Ақселеудің көркем шығармаларында ащы-тұщысы қатар жүретін, қуа-
нышынан өкінші басым өмірден кісілікті, инабат-иманды, адамгершілігі
асқақ, жаны мөлдір, кесек тұлғалы кейіпкерлерді тауып, таңдап алып,
сүйсіне суреттеуі себепсіз болмаса керек. Одан осындай халық болмысындағы
қастерлі қасиеттердің бүгінгі буынға да жұғысты болуын көксеген қа-
ламгердің мінезін көреміз. Ал халықтың, ұлттың табиғи қасиетін тап басып
тауып, жүрек қозғап жазу - тек таланттылықтың белгісі. Халқын жанымен
сүйген жазушының өзі де ұлтының ардақтысына айналары ақиқат.
Біздің Ақселеу - сондай жазушының бірегейі. Біз білетін Ақселеу -
ауызекі әңгіменің айтулы шебері. Көне қазақы мақамға салып, даланың
қарттары сияқты ғибратты мысалдары мол ұзын сонар әңгіме желісін
бір үзбестен, ертеден қара кешке дейін, болмаса қызыл іңірден таң бо-
зарып атқанша қиырдан қайыруға бар. Әйтсе де, Ақаңның әңгімені тым
әсерлеп асыра айтатыны барын да білеміз, біле тұрып сенеміз. Ол да болса
әңгімелерінің әсіре қызылдығынан гөрі қызықтығы, қисындылығы таразы
басын басып жататындығынан болар. Оның есесіне жазған кезде жаңылыс
басқан, теріс түсіндірген кезі жоқ. Желдірте, желпінте жазса да, ақиқаттың
ала жібін аттаған емес.
Сөйтіп Ақселеудің жүрегін жарып шыққан, қарымды қаламынан туған,
қалың қазақ жұртын ұйытқан әрі ұялтқан, қызғантқан әрі қызықтырған,
таңдантқан әрі тамсантқан, күйіндірген әрі сүйіндірген, опындырған әрі ой-
ландырған талай шығармалары бар жазушы екендігін білмейтін пенде жоқ.
Сондай-ақ, Ақселеу - бір сырлы, сегіз қырлы азамат-қаламгер. Ол этногаф
әрі эстет, әмбебап әдебиетші, ойлы оқымысты, сырбаз суреткер, жалаңтөс
журналист, әнші әрі ақын, тілші әрі тарихшы, күйші әрі өнертанушы,
жүйрік жылнамашы әрі шынайы шежіреші, әрі композитор, ұсталығы мен
ұстаздығы және бар. Бұл сөзіміздің растығына Ақселеу шапқан домбыра,
өрген қамшы, соққан кездік, жасаған насыбай шақшалар куә. Оның өсіріп
айтқанын да, асырып айтқанын да ақиқаттай қабылдайсың. Өйткені білім-
ділігі мен біліктілігі еріксіз мойындатады.
Қазақ елінің төрт құбылысына тән мақаммен айтатын айтулы әншілік
өнердің өрен жүйріктері хақында теледидар арқылы майын тамыза, айыз
қандыра әңгімелер айтып, ән оздырған Ақаң мен Жәкеңнің (ғазиз Жәнібек
Кәрменов) бірін қазақтың соңғы серісі, бірін әннің ғажайып перісі дейміз біз.
Ал Ақселеу досымыз тономика жайындағы толғамдарын, Наурыз мей-
рамы жөніндегі жазбаларын осыдан 11-12 жыл бұрын шыққан кітабында
тереңнен қозғап, тебірене жазған. Уақыттан озу, көрегендік көрсету дегеннің
жарқын мысалы осы болар.
Көктей шолып айтқанда, өнердегі, өмірдегі Ақселеу - осындай жазушы,
осындай азамат! Ол өзінің осы азды-көпті ғұмырында жазуымен де, ісі-
мен де қайраткерлік қалып танытып, елім деп еңіреген, халқым деп
қабырғасы қайысқан азаматтардың ортасында жүр. Оның есімін естімеген,
сөзін тыңдамаған, жүзін көрмеген (ең болмаса, ел аралап жүргенде не
теледидардан), кітабын оқымаған кісі қазақ арасында кемде-кем. Ендеше,
51
алты алашқа аты мәлім болған Ақселеу дос нағыз бақытты адам болар-ау,
бәлкім. Ал оның өз ойында не барын кім білсін, адам жанының қалтарыс-
құпиясы көп қой, тегі.
Жазушының жан сырын ашып, түсініп, түйсінгісі келген кісі оның жаңа
кітаптарын асыға күтері хақ. Өйткені жазушының жан дүниесі жазған
шығармаларында емес пе?!
Серік Әбдірайымұлы
АРҚА ТӨСІ ӘЛДИЛЕГЕН АЗАМАТ
Құнанбай бабасы қалдырған күміс шақшасын өкшесіне қағып, мөлдірей
ңараған қыз-келіншектердің алдында нәшіне келтіріп насыбай атқан, сосын
маңдайына маржаннан көз салдырған асасын шыр айналдырған күйі кербез
басып, паң мінез танытар бұл күнгі Тарақты Ақселеу осы төрт құбыласы сай
күйінде көктен түсе қалмағаны әмбеге аян. Бізге өзі жасаған ұзын мойын,
қыл саға домбырасымен Сары Тоқаның, Тәттімбеттің, Сүгірдің күйлерін
нақышына келтіре орындап, жұмсақ қоңыр үнге салып өзі шығарған «Дәу-
рен-ай», «Сарыарқа» әндерін айтып отыратын, кешегі Біржан, Ақандардың
салдығы мен серілігін еріксіз елестететін Ақселеу Сейдімбектің тағдыры
көпке жұмбақ. Ол 1942 жылы желтоқсанның 12-сінде таң алдында шыр етіп
дүние есігін ашыпты. Сол күні таңертең Слан майданға аттаныпты. Өлі он
екіде бір гүлі ашыла қоймаған өзіндей өрімдей-өрімдей жігіттермен қайтсем
елге қорған болам деп бара жатқан, жаны жаннатта болғыр Слан Байдалы
бидің ауылынан ұзап, қалың қорымның қасына жете бергенде шанадан
домалай түсіп:
- Жігіттер, сендер ренжімесеңдер жаңағы шарананы бір иіскеп шы-
ғайыншы. Тойға бара жатқанымыз жоқ, кім біледі, қайтып көреміз бе,
көрмейміз бе... - дейді. Сөйтіп, алқын-жұлқын жүгіріп келіп, бір жа-
пырақ боп жатқан баланы қолына алып, бауырына қысты дейді. Қысып
тұрып: «Шашы Сарыарқаның селеуіндей үлбіреп тұр екен. Атын Ақселеу
қойыңдаршы», - деп өтініпті. Ол кезде Сланның шешесі тірі екен. Оның
жарты жолдан қайтып келісін көңіліне дік алған көрінеді.
Айтқандай-ақ, Слан сол сұрапыл соғыстан оралмайды. Ақселеуді бауы-
рына салған ата да, әже де қайтыс болады...
Аруағы риза болғай, әкесінің ағасы Аманбектің қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқытпай өсірем деген үмітін тіршілік деген опасыз дүние
ығына алмай қоймапты... Ақселеу жетімдіктен гөрі, жанды жегідей жейтін
дауасыз өмірдің рақымсыздығын көп көріп өседі. Ақаңның ақ түйенің қар-
ны жарылып жатса да езу тартудан аспай, сабырға салмақ салып оты-
53
ратыны да содан ба деп ойлаймыз. Осылай жалған тірліктің желігінен
мәнін терең түсініп, тарихқа ден қоюы, адамдардың болмыс-бітімін тануға
ұмтылып, тағдырына терең ой жүгіртуге талпынатын Ақаңның қаламынан
«Ақиық», «Қыр хикаялары», «Тауға біткен жалбыз», «Күңгір-күңгір күм-
бездер», «Сонар» сияқты көркем әдебиетімізге алуан қырымен келіп қо-
сылған шығармалар туса, соның қай-қайсысынан да зерделей оқыған кісі
білігі мен білімі, танымы мен табиғаты сай жазушының азаматтық тұлғасын
танып отырады.
Ақаңның оқығаны да, тоқығаны да көп. Қиыннан қиыстыра білетін әң-
гімешілдігін де білеміз. Мүйізі қарағайдай жазушы екенін, талантты аудар-
машы, этнограф ғалым, республикамыздың әлеуметтік-саяси, мәдени өмі-
ріне араласып жүрген қайраткер екенін қайталап айтып жату да артық. Бі-
рақ өзіне келгенде сырға сараң екендігіне күні кеше елу жылдығын ұлан-
асыр тойға айналдырған Ақадыр, Жаңаарқа аудандарына барған тұста
көз жеткіздік. Жоғарыдағы бірімізге белгілі болса да, көпке беймәлім
жайлар - оның туған жерінде, пейілі кең, мейірімі мол елінде айтылған
сырдың бір парасы.
Ақаң - Жаңаарқа ауданындағы №1 орта мектепті бітірген соң үш жыл
қой жайып, қотан күзеткен жігіт. Сол ақ-адал еңбегі, маңдай тері сіңген
Ақадыр ауданының Құрметті азаматы атанды. Оның алқызыл «бойтұ-
марын» тағып тұрып Ақадыр аудандық Кеңесінің төрағасы Сара Аман-
жолова: «Елдің атын шығарған ер тәрбиелеген қасиетті жерден ай-
налдық», - деген еді. Сол ер Ақаңды ел алақанына салып құрмет көрсетті.
Сарыарқаның құт қонып, қыдыр дарыған жері Отаутасқа қырық қаралы
ақбоз үй тігіп, Алсайқашқанда аламан бәйге өткізген жаңаарқалықтарға
Тарақты Ақселеудің шығармашылық жолы туралы ақын Қуанышбай Құр-
манғалиев баяндама жасаса, белгілі актер Асанәлі Әшімов, жазушылар
Кәрібай Ахметбекұлы, Кәдірбек Сегізбайұлы, Ербол Шаймерденов, Жомарт
Әбдіхалықов, Қуандық Түменбаев, «Желтоқсан» партиясының төрағасы
Хасен Қожахметов той иесі туралы жылы лебіздерін білдірді. Ақын Жүрсін
Ермановтың Ақселеу туралы жазған әзіл-қалжың аралас арнау өлеңін жұрт-
шылық айрықша ықыласпен қарсы алды.
Жаңаарқалықтардың атынан аудан әкімі Аманбек Әбдіханов Тарақты
Ақселеуге күміс ерлі ақбоз ат мінгізіп, шапан жапты. Мұндай сый-құр-
мет қонақ боп барған Асанәлі Әшімовке де көрсетілді. Ақселеу ел сыйын
Жаңаарқа ауданында салынып жатқан мешіт қорына, ал Асанәлі Түркіс-
тандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қорына берді.
Жазушы Тарақты Ақселеудің шығармашылық есеппен барып қайтқан
сапарын ұйымдастыруда айрықша еңбек сіңірген Жаңаарқа ауданының
әкімі Аманбек Түсіпханұлы Әбдіхановтың азаматтығына ризашылық сезі-
мімізді білдіреміз.
54
Сәбетқазы Ақатаев
ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ ЖЕМІСІ
Қаламгер қиялынан туған жаңа әдеби әлем мен сол әлем авторының
ғұмыры тұтас екені - айтылып жүрген қағида. Оралхан Бөкеев «Жұлдыздың»
№1 санында(1985 ж.) бұл жәйтті орынды пікірмен дәйектей алыпты. Дәл осы
жәйтке Ақселеу Сейдімбековтің творчествосы да куә: жазушының «Ақиық»,
«Тауға біткен жалбыз», «Атамекен» деген табиғат пен адам жарастығына
арналған әңгімелері мен повестері туған ел-жұрттың тағдыр-тіршілігімен
үйлесім тауып жатады. Тіпті жанры ғылыми аңсарға (трактатқа) жанасатын,
әдеби фабул адан тыс « Күңгір-күңгір күмбездердің » өзі дала төсіне өз сүрлеуін
жалаңаяғымен салып жүрген балдырғанның Аюшат үңгіріне саяхатынан
басталуы да жоғарыда айтылған пікірдің дәлеліндей.
Ақселеу - оқырманына сыршыл да, дүние дидарына шыншыл қалам-
гер. Жазушы бойына біткен осы екі қасиеттің де тегі біреу. Оның аты -
ізденімпаздық. «Ақиық», «Қыр хикаялары», «Тауға біткен жалбыз» кітап-
тарында тұлғаланған Мұрат секілді өрімтал жас тылсым табиғат сыры
мен сымбатын ермек етуші, сырттай қызықтаушы емес, оның тұңғиық
құпияларына ынтық, ғажайып сырларын ашуға бет бұрған, ден қойған
балғын зерттеуші. Сондықтан автор кейіпкерін дәйім сақа саяткерлер,
бүркітшілер мен тәжірибелі малшылар арасынан табады, солардың ақыл-
кеңесін, тәлім-тәрбиесін тыңдап отырады: «Шіркін, тіршілік... Жарықтық,
«Мал өсірсең қой өсір» деген ғой!.. Шөпшеңдеуін қарашы... Өз бойларынан
асатын қарды бұрқырата аршығандағысы - кішкене аузын екі-ақ толтырып
асайтын шөп... Осындай қажыр-қайратқа, осынша өлермен әрекетке дем
беретін бір құдіретті күш бар-ау, сірә... Әлде өмір үшін, тіршілік үшін күрес
осы ма екен?!» («Олжа»).
Жазушы бұл орайда жас пен кәріні, кемелдік пен балаңдықты тегін
қабаттастырмай, адамзаттың екі буынына рухани көпір тастап, өзінің әдеби-
философиялық кредосын, азаматтық позициясын белгілейді. Кешегі мен
келешек, ата мен бала, үлкен мен кіші арасындағы сабақтастық - А. Сей-
дімбеков хикаяларының өзегі. Жазушы шығармаларынан бой көрсететін
55
Шалғынбай, Жәкен, Мұса, Сағын, Сыздық, Шөптібайлар кімдер? Олардың
қазақ әлеуметіндегі орны, қызметі неде?
Осы сұрақтарға жазушы творчествосынан жауап іздей отырып, әдеби-
әлеуметтік мәселелердің бетпердесін ашамыз: Ұлы Отан соғысынан аман
елге оралып, халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне мұрындық
болып жүрген қазақ азаматтары елдің келешек тағдырын, шейіт боп кеткен
замандастардың рухани аманатын қоса ойластырады. Кешегі майданда қаза
болған қарулас серігінен қалған тұяққа әке орнына жүрмек, ақыл айтпақ,
кісілік мінез дарытпақ, еңбекке баулымақ ниет білдіреді. Сайдың тасындай
ел азаматының қалың қатарын соғыс оты ойсыратып тастады. Ер - бір
оқтың... Сарылтып барып саны толар-ау. Оққа ұшқан азаматтың ұрпақ
сабақтастырмақ рөлін кім атқармақ? Ақселеу Сейдімбеков осындай тарихи-
әлеуметтік астары ел тағдырымен ұштасқан мәселеге ден қояды. Жазушы
бұл мәселені кейіпкерлерінің қимыл-әрекеттерінен, психологиялық моти-
вациясынан, ой-пайымдарынан, қайрат-жігерінен байқатады. Ересек аға-
ны қара тұту, үлкенді қадірлеу, айта берді, үлкенге табыну - иісі қазақ
баласына таныс үрдіс. А. Сейдімбековтің «Тәтті тіршілік», «Қақпаншы»,
«Зерде», «Табысу», «Ақиық», «Күзеуде», «Қыз ұзатқан» атты әңгімелері
мен повестері жазушыға қанық оқиғаларға арналған. Жазушының та-
биғат туралы әңгімелері оқиға, кейіпкер және фабулалық бітім-болмысы
тұрғысынан желілі біртұтас шығармаға ұқсайды.
А. Сейдімбековтің шығармаларының басты ерекшелігі - табиғат тама-
шасы дербес, адам өмірінен тыс, оқшау сипатта емес, әлеуметтік өмірмен
біте қайнасып жатады. Мәселен, қиын қиядан арқанмен түсіп, бүркіттің
сары ауыз балапанына қолы жетіп тұрған балғын жас ардагер азаматқа
тән кесек мінез көрсетеді. Табиғатты, хайуанаттарды қорғауда зиялылық
білдіреді, «өзіндік» төл шешімге келіп, балапанға жаны ашып, алмай кетеді.
Балдырғанның мұндай шешімге өздігінен келе қоюы, әсілі, балалық сезім
үшін оңай емес. Бала өзімен, өз «қабырғасымен», ар-ожданымен саналы
тайталасқа, текетіреске түседі. Бірақ кісілік қасиет ақыры жеңеді.
...Қыл арқанмен сусып, құстың ұясына жетті. Шарасыз жатқан сары
ауыз балапанды көрді. Ендігі әрекет балапанды қойнына салып, алып кету
ғана. Тасада қыл арқанның басқа ұшын ұстап, дегбірі таусылып достары
тұр. Әрине, көптен аңдып жүрген қыранның тұқымын қолға түсіру керек-
ақ! Өте керек! Балғынның көзі қияда жатқан тасбақаның сауытын шалады.
«Бұл өңірде тасбақаның болмайтыны анық. Ең жақын дегенде ту-у сонау
300-400 шақырым жердегі Шу бойының құмынан ғана кездессе керек еді,
мына сары үрпек балапанның жұдырықтай бөтегесін толтыру үшін енесі
осынша керемет еңбек сіңіреді екен-ау...» Баланың көз алдына таңын созып,
топшысын талдырған, ұрпағы үшін жанын азапқа салған ұябасар ақ шәулі
бүркіт елестеді.
Бала балаға тән емес ірілік танытты дедік. Дүниедегі барша құбы-
лыстардың себеп пен салдар тізбегінен тұратыны аян. Бала шешімінің де
әлеуметтік тегі бар. Оның түп тамыры туған жер, жұтқан ауа, ішкен судан
56
дарыған этикалық-адамгершілік қасиеттерде жатыр, дәстүрлі кісілік пен
парасат тегіміздің қаршадай бала көкірегінде бел алуында жатыр, Бәлкім,
осынау күрделі тіршілігімізде көз жазуға болмайтын ең асылымыз да осы
болса керек. Бала жүрегінің кіршіксіз мейірімі Табиғат-анаға, тіршілік
атаулыға бағышталады.
Осы сезім мен сананы жазушы шығармаларының өн бойындағы иірім-
қайырымның баршасынан кезіктіріп отырамыз. Жай кезіктіріп қана қой-
маймыз, баланы жетім, ананы жесір еткен қатыгездікті жеңген мейірімнің
тағы да сол дәстүрлі тәрбиеден нәр алып, бел алып жатқанына көзіміз
жетеді. Фашист танкісінің шойын табаны қасиетті жерімізді таптап жатқан
дүрбелең кезде дүниеге келген бүлдіршін тірлік атаулыға шапағатын ти-
гізсем дейді. Адамды өлтіру мүмкін болғанмен, адам бойындағы кісіліктің
тегін өлтіру мүмкін емес.
А. Сейдімбеков - соғыс сүрапылын көрмеген жан. Бірақ майдан даласында
қалған әке тағдыры жүрекке қаяу болып түскені айқын. Мұндай нәубет
соғыс жылдары дүниеге келген ұрпақтың баршасына ортақ. Соғыс зардабын
рухани-психологиялық түрде ғана тартқан қаламгер оны баланың жақсылық
пен жамандықты ерікті таңдай алу үстінде өреді, қатыгездікке мейірімділік
қарсы қойылады. Осы айтылған жәйт А. Сейдімбеков творчествосының қай
саласын алып қарасаңыз да тұрақты психологиялық-философиялық байлам
түрінде бой көрсетіп жатады.
***
Ақселеу Сейдімбековтің «Ақиық», «Тауға біткен жалбыз», «Қыр хикая-
лары» кітаптары адамның Отанға деген шексіз махаббатын дәріптейді.
Кейбір сыншыларымыз А. Сейдімбеков шығармаларына өлкетанушылық,
этнографиялық белгі тағып, беріден қайтып жүргені байқалады. Біздіңше,
Ақселеу Сейдімбековтің кейіпкерлері үшін адам ғұмыры өтіп жатқан
табиғи-әлеуметтік орта өлкелік қана сипатта емес, ол Отан келбеті де. Отан -
адаммен тұтас, адамның адамгершілік өмірбаянының алғышарты. Адамды
адам етуші - елі, «алтын бесігі». Тыстан келген, ақша мен байлыққа ашкөз
тоғышар үшін қазақ даласы, қазақ пейзажы, Қазақстан табиғаты өлкелік,
әлеуметтік мәнінен дараланған «кеңістіктік кеніш» белгіде болуы ықтимал.
Ақселеу Сейдімбеков суреттеген табиғат тамашалары: Шолақеспе, Шажағай
бойы, Ортау, Саңғыру, Аюшат - мыңғырған малға толы алқап қана емес, ең
алдымен - Отан. Сондықтан Отан бейнесі кітап бетінде саналы түрде адаммен
жанды тоғысқа түседі, адамды адамдыққа баулиды, кейіпкермен сырлас,
мұңдас болады. Жазушы табиғат құбылыстарын өз бояуымен, реңкімен
хатқа дәл түсіре біледі. Ақселеудің шағын анакреонттық туындыларынан
да тек қазақ сахарасына ғана тән жалбыз иісі аңқығандай болады: «Тау-
дан құлай ескен қоңыр леп терең шатқалда тұнып тұрған мың сан өсім-
діктің хош иісімен әлсін-әлсін шомылдырып өтеді. Мұндайда, әсіресе,
57
жалбыз бен киікотының саумал иісі көкірекке толып, өзіне ынтықтыра
шақырғандай болады. Мен шалғыннан басымды көтеріп, төңірегімнен жал-
быздың жапырағын іздеймін. Сол сәт әжем марқұмның: «Тауға біткен
жалбызым-ау!» - деп емешесі үзіліп отыратын сәті есіме түседі» («Тауға
біткен жалбыз»). Осы шағын үзіндінің өзінен табиғат көрінісінің адаммен,
әлеуметтік ортамен қойындасып жатқанын аңғарамыз: мұндағы «емешесі
үзілген» әже образы - соғысқа байланысты, майданда қаза тапқан солдаттан
қалған тұяққа деген қамқорлықтың санада тоғысқан сілемі. Жазушының өз
қара басына ғана байланысты емес, соғыстан кейін әкеден айырылған барша
совет балаларына тән биографиялық деталь. «Менің қазіргі сәттегі әрі-сәрі
көңілімді орнықтырғандай, осы бір шүйкедей ғана жапырақтың саумал иісі
сарайымды ашып жіберді. Есіме тағы да әжей марқұмның: «Тауға біткен
жалбызым-ау!» - деп отыратын сөзі түсті. Есіме түсуі мұң екен, қолымдағы
жалбыз елбіреп, саусағын созған әжемді елестетіп, ұсақ түк басқан қаракөк
жапырақтар көзіме оттай басылды. Жалбыздың да буын-буыны босағанда,
алпыс екі тамыры иігендей, жұпар иісімен ағыл-тегіл шомылдырып жатыр...
Жүрегім біртүрлі елжіреп кетті. Менің ендігі мейірімді әжем, мәңгі өлмейтін
әжем мынау мүлгіген тылсым табиғат сияқты, қолымдағы жалбыз әжемнің
ақ төсін аймалаған мұңсыз-қамсыз кездерімді еске түсірді.
Мен балапанды алып қайтпағаныма тіпті де өкінгенім жоқ».
Міне, қаршадай балдырған кейіпкердің жасаған адамгершілік, алғашқы
ерлігінің түп тамыры осындай нәзік те таза психологиялық өреден су-
сындайды.
***
Жазушы мен оның оқырманын жалғастырушы - кітап. Әдебиет тек
адамның рухани игілігі үшін қызмет етеді. Әдебиет - оқырман үшін. Бірақ
әдебиет оқырманымен тіл табыса алған күнде ғана бұл шарт жүзеге аспақ.
Әйтпеген күнде кітап не дүкенде жатып алмақ, тіпті сатып алғанмен рухани
игілік ретінде қызмет ете алмайды.
Мәселе ойлантады: әдебиетіміз оқырманын өзіне тарта ала ма? Қолына
түсіре алмаған кітаптарды ағайын-туыстарына хат жазып, наз айтып, табуға
әрекеттене ме? Жоқ, қолына тигенін оқи бере ме? Оқырманның кітапқа деген
құштарлығы оқырман мәдениетін түзілтеді. Оның әдеби процеске қанша
байланысы бар? Оқырман мәдениеті - жалпы ұлттық әдеби ой деңгейінің
бірден-бір көрсеткіші.
Деректі мысал келтірейік. Ел ішін аралап жүріп «Айтыс» кітабының
үш томын соғымға айырбастағанды көзіміз көрді. Істің сауда-саттыққа
құрылғанына қарамай, кітап нарқының ел ішінде мұндай қымбат бағалануы
қайран қалдырады. Жақсы кітапты, рухани қазынаны материалдық игі-
ліктен ажырата алады екенбіз. Бұл - қазақ әлеуметіндегі рухани дәулет
пен материалдық ашкөздік арасындағы күрестің рухани үрдіс пайдасына
шешілуінің белең бере бастауы, жеке адам мәдениетінің өзегінде рухани
58
бастаманың дендеуі. Кітап дүкендерінен I. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаев-
тың, Д. Досжановтың, М. Мақатаевтың кітаптарына сұранысты ашықтан-
ашық естиміз. Мәселен, Моңғолиядан сұратқан « Үркерді» ақыры таппадық.
Жан-жақтан келетін хаттар ішінде А. Сейдімбековтің «Күңгір-күңгір күм-
бездерін» сұраған сауалдар кездеседі. «Күмбездерді» қала пәтерлерінің
сөрелерінен, шопандардың киіз үйлерінің керегелерінен тоз-тоз болып
тұрғанын көргеніміз бар. «Күмбездердің» қолдан-қолға ауысып, адам мен
адамды жалғап, мереке мен берекеде сауға мен сый орнында жүргенін де
байқадың. Жер-жерде оқушылар конференцияларында «Күмбездер» тал-
қыға түсіп, жақсы бағаланғанын газеттер мен журналдардан, баспасөз беті-
нен таныстық.
«Күмбездер» несімен қымбат?
Қазір әсіреқызыл сөздің әдебиетімізде сүйкімі кеткен уақыт екені мәлім.
Оған дүниежүзілік озық әдебиет үлгілері айғақ. Сөз - мәнімен, мағынасы-
мен, білімдік хабарымен қымбат. Қазіргі поэзияның өзі интеллектуалды сөз
өрнегіне айналып жатқаны да сол процестің көрінісі болса керек. Мағыналы,
жүйелі, зерделі, деректі сөз - тұжырымды ойдың белгісі.
Әр өнер қайраткері - тұтас бір әлем. Ол жаратқан әлем дидары да өзіне
ұқсас болуы - шартты құбылыс, жазушының мәдени өресі мен эстетикалық
талғамына орай ол әлем теңіздей терең, шың-құздай заңғар биік немесе
көңіл құлазыр қу тақыр, сылдыр сұйық, сұрқай болуы ықтимал. Ақселеу
творчествосынан қазіргі рухани сұраныстағы қазақ оқырманының әсіре
сөзден гөрі ұтымды пікірге, деректі сөзге ден қою процесін аңғарамыз. Бұл
алпысыншы, жетпісінші жылдардан бері әлемдік әдебиетте белең берген
құбылыс еді. Қазақ оңырманы аздап кешеуілдеп болса да бүл деңгейге кө-
терілуін заманалық кемелденуден туындаған рухани жаңғыру деп тану
абзал.
А. Сейдімбековтің «Күмбездері» - қазақ әдебиетінде ғылыми-көпшілік
жанрына мұрындық болар кітап. А. Сейдімбеков бұл жанрды қазақ
әдебиетінде тұңғыш көтерген автор деуден аулақпыз. А. Сейдімбековке
дейін де әдебиетімізде бұл жанр С. Сейфуллиннің, С. Мұқановтың шығар-
маларынан орын алған еді. Ақселеу кітабында көтерген мәселелерін оқыр-
манның бүгінгі күн сұраныстарымен сабақтастыра білген. Менің көзіме ілін-
ген «Күмбездердің» мойын бұрғызар «құпиясы» осы ма деймін.
Ертеде өткен оқиғалардың хабарын, шалғай жердің жаңалығын керуен
әкеледі екен. Бүгінде оны жаңа кітаптардан білеміз, соның бірі - «Күңгір-
күңгір күмбездер» мимырт даланың шырқы кеткен шырайын келтіріп,
оның өткені мен ертеңі, биігі мен тереңі туралы сыр төгеді.
Дара халық емес, төскейде малы, төсекте басы қосылған Еуразия құр-
лығын мекен еткен бірнеше ұлттардың рухани болмысына әлі де болса ке-
регі мол тамаша дүниелердің күні бүгінге дейін тасада қалғанына таңдай
қағасың. Сұлулықтың «эллиндігі» әлде «қытайылығы» мен «варварлығы»,
«көшпелілігі» мен «отырықшылдығы» болама?Жақсының жаратылысында
жаттық жоқ. Жақсының шын аты: салтанат, парасат, сұлулық. Платон
59
тілімен айтсақ - игілік, эстетикалың дәулет. Оның Отаны - Жер, ұлты -
Адамзат. Ол ескірмек те, жаңғырмақ та емес, бірақ молаюы, баюы бар. Оны
дамытатын - «Құдай қалаған» елдің әлде атаның баласы емес, кәдуілгі адам
баласы.
Қай халықтың болмасын мәдени мұрасы - ұлттық қазынаның бір түрі.
Ол - тасқа түйген әні, қайысқа таспалаған күйі, ағашқа ойған өрнегі...
Оны зерттеу, жинау және қорғау - Отан қорғау секілді қасиетті борыш.
Дүрбелеңмен өткен өмірдің иісі бұрқыраған асыл мұрасын эстетикалық
талғамы биік бүгінгі өскелең ұрпақтың кәдесіне жарату - есеюдің белгісі.
Көптен бері түйіншегі тарқатылмаған өзекті мәселелердің бірі - Қазақ-
стан жеріндегі тарихи мұраларды бөлу, оған ен салу, оларды тудырушылар-
ды басқа өңірден іздеу әрекеті - бірден-бір мұрагершілікке күдік туғызу
болып келді. Үлкен бір халықтың жаңа тарихи кезеңге жаңа атпен шығуын
негізге алып, оның тарихи өрісін тежеп, 3-4 ғасырлық ғұмырмен ғана шектеу
жалаң академиялық ағаттықтан туа қалған күпіршілік дегенге илану қиын-
ақ. Саяси-экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтардың диа-
лектикалық жолмен өз шешімін табу барысында қоғамда орын алып жат-
қан жаңа сапалық өзгерістерді, бұрыннан сабақтас оқиғалардың, оның
ішінде этногенетикалық құбылыстардың кемелденіп, белгілі бір межеден
өткен соң басқа мазмұнға ие болып, мәнін өзгертуін, былайша айтқанда,
барлық объективтік өзгерістерді сыпырып тастап, тек оның формасына,
атаудан пайда болуына тели салу, әрине, тарихи тәсілді еркін түсінбеуден
туған методологиялық ағаттық. Автор шешімі оңайға түсе қоймайтын
мәселелердің дұрыс методологиялық кілтін таба білген. Міне, сондықтан
қазақ халқының дүниеге келуін А. Сейдімбеков Қазақстан жерін мекен
еткен ежелгі тайпалардың тарихи тағдырымен орынды байланыстырған.
Ата-бабаларынан мирас тұтқан шын мәніндегі халық ескерткіштерінің ең
қомақты бөлігі - дала ғимараттары. Бұлар тек құрылыс пен сәулет өнерінің
ғана асқақ үлгілері емес, сұлулық пен тарихтың тоғысы, азаттық сүйгіш
халықтың бірлікке құштарлығының айғағы. Сәулетшілердің Қазақстанның
географиялық кіндігін бұлжытпай дәл тауып салуында үлкен әлеуметтік мән
де жоқ емес. Автор қаламынан көпке әйгілі Алаша хан, Домбауыл, Жошы
хан, Аяққамыр, Болған ана, Жұбан ана өз тұлғаларын тауып, олардың
бүгінгі жағдайына қалың оқырман жұртшылықтың назарын аудара білген.
Автор иек артып отырған кейбір деректер алыпқашпа, атүсті тұжырым-
далып, зиялы оқырман талабынан шыға бермейтін тұстар да бар. Алаша хан
туралы ғылыми таластың мәні ашылмаған. Кеген «жазуы», оның кейінгі
тағдыры авторға беймәлім екендігі көрініп тұр. Кейбір ескерткіштер негізсіз
«қартайтылған», көнеленген. Тарихи жазба деректер, әсіресе араб-парсы
тарихшыларына тән компиляциялар жіктеліп қолданылмаған. Кітаптағы
мұндай ақаулардың орын алуы түсінікті де, өйткені автордың мақсаты
жаңалық ашу емес, көпшілік назарын қазақтаным мәселесіне аудару, осы
мәселелердің түйінін, бүгінгі күн сұранысына қажет жақтарын насихаттау.
60
Қандай да болсын тарихи болмыс тарихтың өз бетбұрысынан, оның ішкі
заңдылықтарынан тууы керек. Тарих заңдылығына қарсы шығу, қарама-
қарсы әрекет жасау тек кешірілмес күнә ғана емес, ол - адамзаттың күш-
қайратын, жігерін құм қылу. Мәселен, моңғолдардың «мәңгі» қағандары
Қарақорымды дүние жүзінің астанасы жасаймыз деп әрекеттенгені бел-
гілі. Шартараптан Қарақорымға қарай қазына мен байлық, өнер мен оны
жасаушы шеберлер ағылмады ма? Мұны мамандар да, шопандар да жақсы
біледі. Қарғысқа ұшыраған қаланың көшелері мен махаллалары мал тұя-
ғына тапталып қала бермеді ме? Тарих заңы білмегенге дүлей күш, біл-
генте сыршыл жәрдемші, елгезек дос екенін дұрыс түйіндейді Ақселеу
кітабында.
Кітаптың ұтымды үлкен бөлігі - малшылық тақырыбы. А. Сейдімбеков
бұл салада өзі жинаған соны материалдарды өте ыждағаттылықпен ұқыпты
қолдана білген. Мал шаруашылығында шешілмей жүрген мәселелер бо-
йынша оқырман қауыммен кең сұхбаттасуға ниет білдіреді.
Төрт түлікті қолға үйрету, оны сұрыптау, осы арқылы шөл далаларды
игеру, сахараны адам игілігіне айналдыру - Адамзат мәдениеті үшін рево-
люциялық жаңалық болды. Жылқы малын үйретіп, оған ер-тұрманын
сайлау, әсіресе ауыздық пен үзеңгіні ойлап табу әлеуметтік прогресті қар-
қындататын аса ірі қадам болды. Көшпелі малшы мал шаруашылығы туралы
білімін ылғи жетілдіріп отырды. Малды сұрыптау, тиімді қасиеттерін да-
мыту, зоотехникалық, ботаникалық, астрономиялық және медициналық
халық білімдерін қорыту, ат баптау, құсбегілік, т.т., тек тақырыбын айтып
шығу оңай емес.
Ақселеу кітабындағы халық даналығын жинап, ой елегінен өткізіп,
келер ұрпаққа тағылым етіп жүргендердің бірі - Шөптібай. Шөптібай -
қазақ ауылының энциклопедиясы, екі аяқты білім қазынасы. Онымен ке-
ңеспейтін, одан ақыл сұрамайтын шопан, жылқышы, маман, партия, совет
қызметкерлері кемде-кем. Ақселеу Сейдімбеков Шөптекеңді құрметтеуге,
оның айтқанына немкетті қарамай, тереңінен зер салуға шақырады. Бұл -
әлеуметтік болмыстың ерен қасиеті, ұрпақтар сабақтастығы.
Материалдық, рухани мұраларды қорғау идеясын көтере отырып, автор
осы мұраларды тамаша топтап және жіктеп береді. Қазақстандағы мәдени
мұралар саны 25000 екен. Алайда мүлде есеп жүрмейтіндері қаншама?!
Соның бірі - Қазақстанның жер-су атаулары, туған жердің топырағын атай
білу мәдениеті. Бұл орайда әлі де болса ағаттықтан құр алақан емеспіз. Тек
Алматының өзінде ғана бірнеше халық мәдениеті мен тарихына өгей, жат
атаулар әлі де кездеседі: Дорожник, «Тещин язык», Пивзавод, Кирпичный
завод, Поганка, Нахаловкалар - атауға деген енжарлығымыздың дәлелі.
Орталық Қазақстан бойынша Алексеевка атауы 15 рет, Михайловка 18 рет
қайталанып кездеседі екен. Ал Николаевка, Петровкаларды кім санады?
Осы атаулардың түп иесін іздесеңіз, көбі - тарихта болған, осы жерлерге
қатынасы-ақ бар адамдар. Бірақ олардың дені - халыққа қан жұтқызған
алапаттар. Бұлар - Павел, Николай падишалар, олардың генералдары
61
Перовский, Черняев, казнокрад Вишневский, казак атамандары мен пат-
ша әскерлерінің қолбасшылары Андреев, Семенов, Абакумов, Ванновтар.
Дін шырмауына шалдыққан Троицкілер мен Покровкалар қаншама?! Ал
шығармалары ұлт мәдениетінің негізін қалайтын Біржан, Ақан, Сара,
Махамбет секілді саңлақтардың есімі астанамызға әшекейдей-ақ болар еді
ғой. Жер атауы - халықтың тарихи тіршілігінің айнасы, оған қамқорлық
керек екенін ескертеді кітаптың авторы. Қарыстай жері үшін халықтың
қаны төгілген қасиетті топырақтың аты келіспей тұрғанына қынжыласың.
Қазақстан мәдениетінің тарихи тегін саралағанда қола мәдениеті дәуірі
тыс қалмауы кәміл. Сондықтан Ақселеу Сейдімбеков қола мәдениетінің
кемел шағы - Беғазы-Дәндібай кезеңіне байланысы бар археологиялық мұ-
раларға талдау жасауы орынды. Бұл мәдени ошақ ғылымға ардагер ағамыз,
республика халықнамасының пірі, марқұм Әлкей Хақанұлы Марғұланның
ғұмырлық ісі ретінде қосылғанымен, әлі де болса қалың бұқара оның мән-
жайын толығымен біле бермейді.
Беғазы-Дәндібай мәдениет үлгілері - өз заманының биік шыңы, қатар
дамыған Қарасуық мәдениетінен көп озық. Жасыратыны не, көпшілік
музейден таныспаса, бұл мәдени дәулет тарихи таным ретінде әлі де таңсық
қалып келеді. Беғазы-Дәндібайдың кереметі - отырықшы қола дәуірін
көшпелілермен ұластырып, Сарыарқаның алғашқы мал өсірушілерінің
шығуына негіз болған. Адамзаттың алғаш рет ат жалын тартып, сәйгүлігіне
мінуі андрон кезінде орын алғаны сенім туғыза қоймаса, Беғазы, Тоқырауын,
Ақсу-Аюлы, Қарағанды қыраттарын мекендеген тайпалар сүйектен де
ауыздың жасап жіберіп, ағаш үзеңгімен-ақ төңіректің төрт бұрышынан жо-
ғын іздеген. Енді бір өткел. Енді бір кезең... Қола ауыздық пен қола үзеңгі
де шықты. Меңіреу даланың белес-белесіне де жан бітті. Алыс жердің
малшылары бір-біріне кездесіп, жөн сұрасты. Алыс та қиыр шет жолдарды
аңсады. Қола найзасын сайлады. Сайысқа түсті. Шырт ұйқыда жатқан
сахарадағы дүрбелең Қалба, Саяқ, Жезқазған қыраттарындағы жаңа кә-
сіп - металлургиямен тығыз байланыста болды. Көшпелілердің қазба кен
байлықтарды игеруінде осындай сыр бар еді. Палеометаллургия алғашқы
көшпелілердің шығуына индустриялық негіз болды. Тек скиф заманына
дейін ғана бір Жезқазғанның өзінен 1 000 000 тонна кен өндіріліпті. Ол
кездегі қызық дәстүр, қандай жаңалық қоғамда орын тепсе де, ең әуе-
лі үш нәрсені қамтитын. Олар: ер-тұрман, қару-жарақ және әйелдер әше-
кейі. Осының қай-қайсысы да өнер туындысы ретінде шығарылған. Енді
1 000 000 тонна кеннен қанша өнер туындыларын жасап шығаруға болады
деген сұраққа дәл жауап бере алмасақ та, мөлшері кәміл. Беғазы-Дәндібай
кеншілері мыстың қасиетін арттыратын мышьяк, қалайы қосындыларын
қолданғаны, әрине, үлкен ғылыми жаңалық екеніне ешкім дау айта алмайды.
Мыңдаған жылдарға созылған осы мәдениет ошақтарына байланысты
мәселелерді талдай отырып, А. Сейдімбеков олардың қазіргі хал-ахуалына
қалың жұртшылықтың назарын аударады. Кезінде академик Ә. Марғұлан
көтерген Былқылдақ, Беғазы ошақтарын археологиялық мемлекеттік
62
қорықтарға айналдыру мәселесіне үн қосады. Үлкен музейлерден табыла
бермейтін археологиялық ескерткіштердің әлі де болса елеусіз тағдырын
еске салады.
Кітаптың едәуір беттері көшпелі мал шаруашылығының жайлау-қыс-
тау циклына біржолата ойысып, Беғазы-Дәндібай дәуірінде дамыған қола
мәдениеті тұсында бой көрсете бастаған өнердегі көркемдік мәнердің тарихи
тағдырын баяндайды. Бұл мәнер ертедегі көшпелілер кезінде жоғары да-
мып, орта ғасырлардағы Қазақстанды мекендеген халықтардың тұрмысқа
қолданбалы өнері арқылы қазақ өнеріне ұласқандығын автор нақтылы
үлгілерді талдау барысында дәлелдеп береді. А. Сейдімбеков скифтердің
«тағылық» стиліне «даналық» деп атақ беруі, көшпелілер өнерінің жалпы
қасиетін аңғартқанмен, көңілден шыға қоймаған, өйткені «тағылық»
атауы - жалпы ертеде кең тараған хайуанаттар стилінен ажырату үшін
қолданылған шартты атау.
Көшпелілер мекен еткен бүкіл Ұлы Дала кеңістігіндегі өнер біркелкі,
біртекті, бірыңғай болмаған. Біз бұл жерде автор тұжырымымен келісе
алмаймыз. Мерейі биік өнердің қашанда меншіктеген қайнар көзі, сон-
дықтан ерекшелігі, өз бойына ғана сәйкес сымбаты болады. Көне дүние өнері
станоктан шыққан, тираждалған бұйымға ұқсамаған. Мыңдаған жылдар
дала өнері бір дәрежеде (тіпті кілең жоғары) болды деген тұжырым оның
жеке региондық тұлғаларын мойындамаудан, өнердің даму сатыларын,
оның динамикалық ережелеріне немкетті қараудан, өнердің әлеуметтік
мәнінен адалап, оны «таза өнер» идеясымен ноқталаудан туындайды.
Жазушының көптен бері ел аралап, тарихи-этнографиялық материалдар
жинап, ел ішіндегі түрлі деректерге құлағын түріп жүретіні байқалып
отырады. Сондықтан да автордың көптеген материалдары соны, өзі іздеп
тапқан, әдебиетте кездеспейтін, қол тимеген су жаңа деректер екеніне дау
айту қиын. Олар әсіресе автордың күй туралы сырларында көп шоғырланған.
Күй туралы автор ойы тұңғиыққа тартады. Бірақ айтары анық. Күй
дүниесі - халқымыздың мақтанышы, байлықтың аса сирек кездесетін түрі.
Күй шежіресі өте тереңнен басталып, өз дамуында басты-басты бес кезеңнен
өткен екен. Халқымыздың музыка тарихы үшін бұл - жаңалық, мамандар
назар аударарлық тосын пікір. Бұл - А. Сейдімбековтің күй мәдениетінің
ырысы мен шығысын әбден есептеп түйген салауатты тұжырымы. Сондық-
тан автор келтірген дәлелдерге мұқият назар аударған абзал. Қазіргі музы-
ка зерттеушілері күй тарихын Қорқыт атамыздан бастап, күйшіні кейінгі
орта ғасырлар өкілі санап, шығармаларын бақсының жын шақырғыш са-
рыны ретінде түсіндіріп, маймөңкелеп жүр.
Кітаптың қамтып отырған басқа да өзекті тақырыптары мол. Автор өз ой
елегінен халық тіршілігінің негізін қалайтын қомақты дүниелерін өткізіп,
өз тағылым биігінен бағалап, тамашаларын оқырмандарына паш етіпті.
Бұл - сирек кездесетін тағылым.
А. Сейдімбеков - әдебиетімізге өз мәселесін арқалап келген қаламгер. Сол
себепті жазушы қаламынан шыққан дүниені оқырман қауым іздеп жүріп
63
оқиды, пікір таластырады. Жазушының оқырманы - көкейіне түйіп жүрген
мың сан мәселеге жауап сұраған толассыз ізденіс үстіндегі оқушы. Сөйтіп
жазушы зердесі зерделі оқырман табады. Олар, әрине, оқушы, студент
жастар, білікті орта буын, ауыл-село интеллигенциясы, жұмыскерлер мен
қызметкерлер. Талғампаз оқырманның көңілінен шығу оңай емес, автордың
біліми кемелдігін, зейін белсенділігін, жазушының өз санасының дәйім
жаңарып, толысып отыруын шарт етеді. А. Сейдімбеков сол талапқа лайық
ойшыл қаламгер екенін танытады. Жазушының бұл қыры оның өскелең
өмірдің өрелі рухани сұрақтарына жауап ізденуінен туады. Жазушы
кезінде ауыл мен дала тақырыбына әуес болса, қаламы төселе келе мәдени
өрбуіміздің көкейкесті мәселелеріне араласты. Жазушының бұл талабын
оның «Күңгір-күңгір күмбездері» танытты.
** *
Ақселеу Сейдімбеков сергек әрекетшілдігімен көрінеді. Оның әлеуметтік
белсенділігі барысында халқымыздың бір сүбелі дүниесі заманына орай
жаңа формада көрініп жүргенге ұқсайды. А. Сейдімбеков әйгілі «Илиада»,
«Одиссея» дастандарының қарасөздік үлгісін тұңғыш рет қазақ тілінде
сөйлетті. Осы үрдісті тағы да тұңғыш рет төл топырағымызға теліп, «Асыл
мұра» сериясымен «Алпамыс» дастанын қара сөзге түсіріп, мазмұндама
түрінде жасөспірімдер мен оқушы жастарға ұсынды. Жазушының бұл
ынтасы дау да туғызды. Дегенмен, фольклордың қазіргі тоқырауына
сәйкес, оның озық үлгілерін насихаттауда жаңа форма тауып, оқырманға
жақындатуы - құптарлық іс. Ауыз әдебиетіміздің тамаша нұсқаларын
оқырман кәдесіне жаратудың әр түрлі жолдары мен амалдарын (мәселен,
театрда, кинода, музыкада, биде) тауып беріп отыру әр дәуір қалам иелерінің
қасиетті борышы болмақ. Фольклор туындыларының эстетикалық және
адамгершілік қасиеттерінің өрелілігі көпке мәлім. Мәселен, орыс халқының
көркемдік ойының мөлдір бастауы болып саналатын «Игорь жасағы туралы
жыры» тарих, әдебиет, тіл және т.б. көптеген пәндер арқылы да, радио,
телевизия, кино, әдеби шығармалар арқылы да кеңінен насихатталу үстінде.
Орыс халқының ұлттық фольклорын насихаттау ісі үлгі тұтарлық.
А. Сейдімбеков қаламына көп жанр тоғысқан: әңгіме, повесть, публи-
цистика, очерк, ғылыми аңсар, сын және әдебиеттану салаларында жазу-
шының қосқан үлесі едәуір. Оның авторлығымен құлаққа жағымды әндер
мен күйлер де орындалып жүр. Бұл жазушының табиғи дарындылығын тай
санына басқан таңбадай айқындайды.
Сондықтан А. Сейдімбеков творчествосы әр сала өкілдерінің талдап,
жанр-жанрға бөліп жіліктеп, пікір айтуы арқылы ұрымтал бағасын алмақ.
Әр творчестволық тұлғаның өзіне ғана тән бітімі, өзінің ғана ой-аңсары
мен суреткерлік шалымын білдіретін қасиеті болады. А. Сейдімбеков дітте-
ген әдеби-эстетикалың мәселелер бірдей емес, ондардың, жүздердің саналы
64
түрде тізе қосуы арқылы игерілетін күрделі қүбылыс. Оның творчествосын
бағалауда осы бір жәйтті есте түтқан жөн.
Мен білетін А. Сейдімбеков - ізденімпаздық жолында тағат табуды
білмейтін жан. Өзірше түйеріміз: өнер мен өмір жігін дәнекерлеу, өмірді
өнермен әдіптеу, енерді өмірмен қойындастыру, сол арқылы халқының
рухани ғүмыр жолын үзарту - қаламгер арманы екені аян.
Жанболат Аупбаев
АҚСЕЛЕУ
ӨМІРБАЯН ЖОЛДАРЫНАН: Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков 1942 жылы
желтоқсан айында Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданына қарасты
Байдалы би ауылында туган. 1959 жылы аудан орталығындагы №1 мек-
тепті бітірген соң ол комсомолдық жолдамамен «Қызылту» кеңшарына
қой бағуға келеді. Осында үш жыл шопан, жылқышы болып жұмыс істеген
Ақселеу 1962 жылы ҚазМУ-дің журналистика факулътетіне оқуға түседі.
1963 жылы университеттің екінші курсында оқып жүргенінде Кеңес
Армиясы қатарына міндетті әскери борышын өтеуге шақырылады. Әскери
міндетін атқарып қайтқан соң ол оқуын одан әрі жалғастырып, ҚазМУ-ді
1968 жылы бітіріп шығады.
Бірінші сыр немесе балалық шаққа саяхат: Әңгімеміздің әлқиссасын
ардақты азаматқа осыдан елу жыл бұрын Ақселеу деп азан шақырылып, ат
қойылуы туралы қарапайым ғана бір детальді тілге тиек етуден бастайық.
Бұл жөнінде кейіпкеріміз онша көп ештеңе айта қоймайды. Ол түсінікті
де. Себебі, мұны оның: «Насыбай атып отырған шақшасын Құнанбайдың
көзі деп, тартып отырған домбырасын Сүгірдің көзі деп имандай сендіре-
тін Ақаң енді өзінің аты жөнінде жаңа аңыз ойлап тапқан ба, қалай?..» -
деген құрдастарының қағытпа қалжыңынан аулақ болғысы келгені шығар
деп ойлайсың. Ал бірақ... Иә, бірақ бұл туралы ауылдастарының арасында
мынадай ойлы әрі көшелі нақты әңгіме бар.
Ол 1942 жылғы желтоқсан айының түнінде дүниеге шыр етіп келгеннің
ертеңіне әкесі Слан майданға аттанған екен. Марқұм елге қайтып оралма-
сын сол кезде-ақ сезіп, білді ме, кім білсін, әйтеуір ауылдан ұзап шыға
бере ат басын үйіне қарай қайыра бұрыпты. Ұстараның жүзіндегі үміт
пен күдік алма-кезек аунап тұрған қатерлі жолға кетіп бара жатып қайта
оралу қазақ үшін жақсы ырым емес екені анық. Осыны көңіліне дық санап
абыржыған ата-анасына басу айтқан Слан жөргектегі сәбиге беттепті. Сөй-
тіпті де іңгәлаған бір жапырақ шарананы қолына алып тұрып: «Шашы
Сарыарқаның селеуіндей үлбіреп тұр екен. Құдды селеу шөптен аумайды.
66
Атын Ақселеу деп қойыңдаршы», - деген өтінішін айтыпты. Содан ол туған
даласына да, кіндік кесіп, кір жуған ауылы мен от басы, ошақ қасына да
қайтып оралмаған. Сталинград шайқасында мерт болған.
- Әкемді көргенім жоқ. Одан қалған жалғыз белгі, көңілге медеу тұ-
татыным тек мынау ғана, - дейді Ақаң маған кішкентай қобдишадан алып
шыққан үшбұрышты жәдігерді көрсетіп. - Мә, көрем десең көр. Оқуыңа да
болады. Байқа, жыртылып кетпесін.
Бойтұмар іспеттес дүниені қолыма алып қараймын, уақыт табынан сар-
ғайған жауынгер хаты. Оның бүктелген жерлерінің бәрі тозығы жетіп,
сөгіліп кетердей боп үлбіреп тұр. Махорка қорабының ішіне астар ретінде
салынған алақандай қағазға латын әрпімен асығыс-үсігіс жазылған сөй-
лемдерден ел мен жерге деген сағыныш лебі еседі. Кенет жанарым: «Күн
суық. Қар қалың. Соғысқа кіргелі тұрмыз. Командир екі адамға бір мыл-
тықтан берді», - деген хат жолдарына келіп тірелгенде жүрегім солқ
ете түскендей болды. «...Екі адамға бір мылтық...» Амандық-саулықтан
басқа артық-ауыс сөз жазғызбайтын, басқыншыларды батысқа қуып
барамыз дегеннен әрі ештеңені айтқызбайтын «ерекше бөлімнің» қырағы
кез қызметкерлері мұны қалай байқамай қалды екен? Хат иесі бұл жерде
өзінің көргенін, білгенін айтып отыр. Иә... «Тірідей қолға түскеннен гөрі
өзіңді атып өлтіргенің дұрыс», - деген қатыгез уақыт... «Шайқас кезінде
шегінетін болсаң «особистердің» оғына ұшасың», - дейтін қаһарлы кез...
«Қару жетпесе де қара көбейтуге тырысып, жолдасыңның қасында тұр.
Ол өлсе сен барсың, мылтығын ал да жауға оқ ат», - деген сұмдық сәт...
Сенейік-сенбейік, соғыстағы өмір, майдандағы тірлік біз кітаптан оқып,
кинодан көріп жүргендей емес, міне, нақ осындай болатын. Соның бір
дәлелі - қыр қазағы Сланның елге жолдаған аталмыш хатындағы сөйлем.
Ол жоғарыдағыдай шындықты, жай шындық емес, ащы да ауыр ақиқатты
айтуымен, бүгінгі ұрпаққа соны жеткізуімен құнды.
Үшбұрышты үшбу хаттан мен, міне, осындай ой түйіп, біразға дейін үнсіз
отырып қалдым. Ал Ақаң болса сөз желісін одан әрі өрбітуге ыңғайланды.
Тыңдап отырмын, әңгіме оның соғыстан кейінгі балалық, жастық шағы
жөнінде еді. Көз алдымнан мынадай сурет үздік-создық болып өтіп,
төмендегідей көріністер елес беруде.
Жаз. Жайлау. Ышқырында асығы салдырлаған Ақселеу өзіндей бір
топ қаратабан балалармен бірге таңның атысынан күнің батысына дейін
қызғалдағы мен сарғалдағы шоқтай жайнаған, бүлдіргені сілекейіңді
үйірген, әр бұтаның түбінде құстардың етек толтырар жұмыртқасы
жатқан даланы кезіп кетер еді. Оларға бәрі қызық. Мәселен: «Мынау ұлы
сүрлеу, қасқа жол қашан, қайдан басталған? Қай қиырға маңдай тірей-
ді?» - деп елегізеді бала көңілі. Өкінішке қарай, мұны бұлар түгілі көнекөз
қариялардың өзі ұмытқан. Бар білетіндері - «Хан жолы» деген жалғыз атау.
Егер оны қазбалап, одан әрі сұрай түссе: «Е-е, шырақтарым, бұрынғының
айтуы рас болса, бұл - Ханбалық деген шаһардан басталатын керуен жо-
лының бір тармағы. Маңдайы Жатжұрт деп аталатын түнек далаға жетіп
67
жығылады екен», - дейді қариялар. Ол кездері Ақселеу Ханбалықтың
Қытайдағы Бежін, Жатжұрттың Сібір ойпаты екенін қайдан білсін?!
Содан кейін балалар, ауылдан қозы көш жердегі құж-құж болып шөгіп
жатқан тас қорымға беттер еді. Ғажап! Мұндағы әрқайсысы кереге қана-
тындай алып тастарды әлдекім әлдеқайдан көтеріп әкеліп, қырынан қоя
салғандай. Енді бір жерде ат үстінен қол созсаң да бойың жетпейтін шомбал
сынтасты әлдеқандай құдіретті күш иесі бір-ақ нұқып жерге қадап кеткендей.
«Бұл қорым қай кездің белгісі? Кімнен қалған? Мынау ошақ сияқты, мұржа
тәрізді тастан қаланған құрылыстар не үшін салынған?» деген сұрақ туады
енді Ақселеу бастаған балалардың арасында. Бұл орайда олардың жүгіне-
тіні тағы да қарттар. Ал ақсақалдардың білетіні сол тастардың атауы ғана.
Әрбір ескерткіш-белгінің бітім-болмысына қарап мықтас, дың, балбал,
тұнжыр, серектас, секітас деп бармақтарын бүгіп тұрып атап береді. Егер
әрі қарай қаузап сұрай түссең: «Е-е, шырақтарым, кім біледі, бұрынғының
кісілері ірі болған деседі ғой, арғы бабаларымыздың қалдырған белгісі бо-
лар», - деп қысқа қайыра салады. Ол кездері Ақселеу дәл осы өңірде қадым
дәуіріне қатысты Беғазы-Дәндібай мәдениетінің болғанын, мынау белгілер
содан қалған жұрнақ екенін қайдан сезсін?!
Ауыл балаларының келесі тамашалайтын жері - Аюшат деп аталатын
тау аңғары. Оның кіре берісінде жалама жақпар тас бар. Беті небір
шимайлы суретке, құпия белгі мен таңбаларға толы. Соларға зер сала
қараған кезде балалардың қиялы қанаттанып жүре береді дейсің. Міне, тасқа
бедерлеп салынған жан-жануарлар бейнесі. Соларға қиялдай қарап тұрсаң,
оларға алдымен жыбырлап жан бітеді, сосын қым-қуыт қимыл басталады.
Мына бір мүк басқан суретте аңшылардың жебелері суылдап, найзалары
зуылдап, мүйізі қарағайдай бұғылар жанталаса қашып бара жатқан тәрізді.
Ал анау шет жақтағы көкке қол жайған ана, оның етегіне оратылған бала
да өзіңе қарап түсініксіз тілде бірдеңе деп тұрған сияқты. Осыларды әбден
көріп, жансыз бейнелермен өздерінше «тілдесіп» болғаннан кейін балаларға
«Бұл не сурет? Оларды тас бетіне кім салған?..» деген ой келеді. Содан кейін
оның шешуін табу үшін тағы да баяғы қарттарға барып сұрайды. Бұл жолы
қариялар суырылып та сөйлемейді, аңыз-әңгіме де айтпайды, тек бастарын
шайқайды да қояды. Демек, «Білмейміз, өтірік айтып Құдайға күнәкар
болар жайымыз жоқ...» дегені ғой шамасы. Ол кездері Ақселеу тастағы
таңбаларды зерттеумен шұғылданатын пиктография деген үлкен ғылым
саласы бар екенін, соның көмегімен қиын да күрделі түйіндерді шешуге
болатынын қайдан білсін?
Міне, өзіміз сөз етіп отырған ардақты азаматтың туған жері мен өскен
ортасы осындай болатын. Мұның бәрі оның өмірінде ізсіз кетті дей аламыз
ба? Жоқ. Қайта бұлар Ақаңның жылдар бойы еңбектенген журналистік,
жазушылық қабілетіне сол кезден бастап-ақ танымдық бағыт-бағдар беріп,
этнографтық, зерттеушілік, ғалымдық қасиетіне табиғи түрде негіз қалады
дер едік. Бұл - шындық.
68
ӨМІРБАЯН ЖОЛДАРЫНАН: Ақселеу Сейдімбеков өз мамандығы бойын-
ша алғашқы еңбек жолын «Лениншіл жас" (1968 ж.) газетінде әдеби
қызметкер болып бастады. Одан осы басылымның Орталық Қазақстан
облыстарындағы өз тілшісі (1969 ж.), Қарағанды облыстық «Орталық
Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы (1975 ж.), «Социалистік
Қазақстан» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі (1976 ж.), «Білім
және еңбек» журналының бас редакторы (1983 ж.), «Әлем» алъманахының
(1988 ж.) бас редакторы болып қызметтер атқарды. 1989 жылы «Қа-
зақтың халық лирикасы және қара өлең жанры» деген тақырыпта кан-
дидаттық диссертация қорғады. Қазір Қазақстан Республикасы Ғы-
лым академиясына қарасты М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтында Мұрағаттану және фолъклорлық жазба бөлімінің мең-
герушісі болып жұмыс істейді.
Екінші сыр немесе творчестволық лабораториядан репортаж: Ақаңмен
әңгімелесіп отырғанда көзім самсаған кітап сөрелеріндегі «Қолжазбалар»
деп ортақ тақырып қойып, сыртына І-ден Х-ға дейін рим цифрымен белгі
соққан папкаларға жиі-жиі түсе берді. Осыны сезді ғой деймін, үй иесі:
«Бұлар - менің Жаңаарқа селосындағы мектеп қабырғасында, «Қызылту»
совхозында шопан, жылқышы боп жүрген кезімдегі дала қостарында,
ҚазМУ-дегі студент жатақханаларында, «Лениншіл жастың» Орталық
Қазақстан облыстарындағы тілшісі болған уақыттарда жазған шимай-
шатпақтарым, Еш құпиясы жоқ. Ұялма. Қажет деп тапсаң көруіңе бола-
ды», - деді жайымек. Сөйтті де көрші бөлмедегі шырылдаған телефон
трубкасын алуға беттеді.
...Қарап отырмын, бірінші папкадағы қолжазбалардың дені шәкірт,
шопан, жылқышы Ақселеудің поэзиялық туындылары екен. Міне, ке-
ремет! «Қыз кезінде» бұл кісі де өлеңмен әуестенген екен-ау. Мұны біз осы
уақытқа дейін қалай байқамай келгенбіз?» - деймін ішімнен күбірлей
сөйлеп. Содан соң: «Онда тұрған не бар? Қара сөзден қамшы өрген қазіргі
қаламгерлеріміз Әбіш Кекілбаев пен Қабдеш Жұмаділов, Сарбас Ақтаев пен
Оразбек Сәрсенбаевтар кезінде өздерінің тұңғыш творчестволық жолын осы
өлеңнен, поэзиядан бастамап па еді?» - деймін тағы да. Иө... иә, олар тіптен
бір-бір жыр жинағын шығарып алғаннан кейін барып прозаға ауысты емес
пе?.. Алдымдағы қолжазбаларды оқып отырып ойлаймын, егер күндердің
күнінде баспаларымыздың бірінен «Біз де өлең жазғанбыз» деген атпен
белгілі журналист, жазушы, ғалым, тарихшы адамдардың творчествосынан
жинақ құрастырылатындай жағдай туса, онда Ақаңның мына өлеңдері, сөз
жоқ, сол топтаманың ортасынан ойып тұрып өз орнын алар еді. Сенбейсіз бе?
Онда тыңдаңыз. Ол, мәселен, «Жаз» деген өлеңінде:
Толғандай сырлы сазға дала бүгін,
Ойнайды желісінде бала құлын.
Қыр гүлі ұялса да көбелектен,
Астынан сүйгізіп тұр тамагының, -
69
деп жыр жолдарын әдемі теңеумен сұлу қиюластырған. Осындай қуатты,
шымыр, тың. тіркестерге толы өлеңдер бұл папкада қаншама десеңізші...
Көп... Тіптен көп. Біле білсек, бұл да ойда жүретін, ескеретін жәйт.
Екінші папка Ақаңның ҚазМУ-дегі студент боп оқып жүрген жылдарында
жазған лекция дәптерлері мен конспектілерінің жиынтығы екен. Ғажабы
сол, ол қажетті пәндерге арналған дәптерлерінің ешқайсысын да жыртпаған,
жоғалтпаған. Соларды бір-бірімен салыстырып байқағанда мынандай қы-
зықты жәйтке көз жеткіздік. Ол - университет қабырғасында дәріс алған
бес жылда Ақаң үшін екі оқу түрінің болғандығы. Алғашқысы сабақ
берген оқытушылардың айтып, түсіндіргенін қысқаша түрде тұжырымдап
жазып отыруы да, соңғысы - олардың айтпаған, айтып жеткізе алмаған ол-
қылықтарының орнын толтыру үшін орталық кітапханадағы сирек кітаптар
қорына, академиядағы қолжазбалар бөліміне барып, өз бетімен ізденіп
конспект жасауы. Мені әсіресе кезекті семинар, коллоквиумға әзірлену
үшін ұстаздар тарапынан ұсынылған әдебиеттер мен Ақаңның өзінің
жеке жасаған ғылыми кітаптар тізімі арасындағы айырмашылық ерекше
таңғалдырды. Содан соң... Иә, содан соң ол алпысыншы жылдардағы сту-
денттердің көбіне есімдері онша таныс емес В. Бартольд, Н. Бичурин, В. Вам-
бери, Л. Гумилев, В. Жирмунский, И. Кастанье, М. Поло, А. Кононов, А. Лев-
шин, К. Оссон, В. Рубрук, В. Тизенгаузен, С. Толстов, П. Услар сияқты өте
ертедегі, одан бергі, Қазан төңкерісіне дейінгі Орта Азия мен Қазақстанның
тарихы, мәдениеті туралы дерек қалдырған саяхатшы-ғалымдардың ең-
бектерін оқып, танысып қана қоймай, бәрінің кітаптарынан дерлік кон-
спект, дәйектеме жасап отырған. Студент Ақселеудің осы игілікті ісінің
содан кейін 15-20 жыл өткен соң журналист, зерттеуші Ақселеуге көмекке
келіп, творчестволық үлкен кәдеге жарағанын аңғару бізге қазір онша қиын
емес. Оны этнограф ғалымның 1981 жылы «Жалын» баспасынан жарық
көрген «Күңгір-күңгір күмбездер» кітабы мен 1989 жылы тағы да сол
баспадан шыққан «Сонар» жинағындағы дәйектемелерден, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен анық байқауға болады.
Сөз реті келіп тұрған соң Ақаңның тағы бір қолжазбалары жинақтал-
ған папкасы жөнінде де айта кетейік. Бұл оның «Лениншіл жас» газетінің
Орталық Қазақстан облыстарындағы тілшісі болып жүрген, содан кейін
«Социалистік Қазақстан» газетіне келіп, әдебиет бөлімін басқарған кез-
дегі жеке творчестволық жоспарлары, жазамын деген мақала тақырып-
тары, болашақ әңгіме-повестеріне қажетті детальдар нобайы екен. Мұн-
дағы ерекше есте ұстайтын нәрсе - Ақаңның алдын ала ойластырылған
жоспармен, иә, тек қана бүге-шігесіне дейін ескеріліп, қиялында әбден пі-
сіп-жетілген жоспармен жұмыс істейтіндігі. Мәселен, оның 1972 жылғы
жазбасында «Халық тағамдары» деген тақырып тұр. «Мұны игеру үшін, -
дейді автор, - а) «Құрғақ сүт», ә) «Қызыл ірімшік», б) «Тасқорық», в) «Уыз
қағанақ» атты мақалаларды жазуым керек. Сонда ол біртұтас, толыққанды
дүние болып шығады».
70
Енді 1974 жылғы жоспардан бір мысал келтірейік. Ақаң онда «Ежел-
гі мәдениет ескерткіштері» деген тақырыпты игеруді алдына мақсат етіп
қойған. Сөйткен де оның қажетті кірпіші ретінде: а) «Алаша хан ма-
зары», ө) «Жошы хан кешені», 6) «Домбауыл дыңы» сияқты объектілерді
таңдап алған. 1976 жылғы ойластырған дүниесі де қызың. Бұл жылы ол
«Үңгіртаным» деген тақырыпты қолға алып, «Қоңыр әулие», «Тесіктас»,
«Шатыр» сияқты жер асты әлеміне барлау жасайды. Міне, осылардың бәрін
ол зерттеген, игерген, жеткізе жазған. Кейін ақылдылықпен ойластырыл-
ған осындай туындыларының бәрі көптеген кітаптарының негізгі, басты
тарауларына қажетке жарағаны сүйсінерлік-ақ іс емес пе?!
ӨМІРБАЯН ЖОЛДАРЫНАН: Ақселеу Сейдімбеков - онға тарта әдеби-
көркем, ғылыми-көпшілік кітаптардың авторы, Атап айтқанда, оның
«Ақиық» (1972 ж.), «Қыр хикаялары» (1977 ж.), «Тауға біткен жалбыз»
(1979ж.),«Күңгір-күңгір күмбездер» (1981 ж.),«Мың бір маржан» (1989ж.),
«Сонар» (1989 ж.), «Көшпелілер тарихы» (1992 ж.) сияқты туындыларын
кезінде оқырмандар өте жылы қабылдады. Бұл шығармаларының біразы
ағылшын, венгер, қарақалпақ, қырғыз, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тіл-
деріне аударылған.
Үшінші сыр немесе кейіпкермен ашық әңгіме: «Қателескен кезіңіз бол-
ды ма?» - деймін сұхбат алуым аяқталуға жақын қалғанда Ақаңнан. «Оны
өзің білсең керек еді...» - дейді әңгіме иесі. Иә, білемін... Ол есімде. Бірақ
айтпаймын. Оқиға өтті. Кетті. Өмірде бәрі де болады ғой. Себебі жұмыс,
қызмет істемеген адам ғана қателеспейтіні анық. Бұл - ақиқат.
«Қиналған сәттеріңіз болды ма?» - деп сұраймын тағы да Ақаңнан. «Оны
да өзің білесің ғой...» - дейді үй иесі. Иө, ол да есімде. 1983 жылы ардақты
азамат «Білім және еңбек» журналына бас редактор болып бекігені бар.
Сонда білікті, сұңғыла журналист халқымыздың тарихы, мәдениеті мен
дәстүріне қатысты тың, соны ғылыми мақалаларды батыл жариялап, нағыз
батырлықтың үлгісін көрсетті. Аталмыш журнал екі-үш жылдың ішінде
өзіндік ғылыми институтқа айналып, мәңгүрттенген ұрпақтың санасына
сілкініс туғызғандай еді. Бірақ басылымдағы осы бір серпілісті Қазақстан
ЛКСМ Орталық Комитетінің жетекшілері мен олардың ағасы - «үлкен
үйдегі» басшылар жақтырмады. Жандайшаптар: «Журнал бүгінгі өмірді
көрсетпеді, ескіні уағыздап, соны көксеуде», - деп бас редактордың соңына
шам алып түсті де, ақыры оны жұмыстан кетіріп тынды. Бірақ ел, халық
Ақаңның сол кездегі еңбегін ұмытқан жоқ. Олар егер «Білім және еңбек»
туралы зәуде бір әңгіме қозғала қалса: «Бұл басылымның Сейдімбеков бас
редактор болған жылдардағы бағын айтсаңшы», - деп әлі күнге дейін ерекше
сүйіспеншілікпен еске алады.
«Атақ-даңққа деген көзқарасыңыз?..» «Менде олардың бірі де жоқ, -
дейді бұл сауалға кейіпкеріміз сәл ойлана тіл қатып. - Сондықтан бұлар
туралы ештеңе айта алмаймын, Дұрысы - күш-қуатың, қабілетің барда
үндемей, ештеңеге алаңдамай, істеген ісіңді бұлдамай еңбектене беру. Бір
нәрсені анық білемін. Атақ-даңқ қуған адам әу бастағы әп-әдемі атқарып
71
келе жатқан творчестволық жұмысының қай деңгейге келіп тоқтағанын
білмей, шашылып қалады. Журналист үшін ең үлкен атақ - өзінің баспасөз-
де шығып жүрген жақсы мақалалары мен соның астындағы фамилиясы».
«Бүгінгі газет-журнал редакцияларында еңбек етіп жүрген қаламдас
інілеріңізге қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?» «Қазір республикамыздағы
баспасөз бен телерадионың түрлі буындарында 4 мыңнан астам журналист
еңбек етеді. Өзімнің жеке тәжірибемнен жақсы білемін, олардың жұмысы
өте қиын... Істеген ісінің «еңбегі еш, тұзы сор» десе болады... Ең бір өкі-
нішті нәрсе, көптеген талантты, қабілетті қаламдастарым науқандық жұ-
мыстардың жетегінде жүріп, өздерін жоғалтып алғанын байқамай қалады.
Осыдан сақ болса деймін. Олардың белгілі бір саланы ғана таңдап алып,
соған маманданғанын, соның шебері болғанын, сөйтіп сол арқылы өз ісінің
жемісін көргенін қалаймын».
ӨМІРБАЯН ЖОЛДАРЫНАН: Ақселеу Сейдімбеков - республикамыздың
саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өміріне сергек араласып, біліктілік та-
нытып отыратын ұлтжанды азамат. Ол Қазақстан Жазушылар одағы
секретариатының мүшесі, Республикалық ономастика және термино-
логия комиссиясының мүшесі, Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау
қоғамы төралқасының мүшесі, республикалық «Қазақ әдебиеті», «Ана
тілі» газеттері мен «Парасат» журналының редакциялық алқа мүшесі.
Ақселеу Сейдімбеков, сондай-ақ, қазақ ән-күй өнерінің де білгірі. Оның осы
бағытта жүргізген телесериалы ұлттық музыкалық мәдениетімізді
насихаттаудың озық үлгісі ретінде республикалық теледидардың алтын
қорына қабылданған. Ол - сегіз қырлы, бір сырлы азамат.
72
Жайық Бектұров
АЛҒЫС
Менің көз алдымдағы кешегі балаң Ақселеу бүгін елуге келіпті. Тек
елуге келіп қана қоймапты, ол қазақ топырағындағы ілуде біреу дерліктей
ерекше елеулі қаламгер болып отыр.
Ақселеу - аңқылдаған ақ көңіл жігіт. Ақ көңілдік, үлкенге ілтипат, кі-
шіге қамқорлық қасиет - тек жаратылысында дарынды жандарға ғана тән
қасиет. Бойдағы дарын тұғырдағы тұйғындай талпынуды, биікке қанат
қағуды керек етеді. Бұл - дарынды адам үшін талаптылық. Міне, осы бір
талап - Ақселеу дарынының өмірге егіз болып келген сыңары, бір қанаты.
Осы талапкерлік біздің Ақселеуді бақытқа жетеледі, ол бұра тартқан қарсақ,
түлкіге де, қар боратқан қасқырға да жетті. Небәрі жиырма жылдай уақытта
Ақселеу өз қатарларының, өзінен ілгерілердің алдына түсті, қардай боратып,
жаңбырдай нөсерлетіп неше алуан кітаптар жазды.
Ақселеу тек қиял қанатының ғана қаламгері емес, ол ақ қарда із кес-
кен саятшыдай көне тарихымыздың сан алуан шытырман ұңғыл-шұң-
ғылын зерттеп келеді. Бір арба қоқымнан бір түйір алтын сүзіп алатын
кеншілеріміздей, ол көне тарихымыздың ұмытылған, тот басқан парақ-
тарын жаңғыртып, көмескі таңбаларын сөйлетіп келеді. Оның бұл саладағы
еңбегі - инемен құдық қазғандай.
Біздің Ақселеу - кісілікті, әдепті, тағылымды, көрегенді, өнегелі, ба-
уырмал, қайырымды, сері, серіппелі жігіт. Ақселеудің көңіл көкжиегі,
ой дариясы өте кең. Ақселеу - еңбекқор, еңіреп туған ер, жайсаң өнерпаз
азамат. Оның тілі де, қолы да, ойы да жүйрік, оның адамгершілік парасаты
да жоғары. Ақселеудің өзінен үлкендерге кішілігі, әдептілігі қандай жа-
расымды, өзінен кішілерге менмендігі жоқ. Мұндай жайсаң қасиет екінің
бірінде бола бермейді. Жүйрік ат жуас келеді, иесіне еркелеп тұрады, балаға
құлақ жымитпайды, шәлкестенбейді, бұра тартып, алып қашпайды. Жақсы
кітаптарды көп оқыған, кеудесіне ғибратты сөзді көп тоқыған зерделі,
зиялы, ізгі мақсатты адамдар дәл сол мойны сала құлаш сағақты жүйрік ат
іспеттес.
73
Міне, балаң жас шағынан өзім жақын білетін, құрметтей төріме шыға-
рып, еркелетіп, сырласатын азаматым ол. Әдемі домбыра күйін елжіреп
тыңдайтын, жасымыздың көп айырмашылығына қарамай өзі де мені ағалап
сыйлайтын. Кездескенде тез айырылысуға бір-бірімізді қимайтын Ақселеу
ініміз - менің көзімдегі, көңілімдегі айрықша арлы, асқақ, ақсұңқар азамат.
Ақселеу - бұрынғы өткен шешен аталарымызға тартқан әңгімешіл,
сауық-сайраншыл, отырған орны базар, көпке ажар, арқалы жазушы. Иә,
ол - сегіз қырлы бір сырлы, су төгілмейтін, төрт аяғын тең басқан жорғадай
жайсаң жігіт.
Ақселеу бүгінгі ұрпаққа, өзінен үлкенге де, кішіге де қазақ халқының
өткендегі өмірінен бірде әліппе, бірде дастан, бірде шежіре жазып, өз тең
құрбысының алдына шықты. Бүгін біз мінезі ақ жарқын, көңілі кіршіксіз,
алған беті түзу, жолы даңғыл Ақселеуіміздің бұдан былай да құлашты
кеңге сермеуіне тілектеспіз. Ақселеу қазір дер шағында тұр. Елуге қадам
басқан кезінде қадамы кеңи, тот баспайтын болаттай асыл қаламы ұштала,
шыңдала берсін!
Ақселеуге дарындылығы, өнерпаздығы, сырбаздығы үшін алғыс айтамын.
74
Өмір Кәріпұлы
ДАРХАНДАРЫН
Мен Ақселеуді жөргектен білемін. Олай дейтінім - екеуміздің кін-
дік қанымыз бір топыраққа шыланған. Туыстық жағынан тым жақыннан
қосылмасақ та, өнер мен әдебиет екеумізді бір әкенің баласындай бірік-
тіріп жіберді. Оның үстіне емшектеспіз. Соғыстың қайнаған жылдарында
сүтшең әйелдер бірінің баласын бірі емізе берген. Ауыр кезең солай істеу-
ге мәжбүр еткен. Кейін оң-солымызды тани бастағанда бабамыздың қара
қонысында тоқайласып, жастық шақтың елең-селеңін де бірге бөлістік.
Біз мінез жағынан да алшақ кетпейміз. Ақселеудің сырт пішініндегі сұс-
тылық ішкі дүниесіндегі ой-сезім толқынысына көлеңке түсірмейді, қайта
оның бағасын арттыра түседі. Кәдімгі сегіз қырлы, бір сырлы сырбаздық
оған жөргектен тән.
Ақселеудің тәрбие-тәлім алған ортасы - өзінше бір әлем. Әкесі Аман-
бек (ол кісіні Атаха дейтінбіз) домбырашы, әнші, ағашқа жан бітіретін
ұста болатын. Сөзге де ұтқыр. Кезінде ауылкеңес төрағасы, ферма меңгеру-
шісі боп қызмет атқарған. Болашақ қаламгердің бойына қонған көп қасиет
Атахадан жұқты. Туған әкесі Слан ер бейнелі, мәрт мінезді, жеңгем сүйер
жігіт атаныпты. Теректей тұлғалы азамат Отан үшін от кешіп, майданнан
қайтпай қалды.
Ақселеу Сланұлы жетім өстім дей алмас. ІПешесі Кәтап - еркек бағалы,
қолынан да, тілінен де келетін ақылды ана. Қазіргі әкесі Қами - жұмсақ
сөзді момын кісі.
Қазақ қара сөзінің болашақ ұстасы Ақселеудің балалық шағы қыз-
ғылықты. Ол екі енені қатар емген телқұлын атанды. Сейдімбек әулетінен
тараған бес-алты шаңырақ Ақселеуді төбесіне көтеріп, мәпелеп өсірді.
Әсіресе ол Атаханың бәйбішесі Күләнда шешесінің мейірім-шапағатына
бөленіп, жүрегіне сол анадан мол жылу жиды. Апатай шешесі (ауыл-ай-
мақ Күләнда марқұмды осылай деп атайтынбыз) Ақселеуді «Секітай» деп
еркелетіп, төбесінен құс ұшырмаушы еді. Өзегін жарып шыққан балалары
Барқыт, Әмзе, Ботайдан артық көретін оны. Әкесінің інісі Сейдімбектің
75
Қасені болашақ сөз зергерінің азаматтық тұлғасының биіктей түсуіне,
ақыл- парасатының мәйектенуіне мол әсерін тигізді. Қасекең айтулы ұстаз,
өнерге уызынан жарыған сері, үстіне қылау жұқтырмайтын сыпа болатын.
Жалпы Жаңаарқа, Ақадыр топырағы қордалы ғой. Сол қордалы то-
пырақтың құнарын бойына мол жиып өскен Ақселеу Сланұлы талантының
ертерек бүр жарып көктеуіне атамекен - Бәйбіше, Сарықұлжа, Ақтау,
Қызылтау, Шажағай, Атасу өңірінің сұлу табиғаты айрықша әсер еткеніне
дауымыз жоқ.
Ақселеу Сейдімбеков - табиғат жыршысы. Оның қай шығармасын алсақ
та, жалбыз иісі аңқып тұрады. Ол әдебиетке деген іңкәрлікті мектепте
оқып жүргенде бастады деп айта алмаймын. Ақселеу оқыған мектепте
мен де оқыдым. Бізге әдебиеттен сабақ беретін ұстаздарымыз алдындағы
шәкірттерін де, өзін де менсінбейтін тым кесірлеу боп көрінетін. Бізді сөз
өнерімен айналысуға бейімдеген - таулы өңірдің табиғаты. Екеуміз өлеңді
қатар жарыса жаздық. Мен жайлау келбетін:
Самалы есіп көктемнің,
Тербетті жайлау алабын.
Мейірін төгіп көкте нұр,
Ұсынды алтын тарагын.
Масаты кілем төрінде,
Табиғат зергер тоқыған.
Қазбауыр бұлттар көгінде,
Сыр ұққан жайлау қосынан, -
деп өрнектесем, Ақселеу:
Толғандай сұлу сырға дала бүгін,
Ойнайды желісінде бала құлын.
Қыр гүлі ұялса да көбелектен,
Астынан сүйгізіп тұр тамағының, -
деп әдемі теңеумен өлең жолын сұлу қиюластырады.
Кейін ол өлең өлкесіне көп тұрақтамай, прозаға, журналистикаға
қаламын туралап, қара сөзден қамшы өргендей зергерлік танытты.
Жақсы әкеден тәлім-тәрбие алып, жасынан адал еңбекке бейімделген
Ақселеудің ісмерлігі - өз алдына бір әңгіме. Ол - ағаш шебері, өрімші,
сұлулап жасаған домбырасы қандай, өз қолынан шыққан шақшасы бір
аттың құнына татырлық. Ал құрдастары Ақселеудің киім де пішіп, тіге
алатын құпия ісмерлігінен бейхабар. Осы ұсталығы сөз көрігіне от тас-
тағанда тіптен асқынады. Республикалық жастар газетінде еңбек жолын
бастаған Ақселеудің қаламынан туындаған жай ғана газеттік репортаж,
хабарламаның өзі әңгімедей баурап алатын.
Үнқағаздың роман, хикаяты болып саналатын суреттеме, очерк жанрын
ілгерлетіп, көркемдік сапасын қоюлатуда А. Сейдімбековтің қаламгерлік
қарымы өз алдына бір зерттеуге татырлық. Әсіресе очерк жанрын көркемдік
деңгейге көтеруде оның үлесі орасан.
76
Ақселеу Сланұлы - прозаға соны серпін әкелген қаламгер. «Күзеуде» деп
аталатын хикаяты - біздің әкейдің өмірінен алынып жазылған шыншыл
туынды. Бұл шығармада дала адамының мінезі бар. Хикаяттың түйінделуі
қандай?! Есілген тілі қандай?!
Қаламгердің «Аққызы» - романның жүгін арқалаған бітімі бөлекше хи-
каят. Бұл өзі - тарихи шығарма. Осындағы Наймантай батыр - Ақселеудің
бабасы. Қазақ халқына аты мәлім Байғозы батырдың туған әкесі. Наймантай
кезінде Жеке батыр атанып, бетіне жан қаратпаған. Қалмақтармен соғыста
мерт болған. Сүйегі Түркістанда, Әзірет Сұлтан кесенесінде.
Міне, осындай дәмді хикаяттарымен оқырман қауымға кеңінен таныл-
ған Ақселеудің туған халқының тарихы мен этнографиясын жүлгелеген
еңбектері қомақты.
Ақселеу дәмді-дәмді әңгіме-хикаяттар жазып, қаламын біраз төселтіп ал-
ған соң прозадан алыстап кетті. Екеуара әңгімеде ол менен сырын жасыр-
майды. «Қазақ халқының тарихына, оның этнографиясы мен мәдениетіне
көпе-көрінеу қиянат жасалынып, жас ұрпаққа керісінше түсіндіріліп
жатқанда прозаға алданып уақыт өлтірер жайым жоқ», - дегенді айтатын.
Жай айтып қоймай, түрін суытып, құлази отырып айтып еді бірде. Мен оған:
«Байқа...» - деп ескерту жасадым. Іле «Күңгір-күңгір күмбездер» келді
дүниеге.
Бүгінде екінің бірі ұлтжанды. Екінің бірі тарихшы. Ау, сонау әкімшілдік-
әміршілдік заман дәуірлеп тұрған кезеңде қайда жүрген сол жазғыштар?!
Күмбездер күмбірі оқырман жүрегіне оңайлықпен жеткен жоқ. Жазылуы
оны қаншалықты қинаса, кітаптың жарық көруіне тосқауыл қойылып,
Ақселеудің дағдарған сәттерін өз көзіммен көрдім. Сонда ол тарихымыздағы
ақтаңдақтарды ашып көрсетуге жасалған бұл қадамынан түк шықпаған
күнде шет елге кетуге дайын екендігін менен жасырмаған. Кейін «Білім
және еңбек» журналына бас редактор болғанда да өзі ұстанған бағыттан
айнымай, халқымыздың тарихына байланысты соны ғылыми мақалаларды
журнал бетіне батыл жариялап, тағы да озғындық көрсетті. Бұл журнал
екі-үш жылдың ішінде өзіндік ғылыми институтқа айналып, танымдық
көкжиегін кеңейте түсті. Алматыға жылына бір барғанда журналдың әр
бетіне жанын салып қырнап, мінеп дамыл таппай жүргеніне таңғалып: «Бас
редактор деген арқасын кеңге салып шалқып жүрмей ме?» - дегенімде, сәл
езу тартып: «Редакторлық - дәреже емес, аққұла бейнет», - деп еді.
Сол өліп-өшіп, әр санын жайнатып шығарған журналы үшін Ақселеу
Сланұлы айдалып кете жаздады дегенге қазір ешкім де иланбайды. Сексен
алтының қызыл суы тасқынға ұласып, ұлтжанды азаматтар МҚК-нің қы-
рына іліккенде қарауылға бірінші боп алынған тағы да Ақселеу еді. Қа-
тарынан үш ай соңына шам алып түскендер бас редакторды журналдан
аластап тынған. Бұл адамды редакцияға жуытпаңдар деген Орталық Ко-
митеттің жасырын нұсқауы және бар-тын.
Ақселеу Сланұлы - сан қырлы дарын. Ол біресе күй аңыздарын таратып
кетсе, енді бір кезекте қазақтың қара өлеңін жілікше шағады, одан қала
77
берді әншілік дәстүрді аузының суы құри отырып шежірелейді. Ол қай
тақырыпты қаузамасын, әбден иін қандырып, көңілге қонымды етіп жет-
кізеді. Ақселеудің білімдарлығына, тарихты жетік білетіндігіне, шежі-
решілігіне, әмбебап ғалымдығына ешкімнің шәгі болмаса керек.
Жалпы Ақселеу - сұлулыққа құштар азамат. Оның кейіпкерлері де ше-
тінен сұлу жанды. Ал аңшылық, саятшылық дегенде тағы да біздің Ақсе-
леу алдына жан салмайды. Бабасы Сейдімбек атақты құсбегі екен. Ол өзінің
өмірбаянында мектептен соң екі-үш жыл қой қайырғанын мақтанышпен
айтады. Шындығында ол қойдан гөрі аң қағуды, табиғат тылсымын зерттеуді
бірінші орынға қойған еді, Ал арасында қыз-келіншектермен айтысып та
қоятын. Қыстаудан жайлауға көшкенде қоймада қалған бір сандық кітабын
жоғалтып, қара орманын тонатқандай жыларман болғаны күні кешегідей
есімде. Мейлінше табанды, қайсар азамат қиындық көрсе жасымай, толса
төгілмей, туған халқының шуақты махаббатына бөленіп, бүгінде ер жасы
елуге келіп отыр.
Атағы шет елдерге де мәлім. Кітаптары шет ел тілдеріне аударылып,
жалпақ дүниені шарлап кетті. Қыран тегеурінді шабыты нағыз кемеліне
келген шағы оның. Аты аңызға айналған біртуар азаматтардың арасында
Ақселеудің салмағы ерекше. «Біздің Ақаң айтқан екен...» деп басталатын
қанатты тіркестер, әзіл әңгімелер астаналық кеңсенің бірінен біріне ауысып
жатады. Халық айтса қалт айтпайды, расында біздің Ақселеудің орамды
ойларын баяғының тілмар билерінше тереңнен тартып айтудағы шешендігі,
қазақи сөз саптауға суарылған әңгімешілдігі жалпы елге белгілі. Ақселеудің
Сарыарқаның апайтөсін алып жатқан төрт-бес облыста сөз біледі деген
қарттардың талайынан бата алғанын біреу біліп, біреу білмес. Жаңаарқалық
барқы Башардан бастап, тарақты руының жөн білетін үлкендері Шөптібай,
Оспан, Аяған, тоқа Секербекке дейінгі аралықта оның насыбайды бірге
атпаған шалдары кемде-кем.
Халық біртуар өнерпаздарына, данагөй азаматтарына сал, сері, жігіттің
сұлтаны деп ат береді. Ақселеу осы атақтардың қай-қайсысына да лайықты.
Ол - кешегі Ақан сері. Біржан сал, Иманжүсіп, ақын Сәкен дәстүрін
ұстанған сегіз қырлы, бір сырлы, даланың серісі дерлік тума талант. Мәди
тәрізді Ақселеу - он саусағынан өнері төгілген ісмер. Өнер қырларын әс-
петтеуге келгенде сұлу әуезді ән шығарып озғындаса, өзі нобайлаған
домбырасымен шертпе күйді булықтырған күйшілігі, халық әндерін боз-
баладай қоңырлатқан әншілігі қандай?! Осыған қоса құсбегілік зеректігі,
атқұмар сыншылығы, кісі танығыш данагөйлігі және бар.
Ақселеу де жұмыр басты пенде. Оны былайғы жұрт сырт тұлғасына қа-
рап тым салқынқанды деп бағалауы мүмкін. Жоқ, ол мүлде олай емес.
Ол - жұрттың бәріне жалпақшешей, жеңгем сүйер қарапайым азамат.
Сеніскен досына деген адал көңілі, жолдастыққа беріктігі, сыр шашпайтын
ұстамдылығы, балажандығы сүйсіндіреді. Үйіне келген қонақтың көңілін
тауып, қазақи мәрттікпен сыйлауының өзі былайғы сараңдарға үлгі
боларлықтай.
78
«Қаладағы жомарттың - майдандағы ерліктей», - деп Қадыр Мырзалиев
айтқандай-ақ, елден келген танысын есік сыртынан жіберетін кейбір қа-
лалықтарға біздің Ақселеу мен Орал жатпайды.
Айтпақшы, оның насыбайшылығын айтпай кету күнә. Ақселеу айна-
ласын былғайтын мәдениетсіз насыбайшыға әсте жатпайды. Осының бәрін
тәптіштеп жатудағы мақсат - Ақаңның кісілік келбетін қалың жұртқа паш
ету. «Адамды сүй, адамды ардақта» деп Абай айтқан өсиетті бойтұмардай
көретін біздің Ақаң - әсіре боямасыз теңдессіз ұлтжанды азамат. Кешегі
өміршілдік-әкімшілдік кезеңде, тоқырау заманының тоңы ерімей тұрғанда-
ақ ол Асан Қайғы бабамыздай күңіреніп: «Ау, ағайындар, мына бетімізде
ұлттың болмысымыздан айырылып, жойылып кетпесек не қылсын?!» - деп
аһ ұрған бірегей азаматымыз. Сол ұлтжандылығын бірегей еңбектерімен де,
атқарған қызметімен де дәлелдей түсіп, бүгінде елуге толған Ақселеу өнер
мен әдебиетте, ғылымда алдына жан салмай озғындап, қазақ даласының
аспанында, бүтін түркі дүниесінің көгінде самғаған ақиық қыранға ұқсайды.
Құдайға шүкір, қыран қонақтайтын биігімізге енді ғана қолымыз жетіп,
тәуелсіз ел болып шаңырақ көтердік. Сұңқар бітімді, қыран тегеурінді
Ақаңа дүниедегі бар жақсылықты тілеп, қалың жұртшылық атынан осы
ықыласымды туыстық көңілден ұсынамын. Елу деген жас па, тәйірі, Ақселеу
үшін, сексенге келіп селкілдегеніне, томырылған тоқсанына куә болайық.
Әмин, періштенің құлағына шалынсын.
79
Ғабдолла Құлқыбаев
АҚСЕЛЕУ АСУЛАРЫ
Біз бір жерде, бір мезгілде туып, бірге өстік. Асық ойнап, қозы-лақ қу-
ған балалық шақ суреті көз алдымда күні кешегідей сайрап тұр. Шашы
селеудің желкіліндей жарқылдап тұратын жіп-жіңішке ұзын сары бала
сол кездің өзінде ерек пайымды болатын. Оның әкесі (шынында әкесі
Сланның туған ағасы) Аманбек ауылнай мен менің әкем Әбдіқожа бірін-
бірі қатты сыйлайтын тұрғылас, қатарлас, қызметтес адамдар болатын.
Екеуі де бүкіл елге тұтқа бола білетін парасатты, сабырлы, ақылман жандар
еді. Шіркін, сол кісілердің өздерін өздері ұстауы, биік кісілігі, еңкеймес,
иілмес паңдығы, парасат ұялаған келбеттері, бірде-бір артық қимылсыз
істері, еш жарқылдақсыз, тереңнен тартқан ұлағатты сөздері, отбасындағы
өз орнын қадірлей білуі таңғаларлықтай өшпес үлгі болатын. Міне, сол
ұяда көргендеріміз ұшқанымызда медет, тірек болып, бар болмысымыз бен
рухтық келбетіміздің қалыптасуына негіз болғандығын айтуды жөн көріп
отырмын.
Тағдырға ризашылық ету керек, тел қозыдай қатар ғұмыр кешіп, ал-
пыстың асқарына да жетіппіз. Бір қызығы, алпысыншы жылдары жоғары
оқу орындарын бітіріп, Қарағандыда еңбек жолын бастағанда бізге бір
көшеден үй тиіп, ал жетпісінші жылдары Алматыға көшіп, республикалық
ұжымдарға жұмыс істеуге ауысқанда тағы да бір ауладан екеумізге үй бер-
сін. Содан мен Қарағандыға тоқсаныншы жылы қызмет бабымен қайтып
келгенше көрші-қолаң өмір кешіп, бар қызық-шыжығымызды бірге көріп,
балаларымыздың өскеніне қуанып, шығармашылық табыстарымыздың
куәгері болып өмір сүрдік.
Қазір, міне, Ақселеу Астанада, Гумилев атындағы Еуразия университе-
тінде журналистика кафедрасын меңгереді. Сол жаңа астанамыздың жаңа
сападағы зиялы қауымын қалыптастыруға өзінің бар ақыл-парасатын, білім-
білігін аямай жұмсап жатыр. Еліміздің аса белгілі жазушысы, білімдар
ғалымы. Қай жағынан қарасаңыздар да өзінің бойы тәрізді биік. Мен болсам
80
Қарағанды шаһарында, көпке онша көріне бермейтін, барша жұрт онша
біле бермейтін бір ғылымның пұшпағын илеп жатқан жайым бар.
Жас шағында кім ақын, жазушы боламын деп армандамады дейсіз?..
Дегенмен, тағдыр шіркін өз дегенін істетпей қоймайды емес пе?! Дей тұр-
ғанмен, екеуміздің рухани байланысымыздың жібі үзіліп көрген емес.
Халқымыздың болашағы, егемендігіміздің ертеңі, рухымыздың деңгейі,
тіліміздің тірлігі, әдебиет пен ғылымның дәрежесі ойымызды он, ақы-
лымызды алтау қылатыны рас. Кезіккен сайын құмар қандыра шер тар-
қатып жатамыз. Мұның бәрін қысқа қайырып айтып жатқан (ұзақ айтса
ол бір бітпес әңгіме ғой) себебім - дәл бүгін Ақселеу дос алпысқа келіп
жатқанда алты ауыз сөз айтуға аздап болса да құқым бар екенін өзімше
дәлелдеген түрім ғой. Мен енді Ақселеудің өмір жолын хронологиялық
тұрғыда айтып шығуды оның өмірін зерттеушілердің еншісіне қалдырып,
шығармашылығының белес-белесін, асуларын шама-шарқымша, өз па-
йымдауымша шолып шықсам ба деймін.
Әрине, Ақселеу Сейдімбеков - ең алдымен қазақтың аса көрнекті жа-
зушысы. Дәл осындай теңеуге ие болу үшін құлаш-құлаш роман, повесть
жазу шарт емес. Мәселе - жазған шығармасының көркемдік үрдісі мен
айтар ойында. Э. Хэмингуэй басқа ештеңе жазбай-ақ, тек «Шал мен теңіз»
повесінің ғана авторы болғаны үшін әлемнің ұлы жазушысы болып
қалмақ. Ш. Айтматовтың да барлық жазғандары 5-6 томнан аспайды
екен. Бірақ «Жәмила» атты кішкентай повесі ғана оны бүкіл әлемге әйгілі
етті. Әрине, бұл тәрізді мысалдарды әлем әдебиетінен көптеп келтіруге
болады. Сонымен қоса, аса көлемді эпикалық шығармаларымен әдебиетке,
әлемдік көркем ойға өлшеусіз үлес қосқан жазушылар да аз емес. Мәселен,
Л. Толстой, М. Әуезов, Д. Голсуорси, М. Шолохов, т.б.
Ақселеу Сейдімбековтің жазушылық қарымын, көркемдік деңгейін мей-
лінше көрсеткен кітабы - «Аққыз». Бұл кітапта жинақталған повестердің
ішінен мен айрықша «Күзеуде» және «Бір атым насыбай» повестерін бөліп
айтар едім. Бұл повестердің қай-қайсысы болмасын өзінің көркемдік
концепциясы, тіл өрнегі жөнінен осы тектес шығармалардың классикалық
үлгісі дер едім. Әсіресе сюжет құру тартымдылығы мен тіл көркемдігі, құ-
нарлылығы, сөз жоқ, кәнігі шеберліктің куәсі іспеттес. Әрбір сөз сан қы-
рымен, барша әрімен құлпырып тұр. Сөз салмағы, мәні, қолданыс орны
мінсіз. Сөйлемдерде селкеу жоқ, бәрі орнында. Оқып отырғанда бұлақтың
суын ішкендей мейірің қанады. Кейіпкерлердің сезім толқындарына өзің
де қоса түсіп кеткеніңді байқамай қаласың. Бұл, әрине, көркемдік қуаттың
биік кернеуінің әсері деу керек.
Ақселеу Сейдімбеков шығармаларының көркемдік құралдарының, бояу
палитрасының аса байлығымен қатар этнографиялық дәлдігін бөлек атау
керек деп ойлаймын. Тіпті кейде дәл осы шығарма сол этнографиялық
белгілерді, әдет-ғұрыптарды әйгілеу, елге таныстырып отыру үшін жазылған
болып көрінеді («Ақиық», т.б. шығармалары). Осы көркем шығармалардан
бастау алған этнографиялық, тарихи-философиялық толғаныстар Ақсе-
81
леудің кейінгі далалық тарихи танымды арқау еткен ғылыми-көпшілік
еңбектерінде жүйелі жалғасын тапты. Осындай шығармалар жазып, жа-
риялаумен Ақселеу саналы түрде айналысты. Себебі советтік социалистік
идеология уландырған, орыстандыру бағытындағы ақпарат тасқынының
астында қалған қайран халқын осы пәледен арашалап алуға ұмтылған кезде
ең оңтайлы құрал, ең шаппа-шап қару осы тарихи танымды орнықтыратын,
ұлттық сезімдерді оятатын ғылыми-көпшілік мақалалар, кітаптар еді. Осы
парадағы еңбектерінің ең әйгілісі «Күңгір-күңгір күмбездер» кітабымен
басталып, «Қазақ әлемі» (орысшасы «Мир казахов») деген фундаменталды
кітаппен тұжырымдалған. Қазақ оқырманы үшін бұл кітаптардың орны
ерекше деуге болады. Ел оларды іздеп жүріп оқыды, білім кәусарынан су-
сындады, өз халқының осыншама тарихи, рухани, мәдени, дәстүр байлығы-
на қанығып, таң-тамаша қуанышқа бөленді.
Жалпы Ақселеу Сейдімбек - тек өз творчествосымен ғана емес, күллі
ғылыми, әдеби жұртшылықты, қазақ оқырманының тарихи зердесін, мә-
дени өрісін, этнографиялық білігін арттыруға жұмылдыруға ат салысқан
санаулы санаткерлердің бірі. Оның бұл ересен ісі республикалық «Зерде»
журналының бас редакторы болып жүргенінде айрықша көзге көрінді.
Сол кезде журнал авторларының қатарынан академиктер Ө. Марғұлан,
М. Қозыбаев. С. Қирабаев, М. Дүйсенов, т.б. көруге болар еді. Ақселеудің
жас оқырмандардың білім көкжиегін кеңейтуге ұмтылған талпыныстары
аса қызғылықты. Мәселен, ол атақты «Алпамыс» жырын жас оқырмандарға
лайықтап қара сөзбен әңгімелеп, И. Можейконың «7 және 37 керемет»
кітабын қазақшаға аударып берді, Гомердің атақты «Илиада», «Одиссея»
поэмаларының қара сөзбен жазылған нұсқасын қазақшаға аударып
шығарды. Бұл кітаптар оқырманның сүйіспеншілігіне бөленіп, көптеген
тиражбен таралды. Кейінгі кезде жазылған «Елтұтқа» кітабы да осындай
ізденістердің жемісі деу керек. Бір кездегі таза ғылыми-көпшілікке ар-
налған, таза тарихи-этнографиялық қызығушылықтан туған еңбектер
келе-келе аса күрделі, іргелі ғылыми еңбектермен айналысуға ұласты. Енді
көркем шығармалар жазғаннан гөрі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары
қат-қатпары көп қиын-қыстаулы ғылыми еңбектер тудыруға біржолата
ойысты. Бұл салада да Ақселеу Сейдімбек үлкен табыстарға қол жеткізді
және бұрын-соңды түрен түспеген тақырыптарға барды, жаңа асулардан
асты. Мәселен, ол қазақ филологиясы ғылымында алғашқылардың бірі
болып қазақтың қара өлеңінің табиғатын зерттеп, кандидаттың диссертация
қорғады. Бұл еңбек кейін «Мың бір маржан» деген атпен монография болып
жарияланды.
Көптен бері ыждағатты түрде үңги зерттеген тақырыбы - қазақтың күй
өнері. Аса байыпты һәм байсалды зерттеу 1997 жылы докторлық диссер-
тация қорғаумен аяқталды. Осы зерттеудің нәтижесінде 2 томдық «Күй
шежіре» монографиясы және таяуда «Қазақтың күй өнері» деген іргелі
зерттеу кітабы жарық көрді. Бұл еңбектерінде Ақселеу өзіне тән тереңдік
және байсалды тиянақтылықпен қазақтың күй өнерін дәуірлеп, негізгі
82
күй тарту мектептері мен әдістерін саралау мәселелерін түбегейлі зерттеп,
өзінің ғылыми толыққанды тұжырымдарын түзіп шыққан. Сонымен қоса
бұл кітаптарда қазақ күйлерінің көптеген аңыздарын, 150-ден астам қазақ
күйшілерінің өмірдеректерін жариялаған. Осы тұрғыда Ақселеу Сейдімбекті
күй аңызы деген фольклорлық жанрды ғылыми айналысқа енгізіп, саралап
зерттеудің отандық ғылымда негізін салған ғалым деп есептеу керек.
Ақселеу Сейдімбектің творчествосының тағы бір жемісті саласы - жур-
налистика. Ол - аты бүкіл Отанға әйгілі журналист. Олай дейтініміз -
Теміртау, Қарағанды еңбеккерлерінің ерлігін паш етуге арналған жүздеген
очерктердің авторы. Ол очерктері жинақталып, бірнеше кітап болып ба-
сылып шықты, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қо-
са қазақ әндерін насихаттау жайлы бірнеше телехабарлар ұйымдастырды.
Онда қазақтың әйгілі әншісі Ж. Кәрменовтің талантын жарқырата көрсетті.
Журналистік өнердің қыр-сырына әмбе жетіктігі, республиканың көптеген
газет-журналдарында жауапты қызмет атқаруы оның қазір Еуразия универ-
ситетінің журналистика кафедрасын басқаруына мол көмегі болғаны кү-
мәнсіз.
Қандай да болмасын дарынды тұлға әр кез өзінің таңғалдырарлық жан-
жақтылығымен ерекшеленеді. Олар - адамның қолынан келер талай өнер-
дің сан саласын игеріп, талантының неше түрлі қырымен жарқыраған аса
жарқын тұлғалар. Орыстың атақты физиолог ғалымы, академик А. Ух-
томский бұл жан-жақтылық құбылысын ми қызметінде болатын өзі ашқан
индукция феноменімен түсіндіреді. Мәселен, мидың бір орталығы қозса,
индукция әсері арқылы көрші орталықтарын да қоздырады екен. Яғни,
тек бір ғана қабілет жарқырап көрінбей, адамның басқа да қабілеттерінің
көздері ашылады деген сөз.
Ақселеудің бойында көптеген таланттың басы тоғысқан. Ол - көркем
әңгіме-повестер жазған үлкен жазушы, ол - көптеген очерктер, ғылыми-
көпшілік кітаптар жазған әйдіңгер журналист, ол - көптеген іргелі еңбектер
жазған белгілі фольклоршы ғалым, ғылым докторы, профессор. Сонымен
қоса ағаштан түйін түйген шебер, отыз екі таспадан мінсіз өрім шығаратын
өрімші. Ол - бармағы майысқан дәулескер күйші. Арқа күйлерін Ақселеудей
шебер тартатын күйшілер онша көп емес. Өзі шығарған «Қосбасарларын»
тартып отыратын кездері де болады. Оның композиторлық қабілеті де кісіні
сүйсіндіреді. Кейінгі кезде Ақселеу Арқа әндерінің дәстүрлі мәнерінде
орындалатын бірнеше асқақ әндер шығарды. Олар - халыққа кең тараған,
шырқау диапозоны әншінің әншісін ғана қажет ететін «Дәурен-ай»,
«Сарыарқа» тәрізді әндері. Ол әндердің алғашқы орындаушылары - Жәнібек
Кәрменов пен Қайрат Байбосынов. Бұл өте сырбаз, кірпияз әншілер көңіл
хошына келмеген әндерді орындамас еді.
Бір сөзбен айтқанда, Ақселеу Сейдімбеков - бүгінгі қазақ зиялылары
ішінде өзінің феномендік қабілет-қарымымен ерекшеленетін заңғар тұлға.
Халқының нешеме асыл қасиеттерін бір бойына сыйғызып тұрған осынау
азаматтың әлі де берері мол екені күмән туғызбайды. Күміс шақшасын
83
өкшесіне қағып-ңағып жіберіп, алаңанының шүңқыр жағын толтыра на-
сыбайын шалқая атып, жан-жағына сырбаздана ңарап әңгіме шертіп оты-
рысында кешегі сал-серілерден қалған бір сылқымдық сезіледі. Кейде иығын
тіктей, сырықтай денесін сергек қимылдата, аяғын маңғаздана басып,
қолындағы таяғын сәнмен қайыра тастап кетіп бара жатқанда көз алдыңа
тікелей арғы бабалары Наймантай, Байғозы батырлар елестеп кетеді. Қалай
болса да, Ақселеудің бар болмысынан бір арда тектілік сезіліп түрады.
Лайым тіл-көзден сақтағай!
Серік Ақсұңқарұлы
АЛАШТЫҢ АҚСЕЛЕУІ
Жетпісінші жылдардың ортасында Ақселеу аға Сейдімбеков Қараған-
дыдан Алматыға көшіп барғанда астанада белгілі бір ғұлама айтты деген
қауесет тарап еді:
- Жазушы екен десем, мынауың оқымысты ғой, - депті әлгі кісі.
Сол адамның ауызы дуалы екен, кейін Ақаң ғылым кандидаты атанды.
Алаштың бүгінгі арқалы ақындарының бірі маған:
- Жазушы ғана екен десем, Ақаң дегенің - ақын ғой! - деп еді аң-таң
болып. - Асан Қайғы, Ақтамбердіңнен бастап, Андрей Вознесенскийлеріңе
дейін сарнатып отыр...
Мен оған таңғалғаным жоқ. Алғаш рет Асан Қайғы, Ақтамберділерді
мен осы адамның аузынан естігем-ді. Ести салысымен басыма жастанып
оқып, бір сөзін түсіне алмай дал болғанымды да несіне жасырайын.
Евтушенкоға есі кеткен бала жігіт мына дүниеде одан басқа ешкім жоқ деп
ойлап жүр ғой баяғы...
Ақаң - алдымен жазушы.
Иісі қазақта Қазан төңкерісі жасалып, гомо сапиенстің кері кеңес са-
пиенс дүниеге келгенге дейін «жазушы» деген дәл бүгінгідей үғым-түсінік
бізде болған емес. Осынау жан-жағымыздан қоршаған тілсіз дүние мен
тіршілік атаулының сан қилы болмыс-бітімін, жүрек дүпілін айна қатесіз
бейнелеп, адами рухымызға асқақ қуат, санамызға саңылау түсіретін
Алаштың «жазушысының» аты-жөні - Ақын болатын-ды. Асан Қайғы,
Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқарларыңнан бастап, Алаштың
ақылманы Абайға дейін күллісі ақын еді ғой. Сөз өнері дегенде алдына жан
салмаған адамзаттың алғыры ата қазақ орыстың «писатель» деген сөзін
естіген бетте-ақ, терең мән-мазмұнын парықсызданбай-ақ пайымдап, өзіне
ғана тән хас шеберлікпен «жазушы» деп тәржімелеп ала қойыпты. Бірақ,
«Қарғайын десем - жалғызым, қарғамайын десем - жалмауызым» деп
сол қайран қазекеңнің өзі айтпақшы, мынау жарық дүниеде Құдайдың
құлқымен анасынан ақын болып туатын аузы дуалы айтқышпен қоса,
85
«жазушы» дейтін тағы бір «кәсіптің» бар екенін біліп алған саңылаусыз топ
саңырауқұлақтай қаптап, бір апта жазса - хикая, екі апта жазса - роман
болып жатыр ғой қазір...
Ақаңның жазушы атанғанына жиырма шақты жылдың жүзі болса да,
әлі күнге дейін қарны қампиған бір роман жаза қоймаған екен. Кім бі-
леді, мына жүрісіне қарағанда, соныңды мүлде жазбай кетуі де мүмкін.
Дүкенде шаң басып өтпей тұрған, жазғанын тірі пенде оқымайтын дәлдүріш
«романшылардың» біреуі осы кісіге мұрнын шүйіре қараса, бұған басқа
біреулердің аузын ашып қалуы ғажап емес, бірақ мен оған таң-тамаша
қала алмаймын. «Күзеуде», «Қыз ұзатқан», «Аққыз», «Бір атым насыбай»,
«Ақиық», «Атамекен» атты алты повесімен-ақ Ақаң өзінің суреткер жа-
зушы екенін әлдеқашан дәлелдеп қойған-ды.
Тәңірім аздаған ақындығын ғана қиып, тар маңдайыма сыншылығын
жазбаған соң осы бір көркем дүниелерді тамам жұрттың көзін бақырайтып
қойып, тапа-тал түсте талдап беру мына менің қолымнан келе қоятын шаруа
емес, әрине. Бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі жетіп жығылып, бірінен-
бірі асып-төгіліп жататын қазақ ойының көңілашарындай осы дүниелердің
ішінен «Күзеуде» атты повесть жөніндегі өз ой-пікірімді дәл осы сәтте іркіп
қалғым келмей отыр.
Бұл өзі - Арқаның Атасу өзенін мекендеген қойшылар жайлы хикая.
Көкейдегісін қабағынан танитын қыздай алған Уәкиладай бәйбішесі, өл-
генде көрген Құдаймендедей ұлы бар, пайғамбар жасынан асқан Ршыман
деген қария орманшының жесірі Торғынға ғашық болады. Ғашық болады
да, бәйбішесі мен ұлын қыстауға көшіріп жіберіп, өзі күзеуде қалған соң,
қасына Торғынды көшіріп алып тынады. Мұның бәрі екінің бірі, егіздің
сыңары осынау күйкі тіршіліктен күнде көріп жүрген дөрекі, доңайбат,
ұрыс-керіс, төбелеспен емес, дала қариясына ғана тән пайым-парасатпен
жасалатынын айтсаңшы. Енді осының бәрін ежіктей бермей, шалдың бәй-
бішесі мен тоқалының жүздескен сәтіне көз жүгіртейік:
«Бұл кезде не істеп, не қоярын білмей абдырап тұрған Торғын өзінің ер-
кінен тыс күштің ырқына бағынып, келіп қалған Уәкилаға қарсы жүрді.
Сонсоң жанаса берген аттың шылауына оралып, Уәкиланы қолтығынан
демеп, түсіріп алды да:
- Иә, дені-қарныңыз сау ма, бәйбіше? - деді. «Бәйбіше» деген сөзді де
айтайын деп айтқан жоқ еді, қазіргі Уәкиладан қысылып, өзін кішік санап,
бар болмысымен ың-шыңсыз ұғысуды қалап тұрған халінде аузынан абай-
сыз шығып кетті.
Уәкила бұл сөзді естісе де «ләм» деп тіл қатқан жоқ. Терісіне сыймай,
ашудан шатынаған қалпы атты тастай беріп, үйге енді. Сонсоң үй ішінің
толыққан жаңа мүліктеріне, тап-тұйнақтай жинақылығына тосаңсып аз-
кем тұрды да, қамшысын бүктей ұстаған қалпы төрге шығып отырды. Бұл
екі арада атты байлай салып ішке кірген Торғын да жалп етіп отыра кетудің
ретін таппай, босаға жақта селтиіп тұрған. Осы кезде түйіліп отырған
Уәкила мойын бұрып Торғынға көз тастап еді, оның білініп қалған ішін
86
көрді. Іле өз көзіне өзі сенбей, таңырқай қадалып аз-кем отырды да, салқын
жанарын тайдырып әкетті.
Сол сәтте Уәкила булыққан үстіне булыға түсіп, әбден шарасы таусыл-
ғандай, титықтап, басқа дәрмені қалмағандай, өзін шын мәнінде жаңа
ғана керексіз сезінгендей құлазып, зеңіп бірауық отырды да, дауыс салып,
жылап қоя берді. Қамшысымен жер тіреген қалпы теңселе отырып, ашық
зарлы даусын көтере жылады.
- Бе-еу!.. Өз үйіме өзімді қонақ қып қойған Тәңірім-ау!.. Онша да мүн-
ша жүргенде көремін дегенім осы ма еді-ай?! - дей келіп, Уәкила жүрегін
кернеген мұң-шерін жылау сөзімен ұзақ айтты. Өмір бойы көргенінің
қиындық екенін, он бір құрсақ көтеріп, оның қара жерге тапсырғанын, әсіресе
арыстай-арыстай үш ұлын қуарған қу соғыстың жалмағанын айта келіп:
«Тар құрсағымды кеңіткен, тас емшегімді жібіткен сол құлыншақтарым
аман болса, осы халге түсер ме едім-ай?!» - дегенде, Торғынның да сай-сүйегі
сырқырап, ықылық ата көзіне жас алды.
Уәкила мұнан әрі көкірегі қарс айырыла аһ ұрып отырып: «Досқа күл-
кі, дұшпанға таба қылғанша, шұнақ Құдай, неге алмайсың?!» - деп зар-
лады. Сонсоң өзінің тағдырына лағынет айтып, өз сорының қалыңдығын
мойындағандай жасып, таусыла егілді.
Торғын бір-екі рет басу айтып, тоқтатпақ болып еді, батылы жетпей, қоса
жылаумен болды. Қысылып-қымтырылмастан барлық шерін ақтара ұзақ
жылаған Уәкила қалжырап, ішегін тартып, тұла-бойы дел-сал болып, басы
ауырғанда барып әзер тоқтаған еді. Осы кезде Торғын да көзін сүртіп, тегене
мен шәйнек алып келді де, қолға су құйды. Қолын шайып, бетін жуып,
үнсіз сүртінген Уәкила уһілей отырып Торғынға тағы да көз тастады. Сонсоң
тамағын кенеп алды да:
- Өздерің ертеден-ақ ашына-жай боп, істің бәрін тындырып қойған
екенсіңдер ғой, - деп Торғынның аяғының ауырлығын мегзей сөйледі. Бұл
жолы ашумен емес, таңырқап, әйел жанын түсіне мүсіркеген пейілмен ке-
леңсіз айтты.
- Е-е, осындай болып қалдық... Тағдырдың неге бастап тұрғанын... - деп
Торғын қысыла жауап берді».
Ақаң «Күзеудені» жазған кезде адамзатпен салыстырғанда ап-азғантай-
ақ көрінетін Алашқа ғана емес, жер шарының жартысын алып жатқан Ке-
ңес Одағы дейтін кең-байтақ ГУЛАГ-қа тоталитарлық жүйенің социалис-
тік реализм дейтін қарақұс құзғыны кірпік қақпай қарап тұрған-ды. Бұл
кезде тоқал алуды ақтау түгілі, тірі жанның күмәнмен қарауға хақысы
жоқ адам баласының шынайы Махаббат сезімі хақында да емен-жарқын
шешіліп, керегінше көсіліп сөйлеуге хақың жоқ-ты.
Сейдімбеков - Суреткер!
Хас суреткер қандай қоғамдық система, нендей жалмауыз цензор қасқая
қарап тұрса да өзегін өртеген Шындықты көркем ойға бөлеп, көз алдыңа тар-
та алады. Күшеншек жалған «жазушы» қолындағы қаламын қанша жерден
сүйреңдеткенімен, Суреткер көтерілген биікке көтеріле алмай өмірден өтіп
87
жатыр, өмірге келіп жатыр ғой. Неге десеңіз, халтура - күшіктейді, сурет-
кер - туады.
«Күзеуде» - Ақселеудің перзенті. Мұнда оның иісі қазаққа деген риясыз
көңіл күйі, Алаш атаулыға дейтін асқақ махаббаты көзге ұрып тұр. Мұндай
хикаяны Ақаңнан басқа адам баласы жаза алмайды, себебі оның қаны да,
жаны да қазақ, мұндағы оқиға тек қазақ жұртында, соның болмысынан ғана
туындамақ.
Енді оқиғаның шырқау шегіне көз салыңыз:
«Астындағы атын қос өкпеге тепкілеп, қамшы үстіне қамшы салған
Ршыман қыстауға екпіндетіп, тасырлата шауып келді. Не боп қалды деген-
дей, үрейлене көз тігіп, есік алдында Уәкила тұр екен. Ршыман аттан жұл-
қына түскен бетінде:
- Ай, Торғын қайда?! - деп ақыра ұмтылды. Іле жақындай бере қолын-
дағы қамшыны құлаштай сермеп, "Уәкиланың жонын қуалата аяусыз осып-
осып жіберді.
- Ойбай-ай! Ойбай-ай, мен қайдан білейін, өлдім-ау! - деп шыр ете қалған
Уәкила бүрісе жасқанып, басын қорғалай, еңкейе берді.
- Торғын қайда деймін, ей?! - деген Ршыман тағы да қаһарлана ұмтылып
еді. Осы кезде үйден жүгіре шыққан Құдайменде әкесінің көтере берген
қамшысына жармаса кетті.
- Апамның жазығы не, әке-ау, іздегеніңіз Торғын болса, бағана ағасы-
мын деп бір милиция машинасымен келіп алып кеткен. Апам қайдан білсін
айдаладағы біреуді, - деді Құдайменде шын әділдік тілегендей.
Сол-ақ екен, Ршыман сығымдай ұстаған қамшыны босата беріп:
- Һа-а-а! Не дейсің?.. - деді қалтыраған үнмен.
Енді бір кішкенеде Ршыманның қапсағай денесі бүгіліп, жалпақ жауы-
рындары селкілдеп, орасан ұзын сирақтары дірілдеп барып, тізесі бүгіле
сылқ ете түсті. Сонсоң күректей-күректей қос алақанымен бетін баса:
- О-а-аһ! - деп өкіріп қоя берді».
Мынау жалған дүниеге шыр етіп келіп, Махаббат деп аталатын адам
баласына ғана тән асқақ, ұлы сезімнің не екенін сезінбей, түсінбей дүние-
ден қайтатын қасіретті қоғамдық жануардан өткен қасиетсіз бар ма екен
бұл жарық дүниеде?! Ақаңның Ршыманы соның бәрінен де асқақ тұр! Ол бәз
біреулердей байлықты көздеп, мансапты қуып, «нан жеу үшін өмір сүрмей-
ді, өмір сүру үшін нан жейді» (Сенека) ғой.
Дүниежүзілік әдебиетте махаббаттың машақатын кемеліне келтіре су-
реттеген шедевр дүние аз емес, әрине. Дегенмен, пайғамбар жасынан асқан
қазақтың ғажайып іңкәр сезімі хақындағы осы бір әрі қысқа, әрі нұсқа
дүниені біздің өз ана тілімізде қазақша оқитынымыз қандай ғажап, шір-
кін?! Ршыманы бар қазақтың ырысы да басқадан кем бола қоймас, елдің бәрі
жаппай еліріп, ішіп-жемін ғана күйттеп, халықтан тобырға айналып бара
жатқанда біздің ақ сақалды атамыздың өзі қасиетті Махаббат құсымен бірге
аспанға қалықтап бара жатыр ғой... Мұндай елдің үрім-бұтағының қайдағы
бір құрт-құмырсқалармен қоса қара жерде қалып қоюы мүмкін емес деп
88
ойлайсың. Иншалла, түбі солай болсын! Әттең, қазақшасы менен өткен
Ақаңның «Күзеудені» орысшалап «повесть» деп жібергені қалай екен осы?
«Дастан» демесе де, «хикая» дей салмай ма екен дейсің...
Ақселеу - Ақын!
Иісі қазақтың да, ғаламның да түсінігінде жазушы дегеніміздің өзі
алдымен - ақын! Ақаңның түнде түсінен, күндіз ойынан шықпайтын қа-
зақ фольклорынан бастап, жер-жаһандық ауыз әдебиетінің небір жауһар
дүниелері ақындық шабыттың туындылары емес пе еді?! XX ғасыр оқыр-
мандарының көзін арбап, көңілін дауалаған Габриель Гарсия Маркестің
«Жүз жылғы жалғыздық» романы да қара сөзбен жазылған дастан-ды.
Біреу өлеңді өлеңмен жазады. Бірақ оның көбісі - тақпақ!
Біреу өлеңді қара сөзбен жазады. Нағыз поэзия сол болуы мүмкін...
Ақын болып тумаған прозашылардың құлағына алтын сырға, олардың жаз-
ғандарының мүлдем оқылмайтындығы, повестерінің - у, романдарының -
су татитыны, міне, содан!
Ақаңның алпысыншы-жетпісінші жылдары «Лениншіл жастың» бе-
тінен түспеген Алаша хан, Жошы мазарлары, Домбауыл кешені, көш-
пелілер мәдениеті, үңгіртаным, күй-шежіре, халықнама хақындағы ой-
толғамдарының өзі поэтикалық туындылар болатын-ды. Күні бүгінге дейін
көркем шығарманы газет тілімен жазатын жазушылар мен көзінің алдынан
басқаны көруден қалған, ой-пікірі қатып-семген журналист ағайындар
сол газеттің алпысыншы-жетпісінші жылдардағы тігіндісіне көз сүзсе,
елге қарау өз алдына, жерге қарауға шама-шарқы келер ме екен? Сол жаз-
ғыштарды, шіркін, Алланың алдына апара алмасақ та, алқымынан ұстап,
Ақаңның алдына алып барар ма еді?!
Ақаңды мен алпысыншы жылдардың аяғы, жетпісінші жылдардың ба-
сында алғаш осы Қарағандыда көрдім. Ақаңды көргенде, өзім қазақ бола
тұрып, ғұмырымда тұңғыш рет нағыз қазақты көргендей күй кешкендей
едім. Үйіндегі төселген сырмағынан бастап, ілулі қасқыр ішігі, жинаған ер-
тоқым, жүгені, тіпті атқан насыбайына дейін - қазақша. Ақаңмен кездескен
сайын өзімнің шала қазақ екенімді іштей сезініп тұрам...
- Орысшалау ойлайды екенсің, бала, - деді ол. Сонда өз осалдығымды
өзіммен бірге аңғарған мынау Исаға ұқсас сары кісі пайғамбар шығар деп
ойлағам.
Иә, 70 жыл бойы желкемізден түспеген қызыл империя орысшаға шор-
қақ елдің өзін орысша ойландырып, орысша жаздырып, орысша сөйлетіп
жіберіпті. Қазақ әдебиетіндегі қаламдастарымыздың көпшілігі әлі сол
рухани отаршылдықтың қамытып киіп, арбасын сүйреп жүр! Олардың
жазғандарының егіздің сыңарындай бір-біріне өте ұқсастығы осы ұлттық
ойлау жүйесінің жоқтығынан.«Қазаққа он жазушы көп емес, жүз жазушы аз
емес», - деп ұлы Ғабең айтқандай, бір-бірінен инкубатордың балапанындай
аумай қалған сол жазғыштар қаншама көп болса да, Алашта Ақселеу - біреу-
89
«XX ғасырдың жиырма сәтінің» қолжазбасын алдына алып барғанымда
оның қалай қуанғаны әлі көз алдымда. Егер Ақаң болмаса, бұл дүниенің
кітап болып шығуы, менің ақын болып қалуым неғайбыл еді!
Менің Ақаңа арнап жазған өлеңдерім көп. Бірақ бүгін соның біреуін тілге
тиек етіп, аяулы ағаға жырдан шашу шашайын.
Шашу
Ит көрген ешкі көзденіп
жүргенде іште іріңді
ғаламат заман кез келіп,
қазағың өліп-тірілді!
Үш ғасыр болып кісенде,
Сан кешіп бастан мазақты,
Қырық тоғыз деген мүшелде
Көрдіңіз осы Ғажапты!
Алашың - азат, не керек,
Алаң ой болса да басыңда.
Жердің Жеті кереметі дейтін керемет -
Түк емес мұның қасында!
Алдыңнан сан жұрт бал ашты,
Бұзылмасын оған түс-өңің.
Көрсе екен алып Алашты
Алпыс бір дейтін мүшелің!
Жетпіс үш дейтін мүшелің
Жер-көктің қосып арасын,
Жер-жаһан білмей түс-өңін
Алашқа аң-таң қарасын!
Лүпілдеп жүрегің шерменде,
Қырандай тұғырыңа қонарсың.
Сексен бес мүшел келгенде
Он сегізге келгендей боларсың.
Сөнген де ұмытылып, солған да,
Осы бір бекзат дер шағың.
Тоқсан жеті мүшеліңе толғанда
Қонаққа шақыр Жер шарын!
90
Ауырлап сәл-пәл аяғың,
Көзін арбап хас сан ханымның,
Сәкеннің ұстап таяғын,
Төріне шық дастарханының!
Алаштың мөлдіреп аспаны,
Арнаңнан, Аға, тосып-тол!
Жамбылдың жасынан ас-тағы
Жап-жас аруға ғашық бол!
Қуанып, нұрың мол кезде,
Еркеңе қара есінеп...
Жеңгеміз түгіл, сол кезде
Жер-жаһан Сізді кешіред!
Асан Жұмаділдин
ПАРАСАТ ПАЙЫМДАРЫ
Елуге келген Ақселеуді жазушылық шеберлігі шыңға ұласқан, ғалым-
дығы даналықпен астасқан ерекше тұлға десек ерсі болмас. Жазушы
атану - екінің біріне тие бермейтін табиғаттың берген сыйы, ерекше әрі
дарындылық. Бұл.әсіре мақтау емес. Ақселеуге лайық, Ақселеуге тән баға.
Жазушы, ғалым ініміздің қаламынан туған дүниелердің бәріне пікір ай-
тудың орайы келмесін ескеріп, біз оның екінші қыры - даналық иірімдері
туралы толғамдарына тоқталуды жөн көрдік.
Бағзы заманнан бастап бажайлайтын Ақселеу Сейдімбектің «Күңгір-
күңгір күмбездерін» (сұлулық туралы сырлар), қай жанрға жататынын
ажырата алмасақ та, құныға оқып, ой-өрісінің қуатты гравитациялық әсе-
рінде қалғанымызды мойындаған едік. Жанр демекші, «Күңгір-күңгір
күмбездер» роман, повесть, әңгіме, новелла деп атауға келмейтін ғылыми,
философиялық жағы терең, көркемдігі көз қарықтыратын бояулы шығарма
ғой. Біз оны парасат пайымдары деп қабылдаған болатынбыз.
Ізі өншеген оқиғаларды өкшелей, тарихи тақырыпқа келсек, шығармалар
жазған жазушыларымыз көп. Ал Ақселеудің даралығы сол, ол тек қағазға
жазылған немесе тасқа қашалған жазу, таңба, суреттер арқылы ғана емес,
этнологиялық егжей-тегжейлерге жете назар аударып, зерттей, зерделей
білетін қаламгер-ғалым ретінде танылды. Ақселеудің кітаптарын оқу үстінде
аңғарғанымыз: қай әтностың болмасын тарихи гүлдену, дәуірлеу кезеңі, бағы
тайып, басы құралмай, ыдырау кезі де болады екен. Солай бола тұрса да, белгі
қалдырмай, із-түзсіз құрып кететін ешқайсысы жоқ сияқты. Тарихи хатқа
түспесе де, жадыға жетіпті. Тұтынған бұйым, қолданған құралы, атадан
балаға ауысып, мирас болып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сана, солардың
бәрінен де сендірерлігі - тілі мен ән-күйі арқылы бізге жеткен екен. Осы
деректерді бұрынғы жазғандарынан да гөрі саралап, саптастырып, ғылыми
тұжырымдарды көркемдікпен қанықтырып, көпшілік оқырмандарға сіңім-
ді, тұтынуға жарамды етіп берген.
92
Ақселеудің тағы бір шығармасы - «Сонар» кітабы. Бұны автор «Дерек-
ті әңгімелер» деп атапты. Жоғарыда «Күңгір-күңгір күмбездерді» дәстүрлі
көркем әдебиет жанрларының ешқайсысына үйлестіре алмай аңырып
қалғандай күй кешкенде, ол өзіміздің, «Көрмегенге көсеу таң» дегендей,
көркемдік сауатымыздың саяздығы, әлде өздігімізден соныға сонарға аяқ
басуға жүрексінетін соқпақшыл-қарашылдығымыздан болса керек. Әйтпесе
эссе де, деректі әңгімелер де бұрыннан бар жанрлар ғой, тек олардың жүгі
қазақ әдебиетінде жеңілдеу болғандықтан ба, әйтпесе қазақтың ауыз
әдебиеті қорындағылардың бәрі эссе, аңыз-әңгімелер болғандықтан ба,
бұл жанрлар онша еліктіріп, ерте жөнелмейтін. Қазір оларды ежіктеп оқи
бастайтын болдық. Өйткені егемен ел кешегісін білмесе, ертеңінде еркін
жылжи алмайды. Өткенін білмеген - келешектің өткелін таба алмайды.
«Сонар» кітабын оқығанда алған әсер, ойды түртіп оятатын, санаңда
сақталатын жайттарға оралсақ, кітаптың «Ұзақ сонар» бөлімі қадала оқып,
қайталап зерделейтін қағида деп қабылдарлық талдау-тұжырымдарға бай.
Әсемдіктің әр қырын алдыңа жайып, сұлулық парасатын тарамдайды.
Ақселеу: «...Бар мұраның мәні мен сәнін, дара бітімін, қасиет-қарымын
ашу - міндет», - дейді. Талғамы орнығып, танымы айқындалмаған жас
ұрпақ көз алдындағы қараның соңынан қалмайтын жаңа туған қозыдай
«елпілдегіш, таңырқағыш, қабылдағыш» келетінін ескертеді Ақселеу. Жас
адамға рухани сергектік те, рухани сырқатқа ұшырау да сол балаң кезінде
жабысады. Олар тән сырқатын сезер, ал рухани дімкәстігін сезінбейді. Ондай
сырқатты емдеу де оңайға соқпайды.
Біз «мәдениетсіз, сауатсыз болыпсыңдар» деп ата-бабаларымыздың аруа-
ғын даттап, «байболдың» деп басқа соғып, «ақсақал болдың» деп сақалынан
алдық. Кейінгі бір-екі жылда ғана аруақ, Құдайды ауызға алып, ас беріп,
атақ-даңқын асқақтатуға талпынып жүрміз. Басқалардың басқан ізін,
айтқан сөзін, «әу» деген әнін айнытпай көшіріп - «мәдениетті» болдық.
Сөйтсек, онымыз барып тұрған мәдениетсіздік, көргенсіздік екенін енді-
енді түсіндік. Әр халық өмір-салтына, тарихи-әлеуметтік бітіміне қарай
мәдениетін өзі жасайды екен. Басқалардың озық үлгісін машықтай отырып,
қолтума дәстүр-мәдениетін байытады екен. «Сонар» кітабынан соны аң-
ғарған едік.
Ақселеу өткен өмірбаянымызды хатқа түсіруші алғашқы да, ақырғы да
қалам ұстаушы емес. Солай бола тұрса да, ол - ұрымтал жерден қосылып,
ұта сөйлейтін тарихшы да, зерттеуші, көркем сөз, тұлғалы ой шебері.
Тарихшылар сахара төсіндегі ру-тайпалардың қазіргі қазақтарға дейін
бірінің келіп, бірінің кеткенін дәлелдесе, Ақселеу сол тайпа, сол этностардың
аты өзгергенімен, нәсілі, тегі бір бұтақтан өніп, өрбіп келе жатқанын өнер
өрнегіндегі сабақтастықтар арқылы дәлелдеп сендіреді. Заман ақиқатын
аңғартуда терең ойы, тетікті тілімен, танымдық қасиетімен сусыныңды
қандырады. Сусыныңды қандырады деу жай сөз, оқыған сайын шөліркей
түсіп, аңқаңды кептіреді. Оқи түсуге, сіміре түсуге асығасың. Оқырман ойы
мен оқымысты парасаты араласып, рухани игілік иіріміне айналып кетеді.
93
«Рухани болмысы диалектикалық кемел зердемен пайымдалмаған орта
жасыққа жұбанғыш, әсіреқызылға еліктегіш келеді», - дейді Ақселеу.
Бұл жерде автор ғылыми зерде зеріктірмей ерте білсін, бізге аналитикалық
зерде қажет деп отыр. Төлтума өнердің тұғырын аласартқан ұлт ұлтаны
сыдырылған етіктей жұлығы кетіп, ол жамауға жараса да, қамсауы аз, сұ-
лулық сиқы қашып, ақыры талғамсыздыққа әкеліп ұрындырады екен.
Бұндай жағдайда артыңа мойын бұрмай, алға өзеурей беру - бір жағынан
өлермендік болса, екінші жағынан адасудың алды осы.
Ақселеу бұл кітабында адам бойына кісілік дарыту ұлттық сипатынан
айырылса, онда адамгершілік қасиет толыққанды болмайтынын келісімді
дәлелдеген. Қазір төлтума дәстүрінен айырылғандар жинағы жоқтықтан
кемдік көріп жүрген жоқ, иманы жоқтықтан жексұрын болып барады.
Азат ойдың алдыңғы шолғыншысындай Ақселеудің тіл туралы тол-
ғаныстары да көкейкесті армандарымызды алдын ала болжамдаған. Ана
тілімен ауызданбаған жастар мінезіндегі бөгделіктер ұлттық ерекшеліктер
мен психологиялық тұтастықты ірітті. Не ол емес, не бұл емес дүбәра
мінездер пайда болды. Тілінен айырылған халық мәдениетін жояды. Ұлттық
ерекшелігі тозған, жойылған халық этнос бола алмай, тамыры тартылады.
Тамыры семген соң бүршіктемейді, жапырақ жаймайды, бұтағы сояуланып
қурайды, діңі құлайды. Қазақ тілі тұтыну құралы ретінде қалып бара
жатқанда егемен ел болдық. Қазақ тілін мемлекеттік тіл етуге жағаласып
жүрміз. «Тілдің бітім-қасиеті, сөздік қоры, оралым-икемі халықтың сан
ғасырлық тарихи портретіне лайық болса, сол тілмен сөйлеп, жазып, ойлай
алатын адам өзін жеке тұлға ретінде ғана емес, белгілі бір ұлт өкілі ретінде
көрсете алады», - дейді Ақселеу. Ұлт өкілі болып көрінер кезге де аяқ баса
бастадық, қадамымыз қайырлы болсын!
Сөйлеу мәдениеті ауызекі тілден нәр алып, ұшталып уыттанатыны атам
заманнан белгілі. Қазақтар бұрын алқалы жиын, айрықша басқосуларда
алдын ала жазып алған, болмаса біреудің жазып берген сценарийі, тезисі,
мәтіні бойынша сөйлемеген. Жезтаңдай шешендер, бітімгер билер, арналы
ақсақалдардың тыңдаушысын үйіріп әкететін ұлағатты ой, ұтымды сөздері
де өз алдына үлгі таратар мектеп болып қалыптасқан. Кейінгі ұрпақ сол
қасиеттерден қол үзе бастады.
Ақселеу фольклорымыз туралы келте ұғымды кеңейте талдап, келісті
тұжырымдайды. Оның талдауларында фольклорлық туындылардың ау-
қымы кең қамтылған. Бұрын авторы жоқ ертегі, аңыз-әңгіме, өлең, ән-
күйлерді ғана фольклор деп пайымдаушы едік. Сөйтсек сәулет, сұңғат,
қол өнерінің алуан түрі фольклор иіріміне енеді екен. Бұның бәрі сұлулық
туралы әсер туғызатын туындылар тобына енеді. Осындай дәстүрлі мәдени
мұраларымызды пайдалануда, игілігімізге тұтынуда оған қомсына қараудан
қаншама рухани жұтаңдыққа ұшырадың десеңізші. Ақселеудің: «Шет
елдің мүлкін тұтынып, рухани өнімдеріне еліктеуді дәреже көріп, тіптен
мәдени жетістік санайтын кембағал ұмтылыстар бар», - деуі сол дәстүрлі
мәдениетімізден қол үзе бастағанымыздан болса керек.
94
«Түрі - ұлттың, мазмұны - социалистік» деген анықтаманың алғашқы
компоненті сувенирлік әсері аз, алабажағы көп көрнекі үгіт деңгейінде
ғана болғанын біз енді-енді зерделей бастадық. Бұны Ақселеу тұспалдаса да
турасын айтып, ерте еске салған болатын.
Музыка тілін бажайлау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал тыңдап,
ләззаттануға елдің бәрі қабілетті. Ақселеу өнер тілі, өнер әрпімен жазылған
туындыларды таниды, мүдірмей оқиды, оны басқаларға түсіндіреді. Ажы-
ратып, саралайды, саптастырып, типтендіреді, сөйтіп ғасырлар қатпарын
алдыңа жаяды. Кеше ғана өткен оқиғадай сендіре баяндап, күдік қалдырмай
иландырады.
Расына келсек, қыз-келіншектер болмаса ән де тумаған болар еді. Олар-
дың жан сұлулығын қалыптастыруда әннің әсері мол. Алдыңнан кесіп
өтпейтін қазақ қыздары правосыздығынан жасқаншақ болып еді деп
келген тұжырым түбірімен қате екені кейінгі жылдары ұрпақ тәрбиесінен
анықталды. Қызға қырық үйден тыю болмаған кезеңдерде әйел болған
қыздар, қызыққұмарлық, тән түшіркенісіне құнықпа болғанымен, ізет-
инабаттылықтан айырылды. Сұлулықты тән түзілісінің мүсінділігі деп
қабылдаған түсінік мүсін сымбаттылығын жайып салып, жарқырата көр-
сетуін, етегін ашып жүретінін ерсі санамайтын анайылыққа дейін әкелді.
Арулар туралы қазақтың әсем әндерін түсінбеу, құныға тыңдамаудың
аяғы бетпақтыққа әкеліп соқты. Қазіргі қыз-келіншектеріміздің көпшілігі
қазақ әндерін, өздерінің сұлулық, сүйкімділігін паш ететін ерекшелігін
қабылдап түсінерлік зерде-қабілетінен айырылған. Бұл ұлттық нышаннан
айырылу ғой. Ұлттық нышан тіл, ән-күй, әдет-ғұрып, тұтыну бұйымдары
арқылы дүниеге шыр етіп түскеннен, тіпті ана құрсағына біткеннен бастап
қалыптасар болса, біз содан қол үзе бастадық қой, киелінің бәрін кикілжің
жеңді. Құдайдан қорықпаймыз деп жүріп, аруақтан именбейтін болып
кеттік. Аруақ деген ата-бабаларымыздың өнеге тұтар қасиеттері, есімі
ұмтылмай ұрпақтан-ұрпаққа жеткендер ғой. Оларды сыйламаған адам
инабатсыз, имансыз келеді. Ақселеу «Әнге айналған аруларда» осыларды
меңзейді.
«Мың бір маржан» деп аталатын кітабында Ақселеу қара өлең таби-
ғатына ғылыми түсініктеме жазған. Бұл түсініктемелерде де терең білім-
дарлық, шегелеп, шендестіріп айтатын шешендік баурап әкетеді. «Көшпелі
қоғамның ең мәнді сипаты - артық атаулының бәрін сыртқа теуіп, мәңгілік
тарихи сұрыптауды өмір сүрудің кепілдігіне айналдырған», - деп анықтама
береді Ақселеу. Ол жинақтап құрастырған қара өлең нұсқаларынан жо-
ғарыдағы анықтаманың нақтылы екеніне көзің жетеді.
Сонымен, пікірімізді жинақтай келгенде, ер жасы елуге толып, осынау
мерейтойын өзі туған топырақта тойлағалы отырған Ақселеудің жоғарыда
аталған еңбектерін елеулі ғана емес, халық игілігіне, ғылымға, әдебиетке
қосылған ерекше қазына деп білеміз.
95
Төрехан Майбас
МЕНІҢ АҚСЕЛЕУІМ
Ақселеу Сланұлы...
Ақселеу Сейдімбек...
Ақселеу Тарақты...
Бәрі дұрыс. Қазақ текесімінде осының бәрі бар. Шыққан жеріне, еліне
орай текесім алып жүрген арыстарымыз аз емес. Қала берді ұрпағы, үбірі,
шүбірі деп те жүрміз.
Шығыс текесім үрдісінде не жоқ дейсіз?!
Фирдоуси...
Жәми...
Абай...
Ыбырай...
Шоқан...
Жамбыл...
Бұл үрдіс Батыста да бар.
Байрон...
Гете...
Гейне...
Бәрі де түсінікті. Ешқандай жалғау-жұрнақтың керегі жоқ. Оларды
керегі жоқ қылып тұрған - арыстардың өздері.
Ақселеуге де ештеңені жамап-жасқап керегі жоқ. Ақселеу!
Бәрі орнына жаңа келді. Алаштың Ақселеуі. Бәріне де түсінікті Ақселеу!
Ақселеудің атын шығарған - «Лениншіл жас». «Лениншіл жастың» атын
шығарған - Ақселеу. «Білім және еңбекті» оқырман оқитын басылым еткен
деАқселеу...
Ақселеудің ұлтжанды екені де белгілі. Бір кездері «Қой шаруашылығы -
екінші тың» деп жалаулатқанымыз да өтірік емес. Сол кездегі баспасөз беті-
нен осы тақырып түспей-ақ қойды. Осыған үн қоспаған бір қаламгер болса,
ол да Ақселеу...
96
Халқымыздың Ақселеуді жазушы ретінде танығаны кейін. Оған дейін
ол өзінің жүздеген мақала-зерттеулерімен қазақ елінің төсіндегі тарих,
мәдениет ескерткіштерінің білгірі ретінде танылды. Сол арқылы халқы-
мыздың мектепте оқымайтын тарихын жазды...
Ол қазақ әдебиетіне «Ақиық» арқылы келді. Өзіндік қолтаңбасын бір-
ден танытты. Оны ешкіммен шатыстыруға болмайды. Өйткені ол - қазақ
даласының жыршысы. Қазақ даласын қара сөзбен жырлады. Оның ізба-
сарлары да табылар. Бірақ қайтып Ақселеудей жырлау мүмкін емес. Өйткені
Ақселеудің өзі - табиғаттың бір пұшпағы...
Сәбит Мұқанов...
Бір өзі библиотека.
Евней Букетов...
Бір өзі энциклопедия.
Жайық Бектұров...
Бір өзі архив.
Ақселеу...
Бір өзі театр.
Тарихшы ретінде «Күңгір-күңгір күмбездерімен» келді...
Өнертанушы ретінде «Күй шежіресімен» келді...
Аудармашы ретінде «Троя сұрапылы және оның батырларымен» келді...
Композитор ретінде «Сарыарқа», «Дәурен-аймен» келді...
Көп нүктені әдейі қойып отырмын. Өйткені екінің бірі Ақселеудің күйші
екенін, қолөнер шебері, әңгімешіл екенін, шежіреші екенін біле бермейді.
Ғабең этнографиялық әңгімелер жазды... Бәрі де кейінгі ұрпақ үшін. Ал
Ақселеудің қай шығармасын алмаңыз, бәрі де этнографиялық шығармалар...
Қазақтың әліпбиіне де араласып жүрген Ақселеу...
Маған бір ұры ой келеді. Құдай Ақселеудің басына бар өнерді үйіп-төге
салған. Ақселеу соны дұрыс пайдаланып жүр ме? Алланың бергенін Ақселеу
шашыратып алып жүрген жоқ па? Қазақта «Екі кеменің...» деген даналық
бар еді. Ал Ақселеу болса бірнеше кеменің құйрығынан ұстап отыр емес пе?
***
Ақселеу...
Бүгінде ердің жасы 50-ге келіп отыр. Оның берері алда. Қазір оны
Алаштың Ақселеуі деп білеміз.
Ертең...
Ертең Адамзаттың Ақселеуі болатынына сенемін.
97
Аманбек Әбдіханов
КЕМЕЛІНЕ КЕЛГЕН ҚАЛАМГЕР
Зымыран заман зулап өтуде.
Сонау бір жылдардан бері қарай газет-журналдардан көкейкесті пробле-
малық мәселелерді көтерген очерктері мен терең ойлы, өткір жазылған ма-
қалаларын, ғылыми-зерттеу еңбектерін, повестері мен әңгімелерін өзіміз
зейін қойып оқып жүрген авторымыз, жерлес қаламгеріміз бүгінде жарты
ғасыр ғұмыр кешіп, ердің жасы 50-ге келіпті.
«Тайдың жүрісі білінбейді, баланың жұмысы білінбейді» дегендей, ал-
ғашқыда қаламын кезеніп жүрген ұшқыр ойлы журналист бүгінде көрнекті
жазушы, білікті ғалым дәрежесіне жетті. Ерінбей еңбектеніп, талмай ізденіп
осындай дәрежеге жеткен жанға, жерлесі болсын-болмасын, қай қазақтың
баласы мақтан етіп қуанбасқа, риза болмасқа?!
Ақселеу Сланұлы 1942 жылы 12 желтоқсанда Жаңаарқа ауданының бір
кездегі «Атасу» аталған колхозында туған. Сұрапыл сұм соғыстың қаһарлы
қысында дүниеге келген жас сәби туған әкесінен де ерте айырылды. Оның
әкесі Слан Сейдімбекұлы Ұлы Отан соғысына кетіп, сонда шейіт болған.
1959 жылы аудан орталығындағы Ленин атындағы №1 қазақ орта
мектебін бітірген Ақселеу бірден еңбекке араласқан. Сол кездегі дәстүр
болған шақыруларға орай комсомолдық жолдамамен «Қызылтау» кең-
шарына барып, шопан таяғын қолына алып, үш жылдай қой баққан. Бұл
шаруашылық қазір Жаңаарқадан көршілес Ақадыр ауданына ауысып,
Кәрім Мыңбаев атындағы кеңшар атанып кеткен. Ол осында үш жылдық
шопандық өмірден кейін барып Қазақ мемлекеттік университетінің жур-
налистика факультетіне түсіп, оны 1968 жылы бітіріп шыққан.
Бұдан соң оның журналистік қызметі басталып, негізінен республикалық
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») пен «Социалистік Қазақстан»
(қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде 15 жылдай қызмет етті, Оның
арасында бір жылдай Қарағанды облыстық газеті «Орталық Қазақстанда»
да еңбек етті.
98
Міне, сол жылдарда ондаған проблемалық мақалалары мен очерктері
жарияланды. Сол кездерде-ақ оның әдеби-көркем шығармалары да бірінен
соң бірі жариялана бастаған еді. Одан кейініректе өзі бас редакторы болған
бір кездегі «Білім және еңбек», бүгінгі «Зерде» атанған журналда жазушы
өз ізін қалдырды.
Ақселеудің қаламы негізінен газет редакцияларында ұшталып, жур-
налистік шеберлік жолында шыңдалудан өткен. Әдебиет ғұламаларының
айтуынша, жазушылар өмір мектебінен өтумен қатар газет редакциялары-
ның мектебінен де өтеді екен. Жас күнінен өмірдің ыстық-суығына қанып
өскен Ақселеу өзінің еңбексүйгіштігімен, ізденімпаздығымен оқуда да, шы-
ғармашылық жолында да қадамдары сәтті болғандай.
Жазушының қай кітабын, қай шығармасын болса да оқырмандар кезінде
өте жылы қарсы алып, тамсана оқыды. Әсіресе «Аққыз», «Қыр хикаялары»,
«Күңгір-күңгір күмбездер» және басқа да кітаптары өз оқырмандарын
тауып, ыстық ықыластарына бөленді.
Оның қай шығармасы да тартымды оқиғалы сюжетке құрылып, сөз сап-
тауларынан қазақтың шебер де шешен тілінің көркем өрнектерін көресіз.
Қай кітабынан да қазақтың әдеби тілінің тамаша үлгілерін табасыз.
Шығармалары жалпы қазаққа түсінікті көркем тілмен жазылған.
Әсіресе «Күңгір-күңгір күмбездер» атты тамаша зерттеу кітабы көпшілік
назарын аударды. Осы кітапты халыққа түсінікті, ұғынықты тілмен жа-
зумен қатар көптеген тарихи кітаптар мен архивтерді ақтарып, орасан мол
деректер жинағаны көрінеді.
Жазушының әңгімелері мен повестерінің барлығы дерлік қазақ ауылын-
дағы өмірдің хикаяларына, сондағы ұлттық тұрмыс-тіршілік көріністерін
суреттеуге арналған. Ал ондай шығармалардың оқырмандары да табылады.
Сондықтан да болар, жазушының шығармалары көршілес республикалар
мен шет елдердің тоғыз тілінде жеке кітап болып басылып шыққан.
Шығармашылық өнердегі осындай еңбектері үшін де оған 1979 жылы
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының, ал 1989 жылы Қазақстан
Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атақтары да орынды берілген.
Ғалым жазушымыз соңғы жылдарда қазақтың ұлттық музыкасы сала-
сында арғы-бергі тарихқа зерттеулер жасап, қайсыбір ашылмай жатқан сыр-
ларды жұртшылық алдында жария етуде. Ол қазақтың ән-күйлері жөнінде
республикалық телевидение арқылы сериялы хабарлар жүргізіп, ұлттық
музыка мәдениетімізді насихаттауға да елеулі үлес қосуда. Оның биылғы
шыққан «Күй шежіре» атты кітабы сондай зерттеу, саралау еңбектерінің
нәтижесіндей көрінеді. Сонымен қатар Ақселеудің өзі де әсем сазды әндер
шығарғанын да халыққа айта кеткен жөн.
Журналист-жазушымыз республикамыздың қоғамдық-саяси, әлеумет-
тік, мәдени-рухани салаларына белсене қатысып, өзінің ұлтшыл емес,
ұлтжанды азамат екендігін де ісімен көрсетіп келеді. Ол - Қазақстан Жа-
зушылар одағы секретариатының мүшесі, республикалық кейбір баспасөз
органдарының алқа мүшесі.
99
Ғалым республикадағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау
қоғамы президиумының мүшесі бола отырып, біраз жерлердегі зерттеу жұ-
мыстарына да қатысуда. Республикалық ономастика және терминология
комиссияларының мүшесі ретіндегі белсенді жұмыстарына да ризашылық
білдіреміз. Өйткені ол республикамыздағы тарихи жер атауларын қалпына
келтіруге елеулі үлес қосуда. Тіптен оның жер атауларына байланысты то-
пономикаға қатысты бірнеше мақалалары аты шулы қайта құруыңыздан
бұрын, сексенінші жылдардың басында-ақ, «Қазақ әдебиеті» газетіне, басқа
да басылымдарға шыққан болатын.
Мерейтойдың иесі Ақселеу Сланұлы әдебиетке алпысыншы жылдардың
соңын ала, жетпісінші жылдардың басында келген. Келгенде жалғыз емес,
сол тұста үлкен бір топ жастар қазақтың әдебиет ордасының есігін ашыпты.
Сол үлкен бір топтың ішінен 1942 жылқы жылы туған 25 ақын-жазушы
қазіргідей қиын кезеңге қасқая қарап тұрып, өздерінің жарты ғасырлық
мерейтойларын Алматыдан бастап, бірінен соң бірі туған жерлерінде де
өткізуде.
Ақселеу Сланұлы - жазатын тақырыптарын дұрыс таңдай білетін тал-
ғампаз әрі өндірте жазатын жазушы. Олай дейтінім, ол әдебиетке кел-
геннен бергі уақыттың ішінде жиырмадан астам әдеби-көркем және ғы-
лыми-көпшілік кітаптарын шығарыпты. Немесе орта есеппен жылына бір
кітаптан шығып тұрған. Тіптен кейбір жылдары екі-үш кітаптан шығыпты.
Мәселен, алғашқы шыққан кітаптары «Ақиық» пен «Қыр хикаяларынан»
соң 1979 жылы «Күңгір-күңгір күмбездер» атты тамаша еңбегімен қатар
«Кеніш», «Тауға біткен жалбыз», «Алпамыс батыр» деген төрт кітабы бірден
шықты. 1991 жылы «Аққыз» атты кітабы шықса, биылғы 1992 жылдың
өзінде де «Қара өлең туралы», «Күй шежіре», «Көшпелілер тарихы» деген
үш кітабы жарық көрді.
Ақселеудің аудармашылық еңбегін де атамасқа болмайды. Бұл салада
ол Гомердің «Илиада», «Одиссея», И. Можейконың «Әлемнің 7 және 37 ке-
реметі» деген шығармаларын қазақшаға аударып, кітап етіп шығарған.
Осындай жазушыдан халқымыз әрқашан да өмір талабына сай жаңа
туындыларды асыға күтіп отырады. Бүгінде ердің жасы елуге келген қалам-
геріміз өзінің нағыз кемелденген шағында тұр.
Әдебиет пен ғылымға әлі де бергенінен берері көп, әлі де талай тың туын-
дылар бере алатын, оқырманын сонысымен қуантатын, әрқашан да биіктен
көрінетін Ақселеу Сланұлының сегіз қырлы, бір сырлы ғалым-жазушы бола
беруіне жерлестері де шын жүректен тілектестік білдіреді.
100