Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 251
қазақ тілі рөлінің кеңеюін атап өтті, бұл сөзсіз қазақ тілінің қоғамның
барлық салаларында басым болуына алып келді. Сондай-ақ тағы да бір
жағымды сəт – қазақ тілін игеру деңгейі кəсіби қызметте (жастар атап
өткендей фактор) мансаптық өсуге ықпал ететін факт болы келеді.
Этника аралық қатынас құралы ретінде қазақ тілінің рөлі туралы
бірқатар зерттеулершілер атап өтті: «Бүгін қоғамда қазақ халқы санының
өсу шамасына қарай қазақ тілін қолданудың бірлесіп өсуін кең сезіну
(80%) бар. Сөз қазақстандық қоғамның этнодемографикалық құрылы-
мының өзгеруі этника аралық қатынас құралы ретінде қазақ тілі мəнінің
өсуіне ықпал ететінін сезіну туралы болып отыр» [35].
Қазақ тілінің рөлі туралы Э.Д.Сүлейменова былай дейді: «Қазақ тілі
қазір көбіне- көп шоғырландыру функциясын орындайды. Орыс тілі –
орыс сəйкестігінің белгісі мен иеленушісі ретінде кеңестік сəйкестікті
құру үшін пайдаланылды, сол сияқты қазақ тілі – қазақ сəйкестігінің бел-
гісі мен иеленушісі ретінде қазақстандық мемлекеттік сəйкестікті құру
үшін пайдаланылды» [7]. Ғалым тілдің қоғамда болуына ықпал ететін
көптеген факторлардың бар екендігін қарастырады. Əлеуметтік, мəдени,
экономикалық факторлардан басқа тілдік қоғамның этникалық санасы
мен құнды басымдылықтарын назарға алу ұсынылады. Ғалымның зерт-
теулеріне сəйкес кез келген тілдің (қазақ тілінің) өміршеңдігі (виталь-
дылығы) бірнеше көрсеткіштермен анықталады: «…қатынастың түрлі
салаларында оны қолданудың қарқындылығы жəне қоғамның маңыз-
ды салаларындағы: білім беру, ғылым, бұқаралық байланыс, өндіріс,
əкімшілік қызмет, кəсіпорын, əлеуметтік-саяси сала, дін, тілдің əлеумет-
тік функциясының саны». Осы белгілерге білім беру саласын да қосу қа-
жет «онда барлық басқа салаларда тілдің қызмет ету салдарынан пайда
болатын тіл иеленушілердің тілдік құзіреті қалыптасады».
Тілдің өміршеңдігін анықтайтын факторларын біз бірнеше топқа
бөлу керек деп есептейміз: 1) тілді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу; - сөйлей-
тіндердің ең үлкен саны; - осы тілде сөйлейтіндердің этникалық топ-
тың жалпы санына қатынасы; 2) тілді пайдалану салаларының өзгеруі;
- тілді пайдаланудың жаңа салалары; 3) осы тілдегі оқу материалдары
жəне сауаттылық деңгейі; 4) тілдің ресми мəртебесін жəне пайдалану-
ды қоса, тілге қатысты үкіметтік жəне ресми айқындама; - тиісті эт-
нотілдік топ мүшелерінің тіліне қатынасы; 5) осы тілдің құжаттамалану
деңгейі. Егер осы сызбаға қазақ тілінің өміршеңдігін анықтайтын көр-
сеткіштерді қоса берсек, онда əрбір ереже дерлік дамудың алғашқы са-
тысында болады. Алғашқы үш ереже біздің пікірімізше, Қазақстанның
тілдік жағдайының социолингвистикалық проблемаларына жатады. Ре-
спубликамызда тілді бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізудің өзіндіке
ерекшелігі бар. Қала тұрғындары үшін қазақ тілін білу қарапайым тұр-
мыстық деңгейде қалып отыр. Ауылдық жерлердегі қазақтардың қазақ
252 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тілін игеруінде де кемішіліктер бар: тілде орыс тілінен көптеген сөз
қосып айту байқалады.
Факторлардың екінші тобы республикадағы қазіргі жағдайға сəйкес
келеді, мұнда қазақ тілінің дамуымен байланысты оны пайдалану сала-
сында оң өзгерістер болуда. Үшінші фактор де сондай-ақ аяғына тұру
сатысында, өйткені қазақ тіліне оқытудың жаңа технологияларының да-
муы енді ғана айналымға түсті. Қазақ тілінің даму мен нығаю фактісін
мемлекет бақылауға алғанын айта кету қажет. Бірақ мемлекеттік тілге
қолдау көрсету тұрақты жəне барлық деңгейде болуы тиіс. Сондай-ақ қа-
зақ тілінде барлық дəрежедегі құжаттама жүргізуде оң серпін бар екенін
атап өтеміз. Осы қатарға тілдің өміршеңдігі туралы басқа көрсеткіштерді
де қойған жөн: тіл иеленушілердің кіші ұрпағы арасында осы тілде сөй-
лейтіндер саны, тілдің норамалар мен кодталғанын əзірлеу деңгейі, тілге
қолдау көрсетудің əрекет етуші бағдарламасының болуы жəне əлеуметтік
инфрақұрылымның (білім беру мекемелері, баспасөз органдары, ради-
ожелі, телекомпаниялар жəне телебағдарламалар, кітап басып шығару,
интернет жəне тағы басқа) болуы.
Э.Д.Сүлейменованың қазақ тілі өміршеңдігінің төмендеу себебін
түсіндіретін ойларымен келіспеу қиын: «Тіл өміршеңдігінің төмендеу
себебі көбіне оны үйренуге ынаталандырудың жоқтығымен, елде та-
раған басқа тілдермен салыстырғанда ана тілінің беделінің аздығымен,
ақырында көптілділік феноменімен байланыстырады» [7 ].
Қазақстандағы қазақ тілінің аударма теориясындағы рөлі мемле-
кеттік тілдің даму проблемаларымен анықталады. Осылай, қазақ-о-
рыс аудармасының проблемалары белгілі бір əлеуметтік жəне саяси
белгіленімдерге қарай осы күнге дейін жеткілікті түрде зерттелмеген.
Дəл осы қазақ-орыс аудармасының шешілмеген проблемалары терми-
нологияда осыншалық айтарлықтай іркілістер, қазақ-орыс аудармасы
процесінің өзінде теориялық жəне тəжірибелік жасалған жұмыстардың
жоқтығын, білікті кадрлар –аудармашылардың жоқтығын туындатады.
З.К.Ахметжанованың əділ пікірі бойынша: «Егер біз өзімізді мемлекет-
тік белгілері, оның ішінде мемлекеттік тілі бар егеменді мемлекетпіз
деп есептесек, онда Қазақстаннан тыс жердегі саясат, мəдениет, эко-
номика, ғылым салсындағы кез келген байланыста біздің мемлекеттік
тіліміз айтылуы тиіс жəне аударма орын алуы тиіс» [36, 12 б.]. Əрине
қазақ тіліне қарапайым тұрмыстық қатынас ретінде емес, мемлекеттік
тіл ретінде өзгерту қазақ тілін Қазақстан Республикасының мемлекет-
тік белгісінің бірі ретінде сезіну белгілі бір өзгеріс сəтінің рөлін ойна-
ды:«Соңғы уақытта қоғам қазақ тілі – тұрмыстық қатынас құралы ғана
емес, ежелгі бай ұлттық мəдениет тілі. Əрқашан мəдениеттердің тең
құқықты жəне толыққанды сұхбатына дайын тіл екен сезіне бастады»
[37, 18 б.].
Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 253
Аударматануды теорияшысы С.Əбдрахманов аудармадағы қазақ
тілінің рөлін мынадай түрде анықтайды: «Қазіргі аудармалар басты
түрде қазақ тілі, оның болашағы туралы қамқорлықпен жасалуы тиіс.
Оқырман аударма кітаптар арқылы мемлекеттік тілдің мүмкіндіктерін
көрнекі, нақты көруге тиіс. Орыс тіліне еркін игерген біздің халқымыз-
дың түпнұсқасын өзі оқи алатын, ал ең бастысы тілді байыту көзқарасы
тұрғысынан туған əдебиетке ешқандай үлес қоспайтын шығармаларға
ақша жұмсаудың мəні жоқ екені белгілі» [2, 10 б.]. Бұл аударылатын
шығармаларды олардың мазмұндылы мен мəнділігі көзқарасы тұрғы-
сынан ойланып іріктеу проблемасы аудармашыларды ежелден толған-
дырады. Жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ аударылатын баспасөз
мазмұны көрсеткіштерін анықтау бойынша пікірталастар болды, олар
А.Байтұрсыновтың, С. Сейфуллиннің, М.Дулатовтың... сыни мақала-
ларында кездеседі. Қазіргі заманғы Қазақстанда аударма үкіметтің
жүргізетін саясатына сəйкес іске асырылуы тиіс. Бəрінен бұрын жалпы
қоғам үшін аударылатын шығарманың мəнділігі ескерілуі тиіс. Ғалым-
ның пікірінше мемлекеттік тілге қатысты келесі проблема – мемлекет-
тің көркем аудармадағы қазақ тілінің мəртебесін көтеруге қолданатын
шаралары: «Ұлттық мəдениетті ғаламдандыру процесі көркем аудар-
маға жаңа тəсілді қолдануды талап етеді. Батыс елдерінің Еуроодаққа
бірігуі нəтижесінде тілдік кедергілерді еңсеру, мəдени байланыстар-
дың жандануы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта əлемдік бəсекелестік
əдеттегі іс болды. Ал елдердің бəсекелестігі тілдер бəсекелестігінің
туындауына ықпал етеді. Қазақ тілі осы бəскелестікке төзу үшін оның
зор мүмкіндіктерін дəлелдеу қажет. Мұның бір жолы – көркем аудар-
ма» [2, 23 б.].
Өз кезегінде Н.Сағандықова аударматану проблемаларын шешуде
қазақ тілінің рөлін екі аспектіде көреді: «Жаңа оқулықтар, оқу құрал-
дары, əдеби процесс туралы қазіргі заманғы əдеби көріністі, егеменді
Қазақстанда жаңа əлеуметтік қатынастарда туындаған жаңа əлеуметтік
жəне адамгершілік ойларды көрсететін қазақ тіліндегі қазақ əдебиеті
бойынша жаңа оқулықтар, оқу құралдарын, сөздік-анықтамалықтар
құру міндеті əсіресе өзекті болып отыр.Осы сатыда Қазақстандағы ау-
дарма ісінің жай-күйі проблемасының да маңызы аз емес, өйткені ре-
спубликаның орыс тілді халқы қазақ əдебиетін жоғары сапалы аударма
арқылы білуге тиіс» [5, 28 б.]. Ғалым белгілеген бірінші проблема–
оқу əдебиетін қазақ тілінде жасау, ол мемлекеттік тілдің мəртебесін
дамыту мен бекітуде маңызды қадам болады. Мұндай жағдай мемлекет
араласқан, яғни қазақ тілінің мəртбесін дамыту бойынша белгілі бір
іс-шаралар жүргізген жағдайда ғана шешіледі. Екінші міндет жоғары
класты аудармашы-мамандармен қамтамасыз ету. Аудармашы кадрлар-
ды дайындауды оқу орындары Ресей ғалымдары əзірлеген стандарттар
254 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
немесе бұрынғы стандарттар бойынша іске асырады. Бəрінен бұрын
қазақ тілді ғалым-теорияшылардың жұмыстарын ескере отырып, өзін-
дік қазақстандық ауқымдағы аударма ісі бойынша стандарттар əзірлеу
қажет.
Аударматануда қазақ тілінің дамуын А.Ж.Жақсылықов ҚР Қарулы
Күштерінің құжаттамаларындағы аударма қажеттігімен болжамдайды.
Өйткені бүкіл құжаттама орыс тілінде, аударманы бастау үшін қазақ
тілінің лексикалық, грамматикалық жəне синтаксистік ерекшеліктерін
ескере отырып, жергілікті жағдайларға қолданылатын əскери іс терми-
нологиясын əзірлеу қажет. Осыған байланысты əскери істің екі тілді
сөздігін, қазақ тіліне аудару теориясының теориялық жасалған жұ-
мыстарымен оқу əдебиетін жасау керек. Ғалымның айтуына сəйкес:
«...бұл сатыда ғылыми-техникалық, оның ішінде рецепция жəне əске-
ри, қорғаныс мəні бар білімді қайта жасау саласындағы аударманың
барлық түрлерін дамыту қажет. Бұл қазақ тіліне əскери жарғыларды,
арнайы журналдарды, кітаптарды, диссертацияларды, монография-
ларды, мақалаларды, оның ішінде техникалық сызбаларды, əскери
техника құрылғыларын сипаттауды, əскери философиялық əдебиет-
ті аудару. Біз қазақ тіліне армия лексикасын, терминологиясын, жар-
лықтар мен бұйрықтар тілін, штаб құжаттарын қазақ тіліне жеделдетіп
аудару жағдайында тұрмыз» [15, 6 б.].«Мəдени мұра» бағдарламасын
жүзеге асыру шеңберінде энциклопедияларды, сөздіктерді, анықта-
малықтарды аудару қажеттігі назар аударуға тұрарлық. Ғалым былай
тұжырымдайды: «Бізідің ғылым, мəдениет, білім, ішкі жəне сыртқы
саясат саласының ең жаңа ғылыми жəне басқа арнайы əдебиетке,
оның ішінде энциклодепиялар, сөздіктер, шетелден шыққан анықта-
малықтар тапшылығы өсіп келеді. Бұл бүкіл əдебиетті қазақ тіліне
өсіп келе жатқан ауқымда аудару қажет.» [15, 7 б.]. Айтылғандардан
аударма процесін қазақ тіліндегі анықтамалық əдебиетпен қамтамасыз
ету қажеттігі туындайды. А.Ж.Жақсылықов қазақ тілінің ақпараттық
жүйе саласындағы дамуы туралы қуанарлық фактіні атап айтады: «Ау-
дарма ісіне Интернет желісін құру процесі, мемлекеттік тіл негізінде
жаңа байланыстық жəне ақпараттық жүйені дамуы да ерекше өзектілік
берді» [15, 7 б.].
Қазақ тіліне сапалы аудармаларды жасау үшін аударманың қазіргі за-
манның теориясында аударманың жаңа ғылыми «құралдарын» əзірлеу
қажеттігі туындайды: «Қазіргі қазақстандық ғылым əлемдік ғылыми
қоғамдастыққа сенімді біріккен кезде көркем əдебиет мəселесі ерекше
өткір болып отыр. Біздің егемендігіміз бен дербестігіміздің көрсет-
кіштерінің бірі қазақ тілінде екі жүз томдық əлемдік əдебиетті басып
шығару болып табылады. Əлемдік əдебиет классикасы жоғары көркем
аудармамен берілуі үшін осы маңызды басылымда жарыққа шығуы тиіс
Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 255
бар аудармаларды дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін ғылыми «құрал-
дар» қажет. [37, 106 б.].
Қаралатын проблема – ғылыми зерттеулерде (кандидаттық жəне док-
торлық диссертацияаларда) Қазақстанның аударматануның қазіргі за-
манғы жай-күйі – аударманың қазақстандық теорияның серпінді өсуін
көрсетті. Зерттелген жұмыстар ғалымдардың аударманың теориялық
міндеттерін əзірлеуде қаншалықты алға жылжығанын анықтады. Бұл ау-
дарма ақсақалдарының іргетастық жұмыстары, жас ғалымдардың, маги-
странттар мен аспиранттардың жұмыстарымен белсенді түрде толықты-
рылуда, онда аударманың теориялық міндеттері қолданбалы проблема-
лары тығыз өріледі. Аударматанудың ғылым ретінде кең құлаш сермеуін
Тəуелсіздік жылдарындағы басып шығарылған еңбектерден көруге бола-
ды. Аударма теориясы бойынша жұмыстармен қатар аударматану бойын-
ша зерттеулер шыға бастады, көркем аударма бойынша оқулықтар мен
оқу құралдары шығарыла бастады. Көркем шығармаларды салыстырма-
лы аспектіде аудару бойынша маңызды жұмыстар басып шығару фактісі
қуанарлық, өйткені мұндай жұмыстар бұрын əдебиеттен танудан жалпы
бөлектенбейтін.
Аударманың дамуына аударма теориясының жаңа қырларын аша оты-
рып, ғалым-лингвистер өз үлесін қосуда, осы ғылым шеңберінде түп-
нұсқа мен аударма тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттей оты-
рып, ғалым-лингвистер өз үлесін қосады. Аударматанудағы өте маңызды
тамшылар қазақ тіліне жəне қазақ тілінен аудару тілінің зерттеулері бой-
ынша еңбектер болып табылады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі
мəртебесі болашақ ұрпақ үшін осы феномен үшін жаңа көкжиектер аша
отырып, жалпы қазақ тілінің дамуына ықпал етеді.
Қазіргі заманғы аударма теориясы бойынша қазақстандық зерттеу-
лердегі мемлекеттік тілдің рөлі сөзсіз негізгілердің бірі болып табылады.
Қазақ тілінің қазіргі заманғы қазақстандық лингвистиканың мəдениет,
ғылым жəне аударма тілі ретіндегі қозғалысының басталуын аксиома деп
есептеуге болады.
Қазақстан аудармасының тарихы ұзақ жəне бұралаң жолдан өтті. Бұл
жолда өрлеулер мен құлдыраулар болды. Бірақ аударма дамытылды жəне
жетілдірілді жəне бүгін біз аударма теориясының өрлеу кезеңінің бірін,
даму шыңының бірін бақылап отырмыз.
Əдебиет:
1 Тарақов Ə.С. Аудармашының кəсіби қызметінің негіздері: оқу құра-
лы. –Алматы: Қазақ университеті, 2011. –120 б.
2 Абдрахманов С.С. Перевод поэзии и поэзия перевода (исследова-
ние). – Астана: Аударма, 2008. –472 с.
256 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
3 Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. –
Алматы: Ғылым, 1988. –208 б.
4 Алпысбаев Қ.Қ., Қазыбек Г.Қ. Қазақ аудармасының теориясы мен
тəжірибесі: оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2001. –213 б.
5 Сагандыкова Н.Ж. Основы художественного перевода. Учебное по-
собие. –Алматы, «Санат»,1996. –208 с.
6 Алдашева А. Аударматану (Лингвистикалық жəне лингвомəдени
мəселелер). Оқу құралы/Тіл комитеті; жауап.ред.Р.Сыздық. –Алматы:
Арда, 2006. –248 б.
7 Сулейменова Э.Д. Новые научные парадигмы в казахстанской науке
о русском языке//\inlang.linguanet.ru/Cis/.../detail.php? ELEMENT...1.
8 Жаналина Л.К. Стилема как единица художественного текста/ Акту-
альные проблемы терии и практики перевода в контексте современности:
Материалы межвузовской научно-практической конференции 3-4 февра-
ля 2004 года. –Алматы, 2000. С.35-39.
9 Загидуллин Р.З. Переводоведение в Казахстане: состояние и пер-
спективы/Актуальные проблемы терии и практики перевода в контексте
современности: Материалы межвузовской научно-практической конфе-
ренции 3-4 февраля 2004 года. –Алматы, 2000. С.8-11.
10 Дəдебаев Жанғара. Əдеби компаративистика жəне көркем аударма:
оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 182 с.
11 Құлсариева А.Т. Аударма – өркениет феномені: автореферат /Құл-
сариева А.Т. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. –42 б.
12 «Қазақстандағы аударма теориясы мен практикасы». Библиографи-
ялық көрсеткіш (2000-2010 жж.). - Алматы: «Тау-Самал», 2010. – 56 б., /
составители: Жумабекова А.Қ., Атабаева Ж., Мақұлжанова А.
13 «Библиографический справочник по теории и практике перевода»
/ под редакцией Т.О.Есембекова, А.Ж.Жаксылыкова и Г.К.Казыбек. – Ал-
маты: Қазақ университеті, 2007 г.
14 Бельгер Г. Гете Абай. Земные избранники. –Алматы: Жазушы,
1995. – 220с.
15Жаксылыков А.Ж. Актуальные проблемы художественного перево-
да и развитие кахахской литературы: хрестоматия. –Алматы: Қазақ уни-
верситеті, 2011. –136 с.
16 Альмуратова А.Н., Казыбек Г.К. Теоретические проблемы литера-
турного перевода. –Алматы: Қазақ университеті,1998. –121 с.
17 Ашимханова С.А. Проза Г.Мусепова в переводах: учебное посо-
бие. –Алматы: Қазақ университеті, 2011. –182 с.
18 Ананьева С.В. Многообразие казахстанской литературы в ка-
захских переводах //http://i-news.kz/news/2012/09/06/6600461-obschie_
cennosti.html
Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 257
19 Адамбаева Г.М. Миссионерлік əдебиеттің қазақша аудармалары-
ның тілі: филология ғылым.кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дай-
ындалған авторефераты. –Алматы, 2010. – 31 б.
20 Латыпова З.Х. Проблемы перевода казахской детской поэзии на
русском языке (1970-1980г.): Дис. ...к.филол.н. –Астана, 2007. –146 с.
21 Алимов А.Х. Проблемы художественного перевода в Казахстане в
1920-30 годы: Дис. ...к.филол.н. –Алматы, 1993. – 25 с.
22 Машакова А.К. Казахская литература в зарубежной рецепции: ав-
тореф.дисс. кфн. –Алматы, 2008. – 29 с.
23 Кущанова Ж.О. «Казахско-русско-немецкие художественные пере-
воды (на материале переводов романа М.Ауэзова «Абай» на русском и
немецком языке)»: автореф. дисс. к.ф.н. –Астана. 2006. –26 с.
24 Түсіпова Г.Б. «Ағылшын тілді жазушылар əңгімелерін қазақ тіліне
аударудың ұстанымдары мен тəжірибесі»: фил.ғыл.к. ғылыми дəрежесін
алу үшін дайындалған авторефер. –Алматы, 2009. – 35с.
25 Дуанина Б.И. «Неміс прозасын қазақ тіліне аударудың өзекті мəсе-
лелері»: филология ғылым.кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дай-
ындалған авторефераты. – Алматы., 2004. – 29 б.
26 Бейсембаева Ж.А. Адекватность перевода У.Шекспира на казах-
ский язык»: автореф.дисс. кфн. –Астана. 2010. –29 с.
27 Тастемирова Г.А. 60-80 жылдардағы қазақ сатирасының дамуын-
дағы аударма: фил. ғыл.к. ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған ав-
тореф. 2007. – 29 б.
28 Куантаева М.Е. Художественный аспект перевода исторических
реалий в казахской художественной прозе: автореф.дисс. кфн. –Алматы.
2009. –29 с.
29 О Государственной Программе развития и функционирования язы-
ков в республике Казахстан на 2011-2012 годы / Указ Президента РК от
29 июня 2011г. №110.
30 Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года № 151-I
О языках в Республике Казахстан// zakon.kz / Document/doc_id=1008034
31 Словарь социолингвистических терминов. – Изд. 2-е, дополненное
и переработанное / Э.Д. Сулейменова, Н.Ж. Шаймерденова, Ж.С. Смагу-
лова, Д.Х. Аканова; Отв. ред. Э.Д.Сулейменова. –Алматы: Қазақ универ-
ситеті, 2007. – 330 с.
32 Байдаров Е. Языковой аспект национальной интеграции Казахста-
на // duorum.kz| ab |new |socium .|141220.
33 Момынкулов Ж.Б. Развитие казахского языка в период Независи-
мости Республики Казахстан // Ученые записки Таврического нацио-
нального университета им.В.И.Вернадского. Серия «Филология». Том 24
(63).№ 3. 2011 г. С.176-183.
258 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
34 Шаукенова З.К. Языковая ситуация в Казахстане// cessi.ru|index.
php?id =169
35 Исабекова С.З. Казахский язык как фактор национального единства
// Образование и современность, 2011, №3 (4) с.36-39.
36 Ахметжанова З.К. Проблемы подготовки переводчиков в сов-
ременных условиях / Актуальные проблемы терии и практики пе-
ревода в контексте современности: Материалы межвузовской науч-
но-практической конференции 3-4 февраля 2004 года. –Алматы, 2000.
–С.11-14
37 Молдагалиева Ж.Т. Проблемы поэтики перевода (на материале пе-
реводов поэм М.Ю.Лермонтова «Мцыри», «Песнь о купце Калашнико-
ве» на казахском языке) – Алматы, 2001.
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі 259
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІ
3.1 Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі
Қазақстанның тілдік жағдаяты бұрынғыдан да күрделене түскендей.
Бұған: біріншіден, тіл заңы мен тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік
бағдарламаның талапқа сай жүзеге аспауының салдары; екіншіден, орыс
тілі мен мемлекеттік тілдің қолданыстағы ара жігінің ажыратылмауы
себеп болып отыр. Ашығын айтсақ, тілдерді дамыту жөніндегі мемле-
кеттік бағдарлама жасалған кезде жергілікті жерлердегі əлеуметтік линг-
вистикалық жағкдаяттар ескерілмеген. Сондықтан да қазақ жəне басқа
этностық диаспоралардың тілдік талап-тілегіне сай қайта қарастырылуы
тиіс. Мемлекеттік бағдарламаның талапқа сай қабылдануы – тіл саяса-
тын, тіл туралы заңның орындалуын қаржылық, материалдық, ұйымда-
стырушылық жағынан қамтамасыз ету деген сөз. Осындай нақты матери-
алдық қолдау көрсеткенде ғана мемлекеттік тілдің өрісі ашылмақ.
Шындығында үкіметіміз республиканың əлеуметтік-коммуникативтік
жүйесін дұрыс басқара алмай отыр. Тіл тізгінінің үкімет басшыларының
қайсысының қолында екендігі беймəлім. Ол жайлы еш жерде атап ай-
тылған да емес. Үкімет тіл дамыту бағдарламасын басқару ісін жергілікті
атқару органдарына тапсыра салады. Ақыры, өкініштісі сол кейбір аудан
түгілі, облыстардың өзіндік тіл дамыту бағдарламасы жоқ, барының өзі
қалай болса, солай жасала салған. Ал көптеген жерде сол бағдарламалар-
дың өзі орындалмай келеді. Көбіне-көп қаржылық тапшылық тілге тиек
болуда. Сондықтан тіл дамытуды, оның ішінде қазақ тілін өз мəртебесі-
не сай кезең-кезеңімен өмірге ендіру мен дамытуды аймақтар бойынша
қолға алған дұрыс. Əр аймақтың тілдік жағдаяты нақты зерттеліп, оған
əсер етуші обьективті, субьективті факторлар негізгі қағидат (принцип)
ретінде алынып, тіл дамытудың аймақтық бағдарламалары түзілуі тиіс.
Оған тікелей жауап беруші жəне қажетті бақылау жүргізуші аймақтық
үйлестіру органдары құрылуы қажет.
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамыту – Қазақстан үшін
тиімді жол. Бұл – тіл дамытудың стратегиялық қажеттілігі. Мемлекет-
тік тіл проблемаларын шешудің аймақтық жолы біріншіден, аймақ үшін,
екіншіден, жалпы Қазақстан үшін керек болса, үшіншіден, дүние жүзі
елдері үшін де пайдалы болмақ.
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыда дамытудың негіздемесі.
Əлемдегі кез келген мемлекеттк халқы мейлі бір ұлттан тұрсын, мейлі
көп ұлттан құралған болсын бəрібір тіл проблемаларынсыз болмайды.
Ол проблемаларды шешу ісі сол мемлекеттегі тілдер дамуын саналы
түрде қолға алу мен оған ғылыми сипаттама беруден бастау алады. Ре-
260 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
спубликамыздағы қазіргі тіл проблемалары көптілділік жағдаятымен
шиелініскен. Жүзден астам ұлт, ұлыс тілдері лабороториясынан тұра-
тын Қазақстандағы тілдік жағдаятты: мемлекеттік тіл – қазақ тілі; КСРО
тұсында ресмилік беделге ие болған, бұл күнде күллі маңызды өмір са-
лаларында мемлекеттік тілден де жиі қолданылытын, сөйлеушілердің
саны жағынан басым орыс тілі; жекелеген облыс, аудан т.б. төңірегінде
тығыз қоныстанған қоғамдық қызметі алғашқы екеуінен тар кейбір этно-
стар тілі жəне тұрмыстық, отбасылық қатынастарда ғана қолданылатын
қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер құрайды.
Еліміздегі тілдік жағдаяттың осындай жалпы сипатының негізіне
сүйенсек, оның тілдік өміріндегі проблемаларына күллі тілдердің ана
тілі ретінде сақталуы мен дамуын қамтамасыз ету жəне ең бастысы – қа-
зақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қолдану аясын кеңейте отырып, қоғам
өміріне толығынан кезең-кезеңімен енгізу жатады.
Осы проблемаларды шешуде республикамызда мемлекет, қоғамдық
ұйымдар тарапынан көптеген ісшаралар жүйесі түзілді. Алайда олардың
көпшілігі жыл аралатыпай-ақ орындалмай қалады не түбегейлі өзгері-
стерге түсіп, ақыры сиыр құйымшақтанып із түзсіз жоғалады..
Елімізде орыс тілінің қолдану аясының айқын еместігінен қазақ
тілінің мəртебесі дараланбай, тіл дамытудағы мемлекеттік заң актілерінің
өз күшін жоюына себепші болып отыр. Қазақ тілінің қызмет ету аясын
ұлғайтудағы құқықтық қамтамасыз ету тетігіндегі осындай жағдай олар-
дың атүстілігін көрсетеді. Атап айтар болсақ, Қазақстанда тілдердің қы-
змет ету аясындағы жағдайын тұрақтандыру мақсатында тілдік реформа
жүргізу 1987 жылдан басталды. 1989 жылы қазақ тілін мемлекеттік тіл,
орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі деп бекіткен Қазақ ССР-нің
тіл туралы заңы қабылданды. Оның келесі жылында, 1990 жылы Қазақ
ССР-нде қазақ тілін жəне өзге тілдерді дамытудың 2000 жылға дейінгі
мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Қазақ, орыс тілдерінің мəрте-
белері тіл туралы заңда анықталды жəне ол 1993 жылы Қазақтан Респу-
бликасы Конституциясында бекітілді. 1995 жылы конституцияның жаңа
жобасы қабылданып, онда қазақ тілінің өзіндік мəртебесі жəне орыс
тілінің күңгірт те болса, қолдану аясы анықталды. Ал 1996 жылы Тіл
саясатының тұжырымдамасы жарық көріп, соның негізінде тіл туралы
заңның жаңа жобасы бір жылдан астам талқыланып, жарық көрді. Де-
генмен, осындай мемлекеттік құжаттардың қабылдануына байланысты
елімізде этнолингвистикалық қатынастар саласында, жалпы тілдік өмір-
де жағдайдың едеуір өзгергендігі белгілі, бірақ мемлекеттік тілді жəне
басқа тілдерді дамытудың нақты тетігін жасауда, сондай-ақ орыс тілінің
конституциямызда қолдану аясының айқын еместігіне орай орын алып
отырған шиеліністі жағдайды шешудің сəті түспей келеді. Міне. Осы-
ның саладарынан Қазақстандағы тіл мəселесінде қалыптасқан жағдайды
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі 261
жəне қазақ тілінің қазіргі ақуалын тұтастай алғанда, оған жоғары мəр-
тебе берілгеніне қарамастан, бəз-баяғысынша екінші кезектегі тіл ретін-
де қалып отыр. Егер 90-жылдардың бас кезінде оның беделі едеуір арта
түскен болса, соңғы үш-төрт жылда арта түспек түгілі, керісінше кейін
кетіп бара жатқаны байқалады. Мысалы, 1996 жылдың көктемінде Пар-
ламенттік ақпарат талдау жасау орталығы мен Ұлт саясаты жөніндегі
мемлекеттік комитетпен бірлесе отырып, Қазақстандағы тіл мəселесіне
байланысты қалыптасқан жағдайларға жүргізген əлеуметтік зерттеу-
лердің нəтижелері мынаны көрсетеді: «Мемлекеттік тілді білуды жақсы
меңгергендердің қатары өздерінің ана тілін өз бетінше немесе оқу орын-
дарында оқып, үйреніп жүрген қазақтардың есебінен ғана артқан. Өздері-
не сұрақ қойылған респондент қазақтардың арасында қазақ тілінде еркін
сөйлейтін, оқи алатын жəне жаза білетін қазақтар 74,4 пайыз (1994 жылы
71,0 пайыз болатын), ал қазақша еркін сөйлеп, оқи алатындары, бірақ
жаза білмейтіндері – 14,4 пайыз (1994 жылы бұл көрсеткіш – 17,5 пайыз
болатын), бірін-бірі қазақ тілінде қиындықпен түсінетіндері – 6,2 пайыз
(1994 жылы 7,0 пайыз еді), шала-шарпы түсінетін, бірақ сөйлесе алмай-
тындары – 2,9 пайыз (1994 жылы 1,0 пайыз), мəтінді сөздіктің көмегімен
ғана оқып-түсінетіндері – 0,8 пайыз (1994 жылы 7,0 пайыз еді), қазақ
тілінен мүлдем қабарсыздары – 1,1 пайыз (1994 жылы 1,5 пайыз) болып
шықты. Сонымен, бірін-бірі қазақ тілінде түсінісе алатындардың жал-
пы санын негізгі көрсеткіш деп алатын болсақ, онда олардың 96,3 пайыз
(1994 жылы 95,0 пайыз)қазақ тілін біледі, ал 89,1 пайызы (1994 жылы
88,5 пайыз) ол тілде еркін сөйлеп, оқи алады деуімізге болады.
Қазақ тілін білетіндердің кемуі соңғы жылдары қазақ тілін меңгеру-
ге мəн беруді тоқтарқан орыстар мен орыс тілділердің есебінен орын
алды. Сұрау салудың нəтижелерінен көрініп отырғандай, олардың ара-
сында қазақ тілін əртүрлі дəрежеде білетіндердің саны əсіресе соңғы
екі жылда кеміп кеткен. 1996 жылы жүргізілген əлеуметтік зерттеу-
лердің қорытындыларына қарағанда, олардың 71,0 пайызы қазақ тілінен
мүлдем хабарсыз. 13,0 пайызға жуығы мəтінді сөздік арқылы ғана оқи
алады, 9,5 пайызы айтқан сөзге түсінеді, бірақ өздері сөйлей алмайды.
Орыстардың арасында қазақ тілін меңгергендері – 1,4 пайызы, сөйлесіп,
оқи алғанымен жаза білмейтіндері – 1,7 пайыз, тек түсінісе алатында-
ры – 4,6 пайыз. Бұдан шығатын қорытынды орыстардың арасында қазақ
тілін белгілі бір дəрежеде меңгергендердің саны небəрі 7,7 пайыз (1994
жылы 8,4 пайыз болатын) ғана. Сонымен, қазақ тілін үйренудің жалпы
алғандағы тұрақты процесінің өз ішінде бір-біріне қарама-қарсы бағыт-
тың бар екенін көреміз. Бір жағынан, қазақ тілін мейлінше жетік білетін-
дердің, əсіресе сауатты жаза білу деңгейлерінің қатары арта түсті, екінші
жағынан, ол тілді мүлдем білмейтін халықтың саны да біршама көбейіп
кеткен.
262 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Бір-бірбіріне керағар бұл екі процес аймақтық деңгейлерде де айқын
байқалады. Қазақ тілді облыстарда қазақ тілі орыс тілінің қолданылу
аясын тарылтпай-ақ, өз жағдайын едеуір нығайта түсті, орыс тілді об-
лыстарда орыс тілі бұрынғысынша басым, тіпті кейбір салалардан қазақ
тілін ығыстырып шығара бастаған. Сонымен, қазақ тілін үйрену бары-
сындағы процесс қазақ тілді ортада жəне оны оқып-үйренудің белгілі бір
деңгейдегі базалық негізі бар жерлерде ғана кездеседі. Ал орыстілді орта
басым отырған жəне адамдардың қазақ тілін тым құрығанда ең төменгі
дəрежеде болса да үйрену базасы жоқ жерлерде қазақ тілін оқып-үйрену-
дің 1989 -1992 жылдарда қол жеткен деңгейлерде сақталмаған» [1].
Еліміздегі сонау тілдік реформа жүргізу (1987 ж.) жылдарынан бүгін-
ге дейін мемлекет, қоғамдық ұйымдар тарапынан қабылданған тіл дамы-
ту саласындағы құжаттардың нəтижелері міне, осы əлеуметтік зерттеу
қорытындысындай күйде қалып отыр.
Сондықтан, біздің ойымызша, еліміздің тілдік өміріндегі мəселеле-
лерді шешу ісі – ондағы қалыптасқан тілдік жағдаятты жалпылай емес,
жекелеген аймақтық тұрғыда жəне сол жергілікті жерлердегі қоғамдық
өмір салалары бойынша қарастыру арқылы іске аспақ. Демек, еліміздегі
тіл дамыту жұмысын саналы түрде қолға алу, оны нақтылы жоспарлау
мен реттеудің тетігін жасауда осындай ел аумағындағы түрлі деңгейлер-
де қалыптасып отырған тілдік жағдаят түрін ғылыми тұрғыдан жіті зерт-
теп, өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарына қарай аймақтарға
топтастырылуы тиіс. Бұл мынадай себептерден туындайды:
1. Обьективтік заңдылық, яғни кез келген мемлекет аймақтардан тұра-
ды жəне тіл сайасаты сол аймақтарда жүзеге асырылады.
2. Қазіргі күнде елімізде орталық билік деңгеиінде жүргізіліп жатқан
тілдік жоспарлаулардың аймақтарда жүзеге аспауы немесе олардың ай-
мақтардың тілдік ақуалына сəйкестенбеуі байқалады.
3. Елдің жалпы тілдік жағдаятының тұрақты болуына қарамастан
кейбір аймақтарда этнолингвистикалық, тілдік жағдаяттарда шиеліністің
көрініс беруі байқалады.
4. Тіл дамытудағы жауапкершіліктерді аймақтарға жүктеу, аймақтық
проблемаларды өз деңгейінде шешуіне өкілеттік беруді қажет етеді.
Мұндай аймақтық топтастырушылық алғашқы жəне негізсіз емес,
оның дəстүрлі алғышарттары баршылық. Қазіргі өркениетте ХХ ғасы-
рдың 70-жылдарының ортасынан бастап, екі тенденция: ғаламдастыру
(глобализация) жəне аймақтандыру (регионилизация) өте анық көрініс
беруде. Сондықтан болар дамудың алдыңғы қатарлы батыс елдерінде сол
қоғам не мемлекет егер оның аудандарының арасындағы əлеуметтік-э-
кономикалық əртүрлілік жоғары болса, олар ойдағыдай дами алмайды.
Мұндай жағдай саяси тұрақсыздыққа (əсіресе, егер аймақтық əртүрлілі-
гі ұлтты түрлілікпен сəкестенген болса), əлеуметтік қақтығысулардың
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі 263
күшеюіне, ішкі нарықтың қалыптасуы мен дамуын қиындатуға əкеледі.
Ұлттық бюджет салмағының ұлғаюына, тіпті, елдің аумақтық бүтіндігіне
қауіп туғызуы мүмкін деп бағаланады.
Қазіргі күнде ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстанда экономикалық,
əлеуметтік, геосаясаттық жағдайларға жасалған əлеуметтік талдаулар
онда аймақтық саясаттың шешуші, мəні бар екендігін танытып отыр.
Қазақстан – унитарлық мемлекет. Десек те онда өзіндік географи-
ялық, табиға-климаттық, өндірістік-экономикалық, мəдени-тұрмыстық
т.б. ерекшеліктерімен тарихи түзілген аймақтары бар екендігі белгілі.
Осы аймақтарда бүгінгі күні ұлтаралық, ұлтішілік шиеліністер, шека-
ралық даулар, бюджет-салықтық талаптардың орындалмауы, кіші биз-
нестің ретке келтірмеуі, экологиялық проблемалар, əлеуметтік жəне
демографиялық дамудың қиындықтары, сондай-ақ мынадай жаңа про-
блемалар – шаруашылық құрылымдарды қайта құру, жекешелендіру т.б.
көптеген мəселелердің аймақтық деңгейлерде ғана шешімін табатын-
дығы ақиқатқа айналуда. Сол себептен де елімізде қазіргі жүргізіліп оты-
рған əлеуметтік- экономикалық реформалардың негізгі ауырлық жүгі де
сол аймақтарға ауысып жатқандығы жайдан-жай емес.
Осыларды негізге алып қарасақ, Қазақстанда, оның ұлан ғайыр ау-
мағының түрлі бөліктерінде өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықта-
ры бар тілдік жағдаяттарға шын мəнінде ғылыми зерттеулер жүргізіп,
баға беру, оларды аймақтарға топтау жұмыстарын жүргізу жəне соның
негізінде тіл дамыту шараларын жоспарлау мен реттеудің аймақтық
тетіктерін жасау – кезек күттірмейтін іс.
Осы жерде біздің қолданысымыздағы «амақ» термині қандай ұғымды
білдіреді, одан нені түсінеміз дегеннің басын ашып алайық. Жалпы алып
қарағанда «амақ» деп ірі жеке аумақтық бөлікті айтады. Ал нақтылай кел-
сек, ол түрлі ғылым салаларында олардың өзіндік зерттеу нысаналарына
қарайтүрліше анықталуы мүмкін. Мəселен, физикалық географияда «ай-
мақ» деп аудандастырудың жоғары өлшемдерінің бірін (орыс жазығы, Ба-
тыс Сібір жазығы, Сарыарқа, Торғай жазықтары т.б. сияқты аймақтар қа-
лыптасқан) айтады. Геологияда – орыс платформасы, қазақтың қатпарлы
өлкесі т.б. тəрізді жер қыртысының аумақтық бөліктерінен тұратын ай-
мақтарды атаса, экономикалық географияда жəне экономикада «аймақ»
- «экономикалық аудан» терминінің синонимі. Əлеуметтану ғылымында
«аймақ» деп өзіндік табиғи жəне тарихи қалыптасқанг экономикалық,
əлеуметтік, мəдени бірліктерімен бір-бірінен ерекшеленетін облыс, ел
бөлігі дегенді айтады. Сондай-ақ түрлі ғылым салаларында аймақ ұғы-
мына байланысты аймақтық география, аймақтық геология, аймақтық
экономика, аймақтық саясат т.б. терминдер қалыптасқан. Ал халықара-
лық терминолгияда аймаққа географиялық орналасуына қарай бірнеше
елді (Таяу Шығыс, Кариб алабы т.б.) біріктіреді. Кешегі КСРО тұсында
264 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
экономикалық аудандастыру негізінде бүкіл Кеңестер Одаңы 19 негізгі
экономикалық аймаққа бөлініп көрсетілді. Солардың ішінде Қазақстан
өз алдына тұтастай жеке аймақ болып қарастырылған болаты. Сондай-ақ
«аймақ» ұғымы орталықтан шеткері жер, ел (окрайность) мағынасында
да қолданылғаны белгілі.
Ал біздің «аймақ» терминін қолдануымыз мұнан басқаша, жаңа мағы-
нада түсіндірілмекші. Бұл терминді біз Қазақстанның өз ішінде тіл да-
мыту ісін саналы түрде қолға алу жəне қажетті бақылау жүргізу тетігін
жасау үшін ел аумағындағы түрлі дəрежеде қалыптасып отырған тілдік
жағдаяттарды топтастыру мақсатында қолданбақшымыз. Ол республи-
када өзіндік географиялық, экономикалық, геосаяси, лингвистикалық т.б.
ерекшеліктерімен тарихи түзілген, тілдік жағдаят түрлері өзара ұқсас бо-
лып келетін жəне бір-біріне жақын орналасқан облыстық əкімшіліктер-
ден құралған ірі, жеке аумақтық бөлініс дегенді білдіреді.
Міне, осындай тарихи-дəстүрлі жəне ғылыми қағидаттардың негізіне
сүйене отырып, Қазақстан Республикасын шартты түрде мынадай бес ай-
маққа бөліп қарастырамыз:
1. Оңтүстік аймақ. Оған: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік
Қазақстан жəне бұрынғы Талдықорған облыстары енеді.
2. Солтүстік аймақ. Оған: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік
Қазақстан жəне бұрынғы Көкшетау мен Торғай облыстары жатады.
3. Шығыс аймақ. Бұл аймаққа Шығыс Қазақстан жəне бұрынғы Се-
мей облысы қарайды.
4. Батыс аймақ. Оған: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан жəне Маңғы-
стау облыстары жатады.
5. Орталық аймақ. Бұған Қарағанды жəне бұрынғы Жезқазған об-
лысы енеді.
Осы аймақтарға қоса республикамыздағы астаналық мəртебедегі
Астана қаласы мен Алматы қаласы өз алдына жеке сөз етілуі тиіс.
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың қағидаттары.
Кез келген əкімшілік аумақтың белгілі бір уақыт кеңістігіндегі тілдік
жағдаятын қарастырғанды, оған əсер етуші əлеуметтік факторларға на-
зар аудару қажет. Ел-елде немесе бір елдің өз ішіндегі түрлі бөліктерін-
дегі тілдік жағдаятқа екі түрлі сипаттағы факторлар ықпал етеді. Оның
біріншісі – обьективті факторлар да, екіншісі – субьективті факторлар
деп аталады. Бұлардың қайсысы обьективті, қайсысы субьективті фак-
торларға жатады дегенге келсек, алғашқысына адам санасынан тысқары
əсер ететіндерді жатқызамыз да, соңғысына адамның саналы қызметімен
байланысты болатындарды айтамыз. Демек, республикамыздағы жоға-
рыда атап өткен аймақтарда тіл дамытуды жоспарлау мен реттеуде осы
факторлар негізгі қағидат ретінде алынуы қажет. Бұл факторларды же-
ке-жек бөліп сөз етер болсақ, олар мынадай:
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі 265
А. Обьективті сипаттағы факторлар:
1. Тарихи фактор. Этностардығ сол аумақта қоныстану ұзақтығы,
материалды жəне рухани мəдениеттерінің бірлігі немесе өзгешелігі т.б..
2. Географиялық фактор. Елдің немесе жекелеген бөлігінің физи-
ка-географиялық бет-бейнесі, өзге елдермен, жекелеген аймақтармен
өзара тілдік қатынаста болуға ықпал ететін кедергілерінің барлығы не
жоқтығы. Ел, аймақ аумағында қоныстанған этностардың сипаты, сол ау-
мақтағы тілдердің не олардың өмір сүру формаларының таралу деңгейі
немесе геосаяси жағдайы т.б.
3. Уақыт факторы. Елдің немесе аймақтың белгілі кезеңдеріндегі
тілдік жағдаятының сипаты.
4. Этникалық фактор. Тіл – этностың лингвистикалық белгісі. Сон-
дықтан сол аймақтағы əрбір этностың демографиялық жағдайы ескерілуі
тиіс, яғни аймақтағы тұрғындар саны, этникалық құрамы, олардың жал-
пы ел, аймақ көлеміндегі барлық тұрғындар ішіндегі үлес салмағы т.б..
5. Лингвистикалық фактор. Аймақтағы тілдер саны, олардың өзара
жақындық немесе алшақтық дəрежелері, тілдердің өмір сүру формала-
рының (əдеби тіл, диалекті т.б.) лингвистскалық тұрғыдан зерттелгендігі
т.б.
6. Əлеуметтіклингвистикалық фактор. Ел, аймақ көлеміндегі тіл-
дік орта түрлері, біртілділік, қостілділік жəне көптілділік түрлері, оның
компоненттері болып саналатын тілдер, сол аумақтағы күллі тіл атаулы-
ның қоғамдық қызмет ауқымы, əрбір этнос өкілдерінің ана тілін жəне
мемлекеттік тілді меңгеру дəрежелері т.б.
7. Демографиалық фактор. Əрбір этностың демографиалық үлесі,
табиғи өсімі, миграциялық процесі, қоныстану тығыздығы, этностардың
өз тілінде, яғни ана тілі, екінші тіл деңгейінде сөйлеушілер т.б.
8. Əлеуметтік фактор. Неке, отбасылардың этникалық құрамы, əле-
уметтік рөлдері, əлеуметтік топтар мен жіктердің сөйлеу тілін таңдау
тəжірибесінде ұлттық сана-сезім əсерінің барлығы немесе жоқтығы т.б.
Ə. Субьективті сипаттағы факторлар:
1. Əлеуметтік-психологиялық фактор. Этнос өкілдерінің өз тілінің
жекелігін, даралығын жете түсіну деңгейі. Ел, аймақ тұрғындарының тіл-
дік бағыт-бағдары, олардың мемлекеттік тілге көзқарасы т.б.
2. Педагогикалық (кадрлік) фактор. Ел, аймақ көлемінде мемлекет-
тік жəне басқа тілдерді оқытып-үйретуші кадрларды дайындау, тіл да-
мытудағы мемлекеттік ісшараларды жүзеге асыруда магистратура, док-
торантуралар арқылы əлеуметтіклингвистикалық кадрлар дайындау т.б..
3. Саяси фактор немесе тіл саясаты. Тіл саясаты дегеніміз – мемле-
кет, қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдағы тілдік
жағдаятты өзгертуге немесе тұрақтандыруға бағытталған саяси, əлеумет-
тік жəне лингвистикалық шаралар жүйесі.
266 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Осы аталған обьективті жəне субьективті факторлар республикамы-
здың жергілікті жерлерінде əртүрлі аймақтарында түрлі дəрежеде өз
ықпалын тигізіп отыр. Енді осы факторлардың тілдік жағдаятқа əсер
етуіне тоқталып өтейік.
1. Соңғы халық санағының мəліметтеріне қарағанда республикадағы
қазіргі 14 облыстың жетеуінде қазақтар саны жағынан барлық тұрғын-
дардың көпшілігін құраса, 1 облыста дəл осындай артықшылықта бол-
мағанымен кез келген жекелеген өзге этностардың қай қасысынан да
жоғары пайызға ие. Сонда қазақтар 14 облыстың 8-інде саны жағынан
барлық тұрғындардан басым да, қалған облыстарда орыстардан кейінгі
орынды алады.
Ал аудандар бойынша қарар болсақ, еліміздегі қазіргі (1997 жылдың
мəліметі бойынша) 159 ауданның 94-інде қазақтар саны жағынан бар-
лық тұрғындардың жартысынан астамын құраса, 65-інде екінші, кейде
үшінші, төртінші орындарды алады. Айталық, қазақтары 15 пайызға
жетпейтін аудандар қатары – 8. Сондай-ақ қазақтары 5-10пайызды ғана
құрайтын аудандар да бар. Мысалы,оларға: бұрынғы Глубокое, Зырян,
Шемонайха (Шығыс Қазақыстан обылысы); Оскаров (Қарағанды обылы-
сы), Федоров (Қостанай обылысы ) т.б.
Егер осыларды жоғарыда атап көрсеткен аймақтар бойынша қарар
болсақ, саны жағынан қазақтары басым келетін сегіз обылыстың төрте-
уі оңтүстік аймаққа, төртеуі батыс аймаққа қарайды.Ал саны жағынан
орыстары басым обылыстардың төртеуі солтүстік аймаққа, бірі орталық
аймаққа қарайтын 44 ауданының 36-сында қазақтар барлық тұрғындар-
дың жартысынан астамын (63пайыз) құрайды да, бесеуінде дəл осындай
болғанымен саны жағынан кез келген этностан басымдылық танытады.
3 ауданда 15 пройенттен жоғары. Сол сияқты батыс аймақтағы 35 аудан-
ның 31-інде қазақтар саны жағынан көпшілікте болса, төртеуінде қай
этностан болсын саны жағынан басымдылық танытады. Ал солтүстік ай-
маққа қарайтын 56 ауданның 10-ында ғана қазақтар барлық тұрғындар-
дың жартысынан астамын құрайды да, 18 ауданда 30 проценттен асады.
28-інде одан да азшылықта болып отыр. Шығыс пен орталық аймақтар
бұл мəселеде өзара шамалас. Алайда, солтүстік аймаққа қарағанда едəуір
тəуір болғанымен оңтүстік пен батыс аймақтарға жете алмайды.Шығыс
аймақтағы 15 ауданның 10-ында қазақтар барлық тұрғындардың жарты-
сынан астамын құрайды, ал 5-інде азшылықта. Орталықтағы 9 ауданның
жетеуінде қазақтар саны жағынан басым, еекеуінде азшылық күйде. Ал
Қазақстан аймақтарындағы қалалардың барлығында дерлік орыстар
саны жағынан жоғарғы процентке ие.
Егер осы айтылғандарды қорытындылай қарасақ, оңтүстік пен батыс,
сондай-ақ шығыс жəне орталық аймақтарда қазақтардың үлес салмағы
ауылдық жерлерде басым болып, тек кейбір қалалы жерлерде, не олар-
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі 267
дың айналасындағы санаулы аудандарда ғана азшылықта болса, сол-
түстік аймақта ауылдық жерлерде де, қалалы жерлерде де сандық үлесі
жағынан да, сонымен бірге тілдік жағынан да екінші, үшінші дəрежеде
қалғанын көруге болады.
2. Қазақстан аймақтарын сөз еткенде, сондай-ақ сол аймақтардағы қа-
зақ жəне орыстардан кейінгі орынды алатын өзге этностардың да барлық
түрғындар ішінде алатын сандық үлес салмағы мен тілдік бағыт-бағда-
рын анықтап алуда маңызды мəселе болмақ. Өйткені Кеңес үкіметінің тіл
бірыңғайлығы саясаты түпкілікті халық – қазақтардың өзін өз Отанында
тілінен айырылуына əкелсе, өз Отанынан тысқары жердегі өзге аз санды
этностардың тілінен айырылуы былай тұрсын, жартысынан астамының
ұлттық этиикалық белгілерін жоғалтып, орыстармен бірге жаңа қоғамда-
стық құрған. Бұл əсіресе, украйын, белорустардың арасынан анық бай-
қалады. Мысалы, соңғы халық санағының мəліметінде Қазақстандағы
барлық украиндардың ішінде өз ұлтының тілін ана тілім дегені – 34,5
пайызы да, 65,3 пайзы орыс тілін ана тілім деп көрсеткен. Сондай-ақ көп-
теген облыстарда саны жағынан қазақ жəне орыстардан кейінгі үшінші
орынды алатын немістердің де 45,4 пайызы орыс тілін ана тілім деп са-
найды. Осы аталған этностардың республикамыздың көптеген аймақта-
рында, атап айтқанда, солтүстік, орталық пен шығыс аймақтарда онсыз да
саны жағынан басым болып келетін орыстар мен орыстілділердің санын
еселей өсіріп отыр. Мысалы, Қазақстанның солтүстік аймағындағы бар-
лық тұрғындардың 10,6 пайызын құрайтын немістердің 49,2 пайзы орыс
тілін ана тілім деп көрсетсе, 47,5 пайызы орыс тілін екінші тіл ретінде
меңгерген. Ал осы аймақта немістерден кейінгі орындағы украиндардың
65,6 пайзы орыс тілін ана тілім десе, 30,6 пайызы оны екінші тіл ретінде
білетіндігін көрсетеді. Дəл осындай жағдай орталық аймақтағы Қараған-
ды жəне шығыс аймақтағы Шығыс Қазақстан облыстарында да байқала-
ды. Бұл – олардың қай-қайсы болмасын күнделікті өмірде орыс тілін қол-
данады, өз тілдерін отбасылық қатынастарда ғана оның өзінде ішінара
ғана немесе мүлде қолданбайды деген сөз. Демек, осы аймақта жиі қоны-
стана отырып, өз тілінен айырылуға душар болып отырған этностардың
ана тілдерін дамытуға жағдай жасау қажет. Өзге этностар үшін мұндай
жағдай туғызылуы, біріншіден, олардың орыс тілінің ықпалынан шығып,
өз ана тілдеріне табысуына мүмкіндік əкелсе, екіншіден, қазақ тілін мем-
лекеттік тіл ретінде меңгеруіне, яғни қазақ тілінің ұлтаралық қатынас
құралы ретінде дамуына жол ашылар еді. Үшіншіден, өзара татулық пен
ынтымақтастықта өмір сүруі үшін ғана емес, əрбір қазақстандық азамат
үшін қолайлы болмақ.
Сол сияқты кейбір аймақтарда тығыз қоныстанған этностарға өзбек,
ұйғыр жəне татарлар жатады. Олар көбінесе оңтүстік аймақтағы обылы-
старда ғана емес, сондай-ақ саны жағынан орыстары басым келетін
268 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
обылыстарда да қазақы тілдік ортаның кеңінен өрістеуіне өз ықпалын
тигізіп отырғаны анық. Мəселен, оңтүстік аймақта қазақ тілі ана тілі
жəне екінші тіл ретінде өзбектердің 5,7 пайызы, татарлардың 9,3 пай-
ызы меңгерсе, батыс аймақта өзбектердің 3,6,татарлардың 2,6 пайызы,
солтүстікте өзбектердің 7,7, шығыста 16,8 пайызы, татарлардың 13,5
пайызы меңгергіндігін көруге болады. Бұл мəліметтер қазақ тілінің əлі
де жеке дара мемлекеттік тіл мəртебесін толық ала қоймаған уақытын-
дағы 1989 жылғы халық санағының көрсеткішітері болса, бүгінгі күндері
бұл айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, 1994 жылы Жоғарғы
Кеңестің ақпарат-талдау орталығы мен Қазақстан Республикасының Тіл
туралы мемлекеттік комитеті жүргізген сұрау салудың нəтижелері бой-
ынша ұйғырлардың 75 пайызы, өзбектердің 76 пайызы, татарлардың 50
пайызы қазақ тіліне аса ықыласты екендігін көрсетеді.
3. Қазақстан аймақтарындағы тілдік жағдаяттың қалыптасуына сол
аймақтардың өзіндік аумақтық орналасуына қарай түрлі деңгейде геогра-
фиялық факторлар да əсер етуде. Айталық, жоғарыда аталған аймақтар-
дың ішінде географиялық фактор мəселелері, əсіресе, Қазақстанның
Ресеймен шекаралас орналасқан солтүстік аймағындағы обылыстарда
мемлекеттік тілдің кеңінен өркен жоюына, қолдануына кері əсерін ти-
гізіп отыр. Нақтырақ айтсақ, солтүстік аймақтағы 56 ауданның 15-тен
астамы Ресеймен шекараласды екен. Бұл аудандардың барлығында дер-
лік бір кезеңде «ұлы» халық атанған орыстардың саны соншама «сұй-
ық» момын қазақтың тілін мемлекеттік тіл ретінде білуі былай тұрсын,
өздерінің қай елдің аумағында тұратынын сезінбеуі де етек алған. Оның
үстіне сол жерлерде арам пиғылды Ресей саясатшыларының əртүрлі
құйтырқы саясатының қоғамдық пікір туғызып, дау-жанжал өрістетіп
отырғаны күнделікті баспасөз беттерінде аз жарияланып жүрген жоқ. Ал
оңтүстік аймақтағы географиялық фактордың əсер етушілігі көп жағдай-
да бұған керісінше. Мұнда бір жағынан қазақы тілдік ортаның күштілігі
(65 пайыздан жоғары), екінші жағынан көршілес отырған түркі тілдес
халықтардың қазақ тілін білуі, оның этносаралық құралы бола алатын-
дығын көрсетіп отыр.
Осыларды негізге алып қарасақ, қазақ тілін оқып-үйренудің базалық
негізі бар оңтүстік пен батыс аймақтарда қазақ тілінің қолданылу өрісін
неғұрлым қалалық жерлерде дамыту керек болса, орыс жəне өзге тіл-
дерді басым көпшілігінде қазақтар орналасқан ауылдық аудандарда қа-
зақ-ұлттық екі жақты қостілділігін дамыта отырып оқыту, үйрету керек.
Шығыс жəне орталық аймақтарда қазақ тілін əсіресе қалалық жерлерде,
сонымен бірге қала маңындағы кейбір аудандарда қолдану өрісін кеңейту
қажет. Ал қазақ тілін үйрену базасы нашар солтүстік аймақтағы қалалар-
да да, ауылдық жерлерде де алдымен қазақтардың өз арасында ана тілі
ретінде сақталуын құтқару қажет, содан кейін ғана оны өзге этнос өкіл-
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі 269
дері арасында дамытудың нақтылы ісшаралары жасалуы тиіс. Демек, бұл
аймақта мемлекеттік тілді дамыту алдымен аймақтың геосаяси жəне де-
мографиялық саясатпен бірлікте қарастырлуы керек.
Тілдік үдерісті зерттеудегі аймақтық тəсіл. Тəуелсіздік алған
уақыттан бері еліміздің əлуметтік-коммуникативтік жүйесіндегі тіл-
дердің қызмет етуі мен дамуына айтарлықтай өзгерістер болды. Өткен
ғасыр соңындағы тіл реформасы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп,
оның Қазақстан халқының басын біріктіруші фактор ретіндегі қызметін
анықтап берді. Еліміздегі тіл саясатының бағыттары белгіленді. Ол Қа-
зақстан Республикасының Конституциясы [2], Қазақстан Республика-
сындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының заңы [3], Қазақстан Ре-
спубликасында тілдерді дамыту мен қолданудың əрбір онжылдықтарға
арналған мемлекеттік бағдарламаларымен [4] заңдастырылды.
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мен дамыту мемлекеттік сая-
саттың ең маңызды бағыттарының бірі ретінде үнемі қоғамның, сонымен
бірге арнайы құрылған уəкілетті мемлекеттік құрылымдардың назарын-
да болып келеді. Бұл саясаттың нəтижесін сарапшылар қалай бағаласа
да, бір ғана нəрсе, мемлекет пен қоғамның күш-қайратымен соңғы жыл-
дары қазақ тілінің қоғамдық қызметін дамыту барысында айтарлықтай
ілгерілеу бар. Сонымен бірге мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің маңыз-
ды деген салаларына əлі де атқарымдық қызметін дамытуда толыққан-
ды қолданысқа енбеген, шешілмеген мəселелер бар екенін атап көрсету
керек.
Қоғам еліміздегі халықтың бірігуінің базалық құрамдас бөлігі бо-
лып табылатын қазақ тілінің əлеуметтік қызметінің əрі қарай тежелуіне
ықпал ететін жағымсыз факторларды жою қажеттігін сезеді. Бұл бүгінгі
күні қазақстандық социумның тілдік өмірінде көкейтесті, өзінің шешімін
талап еткен мəселелердің бірі болып табылады.
Тілдердің көптүрлілігі адамдардың қарым-қатынасында бірқатар
қиындықтар тудырады. Сондықтан да əртүрлі тілде сөйлейтін индивид-
тердің өзара түсінушілігіне қол жеткізу үшін қолайлы жағдай туғызылуы
керек. Барлығына түсінікті жəне қолжетімді қатынас тілін таңдау идея-
сы немесе көпэтносты мемлекетте біріктірушілік фактор қызметін атқа-
ратын мемлекеттік тіл идеясын жасау соның айқын мысалдардың бірі
болады. Бұл талпыныс қазіргі таңда да өзекті болып табылады. Қалай
болса да ол көп этникалық адамзат ұжымының əлеуметтік қажеттілігінен
туындаған.
Тіл иесінің сандық үлесіне қарамастан, ана тілін дамуытуда түрлі
халықтардың этникалық қажеттілігі бар, себебі ана тілін білу арқылы
адамдар өзінің, өз ұлтының жекелігін түсінеді. Түрлі этнос өкілдерінің
бұл мүддесі Қазақстан Республикасының тіл саясатының негізінде қа-
ланған. «Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен да-
270 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
мыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды» [3, 6 б.]. Тіл-
дерді дамыту арқылы қоғам мүшелерінің лингвистикалық тəуелсіздігіне
қол жеткізу – Қазақстанның тіл саласындағы мемлекеттік идеясы. Ол
азаматтардың бірнеше тілді, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеруінен
көрінеді.
Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар жəне Солтүстік Қазақстан
облыстарындағы тіл проблемаларын зерттеу нысаны ретінде таңдау,
біріншіден, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен дамыту бой-
ынша жағдайы күрделі аймақ болып табылатынымен түсіндіріледі. Біз
Қазақстан облыстарын əлеуметтік лингвистикалық тұрғыдан тіл дамыту-
дағы күрделілігі жағынан зерттеу жасауға талпындық:
- қазақ халқының үлестік салмағы ең көп дегенде 46,3 пайзды ғана
құрайтын, жалпы республикалық орта статистикалық көрсеткіштен (63,1
%) төмен жəне əрбір екінші қазағы орыс тілінде сөйлейтін, көпэтносты
ретінде сипатталатын аймақтар (90 аса ұлт өкілдері бар);
- орыс халқының (1 885 605 адам) үлесі салмағы жоғары (38,4%) жəне
этнос өкілдерінің қазақ тілін меңгеруі өте төмен (бар болғаны 11-15%,
оның ішінде 88,3% нашар меңгерген) аймақтар;
- 753239 тұрғыны (15,3 %) түрлі этникалық топтарға жататын, олар-
дың ішінде көпшілігі ана тілін жəне мемлекеттік тілді нашар меңгерген
аймақтар.
Осындай көпэтностылық фактор, бастысы, жергілікті ұлт өкілдеріне
жатпайтындардың мемлекеттік тілді жəне өз ана тілдерін төмен деңгейде
меңгеру тіл тілдік ахуалдың күрделенуіне алып келеді [5].
Екіншіден, тілдік ахуалы күрделі Қазақстанның орталық жəне сол-
түстік аймақтар бойынша арнайы жасалған ғылыми негіздемелер, теори-
ялық тұжырымдар, нақты ұсыныстар, мемлекеттік тілді дамыту жолда-
ры жəне оларды іске асыру тетіктері аталған аймақтарда тіл құрылысын
жоспарлауда тиімді жəне пайдалы болатынына, өзіндік ерекшеліктерін
ескере отырып, оларды тіл дамыту жұмысында ғылыми-теориялық база
ретінде пайдалануға болады.
Түрлі елдер мен елдер қауымдастығында, əлемнің аймақтарында тіл
мəселелері оларда қалыптасқан тілдің ахуалына, мəдени дəстүрлері-
не, бұл немесе басқа елдің қоғамдық-саяси ахуалына байланысты түрлі
жолдармен шешіледі. Дегенмен барлық ерекшеліктерге қарамастан, көп-
теген ортақ сұрақтар мен оларды шешу жолдары пайда болады. Əлеу-
меттік лингвистикалық проблемаларды шешу барысында түрлі елдерде
жинақталған оң тəжірибе, əрине, жай көшірме емес, шығармашылықпен
игерілген түрде Қазақстанда да қолданылуы мүмкін. Жаһандандырылып
жатқан елдердің тəжірибесі қайта құру кезеңінде дамытудың аумақтық
ерекшеліктері жұмылдырылған əлеуетті күшке айналуы мүмкін. Ай-
мақтық жағдайдың көптүрлілігін ыңғайлы пайдалану мемлекеттің жалпы
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі 271
тіл стратегиясына икемділік беруге қабілетті. Сонымен бірге мамандар
ағымдағы үдерісте аймақтық қауымдастықтардың рөлі мен қатысуының
күшеюі олардың жасалып жатқан іске асыру шаралары мен тетіктерін
аса тиімді етеді деп санайды.
Тілді дамытудың жан-жақты үлгісі болған емес. Əрбір мемлекет өзінің
тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде тіл саясатының мақсаттары мен
мазмұнына сүйене отырып, түрлі лингвистикалық жəне экстралингви-
стикалық факторларды ескере отырып, өзіндік үлгісін жасайды. Социум
дара этникалық немесе көп этникалық болуы мүмкін. Бұл факторға көп
жағдайда мемлекеттегі тіл саясаты тəуелді болады. Əлемде түрлі қоғам-
дық құрылысы, түрлі идеологиясы бар 200 аса мемлекет бар. Мемлекет-
тердің басым көпшілігі көпұлтты болып келеді. Жапония, Англия, Фран-
ция сынды елдерді дара этникалыққа жатқызсақ та, ол елдерде де түрлі
ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. «Таза» бір ұлтты мемлекет іс жүзінде
болмайды. Елдердің басым көпшілігі дара этникалық болғандықтан, ол
елдерде көп немесе аз дəрежеде шешімді талап ететін тіл проблемалары
бар. Бұл проблема біздің мемлекетіміздің алдында да тұр, «Қазақстанның
жаңа əлеуметтік-саяси реалийлері бүгінде елдің көп этникалық халқы-
ның талаптарына жауап беретін жəне тілдік, демографиялық жəне саяси
жағдайдың ерекшеліктерін ескеретін тіл саясатын талап етеді» [6, 11 б.].
Əр ел өзінің ұлттық ерекшелігін ескере отырып, тіл саясатының өзін-
дік үлгісін қалыптастыратындықтан, принципті жаңа негізде көпэтносты
Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностар мен этностық топтар-
дың тілін дамытуға бағытталған белсенді тіл саясаты жасалған болатын.
Алайда Қазақстан аймақтарының сақталып келе жатқан лингвистикалық
біртекті еместігі оның толыққанды тілдік дамуына елеулі ықпал жасап
келеді.
Елдің түрлі аумағының тілдік өміріне байланысты тілдік үдерістерді
зерттеуде аймақтық тəсілдемені атап көрсету өзектілігі – бұл қоғам-
ның «əлеуметтік тапсырысына» мынадай факторлардың əсерінен пайда
болған реакциясы:
- елдің егемендендіру, қоғамның демократияландыру, жаңа əлеумет-
тік-мəдени ортаны қалыптастыруымен байланысты, аймақтарды белсен-
ді субъектілер мен елдің қоғамдық өмірінің факторларына айналдыру
арқылы жаңа қазақстандық идеологияны құру;
- этномəдени сұраныстардың өсуі, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі
көп этникалық халқының рухани, жəне ең алдымен, тілдік қажеттілігін
қанағаттандыру;
- аймақтарда мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін белсенді дамыту
жəне кеңейту арқылы елдің əлеуметтік-саяси бірлігін қолдау қажеттілігі;
- аймақтардың сыртқы байланыстарын, оның, əсіресе, мемлекеттік
тілдің тілдік қызметі мен мүмкіндіктерін кеңейту;
272 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
- тіл туралы заңды жаппай іске асыру, атқарушы биліктің аймақтық
факторларды толық ескермейтін түрлі тіл бағдарламаларын қабылдау.
Аймақтандыру олардың көлеміне, даму деңгейіне, саяси құрылымы-
ның ерекшеліктеріне қарамастан, заманауи қоғамның барлық түріне тəн,
ол қоғамдық қарым-қатынастың ішкі орналасуында əрдайым болады.
Əлемдік қауымдастықта аймақтандыру үдерісіне ерекше көңіл бөле оты-
рып, біз Қазақстанның аймақтарының жеке дамуын айтып тұрғанымыз
жоқ, керісінше, елдің түрлі аумақтарының тұрақты жəне бірқалыпты тіл
дамыту проблемасын шешуге əрекет ете отырып, тілді жоспарлау бары-
сында міндетті түрде есепке алынатын əрбір аймақтың ерекшелігіне баса
назар аударамыз. Олай болса, этнотілдік жəне тілдік ахуалды жүйелен-
дірудің аймақтық зерттеуі қазақстандық əлеуметтік лингвистиканың не-
гізгі бағыттарының бірі болуы мүмкін, ал ол əрбір аймақтың этнотілдік
ахуалының ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді жəне рационалды
тіл саясатын таңдауда жүйені құраушы алғышарт болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда елдің түрлі аймақтарының ұлттық жəне тілдік ерек-
шеліктеріне байланысты жəне өзінің жеке зерттеу мəнін құрастыруға
бағытталған мəліметтер мен білімді шоғырландыратын мақсатты ай-
мақтық зерттеулерді ұйымдастыру мен дамыту қажеттілігі туралы айту
керек. Аймақтық деңгейде ғылыми негізделген, нақты жəне ықпалды
шаралар қажет. Сондықтан да қоғамның тілді дамытудың бүгінгі кезеңі
тілдерді дамытуға қатысты мемлекеттік қызметтің əдістерін қайта қара-
уға мəжбүр етіп қоймай, сонымен бірге бірқатар тіл мəселелерінің жаңа
əлеуметтік лингвистикалық көрінісін болжайды.
Елдің тілді дамытудың аймақтық компонентінде, ең алдымен замана-
уи Қазақстанның лингвистикалық, тағы да басқа өзгерістерін ескермеген
жағдайда күрделенетін аймақтың тарихи, ұлттық, мəдени, экономикалық,
георгафиялық, жергілікті жəне басқа да ерекшеліктері ескеріледі. Сон-
дықтан да Қазақстан үшін мемлекеттік тілдің жəне орыс тілінің қызмет-
тік функцияларының деңгейлерін теңестіруге, сонымен бірге социумда
берілген басқа да тілдерді олардың қажеттілігіне қарай дамыту, əрбір
аймақтағы халықтың тілдік қажеттілігін қанағаттандыру үшін барынша
жайлы жағдай жасауға бағытталған жалпымемлекеттік, сонымен бірге
аумақтық тіл саясаты стратегиялық маңызды болып табылады. Мемле-
кеттік тіл саясаты барлық аймақтар үшін стандартты болмау керек, нақты
əлеуметтік лингвистикалық, статистикалық, демографиялық жəне басқа
да деректерге сүйене отырып, оны үйлестіру қажет. Мемлекеттер үшін
де, олардың əкімшілік-аумақтық құрылымдары (аймақтары) үшін де тіл-
ді дамытудың бірегей сызбасы жоқ, себебі əрбір аймақ, жоғарыда атап
көрсетілгендей, этникалық, тілдік жəне басқа да көрсеткіштері бойын-
ша өзінің ерекшеліктері бар. Сондықтан да аймақтар елдің тілді дамыту
жалпымемлекеттік стратегиясына, оның басты бағыттарына сүйене оты-
Мемлекеттік тілді аймақтық тұрғыдан дамытудың тиімділігі 273
рып, əлеуметтік лингвистикаға, оның əдістеріне сүйенетін ғылыми негіз-
демесі бар тіл саласындағы іс-əрекеттер бағдарламасын жасау керек. Қа-
зақстанның тіл стратегиясы аумақтық факторларды ескеріп жəне оларды
мемлекеттік тіл саясатының барлық бағыттарында қамтыған жағдайда
ғана ғылыми негізделген жəне тəжірибе жүзінде іске асырылатын бола-
ды.
Тіл қоғамның өнімі болып табылады, кез келген тілдің болмысы
қоғамның жалпы қызметімен тығыз байланысты, ал ол, өз кезегінде,
нақты əлеуметтік жүйелердің қызметімен – осы немесе басқа тілдің талап
етілгендігі мен өміршеңдігіне байланысты болатын қоғамның құрамдас
элементтерімен анықталады. Сондықтан да социумда жəне оның жеке
бөліктерінде тұтас тіл құбылыстары мен үдерістерін зерттеу ол келесі
жағдаймен органикалық байланысты болғанда ғана табысты болады: а)
бүкіл социумның (мемлекеттің) шеңберінде тұтас алғанда тілдің (тіл-
дердің) қызметінің заңдылықтарын зерттеу ретінде, б) тілдің (тілдердің)
қызметінің заңдылықтарын оның жеке əкімшілік-аумақтық бөліктерінде
(аймақтарда, облыстарда, аудандарда, елді мекендерде) зерттеу ретінде.
Аймақтық тəсілдеме олардың қызметтік өзара байланысында бір уақыт-
та жалпы əрі нақты зерттеуді қарастырады. Сонымен, нақты социумның
тілдік өмірін зерттеудегі аймақтық тəсілдеме оның екі заңдылығын зерт-
теуді болжайды:
1) социумда (елде) тұтас алғанда тіл дамытудың жалпы заңдылықта-
рын;
2) социумның (аймақ) жеке əкімшілік-аумақтық бөліктерінде тілдің
(тілдердің) қызметінің өзіне тəн заңдылықтарын зерттеуді болжайды.
Қазақстанның тіл дамытудағы аумақтық айырмашылығын зерттеуді
жандандыру бірқатар факторлармен анықталады: біріншіден, бұл түрлі
аймақтарда тұратын халықтың этникалық тұрғыда айтарлықтай айы-
рмашылықтарымен жəне олардың этнотілдік жəне тіл ахуалымен бай-
ланысты; екіншіден, мемлекеттік жəне басқа тілдерді қызметтік даму
барысындағы мəселелерді нақтырақ зерттеуді жəне елдің түрлі аймақта-
рында əркелкі дамуына байланысты ағымдағы тілдік үдерістердің тео-
риялық мəнін түсінуді талап етеді; үшіншіден, республиканың барлық
аймақтарының лингвистикалық ахуалын, олардың əлеуметтік-аумақтық
айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу жəне бұл
білімді одан кейінгі қолдану тек жеке аймақтардың ғана емес, сонымен
бірге тұтас алғанда бүкіл елдің тілдік құрылысында тіл дамытуға қарқын
беруші ең маңызды факторлардың бірі ретінде қарау.
Осылайша өзінің шешімін таба алмай жүрген тілдік мəселелердің көбі
негізінен лайықты ғылыми тəсілдемені қолдана отырып, аймақтық дең-
гейде қыйындықсыз шешуге болатын бұл немесе басқа аумақтық фактор-
лар жəне ахуалдармен тығыз байланысты. Ана тілін, мемлекеттік тілді
274 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
жəне басқа тілдерді меңгеру барысында өзінің табиғи тілдік мүддесін қа-
нағаттандыруда адамдардың əлеуметтік қажеттілігі өскен қазіргі кезеңде
негізінде бұл мəселелердің шешімін орталықтан күтпей, аймақтарда жи-
настырылуы керек.
Орталық жəне аймақтық биліктердің қызметі – басқару. Олардың
тікелей міндеттері тіл реформаларының бастамашысы да болу, оларды
басқару, себебі бұл «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік
басқару туралы» заңында жазылған.
Заң Конституцияға сəйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласында
қоғамдық қарым-қатынасты реттейді, жергілікті өкілді жəне орындаушы
органдардың құзіреттілігін, ұйымдастыруын, қызмет тəртібін анықтай-
ды. Жергілікті мемлекеттік басқару – тиісті аумақта мемлекеттік саясат-
ты жүргізу мақсатында жергілікті өкілді жəне орындаушы органдардың,
заңмен жəне басқа да заңнамалық актілермен анықталған құзіреттілігі
шегінде олардың дамуын іске асыратын қызмет, сонымен бірге, тиісті
аумақта атқарылып жатқан жұмыстың жағдайына жауапты болып табы-
лады.
Əдебиеттер:
1.Аренов М., Калмиков С. Современная языковая ситуация в Респу-
блике Казахстан // Саясат. №1. 1995. 43-52 бб.
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. ‒ Алматы: Қазақстан,
2001. ‒ 96 б.
3.Қазақстан Республикасындағы тілдер жайында // Қазақстан Ре-
спубликасындағы тілдер туралы негізгі заңнамалық актілер. ‒ Алматы:
Юрист, 2004.
4.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2011.
5.2009 жылдың Қазақстан Республикасы халқының санағы. Қысқа-
ша қорытынды. ҚР санағы бойынша агенттік. Статистикалық жинақ.
Астана, 2010. – 112 б.
6.Қазақстан Республикасындағы тілдік саясаттың концепциясы // Қа-
зақстан Республикасындағы тілдер туралы негізгі заңнамалық актілер.
‒ Алматы: Юрист, 2004.
3.2 Алматы облысының тілдік ахуалы
Алматы облысының географиялық жəне əкімшілік-аумақтық
сипаты. Алматы облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығы-
сындағы əкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағын-
да 16 аудан жəне 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған,
Текелі) бар. Тұрғыны 1 807 894 адам (2009). Əкімшілік орталығы - Тал-
Алматы облысының тілдік ахуалы 275
дықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде
Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан
облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігін-
де Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Тұрғындарының орташа
тығыздығы 1 км2-ге 7,3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен
500-900 м) 1 км2-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км2-ге 2,6 адамнан
келеді. Олардың 30,3 пайызы (Алматы қаласын қоспағанда) қалада тұра-
ды. Қалалары: Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштө-
бе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқан. Алматы облысының экономикалық
əлеуеті (потенциалы) көп салалы өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, көлік
пен байланыс жəне сауда құрылымдарынан тұрады.
1 - сурет. Алматы облысының картасы
Алматы облысындағы этностар жəне олардың тілдерінің қызмет-
тік жүктемелері. Белгілі бір этникалық қауымдастықтағы тіл проблема-
ларын, оның ішінде, мемлекеттік тіл мəселелерін шешуді саналы түрде
жоспарлау мен реттеу, алдымен, сол аумақтың өзіне тəн қалыптасқан əле-
уметтік-коммуникативтік жүйесін сипаттап, ондағы мемлекеттік тілдің
орнын анықтауды қажет етеді. Бұл жүйе əр алуан этнолингвистикалық
жəне тілдік жағдаяттардан тұрады.
276 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Алматы облысындағы этнотілдік ахуалын сипаттауға жалпылай жəне
нақтылай қатысы бар қолдағы мəліметтерді есепке алсақ, одан жалпы
Қазақстанның жəне оның өзге аймақтарындағыдай көпэтносты екендігін
көруге болады. Алматы облысында соңғы халық санағының мəліметін-
де қарастырылған тіркеу бойынша 105 ұлт, ұлыс өкілі тұрады. Олардың
ішінде облыс көлемінде өтіп жатқан əлеуметтік жəне тілдік процестер-
де қомақты рөл атқаратын этностар бар. Бұл облыс тұрғындарының 67,7
пайызын құрайтын қазақтардың өзі, 16,9 пайызын құрайтын орыстар
жəне үлес салмағы 8,0 пайызға жететін ұйғырлар. Облыс тұрғындары-
ның қалған бөлігін əртүрлі этностар құрайды. Олардың ішінен сандық
үлесі жағынан алғашқы ондыққа кіретіндерге: түріктер – 2,0 пайыз
(35599 адам), кəрістер – 0,9 пайыз (16627 адам), əзірбайжандар – 0,8 пай-
ыз (14881 адам), күрдтер – 0,7 пайыз (13517 адам), татарлар – 0,7 пай-
ыз (13513 адам), немістер – 0,5 пайыз (8709 адам) жəне украиндар – 0,4
пайыз (6458 адам) жатады. Облыс тұрғындарының қазақтардан өзгесінің
барлығы бұрынғы одақтық республикадан келгендер, ал кейбіреулері
сырт елдердегі ірі жəне аз санды халықтардың өкілдері болып табыла-
дыи [1] .
Алматы облысындағы осы көрсетілген біршама ірі этностардың сан-
дық динамикасына қарасақ, 1970 жылы облыстағы барлық тұрғын 1272,5
мың адамды құрады. Соның ішінде 38,3 % қазақтар, 37,9 % орыстар 7,0
% ұйғырлар, 6,6 % немістер, 2,3 % украиндар, 1,3 % татарлар, 1,3 % кəрі-
стер, 0,6 % шешендер, 0,4 % гректер, 0,3 % күрдтер, 0,3 % белорустар
жəне 1,9 % өзге этностар болған.
Ал Кеңес үкіметінің 1989 жылғы санағында облыстағы 1642,9 мың
тұрғынның 45,2 % қазақтар, 31,6 % орыстар, 7,8 % ұйғырлар, 5,7 % немі-
стер, 1,8 % украиндар, 1,2 % татарлар, 1,2 % əзірбайжандар, 1,1 % кəрі-
стер, 1,1 % түріктер, 0,6 % шешендер, 0,6 % күрдтер, 0,3 % белорустар,
0,3 % гректер, 1,7 % өзге этностар құраған.
Тəуелсіз Қазақстанда жүргізілген 1999 жылғы санақ мəліметі бойын-
ша Алматы облысының аумағында 1558,5 мың адам тұрды. Оның 59,4 %
қазақтар, 21,8 % орыстар, 9,0 % ұйғырлар, 1,8 % түріктер, 1,2 % немістер,
1,1 % кəрістер, 1,0 % татарлар 1,0 % əзірбайжандар, 0,9 % күрдтер, 0,9
% украиндар, 0,4 % шешендер, 0,1 % белорустар, 0,1 % гректер, 1,4 %
өзгелер құрады.
Осыдан көріп отырғанымыздай, егер 1970 жылы қазақтар мен оры-
стар саны жағынан бір-біріне шамалас болса, 1999 жылы бұл этностар-
дың арасындағы айырмашылық қазақтардың пайдасына екі есеге дейін
өзгерген [2, 167-168 бб.].
Соңғы 2009 жылғы халық санағының мəліметі бойынша Алматы
облысындағы барлық халықтың саны 1 807 894 адам, бұл республика
халқының 11,7 пайызын құрайды. Оның ішінде 886 365 ер адам, яғни об-
Алматы облысының тілдік ахуалы 277
лыс халқының 49,0 пайызын құраса, 921 529 əйел адам, облыс халқының
51,0 пайызын құрайды. Облыс халқының 76,9 пайызы (1 391 036 адам)
ауылдық жерде, 23,1 пайызы (416 858 адам) қалада тұрады. Белгілі бір
əкімшілік-аумақтың этнолингвистикалық жағдаятын сөз еткенде ондағы
этностар саны мен қоныстану процесін көрсетумен қатар олардың тіл-
дерінің сол аумақта таралуын, атқарып отырған қоғамдық қызмет дең-
гейін де қарастыру керек. Қазақстандық социолингвист-ғалымдар Ре-
спубликадағы тілдерді сөйлеушілерінің саны мен атқарып келе жатқан
қоғамдық қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үш топқа бөліп көр-
сетеді:
1. Қоғамдық қызмет ауқымы кең тілдер.
2. Қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер.
3. Қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер.
Тілдерді осылайша жіктеушілік зерттеу нысаны болып отырған Алма-
ты облысына да тəн. Мұнда да республикадағыдай, алғашқы топқа қазақ
жəне орыс тілдері жатады. Ал екінші топтағы тілдерге, яғни қоғамдық
қызметі біршама көлемдіректері облыстағы ұйғыр, түрік, кəріс, əзірбай-
жан, күрд, татар, неміс, украин, шешен, өзбек, қырғыз т.б. тілдер (бұл
тілдер жайында толық мəлімет кейінгі тарауда арнайы беріледі).
Ал үшінші топтағы аз санды жазуы жоқ, тек өз этникалық қауымда-
стық өкілдері арасында ауызша түрде ғана, соның өзінде сирек қолданы-
латын біршама тілдер бар.
Соңғы халық санағының мəліметі бойынша Алматы облысында 1 223
181 қазақ тұрады. Қазақ халқы осы Қазақстан жерінде ерте заманнан
өзінің «ел» деп аталатын төл мемлекетін құрып, оның тəуелсіздігі мен
дербестігін сақтауда «мың өліп, мың тірілген» бірден-бір ұлт болып та-
былады. Қазақтар бүгінгі таңда көпэтносты республика халқының жар-
тысынан астамын (63,1 пайызын) құрайды, яғни кең байтақ Қазақстан
жерінде қазақ кездеспейтін жер жоқ. Айталық, зерттеу нысаны болып
отырған бір ғана Алматы облысының өзінде қазақтар 16 ауданның 15-
інде жəне облысқа қарайтын 3 қаланың 2-інде басым көпшілікті құрай-
ды. Тек бір қалада (Текелі қаласында орыстардан кейінгі екінші орынды
алады. Орыстар – 48,8 пайыз, қазақтар - 43,2) жəне бір ауданда (Ұйғыр
ауданында ұйғырлардан кейінгі екінші орынды алады. Ұйғырлар – 55,5
пайыз, қазақтар – 42,3 пайыз).
Осыдан көріп отырғанымыздай, қазақтілді орта облыстың кез келген
жерінде кездеседі. Қазақтардың 98,7 пайызы өз ұлтының тілін ана тілім
деп санаса, қалған 1,3 пайызы өзге тілді ана тілім деп көрсетеді. Бұл – 16
364 қазақ, оның 7 884-і еркек, 8 480-і əйел. Олардың 4 705-і қалада тұрса,
11 659-ы ауылда тұрады.
Соңғы халық санағының мəліметінде облыс тұрғындарының 15 жас
жəне одан жоғары жастағыларының 1 131 094-і (83,7 %) қазақ тілін ауыз-
278 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ша түсінемін, 981 202-і (72,6 %) еркін оқи аламын жəне 939 180-і (69,5 %)
еркін жаза аламын деп көрсетеді. Оның ішінде қазақтардың 97,1 пайызы
өз тілін ауызша түсініп, сөйлей алады, 94,6 пайызы еркін оқиды жəне
92,3 пайызы еркін жаза алады.
Облыста саны жағынан екінші орынды алатын ірі этнос - орыстардың
37,2 пайызы ауызша түсінемін, 10,4 пайызы еркін оқи аламын жəне 7,7
пайызы еркін жаза аламын деп мəлімдейді. Саны жағынан үшінші ба-
сымдыққа ие ұйғырлардың 96,7 пайызы ауызша түсінетінін, 75,3 пайызы
еркін оқи алатынын, 65,7 пайызы еркін жаза алатынын көрсетеді.
Осыған қарағанда, қазақ тілін меңгеріп, оның мемлекеттік мəртебесін
жүзеге асыруда барынша атсалысып, тікелей көмекті қазақ халқына туы-
стас этнос өкілдері көрсетеді. Олардың ішінде бірінші кезекте қарақал-
пақтарды (100%), қырғыздарды (98,3%), түркімендерді (96,3%), түрік-
терді (97,7%), өзбектерді (93,9%), башқұрттарды (92,9%) айтуға болады
(№8-кестеге қараңыз).
Ал орыстар, сондай-ақ славянтілдес украин, белорус, поляк т.б. мем-
лекеттік тіл - қазақ тілін меңгеруге əлі де ден қоймағандығы байқалады.
Айталық, жоғарыда айтқандай, орыстардың 62,8 пайызы, украиндардың
64,9 пайызы, белорустардың 69 пайызы, поляктардың 54,2 пайызы осы
уақытқа дейін қазақ тілін ауызекі сөйлеу түрінде де меңгермеген.
Орыстар облыстың барлық аумағында кездеседі, алайда қоныстану
жағдайлары біркелкі емес. Алматы облысында жалпы қазақстандық оры-
стардың 8,1 пайызы тұрады. Олардың басым көпшілігі, яғни 60,6 пайызы
ауылда тұрса, қалған 39,4 пайызы қалада тұрады. Орыстардың ең шоғыр
орналасқан жерлеріне Текелі қаласы жатады, онда олар барлық тұрғын-
дардың – 48,8 % құрайды. Талдықорған қаласында – 25,3 %, Қапшағай
қаласы – 34,5 %. Сондай-ақ Қаратал ауданында – 23,4 %, Талғар ауда-
нында – 22,5 %, Ескелді ауданында – 20,5 %, Сарқанд ауданында – 18,0
%, Қарасай ауданында – 17,5 %, жəне Еңбекшіқазақ ауданында - 15,6 %
орыс этносы тұрады. Ал ең аз қоныстанған жерлері Райымбек ауданы,
онда олар барлық халықтың небəрі 0,2 % құраса, Ұйғыр ауданында– 1,9
%, Ақсу ауданы – 3,9 % Панфилов ауданы – 4,4 % құрайды.
Соңғы санақ мəліметінде орыстардың 95,5 пайызы (292 962 адам) өз
ұлтының тілін ана тілім деп санаса, 4,5 пайызы (13 691 адам) басқа ұлт-
тың тілін ана тілім деп есептейді. Оның 6454-і ер адам болса, 7237-і əйел
кісі.
Халық санғының мəліметінде 15 жас жəне одан жоғары жастағылар-
дың ішінде орыс тілін ауызша түсінемін дейтіндер 91,6 пайызды құраса,
соның 84,3 пайызы еркін оқи аламын, 80,5 пайызы еркін жаза аламын
деп көрсеткен. Ал орыстардың өз этносының тілін сол жастағылардың
96,4 пайызы ауызша түсінемін, 95,4 пайызы еркін оқи аламын, 93,6 пай-
ызы еркін жаза аламын деп мəлімдеген.
Алматы облысының тілдік ахуалы 279
Орыс тілін орыстардың өздерінен де жақсы меңгерген этностарға ал-
дымен марийлер – 100% (барлығы 76 адам), лезгиндер – 99,3 %, болгар-
лар – 99,1 %, гректер – 98,7 %, армяндар – 98,7 %, грузиндер – 98,5 % т.б.
жатады.
Ұйғырлар – халықтың 8,0 пайызын құрайтын облыстағы үшінші ірі
этностардың бірі. Олардың 87,4 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған,
соның ішінде басым бөлігі Ұйғыр ауданында – 55,5 %, Панфилов ауда-
нында – 27,1 %, Еңбекшіқазақ ауданында – 18,6 % тұрады. Қалалы жер-
лерде ұйғырлардың небəрі 12,6 % орналасқан.
Ұйғырлардың 83,7 пайызы өз ұлтының тілін ана тілім деп санаса, 16,3
пайызы өзге ұлт тілін ана тілім деп қабылдаған.
Соңғы халық санағының мəліметінде ұйғырлардың 15 жас жəне одан
жоғары жастағыларының қазақ тілін ауызша түсінемін дегені 96,7 %, оның
ішінде 75,3 % еркін оқи аламын, 65,7 % еркін жаза аламын деп көрсеткен.
Ал орыс тілін осы жастағы ұйғырлардың 95,5 % ауызша түсінемін, 86,4 %
еркін оқи аламын, 79,6 % еркін жаза аламын деп мəлімдейді.
Түріктер – облыс халқының 2,0 пайызын құрайтын көп санды диас-
поралардың бірі. Түріктер де ұйғырлар сияқты ауылдық жерлерге қоны-
станған. Олардың ауылда тұратыны – 76,7 % болса, қаладағысы – 23,3
%. Олар облыстың барлық аймағында бірдей кездесе бермейді. Олардың
біршама тығыз қоныстанған жерлері – Еңбекшіқазақ ауданы – 5,0 %, Қа-
расай ауданы – 5,0 %, Талғар ауданы – 3,0 %, Жамбыл ауданы – 2,0 %, Іле
ауданы – 1,5%. Қалған аудандар мен қалаларда олар өте сирек, санаулы
түрде кездеседі. Түріктердің 91,7 % өз ұлтының тілін ана тілім деп сана-
са, 8,3 % ғана өзге тілді ана тілім деп есептейді.
Санақ қорытындысында түріктердің 15 жас жəне одан жоғары
жастағыларының 89,0 % қазақ тілін ауызша түсінемін десе, соның 45,1
% еркін оқи аламын, 38,4 % еркін жаза аламын деп көрсеткен. Ал орыс
тілін осы жастағылардың 97,6 % ауызша түсінемін, 92,7% еркін оқи ала-
мын, 90,0% еркін жаза аламын деген.
Кəрістер. Кəрістер облыс халқының 0,9 пайызын құрайды. Олардың
50,3 пайызы ауылдық жерде тұрса, 49,7 пайызы қалада тұрады. Қала-
лықтар мен ауылдықтар шамалас. Кəрістер көп шоғырланған жерлері:
Қаратал ауданы (8,3%), Талдықорған қаласы (3,1%), Қапшағай қаласы
(2,4%), Текелі қласы (1,3%), Көксу ауданы (1,3%), Ескелді ауданы (1,1%).
Облыстағы кəріс диаспорасының 42,4 % өз ұлтының тілін ана тілім деп
санаса, 57,6 % өзге тілді ана тілім деп есептейді.
Халық санағының мəліметінде 15 жас жəне одан жоғары жастағы
кəрістердің қазақ тілін ауызша түсінетіні – 40,4 %, еркін оқи алатыны –
12,0% жəне еркін жаза аламын дейтіні – 9,4 % екен. Ал орыс тілін осы
жастағы кəрістердің 97,5 % ауызша түсінемін, 96,4 % еркін оқимын, 95,2
% еркін жазамын деп көрсеткен.
280 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Əзірбайжандар облыс халқының 0,8 пайызын құрайды, барлығы –
14 881 адам. Олардың басым көпшілігі ауылдық жерлерге қоныс тепкен,
яғни 82,2 % ауылда тұрады. Қалада тұратыны – 17,8%. Əзірбайжандар
облыстың санаулы ғана аудандарында кездеседі. Олар: Көксу ауданы
(3,3 %), Қарасай ауданы (1,6 %), Талғар ауданы (1,5 %), Іле ауданы (1,5
%), Еңбекшіқазақ ауданы (1,3 %). Əзірбайжандардың ішінде өз ұлтының
тілін ана тілім деп санайтыны – 81,2 %, ал 40,8 % өзге этнос тілін ана
тілім деп қабылдаған.
Облыстағы əзірбайжандардың 15 жас жəне одан жоғары жастағы-
ларының ішінде 81,2 % қазақ тілін ауызша түсінетіндігін, 41,9 % еркін
оқи алатынын, 35,8 % еркін жаза алатынын санақ қорытындысында
мəлімдеген. Ал орыс тілін сол жастағы əзірбайжандардың 97,3 % ауы-
зша түсінемін, 91,1 % еркін оқи аламын, 88,4 % еркін жаза аламын деп
көрсетіпті.
Күрдтер облыс халқының 0,7 пайызын құрайды. Олар Іле ауданын-
да (2,3 %), Қарасай ауданында (1,3 %), Еңбекшіқазақ ауданында (1,2 %)
шоғыр қоныстанған. Басым бөлігі ауылдық жерде – 87,3 %, қалған бөлігі
– 12,7 % қалаға орналасқан. Күрдтер ана тілін жақсы сақтаған этносқа
жатады. Облыстағы күрдтердің 84,9 % өз тілін ана тілім деп санаса, 15,1
% ғана ана тілін өзге тілге ауыстырған.
15 жас жəне одан жоғары жастағы күрд азаматтарының 71,4 % қазақ
тілін ауызша түсінеді, 27,6 % еркін оқи алады, 23,1 % еркін жаза алады.
Олардың ішінде орыс тілін осы жастағылардың 97,0 % ауызша түсінемін
десе, 91,7 % еркін оқи аламын, 89,1 % еркін жаза аламын деп көрсеткен
санақ мəліметінде.
Татар диаспорасы да күрдтер сияқты облыс халқының 0,7 пайзын
құрайды. Жалпы саны – 13 513 адам. Татарлардың 38,1 % қалада, 61,9 %
ауылдық елді-мекендерге қоныстанған. Олар облыс қалалары мен аудан-
дарына шашырай қоныстанған, барлық жерлерде жалпы тұрғындардың
ішінде шамамен 5-6 орындарды алады. Татарлардың жартысынан аста-
мы, яғни 57,4 % өз ұлтының тілін ана тілім деп санаса, 42,6 % ана тілін
өзге ұлт тіліне ауыстырған.
Соңғы халық санағының мəліметінде 15 жас жəне одан жоғары
жастағы татарлардың 83,2 % қазақ тілін ауызша түсінемін десе, 52,7 %
еркін оқи аламын, 45,6 % еркін жаза аламын деп көрсеткен. Ал орыс тілін
сол жастағы татар этносы өкілдерінің 97,7 % ауызша түсетіндігін, 95,1 %
еркін оқи алатынын, 93,1 % еркін жаза алатынын мəлімдеген.
Немістер. Олар облыс халқының 0,5 пайызын ғана құрайды. Барлығы
-8709 адам. Облыстағы неміс диаспорасының басым бөлігі, яғни 65,8 %
ауылдық жерде, қалған 34,2 % қалалы жерде тұрады. Немістер зерттеліп
отырған облыста, жалпы Қазақстанда өз ана тілін жоғалта бастаған диа-
спораларға жатады. Бүгінгі күні Алматы облысындағы барлық немістің
Алматы облысының тілдік ахуалы 281
ішінде небəрі 30,1 % ғана өз ұлтының тілін ана тілім деп санайды. Ал
қалған 69,9 % өзге тілді ана тілімен ауыстырған.
Санақ мəліметінде 15 жас жəне одан жоғары жастағы немістердің
қазақ тілін ауызша түсінемін дегені – 38,3 %, еркін оқи аламын дейтіні
– 12,4 %, еркін жаза аламын деп көрсеткені – 9,5 %. Дəл осы жастағы
немістердің 97,6% орыс тілін ауызша түсінемін, 96,4 % еркін оқимын,
95,1 % еркін жазамын деп көрсеткен.
Украиндар. Украиндар - облыс халқының 0,4 пайызын құрап, жал-
пы есепте оныншы орынды алатын диаспора. Олардың да басым бөлігі
63,3% ауылдық жерде, қалған 36,7 % қалалы жерде қоныстанған. Укра-
индар да немістер мен белорустар сияқты өз ана тілін жоғалтып, орыс
тіліне қарай біржола ауыса бастағандар қатарына жатады. Мысалы, об-
лыстағы украин этносының небəрі 28,1 % ғана өз ұлтының тілін ана тілім
деп санаса, 71,9 % өзге тілді (соның ішінде орыс тілін) ана тілім деп есеп-
тейді.
Санақ міліметтеріне сүйенсек, украиндардың ішінде (15 жас жəне
одан жоғары жастағы) қазақ тілін ауызша түсінетіні – 35,1% болса, со-
ның 8,8 % еркін оқи аламын, 6,1 % еркін жаза аламын деп көрсетеді.
Осы жастағы украиндардың орыс тілін меңгеруіне келер болсақ, олар-
дың орыс тілін ауызша түсінетіні – 97,5 %, еркін оқи алатыны – 96,3 %,
еркін жаза алатыны – 94,7 % екен.
Алматы облысындағы этнос тілдерінің меңгерілуі əр алуан. Жалпы
алғанда мынадай: өз ұлтының тілін ана тілім деп санайтындар барлық
тұрғындардың 94,4 пайызын құрайды. Ал өзге ұлт тілін ана тілім деп
санайтындар – 1,7 пайыз.
Облыста өз ұлтының тілін ана тілім деп санап, оны меңгеруге барын-
ша ден қойған этностарға қазақтар мен орыстан басқа этностар ішінен:
түріктерді (91,7 %), күрдтерді (84,9 %), шешендерді (84,6 %), ұйғырлар-
ды (83,7 %), балқарларды (77,7 %), дүнгендерді (76,2 %), қырғыздарды
(70,7 %), өзбектерді (68,8 %), ингуштарды (67,6 %), лезгиндерді (64,9 %)
т.б. айтуға болады.
Облыста ана тілін ауыстырып, өзге тілге біржола көше бастаған оннан
аса диаспора өкілдері бар. Олар: қырым татарлары – 100 % өзге тілді
ана тілім деп санайды, еврейлер – 80,9 % өзге тілді ана тілім деп көр-
сеткен, марийлердің 79,8 % ана тілін жоғалтқан, белорустардың 77,4 %
ана тілін ауыстырған, сол сияқты мордвалардың 75,8 %, удмурдтардың
75,8%, литвалықтардың 75,3 %, поляктардың 72,1 %, украиндардың 71,9
%, немістердің 69,9 %, молдавандардың 69,0%, башқұрттардың 61,3 %,
қытайлардың 60,5 %, түркімендердің 59,6 %, болгарлардың 55,2 % өзге
тілді ана тілім деп санайды.
Мемлекеттік тіл: өмір салаларындағы қолданыс аясы, мəселе-
лері. Жалпы облыс аумағында қазақ кездеспейтін жер жоқ десек, соған
282 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
сəйкес облыста қазақ тілі қолданылмайтын өмір саласы да жоқ. Бұған
облыс көлемінде тіл дамыту барысында атқарылып жатқан жұмыстарды
айтуға болады.
Облыстағы тілдік жағадайға мониторинг пен талдау жүргізетін ав-
томаттандырылған жүйесін қолдану арқылы облыстық жəне жергілікті
атқарушы органдарындағы кіріс-шығыс құжаттарына ай сайын монито-
ринг жасалады. Соның нəтижесінде облыс бойынша мемлекеттік тілдің
қолданылу көрсеткіші 97 пайызды құрап отыр.
Облыстағы тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында зерделеу,
тексеру, сауалнама жүргізу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп ке-
леді. Жалпы облыста тіл мəселесі бойынша атқарар жұмыстардың ауқы-
мы кең. Мемлекеттік тілді оқыту стандарттарын жетілдіруге, ономастика
мəселесін біріздендіруге, көрнекі ақпаратты заң талаптарына сəйкестен-
діруге, сондай-ақ нəтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу жүй-
есін енгізуге бағытталған жұмыстар ұйымдастырылуда. Мемлекеттік тіл
мəселесімен айналысатын құрылымдар мамандарының жауапкершілігі
мен талаптары күшейтіліп, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының
материалдық-техникалық базасын жақсарту, əдістемелік көмек көрсету
жұмыстары жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік тіл – əлемдегі елдердің қай-қайсысында болмасын
қоғамдық-саяси салада алдымен қолданылатын тіл. Зерттеу нысаны бо-
лып отырған Алматы облысындағы қоғамдық-саяси салада қазақ тілінің
жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Алматы облысы – ісқағаздарын мем-
лекеттік тілге толық көшірген, ана тіліміздің қолданыс аясы ауқымды об-
лыстардың бірі («Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7
ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы
30 мамырдағы №127 Жарлығының 1-ші тармағының талаптарын орын-
дау мақсатында облыстың барлық жергілікті өкілетті жəне атқарушы
органдары 2008 жылдан бастап мемлекеттік тілге көшірілді). Айталық,
облыс бойынша мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу
көрсеткіштері мынаны көрсетеді: 2004 жылы облыстық басқару орган-
дарында ісқағаздарының тек 16 пайыздайы ғана мемлекеттік тілде жа-
зылса, бұл көрсеткіш 2005 жылы 44,5 пайыз, 2006 жылы 65,2 пайыз,
2007 жылы 81,2 пайыз, 2008 жылы 87,3 пайыз болды. Ал 2009 жылы бұл
көрсеткіш 94,0 пайызға, 2010 жылы 97,0 пайызға жəне 2011 жылы 97,5
пайызға көтерілді.
Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасындағы тіл туралы
Қазақстан Республикасы заңының орындалуын бақылау мақсатында 13
аудан мен 2 қалада, 36 облыстық басқармада зерделеу жұмыстары жүр-
гізілді.
Бүгінде облыс бойынша 7083 мемлекеттік қызметкер болса, оның 856-
сы – өзге ұлт өкілі. Сол барлық мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы
Алматы облысының тілдік ахуалы 283
ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе алатын деңгейде. Сонымен қатар
тілдік жағдайға мониторинг пен талдау жүргізетін автоматтандырыл-
ған жүйені қолдану арқылы облыстық жəне жергілікті атқарушы ор-
гандардағы кіріс-шығыс құжаттарына ай сайын мониторинг жасалып
тұрады. Нəтижесінде облыс бойынша ортақ көрсеткіш 97 пайызға жетті
[3].
Облыста қоғамдық саяси өмір саласында əдеби тілдің жазбаша фор-
масы кең түрде қолданылады. Ол жергілікті атқарушы органдар қаулыла-
рында, түрлі актілер мен заңдарда, ережелерде, ресми жəне іскерлік хат,
хабарларда т.б. қатынастарда кітаби ресми іс қағаздар стиль тармағында
көрінеді.
Ағарту саласы - мектепке дейінгі мекемелерден бастап, жоғары оқу
орындарына дейінгі өскелең ұрпақты тəрбиелеу мен оқытудың барлық
сатыларын қамтитын, жүйеленген білімді, шеберлік пен дағдыны мең-
герту нəтижелерін көрсететін үдеріс. Қазақ тілі тілдік реформа жылда-
рынан бастап, əсіресе тіл заңы жарияланған кезден бері, ағарту саласын-
да қоғамдық қызметін кеңейтіп келеді. Ал біздің зерттеу нысаны болып
отырған Алматы облысы бойынша биылғы оқу жылында барлығы 738
мектеп болса, оның 20-ы орыс мектебі, 311-і аралас мектеп, ал қалған
395-і таза қазақ мектебі.
Облыстағы мектепке дейінгі тəрбие беретін 164 балабақшаның 76-ы
қазақ, 7-і орыс, 80-ні аралас бала-бақша. Сондай-ақ облыстағы барлық
шағын бала-бақша орталығының саны 434 болса, соның 218-і қазақ
тілінде, 12-і орыс тілінде жəне 204-і аралас, қазақ-орыс тілдерінде тəр-
бие-білім береді.
О.Б.Алтынбекованың «Этноязыковые процессы в Казахстане» атты
монографиясында мектеп, ондағы оқу тілін таңдауға байланыстытағы да
өте құнды мəліметтер берілген. Ондағы мəліметтер аздап ескіргенімен,
облыс жастарының оқу тілін таңдаудағы бағыт-бағдарын айқындауға
көмегі бар. Мұнда автор 2004/05 оқу жылында Алматы облысындағы
күндізгі жалпы білім беретін мектептерде 332,5 мың оқушы білім алға-
нын айта келіп, оның 62,5 пайызы оқу тілі ретінде қазақ тілін таңдағанын,
32,6 пайызы орыс тілін, 4,9 пайызы өзге этнос тілін таңдағанын мысалға
келтіреді. Осы оқу жылында облыстағы 232,8 мың қазақ оқушысының
87,3 пайызы қазақ мектебінде, 12,7 пайызы орыс мектебінде жəне 124
оқушы (0,06%) өзге этникалық топ тілінде білім алған.
Оқу тілін таңдауда мемлекеттік тілге басымдылық берген қырғыздар
екен. Осы этностың 321 оқушысының 52,3 пайызы қазақ мектебінде, 45,8
пайызы орыс мектебінде, 6 оқушы өзге тілде оқыған. Тағы да осындай
үлкен үлесті көрсеткендерге қарақалпақтар жатады. Олардың 43 оқушы-
ның 81,7 пайызы оқу тілі ретінде қазақ тілін таңдаса, 16,3 пайызы орыс
тілін таңдаған.
284 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Білім беру саласында қазақ тілі басымдылық танытатын республика-
ның оңтүстік аймағының өзінде славян этностары өз балаларын қазақ
мектебіне бере бермейді. Айталық, 2004/05 оқу жылында Алматы облы-
сындағы күндізгі білім беру мекемесінде орыс оқушыларының саны 41,1
мың адам болса, соның түгелге дерлігі, яғни 99,0 пайызы өз ана тілінде,
тек 1,0 пайызы (411 оқушы) ғана қазақ тілінде жəне 3 оқушы өзге этнос
тілінде оқыған. Сол сияқты 829 украин оқушысының 98,6 пайызы орыс
тілінде, 1,5 пайызы (12 оқушы) қазақ тілінде білім алған. 146 белорустың
97,3 пайызы орыс мектебінің, 2,7 пайызы қазақ мектебінің оқушысы бо-
лып табылады.
Алматы облысындағы 33 мыңға жуық ұйғыр оқушысының 2004/05
оқу жылында 49,3 пайызы ұйғыр тілінде, 7,5 пайызы қазақ тілінде жəне
43,3 пайызы орыс тілінде білім алған.
Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, Алматы облысындағы түр-
лі этностардың (барлығы -105 этнос) жастары оқу тілі ретінде орыс
тілін таңдағанын көруге болады. Айталық, 2 057 татардың басым бөлігі
(90,1%) орыс мектебінде оқыса, 9,6 пайызы мемлекеттік тілде жəне 6-уы
өзге тілде білім алған. 6 257 түріктің 92,5 пайызы орыс мектебінде, 7,5
пайызы қазақ мектебінде, тек 2 оқушы ғана өзге тілде оқыған. Сондай-ақ
4 515 əзірбайжанның 95,9 пайызы орыс мектебінің оқушысы, 4,1 пайызы
ғана қазақ мектебін таңдаған. 1 398 шешен оқу тілі ретінде орыс тілін
89,3 пайызы, 10,7 пайызы қазақ тілін таңдаған. Облыстағы күрд оқушы-
сының осы оқу жылындағы саны – 3 134 адам болса, соның 95,6 пайы-
зы орыс тілінде білім алған, 4,4 пайызы ғана қазақ тіліне ден қойған. 2
685 кəрістің жəне 1 932 немістің орыс мектебінде оқығаны 98,9 пайыз
жəне 98,1 пайыз, 1,2 жəне 1,9 пайызы ғана оқу тілі ретінде қазақ тілін
таңдаған. Өзбек оқушылардың саны -454 адам, оның орыс тілін таңдаға-
ны 78,2 пайыз. Ал қазақ тілін таңдағаны -18,1 пайыз. 328 гректің 79,9
пайызы орыс тілін таңдаса, 17,7 пайызы қазақ тілін таңдаған.
Қазақстандық жастардың мектепте жəне жоғары оқу орнында қай
тілге басымдылық беретіні туралы мəліметті ұлттық бірыңғай тестілеу
(ҰБТ) жəне талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу (ТКТ) материалда-
рынан алуға болады. Жоғарыда көрсеткен О.Б. Алтынбекованың моно-
графиясында бұл жөнінде нақты талдаулар берілген [2,170-175 бб.].
1- кесте. Алматы облысы бойынша ҰБТ жəне КТ қатысушылар-
дың қазақ жəне орыс тілдерінде емтихан тапсыру саны
Əкімшілік- 2004 жылғы ҰБТ 2003 жылғы КТ 2002 жылғы КТ
аумақтық
бөлініс Бар- Қазақ Орыс Бар- Қазақ Орыс Бар- Қазақ Орыс
лығы тілі тілі лығы тілі тілі лығы тілі тілі
Алматы облысы, 18885 13450 5435 20472 15605 4867 17088 12701 4387
оның ішінде
Алматы облысының тілдік ахуалы 285
Талдықорған қ. 1994 1164 830 1965 1236 729 1558 942 616
Қапшағай қ. 620 313 307 447 244 203 314 201 113
Текелі қ. 226 54 172 153 45 108 90 15 75
Ақсу ауданы 720 669 51 733 659 74 622 531 91
Алакөл ауданы 1096 908 188 1031 877 154 789 636 153
Балқаш ауданы 320 309 11 404 377 27 324 287 37
Еңбекшіқазақ 1874 1151 723 2467 1747 720 2145 1445 700
ауданы
Жамбыл ауданы 1428 1185 243 1378 1164 214 1325 1099 226
Кербұлақ 675 585 90 695 604 91 602 487 115
ауданы
Көксу ауданы 341 271 70 500 408 92 474 370 104
Каратал ауданы 580 371 209 482 331 151 358 256 102
Қарасай ауданы 1803 1135 668 1504 963 541 1380 803 577
Панфилов 981 861 120 1816 1587 229 1367 1152 215
ауданы
Райымбек 1465 1444 21 2130 2093 37 1898 1859 39
ауданы
Сарқанд ауданы 676 556 120 723 588 135 681 557 124
Талғар ауданы 1504 782 722 1306 779 527 993 583 410
Ескелді ауданы 472 342 130 556 413 143 537 362 175
Ұйғыр ауданы 600 450 150 942 722 220 867 642 225
Іле ауданы 1510 900 610 1240 768 472 764 474 290
Кестеге жəне автордың ондағы мəліметтерге талдау жасауына назар
аударсақ, Алматы облысындағы жастардың басым бөлігі оқу тілі ретінде
мемлекеттік тіл – қазақ тілін таңдағанын көруге болады. Айталық, 2004
жылғы ҰБТ-ға қатысқан 18 885 мектеп бітірушінің 71,2 пайызы емти-
ханды қазақ тілінде, 28,8 пайызы орыс тілінде тапсырған. Осыған ұқсас
жағдай 2003 жылғы жəне 2002 жылғы кешенді тестілеу кезінде де көрініс
берген. Мысалы, 2003 жылы облыс бойынша кешенді тестілеуден өтуге
тілек білдірген талапкерлер саны 20 472 адам болса, соның 76,2 пайызы
тестілеуден қазақ тілінде, 23,8 пайызы орыс тілінде өткен. 2002 жылы
кешенді тестілеуден өткен 17 088 талапкердің 74,3 пайызы жоғары оқу
орнының қазақ бөліміне, 25,7 пайызы орыс бөліміне оқуға қабылданған.
Кестедегі мəліметтерге қарап отырсақ, тек Текелі қаласында ғана
мектеп бітірушілер мен талапкерлердің басым көпшілігі оқу тілі ретін-
де орыс тілін таңдап, емтиханды орыс тілінде тапсырған. Айталық, 2004
жылғы ҰБТ-ға Текелі қаласынан 226 мектеп бітіруші қатысса, соның
172-сі (76,1%) орыс тілін, 54-і (23,9%) қазақ тілін таңдаған. 2003 жылы
осы қаладағы 153 талапкердің 70,6 пайызы кешенді тесті орыс тілінде,
286 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
29,4 пайызы қазақ тілінде тапсырған. Ал 2002 жылы кешенді тестілеуге
қатысқан 90 адамның 83,3 пайызы жоғары оқу орнындағы оқу тілі ретін-
де орыс тілін, 16,7 пайызы қазақ тілін таңдаған.
Алматы қаласымен шекаралас Қапшағай қаласы мен Талғар ауданын-
да оқу тілі ретінде орыс тілін таңдағандар саны қазақ тілін тағдағандарға
жетер-жетпес шамада болып отыр. Ал облыстың қалған 15 ауданында
жəне облыс орталығы Талдықорған қаласында қазақ тілінде оқитындар
саны емтиханды орыс тілінде тапсырғандардан əлдеқайда асып түсетін-
дігін кестедегі сандардан байқауға болады.
Бұқаралық қарым-қатынас саласы хабар көздері мен оларды
алушылардың арасындағы өзара хабар қозғалысының байланыстарынан
тұратын жүйені көрсетеді. Бұқаралық қарым-қатынас саласының қосым-
ша салаларына: мерзімді баспасөз (газет, журнал, брошюралар, кітапха-
налар т.б.) теледидар жəне радио хабарлары, кинофильмдерді жалға беру,
дыбыс жазу, грампластинкалар, магнитофондық таспалар шығарушылар
жүйесі т.б. жатады.
Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2012 жылдың бірінші
жартыжылдығындағы атқарған жұмыстары туралы ақпаратына назар сал-
сақ, облыста 65 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет көрсетеді. Оның 2
облыстық, 19 аудандық, қалалық, 39 тəуелсіз мерзімді басылымдар жəне
5 электронды БАҚ бар.
Мемлекеттік тапсырысты орындаумен 2 облыстық газет, 1 облы-
стық телеарна жəне 19 аудандық, қалалық газеттер орындайды. Олар 30
тақырып бойынша мемлекеттік саясатты насихаттауды жүргізеді. Оның
басым бағыттар «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын, Елба-
сының дəстүрлі Жолдауын, Үкіметтің елдегі экономикалық-əлеуметтік
дамуы жөніндегі бағдарламаларын, жастар саясатын, үкіметтік емес,
діни ұйымдардың жұмыстарына арналады [4]. Осы тұрғыдан қарар бол-
сақ, қазақ тілінің Алматы облысындағы бұл саладағы қызмет етуі қа-
нағаттанарлық деңгейде. Айталық 2011 жылы тіл тақырыбына арналған
республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 3 мақала, облыстық,
аудандық, қалалық газеттерде 387 мақала жарияланған. Ал «Жетісу» те-
леарнасында 50-ден аса бейнематериал беріліп, айына екі рет «Асыл сөз»
телебайқауы жүргізілген [3].
Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ба-
стығы Т.Қасымберкебаевтың http://www.egemen.kz сайтындағы «Басым
бағыт» атты мақаласында «Көрнекілік мінсіз болсын», «Қазақша сөй-
лесейік!», «Аялдама аттары қазақ тілінде» акциясы аясында Тіл басқар-
масы «Жетісу» арнасымен бірлескен рейд ұйымдастырып, бірнеше ха-
бар берілгенін айтады. Сондай-ақ орыстілді «Огни Алатау» облыстық
газетінде айына екі рет «Қазақ тілін үйренейік» айдарымен сөздік-та-
нымдық сабақ материалдары берілетінін жəне «Государственный язык»,
Алматы облысының тілдік ахуалы 287
«Язык – душа народа» айдарымен тіл мəселесіне қатысты материалдар
тұрақты түрде шығып тұратынын көрсетеді. Облыстық, аудандық газет
беттерінде «Тіл бұзарға тосқауыл», «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?» ру-
брикалары ашылып, көрнекілікті ретке келтіру жұмыстары қолға алынға-
нын т.б. басқарманың басым бағыттағы шараларына жатқызады [5].
Ақпарат жəне үндеу саласы да қоғамның ілгерілемелі дамуының
белгісі болып табылады. Оның ғылыми-техникалық процесті жəне адам-
ның қоғамдағы аудио-визуалды əлеуметтенуі ретінде көп əсері бар. Об-
лыс аумағындағы көрнекі ақпараттарды жазып, орналастыруда тілдік
нормалардың сақталу жағдайын реттеу мақсатында облыс бойынша тіл
басқармасы тарапынан рейдтер ұйымдастырылады. Қазіргі таңда об-
лыс көлемінде мемлекеттік тіл туралы 79 билборд, 32 панно, 26 аспалы
қондырғы, 123 стенд – барлығы 260 сыртқы көрнекі ақпарат құралы ор-
натылған [3]. Облыс əкімдігі жанынан жаңадан ашылатын əртүрлі ны-
сандарды қабылдап алу жөнінде комиссиялар құрамына тіл мамандарын
енгізу керек. Олар нысандардың, жарнамалардың мəтіндерінің қазақша
дұрыс, сауатты жазылуын бақылайды.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметін дамыту мүмкіндігі мол, тек солар-
дың көзін аша білу керек. Мысалы, тіл реформасына дейінгі кезде қа-
зақ тілінің дін саласындағы қоғамдық қызметі тежеліп келді. Ал соңғы
уақыттарда көптеген мұсылман қауымдастығының, діни мектептің пайда
болуына, діни кітаптардың күрт көбеюіне т.б. нақты іс-шараларға байла-
нысты, қазақ тілі дін саласында кеңінен қолданыла бастады. Айталық,
бүгінгі күні облыс аумағында 607 діни бірлестіктер мен олардың филиал-
дары жұмыс жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам
институттарымен бірлесіп «Елімнің тарихы – болашақтың бағдары»,
«Ұлттық салтым – халықтық қалпым», «Отанға сүйіспеншілік – перзент-
тік парыз», «Тағдыры халықпен егіз ұл», «Этносаралық қарым-қатынас
жəне халықтар достығы», Діндарлықтың абзалдығы – мінез-құлық-
тың жақсылығы», «Терроризм жəне экстремизм көріністерінің алдын
алу», «Жастардың дінге көзқарасы», «Дəстүрлі діндер жəне радикалды
секталардың айырмашылығы», Этносаралық қарым-қатынас жəне ха-
лықтар достығы» тақырыптарында жыл басынан 62 дөңгелек үстел оты-
рыстары, семинарлар, кездесулер жəне т.б. шаралар ұйымдастырылған
[4, 3 б.].
Мəдениет саласы бойынша бүгінгі күні Алматы облысында мем-
лекеттік жүйеге қатысты 232 мəдениет үйі мен клубтар, 261 кітапхана,
21 музей, 2 галерея, Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйін-
бай атындағы облыстық филармония, «Алатау əуендері», «Достық үйі»,
С.Сейфуллин атындағы облыстық əмбебап кітапхана, Облыстық халық
шығармашылығы орталығы жəне Тарих-мəдени мұраны қорғау орта-
лығы халыққа қызмет етеді.
288 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Мемлекеттік тілдің меңгерілу деңгейлері, мəселелері. Халық мем-
лекеттік тілді меңгеруге ден қойды жəне оны күнделікті өмірде нақты
қолданады деп айтуға əбден болады. Өйткені бүгінгі таңда Қазақстан
халқының 74,0 пайызы (8 988 520 адам) мемлекеттік тілді меңгерген.
Соның ішінде соңғы халық санағының мəліметі бойынша Алматы облы-
сындағы 15 жас жəне одан жоғары жастағылардың 83,7 пайызы (1 131
094 адам) мемлекеттік тілді ауызша түсінемін десе, соның ішінде 72,6
пайызы (981202 адам) еркін оқи аламын, 69,5 пайызы (939 180 адам) ер-
кін жаза аламын деп көрсетеді. Мұнан əрбір үш адамның екеуі мемлекет-
тік тілді меңгерген, біреуі нашар болса да біледі деген тұжырым жасауға
болады. Бұл – бəстесуге болмайтын нақтылы факт, басқаша айтқанда,
мемлекеттік тілдің еркін қанат жайып, өз мəртебесінде қызмет етуінің
нақтылы көрінісі.
Соңғы 2009 жылғы халық санағының мəліметі бойынша облыс-
тағы 15 жас жəне одан жоғары жастағы 1 351 044 тұрғынның (103 эт-
нос өкілі) ішінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша алда тұр-
ған этнос өкілдері: алдымен қазақтардың өзі, ұйғырлар, қарақалпақ-
тар, қырғыздар, өзбектер, түріктер, қырым татарлары, балқарлар, татар-
лар, дүнгендер, түркімендер, тəжіктер, башқұрттар, күрдтер, шешендер
т.б.
Ал мемлекеттік тілді меңгеруде əлі қажеттілік таныта қоймай, барын-
ша шешіле кірісе қоймаған, дегенмен жартысына жуығы толық сөйле-
месе де түсіне бастаған этнос өкілдеріне төмендегілер жатады: орыстар,
кəрістер, украиндар, немістер, гректер, поляктар, белорустар, молдаван-
дар, армяндар, литвалықтар т.б.
Облыстағы ең аз санды этностар арасында мемлекеттік тілді түгелге
дерлігі меңгерген диаспора өкілдері кездеседі. Олар: моңғолдар, парсы-
лар, буряттар, кабардиндер, татылар, америкалықтар, қырымшақтар, құ-
мықтар, талыштар, ноғайлар, адыгейлер т.б.
Ал сол аз санды диаспоралар ішінде мемлекеттік тілді мүлдем біл-
мейтіндер де бар. Олар: абазиндер, финдер, венгерлер, шведтер, куба-
лықтар т.б.
Қазақ тілін толықтай меңгеріп, мемлекеттік мəртебесін жүзеге асы-
руда барынша атсалысып, тікелей көмекті қазақ халқына туыстас этнос
өкілдері көрсетеді. Олардың ішінде бірінші кезекте ұйғырларды – 104
645 (96,7%), қарақалпақтарды (96,7%), қырғыздарды (93,8%), өзбектерді
(89,8%), түріктерді (89,0%), қырым татарларын (87,0%), балқарларды
(84,0%), татарларды (83,2%) т.б. айтуға болады.
Жоғарыда айтылғандарды негізге алар болсақ, облыс халқының бар-
лығы дерлік мемлекеттік тілді ауызша болса да, жазбаша болса да меңге-
руге ден қойғанын, оған деген қоғамдық сұраныстың бар екендігін бай-
қауға болады.
Алматы облысының тілдік ахуалы 289
Мемлекеттік тілді меңгеру дəрежесі мен оны меңгергендердің сандық
үлесі бойынша қалалықтар жəне ауылдықтар арасындағы айырмашылық
онша көп емес. Мұны қазақы тілдік ортаның əсері мықты Алматы облы-
сының өзге облыстардан өзіндік ерекшелігі деп қарау керек. Мысалы,
қала тұрғындарының ішінде (15 жас жəне одан жоғары жастағылардың
барлығы 319 596 адам) мемлекеттік тілді ауызша түсінемін дегені – 73,2
пайыз, ал оның ішінде еркін оқи аламын деп көрсеткендері – 60,6 пайыз.
Оның еркін жаза алатыны – 57,9 пайызды көрсетеді. Осы мəліметтерге
қарағанда қала халқының орта есеппен 60 пайызынан астамы мемлекет-
тік тілді талап деңгейінде меңгере бастағанын көруге болады.
Ал ауыл халқының осы жастағыларының жалпы саны 1 031 448 адам.
Оның ішінде мемлекеттік тілді ауызша түсемін деп көрсеткені 87,0 пай-
ыз болса, соның 76,3 пайызы еркін оқи алатынын жəне 73,1 пайызы еркін
жаза алатынын айтады. Бұл ауылдық жерде қазақ тіліне деген қоғамдық
сұраныстың қалаға қарағанда біршама артық екенін танытады. Бұл - ауыл
халқының шамамен 80 пайызға жуығы мемлекеттік тілді біледі деген сөз.
Сонда қала халқының шамамен 40 пайызына жəне ауыл халқының 20
пайызына мемлекеттік тілді меңгертудің қамына кірісу керек.
Қала халқының ішінде саны жағынан да, мемлекеттік тілді меңгеру
үлесі жағынан да алдыңғы қатардағылар: қазақтар (93,3%), қырғыздар
(98,8%), өзбектер (93,3%), ұйғырлар (98,9%), түріктер (91,8%). Ал мем-
лекеттік тілді меңгеру үлесі төмендерге: орыстар (60,1%), украиндар
(55,9%), белорустар (63,4%), кəрістер (67,8%).
Ауыл тұрғындары ішінде мемлекеттік тілді меңгеруде үлесі жағынан
алдыңғы қатардағылар: қазақтар (99,2%), түріктер (99,0%), қырғыздар
(96,9%), өзбектер (97,3%), əзірбайжандар (93,9%), шешендер (94,9%),
татарлар (90,0%). Мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша бұларға қараған-
да үлесі төмендерге: украиндар (66,2%), орыстар (69,4%), молдавандар
(68,0%), кəрістер (76,3%) .
Сол сияқты мемлекеттік тілді меңгергендер ішінде ерлер мен əйел-
дер арасындағы айырмашылық та онша көп емес. Айталық, халық са-
нағының мəліметінде облыстағы 15 жас жəне одан жоғары жастағы ер
адамдардың ішінде мемлекеттік тілді ауызша түсінемін дейтіндері – 84,8
пайыз болса, оның 74,0 пайызы еркін оқи аламын, жəне 70,8 пайызы ер-
кін жаза аламын деп мəлімдейді. Бұл – облыстағы ер азаматтардың 75
пайыздан астамы күнделікті тұрмыста, өмір салаларында мемлекеттік
тілді қолданатындығының айғағы.
Санақ мəліметінде дəл осы жастағы əйелдердің ішінде мемлекеттік
тілді ауызша түсінетіні – 82,7 пайызды көрсетсе, оның 71,3 пайызы еркін
оқи алатынын жəне соның ішінде 68,3 пайызы еркін жаза алатыны көр-
сетілген. Мұнан облыстағы еркектер мен əйелдердің мемлекеттік тілді
меңгеру деңгейлерінің арақатынасы жақын екенін көруге болады.
290 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Жалпы, халық санағының немесе сауалнама материалының мəлімет-
тері тілдің даму ахуалын, қолданылу жағдайын, меңгерілу деңгейін
анықтауда белгілі бір межені көрсетуге, бағыт-бағдар алуға көп көмегі
тиеді. Айталық, облыс халқының мемлекеттік тілді меңгеру деңгей-
ін санақ материалдары негізінде талдауда мынадай бір қызық жайт
байқалады. Аталған этностар мен диаспоралардың қазақ жəне орыс
тілдерін меңгеруінде маңызды айырмашылық байқалады. Салыстыра
қарайық: қазақ тілін ауызша түсінемін дегендердің саны мен оны ер-
кін оқи аламын, еркін жаза аламын дегендердің арасында біраз, тіпті
көп айырма бар. Ал орыс тілін меңгергендер ішінде мұндай айырма
жоқ емес, бар, бірақ елеусіз ғана. Мысалы, облыстағы түріктердің 89,0
пайызы (23 274 адам) қазақ тілін ауызша түсінемін десе, соның 45,1
пайызы (11 797 адам) еркін жаза аламын, 38,4 пайызы (10 043 адам)
еркін оқи аламын деп көрсетеді. Сол сияқты қазақ тілін кəрістердің
40,4 пайызы (5463 адам) ауызша түсінемін, 12,0 пайызы (1625 адам)
еркін оқи аламын, 9,4 пайызы (1277 адам) еркін жаза аламын дейді.
Түріктердің қазақ тілін меңгерудегі бірінші деңгейі мен екіншісінің
арасында екі есе, ал кəрістердің екі деңгейі арасында төрт есеге жуық
айырмашылық бар. Неге?
Ал орыс тілін меңгеруде сол түріктің 97,6 пайызы (25 502 адам) ауы-
зша түсінемін десе, соның 92,7 пайызы (24 227 адам) еркін оқи аламын,
90,0 пайызы (23 522 адам) еркін жаза алатынын айтқан. Кəрістердің 97,5
пайызы (13 202 адам) орыс тілін ауызша түсінемін, соның 96,4 пайызы
(13053 адам) еркін оқимын, 95,2 пайызы (12 884 адам) еркін жаза ала-
мын деген. Көріп отырғандай, айырма 1 пайызға жетер-жетпес қана.
Бұл неге олай? Мұның жауабы мынау. Қазақ тілін өзге этнос өкілдері
осы уақытқа дейін арнайы мақсатта ұйымдастырылмаған түрде (стихи-
ялы) өз қажеттеріне қарай көбінесе көшеден, көршілерінен, достарынан,
басқаша айтқанда, қазақы тілдік ортадан үйреніп келді. Сондықтан олар
қазақ тілін тұрмыстық деңгейде, қарапайым ауызекі сөйлеу тілінде ғана
біледі. Əдеби норманы, қажетті грамматиканы меңгермеген. Жазу сауаты
нашар, тіпті жоқтың қасы. Оқуда сөздің жалпылама немесе тура мағына-
сын ғана біледі. Сөзді ауыспалы мағынада қолдануды, фразеологиялық,
тұрақты тіркестерді мүлдем игермеген. Өйткені мектепте қазақ тілі өте
қызықсыз, тартымсыз, грамматикалық ережелерден ғана тұратын немесе
мағынасын ұқпаса да өлең жаттап, əн салса оңай құтылатын қосымша
пəндердің біріне айналған. Бұл қазақ мектебіндегі ағылшын тілі қандай
болса, орыс немесе аралас мектептерінде қазақ тілі сол ағылшын тілінің
күйін кешеді, тіптен одан да жаман. Ал орыс тілін бұл этнос өкілдері
орыс мектебінде бірінші сыныптан бастап оқиды. Ана тіліндей меңге-
реді. Сөз əлемін ұғып, толық сауаттанып шығады. Өйткені орыс тіліне
деген сұраныс күшеймесе, əлсіреген жоқ.
Алматы облысының тілдік ахуалы 291
Қорыта келгенде, адамзат өркениетінің үшінші мыңжылдығында біз
құқықтық зайырлы мемлекетте жəне нарықтық экономика жағдайын-
да жүзеге асырылатын өзіміздің тілдік жоспарлауымызды жасаудамыз.
Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік тілге деген қажеттілік -
жаңа тенденция. Бұл бағыттағы көңіл көншітетін нəтиже Алматы облы-
сында да қарқынды түрде қолға алынған.
Алматы облысында орыс тілінің қолданылуы мен дамуы, мең-
герілу жағдайы. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының лингвисти-
калық капиталын сақтау жəне нығайту қажеттігі, соған қатысты іс-шара-
лардың жүзеге асуы нақты қарастырылған. Соның бір аспектісі қазақстан-
дықтардың бəсекелестік басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін
сақтау, орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін арттыру, ком-
муникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қызметін сақтау жəне орыс
тілінде оқытатын, тəлім-тəрбие беретін мекемелердің үлесі қамтамасыз
ету көзделген. Бұл бағытта елімізде, соның ішінде Алматы облысында
нақтылы шаралар қолға алынып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні Қазақстанда 3 793 764 орыс тұрса, оның 306 383-і Ал-
маты облысында тұрады. Олар облыс халқының 16,9 пайызын құрайды.
Соңғы санақ мəліметінде орыстардың 95,5 пайызы (292 962 адам) өз ұл-
тының тілін ана тілім деп санаса, 4,5 пайызы (13 691 адам) басқа ұлттың
тілін ана тілім деп есептейді. Оның 6454-і ер адам болса, 7237-і əйел кісі.
Ал енді Алматы облысы тұрғындарының орыс тілін меңгеру деңгейіне
келер болсақ, соңғы 2009 жылғы халық санағының мəліметінде облыс
халқының 15 жас жəне одан жоғары жастағыларының (барлығы 1 351
044 адам) 91,6 % орыс тілін ауызша түсінемін десе, соның ішінде еркін
оқимын дегені – 84,3 %, оның ішінде 80,5 % орыс тілінде еркін жаза ала-
мын деп көрсетеді.
Осыдан көріп отырғанымыздай, орыс тілінің меңгерілу жағдайы
əртүрлі жəне əр алуан. Бір этнос өкілдерінің орыс тілін меңгеруі түгелге
жуығын қамтыса, енді бірінде тең жартысы орыс тілін меңгерген болып
шығады. Облыс тұрғындары ішінде орыс тілін ана тілі ретінде де, екінші
тіл ретінде де меңгергендер саны жетерлік. Айталық, қазақ халқы қай
кезде, қай жерде болмасын қостілді. Қазақ-орыс қостілділігі бар қарқы-
нымен дамыған, əлі де сол күйін сақтауда, ал орыс-қазақ қостілділігі
анаған қарағанда баяу, дегенмен ол бар. Қазақтардың ішінде орыс тілін
ауызша түсінемін деген 15 жас жəне одан жоғары жастағыларының үлесі
– 89,2 % болса, соның 79,9 % еркін оқи аламын, 75,7 % еркін жаза ала-
мын деген екен. Бұл жоғары аталған бірінші, яғни қазақ-орыс қостілділі-
гінің дəлелі болмақ.
Облыстағы көпсанды этникалық топтардың бірі – ұйғырлар. Жоғары-
да айтып өткендей ұйғырлар республиканың ешбір жерінде дəл осы Ал-
292 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
маты облысындағыдай шоғыр қоныстанбаған. Ұйғырлардың орыс тілін
меңгеруі де жоғары деңгейде. Ұйғырлардың орыс тілін 95,5 % ауызша
түсінемін десе, соның 86,4 % еркін оқи алатымын деген. Ал 79,6 % еркін
жаза алатынын көрсеткен. Этникалық түріктер де осылармен шамалас,
97,6 % ауызша түсінеді, 92,7 % оқи алады, 90,0 % жаза алады.
Орыс тілін орыстардың өздерінен де жақсы білетін, оны ана тілі ретін-
де меңгерген этностарға алдымен марийлер - 100% (барлығы 76 адам),
лезгиндер – 99,3 %, болгарлар – 99,1 %, гректер – 98,7 %, армяндар – 98,7
%, грузиндер – 98,5 %, поляктар – 98,1 %, украиндар -97,5 %, белорустар
-97,4 т.б.
Орыс тілі ел тұрғындарының қарым-қатынасында сонау кеңестік за-
маннан кеңінен қолданылып, əбден мықтап орныққан. Сондықтан да ре-
спубликаның қай өңірі болмасын жоғарыда айтқанымыздай, ұлттық-о-
рыс қостілділігі əлі де кеңестік замандағыдай даму қарқынында. Міне,
осындай жағдай қазақстандық орыстардың басым көпшілігінің біртілді
күйінде қалуына, тек өз этносының тілін ғана меңгеріп, өзге тілге, со-
ның ішінде мемлекеттік тілді білуге ықылас танытпауына себепші болып
отыр. Айталық, еліміздегі орыстардың небəрі 14,9 пайызы ғана мемле-
кеттік тілді меңгерсе, 0,9 пайызы ағылшын тілін, 0,4 пайызы неміс тілін
біледі екен. Ал қазақтың қаймағы бұзыла қоймаған Жетісу өңірінде бұл
сең бұзылған деп сеніммен айтуға болады. Өйткені соңғы халық санағы-
ның мəліметінде (2009) облыстағы орыстардың 15 жəне одан жоғары
жастағыларының 37,2 пайызы қазақ тілін ауызша түсінемін десе, оның
ішінде 10,4 пайызы еркін оқи аламын, 7,7 пайызы еркін жаза аламын деп
көрсеткен. Бұдан орыстардың мемлекеттік тілді үйренуінде алға басу
байқалатынын көруге болады.
Алматы облысындағы өзге этнос тілдері, ана тілі ретінд сақта-
луы мен дамуы. Қазақстан қоғамындағы тіл дамытудың басты бағыты
– лингвистикалық егемендік жағдайында тілдерді үйлесімді теңдікте
дамыту жолын ұстану. Елбасы жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану
мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама-
сында Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамытуға ерекше
назар аударылған. Онда əсіресе ұлттық мəдени бірлестіктер жанындағы
ана тілін оқыту курстарымен қамтылған басқа этнос өкілдерінің үлесін
арттыруға жəне Қазақстанда тілдің əралуандығын сақтауды қамтамасыз
етуге көңіл бөлінген, соған байланысты шаралар жүйесі жоспарланған.
Ұйғыр тілі. Түркі тілдерінің бірі. Этносішілік қарым-қатынас құра-
лы. Қазақстанда бұл тіл иелерінің басым бөлігі осы зерттеу нысаны бо-
лып отырған Алматы облысында қоныстанған. Облыста 144 063 этника-
лық ұйғырлар тұрады, бұл облыс халқының 8,0 пайызын құрайды.
Облыстағы ұйғырлардың ішінде соңғы халық санағының мəліметінде
(2009 ж.) ұйғырлардың 15 жас жəне одан жоғары жастағыларының қазақ
Алматы облысының тілдік ахуалы 293
тілін ауызша түсінемін дегені 96,7 %, оның ішінде 75,3 % еркін оқи ала-
мын, 65,7 % еркін жаза аламын деп көрсеткен.
Облыста 11 ұйғыр мектебі бар, онда 2011-2012 оқу жылының мəліметі
бойынша 3358 бала ұйғыр тілінде білім алуда.
Бүгінгі таңда ұйғыр тілі республикалық БАҚ түрлерінде (телеарна,
радио, газеттер) қызмет етеді.
Ұйғыр тілі өз ішінен 3 диалектіге: орталық, оңтүстік (котондық) жəне
шығыс (лобнорлық) бөлінеді.
Түрік тілі - түркі тілдерінің бірі. Қазақстанда 97 015 түрік этно-
сының өкілдері тұрады. Соның ішінде Алматы облысында 35 599 түрік
бар. Бұл облыс тұрғындарының 0,2 пайызын құрайды. Соңғы халық са-
нағының мəліметінде түріктердің өз ұлтының тілін ана тілім деп санай-
тыны – 91,7 пайыз (32 654 адам), өзге этнос тілін ана тілім деп санай-
тыны – 8,3 пайыз (2945 адам). Қызылордалық түріктердің 15 жас жəне
одан жоғары жастағыларының мемлекеттік тілді ауызша түсінетіні – 89,0
пайызды (23 274 адам) құраса, оның ішінде еркін оқи алатыны – 45,1
пайыз (11 797 адам), еркін жаза алатындары 38,4 пайызды (10 043 адам)
құрайды.
Түрік тілі этносішілік тіл ретінде қызмет етеді. Түрік этносы өкілдері
арасында түрік-қазақ жəне түрік-орыс қостілділігі кеңінен қолданылады.
Кəріс тілі. Кəрістер – Шығыс Азиядағы көне халықтардың бірі. Қа-
зақстанда олардың саны – 100 385 адам. Бұл республика халқының 0,6
пайызын құрайды. Соның ішінде Алматы облысында бүгінгі күні 16 627
кəріс этносы тұрады. Бұл - облыс тұрғындарының 0,9 пайызы.
Бүгінгі таңда жоғарыда айтқандай, жалпы Қазақстанда, оның ішінде
Алматы облысында кəріс тілінің дамуы мен қызмет ету көлемінің ұлға-
юына қажетті жағдайлар жасалған. Кəрістердің мемлекеттік тілді мең-
геруі біршама жақсы деп айтуға болады. Айталық, 2009 жылдағы халық
санағының мəліметінде Алматы облысында тұратын кəрістердің 15 жас
жəне одан жоғары жастағыларының 40,4 пайызы (5463 адам) мемлекет-
тік тілді ауызша түсінетіндігін, соның ішінде 12,0 пайызы (1625 адам)
еркін оқи алатынын, 9,4 пайызы (1277 адам) еркін жаза алатынын көр-
сетеді.
Кəріс тілі этносішілік, отбасылық қарым-қатынаста қолданылады.
Олардың арасында кəріс-орыс, кəріс-қазақ жəне орыс-қазақ қостілділік
түрлері кездеседі.
Əзірбайжан тілі. Түркі тілдерінің оңтүстік-батыс тобына жататын
тілдердің бірі. Қазақстанда 89 851 əзірбайжан тұрады. Бұл республика
халқының 0,6 пайызын құрайды. Алматы облысында 14 881 əзірбайжан
қоныстанған. Олардың ішінде өз ұлтының тілін ана тілім деп санайтыны
– 81,2 %, ал 40,8 % өзге этнос тілін ана тілім деп қабылдаған. Облыстағы
əзірбайжандардың 15 жас жəне одан жоғары жастағыларының ішінде
294 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
81,2 % қазақ тілін ауызша түсінетіндігін, 41,9 % еркін оқи алатынын, 35,8
% еркін жаза алатынын санақ қорытындысында мəлімдеген.
Əзірбайжан тілі облыста, сондай-ақ жалпы республикада бүгінгі
күні этносішілік қарым-қатынас қызметін дамыту тенденциясына ие.
Этникалық əзірбайжандар үшін «Ватан» ұлттық мəдени орталығында
ана тілін, ұлттық əдебиетін, мəдениетін оқытып-үйретуге арналған ар-
найы сыныптар бар. Əзірбайжандықтар шоғыр қоныстанған Алматы,
Жамбыл, Павлодар облыстарында 563 бала өз ана тілінде білім алуда.
Қазақ радиосында əзірбайжан тілінде арнайы хабарлар беріліп тұрады.
Бұл этносқа əзірбайжан-қазақ жəне əзірбайжан-орыс қостілділіктері
тəн.
Күрд тілі. Иран тілдерінің бірі. Күрдтер Алматы облысы халқының
0,7 пайызын құрайды. 15 жас жəне одан жоғары жастағы күрд азаматта-
рының 71,4 % қазақ тілін ауызша түсінеді, 27,6 % еркін оқи алады, 23,1%
еркін жаза алады. Облыстағы этникалық күрдтер арасында күрд-қазақ
жəне күрд-орыс қостілділігі дамыған.
Татар тілі – Қазақстанның барлық аумағында кеңінен тараған түр-
кі тілдерінің бірі. Бүгінгі күні Қазақстанда 204 229 татар ұлтының өкілі
тұрады. Бұл республика халқының 1,3 пайызы. Ал Алматы облысында 13
513 татар қоныстанған. Бұл барлық тұрғындардың 0,7 пайызын құрайды.
Соңғы халық санағының мəліметінде 15 жас жəне одан жоғары жастағы
татар этносы өкілдерінің 83,2 пайызы (9346 адам) мемлекеттік тілді
ауызша түсінемін десе, оның ішінде 52,7 пайызы (5924 адам) еркін оқи
алады, ал 45,6 пайызы (5124 адам) еркін жаза алады екен. Татарлардың
жартысынан астамы, яғни 57,4 % өз ұлтының тілін ана тілім деп санаса,
42,6 % ана тілін өзге ұлт тіліне ауыстырған.Татар этносына татар-қазақ
жəне татар-орыс қостілділігі тəн.
Неміс тілі – үндіеуропа тілдері семьясының герман тілдері тобындағы
батыс-герман тармағына жатады. Соңғы халық санағының мəліметінде
Қазақстанда 178 409 неміс этносы тұрады. Оның 8709-ы Алматы облы-
сында қоныстанған. Олардың ішінде 2625 неміс (30,1%), өз ұлтының
тілін ана тілім десе, 6084-і (69,9%) өзге этнос тілін ана тілім деп санайды.
Облыстағы этникалық немістерінің 15 жас жəне одан жоғары жастағы-
ларының (барлығы - 7239 адам) 2771-і (38,3%) мемлекеттік тілді ауызша
түсінемін десе, оның 896-сы (12,4 %) еркін оқи аламын, 685-сі (9,5%)
еркін жаза аламын деп көрсеткен.
Украин тілі – үндіеуропа тілдері семьясының шығыс славян тобына
жататын тілдердің бірі. Украиндықтар республика халқының 2,1 пайы-
зын (333 031 адам) құрайды. Алматы облысында соңғы 2009 жылдағы
халық санағы бойынша 6458 адам тұрады. Бұл облыс халқының 0,4 пай-
ызын құрайды. Облыста тұратын украиндықтардың өз ұлтының тілін ана
тілім деп санайтыны - 1814 адам (бұл барлық украин диаспорасының
Алматы облысының тілдік ахуалы 295
28,1 пайызы), 4644 адам немесе 71,9 пайызы өзге ұлт тілін ана тілім деп
көрсеткен.
Санақ қорытындысы бойынша, украиндықтардың 15 жас жəне одан
жоғары жастағыларының 35,1 пайызы (2067 адам) мемлекеттік тілді ауы-
зша түсінемін десе, оның ішінде 8,8 пайызы (516 адам) еркін оқи алады,
6,1 пайызы (361 адам) еркін жаза алады екен.
Өзбек тілі – түркі тілдерінің бірі. Бүгінгі күні Қазақстан аумағында
456 997 өзбек этносының өкілдері тұрады. Бұл республика халқының 2,9
пайызы. Ал Алматы облысында 3581өзбек бар. Бұл облыс халқының 0,2
пайызын құрайды. Сол 3581 өзбектің 2463-і өз ұлтының тілін ана тілім
десе (68,8%), 1118-і өзге ұлт тілін ана тілім деп санайды (31,2%).
Соңғы халық санағының қорытындысында өзбектердің 15 жас жəне
одан жоғары жастағыларының (2780 адам) мемлекеттік тілді ауызша
түсінемін деп көрсеткені – 2496 адам, бұл олардың 89,8 пайызы, соның
ішінде еркін оқимын дегені – 1728 адам (62,2%), еркін жаза аламын де-
гені – 1520 адам (54,7 %). Бұл этносқа біршама тəн қостілділік типі - өз-
бек-қазақ жəне өзбек-орыс қостілділігі
Шешен тілі – кавказ тілдерінің наха тобына жатады. Алматы облы-
сында 5891 шешен этносының өкілдері тұрады. Олардың арасында өз
ұлтының тілін ана тілім деп есептейтіні 84,6 пайыз (4983 адам), 15,4 пай-
ызы (908 адам) өзге этнос тілін ана тілім деп санайды.
Облыста тұратын шешендердің 15 жас жəне одан жоғары жастағы-
ларының ішінде 71,1 пайызы (3247 адам) қазақ тілін ауызша түсінемін
десе, соның ішінде 30,7 пайызы (1403 адам) еркін оқи аламын, 25,1 пайы-
зы (1148 адам) еркін жаза аламын деп көрсеткен. Шешен тілі этносішілік
қарым-қатынаста қолданылады. Оларға шешен-қазақ жəне шешен-орыс
қостілділігі тəн.
Қырғыз тілі – түркі тілдерінің бірі. Қазақстанда 23 274 қырғыз
тұрады. Ал Алматы облысында соның 2174-і қоныстанған. Олардың
ішінде өз ұлтының тілін ана тілім деп санайтыны – 1537 адам (70,7%),
ал қалған 637-сі (29,3%) өзге ұлт тілін ана тілім деп санайды. Санақ
мəліметінде қырғыздардың 15 жас жəне одан жоғары жастағыларының
(барлығы - 1666 адам) 1562-сі (93,8%) қазақ тілін ауызша түсінемін десе,
соның ішінде 1237 адам еркін жаза аламын (74,2%), 1111 адам (66,7%)
еркін оқи аламын деп көрсеткен. Қырғыздар арасында қырғыз-қазақ
жəне қырғыз-орыс қостілділігі тəн. Қырғыз тілі этносішілік тіл болып
табылады.
Белорус тілі – үндіеуропа тілдері семьясының славян тобы, соның
ішінде шығыс-славян тармағына жататын тіл. Қазақстанда 66 476 бело-
рус этносының өкілдері тұрады. Соның 879-ы Алматы облысында қоны-
станған. Олардың ішінде 199-ы (22,6%) өз ұлтының тілін ана тілім десе,
680-і (77,4%) өзге этнос тілін ана тілім деп санайды.
296 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Облыста тұратын осы белорустардың ішінде 15 жас жəне одан жоға-
ры жастағыларының (оларды саны - 815 адам) 253-і (31,0%) мемлекеттік
тілді еркін түсінемін десе, соның 60-ы (7,4%) еркін оқи аламын, 40-ы
(4,9%) еркін жаза аламын деп көрсетеді. Облыстағы белорустарға бело-
рус-орыс, орыс-белорус жəне белорус-қазақ қостілділіктері тəн. Белорус
тілі этносішілік қатынастағы қызметті атқарады.
Сонымен қорыта келгенде, Қазақстандағы, оның ішінде Алматы об-
лысындағы аталған тілдер, əлеуметтік лингвистикалық көзқарас тұрғы-
сынан қарағанда, олардың негізгі отанындағы тілдерінен ерекшеленеді.
Бұл тілдерді осы ерекшелік тұрғысынан алғанда ұлттық тілдердің бір
түрі деп қарауға болады. Басқаша айтқанда, аталмыш ұлттық тілдердің
қазақстандық нұсқасы деп қарауға толық негіз бар.
Этнос тілдері Қазақстанның лингвистикалық егемендігі жағдайында
өздерінің негізгі этникалық қауымынан жырақта Қазақстандағы тіл сая-
сатының аясында жəне диаспоралық қоғамдарының көмегімен дамуда.
Қазақстанда тұратын барлық өзге этнос өкілдерінің басым көпшілігі
сол тілдің əдеби формасында сөйлейді. Кейбір облыс, аудандарда диа-
лектілері қолданылуы мүмкін. Бірақ бірде-бір диалекті əмбебаптық қа-
рым-қатынас құралы болып табылмайды. Сондай-ақ, қазақстандық эт-
ностарға сол тілдердің тарихи отандарындағыдай қалалық сөйлеу тілі де
тəн емес.
Алматы облысында ағылшын тілінің меңгерілу деңгейлері.
Соңғы санақ мəліметінде ағылшын тілін облыс халқының 14,0 % ауызша
түсінемін десе, соның 8,7 % еркін оқи аламын, 6,7 % еркін жаза аламын
деп көрсеткен. Мұны жекелеген этностар бойынша талдап көрсетер бол-
сақ, ағылшын тілін меңгеруге ден қойған облыстағы диаспоралар қата-
рына литвалықтарды (23,5 %), еврейлерді (19,7), болгарларды (18,1 %),
қырым татарларын (17,5 %), башқұрттарды (17,2 %), грузиндерді (17,1
%), сондай-ақ кəрістерді (15,6 %), татарларды (13,6 %), ұйғырларды (13,1
%), орыстарды (11,1 %), украиндарды (9,3 %) айтуға болады.
Қазақтардың арасында ағылшын тілін ауызша түсінемін дегені – 15,3
% болса, соның 9,8 % еркін оқи аламын, 7,6 % еркін жаза аламын деп
көрсеткен. Облыс бойынша кейбір аз санды этнос өкілдері арасында бол-
маса, ағылшын тілін меңгеруге барлық этностардың көңіл бөле бастаға-
нын көруге болады.
Алматы облысындағы қостілділік, көптілділік мəселелері. Қа-
зақстан – бір сыңары (компоненті) қазақ тілінен тұратын қостілділіктің
пайда болып, қалыптасуының қайнар көзі. Республикадағы əр түрлі эт-
никалық қауымдастықтар өкілдерінің жергілікті қазақтармен күнделікті
қарым-қатынасының негізінде əр жерде азды-көпті көлемде жүзден аса
ұлттық-қазақ қостілділік түрлері пайда болды. Олар: күрд-қазақ, ұй-
ғыр-қазақ, кəріс-қазақ, неміс-қазақ, өзбек-қазақ, қырғыз-қазақ, тəжік-қа-
Алматы облысының тілдік ахуалы 297
зақ, шешен-қазақ, қарашай-қазақ, түрік-қазақ, əзірбайжан-қазақ қостіл-
ділігі т.б.
2-кесте. Алматы облысындағы біртілділік жəне көптілділік тура-
лы мəлімет (1989 жылғы санақ мəліметі бойынша)
р/с Этностар Осы этнос Олардың ішінде тілдерді меңгеруі
адамдарының
Бір тілді Екі немесе одан да көп
барлық саны меңгергендері тілді меңгергендері
Саны % Саны %
Барлық халық, 977373 548090 56,1 429283 43,9
оның ішінде:
1 Қазақтар 406823 169947 41,8 236876 58,2
2 Орыстар 294236 287853 97,8 6383 2,2
3 Ұйғырлар 103704 32044 30,9 71660 69,1
4 Немістер 61277 22856 37,3 38421 62,7
5 Түріктер 19146 3554 18,6 15592 81,4
6 Украиндар 18496 10377 56,1 8119 43,9
7 Əзірбайжандар 18313 3444 18,8 14869 81,2
8 Татарлар 9993 2654 26,6 7339 73,4
9 Күрдтер 8010 1628 20,3 6382 79,7
10 Кəрістер 5193 2227 42,9 2966 57,1
11 Өзге этностар 32182 11506 35,8 20676 64,2
Осыдан 23 жыл бұрын Алматы облысында 977 373 тұрғын болса, со-
ның 41,6 % қазақтар, 30,1 % орыстар, 10,6 % ұйғырлар 6,3% немістер,
2,0 % түріктер, 1,9 % украиндар, 1,9 əзірбайжандар 1,0 % татарлар, 0,8
% күрдтер, 0,5 % кəрістер жəне 3,3 % өзге этностар құраған екен. Сол
санақта облыс халқының жатысына жуығының, яғни 43,9 % кемінде екі
жəне одан да көп тіл білетін жəне жартысынан астамының (56,1 %) бір
тілді екендігін көруге болады (кестеге қараңыз).
Санақ материалында қазақтардың 58,0 % орыс тілін екінші тіл ретін-
де, 0,1 % өзге тілдерді білетіні жəне осындай мөлшерде (0,1 %) өз ана
тілін екінші тіл ретінде меңгергені берілген. Кестеден көріп отырғандай,
қазақтардың жартысынан астамы, яғни 58,2 % қостілді, қалған 41,8 %
біртілділер қатарына жатады. Сол санақта қостілділікке барынша бейім
халық өкілдері түріктер (81,4 %), əзірбайжандар (81,2 %), күрдтер (79,7
%), татарлар (73,4 %), ұйғырлар (69,1 %) т.б. екенін байқауға болады.
Ал барынша біртілді күйінде (əлі күнге осылай) қалған этнос бұл –
орыстар. Сол санақ материалында орыстардың 1,6 % (4794 адам) қазақ
тілін екінші тіл ретінде меңгергені жəне 0,5 % (1521 адам) өзге тілдері
білетіні туралы мəлімет берілген.
298 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа2л9ы8
Көпұлттылық жағдайында тілді сақтап қалу мен оны дамытудың бір
жолы – қостілділік яғни екі тілді қатар меңгеру. Ұлтаралық қатынас құра-
лы мен ана тілді қатар не алма-кезек пайдалану екі тілдің өмір сүруін
қамтамасыз етеді. Өйткені тілдің тіл болып қалуы мен дамуының бір-
ден-бір шарты - оның іс жүзінде қолданылуы. Қолданысқа түспеген тіл
құриды. Тіл о бастан қолдануға жаралған, қолдану үшін де дамиды, даму
үшін де қолданылады. Өмірдің сан қилы саласында қай тіл жиі қолда-
нылса, соның болашағы мол.
Əдебиеттер:
1.Алматинская область. Итоги Национальной переписи населения Ре-
спублики Казахстан 2009 года. Том 2. Статистический сборник. /Под ред.
Смаилова А.А./ Астана, 2011. -162 с.
2.Алтынбекова О.Б. Этноязыковые процессы в Казахстане. Моногра-
фия. -Алматы: Экономика, 2006. – 416 С.
3.Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының 2011 жылғы
атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат. Алматы облысы əкімінің сайты:
http://www.zhetysu-dov.kz
4.Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2012 жылы 1 жар-
тыжылдықта атқарған жұмыстары туралы ақпарат. Алматы облысы
əкімінің сайты: http://www.zhetysu-dov.kz
5. Қасымберкебаев Т. Басым бағыт.// http://www.egemen.kz
3.3 Қазақстан Республикасының орталық жəне солтүстік ай-
мақтарындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі
Тіл дамытуды аймақтық тұрғыдан жоспарлау мəселесі. Белгілі бір
аумақта тіл проблемаларын анықтау халыққа жақын болғандықтан, ай-
мақтың «ауруын» іштен білетін жергілікті билік органдарымен қажетті
жұмыстар іске асырылады. Олардың əрқайсысында тіл проблемалары-
ның тиімді шешілуіне қарай, соңында мемлекеттің тіл саясатының нəти-
желігі көрінеді.
Мемлекетке экономикалық тұрғыда тек дербес қана емес, сонымен
бірге лингвистикалық тұрғыда дамыған аймақтар қажет. Кейбір аймақтар
тіл проблемаларын шешуге жақын болса, басқалары оны іске асыру ба-
рысында айтарлықтай қиындықтарды басынан кешіруде. Мұндай жағдай
Қазақстанның тіл дамыту барысында тепе-теңдікті (ассиметрияны)
сақтағандықтан, бірқатар жағымсыз жақтары да бар, ал оның нəтиже-
сі ретінде аймақтардың лингвистикалық тұрғыдан «теңестірілуі» болып
жатқан жоқ.
Лингвистикалық тұрғыда əртүрлі болып келетін аймақтар елдің тіл
дамыту барысына дисбаланс əкеледі. Мысалы, Қазақстанның он алты
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 299
мемлекеттік тілдің қызметі
миллион тұрғынынан 4 916 781 адам немесе 30,7% елдің орталық жəне
батыс аймақтарында тұрады. Халықтың бұл саны ішінде, 2009 жылы
жүргізілген халық санағы бойынша, мемлекеттік тілді меңгергендер –
2189861 адам немесе халықтың 44,5 пайызы. Ал егер осы жалпы сан-
ның 76,4% жергілікті этнос өкілдері екенін ескеретін болсақ, жоғарыда
аталған аймақтардың тек 23,6 % басқа ұлт өкілдері қазақ тілін қолда-
на алады екен. Бірақ сараптама көрсеткендей, олардың арасынан басым
көпшілігі тілді төмен деңгейде меңгерген. Бұл облыстарда мемлекеттік
тілді меңгеру бойынша қалыптасқан жағдай туралы толық мəлімет алу
үшін, соңғы екі халық санағының деректері бойынша жасалған келесі
таблицаға қарайық (5; 13).
1-кесте. Екі халық санағы (1999-2009) аралығындағы орталық
жəне солтүстік аймақтағы халықтың мемлекеттік тілді меңгеруі
1999 жыл 2009 жыл
Барлық
Облыстар тұрғын- Мемлекеттік тілді 15 жас жəне Мемлекеттік
меңгергендер одан жоға- тілді меңгер-
1. Ақмола дар саны, ры жастағы гендер саны,
2. Қарағанды % тұрғындар
3. Қостанай 836271 364256 %
4. Павлодар 1410218 43,6
5.Солтүстік 1017729 654227 576961 323845
Қазақстан 46,4 56,1
6. Астана 806983 399792
қаласы 725980 39,3 1063661 592734
Барлығы 319324 374522 55,7
5116505 46,4
264103 719634 326902
36,4 45,4
151424
47,4 599475 343998
34,2 57,3
482645 207812
43,0
491023 394570
80,3
3933399 32,8
Егер 1999 жылғы халық санағы бойынша аталған облыстарда мемле-
кеттік тілді меңгергендердің деңгейі 36,4 пайыздан бастап 47,4 пайызға
дейін болса, 2009 жылғы санақта ол айтарлықтай өсіп, 43 пайыздан 57,3
пайызға көтерілген. Мұнан мемлекеттік тілдің дамуындағы қарқынды іл-
герілеуді көруге болады. Бірақ мемлекеттік тілді меңгергендердің негізгі
бөлігін 76 пайыздан бастап 87,4 дейінгі пайызын түпкілікті ұлт өкілдері,
яғни қазақтар құрайды, қалған 12,6 - 24,0 пайызын өзге этнос өкілдері
құрайды. Өзге ұлт өкілдерінің басым көпшілігі қазақ тілін төмен дең-
гейде меңгерген [13]. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тіл – қазақ тілін
білмеуі алдымен олардың қызметтік дамуына кедергі жасаса, екіншіден,
300 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л0ы0
олардың тіл меңгеру деңгейінің төмендігі мемлекеттік тілдің қоғамдық
қызметінің дамуына да тікелей əсер етеді. Сондықтан да еліміздің əрбір
аймағында оның дамуына кедергі келтіретін негізгі себептерді жою жол-
дарын іздеу, оларды анықтау жəне зерттеу – бүгінгі күннің кезек күттір-
мейтін міндеті.
Мемлекеттік тілдің, сондай-ақ басқа тілдердің қоғамдық қызметінің
дамуына кедергі келтіретін үдерістің себебі қандай? Біздің ойымы-
зша, ең басты əрі маңызды себептердің бірі – мемлекеттік тілдің жəне
өзге тілдердің қоғамдық қызметінің белсенді дамуы жеткіліксіз, тілдік
жоспарлаудың кəмілсіздігі, ел аймақтарының лингвистикалық ахуа-
лының зерттелмегені, аймақтарда тіл үдерістерінің даму болжамының
жоқтығы. Республикалық деңгейде жасалып жатқан мемлекеттік бағдар-
ламаларда тіл мəселесін шешу барысында аумақтық аспект ескерілме-
ген. Ел көлемінде жоспарланған жəне өткізіліп жатқан шаралар нақты
деректерге негізделмеген (облыстардың, аудандардың, елдімекендердің,
түрлі ұйымдар мен мекемелердің ұжымында тіл ахуалы зерттелмеген).
Сондықтан мұндай тіл дамыту жұмыстары өзінің этнотілдік жəне тілдік
ахуалы алуан түрлі аймақтарды теңестірмейді жəне бұл олардың бірқа-
лыпты дамыун да қамтамасыз етпейді.
Орталық жəне Солтүстік аймақтың этнотілдік ахуалы. Өзінің
ұлттық құрамы жағынан Қазақстан – 130 этнос жəне диаспоралардан
тұратын көпэтнилық ел. Көптнстылық аймақтардың барлығыны дерлік
тəн десе болады, бірақ осыған қоса олар бір-бірінен əртүрлі этностар-
дың сандық көрсеткіштері жағынан, олардың орналасу ретімен, ұлттық
дəстүрлердің, мəдениетттің, олардың өзара əрекеттесуінің жетілу дең-
гейімен жəне т.б. ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы халқының этникалық құрамы жағынан қа-
рағанда: шығыс жəне батыс айматағы облыстар көбіне моноэтносты
болып келсе, елдің солтүстік, оңтүстік жəне орталық аймақтары поли-
этносты. Аталған аймақтарды лингвистикалық тұрғыдан қарағанда:
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде қазақтілді ортаның басым бо-
луынан мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кең, дамуы қарқынды болса,
солтүстік, шығыс жəне орталық аймақтарда орыстілді ортаның үстемдігі
байқалады, мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуында өзіндік про-
блемалар бар.
Əр аймақта, олардың əкімшілік-аймақтық бөліністерінде өзіндік тіл-
дік жəне этнотілдік ерекшеліктер қалыптасқан. Аймақтардың тілдік да-
муы осы жəне басқа да көптеген обьективті жəне субьективті фактор-
ларға байланысты.
Қазақстаннның қазіргі этникалық жағдайы анағұрлым күрделі болса,
соғұрлым динамикалы жəне қарама-қайшы. Елімізде тіл тұтынушылары
жүздеп саналатын да, ондап қана саналатын да этностар қатар өмір сүреді.