ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 301
мемлекеттік тілдің қызметі
Қазақстанның солтүстік жəне орталық аймақтары – тілдік алуандығы
жоғары деңгейімен сипатталатын үлкен аумақ жəне көптілділікке қаты-
сты бірегей орта болып табылады, себебі мұнда жалпы саны 4 916 781
адамнан құралған шамамен жүзден аса этнос өкілдері тұрады.
Аймаққа қарайтын облыстар Ресеймен өте жақын орналасқан. Ақмо-
ла, Қарағанды, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыста-
рында қазіргі этнотілдік ахуалы жоғарыда айтылып өткендей, көпэтно-
сты жəне алуан түрлі тілдік ортамен сипатталады. Республиканың басқа
аймақтарындай мұнда да генетикалық жəне құрылымдық жағынан бір-
тектес жəне əртектес тілдердің тұтынушылары өмір сүреді. Түрік тілі-
не жататын əртүрлі дəрежеде ішкі құрылымдарында ортақ сипаты бар,
бірақ əр алуан қызмет атқаратын тілдер де, табиғаты жағынан мүлде
өзгеше славян, герман, иран жəне т.б. тіл топтарына жататын тілдер де
бір-біріне əсер етіп, тілдік жағдайды күрделендіріп, орталық жəне сол-
түстік аймақтарының өзіндік полифониясын көрсетеді. Бұлар əлеумет-
тік-коммуникативтік жүйеде əртүрлі деңгейінде қолданылатын бірнеше
ондаған тілдердің қызметін атқарады. Айта кету қажет, «тілдік жағдай
көп жағдайда этникалық жағдайдың параметрлерімен қатарлас болып
келеді, бірақ айнадай параллелизм болмайды, себебі этностардың саны
мен тілдердің саны əрдайым дəл келмеуі мүмкін» [14, 33 б.].
Көптілділік аймақтың өзіндік лингвистикалық ерекшелігін танытады.
Тілдердің өзара ықпалдастығы, өзара əрекеттестігі мен бірін-бірі байы-
туы қазақстандық социумға тəн құбылыс болып табылады. Бірақ осыған
қоса көптілділік едəуір мөлшерде тіл саласындағы кейбір мəселелерді
күрделендіре түседі. Солардың ішінде аймақтардың əлеуметтік, этника-
лық жəне тілдік үдерістерінде үлкен əсер ететін бірнеше этностар бола-
ды. Олардың ішінде алғашқы ондыққа қазақтар, орыстар, украиндықтар,
белорустар, татарлар, немістер, шешендер, ингуштар, əзірбайжандар,
башқұрттар, молдавандар, поляктар, болгарлар жатады. Тұрғындардың
қалған бөлігін 80-нен астам этнос өкілдері құрайды.
Қазақтар. Қазақ халқы Қазақстанның орталық жəне солтүстік ай-
мақтарының барлық жерлерінде бар. Олар Қарағандыда – 46,3, Ақмолада
– 47,6, Қостанайда – 37,1, Павлодарда – 47,6 жəне Солтүстік Қазақстан
облысында – 33,2 пайызды құрайды. Олардың жалпы саны 2277937
адамды немесе 5 облыстың барлық тұрғындарының 46,3 пайызын құрай-
ды. Соның ішінен 1390501 немесе 61,1 % қалалық елдімекенде, 887436
немесе 38,9 % – ауылдық елдімекенде тұрады. Аймақта қазақтар осыдан
30 жыл бұрын (1979 жылғы санақ бойынша) 27,5 мен 72,5 пайыздың ара-
сында болған.
Қазақ тілі күнделікт өмірде барлық жергілікті тұрғын қазақтарының
ана тілі ретінде жəне ішкі ұлттық қарым-қатынаста тілдің байланыстың
негізгі құралы болып табылады. Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қоста-
302 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л0ы2
най, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары 43,0
пайыздан 57,0 пайызға дейін осы тілде сөйлейді жəне түсінеді.
Қазақ тілі аймақтағы облыстардың барлық аумағына таралған, деген-
мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында қолданылуында өзіндік ерек-
шеліктері бар. Зерттеу қорытындылары қазақ халқы сандық жағынан
басым келетін аудандарда өзге этнос өкілдерінің белгілі бөлігі (20-30%)
қазақ тілін жақсы білетінін жəне этносаралық байланыста жиі қолдана-
тынын көрсетсе, тұрғындар арасында үлес салмағы жағынан азшылықты
құрайтын кейбір қала қазақтары ұлтаралық байланыста ғана емес, со-
нымен қатар ұлтішілік қатынаста да орыс тіліне бейім екендігін көрсетеді.
Бұл орыстілді ортаның басымдылығымен жəне орыс тілінің үстемділі-
гімен əбден əдетке айналған сөйлеу ерекшелігімен түсіндіріледі. Деген-
мен қала қазағының басым көпшілігі өз ұлтының тілін ана тілі ретінде
кемінде тұрмыстық деңгейлегі негіздерін біледі. Аймақ халқының ба-
сым кқпшілігінің орыс тіл тəрізді макроделдал-тілге өтуін біз оқушы-
лардың, студенттердің, қызметкерлердің, кəсіпорын жұмысшыларының,
сонымен қатар ғылыми жəне шығармашылық зиялылардың күнделікті
ауызекі тəжірибесінен байқаймыз. Осыдан келіп, республикада өзінің та-
ралғандығына, демографиялық қуаттылығына қарамастан, аймақта қазақ
тілі күнделікті қатынастың өзінде орыс тіліне жол береді.
Халық санағының деректері бойынша, қазақтардың 92,1 пайызы би-
лингвтер болып табылады (басым көпшілігі ана тілін жəне орыс тілін
біледі), 17,5 пайызы үш жəне одан да көп тілді білетін полингвтер, 8,0
пайызы монолингвтер. Біртілділерге, көбіне, бір бөлігі орыс тілін біл-
мейтіндер (оралмандар) жəне бір бөлігі – ана тілін білмейтін қазақтар
жатады.
Орыстар. Зерттеу нысаны болып отырған аймақтардағы ең ірі этнос
орыстар болып табылады. Жалпы Қазақстанға орыстар Столыпин рефор-
масы кезінде қоныс аударылған болатын, бірақ олар ел аумағында əрқалай
орналастырылды. 1926 жылдағы халық санағының деректері бойынша
басым бөлігі (1275654 адамнан) шамамен 62,2 % Ақмола (394113 адам)
жəне Семей (399257 адам) облыстарына келді. Басқа облыстарда олар-
дың саны анағұрлым аз болды. Сонымен, Ақтөбе облысында – 43812,
Сырдария – 82392, Оралда 127388 адам жəне т.б.
Қазіргі таңда біз қарастырып отырған аймақтағы орыстардың жалпы
тұрғындар ішіндегі үлес салмағы 38,4 % (1 885 605 адам) құрайды, ба-
сым көпшілігі қалалық жерлерде тұрады. Аймаққа қарайтын облыстар
бойынша орналасуы мен үлес салмағы төмендегіше: Қарағандыда – 39,5
%, Ақмолада – 35,8 %, Қостанайда – 43,0 %, Павлодарда – 38,8 % жəне
Солтүстік Қазақстан облысында – 50,4 %.
Этнотілдік ахуалға этностардың қоныстану жағдайы мен тілдерінің
таралу сипаты үлкен əсер етеді, сонымен қатар олар белгілі бір ареал-
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 303
мемлекеттік тілдің қызметі
да қостілділіктің түрлі типінің қалыптасуының қайнар көзі де болып
табылады. Орыс тілі қазақ тілі сияқты социумның əлеуметтік өмірінің
маңызды деген салаларынданда максималды қоғамдық қызмет атқа-
ратын аймақта кең таралған тілдердің бірі болып табылады. Ол – жер-
гілікті өзін-өзі басқару органдарында жəне мемлекеттік ұйымдарда қазақ
тілімен қатар ресми қолданылатын тіл.Орыс тілінде орталық жəне сол-
түстік облыс тұрғындарының шамамен 97,0 % сөйлейді.
Орыстар өз этносының тілін жүз пайыз шамасында меңгерген. 75,0
% – біртілді, яғни тек орыс тілін біледі. Қостілдісі – 37,9 %, солардың
ішінде мемлекеттік тілді білетіндердің үлесі – 25,3%, ағылшын тілін ‒ 1
2,6 % біледі.
Аймақ тұрғындарының барлығы дерлік орыс тілін біледі. Айта-
лық, қазақтардың 92,1 %, украиндықтардың 97,1 %, немістердің 99,3
%, татарлардың 98,4 % , əзірбайжандардың 97,3 % орыс тілінде еркін
сөйлейді. Бұл аталған этностар ғана емес, аймақтағы басқа да этностар
үшін осы тілді жоғары деңгейде меңгеру тəн. Аймақ тұрғындарының
басым көпшілігі осы тілде түсінеді, еркін оқи алады жəне жаза ала-
ды. Оның таралуына түрлі объективті жəне субъективті əлеуметтік-та-
рихи факторлар əсер етті жəне солардың бірі Қазақстанның геосаяси
жағдайы болып табылады. Шекараның жақындығы, соған сəйкес, ше-
карасы шектес облыстардың тұрғындарымен мəдени, ғылыми, эконо-
микалық, сауда, тұрмыстық жəне түрлі басқа да байланыстар социумда
орыс тілінің белсенді қызмет етуіне ықпал етеді. Бұдан өзге, Ресей Фе-
дерациясы басқармаларымен, ТМД елдерімен мемлекеттік деңгейде-
гі үнемі қоян-қолтық байланыстар аймақта, жалпы Қазақстанда орыс
тілінің тұрақты дамуына үлкен мəн беріледі. Негізгі этникалық ота-
нынан оқшауда қалған орыс диаспорасының тілін сақтап, насихаттап
қолдау мақсатын көздейтін Ресейде орыс тілін қолдау бойынша арнайы
Комитет құрылған.
Орыс тілі қазіргі кезде аймақта жəне күллі Қазақстанда əлеуметтік қа-
тынастың барлық саласында қызмет ететін макроделдал-тілге айналды.
Базалық демографиялық қуаты бойынша қазақ жəне орыс тілдерінің іс
жүзінде маңызы бірдей, бірақ орыс тілінің коммуникативтік қуаты жоға-
ры деңгейде қала береді. Тіпті тек қазақ халқы ғана қоныстанған моноэт-
никалық аудандардың өзінде аудандық, ауданаралық, облыстық, облыса-
ралық, республикалық басқармалармен ресми хат алысуларда орыс тілі
əлі де белсенді қолданылатынын айта кету қажет.
Аймақтағы сандық үлесі жағынан келесі орынды украиндар алады.
Қазақстанда украиндар 19 ғасырдың соңында 86,7 мың адам (1897 жылғы
халық санағы) болды, соның ішінде Семей губерниясында 3,2 мың адам,
Ақмолада – 51,1 мың адам болған. Бірақ 1926 жылғы санақ деректерінде
украиндықтардың жалпы саны 860201 адам деп көрсетілген. Олардың
304 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л0ы4
негізгі бөлігі үш аймақта – солтүстік, орталық жəне шығыс – аймақта
қоныстанды. Павлодар уезінде – 69027 украин, Өскеменде – 24158, Көк-
шетауда – 103512, Петропавлда – 96938 украин болған.
Бүгінгі күні де олар бұрыңғыдай Қазақстанда жəне оның аймақта-
рында үлес саны жағынан алғашқы ондыққа енетін этностар қатарына
жатады. Украиндардың жалпы саны - 333031 адам, республика халқы-
ның 2,1 % құрайды. Украиндар ел аумағында орналасуы біркелкі емес.
Олар негізінен қалада немесе қала типтес ауылды жерлерде көбірек қо-
ныстанған. Украиндардың 63,6 % қала тұрғындары болып табылады, ал
36, 4% ауылдық жерлерде тұрады.
Қазақстанның орталық жəне солтүстік аймағында украин этносының
255915 өкілі тұрады. Аймақтағы украиндардың басым бөлігі, яғни 97,1
% орыс тілін біледі. Өз ұлтының тілін ана тілі ретінде меңгергендері бар-
лық украиндардың тек – 17,5 % ғана құрайды, мемлекеттік тілді – 21,5 %,
шет тілін 8,0 % меңгерген.
Украин тілі славян тілні шығыс-славян тобына жатады жəне украин
ұлтының ана тілі болып табылады. Украин тілі көбіне этноішілік, соның
ішінде отбасыішілік қатынаста ғана қолданылады, оның өзінде осы эт-
нос өкілдерінің азғантай бөлігіне ғана қызмет етеді. Күнделікті өмірде
басым көпшілігі орыс тілін қолданады. Сонымен қатар бұл тіл олардың
тығыз орналасқан жерлерінде балаларды оқытатын тіл болып табылады;
кейбір жалпы білім беретін мектептерде, сонымен қатар кешкі мектеп-
терде білім беру украин тілінде жүретін топтар бар.
Белорустар орыстар жəне украиндармен бірге шығыс славяндарға
жатады. Қазақстанға олардың қоныстануы 20 ғасырдың басында, Сто-
лыпиннің аграрлық реформасы кезіннен басталады. 1926 жылғы са-
нақ деректері бойынша Қазақстанда 25584 белорус болса, бұл барлық
тұрғындардың 0,4 % құрады. Осының ішіндегі 19722 адам (77,1 %) ел-
дің солтүстік, орталық жəне шығыс аймақтарында тұрды, ал Павлодар
уезінде олардың саны 3077 жетті, Ақмолада – 1792, Көкшетауда – 3478,
Петропавлда – 2832, Өскеменде – 1905, Семейде – 3552. Қазақстанда бе-
лорустар санының артуы 1939-1959 жылдардағы санақтардың арасында
байқалды. 50-ші жылдары Қазақстанға он мыңдаған адамдар тың жəне
тыңайған жерлерді игеруге келді. Сол жылдары тың игеру облыстарын-
да белорус халқы 7 есеге артқан. Нəтижесінде 50-ші жылдардың соңын-
да белорустардың шамамен 60% республиканың солтүстік аймағында
тұрған. Белорустар санының артуы (84,7 %) 60-шы жылдары да жалға-
сты. Ал 70-шы жылдары келімсек этностардың, оның ішінде белорустар-
дың да республикадан кері қайтуы басталды. Тыңды игерген адамдар
елдеріне қайта бастады.
Қазіргі таңда республикада 66 476 белорус тұраса, оның басым
көпшілігі 56 495 адам, немесе 85 пайызы бұрыңғыдай елдің жоғары-
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 305
мемлекеттік тілдің қызметі
да аталған аймақтарында қоныстанған. Айталық, Ақмола облысында
– 11927 белорус, Қарағандыда – 13370, Қостанайда – 15171, Павлодар-
да – 5419, Солтүстік Қазақстанда – 6856 адам. Белорустардың басым
көпшілігі, шамамен 85,5 % қалалық жерлерде қалған 14,5 % ауылдық
жерлерде тұрады.
Аймақтағы барлық белорустардың ішінен тек 14,4 пайызы ғана өз
ұлтының тілін ана тілі ретінде меңгерген, қалғаны орыс тіліне біржола
ауысқан. Белорус тілінің таралу саласы тар: негізінен ол этнос ішінде
жəне отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста ғана қолданылады. Бала-
лар мен ересектерге тарихты, əдебиетті жəне басқа да бірнеше пəндерді
ана тілінде оқытатын ұлттық қайта өркендеу мектебінде оқу тілі ретінде
қызмет етеді.
Жоғарыда айтқандай белорутсардың басым бөлігі, яғни 98,8 % орыс
тілін меңгерген, мемлекеттік тілді білетіндері – 18,6 %, ағылшын тілін
меңгергендері – 6,8 % құрайды.
Татарлар – түріктілдс халықтардың бірі. Бүгінгі таңда елімізде 204
229 татар этносының өкілдері тұрады. 1897 жылғы деректе Қазақстан
мен Қырғызстанда олардың жалпы саны 55,9 мың адам болса, 1926
жылғы халық санағының мəліметінде татарлардың саны 79758 адамға
жеткен. Солардың ішінде 41568 адам яғни елімізде қоныстанған барлық
татарлардың 52,1 пайызы тұрғылықты жері ретінде солтүстік, орталық
жəне шығыс аймақтарын таңдаған. Мысалы, Ақмола уезінде олар 2346
адам болса, Көкшетауда – 3181, Петропавлда– 11249, Семейде 11180,
Өскеменде – 2133, Қостанайда – 4605, Павлодарда – 2160 жəне т.б.
Татар тілі аймақта негізінен этносішілік жəне отбасылық-тұрмыстық
қарым-қатынас саласында қолданылады. Қазіргі таңда аймақта 99 749
татар тұрады. Олардың 74,6 % қалалақ жерлерде, 24 % ауылдық жерлер-
де қоныстанған. Аймақ татарларының 37,1 % өз ұлтының тілін ана тілі
ретінде меңгерген.
Аймақта татар тілі оқу тілі ретінде ұлттық қайта өркендеу мектебінде
қолданылады. Татарлардың 72,5 % (126187 адам) қазақ тілін меңгерген,
əсіресе ауылдер жерлерде тұратын егде жастағылар қазақ тілін этносара-
лық қатынаста, күнделікті тұрмыста жиі қолданады. Татарлардың 98,4 %
орыс тілін, 14,5 % ағылшын тілін біледі.
Немістер. Немістер Қазақстандағы батыс-еуропалық этнос өкіл-
дерінің бірі болып табылады. 1897 жылғы халық санағының деректері
бойынша немістердің саны 7049 адам болған. Олар негізінен республи-
каның солтүстік-шығыс өңірін, бірінші кезекте Ақмола губерниясын ме-
кендеген. Мұнда 4791 неміс қоныстанған, Семейде – 100, Сырдарияда
– 1887, Торғайда – 70, Жетісуда – 40, Оралда – 161. Осы мəліметтерден
көріп отырғанымыздай Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарында
олардың жартысынан астамы, яғни 69,3% қоныстанған. 20 ғасырдың 20-
306 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л0ы6
шы жылдарының ортасында (1926 жылғы санақ бойынша) немістердің
саны 51094 адамға жетеді жəне 89 % өздерінің тұрғылықты тұратын
жері ретінде елдің солтүстік жəне шығыс өңірін таңдаған. Солтүстік
аймақтағы неміс халқының шоғырлану үрдісі кейіннен де байқалады.
Сонымен, 1939 жылғы санақ мəліметтері бойынша немістер 92571 адам
болған, ал 1959 жылы олардың саны 659751 дейін артқан.
Соңғы халық санағының (2009ж) мəліметінде Қазақстандағы немі-
стердің саны 178 409 адам, ал 1989 жылғы халық санағында олар 957 518
адам болған, мұндағы адам санының кемуі олардың 90-шы жылдардан
бастап жаппай тарихи отанына оралуына байланысты. Неміс диаспора-
сының 75,8 % (135311адам) зерттеу нысаны болып отырған аймақтарда
тұрады. Аймақтағы немістердің ауылдық жəне қалалық жерлерге қоны-
стануы шамамен тең, сəйкесінше 49,9 жəне 50,1 пайызды құрайды.
Неміс тілі батыс-герман тілдер тобына жатады. Аймақта немістердің
тығыз орналасқан жерлерінде ішкіэтникалық жəне отбасылық-тұрмы-
стық қатынас құрал ретінде, сонымен қатар кейбір жағдайларда этно-
саралық қатынас тілі ретінде де қызмет етеді, себебі кезінде неміс тілі
шет тілі ретінде бірнеше жыл бойы аймақта көптеген оқу мекемелерінде
оқытылып келеді, білім саласында оқу тілі ретінде қызмет етті. Сонымен
қатар бұл тіл БАҚ-та (газет, радио, теледидарда) қолданылады.
Немістердің арасында меңгерген орыс тілін есептемегенде, тілді
меңгеру көрсеткіші жоғары емес. Басқа тілдерге қатысты мəселе күрделі.
Бүгінгі күні немістердің өз ұлтының тілін ана тілі ретінде меңгергендері
17,0% ғана. Түгелге дерлігі орыс тіліне ауысқан, яғни 99,3% орыс тілін
біледі, 24%. мемлекеттік тілді меңгерген, шамамен 33,8% – қостілді,
олардың арасында неміс-орыс, неміс-қазақ, орыс-қазақ қостілділік түр-
лері дамыған.
Шешендердің Қазақстан аумағына қоныстануы ХХ ғасырдың орта-
сынан басталады. Айталық, 1926 жылғы халық санағының мəліметінде
Қазақстанда шешенэтносының тек үш азаматын ғана тіркелген. Одан
кейінгі халық санағында (1939 жыл) республикадағы шешендердің саны
2639 адам болған.
Соңғы халық санағының (2009ж) мəліметінде республикадағы ше-
шендер саны - 31431 адам. Олардың 43,3% (13483 адам) республиканың
солтүстік, орталық аймақтарында тұрады. Шешен тілі кавказ тілдерінің
нах тармағына жатады. Шешен диаспорасының 77,8% өз ұлтының тілін
ана тілім деп санайды, 98% орыс тілін біледі, мемлекеттік тілді 56,4%
меңгерген, 11% ағылшын тілін меңгерген.
Əзірбайжандар да шешендер сияқты Қазақстанға кейін ғана қоны-
станған. Мысалы, 1926 жылғы бүкілодақтық халық санағының дерек-
терінде небəрі 46 əзірбайжан тіркелген. 30-шы жылдардың соңында олар-
дың саны шамамен 13 мыңға дейін артты. Əзірбайжандардың көпшілігі
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 307
мемлекеттік тілдің қызметі
елдің оңтүстігінде, негізінен Оңтүстік Қазақстан жəне Жамбыл облыста-
рында тұрады.
Қазіргі таңда (2009 ж) елде 85292 əзірбайжан тұрса, олардың 82,0%
республиканың оңтүстік жəне батыс аймақтарында жəне 18,0% (15387
адам) солтүстік, орталық жəне шығыс аймақтарында қоныстанған. Зерт-
теліп отырған аймақта олардың 84% қалалық жерлерде тұрады.
Əзірбайжан тілі түрік тілінің оңтңүстік-батыс бұтағына жатады. Өз
ұлтының тілін ана тілі ретінде 73,4% əзірбайжандар біледі. Олардың
81,2% мемлекеттік тілді біледі. Басқа ұлттардағыдай орыс тілін меңгеруі
жоғары деңгейде – шамамен 97 % [5].
Басқа ұлт өкілдері. Орталық жəне солтүстік аймақта жоғары аталған
этностардан басқа көптеген халық диаспоралары бар. Олар: корейлер,
поляктар, қырғыздар, өзбектер, ингуштар, қарашайлар, грузиндер, ар-
мяндар, тəжіктер, ұйғырлар т.б.. Аймақта бұл этностық топтар өте аз,
көбіне шашыраңқы қоныстанған. Бұл этнос өкілдері күнделікті тұрмы-
ста көбіне орыс тілін қолданады.
Мемлекеттік тілдің орталық жəне солтүстік аймақтардағы əлеу-
меттік өмірінің түрлі салаларындағы қызметі. Елдің қоғамдық-эко-
номикалық өмірінің күллі салаларындағы қарым-қатынастың маңызды
құралы тіл болып табылады. Тілдің даму деңгейінің басты көрсеткіші
ішкі құрылымдық жағы ғана емес, сол арқылы жүзеге асып жатқан
қоғамдық қызметінің көлемі болып табылады. Сондықтан да мемлекет-
тік тіл мəртебесіндегі қазақ тілінің қоғамдық қызметінің болашақтағы
дамуы мен қолданылу аясын анықтау маңызды болып табылады. Ол
үшін зерттеу нысаны ретінде алынып отырған орталық жəне солтүстік
облыстарының əлеуметтік өмірінің əртүрлі салаларындағы мемлекеттік
тілдің қоғамдық қызметінің көлемін белгілеу қажет. Тілдердің қоғамдық
қызметінің көлемін анықтау жəне олардың əрі қарай дамуын жоспарлау
мемлекеттің тіл саясатының маңызды проблемасы болып табылады.
Елдің орталық жəне солтүстік облыстарында қазақ жəне орыс тіл-
дерінен басқа тілдердің қоғамдық қызмет ауқымы тар немесе нашар
дамыған. Өйткені бұл тілдер көбіне отбасы жəне этносішілік қарым-қа-
тынаста ғана, оның өзінде ішінара ғана қолданылады. Бұл ең алдымен,
осы тілдің иелерінің санының аздығымен жəне аймақта шашыраңқы қо-
ныстанғандығымен түсіндіріледі. Тілдерді дамуытудағы айырмашылық
олардың тең құқықты жағдайына қайшы келмейді, бірақ жоғарыда атап
көрсеткендей, бірқатар объективті факторлармен түсіндіріледі жəне
олардың ішіндегі негізгісі – сандық фактор (этнос өкілдерінің санына
қарай) болып табылады. Сондықтан да барлық тілдердің əлеуметтік қыз-
метін шексіз кеңейту туралы немесе оларды қолдану салалары бойынша
теңестіру туралы мəселе қойылмайды. Осылардың ішінде өзінің консти-
308 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л0ы8
туциялық мəртебесіне сай қоғамдық қызметін барынша дамытуға тиіс
қазақ тілін туралы айту басқа мəселе.
Тілдердің қоғамдық қызметінің көлемі, атап кеткендей, əлеумет-
тік өмірдің салаларында қолдануымен анықталады. Қазіргі таңда бізді
толғантатыны аймақтағы қазақ тілінің өмір салаларындағы қолданылу
ауқымы мен қызметтік жүктемесі.
Біз зерттеу жұмысының ауқымына сəйкес Қазақстанның орталық
жəне солтүстік аймақтарындағы қоғамдық өмірдің барлық салаларды
сипаттау мүмкін емес болғандықтан, социумның кейбір маңызды деген
салаларына ғана тоқталдық
Мемлекеттік басқару саласы. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бар-
лық аумағындағы қоғамдық қарым-қатынастың барлық салаларында
жүргізілетін мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісі жəне іс қағаздарын
жүргізу тілі [4, 6 б.]. Кез келген мемлекет биліктің үш тармағынан:
атқарушы, заң шығарушы жəне сот билігінен тұрады. Биліктің аталған
түрлерінде мемлекеттік тілді міндетті түрде қолдану – Қазақстан заңна-
маларының жəне əлемнің басқа да елдерінің айнымас талабы. Бірақ мем-
лекеттік тілді қолданудағы заң талабын мүлтіксіз орындауға міндетті бұл
маңызды салада заңның осы талабын орындау əлі де ақсап келеді.
Тіл туралы заңның қабылданған күнінен бастап қазақ тілін мемлекет-
тік басқару саласына енгізу қажеттігі бүгінге дейін шешілмеген мəселе
күйінде қалып отыр. Атап айтқанда қазіргі таңда елдің орталық жəне сол-
түстік аймақтарында бұл салада мемлекеттік тілдің қолданыс аясының
ілгерілеуі болмай-ақ қойды. Қазақ тілі əкімшілік басқару органдарында
да, сот ісін жүргізу саласында да, іс қағаздарын жүргізу саласында да
мəртебесіне лайықты қолданыла алмай келеді. Қазақ тілін оқып-үйрену
жəне қолдану көп жағдайда формалды сипатқа ие, негізінен іс құжатта-
рын орыс тілінен қазақ тіліне көшірумен шектеледі жəне ең бастысы, тек
аудармашылардың күшімен ғана күн көруде. Мысалы, Павлодар облы-
сында түрлі деңгейдегі қызмет атқарып жатқан 30 облыстық басқарма,
түрлі комитеттер мен департаменттердің, 14 сот органы, 14 прокурату-
раның қызметтік хат алмасу, ісқағаздарын жүргізу, реми іс-шараларды
жүргізуіндне əлі де орыс тіліне басымдылық беріліп келеді. Əрине, фор-
малды түрде болса да мемлекеттік тілді қолдану элементтері бар.
Қазіргі таңда аймақтағы əрбір облыстық, қалалық, аудандық, жəне
кент немесе ауыл əкімдіктеріндегі мемлекеттік қызметкерлердің 60-80
пайызын қазақтар құрайды. Бірақ қазақ халқының саны жоғары аудан-
дарды санамағанда, қазақ тілін қолдану екінші орында тұр, себебі барлық
құжаттар орыс тілінде дайындалады, сосын аудармашылардың күшімен
мемлекеттік тілге аударылады.
Білім саласы. Білім беру саласы əруақытта тілдің өмір сүруі мен
қызмет етуінің негізгі салаларының бірі болып қала береді. Сондықтан
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 309
мемлекеттік тілдің қызметі
кез келген мемлекеттің тіл саясатында өскелең ұрпақты тілдік даярлау-
да, мемлекеттің келешегі байланысты болатын іс-шараларды жүргізуде
білім беру саласы орны ерекше маңыздылыққа ие болады. Өйткені ана
тілін, мемлекеттік тілді жəне басқа тілдерді игерудің алғашқы негіздері
дəл осы балалық шақта жəне мектеп жасында қалыптасады (отбасында,
мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте жəне күнделікті тіл ортасын-
да).
Мектепке дейінгі мекемелер. Бөбекжайлар, балабақшалар тілдерді
дамытудың негізгі ошақтарының бірі болып табылады. Түпкі нəти-
жеде қоғамның тілдік тəжірибесін айқындайтын адамның тілдік мі-
нез-құлығының басымдықтары мен бағдарлық негіздері балалық шақтан
бастау алатыны белгілі. Қоғамның сөйлеу тəжірибесінде белгілі болған-
дай, сөйлеудің негізгі игерілетін машықтарын жүйелі түрде меңгеру ерте
жаста басталады екен. Балалар бір мезгілде бірнеше тілдің негіздерін еш
қиындықсыз меңгеруге қабілетті. Бұл – тілдік тұлғаны дамытудың ең
жемісті кезеңі. Мұның дəлелді үлгісі – қазақ балаларының қостілділігі
(билингвизм), олар үшін сөйлеу барысында бір кодтан екіншісіне ауысу
жəне бұл жағдайда ешқандай психологиялық, ақыл-ой, дене бітімі кедер-
гілерін сезінбеуі табиғи нəрсе болып табылады. Одан əрі тілдік дамуы
барысында қалыптасқан табиғи жəне жасанды тілдік ортаға байланы-
сты түрлі тілдерде сөйлеу қабілетін мақсатты түрде нығайту қажет. Сон-
дықтан тілдік тəрбие мен дамытуды, баланы қоғамның сөйлеу қызметіне
тартуды ерте жастан бастау маңызды.
Кеңестік кезеңде мектепке дейінгі мекемелерде орыс тілін дамытуға
үлкен маңыз берілетін. Мысал ретінде Павлодар облысын алайық. 50-
ші жылдардың басында бұл аймақта 500 бала тəрбиеленетін 18 мектеп-
ке дейінгі мекеме жұмыс істеген. Облыстың ауылды жерлерінде 80-ші
жылдары 20,5 мыңды қамтыған 264 бөбекжай болды. Ең көп балалар
мекемелері 1990 жылы тіркелген, ол кезде олардың саны 571-ге жетіп,
тəрбиеленетін балалар саны 77 мыңды немесе барлық мектепке дейін-
гі жастағы балалардың 65 пайызын құраған. Ірі қалаларды айтпағанның
өзінде, əрбір шағын елдімекенде дерлік түрлі ұлттың балалары орыс
тілінде тəрбиеленді. Қазақстан тəуелсіздігін алған соң, 90-шы жылдар-
дың басынан қазақтілді мектепке дейінгі мекемелер дами бастады. 1994
жылы облыста жалпы тəрбиеленуші балалар саны 68,5 мыңды құрайтын
562 мектепке дейінгі мекеме болды. Олардың көпшілігінде негізгі тəрбие
мен оқыту тілі орыс тілі болып қалғанымен, қазақ тілі сабақтары енгізіле
бастады. Мемлекеттік тілде тəрбие мен білім беретін балабақшалар
ашылды. Осылайша олардың саны жалпы облыс бойынша 25 мекемеге
жетті, бұл бастапқы кезеңде жаман көрсеткіш емес еді. Өкінішке орай,
балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің желісі соңғы жылдары күрт
қысқара бастады. Екі жылдан кейін-ақ олар 286-ға жетті, ал 2001 жылы
310 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л1ы0
не бəрі 10,3 мың баланы қамтыған 65 мектепке дейінгі мекеме ғана қал-
ды. Қазіргі уақытта негізінен үш қала мен аудан орталықтарында жəне
ең ірі елдімекендерде орналасқан 73 мектепке дейінгі мекеме жұмыс
істейді, онда 11 мың бала тəрбие жəне біліммен қамтылған. Айталық,
облыс орталығы – Павлодар қаласында тек 8 балабақша мен бөбекжай
бар, ал 10 аудан орталығында – бір-екіден ғана. Тіпті қалалар мен ау-
дан орталықтарында да жеткіліксіз мөлшерде жұмыс істейді, бұл ондағы
қажеттілікті қанағаттандырмайды. Ауылдық мекендерде балабақшалар
бірен-саран ғана сақталған. Мектепке дейінгі жастағы балалардың не-
гізгі құрамы қазіргі уақытта балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне
бармайды. Көптеген қазақ балалары ана тілінде тəрбиелену мүмкіндігі-
нен айырылған, осының салдарынан орыстілді болып өсуде. Қолда бар
80 балабақшаның ішінде бүгінгі күні 22 балабақша мемлекеттік тілде
жұмыс істейді. Əрине, бұл жерде соңғы онжылдықтың əлеуметтік-эконо-
микалық шындығын ескеру керек. Мектепке дейінгі мекемелердің күрт
қысқаруы ауыр экономикалық дағдарысқа байланысты жəне ол балаларға
ана тілін, сонымен қатар мемлекеттік тілді үйрететін табиғи мүмкіндікті
қолдан шығарып алуға алып келді. Бірақ мұндай ахуалдың нəтижесінде
павлодарлық қазақ жастарының белгілі бір бөлігі өз ұлтының тілін біл-
мейді, мұның қарапайым жалғыз себебі, олар ерте жастан қазақ тілінде
сөйлеуді үйренбеген. Балалар, ең алдымен, ана тілін, тек соның негізін-
де ғана екінші тілді меңгеруі тиіс. Мектепке дейінгі мекемелер екіжақты
қостілділіктің алғашқы əліппесін үйретуге бейім. Сондықтан мектепке
дейінгі жастағы балалардың мемлекеттік тілді үйренуіне аз көңіл бөлу
кешірімсіз. Қазір мектепке дейінгі мекемелерді қайта сауықтыруға əре-
кеттер жасалуда, бірақ жұмыстар өте жеткіліксіз түрде жүргізілуде, қазақ
тілінде тəрбие беретін балабақшаларға сұраныс барына жəне мұнда жақ-
сы мүмкіндіктердің негізі қаланғанына қарамастан, оларды ашуға бағыт-
талған кең ауқымды, батыл əрекеттер жоқ.
Түрлі этностар арасында өз балаларын қазақтілді мектепке дейінгі
мекемелерде оқытқысы келетіндер барған сайын көбейіп келеді, бірақ
олардың болмауы, тұратын жерінен қашықтығы немесе балабақшалар-
дағы орынның шектеулілігі мектепке дейінгі жастағы балаларды мемле-
кеттік тілге тартуда тежеуіш себеп болып отыр.
Демек, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету
мəселесін шешу – əлеуметтік қана емес, саяси да міндет. Балалардың
мектепке дейінгі мекемелерінің желісін дамыту қоғамның жəне, ең ал-
дымен, өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге
асыру міндеті жүктелген жергілікті атқару органдарының қатаң қамқор-
лығына алынуы тиіс. Балалардың мектепке дейінгі мекемелері тілдік
заңнаманы жүзеге асыру ісіндегі маңызды тетік болып табылады, себебі
ұжым туралы, айналадағылармен өзара қарым-қатынас туралы алғашқы
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 311
мемлекеттік тілдің қызметі
түсінік дəл сонда қалыптасады, қоғамдағы тілдік іс-əрекеттің негіздері
қаланады. Жергілікті жерлерде осы саладағы жағдайды жан-жақты зерт-
теп, аймақтық жəне жергілікті тілдік бағдарламаларды жоспарлау кезін-
де міндетті түрде, əсіресе қазақ тілінде білім мен тəрбие беретін мектеп-
ке дейінгі мекемелер желісін кеңейтуді қарастыру қажет.
Мектеп. Мектеп – тілдерді жəне бірінші кезекте ана тілін дамыту-
дың басты тірегі. Тілдік дайындықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру-
да үшін барынша үлкен жауапкершілік жалпы білім беру мектептеріне
жүктеледі. Түрлі ғылымдар бойынша, соның ішінде тіл меңгеру негіздері
дəл осы мектептерде қаланады. Лингвистикалық бағдар беруді, тұлға-
ның қоғамдағы тілдік іс-əрекетін көп жағдайда мектеп айқындайды. Осы
жағдайды ескере отырып, кез келген мемлекет білім беру жүйесін басқа-
руға, қоғамдағы жүріп жатқан тілдік үдерістерге саналы түрде білім беру
мекемелері арқылы ықпал етуге ұмтылады. Тілдік саясатты жүзеге асы-
руда билік мектепті алға қойылған мақсаттарды шешудің негізгі тетік-
терінің бірі ретінде белсенді пайдалануға тырысады. Барлық уақытта да
осылай болған.
Қазақ тілі қазір мектепте білім беру саласында бұрынғыдан белсен-
дірек іске қосылған. Ол білім берудің негізгі тілдерінің біріне айналып
келеді. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі біртіндеп арта
түсуде. Соңғы жылдары қазақ тілінде білім беретін мектептер санының
өсу қарқыны байқалады. Мысалы, тілдер туралы алғашқы заң қабыл-
данғанға дейін Павлодар облысында 1989 жылы қазақ тілінде білім бе-
ретін 61 мектеп, 106 аралас мектеп болған. Ал 1994 жылы 12542 (7,6 %)
оқушы оқитын 116 қазақ мекебі болды, 2003 жылы олардың саны 39948
баланы немесе барлық оқушылардың 33,2 % қамтыған 145 мектепке жет-
ті, яғни 15 жылда облыста қазақ тілінде білім беретін жалпы білім беру
мектептерінің саны 84-ке көбейді. Егер 1985-1986 оқу жылдарында қазақ
балаларының жалпы санының тек 7,6% ғана қазақ мектептеріне барса,
1997 жылы бұл көрсеткіш – 55%, ал 2001 жылы 55,4 % жетті (бұл – 73
131 оқушы қазақ балаларының 40 512-сі). Келтірілген сандардан көріп
тұрғанымыздай, қазақ балаларының айтарлықтай бөлігі (44,6 %) білім
мен тəрбиені əлі орыс тілінде алуда. Бұл – Қазақстанның солтүстік ай-
мақтарындағы шешілмеген мəселелердің бірі. Негізгісі – мектептер са-
нының жетіспеушілігі болып табылады. Оқушылар санының үздіксіз
өсуі осы білім беру мекемелеріне қажеттіліктің артып бара жатқанын
дəлелдейді. Қазақ мектептері санының артуы – заманауи қазақстандық
қоғамның қажеттілігі. Жақын болашақта қазақ тілінің қоғамдық қыз-
метінің кеңеюі мектепке дейінгі мекемелер жəне қазақ тілінде оқытатын
мектептер желісін көбейту жолымен жүзеге асатындығын түсінеміз. Сон-
дықтан егер негізгі контингентті байырғы ұлттың балалары құрайтын
болса, барлық қажетті жағдайларды жасап, кезең-кезеңмен мемлекеттік
312 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л1ы2
тілде оқытуға көшіру қажет деп санаймыз. Бұл үдерісте қазақ тұрғында-
рымен қатар, басқа да əртүрлі этнос өкілдерінің қалауымен ана тілінде
балаларын оқытуға мүдделері көрінеді жəне ескеріледі. Бұл – толық та-
биғи қалау. Көптеген ата-аналар олардың балалары дүниеге келген, олар
өмір сүріп, оқитын жəне жұмыс жасайтын елдің ана тілін меңгеру қа-
жеттігін түсінеді. Бұл – азаматтардың елдің Конституциясымен бекітіл-
ген құқығы жəне ол қамтамасыз етілуі тиіс. Соңғы жылдары өзге этнос
азаматтары көптеп өз балаларын қазақ балабақшалары мен мектептеріне
беруде. Егер 1999-2000 оқу жылдарында Павлодар облысының мектеп-
терінде 229 өзге этностың балалары оқыса (мысалы, Май ауданында –
106, Баянауылда – 45, Екібастұзда – 3 жəне т.б.), онда облыстық білім
беру департаментінің 2011-2012 оқу жылдарына берген есебі бойынша,
олардың саны 1156 білім алушыға дейін өскен. Келтірілген сандар қа-
зақ мектептерінде білім алатын өзге этнос өкілдерінің санының үздіксіз
өсуін куəландырады. Əрине, сандар өте үлкен емес, бірақ олар қазақ емес
халықтар аумағының балаларын мемлекеттік тілде оқытатын мектептер-
ге беру ұмтылысынының өсу ортасын көрсетеді. Сонымен қатар елдің
басқа аумақтары секілді облыста оқыту тілдері қазақ тілі, орыс тілі де
болып табылатын 150 аралас мектеп бар. Аралас мектептер білім ала-
тын контингенттің жетіспеушілігінен бір тілде оқытатын мектептер ашу
қиындығы туындаған жерлерде ашылған. Əлеуметтік лингвистикалық
тұрғыдан қарағанда мұндай мектептер өзін толықтай ақтамайды. Мек-
тепте екі тілдің табиғи ортасын құру қазақ тіліне қарағанда, орыс тілінің
меңгерілуіне көбірек жəрдемдеседі, себебі балалар бір-бірімен бəрі мең-
герген орыс тілінде сөйлеседі. Демек, шектеулі контингентпен болса
да, бір тілде оқытатын жеке мектептерді құру жолын іздеген жақсы. Бір
мектепте екі тілде оқыту жəне тіпті үш тілде оқыту құбылысынан алы-
сырақ болу қажет. Бір мектепте екі тілде қатар оқыту жолымен табиғи
тілді ортаны құру жəне қостілділікте оқитын жастарды дамыту идеясын
құру құптарлықты талап етеді, ал егер онда екі тілде оқитындар шама-
ластыра отырып жинақталса, онда ол мүмкін емес. Сонымен қатар мек-
тептен тыс тілдік ортаның мектептегі тілдік ортаға əсерін есепке алмау
мүмкін емес [15].
Бұқаралық коммуникация саласы. Бұқаралық коммуникация са-
ласы тілі қалыптастыру мен дамытуда жəне оның қоғамдық қызметін
кеңейтуде маңызды рөлді атқарады. Біздің өмірімізді бұқаралық комму-
никация құралдарынсыз көзге елестету мүмкін емес.
Баспа. Баспа саласында тілдің қызмет етуі оның əлеуметтік мəрте-
бе көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ əдеби тілдің да-
муындағы баспассөздің рөлі жалпы алғанда, оның стилін қайрауда, лек-
сикалық құрамның баюында жəне қалыпқа түсуінде, терминологияның
жүйеленуінде, сөз жасау процесінің серпініне, грамматикалық құрылы-
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 313
мемлекеттік тілдің қызметі
мына, орфографиялық нормалардың жетілуінде ерекше орын алады. Осы
маңызды салада сұранысқа ие жəне үнемі қолданылатын тілдің үлкен
болашағы бар. Зерттеу нысаны болып отырған аймаққа қарайтын Пав-
лодар облысында да баспасөздің бірі ретінде газеттер қолжетімді жəне
сұранысқа ие ақпарат құралдары болып табылады. Соңғы онжылдықта
алдыңғы жылдармен салыстырғанда қазақ тіліндегі баспа өнімі санының
артуы байқалады. Бұл негізінен қазақ тұрғындарының арасында өсіп
келе жатқан қажеттілік. Павлодар облысындағы газеттердің саны бүгінгі
таңда 69-ға жетеді. Олардың ішінде 6-ы – қазақ тілінде, 48-і – орыс тілін-
де, 15-і – екі тілде. Бұл көрсеткіштер көңіл жұбатарлықтай емес, себебі
қазақ тілі толық дəрменімен қызмет етпейді. Мысалы, «Звезда Приир-
тышья» облыстық газеті орыс тілінде 30 мың данада шыққанда, «Са-
рыарқа самалы» облыстық газеті қазақ тілінде 7 мың данамен шығады.
Орыс тіліндегі дана мен газет өнімін сату қазақ басылымдарындағы көр-
сеткіштен əлдеқайда асады, белгілі болғандай, баспа саласындағы тілдің
қоғамдық қызметінің көлемі баспа өнімінің санымен немесе оның нақты
данасымен өлшенеді.
Теледидар. Ол коммуникацияның да, ақпараттың да ең басты құрал-
дарының бірі болып табылады, сондықтан қоғам өмірінде оның рөліне
баға жетпейді. Теледидар адам баласына орасан зор тəрбиелік, оқытушы,
дамытушы əсер береді. Теледидар біздің елімізде адамдардың мəдени,
білім беру деңгейін көтерудің қарымды қозғалтқыштарының біріне ай-
налады. Ол тікелей мағынада əрбір адамның үйінен табылады. Іс жүзін-
де, үйінде теледидары жоқ отбасы жоқ шығар. Осының арқасында тіпті
жоғары мəдени деңгейі, саяси белсенділігі жоқ адамдардың өзі бүкіл
елдің үлкен мəдениет саласы мен қоғамдық-саяси өміріне еніп кетті.
Қазіргі қоғам теледидар сияқты өнерді көпшілікке таратудың осынша-
ма қуатты да бұқаралық құралына ие бола аламайды. Шағын экран кино
мен театрға қарағанда көрермендердің барынша үлкен санын қамтиды,
себебі эстетикалық ағарту жөніндегі хабарлар жүйелі, дəйекті жəне ха-
бар таратудың ұзақтығы бойынша қажетті көлемде жүргізіледі. Сонымен
бірге теледидар бұқараны өнерге жай тартып қана қоймай, сондай-ақ ол
адамдардың жоғары көркемдік талғамын тəрбиелейді, жаңа білімдер мен
көріністер кешенін береді, өнердің нəзік қыр-сырын талдауға көмекте-
седі, одан лəззаттануға үйретеді. Тілдік жеке тұлғаны қалыптастыруда,
дамытуда оның мəні ерекше зор.
Теледидарды тілді насихаттауда, оның ауқымын кеңейтуде қуатты
құралға айналдыруға болады. Өкінішке орай, бұған əлі қол жеткізу мүм-
кін болмай тұр. Қазақстанның телекөрермендері қазақ өнерінің, əдеби-
етінің, халық шығармашылығының белгілі қайраткерлері, республика-
ның жетекші тілшілері қатысқан хабарларды үлкен қызығушылықпен
қарайды. Сондықтан үй экраны саяси, эстетикалық, адамгершілік са-
314 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л1ы4
ласына ғана емес, сондай-ақ тілдік тəрбие беруге де салмақты өгері-
стер енгізуі тиіс. Теледидар елімізде ұлттық-қазақ қостілдікті дамыту
үдерісіне белсенді түрде атсалысу үшін, заңнамалық талапқа дейін мем-
лекеттік тілде хабар тарату көлемін жеткізу керек, кең тараған кино-,
мультфильмдердің, ұнатқан сериалдардың, қызықты бағдарламалар-
дың жəне басқа көптеген хабарлардың аудармасын жоғары деңгейде
жүзеге асыру керек.
Аймақтарда күнсайынғы трансляцияны бұқаралық ақпараттың бір-
неше ондаған электрондық құралдары, кабельдік теледидардың бірнеше
арналары жүргізеді. Ауылдық жерде спутник теледидары дамуда. Басым
көпшілік қазақстандық теледидар арналары екі тілде хабар таратады:
мемлекеттік жəне орыс тілінде. Бірақ заңнамалық актілермен белгілен-
ген мемлекеттік жəне басқа тілдердегі уақыт үйлесімдері сақталмайды,
ал егер сақталатын болса, онда мемлекеттік тілдегі хабарлар халықтың
негізгі бөлігі демалатын түнгі уақытта жүргізіледі. Ал осыған ұқсас аху-
ал теледидар саласында мемлекеттік тілдің қоғамдық атқарымын тежеу-
ге əсер ететін факторлардың бірі болып табылады.
Аймақтың тұрғындары арасында ерекше танымалдықты күн санап
кабельдік пен спутник теледидары иеленуде, ол 50-70 каналдар бойынша
жəне əртүрлі шетел тілдерінде трансляцияны жүзеге асырады: ағылшын,
неміс жəне түрік тілдерінде, бұл əлемдік тілдерді игеруде жақсы сүйеніш
болып табылады.
Осылайша, Қазақстан мен оның аймақтарының халқы арасында қазақ
тілін таратудағы осы қуатты құрал толық көлемде пайдаланылуы тиіс, ал
бұл үшін мемлекеттік қолдау қажет етіледі.
Өнеркəсіп саласы. Орталық жəне солтүстік аймақтар Қазақстанның
ең ірі өнеркəсіптік аймақтары болып табылады. Облыстар аумағындағы
ірі, орта жəне кіші өнеркəсіптік өндірістердің саны мыңдап табыла-
ды. Өнеркəсіптік өндіріс саласында əртүрлі этностардан тұратын жүз
мыңдаған адамдар еңбек етеді. Этностарға бөлгенде осы салада жұмыс
істейтіндердің жалпы санының ішінде қазақтардың үлесі – шамамен 30-
35%, орыстар – 50-55%. Егер өнеркəсіп саласындағы мемлекеттік тіл-
дің қызмет етуі жайында айтар болсақ, онда бұл жердегі жағдай да оның
қолдануындағы күрделілікпен сипатталады. Əр өндіріс саласы өнер-
кəсіптік өндіріс саласындағы қызметкерлердің қарым-қатынасында бел-
сенді қолданылатын орыс тіліндегі терминологиясы қалыптасқан өзіндік
ерекшеліктері болады. Қазақ тілінде терминолоиялық сөздіктерде көрінс
тапқан көп саладағы терминология бар, бірақ зерттелген аймақтарда
кеңестік кезеңде қалыптасқан дəстүр бойынша негізінен өндірістегі қа-
рым-қатынаста орыс тілі қолданылады.
Мұны түрлі өмір салаларындағы тілдің қолданылуы жайында бай-
ланыссты жүргізген əлеуметтік зерттеулеріміз растайды. Əлеуметтік
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 315
мемлекеттік тілдің қызметі
зерттеулер нəтижесі бойынша сұралғандардың ішінде 6,3% отбасы мү-
шелерімен қазақ тілінде жиі сөйлеседі, 60,1% – орыс тілінде, ал 28,9%
– қос тілде. Сауалнамаға қатысқан қазақтардың өз туыстары арасында
бір-бірімен қазақ тілінде тек 34,92% ғана сөйлеседі (24,68% – ауылдық
жерлерде, 15,97% – қалада). Сауалнамаға қатысушы орыс диаспорасы
арасында қазақ тілін күнделікті тұрмыста 2,2% ғана қолданады.
Зерттеу барысында сұхбат беруге қатысқандардың 6,3% ғана қызмет-
те мемлекеттік тілде жиі сөйлеседі. Сауалнамаға қатысушы қазақтардың
жартысынан көбі (52,78%) жұмыстағы қызметкерлерімен қазақ жəне
орыс тілдерінде сөйлеседі, 30,36% орыс тілін қолданады, тек 11,71%
ғана негізінен мемлекеттік тілде сөйлеседі. Басқа этнос өкілдері жұмы-
стағы қызметкерлерімен басым көпшілігі (86,61%) орыс тілінде сөйле-
седі Басқа этностардың тек 1,57% қазақ тілінде сөйлейді, 6,3% екі тілде
сөйлейді.
Сұхбаткерлердің жартысынан көбі (50,2%) негізінен теледидардағы
бағдарламаларды орыс тілінде көреді, жартысына жуығы (42,5%) – екі
тілде, мемлекеттік тілдегі бағдарламаларды көруді 5,5%-ы қалайды.
Біздің ойымызша, бұл бірінші кезекте ұлттық медиа-нарықтың əлсіз да-
муымен байланысты [16].
Мемлекеттік тілдің орталық жəне солтүстік аймақтың əлеумет-
тік-коммуникативтік жүйесінде алатын орны. Орталық жəне солтүстік
аймақтардың лингвистикалық капиталында көптеген тілдер тіркелген.
Солардың ішіндегі демографиялық жəне коммуникативтік қуаты жоғары
тілдердің бірі қазақ тілі болып табылады.
Қазақ тіліне мелекеттік тіл міртебесінің беруілуіне байланысты соң-
ғы онжылдықта оның қоғам өміріндегі алатын орны мен мəні өзгер-
ді. Осымен байланысты оның Қазақстан халқының басын біріктіруші
тіл ретіндегі рөлі де күшеюде. Осы тұрғыдан алып қарағанда зерттеу
нысаны болып отырған орталық жəне солтүстік облыстағы тұрғындар-
дың мемлекеттік тілді меңгеруі қандай деген сұраққа осы аймақтардың
тілдік жағдайына жүргізілген əлеуметтік талдаулар арқылы жауап беруге
болды.
Қарастырып отырған аймақ тұрғындарының мемлекеттік тілді мең-
геру деңгейін анықтау үшін 2009 жылғы санақтың мəліметтеріне жəне
кластерлік іріктемесі əдісі арқылы 2012 жылы Павлодар облысында 550
адамды қамтып жүргізген зерттеуге назар аударайық.
Сауалнама нəтижелері көрсеткендей, қазіргі таңда барлық сұрал-
ғандардың ішінен 48,4 % қазақ тілінде еркін сөйлей алады жəне оқи
алады, бірақ бұл ретте еркін сөйлеп, оқып жəне жаза алтындар – 42,5%
сұхбаткерлер. Жиі қолданылатын сөз оралымдарын білетіндіктерін
айтпағанда, сұралғандардың шамамен 55% іс жүзінде қазақ тілін меңгер-
меген.
Астана қ Солтүстік Павлодар Қостанай Қарағанды Ақмола316 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л1ы6
Қазақстан2-кесте. Орталық жəне солтүстік аймақ халқының облыстар бой-
491023 482645 599475 719634 1063661 576961ынша қазақ тілін меңгеру деңгейі (15 жəне одан жоғары жастағылар)
Ауызекі
сөйлеуТүсіне- Соның ішінде түсіне- Соның ішінде түсіне- Соның
оқидыді еркін: ді еркін: ді ішінде еркін:
жазады
жəне323845 13533 260263 146138 6727 112843 177707 6806 147420
оқиды592734 25627 469170 420550 20574 317492 172184 5053 151678
Ауызекі
сөйлеу326902 19496 245362 153397 10068 112149 173505 9428 133213
оқиды
жазады343998 14054 270766 220931 9413 168720 123067 4641 102046
жəне207812 14081 156728 77692 6405 53824 130120 7676 102904
оқиды394570 20364 315533 394570 20364 315533 0 0 0
Ауызекі
сөйлеуТұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруі бойынша Павлодар облы-
оқидысындағы қиын жағдай қазірге дейін бар жəне республиканың солтүстік
жазадыжəне орталық аймақтардың басқа облыстарында да сақталып келеді:
жəнеСолтүстік Қазақстан облысындағы барлық тұрғындардың тұтастай
оқидыалғанда қазақ тілін меңгеруі – 43,0 пайыз, Қостанай – 45,4, Ақмола –
56,1, Қарағанды – 55,7, бұны төменде берілген кестеден бақылауға бола-
ды [5, 81 б.].
Біздің ойымызша, тұрғындардың негізгі бөлігінің мемлекеттік тілді
меңгеру дəрежесі жоғары деңгейде болмайынша, қазақ тілі қоғамдық
қызметін толық түрде жүзеге асыра алмайды. Сондықтан аймақ тұрғын-
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 317
мемлекеттік тілдің қызметі
дарын мемлекеттік тілге күнделікті, тиімді жəне жүйелі оқытуды ұй-
ымдастыру, оның тілдік бағдарын өзгерту өзекті мəселе болып табыла-
ды. Осыған байланысты қазіргі таңда керекті міндеттердің бірі қоғамның
тілдік қызметін жетілдіру болып табылады, бұл табиғи жəне жасанды
тілдік саланы қазақ тілінде дамытуға жəне қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Осы жұмысты атқармайынша мемлекеттік тілдің өзіне тиіс мəр-
тебесін көтеру мүмкін емес. Қызылорда облысындағы мемлекеттік тілді
меңгергендердің жоғары үлесі осыған дəдел болады, мұнда мемлекеттік
тілді меңгеру көрсеткіші барлық тұрғындардың санынан 97,6 пайызды
құрайды, Оңтүстік Қазақстанда – 94,5, Маңғыстауда – 92,1, Ақтөбеде –
86,4, Жамбылда – 86,1, Алматыда – 83,8, Батыс Қазақстанда – 79,3%. Ел-
дің батыс жəне оңтүстік аймақтарындағы осы облыстарда қазақ халқы
басым, бұл фактор əсіресе басқа тілді ұлттардың оны меңгеруіне қаты-
сты мемлекеттік тілдің мəселесін шешуді анағұрлым жеңілдетеді. Та-
биғи тілдік ортаның болуы, белгілі бір тілдің нақты социумда қолдану
қажеттілігі жəне сұранысқа ие болуы, бұл жағдайда қазақ тілінің, басқа
этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруінде маңызды фактор болып
табылады.
Сонымен, 45,8 пайыз орыстар, 54,5 немістер, 55,6 – молдавандар, 50,2
– украиндықтар, 44,7 – белорустар, 68,8 – армяндар, 56,3 – грузиндер,
70,0% – ингуштар, 49,0 – корейлер, 45,7 – поляктар, 50,0 – болгарлар
жəне басқа этнос өкілдері мемлекеттік тілді меңгерген [5].
Осы жағдайды ескере отырып, қалың бұқара топты үйрету бойынша
курс желісін кеңейтуді, қызметтік жəне тұрмыстық қатынас арқылы тіл-
дік ортаны құру мен дамыту Павлодар облысының тілдік құрылысын-
да басты орында тұруы керек деп ойлаймыз, себебі кез келген типтегі
қостілділіктің пайда болуының жəне дамуының негізгі бағыты болған
жəне болып қала береді де. Сондықтан тілдік орта, мүмкін болатын
жерде, ұлттық-қазақ қостілді дамытуда қолданылуы қажет. Əрине, Қа-
зақстанның оңтүстік жəне батыс бөлігінде қазақ тілінің қызмет ету мəсе-
лесі орыс тілді солтүстік, орталық жəне шығыс аймақтардағыдай сонша
көкейкесті болып табылмайды, себебі біріншіден, негізгі шартардың бірі
– қазақ тілі сұранысқа ие жəне мемлекеттік тілдің мəртебесін иелене ала-
тын мүмкіндігі бар табиғи тілдік орта.
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша шараларды жоспарлау үшін
аймақта қала мен ауыл тұрғындарының арасында қазақ тілін меңге-
ру деңгейлерін салыстыру өте маңызды. Жоғарыда айтылып өткендей,
ауылдық жерлердегі негізгі тұрғындарды қазақтар құрайды. Сонымен,
орталық жəне солтүстік облыстардағы ауылдық жерлерде 2009 жылғы
санақ мəліметтері бойынша, 1110718 адам тұрады (аймақ тұрғындары-
ның 38,5%). Соның ішінде 57,7% – байырғы тұрғындар. Ауылдық жер-
лерде мемлекеттік тілді меңгергендер саны мен деңгейі қалалықтарға қа-
318 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л1ы8
рағанда жоғары. Əсіресе отбасылық-тұрмыстық, ұлтаралық, ұлтішінде,
қызметтік байланыста жəне басқа да қызмет саласында қазақ тілін қол-
дану дəстүрі орныққан. Бұл ауыл тұрғындарының 63%-дан астамының
түрлі өмір салаларында қазақ тілін қолдануынан көрінеді.
Мемлекеттің көптеген əлеуметтік-экономикалық сұрақтарын шешуде,
соның ішінде тіл саласында ауылдың алатын орны ерекше. Қазір осы об-
лыстарда аймақ халқының үштен бір бөлігі тұрып жатыр. Ал бұл – мем-
лекеттің тілін дамыту ісіндегі маңызды тірек болып табылады.
Зерттеу нысаны аясында мемлекеттік тілдің дамуындағы аймақтағы
қалалардың рөлін көрсету де маңызды. Облыстар межесіндегі тұрғын-
дардың этностардың құрамын келесі кестеден көруге болады .
3-кесте. Орталық жəне солтүстік аймақтардағы қала тұрғындар-
дың этностық құрамы
Облыстар Қалалар мен Ондағы Ұлттық құрам
қала кенттерінің тұрғындардың Қазақтар, Орыстар Басқа ұлт
Ақмола
Қарағанды саны саны, % % өкілдері,
Қостанай % %
Павлодар 10 - 14
Солтүстік 11 – 39 341915 146253 146651 49011
Қазақстан 5 – 13 100 42, 8 42,9 14,3
Астана қ. 3–8
5–5 1040203 410761 471387 158055
1–2 100 39,5 45,3 15,2
439554 139648 223339 76567
100 31,8 50,8 17,4
504579 211259 227732 65588
100 41,9 45,1 13,0
237436 57282 152303 27851
100 24,1 64,1 11,8
613006 425298 122215 65493
100 69,4 19,9 10,7
Қазақстанның жоғарыда айтылған аймақтарының қалалақ жерлерін-
де тұрғындардың 53,8 бастап 76,0 пайызына дейін басқа этнос өкілдері
құрайды. Сонымен, 2009 жылғы халық санағының деректері бойынша,
Ақмола облысының қалалары мен қалалық жерлерінде – 57,2 %, Қа-
рағандыда – 60,5 %, Қостанайда – 68,2 %, Павлодарда 58,1 %, Солтүстік
Қазақстанда – 75,9 % түрлі өлт өкілдері тұрады. Бұл – қала тұрғындары-
ның өмірінде өзінің құқықтық мəртебесінде мемлекеттік тілдің қызмет
етуін қиындататын фактор.
Қалалар аймақтың негізгі саяси, экономикалық, мəдени жəне
əкімшілік орталығы болып табылады, олар қарастырып отырған социум
өмірінде маңызды рөл атқарады. Əсіресе қалаларда меншіктің түрлі фор-
масындағы кəсіпорын, қоғам өміріндегі түрлі салада басқару қызметін
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 319
мемлекеттік тілдің қызметі
атқаратын, аймақтағы түрлі экономикалық, өндірістік, əлеуметтік жəне
т.б. процестерде шешуші рөл атқаратын аймақтық мемлекеттік органдар
орналасқан. Сондықтан қалаларда қазақ тілінің қызметтік даму мəселе-
сін ерекше қарастырған жөн.
Соңғы онжылдықта ауылдағы қиын əлеуметтік жағдайға байланысты
ауыл тұрғындарының қалалақ жерлерге қоныс аударуы жиі байқалады.
Қандай да бір мөлшерде бұл үдерістің өзінің оң əсері бар, себебі жоға-
рыда айтып өткендей, ауыл қазағына өз ұлтының тілін жақсы білуі тəн,
ал олардың ауылдан көшуі қандай да бір деңгейде қаланы ұлттық рухпен
қоректендіреді, қазақ тілінің кең етек алуына мүмкіндік береді.
Аймақ тұрғындарының ана тілін меңгеруі. Республиканың əлеу-
меттік-коммуникативтік жүйесіндегі кез клеген тілдің толыққанды қы-
змет етуінің басты көрсеткішінің бірі, алдымен, өз ұлтының тілін ана
тілі ретінде жоғары деңгейде меңгеруі болып табылады. Əсіресе осы
талап, біріншіден, тілдің қызметтік дамуына, екіншіден, белгілі бір ау-
мақта таралуына жəне үшіншіден, белгілі бір социумда сұранысқа ие
болуына ықпал етеді. Өкінішке орай, Қазақстанның тілдік құрылысын-
дағы кеңестік замандағы тарихи тəжірибе тек бір ғана тілдің, «ұлы» орыс
тілінің мүддесіне сай жүргізілген тіл саясатынан теріс сипатқа ие болды,
бұл өз кезегінде түрлі этнос өкілдерінің ұлттық мəдениетінен, дəстүр-
лерінен жəне сонымен қатар ана тілінен жаппай бас тартуға əкелді. КСРО
халықтарының тіліне бұл үрдістің теріс əсер еткені 1970, 1979 жылғы ха-
лық санағы нəтижесі бойынша көрінді. Өз ұлтының тілін ана тілі деп қа-
былдайтын ұлт өкілдері мен ұлт топтарының санын азайтудың тұрақты
үрдісі төменде берілген кестеден айқын байқалады [17]:
4- кесте.Халықтың ана тілін меңгеруі
Солардың ішінде өз ұлтының тілін ана
тілі ретінде санайтындары
Ұлттар Адамдар саны
1. Қазақтар 1970 1979 1970 1979
2. Украиндар 98,6
3. Немістер 4234166 5289349 98,9 41,4
4. Татарлар 51,5 64,5
5. Өзбектер 933461 897964 75,0 75,3
6. Белорустар 81,7 96,0
7. Корейлер 858077 900207 96,6 38,1
8. Əзірбайжандар 51,0 56,1
9. Поляктар 287712 313460 64,0 90,8
10. Еврейлер 93,1 14,8
216340 263295 17,7 19,7
22,8
198275 181491
81598 91384
57699 73345
61445 61136
27689 23466
320 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л2ы0
11. Армяндар 12814 14022 59,3 57,1
12. Чуваштар 22871 22310 62,6 52,2
Осы саясаттың негізінде тұрғындардың негізгі бөлігі біртіндеп оры-
стілділерге айналды. Егер 1979 жылғы халық санағына мəн берсек, онда
аймақ тұрғындарының небəрі 26,8% (216 113 адам) қазақтар, жарты-
сына жуығын, яғни 45,9% (370 916 адам) орыстар жəне 27,3% (220 195
адам) басқа этнос өкілдері құрады. Аймақта орыс жəне басқа этнос өкіл-
дерінің санының артуы орыс тілінің қолданыс аясының кеңеюіне қолай-
лы жағдай жасады. Қазақтардың арасынан өз ұлтының тілінен безініп,
орыс тілін ана тілі ретінде санағандар (2,3%) пайда болды. Украиндар-
дың 60,5%, орыс тілін ана тілі ретінде көрсетсе, белорустардың – 64,2%,
мордвалардың – 54,2%, молдавандардың – 46,5%, чуваштардың – 47,8%,
немістердің – 39,6%, татарлардың – 23,9%, башқұрттардың – 20,0% жəне
т.б.өз ана тілдерін орыс тіліне ауыстырды [5].
Қазаргі таңда еліміздегі этностардың өз ұлтының тілін ана тілі ретін-
де санауы мен меңгеруін, сондай-ақ зерттеу нысаны ретінде алынып
отырған аймақтарға жататын облыстар бойынша мəліметті төмендегі
кестелерден көруге болады.
5-кесте. Қазақстан халқының ұлттық құрамы мен ана тілі бой-
ынша бөлінісі
Барлығы 737495 Өз ұлтының тілін Басқа ұлт тілін
Қазақтар 349086 Екі жыныс
Орыстар 264011 98397
Украиндықтар 38306 639098 4557
Немістер 26141 344529 1183
Татарлар 13778 262828 32769
Белорустар 11927 5617 22145
Поляктар 8292 3996 7281
Ингуштар 4877 6517 10383
Шешендер 3136 1544 7488
Панжирлер 1988 934
804 525
3743 1188
2611
802
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 321
мемлекеттік тілдің қызметі
Əзірбайжандар 1855 1176 679
Молдавандар 1679 359 1320
Корейлер 1375 327 1048
Удмурттар 1162 223 939
Армяндар 1117 683 434
Өзбектер 1039 566 473
Марилықтар 1001 333 668
Басқа ұлт 8845 2440 4405
6 -кесте. Аймақ халқының ұлттық құрамы мен ана тілі бойынша
бөлінісі. Ақмола облысы
(2009 жылғы халық санағының мəліметі бойынша).
7- кесте. Қарағанды облысы
Барлық тұрғындар
Этностар Барлық адам саны Соның ішінде ана тілім деп көрсет-
кендері
Өз ұлтының Басқа ұлт тілін
тілін
Екі жыныс
Барлығы 1341700 1180716 160984
Қазақтар 622265 608204 14061
Орыстар 529961 527188 2773
Украиндықтар 49969 42996
Немістер 32787 6973 28763
Татарлар 32730 4024 19554
Белорустар 13370 13176 11976
Корейлер 13354 1394 11130
Шешендер 2224 1496
Башқұрттар 5099 3603 2822
Əзірбайжандар 4270 1448 1804
Поляктар 4122 2318 3538
Өзбектер 3982 444 1605
Молдавандар 3474 1869 2069
Мордвалықтар 2520 451 1951
2235 284
322 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л2ы2
Чуваштар 2067 355 1712
Армяндар 1853 910 943
Гректер 1851 287 1564
Басқа ұлт 15791 5564 10227
8-кесте. Қостанай облысы
Барлық тұрғындар
Этностар Барлық адам Соның ішінде ана тілім деп көрсеткендері
саны Өз ұлтының тілін Басқа ұлт тілін
Екі жыныс
Барлығы 885570 722859 162711
Қазақтар 328936 318149 10787
Орыстар 380599 379531 1068
Украиндықтар 84815 6925 77890
Немістер 27959 2275 25684
Татарлар 17038 5345 11693
Белорустар 15171 1092 14079
Башқұрттар 3981 1236 2745
Корейлер 3847 648 3199
Əзірбайжандар 3405 2195 1210
Молдавандар 2467 308 2159
Шешендер 1933 1298 635
Поляктар 1598 92 1506
Армяндар 1595 864 731
Удмурттар 1559 181 1378
Мордвалықтар 1511 119 1392
Чуваштар 1153 117 1036
Өзбектер 1067 369 698
Басқа ұлт 6936 2115 4821
9-кесте. Павлодар облысы
Барлық тұрғындар
Этностар Барлық адам Соның ішінде ана тілім деп көрсеткендері
саны Өз ұлтының тілі Басқа ұлт тілін
Екі жыныс 742475 661427 81048
Барлығы
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 323
мемлекеттік тілдің қызметі
5712
Қазақтар 353711 347999 1575
Орыстар 287970 286395 33184
Украиндықтар 40145 16987
Немістер 20708 6961 7089
Татарлар 14209 3721 4541
Белорустар 7120 1894
Молдавандар 5419 878 773
Əзірбайжандар 2411 517 509
Ингуштар 1823 1050 408
Шешендер 1728 1219 739
Башқұрттар 1710 1302
Өзбектер 1333 594 511
Корейлер 1092 581 695
Поляктар 1029 334 835
Болгарлар 999 164 757
Чуваштар 907 150 598
Мордва 762 164 544
Басқа ұлт 659 3697
5860 115
2163
9 -кесте. Солтүстік Қазақстан облысы
Барлық тұрғындар
Этностар Осы ұлттың Соның ішінде ана тілім көрсеткендері
саны Өз ұлтның тілін Басқа ұлт тілін
Екі жыныс
Барлығы 596535 519968 76567
Қазақтар 198641 194668 3973
Орыстар 300849 299383 1466
Украиндықтар 29817 6416 23401
Немістер 20800 3996 16804
Поляктар 13976 688 13288
Татарлар 13024 7476 5548
Белорустар 6856 1266 5590
Əзірбайжандар 1564 1092
Армяндар 1270 930 472
Чуваштар 225 340
850 625
324 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуа3л2ы4
Ингуштар 756 536 220
Башқұрттар 755 336 419
Литвалықтар 698 181 517
Шешендер 654 487 167
Молдавандар 601 142 459
Удмурттар 583 120 463
Мордва 543 88 455
Басқа ұлт 4298 1938 2360
Кестеден көріп отырғанымыздай, Қазақстан халқының өз ұлтының
тілін ана тілім деп санайтыны - 93,5%. Мұны этнос өкілдеріне бойынша
қарар болсақ, қазақтардың 98,9% қазақ тілін ана тілім деп санаса, оры-
стардың – 98,8 %, өзбектердің – 95,4%, ұйғырлардың – 84,9%, əзірбай-
жандардың – 73,4%, татарлардың – 51,0%, корейлердің – 36,0%, немі-
стердің – 17,0%, украиндардың – 15,8 %, белорустардың – 13,0 % т.б. өз
ұлтының тілін ана тілім деп санайды.
Көріп отырғанымыздай, елің əлеуметтік-коммуникативтік жүйесін-
де ерекше орынды алатын қазақтар мен орыстардың өз ұлтының тілін
ана тілі ретінде санауы мен меңгеру деңгейлері жоғары. Айталық, рес-
публикалық деңгейде өз ұлтының тілін ана тілім деп көрсеткен қазақ-
тар 98,9% құраса, орыстардың да 98,8% өз ұлтының тілін ана тілім санай-
ды. Аталған екі этнос туралы жағдай орталық жəне солтүстік аймақтар-
да да шамалас, сəйкесінше 97-99 % шамасында. Əрине, ана тілін мең-
герудегі мұндай жоғары көрсеткіш – орыс жəне қазақ халқының үлкен
жетістігі, нақты айтқанда, өз ұлтының тілін меңгеру дəрежесі – тұтастай
алғанда сол ұлттың дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табы-
лады.
Орталық жəне солтүстік аймақтағы халықтың ағылшын тілін меңге-
руі. Халықтың өз ана тілін, мемлекеттік тілді, сондай-ақ əлем тілдерін
меңгеруі – Қазақстанның тілдік даму стратегиясы. Сондықтан да ха-
лықтың ағылшын тілін меңгеруінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету
тілдік құрылысы басымдылығының бірі болып табылады.
Халықтың (əсіресе жастардың) шет тілдерін меңгеруі – уақыт тала-
бы. Бұл қажеттілікті аймақ халқы түсінуі тиіс, себебі еліміздің халқының
ағылшын тілін меңгеруінің деңгейі жоғары емес. Халықтың 15 жас жəне
одан жоғары жастағылардың ішінде бұл тілді 1873589 адам немесе 15,4
пайызы меңгерген. Соның ішінде 1322509 адам немесе тілді меңгерген-
дердің жалпы санының 70,6 пайызы – қала тұрғындары жəне 551080 не-
месе 29,4 пайызы – ауыл тұрғындары. Ақмола облысы тұрғындарының
ағылшын тілін меңгергендері – 9,6 пайызды құрайды (осының 62,9 пай-
ызы – қала тұрғындары, ал 37,1 пайызы – ауыл тұрғындары).
ҚР-ның орталық жəне солтүстік аймақтарындағы тілдік ахуалы жəне 325
мемлекеттік тілдің қызметі
11-кесте. Аймақ халқының облыстар бойынша ағылшын тілін
меңгеру деңгейі (15 жəне одан жоғары жастағылар)
Барлық тұрғындар
Барлық Түсінеді Соның ішінде еркін:
тұрғындар Ауызекі тіл –
саны мен % Оқиды Жазады жəне
оқиды
Қазақстан 12150912 1873589 / 15,4 311252 930933
Республикасы 576961 55459 / 9,6 8876 28746
Ақмола
Қарағанды 1063661 136980 / 12,9 22004 68229
Қостанай 719634 64456 / 8,9 12272 33720
Павлодар 599475 67546 / 11,2 9790 37691
Солтүстік 482645 46937 / 9,5 9019 25525
Қазақстан 491023 144003 / 23,3 22032 73436
Астана қ.
Орталық жəне солтүстік аймақтағы қостілділік пен көптілділік
мəселелері. Орталық жəне солтүстік аймақтың қоғамдық өмірінің түрлі
салаларына қазақ тілін енгізуде шешілмеген мəселе көп. Аймақта орыс
тілі бұрынғысынша оның əлеуметтік-коммуникативтік жүйесінде басым
тіл болып қалуда. «Қазақ тілінің маңызды функцияларын қоғамдық да-
мыту баяу іске асырылуда, қазақ тілін білу жəне қолдануда əлеуметтік
қажеттілікті қалыптастыру өзінің коммуникативтік ұстанымдарына əлі
толық сəйкес келмейді» [14, 513 б.].
Елімізде қостілділікті, көптілділікті дамытудың объективтік негізі
бар. Қазақ тілінің қатысуымен қостілділік – тек əлеуметтік қана емес,
сонымен қатар экономикалық та мəселе. Қазақ тілі өзінің құқықтық мəр-
тебесіне сəйкес алдағы жылдары мемлекеттің жан-жақты қызметі жүзеге
асырылатын тіл болып табылатынына сенеміз. Бұл – заңды құбылыс. Ол
еліміздің көптеген аймақтарында негізгі жəне қажетті құбылыс болып
қалыптасып келеді.
Қостілділік, көптілділік – басқарылатын құбылыс. Бұны əлеуметтік
қажеттілік арқылы дамыту қисынды болады. Бір құрамдас бөлігі басқа-
сын ығыстырмауы үшін, тиісті жағдай жасау керек. Тілдерді дамытудың
мейлінше жоғары үйлесімді жəне тұрақты дамуына қол жеткізетіндей
теңгерімін қамтамасыз ету керек.
Бүгінгі таңда орыс-қазақ, ұлттық-қазақ қостілділігі, мемлекеттік тілді
əсіресе отбасылық тəрбие барысында меңгеруі мен таратудың мəселелері
алаңдаушылықты туғызады.
326 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Орталық жəне солтүстік облыстарда қостілділіктің жүздеген типтері
бар. Əсіресе бір құрамдас бөлігі орыс жəне қазақ тілдері болып табы-
латын қостілділік кеңінен тараған. Орыс тілінің қатысуымен ұлттық
қостілділік кеңестік дəуірде белсенді белең алып, осы уақытқа дейін
жалғасын тауып келеді жəне бұл үдеріс қостілділіктің аса дамыған түрі
болып отыр. Мəселе ұлттық-қазақ қостілділікті дамытуға келіп тоғыса-
ды. Зерттеу жүргізілген аймақта қазақтар мен орыстан басқа диаспора-
лар орыс тілін меңгерген ұлттық-орыс қостілділігі жақсы дамыған болса,
орыс диаспорасы арасында қазақ тілін не өзге тілдерді меңгергендер өте
аз, яғни орыс жəне көптеген басқа орыстілдес этнос өкілдері екінші тіл-
ді білмейтіндіктен, біржақты қостілділік те аса көп тараған. Тек аз ғана
пайызына екіжақты қостілділікті қолдану тəн болып отыр.
3.4 Қазақстан Республикасының шығыс аймағындағы тілдік аху-
ал жəне мемлекеттік тілдің қызметі
Аймақ тарихы: халықтың қоныстануы мен демографиялық ахуалы.
Шығыс Қазақстан облысының тілдік ахуалы оның тарихымен бірге қалып-
тасты. Біздің заманымыздан бұрынғы алғашқы адамдар, сақтардың тайпа-
лық одағы, ғұндардың тайпалық одағы, көне түріктердің қағанаты, най-
ман хандығы, моңғол империясы, орыстың қонысаударушылары Алтай
тауы мен Шығыс Қазақстан өлкесіне өзіндік іздерін қалдырды. Алғашқы
адамдардың тасқа салған суретті жазулары, сақтардың сансыз көп қо-
рымдары, көне түркі жазба ескерткіштері солардан қалған тарихи жəді-
герлер болып табылады. Ол тарихты қысқаша былай кестелеуге болады:
1-кесте. Қазақ шығысының тарихи кезеңдері
Наймандар т.б. Моңғолдармен Жоңғарлармен Орыстармен
түркі тайпалары аралас, көршілес аралас, көршілес аралас, көршілес
ХVІІІ ғасырдан
Ежелден күні ХІІІ-ХІV ХІV-ХVІІІ (1730 жылдардан)
бүгінге дейін ғасырлар (Алтын ғасырлар (1755
мекендейді Орда кезі) жылға дейін) бастап
ХV ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ой-
раттар басып алғаннан кейін, бұл жер Жоңғар хандығының құрамында
болды. 1758 жылы Қытай əскерлері Жоңғар хандығын жойып жіберген-
нен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан
ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежел-
гі қоныстарына қайтып оралды.
ХVІІІ ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей
отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі
облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен
біртіндеп бекіністер мен форпостар жүйесі, ал одан кейініректе казак-о-
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 327
рыс станицалары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж. Өскемен, 1763 ж.
Бұқтырма бекіністері) салынды.
Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның сала-
ларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он
шақырымдық шұрайлы жерлер (“Иртышская десятиверстная полоса”)
қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді.
Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тый-
ым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныста-
рының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған
орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен
жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті.
Станицалар біртіндеп оңтүстікке жəне оңтүстік-батысқа қарай жылжи
берді. 1826 жылы Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 жылы
Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сер-
гиополь бекінісі, Шəуешек жолының бойында станицалар пайда болды.
Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғай-
дағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып
жүрген орыстар келе бастады (1730 жылдардан бастап). Олар кержак-
тар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың жəне Алтайдың зауыттары
мен кеніштерінен, қашқан жұмысшылар мен солдаттан қашақандар еді.
Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының жəне Нарын
мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Тұрғысын,
Коробиха, Катонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды.
ХVІІІ ғасырдың 60-жылдарында Алтайдың солтүстік-батыс жағын-
да Оба мен Үлбі өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан
“поляктар” деп аталған шаруалар келіп қоныстанды.
ХVІІІ ғасырдың соңында кенді Алтайдың шегінде кен өнеркəсібі пай-
да болды. Мұнда бірінен кейін бірі Риддер (1784), Зырянов (1794), Бело-
усов (1797), Сокольный (1822), т.б. түсті металл кеніштері іске қосылды.
1844 жылдан Зырянов кеніші Алтай кен зауытттарының шикізат базасы-
на айналды. Ресейде басыбайлылық құқықтың жойылуы салдарынан ар-
зан жұмыс күшінен айрылған жəне техникалық қайта құруды керек еткен
Алтайдың кен өнеркəсібі күрт құлдырай бастады. Оны осы кезде Алтай-
дың кен өнеркəсібінің негізгі өнімі болып саналатын – күміс бағасының
арзандауы ушықтырып жіберді.
Алтай зауыттарының түгелдей дерлік жабылуымен бірге Алтайдың
басыбайлылық кен өнеркəсібі ауданы, кейбір полиметалл кеніштері ав-
стриялық, ағылшындық, франциялық, т.б. шетелдік капиталға концес-
сияға берді. 19 ғасырдың соңынан бастап Семей қаласында өңдеу өнер-
кəсібі біршама дами бастады. Оның негізгі салалары: ұн тарту мен жүн
жуу болды. Жиналған астық пен бидай ұны Ертіс арқылы кемемен 600
км-дей жердегі Сібір темір жолына жеткізіліп тұрды.
328 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Ал Қазақстанның бүкіл шығыс бөлігінен жəне ішінара Шыңжаң ай-
мағынан (Қытайдан) жиналып əкелініп Семейде жуылған жүн алғашқы
өңдеуден өткеннен соң, еуропалық Ресейдің шұға фабрикаларына жет-
кізілді. Өнеркəсіптің бұл екі саласынан басқа облыс жерінің əр тұсында
орналасқан ірі елді мекендерде арақ-шарап пен сыра қайнату, сондай-ақ
тері илеу, тон тігу, май жəне сабын қайнату өндірістері де болды. Зайсан,
Марқакөл, Алакөл көлдері мен Ертіс өзенінің салаларында балық аулау
кəсібі, Риддер мен Зыряновта ағаш жəне темір ұсталық кəсіптер орын
алды. 19 ғасырдың екінші жартысында Ертіс өзенінде пайда болған кеме
жол қатынасының маңызы күшейді. Кемелер Семейден Омбыға дейін,
Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойымен жоғары көтерілді.
Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарын-
да елеулі дами қойған жоқ. Тек 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шару-
ашылығын ұйымдастыру жəне елді индустрияландыру науқанын жүзеге
асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен
кен өнеркəсібінің ең ірі орталығына айналды.
Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пай-
да болды. Облыс экономикасының əрі қарай дамуына Түркістан – Сібір
темір жолы мен Локоть – Риддер жəне Өскемен – Зырянов темір жолын
салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру, Түрксіб темір жолы Жаңғы-
зтөбе стансасынан басталатын “Шығыс айналма жолы” деп аталған жақ-
сартылған қара жол салу едəуір əсер етті. Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жылдары облыс экономикасы тез қарқынмен дамыды.
Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен жəне Шүлбі электр стансалары
салынды. Кенді Алтай бойында түсті металл өндіретін жаңа кеніштер
мен оны өңдейтін металлургиялық кəсіпорындар, Семейде бұрынғы одақ
көлемінде қуаты жағынан КСРО-да екінші орын алған ет комбинатының
қуаты артып, Өскеменде титан-магний комбинаты, жасанды жібек-мата-
лар комбинаты сияқты көптеген өнеркəсіп орындары пайда болды. Ре-
спубликалық маңызы бар Алматы – Семей жəне облыс ішінде өнеркəсіп
орындарын темір жолы стансаларымен жəне ауылдық елді мекендерді ірі
қалалармен, аудан орталықтарымен байланыстыратын облыстық маңызы
бар көптеген автомобильдік жолдары салынды.
Демографиялық ахуалдың қоғам дамуында маңызды рөл атқара-
тыны белгілі. Халықтың тууы мен өлуі, көшіп-қонуы қоғамдағы сая-
си-əлеуметтік, экономикалық жағдайды анықтап, оның шиеленісуі мен
орнығуын реттейтін құбылыстар. Бүгінгі таңда елдегі демографиялық
үрдістің бағыт-бағдарын анықтап, ахуалын талдап, жақын болашақтағы
жағдайын болжау аса қажет.
Қазақстан Республикасының тəуелсіздік алған жылдарынан бері ел
демографиясы күрделі өзгерістерге ұшырағаны мəлім. Кеңес Одағының
ыдырауы одақтас республикалардағы ұлттардың тарихи отандарына ора-
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 329
луына ықпал етті. Бұрынғы Одақ көлеміндегі елдерде орын алған көші-
қон үрдісінен Қазақстан да тысқары қалған жоқ. ХХ ғасырдың 90-шы
жылдарындағы халықтың механикалық қозғалысы республика халықы-
ның ұлттық құрамына күрделі өзгерістер əкелді.
Жалпы халықтың демографиялық ахуалын республиканың тəуелсіздік
алған жылдарынан бергі уақыт аралығында үш кезеңге бөліп қарауға бола-
ды. Оның бірінші кезеңі 90-шы жылдардың бастапқы кезіндегі халық са-
нының көші-қон есебінен күрт азаюымен сипатталса, екінші кезеңіне 90-
шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдың басындағы көші-қон үрдісінің
азайып, тұрақтана бастағанын жатқызуға болады. Үшінші кезең 2000-шы
жылдың басынан бастап халықтың механикалық қозғалысы бəсеңдеп, ха-
лық санының табиғи өсім есебінен жоғарлауымен байланысты.
Республикааралық жəне облысаралық көші-қон үрдісі тұрғындар са-
нының кемуіне өз əсерін тигізбей қойған жоқ. Шығыс Қазақстан облысы-
ның халқы 1989 жылға дейін оң нəтижелі өсім беріп отырды. Бірақ 1999
жылғы санақ облыс халқының 1989 жылғы санақ деңгейінен 236 201
адамға кемігенін көрсетті. Сондай-ақ, аталған үрдіс қазіргі уақытта да
жалғасып келеді. Мысалы, 2009 жылдың басында 1999 жылмен салы-
стырғанда 113 224 адамға кеміген. Бұл үрдісті тек халықтың механика-
лық қозғалысымен ғана байланыстыруға болмайды. Соңғы жылдары об-
лыс халқының табиғи өсімі де төмендеп кетті. Тууға қабілетті жастағы
халықтың көзқарасындағы күрделі өзгерістер тұрғындардың тууын
төмендетіп, өлімнің жоғарлауына əсерін тигізді. Жалпы облыстың демо-
графиялық жағдайы қазіргі уақытта көші-қон есебінен өзгеруін тежеп,
ендігі кезекте табиғи өсім есебінен толығып отыр.
Халық санының өсіп, кемуіндегі этностардың белсенділіктерін алып
қарайтын болсақ, аймақтағы басты қазақ жəне орыс ұлттарының көрсет-
кіштеріндегі айырмашылықты байқауымызға болады. Аймақтағы көші-
қон мен табиғи өсім үрдістеріне елеулі өзгерістер əкеп отырған осы екі
этнос екенін айтуымызға болады.
1-сурет. Аймақтағы көші-қон мен табиғи өсім үрдістері
330 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Облыс халқының азаюына тек көші-қон үрдісімен қатар, ха-
лықтың табиғи өсімінің теріс сальдо беруі де өз əсерін тигізуде.
Соңғы жылдары облыстағы демографиялық ахуалға күрделі өзгері-
стер енгізіп отырған үрдістердің бірі халықтың табиғи қозғалысы.
Халықтың табиғи жəне механикалық өсімінің көрсеткіштері өңір-
дегі экономикалық жəне əлеуметтік жағдайдың басты сарапшысы
болып табылады.
2005 жылылдан бері аймақтағы өлім көрсеткішінің біраз жоғарла-
уы байқалады. Бұл көрсеткіштің өсуінің бір себебіне 2-ші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық жарылыс толқынының
осы кезге сəйкес келуін жатқызуға болады. Қазіргі уақытта облыс халқы-
ның өмір жасының орташа ұзақтығы еркектерде 60 жасты, əйелдер ара-
сында 71 жас.
ХХ ғасырдың 40-шы, 50-ші жылдарындағы демографиялық жа-
рылыс кезеңінде (бэби бум) дүниеге келгендердің жас мөлшері қазір-
гі уақытта 60-70 жасты құрауда. Бұдан олардың қазіргі уақытта өлім
көрсеткішіне үлес қосушылардың белсенді тобы екенін айтуымызға
болады.
Сондай-ақ қан айналу жүйесінің ауруларынан, қайғылы оқиға-
лардан, уланудан, жарақаттан, қатерлі ісік ауруларынан, кісі қо-
лынан қаза табу мен өзін-өзі өлтірудің көбеюі табиғи өсімнің теріс
қалдық көрсетуіне себеп болып отыр. 2008 жылғы статистикалық
мəлімет бойынша облыста аталған себептермен өлген 17 955 адам
тіркеледі.
Бүгінгі таңда этностар арасындағы өлім көрсеткіші бойынша бірінші
орынға орыстар шығып отыр. Орыстардың өлім көрсеткішіндегі үлесі -
58,5, қазақтар - 32,9, ал басқа ұлттар 8,6 пайызды құрайды. Орыстардың
басым көпшілігінің денсаулыққа зиянды ауыр өнеркəсіпте, зауыттарда
жұмыс істеуі олардың өлім көрсеткішінің жоғарлауына ықпал етіп отыр.
Сондай-ақ, олардың ерте урбанизациялануы отбасыларында туылатын
балалардың санына өз əсерін тигізбей қойған жоқ. Қазіргі уақытта оры-
стардың басым бөлігі отбасында бір немесе екіден артық бала тууды
жоспарламайды
Туу үрдісінде қазақ ұлтының белсенділігі жоғары (№3 сурет). Қа-
зақтардың үлесіне – 67, орыстарға – 28,7, басқа ұлт өкілдеріне 4,3 пайыз
тиеді. Туудағы жоғары деңгейді қазақ ұлты көп шоғырланған Семей қа-
ласы мен Аягөз, Тарбағатай, Үржар аудандары беріп отыр. Сондай-ақ,
Өскемен қаласы мен Жарма, Зайсан аудандары да біраз оң нəтижеге қол
жеткізуде.
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 331
2 -сурет. Облыстағы ұлттар арасындағы туу көрсеткіші
Облыс халқының табиғи өсімін қазақ ұлты беріп отыр (№3 кесте).
Орыс жəне басқа ұлт өкілдері арасындағы өлім көрсеткішінің жоғары
болуына байланысты олар табиғи өсімде теріс сальдо корсетуде.
2-кесте. Шығыс Қазақстан облысы ұлттарының табиғи өсімі
(2007 -2012 жылдардағы салыстырмалы көрсеткіш)
№ Ұлттар 2007 жылы 2012 жылы
1. Қазақтар 3918 4619
2. Орыстар - 2474 - 2367
3. Басқалар - 329 - 329
Аудан, қалалардағы халықтың табиғи өсімі əртүрлі. Риддер қаласы
мен Бородулиха, Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха ау-
дандары халықтың табиғи өсімін беріп отырған жоқ. Бұл үрдістің орын
алуы табиғи өсімі жоқ орыс жəне басқа ұлт өкілдерінің аталған аудан-
дарға көптеп шоғырлануымен, медициналық көмек көрсету жағдайының
төмен болуымен, экологиялық ахуалдың ауырлығымен байланысты.
Демографиялық жағдай қоғамдағы саяси-əлеуметтік жəне экономи-
калық ахуалға ғана əсер етіп қоймай, сонымен қатар этнотілдік қаты-
настарға да елеулі өзгерістер əкеледі. Облыста табиғи жəне механика-
332 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
лық қозғалыстың этностар арасындағы көрсеткіші ерекше. Халықтың
көшіп-қонуы əсерінен ішкі миграцияда аудандардағы тұрғындар азайса,
облысаралық миграцияда аймағымыз өз халқын жоғалтуда.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы ТМД елдеріне бағытталған
көші-қон үрдістері бəсеңдеп, соңғы жылдары облыс тұрғындарының
алыс шет елдерге бет алуы жиіледі. Бірақ, алыс шет елдерге шығушы
мигранттардың басым көпшілігі оқу, жұмыс барысымен уақытша қоныс
аударушылар.
Жалпы аймақтағы халық соңғы уақытта табиғи өсім есебінен ғана
толығып отыр. Дегенмен, облыстағы көші-қон үрдістері ауылдық жəне
қалалық жерлердегі халықтың табиғи өсіміне əсер етуде. 2003 жəне 2012
жылдар аралығындағы облыс халқының табиғи өсімін алсақ соңғы 3
жыл ішінде ол қомақты оң нəтиже бере бастады.
3-кесте. Халықтың тууы, өлім көрсеткіші жəне табиғи өсімі
Жылдар Барлығы, адам
Туылғандар Қайтыс Табиғи өсім
болғандар
Барлық халық
2003 18288 18644 -356
2012 23921 18213 5708
Қала халқы
2003 10735 12398 -166
2012 13804 10746 3058
Ауыл халқы
2003 7553 6246 1307
2012 10117 7467 2650
2005 жылға дейін табиғи өсімде адам шығынын көрсетіп келген қала-
лық аймақтар 2006 жылдан бастап оң көрсеткішке қол жеткізді. Бұның
басты себебі қалалық жерлерге ауылдардан ағылған иммигранттардың
көп болуы. Туу үрдісінде белсенді ауыл халқы қалалық жерлердегі ха-
лықтың өсуіне өз үлесін қосуда.
Соңғы 4 жыл ішіндегі этностар арасындағы туу мен өлім-жітімнің ко-
эффиценттерін зерделесек, олардың жақын жылдар ішіндегі өзгерістерін
болжауға болады. Облыстағы этностардың табиғи жəне механикалық
қозғалыстарындағы белсенділіктері əртүрлі (№4 диаграмма).
Диаграммадан 2005-2008 жылдар аралығындағы облыстағы этно-
стардаң туудағы үлес салмағы мен оның жақын 4 жыл ішіндегі өзгері-
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 333
стерін көреміз. Соңғы жылдары аймақ халқының туу үрдісінде бірша-
ма алға жылжушылықтың бар екенін айта кетуімізге болады. Дəстүрлі
туу үрдісін сақтаған ауыл халықының қалаларға қоныс аударуы, тууды
көтеруге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі оның барлық этностар
арасында біршама өсуіне жол ашып отыр. Сондай-ақ, бұл өсім Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда болған демографиялық жа-
рылыстың (бэби бум) толқыны əсерінен де болуы мүмкін. Өйткені қазіргі
уақытта сол кезеңде туған халықтың екінші ұрпағы бала тууға белсенді
жасқа жетіп отыр.
4-сурет. Облыстағы ұлттардың туу көрсеткішіндегі үлес салмағы
жəне оның жақын 5 жыл ішіндегі өзгерісі
Дегенмен, табиғи өсімге əсер етуші басты факторлардың бірі
халықтың өлім деңгейі. 2009 жылдың басындағы статистикалық мəлі-
меттерге сүйенер болсақ, облыс халқының өлім көрсеткішінде қазақтар
– 33,4%, орыстар – 58%, ал басқа ұлт өкілдері – 8,6%-ды құрайды. Ай-
мақта өмір сүретін славян халқының өлім деңгейі туу көрсеткішінен
де басым түсіп, олардың арасындағы табиғи өсімнің жоғарлауына кері
əсерін тигізіп отыр. Соңғы жылдары облыс халқының табиғи өсімінің
негізгі бөлігін қазақ ұлты беріп отыр. Сонымен қатар, Орта Азия респу-
бликалары мен Кавказдан келген этностардың қатарында да біраз өсім
байқалады.
Жалпылай демографиялық ахуалға сүйенсек алдағы жылдары облы-
стағы демографиялық үрдістерде қазақ ұлтының табиғи жəне механика-
лық қозғалысының басты рөл атқаратынын айтуымызға болады. Облы-
стың өндірісті орталықтарына тартылуға дайын тұрған жұмысқа жарам-
ды халықтың басым көпшілігін қазақтар құрайды.
Аймақ халқының қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін меңгеруі.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 61,4% мемле-
кеттік тілді түсінсе, оның ішінде 2,6% жазып, 86,3% оқып жəне жаза ала-
334 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ды. Қала халқының 44,7% түсінсе, оның 86,4% еркін меңгерген. Ал ауыл
халқында бұл көрсеткіштер едəуір жоғары. Ауылдық жерлердегі ұлттық
салт-сананың сақталуы мемлекеттік тілдің үлес салмағының ауылдық
жерлерде басыңқы болуына жағдай жасап отыр. Мысалы, ауыл халқы-
ның 56,1% мемлекеттік тілді меңгерсе, оның 91,4% еркін біледі.
4-кесте. Облыс халқының тілдерді меңгеруі
3382062 1127354 1127354 1127354 Барлық халық Барлық халық Қала халқы Ауыл халқы
Тілдер Ауызекі Оқиды Оқып, жаза Ауызекі Оқып, жаза Оқып, жаза
тілді түсі- алатындар тілді түсі- алатындар алатындар
нетіндер нетіндер
Ауызекі
Оқиды тілді түсі-
нетіндер
Оқиды
Барлығы Ағылшын Орыс Қазақ тілін692208 17937 597400 358073 10994 298716 334135 6943 298684тілін
1083224 16518 1023848 657459 5523 640112 425765 10995 383736
96341 18911 47710 64700 14287 29980 31641 4624 17730тілін
1871773 53366 1668958 1080232 30804 968808 791541 22562 700150
Облыс халқының орыс тілін меңгеру деңгейі - 96,1%, ағылшын тілін
меңгеру деңгейі - 8,5%. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін негізінен мек-
теп, лицей оқушылары мен жоғары оқу орындары, колледждердің сту-
денттері толықтырып отыр.
Аймақтағы ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді оқыту мəсе-
лесі. Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру
жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру – жаңа бағдарлама
жүктеп отырған міндеттердің бірі. Мемлекеттік қызметшілер мен аза-
маттардың басқа да санаттарына мемлекеттік тілді оқыту функциясын
атқарып отырған 1 облыстық жəне 7 қалалық, аудандық тіл оқыту ор-
талықтары жəне 1 жеке меншік оқыту орталықтары облыстағы ересек
азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруінің инфрақұрылымдық базасы-
на айналып, жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта олардағы
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 335
157 топта 2484 тыңдаушы мемлекеттік тілді оқып шықты. Оқытудың ин-
фрақұрылымы елеулі түрде кеңіді. Бүгінгі күні облыста:
- ересектерге мемлекеттік тілді оқыту орталықтары мен үйірмелерде
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің келісімімен бекітіл-
ген бірыңғай оқыту бағдарламасымен оқыту курстары жүргізілуде;
- мемлекеттік қызметшілер үшін бірыңғай оқу-əдістемелік бағдарла-
маға негізделген оқыту курстарының орталықтандырылған жүйесі жа-
салды;
- тілдерді оқыту орталықтарының мемлекеттік тілді оқытудағы
бірізділігі қалыптасты;
- мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының əдістемелік базасын
нығайтылып, 2012 жылы 7 мың дана оқу-əдістемелік кешендер, элек-
тронды оқулықтармен қамтамасыз етілді;
- орталық оқытушылары ШҚ облыстық біліктілікті арттыру жəне қай-
та даярлау институтында өткізілетін курстарға тартылып, біліктіліктерін
жетілдірді. Бүгінгі күні оқытушылардың ересектерге мемлекеттік тілді
оқытуда кəсіби біліктілік шеберлігі қалыптасып, шыңдалды.
Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында: (əр орталық бойынша 2011
жəне 2012 жыл салыстырмалы түрде) 2010-2011 оқу жылында облыс
көлемінде жалпы жиыны 2484 тыңдаушы оқыса, 2011-2012 оқу жылын-
да 2324 тыңдаушы оқып жатыр, оның 1522-сі мемлекеттік қызметшілер.
2010-2011 оқу жылында облыстық оқыту орталығында 1047, Риддер
қаласында – 393, Курчатов қаласында –165. Бесқарағай ауданында – 130,
Бородулиха ауданында – 252, Глубокое ауданында-185, Зырян ауданын-
да –137, Шемонаиха ауданында – 175 , жалпы жиына 2484 тыңдаушы
оқып шықса, 2011-2012 оқу жылында облыстық оқыту орталығында 945,
Риддер қаласында – 248, Курчатов қаласында – 96 Бесқарағай ауданында
– 136, Бородулиха ауданында 255, Глубокое ауданында – 200, Зырян ауда-
нында – 246, Шемонаиха ауданында – 198, жалпы жиыны –2324
Сонымен бірге 2010-2011 оқу жылында 72 тыңдаушымен жұмысын
бастаған «Тілашар» 2 айлық курсы 2010-2011 оқу жылы 387 əртүр-
лі санаттағы тіл үйренушіге ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырды.
Биылғы жылы осы курста 500 тыңдаушы тіл үйренуде.
Соңғы екі жылда, «Тілашар» курсын аяқтаған тыңдаушыларға тілді
меңгеруге қолайлы жағдай туғызу мақсатында оқу жылының соңында
«Ойна да күл, қазақша біл!» атты тілдік лагерь ұйымдастырылып, тіл
үйренушілерге курста алған білімдерін шыңдауға мүмкіндік жасалды.
Ерекшелігі: «Тілашар» курсына қатысушылар өз еркімен келіп 2 ай бойы
күн сайын сабаққа қатысу нəтижесінде курс соңында ауызекі сөйлеу дең-
гейіне жетіп жүр.
Мемлекеттік органдардағы жəне тіл үйрету үйірмелеріндегі тыңда-
ушыларды қоса есептегенде қазір 18 311 мыңға жуық адам оқумен
336 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
қамтылған, оның 3 мыңы орталықтар арқылы, қалған 15 311-і оқыту
үйірмелеріндегі курстар арқылы оқуда. Арнаулы орта жəне жоғары оқу
орындарын қоса есептегенде 320 208 адам мемлекеттік тілді оқыту кур-
старына қатысуда. Бұл облыс тұрғындарының 22,9 % құрайды.
2010 жылы облыс бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар-
дың үлес салмағы жүргізілген əлеуметтік зерттеу көрсеткендей 68% бол-
са, 2011 жылы мемлекеттік тілді меңгергендердің үлес салмағы 70,6 %
құрады немесе бұл 987,2 мың адам болды. Тілдерді дамыту мен қолда-
нудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сəй-
кес 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлес
салмағын 95% жеткізу үшін жылына кем дегенде 40 мың ересек тұрғын-
дарды оқытып отыруымыз керек. Сондықтан да ересектерге мемлекеттік
тілді оқытуда осы міндетті шешу күн тəртібінен түспей отыр.
Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қол-
данылуын сақтау - стратегиялық жоспарға енгізілген бағыттардың бірі.
Қазіргі уақытта, орыс тілінің мəдени қызметін сақтау толыққанды жү-
зеге асуда. Ол мемлекеттік органдарда, ғылым мен білім салаларында,
мəдениет пен бұқаралық ақпарат құралдарында қамтамасыз етілуде.
2010 жылы орыс тілін меңгерген ересектердің үлесі 87 пайыз болса, ол
1,3 пайызға өсіп, өткен жылы 88,3 пайызды құрады. Оған жыл сайын
дəстүрлі түрде өткізіп келе жатқан славян жазбасы күндері, түрлі конфе-
ренциялар, орыс тілін білуден өтетін конкурстар, мектептерде орыс тілін
оқытудың стандарттарының сақталуы, оқытушылармен толық қамтама-
сыз етілуі қолайлы жағдай туғызуда.
Шетелдерден тарихи отанына оралған қандастарымыздың əлеумет-
тік ортаға бейімделуіне ықпал ету мақсатында 2010-2011 оқу жылында
ШҚО мемлекеттік тілді оқыту орталығы жанынан ашылған екі айлық
курста 20 оралман, 2011 жылы 50 адам орыс тілін оқып үйренді. Үстіміз-
дегі жылы 15 оралман жексенбілік мептепте, 25 адам Өскемен қаласына
қарасты Шығыс ауылында (Новоявленка) орыс тілін оқып жатыр. 2012
жылдың сəуір айындағы мəлімет бойынша 12 742 отбасында 52 068
оралман облыс аумағында шашыраңқы күйде тұрып жатыр. Осылардың
257-сі тұрғылықты жерлері бойынша курсқа тартылып кирилица əліпбиі
мен орыс тілін үйреніп жатыр
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасындағы нысаналы индикаторлардың бірі
– мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі. Егер 1999 жылы
облыс тұрғындарының 55,5 % мемлекеттік тілді меңгерген болса, 2011
жылы жүргізілген əлеуметтік зерттеулер тұрғындардың 70,6% мемлекет-
тік тілді меңгергендіктерін көрсетіп отыр.
Облыста тұратын өзге ұлт өкілдерінің 12,2% мемлекеттік тілді мең-
гергендер, оның ішінде татарлардың 68,7%, немістердің 16,1%, орыстар-
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 337
дың 11,1%, украиндардың 9,9%, белорустардың 8,1% мемлекеттік тілді
меңгергендіктерін көрсетіп отыр.
Бағдарламада көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда облыстық тіл-
дерді дамыту жөніндегі басқарма 2011 жылы Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе
отырып, облыстағы мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеру деңгей-
ін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ- қазақ тілінен білім деңгейін бағалау
жүйесі бойынша байқау сынағын өткізді.
Жалпы, облыс бойынша барлығы 2645 мемлекеттік қызметші ҚАЗ-
ТЕСТ-тің байқау сынағынан өтті. Сынақ тапсырушылардың 57 пайызы
тілді қажетті деңгейде білетіндерін көрсеттті.
Ересектердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі
негізінде байқау сынақтарын өткізу 2012 жылы да Ұлттық бірыңғай те-
стілеу орталығымен бірлесе отырып жалғасын табуда.
2012 жылдың 14-18 мамыры аралығында мемлекеттік қызметшілер,
құқық қорғау органдарының қызметкерлері, əскери қызметшілер жəне
сот орындаушылары, жалпы жиыны 1-кезеңде 500, 2-кезеңде 1288 мем-
лекеттік қызметші тестілеуден өтетін болады.
Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына жыл сайын облыстық, қала-
лық жəне аудандық бюджеттен тұрақты түрде қаражат бөлініп отырыла-
ды. Мəселен облыстық оқыту орталығына алғаш құрылған 2006 жылы 5
млн. 737 мың теңге қаражат бөлінсе, 2011 жылға бекітілген 70 018,0 мың
теңге бюджет қаржысының 30 868,0 мыңы тілдерді дамыту саласында
мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, 38 050,0 мыңы мемлекеттік тілді
жəне Қазақстан халқының өзге тілдерін оқытуға жұмсалды.
2011-2012 оқу жылы облыс көлемінде облыстағы мемлекеттік тілді
оқыту орталықтарына 64 млн. 584 мың теңге қаражат бөлініп отыр.
Жаңа 2012-2013 оқу жылында облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес
Семей қаласында, Ұлан ауданының Таврия жəне Көкпекті ауданының
Самар өңірлерінде мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылып, Се-
мей қаласының орталығына 6 млн. теңге жəне Ұлан, Таврия аудандары-
ның мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына 3 млн. теңгеден қаражат
қарастырылып отыр.
Мемлекеттік тілдің ғылыми-əдістемелік базасын нығайту бағытында
жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыстық оқыту орталығының жанынан
ғылыми-əдістемелік орталық құрылған. Оның құрамында ғалымдар, тіл
мамандары, озық тəжірибелі курс оқытушылары енгізілген.
Мемлекеттік тілді меңгеру үдерісіне жаңа ақпараттық технология-
ларды енгізу, ересектерге мемлекеттік тілді меңгертудің заманауи əді-
стемесін жетілдіру-оқыту орталығы жұмысынгың басты бағыттарының
бірі. Осыған байланысты оқыту орталығынан шыққан оқу-əдістемелік
құралдар:
338 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
-Қарапайым деңгейге арналған «Қазақ тілі» оқыту кешені (оқулық,
жұмыс дəптері, электрондық оқулық;
-Салалық сөздіктер;
-Тіл үйрету жаттықтырғышы;
-«Қазақша үйренеміз», «Қанеки, қазақша сөйлейік!» аудио курстары;
-Деңгейлік аудиомəтіндер жинақтары;
-Үштілді əмбебеп сөздік (қазақша,орысша, ағылшынша);
-Электронды тестілеу құралы
Бұл бағытта 2010-2011 оқу жылында ШҚО мемлекеттік тілді оқыту
орталығы мемлекеттік тілді интернет арқылы оқыту жобасын жасады.
Осы жобаның негізінде өткен оқу жылында мемлекеттік тілді үйрену-
ге ынта білдірген барлық мүдделі адамдарға тілді қашықтан оқытудың
«Учимся говорить по-казахски» мультимедиалық жүйесі əзірленіп, іске
қосылды. Өткен жылы осы сайтты 32 мың адам пайдаланса бүгінгі күні
61 мыңнан астам адам осы KAZCENTER.KZ сайтының қызметін пайда-
ланып отыр.
Қазақстандықтардың лексикалық капиталын дамыту мақсатында
бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша ағылшын тілін меңгер-
ген ересек тұрғындардың үлесі 2011 жылы 1,8 пайызды құраса, бүгінгі
күні 2,1 пайызды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға артып
отыр.
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мем-
лекеттік бағдарламасына сəйкес облыстың 22 тіл оқыту орталықтарында
2010 жылы 893 тыңдаушы қамтылса, 2011 жылы 1164 тыңдаушы ағыл-
шын тілін оқуда. Өскемен қаласындағы басқа да орталықтарда жалпы
жиыны 878 тыңдаушы, Семей қаласында 286 тыңдаушы ағылшын тілін
үйренуде. Облыс көлеміндегі мемлекеттік жəне жеке меншік ағылшын
тілін оқыту орталықтарындағы 59 топта жалпы жиыны 1164 тыңдаушы
ағылшын тілін оқып үйренуде. Оның ішінде мемлекеттік оқыту орта-
лықтарында: облыстық оқыту орталығында 25, Риддерде 10, Бесқарағай-
да 12, Бородулихада 15, Зырянда 36, Шемонаихада 25 тыңдаушы, жалпы
жиыны 123 тыңдаушы ағылшын тілін үйренуде.
Аймақтағы өзге этнос өкілдерінің ана тілін меңгеруі. Қазақстанда
тұратын этностар тілдерін оқып-үйрену, сақтау жəне дамыту үшін қо-
лайлы жағдай жасау жөніндегі жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру – мем-
лекеттік бағдарламада белгіленген міндеттердің бірі. Тəуелсіздіктің 20
жылы ішінде облыста тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдау-
дың тиімді жүйесі құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды алғашқылардың
бірі болып қолға алған Шығыс Қазақстанда бүгінгі күні 80 этномəдени
бірлестік жəне «Ынтымақ-Содружество», «Бірлік-Единство» деп атала-
тын 2 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Өскемен қаласындағы
«Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мəдениетін түлету» мектебін-
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 339
де мемлекеттік тілмен қатар 14 этностың тілдері оқытылады. 2010-2011
оқу жылында мұндағы 51 топта 847 тыңдаушы дəріс алды. Ал Семей қа-
ласындағы жексенбілік мектептегі 5 топта 68 тыңдаушы өз ана тілдерін
оқып жатыр. 2011-2012 оқу жылында тыңдаушылар саны 11 адамға ар-
тып 79-ды құрап отыр. Жалпы облыс көлемінде этномəдени орталықтар
жанындағы курстарда 2648 өзге ұлт өкілдері ана тілдерін оқуда.
Облыстағы этномəдени бірлестіктер жанындағы курстарда ана тілін
үйренуге тартылған этникалық топ өкілдерінің үлесі 2010 жылы 18 пай-
ыз болса, 2011 жылы 20 пайызға жетті.
Жексенбілік мектептерде өздерінің ана тілі мен мемлекеттік тілді
үйренуде жетістіктерге жеткен этнос өкілдері балаларының жазғы «Тіл
лагерінде» демалысын ұйымдастыру соңғы 5 жылда жүйелі түрде жүр-
гізілуде. 2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша өз ана тілдерін
оқуда үздік нəтиже көрсеткен жексенбілік мектептің 19 оқушысы тегін
жолдамамен «Тіл лагерінде» жазғы демалыстарын мемлекеттік тілді
жəне қазақ халқының салт-дəстүрлері мен мəдениетін үйренумен ұшта-
стырды.
Жексенбілік мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту
мақсатында жыл сайын аудан жəне қала əкімдіктері мен тілдерді дамыту
жөніндегі басқарма тарапынан қомақты қаражат бөлініп, ұйымдастыру
техникасы алынып беріледі, ана тілдерін оқытуда үздік нəтижеге жеткен
оқытушылар грамоталармен жəне бағалы сыйлықтарымен марапаттала-
ды.
Аймақтағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен дамуы. Тіл –
мемлекеттік қызметте. 1997 жылғы Тіл туралы заң қоғам өмірінің негіз-
гі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізін қалыптастырды. Тіл
заңы баптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2001 жылы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану
мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама-
сы» қабылданып, тіл саясаты негізінен үш бағытта өрбіді:
1. Мемлекеттік тілдің əлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту
жəне нығайту.
2. Орыс тілінің жалпы мəдени қызметін сақтау.
3. Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту.
Жалпы осы бағдарлама шеңберінде бірнеше маңызды құжаттар қа-
былданды. Мемлекет Басшысының бастамасы бойынша «Тілдердің үш
тұғырлығы» ұлттық мəдени жобасын іске асыру басталды. Сонымен қа-
тар Республикадағы мемлекеттік органдардың ісқағаздарын жүргізуді
мемлекеттік тілге көшіру кестесі бекітіліп, жүзеге асырылды. 2006 жылы
Елбасының №127 жарлығымен аталмыш кестеге бірқатар өзгерістер ен-
гізіліп, ісқағаздарын жүргізуді 2010 жылы мемлекеттік тілге көшіруге
белгіленген бірқатар облыстар мен министрліктер 2008 жылға шегеріл-
340 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ді. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы да болды. 2008 жылдың 1
қаңтарынан бастап облыстың барлық мемлекеттік органдары ісқағазда-
рын жүргізуді мемлекеттік тілге көшірді.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта мемлекет-
тік органдардың құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолданылу
деңгейі 88,7 пайызды құрап отыр. Əрине бұл көрсеткіш 2011 жылмен
салыстырғанда 5,1 пайызға, ал 2001 жылмен салыстырғанда 76,1 пайы-
зға жоғары.
Облыстың мемлекеттік органдарында мемлекеттік тілді қолдану ая-
сын кеңейту мемлекеттік органдар жұмысының басты бағыттарының
бірі болып табылады. Ай сайын мемлекеттік органдардың құжат айна-
лымына облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан тұрақты мо-
ниторинг жасалып отырылады. Мысалы, 2005 жылы мемлекеттік тілдегі
құжатың үлес салмағы 17% ғана болса, 2012 жылы облыс аудандары мен
қалаларындағы мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы
мемлекеттік тілдің үлес салмағы 94% -ды құрады. Бұл өткен 2011 жыл-
мен салыстырғанда 5%-ға артық. Облыстық басқармаларда жалпы құ-
жат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 2012 жылы 89,7%
құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға артты. Облыстық департа-
менттердегі мемлекеттік тілді қолданудың деңгейі 2012 жылы 10,2% -ға
артып, 82,3% құрады. Бұл көрсеткіш əлі де аз, ол толығымен мемлекеттік
тілде болуға тиіс. Дегенмен, оған əсер етіп отырған кейбір объективті
себептер де жоқ емес. Мысалы, облыстағы 19 қала мен ауданның 7-уінде
(36,8%-да) қазақ ұлтының үлесі небəрі 10-нан 33 пайызға ғана жетеді,
мемлекеттік тілде құжат дайындай алатын кадрлар жеткіліксіз.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуде мемлекеттік органдар
мен мекемелерде жұмыс істейтін аудармашылар мен мемлекеттік тілде іс
жүргізуші мамандардың рөлі ерекше болып отыр. Қазір облыстың мем-
лекеттік органдары мен мекемелерінде 223 аудармашы штат кестесіне
еніп жұмыс істесе, 79-ы келісім-шарт негізінде жұмыс істеуде. Осыған
байланысты облыстағы жоғары оқу орындарының негізінде 2011 жылы
55, 2012 жылы 36 аудармашы өз біліктіліктерін арттырды.
Мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағы қала жəне аудан əкім-
дерінің, облыстық басқармалардың рейтингін анықтау көрсеткішіне ен-
гізілген. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолданудың жағдайы
облыс əкімі төрағалық ететін Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік
жəне басқа да тілдерді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын-
да 2010 жылы 2 рет, 2011 жылы 1 рет күн тəртібіне енгізіліп қаралған.
Мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы төмен болған мемлекеттік
мекеме басшыларына басқарма тарапынан ай сайын ескертпе хаттар
жіберіліп, тиісті ұсынымдар жасалып отырылады. 2009 жылдан бастап
осы көрсеткіш əкімдердің рейтингтік көрсеткіштерінің біріне енгізілді.
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 341
Жіберілген хаттардың сапасын жақсарту мақсатында 2009 жылы облыс
əкімдігінің қаулысымен мемлекеттік органдардағы аудармашылардың
біліктілік талаптарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Егер бұған дейін
олар аудармашы болып келсе, ендігі кезекте оларды «мемлекеттік тіл-
дің редакторлары» атауымен атау тапсырылды. Яғни олар аудармамен
отырмай, мемлекеттік қызметшілердің өздері дайындаған құжаттардың
мемлекеттік тілдегі мəтіндерін тек тексеру жұмыстарымен айналысу
көзделген. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілді
меңгеруге итермелеу болып табылады.
Тіл - білім беру жүйесінде. Облыс аумағында 143 балабақша жұмыс
істейді. Оның 56-сы (40%) қазақ балабақшалары, 50-і (34%) аралас тілде
тəрбиелейтін балабақшалар жəне 37-сі (26%) орыс тілінде тəрбиелей-
тін балабақшалар. 2012 жылы қазақ тілінде тəрбиелейтін 20 балабақша
ашылып, 2011 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілде тəрбиеленуші
балалардың саны 1,8 пайызға артты.
5-кесте. Облыстағы балабақшалар саны
Облыстағы Қазақ тілінде Аралас тілде Орыс тілінде
мектепке оқытып, оқытып, оқытып,
Р/н дейінгі тəрбиелейтін тəрбиелейтін
мекемелердің мекемелердің мекемелердің тəрбиелейтін
жалпы саны саны саны мекемелердің
1 143 56 50 саны
37
6-кесте. Облыстағы мектепке дейінгі мекемелердегі тəрбиеле-
нушілердің саны
Қазақ тілінде оқытып, тəрбиелей- Орыс тілінде оқытып, тəрбие-
тін мектепке дейінгі мекемелер- лейтін мектепке дейінгі меке-
дегі тəрбиеленушілердің ұлттық мелердегі тəрбиеленушілердің
Р/н құрамы
ұлттық құрамы
Қазақтар Орыстар Басқалар Қазақтар Орыстар Басқалар
1 7981 295 110 2473 8342 664
342 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
7-кесте. Қазақ жəне орыс топтарында оқып, тəрбие алып жатқан
балалардың саны
Қазақ тілінде Аралас тілде оқытып, тəрбие беретін Орыс тілінде
оқытып, тəрбие мектепке дейінгі мекемелердегі оқытып,
беретін мектепке тəрбиеленушілердің саны
дейінгі мекемелер- тəрбие беретін
дегі тəрбиеленуші- Қазақ топтарын- Орыс топтарын- мектепке
Р/н лердің саны дағы тəрбиеле- дағы тəрбиелену- дейінгі
нушілердің саны
2011 2012 2011 2012 шілердің саны мекемелердегі
жылы жылы жылы жылы 2011 2012 тəрбиелену-
жылы жылы шілердің саны
2011 2012
жылы жылы
1 7097 8386 3009 3274 4600 5727 11812 11479
Мектептер жанында 1100 шағын орталық жұмыс істейді, онда 25359
бала қамтылған. Семей қаласы, Юность мекенінде 320 орындық, Жарма
ауданында 280 орынға арналған арналған 2 балабақша, Өскемен қала-
сында қолданысқа тапсырылды. Өскемен қаласында 3 балабақша: «Нұр-
лы көш» бағдарламасы бойынша 280 орындық, мемлекеттік-жеке серік-
тестік бойынша 560 орындық («Қазмырыш» АҚ, «Казатомпром» АҚ)
сонымен қатар «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық бюд-
жеттен 3 балабақша қолданысқа берілді: Жарма ауданының Шар қала-
сында 140 орындық жəне Георгиевка (Қалбатау) ауылында, Өскемен қа-
ласында 280 орындық балабақша. Өскемен қаласында 6 балабақша (1260
орындық), Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай аудандарында 140 орындық
1 балабақша босатылып, қайтарылды. Білім беру ұйымдарының желісін
ықшамдау нəтижесінде, Аягөз аудандарында (150 орындық «мектеп-ба-
лабақша» негізіндегі 2 кешен) жəне Абай ауданында (75 орынды) қосым-
ша алаңдар құрылды.
Глубокое ауданында 230 орындық – 3, Жарма ауданында 50 орындық
– 1, Үржар ауданында 150 орындық – 3. 743 орынға арналған 6 жеке-дара
балабақша кешені ашылды: Зайсан ауданында – 85 орындық 2 балабақ-
ша, Семей қаласында 150 орындық 2 балабақша, Өскемен қаласында 475
орындық «Лада», 330 орындық «Азамат» балабақшасы ашылды.
Облыста мектепке дейінгі біліммен қамту 86,4 % (53113 бала) құрай-
ды, 2009 жылмен (59,8%) салыстырғанда 26,6% (17778 бала) өсті, 2009
жылғы қамту 35335 баланы құрады.
Облыста мектепалды даярлығымен 647 жалпы білім беретін мектеп-
терде 1077 сыныпта 22405 (99%) 5-6 жастағы бала қамтылған. Мектеп
жасына дейінгі балалар саны 4899 өсті жəне 139 597 (2009 жылы – 127
611) баланы құрады. Балабақшада орын алуға кезектілік 20 наурыздағы
жағдай бойынша 13 274 орын (2010 жылы 18 893 орын).
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 343
Өзге этнос балаларын мемлекеттік тілде тəрбиелеп, оқытатын мек-
тепке дейінгі мекемелер мен мектептерге беруі артып келеді. Биылғы оқу
жылында 405 бала қазақ балабақшаларында тəрбиеленсе, 396 бала қазақ
мектептерінде білім алуда. Бұл өзге этностардың мемлекеттік тіл мен
еліміздің болашағына деген сенімінің артқанының айшықты көрсеткіші
деуге болады.
Орта білім берудегі тілдік жағдай. 2011-2012 оқу жылының басын-
да облыста 718 мектеп жұмыс істеді. Жалпы оқушылар санының 54%
мемлекеттік тілде оқиды. Оның ішінде 366-сы (51%) мемлекеттік тілде
оқытатын мектептер, 176-сы (24,5%) аралас тілде жəне 176-сы (24,5%)
орыс тілінде білім беруде. Соңғы 3 жылда облыс аумағында қазақ тілінде
оқытатын 1 мектеп ашылды.
8-кесте. Облыстағы орта білім беретін мектептер, гимназиялар
мен лицейлер туралы мəлімет
р/с Облыстағы Қазақ тілінде Орыс тілінде Аралас тілде
мектептер білім беретіндері білім беретіндері білім беретіндері
саны
1 718 366 176 176
9-кесте. Қазақ жəне орыс сыныптарында оқитын балалардың
саны
№ Қазақ тілінде Аралас тілде білім беретін мектеп- Орыс тілінде
білім беретін тердегі оқушылар саны білім беретін
мектептердегі мектептердегі
Қазақ сынып- Орыс сыныпта- оқушылар саны
оқушылар саны тарындағы рындағы оқушы-
оқушылар саны лар саны
2009-2010
оқу жылы
2011-2012
оқу жылы
2009-2010
оқу жылы
2011-2012
оқу жылы
2009-2010
оқу жылы
2011-2012
оқу жылы
2009-2010
оқу жылы
2011-2012
оқу жылы
1 65329 68712 32448 31913 32737 30487 52892 50034
10-кесте. Мектептердегі оқушылардың ұлттық құрамы
Қазақ тілінде білім Аралас тілде білім бе- Орыс тілінде білім бе-
беретін мектептердегі ретін мектептердегі ұлт- ретін мектептердегі ұлт-
ұлттық құрам тық құрам тық құрам
Қазақ- орыс- Басқа- Қазақ- орыс- Басқа- Қазақ- орыс- Басқа-
тар тар лар тар тар лар тар тар лар
68316 168 228 44268 15670 2453 13356 33582 3096
344 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
11-кесте. Облыстың аудан, қалаларындағы мектептердің тілдік
құрамы
Аудан, қала Қазақ тілінде Аралас тілде білім Орыс тілінде білім
атаулары білім беретін мек- беретін мектептер- беретін мектептер-
дегі ұлттық құрам дегі ұлттық құрам
тептердегі ұлт-
тық құрам
Қазақ
Орыс
Басқалар
Қазақ
Орыс
Басқалар
Қазақ
Орыс
Басқалар
1 Абай 2122 4 5 704 3 0 0 0
2 Аягөз 9796 1 15 2276 53 26 630 130 73
3 Бесқарағай 827 38 1516 299 85 288 312 48
4 Бородулиха 512 2 11 1020 1173 279 707 1149 315
5 Глубокое 420 1272 2001 120 377 1752 132
3467 280 131 0 0 0
6 Жарма 3690 19 22 1469 137 44 0 0 0
19 41 13 1378 6103 193
7 Зайсан 5247 10 1789 474 49 173 263 15
19 2140 394 150 418 343 27
8 Зырян 526 6 1886 245 18
1 279 530 57
9 Катонқарағай 2505 20 3 387 4441 214
3 4167 3637 797
10 Көкпекті 1708 2 26
1 248 324 40
11 Күршім 3404 15 4
41 3009 9538 759
12 Курчатов 394 1 4
13 Риддер 543 2 39 423 38
14271 4138 968
14 Семей 11010 12 2397 12 4
2037 618 45
15 Тарбағатай 7087 3844 699 120
3677 4184 317
16 Ұлан 1321 10
17 Үржар 9182 50
18 Өскемен 6677 1
19 Шемонаиха 280 89 513 44 642 3608 314
20 Облыстықтар 1065 19 10 334 14 12 653 1452 112
44268 15585 2453 13356 33582 3096
Барлығы 68316 168 228
ҚР-ның шығыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 345
Техникалық жəне кəсіптік білім берудегі тілдік жағдай. Облыста
44 техникалық жəне кəсіптік білім беретін оқу орындары жұмыс істей-
ді. Кəсіптік мектептерде оқитын студенттердің 24 %, колледж оқушыла-
рының 40,8 % мемлекеттік тілде білім алуда. 10 жоғары оқу орындары
студенттерге білім беруде. Олардағы студенттердің 45,4 % мемлекеттік
тілде білім алуда.
Мемлекеттік тіл жəне БАҚ. Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген мақ-
саттарға қол жеткізудің негізгі бағыттардың бірі – мемлекеттік тілді қол-
данудың аясын кеңейту жəне оны қоғамдық өмірдің барлық саласына
кіріктіруде бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше.
Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен түсіндіруде бұқаралық
ақпарат құралдарының алар орны ерекше екені мəлім. 2008 жылы облы-
ста шығатын 105 мерзімдік басылымның 10-ы немесе 9,5%-ы ғана қа-
зақ тілінде болды. 2011 жылы шығарылатын 149 газеттің 52 (35%) орыс
тілінде, 59-ы (40%) екі тілде, қазақ тіліндегі газеттердің саны 30 немесе
28,5%-ға жетіп екі еседей артты. Глубокое, Бородулиха, Шемониха, Зы-
рян аудандары мен Курчатов, Риддер, Өскемен қалаларында мемлекеттік
тілде аудандық жəне қалалық газеттер шығарыла бастады.
Мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуын ақпараттық қамта-
масыз ету бағытында 2010 жылы облыстық, қалалық жəне аудандық га-
зеттерде 424 мақала жарияланып, электронды БАҚ-та 71 бейнематериал,
18 тақырыптық хабар эфирге шықса, 2011 жылы 500-ден астам мақала
жарияланды, 90-нан астам бейнематериал, 22 тақырыптық хабар эфирге
шықты.
Басқарманың тапсырысы бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс
Қазақстан филиалы «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының облыстық
эфирінен айына бір рет «Бойтұмарым – туған тіл» тақырыптық хабары,
тоқсан сайын облыстық «Дидар» жəне «Рудный Алтай» газеттерінде ар-
найы бетттер жарық көрді.
Тілдік орта қалыптастыруда медиалық саланың əлеуетін белсенді
пайдалану мақсатында алдағы уақытта облыстық БАҚ-та «Тіл сақшысы»
атты арнайы айдар ашу жоспарымызда бар.
Аймақтың ономастикалық ахуалы. Тарихи-географиялық фактор-
лар тілге, оның ішінде, жер-су аттарына да əсер ететіні белгілі. Шығыс
Қазақстанның топожүйесі, соған орай, үш тілдік қабаттан тұрады: түркі
(қазақ) - 75%, моңғол - 10%, орыс - 15%.
Облыста ономастика саласындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүр-
гізіліп келеді. Облыс көлемінде 2000-2005 жылдары аралығында 4 мек-
тептің атауы өзгертілді. 1997 жылғы 3 қарашада Глубокое орта мектебіне
О.Бөкейдің есімі, 1997 жылғы 25 қазанда Ұлан ауданының Донское мек-
тебіне Т.Тоқтаровтың есімі, 1998 жылғы 30 желтоқсанда Катонқарағай
346 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ауданының Медведка мектебіне О. Бөкейдің есімі, 2000 жылғы 7 сəуірде
Өскемен қаласындағы № 20 мектепке А. Байтұрсыновтың есімі берілді.
2005-2011 жылдары облыс бойынша 34 елді мекеннің атаулары өз-
гертілді. Атап айтқанда:Аягөз ауданы бойынша -1, Бородулихада-1,
Бесқарағайда – 3, Жармада – 4, Зайсанда – 1, Күршімде – 3, Көкпектіде
– 1, Катонқарағайда – 9, Ұланда – 6, Үржарда – 5.
5-сурет. Шығыс Қазақстан облысы топонимдерінің стратиграфия-
лық бағанасы
Облыс бойынша 7658 көше бар, оның 4952-сі орыс тілінде. Бүгінгі күні
өзгертуге жататыны – 65 пайызды құрайды. Облыстағы 1065 əкімшілік ау-
мақтың 738-і (69;2%) мемлекеттік тілде, 91-і қайта атауды қажет етеді.
Қазіргі уақытта мемлекеттілікті нығайтудың басым бағыттарының
бірі болып келетін ономастика мəселесін тарихи атаулардың ұрпақ игілі-
гі, атадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұра, қайталанбас құн-
дылық екенін ескере отырып, жаңа мазмұнмен байыта түсу қажеттігі
туындап отыр.
Ономастика саласындағы жұмыстарды жетілдіру кезінде ең алдымен,
ашықтық қағидаттарын енгізуге, қоғамдық пікірді ескеру баса назар ау-
дарылады. Жаңа мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында,
шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам институттары мен
бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделуде.
Аймақтағы өткен кезеңдердегі солақай саясат салдарынан қалған ата-
улардан кенде емес. Осыған байланысты облыстағы ономастиканың өзек-
ті мəселелерін шешу мақсатында «Өзгерген атаулар, жаңарған ұғымдар»
атты өңірлік көшпелі семинарлар топтамалары өткізілуде.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның шығыс аймағында мемлекеттік жəне
өзге тілдерді дамыту барысында көптеген шаралар ұйымдастырылып
жүзеге асуда атап айтқанда:
ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 347
1. Жоғары оқу орындары студенттерінің арасында мемлекеттік тілді
білуден облыс əкімінің жүлдесі үшін облыстық конкурс жыл сайын өт-
кізіліп келеді.
2. Достық үйлері жанындағы жексенбілік мектептерде этностар-
дың ана тілдерін жəне мемлекеттік тілді үйренуде жетістіктерге жет-
кен оқушылар үшін жаз мезгілінде демалыс аймағында «Тілдік лагерь»
ұйымдастырылып, оқушылар мемлекеттік тілді жəне қазақ халқының
салт-дəстүрлері мен мəдениетін үйренеді.
3. Облыстық жоғары оқу орындарының (Семей медицина универси-
теті, Шəкəрім университеті, Семей педагогикалық институты, Шығыс
Қазақстан мемлекеттік университеті) қазақ бөлімдерінде оқуға тілек біл-
дірген өзге ұлт өкілдерінің мектеп бітірушілеріне облыс əкімінің гранты
бөлініп отырылады.
4. Мемлекеттік тілді оқыту мақсатында облыста 1 облыстық, 9 қала-
лық жəне аудандық оқу орталықтары ашылып жұмыс істеуде.
5. Оқу жылы кезінде облыстық орталық тарапынан қала тұрғындары
үшін тегін 2 айлық курс ұйымдастырылса, оқу жылының соңында об-
лыстағы барлық оқыту орталықтарында «Тіашар» курсы жұмыс істейді.
6. Мемлекеттік тілді қашықтықтан оқытудың «Учимся говорить
по-казахски» мультимедиалық жүйесі əзірленіп, іске қосылды. Бүгінгі
күні 61 мыңнан адам осы KAZCENTER.KZ сайтының қызметін пайда-
ланып отыр.
7. 2011 жылдан бастап Глубокое, Бородулиха, Шемониха, Зырян ау-
дандары мен Курчатов, Риддер, Өскемен қалаларында бұрын тек орыс
тілінде ғана шығатын газеттердің орнына мемлекеттік тілде аудандық
жəне қалалық газеттер шығарыла бастады.
8. Облыс тұрғындарының лексикалық капиталын дамыту мақсатын-
да биылғы оқу жылы облыс əкімінің қолдауымен облыстық мемлекеттік
тілді оқыту орталығына бағасы 1,5. млн теңге тұратын «ITRAVL» ағыл-
шын тілі сөздігі мен бағдарламасы сатып алынды. Бұл кешен облыстың
мемлекеттік тілді оқыту орталығында ағылшын тілін оқыту курстарында
тиімді пайдаланылуда.
9. Облыс аумағында тұратын этностардың мəдениеті мен салт -дəстүр-
лерін, өмірін айшықты түрде көрсететін Ертіс өзенінің сол жағалауында
ашылған Этноауыл этностардың көпшілік-мəдени шараларын өткізетін
орталыққа айналды.
3.5 Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағындағы тілдік
ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі
Қазақстандағы тіл саясаты жəне оның тілдік жағдаяттағы
көрінісі. Көптеген елдерде ұлттық-тілдік мəселелер сол елге тəн болып
келетін, тілдік жағдаятқа жəне соны өзгертуге не тұрақтандыруға бағыт-
348 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
талған тіл саясатына қарай шешіледі. Соған сəйкес əрбір мемлекет өзін-
дік тіл дамыту үлгісін таңдайды.
Тіл саясаты – қандай да бір тілдік ортададағы тіл тұтынушылардың
бағыт-бағдарын қалыптастыруға жəне өзгертуге бағытталған сол мем-
лекетте өмір сүріп отырған халық тілдерін дамыту жөніндегі мемле-
кеттің саясаты. Қоғамдағы мемлекеттік тілді, этникалық тілдерді дамы-
туға арналған заңнамалың актілер жиынтығы ұлттық саясаттың тілдік
аспектілерін: тілдердің нормалануы, стандартталуы жəне өзіндік ішкі
дамуымен байланысты мəселелерді қамтиды, проблемаларын қарасты-
рады. Тіл саясаты белгілі бір аймақтағы этносаралық қатынастарды рет-
теуге себебін тигізеді. Ғалымдардың пікірінше, тіл саясатының басты
мақсаты - тілдердің мəдени құндылық факторы ретіндегі қызмет етуіне
жағдай жасау, сол арқылы жалпыұлттық бірлікке сəйкестендіру болуы
керек.
Тіл саясатының тиімділігі мен нəтижелігі тіл тұтынушы субъектілер
мен тіл саясаты объектілерінің қатынасын реттеуге құрылады. Тіл сая-
сатының субъектісіне мемлекет, басқа да ресми органдар жатса, тіл са-
ясаты объектілеріне тілдік топтардың өкілдері, жалпы тіл тұтынушылар
жатады. Тіл саясаты тілдік топтар өкілдеріне, яғни объектіге қатысты
жүргізіледі жəне тілдік жағдаятқа немесе тілдік проблемаға мемлекеттің
көзқарасы ретінде көрінеді. Бұл өз кезегінде сол тіл саясатының бастау
көзі болып та саналады.
Ғалымдар тіл саясатының бірнеше түрлерін ажыратып көрсетеді. Қол-
данылатын шаралар мен құралдарға байланысты радикалды-этатикалық
немесе либералдық тіл саясаты болып бөлінеді. Сондай-ақ тіл саясаты-
ның түріне ассимиляциялауды, мəдени плюрализмді жəне автономизмді
жатқызады. Тілдік ассимиляциялау радикалды-этатикалық əдіспен, яғни
белгілі бір ұлтты мемлекеттен бөлектейді, үлкен тілдік топтар тілдік аз-
шылық ұлыстарға басылымдық көрсетіп, тұншықтырады. Тіл саясатын-
дағы автномизм мемлекеттің жүргізіп отырған тіл саясатына қарамастан
өз кеңісітігі ішінде белгілі бір диаспораның тілін дамытуды көздейді. Мə-
дени илюрализм сол мемлекет аумағындағы барлық ұлттар мен ұлт тіл-
дерінің дамуына жəрдем береді, ол ынталы əрі төзімді түрде жүргізіледі.
Посткеңестік елдерге қарағанда Қазақстанда тілдік жағдаят өте күр-
делі. Біздің елімізде тіл саясаты жоғарыда айтылған соңғы үлгіде, яғни
мəдени плюрализм түрінде, демократиялық бағытта жүргізіледі. Басқа-
ша айтқанда, еліміздегі тіл саясаты өзге этностардың да жағдайын қа-
нағаттандыра отырып, біртіндеп қазақтандыру бағытында жүргізіледі.
Қазақстан тіл саясатының бұл түрін неге таңдады дегенге келсек, про-
ффессор, Э.Сүлейменованың зерттеу еңбектері негізінде жазылған
Қ.Слмбековтің мақаласында оған санамаланған түрде мынадай нақты
уəждемелер берілген: «Біріншіден, өзге мемлекеттердегі тарихи, бай-
ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 349
ырғы, негізгі ұлттарға қарағанда мемлекетімізде қазақ ұлты əлдеқайда
аз (бүкіл халықтың жартысынан астамын ғана құрайды; мəселен Əзір-
байжанда əзірбайжандар халықтың 90,6%-ін, Белоруссияда белорустар
81,2%-ін, Өзбекстанда өзбектер 75,8%-ін, Украинада украиндар 75%-ін,
Қырғызстанда қырғыздар 64,9%-ін құрайды ); екіншіден, орыс халқы
көп мөлшерде жəне олар өз ана тілін толық меңгерген, қазақ халқының
көп бөлігі (тек респонденттің 0,4%-і ғана орыс тілін меңгермеген) орыс
тілін жетік біледі жəне қажет ортада қолданудың кеңдігінен қазақтың
көбі орыс тілінде сөйлеуде; үшіншіден, өзге диаспоралар (өзбек, ұйғыр,
украин, белорус, корей, т.б.) қазақ тілінен гөрі орыс тілін меңгерген;
төртіншіден, егер күшпен (диверсия) тілдік саясат жүргізетін болсақ,
онда ел ішінде дүрбелең, қарсылық тумақ, бұл мемлекетке пайда əкел-
мейді; бесіншіден, билік қазақ тіліне қарағанда орыс тілінде «жақсы
сөйлейді»; алтыншыдан, Қазақстан халқы кəсіби деңгейін арттыру мақ-
сатында ағылшын тілін игеруге бет бұруда, бұл жағдай меніңше, мемле-
кет саясатынан тыс болып жатқан сияқты, əлемдік ақпараттың барлығы
ағылшын тілінде екені жəне əлемде ең кең таралған ағылшын тілі екені
белгілі жəне халықтың осы тілді меңгеруге деген қызығушылығы артуда
(кезінде американдықтар жапон мəдениетіне қызығып жапон тілін мең-
геруге деген қызығушылық артқан болатын, сол сияқты Қазақстанда да
сондай үрдіс бар сияқты); жетіншіден, қазақтандыру үрдісі жасырын əрі
өз деңгейінде, жағдайға байланысты жүргізілуде, ең бастысы қазақ тілі
мемлекеттің тілдік идеологиясының өзегі болып отыр, тек мемлекеттің
тілдік саясатын ішкі жағдайға байланысты атқару қажет» [1].
Міне, осы жəне басқа да жағдайлар мен əр алуан факторлар еліміз-
де тіл саясатын дұрыс бағытта жүргізуге, елде жəне оның жекелеген ай-
мақтарында қалыптасқан тілдік жағдаяттарға нақтылы əлеуметтік линг-
вистикалық талдау жүргізіп, проблемаларын, оларды шешу жолдарын
анықтауды қажет етеді.
Қазақстанның оңтүстік аймағы: ұлттық құрамы мен тілдік аху-
алы, өзіндік ерекшелігі (сипаттама). Қазақстанның оңтүстік аймағы
– жалпы еліміздегі өзге де аймақтар сияқты көптеген этностар мен диа-
споралар тұратын өңір. Ол - Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан,
ежелден бергі тарихымызды, халқымыздың өткені мен бүгінін жалғап
тұрған киелі жер. Ол - республиканың ең ірі аймақтарының бірі, оған
Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облы-
стары енеді. Бұл еліміздің ұлан-ғайыр жерін, 711,9 мың км2 аумағын алып
жатыр.
Қазақстанның оңтүстік аймағы географиялық орналасуы жағынан
болсын, аумақтық-əкімшілік құрылымдық жағынан алсақ та, өн-
дірістік-экономикалық шаруашылықты жүргізу сипаты жағынан да, са-
яси-əлеуметтік дамуы жағынан да, тұрғылықты халықтың қандық-рулық
350 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
туыстығы мен аймақта қоныстану ыңғайы жағынан да бірыңғайлығымен
ерекшеленетін, ежелден қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, қазақ
тілінің ана тілі ретінде де, мемлекеттік тіл мəртебесінде де өркен жайған
өңірі болып табылады.
Аймаққа қарайтын 4 облысты қоса есептегенде, онда 44 əкімшілік
аудан жəне облыстық, аудандық бағыныстағы 27 қала бар. 2012 жыл-
дың 1 қаңтарындағы дерек бойынша барлық аймақ халықының саны –
6 299 853 адам, бұл республика халқының 37,8 пайзын құрайды.
Тұрғындардың 65,4 пайызы ауыл халқы (4 118 693 адам), ал қалалы
жерлерде халықтың 34,6 пайызы (2 181 160 адам) тұрады.
Аймақтағы қалаларды тұрғындар санына (2012 ж.) қарай ең ірі қала
(Шымкент -642 602 адам), ірі қала (Тараз – 326 113 адам), үлкен қала-
лар (Қызылорда – 201 719, Теміртау – 173729, Түркістан –150 595, Тал-
дықорған - 130253), орташа қалалар (Кентау 61 60, Қаскелең - 61371),
шағын қалалар (Талғар – 47 301, Қапшағай – 42 389, Жаркент – 41 127,
Арыс – 40 707, Сарыағаш – 40 599, Байқоңыр – 37734, Есік – 36 715,
Жетісай – 33 093, Арал – 31 027, Шардара – 30 027, Текелі – 27 895, Қа-
ратау – 27 365, Леңгір – 25 298, Үштөбе – 24 739, Жаңатас – 21 192, Үша-
рал – 16 396, Сарқан - 14 265) жəне ең шағын қалалар (Қазалы – 6 815,
Шиелі - 5694) деп топтастыруға болады.
Соңғы халық санағының дерегіне қарасақ, аймақтағы облыстарда тір-
келген этностар саны əртүрлі (Қызылорда облысында 70 этнос, Жамбыл
облысында 86 этнос, Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында
105 этнос). Алайда бұл этностадың саны мен қоныстану жағдайына қа-
расақ, аймақты əдеттегідей полиэтносты деп айтудан гөрі моноэтносты
деуге келеді. Себебі осы тіркелген этностардың жартысына жуығының
саны 10 адамға жетпейді, ең көп дегенінің санының өзі (1,0 пайыздан
жоғарысы) 5-6 этностан аспайды. Айталық, Алматы блысында тіркелген
105 этностың 38-нің саны 10 адамға жетпейді, 100 адамға дейінгісі – 33
этнос, 18 этнос 1000 адамға жетпейді, 1,0 пайызға жуығы – 12 этнос, 1,0
% жоғарысы – 4 этнос (олар: қазақтар – 67,7%, орыстар – 16,9 %, ұйғы-
рлар – 8,0% жəне түріктер – 2,0%) [2]. Дəл осындай 105 этнос тіркелген
Оңтүстік Қазақстан облысында 48 этностың саны 10 адамға толмайды,
29-ның саны 100 адамға жетпейді, 1000 адамға толмайтыны – 17 этнос,
6-ның саны 1,0% жуық жəне 5 этнос қана 1,0% асады (олар: қазақтар
– 72,3%, өзбектер – 16,3%, орыстар – 5,5 %, тəжіктер – 1,2 % жəне əзір-
байжандар – 1,2 %) [3]. Ал 86 этносы бар Жамбыл облысы мен 70 этносы
бар Қызылорда облысында саны 10 адамға жетпейтіні сəйкесінше 32-34
этнос, бар-жоғы 100 адамға толмайтыны сəйкесінше 22-17 этнос, 1000
адамға жуығы сəйкесінше 17-10 этнос, 1,0 % жетпейтіні 9-6 этнос жəне
барлық тұрғындардың 1,0 %-астамын құрайтыны Жамбыл облысында 6
этнос (қазақтар – 71,4%, орыстар – 12,0%, дүнгендер – 4,2%, түріктер –