The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:11:52

1Alashtin Akseleui

1Alashtin Akseleui

желіленгенімен, негізгі ой арқауын көтеріп тұрған түп қазықтар тап осы
оқиғалар екені даусыз.

Жол-жөнекей очерктердің санатына жататын «Алғашқы адымдар» мен
«Қарлығаштар» да республика өміріндегі осындай өркенді өзгерістерге
арналған. Біріншісінде тың төсінде ту тіккен шаруашылықтың бүгінгі қол
жеткен биігі өткенімен байланыстарыла талданса, екіншісінде қой шаруа-
шылығын комсомолдық қамқорлыққа алған жастардың жеке бригада бо-
лып жұмыс істеудегі алғашқы қадамдары әңгімеленеді. Сапар үстінде кө-
ріп-білген қиыншылықтар, кейбір проблемалар кейіпкерлер сөзінде де, ав-
тордың пайымдауларында да айқын көрініс тауыпты.

Ал проблемалық очерктің сәтті бір үлгісі - кітаптың үшінші бөлі-
міндегі «Ат шаба ма, бап шаба ма?» деген очерк. Ол хас жүйрікті қапысыз
тану және білгірлікпен баптау өнері төңіріндегі ойлардан басталып, респуб-
ликамызда ат спортын дамытуды кенжелетіп отырған келелі проблема-
ларды қозғауға ұласады. Автор бұл проблемаға жай ғана сілтеу жасамайды,
оларды нақты да өткір сын объектісі етеді. Әрі әйтеуір сынауды мұрат тұт-
пай, бар проблемалардың шешімін іздестіреді. Оған оқырмандардың өз-
дерін де тартады. Сондағы сүйеніші - бүгінгі ат спортына бұрынғы ұлттық
ойындармен байланыстыра қарау арқылы ел ішіндегі екшелген халықтық
бай тәжірибені арашашы ету.

«Егер әр спорттың өз ерекшелігі, өзіндік сұлулығы, тек қана еңбекпен
келетін өзіндік талап-талғамы бар деп қарасақ, ат спортымен айналысушы-
лар үшін басты ерекшелік тапқыштық, бапкерлік, зоотехникалық терең
білімділік болса көңіл сүйсінерлік емес пе? Оның бергі жағындағы қазақтың
тіршілік тұрмысы тудырған, эстетикалық ләззаты мол алуан түрлі ат ойын-
дары өз мәнінде өту үшін сыншылық, бапкерлік басты қасиет болу керек
десек артық емес. Ендеше ат спортымен айналысушылардың, ат спорты
жаттықтырушыларының ауыл-ел арасындағы сыншы, бапкер, атбегі ақса-
қалдардан үлгі-өнеге алып, тәжірибесін қабылдауы қажет», - деген пікір
айтады бірнеше нақты ұсыныстар жасаған автор.

Жинақтаған очерктердің дені портреттік очерктерге жатады. Түйе-
ші Қ. Ерболғанов («Ойсылқара»); шопан, Социалистік Еңбек Ері Ш.
Ынтықбаев («Өмір, мен саған ғашықпын»); диқан, Социалистік Ең-
бек Ері Владимир Аврамович ДИТЮК («ТЫҢ тарланы»); академик Әбіл-
қас Сағынов («Ақша қар жауған күн») және күйші, Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты Ш. Әбілтаев бейнелері жасалған көркем
туындылардың қай-қайсысында болсын бөлекше болмыс-бітім, кесек-кесек
кейіпкер характерлері, өмірдің өзінен ойып алынған тағылымды эпизодтар
мен өтімді ой-пікірлер баршылық.

В.А. Дитюк туралы республика журналистері аз қалам тербемегені бел-
гілі. Дегенмен, А. Сейдімбеков очеркі өзгешелеу әсер қалдыратын көркем
туынды екені сөзсіз. Кейіпкер тұңғыш тың игерушілердің типтік дәрежесіне
көтерілумен қатар, өзіндік болмыс-бітімімен де айтарлықтай дараланған.
Шартты түрде шағын-шағын бірнеше тарауға бөлінген он төрт беттік очеркті

204

оқып шыққанда біз кейіпкердің тек танымал өндіріс озаты ғана емес, жан
дүниесі өте бай, туған жеріндей болып кеткен тың төсінің тарихынан да
терең хабардар азамат ретіндегі бейнесін терең танимыз.

Бұл жерде белгілі журналистің өз очерктеріне таңдап алған объектілер-
ді зерттеудегі зерделілігіне ерекше назар аудару қажет. Ол «Қай очеркте
болсын, қашанда бір кейіпкер артық жүреді, ол - автордың өзі» деген
белгілі қағиданы берік ұстанатыны байқалады. Автордың өз көзқарастары
мен пайымдаулары, кейіпкер ойына қатысты немесе көтерілген мәселелер
төңірегіндегі өз пікірлері очерктердің салмағын арттыра түскен.

Сейдімбеков очерктерінің енді бір ұтар тұсы - тіл құнарлылығы. «Туыр-
лықтың жоғарғы жағында үркердей боп шүпірлеген үш-төрт тесік бозара
көрінеді. Мұнысы - «Таң келдінің» белгісі» (152-бет), «Шоқырағы жоқ, төрт
аяғы бірдей тайпалған жорға, күйдің жорғасы тұяқ қимылдатса не болар
еді? Не болушы еді, алпыс екі тамырыңды саумал саз жайлап алғандай,
сиқырлы әуез сай-сүйегіңді балқытады...» (183-бет) - деген жолдар немесе:
«Ақтөбелі үйін тігіп, ақбөкендей қойын айдау», - деген сияқты сөз орамда-
ры оқырмандарын өзіне тартып, оқуға жетелеп отырады. Әсіресе орайын
келтіре қолданылған мақал-мәтелдер ажар ашарлық. Сол сияқты әрбір
кейіпкердің аузына, өз болмыс-бітіміне сай сөз салу да ұтып-ақ тұр.

Жазушы В. Тендряков журналист В. Аграновскийдің соңғы шыққан
кітаптарының біріндегі соңғы сөзінде: «Публицист в идеале - своеобразный
кентавр обладающий свойствами ученого и художника», - деп жазған екен.
А. Сейдімбековтің «Серпер» жинағы да журналист шығармашылығына тү-
сер жауапкершілік жүгінің қаншалықты салмақты екенін айқын аңғартады.

205

Қайсар Әлім

СЕРПЕРДІҢ СЕРПІНІ

Көркем очерк көңілдің ажарын ашып, жүрекке алау нұр құйса, онда
жазушы миссиясының орындалғаны. Өмірдің айнасы атанған бұл жауынгер
жанрда, өкінішке орай, екінің бірінің аты озып келіп жатпайды. Кейде очерк
айдарымен суреттеме дәрежесінен аспайтын ортақол дүниелер оқырманды
мезі етеді. Жалықтырып жібереді, ешқандай ләззатқа кенелтпейді. Адамды
тебірентпесе, жан сарайын арайландырмаса - туындының тұйыққа тірел-
гені. Жасыратыны жоқ, біздің мерзімді баспасөзімізде немесе баспалардан
шығып жатқан жинақтарда кейбір көркем очерктердің дәрежесі төмен.
Оларда өмір шындығы өрескел бұрмаланады, тілі мүкіс, кібіртік келеді.
Оқушыны еліктірмейтіні, тартпайтыны осындайдан.

Ал жақсы очерктің жөні тіптен бөлек. Оңайдың оңғақ, қиынның қым-
бат болатыны секілді, әрине, мұндайда творчестволық қуат түгесілген сәтте
ғана сәтті туынды қолға тимек. Соңғы жылдары қазақ көркем очеркінің
форма жағынан жетіліп, мазмұны тереңдеуі - талмай ізденудің айғағы. Біз
бүгіндері осынау жауынгер жанрдың батпан жүгін белі қайыспай көтеріп
келе жатқан белгілі жазушы-журналист Ә. Нұршайықовтың қаламынан
туған очерктерді іздеп жүріп оқитын болдық. Сондай-ақ, жас буын өкіл-
дерінің ішінен жазушы Ақселеу Сейдімбековті бөле-жара атар едік.

Бұл екі жазушының тағдыры бірегей, ізденістерінде көп ұқсастық бар.
Айталық, Әзілхан бүгінгі деңгейіне журналистік бар сатысын адалап ба-
рып көтерілсе, Ақселеу де солай. Ол да газет қызметкері ретінде өмірді жете
зерттеді, күн құрғатпай қойын дәптеріне белгі түсіре жүрді. Осы жерде орыс
ақыны Н. Тихоновтың: «Очерк - жүз есе кішірейтілген роман», - деген сөзі
еске түседі. Бұл сөздің жаны бар да секілді. Кезінде шымыр очерктерімен
көзге түскен Ақселеу Сейдімбеков, Әзілхан ағасына ұқсап, ақтангер прозашы
болып алды. Міне, журналистік бастаудың жазушылық арнаға ұласқанын
осындай мысалдардан байқаймыз.

Жазушылық сапардың тауқыметінен мойын бұра алмай жүрсе де ол
журналистік парызын бір сәтте ұмытқан емес. Қазақстан Магниткасы жұ-

206

мысшылары мен Қарағанды, Екібастұз кеншілерінің арасында жиі бол-
ды. Сонымен бірге диқандардың ерлік істері мен өнер шеберлерінің тың
ізденістері де қаламына қанат бітірді. «Жазушы» баспасы былтыр шығар-
ған «Серпер» атты очерктер мен деректі әңгімелер жинағы А. Сейдімбеков-
тің оқырмандар алдындағы елеулі есебі секілді.

Жинақ - көп жылғы еңбектің мәуелі жемісі. Одан жазушының
өзіндік қолтаңбасы айқын көрінеді. Онда топтасқан дүниелерді оқып
отырғанда орыс очеркінің атасы М. Кольцовтың өмір шындығын етене
зерттеу мақсатымен таксиден үш күн бойы түспей, класта жеті күн «оқу-
шы» болып отыруы, ЗАГС-те тіркеуші болып қызмет атқаруы еріксіз еске
оралады. Әсіресе Қостанай диқандарының ерлік істері көркем өрілген «Мил-
лиардтың ізімен» очеркінде кейіпкерлер бейнесі бірнеше күнге созылған
таныстықтың нәтижесінде сәтті ашылған. Ертіс - Қарағанды каналының
құрылысшыларына арналған «Өмір арнасы» очеркінде проблема жағына
баса назар аударылған. Проблеманы көре білу үшін де көз керек, уақыт
керек. Ізденгіштіктің бір қырын содан аңғарамыз.

«Екібастұздың бүгінгі мен ертеңі» деп аталатын деректі әңгімені оқып
отырғанда А. Сейдімбековті өндіріс тақырыбының ерен білгірі ретінде та-
нимыз. Ол инженердің ойын толғап, жұмысшының қимылын жасайды.
Көмір өнеркәсібін жедел дамытудың соңы резервтерін табуға ат салысады.
Әңгіменің «Гүл қауызына біткен көмір», «Он жасқа толмаған Батыр»,
«Қарасордың қасында қырық ДнепроГЭС» секілді сәтті тауып қойылған
тақырыпшаларынан-ақ жазушының өзіндік стилі байқалады. Бұл ретте
очеркист В. Овечкиннің жаңалықты сезіне білуі, зерттегіш қасиеттері Ақ-
селеуге де дарығандай әсер қалдырады.

Жұмысшы өмірін жырлауда марқұм Жекен Жұмақановтың аянбай тер
төккені белгілі. «Ат тұяғын тай басар» дегендей, А. Сейдімбеков очерк-
терінің біразы жұмысшы-қаһармандардың образын жасауға арналған
екен. Социалистік Еңбек Ері Алтынбек Дәрібаев пен украиналық болат
қорытушы Егор Проскуриннің арасындағы достық, олардың рекордқа барар
жолдағы ерен қимылдары нанымды суреттеледі. Алтынбек өмірінен кезінде
Тайыр Жароков поэма жазды. Иван Шухов қалам тербеді, ол туралы ән
шығарылып, кино шежірелері жасалды. Біз олардың біразымен таныс едік,
ал мына очерк солардың бірде-біреуін қайталамайды. Сол себепті де құнды.

Деректі әңгімелердің ішінен «Қарт пен канал» әңгімесін бөліп қарауға
болады. Туған қоныстың үстін басып өтетін канал құрылысы жақындап
келе жатты. Атамекенін су астында қалдыру Айтуған ақсақалға қалай батты
десеңізші! Қарт томаға-тұйық жүріп алды, өзінше қарсылық көрсетіп бақты.
Бірақ келе-келе ол өзінің бұл қарсылығының тіптен негізсіз екенін ұқты.
Канал сол кіндік кескен жерін гүлдендіру мақсатында қазылып жатыр екен.
Тандыры кепкен аймақтың суға мейірі қанбақ. Ендеше не тұрыс бар, қарт
көшуге келісім береді.

Айтуған осынау ұзақ өмірінде Шідерті, Ащысу, Түндік өзендерінің жо-
ғарғы жағасындағы Шыбындыкөлден басқа көл көрген емес-ті. Каналды

207

бойлап келе жатып «ІПыбындыкөл мұның жанында қара су тәрізді екен,
мынау өзі жойқын мол су ғой...» деп ойлайды. Жалпы бұл әңгімеде ескі мен
жаңаның арасындағы тартыс бірсыдырғы тәуір берілген.

Мемлекет малы үшін жанын пида еткен шопан көмекшісі Сейткүл Тұр-
сынбаеваның ұрпақтарға жетер ерлік өнегесі жайлы әңгіме «Құлағында үні
кетті сәбидің» деп аталады. Иә, ана артында сәбиі қалды. Сәби үнін қай ана
мәңгілікке қиғысы келер? Сейткүл қиды! Ел байлығы үшін қиды! «...Әуп-па
деші, тәте...» - деген бөбегінің үні кетті құлағында! Бұл әңгімені тебіренбей
оқу мүмкін емес. Ғабит Мүсірепов жасаған ана образдарының легін ала
тұратын салмақты туындылардың бірі десек, ешқандай қателеспеген болар
едік.

Күйші, өнер зерттеушісі Шәміл Әбілтаевті кім білмейді? «Шәмілдің Шай-
танкөлі» очеркінде оның творчестволық жолы жан-жақты қырынан әңгіме
болады.

«Серпер» - соны серпінді шығарма. Оның өн бойында шындықтың шиыр-
шық атқан желісі бар. Ал мықты желі тартылған жерде идеяның солғынды-
ғы, композициясының көмескілігі, сюжеттің солбырлығы, мазмұнның
таяздығы мен формалық ізденістің жаңсақтығы мүлде кездеспейді. Демек,
«Серпер» - қай жағынан болсын сәтті де сапалы туынды!

208

А. Сейдімбектің 1981 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген
«Аққыз» туралы кітабы ой-пікір



Қали Сәрсенбай

КЕҢ ТЫНЫСТАП, ТЕРЕҢ ТОЛҒАНЫП

Көркемдік әлемі сұлу да сырбаз, кең тыныстап, терең толғайтын, бір сөзі
бір сөзіне жарығын мол түсіріп тұратын, оқырманын халқының рухани
биік парасатына, өмір-салтына ұдайы қанықтырып отыратын қаламгер-
дің бірі А. Сейдімбеков десек, пендешіліктің ауылына бет бұрып, тіл ұшына
келген тәтті ойдың ауанына да берілгендік емес. Ол - кітаптан соң кітап
беріп, үнемі өсу, өрлеу үстінде келе жатқан жазушы. Таяуда «Жазушы»
баспасынан жарық көріп, оқырмандар қолына тиген «Аққыз» кітабын оқы-
ғанда да осы ой биігінде қалдық.

Жазушы өмір бойы халықтан үйреніп өтсе керек. «Аққыз» соны терең
ұқтырады. Өн бойына бар жақсы қасиеттерді халықтан дарытып, шығар-
машылық көздің бастауын да содан алады. Жазушы осы кітабында да
күйлері «кісен ашқан», әндері шуақ шашқан халықтың бойындағы құнды
қасиеттерден сыр тартып, соны оқырманына жеткізуде шеберліктің қыр-
қасына талмай көтеріледі. «Аққызда» жазушы оқырманы әбден танып-біл-
ген сол сара үрдісін, қолтаңбасын сәтті жалғастырады.

Әдетте жақсы бір ән, музыка тыңдасаңыз көкірек сарайыңыз ашы-
лып, өмірге деген бір құштар сезім кеудеңді күмбір күйге толтырып, әрі-
беріден соң дүниеге деген көзқарасыңды да өзгертуге ықпалы аз болмайды.
Иірімі көп иманды кітап та сондай. Жинақтағы «Қыз ұзатқан», «Күзеуде»,
«Аққыз», «Бір атым насыбай», «Ақиық» секілді повестер - нанымды оқи-
ғасы, тіл төгілімі," идеясының имандылығымен бірін-бірі толықтырып
тұрған толайым туындылар. Ата-баба салтына, әдет-ғұрпына қанықтырады.

Қандай еді біздің салт-дәстүр? Жігіттердің қызды ауылдың сыртынан
келіп тоқтағандағы тұлпар тұяғының дүрсілімен бірге лүпілдей соққан
жүрегінің дыбысын тыңдау қандай ғанибет?! Соны оқып отырып алуан
бір сәт жүрек тербейді. Сол жампоз жігіттер бүгінде уақыттың ығында
қала бастаған, кешегі сал-серіліктің соңы болған Кенендерді еске түсіреді.
Мәселен, Наймантай, Абзал, Ршымандар бойындағы тазалық, азаматтық,
мықтылық, сырбаздық, кей тұстағы пендешіліктің өзі де бүгінгі жігіттердің
бойында жетпей жатыр екен ғой дейсіз. Қарап отырып кеудеңді бір сартап

209

болған сағыныш кернейді, Жігіттің мәрттік шынайы үлгісі, мағынасы
қайда жатыр десейші! Сол қасқалардың бойындағы ата-баба салтына, дәс-
түріне деген адал сезім жан баурайды. Намыс ше, намыс?! Бәрінен де соны
айтсаңызшы! Жазушының бір атап айтар жетістігі сонда - бүгінде бояуын
жоғалтып бара жатқан сол қасиеттердің жадыда мәңгі қалуы, жаңғырып
тұруы үшін жанын салып, тер төгіп жазады. Ұлттың келешегі бүлінбеген
пәк күйін аңсары ауып отырып, бүгінге бет бұрып жазады.

Бұрымы бұратылған, тарқап аққан, шолпысы сыңғырлап айды ұялтқан
қыздарымыз қандай еді?! «Аққыздағы» Аққыз, «Күзеудегі» Торғын мен
Уәкила, «Қыз ұзатқандағы» Ақбілек - өн бойынан ибалылық, инабаттылық
иірімдері үйірілген арулар. Дала арулары, қазақ қыздары!

Қазақтың тұрмысы, тіршілігі қандай еді дегізеді. «Жаз жайлауда қы-
мыздың бал күйіне ерекше мән бергіш бай ауылы сылдырмақты піспектерін
ырғай толғап, ұзақ-ұзақ пісті (Аққыз. 61-бет) деп ынтығып жазады жазу-
шы. Осы жолдарды оқығаңда көк базардың қазіргі көк қымызы еріксіз есіңе
түседі...

Адам туасы табиғатпен етене. Кітаптағы әңгімелердің бірсыпырасы ту-
ған табиғаттың қойнауынан жазылған. Қаламгер табиғат қызықтарын ой
қазанына салып, әдемі толғайды. Жазушыны құстың ұясы мен космосқа
дейінгі аралықтың жай-күйі терең толғанысқа түсіреді. Әрі ол әңгімелерді
шашып тастамай, басын біріктіріп, оқырманға арнау сөз жазуы да жазушы
мәдениетінен, ойды жинақтап беруінен хабардар етеді. «Ақиық» повесінен
бастап, «Тауға біткен жалбыз», «Рамазан мерген», «Тәтті тіршілік», «Көңіл
шіркін» әңгімелері, егер жазушыны суретші десек, бұл туындылар майлы
бояуы қанық картиналар секілді, тұтас бір табиғат пейзаждарын көріп
тұрғандай күйге бөлейді. Табиғатқа тартып туғандық деген сол. Қыран
құстың, бүркіт шәулісінің ұясына барған бала кезгі суреттер жаныңа тым
жақын, тым әсерлі берілген, оқыған сайын ынтықтырып отырады. Адамның
делебесін қоздырып, көңіл сарайын ашатын ұлттық саятшылық өнерін
жазуға жазушы соншама жетік.

Сірә, шын жазушы өз заманы зиялыларының озығы, ойлысы болып
туса керек. Олай емей немене, құбылып соққан замана желін, сарынын,
тілге қанша тұсау салынса да, там-тұмдап болса да, жазушыдан артық айта
алған халықты біле бермейміз. Осы әңгіме табиғатын, аталмыш ойды «Бір
атым насыбай» повесі шынайы ұқтырады. Бірауық қазақтың Түнқатар
секілді қасиетті қара шалдарын ет жүрегің елжіреп сағынасың. Кітаптағы
туындылардың әрқайсысы өз жүгін арқалап тұрғанымен, өз басыма осыдан
асып тұрған туынды байқала бермеді. Егер қазақтың «Көңіл шіркін бір
атым насыбайдан қалады» деген сөзіне әлемде тең келетін сөз табыла қоюы
екіталай десек, бұл - тереңіне имандылық ұялаған аяулы сөз. Аталмыш
повесть тым әсерлі, жылы жазылғандықтан осындай ой түйіндетіп отыр.

Бүгінде ұлттық тәрбиенің әрісі әлі тар. Бала дүниесінде ертегілердің
атқарар жүгі қаншалықты зор екендігін де бағамдамай бара жатқан
секілдіміз. Әдетте ауыз әдебиеті үлгісінде бұл жанрды халықтың.ой-

210

қиялынан туғызушы еді. Қазір жекелеген қаламгердің қалам сілтеуі үрдіс
алып келеді. Бұған қуану керек шығар. Осы орайда кітаптағы ерекше назар
аудартатыны - ертегілер.

Қазір балаларға арнап жазу да қиындап кетті ғой. Соған қарамастан
бұл тақылеттес шығармалар тек әсерлі оқылып қоймайды, өзегінде терең
ой, философиялық толғам, иманды идея жатады. Мәселен, «Бақ, Дәулет,
Аман» ертегісінің айтар ойы тым қарапайым. Оқығанға, ой түйгенге жеңіл,
бала ұғымына сай. «Әйел-анасы» ащы тарихи шындықты айтады. Ертедегі
Күншуақ әлі етек-жеңі мол пішілген, мамыражай, өзінен басқа өзгеге қаупі
жоқ қазақ әйелі болса керек.

Оның басынан нелер өтпеді?! Бұл туындыда сондай бір қиын-қыстауда
қазақ әйелдерінің көрсеткен ерлігі, парасаттылығы, тапқырлығы арқау
болады. Қандай қатыгез, қанышер болса да ата жауыңның өзі де адамзат-
тың асылы ананың алдында именген ғой. Автор соны айта отырып, қиын
кездің өзінде бір ұлттың ананы пана санап, аман қалғандығын әдемі оқиға,
құнарлы тілмен төгілдіріп жазады. Задында ел-жұрттың арман-аңсарын,
мұратын білдіруде көркемдік әлемінде ертегіге ештеңе тең келе қоймас.
Автор соны уағыздай отырып, туынды бойына көп арман, мұң сыйғызады.

Бірыңғай тамсана беруден аулақпыз. Әдетте жазушының өн бойында
асау сезім арпалыс көп болады. Бірақ кейде көңіл ауанына беріліп, тым
шалқып кеткендіктен бе, сол ойдың бәрі табиғи шыға бермейді. Авторда бұл
жай тым сирек болса да кездесіп қалады.

Жинақтағы ертегілердің қайсысы да оқылады, есте қалады. Әйтсе де,
халықтың дана сөзін тарқатып айтып берудің бәрі ертегі емес. Мәселен,
«Бақыт» ертегісіндегі құнарлы ой еш оқиғасыз, «Бақыт балақтан кіріп,
басқа қонады» деген халық даналығы төңірегіндегі толғанысқа құрылған.
Әрине, бұл ертегіден келіп тұрған ешқандай нұқсан жоқ. Дұрыс, ертегі тек
әдебиет туындысы ғана емес, онда фантастика, философия, тарих - бәрі-
бәрінің де нышандары болады. Бірақ ертегі нанымды оқиғасымен, бай
қиялымен, ертеңгі ғажайыптарды көз алдыңа әкелуімен құнды, қызық.
Меніңше, «Бақыт» - сол киелі ұғымға жан-жақты мағына, сипат беруге
тырысқан, халық даналығының сырын ашуға ұмтылған ой-толғанысқа
құрылған мақала іспеттес дүние (Кім біледі, бәлкім, кейбір мәселеде бізде
де түсінбестік бар шығар. Дегенмен де, көңілге ұялаған ойды жасырғың
келмейді). Бір атап айтатын нәрсе, бұл ойларымыз кітаптың құндылығына
ешқандай көлеңке түсірмесі хақ.

«Аққыз» - халқының бойындағы тектілікті, тұнықтықты кең ты-
ныстап, тереңнен толғап, майын тамызып жырлаған, жасандылықтан ада
кітап. Қазіргі кезде таза ұлттық қасиеттерді дәріптейтін, салтыңды сақ-
тауды қаперге салатын, арғы-бергіңді зерделеп, аса бір сырбаздықпен, тал-
ғампаздықпен жазылған кітаптар керек-ақ. Бүгінге басқа мәселелермен
қатар рухани жүдеулікті де бастан кешірген оқырманның кітап сөрелерінен
осындай дүниелердің ойып орын алғаны абзал. Өйткені ол өзін-өзі ақтайды.

211

А. Сейдімбектің 1981 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Күңгір-күңгір күмбездер» кітабы туралы ой-пікірлер

Әлкей Марғұлан

ОЙ-ДЕРЕГІМ ОЛ ЕҢБЕК

Ұлы сахараны ескі дәуірлерде қоныстанған мал бағушы тайпалар
жасаған мәдениет, өнер - ойға зор әсер ететін, зерттеуді керек қылатын
бір таңсық нәрсе. Олардан бүгінге дейін сақталып келген көркем бейнелер
қараушыны еріксіз өзіне тартып, Отанның ескі дәуірдегі мәдениет үлгісін
жарқын түрде сипаттайтын, бүгінгі рухани қазынасының арналы бір саласы
болып отыр.

Археологтар зерттеуімен табылған қаншама байлықтар бар, оның көбі -
алтыннан, күмістен, әдемі қоладан жасалған сұлу дүниелер. Олар - бүгінгі
музейлердің айшықты асыл қазынасы, сонымен бірге елдің өткен ғұмыр
шежіресінің жанды айғақтары. Міне, осынау әр текті, шалғай өрістерден
тартылатын мол-мол мағлұмат аз аяда ғана белгілі. Арнайы шұғылданып
жүрген тарихшы, археолог ғалымдар қазір қыруар деректер жинақтап
үлгерді. Ал қалың оқушы қауым, әсіресе жаңа талап жауқазын жастарымыз
сол байтақ мағлұматтарға құныға ден қоюы оңайға түспейді. Ғылымның
қиын қалтарыстарынан дұрыс жол тауып шығып, пайдалы ұғым-түсінік
орнықтыру үшін жас адамға әрқашан қолғабыс жасап отыру парыз.

Жас ұрпаққа жақсы өнеге көрсетудің небір ұрымтал үлгілері мәдениеті
озық елдерде аса ыждағатпен қолға алынады. Мұның ең бір жарқын айғағы
ғылымның әр түрлі тегін тектейтін көпшілік қолды кітаптарды шығаруға ден
қою деп білемін. Сонда ой-санасы орныға бастаған, қиялы қарақанаттанған
жас ұрпақ ел-жұртына пайдалы талпыныстарға ден қойып, өнегелі ғұмыр
кешпек. Ақселеу Сейдімбековтің «Күңгір-күңгір күмбездер» деп аталатын
кітабы - осындай шуақты ойларға тиек болатын еңбек.

Автор байтақ даладағы бақташы елдердің тарихына, географиясына
қандай тіршілік жасағанына ерекше көңіл қойып, әсіресе олардың
мәдениетіне, өнер түріне, әдетіне, істейтін ісіне, тігетін киіміне, ішетін
асына, ғұрпына, барлық этнографиясына жарқын көзбен қарап, оларды
ғылыми, көркем тілмен айтып беруді мақсат еткен. Қытай, грек, латын
тілінде бақтышылар туралы жазылған байтақ мәліметтерді пайдалана

212

отырып, кейінгі замандағы атақты саяхатшыларды, топ-тобымен зертте-
ген ғалымдарды еске түсіріп отырады. Сондықтан да А. Сейдімбеков кіта-
бын әрі ғылыми дұрыс, әрі жанға жайлы жұғымды, көпшілік әдемі түсінетін
жарқын тілмен жазған.

Кітаптың ішіндегі терең оймен жазылған бір бөлімі - көп ғасырлар
ішінде көшпелілер даласында жазылған байтақ мәдениет, оның тұлғалары,
сабақтас болып өсуі, өркенді дәстүрлері туралы. Мәдениет дегеніміз - адамзат
баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі; мұның бәрі - зор
қоғамдық сипат. Қазақстанның кең сахарасында бүгінде 25 мыңнан астам
тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Олардың үлкен бір тобы Қазақстанда қо-
ла дәуірінің ұлы бір мәдениет үлгісі (цивилизация) болғанын сипаттайды,
оның сирек жолығатын түрі - қола дәуіріндегі қыстақтардың орны, кен
қазып шығарушылардың қыстаулары, зәулім қалқа тастан жасалған
архитектура көрінісі, биік меңгірлер - қалқа тастар, қанат тастар, қотан
тастар. Бұлармен сабақтас болып тұрғызылған бақташы тайпалардың зәу-
лім обалары - тас оба, жер оба, бес шатыр. Олардың ең зәулімдерін Т.У. Ат-
кинсон Тарбағатай тауынан, Қапал тауынан, Іле өзені бойынан көріп,
қағазға түсірген. Сондай зәулім төбелер (оба) әсіресе Орталық Қазақстанда,
Ертіс бойында, Алтай, Қалба, Сауыр тауларында орасан көп.

Мәдениеттің өнерге негіз болған енді бір түрі - мүсін тастар. Бақташы
елдің шеберлері тас қашауды, кен қазуды жетік білген. Қазақстандағы
мүсін тастың ең ескі түрі ғұндар заманында шыға бастаған. Олардың ерек-
шелігі - өте биік етіп жасалғаны (4-5 метрге дейін), мұның үлгілері Қар-
қаралы тауының ішінде (Ақ қойтас), Атасу өзенінің бойында сақталған.
Оны бастырып шығаруға мүмкіндік болмай отыр.

Мүсін тастың көбі Түркі қағанаты кезінде қойылған. Ол Қазақстанның
барлық жерінде кездеседі, олар көбінесе ескі замандағы атақты ерлерді,
ақылды билерді, ақын-жырауларды суреттейді (Қарқаралы, Баянаула, Көк-
шетау, Ұлытау). Қыпшақ дәуірінің мүсін тастары көбінесе мал күтетін әйел-
ді, қойшыны, бақсыны қадірлейді, малды көбейтетін солар деп түсінген.
Қарлық, шектілердің мүсін тастары да осы тәрізді, сонымен қатар олар
саятшы, құсбегілерді, сұңқар, лашын, қаршыға салатын адамдарды тас мү-
сінмен бедерлеп отырған.

Қазақстандағы қала мәдениетінің қалдығы орасан көп, олар өліп жатқан
тау сияқты Жетісуда, Шу, Талас өзені бойында, Сырдария, Арал теңізі
өлкесінде, Орталық Қазақстанда, Жайық, Жем өзені бойында, Маңғыстауда
жиі-жиі кездесіп отырады.

Міне, сан ғасырды көктей өтіп, сабақтасып жатқан осы байтақ мәде-
ниет қалдығын, көркем мұраларды жүйрік біліп-түсінуге, оларға тарихи
мән беріп, зерттеуге көп шеберлік керек. Біздің бұл өскен заманда Отанның
тарихын, оның мәдениетін жүйрік білудің зор мәні бар. Ол - Отанды ар-
дақтайтын ой-сананың бір түрі. Бұл мәселені В.И. Ленин 1918 жылы қол
қойған Мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі Декретте ашып сипаттаған.

213

В.И. Ленин мәдени мұраларды мемлекет қамқорлығына алып, оған арнау-
лы қаржы бөлуге зор көңіл бөлді.

Осыларды еске алып отырып, жазушы А. Сейдімбеков сахарадағы мәде-
ниет нұсқаларына, белгілеріне айрықша көңіл бөледі. Ол үшін Сарыарқа-
ның географиялық мәніне тоқталып, оның әдемі тау-тасын, өзендерін,
сай-саласын, үңгір-оқаптарын, архитектуралық үлгілерін, мал өсіріп, егін
алуын өте жарқын түрде, терең мағынада көрсетіп бере алған. Оның бүгінгі
заманда да гүлденіп келе жатқаны жан-жақты сипатталады.

Автордың аса көп ой бөлгені - бақташылар дәуірі. Олардың қонысы, тұр-
мыс жағдайы, мәдениет қалдығы. Соның ішінде көбірек жүгініп отыратын
сақтар (не скифтер), ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, кейінірек Түркі қағана-
тына кірген тайпалар. Олардың әдемі киіз үйлері қытай тарихы бойынша
Лу-Мао-Цзай кітабынан алынған, бөріні, маралды қадірлеуі, тұлпар ат,
желдей жүйрік нар түйелерді жарыстырып қызық көруі, сол ортаның
рухани тіршілігі, ескі жазулары болғаны, ертек, аңыздары, қария сөздері,
шешендік сөздері, эпос жырлары болғаны кітапта тартымды әңгімеленген,
ғылыми ойларға өріс болған.

Ескі тайпалардан өздерінің тарихтағы ізін суытпай, бері қарай өсіп кел-
гендері - үйсін, қаңлы, дулат, суандар (қытай жазуында юебань, чуван),
қыпшақтар, арғындар, наймандар (сегіз өгіз), уақ-керейлер, адайлар, кер-
дерілер, қияттар (қоңыраттар). Олардан тараған әйелдер ер жігітпен бірдей
еркін болды (Құртқа, Ақжүніс, Назым, Қарлыға). Атақты би, тегіндермен
қатар ел басқару ісіне қатысқан данышпан әйелдер де аз болмаған. Абулғазы
тарихшының айтуынша, Сырдария бойын мекендеген бір оғыз ұлысының
өзінен 7 данышпан қыз шығып, ел билеген, соның бірі - атақты Алпамыс
батырдың әйелі Гүлбаршын, ол қыз өлгенде оның атына оғыз бен қыпшақтар
бір қаланың атын Баршынкент деп қойған. Баршынды жақсы көрген оғыз
ұрпақтары - кейінгі қазақтар оны Қызқала деп атаған. Оған таяу тұрған
атақты Көк кесенені Абулғазы осы Баршын сұлудың күмбезі еді дейді. Сон-
дай тарихта аты қалған әйелдердің бір тобы: Баян сұлу (күмбезі Аякөзде),
Белең ана, Жұбан ана (күмбездері Сарысу өзенінің бойында сақталған),
Құлан қатын (XIII ғ. Шыңғыс ханның тоқалы), Болған ана (XIII ғ.), Жошы
ханның қызы, Қаңлы сұлтандарының бәйбішесі (күмбезі Кеңгір өзенінің
аяғында). Бұл атақты белгілер XVIII ғасырдан бері қарай орыс әдебиетінде
әдемі айтылып келеді. А. Сейдімбеков өз кітабында байырғы еңбектерге
ыждағатпен, ұрымтал жүгіне отырып, әдемі ойлар айтады, тарих, мәдениет
белгілерін қорғайтын орындарға жарқын кеңес береді.

Жазушының көп ой бөлген мәселесі - ғасырлар бойы сақталып келе
жатқан кейбір тарихи қымбат белгілерді қалай сақтап қалу жайы. Олардың
көбі бүгін-ертең жойылып кетуге жақын тұр. Олардың ішінде әдемі сәулет
өнері - Алаша хан мазары (XI ғ.), Аяққамыр (XI ғ.), Жошы хан мазары
(XIII ғ.), тағы басқалар. Мұндай қымбат ескерткіш-белгілерді сақтамай,
тоздырып алу өшпейтін бір өкініш қой.

214

Мәдениеттің күрделі ізін жазушы А. Сейдімбеков толып жатқан тас
үңгірлерден, тае бетіндегі сайраған суреттерден көреді. Сондай жарқын
ойлардың бірі Орталық Қазақстанның, Бетпақдаланың жер аттары, сол
Бетпақдаланың үзақ шөлін ерте кезде кесіп өткен неше алуан сусыз жолдары
туралы. Соның бәрі де тартымды тілмен, жүйелі оймен, әсіресе ел ішінен
ерінбей жинаған қызықты деректерімен баурап отырады.

Сайып келгенде, кітап өте мазмүнды, білікті де бай деректерге сүйеніп,
әдемі тілмен жазылған, көпшілік ңүлшына оқиды деп сенеміз. Кітаптың
түйінді ойы - тарихи-мәдени белгілер үлы Отанның бір қырын танытар
айнасы дегенге саяды.

Мырзабек Дүйсенов

СҰЛУЛЫҚ ТУРАЛЫ СЫР

Қазірде біз болашағымызды болжап, келешегімізді тереңірек біліп-тү-
сінуге мүмкіндік тауып отырмыз. «Жалын» баспасынан шығып, оқушы
қауымның қолына тиген Ақселеу Сейдімбековтің « Күңгір-күңгір күмбездер»
деген жаңа кітабы осы айтқанымыздың тағы бір айғағы бола алады.

Сан салалы мәдениетіміз бен өнеріміздің ертеңіне ой көзін жіберу үшін
алдымен бүгінгі барымызды жете біліп алуымыз керектігі түсінікті. Ал
бүгінгіміздің тамыры кешегімізде жатыр, ендеше өткенімізді зерделеп ал-
май бүгінгіміздің де сыр-сипатын жан-жақты, толық түсінуіміз қиынға
соғады.

Қандай да бір халық болсын, оның тарихы, мәдениеті туралы сөз қозға-
ғанда «бай еді, ғажайып еді» деп қысыр сөзбен қысқа түйіп айта салу
оқушыға түк те бермейді, нақты деректерге сүйене отырып, оны дәлелдеу
арқылы көзін жеткізу қажет. Бұл ретте салыстырмалы әдістің пайдасы
айрықша. Ал көне тарих, мәдениетіміз хақында деректер мен айғақтар бар
ма, жеткілікті ме?

Көнеде қытай, латын тілдерінде жазылған әр алуан еңбектер, Орта Азия,
Батыс Сібір жерлеріне саяхат жасаған ерте кездердегі жиһанкездердің жаз-
балары бар. Әсіресе соңғы жылдардағы археология ғылымының табыста-
рын айрықша атап, бағалауға болады. Бай деректерді қорытып, оған әділ
баға беру үшін және де оны қалың оқушыларға әсерлі жеткізе білу үшін
ғылымдық дәйектілік, жазушылық өнер қажет. А. Сейдімбековтің бойынан
біз осы қасиеттерді байқадық.

Кітаптың тақырып аясы кең. Халқымыздың тұрмыс-салтындағы әдет-
ғұрып сипаттары, ұлан-байтақ жеріміздің арғы-бергі тарихына байланыс-
ты туған топонимикалық деректердің, аңыздардың, ою-өрнектердің, күм-
бірлеген күмбезді мазарлар мен кешендердің, қобыз, домбыра сияқты көне
аспаптардың ішегінде сақталған көл-көсір күйлердің сиқырлай сылдыраған
сырлары, тағы да басқа халық мәдениетін танытар хикая шертіледі.

216

Бүгінгі мәдениетіміздің кемел шаққа жеткенін айта отырып, автор оның
арғы төркініне батыл барлау жасаған. Ал бұл төркіннің тамыры біздің эра-
мызға дейінгі ІІ-І мыңжылдыңтарға алып кетеді.

Ана бір жылдары адамзат қоғамы мәдениетінің дамуын тек отырықшы
елдер ғана жасады, көшпелілер оған ештеңе де қоса алған жоқ деген ғылыми
теріс тұжырымдар жасағысы келген тенденция бой көрсеткені бар-ды.
Жалпы адамзат қоғамының даму жолы бар жерде бірдей болмағаны
белгілі. Бірақ, соның өзінде де, осы дамуға отырықшылар мен бірге көш-
пелілердің де өз үлестерін қосқаны даусыз еді. Бұны бір-біріне қарсы қою
түбірінен қате, керісінше, солардың әрқайсысының өз үлестерін анықтай
танып, бағалап, қажетімізге жарата білуіміз керек қой.

Сонау Шығыс Азиядан бастап Қара теңіздің теріскей жағалауларына
дейінгі аралықты көне дәуірлерде мекендеген ру-тайпалар негізінен көш-
пелілер болатын-ды. Тарихта хун (ғұн), сақ, скиф деп аталатын тайпалық
одақтар бірлестіктеріне енген елдердің жартылай отырықшы болғандарына
қарамай, олардың негізінен бақташылықпен айналысып, көшпелі тұрмыс
құруына тарихи-экономикалық, географиялық жағдайлары мәжбүр ет-
кен-ді. Терімшілік, аңшылыққа қарағанда, адамзат дамуының бұл да бір
сатысы болғаны сөзсіз. Осы дәуірде өмір сүрген Еуразия халықтарының
мәдениетінде, өзіндік кейбір дара сипаттармен бірге, ортаң ұқсастықтар
да аз кездепейді. Мұның сыры неде? Бір-біріне әсер-ықпал жасап отырған
ба? Сонау Азиялық Қиыр Шығыс пен Еуропа, Алдыңғы Азия, Египет
елдерінің арасында ол кезде қандай мәдени байланыс болуы мүмкін?
Әлде әр халық бір-бірімен тікелей араласпай-ақ, қоғамдық-экономикалық
дамудың негізінде ұқсас типологиялық мәдениет жасады ма екен? Бұған
дәйекті жауап беру үшін тарихи жағдайларға шолу жасамай болмас еді.
Содан кейін әр алуан әдет-ғұрып, ырым, өнер, мәдениет түрлерінің жа-
қындық сипаттарына, сабақтастықтарына ден қоюға болады. Автор мұны
дұрыс түсінген. Көшпелілердің көне мәдениетіндегі бірізділік, тұтастықты
көптеген нақты деректермен дәлелдейді.

Біздің эрамызға дейінгі I мыңжылдықта Еуразия, Орталық, Орта Азия
далаларында көшпелі мәдениет болғаны бүгінде дау тудырмайды. Әсіресе
Орал маңы, Алтай-Саян жерлерінде металлургияның пайда болуына қарай
мәдениет салалары да тарамдана түседі. Аталған аймақтар мен Қара теңіздің
теріскей жағалауларына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының
нәтижелері осы пікірге айғақты дәлелдерді толығынан тауып беруде. «Жа-
нуарлар стиліндегі» сан қырлы зергерлік бұйымдар, үңгірлер мен тастардағы
таңбалар мен суреттер, обалар мен қорғандар, мазарлар мен кешендерді былай
қойғанда, халықтың ойын-сауығында, саятшылық кәсібінде, күнделікті
тұрмысында қалыптасқан әдеттері, ғұрыптары қаншама?! Ел аузында
сақталған аңыз-әңгімелер, әндер мен күйлер қаншама?! Осылардың бәрі
халық тудырған мәдениет, осы мәдениеттің төл сипаты арқылы әлеуметтік
жағдайды, жалпы халықтық өрені білуге толық мүмкіндік аламыз.

«Халық өмірі тек қана экономикалық, әлеуметтік, рухани әрекеті ар-
қылы қалыптасып қоймайды, сонымен бірге материалдық және рухани

217

әрекеттің бөлінбес сыңары сияқты эстетикалық таным-түсінігі де шыңдалып
отырады», - деп автор дұрыс байлам жасайды. Маркстік эстетика адам
баласының дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеруін, эстетикалық сезім
мен талғамның шыңдалуын қоғамдық-тарихи тәжірибемен сабақтастықта
қарайтынын жақсы түсінген жазушы зергерлік бұйымдар мен күмбезді
мазарлардың, киіз үй құрылысы мен ою-өрнектердің символдық сипатта-
рын, күй сырларындағы әсемдіктерді үлкен толқыныспен айта білсе, оның
шыққан тегін халық өмірінің тарихымен терең байланыстыра ашады. Со-
ның өзінде тамсану жоқ, әсемдік, сұлулықтың сиқырын өзі терең түсініп,
жақсы тани білген, білгенін басқаларға да жеткізе алған.

Көне деректер мен жиһанкездердің жазбаларында көшпелілер туралы
берілетін мағлұматтардың аз еместігін жоғарыда айттық. Алайда жазушы
оларды талғамай ала бермейді, көбіне сын көзімен қарап, өз көзқарасын
ашық айтып отырады. Олай етпеске, әрине, болмас еді. Тарих атасы са-
налған Геродоттың скиф туралы деректерінің бағасы өзгеше. Алайда ол
Орта Азия, Қазақстан жеріне келмеген. Бұл даланы мекендеген тайпалар
туралы мәліметтерді әркімдердің айтуы бойынша жазған. Оны ғұлама өзі
де мойындайды. Ал мәлімет берушілердің кейбіреулері ел ішіне тараған
аңыздарды шындыққа балап жеткізгені даусыз.

Жазушы скифтердің көне мәдениеті мен қазақ халқының мәдениетін-
дегі төркіндестік пен сабақтастықты көшпелі тұрмыстың ортақ құбылысы
еді деп дұрыс байлам жасай отырып, кейде Скифия жерлеріндегі жер атау-
лары мен адам аттарынан түркі тіліне жақындықтарды іздестіргендей
болады. Кейбір мақалаларға сүйенеді. Содан Скифияда түркі тектес тайпалар
да мекендеген жоқ па екен деген ойдың ұшығын да тастап кетеді. Әрине,
болжам айтуға, ұсынуға болады, бірақ оның дәлелдері иландырарлықтай,
сендірерліктей болып жатуы тиіс қой дегіміз келеді.

Көшпелі өмір-тіршілігі тудырған өнер салаларының түрлері сан алуан.
Соның бір саласы ақпа-төкпе ақындық - импровизация еді.

Күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан осы бір ғажайып өнердің арғы
төркіні сөз болып отырған көне дәуірлерде жатыр. Ақындық, жырау-
жыршылық дәстүрді тудырып, дамытушы әрі сақтаушылар: ақын, жыршы,
жырау, сал, сері, абыз, бақсылар сияқты типтерінің қалыптасуы, жеке
меншіктің тууына байланысты ен-таңбалардың шығуы, оның әріптерге
айналуы, сөйтіп жазудың пайда болуы - өз алдына сөз етерлік мол дүние.
Жазушы ол жағына арнайы тоқталмай, желе-жортып, шарпи айтып өтеді.
Мұны біз кінә ретінде айтып отырғанымыз жоқ, алдағы уақытта назарда
жүретін жайлардың бірі ретінде ғана ескерткеніміз. Әйтпесе алдына қойған
мақсатын ашу үшін жазушының қамтыған басқа салалары да жетіп-артылып
жатыр.

Қорыта айтқанда, А. Сейдімбековтің бұл шығармасы халқымыздың бү-
гінгі мәдениетінің төркінін сөз еткен, дәстүр тағылымын, сабақтастығын
ғылыми дәлелді әрі публицистік пафоспен әсерлі әңгімелей білген еңбек деп
санаймыз.

218

Сәбетқазы Ақатаев

СҰЛУЛЫҚ ТУРАЛЫ СЫРЛАР

Қай халықтың болмасын мәдени мұрасы - ұлттық қазынаның бір түрі.
Ол - тасқа түйген әні, қайысқа таспалаған күйі, ағашқа ойған өрнегі...
Оның жақсысы, жаманы болмайды және оны ажыратар өлшемі де жоқ.
Оны зерттеу, жинау және қорғау - Отан қорғау секілді қасиетті борыш.
Дүрбелеңмен өткен өмірдің иісі бұрқыраған асыл мұрасын эстетикалық
талғамы биік бүгінгі өскелең ұрпақтың кәдесіне жарату - есеюдің белгісі.

«Күңгір-күңгір күмбездер» атты кітап авторы, жазушы Ақселеу Сейдім-
бековтің мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және насихаттау хақындағы
ойлары сол себепті де ешкімді бейтарап қалдырмайды.

Көптен бері түйіншегі тарқатылмаған өзекті мәселелердің бірі «қазақ»
атауының кейінгі орта ғасырда (XV) пайда болуына байланысты Қазақстан
жеріндегі тарихи мұраларды бөлу, оған ен салу, оларды тудырушыларды
басқа өңірден іздеу әрекеті - бірден-бір мұрагершілікке күдік туғызу болып
келді. Үлкен бір халықтың жаңа тарихи кезеңге жаңа атпен шығуын негізге
алып, оның тарихи өрісін тежеп, үш-төрт ғасырлық ғұмырмен ғана шектеу
жалаң академиялық ағаттықтан туа қалған күпіршілік дегенге илану
қиын-ақ. Саяси-экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтардың
диалектикалық жолмен өз шешімін табу барысында қоғамда орын алып
жатқан жаңа сапалық өзгерістердің, бұрыннан сабақтас оқиғалардың, оның
ішінде этногенетикалық құбылыстардың кемелденіп, белгілі бір межеден
өткен соң басқа мазмұнға ие болып, мәнін өзгертуін, былайша айтқанда,
барлық объективтік өзгерістерді сыпырып тастап, тек оның формасына,
атаудан пайда болуына тели салу, әрине, тарихи тәсілді еркін түсінбеуден
туған методологиялық ағаттық. Автор шешімі оңайға түсе қоймайтын
осындай мәселелердің дұрыс методологиялық кілтін таба білген.

Ата-бабаларынан мирас тұтқан шын мәніндегі халық ескерткіштерінің ең
қомақты бөлігі - дала ғимараттары. Бұлар тек құрылыс пен сәулет өнерінің
ғана асқан үлгілері емес, сұлулық пен тарихтың тұтасқан ажырамас бірлігі.
Ежелден азаттық сүйгіш халықтың саяси бірлікке құштарлығының айғағы.

219

Ғимаратшылардың Қазақстанның географиялық ортасын, оның кіндігін
дәл тауып салуында үлкен әлеуметтік мән болған. Автор қаламынан
көпке әйгілі Алаша хан, Домбауыл, Жошы хан, Аяққамыр, Болған ана
өз тұлғаларын тауып, олардың бүгінгі жағдайына қалың оқырман жұрт-
шылықтың назарын аударта білген.

Бірақ автор иек артып отырған кейбір деректер үстірт тұжырымдалып,
зиялы оқырман талабынан шыға бермейтін де тұстары бар. Алаша хан ту-
ралы ғылыми таластың мәні ашылмаған. Кеген жазуы, оның кейінгі тағ-
дыры авторға беймәлім екендігі көрініп тұр. Кейбір ескерткіштер негізсіз
«қартайтылған», көнеленген. Тарихи жазба деректер, әсіресе араб-парсы
тарихшыларына тән компиляциялар жіктеліп қолданылмаған. Кітаптағы
мұндай ақаулар түсінікті де, өйткені автордың мақсаты жаңалық ашу емес,
көпшілік назарын таным мәселесіне аудару, осы мәселелерді насихаттау.
Қандай да болсын тарихи болмыс тарихтың өз бетбұрысынан, оның ішкі
заңдылықтарынан тууы керек. Тарих заңдылығына қарсы шығу, қарама-
қарсы әрекет жасау тек кешірілмес күнә ғана емес, ол - адамзаттың күш-
қайратын, жігерін құм қылу. Мәселен, моңғолдың «мәңгі» хандары Қара-
қорымды дүние жүзінің астанасы жасаймыз деп әрекеттенгені белгілі.
Шартараптан Қарақорымға қарай қазына мен байлық, өнер мен оны жа-
саушы шеберлер ағылмады ма? Мұны мамандар да, қарапайым халық та
жақсы біледі. Қарғысқа ұшыраған қаланың көшелері мен махаллалары мал
тұяғына тапталып қала бермеді ме? Тарих заңы білмегенге - дүлей күш,
білгенге - сыршыл жолдас, елгезек дос деп түйін тастайды автор.

Кітаптың ұтымды үлкен бөлігі - малшылық тақырыбы. А. Сейдімбе-
ков бұл салада өзі жинаған соны материалдарды өте ыждағаттылықпен
ұқыпты қолдана білген. Мал шаруашылығында шешілмей жүрген мәселе-
лер бойынша оқырман қауыммен кең сұхбаттасуға ниет білдіреді. Көшпелі
халықтардың дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесінің мәні неде деген
сұраққа жауап іздеген адам міндетті түрде мал шаруашылығынан бастамақ.

Қазақстан мәдениетінің тарихын тегіс саралағанда қола мәдениеті дәуірі
жат қалмауы кәміл. Сондықтан Ақселеу Сейдімбековтің қола мәдениетінің
кемел шағы Беғазы-Дәндібай кезеңіне байланысы бар археологиялық та-
былмаларға талдау жасауы орынды. Бұл мәдени ошақ ғылымға ардагер
ағамыз, республика халықнамасының білгірі Әлкей Хақанұлы Марғұлан-
ның ғұмыр ісі ретінде қосылғанмен, әлі де болса қалың бұқара оның мән-
жайын толығымен біле бермейді.

Беғазы-Дәндібай мәдениет үлгілері - өз заманының асқақ шыңы. Тіпті
қатар тұрған Қарасуық мәдениетінен көш озық. Жасыратыны не, көпшілік
үшін, музейден болмаса, тарихи таным ретінде таңсық қалып келеді. Беға-
зы-Дәндібайдың тағы бір кереметі - отырықшы қола дәуірін көшпелілерімен
ұластырып, алғашқы Сарыарқаның мал өсірушілерінің шығуын негіз-
дейді. Адамзаттың алғаш рет ат жалын тартып, сәйгүлігіне мінуі андрон
кезінде сенім туғыза қоймаса, Беғазы, Тоқырауын, Ақсу-Аюлы, Қарағанды
қыраттарын мекендеген тайпалар сүйектен де ауыздық жасап жіберіп, ағаш

220

үзеңгімен-ақ төңіректің төрт бұрышынан жоғын іздеген. Көшпелілердің
қазба кен байлықтарын игеруінде осындай сыр болды.

Мыңдаған жылдарға созылған осы мәдениет ошақтарына байланысты
мәселелерді талдай отырып, А. Сейдімбеков олардың қазіргі хал-ахуалына
қалың жұртшылықтың назарын аударады. Кезінде академик Ә. Марғұлан
көтерген Былқылдақ, Беғазы ошақтарын археологиялық мемлекеттік
қорықтарға айналдыру мәселелесіне үн қосады. Үлкен музейлерден табыла
бермейтін археологиялық ескерткіштердің әлі де болса елеусіз тағдырын
еске салады.

Күй туралы автор ойы тұңғиыққа тартады. Бірақ айтары анық.
Күй дүниесі - халқымыздың мақтанышы, байлықтың аса сирек кез-
десетін түрі. Күй шежіресі өте тереңнен басталып, өз дамуында басты-басты
бес кезеңнен өткен екен. Халқымыздың музыка тарихы үшін бұл - жа-
ңалық. Мамандар назар аударарлық тосын пікір. Бұл - А. Сейдімбековтің
күй мәдениетінің ырысы мен шығысын әбден есептеп түйген салауатты
тұжырымы.
Қазіргі музыка зерттеушілері күй тарихын Қорқыт атамыздан бастап,
күйшіні кейінгі орта ғасыр өкілі санап, шығармаларын бақсының жын
шақырған сарыны ретінде түсіндіріп жүр. Түп тамыры осындайға саятын
басқа да пікірлер жоқ емес. Бірақ ізденуге не жетсін?!
Кітаптың қамтып отырған басқа да өзекті тақырыптары мол. Автор
өз ой елегінен халық тіршілігінің негізін қалайтын қомақты дүниелерін
өткізіп, талғам биігінен бағалап, тамашаларын оқырмандарына паш
етіпті. Бұл - сирек кездесетін игілік. Мұндай мазмұны аумақты жұмыс
кем-кетіксіз болмайтыны белгілі. Сын айттық. Бірақ кітап көптің көңілінен
шығары даусыз.

221

Жомарт Әбдіхалық

КҮМБІРЛЕЙДІ КҮМБЕЗДЕР

Бүтіндей бір халықтың, бір халық емес-ау, тұтас адамзат тарихының
шеңберінде ұзақ-ұзақ уақыт бойы өзгеріп келе жатқан қоғам, мәңгілік мә-
дени-әлеуметтік жаңғырулар, ұрпақтар алмасуы негізінде мәдениеттің,
өнердің ізін іздеу, бір сөзбен айтқанда, белгілі бір тектің (ұлттың, ха-
лықтың) рухани өндірісінің сабақтастығын саралау жеңіл жүк емес. Бел-
гілі журналист-жазушы Ақселеу Сейдімбеков бұл жаңа кітабын жазуға
ден қойғанда әрі қажет, әрі ауыр, бірақ парасатты осы бір мақсатты бетке
ұстаған.

Біздің тарих - бұл да бір қалың тарих,
Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы, -

деп зергер де зерделі ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай, бергісі қазақ жұр-
ты, арғысы түркі тектес нәсілдің қалыптасу, саралану, өзіндік келбет тү-
зеу нышандарын ала отырып, автор халықтық өмірдің қазыналы сырын
суыртпақтайды, шежірелі тінін тартады. Өте ұлағатты мақсат.

Әр нәрсе өз орнында болуы керек. Бұл - дүние-тіршіліктің, үйлесім
іздеп ілгері ұмтылған өмір күресінің тапжылтпайтын талабы. Ерте ме, кеш
пе, әйтеуір бір ақиқат жеңеді дегенде, адамдар әділдікпен әр нәрсенің өз
орнында, өз өлшемінде болуын тілеп үміт еткен және сол үшін күрескен.

Осы сияқты өмір-салты - біздің бүгінгі кемел дәуір, келісті қоғамымыздың
да туы. Әр халықтың тарихи орны, кейінгі ұрпаққа қалдырған мәдени ми-
растары, салт-дәстүрі бар. Әсіресе өнер, мәдениет айшықтары, таным-тү-
сінік өрнектері, тіршілік, шаруашылық қарекетінің іздері тіпті бүгінгі
ұрпақтарға жетіп, ілгері жалғасуда. Сөйтсе де, кейінгі бір кезеңге дейін
Ұлы Дала (Л.Н. Гумилев) аталған кең сахара - негізінен бүгінгі Қазақстан
өлкесі тарихын, оны мекендеген ежелгі халықтың мәдениетін әр түрлі саққа
жүгірткен ұшқары пікірлер орын алып келді. Ондай жаңсаң тұжырымдар,
түптеп келгенде, бүтіндей бір байтақ өңірді мекендеген тарихи этникалық

222

жұрттың тектілігіне, олар жасаған мәдениет ерекшелігінің өзімдік бітім-
ділігіне, рухани, эстетикалық мәнділігіне күмән келтіреді...

Бірақ, Шығыс пен Батысты бір-біріне соншалықты қарсы қойған өзім-
шілдік шылауындағы өрескел дәуірдің сарыны қазіргі заманымызды
да шарпығанымен, мұндай сыңаржақ әдет бүгінгі ғылым мен тарихи-
этнографиялық әдебиетте мүлдем әлсіреп, ізін жоғалту үстінде. Демек,
бұл ретте де шындық жеңіп, еліміздің, жеріміздің тарихы, халқымыздың
мәдени мұрасы адамзаттық прогресс, әлемдік цивилизация желісінде
лайықты орнын, өз арқауын тауып келе жатыр. Мәселен, ғылымның тарихы
Жерорта теңізінен басталады дейтін бізге мәлім тұжырым 3-4 мыңжылдық
уақыт көлемін қамтыса, қазір мәдени шежіре тарихы одан екі-үш есе әріде
жатқаны айқындалып отыр. Азия, Африка, Америка құрлықтарының
талай жерлерінен 5000-10000 жылдар бұрын жасалған ірі мәдениет
қалдықтары табылуда. Ежелгі Шумер-Вавилон мәдениеті, Индия мәде-
ниеті, Қытай мәдениеті, Орта Азия, Қазақстан мәдениеті, Орталық Африка,
Конго-Ангола мәдениеті және басқалар. Ал Америкадағы майя, ацтек
халықтарының мәдениеті өзіндік бітімді, кемелдігімен назар аудартады.

Мәдениеттердің тектілігі осылай сараланған шақта, әлі де болса «ашық
орынды» фактілерімен деректеп, айтулы нұсқаларды ел есінде қалдыру,
ұрпақтар жадына ұялату - ол үшін жүздеген кітап бетін ашып, архив
қазынасына үңілу, тұтас ел өмірінің, туған өңір Сарыарқа, байтақ өлке
Қазақстан жерінің қойнау-қойнауындағы тарихи мол ескерткіш, жер, су
аттары, оны мекендеген халықтың болмыс-сыры тіршілік куәсі екендігін
зерделету - А. Сейдімбеков кітабынан алған бірінші әсеріміз.

«Күңгір-күңгір күмбездерге» алғы сөз жазған академик Әлкей Марғұ-
лан: «Автор байтақ даладағы бақташы елдердің тарихына, географиясына,
қандай тіршілік жасағанына ерекше көңіл қойып, әсіресе олардың мәде-
ниетіне, өнер түріне, әдетіне, істейтін ісіне, тігетін киіміне, ішетін асына,
ғұрпына, барлық этнографиясына жарқын көзбен қарап, оларды ғылыми,
көркем тілмен айтып беруді мақсат еткен», - дейді. Және: «Қытай, грек,
латын тілінде бақташылар туралы жазылған байтақ мәліметтерді пайда-
лана отырып, кейінгі замандағы атақты саяхатшыларды, топ-тобымен зерт-
теген ғалымдарды еске түсіріп отырады. Сондықтан да болар, А. Сейдімбеков
кітабын әрі ғылыми дұрыс, әрі жанға жайлы жұғымды, көпшілік әдемі тү-
сінетін, жарқын тілмен жазған».

Тіл шұрайы табиғи, халықтық орамында ой айқындығымен, автор по-
зициясының объективті дүниетаным негізіндегі беріктігімен қабысқанда,
ол ол ма, бұған факті-деректердің нақтылығы ой дәйектеудің тұжырымды
сонылығы, иланымды әсері тоғысқанда, кітап беті бір тараудан келесі та-
рауға ынтықтыра жетелей тартып, еліте, жүгіндіре береді. Өйткені автор-
дың діттеген концепциясы айқын, ол - «халықтың тарихи шежіресін, этно-
генетикалық арқауын, рухани дәстүрін тереңнен тартып, сабақтастықта
қарау, прогресшіл мұраларын бүгінгі дамуымыздың ұлы керуеніне теңдей
білу - болашаққа бой көтерген мәдениетіміздің тұғыр тасын орнықтыру».

223

Ал бұл - көп тараулы еңбек. «Қазақстанның кең сахарасында бүгінде
25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескеркіштер бар». Бұлардың байыбына
толық жетіп болмаған, зерттелуі әлі толық қолға алынбаған бүгінгі кезең-
де осыншалық текті өнер, тегеурінді мұраның шежіресін шерту, жалпы
мүмкіндігі бар іс болғанымен, әркімнің қолынан келе бермейтін шаруа.
Ақселеу мойынға алған бұл міндетті ғалымға тән сара мақсатқа берік
ыждағатпен, жазушыға тән шеберлікпен атқарып шыққан.

Кітаптың «Болмыс бедері», «Ұлы Дала», «Көшпелілер әлемі» аталатын
тараулары тарихи нұсқалы ой айтудың ғылыми дәйектілігімен, салыс-
тырмалы батылдығымен көп жайға әлі де тереңдей деректеп қарауға мәж-
бүрлесе, «Жердің тілі», «Халықнама» тараулары ел өмірі, халық тір-
шілігінің нақты болмысын шежірелеп, жүрекке нұр құяды. Әсіресе оның
қазақ даласында күн кешкен тайпалар мен рулардың өнер дәстүрін тар
аядағы тұйық шеңберде қарамай, іргелес елдер, тіпті әлемдік мәдениеттің
ауқымында соның құрамдас бір бөлігі деп жора танытуы - өте құптарлық
байлам. Өнердегі дәстүр сабақтастығы, эстетикалық талғам-түсініктің
іштей түлеп жетілуі көшпелілер әлемінде, жазушы А. Сейдімбековтің
топшылауынша, ерекше бітімді кемелдікке жеткен. Өйткені Ұлы Дала
тайпаларының көне өнері де, бұлардың кейінгі ұрпақтарының бертінгі
ҮIII-ХYІІ ғасырлардағы мәдениет ескерткіштері де бұл өлкедегі халықтар
өмірінің, оның рухани ой-санасының, тарихтың қандай аласапыран, зобалаң
қиыншылықтарына қарамастан, тоқырамағандығын айғақтайды.

Автордың пайымдауынша, және бір бөліп айтатын жай - сонау көне
заманнан желі тартып, халықтар арасындағы мәдениеттер байланысы бүгін-
гі бір тілек, бір мұратты ұлттар достығының сенімді іргетасы болмақ. Бұл -
болашаққа, ұрпақтан-ұрпаққа кететін игілігі мол дәстүр...

Кітаптың екінші бір құнды әсері - автордың күмбірлеген күмбез сырын,
күй-шежіре дастандарын, архитектуралық әсем мұраларды, қолөнер туын-
дыларын, тұрмыс-салт, таным-түсінік деректерін бүгінгі күннің талап-тіле-
гіне орай шендестіріп, оларды қорғау, қалыпқа келтіру, жинақтау, наси-
хаттау қажеттігін алға тартуы, соның кейбір проблемалық, практикалық
мәселелерін көтеруі.

Бұл күнде иесіз мұра жоқ. Халқымыздың өткен өмірін, күресін, бола-
шаққа талпынысын айғақтайтын, гуманистік ұлы мұраттарды жақтайтын,
әсемдікке, адамгершілікке баулитын нұсқаларды әлі де болса ұрпақтар
тәрбиесіне пайдалану, ел игілігіне айналдыру - қажеттің қажеті. Жазушы
А. Сейдімбековтің жаңа кітабынан түйетін бір ой осы. Қай пернесін бассаң
да күйсандықтай күмбірлеп тұрған еңбектің басқа да әсерлі тұстары мол. Біз
оны кітапқұмар қауымның өз ықыласына тапсырдық.

Қазыналы құт мекенге айналған Қазақстанның, қазақ халқының кө-
не заманнан бергі шежірелі тарихын, мәдениет, өнер үлгілерін бүгінгі мұ-
ратымызбен әдемі ұштастырған зерделі ой иесі, зергер тілді қаламгер
Ақселеу Сейдімбековтің азаматтық ізденісінен туған бұл жаңа туынды -
мәдени-рухани өмірімізге ден қойғыш бүгінгі замандастарымыздың ұялмай
қолға алып ынтыға оқитын кітабы.

224

Зарцын Тайшыбаев

КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙ КІТАП

Алғы сөз - аты мәлім ғүлама Әлкей Марғүландікі... «Сан ғасырды
көктей өтіп, сабақтасып жатңан осы байтақ мәдениет қалдығын, көркем
мүраларды жүйрік біліп-түсінуге, оларға тарихи мән беріп, зерттеуге көп
шеберлік керек», - депті. Тарих атты түнған тылсымның таңғажайып
сырларын сырбаз кестелеп, шымыр деректермен ширақ баяндау әркімнің
қолынан келе бере ме? Және де өтті, кетті, көшті, қонды демей, қүбыласына
мәдени мүра, дәстүр сабақтастығы деген шоқжүлдызды қойып алып,
тәуекел деп тартқан екен автор.

Берісі он, әрісі он мың жылдық адамзат сапарының іздерін оймен шо-
лып, ғылыми деректерге шүқшиып, өзінше дара пікір топшыламақ. Бүгінгі
үрпаққа қызық-ау деген көненің кілкіген қаймағын сүзіп алып, алдына
қоймақ. Өркендеп өскен мөуелі мәдениетіміздің бастауын тауып, әрбір қо-
ғамдық формация кезеңіне қарай жіктемек.

Осы бір ізгі ниетті мақсат етіп, Ақселеу атқа мініп, ақберен тағып, ақ
тілеумен аттанған екен. Автор сол жолдан қоржыны тоқ, олжалы қайтыпты.
Күмбездер күмбірінің сырын үғып, көкейге түйгені мен көргенін сыпайы
ғана кітап етіп бастырыпты.

Иә, «ғылым жолы - шырғалаң, күрделі де қиын соқпақ». Ол кейде
даңғыл көрінгенімен, шиырға салып, адастырып та кетеді. Немесе тамсану-
таңдану үстінде қиялды қияға шарықтатып әкетеді, бас айналдырып,
қүздан қүлдырамаға қаратады. Әдібін дәл басып, байыпты байламға жет-
кізгенше көз қарықтырып, бел талдырады. Осы үміт жолында, үмтылыс
үстінде үшырасқан әр зерттеушіге, кезіккен бойда ат басындай алтын тап
десек қиянат болар. Сонда да өзінен бүрынғы-соңғы жазған-сызғанды сынай
қарап, солармен сырласа отырып, өзінше толғаса несі айып?

Ой-хой, Сарыарқа! Сан ғасыр сартап болып сақталған сырыңа сан сарбаз
үлың үңілді ғой. Ай бетінің ақырларына ат қойып, жүлдыздарды жіліктеп
жатқан көзіміз ашық, кемел шағымызда да сен бір ашылмаған планета ма
едің? Жоқ, Геродот сынды жиһанкезден бастап бүгінге дейін менің туған

225

жерім туралы жазылған, айтылған мағлұмат көп-ақ, көп. Құладын ұшпас
құба түз болса да, ата-бабамыздың анасы - алтын бесік мекеніміз ғой. Әр
кезеңде дәуіріне сай адамы, санасына сай мәдениеті жазылмаса да әдебиеті
болған.

Кітаптан оқимыз: «Әр ұрпақ бүкпесіз шындықпен өз болмысының ізін
қалдырған». Мұны танып-білу үшін қора-қора қойтасты қайта қорытып,
қорғасындай салмақты шындық табу бір мұрат екен. Ақселеу айтпақшы,
«Тарих пен фактіні сабақтай алмаған сөзде пәтуа жоқ». Факті деген құдірет-
тің айбары, бұлтартпайды. Көз көріп, қолмен ұстаған соң кей тұжырымдар
көңілден қоныс таба бермейтіні болады. А. Сейдімбековтің ұтқан жері осы.
Қалауын тапса қар жанады. Ақселеу кіргенде үңгірлер де күмбірлеп қоя
береді, Көшпелілердің керуені көшкен көмескі іздер. Арқа деген апайтөс
кітаптың парақтарына түскен тарихтай тебіреніп тіл қатады. Қара қобыз
шанағынан шындықтың ащы күйі азынайды. Бетпақтың белінде бедірейген
балбал тастар белгісіз жайлардың бетін ашқандай. Бұл дегендеріңіз - байтақ
даламыздағы бай мәдениеттің бадырайған белгілері. Факт. Сол белгілерді
ғылыми тұжырымдарға бөлеп, ғалымдардың сан атасының айтқанымен
астарлаған - жазушының осы еңбегі. Ғасырлар бойы жиналған ұлан-асыр
мол мұраның ғылыми құнын, мәдени мәнін «білмекке құштарлық» деп
аталатын мықты желі бойымен жетектеп жеткізе алғанын кітаптың ақырғы
бетін жапқанда білесіз. Білесіз де, шіркін, тіл өнерінің құдіреті-ай деп там-
санасыз.

Автордың әу бастағы мақсаты - «халықтың тарихи шежіресін, этноге-
нетикалық арқауын, рухани дәстүрін тереңнен тартып, сабақтастықта
қарау, прогресшіл мұраларын бүгінгі дамуымыздың ұлы керуеніне теңдей
білу - болашаққа бой көтерген мәдениетіміздің тұғыр тасын орнықтыру.

Көне заманда бабаларымыз мал бағып, металл қорытқан. Ақиқат па?
Ақиқат. Оны уақытына қарай, маңызына қарай бағалап, өз орнына қой-
ған - археология ғылымы. Одақтық, әрісі әлемдік ауқымдағы зерттеу нәти-
желерін саралай салыстыра отырып, А. Сейдімбеков адамзат жасаған рухани
байлықтың қайсысын да менікі-сенікі деп отаулап олжалаудың теріс екенінен
сақтандырады. Оның пікірі: «...археологиялық мәдениеттің тегін тектеу
үшін бүгінгі саяси және ұлттық шекара аясында қалып қоюға болмайды».
Дүмбілез долбар емес, дәл тапқан тұжырым. Жұмыр жердің әр құбыласын
биік қойғысы келіп, өркениеттер тегін дойбының тасындай ойнатушыларға
ол қарсы. Бұл - зерделі зерттеушінің, мәдениетті жазушының табысы деу
керек. Қазақ даласында күн кешкен тайпалар мен рулардың өнер дәстүрін
тар тұсаулы тұйық шеңберде емес, бүкіләлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі
деп көсіле қарастырғаны дұрыс болған.

«Өз жерін сүйе алмаған - елін сүйе алмайды» деген бір әділ сөз бар. Осы
орамды тарату үстінде Ақселеу туған жер топонимикасын да шебер сөй-
леткен. Әр атаудың түп төркіні тарихты тануға тірейді. Айтып жүріп, жазып
жүріп, біле бермейді екенбіз. Жер бедеріне аталарымыз еншілеп кеткен жеке
есімдерге ықылас қойып, үңілсек көп нәрсені байқайсың.

226

Ал жартас-қойтастардағы таңбаларды танып-білу ше? Тұнып жатқан
сыр ғой өзі. «Олар, - дейді автор, Ұлытаудағы таңбалы тас туралы толғана
келіп, - дала руларының бірлік пәтуасына айғақ, тұтастығына белгі, ант
беріп, ауыз біріктірген шақтың туындысы». Сонда сахарадағы көшпелі тай-
палардың ұлт болып қалыптасу дәуірін, бұл процестің пісіп-жетілу кезе-
ңінің куәсін көзбен көру - бүгінгі ұрпаққа ғанибет.

Біздің ойымызша, бұл кітаптың берері - жаңа өскін, жас ұрпақты Отанын
сүюге шақыратынында. Шақырып қана қоймайды-ау, патриот жазушы
өзінің көз майын тауысып, жинаған мол мағлұматтарынан шым-шымдап
қана хабар беріп, оқушысын ізденіске, ой толғауға жетелейді. Тарих да-
риясының әр тұсынан ат шалдырғанда асыққаннан емес, мәйегі осы тұста
деп мегзейді.

Мәселе өзінен бұрын айтқандарды қайта адақтап шығуда емес, қалай айта
білуде. Ежелден мәлім дүниелерді А. Сейдімбековтен емешең құрып, ентіге
оқып шыққың келетіні содан. Ғылымды насихаттаудың жолы әр қилы.
Оның құндысын кәусардай дәмдендіріп, сырлы аяққа Сейдімбековше сылап
қана құйып бергендер көп емес. Ломоносовтың «Шыны туралы одасын»
қазіргілер поэзия емес деп кемсіткенімен, кезінде керемет танытқанын
білеміз.

«Күңгір-күңгір күмбездердің» тұрмыстану тарауын оқып көріңізші. Не-
месе аңыз әңгімелердің халықтың дәстүр-салтын ашатын тұсына тоқтаңыз.
Бізге тосырқау көрінгенімен, көнерген салт пен ескірген ертегінің желісі
көрсоқырлық кері кеткендік куәсі емес, қайта өрге жүзген өршіл ойдың,
өмір үшін күрестің жемісі екенін аңғарасыз.

Табиғат және адам. Немесе керісінше. Екеуінің арасындағы егіздікті ет
жүректі пенде кейде біле бере ме? Ол үшін сол табиғаттың өзімен ғана тағ-
дырлас болып байқаңыз. Сонда әлгі өзіміз күлетін «Бар тәуіріңді ұзын
сарыға сақта» дейтін мәтелдің шындығына жетесіз. Осы кітапта келтірілген
«Кетпен-шотың сайлы болсын, кер өгізің майлы болсын, Жер-ананың тоң
кеудесі жібитін, тас емшегі иитін шақ келді» деген дана сөзді төркіндетіп
көріңіз.

Жазушы А. Сейдімбеков күмбез күңгірінен ән тапса, шомбал тастан сән
тапса - үлкен олжалы екен. Сонысына қарай дәл осы кітап әсемдік туралы
тұнып тұрған поэзия болған да шыққан... Тарих-абыздың қай тамырын бас-
са да, омыраулап келіп өнерге табынады. Оның эстетикалық көзқарасының
темір қазығы тиянақты. Көзжұмбай, әсіре мадақтау, өз биігіне шығып алып,
басқаның шыңын көрмеушіліктен ада.

Елеуге тұрарлық еңбек жөнінде осындай азды-көпті пікір айту үстінде
оның ұзын тұрқын көктей өттік те, мазмұнына барғымыз жоқ. Тек осындай
әрі ғылыми, әрі әдеби, өзі деректі, өзі көркем кітаптың құрылымы қызық
екенін айтпай болмас. А. Сейдімбеков белгілі бір тақырыпқа барғанда бап
тілемейді. «Жыр айтады, күй айтады, шежіре осылай сөйлейді...» деп қай-
нарын тауып алады да, жылғалатып, көсілте жөнеледі. Арты арналанып,
автордың негізгі мақсатына құйылып жатқанын аңғара да алмай қаласың.

227

Әр тараудан тоғыса келіп, түйген түйініне, шүйгін ойына, байсалды бол-
жамына дау айта қою қиын. Ердің екі қасындай әрі ерек, әрі берік тұтас
бірлікте дүние туған.

Ойымызша, оқушысын табатын, оқылатын, рухани нәр беретін кітап-
тардың бірі осы.

Әрине, біткен іске сыншы көп, осындай өне бойы күмбірлеген күй кітап-
тың кей тұста тиегі дәл тұрмаған-ау деген оқшау-оқшау пікіріміз де жоқ
емес. Ондай бірді-екілі кемістік шығарманың он екі мүшесін түгел қараған
адамның көзіне шалынар да.

А. Сейдімбековтің сары атандай желісті, төрт құбыласы келісті әуезді
әңгіме-хикаяларын бұрын да білетінбіз. Дәл осы жолы мынадай жауапты
жұмыс үстінде, сол сүмбідей түзу, сүйріктей сұлу сөз сипаты сырнайдай
сыңғырлап ашыла түскендей.

«Ордалы тарихтың ортасынан ойып алып, көне мәдениет жөнінде ойла-
рымды ортаға салдым. Оқы. Сен де ойлан. Бұйдасын қолыңа бердім, жетеле
де жүріп көр, оқушым» деп жол сілтеген тілек таныдық осы кітаптан.

228

Мерғали Ибраев

КӨНЕ ДӘУІР КҮҢГІРЛЕП ТІЛ ҚАТКАНДАЙ

Жер бетін мекендеген саналы адамдардың - гомо сапиэнстің түнек бас-
қан қара үңгірлерден шығып, тарих бетіне із-таңбасын қалдыра бастаған-
нан бері адамзаттың 800-дей ұрпағы ауысқан екен.

Тарихшы ғалымдары осы 800 деген цифрды атай тұрып, мұның шартты
түрде алынған сан екенін де ескерте кетеді.

Әрине, тарихи зерттеулердегі «Шарттылық» деп аталатын шарасыздық
атаулыны көшіруге болады, ал көне мәдени, өнер мұралары жайында сөз
болғанда мұндай шарттылық жүрмесе керек. Себебі, қандай да болмасын
мәдени мұралар мен өлмейтін өнер туындыларына соны жасаушы, нәресте-
дей тапқан, қаққан халықтың ана сүті аузына жұқпай, қаны-тері сіңбей
тұра алмайды. Сол бір халық жасаған мәдени өнер мұралары заманнан
заман өте келе қаншалықты ауыс-күйіске түссе де, түр-мазмұн жағынан
«бет пішіні» танымастай күйге жетсе де өзін тұңғыш жарық дүниеге әкелген
алғашқы ата-ана бесігінің салт-дәстүр, таным-нанымындағы өнер қанын
ешбір жоғалтпақ емес.

Егер ол өзіне қасиет болып біткен ондай аналық, аталық затынан жұрдай
болып, жұрнақ қалмай жоғалып кетер болса, онда оның хас халық мұралары
да болмағандығы.

Талантты жазушы, халқымыздың көне мұралары жайында біраз уа-
қыттан бері байсалды пікір білдіріп, салиқалы сөз қозғап келе жатқан
Ақселеу Сейдімбековтің мына еңбегі сол өзінің әу баста нысана етіп, мақсат
қылған кең қарымды зерттеушілік өнер өрісіне алыстап, шырқап барған

батыл барған бір тұсы екен.
«Күңгір-күңгір күмбездер» деп аталатын бұл кітаптың «Сұлулық ту-
ралы сырлар» деп жанама түрде аталуы да автордың жүйелі түрде айтып
бермекші болған сол көздеген ойының бір ұшығын аңдата түскендей.
Себебі әрбір халықтың, мейлі, ол ұлы болсын, мейлі, кіші болсын, бәрібір,
өмір тануында, өнер қастерлеуінде, сұлулық атаулының сыр-сипаттарын
объективті, субъективті түрде қабылдауларында болсын, өзгеге ұқсамайтын

229

өзіндік «мені», тас емшегін иітіп, тар өзегін жарып шыққан өзіндік өксік-
шері, арман-үміті жатады.

Сондықтан да есте жоқ ескі күндерде жасалған көне заман мұраларын тіл-
ге тиек еткенде ең алдымен сол өнерді жасаушы халықтың бүгінгі ұрпағы-
ның бойында, жан-жүрегінде сақталған белгі-бедерлердің сабақтастығын,
дәстүр жалғасын тап басып, дұрыс көрсете білудің танымдық, тарихтық,
қоғамдық-әлеуметтік ғылыми маңызы ерекше.

Көлемді-көлемді он тараудан тұратын және сол тараулардың арасы
кемінде жүздеген, тіпті мыңдаған жылдарды алып жатқан бұл кітапта
халқымыздың жүріп өткен тарих көшіндегі қадау-қалдау із-белгілерінің
сорабын көрсетіп, сол арқылы атадан - балаға, кешеден - бүгінге желісі
үзілмей жалғасып келе жатқан ұрпақтар бойындағы дәстүр сабақтастығы-
ның орнын айқындауға айрықша назар аударылған.

Автор кей тұстарда этнолог, кей тұста археолог, кей тұста этнограф, кей
тұста спелеолог (үңгіртанушы ғалым), кей тұста топономик ретінде сөй-
лей отыра, бүгінгі көсегесі көгерген халқымыздың бұдан жүздеген, тіпті
мыңдаған жылдар бұрынғы наным-түсінігіндегі, тіршілік салтындағы, әдет-
ғұрпындағы, ой-санасындағы нюанстық жарастықты, жалғастықты үнемі
айырып, ажыратып, көрсетіп отырады.

Біздің тарих - бұл да бір қалың тарих,
Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы, -

деп Қадыр Мырзалиев дөп түсіп жазғандай, біздің халық тарихының тым
көнеден келе жатқанын, «көшпенділер емес, «көшпелілер екенін», «біздің
ата-бабаларымыздың өмір-салты көшпелі болғанмен, рухани болмысы көш-
пелі болмағанын» Ақселеу тарихқа объективті көзқарас тұрғысынан келіп,
пайымды, қызықты әрі құнды талдауларға барады.

«Ескіні жаңаның ығыстыруы, жаңаның уақытқа қызмет етуі - мәңгілік
процесс. Осынау бірін-бірі жоққа шығарып жататын мәңгілік процестің
үзілмей созылатын бір арқауы бар. Ол - дәстүр», - дейді автор.

Рас, заманына, ортасына орай дәстүр де көнереді, бірақ із-түзсіз жоғал-
майды, шорт үзіліп, орта жолда қалмайды, қайта жалғасып, жасарып, жа-
саңғырап отырады. Халықтық өнердегі, дәстүр сабақтастығындағы қойын-
дасып, қандасып, жымдасып жатқан ішкі үндестік жарасымы да бұл пікірге
айрықша дәлел бола алады.

Мәселен, сонау оғыз-қыпшақ заманында ғұмыр кешкен ұлы сарыншы
Қорқыт (VI ғасыр) күйлерін XIX ғасыр туғызған дәулескер күйші Құрман-
ғазы шығармалары жоққа шығара ала ма? Заманы басқа-басқа болғанымен,
Абайды - Әуезов, Махамбетті - Сүлейменов, Сүгірді - Тілендиев жоққа шыға-
ра ала ма? Жоқ! Олай болса, Ақселеу меңзеп отырған «Үзілмей созылатын
бір арқау» - өнер арқауы осы болса керек. Демек, өнерді, өнердегі сұлулық
атаулыны қабылдауға деген халықтық идеялдың тұрақтылығын «Дәстүр»
деп атауда Ақселеудің жан-жақты ғылыми дәлелдерге сүйеніп отырғаны
танылады. Халықтық өнердегі көнеден келе жатқан дәстүр сабақтасты-

230

ғына соны методологиялық принциптер тұрғысынан келуі зерттеушінің
ой-толғауларындағы тосыннан, тыңнан айтқан пікір желісінің орнықты,
тиянақты түрде жалғасып отыруына көп септігін тигізген. Ақселеудің жер
бетіндегі халықтардың өнер дәстүріндегі айырманы әлеуметтік-қоғамдық
даму заңдылықтарынан іздеуі де осындай бір тосын зерделілікті байқата-
ды. Көшпелілер әлемі мен ертедегі полис-мемлекеттер (полис-мемлекет-
тер - Көне Грекиядағы қала-мемлекеттер, оның ішінде Грекия, Рим, Фи-
никия осылай аталады - М. И.) туғызған өнер мұраларын қатар алып қарау,
салыстыра сөз ету Ақселеудің тарихшы-зерттеуші ретіндегі өзіндік жолын
айқын аңғартады.

«Көшпелілер әлемі мен полис-мемлекеттер сәйкестігі материалдық мұ-
ралардың ұқсастығында емес, тарихи-әлеуметтік болмысының тектестігін-
де, заттың иеліктердің қандай ауқымда жасалғандығында емес, сол заттық
иеліктерді адамдардың қандай қоғамдық қарым-қатынаста игергендігінде.
Көшпелілердің әлеуметтік қажеттілігі тудырған мұралардың көне Грекия
мұраларына ұқсамауының себебі де осында», - деген байсалды ғылыми тү-
сініктемелермен бекіте түседі.

Есте жоқ ескі заманда жасалған мәдени мұралардың халық болмысымен
тікелей байланысып жатқандығын, оны бір-бірінен бөле жаруға келмейтін
тұтас құбылыс екенін А. Сейдімбеков дұрыс байқаған.

Сонымен тереңнен тамыр тартқан дәстүр сабақтастығын тарихи аспек-
тіде алып қарау және оны әріден бастау жөніндегі А. Сейдімбековтің қа-
жырлы ізденісін, ұтымды айтылған ұшқыр ой, қанатты қиялға сүйенген
пайымдауларының танымдық-тарихтық ғылыми маңызы ерекше деп бі-
леміз. Спелеогогия - үңгіртанудан бастап, ортағасырлың дала ескерткіші
Жошы хан мазарына (XIII ғасыр) дейінгі аралықтағы көшпелілер өмірін-
дегі, ұғымындағы, салт-машық түсінігіндегі, қалдырған өнер-мұралар ара-
сындағы дәстүр сабақтастығын танып-білуде, оны ғылыми тұрғыда тұтастай
қарастыруда Ақселеу қазақ ғалымы ретінде алыс жайылым, кең өріске
шырқап шығып, тың үлгі танытып отырғандай сезіледі. «Күңгір-күңгір
күмбездердің» өн бойында үнемі ілесе жүріп отыратын осы басты идея кі-
таптың құнын арттырып, салмағын ауырлата түскен.

Осы кезге дейін, ілуде бір тарихшыларымыз болмаса (қазақстандық ға-
лымдарды айтамыз), халық төркінін әріден тану, ру, тайпа, ұлыс бір-
лестіктері дәуірлеріндегі олардың ұстанған этика, эстетикалық мұраттары
хақында желілі әңгіме қозғала қоймайтын. «Мына тұрған орта ғасырда
тарих сахнасында аты аталған қазақ халқы бір күнде көктен түскен жоқ,
өзіне дейінгі ұзақ тарихтың әлеуметтік-саяси толғатуларының арқасында
пайда болған» (49-бет). Олай болса, ұрпақтар арасындағы өзара рухани
сабақтастықты сөз ету - ең алдымен сол нәсілдің заңды бел баласы, мұра-
герінің бірі болып отырған бүгінгі бақытты қазақ халқының өткенін ғана
емес, ұлан-ұзақ тарих жолында, аттың жалы, атанның қомында жасап кел-
ген мәдени қазынасының сыр-сипатына тереңдеп бару деген сөз. Сондықтан
да көшпелілер қалдырған мұраны «қазақ» сөзінің этногенездік шығу төр-

231

кінімен ғана шектесек, сонымен ғана өлшеп-шамаласақ, онда арғыдағы жүз-
деген жылдық тарихты мүлде жоғалтып, сызып тастағанымыз болады.

Автордың үңгірлер туралы ілімге соғуы жай бір таңсықтықтан емес,
осындай көне дәуір өнерінің бас алған алғашқы көзін табуға ұмтылған мақ-
сатынан туындағанын аңғарамыз.

«Адамзат баласының алғашқы сезім-түйсігіне, алғашқы ұғым-түсінігі-
не, алғашқы қабілет-дарынына айғақ болар ғаламат белгілердің үңгірлер-
ден табылып отырғанына» назар аударған жазушы Қазақстан жеріндегі
үңгірлерге байланысты туған аңыз-әңгімелерге де ден қояды. Үңгірлердегі
петроглифтер (жартастағы жазулар мен сурет-белгілер) алғашқы рулық
бірлестік кезіндегі көшпелілердің өмірінде болған аса ірі оқиғалардың
нышандары, соның көмескі түрде болсын бізге жеткен сүрлеу-шежіресі
екендігінде дау жоқ.

Сондықтан да зерттеуші «байтақ дала төсіндегі үңгірлердің тарихи оқи-
ғалармен, тарихи тұлғалармен сабақтасып жатқанына» Балқан тауын-
дағы Мәдидің қара үңгірін, Семейдегі (Абай ауданы, Орда тауы) Еңлік пен
Кебек тығылған үй тасты, Ұлытаудағы Асан Қайғының (XV ғасыр) бәйбішесі
Тана жерленген шыңның басындағы Ақмешіт әулие үңгірін, Ойылдағы
Құныскерей үңгірлерін мысалға алып, ел мен жер тарихын сабақтастыра ой
өреді.

Бүгінгі жас ұрпақты, өлкетанушы балғын натуралистерді «жердің тілін»
үйренуге, зерттеуге қызықтыра, еліктіре тартады. Егер жер асты, жер үсті
үңгірлері мен жолдарының көпшілігі кездейсоқ жағдайда жас өлкетанушы,
мектеп оқушыларының тікелей қатысуымен ғылымға мәлім болғанын
ескерсек, дәл осы «Үңгіртаным», «Жердің тілі» тарауларының бүгінгі зер-
делі жас буын өкілдеріне айтары мен нұсқары көп деп білеміз.

Әсіресе көне Қазақстан жеріндегі жер-су аттарына орай берілген топо-
нимиялық түсініктердің орны ерекше. «Шажағай», «Көш жолы», «Ұлы
тау», «Жауыртау... жоқ, Теміртау», «Қызылкеніш», «Шежіре табиғат»
тақырыпшаларына жіктеліп-жіліктеніп берілген бөлімдерде көшпелілер-
дің моральдық-этикалық таным-түсінігінің дәстүрлі ұлы нобайы, көмескі
сұлбасы айқынырақ таныла түседі.

«Туған жер төсіндегі табиғи бітімі айрықша орындарды қорғау, олар-
дың байырғы атауын сақтау - ұрпақтар тәрбиесімен өзектес міндетіміз»
екенін Ақселеу құнды ой, құнарлы тіл арқылы шебер жеткізе білген.
Этнографиялық новеллалардан тұратын «Халықнама» бөліміндегі «Дас-
тархан», «Құрғақ сүт», «Қызыл ірімшік», «Тасқорық», «Уызқағанақ»,
«Шеберлік», «Табиғатпен тілдес», «Итсигектің уы», «Ырым», «Саят», «Ел
аузынан» тарауларындағы көшпелілер өмірінің тіршілік-тынысындағы
этнографиялық өзгеше сыр-сипаттар, бөлекше бітімдер алыс дәуірдің дем-
тынысынан, жүрек соғысынан хабар беріп тұрғандай.

Бүгінмен жалғасып жатқан ұрпақтар арасындағы осындай рухани дәстүр
жалғасын көрсетуде халық аузынан алынған мұндай тірі мысалдарды

232

автордың ұзақ жылдар бойында ел арасынан мысқалдап жинап, мұқият
зерттегеніне көз жеткіземіз.

«Өнер» тарауындағы «Күй-шежіре», «Даналық өрнегі», «Киіз үй» бө-
лімдері, «Ғимарат» тарауындағы «Алаша хан мазары» (Х-ХІ ғасырлар),

Жошы хан мазары» (XIX ғасыр), «Домбауыл кешені» (ХІІІ-ІХ ғасырлар),
«Дүзен мазары» (ХІХ-ІХғасырлар) туралы жазылған шежірелі сұлу сырлар,
аңызы мен ақиқаты аралас, көзге күңгірт болғанмен көңілге жылы тиетін
жүйелі сөз - автор еңбегінің танымдық тұғырын биіктете түскен.

А. Сейдімбеков өнердегі дәстүр жалғасы туралы айта отыра, қандай
қиын түйін, қандай шырғалаң шешімдер болмасын, баршасына елдің өз
аузында, өз жүрегінде сақталған белгі-бедерлерді, сұңғыла сүрлеу аңыз-
дарды дәлел етіп, көлденең тартады. «Күңгір-күңгір күмбездердің» тағы
бір қымбат қасиеті саналуға тұрарлық жетістігі, жаңалығы да осында болса
керек.

Алғашқы барлау, қарлығаш кітап болғандықтан автордың кей тұстарда
даулы, кей тұста екіұшты болып көрінетін жаза басқан тұстарының өзіне
кешіріммен қараймыз. «Біткен іске сыншы көп». Алайда автордың көш-
пелілер дәуірінен күні бүгінге дейін жалғасып келген ұрпақтар арасындағы
ішкі рухани үндестікті, кемел дәстүр келбетін шеберлікпен қиюластырып,
көне құмыра сынықтарын құрастырғандай зергерлік көрсетуі риза қылады.

Әрине, көпшелілердің мыңдаған жылдық көне тарихы бір еңбектің, тіпті
бір зерттеушінің ғұмырына тар соғады. Ең бастысы - тарих тұңғиығына
бойлаудың бір тосын үлгісі жасалып отыр. Ақселеу Сейдімбеков еңбегінің
ең сүбелі, сүйсінерлік тұсы да осында деп білеміз.

233

Қ. Жақыпов

ҰҒЫМҒА ТИЯНАҚ...

...Осы кітаптағы «Жердің тілі» бөлімі жас оқырманның мектепте ал-
ған білімін толықтыруға бірсыпыра көмегі тиеді. Атаулар көп. Оның сыры
да көп. Олар жай атала салмайды. Оның атын халық қойған. Ұрпақтан-
ұрпаққа беріле береді. Бұл атауларды ешкім өзгерте де алмайды. Осы туралы
«Жердің тілі» бөлімінде сыр шертеді.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры - халқымызға кең тараған жырлар-
дың бірі. Бұл жыр сегізінші кластың қазақ әдебиетінде оқылады. Осы
жырмен байланысты атаулар біздің өлкемізде аз емес. Осыған орай
аталмыш кітапта жер атаулары талданып, толық мағлұматтар берілген.
Мұндай деректерді «Жердің тілі» бөліміндегі «Жауыртау... жоқ, Теміртау»
әңгімесінен алуға болады. Жырға байланысты мынадай аңыз баяндала-
ды. Баян Айбас деген жігітті Қозыға жібереді. Сәлемдемеге алтын сандық-
қа домбырасы мен моншағын, басындағы қарқара қадаған тақиясын салып
береді. Айбас жол ұзақтығынан шаршап-шалдығып жүріп сәлемдемені
түсіріп алады. Домбыра түскен жер - «Домбыралы», моншақ қалған жер -
«Моншақты», қарқарасы қалған жер - «Қарқаралы», ең соңында алтын
сандық түскен жер - «Алтын сандық Ақшатау» деп аталады. Айбастың
астындағы аты болдырып, тоқырап тұрып қалыпты. Содан бұл жер «То-
қырауын-Жәмші» аталған екен. Осы арада біраз демалып, Айбас Қозыны
іздеп тағы жүре береді. Жүрістен аттың арқасы жауыр болып, міністен
қалады. Жауыр боп аттың келген жері «Жауыртау» аталыпты. Қазір бұл
жер - қала, екі жүз мыңнан астам еңбеккер қауым тұрады. Мұнда болат,
шойын, қақталған қаңылтыр, химия өнімдері шығарылып, қырыққа тарта
шет елдерге жіберіледі. Бұл қаланың аты - Теміртау. Қаланы жасаған да
халық. Атын қойған да халық. Демек, Жауыртау - Теміртау болып аталды.
Сегізінші класта Қазақстан географиясында Теміртау қаласы оқытылады.
Осы тақырыптың оқытылуына байланысты жоғарыда келтірілген дерек-
терді пайдаланған орынды.

234

«Ұлытау» әңгімесі тарихтан біраз сыр шертеді. Ұлытау асқан биіктігі-
мен, айбынды сұстылығымен, кербез сұлулығымен аталып тұрған жоқ.
Үш жүздің басы қосылып, біріккен құтты мекені. Қазақ халқының тарихы
жатқан қасиетті орын. Сондықтан халқымыз оны қастерлеп Ұлытау деп
атайды. Сонау ертеден тарихы бар, халқымызға құтты қоныс болған Ұлы-
тау - қазір де құтты мекен. Төскейі төрт түлік малға толған, қойнауынан
түсті металл өндірілген, экономикасы мен мәдениеті қарыштап дамыған,
өсіп-өркендеген шадыман халқы бар, бірлігі жарасқан достық мекені. Тілегі
де, мақсаты да, ойы да жарасқан құтты мекенді бұған дейін әркім біле
білмейді.

Автор Ұлытаудың тарихи шежіресінен біраз әңгімелейді. Шыңғыс хан-
ның, Жошының жорықтары, Темірдің тепкілері, Бату мен Бабырдың
қимылдары, қалмақтардың қанды қырғындары туралы аңыз-шежірелер
Ұлытауға байланысты айтылады. Мектепте Қазақстан тарихын оқытқанда,
осы материалды қосымша пайдалану жөн болар еді.

«Халықнама» бөлімінде дастарқан тағамдары (құрғақ сүт, қызыл ірім-
шік, уызқағанақ, тасқорық) туралы сөз қозғайды. Қазақ халқы - мал шаруа-
шылығымен шұғылданған халық. Мал сүтінен әр түрлі тағамдар әзірлей
біледі. Кітаптың 114-бетінде қымыз, шұбат, айран, қатық, балқаймақ, кі-
легей, ақ қаймақ, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, сусыз сүт, сапырма сүт, құрғақ
сүт, қойыртпақ, іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз
сірне, құрт, ежегей құрт, сықпа, сүзбе, тағы басқа сол сияқты сүттен істелетін
тамақтың 27 түрі аталады. Қандай мол дастарқан десеңізші! Мұның бәрін
жастарымыз біле бермейтін шығар.

Қазақ халқы аңшылық-саятшылықты ұнатады. Оның мынандай себеп-
тері болды. Бірінші - күнкөріс үшін; екінші - мергендікке, төзімділікке,
қажырлылыққа шынықты; үшінші - көңілді демалыс үшін қажет болды.
Аңшылық-саятшылықтың бір түрі - аңды бүркітпен аулау. Құс салу көп
білгірлікті қажет етеді. Аң алатын бүркіттің балапанын тани білу, оны
үйретіп, тәрбиелеу, күту, тамақтандыру, бабын табу, түсінісе білуге дағ-
дыландыру аса білгірлікті қажет етеді.

Бүркітке байланысты қажетті мүліктердің аттары: тұғыр, томаға, ба-
лақбау, желібау, бүркіт құндық, бүркіт балдақ, саптыаяқ, түтік немесе
шүмек. Кітапта олар тамаша талданын айтылады. Бұл қажет те, өйткені
оқырманның бәрі де бұларды біле бермейтіні даусыз.

б-класта Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі оқылады.
Бүркітке байланысты заттардың аттарын түсіндіру үшін осылар керек-ақ.
Мұны оқытушы ұстаздардың балаларға тәлім беру үстінде пайдаланғаны
жөн.

Кітаптағы «Өнер» бөлімінде қазақ халқының күй өнерінің дамуына
тоқталып, қазақ музыкалық фольклорының шығу, даму кезеңдерін бес
кезеңге бөледі. Содан әр кезеңге жататын күйлерге, шығармаларға, му-
зыкалық мұраларға тоқталады.

235

Республикамызда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер бар.
Оның кейбіреулерін автор кітаптың «Ғимарат» бөлімінде баяндайды. Осы
бөлімде Ұлытаудағы Х-ХІ ғасырларда салынған Алаша хан мазарына,
Қаркеңгірдегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан мазарына, Домбауыл
мазарына тоқталады. Олардың архитектуралық сымбатына, ерекшелігіне,
халық арасынан шыққан өнерпаздарының өнерлілігіне көңіл аударады.
Осы тарихи ескерткішке байланысты шежіре баяндалады. Осы сияқты
тарихи-мәдени ескерткіштердің қалпын сақтау қажеттігін, қалпына
келтіру сияқты жауапты мәселелерге көңіл аудартады. Өйткені бұлар -
халық мұрасы, халық арасынан шыққан өнерпаздардың қалдырған өлмес
ескерткіштері. Сөйтіп, автор жас ұрпаққа көп мәнді ұлағатты ойлар айта
отырып, күмбір-күмбір күмбездердің бүлінбеуіне, соған қамқор болуына
үйретеді әрі шақырады.

236

Ә. Әбдіхалықов

ОЙЫҢА ӨРІС

Рухани игілігіміздің бай қазынасына тағы бір бағалы, мазмұнды, мәнді
еңбек қосылды. Ол - журналист-жазушы Ақселеу Сейдімбековтің мектеп-
тің жоғары класс оқушыларына арнап жазған «Күңгір-күңгір күмбездері».

Тілі жеңіл, көкейге қонымды, зер сала оқуға тартымды, мектеп оқушы-
ларының жас ерекшеліктеріне сай әдебиет. А. Сейдімбековтің бұл еңбе-
гінде мақсаты айқын, мазмұны бір үйлесімді үш ұғым бар: тарих, дәстүр,
ұрпақ сабақтастығы. Бұл сабақтастықтарда халық болып қалыптасу,
мәдениетіміздің жасалу тарихы бар. Кітаптың «Халықнама», «Өнер», «Ғи-
марат» деген тақырыптары көшпелілердің сапырылысқан халық, сапасыз
тобыр емес, мазмұнды мәдениеті, рухани қазынасы бар шалқар жұрт, са-
лиқалы ел болғандығын мектеп оқушыларына, жалпы оқырмандарға да
таныстыра алады.

Бұл еңбекте ұстаздарға тарих, әдебиет, т.б. пәндерді оқыту барысында қо-
сымша пайдаланар деректі, білім мен тәрбие беруде методикалық деректі
нұсқа бар.

Аталмыш кітаптан қазіргі ұрпаққа, мектеп оқушысына салтымызды сақ-
тауға, мәдени мұраларды баптауға, дәстүрдің озығын бұзбауға, қайта оны
уақыттың өскелең дәстүріне жарасымды жалғастыруға, тәрбиелеуге бағыт-
бағдар табамыз.

«Өзінің тарихымен жанды байланысты үнемі сезініп, өзінің тарихи
дәстүрлерінен ең жақсы атаулының бәрін ала білетін және оның бүгінгі
күннің игілігіне айналдыра білетін халық - ұлы халық», - деген Л.И. Бреж-
нев жолдас Киевтегі мемориалдық комплекстің ашылу салтанатында.
Халықтың болашағы - жас ұрпақты туған жердің өздері өскен елдің тарихи-
мәдени мұрасына деген сүйіспеншілігін оята тәрбиелеуде шарапаты тиетін
игілікті әдебиеттің құны жоғары.

Осы кітапты мектеп оқушылары үшін керек, оларға интернационал-
дық, патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіптік бағдар беруде
елеулі үлес қосатын еңбек деп білеміз. Мамандық таңдауда көмекші құрал,

237

насихатшы бола алады. Осы еңбекте аттары аталған Қаныш Сәтбаев, Әл-
кей Марғұлан сияқты ұлағатты ғалымдардың алғашқы ғылыми әліппесі
осынау кең-байтақ дала төсіндегі ата-бабалары қойған атаулар, арнайы жа-
салған ғимараттар, табиғат туындылары, аңыз-әңгімелері, көне жазулары
болғанын білеріне күмән жоқ.

Мектептің жоғары класс оқушылары қашанда сырға ынтық, сұлулыққа
ынтызар, жырға құмар, ерлікке құмар, еңбекке ынталы, білмекке ықылас-
ты. Әр нәрсеге сынай қарап, сырын білуге құштар келеді. Осы тұрғыдан
алғанда, әңгіме етіп отырған еңбектің мектеп оқушыларын тәрбиелеуде
көмегі ерекше. Әр бөлімге қойылған атаулардың өзі талай сырға сезімді
еріксіз жетелейді, ерігіп емес, емініп оқисыз. Көз алдыңнан қазақ халқының
ұлттық өнері, дәстүр тағылымы, ұлттық тағамы, ғасырлық ғимараты, дала
өрнегі, халық қасиеті шұғылалы кемпірқосақтай көрініс береді. Соңғы
жылдары тарихи шығармалар қатары толысуда. Міне, осы салада мектеп
оқушыларының тарихи романдарды түсініп оқуына, зерттеп оқуына пай-
дасы мол фактілер мен деректерге толы.

«Күңгір-күңгір күмбездер» бір ғылым саласындағы пән үшін ғана емес,
мектеп программасындағы әр ғылым саласындағы пәндер үшін де күмбір-
леп тұр. Мектептің жас шәкірттері қаншама аң-құс, өсімдік атауларының
атына қанып, сырын ұғуға мүмкіндік алады. Даланың өсімдігі сыңсып,
құстары сайрап, тіршілік үні табиғат сәулетімен үйлесім тауып тұрғандай
әсер қалдырады. Мысал келтірейін: «Бұлақ табаны - сыңсыған қарақат,
долана, итмұрын, қымыздық, бүлдірген, сарымсақ, түйетабан, биеемшек
сияқты жемісті өсімдіктер. Көгінде қыран қалқиды, тау иығынан мүсіндей
болып арқар үңіледі, бұта-бұта арасынан қояны мен қарсағы, түлкісі мен
қасқыры сығалайды» (160-бет).

Көшпелілер өмір-салтында адамдар арасында қалыптасқан моральдық-
эстетикалық нормалардан мысалдар келтірілген. Сыйласымдылыққа, ізет-
тілікке тәрбиелеуде ықпалы тиетін туыстық, жақындық, қарым-қатынастық
атаулардың 56 түрі аталған.

Бұл кітаптан Ә. Марғұлан, К. Ақышев, М. Алпысбаев, Л. Ерзакович,
М. Қадырбаев, К. Байпақов сияқты тарих-археология саласындағы ғалым-
дардың елеулі ізденісінен де, еселі еңбегінен де жас шәкірттер қаншама ләз-
зат алып, тәрбиелік тағылым, ізденіске құлшыныс табары анық.

238

А. Сейдімбектің 1998 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген
«Мың бір маржан» кітабы туралы ой-пікірлер

Мұзафар Әлімбаев

БАР ӨЛЕҢ БІР ТӨБЕ, ҚАРА ӨЛЕҢ БІР ТӨБЕ

Ауыз әдебиеті - адамгершілік академиясы.
Халықтың сөзін тану - адамның өзін тануына баспалдақ.
Әр алуан ұлттар мен жұрттардың, соның ішінде өзіміздің де, атам
заманғы ауыз әдебиеттерінің аяулы нұсқа жәдігерліктерін оқыған сайын,
тыңдаған сайын, өзім үшін өнеге тұтар ғибрат түйген сайын жоғарыдағы
ойға орала берем. Жалпы фольклор жайында осылай десек, халық мақал-
мәтелдері мен қара өлеңінің жұлдызы тіпті биік. Өйткені мақал-мәтел де,
қанатты сөз де және қара өлең де - елгезек жанр, қолғанат өнер.
Соңғы жылдарда қазақтың қара өлеңінің қасиеті, рөлі жиі-жиі сөз болып
отыр. Бұл заңды да! Қазақ халқының рухани дүниесінде аяулы әже-өлең,
ақылды ата-өлең - қара өлеңнің қадірі айрықша! Өйткені қазақтың бар өлеңі
бір төбе, қара өлеңі бір төбе!
Шымыр поэзияның шынайы халық әдебиетінің ең көпшіл, демокра-
тияшыл, халыққолдысы - қара өлең! Оның қай қырынан қарасаң да, жал-
пының рухани игілігі үшін жаратылғаныңа куә боласың. «Қара өлең - өмір-
тіршілігіміздің барлық саласын, сезім-түйсігіміздің барша қасиетін әсерлі
көрсетіп келе жатқан икемді де өміршең жанр» (А. Сейдімбеков. Мың бір
маржан. - 10-бет).
Біріншіден, қара өлеңде көптің, қалың бұқараның көкейкесті арман-
тілегі, жан құштары, адамгершілік мұраттары жеке ауызбен айтылып сәу-
леленеді.
Екіншіден, қара өлең - қоспасыз алтындай таза асыл, қапысыз қарапайым
әрі асқан көркемдік, сыршыл сұлулық, адам жанын ізгілікке қанықтыратын
әсемдікпен айшықталған зер дүние!
Үшіншіден, тыңдаушының да, оқырманның да жадына нұрдай сіңіп, ши-
падай дарып, берік орнай қалатын тегеурінді төрт таған, тарлан төрт діңгек.
Төртіншіден, қара өлең - жер бетінде тақсірет-қасірет мұхитын қаһар-
мандықпен кешкен, тағдыр зобалаңынан ғибратты тағылымдар түйіп,
ұрпағына өсиет етіп қалдырған ата-бабаларымыздың ауыз өнері. Солай

239

болғандықтан әрқайсысымызға арналған сөз! Солай болғандықтан әрқай-
сысымыздың тірлік жасауымызға қажетті құралымыз! Қара өлеңді есті-
генде жетпістегі қария да, жетідегі бала да көңіл көзін тігіп, зерде санды-
ғының қақпағын ашатыны содан! Қолма-қол әрі оп-оңай жаттап алатыны
содан! Өзі ғана біліп қоймай, өзгеге білгізіп, өзінен кейінгілерге де жеткізуге
ден қоятыны содан!

Төрт тағанның тұла бойы-тұлғасынан тұтас әсемдік, тұтас сұлулық та-
бамыз:

Еркім жоқ жылқы құрлы баққан кеңге,
Сен жақтан жаным сергір соққан желге.
Түскенде сен есіме, сенер болсаң,
Көзімнен аққу жүзер аққан селге.

Нағыз ғашықтың іңкәр! Үзіліп те тұр, үздігіп те тұр. Айдаладағы өрісте
еркін жайылған жылқы құрлы ғашық жарға қарай аттап шығуына амалы
қалмаған ашық қыз мұңын шағады. Жігіт жүрген беткей жақтан самал
ессе де, санамен сарғайған бойжеткенді бір сергітіп тастайды екен. Қайран
ғашығын есіне алған сайын еңірегенде екі көзінен сел ағады. Сол селдің
айдынында аққу жүзе алардай. Бұдан артық «Өл!» дейсің бе осыны осылай
айта алған ақынға?!

Енді тағы да бір үңіліп қараңызшы, осы жиырма екі сөздің тым құрыса
біреуі артық екен деп дәлелдеп көріңізші кәне! Жоқ! Ондай керемет ешкімнің
қолынан келе қояр ма екен?! Жо-жоқ, мүмкін емес! Осындай тұтас әсемдік
қара өлеңдеріміздің қалың көпшілігіне тән десек, артық бағалау, асырып
айту болмас.

Көл қадірін білмеген аққу-қазға ұқсама, ел қадірін білмеген зәнталаққа
ұқсама, әрбір алма ағаш өз топырағында гүлдесін деген идеяны халық
қандай ғажап шеберлікпен, төрт сап жырмен кестеге шегеді:

Күнде алшы түсірсең де асығыңды,
Көрмейді жат жер сені тасы құрлы.
Шеңгел де өз жерінде дүркірейді,
Әркімнің өз елінде басы құнды.

Өлеңнің ұлттық бояуының қанықтығы кімді болсын тәнті етеді-ақ! Ха-
лықтың шынайы қара өлеңдерінің бәрі осындай лепті! Өйткені халық поэ-
зияның атқарар қызметінің ізгі де игі екенін терең пайымдағандықтан да:
«Өлеңім - жақсылардың жан азығы», - деп түйеді.

Халық-ақынның қапысыз айтқыштығы қашанда қайран қалдырмай
қоймайды. Шілденің шыжыған аптап күнінде шөп шауып жүрген пішен-
шілердің көңіл күйін жалғыз-ақ жол өлеңмен алақанға салғандай ашып
бергеніне назар аударыңызшы:

Шөлдедік ішердей боп маса сауып.

Сұмдық сурет! Ар жағында әлгіден асқан айшықты бейне енді қал-
мағандай. Маса сауу - «Елім-айдағы» қайың сауудан да сорақырақ, жан

240

түршігерліктей! Профессионал ақындардың қайсысы әлгі бейнеге, әлгі тап-
қырлыққа қызықпас екен?!

Қара өлеңдегі поэтикалық тәннің әр жүйе-жүйкесінің шымырлығы,
пәктігі, салмақтылығы, қуаттылығы, өмір тынысының кеңдігі кім-кімді де
таңдандырады:

Болғанда өлең - тілден, ән - тамақтан,
Қосылса екі жақсы елге мақтан.
Демей ме жақсы - көпшіл, жаман - кекшіл,
Емес пе ырыс алды ынтымақтан?!

Нағыз қара өлеңнің нәрлісінде - не бары төрт жолдың кеңістігінде
бір романға желі боп тартылып, мәйек боп мәнерленер сом идея, соны
ойлар жатады дейтініміз осыдан! Менің бақылауымша, қара өлеңнің
ғажайыптығының бір қыры оның ең кем дегенде бір жолы немесе бір
жолының үзігі дербес нақыл әлде қанатты сөз, мақал-мәтелге бергісіз бітімге
ие болады! Мәселен, жаңағы төрт жолда неше мақал бар?! Осындай ойдың
салмақтылығына сөз таныр зерде қалай қызықпас екен?!

Қара өлеңдегі дарындылықтың дарқандығы да сілекейіңді шұбыртады-
ақ:

Ел таны беріп жүріп асың барда,
Жер таны желіп жүріп атың барда.

Асты-үстілі үш жұп ұйқас-үйлесімнің екі жолда орын тебуі шеберліктің
шыңы емес пе?! Өлең - мақал! Мақал - өлең. Шынымды жасырмай айтсам,
өз басым классик ақындардан бұрын ауыз әдебиеті туындылары оқитыным
да содан. Қара өлеңнен, ендеше, үйренеріміз көбірек болғаны-ау!

Және де қара өлең мазмұнында әманда қарама-қарсылық шарты сақ-
талады, ой жүйесінде тартыс жатады. Бұл да оның өмірдің өзіндей шын-
шылдығы мен сыршылдығы! «Атадан өлең мұра», «Халқымыздың өлең -
ортақ қазынасы» деп халық айтқандай, қара өлең қазақ даласының бар-
ша түкпіріне, барша мүйісіне бірдей қадірмен! Бәз бірде ілгерілі-кейінгі
поэзиямызда төбе көрсетіп қалатын жергілікті жаргон-диалект дегенді
қара өлең қашаннан-ақ емес, тумысынан бойына маңайлатпайды (Зәуде
бір ұшырасуы да жоқтың қасы). Тілдің тұнығы, ойдың мөлдірі осында! Осы
қасиеттің өзі де - қара өлеңнің демократияшылдығының кепілі. «Мұның
сыры, - деп А. Сейдімбеков жіті бақылағанындай, - көшпелі өмір-салтында
әлеуметтік-мәдени идеалдың біртұтас болғандығынан». Қара өлеңнің өзі
алғаш туған ауылында қамалып қалмай, қанатты тұлпардың желді ек-
пінімен, жалпақ даланы шарлаған жолаушының аузымен желдей есіп,
шартарапқа тез тарауынан. Ал біздің зымыран заманымызда қара өлеңнің
тарауы тіпті ұшқыр, әрине, халық творчествосы - толассыз туындайтын тың
өнер. Жаңа таң атқан сайын жақсыларды таратушы жанды өнер!

Біз дүкендерге енді ғана түскен - «Қара өлең» (Құрастырушы Оразақын
Асқар. «Жазушы» баспасы, 1989 жыл), «Мың бір маржан» (Ғылыми

241

түсініктемесін жазып, қара өлең нұсқаларын жинап, құрастырушы Ақ-
селеу Сейдімбеков. «Өнер» баспасы. 1989 жыл) деп аталатын екі жаңа кі-
тапты, екі жақсы кітапты асықпай оқып шықтық. Алдымен айтайық, екеуі
де халыққолды басылымдар. Бірінің тиражы - 40 мың дана, екіншісінің ти-
ражы - 7 мың дана.

Оразақын Асқар «Қара өлең қайнары» деген алғы сөзінде: «...Ауыз әде-
биетінің қара өлеңнен де ықшам жанры мақал-мәтелдер бар екенін еске алу
орынды. Бірақ сол мақал-мәтелдің өзінде де қара өлеңнің нышаны бар», - дей-
ді. Мұнда екіұштылық аңғарылады. Құдды бір қара өлең мақал-мәтелдің
бастауы дегенге меңзейтіндей. Мақал-мәтел - қара өлеңнен әлдеқайда көне,
ескі жанр. Бұл - талассыз шындық. Ендеше о баста қара өлеңнің тууына он
бір буынды мақал-мәтелдердің қозғау салып, түрткі болуы әбден ықтимал.
Екінші бір ақиқат тағы барын ұмытпалық. Қара өлең қабырғасын қатайтып,
бұғанасын бекіткен сәттен бастап өзінің кейбір аса парасатты әрі кестелі
тармақтары арқылы мақал-мәтелдеріміздің баюына жәрдемін тигізді,
тигізіп те келеді. Сол сияқты қара өлең шығарушылар күні бүгінге дейін
халық мақал-мәтелдерін бүтіндей де, бөлшектеп те, бітімін өзгертіңкіреп
төрт жолдыққа сыналайтын үрдіс бар. Бұл да құптауға тұратын тәсіл!

«Мың бір маржан» («Қара өлең табиғаты»), түсініктеме деп сыпайы
аталғанымен, бұл - ғылыми монография. Талай жылдардың тірнектеп жи-
налған жемісі, талай қайнар бұлаққа үңілген көздің майы, сарыла ізденістің
нәтижесі. Кітап авторы - белгілі жазушы, қазақ халқының тарихын, әде-
биетін, этнографиясы мен археологиясын жастайынан зерттеп келе жатқан
білімдар қаламгер Ақселеу Сейдімбеков. Ол «Мың бір маржанға» ондаған
жылдар бойына жинап-тергенін іріктеп, сұрыптап 1001 қара өлең мен 101
қайырма енгізген. Бұған дейін талай ғалымдар қара өлеңге жол-жөнекей
ғана тоқталып, келте-келте талдаулар жасаса, А. Сейдімбеков қара өлең бол-
мысына бір кітап арнап отыр.

Қазақ совет фольклористикасына өзіндік сипатымен қосылған ойлы ең-
бек қатпа қалыптан, шиырламадан, шұбалаңдықтан ада. Композиция тү-
зілімі тапқыр әрі ұтымды. Конценция орнықты. Зерттеуші А. Сейдімбеков
қара өлең жайында өзіне дейінгі ой жосықтарын әр тұста білдірген ға-
лымдар пайымдауларына адал қарап, ақ сөйлеп, әділ бағалайды. Олардың
оң түйіндеріне бас изейді, құп алады. Осы қалай дегендері жайында өз
көзқарасын бүкпеуге тырысады, кейбіреулерімен ашық пікір таластырады,
орайсыз ойтолғамдарды орынды мансұқтауға дейін барады.

Еңбек ғылыми тұрғыдан инабатты. Түйін-тұжырымдарында сонылық
бар. Ғалымдық шалым мен ақындық, алғырлық үйлесе тоғысқандай әсер
етеді. Кітап қызық оқылады. Білгішсіну нышаны ұшыраспайды. Рас, шым-
қай академизмге ара-тұра адым ұратын тұстары жоқ емес. Рас, бұл ғылыми
еңбек, монография, қорғалған диссертация екенін де ескеруіміз ләзім.
Алайда мына кітаптың қалың көпшілікке арналғанын да ұмытпаған жөн.

Монографиядағы қара өлең табиғатына бойлаудың бағасын арттырып,
бір белес жанрдың атау төркінін анықтауға талпынуы орынды. Өзге зерт-

242

теушілердің қара өлеңдегі «қара» анықтауының мағынасы байырғы, көне,
ескі, мәңгі өзгермейтін, ежелгі немесе бастапқы, басты, негізгі дегенге саятын
тұжырымдарына автор жығыла салмайды. А. Сейдімбеков «қара өлең»
атауы «қасиетті», «киелі», «әсерлі», «күшті», «көп» дегенді білдіретіндігін
иландыра дәлелдейді.

Зерттеменің екінші жақсылығы - қара өлеңнің алғашқы екі тармағы
«мағынасыз » болап келеді-міс деп тұжырымдауға тырысқан зерттеушілердің
ой-жосықтары негізсіз екенін де ғылыми уәжбен, қара өлең үлгілерін
нақтылы талдай отырып, инабатты дәлелдейді. Көркемдік параллелизм -
логикалық шендестіру түпкі қазықтай.

Петербург университетінің профессоры И.Н. Березин өзінің «Түркі
хрестоматикасы» атты еңбегіне қосқан әдемі бір үлгіге назар салайықшы:

Салады сиыр соқпақ шұбырғанда,
Ет қалмас қабыргада сыдырганда.
Ау, қыздар, сұлумын деп мақтанбаңыз,
Табылар сізден сұлу қыдырғанда.

Ал осында мағынасыздық бар ма?! Біздіңше, жоқ! Кәне, талдап көрелік.
Өлеңнің негізгі идеясы - маңтаншақты шенеу. Мақтанушы, яғни «мен
сұлумын» деуші қыз осы сөзі арқылы із тастап отыр, яғни шұбырған сиыр-
дың соқпақ салғаны сияқты белгі қалдырды, сөз иесін таппай қоймайды,
бекер сөйлеме деп отыр. Маңтаншақ қызға біз қыдырып араласақ, ел
ішінде сенен де ажарлылар табылады, сонда сенің сырың еті сыдырылған
қабырғадай жалаңаштанып, әшкере болып ашылып қалады деп отыр. Міне
сізге біртұтас, бөлінбес бейнелілік! Қара өлеңнің алғашқы екі жолы бостекі
сөз, мағынасыз сөздер шоғыры ғана деуге ешбір негіз жоқ.

Қара өлеңнің алғашқы жолдарында ситуациялық мән деген бар. Қара
өлең алғаш айтылған сәтте сол ортаға түсінікті жағдаятқа байланыстыра,
жанастыра бейнеленеді деген негізгі идея. Кейінгі ұрпаққа ол ситуациялық
мән әр кез түсінікті бола бермейді, өйткені ол детальдің мәні күңгірттенген
немесе ұмытылған, өшкен. Бірақ ұмытылғандығынан қара өлеңнің қасиетіне
нұқсан келіп тұрған жоқ. Ендеше қара өлеңнің әр жолы ауыр салмақты,
мәнді идеяны тең бөлісіп көтерісіп тұрған діңгектің, төрт тіреудің біреуі деп
қарауымыз парыз.

Қара өлеңнің ұйқасқа түспейтін жетім жолы - үшінші тармағы өлеңшіні
онша қинамай табыла салатын, дөкірлеу айтсақ, қыстырыла қалатын нәрсе
деп жүретіндер біліп айтады дей алмаймыз. Бұл да бір қайыспас діңгектің,
төрттіктің бірі. Рас, қалыпқа түскен үйреншікті тармақтардың қара өлеңнің
бірінен екіншісіне көшіп жүретіні бар. Бірақ әманда көшпелі жолдар кез
келген қара өлеңге жабыса қалмайды, қабыса бермейді. Барша қара өлеңнің
жетім жолы өгей емес, өз баласы боп кірігеді.

Монографияның үшінші жақсылығы - ақындық илһам-шабытпен, көсіл-
мелі көркем тілмен, кең тыныспен жазылғандығы. Автордың көптеген
түйін-тұжырымдары нақыл іспеттес, нақышты құйылған.

243

«Өмір-тіршілік - кара өлең үшін шындыққа жетудің тартыс алаңы,
бәйге мәресі, күрес даласы» (91-бет), «Консервативті дәстүр көшпелілерге
жат. Олардың рухани шабыты табиғатпен үндескен сәтте шарасынан асып
төгіледі» (103-бет), «Платон айтпақшы, философия адамдарға қалай өлуді
үйретсе, қазақтың қара өлеңі адамдарға қалай өмір сүруді үйретеді» (105-
бет), «Ұлттың рухани мұрасын тани білу - қай халық үшін де ең үлкен
ұлттық бақыт» (126-бет). Осындай азын-аулақ үздік те үзік ойларға қарап-ақ
А. Сейдімбековтің қалам сілтесінен, терең толғамдарынан хабардар болуға
оқырман сырттай да мүмкіндік алады.

Әрине, А. Сейдімбеков зерттемесінің оңды жақтарын айтқанда оқырман
оны оқып шыққан соң қара өлең табиғатын көңіл көншитін деңгейде
танитындығын атамақпыз, бірақ бұл еңбек авторы жанрдың әлі де ашыл-
маған қабаттарын түгендей түбірлеп-түптеп ақтарып шықты деген сөз
емес.

А. Сейдімбеков зерттемесінде өзінен бұрынғы зерттеушілердің, әсіресе
философия ғылымдарының докторы Бекмұрат Уақатовтың бәрінен гөрі
толығырақ, тереңірек үңіліп, тұжырымдар жасағанын атай келіп, қара
өлеңнің сегіз сипат-қасиетін, белгі-нышанын, жағдай шартын жіті аша,
өзінен бұрынғылардың ғылыми байламдарын толықтыра, тереңдете, өзіндік
ғылыми анықтама береді. Біздіңше, екінші пункттегі: «Қара өлең міндетті
түрде а-а-б-а түрінде аралас ұйқасады», - деген пайымдаудағы «аралас»
сөзі басы артық. Қара өлеңнің әлгі жанрлық сегіз қырына қосарлық тағы
да сипат-сапа бар, ол - қара өлең авторының беймәлімдігі, автор есімінің
ұмытылып, белгісізденуі. Мұны да жеке атағанның артықтығы болмас еді.
Сонда қара өлеңнің жазба поэзиядан іргесі ажырай түсер еді.

Қара өлеңге жанр ретінде біздің туған әдебиетімізде ғылыми тұрғыдан ең
алғаш анықтама берген - өзіміздің ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлиханов.

Иә, эпикаға қаршадайынан қаныққан Ш. Уәлихановтың әлі терең
тамыр жайып, кең өріс ала қоймаған қара өлеңге онша көңілі көшімеуінде
бір себеп бар сияқтанады. Шоқан заманында бүкіл қазақ сахарасының
түкпір-түкпірінде жұлдыздай шашырап, бырдай шашылып, әлі атымен
қағаз бетінде таңбаланбаған қара өлеңнің қаншасы ғалымның қолына түсті
дейсің. Жартымсыз материал жан-жақты зерттеуге, байыпты түйін жасауға
мүмкіндік бере ала ма? Бәлкім, Шоқан құлағына шалынған немесе көзіне
түскен азын-аулақ қара өлеңдердің біразы ел ішінде сайқымазақтар аузынан
түспей жүретін үйлесімсіз-орайсыз, қисынсыз-қисық өлеңсымақтар болуы
да ықтимал. Мәселен, Абайдың досы, қолбаласы Қиясбай қылжақтары
сияқты. Ендеше Шоқанның: «Көбінесе төрт жолды шумақтар мағынасыз
болып келеді», - деп тұжырымдауы содан шығар.

Ш. Уәлиханов анықтамасының аудармасы ғалымның қазақ тіліндегі
кітабында жаңсақ тәржімеленгенін зерттеуші Ақселеу Сейдімбеков дұрыс
аңғарған. Сол себепті өз аудармасының нұсқасын ұсынған. Әйтсе де,

244

Шоқанның «заключающих в себе каждое отдельную идею» деген түйінін
қайта қарау қажет секілденеді. Біріншіден, «Әр шумақта жеке-жеке ой
жатады» деуге ой жалғыз емес, бөлшек-бөлшек бірнешеу сияқты ұғым
тудырады. Екіншіден, идея деген жай бір ой емес, одан гөрі салмақтырақ,
одан гөрі кеңірек ұғым. Идея - мұрат көздеген ой, мақсатты ой. Сол себепті
әлгі сөйлемді «Әр шумақта өз алдына идея жатады» деп қазақшалағанымыз
түпнұсқаның көкейіндегісіне жақындай түседі.

Сыртқа жайды сырымды өлең шіркін,
Өлең айтар, жігіттер, мынау бір күн.

( «Мың бір маржан», 189-бет)

Өлең шіркін - өсекші, жұртқа жаяр,
Тоқтатайын сырымды айта бермей.

(Абай)

Кім бұрын айтқан? Мәселе осында ма? Алда-жалда Абай атамыздың
аузына әлгі екі тармақ аяулы анамыз - халықтан кейін оралса, айып-ша-
мы жоқ. Алыптың да халықтан үйренгенінің айғағы! Ал жаңағы қара өлең-
нің иесі - халық өзінің кемеңгер классик ақыны Абайдан соң айтса, оның
да оқасы жоқ, халықтың өз ұлы перзентінен хұсни ғибрат алғанының
айғағы! Мәселе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің егіз-қатар өмір сүріп,
біріне-бірінің игі ықпалы үздіксіз жасалып жатуында! Қара өлеңнің игі
ықпалын қазіргі қаламгерлеріміз - замандас ақындарымыз да бастан
кешіп отырғанына куәміз. Мәселен, қазақтың қара өлеңін және халық
әндерін зерттеп шабыттанған аға ақынымыз Әбділда Тәжібаев бір цикл өлең
тудырғанына сүйсіндік. Иә, «Бәріміз де қара өлең шалғайынан шықтық!»
дей аламыз. Осы арада бір тың проблема туындайды. Әуелі фактілерге
жүгінейік. А. Сейдімбековтің «Мың бір маржанында»:

Адамнан артық ажар, ақыл-айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Адасқан аққу құстай болдым асық,
Айдындай ақ төсіме асылшы, айнам!

(240-бет)

Осы төрт жол бір халық әнінің тексіне де кіріккен, қазір радиодан көп
шырқалады. Алдымен айтарымыз - өлең әсем! Саздылығына құлақ тосы-
ңызшы, арман қуған ашықтың аһ ұра күрсінгені бірден құлаққа ұрады,
төрт жолдың бойында 28 «а» дыбысының қайталануы ғажайып! Екінші
айтарымыз - осыны халық өз сөзім деп айтып жүр. Ал шындығында бұл -
зиялы зергер ақын Шәңгерейдің төл өлеңі. Бар айырмасы соңғы шумақта,
ұмытпасам, Шәңгерейде:

Айдындай ақ төсіме асыл, айнам!

245

Ал ел аузындағысы сәл-пәл алогизмге тартпақтап тұр. Адасқан аққу құс-
тай ғашықтың айдындай ақ төске ынтығуы орынды емес пе? Ғашық жігіттің
омырауын айдын көлге теңеуіне жол болсын! Жұмбақ басқада!

Көріп пе ең сен қырғыздың Алатауын,
Басында бұлт ұялап кунде жауын.

(«Мың бір маржан», 148-бет)

Бұ да ән-өлеңнен. Мұның авторын түстедіңіз бе? Білмесеңіз, Сәкен
Сейфулиннің өзі! Ендеше осы арада жазба поэзия туындылары мен қара
өлеңнің арақатынасы жайындағы мәселе туындайды. Халық кәдесіне жа-
раған туындыны - авторы белгілі өлеңді, егер ол қара өлең қатарына берік
кіріп, бүкіл жалпақ жұрт әнге қосып айтып жүрсе - ондай өлеңді қайда
жатқызамыз? Фольклордағы қара өлеңге ме? Жазба әдебиетке ме?

Орыс ақыны Кондратий Рылеевтің «Ревела буря, гром гремел» деп бас-
талатын жыры халық әні делінеді. Ақын И.З. Суриковтың «Рябинасы» да
сондай. Міне, бұл мәселені зерттеуші Ақселеу Сейдімбеков әріптестер үлесі-
не, кейінгі толқын зерттеушілер сыбағасына қалдырғанға ұқсайды. «Қара
өлең» кітабына «Елім-ай» да енгізіліпті. Алайда «Елім-айдың» бунақтарын
ауыстырып жазу арқылы өз әнімен айтуға келмейтін құрылымға түсірілуі
жөнсіз болған екен. «Елім-ай» ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның
кезінде емес, әлдеқайда кейінірек, кештеу туған» деген сияқты пікірлер
ауызша айтылып қалып жүреді. Бұл, меніңше, халықтың өнерпаздық
елгезектігін, парасат қанаттылығын мойындамауға саяды.

А. Сейдімбеков монографиясында бір жіті бақылау бар: «...Қара өлең
болса тарихи өмір-салтқа шаппа-шап үн қосып, қоғамдық өмірді реттеуде
әрекетшіл функция атқаратын қасиетімен дараланады» (89-бет). Халық өз
басынан кешірген тарихты айнаға өз сәулесімен түсіруді кейінге ешқашан
ысырмайды, оқиға-құбылыстың тұсында не іле-шала өнерде, әдебиетте
белгілеп қалдырады. «Елім-айдың» өлеңіндегі:

Қаңғырып жүргенінде көп қазақтың
Көмусіз қала ма алда талайлары?

Немесе:

Шұбырып аш-жалаңаш тозған қазақ,
Қалады қайсы жұртта сүйектері? -

деген сияқты ащы шындықтың куәгер жолдары зобалаңның созалаңдап тұр-
ған өз тұсында шығарылғанына мегземей ме?

Элегия - зар, ел қасіретінің үстінде дүниеге келгеніне сендіреді. «Қазақ
елінің Қаратауды жайлағанына» куәлік еткен «Елім-ай» - қара өлеңнің
де қара шаңырағы деуімізге негіз бар. Сонда қара өлең XVIII ғасырдың
бірінші жартысының туындысы болмай ма? Жалпы қара өлеңнің уақыт
кеңістігіндегі шегі, шебі, шекарасы әріде сияқтанады. Мәселен, жыраулар
творчествосындағы он бір буынды өлең нұсқалары сондай ойға жетелейді.

246

Зерттеуші А. Сейдімбеков өз монографиясында қара өлеңнің жыраулар
творчествосына арақатынасы жайына тоқталмаған, аттап өткен. Бұл да
жаңа зерттеушісін күтіп жатқан тақырып болса керек. А. Сейдімбеков өз
жұмысында бір мәселенің төбесін көрсетіп өткен: «Бір шындықтың басы
ашық, қазақ халқының әдеби фольклорлық мұраларының баршасы сияқты,
қара өлеңнің де тек-тамыры иісі түркі халықтарына ортақ байырғы әдеби
жәдігерліктермен сабақтасып жатыр» (66-бет).

Автор бұл мәселеге сұғына кіріп, саралауды міндетім деп санамай, қысқа
қайырымды қанағат тұтқан. Шырпып қана айтқанын ғылыми ізденістің
олқылығы демей-ақ қоялық. Бірақ алдағы уақыттарда бұл уәзипаны өз
еркімен мойнына алар жас берендер табылар! Сол сияқты «көмейі кесілген»,
«аузына тілі сыймайтын» асқар ақындарымызға да «қара өлең дәстүрі
шын мәнінде ғажайып ұстаздық» етіп келе жатқаны зерттелсе, жазба
поэзиямыздың кадрларының творчестволық ізденістеріне себін тигізері
талассыз. Немесе жыраулардың да, ақындардың, жазба поэзиямыздың
жайсаң өлеңдерінің де творчествосынан қара өлеңге ауысқан ғибраттар
айрықша сөз етуге татымай ма?! Мәселен, бір қара өлеңде Біржан салдың:

Аққумен аспандағы ән қосушы ем, -

дейтін тармағы бітеу қалпымен-ақ кіріккен екен («Мың бір маржан»,
198-бет).

Қара өлеңнің көпварианттылығы - дау шақырмас шындық. «Мен білетін
нұсқасы мынандай...» немесе «Біздің жақта олай айтылмайды, былай...»
деген сияқты уәждерді қашанда болсын естисің. Солай бола тұра, қара өлең
кітабын түзгенде де, жалпы ауыз әдебиеті нұсқаларын тергенде де қатар қоя
салыстыра келе идеясы жоғарысын, көркемдеу сомдалғанын, жұмырлауын,
жылылауын таңдаған дұрысырақ! Көзге жас үйірілетіндей көркем қара
өлең:

Шын ғашық бірін-бірі алдамайды,
Қайсысыз қайран жүрек зарламайды.
Қара тас ұйқың келсе болар мамық,
Ғашықтық сұлулықты таңдамайды.

(«Қара өлең», 203-бет)

Осының да көпке белгілі бір нұсқасы басқаша, бәлкім, әрліректеу де
шығар:

Қайғысыз ғазиз жүрек зарламайды,
Адал дос бірін-бірі алдамайды.
Қара тас ұйқың келсе болар мамық,
Шын ғашық сұлулықты талғамайды.

Мұндайда кітапқа екі вариантты қатар енгізген абзал.
Халық - ғасырлар бойында жасап келе жатқан ғажайып тілдің авторы әрі
ана тілін әрлеп-сырлаушы, ұдайы сұлуландырушы, көріктендіруші, әдеби

247

тілдің көркемдік потенциалын анықтаушы ғана емес, молайтушы екенін біз
қара өлең табиғатынан да танимыз. Сөз жасауға оңтайлылықты да біздер,
профессионал ақындар, халықтан үйренсек керек! «Ақындық атасынан
үзілмеген» халықтың поэтикалық шеберлігі шексіз көрінеді.

Қара өлең табиғатын зерттеушілер осы жанрдың тілдік өрнектілігі сы-
рын да ашуды ойластырса екен. Мұның әсіресе жаңа буынға эстетикалық
пайдасы көп болар еді.

Менің бүкіл адал досыма, сүйген жарыма, бейтанысыма ақтарыла айта-
йын дегенімді үстінен түскендей дөп басып, нақтап-нақыштап ата-бабалар
қалай айтып кеткен?! Қиынға тап боп, қысылған жерінде жаныңды қинамай,
қалағаныңды аузыңа салып әп-сәтте құтқарып жіберетін - көзі жоқ, рухы
мәңгі тірі әулие ата-бабаңа әлеумет көзінше, дауыстап айтпасаң да, іштей
ырзалық білдіретінің тағы да аян! Және қалыңдамаса жұқармайтын, жа-
ңармаса көнермейтін қара өлеңнің қазынасы өз замандастарымыздың өне-
рімен толассыз үстемеленіп жататыны біздің ойымызға да келмейді-ау!
Сіз осы жолдарды оқып отырғанда - сонау Атырауда ма, анау Алтайда ма,
аптапты Қазығұртта ма, ақ қарлы Баянда ма - бір мүйісте ділмар бір за-
мандас бір ауыз қара өлеңді сомдап та үлгерген болар!

Халық - ақын. Мәңгі өлмейтін ақын - халық! Ендеше өлмейтін халық
өшпейтін сөзді үздіксіз-үзіліссіз өмірге келтіреді. Ендеше қара өлең -
қарт тарихтың куәсі, шешен шежірешісі. Екі басылымға кейбір тақырып-
тың атымен қамтылмай қалуы, әрине, «қап!» дегізеді. Рас, бірді-екілі
шумақтарда тоқырау тұсын ишарамен білдіретін тұстар бар әрі сәтті!

«Белгілі батырдан белгісіз батыр көп» демекші, менің ойым айтады: ел
ішінде, мойны қашық аудандарда, жиналған жырлардан жиналмаған-
дары басым. Бұл ең алдымен қара өлеңге қатысты. Сырттан естуімше,
Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институты қорында Шәкәрім жинаған бір дәптер қара өлең бар көрінеді.
Бұл - әлі қол тимеген сандық!

Қара өлеңді қажетті мүдделілікпен, қасиетті сүйіспеншілікпен мұқият
әрі мол жинау қаламгерлерге ғана емес, зиялыларға жаппай уәзипа деп
қарағанымыз жөн. Халық қазынасын жинап-теруге оқытушы-ұстаздар әр
жастағы шәкірттерді кішкентай шағынан баулығаны игі қадам болар еді.
Сөйтсек, бүлдіршіндер теруші ғана емес, зерттеп-танушыларға - ғасыр-
лар қойнауынан бізге жеткен халық әдебиетінің қазынасын бағалап үй-
ренушілерге айналар еді.

Тағы бір ұсыныс: жарық көрген екі кітаптың тиражы тым аз, халықтың
мынандай қымбат кітапқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қос ба-
сылымды қосып, бір томдық түрінде қайта басу қажет.

Екінші ұсыныс: халқымыздың рухани-адамгершілік бейнесін басқа ха-
лықтарға таныта беру үшін қара өлеңдерімізді алдымен орыс тіліне, содан
соң басқа тілдерге аудартып, насихаттау парызы туындайды. Шынайы
қара өлең - ақынның асқаралы өнер перзенті, татымсыз өлеңсымақ болса -
әурешіл әуейінің әншейінгі лақпасы. Ақселеу Сейдімбеков пен Оразақын

248

Асқар кітаптарында қара өлеңнің құп-баға жетпес небір інжу-маржандары
моншақтай тізілген-ақ.. Алайда екі кітаптың да, ішінара болса да, әлгі
айтқанымдай, әурешіл әуейілердің әншейінгі гөй-гөйлері де тырнақ ілдірген
тұсы жоқ емес. Ендеше қара өлеңді халық ортасынан, ел аузынан теріп
жинағанда жоғары идеялысын, жұмыр бітімдісін, көркемдік жаңалығы
жарқын көрнектісін әлеуметке ұсынуды қарастыру қажет. Оған білгірлік
те, талғам да керек, әрине. Өйткені қазақтың бар өлеңі бір төбе, қара өлеңі
бір төбе.

Халықтың қара өлеңі деген құрметті атауға лайықсыз дүниеліктерді
құлағынан көтеріп, халықтікі деу орайсыз. Қыруар нұсқа жинаған Оразақын
Асқар «Қара өлең» атты кітабына теңдессіз өлең түрі жайында жақсы-жақсы
пікірлер білдіре келіп: «Қара өлең қазіргі кезде де туып, халық арасына
таралып, негізгі қорды сан жағынан да, сапа жағынан да арттыруда», -
дейді. Қатесі жоқ түйін. Ал енді әлгі пайымына келтірген мысалы сәтсіз.

Тұрмыс фактісін тіркеу ғана, түйіндеуі жоқ, игі идеясы жоқ.
«Қара өлең» мен «Мың бір маржан» кітаптары - қазақ қара өлеңінің бүкіл
тарихымыздың өне бойындағы тұңғыш басылымдары. Қара өлеңді қандай
ретпен орналастырудың тәжірибесі бізде әлі қалыптаспаған. Ақселеудің,
Оразақынның қара өлеңге жасаған жіктеуі құптау тудыра қоймайды.
Қайткенде де қара өлеңді кітапқа орналастырудың тиімді тәсілін тапқан
жөн. Тегі, шағын-шағын тақырыптарға бөлу қажет шығар.
Қара өлеңнің қасиеттері, хұснилары - қашанда өз заманын байытқан,
келер замандарға көнермей қосылар қазыналар - әр ұрпақ үшін әрқашан да
жаңа! Адамзат қауымы айдай әлемде ай маңдайы жарқырап алға маңып бара
жатқанында ауыздан түспей, адамгершілік қызметін тоса берер асылдардың
бірі де қара өлең боп көрінеді. Ендеше қанымызбен араласа ағындап,
жанымызбен жанаса жалындап, қара өлең қанатын жая берсін!

249

Е. Құдайбергенов

АСЫЛ МҰРА

Қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері қисапсыз мол болса, жанрлық
түрлері де өте көп. Сондықтан әлі де болса фольклор нұсқаларын жинап,
сұрыптап, жүйелеу көп жұмыс атқаруды керек ететінін мойындау керек.
Мәселен, күні бүгінге дейін арнайы жинақталып, жүйеленбей келген мол
қазынамыздың бір қызықты үлгісі қазақтың қара өлеңі еді.

Биыл «Өнер» баспасынан жарық көрген «Мың бір маржан» атты кітап
осы саладағы олқылықтардың орнын толтыруға ұмтылушылықтан туғаны
сөзсіз. Кітаптың ғылыми түсініктемесін жазып, қара өлең нұсқаларын
жинап, құрастырушы - жазушы Ақселеу Сейдімбеков. Кітапқа тек қара
өлең нұсқалары жинақталып қана қоймай, оның жанрлық ерекшілігі, көр-
кемдік қасиеті, қалыптасу жолдары және қоғамдық-әлеуметтік мәні туралы
қызықты ой-тұжырымдар арқау болған.

Кітап «Тармақ», «Бунақ», «Ырғақ» деген бөлімдерден құралған.
Алғашқы «Тармақ» деген атпен берілген бөлімде А. Сейдімбеков қара
өлеңнің жанрлық ерекшелігіне, жиналу-зерттелу мәселелеріне, оның
халық өмірінде алар орнына тоқталады. Өткен ғасырда халық өлеңдері
нұсқаларын жинап, байсалды ой-тұжырымдар қалдырған Ш. Уәлиханов,
А.И. Левшин, Т.А. Сейдалин, Г.Н. Потанин, С.А. Жантөрин, В.В. Радлов,
Ә. Диваевтар еңбектерін ерекше ықыласпен атайды.
Кейінге дейін біздің көптеген ғалымдарымыз «түсініксіз», «өлеңге еш
қатысы жоқ» деп келген алғашқы екі жол туралы А. Сейдімбеков айтқан
пікір шынында өте қызғылықты. «Бұл - бір ауыз қара өлең шумағын
біртұтас тиянақты поэтикалық бірлікке келтіріп тұрған жанр ерекшелігіне
тән эстетикалық шарттың бірі. Демек, қара өлеңдегі кез келген «түсініксіз»
деген жолдар сол өлең айтылған орта үшін әбден түсінікті екенін, сол ор-
тадағы адамдардың мінез-бітіміне, тағдыр-талайына тікелей қатысы бар
астарлы, емеурін сөздер екенін әсте естен шығармау керек», - дейді автор.
Қазақ өлеңдерін зерттеуге елеулі еңбек сіңірген Б. Уахатов кезінде қара
өлеңнің жеке жанр ретіндегі ерекшілігін көрсететін сегіз белгісін атап еді.

250

Сол белгілерге тоқтала отырып, А. Сейдімбеков қара өлеңнің Б. Уахатов
анықтамасындағы: «...алтыншы - қара өлең ойын-сауық үстінде айтыла-
тын болғандықтан, тек жиналған жұртты көңілдендіріп, күлдіруді
көздейді», - деген пікірмен келіспейтіндігін өте әдемі де нақты ашқан.
Кітап, міне, осындай тың ойларымен, соны түсініктемелерімен құнды.

А. Сейдімбеков кітаптың «Бунақ» атты екінші бөлімінде «ақ өлең»,
«қара өлең» деген атау-ұғымдардың бар екенін еске сала отырып, «қара
өлең» атауының мән-мағынасына, төркін-тегіне арнайы тоқталады. «Қара»
сөзінің түркі халықтарының бәрінде кең тарағанын айта келіп, «қара» -
«қасиетті», «құрметті», «күшті», «қуатты», «мол», «көп» деген мағыналар
беретінін көптеген мысалдармен дәлелдеп береді. Қара өлеңнің өмірдегі
алар орны, қызметі туралы ойын тарата отырып, С. Ақатаевтың: «Қара өлең -
сондықтан қазақ фольклорының әдеби-философиялық мұрасы», - деген
пікірін қостайды.

«Ырғақ» бөліміне А. Сейдімбеков қара өлең үлгілерінің мың бірін сұ-
раптап алып, топтастырған және оның көпварианттылығына да ден қойып,
нақты мысалдар келтірген:

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, шал боларсың,
Қу томар, басын кескен тал боларсың.
Қартайып, жасың жетіп келген шақта
Артыңа бір қарауга зар боларсың;

немесе:

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, екпіндетіп,
Жүйріктей топқа түскен екіленіп.
Қартайған шабан аттай жүрісің жоқ,
Алсайшы осындайда желіп-желіп, -

деген тәрізді қара өлең үлгілерімен ойын дәлелдей түседі.
Автор қара өлеңнің жеке жанр ретіндегі ерекшелігінің бірі болып та-

былатын, бірақ бұрын көп көңіл бөлініп зерттелмеген өлең қайырмалары
жөнінде де егжей-тегжейлі әңгіме қозғайды. Осы ниетпен жүз бір өлеңнің
қайырмасынан мысалдар келтірген.

А. Сейдімбеков қазақтың қара өлеңін зерттей отырып, оның оқшау жанр
екенін көрсете, таныта білген. Қара өлеңнің жанр ретіндегі ерекшеліктерін
жақсы ашқан. Бұрын арнайы зерттелмеген тақырыпты жұрт назарына
ұсынып, қара өлеңнің көркем-эстетикалық болмысын жарқырата көрсеткен.
Оның тарихи тек-тамырын, көркемдік мән-мағынасын жеткізе білген. Бұл
кітап қалың оқырман үшін осынысымен құнды.

251

А. Сейдімбектің 1997 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Ойтолғақ» кітабы туралы ой-пікір

Серғазы Қалиұлы,
Талас Омарбеков

ОЙТОЛҒАҚ

Бұл кітап - КСРО (СССР) деп аталған тотиларлық социалистік импе-
рияның соңғы ширек ғасырына куә болған ұрпақтың күнделігі. Бәлкім, бұл
кітапты күнделік деуден гөрі елінің азаттығын аңсаған, аңсай жүріп дүлей
жүйенің (системаның) құрсауында булыққан қаламгердің шер тарқатар
құпия жазбалары десе де болар. «Ойтолғақ» кітабының атауына қосымша
«Жарияланбайтын жазбалар» деген тақырыпшаның берілуі содан болса
керек.

Кітапта соңғы ширек ғасырдай уақыт арасындағы қоғамымыздың саяси-
әлеуметтік, мәдени-рухани өмірі сөз болып, байсалды ой-тұжырымдар
жасалып отырады. Ұлттың азаттығы, халықтың рухани кемелдігі, мәде-
ниеттің төлтумалығы, тарихқа адалдық, міне, қаламгерді осы тақырыптар
толғандырады. Кітап күнделік түрінде жазылғанмен, автор қара басының
хал-ахуалын мүлде сөз етпейді десе де болады. Ел өміріндегі мың сан оқиға,
өнердегі жаңалықтар, әсіресе халықтың тарихи-әлеуметтік ахуалы авторды
бір сәт бейтарап қалдырмайды. Әрбір жағдайға орай шыншылдықпен ой
зерделетіп, лайықты бағасын беріп отырады.

Кітаптағы ой орамдарына дәл бүгінгі рухымыздың азаттығы тұрғысында
қарасақ, пәлендей таңғалдырмауы да мүмкін. Алайда тоталитарлы социа-
листік жүйенің құрсауындағы рухани кіріптарлық кезінде айтылған сөз
бен толғанған ой тұрғысында елестетер болсақ, қаламгер А. Сейдімбектің
азатшыл рухы, ұлтжанды болмысы, ұшқыр ой жүйесі кім-кімге де назар
аудартқандай. Түптеп келгенде, азаттықтың таңын жақындатып, тәуел-
сіздіктің туып тіктеуде осындай азаматтардың тегеурінді ой-аңсары қо-
ғамдық санаға ықпал еткеніне сенесің.

Бұл еңбекті оқи отырып авторды көне түркі мәдениетінің әлденеше ға-
сырлық тарихына терең бойлап, ой толғаушы этнограф-ғалым десе де, өмірге
әдебиетші, журналист ретінде жіті көзбен қарап, пікір білдіруші публицист
десе де болғандай.

252

Автор көне түркі мәдениетінің бірегей білгірі Л.Н. Гумилев, Г.Е. Грумм-
Гржимайло,Г.Н.Потанин,Ш.Уәлиханов,Ә.Марғұлан,тағы басқалардың
еңбектеріне сүйене отырып, ертедегі ғұн, скиф, түркі, қыпшақ дәуірін сөз
етеді. Қыпшақтар мен орыстар, қыпшақтар мен моңғолдар, қыпшақтар мен
түркілер мәдениетіне терең бойлап, Қазақстанның оңтүстігіндегі Бесқала,
Сауран, Сайрам, Тараз қалалары тарихына, ертедегі түріктер мен Иран-
Парсы, Грек-Рум жұртының сауда-саттық, алыс-беріс жасауы, мәдениет
алмасуының сыры мен қырын ашуға, аңыз-әңгіме, ертегі-жырлардың маз-
мұндық ұқсастығының түп-тамырының бірілігіне ден қояды. Автор жер-су
аттарының қойылу тарихына, этимологиялық сөз тіркестерінің астарлы
мағынасын дәлелді себептермен ашуға тырысқан.

Автордың заман өзгерген сайын заң да өзгереді, адам түсініктері де
жаңарып, өзгеріп отырады деп, оған мысал ретінде осыдан 30-40 жыл бұрын
қазақ ауылында жеке адамның көптен оқшаулана көзге түсуін жаман қасиет
деп санаса, бүгінде даралықты әуес көруден өзімшілдік, бәсекелестік сияқты
әдеттердің бел алып отырғанын, бұндай әдеттердің этникалық даралықтың
әлсіреуіне себепші болатынын орнықты қисындармен жеткізеді.

Автордың ойынша, табиғи сұрыптау деген тек табиғатқа ғана тән құ-
былыс емес. Ол бүкіл адамзат қоғамына да қатысты, «тарихи тағдырдың
елегі шайқаған кезде оның тор көзінен ездер түсіп қалып, ересендер ғана
іріктеліп, қоғам көшіне ілеседі».

Кітапта халқымыздың мәдени-рухани тағдыры айрықша сергектікпен
сөз болып отырады. Автор Қазақстанда екі түрлі мәдениеттің қатар өмір
сүріп келе жатқанын, оның бірі - тамыры тереңде, сонау VI-VII ғасырларда
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алған, дәстүрлі халықтық
өнер болса, екіншісі - отаршылдық идеямен сабақтасып кіре бастаған,
әсіресе кейінгі кеңестік дәуірде өмірімізге бойлай енген эклектикалық
өнер екені, біріншісінің халықпен біте қайнасқан тамыры тереңде болса,
екіншісі ықтасыннан пана іздеген қаңбақ сияқты нәрсіз, бірақ сүйеніші
мықты, жаны сірі екені, рухани мәдениеттің бірінші түрінің насихатшысы
жоқ болса, ал екіншісінің қолдаушысы билік басындағы дүбәра әкімдерден
бастап, бүкіл бұқаралық ақпарат құралдары болып отырғаны, сондықтан
онымен күресіп жеңудің оңайға түспейтіні батыл баяндалады. Мұндай пікір
кітаптың басынан аяғына дейін жылғалап жалғасып, көрініс беріп отырады.

Автор орыс жазушысы А.И. Солженицынның «Россияны қалай көгер-
теміз? » атты мақаласын терең талдай келе, бұл мақала, түптеп келгенде, бүкіл
Одақ халықтарына от тастап арандату, әлем халықтарын орыс халқына
қарсы қоюды көздеу, сайып келгенде, өткен ғасырдағы реформашыл
П.А. Столыпиннің, XX ғасырдың 60-70-жылдарындағы Қазақстанды бөл-
шектеуді көздеген Н.С. Хрущевтің ұлы орысшылдық-шовинистік саясатын
қайта жандандыруы екенін дәлелдеп, А.И. Солженицынның арам пиғылын
ымырасыз әшкерелейді.

Сондай-ақ, автор орыс тарихшысы И. Калашниковтың «Жестокий век"
романын терең білгірлікпен талдаған (94-бет). Автор өткен заман тарихы,

253


Click to View FlipBook Version