Акселеу. 1991 ж. Ақселеу. 1991 ж.
Ақселеу. 1996 ж. Ақселеу. 1996 ж.
Ақселеу. 2006 ж. Ақселеу. 2002 ж.
Ақселеу 1998 ж. Ақселеу. 1995 ж.
Акселеу. 1998 ж.
Акселеу. 1995 ж.
Ақселеу. 2003 ж.
Акселеу. 2002 ж.
Ақселеу. 2006 ж. Ақселеу. 2006 ж.
Акселеу. 2007 ж.
Ақселеу, немелері - Мэди, Маруа, Тарлан (бірінші катарда),
Мирас, Ақдана, Аян (арткы катарда)
Ақселеу аналарының ортасында - Алтын, Кәтеп, Ағылипа
Ақселеу. 2007 ж.
Ақселеу. 2008 ж.
Акселеу. 2008 ж.
Акселеу. 2009 ж.
Акселеу. 2007 ж.
Ақселеу. 2007 ж.
Ақселеу. 2007 ж.
I
I
Ақселеу. 2004 ж.
I Ақселеудін жан досы -
Жомарт Әбдіхалық
Ақселеудің жан досы -
Кәдірбек Сегізбаев
I
I
Ақселеу, Шерхан Мұртаза
Ақселеу, Мырзатай Жолдасбеков
Ақселеу, Сәкен Жүнісов
Алмас Алматов, Ақселеу
Ақселеу, Мұхтар Құл-Мухаммед
Мұхтарбай Өтелбаев, Ақселеу
Сырбай Мәуленов, Акселеу
Қаржаубай Сартқожаұлы, Ақселеу Ақселеу, Мырзабек Дүйсенов
Ақселеу, Кәкімбек Салықов, Бақыт Оспанов
Асанәлі Әшімов, Ақселеу
|
Әзірбайжан Мәмбетов, Ақселеу
Камал Қармысов, Ақселеу
Әлкей Марғұлан, Ақеелеу
Ақселеу, Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»
атағымен марапатталу сәті
Мұхтар Мағауин, Акселеу
Ақселеу, Әбіш Кекілбайұлы
Ғабит Мүсірепов, Ақселеу
Ақселеу, Әбдіжәміл Нұрпейісов
Ақселеу, Әбсаттар Дербісәлі
Ақселеу, Дүкенбай Досжан
Серік Қирабаев, Ақселеу
Ақселеу Сәбит Оразбаев
і
Ақселеу, кинорежиссер Сергей Бодров
Тұманбай Молдағалиев, Ақселеу, Тұрсынбек Кәкішев
Әзілхан Нұршайықов, Ақселеу, Асанәлі Әшімов
Иманғали Тасмағамбетов, Ақселеу, Шота Уәлиханов
Қажытай Ілиясов, Ақселеу, Қали Сәрсенбай, Асанәлі Әшімов
Рымғали Нұрғали, Сейіт Қасқабасов, Ақселеу
Ақселеу, татар ғалымы Мірфатых Закиев, Қойшығара Салғараұлы
Қойшығара Салғараұлы, Кемал Акышев, Ақселеу
Жомарт Әбдіхалык, Илья Жақанов, Ақселеу
Ақселеу, киноактерлер - Джейсон Скот Ли, Марк Дакаскас
Жомарт Әбдіхалық, Ақселеу, Қойшығара Салғараұлы
Ақселеу, Төлен Әбдік, Дулат Исабек - 60 жылдықтарының салтанатты сәті
Жүрсін Ерман, Айтақын Бұлғаков, Ақселеу
Көпен Әмірбек, Ақселеу, Дулат Исабек
Кеңшілік Мырзабеков, Ақселеу, Ғабдолла Құлқыбаев
Нұрғожа Оразов, Дүкенбай Досжан, Ақселеу
Әбіш Кекілбайұлы,
Дүйсен Қасейінов,
Ақселеу -
Мұстафа Шоқай
басында
Ақселеу Нұрғиса Тілендиев
Ақселеу, Тұрар Дүйсебаев, Асанәлі Әшімов
Ақселеу шежірекөкірек қартпен бірге
Апбаз Қаражігітов, Рымқұл Сүлейменов, Ақселеу,
Өмір Кәріпұлы, Свет Оразаев
Сәбит Бексейітов, Рымкүл Сүлейменов,
Ақселеу, Кәрім Сауғабаев
Сайын Назарбек, Қаржаубай Сартқожаұлы, Ақселеу,
Несіпбек Айтұлы, Қойшығара Салғараұлы
Рымғали Нұрғалиүлы, Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу,
Несіпбек Айтулы, Жүрсін Ерман
Әлкей Марғұлан, Сәбетқазы Ақатай, Ақселеу, Марат Тоқашбаев
Сарбас Ақтаев, Ақселеу, Аққыз Ахметқызы, Мағауия Хамзин
Оралхан Бөкей, Кәрібай Ахметбеков, Кәдірбек Сегізбай, Ақселеу,
Серік Әбдірайымов, Қуанышбай Қурманғали
Ақселеу (ортада), «Әлем» альманахын шығарушы әріптестері - Сәтімжан Санбаев,
Мұрат Әуезов, Бақтыбай Жұмаділдин, Кеңес Юсупов, Николай Ровенский
Шерхан Мұртаза, Ақселеу, Нұрсұлтан Назарбаев, Кәдірбек Сегізбай
Ақселеу Сейдімбектің ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты куәлігі
Ақселеу Сейдімбек - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ақселеу Сейдімбектің ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты дипломы
Ақселеу Сейдімбек - филология ғылымдарының докторы
Ақселеу Сейдімбек - профессор
А. Сейдімбектің 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Кеніш» кітабы туралы ой-пікір
Сейфолла Оспанов
ҚАРАҒАНДЫ ЖАЙЫНДА ЖАҢА КІТАП
Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аймағы - Қарағанды обылысының,
оның ішінде белгілі көмір ошағының тарихы ұшан-теңіз. Ал Қарағанды
қаласының жеке өзінің алатын орнына келсек, ол - республикамыздың
аса ірі экономикалық және мәдени орталықтарының бірі. Оның сәулетті
тұлғасына, ғажаптай өскен мәдени көркіне көз салсақ, осыдан жарты ғасыр
бұрын бұл жерде қалың қарағаннан басқа ештеңе болмағанына сенудің өзі
қиын. Жақсылық атаулының бәрі шоғырланып, осы қаланың дидарынан,
ішкі бейнесінен көрініс тапқандай. Қиялға ғана сыйымды тамаша белгілердің
бәрі ақиқатқа айналып, көз алдымызда тұрғандай.
Осынау өсіп-өркендеген Қарағандының тарихы мен қазіргі жеткен же-
тістігін, жарқын болашағын білгісі келетін әрбір саналы оқырман респуб-
ликалық «Жалын» баспасынан жақында жарық көрген «Кеніш» атты
кітапты оқығаны абзал. Оның авторы - жұртшылыққа белгілі болып қалған
журналист-жазушы Ақселеу Сейдімбеков.
Қазыналы Қарағанды - Одақтағы үшінші көмір қоймасы, республика-
мыздағы ең ірі өндіріс ошағы, қазақ жұмысшы табының алтын бесігі са-
налған аяулы орта. Ол осынысымен ерекше қадірлі. Атақты көмір бассейні
әрі облыс орталығы болып отырған бұл қала - республикамызда береке-
байлығымен ғана әйгілі емес, сонымен бірге ғылым-білімі бүгінгі талапқа
сай өркен жайған өлкеміздің бірі. Күн сайын облыс бойынша үш жүз мыңнан
астам оқушы мен студент партаға отырады. Олар үшін терең білім беретін
7 жоғары және 24 арнаулы орта дәрежелі оқу орындарының есігі әрқашан да
ашық. Жоғары оқу орындарының алтауы Қарағанды қаласына орналасқан,
қалған біреуі болатшылар мекені Теміртауға қоныс тепкен. Қазір қаладағы
оқу орындары мен ғылыми-зерттеу, жобалау институттарында мыңға тарта
ғалымдар бар. Оқырмандарға таныстырылып отырған кітаптың «Ғылым
мен білім ордасы» деп аталатын көлемді бөлімінде, міне, осы жайлар, атап
айтқанда, оқу орындары мен оның оқытушылары, ғалымдары және басқа да
ұстаздары кең түрде сөз болады.
193
Қарағанды топырағынан бүгінде бүкіл халңымыздың маңтанышы бол-
ған нелер саңлақ үл-қыздар түлеп үшқаны белгілі. Бүл ретте әсіресе елдің
ой-арманын, тіршілік тынысын жырға бөлеп, ән мен күйге сусындатқан
халың өнерпаздарын зор қүрметпен, айрықша атаған жен.
Кітаптың «Қарағанды саңлақтары» деп аталатын бөлімінде Үлы Ок-
тябрь социалистік революциясынан бүрын өмір сүрген, жаңа заманның
жарңын күндерін көре алмай, арманда кеткен нелер талант иелері жайында
мағлүматтар кездестіреміз. Мәселен, Сайман, Тәттімбет, Дайрабай, Баубек,
Қыздарбек, Әбді, Өшімтай, Мәди сынды күйші-композиторлар; от тілді,
орақ ауызды әнші-орындаушылардан Қүлтума, Қақпан, Кеншібай, Айна,
Зейнеп, Шашубай, Исабек және басқа солар сияқты талай шешендер мен
ақын-жыраулар хақында көп әңгімелер шертіледі. Сондай-ақ, бүгінгі қара-
ғандылық белгілі әнші, күйші, композиторлардың, аңындар мен жазушы-
лардың есімдері де аталады.
Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреа-
ты, академик Әбілңас Сағынов тек Қарағанды облысы ғана емес, бүкіл
республика, қала берді, Одақ көлеміне де жете таныс. Кітапқа енген «Ақ
тілеудей ақша қар жауған күн еді» деп аталатын көлемді көркем очерк әсем
жанды, алғыр да ақылды, адамгершілігі таудай, ерекше парасатты осы
кісінің өмірінен, ғалымдық және ғүламалық жолынан терең сыр шертеді.
Жанымызда жүрген аяулы қайраткер, үстаз, ғалым туралы шынайы да
жылы мағлүматтар разы етеді.
Жинаңтағы Совет Одағының Батыры Нүркен Өбдіровтің анасы Бағжан
шешей туралы жазылған «Батырдың анасы», от дариясын ағызған Темір-
тау өнеркәсібінің сырын ашатын «Теміртау», Қарағанды металлургия
комбинатын көрсететін «Алыптардың алыбы» деген көркем очерктер де
оқушы көңілінен шығары даусыз. Сол сияңты, аталған кітапта Қазақстан
металлургиясының тарихында алғашқы тонналаған болатты дүниеге
әкелушілердің бірі - Социалистік Еңбек Ері Алытнбек Дәрібаев пен Төлеутай
Сүлейменов жайында да оңырмандарымыздың ңызыға лөззат аларына се-
неміз.
«Өмір арнасы» деп аталатын түтас бір бөлім Ертіс - Қарағанды каналы-
ның келбетіне, одан нәр алып, сусындап, өсіп-өніп отырған қыруар сов-
хоздар тарихына арналған. Қарағанды облысының бүл секілді үлкен эко-
номикалық, әлеуметтік, мөдени, рухани жаңалықтары да жан-жақты мағ-
лүматтар бере алады.
Қарағанды өлкесін сөз еткенде белгілі Қарқаралы туралы айтпай кету
қиын. Оның себебі - көрік-келбетінде, байлық-берекесінде. Бүгінде күн
сайын түлеп, облыс еңбекшілерінің демалатын тамаша аймағына айналған
бүл жер - мақтанышымыз. Сонымен қатар Орталық Қазақстанда алғаш
Совет екіметін орнату барысындағы небір ауыртпашылық осы өңірде өт-
кен еді. 1921 жылы көктемде ақ бандылардың қолынан қайғылы қазаға
үшыраған жетпістен астам ерлердің мәңгі үмытылмас рухы да, соларға
қойылған ңасиетті зират та Қарңаралының орталық алаңында.
194
1974 жылы Қарқаралы қаласының іргетасы қаланғанына 150 жыл тол-
ғаны жұртқа мәлім. Осы мысалдың өзі-ақ бұл шежірелі тарихтың әріден бас-
талатынын аңғартады.
Кітаптың «Қарқаралы» аталатын бөлімінде өлкенің кешегісі мен бүгінгісі
кеңінен баяндалады. Екінші тың - қой шаруашылығын өркендетуге ат
салысып жүрген жеке озат шопандар мен жастар бригадалары, олардың қол
жеткен табыстары, алдағы асар асулары жайында да көптеген салиқалы
деректер оқуға болады.
Кең-байтақ Қазақстан жері алуан түрлі байлығымен, қаншама көне ес-
керткіштермен, қисапсыз мол жан-жануарларымен, жерінің ғажап шұрай-
лы әсемдігімен дараланып көрінеді.
Қазыналы Қарағанды атырабы - мөлдіреген көлі бар, көгорай шалғын
жері бар, шоқ-шоқ орманы, сеңгір-сеңгір таулары бар аймақ. Сарыарқаның
бұл өңірінің сұлулығы, жан-жануарларының көптігі Ақселеу Сейдімбековтің
назарынан тыс қалмапты. Оған кітаптағы «Табиғат және сұлулық» деп ата-
латын бөлім куә бола алады.
Оқырмандарға таныстырылып отырған жаңа жинақта автордың өзі ар-
найы түсірген Қарағанды қаласының бүгінгі келбеті мен облыс өмірінен сыр
шертетін бірнеше фотосуреттер берілген.
Жалпы «Жалын» баспасынан шыққан тұтас бір облыс тарихымен та-
ныстыратын «Кеніш» атты жаңа кітап сәтімен жазылған туынды дер едік.
Баспадан «Менің Қазақстаным» атты серия бойынша басқа да облыстар
жайында дәл осындай кітаптар шығару дәстүрге айналмақ.
195
А. Сейдімбектің 1979 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген
«Алпамыс батыр» кітабы туралы ой-пікірлер
Мырзабек Дүйсенов
ЖЫР НҰСҚАСЫ - ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ
Кітаптың сыртқы бетінде - басына дулыға киген батырдың суреті. Су-
реттің жоғарғы жағында «Асыл мұра», ал төменгі жағында ірі әріппен те-
рілген «Алпамыс батыр» деген жазу бар. Әуелде мектеп балаларына қайта
басылған қазақтың белгілі батырлық жыры болар-ау деп ойладық. Жоқ,
олай болмай шықты. Кітаптың ішкі бетін ашқанда: «Балаларға лайықтап
әңгімелеген Ақселеу Сейдімбеков», - деген жазуды оқыдық. Бақсақ, бұл
«Алпамыс батыр» жырының қара сөзбен әңгімеленген түрі екен.
Жақында ғылыми қызметкерлер арасында осы кітап туралы әңгіме қоз-
ғалды. Мәселен, эпостың жырды осылай әңгімеге айналудырудың қажет
еместігі жайында. Біздің қолымызға қалам алуымызға себеп болған да осы
жай еді.
Шынын айтқанда, біраз жұрт эпостың әңгімеге айналуына қарсы ниет
білдірді. Сондағы дәлелдері қандай?
Қазақ эпосын қара сөзбен әңгімелеп берсем, балалар осыны оқып қанағат
тұтып, халықтың ғасырлар бойы ширатып, сақтап келген асыл мұрасы -
батырлар жырын оқымай қоюы мүмкін ғой. Ендеше бұл батырлар жырына
жасалған қиянат емес пе? Балалар ықыласын фольклордан бұрып, аударып
кететін қисық жол емес пе?
Мұндай тұжырымда логика жоқ емес, әрине. Әйтсе де, ескерер жәйт та-
ғы бар. Мәселен, бізге жеткен эпостық шығармалардың барлығы бірдей
дайын жыр үлгісінде туған жоқ, біразы әу баста қара сөз түрінде, ертегі-
аңыз үлгісінде туып, кейін жырға айналған. «Алпамыс» бүгінгі түркі тілдес
халықтардың біразында жыр үлгісінде келсе, Алтайда «Алып Манаш»
ертегі түрінде сақталған. Қазақтың «Ер Төстік» ертегісінің жыр үлгісіндегі
нұсқасы да бар. Демек, халық бір кездегі қара сөзбен айтатын ертегі-аңыз-
дарды жырға айналдырып отырғанын көреміз. Бұл дәстүр көптеген ғасырлар
бойы үзілмей жалғасып келді. Белгілі ертегі, аңыз, эпос сюжеттері бүгінгі
әдебиетіміздің де өзегіне айналып отырғанына мысалдар жеткілікті. Әр
жазушының өз байламына, ыңғайына орай бұл шығармалар жазба әдебиет
дүниесіне айналды.
196
Фольклорлық шығарма ғана емес, тіпті әдеби шығарманың жырға ай-
налғанын өз құлағымызбен естіген жайымыз бар. Ел ақыны Мағамбетов
Шамырат белгілі жазушымыз Ғабит Мүсіреповтің «Ер ана» новелласын
«Ананың әңгімесі» деген атпен дастанға айналдырыпты. Ақын новелланың
не оқиғасына, не тартысына, не кейіпкерлерінің мінез-құлқына, кескін-
келбетіне ешқандай да өзгеріс енгізбей, жазушы өзі берген жүйе қалыпты
берік сақтаған.
Жырдың қара сөз үлгісіне айналғанына да мысалдар аз емес. Гректің
әйгілі «Одиссея», «Илиада» поэмалары орыс тілінде әңгіме түрінде шық-
қанын айтсақ та жетіп жатыр. Ендеше қазақ эпосының қара сөз үлгісінде
әңгімеленуі қисынсыз жерден қиялап шыққан дүние емес, әдеби, фольк-
лорлық дәстүрде бар үлгі екенін айтқымыз келеді.
Әлгіндей әңгімелеу жастарды эпостық төл туындысын оқудан қол үздіре-
ді дегенге келісу қиын. Ұрпақ алдында оның екі түрі де болғаны артық емес.
Жырды оқымаған бала ең болмаса қара сөзге айналған үлгісімен таныссын.
Біраз мағлұматты осыдан да алады. Тіпті әңгімені оқығаннан кейін жырда
қалай жырланады екен деген ой туып, екеуін салыстыра оқуы да мүмкін ғой
жұрттың. Әбден мүмкін. Ендеше бұдан бой қашырудың қисыны жоқ. Ендігі
мәселе тамаша эпосты қара сөзбен сөйлетудің принципі жайында болғаны
абзал.
Әдетте эпостық жырлардың нұсқалары (варианттары) көп болады. Бір
«Алпамыс» жырының үш-төрт нұсқасы болса, «Қобыланды батыр» жы-
рының варианттары тіпті көп. Ендеше, қай эпос туралы әңгімеленсе де,
жазушы барлық нұсқаларды ескергені мақұл. Бір нұсқада жоқ қызықты
эпизод екінішісінде болуы мүмкін. «Қобыланды батыр» жырын Марабай,
Мергенбай, Мұрын жырау мен Нұрпейіс Байғанин әрқайсысы өздерінше
жырлағаны белгілі. Ал сөз болып отырған «Алпамыс батыр » жырына келсек,
А. Сейдімбековтің таңдағаны бұл жырдың ең толық және көркем нұсқасы
екен.
Жазушының әңгімелеу принципін негізінен жөн көрдік. Ең алдымен
жазушы жырдың сюжеті мен композициясы, оқиға өрбуі кейіпкерлердің іс-
әрекетін, мінез-құлықтарын бейнелеуде ауытқымағаны дұрыс болған.
Әрине, жыр көне дәуірдің кейбір тілдік нормаларын сақтайды, әсем бей-
нелеулер, тамаша сөз тіркестерімен қатар фольклорлық өрнек, бояу, нақыш-
тар қатар жүреді. Олардың барлығы бірдей бүгінгі оқушының қабылдауына,
түсінігіне сай келе бермейтіні бар. Бұл ретте жазушы фольклорлық үлгінің
жақсы нышандарын сақтай отырып, ескірген, көне тартқан жайларына
сақ болуы тиіс десек, осы талапты А. Сейдімбеков дұрыс түсініпті. Мыса-
лы, Алпамыстың алдынан шығатын аяр мыстан кемпір жырда тым жала-
ңаштанып, анайы сөздермен берілетін болса, жазушы ол жағына бармай,
кемпір мінезін әрекеті арқылы ашуға күш салған.
Қаншама қара сөзбен әңгімеледік десек те, арғы тегі фольклорлық үл-
гіге жақын тұруы шарт. Жазушы мұны да мұқият ескерген. «Асыл кілем
жаптырып, алтын, күміс арттырып...» - деп келетін ойнақы тіркестердің
197
жиі кездесуі - соның кепілі. Жалпы Ақселеудің сөйлемдері балалардың
қабылдауына жеңіл, тілі шұрайлы. Ал енді осы қалай деген кейбір тұстарға
тоқталып көрелік.
«Бойдан қуат, білектен күш қайтып, тіршіліктің әсіреқызыл өткіншілі-
гіне ой зерделеткен шағында көкірегінде шемен болып қатқан қасіреттің
ең зоры - баласыз, алды-артының тұлдырлығы екенін аңғарған жайы
бар», - деген сөйлем әрі ұзақ, әрі балалардың қабылдауына ауырлау емес
пе деген ой келеді. Сондай-ақ, жүздер туралы: «Онысы үйі ішінен үй тігіп,
араларына жарықшақ жіктің түскендігінен емес, ошақтың үш бұрышындай
ел бағының ұйытқысы болайық дегені, садақтың үш қырлы жебесіндей сырт
дұшпанға айбар болайық дегені, біріміз үлкен, біріміз ортаншы, біріміз кіші
болып, жұбымыз жарассын дегені...» - сияқты жырда жоқ баяндаудың дәл
бұл жерде қисыны онша келіп тұрған жоқ. Әңгімелеудің ұзақ барысында
жырдың желісін ғана емес, бейнелеу прициптерін де негізінен дәл беріп
отырған жазушы осы жерде сәл қия басқандай болады.
Эпостық шығарманы әңгімелеу тұңғыш қолға алынып отырғанын ескеріп,
әр батыр туралы жырдың қай нұсқалар негізінде жасалғаны хақында
қысқаша кіріспе сөз берсе болғандай екен.
Қорыта айтқанда, «Жалын» баспасының бұл қадамын құптау керек. Осы
басылымды көркемдеген суретші Е. Сидоркин өз қолтаңбасын жақсы таныта
алғаны көрінді. Жазушы Ақселеу Сейдімбеков әңгімелеген бұл «Алпамыс
батыр» қазақ балалар әдебиетінен өзіне лайықты орнын табатынына шүбәміз
жоқ.
198
Кеңес Зікенов
АЛПАМЫС БАТЫР
Халқымыздың бай ауыз әдебиеті қазынасында батырлық эпостың алатын
орны ерекше. Соның бірі - «Алпамыс батыр». Ол - сонау баяғы заманнан
бері ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап, жастарды ерлікке бастап, атамекенді
ардақтап сүюге баулап келе жатқан рухани қазына. Міне, сол қаһармандықты
жыр ететін ұзақ дастан жазушы Ақселеу Сейдімбековтің қара сөзбен әдеби
баяндауында қолымызға тиіп отыр.
Осы орайда халқымыздың озық үлгідегі эпостарын «Жалын» баспасы
жаңа форма тауып, «Асыл мұра» атты сериямен ұрымтал насихаттап отыр-
ғандығын сөтті қадам деп білеміз. Әлемдік фольклористиканың өзін-өзі
ақтаған формасы. Әйгілі «Илиада», «Одиссея», «Гильгамеш», «Манас»
сияқты эпостардың, поэмалардың әлдеқашан қара сөзбен баяндалып, жас-
тардың ұғымына жеңіл сәтті әңгімелер тіліне көшкені белгілі.
Жақында ғана Москвада болып өткен Халықаралық кітап көрме-жәр-
меңкесінде бұл шығармаға шет ел баспаларының айрықша назар аударуы
тектен-тек емес. Ал Герман Демократиялық Республикасы алдағы жыл-
дарда неміс тілінде басып шығаруды ұйғарып отыр.
Демек, биылғыдай Халықаралық бөбек жылына орайлас «Алпамыс ба-
тыр» кітабының жарық көруі «Жалын» баспасының бүлдіршін жаста-
рымызға деген бағалы тартуы екені сөзсіз.
Сонымен, бала жастан көңілге қанық, құлаққа сіңісті болып кеткен:
Бұрынғы өткен заманда,
Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты,
Төрт түлігі сай бопты.
Тоқсан мың екен қорасы,
Мұрындық ноқта тимеген,
Түйешілер мінбеген
Сексен мың екен маясы.
199
Шұрқырап жатқан бір жылқы,
Тоғай сайын мың жылқы.
Есебі жоқ көп жылқы -
Жиделі Байсын даласы.
Өз алдына бір бөлек
Торысы мен қарасы.
Аңдай болып көрінген
Бозы менен аласы.
Соншама бай болса да
Жоқ еді ердің баласы... -
деп басталатын «Алпамыс батыр» дастанының алғашқы шумақтарын жа-
зушы А. Сейдімбеков: «Ежелден береке дарып, бақ қонған Жиделі Байсын
жерінің бір әлеуетті руы қоңырат болғанда, сол қоңырат руының жұрттан
асқан жуан сіңір байы Байбөрі еді. Байбөрінің байлығында есеп болмайтын.
Төрт түлік малы Жиделі Байсынның байтақ даласында аңдай өріп, көрген
жанға қара жерді қайыстырып жатқандай әсер беретін.
Мұрындық-ноқта тимеген, түйешілер мінбеген маясының өзі сексен мың
еді. Мыңғырып өрген қойын айтпағанда, ен далада шоқ-шоқ боп біткен тоғай
сайын табын-табын жылқы шұрқырап жататын. Ол да ештеңе емес, дәулеті
тасыған Байбөрі жаңағы тоғай сайын мыңнан біткен жылқыларын түсіне
қарай иіріп, торысына бір бөлек, қарасына бір бөлек қос шығарған. Мұның
өзі сырт көзге өзгеше сән-салтанат сияқты әсер беруші еді.
Байбөрі қанша бай болып, дәулеті шалқып жатса да, жүрек түкпірінде
орны толмай, орындалмай жүрген бір арманы болатын. Ол - тұяғын жалғап,
орнын басар, түтінін түтетіп, шаңырағына ие болар бір перзенттің жоқтығы
еді», - деп қара сөзбен тілге жатық, ойға түсінікті әрі әдеби көркем тілмен
бастап кеткен.
Шығарманың өн бойында бірде-бір орашолақ құрылған сөйлем жоқ. Дас-
тандағы теңеу, суреттеу, әр деталіне дейін қара сөзге жүйе-жүйесін тауып
түскен. Және де бірінен-бірі өрбіп, оқушысын елтітіп отыратын дастан
оқиғасы сол бойынша, қаз-қалпында қара сөзге шеберлікпен көшкен.
А. Сейдімбеков бұрын да Гомердің атақты «Илиадасын» орыс тілінен қа-
зақша қара сөзге сәтті аударғанын білеміз. Демек, оны қазақ әдебиетіндегі
бұл салада алғашқы тың көтеруші деп атауға толық хақылымыз.
Әрине, поэзия мен прозаның жанрлық өз ерекшелігі бар. Ендеше, осы екі
жанр ерекшелігінің қалтарыс сырын бүге-шігесіне дейін жетік білмей, бірі-
нен екіншісін ауыстыру оңай шаруа емес. Ал А. Сейдімбеков бұл кедергіден
мүдірмей, сүрінбей өтіп, өзінің төселген қаламгер екендігін танытып отыр.
Бұл орайда қара сөзбен әңгімеленген нұсқасы - эпос оқиғасын арқау еткен
өз алдына дербес көркем повесть десе де болғандай. Автор эпостың оқиға
желісін көркем проза тәсілдеріне бағындыра отырып, оқиғаны өрбітуде,
дамытуда, шарықтау шегіне жеткізуде, сәтті шешім табуда өзіндік сәтті
қолтаңба танытады. Мұны шығармадағы ішкі тақырыптардың «Байбөрінің
200
қасіреті», «Көріпкел Шашты Әзіз», «Алпамыстың алғашқы сапары», «Қа-
һарлы Қараман», «Алпамыстың екінші сапары», «Қаракөзайымның диуана
болуы», «Ордадағы ойран», «Жиделі Байсын жерінде», «Арманына жеткен
Алпамыс» болып саралануынан да айқын аңғаруға болады.
Қара сөздің авторы ана тіліміздің қарапайымдылығын, оралымдылығын,
қандай терең ой, келісті сурет болсын тап басып, дәл беретін мүмкіншілігін
емін-еркін меңгерген. Мәселен, Ұлтан - батырлар жырындағы сатиралық
образдың үлгісі. Оның дастандағы портретіне қарайықшы:
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей.
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі-
Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымдалған талқандай.
Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінер оттың орнындай.
Аузы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай...
Шынын айтқанда, біз Ұлтанның осы бір түр-тұрпатын қара сөзбен берген-
де жоғалтып алған жоқ па екен деген күдікте едік.
«Бұрын көрмеген жан Ұлтанның кебежедей кеудесін, кетпендей күрек
тісін, кернейдей кеңірдегін, сығымдалған талқандай мұрынын, шыңы-
раудың түбінде жылтыраған судай жанарын, ошақтай үлкен аузын көрсе,
бейне бір құбыжық көргендей болар еді. Ол артынан от орнындай із тастап,
одыраңдап жүріп өткенде жолындағы қазан-ошақ салдырап, ел көшкендей
болып жататын».
Көріп отырсыз, жоғалмаған, жырдағы Ұлтан мұнда да сол кескін-кей-
пімен алдымыздан шыға келді. Бір сөзбен айтқанда, жазушы орайын кел-
тіріп, қалауын тауып кеткен.
Кітап үлкен форматты, қатты мұқабамен тысталған. Әр тарауға белгілі
график-суретші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Евгений
Сидоркин салған жиырмаға жуық сурет шығарманың ішкі сюжетін мей-
лінше сәтті ашып тұр.
Сөз түйінінде халқымыздың, рухани асыл мұрасы өз болмысына лайық
жаңа өріске шығып, жаңа бір қырынан жарқырай көрінді деп айта аламыз.
201
А. Сейдімбектің 1982 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген
«Серпер» кітабы туралы ой-пікірлер
Ербол Шаймерденов
<СЕРПЕР> ТУРАЛЫ СӨЗ
Жазушы Ақселеу Сейдімбеков қабілеті көп қырлы. Бірде сөз өнерінің
сұңғыла сырын тап басып тани білетіндігімен тәнті етсе, енді бірде туған
халқының тарихы мен этнографиялық ерекшеліктеріне елти ден қойған
зерделі зерттеушілігімен сүйсінтеді. Әдемі ән, жалпы мың құбылған музыка
әлеміне деген құштарлығы тағы бір төбе. Бұл құштарлық, республикамыз-
дың түкпір-түкпіріндегі теледидар көрермендері куә, қазақ әндерінің
табиғаты мен тектілігі туралы, ондағы дәстүр жалғастығы жайлы жақсы
әңгіме және пайымды пікірлер болып, тіпті жүрегін жарып шыққан тұңғы-
шы - «Дәурен-айындай» әсем ән болып әр жерде алдымыздан шығып жүр.
Әрі осының бәрі екі кеменің басын ұстағандық емес, бірбітер біліктіліктің
бірнеше қырындай жарқылдап, жақсы әсер қалдырады.
Осы орайда жазушының жаңа кітабы - «Серпер» де сәтті дүние. Ол ав-
торды публицистік қырынан кең танытады. Ең алдымен «Очерктер және
деректі әңгімелер» деп айдар тағылған бұл кітапта тәжірибелі журналистің
әр кезде жазғандары жай ғана жинақтала салмаған. Олар тақырыбына қарай
топталып, кітаптың үлкен-үлкен үш бөлімін құрайды.
Бірінші бөлімде республика тарихының тамаша беттеріне айналған Қа-
зақстан Магниткасы, Ертіс - Қарағанды каналы және Екібастұз энерге-
тикалық комплексінің құрылыстары, олар өлкемізге әкелген өзгерістер
мен осы жасампаздық жаңалықтардың адамдар санасына әсері әдемі әң-
гімеленсе, екінші бөлім есімдері елге танымал еңбек адамдары жайлы сыр
шертеді. Әрине, алғашқы бөлімде де жеке еңбек адамдары туралы жа-
зылған портреттік очерктер жоқ емес, бірақ та олар ондағы ортақ ойды
жан-жақты және терең жеткізуге қызмет етіп, жалпының жеке деталіндей
әсер қалдырады. Ал үшінші бөлімнің тақырыптық өзегі - ғылым мен өнер
адамдары жөніндегі парасатты пайымдаулар мен проблемалық пікірлер.
Бұл ретте жинақты құрастыруға айтарлықтай жауапкершілікпен қараған
автор мен редактор (Т. Қаупынбаев) оқырмандарына композициялық құры-
202
лымы біршама шымыр, бас-аяғы жинақы тұтас туынды (кітап) ұсынуға
ұмтылғаны байқалады.
Ішкі логикалық байланыс әр бөлімдегі очерктер мен деректі әңгімелерді
жүйелеуде де ескерілген. Мысалы, кітаптың 45-бетінен 72-бетіне дейінгі
аралықта төрт очерктен тұратын цикл және екі деректі әңгіме бар. Тақырып
тұрғысынан олардың бәрі де автор «Адамзат қолынан шыққан жер бетін-
дегі сегізінші ғаламат» атаған Ертіс - Қарағанды каналының құрылысына
арналған. Ал логикалық үндестік олардың әрқайсысының айтар ойы мен
арналған объектісінен танылады.
Деректі әңгімелерде канал бойындағы адамдардың жан дүниесін, оған
өлкедегі өзгеше өзгерістердің әсерін даралап көрсетуге көп көңіл бөлінеді.
Құрылыс тағдыры өз тағдырына айналған, үйреншікті емес жағдайдағы
жұмыстың нәтижесі үшін жан ұшыраған учаске бастығы Ж. Мақанов пен
ол жұмыстан келген сайын: «Көке, каналға су келді ме?» - деп тағатсыздана
қарсы алатын ұлы Рашид, жасанды теңіз астында қалатын шағын ауылдың
шамшыл да шыншыл қарты Аякең - өмірдің өзінен ойын алынған образдар
ретінде канал тақырыбына арналған жазбалардың өзара логикалық бай-
ланысы аясында әдемі әсер қалдырады.
«Қарт пен каналдың» кейіпкерін біз бірден ширыққан, бөтен бір іске бел
буған беймаза күйде кездестіреміз.
«Мал-басым өзімнен безіп, қарақшыдай жалғыз өзім жұртта қалсам да
көшпедім. Ол аз десең, Ертістің суы Сарыарқаны қарық қылып, топан суы
қаптаса да көшпедім. Уа, көшпеймін! Саба түбі сарқынды жасым қалғанда,
аруақ аттағандай боп атамекеннен безер жайым жоқ. Айтқаным - айтқан.
Сөз сол!..» - деп ашу шақырады қартың. Яғни, ол канал суы қаптайтын
өңірден қыр астындағы жас қалаға қоныс аудару жөніндегі өмірдің өзі
тудырған қажеттілікке көнгісі жоқ. Бұл жай қиқарлық та емес. Санасына
сіңген, ойына әбден орныққан көзқарастың бас көтеруі. Ол мұны тіпті өзінше
атамекен алдындағы, аға ұрпақтар алдындағы перзенттік парызы санайды.
Жинақта оқиғалы, проблемалық және портреттік болып бөлінетін очерк
түрлерінің қай-қайсысының да жақсы үлгілері кездеседі. Осы ретте «Сонар»
оқиғалы очеркке жатады. Ол: «Ел ішінің бір қызық дәстүрі - кейде өтіп
жатқан уақыт сілемін есте қалар елеулі оқиғамен өлшейді ғой... «Аякөзде
де «Теміртауға 15 жігіт шығарып салған жылы» деген тіркес бар», - деп
басталып: «...Үш күн өткенде алыстағы Аякөзде Төлеутайдың анасы Қапиза
шешей терезе алдында мынадай бір хат оқып отырды: «Қымбатты анашым!
Мен еңбектегі алғашқы қуанышымды алдымен өзіңізге жеткізуге асығып
отырмын. Бүгін көптен бері асыға күткен сәтті бастан өткердім. Қазақстан
Магниткасының алғашқы шойынын балқыттың. 1960 жыл, 3 июль». Осы
бір қуаныш хатының соңына қойылған ай-күн белгісі кейін Қазақстан
Магниткасының туған күні болып тарихқа енді», - деген жолдармен өріледі.
Очерк кең тынысты кеніштің Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс
аталуына орай жан-жақтан жастар жиналу сәті мен онда алғаш шойын алу
оқиғасын баяндайды. Сюжеті жас жұмысшының еңбек жолы төңірегінде
203