Алаштың Ақселеуі
Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы
БАСПАС Ы
Астана-20І2
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 Қаз
А39
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы бойынша шығарылды
Алаштың Ақселеуі. Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы
Құраст. П. Өтепова. - Астана: Фолиант, 2012. - 440 б., фотосурет 48 б.
ІSВN 978-602-292-564-7
Бұл жинаққа қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы, филология ғылым-
дарының докторы. профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлы-
ғының лауреаты Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің тағылымға толы өмірі мен
шығармашылығы туралы қалам тартқан замандастарының лебіз-пікірлері топ-
тастырылған.
Кітап қазақ тарихы мен мәдениетіне ден қойып жүретін оқырман қауымға
арналған.
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 Қаз
ISBN 978-601-292-564-7 © Өтепова П., құраст. 2012
© «Фолиант» баспасы, 2012
Қойшығара Салғараұлы
АҚСЕЛЕУ СЛАНҰЛЫ СЕЙДІМБЕК
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы-
на қарасты Атасу ауылында 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген.
Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы
Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.
1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мектебін
бітірген соң комсомолдық жолдамамен «Қызылтау» және «Ақтау» кеңша-
рының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етеді. Ақселеу Сейдімбектің
өскен ортасы, әсіресе аудан орталығынан шалғайдағы мал шаруашылығында
еңбек еткен жылдары оның сана-сезімін қалыптастырған, ел өмірінің дәс-
түрлі болмысына көз қанықтырған. тіптен болашақ шығармашылық ізде-
ністеріне түбегейлі ықпал еткен тағдыр-талайлы жылдар болған.
Тарихтың қилы кезеңінде әлеуметтік-саяси ахуалмен тағдырлас ұрпақ-
тың қалыптасып отыруы - табиғи үрдіс. Екінші дүниежүзілік соғыстың ала-
сапыранынан кейінгі әлеуметтік ауыртпалық жылдарында қазақ ауылдары
төрт түлік малдың сүмесімен күн көруге мәжбүр болды. Сөйтіп, әлі де болса
этностың жадынан көмескіленіп үлгермеген көшпелі өмір-салттың шаруа-
шылық-мәдени жүйесін қазақ ауылдары өздерінің әлеуметтік өмірлеріне
негіз етті. Сол өмір-салтпен өзектес дәстүрлі мәдениет те үзілмей сабақтасып,
өмірдің алуан арнасында көрініс тауып отырды. Міне, осындай тарихи-
әлеуметтік ахуалда, дәлірек айтқанда, XX ғасырдың қырқыншы, елуінші,
алпысыншы жылдарында дәстүрлі тәлім-тәрбие көрген, болмыс-бітімі ұлт-
тық қасиеттерге мейлінше қанық ұрпақ қалыптасты. Бұл ұрпақты қазақ да-
ласында үш мың жылдай дәурен сүрген көшпелі өмір-салттың сүт кенжесі
деуге болады.
Қазақ қоғамында түбегейлі жүйелік (системалық) алмасу XX ғасырдың
алпысыншы жылдарынан бастап жеделдей түсті. Бұрын елдің әлеуметтік
өмірінде мал шаруашылығы бел алып жатса, енді аграрлы-өндірістік жүйе
үстемдік құра бастады. Мұндай тарихи-әлеуметтік өларада қалыптасқан
ұрпақ, қос енені тел еміп тез жеттіккен төл сияқты, өткен мен бүгінді
салғастыруға, ел өміріндегі сапалық өзгерістерді парыктауға мейлінше жүй-
рік, тарихи зердесі сергек болып қалыптасты. Олар бұрынғы дәстүрлі қо-
ғамның барша болмысын тал бойына дарытқан, сонымен бірге жаңа өмірді
де жасаушы ұрпақ еді. Осы қасиеттер олардың мәдени-рухани ізденістерінде
айқын көрініс тауып, ұлттық рухы биік, төлтума бояуы қанық, ой-тұжы-
рымы тың туындылар беруіне себепші болды. Мұндай әсер-ықпалдан Ақ-
селеу Сланұлының да шығармашылық тағдыры шет емес.
Ақселеу Сейдімбектің мал шаруашылығында еңбек еткен жылдары жаз-
ған мақалалары, өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде, республикалық
«Қазақстан пионері» газетінде жарияланып тұрды. Бұл ретте оған ақыл-
кеңес беріп, шығармашылық жолды таңдауына әсер-ықпал еткен адам сол
кезде аудандық газетте қызмет атқарған белгілі жазушы Асан Жұмаділдин
болды.
Ақселеу Сейдімбек 1961 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни-
верситетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп
шықты. Университетте оқып жүріп, 1963-1964 жылдары, Троицк қаласын-
да әскери міндетін атқарып қайтады. Университетте оқыған жылдары ол
үшін білім айдынына құлшына құлаш ұрған, әсіресе тарих, философия,
мәдениеттану, этнология, фольклортану салаларына ынта-ықыласпен
ден қойған, сөйтіп жүйелі білім алып шығуды мұрат тұтқан жылдар бол-
ды. Сонымен бірге ол университеттің «Журналист» газетін шығарушы ал-
қаның және М. Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, «Қайнар»
қолжазба журналының бас редакторы, Москвадағы қазақ жастары құрған
«Жас тұлпар» атты мәдени қозғалыстың Қазақстандағы өкілі болып,
шығармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды.
Университетті бітірген соң, 1968-1987 жылдар аралығында, облыстық
және республикалық баспасөз орындарында әдеби қызметкер және меншікті
тілші («Лениншіл жас» - «Жас Алаш»), жауапты хатшы («Орталық
Қазақстан»), әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі («Социалистік
Қазақстан» - «Егемен Қазақстан»), бас редактор («Білім және еңбек» -
«Зерде» журналы және «Әлем» альманахы) болып қызмет атқарды. Бұл
жылдары оның ел өміріне белсене араласқан, жетістікке де, кемшілікке де
шырылдап үн қосқан, әсіресе ел жадындағы рухани қазыналарды жаңаша
парықтап, оған құныға ден қойған, сөйтіп ұлттық мәдениетке қатысты
эмпирикалық материалдармен қоржынын тоғайтқан кезі еді.
Баспасөз беттеріндегі күн құрғатпай жарияланып жататын мақалаларына
қоса, бұл жылдары Ақселеу Сейдімбектің әңгімелері мен повестері «Ақиық»
4
(1972), «Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), «Аққыз»
(1981) деген атпен; очерктері «Кеніш» (1979), «Серпер» (1982) деген атпен
жеке кітап болып жарық көреді. Ұлттық-этнографиялық бояуы қанық әң-
гімелері мен повестері орыс, қырғыз, өзбек, эстон, чех, неміс, ағылшын тіл-
деріне аударылады. «Кеніш» кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағы-
ның лауреаты болып, бірінші дәрежелі сыйлықпен марапатталады.
Оның 1981 жылы жарық көрген «Күңгір-күңгір күмбездер» атты ғы-
лыми-көпшілік кітабы қазақтың дәстүрлі мәдениетін өзінің төлтума қал-
пында біртұтас құбылыс ретінде қарастыруымен, тарихи-этнографиялық
дерегінің молдығымен, әсіресе ұлттың рухани әлемін парықтаудағы тың тұ-
жырымдарымен оқырман назарын аударған еңбек болды. Бұл кітап 1985 жы-
лы «Поющие купола» деген атпен Е. Қажыбековтің аударуында орыс тілінде
жарық көрді.
Әлем әдебиетінің әйгілі туындысы, Гомердің «Илиада» және «Одиссея»
атты эпикалық поэмаларын қазақ оқырманына таныстыруға алғаш талпы-
ныс жасаған адам - А. Сейдімбек. Гомер поэмаларының қарасөзбен әңгі-
меленген нұсқасын ол қазақ тіліне аударып, бұл еңбегі 1974 жылы жеке кі-
тап болып жарық көреді. Бұл аударма оқырман қауымның, әсіресе оқушы-
лар мен студенттердің сұранысына ие болып, үлкен таралыммен бірнеше рет
қайта басылып шығады.
Гомер поэмаларының қарасөзбен әңгімеленуі және оның оқырман кө-
ңілінен шығуы Ақселеу Сейдімбекке ой салады. Сөйтіп 1979 жылы оның
«Алпамыс батыр» атты кітабы жарық көреді. Қазақтың эпикалық қарымы
кең, поэтикалық қуаты тегеурінді жыр-дастандарын насихаттау мақсатынан
туындаған бұл еңбегі эпосты қарасөзбен баяндаудағы алғашқы бастама еді.
Кешікпей-ақ бұл бастама қазақ қаламгерлерінің арасында қолдау тауып,
эпикалық мұралардың біразы қарасөзбен баяндалып, жеке кітап болып,
мол таралыммен жарық көре бастайды. Ал Ақселеу Сейдімбектің «Алпамыс
батыр» кітабы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет қайта басылып, эстон,
чех, неміс тілдерінде жеке кітап болып шықты.
Ақселеу Сейдімбектің аударуында жарық көрген (1988) И. Можейконың
« 7 және 37 керемет» (« 7 и 37 чудес») атты кітабы да - оның аударма саласында
тындырған толымды еңбегі. Бұл кітапта Азия, Африка елдерінің әлемдік
кереметтер санатына жататын ғажайып тарихи-мәдени ескерткіштері мен
айтулы өнер туындыларының өзіндік ерекшеліктері және олардың дүниеге
келу тарихы қызықты деректермен жан-жақты баяндалған.
Ақселеу Сейдімбектің кәсіпқой журналистік қызметтен 1987 жылы қол
үзуіне тура келеді.
«Білім және еңбек» журналының тектес басылымдар арасында Одақ
бойынша бірінші орын алғанына және бас редактор ретінде БЛКЖО-ның
5
(ВЛКСМ) ең жоғары марапаты - Құрмет грамотасымен марапатталғанына
қарамастан, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты «Қазақ
ұлтшылдығын дайындаушылар» санатында комсомолдың Орталық Коми-
тетінің бюросында А. Сейдімбек бас редакторлық қызметтен босатылды.
Бұл кезде Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 1-бөлімі (зиялылар мен
жастар арасындағы қарсы барлау жұмысы бойынша бөлім) бастығының
орынбасары, подполковник Валентин Чугаев «Көшпелілер» («Кочевники»)
деген атпен Шона Смаханұлының, Ақселеу Сейдімбектің, Мұрат Әуезовтің,
Олжас Сүлейменовтің сырттарынан іс жүргізіп, біраз дерек жинақтап
үлгереді. Бұл жөнінде МҚК қызметкері, подполковник Темірболат Ахметов
кейін былай деп жазады: «По делу проходили известные писатели Шона
Смаханулы, Ақселеу Сейдимбеков, поступки и высказывания которых
Чугаев и Нурахметов оценили как националистические...
«Кочевникам» московские коллеги воздали должное, скурпулезно изу-
чили, дали практические рекомендаций по дальнейшей разработке объектов
иих связей...
С каждым днем дело «Кочевники» распухло, материалы сыпались отов-
сюду. Конечно, находились подлецы, которые унюхав в чем дело, спешили
«предоставить» компроматы на потенциальных противников, преследуя
какие-то свои цели, сводя старые, известные только им счеты...
Когда же поставили подслушивающее устройство в доме-музее М.
Ауезова, я понял, что пора делать выбор между исполнением служебного
долга и простой человеческой совестью. Обдумав все варианты, пошел на
отчаянный шаг: попросил своего брата Орала Жунусова передать
Ш. Смаханулы, А. Сейдимбекову, М. Ауезову, что ими занимается КГБ,
следят, подслушивают, пусть будут осторожны, так как их безопасность
прямо пропорционально количеству материалов, которые сможет «добыть»
5 управление. Орал также должен был обо всем подробно рассказать 0. Су-
лейменову» (Т. Ахметов. Анатомия молчания. - Жалын. 1997. №7-8. -
С. 241-243).
Мұнан әрі Ақселеу Сейдімбекке баспасөз атаулының есігі тарс жабылады
(әрине, МҚК-нің нұсқауымен). Содан, МҚК-нің наразылығына қарамастан,
Ұлттық Ғылым академиясы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының директоры Шериаздан Елеукенов еден тазалаушының бос
орнына Ақселеу Сейдімбекті лаборант ретінде қызметке алады. Ол кезде
уақыт қатал болатын, Желтоқсан оқиғасынан кейін ел ішіндегі саяси-идео-
логиялық ахуал ширығып тұрған. Мұндайда белгілі бір ұжым аясында еңбек
ететін ел азаматтарының Шона Смаханұлы сияқты тосын мерт болуы оп-
оңай еді.
6
Ақселеу Сейдімбек 1987-1997 жылдар аралығында Ұлттық Ғылым ака-
демиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ла-
борант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми
қызметкер, бөлім меңгерушісі (Қолжазба орталығы) болып қызмет атқара-
ды. Бұл жылдары ол ғылыми жұмысқа біржола ден қойып, теориялық
білімін одан әрі тереңдетіп, әсіресе қазақ халқының әлі де болса игерілмей
жатқан фольклорлық мұрасын жинау, зерттеу, жариялау жұмыстарымен
бел шеше айналысады.
Ақселеу Сейдімбек 1989 жылы «Қазақтың дәстүрлі халық лирикасын-
дағы қара өлең жанры» деген тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғайды. Қазақтың қара өлеңі халық арасына ең бір кең тараған, ел
ішінде туындауын күні бүгінге дейін тоқтатпаған, өмір бейнелегіш және
өмір реттегіш қасиеті аса тегеурінді, поэтикалық болмысы мейлінше төл-
тума, көпшілік қолды, демократияшыл жанр ретінде тұңғыш рет арнайы
зерттеу объектісіне айналады, сөйтіп төл сипаты ғылыми байсалдылық-
пен сараланады (А. Сейдімбек. Мың бір маржан. - Алматы: Өнер, 1989. -
254-бет). Сонымен бірге Ақселеу Сейдімбек жинаған қара өлең нұсқалары
екі том көлемінде қазақтың фольклорлық мұрасын толықтырды (Қолжазба
орталығы, №898 папка).
Ақселеу Сейдімбектің өнер және өмір туралы, өнердің төлтумалылығы
жайында, әсіресе халықтың тарихи тұлғасын айғақтайтын мәдени-руха-
ни үрдіске қатысты жазылған «Сонар» атты ғылыми-көпшілік кітабы
1989 жылы жарық көреді. Бұл еңбегі үшін Қазақстан Жазушылар одағы
сыйлығының лауреаты болады.
Қазақ халқының рухани мәдениетінде музыканың, оның ішінде күй
өнерінің алар орны айрықша. Күй - синкретті өнер. Күйді тартушының
шеберлігі, күйді шығарушының өмір дерегі, күйдің шығу себебі туралы
аңыз-әңгімесі және күйді түсінетін тыңдаушы бір сәтте тоғысқанда ғана
күй өнері біртұтас жанрлық болмысын айғақтай алады. Бұл талаптардың
бірі кемшін болған жағдайда күй өнерінің жанрлық болмысы бүтін бол-
майды. Күй өнері өзінің молдығымен, эстетикалық-эмоциялық рухының
асқақтығымен және ғасырлар аясындағы оқиғаларды арқау етуімен ұлттың
рухани мәдениетіндегі айрықша құбылыс болып табылады. Бүгінгі таңда
тіркеуге алынған, қолда бар күйлердің саны - бес мыңдай. Бұл күйлердің
барлығының дерлік аңыз-әңгімесі бар. Ол аңыз-әңгімелер әрісі байырғы
көшпелілердің, берісі қазақ халқының тарихи-әлеуметтік өмірінің «жанды
шежіресі» (М.О. Әуезов) болып табылады.
Өкінішке қарай, осы ұлы мұра соңғы кезге дейін музыка зерттеушілері
үшін филологиялық объект болып есептелсе, филологтар үшін музыкалық
мұраның объектісі ретінде ескерусіз қалып келді. Міне, әрі тарихи зердені,
7
әрі музыкалық біліктілікті, әрі филологиялық пайымдауды қажет ететін
қазақтың осы сияқты синкретті бітімдегі мол мұрасын жинауда, зерттеуде
және халықтың рухани игілігіне айналдыруда А. Сейдімбек тұңғыш рет ке-
шенді зерттеулер жүргізіп, нағыз ғалымға лайық табандылық таныта алды.
Осы мәселелерді саралай отырып, 1997 жылы докторлық диссертациясын
сәтті қорғап шықты.
Күй өнеріне қатысты Ақселеу Сейдімбектің ғылыми ізденісі докторлық
диссертация қорғауымен тынған жоқ. Ұлттың рухани әлемінде күй өнерінің
айрықша орнын терең сезінген ол тынымсыз ізденіп, тақырыпқа тікелей
қатысы бар әлемдік аядағы айғақ-деректерді ерінбей жинайды. Байырғы
көшпелілердің музыкалық мәдениетіне қатысты грек, рим, араб, парсы,
қытай жәдігерліктерінен мағлұмат сүзеді. Өзі тікелей түз жұмыстарын
жүргізіп, ел ішінен екі мыңдай күй аңызын жинақтайды, оның жүздеген
таңдаулы нұсқаларын хатқа түсіреді. 150-ге тарта күйші-композитордың
өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер жинайды. Сөйтіп күй
өнерінің тарихи-деректік, жанрлық-құрылымдық, философиялық-эстети-
калық мәнін ғылыми биік өреде жан-жақты ашып көрсеткен «Қазақтың күй
өнері» атты көлемді еңбегін (2002) жарыққа шығарады. Оның бұл кітабы
қазақтың төлтума мәдениетін танып-түсіну жолында терең біліктілікпен
жазылған, энциклопедиялық мол дерек беретін, ғылыми жаңалығы то-
лымды еңбек ретінде назар аудартады. Бұл еңбегі үшін Ақселеу Сейдімбек
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталады.
А. Сейдімбек 1997 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемала-
ры институтының директоры болып тағайындалады. Ал 1998-1999 жыл-
дары осы институттың негізінде құрылған Білім академиясының тұңғыш
президенті болады. Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары инсти-
тутының 50-60 адамдық шағын ұжымын 400-ге тарта адамы бар Қазақтың
Білім академиясына айналдыру, оның ішінен орта білім, кәсіптік білім,
жоғары білім институттарын және Республикалық баспа кабинеті сияқты
құрылымдарды жасақтау, сондай-ақ бұл құрылымдардың міндет-мақса-
тын белгілеу, сөйтіп тәуелсіз Қазақстанның біртұтас білім саясатын жүзеге
асыруға жұмылдыру шаралары қыруар күш-жігер жұмсауды қажет етеді.
Қазақтың Білім академиясының президенті ретінде Ақселеу Сейдімбек
республикадағы білім берудің барлық сатысына қатысты білім стандартта-
рын жасау, сол стандарттармен үндес базистік жоспарлар дайындау, жаңа-
дан жасалатын білім стандарттары мен базистік жоспарларды негізге ала
отырып, әр пәннің бағдарламасын әзірлеу, сол бағдарламалардың негізінде
жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау, бұл
оқулықтардың міндетті түрде алдымен қазақ тілінде жазылуын қамтамасыз
ету, сонсоң ғана қажет болатын басқа тілдерге аудару, сондай-ақ білім беру
8
технологиясының сан сала проблемасына қатысты ғылыми-педагогикалық
зерттеулер жүргізу, ең бастысы, білім беру жүйесіне қатысты осынау аса
мәнді, өзекті мәселелердің баршасына ұлттық-мемлекеттік қадір-қасиет
дарыту сияқты жұмыстарға басшылық жасай білді.
Ақселеу Сейдімбектің 1997 жылы «Қазақ әлемі: этномәдени пайымдау»
атты толымды еңбегі жарық көреді. Бұл кітаптың толыққан нұсқасы орыс
тіліне аударылып, «Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысление»
деген атпен 2001 жылы жарыққа шықты. Оқырман қауымның ынта-ықы-
ласына ие болған бұл басылымдарда автор қазақтың төл тарихына, дәс-
түрлі мәдениетіне, фольклоры мен этнографиясына қатысты мейлінше
мол деректер келтіре отырып, ғылыми қисындары орнықты тың ой-тұ-
жырымдарын азат рухпен ортаға салған.
Астана қаласында жаңадан бой көтерген Президенттік мәдениет орта-
лығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып Ақселеу Сейдім-
бек 1999-2000 жылдары қызмет атқарады. Білікті мамандармен тізе қоса
жүріп, Президенттік мәдениет орталығының тұжырымдамасын жасауға ат
салысады.
А. Сейдімбек 2000 жылдың шілде айында Л.Н. Гумилев атындағы Еура-
зия ұлттық университеті журналистика кафедрасының меңгерушілігіне
және осы университеттің профессорлығына қызметке шақырылады. Мұнда
ол өз бойындағы мол білімі мен тәжірибесін болашақ журналист-қаламгер-
дің шыңдалып шығуына жұмсап, «Журналистика және публицистика
жанрлары», «Журналистік шығармашылық психологиясы», «Журналистік
шеберлік» жалпы курстары бойынша, сондай-ақ өзі негіздеп, оқу жоспары-
на енгізген «Журналистика және ұлттық діл: теория мен практика» арнау-
лы курсынан дәріс оқиды. Сондай-ақ, университет Ғылыми кеңесінің мү-
шесі, университет аясында жарық көрген Астана қалалық студенттер мен
жастардың газеті «Аудиторияның» бас редакторы ретінде жас ұрпақтың
білімі мен тәрбиесіне қатысты істерге белсене араласады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары
Мырзатай Жолдасбеков, Қойшығара Салғараұлы және Ақселеу Сейдімбек
үшеуі бірлесе отырып жазған «Елтұтқа» атты толымды еңбек Қазақстан
Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, 2001 жылы «Күлтегін»
баспасынан жарық көрді. Бұл кітапта соңғы екі жарым мың жыл аясында
Қазақстан топырағында ғұмыр кешкен 120-ға тарта тарихи тұлғалар туралы
ғылыми очерктер берілген, Сөйтіп алғаш рет Қазақстан тарихын адамзат
тарихының құрамдас бөлігі ретінде жеке тұлғалар арқылы зерделеуге
талпыныс жасалған. Кітап айғақ-дерегінің молдығымен, тарихи тұлғаларға
берілген бағасының объективтілігімен және ғылыми ой-тұжырымдарының
сонылығымен назар аудартады.
9
Ғалым-зерттеуші ретінде Ақселеу Сейдімбектің ең бір толымды еңбек-
терінің қатарына «Қазақтың ауызша тарихы» (2008) монографиясын жат-
қызуға болады. Қазақ халқының этногенезі мен этномәдени байланыстары-
на қатысты елеулі дереккөздерінің бірі - шежіре мағлұматтары екені белгілі.
А. Сейдімбек бұл еңбегінде «Қазақтың ауызша тарихы» (ҚАТ) деп атауға
әбден лайық шежірелік айғақ-деректерді кең көлемде пайдалана отырып,
оны осы заманғы зерттеу әдістерінің талғам-талаптарына сай зерделеген.
Қазақ этнологиясына қатысты тың да толымды пайымдаулар жасаған.
Монографияда дәстүрлі қазақ қоғамының ру-тайпалық жүйесі тұңғыш
рет толық сипатымен сараланып, сол ру-тайпалық жүйенің қоғамдық-
әлеуметтік қатынастарға негіз болған тетіктері жаңаша парықталған. Әсі-
ресе дәстүрлі көшпелілер қоғамына, оның мемлекет жасақтау үлгісіне,
құқықтық жүйесіне және ішкі әлеуметтік-этникалық байланыстарына
қатысты түбегейлі тың тұжырымдар жасап, оны тегеурінді дәлдермен
орнықтыра алған.
Ақселеу Сейдімбек - ел ішінде кең тараған «Сарыарқа», «Дәурен-ай»,
«Толғау» («Ақтамбердінің толғауы»), «Алтын асық», «Арар-ай», «Арман-
ай»,«Есіңде бар ма жас күнің?»,«Гагигай» сияқты көптеген әндердің авторы.
Бұл әндер Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Бекболат Тілеуханов
сияқты әйгілі әншілердің репертуарларынан орын алған. Оның қазақ ән
өнері туралы Жәнібек Кәрменовпен бірлесіп жүргізген сегіз телехабары -
қазақ теледидарының алтын қорына қосылған рухани қазына. Бұл хабарлар
сериясында ол Жәнібек Кәрменовке қазақтың жүзге тарта классикалық
әнін айтқызып, тарихи-эстетикалық түсініктер беріп отырады.
Ақселеу Сейдімбек «Ықылас күйші» (1983), «Әнші Жәнібек Кәрменов»
(1993), «Абайдың «Ескендір» поэмасы» (1994), «Асыл қазына» (1996),
«Зергер» (1998) телефильмдеріне және Асанәлі Әшімовтің «Қозы Көрпеш -
Баян сұлу» атты екі сериялы көркем фильміне (1993) түскен.
Ақселеу Сейдімбек қоғамдық және ғылыми өмірге де сергек араласып
отырады. Ол - Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің, Қазақстан
Республикасы Терминология және ономастика комиссиясының, Қазақтың
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы орталық кеңесі пре-
зидиумының, Ғылыми қызметкерлерді аттестациялау департаментінде
эксперттеу комиссиясының, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
қоғамдық кеңесінің, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының, ПЕН-
клубтың мүшесі; «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты 10 томдық толымды еңбек
авторларының бірі; «Жүұлдыз», «Жалын», «Парасат», «Зерде», «Ана тілі»,
«Қазақ әдебиеті», «Таңшолпан», «Мәдениет», «Қазақстан мұрағаттары»,
«Қазақстан музейлері», «Жаңа Сарыарқа», «Күн мен ай», «Домбыра»,
«Әдемі-ай», «Алтын тамыр»сияқты газет-журналдардың алқа мүшесіболды.
10
Сондай-ақ, Түркістан, Астана, Бішкек, Москва, Тибилиси, Ереван, Киев,
Кабул, Бонн, Стамбул қалаларында өткен халықаралық, бүкілодақтық,
республикалық, аймақтық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып,
ғылыми баяндамалар жасады. Ол - Қарағанды облысындағы өзі туып-өскен
Жаңаарқа, Шет аудандарының Құрметті азаматы.
Ақаңның азамат ретіндегі болмысын айғақтайтын айқын қасиеттерінің
ең бастысы - оның жалтақсыз ұлтжандылығы. Бұл ұлтжандылық - әй-
теуір бір ұлтқа тиесілі болғандықтан қиқуға ілесетін пендешіліктен ада,
халқының қадір-қасиетін терең танып-түсінуден туындаған құрбаншыл
ұлтжандылық. Содан да болуы керек, ол өзінің ғылыми-шығармашылық
ізденістерінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін еселеп, бұрын із түспеген
соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, әсіресе халық мұрасының
еленбей жатқан сырларын түгендеп отыруға айырықша құштар. Ол үшін
қазақ ұлтының тарих аясындағы болмыс-бітімі - біртұтас киелі жаралым.
Содан да болар, оның ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ этносын ұдайы
біртұтас қалпында зерделеп, қазақтық қадір-қасиеттерді бүтін қалпында
парықтауға арналып отырады. Бұл ретте Ақселеу Сейдімбек еңбектерінің
ұдайы «қазақ» деп басталып отыратыны да көп жайтты аңғартса керек:
«Қазақ әлемі», «Қазақтың қара өлеңі», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың
ауызша тарихы», «Қазақтың эротикалық фольклоры», т.б. Сөз жоқ, осы
аталған еңбектердің қай-қайсысы да тегеурінді де тың ой-тұжырымдарымен
қазақтануға олжа салған, ешқашан ғылыми-танымдық мәнін жоймайтын
өміршең дүниелер.
Ақселеу Сейдімбектің шығармашылық және ғылыми еңбегінің бедерлі
тұстарын былайша саралауға болады: бұрын жиналмаған да зерттелмеген
қара өлең мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсірді; алғаш
рет қазақ эпостарының қарасөзбен насихатталуына мұрындық болды;
алғаш рет Гомер туындыларын қазақ оқырманына таныстырды; алғаш рет
тарихты жеке тұлғалар арқылы зерделеу идеясына ден қойды; Қазақстанда
этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етті;
сөйтіп көшпелілердің төлтума мәдениеті деген категориялық ұғымның
орнығуына тегеурінді үлес қосты; қазақтың музыкалық мәдениетінде
бес мектептің барын алғаш рет танып, олардың даралық сипаты мен ти-
пологиялық тұтастығын айғақтап берді; қазақтың ән өнерінің тарихи-
эстетикалық қасиетін алғаш рет кешенді қалпында танытуды мақсат еткен
телехабарлар сериясын (8) жасады; қазақтың ру-тайпалық жүйесін алғаш
рет тарихи-этнологиялық, әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани аяда
зерделеп, қазақ шежіресінің қазақ тарихына қатысты түпдеректемелік
(первоисточник) мән-маңызын ашып берді; әр қилы пікір-бағаға қарамастан,
халық мұрасы ретінде алғаш рет қазақтың бейпіл сөздерін жинап, оның
11
ғылыми басылымын жарыққа шығарды; белгілі тұлғалар өмірінің ғибратты
сәттерін жинақтауға себепші болған «Деген екен» айдарын бастап берді.
Сөз жоқ, мұның бәрі де халықтың рухани дәулетін сабақты жібіне дейін тү-
гендеуді мұрат тұтқан ұлтжанды азаматтың қам-қаракеті екені кім-кімге
де күмән келтірмесе керек. Осындай қасиеттерінің арқасында оның есімі
халық арасында айрықша құрметке ие болды.
Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың күй өнері» (2002) атты кітабында
былай деген болатын: «Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты
өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан, бұл жолда еткен
еңбек пен төккен терді Тәңірдің сыбағасына балай жүріп, өткеннің асылдары
болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз
қажет-ақ». Бұл сөз оның өмірі мен шығармашылығының бағдарламасы
іспеттес.
Тұлға туралы
толғамдар
Әбіш Кекілбайұлы
ТАЛАНТТЫ ҰРПАҚТЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЛБЕТІ
Осыдан он үш жыл бұрын Алматыда да осындай жиын өтіп еді. Сахнада
қаздай тізіліп жиырма бес жігіт отырып еді. Бірінен бірі өткен, әмбеге аян
ақын-жазушылар еді. Ол жолы да алғашқы сөз маған тиіп еді. Сонда «Біле
білсек, бұл өзі жан тебірентерлік оқиға екен... Тап осы ұрпақтың бұл дүниеге
келуі де, келмеуі де, келген күнде де, тап осы дәуренге жетуі де, жетпеуі
де бірдей ықтимал еді. Келді. Жетті. Бұған қалай тәубе демессің, ағайын?!
Жетесіз болмасақ, ұлан-ғайыр атамекенімізде талайдың көзінің сұғына
қалып, өз мерейімізге, өз ырзығымызға өзіміз ие бола алатындай шамаға
жетсек, енді жетеміз бе деп отырған мына біздерге дәл мынандай аума-төкпе
кезеңде бір-біріміздің басымыз қарайып, тірі жүргенімізді көруден ғанибет
ештеңе жоқ. Төбесінен нәубет арылмаған жұртымыздың қазіргі жер басып
жүрген қай ұрпағы да, әсіресе елуден арғы естияр ұрпағының ешқайсысы да
қой үстіне бозторғай ұя салған мамыра заманда тумаған. Бәрі де - отақтан
қалған тұқылдай, ойраннан қалған тұқымдай, өртеңге өнген алшындай
есіңе қай-қайдағыны салатын ескінің көзі, егеудің сынығы. Қарға тамырлы,
қаршыға сіңірлі халқымыз тағдырдың қай талқысына да шыдап, зұлмат
кездердің өзінде де бесігін құр тастамапты. Әйтпесе, қырық бірдің жыланы
талғақ болып, таңсық аңсайтын, қырық екінің жылқысы толғақ болып,
қалжа қаужайтын жылдар ма еді?! Сол жылдары да жарысқазан жасап,
иткөйлек жудырмасақ, бүгін осы арада басымыз осылай қосылар ма еді?!.
Қанқасап тұсында да, тек бір жылда, тек бір әдебиеттің өзіне самсатып
жиырма бес қаламгер қосқан қандай берен жұрт едік өзіміз?! Бұл буын -
санымен емес, сапасымен де, туған жылымен емес, қосқан үлесімен де көңіл
марқайтатын көрікті, төл дамуымызға белес бола аларлық бедер қоса алған
тарихи буын» деген екенмін. Әлі күнге сол сөз, сол сенімім мызғымас нық
болғандықтан да бүгін тағы алдарыңызға шығып тұрмын.
Бұл буын жайында бүйтіп қайта-қайта тебірене сөйлеуімнің өзіндік
жөні бар. Арамызда екі-үш жас айырма болғанымен, біз - талай тауқыметті
15
бірге кешіп, талай топалаңнан бірге өтіп келе жатқан, алдымызда да бірге
өтіп, көріп алатын талай сын тұрған, тағдыр-талайы ортақ бір ұрпақпыз.
Біздің басқаларға айтар сырымыз да, бір-бірімізге шертер шеріміз де бір-
дей. Оны ойласақ, қай-қайдағы жадыңа оралып, тіпті көкірегіңе өлең
іркіледі: «Біз тумай-ақ шыққан астан-кестені, әңкі-тәңкі дүние екен - не
істелік? Өкініштен өлгені мен өшкенін жер астына жиған десте-десте қып...
Бай-кедей боп атысып та шабысып, біреу тасып, біреулерден бақ ұшып,
пысықтары арманда өлген алысып, пасықтары жанжал қуған жабысып, қақ-
сұқтардан қапа болған ортаға қадам бастық жасқана да, қорқа да... Түксиген
көп. Расы ма, жорта ма? Түсіне алмай түстік-ау қан сорпаға. Мәрелі жер
мәз қыла алмас мәпелеп, адым ашсақ - тобыққа ұрды «қате» деп. Ешкіні
апа, текені әке-көкелеп жүрмедің деп төбеңе ұрды төпелеп. Шыдап бақтық..
Шыдамағанда не істелік? Жүндеп бақты, жібермек боп кеще қып. Қырса-
дағы құрымадың, өшпедік. Міне, осы - біздер айтар естелік. Шынжыр табан
танктердей тауқымет, қайта-қайта өліктерден тау күреп, тайпап-жайпап
кеткісі кеп жауша іреп, килікпеске килігетін дау тілеп. Дауы құрсын -
жатыр өзі табылып. Жауы құрсын - жармасады қағынып. Өмір кештік
құт-береке сағынып, бір тағдыр мен бір Тәңірге шағынып. Кезде тудық -
арды тонап, жанды алған. Елде тудың - ен далада сандалған. Қаз тұрмас-
тан - майдан ұрды маңдайдан. Көз ашпастан - запы болдық жанжалдан.
Тұқияның тұл арманын ту қылып, біздің буын ержеткен-ді булығып, ерлік
іздеп елірмеді шулығып, ертеңді ойлап, елегізе қуды үміт. Қазан дауыл
қаусата ұрған шаңырақ, қара құл боп қалмасын деп қаңырап, ананы ертіп
жесір қалған аңырап, арман қуды жігерді отқа жанып ап. Өңдемеген өгей
заман тапсынды, өзеуреді қуырмақ боп апшыңды. Қара ошақтың қаңсып
қалған қазанын қарақат көз қалқаштарға астырдық. Кең даланың қимай
тіпті гүлін де, келеке қып кеудеңдегі діліңді, қинаса да - бізден туған
сәбилер тақылдады бабалардың тілінде. Ерліктен де, ертеңнен де сап қылып,
жібермек боп өзді-өзіңді жат қылып, сырттан дүлей, іштен өгей жатса ұлып,
өткенді айтып өзеуредік тапсынып. Тарих берген бақты қайта лақтырып,
шажырқайлар шаужайласа шаптығып, басқа емес, біздер едік сан құрып,
шайқас салған шарболаттай шарт сынып. Арбаса да аяр пиғыл айла егіп,
туын тігіп, керегесін жайды елім, бір уық боп шаңырағына шаншылмай,
елеуреудің енді келмек қай жөні?! Елірмедік - елмен бірге жүдедік, өткенді
емес, ертеңгіні тіледік. Түңілсек те сырт бермедік, түнердік. Мұқалсақ та
жасытпадық жігерді. Жаңылсақ та үміт гүлін үледік. Міне, әлеумет, біз
жасаған ұлы ерлік!» дегің келеді.
Бір кездегі бала ұрпақтан бүгінгі ата ұрпаққа айналып отырған біздің
буынның тағдыр-талайы, міне, осылай ойқы-шойқы қалыптасты. Олардың
ат жалын тартып мінген азамат дәурені әліге дейін бірде мүйіз, бірде киіз
алмағайып кезеңдердің аласапырандарында өтіп келеді. Бесікте жатқа-
нында-ақ зеңбірекке жем болып кете жаздап, әуелден мойындарына ала
бұршақ байлаған құрмалдыққа шалынар ақсарыбас тоқтышақтардай туа
шетін ұрпақтың есейгенде де көрер құқайы аз болмады. Жер бетінен не өзі, не
16
рухы түбірімен жоғалып кетуге тиісті деп, кембағал саналып келген ұлттың
қысталаң тарихының ең қысылтаяң кезеңінде жерге түсіп, не қиынды
көре жүре ержеткен кермаңдай ұрпақтың басына талай рет көрер көзге
кесапаты мол кесір тағдырдың құрбаны болып кету төніп тұрды. Олар кейде
таң махшардың сират көпірінен тірідей өтіп келе жатқандай көрінер еді.
Тумай жатып, алдарынан тым қатал таңдау шықты. Не оспадар замананың
ығына жығылып, өзің емес, өзге болып өмір сүріп, өз жұртыңның көрін
өзің қазатын, не ондай опасыздықпен келетін оңай бақыттан саналы түрде
баз кешіп, жаншыла-жаншыла жантөсілім халге жеткен жадау халқының
жанына жалғау, үмітіне делбеу бола алуға тырысатын жанкешті тағдырға
пейіл болуға тура келді. Соңғы жолды таңдап алғандарға тығырыққа
тірелген жұртымен бірге жол іздеп, есеңгіреп қалған елімен бірге ес жимақ
басты мұрат саналды.
Біз сөз етіп отырған буын әлгіндей қарлы Қаратау іске дер кезінде тә-
уекел ете алғандығымен де тарихи, сол тәуекелден көңілге қонарлық нә-
тиже шығара алғандығымен де бедерлі де беделді ұрпақ саналып отыр.
Жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарының ар жақ, бер жағында
бесікке түсіп, алпысыншы жылдары ат жалын тартып мініп, қазақ елдігі
мен руханиятының жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа, көздеріңіз көріп
отырғандай, азат та аршынды аттай алуының алғы шарттарын жасасқан
алғадай ұрпақ болып танылып отыр. Олар өздерінен бұрынғы буын өкіл-
дерінің ешқайсысының етегін тартқылап, жолын кескілеп, жағасына жар-
масқан жоқ. Соңғыға жүгініп, биікке ұмтылып, тосын қимылдаған тегеу-
рінді ұрпақтың келуі тоталитарлық идеологияның салқынынан қаралай сал
ауру болып қала жаздаған ұлттық санамыздың тамырына қан, жүрегіне от
дарытып бақты.
Сол бір үзілгенді жалғап, мұқалғанды қайрап, кетілгенді жетілдіріп
келе жатқан жігерлі ұрпақтың үш бірдей бірегей өкілі бүгінгі жиынымыз-
дың төрін иемденіп, қақырайып-қақырайып қарсы алдарыңызда отыр. Біз
оларды өз ұрпағының рухани дидарын жан-жақты жарқыратып ашып бе-
ре алатын бетжүздік тұлғалар десек, ақиқаттан аулақ кетпеспіз. Өйткені
олардың әрқайсысына етене тән болған еншіл сипаттары тек бір өздерінің
ғана емес, кейінгі қырық жылдан астамғы әдеби дамуымыздың бағыт-бағ-
дары мен қарқынынан толық хабардар ете алатындай.
Соңғы екі ғасырда адамдардың тіршілік айыру үрдісі түбегейлі өзгерді.
Ғылым мен техника қарыштап өсті. Жаңа технологиялар жер бетінде
атымен жаңа өмірлік орта жасап үлгерді. Ол рухани аяда да тап сондай
жойқын жетістіктерге жете алады деген сенімді күшейтеді. Адамдар қия-
лын жаңа утопиялар билеп алды. Индустриялық даму деңгейіне көшкен
қоғамдар жаппай дәулеттенуді, оның қарсылыстары жаппай әлеуметтенуді
ұрандап бақты. Дүние қақ бөлінді. Бұл екі тарап тайталас сананы да әсіре
идеологияландырып жіберді. Көркемөнерде авангардтық ағымдар күшейді.
Күні кешеге дейін біздің суреткерлік ақыл-ойымызды билеп-төстеп келген
социалистік реализм де тап сондай рухани авангардизмнің нағыз өзі еді.
Түрді күштеп құбылтуға болатыны сияқты мазмұнды да күштеп өзгертуге
болады деген әумесер түсінік белең алды. «Жаңа қоғам», «ескі қоғам», «жа-
ңа адам», «ескі адам», «жаңашылдар», «ескішілдер», «арта қалғандар»
мен «алға озғандар», «жаңа заманның жаңа қаһармандары» мен «ескінің
сарқыншақтары» сынды жөнді-жөнсіз тықпалаған жадағай идеологемалар
адамдарды «біздер» мен «оларға», «қызылдар» мен «ақтарға», «қаналғандар»
мен «қанаушыларға», «достар» мен «жауларға», «бұқара мен элитаға»
жіктеп тастады. Адамгершілік мұрат деген жоғалып, «буржуазиялық
мұрат», «пролетарлық мұрат» дегендер желеу етілді. Көркемдік деген де
бірыңғай ұғымынан әрыңғай түсінікке айналды. Көркем шығармашылық
қилы идеологиялық докториналардың қолындағы қолжаулық боп кетті.
Әуелде бұның бәрін даттап баққан коммунистік идеология кейін рухани
көзбояушылық пен сана улаушылық жағынан қарсыластарынан да асып
түсті. Буржуазиялық идеология, саясат сияқты, руханиятты да техноло-
гияландыруды жүзеге асырса, ал коммунистік идеология оларды мыз-
ғымастай бірыңғайландырып, мәңгілікке стандарттап тастауды көкседі.
Ол партиялық дегенді біржақты желеулетіп идеялық басыбайлылықты,
халықтық дегенді желеулетіп эстетикалық қарабайырлықты өршітті. Адам-
дар шығырға жегілген түйедей ертеден қара кешке құлаққа құйылып бақ-
қан жаттанды ұғымдар мен жасанды елестер төңірегінде шырқ айнала
сенделумен күн өткізді. Әдебиет, олардың көзін ашудың орнына, одан әрмен
көлкештеп баққан аяр тұмылдырыққа айналды. Жиналыстарда сөйлейтін
сауыншылар мен механизаторлар, тас қалаушылар мен бақташыларға ғана
емес, өнер мен әдебиеттің не сүлейлеріміз деп жүргендердің өздеріне де нені
айтып, нені айтпау керектігі күн сайын көзге шұқып көрсетіліп отырды.
Жас қаламгерлер түгілі, жасамыс классиктердің өздеріне қартайғанша
ауыздарына «идеялық пен партиялықтың» резинка емізіктері тықпаланып
бақты. Іңгәласаң да партиялық тұрғыдан іңгәлап, жөтелсең де таптық
тұрғыдан жөтелуің керек болды.
Алпысыншы жылдардағы буын тап осындай жағдайда әдебиетке аяқ
басты. Әлгіндей дүниетанымдық тұмылдырық пен идеялық емізіктен бас-
тарын ала қашып, айналаға өз көздерімен үңіліп, өз көкіректерімен пікір
түюге тырысып бақты.
Біздің әдебиетіміздегі сондай жөргекте жатқанда-ақ жөнге көнбей, ті-
лазарланып баққандардың бірі Дулат Исабеков еді. Ол әдебиеттің өркенін
өсіретін, партиялық құжаттарда көп айтылатын өмір туралы шындықты,
ең алдымен, адам туралы шындық деп ұқты. Әдебиеттің өсіре саясаттануы
мен асыра идеологиялануы әдетте заман мен қоғам туралы шындықты жазу
керек дейтін біржақты талапшылдық арқылы жүзеге асатыны белгілі еді.
Ал адам туралы шындық әлемде өлеуметтік көлгірліктің жолын бөгеп,
болмысты өз қалпында көріп, ақиқат пен жалғандықты айқын ажыратуға
мүмкіндік бермекші.
Талантты жас прозашы өз тұсындағы әдеби процестерге жіті көз салды.
Жиырмасыншы ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыс индустрияланумен бір-
18
ге бас көтерген әлеуметтік утопиялардың желігін басып, адамдарды талай
нәрсеге байланысты байырғы көзқарастарға қайтып оралуға мәжбүр еткен
б о л а т ы н . Әдебиет пен өнерде авангардтың асқындаумен қоса ретролық ба-
ғыттар да қайта бой көрсеткен-ді. Ол адам туралы пайымдаманың көрер
көзге түбегейлі өзгеруіне байланысты еді. Жаңа мәшинелер сияқты жаңа
адам типтерін қолдан құбылтып, қойдай қоздатамыз деген дәмеден ештеңе
шықпай қойды. Кешегі адамды тез өзгеріп жатқан заманға лайықтап тез
кемелдету де қысыр қиял болып шықты. Әсіресе ақ идеологияның да, қы-
зыл идеологияның да адамды рухани «клондандыру» ниеті, әдеби ойын
болмаса, әлеуметтік өмір құбылысына айнала алмады. Біржақты «дүлей-
лендіру» арқылы «ақ монстр», біржақты сүлейлендіру арқылы «қызыл
монстр» жасақтау талабы көркемдік шығармашылықтың тұзын жеңілдетіп
жіберді. Қырып-жойғыш соғыстар қандай астамшыл идеяларды миына құ-
йып бақса да, адамдардың суға салсаң батпайтын, отқа салсаң күймейтін
кереметтерге айнала қоймайтынын, бәрібір сол қой боғындай қорғасыннан
хұрттай ұшатын жұмыр басты болып қалатынын дәлелдеп берді. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі Хемингуэй, Ремарк, Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі Белль, Борхерт шығармалары адамдардың әлеуметтік
желіктерден көсегелері көгермейтінін жеткілікті ұғындыра алды. Екінші
дүниежүзілік соғыс адами тірлікті жаппай қаһармандандырып бағудың
атымен ұшқарылық екеніне түбегейлі көз жеткізді. Бұл өткен соғыстағы
жеңіске ұзақ уақыт желпініп баққан кеңестік әдеби кеңістікке де өз салқы-
нын тигізбей қойған жоқ. Әсіресе алпысыншы жылдардан кейін үрдіске
айналған «окоп шындығы» ағымы кеңестік тіршіліктің де келеңсіздіктері
барына көзді аша бастады. Бұл қазақ әдебиетіндегі майдан мен тыл тақы-
рыбындағы бірсарындылықты қайта қарауға мәжбүр етті. Әсіресе Ә. Нұр-
пейісов, Т. Ахтанов, Т. Әлімқұлов, Б. Соқпақбаев, С. Шаймерденов ізде-
ністері жемісті болды.
Жалаң дәріпшілдіктен жүйелі түрде безіну қазақ прозасының жас буы-
нының бойынан анық көрінді. Оның талантты туындыларынан бұрынғы
"Міне, біз қандаймыз?!» дейтін желпінуден гөрі «Біз әлі қандай сормаң-
даймыз?!» деген астарлы ой басымырақ сезіліп тұрды.
Бұл пафос Д. Исабеков шығармаларының көбіне тән. Ол тоталитарлық
идеология қалыптастырған сіреспе көзқарастар мен идеялық тоңмойын-
дықты тәрк ету үшін бейбіт өмірдегі ащы шындықтарды да тиімді пай-
даланды. Жаңа заманның жасампаз қаһармандарының бейнесін жасау талап
етіліп жатқан кезде ебіл-себіл тұрмыс кешкен сормаңдай кейіпкерлерді алға
тосты. Оның «Дермене», «Сүйекші», «Тіршілік» повестерінде кеңес өмірінің
де пейіш, кеңес адамның да періште емес екендіктері көзбен көріп, қолмен
ұстағандай бедерлі бейнеленді. Алайда әлгіндей әшкерешіл уыт қарапайым
адамдардың адамгершілік тұрлаулылығын жоққа шығармады. Жалғыз ұлы
мен келінінен ерте айырылып, қолында қалған немересін өз маңдай терімен
жетілдірмек боп жүргенде, кездейсоқ алаяққа алданып, қу тақырға отырса
да, арам малдан ауыз тимей, адал қалпын аман сақтап қалғанын шүкірлік
19
еткен Тоқсанбай қарт, адамдардың алақолдығы мен ұшқарылығынан ыл-
ғи көзтүрткіге ұшырап, көкнәрші болып кетсе де, жер бетінде өзін әке тұ-
татын бір шарананың барлығын кездейсоқ естіп, төбесі көкке жете қуанған
Молдарәсіл, жасында ел ақтатып жіберген қайырымсыз ағайынның қар-
тайғанда қастарына шақырғанына барғысы келмей бетінен басып, күніне
тірідей көрге түсіп, күнкөріс айырып жүрген сүйекші кәсібін қимай қи-
налатын Тұңғыш тағдырлары ешкімді де енжар қалдыра алмастай. Олар
өзгелерден қанша қатыгездік көрсе де, өз көкіректеріндегі мейірімді түгел
сарқып үлгере алмай, ақтық демдері біткенше адамдық пен адамгершілікке
деген сенімдерін жоғалтпай өтеді.
Адамгершілік - ең басты әлеуметтік құндылық, ал одан өрбитін махаббат
пен мейірбандылықты кіршіксіз сақтай білудің ең қасиетті парыз екендігін
жан-жақты зерделеген «Гауһартас», «Мазасызкүндер», «Пері мен періште»
ұлттық әдебиетіміздің гуманистік құнарын байытқан елеулі табыстарымыз
болды. Бұл шығармалар адамгершілік үшін тек қилы замандар мен шетін
оқиғалар ғана емес, күнделікті күйбең тірлік пен қарабайыр тұрмыстың өзі
де қатал сын болатынын қапысыз ұғындыра алады. Адамгершілік туын тек
тасжүректік қана емес, кез келген парықсыздық пен ұшқарылық аяққа баса
алатыны Д. Исабеков прозасы мен драмматургиясында өте нанымды көрініс
тапты. Жазушы, әсіресе, адам мен адамгершілікке байланысты жаңа заман
қалыптастырыпты-мыс дейтін жайдақ түсініктерді аяусыз шабуылдаумен
келеді. Оның «Қарғын» атты романы, ең алдымен, парасат тайыздығы мен
сезім тұрпайылығына деген әлгіндей ішкі ыза мен уытты қыжылға толы
туынды.
Рас, бұл жалғыз Дулат Исабековтің басына жалқы қонған абырой емес
еді. Бір кезде Мәскеуде қойылған Қалтай Мұхамеджанов пен Шыңғыс
Айтматовтың кейін «Көктөбедегі кездесу» деп аталған драмасы туралы
«Советская культурада» басылған Константин Симоновтың мақаласын
«Адам қайтсе қалады адам болып?» деп аударғаным бар еді. Бұл кескіндеме,
шынында да, жетпісінші-сексенінші жылдардағы әдебиетте әлемдік дең-
гейде өткір қойылған бірегей мәселе болды. Оның қазақ әдебиеті мен сах-
насында да ұзақ баян тауып, ұтымды шешімделуіне Исабеков-прозашы мен
Исабеков-драматургтің елеулі еңбек сіңіргендігі даусыз.
Оның талантты құрдасы Төлен Әбдіков те шығармашылық ізденістерін,
негізінен, осы бір сүрлеудің айдынды жолға айналуына бағыштады. Ол да
осынау әрі әлемдік, әрі мәңгілік проблеманың қазақ тіршілігіндегі көрінісін
мейлінше етене жақын және терең жеткізуге күш салды. Сол арқылы өз буы-
нының өмір жолын көркем шежірелеп шығуды місе тұтпай, өз халқының
жиырмасыншы ғасырдағы бастан кешкен итырқылжыңдарының тарихи
астарларын жіті сараптай алған туындылар әкелді. Дүниеге әлі аяқтала
қоймаған «Өліара» романының бірінші кітабы солай келді. Ол да шамадан
тыс әспеттеліп келген кеңестік шындықтың, қоғам қалыптастырмақшы
болған көзқарастар мен мінез-құлық ұстанымдарының күйкі табиғатын
қаз-қалпында бейнелеуде табандылық таныта білді. Тоталитарлық идео-
20
логияның жауырды жаба тоқып, өзі жасаған әлеуметтік қиянаттарды әр
қилы утопиялардың тасасына тығып, көлкештеп бағуға тырысқан саяси
көлгірлігін ұтымды әшкерелеудің тосын көркемдік тәсілдерін тапты. Оның
бұл жолдағы ізденістері жайында арнайы мақала жариялатқандықтан,
тек бір-екі жәйтке ғана тоқталмақпын. Біріншіден, ол өзі өмір сүрген ор-
таның шындығын өткелдегі тарихи буындардың өмір жолынан бөлектеп
қарастырмайды. Қайта бүгінгі ұрпақтың рухани ізденістерін өткен ұр-
пақтардың, әсіресе жиырмасыншы ғасыр басындағы ұрпақтың сергелдең
тағдырлар мен жан тебіреністерімен салғастыра зерделеуге ұмтылады.
Мәселен, «Өліараның» өзі тектес немесе тақырыптас өзге шығармалардан
көрер көзге оқшауланып тұруының негізгі сыры да осында болып табы-
лады. Екіншіден, өз қоғамының шындығын қалған дүниенің бастан ке-
шіп отырған шындығынан бөле-жара қарамайды. Сол арқылы кеңестік
шындықты былайғы дүниеге атымен ұқсамайтын айрықша шындық, оқшау
құбылыс санаған үйреншікті қисынды ұғымды бедерлейді. Дүниенің қай
бөлігінде де бар әлеуметтік қайшылықтар мен рухани келеңсіздіктердің
қай-қайсысының да кеңестік өмірде де орын алып отырғандығын, онымен
қоса, тек кеңестік ортаға ғана тән, былайғы дүниеде кездеспейтін рухани
оралымсыздықтарды ашып көрсетеді. Тоталитарлық идеология ауызға
қақпақ болып, айтқызбай отырған әлеуметтік індеттерді аллегориялық
тәсілдермен жеткізеді. Ол кезде тек капитализм дүниесіне ғана тән саналып
келген өз ортасынан өзі безіну, өз болмысынан өзі жирену, өмірден торығып,
қаралай ауаланушылық, рухани ішқұсалыққа ұшырап, делқұлы күйге түсу
тақырыбына біздің топырақта алғаш рет батыл бара білгендердің бірі Төлен
Әбдіков екендігі даусыз.Оның «Оң қолы» мен «Парасат майданы» соған куә.
Сөз жүзінде бір түрлі, іс жүзінде екінші түрлі кеңестік шындық екі оттың
ортасында шыжғырылған көзкүйік халді одан сайын асқындырды. Жеке
адамның мұндай жан азабы тұтас қоғамның көлгірлікке ұрынып, тұтас
ұлттардың рухани мүгедектенуіне ұласты. «Тозақ оттары жымыңдайды»
хикаясында баса көрсетілген бұл ащы шындық қазақ әдебиетінде «Қайтсе
халық қалады халық болып?» дейтін екінші бір өткір проблеманың туын-
дағанын көрсетті.
Аталмыш кезеңдегі қазақ прозасының ұлттық тарихқа дендей бет бұ-
руында да әлгіндей сыр бар еді. Өткен ғасыр басында М. Жұмабаев,
I. Жансүгіров, М. Әуезов бастап берген бұл бағыт жетпісінші жылдары
Ғ. Мүсірепов, X. Есенжанов, I, Есенберлин, Т. Әлімқұлов, Ә. Әлімжанов, 0. Сү-
лейменов, М. Мағауин, Ш, Мұртаза, С. Жүнісов, С. Сматаев, Қ. Жұмаділов,
Д. Досжан, Ә. Сарай, Б. Нұржеке, Қ. Мұхамбетқалиев, т.б. ізденістерімен
толықты. Бұл - қазақ халқының тарихи түлеуінен емес, оның біржолата
жойылып кету қаупінің мейлінше күшейгендігінен туындаған шамырықты
құбылыс еді. Ондай қатердің бетін әрмен қылу үшін халық өз тарихы мен
әзелгі болмысын жетік білуі, ендігі болашағын жіті зерделей алуы керек
еді. Бұған да ең әуелі ақын-жазушылар тәуекел етті. Тарихи тақырыпта-
ғы көркем шығарма жазуды қанағат тұтып қалмай, таза ғылыми ізде-
21
ністерге де қол созушылық күшейді. Тарихи беллетристикамен қоса та-
рихи эссеистика етек жайды. Олжас Сүлейменовтің, Мұхтар Мағауиннің,
Қойшығара Салғариннің, Әнес Сарайдың, Бексұлтан Нұржекенің жұртшы-
лыққа кеңінен танымал зерделемеліктері дүниеге келді. Аталмыш буын
бұл санатқа кісі қызығарлықтай айрықша табандылықпен әрі өніктілік-
пен еңбек етіп жүрген Ақселеу Сейдімбек сынды іргелі қаламгерді қос-
ты. Ол әуелі «Лениншіл жастың» Қарағандыдағы тілшісі болып жүріп,
оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Оның мақалалары мен репор-
таждары қалғандардың ешбіріне ұқсамады. Ол деректілікті ғылыми қисын-
дылықпен ұштастырып, көтеріп отырған мәселесін терең тебіреніспен ай-
шықтап, баспасөз үшін де, көркем сөз үшін де атымен соны бағыт ұстанды.
Оны қазақстандық индустрияның отанына айналған айтулы өлкенің
алып құрылыстарымен қоса көнелікті орындары да аз қызықтырмаған
сияқты. Болып жатқан оқиғалармен қоса болып кеткен оқиғалар да көбірек
толғандыратын тәрізді. Жайқалған егінжайлардан гөрі қымтырыла қыстап,
жазыла жайлайтын малшы өмірге ықыласы тіптен бөлек секілденді. Бұның
бәрі ескішілдіктен емес, елжандылықтан еді. Оның әу бастан-ақ ертеңі екі-
талай халқының екіұдай ахуалына деген осы бір айрықша алаңдаушылығы
ақыр түбі әдебиетке жетелеп әкелмей қоймайтыны бесенеден белгілі болып
тұратындай еді. Солай болды да қойды.
«Күзеуде», «Қыз ұзатқан», «Аққыз», «Бір атым насыбай», «Ақиық»,
«Атамекен» повестері маған бір жағынан әйгілі суретші Павел Кориннің
«Өтер-кетер Русь» кейіптемелер тобын, екінші жағынан баяғы прогресшіл
романтизм тұсындағы Проспер Мерименің атышулы «экзотикалық новел-
лаларын » еске түсіргендей. Мұнда да сол таңғалмасына қоймайтындай қанық
бояу, анық сурет, айқын сюжет, мейлінше нақты ой мен жүйелі композиция,
шапқан аттай жүйрік қиял мен атқан оқтай мейлінше дәл суреткерлік түй-
сік. Сезімі лайланып, санасы тұмандана қоймаған қыр тұрғындарына тән
тұңғиық пен тұнықтық, ойда жоқта лап ете қалып, жер мен көкті бір-ақ
шарпып, жолындағының бәрін тегіс күйретіп бітпейінше, дегеніне жет-
пейінше басу бермейтін дала өртіндей асау құштарлық пен асқақ көңіл, ақ-
адал пейіл мен әнтек махаббат. Сирек құлықтар мен төтен қылықтар. Кім
көрінген көре қоймайтын әсемдік пен кім көрінген ұға қоймайтын даналық.
Тағдыр мен табиғат арасындағы терең үйлесім. Қараптан-қарап көзден бір-
бір ұшып, мәңгілікке көшіп, келмеске кетіп бара жатқан қыр тұрмысы, дала
дарқандығы, қазақ тіршілігі... Қайран халық, қайран заман, қайран әлем!
Біздің көкірегімізде өксік боп өтіп, келесі ұрпақтарға арман боп кетер есіл
дәурен...
Ақселеудің аңшылық әңгімелері де - кәсіби әдебиетімізде алғаш рет
арманынан шыға айшықталып отырған өрелі тақырып. Онда да қоғам мен
табиғат, адамзат пен хайуанат, екі аяқты жан иелері мен төрт аяқты жан
иелерінің арасындағы әзелден бергі үндестік пен тағдырластық еміріне
отырып зерделеніп, тебірене отырып байыпталған. Ақселеудің «төрт аяқ-
ты кейіпкерлері» кейде адамнан бетер сүйкімді, адамнан бетер бекзат
22
болып көрінеді. Оның ертегілер топтамасы да осынау таңғажайып дү-
ниенің мәңгі жұмбақ жарастығына деген мәңгі құштарлық пен мәңгі
қимастықты жырға қосып тұрғандай. Небір ұмыт боп кеткен түйсіктеріңді
түрткілеп оятып, қалғып кеткен сезімдеріңді қайта түлетіп, сапырылысқан
сергелдеңдерге түсіріп, ет жүрегіңді езілте қан жылатып отырып оқылатын
бұл туындылардың қай тобы да қазақ прозасының талай ұрпаққа аманат
етілер алтын сандығынан біржолата орын табары даусыз.
Әуелде Ақселеу сарғайтпай қоймас сағыныш пен күйзелтпей қоймас
уайымға мейлінше малынта бажайлаған бұл гәптер кейін басқа кейіпке
көшіп, тың арналарға бет бұрғандай. Тарихи процестердің кейінгі ба-
рысы суреткерлік сезімді серпілтіп, жаңа жанрлық шешімдерге шабыт-
тандырғандай. Ол сонау «Күңгір-күңгір күмбездерден" басталған танымдық
зерделелеуге қайта құштарланады. Бұл кейде таңғажайып даламыздың
тамаша сұлулығына енді-енді қанығып, құшырлана сурет салып тұрған
хас шебердің кенет қылқаламды лақтырып тастап, қолына жітайна (лу-
па) ұстап, гүл теріп не көбелек қуып кеткеніндей ерсі де көрінер. Алайда
Ақселеудің бұнысы маған ұлттық өміршеңдігіміздің заманалық мүдделері
мен бақилық мұраттарын дер кезінде байыптай алатын мүлтіксіз ұғым-
талдығын аңғартқан ерекше де ерен қасиеттей көрінеді. Қазір ұлттық бол-
мысымыздағы өз-өзінен күйреу-құлдырау процестері біртіндеп тежеліп,
қайта жасарып-жаңғыру, жаңаша дәурендеу процестері енді-енді қарқын
ала бастады. Бұндай тұста қандай салада да сары уайымға салынып,
зарланып бағар енжарлық елжандылық болып табылмайды. Әуелі неміз бар,
неміз жоғын, неміз озық, неміз тозық екендігін жете біліп алып, жеткілікті
сараптап алып, қайта қалыптасуға бет бұрып, бағзы мекеніндегі байырғы
жұртымыздың шын мәніндегі жаңаша дәурендеуін қамтамасыз етеміз.
Егер өйтпесек, тағы да асығыстық пен алаңғасарлыққа ұрынсақ, өз жерінде
отырып, өз көзіне өзі құм құйып, өзін-өзі жоқ қылған өгей жұрт боп шыға
келеміз. Баяғыдан бергі талай ұрпақты сабылтып келген сан еңбектің бәрін
қаралай сарп кеткен, талай ғасыр армандап, әзер жеткен тәуелсіздігімізді өз
қолымызбен тәрк еткен жексұрын, жетесіз ұрпақ боп шыға келеміз.
Ондайдың беті әрмен болсын десек, жоқтан өзгеге күңірене тіл безеп,
қол қусырып отырып алмай, әркім әліне қарай ортақ мақсаттың жолында
тырбанып баққан дұрыс.
Кейінгі жылдары Ақселеудің әдебиеттен гөрі этнографияға көбірек
ден қойып, зерттеушілікпен айналысып кетуінде, міне, осынай заңдылық
бар. Оны уақытылы аңғарып, оған уақытылы жауап бере білу де сирек
кезігетін тереңдік пен алғырлықтың ғана қолынан келеді. Соңғы жылдары
Ақселеу бұл салада да бір өзі бір институттың істейтінін істеді. Кәсіби
мамандарымыз ежелгі академизмнің тас қорғанын талқандап шыға ал-
май, босбелбеу отырғанда ол білегін сыбанып, түбегейлі өзгеріс үстіндегі
қоғамының, жаңаша рухани түлеуге ұшырап отырған отандастары мен
замандастарының нақты танымдық зәруліктерін өтеуге кірісті. Оның «Қа-
зақ әлемі», «Қазақтың күй өнері» сынды көлемді зерттеулері - ұлттық
23
тарихымыз бен ұлттық болмысымызды жан-жақты сараптап, терең талдап,
кемел пайымдай алған кесек туындылар. Бірақ бұдан аталмыш еңбектерде
әлі де дәйектей түсетін тұстар жоқ деген қорытынды шықпаса керек.
Тіпті дәлдігіне шәк келтіретін деректер мен келісе қоймайтын, әсіресе біз
сияқты өзі де тарихтың басын ауыртып жүргендер үшін қызыл кеңірдек
боп дауласа кеткің келіп тұратын тұжырымдар да ұшырасып қалады екен.
Олар, бірақ, жекелеген тұстарға болмаса, тұтас еңбекке түгел тән емес. Оның
үстіне қазіргідей талғам өзгеріп, таразы ауысып жатқан тұста кімдікінің
дұрыс, кімдікінің бұрыс екендігін бір тобаның өзі білмесе, ешкім білмейді,
Ондай-ондайдың анық-қанығын анықтау кейінгі ұрпаққа қала тұрмақшы.
Осы реттен келгенде, Ақселеудің бұл салада да бітіргені шынымен сүбелі,
шынымен қадірлі. Ол қазақтың қалжыңдарынан - қара өлеңіне, киімі-
нен - күйіне, сайқымазақтарынан - салтына, ғұрыптарынан - құлықтарына,
саясатшылығынан - саятшылығына, тағамдарынан тарихына дейінгіден
ештеңе қалдырмай, ерінбей зерттеп, ежіктей талдап келеді. Оның бәріне де
археологтардың жер түбінен індетін жүріп тауып алған таңсық олжасындай
ықыласпен қарап, ыждағатты бағамдағанымыз дұрыс. Қайткенде де, Ақ-
селеу қазіргі тірлігімен байырғы қазақ дүниесін алшаң басып асықпай
аралап, байыппен бажайлап, сабырмен саралап келе жатқан «этнография
академиясы» сияқтанып елестейді. Дәйім алдынан Қызыр жолығып, қай
сапары да оңынан орала берсін дейміз. Қайткенде де, Ақселеудің қазақ
руханияты тарихын зерттеудің арғы-бергісіндегі көзіңді еріксіз тоқтатар,
ерекше сыйланар бірегей тұлғалардың санатынан саналауға лайық екендігін
ашық мойындағанымыз орынды.
Бұл арада біз, сонымен, ұлтымыздың бүгінгі және ертеңгі руханиятының
жаңа ордасының шаңырағын көтерісіп, уығын шаншысып жүрген талантты
ұрпақтың тағылымды келбетінің үш сыр, үш қырын аша алатындай айтулы-
айтулы үш жазушымыздың өнер жолындағы іздегендері мен тапқандары-
на тоқталдық. Бұл - дән риза әлеумет тарапынан осы ұрпақ пен осы үш
қаламгерге айтылар жан сүйсінерлік жақсы әңгіменің бәрі емес, тек басы
ғана.
Бізді бұл буын өнерде де, өмірде де дәйім сүйсіндіріп келеді. Жиырма бес
құрдастың жұп жазбай тату жүргендері де аса тартымды. Қазіргідей асқарлы
жасқа абыройлы жетіп, мерейленіп жүрген күндерінде де аспай-таспай, бір-
біріне кимелемей, килікпей, араларынан Астана сахнасына үшеуді ұсынып,
олардың қуанышын ортақ қуаныш деп ұғынып отырғандығы да ұнамды-ақ.
Бұл - алдағыларды толғандырып, арттағыларды ойландырарлықтай абзал
өнеге. Күллі әлеуметке өнеге. Жақсысы тату елдің жалпысы бату болмайды.
Жақсылықта таласпағандар ғана жамандықта жараса алады. Бұл - тек
нағыз марқасқа азаматтардың ғана қолынан келер мәрттік. Ең алдымен есте
ұстайтын нәрсе: біз - егес-ерегес, алыс-жұлыс, тортаң-тосыраң, қыбыр-жы-
быр, сыпсың-сыбырдан аузымыз әбден күйген қауымбыз. Ендігі жерде,
есіміз бар болса, естиярларымыз ондай-ондай нәмарттықтан өзін-өзі тыйып,
тек нағыз мәрттіктің жолын ұстана алса ғана ел болып кете алмақпыз.
24
Айтпақшы, Дулат та, Төлен де, Ақселеу де - суреткерлік парыздарымен
қоса, азаматтық парыздарын да адал атқарып келе жатқан қарымды
қайраткерлеріміз. Олар, әсіресе, қазіргідей ел тағдыры шешілетін тұста
не ел ақтап, оңды-солды әңгімеге желігіп, не қалам қажап, қағаз мүжіп,
қалтарыста қалған жоқ. Маған бұйырмаған бүйен тезегімен бірге қайнасын
деп, жаңарып жатқан қауымы мен халқына жаны ашымастық жасап, бопса
қуып, бой тасалап кеткен жерлері де жоқ. Тәуелсіздігіміздің орнығып, ел-
дігіміздің нығаюына ынты-шынтымен болысып, ерекше елжандылық таны-
тып, елеулі еңбек сіңіріп келеді.
Алда да солай бола беретініне кәміл сенеміз. Өйткені ұлттың әдебие-
тіміздің мойынындағы адамдарымызды да, күллі қоғамымызды да рухани
шыңдай түсуге қызмет ету парызы қай кездегіден де өткір тұр. Ол үшін
азаматтарымыз аршыл, ұлтымыз ұйтқылы болмағы лазым. Ынтымақ - біз-
дің ұлттық дамуымыздың ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты. Татулық -
біздің қазіргі қиындықтардан аман-есен шығаратын бірден-бір тактикалық
амалымыз. Бұл - бүгін ұлықталып отырған үш саңлағымызға айтпасақ та
әбден түсінікті қағида. Оған енді қалғандар да қапысыз қанықса ғанибет
болар еді!..
Қысқасы, біз олардың бұған дейін жеткен жетістіктерін, тіл-аузымыз
тасқа деп, қуана бағалай отырып, алда көретін жақсылықтарының жарқын
әрі баянды болуларына тілектестік білдіреміз.
25
•
Оралхан Бөкей
БЕЛЕСКЕ БЕТТЕГЕН БЕС ЖІГІТ
Егер туған әдебиетімізді айдын-шалқар көл десек, сол көк толқын көлдің
көлемін тарылтпай, байытар өзендер мен бұлақтар болары - шығар күндей
шындық... Сондықтан да өнер атаулы өскелең тартып, жылдар жылжыған
сайын кемелденеді, кемтігін толтырып, ғасыр кеңістігіне құлшына ұмты-
лады. Жаңа заман орнаған уақыттан бері дүние жүзі халықтарының мәде-
ни жауһарларын танып, сусындап қана қоймай, ортақтас, табақтас бола
бастаған қазақ қалам қайраткерлері бүгінде сол әлемдік телегей өнердің
тек қызықтаушысы ғана емес, сонымен қатар өз үлесін қоса бастаған белді
де белсенді суреткерлерін даярлап үлгерді. Бір кезде Мұхтар Әуезов бастап
берген әдеби көшіміздің төрткүл дүниеге соза тартуы, яғни даму, баю, өсіп,
өркендеу процесі үрдісті десек, оған Ұлы Отан соғысы жылдарында дүниеге
келген прозашы жігіттеріміз қосқан үлес те көңіл тоғайтарын тілге тиек
етпекпіз.
Рас, қандай да бір әдебиеттің тарихы мен тағдыры есті оқушысы бар
ертеңіне, бозала таңды болашағына байланысты. Ендеше Мұхтар Әуезовтің
бақыты сол - бүгінгі саналы ұрпақтары сөз төркінін, саф өнердің тегін
танып, салмақтап, сараптай алатындығы немесе Мұхаңның құйрық-жалсыз
жалғыз қалмағандығы. Демек, аталары мен ағаларының ақ батасын алған
жастардың жарасымды мінезбен жап-жақсы шығарма жаза бастауының өзі
рухани жіптің үзілмегені ғой.
Бүгінде қырыққа толған, қаламы қатып, толысқан менің құрдастарымның
бақытына орай, жеткізбегісі немесе жетіп алғысы келетін ерен жүйріктердің
алды-арттан қаптағайлап шауып бара жатқаны шығар. Олай болса, қамау
тері алынған замандастарымның шындап бір шырқар қызықты да қауіпті
жарысы туды-ақ.
Демографтардың есептеуі бойынша, адам тууының ең бір азайып кет-
кені Ұлы Отан соғысы жылдары екен. Ендеше бұл мақалада өз творчествома
рухы мен тақырыптық жағынан жақын, туған әдебиетімізді өркендетуге
бел шешіп, белсене еңбек етіп жүрген, соғыс жылы туған бес жігіттің ға-
26
на шығармашылығына қысқаша шолу жасап, өзіндік ерекшеліктеріне тұ-
жырымды пікір айтпақпын. Олар: Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржекеев,
Төлен Әбдіков, Ақселеу Сейдімбеков, Кәдірбек Сегізбаев. Олар - бүгінде он
шақты кітаптың авторлары, республика, одан асып одақ оқырмандарына
танымал бола бастаған, кейбірінің туындылары шетел тіліне аударылған,
білімді де талапты, біртоға да жігерлі жігіттер; астым-тастым демейтін,
«менен басқа ешкім жоқ» деп менменсімейтін, азғантай табысқа бола асар
жасаудан аулақ, барлығын да: өмір мен өнердегі қуаныш пен қайғыны,
сұңғылалық пен сұмдықты - қажымас қайсарлықпен қарсы алар мінезді
жігіттер. Әдебиеттің киелі табалдырығын аттағандарына он жылдан асса
да, осы қаламдастарымның жаманатын естімегеніме қуанамын. Құр қуанып
қана қоймай, жылдар жылжыған сайын бір кітаптан бір кітапқа өсіп-өр-
кендеп, творчестволық жүрістерінен жаңылмай, сапалы еңбектеніп келе
жатқандарына шүкіршілік жасаймын.
Өнерге де, өнер иелеріне де салыстыру ұғымы жат, өйткені қай-қайсы-
сы да өзінің бір-бірін қайталамастығымен ерекшеленеді. Сол секілді санмен
де өлшей алмаймыз десек, сөз еткелі отырған жазушылардың бұған дейін
шығарған кітаптарының ұзын-ырғасы бір-бірімен таразыға түсе алмайды:
бірінікі аз, бірінікі көп, бірақ сапалық жағынан деңгейлес десе де болғандай.
Ал бұл - уақытша ғана құбылыс, әділ бағасын тарихтың өзі берер.
Десек те, осылардың ішінде өндірте жазып жүрген творчестволық қор-
жындары тоқтары болуы мүмкін ғой. Айталық, Дулат Исабеков өзінің
бағын екі жанрда - проза мен драматургияда да сынап жүрсе, Ақселеу
Сейдімбеков ұлтымыздың өткен тарихы мен этнографиясына барлау жа-
сауымен оқшауланады.
Дулат прозасы - ішкі иірімдері терең, айтар ойын лақылдатып төге
бермей, айшықты жеткізуге тырысатын астарлы да қыртысты проза. Ал-
ғашқы әңгімесі «Шойынқұлақтан» бастап, оқушы жұртшылығын ылғи
да елеңдетумен келе жатқан замандасымыздың ұшқалақ та, ұшқыр да
емес, бірақ жұдырық түюді білмейтін жуас та емес, оқта-текте мөңкіп алар
оқыс мінезі, оңқай түсірер тәсілі бар әңгіме-повестері бүгінде өз арнасы,
өз ағысын тапқандай. Тегінде Дулат әдебиетке әсте де ұсақ-түйек кейіпкер
әкелмеген, не жазса да жан дүниесімен беріле жазатын және басы артық
деталь, орнын таппаған оқиғасы жоқ шығармалары жараған аттай жарасып
тұрады. Шағын да жұмыр болып келетін әңгімелері мен повестерінің
көтеріп тұрған әлеуметтік, философиялық жүгі әрқашан да салмақты. Оның
осы ерекшелігі бүгінге дейін жарық көрген «Бекет», «Ащы бал», «Мазасыз
күндер», «Қара шаңырақ», «Тіршілік», «Қарғын» атты кітаптарының
қай-қайсысында да қатарласа дамып, Дулат прозасының кестелі жібін
өрнектей түскендей. Маған бір кезде «Дермене» повесі ұнамаған-ды. Әсіресе
балапанын шиқылдатып жұмыртқа қуырып жеп отырған әулекі де әумесер
жігіттің кеспірі көркем шығарманың кейіпкерінен гөрі (жағымсыз образ
болған күннің өзінде де) Голливуд кинокомпаниясы түсіре берер қиял-
ғажайып міскінге ұқсаңқыраған. Автордың ниеті - озбыр да қатал кісіні
27
бейнелеу арқылы жас баланы адамгершілікке уағыздағысы келгені рас, бі-
рақ тым-тым жабайландырып жіберген-ді. Ал «Біз соғысты көрген жоқпыз»
повесі сол бір сәл олқылықтың орнын толтырып қана қоймай, жазушыны
жаңа қырынан танытқан. Жалпы Дулат творчествосының романға дейінгі
даму жолына үңіле қараған адам, шығармадан шығармаға көшкен сайын,
біртіндеп мазмұндық тереңдеп, көркемдік тәсілінің күрделілене түскенін
аңғарар еді. Мұның өзі суреткердің интеллектуалды прозаға бой ұрғанын,
сонымен қатар үзбей ізденіп жүргенін айғақтайды. Айталық, «Біз соғыс-
ты көрген жоқпыз» повесі, менің көзқарасымда, бұрын-соңды Ұлы Отан
соғысы тақырыбына жазылған кітаптардың ешқайсысына ұқсамайтын
өзінідік трактовкасымен оқшауланады. Майданнан ер азаматы аман-есен
келген үйелменнің (семьяның) қаралы ауыл алдында көзге түрткі, өсек өрті
болуы психологиялық дәлелімен, жан тебіренісімен жазылған. Дулаттың
тұңғыш романы «Қарғын» жайлы күні бүгін екіұдай пікір бар сияқты,
тіпті осы туындының роман жанрына жататындығына күмән келтіретіндер
бар. Өз басым көркем шығарманы ешқашан жіліктеп, мүшелеп, сапасын
жанрына қарап анықтаған емеспін. Не болған күннің өзінде де, Исабековтің
«Қарғыны» - осы заман, осы заман болғанда да дәл бүгінгі күні қатар жүрген
үзеңгілестері жайлы жазылған және адамдар болмысындағы адамгершілік
проблемасын мейлінше әдіптей суреттеген бірден-бір сәтті туынды. Оның
сәттілігі сонда - ең әуелі бүгінгі ұрпақтың болмыс-тіршілігін, ой-мақсатын,
мінез-құлқын дәл ұстап, санасына барлау жасауында; уақыттың рухын,
моральдық бейнесін боямасыз, әсіреқызылсыз шыншылдықпен сезіне
білуінде дер едік.
Дулат «Қарғыннан» соң да қарап жүрген жоқ, қазақ драмматургиясына
өз үлесін қосу үшін пьеса жазуды мықтап қолға алған. Өткен жылы «Ли-
тературная газета» Д. Исабеков творчествосына шолу жасаған көлемді ма-
қала берді. Демек, одақ оқырмандары назар аударар белгілі жазушы қа-
тарынан орын ала бастады деген сөз.
Бексұлтан прозасындағы таңбабасты ерекшелік - қиыннан қиыстыр-
майтын қарапайымдылығы, оқырманын өзімен бірге жетелей жөнелетін
қызғылықты баяндалуы, ұлпа сезім мен эмоциясы әсерлі болуды дәл әрі
орынды жерінде пайдалануы. Демек, өзгені де, өзін де шаршатпайтын же-
ңіл стиль, түсінікті философия, майда тілмен жазылған шығармалары ал
дегенде-ақ баурай жөнеледі. Сондықтан да Бексұлтан оқырманға өзгемізден
гөрі әлдеқайда бай. Көркем өнердегі бүйректен сирақ шығармайтын осы бір
қарапайымдылықтың логикасы авторды әрқашан да халықтың құрметіне
бөлері хақ. Кейде сыншыларымыз жер-көкке сыйғызбай мақтаған немесе
сыйлық алып кеткен сыпайы кітаптардың ғұмыры тек дүкенде ғана аяқта-
лып, сатушысын сандалтып қоярын да көріп жүрміз. Бүгін мен әңгімеге ар-
қау етіп отырған жігіттер, шүкіршілік, әзірге ондай «өтпейтіндерден» аман.
Ал Бексұлтанның аттары «менмұндалып» тұратын «Күй толғақ», «Күтумен
өткен ғұмыр», «Бір ғана махаббат», «Бір өкініш, бір үміт» жинақтарын әр
үйдің кітап сөресінен көресіз.
28
Асылы, Нұржекеевтің әңгіме, повесть, романына тән тағы бір екшеулі
ерекшелік - нәзік лиризммен баяулап басталатын көркемдік шындықты
өз басынан немесе өз басыңыздан кешкен өмір шындығынан ешбір бөле-
жарып елестете алмайсыз, қайта: «Үйбай-ау, мынау әлгі кісі ғой...» - деп
әр оқырман өзінің замандасын кейіпкердің болмысынан танып отырады.
Әсіресе «Бір өкініш, бір үміт» романындағы жазушы Шегеннің бейнесі ар-
қылы сол мезгілдің сипатын, жастар тірлігінің қуанышы мен қайғысын,
тапқаны мен жоғалтқанын түйсінеміз.
Шеген образы - қаншалықты автордың жеке басынан хабар беретін, жан
жақындығы болғанымен, бүгінде қырықтан аса берген бүкіл бір ұрпақтың
өмір жолы деп қарау ләзім. Әже тәрбиесін көріп, көшелілікті, көрегендікті
үйренсе, айналасындағы адамдардың бір-бірін қайталамас қимыл-әрекеттері
көзқарасын қалыптастырады.
Жалпы Бексұлтан прозасында жібек жіптей шығармадан шығармаға
сабақталып отырар майда мұң бар. Осынау мұң «Күтумен өткен ғұмыр»
повесінде (кейін роман болып қайта жазылды) ананың аяулы бейне, асыл
сезімі арқылы жазушының творчестводағы ұстанған бағыт-бағдарын, ав-
торлық концепциясын айқындап берген. Кейіпкерінің басына қайғының
қара бұлтын төндіру емес әсте де, қайта адамның жанына тағдыр желі қан-
шалықты соқса да өшпейтін шырағдан жағатын мұң, ләззатты лиризммен
қоса өрілетін өміршең мұң!
Әлімсақтан бері жырланып келе жатқан махаббат тақырыбы Нұрже-
кеев трактовкасында өзіндік - Бексұлтандық мүсін табады. Сүйдім, күй-
дім деген қақсауық сөзсіз-ақ, осы бір мәңгі сезімнің адамзат ғұмырын
нұрландырар қуаты мен даралық сипатын мадақтай алады. «Сөйтіп, адамда
бір ғана махаббат болатынына, оның да зәулім бәйтерек құсап бірте-бірте
есейетініне, ал оның жеке-жеке бұтақтары жеке-жеке махаббат емес, бір
махаббаттың ержету кезеңдері ғана екеніне көзім шүбәсіз жетті», - деп
түйіндейді «Бір ғана махаббат» әңгімесін.
Тілі қарапайым. Сөз ойнатамын деп сөйлемін бүлдіріп алмайды. Өзі жа-
зып отырған уақиғаға соншалықты беріле сенетіндіктен бе екен, кейде бір
сөзді бірнеше рет қайталап жіберетінін аңғара бермейді.
Төлен әдебиетке өз замандастарының алды болып келген. Мен оның «Қо-
нақ», «Бас сүйек» әңгімелерін тіпті ертеде оқып, қызыға да қызғана қараған
сәтім болған. Осы екі әңгімесімен жұртты елең еткізген Төленнің « Көкжиек»,
«Күзгі жапырақтар», «Ақиқат» атты кітаптары жарық көрді. Неге екені мен
үшін белгісіз, он шақты жылға айналып бара жатыр, оқушы жұртшылық бір
кездегі сүйікті авторын жоғалтып алды. Тіпті жоғалтып алмаған да шығар,
үзілмес үмітпен тосып жүр-ау... Ал қаламдас достарының шүкіршілік етері
сол - Төленнің қалың романның соңғы тарауын жазып жатқанын білетіндігі.
Демек, туасы сараң да сабырлы жазатын автор қол қусырып қарап отырған
жоқ екен.
Тегінде әдебиет тарихында тұлға болып қалу үшін әсте де кітаптың са-
ны керек еместігін бұрыннан білеміз. Егер ол аз жазса, ешқашанда жал-
қаулықтың салдары емес, ой толғағының ұзақтығы, алған тақырыбының
29
илеуі әбден қанғанша асығыс ұсынбайтын сабырлылығына саяды. Ондай жүз
өлшеніп, жалғыз-ақ рет пішілетін шығарма әрқашан да көркем, әрқашан да
шымыр.
Төлен прозасындағы мен аңғарған ерекшелік - идеясының тереңдігі мен
философиялық ойының ауқымдылығы. Тақырыптық жағынан да соны, әр-
кімнің міне шабуы мүмкін емес қыртыстылығы. Туындысының идеялық
дәнін тым тереңге себетін жазушының сол кірпияз дәні өніп шығар құнарлы
тақырыбын табуы оңайға түспес. Бәлкім, Төленнің әр кітабы дүниеге түйенің
боталағанындай болып, ыңыранып әрең келу сыры осында шығар.
Маған әсіресе ұнаған - «Бас сүйек» әңгімесі мен «Тозақ оттары жы-
мыңдайды» повесі. Сол сияқты «Ақиқаты» да осал дүние емес. Өйткені мұнда
қазір әлем әдебиеті бет бұра бастаған интеллектуалды прозаның нышандары
бар. Егер көркем өнердің ең әуелгі міндеті - гуманизмді мадақтау десек, осы
талапқа бәрімізден бұрын Төлен туындылары жауап бере алады. Аталмыш
повестері - бітім-болмысы өзгеше, ой ағысы айқын, тілі айшықты, көркем
туындылар. Сыншы қауым «Әке» повесін тілге көбірек тиек етіп, оқшау
тұрған осы екеуіне мән беріңкіремей жүр. Иә, интеллектуалды (зиялы) автор
ғана интеллектуалды кейіпкерлердің сом бейнесін жасай алады.
«Оң қол» әңгімесі маған ұнаңқырамаған. Ұнамаған себебі: мұнда автор
өмірде сирек кездесетін, типтік емес жағдайды, адамның жеке бастық
сырқатын көркем шығарманың образына ұластырмақ болған әрекеті сәт-
сіздеу шыққан. Ілуде бір кездесетін ауру арқылы үлкен ой таратам деу жә-
не трактовка жасаймын деу - әурешілдік. Айтпағы, адамзаттың бір-бірін бы-
лай қойғанда, бір қолы бір қолына жау деген болса, ол - гуманистік идеяның
жаршысы аталар суреткердің болмысына жат нәрсе. Енді Т. Әбдіковтің жаңа
кітабын асыға тосамыз да.
Ақселеу - өз замандастарының ішіндегі ең бір ізденімпазы. Рас, көп бі-
леді. Тек туған халқының қасиетті тарихын, ересен мол этнографиясын,
ауыз әдебиеті мен ән-күйін зерттеумен шектелмейді, сонымен қатар адамзат
өнерінің даму, баю заңдылықтарының сырына үңіліп, тұтастай қарастырып
жүрген мазасыз жігіт. Осынау әркімнің бойына қона бермес фанатиктік
(жақсы мағынасында) ізденіс үлкен білімпаздықты сыйға тартты да, нақ-
тылы жемісін берді.
Сейдімбековтің «Күңгір-күңгір күмбездері» - шын мағынасында қазақ
халқының эстетикалық тарихын шежірелейтін эссе-роман дәрежесіне
көтерілген шоқтықты туынды. Бұнда жалаң фактілер сөйлемейді және өз
ұлтының өткенін мақтау арқылы өзгенің намысына тию салқыны да жоқ;
ата-бабамыздың да осал болмағанына ой жүгіртеді, бұлтартпас дәлел арқылы
рухани жүгініс жасайды.
Тегінде, Ақселеу - әңгімешіл де жазушы. Кез келген, мейлі ұсақ, мейлі
ұзақ шығармасын оқыңыз, бұйдалап алып кетер әдемі әсерімен, кеңінен
толғап, байыппен бастар сыршылдығымен, қандай тақырыпқа қалам тартса
да біліп, әбден зерттеп барып жазатын мұқияттылығымен дараланады. Егер
оның стилінде әуезовтік әсерлер мен еліктеулер барлығын байқасаң, ол әсер
әр сөйлем, әр сөздерінде өз жарасымын тауып, қазақы қара жон қалпында
30
көлбей созылып, көсіле жарысып жатады. Кітаптарының өн бойынан иненің
жасуындай да кедір-бұдыр сөз бен олақ құрылған сөйлемді таба алмайсыз.
Ақселеу - тілді жазушы дейтініміз содан.
Бұрынды-соңды жарық көрген «Ақиық», «Қыр хикаялары», «Кеніш»
атты жинақтарының қай-қайсысын оқыңыз, «Сарыарқаның саумал иісті,
сары ала жапырақты күзі еді...» деген сықылды нағыз прозашылдық, еркін
ырғақпен бастайды әр шығармасын. «Күзеуде» атты шағын повесінде Ршы-
ман деген ақсақалдың қартайғандығы оқыс туған сезім сәтін шыншылдық-
пен қызғылықты баян етеді. Айдалада мал бағып отырған жалғыз үй, сол
үйдің отағасы - Ршыман, сол Ршыманмен отыз жыл отасқан кемпір, сол
екеуінің жалғыз ұлы - Құдайменде, сол үйге көршілес «Лесникте» отырған
жесір әйел - Торғын, міне, осы төрт адамның арасындағы әр түрлі хал,
сезім-түйсіктер, мінез-құлықтар қалтықсыз суреттеледі. Әсіресе пайғамбар
жасына келгенде жар қызығына кенелген, жесір әйел - Торғынға ынта-
ықыласы ауған Ршыманның жан күйзелісі күзгі табиғатпен астарлана
суреттеледі де, қартайғанда «өнер» көрсеткен қылығына кешіріммен
қарайсың. Өйткені автордың психологиялық дәлелі айқын әрі нанымды.
Қайтесің, барлығы да өмір, адам өмірі... Ал «Қыз ұзатқан»хикаясына арқау
болған оқиға - Майда-Нүркейдің көршісі Мұстафа қойшының әңгімесі.
Майда-Нүркейдің ұлы сонау қырдағы жалғыз теректі қиып тастайды.
Оған ашуланған Мұстафа терек тарихын баяндап береді. Сонау бір ескіре
бастаған заманда бір-біріне қосыла алмай арманда кеткен Ақбілек пен
Абзал махаббатынан сыр шертеді. Бір қарағанда Биағаңның «Шұғасын»
еске салғанмен, өзінше шешім тапқан. Ақселеудің «Аққыз», «Ақиық»
шығармаларын пастораль жанрына жатқызар едім. Этнографиялық мәні
терең, құсбегілік, саятшылық өнерден толық мағлұмат беретін, тұрмыстық,
салттық дәстүрімізді егжей-тегжейлі мағлұматтайтын көркемдігі жоғары
дүниелер.
Тілі қаншалықты көркем дегенімізбен, Ақселеуде жақсы көретін сөзін
қайталай беретін әдет бар. Мұның өзі әдейілікке ұрындыруы әбден. Айталық,
«Күзеуде» хикаясында бір ғана «маужыр» сөзі он шақты жерде жүр. Содан
соң «Бір атым насыбай» үшін алпамсадай болыстың желкесіне «кірш»
еткізіп балта сілтеген Түнқатар қарияның раскольниковтік қылығы - иісі
қазақ екі қолын төбесіне қойып «астапыраллалар» ерсі қылық. «Аққыз»
повесіндегі қыздың Наймантайды Аламан батыр деп ойлап, таң атқанша
қойнында жатуының мотивировкасы әлсіз, сенімсіз екенін автордың өзі де
сезер.
Кәдірбек әдебиетке дабыра айқай-шусыз келді де, майдақоңыр про-
засымен оқушы жұртшылықтың көңіліне біртіндеп ұялай бастады. Кештеу
қимылдағанына өкінді ме екен, әйтеуір, соңғы кезде өндірте жазып таста-
ды. Дегенмен, бұл жазушының әңгіме-повестеріндегі сезімнің табына ғана
бүлкілдеп қайнап, оқуға жұмсақ болып келетін сырбаздың (бағландық десе
де болады) кім-кімнің де жүрегін қарайта қоймасы рас. Бүгінде «Ашылмаған
сыр», «Қойнаудағы ауыл», «Өртеңге өскен гүл», «Жылдың ең қысқа күн-
дері» деп аталатын кітаптардың «әкесі» болып үлгерген Кәдірбек қазір
31
сүбелі жинақ дайындау үстінде. Оның көпшілігі баспасөз бетін көріп үлгерді
және С. Шаймерденов секілді жазушы ағасы жылы пікір білдірді.
Журналистік көріктен әбден өтіп, қаламы қатайған шақта ғана ауқым-
дырақ тақырыптарға біржола кіріскен Сегізбаевтың «Аяқталмай қалған
әңгіме» деген әңгімесінде «Адам атаулының бәрінің өмір жолы сайрап жат-
са, ол «Өмір» деп аталмас та еді...» деген ақылды сөйлем бар. Осы фило-
софиялық түйінді әдебиетке де қатысты айтуға болар еді. Өйткені жазушы
атаулы, сол жазушының толайым туындысы шетінен керемет бола берсе,
онда әдебиетте қасиет те, даралық пен мәңгілік те қалмас-ты. Ендеше Кәдір-
бектің творчествосына талдау жасағанда, алғашқы әңгімелерінен гөрі,
соңғы ересек тартқан повестеріне баса назар аударған дұрыс-ау. Балаңдық
пен бала махаббат тақырыбынан енді-енді арылып, салмақты прозаның та-
бағынан дәм тата бастағанын «Біз қалада тұрамыз», «Жап-жасыл әлем» деп
аталар екі повесі дәлелдеді де. Тілге өте ұқыпты қарайтын автордың оқиға
дамытудағы және шығарманың композициялық тұтастығын сақтаудағы
шеберлігі қызықтырады. Қайсыбір әңгіме-повесін алсаңыз да, басы артық
шегініс, құлаш-құлаш монологсыз байсалды баяндалатындықтан, бір дем-
мен оқып тастайсыз. Сондықтан да шарттылық пен жасандылыққа ұрын-
байды.
Жоғарыда сөз еткен замандастарымның қай-қайсысы да - байқау, яғ-
ни сынақ кезеңінен өтіп, жазушылықтың ауыр да азапты сапарына нар-
тәуекелмен аттанғандар. Енді қайта қайырылып соғатын жол да, шегінетін
жер де жоқ, әдебиет әлемнің бір сарбазы болып, сапында қалады. Осы
қырық жасқа толған ұрпақтың шығармаларында елуінші-алпысыншы
жылдардың тынысы көбірек сезілсе, оның объективті себебі де бар. Ұлы
Отан соғысы тұсында дүниеге келді: олар әкелерінің ең соңғы махаббаты, ең
соңғы түні, ең соңғы аманаты еді. Ауыр жылдың азабын шаранасы кеппей
жатып көрді, емшек сүтіне жарымады, қаршадайынан тойып тамақ ішпеді,
бүтін киім кимеді, мектептің табалдырығынан әкесіз жетім бала болып
аттады. Бұдан соңғы жылдар да өз мұңын ала келді. Соғысты көрмесе де
соғысқан ұрпақтың тағдыры бес жігіттің творчествосына арқау болды. Ол
заңды да. Осы бір автобиографиялық сипат студенттік өмір мен қолға диплом
алып, қызметке кіріскен тұстарын да қамтиды. Айталық, Б. Нұржекеевтің
«Бір өкініш, бір үміт» романы мен К. Сегізбаевтың «Біз қалада тұрамыз»
повесіне өзек болған оқиға, деталь жас семьяның баспана азабын тартуы,
яғни жетпей жүріп жетілуі бүтін бір ұрпақтың, өз замандастарының бар-
лығы бастан кешкен типтік жағдай екенін байқаймыз. Міне, олардың
жазу мәнерінде, тақырып таңдауында, тіпті кейіпкерлерінің мінездері мен
психологиясындағы ұқсастық, демек, тағдыр тамырластығы.
Белеске қарай беттеген бес жігіттің бергенінен берері көп екенін сезінеміз
де: «Алдарыңнан жарылқасын, жақсы ұрпақ!» -дейміз.
32
Оралхан Бөкей
ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ
Тарақтыдан тараған Ақселеу туралы ой-пікірді тарқатып айтуға көп кө-
лем керек болар. Осынау елім деп еңіреп туған азаматтың түрлі жиналыстарда
айтқан сөзі немесе кез келген мақаласынан тек ұлттың ғана уайымымен
түн ұйқысын төрт бөлетінін аңғарар едіңіз. Ұлтжандылық дегеніміз көшеге
шығып, «аңқау елге арамза молда» болу ғана емес, немесе мінбеге мініп
«Аттан, орыстарды оңдырмайық!» деп өңеш жырту емес, немесе «Құрыдық,
суалдық, қырайық, жояйық!» деп бірінші болып айқайлауға құмарлық
емес... Өзінің туған халқының мұңын, арғы-бергі тарихы мен салт-дәстүрін
тереңдей зерттей келіп, бүгінгі біздер мен келер ұрпақтың танымына та-
тырлық сөз айтудан және майын тамызып айта білуден озық не бар?! Рас,
Ақселеу - өз замандастары ғана емес, тіпті ағаларынан да көбірек білетін
білімпаздылығымен көзге түскен жігіт. Оның тарих, халықтық күй мен ән,
жалпы этнография, этнос туралы мақалалары ұлттық рухани байлығымызға
қосылған мөлдір бұлақтар, сонымен бірге ұлттық рухымызды көтерер та-
ғылым деп қабылдаған дұрыс. Тынбай еңбектенуінің арқасында тындырған
ұлан-ғайыр шаруасын тізбелемей-ақ, «Күңгір-күңгір күмбездер» кітабы мен
жарық көрмек «Күй шежіре» жинағы бүгінде елуге толып отырған жігіттің
бір басына жетіп артылады. Ал марқұм Жәнібек Кәрменовпен бірігіп өт-
кізген халық әндерінің шығуы мен орындалуы хақындағы телехабарлар
циклі де жұртты бей-жай қалдырмағаны рас.
Ақселеу өзінің өмір жолын журналист болып бастағанымен, жазушы-
лығын да қосөрімдеп отырды. Мерзімдік баспасөздерде шыққан алғашқы
әңгімелері тақырыбын жете білетіндігі және көркем тілімен ерекшеленген
еді. Әсіресе тарихи тақырыптағы дүниелерді дөңгелетіп әкетер қалам қуатын
аңғарғанбыз. Сондықтан да одан кең тынысты эпикалық шығармалар дә-
мететініміз рас. Бірақ ол көз майын тауысып оқығандары мен жылдар бойы
ізденіп тоқығандарын көркем шығарманың көлеміне сыйғыза алмасын жә-
не ырғалып-жырғалып жүруге қазіргі оқырманның сұранысы, әлеуметтік-
қоғамдық өзгерістер мұрша бермесін іштей сезді де, қазақ елінің өткендегі
33
мол мәдениетімен жедел таныстыру мақсатында танымдық мақалалар жа-
за бастады. Қазақтың қара өлеңінен жеделдетіп диссертация қорғауы да
Ақселеудің ғылымға, зерттеушілікке еңсеріле бұрылғанын дәлелдейді.
Дегенмен, Ақаңның ғылыми зерттеушілігінің таңба басты ерекшелігі - ел
арасындағы шежірелер, аңыз-әңгімелерімен салыстыра әрі қабыстыра ег-
жейлі тұжырымдауы: тек оқыған, естіген деректердің тұтқыны болып
қалмай, өз ойын, өз пікірін сабақтай өріп отыруы. Бәлкім, тіл көркемдігінен
бе екен, қай тақырыпқа қалам тартса да, жазған дүниелері (мейлі мақала,
мейлі көркем шығарма) жорғаға мінгендей тайпала жөнеледі. Оқырманын
жалықтырмайды.
Ақселеудің жазып, баспаға тапсырған «Күй шежіре» деп аталар еңбегі-
нің дені мерзімдік баспасөздерде тарау-тарау күйінде жарияланды десе
болар. Қазақ халқының күйшілік өнерін тұтастай қамтитын бұл еңбек -
қазақ мәдениетіне қосылған сүбелі туынды деп бағалар едік. Ондаған ғы-
лыми қызметкердің қолынан келмес қиын да қызғылықты істі жалғыз өзі
жаяу-жалпылап жүріп тындыруын ерлікке балай отырып, туған халқын
жан-тәнімен сүйген адал азаматтың айқай-шусыз-ақ ұлтының ұлына ай-
налатынына сенгендейміз. Асылы, Ақселеу бес жылдай «Білім және ең-
бек» (бүгінгі «Зерде») журналында бас редактор болған тұсында да ұлты
үшін отқа да күйді, суға да түсті. Ақыры «ұлтшыл» деген айдар тағып,
болымсыз қызметін көпсінгендей алып қойып еді. Бірақ Ақаңды осынау
уақытша «сәтсіздік» сүріндірген жоқ, қайта, ерегескендей, ұлтжандылығын
жалғастыра берді. Тегінде, осы жігіттің әр түрлі сый-сыяпат, құрмет-
атақтардан салымы болған емес, болмады деп болмашы дүниеге бордай
тозбады да. Шикілі-пісілі бірер кітап шығарып, қазақтың төбесін көкке
тіреп тастағандай айқұлақтанып, айғырсып шыға келетіндер де жер басып
жүр. Оны былай қойғанда, «Тәуелсіздіктің таңын атырған - біз» дейтін
«тауыңтар» көбейіп тұрған шақта ұлы істі үндемей тындыратын сабырлы да
байсалды азаматтармен жылап көріседі екенсің. Соның бірегейі - Ақселеу.
Ақселеу Тарақты қазір дер шағында, шығармашылық бабында, берерін
беріп-ақ жүр, аларын Алла білсін... Ән де шығарады, киноға да түседі,
шежіре де жазады... Барлығына үлгереді, жарғақ құлағы жастыққа тимей
зыр жүгіреді. Бір қарасаң жиналыста, кешке теледидарда еөйлеп отырады.
Әйтеуір уақыт табады. Уақыт таба алмай жүрген негізгі шаруасы бар. Ол -
түркілер тарихынан роман жазу. Елуден асқан соң, бәлкім, оған да кірісер.
34
Жомарт Әбдіхалық
САРДАР БІТІМДІ САҢЛАҚ ТҰЛҒА
Заманы бір, заңы ортақ, бірақ түйсігі бөлек, түсінігі әр басқа тұрғылас-
тар бірінің қадірін бірі бірде білсе, бірде білмей-ақ жатады. Бұдан шығар
кінә-айып, әрине, күйкі тірліктің арқауы болмақ. Оның бетін аулақ еткей
Тәңірім!
«Есептескеннің ел болмасын», «Есепті достың айырылмасын» тым-тым
ерте заманнан, түу-түу сонау алыс кезеңнен байыптап білген халқымыз бұл
қағидатты бүгін де жоққа шығармайды. Сондықтан Ақселеуді қырық жылға
жуық уақыт бойы біліп, түсінген, бүгінге дейін қылаусыз өткен қиыспас
достығым ол жөнінде боямсыз да бүкпесіз бірер пікір білдіруіме септесер деп
сенемін.
Сөз басынан себепсіз емеуріндеп отырғаным жоқ, ел кісісі болар, елең
еткізер жігітке сол кезден-ақ қалың қауым көз тіккен. Әсіресе универси-
теттегі ұстаздарымыз айрықша үмітпен қарайтын-ды. Оқып жүріп әңгіме
(«Қастерлі пилотка») жазған Ақселеу көркем прозада көп айтары бар
қаламгер болатындай көрінді. Ауызекі сөйлесе, тіпті төгілдіріп жіберетін.
Оқиғаны сондай әсерлеп, әңгімені сондай шебер шертетін. «Сен бүйте бер-
сең, қазақтың Ираклий Андронникові болып кетерсің, - дейтінбіз. Көңіл
аударған нәрсеге, білмекке құштарлығы сондай берік, алғыр, зерек еді. - Ол
Лермонтовтың бір ғана «Н.Ф.И.»-ге жазған лирикасының ізін бәленбай жыл
бойы сарыла зерттеп, ақыры шешуін тапты, ал сен қай құпияны қазынаға
айналдырар екенсің?..» Ол: «Бір бұйырғаны болар...» - дейді де қояды.
Әрине, іс мұнымен тынбайды, бір-біріміздің болашағымызды болжап, жұл-
дыз ашып жатамыз. Бір-бірімізге «Мынауың сәтті, мынауың қалай?..»
дейтін сәттеріміз де аз емес.
Мен сол кезде барлық көрнекі жерге ілінетін «Ленин живее всех живых»,
«Ленинизм-марксизм XX века» деген тұжырым түбірінен қате қағида екен-
дігін айтатынмын. Лев Тостойдың «Война и мир» эпопеясындағы «мир»
деген ұғым тек «бейбітшілік» мағынасында қолданылып тұрғанына күмән
келтіретінмін...
35
Ол «Мухтар Ауезов - Шолохов Востока» деген салыстыруға келіспейтін-
дігін дәлелдейді. Қазақ қоғамы еркін сөйлеп, еркін көшуден айырылған
соң-ақ болмыс-бітімін шыңдаудан қалғанын айтып отырар еді...
Сөйтіп екеуміз егеспей ежіл-қожыл бола жүріп, біраз мәселеде бір-бірі-
мізге «бөтен» екендігімізді де аңғарамыз. «Сен тарихи тұрғыдан дұрысқа
шықтың», «Сенікі бұл ғасырда енді дәлелденбейтін болды...» десіп, әлдебір
жайларға кәдуілгідей тон пішіп жүрдік.
...Таңданатыным: Ақселеу ана ғасырдан келгендей, әлдебір өткен жайды
көзбен көріп, қолымен қойғандай еркін есіп отырады. Қисыны түзу, қиюын
мінсіз етіп көсіледі. Біз: «Дәйегің қайда, мұны қайдан алып отырсың?» -
деп бас саламыз. Оған апшысы қуырылатын ол жоқ, қолма-қол жүйелеп,
жіпке тізеді бәрін: «Осылай да осылай... Мұның бәрін мен ойдан шығара
берсем, мына Кәдірбек сияқтылармен борщ ішіп, осылай қатар отырар ме
едім?!» - деп әзіл-шыны аралас тағы бір еңселеніп қояды. Еш нәрсе ойдан,
құр қиялдан шыға бермейді, әрине. Біреу білгенді екінші біреудің білмеуі де
әсте мүмкін емес. Бірақ түсінгеніміздің кемтарлығы түйгенімізді әрекетке
ұластыра бермейтіні және анық. Күйкіліктен бой асырып тіршілік кешу
үшін адамға не қажет, не қасиет жетіспейді? Оны да тегіс түгендеп болмас...
Түгендеп болмайтыны - бір қырлы адам мың түрлі ғалам сырын тегіс
біліп, терең танып үлгергенше ғұмыр шіркін ағындап, бір хал, бір күй, бір
сарында байыздап тұрмайды екен.
«Тұрмағанына» талас жоқ, бірақ сәт сайын, сағат сайын, тіпті қолыңнан
келсе, бүкіл өмірің бойы қажет қасиеттерді қалайша қолыңа түсірерсің?
Бойыңа бекем байлап қайтіп сіңірерсің?!
Ол рас, ойға тұтқанның бәрі бойға біте бермейді. Оның үстіне қоғам жиі
құбылып, әлеуметтің көсегесі көгерер айқын жолы табылмай жатса, адам-
дар тек күнкөріс қамымен «тезек теріп» кетсе, «байтал түгіл бас қайғы»
болып шықпай ма? Бұдан жеңісті жол табу екі адамның бірінің маңдайына
жазылмаған.
Ал Ақселеу болса...
Оның жолы да, жөні де бөлек шықты.
Қазақтың әлмисақтан әйгілі сөз өнері; оны азсынсаңыз, асқақ та нәзік,
салқар да сұңғыла, айбынды да ағынды ән-күй, саз өнері; бұларды қом-
сынсаңыз, Жасағанның өзі бітімдеген жаратылыспен пішімдес, жайсаң да
зерек жан рухымен өрімдес, сән-салтанатын асырған, өн бойына ғажайып
әмбебап қасиет жасырған, киелі де кемел қол өнері - осы ұштаған болмыс
оның - Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің жаны мен тәніне қалай сіңіп, қалайша
дарығанына кереметтей қайран қаласың!
Қай сөзді де дәлелсіз, зая емеуріндегім келмейді. Егер ол журналист
мамандығы бойынша білім алмай, архитектура ғылымын игеріп сәулет-
ші болса, ғаламат пішінді ғимараттарға көз тұндырар еді; егер ол жазушы
болмай, саз өнерінің жолын қуса, дәстүрлі күйші-компазиторларымыздың
ірі тұлғаларының жалғасындай тағы бір белең биікті танытар еді; ал егер
36
оның бәрін қойып, ағаш пен темірден, қайыс пен мүйізден түйін түйер зергер
болса, онда өзі теңдес тұрғыластар арасында алдына жан салмас еді...
Енді мұндай болжам мен көңіл емексуін былай қоя тұрып, қолда тұрған
мен көзіміз түсіп тұрғанға назар салалық.
Жуырда ғана қолымызға тиген оның соңғы кітабы «Қазақтың күй өнері»
(Астана: Күлтегін, 2002) деп аталады. Бұл - монографиялық нұсқада
жазылған таза ғылыми еңбек. Сөйте тұра оны шежірелік, тарихи сындарлы
туынды қатарына қосуға да реті бар.
Ақселеу Сейдімбектің жалпы журналистік, жазушылық, ғылыми зерт-
теушілік тұрғыдан қалыптасу зволюциясын байыптаған адам, талас жоқ,
оның ізденіске толы шығармашылық кемелдену жолынан синтетикалық
саралану мен тоғысқан көп қырлылықты да кәміл аңғарар еді.
«Ылдидан салсаң төсте озған» дарындылық таза ғылыми зерттеушілік-
ке келгенде аса жүрдек тарта бермесі анық. Кең ауқымды көзқарастық
жүйе (системный взгляд) дәйекті эмпирикалық өмірлік деректермен
шегеленіп, айналымға түсуге жарарлықтай анықтықпен теориялық һәм
өміршеңдік (жизнеутверждающий) өрістерге шықпаса, онда қандай ғылы-
ми-зерттеу еңбектің де кекілі келте, күні қараң.
«Біз қазақ ежелден...» бар болып та, әр жайдан бай болып та нелер та-
рих толқынында өз үлес, өз тағдырымызбен жүрсек те, мәдениет, өрке-
ниет (цивилизация) өрісінен алар орнымыз саудаға салынып, санаттан
шығарылып, күні бүгінге дейін көптеген күмән-күдікпен мойындалып-
мойындалмай келе жатқанымыз белгілі. Осыдан келіп «Жұрттың Ыбы-
райы - Ыбырай, ал біздің Ыбырайымыз - тек сұмырай» ғана болғаны ма?»
деп намыс қозады. Құр намыс кімге дес берсін, қай халықпен салыстырсаң
да құр алақан еместігің дәлелге шығуы үшін тегеурінді тынымсыз еңбек,
бар мен жоқтың арасын қапысыз ажыратып алу үшін қыруар бейнет кешуің
қажет.
Сол бейнетті күн-түн демей кешіп жүрген бір адам - баршамызға аян,
осы біздің Ақселеу. Халықтың халықтығын таныту, әсіресе, өнер-ғылым
саласындағы бірдің және тек бірегей тұлғалардың ғана еншісі. Әйтпесе, «Құл
жиылып бас болмас,құм жиылып тас болмас»дегенді неге айтты дейсіз?.Осы
кейінгі отыз жыл бойы ол ұлтымыздың ұлық қасиеттеріне зер салуды өзінің
өмір-тағдырына айналдырды. Әлденеше кітап, мыңдаған мақалалар жазды.
Зерттеулер жүргізіп, ғылым докторы дәрежесін де иеленді. Еңбекқорлығы
мен дәйектілігіне еш шәгіміз жоқ. Ал мына еңбегінің жөні тіпті ересен.
«Қазақтың күй өнері» дей отырып, ол ғылыми айналымға тарихи нұсқа-
лануымызды, ұлттың тағдырымызды, өнер мен әлеумет тіршілігін қалай кө-
ріп, қалай байыптау қажеттігін де ұсына алған.
«Жиырмасыншы ғасыр - қазақ халқы үшін ерекше ғасыр, - дейді Ақ-
селеу Сейдімбек, - Жо-жоқ, көрген қорлықты, тартқан азапты, жоғалтқан
ұрпақты айтпаймыз. Немесе жеткен жеңіс, тапқан табыс та емес. Оның
бәрін тірішіліктің бұйыртқан сыбағасы деп көңіл жұбатуға болар. Жиыр-
масыншы ғасыр қазақ халқының тарихи-әлеуметтік және мәдени-руха-
37
ни тағдыры үшін айрықша ғасыр болды. Үш мың жыл бойы, бәлкім, одан
да ұзақ уақыт аясында қалыптасқан салт атты көшпелілер өркениеті (ци-
вилизациясы) артта қалды. Алда базистік болмысы мүлде бөлек өмір-салт
күтуде. Еуразияның апайтөс даласында айдарынан жел ескен көшпелілердің
қайталанбас өмір-салты жиырмасыншы ғасырда бөлек арна тартты. Тех-
нократтық даму жеңді, табиғаттың өзіндей табиғи өмір-салты жеңілді. Тұ-
тас бір ұлттың тарихи тағдырындағы бұл сияқты ұлы өзгеріс табиғи даму
барысында жүзеге асқан жоқ, жедел түрде, зорлықпен сырттан таңылып,
әлеуметтік-экономикалық жойқын реформа жасалды. Мұның өзі тұтас эт-
ностың тарихи жадының көмескі тартуына себепші болды.
Демек, осынау тарихи дерттің дендемеуі үшін тегеурінді әрекетке көшіп,
халықтың ғасырлар бойы қатталған ұлы мұрасын бүгін мен болашақтың
игілігіне айналдыру ең киелі мұраттардың бірі болуға тиіс. Бұл - тарихи
дамудың қатал талқысында өз болмысыңды сақтап қалудың, келер күндерді
ұлттық-этникалық төл қадір-қасиетіңмен қарсы алудың бірден-бір кепілі.
Уақыт мейлінше күрделі. Соңғы тынысқа дейін рухани мәңгүрттікке қар-
сы күресуден басқа жол жоқ. Технократтық даму ұлттық атаулының бә-
рін кеміріп, жалмап, обып, құртып барады. Ішіңнен шыққан балаңа «Біз
осындай болып едік...» деп нандыра алмайсың. Ал өзіндік қасиеттен
айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін - оның төлтума мәдениеті ғана.
Сондықтан, бұл жолда еткен еңбек пен төккен терді Тәңірдің сыбағасына
балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы
үшін қол жалғап жіберу қажет-ақ».
Ақиқат осындай ма, жоқ па - кәне, қайсысыңыз күмәнданасыз?
Мен білетін Ақселеу тарихи дамуларды көктеп, бұрынғы және жаңа құн-
дылықтарды өрімдестіре көксеп, ұлттың өз тіні, өзіндік ділі арқылы өміршең
болуын мақсат етеді. Басқа жолдың бәрін «өлу» деп бір-ақ қайырады.
Мұны түсіну мен түсіндірудің арасы, әй, көп адамға жер мен көктің ара-
сын жақындастырғандай болып көрінер-ау!..
Сөйтсе де, ойланалық: неге біз «өз қағымыздан өзіміз жерінуіміз» керек?
Және ол жан-тәніміздің мәйегі болса ше?..
Қазақтың бір ғана күй өнері арқылы қаншама қасиеттерімізді қанат-
тандыруға болады екен! Бұл ретте зерттеуші осынша кең ауқымда, осынша
мол дерекпен, өзіне дейін еңбек сіңірген бірде-бір адамның аты-жөніне ша-
шау келтірместен нұсқалы жүйе, шежірелі мұра сомдағаны үшін ризалық
білдіргеннен басқа амалың жоқ. Жарайсың, сардарым!
Қазақтың дәстүрлі музыкасы біртұтас мәдени-рухани құбылыс ретінде
ғылыми тұрғыдан жете парықталмай келгендігінің себебін ашып, сетінеген
тұстарын түгендеп беру, өз байламыңды өзгелермен салыстыра өрелестіру,
тұжырым-қағидаларды тек тапжылмайтын дәйекпен негіздеу... - міне, осы-
ның бәрі - сенің ғылыми серпінділік танытудағы үлкен олжаң, тегеурінді
табысың.
Бір сөзбен тоқетерін айтқанда, «Қазақтың күй өнері» - халқымыздың
өшпес руханиятының әрі дара, әрі сара біртұтастығын бітімдеген іргелі
38
еңбек. Мұнда этностың әлемдік аумақта ірге тебуінен бастап, ұлттық тектің
тұрмыс-салт, иба-ишарат, наным-сеніміне дейін; күй мен саздың, әуен мен
ырғақтың алғаш дүниеге келуінен бастап, әлеуметтің алуан түрлі сыры мен
сынына, тағдыры мен тарихына, ерлігі мен ездігіне, қуанышы мен мұңына,
сүйінші мен сергелдеңіне, ең шырқау биігі - арыны мен асқақтығына, ірілігі
мен ізгілігіне, ақық армандары мен асыл үміттеріне арқау болған барша
болмыстың мың сан шежіре-хикаясы бар.
Біз бұл шағын мақалада оның дәлелін келтіріп, дәйегін шашыратып жат-
палық. Ол үшін, ең алдымен, академиялық монографияның өз тініне жү-
гінген абзал.
Енді бір ғана сөз бар. Ол - Ақселеудің сардар бітімді саңлақ тұлғасына
қатысты жай.
Бүгінгі қазақ сынды халықтың, Қазақстан атты мемлекеттің небір тарлан
тұлғалы ұлдары да, айтуға тұрарлық қыздары да баршылық. Олардың қай-
қайсысы да ісімен зор, елі мен ұлтына сіңірген адал қызметімен ерекше. Осы
лектің ішінде Сланұлы Ақселеу көш бастап жүрмесе де, сол көштің ұшар
басынан орын алады. Неге десеңіз, ол - бүкіл кешкен ғұмыры мен еткен
еңбегінің алтын арқауын ұлт мүддесіне қызмет етуден тапты. Басқасы-басқа,
соның бір айғағы - оның қолымызда тұрған мына еңбегі - үш мың жылдық
тарихы бар «Қазақтың күй өнері».
Мұндай істі тек саңлақтар ғана тындыра алады.
39
Кәдірбек Сегізбай
АЙНЫМАЙ ТҮСЕР АҚИЫҚ
Сен үшін отқа күюден, суға батудан тайсалмайтын жанашыр жаныңның
болғанының өзі айналаңдағыларға аз да болса қадір-құрметтің барының
белгісі ғой. Әкеге бала тасбауыр, жұбайға жар жатбауыр атанғандар көрініп
қалып жатқан алақұйын кезеңде, қан арқылы туыспағанмен, жан арқылы
қиысқан сенімді серіктің, адал достың болуы, әсіресе әуейі де әсершіл шақ-
тан өтіп, жер ортасы - көктөбеге шыққан тұста мақтаныш, тіпті бақыт деп
ойлаймын...
Алдымен азамат ретінде танылған жаннан ғана адами қарекет, өміршең
өнер туындамақ. Айналасына түсірер шуағы жоқтан үлкен іс күту - бе-
кершілік. Ал оның дос-жары ғана емес, көпке шуағын түсіруге талпынудан
бір жалықпауы, жалтармауы халқының алдындағы перзенттік парызына
адалдығын көрсетсе керек.
...Жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарын шама-шарқымызша
тапсырып болып, талайымыздың таразыға тартылатын күні. Факультет
деканының есігін күзетіп, студенттік өмірге жол ашар тізімге ілігеміз-ау
деген жиырма-отыз дәмегөй көгенкөз қаздай тізіліп тұрмыз. «Мен түспегенде
кім түссін?!.» деп, негізгі үш пәннен ең жоғары 15 балл жинаған екі-үш
талапкердің алдында жапырағы түскен күзгі өгізқурайдың собығындай
сопайған ұзын сары тым маңғаз тұр. «Көкесі мықты әлде көтермешісі
мықты біреу боларсың...» деген ой иектейді. Жинаған балы бұлардан бір-екі
саты төмен әрі қылкөпірден өтер-өтпесіміз неғайбыл біздерде оларға деген
қызғаныштан, қызығудан басқа, «Азаматтарым-ай, бәрекелдіге!» ұқсас се-
зім жоқ еді.
Ол сәтте бойын да, сойын да ұнатпағанымен, бір көзің кітапта, бір көзің
қыз бен қызықта жүрер студенттік сәркілдеген жастықтың қызығын бес
жыл бойы бір бөлмеде жатып бөлісуімізге тура келді. Әрине, таныса-білісе
келе оқуға қабылданар күнгі 15 балдың буымен әсіре маңғаз көрінген
мінез-құлқын байқатқан емес. Шөліркеп келіп, суы мол өзенге бас қойған
киік үйіріндей, оқу залдарында үйілген кітаптардың ортасынан бастың
40
ғана қылтиып көрінетін кезі. «Ал біздің ауылда...» деп басталар әңгіменің
қызар тұсы - түннің жарымында төсекке бас қояр тұстағы бірер сағат
уақыт. Оның әңгімесіне құлақ түрер болсақ, сөйлем мүшелерінің орнын
ауыстырмай, кітаптан оқып отырғандай ғып майын тамыза сөйлегенде
шешендік мектебінен өтіп келгендей, ал аңшылық, саятшылық, атбегілік,
құсбегілік, салт-дәстүр жөнінен сайрағанда жиырмасыншы емес, он
тоғызыншы ғасырдан келгендей немесе Сарыарқаның әлі Кеңес өкіметіне
кездеспей, әлі күнге дейін сол баяғы бүркіт салып, саят құрып, қымыз
сапырып, қызара бөртіп жүрген кезіндей көрінер еді. Сөйтсек, мұның бәрі
де көнекөз қарттардың жанына көп ілесіп, ежелгі қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған мамыражай бостан өмірі туралы әңгімелерге құлағын
ерте түргеннен, соны үнемі аңсап жүруден туындап жатар көңіл шіркіннің
әншейін қиялы ғана екен. Қара нан, қара шайға бірде жетіп, бірде жетпей
жүретін аз стипендиясының біразын, «табылмайтын қазына ғой» деп,
кейбір кітаптардың фотокөшірмесін түсіртуге жұмсап қоятын «есепсіздігі»
«қазанымыз» ортақ біздердің, бір бөлмедегі кешегі қойшы-қолаңның,
қазіргі зейнеткерлердің балаларынан жиналған Болат, Қожабек, Жұмағали
сияқты кедей-көпшік төртеуіміздің талқымызға жиі түсетіні әлі есімізде.
Одан қала берді, кереуеттің басында ілулі тұратын қара домбырасын қолы
қалт еткенде біраз еңірете тартып-тартып алып: «Ұлдар-ау, әр күйдің жанын
өздері түсініп, өздері маған ойнап беретін осы он саусағым да бір кезде
топырақ астында қалар ма екен?!» - деп мақтанышқа ұқсас әзіл айтары бар-
ды. Мақтанса мақтанғандай, он саусағының «өздігінен» шертпе күйлердің
шырайын шығарып орындайтынына ғана емес, мүйізден шақша жасап,
ағаштан домбыра шабатын, қайыстан сегіз, он екі таспа қамшы өріп, бір
уақыт зергерлік өнерімен де айналысатынына да кейін қанықтық...
Университет аудиториялары жатақханасында бірге өткізген бес жыл бізді
табыстырып берсе, « Лениншіл жаста (бүгінгі «Жас Алаш») тізе қосып, қатар
істеген біраз жылдар қандай сын болса да ажырамастай ғып, қиыстырып,
рухани туыстырып кеткендей. Кей жылдары басқа-басқа қалаларда жүрсек
те, оның мен білмейтін сыры, жыры қалмаған шығар-ау. Тіпті ішегінің
қырындысына дейін...
Мысалы, жаңағы айтқан «домбыра шабады» дегеннен шығады-ау. Сол
«Лениншіл жастың» Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып
жүрген кезі. Ол бір күні ескі үйдің әбден сәрсен болып кеуіп қалған қарағай
бөренелердің бірінің құлашқа жуығын кестіріп, үйіне таксилетіп алып
келеді ғой. Онысын ваннаға сұлатып салып қойып, 3-4 злектр қайнатқышпен
шайыры шығып болғанша екі күн бойы сақырлатып қайнатады кеп.
Сөйтсе 3-4 электр қайнатқыш жұтқан тоқтың ақшасы азаматтың айлық
жалақысынан, газеттен алған қаламақысынан асып кетіп, «отбасылық
талқылауға» түскеніне қатысқаным бар.
Бүгінгі сөз мен үшін жастық шақтың қызық-шыжығын бірге өткізіп,
қырық жылдай сынынан тізе қоса қатар өткен, жылы жақын құрдас, жаны
жақын сырлас қана болғанмен, елінің алдында перзенттік парызын адал
41
атқарып келе жатқан, өз көңілінің мерейі үшін қолынан шоты мен бізі,
жанының ләззаты үшін қара домбырасы мен қылқобызы түспесе, жұрты
үшін білгені мен түйгенін қағазға жазумен қолынан қаламын түсірмей
келе жатқан жазушы, ғалым, ғылым докторы, профессор Ақселеу Сланұлы
Сейдімбек туралы бір үзік сыр еді.
Табиғаты мен тамыры тұтас жазушы болу үшін бар тіршілік атаулы
оның перзенті екендігін сезіну және перзенттердің бірі ретінде жақсы көру
аз, оны мейлінше тамыршыдай тап басып, танып-білу қажет, сонан соң біл-
геніңді жұртқа жеткізе білу қажет...
Шахталарға түсіп кеншілермен, жайлауға шығып малшылармен ете-
не тілдесе жүріп, газет редакциясы бөлімдерінің тапсырмаларын тап-тұй-
нақтай ғып орындап жүрген қаламы жүрдек журналист әдебиет есігін
«Күзеуде» хикаясымен ашқанда қатар жүрген жігіттердің бәрі ортамыздан
қаламының желі бар, қара сөзге ебі бар бір жазушының менмұндалағанына
күмәнданбаған. «Сарыарқаның саумал иісті, сары ала жапырақты күзі
еді. Бұл кездің жер бауырлап жатып алатын қорғасын бұлты да, көкиық
етіп ұзақ сілбілейтін жауыны да, бой жаздырмас ызғарлы суығы да әзірше
білінбей тұр. Оның орнына күзгі таңның хабаршысындай болып басталатын
майда леп күн арқан бойы көтерілгенше толқи есіп, күй сазындай көңіл
сергіте тербеумен болады. Күн көтеріле қоңыр күздің қоңыр лебі елеусіз
ғана тынады... Үш ай жаз бойы сүлікше қадалған малдың нөпірі бұл
өлкенің сонысын шайып, отын әбден сұйылтқан-ды. Сонсоң да биебаудың
тебіні тозып, ат арқаны қалмаған малшылар аз күнде-ақ «әуп» десіп көшіп
үлгерген...»
Көркемдік деген осы болар деп, жылтыраған сөзге, мақалдап-мәтелдеп
қиыстыра жазуға үйірсектеніп жүрген тұс қой. Ақаңның мына бет алысы,
төрт аяғын тең басқан байсалды да байыпты бастауы ерекше әсерлі көрінген.
Тынысы кең, ұзаққа шабар жүйріктей, алып-ұшпай әдемі ырғақпен тол-
ғауы Ақселеудің де ертеңгі шығармашылық қарымын елестеткендей еді.
Кейіпкерлерін «Ршыман, Уәкила, Құдайменде» деп атауының өзі архаизмге
айналған есімдердей естілсе, басты кейіпкерлердің іс-әрекеттері, сөз саптап,
ой толғаулары да өтті-кетті бұрынғы бір кезеңдерден келген жандардың
іс-әрекеттеріндей, сөздеріндей әсер беретіні рас. Баяндалар оқиға да сол
бір кезеңдегі бір-екі отбасы адамдарының басында бола берер жайттарға
арналған.
Ршыман Құдай қосқан қосағы Уәкиласын қарттықтың ауылын бірге
қарсы алар сенімді серігі деп біледі. Оған көңілінің орта түскен шағы да жоқ.
Жалғыз ұлы Құдаймендесіне де әкелік мейірімі асып-төгіліп жатыр. Алайда
қартыңның көңілі жесір келіншек Толқынмен ойда жоқтағы кездесуден соң
алай-түлей. Ықылас-пейілі - өз отының басында, аяулы сезімі, жан-жүрегі -
Толқынмен бірге. Орындалмас арман, мұратқа жеткізбес, бірақ өзімен бірге
кетер соңғы мұңды жыр. Дүниеге тіршілік иесі болып келген жанның ең соң-
ғы тұяқ серпер мөлдір сезімі. Жас келіншек те қалған ғұмырының екі тізгін,
бір шылбырын бұл кісіге біржола ұстатуға әзір. Қартайғанда жорға шыққан
42
кәрі бозының соңғы әнін Уәкиласы да оңашада көзінің жасын бір сығып
алғанымен түсінгісі-ақ келеді. Алайда үшеуінің алдында да алынбас асу бар
еді. Ол, автор қанша емеуірін танытса да, оқырман қаншалықты түсінсе де
ғасырлар бойы халықпен бірге жасасқан, бірақ уақыт, жаңаша мизамның
күшімен елеусіз қалған тағы бір ұлттық ерекшеліктің ауыздықталуы еді.
Ақселеудің «Аққыз» хикаясын да қара сөзбен жазылған махаббат дас-
таны деуге болар. Серттей берік уәдесін Аламан батырға беріп қойған Ақ-
қызды Наймантай батырдың өзіне біржола қарату үшін тәуекелмен жасаған
бір қадамы - қыз отауына түн жамылып, Аламан болып келуінің сендірер
дәлелі аздау әрі опасыздыққа жақын қарекет болып көрінгенімен, бұл
хикая - жазушы шығармашылығындағы үлкен бір белес. Ең бастысы, бұл
шығармада ұлттық менталитет - өткен ғасырлардағы адамдардың мәрт-
тігі, тіпті барымта-қарымтаның ерлікке бағаланар, ептілікке баланар өнер
екендігі - бәрі-бәрі де оқырманын бей-жай қалдырмайды. Араға көп уа-
қыт салмай жазылған «Бір атым насыбай», «Атамекен» хикаялары да
уақыт жағынан кешегі кеңестік кезеңді әңгімелегенімен, алдыңғы шы-
ғармалармен үндес, қайсысындағы болмасын орталық кейіпкер болып
жүретін қарттарының барлығы да туған топыраққа адалдықты істерімен
көрсетіп, кейінгі ұрпаққа қазақы қасиеттерді, адалдықты өсиеттейді.
Оның шығармаларының ішінде «Ақиықтың» орны ала бөтен дегім
келеді. Мұнда түз қыранын ұстап, балаша мәпелеп тәрбиелеген бүркітші
Сыздық қарттың біліктілігі тәнті етеді. Жерде жатқан бір тал құс жүніне қа-
рап жіберіп: «...жапырақ жүнінің сүйірлене бітуі тек ой құсына тән...» - деп,
немесе аспанда жүрген бүркіттің «сарғыш тартқан бауыры мен теңбілденген
құйрық қауырсынына» қарап, оның тегін анықтауы, немесе: «...былтырғы
барқын, биыл баршын шығып, он бірінші қар басып отыр, олай дейтінім,
сары барқын тартқан саны, иығына түскен ақ - баршындықтың бел-
гісі», - деп қыранның жасын қолмен қойғандай айтып беруі - халқымыз-
дың құсбегілікті биік өнер дәрежесіне көтеруінің белгісі. Бұл құсбегі Сыз-
дық қарттың ғана біліктілігінің көрінісі емес, осыны жазып отырған ав-
тордың, яғни Ақселеудің этнографиялық игілігімізді, жұртымыздың салт-
дәстүрін талмай жинаған білімділігінің жемісі. Туындының тілдік, құ-
рылымдық, оқиғаны тартымды күйде жеткізе білу, яғни көркемдіктің ал-
ғышарттарының қапысыз орындалуын айтпаған күннің өзінде, «Ақиық»
хикаясы - құс баптап, халқымыздың киелі дәстүрлерін жалғастырамын
деген кісіге оқулық болар танымдық, құнды дүние.
Ол жазушы ретінде туған табиғатын жазудан жалыққан емес. Оның небір
ғажайыптарына оқушысын жетелей отырып, тағы да сол танымдық соны
ойларды айтып қалуға тырысады. Оның өзі де: «Егер маған біреу «Дүние
дидарындағы ең сұлуды, ең қымбатты, адам баласына ең жақынды, ең
қаталды, ең дананы... аташы» десе,мен соның бәріне де «Табиғат!» деп жауап
берер едім», - деуінің өзі соған куә. Табиғат туралы балаларға арналған,
болмаса үлкендерге арналған шағын әңгімелерінің әрқайсысы сол Табиғат-
ананың «ең қатал, ең әділ», бірақ сонша мінсіз мінездеріне үңілуден және
43
оның сырын ашуға құмарлығын таныта түсуден әсте танбайды. Табиғаттың
перзенті аңға құс салып, ит жүгіртудің өзін: «Жүрегінің оты, бойының қуа-
ты бар жігіттің қолынан ғана келер асыл әрекет», - деп, оның өзі өнердің бір
үрдісі деп үндейді.
Сарыарқаның төсінде жолымыздың бір тоқайласқан тұсында мен үшін
жер қыртысының бос қалған бір қуысы ғана болып көрінер үш-төрт үңгірге
түсіргені бар. «Ақтар қашып, қызылдар қуған кезде байлар тығып кеткен
қазынаны қазамыз», - дейді. Көрдей қараңғы әрі төбесінен суы тамшылаған
үңгірлерден, әрине, қазына табыла қойған жоқ. Оның есесіне тар қуыс,
аласа дәліздерден өтеміз деп жүріп, киім жыртып, маңдай ісіріп дегендей,
жер астына сапарымызды аяқтаған кезде: «Бабаларыңның баспанасын
көргеніңнің өзі қазына тапқаннан артық болды емес пе?!» - деп уәж айтады.
«Ұялғаныңа көрінсін!» - деймін. Бірақ іле-шала газетке оның үңгірлер ту-
ралы зерттеу мақаласы жарияланды. Оның қандай «қазына» іздеп жүргені
сонда ғана мәлім болды.
Жетпісінші жылдардың ортасында зиялы қауымның арасында кеңес-
тік темір құрсаудан қайтсек құтылуға болады дейтін қиялға ұқсас, іштен
тынған күбір-сыбыр әңгімелер, болмаса тәуелсіз тірлікті аңсаған әңгіме-
дүкен, екі кісінің басы қосыла қалса, жиі айтылар еді. Бұл 1986 жылғы оқиға
сияқты кемерінен асқан ашу-ыза түрінде көріне алмаса да, іштен тынып,
іштен булыққан наразылық түрінде байқалатын. Тоталитарлық билік те оны
сезбей, қарсы қарекетін жасамай отыра алмаған еді. Ұлт болашағы туралы
баспасөзде, әр түрлі деңгейдегі жиналыс мінбелерінде айтылған «оқшау
пікірлер» хатталып, иелері МҚК-нің «сенімсіздер» тізіміне тіркелетін. Ақ-
селеу Сейдімбектің аты-жөнінің де тізімінің бел ортасында жүргені бар. Сол
тұста ғой оның Құдай берген жазушылық өнерден саналы түрде бас тартып,
жұртқа ымдаусыз, емеурінсіз жеткізуге болатын көсемсөзге, дәстүрлі мәде-
ниетіміз бен тарихи-этнографиялық деректерге толы әдет-ғұрыптар арқылы-
ақ сол тұстағы ұйқылы-ояу, көнбіс те көнтеріге айналып бара жатқан сананы
оятуды мақсат еткен зерттеу мақалаларға біржола ден қоя бастағаны. «Кү-
зеуде» мен «Аққыз», «Қыз ұзатқан» мен «Ақиықтардың» келесі сөзін айт-
пай жүріп алдың-ау», - деп достары наз айтқанда: «Ораза-намаз - тоқ-
тықта». Ұлттыңды рухани тәркілеу үрдісі үдеп, бүкіл халық тағдыры өгей
әкенің өктем әрекетінің безбеніне түсіп тұрған шақта, баланы кәмпит
беріп алдағандай, оқырманды жылтыр сөзбен алдарқатып керегі не?!» -
дер еді. Сөйтіп, ол өзі жазған мақалалары ғана емес, өзі басқарған «Зерде»
журналының жарияланымдарын түгелге жуық қалғыған рухты оятуға,
мүлгіген ұлтжандылықты серпілтуге арнаймын деп жүріп қызметінен қуы-
лып, артына шала байланды. «Ұлтшыл» деген таңба басылды. Қанша де-
генмен, сонау бір 37-нің сойқанды кезеңіндей емес, айтуы болғанмен, атуы
жоқ, қорқытуы болғанмен, қорлауы аз кезең болғандықтан біраз азаматтар,
оның ішінде Ақселеу де ілдәлдалап аман қалған.
Сонда ғой азаматтың басын құрметтеген ағаларының бірі М. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтына: «Өзі «сенімсіз» болғанымен,
44
балаларының не кінәсі бар? - деп оны еден жуушы қылып жұмысқа қабыл-
дайтыны. Бұл еден сыпырушылықтан басталған жұмысының ғылымға бір-
жола бет бұруының алғашқы қадамы еді. Ғылыми жұмыс ғалым атану не-
месе атақ алу үшін жазылса, ол ғылым емес, қоғамына берері жоқ, жеке
бастың алданышы ғана. Мысалы, «Ұзақ уақытқа шыдайтын тас жолдардың
экономикалық тиімділігі» деп ғылыми жұмыс жазу - ғылым емес. Ұзақ
уақытқа шыдайтын тас жолдың тиімді болатыны онсыз да ақиқат. Ал «Тас
жолдарды төзімді қып салудың тәсілдері» десе, бұл - ғылым. Ғылымның
мақсаты жұртқа пайдалылығымен ғана өлшенбек.
Ғылым ғылым үшін емес, ілім үшін, былайша айтқанда, көпшілікке
іліп берері үшін жасалса кәнеки! Рас, әдебиет пен өнер ғылымынан био-
логия, математика, физика ғылымдары сияқты жаңалық ашу оңай емес.
Алайда бұл ғылымның берері адам жанының рухани өсуіне ықпал етуімен
өлшенбек. Сонау жылдары үңгіртану мәселесіне текке қызықпапты, бұрын
қазақ зерттеушілері көп назар аудара қоймаған осынау тың тақырыпқа
үңіле отырып, жеріміздегі табиғи және табиғи емес ескерткіштер туралы
ой толғаған «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981 ж.) кітабы дүниеге келді.
Халқымыздың дәстүрлі мәдениеті, тарихи-этнографиялық болмысы, ұлт-
ты ұлт ретінде қалыптастырып, ғасырлар қойнауынан бермен қарай өз-
геден өзгешелендіріп тұрған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, тіпті аңшылық-
саятшылық, қолөнер, ұсталық-зергерлік саладағы ерекшеліктер арқау
болған «Ойтолғақ», «Сонар» кітаптары танымдық тұрғыдан ерекшеленеді.
Оның осы еңбектерінің заңды қорытындысы сияқты «Қазақ әлемі: этно-
мәдени пайымдау» (1997 ж.) атты көлемді кітабы, атының өзі айтып тұр-
ғандай, бүтін бір ұлттың этнографиясына жеке мәдениетіне, төл тарихы мен
фольклорына - бүтін рухани әлеміне байырқалай тоқтап, орнықты ойлары
мен пайымдарын ұсынады.
Әдебиет пен өнер институтында жүрген тұсында ол ауыз әдебиетіне, әлі де
зерттелуі аз, зерделенуі кемшін тұстарға ден қойды. Бұл күнде қолданыста
азайғанмен халқымызбен бірге жасасып, оның болмыс-тіршілігінің, тари-
хының елестеріндей болып бізге жеткен қара өлеңді жүйелеп, жинады.
«Қазақтың дөстүрлі лирикасындағы қара өлең жанры» Ақселеудің бұл са-
ладағы сүбелі еңбегі еді.
Студент жатақханасында жатып, қоңыр домбырасымен қоңыр сазды күй-
лерді тартқанда әр өнер туындысын өз жанының сүзгісінен өткізіп, әр қағыс,
әр иірімге өзінше пайым жасап жүргендей екен.
Ол ғана емес, оңтүстікте мақта жинасақ та, солтүстікке барып, бидай ора-
ғына аралассаң та қойнынан дәптерін, қолынан қаламын тастамай, көненің
көзіндей қарттармен тілдесіп жүретін еді. Сонда ескіден қалған сөз, аңыз-
әңгімелерді теріп жүреді екен ғой. Екі мыңдай күйдің аңызын жинап, әр
күйді шығарған кісі, аңызды жеткізуші ондаған адамдар туралы мәлімет-
тер жинақтау - үлкен бір ұжымның қолынан әрең келер еңбек. Күй өнерінің
сезімді селт еткізер әсері оның авторының бір сәттегі көңіл толқынының
бұрқ еткен жан тебіренісі ғана емес, ол бүкіл бір тарихи-әлеуметтік өмірдің,
45
халықтың философиялық, дүниетанымдық болмысының да сазбен берілген
көрінісі екенін А. Сейдімбектің тиянақты зерттеуі дәлелдей түседі. «Күй
шежіре » (1992 ж.) - күйдің ғана шежіресі емес, үлттың өзімен бірге жасасып
келе жатқан төлтума мәдени өмірінің де шежіресі іспетті...
Бір кезде алыста жүрген достары әзілдеп: «Ақселеудің есен-саулығын
теледидардан көріп, біліп түрамыз», - дегендей, кезінде үлт өнері, этно-
графиясы, дәстүрлі мәдениеті туралы әңгімелердің ортасында Ақселеу
отырар еді. Әсіресе Жәнібек марқүм Кәрменов екеуінің қазақ әндерінің
дәстүрлік ерекшеліктеріне қарай жүргізген хабарлары әлі жүрттың есінде.
Сол хабарларда қазақ әндерінің классикалық ерекшеліктеріне тоқтаган
сайын сөзінде ой жоқ, әуенінде жүрек қылын бүлк еткізер саз жоқ, етегі елпі,
жеңі желпі әндердің көбейіп бара жатқанына екеуі де наразы кейіп танытып
отырар еді. «Ән дегенді олай емес, былай шығару керек қой...» дегендей,
Ақселеу де алты-жеті ән шығарып жіберді. Микрофонды тістеп түрып
айтатын камералық әншілердің шама-шарқы жете бермес кең тынысты,
әуенге бай «Сарыарқа», «Дәурен-ай» сынды әндері халық арасына кең тарап
кетті.
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия үлттық университетінің
журналистика кафедрасына Ақселеу меңгеруші болып барып, үстаздық
іске біржола ден қойғанын естігенде достары Кәрібай, Қуанышбай, Серіктер
мындай әзіл айтып еді: «Ақантай университеттің бір аудиториясына кіріп,
студенттерден «Сендерде қандай дәріс еді, шырақтарым?» деп сүраса ке-
рек. «Өнер тарихы еді, оқытушымыз бүгін науқастанып қалыпты» дейді
студенттер. «Жарайды, менің бүгін қолым бос еді» деп күй тарихын толғай
жөнеледі. Не керек, сол күні оқытушылары болмай қалған студенттерге
тарихтан, әдебиеттен, тіпті археологиядан да дәріс оқып, ішін біраз босатқан
соң үйіне келіп, зайыбынан «Бүгін кешкі асқа не дайындап едің?» деп
сүрамақ болып, «Орал, сенде қандай дәріс еді?» деп сүрапты дейді».
Әзіл болғанымен, шындықтан тым шалғай сөз емес-ау. Болмысың солай
өйткені.
Қазағым деп тілін сындырып, қазағым деп өмірден өтер, үлтын сүйе-
тінін қүр сөзбен емес, бар болмыс-бітімімен, бүкіл саналы тірліктегі қам-
қарекетімен дәлелдеп жүрген осы Сланның Ақселеуіндей бір шоғыр аза-
маттары бар ел бақытты.
46
Қуанышбай Құрманғалиев
ҰЛТ ҚАСИЕТІНІҢ ҚАМҚОРЫ
Ұзақ жылдар ұлттық сана-сезіміміз тұсалып, ойымыз тар шеңберге шыр-
малып, түйсік-түсінігіміз, тіпті бүкіл тыныс-тіршілігіміз тар аядан аса ал-
май, меңіреу, мәңгүрт кісінің күйін кештік.
Өңірінде депутаттың белгісі, өзінде лауазымды қызметі бар адамдарды
ғана қоғам қайраткері деп келдік. Аялаған, азаматым деген сол дөкейлер
туған халқы мен елінің алдында парызын өтемей, жымиып күліп, жылы
сөйлеп, анда-санда төбе көрсетіп кеткендеріне балаша мәз болып, алданып
келгеніміз күні кеше емес пе еді? Ал сындарлы сөзімен, іргелі ісімен
халқына қызмет істеп жүрген «жалаңаяқ» жазушы ағайынның ілуде бі-
реуі болмаса, қайраткер атын алғаны жоқ. Елінің бүгініне болысып, ер-
теңін ойлаған, мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қаламгер қалайша қоғам
қайраткері емес екен?! Қайраткерлік қызмет шын қаламгерлерге артылған
азаматтық парыз екендігін парықтамасақ не болғанымыз?! Тап қазіргі
тәуелсіз ел, іргелі мемлекет болуға көш түзеген шақта оқып, жазушы-
журналистің нағыз бел шешіп, белсене кірісіп, елі мен жұртының қамын
жейтін, сөйтіп беймаза ғұмыр кешетін кезі келді. Рухани көсемдеріміздің
көшелілік көрсетіп, кісілік танытып, ел бастайтын кезі бұл.
Осы тұста ойымызға талай жылдардан бері ел-жұртына есімі етене жақын
жазушы Ақселеу Сейдімбектің жан пида қызметі түседі. Әп дегенде оның
жазушылығына тоқталмай, осы қайраткерлік қырына аялдар болсақ, айтқан
пікіріміздің ақиқаттығына көз жеткізуіміз де оңай. Өткеніне ой жүгіртіп,
бүгініне болысып, болашағын болжап, қамын жейтін жетелі ұл-қыздары
жоқ болса - ол ел де, халық та жетім. Замандастарының жадынан осы ой,
осы ақиқат шықпауын шын көңілден тілеп, қоғам өмірінің өзекжарды
тақырыптарын таңдап, көз майын тауысып, жалықпай жазып, толғамды
тұжырымдарын баспасөз арқылы барша жұртқа арнаған Ақселеудің бар
арман-аңсары көптің көкейінен шығып жүргені шындық.
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рыс-
құлов, Смағұл Садуақасов сынды саңлақтар салған сара жол - халқымыз-
47
дың рухани көсемдерінің үзілген арман-аңсарларына енді-енді ғана қол
жете бастағандай. Біздің буынның, сұмдық соғыс жылдарында туып, жарық
дүниеге жетімдікті ала келген ұрпақтың мақтанатын бір жері бар. Ол - осы
буын өкілдерінің кешегі елім деп еңіреген ерлерінің үмітін жалғап, тоқтап
қалған көшін қайта жолға салуға ерекше еңбек сіңіріп жүргендігі дер едім.
Құлдықтың құрығынан құтылып, тәуелсіздіктің туын тіккен жаңа за-
ман келгеніне қуансақ, ол, күпірлік болмасын, біздің, яғни Ақселеудің
құрдастарының арқасы. Бұл буын - аға ұрпақтың рухани өмірін бүгінге
сабақтастырды. Біздер үшін бұдан артық мақсат та, мұрат та жоқ. Жылқы
жылы туған жігіттердің қайраткерлік қызметі Қазақ елінің қоғамдық-
әлеуметтік өміріне түбегейлі өзгерістер әкелгені - тарихи шындық. Олар
жабыла жамырап, тілім, дінім, ділім деп жарғақ құлақтары жастыққа
тимей жаза бермесе бүгінгі күнге жетуіміз екіталай еді ғой. Міне, осы тұста
Ақселеу есімі ерекше атауға лайық. Ел егемен болып, еркіндік алса, халық
бодандықтан құтылып, бостандыққа жетсе - ол өздігінен келген, болған
іс емес, оны бізге Құдай тағала көктен тастай салған жоқ! Ол - жанын пи-
да еткен, туған елі мен халқының қамын жеп ойын оздырған, ақылын
тоздырған Ақселеу және сол сияқты азаматтардың еңбегі. Бұл орайда оның
алатын орны тіпті бөлекше.
Ақселеу Сейдімбектің ел алдындағы азаматтық парызын қалай өтеп
жүргенін білгіміз келсе, алдымен оның журналистік қызметіне жүгінеміз.
Оның ұлттық ой-санамызды оятуға аттандап ат салысқан жүздеген мақа-
лалары негізінен "Жас Алаш" (бұрынғы «Лениншіл жас»), «Егемен
Қазақстан» (бұрынғы «Социалистік Қазақстан»), «Зерде» (бұрынғы «Білім
және еңбек») және басқа басылымдар арқылы жұртына жетті, әсер етті,
көңілінде қалды. Осынау мақсатты мақала-толғамдар кейінірек «Күңгір-
күңгір күмбездер», «Сонар» кітаптарына енді.
Ақселеудің көсемсөздегі елден ерекшелігі - тарихи-мәдени ескерткіш-
терді, көшпелілер мәдениетінің көрнекті өкілдерінің өнегелі өмірлерін жаңа
қырынан алып, жаңаша жазғандығы. Бұл кітаптар жайдақ, жалаң мақала-
лар емес, елдік пен ерлік жөнінен сан алуан сыр шертетін шежірелер, аңыз-
әңгімелер, тарихи оқиғалар, көркем баяндалған кәдімгі эсселер. Ақселеу-
дің бұл кітаптары - тарихи-танымдық, ғылыми-ғибраттық сияқты өрімі
жарыса өрнектелген қымбат рухани қазына қайнарлары. Атажұрт - ұлан
даланың ұлан-ғайыр тарихын есте жоқ ескі замандармен, қазақ халқының
негізін қалаған көшпелі тайпалардың тағдырымен байланыстыра, сабақ-
тастыра сыр шерткен осынау шежірелі кітаптардың жұртшылықтың жү-
регіне жол тауып, ұлттық мақтаныш сезімінің оянып, қабырғалы ел, ежелгі
халық екендігін білдіргенін неліктен ерекше бағаламасқа?!
Ақселеу - біздің қай-қайсымыздан да тарихпен көбірек те, ертерек те
сырласқан, мұңдасқан қаламгер. Ол Геродот, В. Струве, В. Бартольд, А. Берн-
штам, Н. Бичурин, А. Левшин, В. Вильяминов-Зернов, В. Радлов, Н. Арис-
тов, Г. Грумм-Гржимайло, Л. Гумилев сияқты тарихшы ғұламалардың ең-
бегін оқып, көңіліне тоқып, қойын дәптеріне көшіріп, көркемсөздеріне
48
пайдаланып жүрген кездері біз қатарлы жігіттердің көпшілігі олардың
есімдерін шала-шарпы естігендері болмаса, еңбектерінен бейхабар болатын.
Тұтас халқының ғана емес, тұстастарының да тарихқа көзін ашуға Ақселеу
аз еңбек сіңірген жоқ десек, осы жағдай ойымызға оралады.
Көп кісінің қолына түсе бермейтін көне кітаптарды көп оқып, жете
зерттеп, зердесіне тоқи білген, жазушылығына ғалымдығы сай Ақселеу бар
білімін ұлтының ой-санасын оятуға жұмсап бақты.
Тірі сөздің тәңірі - Абай дана айтқандай, «Осы біздің қазақтың өлген
кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ...» екендігіне
талай көз жеткіздік. Біз тегінде кешегі Төлеген, Мұқағали, Жұмекенді ғана
емес, ортамызда жүрген Ақселеулердің де ұлт, халық алдында атқарып
жүрген азаматтық іс-әрекеттерін анықтап айта алмай жүрміз. Қасымызда
жүрген соң көзімізге ілмей, ірілігін білсек те көрмей, мысық тірліктің тізгінін
ұстап жүргенімізді осындай жазушының мерейтойы тұсында айтпағанда
қашан айтпақпыз?! Ұлтымызға жан-тәнімен қызмет істеп жүрген қаламгер
Ақселеу - бүгінде жалғыз Жаңаарқа емес, жалпы қазақтың мақтаныш
тұтар, марапатқа лайық жайсаң азаматы.
Қайраткерлігін қалай айтсақ та, Ақселеу - ең алдымен, жазушы. Хал-
қының қасиетін жанымен ұққан жазушы көсемсөздегі арман-аңсарын көр-
кемсөзде де өз шығармаларына арқау етті. Сөйтіп, ол сөз өнерінің құдірет-
күшін халқының мұңын шағып, арманын айтуға арнап жүр. Қос өнерінің
бірін-бірі байытып, біріне-бірі ұштасып, жалғасып, жарасымдылық табуы
қандай?! Ақселеудің әңгімелері мен повестерінде бейнеленген кейіпкерлер
біздің ой-санамызды оятып, ұлттық ірі қадір-қасиеттерімен қызықтырады,
өзіне еріксіз баурап алады. Кесек келбетті, табиғи мінезді, таныс тұлғалар
сомдаған жазушы Ақселеуге сүйсінесің, сүйсінесің де кітаптарын қолдан
түсірмей оқи бергің келеді. Мұндай тартымдылық таза таланттылықтың
белгісі емей немене?!
Осы жерде біз бір ғана «Күзеуде» повесін еске түсірейік. Жас жесір Тор-
ғын мен Ршыман қарттың риясыз сендіретін, мезгілсіз келген махаббатта-
ры қара сөзбен қалай-қалай жырланған?! Әдетте біз екі жастың ғашықтық
хикаяларын оқитынбыз. Ақселеу бізге осы бір мәңгілік тақырыпты тосын
қырынан көрсетіп, көкейімізге көп ойлар тастап отыр. Махаббаттың жас
талғамайтын адам жанының жұмбақ сыры екендігін ерекше еркін, өзінше
ой түйіп жазған жазушы қиялының жүйріктігіне, сезімінің мөлдірлігіне
қайран қаласың. Мезгілсіз махаббаты мерт болған сәттегі Ршыман қартқа
қосылып, сенің де ағыл-тегіл жылап, сағың сынып, қасіреттен, күйіктен кө-
кірегің қарс айырылардай күй кешесің. Қаламгер құдіреті деген осы шығар-
ау?!
Жазушының көркем қиялы мен сергек сезімін жүрдек қаламы қалт жі-
бермей, қағаз бетіне маржандай тізе берген-ақ екен. Айталық, «Аққыз» по-
весіндегі барымтаға барған Тұрсынның бейтаныс ауылды сырттай шолып,
аңысын аңдып келе жатқан сәттегі көзіне түскен көлденең көріністерді
Ақселеудің сипаттай суреттеп, әсерлене әңгімелеуі қандай керемет, қандай
49
әсерлі?! Жазушының жылқышы жігіт Тұрсынның арқан тастауға сондай
шебер қимыл-әрекетін баяндауын сөзбен салған суреттей сезінесің. Одан
әрі бейтаные қонақты қарсы алған бозбала жігіттің іс-әрекетін, қымыз
әкелген келіншектің жүріс-тұрысын, киім киісін, сөз саптасын, қимылын
бейнелеп, сол ортада болмағанына опынып, өкінуі сондай жарасымды. Осы
бір тұстарын оқығанда еріксіз елтіп, қызығып, құмартып, әлдебір көңіл
толқытар әсерге бөленесің.
Жалғыз бұл емес, Ақселеудің қай шығармасында болмасын қазақтың
сонау заманғы салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-күйін қызықтыра, тартым-
ды әңгімелейтіні сондай, кей-кейде өзіңнің сол ортада болмағаныңа опынып,
өкініш өзегіңді өртеп, сан тарау асау сезім, алыпқашпа күйге бөленесің.
Жазушы ондай сәттерді сұңғыла суреттегенде бейне бір оның өзін де сол
оқиға болған ортадан жаңа ғана оралған кісідей қабылдайсың. Оның баяғы
заманда болған оқиғаны әңгімесіне желі етіп, желдірте, көркем шығарма
жазып отырғанын біле тұрып, осындай бір әсерге бөленуіміздің сыры неде
дейсіз ғой? Айтайық, мәселе - жазушының өткен күндердің жанды бейнесін
жарқырата жазып, жадында жаңғырықтыра алатын айрықша шеберлігінде,
қаламгерлік қүдіретінде.
Ауылдың сүйек-саяқ дәметіп, құлақ түріп қотан күзетудің орнына қа-
зан-ошақты төңіректеген төбет иттерінің қылықтары да ұмытылмастай
көкейіңде ұялап қалатыны да шеберліктің шегі емес деп ешкім сөз таластыра
қоймас.
Жазушы өз оқырманына - көп нәрседен бейхабар бүгінгі буынға ата
салтын - халықтық қалпын сақтау жөнінде сыр шертуге сондай шебер-ақ.
Ақселеудің өзге әріптестерінен айдыны асып, дара дарын иесі екендігін
танытатын тұсы да осы қыры. Өйткені мұндай этнографиялық сипаттағы
әңгімелер көбіне-көп көпті көрген кейіпкер қарияның аузымен айтылады
да, ол әдепкі әңгіменің қатарына қосылып, көңілге тоқыла бермейтіні бар.
Ал Ақселеу болса мұндай айтулы ата салт, ғұрыпты қиюын тауып, қисынын
келтіріп, белгілі бір оқиғаға орайластыра, шығарманың сюжет желісіне
қоса өріп, өмірі ұмытылмастай етіп жадыңа жазып қалдыруға бейім. Оның
әңгімелері мен повестеріндегі толып жатқан тұрмыстық суреттер, боз-
балашылық, жігітшілік, серілік, аңшылық пен құсбегілік, той-томалақ,
өлім жөнелту, қыз ұзатып, келін түсіру, барымта, тағы басқа толып жатқан
қазақ халқының ұлттық қадір-қасиеттерін суреттейтін тұстары көңіл
айнасына түсіп, ғұмыры ұмытылмастай ойыңа ұялап, санаңа сіңіп кететін
сиқыры бар. Ақселеудің қайсыбір шығармасында болмасын негізгі әңгіме
арқауы аяқ астынан басталып кетеді де, оқушысының ой-санасын бірден
өзіне баурап, еріксіз еліктіріп ала жөнелетіні де бекер емес. Оның сыры -
жазушы қазақы ауызекі әңгіменің мақамын мейлінше жетік меңгерген.
Оқушысы оқып отырып ойланатындай оқиға желісін құруға өте шебер.
«Қыз ұзатқандағы» Мұстафа қарт, «Бір атым насыбайдағы» төрде отыр-
ған күміс сақалды қария, тағы басқа кісілер оқыстан әңгіме бастап, тосын
бір оқиғаны көркем баяндайды.
50