1
Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы
Мемлекеттік тілді дамыту институты
ЌАЗАЌСТАНДАЄЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІЅ
ЌАЗІРГІ АХУАЛЫ
Алматы, 2016
2 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз
Қ 22
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды
2012-2014 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында шығарылды
Жалпы редакциясын басқарған:
Аман Абасилов – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырған
профессор
Редакция алқасы:
Сəуле Баяндина – филология ғылымдарының докторы. Бердібек Бияров
– филология ғылымдарының кандидаты. Бижомарт Қапалбек – филология
ғылымдарының кандидаты. Қайрат Текжанов – филология ғылымдарының
кандидаты.
Пікір жазғандар:
Əбішева К.М. филология ғылымдарының докторы, профессор, Мəдиева
Г.Б. филология ғылымдарының докторы, профессор, Жүнісова Ж.Н. филология
ғылымдарының докторы, профессор
Қ 22 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы: Монография / – Алматы:
Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2016. – 428 б.
ISBN 978-601-7206-85-7
Монографияда еліміздегі əлеуметтік лингвистикалық мəселелер сөз болады.
Онда этностар құрамы мен саны, əлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі тілдер,
этнолингвистикалық жағдаяттағы өзгерістер туралы, мемлекеттік тілдің түрлі
өмір салаларындағы қызметі, проблемалары жөнінде, тілдердің қызметтік қарым-
қатынастарын жоспарлау мен реттеудің тетіктері, жүзеге асырылып жатқан
іс-шаралар туралы жүйелі əрі жинақы түрде мəліметтер берілген. Қазақстанда
жəне оның жекелеген аймақтарында өтіп жатқан əлеуметтік-лингвистикалық
құбылыстар мен үдерістерге жəне онымен байланысты əртүрлі факторларға
теориялық жəне практикалық тұрғыдан арнайы түсініктеме берілген.
Монографиялық еңбек лингвистер мен этнографтарға, саясаттанушыларға,
студенттер мен магистранттарға, жоғары оқу орны оқытушыларына, сондай-ақ
Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуал мен тіл саясаты мəселелері қызықтыратын
барлық оқырман қауымға арналған.
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз
ISBN 978-601-7206-85-7 © Мемлекеттік тілді дамыту
институты, 2016.
Редактордан 3
РЕДАКТОРДАН
Мемлекеттік тілді дамыту институтында зерттеліп, оқырманға ұсы-
нылып отырған бұл монография Қазақстандағы тіл саясаты мен тілдік
ахуалды жəне мемлекеттік тілдің түрлі өмір салаларындағы қызмет етуі
мен дамуын сипаттауға арналған.
Монография əрі ғылыми, əрі қолданбалы мақсатты көздейді. Еңбек-
те Қазақстандағы қазіргі тілдік проблемалардың əлеуметтік мəселелері
туралы мəліметтер жүйелі жəне жинақы, көпшілікке түсінікті түрде
берілген. Онда елдің тілдік өмірін реттеу мен жоспарлау мəселесі, қазіргі
тілдік ахуалдың аймақтар бойынша сипаттамалары жəне əлеуметтік-ком-
муникативтік жүйедегі мемлекеттік тілдің орны, қызмет етуі мен дамуы
т.б. проблемалар қамтылған. Осы тұрғыдан алғанда мұны Қазақстандық
əлеуметтік-лингвистикалық əдебиеттердің алғашқы басылымдарының
бірі ретінде қарастыруға болады.
Тілдік ахуал əрбір елде саяси-əлеуметтік жəне ұлттық-этникалық
жағдаяттың ажырамас бөлігі болып табылса, тіл саясаты - елдің ішкі сая-
сатының құрамдас бір тармағы. Оларды арнайы зерттеу қазіргі тілдік
жағдайды жəне жүзеге асырылуы күтіліп отырған əралуан саяси актілерді
толық əрі тереңірек түсінуге жəрдемдеседі. Міне, Қазақстандағы осын-
дай проблемаларды толықтай əрі қысқа түрде сипаттап беретін ғылыми
қолданбалы еңбек шығарудың қажеттілігі баяғыдан бері туған еді.
Бұл монографиялық еңбек қалың оқырман қауымға: лингвистер мен эт-
нографтарға, саясаттанушыларға, ұлттық мəселелер мен этносаралық қа-
тынастар мəселесі бойынша мамандарға, студенттер мен магистранттарға,
жоғары оқу орны оқытушыларына, сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі тілдік
ахуал мен тіл саясаты қызықтыратын барлық зерттеушілерге арналған.
Еліміздің қазіргі тілдік өмірінен əлеуметтік-лингвистикалық мəлімет
беретін бұл еңбектегі материалдар үлкен үш тарауға топтастырылып
берілді. Алғашқы «Егемен елдегі мемлекеттік тілдің қызмет етуі мен
дамуын зерттеудегі теориялық-əдістемелік проблемалар» деп атала-
тын тарау негізгі теориялық мəселелерге арналған. Мұнда филология
ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Баяндинаның (Тілдердің қыз-
меттік жіктелімі, Тіл саясаты: теория мен тəжірибе, Қазақстан Респуб-
ликасындағы тілдік ахуал, Тіл, ұлт жəне мемлекеттік тіл: қызметтік
ерекшеліктері, Мемлекеттік тіл ─ Қазақстан Республикасының əлеу-
меттік-коммуникативтік кеңістігіндегі қостілділіктің сыңары, Мемле-
кеттік тіл - көптілді білім беру компоненті), филология ғылымдарының
кандидаты, қауымдастырған профессор А.Абасиловпен бірлесе жазған
(Қазақстан Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен
маңызы, қызметі) ғылыми-теориялық жəне əлеуметтік-сараптамалық ма-
териалдары топтастырылды.
4 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Ұжымдық монографияның «Қазақстан Республикасының қоғам-
дық өмір салаларындағы мемлекеттік тілдің қызметі» атты екінші
тарауы қазақ тілінің түрлі өмір салаларындағы қызметі мен қолданыс
аясын анықтауға, ондағы проблемаларын көрсетуге арналған. Бұл тарау-
да филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Х. Исмагулованың
«Білім беру саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы»,
филология ғылымдарының кандидаты Б.С.Қапалбектің «Мемлекеттік
тілді мемлекеттік қызметшілерге оқыту жүйесі (əлеуметтік-лингвисти-
калық талдама)», филология ғылымдарының кандидаты А.Əмірбеко-
ваның «Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің
қызметі», филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Бугенованың
«Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы»,
филология ғылымдарының магистрі А.Əбдрешеваның «Мемлекеттік тіл-
дің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы», филология
ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер О.К.Вагнердің
«Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі», қауымдастырған
профессор Б.Бияровтың «Қазақстанның топожүйесіндегі мемлекеттік
тіл», филология ғылымдарының кандидаты Б.С.Жонкешовтың «Терми-
нология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы», фило-
логия ғылымдарының кандидаты А.С.Базарбаеваның «Аударма сала-
сындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы» жəне филология
ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Бияровтың «Қазақстанның топони-
мика жүйесіндегі мемлекеттік тіл» атты материалдары қамтылды.
«Қазақстан Республикасы аймақтарындағы мемлекеттік тілдің
қызметі» атты үшінші тарау қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамы-
тудың аймақтық мəселелеріне арналған. Бұл тарау филология ғылымда-
рының кандидаттары А.Абасилов пен Қ.Текжановтың «Мемлекеттік
тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі» деген ғылыми зерттеу
жұмыстарынан басталады. Одан кейін «Алматы облысының тілдік аху-
алы» (А.Абасилов), «Қазақстан Республикасының орталық жəне сол-
түстік аймақтарындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі»
(Қ.Текжанов), «Қазақстан Республикасының шығыс аймағындағы тілдік
ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі» (Б.Бияров), «Қазақстан Респуб-
ликасының оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің
қызметі», «Қазақстан Республикасының батыс аймағындағы тілдік ахуал
жəне мемлекеттік тілдің қызметі» (А.Абасилов) атты еліміздің жекелеген
облыстары мен əлеуметтік лингвистикалық аймақтарындағы тілдік ахуал
мен мемлекеттік тілдің қызмет ету, даму, қолданыс аясын кеңейту мəле-
лелеріне арналған зерттеу материалдары енгізілді.
Аман Абасилов
Кіріспе 5
КІРІСПЕ
Егеменді Қазақстанда мемлекеттік тілдің қызмет етуі мен дамуы ма-
ңызды болғандықтан, бұл зерттеу де өзекті болып табылады. Қазақстан
Республикасының тіл саясаты қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамы-
туға негізделген. Бұған Елбасы Н.Ə.Назарбаев ерекше көңіл бөліп келеді.
Сөз жоқ, республиканың қоғамдық өмірінің көптеген салаларында мем-
лекеттік тілдің дамуының оң нəтижесі бар. Бірақ бүгінге дейін сол нəтиже
мен тəжірибелерге жəне қазақ тілінің əлеуметтік қызметінің дамуына оң
не кері ықпал ететін əртүрлі факторларға, оларды айқындап нақтылауға
арнайы ғылыми зерттеулер жасалмаған. Сондай-ақ болашақта мемлекет-
тік тілдің қоғамдық қызметін дамытатын мемлекеттік бағдарламаларға,
мемлекеттік тілді меңгертудің жолдары мен тəсілдеріне жіті саралау, тал-
даулар жасау да зерттеуге алынбаған.
Зерттеудің жаңалығы кешенді түрде жүргізілген лингвистикалық за-
манауи зерттеу əдістерін пайдалану нəтижесінен көрінеді. Бұл тəсілдерді
қолдану арқылы қазақстандықтардың еліміздің əртүрлі аймақтарында,
республиканың қоғамдық өмірінің түрлі салаларындағы қарым-қатынас
кеңістігінде қолданылатын мемлекеттік тілдің қызмет ету жүктемесін
көруге болады.
Бұл жүргізілген зерттеу əлеуметтік лингвистика ғылымының ныса-
нындағы тілдің қоғамдық қызметін зерттеу теориясының дамуына өз
үлесін қосады. Ғылыми жобаның нəтижесі болашақта тілдің қолданылуы
мен дамуына жүргізілетін басқа да зерттеулер үшін пайдалы болмақ.
Ғылыми зерттеудің мақсаты − Егеменді Қазақстандағы мемлекет-
тік тілдің қызмет етуі мен дамуын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
- əлеуметтік-лингвистикалық аспектіде көптілді қоғамдағы тілдің қыз-
мет ету теориясына үлес қосу;
- титулдық ұлт тілі жəне мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызмет
ету ерекшеліктерін сипаттау;
- республикадағы көптілді жəне қостілді білім берудің құрамдас бөлі-
гі ретінде мемлекеттік тілге мінездеме беру;
- əлеуметтік-лингвистикалық аспектiде жеке аймақтар бойынша Қа-
зақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдiң нақты қызмет етуін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының кейбір қоғамдық өмір салаларында
мемлекеттік тілдің қолданылуын зерттеу: жарнама қызметі, республи-
каның топонимикалық жүйесі, ғылым, білім беру, мемлекеттік басқару
жəне көркем əдебиет салалары;
Зерттеу əдістері: əлеуметтік-лингвистикалық аспектіге сəйкес жүр-
гізілген зерттеуде дискриптивті, салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи,
6 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
статистикалық əдістер, сауалнама жүргізу, бақылау тəсілдері жəне т.б.
қолданылды.
Жұмыс жоспарына сəйкес жобаны жүзеге асыру мақсатында:
- социумдағы тіл қызметінің теориялық-əдістемелік негізін зерттеу
бойынша жұмыс жасалды;
- зерттеу тақырыбы бойынша отандық жəне шетелдік ғалымдардың
теориялық жұмыстарына талдау жасалды;
- көптілді мемлекеттегі тілдің қызмет етуі мен дамуына көңіл бөлінді;
- қостілділіктің негізгі сыңары ретінде мемлекеттік тілдің қызметі си-
патталды;
- көптілді білім берудің компоненті ретінде мемлекеттік тілдің қызмет
етуінің ерекшеліктері көрсетілді жəне осы қызметті жоғары білім беру
саласында енгізу баяндалды;
- қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы мемлекеттік тілдің қызметі
зерттелді: жарнама қызметі, білім беру, топонимикалық жүйе, мемлекет-
тік басқару, көркем əдебиет, ғылым салаларындағы мемлекеттік тілдің
дамуы мен қызметіне зерттеу жүргізілді, алғаш рет қазақ тіліндегі талап
етілген ғылыми зерттеулердің көрсеткіші берілді.
- Қазақстан Республикасының аймақтарындағы мемлекеттік тілдің
қолданылуы мен дамуы зерттелді.
Зерттеу нəтижесі шетел басылымдарының материалдарында, Ха-
лықаралық жəне республикалық конференцияларда, Қазақстан Респуб-
ликасы Ғылым жəне білім беру саласындағы бақылау комитеті ұсынған
басылымдарда жарық көрді.
Тілдердің қызметтік жіктелімі 7
1 ЕГЕМЕН ЕЛДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
МЕН ДАМУЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСНАМАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тілдердің қызметтік жіктелімі
Тілдердің қызметтік жіктелістерінің көптілді қоғамда маңызы зор.
Тілдің бірнеше қызметтік классификациясы бар, олар өзара негізділі-
гімен, толықтығымен, мақсаттығымен ерекшеленеді [1, 94 б.]. В.А.Ав-
рорин тілдерді «қызметтік даму» дəрежесі бойынша былай деп бөледі:
1) көне жазулы тілдер; 2) жаңа жазулы тілдер (языки младописьменные);
3) жазуы жоқ тілдер [2, 75 б.].
Ю.Д.Дешериев КСРО-ның əлеуметтік-ұлттық ерекшеліктеріне сү-
йене отырып, былайша жіктейді: 1) орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде;
2) одақтық республика тілдерінің ұлттық əдеби тілі; 3) автономды рес-
публика жəне облыстардың əдеби тілі; 4) қоғамдық қызметі шектелген
жазба тілдер; 5) жазуы жоқ азшылық ұлыстар тілі [3].
Тілдің қызметтік типтерін айқындауда қарым-қатынас ортасы мен
саласы ескеріледі. Бұндай топтастыруды В.А.Аврорин жасады, оны
Л.Б.Никольский [4] жəне А.Д.Швейцер [5] түрлендіреді. Олар тілдің қыз-
меттік типтерін былайша айырып көрсетеді: 1) макроделдал – көпұлтты
мемлекетте ұлтаралық қатынас қызметін атқаратын тіл, ал бірұлтты мем-
лекетте – ұлттық тілдің жоғары, əдеби өңделген формасы. Макроделдал
тілдер өзара: а) табиғи қалыптасқан ежелгі тіл; ə) орташа көлемде қызмет
атқаратын кірме тіл болып сараланады; 2) аймақтық тіл – мемлекетте ар-
найы мəртебесі жоқ тілдің өмір сүру формасының бірі, мысалы, көпұлт-
ты қоғамда – ірі этностың əдеби тілі, ірі ұлыстардың жазуы жоқ тілдері,
бірұлтты қоғамда – диалектүстілік койне, 3) жергілікті тіл – көпұлтты
мемлекеттегі азшылық ұлыстар тілі, бірұлтты мемлекеттегі – қалалық
тұрмыстық тіл мен аймақтық диалектілер; 4) кəсіби тіл: а) кəсіби тіл; ə)
шартты тіл болып бөлінетін əлеуметтік диалектілер. 5) ғұрыптық тіл –
арнайы қолдану шеңбері бар діни тіл.
Кеңес социолингвистері сынап қарастырған шетел ғалымдарының
тілдің қызметтік топтастырулары мынадай:
1. А.Мартине тілдердің қызметтік классификациясын пирамида түрін-
де жасады: 1) жергілікті диалектілер мен тілдер; 2) аз таралған тілдер; 3)
делдал тілдер.
2. У.Стюарттың классификациясы бойынша: 1) қалыпқа түспеген ана
тілі; 2) қалыпқа түскен тіл; 3) қалыпқа түскен, бірақ қазіргі кезде қолданыл-
майтын тіл; 4) пиджин типті аралас тіл; 5) жасанды жəне шектеулі тілдер.
3. Ч.Фергюсон өз классификациясында: 1) негізгі тіл; 2) тұрлаусыз
тіл; 3) арнайы тіл,- деп қарастырады.
8 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Көздеген мақсаты – əлеуметтік лингвистикалық тұрғыда тілдерді са-
лыстыру үшін жəне келесі тұлға түрінде тілдік жағдайды көрсету мүм-
кіндігін беру. Бұл классификация сынға түседі, өйткені мұнда кванти-
тивтік мазмұн басым жəне тілдің қоғамдағы қызметтік таралуы мен тіл-
дің негізгі мазмұны туралы ұғым берілмейді.
4. Дж.Гамперц классификациясы: 1) субаймақтық жəне аймақтық тіл-
дер;
2) əлеуметтік жəне кəсіби топтардың тілдері; 3) діни жəне əкімшілік
кодты бейнелейтін тілдер.
5. Е.Найда мен У.Уондерли классификациясы: 1) топішілік; 2) топтан
тыс байланыс тілі; 3) арнайы ақпарат тілі.
Тілдердің қызметтік классификациясының əралуандығы əлемде-
гі əртүрлі тілдер мен олардың өмір сүру формаларына жаңаша қарауға
мүмкіндік берді, бірақ ғалымдар бір пікірге келе алмайды, өйткені өз
топтастыруларында əрқайсысы əртүрлі ерекшеліктерді көздеді.
Бұл мəселе сондай-ақ Қырғызстан мен Қазақстан мысалында
А.О.Орысбаев [6], Б.Х.Хасанов [7] жəне А.Абасиловтың [8] еңбектерінде
терең зертелген.
1.Тілдің əлеуметтік (қоғамдық) қызметі Д.Смит, Ю.Д.Дешериев,
А.Д.Швейцер, Л.Б.Никольский, В.Г.Костомаров, А.О.Орысбаев, Б.Х.Ха-
санов, Л.Н.Григорьева, Г.В.Хруслов, К.М.Əбішева жəне т.б. ғалымдар-
дың еңбектерінде қарастырылған.
Д.Смит тіл қызметін ішкі жəне қоғамдық деп екіге бөледі. Тілдің ішкі
(лингвистикалық) қызметіне ол мол тəжірибемен тұжырымдалатын ар-
найы арақатынастың жүйелі бағытындағы референттік қызметін жатқы-
зады. Тілдің қоғамдық қызметтерінің ішінде мыналарды бөліп көрсетеді:
1) ақпарат беруді көрсететін жəне тілдің басты қоғамдық қызметі ретінде
қарастырылатын коммуникативтік қызметі; 2) тілді жекелеген адамдар-
дың немесе қоғамдық топтардың белгілі бір когнитивтік бағыт-бағдарын
танытуы үшін пайдаланатынын көрсететін экспрессивтік қызметі; 3) тіл-
ді қоғамдық жүйеде жекелеген адамдардың бірігуі үшін пайдаланатын
интегративті қызметі.
Ю.Д.Дешериев тілдің қоғамдық қызметіне мыналарды жатқызады:
1) тілдің оқу тілі болу қызметі: а) бастауыш мектепте, ə) орта мектепте,
б) жоғары оқу орындарында; 2) өмірдің түрлі қоғамдық-саяси салаларын-
да қолданылатын тілдің қызметі: а) колхоз, совхоз, зауыттардағы жəне
фабрикалардағы жиналыстарда; ə) съезд, конференцияларда; б) ғылыми
сессияларда жəне т.б. 3) көркемөнер, қоғамдық-саяси жəне ғылыми əде-
биет жəне т.б. тілінің қызметі; 4) мерзімді баспалар (газет, журналдар
жəне т.б.) тілінің қызметі; 5) ауыл, тұтас аудан ішінде барлық немесе
жеке қызмет салаларында тілді тұтынушылардың өзара қарым-қатынас
тілінің қызметі; 6) автономды немесе одақтық республика ішінде тілді
Тілдердің қызметтік жіктелімі 9
тұтынушылардың өзара қарым-қатынас тілінің қызметі; 7) халықаралық
қарым-қатынас тілінің қызметі [3, 56 б.].
Қазіргі тілдердің қоғамдық қызмет ауқымы түрлі факторлармен ерек-
шеленеді. Ю.Д.Дешериевтің пікірі бойынша, мына мəселелер маңыз-
ды деп көрсетеді: «1) халықтың əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне
мəдени дамуының өзгешелігі; 2) қоныстану сипатындағы факторлар (өз
мемлекеттілігінің бары, ұлттық автономия формалары жəне т.б.); 3) сол
тілде сөйлейтін халық саны; 4) тіл тұтынушылардың басым бөлігінің сол
аумақта шоғыр қоныстануы; сол халықтың тілдік тəжірибесі (яғни халық
өздерінің негізгі қызметтерінде қай тілді қолданады – байырғы туған тілі
немесе екінші тілді) жəне т.б.» [3, 57 б.].
Тілдің əлеуметтік қызметі символдық қызмет арқылы анықталады.
Ол біріктірушілік (бірнеше диалекті тұтынушыларын бір ұжымға бірік-
тіретін тілдің стандартты қызметі), ерекшелеушілік (бір ұжымды айырып,
ерекшелеп көршілес ұжымға қарсы қояды) жəне беделділік (əлеуметтік
беделмен байланысты болатын) қызметтерінен тұрады.
Л.Б.Никольский мен А.Д.Швейцер тілді қай жағынан да қарастыр-
ғанда да əлеуметтік факторлар ішінен оның қоғамдық қызметін зерттеу
маңызды дей келіп, оған шоғырландырушылық, ажыратушылық жəне
біріктірушілік қызметтерін жатқызады [9].
Алғашқы екі қызмет бір-бірінен өзара ерекшеленеді. Біріншісі – бір-
шама ірі этникалық қауымдастықтардың өзінен-өзі ұйымдастырылмаған
үдерісте сіңісуі арқылы басқа бір этникалық бірліктердің қалыптасуына
себепші болады, екіншісі – халықаралық қатынас үшін тілдің кең тара-
луына бағытталып, ұлттық-саяси қауымдастықтың қалыптасуын тездете-
теді, мемлекеттің немесе қоғамның саналы түрдегі іс-əрекеттерінің нəти-
жесінде пайда болады жəне күшейеді. [9, 22 б.].
Тілдердің қоғамдық қызметі бірдей болмайды. Тілдің бұл қызметінің
атқаратын көлемін анықтау үшін, нақты бір социумдағы тілдің қызмет
етуін қарастыру қажет. Мəселен, ағылшын тілінің қоғамдық қызметі əр
мемлекетте əртүрлі болуы мүмкін, сондай-ақ орыс тілінің қоғамдық қыз-
меті Ресейде жəне Қазақстанда бірдей емес.
Тілдің қызмет етуі қажетті өзара тəуелді шарттармен жүзеге асады: 1)
əлеуметтік шарттар, 2) тілді қолдану ортасы мен саласы, 3) тілдің өмір
сүру формалары, 4) құрылымнан тыс факторлардан пайда болатын ерек-
шеліктер мен элементтердегі тіл құрылымы [9, 88 б.].
Тілдің қоғамдық қызметін көрсету үшін, адам еңбек ететін өмір сала-
ларын анықтаудың маңызы зор. Тілдің қолданылу шеңбері – коммуни-
кативті қажеттіліктің біршама біркелкілігімен сипатталатын тілден тыс
ақиқат аймағы. Олардың қанағаттануы үшін айтушы белгілі бір тілдік
құралдардың жиынтығы мен ережелерінің бір-бірімен үйлесуін жүзеге
асырады [10, 59 б.].
10 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
1.Тілдің қызмет етуін зерттеуші ғалымдар тіл қолданылатын өмір са-
лаларын көрсетуде бір пікірде болған емес. Мысалы, В.А.Аврорин 12
қарым-қатынас саласын, Ю.Д.Дешериев ұлттық тілдің 22 қолданылу са-
ласын, Л.Б.Никольский – 7 өмір саласын, А.О.Орысбаев 79 негізгі сала
мен қосалқы саланы, Б.Хасанұлы мемлекеттік тілдің 100-ден аса негізгі
саласы мен қосалқы саласын көрсетеді.
Мемлекеттік тіл – «белгілі бір мемлекеттің əлеуметтік-коммуника-
тивтік жүйесінің негізгі компоненті, берілген ресми дəрежесі бар жəне
мемлекеттің аумағында барлық тұрғындардың қолдануы міндетті болып
саналады» [7 ].
Н.Ф.Алефиренконың ойынша, кейбір түсініспеушіліктегі қате жіктеу-
лер, кейде «мемлекеттік тіл», «ресми тіл», «ұлттық тіл» туралы көмескі
түсініктер туындатады. Мемлекеттік тіл дегеніміз – мемлекеттің рəмізі
болып табылатын, мəдени, əлеуметтік жəне саяси өмірінде осы немесе
басқа да мемлекетте біріктіруші қызмет атқаратын тіл. Ресми тіл болып
мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісі тілі саналады [11].
Ұлттық тіл – барлық жазбаша жəне ауызша жиынтықтағы ұлттың тілі:
əдеби тіл, аймақтық жəне əлеуметтік диалектілер, тұрмыстық тіл, койне
жəне т.б. Əдеби тіл тілдің өзге өмір сүру формаларының арасында үстем
тұрады. Ұлттық тіл – функционалдық жүйесі айтарлықтай дамыған тіл.
Егер бастапқы екі түсінік мемлекеттік тілдің дəрежесін сипаттаса: елдің
Конституциясы айқындайтын оның əлеуметтік-коммуникативтік жүйе-
дегі құқықтық жағдайы, функционалды сипаттамасымен анықталатын
тілдің əлеуметтік жағдайы, соңғысы – ұлттық бірігу үдерісі жəне оның
ішкі құрылымы мен көп функционалдылығының дамуымен жүзеге асқан
лингвотарихи категория [11, 386 б.].
Қазіргі кездегі жағдайда қазақ тілінің білім беретін қызметі артып
келеді, бұл мемлекеттік тілдің дəрежесімен байланысты алған орыс-
ша-қазақша, ұлттық-қазақша қостілділіктің компоненті болып табылады.
Қазақ тілінің білім беру қызметін ғылыми-əдістемелік бағдарлама-
лармен қамтамасыз ету бүгінгі күні басты мəселелердің бірі болып сана-
лады.
Əдебиет:
1 Бондалетов В.Д. Социальная лингвистика. –М.: Просвещение.1987.
2 Аврорин В.А. Проблемы изучения функциональной стороны языка.
– Л.: Наука, 1975.
3 Дешериев Ю.Д. Социальная лингвистика. –М.: Наука, 1977.
4 Никольский Н.Б. Синхронная социолингвистика (теория и пробле-
мы). –М.: Наука, 1976.
5 Швейцер А.Д. Современная социолингвистика. Теория, проблемы,
методы. –М., 1976.
Тіл саясаты: теория мен тəжірибе 11
6 Орусбаев А.О. Языковая жизнь Киргизии (Функциональная дистри-
буция языков). –Фрунзе: Илим, 1990.
7 Хасанов Б.Х. Социально-лингвистические проблемы функцио-
нирования казахского языка в Республике Казахстан. АДД. –Алма-Ата,
1992.
8 Абасилов А. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының сол-
түстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары, олар-
ды шешу жолдары. Филол. ғыл. канд. ғылыми дəрежесін алу үшін да-
йынд. диссертация. –Алматы, 1998.
9 Никольский Л.Б., Швейцер А.Д. Введение в социолингвистику. –М.:
Высшая школа, 1978.
10 Беликов В.И., Крысин Л.П. Социолингвистика. –М.: РГГУ, 2001.
11 Алефиренко Н.Ф. Теория языка. Вводный курс. –И.: Издательский
центр «Академия», 2004.
1.2 Тіл саясаты: теория мен тəжірибе
Тіл саясаты мемлекеттегі, социумдағы тіл мəселелерін шешуге
бағытталған идеологиялық қағидалар мен тəжірибелік іс-шаралар жиын-
тығынан тұрады. Ол идеологиялық қағидалар мен тəжірибелік іс-ша-
ралар мен өзара ажырамас бірлікте жəне берік байланыста болады. Тіл
саясаты ұлттық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, оның негізгі
қағидаттарына бағынады.
Ю.Д.Дешериевтің пікірінше, көпұлтты мемлекеттегі тіл саясаты өзін-
дік ерекшеліктерге ие болғандықтан, онда мынадай факторлар басты на-
зарға алынуы керек: 1) көптілділік; 2) ұлттық құрам мен халықаралық
қатынас өзгешелігі; 3) қоғамдық өмірдегі жеке тілдердің жəне оны тұты-
нушылардың рөлі [1].
Тіл саясаты социумның саяси құрылысына байланысты болады. Бұл
саяси жүйенің екі керағар типтерін салыстырғанда анық көрінеді:
1. Ашық (демократиялық жəне либералдық) жəне жабық (тоталитар-
лық немесе жабық) қоғамда. Көптілді социумдағы ашық қоғамдық тіл
саясатына мыналар тəн: а) тіл саясатының саясиланған міндеттері мен
əдістерін азайтуға тырысу, ə) этностар мен тілдер теңдігі, б) этнотілдік
плюрализм жəне полицентризм (немесе жекелену), г) адами құндылық
өлшемдері аясы.
2. Этникалық қостілді (немесе көптілді) жабық қоғамда тіл саясаты
былайша ажыратылады: а) тіл саясатының мемлекеттік-саяси сипатын
күшейтуге талпыну, ə) бір этностың жəне бір тілдің артықшылықтағы
жағдайы, б) орталықтануға жəне унитаризмге бейімділік, в) бағалаудың
«мемлекеттік (немесе ұлттық-мемлекеттік)» аясы [2].
Тіл саясаты қоғамның тілге саналы əрекетімен байланысты категория-
ға жатады жəне оның жүзеге асуының көпұлтты жəне бірұлтты мемле-
12 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
кетте өзіндік ерекшеліктері болады. Ол тілдерді құртуға немесе, керісін-
ше, ұлттық тілдерді дамытуға бағытталған болуы мүмкін.
Бұрынғы КСРО тіл бірдейлігі саясатын жүргізді. Нəтижесінде өз тілі-
нен өзі жаппай безушілік орын алды. Орта Азия елдері мен Қазақстандағы
ұлттық-тілдік даму бойынша жүргізген талдау, аймақтың ұлттық-тілдік
дамуы 20-30 жылдары, яғни онда қоныстанған халықтардың аумақтық
жəне ұлттық біріктіруді жүзеге асырғанда қарқынды дамығанын көрсе-
теді, 40-80 жылдары тілдің қоғамдық қызметі тарылды, ал 80 жылдардың
ортасындағы қоғамдық өмірдегі қайта құрылулар Орта Азияны қамтыды
жəне ұлттық тіл мен мəдениетті одан əрі дамытудағы ұлттық сананың
оянуына тікелей əсер етті [3, 300-301 бб.]. Бұл аймақтағы ұлттық тілдер
өздерінің қоғамдық қызметін жүзеге асырудағы ұқсастықтарымен қатар
белгілі бір ерекшеліктерімен де сипатталады. «Айталық, қырғыз тілі
мектепте білім беру саласында өзінің қоғамдық қызметін толық жүзеге
асырды, ... жоғары білім беру саласында, əсіресе гуманитарлық факуль-
теттер мен бөлімдерде оқу тілі ретінде қызмет атқарды» [4].
Қазақ тілінің түпкілікті ұлт тілі жəне мемлекеттік тіл ретіндегі қызмет
ету тарихы өте күрделі. Қазақ тілінің тағдырында оның Кеңес өкіметі
тұсындағы қоғамдық қызметінің тарылуын да, егеменді Қазақстандағы
қолданыс аясының кеңеюін де айтуға болады. Тіл қызметін зерттеудің
теориялық негіздері мен қазақ тілінің қоғамдық қызметі, білім берудегі
қызметі С.Ж. Баяндинаның монографиясында баяндалған [5].
Қазақ тілінің қызмет етуі мен дамуы қазіргі кезеңінде заңнамалармен
белгіленген. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мəртебесі Қазақстан
Республикасының негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конститу-
циясында бекітілген [6].
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл тура-
лы» заңы тілдердің құқықтық қорғалуын көздейді. 23-бапта: «Қазақстан
Республикасында мемлекеттiк тiл жəне барлық басқа тiлдер мемлекеттiң
қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы
мен дамуына қажеттi жағдай жасайды», – делінген. Осы баптың аясын-
да «Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын жəне iс қағаздарын
жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Мемлекеттiк
бағдарламамен қамтамасыз етiледi». Сондай-ақ, мұнда «белгілі бір дəре-
жеде жəне біліктілік талаптарына сəйкес мемлекеттік тілді білуге қажетті
кəсіп, мамандық жəне қызметтер тізімі Қазақстан Республикасы заңымен
белгіленетіні» айтылған. Терминологиялық жəне ономастикалық комис-
сиялар, қажет болған жағдайда басқа да құрылымдар құруды Қазақстан
Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
Сонымен қатар уəкілетті орган құзыретінің, ономастикалық комис-
сия құзыретінің, облыстың (республиканың қалалары, астанасы) жер-
гілікті орындаушы органы құзыретінің, ауданның орындаушы орган құ-
Тіл саясаты: теория мен тəжірибе 13
зыретінің «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңды орындауда
тіл туралы заңдарды бұзушылық үшін жауапкершілікті тілді құқықтық
қорғау қарастырады [7].
Қазақстан Республикасының тілдік құрылымының стратегиялық мақ-
саты мен міндеттері оның орындалуының негізгі бағыттары мен тетігі
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» анықталған.
Тəуелсіз Қазақстанның тіл саясаты тілдің қоғамдық қызметін, оның
ішінде білім беру саласындағы қызметінің аясын кеңейту арқылы тіл-
дерді сақтау мен дамытуға бағытталған.
2000 жылы Қазақстандағы 7901 қазақ мектебінде (мектептердің жал-
пы санының 43% құрайды) 1,6 млн. бала білім алған, бірақ олардың
республика аймақтары бойынша бөлінісі біркелкі емес. Сол жылы 1,5
млн. бала орыс тілінде, 80 мыңы өзбек тілінде, 23 мыңы ұйғыр тілінде,
2,5 мыңы тəжік тілінде жəне мыңнан аса бала басқа тілдерде білім алды.
Бірақ осы жылы мектепке дейінгі мекемелер саны 1158 дейін қысқар-
ған [8].
Бастауыш жəне орта кəсіптік білім беру саласында 200, жоғары білім
беру саласында 75 мамандық бойынша білім алу мемлекеттік тілде жүр-
гізілді; қазақ бөлімінде 85 300 (32%), орыс бөлімінде 181000 (68%) сту-
дент білім алды. Кешкі мектептерде 14 тіл ана тіл ретінде оқытылды:
корей, иврит, украин, армян, əзірбайжан, чуваш, польша, күрд, дүнген
жəне т.б. [8].
Біздің ойымызша, мектепке дейінгі балалардың лингвистикалық тəр-
биесіне көңіл бөлу қажет. Ана тілін бала өз отбасында үйрену керектігін
ешкім жоққа шығармайды. Əрине, балаларды отбасында ана тіліне үй-
ретуге арналған бірегей əдістемелік бағдарламалар мен оқу-əдістемелік
құралдар жасау – бүгінгі күннің əлеуметтік қажеттілігі.
Біздің пікірімізше, республиканың тілдік ахуалын аймақтық тұрғы-
дан зерттеудің маңызы зор, өйткені ондағы тілдердің саны мен қызмет
ауқымы əртүрлі, əр аймақтың өзіндік өзгешеліктері бар. Əзірге солтүстік
жəне батыс аймақтардағы мемлекеттік тілдің қызмет етуі ғана зерттел-
генін атауға болады [9], [10], [11].
Əдебиет:
1Дешериев Ю.Д. Социальная лингвистика. –М.: Наука, 1977.
2 Мечковская Н.Б. Общее языкознание. Структурная и социальная ти-
пология языков. Учебное пособие для студентов филологических и лин-
гвистических специальностей. - 2 изд. –М.:Флинта: Наука, 2001.
3 Баскаков А.Н. Национально-языковое развитие в республиках Сред-
ней Азии // Функционирование языков в многонациональном государ-
стве. –М. 1991.
14 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
4 Орусбаев А.О. Языковая жизнь Киргизии (Функциональная дистри-
буция языков). –Фрунзе: Илим, 1990.
5 Баяндина С.Ж. Функции языка в контексте современного языкозна-
ния. –Алматы, 2004.
6 Конституция Республики Казахстан. –Алматы, 2000.
7 Закон РК «О языках в Республике Казахстан». –Астана: ИКФ «Фо-
лиант», 2000.
8 Государственная программа функционирования и развития языков
на 2001-2010 годы / Казахстанская правда, 17 февраля 2001 г.
9 Абасилов А.М. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының
солтүстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары,
оларды шешу жолдары. Фил. ғыл. канд. автореф. –Алматы: КИЦ «АВС»,
1998.
10 Курманова Б.К. Социально-лингвистические проблемы функцио-
нирования государственного языка в Западном регионе Республики Ка-
захстан. Автореф. канд. дисс. –Алматы: ТОО «Жания-полиграф», 2002.
11 Текжанов К.М. Региональное функционирование государственно-
го языка (на примере Павлодарского Прииртышья). –Алматы, 2005.
1.3 Қазақстан Республикасы заңнамасындағы мемлекеттік тіл:
мəні мен маңызы, қызметі
Қазіргі күні қазақ тілінің қызмет ауқымын дамыту заңнамалармен
бекітілген. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мəртебесі еліміздің Ата заңы
– Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Айталық,
7-бапта былай делінген: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк
тiл – қазақ тiлi. 2. Мемлекеттiк ұйымдарда жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқа-
ру органдарына орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. 3.
Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай
туғызуға қамқорлық жасайды». Бұл бапта республикада басым қызмет
атқаратын қазақ тілі мен орыс тілінің мəртебесі мен қолданыс аясы жəне
Қазақстан халқының өзге тілдері заңды түрде сараланған.
Аталмыш баптың жүзеге асуына Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жер-
гiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар «Қазақстан Республикасының
барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн жəне тегiн меңгеруiне
қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдай-
ларды жасауға мiндеттi» (98-бап) болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында осы негізгі баптан басқа
республикадағы тілдің қолданылуын заңды реттейтін өзге де баптар
бар. Мысалы, 14-бапта: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк
жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, на-
нымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағда-
яттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды», – делінген.
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 15
19-бапта Қазақстанның əрбір тұрғынының «ана тілі мен төл мəде-
ниетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тəрбие, оқу жəне шығармашылық
тілін еркiн таңдап алуға құқығы бар» екені айрықша айтылған.
Республика Президентін сайлауда оның мемлекеттік тілді білуіне на-
зар аударылады, бұл туралы 4-бапта айтылады: «Республика Президенті
тумысынан республика азаматынан сайлануы мүмкін, қырық жастан кіші
емес, мемлекеттік тілді еркін меңгерген жəне Қазақстанда кем дегенде он
бес жыл өмір сүрген болуы керек».
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабында Палата
төрағалары мемлекеттік тілді еркін білу керектігі ескертілген.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдеде қабылданған
«Тіл туралы» № 151-1 заңына 2004 жылы 20 желтоқсанда енгізілген №
13-111 толықтырулар мен өзгерістерде Қазақстан Республикасында тіл-
дерді қолданудың құқықтық негізі, оларды меңгеру мен дамыту үшін
жағдай жасауға мемлекеттің міндетті екені, Қазақстан Республикасында
қолданылатын тілдердің барлығына бірдей құрметпен қарауды қамтама-
сыз ету көрсетілген.
Осы заңның 3-бабында: «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, ол
осы заңнан, тiлдердi қолдануға жəне дамытуға қатысты Қазақстан Рес-
публикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қа-
зақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге жəне азамат-
тығы жоқ адамдарға қолданылады», – делінген.
4-бап мемлекеттік тілге арналған, онда былай делінген: «Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынас-
тардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шыға-
ру, сот iсiн жүргiзу жəне iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып та-
былатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының əрбiр
азаматының парызы.
• Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы орган-
дар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға,
оның халықаралық беделiн нығайтуға;
• Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк
тiлдi еркiн жəне тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық,
материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
• қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы жəне дамытуы үшiн көмек
көрсетуге мiндеттi».
Тілдердің қолданылуы 8-бапта реттелген: «Мемлекеттiк тiл Қазақстан
Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының жəне жергiлiк-
16 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс жəне iс қағаздарын жүргiзу тiлi
болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл жəне қа-
жет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады».
Қазақстанда тұратын басқа халықтардың тілдері мен мемлекеттік
тілдің қолданылуына 9-15-баптар арналған: мемлекеттiк органдар ак-
тiлерiнiң тiлi, құжаттама жүргiзу тiлi, азаматтардың өтiнiштерiне қайта-
рылатын жауап тiлi, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарындағы
тiл, сот iсiн жүргiзу тiлi, əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
жүргiзу тiлi, мəмiлелер тiлi.
16-18 баптарда мемлекеттік жəне басқа да тілдердің білім беру,
ғылым, мəдениет жəне бұқаралық ақпарат құралдары саласында қолда-
нылуы берілген.
16-бапқа сəйкес, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында мемлекеттік
тіл қолданылады, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде – солардың
тiлдерiнде; балалар үйлерiнде жəне оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқы-
ту, тəрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың
ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi; бастауыш, негізгі орта, жал-
пы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне
жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал
қажетiне қарай жəне мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде; білім
беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пəнi болып
табылады жəне бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пəндер тiзбесiне кiредi.
Ғылым жəне білім саласында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлiнiң қол-
данылуы қамтамасыз етіледі; мəдени шаралар мемлекеттiк тiлде жəне
қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi (17-бап).
Мемлекеттік жəне басқа да тілдер баспа басылымдары мен бұқара-
лық ақпарат құралдарында қолданылады. Бұл 18-бапта белгіленген, сон-
дай-ақ бұл жерде: «қажеттi тiлдiк ортаны жасау жəне мемлекеттiк тiлдiң
толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қара-
мастан, телерадио арналары арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi хабар-
лардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық
көлемiнен кем болмауға тиiс».
19 бен 22-бап аралығында топонимикалық атауларды, ұйымдардың
атауларын пайдалану тəртiбi, кiсi есiмiн, əкесiнiң есiмiн жəне тегiн жазу,
деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлiнің қолданылу тəртібі белгіленген.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы тілді құқықтық
қорғауды қарастырады. 23-бапта «Қазақстан Республикасында мемле-
кеттiк тiл жəне барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады.
Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi
жағдай жасайтыны» айтылған. Осы баптың шеңберінде «тiлдiң дамуы
мемлекеттiк тiлдiң басымдығын жəне iс қағаздарын жүргiзудi қазақ
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 17
тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Мемлекеттiк бағдарламамен
қамтамасыз етiледi». Бұдан басқа, бұл жерде «мемлекеттiк тiлдi белгiлi
бiр көлемде жəне бiлiктiлiк талаптарына сəйкес бiлуi қажет кəсiптердiң,
мамандықтардың жəне лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы
заңдарымен белгіленетіні» айтылған. Терминологиялық жəне ономасти-
калық комиссияларды жəне қажет болған жағдайда басқа да құрылымдар-
ды Қазақстан Республикасының Үкiметi құрады.
Сонымен қатар тілді құқықтық қорғау тiл туралы заңдарды бұзғаны
үшiн жауаптылық, уəкiлеттi органның құзыретi, ономастикалық комис-
сияның құзыретi, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, аста-
наның) жергiлiктi атқарушы органының құзыреті, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi «Қа-
зақстан Республикасы Тіл туралы» Заңын орындауды қамтамасыз етуін
қарастырады.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы тiлдi шетелдермен
жəне халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалануды анықтап
берді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықара-
лық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметiнде жүзеге асырылады.
Осы 27-бапта былай делінген: «Екiжақты халықаралық шарттар, əдетте,
уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалады, көпжақты
халықаралық шарттар оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленген
тiлдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өт-
кiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге ауда-
рылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзіледi».
Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» заңының алдында тұрады. Ол өтпелі ке-
зеңде тілді сақтау мен функционалды даму аясында мемлекеттік саяси
стратегиялар дайындауға, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуы
үшін жағдайлар туғызу бойынша мемлекеттік тапсырмаларды анықтауға
бағытталған.
Тұжырымдаманың міндеті тілдерді қолданудың құрылымын жасау,
тілді дамытатын басым бағыттарды Қазақстан Республикасының Конс-
титуциясына сəйкес анықтайды.
Тұжырымдама қолданылған шараларға қарамастан, қазақ тілін мемле-
кеттік тіл дəрежесіне толық енгізу мүмкін болмай жатқандығын айтады.
Басты себеп – бұл мəртебе əлі күнге дейін тек ресми мəлімделген, бірақ
оны жаппай меңгерту мен қолданылуын қамтамасыз ететін құрылымдар
қажетті мөлшерде бекітілмеген.
«Қазақ тілінің мəселесі, оның нақты мемлекеттік мəртебесін иемде-
ну қажеттілігімен бітпейді. Ғалымдардың, мамандардың, мұғалімдердің
18 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
көзқарасы бойынша, қазіргі қазақ тілінің өз жағдайына, оны дамыту жəне
байыту мəселесіне көңіл бөлу керек. Əңгіме жаңа əлеуметтік мəдени реа-
лий кейпінде басқа əлемдік тілдермен өзара əрекеті жəне де осындағы
тілдің ішкі потенциалын қолдану арқылы оның мүмкіншіліктерін кеңей-
ту туралы болып отыр».
Тіл саясаты тұжырымдамасында Қазақстан Республикасында мем-
лекеттік тілдің қолданылу аясы, ерекшеліктері, белгілері анықталған,
тілдердің қызметтік дамуының оңтайлы үлгісі берілген, тілдік құрылы-
мының міндеттері белгіленген, бұл кейін «Қазақстан Республикасын-
дағы тілдер туралы» заңында қамтылды делінген.
Қазақстан Республикасының тілдік құрылымының міндеттері мен
стратегиялық мақсаттарының анықталуы, олардың жүзеге асуының
тетігі мен басты бағыттары «Қазақстан Республикасында тілдерді
дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» баяндалған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асы-
руда:
-мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару тілі ретінде қолдануды қамта-
масыз етуге;
-нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге;
-барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару орган-
дарында негізгі іс қағаздар жүргізу тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолда-
нылуын қамтамасыз етуге;
-іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшу кестесі (нақты уақы-
ты мен іс-шаралардың көрсетілуімен) анықталған;
-республика аумағында мемлекеттік тілді азаматтарға тегін үйрету
бойынша бірыңғай курс жүйесін республика жəне жергілікті бюджеттер,
сонымен қатар басқа да қаражат көздерімен қамтамасыз етуге;
-мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында
ресми пайдаланылатын орыс тілінің қарым-қатынас құралы ретінде қол-
данылуын қамтамасыз етуге;
-этникалық қауымдастықтың (диаспора) өкілдеріне туған тілде білім
алуларына мемлекеттік қолдау көрсетілуін қамтамасыз етуге жəне т.б.
белгіленген.
Мемлекеттік бағдарлама тілді дамытудың басым бағыттарын анықтап
берді. Оларға мыналар жатады: 1) ғылыми-құқықтық қамсыздандыру; 2)
мемлекеттік басқару, заң, сот ісін жүргізу, іс қағаздарын жүргізу, Қарулы
күштер мен құқық қорғау органдарындағы халықаралық қызметте мем-
лекеттік тілдің қоғамдық қызметін дамыту; 3) тілдерді оқыту мен білім
беру жүйесінде қоғамдық қызметін дамыту; 4) елдің тілдік дамуын
ғылыми қамсыздандыру; 5) мəдениет, бұқаралық ақпарат құралдары,
сондай-ақ халыққа қызмет ету жəне денсаулық сақтау жолдарында тілдің
қоғамдық қызметін дамыту.
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 19
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Мемлекеттік органдарда мем-
лекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» (14 тамыз, 1998 ж. № 769, 8
қаңтар 1999 ж. толықтырулар мен өзгерістер енгізілген, №16, 28 қаңтар
2005ж. №73) жөнінде Қаулы қабылдады. Бұл қаулыда мемлекеттік ор-
гандарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Ор-
талық орындаушы органдарға, барлық деңгейдегі əкімдерге, Қазақстан
Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігіне, Білім жəне
ғылым, Мəдениет жəне денсаулық сақтау министрлігіне, Қазақстан Рес-
публикасының Əділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Көлік
жəне қатынас министрлігіне, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер ми-
нистрлігіне «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының жүзеге
асуы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мемлекеттік тіл-
дің дамуы бойынша қазақстандық социумда туындаған мəселелер көр-
сетілген:
-қоғамда мемлекеттік тілді білу деңгейі тең емес;
-елдің əлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде мемлекеттік тілдің
жеткіліксіз таратылуы;
-қазақстандық қоғамның тілдік мəдениетінің төмендеуі;
-қазақстандықтардың лингвистикалық қорын нығайту жəне сақтау
қажеттілігі.
Аталған мəселелер объективті себептермен байланысты: мемлекеттік
тілді оқытудың бірыңғай білім беру стандарттары мен əдіснамасының,
білім берудің ішкі құрылым қызметінің бірыңғай стандарттарының, мем-
лекеттік тілді меңгеру процесінің мониторингі мен ынталандыру жү-
йесінің болмауы, қазақ тілінің мамандары мен оқытушыларының төмен
деңгейдегі дайындығы, терминология, антропонимика жəне ономастика-
ның мəселелері.
Мемлекеттік бағдарламада республикада тұрып жатқан халықтардың
тілдері мен мемлекеттік тілдің дамуы бойынша тілдік саясаттың жүзе-
ге асуымен байланысты қазақстандық қоғамда жеткен нақты нəтижелер
көрсетілген:
-«мемлекеттік тілді оқытудың ішкі құрылымы кеңейді (балабақшалар-
да қазақ тілімен оқыту – 940, 2001 жылмен салыстырғанда 68% жоғары,
мектеп – 3811, 2001 жылмен салыстырғанда 163-ке өскен, мемлекеттік
тілді оқытатын 101 орталық ашылды);
-іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшу процесі белсенді
түрде іске асып жатыр (мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжаттар-
дың салыстырмалы салмағы 67% құрайды);
-мемлекеттік тілді оқытудың əдістемелік базасының бағдарламасы
жүргізіліп жатыр (көпдеңгейлі оқу кешендері, жалпы тиражы 720 мың
20 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
құрайтын 10 түрлі сөздік, жалпы тиражы 260 мың дананы құрайтын екі
немесе үш тілде 8 салалық сөздіктер шығарылды);
-мемлекеттік тілді үйрету процесінде жаңа ақпараттық технология-
ларды енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, əркез жаңаланып
тұрады (20-дан астам сервис түрі, əлемнің 50 елінен белсенді тұтынушы
аудиториясы);
-мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығайып келеді (мем-
лекеттік БАҚ-та қазақ тілінде 70%-дан жоғары таратылады, 2750 БАҚ
басылымдарынан толық немесе ішінара 68%-ы мемлекеттік тілде шы-
ғады);
-шетелде тұратын отандастармен мəдени байланысты нығайту жəне
дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде;
-Қазақстанда тұратын халықтардың тілдеріне мемлекеттік қолдау
көрсетудің тиімді жүйесі құрылды (7576 жалпы білім беретін мектептер-
де 1598-і орыс тілінде, 62-і өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-і тəжік
тілінде оқытады, 2089 мектеп – аралас; 2003 жылы мектепке дейінгі ме-
кемелердің 260-ы орыс тілінде, 2-і өзбек тілінде оқытты; 801 балаларды
оқыту ұйымы – аралас; 190 этномəдени біріккен кешкі мектептерде 30
этникалық топ ана тілінде оқытылады; 50 қазақ театрының 9-ы аралас,
15 – орыс тілінде, 1 корей тілінде, 1 неміс тілінде, 1 өзбек жəне 1 ұйғыр
тілінде)» [1].
Тілді дамыту мəселесі – барлық қазақстандықтардың ортақ мүддесі,
республиканың тілдік ахуалын социолингвистикалық тұрғыдан зерттеу
аймақтың тілдік өмірін жəне тілдерді өмір саласы бойынша дамыту мен
қолдануды іске асыратын пəрменді құрылымын жақсартуға көмектеседі.
Əртүрлі этнос өкілдерінің өзара толеранттық қатынасын сақтау мақса-
тында қазақстандықтардың көптілдігін қалыптастыру, халықтардың тіл-
дерін дамыту үшін жағдайлар жасау қажет.
«Мемлекеттік тіл» ұғымы жаңадан пайда болған түсінік емес, ол –
күллі əлемдегі елдерде ғасырлар бойында қолданылып келе жатқан
бұрыннан бар ұғым. Мемлекеттік тіл – кез келген мемлекет үшін қажетті
құбылыс. Демек, қандай да бір мемлекеттің өзіне қызмет ететін негізгі
тілі болуы заңды құбылыс.
Егемендікке қол жеткен, дамудың жаңа жолына түскен қандай да
бір үлкенді-кішілі мемлекет, алдымен өзіндік ішкі-сыртқы саясатын ай-
қындап алатыны белгілі. Бұл мəселе осы екі саясатта үш түрлі көрініс
береді. Біріншіден, мемлекеттің сыртқы саясатында шет елдермен қа-
рым-қатынаста қолданылатын тіл ресми белгіленеді. Екіншіден, көптіл-
ділік жағдайында мемлекеттің ішкі саясат жүйесінде тұрақты тіл саясаты
белгіленіп, онда тілдердің мəртебелері мен қолданылу аялары айқында-
лады. Үшіншіден, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаттары сол мемлекет
халқының ортақ негізгі тілінде түзіле отырып, жұртшылыққа баянды
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 21
етіледі. Олай болса, мемлекеттік тіл алдымен «билік тілі», өйткені мем-
лекет – басқарудың институты мен тетігі (механизмі) десек, мемлекеттік
тіл – басқарудың институттанған тілі, биліктің өмір сүру тілі. Сан алуан
тілде сөйлейтін адамдардың өз ана тілін жəне өзге тілдерді меңгеру мүд-
десін қорғау міндетіне жауап беру үшін билік пен тіл тұтастыққа бірігеді.
Біріншісі екіншісіне көмектеседі, екіншінің көмегімен біріншісі қосым-
ша күшке ие болады. Мемлекеттік тілді білудің əлеуметтік қажеттілігі
табиғи түрде жүзеге асқанда одан ұтатын тек мемлекет қана емес, сол
мемлекеттің əрбір азаматы болмақ.
Мемлекеттік тіл – көптілді, сондай-ақ біртілді қоғамның өзі айналып
өте алмайтын аса қажетті құбылыс. Ол жоғарыда айтып өткеніміздей, əр-
бір мемлекеттің саяси құрылымына, өзіндік ұстанған ішкі, сыртқы саяси
бағыттарына байланысты əрқалай сипатталады. Мəселен, Франция, Ис-
пания, Шри-Ланка, Пəкістан, Малайзия, Судан, Қытай сияқты елдерде
мемлекеттік тіл – оны жариялаған ел азаматтарының барлығы міндетті
түрде білуге тиісті тіл болса, Индонезия, Филиппинда мемлекеттік тіл
көпұлтты елдің түрлі халқын саяси-мəдени бірлікке ұйымдастырудың
тиімді құралы деп анықталады. Кейбір елдерде мемлекеттік тіл сол ел-
дің лингвистикалық бірлігін білдіреді. Мысалы, Қытайда тіл тұтастығы
– ел тұтастығы деп ұғынылады, путунхуа талабынан ауытқу ұлттық бір-
лікті бұзу болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттік тіл кейбір елдерде
(Мысалы, Пəкістанда) қарсы шығуға болмайтын тіл, оған қарсы əрекет
ету мемлекетке қарсы шығу деп бағаланады. Енді бір елдерде екінші бір
тілді мемлекеттік деп тану ол елдің халқын екіге жаруға əрекет ету деп
бағаланады. Сол сияқты бірқатар елдерде мемлекеттік тіл – мəртебесін
талқыға салуға Конституция бойынша барлық деңгейде тыйым салынған
тіл [2, 230-237 бб.].
Тағы бір елдерде мемлекеттік тіл ретінде сол мемлекеттегі этностар-
дың біреуінің кейде бірнешеуінің тілдері қолданылуы да ұшырасады.
Мысалы, Канаданың Квебек провинциясында мемлекеттік тіл болып
тек бір ғана тіл француз тілі жарияланса, Канаданың өзінде мемлекеттік
тіл ретінде ағылшын, француз тілдері қолданылады. Ал енді бір елдерде
ресми түрде көпұлтты елдегі ешбір этностың тілі мемлекеттік тіл ретінде
көрсетілмеуі де кездеседі. Мұндай жағдай Америка Құрама Штаттарын-
да орын алған. Сондай-ақ кешегі Кеңестер Одағында да орыс тілі ешқан-
дай заңдылық актілерінсіз-ақ мемлекеттік тіл, ұлтаралық қарым-қатынас
тілі ретінде қызмет еткені белгілі.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды негізге алар болсақ, «мемлекеттік
тіл» ұғымының мəнін былайша түсіндіруге болады: Қандай да тіл бол-
масын, егер ол мемлекеттік тіл болып (бір өзі) жарияланса, ол сол елдің
негізгі тілі. Сондықтан да ол тіл əкімшілік басқару органдарының қыз-
мет бабында қолданылуы шарт. Сондай-ақ ол ресми құжаттарда, өндіріс,
22 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
халық ағарту, заң, құқық қорғау органдары сияқты сан алуан қоғамдық
өмірдің маңызды салаларында алдымен пайдаланылады.
Мемлекеттік тіл – оның жариялаған ел азаматтарының барлығы мін-
детті түрде білуге тиісті тіл.
Мемлекеттік тіл – Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рəмізі (симво-
лы).
Мемлекеттік тіл – көпұлтты елдің күллі халқын саяси-мəдени бірлікке
ұйымдастырудың тиімді құралы.
Мемлекеттік тіл елдің лингвистикалық тұтастығын, бірлігін көрсе-
теді.
Мемлекеттік тіл – мемлекет қамқорлығына алынған тіл. Оған қарсы
шығу, қарсы əрекет ету мемлекетке қарсы шығу деп бағаланады.
Мемлекеттік тіл екінші бір тілді мемлекеттік тіл деп танумен сы-
йыспайды жəне ол елдің халқын екіге жаруға əрекет ету болып табылады.
Мемлекеттік тілдің осы көпшілікке танымал анықтамаларын жəне
түрлі елдердегі осындай көріністерін негізге алғанда, алдымен мынадай
мəселелердің басын ашып алу қажет:
1. Көптілділік жағдайында барлық тілдерді тең сақтау немесе
бірдей дамыту мүмкін бе?
Тіл проблемасы – дүниедегі 200-ден астам мемлекетте зерттелетін
үлгі. Өйткені мемлекет халқы мейлі бір ұлттан тұрсын, көп ұлттан
құралған болсын, бəрібір өзіндік тіл проблемаларынсыз болмайды. Ай-
талық, бір ұлтты мемлекетте тіл мəселесі таза лингвистикалық сипатта,
яғни халықтық тілдің жекелеген өмір сүру салалары арасында өрбиді.
Мысалы, дүниежүзінде бірұлтты мемлекет ретінде танылатын Жапония-
да мемлекеттік тіл проблемасы жапон диалектілерінің арасында өршіп
отырғандығы байқалады.
Ал көпұлтты мемлекеттерде тіл мəселесі жекелеген тілдер арасында
ұлтаралық деңгейде болып, саяси-лингвистикалық реңкке ие болады.
Өйткені көптілділік жағдайында барлық тілдерді əрдайым тең сақтау
немесе бірдей дамыту мүмкін бола бермейді. Тілдердің заң жүзіндегі
теңдігі мен қызмет ету аясындағы теңдігі деген екеуі екі бөлек түсінік.
Конституция тілдер теңдігін жариялауы мүмкін, алайда олар қызмет ету
ауқымы жағынан ешқашан тең болмайды. Көптілділік жағдайында ылғи
да бірді-екілі тіл этносаралық қарым-қатынас құралы болып, бөлектеніп
отырады. Сондықтан мұндай көптілділік жағдаятты елде демократиялық
бағыттағы тіл саясаты екіжақты мақсатты ұстауды қажет етеді:
1. Əрбір жекелеген тілдердің өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ету;
2. Қандай да бір тілдің бүкіл ел аумағында этносаралық қарым-қаты-
нас құралы ретінде қызметтік мəртебесін бекіту.
Тілдерді дамыту ісі осылайша нақтылы жоспарланған түрде жүргізілуі
тиіс. Бұл - əлемдік қалыпты жағдай (стандарт). Ал мұның өзі ең алдымен
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 23
басқаруға (управление) байланысты. Басқару қандай болса, даму да сол
деңгейде болмақ. Білікті басқару ісі қоғамдағы тілдердің өзіндік мəр-
тебесін дұрыс та дəл анықтаудан басталады. Мəртебе белгілеу арқылы
заң күшімен тіл дамыту - əлемге кең тараған құбылыс. Мəртебе – əлеу-
меттік-лингвистикалық əрі құқықтық категория, ол тілдердің қоғамдағы
құқықтық əлеуметтік жағдайын танытады [3,10 б.].
2. Қандай тілді ел аумағында міндетті мемлекеттік деп тануға
болады?
Тіл мəртебелерінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік (ресми) тіл.
Қандай да бір тілдің ел аумағында мемлекеттік тіл болып танылуы үшін
ол барынша дамыған тіл болуы керек. Тілдің дамығандық деңгейін бел-
гілі социолингвист-ғалым Ч. Фергюссон мынадай үш түрлі белгіге ие бо-
луымен анықтайды:
1. Графикаланған (графизация), яғни жазу жүйесі жасаған тіл.
2. Жүйеленген (стандартизация), яғни ауызша жəне жазбаша форма-
лары нормаланған тіл.
3. Жаңарып жетілген (модернизация), яғни лексикалық, синтак-
систік жəне стилистикалық жағынан жетілген, терминологиясы бай,
осы заманғы ғылыми-техникалық прогресс пен саяси өмірді қамтамасыз
етуге жарамды тіл болуы керек [4, 28-29 бб.]. Осы белгілерге қарасақ,
елімізде мұндай деңгейдегі тіл – қазақ тілі. Тек қазақ тілі ғана Қазақстан
халқының басын біріктіруші, этносаралық қарым-қатынасты қамтама-
сыз ететін аралық тіл бола алады. Сондықтан да қазақ тілі – мемлекет
қамқорлығына алынған мемлекеттік (ресми) тіл. Қазақ тілі - əлемдегі
5661 тілдің ішінде өзінің сөйлеушілері жағынан жетінші ондықтағы тіл-
дердің бірі. Қазақ тілі – образды да бай тіл. Ол құрылымдық-жүйелік
жағынан түбегейлі зерттелген, өзіндік əдеби нормасы мен стильдері қа-
лыптасқан ұлттық тіл.
Қазақ тілі – көне түркілік құрылымды сақтап қалған түркі тілдері-
нің Ата тілі. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің Түркия жəне
Əзірбайжан елдеріне сапары барысында ресми түрде айтылды. Бұл қазақ
тілінің түркі халықтары арасындағы халықаралық тіл қызметінде қол-
данылуының бір айғағы болмақ. Сондықтан қазақ тілі өзіне жүктелген
міндетті толығымен атқара алатын, болашағы баянды, көсегесі көгеретін
ұлтымыздың қымбат қазынасы.
Адамзаттың барлық əлеуметтік-мəдени тарихы сияқты тілдердің де
қарым-қатынастық иерархиясы басым көпшілігінде арнайы ұйымдасты-
рылмаған түрде (стихиялы) қалыптасқан. Ал тілдердің заңдылық мəрте-
белерін адамдар өздері береді. Сондықтан да бұл тілдердің субъектілік
жəне жасанды мінездемесі болып табылады. Алайда тілдердің əлеумет-
тік лингвистикалық типологиясында бұл белгі өте маңызды, тіл саяса-
тының актісі ретінде өте қызық. Сондықтан оларға жекелей тоқталайық.
24 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Құқықтық мəртебе түрлері. Тілдердің өзара қатынасын заңды түрде
реттейтін елдердің заңдарында тілдердің құқықтық мəртебелері бір, екі
немесе үш терминмен анықталады. Алайда бұл терминдер жиынтығы
оннан аса анықтамаларды қамтиды: мемлекеттік тіл, ресми тіл, ұлт-
тық тіл (ағылшын тілінің national сөзі «ұлттық» дегеннен гөрі «жал-
пымемлекеттік» дегенге көбірек келеді), уақытша мемлекеттік тіл
(Үндістан Конституциясындағы ағылшын тілінің мəртебесі), штаттың
ресми тілі (Үндістанның 22 штатының 14 штаты үшін конституцияда
бекітілген термин), одақтас (автономия) республика тілі, ұлттық
округ тілі (бұрынғы КСРО мен одақтас республикалар конституцияла-
ры), ұлтаралық қатынас тілі, түпкілікті ұлт тілі, титулды ұлт
тілі, азшылық ұлыстар тілі, көпшілік халықтың тілі, ұлыс тілі
(бұрынғы Югославия конституциясында ұлт тілінен айыру үшін қолда-
нылған), жергілікті тілдер т.б.
Бұрынғы КСРО-ның 1989-1991 жылдары қабылданған Тіл туралы
заңдарында республикаға аты берілген халықтардың тілдері жаппай
мемлекеттік тіл мəртебесін алды. Мұның алдында, 1978 жылғы одақтас
республикалар конституцияларында мұндай мəртебені тек Əзірбайжан,
армян, грузин жəне абхаз тілдері иеленген болатын. КСРО-ның ыдырауы
алдында ұлттық тілдерге мемлекеттік мəртебе беру қозғалысын балтық
жағалауындағы республикалар бастады. Тіл туралы алғашқы заң Эстония-
да (1989 жыл, қаңтар) қабылданды. Одан соң Литвада, Латвияда, 1989
жылдың қыркүйегінде Қазақстанда, қазанында Украинада, 1990 жылдың
қаңтарында Белоруссияда қабылданды. «КСРО-ның халықтары тілдері
туралы» (1990 жылдың сəуір айында қабылданған) заң бойынша орыс
тілінің құқықтық мəртебесі КСРО-ның ресми тілі ретінде анықталды.
1991 жылдың қазанында орыс тілі Ресей Федерациясының мемлекеттік
тілі мəртебесін алды.
АҚШ-та федералдық деңгейде ағылшын тілінің мəртебесін анықтауға
талай мəрте ұмтылыс жасалған. 1981 жылы АҚШ Сенаты Конституция-
лық тұрғыдан ағылшын тілін мемлекеттік тіл ретінде тану туралы заң-
ды талқылады, бірақ федералдық деңгейде ол жоба өтпей қалған. Алай-
да қазіргі күні АҚШ-тың 12 штатында халықтық референдум бойынша
ағылшын тілі сол штаттардың ресми тіл мəртебесіне ие.
Ұлттық тіл, мемлекеттік немесе ресми тіл деген терминдердің
нақтылы заңды мəні əртүрлі елде əралуан болып келеді. Бұл кейбір ел-
дерде ресми немесе мемлекеттік тілдің біреу, ал шамамен айтқанда 20
елде екі, тіпті үшеу болуына байланысты. Айталық, Сингапур Республи-
касында төрт тілге (малай, қытай, тамиль жəне ағылшын) мемлекеттік
мəртебе берілген.
Бұл терминдердің ара-жігі ажыратылып көрсетілетін мемлекеттер
де бар. Мысалы, Мавритания Исламдық Республикасында «ұлттық
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 25
тіл» мəртебесі араб тіліне, ал «ресми тіл» мəртебесі француз тіліне беріл-
ген.
Тілдердің дипломатиялық мəртебесі. Дипломатиялық хаттама бой-
ынша халықаралық басқосулар мен конференциялардың барлық құжат-
тары, хаттамалары жəне қорытынды актілері сол басқосуға қатысқан
барлық мемлекеттер тілдерінде берілуі тиіс. Өйткені бұлар дипломатия-
лық қатынастағы басқосудың ресми тілдері болып табылады.
Ал оларға қарағанда жұмыс тілдерінің шеңбері біршама тар болады.
Бұл тілдерде мəмілелер жүргізіліп, баяндама немесе шешім жобалары
жасалады.
Егер халықаралық шарт екі немесе бірнеше тілдерде жасалса, онда
соның соңғы баптарында əрбір тілдегі мəтіндер бірдей заңдылық күші
бар екендігі көрсетіледі, бəрі де түпнұсқа, бірдей мəнде саналады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, БҰҰ-да ресми тіл мəртебелері оған
мүше мемлекеттердің барлығының тілдеріне емес, тек алты тілге беріл-
ген. (1945 жылы БҰҰ-ның құрылу кезінде ондағы ресми тіл бесеу болды:
ағылшын, испан, қытай, орыс, француз). Бұл тілдерде БҰҰ-ның Жарғы-
сы жасалып, қол қойылды. Кейін, 1973 жылы алтыншы ресми тіл болып
араб тілі енгізілді.
Ұлттық-тілдік саясаттың деңгейлері. Қалыптасқан қызмет түріне
қарай ұлттық-тілдік саясаттың өзіндік əрекет ету иерархиясы мен логи-
касы бар. Оның негізгі деңгейлері мынадай: 1) тілдік саясатты идеология-
лық қамтамасыз етудің тұжырымдамасын жасау; 2) тілдердің қоғамдағы
өзара қарым-қатынасын заңмен бекіту; 3) тілдердің өзара қарым-қатына-
сын əкімшілік бақылау жəне реттеу; 4) тілдік нормаларды кодификация-
лау; 5) тілдік саясатты қаржы-экономикалық қамтамасыз ету.
Жалпы тіл саясаты дегенімізді тіл қолдануды реттеуге бағытталған
барлық саналы əрекеттер деп түсінген жөн.
Екі, одан да көп тілдік жағдайында тіл саясаты қатар өмір сүріп отыр-
ған тілдердің қызметі мен қолданылу салаларын анықтаудан тұрады. Ал
біртілді қоғамдағы тіл саясатының нысаны жазудағы, грамматикадағы,
лексика, стилистика, дыбыстаудағы норма болып табылады. Тілді норма-
ландыру ауызекі сөйлеу тілі емес, жазу тіліне бағытталады.
Саясат, оның ішінде тіл саясаты туралы айтқанда белгілі бір мақсат-
ты жүзеге асыруға бағытталған саналы əрекетті көреміз. Тілге қатысты
адамдардың қандай саналы əрекеті, мақсаты болуы мүмкін? Адамдар тіл-
де нені өзгерткісі келеді? Əдетте қоғамның қажетіне қарай тіл өздігінен
өзгермеуші ме еді? Тілдің тек өздігінен өзгеріп қана қоймай, адам арқылы
өзгеруі қалай жүрмек? Адамдар тілге қалай саналы əсер ете алады, ол қан-
шалықты іске асады? Тіл саясатын кім жоспарлайды жəне кім жүргізеді?
Көптеген елдерде тіл саясатының субъектісі əралуан мемлекеттік
жəне мемлекеттік емес органдар мен институттар болып табылады.
26 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Оларды өмірдің үш саласы байланыстырады: 1) мектеп; 2) кітап, кітап
бастыру (кейінгі баспасөз, радио, кино, теледидар); 3) қоғамның этника-
лық қарым-қатынасын реттеу мəселесі.
Адамдардың саналы əрекетін қажет ететін тілдің негізгі үш түрлі са-
ласы мыналар: 1) графика жəне орфография; 2) терминология; 3) тілдің
нормативтік-стилистикалық жүйесі.
Тіл саясатын жүзеге асыратын субъектілер тізімі мынадай:
1. Этносаралық қатынастар істері жөніндегі комитеттер (министрлік-
тер, департаменттер).
2. Мектеп жəне арнаулы білім беру мекемелері (министрліктер, депар-
таменттер).
3. Масс-медия
4. Ғылыми мекемелер
5. Ана тілі жанашырларының ерікті ұйымдары (қоғамдар мен серік-
тестіктер т.б.).
Ұлттық-тілдік идеологияның типтері. Ұлттық-тілдік саясат бел-
гілі бір теориялық жəне идеологиялық негіздемелерге сүйенеді. Мемле-
кет, қоғамдық кластар мен жіктер, партиялар мен əртүрлі қозғалыстар
ұлттық мəселе бойынша белгілі бір тұжырымдамаға, яғни өз түсінік-
терінде халық, ұлт, ұлыс дегендер кімдер, халықпен (этноспен) тіл, дін,
мəдениет, мемлекет қалай байланысқан; мəдениетте, саясатта, идеоло-
гияда этникалық жəне жалпыадамилық, ұлттық, дінге сенушілік қалай
сипатталады, халықтардың өзара қарым-қатынасындағы əділдік пен алға
ұмтылушылықтың (прогресс) мəні не дегендерге сүйенеді.
Гуманитарлық сараптамалық тұрғыдан ұлттық мəселе бойынша
əлемдік қауымдастық белгілі бір басымдылықтар, бағыт-бағдарларға
негізделген шарттар жасаған. Бұл шарттар БҰҰ құжаттарында анық
көрсетілген. Айталық, «Адам құқығының баршаға ортақ декларациясы»
(1948) мен «Адам құқығы туралы Халықаралық биллге» (1966) сəйкес
этнос пен мемлекет құқығына қарағанда адам құқығы жоғары басым-
дылыққа ие. Этнос құқығы этносты құрайтын адамдар құқығы арқылы
жүзеге асады, ал мемлекет этникалық белгілеріне қарамастан барлық
азаматтар құқығын қамтамасыз етуі керек.
Тілдердің қолданылуын заң арқылы реттеу. Тілдердің қоғамда қыз-
мет етуін заңды реттеу, əдетте, этникалық қостілділік жағдаятына қажет.
Ол тілдердің ресми мəртебелерін, қолданылу құқығы мен салаларын заң-
дылық тұрғыдан анықтайды.
Көптілділік жағдайында заң тілдерге тең немесе тең емес мəртебе бе-
руі мүмкін. Алайда мəртебедегі заңдылық теңдік не теңсіздік мемлекет-
тік саясат бағытының шынайылығын көрсете алмайды.
Көптеген елдерде тіл туралы заңдар жасалу дəрежесіне қарай əртүрлі
болып келеді. Көп жағдайда заңдар тілдің ресми (мемлекеттік) салалар-
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 27
дағы қолданылуын реттеп, жеке өмірдегі тілді таңдауға, жұмыстағы бей-
ресми қатынастарға араласпайды.
Зайырлы мемлекеттерде тіл туралы заңдар діни бірлестіктер мен ұй-
ымдарға тарамайды. Заңдар, əдетте сөз таңдау, сөз формасы, сөзді дыбыс-
тау т.б. мəселелерді қозғамайды, бұл заңдардың немесе билік органда-
рының міндеті емес, лингвистиканың тіл нормаландыру аймағы, «ішкі»
тілдік саясат, тіл мəдениетінің мəселесі.
Көптеген елдердің тіл туралы заңдарында заңдылық тұрғыдан ретте-
летін объектілер құрамы бір-біріне сəйкес келе бермейді. Біршама типті
объектілер мыналар: 1) тілдің ресми (заңдылық) мəртебесі; 2) тілдің қол-
данылуы мүмкін немесе міндетті болып табылатын əлеуметтік өмір са-
лалары; 3) білім беру саласындағы социумның тіл қолдану ерекшелігі
мен дəрежесі.
Осыларды қорыта келгенде, бүгінгі қазақ тілінің жағдайына байланыс-
ты мыналарды айтуға болады:
1. Қазақ тілінің қарым-қатынастық рөлі мен мəні жан-жақты зерттелуі
керек. Бұл – оның бүгінгі кезеңдегі хал-жағдайына əлеуметтік-лингвис-
тикалық сипаттама беру деген сөз.
2. Қазақ тілінің құқықтық мəртебесін нақтылау керек. Бұл - оның мем-
лекеттік мəртебесін іс жүзіне асыру деген сөз.
3. Қазақ тілінің жағдайын жақсарту бойынша нақтылы шаралар бел-
гіленуі қажет. Бұл - адамдардың тілді саналы түрде дамыту мүмкіндігін
іске қосу деген сөз.
Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілік-
ке орай, демократиялық негізде тəуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл ор-
ныққан жаңа əлеуметтік-саяси ахуал қоғамның да, оның азаматтарының
да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге, халық пен оның
тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мəнінде
тəуелсіз елдің тілі де тəуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тəуелсіздік алған
көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемітушіліктен құтылу
үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мəртебе беріп, сол арқылы ұлттық
сананы, өзіндік мемлекеттік сəйкестілігін (идентичность) қалыптасты-
руға ұмтылды. Дегенмен, бұл көпұлтты болып келетін республикалар-
да біреулер үшін қуаныш сезімін тудырса (республиканың титулдық
ұлттары үшін), енді бірқатарына (орыс, орыстілділер үшін ) салмақты
қауіп-қатер əкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленіссіз қалдырма-
ды. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы халық
тілдерінің (республиканың титулды ұлты) өз мəртебесіне лайық қызмет
атқаруына айтарлықтай кедергілер жасады. Мұның себебі біріншіден,
«мемлекеттік тіл» ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағандығына
байланысты болса, екіншіден оның өз мəнінде жұртшылыққа дұрыс
ұғындырылмауынан, үшіншіден оны жариялаған Конституция, Тіл ту-
28 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ралы заңдардың халықаралық құжаттарға (БҰҰ, ЕҚЫҰ т.б.) сəйкестен-
беуінен болып отыр.
Сондықтан еліміздегі мемлекеттік тіл категориясының мəнін дүние-
жүзілік тілдік процесс деңгейінде ала отырып анықтаған жөн. Мемле-
кеттік тілдің əлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі орнын анықтап алу
қажет. Бұл жөнінде алдымен кешегі КСРО-дағы жəне бүгінгі ТМД ел-
деріндегі тəжірибелерге шолу жасайық.
«Мемлекеттік тіл» ұғымы жарты ғасырдан астам уақыт бойында
кеңестік республикалардың не конституцияларында, не заң ғылымдарын-
да, не лингвистикалық əдебиеттерінде жете зерттелмегені былай тұрсын,
өз мəнінде де қарастырылмады. Қарастырылған жағдайдың өзінде ол
бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда қарама-қайшы мағынада түсіндірілді.
Мемлекеттік тіл идеясының өзі кеңестік идеологияға жат, қанау,
кіріптар ету немесе күштеп ассимиляциялаудың басты айыпкері ретінде
ұғындырылып, оны шет елдерге тəн адамды адамның қанауы, бір ұлт-
тың екінші ұлтқа билік жүргізу құралы деп түсіндірілді. Мысалы, Үлкен
Кеңестік Энциклопедияда оған: «Государственный язык, эксплуататор-
ских многонациональных государствах язык, признанный в законадатель-
ном порядке обязательном в данной стране, для ведения делопроизводства
в учереждениях, преподавание в школах, державной нации устанавлива-
ет в принудительном порядке свой национальный язык, всячески стес-
няя и ограничивая языки других народов»,- деп анықтама береді [5, 236 б.].
Міне, осылайша біртіндеп мұндай анықтамалар «мемлекеттік тіл»
терминін кеңестік өмір салтына сыйыспайтындай етіп көрсетуі өрши
түсті. Бұл сөз жүзінде тілдер теңдігін мойындаған, ал іс жүзінде орыс
тілінің үстемдігін жүргізуге бағытталған кертартпа тіл саясатының бүр-
кеншегі еді. Сондықтан мемлекеттік тіл проблемасын қозғауға батылы
жетпеушілік немесе бұл ұғымның осындай түсініктемелеріне үнсіз бас
изеушілік түрлі саладағы мамандардың (социолингвистердің, құқықта-
нушылардың, тарихшылардың т.б.) еріксіз оның аса маңызды қызметтік
мəнін назардан шығарып алды. Сол себептен де Кеңес үкіметі жылда-
рындағы заң құжаттарында «мемлекеттік тіл» термині кездеспейді.
Төңкерістен кейінгі бірінші бесжылдықта Одаққа қараған республика-
ларда мемлекеттік іс қағаздары заңды түрде оларды мемлекеттік тіл деп
арнайы жарияламай-ақ, орыс немесе республиканың байырғы халқының
тілінде жүргізіліп отырды. Бұл кезеңдерде тілдердің еркін қолданылуы мен
дамуына біршама жақсы жағдайлар жасалды. Мысалы, бұған Қазақстан
көлемінде қабылданған мынадай заңды құжаттарды атауға болады:
1. 1919 жылғы 10 шілдедегі Бүкілресейлік Атқару комитеті (ВЦИК)
мен Халық Комиссарлары Кеңесінің (СНК) декреті негізінде қабыл-
данған «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республи-
касын құру туралы» (1920 жыл, 26 тамыз) декреті;
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 29
2. Қазақ КСР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезі қабылданған ҚАЗ
ССР еңбекшілері правасының декларациясы (1920 жыл, 6 қазан);
3. 1921 жылы, 2 ақпандағы Қазақ АССР Халық Комиссарлар Советі
қабылданған «Қазақ, орыс тілдерін мемлекеттік мекемелерде қолдану
жөніндегі» декреті;
4. 1923 жылы, 22 қарашада қабылданған «Қазақ тілінде іс жүргізу ту-
ралы» деп аталатын Қазақ КСР Орталық атқару Комитетінің декреті;
5. 1924 жылы 18 ақпандағы Қазақ АССР-нің Орталық Атқару Коми-
теті қабылдаған Қазақстанның бірінші Конституциясы т.б.
Мұнан кейінгі жылдарда, яғни 1924 жылы КСРО-ның жаңа Конститу-
циясы қабылданып, онда тілдердің мəртебелері айқындалды, бірақ мұн-
да «мемлекеттік тіл» емес, «одақтас республикаларда жалпы қолданыла-
тын тіл» туралы айтылды, ал оның қандай мағына беретіндігі, қолданылу
аясы түсіндірілмей, жұмбақ түрінде қалды.
Соңғы жартығасырлық уақыт (1938-1987) аралығында «мемлекеттік
тіл» ұғымы республика жұртшылығының өмірінде көрініс бермейді. Бұл
тіл теңдігі мен ұлт тілдерін дамыту мəселесі сөз жүзінде сақталған, ал іс
жүзінде саналы түрде тежеуге бағытталған саясаттың белең алған тұсы
еді. Осы кезеңде не заң актілерінде, не ел Конституциясында заңды түр-
де мемлекеттік тіл ретінде жарияланбай-ақ орыс тілі КСРО аумағында
барлық өмір салаларында жеке дара «ұлы» тіл болып шыға келді. Бұған
белгілі дəрежеде түрткі болған 1938 жылдың 13 наурызындағы КСРО
Халық Комиссарлар Кеңесі мен БК (б) Орталық Комитетінің «Ұлттық
республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті түр-
де оқыту» жөніндегі қаулы болды. Қаулының мəтінін көріп отырғаны-
мыздай не жергілікті тілдерге қысымшылық көрсету жөнінде, не орыс
тілінің нақтылы мəртебесі туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, оның
күнделікті өмірде, білім беру саласында өзге тілдердің қызметінің жарты
ғасырға тежелуіне жəне онымен байланысты қалған өмір салаларында да
күйзеліске түсуіне əкелді. Осының ізімен дəл осындай, яғни орыс тілін
үйренуді міндеттеген арнаулы қаулылар 1948, 1961, 1978, 1983 жылдары
қабылданып, іс жүзіне асырылды. Бұл ұлттық тілдердің өз сөйлеушілері
үшін тастанды тілге айналуына, тіпті кейбіреулерінің мүлдем тіл ретін-
де жойылуына əкелді. Мысалы, Кеңес үкіметі орнаған кезде РСФСР-да
тұратын халықтар 193 тілде сөйлесе, 1937 жылғы көрсеткіш - 90. Ал 1988
жылғы дерек бойынша КСРО-да оқу процесі небəрі 39 тілде жүргізіліпті.
Сонда арадағы елу бір жылда 51 тіл жойылған екен.
Осындай қатты күйзеліске түскен тілдердің бірі – қазақ тілі. Қазақ
тілі бұрынғы Одақтағы өзге тілдер сияқты өзінің қызметін көптеген өмір
салаларында қысқартты, өз сөйлеушілерінің екінші тіліне айналып, тұр-
мыстық-отбасылық қатынасқа дейін ысырылды. Оған тағы бір себеп бір
сөзбен айтқанда Кеңес үкіметі мен Компартия жүргізген зорлап ұйымдас-
30 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тыру саясаты кезіндегі халықтың аштан қырылуы мен жөн-жосықсыз
өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға жаппай қоныстандырылуы еді. Соның
кесірінен қазақ тілі өз этникалық отанында көпұлттылық жағдайға душар
болды. Ұлтаралық қатынас құралы ретінде қазақтардың ықтиярынсыз
икемделген орыс тілі өз өктемділігін жүргізді. Ақырында қазақ тілінің
табиғи тілдік ортасы бұзылды. Қазақ жерінің солтүстігі мен орталығын-
да, күллі қалаларында қазақтың азшылық болып қалуы желеу етіліп, ана
тілі шет қақпай көрді. Мысалы, 1938-1985 жылдар аралығында қазақ
мектептерінің саны 4391-ден 2400-ге дейін азайған, басқаша айтқанда
елу жылға толар-толмас уақытта 1901 мектеп жабылған екен [2, 181 б.].
Бұл қазақ халқының тілдік мүддесі тіпті де ескерілмегенін көрсетеді.
Қазақ халқы есін жиып, 1986-1987 жылдардан бастап азаттық үшін
күреске шықты, ол тілден басталды десе де болғандай. Орталықтан те-
геурінді əкімшілдігіне төтеп беріп, ана тілін дамыту күн тəртібіне қо-
йылды. Осыған орай қазақ халқы зиялыларының талап етуі бойынша
1987 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР
Министрлер Советінің «Қазақ тілін оқып-үйренуді жақсарту туралы»
қаулысы қабылданды.
Мұнан кейінгі жылдарда КСРО-ның ыдырауы мен бұрынғы Одаққа
қараған республикалардың тəуелсіздік алуымен сол республикалардың
негізгі тілдері мемлекеттік тіл болып жарияланды. Кейбір республика-
ларда өз тілдерімен қоса орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретін-
де қабылдады. Мысалы, Қазақстанның 1989 жылғы Тіл заңында: «Қазақ
ССР-інде орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады.»,
-деп көрсетілсе, сол заңның екінші бабында: «Қазақ ССР-і орыс тілінің
мемлекеттік тілімен бірдей еркін қолданылуын қамтамасыз етеді», - деп
жазылды.
Бірақ қабылданған конституцияларда да, шыққан заңдарда да «мем-
лекеттік тіл» ұғымының түсініктемесі берілмеді. Айталық сол тұстағы,
яғни 1989 жылы өз тілдері мен орыс тілін қатар мемлекеттік тілдер
ретінде жариялаған Балтық жағалауы Республикаларының, Тəжікстан,
Украина, Белоруссия, Қырғыз, Өзбек, Қазақ Республикаларының тіл ту-
ралы заңдарынан мемлекеттік тілдің анықтамасын табу қиын. Дегенмен,
олардың əрқайсысынан көмескі түрде болса да мемлекеттік тілдің қол-
данылатын кейбір өмір салаларының тізімін аңғаруға болады. Мысалы,
Молдавия Конституциясының 70-бабына сəйкес қабылданған тіл заңын-
да Молдавияда мемлекеттік тіл – молдаван тілі деп жазылғаннан кейін,
оның түсініктемесі ретінде мынадай сипаттама берілген: «Государствен-
ный язык действует политической, экономической, социальной и куль-
турной жизни и функционирует на основе латинской графики», - делін-
ген. Ал Өзбекстанда өзбек тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялаған заң
бабында мемлекеттік тілдің өмір сүруі мен дамуындағы республиканың
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 31
міндетін айрықша атап көрсетеді. Ол заң бабында Өзбек ССР-і өзбек
тілінің республикадағы саяси, əлеуметтік, экономика жəне мəдени өмір-
де дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз етеді деп жазылған. Мемлекеттік
тіл туралы бұлардан сəл бөлектеу түсінікті Қырғыз заңы береді. Олар-
дың тіл туралы заңында мынадай тұжырым жасалады: «В качестве го-
сударственного языка киргизский язык является одним из символов го-
сударственного суверенитета Киргизской ССР и функционирует во всех
сферах государственной и общественной деятельности, в области эко-
номики, науки и техники, народного образования и культуры, общения
граждан республики». Ал қалған республикалардың заңдары осыларды
қайталайды, енді біреулерінде мұндай сипаттамалар да кездеспейді.
1989 жылдың басында «КСРО халықтары тілдері туралы» заңның
мəтінін даярлау мен талқылау басталды. Талқылау түрлі заң аспектілері
бойынша, оның ішінде көпшілік бөлігінің ана тілі болып табылатын
орыс тілінің заңдылық мəртебесі төңірегінде жүрді. Заң басынан бастап
оны жасаушылардың ойлауымен жəне солардың көзқарастарына сəйкес
сол уақыттағы іске асырылып отырған тіл саясатының органикалық ком-
поненті ретінде қарастырылды, оны тіпті аз мөлшерде де өзгертпеуді көз-
деді. Осы мақсатпен 1990 жылы 24 сəуірде қабылданған «КСРО халықта-
рының тілдері туралы» заңның 4-бабында орыс тілі КСРО аумағында
ресми тіл болып жарияланды. Бұл заңда да «мемлекеттік тіл» ұғымына
ерекше мəн бере қойған жоқ. Керісінше, ол «мемлекеттік тіл» термині-
не тағы бір ұғымды – «ресми тіл» терминін ендіріп, шатастырушылық
туғызды. Мұнда «ресми тіл» терминін «мемлекеттік тіл» терминінен
бөлектеп көрсетіп, былай деп түсіндірді: «... очерчивает определенную
сферу его применения как средства официальных отношений, процесса
государственной деятельности и межнационального общения» [6, 19 б.].
Орыс тілінің осы ресми тіл болу мəртебесі кейінгі кезеңдерде де еге-
мен мемлекеттердің заң құжаттарында əлі қолданыстан қалмай келеді.
Бұл қазіргі таңда өз тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялаған республи-
каларда көпшілік жағдайда «мемлекеттік тіл» жəне «ресми тіл» деген-
дердің бір мағынаны білдіретіндігі ескерілмейді, ара-жігінің алшақтанып,
бір-біріне қарсы қойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Қазақстан
Республикасының соңғы Конституциясының 7-бабында [7], Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы заңының 4-бабында: «Қазақстан Респуб-
ликасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі»,- деп айқын да анық жазылған
[8]. Ал орыс тілі жөнінде: «Мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті өзін-
өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолда-
нылады (5-бап)»,- делінген. Осыған қарап, оны ресми тіл деп танысақ,
бұл жөнсіз, əрі кереғарлық болады.
Шындығында, қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігіне дау жоқ. Ал
орыс тілінің Қазақстанда ресми тіл болуы екіталай. Өйткені, Конституция-
32 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
да, Тіл туралы заңда да қазақ тілінің мəртебесі сияқты орыс тілінің өзін-
дік мəртебесі көрсетілмеген (оның тек қолданылу аясы ғана анықталған).
Демек, Қазақстанның ресми тілі – орыс тілі деп көрсетілмеген соң оны
ресми тіл деп тану қалай болғанда да заңсыз əрекет.
Жалпы əлемдегі тілдік процеске назар аударсақ, онда «мемлекеттік
тіл» жəне «ресми тіл» дегендер өзара синоним сөздер ретінде ұғынды-
рылады. Əрине, «ресми тіл» терминінің «мемлекеттік тіл» терминіне
бөлектеніп қолданылатын сəттері де кездеседі. Мұндайда ол бір мем-
лекеттен тысқары елдер, мемлекеттер арасындағы келісілген тіл қыз-
метінде қолданылуы мүмкін. Мəселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының
жұмыс тілі деген сияқты т.б. Бұл екі терминнің бір мемлекет аумағын-
дағы қолдануына келсек, əлемдегі көптеген елдерде əлеуметтік маңы-
зы зор салаларда қолдануы үшін заңдастырылған негізгі тілді, көбінесе
«ресми тіл» деген атаумен беру қалыптасқан. Мысалы, Энциклопедия-
лық заң сөздігінде оған мынадай анықтама беріледі: «Государствен-
ный язык. См. Официальный язык» (Қараңыз: 87-б.). Официальный
язык – основной язык государства, используемый в законодательстве
и официальном делопроизводстве, судопроизводстве, обучении и т.д.
[9, 303 б.].
Ал біздің елімізде қазақ тілінің Конституциядағы мемлекеттік мəр-
тебесіне байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының
түсіндірме сөздігінде мынадай анықтама берілген: «Мемлекеттік тіл –
тұрғылықты халықтың жəне Қазақстан Республикасы азаматтарының ба-
сым көпшілігінің тілі» [10, 67 б.]. Дегенмен, мемлекеттік тілді мемлекет-
тің негізі ресми тілі, тұрғылықты халықтың жəне басым көпшіліктің тілі
деп анықтау жеткіліксіз. Өйткені мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болған
тілдің сол елдің əлеуметтік-коммуникативтік жүйесінде өзіндік орны
мен рөлі болу қажет. Сондықтан оған белгілі ғалым Б.Хасанұлы: «Госу-
дарственный язык - основной компонент социально-коммуникативной
системы определенного государства, выделенный в официальное поло-
жение в ранг государственного, являющийся обязательным к использо-
ванию всем населением на всей территории страны в различных сферах
жизни»,- деп анықтама беріп толықтырады [11, 36 б.].
Олай болса, Қазақстан Үкіметі мен Парламенті тəуелсіздік жағдай-
ына екінші бір тілдің (орыс тілінің) мемлекеттік тіл қызметінде қолда-
нылуын егемендік иесі Қазақстан халқының бірлігін бұзуға əрекет деп
бағалап, Тіл туралы заңды, оны жүзеге асыру шараларын халықаралық
нормаларға сəйкестендіруі қажет.
Осы жөнінде, яғни еліміздегі орыс тілінің қолданылу аясы туралы Қа-
зақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, төрағасы И.И.Рогов,
КеңесмүшелеріХ.Ə.Əбішов,К.Ж.Балтабаев,Н.В.Белоруков,С.Ф.Бычкова,
А.М.Нұрмағанбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
ҚР заңнамасындағы мемлекеттік тіл: мəні мен маңызы, қызметі 33
- өтініш субъектісінің өкілдері – Қазақстан Республикасы Парламенті
Мəжілісінің депутаттары М.Шахановтың, Е.Əбілқасымовтың, А.Айта-
лының,
- Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің өкілі – Қазақстан
Республикасының əділет вице-министрі С.П.Нұғымановтың,
- Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Тіл
комитетінің төрағасы Е.З.Қажыбектің,
- Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының өкілі – Қазақстан
Республикасы Бас прокуроры аппаратының басшысы Р.Қ.Сарпековтың
қатысуымен өзінің ашық отырысында өтініш субъектілерінің өкілдері
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Қазақстан
Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 4) тар-
мақшасына сəйкес мынадай мəселені түсіндіріп беруді сұрай отырып,
өздерінің ауызша түрдегі өтінішін мəлімдеді: «мемлекеттік ұйымдарда
жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде
қазақ тілімен тең қолданылады» деген Конституциялық норманы (Конс-
титуцияның 7-бабының 2-тармағы) орыс тілі екінші мемлекеттік тіл
болып табылады деп түсінген жөн бе?
Өтініште қойылған сұрақтардың мəн-жайына қарай Конституциялық
Кеңес мыналарды қосымша түсіндіру қажет деп санайды:
2. Мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті өзін-өзі басқару орган-
дарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген
конституциялық норма орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мəртебесі
берілетінін білдірмейді.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде Конституциялық жолмен ба-
янды етілуінен келіп шығатыны, қазақ тілі Қазақстан мемлекеттілігін
айқындайтын факторлардың бірі болып табылады, оның егемендігін
рəміздейді жəне Қазақстан халқының бірлігін білдіретін Республиканың
Конституциялық-құқықтық мəртебесінің элементі болып табылады.
Мемлекеттік тілдің жоғары саяси-құқықтық мəртебесі оның жа-
рия-құқық саласында қызмет етуінің айрықшылығы не басымдылығы
Конституцияда баянды етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкін екендігімен
расталады. Республика Президенті мен Парламенті Палаталары
төрағаларының мемлекеттік тілді міндетті түрде еркін меңгеруі; мем-
лекеттік рəміздерде тек қана қазақ тілінің пайдалануы; мемлекеттік
органдардың мөрлері мен мөртаңбаларындағы атаулардың, мемлекет-
тің егемендігін айқындайтын мемлекеттік белгілердің (шекара баған-
дарында, кеден атрибуттарында жəне т.б.) қазақ тілінде жазылуы;
мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
құқықтық актілері мен өзге де ресми құжаттарының мəтіндерін қағаз-
да жəне өзге де тасымалдауыштарда орналастырғанда, мемлекеттік
ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми тұлғала-
34 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ры көпшілік алдында сөз сөйлегенде; мемлекеттік органдар мен жер-
гілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми бланкілері мен басылымда-
рында; ұлттық валютада жəне өзге де мемлекеттік бағалы қағаздарда;
республика азаматының жеке басын куəландыратын құжаттарда,
мемлекет атынан берілетін өзге де құжаттарда, сондай-ақ мемлекет-
тік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметімен
байланысты өзге де салаларда қазақ тіліне басымдылық берілуі. Бұл
жазылғандар, Негізгі Заң қазақ тіліне жария-құқықтық маңыз бере
отырып, оның мəртебесінің үстемдігін көздейтіндігін айғақтайды
(Конституцияның 7-бабының 1-тармағы) [12, 5-6 бб.].
Мемлекеттік тіл – мемлекетпен байланысты туындаған саяси əрі
əлеуметтік лингвистикалық категория. Қандай да бір тілдің мемле-
кеттік тіл ретінде танылуы, дамуы қоғамның, мемлекеттің əлеуметтік-
экономикалық құрылымына, саяси күштерінің мүдделерінде, олардың
ұстанған ішкі, сыртқы саясаттарына, халықтың əлеуметтік-лингвисти-
калық бағыт-бағдарына байланысты болады. Демек, мемлекеттік тіл
дегеніміз – елдің барлық аумағында жəне түрлі өмір салаларында
қолданылуы баршаға міндетті болып табылатын, ресми жағдайы
мемлекеттік дəрежеде белгіленген, белгілі бір мемлекеттің əлеумет-
тік-коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті.
Əдебиет:
1 Государственная программа развития и функционирования языков в
Республике Казахстан на 2011-2020 годы». –Астана, 2012.
2 Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. –Алматы, 1992.
3 Абасилов А. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының сол-
түстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары,
оларды шешу жолдары. Филол. ғылымдарының кандидаты ғылы-
ми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Алматы, 1998. –132
бет.
4 Ferguson Ch.A.Language deveiopment. – Lpdh, 1973.
5 Большая Советская Энциклопедия. –Москва: Большая сов. Энци-
клопедия, 1953. Т.18.
6 Союз. 1990. № 19.
7 Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан,
1995. –96 бет.
8 Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Қазақстан Республи-
касының заңы //Егемен Қазақстан. 1997. 15 шілде.
9 Юридический энциклопедический словарь. –Москва, 1987.
10 Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. –
Алматы: Жеті жарғы, 1996.
11 Хасанов Б. Социально-лингвистические проблемы функциониро-
Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуал 35
вания казахского языка в Республике Казахстан. Автореф. дисс. док. –Ал-
маты, 1992.
12 «Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған,
1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қа-
былдаған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
тілдер туралы» заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына сəй-
кестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы»
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 8 ма-
мырдағы №10/2 қаулысына түсіндірме беру туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы №3 қосым-
ша қаулысы.
1.4 Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуал
Кез келген елде тілдің қызмет етуі қалыптасқан тілдік ахуалға, яғни
бір тілдің өмір сүру формаларының (сондай-ақ стильдерінің) немесе
белгілі бір географиялық аймақ не əкімшілік-саяси құрылымдағы ау-
мақтық-əлеуметтік қатынастағы жəне қызметтік əрекеттестік шегіндегі
тілдердің жиынтығына байланысты болады.
Тілдік ахуал мен тіл саясатын зерттеуге маңызды үлес қосқан ға-
лымдар: У.Стюарт, Ю.Д.Дешериев, Г.В.Степанов, А.Д.Швейцер, Л.В.Ни-
кольский, Б.Х.Хасанов, А.Орысбаев, Э.Д.Сүлейменова жəне т.б.
Тілдік ахуалды сипаттауда ғалымдар тілдің төрт ерекшелігін айқын-
дауды ұсынады:
- тарихи шарттылық (тілдің табиғи жағдайда қызметтік даму үдерісін-
де қалыптасуы, ұлттық жəне этникалық дəстүрлермен байланысы);
- қалыпқа түсу (тілде кодификацияланған грамматикалық жəне лекси-
калық нормалардың болуы);
- өміршеңдік (бұл ана тілім деп танитын ұжымның бар болуымен
анықталады);
- біркелкілік (тілдің негізгі сөздік қоры мен оның грамматикалық
құрылымы біртектілікке, тіпті тілдің ерте даму кезеңіне апаратындығы).
Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, олар тілдердің мынадай типтерін
бөліп көрсетеді: стандартты, классикалық, жергілікті, креольді, пиджин.
Тілдік ахуалды сипаттау үшін тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі
қызметін типологиялық белгі ретінде пайдаланады. Осыған байланысты
ол тілдің мынадай қызметтерін көрсетеді: ресми қызмет – тілді саясат
саласында жəне мемлекеттік басқаруда қолдану; топтық – тілді осы
немесе басқа этникалық не əлеуметтік мəдени топтың ішінде қолдану;
кең коммуникациялық – тілді мемлекет шегінде ұлтаралық қатынас
үшін lingua franca ретінде қолдану; білім берушілік – тілді халыққа білім
беру жүйесінде қарым-қатынас құралы ретінде қолдану; əдеби – тіл-
ді көркем əдебиетте қолдану; діни – тілді діни ғұрыптарды орындауда
36 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
қолдану; техникалық – тілді халықаралық ғылыми-техникалық əдебиет-
пен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қолдану [1].
Тілдік ахуал типологиясы сандық, сапалық жəне бағалауыштық бел-
гілерге құрылады. Сандық белгілерге жататындар:
-тілдік ахуалдың компоненті болып табылатын идиомалар саны (түрлі
тілдік құрылымдар – тіл, диалекті, говор, əдеби тіл жəне басқа да тілдің
өмір сүру формалары);
-зерттеліп отырған ареал тұрғындарының əрбір идиомаларындағы
сөйлеушілердің саны;
-нақты бір идиома қызмет ететін қатынас саласының саны;
-қызметі басым идиомалар саны.
Тілдік ахуалдың сапалық белгілеріне мыналар жатады:
-тілдік ахуалды құрайтын идиомалардың лингвистикалық сипаты
(əртүрлі тілдер немесе бір тілдің ішкі өмір сүру формаларының түрлері):
(біртілді жəне көптілді тілдік жағдаяттар);
-идиомалардың арасындағы құрылымдық-генетикалық арақатынас:
гомогендік жəне гомоморфты (туыстық жəне типологиялық ұқсастық)
тілдік жағдаяттар немесе гетерогенді жəне гетероморфты (туыстық емес
жəне типологиялық əртүрлі) тілдік жағдаяттар;
-идиомалардың қызметтік əралуандығы – идиомалардың теңсіздігі:
гармонды жəне дисгармонды тілдік жағдаяттар;
-мемлекет көлеміндегі басым қолданылатын идиомалар сипаты (мета-
лект – жергілікті жəне «импортталған»), көптілділік үшін: эндоглосты
жəне экзоглосты тілдік жағдаяттар.
Бағалау белгілері идиомаларға ішкі жəне сыртқы баға береді (диглос-
ты жəне диглосты емес тілдік жағдаяттар).
Əр елдің тілдік ахуалын зерттеу нəтижелері оларға белгілі бір фактор-
лардың əсер ететінін көрсетеді. Ол факторлар объективті жəне субъек-
тивті болып бөлінеді.
Объективті факторларға мыналар жатады:
-таза лингвистикалық факторлар: а) белгілі бір аумақтағы немесе
мемлекеттегі тұрғындардың лингвистикалық құрамы; ə) тілдер ара-
сындағы, говорлар мен диалектілер арасындағы материалдық жəне ти-
пологиялық ерекшеліктері;
-мəдени-тарихи факторлар: а) тұрғындардың материалдық жəне
рухани мəдениетінің бірлігі мен ерекшелігі; ə) аймақтағы немесе мем-
лекеттегі тілдердің əдеби дəстүрінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ
оның даму қарқыны;
-демографиялық факторлар: а) тілдердегі сөйлеушілер саны; ə) ұлт
пен халық өкілдерінің шоғыр қоныстануы; б) туу жəне өлім деңгейі;
-географиялық факторлар: а) физика-географиялық ландшафт, ə)
адамдар қатынасына кедергі жасайтын бөгеттер; б)ақпараттың та-
биғи жолының барлығы;
Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуал 37
-экономикалық факторлар: а) тауар-ақша қатынасының тууы;
ə) жергілікті нарықтың дамуы жəне олардың жалпыұлттық жəне
əлемдік нарықпен байланысы;
-əлеуметтік-тарихи факторлар: а) қоғамның таптық жікке бөлі-
нуі; ə) қоғамдық-экономикалық құрылым сипаты; б)тұрғындардың
жаппай көші-қоны; в) аймақтағы немесе мемлекеттегі тарихи өзгері-
стер [2].
Осы аталған барлық факторлар өзара байланысты жəне өзара шарт-
тасқан. Айталық, географиялық факторлар айтарлықтай дəрежеде лин-
гвистикалық, демографиялық жəне экономикалық факторларды ескереді;
экономикалық фактор демографиялық фактормен өзара байланысты, əрі
олардың екеуі де лингвистикалық факторға əсер етеді, ал ол өз кезегін-
де экономикалық фактордың күшеюіне жағдай жасайды. Бұдан басқа,
əлеуметтік-тарихи экономикалық, демографиялық жəне лингвистикалық
факторларға əсер етеді [2].
1-сурет. Тілдік жағдайға əсер етуші объективті факторлардың
өзара байланысы
Тілдік жағдайды тұрақтандыру мақсатында субъективті факторлар-
дың ықпалы зерттеледі: əлеуметтік (ұлт жəне басқа да этникалық топ
өкілдерінің өз тілінің даралығын ұғынуы) жəне соның негізінде тілдік
саясат қалыптасады.
Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуал экзоглосты, теңгерім-
сіз, диглосты жəне демографиялық əркелкілік ретінде сипатталады [3,
281 б.].
Э.Д.Сүлейменованың пікірінше: «Современные геополитические и
идеологические процессы обусловили изменение самой концепции го-
38 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
сударственности, в т.ч. участие этнонационального компонента в общес-
твенной жизни и государственно-политическом устройстве, с которым
связан всплеск и устойчивое развитие национального самосознания, ярко
выраженного стремления к развитию этнических языков и культур. Не-
маловажными факторами, способствовавшими успешности новой язы-
ковой политики, оказались изменения в казахстанском обществе, кото-
рые в значительной степени повлияли на этноязыковую панораму страны
и распределение языков в общем коммуникативном пространстве» [4].
2009 жылғы санақ бойынша Қазақстанда қазақтардың саны 10098,6
мың адамды (63,1%) құрайды. Қазақстан Республикасының тілдік ахуа-
лының қалыптасуы мен өзгеруінде қазақ халқының саны маңызды орын
алады.
Қазақтар санының динамикасына жасалған талдау əртүрлі тарихи
кезеңдерде қазақ халқының үлесі бірқалыпты болмағанын, оның қазақ
тілінің қызмет етуіне ықпал еткенін көрсетеді.
1-кесте. Жалпы халық санындағы қазақтардың салыстырмалы
саны (пайызбен)
1926 1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009
57,7 38,0 30,0 32,6 36,0 39,7 53,4 63,1
Қазақ тілінде сөйлейтін қазақтар санының өсуіне көші-қон процесі
себепші болды. Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2001-2010 жыл-
дарға арналған көші-қон Бағдарламасы бекітілгені белгілі. Этникалық
қазақтардың тарихи отанына келуіне квота бөлінген: 1999 ж. – 500 адам,
2003 ж. – 5 мың, 2004 ж. – 10 мың, 2005 ж. – 15 мың, 2006 ж. – 15 мың [5].
2-кесте. Көші-қон үдерісінің көрсеткіштері
Барлық 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005
этностар
Иммигранттар
Оның ішінде 41320 47442 53548 58211 65584 68319 74807
қазақтар 10909 17682 24727 31315 39409 47161 57850
Эмигранттар
Барлық этностар 164947 155749 141710 120223 73890 65530 52139
Оның ішінде 8258 7002 59603 5586 4356 3413 2892
қазақтар
Көші-қон саны
Барлық этностар -123627 -108307 -88162 -62012 -8306 -2789 22668
Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуал 39
Оның ішінде қа- 2651 10680 18824 25729 35053 43748 54958
зақтар
3-кесте. Халық санының өзгеру компонеттері
Жылдар Жыл Жалпы Жеке Көші- Жыл Жылдық
басындағы өсім өсім қон соңындағы жалпы
жалпы өсімі жалпы өсім, %
халық халық
саны саны
1990 16298,0 60,2 233,5 -173,3 16358,2 0,4%
1991 16358,2 93,5 218,9 -125,4 16451,7 0,6
1995 15956,7 -280,9 107,4 -388,3 15675,8 -1,8
2005 14901,6 -36,0 72,3 -108,3 14865,6 -0,2
2006 15074 144,5 121,8 22,7 15214,3 1,0
Жоғарыда көрсетілгендей, республикадағы тілдік ахуалға демогра-
фиялық үдерістер əсер етеді. Осылайша, тілдік ахуалды зерттеу қазақ-
стандық əлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі тілдің қызмет етуіне
нақтылы факторлардың əсер ететіндігін көрсетеді. Бұл Қазақстан Респуб-
ликасындағы мемлекеттік тіл мен өзге тілдерді дамыту бойынша іс-ша-
раларды жасауға жəрдемдеседі.
2009 жылғы халық санағының мəліметінен Қазақстан Республикасы
халқының санының өскенін, 16 004,8 мың адамды құрап, алдыңғы са-
нақпен салыстырғанда 1022,9 мың адамға көбейгенін көруге болады.
4-кесте. 2009 жылғы халық санағының қорытындысы (мың
адам)
Барлық халық Қалалық Ауылдық Ер адам Əйел адам
16004,8 8639,1 7365,7 7722,8 8282,0
Елдегі қалалық тұрғындардың саны - 54%, ауылдағылар – 46% құра-
ды, 1999 жылы олардың арақатынасы 56,45% жəне 43,55% құраған. Қала-
лық жəне ауылдық тұрғындарды аумақ бойынша бөлу мынадай болады:
Қала тұрғындары: Қарағанды – 77%, Павлодар – 67,9%, Ақтөбе – 61,1%.
Ауыл тұрғындары: Алматы – 76%, Солтүстік Қазақстан – 61,5%, Қы-
зылорда – 60,8 %, Жамбыл – 60,5%.
Ерлердің саны алдыңғы санақпен салыстырғанда 507,1 мың адамға
немесе 7%; əйел адамдардың саны – 515,8 мың адамға немесе 6,6 % кө-
бейген. Ер мен əйел адамдардың арақатынасы бойынша əйел адамдар-
дың үлесі (51,7%) ер адамдардан (48,3%) жоғары болған.
Соңғы екі халық санағының мəліметтерін салыстырсақ, қазақтардың
санақ аралығында 26,1% өсіп, 10098,6 мың адамды құрағанын көрсетті.
40 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Өзбектердің, ұйғырлардың саны 457,2 мың адамды құрап, 23,3% өскен.
Орыстардың саны 3797,0 мың адамды құрап, 15,3%, немістер 178,2 мың
адамды құрап, 49,65%, украиндер – 333,2 мың адамды құрап, 39,1%,
татарлар – 203,3 мың адамды құрап, 18,45%, басқа ұлттар – 714,2 мың
адамды құрап, 5,8% кеміген.
Елдің барлық тұрғындары ішінде қазақтардың үлесі – 63,1%, орыстар
– 23,7%, өзбектер – 2,8%, украиндар – 2,1%, татарлар – 1,3 %, немістер –
1,1%, басқа ұлттар – 4,5%-ды құрайды.
5-кесте. 1970-2009 жж аралығындағы Қазақстан Республикасы
тұрғындарының этникалық құрамының динамикасы
Ұлт 1970 1979 1989 1999 2004 2006 2009
мың % мың % мың % мың % мың % мың % мың %
адам адам адам адам адам адам адам
Өзбек- Ұйғыр- Татар- Белорус- Украин- Неміс- Орыс- Қазақ-тер тар тар 933 5522 4234 7,2 42,5 32,6 900 5991 5289 6,1 40,8 36,0 958 6228 6535 5,8 37,8 39,7 353 4480 7985 2,4 30,0 53,4 8550 433,5 231,4 229,1 92 444,7 222,5 3962 9008 1,5 25,9 58,9 333,2 178,2 3797,0 10098,6 1,1 23,7 63,1
57,2
4072
27,2
237
1,6
дер 858 6,6 898 6,1 896 5,4 547 3,7 469 2,9 2,1
3,2,
тер 198 1,5 181 1,2 183 1,1 112 0,7 409 223 232 96 0,5
2,7% 1,5% 1,6% 0,6
тер лар лар 216 121 288 1,7 0,9 2,2 263 148 313 1,8 1,0, 2,1 332 185 328 2,0 1,1 2,0 371 210 249 2,5 1,4 1,7 2,8 1,5 1,5 457,2 223,1 203,3 2,8 1,4 1,3
Қостілділік жəне мемлекеттік тілді меңгеру 41
Əдебиет:
1 Мечковская Н.Б. Общее языкознание. Структурная и социальная ти-
пология языков. Учебное пособие для студентов филологических и лин-
гвистических специальностей. – 2 изд. – М.:Флинта: Наука, 2001.
2 Чернышев В.А. Факторы складывания и изменения языковой ситуа-
ции // Проблемы изучения языковой ситуации в странах Азии и северной
Африки. – М.: Наука, 1970.
3 Словарь социолингвистических терминов. – Издание 2-е, дополнен-
ное и переработанное / Э.Д.Сулейменова, Н.Ж.Шаймерденова, Ж.С.Сма-
гулова, Д.Х.Аканова. Отв.ред. Э.Д.Сулейменова. –Алматы: Қазақ уни-
верситеті, 2007. –330 с.
4 Сулейменова Э.Д. Макросоциолингвистика. –Алматы: Қазақ уни-
верситеті, 2011. – 404 с.
5 Итоги национальной переписи населения Республики Казахстан
2009 года. Аналитический отчет. – Астана, 2011.
6 Казахстан за годы независимости. Информационно-аналитический
сборник. Подготовлен Агентством Республики Казахстан по статистике.
Под ред. Б.Т.Султанова. –Алматы, 2006.
1.5 Қостілділік жəне мемлекеттік тілді меңгеру
Қостілділіктің сипаттамасы, сондай-ақ оның компонеттерін құрай-
тын тілдердің лингвистикалық мəртебесі жайында əртүрлі пікірлер бар.
Қостілділік туралы ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері туралы
сыни талдау Б.Хасановтың еңбегінде берілген [1, 33-54 бб.]. О.С.Ахма-
нова қостілділікті: «Екі тілді бірдей еркін меңгеру; қарым-қатынастың
əртүрлі жағдайларында екі тілді алма-кезек қолдану, мысалы, жақын
диалекті мен əдеби тілді қолдану...» – деп жазады [2, 125 б.]. М.М.Ми-
хайлов билингвизм мен диглоссияны ажыратып, «билингвизм – тілдік
қарым-қатынастың екі түрлі генетикалық формаларын меңгеру» деп
санайды [3, 123 б.]. «Меңгеру» терминін пайдалану емес, қабілеттілік
ретінде түсіну керек; тілді меңгеру терминінің астарында «мəтінді құру
жəне түсіну дағдысы» деген меңзеу бар.
Қостілділік компонеттерінің бірін – ана тілі, екіншісін – үйренген
екінші тіл болып саналатын «тілдер ғана» құрайды. «Ана тілі» – əлеу-
меттік-этникалық немесе социолингвистикалық категория. Бірақ мұн-
дай түсінікті барлық зерттеулерден кездестіре бермейміз. Қостілділіктің
аталған компоненттерін ғалымдар əртүрлі тұрғыдан қарайды. Айталық,
М.Н.Губогло ана тілін психологиялық категорияға жатқызады, өйткені ол
«қанша, қашан, кіммен, не жайында, қаншалықты жиі, не себепті жəне
адам қаншалықты ұзақ сөйлесетіні, ол қай тілде жазады, оқиды жəне ой-
лайтыны емес, тілдің көмегімен белгілі бір ұлтқа немесе халыққа жата-
тынын көрсетеді». Сондықтан «ана тілі» ұғымының этнопсихологиялық
42 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
мəнін оны екі түрлі қарауға болады: оны əрі дербес этникалық көрсеткіш
ретінде, əрі этникалық сана-сезімнің құрамдас бөлігі ретінде қарау керек
[4, 263 б.]. Бұл жағдайда Д.И.Маринесконың тұжырымын қабылдауға бо-
лады, егер ана тілі көп жағдайда əлеуметтік-этникалық құбылыс ретінде
танылса, онда екінші тіл – ол əрқашан əлеуметтік құбылыс [5, 36 б.].
У.Вайнрайх қостілділікті «екі тілді алма-кезек қолдану тəжірибесі»
ретінде анықтайды, ол оны жүзеге асыратын тұлғаларды қостілділер деп
атайды [6]. Бұл анықтаманы көпшілік ғалымдар мақұлдағанмен, мұның
айналасында кең ғылыми пікірталас туындады жəне бұл анықтама
Э.М.Ахунзянов сияқты бірқатар ғалымдармен нақтыланды: «Ережеге
сəйкес, сөйлеу қарым-қатынасында адам нақты жағдайларда бір кодтан
басқаға ауысқанда, бір ұлттық тілден басқаға, ұлттық тілден диалектіге
немесе тайпааралық (ұлтаралық, халықаралық) қарым-қатынасқа ауыса-
тыны жөнінде айтылғанына қарамастан», қостілділіктің əркез өз орны бар
[7]. В.Ю.Розенцвейгтің пікірінше, «екі тілді меңгеру жəне олардың
екі түрлі қолданылуы қарым-қатынас жағдайына байланысты» жəне
«қостілділіктің астарында əдетте екі тілді меңгеру жəне қарым-қатынас
жағдайына байланысты бірінен біріне үнемі ауысып отыру түсініледі»
[8, 4 б.], [9, 9 б.].
Осылайша, біз қостілділікті Б.Х.Хасановтың ізімен «бір этнос өкіл-
дерінің гетерогенді социумда екі тілдің синхронды (ауыспалы немесе
аралас) қолданылуы» деп түсінеміз [10, 15 б.].
Екінші тілді үйренуде интерференция мен интеркаляция процестері
байқалады. Қазақстанда интерференция мен интеркаляция мəселелеріне
А.Е.Карлинский, М.М.Копыленко, М.К.Исаев, Б.Хасанұлының жəне т.б.
еңбектері арналған.
А.Е.Карлинскийдің ойынша, интерференция – екі тілдік жүйенің қыз-
меті, түйістірілген тілдердің субстанционалды құрамына байланысты
болатын сапа мен мөлшер. Əдетте лингвистер тілдік бірліктер мен олар-
ды дұрыс қолдану ережелерінің арасындағы айырмашылықтарын нор-
мадан ауытқу деп түсінеді, бірақ нақты билингвте сол қоғамда білім, Т2
саласында ептілік пен икемділікті орындайтын тілдердің əлеуметтік қыз-
метін есепке алмайды [11, 97 б.]. М.К.Исаевтың тұжырымынша, «жасан-
ды (аудиториялы) жағдайларда, əсіресе табиғи жағдайларда тікелей бай-
ланыста болатын тілдерді контрастивті зерттеу теориясы жəне тəжіри-
белік жағынан едəуір орынды, перспективті болып табылады» [12,12 б.].
Б.Хасанов интерференция мəселесін ғана емес, интеркаляция жəне оның
көріну сипатын бөліп қарайды. Оның ойынша, «бұл екі бағытты терең
зерттеу барысында бүтін бір əлеуметтік құбылыстың қосбірлікті про-
цесінің – қостілділіктің мəселесі шешілуі мүмкін» [10, 47 б.].
Э.Д.Сүлейменованың пікіріне сүйенсек, кеңес кезінде Қазақстанда
қостілділіктің дамуы «көптеген жылдар бойы қостілділік кезінде ана
Қостілділік жəне мемлекеттік тілді меңгеру 43
тілін сақтау, алмастыру жəне жоғалту бүркемеленіп келді. Керісінше,
орыс тілімен байланыста болатын тілдерді байыту міндетіне ерекше
көңіл бөлінді... Қостілділіктің əлеуметтік-қызметтік талдауы көбінесе
тілдік түсінік пен ұлттық сана-сезім сияқты өте маңызды факторлардың
есебінсіз жүзеге асты» [13, 57 б.].
Екінші тілді, демек басқа мəдениетті меңгеру процесін зерттеу бары-
сында мəдениаралық қарым-қатынас процестерін үйрену маңызды бо-
лып саналады. Е.Ф.Тарасов: «мəдениаралық қарым-қатынас əртүрлі мə-
дениет иелерінің (жəне əдетте түрлі тілдердің) қатынасуы ретінде түсіну
орынды. Метафораның көмегімен «ұлттық мəдениет иесі» əдетте белгілі
бір ұлттық мəдениетті «иемдену» барысында қалыптасқан адам санасы-
ның сапасын көрсетеді», – деп тұжырымдайды. Когнитивті психологияда
осы сананың сапасының аясында мынаны ескереді: 1) сезім мүшелерінен
алынған естілім мəліметтерін қайта өңдеу барысында тұжырымдалған
естілім білімі; 2) ойлау əрекеті үстінде қалыптасқан, естілім мəліметтері-
не тікелей сүйенбейтін тұжырымдамалық білім; 3) естілім жəне тұжы-
рымдамалық мəліметтерді қолданудың жүйелілігі мен əдістерін сурет-
тейтін рəсімді білім [14, 4 б.].
Қазіргі кезде мəдениетаралық байланыс жеке лингвистиканың ғана
емес, маңыздысы, тұтасқан тəртіп нысаны: психолингвистиканың, социо-
лингвистиканың, когнитивті психология мен когнитивті лингвистиканың
зерттеу нысаны екеніне ғалым баса назар аударады. Мəдениетаралық
байланысты зерттеудің қазіргі кезеңін лингвистиканың дəстүрлі ныса-
нын талдаудың жаңа кезеңі негізінде қарауға болады: талдау нысанының
өзі күрделеніп, өзгерді (мəдениетаралық байланыстың сан алуандылығы,
қарқындылығы, көлемі өсті), зерттеу жабдығы өзгерді (коммуникативтік
тəсілдеме, нейрофизиологиялық функционализм, компьютерлік метафо-
ра, адамның есте сақтауы туралы, сөйлеуді қабылдау мен қайта өңдеу
процестері туралы жаңа тереңдетілген білім). Мəселен, өткен жүзжыл-
дықтың аяғындағы лингводидактикалық зерттеулерде заттар мен құ-
былыстардың оларды айыратын белгілерін ұғыну нəтижесінде біртұтас
тікелей сезімдік бейнелеу ретінде түсіндірілетін қабылдау жөніндегі пси-
хология мəліметтерін қатыстыру жеткілікті болды [15, 53 б.].
Қазіргі кезде екінші тілді меңгеруде когнитивті психология мен ког-
нитивті лингвистиканың мəліметтерін қолдану өзекті болып барады.
Когнитивті психологияда «қабылдау əлемді пассивті пайымдау емес,
бірақ қоршаған ортамен белсенді əрі жанды арақатынас» болып бел-
гіленген, ол «адамның ортаға бейімделуі жəне оның өмір сүруі, яғни қа-
жетті ақпарат жəне пайдалы мағлұмат ағымынан алуға бағытталған»...
Қабылдау туралы үйренудің маңызды бөлігі қабылдаудың жаңа сапаны
тудыратыны жайындағы ой болып табылады, өйткені «қабылдаудың өзі
басқа қызметтердің жүйесінде іске асады», яғни заманауи жетік ересек
44 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
адамда зеректік құрылымы жəне оның барлық ұйымы сенсорлық түй-
сіктің санасыз классификациясының процестерімен ғана емес, əлемнің
категоризация жəне концептуализация процестерімен тығыз байланыста
болады [16]. Бұдан басқа, өзге ұлттық мəдениеттік сананы талдау бары-
сында жат ұлттық мəдениетті қабылдау механизмі туралы кейбір бол-
жамдардан шығатыны орынды екенін ескеру керек.
Е.Ф.Тарасов бойынша, автордың эпирикалық енгізілген бақылауы
жат мəдениеттің «нормадан қабылданбағаны» ретінде түсініледі, соның
негізінде өз мəдениеті қалыпты болып саналады да, өз мəдениет кейпіне
бөтен сананың бейнесін əкелу жолымен жат мəдениет аңғарылады [14].
А.А.Залевская тіларалық жəне мəдениетаралық ғылыми іздеулер тео-
риясын дамыта отырып, лингвистикалық теориядан қажетті талаптарға
жауап беретін психолингвистикалық ғылыми тəсілге ауысу қажет деп са-
найды. Аталмыш тəсіл жалпы білім теориясының бөлігін құрайтын жеке
білімнің ерекше тұжырымына негізделу керек.
Жеке білім тұжырымдамасында: 1) сөйлеу-ойлау жəне басқа да əре-
кеттердің активті субъектінің мүлкі ретіндегі жекеше білім; 2) аса үлкен
жүйелердегі психологиялық əрекет пен арақатынас заңы бойынша бел-
гілі бір лингвомəдениет қауымдастығында қолданылатын жəне қалып-
тасқан бірлескен ұйымдық білім-уайым (знание-переживание); 3) ұжым-
дық білім ұғымының тек бөлігін ғана суреттейтін əртүрлі қызметтегі
адамдардың өнімдерінде «тіркелген» ұжымдық білім сараланған [17].
Бұған теориялық тұрғыда жету үшін, референцияның психолин-
гвистикалық тұжырымын жасау қажет. Тұжырымда əлемнің жеке
көрінісінің қалыптасуындағы түрлі типтердің белгілерінің рөліне ерек-
ше көңіл аударылған, оның əмбебап жəне ерекше мəдени сипаттамасы-
мен бірге, сондай-ақ категоризация, метафоризация процестерінде, мə-
денитаралық байланыс кезінде өзара түсінушілік пен түсіну, аударма
қызметінде жəне т.б. Сонымен қатар игеру теориясының сұрақтарын
жасау жəне жеке тұлғаның қолданатын стратегиясы мен қызметіне сəй-
кес жетістікті қамтамасыз ететін немесе сол не басқа типті «жаңылуға»
əкелетін тірек элементтерін үйренуге сүйенетін екінші мəдениет пен тіл-
ді пайдалану сияқты теориялық зерттеулердің маңызды бағытын ескеру
керек [17].
Осылайша, когнитивистер мен психолингвистер ұсынған тіларалық
байланысты үйрететін əдістер тілді үйренудің заманауи теориялық не-
гізін байытады, демек оларды үйрену мен қорыту келешекте өзекті бо-
лып табылады.
Əдебиет:
1 Хасанов Б.Х. Казахско-русское двуязычие (социально-лингвистичес-
кий аспект). −Алма-Ата, Наука. 1987.
2 Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. −М. 1966.
Тіл, ұлт жəне мемлекеттік тіл: қызметтік ерекшеліктері 45
3 Михайлов М.М. Об изучении двуязычия // Язык и общество. −М.:
Наука, 1968.
4 Губогло М.Н. Современные этноязыковые процессы в СССР. −М. 1984.
5 Маринеску Д.И. Двуязычие фактор сближения социалистических
наций и народностей. −Кишинев. 1975.
6 Вайнрайх У. Языковые контакты. Состояние и проблемы исследова-
ния. −Киев: Вища школа, 1979.
7 Ахунзянов Э.М. Двуязычие и лексико-семантическая интерферен-
ция. −Казань: Из-во Казан. ин-та, 1978.
8 Розенцвейг В.Ю. Языковые контакты Лингвистическая проблемати-
ка. −М.: «Наука». Ленингр. отд-ние,1972.
9 Розенцвейг В.Ю. Основные вопросы теории языковых контактов //
Новое в лингвистике −М.: Прогресс, 1972. Вып. 6.
10 Хасанов Б.Х. Социально-лингвистические проблемы функциони-
рования казахского языка в Республике Казахстан. АДД. −Алма-Ата, 1992.
11 Карлинский А.Е. Язык и сознание: речь и мышление (к вопросу
о предмете когнитивной лингвистики) // Мир языка: Материалы вто-
рой международной научно-теоретической конференции, посвященной
80-летию профессора М.М.Копыленко. − Алматы: КазГУМО и МЯ, 2001.
12 Исаев М.К. Лингвоконтрастивное исследование речевой деятель-
ности в условиях искусственного двуязычия. АДД. −М.,1992.
13 Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастив-
ной лингвистики. −Алма-Ата: Демеу, 1992.
14 Тарасов Е.Ф. Межкультурное общение – новая онтология языково-
го сознания // Этнокультурная специфика языкового сознания. Сборник
статей / Отв. ред. Н.В.Уфимцева. − М., 2003.
15 Еникеев М.И. Психологический энциклопедический словарь. −М.,
2006.
16 Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Крат-
кий словарь когнитивных терминов/ Под общей редакцией Е.Е. Кубря-
ковой −М. МГУ, 1996.
17 Залевская А.А. Вопросы теории и практики межкультурных иссле-
дований //Этнокультурная специфика языкового сознания. Сборник ста-
тей / Отв. ред. Н.В.Уфимцева. −М., 2003.
1.6 Тіл, ұлт жəне мемлекеттік тіл: қызметтік ерекшеліктері
Адамдардың ұлттық-тілдік ұстанымы тілдің этникалық қызметінің
жүзеге асуы үдерісінде көрініп сипатталуы мүмкін, тілдің этникалық
қызметінің бірнеше жеке түрі бар, нақтырақ айтсақ: этношоғырланды-
рушы (этноконсолидирующая), этноажыратушы (этнодифференцирую-
щая) қызметі бөлініп көрсетіледі. Тілдің этношоғырландырушы қызметі
– адамдарды бір этносқа біріктіретін қызмет, бұл тілді қолданумен емес,
46 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
«адамдардың тілге қатысымен, ұлттық-мəдени идеологиямен» жасалады
[1, 24 б.].
Ұлтты сақтау факторы ретіндегі тілдің қызметі лингвомəдени қа-
уымдастықтың пайда болуынан немесе адамдардың лингвистикалық
тепе-теңдігінде көрінеді. Т.Г.Стефаненконың пікірінше, тілдің бірлігі
қызмет ету үдерісіне мүмкіндік береді, этникалық бірлік аясында əрекет
жасауға көмектеседі [2].
Тіл аумақ пен мəдениет ортақтығымен бірге ұлттың қалыптасуының
қажетті шарты болып табылады [3]. Дəл осы тіл ортақтығы, аумақ ор-
тақтығы этникалық қауымдастықтың сəйкестенуіне мүмкіндік жасайды,
мұнда тілдің этноинтегралдау қызметі көрінеді. Сонымен бірге тіл бір
ұлтты басқа ұлттан бөлектей отырып, этнодифференциялаушы қызмет
атқарады. С.Арутюнов тілдің этноанықтаушы ретіндегі рөліне айрықша
мəн беріп, оның этнодифференциялық қызметіне көңіл аударады: «тіл,
асып кеткенде, кəдуілгі сана дəрежесінде, ұлттың автостереотипі жəне
сол ұлт туралы ұғым дəрежесінде. Көптеген жағдайларда ұлтты анықтай-
тын ең маңызды жəне бұрынғы барлық белгілері бойынша оның көр-
шілері болып табылады» [3, 142 б.].
Тілдің этнодифференциялаушы рөлі əр тірі тілге қандай да бір ұлттың
сəйкес келуі арқылы, өзіндік жəне тəуелсіз идиома ретіндегі сол тілдің
алғашқы ресімдеуі байланысқан этногенезбен көрінеді. А.Г.Агаев тілдің
этнодифференциялық қызметі туралы емес, этникалық белгі ретіндегі
тілдің қызметі туралы айту керек деп санайды [4]. Сонымен бірге этни-
калық белгі қызметін тіл ортақтығы емес, этникалық межелеу қызметін
атқаратын жəне басқа тілдерден əлсіреген тілдің өзі атқарады. Бұл этно-
интеграциялаушы жəне этнодифференциялаушы екі қызмет бір-бірін то-
лықтырады, өйткені ұлттардың ішкі этникалық бірігу қызметін тіл оның
басқа қызметі – этнодифференциялаушы немесе этникалық межелеу қыз-
меті арқылы орындайды.
Э.Бенвенисттің айтуынша, жеке адам мен қоғам өзара байланысты
құбылыс сияқты, əрі тіл арқылы туындайды, өйткені қарым-қатынас
кезінде адам қоғамдық мəн ала отырып, қоғам меншігіне айналады,
ал қоғам өз кезегінде тілдің өзінің дамуына мүмкіндік туғызады: «дəл
осы тілде жəне тіл арқылы жеке адам мен қоғам бір-бірін өзара де-
терминдейді (анықтайды)» [5, 27 б.]. Сондықтан тіл мен қоғам – бір-
бірін детерминдейтін өзара байланысты құбылыс, онда тілдің қызмет-
терін жəне əлеуметтенудің тілдік қызметі, жекеленудің тілдік қызметі,
байланыс орнататын (нақты) тілдік қызметі, метатілдік (қоғамдағы
адамдардың өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін) жəне басты қыз-
мет – коммуникативтік қызметі сияқты қоғамға қатынасы бойынша
көрсету орынды.
Тіл, ұлт жəне мемлекеттік тіл: қызметтік ерекшеліктері 47
Əлеуметтену қызметі адамның қоғамда бейімделуіне мүмкіндік туғы-
затын, қоғамдық-тарихи тəжірибені меңгеруге көмектесетін, рухани-
тəжірибелік əрекетті орындау үшін қажетті тіл арқылы адамдардың
қарым-қатынасы барысында өзекті болады. Бұл қызмет бір мезгілде социо-
құрушы жəне қоғамдастыратын болып табылады, өйткені Э.Бенвенист-
тің тұжырымынша, адамдарды біртұтастыққа біріктіре отырып, «тек тіл
ғана қоғамға тіршілік мүмкіндігін береді» [5, 86 б.].
Социоайырғыш қызметінің мəні тіл этнодифференциялаушы қыз-
метін орындай отырып, бір ұлтты басқа ұлттан бөліп тастауға құрылған.
Тіл ортақтығы қоғамды бір лингвомəдени қауымдастыққа шоғырлан-
дырады, Э.Сепирдің айтуы бойынша, ана тілі сол тілде сөйлейтін бар-
лық əлеуметтік тілектестіктің нышаны ретінде қызмет етеді, сондықтан
дұрыс пікір болып табылады [6].
В.фон Гумбольдт адам сөйлей отырып, өзінің рухани туыстығын
көрсетеді, өзі сияқты сөйлейтіндерді басқаша сөйлейтіндерден дара-
лайтынын жазады. Бүкіл адамзатты екі тапқа – өзінікі жəне бөтендікі
деп айыратын бұл барша ерекшелік алғашқы қоғамдық байланыстың
негізі [7]. Қоғамдастыру қызметімен біруақытта тіл қоғамның əр жеке
мүшесінің жекелену қызметін атқарады, сондықтан В.фон Гумбольдт-
тің «оның табиғатының терең мəнінде алуан түрлі жекелікке арналған
құрал болуға мүмкіндік жасайтын» пікірі дұрыс болып табылады [7,
165 б.].
Н.Б.Мечковская мемлекеттік (ұлттық) тіл заңды түрде мемлекеттік
немесе ресми тіл мəртебесін иеленеді немесе нақты түрде бір елдегі
негізгі тіл қызметін атқаратынын айтады. Бірнеше тілді социумда, бұл,
əдеттегідей, басым көпшіліктің тілі (мұның айтылғандардан өзгешелікте
болатын жағдайлары да бар. Мысалы, 1) хинди жəне Үндістандағы оған
жақын урду тілі; 2) тай (сиам) тілі – Тайландтың ресми тілі, тұрғындар-
дың саны 50 млн-нан аса адам болғанмен, 26 млн адамға ана тілі болып
табылады; 3) Грузиядағы грузин тілі (елдің мемлекеттік тілі, грузин тілі-
нен басқа осетин тілі, абхаз тілі, мегрель тілі, лак тілі, сван тілі, орыс тілі,
армян тілі, əзірбайжан тілі қолданылады); 4) Литвадағы литва тілі жəне
т.б. Моноұлттық мемлекеттегі (жапон, польша, венгр жəне т.б.) негізгі
тілдің қарым-қатынастық дəрежесі де осындай [1].
Мемлекеттік тіл ерекше саяси-құқықтық мəртебесі бар, белгілі бір
мемлекет аумағында таралған тіл ретінде анықталады; мемлекеттік жəне
қоғамдық өмірдегі барынша маңызды қызметтерді атқаратын максимал-
ды қоғамдық қызметтегі тіл; мемлекеттің рəміздері (ту, елтаңба, əнұран)
сияқты тəуелсіз мемлекеттің лингвистикалық егеменділігінің негізгі бел-
гісі, мемлекет Конституциясымен жəне тілдер туралы заңмен заңды түр-
де бекітіледі [8, 59-60 бб.].
48 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
К.М.Əбішева қазіргі кезде мемлекеттік тіл - қазақ тілін кең қолданыс-
тағы тілдер категориясына толық түрде жатқызуға болатынын айтады.
Оған оның ұлттық əдеби тіл, сондай-ақ ұлттық тіл қызметін атқаратын
жағдайы негіз бола алады. Қазақ ұлттық əдеби тілінің қызметтері мыналар:
-ұлтты біріктіру қызметі;
-ұлттық этномəдени компонентті таныту жəне ұлттық мəдениетті
сақтаушылық қызметі;
-сəйкестендірушілік қызметі;
-ұлтаралық қатынас, басқару салаларына жатпайтын қоғамдық
өмір салаларындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі əмбебаптық қыз-
меті.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде ұлтаралық қарым-қатынас қыз-
метін (көпэтникалық ортаға енген қызметі); халықаралық қарым-қаты-
нас тілі қызметін (ғаламдық ортаға енгізілген қызметі); басқару жəне
əкімшілік қажеттіліктер тілі қызметін (реттеуші); ғылыми-техникалық,
қоғамдық-саяси ақпаратты сақтау жəне жинау тілі қызметін (макро-ак-
кумуциялық; аккультуративті бағытталған қызметі) сияқты бір-бірін то-
лықтыратын қызметтерді атқарады [9, 292-293 бб.].
Сонымен қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде басым қызметтегі тіл бо-
лып табылады жəне оның əлеуметтік қызметінің болашақта дамуын қа-
растыру өзекті жəне зерттеуді қажет етеді.
Əдебиет:
1 Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. –М.: Аспект–пресс, 2000.
2 Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. –М. 2003.
3 Арутюнов С. Этнические процессы и язык// Введение в этнолинг-
вистику: Курс лекций и хрестоматия. – СПб.: Изд-во С.-Петерб. Ун-та,
2001.
4 Агаев А.Г. Функции языка как этнического признака // Язык и об-
щество. –М. 1967.
5 Бенвенист Э. Общая лингвистика. –М.: Прогресс, 1974.
6 Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культуре. –М.: Про-
гресс, 1993.
7 Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. –М., 1984.
8 Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж. Словарь социолингвистичес-
ких терминов. –Алматы, Қазақ университеті, 2002.
9 Абишева К.М. Социально-языковая контактология. –Алматы:
Ғылым, 2001.
Мемлекеттік тіл – ҚР-ның əлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде 49
қостілділіктің сыңары
1.7 Мемлекеттік тіл ─ Қазақстан Республикасының əлеумет-
тік-коммуникативтік кеңістігіндегі қостілділіктің сыңары
Қоғамдағы тілдік үдерістер əлеуметтік лингвистиканың тіл саясаты
жəне тілдік құрылым сияқты категорияларымен тығыз байланысты. Тіл
саясаты – ұлттық саясаттың бөлшегі. Ю.Д.Дешериевтің айтуынша, тіл
саясаты қоғамның тілге саналы əсер етуінен туындайтын категорияға жа-
тады жəне түрлі əлеуметтік жəне идеологиялық қағидаттарға негізделеді.
Ол «сол не басқалай идеологиялық жүйе мен мемлекеттің тілдердің қыз-
мет етуіне, дамуына жəне өзара арақатынасына, халықтың (халықтар-
дың) өміріндегі рөліне саяси, теориялық жəне тəжірибелік қатынасын
анықтайтын идеологиялық жəне əлеуметтік қағидаттардың (кең мағына-
да) байытылған көрінісі» болып саналады [1, 255 б.].
Білім саласын дамытудағы тіл саясатының қағидаттарын жүзеге
асыруда нақты бір: көпұлтты немесе бірұлтты мемлекет, мемлекеттік
құрылым түрі, тұрғындардың əлеуметтік жіктелімі т.б. жағдайдағы оқу
тілі жəне тілдерді оқыту туралы мəселенің шынайы шешілу мүмкінді-
гін ескеру керек. Біріншіден, оқу тілін таңдауда сол тілде сөйлейтін ха-
лықтың саны, қоныстану тығыздығы, тарихи жазу дəстүрінің болуы не-
месе болмауы ескеріледі; екіншіден, екінші немесе үшінші тілді оқыту
мəселесі, бұл кейде саяси, идеологиялық проблемаға айналады. [1, 261
б.].
Қазіргі көптеген одақтас республикалардағы ұлттық-орыс қостілділі-
гінің дамуы - кеңестік тілдік құрылыстың нəтижесі. Ю.Д.Дешериевтің
айтуынша, «тілдік құрылыс» термині Кеңес билігінің алғашқы кезеңінде
пайда болған «кеңестік құрылыс», «партиялық құрылыс» жəне т.б. тер-
миндерінің кең таралуына байланысты туған». ... «Əлеуметтік, əлеумет-
тік лингвистикалық ұғымдары сияқты тілдік құрылыс та идеялас саяси,
ғылыми-ұйымдық, ғылыми, əкімшілік-шаруашылық, қаржылық, мəде-
ни-ағартушылық іс-шараларды қамтыды» [1, 264-265 бб.].
Тілдік қатынас жəне қостілділік проблемалары шетелдік жəне отан-
дық лингвист-ғалымдардың (У.Вайнрайх, В.Ю.Розенцвейг, М.Н.Губог-
ло, М.М.Михайлов, Д.И.Маринеско, Э.М.Ахунзянов, Э.Д.Сүлеймено-
ва, Н.Ж.Шəймерденова, А.Е.Карлинский, М.К.Исаев, З.К.Ахметжано-
ва жəне т.б.) еңбектерінде қарастырылған. Қостілділік проблемасына
Б.Х.Хасановтың монографиялық жұмысы арналған.
У.Вайнрайх қостілділікті екі тілді алма-кезек қолдану тəжірибесі
ретінде анықтайды, ол оны жүзеге асыратын тұлғаларды қостілділер деп
атайды [2].
Э.Д.Сүлейменова, Н.Ж.Шəймерденова, Ж.С.Смағұлова, Д.Х.Ақано-
ваның «Əлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігінде» қостілділік-
тің мынадай түрлері берілген:
50 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
- жеке қостілділік – белгілі бір халықтың жеке мүшелерінің екі тілді
білу əрі қолдануы жəне жаппай қостілділік – халықтың көпшілігінің екі
тілді білуі əрі қолдануы;
- аймақтық қостілділік – елдің белгілі бір аймағындағы тұрғындар-
дың екі тілді білуі əрі қолдануы жəне ұлттық қостілділік – сол ел халқы-
ның екі тілді білуі əрі қолдануы;
- табиғи қостілділік – осы тілдерді қолдаушылардың тікелей өзара
əрекетінің салдары ретінде екі тілді білуі əрі қолдануы жəне жасанды
қостілділік – екінші тілді үйренуге арнайы жəне əдейі жасалған шарттар-
дың салдары ретінде екі тілді білуі əрі қолдануы;
- таза немесе үйлестірілген қостілділік – екі тілдің əрқайсысы би-
лингвте бөлек жүйе ретінде болады, аралас қостілділік – екі тіл бір жү-
йеде бірігеді, субординативті қостілділік – екінші тілді меңгерудің бастап-
қы сатысы, оның бірліктері өзінің мағыналық базасын азайтып, бірінші
тілдің бірліктерімен арақатынаста болады.
- қосымша қостілділік – билингв біріншідегі тілдік құзыретті жоғалт-
пай, екінші тілді қолданады жəне орнын басатын қостілділік – билингв
екінші тілді меңгергеніне қарай біріншідегі құзыретті жоғалтады;
- функционалды (мəдени) қостілділік – екі тілді бір халық қолдана-
ды, сонымен бірге біреуі – этностық тіл, басқасы – арнайы қызметтерде
немесе қарым-қатынастың ерекше жағдайларында қолданылатын этнос
үстіндегі тіл жəне этникалық қостілділік – бір социумда екі тілдің қол-
данылуы сол тілдерде сөйлейтін екі халықтың арақатынасымен немесе
бір халықтың екі тілді қолдануымен байланысты болады [3, 64 б., 239 б.,
231 б.].
Қазақстан Республикасының əлеуметтік-коммуникативтік кеңістігін-
де қостілділік пен көптілділіктің тілдік үрдістері байқалады. Оның ішін-
дегі көбірек таралғаны қостілділік болып саналады. Ұлттық-орыс қостіл-
ділігімен қатар ұлттық-қазақ қостілділігінің дамуы қалыптаса бастады.
Бұл егеменді Қазақстанның кеңістігінде мүмкін болды. Мемлекеттік тіл
ұлттық-қазақ қостілділігінің құрамдас бөлігі болды.
Мемлекеттік тіл ерекше саяси-құқықтық дəрежесі бар, белгілі бір
мемлекет шекарасында таралған тіл ретінде анықталады; мемлекет-
тік жəне қоғамдық өмірде ең маңызды қызметін атқаратын максимал-
ды қоғамдық қызметтегі тіл; тəуелсіз мемлекеттің лингвистикалық
егемендігінің негізгі белгісі, мемлекеттік рəміздермен (ту, елтаңба,
əнұран) тең дəрежеде, мемлекет Конституциясында жəне Тілдер тура-
лы заңдарда заңды түрде бекітіледі [3, 59-60 бб.]. Қазақстан Республи-
касына тілдік жағдай экзоглосты, балансталмаған, диглосты жəне де-
мографиялық айнымалы ретінде сипатталады [3, 281 б.]. Тілдік жағдай-
дың қалыптасуына тарихи, экономикалық, саяси, географиялық сипат-