The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:11:52

1Alashtin Akseleui

1Alashtin Akseleui

Елу жас тірлігінде-ақ тұла бойы
Саф алтынмен қапталған мүсіндей бір.

Мұндай ұлды армандап ата-бабам,
Ұзақ сәт, бәлкім, шөлдеп, қаталған.
Бәлкім, «Алтын асықтай бала екен...» деп
Жұрт өзін бір кез текке атамаған.

Жұрт көзі келбетіне тойынардай,
Сол бала дана бүгін бойы нардай.
Саф алтынмен «қапталған» азаматтың
Десеңші бәрінен де ойы қандай?!

Мұндай жан некен-саяқ кездеседі,
Оны тек санасыздар сезбес еді.
Ұшқыр қалам иесі - ол дейтінің,
Ол дейтінің - сүбелі сөз көсемі.

Оның ойы - мөп-мөлдір бұлақ анық,
Сол бұлақтан шөл басар мына халық.
Айналайын халқына Ақселеуді
Бере салған «құдайдан» ғұлама ғып!

Беретұғын әлі де жемісі мол
Тұлпар ұлын тәңірге телісін ел.
Мен үшін ол кандидат, доктор емес,
Дап-дайын академик мен үшін ол.

(Жалғай қап кел шумақты қиырменен,
Ойымды өрбіттім сол күйінде мен).
Мен енді «Тіфә, тіфә! Тілім тасқа!»
Дей қалып, сөзді былай түйіндер ем:

Шығып жүр үнім кейде аса бәсең,
Қайтады қашан есем? Қашан өшем?
Бақытты мен көрмеген, мен көрмейтін
Көріп үлгер, ұзақ жыл жаса да сен!

Риза болмай кейде қолдағыға,
Кірісіп жүргендеймін... жол қамына.
Бақытты мен көрмеген, мен көрмейтін
Арттағы жырым көрсе болғаны да!

421

Кеңесжан Шалқаров

ЖУРНАЛИСТ ДОСЫМА

(Ақселеу Сейдімбековке)

Опыр да топыр ойлардан тауып төтені,
Белгісіз үйге келері қашан, кетері.
Ақ боран шашын дударлап тұрсын әманда,
Ақбөкен жортқан жондарды басып кетеді.

Жылқысын бағып, көкжалды соққан күлікпен,
Жылқышы оның сырласар досы күліп кең.
Кездескен шақта туысқа балап тілдесед
Қырық бесінші жылғы шопан жігітпен.

Ботакөз көл мен бұйырғын белдер сыралғы -
Жайдары ән мен жаз құшақтардың тұрағы.
Салиқалы ой мен сапарды тілеп шынайы,
Саятты көрсе саңлағы болып тұрады.

Жылдарға жалғас жырларға толы жүрегім,
Осындай болуды өзім де аңсап жүремін.
Бұлбұлдан бұрын ояну оның әдеті
Болатын күні сессия менен пленум.

Бақтыбай Аманжолов

АҚТАУЫНАН АСЫП ҰШҚАН АҚИЫҚ

(Ақселеу Сейдімбековке)

Ақын болып айттым демен жаңалық,
Жұлдызыңды тұрған бұлай дара қып:
Елім деген - еңіреген ер намыс,
Жерім деген - еміренген аналық.

Құстөсекте құтайған ба істе өнім?
Кедергілер кере қарыс тістерін,
Арман атты алдаспенмен талқандап,
Қолыңызға қондырдыңыз құс керім.

422

Сағындырса сарша тамыз, қыр бөктер,
Жүрегіңнен жарып ұшқан жыр-кептер.
Туған дала тылсым тыныс, бояуын
Аша білген алымы зор суреткер.

Мәрттік! Тектік! Жанын ұғып «Аққыздың»,
Сұлулықтың шолпысына шоқ тіздің.
Ұлтымыздың ұлылығы - Анадан,
Қолаң шаштар көкірегін ңақты ізгі үн.

«Күмбірлеген күмбездерден» күй ұққан,
Сары Тоқаның сарынымен ұйытқан.
Ақтауынан асып ұшқан ақиық
Алатаудың асқарынан сүйіп таң.

Байдалының майда, мәйек тілімен,
Ықыластың шеменді шер үнімен,
Сырбаз Сәкен сұңқылымен үндескен
Абызым-ау,
Қобызым-ау күңіреген.

Көне тарих көмбесінде алтын күн,
Алтын күнді аршимын деп шарқ ұрдың.
Азап шеккен Алаш үшін -

Ар үшін,
Алыптарға алғыс айтар халқым мың.

Сөйлейді іздер маңдайдағы,
Шаш та ана.
Абзалдықтан аттаттырмай басқаға.
Өміріңіз -

атырапқа ақық зер,
Көңіліңіз -

көп тойынған асхана.

Содан алған бойымдағы қуатты-ай.
Суалар ма,
Тұра алар ма жыр атпай?
Сан шайқалған шаңырағын қазақтың
Қара нарлар қалған тіреп құлатпай.

423

Айтақын Жексенбайұлы

БӘЙТЕРЕКТЕЙ ӘУЕЛЕ

Мен кейде таңырқап бір ойға қалам,
Көз салып, қиырларға бойламаған.
Көріпкел әулиенің өзі шығар
Атыңды Ақселеу деп қойған адам.

Сағынған сыр даланы, жыр даланы,
Қызықтап асықпаған құр қалады.
Ақмаңдай Ақселеуім келдің бе деп
Сарыарқа боз көде боп ырғалады.

Нақыштап хас шебердей қырдың әнін
Бұлақтай төскейдегі сылдырадың.
Қазбалап қазағыңның шежіресін,
Салмақты сөзің айттың сұңғыланың.

Қосақтап сан өнерді бір басыңа,
Ентелеп ерте шықтың қыр басына.
Келбетің келіп-ақ тұр сәмбі талдай
Біртуар азаматтың тұлғасына.

Өмірдің тарта жүріп азабын мың,
Күйіндің тағдырына қазағыңның.
Шырылдап шындық үшін бозторғайдай
Ұйқыңды ұлтың үшін қаза қылдың.

Сусындатып сарқылмас сабаңменен,
Желпідің жан-жүрегің самалменен.
Ой-қырды бірдей шолған алғырым деп
Халқыңның сыйы бөтен саған деген.

Көп сырдың көңілдегі көзін ашып,
Айтатын елуінде сөзім ашық.
Сегіз қырлы, бір сырлы Ақаңызға,
Қыз түгіл, жігіттердің өзі ғашық.

Бүгінде ойың еркін, тынысың кең,
Бойыңа шуақты күн нұры сіңген.
Сарабдал сырбаздықпен өзіңе тән
Еліңді қуанта бер ұлы ісіңмен.

424

Ұл болып сүйсінерлік сүйікті елге,
Мәуесін дарыныңның жиып төрге,
Ердің жасы елуде дүр сілкініп,
Қырандай самғашы бір биіктерге!

Өнердің қайталанбас нақ шебері,
Өзіңдей жайсаңдарға тапшы ел деді.
Әуелеп күнге ұмтылған бәйтеректей
Алаштың атана бер Ақселеуі!

Сағынтай Әбішев

ІНІМ ТУРАЛЫ ОЙ

Сырласпай ойдағымен,
Қырдағымен.
Қашан мен ақ сөйлеуден құр қалып ем?
Тағы бір сыр желісін сабақтайын
Сейдімбеков Ақселеу туралы мен.

Аттай қап бір асудан бір асуға,
Қиырға қиын шақта-ақ құлаш ұрған.
Арқалық,
Жаңаарқалық жайсаңдардың
Ішінен оқшау шыққан бұл асыл жан.

Ойым кейде жалғасып бір өзімен,
Ол жайлы сөзге құлақ түре жүрем.
Сабаз ол жұрт көңілін жаулап алған
Салмақты да
Байсалды мінезімен.

Ешкімді де жібермей зеріктіріп,
Әркіміңді сөзіне жерік қылып,
Сөйлегенін қайтерсің бабыменен
Әңгіме желісіне еліктіріп?!

Көріп әр кез оған тән дала-кеуде,
Тіл табысар балаша баламен де,
Бала болып өзіңе бой ұсынар
Сыймай жүрген кей мықтың ақ әлемге.

425

Қашаннан елі тәнті өрендігін
Биік төр төбесінен көрем бүгін.
Табысар өз бойынан талғампаздау
Қаламгерге қажетті терең білім.

Боп жүрген ақ-адалдың асыл әні,
Дос үшін құшағы кең ашылады.
Жүзінен жылылықтың нышаны тек
Шашу боп шартарапқа шашылады.

.. .Естіртуде өз үнін ақ әлемге,
Көріп әр кез оған тән дала-кеуде,
Баламен де балаша тіл табысып,
Тіл табысып данаша данамен де.

Қалиақпар Әбілдин

ЖАЗУШЫ-ҒАЛЫМ
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКОВКЕ

Сүңгіп кетіп тарихтың қатпарына,
Серуендеп қара өлең бақтарына.
Дәмін алып әр сөздің шырын балдай,
Сыр шертесің жыраудай ақтарыла.
Із кесесің «Сонарда» олжалы боп,
Ән шырқайсың «Сарыарқа», «Дәурен-айлап»,
Сазгерлердің айналып мақтанына.
«Қырдағы хикаялар» болды-ау ұмыт,
Көз тасташы жалын жас шақтарына.
Топқа, жікке бөлінген шақта ұдай,
Ақселеуді тіл-көзден сақта, құдай!

426

ТҮСІНІКТЕМЕ

Салғараұлы Қойшығара. «Ақселеу Сланұлы Сейдімбек, Өмірі мен
щығармашылығы» - алғашқы нұсқасы 2002 жылы «Күлтегін» баспасынан
жарық көрген «Ақселеу Сейдімбек. Библиографиялық көрсеткіш» кітабына
алғы сөз ретінде жарияланды. Толықтырылған нұсқасы А. Сейдімбектің алты
томдық шығармалар жинағының бірінші томына беташар мақала тұрғысында
берілді.

ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Кекілбайұлы Әбіш. «Талантты ұрпақтың тағылымды келбеті» - Астана
қаласында 2002 жылдың 23 қарашасында көрнекті қаламгер Төлен Әбдіктің,
Ақселеу Сейдімбектің, Дулат Исабековтің 60 жасқа толуына арналған әдеби-
шығармашылық кеште сөйленген сөз. Бұл сөз «Егемен Қазақстан» газетінің
2002 жылғы 29 қараша күнгі санында жарық көрді.

Бөкеев Оралхан. «Белеске беттеген бес жігіт» - «Қазақ әдебиеті» газетінің
1983 жылғы 25 ақпан күнгі санында жарияланды.

Бөкеев Оралхан. «Ұлтының ұлы» - «Қазақ әдебиеті» газетінің 1992 жылғы
18 желтоқсан күнгі санында жарық көрді.

Әбдіхалық Жомарт. «Сардар бітімді саңлақ тұлға» - Ақмола облыстық
«Арқа ажары» газетінің 2002 жылғы 23 қараша күнгі санында жарияланды.

Сегізбай Кәдірбек. «Айнымай түсер ақиық» - «Жас Алаш» газетінің 2002 жыл-
ғы 16 қараша күнгі санында жарық көрді.

Құрманғалиев Қуанышбай. «Ұлт қасиетінің қайнары» - «Егемен Қа-
зақстан» газетінің 1992 жылғы 19 желтоқсан күнгі санында жарық көрді.

Әбдірайымұлы Серік. «Арқа төсі әлдилеген азамат» - «Қазақ әдебиеті»
газетінің 1992 жылғы 18 желтоқсан күнгі санында жарияланды.

Ақатаев Сәбетқазы. «Ізденімпаздық жемісі» - С. Ақатаевтың 1988 жы-
лы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Тереңнен тартқан тамырлар» атты
кітабына енген мақала.

Аупбаев Жанболат. «Ақселеу» - Ж. Аупбаевтің 1997 жылы «Санат» бас-
пасынан жарық көрген «Ғұмыр дария» атты кітабына енген мақала.

Бектұров Жайық. «Алғыс» - «Орталық Қазақстан» газетінің 1992 жылғы
2 қазан күнгі санында жарияланды.

Кәріпұлы Өмір. «Дархан дарын» - «Ақадыр таңы» газетінің 1992 жылғы
26 қыркүйек күнгі санында жарияланды.

Құлқыбаев Ғабдолла. «Ақселеу асулары» - «Орталық Қазақстан» газетінің
2002 жылғы 23 қараша күнгі санында жарық көрді.

Ақсұнқарұлы Серік. «Алаштың Ақселеуі»- «Орталық Қазақстан» газетінің
1992 жылғы 2 қазан күнгі санында жарық көрді.

Жұмаділдин Асан. «Парасат пайымдары» - «Сарыарқа» газетінің 1992 жыл-
ғы 30 қыркүйек күнгі санында жарияланды.

Майбас Төрехан. «Менің Ақселеуім» - «Ақадыр таңы» газетінің 1992 жылғы
26 қыркүйек күнгі санында жарияланды.

427

Әбдіханов Аманбек .«Кемеліне келген қаламгер» - «Жаңаарқа» газетінің
1992 жылғы 2 қазан күнгі санында жарық көрді.

Жұртпай Тұрсын. «Саусағыңыздан айналдым, Ақа!» - А. Сейдімбектің
60 жасқа толуына орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
шығарған «Тұлға» атты мерейтойлық журналға басылған.

Әбжанов Хангелді. Ақаңдардың жалғасы - «Қазақстан заман» газетінің
2002 жылғы 29 қараша күні санында жарияланды.

Асқаров Әлібек. «Ұлт намысын оятқан» - Ә. Асқаровтың 2007 жылы
«Мектеп» баспасынан жарық көрген «Назеркеге хат» атты естелік кітабынан
үзінді.

Салғараұлы Қойшығара. «Арманын білімімен бекемдеген» - Қарағанды
қаласында 2005 жылдың 22 сәуірінде А. Сейдімбектің шығармашылығына
арналған кеште сөйленген сөз.

Рақымов Берік. «Арқаның алтын сандығы» - «Орталық Қазақстан» газетінің
2002 жылғы 23 қараша күнгі санында жарияланды.

Ахметов Темірболат. «Анатомия молчания» - «Жалын» журналының
1997 жылғы №7-8 сандарында жарық көрген деректі повестен үзінді.

Тоқберген Тасанби. «Құбылыс» - А. Сейдімбектің 60 жасқа толған мерей-
тойында сөйленген сөз. Т. Тоқбергеновтің 2005 жылы «Мерсал» баспасынан
жарық көрген «Айбалта» атты кітабына басылған.

Смағұлұлы Тілеуберді. «Дос туралы» - «Теміртау» газетінің 2002 жылғы
5 желтоқсан күнгі санында жарияланды.

Құлмағамбет Ернар. «Өмір өрнектері» - Е. Құлмағамбеттің бұл зерттеу
еңбегі 2005 жылы «Өмір өрнектері. А. Сейдімбектің очерктері туралы ойлар»
деген атпен жеке кітапша болып жарық көрді.

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ КІТАПТАРЫ ХАҚЫНДА

А. Сейдімбектің 1972 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген
«Ақиық» кітабы туралы ой-пікірлер

Жұмаділов Қабдеш. «Тұңғыш туралы» - «Жалын» журналының 1972 жылғы
№6 санында жарық көрді.

Исабеков Дулат. «Бастау» - «Жалын» журналының 1973 жылғы №2 са-
нында жарияланды.

Жойқынбеков Қанат. «Саятшылық туралы кітап» - «Орталық Қазақстан»
газетінің 1972 жылғы 24 қыркүйек күнгі санында жарық көрді.

А. Сейдімбектің 1977 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Қыр хикаялары» кітабы туралы ой-пікірлер

Тоқтаров Рамазан. «Тағдырлы да тағылымды тұлғалар» - «Жалын» бас-
пасының өтінуі бойынша жабық рецензия ретінде жазылған.

428

Әбдіхалықов Жомарт. «Таланттың бағы білмес...» - «Коммунизм нұ-
ры» (қазіргі «Арқа ажары») газетінің 1978 жылғы 3 тамыз күнгі санында
жарияланды.

А. Сейдімбектің 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Тауға
біткен жалбыз» кітабы туралы ой-пікір

Шүкіров Сабыржан. «Табиғат тамашалары» - «Торғай таңы» газетінің
1981 жылғы 29 мамыр күнгі санында жарық көрді.

А. Сейдімбектің 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кеніш»
кітабы туралы ой-пікір

Оспанов Сейфолла. «Қарағанды жайында жаңа кітап» - «Орталық Қа-
зақстан» газетінің 1979 жылғы 3 наурыз күнгі санында жарияланды.

А. Сейдімбектің 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Алпамыс батыр» кітабы туралы ой-пікірлер

Дүйсенов Мырзабек. «Жыр нұсқасы» - әңгіме арқауы» - «Қазақ әдебиеті»
газетінің 1980 жылғы 30 мамыр күнгі санында жарияланды.

Зәкенов Кеңесхан. «Алпамыс батыр» - Павлодар облыстық «Қызылту»
газетінің 1980 жылғы 4 қаңтар күнгі санында жарық көрді.

А. Сейдімбектің 1982 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген
«Серпер» кітабы туралы ой-пікірлер

Шаймерденов Ербол. «Серпер туралы сөз» - Ақмола облыстық «Коммунизм
нұры» (қазіргі «Арқа ажары») газетінің 1983 жылғы 10 маусым күнгі санында
жарияланды.

Әлімов Қайсар. «Серпердің серпіні» - Қостанай облыстық «Коммунизм
таңы» газетінің 1983 жылғы 20 тамыз күнгі санында жарық көрді.

А. Сейдімбектің 1981 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген
«Аққыз» туралы кітабы ой-пікір

Сәрсенбай Қали. «Кең тыныстап, терең толғанып...» -«Егемен Қазақстан»
газетінің 1991 жылғы 9 маусым күнгі санында жарияланды.

А. Сейдімбектің 1981 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Күңгір-күңгір күмбездер» кітабы туралы ой-пікірлер

Әлкей Марғұлан. «Ой-дерегі мол еңбек» - А. Сейдімбектің «Күңгір-күңгір
күмбездер» кітабына жазылған алғы сөз.

429

Дүйсенов Мырзабек. «Сұлулық туралы сырлар» - «Қазақ әдебиеті» газетінің
1982 жылғы 19 наурыз күнгі санында жарық көрді.

Ақатаев Сәбетқазы. «Сұлулық туралы сырлар» - «Жұлдыз» журналының
1982 жылғы №4 санында жарияланды.

Әбдіхалық Жомарт. «Күмбірлейді күмбездер» - Ақмола облыстық
«Коммунизм нұры» (қазіргі «Арқа ажары») газетінің 1982 жылғы 19 наурыз
күнгі санында жарық көрді.

Тайшыбаев Зарқын. «Күмбірлеген күй кітап» - Қарағанды облыстық
«Орталық Қазақстан» газетінің 1981 жылғы 15 желтоқсан күнгі санында
жарияланды.

Ибраев Мерғали. «Көне дәуір күңгірлеп тіл қатқандай» - «Лениншіл жас»
(қазіргі «Жас алаш») газетінің 1982 жылғы 8 қыркүйек күнгі санында жарық
көрді.

Жақыпов Қ. «Ұғымға тиянақ» - Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан»
газетінің 1982 жылғы 18 қыркүйек күнгі санында жарық көрді.

Әдіқалықов Ә. «Ойыңа өріс» - Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан»
газетінің 1992 жылғы 18 қыркүйек күнгі санында жарияланды.

А. Сейдімбектің 1998 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген
«Мың бір маржан» кітабы туралы ой-пікірлер

Әлімбаев Мұзафар. «Бар өлең бір төбе, қара өлең бір төбе» - «Қазақ әде-
биеті» газетінің 1989 жылғы 4 тамыз күнгі санында жарық көрді.

Құдайбергенов Е. «Асыл мұра» - «Жезқазған туы» газетінің 1989 жылғы
24 қараша күнгі санында жарияланды.

А. Сейдімбектің 1997 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Ойтолғақ» кітабы туралы ой-пікір

Қалиұлы Серғазы, Омарбек Талас. «Ойтолғақ» - «Қазақ әдебиеті» газетінің
1997 жылғы 25 қараша күнгі санында жарық көрді.

А. Сейдімбектің 1997 жылы «Санат» баспасынан жарық көрген
«Қазақ әлемі» кітабы туралы ой-пікір

Ақыш Нұрдәулет. «Қазақтануға қосылған еңбек» - «Түркістан» газетінің
1998 жылғы 1 шілде күнгі санында жарияланды.

М. Жолдасбеков, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбектің 2001 жылы «Күлтегін»
баспасынан жарық көрген «Елтұтқа» кітабы туралы ой-пікірлер

Әбдіхалық Жомарт. «Елтұтқа» - Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің
2002 жылғы 31 қаңтар күнгі санында жарық көрді.

430

Мәмет Сүлеймен. «Ел танытар ерекше еңбек» - «Егемен Қазақстан»
газетінің 2002 жылғы 2 наурыз күнгі санында жарияланды.

Шындалиева Меңдігүл. «Тарихи тұлғаларды зерделеген» - «Астана ақ-
шамы» газетінің 2002 жылғы 31 қаңтар күнгі санында жарық көрді.

Каиржанов Абай. «На скрижалях истории» - «Вечерняя Астана» газетінің
2002 жылғы 15 қаңтар күнгі санында жарияланды.

А. Сейдімбектің 2002 жылы «Күлтегін» баспасынан жарық көрген
«Қазақтың күй өнері» кітабы туралы ой-пікірлер

Қозыбаев Манаш. «Аңыздан ақиқат тапқан» - «Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым академиясы «Хабаршы» журналының 1996 жылғы №2 са-
нында жарияланды.

«Қазақтың күй өнері» кітабының алғашқы нұсқасы «Күй шежіре» деген
атпен екі том болып 1992, 1997 жылдары жарық көрген болатын. М. Қозыбаев
пікірінің «Күй шежіре» кітабына қатысты болуы сондықтан.

Жүнісбайұлы Несіп. «Күй шежіре» - «Дала мен қала» газетінің 2004 жылғы
26 қараша күнгі санында жарық көрді.

Шүкірұлы Сабыржан. «Күй толғауға - ой толғау» - «Таң-Шолпан» жур-
налының 2005 жылғы №5 санында жарияланды.

Жолдасбеков Мырзатай. «Іргелі зерттеу»- «Егемен Қазақстан» газетінің
2003 жылғы 7 қаңтар күнгі санында жарық көрді.

Ақатай Сәбетқазы. «Зәру зерттеу» - «Қазақ әдебиеті» газетінің 1998 жылғы
27 наурыз күнгі санында жарияланды.

Жұртбай Тұрсын. «Руханият пернесі»- «Столичное обозрение» газетінің
1998 жылғы 11 желтоқсан күнгі санында жарық көрді.

Ысмағұлов Жұмағали. «Текті мұраның тегі» - «Қазақ әдебиеті» газетінің
1999 жылғы 18 маусым күнгі санында жарияланды.

Сыздықова Рәбиға. «Күй тарихын тарқатқан шежіре сыры» - «Алматы
ақшамы» газетінің 1995 жылғы 26 шілде күнгі санында жарық көрді.

Әбдіхалық Жомарт. «Рухымыздың інжу-маржан шежіресі» - Ақмола
облыстық «Арқа ажары» газетінің 1994 жылғы 20 желтоқсан күнгі санында
жарияланды.

Құрманғали Қуанышбай. «Күй аңызы - сөз маңызы» - «Жас Алаш» га-
зетінің 1994 жылғы 18 қараша күнгі санында жарияланды.

Сарсенбай Қали. «Күй деген бір дана қарт» - «Егемен Қазақстан» газетінің
1994 жылғы 8 ақпан күнгі санында жарияланды.

Бимақаш Сейітжаппар. «Күмбір күйге сәулет сыйлаған» - «Қазақ әдебиеті»
газетінің 1994 жылғы 2 наурыз күнгі санында жарияланды.

Кәріпұлы Өмір. «Толымды еңбек» - «Орталық Қазақстан» газетінің 2004 жыл-
ғы 15 желтоқсан күнгі санында жарияланды.

431

А. Сейдімбектің 2008 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген
«Қазақтың ауызша тарихы» кітабы туралы ой-пікірлер

Артықбаев Жамбыл, «Ақаң және «Қазақтың ауызша тарихы» кітабы» -
А. Сейдімбектің 2008 жылы жарық көрген «Қазақтың ауызша тарихы» кі-
табына соңғы сөз тұрғысында жазылған.

Тәж-Мұрат Мақсат. «Жоқшы ізбен келеді» - «Ана тілі» газетінің 2009 жыл-
ғы 8 қаңтар күнгі санында жарияланды.

Омарбеков Талас. «Ауызша тарихтың бесаспап зергері» — «Айқын» газе-
тінің 2009 жылғы 29 мамыр күнгі санында жарық көрді.

Елубай Смағұл. «Қазақтану» - «Алты алаш» газетінің 2009 жылғы 3 шілде
күнгі санында жарияланды.

АРНАУ ӨЛЕҢДЕР

Ерғалиев Хамит. «Жігіт болсақ, шіркін-ай, Ақселеудей» - «Социалистік
Қазақстан (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің 27 қыркүйек күнгі санында
жарияланды. Кейін жыр жинақтарына енді.

Мәуленов Сырбай. «Бұғылы мен Тағылы» - Сырбай Мәуленов, Фариза Оң-
ғарсынова және Ақселеу Сейдімбек шығармашылық іссапармен 1983 жылы
Қарағанды облысының Шет ауданында болғанда туған өлең. Бұл өңірде Ақселеу
Сейдімбек туып-өскен.

Мәуленов Сырбай. «Ақ көйлек» - А. Сейдімбектің балалық шағында ба-
сынан өткен оқиғаға орай жазылған өлең. С. Мауленовтің жыр жинақтарына
енген.

Мырзабек Кеңшілік. «Ақ көйлек» - А. Сейдімбектің балалық шағында
басынан өткен оқиғаға орай жазылған өлең. К. Мырзабековтің жыр жинақ-
тарына енген.

Жұмагали Қайрат. «Кезің бұл кемел толысқан» - Ақмола облыстық «Арқа
ажары» газетінің 2002 жылғы 23 қараша күнгі санында жарық көрді.

Жұмағали Қайрат. «Жезтаңдай» - А. Сейдімбектің 60 ж а с қ а толған
мерейлі шағында оқылған өлең.

Ерман Жүрсін. «Даламдай дарханым, теңіздей тереңім» - «Ақадыр тыңы»
газетінің 1992 жылғы 26 қыркүйек күні санында жарияланды. Ж. Ерманның
жыр жинақтарына енген.

Ерман Жүрсін. «Қалжың қалта» - «Қазақ әдебиеті» газетінің 1992 жылғы
27 наурыз күнгі санында жарық көрді.

Медетбек Темірхан. «Дүниеде үшеу жүр» - «Ана тілі» газетінің 2002 жылғы
21 қараша күнгі санында жарияланды.

Ақсұңқарұлы Серік. «Тәңірге ғана бас иіп...» - Қарағанды облыстық «Ор-
талық Қазақстан» газетінің 2002 жылғы 23 қараша күнгі санында жарық көрді.

Ақсұңқарұлы Серік. «Сендей болсын азамат!» - «Орталық Қазақстан» газе-
тінің 2 қазан күнгі санында жарияланды.

432

Айтұлы Несіпбек. «Ақселеу қырықта» - бұл жыр-өлеңге әйгілі әнші
Жәнібек Кәрменов ән шығарып, А. Сейдімбектің 40 жасқа толуына орай өткен
әдеби-шығармашылық кеште орындаған.

Айтұлы Несіпбек. «Сен де бір Асан Қайғы» - А. Сейдімбектің 60 жасқа
толуына орай өткен әдеби-шығармашылық кеште оқылған өлең. Н. Айтұлының
жыр жинақтарына енді.

Тұрғынбекұлы Серік. «Ақаң, Ақаң - Ақселеу» - А. Сейдімбектің 60 жасқа
толуына орай өткен әдеби-шығармашылық кеште оқылған өлең.

Асқар Ерік. «Халқыңа әрбір сөзің ырыс болды» - А. Сейдімбектің 60 жасқа
толуына орай өткен әдеби-шығармашылық кеште оқылған өлең.

Кәріпұлы Өмір. «Алаштың Ақселеуі» - А. Сейдімбектің 60 жылдығына орай
шыққан әннің өлеңі. Әнін шығарған - белгілі композитор Ысқақ Тәукенұлы.

Жаманұлы Хамит. «Елуге елге еленіп келді жасың» - «Жаңаарқа» газетінің
1992 жылғы 2 қазан күнгі санында жарияланды.

Игенберлин Еркін. «Елуге келді Ақселеу» - «Жаңаарқа» газетінің 1992 жыл-
ғы 2 қазан күнгі санында жарық көрді.

Игенберлин Еркін. «Ақселеу досқа» - «Жаңаарқа» газетінің 2002 жылғы
28 наурыз күнгі санында жарияланды.

Игенберлин Еркін. «Ассалаумағалейкум, Ақселеуім!» - Қарағанды қала-
сында 2005 жылдың 22 сәуірінде А. Сейдімбектің шығармашылығына арналған
кеште оқылған өлең.

Назарбек Сайын. «Ақселеудің алпысына» - А. Сейдімбектің 60 жасқа то-
луына орай өткен әдеби-шығармашылық кеште оқылған өлең.

Оразаев Свет. «Ақселеуге жұбату хат»-«Ақадыр таңы»газетінің1992жылғы
7 қарашадағы санында жарияланды. Өлең А. Сейдімбектің іні-досы, қазақтың
әйгілі әншісі Жәнібек Кәрменовтің мезгілсіз қазасына орай жазылған.

Оразаев Свет. «Арқаның Ақсұңқары» - «Ақадыр таңы» газетінің 1992 жыл-
ғы 26 қыркүйектегі санында жарық көрді.

Шалқаров Кеңесжан. «Журналист досыма» - А. Сейдімбектің Орталық
Қазақстан облыстары бойынша «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті-
нің меншікті тілшісі болып жүрген кезінде 1971 жылы жазылған.

Аманжолұлы Бақтыбай. «Ақтауынан асып ұшқан ақиық» - «Ақадыр та-
ңы» газетінің 1992 жылғы 26 қыркүйек күнгі санында жарияланды.

Жексенбайұлы Айтақын. «Бәйтеректей әуеле» - «Ақадыр таңы» газетінің
1992 жылғы 26 қыркүйек күнгі санында жарық көрді.

Әбішев Сағынтай. «Інім туралы ой» - «Ақадыр таңы» газетінің
1992 жылғы 26 қыркүйек күнгі санында жарияланды.

Әбілдин Қалиақпар. «Жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбековке» - «Орта-
лық Қазақстан» газетінің 2007 жылғы 1 мамыр күнгі санында жарық көрді.

433

МАЗМҰНЫ

Қойшығара Салғараұлы. Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 3

ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Әбіш Кекілбайұлы. Талантты ұрпақтың тағылымды келбеті 15

Оралхан Бөкей. Белеске беттеген бес жігіт 26
33
Оралхан Бөкей. Ұлтының ұлы 35
40
Жомарт Әбдіхалық. Сардар бітімді саңлақ тұлға 47
53
Кәдірбек Сегізбай. Айнымай түсер а қ и ы қ 55
66
Қуанышбай Құрманғалиев. Ұлт қасиетінің қамқоры 73
75
Серік Әбдірайымұлы. Арқа төсі әлдилеген азамат 80
85
Сәбетқазы Ақатаев. Ізденімпаздық жемісі 92
96
Жанболат Аупбаев. Ақселеу 98
....101
Ж а й ы қ Бектұров. Алғыс 103
106
Өмір Кәріпұлы. Дархан дарын 109
112
Ғабдолла Құлқыбаев. Ақселеу асулары 115
119
Серік Ақсұңқарұлы. Алаштың Ақселеуі 126
129
Асан Жұмаділдин. Парасат пайымдары

Төрехан Майбас. Менің Ақселеуім

Аманбек Әбдіханов. Кемеліне келген қаламгер

Тұрсын Жұртбай. Саусағыңыздан айналдым, Ақа!

Хангелді Әбжанов. Ахаңдардың жалғасы

Әлібек Асқаров. Ұлт намысын оятқан

Қойшығара Салғараұлы. Арманын білімімен бекемдеген

Берік Рақымов. Арқаның алтын сандығы

Темирболат Ахметов. Анатомия молчания

Тасанби Тоқбергенов. Құбылыс

Тілеуберді Смағұлұлы. Дос туралы

Ернар Құлмағамбет. Өмір өрнектері

АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКТІҢ КІТАПТАРЫ ХАҚЫНДА

Қабдеш Жұмаділов. Тұңғыш туралы 173
176
Дулат Исабеков. Бастау 181
..183
Қанат Жойқынбеков. Саятшылық туралы кітап 186
190
Рамазан Тоқтаров. Тағдырлы да тағылымды тұлғалар 193
196
Жомарт Әбдіхалық. Таланттың бағы білмес 199

Сабыржан Шүкіров. Табиғат тамашалары ...

Сейфолла Оспанов. Қарағанды жайында ж а ң а кітап

Мырзабек Дүйсенов. Ж ы р нұсқасы - әңгіме арқауы

Кеңес Зікенов. «Алпамыс батыр»

Ербол Шаймерденов. «Серпер» туралы сөз 202
206
Қайсар Әлім. «Серпердің» серпіні 209
212
Қали Сәрсенбай. Кең тыныстап, терең толғанып 216
219
Әлкей Марғұлан. Ой-дерегі мол еңбек 222
225
Мырзабек Дүйсенов. Сұлулық туралы сыр 229
234
Сәбетқазы Ақатаев. Сұлулық туралы сырлар 237
239
Жомарт Әбдіхалық. Күмбірлейді күмбездер 250
252
Зарқын Тайшыбаев. Күмбірлеген күй кітап ..256
259
Мерғали Ибраев. Көне дәуір күңгірлеп тіл қатқандай 263
268
Қ. Жақыпов. Ұғымға тиянақ 270
273
Ә. дбдіхалықов. Ойыңа өріс 278
283
Мұзафар Әлімбаев. Бар өлең бір төбе, қара өлең бір төбе 289
291
Е. Құдайбергенов. Асыл мұра 295
298
Серғазы Қалиұлы. Талас Омарбеков. Ойтолғақ 302
306
Нұрдаулет Ақыш. Қазақтануға қосылған еңбек 313
317
Жомарт Әбдіхалық. Елтұтқа 320
322
Сүлеймен Мәмет. Ел танытар ерекше еңбек 322
346
Меңдігүл Шындалиева. Тарихи тұлғаларды зерделеген 359
368
Абай Каиржанов. На скрижалях истории 378

Манаш Қозыбаев. Аңыздан ақиқат тапқан 389
390
Несіп Жүнісбайұлы. Күй шежіре 390

Сабыржан Шүкірұлы. Күй т о л ғ а у ғ а - ой толғау

Мырзатай Жолдасбеков. Іргелі зерттеу

Сәбетқазы Ақатай. Зәру зерттеу

Тұрсын Жұртбай. Руханият пернесі

Жұмағали Ысмағұлов. Текті мұраның тегі

Рабиға Сыздықова. Күй тарихын таратқан шежіре сыры

Жомарт Әбдіхалық. Рухымыздың інжу-маржан шежіресі

Қуанышбай Құрманғалиев. Күй аңызы - сөз маңызы

Қали Сәрсенбай. Күй деген бір дана қарт

Сейітжапар Бимақаш. Күмбір күйге сәулет сыйлаған

Өмір Кәріпұлы. Толымды еңбек

Жамбыл Артықбаев. Ақаң және «Қазақтың ауызша тарихы»

Мақсат Тәжі-Мұрат. Ж о қ ш ы ізбен келеді

Талас Омарбеков. Ауызша тарихтың бесаспап зергері

Смагұл Елубай. Қазақтану

Шәкір Ыбырай. Көшпелі мәдениеттің ж а ң а ш а пайымдамасы

АРНАУ ӨЛЕҢДЕР

Хамит Ерғалиев. Жігіт болсақ, шіркін-ай, Ақселеудей!
Сырбай Мәуленов. Бұғылы мен Тағылы
Сырбай Мәуленов. Ақ көйлек

Кеңшілік Мырзабеков. Ақ көйлек 391
393
Қайрат Жұмағалиев. Кезің бұл кемел толысқан 395
397
Қайрат Жұмағалиев. Жезтаңдай 398
399
Жүрсін Ерман. Даламдай дарханым, теңіздей тереңім 400
401
Жүрсін Ерман. Қалжың қалта 402
406
Темірхан Медетбек. Дүниеде үшеу ж ү р
407
Серік Ақсұңқар. Тәңірге ғана бас иіп. 408
410
Серік Ақсұңқар. Сендей болсын азамат! 411
413
Несіпбек Айтұлы. Ақселеу қ ы р ы қ т а 414
416
Несіпбек Айтұлы. Сенде бір Асан Қайғы 417
417
Серік Тұрғынбекұлы. Ақаң, Ақаң - Ақселеу 419
422
Ерік Асқар. Халқыңа әрбір сөзің ырыс болды 422
424
Өмір Кәріпұлы. Алаштың Ақселеуі 425
426
Хамит Жаманұлы. Елуге елге еленіп келді ж а с ы ң
427
Еркін Игенберлин. Елуге келді Ақселеу

Еркін Игенберлин. Ақселеу досқа

Еркін Игенберлин. Ассалаумағалейкум, Ақселеуім!

Сайын Назарбек. Ақселеудің алпысына

Свет Оразаев. Ақселеуге жұбату хат

Свет Оразаев. Арқаның ақсұңқары

Кеңесжан Шалқаров. Журналист досыма

Бақтыбай Аманжолов. Ақтауынан асып ұшқан а қ и ы қ

Айтақын Жексенбайұлы. Бәйтеректей әуеле

Сағынтай Әбішев. Інім туралы ой

Қалиақпар Әбілдин. Жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбековке

Түсініктеме

АЛАШТЫҢ АҚСЕЛЕУІ
Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы

Құрастырған Перизат Өтепова

Редакторы Қуат Құрмансейіт
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов

Корректоры Аяужан Бүркітбаева
Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13

Басуға 10.09.12 қол қойылды.
Пішімі 7 0 x 1 0 0 . Қағазы офсеттік.

Офсеттік басылыс.

Шартты баспа табағы 35,75 + фотосурет 48 б.
Тапсырыс №97. Таралымы 2500 дана.


Click to View FlipBook Version