Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 301
-ты, -ті), -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес), -шы (-ші), -ар (-ер, -ір),
-ғыш (-гіш, -қыш, -кіш) қосымшаларының үстіне де жалғана
береді, олардың кейбірімен қосылып, күрделі қосымша жасайды.
Бірде атрибуттық қатынасын білдіріп қолданылса, енді бірде
сөзге абстракциялық мағына үстеп тұрады. Сонымен бірге осы
жұрнақ арқылы жасалған кейбір сөздер басқа сөздермен қабыса
байланысып, кейде терминдік мəндегі тұрақты атаулы тіркестер
құрауға да ұйытқы болады. Бұл қосымшаның осындай қасиеттері
орыс тілінен енген сөздерге жалғанғанда да сақталып отыратынын
көреміз: (қосымша – 6 қараңыз).
Кейде -лық қосымшалы сөздер есімдермен емес, етістікпен
тіркесіп, қимылдың, іс-əрекеттің атрибуты қызметінде де қолда-
нылады. Бұл – негізінен осы қосымшаның мерзімді баспасөз
тілінде ғана кездесетін ерекшелігі.
Жалпы, -лық жұрнағының əр дəуірдегі жазба əдеби тілде жаңа
сөз тудыру қабілеті жоғары екенін байқау қиын емес. Сөйте тұрса
да, бұл қосымшаның жан-жақты қызметі, активтене жұмсалуы
публицистикалық шығармаларда ерекше көзге түседі. Мысалы,
Абай шығармаларында бұл жұрнақ актив қосымшалардың бірі
ретінде кездесіп отырса да (қараңыз: 77, 231–233), поэзиялық шы-
ғармаларына қарағанда, «қара сөздерінде» оның қызметі, қолданы-
лу аясы ерекше. Онда -лық жұрнағының тек сандық жағы ғана
емес, сонымен бірге əртүрлі тұлғалы сөздерге жалғанып, əртүрлі
қатынаста жұмсалып, сөйлемнің əртүрлі мүшесі қызметін атқаруы
бірден байқалады. Мысалы: Ептілік, қырмызылық, сыпайылық –
бəрі соларда (2-сөз). Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? (6-сөз).
Енді елді түзерлігі қалған; басында өзіндік жұмысы бар; солардан
сақтарлық кісі таппақ; ана сөзді ұғарлықтарға айт (8-сөз),
бойларынан адам жақсы көрерлік, көңіл тиянақ қыларлық бір нəрсе
тапсам керек еді; үйір боларлық қайрат (9-сөз); ата-анасын тұзақтан
құтқарарлық бала; мал шашарлық болары; кəсіп қыларлық орынға
жұмсамайсың; ұғарлық ақыл; бұл – абыройын, арын сатып, адам
жау жаулағандық, тіленшілік (10-сөз) рақымдылық, мейірбанды-
лық, байлаулылықтың жоқтығынан азады; қайратсыздығынан
ескірмей, ұстамай кетеді; ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, (14-
сөз), күнəкəрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нəфсі шайтанның
азғыруынан құтқаратын; мейірбаншылық дейтұғын нəрселердің
302 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
бəрі (17-сөз), мұның бəрі масқаралық, ақымақтық; оздым демектің
бəрі де – ақымақшылдық, (18-сөз); əрбір естілік жеке өзі іске
жарамайды (19-сөз), ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанимат (20-
сөз), біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық
деймін; надан атанбастығын (21 сөз) жүз кісіге қорғауықтығынан
жалынып, (22-сөз), əйтеуір өзіңнен наданшылдығы асқан (23-сөз),
малдың тапшылығы (25-сөз), Гомерге бəйіштілігі себепті (27-сөз),
Зевске суретшілігі себепті (27-сөз), бір күн болған буралық неге
жарайды; дүниелік жаса да (29-сөз), сертке тұрғыштығы (30-сөз),
бір ғана білмектіктің өзін дəулет білсең (32-сөз), жасында іс істеп
үйден шықпағандық қылып (33-сөз), мұндайлыққа жетіп ұялған
адамға (36-сөз), қуанбақтық пен бақ-мастықтың үлкені, (37-сөз),
ішінің сафлығының соңында, бұлар да арлылық, намыстылық,
табандылықтан келеді (39-сөз), т.б.
Демек -лық қосымшасының бұндай универсалды жəне
активті қызметі – бұрыннан келе жатқан қасиеті. Совет дəуіріндегі
қазақтың мерзімді баспасөзі қосымшаның осы қасиетін əрі қарай
дамыта түсті.
Зат есімнен кішірейткіш мəнді зат есім тудыратын -ша, -ше
қосымшасы арқылы да бұл дəуірде үздіксіз жаңа сөз жасалып
отырғанын көреміз. Бұл қосымша негізінен төл сөздерге немесе
төл сөз болып сіңісіп кеткен кірме лексемаларға жалғанады. Сон-
дай-ақ осы дəуірде мағына жаңаруы, не қосымша арқылы жасал-
ған бірлі-жарым жаңа сөздерге де жалғанады. Мысалы: Жерге
анықтаб орнықбаған ұйымшалар егін егу үшін арендаға бере ал-
майды (ҚҚ, №10, 1922). Бұл кітапшаның бір артықшылығы
жастардың кемшілігін бадырайтып айтыб, ол кемшіліктерден
құтылу жолдарын да көрсеткен (ҚҚ, №19–21, 1926). Мысалдар-
дағы ұйымша кішкене бірлестік деген мəнде қолданылған,
кітапша, шағын кітап (брошюра) мағынасында жұмсалған. Бұл
сөз орыс тіліндегі книжка деген сөздің баламасы ретінде тұрақты
атаулы тіркестің құрамында жұмсалып қалыптасты. Ондағы
мағынасы брошюра емес, трудовая книжка (еңбек кітапшасы).
Қосымшаның жаңа сөз тудырғыштық қасиеті кейінгі кезеңдерде
де əлсіреген жоқ. Оны мына мысалдан көруге болады. Агроном,
бөлімше басқарушысы, бригадирлер де көп аялдамады бұл жерге
(ЛЖ, 1965, 4 октябрь.) Бұл жылы да өзім сүйіп оқитын «Лениншіл
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 303
жас» пен «Жұлдыз» журналына бөлімшеде бірінші болып жа-
зыламын (ЛЖ, 1965, 16 октябрь).
Мысалдағы бөлімше сөзі екі түрлі мағынада қолданылған:
біріншісі орыс тіліндегі отделение дегеннің баламасы ретінде
де, екіншісі подразделение сөзінің мағынасында жұмсалған. Ал
часть деген мағынада бөлім сөзі қолданылып отырады: Ол жыл
өткен сайын əскери бөлімдерде 2–3 ай бойы жауынгерлік жəне
саяси дайындықтан өтіп отыратын (ЛЖ, 1965, 16 октябрь.)
Баспасөз тілінде етістік түбірден есім тудыратын -ма, -ме, -ба,
-бе, -па, -пе жəне -ыш, -іш, -ш жұрнақтары арқылы жасалған жаңа
сөздер де көп кездеседі. Кейде бұл жұрнақтар негізгі түбірлермен
қатар туынды түбір етістіктерге де жалғанып, жаңа сөз тудырады.
Орда кеңесіне мəлімдеме (заявление) қағаз түсіруі керек (ЕҚ, 30
июнь, 1923). Қазақстан мемлекет басбасы білдіреді: мұнан былай
Орынбордағы қазақ баспақанасына жіберілген қол жазбалар білім
кіндігі бекіткен жаңа емле бойынша қара сиямен һəм анық
жазулары тиіс (ЕҚ, 30 июль, 1923)... бір қатары бұрынғы баста-
уыш мектептерді қотарыб, қайсысы І класс, қайсысы ІІ класс
орысша оқыб, өзгеріс болғалы оқи алмай тұрыб қалғандар (ЕҚ,
2 август, 1923).
Бұл сөздердің біразы-ақ дəл осы кезеңнен бастап əдеби тілі-
мізге сіңісе бастады. Мысалы, бастауыш [мектеп] сөзінің осы
мерзімде ғана қалыптасқанын «Айқап» журналында оның орнына
араб-парсы тілдерінен келген ыбтидаһи сөзінің қолданылғаны-
нан-ақ аңғаруға болады. Ыбтидаһи мектебде чет тілдер өзі де
оқылмайды, қазақче ыбтидаһи мектебді бітірген шакірд ноғай-
лардың орта мектеблеріне түсбекчі яке ғарабче-фарсыче оқумақ-
чы болса, қазақ алфбасындағы жоқ 5-10 харфды екі-үч сабақде
үйренуб білуге болады («Айқап», №8, 1912).
Бұл қосымшалар кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде
де өз активтігін жоғалтқан жоқ. Осы жұрнақтар жалғану
арқылы жасалған жаңа сөздерді совет дəуіріндегі қазақтың
мерзімді баспасөзі өз беттерінде жиі қолданып отырумен бірге
қосымшаның жаңа сөз жасаудағы потенциялық мүмкіндігін де
дамытты. Соның нəтижесінде кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз
тілінде де осы жұрнақтар арқылы жаңа сөздер жасалып отырды.
Мысалы: Қаулыға сəйкес 1966 жылғы 1 январьдан бастап жүк
304 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
автомобильдері, тракторлар, тіркемелер жəне ауыл шаруашылығы
машиналары колхоздар мен совхоздарға өнеркəсіп үшін жəне
басқа тұтынушылар үшін қолданылып отырған көтерме сауда
бағасы бойынша босатылып отырылмақ (СҚ, 1965, 25 декабрь).
Өткен жылы олар терең сайларды бөгеп, су қорын жасау жөнінде
бастама көтерді (СҚ, 1965, 4 декабрь). Алдымда сарғайған газет
қиындылары, фото көшірмелер, суреттер (ЛЖ, 1965, 30 октябрь).
Ал -ыш, -іш, -ш жұрнағы əсіресе техникаға байланысты жаңа
терминдер жасауға көп қатысады.
Баспасөз тілінде көзге түсетін сондай қосымшалардың қата-
рына етістік түбірден есім сөз жасайтын -ым, -ім, -м, -ман, -мен
жəне -ыс, -іс, -с жұрнақтары да жатады. Мысалы: Тарту етілген
кітаптардың ішінде қазақ жазушыларының шығармаларынан
басқа Фердауси мен Низамидің, Науаи мен Айнидің, Айбек пен
Тоқайдың, орыс жəне батыс Европа классиктері шығармаларының
сирек кездесетін басылымдары бар (ҚƏ, 1967, 5 май). «А» класы
мастерлер тобындағы командалардың екі айналымы да аяқталды
(С, 1965, 24 февраль). Бұл мысалдағы басылым, айналым сөздерінің
алғашқысы орыс тіліндегі издание (баспа сөзі тек издательство
дегеннің баламасы ретінде ғана сақталып қалды), кейінгісі круг
деген спорт термині орнына қолданылған. Оны мына сөйлем де
айқындай түседі. Дəл осы кезде жүйріктер екінші айналымды
аяқтап қалған еді. Жетінші айналым... Он алтыншы айналым...
Жиырма үшінші айналым (ЛЖ, 1965, 16 октябрь). Төмендегі
мысалдағы оқырман, көрермен сөздері орыс тіліндегі читатель,
зритель деген сөздердің əсерімен, солардың баламасы ретінде
қалыптасты.
Міне, осы сəттен бастап ол оқырман көңілін селт еткізіп,
баурап алады. (ЛЖ, 1967, 27 октябрь). Оқырмандар бізге жиі-
жиі хат жазады (ҚƏ, 1968, 27 апрель). Кішкентай оқырмандар
СССР халықтарының жəне көптеген шетел жазушыларының
шығармаларымен танысып отырады (СҚ, 1965, 2 июль). Бұл
жаңа вертолет көрермендерден жақсы баға алды (ЛЖ, 1965,
26 май). Əсіресе, еліміздегі ең мықты командалардың бірі –
«Кибиркштисімен» өткізген ойын көрермендер көңілінде
жақсы əсер қалдырды (ЛЖ., 1965, 30 октябрь). Бұл сөздердің
қалыптасу тарихы ерекше. Көп уақытқа дейін бұлармен қатар
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 305
дəл осы мағынада оқушы, көруші сөздері де жарыса қолданылып
келеді. Бірақ соңғылардың бұдан басқа өзіндік мағыналары да
бар болатын. Оқушы негізінен ученик сөзінің толық баламасы
ретінде қолданылып қалыптасса, көруші зритель деген мағына
мен бірге жалпы көретін адамдар (смотрящие) деген мағынаны
білдіреді. Ал осы жалпылықтан зритель деген мағынаны қайтсе
де бөліп алу қажет болды. Олай бөліп көрсету қажеттігі тіпті сонау
XX ғасырдың басында-ақ туды. Оны С. Торайғыровтың «Кім жа-
зықты» романының кіріспе ретінде жазылған мына өлеңінен де
байқауға болады:
Бір сөзім бар шалдуар,
Болмаса да тыңшысы.
Бұ күнде жоқ соң туар
Роман мен сыншысы.
Автор бұл жерде тыңшы сөзін тыңдаушы, оқырман деген
мағынада қолданып отыр. Ақын творчествосын талдаған кейбір
зерттеушілердің көрсетуіндей, бұл жердегі тыңшы сөзі тек сыншы
сөзімен ұйқасу үшін ғана алынған жоқ тəрізді. Ойшыл ақын
ондай жадаулыққа бармаса керек. Бұл сөз «Айқап» журналында
да қолданылған: Оқушылар мұның турасында һешбір дыбыс
шығармай, жай тыңшы болыб, не дұрыс, не бұрыс демей жүріб
жатыр (А, 1911, №7). Бұл сияқты жалпы тыңдаушыдан (оқушыдан
да) белгілі топты, яғни көркем шығарманы тыңдап отыратын
қауымды (оқырманды) бөліп көрсету қажетінен туғанын байқатады.
Мерзімді баспасөз тілінде -с қосымшасы арқылы жасалған
аттаныс, қосылыс, жазылыс, қозғалыс тəрізді жеке сөздермен
бірге солар ұйытқы болуға себін тигізетін жаңа сөз тіркестері де
тұрақтана бастады.
Мысалы: Мəдениет майданына аттаныс жұмысын ұйым-
дастыра аламыз (ЖМ, 1929, №1)... бор жəне борлы қосылыстар-
дың технологиясы мен химиясы саласында зерттеулер жүргізу –
институт коллективі алдындағы бүгін таңда кезек күттірмейтін
мəселелер (ЛЖ, 1969, 11 март). Қазір барлық жерде 1965 жылдың
екінші жартысына газет, журналдарға жазылыс жүріп жатыр (СҚ,
1965, 2 июль). Қолданыс тапты, жеңіліс тапты деген сияқты
жана сөз орамдарын мерзімді баспасөз əкелген жаңалықтардың
қатарына қосуға болады.
306 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Күрделі қосымшалардың активтенуі
Жоғарыда талданған жекелеген дара қосымшалармен бірге
совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде кейбір құранды, күрделі
жұрнақтар жаңа сөз жасап, олардың жаңа тіркестер құрамында
қолданылып отырғанын көреміз.
1920 жылдардағы мерзімді баспасөзде абстракциялау мағы-
насын үстейтін -шылық, -шілік, -шылдық, -шілдік күрделі
қосымшалардың да жаңа сөз тудыруда атқарған қызметі зор.
Мысалы: Бұл екі шарттың екеуі де шаруаны капиталшылық
түрінен социалдық түріне қарай жетектейді (ҚҚ, №19–21, 1926.)
Ел ішіндегі істер кейде əміршілік, күш реті мен жүріб кететіні
де белгілі (ҚҚ, №2, 1925.) Мен бұл жерде солшылдық деб жалпы
айтыб отырмын (ҚҚ, №19–21, 1926). Бұл жағынан қарағанда жаңа
əліпбидің төңкерісшілдік маңызы зор (ЖМ, 1929, №1).
Бұл сөйлемдерден анық көрінетін бір жəйт – мерзімді баспасөз
тілінде -шылық, -шілік, -шылдық, -шілдік қосымшасы арқылы
жасалған сөз сын есім мағынасында атрибуттық қатынаста жəне
субстантивтеніп, заттық мағынада субъектілік-объектілік қаты-
наста қолданылуы. Мысалдардағы -шылық, -шілік, -шылдық,
-шілдік күрделі жұрнақтар арқылы жасалған сөздер, негізінен,
осы кезеңде пайда болған. Олардың бірсыпырасы кейінгі кездерде
қолданылмай қалып қойған. Бірақ онымен баспасөз тілінде бұл
қосымшалар арқылы сөз жасау процесі тоқтап қалған жоқ. Оны
мына мысалдардан байқауға болады. Жауапкершілік іскерлікпен
ұштасқанда (СҚ, 1965, 26 ноябрь). Заводтар мен фабрикалардың,
шахталар мен мұнай кəсіпшіліктерінің коллективтері барлық
техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша тапсырмалар-
ды орындау үшін қажырлы күрес жүргізіп келеді (СҚ, 1965,
10 декабрь). Еркен басқарған коллективке коммунистік еңбек
бригадасы құрметті атағы берілгеннен кейін, оның ұйымдасты-
рушылық қабілетін, іскерлігін ескеріп, бақылаушы мастер етіп,
басқа цехқа жоғарылаттық (СҚ, 1965, 26 ноябрь). Міне, жаңа ме-
кемелерімізді осындай кеңесшілдіктен, біржақтылықтан тазарта
түсуіміз керек (ЛЖ, 1964, 16 июль).
Осы мысалдардың өзі-ақ бұл қосымшалардың мерзімді баспа-
сөз тілінде əрқилы қызмет атқарғанын көрсетеді, өйткені ол
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 307
өздері, жаңа сөздердің мағынасы мен қызметінен анық көріне-
тіндей, орыс тіліндегі бір-ақ қосымшаның мағынасы мен қызме-
тіне сай келмейді. Оның қолданылу шеңбері əлдеқайда кең екенін
көреміз.
Етістіктің -дыр, -дір, -тыр, -тір етіс жұрнағы басқа тұлғалар-
мен қосылып жаңа сөз жасауға қатысады. Бұл қосымша түбір
сөзге тікелей жалғанбай, көбінесе қосымшаның үстіне үстеліп
отыратынын мына мысалдардан көреміз. Ұлтды кеңестендіру,
кедейлердің сезімін күшейту туралы 2-пленум жол көрсетті (ҚҚ,
№19–21, 1926). ... оны коператибтің күші мен маданияттандырыб
ілгері бастыру қиын жұмыс болмауы керек (ҚҚ, №19–21, 1926).
Оларды орта шаруалар мен ұйыстырыб, бастарын қосыб кеңес
заңы партия жұртшылығына тарту үшін ауылдарда белсенді каму-
нес камсамол, басшыларымыздың болуы шарт (ҚҚ, №19-21, 1926.)
Осы үзінділерден көрінетіндей есім сөздерден алдымен -ла,
-ле, -да, -де жұрнағы арқылы етістік жасалған. Ол етістік өздік
етіс тұлғасында (-н жұрнағы) немесе ортақ етіс тұлғасында (-с
жұрнағы) жұмсалады. Оның үстіне -дыр, -дір, -тыр, -тір өзгелік
етіс жұрнағы үстеледі де, барлығы қосылып барып, орыс тіліндегі
-изация формантының қызметін атқарады.
Орыс тілінде -изация жəне басқа да форманттар арқылы
көптеген жаңа сөздердің жасалуымен байланысты кейінгі кездер-
де қазақ тілінде сөз болып отырған қосымшаның қызметі арта
түсті. Бұл қосымша қазақ тілінің байырғы төл сөздері мен орыс
тілі арқылы келген сөздерге де жалғана береді: коллективизация-
коллективтендіру, механизация-механикаландыру, автоматиза-
ция-автоматтандыру, электрофикация-электрлендіру, индустриа-
лизация-индустриаландыру, т.б. Мысалы: Біз таяу жылдары теле-
фондандыруды жəне радиоландыруды аяқтау міндетін алға қойып
отырмыз (СҚ, 1965, 10 декабрь). Министр өндірісті одан да
механикаландырып, автоматтандыру, озық технологияны өнді-
ріске енгізу жылына 5,3 миллион сом үнем жасауды, еңбек өнім-
ділігін арттыруды қамтамасыз еткенін айтты (СҚ, 1968, 29 март).
Бұл күрделі қосымша соңғы кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінде
орыс сөздеріне ғана жалғанып қоймай, қару, ынта, көгал, қамсыз,
қаржы, шоғыр, сəуле, су, шұрай, тұщы, ұрық тəрізді негізгі жəне
туынды түбір байырғы сөздерімізге де жалғанып, жаңа сөз ту-
308 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
дырып, басқа сөздермен тіркеске түскенін көреміз. Мысалы:
Сондықтан да шаруашылық органдары мен колхоз-совхоз
басшылары егісті қорғайтын орман алқаптарын жасау жəне
көгалдандыру жұмысына күнделікті ерекше көңіл бөліп отырулары
керек (Сонда). Мектептерді қазақ тілінде оқу құралдарымен
қамсыздандыру үшін күн ілгері жабдық қылу керек (ЖМ, 1929,
№2). Қазіргі жағдайда өнеркəсіпті өрге бастыруда қоғамдық
өндірісті ұйымдастырудың шоғырландыру, мамандандыру жəне
кооперациялау сияқты неғұрлым жетілдірілген формаларын
қолдану шешуші рөл атқарады (СҚ, 1965, 26 ноябрь). Су каналдар
арқылы ағып, 14 мың гектар егістік жерді суландырады, мал
жайылымдарын көгалдандырады (СҚ, 1965, 4 декабрь). Батыс Сі-
бір жерінің дымқылдығы өте күшті, сондықтан оны игеру үлкен
құрғату – шұрайландыру жұмыстарын жүргізуді керек етеді. Көп-
теген шөлейт аудандар үшін минералданған (тұзды) суды тұщы-
ландыру проблемасының маңызы өте зор. Қазақ ССР-інің шаруа-
шылықтарында қойды ұрықтандырудың барысы туралы 1965
жылғы 5 декабрьдегі мəлімет (Сонда).
Бұндай қосымшалардың қатарына -малы, -мелі, -балы,
-белі, -палы, -пелі құранды жұрнақтарын жатқызуға болады.
Бұл жұрнақтың құрамынан етістік түбірден зат есім тудыратын
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жəне сын есімнің -лы, -лі (-ды, -ді,
-ты, -ті) қосымшаларын көру қиын емес, өйткені бұл құранды
жұрнақ етістік түбірге жалғанып, оны сын есімге айналдырады да,
ол сөз сөйлемде атрибуттық қатынаста анықтауыш қызметін атқа-
рып тұрады. Мысалы: Аудан көлемінде төрт жылжымалы ше-
берхана ұйымдастырылып, олар талапқа сай жұмыс істеуде (СҚ,
1965, 10 декабрь). Бірақ Наташаның соңғы қарсыластары рес-
публикамыздың танымалы теннисшілері еді (ЛЖ, 1967, 20 июнь).
Баспасөз тіліндегі қосымшалардың сандық көрінісі
Əрине, жоғарыда талданған қосымшалар совет дəуіріндегі
мерзімді баспасөз тілінде қолданылған жаңа сөз тудыратын
жұрнақтардың толық саны емес. Бұл жерде қосымшалардың көп
қолданылған басты-бастылары ғана, əдеби тілдің басқа жанрла-
рына қарағанда мерзімді баспасөз тілінде активтене түскендері
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 309
ғана сөз етілді. Мерзімді баспасөз беттерінде сөз тудыру қызметі
жағынан бұл қосымшалардың салмағы бірдей емес. Олардың
активтілігін былай қойғанда қолданылу жиілігі де əркелкі. «Ең-
бекші қазақ» газетінен таңдалынып алынған 11 бас мақаланы
қосымшалардың қолданылу жиілігі жағынан талдап қарасақ, олар-
дың мынадай бір сандық көрсеткіштерін байқай аламыз (Барлығы
4039 сөз қолданыс, схемада қосымшалардың тек бастапқы бір-ақ
варианты көрсетіледі).
Қосымшалар -лық -лы -шы -шыл -шылық -шылдық -ма
Үзіндідегі 147 53 31 23 25 24 4
саны
Əрбір 10 сөз
қолданыста 3,63 1,31 0,77 0,57 0,61 0,57 0,099
жұмсалу интер-
валы
Жоғарыда əрбір қосымшаны сөз етіп, сол кезеңде олардың сөз
тудыру қызметі зор болды дегенде, ол жұрнақтардың өз ішкі
мүмкіншілігі негізінде жаңа сөз жасау қабілетінің артқанын айт-
тық. Соның өзінен кейбір қосымшаның стильдік мəні бар екені
байқалады, өйткені олар əдеби тілдің басқа стильдерінен гөрі
ресми стильде нақтылы бір мағыналық мəнде қолданылуға бе-
йімделе түсетіні ашылды.
Қазіргі мерзімді баспасөз тілінде бұл қосымшалардың жаңа
сөз тудырудағы алатын орнын мынадан да көруге болады. Газеттің
бір санын талдаудың нəтижесінде мынадай сандық көрсеткіштер
айқындалды. Жалпы 2125 сөз бен 8834 сөз қолданыстың 347 сөзі
мен 1007 сөз қолданысы – осы қосымша жалғанын жасалған жаңа
туындылар, яғни мерзімді баспасөз тіліндегі жалпы сөз санының
16,33% қосымша арқылы совет дəуірінде туған сөздер. Ал бұлар
жалпы сөз қолданыстың 11,51% құрайды. Бұл қосымшалардың
ішінде мерзімді баспасөз тіліндегі ең өнімдісі де, көп қолданылғаны
да -лық жұрнағы. Ол жоғарыда жеке талданғандықтан, төменде
газеттің бір санында басқа қосымшалар арқылы жасалған сөздер
мен олар құрайтын тіркестер жеке беріледі. Сол тізімнің өзінен
жекелеген қосымшалардың жаңа сөз тудыруда өнімділігі жəне ол
туындылардың баспасөз тілінде қолданылу жиілігі айқын көрінеді,
310 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
-лық жұрнағынан басқа қосымшалардың орыс тілінен енген
сөздерге жалғанып жаңа сөз жасауы онша өнімді емес. Не бары
14 сөз 28 рет қолданылған. Олар: автономиялы ұшу (1), колхозшы:
колхозшылар съезі, колхозшылар жиналысы, колхозшылар конфе-
ренциясы (5), комплексті: комплексті механикаландыру, комплекс-
ті бригада, комплексті тексеру (3), түрлі маркалы егін машина-
лары (1), механикаландыру: механикаландырылған қырман, цех,
астық өндіруді механикаландыру (5), миллиондаған сом (1), аппа-
ратураны монтаждау (1), оперативті түрде (1), парламентшілер
қолдауы (1), реактивті двигатель (2), сортты бидай (1), спортшы (4),
«Союз» типті космос кораблі (1) шайбалы хоккей (1).
Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінің бір ерекшелігі
онда орыс тілінен енген сөздерден қосымша жалғау арқылы
туынды етістік жасау тенденциясы айқын байқалады. Бұл процесс
революцияға дейінгі дəуірде мүлдем өріс алмаған құбылыс екені
белгілі. Кейбір зерттеушілердің көрсетуінше, оған тек реттеу (ряд
деген орыс сөзінен жасалған) туынды етістік жатқызылады (Абай
тілінде гөлайттап сөзі қолданылған, бірақ ол кейін əдеби тілге
енбей қалды).
Байырғы сөздерден жұрнақ (-лық жұрнағынан басқасы) арқы-
лы жасалған сөздердің сандық көрінісі қосымша – 7 берілді.
Ол тізімге -лық жəне қатысты сын есімнің -и жұрнағы арқылы
жасалған сөздер енбеді. Соның өзінде де жаңа сөз тудыруда
жұрнақтардың баспасөз тілінде қызметінің артқанын, олардың
қолданылу аясының кеңігендігін көреміз. Бұл тізімдегі кейбір
сөздер сол жұрнақтармен бұрын да қолданылуы мүмкін. Бірақ
мерзімді баспасөз тілінде ол сөздер кейбір мағыналық өзгерістер-
ге түсіп, басқа сөздермен тіркесімділігі артты. Мысалы, лайық-
ты сөзін талдап көрейік. Оның негізгі мағынасы орынды, сай
деген болатын да, конкретті зат атауымен (лайықты киім, ла-
йықты адам) тіркесіп, соны анықтап тұратын. Бұл жерде осын-
дай əдеттегі қолданылуынан өзгеше. Абстракты зат атауымен
атрибуттық қатынаста да (лайықты тарту) тіркесіп, немесе етіс-
тікпен байланысып (лайықты қарсы алу), қимылдың амалын
білдіріп тұр. Бұл тізімдегі əрбір қосымша жалғанып жұмсал-
ған сөздің саны (бірінші цифр) мен сөз қолданысы (екінші сан)
төмендегідей: -лы (-лі, -ды, -ді, -ты, -ті): 52–95; -шы (-ші):
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 311
21–62; -ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе): 19-66; -с (-ыс, -іс): 16–52; -м
(-ым, -ім): 12–64; -ша (-ше): 4-11; -кер (-қар): 3–11; -қ, (-ық,
-ік); 2-5; -хана: 1-2, -тай: 1–1; (-кіш; қыш, -ғыш, -гіш): 5–12;
-шық (-шік): 1–2; -ғы (-гі, -қы, -кі): 6–19; -ыш: 1–1, -у: 3–8; -паз:
1–1; -ақ: 1–1; -ландыру (-лендіру, -дандыру, -дендіру, -тандыру,
-тендіру): 6–13; -даған (деген): 1–1; -лау (-леу, -дау, -деу, -тау,
-теу): 7–17; -ластыру (-лестіру, -дастыру, -дестіру, -тастыру,
-тестіру): 4–18; -ылым: 1–2; -лас (-лес, -дас, -дес, -тас, -тес): 4–8;
-латып; 1–1; -тыру; 1–3; -шылық: 1–2; -діру (-дыру): 3–30.
Əрине, мерзімді баспасөз тілінде жаңа сөз жасауға қатынасатын
қосымшалардың тізімі осымен ғана шектелмейді, өйткені осы
қосымшалар жалғанған сөздер «Социалистік Қазақстан» газетінің
бір-ақ санынан алынды. Талданатын үзінді көлемін ұлғайтып, ол
үзіндіні əр газеттен алсақ, қосымшалардың қатары өсе түсетіні
даусыз.
6. Аналитикалық жолмен сөз жасау
Жоғарыда совет дəуіріндегі қазақтың мерзімді баспасөз тілінде
жаңа сөз жасаудың лексика-семантикалық жəне морфологиялық
(қосымшалар арқылы) тəсілдері талданды. Солармен бірге совет
дəуіріндегі қазақ əдеби тілінде жаңа сөз тудырудың басқа тəсілдері
де, атап айтқанда, аналитикалык жолмен сөз жасау процесі де,
мықтап өріс алып, дами түскенін көреміз. Аналитикалық тəсілмен
сөз жасаудың байырғы түрлері сөздерді біріктіріп, қосарлап
жəне күрделендіріп қолданумен бірге тек осы кезеңде ғана туып
қалыптаса бастаған түрі – қысқартып қолдану амалы да совет
дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінен мықтап орын алады.
Жаңа қос сөздер
Сөздерді қосарлап қолдану – қазақ тілінің, сондай-ақ жалпы
түркі тілдерінің топырағына тəн құбылыс. Осы ізбен бұл кезеңде
көптеген жаңа қос сөздер жасалғанын көреміз: оқу-ағарту, себеп-
салдар, жұмысшы-шаруа, азық-түлік, т.б. Құрамы жағынан олар
əрқилы. Байырғы төл сөздермен қатар тілімізге ертеде сіңісіп
кеткен кірме сөздер де қосарланып қолданылады. Мысалы: Жер
312 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
туралы наразылықтарды қарау-тексеру тəртібі (ҚҚ, №10, 1922).
Екі айлық азық-түлік жайымен таныстыратын һəм ел мен хүкімет
арасында жүріп қызмет істейтін жігіттер үшін курс ашылды (ЕҚ,
25 ай, 1923). Елге үгіт-үндеу таратыб, мəдени-ағарту жұмыстарын
атқарады (ҚҚ, №7, 8, 1922). Ұйымның міндетіне жататын істері,
ең екбіндісі саяси-ағартушылық жұмысы болмақ (ҚҚ, №4, 1922).
... бұл екеуінің шаруа-кəсібі ісін қосу бір талайдан сөз болып еді
(ҚҚ, №4, 1922). Нұсқаб-жолбасшылық қылу һəм ұйымдастыру
жұмысының белгілі жолы һəм құрылу тəртібі (ҚҚ, №4, 1922).
Соның үшін кедей табдарының арасында үгіт-насихат жүргізіб,
оларды байларға қарсы жұмсау (ҚҚ, №4, 1922).
Мəдени-ағарту, саяси-ағарту тəрізді қосарланған (күрделі)
сөздер орыс тіліндегі культурно-просветительная (работа), поли-
тико-просветительная (работа) сияқты біріккен сөздердің əсе-
рінен туғандығы сөзсіз. Бірақ орыс тілінде олар біріккен сөз
категориясына жатқанмен, қазақ тілінде ондай күрделі сөздерді
қос сөздер қатарына қарау керек. Орыс тілінде культурная жəне
просветительная, политическая жəне просветительная деген
сөздер өзара о дауысты дыбыс (соединительное гласное) арқылы
бірігіп тұрса, қазақ тілінде сөз біріктіру амалында ондай заңдылық
жоқ. Қазақ тілінде орфографиялық жағынан біріккен сөздер
сызықша арқылы жазылмайды.
Кейінгі кезеңдегі баспасөз тілінде қос сөздің бұнда түрі көп
қолданылатын болды. Олар негізінен -лық жұрнағы немесе -и
тұлғалы қатыстық сын есімдер тұлғасында келеді. Кейде қос
сөздер құрамындағы сөздің біреуі, не тіпті екеуі де орыс тілінен
енген сөздер болады. Мысалы: ғылыми-зерттеу, ғылыми-мето-
дикалық, саяси экономикалық, қоғамдық-саяси, т.б. Бірер мысал:
«Дала» поэмасы өзінің көркемдік-творчестволық принципі, ком-
позициялық құрылысы жағынан болсын 30-жылдардағы жаңа-
шылдық үлгісін көрсеткен озық шығарма болды (ЛЖ, 1965, 26
май). Конференцияға қатысушылар ... химиялық-терапевтік ем-
деу мəселелеріне едəуір көңіл бөлді (Ж, 1965, 12 февраль).
Сондай-ақ бір не екі сыңары бірдей орыс тілі арқылы енген
сөздерден құралған қос сөздер де кездеседі. Əсіресе учитель-
муғалімдер бастаб алдыртуға кірісу керек (ЕҚ, 25 май, 1923). Соның
үшін мəдениеті жоғары оқымысты қалық газета-журналсыз тұр-
майды (ЕҚ, 25 май, 1923).
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 313
Жоғарыдағы іспеттес кейбір жаңа қос сөздер Октябрь рево-
люциясынан бұрын шығып тұрған баспасөз беттерінде де арагідік
ұшырасып қалады. Бірақ негізінен, олар тұрақты болмады да,
кейде қос сөз құрайтын сыңарлары өзара жалғаулықтар арқылы
байланысады. Барлығын жазуға газете уа журналға сыярлық
(«Айқап», №9, 1912).
Біріккен сөздер
Бұл кезеңде көптеген күрделі сөздер калька не аударма арқылы
жасалған. Олар көбінесе біріккен сөз ретінде қолданылмай, күрделі
сөздердің басқа түрі тəрізді де ұғынылып бөлек жазылып жүрді: көз
қарас – көзқарас (мировоззрение), баспа сөз – баспасөз (печать),
өнер кəсіп – өнеркəсіп (промышленность), алғы сөз – алғысөз
(предисловие), халық аралық – халықаралық (международный),
т.б. Бұл кездегі баспасөз бетінде бұлар бірде біріктіріліп, бірде
бөлек жазылған.
Қазіргі қазақ тіліндегі біріктіріліп жазылып жүрген өнеркəсіп
(промышленность) сөзі 1920 жылдардағы баспасөз беттерінде
өнерлі кəсіп тұлғасында да қолданылған. Мысалы: Бір жағынан,
жұмысшылардың тозуын тоқтатқан – өнерлі кəсібтің өркендеуі ...
демократия негіздерін шыны мен жүзеге асыруға қолайлы жағдай
жасады (ҚҚ, №3, 1924). Қазірде Қазақстанға Одақтың ішкі өнерлі
кəсіпті аудандарына астық жеткізу міндеті жүктеліп отыр (ЕҚ, 12
июль, 1926). Əрине, мысалдағы өнерлі кəсіп сөзі біріккен сөз бола
алмайды. Тек кейін -лі қосымшасы түсіп, бұл екі сөз бірікті. Бұл
факт, бір жағынан, қазіргі кезде біріккен сөздердің бірсыдырғысы
совет дəуірінің алғашқы кезеңінде əлі біріге қоймағандығын
көрсетсе, екінші жағынан, олар тілімізге сол кезде жаңа ғана сіңісе
бастағанын байқатады. Яғни мерзімді баспасөз тілінен кейбір
сөздердің қалыптасу жолын, даму тарихын анық байқауға болады.
Сөздерді біріктіріп қолдану, сол арқылы жаңа сөз тудыру
процесі кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінен де үлкен орын
алды. Сөз жасаудың бұл түрі қазіргі əдеби тілімізде актив тəсіл
деп саналып жүр. Мысалы: Алдағы болатын спорт сайысының
төлбасы ретінде 3 январьдан бастап 20 январьға дейін республика
мектеп оқушыларының шахмат турнирі өткізілді (ҚМ, 1965, 11
314 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
январь). Қазақстан бессайысшыларының бес күнге созылған бі-
ріншілігі аяқталды (ЛЖ, 1965, 2 ноябрь). Жарыс шымылдығын
бессайысшылар жапты (ЛЖ, 1965, 13 октябрь).
Мерзімді баспасөз тілінде аралық сөзінің басқа сөздермен бірі-
гіп, күрделі бір-ақ сөз жасау процесі жиі ұшырасады: Халықара-
лық, қалааралық, республикааралық, т.б. Мысалы: Мына төмендегі
суретте Əбдірахман Ақбалаев жүгерінің қатараралығын баптау-
да (СҚ, 1965, 1 июнь). Сөйтіп біздің мектептің спортшылары
қалааралық жарыста бірінші орынға ие болып, облыстық жарысқа
қатысты (ҚП, 1964, 8 июль). Аралық сөзі арқылы біріккен сөздердің
бір ерекшелігі баспасөз тілінде олар бірде біріккен сөз болып
бірге жазылса, енді бірде бөлек жазылады. Ал «Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігінде» (Алматы, 1963) халықаралық біріккен
сөз ретінде берілген де, аудан аралық, облыс аралық, планета
аралық, мекеме аралық, қала аралық сияқты сөздер біріккен сөз
емес, тіркес ретінде берілген. Оның себебі де түсіндірілмеген.
Жалпы біріккен сөздер мен күрделі (аналитикалық) сөздер,
тіркестер арасы туралы мəселе қазақ тіл білімінде осы күнге дейін
дұрыс шешімін таппай келе жатыр. Сондықтан да күнделікті
баспасөзде туып отырған мұндай сөздер бір де ана категорияның,
бірде мына категорияның қатарына жатқызылып жүр. Ал сөздік
жасау тəжірибесінде бұл сөздердің жазылуында бір принциптілік
болмағандықтан, олардың жазылуы бірізге түспей жүр.
Мерзімді баспасөз тілінде спорт түрлерінің атауларына бай-
ланысты көптеген біріккен сөздер туып, қалыптаса бастағанын
жоғарыдағы кейбір мысалдардан көрдік. Бірақ олар бірден сол
қалпында тұрақталып кеткен жоқ. Кейде оның бірнеше варианты
жарыса қолданылып, кейін оның біреуі-ақ қалыптасты да, қалғаны
не бүтіндей қолданудан шығып, не басқа мағынаға ауысып, жаңа
мағынада қолданылатын болды. Жалпы бұндай варианттылық
спортқа байланысты дара сөздерде де қосымша арқылы жасалған
сөздерде де жиі кездеседі Сондай вариант сөздердің бірі – орыс
тіліндегі болельщик сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүрген
жанашыр жəне жан күйер сөздері. Бұл варианттар баспасөз
тілінде бір-бірінен мағыналық жағынан өзгешеліксіз, бір мəнде
қолданылғанын мына мысалдар айқын көрсетіп алады: Жеңіл
атлетиканың жанашырлары, əсіресе алматылықтар, бұл жарысты
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 315
тағатсыздана күтті (ЛЖ, 1965, 13 октябрь). Өткен сенбіде «Қайрат»
қарағандылық жерлестерінен ойсырай жеңілгеннен кейін, футбол
жанкүйерлерінің көбісі-ақ күдер үзе бастаған еді (ЛЖ, 1965,
30 октябрь). 8 ноябрьде, мереке күні, футбол жанашырлары
Свердловскінің «Уралмашымен» танысады... Тағы бір ескерте
кететін жайт, ағылшын жанкүйерлері қызуқандылау келеді...
қарапайым жанкүйерлер үшін бұл жағдайдың бірі де жасалмайды.
Футбол жанашырларының қалың көпшілігі ойынды түрегеп
тұрып көруге мəжбүр болып отыр (ЛЖ, 1965, 2 ноябрь).
Кейде бұл біріккен сөздер любитель, поклонник дегендердің
орнына да қолданылады. Спорт жанашырларының өздері жасап
алған алаңда бұл командалар аптаға жуық жарыс өткізді (СҚ,
1965, 10 декабрь). Қарағандының жанкүйерлері футбол маусымы-
мен қоштасты (ЛЖ, 1967, 1 ноябрь). Трибунаға лық толған спорт
жанашырларының жарқын күлкілері, жерлестеріне деген тілеу-
лестіктері осында тағы бір мерекенің басталғанын білдіргендей
(ЛЖ, 1967, 27 июнь).
Сөздерді қысқартып қолдану
Қазақ тіліндегі сөздерді қысқартып қолдану амалы орыс тілінің
тікелей əсерінен туғаны мəлім. Өйткені бұрын қазақ тілінде сөз
тудырудың бұл амалы жеке категория ретінде кездеспейтін. Орыс
тілінің əсерімен қазақ тілінде, негізінен, мекеме, жер, ұйым т.б.
аттары қысқартылып алына бастады: обком, исполком, РКСМ, рев-
ком, главпрофобр, атком, т. б. 1920 жылдары сөздерді қысқартып
қолдану амалы жаңа қабылданғандықтан, бірізге түспеген еді.
Кейбір қысқарған сөздер орыс тілінде қалай болса, солай алынып
жүрді, енді бірқатары қазақшаға аударылып барып қысқартылды.
Мысалы: «Нью-Йорк таймс» газетасының бүгінгі нөмірінде
СССР-дің барлық негізгі заңдары басылған (ЕҚ, 27 август, 1923).
Наркомпрос назарын салыб тəрбиалаб отырса, мектебке қол береді
(ЕҚ, 18 июль, 1923). Волыстық жер камисиясы, волыс атқару ка-
митеті қасында жасатып, камисияға волисполкомның сайлауы
бойынша бір мүшесі председатель (төр ағасы) болыб һəм екі мүше
волыстың Совет съезінде сайланады (ҚҚ, №10, 1922). 1923/24
оқу жылдарына қарай істеліб жатқан жұмыстарына осыны да
316 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
қосулы Қ А. (халық ағарту – И.С.) бөлімі (ЕҚ, 2 август, 1923).
Еллиноисадан 4-нші июльде Ресейге жүрмек болған конгрестің
мүшесі республикшіл Фред Бриттен «РосТА-ның (Россия Теле-
граф Агенттігі – И.С.) тілшісімен сөйлесіб отырыб, мына келе-
шектегіні мəлімдеген (ЕҚ, 18 июль, 1923).
Қазақ тілінде қолданылып жүрген қысқарған сөздер аналити-
калық тəсілмен жасалу-жасалмау мəселесі біршама даулы. Жалпы
алғанда, қысқарған сөздердің жасалуында аналитикалық тəсілдің
бар екенін байқау қиын емес, ол күрделі сөздер тобына қосылып
барып бір ұғымды білдіреді де, содан кейін қысқартылып алы-
нады (СССР – Союз Советских Социалистических Республик).
Бірақ қазақ тілі үшін қысқарған сөздердің қай-қайсысы болсын
аналитикалық тəсілмен жасалған сөздер бола бермейді. Мысалы,
СССР не главпрофобр қазақ тілінің топырағында қысқартылып
алынған емес, олар осы күйінде қазақ тіліне орыс тілінен еніп отыр.
Бұл сөздердің қазақ тіліндегі толық тұлғасы мынадай: Советтік
Социалистік Республикалар Одағы, бас профессионалдық (кəсіби,
кəсіптік) білім. Ана тіліміздің негізінде қысқартсақ, олар ССРО,
баспрофбілім тəрізді болар еді. Кейінгі бір жылдары осы жолмен
де қысқартылып жүрді, бірақ ол кейбір қысқарған сөздерді беруде
көптеген қиындықтар туғызды. Олай қысқартылу тəжірибесі теріс
деп танылды.
Демек, дəл бұл тəрізді қысқарған сөздер аналитикалық тəсіл-
мен жасалған емес, орыс тілінің əсерінен (заимствование) туған
кірме сөздер.
Бірақ екінші жағынан, ана тілі материалдарының негізінде
қысқарған сөздер аз емес: АҚШ – Америка Құрама Штаттары
(орысшасы США), СҚ – (Социалистік Қазақстан), Ленжас –
(Лениншіл жас), т.б. 1921 жылдардағыдай атком – атқару комитеті,
Қа – қалық (халық) ағарту, губаштық комиссиясы – губерниялық
аштық комиссиясы сияқты сөздерді қысқартып алу тəсілі қазіргі
мерзімді баспасөз тілінде де бірлі-жарым кездесіп отырады: Иван
соғысқа дейін аупарткомде, Алексей совет қызметінде істеген
еді (ҚƏ, 1966, 21 январь.) Бұл қысқарған сөздердің аналитикалық
жолмен жасалғандығында дау жоқ.
Қысқарған сөздердің құрамында орыс тілінде қазақ тілінде
де бірдей сəйкес келетін түрлері де бар: обком – облыстық ко-
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 317
митет (областной комитет), ревком – революциялық комитет
(революционный комитет), РосТА – Россия Телеграф Агентствосы
(Российское Телеграфное Агентство) т.б.
1920 жылдары қысқарған сөздер құрамы жағынан да жасалу
жолы жағынан да осындай ала-құла болды. Бұл, бір жағынан,
заңды да, өйткені сөз жасаудың бұндай амалы бұрын қазақ тілінде
болған емес, тек біріккен сөздердің құрамындағы жеке сөздердің
элементтері мүжіліп, түсіріліп айтылуы кездесетін: бүгін – бұл күн,
əкел – алып кел, т.б. Бірақ бұл құбылысты қысқа сөз категориясы
деп атауға болмайды.
Революциядан бұрын жарық көрген «Дала уалаятының газеті»,
«Түркістан уалаятының газеті» мен «Айқап журналында қысқарған
сөздер ұшыраспайды деуге болады. Демек, қазақ тілінде сөздерді
қысқартып қолдану амалы 1920 жылдардың басынан басталады.
Ол – бұрын қазақ тілінің грамматикалық құрылысында болып
көрмеген жаңа құбылыс.
Атаулық тіркестер
Бұл кезеңде бұрын ана тілімізде болмаған жаңа тіркестер туды.
Орыс тіліндегі кейбір терминдік лексика қазақ тіліне тіркеспен
аударылып жүрді: прение – талас сөз, не жарыс сөз, договор –
уəде қағаз, не шарт қағаз, частный (капитал) – жеке байлар
(капиталы), т.б. Орыс тіліндегі тіркестердің əсерімен қазақ тілінде
жаңа тіркестер пайда болды: ашық хат (открытое письмо), ұлт
мəселесі (национальный вопрос), Орталық Комитет (Центральный
Комитет), күн тəртібі (повестка дня), тап тартысы, тап күресі
(классовая борьба), т.б.
Бұл тəріздес сөз орамдарының синтаксистік сөз тіркестерінен
де, фразеологиялық тіркестерден де едəуір айырмашылығы бар.
Сондықтан оны атаулық тіркестер деп атауды жөн көрдік.
Мəселенің түсінікті болуы үшін осы айырмашылықтарды
қысқаша көрсете кетейік. Еркін сөз тіркестері мен фразеологиялық,
идиомалық тіркестердің бір-бірінен айырым өзгешеліктері ғылыми
əдебиеттерде айтылып жүр (38, 45, 24, 80 еңбектерді қараңыз).
Сөз болып отырған тіркестердің еркін синтаксистік тіркестерден
айырмашылығы мынада: тұрақты фразеологиялық тіркестердегі-
318 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
дей атаулық (лексиколизованные) тіркестердің грамматикалық
байланысы тұрақты, көбінесе жеке сөздің эквиваленті сияқты
бір сөздің орнына қолданылады. Қала берді атаулық тіркестердің
орын тəртібі де тұрақты болады [45, 79–80]. Бұндай лексикалық
орамдардың құрылысы да, құрамы да біршама тұрақталған болып
келеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, белгілі бір тəртіппен
құралған сөздерден тұрады. Құрамындағы сөздер қалай болса
солай ауыса бермейді. Оны мына мысалдардан байқаңыз. Кəсіп
ұяларын басқарушылар одағы еңбекақыны қысқарту мақсаты мен
тауда қызмет ететін жұмыскерлер мен бірлесіп жасалған уəде
қағазды бұзды (ЕҚ., 2 август, 1923). Сол жер шарында жасаған
езілген ұлттардың бірі –қазақ ұлты (ҚҚ, №7-8, 1922). Губерналық
атқару комитеті өз тарафынан оларға еңбек ақыларын бергізудің
шараларын қарастырмағаннан туған уақиға болса керек (ЕҚ, 25
май, 1923). Қызыл əскер ауылдарды бірінің артынан бірін алып
жатыр (ҚҚ, №5, 1922). Бұл күнге шейін өз елінде тұрған адамның
да, шетке шыққан адамның да кім екенін білдіріб тұратын паспорт
һəм еңбек кітабшасы болу керек болыб келді (ЕҚ, 30 июнь, 1923).
Фабрик-завод камитеттерінің жалпы Германия комиссиясының
Германиядағы бүкіл біріккен кəсібшілер одағына арналған ашық
хатында мына сұрауларды қойған (ЕҚ, 30 июль, 1923). Мысалдағы
еңбекақы (заработная плата), уəде қағаз (договор), жер шары
(земной шар), атқару комитеті (исполнительный комитет),
Қызыл əскер (Красная армия), еңбек кітапшасы (трудовая книжка),
фабрик-завод комитеті (фабрично-заводской комитет), кəсібшілер
одағы (профессиональный союз), ашық хат (открытое письмо)
деген сөз орамдарының еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
бар екені байқалады.
Бұл тіркестер синтаксистік сөз тіркестеріндей сөйлеу проце-
сінде құралған емес, осы тұлғасында даяр бір бүтін лексема
ретінде қабылданылып қолданылады. Сондықтан да олар жеке-
жеке бөлініп, сөйлем мүшелері бойынша бөлшектеп талдауға
көнбейді, бұл тұрақты тіркестер сөйлемнің бір-ақ мүшесі қыз-
метін атқарады. Еңбекақы түгелімен тура толықтауыш болады,
ал бұл тіркесті қандай ақы деп бөліп талдауға болмайды. Бұ-
лардың арасына сөз салып қолдануға да болмайды, олар жеке
сөздердің эквиваленті ретінде жұмсалады. Бұл жағынан атау-
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 319
лық тіркестер фразеологиялық тұрақты тіркестерге ұқсайды.
Бірақ бұл екеуі барабар нəрсе деп оларды бір топқа жатқызуға да
болмайды.
Кейбір зерттеулерде бұндай сөз орамдары лексикаланған (лек-
сикализованное сочетание) тіркес деп аталып, күрделі сөздердің
ыңғайында қаралып жүр [55, 93 жəне 82, 129–130]. Э.В. Севортян
«лексикаланған» деген терминді тым кең мағынада қолданады [73,
71, 72].
Қазақ тілі білімінде осы мəселе жөнінде арнайы зерттеу жоқ
десе де болады. Ал жалпы фразеологияға арналған еңбектерде осы
іспеттес тіркестер фразеологизмдерге, тұрақты тіркестерге жат-
қызылып жүр. Сөз арасында айта кететін бір жəйт – тіл білімінде
фразеология мен тұрақты тіркестер деген терминдер бірінің
орнына бірі қолданылып келеді. Əрине, бұлардың синоним екен-
дігін жоққа шығаруға болмайды. Əйтсе де олардың өзіндік айыр-
машылықтары да жоқ емес.
Біздің аңғаруымызша, тұрақты тіркестер деген термин бұл
категорияның жалпы атауы болады да, ал фразеология соның ішіне
кіретін бір түрі болуға тиіс. Ал фразеология өз ішінде идиома,
фразалық тіркес, мақал-мəтелдер сияқты түрлерге бөлініп кетеді.
Тұрақты тіркестерге фразеологиядан басқа да тіркестер жатады.
Орыс тіліндегі фразеология туралы арнаулы еңбек жазған
Н.М. Шанский бұл категорияны үлкен төрт топқа бөліп қарайды.
Олар: фразеологиялық ұласымдар (фразеологические сращения),
фразеологиялық бірліктер (фразеологические единства), фразеоло-
гиялық тіркестер (фразеологические сочетания) жəне фразеоло-
гиялық орамдар (фразеологические выражения).
Ал сөз болып отырған атаулық тіркестер, немесе лексикаланған
(лексиколизованные) сөз орамдары, ол еңбекте сол төрт топтың
қай-қайсысына да еніп кеткен. Мысалы, темір жол (железная
дорога) фразеологиялық ұласымға (фразеологические сращения)
жатқызылса (46-бет), соқыр ішек (слепая кишка) фразеологиялық
бірлік (фразеологическое единство) деген топта жүр (47-бет). Ал
сұрау белгісі (вопросительный знак) фразеологиялық тіркеске
(фразеологические сочетания), саяси экономия (политическая
экономия) тəрізді тіркестер фразеологиялық орамдарға (фразео-
логические выражения) жатқызылған [80, 37–47].
320 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Тілдегі тұрақты тіркестердің осындай топтасуын дəл, толық
деп есептеуге болмайды. Атаулық (лексикаланған) тіркестердің
жеке топ болып қаралмай, фразеологиялық тіркестердің ішіне еніп
кеткендігі – бұл топтау принципін əлі де болса ойластыру керекті-
гін аңғартады. Сондықтан ең алдымен фразеологиялық тіркестер
мен атаулық тіркестердің арақатынасын ажыратып алайық. Бұл
екеуінде де екі топқа бөлуге негіз боларлықтай айырмашылық-
тар бар.
Ең алдымен атаулық тіркестер, негізінен, заттың, құбылыстың
атауы болса, фразеологиялық тіркестер ондай атаулық мағынада
қолданылмайды. Соңғысының экспрессивтік-эмоционалдық сипа-
ты болатыны даусыз. Сондықтан фразеологиялық тіркестер көр-
кемдік, бейнелік мақсатпен қолданылса, атаулық тіркестер ондай
қызмет атқара алмайды. Осы бір ерекшелікті анығырақ байыптау
үшін бір тұлғадағы сүмбіл шаш жəне ашық хат сияқты екі түрлі
тіркесті алып талдап көрейік. Екеуі де анықтауыштық қатынаста
тіркескен, сын есім мен зат есімнен құралған сөз орамдары.
Сүмбіл шаш деген тіркес шаштың номинативті атауы емес. Ол
айтушының көзқарасымен ғана айқындалатын, шектелетін, затқа
(шашқа) деген соның ойынан туған шартты ұғым. Демек, ол ұғым
заттың тұрақты бір атауы, яғни тек сөйлеп, айтып тұрған уақыттағы
заттың нейтральды түрі ғана емес, оның (заттың) бойындағы бар
көркемдігін, экспрессиялығын, сындық, сапалық қасиетін, т.б.
бірге байқату болып табылады. Сондықтан да фразеологияның
сөйлемдегі атқаратын негізгі қызметінің бірі – жеке сөздер, не
басқа сөз тіркестері білдіре алмайтын көркемдікті, образдылықты
беру.
Проф. І.К. Кеңесбаев тұрақты тіркестердің құрамына енген
сөздер сол фраза компоненттерінің əсерінен əртүрлі стильдік
бояуға, өзіндік мағынаға ие болатындығын айтқан [38, 12].
Атаулық тіркестерде көркемділік қасиет жоқ, олар белгілі заттың,
құбылыстың номинативті атауы. Ол атауда ешбір экспрессияның
қажеттігі болмайды. Алып отырған ашық хат деген тіркестен де
осыны көруге болады. Ол ресми түрде бір мекемеге не бір адамға
бағытталып жазылған хаттың бір түрі. Осы тіркестің терминдік
мəні бар, сондықтан оның мағынасы дəл, нақты болып келеді
де, қосымша, қосалқы мағыналары болмайды. Ал фразеологияда
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 321
ондай дəлдік болмайды, ондағы сипаттау бұл жағынан шартты да,
субъективті де. Мысалы, сүмбіл шаш бір адамның ұғымында бір
түрлі болса, екінші адамның ұғымында басқарақ болуы мүмкін.
Ондай шартты мүмкіндік атаулық тіркестерде болмайды. Ашық
хат, еңбек кітапшасы, балалар бақшасы барлық адамның ұғы-
мында біркелкі. Демек, атаулық тіркестер таза коммуникативтік
қызмет атқарса, фразеологизмдер эстетикалық функцияда да жұм-
салады.
Фразеологиялық тіркестердің екінші бір елеулі ерекшелігінің
бірі – оның метафоралық ауыспалы мағынада қолданылуы. Сон-
дықтан да еркін тіркестермен жарысып, олар омонимдік қатар
құрай береді. Мысалы, мұзға отырғызу тіркесі екі түрлі мағына
береді: фразеологиялық тіркес болса, ауыспалы мағынада жұм-
салады (алдап кету, жерге қаратып кету). Ол мағына жалпы
тіркестің құрамындағы сөздердің мағыналарынан туып тұрған
жоқ. Сол сияқты ит арқасы қиян, мұрнынан шаншылып жүру,
тонның ішкі бауындай, қара жүрек тəрізді тіркестердің мета-
форалық мағыналары бірден-ақ байқалады. Ал еркін тіркесте
ондай ауыспалылық əрдайым байқала бермейді. Баланы мұзға
отырғызба дегенде, əрбір сөз өз мағынасында қолданылып, бір-
бірімен семантикалық қасиеті арқылы байланысып тұр. Əрине,
еркін тіркестерде де метафоралық ауыспалы мағына болуы мүм-
кін, бірақ ол ауыспалылық тіркес құрамындағы жеке сөздердің
метафоралық қолданылуынан туып отырады.
Ал атаулық тіркестерде бұндай метафоралық ауыспалы мағына
болмайды. Мысалы, еңбек кітапшасы, балалар бақшасы, темір
жол, кəмелеттік аттестат, аяқ киім, қара күйе, сасық күзен,
қара торғай дегендерде метафоралық мағына байқалмайды.
Осыған байланысты да оның мағынасы көбінесе дəл, тура болады.
Ал метафоралық мағына контекстік сипат алып отырады.
Мағынасының дəлдігі, туралығымен жəне көбінесе терминдік
ұғымдарды білдіруімен байланысты атаулық тіркестердің сино-
нимдері болмайды, олардың мағынасын тек сипаттама (описа-
тельно) түрде жеткізуге болады. Фразеологиялық тіркестің ма-
ғынасын екінші сөзбен, я тіркес арқылы жеткізуге болады: тауы
қайту (беті қайту), ұзын арқан, кең тұсау (созбидаға салу), мұзға
отырғызып кету (алдау), мұрнын шүйіру (менсінбеу), тонның ішкі
бауындай (өте жақын, туыс), т.б.
322 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Осыған орай атаулық тіркестің мағынасы құрамындағы сөздер-
дің мағынасынан фразеологиялық тіркестердегідей мүлде алшақ
кетпейді. Құрамындағы жеке сөздердің мағыналары белгілі дə-
режеде тіркес мағынасын анықтай алады. Мысалы, аяқ киім, боз
торғай, темір жол, еңбек кітапшасы, балалар бақшасы, ат дор-
ба, т.б. тəрізді тіркестердің мағыналары құрамындағы сөздердің
бойынан шығатын ұғымнан алшақ емес. Аяқ киім деген тіркестің
мағынасында əрі аяқ, əрі киім тəрізді ұғым бар екені сөзсіз, сол
сияқты боз торғай, темір жол тіркестерінің мағыналары да
мотивтілі, алғаш түсіне байланысты қойылған боз анықтауыш
сөз бен торғай сөзі кішкене құстың (яғни торғайдың) бір түрін
білдіреді. Темір жол атаулық тіркесінің мағынасы əрі темір, əрі
жол деген мағыналардан өзгеше емес, соның элементтері бар.
Басқаша айтқанда, атаулық тіркестердің мағына мотивтілігі
фразеологиялық тіркестерден өзгеше бір топ екенін көрсетеді.
Сондықтан да соңғы кезде туып отырған атаулық тіркестер көбіне
калька, дəл аударма арқылы еніп отыр, өйткені мотивтілігі айқын
грамматикалық единицалар екінші тілге тез аударылады да, ал
метафоралық ауыспалы мағыналы, экспрессивті-эмоционалдық
тілдік единицалар екінші тілге əрдайым аударыла бермейді. Се-
бебі метафора, экспрессия əр халықтың мəдени-экономикалық
ерекшеліктерімен астасып жататыны сөзсіз. Бір тілдегі əдемі де
көркем метафора сол күйінде екінші тілге аударылғанда түсініксіз,
мəнсіз болуы ықтимал.
Сөйтіп бұл екі категория əдеби тілдегі екі стильдің көрсеткіші
болатынын көреміз. Фразеологиялық тіркестер көркем стильдің
белгілерін бойына берік ұстаса, атаулық тіркестер өзінің бір
мағыналық қасиеті негізінде ресми стильдің белгілерін бойына
сіңірген.
Атаулық тіркестердің басыңқы, немесе тіркес құрауға ұйытқы
болған діңгек сөзі көрініп тұрады. Ол негізінен, анықталушы
сөз болады. Мысалы, боз торғай, темір жол, аяқ киім, ашық
хат, кəмелеттік аттестат, көк жөтел, қара күйе, еңбек кі-
тапшасы, балалар бақшасы, ат қора сияқты тіркестердің негізгі
діңгек болып отырғаны торғай, жол, киім, хат, аттестат,
жөтел, күйе, кітапшасы, бақшасы, қора деген сөздер екені айқын.
Олар кейде басқа да анықтауыш сөздермен қосылып атаулы тіркес
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 323
құрай береді: қара торғай, шөже торғай, бас киім, мал қора, т.б.
Соның өзінде де мұндай тіркестер кейде грамматикалық байланыс
пен орын тұрақтылығын сақтап отырады. Ал фразеологиялық тір-
кестерде осы іспеттес діңгек сөзді айқындау өте қиын. Оның
басыңқы сөзі əрдайым тұрақты бола бермейді. Мысалы, қара
жүрек деген фразеологияның сөзі жүрек десек, жүрек жұтқан,
жүрегінің түгі бар, жүрек жалғады, жүрегі жарылды, жүрегі
шайылды, жүрегі айныды, жүрегі елжіреді, жүрегі суылдады
тəрізді тіркестердің бəріне де діңгек болып тұрған жүрек сөзі деп
кесіп айтуға болмайды. Сол сияқты мұрын шүйіру мен мұрнынан
шаншылып жүру деген тіркестердегі мұрын сөзінің «салмағы»
бірдей емес. Фразеологиялық тіркестердегі негізгі басты сөздің
белгілі орын тəртібі да айқын емес.
Атаулық тіркестердің осындай басты-басты мағыналық
ерекшеліктері оларды фразеологизмдерден бөліп, жеке топ ретінде
қарауға негіз бола алады. Олардың жоғарыда көрсеткеніміздей
мағыналық жағынан зор айырмалар бар екені байқалады. Осыған
қоса қосымша ерекшеліктері де көзге түседі.
Тұрақты тіркестердің бұл екі түріндегі синтаксистік байланыс
қазіргі тілдегі сөз тіркестеріндегі байланыс түрлеріне ұқсап, ұш-
тасып жатады. Əрине, сөйлеу процесінде ол синтаксистік байла-
ныс сөздердің семанитикалық, грамматикалық қызметтеріне қа-
рай жаңадан жасалып жатпайды, олардағы байланыс ертеде-ақ
жасалып қалыптасқан, контекске сол қалпында енеді, олардың
грамматикалық байланысын бұзуға болмайды. Соның өзінде де
атаулық жəне фразеологиялық тұрақты тіркестердің грамма-
тикалық байланысу жолдарында да өзгешеліктер байқалады.
Фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздер қазіргі синтаксистік
байланыс тəсілдерінің қай-қайсысы арқылы болса да байланысып,
өз ішінде сөйлемнің барлық мүшесі бола алады. Мұны сүмбіл
шаш, тауы шағылу, мұрнын шүйіру, мұзға отырғызып кету, дос
жылатып айтады деген мысалдардан көруге болады. Сүмбіл
шаш – анықтауыштық қатынаста қабыса байланысқан. Тауы ша-
ғылу – грамматикалық субъектілік-предикативтік (бастауыш,
баяндауыш) қатынаста қиысып тұр. Мұрнын шүйіру, мұзға отыр-
ғызып кету – объектілік-предикаттық (тура жəне жанама толық-
тауыш) қатынаста меңгеріле байланысып, ал дос жылатып ай-
324 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
тады субъективтік-предикативтік жəне пысықтауыштық-баянда-
уыштық қатынаста қабыса байланысқан. Демек, фразеологиялық
тіркес құрамындағы сөздерді өз ішінде сөйлем мүшелері бойын-
ша талдасақ, сөйлем мүшесінің қай-қайсысы да оның компонент-
тері болуға жарай береді.
Ал атаулық тіркестерде ондай универсальдық, жан-жақтылық
жоқ. Ондай тіркес құрамындағы сөздер көбінесе анықтауыштық
қатынаста қабыса не матаса байланысады.
Бұл екі тіркес морфологиялық құрылысы жағынан да ерек-
шеленеді.
Фразеологиялық тіркестердің құрамында сөз таптарының
қай-қайсысы да болады, ал атаулық тіркес негізінен анықтауыш
қызметіндегі зат есім, сын есім, кейбір субстантивтенген есім
сөздер мен зат есімнің тіркесінен құралады.
Фразалық тіркес құрамында мағыналары күңгірт сөздер жиі
ұшырап отырса, ондай күңгірт мағыналы түсініксіз сөздер атау-
лық тіркестерде кездеспейді деуге болады.
Осыған орай қазақ тіліндегі жалпы тіркес атаулының ең алды-
мен үш топқа бөлген дұрыс болар еді. Олар: еркін (синтаксистік)
тіркес, түйдекті тіркес жəне тұрақты тіркес.
Ал тұрақты тіркестер ең, алдымен, біздің байқауымызша,
үлкен екі топқа бөлінеді: фразеологиялық тұрақты тіркестер жəне
атаулық тіркестер.
Қазақ тіліндегі атаулық тіркестер əуел баста еркін сөз тіркестері
болып, сөйлеу процесінде тұрақталып, лексикалық единицаға
ауысқан. Қазақ тілінде осы тіркестердің жасалуының екі жолы бар
екені байқалады. Бірі – ана тілі материалдарының негізінде атау
ретінде туған тіркестер, екіншісі – жаңа ұғымдарды атауға орыс
тілінен калька, не жартылай калька арқылы аударылып алынған
сөз орамдары. Мысалы, тіліміздегі боз торғай, қара торғай, тарақ
құйрық тəрізді атаулар алғашқы кезде еркін тіркес құрап, алғашқы
компоненттері заттың қасиетін, түсін, сынын білдіріп, ұқсату
арқылы жасалғаны анық. Кейін бұл қасиеттер заттың атымен
қосылып, бір атаудың шеңберіне еніп кеткен.
Сол сияқты бірқатар тіркестер орыс тілінен калька аударма
жолымен енгендігі байқалады. Орыс тіліндегі открытое письмо
тіркесі 1920 жылдары ашық хат болып алынса, одан ертеректе
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 325
басқа тұлғада, яғни жалаңаш хат түрінде алынып келді. Мысалы,
Досмаил хажыға жалаңаш хат («Айқап», №19, 1913).
1920 жылдардағы мерзімді баспасөз беттерінде осындай атау-
лық тіркестердің əлі тұрақтай алмай жүргенін көреміз. Мысалы,
новая экономическая политика деген тіркес жаңа шаруашылық
саясаты жəне жаңа үнем саясаты, себестоимость деген біріккен
сөз өзіне түсетін баға жəне өз бағасы, өзіндік баға, железная
дорога тіркесі темір жол жəне шойын жол, частная собствен-
ность тіркесі жеке қожалық жəне жеке ие болу, заработная
плата тіркесі еңбекақы, жалақы жəне еңбек жалы болып алынып
жүрді.
Бір терминдік ұғымды бірнеше тіркеспен атау газеттің бір
нөмірінде, тіпті бір мақаланың ішінде де кездесе береді. Бұл –
сол қолданылған тіркестердің жаңа алына бастағандығын, əдеби
тілімізге əлі толық сіңісе алмағандығынан болған жай.
Сол сияқты полукочевой – жарты көшпелі, шала көшпелі,
жартылай көшпелі, гражданская война – əлеумет соғысы, азамат
соғысы, империалистическая война дүние соғысы болып əртүрлі
алынып келгені байқалады.
Начальная школа, начальное училище деген тіркес 1920 жыл-
дары бастауыш мектеп, бастауыш училище деп алынған. Ол
əдеби тілімізге əбден сіңіп кетті, қазірдің өзінде солай қолданы-
лады. Октябрь революциясына дейінгі кезеңде бұл терминнің
əртүрлі аталғаны байқалады: «Айқап» журналының беттерінде
бастауыш сөзінің мағынасында жоғарыда көрсетілген ыбтидаһи
деген араб-парсы сөзінің қолданылуымен қатар «бас» деген
байырғы төл сөзіміз де кездеседі. Мысалы: Бұл бас мектеб (на-
чальное училище) бір жерге жиналыб қала салмайынче болмайды
(«Айқап», №9, 1922).
Совет дəуірінің алғашқы кезеңіндегі баспасөз тілінде қолда-
нылған жаңа атаулық тіркестерді құрамына қарай үш топқа бөлуге
болады.
1. Байырғы сөздердің тіркесуі: балалар үйі (детский дом), ұлт
мəселесі (национальный вопрос), бастауыш мектеп (начальная
школа), еңбек кітапшасы (трудовая книжка), ағым істері (теку-
щие дела), қосымша баға (прибавочная цена), қосымша құн
(прибавочная стоимость), тап тартысы (классовая борьба), мүшелік
326 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
жарна (членские взносы), орта дəрежелі (среднее), т.б. Мысалы:
Большевиктер... бар күштерін таб тартысына сарф етті (ЕҚ, 25
май, 1923). Жеке шаруа, қосымша баға бар жерде елді каперативке
тартуға толық мүмкіндік бар (ҚҚ, №19–21, 1926).
Бұл тіркестердің компоненттері – тілімізде ертеден бері қол-
данылып келе жатқан байырғы сөздер. Тіркес құрамында, əрине,
олар мағыналық өзгеріске түскендігі даусыз.
2. Қазақ тілінің байырғы сөздері мен орыс тілінен енген сөз-
дердің тіркесуі: атқару комитеті (исполнительный комитет), құрама
республика (федеративная республика), Совет өкіметі (Советская
власть), халық соты (народный суд), т.б. Ресей мен арамызда
келіс əңгімелерді бастауына кедергі болып тұрған нəрсе Ресейдің
бұрынғы қолданып келген саясатынан таймай тұрғандығы деп
Японияның бас министрі Гото айтқан (ЕҚ, 25 май, 1923). Осы
мысалдарда қазақ тілінің байырғы сөздері, сондай-ақ орыс тілінен
енген сөздер атаулық тіркестің алғашқы анықтауыш компоненті
де, соңғы анықталушы компоненті де бола алатынын аңғарамыз.
3. Орыс тілінен енген сөздерден құралған тіркестер: уездік
комитет, Совет республикасы, математика факультеті, Совет
соты, партия комитеті, т.б. Орыс тілінен енген сөз қазақ тілінің
синтаксистік байланыстарының бірі болып саналады (Салыстыр:
44, V, 13–14). Атаулық тіркестер жасалу жолына қарай да бірнеше
топқа бөлінеді. Олардағы синтаксистік байланысу амалы кəдімгі
еркін тіркестердегідей. Сондықтан жасалу жолы сөз болғанда,
олар байланысу тəсіліне қарай топталады. Олар төмендегілер.
1. Қабыса байланысқан тіркестер. Жеке сөздер түбір тұлғасында
да, жоғарыда көрсеткеніміздей қосымшалар үстеліп барып та бір-
бірімен қабыса байланысады: ашық хат, облыстық комитет,
бастауыш мектеп, орталық комитет, темір жол, т.б.
2. Қатысты мағынадағы тіркестер көбіне екінші изафет арқы-
лы жасалады: бірінші сөз атау тұлғада тұрып, екіншісі тəуелдіктің
үшінші жақ жалғауын қабылдап жұмсалады. Бұл тəрізді тіркес-
тердің бірінші сыңары да, екінші сыңары да байырғы сөз жəне
орыс тілінен енген сөз болуы да ықтимал: ұлт мəселесі, партия
комитеті, халық соты, тұтыну қоғамы, еңбек кітапшасы, бала-
лар бақшасы, т.б.
3. Матаса байланысқан тіркестер. Байырғы сөздер; сондай-ақ
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 327
кірме сөздер ілік септігі мен тəуелдік жалғауларын қабылдайды.
Бірінші сөз ілік септігінде, екінші сөз тəуелдік жалғауында тұрып
байланысқан тіркестер көбіне еркін тіркестерге мағыналық, грам-
матикалык жағынан өте ұқсас болады. Егер бұл тіркес құрамын-
дағы сөздер сөйлемнің жеке-жеке мүшесі болса, ондай сөз тізбек-
тері еркін тіркес болады да, егер бөліп-жаруға келмей, сөйлемнің
бір-ақ мүшесі қызметін атқарса, атаулық тіркес болады. Кей жағ-
дайда еркін тіркестер мен атаулық тіркестердің аражігі жақын-
дап, оларды ажырату қиынға соғады. Орталық партия комитетінің,
аймақтық партия комитетінің, губернелік партия комитетінің
жанында əртүрлі жұмыстардағы жауапты қызметкерлердің оқ-
тын-оқтын кеңестері болыб тұру міндетті болсын (ҚҚ, №3, 1924)
Машина басында тұратын қара жұмысшыдан бастаб жауабты
басқарушыларға дейін біздің партиямыздың ішінде шаруа
жұмысының қай түрінен болса да іскер, барлығы партиямыздың
бағасыз артық сипаты (ҚҚ, №3, 1924). Қазақстандағы Коммунист
партиясының 2-нші жалпы жилысына (ҚҚ, №4, 1922). Мысалдағы
жауапты қызметкерлер (ответственные работники). Əйтсе де
бұларды еркін тіркестермен де қатар қоюға болмайды. Бұндай
құбылыс тілдің басқа да категорияларында кездесе береді. Тіл
əрдайым даму үстінде болатындықтан, бір категориядағы құбылыс
екінші категорияға ауысып отыруы заңды да.
1920 жылдардағы баспасөз тілінде бірқатар ұғымдар еркін
аударылып, терминдік мəні сақталмай, жеке сөздер, не тіркестер
арқылы берілу фактісі де кездеседі. Мысалы, кооперация деген
ұғымды осы сөзден басқа тілектер бірлігі, тілектестер бір-
лігі, т.б. көптеген түрліше атаулар арқылы беру фактілері кезде-
седі. Мысалы: Ауылдың һəм ісшілердің бірігіб жасаған шар-
уашылық ұйымдары (коперация) (ҚҚ, №4, 1922). Бұхарада тілек-
тер бірлігі (коперация)... Тез арада тілектестер бірлігі ашылған
(ҚҚ, №4, 1922).
Осы тəрізді забастовка, демонстрация деген ұғымдар іс
тастау, жұмыс тоқтату, қыр көрсету тұлғаларында берілген.
Со күні Брюссель қаласында орасан ірі қыр көрсету жасалмақ,
оған қатынасуға 10000 дай адам кіргізуге ұйғарыб отыр (ЕҚ,
2 август, 1923). Сол ісдердің біреуі, ең күштісі кəсібшілердің іс
тастауы тілекдері орнына келтірілгенше жұмысдан тоқтау
328 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
(забастовка) қай жерде, қай жұртта, қай мəмлəкəтда болса да
адам баласына керекді бұйымдарды жасайтұн, керек жарақдарды
даярлайтұн осы кəсібшілер (ҚҚ, №4, 1922).
1920 жылдардағы мерзімді баспасөз беттеріндегі сəтсіз жа-
салған терминдік мəнді жеке сөздер мен атаулық тіркестерді
одан əрі де көбейтіп бере беруге болар еді, бірақ осындай еркін
аударудың сол кезеңде орын алғанын осы көрсетілген мысалдар
да дəлелдей алады.
Осы терминдік мəндегі атаулық тіркестердің көпшілігі əдеби
тілге осы кезеңде еніп, қалыптаса бастаған. Бұл процесс əлі де
болса тоқталмай, жаңа ұғымдардың келуімен байланысты дами
түсуде.
Басқа да күрделі сөздер тəріздес атаулық тіркестер əуел баста
синтаксистік тіркестерден қалыптасқан. Олардың бір бөлегі
біріккен сөздер категориясына да ауысып отырады. Мысалы, ақ-
қу (аққұс), қарақұс, қарлығаш (қарлықұш), қолғап (қол-қабы), т.б.
Бұлар біріккен сөздер тəріздес бір ұғымды білдіреді. Қазіргі
қазақ тіліндегі кейбір атаулық тіркестер басқа түркі тілдерінде
біріккен сөз болып танылады. Мысалы, түрікмен тілінде аяққап,
азербайжан, түрік тілінде аякгабы дегендер біріккен сөздер
қатарына қосылады.
Демек, қазақ тіліндегі атаулық тіркестер жаңа сөз жасаудың да
бір көрінісі болып есептеледі.
Атаулық тіркестердің қолданылуы қазіргі мерзімді баспасөз
тілінен де орын алады. Баспасөз тілінде күнделікті туып отырған
ондай единицаларды байқау үшін мына мысалдарға назар аударсақ
та жеткілікті: Жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа
қарап тұруын кеміту жолымен өндірістік қуаттарды неғұрлым
жақсы пайдалану қажет деген ұсыныстар жасалды (СҚ, 1968, 29
март). Көпшілік болып кіріскен осы еңбек жарысында суырылып
алға шыққан Құлахмет Нұрабаевтың звеносы совхоздың ауыспалы
Қызыл туын жеңіп алып, бірінші ақшалай сыйлыққа ие болды
(ЛЖ, 1968, 13 ноябрь). Ол орта қашықтықтан қонақтар жақтағы
торды нысанаға алумен болды (ЛЖ, 1965, 30 октябрь). Соңғы он
жылда мұнда 112 мың шаршы метр тұрғын үй салынды (СҚ, 1967,
9 август).
Осы келтірілген шағын мысалдардың өзінен мерзімді баспасөз
тілінде күнделікті туып отырған жаңа атаулық тіркестердің көп
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 329
екендігін жəне олардың əлі де тасқындап туа беру мүмкіндігі зор
екендігін байқаймыз. Əрине, келтірілген сөйлемдердегі атаулық
тіркестердің тұрақтылығы, қалыптасу дəрежесі, сəттілігі бірдей
емес, сондықтан олардың кейбірі толық қалыптасқан тұрақты
тіркестер болып, лексикалық единицалар қатарына жатса, кейбірі
əлі бұл дəрежеге жете алмай, синтаксистік тіркестер қасиетінен
біржола арыла алмағандығын көреміз. Соның өзінде де олар
синтаксистік еркін тіркестерден оқшауланып, ерекшеленіп тұрады.
Сондықтан да оларды еркін тіркестермен қатар қойып қарауға
болмайды. Кейін олар көбірек қолданысқа түссе, құрылымдық
жүйесінің, мағыналық бірыңғайлылығының нəтижесінде тез-ақ
тұрақтанып, компоненттерінің бір-бірімен жымдасып кетуінде
күмəн жоқ.
7. Баспасөз тіліндегі жаңа сөз жасаудың ерекшеліктері
1. Ең алдымен совет дəуірінің алғашқы жылдарында тіл
құрылысы майданында пуристік бағыт болды ма деген мəселе
туралы Ш.Сарыбаевтың: «Бұл дəуірде қазақ тілінде пуризм1 зор
əрекет, үлкен бір ағым дəрежесінде болды деп айта алмаймыз.
Өйткені ол кездегі баспасөзімізде орыс тілінен енген сөздерді
жапа-тармағай аудара беру тенденциясы аударма тəжірибесінде
болған жоқ» [44, V, 16] деген пікірін біз де қуаттаймыз.
Шынында да бұл кезеңде тіпті кейбір аударуға келетін я
аударғанда ғана дұрыс болатын сөздерді аудармай алу көп
кездеседі. Тіпті кейде -ский, -ный, -ый қосымшалары да сол
күйінде қолданылады. Мысалы: Мұның соңында жұмысшылардың
рухтары көтеріліб һəр қалаларда союз ашқаннан кейін... (ЕҚ,
25 май, 1923). Облыстық жастар камитеті члендерінің жалпы
жилысында комитетдің ісін басқарушылыққа мына жолдастар
белгіленді. (ҚҚ, №10, 1922). Варне һəм Рочуке қалаларында
красный крест елшілері Морозовды һəм Ведринді тұтқынға салған
(ЕҚ, 30 июль, 1923). Иркутскийдегі университеттің общественный
1 Пуризм – тілдің қажетіне қарай жасалып отыратын неологизмдерге бөтен тілден
сөз алуға қарсы күрес, ана тілінің баюына бөтен тілдің əсер-ықпалын жолатпауға
тырысушылық, тіл құрылысы майданындағы керітартпа бағыт.
330 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
факультетінен 12 орын, педагогический бөлімінен 4 орын, һəм
физико-математический бөлімінен 6 орын (ЕҚ, 1 июнь, 1923).
Торғай қаласындағы бұрынғы городской школды түзеттіріб жатыр
(ЕҚ, 9 июль, 1923).
Бұл – сонау «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерінен
басталып, «Айқап» журналы беттерінде де кездесіп отыратын
жағдай еді. Ол баспасөздерде бұндай құбылыс тіпті жиі ұшырайды.
«Айқап» журналының беттерінде тіпті авторлар фамилияларын,
өздерінің ру аттарын жазғанда, орыс тілінің үлгісімен -ский
қосымшасын қосып жазу да кездесіп отырады: Алачинский,
Байбактинский, Найманский, т.б. [36, 3].
Мысалдарда көрсетілген орыс тілінің сөздері мен сөз тіркестерін
қазақшаға аударуға болар еді: союз – одақ, член – мүше, красный
крест – қызыл крест, школ – мектеп, т.б. Ал орыс тіліндегі -ный,
-ной, -ский, -ской қосымшалы сөздер де қазақ тіліне белгі амалдар
арқылы аударылып алынатыны сөзсіз.
Бірақ пуризм элементтерінің бұл кезеңдегі баспасөз беттерінде
сондай-ақ термин жасауда арагідік кездесіп те отыратынын айту
керек. Қазақ оқығандарының қайсыбірі терминдер қарапайым
халыққа түсінікті болуы керек дегенді бетке ұстап, орыс тілі
мен интернационалдық сөздерді қайтсе де аударуға тырысып,
кейбіреулерін араб-парсы сөздерімен алмастыруды ұсынды. Сон-
дықтан да осы кездегі қазақ тілі терминологиясында белгілі
ұғымның мəнін толық ашып бере алмайтын аударма терминдер
кездесіп отырады.
1920 жылдардағы баспасөз беттерінде орыс тіліндегі аударуға
келмейтін терминдік сөздерді қазақшалау, мысалы, төмендегідей
болып келеді: Мəскеуге Англияның бір тоб өнер кəсібшілері
келмек, олардың ішінде Болдуйн (Англия бас уəзірінің туысқаны)
һəм Морчал бар (ЕҚ, 27 август, 1923). Бұл іс Бозоба аулниы арқылы
Тал-Өкбе уезі І нші аймақ халық биіне білінген еді (ЕҚ, 2 август,
1923). Шалқар ауданы кеңес комитетінің төрағасы Беркінбай ұлы
Таранның əйелі Рақима жазға салым Орынбор барыб қайтыб еді
(ЕҚ, 18 июль, 1923). Һəм бұл жобаны жақын арада қазақ кіндік
камитетінің бас құрамасы назарына ұсынбақшы (ҚҚ, №11, 1922).
Сол себебті Қазақстанның халық ағартушы комисариаты жалпыға
бірдей толық тарихты күтбей алдымен дəрістік тарих жазылуын,
кемшілігі жүре түзелуін тіледі (ЕҚ, 2 август, 1923).
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 331
Қазақ тіліне аударуға болмайтын сөздерді қазақшалау тенден-
циясы Октябрь революциясынан бұрын шығып тұрған баспасөз
нұсқаларында да жиі кездеседі.
2. Бұл кезеңде бір ұғымды білдіру үшін бірнеше сөздің қол-
данылуы, терминдік лексиканың толық қалыптаса қоймауы бай-
қалады. Ал термин саласында варианттардың қолданылуы əдеби
тілдің қалыптасуына кедергі келтіретіні сөзсіз. «Əртүрлі вариант-
тардың қолданылуы терминдердің тұрақтауына мүмкіндік бер-
мейді, əдеби тілдің нормаларын бұзады», – деп жазады С.А. Аман-
жолов пен А.Əбдірахманов [5, 18].
Бір ұғымды білдіретін вариант сөздердің саны бұл кезеңде
ұшан-теңіз еді. Мысалы, Кеңес – Совет, төңкеріс – революция,
көмекші – қолқабысшы, председатель – бастық – төрағасы,
шешен – білімдар – сөзшең – оратор, мəлімдеме – арыз – заявление,
общежитие – оқу жұрты, түбкі – негізгі, кіндік – орта – астана,
жетімхана – балалар үйі – балалар бағым үйі, халық үйі – народ-
ный дом, член – мүше, еңбек ақы – жалақы, союз – одақ, коллегия –
алқа, тартыс – жарыс сөз – талас сөз, жоба – жол – проект,
топ – жилыс (конференция), сынаушы – сыншы, көрме – выстав-
ка – көрініс, тамашашы – көруші, шойын жол – темір жол, баға-
сы – хақы – бəсі – нарқы, хұқық – право, отарба – поезд, аэроплан –
əуе кемесі, школ – мектеп, бөлшектер – дробь, оқу жұрты – оқу
ордалары, жататын жұрт – общежитие – жатақхана, əде-
биет – литература, кеңсе – контор, т. б.
Күн сайын топтап кіріп жатқан жаңа ұғымдардың бірден
сіңісіп, өз атын дұрыс таба қоюы мүмкін де емес еді. Тіпті 1931
жылы шыққан «Атаулар сөздігінде» де [9] жасанды сөздер мен
дұрыс аударылмаған терминдік лексика көптеп ұшырасады.
Мысалы: Абсолютный – даусыз, жеке дара (5), авиатор – ұшу-
шы (5), архипелаг – топарал (10), бассейн – алап (12), белок – мəнпір
(уыз), көздің ағы (13), бюрократ – төре (16), водомер – су өлшеуіш
(19), гастрономия – аспаз (23), генерал – жанарал (жандарал) (24),
герб – таңба (25), дезертир – қашақ (30), декларация – жарлық
(жəрия) (30), демократия – бұқара (30), диссимиляция – ырымдау
(32), документ – ыспаттама (35), запасный судья – қосалқы би
(37), заседатель – қосшы би (37), идеалист – мұратшыл (санашыл)
(39), империализм – жиенгершілік (41), интеллигенция – зиялылар,
капитализм – капиталшыл (44), категория – дəреже (степень –
332 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
дəреже – 103), консерватизм – ескішілдік (49), космополитизм-
əлемді сүюшілік (51), крепостное право – қамалдық ерік,
басыбайшылық (52), лексика – сөз кені; лексикография – сөз кенін
əліптеу; лексикология – сөз кенін тексеру ғылым; лектор – дəрісші
(55), лекция – дəріс (56), либерал – азаматшылдық (56), лидер –
серке (56), материализм – затшылдық (60), мебель-жасау (60),
метофизика – құрғақ даналық (62), множимое – өсер, множи-
тель – өсіргіш (64), т.б.
Əртүрлі сөздердің бір ұғымда қолданылуының өзіндік себебі де
бар. Тасқындап келіп жатқан жаңа ұғымдар қай тілде болсын бірден
қорытыла, нақ өз атын таба бермейді. 20-жылдары қазақтың əдеби
тілінде, əсіресе лексика, терминологиясында жаңа ұғымдардың
келуімен байланысты көптеген өзгерістердің болып отырғаны
мəлім. Бұл кезеңде əрбір ұғым атауын дəл белгілейтін терминдерді
тұрақтандырып, бір ізге түсіріп, жетілдіріп отыратын арнаулы
терминологиялық комиссияның да болмағаны анық. Ғылым мен
техниканың əр саласынан шын мəнінде білгір мамандар аз болды.
«Атаулар сөздігі» авторларының: «Əр ғылымның өз шеберлері
кітап жазса, пəн сөзі сол уақытта сараланып, сонда ғана көпшілікке
үйлесімді болмақ», – деп жазғаны тарихи шындық еді [9, 1].
Оның үстіне термин сөздерді жасау принпиптері сөз етілмей,
оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу мəселесі де қолға алынбаған
кезең еді. Халықтың өміріне енген жаңа заттар мен жаңа ұғымдарды
əркім əртүрлі атаудың салдарынан баспасөз бетінде варианттылық,
дублеттілік етек алып кетті.
Кейін келе тіліміз осындай қосалқы терминдердең арыла
бастады. Төңкеріс, төр ағасы, түпкі заң, халық биі, хұқық, нар-
қы, бəсі, отарба, т.б. көптеген сөздер мен сөз тіркестері кейін
тілімізде тұрақтай алмай шығып қалды. Терминдік лексиканы
қалыптастыруда сол дəуірдегі баспасөздің орны ерекше екені
анық, өйткені ол терминдердің көпшілігі баспасөз беттерінде
тұрақтанып, қалыптасты. Оның үстіне совет дəуірінің алғашқы
кезеңіндегі баспасөз қабылдаған терминдердің көбі-ақ қазіргі қазақ
əдеби тіліне кіргені даусыз. Ал сол кезеңге тəн кемшіліктер қазіргі
кезде байқалмайды. Қажетті терминдерді іріктеп, мағынасын ашып
беріп отыратын мемлекеттік терминологиялық комиссия құрылды.
Сондай-ақ ғылым мен техниканың əр саласына байланысты термин
жасау мəселесі жеке зерттеу объектісі болып, ол жайында арнаулы
еңбектер жарық көрді (қараңыз 1).
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 333
8. Баспасөз тілінде қолданылған сөздердің
сандық көрінісі
Сандық жағынан, қолданылу өрісі жағынан, əрине, жоғарыда
көрсетілген лексикалық топтардың салмағы бірдей емес. Егер
статистикалық талдау жасап қарасақ, олардың бірдей емес екен-
дігін анық көреміз жəне 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз
тіліндегі жалпы сөз колданыста ептеген ерекшеліктердің бары
байқалады. Өте жиі қолданылатын сөздерді, негізінен, белгілі
бір-ақ стильге жатқызуға бола бермейді, олар тілдік жанрлардың
қай-қайсысында болса да жұмсала беретін сөздер. Оны «Еңбекші
қазақ» газетінің 147, 148, 151, 153, 154, 165, 166, 168, 172, 178,
179-сандарынан алынған (1926 жыл) 11 бас мақаланы талдаудың
нəтижесі де көрсетіп отыр.
Əрбір бас мақаланы рет-ретімен нөмірлеп, əрқайсысында жаңа
қолданылған, яғни бұдан бұрынғы бастапқы сурет бас мақалаларда
кездеспеген жаңа сөз қанша екенін санасақ, ол былай болар еді;
240–129–113–130–81–62–70–76–38–57–71 (№1-диаграмма тұтас
сызық). Ал тек бір ғана бас мақалада колданылған жаңа сөз саны
мынадай: 75–51–63–78–52–48–51–61–32–54 (№1-диаграмма,
пунктир сызық). Диаграммада оның əрбір 100 сөз қолданыстағы
саны көрсетілді, яғни: 5,9–3,19–2,8–3,2–2,05–1,5 – 1,7–1,88–0,9–
1,4–1, жəне 1,85–1,26–1,55–1,9–1,3–1,19–1,26–1,5–0,8–1,3–1,7.
Бұл сызықтар секірмелі болғанмен де, ОУ тегістігіне біртіндеп
жақындай түсетінін көреміз. Яғни бас мақала саны одан артып
көбейе берсе, ОУ тегістігі мен сызықтар ең ақырында қосылуы
да мүмкін. Сонымен бірге 5-бас мақаладан бастап ол сызықтың
секірмелігі бəсеңдеп, деңгейі теңеле береді. Ал осы бас мақалада
бірінші қолданылып жəне кейінгі бас мақаладарда кездесіп
отыратын сөздердің саны мен басқа бас мақалаларда кездеспеген
сөздердің саны арасындағы айырма жəне оның əрбір жүз сөз
қолданысқа келетін саны мынадай:
165 _ 78 _ 50 _ 52 _ 29 _ 14 _ 19 _ 15 _ 6 _ 3
4,08 1,9 1,2 1,3 0,7 0,3 0,46 0,37 1,04 0,07
334 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
x
6
5
4
3
2
1 ʋ1
y
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
x
5
4
3
2
1 ʋ2
y
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
x
9
8
7
6
5
4
3
2
1
ʋ3
y
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 335
(№2 диаграмма). Сынық сызық пен ОУ тегістігі 11-бас мақалада-
ақ қабысып кетеді.
11 бас мақаладағы жалпы сөз қолданыстың (слово-употреб-
ление) саны 4039 да, сөз (словолексема) саны 1067, яғни 1067 сөз
4039 рет қайталанып қолданылған. Бір сөздің орта жиілігі (средняя
частотность) 3,785-ке тең (4039:1067). Барлық сөз қолданыстың
сөз таптары жағынан орналасуы 1-таблицада көрсетілген.
Сөздердің сөз таптары жағынан сандық көрінісі
Сөз таптары Текстегі саны 1-таблица
1. Зат есім 1681 Барлық сөз қолданысқа
Соның ішінде: жалқы есім 107 % қатынасы
1574 41,61
жалпы есім 394 2,64
2. Сын есім 200 39,97
3. Сан есім 306 9,75
4. Есімдік 113 4,95
5. Үстеу 946 7,57
6. Етістік 202 2,80
7. Шылаулар 92 23,42
8. Көмекші есімдер 61 5,00
9. Бар, жоқ, аз, көп сөздері 43 2,28
10. Модаль сөздер 1,51
11. Одағай 1 1,06
Барлығы 4039 0,02
100
Бір сөздің орта жиілігі 3,785 болғанмен, барлығы бірдей
біркелкі қолданылмаған. Мысалы, барлық сөздің 6,654% құрайтын
71 сөз 1736 рет қолданылған, бұл – барлық сөз қолданыстың
43%. Бұлардың дəлдеу жиілігі (уточненная частота) негізінен бір
сөздің орта жиілігінен жоғары не соған тең болып келеді, яғни
Рп>3,785. Ал барлық сөздің 93,35% болатын қалған сөз 2303 рет
қолданылған, жалпы сөз қолданыстың 57% құрайды. Бұлардың
(996 сөздің əрқайсысының) дəлдеу жиілігі текстегі бір сөздің орта
жиілігінен төмен болып келеді: Рп<3,785.
336 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Сөздің дəлдеу жиілігі Рп – рп формуласы арқылы табылды.
N
Рп – сөздің дəлдеу жиілігі, Р – сөздің жалпы жиілігі, п – сөздің
қолданылған бас мақала саны, N – бас мақалалардың барлық саны
(11). Ол дəлдеу жиілігі былай шығарылды. Мысалы, бол етістігі
87 рет 11 бас мақалада қолданылған. Оның дəлдеу жиілігі 87,
яғни Рп – 87 • 11 . Сөздің дəлдеу жиілігі, неғұрлым сөз көп 11
11
қолданылса жəне неғұрлым көбірек бас мақалада қолданылса,
солғұрлым жоғары болатыны көрінді. (Қосымша – 5 сол 71 актив
сөз дəлдеу жиілігінің кему тəртібі бойынша берілді).
Сол 71 сөзден тұратын жиілік сөздікті бұдан да кіші топтарға
бөлсек, мынадай сандық мəліметтер алуға болады. Бірінші бес сөз
(жиілігі кему тəртібі бойынша) тексте 333 рет қолданылған, бұл
бес сөздің жалпы жиілігі 333-ке тең, келесі бес сөздің жиілігі –
219, келесі бес сөздің жиілігі – 179 т.б. Алғашқы он сөздің жиілігі
552-ге тең де, келесі он бес сөздің жиілігі – 443, келесі 25 сөздің
жиілігі – 493, соңғы 21 сөздің жиілігі – 243.
Осы жиі қолданылған сөздердің (əрбір бес сөздің) жалпы
сөздіктегі сөздердің, саны (1067) мен олардың қолданылу санына
(1039) проценттік қатынасы 2-таблицада көрсетілді. Олардың сөз
таптары жағынан бөлінуі 3-таблицада берілді.
Жиілігі кему Жиілік санының 2-таблица
тəртібі барлық сөз
қолданысқа Əрбір бес сөздің
1-5 қатынасы % текстегі жалпы
6-10 сөзге қатынасы %
11-15 8,25
16-20 0,465
21-25 5,37 0,465
67-71 0,465
4,43 0,465
0,465
3,33 0,465
3,21
1,88
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 337
3-таблица
Сөз таптары Текстегі
саны
Барлық сөз
қолданысқа
қатынасы
Барлық сөз
қолданысқа
қатынасы
Жиі қолда-
нылған сөз
қолданысқа
қатынасы
1. Зат есім 642 15,89 40,8 36,98
2. Сын есім 42 1,03 10,65 2,41
3. Сан есім 100 2,47 5,0 576
4. Есімдік 217 5,37 70,92 12,5
5. Үстеу 29 0,71 25,66 1,67
6. Етістік 443 10,96 46,83 25,52
7. Шылаулар 117 2,89 57,92 6,74
8. Көмекші есімдер 56 1,37 60,87 3,22
9. Бар, жоқ, аз, көп жəне
модаль сөздер 90 2,28 86,54 5,18
Барлығы
1736 43 100
Бұл таблицадан жиі қолданылған сөздердегі жеке сөз таптары-
ның барлық сөз қолданысқа қатынасы жəне олардың барлық сөз
қолданыстағы сол сөз табына қатынасы жағынан үлкен алшақтық,
өзгешелік сын есімде, модаль сөздерде, үстеуде, есімдікте,
көмекші есімдерде байқалады. Бұл жағынан зат есім мен етістікте
үлкен айырмашылық көрінбейді. Сонымен, ең жиі қолданылған
сөздер – зат есім, етістік, есімдік, шылауар, оған тіпті сан есімді
де жатқызуға болады. Кейбір зерттеушілердің көрсетуінше, бұл
сияқты сөздер көбінесе стильдік жағынан бейтарап (нейтральды),
көп мағыналы болып келеді, сондықтан да олар тіркесімділігі
жағынан еркін болады [79, 64]. Бұл жерде стильдік деген ұғым
сөздердің көркемдік, экспрессиялық-эмоциональдық қасиетімен
байланысты қолданылған, осы жағынан ғана дұрыс деуге болады.
Тек солай болса ғана, ол пікірді жоғарыда көрсетілген материалдар
дəлелдей түседі, өйткені көркемдік əдістердің көбін бере алатын,
экспрессиялық-эмоциональдық қасиеттері мол сын есім мен
үстеу сөздер екеуі бірігіп барып өте жиі сөз қолданыстың (1736)
небары 4% құрайды, бұл пікір, көркем стиль тұрғысынан келсек
қана, біршама дұрыс болар еді де, жалпы тілдік стиль түрғысынан
338 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
келсек, онша дəл болмас еді. Өйткені жиілігі жоғары бұл сөздер
жалпы стильдік жағынан тіпті де бейтарап емес. Олар көбіне ресми
стильдің, бейтарап стильдің тілдік көрсеткіштері болып табылады.
Тіпті қолданылған үш сын есімнің екеуі (қара жəне еңбекші) халық
сөзінің анықтауышы. Олардың өзі де публицистикалық шығармаға
тəн сөздер. Бұл тізімдегі партия, іс, өкімет, шаруашылық, жұмыс,
мемлекет, кеңес, шаруа, жұмыскер, одақ, комитет, жəрдем,
ұран, төңкеріс, бұқара, мекеме, өндіріс, т.с. сөздер – мерзімді
баспасөз тіліне тəн, ресми стильге жататын тілдік элементтер.
Егер осы тіліміздегі сөздерді кейінгі кезеңдегі мерзімді баспасөз
тілімен салыстырсақ, олардың қолданылу жиілігі мен жұмсалу
аясында кейбір ұқсастықтар мен алшақтықтар айқын байқалар
еді. Бұлардың ішінде партия, іс, өкімет, шаруашылық, жұмыс,
мемлекет, одақ, кеңес, совет, комитет, мəселе, төңкеріс,
революция, мекеме, өндіріс сияқты сөздерде корреляция1 өте үлкен
болар еді де, кейбірінде корреляция тіпті мардымсыз болар еді.
Міне, осының өзінен белгілі кезеңдегі мерзімді баспасөз тілінің
өзіндік ерекшеліктері көрінеді. Келтірілген үзінділер көлем
жағынан тым шағын болғандықтан, ондай корреляциялық анализ
жасамадық. Бірақ жоғарыда көрсетілген жиі қолданылған сөздерді
салыстыра қарау үшін төменде қазіргі баспасөзден де сондай жиі
қолданылған сөздер берілді.
Жиілігі кему тəртібі бойынша алғанда, жеке сөздердің жиілі-
гінің қозғалу өрісі 3-диаграммада көрсетілген (ондық сандар
10–1, 20–2... 90–9 т.б. болып бірлік сандар арқылы берілді).
Осы диаграммадан көрінетіндей, жиіліктің сызығы 14-15-сөзге
дейін өте тік түседі де, кейін көлбеңдеп кетеді. Сынық сызық сөз
саны көбейген сайын ОУ тегістігіне жақындай түседі, бірақ ол
тегістікпен ешқашан да қилыспайды, тегістікке ең жақын жəне ең
төмен нүкте – 1.
«Социалистік Қазақстан» газетінің бір санындағы (1969 жыл,
16 октябрь) сөздерді талдап көрейік. Онда кездесетін жалпы сөз
саны 2125 те, сөз қолданыс саны 8834, яғни жалпы бір сөздің орта
жиілігі 4, 157 (8834: : 2125). Осы орта жиіліктен жиілігі жоғары
1 Корреляция – тілдік единицалардың қолданудағы бір-бірімен байланыстылығы,
өзара сəйкестігі, сабақтастығы.
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 339
(Р>4, 157), яғни жиілігі 5 жəне одап да көп сөздердің жалпы саны
437, жалпы сөздің 20, 56% де, олардың сөз қолданыс саны 5840,
жалпы сөз қолданыстың 66,115%. Жиілігі жағынан сөздер былай
орналасқан: бір сөз 117 рет қолданылған, 2 сөз 78 реттен, бір сөз
70 рет, бір сөз 65, бір сөз 64, 1 сөз 62, 1–56, 2–52, 3–51, 2–50, 1–49,
1–47, 2–46, 3–45, 3–44, 3–44, 3–40, 1–39, 2–38, 1–37, 1–32, 1–31,
1–30, 2–29, 3–28, 2–27, 2–26, 1–25, 4–24, 6–23, 5–22, 8–21, 2–20,
4–19, 8–18, 9–17, 4–16, 9–15, 11–14, 9–13, 14–12, 21–11, 24–10,
41–9, 31–8, 53–7, 53–6, 73–5 (алғашқы цифр сөз саны да, екінші-
сі – жиілігі).
Алғашқы бес сөз 408 рет қолданылған, оның жалпы сөз бен сөз
қолданысқа қатынасы 0,235%–4,62%, яғни сөз қолданыс қатынасы
20 есе артық, келесі бес сөз 286 рет қолданылған, оның жалпы сөз
бен сөз қолданысқа қатынасы 0,235%–3,237%. Ал жалпы сөздің
небары 1,17% ұстайтын алғашқы 25 сөз жалпы сөз қолданыстың
15,87% болып табылады.
Сөз таптары жағынан жалпы сөз қолданыс (8834) былай
орналасқан; зат есім – 4374, яғни 49,51%, етістік – 1620, яғни
18,338%, сын есім – 974, яғни 11,025%, сан есім – 482, яғни 5,456%,
есімдік – 491, яғни 5,558% үстеу – 491, яғни 5,558%, шылау 346 да
3,917%, одағай – 10 да, 0,114%, еліктеуіш сөздер – 46 да 0,52%.
Жиілігі 10 жəне одан жоғары сөздерді жиілігі кему тəртібі бойын-
ша қосымша – 4 берілді. Олардың жалпы саны 186 да, сөз қолда-
ныс – 4169. Бұл жерде тізім көбейіп кетпеуі үшін жиіліктері 9–5
сөздер берілмеді, ондай сөздердің саны 251 де, сөз қолданысы –
1671.
340 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
ІІІ. КЕЙБІР МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде кездесетін кей-
бір морфологиялық форманттар сөз тудыру тəсілдеріне байла-
нысты жоғарыда əңгіме болды. Олардың жанрлық, стильдік жа-
ғынан өзіндік ерекшеліктері бар екені байқалды. Ендігі сөз
етілетін форманттар, негізінен, предикаттық – баяндауыштық,
субъектілік, атрибуттық тұлғалар мен сөздердің қолданылу ерек-
шеліктеріне байланысты жұмсалатын форма тудырушы жəне сөз
байланыстырушы кейбір морфологиялық көрсеткіштер. Олар
құрамы жағынан болсын, қызметі, грамматикалық мағынасы,
жұмсалу орны жағынан болсын əрқилы. Кейбірі күрделі, бірнеше
морфологиялық форманттардан құралған да, кейбірі жалаң тұл-
ғалар. Қайсыбір тұлғалар əдеби тіл нормасынан біршама ауытқып,
жаңа мағынада қолданылады. Енді бірі белгілі жанрлық текстерде
актив түрде қолданылып, стильдік сипат ала бастаса, кейбірінің
жалпы қолданылу аясы тарылып барады.
Жалпы қандай да морфологиялық тұлға болмасын басқа
тілдік элементтер сияқты жанрлық жəне стильдік жағынан мүлде
бейтарап болмайды. Олардың сөйлеу процесінде қолданылуы
белгілі қажеттіліктен жəне белгілі заңдылықтардан туады. Ол
ойдың айтылу мақсатымен, тілде қалыптасқан дəстүрмен бай-
ланысты. Біз сөйлеп тұрған кезде, көптеген жаттығу мен қалып-
тасқан əдеттің арқасында сезбесек те, тілдік элементтің қай-
қайсысының жұмсалуы талғау-таңдаумен өтіп жатады. Онда ай-
тайын деген ойдың мақсаты мен оның мазмұнына лайық тілдік
элементтер сұрыпталады. Бірақ бұдан бір стильде қолданылған
морфологиялық тұлға екінші стильде жазылған тексте мүлде
қолданылмауы тиіс деген пікір тумайды. Əр стильде жазылған
жанрлық текстерде морфологиялық көрсеткіштердің жұмсалу
мүмкіндігі, көріну саны бірдей емес. Ал ол – тілдегі кездейсоқ
та құбылыс емес жəне тек қазақ тілінен басқа да тілдерде де
жиі кездесетін тілдік факт. Мысалы, Б. Точубекованың «Азырқы
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 341
қырғыз тилиндегі қимыл атоочтар» («Қазіргі қырғыз тіліндегі
қимыл есімдері», Фрунзе, 1968) атты кандидаттық диссертация-
сында берілген мына таблицаларға (33–35-бб.) назар аударайық.
Əрине, мұндағы сандық көрсеткіштерді, əсіресе сөз болып
отырған морфологиялық тұлғалардың жалпы сөз қолданысқа
проценттік қатынасын, абсолюттік шама деп қарауға болмайды.
Бұл жерде үзінді көлемінің шағын екенін ескеру керек. Со-
нымен бірге ол көрсеткіштердің осындай мөлшерлік шамада
қолданылуы, бір категорияның əр тұлғасы, сондай-ақ жанрдағы
текстерде əртүрлі болып жұмсалуы кездейсоқ екен деуге тағы
болмайды. Жоғарыдағы таблицадан көрінетіндей, -уу... тұлғалы
қимыл есімдері ресми стильді белгілейтін жанрларда жазылған
қоғамдық-саяси, ғылыми, публицистикалық (газет-журнал) əде-
биеттер тілінде шамамен сөз қолданыстың 3–4%, -ыш тұлға-
сы 0,25–1 % болады. Ал қимыл есімінің басқа морфология-
лық көрсеткіштері қолданылмай, көркем шығарма тілінде олар-
дың сандық көрінісі, қолданылу салмағы тіпті төмендеп, жалпы
сөз қолданыстың 1%-ке жетпей, -ыш тұлғасы 0,23%-тен аспай-
ды, бұларға керісінше қимыл есімінің басқа морфологиялық көр-
сеткіштері активтенеді. Міне осындай əрі жанрдағы текстерде
жалпы қимыл есімі категориясының қолданылу салмағы бірдей
болмауы олардың стильдік ерекшеліктерімен, текстің жанрлық
сипаттарымен тығыз байланыста екенін көрсетеді. Төмендегі
талдаулар да осы пікірді айқындай түседі.
Шығармалардың 20 беттегі
аттары сөз саны
Қимыл есімдер-
дің формалары
Формалар жұм-
салған сөз саны
%
Формалардың
кездесетіні
1 2 3 45 6
І. Қоғамдық-саяси 5400 -уу/үү/ 203 3,76 -мек
əдебиеттер /оо/өө/ 35 0,65 -май
-гы
1. КПСС ХХІІІ съезінің -ыш
материалдарынан.
Фрунзе, 1966, 3-23-бб.
342 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
1 2 3 45 6
5827 -уу/үү/ -мак
2. КПСС тарихы. /оо/өө/ 188 3,2 -май
Фрунзе, 1963, 13-33-бб. 4626 53 0,7 -гы
-ыш -мак
ІІ. Ғылыми еңбектер 145 3,1 -май
-уу/үү/ -гы
В.Г. Афанасьев. /оо/өө/ 40 0,87
Марксистік -мак
философияның негіздері. -ыш 367 3,1
Фрунзе, 1961 23 0,24 -мак
ІІІ. Газет-журналдар -уу/үү 2 0,017 -май
/оо/өө/ 55 1,2
1. «Советтік Қырғызстан» барлық -мак
газеті, 1967, 23 февраль сөз саны -ыш 22 0,5
-май -май
11630 -уу/үү/ 50 0,85
/оо/өө/ 13 0,23
2. «Ала-Тоо» журналы, 4633 -ыш 1 0,017
1963, №2, 98-109-бб. (10- 3 0,005
бет) -уу.... 42 0,88
-ыш 11 0,2
ІV. Көркем шығарма -май 5 0,1
-гы 1 0,2
1. К. Жантөшев. 5909 -уу... 38 0,84
«Қаныбек» роман. 1-кітап. -ыш 9 0,2
Фрунзе, 1957, 3-23-бб. -гы 5 0,11
-мак 1 0,02
2. Абдукаримов. 4748 -уу... 1 0,02
«Жашағым келет». -ыш 7 0,13
Фрунзе, 1960, 7-26-бб. -гы 7 0,13
-мак 1 0,019
3. Т. Қасымбеков. 4584 -май 1 0,019
«Сынған қылыч». Фрунзе, -уу... 2 0,038
1966. -ыш
-мак
4. Т. Сыдықбеков. «Тоо 5265 -май
арасында». -гы
Фрунзе, 1958, 3-22-бб.
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 343
6
1 2 3 45
2725 -ыш
5. А.Османов. Чығармалар 2903 -уу... 16 0,6
жинағы. т. І. Фрунзе, 1964, 4924 -мак 7 0,26 -ыш
131-150-бб. -май 3 0,11 -май
9786 -гы 5 0,18 -гы
6. Ж. Турусбеков.
Чығармалар. Бир томдуқ. -уу... 9 0,3 май
Фрунзе, 1960, 17-36-бб. мак 3 0,1
-май
7. У.Абдукаримов. «Май- -уу... 4 0,08
дан». Фрунзе, 1966, -ыш 9 0,18 -май
143-162-бб. -мак 1 0,02 -гы
-гы 13 0,26 -май
V. Ауыз əдебиет -гы
нұсқалары -мак 17 0,17
-уу 10 0,1
1. Мақал, мəтел, ұшқыр -ыш 10,1 1,01
сөздер. -гы 2 0,02
Фрунзе, 1964
-уу... 11 0,25
2. Қырғыз жұмбақтары. 4344 -ыш 6 0,13
Фрунзе, 1957, 13-33-бб. 4734 -мак 4 0,09
3. «Манас». 1-бөлім. -уу... 11 0,23
1-кітап. Фрунзе, 1958, -ыш 5 0,1
7-27-бб. -мак 3 0,06
1. Көптік жалғаудың активтенуі
Совет дəуіріндегі мерзімді баспасөз тілінде көптік жалғаудың
қолданылуында бірқатар ерекшеліктер байқалады. Əдетте қазақ
тілінде сан есіммен көп, бар, ол тəрізді мəні бар сөздермен қатар
келіп, қабысып тұрған зат есім көптік жалғауынсыз жұмсалады.
Сол сияқты жалпылық мағына беретін сөздер де жеке түрінде-
ақ көптік мағына беретіні белгілі. Анықтауышы есептік саннан
болатын зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбаса да, көптік ұғым
туады [45, 227]. Совет дəуірінің алғашқы жылдарындағы мерзімді
баспасөз беттерінде осы дəстүр бұзылып, мағынасында көптік
ұғымы бар сөздерге жəне сан есім анықтап тұрған сөздерге көптік
жалғауы жалғанып қолданылатын фактілер де кездесіп отырады.
344 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
Мысалы: Бұдан көрінеді 1000 адамға 90 оқушылар бар екен! (ҚҚ,
№11, 1922). Большевиктер... бар күштерін таб тартысына сарф
етті (ЕҚ, 25 май, 123).
Осы мысалдардан көптік жалғаудың (-лар, -лер) қолданылуы –
орыс тілінің тікелей əсерінен екені байқалады. Бұл сөйлемдер –
орыс тіліндегі «Отсюда видно, что на 1000 человек приходится 90
учащихся. Большевики все силы посвящали классовой борьбе»
деген сөйлемдердің тікелей аудармасы. Оны алғашқы сөйлемнің
құрылысынан, сөздердің орын тəртібінен де аңғаруға болады.
Орыс тіліндегі «отсюда видно» тіркесі сөйлемнің басында «бұдан
көрінеді» болып берілген.
Орыс тілінде сан есімдер өзі анықтап тұрған зат есімдердің
белгілі тұлғада жұмсалуын талап ететіні мəлім. Мысалы, 90 саны
өзінен кейінгі сөзбен ілік септіктің көпше түрінде байланысады.
Сол сияқты «все» есімдігі зат есімнің көпше түрімен қиысады.
Жоғарыда көрсеткеніміздей орыс тілінде бұл сөздердің тіркесі:
«90 учащихся, все силы» болып құралады. Мақала авторлары
(баспасөз қызметкерлері де) қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін
ескермей, сөйлемді орыс тілінің үлгісімен құрған. Дұрысында «90
оқушы, бар күшін» тұлғаларында қолдануы керек. Осы тəрізді
құрылған сөйлемдер баспасөз тілінде көп кездеседі. Мысалы: һəм
заманының өзгерістерінен жер дүнияда қандай хабарлар бар –
газет арқылы мағлұматтарын зорайтуда (ЕҚ, 25 май, 1923). Крестян
һəм жұмыскер табдарынан шыққан қызыл əскерлерді партияға
алғанда, партияда үш жылдан бері тұрған 3 кісілердің сендіруі
керек һəм уездік болмаса аймақтық партия камитеті бекітеді (ҚҚ,
№7–8, 1922). Бұл туралы бір талайдан бері қызметдер етіліб жатыр
(ҚҚ, №4, 1924). Қазақстанның шеткі түбкірлерінен келіб мұңын
айтыб отыруға жол алыс, əр елдің əлдерінен келмейді (ЕҚ, 25 май,
1923). Осы мысалдардағы хабарлар, таптар, кісілер, қызметтер,
əлдер деген сөздердің көпше түрінде берілуінің себебі де жоқ емес.
Хабарлар деген сөз хабардың санын, соның көп екенін ғана білдіріп
тұрған жоқ. Бұл сөздегі көптік жалғауы хабардың түрлерінің көп
екенін, əртүрлілігін аңғартады. «Қандай хабарлар» орыс тіліндегі
«какие известия» деген тіркесінің мағынасында қолданылып тұр.
Таптар сөзі де крестьян жəне жұмыскер деген таптың екі түрін
білдіреді. Сол сияқты əдебиет суреттері мен əдебиет жемістері
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 345
дегендегі көптік жалғауы ол зат есімдердің тек қана көптігін
емес, сонымен бірге олардың əртүрлілігін де аңғартады. Демек,
көптік жалғауының көптік мағынадан басқа, кейде семантикалық
модальдық ерекшеліктері де байқалады. Бұл ерекшеліктер осы
күнгі баспасөз бетінде де кездеседі. Бірақ мысалдағы кісілер,
қызметтер, елдер деген көптік жалғаулы сөздерде ондай қосалқы
мағына жоқ.
Сан есімдерден кейінгі анықталушы сөздің, көптік жалғауды
қабылдап қолданылуы қазақ тіліне тəн құбылыс емес. Қызмет,
əл сияқты дерексіз (отвлеченный) зат есімдердің де көптік
жалғауында қолданылуын тілімізге тəн құбылыс деп атау қиын
[31, 219–220]. Төменде келтірілетін мысалдардағы көптік жалғауы
(дар, лер) өздері жалғанған сөз білдіретін заттардың көптігін ғана
емес, олардың əртүрлілігін де білдіреді.
Мұнда да пікір алысулар болды (ҚМ, 1965, 11 февраль). Жəне
оған сыйлықтар тапсырды (ЛЖ, 1965, 3 февраль). Институттың
зерттеулер орталығы (ЛЖ, 1969, 11 март). Ашық сабақ өткізетін
мұғалімдердің қолданатын методикасы жайында пікірлер алысты
(ҚМ, 1965, 11 февраль).
Неше миллион сомдар жинаб, ағылшындағы бауырларына жі-
беруде (ЕҚ, 11 июль, 1926) ... жалпы партия бағыты мен іс алыб
баруға кедергілер келтірді (ЕҚ, 19 июль. 1926).
Кейінгі кездерде осы мəнді білдіру үшін жалғанатын көптік
жалғауы тілімізге сіңісіп те келеді. Мысалы:
Мың-мың қолдар, миллион милар,
Миллион милар, қимылдар (Т. Жароков). Ортасында бес ақ үй-
лер бар, көп үйлі ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан мен Айғыз-
дың аулы (М. Əуезов). Осы отырған бес-алты адам дəл қазіргі
күйінде пəлен мың үй тобықтының талай түйін, шытырман жай-
ларын осы араға жиып əкеп отырған адамдар. Іштерінде көп
қалтаға көп есептер салып кеп отырған атқамінерлер (М. Əуезов).
Бұл мысалдағы мың-мың қолдар, миллион милар, бес-ақ үйлер,
шытырман жайлар деген тіркестердегі көптік жалғауы, тек көптік
ұғымды ғана білдіріп тұрған жоқ (олай болса, оның басы артық
болар еді), сонымен бірге əртүрлілікті білдіру үшін қолданылған.
Ол соңғы сөйлемдегі «көп қалтаға көп есептер салып кеп
отырған» деген тіркестен анық көрінеді. Мұндай қолданыстың
346 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
ерекшелігі, оларды мысалдағы бес-алты адам, мың үй тəрізді
тіркестермен салыстырсақ та, анық байқалады.
Бұл үлгілердің кейбірі қазіргі мерзімді баспасөз тілінде бір-
шама қалыптасып та үлгірді. Мысалы, қазіргі мерзімді баспасөз
тілінде көптеген, əртүрлі, талай-талай, барлық жəне сан есімнен
-даған (-деген)... күрделі қосымша арқылы жасалған есімше, т.б.
сөздермен тіркескен зат есімдер көбіне көптік жалғау тұлғасында
қолданылады: көптеген зерттеулер, талай-талай оқиғалар,
əртүрлі қимылдар, барлық көріністер, жүздеген адамдар, мыңда-
ған машиналар, т.б. Мысалы: Запас бөлшек жоқтығынан көпте-
ген автомашиналар жөнделмей тұр (СҚ, 1969, 4 июнь). Октябрь
аудандық Совет атқару комитеті майдың 16 күні аудандағы шөп
шабатын жəне жинайтын техниканы жұмысқа əзірлеудің бары-
сы көп совхоздарда өте баяу екенін атап көрсетіп... қарар да
қабылданғанды (Сонда). Содан бергі жерде едəуір істер атқа-
рылуда (Сонда). 2). Халық мектебі бір жылда ондаған елді мекен-
дерді аралап, көсем туралы баяндамалар оқылуын, кинофильмдер
көрсетілуін ұйымдастырды (Сонда).
Жалпы көркем шығарма мен мерзімді баспасөз тілін салыстыра
қарасақ, көптік жалғауының газет-журнал тілінде көп əрі жиі
қолданылуы бірден көзге түседі. «Қорғансыздың күнінде» Т1 (N–
5000 сөз қолданыс) көптік жалғауы (-лар) 96 рет, ал сол кезеңдегі
баспасөз тілінде Т2 (онда да N – 5000 сөз қолданыс) -лар 644 рет
қолданғанын көреміз. Екі стильдегі текст ішіндегі сөздердің саны
бірдей болғанымен, көптік жалғауының жалғануы екі түрлі.
Сонда да осы екі тексте көптік жалғауының қолданылу мүм-
кіндігі немесе жиілігі (Р) екі түрлі: баспасөзде Р1 = 644 : 5000;
көркем шығармада Р 2 = 96 : 5000.
Көптік жалғауының жалпы қолданылу ықтималдығын 100%
деп алсақ, соның 87% баспасөз тілінде, тек 12–13% ғана көркем
шығармада қолданылады. Демек, баспасөз тілінде көркем шығар-
маға қарағанда көптік жалғауының қолданылу мүмкіндігі 6,7 есе
артық. Көптік жалғаулы сөздің текстегі жалпы сөз қолданысқа
проценттік қатынасы мынадай: баспасөз тілінде ол жалпы сөз
қолданыстың 12,5% болса, көркем шығармада (Т1) тек 1,92%
ғана. Бұл көрсеткіштердің кездейсоқ емес екендігін 1969 жылғы
16 октябрьдегі «Социалистік Қазақстан» газетінің тілінде көптік
жалғаудың қолданылуы да көрсетеді. Онда жалпы сөз қолданыс
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 347
8834 те, соның 681 сөзі көптік жалғауда жұмсалған, яғни 7,7%
көптік тұлғада қолданылған. Мұны белгілі заңдылық нəтижесі деп
айтуға болады.
2. Жатыс септікті баяндауыштың
қолданылу ерекшеліктері
Қимыл есімі -у тұлғасына жатыс септігінің жалғауы қосылып
(-у-да, -у-де) сөйлемнің баяндауыш қызметін атқаруы – совет
дəуіріндегі баспасөз беттерінде көп кездесіп отыратын құбылыс.
Бұл тұлғаның қолданылуы негізінен совет дəуірінде байқалып,
осы кезеңдерде пайда болып, шақ категориясының бір түрі есе-
бінде əдеби тілімізде, əсіресе газет, журнал тілінде, қалыптаса
бастағанын көреміз. Мысалы: Қазақстанның кіндік шаһары Орын-
бор қаласында 1922-ші жылында оқу жұмысына бел буыб кіріскен
азаматдар қадамдарын күн санаб ілгерілетіб, санын сағат сайын
көбейтуде (ЕҚ, 25 май, 1923). Дүрсілдеб ентелеб от арба жүруде,
ымырт жабылған соң вагонның ішіне кіріб сығылысыб бір бұрыш-
қа қысылыб барыб отырдым (ҚҚ, №7–8, 1922). Тəжірибелі шопан
қажырлы еңбегімен қөпшілік құрметіне бөленуде (СҚ, 1968, 29
март). Бұрын санға қосылмай есікте жүргендердің сезімі оянып
отыр, ауылдың шаруашылық өнімі өсуде (ЖМ, 1929, №4). Əсіресе
оңтүстік облыстарда мал төлдету қанатын кең жаюда (СҚ, 1968,
29 март). Халық тасқыны жан-жақтан келіп құйылуда (ЛЖ, 1967,
31 октябрь).
-уда (-уде) тұлғалы етістіктер сөз болып отырған мезгілдегі
іс-əрекеттің, қимылдың болып тұрғанын көрсетеді. Демек, ол
етістіктің шақ көрсеткіштерінің бірі есебінде қолданылған.
Оқулықтарда бұл тұлға жайында түсінік берілмейді. Мысалы,
«Қазіргі қазақ тілі» [45, 312–314, 318–319 жəне 76, 337–338, 353]
кітабында осы шақтың, ауыспалы жəне нақтылы (көсемше+жіктік
жалғауы жəне көсемше + отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етіс-
тіктері) түрлері ғана беріледі. Шақ категориясы бұл еңбекте
раймен байланысты ашық райдың ішінде берілгендіктен де, бұл
тұлға ескерусіз қалса керек. Ал тұйық рай бөлімінде де осы форма
берілмеген. Шақ туралы арнайы жазылған Т.Р. Қордабаевтың «Қа-
зіргі қазақ тіліндегі етістіктердің шақ категориясы» атты еңбегінде
348 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
бұл тұлғалы етістіктер жалпы осы шақ деп аталып, осы шақтың
бір түрі болып есептелінеді. «Бұл форма синтаксистік жаңа
рөльге ие болумен бірге, тұрақты шақтық көрсеткіш болып та
қалыптасып отыр. Мұның шақтық мəні – болған үстіне үстемелеп
болып жатқан қарқынды іс-əрекетті білдіру. Біздің байқауымызша,
сөз болып отырған форманың жаңа функциясын туғызған алғашқы
қажеттіліктің өзі совет адамдарының дамыған үстіне дамып
отыратын өршіл қарқынды еңбегін, өскелең өмірін көрсету мүддесі
сияқты», – деп жазады Т.Р. Қордабаев [46, 82].
Шынында да өскелең өмірдегі болып жатқан алуан түрлі
құбылыстарды нақ осы шақты білдіретін дəстүрлі формалар
(4 көмекші етістік: отыр, тұр, жатыр, жүр жəне жоқ, бар сөз-
дері) толық қамтып, шақтық мəнінің өзін тұтас бере алмағаны
анық. Сондықтан да, бұл тұлға əуелі күнделікті баспасөз тіліне
қажет болды. Демек, баспасөз тілінде оның көп қолданылу себебі
осыдан болса керек. Қазіргі кезде оның баспасөз тіліндегі орны
ерекше. Мысалы, «Социалистік Қазақстан» газетінің 1964 жылғы
15 майдағы нөмірінің бірінші бетінде төмендегідей осы тұлғалы
етістіктерді кездестіруге болады. Диқандар мен механизаторлар
бар қиындықтарды жеңе отырып, көктемгі дала жұмыстарын
күн сайын қыздыра түсуде. Целиноград облысының Қорғалжын
өндіріс басқармасына қарасты көптеген совхоздарда да егіске
əзірліктің алғашқы күндері айқын көрсетуде. Əңгіме əрбір
мүмкіндікті орнымен пайдаланып, көктем егісін дер кезінде
сапалы өткізуде. Нилді бөгеу үшін осы заманғы советтік техника
25 тонналық сексен бес самосвал, жүкті өздігінен түсіретін қуатты
9 баржа пайдалануда. Бұған жету үшін механизаторлар қазірден
бастап жан аямай еңбек етуде. «Егіннен кем дегенде 20 центнерден
өнім түсетіні сөзсіз, – деді ол, – егіс жұмысы агротехникалық
шараларға сай жүргізілуде».
Қазіргі баспасөз тілінен бұл тұлғаның тұрақты орын алуы
оның тек бір кезде ғана болып тұрған іс-əрекет, уақиғаны ғана
көрсетуінде емес, сонымен бірге дəстүрлі осы шақ көрсеткіштері-
нің қамти алмайтын да кездерін шеңберіне сыйғызуында. Т.Р. Қор-
дабаевтың айтуынша, -да, -де формалы тұйық етістіктер осы
шақты білдіргенде, дəл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-əрекетті
білдірмейді. Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын басталған, қазірде де
Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы 349
болып жатқан, яғни жалпы осы кездерде процесі тоқталмаған іс-
əрекеттерді білдіреді» [46, 83].
Демек, бұл тұлғаның бір ерекшелігі – оның ауыспалы жəне нақ
осы шақ мағыналарын қамти алуында да болу керек. Шынында да
осы форма арқылы берілген іс-əрекет дəл сөйлеп тұрған уақытта
істеліп жатпауы мүмкін, бірақ бұл тұлға осы кездерде істелетінін,
болатынын аңғартады. Оны мына мысалдан да көруге болады:
Осының бəрі су шаруашылығы мəселесіне нақты басшылық
жасап, практикалық көмек жасау ісіне елеулі нұқсан келтіруде
(«Лениншіл жас», 16 май, 1964).
Бұл сөйлемдегі келтіруде деген етістік қимылдың болып
жатқанын білдірмейді, болмақшы екенін, болатынын көрсетеді.
Бұл ұғымды осы шақтың келтіріп жүр, келтіріп отыр тұлғасы
арқылы беруге болмайды.
Мерзімді баспасөз тілінде -уда, -уде тұлғасының қолданылуы
жайында өзгеше де көзқарас бар. Мысалы, Ы. Маманов «Əдеби
норма талабы» (ҚƏ, 1968, 2 ноябрь) атты мақаласында бұл тұлғаның
шақ көрсеткіші ретінде баяндауыш қызметінде «ауызекі сөйлеу
тілімізде де, көркем шығармаларда да көп кездесе бермейтінін»,
сондай-ақ «қазақ тілі грамматикалык оқулықтарында да» жоқ
екенін көрсете келіп, газет-журнал тілінде көп қолданылатын бұл
тұлғаны «қазақ тілі табиғатына үйлеспейтін жасанды» форма деп
қорытады. Ең алдымен, грамматикалар мен тіл құралдары əр уа-
қыт тілдегі грамматикалық тұлғалардың қолданылу мүмкіндік-
тері жайыңда толық мəлімет бере алмауы мүмкін. Екіншіден, бұл
тұлға, төменде көрсетілетіндей, жоқ жерден пайда болған емес,
оның тілдік негізі бар. Үшіншіден, ол көркем шығарма тілінде
де қажетіне қарай қолданылып отырады. Грамматика авторы ке-
лешекте осыны да ескеруі қажет.
Бұл тұлғаның XX ғасырдың бас кезіндегі баспасөз беттерінде
қолданыла бастағанын көреміз. Мысалы, «Айқап» журналының
беттерінен сирек болса да, сөйлемнің баяндауыш қызметінде -уда
формалы етістікті кездестіре аламыз. Ұлұғ рұқсат етсе, көңіл екі
шығаруда (Айқап, 1912, №2). Басқалардай бұлар де қамдануда
ме? (Айқап, №10, 1912). Олардан төмен ноғай қарындастарымыз
де чамасынче тырбануде: мектеб медреселерін түзетіб, бұлар
де октябрьден қалмай оқу бастауға асығуб жатыр (Сонда). Ол
350 Əдеби тілдің совет дəуірінде дамуы
қалыпдағы жұртдың балаларыде жаз бойы еркінче саф һауаде
жүрген, енді оқуғе ыхлас менен хазірленуде (Сонда).
«Айқап» бетінде осы -уда түрінен басқа етістіктің -мақ тұлға-
сына да жатыс септік жалғауы жалғанып жасалған баяндауышты
сөйлемдер де кездеседі. Жəне олардың -уда тұлғасынан гөрі
қолданылу саны көбірек. Мысалы: һəр уақыт болынмақ дəдұр: діни
əдеби уа фани кітабларының һəр түрлісі (Айқап, 1912, №2, мұқаба
беті). Қазан, Орынборғ, Мысыр, Берот уа Ыстанбол басмасы һəр
түрлі кітаблар арзан баһа иле сатулмақдедұр (Сонда).
Бірақ осы тұлғалы етістіктер əдеби тілге енбей қалды, өйткені
қимыл есімінің негізгі көрсеткіші болып қазіргі қазақ тілінде -мақ,
-мек емес, -уда, -уде тұлғалары қалыптасты. -Уда (-уде) арқылы
жасалған сөйлемнің баяндауышы қызметіндегі етістіктер бірлі-
жарым көркем шығарма тілінде де кездесіп отырады. Абай əлі де
кітап бетіне үңілуде (Əуезов). Жауынгерлер соғыс өнерін үйренумен
шұғылдануда (А. Бек). Нұрым енді аурудың иесі күйді, жазылады
деп нанып, қуанышы қойнына сыймауда еді (С. Торайғыров).
Осы тұлға қазір кейбір түркі тілдерінде де қолданылады.
Қазіргі қарақалпақ тілінде -ув, -юв, -в қимыл есімі формасына -да,
-де жатыс септік жалғауы жалғанып, осы шақ етістіктің сол қазіргі
кезін (настоящее время данного момента) көрсетеді: Социалистик
джарыс қюн сайын джайлувда; мен окьувда ман [15, 418], сондай-
ақ бұл тұлға түрік тілінде -мақ +да [42, 229, 236], өзбек тілінде
-моқ +да [43, 314, 228] түрлерінде қолданылады.
Қоғам дамуының нəтижесінде тілде туып отыратын əрбір
жаңа тұлға адам санасындағы жаңа ұғымдардың, түсініктердің
көрсеткіші ретінде пайда болып, қалыптасып отырады. Бірақ
жаңа тұлға, тəсіл-амалдар негізсіз, тыңнан туа салмайды, тілде-
гі бұрыннан бар материалдың, тіл құрылысының табиғи заңды-
лығының негізінде жасалып отырады. Ол жаңалықтар тілдің ішкі
жəне сыртқы дамуының бір көрінісі болып саналса керек. Дəл
солардай -уда тұлғалы осы шақ етістік те ана тілінің негізінде
жасалған, өмір қажеттілігінен туған.
Есім сөздердің жатыс септігінде сөйлемнің баяндауышы
қызметін атқарып, іс-əрекеттің осы айтып тұрған кезде болып
жатқанын көрсетуі – қазақ тілінде ежелден бар құбылыс. Ол,
мысалы, «Балам қазір үйде» тəрізді сөйлеу тілінде де, халықтық