек, жатыс септігінің бұл
қызметі қазақ баспасөз тілінің жаңалығы, əдеби тілімізге қосқан
бір үлесі болып табылады. Мысалы: Кеншілер өрлеу үстінде (СҚ,
15 май, 1964). Қысым жасауда (Сонда). Іздену жолында (СҚ, 14
май, 1964).

3. Етіс тұлғаларының қолданылу ерекшеліктері

Қазақтың мерзімді баспасөз тілінде етіс жұрнақтарының,
соның ішінде ырықсыз етіс пен ортақ етіс көрсеткіштерінің
қолданылуында да біршама өзгешелік байқалады. Сол ерекше-
ліктің бірі – совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде ырықсыз
етіс тұлғасының қолданылу өрісі кеңейіп, өзі жалғанған сөзді
басқа сөздермен байланысқа түсіріп, жаңа тіркес құрауы.
Мысалы, қаулы, қарар деген сөздерге байланысты ырықсыз етіс
тұлғасының қызметі артып, бұрын өзара тіркеспеген сөздерді
байланыстырып отырғанын көреміз. «15-ші комитеттің» ұйға-
руы бойынша шақырылған зауат комитетдерінің көб жиналған
жиылысында, тез уақытда Берлинде үш күндік ереуіл құлақтан-
дыруға қаулы етілген (ЕҚ, 27 август, 1923). Бұлардың əрқайсысы
толық тексеріліб, тиісті қарарлар шығарылды (ҚҚ, №10, 1922).
Партия мектебі ортақшыл жастардың һəм партиядан тыс адам-
дардың өзара құрған ортақ ашық мəжілістерінде (жалпы жилыс)
Семей уезіндегі бір қазақ, бір орыс болысының қамқоры
(шеф) болуды лайық көріб қаулы қылынған (ЕҚ, 25 май, 1923).
Бұл мəселе турасында жилысдың қаулысы мынау: қазақ жұмыс-
керлерінің қаулысы бекітілсін (ҚҚ, №4, 1842).

Бұл сөз орамдарының ертеде қазақ тілінде болғанын олар-
дың құрамындағы сөздердің өзі де байқатады. Бірақ осы сөй-
лемшелердің беретін ұғымы бұрын болмағаны белгілі. Бұлар ке-
йінгі кезде, əсіресе Совет дəуірінде, енген жаңа түсініктермен:

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 355

партияның съез, конференция, пленумдар шығарған қаулы-қарар-
ларымен байланысты. Жоғарыдағы сөйлемшелер орыс тілінің
принято (вынесено) постановление (решение, резолюция) тəрізді
сөйлемдердің ізмен туғаны анық. Бұл айтылғаннан қазақ тілінде
бұрын ырықсыз етісті сөйлемдер қолданылмаған екен деген ой
тумасқа керек. Жалпы ырықсыз етіс революциядан бұрын жəне
кейінгі жылдары жарық көрген грамматикалар мен жекелеген
еңбектерде орын алып келгені мəлім. Мысалы, И.А. Казем-Бек-
тің грамматикасында (Қазан, 1845) ырықсыз етіс «глагол страда-
тельный», «Алтай тілінің грамматикасында» (Қазан, 1869) «вид
страдательный». Ал, Архангельскийде (Оренбург, 1894) «страда-
тельный залог» деген атаулар арқылы берілген.

Басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тілінде де етіс категориясы-
ның осы түрі бар екенін П.И. Мелиоранский де байқаған. Кейінгі
жылдары шыққан орта мектеп, педучилище, жоғары оқу орын-
дарына арналған грамматикаларда да ырықсыз етіс сөз етіліп
келді. Сол сияқты етістіктің осы тұлғасы етіс категориясының
негізгі бір түрі екені арнайы жазылған еңбектерде де айтылған
болатын. Біздің осы етіске байланысты бір ерекшелік деп ұсынып
отырғанымыз – бұл етіс тұлғасының бұрын жалғанбаған етістік
түбірлерге үстелуі, болмаса жаңа объектілермен грамматикалық
байланысқа түсіп, жаңа предикативтік қатынаста жұмсалуы.

Жоғарыда көрсетілген қаулы, қарар деген сөздер мағыналық
жағынан ойдың баяндауышымен объектілік қатынаста да
байланысады. Негізінен, бұл сөздер етістікпен жалғаусыз тұлғада
(табыс септігінің жасырын түрі) тіркесіп, баяндауыштың құрамына
енеді. Ал етістік көбінесе көмекшілік қызмет атқарады. Мысалы:
Соның үшін тау жұмыскерлері ереуіл жасамаққа қаулы еткен (ЕҚ,
2 август, 1923). Жақында Қазақстанның еңбек һəм қорған кеңесі
мынадай қаулы жасады (ҚҚ, №4, 1922). Сондықтан бір қатар
диқаншылар жиылыстары жаңадан екінші астық қарызының
шығарылуын тілеб, орынды, пайдалы деб тауыб қаулылар шы-
ғарған еді (ЕҚ, 18 июль, 1923). Мұнан соң КирЦИК мүшелерінің
жалпы жиылысы (сессиясы) Россия Орталық Атқару Комитетінің
жер туралы осы жылдың 22-шы майда шығарған декретін қараб
мынадай қаулы шығарған (ҚҚ, №10, 1922)... онымен сауда қаты-
насы түзелсін деген қарар шығарған (ЕҚ, 25 май, 1923). Баспасөз

356 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

тілінде қолданылған қаулы еткен, қаулы жасады, қаулылар шы-
ғарған еді, қаулы шығарған, қарар шығарған, қарар қылған, қа-
рарлар жасаған тəрізді тіркестер сол кезеңде қазақ тіліне жаңа
кіре бастаған еді. Өйткені қазақ ұғымында ресми документ ретін-
де қаулы, қарар тəрізді түсініктердің бұрын болмағаны ақиқат.
Олай болса бұдан ертеректе осы сөздердің екінші сөзбен (етістік-
пен) тіркесіп қолданылуы да мүмкін емес еді. Бұл ұғымдардың,
соған орай сөз тіркестерінің жазба тілімізге ене бастауы Комму-
нистік партияның, жаңа құрылған Совет органдары аппараттары-
ның іс-əрекеттерімен тығыз байланысты. Демек, бұл сөздер қазақ
баспасөз тілінен алғаш Октябрь революциясынан кейінгі кездерде
орын ала бастады. Сол кезеңдерден бастап баспасөз беттерінде
ырықсыз етістің осы қызметі тек жоғарыдағыдай қаулы, қарар
тəрізді сөздерге ғана байланысты жұмсалып қоймай, оның қол-
данылу өрісі кеңейе түсті. Осы айтқанымызға төмендегі мысал куə
бола алады: 1966 жылғымен салыстырғанда өнім шығару он бес
процент көбейтілді (СҚ, 1968, 29 март). Кеңесте республиканың
жеңіл өнеркəсібінің жұмысына сын тұрғысынан талдау жасалды
(Сонда). Жылында екі рет губернелік, екі рет жалпы Одақтық
партия конференсиясы шақырылып тұруы туралы алдағы партия
тобына ұсыныс кіргізілсін (ҚҚ, №3, 1924). Сондықтан аздығына
қарамай жарамды адамдарды жіберу қамын көру губернелік
уездік əйелдер бөліміне табсырылады (ЕҚ, 1 август, 1926). Ең
алдымен еңбегі қорғалатын заң шықты, айтысса, тартысса бұра
тартыб жалшының сойылын соғатын сүйеуші шықты (ҚҚ, №19–
21, 1926). Бұл мысалдардан ырықсыз етіс тұлғасының мерзімді
баспасөз тіліндегі қолданылу өрісі кеңейе түскені анық көрінеді.
Бірде сөйлеу тіліне жақындап, ырықсыз тұлғалы етістіктердің
тіркесіп қолданылуы халық тілімен астасып жатса (мысалы, оқу
тоқтатылды, адамдар белгіленді, т.б.), бірде етістік жалпы осы
тұлғада қолданылғанмен, ырықсыз етіс жұрнағы байланыстырып
тұрған бастауыштық-баяндауыштық қатынастағы сөйлемшелер
сөйлеу тіліне тəн бола бермейтіні байқалады. Талдау жасалу,
адамдар таратылды, т.б. Осындай ырықсыз тұлғаның қолда-
нылуына байланысты сапалық ерекшелікті (көркем шығарма мен
баспасөз тілінде) сандық жағынан да байқауға болады. Баспасөз

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 357

тілінде (N-5000 сөз) 1244 етістік қолданылып1, оның 70 ырықсыз
етіс тұлғасында да, «Қорғансыздың күнінде» (N-5000 сөз) 1652
етістік қолданылып, оның 29 ырықсыз етіс тұлғасында жұмсалған.

Статистикалық арнайы талдау жасап, ырықсыз етіс тұлғалы
етістікті қолданылу жиілігін шығарғанда, мынадай қолданылу
мүмкіндігі көрінеді. Əрбір 1000 сөз қолданыстың баспасөз тілінде
22,6 сөзі, көркем шығармада 5,3 сөзі осы тұлғалы етістік болып
отырады. Сонымен қатар жалпы əдеби тілдің жеке салаларында
қолданылатын əсіресе баспасөз тіліне, қоғамдық публицистика,
ғылыми əдебиет тіліне ғана тəн сөйлемдер де жоқ емес (партия
конференциясы шақырылып тұруы, еңбек қорғалу, баяндамалар
жасалып тұруы т.б.). Ырықсыз етіс тұлғасының қолданылуы əсі-
ресе ресми документтар, кеңсе қағаздары тілінде өте жиі жұмса-
лады. Мысалы, «Қызыл Қазақстан» журналында (1922, №4 жəне
№7–8) жарияланған декреттерді алайық.

Онда 61 етістік қолданылған. Олардың 23-і баяндауыш қызметін
атқарып тұр. Етістіктің жалпы санының (61) жартысынан артығы,
33-і, ырықсыз етіс тұлғасында қолданылған. Ал баяндауыштың (23)
үштен екісінен артығы, 18-і ырықсыз етіс тұлғасында жұмсалған.

Сондай-ақ – «ҚазақССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті
«Социалистік Қазақстан» көтерген мəселе жайында» деген руб-
рикамен жарияланған «Малшы тұрмысын ойласақ...» (СҚ, 1969,
4 июнь) деген көлемі шағын публицистикалық мақалаға назар
аударайық: «Социалистік Қазақстанның» 6 марттағы нөмірінде
осындай тақырыппен Қазақ ССР Министрлер Советінің жеңіл
жəне жергілікті өнеркəсіп бөлімінің меңгерушісі И. Иванов жол-
дастың мақаласы жарияланды. Мақалада республикамыздың жер
жағдайы мен ауа райының ерекшелігіне байланысты қысы-жазы
бірдей алыстағы отарлар мен жайлымдарда мал бағатын малшы-
лар тұрмысына қолайлы əрі сапалы киіз үйлерді көптеп шығару-
дың проблемалық мəселесі көтерілді.

«Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жергілікті
өнеркəсібімізде өндірістік киіз үйдің сапасын жақсарту жөнін-

1 Бұл жерде етістік алынып отырған себебі – осындай формалар тек етістіктерде ғана
кездеседі, ол басқа сөз таптарына жалғанбайды. Сондықтан да ондай тұлғалардың
қолданылу мүмкіндігі оның етістікке қатысының нəтижесі мен етістіктің текстегі
сөздерге сандық қатысының нəтижесі арасындағы қатынастан шығуы керек.

358 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

де өткен жылы екі рет арнайы мəселе қарады. Қазақ ССР
Министрлер Советінің киіз үйді көптеп шығару жəне оның са-
пасын жақсартудың шаралары туралы қаулысына сəйкес минис-
трліктер мен ведомстволар бұл жұмыс саласында біршама жұ-
мыстар атқарып келеді. Биыл жоспар бойынша 16 мың киіз үй
шығарылады. Олардың сапасын жақсарта түсу алдын ала көзделіп
отыр. Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жаңадан «киіз
үй», «үйдің киізі» деген техникалық шарттарды бекітті.

Киіз үй сүйектеріне керекті үйеңкі ағашының плантациясын
жасау қолға алынды. Қазақ ССР Министрлер Советінің мемлекеттік
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жоба-смета документтерін əзірледі.
Бұл плантацияның көлемі 700 гектар болмақ, оның 140 гектары
1970 жылы игеріледі. Бес жылдан соң 140 гектар ауданнан жыл
сайын 6 мың текше метр стандартты үйеңкі ағашын өндіруге
болады. Киіз басатын Талғар фабрикасының қуатын арттыра
түсу көзделеді. Қазір оның қуаты жыл сайын 2,5 мың тонна киіз
басуға жеткізілді. Өндіріс технологиясын жетілдіру де маңызды іс.
Талғар фабрикасының өнімін неғұрлым жақсарта түсу мақсатын-
да технологиялық процестер өндіріске енгізілуде. 11 жүн
тарақтағыш машина таяуда орнатылды, мұның өзі жүннің майда
түтіліп, тегіс тарақталуына көмектеседі.

Малшыларға арнап шығарылатын мебельдер сапасын жақсар-
ту ісі де ескерілуде. Республиканың бірқатар облыс орталығында
киіз үйге лайықталып жасалған шағын мебель сататын бірнеше
сауда орындары бар. Қазақстан тұтынушылар одағы биылғы
жарты жылдықтың өзінде малшыларға сатылатын 325 мебель
комплектісін (116,7 мың сомның) осындай сауда пункттері арқылы
сатуға қабылдап алды».

Осы шағын мақалада 280 сөз қолданыс бар, соның 49 сөзі
етістік. 49 етістіктің 19-ы ырықсыз етіс тұлғасында қолданылған,
яғни жалпы етістіктің 40% жақыны ырықсыз етіс, ал етістік
текстегі жалпы сөз қолданыстың 16% құрайды, яғни жалпы нор-
мадан онша көп ауытқымаған. Текстегі 23 баяндауыштың екеуі
есім де, 12 ырықсыз етістеп жасалып тұр, яғни оның саны жалпы
баяндауыштың тең жартысына жақын. Қазақ текстерінде орта
есеппен алғанда ырықсыз етіс тұлғасының салмағы қанша екені
бізге əлі белгісіз. Əйтсе де шамамен айтқанда ырықсыз етіс

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 359

тұлғасының қолданылу мүмкіндігі қазақ текстерінде 0,01–0,1
аралығында десек (бұл жерде сандар шартты түрде алынды да, ең
жоғарғы көрсеткіш 1 болып есептеледі, осыған орай 0,1 – немесе
10%, 0,01 – 10 немесе 1%), бұл текстерде оның көрінісі тіпті
басқаша.

Бұл кезеңдегі ресми документтерде, кеңсе қағаздары тілінде
ырықсыз етіс жұрнақтарының қолданылу шеңбері кеңейіп,
мүмкіндігі 0,5–0,8 дейін жеткенін осы үзінділерден анық бай-
қаймыз. Мысалы, екінші үзіндіде 5 етістік баяндауыштың төр-
теуі ырықсыз етіс тұлғасында жұмсалған. Демек, ырықсыз
етіс тұлғасының жиі не сирек қолданылуы берілген объектінің
белгілі стильдік жанрға бейімделуіне де қатысты. Сөйтіп 1920
жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде ырықсыз етіс тұлғасы
стильдік, жанрлық салаларда жаңа сөз тіркесін құрауда ерекше
орын алды. Бірақ ондай сөйлемшелер мен сөз тіркестерінің бəрі
бірдей сəтті бола берді деуге болмайды. Оның көбі – ойдың айтылу
мақсатына лайық тілдік тұлғаларды іздеуден туған қателіктер.
Шынында да жоғарыда келтірілген мысалдардағы есеп болынған,
жаза берілгенде тəрізді сөйлемшелерде -ын, -іл жұрнақтарының
үстелуі ойдың түсініктілігін жеңілдетіп тұрған жоқ. Керісінше,
есептеген, жазалағанда болса, икемді де жеңіл болар еді.

Мерзімді баспасөз беттерінде ортақ етіс көрсеткіші болып
саналатын -с (-ыс, -іс), -дас (-дес, -тас, -тес, -лас, -лес) қосым-
шасының қолданылуында да біраз ерекшелік байқалады. Мы-
салы: Ақырында бұл қысымға шыдамай, «аз жерлілер» хүкіметке
қарсы ереуіл көтеріліс жасасды, əйтпесе енді 100 жыл өтсе де
балафанша аузын ашыб тек отырса, бейнетшіл халыққа һəш нəрсе
тимеген болар еді (ҚҚ, №5, 1922). Бірінші майдан бастаб түстен
кейін 7 ден 9 ға шейін саяси кітабтар оқысады барлығы бастарын
қосыб (ЕҚ, 25 май, 1923). Егер сұрағанын бермесе көтеріліс
жасауға қаулы қылысқан (ҚҚ, №4, 1922). Соңғы уақытдарда
Англия мемлекеті арасындағы борыш мəселесі һəм Рур аймағы
тақырыбты араларынан уəкелдер шығыб сөз салысқан үлкен
ірі əңгіме болыб атқан (ЕҚ, 2 август, 1923). Осы мысалдардағы
көтеріліс жасасу, кітаптар оқысу, қаулы қылысу, сөз салысу
сияқты тіркестердегі етістіктер қимылдың бірнеше субъектіге
ортақ екенін көрсете отырып, сол субъектілердің бір-бірімен

360 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

белгілі дəрежеде қарым-қатынасының бар екенін де білдіреді.
Сонымен бірге бұл етістіктерге жалғанып тұрған -с жұрнағы көптік
мағынаны да аңғартады. Демек, арнаулы еңбектерде бұл қосымша
əрі көптік мағынада, əрі ортақ етіс мағынасында қолданылады [79
а, 146] деп түсіндірілуі де осыдан болса керек. Ал түркологияда
бұл етіс «взаимно-совместный залог» [16, 335] деген атқа ие бо-
луы – бұл көрсеткіштің қызметі тек қана ортақтық мағына беру-
мен шектелмейтінін көрсетеді.

-С тұлғасының мерзімді баспасөз тіліндегі қолданылу ерек-
шеліктерін ол форманың сан жағынан жұмсалу дəрежесі де
көрсете алады. Жоғарыда мысалға алынған формалар тəрізді
-с тұлғалы етістер көркем шығармаға қарағанда баспасөз – (газет-
журнал) тілінде жиірек ұшырасады: баспасөзде 56 рет, көркем
шығармада 14 рет. Ал етістік саны соңғыда əлдеқайда көп.
Əрине, осы айтылып отырғандар жаңа түсініктердің келіп, жаңа
ұғымдардың тууымен байланысты іздену жолындағы табыстар
болып есептелмек. Бұл тұлғаның өзі баспасөзіміздің алғаш шыға
бастағаннан-ақ жаңа мəнде қолданыла бастады. Міне осы іздену
жолында осы тұлға арқылы жасалғанның бəрі бірдей мінсіз бола
бермеді. Мысалы, қазіргі тілімізге ұйымдасу, ұйымдастыру тұл-
ғасында еніп қалыптасқан сөз 1920 жылдары əртүрлі тұлғада
қолданылып тұрақтай алмай жүрді: ұйымдасу, ұйымдау, ұйысу т.б.
Мысалы: Барлық уақ қол кəсібі мен күн көрушілерді шар-
уашылық тілектестер бірлігіне ұйымдастыру керек (ҚҚ, №4,
1922). Бұл мақсатқа жету үшін барлық жалшыларды ұйымдауға
кірісіб атыр (ЕҚ, 18 июль, 1923). Съез бұны партиядан тыс
жұмыскерлерді ұйыстырыб, аң білімдерін артдырыб, əрі өздеріне
іске, жазушылыққа, партия ұйымдары мен жақындастыруға ең
бірінші амал деб табды (ҚҚ, №7–8 1922). Өзбекстанда каператибке
кіргендердің саны көб болуының себебі мақта айналасыңда
каператибке ұйысыб келе жатқандығы (ЕҚ, 11 июль, 1926).

4. -И тұлғалы қатыстық сын есімдер

Қазіргі əдеби тілімізде -и тұлғалы қатыстық сын есімдер са-
наулы-ақ: əдеби, əскери, ғылыми, іліми, діни, кəсіби, кітаби, мəде-
ни, ресми, рухани, саяси, табиғи, тарихи. 1920 жылдардағы мер-

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 361

зімді баспасөз тілінің өзінде бұл қатыстық сын есімдердің көбі
қолданылған. Тек саяси сөзімен байланысты саяси сауат, саяси
партия, саяси сабақ, саяси тəрбие, саяси сауатсыздық, саяси қа-
талық, саяси жағы, саяси адамдар, саяси орталық, саяси банкрот,
саяси жол, саяси ағым, саяси бағыт, саяси мақсат, саяси хал, саяси
тұрмыс, саяси ағарту, саяси жағдай, саяси бөлім, саяси басшы,
жолбасшы, саяси астар, саяси сауат ашқыш мектептер, т.б.
тіркестері қолданылған. Осы кезеңдердегі мерзімді баспасөз
беттерінде мəдени, ресми, əскери, əдеби, тарихи, табиғи, ғылыми,
ресми сөздерінің де тіркесімділігі арта бастағаны байқалады.

Бұлардан басқа ғұмыми, дүнияуи, мағынауи, фани, ыбтидағи,
һжтимағи, ықтисади сияқты араб-парсы тілдерінен енген сөздер
де қолданылып отырған. -и, негізінен, қатыстық сын есім тудыратын
жұрнақ. Бірақ кейде -и жұрнағы жалғанып барып жасалған
сөздер етістікпен тіркесіп жұмсалуы совет дəуірінің алғашқы
жылдарындағы баспасөз тілінің өзінде-ақ кездесіп отырады.
Мысалы: Қазақ əйелдерін саяси ағартыб, мəдени көркейту үшін
өте мақұл іс клубқа қатынастыру жаңа əйелдер клубын ашу (ҚҚ,
№7–8, 1922). Саяси ағарту жөнінде керуеннің істейтіні: халық
шақырыб жиын, кеңес, съез құрыб, үгіт тарату, насихат лексия
тыңдату (ҚҚ, №7-8,1922).

Бұл тұлғаның осындай қызметте жұмсалуы кейінгі кездегі
баспасөз тілінде активтене түсті. Кейбір еңбектерде бұл қосымша
парсы тілінен енген, изафеттік құрылыстың қосымшасы (персид-
ский изафет) деп уағыздалынады [11, 43 жəне 37, 170].

Дұрысында қатыстық сын есімнің бұл қосымшасы парсы
тілінің изафет көрсеткіші емес. Парсы тіліндегі изафет құрайтын
морфологиялық тұлға анықтауышқа жалғанбайды, анықталушы
сөзге қосылады жəне -е (дауысты дыбыстан кейін -йе) болып
оқылады, сөйтіп барып, атрибутивтік байланысты білдіреді: Хане-
йе боланд – биік үй [64, 101]. Парсы тілінде -и басқа мағынада
да жұмсалады: ол абстракты зат есім тудыратын да жұрнақ,
бірақ бұл екеуінің шығу тегі екі басқа [64, 59 жəне 58, 625].
Есім сөздерден құралған бұл изафеттік тіркес түркі тілдеріндегі
изафеттің екінші, үшінші түрлерімен тұлғалық жағынан өте ұқсас
келеді, ол изафет көрсеткіші тəуелдік жалғаудың 3-жағымен
сəйкес болып жалғанған анықталушы сөз бұрын тұрады. Түркі

362 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

тілдерімен салыстырғанда, парсы тіліндегі изафет тіркестік орын
тəртібі, керісінше, төмендегідей болып келеді: Түркі тілдерінде:
анықтауыш – анықталушы + тəуелдік жалғау. Парсы тілінде:
анықталушы + изафет көрсеткіш – анықтауыш. Парсы тіліндегі
бұндай конструкция (изафет) сыртқы тұлғасы жағынан түркі
тілдеріндегі -и арқылы жасалған қатыстық сын есімдерге
ұқсас. Шынында сөз болып отырған қосымша (-и) араб, парсы
тілдерінде зат есім түбірден қатыстық сын есім тудыратын өнімді
жұрнақтардың бірінен саналады. Қазіргі қазақ тіліндегі -лы (-лі,
-ды, -ді, -ты, -ті), -лық (лік, -дық, -дік, -тық, -тік), ілік септік
жалғауы (кейде жасырын түрі) тəріздес қосымшалардың қызметін
атқарады. Бұл тұлғаның қазақ тілінде қолданылуын өз кезінде
профессор Қ. Жұбанов та көрсеткен болатын. Қ. Жұбанов ол
форманы парсы нисбеті деп атаған [34, 37]. Араб тілінде қатыс-
тық сын есім осы қосымша арқылы жасалып, оның үстіне -ун
жалғауы тағы үстеледі: əдебийун (əдеби), китабийун (кітаби), т.б.
Парсы тілінде қатыстық сын есім, негізінен, осы -и-ға аяқталып,
сол арқылы жасалады: адаби (əдеби), кетаби, катби (кітаби –
жазба), т.б. [7 жəне 158].

Сөйтіп қазақ тіліндегі -и қосымшалы қатыстық сын есімдер
өзінің түп нұсқасынан (араб-парсы тілдеріндегі тұлғаларынан)
мағыналық, тұлғалық жағынан оншалықты айырмашылығы жоқ,
олардың бар өзгешелігі орын тəртібінде. -И қосымшалы қатыстық
сын есімдер анықтауыш қызметін атқаратын болса, анықтауыш
сөйлем ішінде, сөз тіркесінде айқындалады. Демек, бұл іспеттес
тұлғалар сөз болғанда олар жеке лексика тұрғысынан ғана емес,
сөз тіркесінің құрамында синтаксистік байланыс ішінде қаралуға
тиіс. Олай болса, бұл тұлғаның қолданылуында, синтаксистік
байланысында орын тəртібі жағынан бұл тілдердің өзіндік ішкі
ерекшеліктеріне байланысты өзгешеліктер бар: ол – түркі тілде-
рінде анықтауыш сөз (-и арқылы жасалған қатыстық сың есім де)
өзі анықтайтын сөзінің алдында тұрады: саяси партия, ал парсы
тілінде керісінше анықтауыш анықталушы сөзден соң тұрады:
һезб-е сийаси (политическая партия).

Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімнің -и тұлғасы араб-
парсы тілдерінен жоғарыда көрсетілген тəріздес сөздермен бірге
келген. Өйткені -и арқылы жасалған қатыстық сын есімдер,
негізінен, араб-парсы сөздері.

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 363

Түркі тілдеріне бұл қосымшаның өте ертерек дəуірде енген-
дігі байқалады. Мысалы, Махмұд Қашқари, тарихи Рашиди
дегендегі соңғы -и бөлшегі де сөз болып отырған формант (осы
күнгі нормамен жазса, қазақша Махмұд Қашқарлық, Рашидтың
тарихы деп жазар едік). Бұндай тұлғаның орта ғасырлық жəне
одан бұрынғы да кітаби тілде қолданылғандығы байқалады, бірақ
осы күйінде ол жалпы халықтық сипат алып, халық тіліне толық
сіңісіп кетті деуге болмайды. Əйтсе де азды-көпті жазба мұра
қалдырып кеткен кейбір авторлар өздерінің аты-жөндерін жазуда
осы əдісті қолданған. Əлишер Науа-и, Ата-и, Секкак-и, Қадыр-
ғали Жалаир-и, т.б. Тіпті күні кешеге дейін шығысқа еліктеу аз да
болсын орын алып келді. «Айқап» журналының беттерінен осы
іспеттес фамилияларды жиі кездестіруге болады. (Өмір  жани,
Сүлеймани, т.б.) [36, 3]. Бұл кездегі осындай сөз орамдары, əсіресе
адамның аты-жөні, парсы тіліндегі түпнұсқа моделінің үлгісімен
жасалған, сөйтіп осы тіркестердің жеке-жеке сөздері ғана емес,
түгел синтаксистік байланыс та түркі тілдеріне араб-парсы тіл-
дерінен сол қалпында ауысқан. Мысалы: Қадырғали Жалаири –
Жалайыр (ру аты) Қадырғалиы, немесе Жалайырлық Қадырғали;
тарихи Рашиди – Рашид тарихы, не Рашидтың тарихы, Махмұд
Қашқари – Қашқарлық Махмұд. Естакликка асан болсун тиб
қысса Рабғузи ат қойдум [49, 324]. Сөз тіркесінің бұндай үлгісі
(анықталушы – анықтауыш) түркі тілдері синтаксисі үшін жат
болғандықтан, жалпы халықтық сипат ала алмай, белгілі дəуірдегі
кітаби тіл, жекелеген автор шығармаларының аясында қалып
қойды. Сонымен қатар бұндай қатынастағы сөз тіркестері екінші
жағынан ана тілі синтаксистік үлгілеріне сай икемделе, бейімделе
бастағаны байқалады.

Жалпы есімдерден -и арқылы қатыстық сындардың жасалуы
ертеректегі түркі тілдерінде жазылған шығармаларда сирек
ұшырасады: негізінен, ақын-жазушылардың шығармаларында
түрки – Наваи, Абұлғазы, т.б., харами – XVІ–ХVІІІ ғасырлардағы
кеңсе қағаздар тілінде кездеседі. Негізінен фамилияларды жазу
үлгісін есептемегенде, бұндай тіркестер əрі аз, əрі қолданылу
аясы тар еді. Тіпті XІX ғасырдың аяқ шеніндегі қазақ даласында
дүниеге жаңа келе бастаған баспасөз қарлығаштарының тілінде
осындай сөз орамдары кездеспейді деуге болады. -И қосымшасы

364 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

арқылы жасалған сөздердің басқа тұлғалары да бұл газеттердің
(«Дала уалаятының газеті», «Түркестанның уалаятының газеті»)
беттерінде қажетті жерлердің өзінде не айтылмайды, не басқа
сөздер арқылы берілген. Негізінен бұл газеттер аударма мате-
риалдар басып отырғаны мəлім. Сонда қазақ тіліне осы -и тұлғалы
сөздер арқылы берілетін орыс тіліндегі қатыстық сындар сол
күйінде алынады, не болмаса дəл баламасы берілмей, жалпы
мағынасы аңғарылатын сөздермен ауыстырылады. Мысалы
военный – уайанной (əскери), официальный – афисиални, научный –
оқу-білім (ғылыми), литературный – тамаша (əдеби), т.б.

Осы типті қабыса байланысқан сөз тіркесінің баспасөз
беттерінде қолданылып, тілімізге кіріп, кəдеге жарауы XX ға-
сырдың алғашқы жылдарынан-ақ басталады. Қатыстық сын
есім тұлғасы -и қосымшасы арқылы жасалған сөз орамдарын
батыл қолдана бастаған «Айқап» журналы болды. Мысалы: Осы
жылдарда татар қарындастарымыздың матбуғат уа адабиаты
едəуір кеңейіб, тілдері жақсы ғана түзеліб ғылыми, фани, араби
көб кітаблері майданға қойылыб жатыр (А., №7, 1912). Бұ-
рынғыға қарағанда қазақ халқыде мадани болды деб айтарлық
болды: бірақ һар кім өзіне лайықды хадаматын ада етуб шакірдер
білгенінше газетеге діни уа дунияуи мақалаларды жазыб тұрса
екен! (А., №10, 1911). Дін турасындағы законды өзіміз ғақылдасуб
маслихат қылуб, дін, басшыларымыз де діни махкемелеріміз һəм
діни медреселерімізні дұрыстаб бір тəртібке түсіру үчүн, низам
чығаруды бас хакімлердан сұрану тиісті (А., №2, 1912). Бас
мектеб (Ыбтидаһи мектеб) дегеніміз сəби ба-лаларымыздың өз
тілі менен оқи тұғын діни мектебі һəм русче оқылатұғын аулной
һəм волостной школдар (А., №9, 1912). Мен ойлаймын қазақды
ғаскерше қызыметіне жарамайды деб бүрак қылуб чығарыб тастар
диб (А., №2, 1912).

«Айқап» журналының беттерінде осы тəріздес сөз орамдары-
ның көріне бастауы қазақтың жазба əдеби тілінің, əсіресе пуб-
лицистика жəне ғылыми əдебиет тілінің, даму барысының бір
көрінісі тəрізді. Бұл тіркестердің сөз өрнегінен орын теуіп, əдеби
тілдің қажетіне жарауы – өскелең өмір талабы еді. -И арқылы жа-
салған сөздердің саны артып, мағыналарының кеңейіп, қолданылу
аясының кеңеюі міне осыны көрсетеді. Əсіресе орыс тілі арқылы

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 365

келіп жатқан ұғымдарды дəл де түсінікті етіп беруде бұл сөз
орамдары бірден-бір қажетті тілдік формаға айнала бастады.
Соның өзінде де ол бірден тамырын терең жайып қатыстық
сынның жеке бір түрі дəрежесіне көтеріліп кете қоймайды. Тек
санап аларлық бір топ сөздерге ғана жалғанып, оның өзінде де
араб-парсы сөздерінің құрамында ғана қолданылып, -и жалпы
сын есімнің сөз тудырушы жұрнағына айнала алмады. Олай болу
түсінікті де. Тілдің қоғам өміріне қарағанда баяу дамып, біршама
тұрақты болуын еске алсақ, аздаған бір кезеңде тілдің жаңа бір
грамматикалық категориясын жасай қою мүмкін де емес.

-И арқылы қабыса байланысқан сөз тіркестері XX ғасырдың
бас кезінде толық қалыптасып, «Айқап» журналының беттерінен
тұрақты орын алды дей алмаймыз. Біріншіден, бұл қатыстық есім-
дердің сан жағынан аздығы жəне «Айқап» беттерінен солардың
өздері сирек кездесетінін, екіншіден, жаңа кіре бастаған ондай
сөздер мен сөз орамдарының мағыналық «мешеуліктерін», қол-
данылу аясының тарлығын, шектілігін ескерсек, XX ғасырдың
бас шағы қазақтың əдеби тіліндегі, əсіресе ғылыми əдебиет пен
публицистика тіліндегі -и арқылы қабыса байланысқан жаңа
үлгідегі сөз тіркестерінің туа бастаған, жазба əдеби тілден орын
ала бастаған кезеңі деп қорытуға болады.

Қазіргі кезде -и арқылы жасалған қатыстық сын есімдер санау-
лы болса да, олардың тіркесу қабілеттілігі анағұрлым артық. Бұл
сөздердің пысықтауыш қызметінде етістікпен қабыса байланы-
суын былай қойғанда, тілімізде есім тіркестердің саны ұшан-
теңіз. Олай болса тіркес құрамындағы жеке сөздердің мағына өрі-
сінің кеңеюі айқын. Қандайда сөздердің болмасын жеке дара тұр-
ғанда мағынасы толық, ашық аңғарылмайды. Жеке сөздердің
мағынасы екінші бір сөздермен қарым-қатынасқа түскенде, сөз
тіркесінің құрамында, контексте ашылып, айқындала түседі.
Тіліміздегі жеке сөздер ойдың материалы ғана, оларды атағанда,
ойымызда сонымен қабат сол сөздердің қасиеттері, мағыналық
реңктері бірге байқалып отырады. «Ешбір сөз адам санасында
жеке дара тұрмайды. Керісінше біз сөздерді топтап, олардың ара-
сындағы жаңа байланыс амалдарын табуға тырысамыз. Сөздер
өзінің семантикасы немесе морфемасы не тіпті фонемасы арқы-
лы басқа сөздер ұясымен бірлікте болады», – деп көрсетеді

366 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

Ж. Вандриес [22, 172]. Сөздердің мағынасы сол сөздің тіркесу
қабілеттілігімен тығыз байланыста болады. Яғни сөздердің тіркесу
мүмкіндігіне қарай олардың мағыналық байлығы да көрініп
отырады. Мысалы, нақтылы не абстракты ұғымдағы сөздерді
алсақ, олар белгілі атрибутивтік қатынаста жұмсалады. Олардың
атрибутивтік мағына қажеттілігіне сай, сол сөз соншылықты
анықтауыштық тіркеске түседі, оның анықтауыш сөздері ішкі
семантикалық-мағыналық реңктерінің санымен сəйкес келіп оты-
рады. Сол сияқты заттың атрибуты қызметіндегі сөз кез келген
лексеманы анықтай бермейді, мағыналық үйлесімді сөздермен ғана
тіркесе алады. «Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер
ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында
айтыла алады» [12, 16]. Сөйтіп белгілі бір сөз тілде бұрын-соңды
байқалмаған екінші бір сөзбен қатынасқа түсіп, жаңа сөз тіркесінің
құрамында айтылса, ол сөздің мағынасына тағы бір жаңа үстеме
мағынаның қосылғаны даусыз. Тілдің даму барысында екінші
бір тілдің əсерінен, болмаса экономиканың, мəдениеттің, ғылым
мен техниканың өрлеуіне байланысты сол тілдің өз топырағында
жаратылған жаңа сөз тіркестері, жаңа байланыстар туып оты-
ратыны айқын. Міне, осындай жаңа сөз орамдарына -и арқылы
қабыса байланысқан сөз тіркестері жатады. Олардың құрамындағы
қатыстық сын есімдердің шын мəнінде мағыналық өрісінің кеңеюі,
тіркесу қабілеттілігінің артуы Октябрь революциясынан кейінгі
кезеңнен басталады. «Айқап» журналының беттерінде -и арқылы
қабыса байланысқан сөз тіркесі сан жағынан санап аларлықтай-ақ
онша көп болмаса, 20 жылдардағы баспасөз беттерінде осындай
тіркестердің саны күрт артып, көбейе түседі. Бұндай тіркестердің
саны артуында тікелей орыс тілінің əсері де жоқ емес, мысалы,
орыс тіліндегі исторический сын есімінің қолдану шеңберіне
сəйкес қазақ тілінде оның баламасы ретінде тарихи деген сөз
пайда болды. Орыс тілінде исторический қатыстық сын есім
қанша затты анықтаса, қазақ тілінде соған сəйкес тарихи деген
анықтауыш соншалық тіркес құрып отыратыны байқалады. Тіпті
жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ орыс тілі арқылы енген жаңа
ұғымдар мен құбылыстарға байланысты бұл есімдердің көптеген
жаңа зат атауларымен тіркескенін көре аламыз.

Мысалы, «Қызыл Қазақстан» журналының 1922–1926 жылдар

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 367

арасындағы сандарында тек саяси деген сөз мынадай тіркестердің
құрамында қолданылған: саяси партия (политическая партия),
саяси мəселе (политический вопрос), саяси сауатсыздық (по-
литическая безграмотность), саяси жағдай (политическое усло-
вие), саяси тұрмыс (политическая жизнь), саяси қателік (полити-
ческая ошибка), саяси жағынан (политической стороны), саяси
теңдік (политическое равноправие), саяси орталық (политичес-
кий центр), саяси банкрот (политический банкрот), саяси жол
(политический путь), саяси ағым (политическое течение), саяси
бағыт (политический курс), саяси мақсат (политическая цель),
саяси хал (политическое положение), саяси мектеп (политическая
школа), саяси бөлім (политический отдел), саяси басшы, жолбасшы
(политический руководитель), саяси іс (политическое дело), саяси
жұмыс (политическая работа), саяси білім (политическое знание),
саяси бюро (политбюро), саяси топ (политическая группировка),
саяси астар (политическая подоплека), саяси тілек (политическое
требование), т.б. Бертін келе, кейінгі дəуір мерзімді баспасөз тілін-
де бұл сияқты тіркестер толық орнығып, қалыптасып қана қойған
жоқ, сонымен бірге олардың қатары толықтырыла түсті. Қазіргі
кездегі газет-журналдар, ғылыми, саяси əдебиеттердің тілінде
саяси қатыстық есімнің, жаңа сөздермен тіркесіп қолданылуы арт-
қанын көреміз: саяси сана (политическое знание), саяси сүйкімсіздік
(политическая антипатия), саяси экономия (политическая эконо-
мия), саяси қозғалыс (политическое движение), саяси ілім (поли-
тическое учение), саяси баспа орындары (политическое издатель-
ство), саяси өрлеу (политический подъем), саяси қайраткер (поли-
тический деятель), саяси қызметкер (политработник), саяси көз-
қарас (политическое мировозрение), т.б.

Сол сияқты тарихи сөзінің қолданылу өрісі, тіркесу қабілетті-
лігі 20-жылдардың өзінде арта түсті.

Мысалы: тарихи адым, тарихи дəуір, тарихи себептер,
тарихи күн, тарихи дерек, тарихи көзбен қарау, тарихи баға, т.б.
Осы іспеттес тіркестердің жаппай қолданылу кезеңі совет дəуі-
рінің алғашқы жылдарынан басталады десе де болады. Əсіресе
қоғамдық-саяси публицистика тілінде орыс тілі арқылы келіп жат-
қан жаңа ұғымдар бұл сөздердің қолданылу қабілеттілігін кеңей-
те, өркендете түсті.

368 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

Бірақ бұл тұлға үлгі ретінде əдеби тілімізге сол кездің өзінде-
ақ толық сіңісіп кетті дей алмаймыз. Əдеби тіл тарихына, əсіресе
баспасөз тілінің даму тарихына, көз жіберіп қарасақ, бұндай
қатыстық сын есімді тіркестерден қашу, оның орнына изафеттік
қатынастағы тіркестердің екінші түрін, немесе -лық (-лік, -дық,
-дік, -тық, -тік) қосымшасы арқылы жасалған анықтауыштарды
қолдану арагідік кездесіп отырады. Ғылымдық қортынды жасау
үшін көп зерттеп, көп материал жинау керек (Ауыл, 1935, №9–
10). Қазақ көркем əдебиеті мен гəзет-журналдың тілін бақылап,
қазақ тілінің ғылымдік синтаксисін жасауға материал жинастыру
(Сонда). Қырғыз-қазақ тілінде айына бір чығатұн саясат –
чаруачылық, білім, адабиет журналы («Чолпан», №1, 1922).
Қалықтың мəдениет даражасы, олардың шаруашылықтарын
жүргізу жолдары мен түрлеріне қарай жаңағы сан біреуінде
артыб, біреуінде кеміб тұрады (ЕҚ, 11 июль, 1926). Ауылдағы
саясаттық-ағарту жұмысының да негізі осы (ЕҚ, 28 июль,
1926). Əскерлік жұмысына дайындалу керек (ЕҚ, 17 август, 1926).
Саясат сабақтарын оқыту əдістері (ҚҚ, №4-5, 1928). ... Мəселе
пролетариат бен оның жолбасшысының мəдениеттік өзгерістің
үш мəселесі (ҚҚ, №3, 1928).

Бірақ кейінгі кезеңде бұлар қайта тұрақтана бастады.
Сонымен бірге -и кейбір біріккен сөздердің құрамында да
кездесіп жүр. Орыс тіліндегі бірқатар біріккен сөздер (құрамында,
əсіресе алғашқы компонентіне -и жалғана алатын сөздер) қазақ
тіліне аударылғанда, осы көрсеткіш сақталып, екі сөз орыс тілінің
үлгісімен дефис арқылы жазылып жүр: ғылыми-зерттеу (научно-
исследовательский) институты, мəдени-бұқаралық (культурно-
массовый) жұмысы, саяси-тəрбие (политико-воспитательный)
жұмысы, ғылыми-методика (научно-методический) кабинеті,
саяси-бұқаралық (массово-политический) жұмыс, т.б.
Сөйтіп, қазақ тілінде қабыса байланысқан тіркестің бұл тү-
рінде екі түрлі тілдің əсері байқалады: араб-парсы жəне орыс
тілдері. Бірақ ол екі тілдің тигізетін ықпалы екі түрлі. Араб-парсы
тілдерінен сөздер мен осы грамматикалық тұлғаның енуі, немесе
генетикалық жағы болса, орыс тілінің əсері – бұл форманттың
байланысқа түсуі, сөздердің мағыналық өрісінің өркендеп, кеңею,
тіркесу қабілеттілігінің артуынан байқалады.

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 369

Осындай қатыстық сындар қазіргі түркі тілдерінің бəрінде
бірдей кездесе бермейді жəне ол сөздердің саны да бір келкі емес.
Бұл сын есімдер негізінен қазіргі азербайжан, башқұрт, қазақ,
қарақалпақ, қырғыз, өзбек, татар, түрікмен, түрік, ұйғыр тілдерінде
қолданылады да, тува, хакас сияқты араб-парсы елдерінің əсері өте
аз тараған халықтардың тілдерінде бұл құбылыс байқалмайды.

Кейбір еңбектерде -и сын есім (жəне үстеу) тудыратын (өнімсіз)
жұрнақ [78, 36] деп есептелсе, кейбір əдебиетте ол «жаңсақ» пікір
деп есептеледі. Кейінгілердің айтатын дəлелі – бұл қосымша
арқылы жасалған сөздер бөліп-жаруға келмейтін бір бүтін
түбірлер; мысалы, саяси, мəдени сияқты сөздерден -и-ді алып
тастаса, онда саяс, мəден деген сөздердің қазақ тілінде ешқандай
мағынасы болмайды [40, 115].

-И қазақ тіліне араб-парсы тілдерінің сөздерімен бірге енген,
өйткені қандай да грамматикалық тұлға бір тілден екінші тілге
таза өзі енбей, кірме сөздер, лексика арқылы келетіні ақиқат. Жəне
-и арқылы жасалған қатыстық сындар, негізінен, араб-парсы сөз-
дері екені де белгілі. Сонымен бірге бұл тұлғаның басқа да ерек-
шеліктері бар. Қазақ тілінің фактілері -и тұлғасының өзгеріп
болса да қолданылып келгендігін, қазақ топырағына тамырын
жая алатынын көрсетеді. Ең алдымен, -и арқылы жасалған сын
есімдердің барлығы бірдей тек туынды күйінде ғана қолданылады
деген пікір тіл фактілеріне қайшы келеді. Олардың бірқыдыруы
бастапқы түбір күйінде (-и жұрнағын жалғамай-ақ) қазақ тілінде
айтылады: əскер – əскери, ғылым – ғылыми, ілім – іліми, дін – діни,
кəсіп – кəсіби, кітап – кітаби, тарих – тарихи, ресім – ресми, т.б.
Мысалы: Мен білмеймін: жалыну, жағынуды, ресім, ұлық, Құдай
деп табынуды (С. Торайғыров). Екіншіден, осы қатыстық сындар-
дың кейбіреулері қазақ тілі топырағында -и арқылы кейінгі жыл-
дарда жасалған. Ғылым негізінен орыс тіліндегі «наука» дегеннің
баламасы ретінде қабылданылып, «научный» дегенге ғылыми
қатыстық сын есімі алынып келді. Ал «ученье» деген сөзді білдіру
үшін көбіне ілім қолданылып жүр. Қазақ тіліндегі бұл сөздердің
(ғылым мен ілім) шығу тегі бір, бұрын бір мағында, бір тұлғада
қолданылған араб сөзі. Қазіргі кезде олар дифференцияланып,
жеке-жеке сөз ретінде жұмсалады. Енді «ученый» деген ұғымды
білдіру үшін ілім деген зат есімге осы -и жұрнағын жалғап, іліми

370 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

деген қатыстық сын жасалынды (іліми хатшы – ученый секре-
тарь). Сол сияқты «профессиональный» деген ұғымға сəйкес
араб-парсы тілдерінен енген кəсіп деген сөзге -и үстеліп, кəсіби
қатыстық сын есімі алынып жүр. Кəсіби сөзі осы тұлғасында сын
есім ретінде араб-парсы тілдерінде қолданылмайды. Қазақ тілінің
өзінде де кəсіби сөзі толық орнықты деуге болмайды (негізінен,
кəсіби лексика, кəсіби сөз, кəсіби термин сияқты тіркестердің
құрамында айтылады). Кейбір лингвистикалық əдебиеттерде кəсі-
би лексика (не термин) болып берілсе, енді бірде профессионал-
ды лексика (не термин) түрінде қолданылған.

-И тұлғалы қатыстық сын есімдердің мерзімді баспасөз тілінде
актив қолданылуын мынадан да көруге болады. 1969 жылғы 16
октябрьдегі «Социалистік Қазақстан» газет тілінде жұмсалған
8834 сөз қолданыстың 40-ы -и тұлғалы қатыстық сын есімдер, яғни
барлық сөз қолданыстың 0,45%. Олар əскери адам, ғылыми пəн,
ғылыми аппаратура, ғылыми негіз, ғылыми қызметкер, ғылыми-
зерттеу жұмысы, ғылыми-зерттеу жүргізу, мəдени өнер, мəдени
тұрмыс, ресми адамдар, ресми сапар, саяси экономия, саяси
өрлеу, саяси қайраткер, саяси бюро, табиғи жағдай, тарихи
салыстырма əдісі, тарихи материализм, тарихи грамматика,
ғылыми-техникалық зерттеу жұмыстары, т.б. Сол сияқты ке-
йінгі кезеңдегі баспасөз беттерінде əлеумети (мəселе), сыни
(мақала) деген тəрізді қатыстық сын есімдер де қолданылып жүр.
Бұл тұлғаны əлі де болса жандандыра түсуге болады. Мысалы,
əлемдік, принциптік сияқты сын есімдерді əлеми (түркология),
принципи (мəселе) тəрізді етіп қолдануға болар еді.

Бұдан басқа тілімізде зат есімдерге, əсіресе ел, жер, халық т.б.
атауларына қосылып, заттың тегін, екінші бір затқа қатысын
көрсететін -ы, -і жұрнақтары бар. Бұл қосымшаның сөзге жалғану
қабілеті мен сөйлеу процесінде қолданылу мүмкіндігі, басқа сөз-
дермен тіркес құрауы, əрине, бірдей емес. Осы қосымша арқылы
жасалған сөздер негізінен мыналар: арабы (кілем), түрікмені (ер),
қытайы (қызыл жібек), базары (мал), қалмақы (ер, үзеңгі), қазақы
(ат, сиыр, қой, т.б.), қоқаны (ер), бұқары (бидай), алтайы (қызыл
түлкі), қалайы (қасық), естекі (ер), арамы (адам), құдайы (қонақ,
кісі), т.б. Бірнеше мысал: Қазақ театр коғамының жанындағы
өндіріс комбинатының коллективі Монреальдегі халықаралық

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 371

көрмеге қазақы тақиялар əзірлеуде («Қаз. əдебиеті», 1967, 24
февраль). Ақсаңдай басып жөнелген, бірақ бара-бара шабысын
үдете берген жаралы құланды жабыла қуған кезде, хан астындағы
жүйрік қыпшақы тұлпарымен қосшыларынан қара үзіп шыққан
екен (Сонда, сентябрь). Тізесінде жатқан оң қолы асығыс қозға-
лып, шанағы қобыздың қыл шегіне жанасты (Сонда). Монтаны
молданың осы қылығын Тұрмағамбет ақын əшекерелеп, ұзақ
өлең шығарады (Сонда, 1965, 9 июль). Демалыс күні болатын, бір
демалыста күндіз үстінде қара көк мауыты пальтосы бар, соған сай
қара көк кепка киген, қайырған қаршығадай дембелше қара жігіт
кіріп келді («Қаз. мұғалімі», 1965, 28 август). Сырбайдың белінен
түспейтін қазақы кісесі болушы еді (Мұқанов). Арамы қылық
ретінде қожайыннын бетіне басқаны дұрыс па, жұмыскерлердің
өздеріне сездіргені дұрыс па, ол соны ойлап тоқтап еді (Мүсіре-
пов). Қалмақы ердің қасы деп, Нақ кіндіктің басы деп (Қобыланды
батыр).

Осы -ы, -і арқылы жасалған сын есімдердің кейбіреуі өлі
түбірге айналып кеткен, түбір сөзбен қосымшаның арасы бірігіп
ажыратылмайтын болған, оған мысалдағы шанағы, монтаны,
мауыты сөздерін жатқызуға болады. Шанақ – қобыздың, домбы-
раның, қуыс домалақ бөлегі. Бұл сөзді табақ мағынасында қолда-
нылған аяқ-шанақ сөзімен салыстыруға болады. Л.З. Будаговтың
көрсетуінше, монтаны – екі жүзді, ал мауы араб тілінде көк,
көгілдір [20, 1, 200, 268], ал т – əйел тектің (женский род) көрсеткіші
де, оған -ы қосымшасы үстелген. Бұған тағы сөзін де жатқызуға
болады. Ал біразы тіпті заттанып, бір нəрсенің атауы ғана болып,
сындық қасиеті басты мағыналық белгісі болмай, тек контекстік
мағынаға айналған. Мысалы, шыны, былғары, қалайы дегендер
нəрсенің сыны емес, белгілі зат, соның атауы ретінде қолданы-
лады. Бұл тəрізді сөздердің бастапқы түбірі олардың этимология-
сын қарастырғанда ғана байқалады. Қазіргі қазақ тілінде шыны
стекло, фарфор мағынасында заттың аты ретінде де, шыны аяқ
болып, сол заттан жасалғандығын көрсетіп, анықтауыш қызметін-
де де жұмсалады. Л.З.Будаговтың көрсетуінше, Чын-Китай, чын
уа мачын – Китай жəне Кохиникина, ал шыны – қытайлық жəне
шыны немесе фарфор ыдыс [20, І, 509]. Ерте кезде Қытайды Шын
(чын) деп атағаны мəлім. Оны мынадан да байқауға болады:

372 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

Бағдат, Мысыр, Шын, Мəшін,
Іздесем, Қорлан табылмас («Қорлан» əні), «Құтадғу білікте»
чын хакімлері деген тіркес те ұшырасады (49, 231). Сонда шыны
деген сөз қытайлық, қытайдың деген мағынаны білдіреді. Демек, о
баста шыны заттың атауы емес, ол заттың тегін, қатысын білдіретін
анықтауышы болған. Кейін келе сындық мағынасы бірте-бірте
бəсеңдеп, бұл ұғым заттың атауына көше бастаған. Сөйтіп сөздің
мағыналық дамуының нəтижесінде жаңа ұғым туған, мағына
дамуы былай болса керек. Шын < шыни < шыны басқаша айтқанда:
Қытай < қытайлық зат <қытайлық < шыны (стекло). Сөздің сындық
мағынасы, негізінен, шыны аяқ деген тіркесте сақталған.
Былғары сөзіндегі -ы осы қосымша болуы керек. Сөздің түбірі
болғар (булгар) деп жорамал жасауға болады. Сөйлеу тілінде бұл
сөз бұлғары болып айтылады жəне ертеректегі сөздіктерде де
осы тұлғасында берілген. Л.З. Будаговтың көрсетуінше, бұл сөз
əрі бұлғары деген затты, сафьянды, əрі Булгарияны, яғни Бұлғар
мемлекетін білдіреді [20, І, 290]. Бұл пікірді тарихи фактілер де
дəлелдей түседі. Академик В.В. Бартольд былай деп жазады:
«В X в. из страны болгар и их соседей зывозились только меха
пушных зверей, продукты пчеловодства (воск и мед) и рабы; город
Болгар на Волге тогда был незначительным поселением с хижинами
из тростника и войлочными шатрами; ко времени монгольского
завоевания он сделался каменным городом с населением не менее
50000 человек и с собственной отраслью промышленности –
кожевенным производством, которые потом наследовали русские;
«болгарские сапоги» были предметом внешней торговли и
пользовались известностью в Туркестане» [14, 186–187]. Демек,
бұл сөз тілімізге алғаш енгенде, болғарлық зат мағынасында
еніп, кейін сол заттың атына жоғарыда көрсеткеніміздей айналып
кетсе керек. Демек, былғары сөзі халық, ел, қала атынан шыққан
болу керек. Оның мағыналық дамуын былай көрсетуге болар еді.
Болғар – булғар < булғары зат < бұлғары зат < бұлғары < былғары.
Кейін бастапқы буындағы еріндік ұ езулік ы дыбысына айнала
бастағаны сезіледі. Бұл тəрізді сөздердің даму жолын былай да
көрсетуге болады: атау (халық, ел, жер аты) < қатыстық сын <
жаңа зат. Ал қалмақы, қазақы сияқты сөздер бұл дамудың үшінші
дəрежесіне (жаңа затқа) жетпей, қатыстық сын дəрежесінде қалып
қойған.

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 373

Осы қатыстық сын есім жасап тұрған -ы, -і қосымшалары
қазіргі тілімізде қолданылып жүрген саяси, əдеби, мəдени тəрізді
сөздер құрамындағы араб-парсы тілдерінен енген -и жұрнағымен
астасып келеді. Профессор Қ. Жұбанов қазіргі қазақ тіліндегі
тағы сөзі (тағы мал, тағы аң дегендердегі) тау (гора) деген-
нен шықты дейді. Көне түркі (жəне кейбір қазіргі түркі) тілде-
рінде тау сөзі тағ тұлғасында қолданылатыны белгілі. Профессор
Қ. Жұбановтың айтуынша, бұл сөздегі жəне осы сияқты қазақы,
естекі, түрікпені, қоқаны, құдайы дегендердегі -ы, -і парсы
тілінің нисбеті -и [34, 36–37], қатыстық сын есім тұлғасы. Демек,
тағы деген сөз таудағы, таулық деген мағынаны білдіреді. Бертін
келе тағы сөзінің мағынасы біршама өзгергенге ұқсайды, ол
тек таудағы ғана емес, жалпы даладағы, қолға үйренбеген деген
сөздердің мағынасында қолданыла бастайды.

Қазақ тілінде осы тəріздес, осыған ұқсас тұлғалар да жоқ
емес. Мысалы, өлі (ет, жүн), толы (шəйнек), жіті (көзқарас), т.б.
сөздердің түбірі өл, тол, жіт етістіктері де, -ы, -і олардан сын
есім тудырып тұр. Осы топқа мына сөздерді де жатқызуға болады:
ұлы, кіші, жылы, тірі, сары (түс), т.б. Соңғы сөздер бөліп-жаруға
келмейтін тұтас лексикалық бір бүтінге айналған. Бұл сөздердегі
-ы, -і қосымшалары жоғарыдағы аталып өткен қазақы тəрізді
сөздердегі -ы, -і жұрнақтарымен бір емес. Бұлардың тек сыртқы
тұлғасы ұқсас болғанмен, шығу төркіні бөлек-бөлек. Соңғы
сөздердегі -ы, -і – түркі тілдерінің төл қосымшасы, олардың көне
түрі -ығ, -іг (-уғ, -үг). Бұл тұлға қазіргі кейбір түркі тілдерінде
сақталған, мысалы, өлі, жылы деген сын есімдер тува (өлүг,
чылыг), шор (олуг, чылыг), хакас (өліғ, чылығ), ұйғыр (өлүк,
йилиқ), өзбек (ұлик, илиқ) тілдерінде сақталған [35, 189–190].
Көне түркі тілінде өліг (мертвый), сарығ (желтый), улуғ (важный,
большой), улуг атлуғ (именитый, славный, [49, 406, 420, 438].
Қазақ тіліндегі «Ұлық болсаң, кішіг бол» деген мақалда ұлы,
кіші сөздерінің көне тұлғасы сақталған. Басқа жағдайларда сөз
соңындағы тіл артқы ғ, г түсіп қалған. Тірі сөзінің түбірі етістік
екенін мынадан да аңғаруға болады: əдетте есім түбірге бірден
ырықсыз етіс жұрнағы жалғанбайды, ал тірі түбірден тікелей
жасалған тіріл деген ырықсыз етіс бұл түбірдің етістік екенін
көрсетеді. Бұл екі қосымшаның грамматикалық қызметі де екі

374 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

түрлі екенін байқаймыз: алғашқы -ы, -і (и) негізінен мекендік
ұғымдағы есім сөздерге, ел, халық, жер атауларына жалғанып,
екінші анықталушы заттың тегін білдіріп тұрса, соңғы -ы, -і,
-ығ, -іг) етістік түбірге жалғанып, заттың, қимылдың сынын
көрсетеді. Демек, бұл екі қосымша бертін келе тұлғасы жағынан
бір-біріне жақындай түскен. Тілімізде бұлардан басқа да тұлғалас
қосымшалар бар; ол есім түбірден етістік тудыратын -ы, -і (-а, -е)
жұрнағы, мысалы, бай-ы, жар-ы, қар-ы (қариды дегенде), жер-і
(салыстырыңыз: жер-кен), ар-ы, жас-ы, қас-ы, тас-ы, су-ы, бек-і,
ер-і, іс-і, желп-і, жор-ы, құр-ы, тан-ы, т. б. Осымен қоса көне түркі
тілінде үстеу, көсемше тудыратын да -ы,- і жұрнақтары болғанын
атап кету керек. Олардың кейбірі төменде сөз етіледі.

Сөйтіп қазақ тіліндегі бір тұлғалы -ы, -і тарихи жағынан төрт
түрлі жұрнақ болғанын көреміз: 1) -ы, -і (и) араб-парсы тілдерінен
енген; 2) -ы, -і (-ығ, -іг, -ұғ, -үг) етістіктен есім тудыратын; 3) -ы,
-і (-а, -е) есім түбірден етістік тудыратын; 4) -ы, -і үстеудің көне
жұрнағы.

Демек, парсы нисбеті -и халық тілінде -ы, -і дыбыстарына
ауысқан. Бұл дыбыстардың жазуда таңбасы бір (и) олардың төркіні
де жақын. Сонымен бірге сөз соңында -и айтылуы қазақ тіліне
негізінен тəн құбылыс емес екені байқалады. Мысалы, араб-парсы
тілдерінен тұтас сол күйінде енген суфи, қази, харами, адами,
пери, фарси тəрізді сөздер тұлғасын (əсіресе соңғы дыбысын)
өзгертіп, сұпы (сопы), қазы, арамы, адамы, пері, парсы болып
айтылып, осылай қалыптасты. Түп нұсқадағы тұлға тек кейбір
күрделі сөздерде ғана сақталған, мысалы, перизат, шаризат т.б.
Ал тіпті адамзат дегенде түсіп қалған (түп нұсқада адамизат).
Сөйтіп тіліміздегі -и мен мекендік ұғымды білдіретін -ы, -і
қосымшаларының төркіні бір: -и қазіргі əдеби тілімізге «кітаби
тіл» арқылы келіп кірсе, -ы, -і негізінен халықтың сөйлеу тілі
арқылы қалыптасқан.

5. -Ы, -і тұлғалы есімдердің қолданылу ерекшеліктері

Бұл қосымшаның кейбір түрі жоғарыда сөз болды. Əдетте
-ы, -і қосымшаларын айтқанда, ойға бірден тəуелдік жалғаудың
3-жақ көрсеткіштері (кітаб-ы, мал-ы, көз-і, т.б.) оралады. Ол заңды
да. Өйткені осы тұлғалас морфологиялық формалардың қай-

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 375

қайсысымен салыстырсақ та, тəуелдік жалғаудың 3-жақ көрсеткіші
сөзге жалғануы жағынан болсын, сөйлеу процесінде сөз құрамында
қолданылуы жағынан болсын көзге бірден түсетін өнімді, жиі
жұмсалатын қосымшалардың қатарына жатады. Тəуелдік жалғау-
дың көрсеткіштері мектеп грамматикалары мен жоғары оқу
орындарына арналған оқулықтарда, сол сияқты бұл категория
сөз етілетін зерттеулерде барынша тəптіштеліп баяндалса да,
оның сыры жан-жақты толық ашылды деуге болмайды, Мезгілдік
мағынаны білдіруге жақын тұратын кейбір зат есім сөздер (мысалы,
күн, түн, жаз, қыс, сапар, өмір, т.б.) сөйлемде жоғарыдағы -ы, -і
қосымшасын қабылдайды. Бұндай зат есімдердің 3-жақ тəуелдік
жалғаулы басқа сөздерден айырмашылығы бар. Бұл қосымша
əдеттегі тəуелдік жалғауы білдіретін меншіктілік-тəуелділік мағы-
наны білдірмейді, оның үстіне ілік септік жалғаулы сөзбен де
байланысып тұрмайды. Оны мына төмендегі мысалдардан анық
байқауға болады. Жаман тату қазады өзіңе ор, Оған сенсең, бір күні
боларсың қор (Абай). Бұлақ күні-түні ағып, алыс жерлерге барады
(Ы. Алтынсарин). Мұқтар екеуі Ленинградта оқыған жылдары
да жұптарын жазбастан бір пəтерде тұрып, бос уақыттарын бірге
өткізетін (ҚƏ, 1968, 27 апрель). Қысы-жазы құс салатын Ораз əр
күні қоржынын толтыра құс, қанжығасын толтыра аң əкелмей
қоймайды (С. Мұқанов). Аудандық комсомол комитеті бұл жолы
жаза баспапты (ЛЖ, 1967, апрель). Бұл күндері республикамыздың
фермаларында маңызды науқан басталды (СҚ, 1968, 29 март).

Келтірілген мысалдардағы күні, күні-түні, жылдары, қысы-
жазы, жолы, күндері сөздеріндегі -ы, -і қосымшалары қандай
категорияның көрсеткіші? Тəуелдік жалғауының 3-жағы ма?
Бұл сөздердегі -ы, -і тұлғаларын түбірден ажыратып талдауға,
тұлғалық құрамына қарай бөліп қарауға болады: күн-і, жыл-ы,
жыл-дар-ы, бү-гін-дер-і, қыс-ы, жаз-ы, жол-ы, күн-дер-і. Бұл
мəселе қазақ тілі грамматикалары мен оқулықтарында сөз бол-
майды. Г.А. Абдурахманов өзбек тілінде кездесетін бесінші күні
келді (бешинчи күни келди) деген тəрізді ыңғайда келген күні сөзін
түрік изафет конструкциясы құрамында қарастыра отырып, сөздің
соңындағы -ы, -і көрсеткішін тəуелдік жалғаудың 3-жағы деуге
болмайтынын да айтады. «Мұндай жағдайда, – дейді автор, – -ы,
-и (і) қосымшасы тəуелдік жалғау категориясының көрсеткіші

376 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

болуы күмəнді, сондықтан, мүмкін, оны ерекше грамматикалық
категорияға, белгілілік категориясына (особая грамматическая
категория определенности) жатқызуға болар», өйткені, автордың
көрсетуінше, «тəуелдік жалғаудың 3-жақ көрсеткіші мұндай жағ-
дайда нақтылықты, айқындылықты, белгілілікті білдіру үшін қол-
данылады» [3, 129]. Ал бұндай қолданыстағы конструкциялар
XІ ғасыр жазбаларының тілінде кең түрде қолданылған.

Демек, автор бұл ыңғайда келген -ы, -і қосымшасын тəуелдік
жалғау деп қарағанмен, оған өзі күмəнданады да, тəуелдік жалғау-
дың өзгеше бір түрі деген шешімге келеді. Кейбір тіл мамандары-
ның айтуынша, бұл ыңғайдағы -ы, -і қосымшасы бір кездегі изафет
ІІ конструкциясының бірінші компоненті түсіп қалуынан қалған
қалдық. Яғни тəуелдік жалғауы, өзі байланыстыратын ілік септік
жалғаулы сөз (кейде ол жасырын да тұрады) түсіп қалғанмен,
екінші сөздің құрамында қалып қойып, кейін тəуелдік жалғаудың
мағынасынан бірте-бірте айырылып қалған. Бұл пікір негізінен
жыл сөзімен байланысты ғана көрсетіледі. Ондағы негізгі дəлел –
жыл сөзінің ертеректе қазақ ұғымында (жалпы көне түрік халық-
тары ұғымында да) он екі циклді болып, хайуандар атауларымен
келуі. Яғни ит жылы, қоян жылы, барыс жылы, тышқан жылы,
т.б. конструкциялардың құрамындағы жылы сөзінің морфология-
лық тұлғасы тұрақтанып, кейін алдыңғы анықтауыштары түсіп
қалғанда, ол морфологиялық тұлға қалдық ретінде сақталып
қалған. Бірақ бұл сөздің бұндай эволюциясын көрсетерлік факт
жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, жоғарыда келтірілген жолы, күні,
түні, жазы, қысы т.б. сөздердің құрамындағы бұл қосымшаларды
дəл осылай түсіндіруге болмайды. Ал жылы дегендегі жəне бұл
сөздердегі ы, -і қосымшаларының мағыналық, сөйлемдегі қызметі
жағынан бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Үшінші, жоғарыда
келтірілген Г.А. Абдурахмановтың көрсеткеніндей, XІ ғасырдағы
жазба ескерткіштердің тілінде бұл қосымшаның осы ыңғайдағы
конструкцияда кең қолданылуы оның көне кезеңдерде де ерекше
қызметі мен грамматикалық мағынасы болғанын көрсетеді. Енді
-ы, -і қосымшалы сөздердің басқа сөздермен тіркесу формаларын
қарап көрейік. Бұл сөздер негізінен басқа сөздермен екі түрлі
ыңғайда байланысады. Біріншісі – өзінен бұрын тұрған сөзді
бағындырып тұрады да, екіншісі – өзінен кейінгі сөзге өзі бағынып

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 377

тұрады. Байланысу формасы жағынан бұл екі ыңғайдың екеуі де
бір типтес. Өзінен бұрынғы сөзді бағындырып тұрғанмен, -ы,
-і қосымшалы сөз онымен тек қабыса байланысады. Жоғарыда
келтірілген мысалдардың қай-қайсысынан да ол анық көрінеді: бір
күні, өткен жылы, биылғы мерекелі жылы, бүгінгі күні, оқыған
жылдары, əр күні, бұл жолы, бір жылдары, бұл күндері, т.б. Немесе
бұндай байланысатын сөздері болмайды. Оны мысалдағы мына
сөздер анық байқатады: күні-түні, қысы-жазы. Бұл мысалдардағы
сөздер жоғарыдағыдай байланысқа түсетін сөздерді мүлдем керек
етпейді. Ал бұл сөздер тəуелдік жалғаудың 3-жағында тұрса, тіпті
сөйлемде онымен байланысатын сөз түсіп қалған күннің өзінде де,
ол сөздің бар екенін жəне қандай сөз екенін тəуелдік жалғаулы сөздің
мағынасынан, жалпы контекстен табуға əбден болады. Мысалы,
бала кітабын əкеп берді деген сөйлемде кітабын сөзіндегі тəуелдік
жалғаудың 3-жақ көрсеткіші оның бала сөзімен мағыналық
байланысы бар екенін білдіріп тұр (баланың кітабы немесе бала
өзінің кітабын). Ал тіпті алдында анықтауыштары тұрғанның
өзінде ол екі сөз (анықтауышы мен -ы, -і қосымшалы сөз) əдеттегі
ілік септік жалғауындағы не ол көрсеткіш түсіп қалған сөз бен
тəуелдік жалғаулы сөз сияқты меншіктілік я қатыстық мағынада
байланыспайды. Ілік септік жалғауы болмағанда да, тəуелдік
жалғаулы сөз арқылы алдыңғы сөзді кейде ілік септік тұлғасына
қоюға болады (Абай шығармалары – Абайдың шығармалары, т.б.).
Ал жоғарыда берілген тіркестерді олай құбылтуға болмайды,
яғни олар бірдің күні, өткеннің жылы, биылғы мерекелінің
жылы, бүгінгінің күні, оқығанның жылдары, бұның күндері деп
өзгертуге көнбейді. Бұның өзі осы қосымша тəуелдік жалғаудың
3-жақ көрсеткіші емес екенін көрсетеді, өйткені қолда бар жазба
нұсқаларға қарағанда сонау V– VІІІ ғасырларға жататын Орхон-
Енисей-Талас жазба ескерткіштерінен бастап кейінгі кезеңдердегі
жазба мұралардың тілінде тəуелдік жалғау көрсеткіштерінің басқа
ыңғайда қолданылуы кездеспейді, яғни тəуелдік жалғаулы сөз
алдыңғы сөзбен тіркеске түскенде, ілік септік жалғауы арқылы
(кейде оның жасырын түрінде) байланысып, меншіктілік, қатыстық
мағынада жұмсалады.

Бұл пікірді дəлелдей түсетін екінші бір жəйт -ы, -і қосымшалы
сөздердің, берілген мысалдардан анық көрінетіндей, үнемі етіс-

378 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

тіктерге бағына тіркесуі. Жоғарыда көрсеткеніміздей бұнда да бұл
сөздер етістіктермен мезгілдік қатынаста қабыса байланысады:
(бір) күні қор боларсың, күні-түні (ағып), (оқыған) жылдары
тұрып, қысы-жазы (құс) салатын, (əр) күні əкелмей қоймайды,
(бұл) жолы жаза баспапты, (бұл) күндері басталды. Тəуелдік
жалғаулы сөздің атау тұлғасында бұндай қызметте, мағыналық
қатынаста қолданылуы – оның табиғатына жат құбылыс. Атау
тұлғадағы тəуелдік жалғаулы сөздің сөйлемде атқаратын қызметі –
бұндай мезгіл пысықтауыш болу емес, сөйлемдегі ойдың қазығы
бастауыш болу. Бұндай -ы, -і қосымшалы сөз, сөйлем ішінде осы
қосымша түсіп айтылғанда немесе нақ тəуелдік жалғауда тұрғанда
ғана бастауыш қызметін атқарады. Мысалы, бұл (немесе өткен)
күн (немесе жыл) бəрімізге жеңіс əкелді дегенде, күн(жыл) сөзі
сөйлемнің бастауышы болып тұр. Осы сөйлемді өзгертпей күн
(жыл) сөзіне -ы, -і қосымшасын ғана қосып қолдануға болмайды,
ондай сөйлем қазақ тілінің синтаксистік құрылымына тəн емес:
бұл (өткен) күні (жылы) бəрімізге жеңіс əкелді. Егер ол сөздерді
осы тұлғасында (-ы, -і қосымшасын үстеп) қолданатын болсақ,
бұл сөздер бастауыштық қызметтен айырылып, сөйлемнің құры-
лысы мүлдем өзгереді: бұл (өткен) күні (жолы) бəріміз жеңіске
жеттік (жеңіс алдық деген тіркес қазақ тіліне тəн емес, бұрын
қолданылып қалыптаспаған). Ол сөзге тəуелдік жалғауы жал-
ғанғанда да, осы жайды көруге болады. Бұл жолы олжалы
оралдың – бұл жолымыз олжалы болды дегенде де жол сөзіндегі
екі морфологиялық көрсеткіштің бір емес екені анық байқалады.
Ондай сөздерге тəуелдік жалғауы жалғанғанда немесе ешбір
қосымша қосылмағанда, олар таза заттық мағынада қолданылады
да, ал -ы, -і қосымшалары үстелгенде, заттық мағынадан айырылып,
адвербиалдық мағынаға көшіп, қимылдың мезгілін білдіруге
ауысады. Бұл да тəуелдік жалғаудың табиғатына жат құбылыс,
өйткені тəуелдік жалғау əсіресе басқа сөз таптарына жалғанғанда,
оны заттандырып, субстантивтендіріп тұрады. Көзімнің қарасы,
еріншектің ертеңі таусылмас дегендердегі қара, ертең сияқты
сын есім, үстеу сөздер өздеріне тəуелдік жалғау жалғанғандықтан,
заттық мағынаға ие болып, субстантивтеніп тұр. Сонымен бірге
ескеретін жəйт – осы тұлғадағы сөздерге септік жалғауы жалғанса,
онда сөздің құрамындағы -ы, -і қосымшасы түсіп қалады. Мысалы,

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 379

осы жолы олжалы болып қайттық, өткен жылы жоспар орын-
далды деген сөйлемдердегі жолы, жылы сөздерін септік жалға-
уында қолдансақ, ы, -і қосымшасы бүтіндей түсіп қалады: осы
жолдан олжалы болып қайттық, өткен жылда жоспар орын-
далды болып қолданылады. Егер осы қосымша тəуелдік жалғаудың
3-жақ көрсеткіші болса, септік жалғау жалғанғанда, түсіп
қалмаса керек еді. Осы келтірілген сөйлемшелерге қарағанда,
-ы, -і қосымшасы шығыс жəне жатыс септік жалғауларымен бір
мағынада яғни синонимдес қолданылған. Осы -ы, -і қосымшасы
жалғанып қолданылатын сөздер санаулы-ақ. Сол сөздерге
мағынасы жақын синонимдес басқа сөздер сөйлемде дəл осындай
функцияда қолданылғанда, бұл қосымша жалғанбай, көбіне жатыс
септік жалғауында жұмсалады. Мысалы, жол сөзіне синоним
сапар, сəт сөздері сапарда, сəтте болып, күн, түн, қыс, жаз
сөздерінен қызметі жағынан айырмашылығы жоқ кеш, күз сөздері
кеште, күзде болып жатыс септігінде қолданылады. Мысалы:
Бір кеште Бейсен екеуміз Айсалқынның үйінде қонақта болдық
(И. Жақанов). Осы сəтте есік ашылды да, жауырыны қақпақтай
тұлғалы жігіт кірді (Сонда). Бұл мысалдағы кеш, сəт сөздері кеші,
сəті тұлғасында жұмсалмайды. Ол сөздерді күн, жол сөздерімен
алмастырсақ, -ы, -і қосымшасын үстеп, бір күні..., осы жолы ...
тұлғасында əбден қолдануға болады. Сонымен бірге жол, жыл,
жаз, қыс, күн, т.б. сөздер осы ыңғайда жатыс септік жалғауында да
жұмсала береді. Ондай жағдайда жатыс септік жалғауының орнына
-ы, -і қосымшасын алмастырып қолдануға болады. Бұл күнде
(күні) облыстық тұтынушылар одағының сауда базасында еңбектің
қызған шағы (СҚ, 1968, 20 июль). Ол өткен жылда (жылы) жалпы
өнім шығару жөніндегі жоспарды министрліктің кəсіпорындары
бес процентке жуық асыра орындағанын, жоспарға қосымша 43
миллион сомның өнімі берілгенін хабарлады (Сонда, 1968, 29
март). Желсіз түнде (- түні) жарық ай (Абай). Бір ерекшелігі -ы,
-і қосымшалы сөздер бұл, осы сияқты есімдіктермен, алғашқы,
соңғы тəрізді туынды сын есім жəне реттік сан есімдермен тіркесіп
келе береді дедік. Ал осылардың үстіне есептік сан есімнен
болған анықтауышты қоссақ, -ы, -і қосымшасы түсіп қалып, оның
орнына сол мағына мен қызметте жатыс септік жалғауы жалғанып
жұмсалады: алғашқы он күнде (күні емес), соңғы бес жылда

380 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

(жылы емес), бұл екі жолда (жолы емес), т.б. Алғашқы екі-үш
күнде-ақ мыңдаған гектар шөп шауып, мая-мая пішен жинаған
озат коллективтің ұйымшылдығы облыс пішеншілеріне өнеге
боларлықтай (СҚ, 1969, 2 июнь).

Бұл сөздердің -ы, -і қосымшасын жамылып тұрғандағы тұлғасы
мен жатыс септігінде келуі өзара синонимдес, мағыналары жақын,
атқаратын қызметі (екі жағдайда да мезгіл пысықтауыш) ұқсас деп
қорытуымыздан, əрине, олардың арасында стилдік айырмашылық
жоқ деген пікір тумасқа керек. Бұлардың қолданылуында қандай
айырма реңк, стильдік ерекшелік бар – ол арнайы зерттеуді керек
етеді. Осы тұлғалардың бір-бірімен ұқсас, бірінің орнына бірі
қолдана берілуі мына мысалдан айқын сезіледі:

Алпыс бестен асқанда, Өмірде көзім көрмеген
Жетпіске қадам басқанда, Көрсетті Ленин қайратты
Өмірі естіп білмеген,
(Жамбыл)

Бұл үзіндідегі өмірі мен өмірде тұлғаларының мағыналық
жағынан болсын, сөйлемде атқаратын қызметі жағынан болсын
пəлендей айырмашылығы жоқ деуге болады.

Демек, осы айтылғандардың бəрі де сөз болып отырған -ы,
-і қосымшасының тəуелдік жалғау көрсеткіші емес екенін, ол
жатыс септік жалғауымен синонимдес форма екенін көрсетеді.
Сонда ол қандай грамматикалық категорияның көрсеткіші? Бұл
туралы мынадай пікір айтуға болады. Бұл қосымша көне кездің
сарқыншағы ретінде кейбір сөздің аясында ғана сақталып, сол
сөздер шеңберінде ғана қолданыста қалған. Оның түп төркінін,
біздіңше, зат есімнен немесе, үстеу сөздердің айналасынан іздеу
керек. Біздің байқауымызша, жоғарыда аталып өткен сөздер
қазіргі кезде бөлінбейтін, негізгі үстеулер деп аталатын əрі, əдейі,
арнайы, үнемі, əуелі, ұдайы, кері, əрі, тағы (тағы да келдің бе?
дегендегідей), əлі сияқты лексемалардың қатарына жататын тə-
різді. Өйткені бұл сөздердін жасалу жолдары біреу-ақ (сөзге -ы,-і
қосымшасы қосылу арқылы жасалған).

Əрине, бұл топшылауды айтқанда, сөз түрлерінің морфоло-
гиялық ерекшеліктері ескерілген жоқ. Біз тек сөз тудыру жағын
ғана сөз еттік. Бұлардың бірқатары (мысалы, арнай, салыстыр

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 381

арнап) етістік түбірлер де, біразы (мысалы, əр, бер, ұдай, т.б.) есім
түбірлер. Себебі, əр, бер деген сөздер көмектес септік жалғауында
тұрып жұмсала береді: Қарағым, бермен, кел (Абай). Ұдайы түбір
күйінде екі ұдай болып, заттық мағынада қолданылады. Ал етістік
түбір сөздерде мұндай құбылыс болмайды. Енді біразын тап басу
қиын, өйткені қосымша мен түбірдің арасы кірігіп кеткені сонша,
оларды ажырату қиын жəне түбір тұлғасын қазіргі түркі тілдерінен
не көне жазбалар тілінен кездестіре алмадық.

Бұлардың қатарына көне жазбалар тілінде кездесетін -ы, -і
қосымшасы арқылы жасалған көсемше үстеулер (деепричастные
наречия) да жатады. Мысалы, Күлтегін, Тоньюкук ескерткіштері-
нен бастап кейінгі кездерге жататын жазбалар тілінде қолданыл-
ған іті (істей), алы (ала), тегі (жете, тие), йана (тағы, жəне), өлі,
жіті, қалы (қалдық), тағы (качин тілінде тақ – бірінші рет істеу,
қайталау, монғолша дақын –тағы, қайталау, қазан татарларынша
тағын – тағы дегендерді білдіреді [49,47, 196–197].

Сонымен -ы, -і қосымшасы есім сөздерге де, етістік түбірлерге
де жалғанып, үстеу я көсемше үстеу тобы деп аталатын өзгеше
морфологиялық категория жасайды екен. Бұған мынадай дəлел
келтіруге болады. Көсемше əдетте етістіктің бір түрі ретінде
қаралады. Бұл категорияға үңіле қарасақ, ол мағыналық жағы-
нан да, сөйлемдегі қызметі жағынан да үстеу сөздерге жақын
келеді, өйткені ол көбінесе (көсемше етістікпен тіркесіп барып
аналитикалық етістік жасап, бір қимылды білдіретінін есепте-
мегенде) қимылдық жай күйін, амалын, сипатын, мезгілін білдіріп
тұрады. Қазақ тілінің мамандары көрсеткендей, қайта, қайтара,
жағалай, айнала, аздап тəрізді «етістік түрінен көнеленіп шыққан
үстеулер көсемше формаларымен түрлес келуі» немесе «көсемше
формадағы бір сөздің екі рет қайталануы я синонимдес (мағыналас)
көсемшелердің қосарлануы арқылы тілімізде үстеу тудыру тəсілі
аса құнарлы жолдың бірі» болуы сондықтан да болса керек
[82, 323–124]. Проф. А. Ысқақов сондай-ақ аса, өте, лықа деген
үстеулердің бір кезде етістіктік көсемше формалары болғандығы
сонау «Алтай тілі грамматикасы» шыққаннан бері қарайғы түркі
тілдерін зерттеген еңбектердің барлығында дерлік дəлелденген
қағида екенін айтады [82, 326].

Жоғарыдағы мысалдарда салыстыра көрсетілгендей -ы, -і қо-

сымшаларының жатыс септік жалғауымен синонимдес жұмсалуы

382 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

да оның осындай мағыналық, фунциялық ерекшелігіне байланысты
деп қараған жөн. Өйткені жатыс септік жалғауы да кейбір есім
сөздерге жалғанғанда, консервацияланып, үстеу тудырып тұрады.
Мысалы, бірде (бір кезде дегенмен мəндес), кейде, қапыда,
абайсызда, алда, артта, мұнда, сонда дегендер мекен, мезгіл,
сын-қимыл үстеулері деп танылады.

Сонымен бірге əңгіме болып отырған -ы, -і қосымшасының
етістік түбірге əрі есім сөздерге бірдей жалғанып, үстеу немесе
көсемше үстеу тобын тудыруы ол тұлғалардың көне форма екен-
дігін, сөз тудыратын жұрнақтардың есім сөз тудыратын жəне
етістік тудыратын болып əлі саралана қоймаған кезде, тіпті
есімдер мен етістіктердің өзі бір-бірінен толық ажырап, біржола
бөлініп кетпеген кезінен бері қолданыла бастағанын көрсетеді.
Оған мынадай дəлелдер бар.

Қазіргі қазақ тілінде қолданылатын қысын, жазын тəрізді сөз-
дердің құрамындағы -ын, -ін тұлғасын көрнекті түркологтар да,
қазақ тілінің мамандары да көне құралдық септіктің (орудийный
падеж) көрсеткіші деп тұжырып келді. Құрамында ондай тұлғалар
бар сөздердің саны қазақ тілінде бірқыдыру. Бұлардың қатарына
қырын, ұрын (келу), еркін (сөйлеу), шағын, жақын сөздерін де
жатқызуға болады. Бұлардың түбірлері – есім сөздер. Ол сөздердің
кейбірін қазірдің өзінде түбірден ажыратып қарауға болады. Қыр
(заттың, нəрсенің қыры), ерік (еркін сөзі мен ерікпен немесе өз
еркімен келу сөздерін салыстыруға болады), шақ (бір заттың дəл,
тұп-тура болуы), жақ (атырап), т.б. Осы сөздердің соңындағы -ын,
-ін көрсеткіштерін құралдық септік тұлғалары деп қалдыруға
болар еді, бірақ бұл қосымша жоғарыда көрсетілгендей етістік
түбірлерге де жалғанады. Сонда есім түбірден де, етістіктен де осы
қосымша арқылы жасалған сөз қимылдың амалын, сынын, кейде
бағыт, мекенін, мезгілін білдіреді, яғни етістік түбірден де, есім
түбірден де жасалған сөздердің грамматикалық мағынасы жағынан,
қызметі жағынан айырмасы көрінбейді. Талданып отырған -ын,
-ін қосымшасы септік жалғау болса, етістік түбірге (əңгіме қимыл
есім тұлғасы емес, етістіктің негізгі түбірі жайында) жалғанбаса
керек еді. Бұндай етістік түбірлерден жасалған сөздерге жасыр-
ын, ақыр-ын, жыр-ын-ды (болу), бұр-ын, қи-ын, астырт-ын,
кей-ін үстеулері мен дейін, шейін шылауларын жатқызуға болады.

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 383

Жасырын сөзінің түбірі жасыр етістігі екені айқын көрініп тұр.
Ал ақырын сөзінің етістік түбір күйі кейбір тілдерде ғана сақталып
қалған. В.Вербицкий алтай, аладаг тілдерінде ақыр деген етістік
тоқта, азда, ақырын мағыналарында қолданылатынын көрсетеді
(23, 12).

Дейін шылауының түбірі көне тег етістігі екенін айқындауға
болады. Жалпы шылаулардың өзі толық мағыналы сөзден, негізгі
сөз таптарынан қалыптасатыны – əлдеқашан дəлелденген қағида.
Осы ыңғайда үстеу сөздер шылауға айналуға бейім тұрады,
оны соң, кейін сияқты сөздердің қолданысынан көруге болады.
Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштерінде тег етістігі қазіргі
қазақ тіліндегі ти, жет мағыналарында қолданылған да, дейін
шылауының орнына, сол мағынада тегі көсемше формалы сөз
жұмсалған. Ал орта ғасырлық жазба нұсқаларда бұл шылаудың
басқа да тұлғалары кездеседі. Мысалы, Қадырғали Жалаиридің
«Жамиғ-ат-тауариғында» дигəч тұлғасында ұшырасады. Сайрамдан
Бұхарара дигəч алды. Бұндағы -гəч көрсеткіші қазіргі татар
тіліндегі көсемшенің -ғач, -геч тұлғаларымен үйлес келеді. Демек,
дейін, дигəч сөздерінің түбірі етістік екені күмəн тудырмайды. Орта
ғасырда жазылған басқа шығармалар тілінде (мысалы, Тефсир
тілінде) бұл шылаудың текру, декрі варианттары да кездеседі.
Профессор Қ.Жұбанов бұл сөздердің түбірі тек (тег) екенін
айтып келіп, -рі форманты қазіргі қазақ тілінде сақталған ішкері,
тысқары, ілгері сияқты сөздердің құрамында кездесетін -қа + ру, -ке
+ ру қосымшасының соңғы бөлегі, ал ол барыс (немесе бағыттық)
септіктің көне көрсеткіші деген қорытынды жасайды (34, 63)
Бұндай тұжырымды қазіргі түркологтар да, сондай-ақ қазақ тілінің
мамандары да қолдайды. Рас, -қа + ры, -ке + рі қосымшасы – күрделі
формант, бірақ қазір ол ажыратылмайды. Ал барыс септік жалғауы
құрама қосымшаның бəрі бірдей емес, тек алғашқы -ға, -ге, қа,
-ке, -а, -е бөлегі де, соңғысы, біздің байқауымызша, жалғау емес,
бағытты білдіретін мекендік үстеу тудыратын жұрнақ. Бұндай
қорытынды тек дейін сөзі мен текрі, декрі сөздерінің көне жазба
тілдерінде синоним екендігінен жəне бұл сөздердің түбірі бір-ақ
сөз -тег етістігі екендігінен ғана деп ұғуға болмайды. Жоғарыда
көрсетілгендей, сайы-сайын, тағы-тағын параллельдері де осы
пікірді жандандыра түседі. Сол сияқты -ын, -ін қосымшасы мен

384 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

-ры, -рі формантының мəндес қолданылуы, ұқсас қызмет атқаруы
басқа сөздерден де байқалады. Мысалы, Махмуд Қашқаридың
«Лұғатында» қазіргі қазақ тіліндегі жасырын, жақын сөздерінің
орнына сол мағынада йашру, йағру лексемалары қолданылған ол
йашру келді – ол жасырын келді, ол аңар йағру йурымас – ол оған
жақын жүрмес [51, ІІІ, 38]. Ал септік жалғау тұлғаларының үстіне
жұрнақ қосылып, басқа сөз таптарын жасау тəжірибесі тілімізде
бар факт. Сын есімнің -ғы, -гі жұрнақтары жатыс септік тұлғасына
жалғана береді: облыста-ғы, ауылда-ғы, т.б.

Жоғарыдағы айттылғандарды қорыта келгенде, төмендегідей
тұжырым жасауға болады. Кейбір сөздердің ғана құрамында
кездесетін жоғарыда талданып өткен -ы, -і қосымшасы -ын,
-ін жəне -ры, -рі аффикстері сияқты есім сөздерден де, етістік
түбірден де үстеу тудыратын көне жұрнақ. Тəуелдік жалғаудың
3-жақ көрсеткішімен -ы, -і қосымшасының сыртқы ұқсастығы
болмаса, ешбір байланысы жоқ. Ол -ын, -ін жұрнағы сияқты
(жасыр-ын, қыр-ын дегендерді салыстыруға болады) бірді-екілі
сөздердің құрамында түбір сөзбен кірігіп кетпегенмен, қазіргі
тілімізде сөз тудыру жағынан аясы тарылып қалған. Сонымен бірге
бұл үш түрлі жұрнақтың мынадай қызметін атауға болады: -ы, -і
қосымшасы негізінен мезгіл үстеулерін тудырса, -ын, -ін амал,
сын-қимыл, арагідік мекен үстеулерін, тудырып отырған. Кейде
осы қосымшалар бір-бірінің қызметтерін де атқарған.

Мерзімді баспасөз тілінде 3-жақ тəуелдік жалғаудың тіл
мəдениетіне байланысты кейбір қолданылу ерекшелігі де байқалып
жүр. Тəуелдік жалғаудың 3-жақ көрсеткіші кем дегенде екі сөзге
жалғанып, 3 жəне одан да көп сөздерден құралған тіркестердің
құрамында келгенде, бұл форма əсіресе баспасөз тілінде бірде түсіп
қалып, бірде сақталып қолданылып жүр. Айқынырақ болу үшін
бірнеше мысал келтірейік. Фрунзенің өлшеуіш-тексеру приборлары
заводы, ауыр электромашиналарын жасау заводы Біріккен Араб
республикасына өз бұйымдарын экспортқа шығарып отыр. Фрунзе
атындағы ауыл шаруашылығы машиналарын жасау заводының
жасап отырған агрегаттары осы елдің егіс даласында пайдалануда
(СҚ, 1967, 23 июнь). Ол үшін мал шаруашылығы еңбеккерлерінің
күш-жігерін осы маңызды іске бір кісідей жұмылдыра білу керек.
(Сонда, 1968, 29 март). В.И. Ленин атындағы Бүкіл Одақтық ауыл

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 385

шаруашылығы Ғылым академиясының сессиясы аяқталды (Сонда,
20 июль). М. Əуезовтің туғанына 70 жыл толуы мерекесіне қа-
тысты (Сонда). Біздің басты құралымыз – автожектор жасанды
қан айналымы аппараты (ЛЖ, 1967, 10 август). Министрліктің
почта байланысы басқармасы бастығының орынбасары П. Дья-
ченко жолдастан төмендегідей жауап келді (ҚƏ, 1968, 27 апрель).
Драма коллективіне халық театры атағы берілуі оларға үлкен
жауапкершілік жүктейді (СҚ, 1969, 15 август). Сол сияқты СССР
Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын медалі, мал
шаруашылығы өнімдері, орман шаруашылығы комитеті, халық
театры коллективі, əкімшілік-басқару аппараты қызметкерлері
сияқты алуан түрлі тіркестер кездесіп отырады.

Əрине, бұл тəрізді тіркестер, қазіргі грамматиканың ыңғайында
тұлғалық жағынан қарасақ, қате көрінбейді. Өйткені сөз
байланыстарын жеке-жеке алып қарасақ, бəрі де өз орындарында
тұрған сияқты: өлшеуіш-тексеру приборлары, ауыл шаруашылығы,
мал шаруашылығы, жыл толуы, қан айналымы, почта байланысы,
халық шаруашылығы, орман шаруашылығы, халық театры,
əкімшілік басқару аппараты дегендер изафет ІІ, яғни жартылай
матасу үлгісі арқылы жасалып, тілге сіңісіп, орнықты болып
қалыптасты. Енді осының үстіне тағы да тəуелдік жалғаулы сөз
қосылып, тіркестің құрамын ауырлатып тұр. Олардың негізгі
кемшілігі – айтуға ауыр, ұғынуға қиын болып, тіркес құрамындағы
сөздердің бір-бірімен жатық үйлес келмеуінде. Себебі қазақ
тілінде əдетте тəуелдік жалғаулы сөз өзінің алдындағы сөзбен
ілік септігі не оның түсіп қалған түрі арқылы байланысады, бірақ
тəуелдік жалғаулы түрімен байланыспайды. Егер алдыңғы сөз де
тəуелдік жалғауда тұрса, онда оған ілік септік жалғауы жалғану
керек не тəуелдік жалғауы мүлде түсіп қалу қажет. Мысалы, балам
кітабы емес, баламның кітабы, Қазақстан Жазушылары одағы
емес, Қазақстан Жазушылар одағы, т.б. Оның сыры мынада болса
керек. Матаса байланысқан тіркесте ілік септік жалғауларының
тұруы – меншіктілік мағынаны баса көрсетуге, ал оның түсіп
қалуы қатыстық мағынаны білдіруге бейім тұрады. Ал ілік септік
жалғаулы (не түсіріліп айтылған) сөздің алдына анықтауыш
келсе, не ол сөзге тəуелдік жалғауы жалғанса, онда меншіктілік
мағына айқындала түседі. Мысалы, колхоздың малы – колхоз малы

386 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

деп айтуға болады, бірақ бұл колхоз малы, колхозымыз малы деп
айтуға көнбейді. Оны тек бұл колхоздың малы, колхозымыздың
малы тұлғасында айту керек. Кейбір түркологтардың, ілік септік
жалғауы тұрғанда, белгілілікті (определенность) білдіреді, ілік
септігі түсіп қалғанда, белгісіздікті (неопределенность) білдіреді
деп көрсетуі де осыдан болса керек. Ал тəуелдік жалғау ортадағы
сөзде түсіп қалғанда, өзінен кейінгі сөзбен тұрақты тіркес құрып,
алдыңғы сөзбен екеуі тұтас бір единица ретінде байланысады.

Жоғарыда келтірілген тіркестердің тағы бір ерекшелігі –
олардың алғашқы бөлегі, немесе тұтас алғандағы бөлегі болсын,
терминдік мəндегі атаулық тұрақты тіркестер. Бұндай тіркестер
əлі де көптеп жасала бермек. Сондықтан олардың жасалуында
тілге үйлесімдігі, ұғуға жеңілдігі ескеріліп, бір ізділік жолын
қарастырған жөн. Осы жағынан келгенде, жоғарыдағы тіркестерді
былай құрағанда, əлдеқайда жатық болып шығар еді. Өлшеуіш-
тексеру приборлар заводы, ауыл шаруашылық машиналары,
мал шаруашылық еңбеккерлері (өнімдері), жыл толу мерекесі,
қан айналым аппараты, почта байланыс басқармасы, орман
шаруашылық комитеті, халық театр коллективі, əкімшілік-
басқару аппаратының қызметкерлері, СССР халық шаруашылық
жетістіктер көрмесінің алтын медалі, халық театры деген атақ
берілуі, т.б.

Жаңа тіркестерді бұндай үлгінің негізінде қалыптастырудың
бір ұтымды жағы – олардың құрамындағы сөздер бір-бірімен
жымдасып тұрақтала бастайды. Сондықтан да олардың терминдік
мəні айқындала түседі. Көп сөзден құралған терминдердің
компоненттері тығыз байланысты болуы – оның орнығып, тілге
жатық болып сіңісуінің бір кепілі.

Баспасөз тілінде терминдік тіркестерді осындай дəстүрмен
қалыптастыру бағыты да жоқ емес. Бірақ ол əдетте саналы, жүйелі
түрде болмай, кездейсоқ сипат алып келеді. Сондықтан да газет-
журналдың бір санында, тіпті бір мақаланың ішінде де бұндай
терминдік тіркес əртүрлі ыңғайда құралып, түрлі тұлғаларда
жұмсалған. Оған, мысалы, «Социалистік Қазақстан» газетінің
1968 жылғы 29 мартында жарияланған «Жел эрозиясын жеңуге
болады» деген мақаладан мынадай сөйлемдерді келтіруге болады.
Тек қана солтүстіктегі бес облыстың шаруашылықтарында

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 387

одан жыл сайын миллион гектарға жуық ауыл шаруашылық
дақылдары өспей қалады... Бұл қаулыда жел жəне су эрозиясына
қарсы күрес ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда мемлекеттіқ
маңызы зор шаралардың бірі екені айтылып, 1968–1970 жылдар
арасында эрозияға қарсы жүргізілуге тиіс жұмыстардың
комплексі көрсетілді... Мұндай кездерде ауыл шаруашылығы
дақылдарынан алынатын өнім үш есеге дейін өседі... Шығыс
Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық тəжірибе станциясының
деректері орман алқаптарымен қорғалған участоктардан басқа
жерлермен салыстырғанда гектар сайын 5–6 центнер артық өнім
алатындығын көрсетіп келеді... Ағаш отырғызу ауыл шаруашылық
машиналардың бір қалыпты жұмыс атқаруын қиындатпайтындай
болып, қатар аралықтардың біршама қашықтығы сақталатын болуы
тиіс... облыстық, аудандық ауыл шаруашылық басқармаларында
орманшы мелиораторлар штаттарын енгізу қажеттігі туып отыр.
Бұл мысалдағы 1, 4, 5, 6 тіркестер дұрыс құралған, сондықтан да
олар əлдеқайда жатық, тұрақты терминдік тіркес құрап тұр да, ал
екінші, үшінші тіркестердегі шаруашылық сөзінен кейінгі артық
жалғанған 3-жақ тəуелдік жалғауы бұл тіркестерді ауырлатып,
терминдік мəнін, тұрақтылығын осалдатып тұр.

Тəуелдік жалғаудың 3-жақ көрсеткіші термин емес əдеттегі
тіркес құрамындағы сөздерге екі я одан да көп рет жалғанғанда
(мейлі тəуелдік жалғаулы сөз қатар тұрсын, мейлі сөз аралатып
тұрсын), əр уақытта жымдасып, сəтті шыға бермейді. Онда
тəуелдік жалғау мен ілік септік көрсеткішінің белгілі орында
тұруы қажет болады. Оны мына мысалдан көруге болады. Бұларда
судың деңгейі өзгеру циклы елу-алпыс жылға – басқа көлдердегіден
анағұрлым ұзақ уақытқа созылады… Сөйтсек, өзендердің ағысы
қалыптасуында былтырғы қардың да елеулі рөлі болады екен. (Ж,
1967, 15 декабрь). Бұл екі сөйлемдегі бөлініп көрстілген тіркестер су
деңгейінің өзгеру циклы, өзендер ағысының қалыптасуында болып
құрылса, анағұрлым жатық шығар еді. Көрсетілген тіркестерді
қайта құрғанда, олардың құрамына жаңа формалар қосылған жоқ,
тек бірінші сөздегі ілік септік жалғауы екінші сөзге жалғанды, ол
ілік септік көрсеткіші бірінші сөзде болмағанмен, сол сөздің ілік
септіктің жасырын түрінде екені сезіліп тұрады. Бұндай құры-
лым – тіркеске енген сөздердің мағыналық, лексика-грамматика-

388 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

лық тіркесімділігімен тығыз байланысты өзіндік ерекшелігінен
туып отырған заңдылық.

Демек, қандай тілдік элемент болса да, мейлі ол жеке сөз бол-
сын, мейлі грамматикалық форма болсын, тек құрылыс материалы
ғана. Оларды орынды-орнына келтіріп құрғанда ғана, ой дəл бе-
ріліп, сөйлем жатық құрылады. Тəуелдік жалғаудың 3-жақ көр-
сеткішінің де осындай жағдайда дұрыс қолдануды қажет ететін
ерекшелігі бар.

Қазақ тіліне орыс тілінен я орыс тілі арқылы енген біршама
сөздердің қосымша жалғанып жасалуында кейбір ерекшелік
байқалады. Сол ерекшелік əр уақытта дұрыс түсініліп, баспасөз
тілінде дұрыс жазыла бермейді. Əңгіме орыс тілі арқылы енген
кейбір сөздердің соңында қысаң -ы, -і тұлғаларының қосылуы
жайында болып отыр. Ондай ерекшеліктің бірі – қосымша қосыл-
ғанда, орыс тілінен енген кейбір сөздердің соңғы дыбысының
түсіп қалуын жазу тəжірибесінде толық игердік деуге болады.
Мысалы, түбір күйінде турист, коммунист, съезд, поезд деп орыс
тіліндегі тұлғасын сақтап, енді бұларға қосымша жалғанғанда,
турис-тік, коммунис-ке, поез-бен, съез-іміз түрінде өзгертіп жа-
зуды қалыптастырдық. Ал жоғарыда айтқан жайлар əркімнің өз
қалауынша жазылып жүр. Мысалы, «Қазақ əдебиеті» газетінің
1968 жылғы 24 февральдағы санында басылған «Хинган оқиғасы»
деген көлемі шағын бір мақалада танк сөзі əр тұлғада келіп
түрліше жазылған. Ыңырана қозғалған танкілердің соңынан жо-
ғары өрлеп келеміз... Бір кезде бүкіл лек тоқтады да, батальон
командирі біздің рота командирін өзіне шақыртып, солдаттарды
танктердің алдына топтастыруға бұйрық берді... Сөйтіп алдыңғы
танкінің қасына жетсек, экипажы абыр-сабыр болып, жүргізуші
жігіт жыларман күйде тұр екен. Колоннаға жол ашу үшін, оның
танкін тік жардан құзға құлату керек болыпты... Бəріміз əп-сəтте-
ақ ауыр танкті шатқалдан төмен итеріп жібердік... Өзіміз Ваня
ағай деп атайтын сержант қайтар жолда қамырдай иленіп жатқан
баяғы танкісін көргенде, ЗИС-тен қарғып түсіп, өкіріп жіберді. Ол
жүгірген бойда қираған танкіні құшақтай құлады.

Бұл – баспасөз тілінде сирек кездесетін құбылыс емес. Əрине,
бір мақаланың ішінде кездесетін мұндай ала-құлалық сирегірек
болар. Дегенмен акт, контакт, банк, объект, такт, шрифт, сеанс
сияқты сөздердің жазылуы осы уақытқа дейін біркелкі болмай жүр.

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 389

Енді -ы, -і əріптерінің қандай жағдайларда жазылатынын сөз
етейік. Орыс тілі арқылы енген сөздер екі дауыссызға бітсе жəне ол
екі дауыссыз мыналар болса, оған қосымша жалғанғанда, арасына
-ы, -і қосылады.

1. Қос қатаң дауыссыз: кт ( акт – актіге қол қою, актілеу; абстракт
– абстрактілік, аспект – аспектіде, контакт – контаксіз, объект –
объектілері, тракт – трактіге шығу, т.б.), фт (лифт – лифтіден түсу,
юфть – юфтіге, аэронафт – аэронафтыға, шрифт – шрифтімен
жазу), ск (пропуск – пропускісіз, пропускімен кіру, Ульяновскіде
болу), пт (эвкалипт – эвкалиптіге, манускрипт – манускриптіге), вт
(терапевт – терапевтіге көріну). 2. Қос ұяң дауыссыз: дж (бридж –
бриджісін алды). 3. Сонор жəне ұяң дауыссыздардың қатар келуі:
нг (пудинг – пудингісі, фланг – флангіден тию, флангілік, шланг –
шлангіге жету, шлангілік, штанг – штангіден асып кету), нд (раунд –
раундыға). 4. Сонор жəне қатаң дауыссыздардың қатар қолда-
нылуы: нк (банк – банкіге бару, танк – танкіні, эвенк – эвенкіге), мт
(штамп – штампылау, экспромт – экспромтымен). Бұған керісінше
нт, нкт, рт, рк, рс, тр, кл, вр, рг дыбыстарына аяқталған сөздер-
ден кейін -ы, -і қосылмайды: абонент – абонентке, порт – порттан
шықты, литр – литрге, театр – театрға, диктант – диктанттан,
очерк – очеркті, конверт – конверттің, цикл – циклды, пункт –
пунктке (бұл мысалдардың көбі «Қазақ тілінің орфографиялық
сөздігі» атты еңбектен алынады). Шеттен енген сөздердің, басқа
тұлғада жұмсалғанда, бұлай екі түрлі болып құбылуы қазақ тілінің
өзіндік ішкі заңдылығына байланысты. Қазақ тілінің төл сөздері
алдыңғы қос дауыссызға аяқталмайды, сондықтан болу керек,
дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша үстелгенде, олар бірден
сол дыбыспен үйлеспей, қысаң ы, і дыбыстары арқылы қосылады.
Ал соңғы топтағыдай сөздер қазақ тілінде сан алуан (өрт – өртке,
жент – жентті, т.б.).

Бұнымен қоса рв, нс дыбыстарына бітетін сөздерді де көрсете
кету керек. Бұл дыбыстарға аяқталатын сөздер орфографиялық
сөздікте қосымшаларды бірден қабылдайтын болып беріліпті.
Бірақ əдетте авансыға дейін (авансқа дейін емес), авансысын
алды (авансын алды емес), консервілеу (консервтеу емес) бо-
лып қолданылып жүргені хақ. Сөйтіп осы сияқты сөздер атау
тұлғасында тұрғанның өзінде қысаң ы, і дыбысымен айтылады (ет-

390 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

консерві заводы, жеміс-консерві комбинаты, т.б.). Ал ет-консерв
заводы, жеміс-консерв комбинаты деп айтуға тіл оралмайды.
Тілдің ыңғайына қарай баспасөз тілінде ы, і қысаң дауыстысы
қосылып қолданылып та жүр. Қазірдің өзінде жоспардан тыс бір
миллиондай қалбыр консерві, көптеген тағамдық жəне техникалық
май шығарылды (СҚ, 1968, 29 март).

Демек, қажет жағдайда тілдің өзі бұрын жоқ тұлғаларды да
шығарып, өзінің ішкі заңдылығына сəйкес оларды қалыптастырып
отырады.

Сөйтіп тілімізде сыртқы тұлғалары жағынан бір болғанмен,
шығу төркіні жағынан, атқаратын қызметі мен грамматикалық
мағынасы жағынан бөлек-бөлек қосымшалар бар екен.

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 391

ІV. СӨЗ ТІРКЕСІМДІЛІГІНІҢ АРТУЫ

Мерзімді баспасөз тілінде қазақ тілі жөнінде жазылған əде-
биеттерде көрсетіліп жүрген сөз тіркестері мен байланысу түр-
лерінің қай-қайсысы да кездеседі. Мысалы, байланысу жолына
қарай қабысу да, қиысу да, меңгеру де, матасу да, морфологиялық
тұлғаларына қарай есімді сөз тіркесі де, етістікті сөз тіркесі де,
аралас (есім жəне етістік) сөз тіркестері де кездесе береді. Баспасөз
тіліндегі сөз тіркестерін оның осы топтарына қарай сипаттау бұл
жұмыстың мақсатына жатпайды. Өйткені қазіргі қазақ тіліндегі
сөз тіркестер жүйесі туралы, олардың əр алуан топтары туралы
арнаулы зерттеулердің бар екені мəлім. Мерзімді баспасөз тілінде
сөз тіркесінің типі тұрғысынан, негізінен, өзгеріс болмағанымен,
совет дəуірінің əр кезеңіндегі мерзімді баспасөз тіліндегі сөз
тіркесі жүйесінде кейбір ерекшелік бар. Ол ерекшелік сөз тіркесі
типтерінің қатары жаңа сөз орамдарымен толықтырыла түсуімен
байланысты байқалады.

Қай тілде болмасын сөз элементтерін, дыбыс санын, сондай-
ақ сөздердің өзін санап шығып, шамамен санын айтуға болатын
тəрізді. Ал тілдегі сөз тіркестерінің санын айту мүмкін емес.
Өйткені олар сан жағынан көп жəне кез келген сөз мағыналық
үйлесімі, немесе сыйымдылығы арқылы көптеген басқа сөздер-
мен тіркес құрай береді. Бірақ кез келген екі сөз бір-бірімен тіркесе
бермейтіні белгілі. Сөздердің бір-бірімен байланысуы (тіркесуі)
тіркеске енген компоненттерінің ішкі семантикасы мен олардың
қолданылу, қалыптасу дəстүріне байланысты. «...Сөздер қандай
синтаксистік құрылыста жəне қандай сиитаксистік мағынада
қолданылуына байланысты сөйлем ішінде əртүрлі қасиетке ие
болады», – деп көрсетеді И.И. Мещанинов [53, 15]. Сөздердің
тіркесімділігі, немесе тіркесу мүмкіндігі мен қабілеттілігі – тіркес
құрамына енетін сөздердің семантикасына негізделген грамма-
тикалық қасиеті.

Олай болса тіркесімділік – сөздердің тек қана грамматикалық
(синтаксистік) қызметі ғана емес, лексикамен, сөздердің ішкі ма-

392 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

ғына сыйымдылығымен, семасиологиямен тығыз байланысты.
Сөздердің ішкі мағына сыйымдылығына қарай олардың тіркесім-
ділігі артып, я кеміп отырады. Бірлі-жарым ғана тіркестің құра-
мында қолданылатын кейбір сөздердің мағыналық өрісі толық
түсінікті бола бермейтіні де содан болу керек. Тегінде, сөздердің
ішкі мағыналық шеңбері, көлемі тіркес арқылы ашылып,
содан көрінеді. Осы жағынан сөздердің тіркесімділігі лексика-
грамматикалық категория тұрғысынан зерттелуі тиіс. Синтаксистік
(грамматикалық) өрісі мен семантикалық сыйымдылығын салыс-
тыра отырып, соған сəйкес қарағанда ғана сөздердің тіркесімділік
сыры толық ашылмақ. Демек, тілдегі сөздердің бір-бірімен тір-
кесуінде белгілі заңдылықтар, белгілі тəртіп болады. Ғасырлар
бойы қалыптасып келген мұндай заңдылық халық ұғымында тұ-
рақталып отырады. Мұның өзі тіл білімінде синтаксистік тіркеске
байланысты қолданылып жүрген «еркін тіркес» деген терминнің
шартты екенін аңғартады. Қандай да тіркес болмасын ол еркін
болмайды, оның құрамындағы сөздер ішкі мағыналық жағынан
болсын, сыртқы формасы жағынан болсын бір-біріне сабақталып
тұрады. Осы арқылы да сөз тіркесі категориясының ішкі сыры
танылады.

Қоғамдық өмірдегі болып жатқан сан түрлі жаңалықтарға, жаңа
құбылыстарға байланысты жаңа сөз тіркестері жасалып отырады.
Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз беттерінен сондай жаңа
тіркестер көптеп ұшырасады. Яғни қазақтың мерзімді баспасөз тілі
жаңа тіркестерді қалыптасыра отырып, əдеби тілімізді байытуда
үлкен рөл атқарады. Төменде сол тіркестердің кейбір ерекшеліктері
айтылады. Ол ерекшеліктер, негізінен, сөз тіркестерінің
құрамына, типіне, сөздердің тіркесу қызметіне байланысты. Бұл
мəселе «дəстүрлі» грамматикалардағы топтаулардың шеңберінде
қаралады.

1. Қабыса байланысқан жаңа сөз тіркестері

Қабыса байланысқан сөз тіркестері қазіргі қазақ тілінде, сон-
дай-ақ түркологияда сөз тіркесінің басқа да типтері сияқты есімді
жəне етістікті сөз тіркесі болып бөлініп жүр. Сонымен бірге
кейбір еңбектерде ол атрибутивті (анықтауыштық) сөз тіркесі деп

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 393

те аталады [16]. Біздің байқауымызша, алғашқы топтау қолайлы
тəрізді. Жоғарыда есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерінің
бір бөлегі -и қатысты сын есімге байланысты айтылып өтті. Біз
бұл арада мерзімді баспасөз тілінде совет дəуірінде туған я қа-
лыптасып орныққан сөз тіркестерін ғана сөз етеміз. Совет дəуірінің
алғашқы жылдарының өзінде-ақ мерзімді баспасөз тілінде, негі-
зінен, анықтауыштық-атрибуттық қатынаста жұмсалған қабыса
байланысқан жаңа сөз тіркестері өте көп ұшырасады. Соның бірі –
ішкі, сыртқы деген сын есімдердің есім сөздермен қатарласа тұ-
рып, мағыналық байланысқа түсуі.Сыртқы сауда хүкімет қолында
тұрса, көп пайда келтіреді (ҚҚ, №5, 1922). Сыртқы хабарлар (ЕҚ,
25 май, 1923). Ішкі һəм сыртқы соғыс уақыттарында бұзылған
шаруаны түзетуге Савет хүкіметі осы 5-нші жылы ғана қолы
босаб отыр (ҚҚ, №4, 1922). Көбірек идея, көбірек ұсыныс,
көбірек ой кіргізіб партияның ішкі тұрмысын шама келгенше
көбірек өркендету керек (ҚҚ, №3, 1924). Сол сияқты -лы, -лі, -ды,
-ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалған қатыстық сын есім-
дер де есім сөздермен сабақтаса байланысады. Жергілікті қа-
тынасты басқаратұн орталық махкама Русияның бір қатар жерле-
рінде аптамабел қатынасын түзету мəселесін шешу мен жатыр
(ЕҚ, 27 август, 1923). Көптің хұрметті басқарушылары қылыб
сырттан жолдас Ленинді... сайлады (ЕҚ, 9 июль, 1923). Берілген
мысалдардағы бөлініп көрсетілген қабыса байланысқан тіркестер
қазақ тіліне жаңа кіре бастаған жəне олар орыс тілі ықпалынан
туған. Мысалы, ішкі, сыртқы сын есімдері арқылы қабыса
байланысқан сөз тіркестері орыс тіліндегі внешний, внутренний
анықтауыштары арқылы байланысқан тіркестердің əсері екенін
көру қиын емес: сыртқы соғыс – внешняя война, ішкі соғыс –
внутренняя война, сыртқы істер – внешние дела, сыртқы сауда –
внешняя торговля, ішкі жаулар – внутренние враги, ішкі тұрмыс –
внутренное положение, т.б. Сол сияқты жауапты басқарушы – от-
ветственный редактор, кезекті жұмыстар – очередные работы
(задачи), жергілікті бөлім – местные отделы, құрметті басқару-
шы – почетный президиум, председатель, жеткілікті еркіндік –
необходимая свобода, жұқпалы ауру – заразные болезни, т.б.

Бұл тектес жаңа тіркестердің құрамыңда, бір жағынан, орыс
тілінің əсері бар болса, екінші жағынан, қазақ тілінің базасы,

394 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

құрылым материалдары бар. Ең алдымен олардың тіркесімділік
қасиеті қазақ тілі үшін жат құбылыс емес. Бұл жаңа тіркестер соның
негізінде жасалған. Сын есім мен зат есімнің тіркесу формасы
мен бұл тіркестердегідей орын тəртібі қазақ тіліндегі қабыса
байланысудың өнімді бір түрі болып есептеледі. Бұл тіркестердегі
байланыстырушы тəсілдер, форманттар да қазақ тілінің байырғы
байланыстыру амалдары болып саналады. Мысалдағы -қы, -кі,
-ғы, -гі, -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жəне бұл кезеңдегі баспасөз
беттерінде көп кездесетін -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -ма,
-ме, -ба, -бе, -па, -пе, -шыл, -шіл, -шы т.б. сияқты грамматикалық
көрсеткіштер ерте заманнан бері тіліміздегі сөздердің тіркесу
шеңберін арттыруда көп қызмет атқарып келгені мəлім. Демек,
бұл сияқты тіркестік үлгі тілімізде бұрын да болатын. Кейбір
тіркестердің құрамындағы сөздер бүрын дəл сондай үлгіде екінші
сөзбен тіркесіп келді. Мысалы, ішкі, сыртқы сын есімдердің
қабыса байланысқан тіркестің бір компоненті болып, анықтауыш
қызметін атқаруы – қазақ тілінде бар құбылыс (тонның ішкі
бауындай, сыртқы ауыл, т.б.). Бұл тəрізді тіркестер сыртқы тұл-
ғасы жағынан да икемді, төл тіркестерге жақын тұрады. Демек,
бұл арада сөз тіркестілігінің артуы, контекстегі мағынасының
кеңеюі байқалады.

Аударма, калька арқылы бұрын жоқ ұғымдардың келуіне бай-
ланысты көптеген жаңа тіркестердің туып отыратыны белгілі.
Олардың көбі қазақ тілі үшін жаңа тіркес болып есептеледі,
өйткені тіркес құрамындағы сөздердің сондай байланысқа түсуі
тілде өте сирек, немесе тіпті кездеспейді. Осындай тіркестердің
екінші бір тілдің ықпалынан туғанын аңғару қиын емес. Мысалы:
дəрігерлік аймақ, отындық, заттар, жиһəнгерлік мемлекеттер,
дүниялық ұйым, қызулы уақыт, төңкерісшіл партия, төңкерісшіл
жұмысшылар, т.б. Бұлар орыс тіліндегі төмендегі сөз орамдарына
сəйкес келеді: врачебный (медицинский) участок, топливные ве-
щества, империалистические государства, всемирная организа-
ция, горячая пора, революционная партия, революционный ра-
бочий класс (пролетариат). Осы тіркес құрамындағы кейбір жеке
сөздер 1920 жылдары алғаш қолданыла бастайды. Олардың
кейбірі орыс тілінен тіке аударма болып есептеледі. Мысалы,
қызулы уақыт деген тіркес – орыс тіліндегі «горячая пора» тірке-

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 395

сінің тура аудармасы. Қазақ тілінде оның мағынасын беретін қызу
кез, қызу шақ, т.б. сияқты сөз орамдары бар. Осы тəрізді орыс
тілінен калька арқылы сəтсіз аударылып алынған тіркестер 1920
жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде көптеп кездеседі. Мысалы:
Жиылыстың күн тəртібінде қойылыб отырған Қазақстанда үгіт-
насихат тарату жұмысының негізгі мақсатдары деген масала
да, қазақ ішіне келгенде, ауру масалының бірі (ҚҚ, №4, 1922)...
аңнан басқа сыртқы хауф-хатерден сақтану үшін ыстық һəм
суық мылтықдар жасаб алды тағы сол сияқтылар (ҚҚ, №5, 1922)
... əр уақыт партияның барлық саясатының бағытын өзгертісіп
отыруға жабайы партия мүшелерінің қолын жеткізу үшін ең
алдымен мынау шараларды жүзеге асыру керек (ҚҚ, №3, 1924).
Мысалдағы бөлініп көрсетілген тіркестер тілімізге сіңісіп кете
алмады. Олар орыс тіліндегі «больной вопрос», «огнестрельные
и холодные оружия», «простые (рядовые) члены партии» тəрізді
сөз орамдарының аудармасы. Бұл тіркестсрдің қазақтың əдеби
тілінен орын ала алмауының себебі, біріншіден, ана тілі фактілері
ескерілмеген. Екіншіден, ана тіліміздегі тіркес құрамындағы сөз-
дердің ауыспалы мағынада қолданылу мүмкіндіктері толық еске
алынбаған. Берілген контекстен орыс тіліндегі түп нұсқасындай
ауыспалы мағына тумай, ол тіркестер тура мағынасында түсініле-
ді. Бұл тəрізді сөз тіркестері тілімізге сіңісе бермейді. Кейінгі
дəуірдегі мерзімді баспасөз тілінде ондай тіркестердің бір қатары
қолданыстан шығып қалса, кейбір сəтті тіркестер қалыптасып,
жаттығын жоғалта бастады. Сондай-ақ кейінгі дəуірдің өзінде де
жеке сөздердің тіркесімділік қасиеті артудың нəтижесінде олар
жаңа тіркестер құрайды. Жоғарыдағы көрсетілген кейбір қосым-
шалы сөздер баспасөз тілінде жаңа тіркес құрамында жұмсала
бастайды. Сондайдың бірі – -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшалы
сөздер. Мысалы: Мұнда еңбекшілер депутаттары облыстық
Советінің кезекті сессиясы болып өтті (СҚ, 1968, 29 март). Мектеп
жанына мемориалды тақта қойылып, мектеп Əлия есімімен
аталды (ЛЖ, 1965, 30 октябрь). Осы өзекті ойды көрсету үшін
ақын халықтың өткен тарихын тарихи шындыққа негізделе жасал-
ған Жанды картиналар арқылы қайта тірілтіп, сол көріністерге
жаңа дəуірдің жарқын бейнесін қарама-қарсы қояды (ЛЖ, 1965,
26 май). Басқа ұлттарды жатырқамау, олардың жақсы əдет-

396 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

ғұрыптарын қадірлеу – əрбір совет адамының, совет жастарының
құрметті міндеті (ҚП, 1964, 27 июнь). Қамтылған терминдердің
саны жағынан болсын, оларды түсіндіру, аудару тəсілінде болсын
түбегейлі өзгерістер бары бірден байқалады (БЕ, 1967, №8, 26-б.)

Келтірілген мысалдағы тіркестердің компоненттері бір-бірі-
мен атрибуттық қатынаста қабыса байланысқан да, сөз таптары
жағынан сын есім зат есім болып келген. Сөйлемдерден анық
байқалатындай тіркес құрамындағы сөздер байырғы сөздер де,
кірме сөздер де бола береді. Мысалы, кезекті сессия (очередная
сессия), жанды картиналар (живые картины) тəрізді тіркестердің
басыңқы сөзі, ал мемориалды тақта (мемориальная доска) дегенде
бағыныңқы сөзі орыс тілінен тікелей ауысқан. Осы тіркестердің
құралуында орыс тілінің əсері көрініп тұрады.

Осындай ерекшелік -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік қосым-
шасы жалғанған сөздердің басқа сөздермен (зат есімдермен)
тіркесуінен де көрінеді. Мына мысалдарға назар аударайық:
Бірақ ондағы жалпыламалықты мұғалімдер өздері ескертіп, істің
пайдасына түзеп, творчестволық кілт тауып отыруы да қажет
(ҚƏ, 1968, 27 апрель). Идеологиялық жұмыстың саласы сан
алуан («Тың өлкесі», 1964, 6 август). Олар «Алға» командасымен
1 жолдастық кездесу өткізді (ЛЖ, 1965, 1 декабрь). Əңгіме Галак-
тикалар ядросының мəні туралы болып отыр, бұрын олар тек қана
жұлдыздық құрылымдар, аса зор жұлдыз системасына қосылған
денелер сияқты деп саналып келген еді (СҚ, 1965, 4 декабрь).

Мерзімді баспасөз тілінде жаңа қолданыла бастаған бұндай
тың тіркестер көбіне орыс тілінің əсерінен туып отырды дегенде,
олардың əрдайым орыс тілінен тұп-тура аударылып алынғандығы
ғана ескерілмейді. Соңғы мысалдағы идеологиялық жұмыс, жол-
дастық кездесу, жұлдыздық құрылымдар деген тіркестер орыс
тіліндегі идеологическая работа, товарищеская встреча, звезд-
ные структуры сияқты синтаксистік единицалардың тікелей бала-
масы ретінде туғандығы күмəнсіз. Ал бірінші сөйлемдегі твор-
честволық кілт тіркесінің табиғаты өзгеше. Ол орыс тіліндегі
тіркеске тікелей балама болу арқылы тумаған, орыс тілінің əсері
«творчестволықпен» пайдаланылып, тың атауды, жаңа ұғымды
білдіру үстінде туған.

Қазіргі кездегі мерзімді баспасөз тілінің сөздерді бір-бірімен
жаңа байланысқа түсіріп қолданудағы тағы бір ерекшелігі –

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 397

көрсетілген -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті немесе -лық, -лік, -дық, -дік,
-тық, -тік жəне осылар функциялас басқа да қосымшалы сөздер-
дің пысықтауыштық қатынаста етістіктермен қабыса байланысуы.
Бұл қосымшалар, негізінен, сын есім тудыратыны белгілі. Қатыс-
тық туынды сын есімдер заттың қатысын, қасиетін білдіретін-
діктен, жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей зат есім сөздер-
мен қабыса байланысып, атрибуттық қатынастағы тіркес құ-
райды. Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде тілдік едини-
цалардың бұндай қызметі өрістей түсуімен бірге, ондай сын есім-
дер етістіктермен де қабыса байланысып, сын-қимылдық қатынас-
тағы тіркес құрап отырады. Мысалы: Олай болса, партия, совет
жəне шаруашылық органдары мал төлдету науқанын əрбір колхоз
бен совхозда, бөлімше мен фермада, отарда үлгілі өткізуді ұйым-
дастыруға, сөйтіп, межелі төл алуды қамтамасыз етуге міндетті
(СҚ, 1968, 29 март). Туысқан жастар одақтары қиыншылықтарды
табысты жеңуде, бейбітшілік, демократия жəне социализм үшін
күрес туының астына жастардың жаңа көпшілігін топтастыруда
(ЛЖ, 1967, 7 февраль).

Айтты-айтпады, ой елегінен өтпесе, журналист алған фактінің
творчестволық өңделуі не болмақ? Ал творчестволық өңделмесе,
əлгі фактілер оқушысын қалай баурамақ? (ҚƏ, 1967, 5 май).
Осыған байланысты жұмыс істеп тұрған кəсіпорындарын ұлғайту
жəне жаңадан кəсіпорындар салу үшін жеңіл өнеркəсіпке арнап
бөлінген қаржы əлі де қанағаттанғысыз игеріліп келе жатқаны
айтылды (СҚ, 1968, 29 март). Келтірілген мысалдардағы бөлініп
көрсетілген тіркестер орыс тілінің əсері арқылы туғандығы сөзсіз.
Олар орыс тіліндегі туынды үстеу – етістік конструкциялы қабыса
байланысқан тіркестерден (мысалы, плодотворно побеждать –
табысты жеңу, примерно провести – үлгілі өткізу, т.б.) не мүлде
басқа типтегі тіркестерден (мысалы, быть ответственным деген
пысықтауыштық қатынастағы меңгеріле байланысқан тіркестен
пысықтауыштық қатынаста қабыса байланысқан жауапты болар
еді тəрізді тіркестік жасалуы) аударылып барып жасалған.

Бұдан, əрине, бұндай қатынастағы тіркестер қазақ тілінде мүл-
дем қолданылмаған, оған жат құбылыс деген қорытынды тумасқа
керек. Сын есім, əсіресе қатыстық сын есім, етістік конструкциялы
еркін синтаксистік тіркестерді былай қойғанда кейбір тұрақты я

398 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

түйдекті тіркестер де қазақ тілінде кездесіп қалады. Оның өзі
бұндай синтаксистік единицалардың тілімізден белгілі орын
алғанын көрсетеді. Бірақ ол қазіргі қазақ тілінде тұрақты емес.
М. Əуезовтің «Абай жолы» романында мұндай тіркестер (сондай-
ақ үстеу – зат есім құрамды тіркестер де) жиі кездеседі. Соған
қарағанда, бұл сияқты синтаксистік үлгілердің белгілі стильдік
қызметі болуы мүмкін.

Сондай-ақ совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде сын
есім + зат есім, сан есім + зат есім, есімдік + зат есім, зат есім + зат
есім құрамды қабыса байланысқан сөз тіркестерін былай қойған-
да, етістік (əсіресе есімше түрі) – зат есім конструкциялы тіркес-
тердің қалыптасып, қолданылуы үлкен өріс алады: көрсетілген
факт, алынған, хабар, бөлінген қаржы, туысқан халықтар, жұ-
мыс істеп тұрған кəсіпорындар, қаралған мəселе, жасалған баян-
дама, қабыл алынған қаулы, орындалған міндеттеме, т.б. Бұл
сияқты атрибуттық қатынаста қабыса байланысқан сөз тіркестері
былай қалыптаскан: предикаттық қатынаста қиыса байланысқан
синтаксистік единицалардың компоненттері өзара орын ауысады
да, тұлғалық өзгеріске түспейді. Соның нəтижесінде ой білдіруден
ұғымды, атауды білдіруге ауысқан. Жəне ол ауысу сол единицалар
құрамындағы қомпоненттердің өзара мағыналық сəйкестігінің
негізінде болып отырады. Бұндай конструкциялы единицалар
баспасөздің мақала тақырыптарында жиі қолданыла бастады.

Сөйтіп тіркес құрамындағы сөздердін мағына үйлестігі сол
сөздердің тіркесу қабілеттілігімен ұштасып, тіркес құраудағы
басты қасиетінің бірі болып есептелсе керек.

2. Меңгеріле байланысқан жаңа сөз тіркестері

Тілімізде сөз тіркесінің көп қолданылатын типінің бірі – меңгеру.
Қандай текст болмасын сан жағынан алып қарағанда меңгеріле
байланысқан тіркестер басқаларына қарағанда артық болып
отырады. Осы құбылысты қазақтың мерзімді баспасөз тілінен де
байқауға болады. «Қорғансыздың күнінде» 908 септік жалғаулары
қолданылған. Ал «Қызыл Қазақстаннан» алынған мақалаларда
оның саны – 1001. Алынған тексте сөз қолданыс: N1 – 5000, N2 –
5000. Демек, бірінші текстің сөз санына қарағанда меңгерілетін

Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 399

сөзі 0,1816 немесе 18,16%, екіншіде 0,2002 немесе 20,02%. Тексте
сөз тіркесінің құрамына енетін сөздер екі, үш, кейде тіпті одан көп
болатын болса, белгілі тексте ол сан ең кем дегенде орта есеппен,
2,1–2,5 арасында құбылып отырады. Бұл арада біз шартты түрде
бір сөз тіркесін құрайтын сөздердің саны аз болғанда 2,3 деп
алсақ, ал текстегі септік жалғауында жұмсалған сөздің санын орта
есеппен 0,2 немесе 20 деп алсақ, (өйткені жалпы N – 10000, ал
септік жалғаулары 1001+908=1909; 1909: 10000 = 0, 1909–0,2%)
меңгеру тексте тіркес атаулының 0,46 немесе 46% құрайтындығын
көреміз. Бұл көрсеткіш жалпы тіркестің жартысына жақын екенін
көрсетеді. Ал қалған 0,54 немесе 54% тіркестер қабыса, қиыса,
меңгеріле, матаса, не жартылай матаса (изафет) байланысқандар
болады.

Бұл мəліметтерді тексеру үшін тағы да бір үзінді алып көрейік.
«Қазақстанда сатсиалдық шаруаның өсуі жана алдымыздағы
міндеттер» («Қызыл Қазақстан», №7–8, 1929). N – 1000, септелінген
сөз – 197.

Демек, септелінген сөз барлық сөздің 0,197 немесе 19,7% бо-
лады. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің қолданылу жиілігі (час-
тота) 0,2 . 2,3 = 0,46, яки 0,5–0,35 аралығында, немесе 1 : 2–1 : 3.

Бұл көрсеткіш «Социалистік Қазақстан» (1969, 16 октябрь)
тілінен де анық көрінеді. Жалпы сөз қолданыстың саны – 8834 те,
септік жалғауында (атау мен іліктен басқа) қолданылған сөздердің
саны 1415 (барыс – 347, табыс – 445, жатыс – 307, шығыс – 203,
көмектес – 113). Демек, бұл септіктерде жұмсалған сөздер жалпы
сөз қолданыстың 16%, ал əрбір тіркесте кем дегенде 2,3 сөз болса,
оның жалпы сөз қолданысқа қатынасы 37% болады.

Демек, қазақтың мерзімді баспасөз тілінде де сөз қиыстырып,
ой құрауда меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің қызметі ерек-
ше. Дəстүрлі үлгі бойынша ең алдымен меңгеріле байланысқан
есімді сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктерін талдап көрейік.
Жалпы тілімізде меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек
қолданылады. Бірақ публицистикалық, ғылыми шығармаларда
кездесіп отыратын фактілерге соқпай өтуге болмайды. Мысалы,
Партияның жергілікті 2653 бөлімі бар (өткен жылғыдан 253-ке
артық) (ЕҚ, 9 июль, 1923). Əуелі сол кандидаттың хүкімет үшін
істеген пайдалы адал істері, жағымды мінез құлықтары бар ма,

400 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы

саясатқа жетіктігі қалай – осыларды тексеріб барыб сонсоң
партияға мүше қылу керек (ҚҚ, №7–8, 1922, 11). «Социалистік
Қазақстанның» осы жылғы 7 январьдағы нөмірінде жоғарыдағы
тақырыппен редакцияға хат жарияланған (СҚ, 1966, 2 март), тəріз-
ді сөйлемдердегі [өткен] жылғыдан артық, екі жүз елу үшке ар-
тық, саясатқа жетіктігі, партияға мүше қылу керек, редакцияға
хат деген тіркестерді морфологиялық құрамы жағынан есімді сөз
тіркестеріне жатқызбауға болмайды, өйткені тіркес құрамындағы
сөздер (əсіресе басыңқылары) – есім сөздер (сын есім, зат есім),
немесе есім мен көмекші етістік жəне модаль сөздерден құралған
құрама баяндауыш. Олар байланысу түрі жағынан меңгеру болады.
Өйткені басыңқы есім (не есім мен етістік) сөздер бағынып
тұрған сөздің белгілі септік жалғауында тұруын талап етеді.
Бірақ «Есімдердің, есімдерді меңгеруі, етістік тіркестердегідей,
əрі мағыналық, əрі синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес,
əлсіз байланыс ыңғайында пайда болады» жəне «Есімдердің бұлай
тіркесуі жеке сөздің тікелей лексикалық мағынасынан тумайды,
жалпы сөйлемнің мазмұнынан, айтайын деген ойға, баяндауышқа
жалғаулы есімдердің керек болуынан туады» [12, 44]. Сондықтан
да болса керек, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері
етістікті сөз тіркестеріне қарағанда саны жағынан, қолданылу өрісі
жағынан өте аз, тіркесу шеңбері тар. Оны байқау үшін есімді жəне
етістікті сөз тіркесінің басыңқы сөздерін алып талдап көрейік:
Жоғарыдағы мысалдағы артық жəне келді деген сөздердің тіркесу
шеңбері бірдей емес. Артық сын есімі, негізінен, шығыс септікті
меңгеріп (неден артық) қана тұр. Ал 253-ке артық тіркесі қазақ
тіліне тəн емес, ол орыс тілінің «больше на 253» дегенінің негізінде
жасалған. Келді деген етістік бірнеше септікті меңгеріп, көптеген
тіркестерге ұйтқы бола алады: ауылға келді, ауылдан келді, атпен
келді, менімен келді. Сол сияқты бұл етістік шылаулы тіркеске
де ұйтқы бола алады: мен үшін келді, оның арқасында келді, ол
арқылы келді, үйге шейін келді, барған соң келді, шыққаннан кейін
келді, осы мəселе жөнінде келді, шақыру туралы келді т.б.

Демек, байланысу тəсілдері жағынан бұл сөз таптарының тір-
кесу қабілеті бірдей емес.

Қазіргі қазақ тілінде меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркес-
тері басыңқы сөзінің құрамына қарап есім меңгеру жəне аралас
(комбинированное) меңгеру болып екіге бөлініп жүр.


Click to View FlipBook Version