The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:11:52

1Alashtin Akseleui

1Alashtin Akseleui

хандығының аясындағы алашабыр ру-тайпалардың этногенеологиялық
жадын жаңғыртып, түбі бір туысқандық сезімдерін оятатындай символ -
этноним керек еді. Осы орайда Қазақ хандығын құраған ру-тайпалардың
біртұтас туысқандық сезімдеріне тұғыр болған символ-этноним ретінде
«Алаш» атауының таңдалғанына ден қоюға болады. «Алаш!» деген ұранды
естігенде күллі қазақ дүрк көтерілетін болған», - деп жазады Ш. Уәлиханов.

Содан кейінгі ұлтты ұйыстыратын ұлы идеяның бірі - иісі қазақты бір
атадан тарататын шежірелерді жүйелеу болған сияқты. «Қазақ хандығы
жасақталған соң, судай сапырылысқан ел-жұрттың ру-тайпалық құрылымы
жаңаша жіктеліп, жаңаша жүйеленгенін ел ішіндегі даңғайыр шежірешілер
де тап басып, біліп отырды. Ру-тайпалардың жаңадан жүйеленуі ел болып
ұйысу жолындағы ұлы қадам, ең мәнді және ең нәтижелі реформа еді», -
дейді А. Сейдімбек. Оған дәлел ретінде автор өзі салыстырған қолындағы
831 шежіренің 819-ында аталар саны 19-22 арасында шектеліп отыратынын
алға тартады: «Әр атаның арасын 20-25 жылдан есептегенде, 19-22 буынды
қамтитын шежірелер Қазақ хандығы құрылғаннан бергі кезеңдегі ұрпақтар
сабақтастығын айғақтайды». Ал бүгінгі қазақ халқының құрамына кірген
ондаған тайпалардың тарих сахнасына біздің жыл санауымызға дейінгі ға-
сырларда-ақ шыққаны аян.

Сондай-ақ, Қазақ хандығы тұсында қырық ру халықты бір орталықтан
басқаруды жеңілдету үшін «жүз» институты енгізілгенін, оны үшке бөлудің
астарында тағы да мемлекеттің бірлігін сақтау, демократиялық шешімдерге
ыңғайлау тәсілі жатқанын ғалым қисынды таратады.

«Сөз жоқ, елді жарастырып, ұлтты ұйыстыруға бағытталған қағидалар
бір ғана ханның тұсында, бір ғана жарлықпен жасақтала қоймағаны аян.
Бұл ретте қазақ хандары бұрынғы қағанаттық, ұлыстық, ордалық басқару
жүйесінің тарихи сыннан өткен тәжірибесіне табан тіреген. Алайда хандық
аясындағы жүздік бөлікке негізделген әкімшілік басқару жүйесінің тарихи
қажеттілігі Қазақ хандығының қалыптасу үдерісі нығайғанда ғана жүзеге
асты деп қорытынды жасауға негіз мол.

Рас, қазақ қоғамының жүздік бөлікке бөлінуі туралы әр тарап пікірлер
бар. Аңыз-әфсананың айтуында, иісі қазақ бір ата - Алаштан туған үш адам-
нан өрбіпті-міс (Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс). Бұны ұлтты ұйыстыратын
ұлы бірлік идеясы тудырған шежірелік идеология тұрғысында қабылдаған
абзал». Осы орайда ойшыл қаламгер Әбіш Кекілбайұлының ұтымды пікірі
келтірілген: «Бірнеше тайпалар бір халыққа бірігерде саяси құрылымды
жұп санға бөлмей, тақ санға бөлуге тырысқан. Әсіресе үш санын ұнатқан.
Өйткені жұп сан қарама-қарсы екі жаққа бөлініп кетуге, ыдырау мен
тартысқа ыңғай тұрса, тақ сан - қарсыласушы күштерге арасалмақ жасай
алатын үшінші күш... Бұл ретте қазақтың үш жүздік құрылымы алауыздық
емес, ағайынгершілікті, жікшілдік емес, ынтымақты көздеген концепция
еді».

Бұдан әрі автор пікіріне жүгінелік: «Мұндай ой-тұжырымның ең жарқын
айғақтарын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің әрі қоғамды реттегіш,

370

әрі адам сапасын шыңдағыш киелі-құқықтық сипаттарын, эпос түрінде
көрініс тапқан асқақ рухтан, ақын-жыраулар поэзиясындағы қағанаттың
өрлік пен эпикалық қарым-қуаттан, ән-күй өнеріндегі өмірпаз сұңғыла
сарындардан айқын аңғаруға болады. Осынау ұлы қасиеттер қазақ халқы
бодандық тұзағына түскен он сегізінші ғасырдан бері ұдайы шектеу көріп,
ұдайы тыйым-тежеуге ұшырап келді. Былайша айтқанда, қазақ халқының
ұлттық төлтумалығына бодандық кезеңде толассыз репрессия жасалумен
болды. Сөз жоқ, қазақ ұлтын мұндай зұлматтан аман алып шыққан ең басты
құдірет те сол әдет-ғұрыптары, сол салт-дәстүрлері, сол жол-жоралғылары,
сол жөн-жобалары еді. Демек, қазақ ұлтының жаны да осы қасиеттерге
ұялаған деуге болады... Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында
сыртқы күштің зорлығымен жүзеге асқан әкімшілік және сот реформалары
қазақтың дәстүрлі этноәлеуметтік институттарына елеулі өзгерістер енгізді.
Бұның өзі қоғамдық өмірді реттеуге бағытталған дәстүрлі құндылықтардың
солғын тартуына себепші болып, этностың өздік санасының (самосознания)
табиғи дамуына салқынын тигізді. Сөйтіп қазақ халқының дәстүрлі эт-
никалық болмысы сыртқы өктем күштің ықпалымен жүзеге асқан саяси-
әлеуметтік өзгерістерге бейімделуге мәжбүр болды. Бұл тұрғыдан келгенде,
қазақтың дәстүрлі қоғамы туралы белгілі бір ой қорыту үшін он сегізінші,
он тоғызыншы, жиырмасыншы ғасырлар дерегіне үлкен талғампаздықпен
қараған абзал».

«Көшпелі өмір-салт деген - тек қана ұжымдасу, мүдде-мұрат біріктіру
арқылы мүмкін болатын әлеуметтік құбылыс. Ал көшпелі өмір-салт жағ-
дайында ұжымдасу, мүдде-мұрат біріктіру арқылы қалыптасатын өмір-
салт өзінен-өзі ру-тайпалық жүйені дүниеге келтіреді. Себебі, ұжымдасу
(қауымдасу) үшін алдымен ет жақын туыстар, одан әрі көрші-қолаңдар бір
мақсат жолында бас біріктірулері керек. Яғни, қауымдасудан бастау алатын
ру-тайпалық жүйе - көшпелілер үшін бақытты өмір сүрудің алғышарты».

«Дәстүрлі қазақ қоғамында «ноқта ағалардың» жолы айрықша мәртебелі
болғанын атап өткен жөн. Осы орайда үш жүздің «ноқта ағалары» -
жалайырдың да, тарақтының да, табынның да таңбаларының бірдей тарақ
таңба болып келуі және бұл таңбаның төре таңбасымен тектестігі назар
аудартады. Шежірелік және фольклорлық-этнографиялық деректерде «ноқ-
та ағалары» ру-тайпалардың ел басқару ісіне жиі араласатыны, бітім-мәміле
кезінде ноқта ағалық жөн-жобаның ілтипатпен ескерілетіні, әсіресе жол-
жора жасалғанда «ноқта ағаларға» айрықша құрмет көрсетілетіні айқын
байқалады. Мәшһүр Жүсіп төре жоқта «ноқта ағалары» төрелік ететінін
айтады».

«Қазақтың туысқандық жүйесіне төлтума сипат дарытатын тегеурінді
тетік ретінде, ең алдымен, жеті атаға дейін, яғни жеті буын ұрпақ алмасқан-
ға дейін қыз алыспайтын дәстүрді бөле-жарып айтуға болады. Жеті атаға
дейін қыз алыспау дәстүрін ұстанатын қазақтан басқа этностың жер бетінде
бар екенін біз біле алмадық. Бұндай дәстүрдің орнығуына себепші болған
тарихи екі алғышартты алдымен атап өткен жөн. Біріншісі - адамдарды

371

тектендіруге, яғни тұқымын жақсартуға байланысты; екіншісі - көшпелі
өмір-салттағы қазақ қоғамын әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани тұрғыда
біртұтас жаралым етуді көздеуден туындаған ұстаным. Сөз жоқ, жеті атаға
дейін қыз алыспау дәстүрі - қазақ қоғамындағы туысқандық байланыстар
аясының мейлінше кеңеюіне бірден-бір себепші болған фактор».

«Ұлттың ұлы бірлік идеясынан туындаған шежірелік дерек бойынша,
Орта жүздегі иісі найман атаулы Ұлы жүздің Әлпеш деген қызынан өрбиді.
Дәл сол сияқты, Орта жүздегі қалың арғынның түп аналары Кіші жүздің үш
қызы екені айтылады. Осы сияқты шежірелік дерекке қанық әрбін найман
адамы Ұлы жүзді, әрбір арғын адамы бүкіл Кіші жүзді нағашы жұртым
деп білген... Түптеп келгенде, қазақ халқын не тілінде, не ділінде, не
дінінде, не өмір-салтында айырым-өзгешелік жоқ, біртұтас этножаралымға
айналдырған ғажайып тетік болған фактор ретінде осынау жеті атаға дейін
қыз алыспау дәстүрін атауға болады».

«Ел қамын, ұрпақ болашағын ойлаған даналар бұл мәселеге айрықша
мән беріп, жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінен қылдай ауытқымауды
қырағылықпен қадағалап отырған. Еңлік пен Кебектің, Қалқаман мен Ма-
мырдың аралары төрт-бес ата болғанына қарамастан, олардың бір-біріне де-
ген сүйіспеншілігі елдіктің шырқын бұзатын ауыр қылмысқа бағаланып,
қатал жазаға ұшырайтыны да содан».

«2004 жылы шығарылған зерттеу қорытындысы бойынша, қазақ-
тың 56 пайыздық гені - азиялықтарға, 44 пайызы - еуропалықтарға,
17 пайызы - тува, саха, бурят халықтарына тән Д галотобына, 13 пайы-
зы - Франция, Англия, Германия тұрғындарына тән батысеуропалық
Н галотобына сәйкес келген. Яғни, бұл қазақтардың Таяу Шығыс, Оңтүстік
Еуропа, Солтүстік және Батыс Сібір, Скандинавия, Шығыс елдерімен, тіптен
Америка үндістерімен де қайсыбір заманда байланыста болғанын көрсетеді.
Демек, Еуразия мен Африка құрлықтарындағы халықтар үшін... «Тәңірдің
дырау қамшысы» атанған Ұлы Дала көшпелілері, сол көшпелілердің кіндік
мекеніндегі қазақтардың ата-бабалары төңірегіндегі алыс-жақын елдерге
тегеурінді ықпал еткен деген қисынға келеді».

Ақселеу Сейдімбек Адам ата ғаләйссаламның тұңғышы Абылдан бас-
талатын мал шаруашылығына негізделген көшпелілер дүниетанымы, яғни
философиясы, наным-сенімі тым ерте, есте жоқ ескі заманда қалыптасқан
деп біледі.

«Күн, ай, жұлдыздар сияқты аспан денелерінің қозғалысын, ол қозға-
лыстармен тікелей байланысы бар жердегі өзгерістерді мұқият пайым-
дап, мол тәжірибе жинақтаған көшпелілер ең алғашқылардың бірі болып
уақыт пен кеңістік туралы таным-түсінік қалыптастыра алды. Басқасын
былай қойғанда, 12 жылдың жануарлар циклынан тұратын күнтізбені ал-
ғаш рет көшпелілердің ойлап тапқаны - бүгінде әлемдік ғылыми танымда
мойындалған ақиқат. Осы орайда айта кетуге болады, аспан денелерінің
белгілі бір тәртіппен және қайталанып отыратын ырғақпен ұдайы қозғалыста
болуы, бұл қозғалыстардың жер бетіндегі мың сан құбылыстармен тікелей

372

байланысып жатуы, мұның бәрінің қапысыз үйлесім табуы байырғы адам-
дарға ғажайып бір құдірет иесінің саналы әрекетіндей әсер берген. Ол
құдірет иесінің тұрағы аспан деп білген. «Тәңір» сөзі «аспан» деген мағына
береді. Осылайша ең алғаш рет көшпелілер ортасында бір Құдайға сенетін
трансцендентті таным-түсінік қалыптасқан. Мұндай ұлы идея тағы да сол
көшпелілер арқылы төңірегіндегі елдерге тарап, нәтижесінде бір мезгілде
деуге болатындай уақыт аясында әлемдік діндердің пайда болуына ықпал
еткен». Бұл уәжін автор Альфред Вебердің төмендегідей ойларымен тұжы-
рымдайды: «Біріншіден, әлемдік діндердің Ұлы Дала көшпелілері ареалына
жапсар өңірлерде дүниеге келуі назар аудартса, екіншіден, Бір Құдай, Құдай
тұрағының көкте болуы, о дүние, пейіш пен дозақ, жан, мәңгілік ғұмыр,
ақырзаман сияқты идеялардың әлемдік дін атаулыға ортақ болуын басқаша
уәжбен түсіндірудің қисыны жоқ».

Альфред Вебер мен Ақселеу Сейдімбектің осы уәжін тарихи шындық
жоққа шығармайды. Ағылшын дінтанушысы Мэри Бойс өзінің « Зорастризм »
атты іргелі еңбегінде бүгінгі әлемдік діндерге тән - адам мен әлемді жаратқан
жалғыз Жаратушы туралы, ақырзаман, періште мен сайтан, дозақ пен
жұмақ, жалғаншы бұ дүние мен мәңгілік о дүние жайлы аяттарды біздің
жыл санауымызға дейінгі он бесінші ғасырда алғаш уағыздаған Заратуштра
(Зората) Каспий теңізінің солтүстік-шығысында жатқан Ұлы Далада түйе
баққан көшпелілер арасынан шыққан пайғамбар екенін дәлелдейді. Және
бұл бағзы дін әйгілі «Авеста» арқылы алдымен Таяу Шығыста, содан кейін
Үндістанға тарап, иудаизм, буддизм, христиандық тәрізді діндердің пайда
болуына зор ықпал еткенін жазады.

Ақселеу Сейдімбек бұл зерттеуін «Қазақтың ауызша тарихы» деп атауы
негізінен халық арасында өз тарихы жайлы ауызша айтылатын аңыз,
шежіре, мифтердің жинақталған мол дерегіне сүйеніп және осынау ауызша
тарихқа жан-жақты талдау бергендіктен болса керек. Ресми тарихнама
бұндай деректерге мұрын шүйіре қараса, Ақаң халықтың өзі жайлы өзі
айтқан ауызша тарихын хатқа түсіріп, жүйелеп, саралап, өзіне қайтарған.
Бұл кітапта жинақталған халықтың мол шежірелік аңыз мұралары сан
ғасырлар сорабында халық жадында сақталып, оның рухани айналымында
тұрақты болғанын ескерсек, бұндай мұраны айналып өтіп, қазақтануға
қадам баса алмайтынымыз шындық.

Сондай аңыздардың бір шоғыры қазақтың шығу тегі туралы. Соның бірі -
Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ шежіресі» кітабынан келтірілген дерек.

Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы. Ішінде Құнанбай қажы бар
жүзден астам кісі Меккеде қажылық парызын өтеп жүреді. Олардан: «Сіздер
кім боласыздар?» - деп сұрайды. «Біз - қазақпыз!» - дейді. «Сіздердің
тектеріңіз туралы шежірелік дерек бар ма?» - делінеді, Сонда қажылар
өз арасынан Кіші жүз табын Досжан хазіретті Бағдат кітапханасына ат-
тандырыпты. Досжан хазірет Бағдаттан қазақтың қайдан шыққаны туралы
шежірелік құжат алып келеді. Ол дерек бойынша, қазақ Әнес сахабадан
тарайды екен: «Әнестен - Жабал, Құрақ. Одан - Мағаз, Мұрат. Одан -

373

Бұхарбай, Сейіл. Одан - Ақшолпан, Құрай, Одан - Аламан, Алаш. Алаш-
тан - Сейілхан, Жайылхан. Сейілханнан - сегіз арыс түрікпен. Жайылхан-
нан - Майқы. Майқыдан - Өзбек, Сыбан. Сыбаннан - Айырқалпақ,
одан - Қазақ пен Созақ. Созақтан - Қарақалпақ. Қазақтан - Ақарыс,
Жанарыс, Бекарыс.

Көзімен көріп, қолымен ұстаған ешкім жоқ. Айтушылар... Әнестің өзін
де бір нұсқада «Алаш» деп айтады».

«Ерте заманда Қызыларыстан деген хан болыпты. Бір жорықта Қызы-
ларыстанға асқан сұлу бір қыз тұтқынға түседі. Қызды хан әйел етіп алады.
Әйел жүкті болып, бір ұл табады. Әлгі ұлдың тұла бойы түгел ала болады.
Бұны жамандыққа жорыған бәйбіше: «Баланы Сырдарияның суына тастаң-
дар», - дейді. Баланы балық аулап жүрген бір кедей құтқарып, бала етіп
алады. Бала ержетеді. Ақылды, ержүрек болады. Жұрт оны «Алаш» деп
атайды. Хан баланың атағын естіп, оны ордасына алдырмақ болады. Сонда
Майқыби: «Жоқ, оған жүз жігіт қосып беріп, өз еркіне жіберу керек», - дейді.
Алдымен Үйсін деген бір жігіт бастап барып, жүз жігітімен қосылады. Содан
кейін Болат деген жігіт бастаған жүз жігіт барып қосылады. Аяғы Алшын
деген жігіт бастаған жүз жігіт те барып Алашқа қосылады. Олар жорықтар
жасап, төңірегіндегі елдерді бағындырады. Кейін олар жиын ашып, Алашты
ақ киізге отырғызып хан көтеріпті».

Бұдан әрі әр жүздің, тайпаның ататектері туралы шежірелік деректер,
аңыздар «Қазақтың қария сөздері» бөлімінде молынан келтірілген.

Байқап отырғаныңыздай, біз ғалымның қазақтануға қосқан қомақты
үлесін неғұрлым дәйекті насихаттау тұрғысында кітаптан үзінділерді үзбей
келтіріп отырмыз. Өйткені әңгіме болып отырған тақырыпты Ақаңнан
артық айту қиын. Мақсатымыз - қазақтануға қосылған осы қомақты еңбекке
қалайда көпшілік назарын аудару. Оған себеп, өзге еуропалықтар тұрмақ,
соңғы 70 жылда қазақты түсінуден қазақтың өзі қалып, көшпелілер қауымы
дегенге тұмсық шүйіре қараушылар көбейді. Басқаны қойғанда, ондайлар
қазақтың өз ішінен шықты. Олар тілден, діннен, ділден, яғни қазақтықтан
безінді. Отаршыл озбыр саясат қазаққа тән құндылықтарды тәрк ету арқылы
оның өз ұрпағын өзінен жерітті. Бүгінде қағынан жеріген құландай ондай
дүбәралар қатары көбейіп, қазақ болашағы үшін қатерлі күшке айналып
отыр. Осындай тағдырхал тұста қазаққа өз болмысын, тарихын түсіндірудің
өзектілігі орасан. Осы тұрғыдан «Қазақтың ауызша тарихы» - оқырманын
тек тегін түсіндіретін тектілікке тәрбиелеп қана қоймай, киіз туырлықты
көшпелінің кешегі күніне, өмір-салтына, сол алмағайып замандарда
болашақ үшін жүргізген қайсар күресіне деген құрметке, ілтипатқа бөлейтін
сирек құрал. Тәрбие құралы. Әр үйде тұруға тиіс кітап.

Көшпелілердің бір ұлы қасіреті - ат жалы, атан қомында жүріп өз тарихын
өзі жазып, соңында қабырғалы қала, қордалы кітапханалар қалдыра ал-
мауы. Нәтижесінде олардың дүмпулі қаһармандық жеңістері, қасіретті
жеңілістері көбінесе жау қолымен жазылды. Ал олар болса, көшпелілерді
сыбаудан кенде қалмапты. Әлем тарихшылары сол жылнамаларға жүгінді.

374

Содан көшпелілерге кезінде жаулары теліген «варвары», «погание», «жа-
байылар» тәрізді балағаттар тарихнамада оларға телінген теңеулерге
айналған, Көшпелілерге деген осындай тарихи әділетсіздікті түзетуге,
оны тарихи санадан жоюға кім ат салысты десек, тым сирек есімдер еске
түседі. А. Вебер, Л. Гумилев тәрізді. Демек, көшпелілер тарихы - әлемдік
тарихнамада қайта зерттеуді, қайта зерделеуді қажет ететін тақырып. Ол
өзінің объективті тарихшыларын әлі күтіп тұр. Көшпелілер тарихын ойдан-
қырдан құрастырып сыртқы тарихшылар жазса жазар, бірақ көшпелілер
тұрмысын, болмысын, салт-санасын, дүниетанымын жазса тек сол ортаның
бел баласы - ғалым дар ғана жаза алар еді. Тағдыр Шоқанға сондай мүмкіндік
берді. Ғалым уыз жас қысқа ғұмырында қазақтану майданында қыруар із
қалдырды.

Шоқаннан кейін араға аттай ғасыр салып көшпелі өркениеттің өзі де та-
рих сахнасынан көшті. Жиырмасыншы ғасыр ортасына жетпей-ақ көш-
пелілердің Ұлы Дала төсін дүбірлеткен, талай тарихи дүмпулерге төтеп
берген даңқты эпикалық болмысы келмеске кетті. Көшпелілер ат жалы,
атан қомынан түсіп, автокөліктерге отырды. Олардың тұрмысы, болмысы
түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Алайда эпикалық көшпелілер дәуірінің
жаңғырығы елуінші жылдарға дейін жетті. Елуінші жылдары көшпелілердің
соңғы көшін көрген, балалық шағын сондай ауылда өткізген ұрпақ өкілдері,
Құдайға шүкір, бүгін арамызда жүр. Олардың арасынан қазақтың дәстүрлі
тұрмысын жыр еткен даңғайыр жазушы, тарихшылар шықты. Олар «соңғы
могикандар» деуге лайық. Олар - бүгінде жастары 60-тан асқан, бастарын
қырау шалған аға ұрпақ. Осы «соңғы могикандар» ойында, бойында әзірше
көшпелілер дүниетанымының жаңғырығы сақталып келеді. Өлмей, өшпей
келеді. Бұл ұрпақ - келмеске кеткен көшпелілер әлемінің, сөзсіз, соңғы
жаңғырығы, соңғы көлеңкесі, соңғы өкілдері, соңғы куәгерлері. Олар ті-
рі тұрғанда көшпелілер мәдениеті, көшпелілер рухы әлі де тірі, біржола
өлді деуге келмейді. Олармен бірге, алайда, келмеске бет алып, Ұлы Дала
төсінде мыңдаған жылдар дүниені дүбірлеткен көшпелілер рухы, кеудесін
көлденеңге бастырмаған бабалар рухы өтіп бара жатқанын ұғу парыз.
Пайымдау, мойындау парыз.

Дала сәйгүлігін - қала «сәйгүлігіне», уықты үйін - жайлы пәтерге айыр-
бастағанымен, бала жаста жадта қалған көкжиегі кең өріс көш-керуен өмір-
дің ғажайып жаңғырығы жанын қашанда мазалаулы. Сахараның сол «соң-
ғы могикандарының» бірі - Ақселеу Сейдімбек. Ол өз балалық шағы туралы
өзі былай толғайды: «Жиырмасыншы ғасырдың 50-60-жылдарындағы
ахуал. Арқа мен Бетпақдала жапсарындағы көшпелі ел. Кәсібі - мал ша-
руашылығы.

Ол кезде ел жазылып жайлауға шығады. Әдетте он шақты үй бір ауыл
болып, оты-суы мол жерге киіз үйлерін шүпірлете тігіп, мәре-сәре күй ке-
шеді».

«Жазғы жайлаудың дәурені өтіп, шөп буыны қата бастаса да, сары ала
күз бен қоңыр күзге малды семірту үшін ел-жұрт күзеуден табан аудармай

375

отырады. Содан қара күздің қарлы жаңбыры біліне бастағанда шұбап Шу
бойына қарай көшеді.

Үйреншікті әдетпен ауыл-ел Шу бойын бетке алып үдере көшіп келе
жатқан. Арқаның шүйгін алабынан көшіп шыққан соң араға он сегіз
қонып, он тоғызыншы қонаға Шу бойына тұяқ іліктіреді. Бетпақтың шөлін
басып өтетін ұзақ көште ат жалын тартуға жарайтынның бәрі жұдырықтай
жұмылып, айрықша ширақ қимылдайтын әдеті».

«Арқаның оты-суы мол ұядай алқабына бауыр басқан киіз үйлі ауыл
жаздың ең бір мамыражай шуағына бөленген. Тіршілік атаулы табиғатпен
мінсіз үйлесім тауып, рахатқа бөгіп, өзгеше бір сабырлы қалыпқа түскен.
Бұл дүниеде қайғы-қасірет, қулық-сұмдық, зорлық-зомбылық деген мүлде
болып көрмегендей. Ондай жамандықтың ешқашан болуы да мүмкін еместей
маужырап, уылжып тұрған ұлы әлем.

Ауыл әйелдері әлсін-әлсін топтасып барып бие сауады. Мұның өзі олар
үшін жан қиналатын жұмыс емес, бейне бір бой жазып қайтатын сейіл-
серуен сияқты».

Бұл үзінділер автордың өзінің балалық шағы жайлы жазған этно-
графиялық эпизодтарынан алынды. Ол эпизодтардың қай-қайсысы да қа-
зақтың салт-дәстүрі, ұлттық психологиясы туралы автордың көзбен көріп,
басынан кешкен бағалы танымдық көріністер, оқиғалар.

Егер балдәурен балалық шағы киіз туырлықты көшпелі ауыл бесігінде
тербелмесе, қаламы жүйрік сөз шебері Ақселеу Сейдімбек, кім біледі,
әдебиет майданын шиырлап жүріп алып, тың өріс, қашаннан қағажу көріп
келе жатқан қазақтануға қадам басар ма еді, баспас па еді? Қадам басқанның
өзінде де, егер ол өзінің ұшқан ұясында ұлттық құндылықтардың уызына
жарымай өскен болса, онда оның болмысынан дәл бүгінгідей қазақтың
дәстүрлі мәдениетін қызғыштай қорғаушы шығар ма еді, шықпас па еді, кім
білсін?'

Ақселеу Сейдімбекті елтануға алып келген феномен - қалайда, Арқада
туып, қаймағы бұзылмаған атажұрт салтын арда емуі. Оны ата салтымыздың
адвокатына айналдырған да сол перзенттік парыз, терең тамыр. Оның туа
бітті қаламгерлік қасиеті жүре келе дамытқан этнограф- ғалымдық қа-
рымына тек ұшқыр қанат, ыстық қан, ұлттық рух берген. Айтулы сөз шебері
елтанудың тілін көркейтіп, байытып, кеңейтіп әкеткен. Талай терминдер
қазақша жұп-жұмыр баламасын тауып, талмауға келмей-ақ жұтылып
жатады. Ақселеу Сейдімбектің тілі жалпы қазақ гуманитарлық ғылымының
тіліне айналса ғой дейсің. Қазақ тілі - ғылым тілі емес деп жүргендер кімдер
десек, ол сабаздар қазақ тілінің көл-көсір мүмкіншілігін Ақаңдай игере
алмай жүргендер екен. Тілді толық меңгере алмай жүріп ондайлар өзін
кінәлаудың орнына, белден басып байбаламға салып, барлық жаланы иісі
қазақ тіліне жауып жатады.

«Қазақтың ауызша тарихи » - алдымен қазақты қазаққа түсіндіріп беретін
құнды еңбек. Сондай-ақ, қоян-қолтық өмір сүріп жатқан мемлекетіміздің

376

негізгі халқын түсінгісі келетін кез келген өзге ұлт өкілдері үшін де тап-
тырмас құрал.

Қазақты терең білу - өзге этнос өкілдері үшін өмірлік өзекті мәселе.
Өйткені Қазақстан жағдайында қазақтану - өзара түсіністік, сыйластық,
құрмет кепіліне айналмақ. Қазақтану сондықтан Қазақстан оқу орындарына
пән ретінде енгізіліп жатса, бұл ұлтаралық татулықтың рухани көпірін
тұрғызғанмен бірдей болары аян.

Көлемі 60 баспатабақтық осынау шежірелік-әфсаналық ауқымды еңбек
өз оқырманын осындай ойларға жетелейді.

Шәкір Ыбырай

КӨШПЕЛІ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАҢАША ПАЙЫМДАМАСЫ

Өмір жүрген жерде өкініш қала ма? Қалың қазақ Ақаң атап кеткен
асыл азамат,Алаштың аса аяулы перзенті Ақселеу Сейдімбек Қадір түнінің
таңында арамыздан аттанғанын естіп аһ ұрғанымызда көкіректі кернеген
көп күрсіннің арасында «Ойпырмай, қолға келіп тұрған сол бір мақаланы
газетке шығарып үлгермегеніміз-ай» деген опыныс та болғаны рас, ардақты
ағайын. Қайтейік енді, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбы-
рай осыдан екі айдай бұрын біздің тапсырыс бойынша Ақаңның «Қазақ-
тың ауызша тарихы» атты еңбегіне пікір берген еді. Күнделікті газеттің
бітпейтін де қоймайтын қат-қабат қапылысында жүріп, сол мақаланы
әне шығарамыз, міне шығарамызбен уақыт өткізіп алған жайымыз бар.
Өкініш дегенде біз кезінде өзі талай жыл бойы әдебиет және өнер бөлімін
басқарған газет бетінде іргелі еңбегіне берілген бағаның Ақаңның көзі
тірісінде жарияланбағанын ғана айтамыз. Көңілге бір жұбаныш - сәл кешігіп
басылғалы тұрған бұл мақаланың енді-енді қолға алынатын ақселеутанудың
алғашқы жарияланымы ретінде қадірі арта түсетіндігі.

Редакциядан

Еңселі елдің ең алдымен көзге түсер қасиеті өз тарихының ұлттық-
мемлекеттік, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тұжырымдамасын көш
түзегендей буып-түйіп, бас-аяғын жинақтап отыратындығында. Мұндай
тұжырымдама біртұтас этнос үшін уақыт көшінен қалмау, дұрысы сол
көштің қозғаушы күшіне айналуына керекті рухани азығын қамдап алу
үшін қажет. Кеше кім едің, бүгін қандай күйдесің, ертең қалай болады?
Бұл сауалдардың кез келген халықты ұдайы толғандыратындығы ғана емес,
бір-бірінен ажыратылмай, бірлікте пайымдалатыны да қапысыз шындық.
Жұртшылықтың жады мен санасының жинақталып, бір арнаға құяр
тұсы ұлттың біртұтас бірлік идеясы болса, ол идеяның рухани азығы осы
сауалдарға берілетін жауаптардың түйінінде жатыр.

378

Әлбетте, алдағының не болатынын дөп басып, дәл айтатын ешкім жоқ.
Ондай сәуегейлік орын алған жағдайдың өзінде тарихи шындық пен болжам
іс жүзінде бір-бірімен қабыспауы әбден мүмкін. Сөйте тұра өткен тарихтың
себебі мен салдары саналатын бүгінгі күинің жай-күйіне қарап кез келген
халық келешекке көз тастайтыны анық. Болашақтың бейнесін жұртшы-
лық біз қаласақ та, қаламасақ та қоғамның бүгін ұстанып отырған тарихи
тұғырнамасынан, саяси-әлеуметтік қарым-қатынасынан, қоғамдық болмыс-
бітімінен өрбітіп алатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Тарих сабағына жүгінер
болсақ, этнозерденің бүгінгі ахуалы ертеңгі күнге деген алаңдаушылық
тудырмауы тиіс. Бұл - ұлттың ұйысуына тікелей әсер ететін, оның іргесін
бекемдеуіне немесе шарасыздықтан (бәлкім, мәңгүрттіктен) ыдырауына
әкеліп соғатын саяси-идеологиялық үдерістер.

Әрине, кез келген тарихи тұжырымдама объективті тарихи шындыққа
негізделуі қажет. Онсыз қоғамда бұрмалаушылық, өзімшіл өктемдік, сөй-
тіп, этнозердеге үстемдік орнай бастайды. Өктем ұлтта мұндай тұжырымда-
ма көбінесе өзімшілдікпен жасалатын болса, бодан елдерде шектеу мен
тыйым-тежеуге ұшырайтыны жасырын емес. Бұған әлем тарихынан мы-
салдар жетіп артылады.

Демек, тарихи айғақтарға негізделетін тарихи тұғырнамалық пайым-
даулардың қоғам үшін аса мәнді екенін, анығы ғылыми ой-пікірдің қоғамның
жай-күйіне қатысты өрбитінін, осыған сәйкес ғылымның қоғам айнасы еке-
нін анық аңғарамыз. Тарихи тұғырнама этнос табиғатымен қосақтала тұ-
жырымдалады және ол қалай болған күнде де, саяси-әлеуметтік жай-күйді
айтпағанның өзінде, ең алдымен кісінің кісілік ұстанымына қатысты екені
даусыз.

Бүгінгі ой тәуелсіздігі орнаған ортада қалам ұстаған адам қай тақырыпты
қалай қаузаса да еркі бар. Әсіресе, жеке бір ауылдың, ауданның, сол дең-
гейдегі бір адамның, болмаса жекелеген ру-тайпаның мән-жайын тәптіштеп
баяндап, әдемі әшекейлеп, түрлі түсті суреттермен безендірген кітап көп.
Бір әулет, бір ру үшін қымбат дүние саналатын ондай қалың кітаптар
қатпар-қатпар тарихымызды түгендемесе де ұлтқа зияны жоқ, ана тіліміз-
дің насихаттаушысы болғанын көңілге медеу қыламыз. Тек әйтеуір ұлттық
мүддені аяқ асты етпесе болды да. Ал шындығына келгенде, онсыз да дүкен-
дерде селдіреп тұрған қазақша кітаптардың ішінен ұлт сүйсініп оқитын,
халқымыздың зердесіне ой салатын ғибраты күшті, тарихи шындығы кү-
мәнсіз жақсы кітап тауып оқу қиындап барады.

Бұл ахуалдың, бір жағынан, этнозерденің әлі де игеріліп болмаған
жай-күйі мен қазіргі тәуелсіз бітімі ғылыми пайымдаулардың шындап те-
зіне түспегенін аңғартса, екіншіден, жеке зерттеушінің ұлтқа қатысты
ұстанымының да мәні зор екеніне күмән қалдырмайды. Сөйтіп, көңілің
қалап, ақылың құптайтын жалпы ұлттық сұраныстың өтеуін іздейсің...

Соңғы жылдардағы қоғамдық-гуманитарлық ғылым салаларындағы
осындай сұраныстың өтеуіне тұрарлық еқбектердің бірі ғана емес, бірегейі
ретінде қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен этностық болмыс-бітімінің терең

379

зерттеушісі, белгілі ғалым, жазушы, этнограф, фольклортанушы Ақселеу
Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау»
(Астана, 2008. - 728 бет) атты іргелі зерттеуі атап өтуге лайықты деген
ойдамын.

Қазақ оқырманына жол тартқан бұл кітап - ұлттық құндылықтарымыз-
ды қызғыштай қоритын зерттеу ғана емес, сол құндылықтарды этно-
графиялық және этнологиялық ғылымның қазіргі жетістіктері тұрғысы-
нан тарихи шындыққа сәйкес шынайы түрде саралап беретін еңбек.
Оқырманын бей-жай қалдырмайтын, тұжырымдамалық мазмұны тереңге
тартқан, қазақтың дәстүрлі қоғамын тарихи-тұрғыдан зерттеуде ауыр жүк
арқалаған бұл еңбектің XXI ғасырдың басында «Әупірім, Тәңір» деп дү-
ниеге келгені бір жағынан сүйінші сұрарлық қуаныш сезімін, екіншіден,
уақыттан ұтылған істің көңілге аздаған өкініш ұялатқанын айту керек-ті.
Сүйінші сұрайтын жері - кітаптың айтар ойында даралық сипат, даналық
келбет, қазақтың дәстүрлі қоғамы мен мәдениетінің ғылыми бағасын бе-
рудегі кеткен есені қайтару бар. Өкінетініміз - осындай сипаттағы еңбек
ең болмағанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келсе, бәлкім,
сонан бері қоғамымыздың этнозерделік тұжырымдамаларының ұлттық
салмағы әлдеқайда арта түскен болар ма еді деген ой.

Кітапты оқып шыққанда алдымен аңғарғанымыз ғылыми тұжырым-
даманың мейлінше дәстүрлі қазақ қоғамының табиғатынан туындап, аса мол
деректерге арқа сүйеуі, Қазақ хандығының құрылуы барысындағы көшпелі
қоғамның құрылымдық жүйесі, рулар, тайпалар, жүздер түзілімінің саяси,
әкімшілік-территориялық, мемлекеттік, шаруашылық-кәсіптік негіздеме-
лерін жіпке тізіп, қолмен қойғандай жаңаша пайымдаулары болды. Тағы
да ойға оралғаны - кеңестік дәуірде қазақ халқының өткен тарихи көшпелі
қоғамының шынайы келбеті туралы мұндай еңбек, біріншіден, партиялық
цензурадан өтпеген болар еді, екіншіден, түрі ұлттық, мазмұны социалистік
деп келетін таптық ұстаным тұрғысынан айыпталып, ұлтшылдықтың
айғағы ретінде мансұқталған болар еді дейтін ұлт тағдырының уақыт тезіне
түскен кейпі болды.

Бұлайша өткенге қарайлаңқырап, болмаған істі болғандай етіп баян-
дауымызда себеп бар. Қазақтың ру, тайпа, жүз дейтін ұғымдарына кеңестік
ұстанымның аямай шеңгелді қолын салғаны соншалық, әлі күнге дейін бұл
ұғымдар ғылыми ой-пікірден үстін шығып, қарапайым оқырманды айт-
пағанда, кейбір зерттеушілердің өзі бұл мәселеге үрке қарайтыны жасырын
емес. Өз тарихымыздан жеріну деген осы болар. Осы тұста «Қазақтың
ауызша тарихына» қарап отырып, қазақ елінің тәуелсіздік туы астында төл
тарихымызға деген тұғырнаманың өзгергендігі ғана емес, тарихи әділдік
пен объективтіліктің ғылыми зерттеулерде әдістемелік жағынан да, әдіс-
намалық жағынан да іс жүзінде басшылыққа алынып, жүзеге асқанын тағы
бір рет атап өту артық болмас.

Мәселенің бетін ашып алайық, қазақтың көшпелі қоғамына қазіргі
ғылыми-мәдени тұрғыдан ден қойғандағы мақсат ру-тайпалық жүйені

380

дәріптеп, оны қайта тірілту емес. Ондай жүйені дүниеге әкелген және арқа
сүйеген қоғам келмеске кеткен. Мәселе қазақ этносының қалыптасуына
және дербес мемлекеттік құрылымының іргетасын берік ұстауына айрық-
ша қызмет еткен құбылыстың тарихи-саяси мәнін, төл тарихымыздың
қабырғалы кезеңіне әділетті баға бере отырып, Ақаңның сөзімен айтқанда
«көшпелілер қоғамына негіз болған ру-тайпалық жүйенің сол кездегі
киеленген (сакрализация) сипатын» ашып көрсетуде. Сол арқылы өз тари-
хына менсінбей, қомсына қарайтындардың көзқарасы мен пиғылына той-
тарыс беруде.

Кез келген қоғамның және дәуірдің этнозердесінде біріктіруші діңгек
идеясы (центральная идея терминін Ақаң осылай қазақшалаған) болады.
Онсыз мемлекеттік тұтастыққа негізделген этностың ғұмыры ұзаққа
бармаса керек. Ондай діңгек идея сол дәуірдің, сол қоғамның саяси-мәдени,
әлеуметтік-экономикалық өзгешеліктері мен құрылымынан келіп шығаты-
ны және сол ортаға қызмет ететіні күмәнсіз. Қазақ хандығы аясындағы ру-
тайпалық жүйенің де осындай қажеттіліктен, көшпелілердің этноәлеумет-
тік табиғатынан туындағанын біле тұра оның қазіргі тыныс-тіршілі-
гімізге, идеологиялық ұстанымымыз бен қалпымызға сай келмегеніне
қарап өткен тарихымыздағы мәнін де жоққа шығаруға себеп жоқ. Қазіргі
рушылдық пен жүзшілдік пиғылдар, жекелей алып қарағанда, бүлінген дү-
ниенің сынықтары мен ұшқындарын өз мүддесіне лайық малданудың кө-
ріністері ғана.

Ал енді қазақ ғылымында тарихқа да, мәдениетке де қатысты өзімшіл
өктем тұжырымдама бұрын-соңды болған емес, бұдан кейін де бола қоймас.
Себебі мұндайдың тарихи алғышарттары қазақ қоғамына мүлдем жат.
Шектеу мен тыйым салудың жайына келетін болсақ, оның зардабын қа-
зақтың ой-зердесі тартудай-ақ тартты. Ақаңның кітабында осындай идео-
логиядан әбден қаймығып қалған көшпелі қоғамның тарихи жай-күйі
мүлдем жаңаша тұжырымдалып, XV ғасырда Қазақ хандығының құрыл-
ған күнінен бастап жаңа мемлекеттің іргетасын бекемдеу үшін рулық, тай-
палық, жүздік құрылымдардың жаңадан түзілгендігіне бұлтартпас дәлел-
дер келтіріледі. Кейінгілерге осындай туыстық, генеологиялық жүйе қатып
қалған қаңқа сияқты көрінгенімен, Қазақ хандығы құрылған тұста ыдырап
жатқан ру-тайпалардың ең алдымен тарихи тамырластығын ескере отырып
топтастырылғандығы тарихи шындыққа сай. Бір ғажабы, мұндай құры-
лымның іс жүзінде басқа (кірме) тайпалар мен руларға да құшағы ашық
болғаны, оларға тұтас этнос ішінен ақылға қонымды орын табылатыны дау
тудырмайтын деректермен бекемделеді. Сөйтіп, қоғам тарапынан қабыл
алынған мұндай жөн-жосықтың, жол-жоралғының, ата-баба дәстүрінің
жолға қойылу себептеріне зерттеуші этнозерденің тұтастығын қамтамасыз
ететін идеологиялық тетік ретінде қарайды.

Әрине, әрбір ру, тайпа, жүз деңгейлеріндегі түзілімнің өткен-кеткен та-
рихында қаншалықты дәрежеде шарттылықтың барын, оның ауқымын
нақтылы өлшеп-пішу қиын. Бірақ қомақты екені даусыз. Оған кітапта

381

келтірілген түрлі ру-тайпалардың, жүздің құрамында кездесетін ортақ
ру-тайпа атаулары, тіптен басқа түркі халықтарының ішінде жүргендігі
дәлел бола алады. Бәрі де туыстық жүйе сияқты көрінетін бұл түзілімнің
ішіне түрлі себебі мен дәлелін тауып қосылатын, тіпті кейде қосылмайтын
ру-тайпалардың туыстық жүйесінде белгілі бір дәрежеде шарттылық орын
алған болса, ол шарттылықтың ортақ этнозердеге сай мемлекеттік ұстаным
ретінде бекемделіп отырғанын болжауға негіз бар. Онсыз этнозерденің
бірлігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Себебі, ең алдымен, сол ру-тайпаның
мүшелері, сосын былайғы көпшілік туыстыққа, ататекке қатысты қисынды-
қисынсыз дәйектемелерді (көбіне миф, аңыз, әңгіме түрінде) қабылдай
бермесе керек-ті. Шарттылық салт-дәстүрмен, жол-жоралғымен, жөн-жоба-
мен, этикалық нормалармен, тіпті кейде наным-сеніммен бекітіліп отырған.
Бала асырап алу, бала алмастыру, асықты жілік ұстату, құдандалы болу,
қыздан туған ұлға енші бөлу, кірме руға шежіреден орын беру, ата текті
ортақтастыру, т.т. сияқты үрдістердің бәрі мифтік, аңыздық, тарихи, діни
ұғымдармен дәйектелетін болған.

Сонан осыншама тамырластық пен туыстықтың түпкі мәні Ақаңның
пайымдауынша былай болып шығады: «Дәстүрлі қазақ қоғамында туыс-
қандық жүйе деген, әрбір жеке адамды тұтас этножаралыммен сабақ-
тастыратын, жай ғана сабақтастырып қоймай, әрбір жеке адамға этностың
бір мүше екенін терең сезінетін, сол арқылы жалпы этникалық туысқандық
жүйені әркімнің жақсы білуін өмірлік мұқтаждыққа айналдыратынын,
нәтижесінде «қарға тамырлы қазақ» деп аталатын біртұтас этнос аясындағы
барша тіршілік-әрекетті реттеп отыруға тегеурінді ықпал ететін және әлеу-
меттік қатынастардың барлық деңгейлері мен типтеріне бірдей қатысы бар
этноақпараттық кеңістік екені біршама сараланды» (181-бет).

Қазақ халқының біртұтас бөлінбейтін этнос екендігін құрамындағы ру-
лар мен тайпалар түзілімінің тарихын зерделеу арқылы көз жеткізген Ақ-
селеу Сейдімбек ұлттың болмыс-бітімін, өзіндік сипатын, мәдениеті мен
дүниетанымын жете түсіндірудің табиғи-тарихи кілтін тауып, ру-тайпа
төңірегіндегі небір алыпқашпа әңгімелердің түпкі мәніне нүкте қойды деген
ойдамыз. Бір кезде этникалық тұтастық тұрғысынан зерделенген ру-тайпа
бірлестігінің бүгінгі қалдығы арагідік қисынсызды қиыстыратындай әсер
қалдыратыны рас. Заманы басқа жүйенің XXI ғасыр табалдырығында аға-
йын арасындағы сыйластықты, аралас-құраластықты, үлкенді құрметтеуді,
туысқа қайырылымдықты, құда түсуді реттеуге септігін тигізері сөзсіз, бірақ
ұлтты бөлшектеуге әсте жол бермейтін, керісінше, «қарға тамырлы қазақ»
сұраса келе бір-біріне ағайын, туыс, бауыр, құда-жекжат болып шығатынын
әрбір қазақ түсінуі шарт. Себебі көшпелі қоғамның ұлттық-мемлекеттік
жаралым (организм) ретіндегі жүйесін бүгін жеке мүддеге сай үзіп-жұлқып
кәдеге жарату, сыпайылап айтқанда, қара бастың қамын күйттеу.

«Ал шындығына келгенде бұл жүйенің түпкі мәні де, қызметі де Ақаңның
пайымдауында мүлде басқаша тұжырымдалады:

382

- мемлекеттік-құқықтық тұрғыда далалық демократияға негізделген би-
лік жүйесі орныққан;

- әлеуметтік-құрылымдық тұрғыда әулет - ата - ру - тайпа - жүз деп
келетін әкімшілік-аумақтық сатылы тұтастыққа құрылған;

- материалдық-өндірістік тұрғыда ру-тайпа аясындағы «ауыл» немесе
«қауым» деп аталатын әрбір ұжымдық бірлестіктер өзін-өзі толық қам-
тамасыз еткен;

- этномәдени тұрғыда әлеуметтік қатынастардың барлық деңгейлері мен
типтерін тұтастандыратын ақпараттық кеңістігі қалыптасқан (96-бет).

Мұны көшпелі өмір-салттың аясында аса тиімді, қоғамға қалтқысыз қыз-
мет еткен тұтас жүйенің тарихи тұжырымдамасы деп түсінген жөн.

Бұл ретте көшпелі қоғамды қан тамырындай байланыстырып жатқан
бірыңғай ақпараттық кеңістік туралы да айта кеткен орынды. Түптеп кел-
генде, бұл - көшпелі қоғамның этникалық тұтастығын қамтамасыз ететін
ақпараттар жиынтығы деген сөз. Жұртшылықтың идеологиялық мәні зор
мәселенің төңірегінде ғана ұйысуы мүмкін екенін ескерер болсақ, онда
көшпелі елдің көңілінен шығатын әрі халықтың бүтіндігін қамтамасыз
ететін бірден-бір ақпараттық мәлімет өзіңнің кім екенің (жеті атаны білу),
қай елден тарайтының және исі қазаққа қай жерден қосылатының дейтін
мәліметтер ең маңызды сауалдарға айналады.

Осы жерде орайы келгенде айта кетейік, отырықшы шаруашылыққа
сәйкес территориялық тәртіппен жіктеуге көшпелі қоғамның табиғаты
мүлдем көнбейді. Арғы дәуірлердегі құлашы кең, өрісі ұзақ көштің жазда
Орал тауларына, Сібір өзендеріне дейін, қыста Шу, Сыр бойына дейін жа-
зылып қоныстанатынын ескерсек, ақпараттық кеңістікті реттеудің бірден-
бір тиімді жолы рулық-тайпалық түзілім болып шығады. Мұндайда жо-
лаушы қай жерден емес, қай елден екенін ғана айта алса керек.

Бірыңғай ақпараттық кеңістік ұғымы, біздіңше, барлық ауызша да,
жазбаша да деректерді тұтастай камтиды. Себебі қазақтың этникалық
болмыс-бітімі оның тарихына қатысты шежірелік мағлұматтармен ғана
шектелмейтіні анық. Ұлттың дүниетанымын, әдет-ғұрпын, көркемдік та-
ным-түсінігін, арман-қиялын, жүріс-тұрысын, наным-сенімін, моральдық-
этикалық нормаларын, шаруашылық кәсібін, т.б. айғақтайтын аңыз-әңгіме,
өлең-жыр, дастан, толғау, ғибратты сөз, миф, ертегі, қысқасы, былай дейтіні
жоқ, бәрі-бәрі этнос табиғатынан өрбиді. Осындай көл-көсір ауызша дәстүр
ғана көшпелі халықтың тұтастығын, оның жаратылыс-табиғатын, мінез-
құлқын, дүниетанымын бірыңғай өрісте ұстай алады. Сонда ғана Ақаңның
«жер бетінде этномәдени болмысы біртұтас жалғыз ұлт болса, ол - қазақ
ұлты» (4-бет) деген тұжырымын іс жүзінде қамтамасыз еткен пәрменді
күш, бір жағынан, осы айтылған кең мағынадағы бірыңғай ақпараттың жиі
алмасуы мен ортақтығына ұйытқы болған көшпелі өмір-салты. Ұлан-ғайыр
даланың тұтастығы ол заманда тек осылай ғана жүзеге асуы мүмкін.

«Қазақтың ауызша тарихы» қамтыған мағлұматтардың дені шежіреге
қатысты. Олай болатыны заңды да. Дәстүрлі ұғымда тарихтың тікелей

383

баламасы осы шежірелік деректер, Сол үшін де зерттеуде бірыңғай ақ-
параттық кеңістік ұғымы іс жүзінде шежірелік мәліметтермен шектелген.
Бұған қосып-аларымыз жоқ.

Дегенмен, осынша ақпараттық жүйенің жүгі ауызша айтуға және та-
ратуға жүктелгендіктен оның бітімі мен салмағының басқа қоғамдық
ортадан түбірлі айырмашылығы барын да айтқан жөн. Ауызша шешен
сөйлеу, сөздің байыбына бару, өз жадынан бір-екі ауыз болса да өлең шығару
сияқты қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің үйреншікті әдеті саналған. Ал
сөзге дес беру, бір ауыз сөзге тоқтау, сөзін жерге тастамау, сөзден ұтылып
қалмау, сөздің парқын пайымдап отыру сияқты ұғымдар кісінің кісілігін,
тектілігін айғақтайтын қоғамдық нормаға, моральдық-этикалық қарым-
қатынастардың көрсеткіші мен куәсіне айналды. Кез келген жолаушының
ататек сұрасқаннан кейінгі қадір-қасиеті оның сөзіне қарап пайымдалғанын
сол ауызша деректердің дені айшықтап тұрады. Сөйтіп, поляк саяхатшысы
А. Янушкевич айтқан «аққан селдей, ескен желдей ағыл-тегіл сөздің»
тербелген бесігі көшпелі қоғам қарым-қатынас құралы тілді өнер дәрежесіне
көтерді. Бұған өткен ғасырларда қазақ даласын кезген ондаған ғалымдар-
дың, саяхатшылардың, мәлімет жинаушылардың, тілмаштардың, тіптен
түрлі мақсатпен жүрген әскери адамдардың да деректері куә. Олардың бұл
көрініске назар аудармағандары сирек.

Қазақтың ауызша сөз өнері түр, жанрлық құрамы жағынан әлемдік
фольклордың алдыңғы сапында екендігі, оларды тек көркемсөз өнері ретінде
қарастыруды айтпағанның өзінде, тарих, этнография, тіл, философия,
құқық, дін, этика, эстетика, педагогика, психология сияқты пәндердің
ұлттық тарихи дереккөзі сол ауызша мұрадан бастау алатыны қазір күмән
тудырмайтын шындық.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, -

деп Абай атамыз айтқандай, бесік жырынан жоқтауға дейінгі адам өмірінің
рухани салмағы сөзбен өрілетіні - сөз қадірін бағалаған қоғамның жемісі.

Ақселеу Сейдімбек - фольклортанушы ғалым. Сол үшін де ол қазақтың
шежірешілдік дәстүрі мен сөз өнерінің табиғаты бір-бірімен тарихи тұрғы-
дан салғыластырылып қарастырылса ауызша тарихтың көркемдік (немесе
шарттылық) жағы мен тарихи деректік сипаты жан-жақты ашыла түсетінін
жақсы біледі. Әрине, бұл жағдайды кітаптың өн бойынан біртіндеп аңғаруға
болады. Дегенмен, қиял мен шындықтың, шарттылық пен тарихилықтың
арасын әдістік және әдіснамалық тұрғыдан ажыратып алуы қажет еді деп
санаймыз. Себебі қазақтың ауызша тарихының шындығы қайсы, ойдан
қосылған қоспасы қайсы, оның үстіне өз уақытында шындықтың өзі деп
қабылданған мифтік, киетектік (тотем), аңыздық қисындардың өткені мен
бүгінгісінің ара жігін анық ажыратып алу үшін де әдістік және әдіснамалық
ұстанымның бетін ашып алу керек еді. Бұл мәселенің біраздан бері қазақтың
өткен тарихына қатысты қай жағынан алып қарасақ та арнайы пікірталасқа

384

түсетін уақыты пісіп-жетілді. Ру, тайпа, ел, жер-су туралы ұдайы жарық
көріп жатқан зерттеулер мен деректердің ұзын-ырғасынан оқушы түгілі
кейбір зерттеушінің өзі ненің не екенін, яғни дерек шындығын ғылыми тұр-
ғыдан ажыратудан қалып бара жатыр.

Түптеп келгенде, шежірелік дәстүр - халықтың өз тарихына деген көз-
қарасы мен тұжырымдамасының жиынтығы. Ал халықтың көзқарасы мен
тұжырымдамасында қашанда шарттылықтың орын алатынын кез келген
зерттеуші білуі тиіс.

Осы жерде мына мәселені атап өткіміз келеді. Өз ортасында шежірелік
деректердің тарихи шыншылдығы мен мәліметке қанықтығы тұтастай
алғанда дау тудырмаған, тудырса тездетіп реттеліп отырған. Ұжымдық
сүзгіден өтіп, жұртшылыққа кеңінен тарау үшін алдымен шежірешіл,
аузы дуалы ақылман адамдардың мақұлдауынан өткен деп болжауға негіз
бар. Себебі, шежірелік деректер еріккеннің ермегі ретінде айтылатын әң-
гімелердің сортынан емес, ол жеке индивидтің, ру-тайпаның тап бүгінгі
күнгідей куәлік құжатының қызметін атқарғаны күмән қалдырмайды.
Сондықтан ойдан-қырдан құрастырған қойыртпақ қисын бұл жерге жүр-
мейді. Барша жұрт мақұлдаған, шүбәсіз, тарихтың баламасы саналған
нұсқа ғана сақталған. Бұл жерде біз Ақаңның «...ру-тайпалық жүйе тек
генеологиялық құрылымның ғана айғағы емес, ең бастысы, ру-тайпалық
жүйе көшпелі өмір салттағы ұлттық-мемлекеттік жаралымның әлеуметтік
ахуалына, саяси-идеологиялық ұстанымына, мәдени-рухани қалпына тұғыр
(фундамент) болған» деген пікірімен толық келісеміз.

Дегенмен, ұүл жағдайдан, жоғарыда айтқанымыздай, шежірешілдік
дәстүрде шарттылық жоқ деген ұғым тумауы тиіс. Шарттылық бар және
ол толып жатқан себептерге байланысты орын алған. Біріншіден, зерттеу
нәтижесіне қарағанда, Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі кезеңнің генео-
логиялық түзілімі мейлінше ықшамдалған және қазақ қоғамының этно-
генездік ұстанымына сәйкес өзгертілген, екіншіден, бұрыннан бар ру-тай-
палардың түзілімі жаңадан қайта қаралып, жаңа құрылымға лайық қайта
жасақталған, үшіншіден, мифтік, киетектік, ілкіаталық (первопредок), мә-
дени қаһармандық (культурный герой) тұлғалар дәрежесіндегі ата-бабалар
байырғы тотемдік, антропоморфтық (жартылай аң, жартылай адам), діни-
мифологиялық, наным-сенім сипатында сақталған, төртіншіден, кірме
рулар, аттас ру-тайпалар, ұранға шыққан аналар, қыздан, асырап алған ба-
ладан тарайтын рулар, жүзге кірмейтін ру-тайпалар сияқты түзілімдердің
астарында генеологиялық принциптен гөрі этнос тұтастығын қамтамасыз
ететін «шарттылықтың» ізі бар.

Мұның бәрі, түптеп келгенде, қазақ қоғамының ішінде жүрген ру-тай-
палардың қай-қайсысын да сыртқа теппей, ішке тартқан этнозерденің ұста-
нымын айғақтайды. Бұған тегеуріні күшті ру-тайпалардың өз тегін мықты
аңыз атадан, мифтік, діни, байырғы тарихи қаһармандардан таратып ала-
тынын да қосуымызға болады.

385

«Қазақтың ауызша тарихы» еңбегінің көтерген жүгін газет мақаласы
көлемінде түгел сөз етіп шығу мүмкін емес. Ауызша тарихты рет-ретімен
тарататын шежірені жетік білетін, өтірікті өрге бастырмайтын дала діл-
марлары мен шешендері, данагөй қариялары көшкен елмен бірге кетті.
Дәурені өтіп, оралмасқа бет алған көштің ең соңғы легіне Ақселеу Сей-
дімбектің де ілесіп үлгергені бұл еңбектің шынайы сипатын қамтамасыз
еткен. Сол үшін де көшпелі қоғамның жоқтаушысындай әсер қалдыратын
Ақаңның көзбен көрген, құлағы естіген, қолмен жиған деректері асқан бір
ыждағатпен, перзенттік махаббатпен қат-қатымен баяндалады. Көшпелі
қоғам сізді еріксіз өзіне ынтық етеді. Бұл - зерттеушінің қалам қарымы,
туған ортасына деген ыстық ықыласы.

Көшпелі салттың қаймағы бұзылып, ат үстінде жүрген қазақтың қайсар
рухы жаншылғанда отарлаушылар еркіндікті ғана алған жоқ, ата кәсіп пен
көшпелі салтты да түсініксіз тіршілікке айналдырып жіберді. Жойдасыз
ашаршылықтар, қырғын-сүргін, жер ауа көшу сияқты зобалаңдардың қазақ
тарихында еселей түсуі де содан.

Бүгінгі ұрпақ қазақтың өткен дәуірінің тарихи түйінін дұрыс ұғынуы
керек. Елін, жерін сүю, мәдениеті мен тілін қастерлеу өз халқынын та-
рихын жақсы білуден және оны мақтан тұтудан басталады. Ру-тайпа
ұғымын әркімнің қолжаулығына айналдырмай, бөлінбейтін біртұтас этнос-
тың бөлшегі екенін, алдымен тұтас этностық сананың қашанда жоғары
тұратынын кез келген қоғамның мүшесі білуі тиіс. Бұл - біздің егемен елі-
міздің бүгіні мен ертеңі үшін, ұлттың ширығуы үшін аса қажетті тарихи-
рухани алғы шарттар.

Қазақтың бір-біріне ағайын, туыс, бауыр болып келетіні, баршаға деген
бауырмалдық сезімі, ешкімді де жатсынбай құшағын ашатыны - атадан
қалған мұра.

«Қазақтың ауызша тарихының» қазіргі қоғамға беретін үлгі-өнегесі де
осында.

386

Арнау өлеңдер

Хамит Ерғалиев

ЖІГІТ БОЛСАҚ, ШІРКІН-АЙ, АҚСЕЛЕУДЕЙ!

Жігіт болсақ, шіркін-ай, Ақселеудей,
Сыр-сымбаты, өнері жақсы өлеңдей.
Бір шытпайды-ау қабағын тұла бойда
Тұнып тұрған білігі жатса еленбей.

Зәуде бұны болжаған бір данышпан
Жіті көзді қырандай қырдан ұшқан:
Ақ селеуді білуші ек аса күшті
Желге басын таранып ырғалысқан.

Самалға да ақырын сілкінетін,
Шаң жуыса шашағын сүртінетін.
Тотығудың орнына құлпыратын
Күн қақтаса күмістей, шіркін, етін.

Арша да емес ақ селеу, терек те емес,
Кең жазықтан басқаны ол керек демес.
Дидары сол дағдылы даламыздың,
Тағдыр оған демеген кенеттен өс.

Ұлға біреу бергенде бұл есімді,
Айғайламай ал деген үлесіңді.
Данышпан деп білем сол азаншыны,
Ер есімі шыққан соң үйлесімді.

Күйдіре алмас күннің де көзі қаңтап,
Ойы да аппақ, пейілі, өзі де аппақ.
Бұны айтпасам, ақты мен қара десем,
Жарытпас бұл жаладан өзін ақтап!..

389

Сырбай Мәуленов

БҰҒЫЛЫ МЕН ТАҒЫЛЫ

(Ақселеу Сейдімбекке)

Бұғылы тауда көк мұнар,
Тағылы тауда көк шынар.
Ән менен күйге бөленген
Өзіңдей таулар жоқ шығар.

Төгіп бір өткен жауынды
Тал түсте шөлдеп ішіп күн;
Кезгендей сенің тауыңды
Бүркіті Иманжүсіптің.

Тербейсің жанды әлдилеп,
Бөбектей алып алдыңа.
Жайлауға жаңа Мәди кеп,
Жаңа бір әнді салды ма?

Абыздай ойды толғайсың,
Жүрекке жыр боп орнайсың.
Бұғылы, аман болғайсың,
Тағылы, аман болғайсың.

Сырбай Мәуленов

АҚ КӨЙЛЕК

(Ақселеуге)

Тағат тұтпай,
Қаладан күттім әкемді.
Аппақ бұлттай
Ақ көйлек маған әкелді.
Көйлегім қандай -
Жаңадан жауған ақ қардай!
Тұрайын қалай
Балаларға енді мақтанбай?!
Соғыстың кезі,
Көйлек жоқ ондай ешкімде,

390

Судырайды
Су жаңа көйлек үстімде.
Он күн киіп,
Көйлегімді жудырдым.
Анама айтып,
Арқанға керіп ілдірдім.
Бұзаудан қорықтым
Көйлегімді жеп қояр деп.
Кім ойлапты
Кесапат құйын соғар деп?!
Соқты кеп құйын,
Ойда жоқта бас салып,
Ілулі тұрған
Көйлегімді қашты алып.
Қуа да бердім
Құйынның қалмай соңынан.
Ақ көйлегім шағала болып
Ұшып бір кетті қолымнан.
Жан дәрмен кетіп,
Жете алмай бір кез құладым.
Жер тепкілеп,
Көйлегімді ойлап жыладым.
Құйын жоқ енді,
Бағамын ізін қадалып.
Ақ көйлекпен бірге кетті
Ақ көйлекті балалық.

Кеңшілік Мырзабеков

АҚ КӨЙЛЕК

(Ақселеуге)

Қаладан маған әкелген көкем ақ көйлек,
Жұп-жұқа сәтен, өзіме ғана шақ екен.
Ойлайтын едім дәл мұндай мата жоқ қой деп,
Киер ем күнде... ауылда, әттең, көп той жоқ.

Түймесі қандай, тігісі қандай жап-жатық,
Қақпақша жаға қондырған сырма зер қатып.
Айтқа бір кидім, тойға бір кидім... анада,
Мектепке киіп барамын күзде - ең бақыт.

391

Көйлегім менің көңілімдей аппақ қылаусыз,
Жамауы да жоқ, жасқауы да жоқ құраусыз.
Ызадан бірде жарылып кете жаздадым,
Киіп апты інім, қияңқы неме, сұраусыз.

Көйлегім менің өзіме ғана өлшенген,
Киер ем күнде, ұяламын тек жеңешемнен.
Үйде адам жоқта барамын айна алдына,
Бозбала болып қалдым-ау деймін, сенсең мен!

Алтыншы біткен, жетінші класс баласы,
Бозбала болса, бар оған кімнің таласы?
Көршінің қызы көз астыменен қарайды,
Көйлегім шығар көз жауын алған шамасы.

...Жаздыгүн еді. Жағалай қонған көлді ауыл,
Шаңқай түс еді, аңызақ соққан талма бір.
Қаңырық түтеп, шаңытып кеткен - шөпшіміз,
Алдыға шай кеп, ала бергенде сәл дамыл...

Шар ете қалды жерошақ жақтан жеңешем,
Тағы бір әйел, тағы бір дауыс ересен.
Жамырай шығып: «Ойбай да ойбай!» - деп қалды,
Деп қалды-дағы сең соққандай боп тоқталды.

«Қайда әлгі құрық?! Қайда әлгі сырық?!» дегенше,
Қара жер төсін қақ жарып шыққан еменше,
Шуда да шуда, буда да буда түтіні
Қаратпай бетті сатырлап жанған селеуше...

Үйріліп соғып, ирелең қаққан айдаһар,
Табаны - жерде, кекілін - көкте ойната,
Жұтарын жұтып, жұтпасын сілкіп демімен,
Бір үйірім құйын жолының бәрін жайрата...

Қап-қара бұлттай қанаты келіп тигенде,
Жүгіріп шықтым жүрегім соғып үйден де.
Жеңешем маған айқайлап қалды бір демде:
«Белдеуге кірді... көйлегіңді де ілгем де!..»

«Көйлегім!» - дедім, кеудемді жүрек бір тепті,
«Көйлегім!» - дедім, маңдайдан терім бұрқ етті.
Көйлегім менің, ақ сәтен аппақ көйлегім,
Қап-қара топас құйынмен қалай бір кетті?

392

Көйлегім менің көңілімдей аппаң қылаусыз,
Көйлегім менің жамаусыз еді, құраусыз.
Көйлегім таза, көңілімдей аппақ мүлкімді
Жоғалтам қалай, жіберем қалай сұраусыз?!

Қарабет құйын құлдилап төмен жөңкіліп,
Соңынан мен де өшкенше өкпем ентігіп,
Жеткізбей маған көңілімдей аппақ көйлегім,
Бозбала болдым. Балалық көңілім мертігіп...

Қайрат Жұмағалиев

КЕЗІҢ БҰЛ КЕМЕЛ ТОЛЫСҚАН

(Ақселеу Сейдімбекке)

Қарға тамырлы қазаққа қадірлі
Сенің бұл басың,
Жерден пішіп алғандай -
Тұрпаты бөлек тұлғасың!
Алпысқа келсе алшаңдап
Ақселеу сынды марқасқа,
Жайдары жырдың шашуын
Қайратың неге бұлдасын?!

Бойына біткен өнері сан салалы
Ьәм сан тарау,
Ақселеуімді туғызған
Аяулы өлкем Арқам-ау!
Айтуға оңай болғанмен,
Боямалы мынау жалғанда
Таланттың жүгін
Оңай ма
Алпыс жыл бойы арқалау?!

Күніміз түсті,
Қайтейік,
Өтпелі деген заманға,
Бір емес -
Екі қоғамда
Күн кешу -
Тозақ адамға.

393

Бірақ Сен
Күйдің құдіретін келесің ұғындырумен
Күй тартқан күйшілеріне:
«Ән салшы...» - дейтін наданға.
Алты асқарыңа шарықтап,
Кезің бұл кемел толысқан.
Сайладың жайлауыңды Сен
Шабыты шүйгін қоныстан!
Прозашы,
Ақын,
Сазгерсің,
Жорналшы да өзіңсің!
Осынша өнер
Бойыңда қалайша ғана тоғысқан?!
Құдайым берген үлесің мол
Несібе - ризық - талқаннан,
Баянды доссың -
Кезің жоқ тар кезеңдерде жалтарған!
Сөйлеп бір кетсең шешенсің -
Ескі билердей толғайсың,
Тыңдаған құлақ бақытты -
Қызыл тіліңнен бал тамған!
Тұра да алмас, Ақселеу,
Шежіре кеудең шешілмей,
Аузыңнан шыққан лебізің
Самалдай желпіп, есілмей.
Ұлықтап ұлыс-ұлтыңды,
Сом оймен сомдап келесің,
Көкірегің тұнған қазына -
Өнердің жәрмеңкесіндей.
Асқан жоқ сенен сұңғыла
Бірісің Өзің білгірдің.
Таңғалып, таңдай қағамыз -
Қаншама істі үлгердің!
Бел буып,
Білек түрініп,
Ғылымға бара қалып ең,
Бір ғылыми институттың
Шаруасын Өзің тындырдың!

394

Тартысқан тірлік заңы да
Мылтықсыз майдан қан қасап...
Мұндайда
Дәрмен емес пе -
Көңілімізді аңдасақ?!
Қайысса-дағы қабырғаң
Хақың жоқ қабақ шытуға,
Өзіңдей озық пендесін
Айдайды тағдыр алға сап!

Мінезің жайлы, Ақселеу,
Толқыны бұйра Есілдей.
Қоңырқай күндер сен кешкен -
Көңілдің көлеңкесіндей.
Ойланып барып түйгенім -
Қазіргі жасың ғажайып -
Шұғыла-нұрға мас болған
Қыркүйектегі бесіндей.

Жүз жаса десем өзіңе
Тапқырлық болмас ол да аса,
Оған да бір күн жетерсің -
Жасаған ием қолдаса.
Мәніссіз жүзің не керек?!
Тілеуім -
Дарқан дарынсың,
Құдайым берген сан қырлы
Өнеріңменен мың жаса!

Қайрат Жұтағалиев

ЖЕЗТАҢДАЙ

Рух жайлы
Әңгіме қозғалғанда,
Шын айтсақ,
Дәп өзіңнен
Озған бар ма?!
Тәрізі -
Сары майдан қыл суырған
Жезтаңдай шешендерден
Сөз қалған ба?!

395

Сөйлесең -
Лебізіңе ұйып қалып,
Интеллектуалдығы
Биік халық
Келеді біраздан соң
Өзді-өзіне
Естерін
Әзер-әзер жиып барып.

Білмекке
Әрқашан да құмартасың,
Таусылып
Талапсызға сын артасың.
Сағы сынған жандарды -
Серпілдіріп,
Меселі қайтқандарды -
Қуантасың.

Ақселеу!
Тыңдаушыңды алдандырып,
Жақауратқан емессің
Жалған күліп.
Қаламгердің ішінде
Орның бөлек -
Тауып айтып,
Қоясың толғандырып:

«Туғызған Оны -
Ұлан Дала біздің,
Күйлерін тыңдап,
Талай алағыздым.
Арманы жоқ -
Айтарын
Айтып еткен
Құдіретті
Құрманғазы бабамыздың!»

396

Жүрсін Ерман

ДАЛАМДАЙ ДАРХАНЫМ,
ТЕҢІЗДЕЙ ТЕРЕҢІМ

Алаштың ардағы - Ақселеу Тарақты,
Тәңірім өзіңді текті етіп жаратты.
Сояудай сорайған бойыңа болайын,
Айналып кетейін көзіңнен қарақты.

Даладай дарханым, теңіздей тереңім,
Дүлдүлдей жүйрігім, өгіздей кереңім.
Сұңқардай сұңғылам, жібектей жұмсағым,
Қасымда жүрсең де сені іздей беремін.

Қызырың қолдасын, аруақ жебесін.
Уызға жарыған марқасың, кебесің.
Халықтан барлығын үйреніп алдың да,
Халыққа қайтадан үйретіп келесің.

Дәстүрдің білгірі, салтыңның сақшысы,
Заманның заңғары, тарихтың хатшысы.
Кейде біз ойлаймыз - Геродот ақсақал
Болған-ау, сірә, деп Ақаңның атшысы.

Аңызын естісең - көңілің толғандай,
Көш құлаш уәжі көкейге қонғандай.
Көсілтіп сөйлейді көненің тарихын
Жорықта Жошының жанында болғандай.

Айтыса кетсеңіз - уөжбен жығады,
Бекерге дауласпа - боласыз кінәлі.
Ақаңда шақша көп - бірі сол шақшаның
Құнанбай қажыдан қалған боп шығады.

Көңілдің төріне орнатып Абайды,
Ақаңның жүрегі талайды қалайды,
Ыңылдап айтқанын жұрт әнге балайды,
Дыңылдап тартқанын жұрт күй деп санайды.

Ақаңның білмейтін бәлесі шамалы,
Пайдасы тимейді, жоқ және залалы.
Құнығып кіріссе - қияды барлығын:
Суырып береді, сыпырып алады.

397

Дүние жалған ғой, қызықтап тоймайсың,
Ойнамас ойынды бекерге ойнайсың.
Баскетбол секілді ойынды ойнаса,
Алдына жан салмас еді-ау деп ойлайсың.

Жүзіңнен көрінбей архивтің азабы,
Үстіне қонбайды тарихтың тозаңы.
Кәдірбек білмесе, біз қайдан білейік:
Қай уақта оқиды? Қай уақта жазады?

Айдынның төсіндей жарқырап аймаңдай,
Айтуды білмейді бір сөзді ойланбай.
Қолында таяғы, маңқиып жүреді -
Фәнидің тірлігін тындырып қойғандай.

Тәңірі көрмесе, айтқандай, күпірлік -
Ақаңа арнауды осымен бітірдік.
Сәкенді көрмедік, алайда Ақаңның
Соңына ергенге етеміз шүкірлік.

Жүрсін Ерман

ҚАЛЖЫҢ ҚАЛТА

(Ақселеу Сейдімбекке)

Күректеп таппаса да ақша елеулі
Жомарт деп жұрт айтады Ақселеуді.
Сыртынан сұлулардың сүйінгендей
Таниды әсем әнді, жақсы өлеңді.

Күмбездер келбетіне көзі қанық,
Сөйлейді аңыздардың сөзін анық.
Айтады тас ғасырдың шежіресін
Келгендей тас ғасырға өзі барып.

Тозаңның сүртіп тарих басқышының
Таратып тау мен тастың ашты сырын.
...Қарайды Дзержинскийдің тұлғасына
Өзімнің емес пе деп тас мүсінім...

398

Темірхан Медетбек

ДҮНИЕДЕ ҮШЕУ ЖҮР...

(Төлен Әбдік, Ақселеу Сейдімбек, Дулат Исабек туралы)

Біреуі
Өзінің ішіне кіріп,
Сөйлеген сайын күшіне кіріп -
Үшеу жүр.

Біреуі жұртты
Өзіне магниттей тартып,
Біреуі арсыздарды
От пен өрттей шарпып,
Біреуі аңыратып
Қобызын тартып -
Үшеу жүр.

Біреуі шынардай,
Біреуі қырандай,
Біреуі ұрандай!
Қалай тұрамын
Оларды құп алмай?

Уақыт деген де
Аяқ пен қол ғана емес,
Сана мен тілге түсетін
Кісен ғой.
Сол кісен кескен сөздерден
Қан сорғалатқан
Үшеу ғой.

Ойлары өрттей
Үшеу бұл.
Үш рет айтылатын
Ант пен серттей
Үшеу бұл.
Жердің құнары,
Еддің құтындай
Үшеу бұл.

399

Рухтың ырысын қайнатқан
Ошақтың бұтындай
Үшеу бұл.

Дүниеде үшеу жүр!

Серік Ақсұңқар

ТӘҢІРГЕ ҒАНА БАС ИІП...

(Ақселеу Сейдімбекке)

Мұртымыз көкке шаншылып,
Таусылып,
Өзек ашылып,
Сөйлейікші бір!
Тәңірге ғана бас иіп,
Дөйлейікші-дүр!

Жерге кен шашылмасын мұрт
өмірі,

Ұлтыңның бұлттан да әрі жүр
көңілі.

Алаштың өзі - жерде,
Тәңірі - көкте,
Арада - өзіңді ерткен Күлтегіні!

Өр жаққа өру де - сын,
Өлу де - сын,
Бекзат Ұл - шаңырақтың

төріндесің.
Көктегі Тәңірден басқа түк те
Құрттай боп көзімізге көрінбесін.

Шіриді бұ дүние жоқ та құны,
Шірімес не бар дейсің оттан ұлы?
Мүңкімей,
Аңқылдап бір лебіз айттық,
Естіп тұр оны да анау Көк Тәңірі.

Ғаламзат - түркіге жат.
Пауэрі де.
Адамзат арбалмай тұр мәуеліге.

400

Сол қүрттың салып кеткен бар думаны
Қорқыттың жетпейді бір әуеніне!

Аспаннан Күн ауғанда,
Ай қарасын -
Ақ сүттей жарық қылып

айналасын.
Ашқанда, аузымыздан Күн көрініп,
Алашты аппақ сәуле аймаласын.

Ғұн едік Күннен туған өзіміз де,
Естілген Көк Тәңірдің сөзі бізге.
Күнікей Қыздан басқа
Күн астынан
Тірі жан көрінбей тұр көзімізге.

Табанды тіліп қалың ақ шағылы,
Арбайды Алла Нұры,
Бақша Жыры.
... Үдере көшіп бастан Түн Дәуірі,
Мінекей, келді Күннің

патшалығы.

Мұртымыз көкке шаншылып -
Жерге емес,
Құрайық елде кеңес, белде кеңес.
Қазтуған,
Ақтамберді,
Дулатқа да
Тәңірі мұндай күнді берген емес!

Серік Ақсұңқар

СЕНДЕЙ БОЛСЫН АЗАМАТ!

(Ақселеу Сейдімбекке)

Жүзіңдегі нұр сынды,
Дарының да ғажап-ақ.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Сендей болсын азамат!

401

Асыл сөзің дертке де ем,
Көсіл тағы нұр төге!
Қара өлеңді зерттеген
Ғалымдығың бір төбе.

Қаламгерсің қарымды,
Қолың жомарт беруге.
Екпініңмен арынды
Келіп қалдың елуге.

Композитор, күйшілік
Белеске де бой ұрдың.
Далаң жатыр исініп
Дүбіріңнен тойыңның.

Нардың жүгін тасыдың,
Елдің қамы мазалап.
Алшы түсіп асығың,
Алшаңдай бер, азамат!

Несіпбек Айтұлы

АҚСЕЛЕУ ҚЫРЫҚТА

Уақыт деген біреу бар
Жаққан отқа күймеген,
Атқан оқ та тимеген.
Қылышынан қан тамған
Ханға басын имеген,
Заман да заман, заманның
Төбесінде билеген.
Табанына түскенді
Саз балшықтай илеген.

Сары атанның өркешін
Жапырайтқан бұл уақыт.
Сан атаңның желкесін
Опырайтқан бұл уақыт.
Ойшылдардың төбесін
Тоқырайтқан бұл уақыт.

402

Ойсыздардың төбесін
Қоқырайтқан бұл уақыт.
Тұлпарлардың тұяғын
Тұқыл еткен бұл уақыт.
Сұңқарлардың қияғын
Мұқыл еткен бұл уақыт.

Ақа, келдің қырыққа,
Уақыт көнбес ырыққа.
Тұратұғын жылқы емес
Бұғалық пен құрыққа.

Қырықтың да қырқы бар,
Іші менен сырты бар.
Биік пенен аласа,
Үлкен-кіші тұрқы бар.
Жақсы менен жаманы,
Азаматы, қырты бар.
Кезіп жүрген құйыны,
Найзағайлы бұлты бар.
Біреулердің аспанға
Ширатылған мұрты бар.
Біреулердің арқасында
Майға толы ұрты бар.
Қайсыбірін айтайын,
Өзіңіздей ерлердің
Көкейінде жұрты бар!

Қырық деген білгенге:
Аталы сөз басы ғой,
Алтын ердің қасы ғой.
Сәкендер мен кешегі
Ілиястың жасы ғой.
Көқ аспаннан жай тартқан
Көк сауырдың тасы ғой.

Ағытып ой тиегін,
Тыншымайтын дер шағың.
Халқың үшін сүйегің
Сырқырайтын дер шағың.
Арғымақтай шабылып,
Зырқырайтын дер шағың.

403

Ақ бурадай шабынып,
Бұрқырайтын дер шағың!

Асқар таудың аршасы,
Азаматтың наршасы,
Сен келді деп қырыққа,
Келіп отыр, мінеки,
Ағайынның баршасы.

Тіл ұшынан май тамған,
Айтса, батыл айта алған.
Қолындағы қаламы
Су жорғалай тайпалған.
Домбырасын қозғаса,
Күй теңізі шайқалған.
Алған адам шақшасын
Қимай, әрең қайтарған.
Ақа, сірә, қайда бар
Дәл өзіңдей майталман?!

Қазақ сіздей жігітті
Сегіз қырлы деуші еді.
Сізге бірақ жүрмейді
Өткендердің өлшемі.

Терең екен сырыңыз,
Байқауға оны жарасам.
Сегіз емес қырыңыз,
Тоғыз екен, санасам:
Журналист һәм жазушы,
Тарихты қазушы.
Үңгірлерге тоқтаушы,
Күйдің жоғын жоқтаушы.
Өрімші әрі балташы,
Композитор, карташы!

Сыр ақтарып бір кезден,
Күбірлескен күмбезбен.
Жалбыз егіп кенішке,
Қаршадайдан қыр кезген.
Қазақтарды осындай,
Күбірлескен күмбезбен,
Сақта, құдай, тіл-көзден!

404

Құлжасындай арқардың,
Айдынындай шалқардың,
Тұрпатына қарасам,
Дәл өзіңнен артар кім?!

Құтты болсын тойыңыз,
Орындалсын ойыңыз!
Алты ай қысқа бітпесін
Тойға сойған тайыңыз!

Артық айтты демеңіз,
Көкке жетсін төбеңіз.
Бала-шағаң аман боп,
Босамасын шегеңіз!

Ашық-жарқын қабағы,
Асқа толы табағы.
Таңға жуық келсең де,
Дайын тұрар тамағы,
Зыр жүгірген жеңгемнің
Ойылмасын табаны!

Шаршадым-ау демейсің,
Жортуылға жөнейсің.
Сызғаныңыз азайып,
Жазғаныңыз көбейсін!

Қырық деген күзге кеп,
Ойнақтадың құлындай.
Тілегім бар тізбелеп
Айтатұғын мынадай:

Елуіңде ерен боп,
Алпысыңда берен боп,
Жетпісіңде жер тарпы
Бәйге атындай елеңдеп.
Сексеніңде сері боп,
Тоқсаныңнан желіп өт,

Бұл өмірдің, байқасам,
Еңісі мен әрі көп.
Байқап басты шайқасам,
Бекітетін мөрі жоқ.

405

Ар жағын да көрерсіз
Кетпесеңіз пері боп!
Өзің жайлы сөйлесем,
Сөзім қалай сүйылсын?
Жетер енді ңой десем,
Одан сайын қүйылсын.
Осы отырған халайық
Төріңе әр кез жиылсын!
Ал сол үшін алайық,
Шөлдегендер сүйінсін!

Несіпбек Айтцлы

СЕВДЕ БІР АСАН ҚАЙҒЫ

(Ақселеу Сейдімбекке)

Алпысқа келіп қапсың, асыл аға,
Отыз жыл біз ергелі қасыңа да.
Тауыстың көз майыңды ақ қағазбен,
Үңіліп туған жердің тасына да.

Тербеген тал бесігін кең даласы,
Үлтыңның сенсің нағыз бел баласы.
Домбыра, қобыз үні емдемесе,
Қазақтың жазылар ма жан жарасы?!

Еңіреп қаршадайдан елім дедің,
Жақсымен жалғыз дәнді бөліп жедің.
Ағайын арасына сызат түссе,
Дәнекер жүрегіңмен желімдедің.

Пәленің бастан кештің не түрлісін,
Заманның қожаңдатып шоқындысын.
Қолыңа таяқ үстап келе жатсаң,
Ахмет Байтүрсынов секілдісің.

Жел өтсе іргемізден жалаң қабат,
Ертеңге көңіліміз алаңдамақ.
Арман не артыңдағы асау толқын
Түзесе көштің бетін саған қарап?!

Емес пе бақ пенен сор егіз деген,
Уызын тағдыр саған емізбеген.

406

Ақселеу атың машһүр болғанымен,
Сен де бір Асан Қайғы жоқ іздеген.

Бойымен, ойымен де заңғар аға,
Өзіңсіз ортамызда сән бола ма?!
Алыстан мен мұндалап көрінетін
Асқар тау жарасады кең далаға!

Серік Тұрғынбекұлы

АҚАҢ, АҚАҢ - АҚСЕЛЕУ

Өлең де өзің,
Жыр да өзің,
Кім жаба алар күн көзін?..
Күмбір-күмбір домбыра,
Күңгір-күңгір күмбезім!

Ақ сақалы - селеудей,
Ақ таяғы - емендей.
Достары ылғи - Бек, Сұлтан,
Дулат пенен Төлендей.

Байлыққа да көз ілмей,
Байқозының көзіндей.
Үйінде отыр анасы,
Айбозымның өзіндей.

Ой-хой, дүние,
Ой, неткен?!
Туа салған көйлекпен.
Тарихымды таратқан,
Шежіремді сөйлеткен.

Жанарында - түнгі аспан,
Жұлдыздармен ымдасқан.
Қылау түскен жанына
Қылқобызбен мұңдасқан.

Арулармен арбасқан
Ақ білекке жармасқан.
Алпауыттың дәл өзі -
Алпыс рет қар басқан.

407

Ойымен кім санасқан,
Бойымен кім таласқан?!
Ардақтының дәл өзі - .
Артық туған Алаштан.

Басқа кім бар, аташы,
Бос кетпеген батасы.
Асанәлі - өз досы,
Асан Қайғы - атасы.

Бір-ақ сөзбен тындырар,
Дау-дамайға кім құмар?!
Еміренсе - ел жылар,
Күңіренсе - күн жылар.

Аты-жөнін сұрасаң,
Атақ-даңқын құрасаң,
Беу, дүние-ай,
Келіпті-ау
Әр заманға - бір Ақаң!

Ерік Асқар

ХАЛҚЫҢА ӘРБІР СӨЗІҢ ЫРЫС БОЛДЫ

(Ақаңның 60 жылдығына)

Серісің «Сарыарқам» деп ән қайырған,
Шешенсің бал төгілген таңдайыңнан.
Білімі болмаса егер бой теңесер
Әр қазақ сүйе алмайды маңдайыңнан.

Су шайқап, жел долданып жұлғанда да
Былқ етпес жартастайын тұрған дара.
Төзімің - сахабаның сабырындай -
Қыңқ етпес Мұхтар ағаң ұрғанда да.

Кез келген оба, қорған, мазардың да
Тарихын қаза алдың да, жаза алдың да,
Тарқаттың әр ауылдың шежіресін -
Бар қазақ өскендейін көз алдыңда.

408

Елінің ен жайлауын, кең өрісін
Межелеп беретұғын дерегісің.
Танисың әр төбесін,

сай-саласын -
Далаңмен бірге жасап келемісің?

Кешегің бүгінгімен жалғасқасын,
Қиялың қалай шалқып,

алға аспасын?!
Насыбай үгіп беріп Құнанбайға,
Тоқаның ерттегесін Тайқасқасын.

Халқым деп атқарарсың ірі істерді,
Халқыңа әрбір сөзің ырыс болды.
Арқаңды,

Алашыңды сүйген үшін
Желкеңе Желтоқсанда қылыш төнді.

Сан рет дау-дамайға қалған басың,
Әлі де арыла алмай армандасың.
Қасыңнан ел қашқанда жалғыз панаң -
Жан досың -

Құлқыбайдың Ғабдолласы.

Төреңнің теріс келсе жарлығы да,
Жас қыздар кінә тақса шалдығыңа,
Ұмытып кетсең де үйде шақшаңызды,
Кінәлі... Кәдірбек қой барлығына.

Кезің жоқ кем түсіріп орталаған,
Қашанда алдың базар тарқамаған.
Алпысың, жетпісің не, сексенге кел,
Сары атан елдің жүгін арқалаған.

Алдыңнан өнер біткен қашар емес,
Келесің хас батырдай жасап егес.
Мағжандар «Ахам» десе Ахметті,
Еріктің «Ақасы» да осал емес.

409

Өмір Кәріпұлы

АЛАШТЫҢ АҚСЕЛЕУІ

Жүйріктей белі талмас арда күрең,
Халқының тыныстаған арманымен.
Озғындап аламанда дара шапқан
Дәл сендей тұлпар текті бар ма күрең?

Тауымның қыранысың,
Шыңдағы шынарымсың.
Алашым, ұлтым десе
Езіліп тұрады ішің.

Жел күреңім,
Сәнді керім.
Елім деп еміреніп,
Елжіредің.

Ұлтыңның қасиетін ұлықтайсың,
Тексізді бұра тартқан құрықтайсың.
Қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап,
Намысқа суарылған қылыштайсың.

Бастаудың мөлдіріндей,
Даламның кеңдігіндей,
Бабаның бәсіресі
Кісесі, белдігіндей.

Айтары шын,
Жайсаңымсың,
Шыңдалған шарболаттай
Қайсарымсың!

Шерлісің нарқобыздай аңыраған,
Сыршылсың мың бұлақтай жамыраған.
Алаштың Ақселеуі, ақсұнқары,
Өзіңсің нағыз қазақ, нағыз адам!

Қобыздың үніндейсің,
Нақысты күйімдейсің,
Арналы өзендейсің
Ағысы білінбейтін.

410

Біртуарым,
Нұр-шуағым,
Танбасын шабысынан
Жыр-пырағың!

Хамит Жаманұлы

ЕЛУГЕ ЕЛГЕ ЕЛЕНІП КЕЛДІ ЖАСЫҢ

Ақтаудың шың, қия, құз, жартастары
Секілді ақындықтың жыр бастауы.
Тербетіп сырлы сезім бесігіне
Маған да шабытты бір ой тастады.

Сүйкімді қыз күлкілі бұлақтары,
Желегін жалау етіп құрақтары.
Ойда елік, қырда құлан, көліңде аққу,
Қалықтап биікте мұзбалақтары.

Сол таудан шыққанда күн көтеріле,
Беріліп ұшқыр қиял жетегіне,,
Жас жігіт тұрушы еді ойға шомып,
Қой жайған көк майсалы етегіне.

Айырмай сонау шыңнан екі көзін,
Ұнатып өсемдіктің сол бір кезін,
Қияға қанат байлап ұшатындай,
Алаулап әлденеге бала сезім.

Қарайтын шың басына көп қадалып,
Жаны жай табарлықтай бір нәр алып.
Қол бұлғап өтуші еді ақша бұлттар,
Жанарын жас жігіттің нұрға малып.

Кейде бір күй төгіліп көкірекке,
Құшағын айқара ашып төңірекке,
Ақтаудың кең өлкесін оймен шарлап,
Самғайтын қыран құс боп биік көкке.

Көп күндер содан бері кеткен өтіп,
Жыр туды жүрекке нұр мөлдіретіп.

411

Өмірді қойдан бастап, ойға көшіп,
Аршынмен азаматтық буын бекіп.

Жазушы болды, ғалым елге әйгілі,
Саңлақтай жеңіп алар бас бәйгені.
Халықтың көкейінен орын алды
Бірге өтіп соларменен әрбір күні.

Ол жазды шежірені, саралады,
Тірілтіп аруақтарды, бабаларды.
Куә қып тау мен тасты, өзен-суды,
Жалықпай кең өлкені аралады.

Ол жазды тәтті жырды, әсем әнді,
Көңілге қонымды етіп аса мәнді.
Жетелер ақыл-ойдың тереңіне,
Оңыған әр жүректе әсер қалды.

Қазақтың тозаң шалған қара өлеңін
Тірілтіп, сілкіп-сілкіп келтірді өңін.
Халықтың ой-арманын содан тапты,
Өткенде нені көксеп, не дегенін.

Ол жазды күмбездерді, кенішті де,
Не сыр бар жер астында, жер үстінде?
«Тауға біткен жалбыз» бен «Хикаялар»
Шертіліп өрнектелді жыр пішінде.

Ол жазды сүлу қыздың күлкісін де,
Саятшы жігіт алған түлкісін де.
Далада қылқобызбен нар идірген,
Тылсымды теңдесі жоқ күй күшінде.

Ол жазды, әлі талай жаза бермек,
Жабыдай қалмақшы емес жолда терлеп.
Күн қүшып, айды аймалап шырқауы хақ,
Қанаты қажымастан қияға өрлеп.

Кестелеп сөз маржанын тіл үйірген,
Ардаңты азаматым ел сүйінген.
Ақтаудың аттап өтіп қия-қүзын,
Алатау көрінесің биігінен.

412

Жаңаарқа сүйінішің, демеуің боп,
Айтатын жақсы тілек, емеурін көп.
Мақтанып халқың бүгін отыр, міне,
Қол соғып, «Көп жаса, Ақселеуім!» деп.

Мінбер ғып азаматтық мұнарасын,
Елуге елге еленіп келді жасың.
Халқыңның құрметіне бөлене бер,
Қаламың шабытынан жаңылмасын.

Еркін Игенберлин

ЕЛУГЕ КЕЛДІ АҚСЕЛЕУ

Ақселеу, есіңде ме, білесің бе,
Ал менің бүгінгідей жүр есімде.
Бір ұзын, бір қысқа боп сен екеуміз,
Әсте бір жалықпаушы ек күресуге.

Қайқы бас керзі етікті сырғанатып,
Қар суын үстімізден сорғалатып,
Көктем келсе, Сарысудан балық аулап,
Сақпанмен жүруші едік торғай атып.

Көп еді-ау балалықтың басты арманы,
Қилы екен өмір-тағдыр дастарханы.
Алматының алмасы сені әкетті,
Жібермеді мені елдің «бешбармағы».

Шеруде ел қатарлы досың да жүр,
Өзгерсек, жылдар жылжып, тосын ба бұл?
Екеуміз ғашық болған шұнақ қыздар
Немересін жетелеп осында жүр.

Ал, міне, сен де елуде, мен де елуде,
Хақ Тәңір өміріңе өң беруде.
Бал дәурен сағымданып елестейді
Өзіңді жылдар өтіп көргенімде.

Жайсаң боп туған жерге танылып кеп,
Тойыңа елің жатыр ағылып кеп.

413

Қырдың ақ селеуіндей әлжуаз үл,
Оралдың атажұртңа аңиық боп.

Аямай өміріңнің күн тізбегін,
Тарихын елдің талмай күнде іздедің.
Тылсым болған бабалар мазарының
Күңгір-күңгір сөйлеттің күмбездерін.

Саналыға түнған сыр бүл бір жалған,
Сағымда да сырлар бар бүлдыраған.
Ежелгіге үңіліп, бүгінгіге,
Шашу шаштың асылдан «Мың бір маржан».

Еліңе мәрт көңілің теңіз болып,
Ойыңа халың сыры негіз болып,
Жүртыңа сөз сөйледің абыз болып,
Күмбірлеп көкірегің қобыз болып.

Өзіңе риза бүгін байтақ елің,
Келеді әлі де көп айта бергім.
Жетпіс, сексен жасқа сен келгеніңде
Мен жыр жазсам, япыр-ай, не айтар едім?!

Тәңір басқа не жазса көрелік те,
Болашаққа имандай сенелік те.
Өмір жетсе жүйелі сөз табылар,
Ләйім, сол қарттық жасқа келейік те!
Аумин!

Еркін Игенберлин

АҚСЕЛЕУДОСҚА

Мақтанамын, бәйтерек досым шынар,
Көкірегімнен ақ ниет жосылсын ал.
Бірге өскен балалық шақ қапты-ау артта,
Елестейді ішінен жасыл мүнар.

Ақселеу, сағынышпен лапылдаған
Жаңаарқаң сәлем айтып жатыр саған.

414

Шаң жұқпас шашасына Құлагерім,
Өмірін кешіп жүрсің саналы ердің.
Саржайлау, саумал самал Сарыарқаның
Сары уыз сағынышын ала келдім.

Ел-жұрттың ақ батасы арманда бір,
Барлығы ыстық сәлем жолдап жатыр.

Жас болдық, гүлжелек боп желкілдедік,
Еңбекшіл ең табанды, сертің берік.
Бір ұзын, бір қысқа боп сайрандаушы ек
Штепсель, Тарапуньке секілденіп.

Ақтаудың шыңдарында шаңқылдаған
Қырандар сәлем айтып жатыр саған.

Жазушы, профессор, сазгер болдың,
Халқыңның шежіресін зерделедің.
Зерттедің көне мұра хикаясын,
Дөп басып сыршыл тарих пернелерін.

Зиялы қауым сені мақұлдаған,
Жан досым, сәлем айтып жатыр саған.

Нұр жауды Жаратқаннан талабыңа,
Артыңда алты қыр тұр, қарадың ба?!
Зымыран жыл қалайша зуылдаған,
Алпысқа кеп қапсың-ау, о, дариға!

Аққу-қаз сұлу көлде қаңқылдаған,
Сырнайлатып сыр жолдап жатыр саған.

Достым-ау, ғылым тілін таба білген,
Тойыңа келдім игі хабарыңмен.
Бала-шағаң аман боп, жасай бергін,
Қоса ағарып бәйбішең Оралыңмен.

Байғозыдай бабаңның болған батыр
Ұрпақтары құттықтау жолдап жатыр.

Қаламың небір сырды кестеледі,
Игілік пен ізгілік көксегені.

415

Алпысыңа тағы алпыс жалғасқай да,
Ардақты қазағымның Ақселеуі!

Бата алған жалпақ елден парталасым,
Ниеті қабыл болсын алты Алаштың!
Әмин!



Еркін Игенберлин

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ, АҚСЕЛЕУІМ!

Ассалаумағалайкум, Ақселеуім,
Саржайлауда бірге ойнап өскен едім.
Лауреаттық марапат қүтты болсын,
Нобельге де жетеді деп сенемін.

Егеменмін кең жатқан арқа-басым,
Осындай заман көрдік, парталасым.
Мен - бозторғай жырлайтын елдің ерін,
Сен болдың мақтанышы алты Алаштың.

Мен қалайша сен жайлы жырламаймын,
Күншіл, қулар кездессе қылма уайым.
Саңғырудың шыңынан түлеп үштың,
Жартасына бір қоншы Гималайдың.

Ер жігітке бақ енші түрақтаған,
Ел-жүртымның алдында сыр ақтарам.
Мемлекеттік жүлде мен Нобель жүлде
Екі арасы, жобамша, бір-ақ қадам.

Қорқатын кезі емес қой ақтаңдаңтың,
Неменеге күмілжіп сақтанбақпын?
Сен лауреат болды деп естігенде
Мен қуанып, бөркімді аспанға аттым.

Солай-солай, ақиық Ақселеуім,
Том-том кітап сөреңе текшеледің.
Қүдай жар боп, Нүрсүлтан қуаттаса,
Эверстке ту тігер деп сенемін.

416

Тәңір берген өнерді бұлақ дерсің,
Қиындыққа кездессең сұрақ дерсің.
Бәрін айт та, бірін айт, Ақселеуім,
Құдайым ұзаққа ұшар қуат берсін!
Әмин!

Сайын Назарбек

АҚСЕЛЕУДІҢ АЛПЫСЫНА

Інілігі - бір жылға толар-толмас,
Ағалығы елу жыл болар-болмас...
Мен білетін Ақселеу ерекше жан,
Бірге жүрген таныстай ғасыр жолдас.

Еңсе қандай - Оқжетпес шоқысындай,
Дауыс қандай - зеңгінің тотысындай.
Көкірегі ән мен жыр, күйге толы,
Құрманғазы, Бетховен нотасындай!

Даналығы - Жиренше өзі дерсің,
Зердесі ме - тарих кезі дерсің.
Атам қазақ болмысы өз бойында,
Сандалаған Сайынның сөзі келсін.

Құтты болғай, ау, Ақа, алпысыңыз,
Сол жылдардың, Құдай бар, жартысы біз!
Енді жеттің қоймаңа, береріңе,
Болғай ылғи жеңісті тартысыңыз!

Свет Оразаев

АҚСЕЛЕУГЕ ЖҰБАТУ ХАТ

Көгінде ән боп гүлдеп, түледі Жәнібек,
Көңілі көлдей, құрметтің еді Жәнібек.
Бақыты жанып, енді-енді келген бабына
Бағыттан таймас бір беттің еді Жәнібек.

Сәулелі көшін шыңға сүйеді Жәнібек,
Самалды сәтке шын ғашық еді Жәнібек.

417

Шындықтың сөзін шыңырау тұстан шым-шымдап,
Суыртпақтайтын сырласың еді Жәнібек.

Көңілсіз шақтың таба білетін бір емін
Жәнібек еді тілеулесің де тірегің.
Ініңдей еді, піріңдей еді ол сенің,
Өзің де оған пайғамбар сынды пір едің.

Емшектес жандай едіңдер, сірә,
Анық бұл,
Анығын бүгін ақжелең халқың танып тұр.
Екеуің кейде шежіре сырын шерткенде,
Қалатын еді-ау айызы жұрттың қанып бір.

Жеткізбей оны думанды сәтке аз күндік,
Тоңмойын тағдыр үлгерді-ау жасап азғындық.
Еркесі болған елінің және өнердің
Серкесі болған жолдастан өстіп жаздың жұп.

Тажал тағдырдың отына өстіп жанды-ау шын
Жүсекең шалдай жайсаңдар ісін жалғаушың.
Қос жанарынан шығарды-ау сол кез лықсытып
Қан араласқан жасыңды, бәлкім, жан даусың.

Басыңды көтер,
Езілте бермей еңсеңді,
Бырт етпе - ғұмыр кімге де болса өлшеулі,
Жәнбек болмас аш тырнағына тағдырдың
Ілініп кеткен азаматың да ең соңғы.

Ертелі-кеш бір бізге де кезек келмей ме?
Өшерміз, бәлкім, алпысқа жетпес деңгейде.
.. .Бірнеше күннен,
Бірнеше сағаттан кейін
Өлермін деген сезімде жүрем мен кейде.

Жақсылық күтіп,
Мөлие қарап аспанға,
Сезіммен осы емеспін әсте сасқан да.
Не етер ем егер тырапай ассам жер құшып,
Қырыққа жетпей, қырықтан жаңа асқанда?

Құдайға шүкір!
Елуді артта қалдырғам,

418

Елудің өзі бір кезде мені зар қылған.
Бір кезде анау отыз бен қырық дейтінің
Құрық салдырмай, есімнен мүлде тандырған.

Шығатындай-ақ шойқара көрдің қойнынан,
Сөйледім білем шеңберден сырттап ой мынау.
Артық-кем сөйлеу арқылы, бәлкім, өзіңді
Жұбатып емес,
Жыларман етіп қойдым-ау.

Қайда да қашан қуат-күшіңді кемітпек,
Жылауды доғар,
Босаңсығаннан не бітпек?
Мынаны түсін, өмірін бастар екінші
Жәнібегіңдей біртума дарын өліп боп.

Екінші өмір - мәңгіге өлмес өнері,
Арқалы әні,
Айшықты сөзі өрелі.
Есалаң етіп естен тандырар шақта да
Өз еншісіндей есінде сақтар ел оны.

Қастерлі мынау халқыңның ұлы - Жәнібек,
Туады әлі-ақ даңқыңның күні, Жәнібек.
Еселеп артар болашақта да өзіңдей
Қазынадай асыл алтынның құны, Жәнібек.

Сен десе оның жаны жоқ еді, Ақселеу,
Өзіңмен үндес Жәнібек еді, Ақселеу.
Баршамызға да ортақ жан еді Жәнібек,
Ортақтастырдың зарыңа мені, Ақселеу.

Свет Оразаев

АРҚАНЫҢ АҚСҰҢҚАРЫ

Үнсіздіктен үрпие үркем бүгін,
Үндемей қалар болсам, бұл - кемдігім.
Бір шындық: бардай менің Ақселеуден
Бар болғаны үш-ақ жас үлкендігім.

419

Бұл жаста көрген жоқпын тым аз бейнет,
Ақынның ойламаңдар мұңы аз ғой деп.
Бейнетқор бола жүріп, мен өзіңнен
Бұрындау тоздырыппын біраз көйлек.

Бұрындау жыр-додаға қосылдым да,
Қағынып... ерте «шөкті» көшім құмға.
Қайырлап көшім құмға, айналдырдым
Көгілдір көңілімнің хошын мұңға.

Жұрдай болған адамдай қазынадан
Талай сәт жаным сол кез азынаған.
Ақтық үшін «айқасқа» түсе жүріп,
Ақыры өз ортамнан ажырағам.

Тұрмай бір қолын «құдай» созып көктен,
Жүргем солай боларын сезіп көптен.
Безіп кеткем мен сөйтіп өз ортамнан,
Елімнің төрт бұрышын кезіп кеткем.

Дос азайып «Бір көмек берсек...» деген,
Астанадан амалсыз мен шеттегем.
Төбемді сол кезеңде Алакөлден,
Тамдыдан, Ақжайықтан көрсеткен ем.

Десем де «Қашан, қалай оңып бағам?»
Қайда да маған бақыт жолықпаған.
Керісінше, кетіпті-ау түрме, зона
Ұзақ жылдар бойына болып «панам».

Сол тұста қазылардай көрім менің,
Ұзақ мезгіл жоғалдым, көрінбедім...
Еліндемін мен енді Сейфуллиннің,
Ақселеу туған жердің төріндемін.

Азап көрген жан үшін ғажап-ақ бұл,
Мынандай ой да мені мазалап тұр:
Баяғы сары бала - Ақселеуім,
Міне, бүгін қастерлі азамат бір.

Бәлкім, өзін бәзбіреу түсінбей жүр,
Ал өзімнің аяулы кісімдей бұл.

420


Click to View FlipBook Version