The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:11:52

1Alashtin Akseleui

1Alashtin Akseleui

әсіресе басқа халықтар мәдениеті туралы еңбек жазушының этнографиялық,
этнопсихологиялық терең білімдар болуын қалайтынын, онсыз көшпелі
өмір-салтын білмейтін адам жазғаны тек кітаби шындық болып қалатыны,
сөйтіп кинодан көрген үндістер туралы ұғым-түсініктердің төбе көрсетіп
қалуы сияқты келеңсіздіктердің кітаптың өн бойынан сезіліп отыратынын
әділ де ащы сынаған.

Автордың тарихшы-этнограф Н. Масановтың еңбегіне байланысты сын-
пікірі де тарихшыларға еріксіз ой саларлықтай. Мұнда «кітаптан кітаби
ғылым жасаудың өлшеусіз зияндығы, көшпелі өмір-салты, көшпелілердің
мал шаруашылығын жазып отырып, қой мен шошқаны айыра алмайтын»
дәрменсіздік орынды сынға алынған. «Қой малы күніне 4-5 шақырым жер
жүре алады», - деген Н. Масановтың пікірін А. Сейдімбек өмір шындығының
өзімен теріске шығарьш, былай дейді: «Арқадан Шуға көшетін әкелеріміз
«Араға 17 қонып, 18-қонаға тұяқ іліктіреміз» дейтін. Сонда қой малы күніне
40-50 шақырым жүреді деген сөз. «Қойдың өрісі қанбай, оты қанбайды»
дейтін мәтел содан қалған».

Автордың қазақ байына жаңаша көзқарасы сонау 1987 жылы, яғни
біз әлі социализмде өмір сүріп тұрғанда-ақ көрініс бергені де ойлантады.
«Көшпелілердің мыңғырған малының иесінің болуы - мейлінше шартты
үғым, - деп жазады ол. - Өйткені көшпелілердің қоғамы рулық құрылымға
негізделген. Ру аясындағы кез келген байдың малшысы - сол байдың ет
жақыны, ағайыны, аталасы. Мал өнімі өзінен өзі тұтас рудың игілігі болып
табылады».

Иә, бұл - кезінде Кеңес өкіметі мойындамай келген ащы шындық. Ал бұл
шындықты тарихшылар енді ғана ашық айта бастады.

Кітапта тарихшыларды жаңа зерттеулерге жетелейтін соны да тың ойлар
баршылық. Осының нақты бір мысалы автордың төмендегідей пікірі дер едік:
«Меніңше, Шыңғыс хан бастаған моңғолдар деп жүргеніміздің дені, басым
көпшілігі - кейін қазақ халқының шаңырағын көтерген рулар. Тарихтың
қисыны да, барша тарихи дерек те осы ойға қайшы келмейді.

Ең көне деректердің бірі «Алтын топшы» атауы дәл осы үндестігінде, дәл
осы мағынасында қазақ тілінде айтылады.

Тағы бір ескеретін жай, тек қана жазба мұралармен шектелмей, қазақтың
ауызша шежірелерін де тарихи дерек ретінде қарастыратын мезгіл жетті.
Әсіресе ру, адам аттарын анықтауда өлеңмен баяндалған шежірелердің
деректік құны айрықша».

Автордың: «Социалистік жүйе әу баста ұлттардың федерациялық дер-
бестігін ту еткенімен, әлемдік бәсеке барысында орыс халқының шовинистік
ындыны бел алды, «бірыңғай социалистік мәдениет жасау идеясы» жүз-
деген ұлттарды бір арқанмен байлап-матап тастады, нәтижесінде КСРО-да
«химералық этнос» төбе көрсете бастады, интернационалдық-ұлтсыздық
идеясы ұлттық сезімді өшіруге бағытталады, бұл процесс қоғамның мә-
дени тоқырауын, рухани дүбәралығын туғызды...» - деген пікірі өткен
өмірдің шыншыл болмысындай қабылданады. Бұл тұжырым қазіргі

254

ұлттық мәдениет проблемаларының теориясымен айналысушы философ-
ғалымдардың тереңірек зерттеуін қажет ететін бүгінгі таңдағы көкейкесті
мәселе екені даусыз.

Ғалымның ұлт мәдениетінің келешегі жөніндегі тұжырымдары әр бет-
тен айқын және батыл түрде көрініс беріп отырған. Ол ұлтшылдық пен
ұлтсыздық бір заттың екі беті сияқты құбылыс деп қарай келе: «Ұлттың өз
ішінен шыққан мәңгүрттер империяның сойылып соғуға келгенде алдына
жан салмайды... Біздің атқа мініп, тізгін ұстаған белсенділерімсіз барлық
проблеманы «интернационалист» болып алған соң шешеміз деген ойда...» -
деп ұлтсыздықты жақтаушыларды сынайды.

Автор: «Қазақтар үшін ұлтжандылық - бүгінгі таңда табиғи өмір салты...
Кез келген ұлттың асыл арманы - азаттық. Өз тағдырының тізгінін өзі
ұстауға ұмтылу - ұлттың ұлт болуының киелі қасиеті... Әлем қазақтарының
рухани бірлестігін сақтау үшін оқулықтармен, баспасөзбен, бұқаралық
хабар-ошар тетіктерімен қамтамасыз етуге бір орталықтың - Қазақстанның
ұйытқы болуы, олардың емін-еркін қатынас жасауына жағдай туғызуы, шет
елдердегі қазақтардың туған жеріне қайтуын республиканың стратегиялық
бағытына айналдыру керек», - деген қорытынды пікір ұсынады.

Автордың: «XIX ғасырға дейін ұлт пен ұлттың, ел мен елдің арасындағы
қақтығыс, соғыс ашық түрде болып келсе, XX ғасырда бір ел екінші елді
жаулау, отарлау үшін басқаша тәсілге көшті. Мұны «идеологиялық соғыс»
десе де болғандай... Бүкіл әлем американдық талғамды пір тұтуға ден
қойып бара жатыр. Әсіресе рухани өрістерде американдықтардан басталған
«жабайы азаттық» әуезе болып барады...

Санасы теріс қарап кеткен ұрпақтың есін кіргізу қиынның қиыны... Ол
үшін «өткенді ұстаз тұтып, бүгінге жауапкершілікпен қарау арқылы сананы
құлдықтан құтқаруымыз керек», - деген салиқалы ой түйіні көп нәрсені
аңғартқандай.



255

А. Сейдімбектің 1997 жылы «Санат» баспасынан жарық көрген
«Қазақ әлемі» кітабы туралы ой-пікір

Нұрдаулет Ақыш

ҚАЗАҚТАНУҒА ҚОСЫЛҒАН ЕҢБЕК

Бұл кітапта ғылыми әдебиетке тән зерттеушілік сипат айқын. Автор-
дың ой-тұжырымдары көбінесе дәйексіз болжам, дәмегөй сәуегейлік емес,
байыпты талдаулардан өтіп, сарабдал сараптаулар орнын тапқан тия-
нақтаулар. «Этномәдени пайымдау» деген анықтама берілген бұл қомақты
дүние тек тарихи деректерге, архивтік айғақтар мен көз көріп, құлақ естіген
мысалдарға құрылған.

Аты айтып тұрғандай, кітап мәліметтерді ой көзімен зерделей отырып,
ықшамдап жинақтап, қазақ халқының кім екенін, оның адамзат өркениеті
тарихында алатын орнын мейлінше түйіндеп көрсетуді мақсат етеді. Шы-
ғармада халқымыздың қысқаша тарихы, салт-дәстүрі, шаруашылық-
кәсіптік бағыт-бағдары, мәдени-рухани келбеті, қаһармандық көзқарасы,
тұрмыстық әдет-ғұрыптары, психологиясы, әдебиеті мен өнері, қоғамдық
келбеті, бір сөзбен айтқанда, ұлтымыздың халықтық сипаттары тегіс
қамтылған. Тарихи шолу жасаған жағдайда осылардың қай-қайсысын да
бір-бірінен жіліктеп ажыратып, майдан қылшық суырғандай әрқайсысын
автономды түрде дербес талдауға болмайтыны мәлім. Автор өз ойын жүйелеп,
салалап жеткізу үшін әр тақырыпты індете тарқатып, іркілмей түйін жасап
отырғанымен, халық, ұлт болмысын құрайтын басты-басты компоненттердің
арасына «Қытай қорғанын» тұрғызып, шектеп тастамайды.

Көлемі 26 баспатабақ болып келетін қалың кітапты шекілдеуікше шағып,
жіліктей талдап берудің мүмкіндігі, шағын рецензия, қалай тартсаңыз
да, бәрібір шектеулі. Сондықтан сағыздай созып сараптап жатпай-ақ, баға
берумен ғана қанағаттануға тура келеді.

Автор ежелгі қазақ жерінің, онда өмір сүрген тайпалардың тарихын
сонау ықылым заманынан бастағанда ең алдымен дүние ғалымдарының
зерттеулерін бұлжымас дәйек етіп алады да, біздің дәуірімізге қатысты
мәселелерді қозғаған сайын аяқ тірейтін ауқымды кеңейте түседі. Дала
төсінде сақталған тарихи қазба материалдардың сілемдері, ел аузындағы
әңгімелер, көне молалар, қорғандар, мазарлар, заттар мен бұйымдардың

256

сынықтары, архивтік айғақтар, қысқасы, зерделі зерттеушінің қолына
түскен деректі-дерексіз зат атаулының баршасы жамырай сөйлеп жатады.
Оларды сөйлететін, әрине, ғалым-қаламгердің салыстырмалы методоло-
гияны қолдана отырып, байыппен жасайтын талдаулары. Кітапты жазу
барысында автор қыруар түпнұсқа еңбектерді сана сүзгісінен өткізген,
архивтердегі адам қолы тие бермейтін қаттамаларды ақтарған, қазақ же-
рінің талай жазирасын тақымы талғанша шарлаған, кәріқұлақтардың
қайталанбауы мүмкін әңгімелерін ала қағаздың бетіне аптығып-асықпай,
сабырмен аударып үлгерген. Бір сөзбен айтқанда, «Қазақ әлемі» атты
этномәдени пайымдау - Ақселеу Сейдімбектің ондаған жылдар бойғы
тірнектеп жинап, жалықпай жазып келе жатқан салмақты еңбегі. Бұл арада,
әлбетте, кітаптың физикалық салмағынан бұрын ондағы ой салмағының
ауырлығы ауызға алынбақ. Ал ол салмақтың мөлшерінің қандай екенін
бағалап беруге жалаң рецензент ретінде менің құдіретім де, құзіретім де
жетпейді.

Қазақ әлемінің әр саласына, әр тарапына қатысты автордың өзі жаса-
ған ой қорытулар, тұжырым-пайымдары, өзі жасаған түйін-байламдар
осы кітаптың басты табысы дерлік. Мысал ретінде солардың біреуін айтып
өтейік.

Бүгінгі таңда мәдениет туралы екі түрлі түсінік бар екен. Оның бірі -
мәдениет пен өркениет біртұтас құбылыс деп қараушылық. Екіншісі - мә-
дениет санатына тек қана рухани-эстетикалық саланы жатқызушылық.

«Мұның екеуі де жаңсақ ұғым, қате үрдіс, - дейді автор. - Абзалы, қоғам
мен мәдениетке біртұтас әлеуметтік системаның әр түрлі аспектілері ретін-
де қараған жөн. Былайша айтқанда, мәдениет дегеніміз қоғамның өмір
сүруінің міндетті қызметі болуы керек» (69-бет).

Осы оқшау тұжырымды одан әрі індетіп, ілгерілей отырып, автор: «Мә-
дениет дегеніміз - қоғам өмірінің дара бөлігі немесе оқшау саласы емес,
керісінше, сол қоғам өмірінің біртұтас қалпындағы мәнді де құнды айға-
ғы», - деген тұжырым жасайды (70-бет).

Сондай-ақ, көшпелілер шаруашылығының отырықшы жұрттардың ша-
руашылығына қарағанда тұрақтылығы мыңдаған жылдар бойы өзгермей
келе жатуы да назар аударатын фактор. Мұның өзі көшпелілер қоғамының
рухани тазалығына айрықша әсер еткен деп пайымдай отырып, еуропалық
үлгіде ойлайтын ғалымдардың кейбір тұжырымдарына дәлелді түрде қар-
сылық көрсеткен. «Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда, көш-
пелілердің өндірістік негізі әлдеқайда берекелі болды» (330-бет), - деген
батыл пікір ағылшыншаға немесе орысшаға аударылса, үзілді-кесілді ой
айтуға дағдыланған талай «ғұламаны» біз сұғып алғандай шоршытып түсуі
ғажап емес.

Кітапта қазақ әлемінің өзіндік бет пішінін оқшаулап көрсететін жағ-
даяттар жеке-жеке сарапталып, түйінделіп отырады. Мұсылман діні тарал-
май тұрып-ақ әлем әміршісі деп Тәңірді таныған көшпелілердің дүние-
танымын ашьш көрсету мәселесінде автор қаламы көсіле жортады. Тәңірге

257

табынушылық кезеңдегі талғам-түсініктің қай-жағынан да қисынға сы-
йымды, ғылыми негізді екеніне автордың көлденең тартқан мысалдары
жеткілікті-ақ. Кейін осынау дүниетаным ислам дінінің қағидалармен оңай
үйлесім тапқан. Өйткені ислам негіздерінің өзі қисынсыз туған, зорлықпен
таңылған нәрсе емес қой. Қазақтың ырым-сырымдарының қай-қайсысын
да жаратылыстан тыс кездейсоқ күштердің ықпалымен өмірге келген деп
айтуға болмайтынын да Ақаң айпарадай айқын айғақтармен дәлелдейді.

Сөйтіп, қазақ өмірін қоғамдық, мәдени, этнографиялық және әлеуметтік
жағынан талдай отырып, автор бұрыннан қалыптасқан қағидаларға ішіна-
ра өзінше толықтыру, өзгертулер жасап отырады. Кітаптың өмірге келуінің
басты мақсаты - Еуразия материгінің кіндігіне орналасқан қазақ деген
халықтың кім екендігін, оның дүние жүзі өркениеті тарихында алатын
орнын анықтау болып табылады. Кітапты тіпті энцеклопедиялық биік
өреде, ғылыми талап-деңгейінде жазылған деп бағаласақ артық айтқандық
бола қоймас.

М. Жолдасбеков, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбектің 2001 жылы
«Күлтегін» баспасынан жарық көрген «Елтұтқа» кітабы туралы

ой-пікірлер

Жомарт Ә б д і х а л ы қ

ЕЛТҰТҚА

Барды көріп, бағалыны айырмау, ең азы айналадағы артық пен кемді, ақ
пен қараны тани алмай күн кешу - қай кезеңде де кешірілмес кемтарлық-
тың нышаны. Оған мойынсұну - қорлық, одан қол үзіп, құтылу әрекеті -
ерлік.

Осының екеуін де басынан кешіп отырған біздің туған жұртымыз өз тіні
мен өз мінін ертелі-кеш сабақтап, сара жолын сараптай беруі қажет. Мұның
бір бағдары - өйткенге айқын баға, орнықты көзқарас қалыптастыру.

Келешекке кең ашылып келбет түзегенімізге онша көп болған жоқ. Мем-
лекеттік кейпімізге терең тамырдан нәр алып, ақиқат тарихтың, әлемдік
өркениеттің айдынынан танылуы үшін қандай тылсым істер күтіп тұрғаны
да белгілі. Әйтеуір тәуелсіздігіміздің арқасында соңғы он жылдың қарасында
бұрынғы теріс таңылған тарихи сана, тарихи танымдағы кемтарлықтан көз
ашудың жолы салынып, жобасы қалыптасып келеді.

Ел тарихы мен әлеуметтік-саяси тағдырымызға қатысты көп дүние жи-
нақталып, баспа жүзін көріп, көп жайымыз жаңаша байыпталу үстінде.

Бірден айтып қояйық, ондай лақ етіп жаппай жазылған еңбектердің
асыра сілтеуі де, анықталмай жатқан әсіреңкі тұстары да аңғарылмай
жатқан жоқ. Дегенмен, халықтық сана мен қарымды зердеге қуат беретін
тарихшы ғалымдар, салауатты зерттеуші, зиялы топ осы күннің өзінде
едеуір іс тындырып үлгерді. Біз назар аударып отырған мына «Елтұтқа»
(Ел тарихының әйгілі тұлғалары) атты тың туынды - сондай ыстық буы
басылмаған ілкі еңбектің бірі. Оның авторлары: Мырзатай Жолдасбекұлы,
Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек.

Қазақтың рухани, мәдени, тарихи өміріне көкірегі ашық, зердесі жетік
ғалым-қаламгерлер бұл жолы қандай ғаламатты дүниеге келтіреді деп ой-
лауларыңыз әбден мүмкін.

Ойласақ ойлағандай, расында да, айрықша бітімді, қамтуы мен қазыналық
мазмұны әрбір адамға мол дерек, мағлұмат беретін бұл кітап авторлардың
тарих және тарихи тұлғалар жөніндегі зор пайымын танытқандай екен.

259

Жеке тұлғаның тарихтағы орны туралы тарих философиясында талас
пікірлер әр алуан. Біздің зерттеушілеріміз де бұл тұрғыдан тоқтамды та-
нымдық-әдіснамалық тұжырымнан ада емес.

Авторлар «Тарих және тұлға» атты кіріспе бөлімде ел тарихын әйгілі
тұғалары арқылы зерделеу - қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден
қалыптасқан үрдіс деп пайымдайды. Қазақтың қария сөздерінде, яғни
шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмірдерегі арқылы
танылып отырады. Қоғамның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ахуалы
ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Содан болу керек,
қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын,
алдымен адам санасын шыңдауға көбірек мән беріледі. Дәл сол сияқты
шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын, алдымен
адам туралы мағлұмат беру - басты нысана. Бұл - авторлар тұжырымы.

Сахара төсінде әр кезеңде туындаған тарих туралы еңбектердің баршасы
ұдайы жеке тұлғалардың өмірдерегін негізге алу арқылы жазылған. Әрідегі
Түркі қағанатының (VI-VII ғғ.) баһадүрлеріне орнатылған тас ұстындардағы
жазбалардан бастап, одан берідегі Рашид-ад-дин, Бабыр, Дулат Мұхамед
Хайдар, Әбілғазы Баһадүр хан, Ұлықбек, Жалайыр Қадырғали би, Өтеміс
қажы, Шәкәрім қажы, Құрбанғали Халид, Мұхамеджан Тынышбай сияқты
тарихшылардың бәрі де жеке тұлғалар өмірі арқылы тарихты зерделеген,
қоғам дамуының үрдістеріне ден қойған.

Қазақтың шежірелік зердесінде адам - тарихтың негізгі тұлғасы, адам
сапасы - тарихтың қозғаушы күші...

Авторлар келтірген мұндай қағидаттар, әрине, тұтас тарихи танымның
бір қыры ретінде ғана жолға жүреді, кәдеге жарайды деп есептейміз. Ал
бүкіл тарихи таным үрдісін тек тарихи тұлғалармен ғана шектеліп немесе
шендестіре қарау объективті ақиқаттың логикалық және диалектикалық
сабақтастың бітім-болмысын бере алмайды. Мұны олар әу бастан-ақ сезген.
Ол үшін олардың ғылыми тұрғысына, алып отырған объектісін өз аясында
ғана шектеп қарайтын біліктілігіне және кітаптың (оқу құралы ретіндегі)
мақсатына айқын келіп отырғандығына риза боласың.

«Елтұтқа» - қазақ ғылыми-тарихи басылымдарының ішіндегі соны
туынды. Бұл кітап арқылы, онда ғұмырдеректері баяндалатын тарихи
тұлғаларды көз алдыңнан өткізе отыра, бүкіл Еуразия алабындағы, оның
ішінде Ұлы Даланың төл перзенті - түркі текті қазақ этносының, ұлтының
қандай қиын-қыстау тарих белестерінен өткенін жан-жүрегіңмен сезінесің.
Ең азы екі мыңжылдың аяда бой көрсеткен тарихи тұлғалар ел өмірінің,
иісі қазақ жұртының қандай қатпарлы, қилы-қилы кезеңдерден өткенін
көз алдыңа жайып салады. Мұны әр тұлғаға арналған шағын деректеме,
шежірелі баяндаулардан сезіп әрі оның тұжыра айтылған иірімдерінен ой
өрістетіп, тарихи тағдырымыздың қалай өрім тартқанына ден қоясың.

Бүгінгі халықтың қалпымызға дейін Ұлы Дала төсінде қандай ғұмыр
өткен? Оның әлемдегі орны қандай? Бүгінгі біздің сабақ алар, өнеге тұтар
өткеніміз кімдер арқылы келешекке жол тартпақ?..

260

«Елтұтқаны» шолып, зерделей оқып отырғанда осы сұрақтардың жауабы
мол дерекпен дәйектеліп, қисынын тауып айқындала берді, айқындала бер-

ДІ.

Әлемдік тарих, әлемдік өркениет шежіресінде Ұлы Даланың есесі мен
еншісі әзірге толық мойындалып отырған жоқ. Оның бер жағында, қазақ
этносы мен ұлтының өзіндік тарихи тұрағы, бітім-болмысы, әлеуметтік-
саяси тағдыры болуына қарамастан, оның әйгілі тұлғалары, мәдениеттегі
үрдісі енді-енді ғана жүйеленіп, жүз танытып келеді. Мұндай жағдайда
120-ға тарта тарихи тұлғалардың сипаты мен дерегін әйгілеген авторлардың
еңбегі үлкен энциклопедиялық қарымдылыққа парапар.

Кітаптың төрт тарауға жіктеліп, пішін құрауында және оған енген тұл-
ғалардың қатары әлі де толыға түсуінде шәк бар деп ойламаймыз. Ал қа-
зіргі бітімінде бұл еңбек рухани әлемімізге ең бір шежірелі туынды болып
қосылып тұр. Басы сонау байырғы заман тұлғаларынан бастап ғұн, түркі,
Алтын Орда, Қазақ хандығы, жаңа заман тұлғаларын саралап-шежірелейтін
бұл кітап елім, жұртым дейтін әрбір өзекті жанның зердесін жаңа бір леппен
желпитіні хақ.

Мүде қаған кім? Әйгілі Еділ (Атилла) ерлігін тарихтың қандай сипаты-
мен айқындауға болады? Немесе Тоныкөк пен Күлтегінді алыңыз. Кітап-
та өте ұғымды баяндалған мол деректер бұл тарихи тұлғалардың бүгінгі
тәуелсіз еліміздің қазіргі және болшақтағы ұрпақтарымен қалай табыс-
қанын паш етеді.

Ата Қорқыт, баба Қорқыт жөнінде қайшылықты пікір аз емес. Ол жө-
нінде мынадай сиапттама берілген: «Қорқыт (VІІІ-ІХ ғғ.) - оғыз-қыпшақ
тайпаларының ұлы ойшылы, батагой абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді
болжайтын көріпкел данасы. Оның өмірде болғаны, Сыр бойы мен Сарыарқа
алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін
жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағы-
нан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана-
сы жағынан қалың қыпшақ нағашы жүрты болып келеді...

«Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып
паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жүрт ден қояды», -
дейді В.В. Бартольд. - Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынадай
нақыл сөздер орнықтыра түседі: «Қара есектің басына жүген таққанмен,
тұлпар болмас: күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», « Анадан
өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын
шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді», «өтірік сөз өрге
баспайды» (профессор Ә. Қоңыратбевтың аудармасы).

Түркі халықтарының ішінде Қорқыт күйлерін сақтап, бүгінгі күнге
дейін жеткізе алған бірден-бір халық қазақ болып отыр». Міне, дәл осы
деректің өзі қыруар күмәннің түйінін шешеді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары
әзірлеген бұл әмбебап шежірелі еңбектен Отан тарихындағы ел жадында
қалған қолбасшы, батыр, қайраткер, дарынды өнер иелерінің әйгілі

261

еңбектері, дара бітімдерімен сап түзеп, тұлға танытады. Оның қайсыбірін
қайталап айтып жату қажет емес деп есептейміз.

Дегенмен, кейбір тұлғалар жөнінде кейінгі кезде күмәнді бағалар етек
алып, олардың тарихи орнын айқындауға келгенде әр түрлі емеуріндер
желдей есіп жүргенін білеміз. Мәселен, Сәкен Сейфуллин туралы. Авторлар
оның ұлт перзенті ретінде толымды еңбек сіңіріп, тағдырлы ғұмыр
кешкенін тиянақты байыптай алған: «Сәкен - қазақтың маңдайына біткен
біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына
жойдасыз еңбек сіңірді, бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идея-
лық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық
әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды
коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп-көктеуіне
пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады. Алайда...

Демек, тарихи түлғалардың тағдырын парықтағанда, олар қандай жол-
ды таңдағаны бойынша бағаланбауы керек, халқына қаншалықты қызмет
еткені, қаншалықты еңбек сіңіргені, қаншалықты жілігі татитын мұра
қалдырғаны бойынша лайықты бағасы берілуге тиіс. Тарихи әділдіктің
де, тарихи-әдіснамалық ұстамның да қисыны осы. Бұл тұрғыдан келгенде
Сәкен - халқымен мәңгі бірге жасайтын, халқының мәңгі сый-құрметіне
лайық біртуар тұлға».

Міне, мұндай ұстаным - басқа да бірқатар «күмәнді» тұлғалар жөнінде
әділетті дәйек бола алатын өлшем.

Кітаптың түйін тарауы «Тәуелсіз Қазақстан» аталып, қазірдің өзінде
тарихымыздың тұғырдағы тұлғасына айналған Нұрсұлтан Әбішұлы На-
зарбаевқа салиқалы сипаттама беріледі.

Қарап отырсақ, еңбегі мен өмірі елімен, халқымен тағдырлас тұлғалар
кезең-кезең тарихтың, белең-белең тіршіліктің қалпын елестете алады
екен. Осы парызды оқулық кітаптың авторлары абыроймен атқарып шық-
қан.

«Елтұтқа» - деректілігімен құнды еңбек. Мұнда қазақ халқы алғаш рет
өз атамекенінің тұрғылықты (автохонды) халқы ретінде қарастырылып,
оның ұзына тарихы саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани сабақтастық-
та зерделенеді. Кітапта әрбір тарихи тұлға түрлі түсті суреттермен беріл-
ген әрі ол суреттерді салу барысында тарихи, этнографиялық және антро-
пологиялық деректер мұқият ескерілген. Жас ұрпақтың тарихи зердесін
қалыптастыруда көрнекі деректің ықпалы ерекше екенін ескерсек, кітап
мазмұнын толықтыру мақсатында алғаш рет ұсынылып отырған бұл бей-
непортреттердің мән-маңызы ешкімге де күмән тудырмасы анық.

Отанды, елді сүюге, әрине, көп дәлелдің қажеті жоқ. Ол - сенің жарық
дүниедегі жалғыз ғана мекенің. Туған жұртың. Сондықтан оған деген се-
зіміңе шоқ тастап тұтанғың келсе, дәл осы «Елтұтқаны» қолға түсіріп, бір
шолып өтші деуге біздің әбден хақымыз бар.

262

Сүлеймен Мәмет

ЕЛ ТАНЫТАР ЕРЕКШЕ ЕҢБЕК

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары
республикамыздың қоғамдық ғалымдар саласындағы жетекші ғалымдар-
мен тізе қоса отырып шығарған «Елтұтқа» атты оқу құралының атауы мен
құрылымы үлкен салмақ көтеріп, бүгінге дейінгі белгілі тарихымызды
бағзы замандардан бастап көктей өтуге, даналығымен де батырлығымен,
сұңғылалығымен де шешендігімен дараланған тұлғалар арқылы халқымыз
жүріп өткен жолдың бүкіл тағылымы мен қасіретін, арманы мен жеңістерін
кең ауқымда көрсетуге, ең бастысы, Қазақстан тарихын әлемдік тарихи
үрдістің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік берген. Осы уақыт-
қа дейін әрісі Шпенглер, Тойнби, Ясперс сияқты адамдардың, еңбектері
дүние жүзінің ақыл-ойына ықпал етіп отырған тарихшылардың, берісі
Ресей тарихшыларының еңбектерінде түркі әлемі, оның ішінде Еуразия
көшпелілерінің әлемі адамзат өркениетінің аясында қарастырылмай келді.
Тіпті көшпелілер мәдениетінің туындылары тобырлардың мардымсыз дү-
ниесіндей саналды. Мұндай ой-тұжырыммен санасы уланған ұрпақтан ас-
қақ рухты да биік отаншылдықты күту қиын еді. Міне, осы олқылықтың
орнын толтыратын «Елтұтқа» атты кітаптың авторлары: Мырзатай Жол-
дасбекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек. «Kultegin» баспасы
шығарған үш автордың бұл дүниесі екі жарым мың жыл аясын қамтып,
Қазақстан топырағында ғұмыр кешкен 120-ға тарта тарихи тұлға туралы
сыр шертеді.

Кітап «Байырғы заман», «Орта ғасыр», «Жаңа заман», «Тәуелсіз Қа-
зақстан» атты төрт бөлімнен тұрады. Өткен бейсенбі күні Еуразия ұлттық
университетінде осы аталмыш еңбектің тұсаукесер рәсімі өтіп, оған елор-
да жұртшылығының өкілдері, сенаторлар мен Мәжіліс депутаттары, ми-
нистрлер, еліміздегі барша жоғары оқу орындарының ректорлары, болашақ
ел тұтқасы болар жастар қатысты.

Алғашқы сөзді кітап авторларының бірі, университет ректоры Мырзатай
Жолдасбекұлы алды:

263

- Біздің бүгінгі қалың жұртты осы залға шақырып жинағандағы мақ-
сатымыз - қуанышымыз қойнымызға сыймай, көптен бері зерделеп жүрген
еңбегіміздің нәтижесін көрсетейік, таныстырайық, қолына ұстатайық деп
талап қылғандық еді. Университетке келген соң оң жағыма Ақселеуді, сол
жағыма Қойшығараны альш, қарап отырмайық, бір тіршілік жасайық,
әбден жаңқаланып саясиланған, бұрмаланған қазақ тарихын қайтадан зер-
деден бір өткізіп, ұлы тұлғалар арқылы жұрттың ой-санасының толығуы-
на септігімізді тигізейік деген ізгі ниетпен күндіз-түні көз майын тауысып,
жұмыс жасадық. Соның жемісі - «Елтұтқа». Мұнда тарихымызға қатысы
болған тұлғаларды, ғұламаларды, қазақ тарихын жасаған даналарды қам-
тыдық. Жарыққа шығуына ел зиялылары, азаматтары көп ықпал жасады.
Сәті түсіп сөйлесіп қалғанда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Бұрмаланған
тарихымызды өз арнасына қалай түсіреміз, қалай қайта жазамыз?..» - деп
тереңнен тамыр тартып, ой салып еді. Осы сөз бізге үлкен түрткі болды.
Кітаптың шығармашылық алқасын басқарған Күлтегін бабамыздың еңсесін
биікке көтеріп, көшірмесін университет шаңырағының астына әкеліп, ай-
тулы еңбек атқарған, қазір Қазақстан Үкіметінің тізгінін қолға алған
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов болса, ғылыми кеңесшісі күні кеше
ғана бәрімізді өкіндіріп өмірден еткен Манаш Қозыбаев еді. Ал пікір жаз-
ған - Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, үлкен ғалым
Рымғали Нұрғали, - деп тебірене бір тоқтады.

Бұдан кейін ол қазақтың шежіресі ата тарихы, әулет тарихы ғана емес,
бүкіл қазақ тарихының мөлдір бастауы екенін, бодан болған үш ғасырда
оның тәрк етіліп, табанда тапталғанын, соны тірілтуде, тұлғалар арқылы
толықтыруда шежіренің көп көмегі тигеніне тоқталды. Ал сөзде жазылғанды
суретте өрнектеп, әр заманда өмір сүрген ұлылардың ұлы бейнесін бояу
тілінде сөйлеткен, әсіресе «Бата», «Алтын адам» атты екі панноны салған,
кітапты безендірген талантты суретші Нұржан Қарымсақовты жеке та-
ныстырды. Жұрт ілтипатына бөленген қылқалам шеберінің қолтаңбасы кім-
кімді де бей-жай қалдырмайды.

«Елтұтқа» кітабындағы жаңалықтар туралы профессор Хангелді Әбжа-
нов жан-жақты сөз қозғады:

- Кітап авторлары кәсіпқой тарихшылар емес, олар - филологтар, -
деді ол. - Бірақ үшеуі де әдебиетке тарих ғылымы тұрғысынан, тарихқа
әдебиет ғылымы тұрғысынан келген ғалымдар. Сүбелі дүниеде қазақ хал-
қының біртуар ұлдары мен қыздарының жалаң тізбесі емес, олардың мәр-
тебесі, ұлттың және әлемдік өркениетке салған олжасы ұқыптылықпен,
бай деректік негізде бейнеленген. Бұрынғы тарихи зерттеулерде қазақтың
айтулы адамдары сирек ұшырасатын.

Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Өмірбек Байгелді кітап құн-
дылығына өзінің тәнті болғанын, адамның бойында отаншылдық рух ояну
үшін тарихыңды білу керектігін, тәуелсіздікке дейін құлдық психологияның
құрсауында жүргенімізде отаншылдық рух жойылып кетудің аз алдында
қалғанын тілге тиек етіп:

264

- Енді біз қарап отырсақ, біз ұлы халық екенбіз, біздің жерімізде ұлы мем-
лекеттер, ұлы көшпелілер мәдениеті өркендепті, - деді. Сонымен бірге кітап
авторлары кемерден шықпай, артық сілтеп кетулерге бармай, шындықты
көрсеткеніне ризашылығын білдіріп, мұнымен шектелмей, ауқымын
кеңейту, әлі де атаусыз қалып қойған айтулы азаматтар туралы деректерді
тауып, қосу керектігін еске салды.

- Шынында да, елдің рухани өмірінде елеулі оқиға болып жатыр, - деп
бастады өз сөзін бітім-болмысы, сөз саптасы, таным-талғамы бөлек қоғам
қайраткері, үлкен қаламгер, сенатор Әбіш Кекілбайұлы. - Тәуелсіздікті
өліп-талып алғанымызға бар болғаны он жыл толды. Он жылдың ішінде ел
болудың оңай емес екендігін көріп жатырмыз, Ел болып кету ең алдымен
елдік сананың қалыптасуына байланысты. Елдік сананың қалыптасуы
енді-енді қолға алынып жатыр. Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлттық
тарих жылын атап өттік. Соның арқасында біз өзіміз туралы өзгелердің
қоржынындақалған мәліметтерді жинап, жарыққа шығардық.Тарихқа жаңа
көзқарастың бір көрінісі - осы «Елтұтқа». Бұл кітаптың дүниеге келуінің
ар жағында жаңадан қалыптасып келе жатқан көзқарастарды байқауға
болады. Кезінде біз халық дейтін сөзбен ұлт деген сөзді, ұлт деген сөзбен
азамат деген сөзді, халық деген сөзбен мемлекет деген ұғымды көлегейлеп
келіп, құртып жібердік. 0 заманда да, бұ заманда да елдіктің тізгінін ұстап
келе жатқан көш бастаушыға тиісетін үрдіс шықты. «Хан баласы ақсүйек,
ата жауым сен едің» дегенді Құранның сөзіндей қайталап отырдық. Соның
салқыны қазірдің өзінде бар. Демократиялық делінетін әңгімелердің
көпшілігінде жағадан алып, жармаса кетуге, біреулерге тіл тигізуге, әбден
боршалап мытып тастауға ұмтылу байқалады. Біздің талайымыз әлі баяғы
қайта құрудың желігінде жүргендейміз. Ол қайта құру империяны құрту
үшін жасалған, мемлекетті орнықтыруды емес, құлатуды көздеген іс еді. Ал
біздің санамыз да, өкпеміз де, бопсамыз да сол кездің желігінен әлі арылып
болмаған сияқты. Біздің тарихты тарихи санаға айналдыру өте күрделі
мәселе. Осы қазіргі қазақ еліне, қазақ баласына ең басты құндылық - біздің
мемлекетіміз. Ол бәрін бір күнде толтырып тастамады, қарық қылмады деу
асығыстық. Рухани құндылықты түгендеуге ұмтылысымыз елдігіміздің
барлығын көрсетеді. Елдігі жоқ ел билікке жете алмайды. Мейлі, ол есепсіз
байлықтың, тіпті алтынның үстінде отырсын. Бірақ елмін дей алмайды.
Жер бетіндегі халықтың бәрі елдікке жетіп жатқан жоқ. Біз - жеткендердің
қатарындамыз. Сондықтан ендігі жерде тарихты отантану, ұлттану,
тұлғатану деп саралап алсақ, тарихи сананың қалыптасуына көп септігін
тигізері анық. Тарихты таразылаған кезде ескеретін нәрсе, өткеніміздің
барлығы ойдағыдай еді десек, ол өтірік болады. Өйткені ондай жағдайда
қазақ бес ғасыр бодан болып отырмас еді. Осыдан мың жыл бұрынғы ұлттық
туымыз қайта көтерілді. Ендігі мақсат - үлкен-кішісі, жарлысы-байы, ба-
ласы-данасы бір-біріне түсіне қарау, бір-біріне иіле білу, бір-бірінен өнеге-

265

тағылым іздеу, оны таба алу, өзінің ұлтын жөнді-жөнсіз беттен алмау,
бүгінгіні сыйлай білу, - деп ой түйді сенатор.

Бұдан кейін сөз алған Мәжіліс депутаты, халықтың рухани байлығы үшін
жан аямай күресіп жүретін Шерағаң - Шерхан Мұртаза тарихты жазатын
адамдардың жүрегі, қолы, ары, ниеті таза болу керектігін баса айтты:

- Жаратушы құдірет адамды жаратқанда ақыл берді, сана берді, сөз
берді, ал ниетін өзіне қалдырды. Содан бері адам баласында әр түрлі ниет-
тілер кездесудей кездесіп келеді. Мен тарихшы емеспін, тарихты жете де
білмеймін, әсіресе қазақ тарихын. Ол менің дүниеден көрген әділетсіздігім
шығар. Он жылдықты бітіргенше бізге қазақ тарихын оқытпады. Жоғары
оқу орнын Мәскеуде бітірдім. Менің білетінім - басқа елдердің тарихтары.
Көшпелілердің тарихы жоқ, мәдениеті жоқ, өркениетке үлесі жоқ, сон-
дықтан тарихтың арасынан түсіп қалуы керек деп оқытты. Міне, бұл -
қорлау. Сол қорлықты көріп келдік. Және қайталадық та. Енді, құдайға
шүкір, ел болдық. Тәуелсіздік болмаса мынандай кітап шығар ма еді? Күні-
түні бас алмай қарап шықтым. Жалықпай оқыдым. Кейбір кітаптарды оқып
жатып ұйықтап кетесің. Тіпті ұйықтау үшін де оқитын кітаптар болады...
Бұл кітаптың бір артықшылығы - ұлы тұлғалар туралы 1-1,5 беттің
көлемінде мол мағлұмат бере алады. Бұл - авторлардың шеберлігі, осы
жағынан келгенде, тарихты осылай саралаған бұл үш азаматты баһадүр десе
де болады. Бұрын сүмірейтіп көрсетілетін ұлт рухы мұнда биіктепті, - дей
келіп, бұрын біраз дау тудырып жүрген тұлғалар туралы түрлі пікірлерге
нүкте қойылғанын нақты дәйектермен атап өтті.

Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаева кітаптың Тұмар хан-
шадан басталғанының өзінде үлкен мән жатқанын, қазақ халқының қы-
зын сыйлап, анасын құрметтейтінін, соның бір белгісіндей қасиетті тілінің
алдына ана сөзін қосуын, қазақ қыздарының ерлермен бірге ел қорғауға
қатысқанын атап айтты:

- Бұрын-соңды Қазақстан тарихынан жазылған кітаптарда жеке тұлға-
лар жеткілікті зерделене бермейтін. «Елтұтқаны» оқи отырып қазақ жері-
нің киесі де, иесі де оның даналары болған екен-ау деген ойға қалдым. Ұлт-
тық мәдениетіміз бен болмыс-бітіміміз, тіліміз бен дініміз, қайратымыз бен
намысымыз тарих толқынында шыңдалған екен. Ел ерсіз болмайды, ер елсіз
болмайды. Небір дуалы сөздер осы даналардан қалыпты. Қазір Астанадағы
кейбір дүкендерге барсаң, безендірілуі көз арбайтын «Я - вор в законе»,
«Мой отец - убийца», тағы басқа жат кітаптардан көз сүрінеді. Солардың
орнын осындай танымдық дүниелер алсағой, шіркін. Менің пайымдауымша,
бұл кітап жастардың қолынан түспеуі керек. Бұған осында отырған жоғары
оқу орындарының басшылары ұйытқы болса екен. Тіпті бұл кітапты мек-
тептерге дейін оқыту ләзім. Себебі тілі жатық, нағыз қазақтың құнарлы
тілінде жазылыпты. Осындай кітаптарды оқыған ұрпақ, тілін білумен қатар,
ұлы тұлғалардай болуды арман етеді. Рухы биіктеп, ұлтын сүйіп, отаншыл
болып өседі, - деді.

266

Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет тө-
рағасы Қуаныш Сұлтанов Қытай елінде жатқан Еренқабырға мен Алтайдың
ұштасып жатқан тұсынан сан мыңдаған бұлақтар бастау алып, Қара Ертісті
құрап жатқанын, сол өзендердің ішінде суы молы Қыран, Буыршын,
Алқабілек өзендері екенін мысалға келтіріп, «Елтұтқаны» қалың қазаққа
ұсынып отырған үш азаматты сол өзендермен салыстырады. Ол сонымен
қатар көп толғандырып жүрген тіл мәселесіне де, оқулық жайына да көңіл
бөліп, оны дұрыс жолға қоюдың басы осындай халыққа қажетті, ұрпақтың
ой-санасын оятатын кітаптар екенін еске салды:

- Мұндай игі қадам алдағы уақытта да жалғасын табу керек. Тіпті бұл
«Елтұтқа» деген ұлттық энциклопедияның бастауы болса да еш артықтығы
жоқ. Цинь империясы туралы 300-ге жуық томнан тұратын дүние бар. Осы
секілді еңбектердің жиі жариялануы болашақ ұрпақтың ой-санасын өсіреді,
елге деген ілтипатын арттырады.

Жұртшылық қолына жаңа тиіп жатқан «Елтұтқа» туралы айтқанда,
бұл кітаптың «Бата» атты көлемді паннода бейнеленген тұлғаларды ғана
арқау ете отырып, өткеніміздің өнегесін қалың оқырман қауымға ұғынықты
тілмен, барынша сығымдалған күйде әңгімелеу басты мақсаты болып
табылатынын әрі тарихты осы тәсілмен баяндаудың тұңғыш талпынысы
екенін де ескерген жөн. Танымдық мақсатты алға қойған кітаптан одан
өзгені талап ету де артық болар еді. Қалай дегенде де «Елтұтқаның» елтануға
өзіндік үлесін қосатыны күмәнсіз.

Тұсаукесер рәсімі сан ғасырлардағы ұлылардың күйіне ұласты. Зама-
налар үнін жеткізген сырлы сарындар бірінен кейін бірі күңіреніп, сөзбен
жазылған тарих күй күмбірінде бейнеленіп жатты.

267

Меңдігүл Шындалиева

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЗЕРДЕЛЕГЕН

Қазақстанның тәуелсіз он жыл аясын ойша зерделеп көрсек, қазақ мә-
дениетін, рухани байлығын таразылауда, танытуда біраз шаралар іске асып
жатыр. Бұрын Қазақстан тарихын жұқа оқулықтардан атүсті оқитынбыз.
Ал еліміздің тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу - тәуелсіздіктен
кейін ғана қолға алынып, жақында республиканың қоғамдық саласындағы
жетекші ғалымдары біріге отырып «Елтұтқа» атты оқу құралын жарыққа
шығарды. Бұл Қазақстанның білім беру саласындағы, оның ішінде қоғамдық
ғылымдар саласындағы бұрынғы ескі көзқарастарды, тұжырымдамалық
идеяларды қайта қарап, уақыт талабына сай жаңаша пайымдаған еңбек
деуге болады. «Елтұтқа» бұрынғы көзқарастар мен ұстанымдарға жаңаша
сипат беріп, ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеуді мақсат еткен.

Кітап «Байырғы заман», «Орта ғасыр», «Жаңа заман», «Тәуелсіз Қа-
зақстан» деген төрт тараудан тұрады. Бұл оқу құралында Қазақстанның
тарихы алғаш рет әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып,
Еуразия көшпелілері, түркі дүниесі туралы тарихи объективті ақиқатқа
ден қойған. Бұл кітапты тәуелсіздіктің арқасында өмірге келген рух азат-
тығының жемісі деуге болады. Қазақ халқының әйгілі тұлғаларын тарихпен
шендестіре таныту, жеке тұлғаның халық арасынан шығатынын, тарихи
дамуға халық негіз болатынын кеңінен түсіндіреді.

«Елтұтқа» кітабының бірінші тарауында қазақ даласының ежелгі заман-
нан бастап қалыптасқан көшпелі өмірге сай мәдениеті, өнер туындылары,
құндылықтарды парықтайтын салт-дәстүрлері орныққандығын нақтылы
дерек-айғақ арқылы атап көрсеткен. Байырғы заманда өмір сүрген Тұмар
ханша (570-520), Тұманұлы Мүде қаған (228-174), Мыңзықұлы Еділ (Атил-
ла) қаған (410-453) сияқты әйгілі тұлғалардың өмірлері арқылы тарихты
зерделеуге, қоғам дамуының үрдістеріне назар аударған «Елтұтқа» кіта-
бының осы сияқты ғылыми-әдіснамалық ерекшеліктерін атап өтуге болады.

Біріншіден, қазақ даласындағы соңғы екі-үш мың жыл аясында өткен
шежірелі тарихты алдыңызға жайып салады. 120-ға тарта әйгілі тұлғалар,

268

әр ғасырда, әр заманда өмір сүрсе де, ел мен жер көсегесінің көгеруін аңсап
өткендігіне, рух тұтастығын аңсағандығына жүздеген айғақты көлденең
тартады.

Екіншіден, тарих ғылымында жаңа мойындала бастаған «жаңаша әлеу-
меттік тарих», «тарихи антропология» деп аталатын соны ізденістер не-
гізінде жеке тұлғалар арқылы тарихты зерделеуді басшылыққа алған.
Яғни, адам - тарихтың негізгі тұлғасы, адамның сапасы - тарихтың қоз-
ғаушы күші деген әдіснамалық ұстаным кітаптың өзекті арқауына айнал-
ған.

Үшіншіден, «Елтұтқа» кітабында соңғы екі жарым мың жылда өмір
сүрген, Қазақстан топырағынан шыққан жүзден аса тарихи тұлға туралы
энциклопедиялық очерктер берілген. Бұл очерктердің мазмұны, жазылу
өрнегі тың. Әр заманның, әр ғасырдың деңгейінен даңқы шыққан әлденеше
жүз саңлақтардың нақтылы айғақ-дерегі, объективті бағасы берілген. Бұл
энциклопедиялық очерктерде қазақ халқынан шыққан ұлы тұлғалардың
өнегесі, адамгершілік асыл қасиеттері, рухани дүниесі, ой-арманы толық
ашылған. Елдің ел болуына ұйытқы болған түркі зиялылары ғылыми тал-
ғаммен сұрыпталған.

Төртіншіден, «Елтұтқада» әрбір тарихи тұлғаның түрлі түсті суреті бе-
ріліп, ол суреттерді салуда тарихи, этнографиялық айғақ-деректер еске-
рілген. Жас ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастыруда көрнекі деректің
рөлі ерекше екендігін ескерсек, бұл суреттердің жас ұрпақ санасына әсері
айрықша болса керек.

Бесіншіден, жас ұрпақты отансүйгіштікке, оны ардақтауға баулып,
көкірегінде өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялату мақсатын көздеген
мағлұматтар молдығымен құнды.

«Елтұтқа» қазақ тарихының алтын қазығы, ұйытқысы болған ұлы тари-
хи тұлғаларға арналған алғашқы оқу құралы болғандықтан, Отан тарихын
білгісі келетін жұртшылыққа таптырмайтын қастерлі рухани-мәдени кітап
екенін айтқан жөн.

Тағы ескеретін бір жай, Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Білім жүйесі де
бірнеше тілдерде жүргізіліп жатқандығын ескере отырып, «Елтұтқаны»орыс
тіліне аударса, тек басқа ұлттар ғана емес, орыс тілді өз қандастарымыздың
да көңілінен шыққан болар еді және бұл - ұрпақ мүддесіне қатысты ортақ іс
деп түсінуге жол беретін қадам.

Қорыта айтқанда, екі мың жыл тарихын жаңа уақыт талабына сай
жаңғыртып жазған «Елтұтқа» ұрпақ тәрбиесі, білім беру мәселелерінің
межесінен шығатын құнды оқулықтар қатарына жататынына күмәніміз
жоқ. Қазақстанның әрбір кітапханасына, әрбір жоғары оқу орнына, мекте-
біне қажетті құрал екенін уақыт талабы дәлелдеп отыр.

269

Абай Каиржанов

НА СКРИЖАЛЯХ ИСТОРИИ

Издательством «Кюль-тегин» Евразийского национального университета
им. Л.Н. Гумилева выпущена в свет новая фундаментальная книга крупных
ученых Казахстана Мырзатая Жолдасбекова, Койшыгара Салгарина и Ак-
селеу Сейдимбека «Елтұтқа», что в переводе означает «История Ка-
захстана в лицах». Эту книгу можно представить и как учебное пособие,
и как энциклопедическую историю и культуру казахов, охватывающую две
тысячи пятьсот лет, начиная от великого сакского племенного союза и до
современной истории независимого Казахстана.

Написана книга очерковым стилем и предназначена для широкого круга
читателей. В первую очередь, она обращена к нашей молодежи. В создании
этой книги принимали непосредственное участие ведущие ученые - исто-
рики, политологи, а также известные государственные деятели, писатели
страны - И.Тасмагамбетов, А.Кекилбаев, Н.Нурпеисов, М.Кул-Мухаммед,
М.Козыбаев, К.Койгелдиев, Х.Абжанов, Ж.Артыкбаев, Р.Нургалиев и дру-
гие. Это свидетельствует о высокой достоверности материалов книги, она
неоднократно подвергалась тщательной экспертизе, прежде чем вышла в свет.

В композиционном плане книга состоит из четырех частей: 1) Древний
мир; 2) Средневековье; 3) Новая история; 4) Новейшая история (История
независимого Казахстана).

Такая периодизация является классической, которая свободна от поли-
тизированной коньюнктуры, и является единственно научной, признанной
во всем мире. Такой подход в исследовании истории того или иного народа
был предложен французскими и немецкими историками, которые назвали
его антропологической историей народа. Авторы рецензируемой книги
использовали антропологический подход в описании истории Казахстана и
привлекли жанр исторического портрета. Такая новая парадигма позволяет
исследовать историю народа через деятельность ярких исторических
личностей. В книге даны очерки 120 исторических личностей, которые
оставили след в истории. Ведь через сито народа просеиваются те или

270

иные деятели прошлого и настоящего, остаются на скрижалях истории
лучшие из лучших. Именно эти 120 деятелей нашей истории представляют
лучшую часть творческого меньшинства. Их имена остались потому, что они
сумели сохранить от упадка творческие силы менынинства, что приводило
к усилению мимезиса (добровольного подражания со стороны кара бодун
(болынинства народа), и в результате усиливалась центростремительная
тенденция, приводившая к укреплению социального единстза в обществе,
как едином целом.

Важным аспектом, на мой взгляд, является стремление авторов показать
историю евразийских кочевников в единстве с мировой историей. Ведь тер-
ритория Казахстана была в древности «перекрестком цивилизаций» (Н.А. На-
зарбаев). Еще в эллинистическую эпоху (У-І вв. до н.э.) сформировались
и начали развиваться различные мировые конфессии на периферии Вели-
кой Степи: конфуцианство и даосизм в Древнем Китае, буддизм в северных
пределах Тибета, в Месопотамии древние семиты создали монотеистическую
религию Яхве. Это демонстрирует плавный процесс аккультурации между
Западом - Евразией - Востоком. Парадигмы культуры контактирующих
этносов менялись, что послужило образованию высокой духовности и на
Западе, и на Востоке. Этому способствовала древнейшая номадическая
культура наших предков, которая была воспринята античной культурой
в облике величественного Кентавра, превратившегося в метаобраз миро-
вой культуры. В Великой Степи этносы и их суперэтнические обьединения
соседствовали рядом, а длительные и постояннные контакты внутри этих
образований и государств сформировали особый евразийский менталитет
независимо от принадлежности к тому или иному вероисповеданию.
Эллинистическая культура увидела и осмыслила эти качества во всаднике-
кочевнике. Она сумела постигнуть глобальную гармонию свободного духа и
неиссякаемой силы кочевника. Носитель такой культуры способен априори
вести диалог культур между Западом и Востоком и создавать ситуацию не
только культурного обмена , но и творить свою собственную историю. Эта
особенность древней протоказахской культуры глубоко и отчетливо показана
через характеристики исторических персоналий авторами рецензируемой
книги.

Отметим, что до сих пор история Великой Степи оиисывалась бессистем-
но и разрозненно в отрыве от мировой истории. Не прослеживались связи
и отношения между разными представителями кочевнической культуры.
Эти лакуны в истории Евразийской цивилизации с великой обьективностью
заполняются в анализируемой книге.

Впервые рассматривая историю народа, используется принцип хроно-
логической последовательности. История казахского народа - это евра-
зийская история, которая характеризуется открытостью и великой толе-
рантностьюобщества.Человектакогоскладамышленияпроявляетготовность
к восприятию чужой культуры и изумительную способность синтезировать и
трансформировать это чужое в свое, воспринимая и перерабатывая эти идеи,

271

вырабатывает свою мировоззренческую позицию. В историческом прошлом
она противопоставлялась китайской, иранской, романо-германской и ви-
зантийской системам ценностей. Такой позиции характерно гармоничное
сочетание общечеловеческих и евразийских (кочевнических) ценностей. Эти
аспекты в протоказахской истории выпукло и зримо представлены авторами
анализируемой книги.

Через персоналии вдумчивый читатель обнаруживает истоки форми-
рования казахской нации и образования государственности казахов. Это
произошло тогда, когда многие этносы, населяющие эту землю, на рубеже
двух эпох заложили основу степной цивилизации Евразии. Это были саки,
юэчжи, усуни, тюрко-язычные народы - древние кыпчаки (ди, уди, байди,
жаньди, хуньчы: динлины Алтая), тогуз-огузы, хунны которые в результате
метисации и ассимиляции стали основой протоказахской народности. Новая
этническая популяция к серидине XV в. вышла на историческую арену -
образовалось Казахское ханство. Казахские жузы обьединяет не только
единый кодифицированный великими акынами и сказителями язык, но и
единая этнокультура. Читатель ощущает мощь этой культуры, отражающей
состав племен и племенных союзов исторического прошлого. Генетическая
связь прослеживается в родоплеменной структуре казахов в идентичности
не только хозяйственного уклада, но и культуры, образа жизни и быта,
общности самой территории.

Итак, к началу XV в., после распада Золотой орды, начался объеди-
нительный процесс, в результате которого возникает казахское ханство.
Начало этому процессу положила знаменитая откочевка Керея и Жанибека в
пределы Моголистана и раскол узбекского улуса (кочевых узбеков). Именно
этот раскол позволил объединиться казахским племенам и отделиться
от остальных племен и их союзов. На смену этнонима «кочевые узбеки»
приходит новое имя «казах», которое распространилось на всю территорию
современного Казахстана. В создании и упрочении Казахского ханства неос-
порима и велика заслуга Тауке хана. Эти перипетии четко представлены
в очерковых зарисовках авторов анализируемой книги.

Новейшую историю независимого Казахстана авторы книги справедливо
связывают с именем первого Президента страны Н.А. Назарбаева. Читатель
ощущает «шаги-сажени» нашей Родины. Народы Казахстана строят новый
демократический мир, перспективы которого намечены Н.А. Назарбаевым
в программе «Казахстан - 2030» и в других законодательных актах страны.

И так, я считаю, что рецензируемая книга должна стать настольной для
тех, кто интересуется историей своей страны, и для тех, кто любит свою
родину. У нас в Республике 8150 средних школ, из них в 45% обучение
ведется на русском языке, поэтому необходимо, чтобы эта учебная книга
была в каждой школе, в каждом вузе. Полагаю, что есть смысл перевести эту
книгу на русский язык и издать дополнительным тиражом для того, чтобы
удовлетворить потребности читателей.

272

Мырзатай Жолдасбеков

ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУ

«Қазақ халқының музыкалық мәдениеті өзінің терең тамырлы тари-
хымен де, философиялық синтезге толы мазмұнымен де, эстетикалық-
эмоциялық рухының асқақтығымен де, өмір-тіршілікті бейнелеуден де
жоғары көтеріліп кететін мәңгілік (тәңірлік) идеясымен де, жанрлық және
түрлік әралуандығымен де, ең соңында өмірдің сан саласын реттеп отыруға
айрықша ықпал еткіш қолданбалы-кәделік (утилитарно-прикладной) қыз-
метімен де этностың рухани болмысында айрықша орын алады. Бұл ретте
қазақ халқының мәдени-рухани әлемі туралы кез келген салиқалы ой-
толғам оның музыкалық мұрасына әсте соқпай өте алмайды. Этнос атаулыны
адамзат мәдениетіне қосқан үлесімен ғана парықтау қажет болса, онда қазақ
халқының мағұрлана бетке ұстары ең алдымен музыкасы болуға тиіс».

Көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы Ақселеу Сей-
дімбектің жуырда жарық көрген «Қазақтың күй өнері» атты монография-
лық еңбегі осындай сөйлемдермен басталады. Автордың қарымды ой орамы
қазақтың музыкалық мәдениетінің тереңнен тамыр тартқан текті болмысына
бірден назар аудартады. Сонымен бірге, сол текті өнердің қадір-қасиетін
саралап танып, сараптап ашып көрсетуге бел буған тәуекелдің де лебі ай-
қын аңғарылады. Шынында да, А. Сейдімбек қыруар еңбек сіңіріп, нағыз
ғалымға тән табандылықпен ұлттың рухани олжасы боларлық толымды іс
тындырған екен. Көлемі 70 баспатабақ болатын, 830 беттік іргелі ғылыми
еңбектің әр бетінде ұшырасатын соны ой-тұжырымдар мен тың деректерді
санамалап шығудың өзі мүмкін емес. Мұндайда сәтімен дүниеге келген
еңбектің ауқым-аясы мен мән-мағынасын қорыта жинақтап ой түген абзал.

«Қазақтың күй өнері» монографиясына әрісі Еуразия көшпелілерінің,
берісі қазақ халқының музыкалық мәдениеті туралы соңғы 2-3 мың жыл
аясын қамтитын тарихи, этнографиялық, археологиялық айғақ-деректер
тұңғыш рет жүйелі түрде жинақталып, тарихнамалық (историографичес-
кий) айналымга түскен. Алғаш рет қазақтың музыкалық этнографиясы
дәстүрлі таным-түсінік аясында сараланып, халық көкірегіне сақталған

289

қыруар атаулар мен ұғымдар, терминдер мен тұрақты сөз орамдары мәдени-
рухани өрелі айғақ ретінде көрініс тапқан. Еуразияның Ұлы Даласында
қазақ ұлтының қазақ этнонимін иемденіп тарих сахнасына шы-
ғуынан көп бұрын музыкалық тін (средство) ретінде қалыптасып
үлгерген күй өнері - синкретті өнер. Монографияда алғаш рет күй
аңызы қазақ фольклорындағы құнарлы жанр ретінде қарастырылып,
оның құрылымдық, тарихи және поэтикалық сипаттары ғылыми тегеу-
рінді тұжырымдармен сараланған. Соңғы 1200 жыл аясында қазақ да-
ласында ғұмыр кешкен 200-ден астам күйші-композитордың өмірі мен
шығармашылығы тың айғақ-деректер негізінде пайымдалған. Әр кезеңде
әр түрлі музыкалық аспаптарда дүниеге келген 5 мыңдай күй тіркеуге
алынып, олардың 1 мыңдайы тарихи-этнографиялық, әдеби-фольклорлық
және музыкалық-эстетикалық тұрғыда зерделенген. Осы орайда, қазақтың
дәстүрлі музыкалық мәдениетінің қадір-қасиетін танып-түсінуде халықтың
төл талғам-танымы эстетикалық түпнұсқа критерий ретінде алынып
отыратынын, мұның өзі музыкалық эстетикада принципті мәні бар әдіс-
намалық (методологиялық) жаңалық екенін айрықша атап өткен жөн. Ең
соңында, бұл монография өзінің типологиялық ауқымдағы мазмұны жөнінен
тек қана қазақтың емес, сонымен бірге иісі түркілік музыка мәдениетінің де
пайда болу, қалыптасу мәселелеріне толымды айғақ бола алатынына күмән
жоқ...

Міне, «Қазақтың күй өнері» монографиясындағы осынау шоқтықты си-
паттарды бір сәт парықтар болсақ, мұның өзі айтарға ғана оңай екенін,
әйтпесе мұндай еңбектің табандылыққа, білімдарлыққа қоса ұлтжанды
азаматтың ғана қолынан келетінін мойындаған жөн. Түптеп келгенде,
монографияның өн бойындағы тарихи-этнографиялық, әдеби-фольклор-
лық және музыкалық-эстетикалық аспектілердің өзара тоғысып, энцик-
лопедиялық өредегі ғылыми еңбектің дүниеге келуі автордың айрықша
қабілет-қарымына айғақ.

Қазақ халқының аңсап табысқан саяси-әлеуметтік тәуелсіздігі осындай
мәдени-рухани құндылықтармен шендесіп жатса құба-құп. Сонда халық өз
бойындағы құдірет-қасиеттерді тереңірек сезініп, еңсесін көтеріп, мерей-
мәртебесі жоғарылап, өмірлеріне мән-мағына дарып, ең бастысы, ұлы Ота-
нын қандай қадір-қасиеттері үшін сүю керектігін парықтайтын болады. Бұл
ретте Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» монографиясы - халық
көңілінен шығатын өміршең еңбек десек, әсіре сөз болмайды.

290

Сәбетқазы Ақатай

ЗӘРУ ЗЕРТТЕУ

Әдетте халық көңілінен шыққан жылы сезімді санадан бұрын жүрек
сезінеді. Мұндайда ақыл-ой шарасыз қалатын кездер болады. Өз басым ұлт-
тық өнер тарихының екі құбылысына қатты құлшынамын, Екеуін де толық
игерсем деймін. Тылсым үніне құлақ түрсем деймін. Бірақ дәрмен жоқ, ма-
ман емеспін.

Мені тәнті ететін сол дүниенің бірі - қазақ халқының ататегінің қорда-
лануына елеулі үлес қосқан ертедегі сақтардың қолданбалы-декоративтік
өнері (орыс ғалымдары оны «скифско-сибирский зверинный стиль» деп атап
жүр), екіншісі - өзіміздің кәдуілігі күй өнеріміз. «Тағылар стилі» тек скиф-
сақтарға, ертедегі Еуразия көшпелілеріне ғана тән сәулет болса, күй - тек
қазақ топырағынан ғана жаратылған салтанат. Скиф-сақ өнерін тудырған
философиялық көзқарастың астарын болжам түрінде ғана бажайлай алсақ,
қазақ күйін тудырған философиялық құдірет бізге таныс, әлі де сол идея
біздің ұлттық менталитетіміздің бағыт-бағдарын анықтау үстінде, қазақты
қазақша ойландырып, қазақша кісілікке баулып, қарым-қатынасқа түсіріп,
қауымдастырып, қауғаластырып отыр. Оның шын аты - қазақ идеясы.

Қазақтың күй өнері ғалымдар назарынан кенде деп айту қиын. Музыка
этнографтары мен фольклоршылары қазақтың күйлерін зерттеуде елеулі
үлес қосты. Ол туралы Ақселеу Сейдімбектің «Күй шежіре» кітабында жақсы
айтылған, әлем ғалымдарының да, ТМД елдері мен отандық зерттеушілердің
де есімдері аталып, еңбектеріне ризашылық білдірілген, көзқарастары ар-
найы сарапқа салынған.

Алайда күй өнері - синкретті, құрамы күрделі. Ол тек таза музыкалық
үннен ғана тумайды, оның құрамында программасы, аңыз-әңгімесі қоса
жүреді. Күй программасы - күйдің музыкалық құрал жеткізе алмайтын
жағдаяттарының, күйдің шығуына немесе оның мән-мағынасына байла-
нысты тарихи-деректерді жеткізуші қызмет атқаратын, күйге қосымша,
оған түсініктеме беретін ауызекі әңгіме жанры. Ол туралы күй сүйгіш қауым
бұрыннан да хабардар.

291

А. Сейдімбектің «Күй шежіре» деген қос томдық қомақты еңбегінің ал-
ғашқы томы - сынақтан өткен дүние. Ол туралы қалың оқырмандар да, ма-
ман ғалымдар да өз пікірлерін ортаға салды. Жақтаушылар да, сынаушылар
да табылады. Пікір, сайып келгенде, дұрыс болды. «Күй шежіре» кітабының
екінші томында автор халқымыздың рухани текті қазынасын ғылыми таным
талқысына салған. Біздің ойымызша, А. Сейдімбектің «Күй шежіресін»
осы өтіп жатқан ғасыр айдынында құнды еңбектердің қатарына жатқызуға
болады. Марқұм біртуар азамат, жазушы, әдеби сыншы Асқар Сүлейменов:
«XX ғасырда қазақ ақыл-ойынан туған 2 дүниені биік өреге қоямын, - деу-
ші еді. - Олар: М. Әуезовтің «Қилы заманы» мен Әбікеннің «Қоңыры». Мен
А. Сейдімбектің «Күй шежіресін» кем дүние дей алмаймын. Әрине, оның
шын бағасын уақыт айтар.

Күй - музыкалық шығарма. Бұған дау жоқ. Сөйте тұра күй үнмен
жазылған философиялық шығарма десек, дау айтушылар табылып қалар.
Ал мен философиялық шығармалар қатарына математика пәнін жатқызсам,
бәлкім, дау айтушылар саны әлде көбейе ме, әлде сейіле ме, қайтер еді?
Сөзімді дәйектей түсейін, кез келген музыкалық шығарманың өзіне тән
түсінік жүйесі болады. Бірақ ол философиялық ұғымдар жүйесінен өз-
геше, ұқсаса да ұқсамайды. Математика пәнінің де түсінік жүйесі өзгеше
екені мәлім. Алайда музыканың да, математиканың да дүниенің жалпы
заңдылықтарын ашу жолындағы қызметі философиядан кем түспейді.
Философиялық құрал-жабдықтар жетпейтін құбылыстардың кейбір қатпар-
ларын, қыртыстарын және қалтарыстарын танып-білуде музыкалық үндік
жүйе мен математикалық сандық жүйе философиялық категориялық
жүйемен қатар шабатын кездері де, асып түсетін кездері де болды. Қазақ
күйінің синкреттілігін мойындасақ, онда оның шежірелік сипаты ашылмай
тұрып, музыкалық парасаты да толық ашылмайтынын мойындауымыз
керек.

Демек, Ақселеу Сейдімбектің «Күй шежіре» атты екінші кітабы қалың
көпшіліктің зәру тақырыбын ғылыми бажайлауға арналған зерттеу екеніне
шүбә келмейді. Бұл жинақ емес, зерттеу екенін баса айту керек.

Әр ғылыми мәселенің, әр ғылым саласының бағы ашылатын сәтті ша-
ғы болады. Мұны айтсақ, тәуелсіздік, ұлттың асыл арманы еске түседі.
Тәуелсіздік бағы жанбаған көптеген тылсым дүниелеріміздің тұсауын кесті.
Туған халқының тағдыр-тауаны мен ұлттық сана-сезімі бедерленген тарихын
тану тек азаматтық парыз ғана емес, адамды отансүйгіштікке баулитын
құрал қызметін де атқарады. А. Сейдімбектің кейінгі «Күй шежіресі» кіта-
бының мән-маңызы осымен орайлас. Тәуелсіздік туын тіккеннен бергі мез-
гіл аясында кердең көзқарастан құтыла алмай отырған жайымыз бар. Әлі
де тәуелсіз өмір тағылымы қара орман қалың жұрттың игілігіне айналмай
жатыр. Оған себеп - қоғамдық ғалымдарда тоқырау зардабы созылмалы
болып келеді.

А. Сейдімбек болса, өз тақырыбының мәнін аршып көрсетуге келгенде,
күрек ұстаған археолог секілді. Ұмытылуға, күлтөбеге айналуға бой ұсынған

292

ұлт игілігін қазып алып, тотықтан тазалап, өңезінен аршып, ұлтына қайта
ұсынып отыр.

Енді осынау «Күй шежіре» кітабының құрылымы мен мазмұнына үңі-
ліп көрелік. Еңбек кіріспеден, қомақты 3 тараудан, 13 тармақтан және
қорытындыдан құралған. Библиографиялық тізіміне 300-дей кітап пен жа-
рияланым түскен.

Автор ең әуелі «этнос», «мәдениет», «этнография», «фольклор», «аңыз»,
«жағдаят», «әфсана», «көшкін», «мәтін», «өзекті» және тағы да көпте-
ген 150-ге тарта философияға да, филологияға да ортақ ұғымдардың ба-
ламаларын ұсынып, түсініктемелерін түзіпті. Осы орайда ауызға алар
едік, А. Сейдімбектің терминдер жүйесі қазақ тіліне төл, сіңімді келетінін,
жатсыну-жатырқау дегенді білмейтіндігін атауға болады. Мәселен, «жаңа»
атаулардың бірі - «жағдаят». Оны автор былай түсіндіреді: «Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде» «жағдаят» сөзінің мына сияқты 5 түрлі мән-мағына-
сы көрсетілген: «1) Хал-ахуал, тұрмыс-жай; 2) Нақтылы жай-күй, қалып;
3) Кездейсоқ оқиға, іс; 4) Оқиға желісіндегі белгілі бір сәт кез; 5) Қолайлы
мүмкіндік, ыңғайлы жай-күй». Осынау түсіндірмелердің жалпы мән-ма-
ғынасы күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі өмірлік нақты оқиғалар туралы
айтылатын әңгіме (жағдаят) дегенді аңғартады. Сондықтан да «жағдаят»
сөзі күнделікті тұрмыс-тіршілікте өмірлік нақтылы оқиғалар туралы ай-
тылатын ауызша әңгімелерге атау болатын термин ретінде әбден ұрымтал
деп білеміз». Бұл ұсынысты біз өте орынды деп санадық.

Біздің назарымыз түскен дүниенің тағы бірі - өзіміздің мамандығымыз-
ға сәйкес келетін «Күй аңызының тарихи деректілігі мен құрылымы» деп
аталатын II тараудың бірінші тармағы.

Еуразияның Ұлы Даласында 3000 жылдық тарихы бар салт атты өрке-
ниеттің жасампазы атанған ата-бабаларымыздың адамзат мәдениетінде
алатын өз орны бар екені мәлім. Автор сол мәдениеттің соңғы тұяғы - қазақ
халқы екенін зерттеудің методологиялық арқауы ретінде қабылдаған. Көш-
пелілік - қазақ халқының өмір-салты ғана емес, ұлттық болмысын қа-
лыптастырушысы. Осыны анықтаған ғалым қазақ мәдениетінің төлтума-
лық ерекшелігіне бет бұрады. «Өнер - көшпелі халықтың өмірін реттеуші
құрал» дейді ғалым. Тұжырымында дау жоқ.

А. Сейдімбек күй аңыздарын жіліктеуде өзіне дейінгі ғалымдардың
ізденістерін, қол жеткен табыстарын ұтымды пайдалана білген. Мәселен,
ол ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның қазақ эпосының тарихи дәуірлеріне
байланысты жасаған тұжырымдары мен күй аңыздарының да уақыт ая-
сындағы көріністерін сәтті сабақтастыра білген.

Қазақ философиялық мамандарының назарын аударатын осы еңбектің
тағы да бір құнды бөлігі II тараудағы «Күй аңызының жалпы сипаттама-
сы», «Мифтік күй аңыздары», «Әфсаналық күй аңыздары», «Аңыздық күй
аңыздары», «Жағдаяттық күй аңыздары» деп аталатын тармақтары деп
санаймын.

293

Миф дегеніміз, автор жазғандай, «анықтығын тексеруге болмайтын ер-
тегі-қиял сияқты» емес, «танып-түсінуді қажет етпейтін шынайылық
та, жазмыштық сенім» де емес, миф пен қиял-ғажайып аңыз-әңгімелер
жиынтығы. Мифологияның беліне аса ауыр жүк салуға болмайды. Фило-
логияны білмеймін, әйтеуір философия мифологиядан басталады. Клас-
сикалық философияның арғы атасы - мифология. Осы кітаптың да негізгі
бөлігі қазақ мифологиясын сөз етеді, шағын мифтерді құрап, түсіндіріп,
мән-мағынасын анықтап, мифология туғызады.

«Мифтің бүгінгі күнге жеткен сұлабасынан діни сенімнің, таным-тә-
жірибенің, өнердің, философияның, тіпті саяси көзқарастардың да сұла-
басын шырамытуға болады. Миф дегеніміз - дүние-тіршілікке қатысты
қалыптасқан қоғамдық сананың бірден-бір әмбебап көрінісі», - дей келе
автор осы мифологиялық сананың күй аңыздарына кірігу барысын тұшымды
деректерімен дәлелдеп береді.

Автордың ел ішінен жиған материалдары, тарихи-этнографиялық дерек-
тері мол. Халық санасын, оның жүріс-тұрысын, мінез-құлқын саралауға,
жалпы қазақтануға зәру материалдарға кітап мазмұны өте бай. Шығарманың
тілі жүрдек, сөз қолданысы қордалы, ауқымды тақырып атауларының
тынысы кең, ой-тұжырым желісінен монографиялық тұтастық байқалады.
Мәселенің қойылуы да, шешілуі де айқын. Шығарма жеңіл оқылады, тар-
тымды.

294

Тұрсын Жұртбай

РУХАНИЯТ ПЕРНЕСІ

Көшпелі дәуірдің бар болмысын көз алдыңа әкеліп, табиғи құбылыс-
тарды көңіл пернесіне түсіріп, жан дүниеңді тамырыңмен солқылдата
қопарып, ұлы қуат сыйлайтын құдіреттің бірі - күй. Мұнда есте жоқ ес-
кі заманның азынай жеткен сарыны, саумал самалының қоңыр лебі,
үзілмеген ұрпақ үні бар. Қадым дүниеден қазіргі күнге дейінгі, бүгіннен
бастап ертеңгі елес келешекке дейінгі қазақ рухының ешқандай сыртқы
әсерге көнбей, таза ділін сақтап баратын «неғылайыны жоқ» өнер саласы да
осы күй.

Өйткені күй - сол ұлттың заманалар бойы қанына сіңіп, жанына ұя-
лаған мінезінің, қимыл-қозғалысының, психологиясының, дәстүрлік та-
нымының, құбылыс пен болмысты қабылдауының және ішкі буырқанысы
мен толғанысын сыртқа шығарудың тылсым тәсілі. Санамыздың саңы-
лауына ұя салған осынау бір түйсікті сезім күйін, өзге түгіл, өзіміз де толық
саралап, талдап, сырын ашып біткеміз жоқ. Күйді тек түйсікпен түсініп,
жүрекпен сезініп, құлақпен тыңдап келдік. Шындығына сайсақ, қазақ
ұлтының ділінің (менталитетінің) түпкі тілсіз түйсігінің кілті - осы күйде.

Күйді түсіну үшін оның заңдылықтары мен құбылыстық ерекшелікте-
рі жан-жақты бағамдалып, пайымдалып, ғылыми негізге түсуі тиіс. Күйді
нотаға түсіру қандай қиын болса, оның ішкі құрылымын, яғни руханият
пернесін орнына қою да сондай қияметті талап етеді. Күйді түсіну - адамның
өзін-өзі түсінумен парапар таным жолы. Көшпелі дәуірдің бұзылмаған
үні - осы күйде. Мысалы, ықылым дүниеде өмірге келген «Ескендір Зұл-
қарнайын» күйінің әуенінде біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы, төрт
жүз жыл бұрынғы, Плутархтың: «Скифтер қымызға қызып... отырған
шақта... садағының адырнасын шертіп отыруды әуезе көреді», - деп жазған
кездегі ата-бабамыздың жан дауысы бар. Орындаушы өзгергенмен де рухы
сақталған.

Ал сол екі жарым мың жыл бұрын әуен боп «адырнаның» - домбыраның
пернесіне түскен әуенді бүгінгі күнге жеткізген қандай құдірет?! Ол -

295

рухани күй аңыздары. Тіпті сахнада күй тарту дәстүрге айналған қазіргі
уақыттың өзінде де, орындалған күймен қоса, оның аңызын санамызда ұс-
таймыз, күй аңызын әлі де дәстүрлі таным тәсілі ретінде түсінеміз. Атақ-
ты даңғайыр күйші Смағұл Көшекбаевтің туған інісі, тарихшы Нәумет
Көшекбаев: «Күйдің шығуы туралы аңызын айтып, ырғағы мен сөзін қоса
түсіндіріп барып тартса, қазақ күйі әлемге жайылар еді. Өйткені күй аңызы
тыңдаушының көңіл күйін белгілі бір тылсым әлемге дайындайды. Әуен -
бейнесіз тарих. Ал оны көз алдыңа әкелетін құдірет - сөз», - деген еді.

Шындығында да, «Наридірген» күйінің «Ақсақал», «Жібер, жаным,
жібер», «Қызыл тонды қыз» атты үш бөлімнен тұратын оқиғасын тарихи
аңызсыз қалай терең түсіне аласың?

Қарапайым құймақұлақты былай қойып, көкірегі қобыз боп күңіренген
ғұлама түйсік иесі Мұхтар Әуезовтің өзі сол тылсымның шешуін іздеп:
«Егер... күйлердің керікті аңыздары, тілдегі баяндауыш әңгімелері жа-
зылса, онда қазақ халқының музыка фольклорына әдемі айшық, нақыш
қосылуымен, мағыналы мазмұн анықталып, жалғасуымен қатар ауызша
фольклор да өзінің бір қысқа түрдегі көркем әңгіме-новелларын көп байыт-
қан болар еді. Ұмытылып, жоғалып бара жатқан көп-көп ескі күйледің
қызық, терең сырлы, мол мағыналы аңыздары да мәдениет мұрасы болып,
жөнін тауып, жолы ашылар еді», - деп жазыпты.

Данагөй ғұламаның сол парызының бір арманды мақсаты орындалған
еқен. Алаштың арда ойлы оқымысты азаматы Ақселеу Сейдімбектің «Күй
шежіре» атты қос кітабы - күйдің тамырын да, тарихын да, танымын да
анықтап беретін түбірлі зерттеу. Бізді жоғарыдағы ойға да жетелеген осы
еңбектің әсері.

Бұл қос кітап - Ақселеу Сейдімбектің өмірлік ізденісінің, өнердегі мұ-
ратты және мақсатты таным жолының жемісі. Бұл - қазақтың рухани
мәдениетінің тарихы туралы оқулық. Қазіргі мәдениеттану пәнінен өт-
кізілетін дәрістерге таптырмайтын пән құралы және тұжырымды ғылы-
ми зерттеу. Қазақ күйлерінің тарихы, шығу тегі, ішкі құрылымы, заңды-
лықтары, тақырыптық тарамдары, ерекшеліктері туралы мұндай жүйелі
зерттеу осы уақытқа дейін ана тілімізде жарық көрген жоқ.

Біз әдетте біреуді мақтасақ, оған уәж ретінде екінші бір ғұламаны қар-
сы қоюды бойымызға біткен ғадетке айналдырып барамыз. Иә, күй туралы
Ахмет Жұбановтан асырып зерттеген ешкім жоқ. Бірақ бұл ол өнер жөнін-
де өзге ешкім қалам тартпауы керек деген қағида емес. Оның үстіне күйдің
шығу тарихы туралы аңыздар осы уақытқа дейін арнайы зерттеудің ар-
қауына айналған жоқ. Әңгіме күй әуені хақында ғана емес, сол күйдің ішкі
мазмұны мен түйсіктік психологиясын ашатын, сол күй әлемінің ішіне
жетелеп кіргізетін тарихи негіз туралы. Ал бұл негіздерге ұлттық таным,
тарих, мінез, діл мәйек боп ұйыған.

Күй аңыздары - қазақтың рухани өнеріндегі ерекше жанр. Мұнда көркем
образ да, ұйқас та, тарихи пайымдау да, ертегілік сипат та бар. Сөздің ішкі
ырғағының өзі күйдің әуеніне қарай құрылады. Әуеннің философиялық,

296

психологиялық, тарихи-танымдық мағынасын осы күй аңыздары ашады.
Бір өзіне өнердің қат-қабат қатпарын жинақтаған күй аңыздарын А. Сей-
дімбек: 1) Ежелгі дәуірдегі күй аңыздары; 2) Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі
күй аңыздары; 3) Ноғайлы кезеңіндегі күй аңыздары; 4) Жоңғар шапқын-
шылығы тұсындағы күй аңыздары; 5) ХYІІ-ХХ ғасырлардағы, яғни «зар
замандағы» күй аңыздары деп дәуір-дәуірге бөледі.

Екінші, тақырыпқа орай: 1) Тарихи оқиғаларға; 2) Тұлға тағдырына;
3) Тұрмыс-салтқа; 4) Арнауға; 5) Табиғат тылсымына; 6) Жан-жануарлар-
дың психологиясы мен мінезіне арналған күй аңыздары деп жіктейді.

Ал мазмұнына қарай: 1) Мифтік; 2) Әфсаналық; 3) Аңыздық; 4) Жағ-
даяттық (тұрмыс-салттық) күй аңыздар деп төрт түрлі жанрға саралайды.

Бұл саралаудың барлығын ғылыми тұжырыммен дәлелдейді. Және
тұңғыш рет жүйелеп отырған ғалым болғандықтан да А. Сейдімбек жаңа
ұғымдарды қалыптастырған. Сәтті ме, сәтсіз бе, ол - басқа әңгіме. Соның
барлығының електен өтіп, екшеліп, бір жүйеге түсуінің өзі - ғылыми жа-
ңалық.

Ал «Күй шежіренің» екінші кітабында қазақтың ықылым заманда дү-
ниеге келген күйлері туралы әфсаналармен бірге, Қорқыт пен Кетбұғадан
бастап, Динаға дейінгі ұлы күйшілердің шығармаларының шығу тарихына
тоқталған және олардың өмірбаянын бірге түсірген. Екі жарым мың жылдық
күй тарихының зерделенуі - қазақтың руханияты үшін үлкен табыс.

«Күй шежіре» кітабы - ұлттық діліміздің ең қасиетті тылсым жұмба-
ғының сырын түсінуге жетелейтін танымдық еңбек. Ата мұрамыздың жаңа-
ша оқылған және соны тұжырыммен пайымдалған тың оқулығы.

297

Жұмағали Ысмағұлов

'••••••

ТЕКТІ МҰРАНЫҢ ТЕГІ



Қазақтың дәстүрлі музыкасы, соның ішінде аспапты музыкасы (инс-
трументальная музыка) өзінің байырғылығымен де, молдығымен де, му-
зыкалық-эстетикалық мазмұнымен де және тарихи-әлеуметтік өмірді
бейнелегіштігімен де халықтың мәдени-рухани әлемінде айрықша орын
алады. Қазақтың рухани мәдениетінде мың жылдан астам уақыт аясын
қамтитын авторлы күйлер бар. Бүгінгі таңда тіркеуге алынған, қолда бар
күйлердің саны - 5 мыңдай. Ең ғажабы, осы күні бүгінге дейін тартылатын
күйлердің барлығының дерлік аңыз-әңгімелері бар. Ол аңыз-әңгімелер әрісі
Еуразия көшпелілерінің, берісі қазақ халқының тарихи-әлеуметтік өмірінің
«жанды шежіресі» (М.О. Әуезов) болып табылады.

Өкініштісі, осынау ұлы мұра осы уақытқа дейін музыка зерттеушілер
үшін филологиялық объект болып есептелсе, филологтар үшін музыкалық
мұраның объектісі ретінде ескерусіз қалып келді.

Міне, әрі тарихи зердені, әрі музыкалық біліктілікті, әрі филологиялық
пайымдауды қажет ететін қазақтың осынау синкретті мол мұрасын жи-
науда, зерттеуде және халықтың рухани игілігіне айналдыруда Ақселеу
Сейдімбек екі кітаптан тұратын «Күй шежіре» атты еңбегінде нағыз
зерттеушіге лайық табандылық көрсеткен. Автор тарихи, археологиялық,
архивтік деректер мен тікелей өзі жүргізген түз жұмыстарының нәтижесінде
2 мыңдай күй аңызын жинап, оның 1 мыңдайын хатқа түсіріп, жариялап,
күй мен күй аңыздарының жанрлық-құрылымдық, рухани-эстетикалық,
тарихи-айғақтық мәнін ғылыми биік өреде жан-жақты ашып көрсете білген.

Қазақта қанша мыңдаған күй болса, сол күйлердің шығу себебін баян-
дайтын соншама аңыз-әңгімесі бар болса, бұл - қазақ халқының мәдени-
рухани әлеміндегі ерекше бітімдегі төлтума құбылыстардың бірі. Осынау
текті мұраның назардан тыс қалып, жиналмай келуі өз алдына, оған қоса
сол фольклорлық жанрдың синкретті болмысы мен тарихи-эстетикалық
қадір-қасиеті де толық ашылмай келді. Бұл тұрғыдан келенде, қазақ
халқының тарихи-рухани мұрасының құнарлы бір арнасы болып табылатын

298

кел-көсір күй аңыздарын жинап-бастырудың, саралап-зерттеудің мән-
маңызы ерекше зор. Кезінде академик М.О. Әуезов былай деп жазды:
«Күй аңыздарының көп екенін ел біледі, бірақ кітап, баспа білмейді. Егер
олқылықтар толығып, күйлердің көрікті аңыздары, тілдегі баяндауыш
әңгімелері жазылса, онда қазақ халқының музыка фольклорына әдемі ай-
шық, нақыш қосылуымен, мағыналы мазмұн анықталып, жалғасуымен
қатар ауызша фольклор да өзінің бір қысқа түрдегі көркем әңгіме-но-
веллаларын көп байытқан болар еді.

Ұмытылып, жоғалып бара жатқан көп-көп ескі күйлердің қызық, терең
сырлы, мол мағыналы аңыздары да мәдениет мұрасы болып жөнін тауып,
жолы ашылар еді».

М. Әуезов көтерген, жүзеге асуын арман еткен бұл проблема өзінің мән-
маңызын әлгі күнге дейін жойған жоқ,

Ғалым-зерттеуші А. Сейдімбек өзінің «Күй шежіре» атты монография-
сында күй аңыздарын жинау, хатқа түсіру, одан әрі қазақ фольклорының
дербес жанры ретінде зерттеу арқылы дәстүрлі мәдениеті мен дүниетанымын
бұрынғыдан да тереңірек парықтауға, ұлттың рухани болмысын бұрынғыдан
да кеңірек бажайлауға жол ашқан. Монографияда зерттеліп отырған та-
қырыптың теориялық және практикалық тұрғыда мән-маңызының айрық-
ша салмақты екені күмән тудырмайды.

Қазақ фольклорындағы күй аңызы сынды арналы бір саланың тарихи
деректілігін, құрылымын, жанрлық ерекшеліктерін және күймен арақа-
тынасын қарастыру - А. Сейдімбек монографиясының негізгі мақсаты.
Зерттеу жұмысын бұлайша жүргізудің өзіндік мәнді себептері бар.

Атап айтқанда, күй аңыздарына осы уақытқа дейін ғалым-зерттеушілер-
дің жалпы фольклорлық мұра аясында жол-жөнекей назар аударғаны
болмаса, арнайы зерттелген емес. Тіптен, күй аңыздарының ел ішінде мей-
лінше молдығына қарамастан, бұған дейін жүйелі түрде жиналмағанын,
өзінің канондық айтылу үлгісінде айтарлықтай хатқа түспегенін атап өтуге
болады.

Сондай-ақ, қазақ фольклорындағы басқа жанрларға қарағанда, күй аңыз-
дарының назар аударатын ерекшелігі - ол қоғам өміріндегі салт-дәстүрмен,
әдет-ғұрыппен, кісілікті қалыптармен (нормалармен), күнделікті тұрмыс-
тіршілікпен, қысқасы, халықтың барша тарихи-әлеуметтік өмірімен мей-
лінше етенелікте біте қайнасып жатыр.

Осынау өзекті мәселелер монографияда нақтылы мына сияқты аспек-
тілерде көрініс тапқан:

1) Күй аңыздары жалпы этникалық мәдениетпен сабақтасып жатқан
рухани құбылыс екені тарихи-филологиялық аспектіде сараланып, тұңғыш
рет тақырыпқа қатысты тарихи, этнографиялық, археологиялық және жаз-
баша деректер ғылыми айналымға түскен. Сол арқылы күй аңыздарының
пайда болу, қалыптасу және бүгінгі күнге дейін туындау үрдісі тарихи
деректілік тұрғысында сараланған;

299

2) Күй аңыздарының құрылымы халықтың тарихи-әлеуметтік бол-
мысымен сабақтастықта қарастырылған. Нәтижесінде күй аңыздары тарихи
оқиғаларға, күйшілер өміріне, тұрмыс-салтқа, қоршаған ортаға, жан-жа-
нуарларға қатысты сараланып, осынау фольклорлық дербес жанрдың халық
болмысындағы өзіндік орны, қадір-қасиеті анықталған;

3) Күй аңыздары қазақ фольклорындағы ертегіге жатпайтын проза
саласының оқшау бітімді жанры ретінде жан-жақты қарастырылады. Күй
аңыздарының өз ішінде миф, әфсана, аңыз, жағдаят (тұрмыстық әңгі-
мелер) сияқты жанрлық түрлерге бөлінетіні, сөйтіп көп компонентті сипа-
тымен дараланатыны мейлінше қисынды дәлелдермен, нақтылы айғақ-
мысалдармен ашып көрсетілген;

4) Күй аңыздары, атауы айтып тұрғандай, тікелей күймен байланысты
дүниеге келеді. Сол себепті де автор күй мен күй аңыздарының арақатынасын
сабақтастыра зерделеу арқылы зерттеліп отырған тақырыптың ғылыми мән-
маңызын тереңдете түскен;

5) Кез келген ғылыми соны пайымдаулар жасау үшін эмпирикалық ма-
териалдардың тұғыр болатын әдеті. Осы орайда А. Сейдімбектің ел ішінен екі
мыңдай күй аңызын жинауы, оның мыңға тарта үлгісін жариялауы, сөйтіп
зерттеп отырған тақырыбына берік негіз етуі қазақ фольклортануының
тарихындағы үлгі боларлық еңбек еткенін атап өткен жөн.

Осынау ғылыми жаңалықтар мен ізденістердің қай-қайсысы да толымды
теориялық-методологиялық деңгейде көрініс тапқан. Монографияның ғы-
лыми жаңалықтары фольклортанудың, мәдениеттанудың, тарихтанудың
ең іргелі жетістіктерін басшылыққа ала отырып, орнықты дәлелдермен
түйінделген.

А. Сейдімбек әрбір ғылыми пайымдауларын қисынды дәлелдермен дә-
йектеп, әрбір ой түйіндерін нақтылы айғақ-деректермен көмкеріп отырады.
Мұның өзі монографиялық еңбектің ғылыми салмағын арттырып, жаңа ой-
тұжырымдарға күмәнсіз иландырып отыруға себепші болған.

Ал ғылыми жаңалығының деңгей-дәрежесі болса, мұның өзі ең алды-
мен бұрын-соңды қазақ фольклортануында арнайы зерттеу объектісі бол-
маған тақырыптың биік ғылыми-теориялық деңгейде орындалуынан айқын
байқалады. Алынған нәтижелерді халықтың дәстүрлі мәдениетін парық-
таудағы, әсіресе фольклортанудағы елеулі жетістіктердің бірі деп бағалауға
әбден болады.

Жалпы күй аңыздарын жинау, жариялаудан бастап зерттеуге дейін ав-
тордың сіңірген еңбегін қазақ фольклортануының теориялық және қол-
данбалы ізденіс саласын дамытудағы елеулі жетістіктерінің бірі ретінде атап
айтқан орынды.

Монографиялық зерттеудің негізгі тұжырымдарын, сондай-ақ жинақ-
талған қыруар материалдарын Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және
өнеріне арналған еңбектерде кеңінен пайдалануға болады.

Әсіресе қазақ әдебиетінің көп томдығын жазу барысында зерттеудің не-
гізгі жаңалықтары пайдаланылса, қазақ фольклортануы өзінің мазмұнын

300

анағұрлым байыта түсер еді деп ойлаймыз. Сондай-ақ, монографиядағы
өзекті жаңалықтарды жоғары оқу орындарының тиісті оқулықтарын жазу
барысында пайдалануға әбден болады.

Сонымен бірге гуманитарлық бағыттағы оқу орындарында, осы зерттеу
еңбекті негіз ете отырып, арнаулы курс оқуға да болады деп есептейміз.

Рабиға Сыздықова

КҮЙ ТАРИХЫН ТАРАТҚАН ШЕЖІРЕ СЫРЫ

Бір сүзіп оқып қана қоймай, қарайлап қайта үңілетін кітаптар болады.
Солардың бірі жайында «бір қайырым» пікір айтсам ба деймін. Кітап
аты - «Күй шежіре», авторы - Тарақты Ақселеу, білім-ғылым жұршылы-
ғына танымал есімі - Ақселеу Сейдімбеков.

Алдын ала ескертерім: пікірді музыка маманы болып немесе ән-күйі-
міз жөніндегі білім-танымға ден қойып жүргендердің бірі болып емес,
қатардағы оқырманның бірі және тіл маманы ретінде ғана айтпақпын.
Ең алдымен, осынау кітап, осындай еңбектер - бізге дәл бүгінгі таңда аса
қажет дүние, рухани мәңгүрттікке жетіп құлаған «тарихи өларада» тұрған
қазіргі шағымыздағы зәруліктің бірі. Зәруліктің өзі жоғалған немесе жо-
йылып бара жатқан нәрселерге қатысты болады ғой. Ал бұл күндерде көз
жазып қалған (сәл жұмсартып айтсақ, қала жаздаған) дүниеміз - ұлттық
сана-сезіміміз екенін, терминдемей айтсақ, қазақпын деп сезінуден, қазақ
болып көрінуден, «қазақ» деген халық атын мақтан етіп, зор тұтудан қалып
бара жатқанымызды енді біліп (бұрын білсек те, ашынып айта алмай), енді
айтып жатырмыз. Жоғалғанды қайтарудың, зәрулікті қолға түсірудің амал-
әрекеті керек.

Сол ізденістің бір өтеуі «Күй шежіре» кітабы деп білемін. Өйткені ұлттық
сананы ресми заң қабылдаумен, үгіт-насихатпен, «қысқаша курстармен»
қалыптастыру қиын. Оны сол халықтың мәдени-рухани қазынасын та-
нытумен, зердесіне құйып тәрбиелеумен әр адамның көңіліне ұялатуға
болар. Ал «сөз өнері, күй өнері, қол өнері көшпелілер болмысының мәдени-
рухани даралығын танытса», сол өнер түрлерінің шежіресін сөйлеу ұлттық
санамызды оята түсер қарекет болмақ. Ақселеу Сейдімбеков осы мұратты
көздеп, аталған еңбегімен «болашақ ұрпақтың (меніңше, тек болашақ емес,
қазіргі үлкенді-кішілі буындарды да) жан-жүрегін жылыту үшін «қол
жалғап» жіберіпті. Жан-жүрегіміз жылыса, онда ұлттық сезіміміздің де
ұялай бастағаны ғой!

302

Ал күй тарихының, сол тарих шерткен шежіренің қазақы санамызды
қамшылауда мәні ерен екенін ойлағанда есіме мына жәйт түсті.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейінгі кездердің бірінде біздің
үйге марқұм Тахауи Ахтанов келіп, біраз әңгімелесіп отырдық, Сонда
Тақаң: «Ойпырым-ау, жоғарыдағы, Мәскеудегі саятшыларымызға, басшы-
ларымызға не болды? Африканың кейбір жұрттары еркіндік үшін, ха-
лықтық дербестік үшін күресіп жатыр деп, оны қолдап, мадақтап, тіпті
кейбіреулеріне жәрдемдесіп ақша төгіп жатқанда, қазақтардың елімізді
ең болмаса тіліміз бен салт-дәстүрімізді білетін адам басқарса деген өті-
ніш-талабын тәрк етіп, боздақтарымызды қанға бояп, итке талатты-ау!
Африканың әбиірін жапырақпен жауып жүрген кейбір жұрттары кім, біз
кім, біздің домбырамыз бар еді ғой!» - деп күйініп бір кеткен-ді. Соңғы
сөйлеммен Тақаң өз халқының сан ғасырлық мәдени-рухани болмысының
асқақ сипаттамасын беріп еді. «Домбырамыз бар еді ғой!» дегенде, әрине,
құралды, ағашты айтқан жоқ, сол қарапайым құралмен жан дүниесін
білдіре алатын халықтың «рухани шүйгіндігін», білдіруге жарайтын
қоғамдық тарих көші барын айтқан еді. Міне, Ақселеудің кітабын оқы-
ғанда, Ахтановтай ойшыл жазушының бір ауыз сөзбен тобықтай етіп осы-
лайша түйіп тастағаны есіме түсті де, парасатты замандасымыздың келте
қайырылған жүрек сызын Ақселеу кеңейтіп айтып, деректі уәждерімен дә-
лелдегендей сезіндім.

Иә, қазақтың сан ғасырлық күй өнері «тек рухани-эстетикалық ләззат
беріп қана қоймаған, халықтың саяси-әлеуметтік мәселелерін шешудің
құралы да болған» екен. Бұндай құрал ұстаған халықтың ұлттық сезім-
санасы сергек, намысты. Тек сол намысты соңғы үш жүз жыл бойы мыс-
қалдап қолдан бергеніміз болмаса...

Осыдан барып жазушы Сейдімбековтің домбырамыз шерткен күй ше-
жіресін жинап, қалың жұртшылыққа ұсынғанына мейлінше разымыз.

Жай оқырман болумен қатар тіл маманы ретінде де бұл кітаптың мені
қатты толқытқан, мейлінше тәнті еткен бірнеше тұсын айтсам. Алдымен
еңбектің танымдық мәні орасан зор. Автор күй өнерінің тек сыр-сипатымен,
табиғат-тарихымен таныстырып қана қоймайды, сол өнерді қазақтың әлеу-
меттік, рухани, мәдени болмысымен шендестіре сөз етеді.

Кітаптың алғашқы 75 беті «көшпелілер мәдениетінің бір қыры» - күй
өнерінің тарихи кезеңдерін, күй жайында айтылатын аңыздардың «өзіндік
ерекшеліктері мен дара қасиетін», күйші дегеннің кім екенін, күйлердің
түрлерін, олардың ішінде айтыс күйлерін, тармақты күйлерді, күй аспап-
тарын тарамдап, талдап, көп сәттерде өз көзқарасын қоса білдіріп, бізге,
қарапайым оқырмандарға (тегі, мамандарға да) мол мағлұмат береді. Әрине,
ол мағлұматтардың дені тұңғыш рет ұсынылып отырмаған болар, бірақ
дәл осы кітаптағы танымдық материалдардың құндылығы сол - мұнда бұл
материал белгілі мақсат шеңберінде жинақталып, рет-ретімен ұсынылып,
бас-аяғы бүтін, жұмыр дүние болып шыққан. Бүған оның жатық та әсем,

303

әсерлі тілмен көмкерілген стильдік ерекшелігін қоссақ, тек қызығып емес,
сүйініп те оқитын аз кітаптың бірінен танылады.

Стильдік ерекшелік деп отырғаным, еңбек - бұрын-соңды қазақ жазба
дүниесінде көп кездеспеген ғылыми-көркем публицистиканың бір алуаны
деп білемін. Мұнда көркем прозаның элементі де бар: автордың әрбір күй-
ші туралы өз баяндауын да, жеке күйлер жайындағы әңгіме-шежірелері
де бір-бір романның мәйегі дер едім. Шығарманың және бір жанрлық
ерекшелігіне оның эсселік сипатын қоссақ, «Күй шежіре» өзгелерден одан
сайын оқшаулана түседі. Ал эссе дегеніміз жазушының әңгіме объектісіне
өз пікірін, көзқарасын қоса білдіріп отыратын шығарма түрі ғой. Бұл жерде
Ақселеу Сейдімбеков аңыз-әңгімелерді жинаушы ғана емес, бар мәліметті
қайталап айтып беруші емес, ұзақ жылдарды сарп етіп, шалғай жерлерді
кезіп, қолжазбалар мен архивтерді ақтарған нағыз ізденуші қаламгер, жаңа
деректердің авторы, бұрынғы деректер мен пікірлерге сын көзімен қараған
зерттеуші-ғалым ретінде көрінеді.

Жазушы-ғалым өткен ғасырларда қазақ мәдениетіне үңілген Рычков,
Палластардан бастап, бүгінгі Болат Қарақұлақовқа дейінгі қыруар әдебиет-
пен танысып, этнографиялық, тарихтың, филологиялық еңбектерді былай
қойғанда, лингвистика, психология, археология, геология, металлургия
салаларына қатысты әдебиеттерге де иек артып, өз ойын дәлелдейді. Бұл -
жазушының білім-ғылым көкжиегінің кеңдігін танытатын, жас ғалымдарға
үлгі-өнеге болатын қасиет.

Тіл маманы ретінде еңбектің мені өте қызықтырған екінші бір тұсы -
қазақтың мың жылдық күй өнерінің ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа
қағазсыз, ауызша дегендей, «құлақша» жеткенін көрсетіп, дәлелдеуі. Бұл
тұжырым ғылым үшін өте маңызды. Көшпелі өмір-салтын кешіп келген қазақ
халқының ғасырлап сақталған үш өнерінің үшеуі де нотасыз, қолжазбасыз,
кітапсыз, сызба-суретсіз біздің заманымызға тозбай, мүжілмей жетті деген
тұжырым-түйініміз мәдениеті жазу-сызу арқылы дамып келген елдердің
ғалымдары үшін нанымсыз, қисынсыз болып көрінеді. Қазақтың әдеби
тілі де бастауын ертеден алып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп, дамып
келді деген біздің пікірлерімізге орыс әріптестеріміз бен өзге де түркі тілдес
кейбір әріптестеріміз күні бүгінге дейін таласып келеді. Егер Қорқыттың
жиырма шақты күйі VIII ғасырдан бүгінгі күнімізге өз авторының аты-
мен, өз идеясымен нотасыз жетіп отырса, қазақтың өлең-жырлары мен
шешендік сөздерінің де жазу-сызусыз, қағазсыз жетуі неліктен шындыққа
жанаспайды? Демек, бұл жерде біз Ақселеумен үндес екенбіз. Сондықтан
«Күй шежіренің» теориялық мәні барын да баса айтамыз.

Сөз болып отырған кітапты тіл маманы көзімен оқығанда және бір тұсын
айрықша атар едім. Ол - жазушының тіл құдіретін мейлінше қастерлеген
шеберлігі мен күй өнеріне қатысты атауларды жүйе-жүйесімен көрсетіп,
мағыналарын түсіндіріп беруі. Жазушы Ақселеудің, публицист Ақселеу-
дің тілге дегенде, сөз таңдауға, сөз жұмсауға келгенде ізденгіштігіне, жа-
уапкершілігіне, даралығына қызығып та, сүйініп те келе жатқандардың

304

бірі едім. Бұл кітапта да қалам иесі ана тіліміздің икемділігі мен әсемдігіне
имандай ұйыта түсті.

Ақселеу - әрбір сөздің жұмсалу орнына, бір-бірімен тіркесу қабілетте-
ріне мейлінше зер салатын жазушы. Мысалы: «Күнге, айға табыну, жерге,
отқа, суға сиыну, аң мен құсты пір тұту, көк түсті кие тұту қазақтардың
наным-сенімінде күні бүгінге дейін сақталған», - деген сөйлеміндегі көр-
сетілген етістіктердің барлығының мағынасы бір, бірақ әрқайсысының
жанаса айтылатын зат, ұғым атаулары бөлек-бөлек екенін сөз зергері ғана
біледі.

Тағы бір мысал. Білдіретін идеясы жағынан күйлерді топтап, әрқайсысын
«бебеулейді, ширығады, күмбірлейді, азынайды, шалқиды, сылқылдайды,
баяндайды» деп сипаттау Ілиястай ақынның күйші домбырасының қалай
«сөйлейтінін» 65 түрлі етістікпен білдіргенін еске түсіреді.

Бұл кітапта музыка өнеріне, күйге қатысты қолданылатын атаулар ма-
мандар үшін, мүмкін, жаңалық болмас, ал біз сияқты қалың оқырманға
оларды тек-тегімен, түр-түрімен көрсетіп бергені - өте құптарлық іс.
Мысалы, күй тартудың қағып тарту, шертіп тарту, іліп тарту деген түрлерін
көбіміз білетін де болармыз, ал бірақ сол тарту тәсілдерінің атауларын
түгел дәл біле бермейміз, сол сияқты перненің 21 және 23 түрлі атауын,
күй тартуды бастауы, өрлеуі, шырқауы, қайтуы, жусауы болатынын біліп
отырсақ, артық болмас. Кітап авторы күйші-композитор, домбырашы-
орындаушы деп бұл екі терминнің айырмасы барын жақсы көрсетеді. Ана
тілін сыйлайтын адам домбыраны ойнайды демей, домбыраны тартты деуі,
қобыз жасау демей, қобыз шабу деуі керек екенін де автор әдемі ескертіп
отырады. Жазушы кейбір сөздердің түп-төркінін барлауға да тәуекел еткен.

Кітап соңында берілген қосымшалар мен терминдер сөздігі басылым
мәдениетін көтеріп тұр.

Қорыта келгенде, алдымызды жаңа жанрдағы өте құнды, көркем тілді
тамаша туынды жатыр. Оны жастарымызға да, жасамыстарымызға да
мол мағлұмат беретін, танымдық-эстетикалық қалауын өтейтін еңбек деп
жоғары бағалаймыз.

305

Жомарт Әбдіхалық

РУХЫМЫЗДЫҢ ІНЖУ-МАРЖАН ШЕЖІРЕСІ

Десе дегендей, қазақтың сөз өнері, саз өнер және қол өнері - өзіміз үшін де,

өзгелер үшін де айрықша құбылыс. Оның байыбына барып, мән-мағынасы-

на бойлаған адам ешқашан халқымыздың бұл үш кие-қасиетіне таңданып,

тағзым етпей өте алмаған. Ол шындықты қазіргі заманда тіпті емін-еркін,

анық біліп отырмыз.

Дегенмен, қандай нәрсені де бір жақты қарап, оны шектен асыра мақтап

даурығудың керегі жоқ. Біздің төл өнеріміз бен тұрмысымыздың кейбір

тұстарын төмендетіп, балаңдыққа, анайылыққа балайтын, «кері кеткен

кемістік» деп санайтын көзқарастың да бар екені белгілі. Алайда, сонау

көне замандағы «тарихтың атасы» атанған Геродоттан бастап, бүгінгі дү-

ниежүзілік халықаралық ұйым - ЮНЕСКО-ның білімпаз сарапшылары-

на дейін, атап айтқанда, қытай, мысыр, үнді, испан, араб, италия, орыс,

поляк, неміс тарихшылары мен зерттеушілерінің, нелер кереметті өз көз-

дерімен көріп, өз құлақтарымен естіген жиһанкез-саяхатшылардың қай-

қайсысы да, жалпы алғанда, көшпелілер әлеміне, оның өркениет ерек-

шелігіне («цивилизация кочевников» деген термин орнығып келеді), нақты

айтқанда, қазақ тіршілігінің болмысына бейтарап қарай алмаған. Егер

айтып түгендей берсек, оның дерегі әрі әсерлі, әрі жеткілікті екеніне көзіміз

жетеді. Бірақ қандай ақиқатты да тану, әсіресе халық тағдырымен тікелей

тамырлас, өрімдес болып келетін төлтума өнер табиғатын тереңірек түсіну,

мүмкіндігінше оны бойға дарыту кез келген жұмыр басты пендеге жеңіл

жүк емес. Ал дәл осындай жағдайда белгілі қаламгер, білікті ғалым Ақселеу

Сланұлы Сейдімбек (Тарақты Ақселеу) «Күй шежіре» (Алматы,

1992 жыл) атты жаңа кітап - туған жұртымыздың қандай болғанын, кім
екенін білгісі келген адамға қапысыз-ақ қол ұшын беріп тұрған іргелі еңбек
дей аламыз.

Біріншіден, олай дейтініміз, асыл мен жасықтың парқын білер қауым
бұрын да, бүгін де болғанымен, нақты дерек, тарихи зерде тұрғысынан
неғұрлым жүйелі білуге келгенде бірқатар саладан едәуір кенде едік.

306

Соның бірі осы саз өнері, күй аңыздарының жай-жапсары болатын. Кө-
бінесе тамаша салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымыз бен дүниетаным,
өнер туындыларын байыптап, түсіндіруге келгенде бас-аяғы бір арнаға
жинақталмай, қадау-қадау мысалдар түрінде ғана айтылып, терең толғаулы
қорытындылар, тұжырым-қағидалар (концепциялар) жасалмайтын. «Күй
шежіреде» бұл талап, құдайға шүкір, мұқият ескеріліпті.

Екіншіден, кітап авторы Ақселеу Сейдімбек күй аңыздарына, күйші-
сазгерлердің өздеріне байланысты арғы-бергі шежіре деректерді жалаң
аңыздау, әсіре әңгімелеу шеңберінде қалып қоймай, олардың тарихи-әлеу-
меттік ортадағы орнын, сабақтастық тамырларын да дөп басуға тырысып,
қыруар пайымдаулар жасайды. Сол арқылы киелі өнер иесі болып танылған
жеке тұлғалардың қай-қайсысы да халықтық тағдырдың бел ортасынан
көрінеді.

Осы іргелі еңбектің халықтығына, қажеттілігіне байланысты үшінші
бір ерекшелік - кітаптың салған жерден көз жаздырмайтын көркемдік-
эстетикалық тағылымының терең де тегеурінді екендігі.

«Күй шежіренің» өн бойынан еркін әрі мол табылатын және біртұтас
мінсіз өріммен көрінетін осындай үш сипат, біздің ойымызша, бұл кітапты
рухани қазынамызға соңғы.жылдар ішінде келіп қосылған бірқатар санаулы
еңбектің ішіндегі ең бір шоқтығы биік, әсері мол, игілігі ұрпақтан-ұрпаққа
кететін туынды деп бағалауға мүмкіндік береді.

Енді осы айтқан үш тезисімізді тиянақтап шығуға жол берейік.
«Күй!» десе қандай елжірейміз?! Тыңдап, тұшына отырып қыруар хал
кешеміз: үн-әуездің сазынан бойың сергіп, ойың қуаттанады... Тағы-тағы
мың сан сезім жаныңды билеп, үміт-тілегің, қайрат-жігерің қанатты сер-
пінге бөленіп, шартарапқа санаңнан сәуле шашылғандай болады.
Сонда бұл нендей құдірет?!
Ақселеу осы құпияның сырын ашу үшін ауқымды кеңінен алады. Саз
өнерінің, музыкалық мәдениетіміздің тарихи тамырларын тереңнен бас-
тайды. Еуразияның Ұлы Даласында үш мың жыл бойы көшпелі өмір-
салтты бастан кешіргендердің «...XX ғасырға дейін жеткен ең соңғы
тұяғы - қазақ халқы» деп есептей отырып, ол сол өмір-салтқа сай
өркендеген мәдениеттің де кілтін табуға ден қояды. Осы орайда атап
айту қажет, бұл кредо - оның ғылыми ізденістері мен шығармашылық
көзқарасына арқау болған ең үлкен бір өріс.
Бұрынғы-соңғы зерттеулерде «Көшпелілер тіршілігі, көшпелілердің өмір-
салты» деген ұғым бір мансұқ ету, «кері кеткендік» тұрғысынан қолда-
нылатын. Сондықтан да оның аясынан әлдебір тарихи мәнді құбылыс
тауып, оны үлкен жүйе тұрғысынан қарау ғылыми-шығармашылық дәс-
түрімізде өте кемшін еді. Енді жағдай басқаша - кейінгі ізденіс-зерттеулер
мыңжылдықтарды именбей нысанаға алып отыр. Көзді ашып қарау деген
осы болар, шамасы.
Күмән жоқ, көшпелілердің өмір-салты - Ұлы Далада өмір сүріп, мекен
еткен этностардың тарихи-табиғи болмысы.Ол-төлтума дара құбылыс. Оны

307

адамзат дамуының ұлы көші тұрғысынан алып қарасақ, ең ұзақ шыңдалған
өмір-салт екенін көреміз. Басқа бірде-бір мәдениеттің, бірде-бір өркениеттің
типтік ерекшелігі мұндай ұзақ уақыт аясын әсте қамтыған емес. Осынша
ұзақ тарихи мерзім ішінде табиғи дамудың қажеттері (сұраныс-тілегі)
қалайша қанағаттандырылып келген? Тіпті қайран қаласың!

«Өнер - көшпелілер өмірінің реттеушісі», - болған дейді автор. Рас
емес пе, біз - рухани ықпал етуші күшке құлақ асу, мойын ұсыну дәстүрін
қалыптастырған салты берік халықпыз. Сол салт-дәстүрімізге қылау түссе -
ол да шындық. Жаңа өмір-салттың қамытын киіп, не әрі, не бері бола алмай
жүргенімізге көп уақыт бола қойған жоқ. «Өнер алды - қызыл тіл» деп
өнеге дарытқан қазақ ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен. Адам өмірін
туғаннан өлгенге дейін ән мен күй әлдилейтінін де олар (Абай) тап басып
айтқан. Ал сырт көздің өзі: «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай...»
(Г.Н. Потанин), - деп сүйіспеншілікпен елестеткен қайтерсіз?!

Осының бәрі, сөз жоқ, ішкі рух күшіміздің парасатты биік тұғырда
болғандығын танытады. Оны әлі де ұрпақтар жадына ұялата түсу үшін
«Күй шежіре» тәрізді кәміл сеніммен, шалқар шабытпен жазылған шынайы
туындылар айрықша қажет.

«...Осы уақытқа дейін қазақ музыкасының, дәлірек айтсақ, қазақтың
музыкалық фольклорының бір ғана қырына баса назар аударылып келгенін
аңғартуға болады, - дейді Ақселеу. - Ол ән-күйлеріміздің таза музыкалық
туынды ретіндегі қасиеттері еді. Яғни, ән-күйлеріміздің әуендік, сарын-
дық ерекшеліктеріне көбірек мән беріліп келді. Ең талдап, сөз еттік
дегенде, сол ән-күйлердің жанрлық сипаты, ішкі құрылыс-бітімі, орын-
далу ерекшеліктері тілге тиек болды. Алайда осы бай музыкалық фольк-
лорымыздың екінші қыры, мейлінше мәнді қыры назардан тыс қалғандай.
Ол - ән-күйімізді халықтың тарихи-әлеуметтік болмысымен шендестіре қа-
рау мәселесі».

Дәл осы тұрғы, біздіңше, зерттеуші-шежіреші Ақселеуге көп олжа түсір-
ген. Кітапты тарихи роман-эссе деп танудың үлкен негізі бар. Күйшілік
дәстүрдің сабақтастығын белгілі деген біртуар күйші-сазгерлер арқылы
деректі зерттеу, шежіре әңгімелерімен дәйектегеннің өзінде ғажап тарихи
тұлғалар сомдалып шыққан. Мына қараңыз, сонау ғасырдан бермен қарай
Орта Азия мен Қазақстан топырағында үзілмей жалғасып келе жатқан
әрқайсысы заңғар-құдірет дарын иелері былайшы сап түзейді: Қорқыт ата
(YІІІ-ІХ ғғ.), әл-Фараби (ІХ-Х ғғ.), Ибн Сина (X ғ.), ұлы жыршы Кетбұға
(ХІІІғ.), Сафи-әд-Дин(ХІІІғ.), Сыпыражырау (ХІYғ.), Қазтуған (ХYғ.), Әбу
әл-Қадыр (ХYғ,), Байжігіт (ХY-ХYІІғғ.), Ақтамберді (XVIIIғ.), Нысан абыз
(XVIII ғ.), Қүрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей (XIX ғ.), Тоқа (ХІХ-ХХғғ.),
Дина(ХХғ.)...

Ал осындай ұлы рух иелерімен замандас, өкшелес күйшілер легі қанша-
ма?! Олардың әрқайсысының өнерпаздық әлемі халық тағдырынан, оның
әлеуметтік тіршілігінен, сезім, парасат, ерлік, адамгершілік қасиеттерінің
сынға түскен қиын-қыстау шағынан үлгі-өнеге боларлық керемет сыр

308

ашады. Сондықтан да болар, «Күй шежіре» - халықтың әлеуметтік тари-
хын, өнерпаздық мәдениетін әйгілейтін, оның сан алуан қатпарларын көз
алдымызға қапысыз елестететін терең сазды, қарымды еңбек.

Тарихта болған ірі тұлғалардың (біз олардың бірқатарының кескін-бей-
нелерін осы кітаптағы нұсқа бойынша әдейі жариялап отырмыз - Ж.Ә.)
тек күй шежіреге қатысты қырын ала отырып, оларды қоғамдық-әлеумет-
тік болмыстың шынайы кейіпкерлеріне айналдыру қандай шеберлікті,
қаншама зерделілікті талап ететінін аңғару онша қиын болмас еді. Бірақ
осындай ұлан-ғайыр зіл-батпан істің қиюын тауып, қисынын келтіріп, иін
қандыра атқарып шыққан Ақселеуді бұл жолы тек қаламгерлік қырынан
көру аздық ететіні ақиқат. Оның тарихшылығы, әлеуметшіл идеяны табиғи
аясында талдай білетіндігі, әсіресе күй өнерінің сазды нақыштарынан не
ғаламат сыр суыртпақтап, тіпті қазақ күйлерінің тақырып, мазмұн, әуез-
сарынына қарай олардың типологиялық жүйесін жасауы - автордың зор
жаңашылдық, әмбебап қарымын танытады.

Қанша белгілі, кейбір деректер бұрыннан да таныс дегенмен, ілгері-
соңғы зерттеушілердің, көнекөз ел адамдарының, білікті өнер иелерінің
айтқан-түйгендерін толық ескеріп, таразыға тарта отырып, тың арна табу
бұл салада оңай жүк емес еді. Бұл ретте ол, талас жоқ, шын қуанып-құптауға
лайық, әрі ғылыми, әрі көркем, соны туынды сомдап, оны өз дәрежесінде
елге ұсынды.

«Соңғы деректер бойынша, - дейді автор, - ғалым-зерттеушілерге қазақ
халқының бес-алты мыңдай күйі белгілі. Осынау мол мұраға тарихи-эт-
нографиялық зередемен ден қойсақ, оның бір мыңдайы XVII ғасырға дейінгі
алыс кезеңнің еншісіне тиесілі екенін, төрт мыңдай күйдің ХYШ-ХІХ ға-
сырлар аясында туғанын, қалған бір мыңдай күйдің соңғы XX ғасырда
дүниеге келгенін аңғарар едік».

Міне, ғажап! Енді сол мол мұраның әрқайсысын өмірдің тәніне, халық-
тың басынан кешкен күйіне жақындатып көріңіз. Қандай келісті шежіре
бой түзеді?!

Күйші - тарихи-әлеуметтік ортаның перзенті. Күй - өнер туындысы,
оның сезімі, сенімі. Сол ортаның қуанышы мен қайғысы, қасіреті мен
жеңісі.

Көне кезең - өз алдына бір бөлек дәуір. Мифтік сана, қауымдық тірлік -
айтып болмас аңыздарға арқау болған. Әрине, көшпелілердің діні - Тәңір-
лік сенім. Яғни, дүние-ғаламның бәрі - «заттанған ақиқат». Бақ пен сордың
қандай болатынын тек солар арқылы түсінген замана бастан өткен. Бұған
күнге, айға, жұлдызға табыну, жерге, отқа, суға сиыну, аң-құсты пір тұту,
тіпті ең арғысы аспанмен астасқан көк түске кие ретінде қарау қазақтардың
наным-сенімінде күні бүгінге дейін кездесетіні куә. Және күйлер туралы
аңыз бұл шындықты әсте аттап өте алмаған.

Ал кейінгі тарихи кезеңдер туралы сөз мүлдем басқаша. Оның күй
сарындары - нағыз деректі әлеуметтік хал. Күйініш-сүйініштің енді ай-
жұлдыздан емес, кімнен келіп, неден туындайтынының нақты ізі бар.

309

Кітаптың соңғы үшінші тарауы «Халық күйшілерінің күй аңыздары»
деп аталады. Ол және Қорқыттан (IX ғасыр) басталады. Осы арада «Күй
шежіресін» көсілтіп баяндайтын Тарақты Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің
ерекше бір ұрымтал әдіс тапқанын арнайы бөліп айтқымыз келеді. Бұл
тарауда кемел дарын, керемет күйшілігімен музыкалық мәдениетімізде
өшпес із қалдырған Қорқыт ата бастаған жиырма екі күйшінің өмірбаян-
ғұмырнама деректері және олар шығарған күй-саздарының аңыз-әңгімелері
баяндалады. Олардың әрқайсысы - энциклопедиялық ғажайып жиһаз,
қимайтын қазына. Әсіресе әр күйшіге арналған кіріспе-эссе өзінше бір
Ақселеулік әліппен жазылған. Мұндағы ғылыми жинақтау, ой қорытулар,
түпнұсқа деректерге деген адалдық өз алдына, сонымен бірге ол өзі іздеп
тапқан тың фактілерге, салыстырмалы пайымдауларға тізгін тартпай кө-
сілте ерік берген. Сонысымен ғана өзінен бұрынғы белгілі тарихтың өзін
жаңаша тағылым-дәлелдер арқылы әрі тереңдетіп, әрі жүйелі сабақтастық-
қа ұластыра алған.

Бұл - ірі жетістік.
Әйтпесе біз түркілік тұтастықтан ортағасырлық бөлшектенуді, одан
Алтын Орда болған дәуірді, одан кейінгі қайта ыдырау заманын бастан
кешіргенімізді, тіпті қазақ хандығы тарих аренасына шыққан айқын
оқиғаның өзін мың құбылтып, неше түрлі терісқақпайға салғанымызды
тағы да бір қайталағандай болар едік. Қуанышқа қарай, Ақселеу бұрынғы
идеологиялық етекбастылықтан біржола қара үзіп, халқымыздың тарихи
әр кезеңіне сай саяси-қоғамдық ахуалдың жалпы жұртқа түсірген нәубетін
де, жеке тұлғалардың жүрегіне батқан запыран-зарын да емін-еркін жеткізе
алған.
Бұл шығармалардан ұлы жырау Кетбұғаны, данагөй абыз Сәбитұлы
Асан Қайғыны, өзі ақын, өзі би, қаһарман батыр Сүйінішұлы Қазтуғанды,
дара тұлға Байжігітті, тар қыспақ заманда қазақ хандығының барын асырған
Абылай ханды, болат семсер, ақ қылыш Өтемісұлы Махамбетті өз тұсының
бүкіл қоғамдық шындығының қайшылығы мен қақтығысын анық сезіп,
бел ортасында жүрген биік тұлғалар ретінде танысақ, одан кейінгі кезеңнің
дарынды күйшілері де қазақ жұртының нәубетті тағдырынан еш алшақ
бола алмағанын анық көреміз. «Күй шежіренің» Тәттімбет, Құрманғазы,
Дәулеткерей, Абыл, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Дайрабай, Динаға... арнаған
бөлімдері деректі мол қамтуымен және шымыр, түйінді ойлармен әдемі
өрнектеліпті. Сонымен бірге батыл салыстыру образдық кесек бітімді
бейнелейтін теңеу, шрихтар мұнда мол кездеседі. Әсіресе Құрманғазы,
Шоңманұлы Тоқа, Ықыласқа байланысты соны пайымдаулар айрықша
назар аудартады.
Мысалы, Ықылас жиырмаға әлі тола қоймаған кезінде дүниеге келтірген
әйгілі «Ерден» күйі жөніндегі хикая атақты Орынбай ақынның өлеңімен,
бағаналы елінің Шоқай атты (Құлжабай деп те айтады) шешеннің сөзімен
келісті әдіптелген:

310

Ассалаумағалейкум, Ерден!
Кеткенің бе кердең?
Мен - Шоқай ағаң,
Алыстан көңіл айта келген.
Кел, кәне, көріселік,
Басыңды көтер жерден!
Басыңа бақыт құсы қонып,
Жасыңнан орын алдың төрден.
Жаратқан пұлсыз беріп, құнсыз алды,
Нең бар еді құдайға берген?
Сенің шикі өкпе балаң түгіл,
Әкең Сандыбай да өлген.
Оны мына мен көзіммен көргем,
Қолымнан көмгем,
Өлген қайтып келмен!
Ауырды жер көтереді,
Жерді жел көтереді,
Қазаны ел көтереді,
Қайгыны ер көтереді.
Қарадан туган хан емес пе едің?!
Айырдан туган нар емес пе едің?!
Кеше әкең Сандыбай өлгенде
Қасында мен бар емес пе едім?!
Сен сонда жалаңаяқ бала емес пе едің?!
Жаманның басына іс түссе ойлай береді,
Жақсының басына іс түссе бойлай береді.
Көтер басыңды,
Қарсы ал досыңды!
Босатпа беліңді,
Жасытпа еліңді! -

деп шешен сөз тастағанда, мейманасы асқан аға сұлтан Сандыбайдың Ердені
сонда ғана жастықтан басын көтерген екен дейді...

Мұндай сырға «Күй шежіренің» әрбір новелласынан еркін қанығуға
болады.

Сонымен, халқымыздың қазыналы рухани мұрасына жаңаша жүйемен
қарап, саф алтынды сапырғандай ғажап әсерге бөлейтін бір кітап дүниеге
келді. Оның елге мәлім аты - «Күй шежіре».

«Ешқандай қаймығатыны жоқ, бұл жаңа туынды - шежіре десе шежіре,
қазына десе қазына. Әсіресе Ақселеу осы шығармасы арқылы ұлы Мұхаң -
Мұхтар Омарханұлы Әуезов өсиет еткен бір парызды орындауға тегеурінді
үлес қосып отыр.

«Күй аңызының көп екенін ел біледі, бірақ кітап, баспа білмейді. Егер
олқылықтар толып, күйлердің көрікті аңыздары, тілдегі баяндауыш әңгі-

311

мелері жазылса, онда қазақ халқының музыка фольклорына әдемі айшық,
нақыш қосылуымен, мағыналы мазмұн анықталып, жалғасуымен қатар
ауызша фольклор да өзінің бір қысқа түрдегі көркем әңгіме-новеллаларын
көп байытқан болар еді.

Ұмытылып, жоғалып бара жатқан көп-көп ескі күйлердің қызық, терең
сырлы, мол мағыналы аңыздары да мәдениет мұрасы болып жөнін тауып,
жолы ашылар еді», - деген болатын кезінде академик М. Әуезов.

Міне, бүгінде «Күй шежіре» - ауызша фольклорымызды жинақтап, ел
игілігіне айналдыру тұрғысынан ғана емес, рухани зердемізді жаңа деңгейде
шынықтыра түсетін айтулы еңбек дәрежесінде қолымызға тиіп отыр. Әрине,
мұны дәтке қуат санаймыз.

Қуанышбай Құрманғалиев

КҮЙ АҢЫЗЫ - СӨЗ МАҢЫЗЫ

Бұл өзі - сегіз қырлы, бір сырлы кітап. Сол себепті оны әр қырынан
алып бағалауға тиіспіз. Оқырман оны өзін ғана қызықтырған жағынан қа-
растыруға хақылы. Ол әркімнің өз түйсік-түсінігіне, білім-білігіне, өресіне
байланысты.

Бұл кітап біреулер үшін күй өнері туралы трактат, екіншілер үшін
күйшілер туралы ғұмырнамалық ғақлия әңгімелер, үшіншілерге өнер
тарихының бір тармағы, төртіншілердің тұжырымынша этнографиялық
эсселер, бесіншілердің білуінше ғылыми еңбек сияқты қабылдануы әбден
ықтимал. Сонда біз қайсысын қалаймыз, қайсысын ақиқатқа балаймыз?
Осы жерде ерікті оқырман қауымының өзіне берген жөн. Қайсысын қаласа
да қателеспейді. Тақырыбы мен жанрын анықтау үшін қара терге түсіп,
өңеш жыртып айтысудың қажеті жоқ. Өз патша көңіліңіз шешсін. Бұл жер-
де бір-ақ нәрсе даусыз. Ол - «Күй шежіренің» қазақ баласына аса қажет,
өзгеше құнды кітап екендігі. Мәселе кітаптың мән-маңызын тереңнен толғап
түсінуде. Зейін қойып, зердеге сіңірмей, дара саралап, санаңа түсірмей,
жайшылықтағыдай жеңіл қалқып, жете түсінбесек, онда өзімізге сын, яғни
жетесіздігімізді білдіріп аламыз.

Мен Ақселеу Сейдімбековтің көп оқырмандарының бірі ретінде «Күй
шежіре» туралы түйген, тоқыған тұжырымдарымды ортаға салсам деймін.
Оның үстіне жазушының бұл шығармасы жалпақ елдің талқысына ұсы-
нылып жатқан сәтте сыр бөліспей, сырт қалу, біз секілді қаламдас замандас-
қа жарасар ма?!

Қазақтың рухани қазынасы аса бай музыкалық өнерін түсініп-түйсіну -
оның болмысын, өзгелерден айырмашылығын білудің алтын кілті. Осы
орайда Ақселеу ашқан жаңалық бірден көзге ұрып, көңілге қонып тұр. Біз
әдетте ән-күйлерімізді музыкалық туынды ретінде қарастырып, осы қырын
ғана әңгімелеп келдік. Ал «Күй шежіре» төлтума мәдениетіміздің дара
сипатын айғақтайтын мәнді мәселе көтеріп отыр. Жазушы ән-күйлерімізді
қазақтың тарихи-әлеуметтік өмірімен сабақтастыра саралауға ден қойған.

313

Бұл болса - музыка мамандарының назарына ілінбей келген зерттеудің
жаңа қыры. Ақселеу Сейдімбек осылайша күй аңыздарын әңгімелеп
отырып, күй өнерінің көркемдік-эстетикалық мән-маңызын түсіндірудің
кілтін тапқан. Бұл - өзгеміздің ойымызға оралмаған, аузымызға түспеген
жаңа мәнді, құнды пікір.

Нағыз ұлттық музыка халықтың тарихи тағдырымен тамырлас екен-
дігін дәлелдеп шығуы «Күй шежіренің» құнды ғылыми трактат ретіндегі
бағасын асырып тұр. Сонау есте жоқ ескі замандардан бүгінге сол әуелгі
әуенімен, таза қалпында жеткен музыкалық мұраларымыздың шындықты
көркем бейнелеудің шырқау биігіне көтерілген асыл қазына екендігі ақиқат
қой. Қазақтың осыншама рухани мұрасын көкірегінде, жадында сақтап
келгені қандай ғажап құбылыс?! Нотаға түсіріліп, қағазға хатталса бұлайша
таңдай қағып, таңданбауға болар еді. Ал сонау VIII ғасырда ғұмыр кешкен
Қорқыттан бастап, мыңдаған күйлердің саф алтындай сақталып, хан-қараға
бірдей түсінікті болуы кім-кімді де қайран қалдырары хақ. Міне, Ақселеу
«Күй шежіресінде» қазақ күйлерінің осындай керемет қырларын аша білген
әрі жеріне жеткізіп айта алған.

Жазушы күй аңыздарын әңгімеге арқау ете отырып, олардың көне за-
мандарға, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға айғақ болар құнды дереккөзі
екендігін де дәлелдеп шыққан. Ол қазақтың ауыз әдебиеті өзінің күллі
бітім-болмысы арқылы ұлттық музыкамен тығыз байланысты екендігін
де тұшымды пікірлерімен түсіндіріп берген. Сондықтан да Ақселеудің:
«...Сөз өнерінің құрғақ қара сөзбен айтылмай, ән мен әуенге, саз бен сарынға
иек сүйеу арқылы айтылатынын аңғартады», - деген тұжырымына толық
қосыламыз. Оны күнде көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр емес пе?! Расында
да, қазақ күйлерінің қай-қайсысы да шежірелі сөз, оқиғалы әңгімелерге
байланыстырыла орындалатынын кім білмейді? Күйлердің шығу тарихын
баяндау, сол арқылы белгілі бір кезеңді, ондағы оқиғаларды, тұрмыс-салт,
әдет-ғұрыпты әңгімелеу арқылы да Ақселеу қазақтың музыкалық мол
мұрасының ұлттық ерекшелігін, сындарлы сипатын ашып беріп отыр.

Біздің «Күй шежіресін» ғылыми трактат дейтін тағы бір себебіміз, оның
қазақ күйлерін кезең-кезеңге бөле қарастырып, тақырыптық жағынан
да жіліктей талдап, халқымыздың төл тарихымен тығыз байланыстыра
қарағандығынан деп білгейсіз. Мұны ол нақты мысал, деректі дәлел арқылы
әрлей, әсерлі әңгімелеп шыққан.

Ақселеу қазақ күйлері туралы толғанысында халықтың біртұтас екен-
дігін еске салып, оның тарихи тағдырында шарықтаулар мен құлдилаулар
болғандығын, ұлттық музыкалық мұраларымыз да соған орай күй кешіп,
айтулы айғақ қалдырғанын да ұмыт қалдырмаған екен. Сондай-ақ, «Күй
шежіреде» қазақ музыка өнерінің, оның ішінде құдіретті күй өнері де бар,
қоғамдық өмірдегі өзгерістердің, империалистік идеологияның тепкісіне
түсіп, ұлттық нақыш бояуынан мүлде айырылып қала жаздағанын да
жасырмай, қабырғасы қайыса отырып жазған. Жазушы бұл жерде халықтың

314

табиғи тағдырының кіндік үзсе - ол ұлттық мәдениет болмайтынын ашына
айтқан, ақиқат айтқан.

«Күй шежіреде» күй аңыздарының шығу тегі, күй мен тілдің табиғи
бірлігі, күй мен күйші тағдыры, күйдің жанрлары және күй аспаптары да
жан-жақты әңгімеге арқау болған. Айтылған пікір, ортаға салынған ой - бәрі-
бәрі жалаң сөз емес, көңілге қонатын ауқымды тұжырымдар жасау арқылы
жазылған. Нағыз өнер мен сол киелі өнерді тудырған халықтың кіндігі
бір, өмірі өзектес, яғни біртұтас екендігін бұл туынды тарихи тұрғыдан да,
ғылыми жағынан да толық дәлелдеп берген. Кітаптың аса құндылығының
айғағы да осы.

Ғұлама ғалым, әйгілі жазушы М. Әуезовтің данышпандығын даралай-
тын мысалдар мейлінше мол. Соның бірі - осы қазақ халқының музыкалық
мұрасы туралы айтқан пікірлері.

Мұхаңның күй аңызының көп екендігін ел білетіндігін, оны жинасты-
рып, жарыққа шығаруды баспалардың қолға алмай отырғандығын қынжы-
ла әңгімелегені еске түседі. Ескі күйлердің «терең сырлы, мол мағыналы
аңыздары" бар,оны жазса,көркем әңгіме, новелла жанры байып,әдебиетіміз
әдемі айшық, нақышпен толысар еді. Мұхаңның мегзеуін мезгілінде байқап,
басшылыққа алған да Ақселеу болды. «Күй шежіренің» жазылуына себепші
болған Мұхаңның сол сөздері екендігіне де еш күмән жоқ. Оны Ақселеудің
өзі де ашық мойындаған. Ендеше мұны ұлы жазушының әдеби арманының
жүзеге асқаны деп біліп, авторға алғыс айтқанымыз жөн болар еді.

Жә, сонымен, күй аңыздары - көркем әңгімеге арқау болыпты. Осы
тұрғыдан алғанда, Ақселеудің «Күй шежіресі» - көркем әдебиеттің тумы-
сы бөлек туындысы дерлік дүние. Күй аңыздарын жазуда Ақселеудің жа-
зушылық дарыны бар қырынан көрінген. Қара сөздің қаймағын ағызып,
айызыңды қандырған, ақиқаттығына нандырған небір тарихи оқиғалардың
куәсі боламыз. Қазақи әңгімелерінің нағыз нақышты, құлақ құрышын
қандыратын шешендігі мен оқиғаның кызықтығы қосылып, шебер шен-
десіп, әдемі үндесіп отырады.

«Күй шежіренің» негізгі бір бөлігі халық күйшілерінің шығармаларына
арналған. Ол - «оғыз-қыпшақ тайпаларының YІІ-ІХ ғасырларда ғұмыр
кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді
болжайтын көріпкел бақсысы» Қорқыттан бастап, жасында Моңғолия
жағындағы нағашы жұртына өтіп кетіп, кейін халықтық іске белсене
араласқан, өзі басынан кешірген оқиғаларды шыншылдықпен бейне-
леген, ел-жұртын аузына қаратып, асыл өнерімен тыңдаушысын тәнті
еткен шағында репрессиясының құрбаны болған атақты Дәуітбай Таудан-
бекұлымен аяқталатын сандаған ғасырдың тарихы, жүздеген күйшілердің
ғұмырнамасы. Бұл - аты-жөні тарихтан танымал, белгілі кезеңнің өнер-
паздары болған шығарған күйлері бізге сол күйінде жеткен күйшілер
хақындағы хикаялар. Бұл шағын шығармаларды ғұмырнамалық ғақлия
әңгіме деп те, эстетикалық эссе деп те, этнографиялық әңгіме деп те бағалауға
болады. Түптеп келгенде, мәселе оның жанрында емес, ой-санамызға

315

қосқан парасатында, жан дүниемізді байытқан сұлулық туралы сүйкімді
сөзінде.

Ақселеу алдымен белгілі күйшінің өмірбаянымен, ол ғұмыр кешкен
заманның сипатымен сусындатып алады да, іле-шала күйшінің шығар-
маларына жеке-жеке тоқталып, әр күйдің аңызын әңгімелеуге көшеді.
Жазушы Қорқыт, Кетбұға, Асан Қайғы, Қазтуған, Абылай хан, Махамбет,
Дина, Құрманғазы, Қазанғап, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Абыл,
Тоқа сынды саңлақ күйшілеріміз туралы тың дерек-тұжырымдары мол
әңгімелері арқылы өрен жүйрік өнерпаздарымызды өзге, жаңа қырлары-
нан танытуға күш салған.

Үш мың жылдық тарихы бар көшпелілер өркениетінің ұзын-сонар ғұ-
мыр жолына, әсемдік әлеміне қиял жүгіртіп, ой толғап, күй және күйшілер
өмірін арқау етіп, әрі ғылыми, әрі әдеби шығарма жазған жазушы еңбегі -
елдігімізді танытуға, мәдениетімізді марқайтуға қосылған тамаша туынды.
Мың жыл аралығында дүниеге келген бес мыңға тарта күйдің аңызына
арқа сүйеп, көшпелілер мәдениетінің көшпелі тарихын жазу, сөйтіп халық
болмысының жанды шежіресін жалғанның жарығына шығару көзсіз ерлік
екендігін мойындауға және бағалауға тиіспіз. Осындай ұлттың рухани
қазынасын байытқан шырайлы шығарма қандай сый-сияпатқа да сай. Бұл,
сайып келгенде, Ақселеу Сейдімбековтің абырой-атағын шығару үшін емес,
алдымен төлтума өнеріміздің өресі биік өзге елдермен терезесі тең екендігін
айқақтауға қажет. «Күй шежіре» - қазақ баласына, қазақ еліне осы қасиет-
қадірімен қымбат кітап.

Ақиқатқа жүгінер болсақ, Ақселеу «Күй шежіре» арқылы қазақтың
ұлттық мәдениетінің көне тарихын қазіргі кемел кезеңмен жалғастырған
мазмұны терең, мағынасы мәнді өнер туралы өзінің қайталанбас абыз сөзін
айтты. Сөйтіп ол қазақ мәдениетінің тағдырындағы ұлы өзгерістермен
біте қайнасқан болмысын жеріне жеткізе жазып, оны өткен замандардың,
өнерпаз адамдардың өмір тарихымен шендестіре сыр шертті. Жоғын тауып,
үзігін жалғап жүріп қазақ өнерінің мың жылдық тарихын жүйелеп, келелі
сөз түзген қаламгер еңбегінің өтеуі не болар екен? Бар білім-парасатын,
жан-жүрегінің отты қызуын қазақ халқының, елінің бүгіні мен болашағы
жолына жұмсап, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген дарынды пер-
зентіне құрмет көрсететін сәт туған сияқты.

«Күй шежіренің» айы оңынан тууына тілек қосайық, жамиғат!

316

Қали Сәрсенбай

КҮЙ ДЕГЕН БІР ДАНА ҚАРТ...

Мыңжылдықтар аралығын алып жатқан көшпелілер мәдениетінің
даму тарихында ел жанына зор рухани тірек болған өнер түрлері
қайсы десек, ол - ән-күй, қол өнері. Небір жаугершілік замандарда
көшпелілердің рухын асқақтатып, қасынан бір елі қалмай, бауыр етіндей
болған қасиеттеріңнен айналайын қара қобыз бен домбыраның ұлылығына
сөз бар ма?! Тайпалық кезеңнен таратпай-ақ, қазақ халқының соңғы бес
ғасыр ішіндегі - хандық дәуірден бергі рухани шежіресін осынау қасиетті
жәдігерлерсіз көзге елестету мүмкін емес. Егер ежелгі мыңжылдықтар
дәуіріне тереңдеп еніп, титімдей сыр түйсек, Ұлы Дала тудырған даналық
үлгілерінің қазақ деген халыққа тиер үлесі мол екен. Көне жазу-сызуы бола
тұрып, сырт күштердің ықпалымен ұмытылып, ат жалында, түйе қомында
жүріп ғажайып өнер туындысын жасаған халықтың киесі - қобыз, даналығы
домбыра еді. Қысқасы, көшпелілер өмірін өнер сәулелендіріп отырған. Күй
дәуір сахнасына шығып, тарихи таным мектебі ретінде далалық ауызша
тарихнаманың бір іргелі саласын құраған.

Тарақты Ақселеу былтыр «Балталы, бағаналы ел аман бол», «Күй ше-
жіре» деп аталатын екі кітап берді. Алғашқысы жөнінде пікір бөлек. Ал
«Күй шежіре» туралы үнсіз қалуға болмайды. Бұл - алдыңғы толқын
аға буынның кешегі заманда айтуға мүмкін болмаған, тұсауланған тол-
ғаныстары мен қанаты қайырылған пікірлерін тірілтіп, парасат биігіне
алып шыққан кітап. Автор Ә. Марғұлан, А. Жұбанов, Қ. Жұбанов секілді
атақты ғалымдардың алуан пікірлерін негізге ала отырып, қазақ күй өнерін
кезең-кезеңімен кестелеп, рухани шежіресін жасап шығады.

«Күй шежіренің» құндылығы сонда - пәлсапалық, этникалық тұтас-
тық, эстетикалық сезім тұрғысынан терең тұшынып талдап, қисынды
ғылыми дәлел-дәйегі мол, күйді оқшау жанр, өнер біткеннің қазығы ретінде
қарастырып, алуан сыршыл, ойшыл сипатымен назар аудартқан мұндай
еңбек бүгінде жоқтың қасы.

317

Өнер тарихы - ел тарихы. Өкінішке қарай, кейде біз осы ғажап ұғым-
ның аясын тарылтып аламыз. Ғасырлар тереңіне бойлағанда өнер шығар-
маларының шығу тегіне, тақырыбына, кезеңіне дендеп ене алмай жатамыз.
Қазақтың өткен тарихын, бүгінін де өнерден асырып айтатын құдіретті
табу қиын. Тарақты Ақселеу күй өнерінің табиғатын, дара қасиетін, бар
болмысын, оның халық өмірінде алатын орнын айтуда бір желіден - тарих-
пен біртұтастықта қараудан айнымаймын.

Қазіргі кезде танымдық әдебиет тұмса күйде. Неге? Танымдық әдебиет-
тің міндеті - белгілі бір оқиғаны, ойды терең тыныстап, кең көсіліп,
пәлсапалық иірімдерге, түрлі толғаныстарға барып, ақыл-парасат, өлшеусіз
білім тұрғысынан түсіндіру. Демек, талант пен білімнің терең тоғысуы
танымдық әдебиетті тудырады. Бұл кітап осы ойымызға орнықты жауап
беріп, жанрлық сипатын да даралай түседі. Көкіректе маздаған ойды сыртқа
лықсыта төгетін академиялық білім, сөзге сұлу сымбат дарытатын ішкі сезім
тілі бұл кітапта мол ұшырасады.

«Күй шежіре» біздің кешегі күні коммунистік сана тәрбиесіне табы-
нып, қатты назаланғанда «қаны сұйық неме» дейтін қазақтың құдіретті
сөзінің байыбына бармай, мәңгүрттікке бір табан жақындап барып, әсіресе
соңғы жүз жылда мешеу қалғандығымызды, сол жолда ұлы тәрбиеші -
өнерді рухани айналыстан шығарып ала жаздағанымызды еске салады.
Бірақ сол жолда қасиетті күй өнері хал-қадерінше күресіп бағыпты, ұлт
тазалығын сақтауда алдыңғы саптан көрініпті. Аса сезімтал даланың
дара дарабоздары, сыртқа еркін шығара алмаса да, күйді ғасырлар бойы
көкірегінде, жадында сақтапты. Мұндай ғажайып қасиет тумысынан ерек-
ше жаратылған халыққа ғана тән.

Қандай да бір жақсы дүниенің болмасын кемшін тұстары жүре келе то-
лықтырылып отырады. «Күй шежіре» біткен дүние емес. Автор алғы сө-
зінде осы ойды жақсы айтқан. Аталмыш қысқаша энциклопедиялық күй
сөздігінің бір атап айтар өзгешілігі - күйді тұңғыш рет оқшау жанр ретінде
қарастырып, оның түрлі тарихи кезеңдердегі болмыс-бітімін аша отырып,
күй көрсеткіштерін, дәстүрлі саз атауының тізбесін жасауы.

Бүгінде оқулық жоқ, болған күйде сапасы нашар деп жатамыз. «Күй
шежіре» - сол олқылықтың орнын толтырғын еңбек. Ол қасаңдықтан,
құр баяндаудан мүлдем ада. Кітапта күйдің синкретті сипаты жан-жақты
ашылады. Сөз өнері мен күй өнерінің дәстүрлі сабақтастығы көрінеді.
Кетбұға, Қорқыт, Асан Қайғы, Қазтуған, Абылай, Боғда, Мәмен секілді күй
алыптары туралы тың деректер бар. Абылай туралы оқып-білу де қызық.
Жалпы қазақ хандарының асқан өнерпаз болғанын біле бермесек керек. Біз
олардың тұлғасын тек саяси аяда ғана түсініп келдік те, өзге қырларын біле
бермедік.

«Күй шежіре» келешекке кететін, болашақ бағамдайтын, бағалайтын
еңбек екендігіне дау жоқ. Бізде өнер тарихы әлі күнге жүйелі оқытылмайды.
Қолға түскен еңбекпен әр нәрсенің басын бір шалып жүрміз. Өнер тарихын
оқытуды тек салалық емес, жоғары оқу орындарының баршасына міндеттеу

318

керек. Бір кездері өзіміз оқыған ҚазМУ-де этика және эстетика деген ғұ-
мыры бір семестрлік қана пән болған. Осы пән үстінде өзгенің өнеріне
тамсануымен болатынбыз. Өзгені де білу керек, бірақ ұлттық өнер тарихының
жүйелі бағдарламасын жасауда «Күй шежіре» үлкен көмекке келері сөзсіз.
Бұл кітап - қазақтың ән, күй, сөз, қол өнерін біртұтастықта, жүйелі түрде
оқытудың бірден-бір кепілі. Сол жолда жас білімпаздарға мол мәлімет
беретін, танымын кеңейтетін оқулықтың бірі осы болуға тиіс. Бүгінде осы
кітаптың, өнер оқулығының тиісті орындар мен мамандар тарапынан қызу
ой-пікір туғызбауы өкінішті-ақ.

Күй дана қарт секілді. Ол - шежіре, тарих, сыр мен жыр. Дала мә-
дениетінің бір кесек бөлігі. Демек, бүгінде отаршылдық ойсыратып кетті
деп ойбайлай бергеннен гөрі, үн-түнсіз халқының рухани шежіресін жасап
жатқан осындай азаматтардың еңбегіне көзқарасты түзеу қажет. Бұл -
өткен тарихты терең ой-таным биігіне алып шыққан, рухани дүниеміздегі
былтырғы жылғы ең айтулы еңбектердің бірі. Ең бастысы, арнаулы оқу
орындары үшін парасатты оқулықтың қолға тигенін баса айтуымыз керек.

-

319


Click to View FlipBook Version