The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:11:52

1Alashtin Akseleui

1Alashtin Akseleui

жиендерінің қызығын қызықтаған ордалы әулеттің иесі болып отырғандығын
өмір шындығына айғақ болар қарапайым деректермен бастауы - өнер өл-
кесінен інжу-маржан іздеген Илья Жақановтың шығармашылық бітімін
саралап-парықтауға жол ашқан.

Қашанда тамырын тереңге жібермеген дарақтың ғұмыры қысқа. Тумысы
бөлек дарындардың тындыратын қарымды істерінің бір парасы тамырлы
тектілікте жатыр. Тектілікті мойындамау - парықсыздық.

А. Сейдімбек: «Қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туады», -
дей отырып, Илья Жақановтың шыққан тегіне көңіл аудара кетудің еш ар-
тықтығы жоқтығын орынды пайымдайды. Бұл қастерлі жосын ақын Серік
Ақсұңқарұлының:

...Өлексе үшін жұлқысқан болсақ,
Өмірі бітпей кегіміз;
Иттермен бірге туысқан болсақ,
Не болды ата тегіміз?! -

деген «Қасқырдың монологімен» тамырлас.
Илья да жетіру-тамадан шыққан кілең қаракөк Ықылас, Сүгір, Науша

қыз, Боранқұл сияқты дәулескер күйшілер; Мүсәйіп, Сапалай сияқты жез-
таңдай әншілер; Досжан, Бұралқы, Балабек, Мизамбай, Балбике сияқты
айыр көмей ақындар; Орынбор жәрмеңкесінің қос босағасы атанған Мол-
дабай мен Әкімгерей сияқты сал-серілер ұрпағынан екен. Қарымды қалам-
гер кейіпкер шығармашылығы сан салалы болғанымен, саналы өмірі бір-
тұтас мұратқа, қазақ рухын айрықша танытатын әуезді әнге тоғысып
жататындығын байыпты зерделеген. Ән өнеріміздегі дәстүрлі әуен-саздың
сақталуы, ұлттық бояу-нақыштың қанық болуы композиторларымыздан
айрықша жауапкершілікті талап етеді. Бұл орайда Илья Жақанов - ән
өнеріміздің тұңғиығына бойлап, тұнығына сусынын қандырып жүріп,
өзіндік тұлғасын даралай білген композитор.

«Асылым», «Даниярдың әні», «Әсел», «Жайлаукөл кештері» шырқалған
сәтте қамыққан көңілдің нәзік қырларын дөп басатынын айқын аңғарамыз.
Бәкір Тәжібаевтың «Аңбұлақ», Нұрғиса мен Мұқағалидың «Саржайлау»,
Әсет пен Мұзафардың «Маралдым» әндерінің қасына Қайрат Байбосыновтың
үздіге шырқаған даусымен «Жайлаукөл кештері» қона қалған кезде көзге
тамшы алудың айыбы жоқ-ау!

Көкейден кетпес «Әсел» әнінің әуені қандай, сөзі қандай?!

Алыссың, жатсың, білемін, сәулем,
Тағдырға нала не керек айтып?
Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен,
Әселім, сірә, келер ме қайтып?..

Осы жолдарды Илья ағамыз басқа бір ақындарға жаздырса, бәлкім,
осындай әсерлі болмас еді. Өзінен басқа ешкім жеткізе алмайтын әуенге
өзінен басқа ешкім жеткізе алмайтын сөз жазудың жүгі ауыр. Қара сөздің

151

қапысыз зергері Тәкен Әлімқұловтың мына бір сөзі ойға оралады: «Әдеби
жұртшылық мені прозашы ретінде таниды... Бірақ мен бірыңғай поэзияны
қуғанда осы күні ақындар көшінің орта шенінде, алдыңғы қапталында
жүрер ме едім, кім білсін...» («Қазақ әдебиеті», 1983). Иә, Илья ағамыз да
сөйтер ме еді, кім білсін...

Ол кісінің ел ішінен алғаш танып, тұсауын кескен өнерпаздары: Сүгір,
Ақбала, Әлшекей, Қайыпназар, Қалдыбек, Төлеген Момбеков, Генерал
Асқаров, Мәкен Тұрлығұлқызы, Қайырбек Сәрсекеев, Игілік Омаров тәрізді
әнші-күйшілер. Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс - Илья Жақановтың
маршруты осы. Түркияны, Қытайды, Моңғолияны қоспағанда...

Илья Жақановтың «Қайта оралған ән», «Қош бол, вальс», «Екі жирен»,
«Бірінші концерт», «Аққулар қонған айдын көл » тәрізді кітаптары - елжіреп
оқитын туындылар. Осындайда еске түседі, сұлу әуезді Шәмші Қалдаяқов
Ильяның «Еділ-Жайығын» тыңдап отырып: «Мощно! Бұдан кейін бізге не
қалды?!» - деген екен.

Илья Жақановтың халқына рухани қызметші бола беретініне кәміл сене
отырып, осындай жандармен ғана өмір бағасы арта түсетінін айқын ұғын-
ғандай боламыз.

«Пассионар» (Егемен Қазақстан, 19.90.2001 очеркінде Ақселеу Сейдімбек
ұстаз-жазушы, академик-ғалым Зейнолла Қабдолов талантының сан қырлы
қасиетін тілге тиек еткен.

Жазушы- ғалым өз очеркінде Зейнолла Қабдоловтың толыққанды бейне-
сін білікті өремен зерделемейінше, мақсат межесінен шыға алмасын жете
түсінген. Өнер табиғаты туралы таным-түсінігі телегей-теңіз А. Сейдімбек
басқаша образтанымдық сараптауларға арқа сүйей білген. Ондай нысаналы
нышандар очерк беташарынан айқын аңғарылады: «...Адамды дүние-тір-
шіліктің діңгек тұлғасы деп тану идеясы қазақтың шежірелік зердесінде,
қария сөздерінде айқын көрініс тапқан. Қазақ шежіресінде Адам - тарих-
тың тұлғасы, ал Адам сапасы - тарихтың қозғаушы күші.

...Сапалы Адам идеясы қазақтың қария сөздерімен шектеліп қалмаған.
Ұлы Абай айтатын «толық Адам», Мұхтар Әуезов айтатын «кемел Адам»,
түптеп келгенде, халықтың дәстүрлі талғам-түсінігінің бүгінгі өмірімізбен
сабақтасып жатқанын зерделетсе керек.

Әрине, сапалы Адам өткеннің ғана көкейкестісі емес, дүние-тіршілік
сапалы адамға бүгін де зәру. Шүкір, қазақ халқы қандай кез-кезеңде де
сапалы Адамнан құралақан болмаған.

Л.Н. Гумилев айтатын, ұлт рухын асқақтататын да, аспандататын да,
міне, осы сапалы Адамдар - пассионарлар.

Зейнолла Қабдолов - шын мәнінде сапалы Адам».
Зейнолла Қабдоловтың сапалы Адам қасиетіне бөленуі бір ғана қабілет-
қарымында, біліктілігінде емес. Шәкірттерін абзал арман, асыл мұрат шуа-
ғына бөлеп, кісілік пен ізгіліктің кіршіксіз ақ жағалауына алып шығуында.

Байыбына барып сөйлеп, байыбына барып іс қылған салауаттылық әркім-
нің талайына бұйырмаған. Әркім өзіне-өзі ұстаз, өзіне-өзі төреші болғаны

152

абзал. Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел. Баршамыз пайымдауға тиісті
бір-ақ ақиқат бар: әркім өзін-өзі тәрбиелемей, қоғам түзелмейді.

Айтсаң ақылың жетпестей, ойласаң қиялың жетпестей ғажайып ғалам
алты қат аспан үстінде емес, тап өз іргеңде, Зейнолла Қабдолов тәрізді
айырықша болмыс-бітімді парасат иелері екендігін сезінуде екен.

Енді таратыңқырап түйіндейтін Ақселеу Сейдімбектің өз очеркіне жү-
гінейік: «...Қазіргідей құбылмалы заманда құбылмай ғұмыр кешудің өзі
оңай шаруа емес. Бұл сияқты адамдық қалыптың түзулігі, сөз жоқ, бойға
біткен парасат қуатының тегеурінділігін танытады. Әрине, ондай тегеурін
әсте өзімен-өзі болып, томаға-тұйық қалмақ емес. Төңірегіне шапағат нұрын
шашып, сасқанға сабыр дарытып, асқанды тәубесіне келтіріп отырмақ.
Содан да болар, Зекеңнің жай ғана дидарласып, сәлеміңді алғанының өзі-
ақ ат мінгізгендей ғой. Әлгі қай заман, қай қоғамда да өмір-тіршіліктің
реттілігіне ұйытқы болып жүретін сапалы Адам дейтініміз, міне, осы
Зейнолла Қабдолов сияқты жаратылысы бөлек жандар болса керек».

А. Сейдімбек Зейнолла Қабдолов талантының тағы бір қыры - суреткер-
лік қабілетін де сөз ете отырып, оның қаламынан туған қай шығармасын
алсақ та, ешбір жанды бейтарап қалдырмасын аса зор ілтипатпен атап өтеді.

Жиырмасыншы ғасырдың өрлеу кезеңі - елуінші жылдардың соңын
ала және күні бүгінге дейін Зейнолла Қабдоловтың публицистикалары мен
эсселерін, зерттеулері мен зерделеулерін көңіл қоймасына жинап, содан
рухани азық алмаған жан кемде-кем. Әсіресе шындықты тірек еткен, талай
жас жүректерге қозғау салған «Ұшқын» мен «Жалын» романдары қазақтың
ең киелі қазынасы - сөз өнерін жаңа белеске көтерді.

Жанры да, жарығы да өзгеше бітімді «Менің Әуезовім» роман-эссесі де
ұстаздық пен ұлылықтың біте қайнасқан куәгері ретінде көңілге ұялайды.

Ғалым ретінде Зейнолла Қабдолов әдебиет теориясының өрісін ұзартып,
өресін биіктеткен құнарлы еңбектерімен белгілі.

Алғашқы ғылыми еңбегіне тақырып ретінде «Абай лирикасын» алды.
Бұл тырнақалды жұмысы Мәскеуде өткен студенттердің Бүкілодақтық
байқауында жеңімпаз атанды.

Қаламгер ғылыми-зерттеулерінде алған тақырыбына тән негіздерді
ашып, мәнді деректерді бірден алға тарта сөйлейді. Тақырыпты жіктеп көр-
сету арқылы басты міндеттерді оқшаулап, айқындап, анықтап көрсетеді.
Бұл - ғалым стиліне тән тұрақты тәсілдердің бірі.

«Жанр сыры», «Әдебиет теориясы негіздерінде» атты еңбектерінде
3. Қабдолов ғылыми көркем стиліне жаңа сипат береді. Теориялық ауырлау
қағида түйіндерін қарапайым көркемдік деңгейлерге келтіреді. Теориялық
атаулар қазақ тіліне тән үлгіде алынғанымен, мағынасын ашуда мүлде жаңа
концепция ұстанады. Бұл 3. Қабдоловтың ғылыми стилінен туындайтын
құбылыс еді. Очерк авторы 3. Қабдоловтың сапалық қасиеттерін саралау
үстінде ғылымдағы өзіндік тұлғасын даралап, шебер талдаулық негіздерге
жол ашқан.

153

Очерк - қысқа әрі нұсқа боларлық жанр ғой. А. Сейдімбектің әр сөйлемі-
нің астарында батпандай салмақ бар. 3. Қабдоловтың 52 жылдық ұстаздық
жолын майдан қыл суырғандай таратып беруге қарым-қайраты молынан
жетсе де, очерк табиғатымен санаспауға да болмайтынын автор зердемен
пайымдаған.

Сондықтан болар, А. Сейдімбек 3. Қабдоловтың білім мен ғылымның,
кісілік пен ізгіліктің, ар мен ожданның ордасы - ұлттық университеттегі
жарты ғасырдан астам ұстаздық қызметін құнарлы ғылыми еңбектерінен
байқалатын ағартушылық сипатымен шендестіре білген: «...Бұл кісінің
ғылыми еңбектерінде ұдайы оқырманын қаперге алып отыратын ағарту-
шылық сипат бел алып жатады. Мұнысы, әрине, Зәкеңнің болмысындағы
суреткерлік, ғалымдық және ұстаздық қасиеттердің, ошақтың үш бұтындай,
біте қайнасып жатқандығынан деп бағалау керек».

Ұлттық университеттің қасиетті аудиториясында өмірін ғылым мен бі-
лімге, кісілік пен ізгілік жолына арнаған жан ғана ұлағат тарата алады.
Әдебиет сабағының ар мінбесінде тек Алатаудың қарындай аппақ, тап-таза
ардың, Алатаудың өзіндей аспанмен таласқан биік мұраттың адамдары ғана
ардың сабағына, адамгершіліктің үніне айнала алады. Есімі ел аузынан
ертегіге айналатын, ұстаздың ұлағаты, өмірлік өнегесі өсер ұрпақтың ме-
рейін тасытатын, мақтанына айналатын жайсаң жандар мен тарлан талант-
тар да солардың арасынан шығады. Зейнолла Қабдолов - дана табиғат сирек
жарататын дарқан дарынды шығармашылық тұлғалардың бірі.

Ұстаздық ұлы ұғым болғанда, ұстаз - сол істі атқарушы ұлы бейнет иесі.
Ұстаздықтан асқан ұлы істі табу қиын.

Зейнолла Қабдолов - жоғары мектептің маңдайына сирек бітетін шын
мәніндегі ұлы ұстаз.

А. Сейдімбектің келесі бір очеркі «Көшпелі өмір-салттың сүт кенжесі» -
ғалым, жазушы Қойшығара Салғараұлына арналған. Очерктің бастау тұ-
нығында Ақселеу Сейдімбек өзіне тән шығармашылық парасат діліне сүйене
отырып, Қойшығара Салғараұлы өмірінің ғибратты сәттерін толыққанды
жинақтауға мұрындық болар нысана-пайымдауларды алға тартуға айрықша
ден қойған: «...Әдетте этнологтар бір ғасырдың аясында шамамен төрт
толқын ұрпақтың ғұмыр кешетінін айтады.

...XX ғасыр аясындағы үшінші толқынның алды алпысты алқымдап.
арты қырықтың қырқасынан асып кетті. Бұл халқымыздың мәдени-ру-
хани әлемін жаңа сапаға көтере алған ерекше тегеурінді толқын болды.
Ақындарымыз: Мұқағали, Жұмекен, Фариза, Мұхтар, Тұманбай, Қадыр.
Сағи, Жұматай, Кеңшілік, Есенғали... Жазушыларымыз: Әбіш, Мұхтар.
Қабдеш, Оралхан, Қалихан, Сайын, Төлен... Сазгерлеріміз: Шәмші, Әсет...
Әншілеріміз: Жәнібек, Қайрат... Суретші, сәулетші, мүсіншілеріміз-
санамаласақ, мәртебеміз одан әрі көтеріле түседі...

Бұл ұрпақтың жеке тұлға (личность) ретінде қалыптасу кезеңі сонау
40-50-60-жылдарға тұспа-тұс келді. Яғни, Отан соғысы деп аталған аласа-
пыраннан кейінгі елдің шегіне жете тұралаған шағы ғой. Бұл кезеңде мемле-

154

кет тарапынан ешқандай әлеуметтік көмек көрмеген қазақ ауылдары қол-
да бар төрт түлік малдың сүмесін тіршілігіне тірек етіп, күн көруге мәжбүр
болды. Былайша айтқанда, әлі де болса этностың жадынан көмескіленіп
үлгермеген көшпелі өмір-салттың шаруашылық-мәдени жүйесі қазақ ауыл-
дарының әлеуметтік өміріне қайтадан негіз бола бастады... Демек, XX ға-
сыр аясында ғұмыр кешкен үшінші толқын ұрпақтың рухани әлеміндегі
иісі бұрқыраған дәстүршілдікті, төлтумалықты осындай қисындармен шен-
дестіруге болар. Бұл ретте XX ғасырдың үшінші толқын ұрпағын көшпелі
өмір-салттың сүт кенжесі десе де жарасады...» («Жас Алаш», 6.01.2000).

А. Сейдімбек осындай ой жосықтарын салыстыра әрі қабыстыра оты-
рып, XX ғасыр аясындағы үшінші толқынның көрнекті өкілі ретінде
Қойшығара Салғараұлы турапы орнықты ой сабақтайды. Кейіпкер бейнесін
сомдауда ұзын сонар баяндаулар жетегінде кетпей, сезімге қозғау салар
ұтымды детальдармен айшықтау - көркем очерк табиғатына тән тәсіл.

Тіршілікке тән қасиет пе әлде өзін-өзі шарболаттай шыңдаудан теліп
алған мінсіз мінез бе, қалай десек те, Қойшығара ағамыздың тал бойына
өнеге тұтар қастерлі қасиеттер тоғысқан екен. Сол мінсіз мінезін саралауда
Ақселеу Сейдімбек әбден сіңісті болған «талантты», «дарынды» сөздерінен
бой тартып, «жақсы адам» деген тұңғиық тіркеске үміт артады: «Қазақта
«жақсы адам» деп келетін сөз тіркесі бар. Жақсы адам болу үшін ерен
ерлікпен, ерекше даналықпен немесе ғажайып өнерпаздықпен жұрттан
асудың қажеті жоқ.

...Жақсы адам болу - кез келген басы жұмыр пенденің адамдық қасиеті,
керек десеңіз, адам ретіндегі міндетті парызы. Қазақ өмірдің қадір-қасиетін,
мән-мағынасын жақсы адамдармен өлшейді...»

Жақсы сөзді жарты бақытқа балаған қазақ қауымы жақсы адаммен сұх-
баттас болса: «Бір жасап қалдым», - деген. «Жақсының көзі», «тұлпардың
тұяғы», «алтынның сынығы» деп жақсының жалғасы - келешек ұрпағынан
да үміт еткен. Бұрынғылардың көңілі түскен жақсы жанға астындағы
пырағын ұсына салар мәрттігі - көшпелі өмір-салтынан бері қуаныш пен
қайғыны тең бөлісіп, тағдыр-талайын ортақтастырып өмір сүрудің кепілі.
Бұл игі дәстүр ғасырлар қойнауында көмескіленіп қалмай, бар ажарымен
халықтық қалыпқа айналған.

Жарықты кім көрмейді, алайда соның шуақты нұрын мойындауға кел-
генде, көп жағдайда, парықсыздық танытамыз. Маңайдағы адамдардан аз
ғана болса да жақсылық нышанын, жақсы қасиетті табуға құлшыну, нұрын
тасытуға ұмтылудың өзі бір ғанибет нәрсе. Мұндайда ой иесінің барынша
ашық, кірсіз мінез, жан шуағының мол болмағы қажет.

Бір нәрсе айқын: жан жылуын азайтып алмай, рухы берік жандардың
сөзіне, парқына, нарқына әрқашан да бой салып қарап жүру - Ақселеу
Сейдімбек кісілігінің, қалыбының бұлжымас бағыты. Рухани кемелденудің
төте жолы - рухы мықтыларға арқа сүйеу. Осындай озық үлгіге еліктеген
сайын кеудеңе таңғы тұнық ауа құйылғандай сезінесің.

155

Очерк авторы бұдан кейін Қойшығара Салғараұлының тарихты тағы-
лым ету, халықтың нақтылы ғұмырнамалық тұлғасын айқындайтын шы-
ғармашылық жолына бет бұрады. Әсіресе Қойшығара Салғараұлының түр-
кі әлемін түп-тұқияннан барлай шұқия зерттеп, жаңаша көзқарасқа ден
қойғанын барынша қанық суреттейді.

Қойшығара Салғараұлы шығармашылығындағы ерекше ықылас ауда-
ратын жағдай - тәуелсіз тарихи таным пен көзқарасты қалыптастыруға
деген ғылыми құштарлық. Қ. Салғараұлы тың тұжырымдар мен болжамдар
жасайды. Рас, көшпелілердің өткен дәуірі жөніндегі пікірлердің қилы-
қилы қыспақтан өтіп, еуроцентристік бағытта баяндалғаны шындық. Та-
рихшылардың өздері де бұдан бас тарта алмай жүр. Осы кемшіліктің орнын
толтыратын ой тамыздығы Қойшығара Салғараұлының нысаналы пікірлері
болады деп ойлаймыз. Біздің пайымдауымызша, оқырманды ойлауға, се-
бебін түсінуге жетелейтін тарихи баяндаулардың мән-маңызына жете
көңіл бөліп жүргеніміз жоқ. Шындығына келсек, танымның негізінің өзі
тарихи көркем талқы арқылы қалыптасады ғой. Парасаттың мәйегінде
шайқалып, халықтың көркем елегінен өтпеген тарихтың өзі де өлі тарих бо-
лып есептеледі.

Мысал үшін скиф, сақ, массагет, иози тайпаларының барлық рухани мұ-
расы көшпелілер еншісіне тиесілі болса да, тарихшылар мұны «иран тілдес
мемлекет» деп бағалап келеді. Бұған қоса Қазақстанның ресми тарихында
да солай жазылған. Ал Қ. Салғараұлы мүлде жаңа тұжырым ұсынады.
Скиф, сақ, массагет тайпаларының түркі тілінде сөйлегендігіне мынандай
дәйектеме келтіреді: «Геродоттың бірінші аңызындағы Тарғытайдың есі-
мін көне түріктік ұғымдағы Тағ-атай, яғни Тау-атай, ал оның балалары:
Липаксайды - Ұлығсай, Арпақсайды - Ортақсай, яғни Арасай, Қолақсай-
ды - Кішігсай деп қабылдаған дұрыс па деймін...» (Қ. Салғараұлы. Түрік
әлемі. -Астана: Елорда, 2000. - 80-бет).

Қойшығара Салғараұлының бұрынғы қалыптасқан ғылыми жүйеден
өзгеше өзіндік ғылыми көзқарасымен пайымдаған тың тұжырымдамала-
ры да бар. Мысалы, қытайлықтар сяньби атаған, біздің қазақ ғалымдары
сәнби (сиәнби - Қ. С.) атап жүрген тайпаның қазақ тәрізді ет жеп, қымыз
ішетін, киіз туырлықты көшпелі ел болғандығын айтып өтуі дұрыс ғылыми
шешім болған. Қытайлықтар сиәнбилердің көшпелі ел екендігін жазған да,
бірақ қандай халықтар тобына кіретінін жазбаған. Оларды моңғол тайпалары
деп жүрген - кейінгі ғалымдар, оның ішінде ол пікірді алғашқылардың
бірі болып Н.Я. Бичурин де айтқан болатын. Сиәнбилердің сол замандағы
қоныс тепкен жерлері қазіргі Моңғолия жері мен оның шығыс жағындағы
аймақтар болуы осындай жаңылыс пікірге жетелеген болар. Қойшығара
ағамыздың тарихи танымының ұшқырлығының арқасында сиәнби тайпасы
біздің елден алыс емес тайпаның бірі екенін біліп отырмыз.

Иә, қаламгерлік қарымы мен зерттеушілік қабілеті тел тоғысқан, озық
ойлы көзқарасымен тарихымыздың тереңінен сыр шерткен Қойшығара

156

Салғараұлының бергенінен берері көп екеніне сеніміміз мол. Жазушы-
ғалымға үлкен мәртебе жолында сәттілік тілейміз.

Халықнамалық пайымдар

«Этнография (грекше еtһпоs - тайпа, халық, gрһао - жазамын) - қоғам-
дық ғылымның тайпалар мен халықтарды және ертеде өмір сүрген көне
этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың
өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және
мәдени қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты зерттейтін
ғылым саласы» [30,558]. Очерк зерттеуші М. Шындалиеваның пікірінше,
этнографиялық очерктер халық өмірін тікелей бақылаудың нәтижесінде
көзбен көріп, қолмен ұстап, сан алуан деректер жинап барып, өткен өмір
мағлұматтарын қазіргі деректермен салыстыра отырып жазылады. Әр ха-
лықтың тұрмысы мен мәдени дамуының тарихи процесінде бақыланған
негіздерге сүйенген жағдайда ғана толыққанды этнографиялық очерктер
жазылады.

Ақселеу Сланұлы «Ойсылқара» атты этнотанымдық очеркінде қазақ бол-
мысының ат байлар қазығы - көнекөз Қожабек қарияның төлтума қасиетін,
ата кәсібі түйе түлігіне деген адалдығын тілге тиек етіп, баба бойындағы
қазақы қалыпты тартымды ашып көрсетеді.

Асарын асап, жасарын жасаған Қожекең алтын босағасының берекесін
бағып, кәрі қойдың жасындай сарқынды тірлігіне шүкіршілікпен қарап
отырмай ма жайына?!

Жоқ, тірлік ата кәсібіне - жарықтық түйе түлігіне тірелгенде жай-
барақат қала алмайды. Қалыпты сабырлылығынан айырылып, аяқ астынан
бая-шая болып, көкірегіне тұнған зілді барынша ақтарып төгеді: «Ауыл
арасында аяғын шаңдағаннан аспаған өңшең шірік! Нарға - ашамай,
қоспаққа жазы салып көрмеген соң, түйеде несі бар деймін-ау бұлардың!
Әлгі, кешегі күзеуге көшіп-қонамын деп алып кеткен сары інгеннің
өркешінен қанын сорғалатып әкеп тастапты... Қап, обал-ай! ...Түйе тіздеп,
тізесін бүктіріп көрмеген өңшең тікбақайлар сол...

«Нарым қымбат, нарымнан да арым қымбат», аузын үріп, аяғын
сыпырған малымның арқасына батқан қада менің жүрегіме батады
деп неге ойламайды бұл жұрт?» (Сейдімбек А. Ойсылқара. - А., 1991. -
243-244-беттер).

Қазақ тірлігіндегі теңдесі жоқ екі асыл: ең сұлу қызын - ботакөз, ең
жүйрік сәйгүлігін - ботатірсек деп атаған. Қол жетпес сұлуы мен жел
жетпес жүйрігін түйе баласына ғана теңегенін бір кісідей пайымдай біле-
тін Қожекеңнің күйзелісі «тал бойына тұтас бір ғылым мен мәдениеттің са-
ласын жинақтаған, өз ісінің академигі сияқты» қадірлі қарттарымыздың
арман-аңсарындай көрінеді.

157

Жазушы зерделеуінше, төрт түлік мал - күнкерістің негізгі тірегі ғана
емес, бар игіліктің басы, қазақ қауымының рухани әлемі.

Ұлы Дала сырының, өз қарекетінің майталман білгірі, дала академигі
Қожабек қария түйе түлігіне байланысты көрген-білгенін, көңілге түйгенін
былайша сыр қып шертеді: «...Түйенің жаңа туған жас төлі бота делінеді.
Еркелеткенде ботақан, боташым дейді. Ботадан кейін бір мен екі жас
арасында тайлақ болады. Одан әрі түйенің сұлуланған еркегі - құнан атан,
дөнен атан, бесті атан, атан делінеді. Төрт жасқа дейінгі бура жалғыз өркешті
болса үлек немесе нардың бурасы дейді.

Тайлақтан өтіп, бураға қосылар шақтағы ұрғашы түйені бүлдіршін не-
месе бұзбаша дейді. Тіліміздегі «Бұзбаша көзін сүзбесе буыршын бұйдасын
үзбейді» деген сөз содан қалған.

...Боталаған түйені жасына қарамай-ақ, айыр өркешті болса інген, жал-
ғыз өркешті болса аруана, мая, нардың інгені деп атай береді.

Айыр түйенің асыл жақсысын жампоз десе, нардың тектісін жампоз нар
дейді» (Сейдімбек А. Ойсылқара. -А., 1991.- 250-бет).

Түйе түлігі ауруға өте осал келеді. Осы малға арнап табиғат жіберетін
түрліше аурудың өзі де тым ауыр екен. Бізде осы түлікті малдәрігерлік тұр-
ғысынан қамту жағы ешқандай сын көтермейді.

Ал Қожабек қарияға түйе аурының небір сыры мәлім. Түйе малында
кездесетін қара без (жамандат), сарысу (су ауыруы), тілбас (аусыл), құмыр
(өкпе құрт), сүмек (жілік құрт), көк жорға (буын ісігі), қотыр, қоскіндік
сияқты ауруларға қолданатын өзіндік ем-домы жетерлік.

Көз алдыңда өтіп жатқан парасат-кісіліктер, этнотанымдык ой-тол-
ғамның жосығы өзіңді де бейтарап қалдырмайды. Ақселеу Сланұлы сияқты
зерттеуші-саятшыдай жортқан аңды өкшелей қуып жеткің келіп тұрады.

Адамзат қауымына ғасырлар бойы қалтқысыз еңбек сіңірген түйе түлігі
жайлы кітап жазса да көптік етпейді. Дегенмен, түйе малы туралы біраз
жайларды айтып кетудің артықтығы болмас.

Кейде маған осы бір көнбіс жануар қара жермен бірге жаралғандай
көрінеді. Осы түліктің арқасында Әбу Әли ибн Сина мен әл-Бируни жен-
деттерден қашып құтылып, шөлден аман қалыпты.

«Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы қыпшақ Әбу Насыр әл-Фарабиді
Тараздан Бағдатқа жеткізген жарықтық түйенің қомы емес пе?! Марко Поло
мен Семенов Тян-Шанский, Шоқан мен Потанин - қаншама жаһанкездер
мұның еңбегіне алғысты еді. Түйенің күретамырынан сығып алған бір аян
қан жаһан кезген зерттеушіге, болмаса қаңғып жүрген дәруішке жан бі-
тірген. Тіршілік тауқыметіне төзімділігі жағынан, қазақтың өзі сияқты,
түйе малына ешбір түлік тең келмейді.

Жылқы, қой, сиыр жемейтін қылтанақты шөп атаулының бәрімен
рахаттана қоректенеді. Түйе жарықтық ауызды алты салып, алты рет жұлса
алты күнге ашықпайды. Қанып бір су ішсе, қырық күнге шыдайды. Басқа
мал қаталап бара жатса да татып алмайтын ащы судың өзін ашырқанбай,
сораптай береді.

158

Түйе түлігінің табиғи жайылымдарды тиімді пайдалануда да еңбегі зор.
Басқа малдың тұяғына кіріп, түрлі ауруға ұшырататын тікенді шөптер-
мен қоректеніп, қой мен жылқыға ақысыз-пұлсыз жақсы жайылым жасап
береді. Сонымен қатар оның жалпақ табаны мен жұмсақ ерні топырақтың
құнарлы жоғарғы қабатын бұзбайды.

Екі өркешіне жүз килограммға жуық, яғни бір центнердей май жинай-
ды. Май болғанда қандай, оған жылқының жал-жаясы ғана теңесе алады.
Түйе жүні ғарышқа ұшатын ғарышкерлердің бас сауытына (скафандрына),
ақ қардың арасында қыстап ғылыми зерттеулер жүргізетін поляршылардың
киімі үшін де пайдаланылады екен. Әлеуетті атан түйелер отыз пұттан
астам жүкті көтеріп жүре береді. Інген түйелер он сегіз ай бойы сауылады.
Осыншама ұзақ мерзім бойы құнарлы сүт беретін басқа қандай түлік бар?!

Түйе сүтінен жасалатын шұбат өзінің тағамдық қасиетін он екі күнге
дейін сақтайды.

Қытай елінде түйе етінен алуан түрлі өте күшті дәрі-дәрмек жасайтын
көрінеді.

Қазақ әлемінің осындай этнотанымдық құндылықтары әрбір қыр ба-
ласының.жадында мәңгі сақталуы керек. Ақселеу Сейдімбектің келер күн-
нен үміт күтер түпкі нысанасы да осында!

Жазушы халық болмысындағы алтын тінді жазбай танып, төлтума
асыл мұраны жас ұрпақ игілігіне айналдыруды көздеген. Әу бастағы
өмірдің алтын қазығы, артар үміті, бал тілегі - ата салт болмыс-бітімінің
уақыт уысында жентектелмей, сонардағы іздей мөлдіреп жатуын бар
ділімен қалайды. Сонымен бірге, қазақ танымына жиі-жиі тамыздық салып
отырмаса, зерде шырағының шалқи жанбасын да сарабдал сергектікпен
пайымдайды. Әңгіме соңы да жазушы ой-толғамының инабатты иіріміндей
әсем аяқталады: «...Осы бір шалғай ауылдағы шағын шаңырақ астындағы
қарапайым көрініс - мынау байтақ әлем, кең дүние дидарында «бақыт»
деген шынымен бар болса, ол - осы болар дегізгендей еді» (Сейдімбек А.
Ойсылқара. -А., 1992. - 253-бет).

Иә, қазақ деген елде зәредей болса да бақыт, жақсылық болса, осы тәріз-
дес шалғай ауылдағы шағын шаңырақтың астынан тарап жатқандай тұнық
сезімнің аясында қалдық.

Келесі этнографиялық очеркінің бірі - «Сәйгүлік».
«Күмбір-күмбір кісінесіп, сыңғыр-сыңғыр шұрқырасқан үйір-үйір алалы
жылқы бағзы заманнан бері Ұлы Дала төсінің көз тоймас көркі, сарқылмас
берекесі болып келген.
Халықта «Ат жалын ұстап мінгелі бері...» деген сөз бар. Бұдан ат -
қазақтың өмірлік серігі болғандығы аңғарылады. Ақын:

Адамның баласындай сагынарың -
Сенің де өз үйірің, жануарым! -

дегенде тұңғиық тарихқа бойлаған.

159

Қазақтың жерін, салтын тұтас бірлікте сақтауда жылқы түлігінің ат-
қарған қызметі ересен. Жазушы Ақселеу Сейдімбек «Сәйгүлік» очеркінде
қылқұйрық нәсілінің тарихын былайша өрбітеді: «Техника күші қолғанат
болғанға дейін (кейін де) сәйгүлігін сайлап, тарланын таңдап міне алған
елдің айы оңынан туып отырған. Орта ғасырға дейін аттың жалын тартып
мініп, үзеңгіге табан тіреген елдің айбары астам, мерейі үстем еді. Сонсоң да
айшылық алыс жерді жақын етер пырақтың ұшқырлығы мен күшіне, мінезі
мен бітіміне адамзат баласы ұдайы көңіл бөліп отырған. Осыдан елу миллион
жыл бұрын өмір сүрген тоқтыдай ғана ұсқынсыз эогиппусты жылқының
арғы тегі еді дегенге, білікті зоологтар болмаса, былайғы жұрттың сене
қоюы екіталай. Қолға үйретілген жылқы туралы ең алғашқы дерек біздің
жыл санауымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта кездеседі. Содан бері
адамзат баласының тарихын жылқысыз елестету мүмкін емес» (Сейдімбек
А. Сәйгүлік. -А., 1991. - 298-бет).

«Сәйгүлік» очеркінде, сырттай қарағанда, ат спортының жайын сөз
етерлік сыр айтылатын тәрізді. Делебе қоздырып, бүйір қыздыратын өзекті
мәселеге үн қосуды қалаған тілектен туса керек. Әйтсе де, байыпты зердеге
жүгінген жанға көзге шалынбас аңсарларды, арқауы үзілмес этнотанымдық
құндылықтарды аңғаруға болады.

Әрісі көшпелілердің, берісі қазақ халқының жылқы түлігі туралы өзін-
дік орныққан таным-талғамы болған, Көз ұшындағы қылаң еткен қыл-
құйрықтың тегін қапысыз таныған сыншылар, ерекше зерек адамдар бол-
ғаны белгілі.

Жезді ауданы «Ұлытау» кеңшарының байырғы тұрғыны, көнекөз Тай
Тілегенов ақсақалдың тамыршыдай тап басатын сыншы, атбегілік қасиеті
туралы былайша ой толғайды: «Тәкең жарысқа қатысатын аттарды аралап
келе жатыр. Жаңаарқа ауданының Шалқасқа атты күреңқасқа атын көріп
екі-үш рет айналып шығып: «Атың жетіден сегізге қарайды екен. Шешесі -
қазақтың қарабайыр биесі де, әкесі түркіпеннің текежәуміт жылқыларының
бесті айғыры екен... Мұның жүйрік болуына бір себеп - шешесінің құр-
сағында еркін жатып, жетіліп туған. Ал сырт пішініне көз салсам, қазақ
армандайтын аттың мүшесі осыдан табылып жатыр. Аттарды 25 шақырымға
айдайды деп естідім, не керек, Шалқасқаның өнерін 40-50 шақырымға айдап
көрсе ғой...» {Сейдімбек А. Сәйгүлік. - А., 1991.- 300-301-беттер).

Мысал үшін, жолаушылап келе жатып, қырқаның астынан кісінеуінен
құлынды: «Мынау баяғы жоғалған айғырымның көзі ғой», - деп оқыста
танитын сыншыларға ел аузы куә. Жат үйірде талас басталғанда құлынның
құйрығының астындағы баданадай қара меңді көрмей жатып аңғаратын,
бұлтартпас айғақ заттай ұсынатын қазақтар кезінде аз болмаған. Қара сөздің
қадірін қастерлей білген қайран Ғабит Мүсірепов мұндай адамдарды атпаз
деген екен.

Жүйрік аттың айнымалы қаршығадай қатесіз күтім тілейтінін кезінде
Еңбек Ері болған мал өсірудің ісмері, алтайлық Бошай Кітапбаев жақсы
білген. Қорегі мен ішер суына дейін жіті талғам тілейтін, баптауы қиын,

160

өте кірпияз сәйгүліктерді 1600 шақырымдық жерге бабын бұзбай жеткізген
Бошай бапкердің зердесіне таңғалмасқа болмайды.

Бәйге атына бидай беруге болмайды, Кәнігі бапкер түйген арпа, жо-
ңышқа береді. Арқада қымызбен сусындатып, тобылғының бүршігімен
қоректендіреді. Әлбетте, бұған текті жылқылар ғана шыдайды.

Ақселеу Сланұлы шын жүйрікке тән мінез-бітімнің әр алуан қасиет-
терін былайша сараптайды:

«Бірінші, еркектен алған үш мінез - жайдары мінез, сергектік, мойымас
күштілік;

Екінші, әйелден алған үш мінез - сұлу денеге жарасқан жібек жал-
құйрық, әсем біткен шығыңқы кеуде, қимылындағы көз тоймайтын ың-
ғайлылық;

Үшінші, қояннан алған үш мінез - бас бітімінің етсіз жеңілдігі, көз
ауданының кеңдігі, ұшқырлығы;

Төртінші, түлкіден алған үш мінез - түлкідей тік жортатыны, құ-
лақтарының әдемі бітімі, құйрықтың қылта түбінен бастап ұшына қарай
сүйірлене жаралуы;

Бесінші, есектен алған үш қасиет - оймақша дөңгеленген төрт тұяқ, етсіз
жақ, тамақ астының кеңдігі» (Сонда. 306-бет).

Үйренуге, өнеге тұтуға ықылас болса, ел ішіндегі сыншылардың, ат-
бегілердің, бапкерлердің үзілмес дәстүрі баршылық екен.

Жылқы түлігі жүйріктігімен ғана бағалы емес, толып жатқан қасиеті-
мен қастерлі. Жылқыдан есті, адамға одан адал, жылқыдай берілген түлік
жоқ!

...Сұрапыл соғыс кезі болса керек. Кезекті жорықтан оралып келе жат-
қан партизандар орман шетіне таяу қыбырсыз тұрған жалғыз атты көреді.
Барлық сақтық шараларын сақтап, жақындап келгенде адам сенгісіз жағ-
дайдың куесі болады. Шамасы, көп күндер өтсе керек, мойын жетер жердің
шөбін тақырлап тауысыпты. Бірақ одан артық бір қадам жерге шығандап
ұзамапты. Өзі қабырғасы көрініп, өте жүдеген. Бұл не деген құпия деп
жауынгерлер аң-таң. Сөйтсе, дәл қасында қанға малынып, шейіт боп кеткен
иесі - жауынгер жатқан екен. Ол жердің шөбі иесінің денесін жасырарлықтай
жайқалып тұр. Қасиетті жылқы түлігі, өлуі бар, ол шөпке ауыз салмаған.
Адам атаулының өзінде сирек ұшырайтын адалдық биігінде мәңгі бақи
қалуға пейілділік танытқан Қамбар ата нәсілі осындай!

Тағы да мысал үшін. Тұлымы селтиген бес жасар қыз гүл термек боп
жалғыз өзі қырға шығады. Гүл терудің қызығымен қыз бала ауылдан ұзап
кеткенін білмей де қалады. Сол екі ортада күн батып, көз байланады. Ата-
анасы қыздарын кеш түскен соң барып іздейді. Ауыл маңынан қыздарын
таба алмаған олар дереу милицияға хабарлайды. Милициясы бар, ауылдың
ересек адамдары бар, тайлы-таяғы қалмай, кішкентай қызды іздеуге шы-
ғады. Олар маңайды қанша шарласа да, қыз бала табылмайды. Үшінші күн-
ге қараған сәске түсте кезектесіп жекенің малын бағып жүрген екі қарт кісі
қамысты өзен жағасында бастарын төмен салып, қоршалана тапжылмай

161

тұрған үш жылқыны байқайды. Бұлар бүйтіп неге тұр деп жақындап кел-
генде, екі қарт өз көздеріне өздері сенбей, қалт тұрып қалады.

Жерошақтың аумағындай шұңқырда кішкентай қыз бала ұйықтап жа-
тыр да, үш жылқы демдерімен оны жылытып тұр. Айналада қасқырдың ізі
де байқалады, оларды тырқырата қуған жылқылардың тұяғы қара жерді
қорыс қып тастапты...

Міне, осындай мінсіз мінездері бір басында бас қосқан жылқы түлігі қай-
тіп қана қазақтың қанатына, аяулысына айналмасын?!

Қазақта екінің бірі «Ат - ердің қанаты» дейді. Бірақ сол қанаттың тегін
екінің бірі білмейді. Ал өткенді білмей, бүгінгіні түсіну қиын. Бағзы заманда
қарапайым қазақ: «Көгілдірік, көк дөненге жарасар өмілдірік», - деген.
Абай жарықтық: «Қар тепкенге қажымас қайран жылқы», - деп жырлаған.
Жылқының қар тепкенге қажымас қайратына сүйсінген ақын оның халқына
айрықша қымбат екенін «қайран» деген сөз арқылы жеткізген. Саны азайып
бара жатқан түлікті саналы сағынышпен еске алады.

Күйші Тәттімбет төренің қызына жолдаған хатында: «Баласы ең өзі жор-
ға қаракөктің, іліндің ауызына дүйім көптің», - деп сұлу қызды жорға
жылқыға теңейді. Бұрынғылар: «Сәбиінде жылқының етін жеп, сүтін іш-
кен адам көкірек ауруға шалдықпайды», - деген.

Татар халқының білімді ақын-жазушылары Ғабдолла Тоқай мен Ға-
лымжан Ибрагимовтың қазақ даласына барып, қымызбен емделгені белгілі.
Дана жазушы Лев Толстойдың Башқұртстанға барып, қымызбен емделгенін
еске алайық. Сәті келгенде айта кетудің жөні болар, көз ашқаннан бал
қымызды мейірлене ішкен, қазы-қарта, жал-жаяға кекірігі азған шоқтығы
биік Шоқанды көкірек ауруынан қаза болды деп қаралай берудің өзі
парықсыздық. Бұл - арнайы тақырыпқа өзек болар өзгеше әңгіме.

Жылқышының қақаған қыстан қыңбауында, сауыншының сарша та-
мыз, шілдеде шымырлануында жылқы түлігімен тамырлас табиғи сыр бар.
Енесінен ажыраған құлынның еті сағыныштың сәтінен дәмсізденетінін де
қапысыз танушылар - көкіректері жүйрік қазақтар.

«Сәйгүлік» очеркінің өн бойынан жазушының байырғы қазақ сыншы-
лары мен бапкерлерінің төлтума зеректігі қазіргі ат жаттықтырушылары-
ның бойынан табылып жатса деген аңсарлы тілегін байқауға болады. Әр
құбылысқа терең зерттеушілік пайыммен көз тігетін Ақселеу Сланұлын
төре түліктің тағдыры осындай тың толғанысқа жетелесе керек.

Жазушының келесі бір очеркі - «Құлағында үні кетті себидің». Бұл
очеркте Ақселеу Сейдімбек әдеттегі шалқыма ой-толғамының еркін ағы-
сымен кетпей, бас қаһарман - Сейіткүлдің бар тауқыметіне иығын тосқандай
беймаза күй кешіп, бас-аяғы жинақы, шыққа тұнған нұрдай сырлы очеркті
өмірге әкелген. Очерк оқиғасы айдай әлемнен жырақта жатқан шағын
қыстақтағы қазақ ошағының үштағанындай - Кәсіп, оның зайыбы - Сейіт-
күл, Кәсіптің інісі - Мұхит төңірегіне құрылған.

Очерк арқауынан «Үшқайық» қыстағының шопан көмекшісі Сейіткүл-
дің - жапырағын жая алмай кеткен жас келіншектің қоғам малы үшін

162

табиғаттың дүлей күшімен ашықтан-ашық күреске түсуін, үлкен өмірдегі
баянды тірлік осындай қарапайым еңбек адамының араласуымен қиюы
келіп жатқанын, очеркте үлкен өмірдің сәулесі барын аңғаруға болады.

Сол күні Табиғат-ана ұлы жорыққа дайындық үстінде сәл-пәл тыншу
тауып, марғау күйді бастан кешіріп жатқан.

Бәрі де аяқ астынан болды. Әуелі қар ұшқындап, қалыңдығы бір метр-
ге жетіп, аяғы алапат ақтүтек боранға ұласты. Үшінші күнге құлап тұрса да,
тасбауыр дүлей боран басылар емес. Аппақ құрсауға малынған даланың түсі
суық. Қорадан екі күн бойы шығарылмаған отар да адамның жақындағанын
сезіп, ызы-шу болып, жаппай маңырап, апыр-топыр далаға ұмтылады. Бар-
ша анаға тән мейірбандықпен көзіне жас үйіріліп: «Қошақандарым-ай, енді
қайтейін?!» - дейді Сейіткүл. Бірінің жүнін бірі жұлып жеп, одан қалса,
қорадағы тіреу атаулыны кеміріп, ақ жаңқалап тастапты. Енді болмаса қора
төбесі ортасына түсер түрі бар. Сейіткүлдің бойы түршігіп, шын қауіпті енді
толық сезінгендей болды.

Ақтүтек боран төртінші күні ғана толас тапты. Сол сәтті пайдаланып ері
Кәсіп отарды шалдырып алуға тәуекел етті. Көзін ашқаннан бері дала сы-
рына қанығып өскен қыр қызы емес пе, Сейіткүл Кәсіп ойына қосыларын
не қосылмасын білмей, екі ұдай хал кешті. Тілін тістеп ашыға бастаған
малға басқа қылар қайраны да жоқ. Алайда Кәсіпке жел ауарда осындай
толас болатынын ескертуді ұмытқан жоқ. Аз уақыт балаларымен болып,
кішкентайына сүт жылытып беріп, қастарында қарайлағандай болып еді.
Бекер екен, өн бойын қаусырып алған беймаза күй байыз таптырып отыр-
ғызбады. Шәлі қымтана бүркеніп, белін тас түйін буып алып, тілсіз долы
боранмен айқаса кетті. Бір ғажабы, сол дүлей боранмен шыбын жанын
шүберекке түйіп тірескенде де, әйел затының көпшілігіне тән, қысылтаяң
сәтте қардай борайтын ашулы сөздер де тіліне орала қоймайды. Тәңірінің
берген мінезі де.

Ақшұнақ аяз міз бағар емес. Сұрапыл дауылмен айқаста сілесі қата шар-
шаған Сейіткүлдің сәл болса да көз шырымын алып, жатып алғысы келеді...
Жасы отызға ілікпесе де тел қозыдай үйелмелі-сүйелмелі бес баланың
анасы болып үлгерген. Баласыз үйде бақыттың бүр жармайтынын аналық
көңілмен түсінген. Жарық дүниеге келген әр перзентін Тәңірдің сыйындай
көретіні сондықтан.. Бір ғажабы, өмірінің ақтық сәтінде бар гүлін аша
алмай бара жатқанын да, еңбегіне сай көрген құрметін де қимастықпен еске
алмайды. Оның санасынан үйде қалған бес баласы, аялап өсірген бауыр еті
шықпай қояды. Құлағында мәңгі бақи екілене соққан боранның үні емес,
өмір барда өшіруге болмайтын: «Әуп-па деші, тәте», - деген кішкентай қара
домалағының сәби үні қалды. Кірпігі қимылдап жатып, жанына тақалған
қайнысы Мұхитқа айтқан бір ауыз сөзі: «Менің кенже кішкентайыма сүтті
жылытып бермесе тамағы ауырып қалушы еді...»

Тәңірім-ау, аққудай шайқалған қосабалы бәйбіше де емес, көргенінен
көрмегені көп жас ананың жан дүниесінің қылаусыздығына бас иіп, тәжім
етпеске болмайды. Тағы бір ғажабы, тіршілікпен мәңгі қоштасу сәтінде,

163

жарық дүниенің хабаршысындай, қыр астынан себездеп атып келе жатқан
нұрлы таңды тағатсыздана күтті. Өмір таңы, неткен тәттісің?!

Сөйтіп, Ақаңның ғажап әңгімесінің арқасында қазақтың шағын қыс-
тағынан тараған бір нәзік сәуле ажырамастай болып көкейде қалды.
Ақселеу Сейдімбек «Бүркіт» атты зтнографиялық очеркінде аңшылық-
саятшылықтың бір ғана түрі - құсбегілік, оның ішінде бүркітпен аулаудың
жай-күйін арқау еткен. Көшпелі қазақ тек қана малдың ізіне ерумен ғұмыр
кешпеген. Сайын даланың шалқар кеңістігінен сая тапқан қазақтар жан
дүниесін оқтын-оқтын желпіндіріп отыратын қызықтарды да көзден таса
етпеген. Сол қызықтың бір үзігі аңшылық-саятшылықпен байланысты бол-
ған.

Аңшылық-саятшылдық қыр қазағын салқын сабырға, жан семіртер кө-
ңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің үйлесім табуына ықпал
еткен. Ата-бабаларымыздың аңшылықты күнкөріс кәсіп қана санамай,
өнер деп бағалауында терең мағына бар. Қазақтың аңшылық өнерін поэзия
тілімен суреттеген, арғы-бергі қазақ поэзиясында аңшылық туралы ең әдемі
жазылған Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» дейтін өлеңімен
әрбір қазақ баласы етене таныс.

Әр нәрсе де қосағымен баянды болмақ. Сол өлеңімен тел қозыдай та-
бысқан, аңшылық тақырыбына жазылған, егіздің сыңарындай Абайдың
тағы бір ғажап өлеңі бар екен. Бұл асыл дүниені Шығыс Қазақстан облысы
Самар ауданы Жамбыл атындағы колхоздың тұрғыны Мекеев Сүлеймен
ақсақалдың ауызба-ауыз айтуымен хатқа түсірген - зерттеушілік зердесі
биік Ақселеу Сланұлы. Поэзия табиғатында сом алтындай сирек ұшырасатын
дүние екен, тұтастай көшіріп беруге мүмкіндігіміз аз болса да, бірер шумағын
ұсына кетуді жөн санадық:

Жұқалау көк тұмсығы келсе жалпақ,
Мелжемді қожыр табан, бұты талтақ.
Көз ауданы шүңірек, кекшіл маңдай,
Кең иық, саны жуан, төсі шалқақ.

...Шегір көз қанды балақ қыран бүркіт,
Бозбала, қапы қалма малыңды іркіп.
Алпыс екі айлалы түлкіні ұстап,
Байласаң қандай қызық, қарга сілкіп?!

...Бұлқынып болмаймын деп шайқасқандай,
Сытылып құтылмақ боп айқасқандай.
Қараңдап дөң астында жатса басып,
Тар жерде екі гашық айқасқандай

(Сейдімбек А. Бүркіт. - А, 1991. - 234-6.).

164

Қыран құстың қылық-қасиетіне зерде бойлатқан ұлы ақынның аңшы-
лық туралы өлеңінің аясында небір әдемі дәстүр, сұлу саз, сәтті теңеулер
дүниеге келген екен. Парасат болмысын шыңдауға бет алған әрбір адам
осындай дәстүр сабақтастығының терең тамырын үзіп алмаудың қамын ерте
бастан ойлауы қажет.

Қазақ арасында жыртқыш құстардың ішінде аса қадірлейтіні - бүркіт.
Бүркіттің қайратына сай беттілігі, жүректілігі, қиырдағыны тез аңғаратын
көргіштігі оның басқа құстарға қарағанда өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Жазушы түз қыранын қолға түсірудің қазақ құсбегілері арасында әр түрлі
әдісі барын былайша қарастырады: «Олар: аумен ұстау, тор жаю, тояттатып
алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу» (Сонда, 236-бет).

Бұл әдістер очерк ауқымында кеңінен сөз болатындықтан, оның бәрін
тізіп айтып шығудың қажеті болмас. Тек қана «шеңгелдестіру» түрі
қызығушылық танытқан соң, соған тоқталуды жөн санадық: «Шеңгелдестіру
үшін қолға үйренген бүркітті түз қыранына салады. Ол үшін балақбауына
түлкінің жон терісін немесе бір санын қызарта байлап қоя береді.

Түз құсы жемге қарай құдияды. Мұндай жағдайда қос бүркіт жерге
шеңгелдесіп түседі» (Сейдімбек А. Бүркіт. - А., 1991. - 236-237-беттер).

Түз құсын қолға үйретіп, баптаудың қиындығы ересен екен. Ол үшін құс
үйрететін_адам ерекше шыдамды, ерініп-жалығуды білмейтін ерік-күш иесі
болуы қажет екен. Бұл кездері құсбегі жарғақ құлағы жастыққа тимей,
ертелі-кеш бар уақытын құс төңірегінде өткізеді. Түн ұйқысын төрт бөліп,
түн ортасында да тұрып, бар ықылас-пейілін құсынан аямайды. Иесінің
«бопам-бопам», «па-па», «кеу-кеулеген» даусын естігенде, қыран құс жас
нәрестедей талпынады. Саятшылықтың қызығына берілген құсбегі бар
дүниені ұмытады. «Шаруаңа неге қарамайсың?» - дегендерге қолма-қол
жауабы да дайын:

Атан өлсе сойылар,
Атам өлсе қойылар.
Бұл сияқты қансонар
Маған қашан табылар?! -

деп күнделікті күйбең тіршіліктен де биік арман-аңсарларға бой созады.
Құс бабын білетін кәнігі құсбегілер қыран құсқа деген ерекше ықыласын

ұзақ жылдар бойы сақтап келген.
Қартайған бүркіт еріншектеніп, ірі аңдарға жөнді түспей, ұсағына ұмты-

лады екен. «Бүркіт қартайса тышқаншыл болады» деген сөз осыдан қалған.
Тым қартайған бүркітті еркіне жіберу салты бар екен. Адамға үйренген
бүркіт ел маңын ұзамайтын болыпты. Сондай бүркітті бүкіл ауыл болып
сыйлап, әрдайым жем (шикі ет) тастап, ит-құстан қорғап жүреді екен. Қазақ
жұртының шау тартып, қартайған қариясына көрсетер ерекше сый-құрметін
елестетер текті қасиет.

165

Жазушы-ғалым «Бүркіт» очеркінде құсқа қажетті мүлік атауларын бы-
лайша таратады: тұғыр, томаға, балақбау, желібау, бүркіт қолғап, бүркіт
құндық, бүркіт балдақ, саптыаяқ, түтік немесе шүмек.

Ақселеу Сланұлы: «Тұғыр - бүркіттің құйрығы тимейтіндей етіп жасал-
ған ағаш сәкі. Қазақта бүркіт тұғырын алтынмен аптап, күміспен күптеп,
өнер туындысындай етіп әшекейлеу дәстүрі болған», - дейді (Сейдімбек А.
Бүркіт -А., 1991. - 239-бет). Жазушы-ғалым тұжырымының ғылыми нақ-
тылығын дәйектей түсетін мынадай мысалды келтіре кету орынды болар.

Ертерек кезде Ертіс өзенінің арғы қабағында уақ деген ру болыпты. Сол
елде аңқұмарлығымен, құсбегілігімен, мергендігімен аты шыққан Ұзақ де-
ген кісі өмір сүріпті. Көкжендет атты қыран қаршыға ұстапты. Көкжендеті
құсты қынадай қыратын, саяттың көз тоймас көркі болған екен. Саяттың
кезекті бір сәтінде топты қаздың ортасына түсіп, қапыда мерт болыпты. Сол
кезде Арқаға аты мәлім Жарылғап әулетінен шыққан Балта ақын Бесқа-
рағай еліне көшіп барған екен.

Ұзақ Балта ақынға қолқа салып: «Қасіретімді бөліс, қыраныма белгі бо-
ларлық ән шығарып, өлең айтып бер», - дейді. Сонда Тасыбайұлы Балта
ақын бір айдай жатып, Ұзақтың жай-күйіне ерекше толғанып, атақты «Көк-
жендет» әнін шығарады:

Көкжендет, тұғырың алтын маржан баулы,
Тұрушы ең ағаш үйде асыраулы.
Он бес қаз, отыз үйрек бір күнде алып,
Қайтпаған құстан бетің қыран шәулі.

Міне, Ақаңның «тұғырға» байланысты айтқан жарқын айғақтары қан-
шама шуақты ойға тамыздық тастады.

Мысал үшін. Еділ бойында балық аулап жүрген балықшылар, аспанда
қалықтаған әлдеқандай үлкен құстың шаншыла су бетіне түсіп, қалқи
бастағанын көреді. «Бұл не?!» - деп таңданған олар жан-жақтан анталап
жетсе, су бетінде қанатын жая қалқыған бүркітті көреді. Бүркіттің астында
үлкен құртпа балық су бетінде қалқып тұр. Сөйтсе, құртпа балықты аспаннан
көзі шалған бүркіт құйылып түсіп, қанжардай тұяғын молынан салады.
Бірақ ауыр салмақты құртпаны көтеріп әкету мүмкін емес. Бүркіттің тұяғы
денесіне батқан балық тереңге сүңгиін десе, бүркіт қанатын жайып жіберіп,
су бетіне төсей қояды. Балықшылар осындай тартыста тұрған бүркіт пен
құртпаны айырады да, ерлігіне сүйсінген бүркітті еркіне ұшырып жіберіп,
үлкен олжаға қарық болады.

Бүркіттің қас жауы - түтін. Кеудесін түтін шалған бүркіт табанда өледі.
Сол себепті оны түтінсіз жерде ұстайды.

Түтіннен алыстау жүргендіктен де бүркіт 100-150 жыл жасай береді екен.
Сөзіміздің соңында, қазақ болмысындағы қайсарлық, қызуқандылық,
бірбеткейлік тәрізді кесек мінездер қыран бүркіттен ауысып келгендей,
әдемі әсерде қалдық. Біздің мақсат-парызымыз жазушы-ғалым Ақселеу

166

Сейдімбектің дүниетаным биігіне өреміз жеткенше зер салуды көздеген
аққұла ниетіміз еді.

Осы еңбектің қаншылықты қажетке жарағанын парықтау «Мен -
қазақпын» деген әр адамның рухани пайымында!

Қорытынды

А. Сейдімбек шығармашылық зертханасының қазыналық қоймасы қан-
шалықты құнарлы екендігі баршаға аян.

Зерттеу жұмысы барысында жазушы-ғалымның көркем очерктерін үш
өрімде - «Тарихи тұлғалар», «Өнер қайраткерлері», «Этнографиялық си-
пат» тұрғысынан қарастыратын болғандықтан, қорытынды тұжырым-
дамамызды да сол төңіректе таратуды жөн көрдік.

А. Сейдімбек - бар тірлігін ұлтының жоғын түгендеуге арнаған, дәстүр-
лі мәдениеттің өнегесін ұрпақ санасына сіңіре беру үшін бар мүмкіндікті
қалыс қалдырмай, мейлінше ұтымды пайдаланып қалуды мақсат еткен
ұлтжанды жан.

Оның ұлтжандылығы - әйтеуір бір ұлтқа тиесілі болғандықтан құр қи-
қуға қамшы басар пендешіліктен ада, халқының қадір-қасиетін терең
танып-түсінуден бастау алар ұлтжандылық. Сондықтан болар, ол өзінің
ғылыми-шығармашылық ізденістерінде үнемі ұлттың рухани дәулетін есе-
леп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып, халық
мұрасының көзге ілінбей жатқан тұстарын түгендеп отыруға мейлінше
құштар. Осы құштарлық оны бұрын жиналмаған да зерттелмеген қара
өлең мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсіруге итермеледі;
қазақ эпостарының қара сөзбен насихатталуына мұрындық болды; Гомер
туындыларын қазақ оқырмандарына таныстыртқызды; Қазақстанда эт-
нографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал ет-
кізді; тарихты жеке тұлғалар арқылы зерттеу идеясына ден қойғызды.
Сөйтіп, көшпелілердің төлтума мәдениеті сияқты категориялық ұғымның
орнығуына тегеурінді үлес қостырды.

Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі - тәуелсіздік же-
містерінің бірі. Төуелсіз даму өткенді тиянақты зерделемей, келешекті ке-
ңінен болжамай, жүзеге аса қоймайды.

«Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы тарихтың
толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет
қана мүмкіндік алып отыр... Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шындық, тек
қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына
орныққан фактіге айналу қажет» (Н.Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. -
А. 1999. - 292-293-беттер).

Барды көріп, бағалыны айырмау, ақ пен қараны тани алмай күн кешу -
қай кезеңге де орны толмас өкініш. Оның байыбына бармау - кембағалдық.

167

Елеулі маңызға ие болған небір ерекше тарихи тұлғаларды назардан тыс
қалдырмай, санада орнықтыру әрекеті - ерлік.

Кеше неге олай болғанымызды, бүгін неге бұлай болатынымызды дәлел-
деу үшін де өткеннің куәгерлігі керек.

А. Сейдімбектің тарихи тұлғалардың ғұмырдеректерін баяндайтын очерк-
терінен ең азы екі мың жылдық аяда бой көрсеткен бүкіл Еуразия ала-
бындағы, оның ішінде Ұлы Даланың төл перзенті - түркі тектес қазақ этно-
сының қандай қиын-қыстау тарих белестерінен өткенін жан-жүрегіңмен
сезінесің. Жазушы-ғалымның әр тарихи тұлғаға арнаған шағын деректеме,
шежірелі баяндауларынан, тұжырымды түйіндеген ой иірімдерінен тарихи
тағдырымыздың қалай өрім тартқанына ден қоясың.

Өмірде қандай жел өтіне тосылсаң да, өміршең өнер ғана өңін бермей, жа-
сыл желекке малынып тұратынын казақ өнерінің бірегей білгірі Ақселеу
Сейдімбек пайымды зерделеген.

Сондықтан да жазушы-ғалым тіршілік түйткілдерінен гөрі рухани ас-
қақты жан-тәнімен бағалай білетін, өзіне етене таныс, қабілет-қарымына
қонымды өнер тақырыбына очерктер арнауды мақсат етеді.

Өнер деген - өнеге. Қасиетті өнердің үлкен мәресіне бір-ақ жол апарады.
Ол - азаматтық жол. Шын өнер - нәзік, шын өнер - таза. «Саф сұлу өнер
бықсық ойдан тумайды, шыншыл таза көңілден туады», - деген екен жа-
рықтық Абай. Сондықтан да А. Сейдімбек сүттей ұйыған таза сезімдерімен
өмір көшін көрікті қылып жүрген өнердің текті қайраткерлер болмысының
барша құндылықтарын саралап берген.

Ақселеу Сейдімбек өнер адамының бітіміндегі ең терең, ең тұңғиық
тұстарын қамтып, ұтымды аша алған тапқырлығын, шеберлігін айырықша
бөліп айтуды орынды деп білеміз. Өнер қайраткерлерінің барша жүрек
сырын, рухани шырынын түгел сығып ап, бір арна, бір жүйеге құя білген
жазушы-ғалымның өзіндік танымы мен сергек пайымы, нәзік талғамы
мен жіті зердесі сол текті жандармен орайласып жататындығын айрықша
сезінесің.

Өнер адамына байланысты туған әрбір очерктің аясында көзі қарақты
азаматтың бойынан табылар қасиетті құндылықтар - ар мен жан тазалы-
ғы, селқос сезімдерге, дағдарған санаға қозғау салар рухани өлшемдер жи-
нақталған.

Енді этнографиялық очерктерін тұжырымдайтын болсақ, этнография-
ның көне грек тіліндегі мәні - халық туралы жазу.

«...Белгілі бір халықтың екінші бір халықтан тілі мен сенімі, мекен-тұ-
рағы ғана бөлек емес, сонымен бірге мінез-бітімі, салт-дәстүрі де өз ерек-
шеліктерімен дараланады. Ондай ерекшелікті елемей тұрып этнос туралы
белгілі тұжырым жасау мүмкін емес. Осылайша этникалық ерекшелікке ден
қоятын этнография ғылымы дүниеге келген» [12,76].

Халықтың рухани болмысы - таным зердесін пайымдауға дәнекер болар
этнографиялық сипаттағы очерктер де жоғарыдағы дәйектеме тұрғысынан
талданды.

168

А. Сейдімбектің кестелі, айшықты тіл өрнегі жөнінде жазушы Орал-
хан Бөкейден асыра айту мүмкін емес: «...Бәлкім, тіл көркемдігінен бе
екен, қай тақырыпқа қалам тартпасын, жазған дүниелері мейлі мақала,
мейлі көркем шығарма болсын, жорға мінгендей тайпала жөнеледі. Оқыр-
манын жалықтырмайды» [13,17].

Саналы өмірінің ширек ғұмырын ұлт игілігіне, ұлтының мәдение-
ті мен әдебиеті, өнері мен ғылымына арнап, ұлан-ғайыр еңбегі, ұлтына
адал берілген махаббаты Ақселеу Сейдімбекті қалың нөпір көштің іші-
нен алдыңғы лекке суырып алып келді. Бүгінгі күні Ақселеу аға-
мыз - мәдениет қайраткерлерінің алдыңғы қатарынан ойып орын алған
руханият сардарының бірі. Жазушы-ғалым шығармашылығы - өміршең
шығармашылық дейтін ойым онан сайын орныға түсті.

Бірде маған ұстазым Ақселеу Сейдімбектің былай дегені бар: «Мен жас
кезімнен түрлі саланың маманы болғым келетін. Философ болғым келетін,
музыкант, ұста, этнограф, тарихшы, географ та болғым келетін. Қойшы,
әйтеуір осы салалар бойынша ізденіп, ғылымға, қандай да бір жаңалық-
қа деген қызығушылығым, әуестігім зор болатын. Содан да болу керек,
әлгіндей салаларға қатысты білгенім мен түйгенім айтарлықтай».

Әуелгі кезде: «Бір адамның басына мұншама әрқилы қасиет қайдан тоғыса
қойсын...» - деп тосырқай қарайтын кезім де болатын. Алайда Ақаңның
шығармашылығы туралы жазу барысында ұстаз сөзінің шынайылығына көз
жеткізгендей болдым.

Жазушы-ғалым А. Сейдімбектің шығармашылық өмірбаянымен, әсіресе
очерктерімен танысу, мазмұны мен түр ерекшеліктеріне, жазылу жолдарына
зер салу қаламгерлік өнердің біраз қырлары мен сырларын тани түсуіме
септігін тигізді. Осынысы - қуаныш. Осынысы - болашаққа қанат қаққан
арман құсын үміт пен сенімнің биік аясына қарай ұзата ұшырып салады.
Қауырсын қанат серпіле қанат қаққанда әкелер мен ағалар өнегесі дәйім
есте тұрмақ!

Дереккөздері:

1. Сейдімбек А. Библиографиялық көрсеткіш. Құрастырушы: ф.ғ.к. Шын-
далиева М.Б. - Астана: Күлтегін, 2002.

2. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы: Жазушы, 1980.
3. Алтынсарин Ы. Шығармалар жинағы. I том. - Алматы: Мектеп,1975.
4. Шындалиева М. Очерк табиғаты. - Астана: Елорда, 2002.
5. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 8-том. - Алматы:
Жазушы, 1985.
6. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. - Алматы: Жазушы, 1982.
7. Дуанбекова Б. Жауынгер жанрдың кейбір қырлары. Жалын, 1981, №1.
8. Жолдасбекұлы М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек А. Елтұтқа. - Астана:
Күлтегін, 2001.

169

9. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. - Алматы: Жазушы, 1982.
10. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. - Алматы: Ана тілі, 1991.
11. Айтматов Ш., Шаханов М. Құз басындағы аңшының зары. - Алматы
Рауан, 1997.
12. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. - Алматы: Санат
1997.
13. «Тұлға» журналы. Еуразия ұлттық университеті, 2002.
14. Салғараұлы Қ. Түрік әлемі. - Астана: Елорда, 2000.
15. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - А., 1999.
16. Глушков Н.И. Очерковые формы в советской литературе. Издательство
Ростовского университета, 1969.
17. Көбесов А. Әл-Фараби. - Алматы: Қазақстан, 1971.
18. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. - Алматы: Мектеп
1991.
19. Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. - Алматы, 1970.
20. Қабдолов 3. Жебе. - Алматы: Жазушы, 1977.
21. Қабдолов 3. Арна. - Алматы: Жазушы, 1988.
22. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. - Алматы: Рауан, 1991.
23. Нұрғалиев Р. Өнер алды - қызыл тіл. - Алматы: Мектеп, 1974.
24. Нұрғалиев Р. Күретамыр. - Алматы, 1973.
25. Нарымбетов Ә. Очерк жанрының шебері. Оңтүстік Қазақстан, 1971.
26. Тимофеев Л., Венгров Н. Краткий словарь литературоведческих
терминов. - Москва: Учпедизд, 1963.
27. Шындалиева М. М. Әуезов очерктерінің көркемдік қырлары. «Қазақ
тілі мен әдебиеті» журналы, 2004. №3
28. Журбина Е.А. Повесть с двумя сюжетами. - Москва, 1974.
29. Тимофеев Л. Венгеров Н. Краткий словарь литературоведческих
терминов. - Москва: Советский писатель, 1968.
30. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 1-том. - Алматы: Қазақ эн-
циклопедиясы, 1989.
31. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. - Астана: Күлтегін, 2002.

170

Ақселеу Сейдімбектің
кітаптары хақында

А. Сейдімбектің 1972 жылы «Жазушы» баспасынан
жарық көрген «Ақиық» кітабы туралы ой-пікірлер

Қабдеш Жұмаділов

ТҰҢҒЫШ ТУРАЛЫ

Тұңғыш кітап! Бұл жас адамның әдебиет храмына жүрексіне аттаған
алғашқы қадамы, алабұртқан жүрек лүпілі ғой. Сенің сол жұп-жұқа
кітабын шыға қалса әлем төңкеріліп түсетіндей, әдебиетте бұрын-соңды
болмаған шу көтерілетіндей көрініп, күтіп жүретін бір шақтар болады-ау!
Кешікпей кітап та басылады. Бірақ сонан кейін де ай орнынан туып, күн
орнынан шығатынына көзің жетеді. Сен алатын қамалдың әлі де мұрты
сынбай тұрғанын сонда барып мойындайсың. Әрине, бірінші кітапқа қарап,
жас талаптың қаншалықты алысқа шабатынын болжау оңай емес. Алайда
оның қай ауылдан шығып, қай тұсқа бет алғанын аңғаруға болады. Жас
қаламгер Ақселеу Сейдімбековтің «Ақиық» атты тұңғыш кітабын оқи оты-
рып, текті ұядан ұшқанын таныдық, құнарлы топырақтан өнгеніне қуандық.

«Ақиық» жинағына кілең құсбегілік, саятшылық жайындағы әңгімелер
еніпті. Бұл күнде саятшылықтың білгір-шеберлері азайып, бірте-бірте на-
зардан өшіп бара жатқаны болмаса, бұл кәсіп замандар бойы халқымыздың
қанына сіңген, адамды табиғатпен туыстыратын эстетикалық тәрбие құралы
ретінде серілік өмірдің саңлақ өнер мектебі болғаны белгілі. Кезінде ұлы
Абай:

Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,
Аң болады кеңесің құс салғанда.
Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген
Бір қызық ісім екен сұм жалғанда, -
деп өзінің достан да, дұшпаннан да түңілген көңілін саятшылықпен демдеген
екен. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясында аң-
шылыққа жеке бөлім арнағаны да тегін емес-ті.
Аңшылық - халқымыз өткен жолдың үлкен бір тарауы іспетті. Аталмыш
кітапта жас қаламгер сол қасқалдақтың қанындай сирек те саңлақ өнер
жайында сыр шертеді. Саятшылық өнерді тілге тиек ететін мұндай жастың
шыққанына тек қуану керек.

173

Ақселеу кітаппен аттас бірінші әңгімесінде қыран бүркітті ұстап,
баптау жайын сөз етеді. Құсбегі Сыздықтың нағыз саятшыға тән, шын
құмарлықтан туған қанқызу сезімдерін дөп басып, дәл суреттейді, Жә-
не соның бәрі жай долбар не біреуден естіп, кітап оқып алып жазған көр-
сеқызарлық емес, көзбен көріп, қолмен ұстағандай білгірлікті танытады.
Автор әсіресе қыран құс жайын өте жақсы біледі. «Қосбармақтың жапырағы
ірі көксұр сырт жүні таңғы сәулемен астасып, болат сауытша қарабарқын
тартты. Мелжемді саусақтарымен иесінің білегін сығымдай түсіп, сергек
отыр. Сырты шығыңқы иығын қомдап, қос шалғысын айқастыра ұстаса
да, көлденеңі ауқымды көрінеді» немесе «Көкбұйра мәрмәрдай қат-қат
қауырсындары қатты сілкінген уақытта асыл кездемеше судырап қоя берді»
деген жолдарды қыран бүркітпен жастай көзқанық боп өскен адам ғана жаза
алуы мүмкін. Егер осы суретті білмейтіні бит ішінде жүретін қарттардың
біреуі өрнектесе, оған таңданбай-ақ қоюға болар еді. Біз автордың көп жа-
саған көнедей жітілігіне разы болдық.

Қазақ сахарасында қыран бүркітті ұстап, баптаудың, оны қайырып аң-
ға салудың алуан түрлі әдіс-мектебі бар. Бүркіт балапанын ұядан алып
баулу, түз құсын торға түсіру, жемтікке тойдырып, ұшқыр атпен ұрып алу
толып жатыр. Ақселеу өз әңгімелерінде («Ақиық», «Көңіл шіркін») соның
кейбіреуімен оқушыны әдейі таныстыруды мақсұт тұтқан тәрізді. Кейде
сурет орнына тәптіштеп түсіндіруге бой ұратын шұбалаңқы қайталаулар
сондай ниеттен туған. «Қыран бүркіт хақында» деп аталатын соңғы әңгімеде
(мұны әңгіме деуге де келмейді) бүркіт жайлы бар білетінін ортаға салуға
асығатыны да сондықтан.

Жинақта екі құсбегі - Сыздық пен Мұса бейнелері нағыз аңшыға тән
мінез-құлқымен, табиғаттың төл перзенті ретінде жарқ етіп жақсы көрінген.
Бұлар - авторға тым етене жақын, таныс адамдар. Амал не, осы екі образды
әлі де толықтыра түсуге болар еді. Әңгімелерде саятшылық өмірдің бір
жағы, көбінше құс баптау жағы сөз болады да, ал аңшылықтың ең қызықты
кезеңі - көк тағысы мен жер тағысының айқасы назардан тыс қалып қойған.

Екінші бір ойға келетін түйткіл: осы кітапта суреттелген құсбегілер -
Сыздық та, Мұса да аңшылықты біржола кәсіп еткен жандар емес, совхоздың
қойын бағып жүрген шопандар. Соған қарамастан олардың есі-дерті қыран
бүркіт боп жүреді. Ешбір кедергісіз түз бүркітін ұстасып, қағанағы қарқ,
сағанағы сарқ... Әсілі, біз білетін қойшылық міндет пен саятшылық өнер
арасында кейбір кереғарлықтар болса керек еді. Автор бұл шырғалаңға
соқпай, айналып өте береді; болашақ шығармаларында жалаң экзотиканы
қуып, өмірді жеңіл қарпымай, шындықты өз аясында толық көрсетуге
талпынғаны жөн.

Автордың жатық тілі, сөз саптауы байсалды проза техникасын меңгере
бастағанын аңғартады. Саятшылыққа қатысты сөз оралымдарына да жүйрік.
Әрине, жас қаламгердің кейде мүлт кететін жерлері де бар. Сөз қайталаулар
жиі ұшырайды. Өзі көп айтуды ұнататын «уаз кешу» деген тіркесті Ақселеу
«ләззат алу» деген ыңғайда қолданады екен. Ал бұл тіркестің әдеби тілдегі

174

мағынасы - «безіну, тәрк ету» болса керек-ті. Бүркіт туралы жазып отырып,
«балапанын өргізді» (4-бет), үшінші рет қар басты» (14-бет), «Қос қанатты
хайуан» (58-бет) деудің де қисыны жоқ. Әсілі, кітаптың соңғы бетін
жапқаннан кейін көңілге «шіркін, өмірде солай болсашы» дейтін ойлар,
проблемалар оралса, оның жаман шығарма болмағаны. «Ақиық» жинағын
оқып шыққан соң, оны жалғастырып қиялдауға да болады.

Қоғамымызда қайта жаңғырып жатқан салт-санамыздың ішінде ең
кенжелеп, ескерусіз қалғаны саятшылық екен. Апыр-ау, осыны неге қайта
түлетіп қолға алмасқа деген ой келеді. Саятшылықты - өнер деуге де, спорт
деуге де болады. Ит жүгіртіп, құс салу далада жүрген аңды машинамен
қуып, құрту емес, ол табиғаттың сұрыптау заңына бағынатын төл ісі ғой.
Оның адамды табиғатпен табыстыратын эстетикалық ләззаты қаншама?
Егер бүгінгі жан-жақты кемелденген адам бір мезгіл саятқа шығып, сауық
құрса оның не сөкеттігі бар? Шау тартқан құсбегілерді қайтадан атқа
қондырып, өнерін үйреніп, сол арқылы малшылардың көңілді демалысын
ұйымдастырса нұр үстіне нұр болмас па еді. Жыл сайын Алматыда иттердің
көрмесі өтіп жатады. Кеудесі медальға сыймай жүрген неше түрлі қанден
иттерді көргенде қасқыр мен түлкі алатын қыран бүркіт, құмай тазылардың
көрмесі неге ұйымдастырылмайтынына қайран қаласың. Біздіңше, нағыз
асыл, жақсы дүние ешкімге жат болмауға тиіс. Ол жалғаса береді.

175

Дулат Исабеков

БАСТАУ

Менің бір сыншы досымның ұстанған берік принципі бар. Ол айтады:
«Бір кітапқа рецензия жазу үшін де жазушының барлық шығармасымен
таныс болу керек», - деп. Бір қарағанда ұшқарылау болып көрінгенмен, осы
сөзде көп мән жатыр. Өйткені сіз жазушының жалғыз ғана кітабын оқып
шығып, өзіңізше ой сарабыңыздан өткізіп, оған баға бергеніңізбен, оның
қаламына тән жалпы ерекшеліктерді, ортақ қасиеттерді аңғара бермейсіз.
Әу дегеннен ұнамай қалған тәсіл мен стиль алдыңыздан қайта шығып,
қайтадан көрініс беріп отырғанда шығарманың бірте-бірте көңілге қонып,
әлгі өзіңізге оғаш көрінген сәттер барған сайын жылы ұшырап, автордың сол
тәсілінің өзі белгілі бір ситуацияға үйлесім тауып, жарасып, жымдасып бара
жатқанын байқайсыз. Бұл - бір кітапты оқып отырғандағы ғана ойыңыздан
өтетін процесс. Ал жазушының бұдан бұрынғы творчествосымен таныс
болсаңыз, салған жерден автор стиліне еніп, оның осы шығармадағы өсу,
өрлеу сәттерін іздестіре бастайсыз. Одан өзіңіз күткен биіктікті табарсыз-
таппассыз, мәселе онда емес, мәселе - қолыңыздағы жаңа ғана оқып біткен
шығарма жайлы салмақты ой қорытуда, сол тұжырымға келуіңізге автордың
мұның алдындағы творчествосында жеткен табыстары мен кемшіліктерінің
соңғы туындыда қандай халде екендігін танытуға себеп болуында, өзінің
стильдік сипатын ерекшелей түскенін не одан төмен жатқандығын ашып
беруінде. Менің әлгі сыншы досымның: «Бір кітапқа рецензия жазу үшін де
жазушының барлық шығармаларымен таныс болу керек», - деген сөзінің түп
төркінінде автор шығармасына аз ғана пікір айтуға да үлкен жауапкершілік,
мейлінше әділдік керек дегенді айтпақ болғанын түсіну қиын емес, әрине.

Бұл - жұртқа танымал боп қалған қаламгер туындылары жайлы. Егер сіз
баспа жүзінде пікір айтпақ болған шығармаларыңыз әдебиет табалдырығын
жаңа аттап, оқушы қауымға алғашқы кітабымен келген жастар болса ше?

Шын жауапкершілік осында жатыр. Олардың барын бардай, жоғын
жоқтай, шама келгенше объективті, әділ пікір айтуға борыштысыз, бұл
жерде мысқалдай да қиянат жүрмеуге тиіс. Және үлкендерге айтылатын

176

ащы сынның қажеті жоқ, үлкен сын - үлкен шығармаға айтылады, ал ал-
ғашқы қадамның шалыс кеткен шағы болса, оның неден, жас автордың нені
меңгере алмағандығынан екенін қамырдан қыл суырғандай етіп ашып беру
керек. Жас авторлар жайлы пікір айтқанда алдыңызда тұратын басты да
қиын жауапкершілік осы.

Әдебиет деген де керуен. Тура мағынасында да, жанама мағынасында да.
Бас түйе ауырлы-жеңілді жүгін алып өтті. Бірақ мұнда соңғы түйе жоқ, соңғы
түйе болмақ та емес. Тырнақалды әңгіме не өлеңмен сол керуенге күні кеше
келіп қосылған автордың әне-міне дегенше-ақ есейіп, оның соңынан бірнеше
балаусалардың бой көрсетіп қалғанын көресің. Олардың әрқайсысының
арқалаған жүгі өр басқа, әр қилы.

Соңғы екі-үш жыл төңірегінде қазақ әдебиетіне бір топ жас прозаиктер
келіп қосылды. Біреуі есікті өзі сыйғанынша ғана ашып, ақырын, сыпайы
келсе,бірі дүсірлеп(тасырлап емес),бойындағы талап-талантын жарқ еткізіп,
жайып сап келді. Түбі әу дегеннен тізгін босатып, құйғыта шапқаны оза ма
әлде ұзақ жолға асықпай, аяңмен түскені оза ма, ол жағы - келешектің ісі,
келешек еншісі. Әзірге сол жас авторлардың бүгін таңда оқушыға ұсынған
үлкенді-кішілі шығармаларының мән-жайына зер салайық.

Шығарма шындығы, өмір шындығы деген екі ұғым бар. Шынтуайтқа
келгенде, екеуін екі бөлгендегі мақсат - салыстырмалы фактор үшін қа-
жет немесе негізі бір-ақ шындық - өмір шындығы. Соңғы жас авторлар
шығармаларында (орта буындарда да кездесіп қалады) осы шындық деген
ұғым көркемдік сипаттарымен көмкерілмей, кей тұстарда жалаң алынып,
шығарма идеясымен қабыспай, жеке эпизод болып қана қалып жүр. Оны
оқып отырғанда автордың өзі алып отырған бір көріністі ұсақ-түйегіне дейін
қалдырмай, дәл суреттейтініне риза боласың, тіпті астын сызып та қоясың.
Бұл - сөз жоқ, суреткерлік қасиеттің нышаны. Бірақ дәл осындай бірінен-
бірі аумайтын ұсақ көріністер көп қайталанып, келесі шығармалардан
тағы төбе көрсете берсе, оның үстіне ол эпизодтар жазушының түбегейлі
мақсатына, идеясына үн қосып жатпаса оқушыны мезі етіп, жалықтырып
жіберері сөзсіз. «Өмір шындығын дәл көрсету» дегенді кейбір жас авторлар
тура қабылдап, реализмнен натурализмге байқамай ауып кеткенін сезбейді.
«Мынауың шындыққа жанаспайды ғой...» - дегенде кей авторлар қарсы дау
айтып: «Неге, дәл осы оқиға өз басымнан өткен...» немесе: «Ол геройым әлі
бар, ауылда тұрады, сенбесең өзінен сұрап көр...» - деп жауап береді.

Шығарма қаһармандарын өмірдің өзінен алу керегі керек қой, бірақ
әдебиет шындығы, шығармадағы көркемдік қасиетімен біте қабысқан
реализм қайда қалады? Өнер атаулының бәрінен де шартты жағдайлар
кездеседі. Айталық, сіз «Борис Годуновты» тыңдап отырып оған шынымен
сүйсінесіз, бірақ патша Годунов сөзді ешқашан өлеңмен айтпағанын
сол сәт есіңізге түсірмейсіз де, «Абай» романының барлық кітабын көп
болса жиырма шақты күнде оқып бітесіз, ал сіз сүйінген, сіз күйінген
өмір бір адамның қырық жылға жуық өмір аралығы ғой. Романға енбеген
оқиғалардың ірісінің өзі тағы осындай бірнеше том болуға жарайтын

177

шығар. Достоевскийдің Раскольниковы өсімқор кемпірді және оның сің-
лісін өлтіріп болып, қаннен-қаперсіз балтаның сабын сабынмен жуып
жатқанына да күдікпен қарауға болады, өйткені Раскольников бұрын кісі
өлтіріп көрген жан емес, тіпті барып тұрған канішердің өзі екі кісінің қанын
көргеннен кейін дегбірінен айырылады, бірақ шығармадағы шарттылық
ұғым сіздің ойыңызға иненің жасуындай да күдік қалдырмайды.

Міне, бұл құбылыстардың бәрі - Пушкиннің, Әуезовтің, Достоевскийдің
«басынан кешпесе де», «ауылында болмаса да» автордың фантазиясынан
туып, өмір шындығымен біте қайнасқан жайлар. Жас авторларда әлгі айт-
қанымыздағыдай ірі ауытқулар болмаса да, өмір шындығын мейлінше дәл
көрсетуге тырысушылықтан туған фотографиялық элементтер бар.

Прозаға ең алдымен байыптылық, парасаттылық керек. Байыпты, па-
расатты проза бар жерде шынайы өмір бар. Бәрін бірден лақ еткізбей, оқи-
ғаны тап-тұмдап дамытып, әрбір деталь автор идеясын тереңдете түсуге,
кейіпкер тұлғасын сомдай түсуге қызмет етсе, шығарма жұп-жұмыр, біртұтас
көркем дүниеге айналады. Сюжет желісін шымыр ұстап, композицияның
тұтастығын сақтай білу де шеберлікті қажет етеді. Үндестік, үйлесімділік те
көркем шығармадағы негізгі қасиеттер болып табылады.

Ақселеу Сейдімбековтің «Ақиық» атты жинағына түгелдей құсбегілік,
саятшылық туралы әңгімелер еніпті. Жинақты оқып болғанда ең алдымен
сізді сүйсінтері - автордың алған объектісін егжей-тегжейлі білуінде. Қай
бүркіттің қандай жайды мекендейтіні, қай жердің бүркіті қандай бола-
ры, тіпті олардың әр жаста қалай аталып, тағы бүркіттің қалай қолға үй-
ретілетіндігі - бәрі-бәрі көз алдымызда сайрап тұр. Бүгінгі жастардың
арасында аңшылық-саятшылық өмірді біле-білетіндігі некен-саяқ. Осы
жағынан қарағанда, А. Сейдімбековтің бұл кітабы, сөз жоқ, құнды. Автордың
тілі де жатық, шымыр. Құсбегілік хақында көбіміз біле бермейтін, енді біраз
жыл өткен соң түсіндірме сөздікте қалып, қолданудан шығып қала берер
сөздерді өте орынды, ұтқыр пайдаланған. Ал бұл бізге қажет, өте қажет.
Жинақтағы «Ақиық» әңгімесі - кейбір олқылықтары бола тұрса да сүбелі,
оқушыға айтары, танытары мол әңгіме. Мұнда Сыздық пен Бүркіттің образы
қимыл-әрекет үстінде ашылады. Сыздық - бүркітші образы дегенде оны
құсбегілік шеңберден бөліп алып қарамау керек, дәл осы қарекетпен басқа
әңгімеге көшсе образ мүлде шықпаған болар еді, оның салмақты қимылы,
байыпты сөзі де тек осы әңгіменің табиғатына ғана үйлеседі. Әңгіме табиғаты
дегеніміз міне, осы. Бәрі де: баяндаудың да, кейіпкердің аузындағы сөзі
мен іс-әрекеті де, ойлау, түйсіну формасы да әңгіменің композициясымен
тұтасып, үндесіп жатуы керек. Табиғилық дегеннің түп төркіні осында.
А. Сейдімбековтің «Ақиық» әңгімесі - осы талап деңгейінен табылған сәтті
шығармалардың бірі.

«Бұл құс - былтырғы барқын, биыл баршынға шығып, он бірінші қар
басып отыр... Олай дейтінім, сар барқын тартқан таңын көрмейсіңдер ме, ал
мынау иығына түскен ақ - баршындықтың белгісі. Енді осыдан шөгел шы-
ғып, он екінші қар басқанда бұл ағы дендеп, қос топшысы басын қар шалған

178

биік шыңға ұқсайды» немесе «Қан шегір дер едім - естілігі басым; собалақ
дер едім - бозбаладай жинақы екен; күңтабан дер едім - саусақтары қышыр-
лы жатыр; күйшіл дер едім - түз тағысы ғой, бапты көп тілемес; қанды балақ
деуге де болар еді, бірақ өнерін көргенім жоқ қой. Сондықтан батырдың
серпе тартқан садағына ұқсас берік тіркесті екен, осыныңды Садақсан деп
атайыншы» деген этнографиялық мәні көп шымыр құрылған сөйлемдер жас
жазушының стилистикаға, прозадағы сөздердің саздылығына, ішкі, сыртқы
сұлулығына айрықша мән беретінін аңғартады. Басқа да салмақты, ойлы
сөйлемдерді мысалға тізбей-ақ, дәл осы екі шымыр сөйлем құра білген жас
автордың келесі шығармада қарадүрсін қалмайтынын да аңғаруға болады.
Тек Ақселеу көбірек баяндайды, құсты мақтамақ боп көбірек тамсанады.
Бұл екеуінен де қашықтау болу керек-ау.

Жинақтағы өзге әңгімелердің бәрі осы талданған шығармаға ұңсас, үндес
жатыр. Кітаптағы көзге ұрар бір кемшілік осы. Аңшылық, саятшылық
өмірдің өзі бір-біріне ұқсас екенін естен шығара алмаймыз, бірақ автор
оларды әр түрлі ситуацияда мүлде басқа қырынан келіп жазғаны абзал
болар еді. Әрине, бұндай кемістікті кешуге болады, өйткені проза жанрына
алғаш қалам тартқан жас автор бұл олқылықты өзі де байқамай жіберіп
отыр. Себебі оның ойында тек құсбегілік өмір, тек соны таныту ғана болды
да, жазу үстінде басқа тәсілдерді естен шығарып алған. Бұл - оған айтылып
отырған сын емес, ескерту. Егер қазақ әдебиетінде бұдан былай дәл осындай
тақырыпқа шығармалар жазылып жатса, оны тек қостауға, қолдауға әбден
болады.

Кез келген көркем шығарма, мейлі, ол үлкен болсын, бәрі-бәрі де өмірлік
қажеттіліктен, өмір талабынан тууы тиіс. Ол - автордың көп көрген, көп
түйсінген құбылыстарының ойда қорытылып, синтезделіп, көркем туынды
ретінде қағаз бетіне түскен белгілі бір ойдың жемісі. Бұл орайда тақырып-
тық талғам жөнінде айта кету артық болмайды.

Тақырыптың үлкен-кішісі жоқ деп баяғыдан айтып келеміз. Бірақ осы
ойды тереңдете түсудің қажеті жоқ па екен? Біз тақырып пен объекті де-
генді қатар түсініп жүр емеспіз бе? Тақырып пен объектінің екеуі екі бөлек.
Бір объекті бірнеше тақырыпқа бөлініп кете алады, ал ұқсас, бір тектес
тақырыптың объектісі біреу-ақ. Айталық, соғыс жайлы жазылған кітап.
Демек, оның тақырыбы - соғыс, объектісі - адам, адамның белгілі бір мақ-
сатқа құрылған әрекеті. Немесе махаббат, адамгершілік, құсбегілік, аң-
шылық, достық, тағы-тағы толып жатқан құбылыстарды алайық, бәрі
тақырып, бірақ объектісі басқаша. Құсбегілігінің алар объектісі - бүркіт,
ал құсбегі адамның өзі сол объектіге сай ғана көрінуге тиіс. Осы құсбегілік-
тің өзінде бірнеше тақырып болуы мүмкін, бірақ бәрінде де объекті біреу-
ақ. Біздің «шығарма тақырыбы әлсіз екен», керісінше, «тақырыбы тамаша
екен» дегенімізде көп ретте объекті мен тақырыпты шатастырып сөйлей-
міз. Құсбегілік жайлы жазылған шығарма болса тақырыбы құсбегілік екен
дейміз, жоқ, объектісі ғана құсбегілік. Сол саятшылық өмірдің сан қыры,
сан тақырыбы болуы мүмкін ғой немесе адамгершілік объекті болған кезде

179

таңырып ретінде шығармаға адамшылыңтың алуан түрі алына береді. Шы-
ғармаға арқау болар тақырып талғамы осыдан келіп туады. Көркем шы-
ғармада «не туралы айтқаның» ғана қүнды емес, «қалай айтқаның» қүнды.
Ал «қалай айттың?» деген сүрақтың ар жағында суреткерлік, шеберлік
деңгейіндегі талап жатады. Біздің жас жазушылардың кейбіреулерінде осы
соңғы талапқа сай келер туындылар аз.

Жас прозаиктің алғашқы кітабының жай-күйі осылай. «Алуан-алуан
жүйрік бар, әліне қарап көсілер» дегендей, бүл автор да өз мүмкіндігінше,
өз өресіне қарай әдебиеттің үзаң жолына түсті. Ол жолдың талай-талай
бүралаңы мен бүрылысы, еңісі мен дөңесі көп, сол жолда сүрінбей, бағы мен
бабы ңоса шапңанын қалаймыз.

Қанат Жойқынбеков

САЯТШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КІТАП

Ақселеу Сейдімбековтің тұңғыш кітабы «Ақиық» деп аталады. Оның бұл
тырнақалдысы саятшылыққа арналған. Аңшылық жайында сөз қозғалса,
кез келген қазақтың құлағы елең етіп, құмартатыңдайтыны белгілі. Өйткені
аңшылықты қызықтау - халқымыздың ежелден қанына сіңген қаситтерінің
бірі. Құмай тазы ертіп, жүйрік ат мініп, қолына қыран бүркіт қондыруды
халқымыз өнер деп білген. Иә, сондықтан болар, аңшылық туралы Абайдан
бастап қазақтың талай ақын-жазушылары бұл тақырыпқа қалам тартқан.

Аңшылық - саятшылық жайында жазу, қалам ұшқырлығымен қоса, бұл
кәсіпті бүге-шігесіне дейін білуді қалайды.

Бір қуанарлығы сол, Ақселеу аңшы тіршілігін, бүркіт қасиеттерін жақсы
білетінін танытты. Кітап ірілі-ұсақты төрт әңгімеден тұрады. Бұлардың бәрі
де бүркітші, қыран бүркіт хақында.

Кітаптағы беташар әңгіме «Ақиық» деп аталады. Ең көлемдісі де осы
әңгіме. Әңгіме деп айдар таққанымен, оқиғасының молдығы, адамдар ха-
рактерін жан-жақты көрсету жағынан, көлемі жағынан да мұның өзін
кішігірім повесть деуге болады. Әңгіменің соңғы сөйлемін оқып бітіргенде
жас талапкердің құсбегілік жайын жақсы білетіндігіне іштей риза болып,
қуанасың.

Ақселеудікі жай ғана аңшылық құмарлықты баяндау емес, сонымен
қоса бүркітке тән қасиеттерді жан-жақты дәлелді айта біледі. Шымыр да
ұтымды сөйлейді. Мәселен, қаламгер бүркіт мүсінін былай суреттейді: «Түп-
түбінің болар-болмас сарғыш тартқаны болмаса, тұяқтары мөлдір екен.
Сонысының өзі көрер көзге үрей тудыратындай сүмбі тәрізді суық көрініп
еді».

Бүркіттің бүркіттігін танытатын қос аяғын, тұяқтарын осылайша су-
реттейді. Автор бүркіттің дене бітімін де ерекшелеп нанымды берген: «Анау
садақша иілген серпінді сандарынан бастап бауыр сыртының жүні жаппай
алтынның буына ұстағандай сарғыш тартыпты. Аппақ қар үстінде күреңітіп
бал-бұл жанып, көрер көзге отша басылып тұр. Оның үстіне сүйірлене

181

бітіп, мінсіз жымдасқан бой жүнінің жапырақтары сары мәрмәр тасынша
жылтырап, әр талшығы жігін тауып тұр».

Осы келтірілген екі үзіндінің өзі Ақселеу қаламының икемді, ұшқыр
екенін танытқандай. Оқырман бұдан бүркіттің тек қана сырт мүсінін көріп
қоймайды, сонымен құстардың қыраны атанған оның бойындағы ептіліктің,
күштің, қайсарлықтың белгілерін сөйлем динамикасынан сезгендей болады.

Кітаптағы екінші әңгіме «Көңіл шіркін...» деп аталады. Әңгіме желісін
аты да айтып тұр. Автор мұнда аңшы психологиясын ашуға талпынған.

Әдетте біз аңшы әңгіме айтса езу тартып тыңдаймыз. Мұнда сыр бар.
Аңшылар аңшылық жайлы әңгімелерінің бояуын мол етіп айтуға құмар.
Мұның өзі осы бір кәсіпке берілуден, оның қызықтығынан туған жай еке-
ні сөзсіз. Адамның сараңдығы да, жомарттығы да, ұстамдылығы да, қыз-
балығы да, әйтеуір мінезінің байқалмайтын қалың қалтарыстары аң аулау
үстінде көрінеді. Сөз етіп отырған әңгімеміз дәл осы жайға арналған. Мұн-
дағы екі кейіпкер - Мұса мен Жәкен, жастары жағынан қатар болғанымен,
өмірден көріп-біліп түйгендері де алшақ жатқан адамдар. Екеуінің бойында
да саятшылыққа деген құмарлық бар. Ақселеу осы екі адамның аса бір
саятшылық қызығына түскен шақтағы көңіл күйін береді. Олардың бойын-
дағы жалпы аңшы адамға құмарлықты тәп-тәуір суреттейді.

Жасыратыны жоқ, қазір қолына құс қондырып, саятшылық еткен құс-
бегілер өте аз. Халқымыз өнерге теңеген осы кәсіптің біртіндеп өгей болып
бара жатқан жайы бар. Несін жасырайық, бүркіт деген атау болмаса, оған
байланысты сан түрлі тіліміздің төл сөздерін ұмытуға айналдық. Ақселеу
өзінің «Қыран бүркіт хақында» әңгімесінде соларды жаңғыртып еске
салады. Қорыта айтқанда, жас талапкер туындысының тілі болсын, өзінің
алған объектісін жақсы білуінде болсын, биік деңгейге көтеріле білген.
Кітап кемшіліксіз де емес. Қай шығармада болсын, ең басты тұлға адам
ғой. Ақселеу бүркітті суреттеу қызығыа беріліп кетіп, әңгіме геройларын
біраз солғындатып алған. Сюжет құрауда әлі де іздене түсуі керек сияқты.
Олай дейтініміз, әңгіме желілерінде біріне-бірі ұқсас оқиғалар кездеседі.
Құсбегілердің аңға шығуы, тағы бүркіттерді ұстауы сияқты қайталау бар.
Мұның өзі кітап тек қана құсбегілік, бүркіт жайында болғаннан шығар.
Жас талапкер үлкен жолға шығар алдында осы бір жайларды еске салып,
келешекте ескерер деп ойлаймыз.

Жалпы Ақселеудің «Ақиық» кітабы оның өзіндік үні бар дүние екенін
танытқандай.

182

А. Сейдімбектің 1977 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Қыр хикаялары» кітабы туралы ой-пікірлер

Рамазан Тоқтаров

ТАҒДЫРЛЫ ДА ТАҒЫЛЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР

Жинаққа енген әңгімелердің басым көпшілігі повесть деңгейінде жа-
зылған, көлемді де ұтырлы, адам тағдырларының алуан қырларын сөз
етеді. Автор бүгінгі замандас жайын сөз етсін, өткен күндердің қатпарлы
сырларына үңілсін, оқушысын толғантып, өзімен бірге ойланта біледі.
Айтайын дегені айқын елестейді. Бұған жинақ бетін ашатын «Күзеуде»,
«Қарт пен канал», «Қыз ұзатқан» хикаялары айқын айғақ.

«Күзеудегі» аға буын өкілі Ршыман тағдыры біз үшін жат емес. Қарт болса
көзтаныс, қуанышы мен қасіреті қатар өрілген тағдыры қатар ұғынықты.
Ол кемпір Уәкиланы қасақана, жамандығынан ренжітіп отырған жоқ. Бұл
арада - өмір заңы, диалектика заңы. Қарт жүректің құпия сырларының
бір қыры ашылады. Өмір бойы тағдырымен тайталасып келіп, ақыры бір
жолы жеңілді. Тіпті жеңілді ме? Сүюді аңсаған жүрек қартаюды біле ме? Ол
бұлай құлай сүйем деп ойламаған. Мың ұйықтаса түсіне кірмеген. Сүйген
екен, онысынан тағы қайта алмады. Өмір бойы қалыптасқан көзқарасына
табиғаты қарсы тұрды. Повесть осы туралы. Тамаша концепция. Ршыманды
аяйсың, оны жек көріп те отырасың. Сонымен бірге оған қосыласың. Ол
сүюге, ләззат ұғынуға хақылы ғой. Ол үнемі қой соңында жүрсін, кемпірін
төңіректеп, жанұя бүтіндігін ойлаумен өтсін деп үкім шығара аламыз ба?
Оның өз түсінігі өзіне қарсы шығады. Жанұясын тастап кету ойында бір сәт
те болған емес. Ол тек сүйді. Өзін-өзі ұмытты. Мүлде басқа адам болып шыға
келді. Қуанышы да, қасіреті де осында оның. Рас, повесть «шүу» дегенде
кібіріктеп басталып, еті қыза шабысын үдететін жүйріктей, оқиға өрбіген
сайын ширай түседі. Кең мағынасында адам, қоғам, табиғат болмысы өзара
теңдесіп, тағдырлы да тағылымыды өмір нағыз өнер деңгейінде оқырман
жүрегін баурайды. Сайып келгенде, суреткер шеберлігі дегеннің өзі осы
екенін мойындайсың. «Күзеуде» повесі - қазақ прозасын шырайландыра
түсетін мазмұнды шығарма.

«Қыз ұзатқан» - кешегі өткен өмір белестерінен бір елес. Таныс мотив.
Бірақ орындалуында өзгешелік, соны леп бар. Автордың тілі оралымды,

183

әңгімеші Мұстафа қарияны ауыл ақсақалдарындай еркін сөйлетіп, бүкіл
оқиғаны сол кісінің хикаясы арқылы өрбітеді.

Абзал - кедейдің ері. Өнерімен, кісілігімен ауызға ілінген, артық туған
жан. Сүйгені - Ақбілек. Атақты байдың қызы, атастырылғаны - Абзал,
елінің бір жуанының баласы. Ақбілек оны менсінбейді. Конфликт түсінікті
әрі бұрыннан бар. Повесть тілдік ерекшелігімен ұтып тұр. Автордың сөздік
қоры өте бай. Қалай айтам десе де еркінде сықылды. «Тарақтының Тұяқ
деген бір шешені айтыпты...» - деген сөзі бұрын-соңды кездеспей жүрген
әдемі кесте, өткен өмір картинасынан елес береді. Сол сияқты Абзалдың
жігіттігін, өнерін әйгілі ететін тұстары да әсерлі шыққан. Біз Санжар
қарияны көбірек көргіміз келер еді. Негізгі күйікті тартқан сол адам ғой.
Немересі үшін тартпаған бейнеті жоқ.

Хикая соңында автор кенет бір тамаша қорытынды жасайды. Ол - соңғы
сөйлем: «Қайран туған жер, әр түп көдең үшін ар-ұжданымен жауап беретін
ойлы көз, ояу жүрек қажет-ау», - дегені. Осы сөйлеммен шығарма бірден
жарқ етіп сөйлеп кетеді. Оны әрі тұтас, әрі мазмұнды ете түседі. Әңгіме
«Қыз ұзатқан» бәйтерегінің кесіліп қалуымен ашылатын еді ғой. Хикая
шыққандығының, мақсатынының орындалғанының бір дәлелі осы.

«Қарт пен канал», атынан да көрініп тұр, күні кеше орындалған тарихи
бір халді баян етеді. Оқиға аренасы - канал. Арқаны қақ жара кесіп еткен
канал - ғасыр оқиғасы екені даусыз. Ол табиғи жолмен бұралаң жүрген жоқ.
Инженердің сызығымен, еңбектің ащы терімен тартылды. Осы жолда талай
драма бой көрсеткен. Автор соның бірін әңгімелейді.

Рас, мұнда да тартыс табиғатында бәлендей жаңалық жоқ. Айтуған
ақсақал атамекенінен көшкісі келмейді. Оған себеп - артында аруақтардың
қорымы қалып барады. Ескілікті - адам тағдырынан бөліп алып қарасақ,
онымен мәңгі жауласып кетуге болады. Алайда ескіліктің өзінде көп сыр
жатқан жоқ па? Ескілікті жамандасақ, бүгінгі күн де бір замандары ескіруі
мүмкін.

Айтуған ақсақал кір жуып, кіндік кескен жерін өзінің өміріне, тірлігіне
балайды. Сондықтан оның қиналысы түсінікті. Онымен бірге қиналасың.
Алайда өмір өз бағытымен жылжиды. Оның ығы - заманның ығы. Сондықтан
Айтуған ақсақалға да сол заман ығымен жүрмеске шарасы жоқ. Бір кезде
қаңсып жатқан қу медиен далада жарқырап канал суы ағады екен, онан
теңіз пайда болды екен, міне, Айтуған ақсақалды жеңген заман жаңалығы.
Су қасиетін бір кездегі көшпелі халық білген. Онсыз жалғыз аттай алмаған.
Ендеше сол бір кездегі арман жүзеге асып отырған жоқ па? Халық арманы
жүзеге асып отыр. Әңгіме - ақсақалдың ескі бейіттерді қию-қимауында
емес, оның жаңа түсінігінде. Шығарма сонысымен құнды да.

Бұдан соң және екі хикая бар. Ол - «Аққыз» бен «Бір атым насыбай».
Екеуі де жақсы оқылады. Әсіресе «Аққыз» оқиғасы тартымды әрі қою.
«Енді не болар екен?..» деп отырасың. Сюжет желісі барынша ширақ.
Хикая кейіпкері Наймантай өзінің сүйгені үшін күресе біледі. Бұл - тура
мағынасында. Наймантай Аққызды еріксіз өзіне бұрады. Бұл сол заманда

184

болған хал екеніне күмәнсіз сенесіз. Наймантайдың ерлігі, тапқырлығы,
өзі үшін қысылғанда жол табатыны қызықтырмай қоймаса керек. Әрине,
қызықтырудың астарында адам тағдыры, дәстүрлі қазақ қоғамының бол-
мыс-бітімі жатыр. Автордың «Қыр хикаяларына» көркемдік-эстетикалық
мазмұн дарытып тұрған қасиеттер де осы деп білеміз. Кемел әдебиет үшін де,
оқырман үшін де керегі осы болса керек.

Жомарт Әбдіхалық

ТАЛАНТТЫҢ БАҒЫ БІЛМЕС...

Біздің алдымызда «Қыр хикаялары» жатыр.
«...Бұл жинаққа жас жазушы Ақселеу Сейдімбековтің соңғы жылдары
жазған бірнеше шағын повестері енгізіліп отыр. Мұндағы шығармалардың
оқиғасы тартымды, тілі ширақ», - деп редакциялық беташарда жазылыпты.
Жазушы үшін жан-жаратылыс тіршілігінде «құнттап көрсетуге тұрмай-
ды» дейтін бірде-бір елеусіз құбылыс жоқ.
«Бір атым насыбайдан» танылған Түнқатар қария тоқсанның төртеуіне
келгенде дүние салды. «Көп жасағаны емес, көпті көрген басымен төңірегіне
қадірі артқан көнекөз адамның қазасына аяқ жетер жер құлақтанып, көңіл
айтушылар ағылып келіп жатыр», - деп бастайды әңгімені автор. Сөйтсе
де... көшелі мінез танытып, қазаны қасқая көтеретін қажыр көрсетушілер
тек қарттар жағы ғана. Олар түрлі әңгіме өрбітіп соның қай-қайсысын да
Түнқатар марқұмның тіршілігіндегі қасиеттеріне әкеліп тіреп отыр.
Осындай әңгіме үстінде Түнқатарды өлім төсегіне көтеріп, оң жаққа шы-
ғарарда жастығының астынан қос шақша табылғаны сөз болады:
«- Жарықтық, бір атым насыбай үшін он жыл итжеткенде жүріп қайт-
қан еді... Кәрі жолдасын сонда да өле-өлгенше серік етіп өткен екен-ау! - деді
бір қария».
Бұдан әрі бүкіл образ -- идеяны сомдаған сюжет - бір атым насыбай
хикаясы әлгі күміс сақал қария аузынан баяндалады. Авторға «Күміс сақал
қария» тұрғысындағы әңгімені тоқсаннан асқан Түнқатардың дәл тұстасы
болып өрбітіп жазу - үлкен өнер, дарынды қасиет қана емес, бүгінгі суреткер
биігі тұрғысынан зор жауапкершілік жүктейтін парыз...
Бұл орайда жазушы жасанды жалтылдақтығы жоқ, тұлғалы, кең тынысты
өмірмен үндес, байыпты қаламгердің мінез-қабілетін салған жерден жазбай
танытады.
Егер Түнқатар жігер мен намыстың, әрекет пен ойлы істің адамы болып
шыңдалмай, жай ғана насыбайшы мыңның бірі болса, ол әлекедей жалан-
ған жас болысты атымен қоса, Ертістің мұзын жарып, су аяғы құрдымға

186

ағызбас та еді. Жатақ аулына келіп, кісімсінген төре өз қылығынан мерт
болды. Түнқатар «...жілік шаққан балтаны ала салып, қонағының шүйде-
сіне кірш еткізіп бір-ақ сіңірді...»

Аз жайдың өзінен-ақ әрі дара бітімді, әрі типтік тұлға ретінде көрінген
Түнқатар кейіпкерге бұл - өте лайық, заңды, табиғи мінез. Ең бастысы,
шығарма сізді бұған қапысыз сендіріп, үлкен өмірлік, эстетикалық әсерге
бөлейді.

Өмір жеке бір адамның еркіне көнбейді. Бірақ біз тізгінді өз қолымыз-
да ұстауға құштармыз, бәлкім, өмір бақи армандап, өмір бойы күресіп,
мүмкін жеңіп әлде жеңіліп жүрерміз. Бірақ тіршілік тізгінін қолда ұстау-
дан артық не үлкен арман бар?..

Келіңіз, куә болыңыз.
Қыр жайлаған Ршыман қарттың қырық жыл отасқан әйелі Уәкилә екеуі-
нің арасында тамыры тым әріден тарайтын үлкен бір кереғар қылау бар еді.
Бұл көкірек түкпіріндегі көксеу сезімнің сыртқа шығар, көзсіз қиян қа-
рекетке бастар шағы әлі алда екен.
Ршыман « Лестник қыстауына», Торғынға келуді жиілетіп еді. Сонда тол-
ған айдай жесір әйелге деген лып етпе құмарлық қызығуы емес, бір жұма
көрмесе кәдуілгідей сағынып, құлазып, көзіне ештеңе ілікпей қоңылтақси
берген соң келетін.

Бұған Торғынның да ықыласы сондай. Бірақ болған іс, басына түскен хал-
ге есі кетіп, ойсыз жүрген жан емес:

«- Тәңірімнің неменеге бастап тұрғанын кім білсін, әйтеуір бетіңді қақпас
бір пендең болдым ғой, - дейді ол Ршыманға. - Жария болар істі сенен жа-
сырып қайтем, бойыма бірдеңе біткен сияқты...

Ршыман Торғынның соңғы лебізін естігенде отырған орынан қопаң етіп
көтеріліп барып, қайта отыра кетті. Әп-сәтте тамағы кебірсіп, өзіне де тосаң
естілген толқу үнмен:

- Жарқыным-ау, не дедің?.. - деп еді.
Ршыманның екі қолы алдына сыймай, етек-жеңін сипана отырып айтқан
осы бір жалғыз ауыз сөзі тосын бір сезімнен есеңгіреп қалған жанның күйіп
танытқан. Неге екені белгісіз, осы бір қас қағым халде отырып мейірімсіз
соғыс жалмаған арыстай-арыстай үш боздағын есіне алды. Есіне жай алған
жоқ, сол үш боздағының бірі тіріліп келгендей жүрегі шымырлап қоя берді.
Сонсоң Құдаймендесінің өкшесін басар жанашыр тапқандай болды. Мұның
бәрі де кеш келген аяулы сезімнің мерт қылар қуаты екенін сол жерде
Ршыман пайымдай алмап еді...» (18-бет).

Егер жазушының «кеш келген аяулы сезім» деген лейтмотивін повестің өн
бойын өзектей отырып іздесек, бұған көз жетіп, көңіл иланатын реалистік,
біртұтас көркем, қыруар пайымдаулар табамыз.

Жазушы А. Сейдімбеков нақ осы шығарманың көркем концепциясы ар-
қылы гуманистік парасат, сезімтал позиция, ақиқатқа адалдық туын көте-
ріп, өрісті суреткердің аңысын аңдатып отыр.

187

Тек «аңдатып отыр» деп тарта сөйлеуімізде себеп бар. Жазушы Ақселеу
көркем образ арқылы мүдделі мәселе көтерді, сұрақ қойды, бірақ онысын
өзі шешіп, бұған өзгені де еріксіз мойындататын жауаптан жүзін бұрып
кетті.

Жинақтың жүгін көтеріп тұрған келесі екі шығарма - «Қыз ұзатқан»
және «Аққыз» повестері. Алдымен «Аққыз» повесі туралы бірер сөз. Мұнда
қыр өмірінің қашанғы бір хикаясы - бақ жоқ, барымташыл заманда бойжет-
кен қыздың арын аттай алмай... Ақадыр еліне келін боп түсуі баяндалады.

Дәл осы шығармада жазушының әлеуметтік тамырды терең қазбалап, өз
болмысымен көрсетуге анық ықылас қоймағаны байқалады. Автор сүйгенін
іздеген жігіттің сұлуға қолы қалай жеткенін әңгімелеу - мақсатым дейтін
шығар. Сөйтсе де, өмірде ілуде бір болған, болып жатар оқиғаның ізімен
өрістеу әрқашан жазушы үшін сәтті, көркем идея болып шыға бермейді.
Ал реалистік типтендіру, талас жоқ, қоғамдық өмірдің әлеуметтік-психо-
логиялық заңдылықтарын мойындататын, соған негізделген бітпес қақты-
ғыстардың сырын ашатын творчестволық әдіс. Осы тұрғыдан келгенде, шы-
ғарма кейіпкерлері Наймантай - Аққыз - Аламан батыр характерлерінде
зәуде бір ұшырасатын өжеттік, ару қыздың бойында ер-азаматқа тән ерлік,
намыс оты бұлқынғанымен, олар ортаға лайық типтік бейнелер бигіне
көтеріле алмаған. Шығарма әуені тұтастай алғанда жолы болған жас бөрідей
жігіттің, жолынан тайған батырдың, ең ақырында кектеніп шықса да келін
боп құлай кеткен қыздың бір-бірін түсінгіш, сыйлағыш кешірімді халде-
рін паш етеді. Бұл, біріншіден, әлеуметтік шындық логикасына үйлеспей-
тін, тіпті өмірдің ол қалпындағы қайшылықтарды жете ескермеудің сал-
дары. Сондықтан жасаң, жасанды.

Екіншіден, повестің мотировкасында тұтастық, бір бағытты өрбу, ширы-
ғу жоқ. Көбіне екі ұшты дәлелдеу штрихтер: әдісін тауып, айласын асырып
үйіне келіп жатып алған жігітке дүние тегіс құлап тұр. Бағы тайып қапия-
да байлауы шешілген Аққыз Наймантайдың ырқына көніп шыға береді.
Ел аяғы басылған соң, Наймантай мен Аққыз ақыл қоса отырып, Аламан
батырдың күрең тұлпарын сауыт-сайманымен қоса қайырған. Жай қайыр-
ған жоқ. Әрине, ат-шапан айыбымыз деп үш тоғызды алдына салып, көшкен
елдей ырғалтып-жырғалтып жөнелтті. Бұған қоса бағаналы батырына Най-
мантай арнайы сәлем жолдап: «Тағдырдың жазуындай іс болды. Батыр кө-
кейіне кек сақталмай-ақ қойсын. Әлі де аруағын сыйлап, басымды иемін.
Жеңіл сөзге ермей, екі елдің арасына сызат түсірмегенін қалаймын. Сол
ақ ниетімнің айғағындай болсын, айлап өсірген жалғыз қарындасымды қа-
лыңсыз қосуға ризамын», - деген.

Сонда Аламан батыр сәлемшіге: «Наймантай мен Аққызға айта барың-
дар, бақтары ашылсын. Өз маңдайымның тайқылығынан көрмесем, екеуі-
не де айтар өкпем, тағар кінәм болмай отыр. Көлеңкесіз көңіл сөзі деп жет-
кізіңдер, қарындасынын көз жасына қалмай-ақ қояйын. Сүйгеніне қоса бер-
сін», - деп жауап қайырады.

188

Осындай айы оңынан, күні солынан туып тұрған тіршілік суреткер ны-
санасының әлсіздігін аңғартады.

«Әр шығармадағы оқиғаның мотировкасына қарап, - дейді белгілі әде-
биет зерттеуші ғалым 3. Қабдолов, - соны жазған жазушының өмірді қан-
шалық білетіні, дүниеге көзқарасы мен идеялық тұрғысының дәрежесін, ой-
өрісі мен темпераментінің қай сипатта, не күйде екенін анық танып білуге
болады». Бұдан шығар қорытынды: шын өлшем рас осылай болған соң, жас
қаламгер А. Сейдімбеков «Аққыз» туындысы туралы біздің жол-жөнекей
тіктеп айтқан бұл пікірімізбен келешекте санасуға тиіс. Өйткені ол, қанша
қаламгерлік, көркемдік сипат танытқанымен, образ кейіпкерлерінің типтік
қалпын жинақтап көрсетуде дүниеге кемел көзқарас, идеялық биік тұрғы
дәрежесіне жете алмай тұр.

А. Сейдімбектің 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Тауға біткен жалбыз» кітабы туралы ой-пікір

Сабыржан Шүкіров

ТАБИҒАТ ТАМАШАЛАРЫ

Ақселеу Сейдімбеков - естіген-көргенін шырайын шығарып айта ала-
тын, жаза білетін, өзіндік беті бар, аңғарымпаз жазушы. Кәдімгі қазақы
әңгімешінің нақ өзі. Оның творчествосының өзіндік қолтаңба ерекшелігі де,
міне, осы ұлттық характердегі әңгімешілдігінде. Оның жазғандарын оқы-
ғанда, кітап оқып отырғандай емес, әдемі бір әңгіме айтып отырған кісіні
тыңдағандай күйде боласыз. Әңгімені баппен бастап, баяулай тартып, шым-
шым соза түсіп, ұйытып әкете береді.

Ақселеудің әңгімені бастауының өзі ә дегенде-ақ елең еткізіп, ілтипат
тілейді. «Бұл таудың ілгері, жаугершілік замандағы аты Найзатас болса
керек», «Бұл әңгімені Рамазан мергеннің өз аузынан естіп едім», «Ауы-
лымыз ақар-шақар болып, жайлауға қонып жатты», «Қабантаудың бауыздау
алқымын тесіп шыққан Тасбұлақта жылдағы әдетпен жеті-сегіз киіз үйлі
қойшы ауылы отырды», «Жо-жоқ, атама деймін, шын аңшы еш уақытта
өтірік айтпайды...» дегендей сөз бастаулары еріксіз құлақ түргізіп, құпия-
лы қызықты әңгіме тыңдауға шақырғандай.

Бастауларын біз дәлелге алған «Тауға біткен жалбыз», «Рамазан мерген»,
«Табысу», «Көңіл шіркін», «Аңшы өтірік айтпайды» әңгімелері ғана емес,
Ақселеудің қай әңгіме-повесі болсын, осындай бір қаратпа стильде басталып
отырады. Ал бұл - нағыз әңгімешінің, көргені мен естігені көп, қиялы
ұшқыр, тілі шешен, көкірегі зерделі ел іші қарттарының сөз саптасы, жазба
әдебиетке Бейімбет Майлин әкелген қастерлі дәстүр. Бірақ бүгінгі-кейінгі
толқын жазушылардың, Ақселеу замандастарының қолданысында бірлі-
жарым ғана болмаса, жұрт көп бара бермейтін ұмытыңқы стиль. Ал Ақселеу
болса, өз творчествосында бүтіндей дерлік осы халықтық үлгіні ұстанған.

Ол бірақ жалаң-жағдай қалпында емес, жазба әдебиеттің бүгінгі күн биі-
гіндегі талабына сәйкес игерілген. Ел ішінің әңгімеші қарты мен жазушы
Ақселеудің суреттеу, бейнелеу, ой айту, түйін түюдегі ерекшеліктері мен
нақыштары басқа-басқа. Шығармаға арқау болып отырған қарт әңгімесінің
желісін сол қалпында сақтай отырып, жазушы өз бояуын да шебер пайдалана

190

біледі. Егер ел ішінің әңгімешісі оқиғаны ғана баяндаса, жазушы оны
белгілі бір идеяға бағадай отырып, көркем туынды арқылы өзіндік пікірін
айтады, «образдар мүсіндеп, характерлер жасайды».

Тілге тиек етіп отырғанымыз - жазушының 1979 жылы «Жалын» бас-
пасынан шыққан «Тауға біткен жалбыз» атты әңгімелер мен повестер жи-
нағы. Жоғарыда аталған әңгімелер де осы жинақта. Жинақтың тағы бір
өзіндік ерекшелігі - тек қана табиғат сырларына құрылғандығында. Саят-
шылық, құсбегілік, қасқыр хикаясы, түлкіқулығы СИЯҚТЫжайттарды
бейнелеу қазақ әдебиетінде соны құбылыс емес. Ол әсіресе тарихи роман-
дарда жиі орын алады, көркем суреттеледі. Оның классикалық үлгісін Мұх-
тар Әуезов шығармаларынан, соның ішінде «Абай жолы» эпопеясынан кө-
реміз. Дегенмен, қабырғалы, кесек туындыларда бұл жайлар жанама оқиға
есебінде, екінші планда ғана көрінеді. Ал Ақселеу шығармаларында бұл
бірінші орынға қойылған, тек қана табиғат сырларын жыр етуді мақсат
тұтқандық байқалады, Және ол өткен тарих, ескіден келе жатқан ел есін-
дегі елес жайт емес, дәл бүгінгі күн оқиғасы, автордың өз көзімен көріп,
қолымен ұстап куә болған, араласқан жайлары. Шығармалар кейіпкер-
лері - табиғат ортасында отырған мал шаруашылық еңбеккерлері, сөз
арқауы - бүгінгі ауыл өмірі. Бүлкіл қаққан бұлақ сылдыры, төбеңнен төнген
шың-құзды таулар; қарағайлы, қайыңды беткейлер; көгорай шалғынды
жайлау; гүлді дала; желмен жарысқан киік қана жортар шөлейт медиен -
осының бәрі көркем көрініс құрап, шежірелі сырларымен баурап алады.
Мұнда адамдардың осынау табиғатпен бетпе-бет кездесудегі сырласуы, сыр
ашуы жатыр.

«Тауға біткен жалбыз», «Табысу», «Көңіл шіркін» атты шағын әңгіме-
лері мен «Бүркіт» атты этнографиялық көлемді әңгімесі және «Ақиық»
повесі құс баптау, саятшылық өнеріне арналған. Олардағы оқиғалардың
бәрі де естіген емес, көрген, нақ табиғат аясының өзінде болып жатқан
қалпында баяндалады. Соған орай жазушы әңгімелерінде табиғат суреті,
пейзаждық көріністер, адам мен аң, құстың оқыс, қалт әрекеттері әсерлі
сурнттеліп отырады. Барі де нанымды. Құсбегінің бүркітті баласындай, ая.-
лап, әлпештеуі арқылы түз тағысына дегенін істетіп ләззат табуы, бүркіттің
иесіне сенімі шынайы, қоспасыз әңгімеленеді.

«Тәтті тіршілік», «Қақпаншы», «Рамазан мерген», «Зерде» сияқты әң-
гімелерінде аңшының қатаң ұстайтын дәстүр-салт қағидалары сияқты
жайлармен қатар, әрбір тіршілік иесінің өмір үшін күресі ерекше байқам-
паздықпен суреттеледі- Ол әсіресе «Олжа» деп аталатын әңгімесінде айқын
айшықталып, философиялық ойға ұласады. «Қой шарына аңсары ауып,
тықырши қозғалақтаған түлкіге қарап тұрып Шалғынбай тағы да ойға
қалды... «Күйістігін алу үшін күнімен қар тепкілеген момақан қойлар
мынау... Олардың соңында ашылып қалатын шөптің барын біліп келген
түйеқүлақ тышқандар анау... Қой шарынан тышқан аңдыған түлкінің
жүрісі, міне... Ал оның артында баспалап жүрген қасқырдың жоғына кім
кепіл? Япыр-ай, ғажап екен-ау!» - деп Шалғынбай таңдана түседі. Сонсоң

191

әлгі ойын әрі қарай жалғап, бара-бара осынау табиғат аясында бір-бірімен
сабақтасып жатқан кереметтің бір буыны болып өзінің тұрғанын ойлағанда,
біртүрлі тынысы жиілеп, толқығандай болады. Тап бір жаңалық ашқандай
көңілі алып-ұшып тұр. «Шынында да... қасқыр, түлкі, түйеқұлақ тышқан,
бір отар қой бірін-бірі тіршілік көзі етіп тырбанып жатқанда, мына бір отар
қойдың шетінде бұл да кездейсоқ тұрмағаны анық. Мінеки, осылайша шексіз
тізбек жасап, мәңгілікке кете барады. Тіршілік атаулы бір-бірімен белгісіз
заңдылықтар арқылы жалғасып, әрең жетпес ұлы тұтастық құрағандығы,
өмір деген қүдіретіңіз сол, әне», - деп түйіндейді. Бұл - айдалада жалғыз
өзі қой жайып жүрген шопан ойы. Оның өзі көріп, түсініп өмір туралы
зерделеген пікірі. Ол осы көріністі тамашалай тұрып, өзі соның бәрінен
биік тұрған Адам екенін сезініп, соны мақтаныш тұтады, толқиды. Сол
биіктігінен оның ешқайсысына қиянатқа ұмтылмайды. Осы тізбектегі ең
қаскөйі - қасқыр ғана қорқаулығының қырсығынан өз ажалын өзі тауып,
шопанға олжаға ілігеді.

Ал «Аңшы өтірік айтпайды», «Айқас» әңгімелерінде сирек ұшыраса-
тын, оқыс оқиғалар айтылады. Әсіресе жыландар мен бақалар айқасы - бұрын-
соңды қағаз бетін көрмеген оқиға. Бірақ нанымды айтылған, сенерліктей
дәлелденген.

Жинақтағы «Атамекен» повесі осындағы барлық шығармалардан бөлек-
теу, адам мен табиғат, адам мен аң-құс қарекеттерінен басқа арнаға құрылып,
адам және туған жер, атамекен қасиетіне бағышталған. Ата-баба, бар туыс-
туғандарының қара қорымы тұрған, бар өмірін сол мекен үшін сарп етіп, өзі
түтін түтетіп отырған ауылының үстінен канал өтер сәттегі Айтуған қарттың
психологиясы арқылы бүгінгі күн тынысын береді. Ел басшыларының, бүкіл
ауылы мен үй-ішінің ыңғайына көнбеген Айтуған қартқа жасампаздық
жеңісі жемісті іспен дәлелденіп барып болашаққа сенімін орнықтырады.

Жинақ тәлім-тәрбиелік, ғибраттық жақтары мол, сезім тербер сазда
жазылған шығармалардан құрылған. Әрқайсысы жеке-жеке, шағын-ша-
ғын әңгіме-повестер болғанымен, адам мен табиғат арасындағы алыс-беріс
туралы сыр шерткен тұтастық сипат танытады. Автордың тың теңеу,
оралымды, шалымды сөйлем, айшықты сурет, тосын сөз, аңшылық пен
құсбегілік әңгімелеріндегі сөз таңдау, саралау шеберліктері сүйсінткендей,
қызықтырғандай-ақ. Әр жинақ осындай-ақ шықса, өкініш жоқ. Дала сыры,
табиғат тамашалары көркем кестеленген, мақсат орындалған.

192

Аманбек Сейдімбекұлы - Слан Сейдімбекұлы -
Ақселеудің әкесінің ағасы Ақселеудің әкесі

Кәтеп Қазыбекқызы - Хасен Сейдімбекұлы -
Ақселеудің әкесінің інісі
Ақселеудің анасы

Ақселеу. 1956 ж. Ақселеу. 1961 ж.

Ақселеу. 1962 ж. Ақселеу. 1962 ж.

Акселеу. 1965 ж. Орал Омарқызы -
Ақселеудің жұбайы. 1968 ж.

Ақселеу. 1968 ж. Ақселеу, Орал

Бірінші қатарда: Орал - Ақселеудің жұбайы, Кәтеп - Ақселеудің анасы, Ақселеу.
Екінші қатарда: Ақселеудің балалары - Ернар, Салтанат, Зере, Перизат

Акселеу кыздары - Перизат, Зере

Ақселеу. 1979 ж. Ақселеу. 1979 ж.

Ақселеу. 1985 ж.

Ортада: Орал, Ақселеу. Бірінші қатарда: немерелері - Мирас, Ақдана.
Үшінші қатарда: балалары - Ернар, Бақытгүл (келіні), Перизат, Зере

Ортада: Ақселеу. Бірінші қатарда: немерелері - Қастер, Тарлан, Айбар.
Үшінші қатарда: інісі - Асылхан, келіндері - Зәмзә, Әлия, баласы - Ернар

Ақселеу. 1973 ж. Ақселеу. 1975 ж.

Ақселеу 1972 ж.

Ернар Ақселеуұлы
Ақселеу, Ернар

Ақселеу, немересі - Мәди Ақселеу, немересі - Тарлан

Ақселеу, немерелері - Тарлан, Ақцана


Click to View FlipBook Version