Тұрсын Жұртбай
САУСАҒЫҢЫЗДАН АЙНАЛДЫМ, АҚА!
Тал бойы сұлу жігіттен мін табу қиын. Ал Ақаңның - Ақселеудің біреу
тілін, біреу түрін, біреу жүрісін, біреу тұрысын, біреу аңшылығын, біреу
әншілігін мақтайды. Азаматқа тән келісімінің бәрі бойынан табылып
жатқан Ақаңның сол қасиеттерінің бәрінен де мен оның саусағын ерекше
бағалаймын. Сол саусақтар болмаса, руханиятымызды байытқан қаншама
кітаптардың жазылмай қалатыны рас. Бірақ мені ол да таңдандырмайды.
Шынын айтсам, сол саусақтарға Ақаң домбыра шерткен кезінен басқа
уақытта мән де бермеймін. Ал домбыраға тиген кезінде ерекше салаланып,
сұлуланып, қасиеттеніп кетеді. Даланың өзі ән салып қоя бергендей. Ол
саусақтарда қаншама сыр мен жыр жатыр десеңізші! Ол саусақ не көрмеген
саусақ десеңізші! Маған салса, Ақаңның қасиеті сол саусақтарға тікелей
байланысты. Ол саусақтар болмаса, ол саусақтар күй шертпесе қазақ өнері
де біраз сілкіністен ада қалар еді. «Толғауы» (Ақтамбердінің толғауы) мен
«Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Алтын асық» дүниеге келмес еді. Өлі күйлер
тірілмес еді. Жәнібек Кәрмен сияқты сұңғыла әншілердің даусы халқының
жүрегіне толық жетпей, өшіп тынар еді.
Әлі есімде, жетпісінші жылдардың аяғы болатын. Ақселеу ағамыз Қа-
рағандыдан Алматыға ауысып, «Социалистік Қазақстан» газетіне бөлім
меңгерушісі болып келе қалды. Тілшісі түгілі, еден жуғышының өзі ЦК-
дан басқаға сәлем бермейтін, есепшісіне дейін галстук тағып жүретін бұл
мекемені орағытып өтетін едік. Қалай Ақаң келді - үшінші қабатқа жан
кірді. Әуелі теннис ойнайтын болдық, одан жаппай насыбай ату басталды.
Соның бәрінен ерекшелігі - редакцияға домбыра келді, домбырамен қосылып
ән келді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде тығылып жатқан таланттар
сол арадан табылатын болды. Күйші Төлеген, Дәнеш, Мәдениет, Рақым,
Қажыбек, Қайрат, Жәнібек сол арада бас қосып жүрді. Несіпбек, Жәнібек
үшеуміз де үйірсек тарттық. Бір күні, иә, бір күні...
Жаңылмасам, қыс айының іші... Ақаң мен Жәнібек оңашалана бастады.
Апта өтті. Ай өткен жоқ. Біз де қалатын болдық... Тыңдаушы керек екен.
101
Ақаң бір әуенді ұзақ қайталап тартады. Жәнібек тамсанады. Қабағын
түйеді, қолын шошайтады. Мен Ақаңның саусағынан көз алмаймын. Осы
күй он күнге созылды. Енді Жәнібек жұрттан бой тасалай бастады. Бір
айдың мөлшерінде ол мені үйіне шақырды. «Мынаны тыңдап көрші», - деді.
Бұрын мен естіп-білмеген бір алапат жыр. Ақтамбердінің толғауы. Үш-төрт
күннен кейін Ақаңа тыңдатуға бардық. Кешкі мезгіл. Жәнібек сорғалата
жөнелгенде басында еркіндеу отырған Ақаңның басы иілді де қалды. Тыңдап
болған соң: «Ой, Алла-ай! Не деген ғажап, не деген философия, не деген
кеңдік?! Жәнібек, енді сенің бағың ашылады!» - деді. Күй сарынын арқау ете
отырып шығарған сол әніне лайық Ақтамбердінің сөзін тауып, домбыраға
түсіріп, Жәнібекке үйреткен Ақаңның өзі емес пе еді?! Бүгінгі қазақ әнін
Ақтамбердінің толғауынсыз елестетіп көріңізші. Ақаң болмаса, Ақаңның
жүйрік сасусағы болмаса ол ән өмірге келмес еді. Осыдан кейін Ақаң мен
Жәнібек, Несіпбек үшеуі қосылып алып, «Дәурен-ай» мен «Сарыарқаны»
сол қыста жазып, жұртты таң-тамаша етті. Бұл қазақ әнінің жаңа белеске
көтерілген, Жәнібектей жампоздың, Несіпбектей сужорғаның Ақаңның
алдына түсіп алып, халқына қарай жайтаңдай жөнелген тұсы еді. Сол ән
бүгінгі Бекболаттың бесігі тербеліп, ауамен қоса жүрегіне құйылып жатқан
кезі еді. Жамбасымен жорғалайтын Бекболаттың қызығын қызықтап
Жәнібек бөлме-бөлмені аралап ән айтатын, ол қай бөлмеге барса, соған жам-
бастай жорғалап баратын Бекболаттың ұзын сапарымен өз жүрегіне ұя сал-
ған түс еді. Оны ұялатқан Ақселеудің саусағы болатын.
Мен сондықтан да Ақаңның саусағындай сұлу саусақты сирек кездестірдім.
Ондай саусақ қазақта Сәкенде ғана болған шығар.
Мен Ақаңның саусағына ғашықпын. Сол саусақтардан суси құйылған
әндер мәңгі өшпесе екен, сол саусақтар талмаса екен, буынына сарысу ұйы-
маса екен, сіңірі қатпаса екен деп тілеймін.
Саусағыңыздан айналдым, Ақа!
102
Хангелді Әбжанов
АХАНДАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ
Құдай қазақты дарынды ұлдардан кенде қылмаған. Шүкіршілік етер осы
байлығымыздың ішінде «Ахаңдардың» алғашқысы Ахмет Байтұрсынов
атамыздың атын атағанда, ол кісінің алғаш қазақ әліпбиін жасағаны, қалың
ұйқыдағы қазақты оятпаққа бел буған «Масасы», бүгінгі XX ғасырдағы
қазақ әдебиетінің бастауы «Әдебиеттанытқышы» еске түседі. «Ахаңдардың»
екіншісі Ахмет Жұбанов дегенде, өткен ғасырдағы қазақ музыкасы май-
талманының бейнесі көзге елестейді. Осы «Ахаңдардың» рухани жалғасы -
бүгінгі күнде алпысқа толып отырған филология ғылымдарының докторы,
профессор, журналист, өнер зерттеушісі Ақселеу Сейдімбек.
Ақаңның өмір жолы мен шығармашылық ізденісін бажайлап қарағанда
мен үш кезеңді көріп отырмын. Алғашқысы - алпысыншы жылдардағы
Ақселеу. Бұл уақыт аралығындағы Ақселеу іздену үстіндегі, әр түрлі құ-
жаттарды, материалдарды, аңыздарды жинаушы және оларды бойына сіңі-
руші Ақселеу. Әрине, сол аңыздар мен әңгімелердің көпшілігі ол кісінің бала
кезден естіп-біліп жүргендері ғой. Дегенмен, бұл кезеңде Ақаң универси-
тетті тәмамдап, өмірлік тәжірибе жинақтап, жан-жүрегіне жаңаша сіңіре
бастаған кезі. Екінші кезең - жетпісінші жылдардағы Ақселеу, сол бойына
жиғанын, естігенін-көргенін насихаттаушы Ақаң. Өзіндік қолтаңбасы, ойы,
бажайлауы бар, халқының ата-бабадан келе жатқан мұрасын насихаттаушы.
Ал сексенінші жылдардан бастап жасампаз, жаңа теорияға сүйенген, кешегі
өзі насихаттаған құндылықтардың, мәдениеттің болмыс-бітімін бұрын-
соңды айтыла бермейтін ой деңгейінде пайымдаушы ғалым Ақаң. Сол
сексенінші жылдары Ақаңның шығармашылық өмірінде басталған үшінші
кезең күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жай ғана жалғасып келе жатқан
жоқ, Ақаң оны биіктетіп, тереңдетіп, халыққа сүбелі дүниелер ұсынумен
келеді. Кешегі «Күңгір-күңгір күмбездерден» басталған Ақселеудің жа-
сампаздық жолы кейін «Қазақ әлеміне», «Елтұтқаға» ұласты. Ал енді
Ақаңның осындай зерттеулеріне ғалым ретінде талдай қарайтын болсақ, бұл
зерттеулердің өзегі - мәдениет, рухани болмыс мәселелері. Ақаң мынау қазақ
103
даласында өмір сүрген көшпелі өркениеттің кешегісін, кеңестік дәуірде ол
мәдениеттің күйреуін, бүгінгі күнде сақталған жүрнаңтарын мәдениеттегі
өзгерістермен, мөдениеттегі сабақтастьщтармен түсіндіреді. Қазақты қазақ
етіп үстаған, бүгінгі күні жеткен биігі сонау көне дәуірде туған мәдениетпен
сабақтасып жатқандығын, соған қазақ табан тіреп биікке көтерілгеннің
Ақаң дәлелдеп жүр. Бұл - ол кісінің шығармашылығында айрықша көзге
түсетін жағдай.
Жетпісінші жылдары белгілі шығыстанушы Вениамин Юдин ғылымға
«даланың ауызша историялогиясы» деген жаңа термин әкелді. Кейбіреулер
историялогияны - тарихнама деп аударып жүр. «Нама» деген сөз «жаза-
мын» деген мағынаға ие, осыдан тарихнаманың историяграфия болып
шығатындығын ескерсек, историялогия дегеніміз - халықтың жадында
сақталып, ауызша ұрпақтан-ұрпаққа берілген дүние.
Осы В. Юдин енгізген термин шын мәнінде жаңалық екендігін және
халықтың мұрасына сүйене отырып, сол халықтың басып өткен жолын,
тарихын, сабақтастығын ғылыми түрде дәлелдеп берген бүгінгі алпыс жыл-
дығын тойлағалы отырған Ақселеу Сейдімбек болып табылады. Өйткені
біз бұрын тарихты зерделеген уақытта мынау Батыстан, Шығыстан келген
жолаушы-саяхатшы, елші-тыңшылардың жазғандарына сүйеніп, соған
жүгінетінбіз. Ал олар көп болса бір ай болар, бір-екі жыл болар, сондықтан
қазақ қоғамының барлық болмыс-бітімін сезіне алған жоқ, олар тек көзімен
көргенін ғана тізіп кетті. Мысалы, Герадот айтады: «Олар «хаома» деген
сусын ішеді екен», - деп. Ал ол «хаомның» қымыз екендігін, оны дайындау
технологиясын қазақтан артық білген ешкім жоқ. Мінеки, осы тұрғыдан
келгенде, Ақаңның тарихтану ғылымына қосқан ұлы жаңалығы - өзіміздің
төлтума мұрамыздың бойында тарихқа байланысты сан алуан ақпарат
жатқандығын және сол ақпараттың тарихымызды реконструкциялауы
барысында баға жетпес үлес қосуы. Сонымен қатар, Ақселеудің зерттеулерін
оқып отырып, ғылымда жаңа бір мамандық ашқанын байқаймыз. Біздің
салада Отан тарихы, әлем тарихы, археология және этнография деген
мамандық түрлері бар, бірақ қазақтану деген мамандық жоқ еді ғой, Ақаң-
ның жазғаны, көне мұраларды, фольклорды тарихи дерек ретінде сөйлетуі
қазаққа қазақты таныту деген мәселені шешеді. Қазақтың тарихын басқалар
келіп танып, көсегесін көгертіп жазып кетеді деу бекер. Неміс халқы өз
тарихын өзі жазды, француздар да солай. Сондықтан да қазақ та өз тарихын
өзі жаза алады. Қазақ өзінің ауызша және жазба әдебиетін пайдалана
отырып қана дұрыс тарих жасай алады. Міне, осы үлгіні көрсеткен Ақаң
болып отыр. Сол себепті Ақселеу Сейдімбек - ауызша историялогияның
ғана керемет қолданушысы емес, соған табан тірей отырып, қазақтану деген
ғылымды қалыптастырушы жасампазымыз. Ақаңның осы үшінші кезеңі
жиырма жылдан асып барады. Ол кісі осы уақыт аралығында шаршаған
жоқ, керісінше, бір кітабынан екінші кітабына биіктеп, көтеріліп келеді.
Бір ойы екіншісіне сәуле түсіріп тұрады.
104
Ақаң - дамылсыз, мазасыз, ізденімпаз ғалым. Аңаңның жаңа тәсілдері,
методологиясы кешегі бәрін Мескеуден шешетіндерге үнаған жоң. Бар
нәрсені марксизм-ленинизмнің шеңберінде ғана түсіндіретіндерге жақ-
қан жоқ. Әркім өткенін, кеткенін әділ бағалағысы келеді. Ақаңның да
ниеті сондай болатын. Ақаңның ауызша историялогияға, қазақтануға
сүйенгенін олар кешірген жоқ, кешірмейтін де еді. Қызметтен де алды,
сынға да үшырады. Біраң әділдік бар екен, тәуелсіздігімізді алдық. Бүл
уақытта Ақселеу тіпті қүлпырып кетті, бүрынғыларьшан әлдеқайда артық
шығармаларын берді. Енді біз Ақаңа түскен сара жолы, зерттеу жолында
ашылған мүмкіншіліктері тиімді, пәрменді болсын деп жаңа шығармалар,
табыстар тілейміз.
Әлібек Асқаров
ҰЛТ НАМЫСЫН ОЯТҚАН
Жалпы қазақ зиялысының басым бөлігі тәуелсіздікке жаңара бастаған
тарихи санамен келді десек, артық айтқандық болмас. Өйткені оған дейінгі
«қайта құру» деп аталған, бес-алты жыл бойы қоғамды сілкілеген өзгерістер
елге жариялылықты әкеліп, демократия дегеннің өзін болмаса да иісін
сездіргені шындық. Осы жылдары тарихи сананы төңкерген көптеген
«ақтаңдақтар» ашылды. Желтоқсанның ызғарынан селт етіп оянған қазақ
зиялысы үшін бұл «жариялылық жылдары» айрықша жемісті болды. Қазақ
өзінің кім екенін іздеп талпынып, төл тарихына шым-шымдап бойлай
бастады. Осы үлкен үрдістерді елден ерек түсінгеннің бірі Тілеухан болатын.
Жалпы ой-өрісі озық, қоғамдағы құбылыстарға шынайы баға беріп, ұлт
мүддесін мақсат еткен парасат иелері қай заманда да болған ғой. Өкініштісі
сол, сүттің бетіндегі қаймақтай болған әлгіндей тұлғаларды тоталитарлық
билік мезгіл-мезгіл қалқып тастап отырды.
Сонау қылышынан қан тамған коммунистік қоғамның өзінде осындай
үркердей бір топтың ішінде тәрбие көрген жанның бірі мына мен едім.
Кейінгіге үлгі болсын, Назерке, саған соның шет-жағасын сөз етейін.
Баяғыда, ол кез кеңестер дәуірі-тін, «Білім және еңбек» журналының
редакциясында он бір жыл қызмет жасағаным бар. Желкөкірек жеткіншек
болып келіп, өмірге сабырлы көзқарасы бар, жиған-терген тәжірибиесі бар,
қалыптасқан кәдімгі азамат болып аттандық.
Журнал редакциясының уыздай ұйыған шағын ұжымы бар еді. Осы он
бір жылда журналдың төрт бастығымен, яғни бас редакторымен қызметтес
болдық. Соның әрбірі басылымды өз өресі деңгейінде көтере білді, журнал
тарихында өзіндік қолтаңба қалдырды. Алайда мен қызметтес болған сол
төрт бастықтың ішінен Ақселеу Сейдімбеков ағамызды бөле-жара атар едім.
Ол кісінің редакторлық еткен жылдары қазақ журналистикасының өресі
биіктеп, қоғамдық танымы кеңейген кезеңі сияқты көрінеді де тұрады. Осы
жылдары журнал қазақтың төл тарихына көбірек көңіл бөлді. Ұлттық салт-
дәстүр, діл мен этнографияға айрықша назар аударылды. Архив мамандары,
106
тарихшы ғалымдар, этнографтар мен зергерлер, өнер шеберлері автор ретін-
де көптеп тартылды.
Мен ол кезде Ақселеу ағамыздың орынбасары - журналдың жауапты хат-
шысы болатынмын.
Бас редактор Ақселеу Сейдімбековтің бөлмесі Тарих институтының
филиалы сияқты еді. Филиал болғанда, әдеттегідей үлкен жиындар емес.
Екі, әрі кетсе үш-төрт адам бас қосып, қызыл кеңірдек болып күнде айтысып
жатқаны. Сол айтыстың бәрі қазақ ұлтының тарихы мен тағдырына қатысты
мәселелер еді.
Ал олардың әңгімесіне құлақ түрсең - шошисың.
Мұндағы әңгіме - біз мектепте де, университте де ешбір мұғалімнің
аузынан естімеген сөздер. Ол заман үшін естір құлаққа ерсі - одағай әң-
гімелер. Бөтеннің құлағына тисе - «ұлтшыл», «пантюркист» деп партиядан
шығарылып, жұмыстан қуылатын, тіпті итжеккенге айдалып кететін аса
қауіпті әңгімелер.
Әңгіме ауаны аса қиын бағыт алып бар жатқан шамада Ақселеу ағамыз:
- Әлеке, анау қызметкерлерді жылтыңдата бермей, материалды өзің-ақ
қарай салшы! - деп, бөтен адамды бөлмеге кіргізбеуге тырысатын.
Бұл - жұмыстағы жағдай. Бір ғажабы, кешке үйге келгенде Тілеуханның
әңгімесі де осы тақылеттес келетін. Екеуміз күніге бір бет көрісіп, шер
тарқатып шүйіркелесіп алмасақ, ұйқымыз бұзылатын. Әлденені ұмыт қал-
дырғандай, бір-бірімізді іздеп, алаңдап тұратынбыз.
Өйткені екеуміз құдайы көрші едік, төс түйістірген дос едік.
Тілеухан сол кездегі «Білім және еңбек» журналын да, оның ешкімге
ұқсамайтын сал-сері бас редакторын да кереметтей жақсы көретін, қадір тұ-
татын.
Енді мына қызыққа қарашы...
Желтоқсан оқиғасынан кейін билік артынша осы оқиғаға желеу болған
себеп-салдарды іздеуге кірісті ғой. Ол кезде мен басқа мекемеде қызмет
жасаушы едім. Оларға бәрібір екен. Бірде МҚК-ге шақыртты. Ғұмырымда
есігін ашып көрмеген жерім еді, ойымда ештеңе жоқ, шақыртқаннан
кейін салып-ұрып жетіп бардым. Сөйтсек, оқырманды «ұлтшыл» жасаған
басылым ретінде «Білім және еңбек» журналын тауып, оның бастығы
Ақселеу Сейдімбековтің соңына шам алып түскен беттері екен. Ақселеуді
істі ету үшін жауапқа шақырылғандар: бұрынғы орынбасар - мен, қазіргі
орынбасар - Жұмабек Кенжалин, редакцияның көптен келе жатқан ақсақал
қызметкері, жазушы Танаш Дәуренбеков.
Шүкіршілік, МҚК қатты ескеріп тыйым салып, бір-бірімізбен кездес-
тірмесе де, үшеуміздің сөзіміз бір жерден шығыпты. Сөзіміз нық, ауыз-
біршілік танытуымыздың арқасында Ақселеу ағамыз аман қалды. Бірақ
бәрібір коммунистік жүйе өзіне адал еместерді кешірген бе, арада көп өт-
кізбей Ақаңды жұмыстан алып тастады.
- Журналдың жұлдызды кезеңі осымен тәмам! - деген. Мұны естіген
кезде Тілеухан атаң кәдімгідей күңіренді:
107
- Ендігісі - ұлт үшін Сейдімбековтің аман қалғанына тәубе етейік!
Тілеуханның «аһ» ұрған осы сөзінде бір шындықтың бары рас-ты. Қазір
ғой батырлардың да, баһадүрлердің де арамызда көбейіп кеткені. Қыңқ
етсең кесіп түсетін коммунистік жүйе кезінде артық-ауыс сөз айту, одағай
пікір түю, аңғартпай, астармен мақалалар ұйымдастыру үлкен қауіп бо-
латын. Ал ол заманда ұлттық намысты оятып, «қазағым» деп қайысқан,
«елім» деп еңіреген азаматтар көп еді деп айта алмаймын. Болды, бірақ
саусақпен санарлық қана шығар. Соның бірі ғана емес, бірегейі Ақселеу
Сейдімбеков болатын. Іші күйген тұз жаласын, бұл сөзді бөтен біреу емес,
сол бір алмағайып шақтарда қатар қызметтес болған, үзеңгілес інісі болған,
кәкір-шүкір әңгіменің бәріне куә болған заңды орынбасары айтып отыр.
Ал менің Тілеухан досым болса, өзі құрмет тұтатын Ақселеу ағасымен
шын мәнінде рухтас еді. Ол өзін сол заманда-ақ Ақселеудің рухани інісі
санайтын.
Мінеки, сенің сегіз қырлы, бір сырлы Тілеухан атаңның қысқа болса да
мәнді өмірінің бір парасы осы, айналайын!
Қойшығара Салғараұлы
АРМАНЫН БІЛІМІМЕН БЕКЕМДЕГЕН
Қадірлі ағайын! Ақселеудің аяулы жерлестері!
Осындайда Алаштың ардақтысы Ақаңның - Ахмет Байтұрсынұлының
бір сөзі еске түседі. Ақаң: «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан
шықсын?» - депті. Сіздердің өз ұямыздан ұшқан түлегіміз еді деп, менің
Ақселеу досымды орталарыңызға шақырып, баламыз деп бауырларыңызға
басып, азаматымыз деп арқасынан қағып, еріміз деп мерейін өсіріп жатқан
елдік тірліктеріңізге ризашылығымызды білдіріп, рахмет айтқым келеді.
Бұл да болса ортамызда жүрген өрелі азаматтың артықшылығын адаспай
ажыратып, алға ұстап, ардақ тұтуға мүмкіндік берген тәуелсіздігіміздің
арқасы, ерін сыйлайтын ел бола бастағанымыздың бір белгісі болса керек.
Құрметті ағайын, бұл арада өз Ақселеулеріңізді өздеріңізге «ол былай еді,
олай еді» деп таныстырып жатқым келмейді. Өйткені Ақселеу кім, ол не
бітіріп, не қойды, оның өнердегі, әдебиеттегі, қоғамдағы орны қандай - бұл
жөнінде әр қадамына әу бастан сәттілік тілеп, тілеулес жанашыры болып
жүрген сіздер менен де гөрі жақсы білесіздер. Сондықтан бұл жерде мен
сіздерге замандас досы ретінде, Ақселеудің азаматтық тұлғасын айшықтай
түсер ерекшелігі қандай дегенге ғана, өз өреме қарай ой бөліспекпін.
Халқымызда «Ердің ерден несі артық? Ептестірген ісі артық» деген қа-
ғидалы сөз бар. Бұл - ұлттық болмысының төрт құбыласы түгел бұрын-
ғылардың айтқаны. Менің пайымдауымша, бүгін үшін бұлай деу аздық
ететін секілді. Өйткені халықтың болмысының тұтастығы бұзылып, іштей
өзара тілге, дінге, партияға бөлініп, алашабырланып бара жатқан қазіргі
заманда «Ердің ерден несі артық?» деген ежелгі сұраққа бір ауыз сөзбен
бұрынғыдай жауап бере салу қиын. Біраз ойласуға, азаматтың адамгершілік
қасиетін, кісілік парасатын, таным-түсігін, мақсат-мүддесін, іс-әрекетін,
жүріс-тұрысын - бәрі-бәрін таразылауға тура келеді. Сондай сәтте қасымызда
жүрген Ақселеудің азаматтық тұлғасы оқшауланып, бұрынғының көкірегі
ояу, көзі ашық қазыналы қартындай шынайы қазақы бітім-болмысымен,
109
бүгінгінің талабына сай терең парасат-пайыммен дараланып ерекше көзге
түседі.
Ақселеудің мұндай даралығының негізі оның таза қазақы болмысында
жатыр. Таза қазақы болмысқа келіп орныққан білім мен біліктің боямасыз
табиғи үйлесімі оны әлгі Абай айтатын «бүтін адам» деңгейіне көтеріп, аза-
маттың дара тұлғасын қалыптастырған.
Білік - ананың сүтімен, атаның тәрбиесімен бойға дарып, өскен ортаның
өнегесімен жақсыға жетуге, жаманнан кетуге ұмтылу арқылы тірнектеп
жиналатын ілімнің жиынтығы. Бүгінгі қазақ қауымының бағына қарай,
кешегі ұлтымыздың ұйытқысын ірітіп, дәстүріміздің дәнін шіріткен Ке-
ңес өкіметінің ол кезде құрығы жеткенмен, қылығы жетпеген, пәрмені
жүргенмен, дәрмені жүрмеген, шалғай шетте қалтарыста қалған қадау-қадау
шағын ауылдар бар еді. Алла тағалам Ақселеудің пешенесіне Сарыарқаның
қиыр шетіндегі, атақты Бетпақдаламен шектескен тұсындағы қазақылық
қаймағы бұзылғанмен, әлі де болса құнары қожырай қоймаған осындай
бір ауылда туып-өсуді жазыпты. Бұл ретте ол Маңғыстаудың Шетпе деп
аталатын шет ауылында туып-өскен халқымыздың біртуар перзенті Әбіш
Кекілбайұлымен тағдырлас.
Ақселеудің алтыншы атасы Байғозы батыр Абылай ханның бас баты-
рының бірі екенін білесіздер. Елі үшін құрбаншыл болуды ұрпағына мұра
еткен атадан қалған тектілік, киелі ортаның өнегелі тәрбиесі Ақселеуге
барға байыппен қарауды, оң мен солын дұрыс танып, ертеңін естілікпен
пайымдауды жастайынан-ақ зерделетті. Соның нәтижесінде ол біліммен бе-
кемделмеген біліктің жадағай боларын ұқты. Ал білім - оқумен жиналатын
сан салалы ілім. Алға қойған айқын мақсат Ақселеуді жастықтың желігін
жеңіп, думанды қаланың қызығына еліктіріп жібермей, тынымсыз ізденуге
жетеледі. Осылайша тірнектеп жинаған терең білім орнықты біліктің бағын
ашып, Ақселеудің азаматтық тұлғасын айқындап, атын алысқа танытты.
Ақселеуді білетін жұрт оны заманына лайық сері, жөн-жосыққа жүйрік,
кісілігі мол, сөзі мен ісі бір жерден шығатын жан ретінде қабылдап, оның осы
қасиетін айрықша бағалап жатады. Менің пайымдауымша, бұл да халқын
қалтқысыз сүйетін азаматтың ұлтжандылығынан пайда болған, саналы
ізденістен туған қасиет секілді. Бар тірлігін ұлтының жоғын жоқтауға
арнағандықтан, халықтың дәстүрлі өнегесін ұрпақ санасына сіңіре беру
үшін бар мүмкіндікті қалыс қалдырмай, мейлінше тиімді пайдаланып қа-
луды мақсат тұтқаны байқалады. Оның серілігі - қазақы болмыс-бітімді
өзінің жүріс-тұрысымен, киім киісімен, іс-әрекетімен болса да жастардың
танып-білуіне ықпал етуден туса, шығырмашылық қарымы - көргені
мен білгенін, оқығаны мен тоқығанын қалайда жұртына жеткізіп, соның
тыңдаушысына жұғысты болуын мұрат тұтудан қалыптасқан. Өйткені
Ақселеудің ұлтжандылығы - әйтеуір бір ұлтқа тиесілі болғандықтан қи-
қуға ілесетін пендешіліктен ада, халқының қадір-қасиетін терең танып-
түсінуден, ұлтының кемісін толтыруға, кетігін бүтіндеуге жан-тәнімен
мүдделі болудан, қазағымның табанына кірген шөгір менің маңдайыма
110
кірсін деген ниеттен туындаған ұлтжандылық. Сондықтан ол өзінің ғы-
лыми-шығармашылық ізденістерінде ұдайы ұлттың рухани дәулетін есе-
леп, бұрын із түспеген соныға құлаш ұрып, жаңалыққа жаршы болып,
әсіресе халық мұрасының еленбей жатқан қырларын түгендеп отыруға ай-
рықша құштар. Осы құштарлық бұрын жиналып-зерттелмеген қара өлең
мен күй аңыздарын алғаш рет рухани айналымға түсіруге итермеледі;
қазақ эпостарының қара сөзбен насихатталуына мұрындық болғызды; түп
тамыры түркілік танымнан нәр алған Гомер туындыларын қазақ оқыр-
мандарына таныстыртты; тарихты жеке тұлғалар арқылы зерттеу идея-
сына ден қойғызды; Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық
ізденістер жандануына ықпал еткізді; сөйтіп «көшпелілердің төлтума
мәдениеті» деген категориялық ұғымның орнығуына тегеурінді үлес қос-
тырды; қазақтың музыкалық мәдениетінде бес мектептің барын алғаш
саралап танып, олардың даралық сипаты мен типологиялық тұтастығын
анықтатты; қазақтың ән өнерінің тарихи-эстетикалық қасиетін алғаш рет
кешенді қалпына тануды мақсат еткен телехабарларлар сериясын жасатты;
белгілі тұлғалар өмірінің ғибратты сәттерін жинақтауға себепші болған,
бұл күнде газеттердің тұрақты айдарына айналған «Деген екен» айдарын
бастап бергізді. Сөз жоқ, осылардың бәрі - халықтың рухани дәулетін
сабақты жібіне дейін қалдырмай түгендеп, ел игілігіне асыруды мұрат тұт-
қан ұлтжанды азаматтың халқына шексіз берілгендігінің айғағы. Оның
азаматтық тұлғасын өзгемізден даралап, ерекшелеп тұрған да осы қасиеті.
Естеріңізде болар, Бөжейдің асынан оралып келе жатып, Абайдың әкесі
Құнанбай ауылдың абыройын қорғаған Сарыапаңа риза болып: «Күтсең-
дер, Сарыапаңды күтіңдер; құрметтесеңдер, Сарыапаңды құрметтең-
дер», - демеуші ме еді. Сол айтқандай, даңпыртпен далиып жүргендерді емес,
күтсек, еліне еңбек етіп, іс тындырып жүрген ерлерді күтейік, құрметтесек,
талантымен халқының атын асқақтатып жүрген дараларды құрметтейік,
ағайын! Ақселеуге жасалып жатқан бүгінгі құрмет соның басы болғай!
111
Берік Рақымов
АРҚАНЫҢ АЛТЫН САНДЫҒЫ
Қос күреңге мінген салт атты әке мен бала үйреншікті аяңмен ауылдан
шықты. Артта түндігі енді түріле бастаған алты ақбоз үй қалып барады.
Атқа отырысы мығым аққұба жігіт тізгінді тартып, ауыл жаққа соңғы рет
көз салды. Таңмен таласа тұрғандардың бәрі де бұған тілек тілеп тұрғандай
қараса қалыпты.
Қатарласа қалған қос күрең енді жорғаға ауысты. Қужалдың құба жонына
дүркірей көтерілген бір топ қара арқар бұларға биіктен көз тігіп, маңғаздана
қалыпты. Көкте сар далаға сән берген сары ала қаздар ұшып өтті. Ер үстінен
сәл қозғалған елуден енді асқан ел ағасы көзілдірігін асығыс киіп, көктегі
сары ала қаздар ұзап кеткенше көз талдыра қарады.
- Ақселеу, Құдай қаласа, биыл жолың болады. Киелі құстың ұшуы тегін
емес. Екі жыл жолың болмаса да, елің сенен үлкен үміт күтетіндігін білдім.
Өткенде үйлендіремін дегенде, елдің ықылас-пейіліне тоқтағам. Анау
ауылдағы ақылдылар - Рахмет, Сәрсембай, Жәркендер «Баланың бағын
байлама, оқыса білгірлердің бірі болады" деп мына әкеңді әжептеуір түйіп
тастаған.
- Көке, екі жылда конкурстан өте алмай келдім. «Ер кезегі үшке дейін»
деген. Бұл жолы жолым болмаса, сіздің тілегіңізге келіспеуге амалым жоқ.
- Қарағым, қамықпа! Менікі - соғыстан қайтпаған әкең Сланның қара
шаңырағы құламасын дегенім. Жүректегі жалғыз жара - сол ғана. Адам
болып атқа мінгеніңді көрдім. Енді ел кіретін үйдің бірі болғаныңды,
қатарыңнан ірі шыққаныңды қалаймын, құлыным, - деген Аманбек атын
тебініп қалды.
Балалық шақтан бастап, ауылдағы өткен өмір бұны ерте есейткен. Мектеп
бітіргеннен кейін де «Жас шопан», «Жылқышы жігіт» атанып үлгеріпті.
Ауылдағы ойын-сауықтың гүлі болып, ақсақалдардың ақ батасын сан мәрте
алған мектептегі күндерінде қабырға газетін бермейтін жас қаламгерді
қанаты қатайған шақта республикадағы беделді басылымдарға «Атестатты
жас шопан», «Өрісте», «Қозы қырқымындағы думан» атты мақалалар мен
өлеңдер жазуға итермелейді. Соның бәрі де аяулы ауыл өмірінен алынды.
112
Тыным таппай жазғызды. Жасынан «ауыл академиктерінің» әңгімесіне
құлақ құрышын қандырып, елдегі әнші-күйші, ақын-жыршылардың өне-
ріне сүйсінді. Ауыр жұмыстың азабын әп-сәтте ұмытып кететін думанды
кештердің ғибраты көп тиді. Сондай кештердің бірінде ауыл қарттарының:
«Шіркін-ай, қазақтың осы өнерін тамылжыта айтып, тамсандыра жазатын
жазушылар шықса еді», - деп отыратынын бұл талай естіген. Өз әкесін
жоқтатпаған мына келе жатқан көкесінің күйшілігі; Нығатайдың бәйбішесі
Мәпруза тартатын текті күйлер мен Сәрсенбай ақсақал, Түгелбайлар
орындайтын төкпе күйлер де бұған айрықша әсер еткен. Қой бағып, жылқы
жайып жүргендегі жақпар тастардағы жұмбақ жазулар, үйдей үңгірлердегі
құпиялар мен көне дәуір күмбездері ата-бабалар ескерткішіндей көрінетін.
Дархан даланың өсімдіктер сырын кітаптан қызыға оқып, аяулы аналар
мен ардақты ағаларынан құныға тыңдаған. Ой-арманына шырмалған күйде
қырқымшылар ауылына жеткен. Қаз-қатар қатарласа қонған алты қанат
ақбоз үйлер мен жаңа шаңырақ көтерген ақ отаулар көшпелілер өмірінің
соңғы күйін шертеді. Бұрынғы жаз шықса мыңдаған шақырым көшіп ба-
рып, салқын түсе жылы жаққа жыл құстарымен қайта оралатын дәурен
өткен. Енді қыс болса отыз-қырық шақырым аралықтағы орталыққа көшіп,
жаз болса науқандық жұмыс бойынша үдере көшу салтқа сіңген.
Осындағы аудан орталығына қырқылған жүн таситын жүк машинасына
Ақселеуді іліктіріп, Аманбек ат басын кері бұрған. Аудан орталығындағы
анасының ақ тілеуін алып, ағарту ісіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз Хасен
ағасымен Ақселеу де астанаға арман қанатында алып-ұшқан.
Үш жылғы арманы болған аламан бәйгеден 1961 жылы озып шықты. Сиыр
жылы Алматыдағы Қазақстанның маңдайына біткен жалғыз университеттің
журналистика факультетінің студенті атанды. Жоғары оқу орнындағы
алғашқы күндерден А. Сейдімбек кезіндегі шешілмес жұмбақ әлемнің
қыр-сырына үңіліп, ата тарихты тануға, ол үшін философия, этнология,
фольклортану іліміне ден қоюдың керектігін түсінді. М. Әуезовтің «Халық
пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білім» деген өсиетін қаперде
ұстады. Әдебиетке келудің алғашқы әліппесі өлеңнен өмір тану болса, бұл
өлкеде ол өзінше өрнек салды. Өнерге қатысты жазылған мақалалары мәнді
шығып, зиялы қауымның назарын аудартты.
Университетті бітіріп шығып, «Орталық Қазақстан», «Лениншіл жас» -
«ЖасАлаш», «Социалистік Қазақстан» - «Егемен Қазақстан» газеттерінде,
«Білім және еңбек» - «Зерде» журналдарында қызмет атқарған жылдар
А. Сейдімбектің өнердегі өрісін ашты. Таланттың қаламынан туған құнды
мақалалар елдің мұрат-мақсаттарына қызмет етті. Күні кешегі танымал
журналистің қолынан «Ақиық», «Қыр хикаялары», «Тауға біткен жалбыз»,
«Аққыз» атты көркем туындылары жазылған сәтте А. Сейдімбектің сүйікті
оқырмандары пайда болды. Еңбек таразыға түсіп, жұрт тарапынан
«Өнерден өз орнын тапқан», «Тіл құдіретін танытқан шығарма»,
«Шығарма шырайы - шынайылылығы» деген әділқазылық жасалыпты.
Бұл істе Ақселеу Сейдімбекке жуналистік тапсырмалар арқылы сапарға
шығу, ел аралау үлкен септігін тигізді. Барған жерінен өткеннен қалған
113
белгілер тауып, көне дәуірдің сырын аңдау «Күңгір-күңгір күмбездер» ат-
ты ғылыми ізденіске толы кітапты жазғызады. Жазушының өз ұлтына
шынайы берілген патриот екендігіне, қазақтың салт-дәстүрін, мәдениетін
жақсы білетін, танымдық тұрғыдан терең түсіндіре алатын суреткер бар
екендігіне жұртты кәміл сендірген осы кітап болатын. Шын мәніндегі бұл
еңбек деректі материалдардан толысып, көпшілік қауым ұлылар жатқан
Ұлытаудағы күмбездерді, Арқа өңіріндегі ескерткіштерді «Күңгір-күңгір
күмбездер» арқылы таныды.
Жазушының көркем туындылары - «Аққыз», «Ақиық» атты шығарма-
ларындағы уақыт пен кеңістік мәселесі, ондағы оқиғалары мен жер-су
аттары тарихи шындыққа негізделгенін көпшілік біле де бермейді. Кенішті
қаламыздың өткені мен бүгіні Ақселеудің тұрақты тақырыбына айналғанын
«Кеніш» атты очерктер жинағы, қазіргі жазылып жатқан мақалалар да
дәлелдей түседі.
Өзіне сенген Сланның Ақселеуінің танымал журналистігі, таңдаулы
жазушылығы, талассыз этнографтығы, сыршыл сазгерлігі, дәулескер күй-
шілігі халқына аян болып, сүйер ұлым сенсің деген тұста тағдыр да тобықтан
қақты. Әйгілі Гомердің «Илиада» және «Одиссеясын» қазақша сөйлеткен,
И. Можейконың «7 және 37 керемет» кітабын аударған шығармалары
сандаған тілдерге тәржімеленген А. Сейдімбек өзі атын өзгерткен «Зер-
десінен» редакторлықтан қуылып, атақ-дәрежесіне қарамастан, орын-
сыз қудалана бастады. Енді еден тазалаушының бос орнына М.О. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Ш. Елеукеновтің
демеуімен лаборант ретінде қызметке алынды. Уақыт өте берді. Бір ғажабы,
есті азамат еңсесін түсірмеді. Тәуелсіздік таңымен қоса Сланның сұңғыла
ұлы да өз тәуелсіздігі үшін күресті тоқтатпады. Кезінде жинап жүрген қа-
зақтың қара өлеңдерін қайта сұрыптап, ғылыми айналымға түсіріп, оның
поэтикалық болмыс-бітімін ғылыми тұрғыдан тексеру нәтижесі кан-
дидаттық диссертацияға айналып, сәтті қорғалып шықты.
Күй құдіретін танытқан «Күй шежіресі» екі кітап болып, «Қазақтың күй
өнері» атты көлемді еңбектері бірінен кейін бірі жарыққа шығып жатты.
1997 жылы «Қазақтың күй аңыздары» жөнінде, күй аңызының құрылымы
мен жанрлық ерекшеліктеріне қатысты докторлық диссертациясын қор-
ғады. Ғалымдар тарапынан байыпты бағасын алған еңбекке баспасөз бетінде
жылы лебіздер көп айтылды. Осы кезеңде А. Сейдімбек «Ықылас күйші»,
«Әнші Жәнібек Кәрменов», «Зергер» телефильмдері мен «Қозы Көрпеш -
Баян сұлу» атты екі сериялы көркем фильмге түсіп те үлгерді. Осыншалық
іске уақыт табатын табиғатынан талантты адамның рухының күштілігі бар-
шаны толғандырады. Көпті баурап, өзіне табындырады.
Көптің тілегіне сай жазушы-ғалым, өрелі өнер иесі А. Сейдімбек те ел ты-
ныштығын, бейбіт өмірді, келер ұрпақтың қамын ойлап күйзеледі. Бал жи-
наған арадай керегін қаузап, келешекке аманат қылуды қалайды.
Иә, оның жиған қазынасы көп, ұлағатты ұлтына айтары:
«Қазақ - ұлы халық! Отан - оттан ыстық! Ғылым мен білім - бәрінен
артық!»
114
Темирболат Ахметов
АНАТОМИЯ МОЛЧАНИЯ
У Токтархана Нурахметова начались поистине черные дни. Такая блес-
тящая карьера - не прошло и года, как его перевели в Алма-Ату из Усть-
Каменогорска, где он пребывал в скромной должности начальника от-
дела, и уже нависла угроза стать козлом отпущения. Вся вина КГБ, что он
проморгал начало декабрьских событий, по всем статьям ложились обвине-
ния на руководимое им 5 управление - политический сыск. Теперь прощай
персональная машина, государственная дача, квартира в престижном
районе.
И все же Нурахметов не терял надежд. Его умелая показная активность,
шарм, подвешенный язык вполне могли еще раз сослужить добрую службу.
Мирошник также новый человек в Алма-Ате, значит, надо убедить его
в том, что они являются единомышленниками. Виноваты же старые кадры:
и руководство, и оперативные работники. Надо всех, за исключением 2-3
человек, показать безнадежными тупицами, эдакими политически не-
зрелыми аборигенами, тогда и Мирошник, и Москва будут внимать каждому
его слову. Шовинистически настроенному Мирошнику это зелье пришлось
по душе, он себя вообразил настоящим просветителем казахских чекистов.
Кроме того, настоящей козырной картой в руках Нурахметова являлось
дело оперативной разработки «Кочевники», заведенное заместителем
начальника I отдела (отдел по контрразведывательной работе среди интел-
лигенции и молодежи) подполковником Валентином Чугаевым еще в сен-
тябре 1986 года.
По делу проходили известные писатели Шона Смаханулы, Акселеу Сей-
димбеков, поступки и высказывания которых Чугаев и Нурахметов оценили
как националистические.
И как вовремя! Москвичам, прибывшим выявить первопричины проис-
шедшего, было что показать...
115
К весне 1987 года все сотрудники 5 управления знали о «Кочевниках»,
в кулуарах обсуждали вновь заполученные оперативные материалы, строи-
ли и прогнозы.
Со временем в деле стали фигурировать многие известные в республике
люди. Все плотнее стало обкладываться кольцо вокруг Олжаса Сулейменова,
Кадыра Мурзалиева и других. Единственное, что оставалось разработчи-
кам, - это уловить момент, по которому можно было бы возбудить любое
общеуголовное дело или поднять пропагандистско-разоблачительную шу-
миху в средствах массовой информации. Подобные уловки, отцом которых
был начальник 5 управления КГБ СССР генерал Абрамов, считались лучшим
достижением политического сыска.
С каждым днем дело «Кочевники» распухало, материалы сыпались
отовсюду. Конечно, находились подлецы, которые, унюхав в чем дело,
спешили «предоставить» компроматы на потенциальных противников,
преследуя какие-то свои цели, сводя старые, известные только им счеты.
Некоторые оперативные работники со смаком обсуждали полученные при
подслушивании материалы интимного характера.
Когда же поставили подслушивающее устройство в доме-музее М. Ауэ-
зова, я понял, что пора делать выбор между исполнением служебного
долга и простой человеческой совестью. Обдумав все варианты, пошел на
отчаянный шаг, попросил своего брата Орала Жунусова передать Ш. Сма-
ханулы, А. Сейдимбекову, М. Ауэзову, что ими занимается КГБ, следят,
подслушивают, пусть будут осторожны, так как их безопасность прямо
пропорциональна количеству материалов, которые сможет «добыть» 5 уп-
равление. Орал также должен был обо всем подробно рассказать 0. Су-
лейменову. Выбор пал на 0. Жунусова, потому что он, безусловно, поль-
зовался не только моим доверием, но и доверием со стороны незваных лиц.
Что имело решающее значение? Пойди к ним я сам или же кто-нибудь
менее известный, нежели носитель фамилии Жунусов, то наверняка выше-
названные уважаемые люди приняли бы это за провокацию КГБ. Ну, а сде-
лал ли мой брат так, как я его просил, - пусть будет на его совести. Во всяком
случае вскоре после этого Валентин Чугаев заскучал, дело «Кочевники»
стало хиреть.
По весне начался период кампании устройства судилищ над участниками
демонстраций.
Мне довелось присутствовать на судебном заседании по делу студента
юридического факультета КазГУ Кожахметова. Кто-то из членов оператив-
ной группы, постоянно дежурившей на этих судилищах под руководством
заместителя начальника отдела 5 управления Даулета Сихимбаева, заболел ,
и меня попросили заменить его.
Это была, я вам скажу, отвратительная сцена. Вся мерзость тоталитар-
ного режима сконцентрировалась для меня в этом эпизоде. Во-первых, в
огромном зале разрешили сидеть прибывшим заинтересованным лицам
только на трех задних рядах, на других висела табличка «Не занимать». Во-
116
вторых, судья и народные заседатели были подобраны так, что если бы не
трагичная ситуация, то впору рассмеяться. Судья - эдакая краснорожая
глыба после глубокого перепоя, к сожалению, казах. Народные заседатели,
естественно, как теперь говорят, русскоязычные. Карликовый мужчина
всем своим птичьим видом, очками-банками напоминал напуганного грозой
худосочного филина. Белесая, бесцветная женщина стыдливо прикрывала
щербатый рот натруженными руками с грязными ногтями. За все время
заседания они не сказали ни слова. Бравые, угристые парни из ВВ ввели
худенького юношу, посадили за перегородку и встали спиной к публике,
зачем-то подрагивая ягодицами. «Встать, суд идет!» Зашли вышеописанные
типажи. Судья хриплым голосом лесоповалыцика зачитал унифицированное
для всех подсудимых по декабрьским событиям обвинительное заключение.
Начался «самый справедливый суд на свете». Часа через полтора этого
гнусного спектакля я пришел к выводу, что я должен что-то предпринять,
чтобы к происходящим в Алма-Ате событиям привлечь внимание мировой
общественности. Ничего более реального, эффективного не придумал, как
убить Колбина. Взволнованный происходящим в зале суда абсурдом и столь
неожиданными шальными мыслями, я не мог более оставаться на месте и,
сказавшись недомогающим, ушел. Да и на самом деле с сердцем творилось
что-то неладное... Вот и до сих пор удивиляюсь Даулету Сихимбаеву, его
железным нервам, стойкому сердцу, ему-то пришлось нести наряды на
всех шестидесяти трех, кажется, судилищах. Только, наверное, не каждый
механизм, перекачивающий кровь, можно назвать сердцем, а Даулет?
Что же касается мыслей об убийстве Колбина, то этот кошмар еще дол-
го преследовал меня. По своему служебному положению я, как никто дру-
гой, располагал всеми необходимыми для этого возможностями. Строя
различные планы аналогичных форм протеста имперской политике Москвы,
я осознавал, что меня расстреляют на второй же день после акции, чтобы
народ, мировая общественность не успели отреагрировать. Когда же план был
более или менее готов, я решил посоветоваться и взять благословение у моего
народа, которого вполне достойно, мне кажется, могли представлять такие
люди, как 0. Сулейменов, Т. Шарманов, К. Ормантаев. Случилось так, что
я в течение ряда лет делился самыми сокровенными мыслями с директором
НИИ питания АМН СССР академиком Торегельды Шармановым, ведь
каждому человеку нужна своя отдушина. Вот я и пришел к нему и изложил
свои планы и мысли. Торегельды Шарманович предостерег меня, что вопрос
очень серьезный и надо посоветоваться с «народом», в первую очередь имея
в виду названных лиц - своих единомышленников.
Через какое-то время мы вновь встретились в его кабинете, и он разъяс-
нил мне в спокойном, даже несколько холодном тоне, что «народ» не одоб-
ряет моих планов. Мы получили клеймо «националистов», а теперь можем
прослыть еще «экстремистами». Поэтому никаких убийств, это может
явиться поводом для ужесточения дальнейших репресий.
117
На самом ли деле Торегельды Шарманович советовался с «народом» или
же таким образом предостерег меня от отчаянного, обреченного на смерть,
поступка, - мне не дано знать.
Вскоре, в мае 1987 года, меня направили на учебу в Киев, и страсти в душе
моей несколько приутихли.
Однако по возвращении в родные пенаты начался новый виток кон-
фронтации с Нурахметовым, а значит, с Мирошником.
Как-то вечером Нурахметов вызвал к себе в кабинет и в эдаком довери-
тельном тоне, не преминув сослаться на самого Мирошника и боевые дос-
тоинства моего отделения, поручил мне организовать прослушивание бесед
лиц казахской национальности, собиравшихся, как выяснил путем лич-
ного наблюдения Мурат Курмангалиев, в одно и то же время на одной
и той же скамейке в сквере Джамбула. (Вот это криминал! Ай-да Мурат!) Я
категорически отказался выполнять этот преступный приказ. Мероприятие
провел автор сигнала - Мурат Курмангалиев.
В воздухе запахло грозой. В системе госбезопасности случаев отказа вы-
полнить приказ руководства, тем более самого ПРЕДСЕДАТЕЛЯ, доселе не
было. Все с нетерпением ждали, что же со мной сделают?
Тем временем бурные процессы демократизации, гласности, поли-
тизирования масс проникли и на наши казахстанские просторы. Проблемы
декабрьских событий, последовавших за ними плановых мероприятий
по борьбе с казахским национализмом как-то сами по себе заглохли. 5 уп-
равление КГБ Казахстана все свои силы мобилизовало на недопущение
создания народного фронта Казахстана, каких-либо радикальных общест-
венных формирований.
«Токан Нурахметович! Если в Казахстане будет создан народный фронт -
вы выложите партийный билет, - заявил Мирошник.
Нурахметову стало не до меня - его больше беспокоила собственная участь.
И так тихо-мирно дожили мы до начало I Съезда народных депутатов
СССР.
118
Тасанби Тоқбергенов
ҚҰБЫЛЫС
Ақселеу - табиғи қасиетті үғым екенінде дау жоқ. Осы атау аталғанда, ең
әуелі көз алдыңа құлазыған ұлан-ғайыр Ұлы Қазақ даласы келеді, сонан
соң арыстар арқасында тарихтан есесі қайтқан көшпелілердің өркениет
тарихы бозарып атқан таңдай қылаң береді. Ғалым аға Қазақстанда
этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етіп,
«көшпелілердің төлтума мәдениеті» атты категориялық ұғымның орны-
ғуына тегеурінді үлес қосты.
Ақселеу аға! Бір мүшел бұрын «Егемен Қазақстанда» «Адырна» айда-
рымен Қуанышбай Құрманғалиев сіздің киелі елуіңізге орай «Ұлт қасие-
тінің қайнары» атты мақаласында сан қырлы қабілетіңізге тұңғыш рет
лайықты баға ұсынды. Содан бері біраз уақыттың жүзі өтсе де, біз сол әділ
бағаның ұзына бойғы тұрғысымен толық келісеміз. Сол мақалада былай
деп аталып еді: «Атажұрт ұлан даланың ұлан-ғайыр тарихын есте жоқ
ескі замандармен, қазақ халқының негізін қалаған көшпелі тайпалардың
тағдырымен байланыстыра, сабақтастыра сыр шерткен зерттеулері жұрт-
шылықтың жүрегіне жол тауып, ұлттық мақтаныш сезімінің оянып, ілгері
мәдениетті қабырғалы ел, ежелгі халық екендігін білдіргенін неліктен ерек-
ше бағаламасқа?!»
Қуанышбай досыңыздың өрелі ойлары бізді кең көлемді толғаудан бо-
сататын сияқты. Бірді-екілі ғана мәселенің басын шалғанды жөн көрдік.
Шынтуайтында бізге құрық өтіп кетіп, сана құлшылығы толассыз бас изетіп
қойса, сіз біздің «қайталанбас қасиет-бітімімізді, төлтума мәдени-рухани
болмысымызды мақтаныш сезіміне көтеріп», биік рух таныттыңыз. Қазақ
әлемін қара сөздің құлақкүйіне келтірген ғалымсыз, сезім мен ойда ала
бөтен дүмпу жасай алған суреткер-ойшылсыз. Асыл туған ұлдарымызды
бар қазақтың ұранына айналдырған, елдің елдігін қайыра ұйымдастырған,
қауымға - көш түзейтін белгіні, руға - мәңгілікті әперген ұлттың көк
семсерісіз. Қалай айтсақ та, Ақселеусіз - қазақтың рухани қазаны орта.
•
119
Әлемдегі ұлы жаңалықтар адам ойының шығармашылық болжау қабі-
летінің таңы мен қанатына келеді. Сіздің озық туындыларыңыз осы айтқан
қағидамызды дәлелдей түседі. Сіздің талантыңыздың қуатынан туған -
үзын-ырғасы 30 кітап, 2000 мақала, мың сан сұхбат.
Адам бойынан жылт еткен жақсылық қасиеттерді тұмардай ғып асылдап
көрсетуге бейімсіз. Ұлтымыздың бойындағы ең жақсы қасиеттерді, ұмы-
тылып бара жатқан дәстүрлерді асыл көмбе ашқандай жарқыратып жібер-
діңіз. Көшпелілер мәдениетінің көрнекті өкілдерінің өнегелі өмірлерін жаңа
қырынан алып, жаңаша жаздыңыз.
Ақселеу аға! Кітап - жеке тіршілік кешуге қанат қаққан, құқық алған
адамзат санасы. Сіз маған жазған бір хатыңызда былай деген болатынсыз:
«Кітап деген тек қана мың төгілген маңдай тердің нәтижесі емес, сонымен
бірге адамдық, азаматтық арман-аңсардың да (идеал) көрінісі ғой. Еңбектің
жанғаны сол арман-аңсардың оқырманға жетуімен, оқырманды мүдделес
етуімен өлшенеді».
Сіз көп жыл толғатып жазған «Қазақ әлемі» - ұлт үшін баға жетпес туын-
ды. «Толғағы ауыр сөз сұлу болып туады». Данышпан Л. Толстой айтпақ-
шы: «Ұлы суреткер өзінің жанрлық үлгісін туындатады». Ол осы тұрғыдағы
нұсқалар ретінде Гогольдің «Өлі жандар», Достоевскийдің «Өлі үйден жа-
зылған хаттар», Герценнің «Байырғы және сарын» шығармаларының
біртумалығына сілтеген. «Қазақ әлемінің» жанры - этномәдени пайымдау.
Сіз өзіңіз де: «Көңілдегі көрікті ой жанрдың қадір-қасиетін орнықтыру үшін
жазылмайды, керісінше, сол ой-толғамның жосығы жаңаша жанрлық үлгіні
дүниеге әкелуі бек мүмкін», - деп жазған болатынсыз.
Елдің атын жеке-дара дүлдүл шығарады. Жаңа сөз туындатып, қай-
таланбас шығармаларды тудыратын - жеке адамның таланты. Пейіш төріне
де тобымен емес, жалғыздап озады. Жеке адамның шығармашылық қанаты
қатайып, еңсесі биіктеген сайын айқындала, биіктей түседі.
Ұлыларымызды ардақтай білу де өнер. Бір кез әрісі Франция, Ұлы-
британия, берісі Алмания ұлыларға тұнып тұрғанда Польшаның мазасы
қашқандай екен. Кейін, Мицкевич пайда болған соң, поляктар өзгелермен
еңсе теңестіргендей күй кешкен...
Байтақ елге қорған бола білген Ақтамберді, Наймантай, Байғозы батыр
бабалардан кейін Шілменбет, Иса Халимовтай билік киесі қонған, ел
таразысын бағып, сөзін ұстаған ақиық басшылар өткен. Әрісі мен берісінде
Әміре Қашаубаев, Тұяқ шешен, Медеу Сәрсекеев өнер төріне озып, саңлақтық
дара қасиеттерін айшықтаған.
Бір заматта туған ел аспанына жердің ындынын қандырып, ырыс-
берекесін тасытып, «жапонның жағасын ұстатып, кәрісті қайран қалдыр-
ған», омырауына қос жұлдыз қонған Ыбырай Жақаев көтерілді. Еңсеміз
серігіп, жадырап қалдық.
Сонан соң ұлтымыздың рухани төріне көтерілген сіз болдыңыз. Ерекше
біткен ірі табиғи дарыныңыз, асқан қабілеттілігіңіз ру шеңберінен ұлттық
деңгейге, жалпыадамзаттық өреге шығып кетті. Бұл біздерді марқайтып
120
тастады. Бір адам рулы елді, бүкіл ұлтты қалай алға сүйрей алатыны көрі-
ніс тауып тұр. Мұнда «ру» ұғымының жиі қайталануы бөлектенуге емес,
мақтануға, қуануға үздігіп тұр. «Рулық құрылым - көшпелілер қоғамының
іргетасы» - бұл сіздің қаламыңыздан үзілген ой. Бөлектенуге сіз де құмар
емессіз, оған дәлел - осы күнге дейін тарақты руының шежіресі жазылмауы.
Ұлы тұлғаларымыз толысқанда өзге ұлт ғұламаларымен иық шендестірер,
үзеңгі қағыстырар тұлғаны іздестіретін бойымызға біткен әдетіміз бар емес
пе? Орыс мәдениет өрісінде сізді салыстыру үшін зерде-санамыз Гумилевті
таңдайды.
Ақселеу аға! Сіз - жазушылығыңызға ғалымдығыңыз сай теңдесіз құ-
былыссыз. Халқыңыздың атынан әлемдік ой-додаға түсе отырып, ұлт есе-
сін ешкімге жібермедіңіз, терең орамды пайыммен жаһандық мәдениет
қорына қосқан үлесіміздің қомақты екенін бұлтартпай дәлелдедіңіз. Оның
биік орнын айғақтадыңыз. Сіз - ғылым атты ой мұнарасын асқақтату үшін
ой-көкпар айдынына, шындық зерттеу арнасына, рухани айналымға салар
түйінді салымы бар, артында қалдырар өз ізі бар, шығармашылық қуат-
қауқарыңыз қарымды, ой киесі қонған тұлғасыз.
Докторлық еңбекті саралау барысында «Күй шежіре» деген бір атпен
екі кітап дүниеге келді. «Күй халықтың қанында, табиғатында...» екенін,
күй қазақтың адамзат мәдениетіне тартқан сүбелі сыйлығы екенін, Жұбан
ақын айтқандай, ботасыз нар идірген күйдің терең құдіретті сырын киелі
ойыңызбен жеткіздіңіз. Ой иірімдерінен өрілген «Ойтолғақ» шығармаңыз
ғалымдық құнттылықты аңғартады. Ұлы Мұхтардың «Мысли разных лет»
кітабын еске түсіреді.
Тағдыр оң қабағымен қараған, өздерін өнер-біліммен қоса музыканың
қожасы санайтын Еуропа құрлығының жұртшылығы орындалатын сазды
шығарманы елтіп, ұйып тыңдау үшін тыңдармандарға ой жетектеуші мәтін
ұсынады. Ілуде біреу өз ой түртінегімен музыка тінін, желісін тап басып
жоруы мүмкін, мұндай әуенді пернеге туа бітті құлақкүйі келтірілген жан
(«слухы» бар адам) мыңның онынан артпаса керек, яғни жүзден бірі ғана.
Қалған жұрт жетекке алушыға, сөзбен сүйеушіге зәру. Қазақтың күй өне-
ріндегі осы сүйеуші - сөзбен соғылған ұстын, тұтылған перде - күй аңызы.
Ғасырларды көктей жиылған аңыздар жаңағы күй шежіресін құрайды.
«Дәстүрлі таным-түсінік бойынша күй - өткен өмірдің тілсіз шежіресі»
болса, күй аңызы - күйге тіл бітіріп, сөзбен тоқылған шежіресі. Күй - саз
өнерінің ширыққан түрі, бәлкім, поэзиясы ретінде ұстынға қат болмаса да,
күй аңызы - сөз өнері туындысы ретінде мәдени туындыны алтын жіппен
жиектеп, көз тартар көркемдік дарытады, жарқыратып, көпке түсінікті
етеді. Уақыт пен өзін туындатқан уақиғаны байланыстырады. Замана тари-
хынан сыр шертеді.
Осыған орай айтарым, Ақселеу аға, сіз ұзақ жылдар бойы күй өнері ту-
ралы кешенді зерттеу жүргіздіңіз. Қазақ халқының рухани әлемінде
айрықша орны бар күй өнерін тарихи және этнографиялық аяда зерделеп,
оның өзіндік қалыптасу жолдарын, әлеуметтік өмірмен біте қайнасқан
121
болмысын, сондай-ақ төлтума қасиеттерін нақтылы айғақ-деректерге сү-
йене отырып дәйекті сараладыңыз. Нәтижесінде қазақтың музыкалық
мәдениетіне қатысты мейлінше мол эмпирикалық материалдар алғаш рет
рухани айналымға түсіп, көптеген халық композиторларының өмірі мен
шығармашылығы тың дерек-тұжырымдар өзегінде пайымдалды.
Етілген еңбек пен төгілген тердің есебі жоқ. Бір ұрпақтық мерзімде
ел аузынан, архив қойнауларынан, жазба мұралардан қазақтың күй өне-
ріне қатысты деректерді сүзе жинап, халық кәдесіне асырдыңыз. Бір жа-
рым мың жылдың аясында ғасырлардан сыр шерткен бес мың күйдің тең
жартысының аңызы өңделіп, басылым беттерінде жарық көрді. «Күй
шежіре» атымен екі кітап дүниеге келді, докторлық диссертация қорғалды.
«Қазақтың күй өнері» деп аталатын толайым монография жарық көрді.
Осы еңбегіңіз Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болып жанды. Осылай
қазақтың күй өнерінің маңдайынан қайтқан бағын домбыраға кие дарытып,
үмітке үкі тағып қайыра тірілттіңіз, қос ішек үнін қара сөздің құлақкүйіне
келтірдіңіз, ел қамы үшін қиялға ғана сыяр істер атқардыңыз. Мұндай
бағаны асқарлы алпыста Әбіш Кекілбай да берген болатын. Біз «арқалы
ақын елміз» деп жүргенімізде, Ақселеу аға, сіз қазақ халқының тарихтағы
орны - жалпы адамзат мәдениетінің дамуына қосқан сүбелі рухани үлесі -
музыкалық мұрасы екенін алға тарттыңыз. Бұл кешенді зерттеумен күмән
тудырмайтындай болып шегеленді. «Бар қазаққа бар әлемді қаратып».
Аруақ қонған күйдің алтын ордасын осылай көтердіңіз.
Мен теңдестеріме былай дер ме ем: «Затаевич пен Брусиловскийдің қазақ
өнеріне қосқан үлесін кемсітуге болмас. Әйтсе де, атқарған қызмет жағынан
Ақселеу - бұл кісілердің тонына сыймайтын ірі. Олардың иықтарына шығып
тұр».
Бірде Илья Жақанов аға Ақселеудің қаламынан ірі эпикалық шығарма
тумауын ол кісінің көп оқығандығымен байланыстыратынын білдірді.
Ғалым Қойшығара Салғараұлы «Ұлтжанды» портретінде Ақселеу ағаның
әдеби-көркем дүние жазудан саналы түрде бас тартып, тосын мінез танытып,
басқа бағыт ұстанғанын сөз етті.
Профессор Дандай Ысқақов Ақселеу ағада ешкімнің көзіне түспеген
құпия кітап бар деп санайды. «Жойдасыз талант көзі сол сиқырлы кітапта
болса керек».
Ақселеу аға! Екінші асыл қырыңыз - арда туған ұлдарымыздың сіз ойлы
сөзбен салған суреттері.
Герцен өзінің ұлы туындысында («Былое и думы») Погодиннің адамды
нанға балап, «орыс пешінің» төтенше нұсқасы нанның қалыпты түрінен
бөлек небір керім, қайталанбас түрлерін тудыратынын келтіреді. Одан әрі
былай жалғастырады: «Біз әдетте назарымызды мықты қайраткерлерге ғана
қадаймыз... Оларда әлгі аталған айрықша «тандыр» көмескі кейіпте, оның
бедерлі ерекшеліктері тегістеу мен өңдеуге түседі де, аталмыш пештен гөрі
орысқа тән ақыл-ес басым болып жатады».
122
Ал қазақта, керісінше, ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүм-
кіндігіне зер салынады. Ақселеу ағаның «Қазақ әлемі», «Елтұтқа» (өз-
гелермен бірге), «Қазақтың күй өнері» кітаптары соған айғақ. «Қазақтың
шежірелік зердесінде» адам - тарихтың негізгі тұлғасы, ал адам сапа-
сы - тарихтың қозғаушы күші. Халық дана көсемге қашанда зәру. Платон
айтқандай, патша дана тұлға болғанда дүние шырайлана түспек. Ұлт маң-
дайының бағына біткен, ел іргесін бекемдеп, шаңырағын нығайтқан Керей,
Жәнібек, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандардың; Төле, Қазыбек, Әйтеке
сияқты қара қылды қақ жарған билердің; Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
Бұқар сияқты айыр көмей, жезтаңдай абыз жыраулардың; Бөгенбай,
Қабанбай, Наурызбай сияқты ел тағдыры жолында жаумен санаспай со-
ғысатын ержүрек батырлардың; Шоқан, Абай, Әлихан, Мұхтар, Қаныш,
Әлкей сияқты ғұлама ұлы ғалымдардың, қазақ халқы есімдерін пір тұтар
біртуар, «ақсұңқар» тұлғалардың, құдіреттердің сөз суреті қайталанбастай,
мүлтіксіздік сатысына көтеріліп салынған.
Мүмкін, бұл арна Ақселеу ағаның «қолы», төл жанры болар. Жартасты
толқындардан, «ұлы сілкіністер мен дәуірлік толғақтардан» туған көш-
пелілер әңгіменің ең жарқын тұлғасы, ұлт киесі домбыраға тіл бітірген
Құрманғазы туралы, Әбіш ағаны былай қойғанда, Ақселеу ағадан артық
биік сөзді күні бүгінге дейін кім айта алды? Ол таяу шақта да бола қояр
ма екен? Өресі асып жығылғандар айтып алар. Одан беріде тауды таныған
сана төбеге иілмес. Суретші Жээренчиев Құрманғазы домбырасына қанат
бітіріп салған. Адамша сұңқылдап сөйлеген домбыраға орынды бейне, теңеу
тапқан. Өйткені «күй - жүйріктің құс қанатты шабысы. Күй - сұлудың
құштар қабақ қағысы».
Қорыта айтсақ сіз, Ақселеу Сланұлы, төбе тірер аспанымызсыз, белі
мықты бестімізсіз, тоқтам айтар естімізсіз. Қазақ атты тегімізде көбе бұзар
ақсұр жебемен болашаққа атылған, еңсемізді танытар, қадірімізді ұқтырар,
қасиетімізді мойындатар бойтұмарлы киелімізсіз. Ақселеусіз толмас қазақ
өнер сандығы. Әсілі, сізді қазақтың күй атасы Қорқыттың аруағы қолдап
жүрген болар.
Ұлттық идея ағыстың шаруасы емес, «бір мезетте туа қоймайды» деп өкпе
арту да орынсыз. Ұлтқа қызмет етер уақыт аясы ұзақ болғандықтан, жүре
келе қалыптасуы заңдылық та болар. Тәуелсіздік таңы атқалы бір мүшелдің
жүзі ауса да, басты мұрат ұстатпай түрғаны өкініш емес. «Ұстатпаған ой
шыңдала түседі». Әйтсе де, сол ұлттық идея туралы ұйытқы ой Ақселеу
ағаның зердесінде оянуы оның ғалымдығының да, ұлтшылдығының да,
талантының да сапасын көрсетіп отыр. Өзгенің ойында толғауы жетіп тұрса
тілін кім байлапты? Әманда «топ жарып сөз бастау қиын». Ұлттық аңсар-
мұратымызды Ақселеу аға зерделеп тұрса көп нәрсені аңғартпай ма, дес
бермес жүйріктігімен желі үзіп тұрған жоқ па?
Ғалым ұлттық идеяның теориялық негіздерін айқындап, оның тінін,
іргетас тіректері мен шаңырақ нысандарын зерделеп беріп тұр. Мұны кім
жасай қойып еді? Стратегиялық тегеурінді идеалды қалыптастыруда ақыры
123
қайырсыз, түпкі нәтижесі баянсыз ұстанымдардан қашың болуды, қандай
бағыттармен таңдауларға жақын болуды меңзеп нұсқай алды. Осы тұрғыда
нені терең сезіну керек, ұлттық идеяның өміршеңдігі қай қазаққа байлау-
лы? Ұлттық идеяның тамыры, нәр алар бастаулары, көтергіш күштері
қайсысы? Ұлттық идеяның ұмсынары қайсы, денесін жиырып шегінер тұсы
қайсысы? Міне, осы сұрақтардың барлығына жауап таба алды. Мұның өзі
ұлттық идеяның қаңқасы түзілді дегенге парапар.
Орыстың «За веру! За царя! За Отечество!» деген үш ауыз сөзінің бойына
сыйып кетіп тұрған ұлттық идея бізге соншалықты қиындықпен иілетіні несі
екен? Түбінде, бізге қайсыбір құндылық пен жеңіс қиындықсыз келіп еді,
тіпті осының өзі бұзылмайтын заңдылыққа айналып кеткендей (жоңғармен
соғыс, отырықшылық, мемлекеттік үрдіс, тәуелсіздік).
Ұлттық аңсар - жойдасыз күш-қуат, бейберекет шығындалмыс құт.
Көңілінің тереңіне тұндырылған ұлттық аңсары бар ел әманда құдіретті әрі
оңайлықпен қажымас. Ол - биік рухтың, рухани қуаттың ортаймас қоры,
қайнар көзі.
Сізді еліңіз адамзат дамуының тарихына зерек ойын ұсынған қазақтың
ірі ғалымының бірі, соңғы үш мың жыл аясында байтақ Еуразияны
айтқанына көндіріп, айдауына жүргізген жеңіс несібелі «салт атты көш-
пелілер өркениетінің тарихын бүтіндеушінің бірегейі» деп таниды. Сіз, сөз
жоқ, ұлттың сәтті жұлдызы, кемеңгер ойшылы, болашақ ұлы шынарысыз.
Сіз - ата-ананың аруағын әулиедей қадірлеген ұлттың ұлысыз. Байғо-
зы, Қарасай батыр бабалардың басын қарайтудағы қайраткерлік ерен
еңбегіңіз елді тәнті етті. Жеткізбес армандай сағымданып көзден ұшқан
мұрат жанарға ілінгендей. Ақадырда Байғозы батыр бабаның басына
күмбезді кесене тұрды. Бабаның үш ғасырлық мерейтойының жоғары
деңгейде, халықтық мереке болып өтуін ағайын-бауырларыңыз сіздің
атыңызбен байланыстырады. Өміріңіздің қайнар бастауында қатал тағ-
дырдан көрген теперішіңіздің қасында кейбір сын мақалалар араның
ызыңындай, құмырсқаның пілді шаққанындай емес пе? Ғайбат сөз, орынсыз
«бүкір» сын дүр талантты айбаттана, жігерлене түсуге шақырады. Жігеріңіз
мұқалмасын. «Хас бекзаттың белгісі - қайғысын жұртқа білгізбес».
Өресіз, тар шеңберлі, айғақсыз нақақ ғайбатқа құрылған сындарға то-
рығып, шалқар ойлы көңіліңіз тарылмасын. Талант әр кезде де қиындыққа
қарсы жаралған. Кезінде ғалым М. Ребров ғарыш «пайғамбары» С. Королев
туралы: «Табиғат оған даналық пен талант сыйлады. Алайда талантты адам
қиындыққа жиі кезігеді, өйткені дарын дегеніміз - мінез. Ал бұл әркімге
ыңғайлы бола бермейді. Осы өмірден-ақ көрініп тұр - өз ісіне неғұрлым
қабілетті кісі келісімпаздыққа соғұрлым икемсіз және министрлік дәліз-
деріне дәрменсіз», - депті. Аталған мақалалар арсыздықтың, кісілікті
қалыптан ада болудың алды-арты емес. Бұрын да орын алған. Мұндай
сындарға Шоқан, Абай, Мұхтар сынды ұлылар да ұшыраған. Сұлулық пен
талант барда қызғаныш пен бақталастық бола берер. Кейде адам пендешілік
болмысымен өмірге жақсылық жасау үшін келгенін ұмыт етуге пейіл.
124
«Жапалақ құс мақтанса, жардан тышқан алдым дер. Жаман адам мақтанса,
жақсыны аяғынан шалдым дер». Сол айтпақшы, «битке өкпелеп тонды отқа
салмағаныңыз», тыз етпе намысты бүркеніп сөз-жұдырыққа түсіп кетпеген
салмақты сабырыңыз бізді қуантты. «Сабыр түбі сары алтын».
...Ақселеу - салт атты көшпелілер тарихын, өркениетін жаңа зерде
сүзгісінен өткізіп, тағылым ете білген, ұлттық психология мен патриотизмді
тәжірибелеуші, қазақтың алтын күмбезді сарайын тұрғызушылардың
бірі. Көшпелілер өркениетін адамзаттың өзіне түсіндіру үшін ойыңыз
қанаттылығынан, қаламыңыз ұшқырлығынан таймасын! Бір рудың емес,
ұлттың сағысыз. Әманда сағыңыз сынбасын, ақберенді үмітіңіз үзілмесін,
төбеңіздегі қамқор-сая жұлдызыңыз пана болып, бойтұмарыңыз жебесін!
Тілеуберді Смағұлұлы
ДОС ТУРАЛЫ
Өзінің білімімен, парасаттылығымен, ой-өрісінің ауқымдылығымен өш-
кенімізді жандырып, жоғымызды іздеп тауып, оны ел игілігіне ұсынуға
ат салысқан топтың ішіндегі шоқтығы биік тұрған елеулілердің бірі -
белгілі ғалым-жазушы, көсемсөз шебері, филология ғылымының докторы,
Л,Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттың университеті журналистика
факультетінің кафедра меңгерушісі Ақселеу Сланұлы Сейдімбек. Ол осы
күндері 60 жасқа толып отыр. Әрине, бұл жас орда бұзар отыз, қамал алған
қырық та емес, дегенменен, өткеннің емес, жеткеннің тойы. Айналаң толы,
өрісің ұлғайып, шаңырағың биіктеп, керегең кеңейіп, іргең қымталып,
кемерінен асқан кемеңгерліктің тойы. Оның үстіне Алашқа байлығымен
емес, байыптылығымен, ұлықтылығымен емес, ұлтжандылығымен, ай-
қайымен емес, ақылымен, бойымен емес, ұшқыр да ұтымды ойымен белгілі
болған Ақселеу тойын шын мәнісінде бүкіл халық, қазақ елі тойлап жатыр.
Ақселеу Сейдімбек - «Ақиық» (1972), «Қыр хикаялары» (1977), «Тауға
біткен жалбыз» (1979), «Аққыз» (1981), «Кеніш» (1979), «Серпер» (1982),
«Күңгір-күңгір күмбездер» (1981), «Күй шежіре» (1982), мерейтой алдында
жарық көрген «Қазақтың күй өнері» атты кітаптардың авторы. Баспасөз
бетіндегі күн құрғатпай жарияланып жататын мақалаларын қоссақ, оның
қырық жыл бойы жазған-сызғандары бір арбаға жүк болары хақ.
Жазушы ретінде Ақселеудің айтар ойы жинақы, қарапайым, тілі жатық,
сөз саптауы оңтайлы. Өз сөзімен айтқанда: «Қандай да болсын күрделі ойды
қарапайым тілмен ұғынықты етіп жеткізуге тырысқан жөн. Алайда ойдың
жосығы әсте қарабайырланбауы керек» (Ақселеу Сейдімбек. Қазақтың күй
өнері. - 14 бет). Міне, осы айтқанын өмір бойы қаперінен шығарған емес.
Тағы бір қаперінен шығармайтын бойтұмары - өте бай қазақ дәстүрі. Ақселеу
нені жазса да, қалай жазса да, одан ата-баба ілімінің иісі аңқып тұрады.
Ақселеудің азамат ретінде де, журналист ретінде де, жазушы-ғалым
ретінде де бір адамдай Теміртауға еңбегі сіңді. Сонау 1970 жылдары
«Лениншіл жас» газетінің біздің облыстағы меншікті тілшісі болғанда
126
сол кездегі өрімдей жас, бүгінгі ел Президенті Н. Назарбаевтан бастап,
басқа да көптеген жігерлі жастарды елге танытты. Бұл очерктер
кейін «Кеніш» деген атпен жеке кітап боп басылды. Осы кітап үшін ол
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанып, бірінші
сыйлықты иеленді. Ал облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты
хатшы болып істеген кездерінде, Теміртауда қазақша газет шықпайтын
болғандықтан, осы аталмыш газеттің ішінен айына бір рет шығып тұратын
«Теміртау жұмысшысы» атты арнайы бетті ашуда оның ықпалы пәрменді
болды. Осы талпыныс нәтижелі болып, былтыр қаламызда «Теміртау» газеті
ашылғанда да Ақселеу біріншілер қатарында сәт сапар тілегенінен оқырман
қауым хабардар болар. Оның республикада алғашқылардың бірі болып
металлургия терминдерін қазақшалауға қосқан үлесі тағы бір төбе.
Мен Ақселеумен өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының басында та-
ныстым. Ол кезде Қарағанды металлургия комбинаты комсомол комитетінің
хатшысы болатынмын. Оның мені сырттай қаншалықты білетінін қайдам,
ал мен ол туралы жиі естуші едім. Күндердің күнінде жұмыс орныма бойы
биік сары жігіт кіріп келе жатты. Оған көзім түскеннен-ақ, «Құдай-ау, нағыз
даланың ақ селеуінен аумайды екен» деген ой келе қалды басыма.
- Бүкіл Теміртауда қазақша сөйлейтін жалғыз-ақ шаншардың қуы бар
деуші еді, сол сен емеспісің? - деп сөйлей кірді. Орнымнан тұра беріп:
- Шіркін-ай, қазақ деген халық ат қоюға шебер, - деуім мұң екен, қар-
қылдап күліп, құшағын жайды.
Сол күндерден бастау алған ыстық ықыласымыз әлі де жалғасып келеді.
Соның айғағы ғой, қарашаның 23-жұлдызында арнайы шақырылып, Ақ-
селеудің Астанадағы мерейтойына қатыстым. Конгресс-холлда өткен той
қазақтың «Үш нояны» аталып кеткен бір жылдың төлдері Төлен Әбді-
ков, Дулат Исабеков, Ақселеу Сейдімбекке арналды. Оған Үкімет бас-
шысы Иманғали Тасмағамбетов бастаған мәртебелі топ, ұлт зиялылары,
қарақұрым ел қатысты. Атақты сөз зергері, жазушы-сенатор Әбіш Кекілбаев
нояндар шығармашылығы жайлы баяндама жасады. Қарағанды өңірінен
арнайы барған делегация Ақселеуге жағасы ақ құндызбен көмкерілген
шапан мен бөрік және темір тұлпар сыйлады. Теміртау жұртының атынан
қала әкімі Серік Нығметұлының қомақты жоралғысын мен тапсырдым.
Айтып ауыз, көріп көз тоймайтын ғаламат бір той өтті. Ақселеу жайған
дастарханға бар қазақтың игі жақсылары түгел қатысты. Қазақы қалжың,
жарасымды әзіл, ойнақы сөз, ұшқыр да ұтқыр ой, тамсандырып таңдай
қақтырған тапқырлықтар, ата-баба салт-дәстүрі тойдың тұздығы болып,
қатысқандарды рахат сезімге бөлеп, марқайтып-ақ тастады. Мен бір-ақ
мысал айтайын. Тойда Ақселеуге қынабын алтындаған қылыш сыйланды.
Сол қылышты халқымыздың біртуар ұлы, атақты Асанәлі Әшімовке тарту
етті. Неткен мәрттік десеңізші!
Өз басым Ақселеуді нағыз сері деп білемін. Өйткені оның қашанда жи-
нақы, әсем киімі, бет әлпетіне әр беріп тұрған сақал-мұрты, алтын-күміспен
оқаланған, көздің жауын алатын шақшасы, сазгерлігі, ағаштан оймақ
127
оятын шеберлігі, зергерлігі - бәрі-бәрі оның бойындағы сал-серіліктің
айғақтары. Осы ретте оның ел ішінде кең тараған «Сарыарқа», « Дәурен-ай»,
«Толғау» («Ақтамбердінің толғауы»), «Алтын асық», «Арар-ай», «Арман-
ай», «Гагигай» сияқты әндердің авторы екендігін де айтып өткеніміз
жөн. Сондай-ақ, қазақтың ән өнері туралы Жәнібек Кәрменовпен бірлесіп
жүргізген сегіз телехабары баға жетпес рухани қазынамызға айналғалы
қашан?! Сонда «Ақселеу тамсанады, Жәнібек ән салады» деген қанатты сөз
ел арасына тарап кеткен-ді.
Ақселеу Сейдімбек «Ықылас күйші» (1983), «Әнші Жәнібек Кәрменов»
(1993), «Абайдың Ескендір поэмасы» (1994), «Асыл қазына» (1996),
«Зергер» (1998) телефильмдеріне және Асанәлі Әшімовтің «Қозы Көрпеш -
Баян сұлу» (1993) атты екі сериялы көркем фильміне түскенін біреу білер,
біреу білмес.
...Қарашаның 27-жұлдызында тағы да кездестік. Қазақ поэзиясының
көрнекті өкілі, жерлесіміз, ақын Кәрім Сауғабаев дүниеден өтті. Топырақ
салуға келіпті ол. Ұлтжанды, дәстүрге берік, досқа адал Ақселеу осы жолы
да ақынмен қоштасуға келген дүйім жұртты сүйсіндіріп, разы етті.
Мен де досымның адалдығына, азаматтығына сүйсініп, қазақ халқының
мерейін асырған шығармаларыңмен сусындата бер бізді демекпіз.
128
Ернар Құлмағамбет
ӨМІР ӨРНЕКТЕРІ
(А. Сейдімбектің очерктері туралы ойлар)
Кіріспе
Иә, журналистика - қиын да қадірлі мамандық. Қиын болатын себе-
бі - журналист жақсылыққа жаны сүйсініп мақтап жазса да, жамандыққа
күйініп сынап, мінеп жазса да, оның айтар ойы оқырман көңіліне жол таба
білуі керек. Егер журналистің жазғаны оқырман көңілін селт еткізбесе,
ой салмаса, онда ол туындының сәтсіз болғандығы. Ал сәтсіз шығарма қа-
ламгер өнері ұшталмағандығын көрсетеді. Жазғаныңды қалың жұрт ұйып
оқуы үшін, сүйіп оқуы үшін қайтпек керек? Көңіл шіркін осы тәрізді сан
қилы сауалдарға жауап іздеп шарқ ұрады. Мұндайда дарынды тұлғалар
болмысына ден қою, ғибрат алу - табиғи құбылыс.
А. Сейдімбек шығармашылығы мені катты қызықтырды. Қаламгер-
лік өнердің сырларына жете үңілу мақсатымен А. Сейдімбек шығармашы-
лығын қадағалай оқуға ден қойдым. Жазушы-ғалымның өмір жолына,
шығармаларының -мазмұны мен ерекшеліктеріне зер салдым. Әсіресе
журналистік туындылардың шоқтықты жанры - очерктерінің сыр-си-
паттарын айқындауға бой ұрдым. Оның мақалаларындағы ғылыми қи-
сындылықпен ұштасқан дәйектеме-деректер, сөз етіп отырған мәселесінің
терең тебіреніспен айшықталуы маған соны бағыттай көрінді.
Ақселеу Сейдімбек ұстазым бірде маған: «Мен - орта жолда ат ауыстырған
адаммын», - деп еді. Осы оралымды ойдың жосығын кейінірек аңғарған
тәріздімін.
Университет бітіріп, баспасөз орындарында қызмет істеп, ел өміріне
белсене араласқан Ақселеу Сейдімбек өз халқының өзегін дерт шалып,
дәстүрлі мәдениеті жоғалып, тілі жойылып, ұрпағы мәңгүрттеніп келе
жатқанын көрді. Халықтың жарқын болашағы жөнінде айтылып жатқан
сөздің жалғандығын, атқарылып жатқан істің жасандылығын білді. Ертеңі
екіталай халқының екіұдай ахуалына деген айрықша алаңдаушылық сезімді
бастан кешірді. Ақыры, ойлана келе, халқына эстетикалық алданыш болар
129
әдеби-көркем дүние жазудан саналы түрде бас тартып, алданған ұлтының
қалғыған санасын оятуға септігін тигізер танымдық дүниелер жазуға,
ағартушылық іспек айналысуға белін бекем буды.
А. Сейдімбекті қазақстандық индустрияның отанына айналған айтулы
өлкенін алып құрылыстарымен бірге тарих қойнауындағы көне орындар
да аз қызықтырмаған. Жайқалған сайын дала көркінен гөрі қымтырыла
қыстап, жазыла жайлайтын малшы өміріне деген ықыласы тіпті ала бөтен.
Ақселеу Сейдімбек ағамыздың осындай бағыты ұлттық өміршеңдігіміздің
заманалық мүдделері мен мұраттарын дер кезінде байыптай алатын мүлтіксіз
үғымталдығын аңғартатын ерекше де ерен қасиеттей керінеді.
Кәсіби мамандарымыз ежелгі академизмнің тас қорғанын талқандап
шыға алмай, босбелбеу отырғанда Ақселеу Сейдімбек білегін сыбанып, тү-
бегейлі өзгеріс үстіндегі қоғамының, жаңаша рухани түлеуге бет бұрып
отырған отандастары мен замандастарының нақты танымдық зәруліктерін
өтеуге белсене кірісті. Оның «Қазақ әлемі», «Қазақтың күй өнері» сынды
көлемді зерттеулері - ұлттық тарихымыз бен ұлттық болмысымызды жан-
жақты саралап, кемел пайымдай алған туындылар.
Ізгі ізденістерге ілтипат білдіру, адал да ақиқат пікірге жүгіну әрі өзіме
жұғысты ету парыз болды.
А. Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына
қарасты Атасу ауылында 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген.
1959 жылы Жаңаарқа ауданының орталығында №1 қазақ орта мек-
тебін бітірген соң комсомолдық жолдамамен «Қызылтау», «Ақтау» кең-
шарларының мал шаруашылығында үш жыл еңбек етеді.
Ақселеу Сейдімбек 1961 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық
университетіне оқуға түсіп, 1968 жылы журналистика факультетін бітіріп
шықты. Университетте оқыған жылдары «Журналист» газетін шығарушы
алқаның және М. Әуезов атындағы Әдеби бірлестіктің мүшесі, «Қайнар»
қолжазба журналының бас редакторы, Мәскеудегі қазақ жастары құрған
«Жас тұлпар» атты мәдени қозғалыстың Қазақстандағы өкілі болып, шы-
ғармашылық және қоғамдық жұмыстарға сергек араласа бастайды.
1968-1987 жылдар аралығында облыстық және республикалық баспасөз
орындарында әдеби қызметкер және меншікті тілші («Лениншіл жас» -
«Жас Алаш»), жауапты хатшы («Орталық Қазақстан»), әдебиет және өнер
бөлімінің меңгерушісі(«Социалистік Қазақстан» - «Егемен Қазақстан»), бас
редактор («Білім және еңбек» - «Зерде» журналы және «Әлем» альманахы)
болып қызмет атқарады.
Осы жылдары Ақселеу Сейдімбектің әңгімелері мен повестері «Ақиық»
(1972), «Қыр хикаялары» (1977). «Тауға біткен жалбыз» (1979), «Аққыз»
130
(1981) деген атпен; очерктері «Кеніш» (1979), «Серпер» (1982) деген атпен
жеке кітап болып жарық көреді.
«Кеніш» кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лау-
реаты болады.
1981 жылы жарық көрген «Күңгір-күңгір күмбездер» ғылыми-көп-
шілік кітабы 1985 жылы «Поющие купола» деген атпен Е. Қажыбековтің
аударуында орыс тілінде жарық көреді.
Әлем әдебиетінің әйгілі туындысы, Гомердің «Илиада» және «Одиссея»
атты эпикалық поэмаларын қазақ оқырманына таныстыруға алғаш тал-
пыныс жасаған адам - Ақселеу Сейдімбек.
1989 жылы «Қазақтың дәстүрлі халық лирикасындағы қара өлең жан-
ры» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Осы жылы
«Сонар» атты ғылыми-көпшілік кітабы жарық көреді. Бұл кітабы үшін
Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты болады.
Ақселеу Сейдімбек синкретті өнер - күй туралы кешенді зерттеулер жүр-
гізіп, осы тақырыпта 1997 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап
шықты. Сол жылы «Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау» атты толымды
еңбегі жарық көреді.
1997-1998 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары
институтының директоры, 1998-1999 жылдары Қазақ Білім академиясының
тұңғыш президенті, 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Прези-
денттік Мәдениет орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары
болып қызмет атқарады.
2000 жылдың шілде айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті журналистика кафедрасының меңгерушілігіне және осы уни-
верситеттің профессорлығына қызметке шақырылады.
Ғалымдар Мырзатай Жолдасбеков,Қойшығара Салғараұлы және Ақселеу
Сейдімбек үшеуі бірлесе отырып жазған «Елтұтқа» атты толымды еңбек
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай 2001 жылы
«Күлтегін» баспасынан жарық көреді.
2002 жылы «Қазақтың күй өнері» атты кешенді кітабы «Күлтегін» бас-
пасынан жарық көреді. Бұл еңбегі үшін оған ҚР Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты атағы берілді.
А. Сейдімбек - Карағанды облысындағы өзі туып-өскен Жаңаарқа, Шет
аудандарының Құрметті азаматы [1,5].
Ақселеу Сланұлының шығармашылығына қатысы бар жоталы-жоталы
төрт түрлі ерекшелік сипаттарын атап көрсетуге болады:
Әуелгі ерекшелігі - қазақ әлемінің дәстүрлі өмір-салтына ерекше ден
қойып, оның мәдениетіне, өнеріне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына жарқын
көзбен қарап, шұрайлы көркем тілмен айтып беруді мақсат етуі.
Екінші елеулі қыры - Ұлы Дала кеңістігіне арқа сүйеген қазақ болмыс-
бітімнің жылт еткен қадір-қасиетін барынша ыждағатпен зерттеп, жас
ұрпақ кәдесіне жарату.
131
Үшінші ерекшелігі - өзі зерделеп отырған этнотанымдық қымбат бел-
гілерді әрдайым ұлы мәдениет үлгісі ретінде қарастыра отырып, келер күнге
аманат қылып, аман сақтап қалу жайы.
Төртінші сипаты - әртекті, шалғай өрістерден желі тартқан мол мағлұ-
маттармен қатар, қазақ бітіміндегі танымдық деректердің нақтылығы, дәйек-
тілігі.
Ақселеу Сейдімбектің «Күзеуде», «Қыз ұзатқан», «Аққыз», «Бір атым
насыбай», «Ақиық», «Атамекен» повестерінде қанық бояу, анық сурет,
айқын сюжет, шапқан аттай жүйрік қиял мен атқан оқтай тегеурінді
суреткерлік басым. Қыр перзенттеріне тән тұңғиық пен тұнықтық, дала
өртіндей лап етер асау құштарлық, ақ адал пейіл, мәңгілікке көшіп,
келмеске кетіп бара жатқан қыр тұрмысы, дала дарқандығы - бәрі де тағдыр
мен табиғат арасындағы біртуар үйлесімдей көрініс береді. Қайран халық,
қайран заман! Кейінгі ұрпақтарға арман боп қалар есіл дәурен!
Ұлағатты ұстазымыз Ақселеу Сейдімбек тартымды дәрістерінің бірінде
біздерге, студенттерге, сәлемдесу-қайымдасудың қазақы үлгісі жөнінде
ойымызға өзгешелеу тамызық тастап еді. Сол бір өзекті ойды, ұлттық мінез
түзілістерін, қазақы әлеуметтік сезімдерді Ақаңның «Аққызынан» кез-
дестірдім:
«- Жоғары шығыңыз!
- Жоғарыда болыңыз! Қымыз әкел, мына ыстықта қонақ шөлдеп келді
ғой.
- Алыңыз.
- Бұйырсын ».
Шөл басып, ес жинағаннан кейінгі бағаналы батыры Аламанның сөзі:
«- Танымадық қой».
Жау жағадан алатындай жөн сұраспай, сабыр суын сарқып ішіп, жөн-
жобаға жүйрік сезімтал көңілмен көшелілік танытып отырған Аламанның
азаматтығына, батырға лайықты кеңқолтықтығына, мәрттігіне тәнті бо-
ласың. Келесі бір қайымдасу үлгісі:
«- Жігітім, бұл кімнің ауылы?
- Таймас ақсақалдың ауылы. Түсіп сусын ішіңіз, мән-жайды сонан соң
біле жатарсыз. Өзі жоқ болғанымен ауылы орнында, алыстан келе жатыр
екенсіз, асықпай қонақ болып кетіңіз».
Іші-бауырыңа кіріп, оңқай асықтай үйірілген күтуші жігіттің сыпайы
қылығына ішің жылиды. Шерулеп кеткен ауыл иесін жоқтатпай, құрақ
ұшып қонақжайлық танытқан қазақы парқына, шын пейілмен ақ дастар-
ханын айқара жайып, құдайы қонақты ренжітпей аттандыру, оның берген
бата-тілегін өмірінің ортаймас игілігіне балау тәрізді қазақ бойындағы
рухани құндылықтарды аңғарамыз.
Қадірлі ұстазымның әрбір сөз төркінің қазақы қалыпты, атадан балаға
мирас болып келе жатқан тәлім-тәмсілдерге үнемі қарайлай беретініне енді
ғана көзім жеткендей болды. Ғасырлар бойы сан ұрпаққа адамгершілік
132
ұрығын сеуіп келген руханият жәдігерлеріне деген ақ ниетінен туындайтын
елжандылық қасиеті ден қойдырады.
Жазушы-ғалымның аңшылық туралы әңгімелері де кәсіби әдебие-
тімізде алғаш рет арманынан шыға айшықталып отырған өрелі тақырып.
Онда да қоғам мен табиғат, адамзат пен хайуанат, екі аяқты жан иелері
мен төрт аяқты жан иелерінің арасындағы әлмисақтан бергі үндестік пен
тағдырластық емірене еске алына отырып, тебірене пайымдалған.
Ақселеу Сейдімбектің «төрт аяқты кейіпкерлері» кейде адамнан бетер
тартымды, адамнан асқан бекзат болып көрінеді. Ертектер топтамасы да
осынау таңғажайып дүниенің жарастығына деген мәңгі құштарлық пен
мәңгі қимастықты жырға қосып тұрғандай. Небір ұмыт болуға айналған
түйсіктеріңді түрткілеп оятып, калғыған сезімдеріңді қайта түлетіп, ет
жүрегіңді езілте отырып оқылатын бұл туындылардың қай тобы да қазақ
прозасының талай ұрпаққа аманат етілер алтын сандығынан біржолата
орын табары сөзсіз. Әуелдегі сартап сағынышқа толы, көзден бұл-бұл ұшып
келмеске кеткен сирек құлықтар мен тосын қылықтар кейін басқа кейіпке
көшіп, тың арналарға бет бұрды. Сонау «Күңгір-күңгір күмбездерден» бас-
талған зерделеулер көптеген ғылыми-зерттеу мақалалар мен толымды-
толымды монографияларға ұласты.
А. Сейдімбектің көптен бері ыждағатты түрде үнги зерттеген тақыры-
бы - қазақтың күй өнері. Аса байыпты һәм байсалды зерттеу 1997 жылы
докторлық диссертация қорғаумен аяқталды. Осы зерттеудің нәтижесінде
2 томдық «Күй шежіре» монографиясы және 2002 жылы «Қазақтың күй
өнері» деген іргелі зерттеу кітабы жарық көрді. Бұл еңбектерінде Ақселеу
Сейдімбек өзіне тән тереңдік және байсалды тиянақтылықпен қазақтың
күй өнерін дәуірлеп, негізгі күй тарту мектептері мен әдістерін саралау
мәселелерін түбегейлі зерттеп, өзінің ғылыми толыкқанды тұжырымдарын
түзіп шыққан. Сонымен қоса бұл кітаптарда қазақ күйлерінің көптеген
аңыздарын, 150-ден астам қазақ күйшілерінің өмірдеректерін жариялаған.
Иә, күй өнері - халықтікі, оны жасаушы да, бірден-бірге жеткізіп, мәдени
даму тарихымен үйлестіруші де, ақыр соңында келіп халықтық сипаттарын
айқындаушы да қалың жұртшылық, олардың арасынан оқшау көрінген,
Ақаңша (Ақселеу Сейдімбекше) қисындасақ, «жоталы-жоталы» дарын
иелері.
Байырғы мол қазына да бар, өзінің «Күй шежіресі» де бар, өзіне-өзі са-
бырдың суын сеуіп, тіршіліктің титімдей мәніне береке тілеп, алдағы күннен
уыз үміт күтіп жүре бергісі келетін. Алайда іркілген ой мен сезім тоғысын
жаны сергек пенденің сезім-түйсігіне әсер етерліктей ак қағазға аударып,
ғалымдық, адалдық борышының бар салмағынан арылмай, ешқашанда бойы
да, ойы да жеңілдемесін бар болмысымен сезген. Сезінген де, тасып-төгілген
тегеурінді ізденісінің нәтижесі ретінде - белгілі ғалым-зерттеуші Ақселеу
Сланұлы Сейдімбек - күй өнері туралы кешенді еңбегін дүниеге әкелген.
133
Зерде бесігінде ұзақ тербелген еңбектің өмірге келуі бекерден-бекер емес.
Белгілі нысанаға негізделген айқын мақсат-бағдары болғандығы аян. Сараб-
дал зерттеушінің өз білігіне жүгінуді жөн көрдік:
«...Алда базистік болмысты мүлде бөлек өмір-салт күтуде. Еуразияның
апайтөс даласында айдарынан жел ескен көшпелілердің қайталанбас өмір-
салты жиырмасыншы ғасырда бөлек арна тартты. Технократтық даму
жеңді, табиғаттың өзіндей табиғи өмір-салт жеңілді... Демек, осынау тарихи
дерттің дендемеуі үшін тегеурінді әрекетке көшіп, халықтың ғасырлар бойы
қатталған ұлы мұрасын бүгін мен болашақтың игілігіне айналдыру ең киелі
мұраттардың бірі болуға тиіс. Бұл - тарихи дамудың қатал талқысында өз
болмысыңды сақтап қалудың, келер күндерді ұлттық-этникалық төл қадір-
қасиетіңмен қарсы алудың бірден-бір кепілі.
...Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төл-
тума мәдениеті ғана» [31, 5-6].
Иә, ойы да, бойы да биік, аспани дүниеге бір табан жақын Ақселеу Слан-
ұлы жаһандастырудың жәһилдік қияметі қазақ жұртына оңай соқпасын
үлкен зердемен сезеді. Сондықтан құлашы кең ғалым нышандық перзентін
желқуық жандай жеті айлық күйде тастай салмай, ұзақ уақыт баптап, жа-
рық дүниеге әкелді. Дүниеге болашақ ұрпақтың игілігіне айналар, есті қазақ
барда қағажу көрмес асыл мұра - «Қазақтың күй өнері» келді.
Еңбек «Сауға», «Тарихнама», «Этнографиялық пайымдаулар», «Күй
аңыздары», «Халық күйлерінің аңыздары», «Байырғы күйшілер», «Қо-
сымша» деген жоталы-жоталы бірнеше тараудан тұрады.
Ақселеу Сланұлы ұлан-ғайыр тарихи деректермелерге сүйене отырып,
байырғы құндылықтарды парықтауымен, күй аңыздарының жанрлық
сипаттарын жүйелі жіктеуімен, қамтылған мәселелерді жалпыадамзаттық
мәдениет тұрғысынан қарастыра отырып, күй өнері танымында үлкен
жетістікке қол жеткізген.
Туындының «Сауға» деп аталатын кіріспесі де өрелі ойға жетелейді.
Зерделі ғалым пайымын пиғылы пәстеу жандардың өрекпіген көңілін
басатын, өз іс-әрекетінің қисыны мен оңтайын бағдарлайтын, белгілі бір
мақсатқа жетудегі таңдап алған әдісі, таным-тәсілі деп бағалауға болады.
«Қазақтың күй өнерінің» өн бойында соңына дейін ілесіп отырар алтын
арқау бар. Ол - ұлттың төлтума мәдениетіне деген, Ақселеу Сланұлына тән
Азаматтық Алаңдаушылық!
Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Мырзатай Жолдасбекұлы,
Қойшығара Салғараұлы және Ақселеу Сейдімбек үшеуі бірлесе отырып
жазған «Елтұтқа» атты толымды еңбек Қазақстан Республикасы тәуел-
сіздігінің 10 жылдығына орай 2001 жылы «Күлтегін» баспасынан жарық
көрді. «Елтұтқа» кітабында соңғы екі жарым мың жыл аясында Қазақстан
топырағында ғұмыр кешкен тарихи тұлғалар туралы ғылыми очерктер
берілген. Сөйтіп алғаш рет қазақ тарихын адамзат тарихының құрамдас
бөлігі ретінде, жеке тұлғалар арқылы зерделеуге талпыныс жасалған.
Кітап айғақ-дерегінің молдығымен, тарихи тұлғаларға берілген бағасының
134
объективтілігімен және ғылыми ой-тұжырымдарының сонылығымен назар
аудартады.
Ақселеу Сейдімбек - ел ішіне кең тараған «Сарыарқа», «Дәурен-ай»,
«Толғау» («Ақтамбердінің толғауы»), «Алтын асық», «Арар-ай», «Арман-
ай», «Есіңде бар ма жас күнің?», «Гагигай» сияқты көптеген әндердің авторы.
Бұл әндер Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Бекболат Тілеуханов
сияқты әйгілі әншілердің репертуарларынан орын алған. Оның қазақ ән
өнері туралы Жәнібек Кәрменовпен бірлесіп жүргізген 8 телехабары - қазақ
теледидарының алтын қорына қосылған рухани қазына. Бұл хабарлар се-
риясында ол Жәнібек Кәрменовке қазақтың жүзге тарта классикалық әнін
айтқызып, тарихи-эстетикалық түсініктер беріп отырады.
Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының қалыптаса бастауы Шоқан Уә-
лиханов пен Ыбырай Алтынсарин шығармашылықтарымен тікелей байла-
нысты. Олар көркем очерк саласында өшпес мұра қалдыра білді.
Шоқан Уәлихановтың «Шығыс Түркістан, саяхат күнделігі», «Жоңғария
очерктері», «Кырғыздар туралы жазбалар» [2,92] атты шығармаларын ком-
позициялық құрылысы мен көркемдік компоненттері тұрғысынан қарас-
тырғанда очерк жанрында жазылғанын анық аңғаруға болады.
Ыбырай Алтынсариннің әдеби туындылары - XIX ғасырдағы қазақ
ауылының тіршілік-тынысын сол қаз-қалпынша, толыққанды бейнелеген
очерк үлгілері. Оның «Қыпшақ Сейіткұл», «Надандық», «Бай баласы мен
жарлы баласы» [3,81] шығармалары өмір құбылыстарын нақты суреттеу
әдісімен жазылған. Байырғы жазба ескерткіштер мен шежірелік еңбектер-
де де очерк нышандары кездесетінін филология ғылымдарының кандидаты
М.Б. Шындалиева өзінің «Очерк табиғаты» атты еңбегінде атап өтеді [4,10].
XX ғасырдың басындағы мерзімді басылымдар: «Түркістан уәлаяты»,
«Дала уәлаяты», «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналында жарық көрген
қазақ қаламгерлерінің очерктері аса зор қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді
қамтыған.
Б. Майлиннің «Алыптарды аралағанда» очерктер жинағы, I. Жансү-
гіровтің «Жол аузында» очерктер жинағы, М. Әуезовтің, С. Мұқановтың,
Ғ. Мүсіреповтың, Ғ. Мұстафиннің, т.б. жазушылардың очерктік шығар-
маларының қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар.
М. Әуезов - очерктің барлық түріне қалам тартқан. Жазушының
жолсапарлық «Индия очерктері» 1955 жылы Үндістанға барған сапарынан
туған. Очерк бастауында саяхаттың қалай басталғаны жайлы сөз болса,
кейінгі желісі Үнді елінің беймәлім қырларымен таныстырып, жүйелі түрде
баяндалған.
М. Әуезов Тәж-Махал сарайын оқырманға былайша таныстырады: «Си-
қыр сарай-мазар Тәж-Махал 18 жыл бойына, 20 мың жұмысшының қо-
лымен, Шахжиһан патшаның бұйрығы бойынша 1632 жылдан басталып,
1650 жылға дейін салынған. Бұл ғажайып жайды салушы ұста Иса деп
аталады. Тәж-Махал тек аппақ мрамордан ғана салынған... Кейбір әсем
135
бөлімдерін безендіруге ақ мрамордан басқа 18 түрлі тастар қолданылған...»
[5, 344-345].
Ғ. Мүсірепов өз очерктерінде адамдардың психологиялық иірімдеріне
ден қоюды мақсат тұтқан. Жамбыл Жабаевқа арналған «Феномен-Феникс»
атты очеркінде мынандай тұңғиық ой өрімдері бой көрсетеді: «Жамбыл
өмірге жымия қарап, сынай өскен ақын еді. Оның ойлы көздерінің түбін-
де қашанда бір сықақ ұшқыны тұратын. Әлденені түсіндіре бастасаң, «Ме-
ні бір алжуға айналған шал деп отырсың-ау!..» дегісі келгендей, мұрт
астынан миығы жымия бастағанын сезуші едің. Айта бастағаныңды іліп
әкетіп, өлеңмен өзіңе қайта айтқанда ақын жүрегінің ыстық жалынына, ой-
сезімінің тереңдігіне таңғалатынсың» [6, 259].
Қазақ очерктеріндегі образдар галереясын М. Әуезов, Б. Майлин, С. Мұ-
қанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Сланов, Ө. Кекілбай, 0. Бөкей, Ә. Нұр-
шайықов, т.б. жасады.
Ә. Нұршайықовтың кейіпкерлер характерін, жан дүниесін ашып көр-
сетуі, өмір шындығын өрнектеп, ардагер азаматтар бейнесін мүсіндеудегі
шеберлігі - қаламгер шығармаларының қалың оқырман көңіліне жол
табуының бір сыры осында ма деп ойлаймыз.
Әзілхан Нұршайықовтың малшылар өмірінен жазылған ең алғашқы
көлемді очеркі - «Алыстағы ауданда». Очерктегі оқиға. іс-әрекет - барлығы
да нақты өмірден алынған. Жазушыны жұртшылык ықыласына бөлеп, ең
алғаш танытқан да осы «Алыстағы ауданда» очеркі.
Очерк жанры туралы «Мен журналиспін» атты кітабында Әзілхан Нұр-
шайықов былай дейді: «...Әр адам айнаға қарап (көшеде, жұмыс үстінде)
жүзін көреді. Көреді де жағасын түзеп, шашын сипайды, өн бойында
олпы-солпысы жоқ болса, жаны жайланып, еркін түрде ілгері кете
береді. Очерк - еңбекші адамдардын рухани айнасы... Очерк «Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын» деген мақалды жүзеге асыру үшін
жаралған жанр деп те бағалауымызға болады» [7,145].
1960-1980 жылдар аралығында очерк жанры сан жағынан да, сапалық
жағынан да жаңа биіктерге көтерілді. Қазақ халқының білімге, ғылымға
құлаш сермегенін, мәдениетке кенелгенін көркем түрде жинақтап көрсеткен
очерк түрлері осы кезеңнің еншісіне тиеді. Сонымен қатар осы тұста қа-
зақтың дәстүрлі музыкалық өнері мен оның жарқын тұлғалары жайында
жазылған, ғылыми-танымдық мәні бар очерктер дүниеге келді.
А. Сейдімбек - очерктерінде өзіне дейінгі қаламгерлердің мол тәжірбие-
сіне қаныға отырып, үлгі-өнеге тұта отырып. өзіндік қолтаңбасымен көріне
алған қаламгер.
Енді тарихты жеке тарихи тұлғалар арқылы зерделеуде, қазақ өнерінің
қайраткерлерін танытуда өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Ақселеу Сейдім-
бектің очерктеріне кеңірек тоқталмақпыз.
136
Тұлғалар тағылымы
«Әдебиет терминдерінің қысқаша сөздігінің» кіріспе мақаласында
Л. Тимофеев пен Н. Венгеров очерк жанрына кеңінен түсінік берген.
«Очерк - әдебиеттегі эпикалық жанрдың әңгімелеп, баяндап беретін
түріне жатады. Сондықтан да онда маңызды және өзіне тән сипаттар
іріктеліп алынып, жалпы оқиғаны жазушының шығармашылық ой-қиялы
арқылы тұжырымдайды, яғни оқиғаның өмірде болу немесе болмауы да
мүмкіндігі тұрғысынан суреттейді» [29, 106], - деген. «Ел тарихын әйгілі
тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың дәстүрлі таным-түсінігінде ертеден
қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде, яғни шежірелік зердесінде
тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмірдерегі арқылы танылып отырады.
Қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар
болмысы арқылы көрініс табады. Содан да болу керек, қазақтың дәстүрлі
философиялық пайымдауында, өмірді өзгертуден бұрын, алдымен, адам
сапасын шыңдауға көбірек мән беріледі» [8,3].
Қазақстан тәуелсіз мемлекеттік құқын еншілеген тұста көшпелілер
өркениетінің тікелей мирасқоры - қазақ халқының әйгілі тарихи тұлғаларын
зерттеп-тану үрдісі барған сайын тереңдей түсті. Ақселеу Сейдімбектің әйгілі
тарихи тұлғаларға байланысты очерктерін талдау барысында ел тарихын
атақты тарихи тұлғалар арқылы танып-білу тұрғысынан зерделеуді басты
нысана етіп алдық.
Жазушы-ғалымның «Қорқыт» очеркінің мәтіндік желілерінде жоталы-
жоталы ғылыми сораптарға бастайтын жекелей дәйектеме-негіздеулер
молынан ұшырасады. Яғни, жай көзге шалына бермес асыл астары, таным-
дық тіні бар. Оны жіліктеп саралауды, таным-түсінігін мейлінше өрістетуді
А. Сейдімбек оқырманның, калың жұртшылықтың өзіне жүктейді.
Мұның өзіндік сыр-сипаты да бар. Тарихи тұлғалар жайында ғылыми
мағлұмат беруді көздеген жазушы-ғалым еркінен тыс шарттылыққа баруға
мәжбүр болған. Бұл - очерк авторының идеялық және тұжырымдамалық
мақсатынан туындаған шарттылық. Әйгілі тарихи тұлғалардың елдік
мұраттары мен ұрпақаралық сабақтастықтың үзілмеуін көксеуден туған
шарттылық. Бұл сияқты өміршең де өнегелі мақсат «Қорқыт» очеркіне
танымдық сипат дарытып, оқырманын қазақ тарихының толқынды айды-
нына алып шығады.
А. Сейдімбек терең деректілік, нақтылық мағлұматтар бере отырып, тар-
тымды тілмен шағын сызба-суреттер салып отырады. М. Горький очеркке
берген анықтамасында оның түп-төркінін «очертить», «очерчивать»
деген етістіктерден шыққанын ескеру керек екенін атап айтқан [4,5]. Осы
тұрғыдан алғанда, очерк авторы тарихи тұлғаны сомдауда оны әсерлі,
көркем жеткізуде бейнелеу тәсілінің осы формасын қолайлы көрген.
«Қорқыт» очеркінде очерк табиғатына тән көптеген көркемдік элементтер
(диалогті көріністер, портрет, ойдан косу, т.б.) ұшыраспайды. Жазушы-
ғалым Қорқыт баба жөніндегі ғылыми айналымға түскен нақтылы дерек-
137
мағлұматтарды саралай отырып, келешек ұрпақ бойына асыл да жарқын
қасиеттерді молынан сіңіру мақсатында авторлық пайымдау тәсілімен үл-
кен шеберлікке қол жеткізген.
Қорқыт туралы ең алғаш ой бөлген ғалымдар - Ш. Уәлиханов, В.В. Велья-
минов-Зернов, П.И. Лерх, Л. Грен, Л. Мейер, Г.Н. Потанин, В.В. Радлов,
тағы басқалар [9,193]. Кейінен бұл зерттеу ұшқындарына өзге ғалымдардың
зерттеулері қосылып, Қорқыт ата туралы арналы әдебиет жасалды. Қазақ
халқы айтатын Қорқыт әңгімелерін, аңыздарын жазып алуда, зерттеп білуге
үлес қосқан белгілі ғалымдар - В.В. Бартольд, А.Н. Самойлович, И. Жет-
пісбаев, В.А. Каллаур, И. Кастанье, Н.И. Спиридонов, тағы басқалар[9,193].
Атақты ғалым Әлкей Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» дейтін ғы-
лыми-зерттеу еңбегінде де, Н. Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» кі-
табында да Қорқыт атаның Сырдария өлкесін қоныс еткендігі жайлы
көптеген мәліметтер кездеседі. «Ежелгі дәуір әдебиетінде»: «...Өте ерте
заманнан Сыр суының төменгі ағысында тұрған Женкент қаласы ұзақ
жылдар Оғыз мемлекетінің астанасы болған. «Су аяғы Қорқыт» деген мақал
осыдан шыққан. Сөйтіп, тарихи болмысы ғылымға мәлім Қорқыт атаның
туып, өмірге келген, тіршілік еткен, атақты күй-жырларын, нақыл-ғибрат
сөздерін шығарған, ақырында дүние салған жері де осы Сырдарияның
төменгі ағысы...» - деген тәрізді деректемелер бар [10, 62].
Қорқыт ата бейнесін тереңірек зерттеуді мақсат тұтқан жазушы-ғалым
А. Сейдімбек соны ізденіс-пайымдауларға бара білген. Шоқан Уәлиханов-
тың Ұлытаудан жазып алған «Қария сөзі» бойынша «Қорқыт сарынын»
әдемі тартқан ерте кездегі күйшінің бірі - қият тайпасынан шыққан атақты
ер Домбауыл. Ұлытаудың батыс төңірегінде Қорқыт атымен байланысты
Сарын шоқысы деген жер бар. Ол Домбауылдың сарын шығаратын жері,
қобызын күңірентіп, күй шалған орны екенін айтады халық әңгімесі. Демек,
Домбауыл Қорқыттың замандасы болған. Осындай мол деректерге сүйене
отырып, жазушы-ғалым тың тұжырым-толғаныстарға құлаш сермеген.
Енді «Елтұтқа» атты кешенді кітаптағы ғалымнын өз очеркіне жүгінейік:
«...Оның өмірде болғаны, Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені,
нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми
деректер бойынша күмән қалдырмайды» [8,43].
Ақселеу Сейдімбек келтірген тың толғаныстан-ақ данагөй Қорқыт ба-
ба бейнесі Сыр бойы өлшемінен асып, Сарыарқа алқабына дендей енген
кең өрісті өміршеңдігімен танылса керек. Қаншама зерттеушінің ғылыми
сүзгісінде сараланып, талғам-танымында таразыланып, сахара Тәңірісі,
толағай тұлғалы Қорқыт ата мұрасы осылайша жаңа жол тауып, Ақселеу
әлемінде жаңаша нақыш-сазын таба жаңғырып жатса, ұлы өркениет пен
ұлы тұлғалардың шалқар көші шашау шықпай, ілгері күнге оза беретіні
анық. Соңғы жинақтаушы тұжырымдамасы да өзі бар ділімен бағалайтын
кіндіктес қазақы қалыппен қабысып жатады: «...Қорқыт - қазақ үшін ең
алдымен күй атасы. Қобызда күй шалу дәстүрлерін алғаш орнықтырушы.
138
...Түркі халықтарының ішінде Қорқыт күйлерін сақтап, бүгінгі күнге
жеткізе алған бірден-бір халық қазақ болып отыр».
Қасиетті қара қобыздың соңғы үш әрпін өзгертсеңіз, тұла бойыңды селт
еткізер «Қорқыт» болып шыға келеді. Бізге жеткен қария сөздерде былай
дейді: «Аспандағы Тәңірге жалбарынып, мінажат еткенде адам баласының
тілі жетпей, қасиетті қара қобызды көмекке шақырған екен». Жазушы-
ғалым А. Сейдімбек «Әбу Насыр әл-Фараби» очеркінде [8,49] екінші ұс-
таз әл-Фарабидің өмір кезеңдерінің нақты, деректі болуына ерекше мән
береді. Сонымен қатар әл-Фараби ғұмыр кешкен уақыттағы тарихи ахуал
очерктік образ арқылы зерделеніп отырады. Бұл сипат-нышандар тарихи
зерттеушілік очерк жанрының төлтума қасиеттері екендігін байқатады.
Бұл жөнінде очерк табиғатын зерттеуші ғалым М. Шындалиева былай
дейді: «Қазақ очеркінің тарихи тек-тамыры мен қалыптасу жолдарына ден
қойғанда, дәстүрлі шежірелік сипаттағы еңбектердің сан ғасырлық тарихы
бар. Бұл ретте Захир ад-Дин Бабыр, Дулат Мұхаммед Хайдар, Әбілғазы
Баһадүр хан, Ұлықбек, Жалайыр Қадырғали би, Құрбанғали Халид, Өтеміс
қажы, Шәкерім қажы, Мұхаметжан Тынышбай сияқты тарихшылар-
дың бәрі де өз еңбектерін шежірелік сипатта жаза отырып, өмірдерегінің
нақты болуына бірінші кезекте мән береді. Сондай-ақ, бұл еңбектерде тарихи
хеке тұлғалардың өмірі арқылы зерделеніп отырады. Сөз жоқ, бұл қасиеттер
тарихи очерк жанрының негізгі қасиеттері екеніне ден қойдырады» [4,14].
А. Сейдімбек аталмыш очеркінде қадау-қадау идеялық желілерді екшеп
алып, Ұлы ұстаздың тағылымдық өнегесі ретінде ой таразысына тартуды
жөн санайды. Жекелеген дәйектеме-негіздеулер, соны ізденістер очеркті
жан-жақты ашып, өрлендіре түседі. Жазушы-ғалымның «Әбу Насыр әл-
Фараби» очеркінің ішкі ағымдары, иірім-құбылыстары сан алуан. Бастапқы
шолып өткенде ғұлама ғалымның кезеңінен ғана мағлұмат берердей әсер
қалдыруы мүмкін. Алайда бұл - алдамшы байлам.
Бұрын-соңды ғалымдар еңбегін елеп-екшелеп, ой сарабына салғанда ға-
на өзіндік дәйекті ғылыми тұжырымның сыр тиегі ағытылатынын, тың
толғаныстарға бастайтын бастау көздері ашылатынын А. Сейдімбек жіті аң-
ғарған.
Очерк авторы әл-Фарабидің мұсылманша толық аты-жөнін былайша
таратады: «Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ Тархани». Ғұлама ғалым
жайында жазылған еңбектердің біразында толық аты-жөнінде мынандай
деректер кездеседі: «Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ Тархан
әл-Фараби, яғни өз аты - Мұхаммед, әкесі - Мұхаммед, оның әкесі - Ұзлағ,
арғы атасы - Тархан. Туған жері, қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар
Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби атанған»
[8,46].
Ақселеу Сейдімбектің пайымдауынша, «тархан» сөзі екі нәрсені аң-
ғартқан: біріншіден, әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын
білдіреді. Екіншіден, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар арасында есімі
139
белгілі кісілер болғанын білдіреді. Өйткені қыпшақтардың атақтылары ғана
дәстүр бойынша «тархан» деп аталатын болған.
Кейбір зерттеу еңбектерде Отырар қаласын қыпшақтар Қарашоңы деп
атап келгені туралы мәліметтер кездеседі. Бұл жөнінде жазушы-ғалым
нақтылы ғылыми тұжырым беру мақсатымен түркі жұртының әйгілі ға-
лымы М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты энциклопедиялық
анықтамалығын алға тартады. Көне дәуірдегі елді мекендерді түгел көрсет-
кен энциклопедиялық еңбекке сүйене отырып, «Қарашоқы» топонимінің
түп-төркінін байыта түскен. Очерк соңындағы өзіндік ой-түйіндері де елдік
мұраттардың мәңгілігін тілеген көкейкесті мақсаттардан туған.
Әл-Фараби шәкірті Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) көзінің тірісінде-ақ
замандас философтар мен ғалымдар арасында «Шайхар-Рас» - Ғалымдар
ағасы атанған. Әбу Әлиді кейде «Үшінші ұстаз» деп те атаған. Ғылымның
қос алыбының ғылыми-философиялық мұралары арасында белгілі бір
жалғастың, сабақтастық барын сергек пайымдаған А. Сейдімбек: «Кейінгі
кездері Шығыс ғалымдары оларды бөліп-жармай, «Қос Фараби» деп те ата-
ған», - дейді.
Қазіргі араб елдерінде әл-Фараби есімінен кейін әл-Хаким анықтауы-
шын тіркеп жазу үрдіске айналыпты. Әл-Фараби заманында одан астым-ау
деп күпсінген ешкім болмапты. Ғұлама ойшыл еш дүние-мүлік, байлық-
дәулетке қызыға назарын сатып, әкімшілік, даңқ-дақпыртты қумаған. Сол
себепті де оны құрметтеп, әл-Хаким деген. Сол себепті де ұлы Абай «Отыз
сегізінші сөзінде»: «Әрбір ғалым - хаким емес, әрбір хаким - ғалым» [Абай.
Қара сөз.-Алматы: Ел, 1993. - 95-бет], - деп ой маржанын кестелеген.
Келесі бір талдауымыздың өзегі болар - «Қарабура» очеркі [8, 53].
Әр кезеңнің өз міндеті, өз ұғымы болады. Нақтылы, шындық өмірді бей-
нелеп отырған жазушы очерктің қай кезеңде жазылып отырғандығын терең
пайымдауы керек. Очерктің негізгі өзегін таба білу сыры осында жатыр.
Очеркте нақты адамдар сөз етіледі. Бірақ, сол нақты өмірді суреттей отырып,
очерк өзінің барлық ойын, логикалық өрісін нысана етіп алып отырған та-
рихи тұлғаның бар жарқын қасиетін жинақтап (типтендіріп) көрсетуге,
қорытылған пікірлер түйіндеуге міндетті.
Тәуелсіз даму - өткенді ыждағатты зерделемей, келешекті кеңінен бол-
жамай жүзеге аса қоймайды. Сондықтан да қалың жұртшылық бүгінгі
ұлттығымыз бен мемлекетіміздің тарихи бастауларына айрықша ден қойып
отыр.
«Қарабура» очеркінің беташар кіріспесі мынандай ой өрімдерімен бас-
талады: «Қарабура» (ХІ-ХП ғғ.) - оғыз-қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы,
дуалы ауыз абызы, ықпалды қайраткері... Топырақ бұйырған жері - Қара-
таудың етегі, Созақ елді мекені».
Қыр мен Сырдың арсындағы қарым-қатынастың кіндігі болған көне Со-
зақ шаһары - транзиттік сауда бекеті ғана емес, ұлттық мемлекетіміздің
бесігі болған саяси орталық. Оның көне топырағына көмілген құпия мен сыр
көп. Сондай бір байыпты зерделеуді талап ететін қастерлі есім - Қарабура.
140
Кезінде ауызша мәдениет өкілдері ақиқаттың өзін аңызға айналдыруға мәж-
бүр болған сыңайлы. Әйтпесе ел өмірінде елеулі маңызға ие болған небір
ерекше тұлғалар мен оқиғалар әлдеқашан із-түссіз кетер еді. Халық ондай
ұмытылмас тұлғаларды, қандай аласапыран болса да, жадынан өшірмеген.
Енді оның сырына салиқалылықпен қарамасақ, біздің этникалық, саяси
қалыптасуымыздың бастапқы кезеңдерінің қыр-сыры қалтарыста қалып,
көмескілене бермек.
Сондықтан да болар, А. Сейдімбек Қарабура тегін таратқанда Мұрын
жыраудың айтуындағы «Қарадөң балалары» топтамасын ғана тірек етпей,
«Қазақтың ауызша тарихы» деп жүрген қазақтың қария сөзіне жүгінеді:
«Әйгілі Қырымның батырларының бірі Қарадөң болса, одан Жұбаныш, одан
Сүйініш, одан Ер Бегіс, Ер Көгіс, одан Тама, одан Қарабура болып келеді
де, Қарабурадан Нәрік, одан Шора, одан Есенгелді, одан Атамшыл, одан
Торым, одан Базарқұл, одан Көкі, одан атақты тархан Есет батыр болып бір
қайырылады [8,53].
Жазушы-ғалым «тама» атауының ру, тайпа мағынасын еншілейтінін
есімізге сала отырып, X ғасырдан бұрын да этникалық атауға ие болған
тамалар тайпалық одақтардың біреуінің құрамында іргелі орын иемдене
дербес ру ретінде танылғанын ұғындыра отырып, тың ойларға жол ашып
береді.
Қарабура дүниеге келген мезгілді зерттеуді қажет ететін тұстарда да
А. Сейдімбек әрқашан зерттеушілік зердесіне жүгінеді. Қарабура - Х-ХІ ға-
сырларда дүниеге келген Қарахан мемлекетіне байланысты құбылыс. Мұн-
дай есім тамалардың Қарахан мемлекетінің құрамында болып, мұсыл-
ман дініне кіруіне байланысты берілген болып шығады. Қарабура есімі -
әлденеше ғасыр бойы ауыздан түспей келе жатқан есім. Қиналғанда қуат,
шамданғанда қайрат берер, бүгінгі қазақтың ұлт болып ұйысуына ғасырлар
бойы үлес қосып келе жатқан нақты құбылыс. Қара - көптің белгісі. Бура -
қара нардай қайыспайтын күштіліктің белгісі. Қосарланған қос сөзде киелі
қасиет бар. Олай болса, кие дарымай ел көсегесінің көгермесі анық. Біздің
тәуелсіздігіміз бен азаттығымызды асқақтата түсу үшін де айбар керек.
Қарабураның Қожа Ахмет Иасауиді ақ жуып арулап, жаназасын шы-
ғаруы да күллі түркі дүниесі мойындарлық қадір-қасиеттің айғағындай.
«Өлі риза болмай, тірі көгермейді» деген ғой. Олай болса, халқымыздың
ұлттық болмысын көркейткен мақтанышты құбылысты арқау еткен очерк
те санаттағы еңбек. Ел болып, еңсе түзелді деген осы!
Ақселеу Сланұлының «Махмұд Қашқари» [8,56] очеркі де ел тарихын
әйгілі тұлғалар арқылы зерделеп, адам санасын шыңдау мақсатынан туған.
Ілгері буын бастаған өнегелі істер кейінгі буын арқылы жалғасын тауып
жатса, өмірдің бағасы артып, ұлттың төлтума қасиеті баянды болмақ.
«Махмұд Қашқари» очеркінде жалпы әлемнің тіл өнерінің өрісін ке-
ңейткен, өркенін өсірген ғұлама ғалым жөнінде мол мағлұматтар жинақ-
талып, оның өмір сүрген уақыты мен ғылыми ізденістері жылдар есебімен,
орын-орнына орайлы орналасқан. А. Сейдімбек М. Қашқаридің «Диуани
141
лұғат ат-түрік» атты еңбегі жайлы ғылыми айналыстағы мол деректерді
баяндай бермей, жаңаша әлеуметтік-тарихи очерктің табиғатына сай жиын-
тық ауқым-аяда әрін ашып, табиғи болмысын жарқырата таныта түседі.
Жазушы-ғалым әрдайым қалыптасқан ғылыми жүйелерді зерде сүзгісінен
өткізіп, соны ғылыми көзқарастарға бойлай біледі.
Қырғыз елінің алтын бесігі болған ұйық жерлерін (Бесбалық, Барсхан,
Баласағұн, Ысықкөл) нақты негізге ала отырып, Махмұд Қашқаридің ту-
ған жерін Қырғызстандағы Ыстықкөл жағасындағы Барсхан қаласы деп
ойлы пікір айта алған. Очерк авторы «Махмұд Қашқари» очеркінде белгілі
қолбасшы, Барсханның әмірі болған Махмұдтың әкесі Қарахан әулеті биле-
ген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі - Қашқарға ауысқаны
жайлы дерек келтіреді. Ал Қарахан мемлекетінің дүниеге келген тұсы -
Х-ХІ ғасырлар. Сондықтан да болар, А. Сейдімбектің Махмұд Қашқаридің
туған жылы XI ғасыр деп нақты дәйектілікпен көрсетуі - ғылыми деректерге
мейлінше мұқият қарайтындығының белгісі.
Жазушы-ғалым М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіндегі
зерттелу, әдеби мәні, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер, тағы да басқа құнды
мағлұматтарды бірер ғана абзацтардың аясына сыйғызып, типтік фактілерді
жинақтап бере білген.
Ендігі әңгімемізге арқау болар очерктің бірі - «Уәлиханов Шоқан»
[8,220]. Тарихи тек-тамыры бар очерктің бәрінде тарихи тұлғалардың нақты
өмірі толыққанды деректер аясында суреттеледі. Және де өмір сүрген тари-
хи кезеңдері орнықты образдары арқылы көрініс тауып отырады. Уәлиха-
нов Шоқанның жан-жақты тағылымдық болмысы бізде көп зерттелген.
Ғылыми талдаулардың тереңдігіне, фактілердің әрі бай, әрі нақты бо-
луына зор көңіл бөлетін Ә. Марғұланның ғылымдық тегеурінінің өзі неге
тұрады?!
Шоқан өмір сүрген заман бізден қаншалықты алыстай түскенімен.
сүйікті ғалым тұлғасы халық санасында соғұрлым жарқын сәуле шашып
шоқтығы мейлінше биіктей түсетіні - заңды құбылыс. Көп ортасынан
алғашқы боп аршындай суырыла шығу әр кез қиын. Сол алғашқыны бүге-
шігесіне дейін танып, ардақтай қошеметтеуге құлшыныс болып жатқан
тұста очерк табиғатына сай қысқа да нұсқа етіп ұсына білу жеңіл-желпі
дүние емес. Ғалымның жан әлеміне сұғына енуге тырысқан әр сәтте де оның
ұлылығына, асқақтығына бас иіп, ұзақ уақыт қайран қалмау тіпті де мүмкін
емес жай. Жас ғұмырына талай-талай қомақты істерді айрықша айшықтал,
қалайша ғана қонымды сыйғыза алғандығына қайран қаласың.
А. Сейдімбек те Шоқанның ғалымдық көп қырларын шашау шығармай,
өмір парақтарындағы беймәлім тұстарын ерекше айқындауды ниет еткен.
«Уәлиханов Шоқан» очеркінің кіріспе беташарында Шоқанның Айға-
ным әжесінің еркелетуімен «Шоқан» аталып кеткені жайлы өзіндік пікір
ұсынады. Бұрынғы-соңғы зерттеу еңбектердің көбінде «Анасының еркелетіп
қойған аты» делінген деректер жиі бой көрсетеді.
142
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, этнографиялық жарқын белгілерін
терең пайымдайтын жазушы-ғалым А. Сейдімбек «ана» атауының этимо-
логиялық төркініне байыппен қарауды меңзейді. Бұл жерде парасатты Ай-
ғаным әжені төңірегіндегілер «Ханым-ана» деп атап өткенін естен шығар-
маған абзал.
Екінші бір қисын. Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани
жағынан толысуына бірден-бір үлкен әсер еткен - Айғаным әжесі. Бұл
ретте тұңғыш баланы қазақ дәстүрі бойынша «әжесінің баласы» дейтінін
қаперімізге ілгеніміз жөн.
Жазушы-ғалым Шоқан өмірін баяндау барысында дәлдікті сақтау мен
ойды толық беру қажеттілігін үнемі ескеріп отыратындығы байқалады.
Қаламгер үшін Шоқанның болмыс-бітіміндегі үлгі-өнеге боларлық қасиет-
қырларды суреттеу образ жасаудағы, характер ашудағы басты нысана болса
керек. Балалық шағын баяндайтын тұстарында оның жастайынан зерек,
зерделі болғандығын, Омбы кадет корпусының қабырғасында жүріп-ақ
алғашқы ғылыми еңбегін жазып, Тоқтамыс ханның «Жарлығына» талдау
жасағанын баяндайды.
Очерк авторы Шоқанның рухани қасиеттерінің басты белгілері бала ке-
зінің өзінде-ақ айқындала бастағанын байқампаздықпен аңғартады. Со-
нымен бірге, А. Сейдімбек Шоқанның біртуар ғалымдық бітімін бағалау
кезінде біржақты баяндай бермей, Шоқан өмірінде елеулі орын алған
көзқанықты досы Г.Н. Потаниннің пікіріне арқа сүйегенді жөн көреді: «Екі-
үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің
класындағыларды да басып озып шығады (Г.Н. Потанин)» [8, 221].
Жазушы-ғалым Шоқанның ауыл мектебінде оқып, араб, шағатай тілдерін
жақсы меңгергендігін айта келіп, «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті екен-
дігін, оның білім қиясына өрлеудегі таяныш баспалдақ бола білгенін баян-
дап өтеді.
Ертеде дәстүр бойынша хан-сұлтандардың балаларына бірнеше Шығыс
тілдерін үйрену, яғни «жеті жұрттың тілін білу» парыз болған. Қазақ
әлемінің рухани болмысы мен таным-зердесін пайымдауға елеулі еңбек
етіп жүрген А. Сейдімбек қазақ болмысының төлтума дәстүрлерін барынша
орнықтырып отыруды бір сәт те есінен шығармайды. Очерк авторы Шоқан-
ның ғалымдық бейнесін сомдауда биік белестердің бірде-бірін назардан
қалыс қалдырмауды түпкі нысана етіп алады. Батыс Сібір генерал-гу-
бернаторының кеңсесіндегі қызметінен бастап, түрлі саяхат сапарларын,
Ыстықкөл аймағының картасын жасасқанын баяндай отырып, жиырма-
дан жаңа асқан жас Шоқанның Орыс география қоғамының толық мүшесі
болып, ғалымдық еңбегінің жаңа белеске көтерілгенін жарқын сипатта
жеткізеді.
Шоқан Уәлиханов бірінші рет ғылыми жолмен жазып алған, тұңғыш рет
тарихи және әдеби тұрғыдан талдау жасаған қырғыз халқының «Манас»
жырына да тоқталып өтеді.
143
«Көкетай ханның асы» тарауы неміс, француз, ағылшын тілдеріне ау-
дарылып, «Манас» эпосы тұңғыш рет әлем назарына ілікті. Бұл жөнінде
Ш. Айтматовтың былай айтқаны бар: «Бозбала шағында Шоқан ерлікке
парапар іс тындырған. «Манас» сынды ұлы эпос барша түркі жұртына ортақ
мұра десек те, түпкі иесі - қырғыз халқы. Осы сарқылмас қазынаны тұңғыш
рет қағаз бетіне түсіріп, Еуропаға танытқан кісі - Шоқан. Ол кезде бұл шет
ел қауымына түркі фольклорындағы «Египет пирамидасын» ашқанмен
бірдей болатын» [11,83].
Иә, күні кеше ғана адамзат баласының барша тауқыметін сезініп, қилы
қилы тағдырына жанашырлық еткен алып Достоевский сүйген Шоқан
тұлғасы бүгінде заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовты тереңнен толғантқан
екен! Шоқан өмірі, Шоқан бейнесі бүгінгі ұрпақты қай сәтте де бейтарап
қалдыра алмайды. Себебі ұлылар өмірінің әр минуты кейінгі ұрпаққа,
халыққа, мына біздерге бағышталғандығында.
Шоқан жер бетінде бақытты да сергек қадам жасап өтті. Алайда оның
маңдайына «жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай» қысқа ғана ғұмыр
сүру жазылады.
Бүгінде Шоқан рухын аңсап, сандаған зеттеу еңбектер жазылды, жазылу
үстінде, жазыла бермек.
Өмірі өнерге айналғандар
«.. .Очерк жазудың өзі үлкен өнер десек, өнер жайында очерк жазу өнердің
өнері болса керек. Халқымыз қызығып оқитын нәрлі өнер туралы очерк
жазу үшін өмірді жетік білу аздық етеді, оны жан-тәнімен түсіну, түйсіну
зерттеу қажет сияқты.
А. Сейдімбек шығармашылығын бажайлай зерттеп үңілсек, қазақтың
дәстүрлі әдебиеті, музыкасы, бейнелеу өнері, қолөнері, саяси-экологиялық
мәдениеті, моральдық-этикалық ахуалы туралы очерктерді өндіре жазып
осы әдебиет жанры саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқандығын айту
артық болмас» [4,141].
А. Сейдімбектің «Бес белес» («Социалистік Қазақстан», 26.04.91) очеркі -
азамат ретінде де, жазушы ретінде де жұртшылықтың ыстық ықыласына
бөленген Кәдірбек Сегізбаевтың шығармашылық жолының «бес белесіне"
арналған.
Жазушы-ғалымның қай очеркін алсаңыз да, кейіпкер әлемінің қыр
сырының сара соқпағына бастайтын (әсіресе беташар кіріспесінде) нұсқау
нышандар молынан кездеседі. Мұның өзі образдың жарқын сипаттарын
бірден ауызға алмастан бұрын, оқырман ойына тамызық болар парасат
пайымдауларды сыналап сіңіру мақсатынан туған: «...Дәл қазір үйірлік
сезімді, табындық түйсікті, ұлып табысатын ұяластықты тәрк етіп, ұлттық
тұтастыққа кепіл істің құлы болу ауадай қажет. Айнымаған ақиқатпен
144
сусындаған халықтың ғана тарихи талғамы шыңдалып, мақсат-мүдесі ай-
қын болады».
Очерк авторы кейіпкеріне ол осындай болып еді деп, бойындағы бар қа-
сиетті санамалап, тамсана бермейді. Байыпты парасат өлшемімен аядай
ғана үйішілік, дос-жарандық сезімдерден биік тұратын, жалпы адами
тұтастықты көксейтін, кісілік келбеті мол білікті қауым ғана өркениетті
елдің талғамына төтеп бере алатынын айтып, ұлы Абай армандаған «толық
адам» бейнесін мүсіндейді. Жазушы-ғалым нағыз адамға тән азаматтық
аңсарларды, сәтін тауып, ортаға салып отырады.
Қарымды қаламгер очерктің бастау көзін: «Бүгінге дейін еткен еңбегі
мен төккен тері ықылас-ілтипатқа лайық азаматтардың бірі - Кәдірбек
Сегізбаев», - деп алып, кейіпкердің қаламгерлік қазанының аузы жоғары
боларлық үш тағанды - үш белесті сарапқа салады. А. Сейдімбек Кәдірбек
Сегізбаевты «Ашылмаған сыр» атты тырнақалды туындысымен көрініп,
«Біз қалада тұрамыз» атты повесімен жұртшылыққа танылып, «Жол» атты
романымен М. Әуезов атындағы сыйлықты иеленіп, суреткер ретінде мойын-
далды деп қапысыз қайырыммен түйіп тастайды.
К. Сегізбаевтың шығармашылық белесін небәрі үш-ақ сөзбен көктеп өте-
ді: көрінді, танылды, мойындалды.
К. Сегізбаев әдебиетке дабыра айқай-шусыз келіп, майдақоңыр про-
засымен жұртшылық көңіліне біртіндеп ұялай бастады. «Ашылмаған сыр»,
«Қойнаудағы ауыл», «Өртеңге өскен гүл», «Жылдың ең қысқа күндері»
деп аталатын кітаптарында сезімнің табына ғана бүлкілдеп қайнап, оқуға
жұмсақ болып келетін жайма-шуақ сырбаздық бар. Журналистік көріктен
әбден өтіп, қаламы қатайған шақта ғана көлемдірек тақырыптарға қол созған
Кәдірбек Сегізбаевтың «Аяқталмай қалған әңгіме» деген әңгімесінде «Адам
атаулының бәрінің өмір жолы сайрап жатса, ол «Өмір» деп аталмас та еді...»
деген көңілге қонымды сөйлем бар. Осы философиялық түйінді әдебиетке
де қатысты айтуға болар еді. Өйткені жазушы атаулы, сол жазушының
толайым туындысы шетінен керемет бола берсе, онда әдебиетте қасиет те,
даралық та қалмас еді.
Сондықтан болар, очерк авторының К. Сегізбаев шығармашылығына тал-
дау жасағанда, алғашқы әңгімелерінен гөрі, соңғы ересек тартқан шақтағы
повестеріне баса назар аударуы заңды да. Балаңдық пен бала махаббат
тақырыбынан енді-енді арылып, салмақты прозаның табағынан дәм тата
бастағанын «Біз қалада тұрамыз», «Жап-жасыл әлем» деп аталатын екі по-
весі дәлелдеді.
А. Сейдімбектің «Бес белес» очеркінің соңғы түйіні де ұтымды шыққан:
«Байырғы грек поэзиясының тұңғышы Гесиод қой жайып жүргенде Тәңірия
келіп, сұлу сөзге баулып кетеді екен. Құдай тектес Платон ұйықтап жатқанда
аралар ұшып келіп, ерніне бал жағып кететін көрінеді. Жеті жасына дейін
мылқау болған Төле биге түсінде аруақ аян беріп: «Сөз аласың ба, бөз аласың
ба?» - деп асасымен түрткенде, бала Төле: «Сөз аламын», - деп сөйлеп
145
тұрып еді дейді. Әйгілі Жанақ ақын нәресте кезінде бесігінің басына қобыз
байламаса, шошып ұйықтамайды екен...»
Сөйтіп жазушы-галым осы жөн-жосықтың бәрі жұмыр басты пенде үшін
бойға бітер Тәңірдің өлшеусіз сыйы екендігін, өнер қуаты адам танымына
даралық қасиет дарытатынын аңғартады.
Келесі бір очеркі - «Парасатқа іңкәрлік» («Егемен Қазақстан»,
31.03.2004). А. Сейдімбектің сөз еткелі отырған кейіпкері Жомарт Әбдіха-
лық лауазымдық жалынан ұстаған жан болса да, бұрыннан өзіне етене
жақын, мәртебелі университет қабырғасында жүрген шақтарында талай
әдеби додаларға қоян-қолтық араласқан, мүдделес, мақсаттас жандар
еді. Әрқашан жазғалы отырған еңбегінің бар қырын індете зерттеп үңілу,
очерк болсын, басқа да көркем дүние болсын, сүбелі шығарманың дүниеге
келуінің алғы шарты болмақ. Сондықтан да жазушы- ғалым Ақмола
облыстық «Арқа ажары» газетінде басшылық қызметте болып, ел өміріне
белсене араласқан Жомарт Әбдіхалықтың өмір жолын ауқымдырақ бейне-
леуді мұрат тұтқан: «...Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне
түскен жылы-ақ ол «Қаламгер» атты қабырға газетінің, содан кейін осы
жоғары оқу орынындағы «Журналист» газетінің бас редакторы болды.
Бұған қоса қаламының желі бар студенттерді шоғырландырып, «Қайнар»
атты әдеби-публицистикалық қолжазба журналын шығарып тұрды.
Журналистикаға деген осы іңкәрліктің ізін суытпастан, ол универси-
тет бітірісімен облыстық, республикалық газеттерде қызмет етіп, қалам-
герлік қарымын ұштай түсті». Бұл жолдардан очерк кейіпкері Жомарт
Әбдіхалықтың өмірлік мақсат-аңсарларын ертеден-ақ айқындап алған-
дығының куәсі боламыз.
«Арқа ажарының» тың өлкесінің тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани
өміріндегі бедерлі жаңалықтардың жаршысы, елдік істерге ұйытқы болып
жүргенін айқын аңғарамыз. Адам құндылығы сарапқа түсіп жатқан қазіргі
биік білім-білік өресін, ұлтжандылық, азаматтық болмысын қаз-қалпынша
сақтай білу - өрелі жанға аз олжа емес. Жомарт Әбдіхалық, ең алдымен,
қызуы мол, күнделікті тыныстайтын мамандық иесі. Уақыт тынысының
көркем шежіресі дерлік, ел өміріндегі елеулі тұлғалардың жарқын істерін
өзек еткен көркем очерктерді дүниеге әкелді. Оның екі кітаптан тұратын
очерктері жарық көріп, оқырмандар игілігіне айналды.
Осы орайда айта кету жөн, А. Сейдімбектің кейіпкер тұлғасындағы жар-
қын сипаттарды үнемі жарқырата көрсетіп, халықтың еңбеккер перзент-
терінен көз жазбай, қадір-қасиетін тамыршыдай тап басып, көпшілік
назарына салып отыруының терең тағылымы бар. Сонымен бірге Жомарт
Әбдіхалықтың құныға ден қойған саласы философия екендігіне көңіл ау-
дарады.
Өмірдің қайнаған ортасында белсенді әрекет ететін әрбір азамат өткен-
кеткенді сараптауға, болып жатқан сапалық өзгерістерді парықтауға тиісті.
Осындай қасиеттердің мәдени-рухани ізденістерге жол ашып, ұлттық рухы
биік, философиялық пайымдауларға бастайтын әсер-ықпалы болуы әбден
146
мүмкін. Сондықтан да очерк авторы күрделі заманауи мәселелерді сарап-
тай алатын, анық жүріп, ақиқатқа жүгіне білетін Жомарт бейнесін әлеумет-
тік мәселе етіп көтереді.
Бүгінгі құбылмалы дүниенің тіршілік-тынысын байыппен бағамдап,
"101» толғау, «1001» тегеурінді түйін айта білген Қазақстан Журналистер
одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қызметкері Жомарт Әбдіхалықтың бергенінен берері көп болар елдің елеулі
тұлғаларының бірі екендігіне бар ділімізбен сенген едік...
А. Сейдімбектің «Парасатқа іңкәрлік» очеркін талдау барысында Жо-
март Әбдіхалықтың саналы ғұмырына, шұрайлы шығармашылық жолына
біршама қаныққандай болып едім. Әттең, рухы биік азаматтың жарқын
күзін мезгілсіз суық шаларын қайдан білейін?..
Жомарт Әбдіхалық та ажал тұзағына ерте ілігіп, ғарыштай таза жерге
қоныс аударып та үлгерді. Артында айшықты із қалды. Екшеліп-сұрып-
талған жазбалары бес том болып, баспаға ұсынылды. Сол дүниелер ұзақ
уақыт талай жанның жан-жүрегін бейтарап қалдырмасы анық.
Енді бір тілге тиек етер очерктердің бірі - «Менің Жәнібегім» («Қазақ
әдебиеті», 12.03.1999).
«Дәстүрлі музыка және оның қайраткерлері туралы очерктерінде
А. Сейдімбек сол адамдардың ата-тегін, балалық шағынан бергі өмірбая-
нын тәптіштей бермейді, керісінше, оқиғаларды қоюлатып, образдарды
ажарландыруға, дәуір кезеңін елестеуге өмірбаян тізбектерінің қажет жерін
қана алып отырады. Автор өзі байқаған, көрген не естіген қызық-қызық
елестерді шығармашылық ой елегінен өткізіп, асқақ шабытпен бейнелеген»
4,145].
Абайдың әншілік мектебінің XX ғасырдағы ірі өкілдерінің бірі, белгілі
жазушы, Абайдың жігіттік шағындағы аяулы досы Ерболдың тікелей ұр-
пағы Жәнібек Кәрменұлы туғаны мен туысқанының ғана емес, жалпақ елі -
қазағының, иісі түркі жұртының (Бұл жерде «түркі» деп көкбөрінің барлық
ұрпагы айтылып отыр - Е.Қ.) жүрегіне жақын тартқан, бауырына емірене
басқан өнерпаз ұлы еді.
А. Сейдімбек кейіпкерінің көп қырлы дарынды тұлғасына тереңірек
бойлау үшін, тарихты тағылым ету тұрғысынан сөз ете отырып, бодандық
нәубеттерді егіле еске түсіргеннен гөрі, болашақ ұрпақтың санасын шыңдай-
тын халықтың біртуар тұлғалары өздерінің бойына біткен дарынымен,
төлтума өнерімен халық тағдырына қалқан бола білгендігін айтып жүрудің
орынды екенін еске салады. Осы тұрғыда Жәнібек Кәрменұлы тек қана әсем
әнді жұртшылық жүрегіне жеткізуші ғана емес, мәдени-рухани экспансияға
кеудесін тосып, халық бойындағы талғам-таным мен құндылық бағдарын
қаз-қалпынша сақтап қалуына себепші болған тегеурінді тұлға дәрежесіне
теңеліп жүре береді.
Жазушы-ғалым ұшқыр зердемен осындай ой-жосықтарын ұсына оты-
рып, бізді кейіпкер бітіміне қанығуға жігерлендіріп, серпінді қуатпен алға
ұмтылдырады. Очерк бастауындағы өз пайымдауынша,«бір ақиқаттың басы
147
ашық» екендігі даусыз. Халық атын алдырса да, жан дүниесін тонатпаған.
Жәнібек барда халық жат дыбысқа, желбуаз өнерсымаққа жұбанбаған.
Осы орайда еске алудың артықтығы болмас, сексенінші жылдардың бас
кезінде Жәнібек пен осы очерктің авторы бірлесіп, теледидарға қазақтың
ән өнері туралы сегіз хабар жаздырған. Осы хабар-әңгімеде Жәнібек мөлдір
бұлақтай қоңыр даусымен, маржандай төгіліп, самалдай есіліп жүре
беретін тоқсанға тарта ән шырқаған екен. Кезінде бұл хабар-әңгіме қара
сөздің қасиетін терең түсінетін Ғабит Мүсірепов тарапынан әділ бағасын
алған. Қазақ ән-күй өнерінің алтын қорына айналған осындай хабарды
теледидардан жиі-жиі көрсетіп отырса, әулекі әуезден гөрі, ұрпақ танымын
ұштауға үлес қосар бағалы құндылық болар еді.
Жәнібек Кәрменұлы өзінің алдындағы Жүсіпбек, Ғарифолла, Қосымжан,
Рабиға, Байғабыл сияқты ұлы әншілердің ең асыл қасиеттерін тал бойына
дарыта отырып, өзінің әншілік тұлғасын даралай түсті. Қашанда көргені
жақсының қамтыры мол. Жәнібектің таңғы шықтай мөлдір әңгіме-повес-
теріне тоқталмау - шығармашылық адамының жан дүниесімен санаспау.
Жәнібектің «Ақылбайдың әні», «Көшім бала», «Тегімді менің сұрасаң».
«Әнім саған аманат», т.б. әңгімелері мен «Ғашықтың тілі», т.б. повестері
адамгершіліктен азық жинап өтер әрбір жанның рухани қорына айналған.
Иә, қазақ өнерінің төрінде Жәнібек орны ойсырап тұрары анық. Алайда
қазақтың барында, соңынан ерген өнерпаз ізбасарларының барында Жәні-
бектей жампоздың әні де, өзі де ұмытылмайды!
А. Сейдімбек «Суреткер» очеркінде («Туркістан», 21-27.01.2001) қа-
зақ халқының танымал жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің
суреткерлік қарымы туралы сөз етеді. Суреткер болмысын пайымдау
барысында жазушы-ғалым адам қоғамын көшелі етудің бір тетігі - елдің
елеулі перзенттерін елеп-ескеріп, өзгеге өнеге ету екендігін үнемі жадында
ұстап, осы бір өмірлік мұратынан бір сәт те айнымайды. Очерк авторы кейіп-
кердің жан дүниесін, қандай жағдайда қалыптасып, дамығанын XX ғасыр
аясындағы қоғамдық сипаттармен байланыстыра қарастырады.
Қазақ ұлт болып ұйып, ел болып еңсе тіктегелі бар болмысын өнер
тілінде дәл XX ғасырдай кең арнада көрсете алған емес. Сондықтан болар.
А. Сейдімбек қазақ халқының XX ғасырын нұрландырған, оған мағыналы
мазмұн мен өміршең рух дарытқан біртуарлар шоғыры ішінде Әбдіжәміл
Кәрімұлы Нұрпейісовтің өзіндік орны барын өмір шындығы мен көркемдік
шындықтың қосөрім бірлігінде саралайды.
Ә. Нұрпейісовтің тағдыр-талайына XX ғасырдағы ең бір сұрапыл оқи-
ғалардың куәсі болу жазылды. 1942 жылы маусым айында оныншы
класты бітірген бойда әскерге алынды. Кешегі қағусыз өскен бала сұрапыл
жылдардың отты көрігінен әбден ширығып, шыңдалып қайтты. Сол соғысқа
әкесімен, аяулы ағасымен барып, туған жерге қалдырып кеткен аманаттай
жалғыз өзі қайтты. Одан кейін ұраншыл саясат, ұрдажық әкімшілдік,
алданған ел, арбалған азамат, тулақ болған дала - бәрі де көз алдынан өтті.
Тап сондай талайлы кезеңде отаршылдық пен басыбайлылық жағдайында
148
өмір сүрген Рабиндранат Тагордың: «Құдай немесе аң ғана қоғамнан тыс
бола алуы мүмкін», - деуі де тегінен-тегін емес шығар.
Осындай қат-қабат шырғалаңнан төзім арқауын үзіп алмай, зор ізде-
ністердің нәтижесінде «Қан мен тер», «Курляндия», «Соңғы парыз» туын-
дыларын біртұтас сабақтастығымен дүниеге әкелді.
«Қан мен терді» оқығанда күнен-күнге алыстап бара жатқан дәуірдің
ащы зарын өз құлағыңмен естисің, ауыр арпалысын өз көзіңмен көресің,
алуан кейіпкерлердің тіршілігі мен толғанысына ортақ боласың. Өз ке-
зеңінің осындай күрделі тарихи-рухани болмысын бұлжытпай жеткізіп,
мұқият кестелеген шығарманың басынан аяғына дейін көктей өтетін алтын
арқау бар. Ол - Еламанның тап күресін тәңір тұтса да, аса тереңде жатқан
ар тазалығы. Тәңірберген қосшысы болған ақтардың әскері мырзаның
бар әулетін қорлап, масқаралап кетуінде, жәдігердің қара қонысынан
ажырағысы келмей кіндігінен байлануында тұңғиық терең сыр бар.
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің қайсар бітімі сөз болар тұста ар-
дақтап еске алар айшықты сәт бар, кешегі дүрбелең кезеңде бейбіт елдің
берекесін кетіріп, құтын қашырған «Орталық саясатын» алғаш рет бүкіл-
одақтық сахнадан ауызша да, жазбаша да ашық айыптаған жазушы Әбді-
жәміл Нұрпейісов еді ғой. Олай болса, Ә. Нұрпейісовтің өмірде жасаған
азаматтық ерліктері аса зор суреткерлік танымының көрінуіне берік негіз
қалағандығын баса айтқымыз келеді.
«Әншілік, күйшілік өнеріміздегі дәстүр мәселесі туралы очерктерді
өндіртіп жазған жазушы Ақселеу Сейдімбековтің очерктері қомақты және
өнегелік, тағылымдық қасиеттерге толы. Әннің, күйдің шығу себебі, өн
сөзінің көркемдік үлгісі, шығарушы, күйші, әншінің өмірге араласы,
дәстүрдің жарқын айғақтарының кеңінен толғануы очерк үшін айрықша
мәні бар деуге болады» [4,145].
Ақселеу Сейдімбековтің «Жезтаңдай» очеркіне («Егемен Қазақстан»,
21.11.1996) арқау болған - Республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
әнші Бекболат Тілеуханов. Бекболат - халқымыздың кескін-келбетін,
ұлттық мінез-құлқымызды, сан салалы салтанатты әдет-ғұрпымызды арқау
еткен, ата-бабамыздың иісі сіңген, Ұлы Даланың салқын самалы аялаған,
елдің өткен өмірінің шерлі шежіресіндей болған тарихи мазмұнға бай,
ұлттық классикалық әндерді жиі шырқайтын үні өзгеше, дара әнші.
Бұдан бірер жыл бұрын Бекболат Тілеуханов «Толғауды»(«Ақтамбердінің
толғауын») теледидардан орындаған еді. Бағзы аруақты әншілердің құмыр
көмей мақамымен майдақоңыр бүлкілге басқанда, өнерпаз әншінің ұлттық
өнердің қасиетіне деген іңкәрлігіне қайран қалғанбыз.
Сөз өрелі өнерге тірелгенде төрт аяғы тең жорғадай тайпала жөнеле-
тін жазушы-ғалым әнші табиғатын жіті танып: «Ол - лиро-эпикалық
қарымдағы әнші», - дейді. Қарымды қаламгер не нәрсе болса да құнарлы
топырақтан нәр алатынын есімізге салып отырады. Әрқайсысы қайталанбас
бір-бір әлем боларлық ән өнерінің эстетикалық іргетасын мәңгілікке
орнықтырып кеткен әрідегі Біржан сал, Ақан сері, Мұхит төре, берідегі
149
Әміре, Қали, Мұрат, Қосымжан, Жүсіпбек, Манарбек, Ғарифолла, Рабиға,
Мәдениет, Жәнібек, Қайрат сияқты біртуар әншілерді ілтипатпен алға тар-
тады.
Жезтаңдай Бекболат Тілеухановтың тағы бір қыры - сазгерлік, ком-
позиторлық.
Сүйектері қасиетті даланың топырағына, тәндері сүйікті даланың гүл-
деріне айналып, рухы ғарышты шарлаған бабаларымыздың көксеген асыл
арманы Тәңірдің құлағына шалынып, азаттығымыз баянды болып жатқан
шақтарда елдігіміздің еңсесін тіктеген «Елім менің» әні туралы сөз қозғамау
азаматтығымызға сын болар еді.
...Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің! -
деген өлең жолдары шын ниетімен шаттанған нағыз ұлтжанды азаматтың
көңіл толқыны кемерінен асып төгілген шақта ақ қағаз беттеріне мөлдір
тамшыдай болып тамған жан сыры сияқты. Құдай-ау, әнді алғаш естігенде,
өзгені қайдам, өзімнің тұла бойымды әлдебір күш, иә, Тәңір күші жайлады
емес пе?! Сол сәтте өзімді көкте еркін қалықтаған қырағы көз қыранға
баламап па едім?! Иә, солай болған...
Елбасы өз Отанының туған ұлы ретінде халқының басына қонған бақты,
кіндік қаны тамған жерге деген перзенттік махаббатты бар болмысымен, бар
даусымен дүниеге жаңғырта, жар сала айтқан.
Сөз тұрғысынан алсақ та, ән тұрғысынан алсақ та, бұл туындының та-
биғатын ерекше танытып тұрған - шадыман шаттық әуені. Оның аясына бір
ғана адам емес, бүкіл бір ұлттың бар бақыты сыйып тұрғандай. Ұлтжанды-
лық - ұлылықтың белгісі десек, Нұрағаң өз өлеңіне сол ұлы қасиеттің
сынықтай сүйемін арқау ете алыпты.
«Елім менің» - әсерлі де асқақ, салмақты да салтанатты, сәнді ән. Өлең
әуенінен қазақтың жадында жатталып, қанына сіңіп қалған, төлтума
болмысымызға тән дәстүрлі музыкамыздың бірнеше ағымдарының әуен-
сазын кездестіруге болады. Қоңыр қобыздың сүйемелдеуімен басталып,
одан әрі басқа ұлттың музыкалық аспаптар демеп әкететін «Елім менің» әні
дала төсін дүбірлете оятып, ұрпаққа ұзақ тіл қатып, халқының үні болып,
әні болып жылдар бойы шырқала беретініне күмән жоқ.
«Портретті очерк композициясы ең алдымен кейіпкерлердің идеялық
және психологиялық мінездеме талаптарымен анықталады. Адамды көр-
сету мақсатында автор ол жайындағы пікірін, өзгелердің де көзқарасын
көрсетеді, оған дәлелдемелер келтіреді. Әрбір диалог, сырт келбетінің
әрбір бөлшегі бейнеленген адамды жақсы жақтарынан көрсету үшін, не
болмаса алдында байқалған мінездер жайындағы түсінікті тереңдету үшін
қолданылады» [4,127].
А. Сейдімбектің келесі бір очеркі - «Илья Жақанов туралы сөз» («Қазақ
әдебиеті», 14.05.1996). Очерк авторының Ильяның көп қырлы өнерпаз
болмысымен қатар, бүгінгі күні ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере,
150