Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 501
Жалпы қазіргі мерзімді баспасөз тілінде мағына жаңғыруы
арқылы жасалған сөздердің қолданылу аясы кеңдігін мына факті
де көрсете алады. «Социалистік Қазақстан» газетінің бір нөмірінде
ұшырасатын 2125 сөздің 194 сөзі осы жаңа мағыналы сөздер. Жал-
пы қолданылған 8834 сөздік 884-і мағыналық өзгеріске түскен
сөздер. Яғни газеттегі бұл санындағы жалпы сөздің 8,2 проценті,
қолданылған сөздің 10,07 проценті жаңа мағыналы сөздердің
үлесіне тиеді. Бұл – лексиканың осы саласы үшін аз емес.
Осы сияқты туындылар қазірде жаттығын жойып, жаңа
жасалған сөз сияқты көрінбеуі мүмкін. Оның себебі сондай
сөздердің көпшілігі совет дəуіріндегі баспасөз тілінде ертеректе
жасалып қалыптасты, қазір тұрақталып, тілге бүтндей сіңісіп кетті.
Мағына өзгеруі арқылы жасалған жаңа сөздер дегенде, олар-
дың соңғы 5–10 жыл ішінде туғандығын көрсетіп отырғанымыз
жоқ, əңгіме мерзімді баспасөз тілінде жасалып, қалыптасқаны
туралы болып отыр. Бұл жерде мерзімді баспасөз тіліндегі
субстантивациялық, вербализациялық, адьективациялық, адвер-
биализациялық құбылыстар да жеке қаралмады, өйткені əңгіме
сөздің жеке тұрғандағы мағынасы емес, қолданыстағы мағына
өзгеруі болғандықтан, ол процестер еңбекте сөздің жалпы ма-
ғыналық дамуы шеңберіне еніп қаралды. Сондай-ақ баспасөз
тіліндегі жаңа сөздердің, сонымен бірге олардың мағыналық шең-
бері, қолданылу қызметі мен аясы, басқа сөздермен қарым-
қатынасы осы көрсетілгенмен шектелмейді. Əңгіме тізіп беруде
немесе жеке-жеке сөздің тіркес құрауы жағында емес, жалпы мер-
зімді баспасөз тілінде мағына өзгеру арқылы жаңа сөз жасау тура-
лы болғандықтан, оны осы келтірілген мысалдар да анық аңғарта
алады.
2. Орыс тілінен енген сөздер
Тіл қанша бай болғанымен, басқа тілдермен қарым-қатынассыз,
өз бетімен, тек өзінің ішкі мүмкіндіктерінің шеңберінде ғана да-
мып қоймайды. Сол тілдің иесі басқа халықтармен əр жағдайда
қарым-қатынас жасаудың нəтижесінде, тілдердің бір-біріне ауыс-
түйіс жасап, əсер-ықпал етіп отыратыны белгілі. Əсіресе қоғамдық
өмірде ұлы өзгерістер болып жатқанда, жеке бір тілдің ішкі мате-
риалдары жетісе бермейді.
502 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Сондықтан халықтармен қарым-қатынас жасап отырған тілдің
лексика саласында əсіресе жаңа ұғымға байланысты сөз ауысуы
заңды құбылыс. Əсіресе лексиканың терминдер саласында, өте-
мөте білім мен техникасы дамыған елдің ықпалы ерекше болаты-
ны белгілі.
Қазақ тілінде əсер-ықпалын мол тигізген тілдің бірі – орыс
тілі. Лексика саласының өзінде ғана орыс тілінің көптеген сөздері
мерзімді баспасөз тіліне тасқындап еніп, кейін біртіндеп əдеби
тілге толық сіңісіп жатты. Сондай-ақ қазіргі тіліміздегі интерна-
ционалдық сөздердің, əсіресе терминдердің көбі орыс тілі арқылы
келіп, тілімізге берік енді.
Демек, төменде сөз етпек болып отырған орыс тілінен енген
сөздер, бір жағынан, қазақтың мерзімді баспасөз тілінің лексикалық
құрамының бір бөлігі ретінде баяндалса, екіншіден, бұл тілді
байытудың бір жолы, жаңа сөз тудырудың бір тəсілі ретінде сипат-
талады.
Қазақ пен орыс халықтарының, қарым-қатынасы сонау ерте
заманнан бері басталғандықтан, қазақ тіліне орыс сөздерінің ене
бастауы да өте əріден, ертеректен басталатыны белгілі1.
Көршілес отырған бұл халықтар арасында мəдени-шаруашы-
лық байланыстар дамып отырды. XІX ғасырдың аяғы мен XX ға-
сырдың басында ол байланыстар күшейе түсті.
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді
баспасөз тілінде қолданылған орыс тілінен енген, орыс тілі арқылы
келген интернационалдық лексиканың мағыналық шеңбері, тема-
тикасы біршама кең. Ол сөздердің көбі саяси əлеуметтік өмірге,
мəдениетке, оқу-ағарту ісіне, экономика салаларына, ғылым мен
техникаға, т.б. байланысты атаулар еді.
«Бұрын салдат хызыметін атқарудан бостан жүрген бұл халық
салдат хызыметіне шақырылса керек еді, лəкин бас хакімдер ара-
1 Орыс тілінен сөз ауысуын зерттеушілер негізінен, 4 кезеңге бөледі. Біріншісін ерте
заманнан, яғни қыпшақ дəуіріндегі қарым-қатынастардан бастап, XVІІ ғасырмен
шектеп, одан кейінгі кезді XІX ғасырдың екінші жартысына дейін əкеп, үшінші
кезеңді осы мезгілден бастап Октябрь революциясына жеткізеді. Революциядан бергі
жерді төртінші кезеңге саяды. Қараңыз: Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.
Лексика, Алматы, 1962, 107–108-бб.; Сулейменова Б.А. Некоторые вопросы русских
лексических заимствований в казахском языке // Қазақ тілінің тарихы туралы зерт-
теулер. Алматы, 1965, 68–69-бб.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 503
сында бір проект түзелуб тұр» (А, 1912, №7, 164-б.) «Бұрын шет
падшалықдың істеген мата тауарларына мұқтаж екен, хазір Петер-
бор, Мəскеу секілді зор шаһарлер түрлі-түрлі завод-фабрикалар-
дың ұясы болды» (А, 1913, №9, 191-б.). «Ол приговорды хакімдер
нығайтуб ақша да жинала бастаған еді» (А, №10, 193-б.). «Барлық
наградалардан артық көрілуші еді» (А, 1912, №8, 188-б.). «Жиылған
жұрт ортасынан біреуді председатель сайлаб, мəжілісдегі сөй-
леушілер сол председательдің һəрбір бұйрығына бой сұну тиіс»
(А, 1913, №6, 118-б.). «Асанский туземный школ туралы шақырған
кеңес мəжілісіне член болуб сайлануб баруб едім» (А, 1913, №6,
132-б.). Студентлеріміздің қалыбы мұнан да нашар» (А, 1912,
№11, 241-б.). «Сонсоң өздерінің уезный шаһарінде құрылған вре-
менный камесиеге ғарыза берб байқар» (А, 1913, №8, 177-б.).
Революцияға дейінгі мерзімді баспасөз тілінде экономикалық
өмірге, шаруашылық, күнделікті жағдайларға байланысты кре-
стьян, базар, товар, завод, фабрика, мануфактура, доход, лесни-
чий, план, землемер сияқты сөздер, саяси əлеуметтік өмірге байла-
нысты салдат, съез, проект, приговор, ыстатье, т.б. Əкімшілік,
ел басқару ісіне байланысты облыс, наград, председатель, член,
доверенный, уезный, комиссия, министр, советник, начальник, т.б.
Ғылым мен техника, мəдениет, оқу-ағарту істеріне байланысты
студент, школ, микроб, микроскоп, доктор, музыка, газет, жур-
нал, электр сияқты алуан түрлі сөздердің қолданыс тапқанын
айтуға болады.
Бұдан, əрине, осы сияқты сөздердің барлығы да алғаш рет
мерзімді баспасөз («Айқап») тілінде қолданылған екен деген ұғым
тумасқа керек. Съез, ояз, оязный, облуыс, базар, статья, начальник
сияқты біраз сөздер бұдан бұрында жазба тілде, көркем əдебиет
тілінде қолданылып келді.
Революциядан бұрынғы баспасөз, əсіресе «Айқап» журналы
ондай сөздерді өз беттерінде қолдана отырып, олардың қатарын
жаңа сөздермен толықтыра түсті, кейде қолданылып жүрген орыс
тілінің сөздеріне жаңа мағына я мағыналық реңк үстеп отырды.
Мысалы, съез, революция сөздері «Айқап» тілінде үлкен жиналыс,
қаулы мағынасында ғана емес, сонымен бірге оның ресми іс екені
де аңғарылады.
Журнал тілінде бұл сөздер білдіретін атаулардың орындалу
формасы да өзгеше, яғни алдын ала келісім бойынша мерзімді
504 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
уақытты белгілі күн тəртібі бар жиналыс жəне соның жүйелі
түрдегі жазылып алынған қаулысы.
Дəл сол сияқты наград та көрінген сыйлық емес, мемлекет та-
рапынан берілген сыйлықтың түрі, яғни мұның да ресми мəні бар
екені айқын көрініп тұр. Приговор сөзі өзінің негізгі мағынасы
үкім дегеннен гөрі келісім, шарт, жасалған қаулы мағынасын біл-
діріп тұр.
Сол сияқты статья, председатель, комиссия, доход сөздерінің
де сөйлеу тіліндегі қолданысынан гөрі тұрақтылық, ресми мəні
сезіледі. Председатель жиынды басқарушы, ол сөз кейде төрағасы
сөзімен де беріліп жүрді, доход, жалпы түсім, пайда емес,
мемлекеттің тұрақты қоры мағынасында жұмсалып тұр. Мұндай
сөздің құбылып қолданылуы «Айқап» тілінде жиі кездеседі.
Айқынырақ болу үшін мына бір мысалды талдап көрейік.
«Бірлік ынтымақды кетіретін партия жолдарынан сақтану керек»
(А, 1913, №11, 242-б.). «Кіл қырғыз, қазақ баласын шын ықыласы
менен өз партиясына шақыруб отыр» (А, 1913, №9, 196-б.).
Бұл екі мысалдағы орыс тілінен енген партия сөзі екі түрлі
мағынада қолданылған. Мысалдың алдыңғысында партия сөзі
жік, айтыс, жаулас топ мағынасында жұмсалған. Кірме сөздің бұл
мағынасы бұрын да белгілі. XІX ғасырдың өзінде партия сөзі
Абай шығармаларында айтыс, тартыс, жік, байлардың бір-бірімен
күресу үшін елді жікке бөлуі мағыналарында қолданылатын мына
мысалдар да айқын көрсете алады: «Болды да партия, Ел іші жа-
рылды. Əуремін мен тия, Дауың мен шарыңды». Немесе: «Жалын
мен оттан жаралған сөзді ұғатын қайсың бар? Партия жиып пара
алған Бейілі кедей, байсыңдар».
Абай шығармаларында бұл сөзге қазақ тілінің кейбір қосым-
шалары жалғанып (партиялас, партияластық) туынды жаңа тұлға-
да да қолданылған. Партия сөзінің басқа сөздермен мағыналық
байланысы мен туынды тұлғада жұмсалуының қайсысында бол-
сын оның негізгі бір-ақ мағынада қолданылғаны ап-айқын кө-
рінеді.
Демек, XX ғасырға дейін қазақ тілінде ең болмағанда жаз-
ба тілде партия сөзі бір-ақ мағынада жік, жікшілдік, байлар
арасындағы тартыс мағынасында қолданылған деп тұжырымдауға
əбден болады. Мысалдағы екінші сөйлемдегідей, партия сөзінің,
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 505
екінші мағынасы – ұйымдасқан топ, белгілі көзқарастағы адам-
дар мағынасы – жаңа, əдеби тілге, соның ішінде баспасөз тіліне,
XX ғасырдың басында ене бастаған деуге болады.
Ұлы Октябрь революциясынан кейін орыс тілінен қазақ тіліне
жаңа сөздердің ауысуына ерекше мүмкіндік туды. Ғылымның,
мəдениетіміздің, экономикамыздың дамуында орыс халқының
рөлі қандай болса, қазақ тілі лексикасының баюында, дамуында
орыс тілінің орны сондай еді. Əсіресе қазақ тілінің терминоло-
гия саласында орыс тілінің əсері зор болды. Жаңа ұғымдардың
енуімен байланысты жаңа атаулар кірді: трамвай, аэроплан,
мотор, машина, пароход, электр, общежитие, трагедия, пье-
са, клуб, факультет, театр, группа, опера, выставка, устав,
аренда, совет, конференция, капиталист, буржуазия, большев-
ник, революция, либеральный, аппарат, палата, коммунист, ко-
митет, программа, комиссия, т.б. «7 жылдық мектеб програ-
мы шамалы білімі болған 15–16–17 жастағы еркек, əйел» (ЕҚ,
18 июль, 1923). «Басқа партиялардан ескіні жақтаушылар ғана
(консерватор) көб дауыс алған» (ЕҚ, 9 июль, 1923). «Трагедия
шалғанда... кеудесіне мейрім орнаб, ықтиярсыз көзіне жас төгіледі»
(ҚҚ, 1922, 27-б.) «Жалпы Ресейлік Кеңестер комитетінің жиы-
лысы жобаны мақұлдаб, 19 адамнан комиссия түзеб, жоғарыдағы
негізге сүйеніб тəптештеб шығаруды қосқан» (ЕҚ, 9 июль, 1923).
Бұл сөздердің біразы орыстың төл сөзі болса, енді бірқатары,
негізінен, батыс халықтары тілінің сөзі, интернационалдық лекси-
ка. Осы интернационалдық сөздер қазақ тіліне орыс тілі арқылы
еніп отыр, өйткені олар орыс тілінің сөздік құрамынан əлдеқашан
орын алған. Мысалы, революция сөзі орыс тілінде XІX ғасырдан
бері қолданылып келе жатса, қазақ тілінде Октябрь революция-
сынан кейін ғана пайда болды. 20-жылдарда да революция қазақ
тілінде толық тұрақтай қойған жоқ, ол ұғымды төңкеріс деп те
беріп жүрді, ал преворот деген сөз аударыс деп алынды1.
Совет дəуірінің алғашқы кезеңіндегі мерзімді баспасөз ма-
териалына қарағанда, қазақ тіліне енген орыс сөздері мен
интернационалдық терминдердің саны, қолданылу аясы бұрын-
ғы дəуірлермен салыстырғанда əлдеқайда кең өріс алғанын бай-
1 Атаулар сөздігі. Қызыл Орда, 1951, 82-бет.
506 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
қаймыз. Мысалы, «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы 11 са-
нында басылған бас мақалалардың лексикасын талдап көрейік.
Мұнда 1067 сөз 4039 рет қолданылған.
Осы 1067 сөздің əрқайсысы бірдей жиілікпен қолданылмаған,
яғни əрбір сөздің тексте қайталану саны бірдей, біркелкі емес.
Кейбір сөз 87 реттен қолданылса, кейбірі бір-бірден ғана жұмсалған.
Демек, жалпы бір сөздің қайталануы орташа алғанда 3,875-ке тең
(4039: 1067), яғни сөздің орта жиілігі – 3,875 деп алсақ, кейбір
жекелеген сөздің қайталануы, яғни жиілігі, бірде осы мөлшерден
анағұрлым артық, бірде кем болып келеді. Енді осы тексте орыс
тілінен енген сөздердің жəне сөз қолданудың салмағына назар
аударайық.
Бұл тексте орыс тілінен жəне орыс тілі арқылы енген сөздік
саны 52 де, ол 210 рет қолданылған, яғни жалпы сөздің 4,87
проценті.
Осының өзінен революциядан кейінгі дəуірдегі орыс тілінің
əсері (сандық жағынан да, сапалық жағынан да) басым екендігі
айқын көрінеді. Мысалы, осы тексте революциядан бұрын қазақ
тіліне кірген сөздің саны – 10, ол не бары 16 рет қолданылған,
ал совет дəуірінде енген кірме сөздердің саны – 42 де, қолда-
нылуы – 194.
Қазақтың мерзімді баспасөз тілінде революциядан бұрынғы
барлық кезеңмен салыстырғанда орыс тілінен кірген сөздің саны
анағұрлым көп. Сонымен бірге ол сөздер сан жағынан ғана көзге
түсіп қоймайды, олардың қолданылу аясы, қызметі де жоғары
екендігін көрсетеді, яғни олардың көбі-ақ актив сөздерге ай-
нала бастады. Сондай-ақ олардың (52-ден 13 сөз) қазақ тілінің
қосымшаларын (жұрнақ) жамылып қолданылған. Осының өзінен
бұл сөздердің жаңа ортада, қазақ тілінде, басқа сөздермен тығыз
қарым-қатынасқа түсіп, жаңа тіркестер құрауға ұйтқы бола бас-
тағанын айқын аңғарамыз.
Орыс тілінен сөз ауысу процесі кейінгі дəуірде де тоқтаған жоқ.
Кейінгі кезеңдердегі баспасөз тілінде орыс тілінен енген сөздер-
дің бірсыпырасы тұрақтанып, кейбірі қолданудан шығып қалды.
Оның үстіне тілімізге жаңа сөздер де кіріп, қазақ əдеби тілінің
қажеттігін өтеп отырды.
Қазіргі мерзімді баспасөз тілінде орыс тілінен енген сөздердің
саны да, қолданылу аясы да едəуір екенін «Социалистік Қазақстан»
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 507
газетінің талданған нөмірінен (1969, 16 октябрь) көруге болады.
Онда не бары орыс тілінен енген 394 сөз 1581 рет қайталанып
қолданылған. Яғни кірме сөздер текстегі жалпы сөз санының
18,53 проценті. Бұл аз цифр емес. Əдеби тілдің қай стилінде, қай
жанрында (ресми, ғылыми-техникалық шығармаларды есепте-
мегенде) жазылған шығармалармен, əсіресе көркем əдебиетпен
салыстырсақ, мұндағы орыс тілінен енген сөздердің саны, сөз
қолданысы анағұрлым көп, жан-жақты екенін байқауға болады.
Осы орыс тілінен енген сөздердің (394 сөз, 3581 сөз қолданыс)
312-сі ешбір жұрнақсыз түбір күйінде 1378 рет қолданылған да,
82-сі қазақ тілінің əртүрлі жұрнақтарын жамылып, туынды түбір
тұлғасында 203 рет қолданылған.
Кейінгі жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде қолданылып
жүрген орыс тілінен енген сөздердің кейбірі тілімізге ертеректе,
совет дəуірінің алғашқы кезеңдерінде еніп, қазір əдеби тілімізден
берік орын алса, енді бірқатары кейінгі кезеңдерде мерзімді
баспасөз тілінде қолданыла бастайды. Осының өзі қазақ əдеби
тіліне орыс тілінен сөз ауысу процесі əсте тоқтап қалмағандығын,
ол əлі де қарқынды түрде дамып отырғандығын, əдеби тілді
байытудың негізгі бір жолы екендігін анық байқатады.
Мерзімді баспасөз тілінде орыс тілінен енген сөздердің қол-
данылуы дегенде ондағы жұмсалған барлық кірме сөздерді са-
нап шығу мақсат емес. Жоғарыда азды-көпті берілген мысал-
дар арқылы соның кейбір өзіндік ерекшеліктерін көрсетуге ты-
рыстық. Əр кезеңдегі мерзімді баспасөздің өзінде бұл процестің
көрінуі жағынан кейбір ерекшелік те байқалып отырады. Ең бас-
ты ерекшелік – мерзімді баспасөз тілінде орыс тілінен сөз ауысу
процесінің саналы əрі жүйелі болуға икемделе беру бағыты бар.
«Қазақ тіліне орыс сөздері басқа бір үшінші тіл арқылы емес
тікелей ауысудың»1 жəне ХХ ғасырдың басынан бастап ол ауысу
«жергілікті түрде», яғни «жергілікті орыстармен қарым-қатынас
жасау негізінде» ғана болмай, сонымен қатар жазба əдебиет,
əсіресе мерзімді баспасөз арқылы орыс сөздері сыртқы тұлғасы
жағынан да, ішкі мəн-мағынасы жағынан да, атқаратын қызметі
1 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика, лексика. Алматы, 1962,
110-бет.
508 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
мен қолданылу аясы жағынан да тұрақтанып, жалпыхалықтық
сипат ала бастады. Соның нəтижесінде ондай кірме сөздердің
көбі əдеби тілге сіңісіп, кейінгі дəуірлерде жаттығын жойып,
қолтума сөзге айналып кетті. Демек, орыс тілінен сөз енудің
негізгі ерекшеліктері, арнаулы əдебиеттерде айтылып жүргендей,
терминнің көп еніп, қазақ тілінің терминологиялық жүйесін
қалыптастырудағы рөлі, совет дəуірінде кірме есімдерден етістік
жасалуы жəне дыбыстардың ере келіп, тілімізде қалыптасуы,
қазақ тілінің орфографиясын тұрақтандыруы, кейбір өзгерістерге
енгізуі, т.б. сияқты ерекшеліктер революцияға дейінгі жəне со-
вет заманындағы мерзімді баспасөз тілін салыстырудан ай-
қын көрінеді.
3. Араб, иран тілдерінен енген тілдік
элементтердің қолданылуы
Араб, иран тілдерінен енген сөздер əңгіме болғанда мынадай
жəйттерді ескеру керек. Ең алдымен олардың ішінде негізгі сөздік
қорымыздан тұрақты орын теуіп, кəдеге асып жүргендері де аз
емес. Ал бірсыдырғы осындай кірме сөздермен формалар тек азды-
көпті оқығандардың ғана қаламынан шығып, белгілі бір кезеңдерге
жататын жазбаларда ғана қолданылып, жалпы халықтық сипат ала
алмай, сөйлеу тілінде қолданылмай, «кітаби тіл» шеңберінен шыға
алмай қалды.
Араб, иран халықтарының қазақ халқына тікелей қарым-
қатынасы болған жоқ. Əрине қазақ халқының құрамындағы кейбір
ру-тайпалардың ерте замандарда бұл халықтармен байланыстары
болғанмен, кейінгі кезеңде, тіпті ортағасырлық дəуірде, қазақтың
халық болып қалыптасқан кезеңінен бері қарай тікелей қарым-
қатынастың болмағаны айқын. Араб басқыншыларынан түркі
халықтары қатты зардап шеккені белгілі. Олар түркі мəдениетін,
түркі тілін жойып жіберуге де əрекет жасады. Абу Райхан Бирунидің
айтуынша: «Күтейбе ибн Муслим ал-Бахили Хорезм жазуын өртеп,
оны жақсы білетін жəне сол кездегі əртүрлі ғылымды халыққа
үйрететін, оқытатын адамдарды құртып жіберді. Бұдан кейін
хорезімдіктер өте сауатсыз, қараңғы қалды. Тек олардың есінде
өткен кездің аңыздары мен елестері ғана сақталды»1. Ал моңғол
1 Абу Райхан Бируни. Ибранные произведения. Ташкент, 1957, стр. 48.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 509
шапқыншылығынан кейін де ислам дінінің уыты тоқтай қойған
жоқ. Осы дəуірде шыққан ұлы ғұлама, данышпан ойшылдардың
шығармаларын көбінесе араб-парсы тілдерінде жазуы (өздерін
танытудың, еңбегін жария етудің бір жолы болуы да ықтимал) бұл
тілдердің əсер-ықпалы зор болғандығын көрсетеді. Демек, араб,
иран тілдерінің қазақ тіліне тигізген əсері тікелей сөз алу емес,
ол екі түрлі: бірі – қазақ халқы жеке жұрт болып бөлінбей тұрған
кездегі тигізген əсер-ықпалдың қалдығы1. Əрине түріктердің иран
тілінде сөйлейтін халықтармен қарым-қатынасы, байланыстары
ертеде-ақ болған. Соғдылар сонау Дуглат (Түргеш) Сұлу қағанмен
(VІІІ ғасырда) одақтасып, араб басқыншыларымен ұзақ жыл
соғысқанда2 жергілікті халықпен қарым-қатынаста болды. Онан
арғы кезеңдерде сақ, массагеттермен (түркі тілдес халықтардың
көне атаулары) аралас Орта Азия, Қазақстан жерлерін мекен
еткенін айтады көне грек авторлары Геродот, Ктизии3. Сонау есте
жоқ ескі кезден бері араласқан соғдылар парсы сөзін түркілерге,
түркі сөзін парсыға ауыстырып отырғанға ұқсайды.
Демек, араб, иран тілдерінің түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ
тіліне де, тигізген əсері деген мəселенің өзі күрделі де көлемді
екенін көрсетеді. Сонымен бірге араб, иран тілдерінің əсері деген-
де иран тілдерінің əсері араб тілдерінен гөрі ертерек басталатынын
да жоққа шығармаймыз.
Екіншісі – кейінгі кезеңдерде көбіне дін, діни оқумен байла-
нысты көрші отырған түркі халықтарының (мысалы, өзбек, та-
тар, т.б.) тілдері арқылы енген сөздер. Араб, иран тілінің көптеген
сөзі қазақ тіліне сіңісіп, байырғы сөздер қатарына қосылды. Олар
осы кезде əдеби тіліміздің қажетін өтеп жүр. Енді бірсыдырғысы
тек ескіше оқығандардың сөйлеуінде, белгілі бір дəуірдегі жазба
тілде ғана қолданылып келді. Бұл екі жағдайда кірме сөздер бірде
өздерінің о бастағы мағынасында ғана жұмсалса, енді бірде жаңа
мағыналық реңк үстеліп отырды. Мысалы, кітап о баста тек діни
кітаптар болса, кейін жалпы кітап атаулының жинақтық атауына
айналды. Ол бірден қалыптасып кеткен жоқ.
1 Талжанов С.О. Исторические периоды развития казахской литературы и роль пере-
вода в этом процессе. Автореферат докторской диссертации. Алма-Ата, 1972, стр. 22.
2 Мұсабаев Ғ., Айдаров Ғ., Махмутов А. Қазақстан эпиграфикасы. Алматы, 1971.
3 Древние авторы о Средней Азии. Ташкент, 1940, стр. 36.
510 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы жазба ма-
териалдарға назар аударсақ, діни емес немесе орыс тілінде жа-
зылған кітаптар кейде оқулықтар біраз уақыт книге деп аталып
келгенін байқаймыз. Сол сияқты дəулет сөзінің қазақ тілінде мем-
лекет, мемлекеттік деген түпкі мағынасының бірі қалыптаспай
қалып қойды.
Міне, қазақтың мерзімді баспасөз тіліндегі араб, иран тілде-
рінен енген сөздер дегенде дəл осы кезде бұл халықтардың тілінен
тікелей ауысқан лексемалар айтылмайды. Сол сияқты тілімізге
енген жалпы араб, парсы сөздері де əңгіме етілмейді, өйткені
олардың көбі-ақ, бұл кезеңге дейін əдеби тілімізге сіңісіп, белгілі
функционалды қызмет атқарып, жаттығын жойып кеткен.
Демек, қазақтың мерзімді баспасөз тіліндегі араб, иран тіл-
дерінен енген сөздер дегенде, бұрын кейбір жазба деректерде
азын-аулақ қолданылғанмен, əдеби тілге сіңбей қалып қойған,
бірақ газет-журналдар ол сияқты тілдік элементтерді керегіне жа-
ратып, əдеби тілге енгізуге тырысқанын айтамыз.
Сондай кірме сөздер мен тұлғалардың көбі белгілі бір кезеңдегі
мерзімді баспасөз тілі шеңберінде қалып қойса, кейбірі əдеби
тілге еніп, кейінгі жылдардағы баспасөз тілінде де қолданыс тап-
ты. Мерзімді баспасөз беттерінде араб, иран тілдерінен ауысқан
ондай кірме сөздер тақырыбы жағынан əр алуан болып келді.
Саяси-əлеуметтік өмірге байланысты низам, жамағат, куə, мүдде,
мұрат, мақсұт, арыз, қарар сияқты сөздер, оқу-ағарту, медици-
на, күнделікті өмірге байланысты мəслихат, табиб, кираат, ни-
саап, майдан, ма ир, тəржіме тəріздес сөздер қолданылған. Бұл
сияқты сөздер мерзімді баспасөз беттерінде алғаш жұмсалып
отырған жоқ, тек негізінен баспасөз тілінде олар жаңа мағынада,
мағыналық реңкте қолданылған. Бірнеше мысал «Заманымызға
муафиқ оситнамелер хақында сөз айтуға тиіс көрінеді» (А, 1913,
№6, 119-б.). «Мен өткен нөмірде жазған сөзімнің «қыз аталары-
на» деб хаслаб жазыб едім» (А, 1911, №9, 8-б.). «Миллет махаб-
баты да сонша арта барсун – бұл бір» (А, 1913, №8, 166-б.), «Фото-
граф менен рəсім түсірүб алуб жүрушілер де көрінеді» (А, 1913,
№3, 54-б.). «Қазақ тарихына алтын менен жазылыб қалашақ
Мұқамеджан Сералин жанабларын берді – «Айқабды» тудырды»
(А, 1912, №6, 141-б.). «Мұхтарам «Айқаб» оқушылар! Бұл сөзді өз
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 511
қара басым мархаба деп шын көңлім менен қабұл аламын» (А, 1911,
№12, 6-б.). «Ғали тахсил алғанларымыз» (А, 1912, №4, 88-б.).
«Оқусыз жұртдың күн көре алмай жоғалуб кетуіне шын ығтиқат
қылғанмын» (А, 1913, №7, 146-б.). «Бұл турада білгірлернің қараб
тұрмай, журнал сахифаларына қаламлары жылдамырақ үлгіруі ке-
рек еді» (А, 1911, №7, 5-б.).
Əрине, «Айқап» бетінде ұшырасатын араб, иран тілдерінен
ауысқан сөздердің саны, қолданылу шеңбері берілген мысалдар-
мен ғана шектелмейді. Осы мысалдың өзінен кірме сөздердің
қолданылу қажеттілігі мен аясы бірдей емес екендігін көре аламыз.
«Айқап» тілінде кейбір сөздер (мысалы, миллет пен ұлт) жа-
рыса қолданылған... «Осындай ұлт ғамы үшін ашылған оқу ханаға
ақша күшіменен əм тіл күші менен жəрдем беруін халықдан жүз
салыб өтінеді» (А, 1912, № 5, 1-б.). Бұл екі сөздің осындай жа-
рыса қолданылуы кейінгі баспасөз тілінде де ұшырасып отырады.
Бірақ кейінгі жылдарда жазба əдеби тілде осының ұлт сыңары
толық орнықты. Ондай параллель сөздердің саны «Айқап» тілінде
əлдеқайда көп: сауал – сұрау, тамам болмаса – бітпесе, т.т.
Рəсім сөзі тілімізге екі мағынасында енген болу керек: сурет,
сызылған жоспар, жоба жəне көне ереже, дəстүр, салт. «Айқап»
журналы бұл сөзді алғашқы мағынасында қолданған, бірақ
қазақ тілінде соңғы мағынасы біршама тұрақталған, сондықтан
мысалдағыдай рəсім сөзінің Айқап» қолданған сурет мағынасы
кейін қолданыс таба алмады.
Жанаблары, мұхтарам, мархаба сөздерінің қолданылуында
кейбір ерекшелік те жоқ емес. Жанаба – ұлы, құдіретті, ұлы
мəртебелі, мəртебелі тақсыр, мұхтарам – қадырлы, құрметті;
мархаба – хош келдіңіз, жақсы ниет білдіру сияқты мағыналарда
қолданылатын араб тілінің сөздері.
«Айқап» тілінде жанабалары сөзі бұл кездегі жəне бұдан
бұрынғы уақыттардағы ресми қағаздар, хаттар, документтер тілінде
кездесетін хазіретлері сөзінің баламасы ретінде қолданылған.
Бұларды бұлай қолдануда, бір жағынан, араб, иран тілдерінің
ықпалы болса, екінші жағынан, орыс тілінің де əсері жоқ емес,
өйткені бұл сөздер ұлы мəртебелі деген мағынада орыс тілінде
жиі қолданылып келген его превосходительство, его величество
сияқтылардың баламасы ретінде, соның орнына жұмсалып тұр.
512 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Дəулет сөзінің қазақ тілінде дүние, мүлік, байлық мағынасы ғана
бар да, «Айқап» қолданған мемлекет, мемлекеттік (дəулет думасы)
мағынасы енбей қалды.
Қазіргі көптеген түркі тілдерінде соңғы мағынасы да бар.
«Айқаптың» дəулет сөзін мемлекет мағынасында қолдануына
басқа түркі тілдерінің əсері болуы мүмкін. Бірақ бұл «Айқап»
тілінде жүйелі емес, өйткені кейде оның орнына орысша
нұсқасының өзі жұмсалады. «Министерство юстиции (казилық
уəзірі) Министрлер кеңесіне Государственный думаның қарауына
кіргізу үшін Ташкентски судебный округде əм Ақмола Семипа-
лат облусларында мировой судьялар əм сол жерлердегі окруж-
ной сотларда товарищ прокурорларны көбейту хақында про-
ект кіргізібді» (А, 1913, №2, 46-б.). Бұл сөйлемде тек орыс тілі-
нен енген сөздер ғана емес (мысалы государственный), сонымен
бірге сол сөздердің қазақ тіліне жанаса бермейтін орыс тілін-
дегі түр-тұлғалары, тіпті тіркестік үлгілері қолданылған: -ной,
-ный, -ство тұлғалы есімдер жəне министерство юстиции.
Тіркес орыс тіліндегі күйінде алына салған, болмаса қазақ тілінде
анықтауыш (юстиции) анықталатын сөзінен (министерство) кейін
тұрмайды. Əрине, бұлардың ішінде сөйлеу тілде мировой судья
сияқты қалыптасып кеткендері де бар.
Жоғарыдағы мысалда ғали тахсил – ұлы жиын, көп білім,
рухани азық, сахифе – кітаптың беті, тарағы мағыналарында
жұмсалған. Бұлардың кейбіреулері кейінгі жылдардағы баспасөз
тілінде де қолданылып отырды. «Айқап» тілінде бұл сөздердің
қолдануындағы тағы бір ерекшелік – олардың стильдік қызмет
атқаруымен байланысты деп қараған жөн.
Жоғарыда ол сөздердің біз көрсеткен баламалары мен мағы-
налары «Айқап» қолданған сөйлемдерде толық эквивалент бола
бермейді, кейде эквивалент болған күннің өзінде де «Айқап»
қолданған кірме сөздердің біразы белгілі мағыналық реңк, стиль-
дік бояу беріп тұрады. Соның салдарынан болса керек, араб, иран
тілдерінен енген сөздер «Айқап» беттерінде (мысалы, мағлұм,
мəлім емес, халал, адал емес) түпкі түр-тұлғасын сақтай қолданған.
«Шоңке біреуден, біреу тағлим алуб балаларын оқыта басдар»
(А, 1912, №14, 306-307-б.). «Ғарзамызга муафиқ май айында жер
өлшеушілер шығуб, жерімізді өлшеб планын алды» (А, 1912, №12,
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 513
274-б.). «Қай халық түсінуб ғамал етді, қай халық түсінбей зарар
етді» (А, 1913, №11, 274-б.).
XX ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз тілінде жұмсалған
осындай кірме сөздер қолданылу шеңбері жағынан да біркелкі
емес, кейбірі бұрынғы жазба мұраларда, тіпті əдеби тілде қолда-
нылып келген болса, енді бірсыпырасы алғаш «Айқап» бетінде
қолданылған деуге болады. Сол сияқты бұл кірме сөздердің, тек
«Айқап» шеңберінен аса алмай, осы аяда ғана қалып қойғандары
да бар (жанаблары, мұхтарам, хаслап, дəулет, тахсил, т.б.), кейінгі
жылдардағы мерзімді баспасөз тілінде де қолданыс тапқандары
бар (миллет, тадбер, хұқы, т.б.), бірақ бұлар да жазба əдеби тіл-
ге сіңбей қалды. Енді бірсыдырғы сөздер жазба əдеби тілден түп-
кілікті орын теуіп, жаттығын жойып, байырғы сөздеріміздің қа-
тарын толтырды. Рəсім – ресми, сауал, мағлұм, өкіл, халал – адал,
махрұм сияқтылар дəл сондай сөздер.
Совет дəуірінің алғашқы жылдарындағы мерзімді баспасөз
тілінде де дəл осындай ерекшеліктер кездесіп отырады. «Бұрын
патша хүкіметі қазақ облысдарын муфтилікден шығарыб тастаб
еді, қазақ дінді көксей қалды (ЕҚ, 1 июнь, 1923). Муфти – қазақ
даласына дінмен ере келген араб сөзі. Муфти – ислам дінінің
шариғаты бойынша үкім шығаратын, фатуа айтатын басты судья1.
Мысалда араб сөзінің түбіріне қазақ тілінің – лік жұрнағы
жалғанып, дін басындағы бір кісі емес, жалпы дін орталығы, дін
қоғамы деген мағына беріп тұр. Оның себебі: бірінші кезекте за-
страхованный адамдарға, олардың үй жамағаттары соғысдан
мүгедек (инвалид) болғандарға олардың үй жамағатдарына, қызыл
əскердің үй жамағатдарына ем етіледі (ЕҚ, 9 июль, 1923).
Араб тілінде жамаға – жинау, көбейту, қосу, біріктіру, бір жер-
ге қосу мағыналарын, жамиғатун – біріккен, қауымдасқан, қоғам-
дасқан, байланыс, одақ, бірігу, лига жəне университет деген ұғым-
дарды білдіреді2. Парсы тілінде осы мағыналармен қатар джа-
миий ат – халық, қауым, көпшілік деген де мағыналарды білдіреді3.
1 Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. т. 11, стр. 244;
Арабско-русский словарь, М., 1957; Персидско-русский словарь. Сост. Миллер Б.В.
М., 1960.
2 Арабско-русский словарь. М., 1957.
3 Персидско-русский словарь. Сост. Миллер Б.В. М., 1960.
514 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Қазақ тілінде бұл сөз жамағат жəне жамиғат түрлерінде де жұмсала
береді. Бірақ бір-бірінен олардың семантикалық өзгешеліктері де
жоқ емес.
Мысалда жамағат үй іші, семья, жолдас мағынасында қол-
данылған, ол мағына кейінгі семантикалық дамудың нəтижесінде
болса керек. Ел бастаған хандары, қол бастаған батырлары бар
заманда атқа мінер азаматдарының бəрі «батырлық» дертіне мұб-
тала болыб, ел шауып мал талауды кəсіб қылған (ҚҚ, №10,
1922, 12-б.). Парсы тілінде мұбтала (мобтала) қиындыққа түсу,
бақытсыздыққа ұшырау, дертке шалдығу, ауруға шалдығу, қиын-
дыққа кез болу, қиналу, қайғыру мағыналарына ұшырайды. Кон-
тексте ескі замандағы өткен дəуірдің ел бастаған азаматтарының,
атқа мінерлерінің «батырлық» істерін сынау, күлкі ету үшін дертке
шалдықты деген мағынада мұбтала сөзі қолданылып отыр. Бұл сөз
осы контексте стильдік жағынан дұрыс, орынды қолданыс тапқан
деуге болады. Сөйлемдегі ойды шыңдай түсіп тұрғаны байқалады.
Бес уақыт намазын, отыз күн оразасын жалпы айтқанда бес па-
рызын орындағанда байға тілін тигізбеу, атқа мінер ақсақалдардың
сөзін бұзбауды алтыншы парызындай орындаб күпр болатын
істей-ақ таныб келеді (ЕҚ, 27 август, 1923).
Мысалдағы намаз, ораза, парыз, күпір сөздері қазір өздері
беретін мағыналарының ескіруіне байланысты көнерген сөздер
тобына кірді.
Сонымен қатар бес уақыт намаз, отыз күн ораза, бес па-
рыз деген тіркестер де көнерген сөздер тобына жатады. Мақала
авторының бұл жерде осы сөздер мен тіркестерді күйініп, ыза-
мен қолданып отырғаны көрінді. Сондықтан да бұрынғы заманда
бір жағы дінмен ұштасып жататын бес парыз деген тіркес болса,
келтіріліп отырған мысалда ол қайта құрылып, алтыншы парыз
тіркесі жасалған.
Қазақ даласындағы езуші таптың жүгенсіздігін, қаналушы
көпшіліктің бас көтермей, мойынсұнып, көніп келгендігін осы
бір тіркес дəл де көркем түрде беріп тұр. Осымен бірге дінмен ере
келген бес парыз деп аталатын міндет алтыншы парыз секілді
байлардың мүддесі үшін қызмет ететін құбылыс екенін де аңғаруға
болады.
Осы мағыналарды күпір сөзінің қолданылуы да өткірлей түс-
кен. Осындай стильдік жағынан дұрыс қолданыс тапқан, «кітаби
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 515
тілге» жататын кірме сөздер мен тіркестер ойдың көркемдігін
де, əсерлілігін де арттыра түсетіні даусыз. Сондай-ақ хұқ, хұқық
(право, борыш), жаһат (тырысу, ұмтылу), ұждан (ар, намыс),
реуіш (рет, тəртіп), матбұғат (газет, журнал, баспасөз), табиб
(дəрігер), баб (бөлім, тарау), дəріс (сабақ), т.б. көптеген сөздер
қолданылғанын көреміз. Бірақ олардың өмірі ұзақ болмады, кейбірі
қазіргі түркі тілдерінде əлі де қолданылады.
Араб, парсы тілдерінен енген кейбір сөздер қазақ тілінде же-
ке қолданылмай, тұрақты тіркестердің құрамында жұмсалады.
Революцияға дейінгі шығармаларға қарағанда, 1920 жылдардағы
баспасөз беттерінде «кітаби тілге» жататын, мұндай тілдік эле-
менттер анағұрлым аз кездеседі. Дегенмен, жоғарыда көрсетіп
өткен сөздермен мерзімді баспасөз тілінде қолданылған араб-
иран тілдерінен енген сөздердің қолданылуы шектелмейді. Ол
кірме сөздердің кейбірі, жоғарыда көрсетілгендей, белгілі стильдік
мақсатта қолданылып, образдылық, көркемдік жүк атқаруға да
бағытталған. Бұлардың көбі ертерек дəуірлердегі жазба тілде
кеңінен жұмсалып келді. Тіпті, публицистикалық шығарманың өз
кезеңіндегі үлгісі болып саналатын Абайдың «Қара сөздерінде» де
бұл сияқты сөздер көптеп кездеседі.
Ал кейінгі кезеңдердегі мерзімді баспасөз тілінен мұндай кірме
сөздердің көбі біртіндеп ығысып шыға бастады. Олардың бірен-
сараны ғана нормаланып, тұрақтанды.
Сондай-ақ XX ғасырдың бас кезіндегі жазба əдебиет тілінде,
соның ішінде мерзімді баспасөз тілінде, қазіргі əдеби тіл нормасы-
на орын тəртібі жағынан сай келмейтін «кітаби тілдік» (араб-иран
тілдерінің синтаксистік үлгілері) сөз тіркестерінің қолданылуы да
байқалады.
Дəстүрге айналып кеткен кітап, шығарма атаулары ғана емес
(мысалы, Қисса-и Алфамыш, əдебиет қазақи, т.б.), сонымен бір-
ге олар тексте жұмсалған, негізінен, атрибуттық қатынастағы
қатыстық мағынадағы сөз тіркестері болып келеді.
Есім сөзден болған анықтауыш түркі тілдеріндегі əдеттегі ор-
нын сақтап, өзі анықтайтын сөзінің алдында тұрмай, керісінше, одан
кейін тұрып, əдеби нормадағы байланыстырушы грамматикалық
тұлғалары түсіп қалып, сырт қарағанда қабыса байланысып
жұмсалады.
516 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
«Кедей шəкірдлер үшүн ашылут жатқан жамиғат хайрия
(игілік орындары), ондайын орындарға берілуб жатқан хисабсыз
жəрдемлері... оқу жолына дамылсыз қойылып жатқанын көре тұрұб
қалайша таңданбай шыдаб тұруға болады» (А, 1913, №7, 145-б.).
«Музыкашылар һəт уақыт жиналыб, өздері мəжіліс жамағат жа-
саб сөйлесіб, кем-кетігі болса толтырып үйренісіп тұрушеді» (А,
1915, №3, 40-б.).
Бұл мысалдардағы жамиғат хайрия, мəжіліс жамағат де-
ген тіркестердің орын тəртібі өзгеше болумен қатар оның құ-
рамындағы сөздер де жалпақ оқушыға толық түсінікті емсс, араб
тілінен енген жамиғат сөзі бұл жерде орын, жиналатын жер,
хайрия (хаир) – игілік, жақсылық іс, мəжіліс – жиын, топ, жама-
ғат – қауым, көпшілік, қоғамдық мағыналарында қолданылған.
Сонда бұл тіркестер қазақтың əдеби тіл нормасы бойынша (сөз-
дерін өзгертпегенде) хайрия жамиғат (игілік орын, жəрдем ететін
орын), жамиғат мəжілісі (көпшілік, қоғамдық жиналыс) болып
берілер еді. «Айқап» тілінде бұл сияқты тіркестердің əдеби норма-
ға қайшы орын тəртіпте берілуі көне тілдік құбылыс емес, мұндай
постпозициялық орын тəртібі басқа тілдің – араб, иран тілдерінің
əсері, əсіресе парсы изафетінің сол күйінде алынуы болу керек.
Бірақ парсы изафеті құрылысындағы бұл тіркестер өзінің
түпнұсқадағы (парсы тіліндегі) тұлғалық құрамын толық сақта-
маған. Бірінші тіркесте анықтауышқа жалғанатын -и нисбет
формасы (қатыстық есім тудыратын көрсеткіш) сақталған да,
анықталушы сөзді онымен байланыстырып тұратын парсы
изафетінің көрсеткіші -и (-е) түсіп қалған, екінші тіркесте бұл екі
грамматикалық тұлғаның екеуі де жоқ, түсіп қалған. Олар парсы
тілінде жамиғати (е) хайрия, мəжіліси (е) жамағати тұлғасында
қолданылар еді.
Парсы изафетінің əсерінен туған, орын тəртібі əдеби нормаға
қайшы келетін синтаксистік единицалар «Айқап» тілінде қалың
оқушыға түсінікті бола бермейтін араб, иран тілдерінен ауысқан
сөздердің тіркесуінде ғана кездеспейді, сонымен бірге кірмелігін
жоғалтқан, байырғы сөз қатарына еніп кеткен немесе төл сөздерден
құралған тіркестер де бола береді. Оған мына мысалдар да дəлел
бола алады.
«Бірақ моллаларымыз «ғылым» деген сөздің мағынасын
бұзұб, жалғыз-ақ дін хақындағы ғылымды «ғылым» дейді, басқа
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 517
жағрафия, ғылым хикмат, ғылым жəбір, һəндаса, ғылым набадат,
ғылым хайуанат сықылды ғылымдарды ғылымға есебдемейді
(А, 1912, №13, 282-б.). Ғылым педагогика оқуб тəжірибе көрген
адамның жазғандығы əлде қайдан көрінуб тұр (А, 1913, №4-5,
112-б.). Екінші, хэріф жаңа əліфба жұртды қосуға да, айыруға да
себепкер болғандықтан, біздің тұтынған хəріфіміз басқа түрки
балаларының хəріфлерінен ұзақтаб бөлініб кетпеске тиіс (А, 1914,
№4, 56-б.).
Мысалдағы ғылым хикмат, ғылым жəбір, ғылым набадат,
ғылым хайуанат, ғылым педагогика, хəріф, жаңа əліфба тіркестері
қазіргі философия, физика, медицина ғылымы, алгебра ғылымы,
биология (өсімдіктер) ғылымы, зоология ғылымы, педагогика
ғылымы; жаңа əліппе əріптері деген тіркестер мен солар білдіретін
ұғымға сай қолданылған.
Бұл тіркестердің құрамындағы сөздер, негізінен, араб тілінен
енген: ғылым, хикмат, жəбір (аль-жəбир), набадат, хайуанат,
хəриф, əліфба. Бірақ соған қарамастан кейбір сөздер əдеби тілге
сіңісіп кетті.
Тіркес құрамындағы сөздер араб тілінен енген сөздер болса
да, олардың байланысу тұлғалары араб тілінің əсерінен тумаған,
парсы изафетінің əсері. Оны, біріншіден, бірен-саран парсы иза-
фетінің тұлғалық ерекшелігі (парсы нисбеті) кейде сақталып
қолданылуынан (мысалы, жамиғат хайрия) байқасақ, екіншіден,
араб изафетінің негізгі грамматикалық көрсеткішінің керек жерінің
өзінде де сақталмауынан көре аламыз.
Араб изафетін құрайтын тіркес құрамындағы сөздердің орын
тəртібі де осындай постпозициялық болып келеді, бірақ онда
анықтауыш сөз қашан да аль артиклімен қолданылады. Жоғары-
дағы тіркестер ішіндегі ғылым жəбір сөз орамы ғылым альжəбри
болып жұмсалады, басқа тілдерге енгенде де, анықтауыштың осы
тұлғасы сақталып қалған, тек алгебра болып ж дыбысы г-ге
ауысқан.
Тіпті кейде қазақтың байырғы тіркестері де осы үлгінің (пар-
сы изафетінің) негізінде түр-тұлғасын, орын тəртібін өзгертіп те
қолданылып отырады.
«Шаһар Əулия Ата қазақ қырғыздың көб жері болуб, һəр күн
дерлік базар болу себеблі, шаһарға жиылуб тұрмақда» (А, 1912,
518 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
№3, 51-б). Шаһар Қостанайда бірінші мəртебе русско-татарски
бір класлы школ ашылашақ болыбты (А, 1912, №3, 70-б.). Баяғы
жұт жылан, жұт қоян замандарында Сібірдің файдасына бола
барған, сонан бері тұрұб қалған екен (А, 1912, №10, 226-б.).
Бұндағы шаһар Əулия Ата, шаһар Қостанай тəрізді сөз тір-
кестері бұл кезеңнен бұрынғы жазба мұраларда болсын, сөйлеу
тілінде болсын Əулие Ата шаһары (қаласы), Қостанай шаһары
(қаласы) болып түрік изафетінің ІІ түрінде жартылай матаса байла-
нысып қолданылатын. Соңғы сөйлемдегі жұт жылан, жұт қоян
тіркестерінің компоненттері арасына сөз салып жылан жылындағы
жұт, қоян жылындағы жұт болып жұмсалатын. Бұл тіркестер пар-
сы изафеті үлгісінің əсерінен элипсиске ұшыраған, яғни тіркес
ортасындағы екі сөзбен бірдей байланысып тұрған компонент
(жыл сөзі) түсіп қалған.
Абай шығармаларында, əсіресе қара сөздерінде, бұл сияқты
сөз орамдары жиі ұшырасып отырады. Оның кейбірі діни
ұғыммен, шариғатпен байланысты болса, кейбірі қолданылған
функцияларда ондай мағына бермейді. Ғалымдарының нақлия-
сы бірлəн мұсылман иман тақлиди (яғни еліктеп айтатын иман –
И.С.) кесіп қылған. Хакимдердің ғақлиясы бірлəн жетсе, иман
якини (яғни нағыз, шын иман – И.С.) болады... Дүниеде ғылым
зəһири (яғни сыртқы дүние ғылымы – И.С.) бар... Соған қарай
Ғұсманияда мектеп харбия (яғни əскери мектеп – И.С.), мектеп
руждиялар (яғни əртүрлі пəндер оқытылатын, жалпы білім беретін
орта мектеп – И.С.) салынып, жаңа низамға айналған (38-сөз).
Бірақ бұлар да Абай сөз қолданысында тұрақты орын тəртібі емес.
Абай кейде тіркес құрамындағы сөздермен олардың тұлғаларын
сақтай отырып, тек сөздердің орын тəртібін қазақ тілі нормасына
сай құрады. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, тақлиди иманы
бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанда, я азғырғанда, я бір пайдаланға
қарап, ақты қара деп, қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұ-
ғын кісіні не дейміз? (13-сөз).
XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз тіліндегі сөз
тіркестері құрылымына парсы тілінің тигізген əсері сырт қара-
ғанда көрінетіндей əрдайым жасанды, негізсіз бола бермейді.
Яғни сөздердің мұндай құрамда, орын тəртіпте тіркесіп жұмсалуы
əрдайым кездейсоқ, діни оқу оқыған моллалар тілінің ықпалы бола
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 519
бермейді. Əрине, бүкіл факторлардың да əсер-ықпалы бар. Соны-
мен бірге оның белгілі себептері, тарихи тамыры да жоқ емес.
XX ғасырдың бас кезіндегі мерзімді баспасөз тілінде бол-
сын, осы кездегі ақын-жазушылардың шығармаларында болсын,
тіпті Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде жəне ауыз əдебиеті
үлгілерінің тілінде болсын, қазіргі əдеби тілде анықтауыш,
анықталушы сөз болып қалыптасып кеткен кейбір сөз тіркестері
керісінше орын тəртібінде, яғни парсы изафетінің үлгісінде
қолданылады. Соған қарағанда, əуел баста мұндай сөз орамда-
ры əдеби тілімізге сол қалпында парсы изафеті тұлғасын сақтап
кірген де, кейін морфологиялық көрсеткіштері түсіп қалып не-
месе қазақ тіліндегі сыртқы тұлғасы ұқсас формалары (мысалы,
тəуелдік жалғаудың ІІІ жақ көрсеткіші) ауыса бастаған да, қазақ
тілінің нормасына сай орын тəртібіне көшкен. Мына мысалдар
осы пікірді жандандыра түседі.
«Егерде мұсылманшылық ағартса, дін ислам таралған ғараб
тілі, бөтен мұсылмандарды ағартар, тарақи етдірер еді (А, 1912,
№11, 250-б.). Заман ахри болғанда нелер болғай, дүниеге түрлі-
түрлі пəле толғай (Нұржан Наушабаев). Сол Масғұт Қыдыр
шалдан бата алыпты, соңында шəмсі жаһан (яғни осы дүниенің
күні, шəмсі араб тілінде күн деген сөз – И.С.) атаныпты» (Абай,
«Масғұт» поэмасы). «Заман ахыр жастары қосылмас ешбір баста-
ры (Абай). Өздері хүкім шариғатты (яғни шариғат үкімі, ереже-
сі – И.С.) таза білмейді, көбі надан болады» (Абай, 38-сөз). «Асыл
түбі қазақтың сол татар, Дін исламға кіре алмай қалған, осы күнде
Күншығыс Сібірінде қазақтың ағайындары бар» (Абай. Біраз сөз
қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы). Баяғы өткен заманда, дін
мұсылман аманда (Алпамыс).
Берілген мысалдардағы сияқты араб, иран тілдерінің ықпалы
арқылы жасалған мұндай тіркестер бірде түпнұсқа тұлғасын
толық я жартылай сақтап (заман ахри сияқты) қолданылса, бірде
морфологиялық көрсеткіштері мүлде түсіп қалады.
Дін ислам, дін мұсылман, заман ақыр (ахри) сияқты тіркестер
қазіргі жазба тілде қазақ тілінің төл үлгісіне түсіп қолданылады.
Мұндай жағдайда тіркес құрамындағы сөздер бір-бірімен не
жартылай матасып (ислам дін-і, мұсылман дін-і), не қабыса байла-
нысып (ақыр заман), түрік изафетінің ІІ, І түрін құрайды.
520 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Ал хүкім шариғат тіркесі сөйлеу тілінде шариғатта бо-
лып жеке сөз тұлғасында, немесе шариғат бойынша тұлғасында
қолданылады. Кейін бұл ұғым дінге, діни іс-əрекетке тікелей бай-
ланысты болғандықтан, тілде көнерген сөздер тобына қосылды.
Асыл түбі қазақтың деген тіркестің байланысу тəсілдері қа-
зақ тілінің төл тұлғалары, ілік септік пен тəуелдік жалғаулары,
болса да, оның тууында араб, иран тілінің ықпалы көрініп тұр.
XX ғасырдың бас кезінде шыққан алғашқы əліппелер мен
əліппе кітаптар туралы жазылған материалдарда кездесетін осы
тəрізді асул жадид, асул сутие жадид, əліппе ал қазақ сияқты тұ-
рақты қолданылған сөз орамдары, сөз жоқ, иран тілдерінің əсері-
нен туған.
Əр кезеңге жататын жазба мұралардың тілінде мұндай сөз ті-
гісі, тіркес құрамындағы сөздердің орын тəртібі жиі кездеседі.
Əсіресе ортағасырлық түрки əдеби тілі (кітаби тіл) дəстүрінде
жазылған шығармалардың тілінде бұл сияқты үлгі сөздерді тір-
кестіріп, сөйлеу процесінде басқа сөздермен байланысқа түсірудің
көп қолданылған бір жолы ретінде жұмсалады.
Басқасын былай қойғанда, жарық көрген қазақша кітаптардың
аттары, олардың авторларының аты-жөні сонау ортағасырлық
жазбалардағы дəстүр бойынша, мысалы, Махмұд Қашғари, тари-
хи Рашиди, Қыссасуль-анбия (Рабғузи), Шежіре-и түрки (Əбіл-
ғазы), т.б. сияқты қолданылуын ескермеуге болмайды, XІX, XX ға-
сырларда жарық көрген кітаптардың ішінен Насихат қазақия,
қисса-и Сейфул-Мəлік, қисса-и Алфаміш, əдебиет қазақия, ша-
риғат улислам (Алтынсарин) тəрізділерді жиі ұшыратуға болады.
Осындай əр кезеңдердегі жазба мұралар тілінен белгілі бір
дəрежеде орын алған кірме синтаксистік единицалардың сипаты,
қолданылу шеңбері, функциясы сияқты мəселелер күні бүгінге
дейін зерттелмей қалып қойып отыр. Кейбір еңбекте олар «кітаби
тіл» элементі дей салынады. Бірақ олардың көбі кей еңбектерде
көрсетілетіндей «кітаби» ақындардың, жаңа əдеби тілінің негізін
қалаушылардың, мерзімді баспасөздің тілінен кездеседі, сондай-
ақ орын тəртібіндегі оғаштығын жоғалтып, қазақ тіліндегі нормаға
сай өзгеріп, əдеби тілге сіңісіп те кетті. Оларды қазір осындай та-
рихи-салыстырмалы зерттеусіз ашып көрсету де қиын.
Жалпы араб, иран тілдері мен қазақ тілінің қарым-қатынасы,
бір-біріне тигізген əсері тек лексика саласында болса, бірлі-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 521
жарым иран, араб тілдерінен енген -ғана, -паз, -қор сияқты
қосымшаларды есептемегенде, қазақ тіл білімінде сөз етілмеген
тың мəселе. Лексика саласындағы зерттеулерге жүгінсек, сонша-
ма əсер еткен ол тілдер қазақ тілінің грамматикалық құрылысында
із қалдырмады деуге тіпті де болмайды. Бірақ оны тап басу ке-
рек. Мысалы, Беттің суын бес төгіп деген мəтелдегі беттің суы
тіркесі сырт қарағанда ешбір жаттығы жоқ болса, парсы тілінің
абырой сөзінің тікелей ықпалынан кальки арқылы жасалғанын
көру қиын емес: парсы тілінде аб – су да, рой – бет, жүз1, яғни
суы беттің (судың беті емес). Бұл тіркес қазақ тіліндегі байырғы
байланысу формасы үлгісінде жасалғандықтан да жаттығы жоқ
болып қалыптасып кеткен. Алтынмен аптап, пішенесіне бермеу,
мұрттай ұшу сияқты тіркестердің құрамындағы аптау, пішене,
мұрттай2 сөздер ғана парсы тілінен енген болмай, түгел тіркестің
өзі де сол тілдің əсерінен туған болуы мүмкін.
Демек, XX ғасырдың бас кезіндегі баспасөз тілінде кездесетін
шығыс тілдік конструкциялардың қолданылынуын жеке автор-
лардың немесе «кітаби» ақындардың əлдеқалай, шығысқа – араб,
парсы тілдеріне соқыр сезіммен еліктеп, қара бұқара халық түсін-
беу үшін жасаған əрекеттері ғана деп түсіндірмей, сонымен бірге
оны тіл қарым-қатынасынан туған тілдік элемент, əр кезеңге жа-
татын жазба тілден белгілі орын алып келген үлгі деп түсінгені-
міз жөн.
Бұл тəрізді тіркестер, қазіргі тұрғыдан қарағанда, ешбір жат-
тығы жоқ байырғы сөз орамдары болып келеді де, не қолданудан
бүтіндей шығып қалған, тек əр кезеңдегі жазба мұралардың
тілінде ғана кездесетін синтаксистік единицалар болады.
Ал оларды сол өз кезінен, қолданылып отырған уақыты тұр-
ғысынан қарағанда, бұлардың қай-қайсысы да тілге жаңа ене бас-
таған я енуге бет алған жаңа тіркестер.
Өйткені тілде əр кезде тек жаңа сөздер ғана емес, сонымен
бірге жаңа тіркестер де жасалып отырады. Жаңа сөздер бірден
көзге түссе, жаңа туған тіркестер оғаштығын білдірмейді, өйткені
1 Персидско-русский словарь. Сост. Миллер Б.В. М., 1900.
2 Қараңыз: Исаев С. Сырлы сөздер // «Білім жəне еңбек» журналы, 1967, №12, 28–
29-бб.
522 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
сөздің сыртқы тұлғасы да (қосымша арқылы жасалса да, кальки
арқылы туса да, шет тілден енсе де), ішкі мағынасы да айқын,
ашық болады.
Тіпті бір үлгінің негізінде туған жаңа сөздер де өзінің жекелік,
дербестік ерекшелігін жоймайды. Ал сөз тіркесінің тууына қашан
да ана тілінің лексика-грамматикалық тəсілдері қатынасып, тілде
бар үлгінің негізінде жасалып қалыптасады.
4. Баспасөз тілінде сөз қолданудың кейбір ерекшеліктері
Ең алдымен қазақтың мерзімді баспасөзінде, əсіресе револю-
цияға дейінгі жəне совет дəуірінің алғашқы жылдарындағы бас-
пасөзде, тіл құрылысы майданында пуристік бағыт болды ма деген
мəселе туралы Ш. Сарыбаевтың «Қазақ тілінде пуризм зор əрекет,
үлкен бір ағым дəрежесінде болды деп айта алмаймыз. Өйткені ол
кездегі баспасөзімізге орыс тілінен енген сөздерді жапа-тармағай
аудара беру тенденциясы аударма тəжірибесінде болған жоқ»1, –
деген пікірін біз де қуаттаймыз.
Революциядан бұрын жазба тілімізде де, сөйлеу тілінде де ба-
ламасы бар бола тұрса да кейде орыс сөздерін қолданушылық орын
алып келгені белгілі. Абай өлеңіндегі «самородный сары алтын»,
«занимайся прямотой», «көгалды қуып гуляйттап», т.б. дегендерде
аудармай қолдануы сол уақыт дəстүрінің, бір көрінісі болуға тиіс.
А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.Ю. Гете, т.б. шығармаларын
аударғанда, бұл сөз тіркестеріне оның қабілеті жетпеген деуге бол-
майды. Əсіресе М.Ю. Лермонтовтың «Теректің сыйынан» жеке
сөздер аудармасы қиын болып па екен. Бұл жерде Абай əдейі ау-
дармай орысшалап отырған сияқты. Мұндай тілдік фактілер халық
арасына көп тараған əнмен айтылатын өлендерден де байқалады.
Шынында да қазақтың əр кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде
аударуға келетін, тіпті аударғанда ғана дұрыс болатын сөздерді ау-
дармай алу көп кездеседі. Кейде -ский, -ный, -ой қосымшалары да
сол күйінде қолданылады.
1 Сарыбаев Ш. 1920–1930 жылдардағы əдеби тілдің тарихына қатысты кейбір
мəселелер // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мəселелері. 5-шығуы.
Алматы, 1963, 16-бет.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 523
Əр қалаларда союз ашқаннан кейін... (ЕҚ, 25 май, 1923). Об-
лыстық жастар комитеті члендерінің жалпы жиылысында
комитеттің ісін басқарушылыққа мына жолдастар белгіленді
(ҚҚ, №10, 1922, 22-б.). Иркутскийдегі университеттің общест-
венный факультетінен 12 орын, педагогический бөлімінен 4 орын,
һəм физико-математический бөлімінен 6 орын (ЕҚ, 1 июнь,
1923). Торғай қаласындағы бұрынғы городской школды түзет-
тіріп жатыр (ЕҚ, 9 июль, 1923).
Бұл – «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерінен бас-
талып, «Айқап» журналы беттерінде де кездесіп отыратын жағдай
еді. Ол баспасөздерде мұндай құбылыс тіпті жиі ұшырайды.
Сырдария облусной маххəмесінде (ТУГ, 15 август, 1881). Мал
бағу турасында чыққан бір кітаб Петровский земляделчески
академиясының молдасы Чирвынски деген жазған аз-аздан бəрче
шаруа турасынан сайлайды (ДУГ, 29 июль, 1888). Ғ. дума де
бізден член жоқ (А, №1, 1912, 14-б.). Бұл екі іс хақында бұрұннан
жазылған проект бар ма? (А, №2, 1912, 29-б.). Шаһар Перов-
ский (Ақмешід) де 15 нчі ғинуарде общественный собрание-
де... бір кансерт берді (А., № 1, 1912, 22-б.). Бұл кеңесларын іс
қылүб чығармақчы болуб приговор жасабты эм приговорлары
нығайтылубды (А, №9, 1912, 209-б.).
«Айқап» журналының беттерінде общественный, туземный,
доверенный, временный, т.б. сөздерді былай қойғанда, тіпті, ав-
торлар фамилияларын, өздерінің ру аттарын жазғанда, оған орыс
тілінің үлгісімен -ский қосымшасын қосып жазу да кездесіп оты-
рады: Алачинский, Байбақтинский, Найманский1, т.б.
Мысалда көрсетілген орыс тілінің сөздері мен сөз тіркестерін
толық қазақшаға аударуға болар еді: союз – одақ, член – мүше,
школ – мектеп, собрание – жиылыс, приговор – үкім, т.б. Ал орыс
тіліндегі -ный, -ной, -ский, -ской қосымшалы сөздер де қазақ
тіліне белгілі амалдар арқылы аударылып алынатыны сөзсіз.
Бірақ кейбір пуристік элементтердің бұл кезеңде баспасөз бет-
терінде, сондай-ақ қазақ тілінде термин жасауда белгілі орын алға-
1 Карашева Н.О. Грамматические особенности языка казахской публицистики нача-
ла XX в. (на материале журнала «Айқап»). Автореферат кандидатской диссертации.
Алма-Ата, 1959, стр. 3.
524 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
нын айту керек. Қазақ оқығандарынын қайсыбірі терминдер қа-
рапайым халыққа түсінікті болуы керек дегенді бетке ұстап, орыс
тілі мен интернационалдық сөздерді қайтсе де аударуға тырысып
бақты, кейбіреулерін араб-парсы сөздерімен алмастыру амалында
болды. Сондықтан да осы кездегі қазақ тілі терминологиясында
белгілі ұғымның мəнін толық ашып бере алмайтын терминдер
кездесіп отыратынын С. Баишев орынды көрсеткен1.
Мысалы, 20-жылдардағы баспасөз беттерінде орыс тіліндегі
аударуға келмейтін терминдік мəнді сөздерді қазақшалау, болма-
са ескі кездегі сөздермен ауыстыру тенденциясы да ұшырасады.
Олардың ішінде Болдуйн (Англия бас уəзірінің туысқаны) һəм
Морчал бар (ЕҚ, 27 август, 1923). Бұл іс Бозоба аулниы арқылы
Тал-Өкбе уезі 1-нші аймақ халық биіне білінген еді (ЕҚ, 2 ав-
густ, 1923). Шалқар ауданы кеңес комитетінің төр ағасы (ЕҚ,
18 июль, 1923). Һəм бұл жобаны жақын арада қазақ кіндік
комитетінің бас құрамасы назарына ұсынбақшы (ҚҚ, №11, 1922,
14-б.). Алдымен дəрістік тарих жазылуын, кемшілігі жүре тү-
зелуін тіледі (ЕҚ, 2 август, 1923).
Қазақ тіліне аударуға болмайтын кейбір сөздерді қайтсе де
қазақшалау тенденциясы Октябрь революциясынан бұрын шығып
тұрған баспасөз орындарында жиі кездеседі.
Сондай-ақ бір ұғымды білдіру үшін бірнеше сөздің қолда-
нылуы, терминдік лексиканың толық қалыптаса қоймауы байқа-
лады. Ал термин саласында варианттардың қолданылуы əдеби
тілдің қалыптасуына кедергі келтіретіні сөзсіз.
Бір ұғымды білдіретін вариант сөздердің саны тіпті совет
дəуірінің алғашқы жылдарының өзінде ұшан-теңіз еді. Мысалы,
кеңес – совет, төңкеріс – революция, көмекші – қолқабысшы, пред-
седатель – бастық – төрағасы, дипломат – шешен, шешен – білім-
дар – сөзшең – оратор, мəлімдеме – арыз – заявление, общежитие –
оқу жұрты, түбкі – негізгі, кіндік – орта – астана, жетім хана – ба-
лалар үйі – балалар бағым үйі, халық үйі – народный дом, член –
мүше, еңбек ақы – жалақы, союз – одақ, коллегия – алқа, тартыс –
жарыс сөз – талас сөз, жоба – жол – проект, топ – жиылыс (конфе-
1 Баишев С. Тіліміздің терминология мəселелері // «Əдебиет жəне искусство» жур-
налы, 1954, №1, 118-бет.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 525
ренция), əуесқой – əуескер (любитель), сынаушы-сыншы, көрме –
выставка – көрініс, тамашашы – көруші, шойын жол – темір жол,
бағасы – хақы – бəсі – нарқы, хұқық – право, отарба – поезд, аэро-
план – əуе кемесі, школ – мектеп, бөлшектер – дробь, оқу жұрты –
оқу ордалары, жататын жұрт – общежитие – жатақхана, əдебиет –
литература, кеңсе – контор, т.б.
Күн сайын топтап кіріп жатқан жаңа ұғымдардың бірден
сіңісіп өз атын дұрыс таба қоюы оңай да емес еді. Тіпті 1931
жылы шыққан «Атаулар сөздігінде» де жасанды сөздер мен дұрыс
аударылмаған терминдік лексика көптеп ұшырасады. Мысалы, Аб-
солютный – даусыз, жеке дара (5), авиатор – ұшушы (5), бассейн –
алап (12), белок – мəнпір (уыз), көздің ағы (13), бюрократ – төре
(16), водомер – су өлшеуіш (19), гастрономия – аспаз (23), гене-
рал – жанарал (жандарал) (24), герб – таңба (25), дезертир – қашақ
(30), декларация – жарлық (жəрия) (30), диссимиляция – ырым-
дау (32), документ – ыспаттама (33), запасный судья – қосалқы би
(37), заседатель – қосшы би (37), идеалист – мұратшыл (санашыл)
(39), империализм – жиəнгершілік (41), интеллигенция – зиялылар
(42), капитализм – капиталшыл (44), категория – дəреже (степень –
дəреже – 103), консерватизм – ескішілдік (49), космополитизм –
əлемді сүюшілік(51), лексика – сөз кені; лексикография – сөз кенін
əліптеу; лексикология – сөз кенін тексеру ғылым; лектор – дəрісші
(55), лекция – дəріс (56), либерал – азаматшылдық (56), лидер –
серке (56), материализм – затшылдық (60), мебель – жасау (60),
метофизика – құрғақ даналық (62), множимое – есер (64), т. б.
Бір ұғымда əртүрлі сөздердің қолданылуы себепсіз де емес еді.
Тасқындап келіп жатқан жаңа үғымдар қай тілде болсын бірден
қорытылып, нақ өз атын таба бермейді. Жиырмасыншы жылдары
қазақтың əдеби тілінде əсіресе лексика терминологиясында бұрын
болып көрмеген жаңалықтардың келгені мəлім.
Бұл кезеңде əрбір ұғымға дəл ат қойып, айдар тағатын
терминологиялық комиссияның болмауы да анық. Ғылым мен
техниканың əр саласынан шын мəніндегі мамандар болмады.
«Атаулар сөздігі» авторларының «Əр ғылымның өз шеберлері
кітап жазса, пəн сөзі сол уақытта сараланып, сонда ғана көпшілікке
үйлесімді болмақ»1 – деп жазғаны тарихи шындық еді. Өйткені
1 Атаулар сөздігі. Қызылорда, 1931.
526 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
терминдік классификацияның болмауы, сонымен бірге оны жа-
саудың принциптері де толық шешілмеген еді.
Қоғам өзгерісімен бірге енген жаңа ұғымдарды толық түсіну
жетіспеді, енген жаңалықтар халық ұғымында толық ізін қалдырып,
айқын бейнесін көрсетіп сіңіп кете қоймады. Осы жағдайларда да
ұғымға қойылған ат кездейсоқ болатыны белгілі. Көбінде тіпті бір
ұғым бірнеше атпен аталып та жүрді.
Кейін келе тіліміз осындай қосалқы терминдерден арыла бас-
тады. Терминдерді бір жүйеге түсіруде, қалыптастыруда халық
ағарту комиссариатының жанынан құрылған Акцентрдің атқарған
рөлі зор болды, Төңкеріс, төрағасы, түпкі заң, кіндік, халық, биі,
шойын жол, хақы, хұқық,нарқы, бəсі, отарба, т.б. көптеген сөздер
кейін əдеби тілімізге ене алмады.
Терминдік лексиканы қалыптастыруда сол дəуір баспасөзінің
орны ерекше екені анық, өйткені қандай да болмасын жаңалық ал-
дымен баспасөз, радио арқылы келеді. Мерзімді баспасөз терминді
қалай алу принциптерін, ол жайындағы қаулы-қарарларды өз
беттерінше жариялап тұрды. Мысалы, «1924 жылы июль айының
ішінде болып өткен қазақ-қырғыз білімпаздар жиылысының
жасаған қаулысында «Пəн (термин) сөздерді» алудың ерекшелігіне
баса назар аударылған1. Сондай-ақ «Түркі жаңа əліппесінің
бүкілодақтық Кіндік комитетінің 7–12 январьда ескі Ташкентте бо-
лып өткен ІІ пленумынын қорытындыларында» да термин мəселесі
атаусыз қалмады2. Бұдан бұл кезеңдерде əртүрлі ғылым саласы-
на, техникаға байланысты термин қабылдап, оны орнықтыру
мəселесі қызу қолға алына бастағаны көрінеді, Қазақстан оқу
комиссариатының білім секциясы өзі қабылдаған пəн терминдерін
бір уақыт баспасөз беттерінде жариялап та отырды3. Осымен бай-
ланысты арнаулы «Бюллетеньдер» де жарық көрді. Осылардың
негізінде 1931 жылы жəне 1935 жылы «Атаулар сөздігі» жеке кітап
болып басылып шықты.
Совет дəуірінің алғашқы кезеңіндегі баспасөз қабылдаған
терминдердің көпшілігі қазіргі қазақ əдеби тіліне кіргені даусыз.
Ал қазір күнделікті қажет терминдерді іріктеп, мағынасын ашып
1 Сана, 1924, №2-3, 57-62-бб.
2 Жаңа мектеп, 1927, №11–12, 50–63-бб.
3 Жаңа мектеп, 1926, №4; №3, 11; 12, 13; №14-15; 1927, №1-2, 3-4, т.б.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 527
беріп отыратын мемлекеттік терминологиялық комиссия құрыл-
ды. Сондай-ақ ғылым мен техниканың əр саласына байланысты
термин жасау мəселесі жеке зерттеу объектісі болып, ол жайында
арнаулы еңбектер жарық көруде1.
5. Қосымша арқылы сөз тудыру процесінің дамуы
Жаңа сөз тудыру процесінде қосымшалардың атқаратын рөлі
зор екені белгілі. Бұл қасиет түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ
тілінің, даму барысында үлкен орын алып келгені аян. Қазақ тілінің
бұл қасиеті кейінгі кезеңде де өрістей түсті.
Қазақтың əр дəуірдегі мерзімді баспасөз тілінде бұрыннан
белгілі кейбір байырғы жұрнақтардың жалғану өрісі біршама
кеңіп, бұрын жалғанбаған сөздерге үстеліп, жаңа ұғым, жаңа сөз,
термин тудыратын болды. Сөйтіп əдеби тілдің лексикасын бай-
ытып, грамматикалық құрылысын дамыта түсті. Бұл жұрнақтар
үстелу сипатына қарай екі түрлі: қазақ тілінің байырғы сөздеріне
жəне орыс тілі арқылы кірген сөздерге жалғанып жаңа ұғым ту-
дырады. Төменде мерзімді баспасөз тілінде жұрнақтардың сөз
тудырғыштық потенциалы, дистрибуциялық шеңбері сөз етіледі.
Əр дəуірдегі мерзімді баспасөз тілінде жаңа сөз тудырып, жан-
дана түскен қосымшалардың бірі -шы, -ші жұрнағы. -Шы, -ші
жұрнағы қазіргі тілімізде есім сөздерге, əртүрлі қимыл атаулары-
на жалғанып, адамның кəсібін, мамандығын, қабілетін, əлеуметтік
күйін білдіретін өнімді жұрнақтардан саналады2.
Бұл жұрнақ, негізінен, байырғы төл сөздерге, болмаса сөздік
қорға ертеде-ақ еніп, тұрақты орын тепкен кірме сөздерге де жал-
ғанады.
Бұл жұрнақ арқылы жаңа сөз жасау процесі XX ғасырдың бас
кезіндегі мерзімді баспасөз тілінен үлкен орын алған. Бұрын жазба
тілде қолданылмаған -шы, -ші жұрнағы арқылы жасалған туынды
сөздерді «Айқап» беттерінен көптеп кездестіруге болады.
1 Қараңыз: Абдрахманов А. О принципах составлення русско-казахских отраслевых
терминологических словарей // Вопросы терминологии. М., 1961.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1964, 212-бет; Қазақ тілінің грамматикасы. І.
Морфология. Алматы, 1967, 46-бет.
528 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Бұл үш тобшыны тобшылаб қарағанда, бастабқы екі тобшы
(фікірі) біріңғай болса да... (А, 1911, № 7, 4-б.). Оқушылар мұның
турасында һеш бір дыбыс шығармай, жай тыңшы болыб не
дұрыс, не бұрыс демей жүріб жатыр (А, 1911, №7, 5-б.).
Бұл мысалдағы топшы, тыңшы сөздері жазба əдеби тілге ор-
нығып кете алмады. Топшы сөзі пікір, жоба мағынасында қол-
данылған қазақ тілінде осы сөзден туған топшылау етістігі жұм-
салады, бірақ топшы тұлғасы қалыптасып қалған, əрі терминдік
мəні бар араб тілінен келген пікір (фікір) сөзінің орнын толық баса
алмады.
Тыңшы сөзінің осы мысалда берілгендей тыңдаушы мағына-
сында тұрақтай алмауының басты себебі – оның екінші жағымсыз
мағынада (жасырын бақылаушы, аңдушы) əдеби тілде қолданылуы
деп білеміз. Ерте кезден бастап осы күні бүгінге дейін қолданылып
жүрген тыңдаушы сөзін тар мағынада, яғни белгілі бір шығарманы
тыңдаушы мағынасында, тыңшы сөзі арқылы беру тенденциясы
XX ғасырдың басындағы жазба əдебиет тілінен байқалады.
С. Торайғыровтың «Кім жазықты» романы мына жолдармен
ашылады: Бір сөзім бар шалдуар Болмаса да тыңшысы, Бұ күнде
жоқ соң туар Роман мен сыншысы.
Бұл жердегі тыңшы сөзі, кейбір зерттеушілердің көрсетуіндей,
сыншы сөзіне тек ұйқастыру үшін алынып отыр деп қарауға болмай-
ды. Ұйқас қажеттігі де бар шығар, дегенмен бұл сөздің қолданылуы
мен «Айқап» бетіндегі қара сөзде кездесетін тыңшыны салыстыра
қарау қажет.
«Айқап» бетінде -шы, -ші жұрнағы арқылы байырғы сөздерден
жаңа сөз я жаңа мағына жасалып отырады. Бұл – төренің арызшы
халықдан жылдамырақ құтылуға істеген ісі екенін қайдан білсін
(А, 1913, №8, 175-б.). Ел арасындағы егушілерге ектіру жарамай-
ды (А, 1913, №3, 60-б.). Ерлерден музыка ойнаушылар көб еді (А,
1915, №3, 40-б.).
Арызшы сөзі бұл жерде бұрыннан қолданылып келген арызқой
сөзінің мағынасынан мүлде бөлек, ол тек арыз беруші, арыз иесі
дегенді білдіреді. Егуші сөзі де бұл кезең үшін жаңа сөз, ол ме-
дициналық термин мəнінде жұмсалған. Музыка ойнаушылар
тіркесі орыс тіліндегі «музыкант» сөзінің орнына қолданылған.
Бірақ бұл тұлғада жұмсалуының өзі де тұрақты емес, бірде
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 529
музыкаға құмар ойнаушы болып жалпы мағынасы сақталып, бірде
музыкашы болып, орыс тілі арқылы енген сөзге -шы жүрнағы
жалғанып қолданылады.
Музыкашылар һəр уақыт жиналыб өздері мəжіліс жамиғат
жасаб сөйлесіб, кем-кетігі болса толтырыб, үйренісіб тұрушы
еді... музыкаға құмар ойнаушылар да көбейіб өрши берді (А., 1915,
№3, 40-б.).
«Айқап» журналының тілінде -шы, -ші жұрнағы байырғы
сөздерге жалғанып қана қолданбайды, сонымен бірге басқа тілден
ауысқан кірме сөздерге, сол кезеңде енген орыс тілі, я орыс тілі
арқылы келген сөздерге де жамылып жұмсалады.
Эспирантошылардың қазір Русияда да жиылыстары, курс-
тары бар (А, 1913, №9, 200-б.). Русларда газеташылардың мы-
надайлары бар (А, 1912, №9, 209-б.). Мануфактурашылар (ар-
шын бұйымшылары) дың өзара бірігулері һəр кімге белгілі (А,
1912, №13, 389-б.). Бұл жолы себелі фабрикшілеріміз шетден ар-
зан нəрсе келер деб қорқынышы болмаған соң, нашар нəрселерін
қымбат бағаға сатады (А, 1912, №13, 289-б.).
Бұл мысалдардан -шы, -ші жұрнағы «Айқап» беттерінде орыс
тіліндегі кейбір қосымшалардың (-ит, -ист, -чик, -щик, т.б.) ба-
ламасы ретінде жұмсала бастағанын көреміз. Кейде осының өзі
əрдайым тұрақты бола бермейді: бірде ол тұрпайы қазақшаланып
(қараңыз: аршын бұйымшылар), бірде орыс тіліндегі күйінде
беріледі. Бірақ түбінде Мəскеу фабриканттары алатын шығар,
неге десеңіз олардың сөзі тыңдамдырақ болса керек (А, 1912,
№2, 229-б.). Бұның өзі «Айқап» журналының сөз жұмсаудағы ал-
уан түрлі ізденісін, соның ішінде тиімді жолын қарастырғанын
көрсетеді. Əдеби тілдің дамуындағы бұл припцип кейінгі жыл-
дардағы баспасөз тілінде де дами түсті.
-Шы, -ші қосымшасының көрсетілгендей қызметі қазақтың
алғашқы баспасөз тілінде де кездеседі. Мысалы, «Дала уалая-
тының газеті» беттерінде редакциядан деген мағынада газет шы-
ғаратындардан дегенмен бірге газетшілерден сөзі қолданылып
отырады. «Айқап» журналында бұл мағына басқармадан сөзімен
беріледі.
Кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде -шы, -ші жұрна-
ғының қызметі мен жаңа сөз тудырғыштық қасиеті кеміген жоқ.
530 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Бұл жұрнақ мерзімді баспасөз тілінде орыс тіліндегі белгілі бір
қосымшаның тек мамандықты, кəсіпшілікті, т.б. ғана емес, адам-
ның басқа да қасиеттерін білдіретін тұлғалардың да орнына жүре
береді, Мысалы: Насихатшы мен саяси хабарламашыға көмек
(СҚ, 1967, 5 декабрь). Айталық, аппаратшы КПСС мүшесі Нико-
лай Смирнов – насихатшы. Михаил Григорьев ше? Ол – цехтағы
партия тобының жетекшісі (СҚ, 1965, 26 ноябрь). Вьетнамның
қырағы зенитшілері агрессордың самолетін атып түсіріп,
ұшқышты тұтқынға алды (СҚ, 1967, 6 июль). Көрмеге жас
живописінің тамаша 50 шығармасы қойылған (СҚ, 1967, 7 ав-
густ.). Жарыста роликті конькимен шұғылданушылардың үлкен
бір тобы қатысты (СҚ, 1967, 29 сентябрь). Поэмашы ақындар-
дың жаңашыл мінез танытатын жемісті бағыты да осы...
Үлкен трагедияшы Мұхтар Əуезов Абай өмірінен трагедия жаз-
ды... Бірақ... үлкен комедияшы Мұхтар Əуезов Абай тақырыбына
комедия жазуды ешқашан да ойға алған емес (ҚƏ, 1965, 10 де-
кабрь)... тракторшылар əзірлейтін қысқа мерзімді курсты алты
қыз бітіріп шықты (ЛЖ, 1965, 30 октябрь).
Берілген мысалдардағы -шы, -ші жұрнағы арқылы жасалған
жəне сөздердің мағыналық жағынан да, жұмсалу қызметі жағынан
да шеңбері кең екендігін көреміз. Сонымен бірге, мысалдан айқын
көрінетіндей, баспасөз тілінде бұл қосымша онша түбір талғап,
сөз таңдап жатпайтынын да аңғарамыз. Бірде негізгі түбірге,
бірде туынды түбірге жалғанса, бірде төл сөзге, бірде кірме сөзге
қосылады, енді бірде есім сөздерге жалғанса, кейде етістік түбірге
де қосылып, сөз жасайды. Бұл жағынан қарағанда, жұрнақтың
жұмсалуы, қолданылу қызметі, сөзге жалғану қабілеті біршама
универсалды.
Соңғы кезде мерзімді баспасөз беттерінде осы қосымша арқы-
лы спортқа байланысты көптеген жаңа сөздер туып, жиі қол-
данылып жүр. Ол сөздердің де тұлғалық құрамы əртүрлі болып
келеді: рекордшы, спортшы, конькиші, төреші, қақпашы, шабу-
ылшы, т.б. Əрине, ондайда -шы, -ші жұрнағының мағынасы мен
қызметін орыс тіліндегі белгілі бір қосымшамен салыстыруға бол-
майды.
Спортқа байланысты жаңадан туып жатқан сөздердің саны
бұлармен шектелмейді. Осылардың қатарына жаттықтырушы,
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 531
қорғаушы, жартылай қорғаушы, шаңғышы, ойыншы, теннисші
сияқты сөздерді де жатқызуға болады.
Кейде бұл қосымша жалғанған сөздер мамандықты емес,
спортшынының қай командаға жататынын да білдіреді. Бұл жағынан
-шы, -ші жұрнағының жаңа сөз тудыру мүмкіндігі мол болып онда
ол орыс тілінен енген термин сөздерге талғамай жалғана береді де,
оны терминдік мəнінен алшақтатады. Мысалы: Біз спортшылар
сапында 200 000 физкультурашы болады деп міндеттенген едік
(С, 1967, 28 октябрь). Екінші орында Свердловскінің армияшыла-
ры, Москваның динамошылары Петрозаводскінің «Локомотив»
командасын 16:0 есебімен ұтты (ЛЖ, 1965, 4 декабрь).
Сондай-ақ кейде спортқа байланысты кірме сөзге бұл қосымша
жалғанып жасалған туынды түбір мерзімді баспасөз тілінде əлі
де толық қалыптасып, тілге сіңісіп кете алмай жүргенін көреміз.
Ондайда бұл жұрнақ орыс тіліндегі -ист қосымшасының ма-
ғынасы мен қызметінде жұмсалады да, баспасөз тілінде екі тұл-
ға жарыса қолданылады. Екі жақтың футболшылары да үз-
діксіз шабуылдады (ЛЖ, 1967, 1 ноябрь). Ойын қазақстандық
хоккейшілердің басымдылығымен өтті. Алматының «Буревест-
ник» командасының волейболшылары Фрунзе қаласына жүріп
кеткен болатын. Молдавияның Бельцы қаласында өтіп жатқан
шахматшы əйелдердің чемпионаты аралық бекетке жетті (ЛЖ,
1965, 1 декабрь). Футболистерді екінші трактор бригадасының
бригадирі Вячеслав Егорович Полосон, волейболистерді төр-
тінші бригаданың бригадирі Иван Григорьевич Стебунов жат-
тықтырады (СҚ, 1965, 4 декабрь).
Мұндай параллель сөздердің қатарына тенисші – теннисист,
штангашы – штангист, боксшы – боксер, баскетболшы – баскет-
болист сияқты көптеген сөздер жатады.
Көңіл сезімін, икемділікті, бейімділікті, кейде тіпті қоғамдық
тапты білдіру үшін жұмсалатын -шыл, -шіл, жұрнақтарының
қызметі əсіресе совет дəуірінің алғашқы кезеңдегі мерзімді
баспасөз тілінде ерекше көзге түседі. -Шы, -ші жəне -шыл, -шіл
қосымшалары бір-біріне жақын болғанмен, қызметі екі басқа.
-шыл, -шіл негізінен есім сөздерден сын есім жасайды. ...Жал-
пы Ресейлік ортақшыл жасдар ұйымы жиылысқа ұсыныб отыр
(АҚ, 9 июль, 1923). Бұл сырттан қарағанда солшыл болғаны
532 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
мен біздің қазіргі жайымызда асыққандық (ҚҚ, №19–21, 23-б.).
...Конгрестің мүшесі республикшіл Фред Бриттен, «Ростаның»
тілшісі мен сөйлесіб отырыб мына келешектегіні мəлімдеген
(ЕҚ, 18 июль 1923). Себебі ісшілдердің ұйымдары төңкерісшіл
жұмысшылардың... ту тіккен ордасы болды (ЕҚ, 25 май, 1923).
-Шыл, -шіл қосымшалары арқылы жасалған сөздер көптік,
септік, жіктік жалғауларының бірі үстеліп, субстантивтеніп, кейде
зат есім болып та жұмсала береді.
Социал-демократтардың кіндікшіл (центровик) лері-ақ
Каральдан бұл жұмысына қарсы сөйлеб отыр (ҚҚ, №4, 1922,
35-б.) – «Социалшілдер» хүкіметке бірігіб алыб... (ЕҚ, 25 май).
Егер ескі қалыбынан танбаса, езілген еңбекшілдер келешек күнде
де өз құқұқына ие бола алмай қалуы мүмкін (ЕҚ, 25 май, 1923).
Біз, төңкерісшілдер, бұл істе былайғы жай барахат істеріне
тыныш қарай алмаймыз (ҚҚ, №11, 1922, 16-бет).
Бұл мысалдағы -шыл, -шіл арқылы жасалған сөздер, бірін-
шіден, заттанып, зат есім мағынасында қолданылса, екіншіден
осы қосымша кейбір сөздерде -шы, -ші жұрнағының қызметінде
жұмсалған. Мысалы, еңбекшіл, төңкерісшіл дегендер еңбекші,
төңкерісші (революционер) тəрізді сөздердің орнына қолданыл-
ғаны байқалады.
1920 жылдардағы баспасөз беттерінде бұл екі қосымшаның
бірінің орнына бірі қолданылуы да ұшырасып отырады. Бұлардың
мағыналық жағынан бір-біріне жақындықтары да жоқ емес, -шы,
-ші қосымшаларының затқа сындық мəн үстеуі осы жұрнақтың
о бастағы негізгі бір мағынасының қалдығы, қазір ол тек контекс-
те ғана көрінеді деуге болады. Мысалы, малшы, етікші, т.б. де-
генде тек бір мамандықтың аты ғана емес, сонымен бірге заттың
(адамның) сыны екенін де көруге болады: малшы кісі (бала), етікші
кісі, жылқышы қыз, т.б.
-Шыл, -шіл жұрнағы байырғы төл сөздермен қатар бірлі-
жарым орыс тілі арқылы кірген сөздерге де жалғанған: социалшіл,
республикашіл, т.б. Қазіргі мерзімді баспасөз тілінде де бұл қо-
сымша активтігін əлі жоғалтқан жоқ. Аудан комсомолецтері мен
жастары өнертапқыштар мен жаңашылдар қозғалысына бел-
сене қатысып, ортақ ісіне үлес қосуды мұрат етті (ЛЖ, 1969,
11 март).
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 533
Бірде зат есімнен зат есім, бірде зат есімнен сын есім тудыра-
тын -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы арқылы жасалған
жаңа сөздер де газет-журнал тілінде көптеп кездеседі. Бұл жұр-
нақтың осы екі түрлі қызметі əсіресе совет дəуірінің əр кезіндегі
мерзімді баспасөз беттерінен айқын көрініп отырады... ...Руссия-
лық кемесерлер кеңесіне өтініш салған (ЕҚ, 1927 август, 1921),
Облыстық жастар комитетінің баяндамасы туралы съезде
едəуір талас сөздер болды (ӨӨ, №10, 1922, 19-б.). Жаңа əліпбидің
жаңағы айтылған қасиеттері, сөз жоқ, Кеңестер Одағындағы
шығыс елдері еңбекшілерінің сатциалдық мəдениетке ену ісін
шабшаңдатпақ (ЖМ, 1929, №1, 3-б.). Мəденилік, бəдуиліктің
фарқы да осыларға тірелетін еді (А, 1913, №6, 130-б.). Ел ара-
сындағы мұғалімдік құрушылардың көбінің жаңа жолдың сара-
бын табалмай, ескі жолдың соқбағынан айрылыб, онда да жоқ,
мұнда да жоқ болыб қалғанынан болса керек (А, 1914, №5, 85-б.).
XX ғасырдың басындағы жəне совет дəуірінің алғашқы ке-
зеңдеріндегі мерзімді баспасөз тілінде -лық қосымшасының зат
есімнен зат есім тудыратын қызметі артып, ол арқылы жасалған
жаңа сөздер де көп ұшырасады. Осы жұрнақ арқылы жаңа сөздер
туып отырды.
15-нші октябрьден 15-нші ноябрьге шейін екі жұмалық
істелді... Семей губернасында 15-нші декабрьден бастаб прод-
налогты тез жинау үшін екі жұмалық жасалды (ҚҚ, №4 1922,
4-б.). Газетке тілшілік қылатын жұмыскерлердің жазғандарын
қарастырыб, дұрыстаб газет басқармасына жібертіб тұратын
мына кісілерден басқарма ұйымын түзді (ЕҚ, 9 июль 1923). Кедей-
лердің белсенділігін өсіру шарасы қарастырылсын (ҚҚ, №19–20,
1926, 33-б.).
Бұл қосымшаның бір ерекшелігі – ол орыс тілі арқылы ен-
ген жəне еніп жатқан сөздерге де жалғана береді: принциптік,
революциялық, большевиктік, т.б. Сол сияқты аймақтық, уездік,
облыстық, саламаттық, денсаулық (сақтау комиссариаты), аудан-
дық, демократтық, т.б. көптеген жаңа сөздер қолданылған. Қо-
сымша арқылы жаңа сөз жасаудың бұл түрі кейінгі жылдары да
өнімді амал болып есептеледі: ракеталық, кванттық, космостық,
физикалық, механикалық, т.б.
Бұл қосымшамен тарихи жағынан төркіндес -лы, -лі, -ды,
-ді, -ты, -ті жұрнағы арқылы жасалған жаңа сын есімдер де
534 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
мерзімді баспасөз беттерінен жиі ұшырасып отырады. Мыса-
лы: ...Жауабты орындардағы қызметкерлердің шамадан тыс
жақсы жүріп, тұрғанына қарсы күрес ашылсын деген саяси
бюроның ұсынысында мақұл деб табылады (ҚҚ, №3, 1924,
19–20-б.). Партияның жергілікті 2,653 бөлімі (ЕҚ, 9 июль, 1923).
Ондай жаман қалыбтар мен күресуді партия өзінің керекті
жұмыстарының бірі деб санаб отыр (ҚҚ, №3, 1924, 18-б.).
Кейде -лық қосымшасының орнына -лы жұрнағы жалғанған
сөздер де ұшырасады. Мысалы, Советті Русияның белгілі шешені
жолдас Красин... (ЕҚ, 25 май, 1923).
-Лық қосымшасы соңғы кезде де өзінің негізгі қызметтері
мен мағынасын, жаңа сөз тудыру қабілетін кеміткен жоқ. Қазіргі
мерзімді баспасөз тілінде де бұл жұрнақ əртүрлі тұлғалы түбірге,
төл сөзге де, кірме сөзге де жалғанып, жаңа сөз жасауда үлкен рөл
атқарады.
Бұл қосымшаның бойынан əдеби тілдің, белгілі бір стильдік
тармағына тəн қасиет те байқалады. Мерзімді баспасөз тілін
жаңа сөз, терминдер тудыру арқылы байытып, олардың басқа
сөзбен тіркесімділігін арттыра отырып, сол сөзді, тіркесті əдеби
тілдің белгілі бір стильдік тармағында, атап айтқанда ресми
стильде тұрақтандыруға бейімдігін көреміз. Бірнеше мысал: Əрі
шоферлік, əрі механиктік мамандығы бар (СҚ, 1965, 26 ноябрь).
Бұрнағы күні астанамыздағы механикалық жөндеу заводының
спорт залында классикалық күрестен Қазақ ССР-інің жекелей
командалық біріншілігі басталды (Сонда). Жарыстың тағы бір
ерекшелігі – бұған спорттық разряды жоқтары жіберілмейді
(сонда). Мұнайды химиялық синтездеу, мұнай жəне газ хи-
миясы, зерттеудің физикалық əдістері, жоғары молекулалық
қосындылар, органикалық емес тұздар химиясы сияқты лабо-
раторияларда ғылыми-зерттеу саласында игі істерге қадамдар
жасалуда (ЛЖ, 1969, 11 март). Англияда өткізілген апталық (СҚ,
1965, 27 октябрь). Қазіргі кезде Алматыда қала көшесін таза
ұстау айлығы жүргізілуде (СҚ, 1967, 7 апрель). Болмашы мерзім
ішінде жақсы деректер, Əлияның туыстарының естеліктері де
жиналып қалды (ЛЖ, 1965, 30 октябрь).
Осы аз ғана мысалдың өзінен -лық жұрнағының алуан түрлі
қызметі, əр жақты мағыналылығы, баспасөз тілінде жаңа сөз
жасаудың өнімді жолының бірі екендігі бірден көзге түседі.
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 535
Бұл тұлға кірме сөз болсын, төл сөз болсын талғамай жалғанып,
ол жаңа сөздер жеке тұрып та, күрделі немесе қосарланған
сөздердін құрамында жұмсалып та, қатыстық мағынаны білдіре
отырып, атрибуттық ыңғайда сөз тіркесімділігін арттыра түседі,
əрі оған бір мағыналық дəлдік қасиет ұстап тұрады. Ол бір
мағыналық дəлдік қасиет мысалдағы -лық арқылы жасалған
мамандық, тиімділік, біріншілік, апталық, айлық, естелік сияқты
сөздерде де болғанмен, бұлардың грамматикалық қызметі өзгеше,
бұлар атрибуттық қызметтен айырылуының нəтижесінде дерексіз
абстрактылы зат есімдер болып тұр.
Бұл зат есімдер осы жұрнақ арқылы негізгі түбірден де, ту-
ынды түбірден де, зат есіммен де, сын есімнен де, сан есімнен
де, етістіктен де жасала алатыны берілген мысалдардан айқын
байқалады.
Сондай-ақ бұл жұрнақ жалқы есім сөздерге жалғанып,
адамның мекенін, жерін, белгілі мекеме, ұйым, қоғамға қатысын
білдіріп тұрады: москвалық, өскемендік, сібірлік, тбилисилік, қа-
зақстандық, көкшетаулық, оралдық, қайраттық, шымкеттік, т.б.
жаңа сөздер көптеп кездеседі. Бұл сияқты жаңа туындылар көбіне
субстантивтеніп, зат есім болып, заттық мағынада қолданылған-
мен, атрибуттық қызметінен біржола айырылып қалмайды. Кейде
олар қатыстық мағынаны білдіріп, белгілі бір сөздермен атри-
буттық қатынаста жұмсалып, сын есімнің қызметін де атқарады:
шымкенттік футболшылар, қазақстандық жігіттер, москвалық
артистер, т.б.
-Лық қосымшалы сөздің басқа сөзбен тіркес құрып, мерзімді
баспасөз тілінде жұмсалуындағы бір ерекшелік – кейде -лық
қосымшалы сөздің есімдермен емес, етістікпен тіркесіп, қимыл-
дың, іс-əрекеттің атрибуты қызметінде қолданылуы. Бұл – негізі-
нен осы қосымшаның мерзімді баспасөз тілінде ғана кездесетін
ерекшелігі.
Жалпы, -лық жұрнағы əдеби тілдің əр дəуірінде де актив
қолданылған, жаңа сөз тудыру қабілеті жоғары екенін көру қиын
емес. Сөйте тұрса да қосымшаның жан-жақты қызметі, активтене
жұмсалуы публицистикалық шығармаларда ерекше көзге түседі.
Абай шығармаларында бұл жұрнақ актив қосымшалардың
бірі ретінде кездесіп отырса да1, поэзиялық шығармаларына қа-
1 Қараңыз: Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы, 1969, 231–238-бб.
536 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
рағанда, «Қара сөздерінде» оның қызметі, қолданылу аясы ерек-
ше. Онда -лық жұрнағының тек сандық жағы ғана емес, соны-
мен бірге əртүрлі тұлғалы сөздерге жалғанып, əртүрлі қатынаста
жұмсалып, сөйлемнің əртүрлі мүшесі қызметін атқаруы бірден
байқалады: ептілік, қырмызылық, сыпайылық – бəрі соларда. Ол
осы жан кеудеден шықпағандық па? Енді елді түзерлігі қалған;
басында өзіндік жұмысы бар; солардан сақтарлық кісі таппақ;
ана сөзді ұғарлықтарға айт; бойларынан адам жақсы көрерлік;
көңіл тиянақ қыларлық бір нəрсе тапсам керек еді; үйір боларлық
қайрат; ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала; мал шашарлық
болары; кəсіп қыларлық орынға жұмсамайсың; ұғарлық ақыл;
бұл абыройын, арын сатып, адам жау жаулағандық; тіленшілік,
рақымдылық, мейірбандылық, байлаулылықтың жоқтығынан аза-
ды; қайратсыздығынан ескірдей, ұстамай кетеді; ар мен ұятқа
терістіктен сілкініп; күнəкерліктен, көрсе қызар жеңілдіктен, нəфсі
шайтанның азғыруынан құтқаратын; мұның бəрі – масқаралық,
ақмақтық; оздым демектің бəрі де – ақмақшылдық; əрбір естілік
жеке өзі іске жарамайды; ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанимат;
біреуінің атын үлкендік деп атаймын, т.б.
Демек, -лық қосымшасының мұндай универсалдық жəне ак-
тивті қызметі бұрыннан да бар екен. Совет дəуіріндегі қазақтың
мерзімді баспасөзі қосымшаның осы қасиетін дəл тауып, əрі
қарай дамыта білді. Сонымен бірге мерзімді баспасөзде -лық/-лік
жұрнағын аударма ісінде орыс тілінің -ческий/-ский/ қосымша-
сына балама етіп (социалистический – социалистік), -ный/-ний
қосымшасына -лы/-лі жұрнағын балама етіп (социальный – со-
циалды, коммунальный – коммунальды) саралау тенденциясы бар.
Бұл да құптарлық іс, бара осылай қалыптасып кетеді.
Зат есімнен кішірейткіш мəнді зат есім тудыратын қосым-
шалардың бірі -ша, -ше арқылы да үздіксіз жаңа сөз жасалып
отырғанын көреміз. Бұл қосымша негізінен төл сөздерге неме-
се төл сөз болып сіңісіп кеткен кірме лексемаларға жалғанады.
Сондай-ақ осы дəуірде мағына жаңаруы, не қосымша арқылы
жасалған бірлі-жарым жаңа сөздерге де жалғанады. Жерге анытаб
орнықбаған ұйымшалар егін егу үшін арендаға бере алмайды (ҚҚ,
№10, 1922, 75-б.). Бұл кітабшаның бір артықшылығы жастардың
кемшілігін бадырайтыб айтыб, ол кемшіліктерден құтылу жолда-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 537
рын да көрсеткен (ҚҚ, №19–21, 1926, 76-б.). ...бір кітабша қылыб
жазыб бастырмақ (А, 1915, №5, 76-б.).
Мысалдағы ұйымша кішкене бірлестік деген мəнде қолданыл-
ған, кітапша шағын кітап (брошюра) мағынасында жұмсалған.
Бұл сөз орыс тіліндегі книжка деген сөздің баламасы ретінде тұ-
рақты атаулы тіркестің құрамында да (еңбек кітапшасы) жұмсалып
қалыптасты. Ондағы мағынасы тіпті де брошюра емес: трудовая
книжка – еңбек книжкасы.
Қосымшаның жаңа сөз тудырғыштық қасиеті кейінгі кезеңдерде
де əлсіреген жоқ. Оны мына мысалдан көруге болады. Агроном,
бөлімше басқарушысы, бригадирлер де көп аялдамады бұл жерге
(ЛЖ, 1965, 4 октябрь). Бұл жолы да өзім сүйіп оқитын «Лениншіл
жас» пен «Жұлдыз» журналына бөлімшеде бірінші болып жазыла-
мын (ЛЖ, 1965, 16 октябрь).
Мысалдағы бөлімше сөзі екі түрлі мағынада қолданылған;
біріншісі орыс тіліндегі отделение дегеннің баламасы ретінде де,
екіншісі подразделение сөзінің мағынасында жұмсалған. Ал часть
деген мағынада бөлім сөзі қолданылып отырады: Ол жыл өткен
сайын əскери бөлімдерде 2-3 ай бойы жауынгерлік жəне саяси
дайындықтан өтіп отыратын (ЛЖ, 1963, 16 октябрь).
Баспасөз тілінде етістік түбірден есім тудыратын -ма/-ме,
-ба/-бе, -па/-пе жəне -ыш/-іш жұрнақтары1 арқылы жасалған
жаңа сөздер де көптеп кездеседі. Кейде бұл жұрнақтар негізгі
түбірлермен қатар туынды түбір етістіктерге де жалғанып, жаңа
сөз тудырады. Партия кеңесін мектебтерде, жоғарғы даражалы
оқу орындарында үйірмелерде һəм басқаларда партияның тари-
хын оқытуды міндетті қылуға Орталық Комитеті шарасын істесін
(ҚҚ, №3, 1923, 15-б.). ...орда кеңесіне мелімдеме (заявление)
қағаз түсіру керек (ЕҚ, 30 июнь, 1923). Қазақстан мемлекет бас-
пасы білдіреді: мұнан былай Орынбордағы қазақ басбақанасына
жіберілген қол жазбалар білім кіндігі бекіткен жаңа еміле бойын-
ша қара сиямен һəм анық жазулары тиіс (ЕҚ, 30 июль, 1923) ...бір
қатары бұрынғы бастауыш мектептерді каторый, орысша оқыб,
өзгеріс болғалы оқи алмай тұрыб қалғандар (ЕҚ, 2 август, 1923).
1 Бұл жұрнақ кейбір еңбекте екіге бөлініп (-ыш, -іш, -ш жəне -уыш, -уіш болып),
етістіктен зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақ қатарына қосылған. Ысқақов А. Қазіргі
қазақ тілі, 228–229-бб.
538 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Бұл сөздердің біразы-ақ дəл осы кезеңнен бастап əдеби ті-
лімізге сіңісе бастады. Мысалы, бастауыш (мектеп) сөзінің осы
мерзімде ғана жасалғанын «Айқап» журналында оның орнына
араб-парсы тілдерінен келген ыбтидаһи, арагідік бас сөздерінің
қолданылғанынан-ақ көруге болады. Ыбтидаһи мектебте чет
тілдер өзі де оқылмайды, қазақче ыбтидаһи мектебті бітірген
шəкірд ноғайлардың орта мектеблеріне түсбекчі яке иарабче-фар-
сыче оқумақче болса, қазақ алфбасындағы жоқ 5–10 харфды екі-үч
сабақда үйренуб білуге болады (А, №8, 1912, 184-б.).
Бұл қосымшалар кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде
де өз активтігін жоғалтқан жоқ. Осы жұрнақтар жалғану арқылы
жасалған жаңа сөздерді совет дəуіріндегі қазақтың, мерзімді
баспасөзі өз беттерінде көптеп қолданып отырумен бірге қосым-
шаның жаңа сөз жасау мүмкіндігін де үстетіп отырды. Соның
нəтижесінде кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде де олар
арқылы жаңа сөздер жасалып отырды. Жүк автомобильдері, трак-
торлар, тіркемелер жəне ауыл шаруашылығы машиналары кол-
хоздар мен совхоздарда... көтерме сауда бағасы бойынша босаты-
лып отырылмақ (СҚ, 1965, 25 декабрь). ...су қорын жасау жөнінде
бастама көтерді (СҚ, 1965, 4 декабрь). Алдымда сарғайған газет
қиындылары, фото көшірмелер, суреттер (ЛЖ, 1965, 30 октябрь).
Ал -ыш, -іш, -ш жұрнағы əсіресе техникаға байланысты жаңа
терминдер жасауда үлкен қызмет атқарып, жанданып кетті.
Баспасөз тілінде көзге түсетін сондай қосымшалардың қата-
рына етістік түбірден есім сөз жасайтын -ым, -ім, -м, -ман, -мен
жəне -ыс, -іс, -с жұрнақтары да жатады: басылым, айналым, ат-
таныс, қосылыс, жазылыс, т.б.
XX ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз тілінде сөз жасау
процесінде осындай байырғы қосымшалармен бірге кірме (араб,
иран тілдерінен енген) формаларды қолдану да жиі ұшырасып
отырады.
Өлең айтушы əнпаз адамдарды жұртқа есерсоқ деб көрсет-
бей, есті деб қадырлы етуб көрсетуге тырысыңдар (А, 1913, №13,
294-б.). Қуанушы едік: бізден де Писарев, Белинский, Добролю-
бовтар шығуб, жолдан тайған жазымпаздардың қаламын түзеб
тұрады ғой деб (А, 1914, №2, 24–25-б.). Осы айтылған бес түрлі
кеңес хақында жазылған қарарнаме уезный начальникнің қолына
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 539
табсырылды (А, 1912, №4, 41-б.). Жақын жерде натариус тұрса,
оған баруб наториальный өсиетнаме жаздырған артық (А, 1913,
№6, 121-б.). Осы күнгі сахара низамнамесі өзгерілуге лайық ба?
(А, 1913, №10, 222-223-бб.). Қазан мектеблерінде шəкірд балаларға
марқұмның ғұмырнамесі оқылыб, халыққа қадыры, қымбаты
қандай екендігі түсіндірілді (А, 1915, №2, 17-б.). Қираатхананың
жоқдығын жазыбты (А, 1914, №24, 340-б.). Медресе ашу һəм
науқасханелер ашу (А, 1913, №10, 223-б.).
Осы мысалдардың өзінен-ақ «Айқап» тілінде -паз, -наме,
-хана тұлғаларының сөз тудырғыштық қызметі біршама кең бол-
ғандығын байқаймыз. Əнпаз, жазымпаз сөздері қазіргі əнші, ақын-
жазушы (көркем сөз шебері) дегендердің орнына қолданылған.
Əрине, кейінгі жылдары бұл сөздер осы мағынасында жазба əдеби
тілде қалыптасып, тұрақты орын ала алмады.
Жазымпаз деген сөз қазіргі жазба тілде жазушы емес, көп
жазушы, жылдам жазатын деген ұғымды білдіреді. Бірақ -паз
қосымшасы қазіргі баспасөз тілінде жаңа сөз жасауға мұлдем
қатыспайды деуге болмайды. Газет-журнал беттерінде осы жұрнақ
арқылы туған жаңа терминдер де қолданылып отырады. Футбол-
дан «А» класының екінші тобындағы жеңімпаздардың ақтық ой-
ындары əр тур сайын шиеленісе түсуде (СҚ, 1 ноябрь, 1967, 4-б.).
Ол Бүкілодақтық жеңістердің жеңімпазы, (СҚ, 29 октябрь, 1967,
4-б.). Бұл жерде жеңімпаз сөзі тек победитель мағынасында емес,
сонымен бірге терминдік мəнін де сақтап тұр.
Қарарнаме, өсиетнаме, низамнаме, ғұмырнаме сөздеріндегі
-наме тұлғасы түп төркініндегідегі жазылған, жазба түріндегі де-
ген мағынаны «Айқап» тіліндегі қолданыста да сақтап тұр, яғни
бұл сөздер жазылған қарар, жазылған өсиет, жазылған заңдар (уло-
жение), жазылған өмірбаян деген мағынада қолданылған. Осы
мəнде бұл қосымшаларды қолдану қазақтың алғашқы мерзімді
баспасөз тілінде де ұшырасады.
Жетісу облысының почта бастығы мəлім қылады. Мəлімнаме
(ТУГ, 1876, 27 март) Жария бұйрық наме яғни циркуляр Дала уа-
лаятын билеб тұрушы (ДУГ, 1888, 1 январь). Түркістан генерал
губернаторының бұйрық намесі (ТУГ, 1870, 30 ноябрь). Бірақ
бұлай қолдану əрқашан жүйелі түрде сақтала бермейді. Цирку-
ляр яғни жария бұйрыққа (ДУГ, 1888, 19 февраль). Кейінгі кезде
540 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
бұлардың қайсысы да жазба түрде болатындықтан, оны айрықша
көрсетудің қажеті болмай қалады, -наме тұлғасынсыз-ақ бұлар
терминдік мəнде қалыптасып кетті: қарар, өсиет.
-Хане, жұрнағы арқылы сөз тудыру процесі ертеректегі жаз-
ба тілде алғашқы баспасөз беттерінде ұшырасып отырады. Мы-
салы, «Дала уалаятының газетінде» баспахана деген сөз редак-
ция мағынасында қолданылған: Баспаханаға хат (ДУГ, 1889, 21
июль). Ақмола облысының газетінің баспаханасына (ДУГ. 1890,
5 январь). «Дала уалаятының газетінде» кейде редакция сөзі де
кездеседі.
Құрметті Дала уалаятының редакция газетінің мекемесіне
мағлум етіб, көп пайдасына жазамын (ДУГ, 1900, 20 февраль).
«Айқапта» колданылған қираатхане оқу үйі, я оқу залы мағына-
сын білдіреді, өйткені қираат – араб тілінде оқу, XX ғасырдың бас
кезіндегі жазба əдебиеттер тілінде де бұл сөз осы мағынасында
қолданылды: мектептерге арналған оқу кітаптары мен хресто-
матиялар қираат кітабы деп аталды. Ал оқухане, «Айқаптың»
өзі түсіндіруі бойынша, түркі тілдеріндегі əдебиеттерді оқудың
үйірмесі (кружок по изучению тюркско-татарской литературы).
Жазба əдеби тілге «Айқап» қолданған науқасхане (больница) ен-
бей, осы үлгімен жасалған аурухана сөзі қалыптасты.
Жекелеген дара қосымшалармен бірге мерзімді баспасөз тілінде
кейбір құрамды, күрделі жұрнақтар жаңа сөз жасап отырғанын
көреміз. Олардың қатарына -шылық, -шілік (жетекшілік, өмірші-
лік, жауапкершілік, кəсіпшілік, кезекшілік, т.б.). -Шылдық, -шілдік
(солшылдық, ортақшылдық, бұқарашылдық, т.б. -Ландыр, -лен-
дір, -ластыр, -лестір сияқты т.б. көптеген жұрнақтар жатады.
Сөйтіп əр кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінің сөздік құрамына
зер салсақ, онда сандық та, сапалық та жағынан байырғы сөздердің
алатын орны зор екен. Мерзімді баспасөз жазба əдебиеттің бір са-
ласы ретінде жалпыхалықтық тілдің негізгі қорын барынша пай-
даланып отырады. Сол қордың негізгісі мен көлемдісі – байырғы
сөздер. Қазақтың мерзімді баспасөзі байырғы сөздерді сол күйінде
ғана пайдаланып қойған жоқ, ол сөздердің мағыналық жағынан
өрістеп дамуына жаңа мəнге ие болуына да ықпал етіп отырды.
Сондай-ақ қазақтың мерзімді баспасөзі қажетінше басқа тілден сөз
алу процесін де дамытып отырды. Жаңа ұғымдардың тасқындап
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 541
келіп жатуына байланысты оларды атауда басқа тілден, əсіресе
орыс тілінен, сөз алу процесі дами түсті. Орыс тілінің əсері тек
терминология саласында ғана емес, байырғы сөздердің мағыналық
дамуына, жаңа сөз жасау процесіне əсер етіп отырды. Бұл процесс
əсіресе Совет өкіметі кезінде өрістей түсті.
Сонымен бірге баспасөз тілінде араб, иран тілдерінің əсері
де, сол тілден енген сөздердің жұмсалуы да байқалып отырады.
Бұл тілдердің қазақ тіліне əсері тікелей емес, басқа түркі тілдері
арқылы болғандығы белгілі. Солай бола тұрса да, революция-
дан бұрын шығып келген мерзімді баспасөз тілінде араб, иран
тілдерінен енген сөздердің қолданылуы кездесіп отырады. Ол кірме
сөздердің көпшілігі кейінгі кезеңдерде əдеби тілге енбей қалды да,
жалпы араб, иран тілдерінің көпшілікке түсінікті бола бермейтін
сөздерін қолдану дағдысы тоқтала бастады. Совет дəуіріндегі
мерзімді баспасөзде олардың кейбірі тек стильдік мақсат-
та жұмсалып отырды. Сөйтіп қазіргі мерзімді баспасөз тілінде
жаңа сөз жасау процесінде қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктері негізге
алынатындығы байқалып отыр.
542 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
ІІІ. БАСПАСӨЗ ТІЛІНІҢ
СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ
Баспасөз тілінің синтаксистік құрылысы деген ұғымды қазақ
əдеби тілінің синтаксистік құрылысынан бөлек құбылыс екен
деп түсінбейміз. Тілдік құрылымның басқа салаларында, жазба
тіліміздің, соның ішінде мерзімді баспасөз тілінің синтаксистік
құрылысы да дамып, өзгеріп отыратыны белгілі. Сондай-ақ өзінің
атқаратын қызметіне лайық баспасөз тілінің жанрлық жағынан
ерекшеленіп, саралануы оның синтаксистік құрылысының даму-
ынан да көрінеді. Міне, баспасөз тілі синтаксистік құрылысына
байланысты осы мəселелер, онда қолданылған сөз тіркестерінің
ерекшеліктері, сөздердің тіркесімділік қасиетінің артуы, сөйлем
құрылысындағы ерекшеліктермен байланысты талданып қаралады.
Мерзімді баспасөз тілінде сөз тіркесі үлгісінің құрылымдық
түрлерінде (есімді, етістікті жəне аралас сөз тіркестері), типінде
(қабысу, меңгеру, матасу) қазіргі грамматикаларда көрсетіліп
жүрген жүйелерден өзгеріс жоқ болғанмен, əрбір сөз тіркесі үлгі-
сінің баспасөз тілінде қолданылуының сандық көрінісі жағынан
сөз тіркесі түрлері мен типтерінің қатары жаңа сөз орамдарының
толықтырыла түсуімен байланысты ерекшеліктердің барлығы
байқалады. Ол ерекшеліктер, біріншіден, мерзімді баспасөздің
жазба əдеби жанрының өзіндік тілдік белгілері бар бір тармағы
ретінде қалыптасуымен, саралануымен, екінші жағынан, баспасөз
тілінің даму процесінде сөздердің тіркесімділік қасиетінің, тіркесу
қабілетінің артуы, кеңеюімен алмасып жатады, соның көрінісі бо-
лып табылады.
Ойды білдірудің ең кіші тілдік единицасы сөйлем болса
(сөйлемнен кіші тілдік единицалар – сөз тіркесі, түйдекті тіркес,
лексика, т.б. – ойды білдірмейді, белгілі бір ұғымды я атауды
ғана білдіреді), ол (сөйлем) белгілі бір сөздерден құралады. Сон-
дай-ақ ол сөздер сөйлем ішінде қалай болса солай орналасып,
жүйесіз құрылмай, олардың орналасуында белгілі тəртіп болып,
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 543
өзара бір-бірімен семантикалық жағынан байланысы негізінде
грамматикалық тəсілдер арқылы белгілі топ құрып, олар (сөздер)
сөйлемнің материалы болады. Яғни сөйлем құрамына енетін
(енген) сөздер бір-бірімен белгілі грамматикалық тұлғалар (ана-
литикалық жəне синтетикалық тəсілдер) арқылы байланысып,
мағыналық үйлесімдері негізінде тізбектеледі. Ол сөздердің
тіркесімділік қасиетіне негізделеді. Жалпы, тіркесімділік тілдің
барлық қабаттарында да болып отырады1, əр қабаттың тілдік еди-
ницалары өз тіркесімділік қасиеттерінің негізінде бір-бірімен
тізбек құрып, контекст жасайды; яғни тіркесімділік сөзге ғана тəн
қасиет емес, сонымен бірге фонема мен фонеманың, морфема мен
морфеманың қосақталып, тіркесіп, сөз немесе – келесі қабаттың
тілдік единицасын құрауы тілдік қабаттағы единицалардың өзара
тіркесімділік қасиетіне негізделеді. Мысалы, Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін деген сөйлемді алайық. Сөздердің бір-бірімен
байланысуы жағынан, мағыналық дербестігі жағынан мұнда мы-
надай-мынадай топтар бар: мен жазбаймын, жазбаймын өлеңді,
жазбаймын ермек (үшін).
Ал осы топтардың əрқайсысы бірнеше төменгі қабаттағы
тілдік единицадан тұрады: мен жəне жазбаймын, жазбаймын
жəне өлеңді, жазбаймын жəне ермек тағы үшін. Соңғы тілдік
единицалардың өзі де құрамды, бірнеше компоненттерден тұрады.
Жазбаймын дегенді ғана талдап көрейік: Жаз + ба + й + мын,
4 морфема бар (түбір – етістіктің болымсыз формасы – көсемше
жұрнағы – 1-жақ жекеше жіктік жалғауы). Ал əр морфема бірнеше
фонемадан тұруы мүмкін: ж + а + з), т.б. Осы тілдік единицалардың
бір-бірімен тіркесіп жұмсалып, контекст құрап, ойдың күрделене
түскен материалы болу процесінде белгілі тəртіп, орнықты жүйе,
қалыптасқан норма бар, ол сол тілдік единицалардың тіркесімділік
қасиетіне негізделеді, сондықтан да жоғарыда берілген сөйлемдегі
фонемалар, айталық, аза немесе заж, т.б., морфемалар бажазй-
мын немесе мынбайжаз, т.б. түрінде жұмсалмайды.
Жалпы, тілдік единицалардың тіркеске түсіп, жаңа бір топ құ-
руы сөйлеудің, ой жеткізудің қажеттігінен туады. Өйткені тілдің
1 Қараңыз: Нұрханов С. Тіркесім жəне оның түрлері // «Қазақстан мектебі» журналы,
1965, №12.
544 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
басты қасиеті оның қарым-қатынас құралы екендігі болса, яғни
коммуникативтік қызмет атқарса, онда тілдік единицалар бір-
бірімен белгілі қатынаста қолданылып, өзі үшін контекст құрайды.
Контекст əр тілдік қабатта əртүрлі. Қандай бір контекст болма-
сын, бір-бірімен үйлескен тілдік единицалардан құралады. Сөз
тіркесінде оның тілдік единицасы болып табылатын сөздердің
бойындағы екі қасиет, грамматикалық мағынасы мен лексикалық
мағынасы, осы контексті (сөз тіркесін) құрауға негіз болады.
Өздерінің грамматикалық мағынасы нəтижесінде белгілі топтағы
сөздер екінші бір белгілі топтағы сөздермен тіркесіп жұмсалуға
икемделеді, сөйлеу процесі соны қалыптастырады, мысалы, қазақ
тілінде зат есім – зат есім, сын есім – зат есім, сан есім – зат
есім, есімдік – зат есім, есімше – зат есім, үстеу – етістік, т.б. сөз
тізбектерін көрсетуге болады, ал үстеу – зат есім, үстеу – сын есім
сияқты үлгідегі орамдар кездеспейді, не өте сирек қолданылады.
Бұлардың бəрі – сөздердің тарихи жағынан қалыптасқан грам-
матикалық қасиеті.
Сөздердің бір-бірімен тіркеске түсуінде бұл қажет болғанмен,
толық жеткілікті емес. Жоғарыда көрсетілгендей, грамматикалық
қасиеті жағынан зат есім мен зат есім, сын есім мен зат есім, т.б.
топтағы сөздер теориялық жағынан тіркеске түсе алса да, сөйлеу
процесінде сол топтарға жататын кез келген екі сөз тіркес құрай
бермеуі мүмкін. Мысалы, ағаш күрек, таулы жер, ертең келе-
ді, т.б. тіркестерді ағаш су, таулы күрек, ертең келді деп қолдануға
болмайды. Оның басты себебі бұл сөздер жататын сөз таптарының
бір-бірімен тіркес құрай алмауында емес, керісінше, осы сөздердің
бір-бірімен мағыналық үйлесімдігінің сəйкестігінің жоқтығында.
Сөз тіркесімділігінің негізінде сөйлеу процесінде туатын
тілдік элементтердің (бір тұрғыда тілдік единица, екінші тұрғыда
контекст болуы мүмкін) бірі – сөз тіркестері. Сөз тіркесі сөз
тіркесімділігіне сүйеніп барып туады. Жаңа еніп отырған ұғымды
қанағаттандыруда сөздердің лексикалық тіркесімділігі артуының
негізінде жаңа тіркестер жасалады. Лексикалық тіркесімділік
осының арқасында синтаксистік тіркесімділікке қарағанда тез
өзгереді. Демек, тілдің синтаксис (сөз тіркесі) аясында дамуының
басты көрінісі – сөздің осы лексикалық тіркесімділігі болып сана-
лады. Лексикалық тіркесімділік сөз мағынасының кеңеюі мен тара-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 545
луынан болып, екіншіден, өзі де оған əсер етіп отырады. Сондай-ақ
бөтен тіл əсері де (сəттісі де, сəтсізі де) лексикалық тіркесімділікті
дамытады1. Соның нəтижесінде тілімізде жаңа синтаксистік еди-
ницалар туып отырады. Ол əсіресе күнделікті баспасөз тілінде
анық байқалады, сондықтан ол мəселе сөз тіркестерінің типтері
тұрғысында қарастырылады.
1. Қабыса байланысқан жаңа сөз тіркестері
Қабыса байланысқан сөз тіркестеріне ешбір грамматикалық
амал-тəсілдерсіз (жалғау, шылауларсыз), сөздердің бір-бірімен
орын тəртібі арқылы байланысының нəтижесінде пайда болған
сөз тізбектері жатқызылады. Əр дəуірдегі мерзімді баспасөзіміз
тілімізде ертеде-ақ қалыптасқан осы типтегі сөз тіркестерімен
бірге бұрын бір-бірімен тіркеспеген сөздерді байланыстырып
та қолданып отырған. Əрине, мұндай жаңа туындылардың бəрі
əр кезде сəтті бола да берген жоқ. Осы сияқты XX ғасырдың бас
кезіндегі мерзімді баспасөз тілінен жаңа туып қалыптаса бастаған
сөз тіркестерін де көруге болады. Олардың көбі-ақ қазіргі əдеби
тілде, əсіресе мерзімді баспасөз тілінде, тұрақтанып, байырғы
тіркестер болып кеткен.
«Айқап» тілінде бұлар жаңа қалыптасып, кейбіреулері тіпті
əртүрлі тұлғалық құрамда қолданылған. Мысалы, қазіргі əдеби
тілде қалыптасып, барлық жанрда қолданылатын отырықшы ел,
жартылай отырықшы, жартылай көшпелі сияқты тұрақтанып
қалған тіркестер басқа тұлғалық құрамда қолданылып отырады.
Мал шаруашылығы менен егін кəсібін біріктіріб жарым
көшпелі, жарым отырықшы болуб күн көретұғын заманларымыз
өтді (А, 1911, №10, 3-б.). Жарым көшбелі, жарым отырықшы кез
басымыздан өтді (А, 1913, №10, 225-б.). Осы күндегі орыс, татар
секілді отырақ елдердің бəрі де əуелде көшбелі, мал бағұб күн
еткен халық болған (А, 1912, №9, 206-б.).
Қазақ халқы ең бері дегенде сонау хандық дəуірден бастап
жартылай көшпелі, жартылай отырықшы болып келсе де, оны
1 Нурханов С. О сочетаемости слов в современном казахском языке // Известия АН
КазССР, серия общественных наук, 1964, вып. І; Нұрханов С. Тіркесім жəне оның
түрлері.
546 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
білдіретін бұл тіркестердің кейінгі дəуірде ғана қалыптаса бас-
тағанын көреміз. Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы,
отырықшы ел тіркестерінің синтаксистік единица ретінде тілі-
мізде қолданылып, қалыптаса бастауы – тікелей орыс тілінің əсері,
өйткені бұл тіркестер орыс тіліндегі полукочевой, полуседлый,
оседлый народ тəрізді біріккен сөздер мен тіркестердің ықпалы-
нан туған. Оны «Айқап» тіліндегі қазіргі қалыптасқан түр-
тұлғасынан өзгеше жəне əртүрлі тұлғада қолданылған осы
тіркестер де көрсетеді.
Дəл осы сияқты мектеп (школ) сөзінің анықтауыштары да
біркелкі тұрақты емес. Оны айқын байқау үшін мына мысалдарға
назар аударайық. Орта дəрежелі школдарда оқушыларымыз аз
болса, биік дəрежелі көб білім иесі школдарда оқуб жүргеніміз
мұнан да аз (А, 1913, №4–5, 80-б.). Гимназиада уа ғайри орта
дəрежедегі ышколдардағы қазақ балаларына... (А, 1912, №14,
308-б.). Бұлардан басқа институтлар, орта һəм төмен школалар
да толуб жатыр (А, 1913, №9, 191-б.). Азрағы русша төмен һəм
орта мектеб бітірген азаматларымыз (А, 1912, №11, 241-б.). Се-
минарие һəм учительски школдарға кіру үшін екі класлы школ-
дан курс бітіру керек (А, 1912, №7, 167-б.).
Бұл мысалдардан ең алдымен мектеп жəне медресе дегеннің
орнына школ сөзінің қазақ топырағында тіркесімділік қасиеті
артқанын, ол неологизм, жаңа сөз тіркесін құрауға ұйтқы бол-
ғанын көреміз. Мұндай неологизмдер жасалуына орыс тілінің
тікелей əсер еткенін аңғару қиын емес: орта (дəрежелі) мек-
теп, биік дəрежелі мектеп, төмен мектеп (школ) дегендер орыс
тіліндегі средняя школа, высшая школа, начальная школа сияқты
тіркестердің бірден-бір баламасы ретінде туған.
Сол сияқты учительский школ, екі класлы (двухклассная)
школ деген тіркестердің де (ұғыммен қоса қабат) жаңа ғана еніп
қалыптаса бастағаны ешбір күмəн тудырмайды. Екінші тіркестің
анықтауышы орыс тіліндегі (түпнұсқадағы) -ная тұлғасына сай
-лы жұрнақты қатыстық сын болып, қазақ тілінің заңдылығына
сай икемделсе, біріншісі қазақ тілі нормасына жат орыс тіліндегі
тұлғалық құраммен түгел алынған.
Қазіргі əдеби тілде əбден қалыптасып, тұрақты тіркестің бір
типіне айналып отырған бұл сөз орамдары «Айқап» тілінде бі-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 547
ресе орта мектеп, біресе орта дəрежелі мектеп тəрізді үлгілерде
қолданылуы – олардың жазба əдеби тілге жаңа еніп, қалыптаса
бастауындағы алғашқы ізденістерді көрсетеді.
Мұндай лексика-синтаксистік параллельдер «Айқап» тілінде
көптеп кездеседі. Ол заңды да. Өйткені жаңа кіріп жатқан əртүр-
лі ұғым, құбылыстар əрқашан тілде дəл баламасын, дəл атауын
таба бермейді, бірден тұрақтанып кетуі де қиын болады. Ол ва-
рианттар келе-келе қалыптасып, біреуі ғана тұрақтанады. «Айқап»
бетінде кездесетін ондай параллельдердің көбі кейінгі жылдарда-
ғы мерзімді баспасөз тілінде, бір жағынан, бір жүйеге түсіп, қа-
лыптасып отырса, екінші жағынан, бірнеше вариантты жаңа тір-
кестер де туып отырады.
Синтаксистік варианттардың баспасөз тілінде əртүрлі тұлға-
лық құрамда қолданылуы мен бір ізге түсуі арқылы олардың қалай
туып, əдеби тілде қалай қалыптасқанын байқай аламыз. ...Екі
ашық хат көрдім (А, 1912, №4, 94-б.). Бұл тарафдағы есіткен
адамлар менен бірге біз де осы ашық хатқа тілектестігімізді біл-
діруб... (А, 1913, №7, 149-б.). ...барлығына да тірі дəлел керек...
шын файдалығы тірі дəлел менен көрсетілмеген сөзді тістеб
қалдырмаудан файда аз деп білеміз (А, 1914, №1. 8–9-б.). Іс бол-
сын, сөз болсын ішіне кіріб, ар жақ, бер жағын ойлаб жанды
дəлелдерін тауыб, сонсоң сынау дұрыс қой (А, 1914, №2, 26-б.).
...жалаңаш хат (А, 1913, №19, 409-б.).
Ашық хат, жалаңаш хат тіркестерінің орыс тіліндегі бір-ақ
открытое письмо деген тіркесінен туғаны күмəнсіз. Бірақ бір
тіркес қазақ тілінде екі түрлі берілген. Олай болуы, ең алдымен
қазіргі қалыптасқан ашық хат тіркесінің осы кезде «Айқап»
бетінде алғаш туғанын көрсетсе, екіншіден, орыс тіліндегі от-
крытое сөзінің осы контекстегі ауыспалы мағынасы бар екенін
байқатады. Осы ауыспалы мағына қазақ тіліндегі ашық, жалаңаш
сөздерінің де жаңа ауыспалы мағынасын тудырып, жаңа сөздермен
тіркеске түсуіне əсер етті.
Орыс тіліндегі ұғымын толық сақтап, осы мəнде ауыспалы
мағынада ашық сөзінің үйлесімі мол болғандықтан, кейінгі ке-
зеңдерде тіркестің осы варианты тұрақтанды. Тірі дəлел, жанды
дəлел тіркестері журналдың бір мақаласында қолданылған, ол
орыс тіліндегі живое доказательство тіркесінің ықпалынан туған.
548 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
Мұнда да живое сөзінің ауыспалы мағынасы екі түрлі аударылып,
тірі, жанды сөздерінің жаңа ауыспалы мағынасын тудырып отыр.
Осындай жаңа туындының қатарына мына мысалдағы тір-
кестерді де жатқызуға болады.
Ол адамдарға екпе шешек шыққаннан кейін, нағыз шешек
көбіне шықпады (А, 1913. №3; 58-59-б). Түркістан шаһары да
қалың екпе ағашдың ортасында салынған (А, 1916 №9, 194-б.).
Бұл кісі ашық фікірлі... кісі екен (А, 1912, №4, 77-б.). Жұғатұғын
аурудан қандай қашсақ, басқа сөзді араластырудан сондай қашу
керек (А, 1912, №4, 91-б.). ... Шаруалық жұмысқа араласпаса,
үйдің шаруасы қалайынша ілгері бассын (А, 1913, №6, 139-б.).
Мысалдағы екпе шешек, екпе ағаш, ашық пікірлі, жұғатұғын
ауру, шаруалық жұмыс сияқты тіркестер тілімізде жаңа ұғым-
дардың келуімен байланысты пайда болып, қолданыс тапқан.
Бұлардың кейбірі, мысалы, екпе шешек, екпе ағаш сияқтылар,
əдеби тілге сол күйінде еніп, қоғамдық өмірдің, кейбір саласында
терминдік ұғымда қолданылатын тұрақты сөз орамдарына айнал-
са, кейбірі, мысалы, ашық пікірлі, шаруалық жұмыс сияқтылар, өз
кезеңі қолданысының аясында ғана қалып, «Айқап» журналының
қоғамдық өмірдегі болып жатқан жаналықтар мен өзгерістерге
байланысты жаңа ұғымды бейнелеудегі ізденістерін байқатады. Ал
жұғатұғын ауру тіркесі кейін жұқпалы түрінде қалыптасты.
Орыс тіліндегі терминдік мəнді тұрақты тіркестер кейде
«Айқапта» аударылмай, əдеби тіл нормасына сай келмейтін тұл-
ғалық құрамда, орыс тіліндегі түрімен беріледі. Тіпті орыс тілін-
дегі -ный, -ний, -ский сияқты сын есімдер баспасөз тілінде көбіне
сол күйінде алынған. Мысалы, Түрлі һөнер үйрету үшүн политех-
нический институтлар, үй салу, көпір салу сықылды ғимарат
ғылымын үйрететұғын коммерческий школдар, мал ауруларын
һəм ол аурулардың дауаларын үйрететұғын ветеринарный инс-
титутлар, адам ауруларын һəм дауаларын үйрететұғын меди-
цинский факультетлер, соғыс ғылымын үйрететұғын военная
академиялар һəм кадетский корпуслар сықылды түрлі ғылым
оқытатұғын хисабсыз көб оқу орындары ашылды (А, 1913, №8,
171-172-б.).
Мысалдағы көрсетілген тіркестер бұдан бұрынғы кезеңдер-
дегі мерзімді баспасөз тілінде, кейбір əдебиеттер тілінде көп кез-
Мерзімді баспасөз тілінің дамуы 549
деседі. Осындай тұлғалы сын есімдер сол күйінде сөйлеу тілінде
де қолданылған болу керек, өйткені тілімізде түрін өзгертіп
қалыптасып, зат есім болып кеткен насыбай, бөкебай сияқты сөздер
о баста орыс тілінде зат есім емес, носовой, пуховый тұлғасындағы
сын есім болатын.
Демек, бұл тəрізді конструкциялар мен сөз тұлғалары қа-
зіргі əдеби тіл үшін жат болса да, белгілі бір дəуірлерде жазба
тілде болсын, сөйлеу тілден болсын белгілі орын алған тілдік
құбылыс екенін байқауға болады. Қазіргі əдеби тілде мұндай сөз
орамдарының анықтауыш компоненті -лық қосымшасы арқылы
немесе ілік септік жалғауының түсіп қалып қолданылуы, яғни
изафет ІІ арқылы беріледі.
Демек, аударма калька арқылы бұрын жоқ ұғымдардың ке-
луіне байланысты туып отырған көптеген жаңа тіркестерді қа-
лыптастыруда əсіресе совет дəуіріндегі мерзімді баспасөздің ат-
қарған рөлі зор, өйткені тіркес құрамындағы сөздердің сондай
байланысқа түсуі тілде бұрын өте сирек, немесе тіпті кездеспейді.
Осындай тіркестердің екінші бір тілдің ықпалынан туғанын ажы-
рату қиын емес. Мысалы, совет дəуірінің алғашқы жылдарындағы
мерзімді баспасөз тілінде қолданылған дəрігерлік аймақ, отындық
заттар, жəһəнгершілік мемлекеттер, дүниялық ұйым, қызулы
уақыт, төңкерісшіл жұмысшылар, т.б. тіркестер орыс тіліндегі
төмендегі сөз орамдарына сəйкес келеді: врачебный (медицинский)
участок, топливные вещеетва, империалистические государства,
всемирная организация, горячая пора, революционный рабочий
класс (пролетариат). Осы тіркес құрамындағы кейбір жеке сөздер
алғаш сол кездегі мерзімді баспасөз тілінде қолданыла бастады.
Бұл тəрізді тіркестердің кейбірі орыс тілінен тіке аударма бо-
лып есептеледі, мысалы, қызулы уақыт: Осы даң-даң мен шуға мəз
болып өмірдің нағыз қызулы уақытын өткізіп жатырмыз (ҚҚ, 1922,
№4, 25-б.) деген тіркес – орыс тіліндегі «горячая пора» тіркесінің
тура аудармасы. Оның мағынасын беретін қазақ тілінде сөз орам-
дары бар: қызу кез, қызу шақ, т.б.
Кейінгі дəуірдегі мерзімді баспасөз тілінде ондай тіркестердің
бірсыдырғысы қолданыстан шығып қалса, кейбір сəтті туғандары
қалыптасып, жаттығын жоғалта бастады.
«Сондай-ақ кейінгі дəуірдің өзінде де жеке сөздердің тірке-
сімділік қасиеті артудың нəтижесінде олар жаңа тіркестер құрай-
550 Мерзімді баспасөз тілінің дамуы
ды. Байырғы сөздермен бірге қосымша арқылы жасалған жаңа
сөздер де баспасөз тілінде жаңа тіркес құрамында жұмсала бастай-
ды. Сондайдың бірі – -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшалы сөздер.
...Облыстық Советінің кезекті сессиясы болып өтті (СҚ,
1968, 29 март). Чемпиоиаттың үшінші күні жүз метрлік кедергілі
қашықтықта жүгірумен басталды (ЛЖ, 1965, 13 октябрь). Мек-
теп жанына мемориалды тақта қойылып, мектеп Əлия есімімен
аталды (ЛЖ, 1965, 30 октябрь). ...нақтылы, жанды көмек көрсету
керек еді (Ж, 1964, 8 август). Осы өзекті ойды көрсету үшін ақын
халықтың өткен тарихын тарихи шындыққа негізделе жасалған
жанды картиналар арқылы қайта тірілтіп, сол көріністерге жаңа
дəуірдің жарқын бейнесін қарама-қарсы қояды (ЛЖ, 1965, 26 май).
Басқа ұлттарды жатырқамау, олардың жақсы əдет-ғұрыптарын
қадірлеу – əрбір совет адамының, совет жастарының құрметті
міндеті (ҚП, 1964, 27 июнь). «Түбегейлі өзгерістер бары бірден
байқалады (БЕ, 1967, № 8, 26-б.). Алаңға кеншілер бұл жолы да
өздерінің күшті құрамымен шықты (СҚ, 1967, 1 ноябрь). Ол екі-
үш рет қақпасын өте хауіпті доптардан сақтап қалды (ЛЖ, 1967,
1 ноябрь).
Осындай ерекшелік -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік қосым-
шасы жалғанған сөздердің басқа сөздермен (зат есімдермен)
тіркесуінен де көрінеді. ...Творчестволық кілт тауып отыруы
да қажет (ҚƏ, 1968, 27 апрель). Кипрде мемлекеттік төңкеріс
жасаудың... үдетіліп отырғаны тегін емес (СҚ, 1967, 6 июль).
Идеологиялық жүмыстың саласы да сан алуан («Тың өлкесі»,
1964, 6 август). Олар «Алға» командасымен жолдастық кездесу
өткізді (ЛЖ, 1965, 1 декабрь). ...Бұрын олар тек қана жұлдыздық
құрылымдар, ... деп саналып келген еді (СҚ, 1965, 4 декабрь).
Мерзімді баспасөз тілінде жаңа қолданыла бастаған мұндай
тың тіркестер көбіне орыс тілінің əсерінен туып отырды деген-
де, олардың əрдайым орыс тілінен дəлме-дəл аударылып алын-
ғандығы ғана ескерілмейді. Соңғы мысалдағы мемлекеттік төң-
керіс, идеологиялық жұмыс, жолдастық кездесу, жұлдыздық
құрылымдар деген тіркестер орыс тіліндегі государственный
переворот, идеологическая работа, товарищеская встреча, звезд-
ные структуры сияқты синтаксистік единицалардың тікелей
баламасы ретінде туғандығы күмəнсіз. Ал бірінші сөйлемдегі