The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by malika.abdresheva, 2020-11-25 00:45:16

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

isaev_seiilbek_kazak_til_biliminin_mseleleri

Қазақ əдеби тілінің тарихы 201

Бұл жағдайды айқындай түсу үшін «Қырғыз хрестоматиясының»
алғы сөзінде айтылған Ыбырайдың мына сөздерін келтіре кетейік:
«Əлі күнге дейін қазақ балалары мен ересектер түсініп оқырлықтай
таза қазақ тілінде жазылған бірде-бір кітап жоқ; орыс-қазақ
мектептерінің оқытушылары қазақ балаларына ешқандай пайдасы
жоқ бола тұрса да, олардың өз ана тілінен ешқандай артықшылығы
болмаса да, татар тіліндегі кітаптарды қолдануға мəжбүр болып
жүр, балалардың тілдерін татарша «сындырып» оқытудан не пай-
да? Өйткені татар зиялыларының (оқымыстылардың) өздері ұнат-
пайтын, менсінбейтін, араб, парсы сөздеріне лық толған кітаби
тілі əрі түсініксіз, əрі мазмұны кілең діни сарындағы кітаптар бол-
ғандықтан, оларды оқытудан не практикалық үміт ақталмайды, не
нəтиже шықпайды, балаларға орысшадан қазақшаға, қазақшадан
орысшаға аударылып үйреткенде, қолайсыздығы өз алдына, тіпті
мəнсіздіктен бас қатады»1.

Ыбырай əңгімелері тілінің жеңілдігі, оқушы ойына қонымды-
лығы жағынан ғана емес, сюжетінің де есте қаларлықтай, еліте тың-
дарлықтай болып əрі қызықты, əрі ұғымға қонымды, қарапайым
болып келетіні белгілі. Сондықтан да ол туындылар жасқа да, кə-
ріге де ортақ. Сондықтан да болар, Ыбырай əңгімелерінің кейбір
сюжеттерін кейінгі көркөм сөз шеберлері өзінше пайдаланып та
отырды. Мысалы, Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы»
əңгімесінің сюжеті де, идеясы да Шəкəрімнің «Піскен мен шикі»
өлеңінде түгел қайталана жырланған. Оның үстіне Ыбырай сол
кездегі қазақ жазбасында тұрақталып қалыптасқан араб жазуын
емес, орыс алфавитін пайдаланды. Ыбырай Алтынсарин араб жа-
зуы қазақ халқына қолайлы емес екендігін, араб алфавиті қазақ
тілінің дыбыстық жүйесін, оның ерекшеліктерін толық көрсете
алмайтынын байқап, сол кездегі зерттеушілер, миссионерлер (мы-
салы, Н.И. Ильминский, П.М. Мелиоранский, т.б.) сияқты сынап
қана қойған жоқ, сонымен бірге одан құтылудың жолын көрсетіп,
өзі соны практикалық істе дəлелдеп, тəжірибеде іске асырды.
Кейінгі кездерде XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында
алфавит мəселесі жайында орыс графикасы негізіндегі алфавитті
қабылдау қажет деген пікірлер болды, тіпті кейбір қазақ тіліндегі

1 Ысқақов А. Алтынсарин жəне қазақтың ұлттық əдеби тілі, 8–49-бб.

202 Қазақ əдеби тілінің тарихы

кітаптар орыс алфавитімен шығарылды. Мысалы, «1897 жылға
қазақ үшін шығарылған календарь», «Трахома деген жаман көз
ауру» (Қазан, 1898), «Егіншінің қызмет аты жайында» (Орынбор,
1899) жəне т.б. кітаптар Ы. Алтынсарин салған соны жолдың сəтті
жалғасы болу керек.

Ыбырайдың өлеңдері – ең алдымен балаларға арналып, со-
лардың оқуы үшін жазылғандықтан да, тілі жеңіл, қарапайым,
түсінуге қиындық келтірмейтін, тақырыбы оқу, өнерге байланыс-
ты болып келетін дүниелер. «Кел, балалар, оқылық. Оқығанды
көңілге Ықыласпен тоқылық!» деп оқуға шақырып, өз ойын ешбір
бұлтақсыз ойын баласының ой өрісіне лайықты етіп айтады. Үлкен
астарлы ой да жоқ, мағынасыз, бұлдыр сөз де жоқ. Бəрі айқын, бəрі
де анық. Мақсат айқын, бағыт анық. Жəне бұл ой ешбір қалтқысыз
ашық көрсетілген түпкі мақсатты бейнелейді:

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар...

Ерекше əсер қалдыратын сиқырлы сөз де жоқ, екіұшты түсі-
нілетін астарлы тіркес те жоқ; мұнда ешбір қулықсыз ашық ай-
тылған ой, жақсылыққа үндеген шақыру бар. Бəрі де бала ұғымы-
на сай, дəл. Осындағы өнер-білімге байланысты философия да
ашық, айқын айтылған, бүркемелеу де, меңзеу де, тұспалдау да
жоқ, оқушыға таныс, күнде өзі көріп жүрген жанды суреттер.

Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған,
Өнер, білім – бəрі де
Оқуменен табылған.

Немесе «Өнер – білім бар жұртта» олардың тірлігі, іс-əрекеті
қандай? Өмірде не тындырды, келешегі қандай – бəрі де қарапа-
йым сөзбен ойға қонымды етіп түсіндіріледі.

Бұдан, əрине, Ыбырай өлеңдері жалаң үгітке құрылып, онда
сөздер тура мағынада қолданылып, əсерлі ойға əсем образды сөз
қолданысқа орын қалмаған екен деуге болмайды.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 203

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сəуле беріп жарқыраған...
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рахат тауып басылады...
Көл бұзылып, көк шығып қойнын ашса,
Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна.
Аспаннан рақымменен күн төнгенде,
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.

Аз ғана өлеңдердің ішінде осы көрсетілгендей нақты жанды
сурет, бейнелі көрініс дəл де сəтті берілген. Осы шағын үзіндіден
көрінетіндей, басы артық сөзі жоқ, айқын да нақты, образды ой
əдеттегі сөздердің кəдімгі тіркестері негізінде құралған сөйлемдер
арқылы беріліп тұр. Өзен бетінің, айдынның «айнадай сəуле беріп
жарқырауы», ыстық күнде «өксіп, оттай жанып» шөлдеген жа-
нуарлардың «өзеннен рахат тауып басылуы», жайқалып шыққан
гүлдің «ұйқыдан көзін ашқан жас балаға» ұқсауы – кəнігі сурет-
тер, таныс көріністер, ешбір əсірелеу де, əрсіз сурет те жоқ. «Көл
бұзылып, көк шығып қойнын ашса» деген сөйлем де ойды қандай
əсерлі, ұтымды білдірген! «Аспаннан рақымменен күн төнгенде»
деген де жақсылықтың нышаны. Табиғат əдемілігіне күнді қосып,
əсерлі сөз тізбегін құрған. «Көлдің бұзылуы», яғни мұзы еріп,
жазға қам жасауы, оның үстіне əдеттегі қолданыс «көк шығып»
сөздер тізбегіне «қойнын ашса» қосылып, қалыпты сөздердің
əдеттегі байланысынан көркем де образды, əсем де əсерлі,
жатық та жинақы сөз тіркестері мен синтаксистік конструкция-
лар құрылып, көркем ойдың нышаны болып тұр. Сондықтан да
көл айдыны қаз бен тырнаның көзін өзіне тартып, қаңқылдатып
қондырса, сол арқылы оқушысын да нəзік сезімге бөлейді. Бұның
өзі Ыбырайдың өлең сөздің де шебері екенін көрсетеді. Əрине,
Ыбырайдың ақындық, жазушылық, аудармашылық қызметі оның
педагогтік, ағартушылық қызметінен туындап отыратындығын,
соның нəтижесі екенін ұмытпауымыз керек. Ыбырайдың ұстанған
басты принципі жазба əдеби тілді жалпы халықтық сөйлеу тілінің
негізінде дамыту болғандықтан, ол кезде жазба тілде мықтап орын

204 Қазақ əдеби тілінің тарихы

алып келген кітаби тіл дəстүрінен ол бойын аулақ салды. Өлеңінің
болсын, əңгіме-новеллаларының болсын, тілі жатық, сөйлемдері
ұғуға жеңіл, қарапайым болып келеді. Тіпті сөйлеу тілінің кейбір
элементтерін де батыл енгізіп отырады. Мысалы, «Төңіректегі
халық айтты: «Қазыға барыңыз, ол қайсыңның ақ, қараңды та-
бар», – деп. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді жол жүріп, ұрлық,
барымтаны əдет еткен. Су əдемі, айнадай таза су екен, ішіндегі
ойнаған балықтары көрініп жүретұғын» тəрізді сөйлемдерден
ондағы сөздердің орын тəртібіне, тиянақсыз тұлғада аяқталуына,
жеке сөздердің грамматикалық тұлға-тұрқына байланысты сөйлеу
тіл элементтерінің жиі қолданылып отырылғаны байқалады.

Ыбырай жазуда араб алфавитінен ғана бас тартып қойған жоқ,
жазба əдебиетте жөнді-жөнсіз қолданылып жүрген, бірақ көпшілік
халыққа түсінікті бола бермейтін араб, парсы сөздерін қолданудан
іргесін аулақ салды. Бірақ тілге сіңісіп, етене болып кеткен, жал-
пы халыққа түсінікті, қолданыс игілігіне айналып кеткен кірме
сөздерді пайдалануға қарсы болған жоқ, реті келген жерде өзі
де қолданып отырды. Дəл сол сияқты орыс тілінен де қажет де-
ген жерде сөз алудан бас тартпай, онда да тілдің өз мүмкіндігімен
санасып отырды. Ыбырайдың бұл позициясы мен бағыты бүгінгі
таңдағы əдеби тіліміздің, дамуындағы, оның басқа тілдермен
қарым-қатынасқа түсуінде ұстанып жүрген принципіміз болып
отыр.

3. Абай – ұлттық əдеби тілдің негізін қалаушы

Абай Құнанбаев шығармаларының тілі, қазақ əдеби тілін да-
мыта түсудегі оның рөлі бірсыдырғы зерттеліп, ол туралы құнды-
құнды пікірлер айтылуда. Абай қазақтың ұлттық əдеби тілінің
негізін қалаушылардың бірі дегенде, ең алдымен, Абай қолданған
əдеби тіл, бір жағынан, өзіне дейінгі поэзиялық түрде дамып келген
əдеби тілдің жалғасы болғанын, екіншіден, ақын ол тілдің сапалық
қасиеттерін ұштап, дамыта түсіп, қоғамдық қызметін арттырғанын
еске аламыз, сонымен бірге үшіншіден, ол тіл бүгінгі кемеліне
келген, даму шыңына жеткен ұлттық жазба əдеби тіліміздің
басы болып табылатынын негізге аламыз. Сондықтан да Абай
шығармаларының шоқтығы бүгінгі поэзия деңгейінен қарағанда

Қазақ əдеби тілінің тарихы 205

да өз қадірін жоймай, сапалық қасиеті айқындала, даралана түсіп,
соның арқасында оның поэзиясы көркем сөз шеберлеріне өрелі
өнеге, ұлағатты үлгі болып үнемі көріне бермек.

Білімді адамнан ғана білікті сөз шығады. Ұлағатты ұлы адам
ғана елінің өткеніне көз жіберіп, келешегіне қам жеп, болашағын
болжай алады. Табиғат берген даналық пен дарындылық, ақыл
мен білім, көрегендік пен сезімталдық Абайды халқының даныш-
пан ұлы етті, көркем сөз құдіретінің алыбы етті.

Абай, ең алдымен, көркем əдебиеттің, өлең сөздің қоғамдық-
əлеуметтік мəні мен қызметінің жан-жақты терең сырын, қолда-
нылу жүйесі мен шеңберін, жеке адам өмірінде алатын орынын
дұрыс түсініп, оның қоғамдық даму көшіндегі көріністерін қайшы-
лық, жарасымдықтарымен көрсетіп, осының бəрін өз творчество-
сына рухани азық ете білді.Сөз кестесіндегі əр тілдік элементтің
жалпыға таныс ортақ мəндерімен бірге ішкі мүмкіндіктерін, ма-
ғыналық, стильдік жүк көтере алуын терең сезінді, сол арқылы
əдеби-көркемдеу тəсілдерінің жаңа үлгілері, түрлері пайда бо-
лып, жаңа сөздердің, тіркестердің əдеби айналымға түсу қабілеті
мен аясы кеңіді, осы жаңалықтың бағыт жобасын жасап берді.
Сондықтан да ол «Өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек
үшін жазбайтынын» ашық та айқын баса көрсетіп, көркем сөз,
əдеби тіл арқылы «тіл ұстартып өнер шашуды, наданның көзін
емес, көңілін ашуды» мақсат тұтатынын айтады. Халқымыздың
«тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «өнер алды – қызыл
тіл» деген нақылдарын, орынды айтылған сөзін ұштай түседі.
Сондықтан да Абай «тіл өнерін дертпен тең» деп түсініп, сөз
кестесін «улы сусын төгілсін!» деп құрады. Өйткені:

Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін.
Ыржаңдамай тыңдасаң, нең кетеді,
Шығарған сөз емес қой əңгіме үшін.

Сондықтан да:

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

206 Қазақ əдеби тілінің тарихы

«Мыңмен жалғыз алысса» да, халқын, жұртын өнер-білімге
шақырып, ел келешегі ғылым-білімде деп түсініп: «Ғылымды
іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім», – дейді. Бұл – жалаң үгіт
емес, жеке басының да қамы емес. Болмаса «Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең, Білгеніңнің бəрі – тұл», – деген сөздер
айтылмас та еді. Əйтпесе «Арғын, Найман жиылса, Таңырқаған
сөзіме», бірақ енді сол құдыретті, қадірлі асылды «Қайран сөзім
қор болды, Тобықтының езіне», – демес те еді. «Адам деген даң-
қым бар...», – деп табиғаттың, ерекше жаратылысы үшін мақта-
ныш етіп, міндетін сезініп, өскелең елдің еселі жүгін көтеруге
дайын екенін түсіне білсе де, жұртының мешеу қалып, түйсіксіз
екеніне ызасы келеді:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым.
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп екі ұртың...
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Бұл – «заманын түзетпек» болған, бірақ елін ырқына көндіре
алмай, дұрыс жолға жүргізе алмай, келешегін түсіндіре алмай,
болашағын болжата алмай қиналған адамның, халқының болаша-
ғы үшін елінің елдігі үшін, қатардан қалмау қамы үшін жеген –
«қайғы мен ыза қысқан соң», «тілінен шыққан зары». Əрине,
құр байбалам емес, дəйексіз тоқырау емес. Ышқынған жүректен,
қиналған көңілден шыққан ащы сөз. «Ұстарасыз мұрты аузы-
на түскен», яғни терісі жиди бастаған, жақсы мен жаманды ай-
ырмай, екі ұртының бірі қан, бірі май болып, яғни жақсылық,
адамгершілікті ойламай, халқының қамқоры болмай, пəле іздеп,
жала жауып, өз құлқынының құлы, қарнының қамын ғана ойлаған
парықсыз қандастарына, ағайындарына, елдестеріне ашуы келіп,
кегі қайнап, ызамен айтып отыр. Өңменнен өткен өткір сөз
мақтамен бауыздап, тірідей жерлеп кетпей ме?!

Сөз қадірін қастерлей білген, сөз құдіретін бар құдіреттен
жоғары қоя білген Абай: «Қуаты күшті нұрлы сөз Қуатын білген
абайлар», – деп бірде сыйына, енді бірде: «Жалын мен оттан

Қазақ əдеби тілінің тарихы 207

жаралған сөзді ұғатын қайсың бар?», – деп жан-жағына сұраулы
оймен қарайды. Қастерлеп те, қадірлеп те ұстауға тұратын айбын-
ды сөз! Жалын мен оттан жаралған сөз күйдіріп те, тып-тыйпыл
етіп, өртеп те кетеді, жүректің мұзын ертіп селт еткізеді де.
Міне, осындай қасиетті, айбарлы сөзді ұғатын кім? Айналасына
қарны ашқан Абай жүдеп: «Партия жиып пара алған бейілі ке-
дей байсыңдар», – дейді. Дүние қазынасы көп болса да, рухани
қазынасы жоқ жүдеулік кімді оңдырар. Бірақ бұған қарап Абай сөз
қадірін əсте түсірмейді, құдіретін жоймайды:

Қуатты ойдан бас құрап
Еркеленіп шығар сөз...
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға
Шиыршық атар, толғанар...
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.

Қарап отырсаңыз, əрбір сөз белгілі бір мағына білдіріп, ерек-
ше мəнде жұмсалып қана тұрған жоқ, құлпырып, түрленіп оқушы
ойында ойнақыланып, сезіміне əсер етіп, суығына тоңдырып,
ыстығына күйдіріп, қуанышына қызықтырып, уайымына қайғыр-
тып, өрнек кестесіне сəн де, жан беріп тұр. «Қуатты ой» деген де
ерекше жаңалық, өйткені тіліміздегі бұл сияқты байырғы сөздер
бұрын тіркесіп қолданылмаған, Абай соларды тіркестіру арқылы
көрікті де көркем, ұшқыр ойды бейнелеуге нышан болатын тың
туынды (тіркес) құрап отыр: міне сондай (қуатты) ойдан бас құрап,
тек қана жиналып я қосылып емес, бас құрап (қандай образды
қолданыс!) жəне еркеленіп (тағы бір ойланып көрейікші: қуатты
ойдан бас құрап, яғни құдіретті, айбынды, қатуланған сөз жəне
еркеленіп, яғни жұмсарып, жібекше-есіліп шығар, жайма шуақ сөз!
Контрасқа құрылған қандай ұтымды сөз орамдары) шығар сөз же-
тер жері, киелі əсері қандай болмақ?! Одан əрі «дүние кірін жуы-
нып», қандай пəк, ару, тек «ойға ғана көрінетін» идеал, мұрат,

208 Қазақ əдеби тілінің тарихы

бірақ жетер жері осал емес, «қыранша қырымға» да көз салады,
тек есіркеп қана қоймайды, «мұң мен зардың» жоқшысы, «қолға
алып», оны айтып қана қоймайды. Солардың тірелетін «ызалы
жүрек, долы қол, улы сөз, ащы тілінде» кесек-кесек тың ұғымдар,
образ нышандары жатыр. Тек сөз қадірін біле алатын, сөз мəнісін
түсіне алатын, образды ойлап, көркем түйсіктеніп, нəзік сезіне ала-
тын сөз зергерінен ғана шыға алатын көрікті сөз кестесі ғой бұлар.

Қазақ филологиясында Абай бойында, ақындық өнеріне, жал-
пы творчествосына лайық деп, пішілген салиқалы пікірлер жоқ
емес. Қ. Жұбанов, М. Əуезов, Н. Сауранбаев, Қ. Жұмалиев бастап,
кейінгі зерттеушілердің жалғастырған еңбектерінде Абайдың қа-
зақ əдебиеті тарихындағы ғана емес, əдеби тіл дамуының тари-
хындағы да ерекше сом, шоқтығы биік тұлғасына баға беріледі.

Сол баға пікірлердің үстіне Сəбетқазы Ақатаевтың мына пікі-
рін келтіре кету Абай творчествосының диапазонын, тереңдігін,
аумақ көлемін айқындай түседі: «Абай – өз заманының тек түлегі
ғана емес, қайратты қаһарманы, саналы санаткері, алтын арқалап
тұрып, тікенек қаузаған қайыспас қара нары да. Абайдың ал-
дында, əлде Абаймен қатар өмір сүрген оның орыс үзеңгілестері
Россияның азаттық күресінің екі кезеңінің бар тауқыметіне көп
болып, топ болып иығын тосқаны мəлім. Абай замана жүгін бір
өзі көтерді, «мыңмен жалғыз алысты». Сондықтан XІX ғасыр
аяғындағы қазақ қоғамының «ұйқыдан оятушы» Радищеві мен
«жырымен тербеткен» Пушкині де, «дабылшы» Герцені мен «бал-
ташы» Чернышевскийі де – дара Абай.

Ұлы Октябрь революциясына дейінгі қазақтың əлеуметтік-
философиялық дəстүрлі ақыл-ойы ғасыр аяғында дəуірлей келе
ат басын Абайға тіреді. Əлеуметтік ақыл-ой ағымының иірім-
қайырымының «екшеушісі» де, «тергеушісі» де, досы да Абай
болды. Көне дүние келбетін қылаусыз бедерлеген айдын –
Аристотельдің шығармалары десек, Абай творчествосы да қазақ
мəдениетінің айнасына айналды. Ұлағаттылық ұқсас. Абайға
дейінгі қазақ мəдениетінің жетістігі де, кемшілігі де Абай сана-
сында тоғысты, синтезденді. Жақсысын жақын тартып, жаманы-
на жау болды. Абай туындыларының халқына ұғымдылығы мен
сіңімділігінің сыры – осында.

...Ыбырай ұстаған ағартушылық жолы Шоқан санасында
əлеуметтік еркіндік идеясымен тоғысып, өрісін кеңейтсе, Абай

Қазақ əдеби тілінің тарихы 209

осы ой мұраларына əлеуметтік мəн дарытты, күрес құралына
айналдырарлық, тарихи нақты сұраныстарға қызмет етерлік,
халықтың мəдени мəртебесін дəуірлетерлік деңгейге көтерді.
Ұлттық жəне əлеуметтік езгіден құтқаратын қуат халыққа аспан-
нан нұр болып жаумайтындығы туралы осы алдыңғы буынның
ғасыр аяғында бəсеңси қалған үніне Абай қайта дем берді, бұл істе
азаматтық жауапкершілігін жіті сезінді... Абай қазақ өлеңін адам
мұқтаждықтарын өтейтін, адам аралық байланыстарға түсіретін,
үлгі тұтып үйренетін өмірдің рухани құралына айналдырды... Осы
көптің ішінен дара Абайды ғана ұлттық ақын деп атауға аузымыз
барады»1.

Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеп, оның сөз
кестесінде тігілген өзіндік ерекшеліктерін, ұлы ақынның жаңа
сападағы қазақ əдеби тілінің ұлттық негізін қалап, оны ілгері да-
мытудағы рөлін анықтап, Абай тіліне тəн көркемдік-əдеби тəсіл-
дерге, өлеңдерінің мазмұны мен мəніне, əлеуметтік, қоғамдық,
философиялық ой түйініне талдау жасап жүрген ғалым Рабиға
Сыздықованың көрсетуінше, Абай аса игілікті, əдеби-мəдени,
əлеуметтік игілікті істі атқарып, XІX ғасырдың соңындағы
қазақтың ұлттық əдеби тілінің негізін қалап, бір жағынан, өз твор-
чествосына «жалпы халықтық сөйлеу тілін əрдайым негіз етіп
ұстап отырса, екінші жағынан, оған бір қарағанда қарама-қарсы
келетін «жалғастылық принципті» де берік, орынды ұстанды. Абай
«өлеңнің іші «поэтикалық ойға» – «идеяға» толы болуына күші са-
лып, «соған лайық амал-тəсілдер іздестірді, сол арқылы, бірінші,
творчестволық контекст жасады, сөздің метафоралық қызметінің
айшықталуы нəтижесінде «олардың тіркеу мүмкіншілігі кеңе-
йеді», сол арқылы қаламгерлік даралық (индивидуальдық) айқын
көрінеді», екінші, «ақын творчествосының тематикасы мен
жанрлық құрылысы» жəне «жаңа образдар іздеу» негізінде «қазақ
көркем сөзінің лексикалық құрамына өзгеріс енді». Үшінші,
«поэзияның терең мəнді, аз сөзді болу принцип ұстану» нəтижесін-
де ойдың айқын да дəл образ арқылы берілуі артты, төртінші,

«фразеология саласында революция жасады», өлең құрылысына

сан алуан жаңалық əкелді»2 .

1 Ақатаев С. Абайдың əлеуметтік позициясы // «Қазақ əдебиеті» газеті, 1985.
28 июнь.

2 Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы, 216–233-бб.

210 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Сөз жоқ, Абайдың көркем сөз дүниесінде, тіл ұстартуда тең-
десі жоқ заңғар биікке шығып, ұлы тұлға болуының басты себе-
бі – ақынның, əдебиеттің, əсіресе поэзияның қоғамдық мəнін,
əдеби тілдің əлеуметтік қызметін барынша толық түсініп, жан-
тəнімен сезінуіне байланысты екені ешбір күмəнсыз. Абайдың
өлеңді құдірет тұтып: «Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш
мінезің бар жүрек, сенің, Сонда сенің отыңды басатұғын Осы
өлең – оқитұғын дұғам менің», – деп бағалайды. Өлеңді Абай өзі
жақсы көргендіктен ғана емес, өз ұғымы, өз парасаты арқылы ел
көңіліне, халық арман-ойына қалай медеу болатынын қоғамдық
өмірден алатын орнын ашық айтып беріп отыр. Сондықтан да
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер
денең», сол арада «қара көңілді оятып», «омырауын боятып жас
ағызатын» не «іштегі дертті жойып жіберетін» құдіреттерін
танытады. Əдеби тілдің əлеуметтік-қоғамдық мəнін, қолданылу
аясын, өлеңнін, адам өміріндегі орнын осылай түсінген Абай
көркем сөзге, поэзия тіліне қатал да қажетті талаптар қойғаны
баршамызға аян. Оның ең бастысы – «Өлең – сөздің патшасы,
сөз сарасы». Сондықтан өлеңді шығарушы ақынның орны ерек-
ше бөлек. «Өлеңнің іші – алтын, сырты – күміс, теп-тегіс ай-
наласы жұмыр келуі» яғни сөз сұрыпталып, ой қажетін толық
өтеп, ішкі мазмұны одан да бай болып, ол екеуі жымдасып, толық
сəйкестікте болуы шарт. Сол арқылы өлең білдірмек ой нақтылы
да түсінікті, образды да көрікті, қарапайым да көркем болуға тиіс.
«Сөз арасы бөтен сөзбен былғанбай», ойға қатысы жоқ сөздер,
қияли дүниелер өлеңнен аластатылуы қажет. Ақынның:

Сөз айттым, «Əзірет Əлі, айдаһарсыз»,
Мұнда жоқ «алтын иек сары ала қыз».
Кəрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
«Əсіре қызыл емес» деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз, –

деген өлең жолдарын Абайды зерттеушілер Көкбай, Əріп, Шə-
кəрім өлеңдеріне байланысты айтылған деп жүр: Абайдың досы,
шəкірті Көкбай бір поэмасында кейіпкерін мадақтап, əзіреті Əліге

Қазақ əдеби тілінің тарихы 211

теңестіреді, ал Əріп Тəңірбергенов əйелдің сұлулығын көрсету
үшін «алтын иек», «сара ала қыз» деп көрсетеді. Мұндай теңеу-
лердің шынайы өлеңнен алыс жатқандығын, айқын шеберлігіне
кір келтіретіндігін сынап жазады.

Абай өлең сөзге байланысты өзі қойған қатал да əділ талаптар-
ға өзі жауап беріп, олардың қалай болатынының классикалық
үлгісін көрсетті. Соның нəтижесінде қарапайым да құдіретті,
көркем де көрікті, нəзік те сəнді образдар туды, оларды тудырып
тұрған – ерекше, өзгеше сөздер емес, əдеттегі сөздер, олардың
келісімді байланысуы, үйлесімді тіркесуі. Бір ғана мысал:

Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап дəме еткенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?

Ойланып отырып, əр сөзіне мəн беріп тағы бір оқып шы-
ғайықшы. ...Сөзінің өтпеуі, айналасының надан болып, көңілін
ағартып, көзін ашуды ойламай, қаржының қамын ғана ойлауы
Абайды қашан да қатты қынжылтқан. Сол ойын бұл жерде де
түйіндеп, текшелеп берген. Оны өтімді де өткір етіп беру үшін
халық ұғымында ежелден бар, үмітсізге үміттенетін қасқыр кейпін,
яғни аш қасқыр түк таба алмаған соң, қой өткен су ғой деп суды
ішіп-ішіп жарылып өлгенін, оны мазақтап халқымыздың күлуін
келтіріп, енді өзін сол қасқырға теңейді, өйткені «алақтап түк
таппайды», «Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?» Бір қарағанда
бəрі де бұрыннан қолданылып келе жатқан əдеттегі сөздер. Бірақ
сол алақтаған қасқырдың халі, рухани ризығы қандай? «Ел кет-
кен жайлау» – шөбі желінген, оты кепкен жүдеу қу дала. Көшкен
жұрттың орны, көріксіз сынған заттардың қалдықтары. Соққан
желден басқа көңілді елегізетер еш нəрсе жоқ құлазыған көріксіз
сары дала. Өйткені өзі айтқандай:

Жасыл шөп, бəйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш қурай.

212 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жəне

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.

немесе Біржан айтқандай:

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң.

Міне, түк таппаған жүдеу көңілдің көріксіз көрінісі. Қандай
əсем де əсерлі образ!

Абай өлеңдерінен басы артық бір сөзді, шашауы шығып, ар-
қауы бос тұрған бір тіркесті, қиюсыз бір ұйқасты таба алмайсың.
«Адасқан күшік секілді ұлып жұртқа қайтқан ой» (Дулатта: «Мө-
ңіреп жұртқа ой қайтты Бұзауы өлген сиырдай»), «Жапырағы
қуарған ескі үмітпен Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін», «Ау-
зың – ашыған у, ойың – кермек», «Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?», «Қараңғы саңырау қайғы ойды
жеңген, Еркелік пен достықты ауру көрген», «Көлеңкесі түседі
көкейіңе», т.б. толып жатқан тіркестер мен сөйлемдерге назар
аударсақ, ондағы сөздер – бұрыннан тілімізде қолданылып келе
жатқан байырғы дүниелер, бірақ Абай оларды басқа қырынан
қалап, ерекше тіркес құрап жұмсайды; ойды ұлып жұртқа қайтқан
деп экспрессиялап беру жəне оны күшікке, тіпті адасқан күшікке
теңеуі, үмітті ескі деп анықтап, оның үстіне жапырағын қуартуы
жəне басқасы – поэзиядағы ұлы жаңалықтар. Сондай-ақ жүрегіңе
сүңгі, қырық жамау жүрек, жүрегіңнің түбіне терең бойла, асау
жүрек, жас жүрек жайып саусағын, күңгірт көңілім сырласар
сұрғылт тартқан бейуақытқа, сынық көңіл, көңілге түрлі ой
түсер, жалғандықтан жасалған көңіл жүгі, кірлемеген көңілдің
ашығында сияқты бояуы анық, мəні танық тіркес, сөйлемдердің
ұшы-қиыры жоқ.

Əдетте Абайдың көркем сөзге үлкен сынмен қарап, өлеңге
қатал талап қоюы, сөз патшасы, сарасы, əр сөздің ұнасымы болып
табылатын өлеңді дүниеге əкелетін ақындарға күрделі де қатаң
шарт қойып, соған сəйкес келмейтін, мал үшін тілін безеп, жанын
жалдап жүретін ақындарды сынап отырғаны айтылып жүр. Осы
тұста Абайдың:

Қазақ əдеби тілінің тарихы 213

Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бəрі – жамау, бəрі – құрау.
Əттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі əр жерден көрініп тұр-ау, –

дегенін бұрынғы жинақтарда «бірі – жамау, бірі құрау» дегеніне
сүйеніп кейбір зерттеушілер Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау-
ларды мүлдем іске алғысыз етіп, Абайды олардан жирендіріп
көрсетеді. Тегінде бұл – сыңаржақ пікір. Абай бұл үшеуінен
басқа да көптеген ақын-жыраулар шығармасына қанық болған.
Олардың бəрінен шоқтығы биік бұл үшеуінің шығармаларында
кездесіп қалатын əттеген-айларына күйзеліс білдіріп, оған көңілі
толмайтынын көрсететін сияқты. Осындай өлең сөздің шеберлері,
өлеңнің мəнін біліп, қадірін түсінетін ақындар сөз кестесінде
кездесетін олақтыққа үлкен өкініш білдіретін сияқты. Бұл жай-
ында М. Əуезовтың мына сөзін басшылыққа аламыз: «Қаладағы
оқудан шығыс ақындарын сүюді, ақындықты сүюді ала келген
Абайға ендігі зор тəрбиеші ұстаз қазақтың қалың бұқара халқы
бола бастайды. Ел даналығын танып, соны ерте қамту жас талап-
керге жаңа зор мектеп тəрізденеді. Бұл жөніндегі азық білімді ол
əкесінен алмайды, халықтан шыққан шешен, ділмəр, ақыннан,
ескі əңгімешіден, көпшіліктен алады. Ең алғашқы өлең жайын
баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Дулатты, Бұқар жырау-
ды ауызға алса, солардың сөзін бала күнінен естіп, танып, жаттап
өскенін сезуге болады. Əрине, осындай ақындық мұраларымен
қатар мысал, мақал, аңыз, дастан, айтыс сияқты сан қазынаны
əжеден, анадан, қонақ, жолаушылардан көп есітеді»1.

Расында да Абайдың білім шөлін қандырып, сөз кестесін
көркем де көрікті еткен – халық қазынасы екені даусыз. Абай
халық тілінің асыл маржандарын теріп, өлеңдеріне енгізіп қана
қойған жоқ, сонымен бірге олардың жаңа қасиеттерін ашып, көр-
кемдік мүмкіндіктерінің мол екендігін танытты. Сондықтан да
Абай лексикасының негізгі бөлігі тілімізде бұрыннан қолданылып
келе жатқан байырғы сөздер екені ешкімді де таң қалдырмайды.
Сондай-ақ Абай бұрынғы жазба тілде, ауыз əдебиетінде, ақын-

1 Əуезов М.Абайдың өмірбаяны // Абай Құнанбаев, 1957, 2-том, 17-бет.

214 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жыраулар шығармаларында қолданылған сөздер мен сөз тізбек-
терін, қисынды образдарды сəтті пайдаланады. Жоғарыда көрсе-
тілген «Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа», «Ескі бише
отырман бос мақалдап. Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап»
сияқты өлең жолдары «Мұхабатнаме» тіліндегі қолданыстармен
сай келіп, фольклорлық жыраулар шығармаларымен де үндестік
тауып отырады. Мысалы: Бұқар жырауда: «Қариясы кімнің бар
болса, жазулы тұрған хат болар», Абайда: «Ақылы кімнің бар
болса, демес мұны тілі ащы», «Махаббат, қызық кім көрер, оның
да дəмін татпаса? Біржола басты кім берер, Жаныңа қайғы бат-
паса..., Алдыңа айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса..., Ішінде
кімнің оты бар, Қар жауса да сөне ме?». Немесе Шалкиіз, Сы-
пыра жырауларда жиі кездесетін «Басыңа жұмыс түскен күн...
Жау жағадан алған күн. Өздері иттей тақымдар» (мысалы,
Шалкиізде: «Балпаң, балпаң басқан күн, Бай ұлынан асқан күн...
Жалған ақын ала алмай, Қарашыл төбет болған күн... Атқан
оғын таба алмай, Жер сабалап қалған күн». Бұқарда: «Əзірейіл
келген күн...». Махамбетте: «Артымда қалған ақсақал қалай кеңес
құрған күн; Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы бақыт тайған
күн, Қатарланған қара нар Арқанын қиып алған күн», т.б.) сияқты
тілдік үлгілердің, сондай-ақ, «Берекелі болса ел – Жағасы жай-
лау ол бір көл... Берекесі кеткен ел – Су ашыған батпақ көл. Құс
қаңқылдап жағалап, Сулай алмас жазғы төл» тəрізді жырау-
лар толғауларында кездесетіндей философиялық, дидактикалық
толғаныстардың қолданылуы тегін емес. Абай тіпті халық мақал-
мəтелдерін де қажет деген жерде орынды жұмсап отырады: «Бұлт
ала, жер шола»; «Сап-сап көңлім, сап көңлім! Сабыр түбі – сары
алтын»; «Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ»; «Ит мар-
жанды не қылсын деген сөз бар»; «Адамдықтан жамандық
көрмей қалмас», «Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек», т.б.
Осы мысалдардан көрінетіндей, Абай кейде мақал-мəтелді дайын
сөз өрнегі ретінде өзі қолданған сөз кестесіне сол күйінде кірістіріп
жіберсе, енді бірде ол халық даналығы екенін, оның мəні өмір
тəжірибесі арқылы айқындалғанын көрсетіп (мысалы, деген сөз
бар деп беру тəрізді) отырады. Халықтың рухани қазынасы бо-
лып табылатын мақал-мəтелдерге Абайдың үлкен мəн бергендігін
қара сөздерінен (мысалы, 5, 29, 37-сөздер) де байқаймыз. Кейде

Қазақ əдеби тілінің тарихы 215

мақал-мəтелдерді айтылатын ой ерекшелігіне лайықтап өзгертіп
те қолданады: «Қайдан ғана біледі Ауыр менен жеңілдің арасы-
мен өтеді?» (мəтелде: ауырдың астымен, жеңілдің үстімен); «Екі
кеме құйрығын Ұста жетсе бұйрығың» (мақалда: екі кеменің
құйрығын ұстаған суға кетер); «қысқа күнде қырық жерге қойма
қойып...» (мəтелде: қысқа күнде қырық ұрсысатын), т.б. Кейде
халық даналығына сай өзі де афоризм, қанатты сөздер жасай-
ды: «Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы
тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын»; «Атым-
ды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?; Ұстаздық қылған
жалықпас үйретуден балаға»; «Баяғы жартас бір жартас», т.б.

Абай байырғы мол сөздердің сан түрлі сырын ашып, соны
мағынада қолдану арқылы ұшқыр ой, кəнігі образ берумен бірге
тілімізге шығыс халықтарының тілінен енген сөздердің дублеттік
жұбын əр мəнде қатар қолданып та ерекше экскурсия жасайды.
Мысалы, əділетпен қатар ғаділетті жарыстыра жұмсау арқылы,
Абай тілі сөздігінде берілетіндей екеуін бір мағынада емес1, олар-
дың мəнін ажыратып, ғаділетті дегенді ақ, турашыл мəнінде, əді-
лет дегенді адал, шындық мəнінде қолданған:

Осынша ақымақ болғаным: көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің əділетін бұзыппын.

Ғаділет пен əділетті бөлек-бөлек қолдану қара сөздерінде де
кездеседі. Ал кəсіп, іс-əрекет мəнінде Абай харакет сөзін қол-
данады да, əрекет дегенді оған қайшы қырсық, бүлік мəнінде
жұмсайды:

Қылып жүрген өнері –
Харекеті – əрекет,
Өзі оңбаған ант ұрған?
Кімге ойлайды берекет?

Сондай-ақ айла-қайла, асық-ғашық, т.б. сөздер де екі түрлі бо-
лып қолданылып отырған. Немесе мағынасы жақын я алшақ ан-

1 Абай тілі сөздігі. Алматы, 1968, 88 жəне 177–178-бб.

216 Қазақ əдеби тілінің тарихы

тоним сөздерді де қатар, жақын қолдану арқылы айшықты образ
жасайды.

Абай көне түркі, шығыс (араб, парсы), орыс тілдері матери-
алдарын ретті жерінде пайдаланып отырған. Əңгіме тек лексика,
жеке сөздер шеңберінде ғана емес. Сөздерді тіркестіріп тізбек
жасауда, жаңа жарасымды байланыстар құрап, өрнекті сөйлем
құрауда сөзге ұсталығы, ой құрауға шеберлігі көрініп отырады.

Абайдың поэзияға мəн, мазмұндық жағынан ғана емес, түр,
құрылыстық жағынан да (ұйқас, буын саны, шумақ, т.б.) қосқан
көп жаңалығы бар екені белгілі. Қазақ поэзиясын түр жағынан
байыту əдеби тілдің жаңа мүмкіндіктерін тауып, оны іске асыру –
Абайдың қазақ əдебиетіне қосқан зор үлесі. Сондай-ақ өсиет үгіт
болып табылатын «Ғақлия» деп аталатын қарасөздері арқылы да
Абай қазақ тілінде əдебиеттің жаңа жанрын қалап, негізін салды.
Қорыта айтқанда, Абайдың көркем сөз творчествосы қазақ əдеби
тілін жаңа сапаға көтерді, қазақ əдеби тілі тарихының ұлттық
дəуірін бастады.

4. Жазба əдебиет жанрларының əрі қарай дамуы

XІX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қазақ əдеби
тілі ұлттық сипат алып, жаңа сапада дамыды дегенде, оның бас-
ты көрсеткіші болатын негізгі екі факторға сүйенеміз: біріншісі –
қазақ поэзиясының бүгінгі сыншыл да шыншыл қасиетін қалып-
тастырып, жаңа бағытын айқындап, негізін салған, зор мүмкін-
діктерін, қоғамдық өмірде алатын орнын анықтап, мəдени құры-
лыс өндірісінің бірден-бір өндіргіш құралы екенін көрсеткен Абай
творчествосы болса, екіншісі қоғамдық, саяси-əлеуметтік жағдай-
ларға байланысты қазақ қауымының мəдени мешеулігінің шы-
мылдығы ашыла бастап, оқу-ағарту ісінің дамуына байланысты
кітап бастыру ісі сияқты жаңалықтар орын алды, ана тілімізде
баспасөз дүниеге келіп, жазба əдебиеттің əртүрлі жанрлары туа
бастады. Осы арқылы əдеби тілдің қоғамдық мəні мен шеңбері ар-
тып, атқаратын қызметі үлкейіп, көтеретін жүгі салмақтана түсті.
Сөйтіп, тілдің қоғамдық қасиеттерінің сомдалып, арнасының
кеңеюі – оның қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды қа-
тынас құралы ретіндегі рөлін күшейте түсті. Сондықтан да XІX ға-

Қазақ əдеби тілінің тарихы 217

сырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ тілінде
жарық көрген оқу-педагогикалық сипаттағы кітаптар, əртүрлі
ауыз əдебиет нұсқалары, жеке авторлардың қисса-дастандары, ау-
дарма əдебиет үлгілері, жеке ғылымның кейбір саласындағы көп-
шілікке арналған ғылыми кітаптар, діни əдебиеттер, жеке ақын-
дардың шығармалары, газет-журналдар, ресми материалдар жəне
басқалары жазба əдебиет түрлері мен жанрларының сан жағынан
өскенін, сандық қасиетін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге
бұл кездегі əдеби тілдің сапалық қасиеті де кемелдене түскенін
танытады. Рас, бұл кезде жазба əдебиеттің осынша түрлі жанрла-
ры туып, дами түсті дегенде, олардың тілі де стильдік жағынан
бірыңғай екен деген ұғым тумайды. Яғни, жазба əдебиет туынды-
лары мазмұн жағынан ғана емес, тілдік ерекшеліктері, əдеби тілге
тəн сипаты, оның əрі қарай дамуына үлес қосуы жағынан да түрліше
болды. Мысалы, «қисса» деген атпен жарық көрген кітаптардың
өзі мазмұн жағынан да, тілі жағынан да біркелкі емес еді. «Қазақ
əдебиетінің тарихында» қиссалар əлеуметтік-идеялық бағыты,
мазмұны жағынан – дінді уағыздайтын, ислам дінінің қағидаларын
насихаттайтын діни сарындағы нұсқаулар, көршілес елдер мен
шығыс халықтарының аңыз-əңгімелері мен дастандарының ауда-
рылған нұсқалары мен шығыс сюжетінің қазақ ауыз əдебиеті дəс-
түрінде жырланған нұсқалары деп үшке бөлінсе, Б. Əбілқасымов
оларды тілдік жағынан да: діни сарындағы қиссалар, азаматтық
тақырыптағы қиссалар (түркі халықтарына ортақ сюжетті қазақша
қайта жырлаған, тақырыбы көбіне адамгершілік, махаббат жəне
тəрбие мəселесіне арналған қиссалар) жəне халықтық туынды-
лар (халық ауыз əдебиеті үлгілерінің баспа нұсқалары мен қазақ
ақындарының төл шығармалары)»1  деп үшке бөледі.

Əрине, халық ауыз əдебиеті үлгілері мен XІX ғасырдың аяғы
мен XX ғасырдың басындағы кейбір ақындардың туындылары-
на баспа жүзінде қисса деп анықтама берілген: мысалы, қисса-и
Алфамыш, қисса-и Айман-Шолпан, қисса-и Чортанбай, т.б. Бұл
жырларды ауыз əдебиетінен, батырлар немесе лиро-эпостық жыр-
лардан бөліп алып, қисса жанрына жатқызу олардың тек аттарын

1 Əбілқасымов Б. XІX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі. Алматы,
1982, 26–51-бб.

218 Қазақ əдеби тілінің тарихы

ғана ескеріп, мəнін ескермеу болып табылады. Қисса деген атпен
шыққан шығармалардың басым көпшілігі сюжеті бар туындылар
болса да, кейде сюжетсіз, құрғақ ақыл айту сияқты дүниелер де
болып келеді. Сондай-ақ қиссалардың көпшілігі негізгі айтылатын
ойға, мазмұнға қажет болмаса да, діни ұғым, дəстүр салттарымен,
Алла атымен басталып отырады: «Бисмилла деп қаламны алдым
қолға» («Қисса-и Таж, Бахыт хор Шаһде», Қазан 1906), «Я, Алла,
енді өлер йерге келдік» («Қисса-и Сейфулмəлік-Бəдиғулжамал»,
Қазан, 1903), «Бисмилламен сөйлеймін тəңрім атын» («Қисса-и
Дандан Ибраһим оғлы», Қазан, 1911), т.б.

Ол қиссалардың аттары да қазақ тілінің формасына сай емес.
Мысалы, қисса-и Таһир иле Зуһра, қисса-и Жумжума, қисса-и
Алфамыш, Хазрет-и Осман, Хикаят-е рисале-и Мұңлық-Зар-
лық, т.б. Негізінен бұл атаулар парсы тілінің əсері арқылы құрыл-
ған, яғни анықталушы сөз анықтаушыдан бұрын тұрып, парсы
изафеті арқылы байланысқан. Мұндай парсы изафеті арқылы бір-
бірімен байланысқан конструкциялар қазақ тілі үшін, жалпы түркі
тілдері үшін тəн емес. Сондай-ақ оларда жиі кездесетін биссмил-
ла деп қолға алдым, биссмилламен сөйлейін, біз ғарипты тура
жолға өзің сал, құдіретімен қанша ғалем жаратқан, бендесіне
сыйыну, муканбал дүниялігі, өнермен құдай беріп, қолына əлеумет
құсы қону, мəдед қылу, тəңіріне жад ету, т. б. сөз тіркестері мен
сөйлемшелер, сөз жоқ, діни ұғымдардың, діни əдебиеттердің
ықпалынан туып отырады, болмаса солардан тікелей енді.
Бірақ бұлардың табиғаты қисса аттарынан өзгешелеу, олардың
құрылысы қазақ тілі сиитаксисінің нормасына сай.

Жүсіпбек Шайхулисламовтың атымен баспадан шыққан мына-
дай қисаларды атауға болады: «Біржан Сал менен ақын Сараның
айтысқаны», Қазан, 1898, 1899, 1901, 1907, 1912, 1913; «Хозра-
ти Осман», Қазан, 1901, 1912, 1914; «Хикаят рисале-и Мұңлық-
Зарлық», Қазан, 1897, 1899, 1901, 1903, 1905, 1909, 1910,1914,
1916; «Хикаят-е Иран дастанында», Қазан, 1897, 1916; «Қыз
Жібектің хикаясы», Қазан, 1900, 1903, 1905, 1908, 1911; «Қисса-и
Алфамиш», Қазан, 1899, 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916;
«Қисса-и «Айман–Чолпан», Қазан, 1896, 1901, 1913, 1916; «Қисса-и
Ан-хазрет-и рəсулінің Миғражға қонақ болғаны», Қазан, 1902,
1908, 1909, 1917; «Қисса-и Барбаса», Қазан, 1910; «Қисса-и хазрете

Қазақ əдеби тілінің тарихы 219

Юсуф алай-ус-салам илəн Зулейканың мəселет», Қазан, 1898, 1913,
1918; «Қисса-и Дутан Құбақанбай ұғылы да жалмауыз кемпірдің
өлгені», Қазан, 1905; «Қисса-и Зарқум», Қазан, 1888, 1903, 1907,
1910, 1914, 1916; «Қисса-и Сейфул Мəлік Бəдіғұл-Жамал», Қазан,
1903, 1916; «Қисса-и Шаһ-Занда Юсуфбек», Қазан, 1899, 1901,
1912; «Қисса-и ферш қыз һəм, хикая Гул Жамилə һəм Юсуфбек
Хуажбек хафа болып инсафсызларға айтқан бір қызық хикая»,
Қазан, 1903; «Қисса-и Қасым Жомарт», «Қазан, 1896, 1907, 1913;
«Қисса-и Гул-Чаһра духтар Султан Кашмирдің хикаясы», Қазан,
1901, 1911; «Кисса-и уақиға-и Көр бала», Қазан, 1897, 1904, 1912,
1914, 1916, т.б. Демек, Жүсіпбек Шайхулисламовтың қазақ ауыз
əдебиетін жинап, бастыруда, бір жүйеге салуда еңбегі зор. Оның
ақындық өнерін былай қойғанда, өз көзінің көрнекті фольклорисі
деп қараған жөн. Ол халықтың асыл қазынасына жаны аши қара-
ды, оған қамқорлық жасады деуге болады.

Бұл қиссалардың тілінде кейде араб, парсы тілдерінің эле-
менттері араласып келгенімен, уақиға сюжеттері қиял, ертегі іс-
петтес болғанымен, көркемдік сапасы төмен болуына қарамастан,
осы сияқты баспа бетін көрген қисса, дастандар қазақтың жазба
əдеби тілі тарихынан белгілі орын алады.

Бұл кездегі жазба əдеби тілін сипаттайтын жазу нұсқалардың
қатарына аударма əдебиеттер де жатады. Жалпы аударма тари-
хы əріректен басталады. Орта ғасырдағы шығыс классиктерінің
шығармалары қазақ халқына көбіне-көп аударма арқылы жетіп
отырды. Абай, Ыбырай заманында да шығыс жəне орыс əдебие-
тінің қазақ тіліне аударылуы белгілі дəрежеде орын алып келді.
Сол сияқты «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалая-
тының газеті» беттерінен де аударма мəселесінің дами түскенін
көреміз. Алтынсариннің «Шариғат ул-ислам» (Ислам шариғат-
тары) деген кітабы да аударма. XІX ғасырдың соңғы жылда-
рында «Библияның» əр жері қазақ тілінде жеке кітап болып,
Православиенің миссионерлік қоғамы тарапынан бастырылып
шығарылды. Бұдан кейін «Інжіл» (Евангелие) де қазақ тіліне ау-
дарылып кітап болып шықты1. XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр-
дың басында аударма ісі, əсіресе орыс жазушыларының шығар-

1 Талжанов С. Көркем аударма туралы. Алматы, 1962.

220 Қазақ əдеби тілінің тарихы

маларын қазақ оқырмандарына қазақ тілінде жеткізу ісі кең өріс
ала бастады.

1903 жылы Қазанда Молданияз Бекимов аударған А.С. Пуш-
киннің «Капитан қызы» қазақ тілінде басылып шықты1. Бұл
аударманың тілінде орыс тілінің əсері айқын сезіліп тұрады. Орын-
сыз көп қолданылған учитель, крепость простой, господин сияқты
орыс сөздерін былай қойғанда, аудармадағы сөйлем құрылысында
да орыс тілінің ықпалы көптеп кездеседі.

Көркем аудармаға бұл кезде шығып тұрған газет-журнал-
дар үлкен мəн беріп тұрды. «Айқап журналы мен «Қазақстан»
газеті беттерінде орыс əдебиетінің көрнекті қайраткерлері
И.А. Крыловтың, Л.Н. Толстойдың, А.С. Пушкинің, М.Ю. Лер-
монтовтың, А.П. Чеховтың, А. Сорокиннің, И.С. Никитиннің,
А. Кольцовтың, тағы басқа орыстың белгілі ақын-жазушылары-
ның жеке шығармалары казақ тіліне аударылып басылып отыры-
лады. Олардың кейбірінің, тілі туралы сол кезде мақала, рецен-
зиялар басылып жүрді. Бұл аудармаларда негізінен бұрынғы
жиі кездесіп отыратын қажетсіз инверсиялардың, қазақ тілі син-
таксисіне тəн емес сөйлем құрылыстарының азайып, тіпті кейбір
аудармаларда мүлдем кездеспейтігін байқаймыз.

Орыс ақын-жазушыларының көлемі шағын жеке шығармала-
ры бұл кезде шыққан хрестоматия, қираəт кітаптарына да еніп
отырған. Спандияр Көбеевтің «Үлгілі тəржіма», Бекет Өтетілеуов-
тің «Дүние ісі ақыретке кетпес» сияқты кітаптары – осындай
жинақтар. XІX ғасырдың соңғы жылдарында, əсіресе XX ғасыр-
дың бас кезінде ғылымның медицина, биология салаларынан қазақ
тілінде жеке кітапшалар жарық көре бастады. Ол – бір жағынан,
заңды да. Өйткені бұл ғылымдар осы кезеңдерде дами түсті, жан-
да болсын, малда болсын аурудың түр-түрлері ашыла бастады.
Көптеген ауруларды емдеу қазақ ішіндегі балгерлердің, емші тə-
уіптерінің қолдарынан келе бермейді. Міне, осыны байқаған көзі
ашық оқыған азаматтар аурулардың қайсыбір түрін медицина жо-
лымен емдеу қажет деп түсінді. Қазақ ішінде медицина, биология-
дан арнаулы мамандар жоқтың қасы болғандықтан, халық қамын
ойлаған оқығандар орыс тіліндегі арнаулы əдебиеттерді қазақ

1 Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965, 36–42-бб.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 221

тіліне аударып бастырып отырды. Сондай əдебиеттердің бірқатары
мыналар: «Афат яки холера əңгімесі», перевод орысшадан
қазақшаға етуші студент Қазанский ветеринарный ниститутының
Файзолла Иманбаев, Қазан, 1905; «Қышыманың турасында» (О че-
сотке), русшадан тəржіме Жаманмұрынов, Орынбор, 1906; «Ше-
шектің һəм шешек егудің жайларынан», орысшадан тəржіме Уа-
лишев, Орынбор, 1906; «Адамның чумасы турасында», Қазақ
тілінде, Орысшадан перевод етуші Садық Бейсалиев, Орынбор,
1911; «Обадан қалай сақтану?» Орысшадан перевод етуші Садық
Бейсалиев, Орынбор, 1911; «Малда болатын жұқпалы аурулардың
һəм оларға қарсы қалай ғамал қолдану хақында», Орысшадан
тəржіме қылған Сейдғали Меңдеш оғлы, Уральск, 1911; «Арақ
у яки арақтың зарары», Қазан, 1907; Самрұғ., «Оба жайында
қазақша əңгіме», Қазан, 1897; «Біздің үйлеріміздің хақында»
орысшадан қазақ тіліне аударған Балтабаев һəм Муминов, Орын-
бор, 1906; «Чума сырқатынан өзін һəм ғайриларны аман сақламақ
хақында насихат наме», Орынбор, 1908; «Чичек еккендегі бірнече
ақыл», Орынбор, 1914; «Құрт мерез ауруы турасында», орысша-
дан қазақ тіліне аударған Қосудаков пен Бокенов, Орынбор, 1906;
«Мерез ауруы жайынан» (сифилис), Орынбор, 1903; «Жаманда-
ту қойдұрғу турасында» (Сибирская язва), Орынбор, 1902, т.б.
Осылардың ішінде назар аударарлық бір кітапша – 1898 жылы
Қазанда шыққан «Глазная болезнь – трахома, ее заразительность,
причины распространения среди сельского населения и способы
предохранения, на киргизоком языке». Кітапша дəл осылай орыс-
ша аталғанымен, ішіндегі текст қазақ тілінде, «Трахома деген жа-
ман көз ауру» деп берілген. Орысшадан аударған адамның аты-
жөні белгісіз, кітапшада жазылмаған. Текст орыс графикасының
негізінде берілген. Қітапшаның графикасында орыс тілінде жоқ
қазақ дыбыстарын ұқсас əріптермен үстіне мына əріптерін: ə, қ,
ү, е жəне қосымша таңбалар арқылы беріп отырған: а, о, н, у, ғ–г,
қ–к, ү–у дыбыстары тек г, к, у таңбаларымен берілген, і дыбысы
бірде и, бірде і əріпімен жазылған, кейбір жерлерде мүлдем жа-
зылмай түсіріліп қалған.

Бар-жоғы 12 беттен тұратын бұл шағын кітапшаның тіліне на-
зар аударсақ, мына ерекшеліктер көзге бірден түседі. Сөйлемдері
көбіне-көп жеңіл, қарапайым болып келеді, құрмалас сөйлемдер

222 Қазақ əдеби тілінің тарихы

де (құрмаластың сабақтас та, салалас та түрлері қолданылған)
түсінуге онша қиындық келтірмейді, тілді қиындататын əртүрлі
тіркестер кездеспейді деуге болады. Бұл жағынан аталмыш ең-
бек сол кездегі қазақтың əдеби сөйлесу тілінде жазылған. Оны
осы уақытқа дейін сөйлеу тілінде жоғалмай келе жатқан соңғы
буындардағы ерін үндестігінің сақталуы да байқатады. Мыса-
лы, мынадай ерін үндестіктері бұл кітапшада біршама тұрақты
қолданылған: көзум аурады, ауруларды карайтун үйгө барып ем-
дету керек, көзунүң қарамығы, онан сіз көрдүңүзғой, көзу түйлəду,
үзулмөй бирнеше жылға барады, өмүр бойынша сөйтүп сорлу
болады; көзүн сүрткен, көзунө колун тигізсе, т.б. Сонымен бірге
сөйлеу тіліне тəн қарапайым сөйлемдер мен сөздердің орын
тəртібінің ауысуы да кездесіп қалады. Бірде есімшенің -тын,
-тын (тұн) тұлғасы жұмсалып, бірде оның орнына тұрған көмекші
етістіктің қолданылуы да сөйлеу тіліндегі əр ізділіктің жұрнақ-
жұқаналары болу керек. Сол сияқты үндестік заңына байланысты
қосымшалардың вариантталып келуі де жазба кітаби дəстүрден
гөрі сөйлеу тілінде негізделген əдеби тілдің көрінісі екенін
байқатады.

Көпшілік халық түсіне бермейтін, жазба əдебиетте көп қол-
данып келген араб, парсы сөздері де мұнда жоқ. Сол сияқты өзі
орыс тілінен аударма бола тұра, орыс сөздері де қолданылмаған.
Ал «трахома» термині – аурудың аты ретінде қолданылған. Соның
өзінде де ол оқушысына өте түсінікті.

Ал орыс тілінің əсер-ықпалы кітапша тілінің синтаксистік
құрылысында, сөз тіркестері мен сөйлем жүйесінде көрінеді. Əсі-
ресе құрмалас сөйлем компоненттері кейде орыс тіліндегі үлгісі
негізінде құрылады немесе сөйлемдегі сөздердің орны ауысып
кетіп отырады. Мысалы, науқас қанша ауырса да, түбендеги кө-
зүнен айрылады, уақытында емдетпесе (6-бет).

Сөйлемдердің орыс тілі құрылымы негізінде құрылымы тек
осы кітапша тіліне ғана емес, араб алфавитімен жазылған кітаптар-
да да көптеп кездеседі. Мысалы, ...бұнан соң ауырған адамның
құрысады қолдары, аяқтары һəм мойындары; осы айтылмыш
жерлері жаман ауырады, əсіресе ауырады, іші (Афат яки холе-
ра əңгімесі, Қазан, 1905, 2-бет). Осындай шешектің адамдарды
аздырып-тоздырып кететүнүн білқан соң, зор ақыл иесі кісілер

Қазақ əдеби тілінің тарихы 223

ойлай бастаған: қайтуб адамдарға шешекті шықтырмасқа һəм
жұқырмасқа (Шешектің һəм шешек егудің жайларына, Орынбор,
1906, 7-бет), т.б.

Бұл тəрізді мысалдардың қай-қайсысы да тілге сіңісіп кете ал-
мады, өйткені мұндай сөйлем құрылысы қазақтың əдеби тілінің
ғасырлар бойы қалыптасқан синтаксистік нормасына қайшы келіп
отырады.

Сонымен бірге бұлар қазақ тілінің ғылыми стилін қалып-
тастыруда белгілі рөл атқарғандығын атай кетуге болады. Əрине,
бұл кездерге қазақ тілінің ғылыми стилі, əсіресе ғылымның осы
сөз болып отырған салаларына байланысты стилі қалыптасып
қалды дей алмаймыз. Дегенмен бұл саладағы көптеген термин-
дер, кейінгі шақтардағы əдебиеттер тілінен мықтап орын алған
тіркестер, сөз орамдары осы шығармаларда алғашқы рет қолданы-
ла бастайды.

Расында да ғылымның жеке салаларындағы көптеген ұғымда
қазақ халқына осы əдебиеттер арқылы келіп, əдеби тілімізге кө-
бінше соның негізінде сіңді. Əрине, ұғым атаулыларының кейде
дəл болмай, кейінгі кездерде өзгергендері де бар.

Мысалы, егу, доктор, чума тəрізді сөздер əдеби тілімізден
берік орын алады. Сол сияқты көптеген ауру аттары да дұрыс
қабылданған болатын. Əрине, көпшілік атаулар халық тілінде
бұрын қалыптасып қолданылып келді, солармен бірге кейбір ауру
атаулары, əсіресе бұрын қазақ ұғымында болмаған ауру атауы
болмаса медицинаға байланысты терминдер орыс тілінен бұл кез-
дерде сол күйінде де қабылданып отырады, кейде сипаттама түрде
аударылып та берілген.

Қазақ əдеби тілін дамытуда мерзімді баспасөздің де ерекше
рөлі болғаны даусыз. Алғашқы баспасөз қарлығаштары 1870 жылы
Ташкент қаласында жарық көрген «Түркістан уалаятының газеті»
мен 1888 жылы Омбы қаласында дүниеге келген «Дала уалаятының
газетінен» бастап, бірлі-жарым ғана нөмері жарық көрген немесе
қолжазба түрінде тараған «Серке», «Садақ», «Тұрмыс», «Қазақ
газеті», «Мұғалім», «Сары Арқа», «Абай», «Қазақ», «Ұран», «Тір-
шілік», «Айна», «Үш жүз» сияқты газет-журналдарды есептеме-
генде, 1913 жылы 15 нөмері шығып тоқтап қалған «Қазақстан»
газеті мен Троицк қаласында 1911–1915 жылдар арасында шығып

224 Қазақ əдеби тілінің тарихы

тұрған (барлығы 88 номері жарық көрген) «Айқап» журналына
(редакторы – белгілі ақын, журналист Мұхамеджан Сералин) дейін
қазақтың жазба əдеби тілін, оның жақсы дəстүрлерін əрі қарай
дамытуда жалпы халықтық тілдің кейбір стильдік тармақтарын
қалыптастыруда орасан зор қызмет атқарды. Бұл газет-жур-
нал беттерінде жаңа журналистік жанрлар үлгісі, əдебиетіміздің
əртүрлі жанрлары сараланып қалыптаса бастады. Публицистика
тіліне тəн көптеген сөздер мен грамматикалық единицалардың
тұрақталуында осы кезеңдегі баспасөз тілінің маңызы айтарлықтай
болды. Кейінгі кезеңде баспасөз тілінен мықтап орын алған жаңа
сөздер мен сөз орамдарының, кейбір грамматикалық тұлғалар
мен тілдік үлгілердің көбі-ақ алғаш осы газет-журнал беттерінде
қолданыла бастады. Елімізде болып жатқан саяси-əлеуметтік, қо-
ғамдық, экономикалық, мəдени өзгерістерге байланысты кіріп
жатқан жаңа ұғымдарды дəл атап баламалауда болсын, қазақ əдеби
тілінің сөздік құрамын одан əрі байыта түсуде болсын, сөз тудыру
амалдарын жетілдіре түсуде болсын, грамматикалық құрылысын
икемдендіре, түрлендіре түсуде болсын аталған мерзімді баспасөз
органдары айырықша қызмет атқарады. Мысалы, мерзімді бас-
пасөз тілінің лексикалық құрамына назар аударатын болсақ, оның
басым көпшілігі байырғы сөздер екенін байқаймыз. Солай бола
тұрса да ол байырғы сөздер дегендердің өзіндік қолданыстық
сырлары бар. Айталық, «Айқап» қолданған ағарту, кеш, мұрат,
серік, кеңес, астана сияқты сөздердің бір қарағанда ерекшелігі
жоқ сияқты, өйткені бұлар халық тілінде бұрыннан жұмсалып
келеді. Мысалы, Бұлар бала оқытуб ағартады деуге де болмай-
ды («Айқап», 1914, №5). Осындағы ағарту етістігі өзінің тура,
ақ түске енгізу мағынасында емес, үйрену, сауаттандыру, оқыту
мағынасында қолданылған да, кейін осы мағынасы əдеби тілде
толық қалыптасып кетті.

Кеш сөзі де жаңа мағынада, сауық жиыны, бас қосу жиыны
мағынасында осы кезде қалыптасып, кейін əдеби тілден тұрақты
орын тепті. «Дала уалаятының газетінде» көбіне кеш сөзі қол-
данылмай, оның орнына тамаша, не ойын сөздері кездеседі: Муж-
ской гимназияда яғни еркек балалар оқитуғын жерде Зғиндардың
түнінде 1888 жылы бек тамаша ойын қылғандар (1888, 1 июль).
Орысша аудармасында бұл тіркес «литературный вечер» деп
берілген.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 225

Бұл процесс кейінгі кезең баспасөз тілінде тіпті дами түсті.
Сондай-ақ мерзімді баспасөз тілінде орыс тілінен көптеген сөз
қолданылып, кейін олардың көпшілігі тұрақталып, əдеби тіліміздің
игілігіне айналғанын көреміз. Революцияға дейінгі мерзімді
баспасөз тілінде экономикалық өмірге, шаруашылық, күнделікті
жағдайларға байланысты крестьян, базар, товар, завод, фабри-
ка, мануфактура, доход, лесничий, план, землемер сияқты сөздер;
саяси-əлеуметтік өмірге байланысты, съезд, солдат, проект, при-
говор, статья, т.б.; əкімшілік, ел басқару ісіне байланысты облыс,
наград, председатель, член, доверенный, уезный, комиссия, ми-
нистр, советник, начальник, т.б.; ғылым мен техника, мəдениет,
оқу-ағарту істеріне байланысты студент, школ, микроб, микрос-
коп, доктор, музыка, газет, журнал, электр сияқты алуан түрлі
сөздердің қолданылғанын айтуға болады.
Сол сияқты қосымша арқылы жаңа сөз жасау тəсілінің жанда-
нып ұштала түскенін, -и тұлғалы қатыстық сын есімдер -уда, -уде
тұлғалы баяндауыштар, ырықсыз етіс тұлғалы конструкциялар,
терминдік мағынадағы лексикаланған атаулық тіркестер, изафет ІІ
сияқты т.б. конструктивті тұлғалардың сөйлем үлгілерінің сан
жағынан көбірек қолданылып, əдеби тілімізде жанрлық-стильдік
сипат алуында да мерзімді баспасөздің орны ерекше.
Бірақ баспасөз тəжірибесінің əлі де кенжелеу қалып, кем
түсіп жатқандығынан қазақтың Октябрь революциясына дейінгі
мерзімді баспасөзі тіл құрылысы майданында ерекше қызмет
атқарғанымен, оның негізгі күрделі мəселелерін толық шешіп бере
алмады. Қазақ тілінің публицистикалық, ғылыми əдебиеттерге тəн
стильдік тармақтарының қажеттігі айқындала түсіп, негізі қалана
бастап, оның қалыптасуында алғашқы қадамдар болғанымен, олар
толық жігі ашылып, жүйелі түрде бір ізге түсіп, сараланып кете
алмады. Сондай-ақ бұрыннан келе жатқан кітаби тіл дəстүрінен де
қол үзіп кете алмады.
Қазақ əдеби тілін дамытуда XІX ғасырдың аяғы мен XX ға-
сырдың басында жарық көрген оқу-педагогикалық əдебиеттердің,
қазақ тілі жайында жазылған еңбектердің де рөлі болды. Бұл кезде
оқу-ағарту ісінде жаңа бағыт басталса, оқу-ағартуға да жаңа əдіс,
«жəдид» немесе төте оқу ене бастаған. «Қадимде» яғни ескі оқуда
араб тілі дəстүрі сақталса, төте оқуда («жадид-те») əрбір дыбысқа

226 Қазақ əдеби тілінің тарихы

əріп таңба белгілеу жəне жазуда сөздегі дыбыстардың таңбасы
түсірілмей жазылу принципі сақталған жəне оқыту – түсінбейтін
араб тілі емес, ана тілі материалының негізінде жүргізілген, сөйтіп
сауат ашуда көп жеңілдік туды. Төте оқудың «қадимге» қарағанда
əлдеқайда артық екенін насихаттауда, халық ағарту жүйесіне
толық енгізуде «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің ала-
тын орны ерекше. Төте оқудың артықшылығын дəлелді түрде
халыққа баяндап, қадимшілердің бала өмірін босқа өткізетіндігін,
құр схоластиканың зияннан басқа пайда бермейтінін əшкерелеп
отырды, тіл тазалығын сақтауға үндеді. Міне осы тұста қазақ
тілінде алғаш рет əліппелер де жарық көрді. Олар: «Қазақ
əліфбасы», Мартаби Закария бин Ерғали Ал-Ахмеди, Қазан, 1910;
«Асул сутие тəртібінде қазакша əліфба», Мортаби Мұхамедараз
бин Нұрбаи, Уфа, 1910; «Əліф-ба яки төте оқу». Мəртаби уа
нашрлары медресе Ғалиедегі қырғыз уа қазақ шəкірдлері, Уфа,
1911; «Қазақша ең жана əліфба». Жазушы мұғалім Мұстақым
Малдыбаев, Уфа, 1912; «Мектеп алқазақ «Əліфба», шығарушы
учитель Қоңыр қожа Ходжиков, Орынбор, 1912; «Қазақ балала-
рына жəрдем. Қазақша əліфба кітабы». Тəртіп етуші Кенжеғали
бин Ғабдолла бин Серғали, Қазан, 1913; Ишанғали Бейсенбаласы.
«Қазақша дұрыс жазу қағидалары», Қазан, 1914, т.б. Сондай-ақ
М. Дибердиевтің «Қазақ балаларына қираəт кітабы», Қазан, 1910;
М. Малдыбаевтың «Қазақша оқу кітабы», Семей, 1912; Шаһмардан
ұлының «Кел, балалар, оқылық кітабы», Қазан, 1898; А. Көбеевтің
«Үлгілі бала», Қазан, 1912; М. Көшімовтың «Ақыл кітабы», Қазан,
1908; М. Нұрбайұлының «Көргенді бала-үлгілі ана», Орынбор,
1911; И. Бесенұлының «Əдебиет өрнегі», Қазан, 1910; Т. Жомарт-
баевтың «Балаларға жемісі», Семей, 1912, т.б. кітаптарды да атай
кетуге болады.

5. Қазақ поэзиясында Абай дəстүрінің əрі қарай дамуы

Қазақ поэзиясына айтарлықтай жаңалық əкелген, оған соны
мазмұн, жаңа түр, қоғамдық мəн енгізген Абай творчествосы, Абай
дəстүрі кейінгі кезеңдерде із-түзсіз қалмады. XІX ғасырдың аяғы
мен XX ғасырдың басында өмір сүрген ең таңдаулы ақындарымыз
Абай поэзиясының құдіретіне табынып, өз творчествосына үлгі

Қазақ əдеби тілінің тарихы 227

етті. Қазақ поэзиясына, оның тіліне Абай қойған талаптарды түсі-
не біліп, оған Абайша жауап беруге талпынды. Олар қазақ өлеңінің
үлгісі де, өлшемі де Абай поэзиясы деп түсінді, одан нəр алып,
«қараңғы қазақ көгіне» көтеріп, құдіретті поэзия нұрын жұртына
түсіріп жарқырату арқылы ардақты халқын қоғам көшінен
қалдырмай, басқа ұлт санатына енеміз, – деп түсінді. Міне, осы
өрелі ой, ұстанған мақсат XX ғасырдың басындағы демократ-
ағартушы ақын-жазушылардың творчествосынан мықтап орын
алды. Ал осы ойды іске асырып, жұртқа жариялау үшін, соған
жеткізу үшін Абайша жырлап, Абайдан үйрену керек деп білді.
Сондықтан да олар Абайға еліктеді де, Абайдан үйренді, Абайша
ізденді де.

Жас жағынан Абайдың замандасы, жыр алыбы Жамбылдың
«Сəт сайланарда», «Шалтабайға» өлеңдері, əдебиет зерттеушісі
Н. Төреқұловтың көрсетуінше, Абайдың «Болыс болдым міне-
кей», «Мəз болады болысың» атты өлеңдерімен үндесіп жатыр.

Жамбылдың өлеңі Абай өлеңінен 20 жыл кейін пайда болса
да, олардың түзіліс мазмұны бірдей. Бұл өлеңдерде болысты жай
ғана сынамайды, олардың қимыл, іс-əрекетін, қалай болыс бо-
луын уытты сатира арқылы көрсетеді. Бұл əдістің екі ақынға да
ортақ болуы, сондай-ақ жырлану тəсілінің де бірыңғай – 7–8 буын-
ды шалыс ұйқасқа құрылған терме жыр түрінде келуі тегін емес.
Міне, дəл осындай үндестікті, жалғастықты Абайдың «Қараша,
желтоқсанмен сол бір-екі ай» атты өлеңі мен Жамбылдың «Сараң
бай мен жомарт кедей» өлеңдерінің екеуінен де қыс кезіндегі бай
мен кедейдің хал-ахуалын, бір-біріне қатынасын, екеуінің психо-
логиясын, соған сəйкес ортақ сөз кестесін байқаймыз1.

Мұндай əсерді XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басын-
да өмір сүрген көркем сөз шеберлері Шəкəрім Құдайбердіұлы,
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Мұқамеджан Се-
ралин, Таһир Жомартбаев, Сəбит Дөнентаев, Сəкен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров, т.б. ақындар творчествосынан көреміз. Олар
Абай дəстүрін жалғастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге түр
жағынан түрлендіріп, мазмұн жағынан байытып, дамыта түсуге де
ықпал етті.

1 Төреқұлов Н. Абай мен Жамбыл // «Қазақ əдебиеті» газеті, 1985, 2 август.

228 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Қазақ поэзиясында Абай дəстүрін жалғастырушы, Абайдың
шəкірті ретінде оның немере інісі Шəкəрім Құдайбердіұлының
есімі бірден оралады. Өйткені ол – Абай өлеңдерін сүйіп тыңдап
(оқып та), одан ғибрат алып сүйсінген, əсер алып түйсінген
жандардың бірі ғана емес, сонымен бірге Абайдың əр өлеңінің
қалай дүниеге келіп, нені жырлағанын өз көзімен көріп, бар жаны-
мен сезінген, сол өнерлі де өнегелі өлең қазанында бірге қайнап,
содан келешегіне нəр алған қолдаушы ақындардың бірі. Шəкəрім
өлеңдерінің көпшілігі сыртқы түрі-құрылысы жағынан Абай
үлгісімен жазылуы да, өлеңдеріне арнап əннің де қоса шығарылуы
да осының айғағы. Қиын кезде де, қиналған кезде де Абайға
жүгінуі сондықтан.

Ал енді олай болса, кімді алалық,
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?!
...Жүз айтқанмен өзгенің бəрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық.

Немесе:
Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық...

Шəкəрім өлеңдерінің мына жолдарын оқығанда:
Білсе егер Салтыков пен Толстойын,
Сезсе олардың айтылған терең ойын.
Гоголь мен Пушкиндерден ғибрат алып,
Қазақтың бөлер еді-ау нұрға бойын...

Еріксіз ойға Абайдың «Интернатта оқып жүрі» оралады.

Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,
Қазақ қашан ел болар, құдайым-ай?!–

дегенде де Абай ойы жатқан сияқты.
Абай Шəкəрім сияқты талапты жастарды өз айналасына топ-

тап, өз өлеңдерін сынатып қана отырмаған, жастар творчествосына
да барынша көңіл бөліп отырғаны белгілі. Олардың өлеңдерімен
танысып, баға беріп отыруы – жас ақындардың ақындық өнерін
ұштауға, шеберлік өресін жетілдіруге бағытталған қамқорлығы.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 229

Мысалы, Абайдың:
Кəрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз, –

деген пікірі Шəкəрімнің төмендегіше аяқталатын кəрілік туралы
сегізаяқ өлеңіне айтылған делініп жүр:

Қызусыз тəнің,
Сезімсіз жаның,
Болады кəрілік белгісі.
Оны да сезбей,
Үмітін үзбей,
Келмейді шалдың өлгісі.
Алпыстан əрі бармаңдар,
Байқамай шал боп қалмаңдар!

С.Торайғыров:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адамдықты көздесең,
Жат тоқып ал көңілге, –

деп тектен-тек айтып отырған жоқ. Тіпті Абайдың зарығуын,
қамығуын түсініп, оны жұртқа түсіндіріп, Абай қайғысына өзін
ортақ етеді.

Сондай елді көре алмай,
Ақын Абай зарыққан.
Соңынан елі ере алмай,
Қайғыда жүдеп қамыққан.

Бірақ Сұлтанмахмұт «Абайға көнбеген елге мен не істейін?»
деп қажымайды, қайта Абай өлеңдері оған рух беріп, қуаттандыра
түседі:

Шығамын, тірі болсам, адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң жарық күнде сəуле қуған,
Алуға күнді барып белін буған...

230 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Немесе:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?

Немесе:
Аждаһадай ақырып,
Алдымнан қарсы шапса да,
Естімеймін үндерін!
Серпіп тастап түндерін
Туғызамын күндерін!

Міне, мақсат қандай! Туған ел үшін, халқының мүддесі үшін
ақын барлық қиындыққа төзе біледі, ыстығына күйіп, суығына
тоңуға даяр, өйткені елінің өзіне артқан үмітін бар жан-тəнімен
сезінеді:

Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың,
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың!

Осы тұста Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі «Бала бола алма-
дық, Ата болып өтейін» деген жолдар еске түседі.

Жасамаймын: «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем» деп.
Жасаймын: «Бір қолқабыс
Кейінгіге берем» деп, –

деген жолдардан ақынның туған еліне деген сүйіспеншілігі,
халқына деген қалтқысыз ықыласы, өмір сүруінің мəн-мақсаты
айқын да ашық айтылған. Бұл жағынан келгенде Сұлтанмахмұттың
ойы Шəкəрім мақсатымен сай келіп, үндес болып отырады.
Өйткені Шəкəрім де:

Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт қылғам еңбек етем деп
Алдағы атар таң үшін, –

Қазақ əдеби тілінің тарихы 231

деп мақсатын ашық айтады. Бірақ елін, халқын бар сезімімен
сүйгенімен, əділетсіздікті кешіре алмайды, ел ішіндегі əлеуметтік
топтың бар екенін ашық айтып, үстем таптың ниетін де, мақсатын,
арманын да Абайша əшкерелейді. Ең алдымен үстем таптың,
байдың малға деген көзқарасы, мал үшін жанынан басқаның бəрі
пида дейтіндердің психологиясы дəл беріледі:

Мал біте ме адамды малдай қылмай,
Малдан басқа көрмейтін дəнеңені.
Немесе:
Мал сен үшін жаралмай, сен мал үшін
Құл болмаған бай бар ма осы күнде?

Мұндай малжандылықтың, тоғышарлықтың арты дау-шарға,
ел ішінде жеке, партия болып бөлінуге əкеп соғады. Бұл – сол
кездегі қазақ қауымының ащы да айқын шындығы.

Партия, дау-жанжалдың шеті шықса,
Мал тұрсын аямайды баласын да.

...Мəз болдың ырғақ-ырғақ басқаныңа.

...Қазақты намыс деген тентіреткен,
Партия, дау мен жанжал түпке жеткен:
Намысыменен жанына қайғы шашып,
Егінін орсын енді қолдан еккен.

Бұл жолдардың əр сөйлемі, əр сөз тіркесі, олардың қиюласып
келуі, əр сөздің қолданылу орны мен көтеріп тұрған мағыналық
жүгі, стильдік бояуы Абай сөздеріне, Абай қолданыстарына ұқ-
сайтыны, соған үндесіп жататыны дəлелдеуді қажет те етпейді.
«Бұлдайсың жөнсіз жерге сақалыңды» дегенді «Сақалын сатқан
кəріден еңбегін сатқан бала артық» тəрізді Абай сөздерімен
салыстырсақ ой астарлығы мен өткірлігінің дəлдігі мен дəлел-
ділігінің де астасып жатқанын көреміз.

Сұлтанмахмұт Абай сөз қолданыстарына ден қойып, астар-
лы ой, образды сөз қолданыстарымен келетін Абай өлшемдерін
қолданып, қоғамдық өмірдің əлеуметтік қайшылықтарын түйрей
көрсетіп отырады, сонымен бірге Абай əсері өмір шындығын бей-
нелегенде, қиналғанда да, қуанғанда да, ашынғанда да ұшырасады.

Тіпті кейде Абай қолданыстарын сөзбе-сөз пайдаланып, жалпы

текспен жанасымды, жатық етіп қолданады.

232 Қазақ əдеби тілінің тарихы

«Тумыстағы мінезді ешкім жеңбес,
Адамды əділ қылу қолдан келмес,
Түзесе, жаратылыс өзі түзер», –
Деген сезге сондықтан көңілім сенбес.

«Себебі жаратса да адам адал
Бола алмайды» деген сөз құлаққа енбес.
Себеп жоқ адам ұлы жаратпайтын
Жəне де ешнəрсе жоқ себепке ермес.

Келіңдер сол себепті жаратуға!
Жаратып ап, өмірге таратуға.

Немесе:
...Адам ұлы дүниеге жіберілген
Себепті бағындырып қаратуға, –

тəрізді қоғамдық тəрбие туралы Сұлтанмахмұттың үлкен фило-
софиялық ойын аңғартатын жолдар, бəлкім, Абайдың: Мен егер
закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп бол-
майды деген кісінің тілін кесер едім», – деген сөздерін оқығаннан
кейін тууы мүмкін.

Сол сияқты Қамардың: «Етімді сен сипаған құрт жесін,
Қабырдағы хамарат (яғни құрт, құмырсқа деген араб сөзі)
жұрттар жесін», – деген зарын оқығанда, есіңе еріксіз Абай
өлеңдеріндегі «Етімді шал сипаған құрт жесін деп, Жартас-
тан қыз құлапты терең суға», – сияқты жолдар түседі. Неме-
се Сұлтанмахмұт өлеңдеріндегі «Шалқыды шартарапқа сор-
лы көңіл...», «Қайткенде ериді деп іштегі қар...», «Басқаны өз
қарнынан ойламайды, мал берсе ары түгіл жанын сатқан...»,
«Көлеңкесі көңіліңе барып қонса...», «Жас жүрек жалбақтауды
сүймес еді», – деген тəрізді жолдар Абайдың сөз кестелеріне бірден
ұқсайды, ондағы айтылмақ ой, образ беру тəсілі, сөз саптау мəнер
ұқсас. Абайда: «Көңіл құсы қүйқылжыр шар тарапқа», «Көздің
жасы, жүректің қаныменен Ерітуге болмайды ішкі мұзын»,
«Арын сатқан мал үшін антұрғанның», «Көлеңкесі түседі көке-
йіңе», «Жас жүрек жайып саусағын», т.б. Ал Сұлтанмахмұттың
«Дүние – бос махаббатсыз мал секілді», – деген сөзін (Абайда:
Махаббатсыз дүние – бос, хайуанға оны қосыңдар) талдап жа-
тудың басы артық.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 233

Сондай-ақ қазақ поэзиясының түр, құрылыстық жағына
Абай əкелген көп игі жаңалықтардың əрі қарай жалғасуын да
Сұлтанмахмұт Торайғыров творчествосынан байқаймыз. Абай
өлеңдеріндегідей ұйқас түрлері, шумақ саны мен əр шумақтағы
жол, ондағы буын сандары бір жағынан ұқсас, екіншіден өзіндік
ерекшеліктерімен келеді жəне бес аяқ өлеңдердің (мысалы,
«Мейірімсіз ажал», «Маңайымнан əрмен кет», т.б.) де болуы осы-
ны көрсетеді.

Сұлтанмахмұт өлең техникасын, ондағы образды ой мен келі-
сімді сөз кестесін тігуді Абайдан үйрене отырып, өлеңге Абай
қойған, аз сөзділік, көп мəнділік, ұшқыр ойлылық, нəзік сезім-
ділік, жинақылық («іші – алтын, сырты – күміс, теп-тегіс жұмыр
келсін айналасы, бөтен сөзбен былғанбасын сөз арасы») сияқты
талаптарға жауап бере отырып, соған қоса өзі де өлеңге пəрмен-
ділік, қарқындылық (философиялық қарқын) əлеуметтік əр беріп,
қоғамдық идеология құралы дəрежесіне жекізеді. Сондықтан да
Сұлтанмахмұт өлеңдері уытты келеді, өткен жерін алай-дүлей
етіп, ешбір ымырашылдыққа көнбей, алмас қылыштай тіліп өтіп
отырады. Мысалы, «Аштан өлсең, əкетай, Арамға мені қинама.
Сұрасаң қайыр, шешетай, Мен үшін жемтік жинама», Мен
балаң жарық күнде сəуле қуған, Алуға күнді барып белін буған»,
«Дүние бəрі у екен, Мен алдайтын қу екен, Өткізген өмірім бұл
күнгі Пайдасыз қызу ду екен!» «Əзəзіл, жүрегіме салшы бүлік!
Жұрт десін мейлі жынды мейлі жулик!» тəрізді жолдарды
оқығанда ақын көңілінде жатқан сұрапыл дауылды сезінесің.
Сөйтіп Сұлтанмахмұт өлеңдерінде дауылды, жалынды роман-
тизм мен сыншыл да сыршыл реализм қоса өріліп, жарасым
тапқан; сондықтан да ақын əдеттегі сөздердің көзге бірден көріне
бермейтін сырлы қасиеттерін, нəзік қырларын дəл басып оларды
шебер жымдастыру арқылы образды ой білдіре алатын сыршыл
сөз тізбектерін кестелей алған: «Мұздан жастық, бұлттан көрпе
жамылып», – дегенде, қысқы даладағы қиын да қатерлі жылқышы
өмірі барлық ауыртпалығымен, қауып-қатерімен көз алдыңа
елестейді. Ал «Кеше шал келмеді ме қайыр сұрап, Белі аспанда, көзі
ірің, мүкіс құлақ» дегенде қайыр сұрап жүрген сорлы шалдың сырт
портреті, өңінің оңып, түрінің қашқандығы, қауқарының кеткені
(белі аспанда!) нақты да дəл суреттелген. «Сонда ғана қам көңлім

234 Қазақ əдеби тілінің тарихы

жаңара ма? Сонда ғана көң бетім ағара ма?» Немесе: «Бетіне
айғыз-айғыз салған шимай Жүрген жер талай шауып жылқы жи-
най, Біріңді күзек, біріңді жайлау қылып, Сонда да даурықтым ғой
саған сыймай», – дегенде де қам көңіл арқылы рухани жүдеулікті
көрсетеді. Оның үстіне көң бет тіркесі арқылы сол рухани
жүдеулікке қосылған денедегі өмір табын суреттейді, ал туған
жердің бетіндегі сансыз іс, жүрісті «айғыз-айғыз салған шимайға»
балап, күзек пен жайлау қанша кең болса да, іштарлықтан, көңіл
қаралықтан соған сыймай жүргеніне, ол тек жеке адам басындағы
хал емес, қоғамдық тақсыретке айналғанын өкінішпен ызалы түрде
жырлайды. Осы тұста құлағында «Қыз Жібек» кинофильміндегі
«Сыя алмай жүргеніміз жоқ, сыйыса алмай жүргеніміз жоқ па?»
деген үн, амалсыздықтың үні, еріксіз естіледі.

Əкем, шешем, арғы атам солай өскен,
Олардың да өкпесін есік тескен.

Немесе:

...Кесені айналдырып қарай бердім
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп...
тəрізді жолдардағы өкпесін есік тескен, ішінде нақақ көзден жас
бар ма деп сияқты сөз орамдары – əрдайым жаңалығын жоймай-
тын, контекстегі өзге сөздер мен сөз тізбектеріне өң беріп тұратын
образды туындылар. Жалпы Сұлтанмахмұт – құдіретті ақын
ретінде ғана емес, көркем сөз зергері, əдеби тілді тұтынушы, оны
дамытуға ат салысқан сөз шебері ретінде де жаңашыл ақын. Ол
əдеби тілдің байлығын сарқа пайдалана отырып, болып жатқан
жаңалықтарға байланысты туған жаңа ұғымдарды дұрыс таныта-
тындай атауды орынды қолданады. Əрине, оның бəрі бірдей сəтті
де бола бермейді. Мысалы, «Кім жазықты?» романының эпигра-
фына алған бір шумақ өлеңдегі тыңшы (Болмаса да тыңшысы)
сөзі соңғы жолдағы сыншы (Роман мен сыншысы) сөзімен
ұйқасу үшін ғана емес, «читатель», «зритель» деген ұғымдағы
оқушы, көруші дегендердей көркем шығарманы, əсіресе өлеңмен
жазылған шығарманы тыңдайтын адамдар мағынасында алынған.
Тыңшы сөзінің «Айқап» журналының беттерінде осы мағынада
қолданылуы да соны көрсетеді.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 235

VІ. ҚАЗАҚ ƏДЕБИ ТІЛІНІҢ
ДАМУЫНДАҒЫ СОВЕТ ДƏУІРІ

Қазақ əдеби тілінің Ұлы Октябрь социалистік революциясынан
кейінгі шақтағы совет дəуірінде ерекше қарқынмен дами түскені
белгілі. Ол, ең алдымен, қазақ əдеби тілінің қоғамдық қызметінің
ерекше артуымен, мемлекеттік тіл қатарына қосылуымен, қоғам-
дық өмірде болып жатқан сан түрлі өзгерістер мен жаңалықтарды
бейнелеп, өзі қызмет етіп отырған халыққа толығынан қоғамдық
қатынас құралы болуымен байланысты. Екіншіден, жаңа құра-
лып жатқан социалистік мемлекеттің мақсат, мүдделеріне, мұрат-
тарына сай ол тілдің ресми түрде ғылым, білім, оқу тілі болып
қалыптасып, сол салада дамып отыруымен де байланысты. Қазақ
əдеби тілі совет дəуірі тұсында алғаш рет, бір жағынан, ғылым,
білім, оқу-оқыту тілі, екінші жағынан, филология ғылымының
зерттеу объектісі болғанын ерекше атап өту қажет. Үшіншіден, со-
вет дəуірінде қазақтың жазба əдебиет жанрлары өркендеп, сандық
жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жаңа белеске көтерілді,
өйткені жазба əдебиеттің түрлі жанрларының пайда болып, жеке-
жеке отау тігіп, əрқасысының өз мақсатына, мазмұнына сай да-
муы, бір жағынан, əдеби тілдің қоғамдық қызметін, қолданылу
өрісін кеңейтіп отырса, екінші жағынан, оның икемділігін артты-
рып, стильдік жағынан сараландырып, тілдің ішкі құрылысының
кейбір түрлерін активтендіруге əсер етті. Төртіншіден, совет дə-
уіріндегі қоғамдық өмірде болып жатқан алуан түрлі өзгерістер
мен жаңалықтар əдеби тілдің өзгеріске түсуіне, дамуына əсер етіп
отырды.

Тілдің фонетикалық жүйесі, грамматикалық құрылысы консер-
вативті, баяу өзгеретін болса да, совет дəуірі тұсында тілдің бұл
салаларында болып жатқан жаңалықтарды көруге болады. Тілдің
ішкі даму заңдылықтары нəтижесінде болған өзгерістермен бірге
сыртқы экстралингвистикалық құбылыстардың əсерінен пайда
болған жаңалықтардың көптеген үлгілерін байқай аламыз. Ол

236 Қазақ əдеби тілінің тарихы

əсіресе əдеби тіліміздің лексикалық құрамының қарқынды түрде
баюынан, терминология жүйесінің ғылыми түрде қалыптасып,
өркендеуінен, жаңа сөз жасау процесінің дамуынан, кейбір грам-
матикалық тұлғалар мен үлгілердің активтеніп, олардың стильдік
сипат алуынан, сөз тіркесімділігінің артуы нəтижесінде сөз тір-
кесінің сандық та, сапалық та жағынан өрістей түсуінен, сөйлем
құрылысында болып жатқан жаналық, өзгерістерден, тіпті тіліміз-
дің фонетикалық жүйесінде кейбір дыбыстардың қолданыстық,
орналасу қасиеттерінің я тұрақталып, я жаңа сапаларға ие бо-
луынан байқалады. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы
осы мəселелер шеңберінде қарастырылғанда, оның өресі мен
өрісі, тенденциясы айқын ашылады.

1. Қазақ əдеби тілі қоғамдық қызметінің артуы

Қандай да бір тіл «қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды
қатынас құралы» болса да, əр кез оның қоғамдық қызметі, қызмет
ету шегі мен өрісі, мемлекеттік мəні бірдей бола бермейді. Совет
өкіметі тұсында қазақ əдеби тілінің қоғамдық қызметі өзгерді,
жаңа белеске көтеріліп, сапалық қасиетке ие болды. Ана тілінде
оқу, оқыту процесі жүрді. Тек совет дəуірінде ғана қол жеткен
жаппай сауаттандырумен бірге ана тілінде орта жəне жоғары білім
алу халқымыздың тілге деген көзқарасын өзгертіп қана қойған
жоқ, оған жаңа мəн үстеп, қолданылу өрісін кеңейтті. Мұның өзі
қазақ əдеби тілінің революциядан бұрын болмаған жаңа қоғамдық
қызметін тудырды. Тілге деген жаңа көзқарас, оның бүкіл адамзат
жасаған ғылыми, мəдени, əдеби, рухани байлықтарының келесі
ұрпаққа жету, жеткізу құралы екені туралы түсінік қалыптасты.
Сонымен бірге қазақ əдеби тілі алғаш рет тек совет дəуірінде рес-
ми тіл, мемлекеттік тіл болып қалыптасты. Рас, революциядан
бұрын да көбіне мерзімді баспасөз беттерінде қазақ тілінде ресми
іс-қағаздар, документтер жарияланып отырғаны белгілі, Бірақ ол
тұрақты емес, көбіне жекелеген ресми материалдардың, қазақша
аударылып берілген нұсқасы еді. Ал революциядан кейінгі кез-
де қазақ тілінің ресми мемлекеттік тілге айналу қасиеті мүлдем
басқаша болды. Мұның өзі қазақ халқының өзінің жеке мемлекеті
құрылумен, онда іс жүргізу ана тілінде болумен, əртүрлі ресми

Қазақ əдеби тілінің тарихы 237

документтердің қазақ тілінде қабылданылуымен, қазақ тілінде жа-
рияланып, халыққа ана тілінде жетумен байланысты.

Қазақ əдеби тілінің қоғамдық қызметінің өзгеріп, жаңа сапаға
ие болуы – ұлттық театрдың өмірге келуімен, неше түрлі жина-
лыс түрлерінің қазақ тілінде өтуімен, қоғамдық өмірден радио,
теледидар берік орын алуымен де тығыз байланысты екені күмəн
тудырмайды. Өйткені бұл сияқты мəдени құбылыстар əдеби тілді
пайдаланып қоюға ғана емес, сонымен бірге оның дами түсуіне,
стильдік тармақтарының саралана түсуіне, жалпы əдеби тілдің
жетіле, өркендей түсуіне, оның жеке салаларының толықсып жаңа
сипат алуына, коммуникативтік қызметінің өркендеп, эстетикалық
қызметінің əсерлі, əрлі бола түсуіне əсер етеді. Мұның өзі тек
өркендеген əдеби тілдің жетістіктері, көріністері болып табылады.

Қазақ қауымының мəдени өміріне Октябрь революция-
сы əкелген үлкен өзгерістер мен соны жаңалықтардың бірі –
баспасөз органдарының, бір жағынан, саны көбейіп, екінші
жағынан, сапалық қасиетінің артуы болып саналады. Революция-
дан бұрын шығып тұрған газет-журналдар сан жағынан аз, əрі са-
пасы жағынан да төмен еді. Тіпті басқа жағын былай қойғанда,
Октябрь революциясы алдындағы қазақтың мерзімді баспасөз тіл
құрылысы майданында бірсыдырғы қызмет атқарғанмен, оның
негізгі күрделі мəселелерін толық шешіп бере алған жоқ. Қазақ
тілінің публицистикалық, ғылыми əдебиеттерге тəн стильдік
тармақтарының негізі қалана бастап, қолданылу аясы айқындала
түсіп, оның қалыптасуында алғашқы қадамдар болғанымен,
олардың аражігі толық ашылып, жүйелі түрде бір ізге түсіп, са-
раланып кете алмады. Басқаны былай қойғанда, бір жағынан,
кітаби тіл дəстүрінің сақталып келуі, екінші жағынан, сөйлеу
тілі элементтерінің сұрыпталмай, сымбатталмай, қалай болса
солай қолданылып отыруының өзі əдеби тілдің əлі де кемеліне
келмегендігін байқатады. Əдеби тілдің сұрыпталған сипатын
дамытып, нормалық қасиетін орнықтырып, икемділігін артты-
рып, коммуникативтік қызметін кеңейтумен бірге тұрақтандыру
процесін қалыптастыруда советтік баспасөз органдарының алатын
орны ерекше.

Совет өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көркем
əдебиеттің əртүрлі жанрлары қарыштап дамыды, түр жағынан

238 Қазақ əдеби тілінің тарихы

көбейіп, мазмұн, сапа жағынан байи түсті. Қазақ совет əдебиетінің
негізін қалаушылар Сəкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың,
Бейімбет Майлиннің, жыр алыбы Жамбылдың жəне басқа да өлең
сөз кестесі шеберлерінің лирикалары мен поэмалары да поэзиядағы
Абай негізін салған дəстүр жалғаса түсті, жаңа өмірге, советтік
шындыққа байланысты жаңа шешім, көркемдік жарастық тауып,
көркем поэзияның өркендеуіне, өмір шындығын реалистік тұрғыда
əсем де əсерлі бейнелеуге, сөйтіп, жаңа белеске көтерілуге негіз
болды. Мысалы, Абай, Сəкен, Ілияс шығармаларынан алынған
мына бір кішкене үзінділерге назар аударалықшы.

Асау той, тентек жиын, опыр-топыр,
Ішінде түсі суық бір жан отыр.
Алысты тұманданған ол ойлайды,
Өзге жұрт ойды нетсін, өңкей соқыр.

(Абай)

Ақ селеу, ақ бөкендей, аппақ саңлақ,
Ақ тұлпар, жел жетпейтін ұшқыр қабақ
Мініп ап «шу!» деп кетсең, жоқ болады,
Жалғыз-ақ білдірмесе қалған шаңдақ.

(С.Сейфуллин)

Нəн ноян, жүйрік жуан, саңлақ ылғи,
Жиналды Əлімқұлға датқа мен би.
Үйсіннің өңшең құсы ұшып жетті –
Тау бүркіт, күшігендер, мықи қырғи.

(І.Жансүгіров)

Суреттеу ситуациясы, оқиға желісі, негізгі шығарма объектісі
басқа-басқа болса да, ойды образды беруде, тіл шеберлігінде, сөз
қисынында көптеген ортақтықтар байқалады. Автордың айтайын
деген негізгі ойына қазық болған біріншіде той, жиын, екіншіде
селеу, бөкен, саңлақ, үшіншісінде ноян, жуан, саңлақ тұлпар не-
месе бүркіт, күшіген қырғи, т.б. сөздер болса, олар өлең ішінде
тек бейтарап мəнде, жалаң ұғымда қолданылмай, оқушы сезіміне
əсер етіп, ерекше мəнде асау той, тентек жиын, опыр-топыр жəне

Қазақ əдеби тілінің тарихы 239

ақ селеу, ақ бөкендей, аппақ саңлақ, ақ тұлпар (жел жетпейтін),
ұшқыр қабақ жəне нəн ноян, жүйрік жуан, ылғи саңлақ, тау
бүркіт, күшігендер, мықи қырғи болып экспрессиялы түрде
қолданылған. Осы үзінділердегі əрбір сөздің контекстік мəнін,
бір-бірімен тіркесіп қолдануда беретін мағыналарын өлеңнің жал-
пы құрылысымен салыстыра қарасақ, олардың арасындағы ой
жақындығына, сөз сақтау шеберлігінің ұқсастығына көзіміз жете
түседі.

Қазақ поэзиясын биік белеске көтеріп, əдеби тіл ауқымын
кеңейтіп, икемділігін арттыра түсуде кейінгі жылдардағы (1940–
1980) талантты ақындарымыздың рөлі зор болғаны арнайы айтпа-
са да белгілі.

Қазақ əдебиетінде шағын прозадан бастап үлкен прозаға,
эпопеяға дейін дамып, тек совет əдебиетінде ғана емес, дүние
жүзілік əдебиетке үлкен үлес болып қосылған шығармаларды айт-
пай кетуге болмайды. Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Əуезовтің,
Сəбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің
əңгіме, повесть, романдарынан бастап, кейінгі шақтарда оқыр-
мандарын тамсандырып, ел құрметіне бөленген жазушылар шы-
ғармалары, бір жағынан, қазақтың көркем прозасының көтерілген
деңгейін танытса, екіншіден, қазақ əдеби тілінің өсіп, өркендеуін,
шыққан шыңын көрсетсе керек.

Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде қарқынды дамуына үлкен
əсер еткен фактордың тағы бірі – қазақ тілінің, бір жағынан,
ғылыми зерттеу объектісі болып, оның саналы да сапалы түрде да-
муына бағыт-бағдар белгіленіп отырылуы десек, екіншіден, оның
жеке ғылым саласы болып қалыптасқанын естен шығаруға бол-
майды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында, яғни 1920 жыл-
дардың өзінде-ақ ең алдымен алфавит, емле, терминология сияқ-
ты негізінен практикалық мəселелерден бастап, қазақ тіл білімі-
нің жеке салалары терең де кең ауқымды монографиялық зерт-
теулермен толыға түсті. Сөйтіп қазақ əдеби тілінің фонетика-
лық, лексикалық, грамматикалық заңдылықтарын реттеп, нормаға
түсіру ісімен бірге оның жан-жақты даму процесін барлап қада-
ғалауға толық мүмкіндік те туды.

240 Қазақ əдеби тілінің тарихы

2. Қазақ əдеби тілі құрылымы мен
құрылысының даму тенденциялары

Совет дəуірінде қазақ əдеби тілінің жан-жақты тез қарқынмен
дамуына мүмкіндік туды. Өйткені қоғамдық өмірде болып
жатқан саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени өзгерістер
əдеби тілдің дамуына, кейде үлкен жаңалық, өзгерістерге ұшы-
рауы на əсер ететіні белгілі. Ең алдымен, қазақ тілінде алфа-
вит мəселесінің айқындалып, тілдің фонетикалық жүйесіне сай
тұрақты қалыптасуына байланысты оның дыбыстық құрамы,
əр дыбыстың жасалу орны мен жолына, артикуляциялық
ерекшеліктеріне, сөйлеуде қолданылу орны мен тұрғысына қарай
сипаттары анықталып, шеңбері айқындалды. Қазақ тілінің негізгі
фонетикалық заңдылықтары тұрақталып, əр дыбыстың сөз по-
зициясында қолданылу сипаты сараланды. Сонымен бірге тілдің
фонетикалық жүйесіне бұрын ене қоймаған в, ф, х, ч, щ, т.б.
сияқты жаңа дыбыстар негізінен орыс тілінін əсерімен біртіндеп
қалыптасып, орын ала бастады. Бұл дыбыстар тілімізге орыс тілінің
сөздері жəне орыс тілі арқылы келген интернационалдық лексика-
мен бірге бірте-бірте тіліміздің фонетикалық жүйесіне еніп, қазір
одан берік орын алып отыр. Бір ерекшелігі – ол дыбыстар кірме
сөздердің құрамында ғана жұмсалып, бөтен тілден келген қасиетін
жоймаса да, байырғы дыбыстарға тəн кейбір қасиеттерге ие бола
бастады. Мысалы, қатаң дауыссыз дыбыс қатарына енетіндіктен,
олардың көпшілігі түбір соңында келгенде, дыбыс үндестігі бой-
ынша қатаң дыбыстан басталатын қосымшаларды ғана қабылдай
алады.

Совет өкіметінің орнап, жаңа, өскелең мəдениеттің, ғылым мен
техниканың, оқу-ағарту ісінің дамуы қазақ халқының экономика-
сын, əлеуметтік тұрмысын өзгертіп, сонымен қатар əдеби тілді
жаңа сатыға көтеріп, оның қолданылу аясын, жұмсалу арнасын
кеңейте түсті, өйткені əрбір жаңа қоғамдық құбылыс, əрбір жаңа
ұғым өзімен бірге өзін бейнелейтін жаңа сөз бен сөздер тіркестерін
ала келеді немесе ескіні жаңартып, жаңғыртады. Совет дəуірінде
қазақ тілі лексикасының байи түсуге көптеген жаңа сөздердің жа-
салу жолдарын, сондай-ақ бөтен тілден сөздердің қазақ тіліне ену
тенденциясын осы кездегі баспасөз, басқа да жазба əдебиет мате-

Қазақ əдеби тілінің тарихы 241

риалдары арқылы көрсетуге болады. Өйткені жаңа ұғым сияқты
əдеби тілге ене бастаған жаңа сөздер, терминдер алғаш баспасөз
беттерінде көрініп отырады.

Жаңа қоғамның орнауына байланысты туған жаңа сөздер
терминдер қоғамдық өмірдің алуан түрлі саласында өз орында-
рын тауып, қолданылып жүрді. Қазақстанда Совет өкіметінің
салтанат құруына орай қазақ тілінің лексикасы жалпы саясаттық
жəне əкімшілік істері терминдерінің енуімен байи түсті: саясат
жəне мемлекет, сыртқы жəне ішкі саясат, соғыс жəне бейбітшілік
мəселесі, ұлт мəселесі, мемлекеттік жаңа басқару органдарымен
байланысты туған көптеген жаңа ұғымдар пайда болды. Əсіресе
революция, оның жеңісі, революциялық қозғалысқа, коммунистік
партияның, саясаты мен жүргізіп отырған ісіне қатысты револю-
ция, ереуіл, қозғалыс, тап, тап тартысы, большевик, еңбекші, ли-
берал, партияның ұлт мəселесі, қаулы, қарар, жарыс сөз, шешен,
жоба, программа, əдіс, мүше, үндеу, партбюро, партком, атқару
комитеті, съезд, конференция, есепті баяндама, т.б. да əр алуан
сөздер тілімізде орнықты. Рас, совет екіметінің алғашқы жылда-
рында жаңа ұғым бір ғана сөзбен аталып, əдеби тілге бірден еніп
кете бермеді. Мысалы, революция сөзі кейде төңкеріс деп те алы-
нып, жарыс сөз бірде талас сөз, бірде тартыс болып, коммунистік
деген кейде ортақшыл, орталық деген кіндік болып та қолданылып
жүрді.

Жаңадан партия, совет органдарының, мекемелерінің қазақ
даласына келуімен байланысты тілімізге көптеген жаңа мекеме,
ұйым, лауазым, қызмет атаулары енді. Өндірістің неше түрлі са-
ласы дами түсті, экономикалық өмірдегі жаңалықтар тілімізге
жаңа сөздер енгізді. Мəдениеттің өрлеуімен бірге əдебиет, өнердің
əр саласы дамып, ілгері басты, театр өнері өрбіді, оқу-ағарту ісі
дамыды. Мəдениет пен халық ағарту ісінің алуан саласындағы
ұғымдарды бейнелейтін көптеген жаңа сөздер тілімізге енді.
Ғылым мен техника саласында да бұл кезеңде қазақ тіліне аз сөз
енген жоқ. Қазақ елінде бұрын болмаған жаңа техника, ғылымның
əр саласы (физика, химия, биология, медицина, математика, гео-
логия, астрономия, кибернетика, астрофизика, қолданбалы мате-
матика, механика, гидрогеология, т.б.) өзімен бірге талай-талай
жаңа сөздер, тіркестер əкелді. Бұрынғы қазақ елінде бірді-екілі

242 Қазақ əдеби тілінің тарихы

заң, право мəселелеріне байланысты сөздер бар болса, енді ар-
наулы мекемелердің құрылуымен, олардың қызметі артып, іс
жүргізуімен байланысты көптеген жаңа ұғымдар, сонымен бірге
көптеген жаңа сөздер пайда болды.

Əрине, қазақ əдеби тілі лексикасының баюы, дамуы əртүрлі
жолдармен болып отырды. Соның бірі – тілдің өз ішкі мүмкін-
шіліктерінің негізінде дамуы. Совет дəуірінде қазақ əдеби тілінде
бұрыннан қолданылып келе жатқан сөздер сол күйінде ғана пайда-
ланылып немесе оларға жаңа мағыналық реңк үстеліп, тіркесімді-
лік қабілеті артып, қызметі кеңейіп қана қойған жоқ, сонымен
бірге олар жаңа мағынада қолданылып, жаңа сөз тудыру процесіне
де қатысып отырды. Сөйтіп сөз жасаудың лексика-семантикалық
жолы мықтап өркендеп, əдеби тілді дамытып, байытуға елеулі
үлес қосты. Əдеби тілде бұрыннан қолданылып келген байырғы
сөздер жаңа мағынада жұмсалып, сөздер мағынасының тарылу
я кеңею процесі айқын көрініп отырады. Мысалы, Қазақ жас-
тарына бұған дейін болған кемшілік көзқарасты тастап, орыс
жастарымен бірдей қарау керек (ҚҚ – «Қызыл Қазақстан» жур-
налы, 1922, №10). Майда болған сайлауда бейнетқорлар даусын
дендеп эсерлерге, меньшевиктерге, кадеттерге берген еді (ЕҚ –
«Еңбекші қазақ», 1923, 25 май). ...қалың – еңбекшіл бұқара-
ның арасында үндеу тарату керек болады (ЕҚ, 1923, 9 июль).
Партияға түсуге екпін бар (ЕҚ, 1923, 9 июль), ...əлеумет дүкеніне
міндетті мүше (член) болып жазылу керек (ҚҚ, 1922, №11).

Мысалдағы көзқарас сөзі бұрын адамның бір затқа қарауы, көз
салуы, көз тастауы мағынасында ғана қолданылса, енді адамның
белгілі бір құбылысқа, мəселеге деген түсінігін, пікірін, ойын
(мировоззрение) байқатады. Дауыс сөзі бұрын ауыздан шыққан
дыбыс мағынасын білдірсе, енді ол сонымен бірге жана мəнге
ие болып, мақұлдау, қолдау сияқты ауыс мағынаны білдіретін
болды. Сол сияқты мəжіліс, қамқор, мүше, шешен сияқты то-
лып жатқан байырғы сөздердің, жаңа мағынада қолданылғанын
байқау қиын емес. Дəл осындай тіл сөзінің жаңа мағынада
қолданылғанын байқауға болады. Тіл сөзі баспасөз дегенмен сино-
нимдес мағынада айтылып, орган деген сөздің орнына қолданыла
бастайды. ...партияның орталық тілі болған «Правда» газеті
қуаттандырылуға тиіс (ҚҚ, 1924, №3). Соңғы кезде тіл сөзінің осы

Қазақ əдеби тілінің тарихы 243

мағынасы қолданылудан шығып, қазір оның орнына орган сөзі
қолданылатын болды (партияның орталық тілі емес, партияның
орталық органы). Бұл сөзден -ші жұрнағы арқылы тілші деген
жаңа сөз де совет дəуірінің алғашқы жылдарында жасалған: Қол-
дан келгенше жұмысшылардың арасынан шыққан тілшілердің
санын арттырып... (ҚҚ, 1924, №3). Жұмысшылар тұрмысы, ауыл
тұрмысы туралы жазып тұратын тілшілерді көбейтуге жəрдем
көрсету керек (сонда). Мысалдағы тілші сөзі корреспондент
дегеннің орнына қолданылып, белгілі бір мамандықтың атын
білдіріп тұр да, ол əдеби тілімізден берік орын алып, күні бүгінге
дейін қолданылып келеді.

1920 жылдары тіл сөзі хабар, жар салу мағынасында да қол-
данылғанын көреміз: Адай ревкомы мен халық ағарту бөлімі
тіл соғып, оқуға ыждиғатты жас азаматтарға күн ілгеріден орын
көздестірудің жолында (ЕҚ, 1923, 30 июль). Сол сияқты құрал сөзі
де бұл кезеңде жаңа мағынада, əдеттегі аспап (инструмент, сред-
ства), жарақ, əскердік қаруы (вооружение) мағынасынан бөлек,
соның үстіне орыс тіліндегі пособие сөзінің баламасы ретінде
қолданылатын болған. Ол үйірмелерде ең алдымен құрал есебінде
жолдас Лениннің өз кітаптары жүргізілсін (ҚҚ, 1924, №3).

Осы тəрізді сөздер 1920 жылдардағы жазба əдебиет тілінде
көптеп кездеседі: бөлім (секция), үндеу (призыв), шарт (договор),
шешен (дипломат), əдіс (метод), алқа (коллегия), əуесқой (люби-
тель), орынбасар (заместитель), ұя (ячейка), ұйым (организация),
одақ (союз), нығайту (утвердить), т.б. Бұл сияқты сөздер ана
тілінің материалдары негізінде пайда болғанымен, олардың жаса-
луына орыс тілінің тигізген ықпалы да жоқ емес.

Жаңа сөз жасаудың осы лексика-семантикалық жолы кейінгі
кездерде де өрістей түсті. Кейінгі жылдары, бір жағынан, бұл
сияқты жаңа сөздердің көпшілігі орнығып, əдеби тілдің төрінен
мықтап орын алып, жалпы халықтық тілдің игілігіне айналса,
кейбірі қолданудан біртіндеп шығып та қалып отырды. Екінші
жағынан, осымен бірге жаңа сөз жасау процесі тоқталмай, қатар
жүріп отырды. Белгілі дəрежеде одан да орыс тілінің əсер-
ықпалы байқалады: Күрті су қоймасы арқылы Жетісудың жар-
тылай шөлейт жерін суландырып, оны халық игілігіне пайдала-
ну үшін осында ғажайып құрылыстар салына бастады (СҚ, 1965,

244 Қазақ əдеби тілінің тарихы

4 декабрь). Цехты биыл пайдалануға беру белгіленіп отыр (СҚ,
1968, 29 март). Қазіргі жиі қолданылып жүрген қойма, пайдала-
ну сөздерінің алғашқысын совет дəуірінде пайда болған сөз деп
есептесек, соңғысын мағына өрісі кеңейген сөздердің қатарына
жатқызамыз. Қойма сөзі орыс тіліндегі «хранилище» сөзінің
əсерінен жасалғаны белгілі (Абайдағы: қысқа күнде қырық жер-
ге қойма қойып дегендегі қойма мүлде бөлек, мұнда қойма образ-
ды түрде бəле, жала деген мағынада жұмсалған), бірақ бұл жерде
əдеттегі белгілі бір затты я жүкті қоятын орын мағынасымен қатар
сумен байланысты мағынада (су қоймасы) қолданылатын болды.
Сондай-ақ пайдалану етістігінің орыс тіліндегі «использовать, вос-
пользоваться» дегендердің баламасы ретінде бірінші сөйлемдегі
қызметі мен мағынасында қолданылуы Совет өкіметінің алғашқы
жылдарындағы мерзімді баспасөз тілінде орныға бастап, кейін қа-
лыптасып кетсе, екінші сөйлемдегі (пайдалануға беру) мағынасы –
орыс тіліндегі «сдать в эксплуатацию» дегеннің ықпалынан туған
соңғы кезде ғана пайда болып, орныға бастаған құбылыс.

Əдеби тілде осындай жаңа сөздердің, жаңа мағынасы тууымен
бірге олардың қолданылу аясы кеңейіп, басқа сөздермен тіркесу
мүмкіндігі де артып отырды. Оны, мысалы, орыс тіліндегі идеал
мағынасында қолданылған мұрат сөзінен байқауға болады. Қай
ұлт екеніне қарамай-ақ жалпыға ортақ коммунистік мұраттарды
жүзеге асыру жолында күресіп жатыр («Қазақ əдебиеті» газеті,
1965, 25 июнь). Ол жоқ жерде адамның аяулы өмірі асыл мұрат-
тар жайындағы кескекті күреске емес, əншейін күнделікті тірлік-
ке айналып кетер еді («Лениншіл жас» газеті, 1965, 31 октябрь).
Тарихтағы əрбір елеусіз, ескерусіз ақиқаттарды анықтағанымыз
адамзаттың ежелден бері күресіп келе жатқан асқар таудай абзал
мұраттарын қорғағанымыз болып табылады (сонда).

Совет дəуірінде қазақ əдеби тілінің дамуына орыс тілінің
тигізген əсері мол. Лексика саласының өзінде ғана орыс тілінің
мыңдаған сөздері жазба əдебиетке еніп, кейін біртіндеп əдеби
тілге толық сіңісіп жатады. Сондай-ақ қазіргі тіліміздегі
интернационалдық сөздердің, əсіресе терминдердің көбі орыс
тілі арқылы енген. Олардың əдеби тілде жиі қолданыла бастап,
кейін тұрақтану процесін осы кезеңдердегі мерзімді баспасөз
тілінен айқын байқауға болады. Қазіргі мерзімді баспасөз тілінде

Қазақ əдеби тілінің тарихы 245

орыс тілінен енген сөздердің саны да, қолданылу аясы да едəуір
екенін байқаймыз, кейбір зерттеулерге қарағанда, баспасөз тілінде
жұмсалған жалпы сөз санының жəне сөз қолданысының 17–18
проценті орыс тілінен енген сөздер болып келеді1.

Совет дəуірінде бұрыннан белгілі кейбір байырғы
жұрнақтардың жалғану өрісі кеңейіп, бұрын жалғанбаған сөздерге
үстеліп, жаңа ұғым, жаңа сөз, термин тудыратын болды. Сөйтіп
əдеби тілдің лексикасын байытып, грамматикалық құрылысын
дамыта түсті. Бұл жұрнақтар қазақ тілінің байырғы сөздеріне
де, орыс тілінен енген кірме сөздерге де жалғанып, жаңа ұғым
тудырады. Мысалы, нұсқаушы, үндеуші, бақылаушы, насихат-
шы, хабарламашы, жетекші, төреші, шабуылшы, аялдама,
көрермен, оқырман, жаңашыл; жұмалық, апталық, белсенділік,
прогресшіл, технологиялық, экономикалық, тиімділік, айлық,
естелік, бастауыш, баяндауыш, көшірме, тіркеме, бастама, ай-
налым, басылым, қозғалыс, жауапкершілік, кəсіпшілік, мамандық,
ұйымдастырушылық, автоматтандыру, механикаландыру, кө-
галдандыру, ынталандыру, мамандандыру, жылжымалы, таны-
малы сияқты тағы басқа толып жатқан сөздер совет дəуірінің
əр кезеңінде əдеби тілге еніп тұрақтанды. Бұлармен бірге совет
дəуіріндегі қазақ əдеби тілінде сөз тудырудың басқа тəсілдері
де, атап айтқанда, аналитикалық жолмен сөз жасау процесі де,
мықтап өріс алып, дами түскенін көреміз. Аналитикалық тəсілмен
сөз жасаудың байырғы түрлері сөздерді біріктіріп, қосарлап
жəне күрделендіріп қолданумен бірге тек осы кезеңде ғана туып
қалыптаса бастаған түрі – қысқартып қолдану амалы да əдеби тіл-
ден мықтап орын алады: азық-түлік, үгіт-үндеу, саяси-ағарту-
шылық, мəдени-ағарту, саяси ағарту, саяси-тəрбие, ғылыми-
зерттеу, көркемдік-творчестволық, газет-журнал, өнеркəсіп,
баспасөз, халықаралық, бесжылдық, бессайысшылар, жанкүйер,

обком, ревком, РКСМ, СССР, жарыс сөз, тап тартысы, атқару

комитеті, еңбек ақы, еңбек кітапшасы, т.б.

Əрине, жаңа ұғымдардың келуімен байланысты жасалып

отырған жаңа сөздер əрдайым сəтті болып, əдеби тілге бірден еніп,

орнығып та кете бермеді, кейде бір ұғымда бірнеше сөз жарыса да

1 Исаев С. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы. Алматы, 1973, 42-бет.

246 Қазақ əдеби тілінің тарихы

қолданылып жүріп, кейін оның біреуі ғана тұрақтап, қалыптасты.
Мысалы, 1920–30 жылдардың өзінде кеңес – совет, төңкеріс – ре-
волюция, председатель – бастық – төрағасы, шешен – білімдер –
сөзшең – оратор, мəлімдеме – арыз – заявление, кіндік – орта –
астана, топ – жиылыс (конференция), бағасы – хақы – бəсі – нарқы,
оқу жұрты – оқу ордалары – оқу орындары, т.б. көптеген парал-
лель сөздер қолданылып отырылды. Бір ұғымды бірнеше сөзбен
белгілеу сипаты 1931 жылы Қызылордада алғаш жарық көрген
«Атаулар сөздігінің» өзінде көп кездесіп отырады.

Совет дəуірінде қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамында
ғана емес, грамматикалық құрылысында да кейбір морфологиялық
тұлғалардың, сөз тіркестері типтерінің стильдік сипат алып, бел-
гілі жазба əдебиет жанрында ғана қолданылу дағдысы немесе сон-
да активті қолданылуы байқала бастайды. Сөйтіп кейбір тілдік
элементтер стильдік сипатқа ие болып, əдеби тілдің икемділігін,
сымбаттылығын арттыра түсіп, стильдік жағынан сұрыптала бас-
тайды. Мысалы, көркем шығарма тілі, мерзімді баспасөз тілі,
ғылыми əдебиеттер тілі, ресми іс-қағаздар тілі бір-бірінен жеке-
леген сөздерді қолданудан ғана емес, ойды білдірудегі əдістердің
əртүрлілігіне байланысты – жекелеген тілдік тұлғалардың, грам-
матикалық формалардың сұрыпталып, таңдалып жұмсалуының
арқасында ажырап, сараланып, стильдік тармақ ретінде қалыптаса
бастайды. Соның ішінде мерзімді баспасөз тілінде, ғылыми
əдебиеттер тілінде сандық жағынан көп қолданылатын стильдік си-
пат алған формаларға -и тұлғалы қатыстық сын есімдер (ғылыми,
ресми, т.б.), -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -шыл, -шіл, -ма, -ме,
-ба, -бе, -па, -пе қосымшалы зат есімдер мен сын есімдер, -уда,
-уде тұлғалы баяндауыштар, ортақ жəне ырықсыз етіс тұлғалары,
терминдік мағынадағы лексикаланған атаулық изафет тіркестер
жəне басқалары жатады.

Совет дəуірінде жай сөйлем құрылысының күрделене түсу
тенденциясын да байқаймыз. Мұнда ауызекі сөйлеу тілінде, əр-
түрлі шежірелерде, ертегілерде, революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөз тілдерінде көп қолданылатын жай сөйлемнің жалаң түр-
лері ғана кездесіп қоймай, сонымен бірге жайылма түрі де, əртүрлі
есімшелі, көсемшелі сөз орамдары бар күрделі сөйлемдер де өте
жиі ұшырасып отырады. Ал жалаң сөйлемдер сирек кездеседі.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 247

Сол сияқты құрмалас сөйлемнің қазіргі түрлерін жазба əде-
биет тілінің кез келген түрінен де ұшырастыра аламыз. Револю-
циядан бұрынғы баспасөз материалдарын, ауыз əдебиет үлгілерін
құрмалас сөйлем жүйесі жағынан салыстыра қарасақ, совет дə-
уіріндегі мерзімді баспасөз тілінің кейбір ерекшеліктерін, ком-
поненттерінің күрделіне түскен формаларын байқай аламыз. Ауыз
əдебиеті нұсқаларында (ертегілер, жыр, шежіре), «Дала уалаяты
газеті», «Түркістан уалаяты газеті», «Айқап» журналында көп
ұшырап отыратын құрмалас сөйлемнің жалаң компоненттері, не
жай сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің (көбіне баяндауыш) орны-
на бұл кездегі жазба əдебиет тілінде кемеліне келген толымды
компонентті құрмалас сөйлемдер жұмсалады.

Сөйтіп сөйлемнің құрамдық, құрылымдық, тұлғалық түрлерінің
қолданылуында белгілі тенденцияның барлығы да байқалады.
Мысалы, құрмалас сөйлемдер, олардың көптеген түрлері қол-
данылуымен бірге жай сөйлемдердің бірыңғай үйірлі мүшелер
арқылы күрделенген жайылма түрлері көбірек қолданылып, жай
сөйлем құрамындағы сөздердің саны арта түседі. Сөйтіп қазақ
əдеби тілі барлық жағынан кемелдене түсті.

ƏДЕБИЕТТЕР

Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. Алматы, 1954.
Абай тілі сөздігі. Алматы, 1968.
Айдаров Ғ., Құрышжанов Ə., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіш-
терінің тілі. Алматы, 1970.
Алдаспан. Алматы, 1971.
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Ал-
ма-Ата, 1959.
Аманжолов С. О диалектной основе современного казахского языка //
Известия АН КазССР, серия филологии и искусствоведения, 1955,
вып. 3–4.
Аманжолов С. Қазақтың əдеби тілі (көпшілікке арналған лекцияның сте-
нограммасы) // Алматы, 1949.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.
Əбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы, 1971.
Əбілқасымов Б. XІX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ əдеби тілі.
Алматы, 1982.

248 Қазақ əдеби тілінің тарихы

Əбілқаев А., Өмірəлиев Қ. Қазақ тілі тарихи грамматикасының практи-
кумы. Алматы, 1973.
Əуезов М. Қазақтың əдеби тілі туралы // «Əдебиет жəне искусство» жур-
налы, 1951, №4.
Балақаев М. Əдеби тілдің дамуы туралы бірер сөз // «Қазақ тілі мен
əдебиеті» журналы, 1958, №1.
Балақаев М., Жанпейісов Е. Əдеби тіліміздің қалыптасу тарихынан бірер
сөз // «Қазақстан мектебі» журналы, 1964, №2.
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ əдеби тілінің мəселелері.
Алматы, 1961.
Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ əдеби тілінің тарихы.
Алматы, 1968.
Балақаев М. Қазақтың əдеби тілінің өсу жолы // «Халық мұғалімі» жур-
налы, 1941, №1, 2.
Балақаев М. Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары. Алматы, 1984.
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің сти-
листикасы. Алматы, 1974.
Балақаев М. Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері. Алматы, 1965, ықшам-
далып, екінші басылуы. 1971.
Бес ғасыр жырлайды. 1, 2, 3-т. Алматы, 1984.
Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили. М., 1967.
Виноградов В. В. Проблемы литературных языков и закономерности Их
образования и развития. М., 1967.
Виноградов В. В. О языке художественной литературы. М., 1959.
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. Алматы, 1974.
Дербісəлин Ə. Дəстүр мен жалғастық, Алматы, 1976.
Ертедегі əдебиет нұсқалары. Алматы, 1967.
Ефимов А.И. История русского литературного языка. М., 1954.
Жанпейісов Е., Томанов М. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы
қазақ əдеби тілі туралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының
мəселелері, 5-шығуы, Алматы, 1963.
Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968.
Жанпейісов Е. Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1970.
Жиреншин Ə. Қазақ кітаптары тарихынан. Алматы, 1971.
Жұбанов Қ. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата, 1966.
Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. Алматы, 1978.
Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері. Алматы,
1958.
Жұмалиев Қ. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдебиеті. Алматы, 1967.
Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті тарихының кейбір мəселелері жəне Абай
поэзиясының тілі. ІІ том. Алматы, 1960.
Жазушы жəне сөз мəдениеті. Алматы, 1983.
Исаев С. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы. Алматы, 1973.

Қазақ əдеби тілінің тарихы 249

Исаев С. Қазақ əдеби тілінің қалыптасып, даму кезеңдері. Алматы, 1976.
Исаев С. XX ғасырдың басындағы қазақтың жазба əдебиеті мен əдеби
тілі туралы. Қазақ əдебиеті, екінші кітап. Алматы, 1970.
Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы, Алматы, 1983.
Кəрімов X. Майлин əңгімелеріндегі ортақ төл сөз // Қазақ ССР Ғылым
Академиясының хабарлары, қоғамдық ғылым сериясы. 3-шығуы, 1963.
Кəрімов X. Кейбір жұрнақтардың əдеби тілде сөз тудыру қызметі тари-
хынан // Қазақ тілі мен əдебиеті, 2-шығуы, 1972.
Кеңесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка.
«Советский Казахстан», 1959, №9.
Кеңесбаев С. Развитие казахского литературного языка в советское вре-
мя // «М.О. Ауэзов»: Сб. статей к его 60-летию. Алма-Ата, 1959.
Кеңесбаев С. Əдеби тіліміздің кейбір мəселелері жайында // «Қазақ
əдебиеті», 1959, 15 май.
Кенжебаев Б., Есназаров Ө. XX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. Алма-
ты, 1966.
Кенжебаев Б. Қазақ əдебиетінің тарихы туралы // «Қазақ əдебиеті», 1966,
18 март.
Қазақ əдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы, 1981.
Қалиев Ғ. Қазақ əдеби тілінің тарихы. Методикалық кеңес жəне бақылау,
пысықтау тапсырмалары. Алматы, 1973.
Қордабаев Т. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. Алматы, 1966.
Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мəселелері. Алматы, 1965.
Құрышжанов Ə. Көне түркі тілдерінің жазу нұсқалары мен қазіргі қазақ
тілі // Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарлары. Тіл-əдебиет сери-
ясы, 1974, №1.
Мағауин М. Қобыз сарыны. Алматы, 1968.
Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности. М.–Л., 1951. Ма-
териалы по истории Казахской ССР. т. ІV. М.–Л., 1940.
Мусабаев Г. Становление и развитие казахского литературного языка и
вопросы казахской диалектологии. Алма-Ата, 1952.
Мусабаев Г. О казахском литературном языке // «Казахстан», 1952, №6.
Мұсабаев Ғ. Қазақ əдеби тілін дамытқан эпопея // Қазақтың тұңғыш эпо-
пеясы. Алматы, 1957.
Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. ІІ том. Алматы, 1955.
Наджип Э. Кипчакско-огузский язык Мамлюкского Египта XІV в. АДД.
М., 1965.
Өмірəлиев Қ. Қазақ əдеби тілінің тарихын қай тұрғыдан зерттеу керек //
«Қазақстан мектебі», 1963, №4.
Өмірəлиев Қ. XV–XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. Алматы,
1976.
Сарыбаев Ш. 1920–1930 жылдардағы əдеби тілдің тарихына қатысты
кейбір мəселелер // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мəселе-

250 Қазақ əдеби тілінің тарихы

лері. 5-шығуы. Алматы, 1963.
Сарыбаев Ш. Көркем əдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер // Жазу-
шы жəне сөз мəдениеті. Алматы, 1983.
Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965.
Сауранбаев Н. К истории казахсого литературного языка // Вестник АН
КазССР, 1947, №12.
Сауранбаев Н. Қазақ əдеби тілінің тарихын зерттеу туралы // Қазақ тілі
тарихы мен диалектологиясының мəселелері. 3-шығуы, Алматы, 1960.
Серікқалиев З., Серікқалиева Э. Ақыл таразысы. Алматы, 1976.
Стеблева И. В. Поэзия тюрков VІ–VІІІ веков. М., 1965.
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Алматы, 1968.
Сыздықова Р. XІX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ əдеби тілі // Қазақ
тілі тарихы мен диалектологиясының мəселелері. 5-шығуы. Алматы,
1963.
Сыздықова Р. Əдеби тілдің статусы // Қазақ ССР Ғылым Академиясының
Хабаршысы, 1979, №6.
Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Алматы, 1970.
Сыздықова Р. XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ əдеби тілінің тарихы. Ал-
маты, 1984.
Талжанов С. Көркем аударма туралы. Алматы, 1962.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихы грамматикасы. Алматы, 1988.
Торайғыров С. Шығармалар. Алматы, 1967.
Үш ғасыр жырлайды. Алматы, 1965.
Фазылов Э. Староузбекский язык. Хорезмийские памятники XІV в. т. 1.
Ташкент, 1966.
Хасанова С. Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі. Алматы, 1972.
Xорезми. Мухаббат-наме. Издание текста, транскрипция, перевод и ис-
следования Э.Н. Наджипа. М., 1961.
Ысқақов А. Абай жəне қазақтың əдеби тілі // «Абай тілі сөздігіне»
алғысөз. Алматы, 1968.
Ысқақов А. Алтынсарин жəне қазақтың ұлттық əдеби тілі // Қазақ əдеби
тілінің қалыптасуы мен даму жолдары. Алматы, 1981.


Click to View FlipBook Version