Мемлекеттік тіл – ҚР-ның əлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде 51
қостілділіктің сыңары
тағы түрлі факторлар əсер етеді. Социумда өмір сүретін этностардың
саны тілдік ахуалға ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.
Қазақ қоғамының тарихында орын алған өзгерістер Қазақстан Респуб-
ликасының əлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіндегі тілдік қатына-
сында басым болған қазақ жəне орыс тілдерінің əлеуметтік қызметіне
əсер етті.
2009 жылғы халық санағының мəліметі бойынша [4], Қазақстан Рес-
публикасында 125 этнос пен диаспора өкілдері мекен етеді, тұрғын-
дардың саны 16 004,8 мың адамды құрайды. Солардың ішінде ең көбі 7
этнос болып табылады. Жалпы халық санының ең көп мөлшерін 63,1%
қазақтар мен 23,7% орыстар құрайды. Басқа этностар мен этникалық
топтардың үлесіне республиканың 13,2% тұрғыны тиесілі. Қалалық
жəне ауылдық жерлерде этникалық айырмашылық айрықша айқын
байқалады. Тұрғындардың этностық құрамы жағынан қалада жəне
ауылдық жерлерде қоныстануы бойынша былай сипатталады: қалалық
жерлерде қоныстанған барлық халықтың 47,9% қазақтар, 72,8% орыс-
тар, 74,6% татар, 55,8% украин, 50,1% немістер, 42,7% ұйғырлар,
83,8% корейлер, 27,8% түріктер, 48,8% əзірбайжандар, 52,8% бело-
русь, 17,0% дұңған, 20,8% күрдтер, 49,8% шешендер, 68,3% қырғыз-
дар мен 43,6% басқа этностар құраса, халықтың қалған бөлігі ауылдық
жерлерде тұрады.
1-сурет. Жалпы халық ішіндегі жеке этностардың алатын үлесі
15 жас жəне одан жоғары жастағы тұрғындардың ішінде қазақ тілін
білетіндердің саны 8 992,2 мың (74,0%) адамды құрайды, соның ішінде
ер адамдар 4 320,2 мың адам (75,3%), əйелдер – 4 672,0 мың (72,8%).
52 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
2-сурет. Қазақ тілінің меңгерілу деңгейі
Статистикалық талдау бойынша, орыс-қазақ қостілділігінің өкілі бо-
латын жəне көрсетілген жас категориясына жататын орыстар қазақ тілін
білу деңгейін былайша көрсетті: 25,3% ауызекі тілді түсінеді, 8,8% ер-
кін оқиды, 6,3% еркін жаза алады. Егер өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін
меңгеруін осылай талдасақ, мұнда да дəл осындай қорытынды шығады.
Бірақ бұл жерде ұлттың жəне халықтың барлық өкілдері ана тілін білмей-
тінін жəне басқа ұлт тілін ана тілі деп санайтынын естен шығармау керек.
Ұлттық-қазақ қостілділігінің дамуы мен қолданылуы білім беру жү-
йесінде жүзеге асуда. Қазақстандық мектептерде, лицейлерде, колледж,
жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқу тілі жəне оқыту пəні болып та-
былады. 2009 жылы бюджеттік мектептердегі 2,546 млн оқушының 1,543
млн (60,6 %) қазақ тілінде, 0,904 млн (35,5 %) орыс тілінде, 0,079 млн (3,1
%) өзбек тілінде білім алған. 2009/2010 жж колледждерде 311236 адам
қазақ тілінде, 298048 адам орыс тілінде білім алды. 2000 жылдан 2009
жылға дейін жоғары оқу орындарындағы қазақ бөліміндегі студенттердің
саны 32%-дан 47,6%-ға дейін, яғни 14,4% өскен, соған сəйкес орыс
бөліміндегі студенттердің саны 68%-дан 50,7%-ға дейін, 17,3% төмен-
деген, студент жастардың мөлшері 2% ағылшын тілінде білім алған [5].
Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді үйренуі қостілділік-
тің дамуына мүмкіндік береді. Бұл тəжірибе тұтас барлық республика
үшін тəн. Қызметкерлер мемлекеттік тілді тек үйреніп қана қоймайды,
сонымен қатар екі тілде тілдік құзыретті жетілдіретінін айта кету керек.
Мəселен, 2007 жылы Алматы қаласында барлық мемлекеттік жəне мем-
лекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері мен қала тұрғындарына мем-
лекеттік тілді үйретудің жаңа технологиясы бойынша жеделдетіп оқыту
Мемлекеттік тіл – ҚР-ның əлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде 53
қостілділіктің сыңары
жүзеге асты. Қалалық əкімшілік пен аудан əкімі аппараттарында жаңа
технология бойынша мемлекеттік тілді оқытуға арналған мультимедия-
лық кабинеттер ашылды. Қалалық əкімшілік пен аудан əкімі аппаратта-
рының мəжіліс залдары ілеспе (синхронды) аудармаға арналған қажетті
құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлеріне екітілді электронды
сөздік, қазақша қаріптерді өзгертетін жүйелік конвертор, қазақ тілінің
орфографиясы, орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасайтын компьютер-
лік бағдарлама орнатылған. Астана қаласы əкімдігінің тапсырысы бо-
йынша, Қазақстанда алғаш рет 50 000 сөздік қоры бар орысша-қазақша,
қазақша-орысша қалталы сөздік дайындалды.
Алматы қаласындағы тілдік жағдайды сараптау мақсатында монито-
ринг жүргізілді. Бірінші кезектегі міндет ретінде мемлекеттік қызметкер-
лердің мемлекеттік тілді меңгеру дəрежесін анықтау қарастырылды.
Тестілеу қалалық əкімшілікте Қазақстанда алғаш рет енгізілген ар-
найы құрылғы – тестілеуге арналған «MINIKOM» электронды қозғалма-
лы құрылғысы арқылы өткізілді.
Тестілеуге қатысқан барлық 1643 адамның 1352 мемлекеттік қызмет-
кер, бұл барлық тестке қатысушылардың 82,3% құрайды. Тестілеудің
нəтижесі бойынша, олардың 33,7% мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүр-
гізе алады, 35% мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге мүмкіндіктері
бар, 20,3% базалық деңгейі жоқ. Тестілеудің қорытындысы негізінде Ал-
маты қаласының жергілікті орындаушы органдары мен басқа органдар-
дың қызметкерлерін оқытудың теңдестірілген жүйесін əзірлеу басталды.
Бұл тек жалғыз ғана мысал [6, 80-81 бб.].
Осылайша қазақстандық тілдік өмірді зерттеу тілдік саясат-
тың қағидаттарын жүзеге асыруы қазақстандықтың полилингвальдық
жəне көпмəдениеттілік тұлғасын қалыптастыруға көмектесетінін көрсе-
теді.
Əдебиет:
1 Дешериев Ю.Д. Социальная лингвистика. К основам общей теории.
–М.: Наука, 1977.
2 Вайнрайх У. Языковые контакты. Состояние и проблемы исследова-
ния. −Киев: Вища школа, 1979.
3 Словарь социолингвистических терминов. –Издание 2-е, допол-
ненное и переработанное / Э.Д.Сулейменова, Н.Ж.Шаймерденова,
Ж.С.Смагулова, Д.Х.Аканова; Отв.ред Э.Д.Сулейменова. –Алматы:
Қазақ университеті, 2007. – 330 с.
54 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
4 Аналитический отчет. «Итоги Национальной переписи населения
Республики Казахстан 2009 года». Под ред. Смаилова А.А. – Астана,
2011 – 65 с.
5 Казахстан за годы независимости. Информационно-аналитический
сборник. Подготовлен Агентством Республики Казахстан по статистике.
Под ред. Б.Т.Султанова. –Алматы, 2006. – 380 с.
6 Состояние и перспективы функционирования государственного
языка в сферах общественной жизни г.Алматы. Б.Хасанулы, С.Ж.Баян-
дина, Б.Х.Исмагулова, Л.Бугенова. – Алматы: Учебно-методический
центр «Тіл», 2008 – 200 с.
1.8 Мемлекеттік тіл - көптілді білім беру компоненті
Көпэтносты мемлекеттерге белгілі бір қауымдастықта (көбіне мем-
лекеттерде) бірнеше тілді қолданумен түсіндірілетін (мультилингвизм,
полилингвизм) көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) құбылысы
тəн; жеке адамның (адамдар тобы) нақты бір қарым-қатынастық жағда-
ятқа сəйкес таңдалып бірнеше тілді қолдануы» [1, 303 б.]. Осы өзара бір
бірімен байланысты құбылыстар көптілді қоғамның қажеттіліктерімен
шартталған. Дегенмен социумда біртілділік жəне қостілділік құбылысы-
ның кең тарауы жеке адамдардың көптілді болуына əкеледі. Осыған бай-
ланысты жеке жəне жаппай көптілділік түрлері пайда болады. Көптіл-
діліктің ең көп таралған түріне қостілділік жатады.
Республикада «гетерогенді социумдағы бір этнос өкілдерінің үш тіл-
ді алма-кезек қолдануына» [2, 356 б.] басымдылық беруді жүзеге асыру
үшін үштілділік құбылысы жанданып келеді.
Көпэтносты мемлекеттегі тілдердің қызмет етуі жəне əртүрлі мəде-
ниет пен тілдері бар халықтардың арасында өзара түсіністікте болуы əр-
дайым социолингвистердің, психолингвистердің, когнитивистердің, пси-
хологтердің, педагогтердің, саясаткерлердің, қоғамдық жəне мемлекеттік
қызметкерлердің басты назарында болып келеді. Жаһандану мен мəдени-
еттердің ықпалдасу жағдайында, əсіресе халықтардың өзіндік мəдениеті
мен тілдерін сақтау мəселесі өзекті болып отыр.
Егеменді Қазақстанның экономикасындағы жаһандық өзгерістер осы
саланың мамандарының алдына ғана емес, сонымен қатар тіл маманда-
рының алдына да жаңа талаптар қояды. Тіл социумда болып жатқан бар-
лық өзгерістерді сезінеді. Айта кету керек, қоғам өмірінде болып жатқан
өзгерістер жаңа болмыстар мен ұғымдардың пайда болуына алып келеді,
сондықтан осының барлығы өз кезегінде тілде көрініс табады: жаңа
сөздер, жаңа орныққан сөз тіркестері пайда болады, кейбір лексикалық
бірліктердің мағыналары, оларды қолданылу жиілігі өзгереді жəне т.с.с.
Мемлекеттік тіл - көптілді білім беру компоненті 55
Осы салаға қызмет ететін қазақстандық экономика мен тілдердің қыз-
мет ету рөлінің дамуымен, қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінің қаты-
суымен, үштілділіктің қызмет етуі артып келеді. Осы мəселенің өзектілі-
гі күмəн келтірмейді. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекет-
тік тілі болып табылады. Мемлекеттік тіл мемлекеттік жəне қоғамдық
өмірде маңызды қызмет атқарады. Орыс тілі бұрынғыдай ұлтаралық
қатынас тілі болып қалады. Орыс тілі Қазақстан халқының қоғамдық
өміріндегі кейбір салаларда қызмет етуін жалғастырып келеді. Ағылшын
тілі – əлемдік мəні бар ең мəртебелі жəне танымал тіл. Белгілі болғандай,
ағылшын тілі əлемнің ең көп таралған 25 тілдің тізімінде қытай тілінен
кейін 2-орынды алады. Дегенмен демографиялық басымдылық қытай
тілінде болғанымен, ағылшын тілі қолданыс жағынан озады. Соңғы жыл-
дары ағылшын тілі мектептегі басқа шет тілдерін ығыстырып шығарды.
Қазақстан Республикасында жоғары білімнің негізгі стратегиясы
жоғары дамыған əлеуеттікке жəне инновациялық-аналитикалық ойлау
қабілетіне ие, елді жаңғыртуды жеделдетумен қамтамасыз етуге қа-
білетті, маманның кəсіби деңгейлік талабына жəне еңбектің құбылма-
лы жағдайына əрекет етуге қабілетті жаңа қоғамдық құрылымдағы ма-
мандарды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда білім берудегі
мақсат құбылмалы жағдайда жұмыс істеуге дайын, үздік-бейімделгіш
қозғалғыштығымен мамандарды дайындауды қамтамасыз етуге қабілетті
əлеуметтік жəне кəсіби құзырларға бағытталған [3, 9-10 бб.].
Көптілді білім мен оның сəттілігі əртүрлі нəсіл өкілдерінің күнделік-
ті өмірде тығыз байланысатын, біртұтас көпмəдени жəне көптілді бір-
лестікті білдіретін халықтардың біртұтас мемлекеттік-ұйымдасқан, тер-
риториялық-географиялық ортақтық жағдайында ғана мүмкін [3, 36 б.].
Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-да көптілді білімді дамытудың
Бағдарламасы əзірленді, мақсаты құбылмалы əлем жағдайында маңыз-
ды əлеуметтік жəне экономикалық міндеттерді шешу үшін мəдениетара-
лық байланысқа қабілетті, құзыретті көпмəдени жəне көптілді тұлғаны
қалыптастыру болып табылады [4]. Қойылған мақсат мынадай міндет-
тердің шешімін талап етеді:
-студенттердің жаратылыстану-ғылыми, техникалық құзырын дамы-
тудың мүмкіндігін қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде туғызу;
-Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-да көптілді білімді оқу-əдістемелік
қамтамасыз етуді жетілдіру;
-университеттің қазақ жəне орыс бөлімдерінде шет тілдерінде арнау-
лы пəндерді жүргізуді қамтамасыз ету;
-университеттің қазақ жəне орыс бөлімдерінде қазақ тілінде арнаулы
пəндерді жүргізуді қамтамасыз ету;
56 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
-университеттің қазақ жəне орыс бөлімдерінде орыс тілінде арнаулы
пəндерді жүргізуді қамтамасыз ету;
-қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде университет мамандықтары-
ның электрондық терминдер базасын құру;
-университеттің мамандықтары бойынша үштілді терминологиялық
сөздік əзірлеу;
- көптілді білімді ғылыми жəне əдістемелік қамтамасыз етуді əзірлеу үшін
«Полилингвальдық білім мен мəдениетаралық байланыс» Орталығын
құру;
-үштілділік, көптілді білім мəселесі бойынша ғылыми-зерттеушілік
жобаларды əзірлеуге қатысу;
-қазақ, орыс жəне шет тілдеріндегі пəндік олимпиадалар мен конфе-
ренцияларға студенттердің қатысуын қамтамасыз ету;
-университеттегі студенттердің, магистранттардың, докторанттардың
жəне оқытушылардың халықаралық академиялық оңтайлығын белсен-
діруге ықпалдасу;
- əртүрлі мəдениетті жəне өркениетті тұтынушы адамның мəдениет-
аралық өзара іс-əрекеті формасының жиынтығы ретінде «интерлингвомə-
дени құзырын» дамытуға, оқушы тұлғаның басқа мəдениетке толерант-
тылығын, əлемнің мəдени алуан түрлілігі көрінісінің бүтіндігін қалыптас-
тыруға ықпалдасу.
Бағдарлама «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолда-
нудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізін-
де жасалған [20].
Бағдарламаны жүзеге асырудағы мақсаттық көрсеткіштер.
Мақсаты: құбылмалы əлем жағдайында маңызды əлеуметтік жəне
экономикалық міндеттерді шешу үшін мəдениетаралық байланысқа қа-
білетті, құзыретті көпмəдени жəне көптілді тұлғаны қалыптастыру бо-
лып табылады.
Мақсаттық көрсеткіштер:
-үш тілді жетілдіруде студенттердің ие болған үлесі;
-бірлескен компанияларда жұмыс істейтін түлектердің үлесі;
-халықаралық академиялық оңтайлылыққа қатысқан студенттердің үлесі.
Міндеттер:
1-міндет – қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде студенттердің жара-
тылыстану-ғылыми, техникалық құзырларын дамытуға ықпалдасу.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
-үш тілде кəсіби құзырлығы бар түлектердің саны;
-бірлескен компанияларда жұмыс істейтін түлектердің саны;
-мəдениетаралық байланыс мақсатында үш тілді білудің деңгейі;
Мемлекеттік тіл - көптілді білім беру компоненті 57
-ана тілінде жəне шет тілінде студенттерге арнаулы пəнді оқитын оқы-
тушылардың саны.
2-міндет – Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-да көптілді білімді оқу-əді-
стемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
-көптілді білім үшін əзірленген оқу-əдістемелік кешеннің, оқу құра-
лының, əдістемелік көрсеткіштердің саны;
-көптілді білім бойынша біліктілігін жетілдіруден өткен оқытушылар-
дың саны.
3-міндет – университеттің қазақ жəне орыс бөлімдерінде шет тіл-
дерінде арнаулы пəнді жүргізуді қамтамасыз ету.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- қазақ жəне орыс бөлімдерінде шет тілінде арнаулы жəне элективті
пəндердің саны;
- шет тілінде арнаулы пəнді оқитын оқытушылардың үлесі;
4-міндет – университеттің орыс бөлімдерінде арнаулы пəндерді қазақ
тілінде жүргізуді қамтамасыз ету.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- орыс бөлімдеріндегі қазақ тілінде өтетін арнаулы жəне элективті
пəндердің саны;
- қазақ тілінде арнаулы пəнді оқитын оқытушылардың үлесі.
5-міндет – университеттің қазақ бөлімдерінде арнаулы пəндердің
орыс тілінде жүруін қамтамасыз ету.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- қазақ бөлімдеріндегі орыс тілінде өтетін арнаулы жəне элективті
пəндердің саны;
- орыс тілінде арнаулы пəнді оқитын оқытушылардың үлесі.
6-міндет – қазақ-орыс жəне қазақ тілдерінде университет маман-
дықтарының электрондық терминдер базасын құру.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- қазақ-орыс жəне қазақ тілдерінде университет мамандықтарының
электрондық терминдер базасы;
- қазақ-орыс жəне қазақ тілдерінде университет мамандықтарының
электрондық терминдер базасын қолданатын студенттер мен оқытушы-
лар саны.
7-міндет – университеттің мамандықтары бойынша үштілді терми-
нологиялық сөздік əзірлеу;
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- университеттің мамандықтары бойынша үштілді терминологиялық
сөздіктердің саны;
58 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
- оқу үдерісінде университеттің мамандықтары бойынша қолданыла-
тын үштілді терминологиялық сөздіктің саны;
8-міндет – көптілді білім үшін ғылыми жəне əдістемелік қамтамасыз
ету мақсатында «Полилингвальды білім мен мəдениетаралық байланыс»
Орталығын құру.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- көптілді білім бойынша ғылыми жобалар мен ғылыми жұмыстардың
саны;
- көптілді білім бойынша оқу-əдістемелік жұмыстардың саны;
- көптілді білім бойынша халықаралық конференциялар мен семинар-
лардың саны.
9-міндет – үштілділік, көптілді білім мəселесі бойынша ғылыми-зерт-
теушілік жобаларды əзірлеуге қатысу.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- үштілділік пен көптілді білім мəселесі бойынша ғылыми жобалар
мен ғылыми жұмыстардың саны;
- ғылыми-зерттеушілік жобаларға қатысушы ПОҚ үлесі.
10-міндет – қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде пəндік олимпиа-
далар мен конференцияларға студенттердің қатысуын қамтамасыз ету.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- үш тілде пəндік олимпиадалар мен конференцияларға қатысушы
студенттердің үлесі;
- сертификаттар, дипломдар, мадақтамалар саны;
11-міндет – университеттегі студенттердің, магистранттардың, док-
торанттардың жəне оқытушылардың халықаралық академиялық оңтай-
лығын белсендіруге ықпалдасу.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- шетелдік жоғары оқу орындарында оқып келген студенттердің,
магистранттардың, докторанттардың жəне оқытушылардың үлесі;
- шетелдік жоғары оқу орындарында дəріс оқитын жəне біліктілігін
жетілдірген оқытушылардың саны.
12-міндет – əртүрлі мəдениетті жəне өркениетті тұтынушы адамның
мəдениетаралық өзара іс-əрекеті формасының жиынтығы ретінде «ин-
терлингвомəдени құзырын» дамытуға, оқушы тұлғаның басқа мəдениет-
ке толеранттылығын, əлемнің мəдени алуан түрлілігі көрінісінің бүтінді-
гін қалыптастыруға ықпалдасу.
Нəтижелердің көрсеткіштері:
- басқа елдің тілі мен мəдениетін студенттердің меңгеру деңгейі;
- кəсіби мəселелер бойынша шетелдік мамандармен қарым-қатынасқа
түсу қабілетінің дəрежесі;
Мемлекеттік тіл - көптілді білім беру компоненті 59
- шет елдердегі түрлі мəдени шараларға қатысу деңгейі;
- басқа елдер мен мемлекеттердің мəдениеті мен тіліне арналған мə-
дени шаралардың саны.
2008 жылдан бері ҚазҰТУ қазақ, орыс жəне шет тілдері кафедрасын-
да үш тілде мамандықтар бойынша оқу жоспарлары əзірленіп, қолданы-
лады.
«Техникалық ғылымдар мен технологиялар» мамандық топтарының
барлық оқу жоспарына қазақ техникалық тілі, орыс техникалық тілі,
ағылшын техникалық тілі пəндері енгізілді. Бұдан өзге, 050723-техника-
лық физика мамандығы бойынша оқу жоспарына «Физиктерге арналған
ағылшын тілі» пəні енгізілді.
2011 мен 2012 жылдары оқытушылар мен студенттерге көмек ретінде
бакалавриат мамандығы бойынша элективті жəне міндетті пəндердің (I
мен II бөлім) каталогы басылып шықты, 2012 жылы 3 тілде профильді
бағыттағы магистратура мамандығы бойынша элективті пəндердің ката-
логы басылып шықты.
2012 жылдан бастап оқу процесіне жаңа типтік оқу жоспарлары ен-
гізілуде, оларға кəсіби қазақ (орыс) тілі мен кəсіби-бағдарланған шет тілі
пəндері кіреді. Типтік жоспарлардың негізінде оқу жоспарлары əзірленіп
қойылды, мұнда осы пəндерді кəсіби кафедралардың оқытушыларына
жүргізу жоспарлануда.
Шет тілдері мен қазақ тілі кафедраларында жыл сайын универси-
теттің қызметкерлері үшін ағылшын жəне қазақ тілдерінің курстары өт-
кізіліп тұрады.
Шеврон компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде 2010 жылдан
бастап, қазіргі таңға дейін университеттің профессор-оқытушылары
құрамы үшін ағылшын тілін үйрету бойынша курстар өткізіледі.
050506-экономика мамандығы бойынша қос дипломдық білім бағ-
дарламасы бойынша оқу жоспарының бірнеше пəні ағылшын тілінде
өтеді. Университетте қазақ бөлімінің 193 тобы, орыс бөлімінің 124 тобы
бар.
2012-2013 оқу жылынан бастап 5В070800-мұнай-газ ісі, 5В071800-
электроэнергетика, 5В070900-металлургия, 5В070400-есептеуіш техни-
ка мен бағдарламалық жасақтама жəне 5В072300-техникалық физика
мамандықтары бойынша ағылшын тілінде оқытатын оқу топтарын ашу
жоспарлануда.
Көптілді білім бойынша іс-шаралар жоспары Мемлекеттік бағдар-
ламаға сəйкес əзірленді. Əрбір тілдер кафедралармен бірге келешекке
оқу-əдістемелік кешен дайындалады. 2006-2008 жылдары «Техникалық
қазақ тілі» мультимедиалық əдістемелік кешен жəне мұнай мен газ, гео-
60 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
логиялық бақылау, құрылыс жəне архитектура, машина жасау, металлур-
гия, ақпараттық технология, тау-кен ісі, өндірістік экология мамандықта-
ры бойынша қостілді техникалық сөздік жасалған болатын.
Техникалық мамандықтар бойынша терминдердің электронды база-
сы дайындалуда. Үш кафедраның күшімен техникалық мамандықтар бо-
йынша үштілді терминологиялық сөздікті құру, сонымен қатар тестілерді
əзірлеу жоспарлануда.
Əдебиет:
1 Зограв Г.А. Многоязычие // Большой энциклопедический словарь.
Языкознание. –М.:Большая Российская энциклопедия, 1998. – С.303
2 Хасанулы Б. Языки народов Казахстана: от стратегии молчания к
стратегии развития (социопсихолингвистические аспекты). –Алматы:
Арда, 2007. –384 с.
3 Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методоло-
гия и теории. –Алматы, 2005. –264 с.
4 Баяндина С.Ж. Жаксылыкова К. Совершенствование полиязычного
образования в техническом вузе// Спецвыпуск журнала НАО «Білім- Об-
разование», посвященный Съезду филологов. –Астана, 2013
5 Государственная программа развития и функционирования языков
в Республике Казахстан на 2011-2020 годы». –Астана, 2012.
Білім саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 61
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР
САЛАЛАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Білім саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен да-
муы
Мектепке дейінгі білім. Қазақ халқының дəстүрінде балалардың тəр-
биесі, негізінен алдыңғы ұрпақтың рухани мұрасының мирасқорлығы,
ұлттық мəдениет, əдебиет, дəстүр мен ұрпақтардың салттары негізінде
жүзеге асатын. Қазақстанның аумағында мемлекеттік мектепке дейінгі
мекемелер 1917 жылдан бастап пайда болған. Олардың ашылуы Үкімет-
тің қаулыларымен реттелетін [1].
С.Батибаеваның мəліметтері бойынша, республикада 1920 жылы 20
мектепке дейінгі балабақша болған, олардың 6 қазақ тілінде, 1930 жылы
– 32, соның ішінде 8 қазақ тілінде, 1940 жылы – 517, соның ішінде 37 қа-
зақ тілінде. Соғыс жылдары қазақ тілінде 21 балабақша қызмет жасады,
онда 531 бала тəрбиеленді. Соғыстан кейінгі уақытта мектепке дейінгі
балабақшалар саны ұлғайды:
1-кесте. 1951 мен 1989 жылдар аралығындағы тілдерді үйрету
бойынша мектеп жасына дейінгі мекемелердің саны
1951 1961 1971 1981 1989
Орыс Қазақ Орыс Қазақ Орыс Қазақ Орыс Қазақ Орыс Қазақ
тілі тілі тілі тілі тілі тілі тілі тілі тілі тілі
629 42 1774 89 5168 230 6536 659 7401 1185
1990-1999 жылдары республика бойынша мектепке дейінгі балалар
мекемесі санының күрт төмендеуі байқалады:
2-кесте. 1990 мен 1999 жылдар арлығындағы тілдерді оқыту бо-
йынша мектепке дейінгі мекемелердің саны
1990 1993 1996 1999
Барлығы
Орыс тілі
Қазақ тілі
Барлығы
Орыс тілі
Қазақ тілі
Барлығы
Орыс тілі
Қазақ тілі
Барлығы
Орыс тілі
Қазақ
тілі
8743 7076 1667 8053 5629 2424 1888 1203 685 1158 796 292
Кестеде көрініп тұрғандай, қазақ тілінде тəрбиелейтін мектепке де-
йінгі балалар балабақшасының саны 1999 жылы 292-ге дейін қысқарды.
62 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Соңғы жылдары мемлекеттік балалар балабақшасының санын көбей-
ту шаралары қолға алынуда.
Тілдердің қызмет етуінің қазіргі жағдайында республикада тəрбиелеу
мен оқу тілі қазақ тілі болып табылатын мектепке дейінгі балалар бала-
бақшасының саны артуда.
3-кесте. Мектепке дейінгі ұйымдардың саны мен ондағы бала-
лардың тəрбиелену тілі бойынша саны
2001 2002 2003 2004 2005
Балаларды тəрбиелеу бір ғана 715 683 664 633 654
тілде жүретін мектепке дейінгі
ұйымдардың саны, бірлік
Соның ішінде: қазақ тілінде 268 265 283 289 328
Орыс 444 416 379 342 324
Өзбек 2 1 11 1
Басқа тілдерде 1 1 11 1
Тілдерінде тəрбиеленетін ондағы 74,8 75,0 75,6 74,9 79,1
балалардың саны, мың адам:
Қазақ 19,1 20,9 23,3 26,4 31,6
Орыс 55,5 54,0 52,2 48,4 47,4
Өзбек 0,1 0,0 0,0 0,0 0,1
Басқа 0,1 0,1 0,1 0,1 0,1
Балаларды тəрбиелеу бірнеше 385 408 441 486 523
тілде жүретін мектепке дейінгі
ұйымдардың саны:
Соның ішінде, қазақ тілінде 383 405 438 484 521
Орыс 384 408 441 484 520
Өзбек 2 1 12 2
Ұйғыр 2 2 22 2
Басқа 5 5 44 4
Тілдерінде тəрбиеленетін ондағы 65,5 72,5 81,0 93,9 106,3
балалардың саны, мың адам:
Қазақ 22,8 27,3 30,7 36,3 44,6
Орыс 42,2 45,0 50,1 57,3 61,4
Орта білім. Қазіргі таңда жаһандану үдерістері, соның ішінде əлемдік
экономикалық, шаруашылық, білім, мəдени кеңістікте табысты ықпал-
дасуда шет тілін білмеу мүмкін емес екендігі айдан анық болып отыр.
Осындай жағдайда мемлекеттік қазақ тілін қалай бəсекеге қабілеттілі-
гін қамтамасыз етуге болады, орыс жəне ағылшын тілдерімен респуб-
Білім саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 63
ликадағы этнотілдер алаңында оның қызметін қалай үйлестіру керек?
Қазақстандықтардың жаңа ұрпағын кем дегенде үш тілді білуіне бағдар
жасай отырып, біздің стратегиялық мақсатымызды сөзсіз танытатын
«Қазақстан Республикасындағы тілдердің үштұғырлылығы» мəдени жо-
басының жүзеге асуына қалай қолжеткізуге болады?
Егер мемлекеттік тіл деп аталатын жоғары мəртебесінде əлі де то-
лыққанды қолданылмай отырса, қазақ тілінің бəсекеге қабілеттілігін
айтып қажеті не: тілдік орта мен ақпараттық кеңістік орыстілді болып
қалады, қазақ тілін оқу тілі ретінде қолданудың уəжділік базасы жоқ.
Сөзсіз, стратегиялық мақсат – қазақстандық социумда қазақтілді орта-
ны құру – жүзеге аспағандығы үлкен алаңдаушылықты тудырады. Нақты
шараларды жүзеге асырудың ресми құжаттардағы белгіленген мерзім-
дері, мысалға, іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру өз дең-
гейінде орындалмады «алдыңғы бағдарламалардың нəтижелерін тал-
дау іс жүзінде орын алмай отыр, сапалық көрсеткішке қарағанда сандық
көрсеткіш басым болып тұрғандығы айдан анық» [2] жəне т.б.
Дегенмен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуде шешілмеген
проблемалар бар екендігіне қарамастан, бұл жерде бəрібір алға жылжу
(динамика) бар. Мұндай алға жылжудың оң нəтижелері бəрінен бұрын
білім саласында байқалады, сондай-ақ соңғы 20 жылда іс қағаздарын
жүргізуде, БАҚ-та қазақ тілі үлесінің көбеюінің орнықты үдерісі байқала-
ды, бұған (мектеп жасына дейінгі балабақша, жалпы білім беретін мек-
тептер, колледждер мен оқу орындары), оқу мен тəрбиелеуді қазақ тілін-
де жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің санының да, ондағы білім
алушылардың санының да тұрақты түрдегі өсімі дəлел бола алады. Егер
1991 жылы қазақ тілінде оқитындардың үлесі 30% құраса, 1999/2000 оқу
жылында – республика мектептерінде оқитын 3,5 миллион оқушының 1,6
миллионы қазақ тілінде (50,6 %), 1,5 миллионы – орыс тілінде (45 %), 80
мыңы – өзбек тілінде (2,3 %), 23 мыңы – ұйғыр тілінде (0,6 %), 2,5 мыңы
– тəжік тілінде (0,07 %) жəне мыңнан көбі – басқа тілдерде білім алған.
10 жылдан кейін, яғни 2009 жылы барлық 2,546 млн оқушының мектепте
қазақ тілінде оқитындар 1,543 млн (60,6 %), орыс тілінде – 0,904 млн
(35,5 %), өзбек тілінде – 0,079 млн (3,1 %) [5, 19 б.], 2012 жылы қазақ
мектептерінде оқитындардың саны 64% [3] құрады. Көріп отырғаны-
мыздай, тəуелсіздіктің бірінші онжылдығында оқу тілі бойынша орта
жалпы білім беретін мектептерде оқитындардың арақатынасы қазақтілді
мектептердің 20% пайдасына шешілді, екінші онжылдықта – 10%. Мұн-
дай өсім демографиялық өсімнің арқасында емес (дегенмен өзін жас эт-
нос ретінде санайтын түрік халқында өсу тенденциясы басым), орыстілді
мектептерде оқушылардың жаппай қайтып келуі есебінен болып отыр.
Жоғары білім. Жоғары білім саласында нақты сандық көрсеткіштер-
мен ерекшеленетін бір ұқсас көрініс байқалады. Мұнда, əсіресе өте қысқа
64 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
мерзімде жоғары білім беру саласында үлкен ұйымдастырушылық,
ғылыми-əдістемелік жұмыстар жасалғанын айта кету қажет, себебі ХХ
ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындары ма-
мандықтарының көпшілігі қазақ тілінде оқытуға шын мəнінде дайын
емес еді, сондықтан оқу, ғылыми-əдістемелік əдебиеттерді дайындауды
жылдамдатуға мəжбүр болды. Бұл, өз кезегінде, қазақ тілінің ресурс-
тық, ақпараттық əлеуетін кеңейту мен тереңдету бойынша жұмысты,
атап айтқанда оның терминологиялық жүйесін жеделдетуге негіз болды.
Əсіресе техникалық саладағы мамандарды дайындау кезінде мемлекет-
тік тілді қолданудың аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін арақашықтан
оқытуды ұйымдастыру жолымен бакалавриат пен магистратура маман-
дығы бойынша қазақ тілінде сөздік-анықтама, оқу əдебиетінің, ғылым
салалары бойынша терминдердің көптомдық орысша-қазақша сөздігін,
«Техникалық қазақ тілі» мультимедиалық оқу курсының үлкен көлемін
жасау еді (əзірлеушілер – Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ оқытушылары мен
қызметкерлері, 2008). Бұл ретте, орта жалпы білім беретін мектепте сту-
денттердің қазақтілді құрамының тұрақты өсу үрдісі көрінеді. Сонымен,
2000 жылға қазақ тілінде оқу бөліміндегі студенттердің саны шамамен
32% (85 300) құрады, орыс тобындағы студенттердің саны – шамамен
68% (181 000). 5 жылдан соң, 2006 жылы, осы көрсеткіш 32% бастап,
42,6% [4] дейін көтерілді, 2009 жылға осы сан 47,6%-ға жетті. Айта кету
қажет, білім беру ағылшын тілінде жүретін оқу орындарының білім беру
қызметі нарықта пайда болысымен (Қазақстан менеджмент, экономика
жəне болжау институты (КИМЭП,1992), Халықаралық бизнес универ-
ситеті (UIB, 1992), Қазақстан-Британ техникалық университеті (КБТУ,
2001) жəне т.б.) білімді ағылшын тілінде алып жатқан тұлғалардың есебі-
нен жоғары мектептегі тілдерді үйрету арақатынасының ортақ көрінісі
түбегейлі өзгереді. Сонымен, 2009 жылы ағылшын тілінде оқып жатқан
студенттердің саны 10 мыңды немесе студенттердің жалпы санынан
1,6% құрады. Соған сəйкес орыс тілінде білім алушы студенттердің саны
50,7% дейін төмендеді.
Сонымен, 2000 жыл мен 2009 жыл аралығында қазақ бөліміндегі
студенттер саны 32% бастап 47,6% дейін, яғни 14,4% өсті, соған сəйкес
орыс бөліміндегі студенттер саны 68% бастап 50,7% дейін, яғни 17,3%
төмендеді, шамамен 2% студенттер ағылшын тілінде білім алуда. Егер
2009 жылы қазақ тілінде қазақстандық оқушылардың 61% мен студент-
тердің 48% білім алса (319940 адам) [5], онда 2011-2012 оқу жылының
басында бұл көрсеткіш 54,4% (342593 адам) дейін өсті, ал 2012 жылы
64% [6] жетті. Бұл үдеріс мемлекеттің тіл саясатына негізделгендіктен,
ол орнықты əрі өміршеңдігімен сипатталады.
Қол жеткен нəтижелерді қорыта отырып, қазақ тілінің мемлекеттік
ретіндегі қолданысын арттыру мен даму келешегі туралы мəселені ой-
Білім саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 65
лау қажет. Бұл жерде ұлттық тілді жаңа қоғамдық қолданыстық мəнге
шығару тетігі сөз болып отыр. Оны меңгергендерге өзіндік артықшылық
бере отырып, «əлеуметтік лифтінің» рөліндегі қазақ тілі постиндустри-
алды қоғамның маңызды тіліне айналады, соның арқасында ол өзіндік
əлеуметтік мəні мен жағдайын көтереді. Мемлекеттік тіл - қазақ тілін
əлеуметтік, экономикалық даму құралы ретіндегі қызметін жүзеге асыра
отырып, оның жаһандану үдерісіндегі бəсеке жағдайында қазақ тілінің
келешегі туралы сұрақтың шешімін сəтті аяқтау қажет. Қазақстандық
социумда қазақ тіліне деген сұранысты тудыру – мемлекеттік ауқымды
жəне мемлекеттік мəндегі іс. Бұл жерде мемлекеттік тілді меңгеруге де-
ген уəжділікті басқа этностар ортасында арнайы тетік ретінде құратын
«жоғары мəдениеттің» рөлін айта кету керек, əлеуметтік мəртебеге жету-
де мемлекеттік тілдің рөлін түсіну қажет.
«Жоғары мəдениет» деген терминді Э.Геллнер білімге негізделген
жəне мемлекетпен кепілдік берілген, жазба мəдениет деп түсіндіреді [7,
23 б.]. Басқаша айтқанда, «жоғары мəдениетке ие болу» деген – білім
берудің мемлекеттік жүйесінің барлық сатылы бағдарламасын меңгеру
деген сөз. Сонымен қазіргі ұтқыр қоғамда «жоғары мəдениетке» жетемін
деген жеке адамның əлеуметтік табысы мемлекеттік тілде жасалған
жоғары деңгейдегі мəдениет пен білімді меңгеру деңгейімен өлшенеді,
ал бұл алдымен сол тілді меңгермей болмайды. Əлеуметтік мəртебелілік-
тің шыңына шығудың өзіндік «рұқсатнамасы» ретіндегі мемлекеттік тіл-
ді білуге экономикалық күш бере отырып қана, үнемі жаңарып, жетіліп
отыратын индустриалды қоғамда тілдік бəсеке туралы айтуға болады.
Осы айтылғандарға қарасақ, қазақ халқы мəдениетін дамыту мен на-
сихаттау əлемдегі тілдік бəсекеде мемлекеттік тілдің өмір сүру мəселе-
сін қамтиды. Осыған байланысты қазіргі заманғы жаңа технологиялық
құралдарды қолдану, мəдениеттануды құрайтын білім кеңістігін арттыру,
оның ішінде тарихи оқиғалар ғана емес, этнографиялық материалдар, қа-
зақ əдебиетінің ауызша жəне жазбаша үздік шығармалары, театр, кино,
бейнелеу өнері, сонымен қатар қазіргі таңда халықаралық туризмнің да-
муымен байланысты əйгілі болған елдің керемет жерлері жайында өлке-
танушылық ақпараттар, халық санасындағы аңыз, батырлар жыры мен
өлеңдер жəне т.б. кең түрде толық жəне жалпы ақпаратта қолданудың
өзектілігі артады.
Сонымен қатар қазақ тілінің ресурстық əлеуетінің кеңеюі де маңыз-
ды болып табылады. Мұнда ғылыми жəне техникалық терминологияны
жасау мен жүйелеп дамытуда, лексикографикалық жұмыстарды жандан-
дыруда, қазақ тілін жалпы орта жəне жоғары білім беретін мектептердегі
сияқты, ересек тұрғындарға əртүрлі қысқамерзімді курстар да қазақ тілі
пəнін оқытып-үйретудегі оқу-əдістемелік қамтамасыз етуде үлкен рөл
атқарады. Категория, термин, түсінікті жаңартып, жетілдіру ісінде жəне
66 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
жалпы алғанда – тілдің ақпараттық-ресурстық əлеуетінің жетілуінде
жəне ұжымдық ойлаудың ерекшелігі арқылы қазақтілді ортаны толтыру-
да WIKIБІЛІМ жобасының рөлін кемітуге болмайды деп ойлаймыз.
Өмір сүруге деген құштарлық тетігі туралы айтқанда, тілді оқытудың
рөлін ескерген жөн, себебі ұлттық білім беру жүйесінде, оның əр кезеңі
мен сатысында үйретудің нəтижелілігін бағалаудың өзіндік белгісі болға-
ны дұрыс. 2008 жылы орыс мектебін бітірген түлектер үшін ҰБТ пəн-
дерінің тізіміне қазақ тілін енгізу оның əлеуметтік мəнін көтеруде маңыз-
ды қадам болды, бірақ қоғам алдында қазақ тілін меңгеруге нақты мақсат
қоюға жеткіліксіз жартылай шара болып қалды. Себебі тестілеудің нəти-
жесі жеке адамның қоғамда қызметтік өсуіне ешқандай əсерін тигізбей-
ді. Осы бағыттағы келесі қадам қазақ тілін міндетті пəндердің қатарына
оқытылуын, оның ішінде Қазақстан тарихы пəнінің оқытылуын, айтуға
болатыны осы жайында Тілдерді дамытудың 2011 мен 2020 жылдарға ар-
налған мемлекеттік бағдарламасын таныстыра отырып, үкіметтегі оты-
рыста Мəдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтқан болатын [8].
Сонымен қазіргі жаһандану жағдайында көпэтносты қазақстандық
социумда тілдік ахуалды қалай сипаттауға болады? Оны қазақ тілі қа-
зақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тіл ретінде рөл атқаратын,
орыс тілі аймақтық қарым-қатынастық қызметін мүмкіндігін кеңейтеді,
ал ағылшын тілі жаһандық байланыс құралы ретінде көрінетін поли-
лингвальды ахуал ретінде сипаттауға болады. Бұл ретте тілдердің əрқай-
сысы ғылым мен техниканың тілі, кəсіби білім берудің құралы болып
табылатынын ойдан шығармаған дұрыс.
Мемлекеттік тілді меңгертудің ғылыми-əдістемелік қамтамасыз
етілуі. Шын мəнінде мемлекеттің нақты қолдауымен соңғы 10 жылда
8,5 млн жас қазақстандықтардың қатарын қарқынды түрде толтырған 1,5
млн мектеп түлегі мен дəл сондай сандағы колледж түлектері орыс-қа-
зақ қостілділігін меңгергенде республикадағы тілдік ахуалды түбегейлі
өзгертуге себепкер болар еді. Осыған байланысты мынадай өзекті мəсе-
лелерді шешу қажеттігі туды: а) оқулықтар мен оқу құралдары; ə) педа-
гогикалық технология мен оқыту əдісі; б) мұғалімдер мен педагог ма-
мандар. Міне, осылар қазақ тілін мемлекеттік ретінде оқыту үдерісінің
нəтижелігін қамтамасыз етуде маңызды болып табылады1.
1 «Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде» терминін біз бастауыштан бастап (А1) та-
сымалдаушы деңгейіне дейін (С2) түрлі деңгейде өмірдің барлық саласында қажет-
тілікті қанағаттандыра отырып, көптілді қазақстандық социумда қазақ тілінде сөй-
леуді қамтамасыз ететін қазіргі қазақ əдеби тілінің түрін түсінеміз. Оқыту əдістемесі
жоспарында осы термин қазақ тілін ана тілі ретінде де, мемлекеттік тіл ретінде де
оқытудың мақсаттары мен міндеттерін дифференциациялауға мүмкіндік береді (ол
тілде тереңдетіп білу мен жетілдіру үшін сөйлейтін тұлғалар үшін, мысалы, қазақ
мектептеріндегі аттас пəндер), бұл екінші тілді бірінші дəрежеде меңгеру деген сөз.
Білім саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 67
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың ғылым-əдістемелік
қамтамасыз етілуі мен оның одан əрі дамуы тəуелсіздікке дейінгі жылда-
ры жарық көрген алғашқы оқу құралдарынан бастап, тəуелсіздік жылда-
ры пайда болған оқу-əдістемелік əдебиеттермен жалғасады.
Қайта құру жылдары Қазақ КСР (1987) КП ОК қаулысының негізін-
де қазақ тілін арнайы оқытатын көптеген оқу курстары ашылды, кейін
Тіл туралы заң қабылданғаннан кейін (22 қыркүйек, 1989) қазақ тілін
өз бетінше оқып-үйренуге арналған түрлі өзекті деген тақырыптардағы
мəтіндер жинағынан тұратын жəне арнайы грамматикалық категориялар
мен формалар берілген ф.ғ.к., доц. Х.Қожахметованың «40 уроков казах-
ского языка» (Алматы: Жалын, 1989. – 280 б.) деген оқу құралы жарық
көрді.
Мұнан кейінгі онжылдықта материалды жəне тапсырмаларды жаңа-
ша берудің түрімен ерекшеленген, сөйлеу мен сөз мəнерін қалыптасты-
руға: сөйлеу, дыбыстап айтуға жəне оқу мен жазуға бағытталған ф.ғ.к.,
доц. Ш.К.Бектұров пен А.Ш.Бектұрованың «Казахский язык для всех»
оқулығы (Алматы: Атамұра, 1996/2004, 720 б.) пайдаланылды. Оқытудың
əртүрлі деңгейін ескерумен ерекшеленетін, түрлі жастағы оқушыларға
(қазақ тілін меңгеру бойынша топқа ұйымдасқан мектеп, оқу орнындағы
оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін) арналған бұл оқулық,
біздің ойымызша, əмбебап басылым болды. Дегенмен қазақ тілін мем-
лекеттік тіл ретінде оқытудың əдістемесін дамытуда жоғарыда айтылған
«пионерлердің» қосқан үлесін бағалау қиын, себебі олар əдістемелік
ғылымның осы саласын бірінші болып тасын қалағандар, тəжірибе көр-
сеткендей, бұл сала əлі де болса қазақ тілін екінші тіл ретінде емес, ана
тілі ретінде оқыту əдістемесінен толығымен арыла алмай келеді. Тіл мең-
гертудің негізгі басымдылығы коммуникативтік бағытында емес, керісін-
ше, қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгертуге арналып отыр (қа-
раңыз: қазақ тілін оқытудың кемшілігі жайында интернеттегі материал-
дар, мысалы, Астана қ. əкімі Иманғали Тасмағамбетовтың сөз сөйлеуін-
дегі бірсарындылығы үшін қазақ тілін оқытудың тəсілдері мен оқулықта-
ры сынға алынды [9], «Бізде қазақ тілі бойынша түрлі оқулықтар бар,
бірақ олардың барлығы күрделі əдістемеден тұрады»).
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының соңында ф.ғ.д., проф. Т.Т.Аяпова-
ның үш кітаптан тұратын оқу-əдістемелік кешені қазақ тілі мемлекеттік
тіл ретінде оқытудың əдістемесін байытты:
-Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 1998, 1-кітап: Негізгі оқу-
лық, – 272 бет.
- Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 1998, 2-кітап: Үй кітабы,
– 75 бет.
- Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Ғылым, 1998, 3-кітап: Мұғалім-
дерге арналған кітап – 42 бет.
68 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Шын мəнінде, осы оқу-əдістемелік кешен орыстілділер үшін қа-
зақ тілі бойынша бірін-бірі толықтырып тұратын оқу кітабының тең-
герімді жүйесі ретінде оқу əдебиетінің осындай формасының бастама-
сы болды, сонымен қатар меңгерген тілдік материалды тəжірибеде қол-
дану, сөйлеуге бағытталған жəне үйренушінің ынтасын тапсырманың
жаңа формасына бұрған Ш.К.Бектұровтың оқулығы да осындай рөл атқа-
рады.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың келесі əдістемелік қоры
проф. Ф.Ш.Оразбаеваның 2006-2007 жылдары жарық көрген оқулықтары
мен оқу-əдістемелік кешендер топтамасымен толықты. Ол тілдік білімді
бақылау бойынша Еуропалық жəне Халықаралық стандарттарға сəйкес
(DALF/DELF, IETS, TOEFL жəне т.б.), қазақ тілін меңгерудің 6 деңгей-
ін қамтиды. Онда бірінші рет қазақ тілінің деңгейлік дифференциа-
циясы жүзеге асты:
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Оқулық. Қарапайым деңгей / Т.Т.Аяпова,
Р.С.Рахметова, Ұ.Исабекова, Қ.Абиыр. – Алматы: Жазушы, 2007. – 493 б.
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Оқулық. Негізгі деңгей / Т.Т.Аяпова,
Р.С.Рахметова, Ұ.Исабекова. – Алматы: Жазушы, 2007. – 476 б.
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Оқулық. Орта деңгей / Т.Т.Аяпова,
Р.С.Рахметова, Ж.Нұрсұлтанқызы. – Алматы: Жазушы, 2007. – 445 б. (ав-
торлық бірлестікте).
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Оқулық. Ортадан жоғары деңгей / Т.Т.А-
япова, Р.С. Рахметова, Ұ.Исабекова, Қ.Жайлаубаева. – Алматы: Жазушы,
2007. – 493 б.
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Оқулық. Жоғары деңгей / Т.Т.Аяпова,
Ұ.Исабекова, Ж.Нұрсұлтанқызы, Қ.Жайлаубаева, Қ.Абиыр. – Алматы:
Жазушы, 2007. – 350 б.
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі: оқулық. Жетік деңгей. Т.Т.Аяпо-
ва, Р.С.Рахметова, Ұ.Исабекова, Ж.Нұрсұлтанқызы, Қ.Жайлаубаева,
Қ.Абиыр, Д.Б.Тазабекова. – Алматы: Жазушы, 2007. – 334 б.
Жоғарыда айтылған оқу-əдістемелік кешеннің негізінде электронды
оқулықтар құрылды:
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Электронды оқулық. Қарапайым деңгей.
– Алматы: Жазушы, 2007. – 625 МБ (авторлық бірлестікте).
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Электронды оқулық. Негізгі деңгей. – Ал-
маты: Жазушы, 2007. – 625 МБ (авторлық бірлестікте).
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Электронды оқулық. Орта деңгей. - Алма-
ты: Жазушы, 2007. – 625 МБ (авторлық бірлестікте).
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Электронды оқулық. Ортадан жоғары
деңгей. – Алматы: Жазушы, 2007. – 625 МБ (авторлық бірлестікте).
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Электронды оқулық. Жоғары деңгей. –
Алматы: Жазушы, 2007. – 625 МБ (авторлық бірлестікте).
Білім саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 69
-Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Электронды оқулық. Жетік деңгей. – Ал-
маты: Жазушы, 2007. – 625 МБ (авторлық бірлестікте).
Көлемі мен маңыздылығы жағынан орасан зор бұл оқу-əдістемелік
өнім үлкен авторлық ұжыммен өте қысқа мерзімде атқарылғандығына
назар аударған жөн, бұл оның сапасына да əсерін тигізген болуы керек.
Қазақ тілін оқыту əдістемесіндегі маңызды болса да əлі мүлдем жасал-
маған деңгейлік үйлесімділік мəселесі көп жағдайда арман күйінде қалып
келеді: кейбір тапсырмалар өзіндік мазмұны, қиындық деңгейі, көлемі
жағынан деңгейлік бірізділіктің талаптарына жауап бере бермейді, со-
нымен қатар, біздің пікіріміз бойынша, оқытылатын тілде қарым-қаты-
настық тəжірибесін көздейтін екінші тілді үйретудің коммуникативтік
қағидасын жүзеге асыру мақсатындағы төрт түрлі тілдік қызмет: тыңда-
лым, айтылым, оқылым, жазылым теңгерімі əрқашан сақтала бермейді.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудағы оқу-əдістемелік əдеби-
етке жоғарыда аталған аспектіде талдау –– негізгі қорытындыны жасауға
мүмкіндік береді: қазақ тілі əдістемесінің осы саласы тəуелсіздік жылда-
ры өмірге келді, тіл меңгертудің коммуникативтік бағыты болып қосыла-
тын, өзіндік ерекшелігі бар жеке дербес бұтақ болып қалыптасты. Бұған
түрлі факторлармен бірге қорытынды нəтижеге жетуге бағытталған жаңа
форматтағы инновациялық технологияларды, оның ішінде мультимедиа-
лық оқу əдебиеттерін жасау мен белсенді түрде қолдану арқау болды.
Осыған байланысты «Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық
технологиялар əдістемелік орталығының 2012 жылы «Қазақ тілі. Тілда-
рын» атты оқу-əдістемелік кешені мен мультимедиалық оқулығын əзір-
леуін ерекше атап өтуге болады.
Бұл кешенде тілді жеделдете оқытуда оқушылардың жас ерекшелік-
терін жəне тілді меңгеру деңгейлерін ескеру əдістемесі негізге алынған.
«Қазақ тілі. Тілдарын» кешеніндегі А-1 бастауыш деңгейді қамтыса, А2
деңгейі жарияланымға дайындайды. Мультимедиалық негіздеме қазақ
тілін интернет арқылы немесе ұялы байланыс арқылы оқуға мүмкін-
дік береді. Оқу-əдістемелік кешенде оқу құралы мен жұмыс дəптерінен
бөлек, оқытушылар үшін «Тілдарын» əдісі бойынша берілетін сабақ əзір-
ленімдері, тəжірибелік кеңестер жəне əдістемелік нұсқаулықтар бар.
Оқу-əдістемелік кешеннің құрамында дидактикалық жəне иллюстра-
тивті елтанымдық материалдар бар:
- ұлттық музыка: күйлер, өлеңдер;
- аудиоматериалдар: кітаптар, диалогтар;
- елтанымдық материалдар: Қазақстан тарихы жайында мақалалар;
- «Этномəдени мұра мен Қазақстанның табиғаты» фотогалереясы.
«Тілдарын» орталығы оқу-əдістемелік материалдарды əзірлеумен
ғана шектелмейді, сонымен қоса «Macmillan» белгілі ағылшын тілі ор-
талығы сияқты, жаңа əдістеме бойынша сабақтарды жүргізу үшін қазақ
70 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тілінің оқытушыларын дайындау бойынша үлкен ауқымды жұмыс атқа-
руда.
«Тілдарын» тілдерді оқытудың инновациялық технологиясы əдісте-
мелік құралының қызметі, көріп отырғанымыздай, көп жоспарлы жəне
ауқымды, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың инновациялық
интерактивті əдістемесін тарату мақсатын қояды жəне осы салада үлкен
өзгерістер болатындығына үміттендіреді жəне «Қазақ тілі мемлекеттік тіл
ретінде» пəні өзінің мəртебесіне сəйкес екінші тынысы ашылады, барлық
жерде жаңаша – қорытынды нəтижеге, яғни қазақ тілінде айтуға/сөйлеу-
ге қол жеткізумен оқытылатын болады. Орыс тілінде сөйлейтіндер үшін
қазақ тілі курсына мұндай əдіс пəннің мақсаты мен міндеттерін, оқыту
қағидаларын қайта қарауды талап етеді. Тіл үйренуді қалаушылар үшін
тілдер курсы шеңберінде ғана жаңа əдістемені енгізіп қоймай, сонымен
қатар қазақ тілін мектепте жəне оқу орындарында ана тілі ретінде оқыту-
дың жүйелі курсына көшіру керек. Бұрынғыдай қазақ тілінің грамматика-
лық ережелерін, сондай-ақ қазақ тіліндегі поэзиялық, прозалық мəтіндерді
механикалық түрде жаттап алушылықты жойып, солардың мазмұнын өз
сөзімен жеткізуге немесе өз пікірін айтуға, яғни қазақша сөз саптауға баулу
керек. Орыстілді мектептің оқушылары да, колледждер мен жоғары оқу
орындарының студенттері де көпшілік ортада қазақша сөйлеу қолдарынан
келмейді. Бұл шындығында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту əдіс-
темесінің, яғни Қазақстанда тұрып, қазақша білмейтін адамдардың шын-
дығы. Бұл осы пəннің мақсаты мен міндеті əу баста дұрыс қоймағанның
салдарынан (қазақ тілінде тыңдауға/айтуға/сөйлесуге үйрету) оқулықтар
мен оқу құралдарында: а) не жасына, не тілді меңгеру деңгейіне сəй-
кес келмейтін мəтіндер орын алған; ə) əдістемелік дайындықсыз бірден
мазмұндама, эссе жазыңыз деген секілді шығармашылық тілдік тапсырма-
ларға көшетін репродуктивті сипаттағы жаттығулар мен тапсырмалар; б)
дыбыстауға ешқандай тапсырма болмайды, яғни оны меңгерусіз оқи да ал-
майтын, жаза да алмайтын, айта да алмайтын сөйлеу қызметінің ең маңыз-
ды түрі, іс жүзінде орыс тілінде сөйлеушілер үшін мектептегі жəне жоғары
оқу орындарындағы қазақ тілінің оқулығынан қалып қойып жатыр.
Осыған байланысты соңғы жылдары жарыққа шыққан аудио оқу құра-
лы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда жалпы жағдайды жақ-
сартуға үміт артады (Байғабылова К.Т. Қазақ тілі. Оңай жəне тез (Қазақ
тілін оқудың жаңа курсы) – «Аруна» ЖШС, 2010 ж.- 10 б.; Жаңа толқын
– Қазақ тілін зерттеуде үйретуші аудиокурс. 2007), жаңа форматтағы
оқулықтар («Жасұлан 1» – орыс мектебіндегі бастауыш сыныптарда
оқитын балаларға арналған қазақ тілінің оқулығы, 172 бет., СД-дискідегі
дыбыстық қосымша. Алматы қаласы əкімшілігі арқылы қайырымдылық
акциясы шеңберінде кітаптың 1000 данасы қаланың интернатына жəне
жетімдер үйіне қайтарусыз берілді; Ермекова К.А. «Танымгер». Үлкен-
Білім саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 71
дерге арналған қазақ тілі. – Алматы: «Мектеп», 1-мен 2-деңгей; СД-дис-
кідегі дыбыстық қосымша; Балаларға арналған қазақ тілі: «Ғажайып қа-
зақ тілі», – Əзірлеуші: «Руханият» орталығы, 2008; дауыстық жəне əуен
дыбыстар, жарқын көркемдеулер), анықтамалар (О.И.Мырзагельдинова
Қазақ тілі. Грамматикалық анықтамалық-шпаргалка (кесте түрінде). –
Көкшетау: «Көкшетау-2030» баспасы, 2009. – 44 б.), қазақ тіліндегі мульт-
фильмдер («Алдар Көсе» жəне т.б.); іскери қазақ тілін меңгеру үшін
оқытатын бағдарлама (ресми-іскери хаттарды рəсімдеу үлгілері – іскери
қағаздарды, қазақ тіліндегі ресми хаттарды рəсімдеудің үлгісімен).
Ересектер үшін де, балалар үшін де қазақ тілі бойынша оқу-əдісте-
мелік əдебиеттің үлкен көлемі, негізінен, бастауыш деңгейде тілді мең-
геруге арналғандығын талдау нəтижелері көрсетті. Осы аяда іскери қазақ
тілін жеткілікті жоғары деңгейде меңгеруге мүмкіндік беретін Л.Дүйсен-
бекованың «Қазақ тілінде ісқағаздарды жүргізу» оқулығын ерекше ай-
туға болады.
Əдебиет:
1 Бəтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының дамуы. Пед.
ғыл.канд. автореф. –Алматы, 2004.
2 Хасанулы Б. Языки народов Казахстана: от стратегии молчания к
стратегии развития (социопсихолингвистические аспекты). –Алматы:
Арда, 2007. – 384 с.
3 Языковая государственная программа 2020. Заговорим ли по-казах-
ски? (диалог экспертов) – Институт политических решений, –Алматы,
29.09.2010 - http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1285751760
4 В Казахстане насчитали около 630 тысяч студентов / Информацион-
ный портал ZAKON.KZ / 20 января, 2012 [Электронный ресурс] - http://
news.nur.kz/206837.html
5 Казахстан за годы независимости. Информационно-аналитический
сборник. Подготовлен Агентством Республики Казахстан по статистике.
Под ред. Б.Т.Султанова. –Алматы, 2006. – 380 с.
6 Качественное изучение казахского языка в школах и ВУЗах Казах-
стана - 18 июня, 2012 - http://www.uchi.kz/shkola/kachestvennoe-izuchenie-
kazakhskogo-yazyka-v-shkolakh-i-vuzakh-kazakhstana
7 Геллнер Э. Нации и национализм. –М.: Прогресс, 1991.
8 В вузах РК введут обязательные предметы на казахском - 26 июля
2010, Vesti.kz – http://loto.zakon.kz/page,1,1,179481-v-vuzakh-rk-vvedut-
objazatelnye.html
9. Тасмагамбетов критикует учебники казахского языка за их шаблон-
ность Tengrinews.kz–http://tengrinews.kz/ kazakhstan_news/tasmagam-
betov-kritikuet-uchebniki-kazahskogo-yazyika-za-ih-
shablonnost-240106/
72 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
2.2 Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге оқыту жүйесі
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - бүгін-
гі таңдағы өзекті мəселе. Мемлекеттік тілдің дамуына еліміз үлкен мəн
беріп, оның аясын кеңейтуге баса назар аударып отыр. «Қазақстандық
жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған
Жолдауында Елбасы: «Халықаралық тəжірибелерге сүйене отырып, қа-
зақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен əдістерін
əзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, ин-
новациялық əдістемелік, тəжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнема-
териалдарды əзірлеу керек», - деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі заман
талабынан туындап отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызметшілеріне мемлекеттік тілді жеделдете оқыту - тілдік тұғырнаманы
қалыптастыру болып табылады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысында Қазақстан Респуб-
ликасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне
қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-
дерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік орталығы респуб-
ликалық деңгейде Астана, Алматы қалалары жəне облыс орталықтары-
ның Тіл басқармалары жанындағы өңірлердегі тіл орталықтары жергілік-
ті жерлерде мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге үйретіп бағуда.
Əр орталық өз деңгейінде оқу-əдістемелік құралдар жасап шығаруда. Бұл
оқу орталықтарында сабақ беретін əдіскерлер мен оқытушыларға үлкен
міндет жүктейді. Ол үшін əрбір оқытушы, оқытудың əдіс-тəсілдерін өз
тəжірибелерінде тиімді қолдануы қажет. Сонымен қатар мемлекеттік тілді
үйретуде ендігі жерде тіл курстарын ұйымдастырумен ғана шектелмей,
олардың тиімділігін арттыру керек. Елбасы тапсырмасына сай мемлекет-
тік қызметшілердің қазақ тілін үйренулері үшін барлық қажетті жағдай
жасау бүгінгі күн тəртібіндегі аса өзекті мəселе болып отыр.
Өңірлердегі тіл орталықтары құрылғаннан бері Тіл комитетінің ұй-
ымдастыруымен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың респуб-
ликалық үйлестіру əдістемелік орталығына келіп, толғандырған мəсе-
лелерін ортаға салып, жиі бас қосып келеді. Бірақ олардың үйлеспей
жатқан істері əлі де жетерлік.
Біріншіден, жер-жердегі бірдей тірлікпен айналысатын жергілікті
əкімдіктерге қарасты Тіл орталықтарының заңды тұлға ретіндегі дең-
гейлері бірдей емес: бірі таза мемлекеттік кəсіпорын болса, бірі қазына-
лық кəсіпорын, бірі коммуналдық кəсіпорын, ал бірі жауапкершілігі
шектеулі серіктестік. Біздіңше, Тіл орталықтарының жұмысына осылар-
дың қайсысы тиімді екендігін анықтап, біріздендіретін уақыт келген
сияқты. Қазір оларды жекешелендіру керек деп жатыр. Бұл дұрыс емес.
Темір сататын, көмір өндіретін мекемелер өз күндерін өздері көрер. Ал
қазір сұранысы қоғамда төмен тіл орталықтары нарықта өз күндерін
Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге оқыту жүйесі 73
өздері көре алмай жоғалады деген қауіп бар. Өңірлердегі Тіл басқарма-
ларына қарасты Тіл орталықтарының заңды ұйым ретіндегі деңгейлері
мынадай:
1. Ақтөбе облысы «Облыстық тілдерді дамыту басқармасы» ММ жа-
нындағы «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазына-
лық кəсіпорны.
2. Қызылорда облысы «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» мемле-
кеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны.
3. Маңғыстау облысы «Тілдерді оқытудың облыстық орталығы» мем-
лекеттік коммуналдық кəсіпорны.
4. Ақмола облысы «Мемлекеттік тілді дамыту инновациялық техно-
логиялар жəне біліктілікті жетілдіру орталығы» мемлекеттік коммунал-
дық қазыналық кəсіпорны.
5. Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы əкімінің
«Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы»
мемлекеттік қазыналық кəсіпор ны.
6. Оңтүстік Қазақстан облысы «Шымкент қалалық қазақ тілін оқыту
жəне салт-дəстүрін насихаттау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қа-
зыналық кəсіпорны.
7. Қарағанды облысы Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқар-
масының “Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы” коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кəсіпорны.
8. Батыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысы əкімдігі Батыс
Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының «Ағартушы» мем-
лекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны.
9. Павлодар облысы «Павлодар облысы əкімдігі Павлодар облысы тіл-
дерді дамыту басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тіл-
дерді дамытудың «Ана тілі» Павлодар облыстық оқу-əдістемелік орта-
лығы» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны.
10. Алматы облысы «Алматы облысының тілдерді дамыту басқарма-
сы» мемлекеттік мекемесінің «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мем-
лекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны.
11. Атырау облысы Атырау облысы Тілдерді дамыту басқармасының
«Тіл» оқу-əдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кəсіпорны.
12. Қостанай облысы «Қостанай облысы əкімдігі тілдерді оқытудың
облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны.
13. Шығыс Қазақстан облысы «Шығыс Қазақстан облысының мем-
лекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кəсіпорны.
14. Жамбыл облысы əкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы комму-
налдық мемлекеттік мекемесі
74 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
15. Астана қаласы «Руханият орталығы» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі.
16. Алматы қаласы əкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Тіл» оқу-əдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік кəсіпорны.
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі
Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Шайсұлтан
Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-
əдістемелік орталығы - мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік тіл-
ді үйрету бағытындағы республикадағы бірден-бір жетекші ұйым. Жоға-
рыдағы орталықтарға ол үлгі болуы тиіс. Өкінішке орай олай болмай
отыр.
Орталық қызметінің негізгі міндеті – мемлекеттік тілді үйрету жəне
тілдерді үйретудің ғылыми-əдістемелік негізін құру. Орталық негізінен 4
бағытта жұмыс істейді:
1) мемлекеттік жəне мемлекеттік емес мекемелердің қызметшілерін
оқыту;
2) мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқулықтар жəне оқу құралда-
рын жасап шығару;
3) ғылыми-əдістемелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстел-
дер өткізу;
4) іс жүргізуді қазақ жəне орыс тілдеріне аударуды ұйымдастыру.
Орталық қызметі мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге же-
делдете деңгейлік оқытудың тұжырымдамасына, стандартына жəне
типтік бағдарламасына сай жүргізеді.
Орталық ай сайын:
- «Мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың интерактивті əдістемесінің
негіздері»;
- «Мемлекеттік тілді жеделдете оқытудың интенсивтік əдістемесінің
негіздері»;
- «Қазақ тілі бойынша мультимедиалық сабақтар жасау жəне қолдану
əдістемесі»;
- «Мемлекеттік тілді оқытудың коммуникативтік негіздері»;
- «Аударматану: теориялық жəне практикалық мəселелері» тақыры-
бында біліктілік жетілдіру курстарын өткізеді.
Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үй-
лестіру-əдістемелік орталығында мемлекеттік тілді оқыту курстары көп-
деңгейлік бірыңғай стандарттық оқу жүйесі бойынша жүргізіледі. Əр
деңгейлік құрылымда: лексикалық тақырып, сөздік қор, сөйлеу үлгілері,
тілдік материалдар, жаттығулар мен тест тапсырмалары, бақылау жұмыс-
тары ескерілген. Бағдарламалар қазақша ойлау мен сөйлеу дағдысын қа-
лыптастыруға, сауатты жазуға машықтандыруға, ісқағаздарын жүргізуді
үйретуге негізделген.
Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге оқыту жүйесі 75
Республикалық орталықта аса маңызды жұмыстардың бірі қазіргі за-
ман талабына сай оқулықтар мен оқу құралдарын əзірлеу болып табы-
лады. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында Қа-
зақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді
дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов
атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-əдістемелік ор-
талығы еліміздің белгілі əдіскер-ғалымдарымен бірлесе отырып, мемле-
кеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге (ересектерге, тіл үйренуші жеке
тұлғаларға) жеделдете деңгейлік оқытудың тұжырымдамасын, стандартын
жəне типтік бағдарламасын (Қарапайым деңгей, Базалық деңгей, Жоғары
деңгей) жасап, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен келісе
бекітті. Тұжырымдама, стандарт жəне типтік бағдарлама облыстық мемле-
кеттік тілді оқыту орталықтарына таратылып, бүгінгі күні сол құжаттарға
сай жұмыстар жүргізді. Бірақ үрдіс Республика деңгейінде мемлекеттік
тілді оқытудың бірыңғай жүйесін қалыптастыра алмады. Ол үшін:
Біріншіден, өңірлерде Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін артыратын институттар жұмыс
істейді. Өңірлердегі тіл орталықтарына сондай статус беру керек. Ал рес-
публикалық орталық өзінің ғылыми-əдістемелік жұмыстарын ҒЗИ-да
жасалатын жұмыстардың деңгейіне жеткізуі тиіс.
Екіншіден, барлық Тіл орталықтары мемлекеттік қызметшілерді
«бастауыш, жалғастырушы жəне тереңдетілген» деңгейлер бойынша бір
жүйемен оқытқанымен, ондағы бағдарламаның сағат саны əр орталықта
əртүрлі. Бірінде 70 сағаттық, бірінде 90 сағаттық, бірінде 120 сағаттық
оқу бағдарламасы қолданылады. Біздіңше, қанша сағаттық бағдарлама-
мен оқытқан ұтымды жəне тиімді екендігін анықтап, бəрін бір жүйеге
түсіру керек. Осы уақытқа шейін қомақты қаржыға шыққан «Мəрте-
белі сөз» немесе «Мемлекеттік қызметшінің тілдік портфелі» атты оқу
кешендері іске жарамсыз болып отыр. Неге? Өйткені, оны (қомақты
қаржыға шыққан əдістемелік құралды) міндеттейтін құқықтық тетік жоқ.
Əдістеме алтын болса да оны міндеттемесе мəні кетеді. Қазтест жасаған
(шығарған) бес деңгейлік оқу құралдарын барлық оқу орталықтарына
міндеттеудің құқықтық тетігін жасау керек. Бірақ мынаны ұмытпау ке-
рек. Қазтест - ол бағалау жүйесі оны озық əдістеме ретінде тықпалау,
басқа ғылымдардың шығармашылық əлеуетін таныту құқығын шектейді.
Үшіншіден, Тіл орталықтарында мемлекеттік тілді оқыту сипаты
əртүрлі. Айталық, қазақ тілі сабағы кей жерлерде аптасына екі рет, кей
жерлерде үш рет, кей жерлерде күн сайын болады. Тіл үйретудің майын
ішкен əдіскерлердің айтуларына сүйенсек, тілді үзіп-жұлып оқығаннан
гөрі тілдік ортаға толықтай еніп үйренген ұтымды болмақ. Сондықтан
тілді күнде оқытатын тіл орталықтарының тəжірибесіне басқалар да
көшу керек. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді өндірістен қол
76 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
үзіп оқыса, тіптен тамаша болар еді. Осы ретте республика бойынша
мемлекеттік жəне мемлекеттік емес мекемелердің 2007-2012 жылдар
аралығында қазақ тілі курсынан өткен тыңдаушыларының саны туралы
мəліметті келтіреміз.
1-кесте. Республика бойынша мемлекеттік жəне мемлекеттік емес
мекемелердің 2007-2012 жылдар аралығында қазақ тілі курсынан
өткен тыңдаушыларының саны
№ Облыс, қала
атауы
Қазақ тілі курсы-
нан өткен мекемелер
саны
2007 ж.
тыңдаушылар саны
2008 ж.
тыңдаушылар саны
2009 ж.
тыңдаушылар саны
2010 ж.
тыңдаушылар саны
2011 ж. тыңдаушы-
лар саны
2012 ж. тыңдаушы-
лар саны
Барлығы
Астана қаласы 8 531 483 505 338 297 173 2327
- 275 473 345 445 456 362 2356
Алматы қаласы - 621 704 1160 935 967 864 5251
Ақмола облысы 62 151 940 1072 1589 1191 1179 6124
8 288 315 454 520 1203 2643 5423
Ақтөбе облысы 65 493 486 500 304 282 80 2135
Атырау облысы 41 716 725 977 1142 1060 1284 5904
Алматы облысы
Шығыс Қаз. 85 131 370 781 1356 2033 1687 6358
облысы 87 500 925 1125 1062 923 1131 5650
Жамбыл облысы
Батыс Қаз. 111 259 629 796 1040 1064 1279 5067
облысы
Қарағанды об- 27 - 149 363 186 432 225 1355
лысы
Қызылорда 47 488 580 420 435 450 495 2868
облысы 11 128 46 19 32 20 18 263
Қостанай облысы
Маңғыстау об- - 2465 837 926 977 777 879 6861
лысы 56 - - - 792 965 1612 3369
Павлодар облысы 153 843 751 611 734 539 891 4369
Солт.Қаз.облысы
Оңт.Қаз.облысы
Кестеден байқап отырғанымыздай, əр өңірде курстан өткен қызмет-
шілердің саны 1 мың мен 6 мыңның арасы. Бірақ одан мемлекеттік қыз-
мет қазақша сайрап кеткен жоқ.
Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге оқыту жүйесі 77
Мемлекеттік жəне жергілікті басқару институтына мемлекеттік қыз-
метшілер өзінің кəсіби ұсыныс бойынша біліктіліктерін арттыруға
тұрақты түрде жіберіліп тұрады. Біздің ойымызша, мемлекеттік тілді үй-
рету курстарын да сондай жүйеге көшірген дұрыс. Өйткені, тіл үйрету-
де тілдік орта жəне жалғастық деген екі маңызды фактор бар. Аптасына
екі реттен 5-6 айға созылған курстардан тіл үйренуші жалығады жəне
күнде-күнде дайындалмаған соң, тілдік ортадан қайта-қайта қол үзіп, бір
сабақта білгенін келесі сабақта ұмытып қала береді. Бір-бірімен байла-
нысты тұтас бағдарламаны аз ғана уақыт ішінде меңгеріп алу, тіл үйре-
нушінің өзіне деген сенімділігін оятар еді.
Төртіншіден, аталған мəселелерді үйлестіріп, бір жолға қою - Тіл коми-
теті жанындағы Ш.Шаяхметов атындағы орталықтың жұмысы. Жер-жер-
дегі Тіл орталықтарының басты мақсаты мемлекеттік қызметшілерді
мемлекеттік тілге үйрету, соларға арнап оқу-əдістемелік құралдар шығару
болғандықтан барлығы білгендерін ортаға салып ақылдасып, республика-
лық орталықтан бекітіліп ұсынылған бағдарлама бойынша жұмыс жасаға-
ны əлдеқайда тиімді болар еді. Өкінішке орай, бұлай болмай отыр. Мем-
лекеттік тілді дамыту жолында əр облыс өз білгендерімен жүріп келеді.
Мəселен, Қарағанды облысының Тіл орталығы дайындаған оқу бағдарла-
масын немесе оқу құралдарын Ақтөбе өз тарапынан жаңадан қайта жасап,
«Аққу, шортан һəм шаян» секілді əркім əр жаққа тартуда. Əрине, мемлекет-
тік қызметшілерді оқыту үшін жаппай бір ғана оқу құралы болуы мүмкін
емес, бірақ Алматының да, Астананың да кеденшілерін немесе қаржы қыз-
меткерлерін оқыту үшін бірдей бағдарлама, бірдей оқу құралдары қажет-ақ.
Əсіресе жеке мекеме (министрлік, агенттік жəне т.б) ішінен ашылған
тіл бөлімдері табандарын қайда тірерін білмей, бастары қатуда. Əлі күн-
ге шейін жеке салаларды (мəселен, кеденшілерді, заң қызметкерлерін,
қаржыгерлерді жəне т.б.) оқытатын ортақ бағдарламалар жасалып, оқу
құралдары, электронды бағдарламалар жасалған емес. Тəжірибе көрсет-
кендей тілді білудің екінші деңгейінен жоғары топтардың оқу құралда-
рын бəріне бірдей етіп жасап, тарату бос əурешілік болып отыр.
Біз төменде 2013 жылы Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне
спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс коми-
тетінің тапсырысымен шыққан кітаптар тізімін келтіріп отырмыз:
2-кесте. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне
спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс ко-
митетінің тапсырысымен шыққан кітаптар тізімі
№ Автор мен атауы Кітаптың саны
п/п
1 Қазақ тілінің мəдениеті Тіл білімі
М.Балақаев, М.Серғалиев
78 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
2 Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы Тіл білімі
С.Мырзабеков
3 Қазақ тілінің лексикологиясы Тіл білімі
А.Айғабылов
4 «Орфографиялық сөздік» Сөздік
5 Пошта терминдерінің жəне пошта қызметтері сала- Сөздік
сында жиі қолданылатын сөз тіркестерінің қазақ-
ша-орысша жəне орысша-қазақша сөздігі
С.Тоқсанбай
6 Орысша-қазақша банк терминдері сөздігі Сөздік
7 Жануарлар туралы үлкен энциклопедия» Балаларға арналған
8 «Континенттер энциклопедиясы» Балаларға арналған
9 Қазақ тілі (қысқаша грамматикалық анықтағыш) Тіл білімі
Г.Қалиақбарова
10 Экологиялық əліппе А.М.Сəбитова Балаларға арналған
11 Ұлттық этикет (орыс аудиториясына арналған оқу Оқу-əдістемелік
құралы+аудиодиск) Г.Қапалбекова
12 Қазақ есімдері (орыс аудиториясына арналған оқу Оқу-əдістемелік
құралы) Н.Б.Ильясова
13 «Қазақтың дəстүрлі атаулары» Энциклопедиялық Сөздік
сөздік Наурызбай Ақбай
14 Балаларға арналған ертегілердің аудиожинағы Балаларға арналған
Г.Қалиақбарова
15 Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу Оқу-əдістемелік
О.Əбутəліп
16 Қазақ топонимдерінің типтік үлгілері Тіл білімі
Б.Бияров
17 Бастауыш топқа арналған жаттығулар жинағы Оқу-əдістемелік
Т.Мадиева
18 Қазақ тілі Техникалық жоғары оқу орындарының Оқу-əдістемелік
студенттеріне арналған
А.Қартаева, А.Мұратбекова
19 XX ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер Тіл білімі
О.Жұбаева
20 Қазақ тілі Ақпараттық технология жəне энергетика Тіл білімі
мамандығына арналған оқу құралы
Ш.Құрманбаева, А.Мұратбекова
21 Қазақ тілі Экология мамандығына арналған тереңде- Тіл білімі
те оқыту құралы
22 Тағамтану сөздігі.Орысша-қазақша-ағылшынша Сөздік
Б.Рахимбердиева
23 «Тіл жəне қоғам» альманахы № 3 Жалпы
Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге оқыту жүйесі 79
24 «Тіл жəне қоғам» альманахы № 4 Жалпы
Оқу-əдістемелік
25 «Қазақ тілі» (оқу құралы) Т.Т. Аяпова Оқу-əдістемелік
26 English-Kazakh Dictionary ағылшынша-қазақша Оқу-əдістемелік
сөздік – 1 volume, бөлім (a,b,c) Оқу-əдістемелік
Ж.Асанова, Г.Асанова Оқу-əдістемелік
Оқу-əдістемелік
27 «Разговорный казахский легко» Е.Романенко Оқу-əдістемелік
28 «Казахская грамматика для русскоязычных» Сөздік
Е.Романенко Сөздік
Сөздік
29 «Понятный казахский» Е.Романенко
Сөздік
30 «Забавный казахский»+CD Е.Романенко Сөздік
Сөздік
31 «Сдаем ЕНТ по казахскому» Е.Романенко
Оқу-əдістемелік
32 «Орысша-қазақша ветеринарлық сөздік»
Г.Джанабекова, К.Джанабекова Оқу-əдістемелік
33 «Заңнама ұғымдарының тезаурусы» Оқу-əдістемелік
Д.Омашұлы Жалпы
Жалпы
34 «Французша-орысша-қазақша, қазақша-орысша- Жалпы
французша дипломатиялық терминдер сөздігі» Жалпы
А.Т.Бакитов, Р.С.Жуманова Сөздік
35 «Əбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресінің тез-
аурус сөздігі» Г.Мамырбекова, А.Сейтбекова
36 «Баспа жəне полиграфия терминдерінің түсіндірме
сөздігі» Р.С.Абдиева, С.Медеубекұлы, Б.А.Омарова
37 «Орысша-ағылшынша-қазақша Кеме құрылысы-
ның сөздігі, Русский-английский-казахский словарь
по устройству судна, Russian-english-kazakh Vessel
design glossary Н.Сабирова, А.Куянбаев
38 «Star» мемлекеттік қызметкерлерге арналған ағыл-
шын тіліндегі деңгейлік оқулық.Жұмыс дəптері.1
деңгей.
Т.Аяпова, Ж.Тутбаева, Б.Букабаева, З.Абильдаева
39 «Star» мемлекеттік қызметкерлерге арналған ағыл-
шын тіліндегі деңгейлік оқулық.Мұғалім кітабы.1
деңгей
40 Star» мемлекеттік қызметкерлерге арналған ағылшын
тіліндегі деңгейлік оқулық.Негізгі оқулық.1 деңгей.
41 «Қазақ жерінің 100 аңызы 1 том» О.Жанайдаров
42 «Қазақ жерінің 100 аңызы 2 том» О.Жанайдаров
43 «Екі томдық шығармалар жинағы» 1-том М.Кемел
44 «Екі томдық шығармалар жинағы» 2-том М.Кемел
45 Қазақша-немісшежəненемісше-қазақшадипломатия-
лық анықтамалар сөздігі» (құрамдас туынды) А.Аль-
жанов
80 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
46 Jonathan Swift. Stage 1 «Gulliver’s Travels» («Гулли- Балаларға арналған
вердің саяхаты»)
47 Hans Christian Andersen. Stage 1 «Andersen’s Fairy Балаларға арналған
Tales» («Андерсеннің ертегілері»)
48 R.Lanceny Green. Stage 1 «Robin Hood» («Робин Гуд») Балаларға арналған
49 Eleanor H.Porter Stage 1 «Рollyanna» («Поллианна») Балаларға арналған
50 Stage 1 «Pocahontas» («Покахонтас») Балаларға арналған
51 Louisa May Alcott. Stage 2 «Little Women» («Кішкентай Балаларға арналған
əйелдер»)
52 Jules Verne. Stage 2 «Around the world in 80 Days» Балаларға арналған
(«Жер шарын 80 күнде айналу»)
53 Jules Verne. Stage 2 «Journey to the Centre of the Earth» Балаларға арналған
(«Жер орталығына саяхат»)
54 Marry Shally. Stage 2 «Frankenstein» («Франкен- Балаларға арналған
штейн»)
55 Robert Louis Stevenson. Stage 2 «Treasure Island» Балаларға арналған
(«Қазына аралы»)
56 Mark Twain. Stage 3 «Tom Sawyer» («Том Сойердің Балаларға арналған
бастан кешкендері»)
57 Daniel Defoe Stage 3«Robinson Crusoe» («Робинзон Балаларға арналған
Крузо»)
58 Charles Dickens. Stage 4 «Oliver Twist» («Оливер Балаларға арналған
Твист»)
59 Alexander Dumas. Stage 5 «The Count of Monte Cristo» Балаларға арналған
(«Граф Монте-Кристо»)
60 Stage 4 «Don Quixote» («Дон Кихот») Балаларға арналған
61 «10 причин, почему важно знать и говорить на казах- Оқу-əдістемелік
ском языке (литературное произведение)
Ш.Мұқан
62 Қ.Қайыржан «Сөз сандық» Сөздік
63 Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсін- Сөздік
дірме сөздігі) Тіл білімі
Тіл білімі
64 Қазақ тіліндегі қос сөздер: зерттеу жəне сөздік Тіл білімі
Əбдуəли Қайдар
Сөздік
65 Қазақтар ана тілі əлемінде (этнолингвистикалық Сөздік
сөздік) II том.Қоғам Əбдуəли Қайдар
66 Қазақтар ана тілі əлемінде (этнолингвистикалық
сөздік) III том.Табиғат Əбдуəли Қайдар
67 Көпшілік коммуникация сөздігі
Құдайберген Тұрсын
68 «Тілашар-Phrase book-Разговорник»
Жекен Қалиұлы
Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге оқыту жүйесі 81
69 Қазақ тіл білімінің мəселелері Қ.Жұбанұлы Тіл білімі
Тіл білімі
70 Қазақ тіл білімінің мəселелері А.Байтұрсынұлы Тіл білімі
Тіл білімі
71 Қазақ тіл білімінің терминологиясы мəселелері Тіл білімі
Ө.Айтбайұлы Оқу-əдістемелік
72 Қазақ тіл білімінің фразеологизмдері мен перифраз- Оқу-əдістемелік
дары Ө.Айтбайұлы Оқу-əдістемелік
73 «Тілім менің - тінім менің» М.Серғалиев Оқу-əдістемелік
74 «25 кадр.Қазақ тілін үйретудің мультимедиалық Оқу-əдістемелік
бағдарламасы» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама элек- Оқу-əдістемелік
тронды оқу құралы) Тұрлыбекова Ж.А, Нұрмаханова
Ж.Б, Майлыбаева Н.О. Оқу-əдістемелік
Оқу-əдістемелік
75 «Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің Оқу-əдістемелік
Жұмыс бағдарламасы Оқу-əдістемелік
76 «Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің
Оқу жəне тіл дамыту кітабы. «Рухани əлем» (жоғары
деңгейге арналған)
77 «Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің
Оқу жəне тіл дамыту кітабы. «Əдебиет əлемі» (база-
лық деңгейге арналған)
78 «Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің
Тест жинағы
79 Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің Оқу
жəне тіл дамыту кітабы. «Фольклор əлемі» (қарапа-
йым деңгейге арналған)
80 Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің
«Бейнебаян» оқу құралы+CD
81 Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің Не-
гізгі оқулығы (қарапайым деңгей)+CD
83 Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің Не-
гізгі оқулығы (жоғары деңгей)+CD
83 Қазақ тілі» деңгейлік оқу-əдістемелік кешенінің Не-
гізгі оқулығы (базалық деңгей)+CD
Кестеде барлығы 83 əдебиет шығарылғандығы көрсетілген, оның
ішінде таза тіл біліміне- 16,16 сөздік, 19 балаларға арналған əдебиет
жəне 25 оқу-əдістемелік құралдар, ал 7 кітап басқа салаға (көркем əде-
биет, аңыз жəне т.б.). Біздіңше, мемлекет бюджетінен шығарылған бұл
кітаптар мазмұнының талапқа сай-сай емес екендігі жəне қоғамға қажет-
тілігі жөнінен қатаң сараптауды керек етеді.
Біздіңше, мемлекеттік қызметшіге екінші деңгейден бастап кəсіби қа-
зақ тілі қажет. Ал кəсіптің түрі көп. Яғни, жалғастырушы деңгейде заң-
гер мен құрылысшыны бір оқу құралымен оқыту мүмкін емес, өйткені
82 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
əр саланың өз тілі бар, соған сəйкес əр саланың өзіндік оқу құралдары
болуы шарт. Ол сол салаға қатысты құрастырылған тілдескіштердің, сол
саланың терминдер сөздігінің жəне сол салада күнделікті қолданылатын
ісқағаз үлгілерінің материалдарына сүйеніліп жасалуы тиіс. Оны тіл ор-
талықтары ұсынып, сол саланың мекеме басшылығы бекіткеннен кейін
бүкіл Қазақстан аумағы бойынша бір сала бір-ақ оқулықпен оқитын дең-
гейге жетуіміз қажет. Ал қазір Астананың заңгерлері басқа, Ақтөбенің
заңгерлері басқа материалдарды пайдаланады. Оқытуда еш жүйе жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерді оқытуға жəне соларға арнап салалық əдеби-
еттер əзірлеуге Тіл комитеті арқылы республикалық көлемде, ал жергілік-
ті Тіл басқармалары арқылы аймақтарға қомақты қаржы бөлінгенімен
əлі күнге дейін мемлекеттік қызметшілерге арналған бұндай салалық оқу
құралдары толықтай дайындалып болған жоқ. Көлік саласына, мəдениет
саласына, медицина саласына, жергілікті əкімдіктерге жəне тағы басқа
да саны белгілі департаменттер мен басқармалардың өз лексикасы, өз
терминдері, өздерінің ішінде айналыста жүретін ісқағаз үлгілері, синтак-
систік стандарттары болатыны белгілі. Əр салаға арналған оқу құралда-
ры мен оқу бағдарламалары осы айтылған тілдік бірліктерге сүйеніліп
жасалынуы тиіс. Мəселен, мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді өз
саласында толық меңгеру үшін тілді сала бойынша жаңа əдістерді қолда-
на отырып оқытудың маңызы зор. Қазақ тілін мемлекеттік басқару ісінде
қолдану аясы күннен күнге кеңеюде, мемлекеттік қызметкерлердің қазақ
тілін меңгертудегі рөлі, тілді оқыту мен үйретудің озық əдістемелері мен
білім беру парадигмасы жаңа талаптарға сай жауаптылықты талап етеді.
Соған сəйкес əр салаға арналған оқу құралдарын дайындау да жаңаша
əдіс-тəсілдерді қолдануды қажет етеді. Сондықтан Тіл комитеті жанын-
дағы бюджет қаржысынан оқу құралдары мен түрлі кітаптар шығаруға
батасын беретін сараптамалық кеңес өз жұмысын дұрыс жолға қоюлары
керек. Жалпы сараптамалық кеңес Тіл орталығы жанынан құрылса, оның
жұмысы тұрақты да, жүйелі болар еді.
Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үй-
лестіру-əдістемелік орталығы өз жұмысын жолға қойып, мемлекеттік
қызметшілерге тіл үйретуді республика бойынша бір жүйеге түсіруі тиіс.
Сондай-ақ осы уақытқа шейін тілді дамытуға, үйретуге қатысты шыққан
өнімдер жəне олардың əкелген пайдасы қандай, шығарылған өнімге
қоғамда сұраныс бар ма? деген сауалдарға жауап беретін зерттеу-тал-
дау жұмыстары жүргізілуі керек. Əлеуметтік лингвистика жəне практик
мамандардың ұсыныстарын қорытып, болашақта шығарылуы тиіс өнім-
дердің тізімін жасау да бүгінгі күні аса кезек күттірмейтін мəселеге жата-
ды. Сонда Тіл комитетінен жұмсалған қаржы жолай, субъективтік пікір-
лердің ықпалымен анықталған бағыттар мен жобаларға емес, барынша
сарапталып, айқындалған мақсаттарға жұмсалатын еді.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 83
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді
дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республика-
сында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарына сəйкес мемлекеттік тілді оқыту əді-
стемесін жетілдіру, тілді оқытуда заманауи технологияларды пайдалану
жəне сапасын арттыру, оқытудағы əдістемелік іс-шараларды насихаттау
мақсатында түрлі шаралар өткізіп тұрады. Бірақ шаралар өткізуде жү-
йесіздік байқалып отыр.
Ол үшін «Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін
дамыту» 004 бюджеттік бағдарламасын іске асыру жоспарына өзгеріс-
тер енгізу қажет. Мəселен ондағы оқу-əдістемелік жұмыстар бірінен-бірі
туындап жатуы керек. Əдістемені, оқу бағдарламаларын жəне қазақ тілін
оқыту технологиясын жетілдіруге арналған шаралар, 2014 жылғы жоспар-
дағыдай əрқайсысы бөлек-бөлек болмай, бір-бірімен тығыз байланысты,
бірінен-бірі туындап жатуы тиіс. Бұл салада сонда ғана нəтиже болады.
Яғни, а) қазақ тілінің əдістемесі журналын шығару;
ə) оның сайттағы электронды нұсқасын жасау;
б) журнал арқылы мониторинг жүргізіп үздік ұсыныстарды (үздік
бағдарлама, үздік ашық сабақ жəне т.б.) сараптау;
в) соның нəтижесінде Үздік оқытушы шарасын өткізу;
г) журналда көтерілген мəселелер бойынша əдістемені, оқу бағдарла-
масын қазақ тілін оқыту технологиясын жетілдіруге арналған шаралар
(дөңгелек үстелдер, конференция жəне семинарлар мен шеберлік класта-
рын) өткізу, нақты шешімдер қабылдау.
Осының барлығы Кешенді бір-ақ мемлекеттік сатып алуға біріктірілуі
керек. Сонда ғана нəтиже болады.
2.3 Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік
тілдің қызметі
Тəуелсіздік алғалы бері Қазақстандағы мемлекеттік тілді дамыту
жəне қолдау нəтижелері қандай деңгейде екенін айқындайтын басты
көрсеткіш – бұл шынайы қоғамдық орта, қоғамдық ортаның мүддесі мен
рухани саналы көзқарасы. Қоғамдық ортадағы мемлекеттік тілдің қолда-
нылуы тілдік ортаның нығаюымен күшейеді. Ал қазақ тіліндегі қоғам-
дық ортаны қалыптастыруға ықпал жасайтын факторлар – білім беру,
мəдениет БАҚ жүйесі мен мемлекеттік тілде ісқағаздарының жүргізілуін
қадағалайтын əрбір мекемедегі тіл дамыту бөлімдері мен департамент-
тері, т.б. институттар мен қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік
биліктің тікелей өзі болып табылады.
Мерзімді жəне электронды БАҚ жүйесіндегі мемлекеттік тілді дамыту
іс-шараларының нəтижесі бойынша қазақтілді ортаның өсу динамикасы
84 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
жылдан жылға артып келеді, бірақ ісқағаздары мен мемлекеттік қызмет-
тегі, жеке кəсіпкерліктегі, жеке ұйымдардағы тілдік орта түбегейлі қазақ
тіліне ауысты деуге болмайды. Ең бастысы 1991 жылдан 2000 жылға де-
йінгі рухани сананы ояту күресі жеңіске жетті. Бүгінгі таңда (2014 жылға
дейін) көпұлтты барша қазақстандықтар мемлекеттік тіл – қазақ тілі
екенін шынайы рухани тұрғыдан мойындап, оны құрметтеуге бет бұрды,
тіпті қазақ тілін үйренуге талпыныс күшейді. Əрине, бұл қозғалыс мем-
лекеттік тілді дамыту стратегиясының орындалу мерзімінен əлдеқайда
кеш əрі баяу жүргізілді. Бірақ Қазақстан үшін осы қадамға жету тіл сая-
сатындағы толеранттылық, сабырлылық күшіменен жүзеге асты.
Мұнымен келіспеген ұлтжанды тіл жанашырлары мемлекеттік тілдің
туын көтеру үшін жан-айқайын салып, түбегейлі қазақтілді қоғамдық
ортаны қалыптастырудың саяси да, рухани да, заңдық жолдарын көр-
сетіп, тіпті өзге мемлекеттердің оңтайлы тəжірибелерін негізге алып,
қоғамдағы тілдік ортаны күрт өзгертуді ұсынады. Бірақ олардың қолы
биліктің тежеуінен байланып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық ор-
таның бір өкілі ретіндегі, қоғамдық пікірдің бір мүшесі ретіндегі əрбір
азаматтың түйсігінде мынадай сауалдар туындайды: қазақ тілінің мəрте-
бесін арттырып, мемлекеттік тіл дəрежесінде барлық салада еркін қолда-
нысқа 22 жыл бойы қарқынды ене алмауының себебі неде? Осы сұраққа
жауап іздеу үшін біріншіден, қазақстандық БАҚ жүйесіндегі (мерзімді
жəне электрондық) мемлекеттік тілге қатысты барлық мақалалар мен
оларға берілген қоғамдық пікірлерді мазмұндық тұрғыдан сараптадық.
Екіншіден, сол мақалалар идеологиясынан туындайтын мəселелерге
талдау жасалып, қазақ тілін үйрететін жəне оқытатын əдістеме мен оқу-
лықтардың тиімділігі мен маман тəжірибесі, шеберлігі туралы пікірлер
талқыланды. Үшіншіден, мемлекеттік тілді тіл саясаты арқылы нығай-
туды көздейтін саясаттанушылардың ұсыныстары талданды. Төртінші-
ден, өзге мемлекеттің тіл саясатын үлгі ету үдерістері, оған қарсы жəне
оң пікірлері ашық көрсетілді. Бесіншіден, мемлекеттік тілді дамытудың
ғылыми негіздемесі туралы ғалымдардың пікірі талданды. Алтыншы-
дан, қазақ қоғамындағы мемлекеттік тілді дамытуға ықпал ететін барлық
іс-шаралардың (тілді дамыту департаменттері мен бөлімдерінің қызмет-
теріне) нəтижелеріне талдау жасалды. Жетіншіден, 2005-2014 жылдар
аралығы бойынша статистикалық сараптама жүргізілді:
1. Қазақтілді мерзімді БАҚ (газет, журнал);
2. Қазақтілді электронды БАҚ (телеарна, радио, сайт, портал);
3. Қазақ балабақшалары мен мектептер;
4. Мемлекеттік тілді дамыту орталықтары;
5. Мемлекеттік тілді дамытуға байланысты мақалалар саны.
Қазақстандағы БАҚ-тың мемлекеттік тілді дамытуға ықпалы.
Тəуелсіздік алғалы бері Қазақстанда БАҚ жүйесі өте қарқынды даму
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 85
үстінде. Бірақ орыстілді БАҚ алда келеді. Қазақтілді бұқаралық ақпарат
құралдарының даму динамикасы қарқынды болғанымен, өзгетілді газет,
журналдардың, телебағдарламалардың санынан аса алмай отыр. Мəсе-
лен, 2010 жылғы Аналитикалық ұйымдар альянсының сараптамасы бо-
йынша, Қазақстанда тіркелген 2700 мерзімді басылымның тек 453-і ғана
қазақ тілінде шығарылады да, 2307-сі өзге тілді, қостілді басылымдар қа-
тарына енеді екен. Бұған қоса 5,2 мың ресейлік журналдар мен газеттер
таратылады, ал олардың 2,7 мың түрі ғана ҚР Мəдениет жəне спорт
министрлігінде ресми түрде тіркелген болып саналады. Сараптама нəти-
жесінде мерзімді басылымдардың құрамындағы қазақтілді БАҚ жалпы
көлемнің тек 5,99 пайызын құраған болып шықты. Ал 2010 жылы интер-
нет-сайттардың қазақтілді контенті 5,6 пайызды құрады [1]. Бұл сайт-
тардың барлығы мемлекеттік құрылымдарға тиесілі болды. Сол жылдары
қазақтілді электронды БАҚ-тың үлес салмағының жоғары болуына негіз-
гі себеп – мемлекеттің қолдауы. Осындай статистикалық мəліметтердің
қорытындысы арқасында, қазақ БАҚ жүйесін мемлекеттік тілді дамыту-
дың тиімді, жылдам əрі ұтымды жолы екенін ескере отырып, мемлекет
тарапынан қазақтілді мерзімді жəне электронды БАҚ-ты қолдау үрдісі
бірқатар газеттер мен журналдардың, теле, радиобағдарламалардың,
əдістемелік, ғылыми-танымдық, қоғамдық-саяси, ұлттық мəдени, мəде-
ни-ағарту сайттарының жарыққа шығуына негіз болды. Осылайша мем-
лекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылған қазақтілді БАҚ контенті
қазіргі таңда 70 пайыздан асып түсті.
2012 жылғы мəлімет бойынша Қазақстан Республикасында 2765
БАҚ тіркелген. Олардың ішінде мемлекеттік БАҚ – 439, мемлекет-
тік емес БАҚ – 2326. Соның басым бөлігін газеттер (1666) жəне жур-
налдар (848) құраса, 238 электронды БАҚ болып табылады. Бұл элек-
тронды БАҚ өз ішінде 51 телеарнаға, 48 радиокомпанияға, 133 кабель-
ді телевидениеге, 6 спутниктік хабарға, 13 ақпараттық агенттікке жікте-
леді [2].
Мерзімді басылымдардың (газеттердің) халықты қазақ тіліне
бейімдеу қызметі. 2012 жылғы статистикалық мəлімет бойынша орыс-
тілді газеттер саны – 88, яғни барлық мерзімді басылымдардың 40%
құраса, қазақтілді газеттер саны – 83 болды (37,7%). Ал қостілді (орыс
жəне қазақ тілінде жарық көретін) газеттер саны – 32 немесе 14,5 пайыз-
ды құрады. Қазақстандағы көптілді газеттер қатарына орысша-ағылшын-
ша газеттер – 2, орысша-немісше газеттер – 1, орысша-қазақша-түрікше
газет – 1, орыcша-күрдше газет -1, орысша-корейше газет – 1, орыс-
ша-қазақша-ағылшынша газет – 3, орысша-украинше газет – 1 енеді [3].
Осы мəліметтерге қарасақ, орыстілді газеттер Қазақстанда басымдық
танытатынын жəне орыс тілі өзге тілділерді біріктіретін ұйқты екені-
не көз жеткіземіз. Сондықтан келешекте көптілді газеттер санын орыс
86 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тілі арқылы емес, қазақ тілі арқылы оқып тани алатын деңгейге жеткізуге
ұмтылыс қажет.
Қазіргі таңдағы сайты бар қазақтілді мерзімді газеттер қатарына
мыналар жатады: Айқын, Абай-ақиқат, Ақ жол, Айыртау таңы, Ақжол-
тай, Ақжайық газеті, Ақтөбе, Алаш айнасы, Ақсу жолы, Skifnews.kz
(онлайн газет), Алматы ақшамы, Алтай, Алтын ұя, Ана тілі, Арай, Арқа
ажары, Астана ақшамы, Атырау, Ауыл арайы, Ауыл жаңалығы, Əділет,
Біздің Торғай, Білім жаршысы, Бурабай, Дала мен қала, Дидар, Егемен
Қазақстан, Ел бірлігі, Ертіс дидары, Жайық шұғыласы, Жас алаш, Жас
қазақ, Жезқазған жастары, Жетісу, Замана, Зерделі зеренді, Ислам жəне
өркениет, Кең жылой, Көктас таңы, Қазақ үні, Қазақстан Заман, Қазақстан
мұғалімі, Қарадала тынысы, Қаратау тəжі, Қостанай таңы, Мақат тыны-
сы, Мұнайлы Астана, Мысты өңір, Нұр Астана, Нұрлы жол, Оңтүстік
Қазақстан, Орталық Қазақстан, Отарқа, Өскелең өңір, Президент жəне
халық, Рас, Сарыарқа самалы, Сарыкөл, Солтүстік жұлдызы, Солтүстік
Қазақстан, Сыр бойы, Сыр түлегі, Таза бұлақ, Талдықорған апталығы,
Тарбағатай, Темір, Түркістан, Уақыт, Үмітті Арал, Ұлан, Халық, Халық
сөзі, Халық үні, Шарайна, Шұғыл сақшы, Шұғыла, Шымкент келбеті,
Талғар, Экономика, Қазақ (интернет газеті), Zona.kz (интернет -газет). Ал
бұдан басқа сайты жоқ қазақтілді газеттер де бар. Бірақ олар тізімге сай-
ты болмағандықтан үнемі тіркелмей қалады. Мəселен, Замана газетінің
құрамынан тарайтын Қызық газет, Тылсым дүние, Заңнама, Ауырмаңыз,
Кəлима, Шартарап, Сəуегей, Түнжарым, Қысық əңгіме газеттері қа-
зақтілді көпшілікке арналған басылым болғандықтан, оларда саясаттан
тыс əлеуметтік мəселелер қамтылады.
Республиканың он екі қаласында бүкіл республикаға тарайтын га-
зеттер шығарылады. Соның ішінде қазақтілді газеттердің басым бөлігі
қазақ ұлты көп шоғырланған республиканың оңтүстік өңірінде басылып
шығады. Мəселен, мына кестеде газет баспасы мен таралымының гео-
графиялық көрсеткіші берілген [4].
1-кесте. Газет баспалары мен олардың таралым көрсеткіштері
Қала Қазақтілді Орыстілді Қостілді Көптілді Барлығы
Астана газеттер газеттер газеттер газеттер
36 4 1 14
Алматы 65 78 21 16 180
Қарағанды 2 2
Ақтөбе 1 12
Атырау 11 2
Тараз 5 5
Павлодар 11
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 87
Петропавл 1 3 1
Шымкент 8 1 11
Өскемен 1 1
Талдықорған 1 2
Талғар 11 2
Қызылорда 2 2
Көкшетау 1 1
Газеттердегі мемлекеттік тілді дамытуға қатысты жарияланған
мақалалар. Мемлекеттік тілді дамыту жəне қолдану мəселелерін кеңі-
нен насихаттайтын жəне осы мəселеге қатысты өзекті тақырыптардың
шешімі мен түйінін талқылайтын Ана тілі газетінің «Тіл» айдарының
құрамында жылына шамамен 50-ден аса мақалалар жарияланып тұрады.
Жалпы кейінгі кезде Ана тілі газетінің сайтын қолданушылар қатары кө-
бейіп келеді. Себебі бұл басылымда оқырманды қызықтыратын «Сөзта-
ным», «Этнография» айдарлары қолданыстан қалған көпшілікке таныс
емес, ұлттық көне атаулардың мағынасы мен ол туралы аңыз деректер
мол беріледі. Сондықтан осы айдардағы ақпараттарды оқушылар саны
басқа айдарларға қарағанда əлдеқайда көп. Бұл көрсеткіш халықтың қа-
зақ тілін тереңірек танып-білуге деген ұмтылысын байқатады.
Еліміздің бетке ұстар республикалық көпшілікқолды, қазақтілді қо-
ғамдық-саяси газеттерінің бірі – Егемен Қазақстанда 2014 жылдың
қаңтар-сəуір айлары аралығында, яғни 4 айдың ішінде 50-ге жуық мақа-
ла жарияланған. Ондағы қазақ тілі мəртебесін арттыруға бағытталған
жарияланымдардың мазмұны министрліктер мен комитеттердегі, агент-
тіктер мен департаменттегі қазақ тілін дамыту мəселелеріне арналады,
сондай-ақ тілді оқытудың озық технологиялары мен компьютерлендіру
ісіндегі қазақ тілінің мəселелері жиі қозғалады.
Егемен Қазақстан газетінде мемлекеттік тілге арнайы айдар беріл-
меген, бірақ қоғамдағы ең өзекті мəселелердің бірі болғандықтан қазақ
тілін мемлекеттік тіл ретінде жаңғыртушы зиялы қауымның ой-пікірі,
қоғам қайраткерлерінің сұхбаты, тілшілердің ізденісі, саясаттанушылар
мен философтардың зерттеулері кедергісіз жарияланып отырады екен.
Оқырмандар саны жағынан алдыңғы қатарда тұратын қазақтілді рес-
публикалық газеттердің бірі – Жас Алаш. Газет қоғамның əлеуметтік,
саяси, мəдени жағдайында болып жатқан өзгерістерге сараптама-тал-
дау жасаушы құрал болғандықтан, онда тіл саясаты мəселесіне қатысты
мақалалар да жиі жарияланып тұрады. Жас Алаш шындықты бетке ай-
татын оппозициялық газет ретінде мемлекеттік тілді білетіндерді мақтау-
дан гөрі, білмейтіндерді сынап, оларға ынта-жігер беруді, қайраттан-
дыруды дұрыс деп санайды. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің дамуындағы
оң жетістіктерден гөрі, олқылықтарды түзетудің жолдарын көрсетуге
88 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
бейім тұрады. Сондай-ақ саясаттанушы ғалымдардың перспективалық
болжамдарын жасырмай, ашық жариялайды. Осындай айқын сөзі, өткір
пікірі, шынайы ақиқатты баяндау дəстүрі бар Жас Алаштың оқырманда-
ры 6 айдың ішінде 8 миллионды құрап үлгереді. Ал газеттің бір нөмірін
шамамен 150 мың адам оқиды екен.
Тəуелсіздіктен кейін шыққан Қазақ үні атты қазақтілді республика-
лық қоғамдық-саяси газетте «Ұлт», «Қоғам», «Білім» айдарларында қа-
зақ тілінің болашағы, тіл тазалығы, ұлт тілінің болмысы туралы көкей-
кесті мəселелер жиі талқыланады. Бұл газетке тіл жанашырлары Мұхтар
Шаханов, Марат Тоқашбаев, Мереке Құлкенов, Рысбек Сəрсенбаев, Дос
Көшім, Қазыбек Иса, Жарылқап Қалыбай, Əміржан Қосановтардың
сұхбаттары мен мақалалары үздіксіз жарияланып тұрады.
Ал халықаралық Қазақстан Заман газетінде мемлекеттік тілді дамы-
туға, қазақ тілінің мəртебесін көтеруге арналған «Тіл майданы: оян, қа-
зақ!» айдары бар. Ондағы мақалалардың дені мемлекеттік тілдің күшеюі
мемлекетті сақтап қалудың тірегі сипатында өрбиді. Халық саны мен
мемлекеттік тілді тұтынушылар пропорциясын үнемі салыстырып, тіл
стратегиясы мен тіл саясатының басымды бағыттарын болжап отыратын
саясаттанушы Айдос Сарымның, тіл жанашыры Оразкүл Асанқызының
мақалалары жиі жарияланады.
Көріп отырғанымыздай, қазақтілді қоғамдық-саяси газеттердің бар-
лығы дерлік мемлекеттік тіл мəселесі туралы ақпараттарды хабарлаға-
нымен «Тіл» айдары тек Ана тілі мен Қазақстан Заман газетінде ғана
беріліп, мақалалар арнайы жинақталатынын байқадық.
Журналдардың мазмұнындағы қазақ тілінің зерттелуі мен мем-
лекеттік тіл ретіндегі қызметі. Газетке қарағанда журналдардың мем-
лекеттік тілді насихаттау күші өте төмен. Себебі Қазақстандағы журнал-
дардың басым бөлігі тіл мен саясатқа емес, ғылым мен көркем əдебиет-
ке, халықаралық қатынастар мен спортқа, өнер мен техника салаларына,
медицина мен мəдениетке арналады. Оларды жинақтай келгенде ғылы-
ми-көпшілік жəне ғылыми-техникалық журналдар деп екі топқа жіктеуге
болады. 2012 жылғы статистикалық санат бойынша Қазақстанда шыға-
рылатын журналдың жалпы тізімі – 312. Оның басым бөлігін орыстілді
журналдар құрайды екен, екінші кезекте - қазақтілді журналдар (жалпы
саны - 64), үшінші орында - қостілді журналдар, олар 31 пайызды құрай-
ды. Бүгінгі күнге дейінгі сайты бар, ресми түрде тіркелген қазақтілді
журналдардың құрамы мынадай: IT-тірлік, Ақбақай, Ақжүніс-Астана,
Ақиқат, Алаш клубы, Алтын тамыр, Аңыз адам, Əдіскер, Əлем əдебиеті,
Əлімсақ, Балана, Балбұлақ, Балдырған, Біз - Астаналықтар! Дана, Екпін,
Елтану, Ертегілер елінде, Жан мейірімі, Жас өркен, Жүз жасаңыз, Игілік,
Керемет той, Қазақстан жолы, Математика жəне физика, Мөлдір бұлақ,
Үркер, Ұстаз шығармашылығы, Химик анықтамалығы, Мектеп, Иман,
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 89
Жас ғалым, Жұлдыздар отбасы, Бəйтерек, Денсаулық, Жұлдыз, Заң, Ми-
рас, Мұғалім. Kz, Парасат, Сөйлесейік, Тіл, Ұлағат, Қазақстан əйелдері,
Туған тіл. Статистикалық мəлімет бойынша Қазақстандағы журналдар
тізімі мынадай [4]:
2-кесте. Қазақстандағы журналдар мен олардың таралым көр-
сеткіштері
Қала Қазақтілді Орыстілді Қостілді Көптілді Барлығы
журналдар журналдар журналдар журналдар
Астана 3 5 8 1 17
Алматы 57 110 87 26 280
Қарағанды 2 2 4
Атырау 11 11
Тараз 1 1
Семей 11
Шымкент 1 1 13
Өскемен 3 14
Қостанай 1 1
Қазақ журналдарында тіл мəселесі негізінен ғылыми зерттеу нысаны
ретінде қарастырылады немесе тілді оқыту мəселелері сөз болады. Қа-
зақ тілінің ғылыми тұрғыдан талдануы Тілтаным журналында, ҚазҰУ
хабаршы журналының филология сериясында, қазақ тілін оқыту мəселе-
лері ҚазҰПУ хабаршы журналының филология, педагогика серияларын-
да жиі талқыланады. Ал тіл саясаты тұрғысындағы мемлекеттік тілдің
құзыреттілігі мен мəртебесі жайлы мəселелер, қазақ диаспорасының тіл
туралы пікірлері «Туған тіл» журналында кеңінен жарыққа шығарыла-
ды. Ал Сөйлесейік журналы қазақ тілін үйренушілерге арналған тіл-
дескіштің қызметін атқарады. Бұл журналдың ерекшелігі қазақ тілінде
дұрыс сөйлеу интонациялары мен грамматикалық ережелерді оқытудың
əдістемесі жоғары дəрежеде құрастырылған.
Тіл туралы мəселелерді мол жариялайтын қазақтілді журналдар-
дың мазмұнына сараптама жасау нəтижесінде мынадай қорытынды жа-
садық:
1. Қазақстандағы журналдар газет сияқты саясаттың өзекті мəселе-
лерін өткір ашып көрсетпейді. Керісінше, қоғамдағы көкейкесті даулы
пікірлерді тудыратын негізгі факторлардың қалыптасуы мен дамуын
ғылыми тұрғыдан зерттейді.
2. Мемлекеттік тілге тəн басты критерийлер мен қазақ тілінің мемле-
кеттік тіл болу қағидаларын əлеуметтік лингвистика саласының зерттеу
əдістері аясында қарастырып, нəтижелі тұжырымдар ұсынған мақалалар
саны жеткілікті.
90 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
3. Статистикалық талдау жүргізіп, қазақтілді жəне өзгетілді халық
санының көрсеткішін, теңгерімін анықтай отырып, қазақтілді ортаның
аясын кеңейтудің əдіснамасын, тіл оқытудың түрлі технологияларын
ұсынатын ғылыми зерттеулердің саны да басым. Бірақ бір өкініштісі,
осы ғылыми зерттеулер қоғамдағы тіл мəселелерінің шешіміне қызмет
етуде өзара сабақтаса алмайды, қоғам мəселесі мен оның ғылыми шешімі
бірін-бірі тауып үйлесе алмай жатады. Бұдан шығатын қорытынды
ғылым мен қоғам мұқтажы, қоғамдағы өзектілік бірін-бірі өтеуге, бірін-
бірі толықтыруға бейімделмейді деген сөз. Бұның артында қоғам қайрат-
керлері, қоғамдық пікір өкілдері, саясаттанушылар мен тілші-ғалымдар
арасында тығыз байланыс жоқ немесе оны байланыстыратын əлеуметтік
лингвист маманы жоқ.
4. Қостілді журналдардың басым бөлігі ғылыми журналдар. Бірақ
осы журналдардағы қазақтілді мақалалардан гөрі орыстілді мақалалар-
дың саны үнемі артып отырады. Пайызға шаққанда 70 пайызы орыстілді
мақалалардың еншісінде болады. Демек, екі тілді қатар меңгерген ға-
лымдар үшін шектеу болмағандықтан, қай тілді қаласа, сол тілде жазуды
айып санамайтын əдетке алдырған. Оның үстіне ғылым тілін қазақилан-
дыру ісі тіл саясатының өзекті шешіле қоймаған мəселесі болғандықтан
қазақстандық ғалымдар ғылыми-теориялық пайымдауын қазақ тілінде
еркін жеткізуде қиналатын болуы керек.
Қазақстандағы телерадиоарналардың мемлекеттік тілді жетіл-
дірудегі ықпалы. Қазақстандағы телерадиобағдарламалардың ақпарат-
тық нарығы алуан түрлі əрі жан-жақты, сан салалы. Əлеуметтік сұра-
ныстарды өтеу мақсатында қарқынды дамып, елеулі жетістіктерге жетіп
отыр. Қазіргі қазақстандық телеарналардың саны 14-ке жетті.
Логикалық тұрғыдан алғанда, телеарналардың қызметі - халықтың
тілі мен мəдениетін өзгертетін қуатты құрал. Сондықтан телеарналар қа-
зақ тілі мен қазақтың ұлттық болмысын жылдам əрі тез сіңіруге ықпал
жасаушы басты фактор болғандықтан, 2002 жылдан бастап «Бұқаралық
ақпарат құралдары» туралы заңға өзгертулер енгізілді, яғни телеарна-
лар мен радиобағдарламалардың апталық көлемін есепке алғанда қазақ
тіліндегі бағдарламалар жалпы көлемнің тең жартысынан төмен болма-
уы талап етілді. Бірақ бұл талап кабельді телеарналарға қатысты болма-
ды. 50/50 ережесін орындаудың жолын таппаған телеарна басшылары
рейтингін жоғалтпас үшін қазақтілді бағдарламаларды түнгі уақытқа
ысыру қулықтарына көшті. Дегенмен, жылдар өте келе, қазақ телеар-
наларының рухани сана-сезімі мемлекеттік тілді насихаттауға үдере бет
бұрып, алдымен ұлттық телеарналар халықтың қызығушылығын оята-
тын, əрі ұлттық тіл мен ұлттық мəдениетке баулитын думанды, əзілді,
қызықты бағдарламаларды ойлап тауып, көрермендерін жинай бастады,
сол арқылы рейтингін де көтере бастады.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 91
Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосушы ұлттық телеарналардың қа-
тарына тəуелсіздіктен кейін қазақтілді қауымның зияткерлік құзыреттілі-
гін жетілдіруді көздейтін Балапан, Мəдениет, Білім, 7-ші арналар дүние-
ге келді. Осылайша теледидар дүниесінде қазақ тілінде шешен сөйлеу
еркіндігі қалыптасты. Қазақтың бай бейнелі сөздерін қолданысқа салып,
журналистер қызметінде астарлы сөзбен терең ойды таныту идеология-
сы кең етек алды.
Əлемдік телебағдарламаларының үлгісінде қазақша жаңа тележоба-
лар жарыққа шықты. Қазақ бағдарламаларының көрермендер кеңісті-
гі арта түсті. Бірақ кабельді телеарналарға деген сұраныстар да қалыс
қалған жоқ. Алма ТВ, Icon TV, DigitaL TV сияқты кабельді компания-
лар ОРТ, Россия, НТВ, Ren TV, Культура, ТВЦ, ТВ 3, ДТВ, Discovery,
Euronews, Eurosport, Мир телеарналарын қосу қызметімен айналысты.
Тележобалардың басым бөлігі пікірталас, дебат, диспут əдісінде өр-
біді. Оған қатысушылар мен зал көрермендеріне, негізінен жастар тар-
тылды. Ой таластыру жолдарымен тіл майданына ұласатын көптеген
телебағдарламалар Қазақстан жастарының сөйлеу мəдениетін, сөз
саптау ережелерін сіңіруге, одан əрі жетілдіруге елеулі оң ықпал жасады.
Қазіргі таңда Хабар телеарнасының 60 пайыз көрсетілімі қазақ тілін-
де, ал Қазақстан ұлттық арнасының қазақтілді көрсетілімі 90 пайыз-
ды құрады. «Еуразия» телеарнасында ақпараттық хабарлама, жарнама,
ауа райы болжамы үнемі екі тілде (қазақ, орыс) қатар беріліп отырады.
Қазіргі таңда Астана телеарнасындағы басты ерекшелік барлық көркем
жəне анимациялық фильмдерді қазақ тіліне дубляждап көрсетуді үрдіске
айналдырды. Сондай-ақ КТК телеарнасында да қазақ тіліндегі думанды
бағдарламалар көбейе түсті (Той бэстстар, КТК-да Қабатов, Əзіл əлемі,
Бешбармақ шоу, Жүрекжарды, Астарлы ақиқат). Сондай-ақ 31-ші теле-
арнаның қазақтілді бағдарламалары да алдыңғы қатарға шығуда. Басқа
телеарналармен қатар қойғанда жастарға арналған қазақша ойын-са-
уық бағдарламаларын жүргізетін, ұлттық фильмдерді насихаттайтын
қасиеттерімен ерекшеленеді. Хабар телеарнасындағы Біз, Туған өлке,
Жаңа қоғам, Жеті күн, Көзқарас, Көзкөрген, Жансарай, Аймақтар ала-
маны сияқты бағдарламалардың арқасында Хабар жас талғамай көретін
көпшіліктің сүйіп көретін арнасына айналды. Бүгінгі күні Хабардың
көрермендер рейтингін көтеріп отырған қазақтілді азаматтар. Сайт па-
рақшаларында үлкен алғысқа бөленген, халықтың көңілінен шыққан,
сан мыңдаған тұтынушының шексіз ықыласына бөленген қазақ те-
леарнасы – Балапан туралы мəлімет берудің өзі де артық. Дер кезінде
халықтың сұранысына орай оңтайлы жобаларымен жарыққа шыққан
бұл арнаның қызметі ең жоғарғы рейтинг көрсеткішіне ие болып отыр.
Дегенмен қазақстандық телеарналардың қатарында қазақтілді бағдар-
ламаларды жетілдіруге талпынбайтын, керісінше ресейлік бағдарлама-
92 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ларды насихаттайтын НТК арнасы өз қоржынын “Квартирный вопрос”,
“Женский взгляд Оксаны Пушкиной”, “Кулинарный поединок”, “Фактор
страха”, “Их нравы” бағдарламаларымен толықтыруда. Ал сол бағдар-
ламалар арқылы орыс тіліндегі қауіпті «ауру» тұрмыстық сленгтер тіл-
дік қолданысқа енуде.
Ал телеарналардағы маман-кадрлар мен олардың тілдік ортасына
келетін болсақ, қазақтілді журналистердің білімі мен білігі жоғары дең-
гейде жəне барлығы дерлік қазақ əдеби тілімен сусындаған шебер-жур-
налистер. Керісінше қазіргі таңда қазақстандық телеарналар тілге озық
орыстілді журналистерге зəру. Қазақтілді жəне орыстілді журналистер
мен олардың бағдарламаларының санын салыстырғанда қазақтілділер
құрамы басымдық танытады.
Бүгінгі күні қазақтілді радио толқындарының қатары көбейіп, қызмет
сапасы да арта түсті. Қазақстандағы радиоарналардың тізімі мынадай:
Қазақ, Шалқар, Астана, Қазақ əндері, Арман, NS радиосы, Классик FM,
Play FM, Жұлдыз FM, Русское радио, Dance FM, Ақжол радиосы, Махаб-
бат радиосы, Түркістан радиосы, Білім радиосы, Muz FM, Бизнес FM,
Ислам радиосы.
Қазақ тілінің қазіргі күйі мен мемлекеттік тіл дəрежесіндегі қызметі-
не ие болу жағдайлары, негізінен Азаттық радиосында, Қазақ радиосында
жəне Шалқар радиосында кеңінен талқыланады. Қазақ радиосында Тіл
мəдениеті деген айдары бар. Бірақ онда, көбінесе тілші-ғалымдармен сұх-
бат жүргізіледі де қазақ əдеби тілінің нормасы, тазалығы, көркемдік-бей-
нелі сипаты насихатталады. Ал Азаттық радиосында шетелдегі қазақ ди-
аспорасының ана тіліне деген құрметі, тіл қадірі, тіл құндылығы туралы
жайттар көп айтылады.
Сайттар мен порталдардың мемлекеттік тілді дамытудағы қыз-
меті. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда орыс тілінде — 32 680,
ағылшын тілінде 4500 сайт бар. Ал мемлекеттік тілдегі сайттар саны тіпті
4 мыңға да жетпеген. Егер пайыздық көрсеткіштерге шақсақ, орыстіл-
ді интернет ресурс — 79,6%, ағылшынтілді — 11%, қазақтілді — 9,3%.
Кейбір ресми деректер бойынша, еліміздегі жүйелі түрде жұмыс істейтін
қазақтілді 100 сайттың ішінде беделді деген небары 11 сайт бар екен [5].
Бірақ бұл деректер 2012 жылға дейінгі санақтың нəтижесі. Одан бері Қа-
зақстандағы сайттардың саны жылдан жылға шарықтап өсуде. Олардың
қызметтік жүйесі де сан алуан. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда қанша
ғылыми ұйым, қанша мекеме, қанша білім беру мекемесі, қанша БАҚ,
қанша жеке кəсіпорын болса, сонша сайт бар деген сөз. Соның өзінде
орыстілді сайттармен терезе теңестіре алмай отырмыз.
Оның себебін түсіндіретін қоғамдық пікірге назар аударайық. Расул
Жұмалының пікірінше: «Қазақша интернет басылымдардың ішінде
«Жас Алаш», «Азаттық» радиосының, «Жаңаөзен» сайттарын қараймын.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 93
Соңғы жылдары қазақ интернет сайттарының саны артпаса, кеміді деп
айта алмаймын. Бірақ əлі де болса, бұл қарқын тиісті дəрежеде емес,
саны артса, сапасы да артып, өзара бəсекелестік туар еді. Бұл журнали-
стер мен оқырмандар үшін өте тиімді болар еді» [6].
Дос Көшім: «Меніңше, қазақша контенті бар сайт аз емес. Соңғы
үш жылды алып қарасақ, үлкен секіріс болғаны байқалады. «Абай кз»
сайтының ішінен басқа да сайттарға сілтеме табылады жəне басқа ба-
сылымдардың материалдарына орын беріледі. Біздегі көп сайттардың
біріне бірінің ұқсастығы басым. Яғни, ұлттық мəселені көп көтереді» [6].
Мұхтар Тайжан: «Қазақ сайттарының сапасы туралы айтсақ, қазақ-
тілді интернет басылымдардан ішкі мəселеге құрылған аса маңызы жоқ,
жаттанды материалдарды ғана табасыз. Меніңше, олар əлемдік деңгей-
дегі жаңалықтарды там-тұмдап қана таратады. Бұл əрине, жақсы үрдіс
емес».
Саясаткер Ə.Қосанов: «Бір қуантарлығы, қазақ тілі əлеуметтік
желілерде де жақсы дамып келеді, мықты блогшылар бар, олардың ға-
ламторлық шығармашылығынан да хабардар болуға тырысамын. Ұнай-
тыны да бар, ұнамайтыны да бар, жүрекке еш əсер етпейтіні де бар. Өр-
кениеттісі де бар, өсек-аяңға жақындары да бар. Қоғам қандай — сайт-
тарымыз да сондай! Қазақ тілі мен қазіргі қазақ қоғамы үшін қазақ сайт-
тарының саны, əрине, аз. Көбеюіне кедергі боп тұрғаны — қаржы мен
тиісті мамандар тапшылығы. Тақырып жағынан да даралана түсуі қажет
деп ойлаймын. Сапасы əрқилы – «біздерде анадай бар, мынадай бар...».
Бірақ көш жүре түзеледі деп ойлаймын. Жəне қазақ сайттары Қазақстан
ақпарат кеңістігінде шешуші рөл атқарады деп сенемін!» [6].
Журналист Қасым Аманжол: «Меніңше, қазақ контентті сайттар өте
аз. Біріншіден, бұл жерде əр сайттың құрылтайшылары мен қаржының
сапа жəне санға əсер етері сөзсіз» [6].
Рысбай Сəрсенбай: «Қазақ сайттарының аз болу себебiн ана тiлiмiздiң
билiкте, саясатта, қоғамда, əлеуметте, экономикада, ғылымда жəне т.б.
жетекшiлiк орнын таппауынан, сайтты ашушылардың журналистiк қа-
рым-қабiлетiнiң, iзденiсiнiң аздығынан, қаражаттың кемдiгiнен, қолдау-
шының мардымсыздығынан iздейiк. Сапасы осыларға тəуелдi» [6].
Саясаткер С.Мəмбеталин: «Қазақша сайттар аз. Əсіресе, қазақ тілінде
шетел жаңалықтарын беретін сайттар аз» [6].
Журналист О.Əлімбеков: «Қоғамдық-саяси тақырып бойынша жа-
затын қазақ сайттарын екіге бөліп қараймын: ақпараттық жəне мақсат-
ты идеологиялық. Ақпараттық сайттардың алдыңғы қатарында БАҚ.
кз, bnews.kz/kk/, Ұлт.кз сайттары келе жатыр. Бірақ, бұл сайттардың
өзінің сипатына қарай қоғамдық пікірге əсер етуі əлсіз. Қоғамдық саяси
тақырыптарды қоса көтеретін мақсатты идеологиялық сайттардың рей-
тингі мынандай: Абай.кз, Намыс.кз, Маса.кз, Серке.орг, Шын.кз, Жақсы.
94 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
кз жəне ҚМДБ-ның қарамағындағы мешіт сайттары. Қоғамдық – саяси
тақырыпты қозғайтын қазақ сайттарының бəрі діни (ислами) идеоло-
гиялық мақсат-мүдде бойынша бағыт алған сияқты. Қазақ сайттары əлі
аз жəне олардың сапалық деңгейі сын көтермейді. Бұған себеп қаржы-
ның жоқтығы. Өйткені қазақстандық қоғамда орыс тілі үстемдік құрып
отыр: мемлекет істері, саясаттың тілі, нарық пен бизнестің тілі орысша.
Сондықтан, қазақ сайттарына сұраныс аз. Қаржының да қазақ сайттары-
на тартылмауының себебі осында жатыр. Бірақ, қоғамның қазақилану
үрдісі шапшаңдап келеді» [6].
Сайттың ең ұтымды пайдасы – еңбектің жетістіктерін жалпы халыққа
тарата алады. Сол арқылы халықтың пікірін, көзқарасын біле алады.
Сайт арқылы өз ұйымын, ондағы жетістіктерді жарнамалай алады.
Қазіргі таңда қазақ тілін үйрететін, қазақ тіліне аударатын жəне қа-
зақ тілінің қадірі мен қоғамға қажеттілігін талқылайтын арнайы сайт-
тар саны көбейді. Мысалы, Қайран елім сайтының мəзірінде Қазақ тілі,
Қазақ елі айдарлары бар. Онда тілдің функционалдық қызметі туралы,
ісқағаздарындағы кемшіліктер мен оны түзету жолдары туралы маңызды
ақпараттар беріліп отырады.
Сондай-ақ Қазақстан интернет ассоциациясы сайтында мемлекеттік
тілді дамытуға қатысты іс-шаралар хабарланып, олардың мақсаты мен
басты мүдделері жарияланады. БАҚ.kz сайты арқылы тілге қатысты із-
деген мақалалар мен жарияланымдардың тізбесін алуға болады. Kaz-rus.
kz., sozdik.kz, Лұғат-сөздік сайты қазақ тілінің сөздіктер кешенін ұсына
алады.
Қазақ тілін насихаттайтын сайттардың қатарына қытай қазақта-
рының өзара пікір алысуы үшін жиі қолданылатын Сен қазақ сайтын
жатқызуға болады. Тілдің түрлі мəселелерін талқыға салатын Қазақ
тілі сайтының бүгінгі күні қызметі де, айдарлары да кеңейе түсуде. Се-
бебі бұл сайтты тұтынушылар саны қарқынды артып келеді. Сондай-ақ
жастардың қазақ тілі туралы ой-пікірлері мен ұсыныстары көбінесе
Мақала. Kz деп аталатын ұлттық, танымдық, мəдени-ағарту сайтында
жарияланады.
Əлемдегі түрлі жаңалықтарды насихаттап отыратын Массагет. Kz,
КерекИнфо, Қаз проза, Жас Қазақ, Тілмайдан. Kz, Айта бер! деп атала-
тын қазақ студенттерінің сайтында да мемлекеттік тіл құзыреттілігі жай-
лы қоғамдық пікірлер жиі жарияланады.
Ал қазақ тілін оқытуға қатысты сайттарды іріктеп айтатын болсақ,
олардың қатарына Бастауыш сынып сайты, Тіл үйрену сайты, Балалар
əлемі, Білімпаз. Kz, Білімділер, Қазақ əлемі. Kz, Мінбер. Kz, Ұстаз. Kz,
Ұлт, Санамақ, Сабақ. Kz, Педкеңес, Мектеп, т.б. сайттар жатады.
Соңғы екі жыл көлемінде қазақ тілін тегін əрі тез үйрететін «www.
soyle.kz» интернет-порталы, «Qazaqsha-online» электрондық порта-
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 95
лы іске қосылды. «Тілдарын» мемлекеттік тілді меңгерудің мультиме-
диалық кешені əзірленді. Google сайтына қазақ тіліндегі аударма қызметі
енгізілді. Осы жетістіктердің өзі қазақ тілін үйренушілерге арналған үл-
кен мүмкіндік екенін байқатады.
Қорыта айтқанда, Қазақстандағы қазақтілді БАҚ жүйесі мемлекет-
тік тілді дамыту жəне қолдану аясын кеңейту ісінде елеулі еңбек етіп,
нəтижелі жетістіктерге жетті деуге болады. Қоғамның рухани-тілдік са-
насын жетілдіруге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, соның ішінде
мемлекеттік символ ретінде танылатын мемлекеттік тілді игеруге деген
қызығушылығын арттырып, бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп отырғанын
жоғарыдағы деректерден айқын байқауға болады.
Мемлекеттік тілді дамытудағы игі істер. 2012 жылға дейін мемле-
кеттік тілді қолдану жəне дамыту бағдарламасы жоспарын орындау ісі-
не айтарлықтай ешкім шұқшия тексерген жоқ. 2012 жылдан бастап бұл
жоспардың іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана құр ұрандап жатқанын жа-
риялайтын сыни мақалалар мен пікірлер БАҚ беттерінен түспеді. Əрбір
мекеме құрамындағы Тіл саясаты басқармалары мен Тіл дамыту орта-
лықтары есеп берсін деген талаптардан кейін түрлі шаралар жүргізіле
бастағаны да шындық.
Осы орайда, түрлі байқаулар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер
жаппай нəтижесін бере бастады. Солардың қатарында «Мемлекеттік тіл
жəне бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық байқауы, Қазақ-
тілді журналистер арасында «Алтын қалам» шығармашылық байқауы,
«Тіл жанашырлары» Құрмет белгісімен марапаттау сияқты ынталан-
дыратын шаралар іске қосылды. Бірақ осы марапаттаулардың нəтижесін
сараптай отырсақ, расында да қазақ тілін насихаттауға игі ықпалы тиген
бағдарламалар мен мерзімді БАҚ-тың еңбегі еленгенін көре бастадық.
Қазақ азаматтарынан гөрі, өзге ұлт азаматтарының мемлекеттік тілде
еркін сөйлеп, «Тіл жанашыры» Құрмет белгісін иеленіп жатқанына куə
болдық. Ал дөңгелек үстелдер мен конференцияларда талқыланған мəсе-
лелер мен көтерілген даулы пікірлер əлі күнге дейін жалғасып келеді.
Сондай пікірталастардың ең өзектісі - жер-су, қала, көше атауларының
қазақшалануына арналған дөңгелек үстел болып табылады.
Тəуелсіздік алғалы бері жер-су, көше атауларының ұлттық жəне та-
рихи мəнін сараптайтын уақыт та келді. Себебі ел мен жер-су атаулары
ұлттық ерекшелігімізді танытып тұруы керек. Ата-бабасының жері, елді
мекендері Андреевка, Дмитриевка, Иванова, Ленин, Ямышево, Славо-
городская сияқты атала берсе, бұған дейінгі ұлттық тарихтың мəні жо-
йылып кетуі де мүмкін. Бұнымен қоса жер-су, көше, қала атауларының
жалпы сандық көрсеткішінде өзге тілдегі атаулар көлемі қазақ тіліндегі
атаулардан асып түспесе, кем түспейтінін ескерген қоғамдық ұйымдар
бас қосып, талқыға салып, ұлттық тарихтан хабар беретін қазақша атау-
96 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
лардың жаңғыруына мүдделі екенін осы мəселені көтеріп, үйлестір-
ген Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үй-
лестіру-əдістемелік орталығының ұжымы дөңгелек үстелде ашық жа-
риялаған болатын.
ABCnet латын əліпбиін дамыту порталында мемлекеттік тіл мəселе-
сі кеңінен талқыланады. Əлемдік кеңістікте (ақпараттық жүйеде) еркін
қолданысқа енуге болатын жəне жаппай қазақ тілінде сөйлетуге негіз
болатын латын əліпбиіне көшу тəсілін ұстанған бұл порталдағы мақа-
лалар легі кирилл əліпбиімен жазылған əлеуметтік желідегі жастардың
сөйленіс тілінің бұзылуы, орыстілді сұхбаттасушылардың көптігін көре
отырып, онымен күресу қажеттілігін айтады. ABCnet латын əліпбиінің
авторы осы мəселелер басылмайынша, қазақ тілінің мəртебесін көтеру
мүмкін емес екенін дəйектеп көрсете отырып, ақпараттық технологияны
латын қарпіне көшірудің оңтайлы жақтарын мынадай ұсыныстарымен
жеткізеді: «Шынын айтсақ, “тілдік ортамыздың” қазіргі жағдайы сын
көтермейді. Қазақтардың бірнеше буыны туған тілін білмей өсті. Қала-
ларымыздың қайсысын алмасақ та, қазақ тілінде оқып жүрген балалары-
мыз мектептен тыс уақытта орысша сөйлейді. Қазақ мектептері жайын-
да айтар болсақ, олардың 86 пайызы ауылдарда орналасқан, осының 50
пайыздан астамы шағын мектептер. Оқушылар - мемлекетіміздің бола-
шақ белді тұлғалары. Білікті маман иесі болу үшін олар жаңа технология-
ларды жақсы меңгерулері керек. Ал барша ақпарат алмасуға арналған
технологиялар қазақ тілінен басқа тілдерде сайрап тұрса не істейміз?
Сөйте тұра, қазақ мектебін бітіріп, қалаға келген жастарымызға «неге
қазақша сөйлемейсің, неге қазақ тілін құрметтемейсің» деп кінə таға
бастаймыз. Сонда олардың жаңа технологиялармен жұмыс жасау үшін
еріксіз орыс тілін тез арада үйреніп алғанын білмегендей боламыз. Үл-
кенді сыйлап, тілді құрметтеп үйренген жастарымызға рақмет, үндемей
құтылады. Əйтпесе, «нан тауып бере алмайтын сенің қазақ тілін кімге
керек» десе не істейміз? Ақпараттық технологиялардағы қазақ тілінің
мəселесі шешілмейінше тілге деген құрмет жай сөз болып қала ма деп
қорқамын. Сонда ұлтына, тіліне, дініне деген құрметі жоқ ұрпақтан мем-
лекетке не қайыр болмақ?! Мемлекет басшысының соңғы жартыжыл-
дықта мемлекеттік тіл мəселесін ең жоғары деңгейде үш дүркін көтеруі,
мəселенің қаншалықты маңызды екендігін айқын көрсетеді. Дегенмен,
кез келген қиындықтан шығар жол болады. Ол - латын қарпіне көшу!
Бірнеше ғасыр бойы өзге мемлекеттің бодандығында болған қазақ
халқында бүгінгі күні де құлдық психологияның қалғаны жасырын емес!
Көптеген қазақ сөздерінің түпкі орфографиясының өзгеріліп жазылуы да
осының бір белгісі! Айгүлді - Айгуль, Медеуді - Медео, Ақтөбені - Ак-
тобе деп өзгертіп айту үрдісі қазақ тілін орыс қарпіне баламалаудан пай-
да болды. Əйтпесе, оған дейін қазақтар Александрды - Ескендір, Москва-
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 97
ны - Мəскеу деп өз тіліне айналдырып, есесіне тілдік ерекшелігін сақтап
айтатын еді. Кириллицадан латиницаға көшу - осы үрдісті қайта жаңғы-
рту болары сөзсіз. Дəлірек айтсақ, елімізді еуропа елдеріне тағы бір қа-
дам жақындастыра түсіп, заманауи технологияны пайдалануға жеңілдік
береді» [7].
Мемлекеттік тілді дамыту жəне қолдану мəселесі туралы қоғам-
дық пікірлер. Мемлекеттік тіл ұлттардың шынайы мемлекеттілігін алу
үдерісі барысында мақсатқа жетудің құралы ретінде алдыңғы қатарлы
қызмет атқаратындығын ерекшелеп айтқан жөн. Себебі, мемлекеттік
тіл – біртұтас ұлтты қалыптастырумен қатар, тəуелсіздікті сипаттаушы
фактор. Ал оның дамуы Қазақстан азаматтарын біріктіріп, ел ішінде əлеу-
меттік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлесін
қосады [8].
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет ете алу, алмау мəселесі
сонау 1980 жылдардан бері өзектілігін жойған емес. Тəуелсіздігімізді ал-
май тұрып, түрлі басылымдарда қазақ тілінің мемлекеттік тіл дəрежесін-
дегі рөлі туралы ұсыныс мақалалар ұшқындап отырды. 1991-2000 жыл-
дар аралығында бұл мəселені ашық айтуға кеңінен жол ашылды. Тəуел-
сіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары тіл жанашырлары М.Шаханов,
Ш.Мұртаза, Ф.Оңғарсынова, А.Осман, А.Айталы, Ғ.Есім, Г.Белгер, т.б.
түбегейлі қазақ тіліне көшуді (ісқағаздары, мемлекеттік қызмет, халық-
аралық қатынас, оқу жүйесі) ұсынды. Осылайша қазақ тілін мемлекеттік
тіл ретінде қызмет етуіне билік арқылы жағдай жасауды ұсынды. Бірақ
билік бірқатар факторларды ескере отырып (көпұлттылық) бұл ұсыныс-
тардың уақыт өте орындалатынын түсіндіріп, мемлекеттік тілді дамыту
жəне қолданудың стратегиялық жоспарын құрды.
2000-2005 жылдар аралығында қазақ тілінің жағдайын, оның мəр-
тебелі бола алмай, халықты бағындыра алмай отырған халін талқыға
салатын, қазақ тілінің ұлттық тіл ретінде еңсесін көтерудің жолдарын
ұсынатын келесі қоғамдық буынның пікірі қалыптаса бастады. Олардың
қатарында негізінен саясаттанушылар Дос Көшім, Ə.Ғали, Б.Тілеуханов,
Ж.Ерман, Т.Кəкішев, Т.Ешенұлы, С.Нұрымбетовтер болды. Ұзақмерзімді
мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасының орындалмауына наразы бо-
лып, жоспардың іс жүзінде нəтиже бермей отырғанына көңілі толмаған
бұл қоғамдық өкілдердің талабы мен ұсыныстары да жалпыхалықты қа-
зақ тілінде тез əрі жылдам сөйлетуді көздейтін, қазақ тілін мемлекеттік
тіл ретінде құрметтеуге бағындыратын, тіпті мемлекеттік тілді қолдану-
дан бас тартқандарды жазалау сияқты қатаң шараларды енгізу мазмұ-
нында болды.
Тіл жанашырларының екі буын өкілдері де Қазақстан қоғамында
қазақ тілі жағдайы туралы ұсыныстар мен пікірлердің, көзқарастар-
дың үздіксіз легін қалыптастырып отыруға барынша атсалысты. Олар
98 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
БАҚ арқылы зиялы қауымды, мəдени ортаны, қарапайым отансүйгіш
халықтың намысын оятып, пікір алысуға, тіл туралы көзқарасын еркін
білдіруге шақырып отырды. Осылайша ұсыныстарын іс жүзінде жүргізе
алмаса да халыққа сөздемеу болып, рухани тілдік санасын оятып, қазақ
қоғамында мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыра білген қоғам
қайраткерлерінің көкейіндегі тілек-ниеттері 2006-2014 жылдары қарқын-
ды жүзеге аса бастады.
Осы аралықта Қазақстан еңсесін көтеріп, барлық жағынан: экономи-
калық, əлеуметтік, саяси-мəдени, демографиялық дамуын арттырғаннан
кейін, билік тілінің жайына да баса назар аудара бастады. Толерант-
тылықты сақтай отырып, мемлекеттік тілді білу міндетін күшейте түсті.
Əрине, бұл кезде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді қабылдау, ұлттық
құндылықтарды құрметтеуге саналы түрде дайын болды. Негізінде
қоғамның рухани санасын осылайша дайындап алу ісін алдыңғы қоғам-
дық буын өкілдері атқарып қойған болатын.
Қазақ тілін жылдам əрі тез үйренудің түрлі тəсілдеріндегі оқулықтар-
да, аудио, электронды құралдар да жарыққа шықты. Мемлекеттік тілді
білуге итермелейтін, мұқтаж ететін билік күші де қатаң бола бастады.
Нəтижесінде қазақ тілінің тілдік қолданыс аясы алдыңғы жылдармен
салыстырғанда əлдеқайда ілгері жылжыды. Дегенмен, 2006-2014 жылда-
ры мемлекеттік тілдің қызмет етілуі басқа елдердің тілімен салыстырыла
келе, ғылыми тұрғыдан жүз пайыздық іс атқара алмай отырғаны алаңда-
та бастады.
Бұл жылдары тіл жанашырларынан гөрі, əлеуметтанушылардың,
əлеуметтік лингвист-ғалымдардың, аналитиктер мен саясаттанушылар-
дың салыстырмалы-сараптамалық пікірлері кең көрініс тапты. Олардың
пікірлері мемлекеттік тілді дамытуды арнайы зерттейтін институттар
мен орталықтардың қызмет етуіне септігін тигізді.
2006-2014 жылғы даму кезеңінде мемлекеттік тілдің дамуы мен қол-
данылуын қарқынды жетілдіру ісіндегі саясаттанушылардың пікірлері
əртарапты болып келді. Себебі олар қостілділік, ұлттық тілдің мемле-
кеттік тіл болу үдерісін басқа мемлекеттегі жағдаяттармен салыстыру
арқылы солардың ішіндегі оңтайлы нəтижелі істерді енгізуді ұсынады.
Мысалы, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықна-
заров Ұлттық тіл институтын құру қажеттілігін айтады [9]. Ғалымның
пікірінше, болашақта ұлттық тіл институтының динамикалық құрылы-
мы қазақ тілінің құндылықтары мен мол байлығын сақтап қана қоймай-
ды, сондай-ақ оны танымал етіп таратуға (популяризация) мүмкіндіктер
туындайды. Мұхит-Ардагерді осындай тұжырым жасап, уəж етуіне Бол-
гар тілі институтының, Неміс тілі институтының, Дат тілі институтының,
Литва тілі институтының, Украин тілі институтының ғылыми-теориялық
тəжірибелері себепші болған.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 99
2012 жылғы Петр Своиктің «В действительности, сегодня государ-
ственный язык в Казахстане – русский язык» [10] деген тұжырымы
қазақтың зиялы қоғамын ойландырмай қоймады. Бірқатар саясатта-
нушылардың ортақ пікірі бойынша: «Қоғамда қазақ тілінің мəртебесіне
қатысты тұрақты консенсус қалыптасқан жəне орыс тілінің де өз орны
анықталды. Ал П.Своиктің бұл əрекеті элиталық тұлға ретінде қарағанда
мəдениетсіздік» деген түйінге келіп, сабырмен толеранттылықты сақта-
ды. Негізінде Петр Своик қазақ қоғамының намысына тию үшін əрі Тіл
туралы заңның орындалмайтыны туралы өз пікірін ашық жариялады:
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттің болашағы, ал мемлекеттік тілді білу – əр-
бір азаматтың борышы мен міндеті. Өкінішке орай, бұл ереже Қазақстан-
да жүзеге аспай отыр», дей келе, Қазақстандағы тіл саясатын феодалдық
тіл саясаты деп бағалайды. П.Своиктің мақаласына қарсы шығып, қазақ
тілінің мəртебесі мен қадірін түсірмеу туралы, қазақ тілін дамытуды қол-
дайтын 157 пікір келіп түскен. Əрине бұл пікірлер қазақ тілі үшін жаны
ашитын намысты пікірлер деп білеміз.
Талғат Ешенұлының мақалаларын сараптай келгенде, мынадай тү-
йінді анықтаймыз: Қазақстанда өзге ұлттың шовинистік көзқарасын арт-
тыратын П.Своик сияқты зиянды тұлғалар бар. Қазақ тілін, ділін мойын-
дамайтын, тіпті қазақтарға жуысып, жақындасуды жат санайтын кейбір
шовинистермен ақпараттық-идеологиялық күрес жүргізумен келеміз.
Биліктің əлсіздігі, шешімді болмауы, осындай қауіпті агрессиялық сая-
саттың туындауына жол береді. Ал қоғамдағы қарсы жақты пікірлердің
ұшқыны қазақ ұлтының болашағы мен мүддесіне кір келтіреді. Сон-
дықтан Талғат Ешенұлы Қазақстан билігіне еш үміт арта алмайтынын
ашық айтады [11].
Серік Нұрымбетовтың пікірінше, мемлекеттік тілдің күшін демогра-
фиялық жолмен жəне əрбір азаматтың бойындағы ұлттық рухтың қуа-
тымен көрсетуге болады. Философиялық тұрғыдан пайымдайтын Серік
Нұрымбетовтың тұжырымынша, қоғамдағы тіл – бұл этностың артерия-
сы. Сондықтан қоғамды қазақ тілін күштеп үйретуге əсіре əуре болудың
қажеті жоқ. Ең бастысы ұлттық тілді ұлттық рух арқылы қалыптастыру
қажет екенін айтады. Қазақ санының, демографиялық санағының өсуіне
қуанған ғалым қоғамдағы қарым-қатынас сөйленіс тілі түбегейлі қазақ
тілінде болатын уақыт алыс емес деп сенеді. Қазақ тілінің қоғамдық ор-
тада толықтай ұлттық дəстүр, ұлттық салт, өнер тілі болғанын мойын-
дағанымен, халықаралық қатынаста, тұтыну саласында, өндірісте, меди-
цинада, ғылымда толықтай қызмет атқара алмай отырғаны ойландырады.
Болашақ ұрпақ үшін аса қажетті ғылым мен түрлі кəсіп салаларының тілі
түбегейлі қазақша сөйлей алмағандықтан жастардың орыс жəне ағыл-
шын тілдеріндегі дереккөздерге сүйенетіні, олардың танымында қазақ
тілінің құнсыздануына əкеліп соқтырмаса екен деген қауіп бар екенін жа-
100 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
сырмайды. Сондықтан қазақ тілінің барлық ғылым мен білім кеңістігін
қамти алу дəрежесіне жетемін дегенше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген,
ұлтына деген ұлттық патриоттық сезімін жойып алмау үшін қарама-қар-
сы бағытталатын идеология үрдісін тоқтатпауымыз керек [11].
БАҚ парақшаларында жиі кездесетін тақырыптың бірі – мемлекет-
тік тілді дамытумен қатар үштілділік мəселесі қатар көтеріліп жүргені
айдан анық. Үштілділік саясатына қатысты пікірлер əржақты болға-
нымен, бастауыш сыныптарды толықтай мемлекеттік тілде меңгерткен-
нен кейін екі, үш тілді қатар оқыту бала психологиясына лайықты бола-
ды деген əдіскер-психологтардың ұстанымы таразы басын бағындырып
отыр. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Əмина Əмірова, №24 орта
мектеп директорының орынбасары Анжела Свинаренко үш тілді мең-
гертуге бағытталған «Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім
беру стандартының» жобасында бала психологиясы ескерілмегенін
атап өтті [11].
Журналист Сейсен Əмірбекұлының пайымдауынша, мемлекеттік
тілді дамытуға Қазақстан халқы ассамблеясының да көмегі қажет [12].
Оның ойынша, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде сана-
латын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында,
мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, əлеуметтік кəсіпкерлік сала-
сында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажет-
тілігіне айналдыру. Қазіргі мақсат – мемлекеттік тіл ұлт бірлігінің басты
факторы екендігін нығайту, екіншісі – мемлекеттік тілді кеңінен қолдау-
ды көпшілікке тарату, үшіншісі – дамыған тіл мəдениеті зиялы ұлттың
басты күш-қуаты екенін көрсету. Осы тұста еліміздегі көптеген ұлт өкіл-
дерінің басын қосып отырған, Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік
тілді дамытуға барынша үлес қосуы тиіс.
Қазақстандағы өзекті мəселелердің бірі «Болашақ» бағдарламасымен
шетелге оқуға барған жастардың елге қайтпай, шетелде қалуының бас-
ты себебі – ұлттық тəлім-тəрбиенің болмауы, мемлекеттік тілді білме-
уінен деп жорамалданады. Осы жайлы «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозға-
лысының төрағасы Дос Көшімнің пікірі мынадай: «Болашақпен» бара
ма, əлде білім көтеріп, жетілдіріп қайтатындар ма, бəрібір олар міндетті
түрде мемлекеттік тілді білуі керек. Тек қазақ тілін білетіндерді ғана жі-
берген жөн. Ол жақтан қайтып келген соң да ол азаматтар мемлекеттік
тілге үрке қарамайды. Мəселен, Қазақстанның ақшасымен оқып келіп,
өзге шетелдерге кетіп қалғандар болды. Сондықтан тек мемлекеттік тілді
білетіндерді ғана шетелге оқуға жіберген дұрыс» [13].
Мықты елдер алдымен тілін мойындатады деген позицияны ұстанған
Ханшайым Қарабаева (əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси-
тетінің доценті міндетін атқарушы, мемлекеттік тіл кафедрасының мең-
герушісі) қалай болғанда да қазақ тілін меңгертудің сан түрлі амалын