The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.
Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by sanvia, 2018-11-11 09:11:52

1Alashtin Akseleui

1Alashtin Akseleui

Сейітжапар Бимақаш

КҮМБІР КҮЙГЕ СӘУЛЕТ СЫЙЛАҒАН

Қазақ біткен түгелімен күй тыңдап, соның нәзік иірімдерін игеріп алған,
шыңына жеткен деуге сенгім келмейді. Қайсыбіреу күй тыңдағанда есінеп
отырса, алып саздың ырғын атасы сырын ашпай, сыртқа шығып кеткендей
көремін. Әсілі, күйдің көңілін тыңдаушы ауламай, тыңдаушының көңілін
күй аулағанға не жетсін?! Күй сазына ырық бергенде сылдырап аққан су, ақ
жал толқындар, бусанып, толғатып жатқан Жер-ана, ол өз денесіне өсірген
тіршілік тылсымдары - өсімдіктер мен жан-жануарлар, оның дыбыстары
мен көгілдір билер көңілдің күйіне, өмірдің иіне пісіп, домбыра мен қобыз
арқылы толғаққа ұшырап, тыңдаушысын толқытып, дегбірсіздендіріп,
мамыражай өмір ақсатып, шарқ ұрған үрдіс жағдайларға тап қылады.

Ақселеу Сейдімбековтің «Күй шежіресін» оқығанда алуан саздың нәзік
иірімдері барын сезіндім. Еңбек иесі айтады: «Қазақ күйлері еш уақытта өмір
құбылыстарын еліктеп көшіре бейнелемейді. Әдетте өмір құбылыстарының
болған және болатын нөтижесі туралы ой толғайды». Осы жолдарды оқи
отырып, тағы да айтса екен, таза боздаудан, көкке қарап ұлудан, сыңсып
жылаудан, бетін жыртып долдану мен ашудан ада қазақ күйлерінің таби-
ғатын аша түссе екен деп делебең қозады.

Естір құлаққа күйдің тереңін түсініп, тыңдау мәдениетін қалыптасты-
ру - оңайға түспейтін жәйт. Ұялып қалмас үшін кейде біреуден естіген
жайды жұлмалап айтып, ой дәлдігін бұзып, күйді бұрмалайтын да кезіміз
болады. Міне, алдымызда күйден соғылған сазсандық жатыр. Қиналғанда
осыдан керегіңді алып, қажетіңе жарат.

Алғашында «Күй шежіре» құрғақ ғылыми мақсатта жазыла салған
туынды ма деген де ойға келгенмін. Жоқ, олай емес екен, кітапты оқу үстінде
көңіл көкжиегім кеңейе түсті. Құлақ құрышын қандырып, табиғаттың
тылсым күйіне табындыратын талай дүлдүл күйшілердің атасы мен анасын
ғана емес, тұлғасы мен тұрпатын да көріп отырасың. Әрбір жазылған
кітаптың шыншылдығы осындай болса ғой деп тамсанасың. Күйдің нәзік

320

бастауларын бұзып даңғазалайтын әсіре әуеншілдікке кіжінесің. Кітап
авторы сені солай етуге мәжбүр етеді.

«Егер «XX ғасыр табалдырығын аттанғанға дейін қазақ халқына ең
мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы?» деген сұрақ қойылар
болса, онда алдымен сөз өнері, музыка өнері және қол өнері тілге оралар
еді», - дейді автор. Ғылыми тұрғыдан талас тудырмас осы тұжырым Ақселеу
Сейдімбековтің кітабына жібектей өріліп, қазақ ордасының алып киіз үйіне
өз ою-өрнегімен үйлесе келді.

Күйді барша тыңдарман бір кісідей түсінуі қажет емес те шығар. Жүз
адамнан бір адам көңілге тоқи алса да жаман болмас. Біз өнеріміздің
аспандауын қалаймыз, мүмкіндігі жеткен жеріне бас иеміз. Иіні қабыспай
жатқан жерін көрмей кету - көрсоқырлық. Дыбыс бояуларының нәзік иірім-
дерін ажырата білу оңай шаруа емес. Ақселеудің «Күй шежіре» кітабын
оқығанда өз басым үлкен бір мектептен өтіп, бір жасап қалдым. Күйді
күйшілер дыбыспен өрнектесе, сол дыбыстарды Ақселеу сөзбен әдіптеп,
қара сөзбен жырлаған. Небір сұңғыла тарланбоз күйшімен сөз өнерін тай-
таластырып, жарысқандай әсер қалдырады.

Сарыла ізденіп, ұзақ толғанудан туған еңбек айтары көп, өнерге шөл-
деген оқырманды бір сусындатары сөзсіз. Әттең, кітаптың таралымы - бес-
ақ мың. Мұндай сұңғыла зердемен өрнектелген туынды бүгінгі таңда аса қа-
жет.

Қысқасы, кітаптан алған әсерім мол. Күй аңызын мұншалықты қопара,
ғылыми дәлдікпен жазған Ақселеудің еңбегі саз және тіл өнеріне қосылған
үлкен олжа деп білемін.

Мен өнер зерттеушісі немесе сөз зергері емеспін. Математика пәнінің
маманымын. Аздап өлең жазатыным бар. Менің қолыма қалам алдырған -
Ақселеудің күмбір күйге сөзден сәулет сыйғызғандығы. Ғалым әрі жазушы
Ақселеуге ағалық алғаусыз көңілмен «Сәтті туындың қайырлы болсын!»
дегім келеді.

321

Өмір Кәріпұлы

ТОЛЫМДЫ ЕҢБЕК

Данышпан жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов: «Жалпы музыка атау-
лы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса,
солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы - қазақтың күйі», - деген
екен.

Белгілі ғалым-жазушы, көсемсөзші, филология ғылымдарының док-
торы, этнография, өнертану саласыңда өнімді еңбек еткен Ақселеу Сей-
дімбек - қазақ халқының неше мың жылдардан бергі құндылықтарын жой-
маған дәстүрлі күй өнерін зерттеп, ғылыми тұжырымдама жасап, орасан
зор қажырлы еңбек еткен ғалым. Бұл монографиялық еңбек бұрын-соңды
жазылған қазақтың күй өнері хақындағы пайымдауларынан оқшау тұрған,
шоқтығы биік туынды екені дау тудырмаса керек. Мұндай күрделі де үлкен
еңбек жасау үшін жан-жақты дайындықпен бірге қажыр, қайрат, парасат,
үнемі ізденіс пен толғаныс, тарихты парақтау, мұрағат ақтару, айтушы мен
орындаушының естелігін сараптап, екшеп қағазға түсіру, ғылыми негізде
жүйелеп, қорытынды шығару, саралап салғастыру, дәйекті тұжырымдама
қажет және үлкен талантпен бірге туған халқының өнеріне деген риясыз
махабаты болуға керек. Бұл жағы Ақселеуде баршылық.

Мұндай тарихи құнды еңбекке бір адамның барлық ғұмырының орта есеп-
пен алпыс пайызы жұмсалатыны даусыз ақиқат. «Нағыз рухани мәдениет
тек қана ұлттық негізінде көрініс табады. Сол бірегейлік қасиетін тұғыр ете
отырып қана дамып, шыңдалады өнер түрлері. Басқа елдің мәдени-рухани
құндылықтарына жалаң еліктеу - жалаң қайталау болып шығады». Мұндай
құнды пікір айту - жалықпай ізденудің жемісі.

Айқын бір-ақ нәрсе бар: өнердің ең жоғарғы түрі, ең саңлақ сапалысы, ең
әлеуеттісі де халық өнері, яғни мыңдаған жылдар өтсе де мұқалмай, сыны
қашпай, саф күйінде сақталып келе жатқан төл мұрамыз - ән мен күй өнері
болмақ. Орыстың классикалық музыкасының негізін салушы композитор
Глинка: «Музыканы халық жасайды, ал композитор - біздер оны өңдеуші
ғанамыз», - деген екен. Ақселеу Сланұлы - қазақ халқының күй өнерін

322

зерттеп, жинақтаушы ғана емес, оны насихаттауда да ұлтымыздың зер-
десіне құйып, жаңғыртып отыруды мақсаткерлікпен жүзеге асырып жүр-
ген санаулы ұлтжанды азаматтарымыздың көшбасшысының біреуі және
бірегейі деп білеміз. Бір ғана «Қазақтың күй өнері» атты монографиялық
еңбегінің өзі бір үлкен энциклопедияға татитын құнды еңбек екені даусыз.
Қазақ халқының күй өнерінің ерекше айтқыштығын дөп басып, сөз жүзін-
де мазмұндауда да Ақселеу Сланұлы айрықша озғындық танытады. Оның
басты ерекшелігі сол, әмбебап, жан-жақты ғұламалығымен бірге музыкалық
өнерге деген азаматтық ілтипаты мақсаткерлігіне ұштасып жатады.

Ол - халқымыздың күй өнерінен мол хабары бар, өзі де саңлақ домбыра-
шы һәм сазгер, сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Қазіргі кездегі жинақталып,
қағаз бетіне түскен халық күйлерімен бірге халық композиторларының
күйлерін бақайшағына дейін шағып, көркем тілмен баяндауда алдына жан
салмайды-ақ. Қазақтың қаншама ән-күйлерін жинап, нотаға түсіріп, өз
пайымдауын жасаған А. Затаевичтің құнды еңбегінің өзінде қаншама жаң-
сақ пайымдаулар барын соқырға таяқ ұстатқандай дәлелдейді. Мәселен,
Затаевич Асан Қайғының күйін тыңдағанда көңілі шалқып, жаны жадырап,
көтеріңкі сезім күйіне бөленетін болса, Жаяу Мұса әйелі Сапар қайтыс
болғанда шығарған жоқтау әнді көңіл күйді көтеретін ойнақы, жеңіл ән
деп топшылау жасауы үлкен қателік екенін автор дөп басып дәлелдейді.
Қазақтың күй тілін жоруда жатжұрттық, әсіресе еуропалық музыкатану
тәсілдерінің сай келмейтіні, қазақ күйлерін танып, жоритын төл талғам-
тәсілдерінің бар екені, ондай талғам-тәсілдердің өзі ғылыми жүйелеуді,
айғақтауды қажет ететін музыкатанудағы ең іргелі мәселелердің бірі екенін
ғалым осынау ауқымды еңбегінде айта түсіп, тың пайымдаулар жасайды.
Музыканы ұлттық таным-түсінікпен тыңдау, музыканың семантикасын
ұлттық сезім тілімен жору арқылы ғана оның шынайы парқын бажайлауға
болады. Әрбір басы жұмыр пенде бөтен бір елдің дәстүрлі музыкасын тың-
дағанда да ең алдымен өзінің этникалық діңін тұғыр ете отырып жориды,
яғни бөтен музыканың өзін этникалық талғам сүзгісінен өткізе отырып,
эстетикалық ләззат алады. Сөз жоқ, мұндай талғам-талаптар кез келген
музыкалық туындының, соның ішінде күй өнерінің халықтық төл талғам
аясындағы қасиеттерін жетік білуді қажет етеді.

Белгілі бір ұлттың сөйлеу тілінің болатыны сияқты, әрбір ұлттың
музыкалық тілінің болатыны - даусыз тұжырым. Ақселеу осы тұжырымды
ғылыми еңбегімен дәлелдей білген.

Ақселеу Сейдімбектің қазақтың күй өнері турасындағы бұл зерттеуі қа-
зақ музыка мәдениетінің көшбасшысы Ахмет Жұбанов ақсақалымыздың
ұлттық музыка мұрамызды зерттеп, жинақтап, ғылыми тұрғыдан пайымда-
ған өлшеусіз құнды еңбегінің заңды жалғасы іспетті.

Ақселеу Сланұлы шет елдерде болған сапарында да, өз аймақтарымыз-
дың кез келген өңірін аралап жүрген кезде де қазақ халқының музыкалық
мұрасы, ауыз әдебиеті, ақындар айтысы, шешендік сөздер сияқты халқы-
мыздың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен қызықты әңгімелерді

323

жиып-теруді бір сәт есінен шығарған емес және бұдан жалыққан да емес.
Қай елге барсын, кәріқұлақ, көнекөз өнерпаздарды іздеп тауып, күйшілер-
ге күй тартқызып, күйдің тарихын зерделеп жазып, нотасын жазғызып алу,
үнтаспаға түсіру сияқты істерге өте мұқият қарайтындығы аталмыш ең-
бегінен айқын байқалады.

Құдайға шүкір, бұрынғыдай бір орталыққа жалтақтайтын кез емес, еге-
менді елміз. Ұлттық өнеріміздің өлгенін тірілтіп, өшкенін жаңғыртып
жатқан ат төбеліндей еңбекқор ұлтжанды азаматтарымыз көзі тірісінде
жасаған салмақты да ауқымды еңбегінің жемісін көріп, бағасын алып жатса,
елдігіміздің жарқын нышаны.

Ақселеу Сланұлының бұл монографиялық еңбегі - қашанда өз құн-
дылығын жоймайтын, әрбір күй өнерін зерттеуші мұрагерлеріміздің соқ-
пай өтпейтін аялдамасы, темірқазық іспетті бағдарламалық оқу құралы
болмақшы. Бұл аталмыш зерттеу - ғылыми тұжырымдамалығымен бірге
ұлтымыздың тарихи кезеңдерінде өмір сүрген және сол тарихи кезеңдерді
де күй тілімен сөйлеткен халық композиторларының күйлерін сараптауда
кесек-кесек философиялық ой-толғамының қарымдылығын көрсете білген
бірден-бір құнды еңбек екені даусыз.

Осындай толымды еңбектің - «Қазақтың күй өнерінің» Мемлекеттік
сыйлық алғаны барша қауымды қуантады.

324

А. Сейдімбектің 2008 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген
«Қазақтың ауызша тарихы» кітабы туралы ой-пікірлер

Жамбыл Артыкбаев

АҚАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ АУЫЗША ТАРИХЫ

«Калахаридегі ұлы пікірталас» және этнография туралы

Ақаң (Ақселеу) - туа біткен этнограф. Құдай Тағаланың Ақаңа жасаған
сыйлықтарының ең бастысы не деген сұраққа мен жауапты көп іздедім.
Ер азаматқа жарасымды қасиеттердің бәрі де бір бойында бар ағамызды
сегіз қырлы, бір сырлы десек артық емес. Тіпті Ақаңның бойындағы қа-
сиеттерінің бәрін сегіз қырға сыйғызу да қиын. Бірақ қазақ ұғымында «сегіз
қырлы» дүние-тіршіліктің бүтінін, толығын көрсетеді. Адам тіршілік ететін
ғаламшарды Бұқар жырау бабамыз «сегіз қиыр шартарап» дейді. Бұқарекең
«Ей, Абылай, Абылай, қатын алма қарадан» деп басталатын толғауын:

Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаңды түгел қып,
Төріңде жатып салмақтан, -
деп аяқтайды. «Сегіз қиыр шартарап» - ұлыеуразиялық идеяның нышаны.
Бұл ұғым - алып құрлықтың кіндік ортасына орналасқан түркі-моңғол
тайпаларының тіршілік құндылықтарының негізі. Б.з.б. II мыңжылдық-
та апайтөс даладан оңтүстікке жылжыған арья тайпаларының шығысқа
шегелеген таңбасы. Дала пайғамбары Зәрдүшті, оны қолдаған арьяны
Ұлы Даладан ығыстырған турлардың да ұстанып қалғаны осы сегіз қиыр
шартарап. Ұлы Күннен, жарықтықтан, әлемнің сегіз қиырына ұмтылған
құдіретті күшке тек анда-санда ғана алты бұрышты Дәуіт таңбасы қарсы
тұра алған. Ақаңды біз «сегіз қырлы» деуімізге басты себеп осы.
Ақаң қазақ этнографиясының соңғы реликтілері сақталған ортада
туды. Біз реликт ұғымын текке қолданып отырған жоқпыз. Ақаң жасы
алпыстан асқанмен бала жанды, албырт адам, осы себептен өзінің туып-
өскен ортасын сипаттаған уақытта өзі көрген, өзін өсірген этнографиялық
ортаны төндіре, жарқырата сипаттап, бойжеткен қыздың көзіндей жәуді-
ретіп, оқыған адамды қызықтырып, ғашық қылып қояды. Тарихтың дөң-
гелегін қайтадан кері айналдырып, Ақаңның балалық шағы өткен XX
ғасырдың 40-50-жылдарындағы Жаңаарқа өңіріне топ ете түскің келеді.

325

Бұл - Ақаңның көркем әдебиет әдістері мен қуатты тілі туғызатын әсер. Шын
мәнінде бұл кезең - қазақ халқының өміріндегі ең қаралы, ең ауыр, азапты
кезеңнің бірі. Қазақ халқының XX ғасырдың 30-50 жж. шеккен бейнеті
бірнеше «Ақтабан шұбырындыға» тұрады. Маған Қарқаралы өңірінде этно-
графиялық экспедицияда жүрген кезімде, 80-жылдар ортасында Ғабдолла
деген аяулы қария айтып еді: «Біз бір ғасырда бес ғасырдың ауыртпалығын
көтердік», - деп. Бес ғасыр деп қария XX ғасырдың ел басына түскен нәубет
жылдарын айтып еді.

Дегенмен бала көңілі - кіршіксіз таза көңіл, таза сезім. Адамның аз-
ды-көпті өмірінде 13-ке дейінгі балалық шағы - періште кезеңі. Періште
болғанда да тек жақсылықты ғана қабылдайтын періште, адам өсе келе құ-
лағы жамандыққа түрік келеді. Балалық шақтың адамның өзге жасынан
басты айырмасы осында. Ақаң Еуразия көшпелілерінің ұлы өркениетінің
ақжал толқындары биік жарларды құлатқан теңізін көрген жоқ, ол сол
теңіз тартылган уақытта соның табанында қалған сарқыншақ-қақтарды
ғана көрді. Ең бастысы, Құдай Тағала Ақаңа сол сарқыншақ-қақты көруге
жазды, бұл қазақ этнографиясын зерттеймін дейтін адамның басына қон-
ған бақыт емес пе?! Біздің балалық шағымызда Ақаңның көрген қағы бір-
те-бірте құрғады, ауыл сыртындағы өзектің жарындағы қарлығаштар да
жоғалды. Олармен бірге ақ кимешек киген әжелеріміз, саптама етігі сар-
тылдаған аталарымыз бақиға аттанды. Ескі құрлықты бірнеше мың жыл
бойы билеген ұлы өркениеттің соңғы реликтері көз алдымызда бұл-бұл
ұшты. Ақаңның бала кезінде кешіп жүрген ауылдарының киіз үйлері менің
алғашқы этнографиялық экспедицияларымның кезінде қораның төбесінде
текше-текше болып брезентпен ораулы жататын. Қазір ол да жоқ. «Көшпелі
дүние» деген осы.

Қазақтың «Еділ-Жайық» аталатын ертегісі еске түседі. «Түп-тегі Қып-
шақ еді. Еділ деген бай болыпты. Жайық деген қу жарғақ мерген болыпты.
Еділ ағасы еді де, Жайық інісі еді дейді», - деп басталады бұл ертегі.

«Ол заманда Еділ мен Жайықтың арасында кертағы, аладомбай, бұғы, бұ-
лан, арқар, киік, құлан елсіз-күнсіз жерлерде быжынаған биттей, құжынаған
құрттай көп екен, - дейді осы ертегіні баяндаған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
(М.Ж. Көпейұлы. Шығармалары. 6 том. - Павлодар, 2005. - 47-6.). - Күн-
дердің күнінде Жайық мерген Құлан суаты деген жерде түннен тұрып, суатты
аңнан бұрын алып, тосып жатса, судың ар жағына бір ел қонып жатыр дейді.
Малы - ылғи құлан, уық, кереге, шаңырақ - бәрі алтын мен күміс, киіз
орнына ұстағаны - ылғи жібек пен торғын. Қазықтары - алтыннан, желі
тоқпақтары - күмістен, желі арқаны - жібектен. Шатырлатып құланның
қодығын байлап жатыр дейді.

Айтып-айтпай не керек, ақыры Жайық осы елдің бір қызының қойнында
ұйықтапты. Бір күнгі көрген дәурені бар өміріне татырлық дәурен болыпты
дейді ертегі. Таңертең ояна келсе қыз да жоқ, басына тіккен шатыр да жоқ,
жамбасының астында төсеніштің тамтығы ғана қалған. Атын арқандаған

326

жібек арқан мен алтын қазық қалыпты. Есі шығар-шықпаста еліне барыпты,
Сонда ағасы Еділ:

- Ол көшпелі дүние бір түнеген жеріне жылына бір келеді дейтұғын. Сол
көрген жеріңді бір жыл күзет, - деген соң, Жайық ас-су ішпей, ұйқы көрмей,
5ір жыл күзетіпті. Бір жылдан соң құланға мінген, қара киген бір қатын:

- Міне, Жайық, қатын-балаң! - деп, бесігімен бір баланы тастап кете
беріпті. Алтыннан шүмегі, күмістен түбегі бар екен-мыс».

Ақаң осы көшпелі дүниеден қалған күміс түбекті, алтын шүмекті бала
сияқты. Ақаңның жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы, әр түрлі жарқылдақтарға
құмарлығы, аңғал батырлығы, жылпосқа сеніп қалатыны, т.б. қасиеттері
мен қылықтары осыған нұсқайды. Ең бастысы - Ақаңның қаламынан
шыққан кітаптар. Мәселе тек «Қазақтың ауызша тарихы» кітабында емес,
әңгіме Ақаңның өмір бойғы жазған кітаптарының барлығы да, ең алдымен,
этнография екендігінде.

Мен Ақаңның 1972 жылы шыққан «Ақиық» кітапшасын оқығаным жоқ,
ал 1977 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Қыр хикаялары» - шын
мәнінде этнографиялық жинақ. Мен бұл жерде Ақаңның ғылыми-көпшілік,
немесе монографиялық еңбектерін айтып тұрғаным жоқ. Олар онсыз да
таза этнографиялық шығармалар. Мәселе Ақаң шығармаларындағы не-
гізгі өзектің ерекшелігінде. Ол - жанр таңдамайтын, ғылыми немесе көр-
кемдік тақырыпқа бағынбайтын ерекшелік. Біздің қазақ гуманитарлық
ғылымында бұл құбылыс әлі өз зерттеушісін тапқан жоқ. Тек әдеби сынға
қатысты кейбір еңбектерде ғана М. Әуезовтің «Абай жолындағы » этнография
туралы айтылады. Бұл - қазақтың ардагер азаматы, ұлы ғалымы және қазақ
ғылымын ұйымдастырушы Қанекеңнен (Қаныш Сәтбаевтан) басталған баға.
Ол кісі көрегендікпен « Абай жолын» этнографиялық эпопея атаған болатын.
Өз кезегінде М. Әуезов бұл жолды кеңестік тексіз қоғамның құрбаны болған
Жүсіпбек Аймауытовтан алғаны белгілі. Ақаң бұл жолды ғылыми-көпшілік
әдебиетке ұштастырды.

Бұл қандай жол? Батыс этнологиясында 1980 жылдары үлкен пікірт-
лас болды. Мәселе этнологиялық зерттеулердің нәтижелерін оқырманға
қалайша жеткізу керек деген сұрақ төңірегінде еді. Белгілі дәрежеде бұл
пікірталасты XX ғасырдың 50-60-жылдары белең алған постмодернизм
мен этнологияның классикалық үлгілеріне сүйенген ғылыми орталар-
дың көзқарастарының алшақтығы туғызды. Бұл жерде біз Батыс ғалым-
дарының көпшілігі «этнология» ұғымының орнына «антропология» сөзін
қолданатынын ескертуіміз керек. Қазақ ғылымында қазіргі күні «этно-
графия» мен «этнология» қатар қолданылады, ал «антропология» тек эт-
ностың сыртқы, нәсілдік ерекшеліктеріне байланысты жүргізілген зерт-
теулерде ғана пайдаланылады. Шын мәнінде, К. Леви-Строс айтқандай:
«Этнография, этнология және антропология үш бөлек пән емес, бір зерт-
теудің үш түрлі концепциясы да емес. Бұлар - зерттеу жұмысының үш
түрлі сатысы немесе зерттеудің үш түрлі уақыт кезеңі. Қандай терминді
таңдау мәселесі зерттеушінің зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін көрсетеді.

327

Ол үшеуін бірінен-бірін бөліп алып жеке қарастыру мүмкін емес» (Леви-
Строс К. Структурная антропология. - М., 1983. - С.315). Этнографиялық
зерттеулердің басты ерекшелігі - тікелей дерек берушімен (информатор-
мен) жұмыс істеу, этнографиялық мәліметті жинаудың әдіснамасы және
техникалық жақтары, оларды классификациялау және зерттеліп отырған
объекті туралы сипаттама жасау. Ал этнология болса - жинақталған дерек-
тердің негізінде синтезге қарай басылған қадам. Ол тарихи, географиялық,
жүйелік (нақты бір мәселеге байланысты) бағыттарда жүруі мүмкін. Осыдан
келіп үшінші кезең - антропология өріс алады, оның негізгі мақсаты әр эт-
ностың адамзат эволюциясымен байланысын нақтылайтындай зерттеулер
жүргізу.

Егер осы айтылған мәселені нақты бір мысалға түсірсек қалай болар еді,
мәселен, Ақаң жазатын «киетек», яғни тотем туралы. Қазақ этнографы
алдына тотем туралы түсініктерді зерттеу мақсатын қойғаннан кейін ең
алдымен ғылыми бағдарлама жасайды. Ол ғылымда қалыптасқан, таны-
мал жүйенің біреуіне негізделгені жөн, осыған қосымша этнограф инфор-
маторларына арнайы сұрақтар дайындайды, техникалық құрал-сайманын,
жабдығын алады. Осылайша тотемдік түсініктер көбірек сақталды деген
ортаға қарай, мәселен, Сыр бойына, екі-үш айға не бір-екі жылға аттанып
кетеді. Америкалық эволюционистік этнографияның негізін салушылардың
бірі Льюс Морган ирокездер арасында ондаған жылдар өмір сүріп, өзінің
әлемге танылған монографияларын жазды. Енді біздің қазақтың этнографы
Қызылорда маңында сақталған тотемдік түсініктерді (жыланға, қасқырға,
түйеге, т.б. киетектерге) ұқыпты жинап, әр деректі фронтальді түрде
тексеріп, ғылыми сипаттама жасаса - ол этнографиялық жұмыс атқарғаны.

Енді дерек жиналды, жарияланды, осыдан кейін зерттеуші отыра қалып
кітапханаларды қопарып, сирек кездесетін қолжазбаларға үңіліп, өзінің
киетек (тотем) туралы жинаған деректерінің тарихи негізін және қазақ
жерінің өзге өлкелерінде таралу, өмір сүру аясын анықтай бастаса, ол - эт-
нология. Зерттеуші өзінің бағдарламасы бойынша жинақталған деректердің
ішінен Сыр бойында ІХ-ХІ ғасырларда мекен еткен оғыз қауымына тән
құндылықтарды танып, екі тарихи кезең арасын байланыстырса, ол - тари-
хи этнология, яғни этнология ғылымының ішкі субсаласы.

Қазақ зерттеушісі мұнымен де тынбай, киетек туралы әлемдік әдебиетті
қопарып, дүние жүзіне танымал ғалымдардың еңбектерін ежіктеп оқып,
қазақ жеріндегі киетек туралы түсініктердің әлем халықтарының балалық
шағына тән өзегін тапса, ол - антропология. Нағыз антропологтар этнос
шеңберінен шығып, ғаламның әр бұрышында қызмет атқарып, өзін де, елін
де сыртқа танытып жүреді. Өкінішке орай, бұл деңгейде қызмет жасауға
біздің интеллектуалдық және материалдық мүмкіндіктеріміз аз. Біріншісі
аздап бар шығар, екіншісінен үміт жоқ. Қазақ этнологиясы дәл қазір не
мемлекетке, не қоғамға қажеті жоқ бейшара жағдайда.

Өзіміздің де нашарлығымыз бар шығар. Қазақ Ғылым академиясы гүл-
деніп тұрған уақытта да этнография қанат жайып кете алмады. Аз болдық,

328

сапамыз да шамалы болды. Кеңес үкіметі қазақ этнографтарын қайта-қай-
та ұжымшарды, ауылды зерттеуге салып, өз бетімен дамуға мүмкіндік бер-
ген жоқ. Мен Қазақстанда тәуелсіздік қарсаңында бірінші қорғаған этнограф
болғандықтан мұны айтып отырмын. Этнография мемлекет тарапынан
қамқорлық, қаржылық көмек болмаған жағдайда дами алмайды, ол
қолыңа күрек ала салып опыр-топыр қорғанды қаза бастайтын археология
да емес, мұрағат пен кітапханасы бар жерде жасала беретін тарих емес.
Этнография - елмен қоян-қолтық жұмыс істейтін гуманитарлық жалғыз
ғылым саласы. Кәсіби этнограф ылғи да жалғыз не алдын ала тыңғылықты
дайындалған топпен жұмыс істеуге мәжбүр, өйткені сенің бағдарламаңды
жаныңа ертіп шыққан студентке тапсыру мүмкін емес. Этнологты қажытар
шаруа - ғылыми бағдарлама жасау. Ол - ондаған жылды, ауыр еңбекті, ерен
қабілетті керек ететін шаруа. Мысалы, археологқа студенттерді неғұрлым
көбірек алып шықса, соғұрлым пайдалы, қолына күрек бер де бұрқылдатып
қаз. Егер студент болмаса жергілікті елден жалда, аздаған ақшасын берсең
олар да бұрқылдатады. Ал сен жаныңдағы ғылымнан хабары жоқ адамға тірі
информаторды беріп көр! Ол - аса қиын хирургиялық операцияны хирургтің
жас студентке тапсырғанындай шаруа.

Қазақ мемлекеті қазақ этносының қазіргі ахуалын танымай, зерттемей
алға қарай бір қадам да баса алмайды.

Ақаңның "Қазақтың ауызша тарихы" осы ахуалдың бір көрсеткіші, тіп-
ті, мен айтар едім, Ақаңның осы тақырыпқа арнайы монографиялық еңбек
жазуының өзі қоғамдық қажеттілікті терең түсінгендіктен қолға алынған іс
деп. Бұл жерде Ақаңның түйсік деңгейінде ме, әлде қисынмен бе, әйтеуір,
қажетті тақырыпты дәл басып табуы ғажап. Мәселе тіпті Ақаңның қолы
жеткен ғылыми нәтижесінде емес пе деп ойлаймын, қазақ шежіресін кім
жазбай жатыр?! Мәселе әтнография ғылымына қажетті сапалық өзге-
рістерде. Ақаңның еңбегі этнографиядан этнологияға қарай басқан ірі қа-
дам, ендеше қазақ қоғамы да дәл осы қадамды қажетсініп отыр. Кәсіби
этнологияда әлдене себептермен тым алға қарай ентелеп шығып кету болады,
содан кейін соңымыздағы елге: «Әй, мынау неге мені түсінбейді-ай?» - деп
ренжиміз. Ақаң болса өзіне Құдай Тағала берген, ата-ана, өскен ортадан
жұққан қазақи мінезімен елмен қатар келе жатыр.

Сонымен, Ақаңның этнография туралы жазғандары қаншалықты ғы-
лыми дүние? Бұл тарапта оқырманның арасында әр түрлі пікір бары жа-
сырын емес. Қазіргі оқырман ішінде көзі қарақты, көңілі ояу, тектілігін
жоғалтпағаны болмаса, жақсыны жаманнан, тәттіні ащыдан айырудан
қалды. XX ғасырдың 90-жылдары тәуелсіздікті емін-еркін пайдаланып,
өтірікті шындай, ақсақты тыңдай соққан жазғыштар көбейді. Қыза-қыза
бар тарихты ескермей, өзеуреп «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деп қазақтың
тарихын бір атаның бодауына байламақ болып күнәға да бардық. Осылайша
қазақ шежіресінің беделін әбден кетірдік. Бұл жіберген қателік қазіргі күні
И. Ерофеева, Б. Ирмуханов сияқты қызылкөздердің қолындағы көзірге
айналды. Жалпы қазақи дәстүрде, қазаққа арнап жазылған ғылыми ең-

329

бектер И. Ерофеева бастап, ұйымдастырып жүрген постшовинистік және
мәңгүрттік топтың ашу-ызасын туғызып, абыржытып отыр. Арасында
дүмшесі бар, еуроцентристері бар, еріккеннен тарих пен этнографияны ай-
налдырған, мына аласапыран заманда «атың шықпаса - жер өрте» деп атақ
алып қалғысы келгені бар, бәрінің оғына қазақ шежіресі нысана, Ақаң бұл
нысанаға көптеп ілігіп жүр, мен болсам ҚАЗҰПУ-дің дүмше профессоры,
өмір-бақи әлемдік жұмысшы қозғалысымен айналысқан Б. Ирмуханов
сияқтылардың қырағылығын жаңа көріп жатырмын. «Түп-тұқиянның»
артында қазақтың әлі де арыла алмай келе жатқан трайбализмі мен
протекционизмі тұрса, И. Ерофееваның соңында Мәдениет және ақпарат
министрлігі жанындағы Номадизм институты тұр. Осылайша қазақ ше-
жіресіне сүйенген тарих ғылымы екі жақтан жауған оқтың астында қалды,
яғни Ақаңның жазып отырған «Қазақтың ауызша тарихы» әлі де кеңестік
дәуірдегі контристория жағдайында, ресми көзқарастарға оппозицияда
қалып отыр.

Ақаңа және оның інілеріне бағытталған оқ, ең алдымен, қазақ тарихы
мен этнографиясын жазудағы ұлттық дәстүрлерге қарсы. Оларға салсаң сен
Батыс пен Кеңес үкіметі салып кеткен жолдан бұрылмауың керек. Осы жөн
бе?

Оңтүстік Африканың Калахари шөлінде бас қосқан дүние жүзіне танымал
этнологтар мен антропологтар бұл туралы не айтты? Маған Кембридж уни-
верситетінің әлеуметтік антропология кафедрасын басқарған Э. Личтің
жазғаны ұнайды. «Этнографическая монография имеет много общего с ис-
торическим романом, чем с каким бы то ни было научным трактатом, - дейді
белгілі антрополог. - Как антропологи мы вынуждены примириться с ныне
уже признанным фактом, что в романе персонажи воспроизводят те или
иные аспекты личности автора. Да и как могло быть иначе? Единственное
«Я», которое я знаю непосредственно, это мое собственное. Когда Мали-
новский пишет о жителях Тробрианских островов, он пишет о себе; когда
Эванс-Причард пишет о нуэрах, он пишет о себе. Любой другой подход прев-
ращает персонажей этнографических трактатов в заводных кукол» (Купер
А. Постмодернизм, Кембридж и «Великая Калахарская дискуссия» // Этно-
графическое обозрение, 2003, №3).

Неге еуропалық ғылыми баяндау дәстүрі өзге халықты «заводная кук-
ла» қылып жібереді? Бұл жерде батыстың ортада қалыптасқан ғылыми-
зерттеу әдістері мен инструментарийі туралы әңгіме жоқ. Ол әдістер мен
аспаптарды пайдалану жақсы нәтиже береді, бірақ әрдайым жергілікті
ерекшеліктерді пайдаланған жөн. Мысалы, сіз тісіңізді емдесеңіз Чехияда
немесе Германияда жасалған аспапты дұрыс көресіз, бұл этнографиялық
ғылыми-зерттеу әдістері мен инструментарийіне де қатысты. Ал енді сіз ем
алған пациенттің жағдайын - айтқан сөзін, көрсеткен мінезін, ем қабылдауын,
т.б. еуропалық тілмен баяндап беруіңіз өте қиын. Оны ғылыми баяндау үшін
сіз толып жатқан жаңа түсініктер мен дефиницияларды қолдануыңыз
керек, ал егер де ол елде ондай ғылыми категориялар дайын болмаса ше?

330

Еуропаға бейімдеуге көнбесе ше? Мысалы, еуропалықтар біздің көшпелі-
лікті (номадизм) қаңғыбастықтан ажырата бермейді, сіз монографияңызда
«номадизм» сөзін жүз қайталасаңыз да көшпеліліктің қаңғыбастықтан
басқа құбылыс екенін түсіндіріп бере алмайсыз. Еуропалықтар «ұлт» (нация)
деген ұғымды саяси антропологиялық зерттеулерде кең қолданады. Олар
үшін ру да ұлт, тайпа да ұлт, мемлекет те ұлт. Егер де еуропалық зерттеуші
қазақ этникалық құрылымын зерттесе ондаған-жүздеген ұлттарды алып
шығар еді. Олар түгілі «қазақ тарихының Геродоты» деп атап жүрген
А.И. Левшиннің өзі туысқандық жүйеге негізделген, тамаша иерархиялық
тәртібі бар, әдет-ғұрып заңдарының ортақ ережелерімен өмір сүріп жатқан
қазақ қоғамын «анархияда өмір сүріп жатыр» деген.

Сіз оларға рулық құрылымның әкімшілік, аумақтық (территориялық),
саяси құрылымды алмастырып тұрған ұлы жүйе екенін оңайлықпен тү-
сіндіре алмайсыз. Олар түгілі бұл құбылысты қазіргі біздің қазақтың өзіне
түсіндіріп, миына жеткізу қиын.

Сонымен, сөздің қорытындысы, Ақаңның этнографиялық тақырыпта жа-
зылған көркем шығармалары, ғылыми-көпшілік кітаптары мен моно-
графиялары арасында еш алшақтық жоқ. Бұлар - бәрі де таза этнография,
тек зерттеу, баяндау, оқырманға ұсыну тәсілдері ғана бір-бірінен бөлек, бірақ
мақсаты бір туындылар. Егер Еуропа тілімен айтсақ, Ақаң - постмодернистік
дәстүрде жазатын этнограф-жазушы. Ақаң еңбектеріне ден қойған қазақ
оқырманы үшін ол, ең алдымен, ағартушы, дәлірек айтсақ, этнограф-ағар-
тушы.

Ауызша тарих па әлде шежіре ме?
Ақаңның «Қазақтың ауызша тарихы» кітабында «ауызша тарих», «ше-
жіре», «қария сөз», «тарих» ұғымдары қатар қолданыла береді. Олардың
әрқайсысы, салыстыра қарасақ, жеке ұғым емес, бір ұғымға қатысты қол-
данылатын синоним сөздер сияқты. Осы қаншалықты дұрыс?

Ғылымның қандай саласы болсын нақтылықты талап етеді. Әр терминнің
өз дефинициясы, яғни ғылыми анықтамасы болуы керек, ол болмаған
жағдайда ғылыми жұмыстың берекесі кетіп қалады. Қарапайым тілмен
айтқанда балғаны балға, шегені шеге деп білуіміз керек. Ақаңның қолдан-
ған «ауызша тарихы» «шежіре» терминін алмастыра ала ма?

Кітаптың алғашқы кіріспе тарауына қарағанда Ақаң «шежіре» сөзін
бірнеше жағдайда қолданады: шежірелік деректер, шежірешілдік дәстүр,
шежірелік айғақ-деректер, даңғайыр шежіреші (тарихи деректерді есте
сақтаушы адам), қазақ шежірешілдігі, т.б. Менің ойымша, жоғарыдағы
мысалдар бір нәрсені нұсқайды, яғни Ақаң шежіреге тарихшы ғалым
археологиялық дерекке қарағандай қарайды. Шежіре мен археологияның
арасында жер мен көктей айырма бар. Археология - тарих ғылымының көне
және орта ғасырлар қойнауынан дерек іздейтін күрегі, оның жеке ғылыми
іргетасы жоқ. Археологияны ғылыми сияқтандырып тұрған нәрсе қазба
жұмысын жүргізу әдістері ғана, ал қазба жұмыстарымен кез келген
адамның айналыса беретіні көпке аян. Қазіргі күні «черная археологияның»

331

көбейіп кетуі де осының айғағы. Ал енді табылған қазба материалдарын
топшылау, жүйелеу қажет болғанда археолог тарихшының кебін киюге
мәжбүр. Осыдан шығатын қорытынды біреу ғана - жақсы археолог, ең
алдымен, жақсы тарихшы болуы қажет. Қазіргі миллиардтаған қаржыны
игеріп жатқан археологияның өнімді ғылыми нәтиже бере алмай жатқан
себебі біреу ғана. Ол жерде Ө.Х. Марғұлан, К.А. Ақышев, М.К. Қадырбаев
сияқты кемел тарихшылар жоқтың қасы. Оның үстіне тарих ғылымының
шетсіз, шексіз дағдарысқа түскені кімге жасырын? Біз шежірені дереккөзі,
айғақтардың қоймасы ретінде ғана қабылдап, оны археологияның деңгейіне
түсіріп жібермейміз бе?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін, алдымен, Ақаңның кітабында көте-
рілген басты мәселелерге қысқаша ғана тоқталып кеткен жөн. Мысалы,
«Шежіре және тарих» бөліміне. Бұл тарау белгілі дәрежеде Ақаңның
«Қазақтың ауызша тарихы» кітабының квинтэссенциясы сияқты. Тек қана
ол кітаптың емес, жалпы Ақаң қаламынан шыққан көптеген еңбектердің
ішкі пікірі, айтатын ойы осы тарауда жинақталған.

Қазақтың көңілі ояу, көкірегі ашық оқырманына жеткізсем деген Ақаң-
ның асыл ойларының арасынан анда-санда қарама-қайшылық та, өзге
ауылдың адасып жүрген қозы-лағы да, ғылыми нақтылығы жоқ дүдәмал
пікірлер де кездеседі. Мұндай тақырыпқа барған зерттеуші кемшіліктен
ада, тып-тиянақты, жұмыр жұмыс жасауы қиын. Қашанда автордың есін-
де болатын жағдай, неғұрлым зерттеу тақырыбың үлкен болған сайын қа-
теліктерің де соғұрлым көп. Оның үстіне Ақаң «ауызша тарих» ұғымына
тікелей немесе жанама кіретін ондаған, жүздеген мәселелерді кітапқа артып
алған.

Мысалы, осы тарауда сөз болатын «генеалогия» мәселесі. Ақаң Ресей-
дің «Қосалқы тарих пәндері» бойынша танылған бірнеше мамандарының
пікіріне негіздеп: «Генеология - ру-тайпалардың пайда болу, қалыптасу
тарихын білдіретін және ата-текті түсіндіре тарататын тарих ғылымының
бір саласы», - дейді. Әрине, Ақаң шежіре мен генеалогияны бір-біріне
шендестіріп тұрған жоқ, себебі, Ақаң айтқандай, «бұл сияқты академиялық
анықтамадан қазақтың шежірешілдік дәстүрінің мазмұндық және функ-
ционалдық тұрғыда елеулі айырмашылығы бар». Шын мәнінде қазақ ше-
жіресі мен академиялық генеалогия арасында тек мазмұн мен қызмет қана
емес, ұғымдық тұрғыда да айырмашылық ат шаптырым.

Қазіргі ғылымда «генеалогия» аталып жүрген тарихтың қосалқы са-
ласының ұғым аясы шежіреден көш кейін. Оны шежіремен тікелей бай-
ланыстырғаннан гөрі қазақ қариялары жиі қолданатын, біздің дәстүрімізге
әжептеуір кіріккен «насаб» (арабтың туыс, жақын деген сөзі) терминін
пайдаланған жөн. Қазақтың белгілі тарихшысы Құрбанғали Халид өзінің
«Тауарих хамса» еңбегінде шежіре және тарих сөздерін қатар пайдалана
береді. Мысалы, Жетісу наймандарының шежіре деректеріне сүйене
отырып ол былай деп жазады: «Бұл найман руларының көнеден келе жатқан
жазылған тарихы болмағанымен, ата-бабалары мен түрлі ұрпақтарының

332

ақпарлары ауыздан-ауызға аңыз болып ұласып келе жатқанын ешкім
жоққа шығара алмайды. Дегенмен, уақыт оза бұл шежірелер өз негізінен
артық-кемі болып, ілгері-кейінді айтылып, шатастырарлық жағдай болса
да, өзге тарихи мәліметтермен салыстыра отырып, реттестіру нәтижесінде
белгілі бір шындыққа жақын, тоқтамды пікірлер айтуға болады. Бұл
хабарлар негізсіз дәлелденбесе де, себепсіз жалғанға шығарылмайды»
(Қ. Халид. Тауарих хамса. - Алматы, 1992. - 51-6.).

Құрбанғали имамның жазуына қарағанда ұлы дүбір мерекелерде елдің
жақсы азаматтары шежірешілерінің маңайын толтырып, өткендерін сұ-
растырып, үйлерінде болса ол кісінің алдында дәріс оқығандай үйреніп,
жақсысын жаттап, қиынын қаттап жататын болған. Құрбанғалидың өзі
осы мектептен өткен, шежірешілерден сабақ алған адам, онысын және
жасырмайды. Сонымен бірге, Құрбанғали Халид өз кітабында «насаб» сөзін
де қолданады: «қазақ насабшылары жүз, екі жүз жылғы істерге таласып
отырмайды, оқиға мың жылдан бері болса да ішінде жүргендей біле береді»
немесе «бабаларын жазғырып, шежіренің пайдасын білмей, шежірешінің
қадірін ұмытып, пайғамбардың «нәсібіңізді таныңыз», яғни туысыңызды
анықтап біліңіз дегенінің мәнін ұқпай отыр бұл халық» (Қ. Халид. Тауарих
хамса. - Алматы, 1992. - 52-6.).

«Насаб» сөзінен Шығыста кең тараған «Насаб-нама» келіп шығады,
яғни әулеттік ата-текті тарату ғылымы. Дәл осы «Насаб-нама» Ақаңның
жазып отырған генеалогия ұғымының қазақи баламасы болып табылады.
Қазақстан жеріне белгілі «Насаб-нама» нұсқаларының авторлары - қожа
әулетінің өкілдері, яғни ол әуелі әулеттік ата-тек тарату мағынасында
қолданылып келді. Түркістан өлкесінде тараған «Насаб-наманың» бірнеше
нұсқасын салыстыра зерттеген Зікірия Жандарбек те «Насаб-наманы»,
ең алдымен, қожа әулеттерінің шежіресі есебінде қарастырған: «Біздің
жұмысымыздың негізгі дереккөзінің бірі болып отырған «Насаб-нама»
нұсқалары да түркі халықтарының арасына кең тараған қожа әулеттерінің
шежіресі болып табылады» (Жандарбек 3. «Насаб-нама» нұсқалары жә-
не түркі тарихы. - Алматы, 2002. - 20-6.). Бұл әулеттік шежірелер Түр-
кістан өңірін мекендеген қожа қауымдары үшін ресми құжат қызметін
атқарады. Отырықшы өлкеде кең тараған вакуфтық иеліктерді заңдастыру
және мұрагерлік тәртіп «насаб-нама» негізінде іске асырылады. Саяси
өзгерістердің кезінде әулеттік шежіре қайта жаңартылып, сол тұстағы
хандардың тарапынан мөрмен бекітіліп отырады. Қарапайым тілмен
түсіндірсек, бұл қазіргі біздің меншікті бекітетін құжаттарымыз сияқты.
Вакуф - бұл жерде мемлекет тарапынан мешіттер мен олардың төңірегінде
шоғырланған қожа әулеттеріне берілетін иеліктер. Бүл иеліктерден түскен
пайданың бәрі қожа әулеттерінің күнкөрісі мен дәулетін қамтамасыз
етеді. Батыста орта ғасырларда қалыптасқан генеалогия жасау дәстүрі де,
ең алдымен, меншік түсінігімен тікелей байланысты. Оның ең жарқын
көрінісі күні кеше Ресейде үстем болған дворяндық әулеттердің ата-тектерін

333

таратқан генеалогиялық кітаптары (родословная). Ендеше генеалогияның
қазақтың шежіресімен тайталасатындай қауқары шамалы болғаны.

Ақаң бұл мәселені жақсы сезеді. Оған кітаптағы мына төменгі жолдар
куә: «Қазақ шежірешілдігі адамдардың жады арқылы жеткен тарих деуге
келеді... Шежіреде ел-жұрттың әлеуметтік-саяси өміріндегі нақтылы хро-
никалық деректен гөрі сол әлеуметтік-саяси өмірдің типтендірілген сипаты
көбірек көрініс тауып отырады». Бұл тамаша анықтама біздің шежіреге
деген көзқарасымызға дәл келеді. Дегенмен, шежіреге қатысты зерттеушілік
мектеп жаңа ғана қалыптасып келе жатқандықтан ғылыми анықтаманы әлі
де ширата түсу керек. Егер Ақаңның жазған «Қазақтың ауызша тарихы»
ғылыми ортадан қолдау тауып, онда айтылған мәселелер Қазақстан та-
рихының даму мүмкіндігіне жаңаша серпін берсе, кітапта айтылған ой-
пікірлер сол бағыттың іргетасына кірпіш болып қаланады.

«Әлеуметтік-саяси өмірдің типтендірілген сипатын» қазақ шежіресі
қалай жасайды? Ақаң оны тым қарапайым түсіндіреді: «Қазақтың ше-
жірешілдік дәстүрі сөз болғанда, қазақ шежірелері негізінен ата-тек (пат-
ронимия) шежіресі және ру-тайпа шежіресі болып екіге бөлінетінін атап өту
қажет. Шежіре түзудің бұл екі түрінде де бір-бірінен мазмұндық-ақпараттық
айырмашылықтар бар». Менің ойымша, автор генеалогияны шежіремен
шендестірмесе де, екеуін бір ұғымға енгізу нәтижесінде таза академиялық
көзқарастың әсерінде қалып отыр. Әулетке қатысты деректер шежіре ұғы-
мына қызмет жасайтын қор, яғни мұрағат, оны шежіреге тек шартты түрде
ғана қосуға болады.

Сөз жоқ, Ақаң жазғандай, Қазақ хандығын жасақтау барысында генеа-
логиялық құрылым тыңнан түзілген. Бұл ретте қазақ сахарасын Нұх пай-
ғамбар заманынан бері мекендеп келе жатқан қауымдардың барлығы да
қазақтың этникалық құрылымынан өз орнын алуға тырысқанын ескеру
керек. Жақсы орынды алу қашанда үлкен күресті қажет етеді, оның үстіне
табанды биі, тегеурінді батыры болуы шарт. Күшті рулар мен тайпалар
этникалық құрылымнан жетекші орындарды алады, олардың маңайына өз
әлеуеттеріне байланысты басқа рулар да орнығады, осылайша қатаң туыстық
иерархияға негізделген ұлттың негізі салынады. Міне, осы ұлт мәселесі
Ақаң жазған жоғарыдағы шежіре анықтамасынан сырт қалып қойған. Ол
неге сырт қалып қояды?

Біздің пікірімізше, Қазақ хандығы жасақталған уақытта шежіре кемі
үш деңгейлі болып келуі керек еді. Ең алдымен жеті ата тәртібін реттейтін
үлкен отбасылық (патронимия) немесе әулеттік (генеалогиялық) деректер.
Бұл - жалпы жұрттың бәрі білуге тиіс деңгей. Қазақтың «Жеті атасын
білмеген - жетесіз» деген сөзі осыны білдіреді. Екінші деңгей - ру-тайпа
шежіресі. Ақаң: «Ру-тайпа шежіресі болса қандас туыстықтан да бұрын
мүдделестікті мазмұндық-ақпараттық арқау етеді», - дейді. Толықтай
Ақаң пікіріне қосыламыз. Ру-тайпа - көшпелі қазақ қоғамының негізгі
іргетасы. Ол - туыстық жүйеге негізделген саяси-әлеуметтік институт. Бір
атадан тарады-мыс делінетін генеалогиялық түсініктер ру-тайпаның тек

334

ішкі тұтастығын қамтамасыз етеді. Ал шын мәнінде ру-тайпа, ең алдымен,
әкімшілік-саяси күш, құрылымдық элемент.

Дегенмен, қазақ шежіресі жоғарыда аты аталып, түсі түстелген ата-тек
және ру-тайпа шежіресінен ғана құралмайтыны анық. Түптеп келгенде,
әр ру-тайпаның мүддесі әр түрлі болуы мүмкін. Ақаң жазған ру-тайпалық
мүдделестік мемлекет мүддесімен кереғар келіп қалуы көшпелілердің
тарихында жиі кездеседі. Өзге заманды, алысты барламай-ақ Алтын Орда
дәуіріндегі Едіге мен Тоқтамыс (Әй, Едіге қайт-сана), Қазақ хандығы дәуі-
ріндегі Бекболат пен Абылай (Абылай аспас Арқаның Сарыбелі) арасындағы
қарама-қайшылықтар, ең алдымен, ру-тайпалық мүдденің мемлекет мүд-
десімен қабыспауынан бастау алады.

Ендеше қазақ шежіресінің мемлекеттік идеяны, тәуелсіздікті негіздеген
алтын қоры болуы тиіс. Белгілі дәрежеде бұл идеялар мемлекеттің тұрақ-
тылығын, биліктің сакральдығын, яғни қасиеттілігін қамтамасыз етеді,
ру-тайпа басшылары мен хан-сұлтандар арасындағы қарым-қатынасты
реттейді, ақсүйек әулеттердің құқықтық (әдет-ғұрып заңдары бойынша)
шекараларын, тіпті мемлекетке қажетті атрибуттар мен этикет мәселесін де
ескереді. Осындай шежіренің асыл үлгісі - қазақтың Алаша хан, Уыз хан,
Әз Жәнібек хан, Қасым хан, Абылай хан туралы аңыздары мен жырлары.
Егер де қазақ шежіресінен бұл аталған маңызды қабатты алып тастасақ,
біздің мемлекеттік және қоғамдық тарихымыз көзден бұл-бұл ұшып кетеді.
Бүгінгі күні қазақтың болашағын ойлаған азаматтардың күрес майданы
осы алтын қор үшін жүруі керек.

Өкінішке орай, патшалық Ресейдің езгісі, кеңестік тексіз жүйенің қан-
ды қырғындары қазақ шежіресінің ең маңызды қабатын, астарын жадыдан
шығарды. Оның барлығын біздің алдымыздағы буын да, біз де тек фольклор
тұрғысынан ғана қарастыруға үйреніп алдық. Ол фольклордың өзі де ғы-
лыми түрде зерттеу нысанасына айналған жоқ. Қазақ халқының саяси-
әкімшілік құрылымының дағдарысы, хандық биліктің жойылуы, іле-шала
ру-тайпалық ірі бірлестіктердің ыдырай бастауы «шежіре» ұғымына тікелей
әсер етіп, оның қауқарын шектеді. Осылайша қазақ шежіресі ұлттық-мем-
лекеттік мүдденің айнасы, жаршысы болудан қалып, патронимиялық
құрылымдар деңгейіне түсті. Оның негізгі мазмұндық қабаттары фольклорға
айналып, түр-сипаты ата-тек атауларын жөн-жосықсыз тізбелеген сыз-
баларға ауысты.

Енді «жады» мәселесіне келейік. Ақаң «жады» мәселесіне қатысты өте
жақсы этимологиялық талдау жасаған және бұл талдаудың нәтижесі шежіре
мағынасын ашып береді деген пікірдеміз. Біз осыған дейінгі зерттеулерімізде
байыбына бара алмай жүрген мәселені Ақаң діттеген жеріне жеткізген.
«Жад» сөзін талдау барысында Ақаң байырғы түркі тіліндегі «иад» (есте
сақталған, естелік) «ирда» (іздеу, ұмтылу), «иор» (жору, түсіндіру) мағы-
насындағы сөздерді негізге алған. Енді келіп шендестірген уақытта: иад + ир-
да - жадыңнан ізде, иад+ ирақ - жадыңның түкпірінде, иад + иор - жадыңды
жору, т.б. болып шығады. Егер қазақ тілінің үндестік заңына бейімделген

335

үлгілерін пайдалансақ: жад + жрда (жадыңнан ізде), жад + жрақ (жадыңның
түкпірінде), жад + жор (жадыңды жоры), яғни шежіре сөзіне жақын сөз
шығады.

Расында да, көптеген түркі-моңғол халықтарында шежіре сөзі жоғары-
дағы мағынамен өмір сүріп жатыр. Ол сонау Махмұт Қашқари заманынан
бері («Сөздік» мәтінінде «сежілер» деп жазылған) ұйқасты, үйлесімді сөз,
жаттап алу, жатқа айту, т.б. мағыналарда жазба әдебиетте де, ауызша нұс-
қаларда да берік орын тепкен. Бұл туралы біздің «Историческое наследие
М.Ж. Копеева» (Павлодар, 2004) кітабын қарасаңыз болады. Ақаңның
жоғарыда жасалған этимологиялық талдамасы маған осы сөздің төркінін
иран тілдерінен, яғни қола дәуір тайпаларының мәдениетінен іздеу қажет
деген ой салады. «Шежіре» - не таза арья, не арья мен турлар арасында
қалыптасқан көне ұғымдардың бірі, тіпті оның арғы төркіні ностратикалық
сөздік қорына барып үйлесуі де мүмкін. Ақаң «қазақ тіліндегі «жад» сөзінен
туындаған «шежіре» сөзіне арабтың «шәджара» деген сөзінің ешқандай
қатысы жоқ деп есептейміз» дейді. Менің пікірімше, Ақаңның жоғарыда
талдама негізіне алған «иад», «ирда», «иор», т.б. иран мен түркіге ортақ
көне сөздік қордан. Біз кейде болмашы нәрсенің бәрін арьяға сілтей сала-
мыз, ал қазбалай келсек оларды Ұлы даладан ығыстырып шығарған тур-
лар да, алдымен, иран тілдес сияқты. Қазіргі қазақ тілінің дүние жүзін-
дегі тілдердің арасында ерекше бай сөздік қорымен алға шығып кетуі де
осындай алғышарттармен түсіндірілсе керек. Біздің тіліміздегі синоним
сөздердің бірқатары тікелей арья-тур бастауына алып барады, бірқатары
одан да арғы (шумерлік, үндіеуропалық, т.б.) заманға сілтейді. Осылайша
«шежіре» сөзінің түпкі мағынасы тарих болып шығады. Ал арабтың та-
рих сөзінің оны алмастыру үрдісі - біртіндеп араб-ислам мәдениеті мен ғы-
лымының әсерімен болған нәрсе.

Енді «ауызша тарих» ұғымына қатысты ойларымызбен бөлісейік. Бұл
ұғым XX ғасырдың 50-60-жылдарынан бастап әуелі Батыс Еуропада, ке-
йіннен әлемнің әр түкпірінде орныға бастағаны белгілі. Қазақ топырағы-
на бұл ағымды алып келіп, шежіретануға ыңғайлап жатқан біздің Ақаң:
«Қазақ халқының шежірешілдік дәстүріне қатысты алғаш рет «Қазақтың
ауызша тарихы» (ҚАТ) ұғымын қолданып отыр». Осыған дейін Ақаң
шежіреге қатысты «Далалық ауызша тарихнама» (ДАТ) ұғымын қолданып
келген еді. Ақаң - қашанда жаңалыққа жаны құмар, ғылыми ақпаратқа
ашық жан. Ақаң, ең алдымен, елді ғылымдағы болып жатқан жаңалықпен
таныстыру мақсатында «Қазақтың ауызша тарихы» ұғымын кітаптың
атауы есебінде қолданып отыр деп болжаймын. Расында да, Ақаңның
жазғаны «шежіремен» шектеліп қалмай, қазақтың ауызша-жазбаша
сақталған көне мұрасының әр саласын қамтыған, сонымен бірге, ғылыми
әдебиетті қазақ құндылықтары тұрғысынан қайта пайымдаған еңбек.
Бұл кітапта туысқандық жүйе де, қария сөздер де, шежірелік айғақтар
да бар. Шынтуайтына келгенде, Ақаңның басты мақсаты - қазақтың төл

336

фольклорлық мұрасындағы құнды қазынаны қазіргі гуманитарлық ғылымда
болып жатқан жаңалықтар тұрғысынан оқырманға таныстыру.

«Ауызша тарих» ұғымы - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғылыми
ортаға таныла бастаған, дүниеге келген күнінен бастап академиялық орта-
ның ашу-ызасын, түсінбеушілігін өзімен бірге алып келген құбылыс. «Ауыз-
ша тарихтың жобасын» жасаған Колумбия университетінің профессоры
Алан Невинс (1948) сейсмологиялық және геофизикалық зерттеулердің
тарихын жазуды көздейді. Осылайша әуел бастан «ауызша тарих» ұғымы
ресми құжаттарда белгілі дәрежеде кереғар түсіндірілетін тарихи оқиғалар-
ды тірі куәгерлердің естеліктері арқылы жеткізу әдісі ретінде қолданысқа
түсті. Мәселен, қазіргі күні америкалық бағдарламалар негізінде жұмыс
жүргізіп жатқан Санкт-Петербургтегі Еуропалық университеттің «Ауызша
тарих орталығы» кеңес дәуірінің тарихын ауызша деректер негізінде қайта
жазып жатыр. Ол үшін орталықтың қызметкерлері XX ғасырдың басты-
басты оқиғаларын нысанаға алып, сол дәуірдің естеліктерін жинайды.
Кәдімгідей қолдарына диктофон ұстап, оқытушылар мен студенттер қа-
рия адамдарды іздеп жүргенін көресіз, Бұл әдісті біз этнографиялық зерт-
теулерімізде қолданамыз, ал олар, көбінесе, тарихи оқиғаларды куәгерлер
арқылы зерттейді. Өкінішке орай «ауызша тарихтың» осы бағыты біздің
оқу орындарында қолдау таппай келеді. Жас тарихшылардың нағыз айна-
лысатын шаруасы осы, күннен-күнге өткен заманның куәгерлері азайып
келеді. Ал жинайтын естелік аса көп: XX ғасырдың басындағы төңкеріс,
30-жылдардағы аштық, 37-47-жылдарғы репрессиялар, тың игеру. 2003 жы-
лы Санкт-Петербургте шыққан «Хрестоматия по устной истории» (Пер.,
сост., введение, общ. ред. М.В. Лоскутовой. - Издателъство Европ. Ун-та в
С.Петербурге) осы өзекті жұмыстың айнасы сияқты.

Қазіргі күні тарихшылар арасында кең қолданыста жүрген Пол Том-
сонның «Өткен шақтың дауысы, Ауызша тарих» кітабы ұлыбритандық
түсініктердің Алан Невинс «Жобасынан» алысқа ұзап кетпегенін көрсетеді:
«Устная история - это история, построенная вокруг людей. Она наполняет
жизнью историю как таковую и расширяет ее масштаб. Она позволяет найти
героев не только среди вождей, но и среди безвестного большинства народа»
(Томсон П. Голос прошлого. Устная история. - М., 2003).

«Ауызша тарихтың» көкжиегін кеңейткен атақты бельгиялық Жан
Вансина болды. Менің пікірімше, оның африкалықтардың ауызша та-
рих дәстүрін ашуына, алдымен, антропологиялық дайындығы себеп бол-
ды. Ол Лондоннан Африкаға бушонгі тайпасының этнографиясын зерт-
теуге аттанғанда бар-жоғы 23 жаста еді. Екіншіден, Жан Вансинаның
африкалықтардың ауызша тарих дәстүрлерін түсінуіне Африка елдері-
нің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталған отаршылдықтан құ-
тылу және жаңа идеология үшін күресі, яғни деколонизация себеп болды.
Африкадағы сұрапыл азаттық күресінің қанды көбік толқындары тәуел-
сіздік алған елдерде тарихқа деген аса үлкен құмарлықты оятты. Бұрын
еуропалықтар: «Африкада тарих болған жоқ, олардың тарихы отарлық ке-

337

зеңнен басталады», - деп кесіп-пішіп қойған қара континент өзінің тарихын
іздеді. Жан Вансинаның ізденістері осы сұранысқа дәл келді.

Бірақ Жан Вансина Африкаға қатысты «ауызша тарих» ұғымының ор-
нына «ауызша дәстүр» дегенді қолданады. Бұл да ескеретін мәселе, менің
ойымша, ол Батыста бір жақты қалыптасып қалған «ауызша тарих» ұғымы
мен өзі жасаған жаңа жүйенің ара жігін бөлуді мақсат тұтса керек. Жан
Вансина «ауызша дәстүрдің» бес түрлі дереккөзін нұсқайды. Біріншіден,
формулалар, ритуалдар, ұрандар (лозунг) және титулдар. Екіншіден, геог-
рафиялық атаулар мен адам аттары (антропонимика). Үшіншіден, тарихи,
діни, азаматтық жырлар. Төртіншіден, тарихи, дидактикалық, көркем-
әдеби, т.б. әңгіме аңыздар. Бесіншіден, әдет-ғұрып заңдары мен түсініктер
(Вансина Ж. Устная традиция: исследование исторической методологии. -
Р., 1965. - С. 31). Осылайша, ондаған жылдарға созылған зерттеулерден ке-
йін Жан Вансина «Африкалықтардың ауызша дәстүрінің нағыз тұнып тұр-
ған тарих екенін» дәлелдеп шықты. Осыншама дерек бір жерге шоғырланған
уақытта ерекше зерттеу әдіснамалары қалыптасты. Біз үшін бұл мысал аса
мәнді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған он бес жылдың ішінде бізде де тарихта
деколонизация үрдісі басталды. Ақаңның «Ауызша тарихы» - осы үрдістің
көрінісі. Жалпы қазақ мүддесі тұрғысынан қарасақ, Ақаңның бұл еңбегі
Шәкерімнің 1911 жылы Орынборда шыққан «Түрік, қырғыз-қазақ һәм
хандар шежіресін» еске түсіреді. Шәкерім мен Ақаңның арасын ұқсастырып
тұрған тағы бір қасиет - екеуінің де қазақ тарихы мен этнологиясының
мәселелерін еуропалық (ресейлік) ғылыми тәжірибе арқылы түсінуге күш
салуы. Екі кітаптың арасы тура жүз жыл, ал мақсат-міндетінде түк те өзгеріс
жоқ. Ғажап құбылыс!

Тіл, түсінік және термин

Қазақтың тарих және тіл саласындағы ғалымдарының бірлесіп зерттей-
тін бір тамаша тақырыбы бар, ол - қазақтың шежіре тілі, қазақтың ғұлама
қарияларының тілі. Бала кезімізде әкеміздің алдында отырып үлкендердің
әңгімелерін көп тыңдадық. Құлаққа жағымдылығы Сарыарқаның жазғы
самалындай болатын, сөздің шұрайы - қазақтың мақал-мәтелі, аңыз-хи-
каясы, әжуа-қалжың қағытпалары, ара-тұра Шығыстың ғұламаларынан
еншіге қалған ғибрат, құран мен хадистің қасиетті мұрасы. Әкеміз сөздің
қадірін білетін адамды ерекше құрметтеуші еді, өзі де қазақтың арғы-бергі
айтылатын әңгімесінің майын тамызатын.

Сол 60-жылдардың өзінде қазақтың тілі күрмеле бастағаны анық.
Жалпы сөз өнері екінің бірінің басына қона бермейді. Оның үстіне, Кеңес
үкіметі туған тарихына, тіліне немқұрайлы, тіпті өш қарайтын тұтас бір
қауымды өсіріп шығарды. Аждаһадай төнген осы қысастықтан аман қалған
адам сирек болар, күнделікті тіршілікке шолтаңдаған шолақ тіл келді. Өз-

338

өзінен кібіртіктеп, жөткірініп, «нетіп», «неғып» деп екі сөздің басын қоса
алмай қиналатын ұрпақ бүгінгі күні қария атанып отыр. Қазақтың бүгінгі
күні аузымен құс тістейді деп мақтап жүрген жігіттерінің тілі қарадүрсін,
қақпақыл. Қазы-қарта кетіп, сіңір ғана қалған сияқты. Айтысқа түсіп
жүрген жігіт-қыздардың тілі жаттанды, жаттағанынан сәл шығып кетсе
кедір-бұдыр, тіпті оспадар.

Осындай ортада өмір сүріп, тіл мәйегін сақтап қалған бірлі-жарым адам-
ның бірі - біздің Ақаң. Ақаңның тіл байлығы жаттанды дүние емес, іштен
шыққан қасиет. Сол қасиет бала кезінде жақсы тілдік ортаға түсіп
шыңдалған, кейіннен өзінің ақыл-парасатының арқасында Ақаң ол
тілді нақыштап, әшекейлеген. Ақаңның әңгімесін естіген уақытта XX
ғасырдың 70-80-жылдары өмір сүрген қазақ шежірешілдік дәстүрінің
соңғы тұяқтары, соңғы қариялары еске түседі. Бірақ қаз-қалпында қазақ-
тың шежіре тілін ауызша немесе жазбаша қолданыста ұстау қиын. Қалай
дегенмен, оның кейбір заңдылықтары мен құндылықтары сақталып қал-
ғанымен де, ол - реликт, яғни алдымен тарихшы және тілші ғалымдардың
еншісі.

Ақаң қазақтың сөз мәйегін ұтымды пайдалана отырып этнография
мен этнологияның ғылыми тілінің тамаша үлгісін жасап шығарған. Бұл
мәселені мен «Қазақтың ауызша тарихы» кітабының ең басты олжасы
деймін. Мәселен, Ақаң қаламынан шыққан мына анықтамаға көңіл бөліп
көрейікші: «Кез келген этнос әрі төлтума қасиеті айқын, әрі қоғамдық-
әлеуметтік жарасымы орнықты болу үшін біртұтас ақпараттық өріс аясында
өмір сүруі шарт. Біртұтас ақпараттық өріс этнос жадын тұтастандырып
қана қоймайды, сонымен бірге, этноидеалдың да тұтастануына себепші.
Әрбір этножаралым жадының біртұтастығы қожырай бастағанда, оның
этнотөлтумалығы да дүбәралана бастайды. Ал этнос мүлде өлімге бой-
сұнғанда, сол этнос аясында бірін-бірі түсінбейітін, бірін-бірі түсінгілері
де келмейтін бірнеше әлеуметтік топтар пайда болады. Этнос тағдырына
қатысты көзге көрінбейтін, кейде бақылап-пайымдауға бір адамның өмірі де
жете бермейтін осы бір күрделі де нәзік үдеріске айрықша сезімталдықпен
қарау қажет-ақ. Нағыз ұлтжандылық пен мемлекетшілдіктің сыналар жері
де осы болса керек» («Этнология және ру-тайпалық жүйе» тараушасын
қараңыз).

Ақаң, біріншіден, аса ірі ғылыми мәселені қазақ тілінде, әрбір азамат
түсінетіндей жатық және нақты баяндаған. Әр сөзі орнында, әр сөйлемнің
атқарар жүгі анық. Ғалымға тән үлкен, жарқын ойдың, ел тағдырына
алаңдаған ағамыздың көкейкесті пікірінің тұтасқан жері де осы. Алып-
қосары жоқ. Қазақтың ғылыми тілі жоқ деп байбалам салып жүрген ни-
гилистерге нағыз күштеп оқытып, миына жеткізетін-ақ сөз. Еуропалық
кеңістіктегі ғылыми ортада қалыптасқан терминдер қазақ ұғымына лайық-
талып сайрап тұр. Абайдың «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» дегені
осындайда еске түседі. Қазақтың саясат көшін XX ғасырдың басында қолы-
на алған Ә. Бөкейхановтың Шәкерім «Шежіресі» туралы рецензиясында

339

мынадай сөздер бар: «Шаһкерімнің бұл кітабы- қазақ шежіресінің
тұңғышы; қазақ шежіресін білмек болған аға-іні, іздегенді осы кітаптан
табасың» (Ә.Н. Бөкейханов. Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі // Таң-
дамалы. -Алматы, 1995. - 332-6.).

Әлихан ағамыз «мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі, Шаһ-
керім кітабын әбден білмей қадам баспа» деп айтқандай, енді қазақ тарихы-
на қазақ тілінде қалам сілтеймін деген азаматтар тілді Ақаңның «Қазақтың
ауызша тарихынан» үйренуі керек.

Жоғарыда көрсетілген көлемді анықтамалар жалғыз емес. «Қазақтың
ауызша тарихының» қай бетін ашсақ та алдымыздан жамырап тамаша
ғылыми ойлар кездеседі. Кітаптың салмақты тарауларының бірі «Туыс-
қандық жүйеде» мынадай бір маңызды пікір жүр: «Этножаралым аясында
генеалогиялық орны жоқ кез келген субъект өзінен-өзі тексіз немесе жат
элемент болып есептелген. Әсіресе ру-тайпалық жүйені өмір сүрудің үлгі-
тәсілі еткен көшпелілер ортасында тексіз болу қоғамдық өмірдің табиғи
үйлесіміне жат жаралым ретінде қабылданған». Бұл ой-пікірді қазақ тарихы
мен этнографиясына ден қойған зерттеуші аксиома есебінде қабылдауы
керек. Тіпті бұл тақырыпқа арнайы ғылыми жұмыс жүргізілсе де артық
болмас еді. Құрбанғали Халид қазақ этнографиясы туралы тебірене келіп
қазақ ортасына сырттан енген кірменің бір-екі ұрпақ ауыспай-ақ қазақ
атанатын қасиетін жазады.

Құрбанғали Халидтің жазып отырғаны қазақ ортасына әлдене себеп-
термен келген татар, сарт, т.б. қатысты. Сонымен қатар, XIX ғасырдағы
этнографиялық әдебиет Ресейдің үстем ұлты орыстардың өзі де қазақ
ортасында ассимиляцияға түсіп кететінін айғақтайды. Белгілі зерттеуші
Н. Харузин «К вопросу об ассимиляционной способности русского народа»
мақаласында Ертіс бойындағы орыс-казактар туралы былай жазады: «Ка-
заки настолько поддались влиянию окружающих их киргизов, что почти
все казачье население говорит по-киргизски и нередко предпочитает этот
язык родному: для многих это колыбельный язык, так как няньки часто
выбираются из киргизок. Киргизские привычки простираются и на одежду
и пищу казаков. Как и киргиз, иртышский казак любит носить широкие
плисовые шаровары, халат из бухарской парчи или саранджи и лисью
шапку (борьк), он любит киргизские национальные блюда, в том числе кони-
ну. Старые казаки даже колют на еду своих лошадей. Кроме того, многие
предрассудки, понятия и убеждения казак заимствовал от киргиз: он, как и
этот последний, считает стыдным сесть на коня без нагайки, надеть холщевые
шаровары и т.п.» (Этнографическое обозрение, 1894. - С. 71). Бұл шаруа -
қазақтың Ресей отаршылдығында жүріп жасағаны. Қазіргі күні бізге өзге-
ні ассимиляция жасау түгілі, өзіміздің этникалық даралығымызды сақтап
қалу мұң болып отыр. Саясатта; бизнесте, өнер мен ғылымда дүбәралық. Орыс
тілді кеңестік номенклатура дүние азан-қазан болып жатқан 90-жылдары
жылы-жұмсаққа ие болған, енді одан айрылғысы жоқ. Олармен бірге
қоғамдық ортаны тойымсыздық, жемқорлық, ұлттық нигилизм жайлады.

340

Осыған байланысты Ақаң жоғарыда жазған қазақи этникалық төлту-
малықты сақтау, біртұтас ақпарат (бұл жерде этникалық қасиеттерге не-
гізделген өріс) қалыптастыру, әлеуметтік факторлардың этностың тұтас-
тығына нұсқан келтіретін әсерін шектеу, өзге этностардың, діндер мен мәде-
ниеттердің өркениеттік қағажуын жою, жаһандану мәселелері этнология-
мен айналысатын ғалымдардың басты нысанасы болуы керек. Бұл шаруа
саяси шешімдермен, әкімшіліктің бұйрығымен, ассамблеямен шешіл-
мейді. Этносты сақтау, оның қорғаныс қабілетін күшейту ұлттық идео-
логияның іргетасы болуы қажет. Ондай іргетас, тұжырымдама (концепция)
жоқ жерде әркім өз деңгейінде жұмыс жасайды. Ол деңгей әр басшыда әр
түрлі. Осыдан 100 жыл бұрын Ертістің бойындағы басбұзар казак-орыс
пен ңара шекпен мүжықты ңазаңша сөйлеткен ел ңазіргі күні ана тілінсіз
отыр. Мысалы, бүгінгі күні қазақтың саны 50 пайыздан асқан Павлодар
қаласындағы 46 мектептің тек алтауы ғана қазаңша. Таңғажайып парадокс
емес пе?!

Қүлқын қамында кеткен шенеунікті үлттық идея тежей алады ма? Егер
идея бар болса тежейді, бірақ, тіршіліктің байырғы заңдарына сәйкес,
бір қүнықңан адамды жөнге салу өте ңиын. Билік пен сауда адамды үлт-
сыздандырды. Мен Ақаңның «Тарихтың зүлмат кезеңдерінде ңазақ халқы
төлтума болмысын саңтап қала алды» деген пікіріне келісе алмаймын. Ме-
нің ойымша, біздің төлтумалық қүндылықтарымыз ауыр халде. Бүл ауру-
дан қүтылудың бір-ақ жолы бар. Қазаңтың намысқа, адалдыңқа, арға
сүйенген этникалық қүндылықтарының негізінде үлттық идея ңалып-
тастыру. Әр шенеуніктің бағасын кәсіби және үлттық қүндылықтар түр-
ғысынан бағалау. Ең бастысы - қазақ этносының қазіргі жағдайының
этнология тарапынан терең зерттелуін ңадағалау. Үлттың этнологиялық
ғылыми орталыңтар қүру. Осы жолға түсетін бірден-бір жол - ғылыми
анықтамалар мен терминдерді қалыптастырып алу. Ақаң саяси мәселелерге
араласпағанымен, ғылыми тілді қалыптастыруға үлкен ңадам жасағанын
жоғарыда айттық, сол ғылыми тілдің қүрамдас бөлігі - термин.

Ресей ғылыми этнологиялық әдебиетінде кең қолданыста жүрген тер-
миндердің ңазаңи мағынасын ашу, сол мағынаға сәйкес сөз үсыну кітаптың
алғашқы бөлімдерінен-ақ басталады. «Қазақ шежіресінің діңгек идеясы,
яғни түжырымы (концепциясы), түптеп келгенде, жалпы тарихты тануда
бел алып жататын адамдың бастау (антропоцентризм) идеясымен де үндес
келеді», - деп жазады Ақаң. Осы сөйлемде тарихшыларға қажетті бірнеше
ұғым қазақ тілінде сөйлеп тұр: біріншіден, «діңгек идеясы», бұл - орыстың
«центральная идея» сөзінің қазақшалаған түрі, екіншіден, «тұжырым», бұл -
«концепция» сөзінің баламасы, үшіншіден, «адамдық бастау», яғни орыс
тілді ғылыми әдебиетте «антропоцентризм» болып қолданылып жүрген сөз.
Ғылыми ұғымдарды қалыптастыру барысында терминдердің қазақша дәл
баламасын табу - өте керекті шаруа. Менің ойымша, болашақ жұмыстарда
«діңгек идеясы» сол қазақшаланған түрде қолданысқа енсе, «концепция»

341

және «антропоцентризм» терминдері сол қалпында қолданылып, Ақаң
ұсынған баламалар есте болғаны дұрыс.

Ақаң ұсынған тағы бір ұғым - «патронимия» терминінің қазақша
баламасы - «ата-тек». Мен бұл мәселемен ертеректе айналысқан едім
(Артыкбаев Ж.О.06 особенностях патронимической организации казахов во
второй половине XIX в. // ИАН, сер. общ. наук. 1989. №1.- С. 37-43). Пат-
ронимия туралы арнайы тарау «Казахское общество в XIX в.: тра-
диции и инновации» (Астана, 2003) кітабында да бар. Зерттеліп отырған
кезеңде қазақ ортасында патронимияның екі түрі кездеседі - үлкен (жеті
ата) және кіші (бір ата). Ғылыми әдебиеттегі «патронимия» ұғымына қа-
зақтың «ата баласы» деген дөп келеді. Егер Ақаңның ұсынысын қабыл
алсақ, патронимияны «ата-тек» деуіміз керек. Менің ойымша, «тек»
ұғымының аясы өте кең. Екіншіден, қазақ бірінен-бірі шежіре сұрасқанда:
«Жеті атаңның шежіресін білесің бе?» деп сұрамайды, жеті атасын білу -
қазақтың арасында кез келген адам үшін негізгі шарт. Біз «шежіре» ұғымын
патронимияға жақындастырсақ оның құнын кетіріп алатын сияқтымыз.

Ақаңның бір ұтымды баламасы - «этнозерде» деп білемін, осыған дейін
«этническое самосознание» ұғымын қалай аударамыз деп жүр едік, орнына
дәл келе кеткен ұсыныс болды. Ақаң қолданған «ұлттық қорғаныс сезімі»
немесе «этникалық қорғаныс сезімі» - оңтайлы қазақыланған ұғым. Со-
нымен бірге кітаптың осы бөлімінде Ақаң пайдаланған «протекция»,
«меркантильдік», т.б. ұғымдар баламасын таба алмай қалған. Ақаңнан артық
қазақ сөзінің мағынасына кім бойлайды, егер қазіргі этнология ғылымының
қазақ тілінде дамуына қажетті терминдердің бәрі аударылмаса, біз әлі де
жүз жыл таз қалпымызда жүре береміз. Мүмкін, мұндай күрделі ұғымдарға
қажетті баламаларды табу үшін қазақтың мақал-мәтел сөздеріне терең үңілу
керек пе? Қазақ ел басшылары, билері өз туысына бола адалдықтан тайса:
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», - деп наразылығын айтып
жатады. Біздің қазіргі саяси өмірде белең алып кеткен протекционизм, өз
туғанын сүйреу имансыздықтың нағыз өзі деп тұр қазақ мақалы. Имансыз
қоғамның болашағы бар ма? Мүмкін, «протекционизмді» «имансыздық»
деп аударғанымыз дұрыс шығар.

Ақаңның «эпикалық көшпелі өмір-салт» туралы жазғаны аса қызғы-
лықты, бірақ бұл құбылыс толық мәнінде XX ғасырға дейін жеткен жоқ.
Оның ең мәнді кезеңі сақ дәуірінен басталып (б.д.б. I мың жыл), Алтын
Ордамен (XV ғ.) аяқталса керек. Менің ойымша, Ақаң ұсынған «эпикалық
көшпелі өмір-салт» дәл осы алапат ірі кезеңге сәйкес келеді, ал XV ғ. бер-
гі кезең өмір-салттың дағдарысы және өшуі, басқа ештеңе де емес. Ал
енді Ақаңның «көшпендінің» орнына «көшпелі» сөзін қабылдау туралы
ұсынысын біз баяғыда-ақ қолдадық. Бүгінгі күні қазақтың есі дұрыс
тарихшысының бәрі «көшпеліге» көшкен болуы керек. Сонымен бірге
Ақаңның «отбасы» сөзінің орнына «жанұяны» қолдануын мен түсінгенім
жоқ.

342

Кітаптағы «псевдосараптама» (псевдоаналитика), «дүбәралану» (мар-
гинализация) өз орнында жарасып тұр. Сол сияқты сандырақ (абсурдиза-
ция), түбірлі (аутентичный), жойдасыз (тотальный), айғақшы (носитель,
фора), жұқанасы (рудимент) сөздері ғылыми терминдердің баламасы
ретінде дұрыс қызмет атқаратын сияқты. Ал «аналогты» «тәнік» деу қан-
шалықты дұрыс, оны уақыт көрсетер. Мүмкін оны «сәйкес» деп аударған
жөн болар. «Обусловленный» сөзін «орайлас» деуге келер ме екен? Ал
«жаралым» «образование» сөзінің орнына қазір де қызметін атқарып ке-
теді. Ақаң қазақ шежіресіндегі бірсыпыра аталарды тізбелей келе: «...
автоэтнонимдермен тұйықталады», - дейді. Гректің «автосын» қазақша
өз атымен немесе өз атауымен ауыстырса қалай болар еді, оның үстіне
«авто» - көп мағыналы сөз, ал «тұйықталды» деп сипаттау, менің ойымша,
өте жарасымды. Ақаңның қолданысындағы «киетек», «ұстаным», «тетік»
сөздері де ұғымдық мағынаға ие болып тұр. Ал «ұлыс» сөзін «держава»
мағынасымен алмастыру үшін қолдану қаншалықты орынды болар екен?
«Ұлыс» сөзі түркі-моңғол елдерінде мемлекет сөзінің орнында қолданыста
жүр, ірі сұлтандардың иеліктері де «ұлыс» атанады. Империяға (держава)
қатысты «ұлық ұлыс» сөзі қолданыста бар (Алтын Орда дәуірі).

«Қазақтың ауызша тарихы» кітабында қазақ этнографиясына қатыс-
ты қызықты деректердің бірі - «сахана» немесе «саханалап жерлеу». Біз
этнографиялық экспедицияларымыздың кезінде Сарыарқа жерінде саха-
наның (сағана) бірнешеуін көрдік. Басқа-басқа, қазаққа әйгілі Мәшһүр
Жүсіптің өзі де көзі тірісінде туыс-жақындарына саханасын салғызып, қа-
лай жерлеудің қажеттілігін түсіндіріп, өсиет айтып кеткен. 1931 жылдан
бастап 1951 жылға дейін саханада (үйі деп атайды), жер астынан арнап
қазылған бөлмеде, Мәшекең денесі ақпай-шірімей жатты. Бұл ғұрыптың
қазақ жеріндегі тарихы - кемі төрт мың жыл, яғни бұл тақырып - ірі
монографияның ғана көтеретін жүгі. Шіркін, археологияға деп ретті-ретсіз
беріліп жатқан қаржының бір тамшысы этнологияға арналса ғой:. Бірақ
«оны түсінетін бала қайда?»

Ақаң осы саханалап жерлеу дәстүрін «сүйек қосу» деп атап, арнайы
тақырыпша жасады. Тақырыпшаға татиды, ал «сүйек қосу» деп өзінің
аты-заты бар дәстүрді қалайша атаймыз, қандай қажеттіліктен туып
отыр? Осы сияқты Ақаңның кітабында «Сіңісті аталар мен ру-тайпалар»
аталатын тақырыпша бар. Қазақтың іргелі ру-тайпаларының құрамына
еніп кеткен кірме аталар туралы. Олардың генеалогиялың құрылымынан
орын алуы, осыны дәлелдеуге арналған аңыздар - қазақ шежіресіндегі ең
бір маңызды дереккөзі. Дәл осы тұста қазақ этнологы өзінің ең таңдамалы
зерттеу әдістерін, құрал-жабдығын іске қосу керек. Ол үшін терең тарихи
білім, өте нәзік этнологиялық зерттеу әдістері мен инструментарийі керек.
Мысалы, Ақаң дулат ішіндегі қоралас аталатын рудың тарихы жөнінде
қазақи мәліметтер келтірген: «Ботпай деген бай болған екен. Оның бір қызы
Алдияр деген жігітпен қосылады, ол өзі жай жігіт емес, үлкен бір ишанның
қасына еріп жүрген жігіт» немесе «дерек бойынша Ұлы жүз Дулаттың қызы

343

оң жақта отырып қалып, жүкті болып, қой қорада босанса керек. Содан
баланың атын «Қоралас» қойыпты-мыс». Екі деректе қызық. Қазақ жайдан-
жай оң жақта отырған қыздан бала туғызбайды. Қоралас руын жақындату
үшін дулат шежіресін жасаған көне қариялардың қолынан шыққан нәрсе.
Орта жүзде тарақты руы арғынға осылай жақындайды. Рашид ад-Дин-
нің шежіресінде қоралас нүкіс, ұранқай, қоңырат руларымен бірге Ергене
көңнен шыққан нағыз моңғол тайпаларының ішінде аталады (Рашид ад-
Дин. Сбор. летописей. Т.І. Кн. I. - М.-Л., 1952. - С.78).

Қоралас дулатқа түркі-моңғол дәуірінде келіп қосылған. Бұл мәселе
Шағатай әулетінің қол астындағы ру-тайпалардың тарихымен тікелей
байланысты зерттелуі керек.

Жарайды, бұл түсінікті болсын. Ақаңның кірме аталардың бәрін де топ-
тап жеке тараушаға жинағаны да дұрыс. Ғылыми еңбек болғаннан кейін
ол жерде біреудің көңіліне, біреудің сезіміне қарамайды. Ғылым - суық
мұз, ақылды ғана мойындайды. Ал осы тарауды «Сіңісті аталар мен ру-
тайпалар» деп атаудың қаншалықты қажеті бар? Қазақтың өз сөзі бар
емес пе - кірме, қоңсы дейтұғын! Менің ойымша, Ақаң «кірме», «қоңсы»
сөздерінің жағымсыз мағынасынан қашып, «сіңісті» деп жұмсартып
отыр. Ақаңның жұмсақтығынан шежіреге қатысты тағы бір үлкен мәселе
кітаптан тыс қалған, ол - әлдебір себептермен аталарынан қарғыс алған,
киелі адамдардың наразылығына душар болған, осыған байланысты саны
өспей, генеалогиялық құрылымнан дұрыс орын ала алмай, әлеуметтік
үлкен жиындарға қатыса алмай қалған аталар мен рулар. Шежіреде осы
тақырыпқа қатысты ұлан-ғайыр дерек және әлі де сыры ашылмаған жұмбақ
ақпарат бар. «Қарғыс таңбасы» бар аталар мен рулардың тарихына тереңірек
үңілу қажет, шежіре біз білмейтін әлдебір қауіпті меңзеп тұр ма, ол таңба
неше атаға дейін сақталады, оның адамның сыртқы бет-бейнесінде көрінуі
мүмкін бе, қарғыстан тазару жолдары бар ма? Қарап отырсаңыз, әр іргелі
тайпаның құрамында осындай бірді-екілі аталар мен рулар бар. Бұл аса
маңызды мәселе Ақаң жазған этностың қорғаныс тетігімен (механизмімен)
тікелей байланысты.

***

«Қазақтың ауызша тарихы» кітабына енген қазақ тарихы мен этноло-
гиясының толып жатқан ірілі-уақты мәселелерін бір мақалада ңорытып
шығу оңай емес. Шынтуайтына келгенде Ақаң тарихи-этнологиялың ғы-
лымның қазіргі қол жеткен шыңына шығып, қазақтың шежірелік де-
ректерін пайымдауға бар күш-жігерін, өмір бойы жиған-терген бар өнерін
салған. Бұл қарапайым шежіре емес, бұл - шежіретануға арналған кіріспе.
Ақаң XX ғасырдың басындағы Алаштың зиялы қауымы өкілдерінің ісін әрі
жалғастырып, ағартушылық шаруа жасап отыр.

Шәкәрім жазғандай, «атаны атағанмен білім артпасын» Ақаң - алдымен
түсінген азаматтардың бірі. Мәселе аталардың атын тізбектеуде емес, қазақ

344

шежіресінің дәстүрлі қоғамда тарихи қызмет атқарғанында. Ақаң осы
қорда сақталған қазынаны оқырманға танытпақ, ол үшін қазіргі этнология
ғылымының ғылыми-зерттеу әдіс-танымын барынша пайдалануға күш сал-
ған. Ақаң жазған дүние этнология ғылымынан хабары жоқ адамға үлкен
таңсық, қабылдамауы да, тосаңсуы да мүмкін. Кейбіреулер ерін бауырына
алып тулайтын да шығар. Менің айтарым - басқа амал жоқ. Этнологияны
пайдаланбай қазақтың тарихын жаза алмайсың. Этнологтар қазақ тарихын
неге жазады деп байбалам салып жатқан Б. Ирмуханов сияқты дүмшелерге
Ақаңның кітабы тегеурінді соққы.

Ақаң «Алғы сөзде» бұл мәселелердің басын ашып жазуы керек еді.
Біз тарихнама мәселесін айтып отырмыз. Ақаң «Алғы сөзде»: «Кітапта
шежірелік деректерді саралай отырып, бұрын-соңды айтылған, жазылған,
тіптен аксиомаға айналған кейбір ой-тұжырымдарға сәйкес келе бермейтін
біраз тың пайымдаулар жасалды. Ондай пайымдаулар жасау барысында
өзгемен ой өрелестіруді, сөз жарыстыруды, тәжікелесуді жөн көрмедім.
Оқырманды алаңдатқым келмеді», - дейді. Қазақта «Сөз сөзден туады,
сөйлемесе қайдан туады?» деген тамаша көреген нақыл бар. Калахари
пікірталасындай болмаса да қазіргі біздің ағаларымыз барды бар, жоқты
жоқ деп айтуға міндетті.

Ең болмағанда X. Арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров жазған «Қазақ
шежіресі хақында» (Алматы, 2000) монографиясына қатысты пікір біл-
діріп, қажетті жерінде сынау керек еді. Тарихнамалық сын - ғылымның
қозғаушы күші. «Қазақ шежіресі хақында» және «Қазақтың ауызша та-
рихы» - бір тақырыпқа жазылған, бірақ бір-біріне онша үйлеспейтін
кітаптар. Олар бір тақырыпты зерттеудің екі сатысы сияқты. Біріншісі -
қазақтың аталарын, екіншісі олардың арасындағы құрылымды іздейді. Егер
Ақаң жоғарыдағы монография туралы әлдене себеппен жазбады дейік, онда
тым болмағанда қазақ тарихына төтеден қосылып былық жасап жүрген
М. Әджи, Б. Ирмуханов, К. Данияров, т.б. жамбасқа алып шаңдаққа қарай
лақтырып, «қазақтың ауызша тарихына» кез келген жерде ит қосып қуып,
соңына итаршыларын ертіп жүрген И. Ерофеевалардың сыйын беруі керек
еді.

Мүмкін, ағамыз осынау шаруаларды соңындағы інілеріне аманатқа қал-
дырып кетпек шығар. Қалай болғанда да «Қазақтың ауызша тарихы» - жыл
өткен сайын бағасы да өсе, жаулары да өршелене түсетін, өрелі азаматтарға
лайықталған кітап. Ақаңның алдында екі жол болды. Бірі - шежірені
концепция (тұжырым) ретінде қарастырып зерттеу, екіншісі - шежірені
қазақ тарихының қайнар бұлағы ретінде көрсету. Осы себептен Ақаңның
кітабы, ең алдымен, деректану бағытына келетін жұмыс. Тіпті этнология-
лық деректану деп те осы бағытты атауға болар еді. Шежіре тұжырымдама-
сы, шамасы, бізге қалды, оны Ақаңның өзімізге берген еншісіндей көріп, өз
биігіне жеткізерміз.

345

Мақсат Тәжі-Мұрат

ЖОҚШЫ ІЗБЕН КЕЛЕДІ

- Біреулер «Ақселеу Сейдімбеков маңайына өз адамдарын жинап жа-
тыр...» деп жоғары жаққа шағымданған көрінеді, - деді Ақаң маған арқасын
берген күйі, қарсы қабырғадағы радиоқабылдағыштың сұңқылдақ даусын
бәсеңдетіп тұрып. Орнына қайтып келіп отырды. - Бірақ мен сені өзіме
жұмысқа аламын, - деді кішкене қатуланып. Осы сәт сертке бергісіз және бір
сөзді ішіне бүккендей болып көрінді маған. Сонан соң жұмысқа алу жөнінде
өтінішім жазылған бір парақ қағазды шұғыл алдына сырғытып, бір-біреуі
шортан қармақтың үлкендігіндей имек, ірі әріптермек сол жақ бұрышына
«Әлібек Асқаровқа! Әдеби қызметкер ретінде жұмысқа алынсын!» деген
қиғаштама соқты.

Сөйтіп бір күнде республикалық журнал - «Білім және еңбектің» қайнап
жатқан қара қазанына күмп бердім. Ешкім де «Оу, университетті кеше
бітірген бозаусың ғой, бұл қалай?..» демеді.

Мұнда сәл сыр бар еді.
ҚазМУ-дің журфагының 3-курсын аяқтап, аға газет - «Социалистік
Қазақстанның» редакциясында жазғы тәжірибеден өткен мен содан кейінгі
екі жылда газет бетінде өкірте де, өндірте де жазып, редакциядағылар-
дың ықыласты назарына іліндім. Қазірде университетті бітіруден бұрын
университетті түзету мәселесінен науқан туғызып жатады ғой, ал кешегі
бір күндері университетті бітіру науқан болатын. Пысықайлар абыройлы
кісілердің ығын алып, Алматыдағы редакциялардан шақыру қағазын әкеп
беріп, сол қалада қалып жатады, ал қолдап-қорғайтын көкесі жоқ, талабы
мен қабілетіне сенген жастар облыс орталықтарына тартады. Бағыма қарай,
менің «көкем» болды және ол біреу емес, бірнешеу еді әрі қай-қайсысының
да «осы қалайы» болмайтын. «СҚ»-ның совет құрылысы бөлімінің мең-
герушісі, редколлегия мүшесі Сауытбек Абдрахманов, мәдениет және әде-
биет бөлімінің меңгерушісі Ақселеу Сейдімбеков, ауыл шаруашылығы
бөлімін басқарған Қойшығара Салғарин, өнеркәсіп және транспорт бөлімін
меңгерген Зұлқарнай Сақиев, жауапты хатшы Мамадияр Жақыпов, бас

346

редактордың орынбасары Сарбас Ақтаев сияқты құдай дарынды ғып
жаратқан асқар таудай ағаларым жазуымнан дәме қылды ма әлде қой
отарына үйренбеген ешкідей оқшау жүретін қарапайым мінезімді ұнатты
ма, не керек, оқу бітірген тәлабаны өздеріне шақырған хатты жазуға Сә-
кеңді (Сарбас Ақтаевты) бірігіп көндірген сықылды. Тәртіп бойынша
ондай хатты газеттің бірінші басшысы жазуы керек. Бірақ басред менімен
бірге практика өткеріп жүрген басқа бір жігітті сұрап, хат жолдап қой-
ған. Сөйтіп, жолдама бөлу кезінде көп ұшыраса бермейтін жағдай - бір
редакциядан екі басшы дара-дара қол қойып жіберген тапсырыс хат-
тардың келуі мемлекеттік комиссия мүшелерін шамалы ойландырып
тастады.

Не істеу керек?
Бас редактордың хатына, әлбетте, әңгіме жоқ, сонымен бірге қаһарлы
партияның Орталық Комитетінің тілі - «СҚ»-дағы екінші адамның да пікі-
рін жерге тастауға болмайды. Сонда ылғи да әлгіндей комиссиялардың
бойын ширатып, қанын жүргізіп отыруға дағдыланған декан, оңай істі
қиындатып, төндіре түсуге әккіленген декан ортадан киіп, мәселені сәтті
шешкенсіп:
- Әй, Тажімұратов, анау Пәленшеев орналасып алғаннан кейін барып,
босағадан сығалап тұрып кір редакцияға! - деп, көзілдірігінің шынысы
әбжыландай жылтырап, қарқ-қарқ күлгені.
Інісінің ыңғайын танып, ректор да дертеден бұзылған аттай бір езуледі.
Араға отыз жыл түсіп, мөрі өшіп, малталанып кеткен сол оқиғаны бү-
гін кеп қайта жаңғыртып, жершілдікке апарып жанастыру қаншалықты
қисынды екенін білмеймін. Бәлкім, бұл жер соның бәрін айтып, әлдекім-
дерді кінәраттап, талдап та жататын жер емес шығар. Руды, жүзді сырт
естуі бар, бірақ соның бәрінен аулақ, сүйегіміз - жанбілмес руы деп жүретін
жас жанның жүрегін қабаржыта, ар-намысына шаншудай тиген әлгі сөздің
салған жарасы да баяғыдай жазылып, өкпе-соқпа да ұмытылған. Ендеше
қатқан көнді неменеге жібітіп отырмыз?
Маңайына өзімен аталас елді ғана жинайтындар, жүзшілдіктің туын
көтеріп жүретіндер, соған сәйкес өз желісінде өспеген пырақты қатарға
қоспайтындар оңған заманда да, мұндар заманда да болған. Бірақ қазақтың
бәрі шетінен сондай екен дейтін болсақ, тағы да қателесеміз. Кейін са-
қаланғанда ойласам, ілгеріде маған жаны ашып, саясына тартып жүрген аға
топтың өзіме ру, жүз жағынан үш қайнамақ түгілі бес қайнаса да сорпасы
қосылмайды екен. Біреулері - баласы арық қазып ойнайтын өңірден, екін-
шісі - сексен көлді аясына алған теріскейден, енді бірі - «тарақ таңбалы»
елдің оғыланы. Сөйте тұра талантты бұл шоғыр қазақтың осы бір қылқан-
дай жігіті қатарымызға келіп тұрсыншы, ұлтымыздың мұңын мұңдап, жо-
ғын жоқтау дейтін еселі іске қаламымен титтей де болса үлес қоссыншы,
ата-бабамыз мехнатты бірге көрген, зейнетке бірге кенелген, айқасса жауы,
ағайындасса досы бір болған Кіші атам ұрпағы ғой деп Алматыда қалуыма,
қаламымды ұштауыма шын тілекші болған екен. Ақыры Сәкең жіберген

347

хаттан басред жағындағы топтың топары басым түсіп, маған «СҚ»-дан
орын тимей қалған кезде: «Мына ызы-қиқы бітсін, сонан соң көрерміз, Ақа.
Мақсатты өзіңізге орналастыра тұрсаңыз қайтеді?» - деген Сәукеңнің бір
ауыз тілегін орнына келтірсе керек, сол тұс газеттен «Білім және еңбектің»
бас редакторлығына ауысып келіп жатқан Ақаң. Үстінен жоғары жаққа
ызғыған арыз-шағымға да қарамаған. Қазақша қайырғанда, басын бәйгеге
тіккен жері.

Неге бәйгеге тігеді?
Сөз басында «Ақаң сертке бергісіз сөзді ішіне бүккендей болды» деуіміздің
де сыры осы тұста ашылады.
Бүгінде қазақтағы жершілдік, жүзшілдік, рушылдық жөнінде сымға
тартқандай ақылман сөзді әркім-ақ айтып, әркім де жазатын болды. Өйтпе-
сек отыра алмаймыз ғой. Керек шығар ол да. Бірақ, өкініштісі, шынайы
өмірде сол сөз бен іс ылғи да бір жерден шыға бермейді. Тандырдан шыққан
ыстық нан сияқты қолға жаңадан тиген жойқын кітабында Ақаң -да бұл
тақырыпты айналып өте алмапты. Айналып өтпегені несі, бейдауа вирус
делінетін оның тамырына аяусыз балта шапқандай етіп ашыла да ашына
түйреген екен сын садағын. Автордың пайымдауынша, біз рушылдық,
жүзшілдік деп жүрген құбылыс - көздеген мақсатына жету жолында топ
құрап, топар сайлап, жең ұшынан жалғасқан протекционизм. Қазақтың
рушылдығы, дәлірек айтқанда, қазақтың протекцияшылдығы оның ру-
тайпалық жүйені бастан кешкендігінде емес, керісінше, сол ру-тайпалық
жүйенің ұлтты ұйыстыратын қасиетін білмей мәңгүрттенуінен. Бұл - Ақаң-
ның қисыны. «Егер шежірелік дерекке байыппен ден қояр ұрпақ болса,
қазақтың кез келген ру-тайпасының құрамында үш жүздің де этникалық
аралас-құраластығының бар екеніне... көз жетер еді. Бүгінгі қазақ про-
текцияшыл болуы әбден мүмкін, алайда рушыл боламын десе де бола ал-
майтыны хақ. Қазақ рушыл, жүзшіл болуы үшін жарық дүниеге әкелген
шешесін, не перзент сыйлап отырған әйелін, не немере сыйлаған келінін
басқа рудан немесе басқа жүзден болғаны үшін тәрк етіп, бөлектенуі керек.
Бұл мүмкін емес жағдай. Соған қарамастан, рушылдық, жүзшілдік сезімі-
нің құлы болатындарға рухани жарымжандар ретінде мүсіркей қарауға
тура келеді», - депті зерттеуші.

Осы сөздерді басқа біреу айтса ғой, шамалы ойланар едім, ал Ақаң айт-
қан жерде қалтықсыз сендім. Себебі опырылып түскен жақпар тастай
бұл кесек ойды автор өзінің өмір тәжірибесінен алып отыр. Өз кітабында
сынға алып, шүйлігіп отырған әлгі әлеуметтік кеселдің астарында ру атын
жамылған өзге бір пиғыл жатқанын ерте аңғарып, іштей қазықбау етіп
шалған жан онымен өмірде де талай ашық айқасқанына дәл өз басымнан
өткен жоғарыдағы жай айқын ыспат емес пе?!

Ақаң протекционизм деген сөзді қазақшалап жатпастан, сол күйінде
алыпты, ұстаз аудармағанға шәкірт тыраштанбас болар, дегенмен, әлгі аты
өшкір ұғымның мағынасын қазақтың «әкей-үкейлік» дейтін сөзі шамалы

348

дәлірек беретін сияқты. Неғылса да, мен журналға қызметке орналасқан
тұста редакцияда сондай бірдеңе болды.

Жалпы шын творчестволық ортада көштегі бір түйенің жабуы қисайса
бірігіп түзейтін ынтымақ ылғи да орнай бермейді. Одан гөрі ұжымда
идеялық бірауыздылықтың, мұраттастықтың болмауы қиындау. Бұрынғы
бастықтың тұсында кісінесіп қалғандардың жаңалыққа көне алмайтыны,
іргелерін қолдан бергісі келмейтіні одан да қиын. Содан да әлгі топ, әр-
қайсысы табаны жалпақ тарланбоз журналист бола тұрып, лездемелерде
қаршадай мені сынайды да жатады. Солардың бірқатары өзіме жүздес те
еді. Бірақ «Сейдімбековтің адамы» дейтін суық таңба араға керте боп тұра
қалған кезде, әлгі руластықтың да, жүздестіктің де күл-паршасы шығып,
сағым көтергендей ғайып боп кетер еді. Осыдан-ақ көрінбей ме, Ақаң та-
биғатын ашып жазған, бірақ өзі қазақшалауды жөн деп таппаған қауіпті
кесел қазақтың өмірінде анық бар екендігі.

Ай, өзіме де обал жоқ, сұлу сөзбен көз қарықтырып жазуға құмар мак-
сиализм бе әлде кісі кебек жұтқандай кептеліп отыратын тіл жұтаңдығы-
на өзімше қарсылығым ба, әйтеуір ескіліктің тіл көріністерін пайдалану-
ға құштармын. Сөзді мағынаға бағындыратын тілдік тәжірибелер де жа-
сап қоямын. Мысалы, «жолға шықты» демеймін, мағжаншылап, мір-
жақыпшылап (1984 жылы!) «жол тартып», «жол алып» деп жазамын, Евней
Букетовке еліктеп, «алыс жорықты игерді» дегім кеп тұрады. Қолдан қалып
қиын, канон жасап отыратын стандарт, әрине, Евнейге көнсе де, менің
мұндай еркіндігіме көнгісі келмейді: әр әрпімді көтеріп қарап, жазуымнан
кібіртік, қолтаңбамнан сықыр тауып, онысын ұшқалап, жиналыстың
үстінде бас редактордың алдына құмар ойындағы көзір карта сияқты
тартады да отырады. «Әп, бәлем, бауырын көтермеген күшіктің біткен жері
осы шығар...» дейді стандартшылдар ішінен. Бірақ қай ұжымда болсын
шеген құдықтай шешімді сөзді бірінші басшы айтады ғой. Ұлттық сезімі
тайпалық сезімнен әманда жоғары тұратын табанды ұлтшыл - Ақаң бұл
жерде де өз биігінен табылып, балапанын қорғаған қыран құстай саңқ ете
қалады: «Жігіттер, Мақсат - сөз білетін, сөз баққан ауылдың баласы!»
Жиналыстан кейін алып қалады, енді оқсатып ұрсатын шығар десең, айта-
тыны: «Айналайын, өткенде «қосөрім жымдасқан» деп жазыпсың, қамшы
өретін менің сөзіме сенгін, қазақ жабдығында екі өрім болмайды».

Есебін тауып мақтағанға әркімнің де іші балқаймақтай ғой, алайда
бас редактор жастарды мақтамен сипағандай жұп-жұмсақ сөзбен ылғи
да сипай бермейді, базбіреулер сияқты қит етсе ыза-сырықтан өткізе қу-
майды да. Құрғақ ақыл айтып, қобыз да тартпайды. Журналистиканың
дағдылы күйбеңінің қамытын киіп жүріп-ақ, ісімен баулитын біртүрлі,
өзгеше данагөй тәрбие еді Ақаңның тәрбиесі. Қаламынан таспадай тілініп,
қамшыдай өріліп шығып жататын мақалалары өз алдына, бұл жерде менің
айтып отырғаным - Ақаңның белгілі әңгімешілдігі, сөзге құлақ асып, тыңдай
білуге үйрететін тәрбиесі.

349

Әдетте жастар жағы үлкендік сипаты бар, үлкендік келбеті бар адамдар-
ды сыйлайды ғой. Мені жұмысқа қабылдаған жылы Ақаң 42-де екен. Жігіт
жасынан шығып, жігіт ағасы жасына ойысқан шағы, бірақ, о тоба, бізге
ақсақалдай боп көрінетін.

Ол заман бір этаждағы төрт-бес редакция өзді-өзді бақ-береке ұйым,
сауық-сайран жиын еді. Сондай «вечерлерде» Ақаң томағасын сыпырған
қырандай құлпырып сала береді. Нағыз сәнді әзілдің көшбасшысы ол
тамырға от қойып, маздап жанған шоқтай боп сөйлеп кеткенде біз қыран-
топан күлкіге оралып жатамыз. Бір кезде сеңдей сөгіліп, селдей төгіліп
«көңілашар» әңгіме кетеді. Бір басына бірнеше өнер қонған Ақаңның өз
қолынан шыққан өткір бәкісінің астындағы бас әбден кершеуленіп мүжіліп
біте келгенде ағамыз бізді «аңыз кеуде ақсақалдарымен» табыстырады. Ас
суыған, айран ұйыған. Ақаңның тыңдаушылары, Ақаңның оқырманда-
ры - Ақаңның өзі сияқты құбылыс. Лезде «көкбазардың» жанынан бейне
бір денеңе қанат біткендей самғай көтеріліп, ақкүрең көде мен ақ селеулі
даладан бір-ақ шығасың. Қазақтың әрегіректе өз бетімен емін-еркін көшіп-
қонып жүрген заманы... Артта қалған, қайта айналып келмейтін барақат
өмір... Қыздары сұлу, ақсақалы кең, азаматы мәрт, әрі өнерлі, әрі жомарт
ел... Жерінің тарихы аңызға, елінің шежіресі ерлікке толы қасиетті
топырақ... Ал сол тот басқан әңгімелерді жанып-жанып жаңартып, тымақтай
бұлғап, төңкеріп-төңкеріп алып тайпалтып отырған хикаяшының шеберлігі
қандай?! Серке Қожамқұлов: «Сөзді әркімге әрқалай береді. Жазушының
маңдайына, әртістің таңдайына береді», - дейді екен. Ақаңа екеуін де берген
ғой мырза құдай. Әңгіменің мазмұндылығы, эмоционалдық жағы, ұтқыр-
жинақылығы өзара мінсіз қабысатындығы сонша, көкейіне сөз қонатын
адам табан аузында жаттап алар еді. Күнделік сүйкектету дағдымда жоқ
мен сол күннің кешіне Ақаңның айтқандарын бір бөлек дәптерге түртіп
қойып жүрдім. Кейін төрт-бесеуін «Жалын» журналында жариялаттым да.
Сонда ойлайтынмын, ағамыз осынша қыруар дерек пен ырғын хикаяны бір
басында қалай сақтап жүреді екен деп. Өзі айтатындай, «екі күнде қазақтың
арбасы жөнінде заманнан құлатып, аттың басындай мақала жазып әкеле
алатыны» рас па екен, тап бұлай істеуге, басқаны былай қойғанда, адам
бойындағы даярлықтың өзі жеткіліксіз емес пе дейтінмін. Қысылшаңда тез
жазып тастайтын репортерлік мақала емес қой ол деген...

Осы күдігімді сезді ме әлде жастарды жазуға баулыған кезде қолданыла-
тын тәсілі ме, кім білген, әйтеуір бір күні бас редактор қолыма қалыңдау
бір дәптер ұстатты. Ақаңның жұмысты ұйымдастыру тәсілі, яғни «шриф-
конспект» жүйесі екен. А-һа, енді білдік! Кешегі бір күндері жазғыштардың
арасында сәнде болған «творчестволық лабораториялық» дейтін тіркесті
естісем, көз алдыма химиялық айқасу үстіндегі неше түрлі колбалар
келетін. Ал Ақаңның өзім танысу бақтиярлығына ие болған шифрлы дәптері
шынымен де өзінше бір зертхана еді. Жазғыш адам әдетте құлындаған
биеден де қызғаншақ болады ғой. Ал Ақселеу Сейдімбек - қолындағысын
өзгемен бөлісуге келгенде кеңдік жасайтын ғалым. Академик Зимановтың

350

Зекең туралы айтқан: «Щедр как талант, как талант щедр», - деген сөзін
Ақаңа қарата әбден қолдануға болады. Бірақ оның жоғарыдағы шифрлы
жүйесі әлі де жұмыс істеп тұруы мүмкін ғой, сондықтан зерттеушінің
ең алдымен қажеттіліктен туған тәсілін авторының рұқсатынсыз бұл
жерде алға жаю қиындау болып тұрғаны. Бір айтарым, маған берілген
шифр-конспектіде (ал олар бірнешеу болуы керек) әр тақырыптағы дерек-
мағлұматтар қысқа уақытта қиналмай тауып алатындай етіп жүйелене
тізілген екен: қымыз ашыту; ыстау; ұлттық сүт тағамдары; ұзындық
өлшемдері; ру атына, ұранға, шыққан әйел-аналар, т.б. Мақала жазарда
«обязательно» интернеттен сауат ашып алатын бүгінгінің журналисіне
ондай шифрлы дүниенің тап керегі де бола қоймас. Десе де: «Сұлу әйелді
көргенде, ақылды әйелді аяймын», - деп Қадыр ақын айтпақшы, бүгінгі
редакцияларда зәуімде ғаламтор өшіп қалса, компиляцияға мәтін ала ал-
май, көз алдымда дәрменсіз бейшараға айналатын журналисті көрген кезде
Ақаң берген шифрлы дәптерді ойға оралтатыным бар. Жылдар бойы бірне-
ше тақырыпты қатарынан ыждағатпен, беріле зерттеп және соларды кейін
бір арнаға сарқып құю арқылы өзіндік концепциялы жүйе қалыптастырып
жүрсем, ол - ең алдымен «Білім және еңбектің» шарығынан алып шыққан
көп олжамның бір көрнектісі.

Ол кезде комсомолдың «екпінді құрылыс ендіктерін» қалдырмай аралап,
мақала жазып, Жөректің Тайыры айтқандай, «өзім де қумын ғой, баяғы
заманға аттап баспаймын...» деп жайыммен жүрген жас едім. Бір күні сол
түсінігім шырқ айналып, басы аяғына келді.

Әлі есімде, шілденің ортасы, күн қуырып бара жатқан соң есікті ашып
тастап жұмыс істеп отыр едік, Ақаң шақыртты. «Мынаны Шота Уәлиханов
ағаңа апарып бер», - деп мелжемді пәпкі ұстатты. Редакцияға күніге келіп-
кетіп жататын «сақалдар» мен «нахалдардың» біреуінің «нама жазуы»
шығар деп, алғашында онша көңіл бөле қоймадым. «Ағаның тапсырмасын
орындасам жаман болмаспын, журналистігім жорғасынан тана қоймас...»
деп жүгіріп кетуге дайындалдым. Дәл қазір нақты есімде жоқ, піл сүйегіндей
болып қолымды тартып бара жатқан соң басқа, ыңғайлы пәпкіге ауыстырып
салғым келді ме екен, әйтеуір сол жерде ашық қалған қолжазбаның бірінші
бетіне көзім түсіп кетті. «Алғы сөз» деп жазылған екен жол ортасына әде-
мі қия жазумен. Одан әрі: «Үш жүзден тараған ата-бабаларымыздың әр
бұтағынан өсіп-өнген ұрпақтар есімін шежіре ретінде хатқа түсіруді (то-
лық болмаса да) мақсат етіп, ширек ғасыр бойы шұғылдандым. Шежіре
шыңырауының шындығы мен тәжірибесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болар, ғибрат
алар деген оймен, осы жазғандарымды оқырман қауым уалетке, артқа қал-
дырып отырмын. Диньче Көкенұлы Билялов».

Міне, қызық! Журналистік әуестігім жеңіп, парақтай бастадым. 300 бет
ататек тізіліс сызбамен көрсетілген екен, ара-арасында қара сөздері бар.
«Число душ и скотоводства по документам переписи 1917 г. Павлодарско-
го уезда» делініпті бір тараушаның аты. Тоқта, тоқта, Ақаң осы жақында
ғана кезекті еңбек демалысын Баянауылда өткеріп қайтқан жоқ па, тіпті тап-

351

тақыр етіп қырғызып тастаған шашы да онша өсе қойған жоқ. Ал Баянауыл
Павлодар облысының аумағында емес пе? Олай болса, мына қобыраған көп
қағаз демалысында да мігір көрмейтін жампоз ағамыздың сол жатқан алып
келген олжасының бірі болды.

Сағатыма қарасам, жұмыс уақыты аяқталып қалған екен. «Қой, Шә-
кеңе таңертең, тың күшпен барайын» деп, қолжазбаны көтеріп үйге қайт-
тым. Тіршіліктің мәңгі таусылмас қарекеті өз ағысымен үйіріп әкетті,
бірақ, «қарғаның бір көзі оқта, бір көзі шоқта» демекші, бір көзім үстелді
қайыстырып, үн-түнсіз маған «қарап жатқан» қолжазбада. Ақыры шы-
дамадым. Жанына кәрі қойдың тісіндей сарғайған типографиялық қағаз-
дың бір буатын қойдым да, көшіріп жазуға отырдым. Ақаң кітабы жайлы
осы үшбу мақалама материал әзірлеп жүріп, сол бір «көзімнің жасын, мұр-
нымның боғын» архивімен тауып ап қарасам, Дінше шежіренің «Алғы
сөзінен» әртаман «16 июль, 1984 жылы алып, сол күні көшіріп жазуға
отырдым» деп өз жанымнан сөз қосыппын. Және шиырып қол қойып, «Бір
дана» деппін. Ақаң заматында апарып бер деген аманатты сонда неше күн
өзімде ұстамақ болғанмын? Ол жағы есімде жоқ, өзімше амал тапқаным
жадымда: күндіз Мәдина көшіреді, жұмыстан келіп өзім жалғастырамын.

Солай болды да. Алайда, Ақаң айтатындай, «шежірелік аңыз-әңгімелерді
сыпырып-сиырып көкейіне құйып алған»... құйып және құйып алған
шежірешінің жиырма бес жыл бойы соншама ыждағаттылықпен тірнектеп
жинағанын түгел көшіру бірнеше күнге кететіні аныққа шықты.. Ең қиыны,
ана жақта Шәкең (Шота Уәлиханов) күтіп отыр ғой. Ақаң да кез келген
уақытта сұрап қалуы мүмкін. Не керек, жұмыста көзімді ми бапкерімнің
кабинетінен алмаймын, ал жүрек байғұс үйде қап кеткен. Артында құлыны
қалған бие тәріздімін. Редакцияда бұрынғыдай мұрын қанату жоқ, тақым
қажап қана қайтам. Үйге келсем, Малая станицадағы түріктің абажадай
жалдама бөлмесінде, өмір бойы орысша оқуы себепті тілі енді-енді шыққан
баладай қазақша әрең-пәрең сөйлейтін Мәдинам қаламы кестеңдеп, «қа-
зақша» желіп отырады. Әр сөзінде - үш қате! «Қ»-ның аяғы жоқ, «ұ»-ның
белдемесі ұшып кеткен. Бірақ, әйтеуір, жоқтан жақсы, жүргізіп оқуға
болады. Дереу «вахта» ауысады. Түнді орталай, сарыла отырып көшіремін.
Басым киізденіп кетсе де үтірін қисайтқым келмейді. Ұйқы қысып, кірпігім
айқасып кетпеу үшін өзімді инемен шамалы піскілеп қоямын, Ақыры, 300
бет қолжазба үшінші күн дегенде, дүние тіршілігінің қызығын буржуазия-
лық тоғышарлық көретін, одан кітап оқығанды әлдеқайда маңызды деп
санайтын «идеалистер ұлты» өкілдерінің мұқалмас жігері мен тасшайнар
қайратына төтеп бере алмай, қақырай құлады. Сол күні алғаным: «Мектеп-
те «дервляне» мен «полянеден» көз аштырмай қойып еді, ал мынау...
мынау...» - деп пора-пора болып егілгенін көрсеңіз. Сол күні мен үшін
дүниедегі ең қымбатты, ең қадірлі боп кеткен пәпкіні жүрек тұсыма басып,
тақам қисайып, Шәкеңнің Горький паркі түбіндегі жобалау институтына
елең-делең жүгіргенімді көрсеңіз.

352

Сол күні жоғалғанымыз түгелденіп еді. Сөйтсем, жалғыз біз ғана емес
екен жоқ іздеп жүрген. Артынша Шымкенттегі «Типрофосфор» Қазақ
ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер боп істейтін қайнағамыз
аттай қалап әкеткен қолжазба ол жақта айтылмыш мекеменің көшіргіш
құрылғысы арқылы көбейтіліп, бірнеше дана боп оралды. Оларды жақын-
жуыққа, көңіл жетер жігіттерге оқып шығуға беріп, қатаң түрде қайтып
алып отырдық. Қазір ойлап қарасам, көшірме нұсқаға «Бір дана» деп жазып,
сақсынуым да бекер емес сияқты. Әубәкір Нілібаевтың мына бір пікірін
мысалға алайықшы: «Жақында орыс шежіресінің толық жинағының
37-томы шықты деп естідік. Ал біз болсақ, өзіміздің ұлттық шежіремізді
жасамақ түгіл, «шежіре» деген сөзді айтудан қорқып, ат-тонымызды алып
қашамыз». Ақын бұл сөзді демократия толық салтанат құрған 1989 жы-
лы жазып отыр! Содан бес жыл бұрын «қырағылық» 37-дегідей қияға ша-
рықтап тұрмаса да, бас кетіп қалатындай қауіп төнбесе де, пеле іздегенге
сені жұмыстан қуу яки «асқабағыңнан» гүрзімен бір ұрып талдырып тастау
үшін шалжақ ауыз сандығыңнан шежіре шықса, соның өзі жетіп жататын.
Және қандай шежіре?! Шежіре ғана емес, тарихи зерделі қолжазба.

Кейін беріде жарық көрген шежіре кітаптың талайымен таныстың қой.
Алла ғайбатқа жазбасын, солардың көпшілігі қазаққа аты онша таныс емес
Дінше Біләлов жиған шежіреге жетпейді деуге ауыз барады. Себебі автор
әдеттегі топан судай қаптаған жыл қуу, тұқым қуумен шектелмей, қазір-
де библиографиялық сирек кездесетін кітаптарға жүгініп, руларды уез-уез
бойынша орналастыра отырып шежірелейді және, ілгеріде айтқанымыздай,
жан саны, мал басы сияқты құнды статистикалық мәліметтер келтіреді.
Айрықша тоқталар тұс - шежірелік аңыз-әңгімелер кестелердің босарлығын
толтырып тұру үшін емес, белгілі бір мақсатпен, жүйемен келтірілген.
Талапты этнограф-ғалым Жамбыл Артықбаев Ақаңның сөз болып отырған
«Қазақтың ауызша тарихы» монографиясына арнайы жазған тамаша
бетжабар мақаласында Ақаңның шежіре арқауы ретінде қандас туыстықтан
бұрын рулар мүдделестігін атаған тұжырымына шамалы түзету енгізгісі
кеп, қазақ шежіресінен мемлекеттік идея іздепті, тәуелсіздікті негіздеген
алтын қор іздепті. Айтуынша, негізінде қазақ тарихында ру-тайпалық
мүдделестіктің мемлекет мүддесімен кереғар келіп қалуы көп екен, мы-
салы, Едіге мен Тоқтамыстың, Бекболат би мен Абылайдың арасындағы
келіспеушіліктер. Осы орайда Ж. Артықбаев мемлекеттің тұрақтылығын,
биліктің киелілігін (сакральдығын) қамтамасыз ету үшін Алаша хан, Уыз
хан, Әз Жәнібек, Қасым хан, Абылай хан туралы аңыз-жырларды қазаң
шежіресінің асыл үлгісі ретінде алуды ұсынады. Ізгі ниет екен, бірақ
бүкіл ынсаният төл тарихын идеологиядан аршып алып, саясаттан аулақ
әкетіп жатқан кезде біздің елден ала бөтен кеңестік ескі сүрлеуді қайта
тауып жатуымыз қалай болады? Екіншіден, қазақ шежірешілерінің бізге
аманаттап кеткен қай мирасында да Жамбыл айтқан жәйт мәселенің мәселесі
емес. Ілгерідегі Дінше шежіресінде қазақтың тарауы, үш жүздің құралуына
қатысты Нұх, Майқы, Алаша хан атымен байланысты аңыздар келтіріліп,

353

қалған жерде қара сөз кейінгі орта ғасырға тән «кірме» мәселесінде ғана
қолданылады (Әлдебек бидің Абылай хан баласы Қасым төреге арғы те-
гіндегі шикілікті бетіне айтуы, Ғабит Мүсіреповтің ұлы аталарының зайры
түрікмен екендігі, т.б.). Олай болса, қазақ шежіресінің бір діттегені - Ақаң
дәлелдегендей, ру мүдделестігі, одан да дәлірек айтқанда, ұлысты, ұлтты
қан жағынан таза ұстау. Шежірелердегі аңыз-әңгімелердің дені қазақтың
іргелі ру-тайпаларының құрамына еніп кеткен кірме аталар туралы өшпес
дерек бере отырып, этносты таза күйінде сақтау ісінің маңызды бір тетігіне
айналған. Шынында да, бүгінде ретті-ретсіз көп айтылатын қазақ тілін
жалпыхалықтық тілге айналдыру (лингвистикалық ұлттандыру), сөйтіп
қазақша сөйлегеннің бәрінің төлқұжатына «ұлты - қазақ» деген белгіні баса
беру жайлы қитұрқы идея, түптеп ойласақ, ата-бабаларымыз үнемі есте сақ-
тап келген «кірме» злементтерді ара-даралығынан айырып, біркелкіленді-
ріп жіберу, сөйтіп Ақаң жобасын сызып беріп отырған «этникалық қорғаныс
сезіміне» селкеу түсіру боп шығар еді. ЭҚЗ - Батыстағы азаматтық «ұлт»
ұғымынан қазақ ұлтының мүлдем бөлек жаралым екендігін үнемі есте ұс-
тау.

«Қазақтың ауызша тарихы» - кең құлашты, соған сәйкес көп планды,
көп мағыналы, қым-қиғаш үлкен зерттеу, сондықтан біздің айтып отыр-
ғанымыз оның толқын-толқын, соқпа-соқпасындағы бір ғана мәселе болуы
да мүмкін. Жалпы халықтың ауызша тарихын қорытып, өзіне ұсыну деген
міндеттің үдесінен абыроймен шығып отырған еңбек жайында қабырғамыз
сөгіңкіреп, қылышымызды шарболаттай қайрап айту қаншалықты артық-
тау болса, білімді білгірсіп кету, буынсыз тілге ерік беру де соншалықты
артық. Мұхтар Әуезов соңғы хаттарының бірінде қазақта мәдениетті жұрт-
тардағыдай еш «алайдасыз» пікір білдіру жоқ екендігін айтып налыған
екен. Ащы рас сөз. «Біткен істің міні жоқ, бітірген ердің кемі жоқ» дейтін
ұлағат қазаққа дарымай-ақ қойды. Осы орайда Ақаң сияқты мүлдем тың
тақырыпқа қол артқан авторға көрсетілер көмектің үлкені - «Қазақтың
ауызша тарихын» әлі мәресіне жетпеген жолаушы деп қабылдап, алдағы,
толықтырылатын басылымдары үшін материал жеткізу, ескертпе беру. Ал
қазірдің өзінде орасан қатасыз шығып отырған ҚАТ - осы күйінде-ақ қазақ
үшін тау тұрғызғандай еселі еңбек!

728 бет. 60 баспатабақ. Көрінбейтін түймеден, сабақталмаған инеден тұ-
ратын елеусіз әрі машақаты көп жұмыс. Біздің есебімізше, бұл кітаптың
аяқтанған уақыты 2008 жыл болғанымен, бастап тағанын тартуы одан
әлдеқайда бұрын. Ең кемі 40 жыл қинаған-ау толғағы. Олай болса, Ақаң-
ның бұған дейінгі жаздарының бәрі - ҚАТ-қа бастап әкелген басқыштар
болады да. Олай болса, ағамыз өз ісіне тура космонавтарша әзірленгені де.
«Кәнігі зергер кәтекі, орынсыз дүкен құрамайды». Соның ішінде ілгеріде
біз сөз еткен 80-жылдар - Ақаңның зерттеуші ретінде нағыз кемеліне ке-
ліп, кер жорғасына мінген шағы. Тыныштық кезең, тұсау кеңіп, арқан
ұзарыңқыраған. Асылы, қайта құрудың салмағын 60-жылдарғы «жылы-
мықта» ұтылғандар көтерді дейтін пікір шындыққа жанасымды болар.

354

Оның үстіне Ақаң дәл сол жылдары республикалық беделді басылымды
басқарып тұрды. Мұның өзі зерттеуші ретінде эксперименттік талдамала-
ры мен концепциялық жүйелерін сыннан өткізіп көруге мүмкіндік берді.
Жалпы Ақселеу Сейдімбеков тұсындағы «Білім және еңбек» әліге дейін өз
бағасын ала алмай келеді.

«Білім және еңбек» сол жылдары Шерағаң шығарып тұрған «Қазақ әде-
биеті» сияқты әлеуметтік шындықты жазып, билікті тықсыратын басылым
болған жоқ. Ондай батылдықты журналдың Ақаң алдындағы басшысы
Бейбіт Қойшыбаев басқарған ұжым танытты. Ал Бекеңнің алдында журнал
бірде таза ғылыми-техникалық, бірде фантастикалық бағытта шығып
келді. Сейдімбеков тұсындағы «Білім және еңбек» болса ең алдымен елдің
алтын арқауы, жұлыны - зиялы қауым оқитын, тиісті әзірлігі бар адамдар
қатысатын басылым еді. Қазір жұрт жер-суға түсірмей мақтап жүрген
басылымдардың талайынан артық бола тұра, бірақ журнал қалың қазаққа
көп таралыммен тарай алмады. Оның басты себебі, Ақаң үкілеген, Ақаң
түрлеген басылым заманынан озып туғандықтан, ғауам қазақ мандытып
түсінбеді аяқ алысын. Соның өзінде журнал бетінде, егер оқитын көз болса,
селт еткізіп, ойға қалдыратын талай мәселе көтерілді. Ең ғажабы, солардың
көпшілігі Қалағаң: «Академияның қалбырға салып тастаған милары», - деп
түйреген академиялық бағыттағы ғылым иелерінің қаламынан қорытылып
шығып жатты. Себебі, басредтің өзі олардың қай-қайсысымен де терезесі
тең отырып сөйлесе алатын сұңғыла ғалым, спорт тілімен айтқанда, голға
доп шығарып беретін диспетчер-жетекші еді. Сонымен бірге ол басылымға
есімі үнемі ел есінде жүретін, қазақ мәдениетіне өзгеше із қалдырған М.
Дүйсенов, С. Ақатаев, Б. Ибраев, Ж. Бабалықов сияқты қалыпқа сыймай
жазатын ізденгіш авторларды тарта білді. Мысалы, «Білім және еңбек»
бетінде Сәбетқазы Ақатаев жариялаған Айтматовтың «Боранды бекет»
романының этнографиялық сипаты жайлы терең мазмұнды мақаланы,
Жағда атамыздың қой бас сүйегінің 400-ден аса атауын жіліктеп берген
этнографиялық жарияланымын қазіргі көзің мұзға тайғандай сырғанап өте
шығатын баспасөзден пар атпен іздесең таба алмайсың.

Ақаңның әуелгі ДАТ-ы мен бүгінгі ҚАТ-ының бастауында жатқан
В. Юдин мақаласы да алдымен «Білім және еңбекте» жарияланғанын ай-
ту жөн. Кім екені дәл есімде жоқ, сірә, Ақатаев болар, әйтеуір бір автор
Юдиннің соның алдында ғылыми жинақта шыққан «Орда: Белая, Синяя,
Серая, Золотая...» дейтін мақаласын «Ақ Орда, Көк Орда, көп орда...» деген
атой тақырыппен келістіре аударып жариялады. Өзімізге талай жыл әке-
көке болған халықтың өкілі далалық тарихқа мәдениет жасаушы елдің
мәдениет тұтынушы елге қарайтындай тұрғыда тұрып қарағанын ол кезде
аңғармаппыз. Мұндайда біреулер Пәленшекеңнің Түгенше дейтін еңбегі-
мен таныстығын білдіріп қана қояды ғой, ал Ақаң кітаптарында бұл жайды
тақияға тас тастағандай етіп анық жазады, яғни ҚАТ - Юдин меңзеген
жалпы далалық, жалпы түркілік ауызша тарихнама (историография)
да, тарих зерттеу (историология) де емес, қазақ халқының төл тарихын

355

зерделейтін шежірешілдік дәстүр екендігін қадап айтады. Юдиндік СУИ -
сейдімбектік ҚАТ-қа ойтүрткі (идея) болуы мүмкін, бірақ оның өзі де емес,
құлпыашары да емес, тіпті десе Ақаң оған жанынан алып жан, қанынан
алып қан қосты деп те айта алмайсың. Өйткені ҚАТ-тың жүрегін соқтырып
тұрған қан тамыры басқа. Ол - қазақы қымбат қасиеттеріміз, қазақы құн-
дылықтарымыз, дәмді дәстүріміз, сарқынды салтымыз. Нән кітапты бір
деммен оқып шығып, соңғы бетін жапқан соң, мұқабасын аялай сипап
отырып, өзіңнің қазақ болып туғанына қуанатының.

Осы сезім ғой 1986 жылы қоғамдық қопарылыс жасаған. Сол бір «қал-
дықтардың бетпердесін ашу», «бет ажарына қарамай аластау» науқанында
Ақаң басред ретінде нағыз толысқан тұсында, оқырманын ұйытып келе
жатқанында орнынан кетуге мәжбүр болды. Ұлтшылдығы үшін қуғын
шекті. Қызмет жағынан ауызға аларлықтай кемшілік таба алмаған соң та-
ғылған ілік емес еді бұл. Ақаңның ұлтшыл екендігін ол кезде жұрттың
бәрі беске білетін. Оны айтасыз, Желтоқсанда алаңға шыққандардың дені
«Қазақ әдебиетін», «Лениншіл жасты», «Жұлдызды», «Білім және ең-
бекті», қырғызша айтқанда, «оқып жатауыс» болғандардан еді. Осылар
еді масаша ызыңдап, шыбынша шағып, қазақтың күн ұзын өліп қалған
намысын дем салған бақсыдай қайта оятқан. Осы баспасөз еді алтыннан
ардақты қазынамыз - жастарымыздың көңіл көкжиегін кеңейтіп, ойына ой
қосып, рухын жоталандырған. Көпті азайтып, азды көптей өсірген. Барлық
қазақ бір кісіден туған дейтін ойды сіңірген. Ақаң мұны «этнозерде» дейді.
Қайсар санагер өзі кетіп бара жатып, журналдың атын «Зерде» деп өзгер-
тіп үлгерді. Осы сөзбен өзінің Совет Одағы кезеңіне тиесілі межелі жұмы-
сын аяқтаған шығар деп топшылағанбыз. Жоқ, ғылымға ауысып, бірың-
ғай шығармашылық жұмысқа көшкеннен кейін де тыныштыққа бой ұрып
жатып алмай, зерденің байлануына әкеп соғатынның бәрін айтып, жазып,
көрсетумен болды. Саясаттың аспаны бұлттан толық ашылмай тұрып-
ақ баспасөз бетінде «отаршыл мен озбырға отамалы оқ атып, ойпаңнан да
боратып, қайқаңнан да боратып» жатты. Терін басып алып, іске қосқан «ауыр
артиллериясының» нысанасына Сырымбеттегі Айғаным шартағын қалпына
келтіру, Үстірттегі пантеон-қорымдарды зерттеу, 1990 жылы Қазақстан
арқылы өтетін ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» экспедициясының он күндік
сапарына әзірлену сияқты мәселелер ілігетін. Біз он кітап жазғанша, оныңа
балап бір кітап жазам деп жүргенде ұлт үшін қашанда отқа күйіп, табаға
қуырылып отыратын Ақаң тарих-қарияның иіп тұрған сәтін пайдаланып,
бір арба кітап жазып, талай ғасырды көзінен көгендеп тастады. Бұл -
қарқынды ғана аттың аяқ алысы емес, ұзаққа сілтейтін үдемпаз жүйріктің
белгісі. Қамшысы - «айтқан үстіне айта түсу» принципі.

Сөз сірәсі келген соң орағытып өтуге болмайтын бір жағдай бар.
Әдетте проза ғана тән алатын көпкітаптық дәстүрді поэзиямызға Қадыр
Мырза Әли әкеліп, бір тақырыпта мақсатты түрде тоқтап, желілеп жыр
жазса, эссеистикамызда көпкітаптық дәстүрді алғаш Ақаң қолданды және,
алхамдулла, әзірге бәйгенің басын беретін емес.

356

Біз бұл жерде «эссеистика» дейтін сөзді саналы түрде қолданып отыр-
мыз. Кезінде Ақселеу Сейдімбековті қай жанрда жазатын жазушы деп тану
жөнінде оңды пікірталас болған. Әдебиеттану білетін жанрлар мен жанр-
лық түзілімдерден бірде-біреуіне лайығы келмей қойғаннан кейін, Ғабаң
(Ғабит Мүсірепов): «Ақселеу - әзір ешкім түстеп білмейтін, ала бөтен жанр-
дың қаламгері», - деп кеткен-ді. ҚАТ кітабына жазған түйін мақаласында
осы мәселені Жамбыл Артықбаев та қозғаған екен. Ғалым ағылшан эт-
нографы Э. Листің этнографиялық монографияның кейіпкерлері автор тұл-
ғасымен қойындасып кететін тарихи романға ұқсатқан пікірін келтіріпті.
Ой саларлық сөз.

Сейдімбек - басқасын былай қойғанда, өмір тәжірибесін дөңгелете
суреттеп бере алатын дарынды жазушы. Бірақ тіл шеберлігі, стиль мін-
сіздігі, ең бастысы, дерек-дәйектердің шығарманың түпөзегіне (замы-
сел) үйіріліп, үйірсіктеп кеп, кенет шиыршық атып қоя беретін компо-
зициялық-сюжеттік ерекшелігі оның жазғандарын эссеистиканың сүт
кенже жанры - дәйектеме-романға (инфороманға) жақындатады. Бұл
романдарды өзгеден ала бөтен даралап тұрар нәрсе - кейде шығарманың
ішіне, кейде соңына әдейі шашып жіберетін шағын әңгімелер. Кәдімгі
Шығыстың ұлы әңгімелеріне тән туындыны тиектеу (обрамление) тәсілі.
«Қазақтың ауызша тарихы» іргелі зерттеуінде түйіндеме ретінде сондай
15 мөлтек әңгіме беріліпті. Автор әлденеге «Этнографиялық түйін» деп
атаған олар, біздіңше, зтнографиялық сипаттағы, бірақ өмірдің жалт ет-
кен бір көрінісін дөңгелете суреттеп беретін метонимиялық принциппен
жазылған кәдімгі новелла. Оларды тебіренбей, еміренбей, көзіңе жас
үйірмей оқу мүмкін емес.

Мәселен, осындағы «Жылу» новелласы. Автордың бала кезінде абайсыз-
да өздері отырған киіз үйді өртеп алғаны жайында. Үй өртке оранған
күннің кешінде ауыл адамдары жабыла қимылдап, жаңадан үй көтеріп,
үйі күйгенді жылулау үшін жиналған дүние-мүлікті тап-тұйнақтай етіп
жинастырып, ең соңында шашу шашып, шешесіне босаға аттататын көрі-
ністі оқып отырғанда есіме биыл қоңыр күзде ауылымызда болған бір оқиға
түсті. Дәл Ақаң әңгімесіндегідей, онда да ағаш қақырадан құрастырған үй
әп-сәтте түгі қалмай жанып кеткен. Әйелі екі баласын алып төркініне кетіп,
үйде анасымен қалған сабақтасым Амантай жалын оранған үйден шешесін
таба алмайды. Ақаң әңгімесінде ауылдың бір жігіті басын шүберекпен орап,
үстіне бір шелек суды құйып жіберіп, ішке кірмекші болып ұмтылады ғой,
мұнда да көршінің жігіті терезеден қарғып түсіп, бірақ қанша іздесе де таба
алмай шығады. Сөйтсе, қапелімде есі шығып кеткен шешей дәліздің есігінің
қалқасына барып жасырынған екен. Өзіміз қолынан талай дәм татқан Ажар
апамызды жұрт орны ғана қалған үйден көйлегінің қиқымынан танып
алады.

Хош, оқиғаның соңы не болды дейсіз ғой? Амантай ағайын сағалап жүр.
Қарттың баласы, тағы бір сабақтасым Рашид Құралайын ертіп бір бар-

357

ғанында төрт мәшине шебөңкі түсіртіп, теледидар апарыпты. Басқа жұрттан
леп жоқ.

Шыны керек, бұрынырақта ұлт, Отан намысы жөнінде әнтек ащылау
сөз естісем, не оқи қалсам, «Тап осыдан қайғы-қасірет жасап керегі не?..»
деп ойлайтынмын. Ақаң кітабын оқып, оған өрелестіре күнделікті өмір-
де өзіміз оншалықты мән бере қоймайтын бірқатар жайды ойға оралта
отырып, Ай мен Күннің аманында әлдебір асылымыздан айырылып қал-
ғандай күй кештім. Қазақы құндылықтарымыздан қаншалықты ажы-
рап қалғанымызды өзегің өртене отырып сезінеді екенсің. Сондайда Ақаң
ұстанған «айтқан үстіне айта түсу» принципінің бүгінгі қазақ үшін қан-
шалықты дұрыс, қаншалықты өткір, қаншалықты зәру екендігін еріксіз
мойындайсың.

Алты алаш құшағын ашып, кеудесіне басатын кітап келді ортамызға.
«Жазушының бас кітабы -әлі жазылмаған кітабы» дейтін сөз бар ғой. Ақаң
- өмірден алымы да қайтпаған, берімі де сарқылмаған қайраткер. Айтары,
жазары әлі алда.

Әманда халқыңыз ырысты, отбасыңыз аман, бауырыңыз бүтін, күндері-
ңіз жарқын, жүзіңіз жайдары бола бергей, тәу ұстаз! Жортқанда жолдасы-
ңыз қыдыр, жолыңыз шыдыр болсын, Қазақтың Жоқшысы!

358

Талас Омарбеков

АУЫЗША ТАРИХТЫҢ БЕСАСПАП ЗЕРГЕРІ

Қазақтың қолы тәуелсіздікке жеткелі дәстүрлі тарихпен әуестену-
шілер көкмайса көктемде көкті көмкерген бәйшешектей кең өріс жайды.
Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында «аузынан ауыздығы» алынбай,
тежеулі өмір кешкен қазақ тарихшылары ойланып-толғанып, өздеріне-
өздері келіп, өзіндік мүмкіндіктерін танытқанша әдебиет пен өнерге жақын
қазақ зиялылары дәстүрлі тарихымыздың кейбір маңызды бағыттарында
айтарлықтай аршынды қадамдар жасап үлгерді. Солардың арасында
кескін-келбеті, өзіндік дара болмысы қазақ сал-серілерінің еңселі тұлғасын
еріксіз еске түсіретін Ақселеу Сейдімбек қазақтың этникалық болмысының
білгірі ретінде тұлғалана түсті. Бұрындары да өзінің әр түрлі прозалық
шығармаларында; «Күмбір-күмбір күмбездер» тәрізді тарихи-танымдық
очерктер шоғырында; тамыры терең тылсым тарихтан бастау алатын
қазақ дәстүр-салтының сан қырлы қатпарларын нәзік сезімталдықпен
қозғап, толғана жазған ғылыми мақалаларында; ата-бабаның бесаспап
өнерінен бастау алған ғажайып күй саздарының таңғажайып сырларын
тербете зерттеген монографияларында және тағы да басқа әр түрлі мәдени
тағылымның аса маңызды мәселелерін қозғап, оларға тың деректер мен
тұжырымдар қосып, сонымен бірге өзінің осы бағыттардағы қызықты,
тың да жаңашыл пікірлері мен тұжырымдарын әрқашан оқырманға ұсы-
нып дағдыланған жазушы тәуелсіздік тұсында біржолата этнография-
лық зерттеулерге бет бұрып, осы бағытта елге жақсы танымал, дарын-
ды білгір ғалымның деңгейіне көтеріліп үлгерді. Бұрындары Ақаңның
жазғандарын қалың қазақ ортасында өзіндік тәлім-тәрбие алған, ұлт-
тың қанықты рухына мейлінше суарылған, тарихи танымды қызыға
насихаттаушы талантты журналшының өзіндік әуесқойлығы ретінде
қабылдап, Жаратушының өзі ғылыми-зерттеуге бейім етіп жаратқан оның
ерекше қасиеттерін аңғара қоймаған тарихшы-этнографтардың өздері де
Ақаңның осы бағыттағы іргелі зерттеулерінен кейін оны өзіндік ғылыми
кескін-келбеті, өзіндік бедерлі ғылыми соқпағы бар этнолог-тарихшы ре-

359

тінде қабылдай бастады. Осы айтылғандардың нақты көрінісінің және
жарқын үлгісінің бірі - қазір қолымызға ұстап отырған «Қазақтың ауызша
тарихы» атты зерттеу еңбек. Бұл кітап өзінің ішкі құрылымы, жазылу стилі
және көтерген мәселелері, сондай-ақ ғылыми бағыттары жөнінен өзінен
бұрынғы этнографиялық мазмұнда жарық көрген зерттеулердің ешбіріне
ұқсамайды. Кітап қазақ этнографиясына және этнологиясына байланыс-
ты, тікелей қатысты, кең ауқымды, өзекті мәселелерді қозғаған. Сондық-
тан да болар, о баста, зерттеуді қолға алғанда ондағы кейбір тақырыптардың
зерттеудің атына сай келетініне күмәнмен қарайсыз. Өйткені олар кейбір
тұстарда қазақтың ауызша тарихының арнасынан асып кетеді. Ия, бұл
зерттеудегі таза этникалық тарих мәселелерін қозғайтын кейбір тараушалар
қазақтың ауызша тарихының аясына сыймай, қазақ этнографиясының
және этнологиясының кең тынысты мәселелерін еркін қамтиды. Сонымен
қатар бұл еңбектің ауызша тарихқа байланысты этнографиялық және
этникалық пікірлерді молынан қарастырғанын да айтпасқа болмас.
Зерттеу іргелі-іргелі бес тараудан тұрады. Оның алғашқы тарауы «Шежіре
және тарих» өзіндік тың да жаңа көзқарастарға толы. Онда елтану мек-
тебі, тарихнама, этнология және ру-тайпа жүйесі, түркі ру-тайпалары
және тарихи кезеңдер, қазақ шежіресіндегі уақыт табы және тағы басқа
маңызды мәселелер нақтылана зерттелген. Егер Ақселеу Сейдімбекке
дейінгі этнографтар, мысалы, дәлірек айтар болсақ, В.П. Юдин «далалық
ауызша тарихнама» деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А. Сей-
дімбек те шежірелік деректерді зерттеу барысында өзінің шежіреішіндік
зерттеу бағыттарын осы ДАТ-тың (далалық ауызша тарихнаманың) ая-
сына сыйдырған болса, енді біз пікір айтып отырған еңбекте автор жаңа
тұжырымдарға барып, «қазақ шежірешілдігін» (шежіресін) шын мәнінде
«Қазақтың ауызша тарихы» («ҚАТ») деп атауға болады деген тың қоры-
тындыға келеді.

Автордың бұл жерде этнология ғылымындағы мүлде тың, жаңа пікірді
ұсынып отырғанын аңғармау мүмкін емес. Шындығында да, қазақ ше-
жіресі тарихи айналымға адами тұлғаларды нақты енгізетіндіктен жә-
не бүкіл шежірелік хикаялар нақты тарихи тұлғалардың ұрпақ жал-
ғастығын бейнелейтіндіктен және мұның өзі әрқашан да ауызша та-
рих айту жолымен жүзеге асырылатындықтан, мұндай жаңа ұсы-
нысқа, негізінен, келісуге болады. Әрине, ауызша тарихқа тек қана
қазақ шежірешілдігі ғана жатады десек, тар өрісті пікір айтар едік.
Тамыры тереңнен бастау алатын, ежелгі тарихи тұлғаны бүгінгі күнге
көркемдеп те айшықтап жеткізген әр түрлі аңыз-әңгімелер мен қиссалар,
жыршыларымыз таңды таңға ұрып жырлайтын тарихи дастандарымыз бен
тарихи жырларымыз, мысалы, Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық
батыры» ауызша тарихтың адам таңданарлықтай ғажайып үлгісі емес пе?!
Белгілі тарихшы-археолог Егоровтың «Историческая география Золотой
Орды» деп аталатын іргелі зерттеу еңбегінде Қырымдағы Қырық ер қаласына
байланысты қазба жұмысының қорытындыларын нақтылап айтқаны бізге

360

белгілі. Қырық ер қаласын Шайбанның әскерінің қандай қиыншылықпен
басып алғанын әйгілі ортағасырлық «Шайбани-нама» атты деректен де
айқын аңғарған болатынбыз. Осыларды бір ауыз сөзбен қорытар болсақ,
Мұрын жырау ауызша жырлаған тарихи ахуалдың шынайы тарихқа
сәйкестігі назар аудартады. Ондағы айтылатын Шора Нәрікұлының өзінің
ерліктері және бабаларының өмір тарихы орыс деректеріндегі жылнама-
лық мәліметтерге толық сәйкес келеді. Мұның бәрін айтып отырғанымыз,
А. Сейдімбек әңгімелеп отырған қазақтың ауызша тарихы (ҚАТ) бүгінде
қағазға түскен жазба тарихымызды жаңа деректермен толықтыратын және
тарихтағы адам тұлғасының айшықты орнын айқындай және нақтылай
түсетін, әсіресе ежелгі және ортағасырлық тарихымыз үшін аса қажет.
Осы тұрғыдан алғанда, зерттеушінің: «Қазақтың шежірешілдік зердесінде
адам - тарихтың ең басты тұлғасы, ал адам сапасы - тарихтың қозғаушы
күші», - деген қорытындысы, шынында да, бүгінгі тарихымыз үшін аса
өзекті және маңызды. Мұны қазіргі кезеңде бізден гөрі ресейлік ғалымдар
айқынырақ түсінгендей. Өйткені олар коммунистік жүйенің омақаса құ-
лағанын жедел ескеріп, бұрын тарих ғылымында қалыптасқан «тарих -
таптар күресі» деген принциптің орнына «тарих - адам қызметі» деген жа-
ңа ұстанымды орнықтырып үлгерді. Мұндай жаңа методологиялық ұста-
нымның маңыздылығын жақсы түсінген А. Сейдімбек бұл мәселеде де өзінің
хабардар екенін зерттеу еңбегінде айта кетуді ұмытпаған.

Алдын ала айтарымыз, ғалымның қазақтың шежірешілдігін ауыз-
ша тарихтың аса маңызды көрінісі ретінде сипаттаған көптеген ұнамды
пікірлерімен келісуге тура келеді. Өйткені, шын мәнінде, автор қазақ
шежірешілдігінің қыры мен сырын жақсы меңгерген, өзі де осы салада
нақты зерттеулерді көптеп өмірге келтірген дарынды зерттеуші. Ұзақ
жылдар бойы зерттеу жұмысында шежірелік деректерді жан-жақты
талдап,жүйелеп,жинақтап,осы саланың ыстығымен суығына төзіп,әбден
академиялық дәстүр аясында іздене жүріп қалыптасқан шежіретанушы
ғалым осы - А. Сейдімбек. Осыған байланысты оның шежіре мәселесінде
қазақ халқының дәстүрлі тарихы туралы өзіндік пікірлер білдіруге
толық құқы бар. Әрине, қазақ шежіресінің де тарихымыз үшін аса
бағалы, адам айтқысыз құнды тұстары көп-ақ. Жасыратын не бар, жазба
тарихымыздың жүйелі қалыптаспауы қазақ тарихының кейбір маңызды
тұстарын құнды деректерден құралақан қалдырды. Осындайда қазақ та-
рихшысы, қаласа да, қаламаса да, ауызша тарих деректеріне жүгінуге мәж-
бүр. Кезінде тоталитарлық жүйе қасақана назардан тыс қалдырған оларды
зерттеуші осы еңбегінде оқырмандар есіне қайта сала кетуді жөн көрген
екен. Сондықтан да А. Сейдімбек біз пікір білдіріп отырған еңбегінде қазақ
шежіресін қастерлей көтермелеуге баса көңіл бөлген. Бұл, әрине, барынша
құптарлық маңызды нәрсе. Дегенмен де, ауызша тарихымызда кенже
қалған осы шежіретану екендігін де мойындауға тура келеді. Әрине, мұны
А. Сейдімбек тәрізді тәжірибелі шежіретанушының байқамауы мүмкін емес
деп ойлаймыз. Олардың ішінде қазақ шежіресінің бастауларының түркі

361

дәуіріндегі халық жадында сақталған ежелгі этнонимдерден таратылуы,
осы аралықта бірнеше ондаған аталардың назардан тыс қалуы, тіптен Қазақ
хандығы тұсында біршама жүйеленген қазақ шежіресінің кейбір тұстарында
бірнеше аталардың аталмай кетуі және шежіре баяндаудағы балама пікір-
лер қайшылығы, шежірелік деректерде қожалардың рөлін асыра дәріп-
теу - қазақ шежіресіне тән олқылықтар, міне, осылайша жалғаса береді.
Ең соңында айтарымыз - қазақ шежіресінің бастауларында қожалар
әулетінің тұруы тәрізді көптеген субъективті кемшіліктер бар екенін
айтпауға болмас. Бұлар туралы шежіренің бүге-шігесін жақсы меңгерген
Ақаңның өзінің нақтырақ тоқталғаны дұрыс болатын еді деп ойлаймыз.
Сонда оқырман қазақ шежіресі туралы марапаттауға негізделген біржақ-
ты тұжырымдарға ғана емес, терең және тарихи салыстырмалы зерттеу
қорытындыларына да назар аударып, тарихымызды объективті де шынайы
жазудағы қазақ шежіресінің орны мен маңызын айқынырақ топшылар еді.
Ақаң рушылдық пен жүзшілдік көзқарасты қазақ протекцияшылдығы-
ның жағымсыз көрінісі ретінде қисынды түрде айыптай келе, рулық-
тайпалық жүйенің ғана емес, қазақ тарихындағы жүздік бөліктердің де
маңызын дұрыс айқындай білген. Оның: «Жүздік бөліктің өзі этникалық
бөлік емес екендігіне, ең алдымен әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-
саяси бөлік екеніне, қазақтың тілі мен діліндегі біртұтастық олардың ру-
шылдық бөлектігінің емес, ұлттық бүтіндігінің нәтижесі екендігіне көзі
жетер еді», - деген пікірі ғылыми тұрғыдан мәселені жан-жақты тал-
даған басалқалы зерттеушінің салмақты тұжырымы деп ойлаймыз. Бұ-
лардан шығатын қорытынды - қазақтың рулық-тайпалық құрылымы
және жүздік бөлінісі кеңестік жүйе тұсындағыдай біржақты айыпталып,
орынсыз қараланбауы тиіс. Қалай десек те, бұл - біздің тарихымыз және
басқаларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар ұнамды тарихымыз екенін
ұмытпағанымыз жөн.

Біздің ойымызша, қазақты амалсыздан үш жүзге бөліп басқару рефор-
масы «Есім ханның ескі жолын» жүзеге асыру барысында біржолата қа-
лыптасты. «Амалсыздан» дейтініміз, Есім ханды осындай маңызды шараға
баруға мәжбүрлеген сол тұстағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағ-
дайындағы объективтік ахуалдар еді. Іштегі төре тұқымдарының таққа та-
ласы, сырттағы қалмақтардың қазаққа қарсы үздіксіз жорықтары қазақты
жүздік, әкімшілік-аумақтық жүйемен басқаруға алып келді. Замана тала-
бына сай жүзеге асырылған бұл шара кезінде өзін-өзі толық ақтады. Сон-
дықтан да жүздік басқару жүйесі атауынан ат-тонымызды ала қашатын
бөтен ниеттен арылуымыз керек.

Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихының», оның ішінде
шежірелік дәстүрдің тарихнамасының мәселелерін жан-жақты талдауымен
де, негізінен алғанда, толық келісуге болады. Оның әйгілі тұлғаларымыз-
дың өмірлік дерегі туралы шежірелік баяндарды «әлем халықтарының
тарихында кездесе бермейтін бірегей рухани феномен» ретінде бағалауы
шежірелік түзілім тарихын терең білетін маманның көзқарасы түрінде

362

қарастырылуы қажет. Еңбектері Алтын Орда тұсынан бері қарай шежіре-
лік сипатта жазылған ортағасырлық авторлардың, соның ішінде мұ-
сылмандық тарихи әдебиет өкілдерінің, шынында да, қазақ тарихы үшін
аса құнды деректік мәліметтер беретінін қазіргі тарихымыз айқын аңғартып
отыр. Ақаңның «Этнология және ру-тайпалық жүйе» тақырыбы бойынша
теориялық және методологиялық мәселелерді тереңдете қозғағанын да
осы еңбектен байқап отырмыз. Мұнда зерттеушінің негізгі ғалымдардың,
оның ішінде өзіміздегілер ғана емес, ресейлік және шетелдік авторлардың
еңбектерін шолып шығуының өзі осы мәселеден дерек іздестірген зерттеу-
шілерге айтарлықтай көп көмек көрсететінін айта кеткен жөн. Осы біз
әңгімелеп отырған қазақ этногенезінің күрделі мәселелерін көшпелі
дәстүрлі өмір-салтымен байланыстыра қарастырған кітаптағы тартымды
да қызықты пікірлердің этникалық тарихқа тың да жаңа көзқарастарды
алып келетінін осы бағыттағы зерттеулермен айналысып жүрген кез келген
ізденуші айқын аңғарады. Ақаңның Қазақ хандығы тұсында етек-жеңі
жинақталған қазақ шежіресінің бүге-шігесін ғана емес, қазақты құраған
ежелгі түркі ру-тайпаларының тарихи тамырларынан да және олар бастан
кешкен күрделі тарихи кезеңдердің өзіндік ерекшеліктерінен де айтарлық-
тай хабардарлығын біз пікір айтып отырған еңбекпен танысқан оқырман
бірден аңғарады. Онда қазақ ру-тайпаларының түркілік тек-тамырлары
нақты көрсетіліп, олардың басынан өткен байырғы заманнан бері қарайғы
кезеңдер жікке бөлініп талданған. Осы орайда зерттеушінің түркі дүниесі
тарихының терең этникалық тамырларын жаңа, тың қорытындылармен
белсенді түрде толықтырған әлемге танымал татар ғалымы М.З. Закиевтің
«Происхождение тюрков и татар» деп аталатын әйгілі еңбегіне сүйене
отырып, өзіндік топшылауларға келгенін байқаймыз. Түркілер тарихына
әрқашан жанашыр болған М.З. Закиев тәрізді әйгілі ғалымның түркі
тарихын бірнеше этникалық кезеңдерден өткізетінін жақсы білеміз. Бұл
пікірлер нақты да ғылыми тұжырымдар мен шынайы шындық іздеген
ғалымдарды жаңа тарихи белестерге шақырады. Бізді қуантатыны - Ақаң-
ның осындай түркі дүниесі құрметтеген белгілі білгір ғалыммен пікірлес
болуы дер едік. Осы негізде Ақаң түркі ру-тайпаларының тарихын төрт
кезеңге бөлетінін айта кеткен жөн. Бірінші кезең - байырғы заманнан
басталып, Түркі қағанатына дейін қалыптасқан ру-тайпалар тарихын қам-
тиды. Екінші кезең - Түркі қағанатынан басталатын, Шыңғыс хан шап-
қыншылығына дейін созылатын кезеңде қалыптасқан ру-тайпалардың өт-
кенін бағамдайды. Үшінші кезең - Шыңғыс хан шапқыншылығынан бастап
Алтын Орданың ыдырауына дейін созылатын түркі ру-тайпаларының
әлеуметтік-этникалық тұрғыдан едәуір өзгерістерге ұшыраған, Ақаңның
сөзімен айтқанда, «түркі тектес халықтардың жеке-жеке ұлт болып ұйысу
алдындағы тарихи толғақты кезеңі» болып табылады. Төртінші, соңғы
кезең - Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі ру-тайпаларының төл этноним-
дерін орнықтырған жаңа топтарының қалыптасу кезеңі ретінде көрініс
береді. Мұнда қыпшақ тобы, қыпшақ-ноғай тобы, қыпшақ-қырғыз тобы,

363

оғыз тобы, қарлық тобы, шуаш тобы, сақа тобы тәрізді тілдік-этникалық
тұрғыда жаңадан қалыптаса бастаған түркі тектес халықтардың одақтары
ғылыми тұрғыдан тұжырымды да нақты сипатталған.

Бұл еңбектегі жаңалықтың бірі - қазақ шежіресін уақыт аясында ба-
жайлау қасиеті. Әрбір қазақ зиялысына түсінікті нәрсе - қазақ шежіресінің
көп сатылы ата-баба тарихын қамтып көрсететіндігі. Өкінішке қарай, ше-
жіре деректеріндегі осындай ғажайып құндылық бұрын әкімшіл де тапшыл
кеңестік-тоталитарлық жүйе тұсында қаперге де алынбады. Әсіресе қазақ
шежіресінде уақыт табы бар екендігі, оның негізінде белгілі бір тарихи
тұлғаның өмір сүрген кезеңін айқындауға нақты мүмкіндіктер бар екендігі
ескерілмей келді. Жазба тарихымыз жұпыны кезеңдер үшін мұндайда
шежіренің аса құнды дереккөзі болып шығатынын айтпауға болмас. Мұн-
да, әсіресе, аңызға айналған тарихи тұлғалардың қазақ шежіресіне сәйкес
өмір сүрген кезеңін нақтылау және айқындау мәселесі назар аудартады.
Ақаңның иісі қазақтың басын құрауға негіз болған «Алаш» немесе «Қазақ»
деп аталатын этнотұтастық идеяларын «Ұлы бірлік идеясы» ретінде мо-
йындауы осы уақытқа дейін тарихшыларымыз айта алмай келген тың да
жаңа және айдай айқын шынайы қорытынды болып табылады. Өкінішке
қарай, біздің зиялы қауымның кейбір өкілдері, өздері кәсіби зерттеуші
болмаса да, осы этнонимдерге қатысты тарихты көпе-көрнеу бұрмалайтын
пікірлерді өздерінің кейбір «шимай-шатпақтарына» тықпалаудан бір жа-
лыққан емес. Мұндайда логикалық ойлау жүйесі қалың қазаққа етене жақын
Ақаңның ғылыми тұжырымдарының «қиялшыл зерттеушілерімізге» тап-
тырмас тосқауыл болары да анық. Ғалымның қазақтың шежірелік ру-
тайпалық атауларын халық санасында орныққан «шежірелік кейіпкер»
ретінде қарастыруды ұсынған пікірі де тарихи дерек үшін жаңаша тұжырым
болып табылады. Осы жерде зерттеушінің Оғыз қағанның, Ноғай ханның,
Өзбек ханның есімдерінің тұтас бір халықтың этнонимін қалыптастыруға
себепкер болған тарихи тұлға екендігін байқататын ерекшелік ретінде қа-
растыратын өзіндік көзқарасы да тарихи шындық жолын нұсқайды.
Ғалымның әр түрлі қазақ аңыздарының түпнұсқа үлгілерін үш жүзге та-
ратып, нақты деректер түрінде беруі де құптарлық мәселе. «Қазақтың
қария сөздері» деп аталатын үшінші тарау осы аңыздарды ақиқаттың
жаңғырығы ретінде жинақтаған. Рас, «қария сөздер» деген түсінік қа-
лыптасқан этнология ғылымында ғылыми айналымға қосыла қойған жоқ.
Күнделікті әңгімеде қазақ жиі қолданатын баршаға түсінікті бұл
ұғымның сондықтан да этнологиялық зерттеуде арнайы тақырып ретін-
де берілуі алғаш оғаштау қабылдануы да мүмкін. Оның үстіне мұндай
«оғаштықтар» Ақаңда жиі кездесе береді. Алайда қазақ тарихына тереңнен
толғап қараған әрбір зерттеуші Ақаңның мұндай халықтық түсініктер мен
ұғымдарды өзінің зерттеуінде қолдану себебі басқаларға ұқсай бермейтін
өзіндік қазақ этнологиясын қалыптастыру әрекеті екенін де айқын аңғарар
еді. Кезінде әбден еуропаланған және орыстанған қазақ этнографиясы-
ның тың ұлттық атаулар мен түсініктерге мұқтаж екендігін ескерер бол-

364

сақ, Ақаңның мұндай тың қадамдарына түсіністікпен қарауға болады.
Бәлкім, дәл осындай талпыныстар ұлттың бояуы қанық, толыққанды қазақ
этнографиясын қалыптастырар. Бұл тарау тарихымыз үшін аса құнды әр
түрлі жеке тарихи тұлғаларға, этнонимдерге, шежірелік атауларға бай-
ланысты негізгі және түпнұсқа тарихи аңыздарды нақты сілтемелермен
көрсетіп, қаз-қалпында баяндаған. Мұның өзі - тарихи аңыздардан ақи-
қатты іздестірген зерттеушілер үшін баға жетпес аса құнды деректер топ-
тамасы. Сондықтан да бұл тарау монографиялық зерттеуден гөрі деректер
жинағына ұқсайды. Мұндағы мәліметтер жергілікті жерлерден алынған
нақты тұлғалардың ауызекі айтқандарынан және тарихи әдебиеттерден
жинақталып, деректану үшін аса құнды мәліметтермен кітапты байыта
түскен. «Шежірелік айғақтар» деп аталатын тарауда тектес, аттас ру-тай-
палардың атаулары өзара талдап берілген. Мұнда қазақ ру-тайпаларына
кіретін әрбір атаның немесе ру атауының қазақтың өз ішіндегі немесе
басқа түркі тайпаларындағы қандай-қандай рулармен немесе аталармен
сәйкес келетіндігі нақты деректер негізінде талдап көрсетілген. Зерттеуші
осы мәліметтердің негізінде қазақтың әрбір руының таралу ауқымын
және қазақ халқының біртұтас ұлт ретінде шырмалған этногенетикалық
тамырларын, олардың басқа түркі халықтарымен түбегейлі жақындығын
айқын аңғара алады. Біздің ойымызша, Ақаңның аса көп күш жұмсаған
және шұқшия зерттеу жүргізген, мәселенің байыбына барынша тереңдеп
барған зерттеу жұмысындағы арнайы тарауы осы біз әңгімелеп отырған
зерттеудің «Тектес-аттас ру-тайпалар» деген бөлігі болса керек. Мұның өзі
алдағы уақытта да зерттеушілердің этногенетикалық ғылыми талдаулары-
на нақты көмек көрсететін аса бағалы талдаулардан тұрады.

Осы тараудағы «Лақап немесе жанама этнонимдер» деп аталатын тарау-
ша да Ақаңның көп жылдар бойы жинақтаған өзіндік құнды мәліметте-
рінен құралған. Мұнда әр түрлі жанама этнонимдердің атауларына қатысты
бағалы да сирек кездесетін құнды мағлұматтарды Ақаңның жергілікті жер-
дегі көнекөз қарттар мен шежірешілерден тірнектеп жинағанын айқын
байқаймыз. Ал бұл аса ауыр, біраз жылдарға созылатын жүйелі еңбекті
қажет етеді ғой. Осының өзі-ақ бұл мәселенің этнология ғылымы үшін аса
маңызды екендігін айқындай түседі. Осыған сабақтас берілген «Сіңісті
аталар мен рулар» атты тарау да қазақ тарихында көп айтыла бермейтін,
бірақ әрбір қазақ жақсы түсінетін кірме рулар тарихын ашып көрсетумен
ерекшеленеді. «Қазақ этнотопонимдеріне» арналған зерттеудің өзіндік
ерекшеліктері мол. Бұл жерде Ақаң өзінен бұрынғы Г.Е. Грумм-Гржимай-
ло, Г.Н. Потанин, Н.А. Аристов, М. Тынышбаев тәрізді тарихи география-
ға да тереңдеп барған. Мұнда жергілікті мәліметтермен қатар монография-
лық зерттеулерден алынған жер, ел атаулары нақты және терең талданған.
Айтарлықтай көлемді осы тарауша, шын мәнінде, этнология ғылымында-
ғы жеке бағыт ретінде бүгінде арнайы монографиялық зерттеулерге аса
мұқтаж. Бұл, сонымен қатар, тарихи географияның да кенже қалған, өзінің
зерттеушілерін күтіп жатқан үлкен мәселесі екенін де түсінуіміз керек.

365

«Ру-тайпа атауы мен ұранына шыққан аналар» деп аталатын тарауша да
мәселені жаңаша қоюымен ерекшеленеді. Онда мынаны ескергеніміз жөн:
әлі күнге дейін сонау М. Тынышбаевтан және Н. Аристовтан кейін қазақ
ру-тайпаларының рулық ұрандарын арнайы қарастырған зерттеушілер
жоқтың қасы, олай болса, Ақаңның осындай өзекті мәселені қозғап қана
қоймай, оны тереңдете нақтыландырып, ру-тайпаның ұранына айналған
аналар есімдерін арнайы талдауы қазақтың этнология ғылымындағы
алғашқы қадам болса керек деп ойлаймыз. Осының өзі-ақ зерттеушінің
еңбегінде қыруар жаңалықтың көрініс бергенін тағы да айқындай түседі.
Сонымен бірге мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған тараушада да Ақаң
халықтың рухани мұраларынан жан-жақты хабардар екенін айқын аң-
ғартқан. Бұл тараушада жүзге кірмейтін рулар, өзге ел-жұрттар жайында,
үш жүздің ру-тайпалары туралы мақал-мәтелдер топтастырылған. Олар-
дың ішінде қазақ этнологиясынан нақты мәлімет беретін мақал-мәтелдер
аз емес. Зерттеушінің қазақ ру-тайпаларының ұрандарын олардағы ен-
таңбаларымен байланыстыра қарастыруы да Ақаңның халықтық білім-
нен терең сусындағандығын айқындай түседі. Тегінде, зерттеушілер
арасында «ен-таңба» деген атауды Ақаң алғаш рет арнайы айналымға
қосып отырған ғалым болса керек. Осындайда қазақ арасына кеңінен та-
нымал бұл мәселе осы кезге дейін тарихымызда елеусіз қалып келгенін
айта кеткеніміз жөн деп ойлаймыз. Зерттеуді аяқтайтын «Қазақ болмысы»
атты соңғы бесінші тарау этнографиялық түйіннен және тұжырымнан
тұрады. Мұнда қазақ халқына тән кейбір түсініктер нақты екшелген.
Қазақтың дәстүр-салтын ұмытып бара жатқан қазіргі ұрпаққа ғана
емес, қазақ этнографиясын зерттеумен айналысатын мамандарға да бұл
тараудың жаңа идеялар мен стратегиялық ой-толғамдар берері анық.
Қорыта келгенде, Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың ауызша тарихы»
атты еңбегінде шежірелік деректерді пайымдаудың жаңа халықтық
этнографиялық үлгілерін ұсына алған. Мұнда автор, шынында да, көрнекті
этнолог Ж. Артықбаев айтқандай, тақырыпқа «тікелей немесе жанама
кіретін ондаған-жүздеген мәселелерді кітапқа артып алған». Сондықтан да
онда этнографияны және этнологияны, тарихи географияны, этникалық
тарихты қамтитын көптеген жаңа мәселелер көрініс тапқан.

Ақаңның ерекшелігі - оның қазақтың қызыл сөзінің «майын тамызатын»
шебері болуында ғана емес, осы тілді этнографияның және этнологияның
ғылыми тілімен байланыстыра, мәселені халыққа түсінікті, жатық
баяндауында болса керек. Сондықтан да бұл кітаптың оқырмандары
ғалым-этнологтар ғана емес, жалпы қазақ қауымы болып шығуы да әбден
мүмкін. Бәлкім, бұл, бәріміз айтып жүргендей, консервативті ғылыми
қасаң тілден құтылудың бірден-бір дұрыс үлгісі болар. Осы жағын да
ойлағанымыз жөн болар.

Екінші үлкен құндылық - Ақаңның қазақ деген халықтың дәстүр-
салтын, күллі рухани болмысын, өзіндік этнографиялың ерекшеліктерін
байыптылықпен терең білуінде дер едік. Бесіктен қалыптасқан осындай

366

ерекшелік Ақаңды қазақ топырағына суарылған, қазақша ойлайтын,
ұлттық қадір-қасиеттерді тірнектеп жинақтаған, өзіндік айшықты кел-
беті бар, ешкімге ұқсамайтын зерттеуші етіп шығарды. Ақаңдай болу
сондықтан да қиын. Ол үшін анадан Ақаң болып туу керек! Тағы бір
тұжырымымыз - Ақаңның журналистіктен және жазушылықтан этно-
логия ғылымына келуі - біздің ұлт зиялыларының үлкен табысы дер едік.
Қазақтың көркем тілін оның бай дәстүр-салтымен тығыз байланыстырып,
этнографиялық ғылымға жаңа леп және соны ұлттық сарын алып келген
қаламгер біреу болса, ол - Ақаң, ал екеу болса, оның бірі - Ақаң.

Смағұл Елубай

ҚАЗАҚТАНУ

Есте жоқ ескі заманнан Еуразия ендіктерін еркін жайлап, бойлықта-
рын бойлай көшкен бабалар керуені тырнадай тізіліп жиырмасыншы ғасыр
басына жеткен. Жетіп, отызыншы жылдар ойранына ұшыраған. Астамшыл
қызыл саясат көшпелілерді де, көшпеді өмір-салтын да социализмге жат
элемент деп жаназасын шығарған. Қазақтың тал бесігі - даласын табытқа
айналдыруға аз-ақ қалған. Көшпелілердің өзі ғана емес, репрессияға сөзі де,
яғни түгел дүниетанымы ұшыраған. Қағазға түскен тарихи жады - шежіре,
кітап, Құрандары өртеліп, жырау, жыршы, ақын, күйші, молда, бақсы,
емшілері оққа байланған.

Сөйтіп қызыл саясат қазақтың дәстүрлі дүниетанымына балта шап-
ты, халықты халық етіп ғасырдан-ғасырға сүйреп, талай аласапыран
заманалардан алып өткен ұлттың ұлы тірегі - дәстүрлі дүниетанымын
бұтарлады. «...Жалпы көшпелілер қоғамы, көшпелі өмір-салтта қалып-
тасқан қазақ қоғамы, оның төлтума бітімдегі барша құрылымдық болмысы
«жабайылық» тұрғысында парықталды», - дейді «Қазақтың ауызша та-
рихы» атты жаңа еңбегінде елтанушы Ақселеу Сейдімбек. Ең сорақы-
сы - бірнеше буын қазақ ұрпағының осынау солақай да сорақы түсінік
аясында тәрбиеленуі. Қазақтың қазақтанудан шеттетілуі. Көшпелілер
болмысын керітартпа қоғам ретінде балағаттауға жол ашылып, оның
күнгейін көруге тыйым салынуы. Ондай зерттеулер ұлтшылдық делініп,
пышаққа түсіп, туралуы. Кезінде Мұрат Әуезов бастаған бір топ ғалымның
«Көшпелілер эстетикасы» атты зерттеуі соның кебін киді. Ақиқатында
есте жоқ ескі заманнан Еуразия кеңістігін игерген көшпелілер өркениеті
түсінуді қажет ететін тарихи феномен еді. «Қазақтың ауызша тарихында»
әйгілі неміс этнографы Альфред Вебердің мына пікірі келтірілген: «Ат
үстіндегі көшпелілер дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы
мәдениетке ие елдерін жаулап алды... Үстем нәсіл ретінде олар дүниеге
ерлік пен трагедиялық сананы қалыптастырып, оны эпос түрінде паш
етті... Сөйтіп өмірдің мән-мағынасына қатысты сол кездегі тарихы соқталы

368

істердің бәрінде де трансцендентті әмбабап дінді, философияны және тәртіпті
қалыптастырды».

Тегі неміс орыс зерттеушісі В.В. Радлов: «Мен қазақ арасында көп болдым
және мына жағдайға көзім жетті. Оларда анархия жоқ, тек бізден өзгеше
өзіндік даралық бар. Ол даралық - әбден қалыпқа түскен мәдени қарым-
қатынас».

Орыс этнографы А.Н. Харузин: «Дала шетсіз, шексіз, онда жердің қатаң
үлеске бөлінген шек-шекарасы жоқ, даланың осы болмысының өзі-ақ
төсіндегі тұрғындарын белгілі дәрежеде бір жанұя мүшесіне айналдырып
жіберетін біріктіруші элемент болып табылады».

Араб тарихшысы Рашид ад-Дин: «Түркі-моңғолдардың көнеден жеткен
салт-дәстүрі бойынша, олар өздерінің ататегін, ру шежіресін есте сақтауға
айрықша мән беріп отырады. Олар... балаларына өзге жұрт сияқты тәрбие
беру үшін тілі шықсымен-ақ құлағына ру туралы, ру шежіресі туралы
аңыз-әңгімелерді құя береді. Бұл дәстүрден олар бұрын да, қазір де қылдай
ауытқыған емес».

Ш. Уәлиханов: «Қазақ өзінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін
қайран қаларлық тазалықта сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол - бай-
тақ даланың әр шалғайындағы, әсіресе, өлең-жырлар еш өзгерісссіз қай-
таланатыны. Көшпелі сауатсыз ордадағы ауызша тараған осынау үлгілердің
бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны - адам айтса нанғысыз қасиет, алайда
күмән келтіруге болмайтын шындық».

Осынау аз ғана сілтемелердің өзінен көшпелі өркениетке тән төлтума
ерекшелік атойлап тұр. Яғни, көшпелі өмір-салты өз тарихын хаттап сақ-
тайтын кітапханалардың орнына әрбір жұмыр басты пендені кітапханаға
айналдырған. Онсыз тарихын, тегін білмейтін тұтас халық мәңгүртке ай-
налар еді. Адам сапасының ұлт сапасына ұласарын алдын ала болжаған дана
халқымыз, Рашид ад-Дин байқағандай, тілі шыққан әрбір бала құлағына
тегі мен тарихын там-тұмдап құя берген. Осыны бұлжымас дәстүрге, парызға
айналдырған. Нәтижесінде, Шоқан айтқандай, даланың қай шалғайына
барсаң да, алдыңнан өзгерісссіз таза сақталған тарихи-танымдық үлгілер
шығып отырған.

Тарихи жад бірлігі - ұлттық бірлік. Елтануға саналы ғұмырын сарп
еткен Ақселеу Сейдімбектің осы саладағы қорытынды еңбегі - «Қазақтың
ауызша тарихи» монографиясының бір кесек құндылығы - қазақ шежі-
решілдігінің астарында жатқан осынау ұлттың ұлы мұраты - бірлік идеясын
жан-жақты таратып беруінде.

Бүгінгі қазақ халқы 47 тайпадан құралған. Ал Қазақ хандығы оңаша
шаңырақ көтерер тұста Ұлы Даладағы тайпалар саны 92-ден асып жығыл-
ған. Қырық құрау халықты бір мемлекетке біріктірудің алғышарты ұйыс-
тырушы ұлттың идея екенін сол тұста қазақ ақылмандары тап басып,
дәл болжаған. «Міне, осы сияқты аса күрделі этносаяси жағдайда Қазақ
хандығының тізгінін ұстаған ақылмандар бытыраңқы ел-жұртты ұйыс-
тыратын тегеурінді тетік ойлап табуы қажет болды. Ең алдымен Қазақ

369


Click to View FlipBook Version