The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by malika.abdresheva, 2020-11-25 00:45:16

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Қазақ əдеби тілінің тарихы 151

олар туу мерзімі жағынан, негізінен, XV–XVІ ғасырлар шамасы
болып отырады. Бұл ерекшелік, біріншіден, жырлардың тексінде
«Ноғайлы Ормамбет хан заманында» тəрізді анық айтылып отыр-
са, екіншіден, Асанқайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Қазтуған, Шобан
сияқты жыраулардың ноғайлы-қазақ жыраулары деп аталуынан
да көрінеді. Сондай-ақ халық ауыз əдебиетінің эпос, батырлар
жыры сияқты түрлеріндегі дəстүрлі ортақ образдар, қайталанып
отыратын ортақ сөздер, тіркестер, шумақтардың сипаты да ер-
тегілерден өзгеше, тіпті ондай қайталаулар авторлы поэзиядан да,
ақын-жыраулар шығармаларынан да байқалып отырады. Оның
басты себебі, біріншіден, бұл əдебиеттің екі түрінің де ауызша та-
рауынан болса, екіншіден, ақын-жыраулар тілінің негізгі арнасы,
қайнар көзі ауыз əдебиетінде жатыр. Сондықтан да олар кейбір су-
реттеу құралдары, сөз саптау ерекшеліктері жағынан ұқсас келіп
отырады. Қазақтың аты бізге жеткен ақын-жыраулары эпикалық-
поэзиялық үлкен дəстүрді ұстап, оны сол негізде жалғастырып,
сөз құрауда ой мен сөздің қисынын, үйлесім-ұйқасын, əсерлі болу
қасиетін жүзеге асырып отырушы болған, сондықтан да ақындық
өнермен бірге көпшілік алдында орындаушылық шеберлігін де
дамытқан. Бəлкім ауыз əдебиетіндегі негізгі-негізгі эпостық-ба-
тырлар жырларының авторлары да осы белгілі жыраулар болуы
мүмкін ғой. Көлемді сюжетті шығарманың, əсіресе өткен тарихқа
я тарихи оқиғаға байланысты жырдың авторлығы сақталуының
себебі оның халықтық сипат алуына байланысты сияқты. Оны
кім шығарды дегеннен гөрі елді, Отанды сүю, оны сыртқы жау-
дан қорғауды, басты мақсат тұтып, ел бірлігін мадақтау, сол жолда
көрсеткен ерлік үлгілерін ел есінде қаларлықтай ардақтап жырлау,
кейінгіге өнеге етіп, өз қара басын, қарынның ғана қамын ойлаған
қорқаулар мен қорқақтарды, сатқындар мен опасыздарды өлтіре
суреттеу, адал да ару махаббатты шынайы жырлау басты мақсат
болып, ел ішіне, кейінгі ұрпаққа солай авторы ескерілмей таралып
кетуі де мүмкін. Ал өз кезінің белгілі бір оқиғасына жəне соған де-
ген автор көзқарасына, философиялық ой-түйініне, келешек ұр-
паққа арнаған ақыл-насихатқа байланысты шешендік-дидакти-
калық толғауларда пəленшенің сөзі деген ыңғайда авторлық сақ-
талып та отыруы мүмкін. Сондықтан да халық ауыз əдебиетінің
бұл түрлері (батырлық-эпостық жырлар), бір жағынан, тақырып,

152 Қазақ əдеби тілінің тарихы

идея тұрғысынан ғана емес, тілдік өрнектері, образды, ойды біл-
діру əдістері мен астарлы сөз үлгілерінің жақындығы, ортақтық
қасиеттері арқылы жоғарыда көрсетілгеніндей көне түркі жазба
ескерткіштер тілімен байланысып жатады. Екінші жағынан, XV–
XІX ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларымен де үндесіп,
жалғасып кетеді. Мысалы, эпостар мен батырлар жыры тілінде де,
ақын-жыраулар шығармалары тілінде де қазіргі əдеби тілімізде
дербес қолданылмайтын, тек белгілі формада ғана айтылып, түбір
тұлғасы ұмытылып, көнеріп қалу себепті мағынасы күңгірт сөз-
дер я белгілі тіркестер мен қос сөз құрамында кездесетін лексе-
малар өздерінің түбір күйінде о бастағы мағынасында басқа да
сөздермен дербес байланысқа түсіп жұмсалып отырғанын көре-
міз. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында бүліну, бүлдіру етістігі
қазіргі қазақ тілінде қолданылмайтын о бастағы түбір тұлғада
яғни бүл түрінде жұмсалған:

Жиылысып сол араға бəрі келді,
Құба қалмақ сықылды іштен бүлді.

«Қобыланды батырда»:
Қалың қыпшақ бүлді деп,
Көрмегенін көрді деп.

Шалкиізде бұл етістік:
Орманбет би өлген күн,
Он сан ноғай бүлген күн.

Жиембетте:
Қалмақтың бəрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде.

Бұқар жырауда:
Хандар киген қамқа тон
Шүберек болар тозған соң,
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бүлген соң.

Махамбетте:
Біздің ер Исатай өлген күн,
Он сан байтақ бүлген күн.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 153

Сондай-ақ «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында тіліміздегі
түсіну етістігі түс түрінде кездеседі:

Түспеген айтса сөзге, ойбай, тəңірі-ай,
Басымды осы аңқауға қайдан қосты.

Бұл етістіктің осындай қолданысы Бұқар жырау шығарма-
ларынан кездеседі:

Айтқан сөзге түспеген
Жаман емей немене?!
Сұрағанда бермеген
Сараң емей немене?!

Бұдан, ең алдымен, тіліміздегі бүліну, бүлдіру, түсіну етіс-
тіктерінің түбір тұлғалары бүл, түс бір кездерде өз мағыналарын-
да дербес қолданылып келгенін байқасақ, екіншіден, эпос, батыр-
лар жыры мен ақын-жыраулар шығармаларының тілінде өз кезінде
жеке қолданылып, кейін тілден шығып я көмескіленіп қалған
тілдік құбылыстардың сақталуын, яғни ол жырлар тілінде өз
кезеңінің, шығарылу мерзімінің тілдік ерекшеліктері сақталын-
ғанын көреміз. Бұл – кездейсоқ емес.

Сондай-ақ қазіргі əдеби тілімізде бөлінбей, жеке-дара қолда-
нылмайтын, тек қос сөздің екінші компоненті ретінде келетін
əуре-сарсақ дегеннің сарсаң бөлігі де сергелдең мəнінде дербес
қолданылып отырады. «Қозы Көрпеш–Баян сұлуда»:

Сарсаң болды Қозыке үйден кетіп,
Он екі айлық, қырық күншілік жерге жетіп...
Кете алмайды Қозыке үйге қайтып,
Сарсаң қылды сол тазша қайдан айтып.

«Алпамыс» жырында:

Жанның бəрін сарсаң ғып
Бір шұбар ат қалдырды.

Асан Қайғы айтты дейтін: Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан
қайтіп күн көрер? Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн кө-
рер?» – деген астарлы нақыл сөз «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жы-
рында сүйеніш, тірек мəнінде өзінше қисын тауып қолданылған:

154 Қазақ əдеби тілінің тарихы

немесе: Атасы бай болса да, қыз бермеңіз,
Артында құйрығы жоқ, жалы жоққа.

Алдымда менің, жалым жоқ,
Айдап та берер малым жоқ.
Артымда менің құйрық жоқ,
Көңілден, сірə, жүйрік жоқ!

Қазіргі тілімізде жеке қолданылмай, ұшан-теңіз, телегей-
теңіз тəрізді қос сөздердің құрамындағы ұшан, телегей сөздерінің
мол, көп, толып жатқан деген мағыналарда ұшырасып отыруын да
көрсете кеткен жөн.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында:
Күркіреп ұшан сері келіп кетті,
Япырмау, солар неден үміт етті?!
– Қодекемді бас салып жатқан кім, – деп
Бəрі бір-бір сойылмен салып өтті.

Шалкиіз жырауда:
Еділден аққан сызашақ
Біз көргенде, тебінгіге жетер-жетпес су еді, –
Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, тəңірі етті!

Қазіргі телі-тентек түрінде қолданылып жүрген қос сөздің
сыңарлары жеке-жеке немесе арасына жалғаулық шылау салып,
бірыңғай мүше ретінде жұмсалады.

«Алпамыста»:
Тозып кеткен ел жұртын
Тегіс жинап алады.
Тентегі мен телісін
Түзетіп жөнге салады.

«Қозы Көрпеш – Баян сұлуда»:
Телі өскен көңіліңді тентек етіп,
Сен Баянды есіңе сала берме.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 155

Бұқар жырауда:
Шұбар ағаш, құба жон мекен еткен шөлде, ием,
Телі менен тентегің иіліп алдыңа келді, ием.

«Илану» етістігінің «инану» түрінде жұмсалуы, бір жағынан,
ақын-жыраулар тілінде ұшырасып отырса, екінші жағынан, хан-
дар жазбаларында, ресми іс-қағаздар тілінде де кездесіп отырады.

Шалкиіз жырауда:
Ағынды сулар, аймақ көл
Тасылса төңбек келтірер.
Дұспанға беліңді шешіп инанба,
Инантып тұрып өлтірер.

Нұралы ханның барон О.А. Игельстромға жазған (1785, 21 июль)
хатында: «Ғали хазретларуңиз бэңа инанмаған шикилли».

«Ер Тарғын» жырындағы мына жолдар:
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Баданамды баса бөктеріп,
Күн-түн қатып жортқанмын...
Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін,
Айналасы алты айшылық Еділге
Тарланды талай-талай салғанмын.

Ақтамберді жырауда:
Көк көгершін, көгершін,
Көкқұтан ұшар жем үшін...
Теңкиген қара саба жоғы үшін,
Көн шекпенін бөктеріп,
Ерлер жортар мал үшін...

Бұқарда1:
Көк көгерішін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін,

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы. 72-бет.

156 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Көк ала қалқан жамылып,
Ерлер жортар мал үшін.
Тең, тең үшін, тең үшін,
Терек кестім сал үшін,
Еділдің арғы жағын
Алты ай жүріп айналдым.

Сондай-ақ эпос, батырлар жырындағы, ақын-жыраулар шығар-
маларындағы кейбір сөз қолданыстар, бір жағынан, бұдан ілгерірек
мезгілге, осы жəне бұдан кейінгі кезеңдерге жататын жазбалар
тіліндегі сөз қолданыстарға ұқсап, сəйкестеніп отырса, екінші
жағынан, ақын-жыраулар шығармаларында ауыз əдебиетіне тəн
сөз саптау ерекшеліктері де байқалып отырады. Бірнеше мысал:
«Қозы Қөрпеш – Баян сұлу» жырында кездесетін «Алты жасар
бестісі ат болыпты, Біз сөз айтса, түгел жұрт мат болыпты»
(бұл жерде ат болыптыға тек ұйқас үшін ғана алынып отырған жоқ,
мат болу тіркесінің мəні – дағдарып, жеңіліп қалу) деген тіркесті
ақындар айтысының жолдарымен немесе Хорезмидің «Махаббат-
намесіндегі» мына жолдарымен салыстыруға болар еді:

Сени көрген өзіндин йат болур,
Рухуқны көрсе миң шах мат болур.

Мат сөзінің (немесе мат болу тіркесінің) қазақ поэзиясында
осы мəнде қолданылуы тіпті де кездейсоқ емес екенін Шəкəрім
Құдайбердіұлының өлеңдерінен де көреміз:

Бұл өмір таусылмас, жаңарар адамзат,
Арман ой ұмытылып, зорлықшыл болар мат.

Нағыз, дəл, өте сай, барып тұрған деген мəндегі қас сөзінің
қолданысына да назар аударып көрейік: «Қозы Көрпеш – Баян
сұлу» жырында:

Құлақ – кəрі, бой – кіші, ақыл – дана,
Ту жығылса, болмай ма қас масқара.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 157

Доспамбет жырауда:
Алғаным Əли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.

Бұқар жырауда:
Бағаналы орда, басты орта
Байсал орда қонған жұрт.
Қара түлкі қармалжың
Қас сыпайы киген жұрт.

Махамбетте:
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы.
Аз сөйлер де, көп тыңдар
Қас асылдың баласы.

Абайда:

Қара басқан қаңғыған
Қас надан нені ұға алсын?..

немесе: Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ,
Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп,
Əсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ.

Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.

Сəбит Мұқановта:
Ілезде тарай қалды əр ауызға,
Байтақ ел сыйғанымен бір қауызға.
Батпады осынау сөзді естіртуге
Жапарға досы түгіл қас жауыз да.
(«Шыңнан шыңға»).

Қас сөзінің нағыз, тым, өте, аса, дəл, барып тұрған деген мəн-
де субстантивтене бастаған сын есімдер мен адьективтенген сөз-

158 Қазақ əдеби тілінің тарихы

дермен тіркесіп (қас масқара, қас ару, қас маңғаз, қас сұлу, қас
шешен, қас надан, қас жауыз, т.б.) қолданылуы мақал-мəтелдерде
де кездесіп отырады: Қас жүйрікте сын болмас, қас сұлуда мін
болмас (мақал). Осы көрсетілгендерден қас сөзінің, біріншіден,
күшейткіш мəнде жұмсалғанмен, кез келген сындық мағынаны
білдіретін сөзбен емес (бұл ыңғайда оны нағыз, тым, аса өте
сияқты күшейткіш үстеулермен салыстыру қажет), жоғарыда
көрсетілгендей, субстантивтене бастаған, бірақ сапалық қасиеттен
айрылып болмаған жəне адъективтенген, сол аркылы сапалық
қасиетке ие бола бастаған сөздермен ғана тіркесіп қалыптасқан
қолданылу шеңбері айқындалғанын көреміз. Екіншіден, ол қол-
даныс поэзиялық шығармада ғана, оның үстіне ауыз əдебиеті
(эпос, батырлар жыры) нұсқаларынан бастап, XVІ–XІX ғасыр
аралығындағы ақын-жыраулар шығармалары арқылы бүгінгі күні
қазақ поэзиясы тілінде жалғастық тауып қолданылып келгенін
байқаймыз.

Шоқан Уəлиханов Едіге жырынан мынадай үзінді келтіре оты-
рып:

Ай, Едіге, сен енді қайт сана,
Қайтіп Еділ өт сана.
Еңсесі биік боз орда
Еңкейіп сəлем бер сана.
Еріні жұқа сары аяқ
Ер сарқытын іш сана.
Жауырындары жақталы,
Түйме бауы тартпалы,
Ал қара қи үстіңе
Тон береді қи сана.
Көк ала жорға ат мініп,
Көн дабылпаз байланыс,
Тұтам бауы сом алтын
Ақ, сұңқар құс береді,
Көл айнала чүй сана!

Бұл жыр XІV ғасырдың соңында болған оқиғаларды баяндай-
ды, сол оқиғалардың ізін шала XV ғасырдын басында туған болу
керек, жырдың көнелілігі қазір тілімізде жоқ толып жатқан ескі

Қазақ əдеби тілінің тарихы 159

сөздер мен сөз орамдарынан байқалады дей келіп, бір ғажабы,
мұсылман дінінің таралуына байланысты қарапайым халықтың
сөйлеу тіліне еніп кеткен араб, парсы сөздерінің бұл жырда жоқ
екенін баса айтады1.

Осы сарын да, ондағы сөз қолдану сипаты мен дəстүрі де,
жырдың, түрі де кейбір өзгешеліктермен басқа ақын-жырауларда
қайталанып келуі кездейсоқ па?

Доспамбет жырауда:
Айналайын, Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда!
Еңсесі биік боз орда
Еңкейе кірер күн қайда!
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда!
Күдеріден бау тағып
Кіреуке киер күн қайда!
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда!
Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда!

Ақтамберді жырауда:
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз!
Күдеріден бау тағып
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз!..
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз!

Бұқар жырауда:
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес,

1 Уəлиханов Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. Алматы, 1961, 197-бет.

160 Қазақ əдеби тілінің тарихы

немесе: Күрек тісін қасқайтып
Сұлуды құшқан жиырма бес!

Көк ала ат жаратып,
Көн дабылды байлатып.
Байлар ұғлы шоралар
Көл жағалар жаз күні...
Жорғасы болса мінісіп,
Торқасы болса киісіп,
Толғамалы қамшы алып,
Толғай да толғай дəурен сүрмес пе!

Махамбетте:
Желп-желп еткен ала ту,
Жиырып алар күн қайда!
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда!
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Арғымақтан туған асылды
Баптап мінер күн қайда!
Жалаулы найза қолға алып
Жау тоқтатар күн қайда!

Р. Сыздықова басқа да көптеген сөздермен бірге байтақ сө-
зінің осы күнгі мағынасындай «кең, үлкен, ұшы-қиырсыз» деген
мəнінен өзгеше белгілі бір этникалық, территориялық единица, ел,
жұрт деген жеке сөздердің баламасы ретінде жұмсалу шеңберін
де көрсетеді.

Шалкиіз жырау қолданысындағы:
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты салып мінген-ді.
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіне көбе сайлап кимен-ді –

дегендегі байтақ сөзін «Батырлар жырларында» жиі жұмсалуымен
салыстырады:

Байтақ бөліп береді,
Падсалықты құр сана.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 161

Байтағымның ішінде
Он сан елім ноғайлы...
Менен қалған байтақ ел.

Махамбетте:
Біздің ер Исатай өлген күн,
Он сан байтақ бүлген күн.

«Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданы-
лып, белгілі бір этникалық-территориялық единица (мысалы,
хандық сияқты), «ел, жұрт» деген мағынаны білдірген. Эпоста
сюзерініне (ханына) өкпелеп, қайрылмай кеткен батырға кері қайт
деп өтіне келген елші: «Байтақ бөліп береді. Падсалықты құр
сəна», – деп уəде береді. Мұндағы байтақ деп отырғаны – белгілі
бір территориядағы белгілі бір құрамды ел, яғни кішігірім хандық.
Бұл сөздің осы мағынасы қазірде де қолданылатын байтақ ел,
байтақ жұрт деген тұрақты тіркестердің қалыптасуына себепкер
болған. О баста байтақ ел, байтақ жұрт дегендер қазіргідей «барлық
ел, барлық жұрт» дегенді емес, жалпы белгілі бір этникалық-
территориялық единица, яғни ел жəне жұрт деген жеке сөздердің
баламасы ретінде жұмсалған»1.

Сондай-ақ алаулау, аламан, дем тарту; ұрыс, соғыс мағына-
сындағы ойын тəрізді сөздер; бадана көзді кіреуке (ақ сауыт);
алты аршын ақ болат, төрт кырлаған көк сүңгі, қозы жаурын
қу жебе, толғамалы ақ сүңгі (ала балта); тұлпар мініп ту алған;
жара қатты, жан тəтті; оза шауып олжа алған, ертеңнен шап-
са, кешке озған, ылдидан салса, төске озған, ат сауырсын бір
беру, т.б. тіркестер мен сөйлемдерде ортақ жолдар бар. Тарғын
мертігіп жатқанда Акжүністің айтатын атақты монологындағы:

Күнді бұлт құрсайды,
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға ұқсайды.
Айды бұлт құрсайды,
Айды байқай қарасам,

1 Сыздықова Р. XV–XVІІ ғасырлардағы қазақ көркем əдебиет тілінің лексикасы жа-
йында // Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. 75–76-бб.

162 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Түн жауарға ұқсайды.
Көгілдірін еріткен
Көлдегі қулар шулайды,
Шулағанға қарасам
Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды, –
деп келетін жерлер Шалкиіздің Темір əміршіге айтқан мына жол-
дарымен образдас жатыр:
Аспанда бұлт құрсайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды,
Көкшілдіден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды.

Ал XV–XVІІ ғасырлардағы жыраулар мұрасынан кездесетін:
Қатуланып қаттанып,
Буырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып...

немесе:
Туырлығын тоқым қып,
Керегесін отын қып, –

деген штамптар батырлар жырларының барлығында дерлік үз-
діксіз қайталанып отырылады1.

XVІ–XІX ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларында да,
эпос, батырлар жырларымен қоса ауыз əдебиетінің басқа түрлерін-
де де, жазба нұсқалар тілінде де қатар жарыса қолданылып кел-
ген дүр тұлғасын көрсете кеткен лазым. Бұл тұлға етістіктермен
ғана емес, есімдермен де тіркес береді. Мысалы:

Мен, мен-дүрмін, мен-дүрмін,
Мен де өзіңдей кен дүрмін.
немесе:
Куə дүрміз, куə дүрміз, куəлікке жүре дүрміз», т.б. «Қозы Көр-
пеш – Баян сұлу» жырында:

Кішкенеден қосылған қосағымды
Шешем қалай жүрген дүр неге айтпай.

1 Сонда 72, 77, 78, 84–85-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 163

Əлдеқандай бола дүр заман дейді,
Буаз маралды көп атпақ жаман дейді.

Жошының өлімін естіртуте байланысты айтылған мына жол-
дарда:

Теңіз бастан былғанса, тұндырар ұлым – Жошы дүр,
Терек түптен жығылса, тұрғызар ұлым – Жошы дүр!

Шалкиіз жырауда:
Жапырағы жасыл жаутерек,
Жайқалмағы желден-дүр,
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр,
Байлардың мақтанбағы малдан-дүр,
Ақ киіктің шабар жер майдан-дүр.

Жиембет жырауда:
Басы саудың түгел-дүр,
Толған тоғай малы-дүр.
Тоқтамай соққан толағай
Толастар мезгіл жеткен-дүр.

Бұқар жырауда:
Айтар сөзім осы дүр,
Ақылың бар хан едің,
Мұның түбін ойлағын.

Мұнымен бірге ды, ді шылауы да жарыса колданылып отыры-
лады. Эпоста:

Адамдардың таразысы тең-ді дейді.

Ауылы Аякөздің бойында-ды,
Баянның Қозы Көрпеш ойында-ды.

Көзін тұтып сенің үшін көп жылаған,
Обалы əкесінің мойнында-ды.

«Ер Қосайда»:
Əркімдер мінед бір атты,
Ат деген ерге қанат-ты.

Бала деген жас ұл-ды.

164 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Қобыланды батырда:
Барғанмен кезек келмес-ті,
Баланы көзге ілмес-ті.

Шалкиіз жырауда:
Күмістен екі қолтық жоқ болса,
Сыпайышылық сүрмен-ді!
Алғаным ару болмаса,
Алдыма алып сүймен-ді!
Құладын жаман қу алмас,
Кұладын кудың теңі түгел-ді.

Ақтамберді жырауда:
Киім кисең, қаттау ки,
Суық келсе, панаң-ды,
Найза тисе, қалың-ды.

Бұқар жырауда:
Шайнағаным күман-ды.

Уақытың ісі қиын-ды.

Қасым ханның шешесін
Хан Абылай алған-ды.

Махамбетте:
Кім жеңері талай-ды,
Жолдастарым, мұңайма!..

Арқада Əлім бар-ды деп,
Қайыспас қара нар-ды деп.

Шал ақында:
Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бар шыбынсыз.
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қылып тəңірім берген-ді.

Бұл сияқты ортақтықты басқа да тілдік үлгілердің, грамма-
тикалық тұлғалардың конструктивтік құрылымдардың қолданылу

Қазақ əдеби тілінің тарихы 165

ерекшеліктерінен байқай аламыз. Мысалы, тəуелдік жалғауының
3-жақ көрсеткішінің түсіп қалуы қазіргі қазақ əдеби тілі үшін жат
құбылыс болса да, эпос, батырлар жыры мен XVІ–XVІІІ ғасырлар
ақын-жырауларының тілінде кездесіп отырады. «Қыз Жібектегі»:
Базарбайдың Төлеген Ерте туған көбеген (Төлегені болу керек).
«Ер Қосайдағы»: «Алты ағаның молаға Кешке келді қонаға (мо-
ласына болу керек), «Қобыландыдағы»: Қобыландының Тайбу-
рыл (Тайбурылы болу керек), немесе Қамыстының қазды көл
Қоғалының қулы көл (көлі болу керек) конструктивтік үлгілері
Ер Шобанда: Қабардының Биғазы Желіп шықты көк тауға
(Биғазысы болу керек), Марғасқа жырауда: Ей, Қатағанның хан
Тұрсын, Кім арамды ант ұрсын (ханы болу керек), Шалкиіз жы-
рауда: Арғымақтың баласы, Жаздың алты ай жорытсаң, һеш
өкпесі қабынбас (айы болу керек) тəрізді болып қайталанады. Бұл –
тек өлең шартына, буын санына, ұйқас қажеттілігіне ғана байланы-
сты туған жолдар емес, тіліміздегі көне құбылыс болып саналады1.
Өйткені бір жағынан, тəуелдік жалғау көрсеткішінің түсіп қалып,
матаса байланысқан тіркестің жартылай грамматикалық байла-
ныста (ілік септік тұлғасы арқылы) қолданылуы көне түркі жаз-
ба ескерткіштер тілінде кездесіп отырады. Жүсуп Баласағұнның
«Қутадғу білік» жəне Махмуд Қашқаридың «Дивану лұғат-ат
түрк» атты шығармаларында мениң тилек, мениң йүрек, кимиң
товар (тилек-им, йүрек-им, товар-ы болу керек) тіркестерінің
қолданылуы осыны көрсетеді. Екіншіден, бұл факт қазіргі түркі
тілдерінің кейбірінде қазірге дейін бар. Мысалы, қазіргі түрік (ос-
ман) тілінде менің əкем, сенің анаң тіркестері беним баба, сенин
ана болып та қолданыла береді. Ал қазіргі қазақ əдеби тілінде ілік
септік жалғауында тұрған сөз біз, сіз жіктеу есімдігі мен өзіміз
деген өздік есімдігі болса, оңымен байланыс-қан сөз тəуелдік
жалғауын қабылдамай да жұмсала береді: біздің ауыл, сіздің
жігіттер, өзіміздің кісі, т.б.

Міне, осылардың қатарына -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен
тұлғасымен бірге, бір жағынан, шақтық мəннен ажырап, қимыл
есімі мəнінде (-у тұлғасымен барабар), екінші жағынан, -ады, -еді

1 Нұрқанов С. Қазақ синтаксисіндегі көне құбылыс // «Қазақстан мектебі», 1988, №2.

166 Қазақ əдеби тілінің тарихы

мен -атын, -етін, -йтын, -йтін тұлғаларының орнына қолданыл-
ған -ар, -ер, -р қосымшалы етістіктердің жұмсалуын да жатқызуға
болады.

Доспамбет жырауда: Жарақшылар жоқ па екен, Жармай
білте саларға; Шалкиізде: Асау тулап жықпасқа Артқы айылдың
беркі игі; Сол жаман елден кетер деп Артынан жақсылар қалар
шақырып; Ер Шобанда: Ал дегенде аларға, Алып жерге саларға,
Арқалаған ауыр қолдар тоқтарға Арыстанбек ұлы сұлтан бар;
Марғасқа жырауда: Елің кеңес құрғанда, Айналып ақыл табарға,
Бұқар жырауда: Сегіз қиыр шар тарап Жер тұлданып тұрмасқа...
Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге; Махамбетте:
Мен келелі қара бұлтпын Келе жаумай ашылман... Жетіп келді
қамалға Қамалды бұзып аларға... Бұлтқа жетпей шарт сынбан...
Не қылсаң да жасырман; «Қобыланды батырда»: Кіндікті байлап
атпасаң, Басыңа салар қараны... Қыс қыстауым – Қараспан, Ат
ізінен адаспан; Абайда: Қай қызығы татиды қу өмірдің Татуды
араз, жақынды жай қыларға... Ескі бише отырман бос мақал-
дап, т.б.

Əрине, эпос, батырлар жырының тілі мен, бір жағынан,
ақын-жыраулар тілі, екінші жағынан, қазіргі қазақ əдеби тілі
арасындағы жалғастылық, ортақтық, ұқсастық бұлармен ғана
шектелмейді. Сөз қисыны мен кестесінің басқа түрлерінен, əсерлі
ой, образды сөз оралымдарының берілуінен жақын сəйкестікті
əлі де көптеп келтіре беруге болар да еді. Тіпті эпос, батырлар
жырындағы мифтік ұғымға, фантазиялық ойға, əсірелеулерге
байланысты, образды ой білдіруге қатысты қолданылған тілдік
үлгілерді бөлек алып тастасақ, қалған сөз қолданыстары ақын-
жыраулар шығармаларының тілінен онша алшақтап кетпейді.
Оны жырлардың тілдік жағынан көркемдік ерекшеліктері де
аңғарта алады. Мысалы, батырлар жырына тəн болып келетін
Қатуланып, қаттанып, Буырқанып, бұрсанып, Мұздай темір
құрсанып, Қабағынан қар жауып, Кірпігінен мұз қатып... тəрізді
қайталаулардағы сөз қолданысына назар аударайықшы. Шабуылға,
жекпе-жек соғысқа шығып тұрған жауынгердің дəл портретін бер-
мей ме? Ыза-кекке толы ақыл-ойын сыртқы түр-тұлғасы, айласыз
кескіні, айбарлы сұсы айқын көрсетіп тұрған жоқ па?! Жауға деген
бітіспес өші, соны қайтарудағы жанын шүберекке түюі байқалып

Қазақ əдеби тілінің тарихы 167

тұрған жоқ па?! «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыланды мен
Қазан арасындағы ұрыс, жекпе-жек былай суреттеледі:

Ырғай сапты сүңгіні
Ырғай, ырғай салысты,
Итерісіп тұрысты.
Найза қанға майысты,
Қармақ болып қайысты.
Ат тізесін бүгісті,
Бүгісе, бүгісе тұрысты:
Тебінгіден тер ақты,
Қабырғадан қан ақты.
Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып...
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып...
Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді.
Екеуінің ақ сауыт
Шығыршықтан сөгілді...
Ескі біздей жыртылды.

Өлім мен өмір арпалысы, тек жан үшін, амандық үшін күрес
емес бұл, намысты ту еткен ерлік дастаны бұл! Қан майданды
көз алдыңа келтіріп, намыс үшін болып жатқан өлім мен өмір
арпалысының сойқан көрінісін бейнелеген, оқығанда жай оқымай,
жан түршіктіре оқылатып жанды сурет бұл! Сол сурет əдеттегі
сөздердің ерекше шебер қиюласуы арқылы жасалып тұрған жоқ па!
Немесе жаудың елді шауып кеткенін, зардабын бір-ақ ауыз сөзбен
образды түрде: «Шауып кетті еліңді, Сындырып кетті беліңді,
Кесіп кетті желіңді», – деуі елдің ауыр азабын бірден көз алдыңа
елестетеді. «Тоқсанда атаң Тоқтардың Тасқа тиді, тұяғы. Алпыс-
та шешең Аналық Үзілді ғой қияғы», – дегенде де қаншалықты
қайғылы хал, қиын кез елестетіледі. Ал Тайбурылдың шабысы
ше? Кейбір қиял-ғажайып сəттері болғанымен, көркем бейнелен-
ген, оқушы оқып отырғанда бар жан-тəнімен тегіс сезінетін жан-
ды сурет қой: «Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады,

168 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Бір төбенің тозаңын, Бір төбеге қосады!» Артық та, кемі де жоқ.
Нақты да толық: Қобыландының қарындасы Қарлығашқа айтқан
жауабында: «Тоғай толған түйемді Сарысуға тапсырдым, Желі
толған жылқымды Жасанған жауға тапсырдым. Қора толған
қойымды Аш бөріге тапсырдым, Азу тісі балғадай Жас бөріге
тапсырдым!» – деуінде үлкен философиялық мəн жатыр. Көш-
пенді елдің психологиясы, елдің амандығы, ердің намысы үшін
мал түгіл жан пида емес пе! Немесе «Ер Тарғындағы» Ақжүністің
өз суретін, келбетін Қартқожаққа айтуы: «Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр. Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де бетім
көр...» Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңғасындағы»
«қаса сұлудың шомылғанына ұқсайды» дейтіні жер тағысы мен
көк тағысы сайысын, сондағы образ беру ерекшеліктерін көз
алдымызға елестетпей ме?! «Қыз Жібектегі» Жібектің сұлулығын
суреттеу, сондағы Төлегеннің оған ынтықтығын күшейте түсу
тəсілін еске алайық. Төлегенді қалың көшке кездестіріп, əр көшті
бастап бара жатқан сұлу қыздар талғампаз Төлегенге Жібек осы
екен дегізуі тегін емес. Қандай əсерлі де əсем сөз қисындары,
ойлы да орнықты образдар. Үлкен бір əдебиет дəстүрі болмаған
жерде мұндай жырлардың тууы да екіталай. Ауыз əдебиетінің тілі
«əдебиетке түсіп қалыптанған халық тілі екендігін, яғни «əдеби»
екендігін айта келіп, Е. Жұбанов мынадай қорытынды жасайды:
«Өмір сүру формасы ауызша болғандықтан, фольклор тілі өзінің
біршама əдеби жүйесін бұзбас үшін де «өңгеден өзге» тілдік
штамптарды, ерекше, тек ауызекі сөз өнеріне тəн көне, көнерген,
көнеленген тұлғаларды, айырым айшықты сөз орамдарын бой-
ында сақтап, соларды өзінің стильдік нормасы ретінде тұтынады.
Ал қандай бір болмасын норманы ұстану дегеніміз – жүйеге
түсу, əдебилену болып табылатыны сөзсіз»1. Сондықтан қазақ
əдеби тілінің тарихында ауыз əдебиет тілінің өз орны бар екенін
мойындамасқа болмайды.

1 Жұбанов Е. Қазақ ауыз əдебиеті жəне əдеби тіл // Қазақ əдеби тілінің қалыптасу
тарихы мен даму кезеңдері, 151–153-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 169

ІV. XVІІІ ҒАСЬІРДЫҢ АЯҒЫ МЕН ХІХ ҒАСЫРДЬІҢ
БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ƏДЕБИ ТІЛ

1. XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырдың басындағы
əдеби тілді сипаттайтын үлгілер

XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырдың бірінші жартысы
арасындағы қазақ əдеби тілінің жай-күйін, өзіндік ерекшеліктерін
танытып, даму бағыты мен нормалану процесін айқындай ала-
тын тілдік материал деп, ең алдымен, алғашқы хандық дəуірден
басталып, бұл кезде тек жалғаса ғана түсіп қоймаған, сонымен
бірге жаңа биікке көтерілген ақын-жыраулар творчествосы таны-
луға тиіс. Олар – Ақтамберді (1675–1768), Тəтіқара (XVІІІ ғ.),
Үмбетей (1706–1768), Бұқар (1668–1781) жыраулар мен Шал
(1748–1819), Көтеш (1745–1818), Жанақ (1770–1856), Абыл (1777–
1864) ақындар, Есет би (XІX ғ.), Жанкісі би (XІX ғ.), Махамбет
Өтемісұлы (1804–1846), Алмажан Азаматқызы (XІX ғ.), Дулат
Бабатайұлы (1802–1871), Шортанбай Қанайұлы (1818–1891),
Шернияз Жарылғасұлы (1817–1881), Шөже Қаржаубайұлы (1808–
1895), Сүйінбай Аронұлы (1823–1896), т.б. Рас, бұл топтағы ақын-
жыраулар творчествосын бір кезең шеңберінде қарауда біраз
шарттылық бар. Ол шарттылық мерзім жағынан да, ақын-жыраулар
творчествосының мəн-мазмұны жағынан да байқалып отырады.
Мысалы, Ақтамберді, Тəтіқара, Үмбетей, Бұқар жыраулардың
творчествосы тек XVІІІ ғасырдың аяғы деген мерзім шеңберіне
сыймайды. Олардың өмір сүрген мезгілін есепке алсақ, оның
басы XVІІІ ғасырдың басы ғана емес, тіпті XVІІ ғасырға (мысалы,
Ақтамберді мен Бұқар жыраулар) кетіп қалады. Бірақ бізге жет-
кен шығармалары, толғаулары, поэзиялық мұралары, негізінен
алғанда, XVІІІ ғасырдың екінші жартысы мерзіміне енетіндіктен,
сол кездегі оқиғаларды, құбылыстарды бейнелейтіндіктен, олар
XVІІІ ғасырдың екінші жартысынан басталатын тарихи кезеңге
еніп отыр. Сондай-ақ Алмажан Азаматқызының, Дулат Бабатай-

170 Қазақ əдеби тілінің тарихы

ұлының, Шортанбай Қанайұлының, Шернияз Жарылғасұлының,
Шөже Қаржаубайұлының, Сүйінбай Аронұлының творчествола-
ры XІX ғасырдың бірінші жартысында, сол мерзім шеңберінде
қаралуы таза уақыт, мерзім тұрғысынан емес, өйткені бұл ақындар
XІX ғасырдың екінші жартысын орталап я аяқтап барып дүниеден
өткен. Соған қарамастан бұл ақындар шығармалары алдыңғы
ақындардың жалғасы іспетті, сол XІX ғасырдың бірінші жартысы
кезеңінің ерекшеліктерін, дəстүрін мол сақтаған, мазмұны соған
сəйкес туындылар болып келеді.

XVІІІ ғасырдың аяғы ман XІX ғасырдың бірінші жартысын-
да өмір сүрген ақын-жыраулар шығармалары да одан бұрынғы
кезеңге жататын жыраулар туындылары сияқты негізінен ауызша
сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып келсе де, толығырақ
сақталып, молырақ жеткендіктен, авторлығы айқын, күмəн тудыр-
майды. Тілдік ерекшеліктері көп өзгеріске түспей, алғашқы түрін
сақтап қалған. Кейбір зерттеушілердің жазба əдебиет осы кезден
басталады деген қорытынды жасауы да осыған байланысты бо-
лар. Əрине, бұдан бұл кезеңдегі ақын-жыраулар шығармалары
түк өзгеріске түспей, толық, түгел бізге жеткен деген қорытынды
шықпайды.

Бұл кезеңдегі ақын-жыраулар шығармаларының тілінен бай-
қалатын ерекшелік, біріншіден, алғашқы хандық дəуірде жал-
пы халықтық сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан əдеби тілдің
əрі қарай жалғасып, халықтық бағытта дамуы болса, екіншіден,
жырланған тақырып аясында болсын, тілдік құралдарды пайда-
лануында болсын шеңбері кеңіп, биік өреге көтерілгені байқа-
лады. Сөйтіп бұл кезеңдегі поэзия тілі алдыңғы кезеңнің заңды
жалғасы болып табылады.

XVІІІ ғасыр қазақ қоғамы үшін ерекше кезең болғаны белгілі.
Өйткені жоңғар басқыншылығы салдарынан бұдан былайғы жер-
де халықтықты, елдік дербестікті сақтап қалу мəселесі сынға
түсіп, жойылып кету қаупі төніп, тірек етерлік, сүйеу боларлық
көрші іздеп қиналған кез еді ғой. Қазақстанның батыс өлкесінен
бастап қазақ елі біртіндеп, Россия патшалығының қол астына кіре
бастады да, XІX ғасырдың І жартысында Қазақстанның көпшілік
жері Россия империясының құрамына еніп болды. Бұл құбылыс
қазақ қауымының саяси-əлеуметтік, шаруашылық жай-күйіне көп-

Қазақ əдеби тілінің тарихы 171

теген жаңалықтар əкеліп, үлкен өзгерістер енгізуге негіз болды.
Ондай жаңалықтар қоғамдық өмірдің барлық салаларына еніп
жатты. Біріккен, орталықтанған мемлекет (хандық) құрудың ор-
нына бұрыннан бастары біріге алмай жүрген хандықтар үлкен
территорияда одан əрі ұсақталып, бытырай, бір-бірімен жауыға
түсіп, келе-келе дербестіктерінен біржола айырылды, хандық
билік орнына аға сұлтандық билік қалыптасты. Қазақ жеріне қа-
лалар мен қамалдар салынып, Россияның отарлау саясатын жүзеге
асыратын ел билеудің жаңа системасы ене бастады, қоныс ауда-
рушылар келіп, сауда-саттық күшейе бастады, қазақ даласын-
да əртүрлі мектептер ашылып, орыс мектептерінде қазақ балала-
рының оқуына право берілді, жергілікті халық өкілдерінен ел
басқару ісіне кадрлар дайындау мəселесі де қарала бастады.
Миссионерлік саясаттың күшейе түсуімен байланысты қазақ да-
ласында əлеуметтік топтардың ішінде де өзгерістер болып жатты.

Отарлау саясатын толық іс жүзіне асыру үшін қазақ жеріне
патша əкімшілігі тарапынан əртүрлі миссионерлік экспедиция-
лар жіберіліп отырғаны белгілі. Олар қазақ жеріне географиялық,
геологиялық, экономикалық зерттеу жүргізумен бірге халықтың
этникасын, тілін, əдебиет тарихын, рухани өмірін де назардан
тыс қалдырған жоқ. Сондай мақсаттарды жүзеге асыру жолын-
да бірсыдырғы практикалық жұмыстар да істелді. Солардың
бірі – халық аузындағы əдебиет нұсқалары, жергілікті тілдің
ерекшеліктерін көрсету үшін, оны үйрену үшін тілдік материал-
дардың жинала бастауы болып табылады. Архив, кітапхана қа-
зыналарында сондай қолжазба материалдар көптеп ұшырасады.
Солардың кейбірін атай кетейік. СССР Ғылым Академиясы Ле-
нинград бөлімшесі архивінде сақталған №24 жəне №25 деген 12
беттік қолжазбада (94-қор, 2-тізбе) жіберілген орыс сөздері (при-
сланные слова) бір бағанаға, одан кейінгі бағанаға араб əрпімен
хиуа жəне бұқар диалектісіне аударылуы (перевод на хивинский
и бухарский диалект), үшінші бағанаға оның транскрипциясы
(произношение) берілген. Əрбір сөз номерленген, небары 286 сөз.
Қолжазбада хиуа жəне бұқар диалектісі делінгенмен, бұлар –
қазақ тіліндегі сөздер. Енді бір қолжазбада (785-қор, 1-тізбе, №44)
орыс тіліндегі сөздердің, қырғыз (яғни қазақ), монғол тілдерін-
дегі аудармасы берілген, олар орыс алфавитімен жазылған.

172 Қазақ əдеби тілінің тарихы

А.М. Шегреннің фондысындағы «Хиуа, бұқар, қырғыз жəне ме-
щер тілдеріне аударылған орыс сөздерінің тізімі» (1780–81-жж.)
атты қолжазбада (94-қор, 29-тізбе, №23) 277 орыс сөзі қамтылып,
хиуа, бұқар, қырғыз (яғни қазақ), мещер тілдеріне аудармалары
берілген. Ол аудармалар ең алдымен араб əрпімен жазылып, одан
кейін орыс əрпімен транскрипциясы көрсетілген. Ленинградтың
Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханасының қолжазба
қорындағы Аделунг архивінде (7-қор, 17-шифр) 1774 жылы жа-
зылған орысша-қазақша сөздік бар. Қолжазбаның 78 беті таза сөз-
дік, одан кейін 1 бет мыңға дейін сан есімдер, 3 бет орыс жəне
қазақ тілінде кішкене текст, 4 бет жеке сөздер астына аудармасы
берілген, 5 бет тағы да жеке сөздер берілген, астында араб əрпімен
қазақ сөздері жазылған, 1 бет сөздік, қазақ сөздері орыс жəне араб
əрпімен жазылған, 4 бет тағы да кішкене сөздік. Сөйтіп қолжазба
96 беттен тұрады, барлығы 4000-нан астам сөз бен сөз тіркесі
берілген. Бірнеше мысал: непознывать – танымады, я там был –
мен анда бардым, а я просил у него – мен онан сұрадым, базарная
цена – дуқан бағасы, баранина – қой ети, батофы ем быть – батуфа
билен уйин, бочка – мушка челек, без денег скучно – ақшасыз дил-
гар, в лицо смотреть – бетене қарадым, вязан был – байлаған ерди,
в гости был – конаклай бардым, вы которова роду – сис қайсы
тукум, в шашки играть – чатраш уйнагали, главной – улуг, голу-
бой – сур ат, говори что-нибудь – сюйлеш неда болса, запечатью –
мугур басам, кровать – урун, колбаса – бия каз, кандалы – аяқ бу-
гау, т.б. Бұл сияқты қолжазба сөздіктердің архив қазыналарында
жатқанын, сондай-ақ кейбірінің белгілі бір еңбектердің ішінде
материал ретінде беріліп келгенін Н.А. Баскаков та көрсетеді1.

Сөз жоқ, бұл материалдар негізінен сол кездегі сөйлеу тілінің
көрінісі болып табылады: дукан бағасы, қой ети, бетене қарадым,
мугур басам, т.б. Бірақ мұнда сөйлеу тіліне енбейтін, жазба тілдің
көрсеткіштері болып саналатын тілдік құбылыстар да байқалады:
мен оннан (одан) сұрадым, батуфа билен уйин (батуфа мен ойын),
байлаған ерди (байлаған еди), конаклай (қонақтап) бардым, улуг
(ұлу, ұлы), т.б. Бұл сияқты тілдік ерекшеліктер осы кезеңде сөйлеу
тілі негізінде қалыптасып, дамып келе жатқан əдеби тіл мен жаз-

1 Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. М., 1962, стр. 21–22.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 173

ба кітап тіл дəстүрі негізіндегі əдеби тіл арасындағы байланыс
үзілмей жалғасып келгенін көрсетеді. Ол байланыс кейінгі кезеңде
де байқалып отырады. Оған, бір жағынан, Махамбет, Абайлар
поэзиясының тілі мен, екінші жағынан, олардың қара сөздері, хат-
тары, ресми жазбаларының тілін салыстырып қарасақ та көзіміз
жетеді.

Енді бір топ тілдік материал XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ға-
сырдың басында қазақ хандарының, сұлтандарының, старшында-
рының орыс мемлекеті əкімдерінің бір-бірімен жазысқан əртүрлі
сипаттағы іс қағаздары мен хаттары болып табылады. Олардың
біразы М.П. Вяткин басшылығымен құрастырылған «Материалы
по истории Казахской ССР» атты еңбекте (ІV том. М.-Л., 1940)
берілген. Олар: 1785 ж. ІІ Екатеринаға Əбілқайыр ханның балала-
рын хандықтан аластатуды сұрап жазған старшындардың ғарыз-
намесі; 1785 ж. барон О.А. Игельстромға əскер сұрап жазған Нұра-
лы ханның хаты; 1787 ж. полковник Д.А. Гранкинге Нұралы хан
мен Айшуақ сұлтанды босату жөнінде жазған Ералы сұлтанның
мағлұм хаты; 1790 ж. ІІ Екатеринаға жазған Сырым Датовтың ға-
рызнамесі, сондай-ақ Қара Көбек би мен Шұбар билердің, Тілен-
шінің, Айшуақ ханның, Шерғазы ханның, Қаратай сұлтанның
жазған хаттары.

Əрине, ол документтердің тілі жайында əртүрлі пікірлер ай-
тылып келді. Осы күнге дейін олар шағатай, татар тілінде
жазылған деген пікір басым болып отыр. Бірақ бұл пікірде сол кез-
де ортаазиялық əдеби тіл дəстүрінің негізінде жəне соның қазақ
топырағындағы жалғасы ретінде жазба əдеби тіл болғаны, ол
тілдің Октябрь революциясына дейін өмір сүріп келгені, əртүрлі
ресми-іс қағаздары, хаттар, шежірелер сол тілде жазылып келгені
ескеріле бермейді. Шындығында аты аталған материалдар тілі,
бір жағынан, бұл кезеңнен бұрынғы мерзімге жататын жазба
нұсқалар, əсіресе шежірелер (мысалы, Қадырғалидың «Жамиғ-
ат тауарих», Əбілғазының «Шежіре-и түрік» тілімен салыстыр)
тілімен, екінші жағынан, кейінгі шақтарда жазылған іс қағаздары,
ресми документтер тілімен ұқсасып, сəйкес келіп жатады. Хаттар
əрдайым шаукатлы, құдіретли, ғизатлу, хурматлу, мархабат-
лу, ғинайатлу сөздермен басталып отырады. Сондай-ақ дыбыс
үндестігі заңы мүлдем сақталмайды, сөз басында ж дыбысының

174 Қазақ əдеби тілінің тарихы

орнына жалпы түркілік й дыбысы, с дыбысының орнына ш, ал ш
дыбысының орнына ч дыбысы қолданылып отырылады. Бір хат-
тарда орта ғасырлық түркі тіліндегідей шығыс септік -дың, -дың,
-дин болып келсе, мысалы, кичи йузниң халық болуб хан төредин
ғайырлары Руссие йуртыне Нұрали ханның бузғынлығы ушун...
акер Абулхайыр ханның балаларын ханлықдин чықаруб... (50–51-
бб). Ол қалғэсындан тəмəмку йердин улкан ғаскэрлер ибаруб...
(55-бет), мен шылауы бірде бірлан, бірде илэ, илан болып келеді:
анда ибаркан фарзандларимиз дэ есанлик илэ ибэрмадылар (55-
бет). Никим хузурыңыздин ибаркан китабыңыз жағалбайлы Сана-
жан бирлан килуб йушди (92-бет). Бірде еді болса, көбіне ерді бо-
лып көне түрі қолданылады: Сизлариңиз қандай адам ерканицизни
аууалдин ештуп билканимиз йоқ ерди (92–93-бб.), аманатларны
ибаркай едуңиз.... меһрбанчылық қылуб ақ базарханке барған еди
(50–51-бб.). Бір хаттың ішінде кейде бұл көмекші етістіктің екі
тұлғасы да жарыса қолданылып жүреді. Мысалы, Сырым Датов-
тың хатында рағитликке мусалим болып еди... рағитликларинде
тузалиб ерди (135-бет), т.б. Уа, һем, лəкин шылауларымен бірге
аның үшін, шоның үшін шылауы да жиі қолданылып отырады.
Сөздің көне тұлғасы көбінесе сақталып жұмсалады: бир жауаб ай-
тамыз көңилуңизге ағыр (-ауыр) қилмасун (93-бет), бу уақытығе
че (51-бет), т.б.

2. Жыраулар шығармаларының тілі

XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырдың басындағы əдеби
тілді сипаттайтын мұраларға, жоғарыда көрсетілгендей, ақын-
жыраулардың шығармалары жатады. Қазақ жеріне келіп жатқан
көптеген саяси, əлеуметтік, мəдени, шаруашылық, өзгерістермен
байланысты рухани байлықтың, мəдениет өндірісінің құралы бо-
лып табылатын ана тілдің, əдеби тілдің өресі өркендеп, шоқтығы
биіктей түсті. Ол, ең алдымен, сол тұста жыраулар мектебінің
шарықтап биікке көтерілуімен, олардың алдында ел қорғау, ха-
лық бірлігі, отанды сақтау мəселесінің тікелей күн тəртібіне
қойылуымен байланысты. Бұқар жырау сияқты ел қамын жеген,
халық данасы болған қайраткердің дүниеге келіп, қиын кезде ел
басқарған адамдарға адал, əділетті, көреген ақылшы бола білуіне

Қазақ əдеби тілінің тарихы 175

де тікелей қатысты. Бұқар жырау өткен өмірге ынтық болып, соны
көксеп, өкси жыламай да, одан біржола безбей де, əдебиеттің де,
мəдениеттің де, қоғамдық ойдың да рухани қазынасын жақсы
игеріп, оны жаңа заманға жалғастыра отырып, келешегін көре-
гендікпен болжай, бағдарлай білді. «Бұқар – халықтың өнеге-
оқуы – дидактикалық поэзия мен азаматтық поэзияның жыр-
шысы... Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардан басталған
азаматтық поэзияны тақырып əрі түр жағынан жетілдіріп, кемел-
денген поэзия үлгісін жасады. Поэзияның өз дəуірі мəселесіне
араласып, жалпы халықтық ой-пікірдің, заман тынысының көрі-
нісі ретінде қоғамдық құбылысқа айналуына зор ықпал етті»1.

Бұқар жырау өзіне дейінгі қазақ поэзиясын толық пайдалана
отырып, қоғамдық ой-сананы меңгеріп, өз заманы тудырған сол
кезге лайық философиялық ой-пікір айтып, ақыл-өсиет етеді. Бұ-
қардың жырлаған басты тақырыбы – ел бірлігі, жұрт ынтымағы.
«Жалғыздың шаңы шықпас, Жалғыз жігіт ел болмас» тəрізді ха-
лық нақылын өзінше жырлап, ондағы ойды өткірлей түседі. «Ру-
лының оғы қалса табылар, Жалғыздың тартатұғын жағы қалса
табылмас». Немесе: «Қара қойдың терісін Сабындап жусаң
ағармас, Қалған көңіл табылмас», т.б. Сондықтан да, жыраудың
ойынша, елдің бірлігі, заманның жақсылығы білгір, жақсы ханға
байланысты. «Ханның жақсы болмағы – Қарашаның елдігі, Қа-
рашы халық сыйласа, Алтыннан болар белдігі». Немесе: «Алтын
тақтың үстінде Үш жүздің басын құрадың, Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың, Əділдікпен жүрдіңіз, Əдепті іске кір-
діңіз». Немесе: «Ел иесі құт болса, Халқы ала болмайды». Бірақ
қарт ойшылдың айтуынша, мəңгілік ештеңе де жоқ. Бəрі өзгереді.
Бүгінгі күнмен ғана тоқмейілденіп қалуға болмайды. Міне, осы
ойды көркем де көрікті, образды түрде «Айналасын жер тұтқан»
толғауынан байқаймыз:

Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас,
Көл суалмас демеңіз.

1 Өмірəлиев Қ. XV–XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі, 148-бет.

176 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Құрсағы құшақ байлардан
Дəулет таймас демеңіз.

Тіпті:

Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке тең келіп,
Бір жапанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.

Немесе:

Қу таяқты кедейге
Дəулет бітпес демеңіз.

Бұқар жырау толғауларынан күнделікті өмір философиясы, ел
ағасы жігіттің іс-əрекеті, мұраты көрініп тұрады. Бұл тұста да
халық даналығын өзінше жырлап, сол ойды түйіндей түсіп, ел
назарын, жүрт көңілін соған қайта аударып тұрғандай: «Жақын
жерден шөп жесе, жердің сəнін кетірер. Ағайынның аразы Елдің
сəнін кетірер, Абысынның аразы Ердің сəнін кетірер», – деген-
де, еске еріксіз «Ағайын тату болса, ат көп, Абысын тату болса,
ас көп» деген халық даналығы түседі. Сəнін кетірер деген ойдың
əр түйінде қайталанып, оны бір түйіндеп, нығыздап, ұйқасып та,
үйлесіп те қолдану – халық нақылының көрінісі де, үлгісі де.

Бұқар жырау шығармаларының бізге көбірек, толығырақ жет-
кендігінен жəне ол поэзияның тақырып ауқымы кең болып, күн-
делікті өмір шындығы тудырған болмысқа көзқарасымен қоса ел
бірлігіне, халық тұтастығына, жұрт ынтымағына үндеуіне бай-
ланысты өзіне дейінгі жыраулар ойын қорытындылап қана емес,
толғау жанрын мазмұн жағынан да, қоғамдық қызметі жағынан да
жаңа белеске, өрелі өрге көтеруіне орай кейбір зерттеушілердің
еңбегінде қазақтың жазба əдебиеті үлгісіндегі поэзияның Бұқар
жырау кезеңінен басталады деп берілуі де осыдан болар. Бұдан,
əрине, Бұқар жырау шығармаларына варианттылық тəн емес екен
деген қорытынды тумайды.

Бұқар жырау шығармаларының көтерген мəселелері сан алуан
болғандықтан да, оның поэзиясы қазақ халқының əлеуметтік-
шаруашылық өміріне қайткен күнде де қатысты. Бұқар шығар-

Қазақ əдеби тілінің тарихы 177

маларының лексикасы əрі бай, əрі сан түрлі болып келеді. Шаруа-
шылық пен тұрмысқа байланысты (ағаш үй, қыстау, көш, жарты
лашық, т.б.), əлеуметтік қатынастарға байланысты (қызметші, хан,
патша, қара, қараша, жарлық, т.б.), сауда-саттыққа байланысты
жеке сөздер қолданылып отырылған. Бұқар жырау шығарма-
ларында ерлік-батырлық іс-əрекет, жаугершілік тақырыбы аз жыр-
ланатындықтан да, оның толғау, өлеңдерінде басқа жауынгер жы-
рау ақындарға қарағанда қару-жарақ аттары, соғыс, жорық қимыл-
əрекеттері көп көріне бермейді. Соғыс, жорық, жауынгершілік
іс-əрекеттер сырттай ғана хабарлай баяндалады. Сондықтан да
Бұқар шығармаларында кездесетін табандасқан дұшпан, қылыш
шауып өткерген, қол бастау, ежелгі дос, ежелгі дұшпан, оқ, жақ,
найза, қылышыңды тасқа біледің, алмаған жауын қоймадың,
найзаны жауға тіреу, соғыс, жаулаған хан, сойылыңның қаруы,
дулығалы бас, ұрыс, сүріс, қисапсыз қол, т.б. сөздер, тіркестер
қолданылғанмен, ол нақ қан майданның, жаугершілік жорықтың
нақ өзін, оның динамикалық көрінісін суреттемейді. Онда ел-
жұрт, жер-су, кісі аттары да молынан кездеседі. Сондай-ақ араб-
иран тілдерінен енген сөздер де молынан қолданылып, оның
біразы кейінгі кезде əдеби тілдің игілігіне айналып кетсе, біразы
тар көлемде қалып қойған. Бұқар поэзиясында жиі кездесетін
жаулық жолы, алтын тұғыр, сұм дүние, бақ үні, түн қату, тоят
тілеу, тілек тілеу, дəулет таймау, атаққа қойылу, тақтан тай-
мау тəрізді тұрақты тіркестерді де көрсетуге болады.

Жырау шығармаларының шоқтығы биіктігі ойды көркем де
образды етіп, айналадағы болмысқа, өмір шындығына негіздеп
беруінен де байқалады. Əрине, кейбір зерттеушілердің көрсетуін-
дей, шығарма тілінің көркемдігі, əсерлілігі – ондағы эпитет, мета-
фора сияқты көркемдегіш тəсілдердің санына, соған ғана байла-
нысты емес, ол жыраудың бұрынғы дəстүрлі конструкция, сөйлем,
шумақтарды пайдалануымен бірге тың сөз кестесін əсерлі де əсем
етіп құра білуімен астасып жатады. Мысалы, жиырма жасты ағып
жатқан бұлаққа, отыз жасты жарға ойнаған лаққа, қырықты
ерттеп қойған құр атқа, елуді көшкен елге, алпысты қайғылы
мұңлы күнге, сексенді қараңғы тұман түнге, тоқсанды ажалға,
тоқсан бесті торға, орға, шөлге теңеуінде көшпенді елдің, саха-
ра даласының өз шындығы, өзінше философиялық даналығы бар.

178 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Ол теңеулер сол тұстағы əлеуметтік өмірдің алаулаған қызуы мен
шөге бастаған салқынын көз алдыңа анық елестетеді. Сондай-ақ
үшкілсіз көйлек кимеске деп қыршындай мезгілсіз мерт болмауды
армандап, бұл дүниеден көшпеуді əрі ауыс мəнде, əрі өте əсерлі
де көркем етіп беріп отыр. Сегіз қиыр шартарап жер тұлданып
тұрмасқа дегенде де үлкен ой, философиялық түйін жатыр. Əке-
сіз бала сұм жүрек, тақымы кеппес ұры, өкпеңменен қабынба,
өтіңменен жарылма, жұртыңа жаулық сағынба, бəйгелі жер, ай
нұрын ұстап міну, көн дабыл, қара кіс, қурай бітпес қуба жон,
алтын тұғыр, тұрымтайдай ұл тəрізді тың суреттер мен образ-
ды ойлар жырау шығармалары тілінде, бір жағынан, XV–XVІІ ға-
сырларда өмір сүрген жыраулар тілінде, екінші жағынан, ауыз
əдебиет үлгілерінде қолданылып отыратын дəстүрлі қайталаулар,
штампты тіркестер, тұрақты шумақтармен егіз өріліп, үйлесім
тауып жарасып отырғанын көреміз. Бұқарды соңғы кезде «қазақ-
тың ертеден келе жатқан жыраулық мектебінің ең ірі, ең соңғы
уəкілі, қазақ поэзиясы дүниесіндегі осы дəстүрге тəн жанрды
тақырып пен мазмұн жағынан толықтырып, тиянақтаушы қай-
раткер»1 деп танып жүруіміз де сондықтан болар.

3. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы
ақындар шығармаларының тілі

XІX ғасырдың бірінші жартысы – қазақ қауымы үшін ерек-
ше кезең еді. Қазақстанның біраз жері бұл кезде Россия патша-
лығының қол астына қарайтын, соған сəйкес елдің саяси, мəдени,
экономикалық өмірінде елеулі өзгерістер болды. Сауда-саттық
күшейді, айырбас сауданың орнына ақша айналымы өрістей түсті.
Қазақ даласы шикізат өлкесіне айнала бастады. Қазақ қауымында
кейбір əлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрі пайда
болады.

XІX ғасырдың бірінші жартысында оқу-ағарту ісі біршама
етек ала бастады. Жаңа мектептер мен медреселер ашылып, мұ-
сылманша оқумен бірге отаршылдық аппаратқа кадрлар дайын-
далады. Қазақтың бұқара халқы екі жақты езгіге түседі. Осының

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы, 86-бет.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 179

салдарынан үстем тапқа деген халық наразылығы күшейе баста-
ды. Оның бір көрінісі XІX ғасырдың 30–40 жылдарында қазақ
халқының өмірінде айтарлықтай із қалдырған тарихи оқиғалардың
бірі – Исатай–Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі еді.

Міне, осындай болып жатқан ірілі-уақты өзгерістер бұл кезеңде
қазақтың сөз өнерін дамыта түсуге де əсерін тигізбей қалмады. Бұл
кезеңнің əдеби тілін байқататын тілдік материалдар Махамбет,
Шөже, Дулат, Шортанбай, Шернияз, Алмажан, Байтоқ, Жанұзақ,
Жанақ, Орынбай, т.б. ақындардың шығармалары болып табыла-
ды. Əрине, бұл сияқты ақындардың идеологиялық бағыттары
бірдей, біркелкі болған жоқ. Соған қарамастан əдеби тіл тарихын-
да олардың алатын өз орындары бар.

XІX ғасырдың басындағы қазақ ақындары шығармаларының
тілінде үлкен екі түрлі ерекшелікті көруге болады. Оның бірінші-
сі – жалғастылық принципі. Осы кезеңде өмір сүрген ақындар
творчествосынан орын алған батырлар жырындағы, XІX ғасыр-
ға дейінгі ақын-жыраулар шығармаларындағы, тіпті ортағасыр-
лық түркі жазба ескерткіштерінің кейбіреуінде кездесетін сарын-
дар, кейбір көркемдеу тəсілдері, образ беру жүйесі, өлең құры-
лысындағы, ұйқасындағы сəйкестіктер, тіпті жеке жолдар мен
шумақтардың қайталануы осының айғағы. Олардың кейбірі жо-
ғарыда кейбір ақын-жыраулар өлеңдерінің ұқсастығы арқылы
көрсетілді. Ондай сəйкестіктер XІX ғасырдың басындағы ақын-
дар шығармаларында да кездесіп отырады. Мына үзінділерді
салыстырайық:

Махамбетте: Шортанбайда:

Ішелік те желік, Өлмей тұрып тіріңде,
Мінелік те түселік, Мініп, киіп, ішіп же,
Ойналық та күлелік, Соңыңнан малың ермейді,
Абайласаң, жігіттер, Айдап барып еш пенде
Мынау жалған сұм дүние Азап үшін бермейді.
Кімдерден кейін қалмаған?

Сондай-ақ бұл кезеңдегі поэзия тіліне қимыл есімі ретінде
(көбіне -у тұлғалы тұйық етістік мəнінде) есімшенің -ар жəне

180 Қазақ əдеби тілінің тарихы

-мақ формаларының, есімшенің болымсыз тұлғасының қысқарған
түрінің (-маспын дегеннің орнына -ман) жəне кейде көне дəс-
түрмен дүр формантының қолданылып отыруын да ескермеуге
болмайды.

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші,
Қыранға тұғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Ақырып теңдік сұрарға.

(Махамбет)

Су түбіне кеткен жұрт
Тал таба алмас қармарға,
Жан шығарға келген соң.

(Дулат)

Таяңдың енді өлерге,
Күн қанша дүр көрерге.

(Шортанбай)

Бұлтқа жетпей шарт сынбан...
Жандаспай ақыры бір тынбан

(Махамбет)

Бұл кезеңдегі ақындар өлеңінде бірлі-жарым болса да кездесіп
қалатын кейбір көне тілдік тұлғалар, əсіресе қосымшалардың жал-
ғануында дыбыс үндестігі заңының (сингармонизмнің) бұзылуы,
көбіне кітаби тіл дəстүрінің əсері болуы ықтимал. Шөже өлең-
деріндегі мына үзінділерге назар аударайық:

Арқаның өлең айттым беглеріне,
Жанғұтты жеті атаның дегдеріне...

Қаріп бенен қасірге болдың қорған...
Қаріп бенен қасірдің аузын майлап.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 181

Екінші ерекшелік бұл кезеңдегі ақындардың өз шығармала-
рында жалпы халықтық тілді негізге ала отырып, соның сөз мар-
жандарын іске жаратып, қажет деген жерде халық мақал-мəтел-
дерін де пайдаланып немесе сол ыңғайда нақыл сөз, жарасты афо-
ризмдер тудырып отырумен байланысты. Бұны баса, көрсетіп
отырған себебіміз XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басын-
дағы бір қатар ақындардың бұл принциптен алшақтап, кітабилік,
қияли дəстүрге бет бұрғанын байқаймыз. Бірнеше мысал.

Түйені жұтса түгімен, Ежелгі дұшпан ел болмас,
Биені жұтса бүгімен. Етектен кесіп жең болмас.
Қақалмай бір-ақ толғайтын.
Туған ұлдан не пайда?
Ата-ананың ақылы Қолына найза алмаса,
Қазылған қара жолмен тең, Атаның жолын қумаса...
Ағайының көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар...
Төреліктің белгісі Азамат ердің баласы
Елін жауға бере ме? Аз ұйықтар да, көп жортар.
Еліне қорған болмаса,
Ел төрені көре ме? (Махамбет)

Жігерім болса жетемде, Текті құс қарар қырымға,
Еліме барып ұл болам. Ит айналар жырымға.
Жігерсіз болсам жетесіз, Жақсыменен жанассаң,
Қойын жайып құл болам. Келеді ісің оңына.
Жаманменен жанассаң,
(Мұрат) Пəле ертерсің соңыңа.

(Шортанбай)

Халық ұғымында толық қалыптасқан өз мүддесінен өзгені
танымайтын да білмейтін жемқор, парақор би, əкімдердің обра-
зы түйені түгімен, биені бүгімен жұту конструкциясы арқылы
берілетін. Мұрат халық қалыптастырған сөз кестесін шашауын
шығармай толық пайдаланып, халық ойына үн қосып, сол жемқор

182 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жауыздың түйені түгімен, биені бүгімен жұтса, қақалмай бір-екі
толғайтынына қайран қалып тұрған жоқ, налып, нəлет айтып, елді
аздырып, жұртты тоздырып тұрған айыбын бетіне басып, сондай-
ларды ашық əшкерелеп тұр. Түйені жұтсаң түгімен, қақалмай бір-
ақ жалмайтын. Ал төреліктің таптық мəнін түсінбей əділ-əділетсіз
деп біліп, өз заманының ой өресінен, өз кезеңінің тұрғысынан
əлеуметтік өмірге қоғамдық көзқарасын танытады. Сондықтан
«елін жауға бермейтін, еліне қорған бола алатын төрені ғана шын
төреліктің белгісі» деп санайды.

Мұрат ақын жырлаған ата-ана мен бала арасындағы қатынас-
тар мəннен, таза туыстық шеңберден шығып кететін сияқты. Өйт-
кені ақылды, данышпан, дана ата-аналармен қоса кейде көз алды-
нан арғыны көрмейтін, өз басынан басқаны ойламайтын ата-ана
болатынын ақын білмеді деуге бола ма. Ақын ата-ана дегенге
əлеуметтік бір топты қосып отырған тəрізді, ол – ел ақсақалдары,
дана қариялар, данышпан қарттар, яғни жеткіншек ұрпақтың
келешегіне көз тігіп, өміріне бағдар сілтеген ата-аналар, сондықтан
да ата-ананың ақылы – қазылған қара жолмен тең. Ақынның
түсінігінше, ағайын – тек туыстық қатынастағы адамдар ғана емес,
тағдыры бір, тілегі бір адамдар, сондықтан да «ұлы шерік қолмен
тең».

Ал Махамбет болса, оның үстіне жортуыл жолын, жаугершілік
кезді қалайды. Қайсарлық пен кекшілдік, намыс пен жігер қа-
тар өріліп, асыл арманды алға апарар, атаның күрес мақсатын
жалғастырар ұрпақты аңсайды. Əйтпесе «Туған ұлдан не пайда,
Қолына найза алмаса, атаның жолын қумаса?» Қандай жалын-
ды сөз, отты ой! Ол мақсатты атқарар жолда «Азамат ердің ба-
ласы аз ұйықтар да, көп жортар». Ал оған серік бола алатын
«Арғымақтың баласы аз оттар да, көп жусар». Үнемі жортуыл-
да өтетін көшпенді қыр өмірінің көрінісі – бұл. Əдеттегі сөздер
арқылы семсер мен найзадан беті қайтпайтын, жаудың жүрегін
шайылдырып, тізесін бүктіріп, басып кететін лаулаған өрттей өлең
ғой бұл. Туған халқына қызмет етуден үлкен абырой да, бақыт та
бар ма? Соны түсінетін жете керек. Мұраттың «Жігерім болса
жетемде, Еліме барып ұл болам» деуі, елін сүйген азаматтың
өмірдегі мақсаты, тіршілігінің мəні. Тіпті «Жігерсіз болсам же-
тесіз, Қойын жайып құл болам» деуі ол ойды ширықтырып тұр.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 183

Поэзиялық шеберлік шыңынан қарағанда, бұл кезеңдегі шы-
ғармаларда шынайы образ берудің нышаны, көркемдік тəсілдері,
тілдік элементтер жүйесі ақиқат өмірден алынып отырғанмен,
өлең жолдарында басы артық сөз, сөйлем, ұйқас үшін тұрған орам-
дар əлі де кездесіп отырады.

Жылқы салдым тоғайға Тауда болар тарғыл тас,
Тоғай бір толы шоғайға, Тарықса шығар көзден жас.
Оңға шығар ақ ісім, Ордалыға көз салсаң,
Ісім бір келер оңайға. Оғы қалса жоғалмас.

(Алмажан) (Махамбет)

Сондай-ақ бұл кезең ақындар шығармаларында ауыз əдебиеті
үлгілерінің əсері əлі де мол екенін көруге болады. Мұның өзі
ақындар творчествосы, жазба əдебиет халықтың ауыз əдебиетімен
тығыз байланысты екенінің, көркем поэзия тілі ауыз əдебиеті
тілімен астасып жатқандығының да бір көрінісі болып табылады.

Образды ойды берудегі көркемдегіш тілдік тəсілдер, тұрақ-
ты оралымдар мен суреттеулер, тілдік құрылымдардың, конструк-
циялардың сəйкестіктері, олардың бірінен екіншісіне көшіп оты-
руы, ой, пікір ұқсастықтарымен бірге сөйлем, өлең жолдарының
қайталанып келуі, ауыз əдебиетіндегідей айтылмақ ойға тікелей
қажеттігі жоқ сөздер мен оралымдардың қолданылуы кездесіп
отырады. Мысалы, Махамбеттің батырлар жыры үлгісінде жазған
«Соғыс» деген өлеңі мазмұны жағынан ғана емес, сыртқы түр,
өлең құрылысы, буын саны мен өлшем, ұйқас ерекшеліктерімен
əрбір сөйлемге, өлең жолына, ондағы əрбір сөзге үнемі мəн беріп,
мағыналық жүк арқалатып отырмайды, əрбір сөздің, сөйлемнің
негізгі ойға қатыстылығы, əсемдік əсері, мəндік байланысы
ескеріле бермейді. Сондықтан да өлеңге негізгі жинақты ойға
тікелей қатысты болып, оны ширатып, шымыр етіп тұруға септігін
тигізе алмайтын, керісінше, арқауын босаңдатып жіберетін жеке
жолдар мен сөздер, ауыз əдебиетінін жыр саласына тəн болып
келетін көбіне ұқсас үшін қолданылатын жолдар мен орамдар
кіріп кеткен:

Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.

184 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Таң ағарып атқан соң,
Төңірекке қарандық.
Қарап тұрсақ, əр жерден
Жау бір өрттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды,
Мылтығын қардай боратып
Жетіп келді қамалға,
Қамалды бұзып алуға...

Мұнда «Түніменен түйіндік» деген жолдың осылай берілуі
ауыз əдебиетіндегі батырлар жыры үлгісі екені айқын көрініп
тұр. Ал одан кейінгі «Таң атқанша тарандық, Таң ағарып атқан
соң, Төңірекке қарандық» деген жолдардың поэзиялық талап
тұрғысынан басы артық, олар белгілі бір қажетті ой білдіріп,
мағыналық жүк көтеріп тұрған жоқ. Өйткені таң атқанша тара-
нудың осы өлең білдіретін ойға қатысы жоқ, оны алып тастағаннан
өлеңнің мазмұнына нұқсан келмейді, демек, оның орны ойсы-
рап қалмайды, тіпті «таң атқанша тарану» міндетті де емес, тек
өлеңнің сырт құрылысына, жол санына ғана нұқсан келуі мүмкін.
Одан соң өрттей қайнаған жауды көру үшін «Таң ағарып атқан
соң барып төңірекке қарану» да міндетті емес. Одан кейін өрттей
қайнаған жау тағы да «Қайнағанмен қоймайды» болып, өлеңнің,
арқауы босап, иі қанбай болжырап қалған. Соңғы екі жолдың
да батырлар жырында оғаштығы сезілмегенмен, Махамбет ау-
зында шымырлықты, жинақылықты білдірмейді. Бірақ осыларға
қарамастан көркем сөз кестесі, бұрын тілде бар, бірақ өзара
тіркеспеген сөздерді тіркестіріп, образды ой білдіру, көркем
поэтикалық тілдің көрінісі де аз емес.

Тіршілік пен елімнің Сауып ішер сүті жоқ,
Ұзақ дауы шешілген... Мініп түсер күші жоқ,
Артына қарап үңіліп, Ақша деген мал шықты.
Қайран талай жыл өтті... Залым туған сұмырайлар
Мөңіреп жұртқа ой қайтты Осылай жұртты еміп тұр.
Бұзауы өлген сиырдай. Құбылып тұрған қызыл гүл
Қураса кетер мəнері.
(Дулат)
(Шортанбай)

Қазақ əдеби тілінің тарихы 185

«Тіршілік» те, «өлім» де, «дау» да, оның «шешілу» қимылы
да бұрыннан тілімізде жеке-жеке қолданылып келген сөздер
мен орамдар болып табылады. Бірақ тіршілік пен өлім бірінен
кейін бірі болатын, өлім тіршілік құбылысы біткен соң келетін,
өмірдің үзілуі, тіршіліктің жойылуы арқылы іске асатын, олардың
арасындағы əр қилы қатынас, байланыс адам ұғымына көнбейтін,
ойына сыймайтын құбылыс деп түсінілетін. Ал ақын осындай
бұрыннан бар абстрактылы ойды нақтылап, адам күшіне қатынасы
жоқ деп танылатын құбылысты күнделікті өмірдегі кездесетін
құбылыстарға балап, жер дауы, жесір дауы сияқты тіршілік пен
өлімнің арасында да дау бар деп көрсетеді, бірақ ол жай емес, ұзақ
дау болып сипатталады. Ақын сол арқылы, бұрыннан тіркеспеген
сөздерді байланыстырып, тіркестіру арқылы көрікті ой, көркем
образ жасайды. «Артына қарап үңіліп, Қайран талай жыл өтті»
дегенде де жеке-жеке алғанда əдеттегі үйреншікті сөздер бір-
бірімен бас қосып, ерекше үйлесім тауып қолданылған. Талай
жылдың өтуі ешкімді де таңдандыра алмайды. Оған «қайран» сөзі
үстеліп, үлкен бір өкініштің, қапы қалудың нышанын елестетсе де,
бұрынғыдан басқаша, өзгелерден өзгеше деп елең еткізердей, ауыз
тамсантардай ештеңе байқалмайды. Ал қайран талай жыл арты-
на қарап үңіліп, иə артына қарап үңіліп өткенде ерекше сезіммен
елең етесің. Артына қарап əдетте адам, я жолаушы кетер еді. Міне,
өтіп бара жатқан талай жыл, адам ғұмыры артына қарайды, үңіліп
қарайды. Қандай жанды сурет, жарасымды образ. Қия алмай кетіп
бара жатқан я бір нəрсесін ұмытып, бірақ есіне түсіре алмай кетіп
бара жатқан не алды бұлдыр, келешегі бұлыңғыр жолаушының,
жол тартқан адамның бейнесі көз алдыңа келеді, өйткені жай
жүргенде, кім артына қарап үңілмек? Міне, адамзат көшінің сапа-
ры, оның қызығы мен бұлдыры, қуанышы мен өкініші, əсерлілігі
мен өткіншілігі. Тіпті жаңа сөз байланыстары, тың тіркесімдер
ақын ойын ширықтыра түседі, оқушының жүрегін шымырлатып
жібереді. Қандай ой, қандай образ!? «Мөңіреп жұртқа қайтты,
Бұзауы өлген сиырдай» деп бұрын кім айтқан? Ойды астан-кестен
етіп, өмір сызықтарының астын үстіне шығарып ойрандап, байсал-
ды ойға у сеуіп, осып-осып кеткен жоқ па бұл жолдар. Таңданып
та, таңырқай да оқисың, көңілің толқымай, жан дүниең алабұртпай
қалу мүмкін емес. Сол кезде Абай өлеңдерінің мына жолдары

186 Қазақ əдеби тілінің тарихы

келеді есіңе «Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке» деген-
нен соңғы «Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой» де-
ген жолдары еске келеді.

Дулат Бабатайұлының өз замандастарынан шоқтығы биік ақын
екендігі айтылып жүр. Ойға толы образды орамдар, көп ойланды-
рып, терең толғандыратын, сыры мол сиқырлы сөз кестелері ақын
творчествосындағы сөз саптаудың басты көрсеткіші екенін көре-
міз. Сондықтан да Дулат Бабатайұлы «көркем əдебиет стилінде жа-
ңа белгілерді анық көрсете бастаған үлгілер» байқататын, «жырау-
лық дəстүрден бас тартқан, ақындықтың жаңа үлгісін бастаған»,
көркем образ жасаудың асқан шеберлігін көрсеткен, əсіресе «ма-
ғыналары жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіру»
арқылы, мысалы, «Құтысына көңліңнің Төгіп алма, дəлдеп құй,
жырдан алқа тағу, əділетке шөлдеу, көкірегінде қонақ жоқ, ұйқы
беріп, қайғы алу, жырмен жуыну, жетімдіктің белі тəрізді «жаңа
ассоциация беретін образ жасай алатын»1  ақын деп танылады.

Ал Ш о р т а н б а й д ы ң өлеңдерінде қазақ даласына саудамен
байланысты жаңа ене бастаған қоғамдық-экономикалық, əлеумет-
тік қатынас, ол істе ақша деген малдың рөлі барынша дəл, көркем
образды түрде жеткізілген. Қазақ сахарасы үшін ақша деген мал –
таңқаларлық, құбыжық құбылыс. Өйткені «сауып ішер сүті жоқ,
мініп түсер күші жоқ». Амандасқанда жанынан, адамнан бұрын
мал саулығын сұрайтын қазаққа малсыз, малдың негізгі қасиет-
терінсіз дүние, байлық бар деп кім сендіре алады? Міне, сол бай-
лықтың, бар малдың орнына жүретін ақшаның шығуы, бір жа-
ғынан, объективті шындық, екінші жағынан, ол жаңалық ескі əлеу-
меттік топтың зəресін алып, үрейін ұшырады. Бірақ жұрттың бəрі
одан шошып тұрған жоқ, кейбіреулер үшін ол прогрестік өмір
мəні болып отыр; ақшалылар – сұмырайлар жəне жай емес, залым
туған сұмырайлар. Олар ақша деген малдың өздеріне лайықты
қасиеттерінің арқасында жұртты еміп тұр. Міне, сөйтіп ақшамен
бірге қоғамда жаңа əлеуметтік топтың қалыптаса бастағанын кө-
реміз.

«Құбылып тұрған қызыл гүл Қураса кетер мəнері» де ақиқат
өмір шындығынан алынып, нəзік сезімді сездіріп түр. Құбылудың
əдемілік символы болып, оның да мəңгі болмай, өткінші екенін

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы, 129–133-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 187

сездіріп, сондықтан да қадір мен құрметке бөленуге тиіс деген
ойға үндейді.

Сөзді орынды жəне ұтымды қолдану, сол арқылы образды өткір
ой, ауыс мағына беруді Шөже Қаржаубайұлының өлеңдерінен де
көре аламыз. Басқасын былай қойғанда, өзімен айтысқан ақындар
оны сөзден мүдіртіп жеңу үшін басындағы жалғыз мінін, соқыр-
лығын алдына кесе көлденең тартқанда, оған мойымай-ақ: «Соқыр
қылды көзімді көрмесін деп, Жамандықтың соңынан ермесін
деп», – уəжді жауап береді. Ойлаған адамға бұл жерде Шөже өз
соқырлығына кінəлі емес екенін айтып қана отырған жоқ, ол өз
бойына мін емес екенін арашалап та тұрған жоқ, көзі көріп тұрса
да, жамандыққа еретін адамның мұраты не? – деп əлеуметтік үкім
айтып тұрғандай емес пе?

Əрине, қазақ əдеби тілінің поэтикалық шыңға көтерілуі, жаңа
сапаға ие болуы кейінгі кезеңнің жемісі еді. Ол үлес ұлы Абайға
тиді.

Əр ақын – өз заманының жыршысы да жаршысы. Осы кезең-
дегі ақындардың тілінен сол кездегі сөздердің қолданылу ерекше-
лігін де байқаймыз. Əрине, аздаған ақындардың поэзиялық шығар-
маларында сол кездегі қазақ тілінің сөздік құрамы толық қамтыла
бермейді. Онда негізінен поэзия тақырыбына байланысты белгілі
лексикалық топтар көрініс беріп отырады. Сондықтан да Дулат
поэзиясы мен Махамбет өлеңдерінің лексикасы сəйкес келе бер-
меуі мүмкін. Əлбетте, хан, би, төре, мырза, бай, қазы, ақсүйек, қа-
рашы, т.б. əлеуметтік топтарға байланысты атауларды есепте-
мегенде, Махамбет поэзиясында қару-жарақ атауларына байла-
нысты, ұрыс-соғысқа байланысты жауынгерлік лексиканың жиі
кездесуі заңды да.

Сонымен бірге көптеген сөздердің қолданылу ерекшеліктері-
нің бұл ақындарға ортақ болып келуін де айтпай кетуге болмай-
ды... Мысалы, «алаш» сөзі ел, халық мəнінде, «қарындас» сөзі
туысқан, бауырлас, жанашар мəнінде қолданылады.

Зерттеушілердің көбі, Махамбеттің сөз байлығы, мысалы, сол
қатардағы ақын-жыраулардың лексикасымен салыстырғанда ба-
рынша бай, «күрес идеясын жеткізу құралы ретінде жұмсалысқа
түскен лексика» екенін, «қазақ поэзиясында өлең тілінің халықтық

мүдде тұрғысынан идеялық құрал қызметінде жұмсалуы, саяси

мəн (бояу) алуы Махамбеттен басталатынын» көрсетеді. Махам-

188 Қазақ əдеби тілінің тарихы

бет поэзиясының лексикасы қандай десек, кейінгі зерттеулерде
мыналар көрсетіліп жүр: 1. Өзі күрес майданына шыққан тер-
риториядағы мекенжай аттары, топонимдер: Еділ, Ақ Жайық, На-
рын, Сағыз, Жем, Дендер, Жасқұс, Бекетай қүм, Теңіз, Арқа, т.б.
Бірақ бұлар жай географиялық ұғым ретінде аталмайды, ел қоны-
сы, халық мекені, шаруа жайы, болашақ тіршілік кепілі ретінде
алынады. 2. Ел, халыққа, туыстыққа байланысты: халық, ел, жұрт,
алаш, қазақ, азамат, жігіт, жолдастар, ата, ана, аға, іні, қатын,
бала, қарындас, ақсақал, жас бала тəрізді сөздер. 3. Өз өлеңдерінің
идеясына сай сол кездегі қоғамдағы əлеуметтік топтарға, жіктерге,
қоғамдық əкімшілік мəнге байланысты сөздер: хан, сұлтан, қара,
хан ұлы, қараша, қара ұлы, жау, дұшпан, ата жауы, ақсүйек,
төре, би, патша, солдат, жақсылар, қарып-қасер, жетім-жесір.
4. Махамбет өлеңдері ерлік-азаматтық, жауынгерлік өлеңдер бол-
ғандықтан да, оның лексикасында қару-жарақ атаулары, соғыстық,
ереуілдік ұғымдағы сөздер көп кездеседі: найза, ақ алмас, көк
семсер, қылыш, жебе, бадана сауыт, дулыға, көбе, сүңгі, білтелі,
қорамсақ, оқ, садақ, жай, мылтық, қол, əскер, теңдік, аламан,
солдат, ер, батыр, жау, дұшпан, т.б. 5. Қазақ тілінің сөздік құ-
рамына еніп кеткен əртүрлі саладағы араб-парсы сөздері: арман,
мақсат, үміт, тағдыр, намыс, ар, құса, дерт, қайғы, дауа, нəлет,
тоба, бақыт, дəурен, дүние, заман, фəни, ажал, ақырет, тақсыр,
дұшпан, дос, т.б. Сондай-ақ күресті, күрестің сипатын білдіріп,
бейнелейтін, еркіндік, бостандық үшін күресті бейнелейтін сөздер
мен тіркестер де аз емес: ақырып теңдік сұрарға, ханның тауын
қайтарған, бостандық алып берем деп, халықтың кегін қусайшы,
ереулі атқа ер салмай, қу толағай бастанбай, т.б.1

Енді бір ерекшелік, бір жағынан, ақындар шығармаларындағы
араб-парсы сөздерінің жазба əдебиет тілімен салыстырғанда бел-
гілі бір нормаға түсіп, шектелушілігі, екінші жағынан, орыс тілі-
нен сөз алу процесінің жандана бастауы байқалды.

Бұлармен қатар жазба əдебиет тілінде əлі де кітаби дəстүрдің
мықты сақталып келуін де ескеруіміз керек. Оған, басқаны былай
қойғанда, М. Өтемісұлының М. Ладищинскийге жазған хатын еске
алсақ та жеткілікті.

1 Өмірəлиев Қ. XV–XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі, 181–196-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 189

V. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЗБА ƏДЕБИ ТІЛІНІҢ
ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУЫ

XІX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қазақ əдеби тілі
дамуының жаңа дəуірі басталады. Ол – қазақ əдеби тілінің жаңа
сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дəуірі еді. Яғни XІX ғасырдың
екінші жартысындағы əдеби тіл, бір жағынан, бұдан бұрын да дамып
келе жатқан əдеби тілдің заңды жалғасы болса, екінші жағынан, бұл
кезде оның əрі қарай дамуында үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа
құбылыс болғандығын байқаймыз. Оның өзіндік ерекшеліктері де
бар еді. XІX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияға
қосылу процесінің толық аяқталуымен, Россияда капиталистік
қатынастардың дами түсуімен байланысты, қазақ жерінің шикізат
қоры ғана емес, өндіріс орындарына да айналып, қазақ қауымының
қоғамдық, саяси-əлеуметтік, экономикалық, мəдени өміріне де
алуан түрлі жаңалықтар, толып жатқан өзгерістер ене бастады.
Қазақ жұртының қоғамдық-саяси құрылысы, ел басқару жүйесі,
əлеуметтік жіктелуі, олардың арасындағы əлеуметтік қатынас,
экономикалық-шаруашылық жағдайы жаңа мəнге ие болып, ел
өміріне үлкен өзгерістер əкелді. Бұл өзгерістер мен жаңалықтар
халықтың мəдени, рухани өміріне, салт-санасына, психологиясына
əсерін тигізбей қойған жоқ. Мəдени, рухани байлық саласындағы
халықтың кейбір өкілдері мұндай жаңа қоғамдық-саяси өзгерістер
мен əлеуметтік-экономикалық қатынастардан шошып, «заман
бұзылды», «заман өзгерді» деп зар жылап, өткенді өксіп, бүгіннен
безіп, болашақтан түңіліп, бұрынғы заманды аңсады, олардың енді
бірқатары ол жаңалықтың мəнін түсініп, ел-жұртын өнер-білімге,
оқуға шақырып, заман ағымынан кеш қалмай ілесіп отыруға үн-
дейді. Сөйтіп, қоғамдық ой өкілдерінің өз арасында жік туып, ке-
лешек қоғамдық идеялық бағыттың екі түрлі дамуына жол салды.
Мысалы, Шортанбай, Əбубəкір Кердері, Нұржан Наушабаев жəне
басқалардың шығармаларында өткенді аңсаған, бүгінгі күннен
түнілген мұң-зар, сарыуайымшылық сипат басым еді. Ал, Абай,

190 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Ыбырай, одан кейін XX ғасырдың басындағы олардың жолын
қуған демократ ақын-жазушылардың шығармаларының басты
идеясы алдыңғыларға қарама-қарсы көзқараста болды. Мысалы,
Шортанбай:

Заман кетті қырынға
Бұрынғы, шіркін, заманның
Исі де келмес мұрынға.
Биттей нəрсе қалсайшы,
Бұрынғы заңнан ырымға, –

десе, Ə б у б ə к і р :

Абырой кетті өнерден,
Мейір кетті бендеден,
«Тар заманға» душар боп,
Жаздым тəңірім, мен неден?

Нұржан Наушабаев:

Заман ахри болғанда нелер болғай,
Дүниеге түрлі-түрлі пəле толғай, –
дейді.
Тіпті замандас адамдарының киім киісі, жүріс-тұрысы, іс-
əрекеттері де бұл ақындарға ұнамайды.

Тар шалбар, бешпет шықты қынамалы,
Жігітке шапан киген ұнамады.
Сары жез самаурын тағы шықты
Машина шүмегі бар бұрамалы.

(Əубəкір)

Киім кисе, жеңі жоқ,
Етегі бар да, жеңі жоқ,
Бармақ сияр жері жоқ,
Қатпа болған түйедей.
Киеңкі болған биедей,
Ел билейді бір сымпыс,
Екі бұты тарылған.

(Мұрат)

Қазақ əдеби тілінің тарихы 191

Ал Ыбырай мен Абай қоғамдық өмір əкелген жаңалықтарға
үрке қарамай, жастарды оқуға, білім алуға шақырды, өйткені олар
жақсы заманға өнер, білім ғана жеткізе алады, ал өнер-білім оқуда
деп білді.

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Немесе:
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.

(Ыбырай)

Ыбырайдың қай əңгімесін алсақ та, бұл идея желідей тартылып
отырылады. Ал Абай болса, ол «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім», – дей келіп, «Иждаһатсыз, мехнатсыз. Та-
былмас ғылым сарасы», – дейді.

Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.

Өйткені:

Əсемпаз болма əрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.

Сонымен бірге:
Əуелден бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

192 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Тоқтаулылық талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.

Бірақ:

Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бəрі – тұл.

Мұнда ой ашық, мақсат айқын. Заман ағымының келешегінен
үрке шошу жоқ, халқын заман кешінен қалдырмаудың қамы қан-
дай, жолы қайсы – соны бағдарлап жұртына жеткізу.

XІX ғасырдың екінші жартысынан былай оқу-ағарту ісі, баспа
ісі, қазақ тілінде кітап бастырып шығару ісі дамиды. Алғаш ана
тілінде кітап бастырып, халық арасына тарату қоғамдық мəдени
сананың оянып, рухани байлықтың дами түсуінің бір көрінісі
болса, екінші жағынан, халықтың мəдени санасы мен рухани бай-
лығының ілгері дами түсуіне де түрткі болды. Кейбір деректер-
ге қарағанда, XІX ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінде
200-ге жуық кітап жарық көріпті. Олар жанрлық ерекшеліктері,
тақырыптық шеңбері, мазмұны жағынан алуан түрлі болды: ауыз
əдебиетінің нұсқалары; батырлар, ғашықтар жырлары, шығыс
сюжетін негізге алып жырланған əртүрлі қисса-дастандар («Лəйлі-
Мəжнүн», «Жүсіп-Зылиқа», «Бозжігіт», «Сейфілмəлік», т.б.); діни
тақырыптағы қиссалар («Кербаланың шөлінде», «Салсал», «Зар-
құм»); аударма əдебиеттер, əсіресе діни əдебиеттердің аудармала-
ры («Евангелие», «Ізгі Иосиф», т.б.); қазақ тілінің алғашқы грам-
матикалары мен оқу құралдары, хрестоматиялар, екі тілді сөздік-
тер, медицина, ветеринария салаларындағы көпшілікке арналып
жазылған кітапшалар («Трахома» деген жаман көз ауру», «Егін-
шінің қызмет аты жайында», т.б.); азаматтық тақырыптағы кі-
тапшалар, т.б.

XІX ғасырдың екінші жартысында қазақ жері орыс патша-
лығының үлкен үш əкімшілік территориясына қарағаны белгілі.
Жергілікті жермен қарым-қатынасты нығайта түсу үшін жəне
отаршылдық саясатты пəрменді түрде жүргізе беру мақсатымен

Қазақ əдеби тілінің тарихы 193

əрбір əкімшілік бөлікте (губернаторлықта) екі тілді (орысша-қа-
зақша) газет шыға бастады. Ташкентте 1870–1882 жылдар ара-
сында «Түркістан уалаятының газеті», Омбыда 1888–1902 жылдар
арасында «Дала уалаятының газеті», 1895 жылдан бастап Троицкі-
де «Торғай газеті» шығып тұрды. Бұл газеттер ресми орган бо-
луына қарамастан қазақ əдеби тілін дамытуда, əсіресе оның жазба
нормаларын қалыптастыруда өз кезі үшін үлкен рөл атқарды.

Бұл кезеңдегі əдеби тілдің жаңа сапалы сатыға көтерілуі, ұлт-
тық сипат алуы демократиялық жазба əдебиеттің тууымен, Абай,
Ыбырай есімдерімен тікелей байланысты. Абай өз шығармалары
арқылы қазақтың поэтикалық тілін бұрын болмаған шыңға кө-
теріп, бұрын тілде қолданылып жүрген сөздерге жаңа өң беріп,
қарапайым сөздерді образды ой берудің материалына айналдыра
білсе, Ыбырай алғашқы көркем проза тілін қалыптастырды.

Сөйтіп, XІX ғасырдың екінші жартысы қазақ əдеби тілінің
дамуындағы жаңа кезең дегенде, біріншіден, поэтикалық тілдің
бүтіндей жаңа сатыға көтерілуін, екіншіден, əдеби тіл шеңберінің
поэзияны ғана емес, көркем проза жанрын да қамтуын, үшіншіден,
басқа да жазба əдебиет жанрларының (публицистикалық, баспа-
сөз, ресми-кеңсе, т.б.) тууын, төртіншіден, осылардың арқасында
жəне оқу-ағарту ісінің өркендеуімен байланысты, мəдени өндіріс
құралы, рухани байлықтың көрінісі ретінде қазақ əдеби тілінің
қоғамдық қызметі кеңіп, жаңа сипатқа ие болуын негізге аламыз.

Қазақ əдеби тілі, жоғарыда шолып өткеніміздей, өз басынан
қалыптау, даму жолдарын, кезеңдерін өткізудің негізінде осындай
ұлттық сипат алған жаңа сапалы жазба əдеби тіл дəрежесіне жетті.

1. Қазақ поэзиясы тілінің одан əрі дамуы

XІX ғасырдың екінші жартысында қазақтың мəдени өміріне
ірі-ірі өзгерістер, жаңалықтар еніп, соған сəйкес жазба əдебиет са-
ласында да жаңа əдебиет жанрлары туып, дамып, түрлене түсуіне
қарамастан, қазақ əдебиетінің даму барысында поэзия жанры əлі
де басты рөл атқарып отырды. XІX ғасырдың екінші жартысын-
дағы поэзия, бір жағынан, одан бұрынғы поэзия дəстүрін жалғас-
тыра, ұластыра түссе, екіншіден, сапа жағынан да, сан жағынан да,
мазмұн мен тақырып жағынан да жаңа қасиетке ие болып, жаңа

194 Қазақ əдеби тілінің тарихы

сатыға көтеріле бастады. Солардың басты өкілдері Шөже Қар-
жаубайұлы, Орынбай Кертағылұлы, Сүйінбай Аронұлы, Бұда-
бай Қабылұлы, Ақмолла Мұқамедиярұлы, Мəделіқожа Жүсіп-
қожаұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы,
Кемпірбай Бөгенбайұлы, Марабай Құлжабай ұлы, Жаяу Мұса
Байжанұлы, Базар жырау Оңдасұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Нұ-
рым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Аралбай Оңғарбекұлы,
Шəңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев, т.б. ақындар творчествосы
Махамбет Өтемісов, Шернияз Жарылғасұлы, Дулат Бабатайұлы,
Шортанбай Қанайұлы, тағы басқалардың ақындық дəстүрін
жалғастырып, одан əрі Ақылбай Абайұлы Құнанбаев, Көкбай
Жанатайұлы, Əріп Тəңірбергенов, Балуан Шолақ Баймырзаұлы,
Əсет Найманбаев, Мағауия Абайұлы Құнанбаев, Сара Тастан-
бекқызы, Мұхаметжан Сералин, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Мұқамед-
сəлім Кəшімов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, т.б. ақындар твор-
чествосына ұласып отырды. Сондықтан да олардың аражігін
мезгіл, мерзім жағынан шектеу, ақындық дəстүр, көркем сөз ше-
берлігі жағынан бөліп жіктеу қиын. Бұлардың бəріне тəн ортақ
қасиет, біріншіден, жазба əдебиет дəстүрін, бір жағынан, барынша
сақтап, қалыпқа түскен, көп варианттылық жойыла бастаған бол-
са, екінші жағынан, əлі де ауыз əдебиеті нұсқаларына (жырларға),
көне жырау ақындарға тəн қайталаулар, ұйқас, буын саны үшін
қолданылған басы артық сөздер, сөз оралымдары, сөйлемшелер,
жеке жолдар кездесіп отыруы көзге түссе, екіншіден, бұл ақындар
шығармалары жұртқа, келешек ұрпаққа үгіт айтып, өсиет ететін
жалаң дидактикалық мазмұнда ғана емес, қоғамдық өмірдің əр са-
ласына, жеке бастың жай-жапсарына қатысты мəселелер арқылы
əлеуметтік өмірдің сан салалы қыры мен сырын нақтылай көрсету
мақсатын көздейді. Сондықтан олардың тақырыптық ауқымы
да кең, əлеуметтік өмірдің əр саласын қамтиды. Үшіншіден, сол
тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне байланысты сөз кестесі,
тіл өрнектерінен де жаңалық, қоғамдық өмірге жақындық, соның
тынысы байқалып отырады. Ойды көркем де образды түрде жет-
кізуде қияли суреттер емес, нақтылық суреттер күнделікті өмірдің
шындығын анық аңғартатын, өмір ақиқатын нақты білдіретін қа-
рапайым да сыры мол, мазмұны терең сөз кестесі қолданылып
отырады. Əдеттегі сөздер, айналадағы таныс дүнияуи құбылыстар

Қазақ əдеби тілінің тарихы 195

мен заттардың атауы, олардың арасындағы белгілі табиғи қарым-
қатынастарды білдіру үшін өрілген сөз орамдары материалды
образды ой білдірудің тілдік құралы болып жұмсалады. Мыса-
лы, Орынбайдың жұбату өлеңдеріндегі мына жолдарға назар ау-
дарайық:

Өлімнен үлкен жау бар ма?
Бауыры бүтін, сау бар ма?
Бұлсыз берді, құнсыз алды,
Бұған қарсы дау бар ма?

Өлім туралы өз кезінің үлкен философиясын, тірілерге тоқта-
тып, басу айтып, құр егіліп, күйзелмей, ес жиюға шақырады. Өлім
адамның күші жетпейтін, адамның іс-əрекетінен тыс құбылыс бол-
са да, оның адам басына əкелетін қайғы-қасыретін негізге ала оты-
рып, оған нақтылық қасиет беріп, оны үлкен жау етіп көрсетеді.
Халық ұғымында бұрыннан қалыптасып қалған қайғысыз адам
жоқ деген мəнде жұбату, басу үшін қолданылатын «Қанаты бү-
тін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ» тəрізді ойды өзінше
құрып, «Бауыры бүтін, сау бар ма?» деп, əрі ықшамдап, əрі адамға
жақындата түсіп, енді тіршілік, өмір, өмірге келу, өмір сүру, өлу
процестерін əрі қиын, əрі адам қолынан келмейтін, əрі оп-оңай
етіп, əртүрлі қайшылықта (бұлсыз берді, құнсыз алды – өмірдің
қызығы мен қымбаты да, өкініші мен өткіншілігі де толық сыйып
тұрған жоқ па?) суреттейді. Адамның өлім алдында əлсіздігі,
шарасыздығы ақиқат, оған көну керек деген ой айтады.

Ал Біржан сал өмірге де, өлімге де өзгеше қарайды. Ол өмірім
өтті деп зар жылап өкінбейді, о дүниенің жақсылығын сұрап еш-
кімге жалбарынбайды.

Дүния, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам төмен,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.

Өзін арық қойға теңеп, бұл күнде бағам одан төмен деп
қынжыла шырқаса да, оған күйзеліп егіліп кеткен жоқ, сондықтан

196 Қазақ əдеби тілінің тарихы

бұл теңеуден ақынның өз ортасына деген кегін, топастыққа,
қараңғылыққа қарсы айтқан нəлетін сезінеміз. «Камзолдай келте
пішкен дөңгелентіп, Дүние өтеріңде шыр айналды».

Қандай əсем образ! Жан дүниеңді елжіретіп, өзгеше бір өкі-
ніш тудыратын сөздер. Қамзол кимеген қазақ бар ма? Келте етек-
тің дөңгеленуін көрмеген қазақ бар ма? Бірақ осы құбылысты
өрлікпен өткен өмір күресіне теңеп, өкініш пен өктемдікті қоса
қабаттап өлеңге сыйғызып жырлаған ақын бар ма? Жоқ, бұл – өмір
сапарының таусылып, тұйыққа тіреліп, өткеніне өкініш білдіріп
күйреудің күйбеңі, жалбарынудың жайы емес. Өр кеудемен өрге
ұмтылудың əні. Өйткені:

Немесе: Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тəуекел деп төзген артық...

Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан-тəнің бірдей жанып күйген артық, –

дейді ақын. Осында қаншалықты өршілдік бар, өмір езгісіне көніп,
өкіну емес, өктемдікпен өрге ұмтылу бар. Біржан хал үстінде жат-
са да, өнерінің ілгері жалғасуын, əнінің үзілмей шырқай беруін ой-
лап қайғырады:

Арқаның түгел көрдім кəрі-жасын,
Ұмытпас құрбы-құрдас асыл тасын.
Ойланам, ауруымның, түрі жаман,
Біржанның кім ұстар деп домбырасын.

Бұл жерде Біржанның домбырасы асқан өнердің символы екені
өзінен-өзі түсінікті. Қандай қиюласқан сөз кестесі! Қаншалықты
сыйымды образды ой!

Шəкəрім өлеңдеріндегі мына жолдар Біржан ойының жалғасы
ғана емес, үндес, үйлес келетін, болашаққа деген ұлы сенімнің
куəсі, қасиетті де қастерлі идеалдың шамшырағы іспеттес:

Мен өлсем, ұрпағым, артымда қаларсың,
Тілеген мақсұтты өмірден аларсың.
Есіңе алып келгенде қабіріме,
Шаттықпен шалқытып əніме саларсың!

Қазақ əдеби тілінің тарихы 197

Бұл кезең поззиясында реалистік образдар, сол образды
беру үшін қолданылған əдеттегі сөздер мен олардың ерекше
қиюласқан өрнектері басым орын алып отырады. Соның бірі
адам портретін жасау, адамды, оның мінез-құлқын, іс-əрекетін,
сын-сипатын нақты көрсетіп, күнделікті өмір тіршілігі үстінде
сипаттау ерекшелігін анық байқатады. Мысалы, Ақан сері қолда-
нысындағы «құман жатыр күл болып домаланып», «күлде жат-
қан қалашты жеңмен сүртіп», «жаулығы желкесіне кетер қашып»,
«тұзы жоқ көжесінің төгіп-шашып», т.б. жолдар. Р.Ғ. Сыздықова
көрсеткендей, салақ əйелді қазан-ошақ, үйі ішінің, нақты сурет-
терімен сипаттайды жəне ол өлең жолдары тұрмыстық лексика
мен адамның əр алуан қимыл-əрекетін білдіретін етістіктердің ара-
ласуымен айқындалып, соның нəтижесінде сөз мағыналарының
саралана түсуі немесе мағына ауыстыру процесі активтенгені
байқалады1. Міне, осы сөздер, бұрыннан тілімізде қолданылып
келген сөздер мен олардың бір-бірімен жаңа ыңғайда тіркесуі
арқылы салдыр-салақ, қолынан ас ішуге адам жиіркенетін əйелдің
портреті жасалып отыр. Қазір-ақ шай ішуге қажет жəне шай ішетін
құман əзірге керексіз болып күлге домаланып жатса, ол құманнан
шай ішуге осыны көрген кімнің дəті барады? Қалашты күлге
түсірсе, оны жеңімен сүртсе, ол таза бола ма? Мұндай əйелдің жеңі
қаншалықты таза болмақ, ол қалашты кім жемек? Басына тартқан
жаулығына ие бола алмай жүрген, онысы желкесіне қашып кеткен
əйелдің тазалығынан, ұқыптылығынан, іскерлігінен не қалды?

Немесе Сүйінбай ақынның:

Бойың биік болғанмен, ойың қысқа,
Дəу Батырбек дейді екен сені босқа...
Дəу кеуде, сом қабырға, қомпылдаған,
Жуан кісі екенсің ақылың жоқ.

Майлықожа Сұлтанқожаұлының: «Əлемге толса көкірек Ашы-
лар көзі сапаның», Мұхиттың «Зарланып саулы інгендей мен кел-
генде, Басыңды бір көтерші тым болмаса», «Көзің бар жана-
рындай құралайдың Кім көмді бұл орынға көзі қиып» тəрізді жол-

1 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы, 162-бет.

198 Қазақ əдеби тілінің тарихы

дарда орнықты ой, нəзік сезім қатар өрілген. Сондай-ақ табиғат
көріністері мен сүйген жарға деген шынайы сезімді жырлаған
лирикалық өлеңдердің де көптеп тууы осы кез ақындарының
үлесіне тиеді.

2. Қазақ əдеби тілін дамытудағы
Ы. Алтынсариннің рөлі

XІX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілінің да-
муында Ыбырай Алтынсариннің рөлі зор болғаны белгілі. Ыбы-
рай Алтынсарин – сол дəуірдегі қазақ əдеби тілін ерекше сапамен
дамытып, оны жаңа белеске, биік дəрежеге көтеріп, жазба, əдеби
тілді жаңа ұлттық сипатқа жеткізуге атсалысқан адам. Ыбы-
рай кейінгі ұрпақ үшін екі түрлі саладағы еңбегімен ардақты:
біріншіден, ол өзінің жазушылық қызметімен қазақ əдебиетінің та-
рихында шағын көркем прозаны тудырып, қалыптастырған жəне
оны нақ жазба əдебиеттің ең биік үлгісімен жазған тұңғыш жазу-
шы əрі тамаша жаңашыл ақын болды, екіншіден, ағартушылық,
педагогтік қызметінде əдеби тілді қалыптастыруды практикалық
істер арқылы жүзеге асырды.

Ыбырайдың педагогтік ағартушылық қызметі мектеп ашу,
бала оқыту, ол мектепте тəлім-тəрбие жұмыстарын ана тілінде
өткізу, белгілі жүйемен сабақ жүргізу жəне оны жалпы халықты
ағарту жұмысы мен халықтың ой-санасын заман ағымына ла-
йық жақсылық, жаңалыққа қарай тарту жолындағы тəрбиелік іс-
терімен тығыз байланысты. Ыбырай Алтынсариннің педагогтік,
ағартушылық еңбектерінің нəтижесі – оның қазақ тілінде жазған
оқулығы (хрестоматиясы) еді. Сондай-ақ ұлы ағартушы орыс
тілімен қатар қазақ тілін де мектепте оқытылатын, білім беретін
оқу тілі, оқыту тілі, білім тілі, мектеп тіліне айналдыру үшін
күресті. Оның бұл еңбегі «іс жүзінде қазақ тілін ұлттық əдеби тіл
етіп дамытудың ең алғашқы қадамдарының бірі екенін» көрсете
келіп, А. Ысқақов: «Өз туған халқын шексіз сүйетін қазақтың ұлы
ағартушысы, тұңғыш педагогі – Ы. Алтынсарин қазақ арасында,
қалың бұқараның ішінде жай сауат ашу ісінен бастап білім алуға,
білім беруге, білім таратуға, білім көтеруге дейінгі жұмыстарды
жүзеге асыру үшін де, тəлім-тəрбие беру үшін де, үгіт-насихат

Қазақ əдеби тілінің тарихы 199

жұмыстарын жүргізу үшін де, əдебиет пен өнерді дамыту үшін де,
ғылым мен жалпы мəдениетті көтеру үшін де, сондай-ақ халықтың
бүкіл саяси-əлеуметтік өмірі мен экономикалық-шаруашылық тұр-
мысының сала-саласында жұрттың бір-бірімен кеңесіп, келісіп,
түсінісіп жұмыс істеуі үшін де – тіл, тіл болғанда – ана тілі бірден-
бір оңтайлы, ең төте, ең сенімді құрал екенін жақсы бағдарлаған
сияқты. Ана тілінің осындай құдіретті күшін үлкен көрегендікпен,
байсалдылықпен түбегейлі болжап, жете түсінген ұлы бабамыз
Ы. Алтынсарин оны жалпы қазақ жұртының ұлттық тілі етуге ба-
рынша жəһəт қояды да, осы мəселемен байланысты негізгі тү-
йіндерді шешуге, көптеген шараларды нақтылы іске асыруға өзі
басы-қасында болып, əрі басқарушы, əрі ол істі атқарушы, əрі үлгі-
өнеге көрсетуші ұстаз, əрі жөн көрсететін, əрі ерінбей-жалықпай
үгіт жүргізетін насихатшы есебінде қызмет істеп, зор еңбек сіңірді.
Бұрынғы, соңғы қазақ ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің
ішінен ана тілінің рөлін арттыру, ол үшін ана тілінің қоғамдық
қызметін кеңейту, оны жан-жақты дамыту, сөйтіп, мерейін көтеру
жолында қызмет ету жағынан Ы. Алтынсаринге дейін оған пара-
пар түсетін бірде-бір қайраткер болған емес... Ы. Алтынсаринге
дейін қазақ тілі не орыс мектебінде, не ауылдағы мұсылманша
оқитын мектептер мен медреселерде пəн ретінде оқытылып көрген
емес-ті. Алтынсарин ана тілін тұңғыш рет мектептің оқу жоспары-
на енгіздіртті»1 , – деп көрсетеді. Сондай-ақ бұл ойды мына дерек
те ширықтыра, дəлелдей түседі. «Патша үкіметінің ресімінше мек-
тепте христиан діні сабағы оқытылатын-ды. Орыс-қазақ мектебін-
де 1859 жылдан бастап мұсылман діні міндетті түрде оқытылатын
болған. Əуелгі кезде бұған арнаулы оқулық болмай, дін қағида-
лары татар молдаларының ауызша сөзі бойынша, кейінірек татар
тіліндегі оқулық бойынша өтілетін болған. Тек 1881 жылдан бастап
мұсылман діні қазақ тілінде өтілетін болады да, одан қазақ тілінде
құрал жасау Ы. Алтынсаринге тапсырылады. Ол кездегі қазақтар
мектепте дін үйретілмесе, балаларын оқуға да жібермеуі күмəнсіз.
Онан қала берді, бұл құралды əлдеқандай бір діндар адам жазса, ол
не түрки үлгімен, не оның татаршылаған нұсқасымен жазылып, əрі

1 Ысқақов А. Алтынсарин жəне қазақтың ұлттық əдеби тілі // Қазақ əдеби тілінің
қалыптасуы мен даму жолдары. Алматы, 1981, 38–40-бб.

200 Қазақ əдеби тілінің тарихы

түсініксіз, əрі нағыз фанатизмге жетектейтін əлде бірдеме болып
шығуы шексіз еді. Солай болса, ана тілінің мерейін жоғарылатып,
қоғамдық қызметін кеңейту мақсатымен бұл мүмкіншілікті де пай-
даланып, осы арнаулы құралды Алтынсариннің өзі жазуы керек
болған. Жəне ол көп нəрсені оқып, көп нəрсені тəптіштей ойлап,
оны таза қазақ тілінде жазып шыққан. Ы. Алтынсарин жазған осы
құрал 1883 жылы Петербургте бекітіледі де, 1884 жылы «Шариат-
ул ислам» (Мұсылмандықтың тұтқасы) деген атпен Қазанда жеке
кітап болып шығады»1. Сонымен бірге бұл тұста Қ. Жұмалиевтің:
«Алтынсариннің қазақ қыздары үшін мектеп-интернаттар ашуға
жарты өмірін сарп етуі тек жалаң оқыту, хат білдіру ғана емес,
қазақ əйелдерінің əлеумет жұмыстарына араласуын, қоғамның
праволы мүшесі болуын аңсаған ұлы арманнан туған істер бола-
тын»2, – деген пікірін келтіре кеткен де орынды болар. Сөйтіп
Ыбырай Алтынсарин демократтық бағыттағы практикалық ағар-
тушылық қызметі арқылы қазақ əдеби тілінің жаңа салада, ха-
лықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасып дамуына үлкен еңбек
сіңірді. Осы тілде оқып білім алуға, оқытып, үйретуге болатынын,
халыққа, өнер-білім себуге болатынын дəлелдеп, оның қоғамдық-
əлеуметтік мəн-маңызын, қызметін түсіне біліп, оны ұштай түсу
жолында аянбай еңбек етті. Ыбырайдың ақындық, жазушылық,
аудармашылық қызметі оның басты ағартушылық қызметінен ту-
ындап, сол басты мақсатқа бағындырылып отырылады. Сондықтан
да Алтынсарин өз шығармаларын сол кезде өзі қалап, мектепте өзі
жүргізген сөйлеу тілі негізіндегі қазақтың əдеби тілінде жазды. Бұл
салада оның ұстанған принципі айқын. Ол – сөйлеу тілі негізіндегі
қазақ əдеби тілінің қоғамдық, əлеуметтік, мəдени өмірдің барлық
салаларында қызмет ете алатынын дəлелдеп, əсіресе оқу-оқыту
ісінде осы принципті мықтап тұрып басшылыққа алып, бұлжытпай
іске асыруға тырысты. Бұл – айтуға оңай болғанмен, мəнісіне
түсініп, іске асыруға оңай құбылыс емес, өйткені бұл кездегі қазақ
қауымының мəдени өмірі үшін бұл істер үлкен тың жаңалық, то-
сын өзгерістер еді. Ол жаңалықты елдің бірден түсінбеуі былай
тұрсын, халық арасына оны зиянды деп таратушылар да табылды.

1 Сонда 43–44-бб.
2 Жұмалиев Қ. XVІІІ–XІX ғасырдағы қазақ əдебиеті. Алматы, 1967, 224-бет.


Click to View FlipBook Version