Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 151
Г.Мерғалиеваның «Моцарт пен Сальери» спектаклімен Ақтау музыка-
лық драма театрын ұсынды.
1996 жылы Египет жəне Каир қалаларында өткен халықаралық театр
фестивалінде М.Байсеркеновтың «Абылайдың соңғы күндері» қойылы-
мы көрсетілді.
2003 жылы Ирандағы халықаралық театр фестивалінде М.Əуезов-
тың «Айман-Шолпан» пьесасы бойынша қойылған спектаклін көрсетіп,
көрермендердің жоғары бағасына лайық болды.
Соңғы жылдары театр сахнасында қойылған «Пара» (Н.Гоголь),
«Махаббат поэмасы» (Ғ.Мүсірепов), «Күн батар алдында» (Гауптман),
«Сыған серенадасы» (И.Сапарбай), «Гамлет» (У.Шекспир) сияқты спек-
такльдер Қазақстанның барлық облыстарында көрсетіліп, көрермендер
жылы қарсы алды.
Театр сахнасына шығып жүрген жас актерлер оның дəстүрін жалғап
келеді. Ғ.Əбдінəбиева, М.Омар, К.Нұрланов, Б.Тұрыс, Б.Қожа, Ғ.Құлжа-
нов, Ш.Жанысбекова, Ш.Асқарова, Д.Жүсіп, А.Сұрапбаев сынды актер-
лер тек театр сахнасында емес, сондай-ақ телевидение мен кино сала-
сында да танымал.
2005 жылы театр өзінің 80 жылдық маусымын бұрында өз іргетасы
алғаш қаланған Қызылорда қаласында ашты. Жаңа маусымда көрермен-
дердің назарына «Қара кемпір» (Ə.Əмзеұлы), «Қазақтар» (Қ.Ысқақ, Ша-
химардан) сияқты жаңа қойылымдар ұсынылды.
Халықтың ұлттық патриотизмі мен мəдени мұрасын жандандыруды
қалыптастырудағы маңызды кезеңі 1991 жылдың 15 қарашасында Қалы-
бек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының ашылуы
болды. Оның тізімінде Ғ.Мүсіреповтың, М.Əуезовтың, Т.Ахтановтың
жəне Қазақстанның əрі барлық елдің басқа да белгілі көптеген драма-
тургтері мен жазушыларының шығармаларының қойылымдары болды.
Қазақтың ұлы драматургі Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері Ақтоқты» шығар-
масымен театр өзінің шымылдығын ашты.
Одан ары қарқынды шарықтау. Бұқара театрды мойындады жəне
ұнатты. Ал 1992 жылы театр ұжымы С.Сейфуллиннің 100 жылдығына
арналған Халықаралық фестивальдің лауреаты атанды. Сондай-ақ 1996
жылы театр Уфадағы «Туганлык» түркі мемлекеттерінің ІІ Халықаралық
фестивалінің лауреаты болды.
2002 жылы театр Мəскеуде Астананың мəдениет күндерінде қатысу
абыройын иеленді. Мəскеудің атақты сахнасында қазақ классикалық дра-
матургиясының үлгісі болып табылатын Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш
– Баян сұлу» спектаклі көрсетілді.
Қазіргі күні тəжірибелі қазақ музыкалық драма театры, өзінің жастар-
дың театр-студиясы тобын ашуды жоспарлап отыр. Бұл астаналық
жастарды биік өнерге араластыратын орын болып табылады.
152 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Мемлекеттік тіл жəне қазақ киносы. Б.Нөгербектің айтуынша, қа-
зақстандық кино тарихын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады [13]:
1-кезең: 1940-50 жылдар арасы – қазақ шығармашылық зиялылары-
ның фильм жасауға белсенді араласқан уақыты, өзіндік кинематография-
лық базаның, Алматылық көркем жəне деректі фильмдердің киностудия-
сының ұйымдасуы, ұлттық кадрларды даярлаудың басы;
2-кезең: 1950 жылдардың екінші жартысы – ұлттық кинематографтың
пайда болуы, деректі жəне көркем фильмдердің ұлттық кадрлармен то-
лығуы, қазақ кинорежиссурасының, кинодраматургияның дүниеге келуі,
Ораз Əбішев, Шəкен Айманов, Мəжіт Бегалиннің шығаршылығының
бастауы;
3-кезең: 1960-70 жылдар арасы – қазақ ұлттық киносының құрылу
уақыты, Шəкен Аймановтың, Мəжіт Бегалиннің шығармашылықтары-
ның өркендеуі, қазақ мультипликациясының, ғылыми танымал киносы-
ның жарыққа келуі.
4-кезең: қазіргі заман, Серік Апрымов, Рашид Нұғманов, Талғат Те-
менов, Серік Əзімов, Ораз Рымжанов, Владимир Тюлькин сияқты жас
режиссерлердің шығармашылығымен байланысты, көркем-ойын кино-
сында «жаңа толқынның» тууы [13, 31 б.].
Тəуелсіздік жылдары кезеңінде көркем, деректі, мультипликациялық
фильмдер пайда болды. Олар бір жағынан отандық кинематографтардың
дəстүрін жалғаса, екіншіден, кинорежиссура, тақырып, актерлік шебер-
ліктің көзқарасы ретінде көптеген жаңалықтар енгізді, фильмдер қазақ
жəне орыс тілдерінде түсірілді, қазақ жəне орыс тілдерінде дубляждал-
ды. Егемендік жылдары «Қазақфильм» түсірген фильмдердің тізімі А
қосымшасында берілген.
Қазақ кино туындыларын талдау əртүрлі монографиялар мен оқу
құралдарында, ғылыми зерттеулерде кездеседі. Сондай-ақ өнертанушы-
лардың кейбір пікірлері мен көзқарастары ғаламтор беттерінен де жиі
кездестіруге болады. Мысалы, Б.Нөгербек «Отырардың ойраны» екі
сериялы фильмін талдай отырып, былай дейді: «Көріністің ең басты-
сы ‒ қазақтардың бірігу жəне қосылу идеясы. Бұл идея қазақ халқының
қалыптасуының көпғасырлық тарихында маңызды екенін айта кету ке-
рек...» [13,192 б.] .
Фильмнің тілі туралы ол мынаны айтады: «Қазақ киносы мен те-
атрында бай халық ауыз əдебиеті шығармашылығынан, поэтикалық
суырып салма ақындар тəжірибесінен бастау алатын əдеби дəстүрлер
мықты. Шығарманы жетелеуші сөз, яғни мəтін, ол кейіпкерлердің ішкі
өмірін, олардың іс-əрекеттерін, өзара арақатынасын ұйымдастырады
жəне қалыптастырады...» «Картина кейіпкерлері қазақтың нағыз əдеби
тілінде сөйлейді, ал кейде экраннан шолақ, үзік, жалған синхронды, тіпті
кейде орыс тіліне дəл емес «аудармаларды» естіп жатамыз...» «Бұл туған
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 153
ұлттық тілде түсіруге тырысқан қазіргі жас режиссерлердің көп карти-
наларының оғаштығы. Бұл бізге экранда Қазақ академиялық театрының
рухы өмір сүретін болып елестейтіндіктен, диалогтерді аудару барысын-
да əдеби дəстүр жеңіп шығады. Шамасы «театршылдық» дубляж кезінде
онша үлкен емес күнə, ең дұрысы, біздің өнеріміздің ұлттық ерекшелігін
нақыштайтын құндылық» [13, 194-195 бб.]
Б.Нөгербек, Г.Наурызбекова, Н.Мұқышеваның «Қазақ киносының та-
рихы» кітабында қазақ көркем, деректі, мультипликациялық фильмдері
талданады. Республиканың қоғамдық өмірінің өзгеруі нəтижесінде жаңа
тақырыппен жəне жаңа кейіпкерлермен фильмдер пайда бола бастады.
Бұл фильмдер тарихи шындық, саяси қуғын-сүргін, 1986 жылғы траге-
диялық оқиғалар, Ұлы Отан соғысы зардаптары, қазіргі заман адамының
рухани өмірі тақырыптарын бейнелейді: «Айналайын» (1990, реж.: Б. Қа-
лымбетов), «Ұлтуған» (1989, реж.: Е. Болысбеков), «Желтоқсан ашына-
лары» (1991, реж.: К. Садықов), «Қызғыш құс» (1991, реж.: Т. Теменов),
«Алдажар» (1995, реж.: К. Əбенов), «Сұрапыл Сұржекей» (1991, реж.:
Д.Манабаев), «Жансебіл» (1991, реж.: А. Шəжімбаев) жəне т.б.
80-ші жылдардың аяғынан 90-шы жылдардың ортасына дейін
еліміздің экрандарында С.Апрымов, Д.Өмірбаев, Б.Қалымбетов, С.На-
рымбетов, А.Қарағұловтың фильмдері көрсетілді. Базарлық экономика
жағдайында фильмдерді тудыру мемлекеттік қаржыландыру жағынан
қиындықтар сезінді. Бұл шығарылған кинокартиналардың сапасынан
жəне санынан байқалды: 1991 – 14, 1992 – 12, 1993 – 13, 1995 – 5, 1996 –
4, 1997 – 2, 1998 – 5 [14, 285 б.].
Қазақстандықтар арасында Қазақстан Республикасының алғашқы
Президенті Н.Ə.Назарбаевқа арналған көркем жəне деректі фильмдері
ерекше танымалдылыққа ие, олар заманауи киноиндустрияның жаңа тех-
нологияларымен түсірілген.
Негізін опералық жанр құрайтын қазақстандық кəсіби опера өнері
отандық мəдениеттің негізгі бағыттарының бірін көрсетеді жəне қазіргі
уақытта олар сөзсіз беделі бар əрі тыңдармандардың ыстық ықыласын
жаулап алғандығымен ерекшеленеді.
Қазақстанның қазіргі көркем опера өнері – республика мəдениеті та-
рихындағы маңызды кезеңдердің бірі [15], [16], [17].
Қазіргі уақытта отандық музыкатану ғылымында музыкалық театрмен
жəне оның мəселелеріне байланысты арнаулы жұмыстар жоқ, бұл нəрсе
өз кезегінде опералық өнердің дамуына, əрі оның тарихын зерттеуде
көрініп жатады. Сондай-ақ операның жаңа буын тыңдаушы осы саланың
негізгі дəстүрлеріне сүйенбей нəтижелі болуы мүмкін емес, тарихи байла-
ныс өзінің маңыздылығын жоғалта қойған жоқ жəне əрбір сұраққа оның
пайда болуы, жұмыс істеуі мен дамуы тұрғысынан қараған жөн, содан
кейін ғана аталмыш туындылардың қазір қандай болғанына қарау керек.
154 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Қайнар көздердің ішінен ең бірінші Г.Чумбалованың (1955) «Очерки
по истории записи и изучению казахской музыки досоветского перио-
да» жəне Б.Ерзаковичтің (1982) «К вопросу изучения казахской музыки
дореволюционной эпохи» еңбегі мен (1987) «У истоков казахстанского
музыкознания» атты еңбектерін атауға болады.
Болашақ ғалым – оператанушыларға осы жанрдың əртүрлі қырларын
зерттеп үйрену үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын, музыкатанушының
көптеген жылдар бойғы шығармашылық ізденістерінің нəтиежесі ретін-
де – 2006 жылы «Национальные художественные традиции и их конвер-
гентность в жанре казахской оперы» монографиялық еңбегі жарыққа
шықты [15].
Ал 2010 жылы М.О.Əуезов атындағы өнер жəне əдебиет институты-
ның музыкалық өнер бөлімінде «Казахские оперы» жəне «Қазақ опера-
лары» (С.Ə.Күзембай, Г.Ж.Мұсағұлова, З.М.Қасымова) атты екі кітап
жарық көрді. (2,3)
Аталмыш ғылыми жобаның маңыздылығы мен бірегейлігі алғашқы
рет Қазақстандық музыкатану ғылымында опералық өнерге құмар
ауқымды топ үшін ұлттық опера мектебінің пайда болуы мен дамуының
негізгі кезеңдерін көрсететін 50 шақты туындыны талдай отырып көрсе-
теді.
Аталған жұмысқа тұңғыш рет жаңа, бұрындары зерттелмеген опе-
ралық үлгілер енгізілген. Бұлар – «Бекет» (А.Зильбер), «Тұтқын қыз»
(В.Великанов), «Я верю» (О.Несіпханов), «Алдар көсе» (Т.Мұхамеджа-
нов), «Веселый городок» (Т.Мыңбаев), «Жерұйық» (зонг - опера) (Т.Мұ-
хамеджанов), «Жаяу Мұса» жəне «Таң шолпаны» (К.Мусин), «Қаңбақ
шал» (Ж.Дастенов), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (аяқталмаған) (М.Түле-
баев), «Махамбет» (Б.Жұманиязов).
Қаралған туындылар арасынан ауқымды бөлімді Е.Рахмадиевтің
«Абылай ханы», Д.Ботбаевтың «Домалақ анасы», Б.Қыдырбектің
«Қалқаман-Мамыры» (опера-балет), М.Маңғытаевтың «Отырар шайқа-
сы», А.Серкебаевтың «Томирисі» жəне т.б. қазіргі опералық көріністер
алады.
Қазіргі опералық өнер саласы аса маңызды, өйткені бірнеше онжыл-
дықтармен саналатын белгіленген мерзім ішінде отандық мамандардың
арқасында музыкалық театр үшін стильдік бағыттары алуан түрлі, өз-
геше əрі көркем əлемге, мазмұнға бай туындылар жасалынды. Ерекше
тарауды ұлттық тəуелсіздіктің маңызды, өзекті идеяларына арналған
туындылар құрайды. Көптеген шығармалардың тақырыптарының тұжы-
рымдамалық негіздері Отанға деген сүйіспеншілікті, тəуелсіздікті, бос-
тандықты, буржуазиялық-феодалдық топтың езгісіне қарсы ұлт-азаттық
қозғалысты, бірлік, ауызбіршілік үшін халық бұқарасының күресін жыр-
лау болып табылады. Бұлар – Е.Рахмадиевтің «Абылай хан», М.Маңғыта-
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 155
евтың «Отырар шайқасы», Б.Ботбаевтың «Домалақ ана», Б.Қыдырбектің
«Қалқаман-Мамыр», А.Серкебаевтың «Томирис» опералары.
Кантата мен оратария – музыка өнерінің ірі вокалды-хор жанры, үл-
кен қоғамдық-маңызды идеялар мен тақырыптардың бірі. Операдағы
сияқты, оркестрлік жəне вокалдық-хор мазмұны – жалпы алғанда бұл
əртүрлі дəуірлер мен замандардың өткір мəселелерін ауқымды көлемде
көркем бейленеуге қабілетті мықты мəнерлеуші күш [18], [19], [20].
Бұл өнер Е.Брусиловский, М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Г.Жұбанова
жəне т.с.с. Қазақстан сазгерлерінің шығармашылықтарындағы маңызды
орынды алады.
Қазақ кантатасының (көбінесе хор түрінде орындалатын салтанат-
ты əн) тарихы Е.Брусиловскийдің «Советский Казахстан» атты шығар-
масынан басталады. Алғашқы қазақ кантатасынан-ақ шын мəнінде тек
қана қазақ халқының емес, басқа да халықтардың музыкалық өнеріне,
барлық уақыттағы жанрларда жырланған тəуелсіздік идеясының көрініс
тапқанын байқауға болады.
Оратория жанры Қазақстанда ХХ ғасырдың 60-шы жылдары қалып-
таса бастады. Шын мəнінде алғашқы қазақ ораториі шығармашылығы
қазақ музыкасының тарихында елеулі орын алатын С.Мұхамеджановтың
– «Ғасырлар үні» – «Голос веков» туындысы болып саналады. Бұл орато-
рия ондағы тəуелсіздік идеясын айқындау жағынан үлгі тұтарлық болып
келеді.
Е.Брусиловскийдің «Советский Казахстан» кантатасы мен С.Мұха-
меджановтың «Ғасырлар үні» ораториясы қазақ халқының төңкеріске
дейінгі жəне Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі өмірі туралы баяндай-
ды. Г.Жұбанованың «Заря над степью» ораториясы Батыс Қазақстандағы
Чапаевтың есімімен байланысты азаматтық соғыстың алыс күндері жай-
лы əңгімелейді; М.Төлебаевтың «Огни коммунизма» жəне К.Мусиннің
«О целине» кантаталары – кеңестік кеңістіктегі адамдардың ерлігі мен
жасампаз еңбектері туралы баяндайды. Аталған барлық шығармалардың
негізгі тірегінде азаттық үшін, бақыт үшін күресу, тəуелсіздік идеялары
жатыр.
Отандық сазгерлер кантаталық жанрға үнемі айналып келіп отырған.
Аталған кезеңде де Қазақстан Республикасының халық əртістері, сазгер-
лері М.Маңғытаев «Елім менің» 7-жеке ораториясын, «Замана» кантата-
сын жазған, М.Сағатов «Перзент парызы» (1997, сөзі: Қ.Мырзалиевтікі),
«Салтанатты кантата» (2001) кантаталарының авторы болған, Қазақстан
Республикасына еңбек сіңірген қайраткері Ж.Тұрсынбаев – «Батырлар
даңқы» реквиемі (1996) – мемориалдық кантатасын, «Халқыма арнау»
(1996, сөзі: Жамбылдікі), «Азаттық əні – Махамбет» (2003, сөзі: А.Бақты-
герееванікі), «Бабам үні – домбыра» толғауы (2004, сөзі: А.Беляевтікі)
– кантатасын, «Мəртебең биік болсын, əз Астана» (2005, сөзі: Е.Шəймер-
156 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
деновтікі), «Абылайдың ақ үйі» (2007, сөзі: Ө.Бəйтеректікі) деген бірқа-
тар туындыларын жазған.
Соңғы 20 жылдағы кантаталар мен ораториялардың бейнелі-тақы-
рыптық негіздері əртүрлілігімен ерекшеленеді. Оларда тəуелсіздікті алу-
мен байланысты шығармашылық оқиғалар бейнеленген.
Қарастырылып жатқан жылдардың кантаталары өз ішінде кеңес
үкіметінің туындыларына жəне сондай-ақ жанрдың өзіне тəн даңқтылық
пен əнұрандылық келбетін сақтай отырып, өзінің қызмет істеуін жалғас-
тырып келеді. Егер алдағы өткен дəуірде көп жағдайда коммунистік
партияны, Ленинді – көсем бейнесінде, КСРО халықтарының достығы,
еңбектің, тың игерудің жəне т.с.с. даңқын шығару, мадақтау болса, ал
қазіргі уақытта – бұл тəуелсіз, гүлденген, Қазақстанға, Отанға, жас мем-
лекеттің мерекелі күндеріне, жаңа астана – Астанаға арналған бейнесі
ретінде қалыптасты.
Əдебиет:
1 Алимкулова Ж.Н. Библиоидентификация литературы на казахском
языке и политика комплектования Национальной библиотеки Республи-
ки Казахстан в 1970-1990 гг. //http:// librar.org.ua/sectio
2 Анализ выпуска литературы в Казахстане (по языкам и по целевому
назначению) //pps.kaznu.kz/2/Main/FileShow/375
3 Книжное дело Республики Казахстан: итоги 2013 года// Kursiv.kz.
4 Литература и меценаты //Редакция «Central Asia Monitоr» .
5 Шəмші Ж. Ел бастамасы//Мəдениет, 2014, № 3.
6 Елеукенов Ш. Қазақ əдебиеті тəуелсіздік кезеңінде. –Алматы: Ала-
тау, 2006.
7 Қазақ əдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна-
Ltd. ЖШС, 2005.
8 Қазақ əдебиеті. Энциклопедия. – Алматы, 1999.
9 Алтыбаева С. Основные тенденции развития казахской прозы пе-
риода независимости. Автореферат дисс. на соис. уч.ст. доктора фил. н.
– Алматы 2010.
10 Елеукенова Г.Ш., Мухамеджанова А.Б. Опыт исследования и на-
учные перспективы в методологии литературоведения периода независи-
мости //www.rusnauka.ru
11 Қазақ сахна өнері. Тəуелсіздік кезеңі. – Алматы: КИЕ, 2009.
12 Кадыров А., Джанабаева А. Тематика репертуара театров Казахста-
на за период 1991-2004 гг.: исследование и анализ. Сб. ст. о театральном
искусстве Казахстана. –Алматы: ТОО ИКПИ, 2006.
13 Ногербек Б. Кино Казахстана. –Алматы, 1998.
14 Нөгербек Б., Наурызбекова Г., Мұқышева Н. Қазақ киносының та-
рихы. –Алматы, 2006.
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 157
15 Кузембаева С. «Национальные художественные традиции и их кон-
вергентность в жанре казахской оперы». –Алматы, 2006. –379 с.
16 Мусагулова Г.Ж. «Казахские оперы» (в соавторстве с С.А. Кузем-
бай и З.М. Касимовой). –Алматы: Өнер, 2010. – 248с.
17 Мұсағұлова Г.Ж. «Қазақ опералары» (С.Ə. Күзембай, З.М. Қасы-
мовамен бірігіп). –Алматы: Өнер, 2010. – 296 б.
18 Недлина В. Кантата «Молчание великой степи». // Новая музы-
кальная газета. – № 1, 2011.
19 Қазақ өнері: Энциклопедия. –Алматы: Қазақстан даму институты,
2002.
20 Кантата и оратория // Очерки по истории казахской советской му-
зыки. –Алма–Ата: Казахское государственное издательство художествен-
ной литературы, 1962.
2.6 Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі
Ғылыми жəне техникалық ақпаратпен толыққанды қамтамасыз ету
жаңа білім мен инновация жасалатын ғылыми-инновациялық саладағы
оның тиімділігін көтерудің қажетті талабы болып табылады. Сондықтан
қазіргі уақытта ақпараттық қоғам сипатындағы қоғам дамуының қазіргі
сатыдағы ғылыми-техникалық ақпаратын жасау маңызды ұлттық міндет
болып табылады.
Бүгінде білім жəне ғылыми-инновациялық сала үшін ақпараттық ре-
сурстарды айтарлықтай шамада жасау институт жəне ғылыми-техника-
лық ақпарат орталықтарында, кітапханаларда жəне өндірісте маманда-
нушы басқа ұйымдарда іске асырылады.
Қазақстанда кітап жəне басқа баспасөз өнімін жолға қою – қазіргі
заманғы баспалардың зор жетістігі. Нарықтық қатынастар жағдайында
оқырмандарды ғылыми, оқу, арнайы (өнер, əдебиеттану жəне мəдениет
жөніндегі кітаптар), сондай-ақ рухани жəне мəдени мұраны насихат-
тауға жəне оқырмандар талабын қанағаттандыруға ықпалын тигізетін
көркем əдебиетпен қамтамасыз ету – қазақстан баспагерлерінің кəсіп-
қойлығының нəтижесі. Қиын əлеуметтік-экономикалық жағдайда олар
барлық қиындықты жеңіп, кітап басып шығарудың күрделі мəселелерін
шеше алды.
Баспалар көлеміне мұқият сараптама жүргізілді, олар мемлекеттік
қаржы есебінен басылатын, əлеуметтік сұранысқа сəйкес тақырыптық
жоспар жасалатын болады.
Жоспарға оқулықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар,
қазақ тіліндегі əдебиет, анықтамалық-энциклопедиялық, ғылыми жəне
өндірістік-техникалық əдебиет, заңнамалық актілер, экономика, əлеумет
тану, саясаттану, философия, экология, мəдениеттану бойынша əдебиет
кірді. Əлеуметтік сұраныстағы əдебиетті іріктеу бойынша сараптама
158 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
комиссиясының мүшелері белгілі ғалымдар, жазушылар, тарихшылар,
философтар, педагогтар, қоғам қайраткерлері болды.
Қоғамдық қызметтің барлық салаларындағы ғылыми-техникалық
əдебиетті басып шығаруға үлкен шығын кетеді. Еліміз тəуелсіздік алғанға
дейін барлық өнім дерлік Мəскеуде орыс тілінде дайындалды жəне басып
шығарылды. Техникамен технология қазақша «сөйлей алмайды», ғылым-
ның осы саласында қазақ тілінің əлеуеті жоқ деген пікір орын алды.
Ғылымның жекелеген салаларының дамуына түрлі ұлт өкілдерінің
барлық оқу орындарында тек орыс тілінде оқуы зор əсерін тигізді. Бірақ
XX ғ. жиырмасыншы жылдары қазақ зиялылары уақыт талабына сай
туған тіл байлығын пайдаланып, алғашқы оқулықтарды жазды.
Тек 1992-1995 жылдарда жаңа материал мен білім беру тұжырымда-
малары ескеріліп, түрлі пəндер бойынша мектептерге арналған 112 атау-
лы оқулықтар шығарылды. Олардың ішінде - математика, геометрия,
сызу оқулықтары.
Қазіргі уақытта оқу құралдары, ғылыми-техникалық əдебиет жəне
қазақ тіліндегі оқырмандардың кең ортасына арналған əдебиет «Рауан»,
«Бiлiм», «Қазақстан», «Ана тiлi», «Санат» республикалық баспаларын-
да шығарылуына қарамастан білімнің түрлі саласындағы оқулықтар мен
оқу құралдары жеткілікті емес. Бұл проблеманы шешу үшін кейбір оқу
орындарында оқу процесінде авторы сол оқу орнының ғалымдары болып
табылатын оқулықтар пайдаланылады.
Кітап басып шығару саласындағы жүргізілген үлкен жұмыс көлемі қа-
зақ тілінің əлемнің басқа тілдерімен тең құқықты екенін куəландырады.
Егер Қазақстанда қазіргі уақытта 250-ден аса мамандық бойынша жастар
оқитынын ескерсек, енді қанша жұмысты орындау қажет екені түсінікті
болады. ҚР тəуелсіздігінің бірінші жылдарынан бастап «Ғылым» баспа-
сы жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап оқулықтар мен оқу
құралдарын аз шығармады. Бірақ 1990 жылдан бастап 2010 дейінгі ке-
зеңде Қазақстандағы қазақ тіліндегі кітаптар саны бүкіл кітап өнімінің
аз ғана бөлігін құрайды. Нарықтық экономика дəуірінде студенттерге ар-
налған оқулықтар мен оқу құралдары білім мен гуманизмнің көзі болуы,
отансүйгіштік сезімге, отанға, халқына деген махаббатқа тəрбиелеуге
ықпал етуі тиіс екені сөзсіз [1].
Осылайша, ҒТА қазақ тіліндегі ақпараттық ресурстарын құру аса
өзекті мəселе болып отыр. Бұл қазақтілді ғалымдар мен мамандарға
ақпараттың қажеттілігі жəне қамтамасыз етілуі сияқты міндеттерді ше-
шуді, осы қажеттілікке лайықты қорлар құру, қазақ тіліндегі ақпараттық
қорларды қалыптастыру процесінің лингвистикалық аспектілерін зерт-
теу сияқты міндеттерді шешуді талап етеді. [2].
ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында қазақстан-
дық ғалымдарға мемлекеттік тілдегі ҒТА қажеттілігі жəне қамтамасыз
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 159
етілуінің мониторингтік зерттеулері кезеңді жүргізіледі. 2011 жылы бұл
зерттеулер өңірлік аспектіде жүргізілді [3].
Еліміздің түрлі өңірлеріндегі ақпараттық қажеттілікті зерттеу əрине,
бұл проблеманы жалпы зерттеу кезінде орын алған жалпы əдіснамалық
жəне əдістемелік айқындамаларға негізделеді. Жүйенің барлық қажет-
тіліктерінің ішінде зерттеу үшін аса қолжетімдісі өңірдегі ақпараттық
қызығушылықты жəне ғылыми-техникалық ақпарат тұтынушылар сұра-
туы жəне олар ғалымдар мен мамандардың ақпараттық қажеттілігінің
көлемі мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.
Еліміздің өңірлеріндегі ғалымдар мен мамандардың қажеттілігі мен
қамтамасыз етілуінің өзгеру қарқынын анықтау үшін республиканың
ғылыми-техникалық саласында сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізу-
ге республиканың 14 облысы мен қалаларынан жəне Астана мен Алматы
қалаларынан 104 ғылыми ұйым мен оқу орындарының ғалымдары мен
мамандары қамтылды, бұл оның географиялық жəне институционалдық
көрнекілігі туралы куəландырады.
Республика өңірлеріндегі ақпараттық қажеттілік туралы дұрыс си-
паттама алу үшін өңірлер бойынша сауалнама бөлінгенде мынадай көр-
сеткіштер ескерілді: ғылыми ұйымдар саны жəне еліміздегі олардың
жалпы санынан үлесі, 2009 жылғы Халық санағына сəйкес мемлекеттік
тілді білетін облыс халқының пайызы. [4], республикадағы мемлекеттік
тілдегі қорғаулардың жалпы санына қатысты осы саладағы қазақ тілін-
де қорғаған диссертанттар үлесі, сауалнама үшін іріктеліп алынған ұй-
ымдардың сандық үлесі. Көрсетілген көрсеткіштердің жиынтық мəні
бойынша рейтингтік шкалада жетекші орында Алматы қ. болды, тізім
соңында Маңғыстау облысы болды. Тиісінше сауалнамалардың едəуір
бөлігі (56,2 %) Алматы қ. ұйымдары бойынша бөлінді, ең аз үлесі (1,2 %)
Маңғыстау облысына жіберілді.
Барлығы 1300 сауалнама таратылды, 889 алынды, яғни үн қосу 68,4
% құрады, бұл алынған мəліметтердің статистикалық сенімді деп санау-
ға мүмкіндік береді, өйткені əлемдік тəжірибеде жалпы санның 20-28 %
ауқымында жауаптар үлесі норма болып табылады. Оңтүстік Қазақстан
облысынан басқа барлық облыстардың респонденттерінің жоғары бел-
сенділігін атап айту қажет, өйткені бұл облыстан бір де бір сауална-
ма алынбады. Астана қ., Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Батыс
Қазақстан облыстарының респонденттерінің үн қосуы аса жоғары бол-
ды.
Алынған сауалнамаларды 35,1 % (315) республиканың 14 облысының
өкілдері, 47,3 % (421) – Алматы қ. респонденттері жəне 17,7 % (157) –
Астана қ. респонденттері толтырды.
Қазақ тіліндегі ғылыми-техникалық əдебиетте ақпараттық қажеттілік-
ті зерттеу нəтижелеріне қарай негізделген қорытынды беріледі: өңірдің
160 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ақпаратқа қажеттілігі – бұл экономикалық, əлеуметтік, аумақтық, ұлттық
жəне басқа факторлармен шарттастырылған жалпы жəне өңірлік ақпа-
ратқа объективті түрде орын алған қажеттілік. Өңірлік ақпараттық қа-
жеттілікті мұндай жағдайда былайша анықтауға болады: өңірлік ақпарат-
тық қажеттілік – бұл өңірдегі ғылымның, өндірістің, тіл мен мəдениеттің
өзіндік өңірлік аспектілерімен шарттастырылған ақпараттық қажеттілік
түрінің бірі.
Республика өңірлері мемлекеттік тілдегі ҒТА ақпараттық қажеттілік-
термен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді.
Ақпараттық қажеттіліктермен қамтамасыз етілудің анықтаушы факторы
демографиялық жəне лингвистикалық (мемлекеттік тілді білетін жəне
оны белсенді үйренуші халық пайызы), сондай-ақ институционалдық
болып табылады, яғни ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орын-
дарының шоғырлануы жəне ғылыми-техникалық əлеуеттің жинақталуы
болып табылады.
Республиканың барлық облыстары үшін мынадай заңдылықтар жал-
пылама болып табылады: мемлекеттік тілдегі ғылыми-техникалық ақпа-
рат үнемі қажет; аса талап етілетін көздер ҒЗжТҚƏ жəне əзірленімдер,
өткізілетін конференциялар мен кеңестер туралы мəліметтер. Мемлекет-
тік тілдегі қажетті ақпаратты алудың негізгі арнасы кітапхана; ақпарат-
тық қажеттілікті қанағаттандыруға кедергі келтіретін негізгі қиындық –
қорларда қажетті əдебиеттің болмауы; ақпаратты алудың негізгі нысаны
– баспалық, сондай-ақ Интернет пен электронды пошта арқылы алу үшін
бұл көздердің электронды нұсқаларының жоқтығы [3].
Ақпараттық ресурстардың даму дəрежесі көбіне үлкен деңгейде
еліміздің қазіргі заманғы əлемдегі орнын анықтайды. Мемлекеттік ақпа-
раттық ресурстар күйі пайдаланушылардың қажетті ақпаратқа қажеттілі-
гін қанағаттану деңгейіне байланысты.
Осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстанда қазақ тілінің жеделде-
те дамытуға, оны қоғам қызметінің барлық салаларында таратуға жəне
пайдалануға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды еске-
ре отырып, ҒТА қазақ тіліндегі ақпараттық ресурстарын қалыптастыру
өзекті болып табылады.
Бұл міндетті шешу үшін республиканың жетекші қор ұстаушыла-
ры – ҚР Ұлттық кітапханасы (ҰБ), Білім жəне ғылым министрлігінің
Орталық ғылыми кітапханасы (ҚР БҒМ ОҰК), Республикалық ғылы-
ми-техникалық кітапхана (РҒТК), Қазақ ұлттық университетінің Ғылы-
ми кітапханасы (ҚазҰУ ҰК), Республикалық ғылыми ауылшаруашылық
кітапханасы (РҰАШК), Республикалық ғылыми медициналық кітапхана
(РҒМК) жəне Ұлттық Кітап Палатасы - орталық кітапханаларында бұдан
əрі осы қажеттіліктерге лайықты қорлар қалыптастыру үшін қазақ тілін-
дегі ғылыми-техникалық əдебиет (ҒТА) қорларының қазіргі заманғы
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 161
күйін, ғалымдар мен мамандардың қазақ тіліндегі ақпаратқа қажеттілігі
мен қамтамасыз етілуін зерттеу үшін зерттеулер жүргізілді [5].
01.01.2009 жылғы жағдайға сəйкес қарастырылған кітапханалардағы
ҒТА қазақ тіліндегі жиынтық қоры сақтаудың 535,5 мың бірлігі саналды,
олардың үлесі қорлардың жалпы көлемінің 1,6 % ғана құрайды.
Талдау нəтижесінде қазақ тіліндегі ҒТƏ жиынтық қоры, оның негізгі
көлемі əл-Фараби атындағы Ғылыми кітапханада жинақталған. Көлемі
бойынша екінші орында ҚР ҰК, онда 150090 дана құжаттар бар, бұл 28%
құрайды, бұдан əрі ҚазҰАУ ғылыми кітапханасы – 102279 дана құжат;
РҒТК – 47917 дана құжат; «ҰҒТАО» АҚ қорлары – 7974 дана құжаттар
жəне соңғы орында РҒМК - 1036 дана құжаттар.
Ғалым-медиктер мен ауылшаруашылығы саласындағы мамандардың
қазақ тіліндегі ғылыми-техникалық əдебиетпен қамтамасыз етілуі өте
төмен екенін айта кеткен жөн.
Мемлекеттік тілдегі қорлар құрамында түпнұсқа-басылымдар басым,
ғылыми-техникалық əдебиеттің қазақ тіліне өте аз саны аударылады
жəне салыстырмалы түрде қазақтілді тестер енгізілген көздер үлесі үл-
кен емес.
Қазақ тіліндегі жаңа əдебиет жетекші кітапханаларға соңғы онжылдықта
ұлғаюдың жалпы үрдісі кезінде салыстырмалы түрде үнемі түсіп отырды.
Жаңа түсімдерде кітаптардың үлесі көбірек - 57,4 %, ең азы — патент-
терге, ҒТА органдарының басылымдары жəне брошюралар - 0,2 %-дан.
Журналдар 26,6 % құрайды, МЕМСТ-тар - 8,6 %, диссертациялардың ав-
торефераттары - 5,1 %, диссертациялар - 1,5 % (1-сурет).
1-сурет. ҚР жетекші кітапханаларына қазақ тіліндегі əдебиет тү-
суінің түрлік құрылымы
162 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Кітапханалық қорларды пайдаланудың негізгі көрсеткіштері жалпы
кітап беру, орташа кітаппен қамтамасыз ету қордың оқылуы, өтініш жа-
салуы жəне пайдалану қарқыны болып табылады. Қорды пайдалану көр-
сеткіштері пайдалануындағы, оқырмандар мүддесіндегі негізгі бағытта-
рын, оларды жинақтаудың ұтымдылығын, құжаттаманың толықтығын
жəне ақпараттық сыйымдылығын жəне т.б. негізгі бағыттарды анықтауға
мүмкіндік береді.
Қордың талап етілуі кітап беру санымен анықталады жəне жаңар-
тылуына жəне қордың қажеттілігіне, жинақтаудың толықтығына байла-
нысты болады. Талап етілу көрсеткіштері кітапханаларды көздердің бел-
гілі бір түрлеріне басым бағытта жабдықтауға бағдарланады.
Кітап қорын жоғары пайдалану ҚазҰАУ ҰБ-да – 449,7%, РҒМК –
271,1%; ҚР ҰК – 161,1 %, əл-Фараби атындағы ҚазҰК – 184,9 % байқа-
лады.
«ҰҒТАО» АҚ-та кезеңді түрде 5 жылда 1 рет қазақстандық ғалымдар
мен мамандардың мемлекеттік тілдегі ҒТА ақпараттық қажеттілігі мен
қамтамасыз етілуінің мониторингтік зерттеуі жүргізіледі [5] .
Өңірлік ғалымдар мен мамандардың қажеттілігі мен қамтамасыз етілуі
өзгерістерінің қарқынын анықтау үшін республиканың ғылыми-техника-
лық саласында сауалнама жүргізілді. Сауалнама жүргізуге республика-
ның 14 облысы мен қалаларынан жəне Астана мен Алматы қалаларынан
104 ғылыми ұйым мен оқу орындарының жəне 421 ҒЗИ ғалымдары мен
мамандары қамтылды, бұл оның географиялық жəне институционалдық
көрнекілігі туралы куəландырады.
Сауалнама бойынша мемлекеттік тілді игеру дəрежесі жəне кəсіби
қызметінде мемлекеттік тіл маңыздылығының дəрежесі (аса маңызды,
маңызды жəне аз маңызды) бойынша респонденттердің үш санаты (ер-
кін, жеткіліксіз дəрежеде жəне игермеген) анықталды.
Мəліметтер талдауы Алматы қ. 421 респонденттің (жалпы санынан
46,8%) 66,4% мемлекеттік тілді еркін меңгерген, 26,1% жеткіліксіз дəре-
жеде, 5,7% игермеген жəне 1,8% жауап бермеді. Астана қ. мемлекеттік
тілді 57,14% еркін меңгереді, 15,4 % жеткіліксіз дəрежеде, респондент-
тердің 22,8 % меңгермеген жəне респонденттердің 1,8 % жауап бермеді.
Жалпы республика облыстары бойынша бұл көрсеткіштер мынадай
ауқымда: Шығыс Қазақстан облысында 53,5 % жəне Қызылорда облы-
сында 95,40% дейін жеткіліксіз дəрежеде меңгерген; Қызылорда облы-
сында 1,7 % жəне Батыс Қазақстан облысында 39,7% дейін жеткіліксіз
дəрежеде меңгерген, Қарағанды облысында 1,9% жəне Астана қ. 22,8%
тілді игермеген. Мемлекеттік тілдің маңыздылығының көрсеткіші мына-
дай түрде: Солтүстік Қазақстан облысында 44,5% жəне Жамбыл облы-
сында 93,3%-ға дейінгі шекте респонденттер үшін мемлекеттік тіл аса
маңызды; Павлодар облысының 21,04% жəне Қызылорда облысының
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 163
100 % респонденттер үшін мемлекеттік тіл маңызды, Павлодар облысы-
ның 15,8% жəне Астана қ. 1,5% респонденттері өз қызметінде маңызы
аз деп есептейді. Сауалнаманың бұл тармағына Шығыс Қазақстан облы-
сының респонденттері жəне Қарағанды облысының 6,3% респонденті
жауап бермеді [5].
Осылайша, кəсіби қызмет үшін тіл маңыздылығының көрсеткіші оны
игеру деңгейімен қатынаста болады: Қызылорда облысының (100%),
Атырау (91,6%), Солтүстік Қазақстан (67,7%), Қостанай (82,1%), Павло-
дар (84,2%), Жамбыл (93,3%) облыстарының «аса маңызды» (67,7-100%)
көрсеткішін ең жоғары санда белгілеген респонденттері көп деңгей-
де оны еркін меңгерген (72-91%). Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан,
Астана қ. респонденттері үшін мемлекеттік тіл респонденттердің аз саны
(33- 42%) үшін аса маңызды жəне тиісінше оларды еркін игеретіндер
саны аз (42,9 бастап 64% дейін).
Республика облыстары респонденттерінің анықталған сипаттамалары
жəне əсіресе олардың мемлекеттік тілді игеру дəрежесі олардың мемле-
кеттік тілдегі ғылыми-техникалық ақпаратқа ақпараттық қажеттілігінен
көрінеді.
Осылайша респонденттердің ақпараттық қамтамасыз етілу дəрежесі
(1-кесте) мынадай формула бойынша аса маңызды көздермен анықталады
% аса қолжетімді
Қамтамасыз етілу дəрежесі = ------------------------------------ х 100 %,
% аса маңызды
жəне Алматы қ. үшін 2,04% бастап 20,6% дейін, Астана қ. үшін 41%
бастап 50% дейін.
Облыс Қамтамасыз етілу дəрежесі, Облыстар тобы
% бойынша орташа, %
Алматы
Жамбыл Аса қамтамасыз етілген 51,86
Алматы 70,03
Қызылорда 59,12 25,54
Батыс Қазақстан 48,54
Шығыс 47,11
Қазақстан 45,21
41,12
Астана
Орташа қамтамасыз етілген
27,54
164 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Қостанай 27,95 12,14
Қарағанды 21,12
Аз қамтамасыз етілген
Ақмола 19.12
Солтүстік 15,81
Қазақстан
Маңғыстау 13,21
Павлодар
Атырау 12,34
Ақтөбе 12.13
0,21
Алынған мəліметтер негізінде ҚР облыстарын олардың мемлекеттік
тілдегі ҒТА қамтамасыз етілу дəрежесі бойынша оларды үш топқа бірік-
тіруге болады: 1) 30% жоғары қамтамасыз етілгендік, 2) 20% бастап 30%
дейін қамтамасыз етілгендік, 3) 20% төмен қамтамасыз етілгендік. Бірін-
ші топтағы орташа алынған қамтамасыз етілгендік - 51,9%, екінші топ-
та - 25,5% жəне үшінші топта - 12,1%, бұл бірінші топпен салыстыр-
ғанда шамамен 4,3 рет төмен. Жалпы алғанда республика бойынша
респонденттердің ҒТА көздерімен қамтамасыз етілу дəрежесі 29,8%.
Ұлттық Кітап Палатасының мəліметтері бойынша республикада ҒТƏ
32 % қазақ тілінде басылып шығады. Алайда кітапханалардағы қазақтіл-
ді немесе əр тілдегі (қазақ тіліндегі жарияланымдарды қосқанда) ғылы-
ми-техникалық əдебиет үлесі ондаған жəне жүздеген рет төмен жəне
кітапханалар қорының жалпы көлемінен 7,3-10%. Егер соңғы уақыт-
тарда кітапханалар баспаның бүкіл ұлттық репертуарын қадағалауға
жəне қоғамдық пайдалануға ұсыну үшін елімізде мүмкін барынша то-
лық шығатын басылымдарды сатып алуға ұмтылуын ескерсек, жетекші
қазақстандық кітапханаларды мемлекеттік тілдегі əдебиетпен жинақтау
деңгейі қазақ тілінде басып шығарылатын ғылыми-техникалық əдебиет
көлеміне сəйкес келеді [2].
Осылайша, қазақстандық ғалымдар мен мамандардың мемлекеттік
тілдегі ғылыми-техникалық ақпаратқа қажеттіліктері мен қамтамасыз
етілуін зерттеудің ұсынылған нəтижелері мынадай қорытындылар жасау-
ға мүмкіндік береді.
Жалпы республикада 62 бастап 85% дейін (орташа 73% жуық) рес-
понденттер мемлекеттік тілдегі ғылыми-техникалық ақпаратқа қажет-
тіліктерін қанағаттандыра алмайды, яғни ғалымдар мен мамандардың қа-
зақ тіліндегі ҒТА қамтамасыз етілу дəрежесі орыстілді ғылыми-техника-
лық ақпаратқа қарағанда (ҒТИ ҒО мəліметтері бойынша тиісті көрсеткіш
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 165
70% жуық) төмен. Бұл жағдай республикадағы мемлекеттік тілдегі ҒТА
қанағаттарлық емес жағдайымен шарттастырылған, ол 2009-2011 жыл-
дары республиканың кітапханалық саласында жүргізілген ДФИР зерт-
теулерімен анықталды жəне кітапханалық қорда ғылыми-техникалық
əдебиеттің пайызы 2,5% жуық екенін көрсетті, бұл ретте қазақ тілінде
32% жуық ғылыми-техникалық əдебиет басып шығарылады. Мемле-
кеттік қорларда ҒЗжТҚƏ жəне диссертациялар туралы есептер пайызы
төмен –жа7с,5а%йджыу. ыОқс.ыҒғТанА бұл секторын мемлекеттік тілде ғалымдардың
өздері байланысты еліміздің ғылыми қоғамдастығын
мемлекеттік тілдегі ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз етумен
жағдайды жақсарту үшін ғылыми, аудармашылық жəне баспалық қыз-
метті белсендіру қажет, ал республикалық кітапханалар өз қорларын
қазақтілді ғылыми-техникалық əдебиетпен жинақтау деңгейін көтеруі
қажет [5].
Қазақстанда ғылым саласында қазақ, орыс жəне басқа тілдердің тең
құқықты қызмет етуі қамтамасыз етіледі. Қазақ, орыс жəне басқа тіл-
дерде ғылыми жұмыстар тілін еркін таңдау, диссертация жазу жəне жа-
рия қорғау (мамандандырылған кеңес мүмкіндігі ескерілген) іске асы-
рылады.
1993-2010 жылдар кезеңінде Қазақстанда жоғары білікті кадрларды
дайындау жəне аттестаттау жүйесінде мемлекеттік тілде 4891 диссерта-
ция қорғалды, оның ішінде 617 докторлық жəне 4274 кандидаттық, бұл
қорғалған диссертациялардың жалпы санының яет 20,4 % құрайды.
Бірқатар жылдар ішінде қазақ тілінде диссертация қорғау саны өсіп
келе жатқаны байқалады (қорғаулардың жалпы санына қатысты пайыз-
дық қатынаста) (2-сурет).
2-сурет. Қазақ тілінде диссертация қорғаудың жыл сайынғы пайызы
166 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
1993 жылы 5 ғылыми бағыт бойынша қазақ тілінде қорғалған 50 диссер-
тация тіркелді. Бұл филология ғылымдары бойынша 31 диссертация, 11 –
тарих бойынша жəне юриспруденция жəне философия бойынша 1 жұмыс.
2010 жылы 20 ғылыми бағыт бойынша мемлекеттік тілде 1168 дис-
сертация тіркелді. Қорғаулардың ең көп саны филология (222), педагоги-
ка (213), тарих (130), экономика (100) бойынша болды.
3-суретте 1992 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі қорғалған диссер-
тациялар саны берілген.
Диссертациялар қорын қалыптастырудың бірінші жылдарында Қа-
зақстанда қазақ тіліндегі диссертациялар 1 % аспаса, онда 2010 жылы
- 28,1 % құрады.
Осылайша келтірілген нəтижелер мемлекеттік тілдегі диссертация-
лық жұмыстардың айтарлықтай өсуі жəне ғылыми қазақ тілін игерген
жоғары білікті мамандар санының ұлғаюы туралы куəландырады.
Жоғары білікті кадрлар дайындау жүйесін реформалауға жəне ғылым
кандидаты жəне докторы дəрежесін берумен ғылыми кадрларды атте-
статтаудың дəстүрлі жүйесінің қызметін тоқтатуымен жəне 2011 жылдан
бастап жаңа бір баспалдақты PhD докторантура жүйесіне көшуге байла-
нысты қорғалған диссертациялардың жыл сайынғы санының қатынасы
бойынша салыстырмалы мəліметтер тек 2010 жылға дейін ғана берілген.
3-сурет.1992-2010 жылдар ішінде қазақ тілінде қорғалған диссер-
тациялар.
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 167
Алайда алғашқы PhD диссертациялары Қазақстанда 2008 жылы 3
жоғары оқу орнында əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ жəне ҚазҰАУ қорғалды.
Мемлекеттік тілде PhDдиссертациялары мынадай санда қорғалды:
2008 ж. – 3 (экономикалық ғылымдар - 1, биология - 1, химия -1)
2009 ж. – 7 (тарих ғылымдары – 3, химия – 1, биология – 1, экономика
-1, юриспруденция -1);
2010 ж. -12 (саясаттану – 3, экономика – 2, филология – 2, биология,
тарих, техникалық, философия жəне жер туралы ғылым – 1-ден);
2011 ж. – 1 (тарих);
2012 ж. –19 ғылыми бағыт бойынша 29.
Бұдан əрі PhD диссертацияларын қоспағанда, ғылым кандидаты жəне
докторы дəрежесіне диссертациялар қарастырылады.
Қордағы диссертациялардың жалпы көлемінен қазақ тіліндегі жұмыс-
тар 18-20 ғылыми мамандықтар бойынша қорғалады.
Салалық құрылым бойынша олар 2-кестеде жəне 5-суретте берілген.
Қазақ тіліндегі диссертациялық жұмыстардың негізгі үлесі қоғамдық
ғылымдар бойынша қорғалады жəне жалпы қазақтілді қордың 80,7 %
құрайды. Атап айтқанда, филология бойынша қорғау басым (28,4 %), со-
дан кейін – педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыстар (19,5 %)
жəне тарих бойынша диссертациялар (11,2 %),
техникалық жəне қолданбалы ғылымдар 12,5 %,
жаратылыстану жəне нақты ғылымдар – 6,8 % (4-сурет).
4-сурет. Диссертациялардың қазақ тілді қорын тақырыптық
қамту
168 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
5-сурет. 1992-2010 жылдардағы диссертациялардың салалық
құрылымы
1-кесте. 1992-2010 жылдарда қазақ тілінде қорғалған диссертацияларды ғылыми мамандықтар Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі
бойынша бөлу
Ғылыми мамандық Тіркелген диссертациялар саны
1992- 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 Все- %
1996 го 0,3
01 физика-матема- 0 0 1 1 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 13 15
тикалық ғылымдар
02 химиялық 1 1 3 5 5 4 5 3 4 7 7 9 9 13 29 104 1,9
03 биологиялық 3 2 1 3 7 7 9 3 8 12 15 12 11 23 45 162 3,3
05 техникалық 4 1 2 2 7 0 1 3 5 4 9 10 22 14 75 159 3,4
06 ауылшаруашы- 1 00 0 3 11 4 7 8 8 16 17 26 56 148 3,0
лық
07 тарихи 51 16 16 43 25 27 37 20 29 16 31 43 25 39 130 548 11,2
08 экономикалық 3 4 1 7 9 11 7 13 21 11 26 37 34 50 100 334 7,0
09 философиялық 13 4 9 10 8 8 13 7 4 6 19 12 17 12 41 183 3,7
10 филологиялық 134 53 57 99 56 63 78 68 82 73 108 132 54 110 222 1389 28,4
12 заңдық 4 5 3 7 4 10 17 12 17 13 30 36 29 39 58 284 5,8
13 педагогикалық 74 9 27 34 34 29 57 48 63 46 64 89 67 97 214 952 19,5
14 медициналық 2 0 5 7 7 2 15 10 7 9 15 18 20 23 75 215 4,4
15 фармакология 1 0 1 0 0 0 1 3 2 0 0 1 0 1 2 12 0,2
16 ветеринарлық 0 0 0 1 1 2 3 4 2 0 4 8 11 14 24 74 1,5
17 өнертану 2 0 0 1 0 0 1 0 2 1 0 5 0 1 18 31 0,6
19 психология 1 1 2 2 0 4 6 3 2 7 1 2 8 10 9 58 1,2
22 социология 1 0 1 1 2 0 0 1 3 0 0 1 3 3 10 26 0,5
23 саяси 3 1 2 7 5 3 3 3 8 4 7 9 5 8 18 86 1,7
24 мəдениет тану 0 0 2 0 4 2 0 1 3 2 9 8 0 5 11 47 0,9
25 Жер туралы 3 0 1 0 2 2 6 3 5 1 6 8 0 9 18 64 1,3
ғылымдар
169
Барлығы 301 97 134 230 179 173 260 209 274 220 359 456 332 497 1168 4891 100
170 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Диссертациялық қордың салалық құрылымында филология бойынша
жұмыстар ерекшеленеді.
Филологиялық ғылымдар екі үлкен топты біріктіреді – əдебиеттану
жəне тіл білімі, олар өз кезегінде əрқайсысы 10 ғылыми мамандықтар
бойынша диссертация қорғауды қарастырады.
3-кестеде 1992-2010 жылдар кезеңіндегі филологиялық ғылымдар
бойынша қорғалған диссертацияларды Мамандықтар номенклатурасына
сəйкес бөлу көрсетілген.
3-кесте. 1992-2010 жылдар кезеңінде филологиялық ғылымдар
бойынша қорғалған диссертациялар саны
Мамандық Ғылым саласы, Қорғалған Сала бойынша
шифры мамандықтар тобы диссертациялар жалпы саннан %
саны
12 34
10.00.00 Филологиялық ғылымдар
10.01.00 Əдебиеттану 0
10.01.01 Орыс əдебиеті 1 0,07
10.01.02 Қазақ əдебиеті 454 32,7
10.01.03 Шет елдер 22 1,6
халықтарының əдебиеті
10.01.04 Қазақстан Республикасы 6 0,4
елдерінің жəне жаңа
шет елдер əдебиеті
10.01.05 Түркология 0
10.01.07 Салыстырмалы əдебиет- 13 0,9
10.01.08 тану 20 1,4
Əдебиет теориясы. Текс-
тология
10.01.09 Фольклористика 79 5,7
10.01.10 Журналистика 58 4,2
10.02.00 Тіл білімі 1 0,07
10.02.01 Орыс тілі 0
10.02.02 Қазақ тілі 533 38,4
10.02.03 Славян тілдері 4 0,3
10.02.06 Түркі тілдері 101 7,3
10.02.10 Қазақстан Республикасы 0
халықтарының тілдері
10.02.14 Классикалық филология 0
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 171
10.02.19 Тіл теориясы 29 2,1
10.02.20 Салыстырмалы- 67 4,8
тарихи, типтік жəне
10.02.21 салыстырмалы тіл білімі 0 0,07
10.02.22 Қолданбалы жəне мате- 1 100
Барлығы матикалық лингвистика 1389
Шет елдер
халықтарының тілдері
Кесте мəліметтері бойынша мамандықтардың салалық тобында Əде-
биет тану диссертациялары 8 шифрмен қорғалды.
Бүкіл филологиялық қордың үшінші бөлігі қазақ əдебиеті бойынша
қорғау (32,7 %). Диссертациялардың 5,7 % фольклористика проблемала-
рын қарастырады жəне 4,2 % журналистика мəселесіне арналған.
Қарастырылатын 18 жылдық кезеңде 10.01.05 түркология шифрымен
қазақ тілінде қорғалған бірде бір жұмыс болмады, мұнымен бір уақытта
бұл мамандық бойынша орыс тілінде араб əдебиетін тану бойынша жұ-
мыстар бар.
6-суретте 2010 жылы əдебиеттану мамандықтарының тобы бойын-
ша қорғалған диссертациялардың пайыздық қатынасы келтірілген.
Осылайша 2010 жылы диссертациялардың ең көп саны қазақ əдебиеті
(63 кандидаттық жəне 13 докторлық) бойынша қорғалды. Оларда əдеби-
еттанушылардың ғылыми мұраларының арнайы көп аспектілі зерттеу-
лері келтірілген. Ежелгі қазақ əдебиетінің əлемдік əдебиетпен дəстүрлі
байланысы сипатталған, ерте заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі
қазақ əдебиетінің даму жолы көрсетілген. Эпикалық жанрлардың мифо-
логиялық негіздері, олардың сюжеттік желілері талданған. Қазақ поэзия-
сының қазақ халқының əдеби-рухани дəстүрлерімен тығыз байланысты
стильдік жəне тілдік жақындығы көрсетілген.
Қазақ əдебиетіндегі рубаилерді аудару проблемасы көрсетілген. Абай-
дың, Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің, Сəбит Мұқановтың, Ільяс Жансүгіров-
тың жəне басқа жазушылар мен ақындардың шығармалары талданды.
Журналистиканың түрлі нысандары зерттелді: ауызша публицистика,
қазақ халқының фольклоры, эпос шығармалары, мақалдар, руникалық
жазбалар, əл-Фарабидің философиялық трактаттары, моңғол кезеңіндегі
жазбаша ескерткіштер, Юсуф Баласагуни шығармалары жəне Мухаммед
Хайдар Дулатидің тарихиграфиясы. Белгілі ойшылдардың, жазушылар-
дың жəне ақындардың, публицистикалық шығармалары, алғашқы төң-
керіске дейінгі қазақ баспасөз басылымдарының жанрлық нысандары,
кеңестік газет жəне журналдардың мəтіндері, тəуелсіз Қазақстанның
қазіргі заманғы баспасөзінің жанры қарастырылды.
172 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Қазақтар мен түріктердің айтыс жанрының даму процесінің жəне
жай-күйінің салыстырмалы талдауы жүргізілді. Жанрдың байырғы дү-
ниеге көзқарасының тамыры, оның халықтардың материалдық жəне ру-
хани мəдениетімен байланысы анықталды. Қазақ жəне түрік мəдениетін-
дегі айтыс жанрының негізгі ерекшеліктері жəне оның қазіргі заманғы
қызмет ету ерекшелігі анықталды. Түркі халықтарының айтыс жанрла-
рының ерекшеліктері қарастырылды. Оның əлеуметтік-экономикалық
қоғамдық жəне мəдени өмір талаптарымен детерминдендірілген өзіндік
белгісі ашылды.
6-сурет. 2010 жылы əдебиеттану мамандықтары тобы бойынша
қорғалған диссертациялардың пайыздық қатынасы
Тіл білімі бойынша топта бірінші орында қазақ тілі мамандығы
бойынша диссертациялар (шифр 10.02.02) – 533 жұмыс, бұл жалпы
филологиялық қордың 38,4 % құрайды, 101 жұмыс (7,3 %) түркі тіл-
дерінің мəселелерін ашып көрсетеді. Салыстырмалы-тарихи, типология-
лық жəне салыстырмалы тіл білімдері 67 диссертацияда (4,8 %) көр-
сетіледі.
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері бойынша мемле-
кеттік тілде қорғаулар болмады (шифр 10.02.10), ал жалпы қорда бұл
бағыт бойынша орыс тілінде 6 диссертация бар. Классикалық филоло-
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 173
гия (шифр 10.02.14) жəне қолданбалы жəне математикалық лингвистика
(шифр 10.02.21) бойынша жұмыстар жоқ.
7-сурет. 2010 жылы тіл білімі мамандықтары тобы бойынша
қорғалған диссертациялар
2010 жылы қазақ тілі мамандықтары бойынша 81 диссертация (68,0
%) қорғалды, оның ішінде 66 кандидаттық жəне 15 докторлық. Түркі тіл-
дері бойынша – 12 (10.1%), тиісінше 9 жəне 3. Тіл теориясы 7 жұмыста
(5,9 %) көрінеді, олардың 1 докторлық. Салыстырмалы-тарихи, типоло-
гиялық жəне салыстырмалы тіл білімдері 2010 жылы 19 диссертацияда
(15,9 %) көрсетіледі, о.і. 2 докторлық.
Диссертацияларда тілдегі объективтік қатынастар құру жолдары
анықталды, олардың түрлі грамматикалық көрсеткіштері (көмекші сөз-
дер, демеуліктер, септік жалғаулар) берілді. Тура мағыналы сөзді ауыспа-
лы сөзге өзгерткенде əрекетті объектіге айналдыру тəсілдері жəне объек-
тілік қатынастарды күрделі сөйлемдерде беру тəсілдері талданған. Қазақ
тіліндегі объектілік қатынастарды құруда септік жалғауларының негізгі
рөлі дəлелденген, нақты суреттеме берілген.
Концептілерді зерттеуде когнитивтік, лингвокультурологиялық, тео-
риялық негіздер анықталған. Тілдік, семиотикалық жəне мифологиялық
174 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
модельдер көмегімен оларды вербалдау (етістікке айналдыру) тəсілдері
сипатталған. Мифологиялық модельдерде, қазақ ою-өрнегінде, таным-
дарда, халықтың елтану көзқарасындағы ұлттық менталитетінің (ділінің)
мен ментальдығы (ділдігінің) ерекшеліктері сипатталған.
Просодиялық тəсілдердің стиль құраушы сипаты жəне дауыс ырғағы
проблемаларының стилистикалық аспектілері қарастырылған. Дауыс
ырғағы функционалдық стиль мəтіндерін жасауда негізгі көрсеткіш екені
дəлелденген. Стильдер жасауда дауыс ырғағының қызметі анықталған.
Функционалдық стильдегі үзілістің жаңа түрлері анықталған. Айтылған
мəтінді жіктеу жүйесі анықталған.
Ойды білдірудің сөздің іске асыратын жəне сөздің негізгі байланыс
бірлігі болатыны анықталған. Ғылыми негізде сөйлемнен ойдағыны ай-
туды ерекшелейтін негізгі белгілері ғылыми негізде шектелген жəне то-
лықтырылған. Лингвистикалық жүйеде мəтін мен ойды білдірудің тетік-
тері жəне ойды білдірудің туындаған мысалдары, сондай-ақ лингво-пси-
хологиялық функциялары мен ерекшеліктерінің негізгі қатынасы
нақтыланған. Тілдердің агглютинативтік түріне жататын түркі тілінің
қалыптасу ерекшеліктері мен кемшіліктері анықталды. Араб жəне түр-
кі тілдерінің талдауы – сөздердің морфологиялық нысандары жүргізілді,
олардың жалпы жəне өзіндік сипаттамалары анықталды. Араб сөздік-
терінің лексикография айқындамалары жəне салыстырудың негізгі тəсіл-
дері зерттелді.
Қазақ жəне араб тілдері материалында түрлі құрамды тілдердің типтік
доминантасы зерттелген. Типтік доминанта мен типологиялық доминан-
та терминдері мен түсініктерінің қатынасында жүзеге асырылатын ти-
пологиялық белгілер сатылылығының айқындамасы енгізілді. Тілдер
типологиясы берілді. Қазақ жəне араб тілдерінің морфологиялық жəне
синтаксистік жүйелерінің салыстырмалы-типологиялық талдауы, фоне-
тикалық-фонологиялық жүйелерінің талдауы жүргізілді.
Зерттеудің осы алуан түрлілігі Қазақстан Республикасында қорғала-
тын диссертациялар қорынан орын алып отыр.
Диссертациялардың қалыптастырылатын қорларына ақпаратты
тұтынушылар үлкен қызығушылық білдіруде жəне осы бірегей мате-
риалдарды пайдаланушыларға жеткізу ҒТВ ҒО негізгі міндеті болып
отыр.
Бұл қорда жинақталған білім мен ғылыми-техникалық нəтижелер
белгілі бір шамада талап етіліп отыр.
«ҒТА ҒО» АҚ ресей ғалымдары В.В. Арутюнов пен И.В. Маршакова-
ның əдіснамалық тəсілдерін пайдалана отырып жарияланбаған құжат-
тарды қордың талап етуін зерттеуді 1996 жылы бастады [6-11].
Талап етілуін зерттеу жүргізілетін зерттеулердің өзектілігін анықтау-
ға мүмкіндік береді. ҒЗжТҚƏ талап етілуін жəне салалық сұранысты
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 175
жəне диссертацияны бағалау тəжірибеде пайдаланылатын қарастырыла-
тын уақыт кезеңінде жинақталған қорға қатысты сұратулар санын еске-
ретін есептеу көрсеткіштерінің: импакт-фактор, сұратылу, сұраныс жəне
пікір коэффициенттерінің наукометриясын пайдаланумен іске асырыла-
ды. [6-9].
тұтСыұнруашныылсакродэафнфбиецлигіелнітбі іКрс – бұл ғылыми метрикалық көрсеткіш, түрлі
уақыт кезеңінде түскен сұратулар санының
сұратылған құжаттар санына қатынасын көрсетеді. Сұраныстар коэффи-
циенті біздің жағдайда диссертациялық жұмыстарда көрсетілген сұра-
ныс мəліметтері бойынша ғылыми-техникалық өнімнің қаншалықты
өзекті екенін көрсетеді.
ды,БоадсақнашоратсаөшзбаеснұрайалтқатаынднадКиссжсиерілтіакцтиі яансыұрқаттаыйтлыадныш. ама болып табыла-
Кс мына формула бойынша есептеледі
мұнда Z – қарастырылатын кезКеңс=деZг/іDсұ, ратулар саны (біздің жағдайда
бұл күнтізбелік жыл),
D – сұратылған құжаттар саны.
Жарияланбайтын құжаттар сұранысы проблемасын зерттеу оларды
аса тиімді пайдаланудың жолдарын іздеу үшін тəжірибелік көзқарас
тұрғысынан да ғылымтану тұрғысынан да құжаттамалық көздердің аса
пайдаланатын бөлігін жəне ғылымның өзекті тақырыптық бағыттарын
анықтау мақсатында маңыздылыққа ие болып келеді.
Диссертациялар қорының талап етілуі тұтынушылар санатының, ұй-
ымдар түрінің, олардың аумақтық тиесілігі, тақырыптық бағыты арасын-
дағы қарқынмен зерттеледі.
Қазақ тіліндегі диссертациялардың талап етілуін зерттеу 2010 жылы
2004 жылмен салыстырғанда 7,4 рет өскенін, ал сұратулар саны 9,3 рет
өскенін көрсетеді (9-сурет).
2011-2013 жылдары тұтынушылардан сұратулардың біраз аз саны
түсті, мұның біраз себептері бар. Жоғары білікті кадрлар дайындау жүй-
есін қайта құрумен байланысты докторанттар мен аспиранттар санаты
бойынша ақпаратты тұтынушылар саны қысқарды.
2010 жылмен салыстырғанда сұратулар көлемі мен сұратылған
құжаттар саны 2011 ж. 13 %-ға қысқарды, бірақ сонда да соңғы жыл-
дары ең көрнекілері болып отыр. 2011 жылы 1849 құжатқа 2181 сұра-
ту түсті. Яғни орташа əрбір құжат 1,2 есе талап етілді. 2010 ж. қазақ ті-
ліндегі жалпы қорынан диссертациялардың 45%, ал 2011 ж – 44,5% та-
лап етіледі.
2004-2013 жылдардағы кезеңде сұратылған құжаттар мен түскен
сұратулар қарқыны 8-суретте келтірілген.
176 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
8-сурет. 2004-2013 жылдардағы кезеңде қазақ тілінде сұратылған
құжаттар мен түскен сұратулар қарқыны
2012 ж. 2057 сұратуда 1723 құжат талап етілді, əрбір құжаттың сұра-
ныс коэффициенті сондай-ақ 1,2.
2013 жылы 1791 құжат сұратылды, оған 1970 сұрату түсті. Коэффи-
циент 1,1 құрады.
Қамтылған 2009-2013 жылдар ішінде сұраныстың орташаланған ко-
э-ф1,ф1и8цтиееңнбтоіл2д0ы1.2Ожсыыллыайешңажəорғбаіррысұброалтдыылғ(а1н,1д9и),сқсеарлтғаанцижяы, олрдтааршыаКасл1ға,1н3-
да бір реттен аса талап етілді. Ал егер жекелеген ғылыми мамандықтар
бойынша қарастырсақ, онда ең жоғарғы сұранысқа социология бойынша
диссертация 2010 жəне 2012 жылдары ( тиісінше 1,5 жəне 1,47) ие болды.
Яғни əрбір сұратылған диссертация, орташа алғанда 1,5 рет талап етілді.
Басқа жылдары Калсс2о0ц1и3олжоыгиляылы1,қ05бадғеыйтінтатғөымемнадмеадні.дықтар бойынша 1,2
мəнге ие болды,
2013 жылы ең пкеөдпагКогс и=к(а1,3б)ойпыендшагаогдииксасебротйацыиняшғаа диссертацияға
келеді. Жыл бойы көп санды сұ-
рату (497) түсті жəне құжаттардың аса көп саны (382) талап етіл-
ген. Бірақ педагогикалық мамандықтар бойынша аса көп сұратулар са-
ны жəне сұратылған құжаттар 2010 жылға келеді. (730 құжатқа 835 сұра-
ту).
Қазақ тіліндегі диссертацияға түскен сұратуларды ғылыми ма-
мандықтар бойынша бөлу жəне сұраныс коэффициенті 4-кестеде кел-
тірілген.
Сұратылатын қазақ тіліндегі диссертациялардың тақырыптық бағы-
тын талдау 2009-2013 жылдары диссертациялар іс жүзінде барлық ғылы-
ми мамандықтар бойынша талап етілгенін анықтады (4-кесте).
4-кесте. Ғылыми мамандықтар бойынша қазақ тіліндегі диссертацияларға түскен сұратуларды Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі
бөлу
Ғылыми мамандық Сұратылған диссертациялар Түскен сұратулар саны Сұрату коэффициенті Кс
(құжаттар) саны
2009 2010 2011 2012 2013 2009 2010 2011 2012 2013 2009 2010 2011 2012 2013
01 физика-математика- 1- 1 11- 1 1 1,0 - - 1,0 1,0
лық ғылымдар
02 химиялық - 6 11 5 5 - 6 12 5 5 - 1,0 1,1 1,0 1,0
03 биологиялық 31 23 25 19 23 33 26 27 22 25 1,1 1,1 1,1 1,2 1,1
05 техникалық 11 14 11 11 10 14 15 11 11 10 1,3 1,1 1,0 1,0 1,0
06 ауылшаруашылық 9 7 6 9 15 9 7 6 11 15 1,0 1,0 1,0 1,2 1,0
07 тарихи 187 133 156 132 143 206 139 172 167 152 1,1 1,0 1,1 1,3 1,1
08 экономикалық 289 291 425 277 298 356 384 588 382 305 1,23 1,32 1,38 1,38 1,02
09 философиялық 25 34 47 37 42 27 35 49 43 49 1,1 1,0 1,0 1,16 1,17
10 филологиялық 503 573 372 382 356 540 614 399 414 428 1,1 1,1 1,1 1,1 1,2
12 заңдық 153 221 311 303 310 171 235 353 311 313 1,1 1,1 1,1 1,1 1,0
13 педагогикалық 713 730 349 410 382 822 835 411 523 497 1,15 1,14 1,18 1,27 1,3
14 медициналық
17 13 8 7 6 17 13 9 7 6 1,0 1,0 1,1 1,0 1,0
15 фармакология 1 2 231 2 2 3 1,0 1,0 1,0 1,0
16 ветеринарлық 2 5 1 1 2 2 5 1 1 2 1,0 1,0 1,0 1,0 1,0
17 өнертану 4 5 5 5 8 4 5 6 5 8 1,0 1,0 1,2 1,0 1,0
19 психология 44 64 55 49 40 51 77 58 58 42 1,2 1,2 1,1 1,2 1,05
22 социология 9 15 5 17 40 11 22 6 25 42 1,2 1,5 1,2 1,47 1,05
23 саяси 44 39 28 29 29 53 45 34 36 32 1,2 1,2 1,2 1,24 1,1
24 мəдениеттану 19 21 16 14 11 20 23 20 15 11 1,0 1,0 1,2 1,1 1,0
25 Жер туралы ғылымдар 16 13 16 13 24 16 15 17 18 24 1,0 1,1 1,1 1,38 1,0
Барлығы 2078 2207 1849 1723 1748 2354 2501 2181 2057 1970 1,13 1,13 1,18 1,19 1,13
177
178 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Қор диссертациялары аса талап етілгін ғылыми мамандықтар рей-
тингі 5-кестеде берілген.
5-кесте. 2010 жылы аса талап етілген қазақ тіліндегі диссертация-
лар рейтингі
Рейтинг Ғылыми мамандық Сұратылған Жалпы санға %
құжаттар саны
1 13педагогикалық ғылымдар 730 33,1
2 10 филологиялық 573 25,9
3 08 экономикалық 291 13,2
4 12 заңдық 221 10,0
5 07 тарихи 133 6,0
6 19 психология 64 2,9
7 23 саяси 39 1,8
8 09 философиялық 34 1,5
9 03 биологиялық 23 1,0
10 24 мəдениет тану 21 0,9
11 22 социология 15 0,7
12 05 техникалық 14 0,6
13-14 14 медициналық 13 0,6
13-14 25 Жер туралы ғылымдар 13 0,6
15 06 ауылшаруашылық 7 0,3
16 02 химиялық 6 0,3
17-18 16 ветеринарлық 5 0,2
17-18 17 өнертану 5 0,2
Барлығы 2207 100
2010 жылы педагогика, филология жəне экономикалық мамандық-
тар көшбасшы болды. 2012 жəне 2013 жылдары бұл бағыттар бойын-
ша диссертациялардың талап етілуі сондай-ақ бірінші жайғасымда бол-
ды.
Алдыңғы жылдағыдай аса сұратылған қазақ тіліндегі диссертациялар
экономика бойынша (2011 ж. 425 диссертацияға 588 сұрату, сұрату ко-
эффициенті 1,38), педагогика бойынша (2013ж. 382 құжатқа 497 сұрату,
югКизр=киа1с,м3п)ре,унфдфеинилцолилояолгобигоияйяыббонйошйыаын(нш3ша1а3(2тж0аə1лн3аепж3е.1т0тіли, гіКсезін=н1шқ,ұ0еж).4а22т80та1жр1-əм2н0ее1н33о5жл6а,жрК.ғпза=е1дд,еа0гг2ео)н-,
сұраныстар саны 2010 жылмен салыстырғанда екі есе қысқарды. Бірақ
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 179
экономика, юриспруденция, тарих, философия бойынша құжаттарға қы-
зығушылық жоғарғы деңгейде қалып отыр.
Талап етілген құжаттардың бірінші ондығына қоғамдық ғылым-
дар бойынша ғылыми бағыттар енгізілгенін атап өту керек. Ауылша-
руашылық ғылымы, ветеринария, техникалық ғылымдар, экология
жəне басқа ғылыми мамандықтар бойынша қазақ тіліндегі құжаттарға
сұраныс бұл мамандықтар бойынша қазақ тіліндегі жұмыстардың қор-
да жеткіліксіз болуына байланысты қанағаттанарлықсыз болып қалып
отыр.
Қазақ тіліндегі құжаттар қорымен аса жиі жұмыс істейтін ұйым-
дар 2013 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ (12 ғылыми мамандықтар бо-
йынша құжаттарға 328 сұрату, оның ішінде педагогикалық бағыт бой-
ынша 164 сұрату), əл-Фараби атындағы ҚазҰУ (тиісінше 273 жəне 14,
ең көп сұрату юриспруденция бойынша жасалды - 77), ҚазмемҚызПУ
(181 жəне 12, оның ішінде педагогика бойынша 75 сұрату) жəне басқа-
лары.
ҒТА ҒО диссертациялық қорын талдай отырып, қазақ тіліндегі дис-
сертациялардың жалпы санынан 20,4 % құрайтыны анықталды.
ҒЗжТҚƏ туралы есептер қорында тілдік қатынас басқаша. 1995-2013
жылдар кезеңінде есептердің жалпы саны – 24393 жəне тек 692 қазақ
тілінде берілген, бұл 2,8 % құрайды. Бұл қазақ тіліндегі диссертация-
лар санына қарағанда 10 рет кем. Осыншалық едəуір айырмашылықты
ҒЗжТҚƏ туралы есептер жəне диссертация қорғау кезіндегі түрлі уəжде-
меге қарағанда басқаша түсіндіру қиын. Қазақ тілінде орындалатын ҒАƏ
саны өсуінің жағымды бетбұрысы байқалады: 2006 ж.- 28; 2007 – 64;
2008 – 73 (6-кесте ).
6-кесте. 1995-2012 жылдар кезеңі ішінде ҒАƏ туралы тіркелген
есептерді бөлу
Жылы 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003
ҒАƏ туралы 2 4 21 10 12 32 7 7 24
тіркелген
есептер саны
6-кестенің жалғасы
Жылы 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012
ҒАƏ туралы
тіркелген
есептер саны 17 24 28 64 73 118 45 70 130
180 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Тіркелген есептердің көп бөлігі гуманитарлық ғылымдарға келеді–
87,0 %, техникалық ғылымдар үлесі 10,8 % жəне табиғи жəне нақты
ғылымдар бойынша ең аз санды жұмыстары - 2,2% (9-сурет).
9-сурет. ҒАƏ туралы тіркелген есептерді тақырыптық қамтудың
пайыздық қатынасы
Қазақ тіліндегі ҒАƏ туралы тіркелген есептердің талап етілуін талдау
санының аздығынан нəтижесіз.
Жарияланбайтын құжаттар қорының талап етілу проблемасын қарас-
тыра отырып, 2013 жылы диссертациялардың жиынтық қорынан құжат-
тардың талап етілуінің жалпы көлемі 7,2 құрайды деген қорытынды жа-
сауға болады. Диссертациялардың қазақтілді қорының талап етілуі оның
көлемінің 35,78 % жетті.
Пайдаланылатын құжаттар көлемі мен олардың қарқыны қорға құ-
жаттардың түсу көлемімен.
Алайда барынша тезірек шешуі қажет бірқатар проблемалар бар. Ре-
фераттық журналдар мен қазақ тіліндегі ҒАƏ мен ТҚƏ жинағы қазіргі
уақытқа дейін тек орыс тілінде шықты. Əзірше тек орыс тілінде өзек-
тендірілетін қазақ тіліндегі мəліметтер базасын қайталау жоқ. Орталықта
мұнымен қатар қазақ тілінде əзірше бір ғана мəліметтер базасы құрылды
- бұл қазақ тілінде қорғалған диссертациялар базасы, бірақ ол ҒТА ҒО
сайтын пайдаланушылар жұмысына бейімделмеген.
Рефераттық журналдар мен қазақ тіліндегі ҒАƏ мен ТҚƏ жинағын
шығарудың дəстүрлі қағаздықтан баспаның электронды түріне өтуімен
байланысты өңірлер бойынша Жинақты электронды баспа ретінде жар-
намалау, хабарлау жəне тарату механизмін жедел əзірлеу қажет.
Осылайша 1993-2010 жылдар кезеңінде қазақтілді диссертациялар
мен ҒАƏ туралы есептердің тақырыптық бағытының талдауы берілген.
Қазақ тілінің Қазақстан Республикасының диссертациялық қорының үл-
гісінде ғылыми-техникалық ақпараттың ақпараттық ресурстарын қалып-
тастыруда жəне оның талап етілуінде қолданылу саласы қарастырылды.
Мемлекеттік тілдің ғылым саласындағы қызметі 181
Қазақстанда қалыптастырылатын қорғалған диссертациялардың мем-
лекеттік қорлары жəне ҒАƏ туралы есептер жыл сайын ұлғайған сұра-
нысқа ие екені анықталды.
Қазақстанда мемлекеттік қорларда жинақталған ҒЗжТҚƏ мен диссер-
тациялардың білімдер мен ғылыми-техникалық нəтижелер əлеуеті тиісті
шарада талап етілген жəне еліміздің əрекет етуші ғылыми, білім беру
жəне экономикалық ресурсы бола түсуде.
Əдебиет:
1 Шиндалиева М.Б. Развитие книгоиздания в Казахстане // Вестник
высшей школы Alma mater. - 2012. - №2. – С.113-116.
2 Кульевская Ю.Г., Оскенбай С.А. Современное состояние фондов
научно-технической литературы Республики Казахстан на государствен-
ном языке //Информационное общество: состояние и перспективы: Ма-
тер. Междунар. Конф., посвященной 50-летию НЦ НТИ РК/ Под ред. Е.З.
Сулейменова. –Алматы: НЦ НТИ, 2007. –С.22-27.
3 Оскенбай С.А., Бапиева М.К. Изучение информационных потреб-
ностей в научно-технической литературе на казахском языке (региональ-
ный аспект)// Научно-техническая информация как фактор научно-техно-
логического развития Республики Казахстан: Сб. науч. Трудов. –Алматы:
НЦ НТИ, 2011. –С. 56-67.
4 Перепись населения Республики Казахстан, 2009 г. Краткие итоги:
Стат. сб. / Под ред. А.Смаилова. –Астана, 2010. –110 с.
5 Мониторинг состояния науки Республики Казахстан на основе фор-
мирования и анализа фондов непубликуемых документов: отчет о НИР/
АО «НЦ НТИ». –Алматы, 2011. – 215 с. – Инв. № 0211РК01722.
6 Арутюнов В.В. Некоторые закономерности формирования и вос-
требованности непубликуемых источников информации в геологической
службе России // Библиотеки и ассоциации в меняющемся мире: новые
технологии и новые формы сотрудничества: Тема 2003 года: Библиотека
и доступность информации в современном мире: электронные ресурсы
науке, культуре и образованию: Тр. конф. / 10-я юбил. Междунар. конф.
«Крым 2003» –М.: ГПНТБ России, 2003. Т.3. – 408 с.
7 Арутюнов В.В. Спрос на научно-техническую продукцию геологи-
ческих организаций. Система учета и анализа. // НТИ. Сер. 1.-1996.- №
1.- С. 13-18
8 Арутюнов В.В. Хронологический анализ запрашиваемости диссер-
таций и отчетов по НИОКР в области геологии и недропользования //
НТИ.Сер. 1.-1996.- № 4.- С. 20-25.
9 Арутюнов В.В. Анализ вклада научно-исследовательских органи-
заций геологической службы России в создание востребованной науч-
но-технической продукции // НТИ. Сер.1. - 2001. – № 6 - С.23-29
182 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
10 Арутюнов В.В., Константинов А.С. Оценка вклада руководящего
звена НИИ геологической службы России в создание востребованной на-
учно-технической продукции // НТИ. Сер.1. – 2005. - №7. - С.25-27.
11 Маршакова И.В. Система цитирования научной литературы как
средство слежения за развитием науки. –М.: Наука, 1988. –288 с.
2.7 Қазақстанның топонимика жүйесіндегі мемлекеттік тіл
Қазақстан топожүйесінің қазіргі жағдайы. Қазақстан Республика-
сы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс
тұжырымдамасында былай деп жазылған: «Қазіргі уақытта ономасти-
ка республикадағы ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі
ретінде тек ғылыми-практикалық, мəдени-тарихи ғана емес, сондай-ақ
қоғамдық-саяси маңызға ие болып отыр. Қоғам дамуының кез келген
кезеңінде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Адам
қоғамдастығының бірде бірі, бірде бір мемлекет өзінің даму үдерісін-
де өзінің антропонимдері мен топонимдерінің жинағынсыз өмір сүрген
емес. Сондай-ақ, қазақстандық қоғамдастықтың да ежелгі тарихи дəуір-
де қалыптасқан ұлттық ономастикалық жүйесі бар. Қазақстанның көп-
теген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесі ХІХ ғасыр-
дың екінші жартысынан бастап, түбегейлі өзгерістерге ұшырады жəне
патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне, кейіннен кеңес жүйесінің
тоталитарлық саясатына қызмет етуге мəжбүр болды. Отаршылдық пен
тоталитарлық режимдердің идеологтары ономастиканы қоғамның тари-
хи-мəдени санасына əсер етудің саяси құралына айналдырды. Нəтиже-
сінде қазақ ономастикасының өзіндік болмысына, ұлттық ерекшелігіне,
əсіресе оның топонимикалық жəне антропонимикалық жүйелеріне ора-
сан зиян келтірілді. Қазақстан картасы едəуір бұрмалауларға ұшырады»
[1, 48 б.].
Қазіргі қазақ ономастикасының жай-күйін осыдан артық бағалау
қиын. Ал тілдің өзі қоғамдық құбылыс болып табылатындықтан, оның
бір саласы ономастика да қоғамнан тыс қала алмайтыны белгілі жағдай.
Тілші-ғалымдар ол туралы біршама айтып та кеткен. Мəселен, В.Н.То-
поров: «...жалқы есімдер тек адамзат қоғамында ғана өмір сүріп, қыз-
мет етеді...Оның үстіне, Геродот пен Плинийдің пікірлеріне қарамас-
тан, жалқы есімі жоқ адамзат қоғамы болмайды», - дейді [2, 4 б.]. Ал
В.А.Никонов: «Атау нысанға таңылып қалған нəрсе емес, бірақ ол тек
қана қоғамда өмір сүреді жəне əрбір əлеуметтік құбылыс сияқты əрқа-
шан тарихи заңдылықтарға бағынады», - дейді [3, 27 б.].
Қоғамдағы əрбір саяси-экономикалық өзгеріс сол қоғамның топожү-
йесінде терең із қалдырып отырады дегенде, біз төрт түрлі экстралин-
гвистикалық жағдайды екшеп аламыз:
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 183
1. Бір ел екінші елді жаулап алғанда, міндетті түрде жергілікті атаулар
өзгертіледі. Алыс тарихқа бармай-ақ, кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде
неміс басқыншылары ауыстырып жіберген кейбір топонимдерді Польша
мен Чехия күні бүгінге дейін қалпына келтіру үстінде екенін айтсақ та
жеткілікті.
2. Бір ел екінші елді отарлап алған жағдайда, жергілікті атаулар өз-
геріске ұшырайды. Өткен ғасырлардағы ірі капиталистік державалардың
отарлау саясаты бұған дəлел.
3.Үлкен елдің кіші елді немесе күшті елдің əлсіз елді бейбіт қалыпта
ассимиляциялап жіберуі (тілдердің ассимиляциялануы да осы топқа жа-
тады). Бұған ҚХР-дың маңындағы ұсақ мемлекеттердің, Ресейдегі ұсақ
ұлттардың тағдыры толық мысал бола алады.
4. Бір елдің ішіндегі идеологиялық, таптық, діни күрестердің, азамат
соғыстарының əсері болуы мүмкін. Бұл тарихты да ұмыта қоятын уақыт
өткен жоқ.
Атап өткен төрт жағдай екі түрлі себептен ғана тұрады: бірі – тілдері
келмегендіктен атауларды өзгерту; екіншісі – меншіктеп алу саясатын
көздеп, əдейі өзгеріске ұшырату. Көптеген жағдайда екінші себептің үлес
салмағы басым болып келетіні ешкімге жасырын емес.
Қазақ тілі мен оның лексикасы осы төрт жағдайды да бастан кешті.
Атап айтқанда:
- моңғол, жоңғар шапқыншылығын көрді;
- патшалық ресей отаршылдығын бастан өткерді;
- азамат соғысы да бізді айналып өткен жоқ;
- кеңестік ассимиляциялау саясатын да жоққа шығаруға болмай-
ды.
Соңғы, төртінші жағдай, тағы алдымыздан шығуы мүмкін. Жаһанда-
ну үдерісі кезінде ұлттық келбеті, əр ұлттың тілі не кең тараған тілдің
біріне (мəселен, ағылшын тілі), не жан саны көп тілдің біріне (мəселен,
қытай тілі) жұтылып кету қаупі бар. Еуропаның белді тілдерінің бірі
швед тілінің өзі ағылшын тілінің ықпалына төтеп бере алмай отыр. Жан
саны басым болса да, Үндістан ағылшын тіліне өзінің хинди тілін қарсы
қоюда. Соған байланысты əр ұлттың, əр тілдің алдында не бар, не жоқ
болу деген дүниежүзілік мəселе тұр.
Қазақстан топонимикалық кеңістігінің əлі шешімін таппаған мəселесі
көп. Біз күні бүгінге дейін жалқы есім мен жалпы есімді айыра алмай
жүрміз. Лексикамыздың негізін құрайтын бұл екі сала туралы В.А.Супе-
ранскаядан асырып ешкім айтқан жоқ: «Жалпы есіммен аталған нысан
анық емес жəне шексіз болып келсе, жалқы есіммен аталған нысан əр-
қашан да анық жəне нақты болып келеді» [4, 113 б.]. Жалпы есімдердің
топонимикалық міндетті алып жүре алмайтынын атауларды ауыс-
тыру жағынан республикада алдыңғы орында тұрған Оңтүстік Қазақстан
184 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
облысының топонимиясынан мысал келтіре отырып қарастырайық.
Аталған облыста атауларды қалпына келтіру жұмысы өз уақытында
жəне сəтті жүргізілгенін атап өту керек. Мəселен, Калинин – Иасы, Ленин
– Көкарал, Қызыл Октябрь – Киелітас, Ворошилов – Қосқұдық, Победа
– Сарқырама т.б. Тарихи топонимдерді заңды орнына қайтару деп
жүргеніміздің өзі – осы. Сонымен бірге, кеңестік дəуірде еніп, жады-
мызға сіңіп кеткен Алғабас, Еңбек, Жаңадəуір, Жаңаүлгі, Қызылжұл-
дыз тəрізді ұраншыл атаулардан құтыла алмай отырғанда, оңтүстік
облыстағы Ономастикалық комиссия Ынталы, Ынтымақ, Береке,
Өркениет, Бейбітшілік, Халықтар достығы ауылы, Мəдениет, Өргебас,
Арайлы, Шұғыла, Бақыт ауылы, Шаттық ауылы сияқты жалқы есімге
ешқандай қатысы жоқ ойконимдерді бекітіп жіберген. Мұнда Алғабасты
Өргебасқа айырбастағанда не ұттық деген заңды сұрақ туады? Топони-
миканың заңдылығын білмегендіктен, ойға келген атауды қоя салу бар-
лық облыстарға тəн «ауру» болып отыр.
Қоғамның өтпелі кезеңдерінде адамдар абдырып, қолда барын та-
лан-таражға салып, бейберекеттік орнайтынын тарих дəлелдеп келеді.
Мұндайда тұтастық пен тұрақтылықты сақтап қалу үшін, тіл, дін, жер
жəне экономика тұтастығын бұзбау керек. Бізде жердің жекеменшікке
сатылуы қоғам дамуының талабы десек, жер-су аттарын сақтап қалу
баршамыздың міндетіміз. Ол - ата-бабадан қалған асыл мұралардың бірі.
Қазіргі кезде жер-су аттары иесіз, қараусыз қалған сала болғандықтан,
əркім өз тегінің атын шығаруға пайдаланып, көкпарға тартқан лақтай
тоздырды. Мысалы, Ақмола облысының Қарабұлақ ауылын Қарауыл
Қанай би ауылы, Шұбарқұдық кентін Төлепберген батыр ауылы деп
ауыстырғаннан не таптық? Мұнда, біріншіден тарихи атауларды қолда-
ныстан шығарып тастадық. Сол Қарабұлақ «бұл жерде жазда салқын,
қыста қатпайтын қарасу бар» деп көшпелі қазаққа ғасырлар бойы ақпа-
рат беріп тұратын аса құнды атау екенін ұмыттық. Екіншіден, «жер-су
аттары ұзын, шұбалаңқы болмау керек, өйткені оның қолданысын қиын-
датады» деген талапқа қайшы келдік.
Сайып келгенде, қандай атақты адам болса да, жерден артық емес.
Қоғамға, елге еңбегі мен ерлігі сіңген адамдардың есімін тəрбиелік мақ-
сатта мəңгілеу керек болса, ауыл, қала көшелері, мектептер мен алаңдарға
беруге болады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастика-
лық жұмыс тұжырымдамасында «қалаларға, қала үлгісіндегі кенттерге,
аудандарға бұдан былай адам аттары берілмейді» деген тармақ енгізілген
[1, 52 б.]. Жалпы бұл талапты «елді мекендердің жəне географиялық ны-
сандардың барлық түрлеріне адам аттары берілмейді» деп толықтырған
жөн болар еді. Өйткені тұжырымдамада адам аттарын «ауылға беруге
болмайды» деген тармақ жоқ деген желеумен ауыл аттары əлі күнге дей-
ін өзгертіліп жатыр.
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 185
Ұлттық ономастика мəселелерін əр ұлт тек өзі ғана шешуге тиіс. Ол
туралы басқадан сабағат сұрап керек жоқ. Осы орайдан келгенде кейбір
азаматтардың қазақ тіліндегі топонимдерді орыс тіліне транскрипциялап
шаршап жүргені түсініксіз жағдай. Мемлекеттік тілі қазақ тілі деп та-
нылған Қазақстан үшін атаулардың орысша немесе ағылшынша транс-
крипциясының, аудармасының қажеті бар ма деген заңды сұрақ туады?
Əлемде Қазақстаннан басқа ешбір елде топонимдер екі немесе үш тіл-
де қатар жазылмайды. Бұл – ұлттық құндылықты бағаламау ғана емес,
жалқы есімдердің қолданысын қиындатып жіберетін қажетсіз, артық
талпыныс. Қазақстанның көптеген қалаларында Тəуелсіздік-Независи-
мость, Жеңіс-Победа түрінде жазылған көше аттарын кездестіруге бо-
лады.
Мемлекеттің тағы бір айбыны Республикалық топографиялық карта-
лар болса, мұнда да «өзім білемдікке» салынуға жол берілген. Қазақстан
картасын қазақша сөйлетеміз деп жүрген азаматтар тілді жетік білмеген-
діктен жəне тілші-мамандармен ақылдаспағандықтан, көптеген өрескел
қателіктер жіберген. Мəселен, бір ғана Шығыс Қазақстан облысының то-
покартасында Үржар – Ұрыжар, Өрел - Өргіел, Берел – Бергіел, Шанаға-
ты – Шанағатты болып заңсыз өзгеріске ұшыраған. Ал Листвяга тау
жотасын Қоржынтау, Тарбағатай сілемін Таутекелі деп өзгерту – ай-
мақты жақсы білмеуден туған қателіктер. Орыс саяхатшылары Листвяга
түрінде картаға түсірмес бұрын жəне қазір де ол тау жотасы Қоңыржон
деп аталады. Таутекелі болса, Тарбағатай тау сілемінің бір ғана саласы
екені жергілікті тұрғындардың бəріне аян.
Топонимика бірнеше ғылым саласымен тоғысатындықтан, географ-
тарға да мамандықтың талабына байланысты топонимдермен айналы-
суға тура келеді. Алайда атаулар арасында белгілі бір диалектіден, көне,
кірме тілдерден жасалғандары кездесіп қалса, оны дұрыс транскрипция-
лау, мағынасын түсіну географ-мамандардың қолынан келе қоймауы
мүмкін. Қазақстан карталарында қаптап жүрген қателіктер дəл осыдан,
яғни тілшілермен, тарихшылармен бірлесіп жұмыс істемеуден туындап
отыр. Республикамыздың барлық аймақтарындағы топонимдер біршама
толық зерттеліп, қаншама ғылыми еңбектер жазылып жатса да, карто-
граф-мамандар көз қырын да салмайтыны белгілі болды.
Мемлекеттік карта – əлемге ұсынатын ұлттық маңызы бар құжат. Оны
жасауды бірер ғана адамға сеніп тапсыруға болмайды. Осы орайда Йан
Маклеодтың «Тарих – тым жауапты іс, оны тарихшыларға сеніп тапсы-
руға болмайды» деген қанатты сөзі еске түседі.
Ономастикалық жұмыстарды үйлестіру, оны үнемі қадағалап отыру
Қазақстан Республикасы сияқты дамушы елдерде ғана емес, əлемде-
гі өркениетті елдердің барлығына тəн болып келеді. Мəселен, АҚШ-та
Географиялық атаулар бюросы, Канадада Географиялық атаулардың
186 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тұрақты комитеті, Германияда Географиялық атаулардың ұлттық коми-
теті, Англияда Британия география қоғамының географиялық атаулар-
дың тұрақты комиссиясы, Ресейде Геодезия, Аэрофототүсіру, Картогра-
фия бас басқармалары жұмыс істейді [5, 5 б.]. Олардың барлығына да
географиялық атауларды дұрыс пайдалануды бақылап, түзетіп, жүйелеп
отыруға бағатталған түрлі құқықтар берілген.
Сонымен қатар əр мемлекеттің картографиялық жүйесін БҰҰ,
Бүкілəлемдік пошта одағы, Халықаралық гидрографиялық бюро, Ха-
лықаралық азаматтық авиация ұйымы, Халықаралық картографиялық
бірлестік, Халықаралық стандарттау ұйымы т.б. ірі қауымдастықтар
бақылап отырады. Сондықтан республикамыздың топокеңістігін тəртіп-
ке келтіру мемлекетішілік қана емес, халықаралық маңызы бар іс болып
табылады.
Қорыта келгенде, Қазақстандағы топонимикалық мəселелердің түбе-
гейлі шешімін таппауы, атап айтқанда: кірме атауларды, идеологиялық
сарындағы атауларды ауыстыруда олардың орнын басатын тарихи атау-
лардың табылмауы; жаңа атау берудегі ретсіздік, жүйесіздік осындай
ғылыми-статистикалық еңбек жазуға мəжбүрледі.
Қазақстан топожүйесінің қалыптасу тарихы. Қазақстанға қатыс-
ты жер-су аттары туралы алғашқы жазба деректі біз тарихтың атасы
атанған Геродоттың «Əлем картасынан» кездестіреміз (б.э.д. V ғ. орта-
сы). Онда Арал теңізі көрсетілмеген жəне Амудария Окс деген атпен,
Сырдария Аракс немесе Яксарт деген атпен Каспий теңізіне құяды деп
жаңсақ белгіленген. Автор Каспий теңізіне Кавказ тауынан келіп құятын
тағы бір өзенді Аракс деп атайды. Бұл қазіргі кездегі Аракс өзені бол-
са, Сырдарияны Аракс деп белгілеп, екінші қателікке ұрынған. Алғашқы
карта болған соң, мұндай кемшіліктер кешірімді де. Тек кейінгі жазба-
ларда көрініс табатын Даих (Жайық) жəне Еділ гидронимдері Қазақстан
даласын ежелден түркі тілдес тайпалар мекендегенін айғақтайды: жай
«жайылу, жазылу» + ық (есім тудыратын сөзжасам жұрнағы), яғни Жа-
йық «жайылып ағатын, кең су» деген мағына береді. Салыстыра кетсек,
ағын су=тұнық су=жайық су үлгісімен жасалып тұр. Ал Еділ гидронимін
орыстілді ғылыми еңбектер Идел/Итил түрінде алады да, талдап əкетеді.
Атаудың түпнұсқасын бұрмалап алып, оның этимологиясын іздеу, əрине,
дұрыс емес. Барлық ғалымдардың пікірлері Еділ «үлкен, суы мол өзен»
деген мағына береді дейді [6, 229 б.]. Біз де бұл пікірді теріске шығар-
маймыз, бірақ башқұрт тіліндегі изель < езел (Ақизел) нұсқасына сүйеніп
Еділ мен Есіл бір түбірден шыққан бір ғана атау болуы мүмкін деп жо-
рамалдаймыз (Еділ<Езіл<Есіл). Мұндағы ес түбірі «баяу, ақырын» деген
мағынаға саяды (самал еседі, жел еседі, «жел соғадыға» қарсы мəнде).
Екі өзенге де тəн ортақ белгі – олардың жазық даламен ағуы. Ал жа-
зықтықтағы су баяу, есіліп ағатыны мəлім.
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 187
Каспий теңізі Геродот сызған картада теңіздің оңтүстік-батысында
орналасқан каспий деген халықтың атымен аталғаны көрініп тұр. Жалпы
алғанда, аумағы үлкен көлдің, ұзын өзендердің бірнеше атауға ие бола-
тын себебі, оның əр тұсын мекендеген халық, əр тұсына келген саяхатшы
əртүрлі атай береді. Мəселен, Геродот өзі зерттеген жағына орналасқан
халықтың атымен Каспий теңізі деп атаса, ортағасырдағы араб саяхат-
шылары Хорасан теңізі, көне орыс жылнамаларында Хазар теңізі, XV
ғасырда саяхат жасаған Афанасий Никитин Дербент теңізі деп атаған.
Бұлардан басқа Ақ теңіз, Жасыл теңіз, Гиркан теңізі, Солтүстік теңіз,
Гилян теңізі, Хвалын теңізі, Парсы теңізі, Батыс теңіз, Мазандеран
теңізі, Гурген теңізі т.б. атаулар осындай жолмен сырттан таңылып отыр-
ған.
Каспий этногидронимінің нақты ғылыми этимологиясы əлі анықталған
жоқ. Біздің ойымызша, Каспий этнонимінің кас/қас түбірі «теңіздің қа-
сында (жанында) тұратындар» мағынасындағы түркі сөзі болуы мүмкін.
Салыстыра кету үшін Маңғышлақ, Маңғыстау топонимдерін алуға бо-
лады: «теңіз маңындағы қышлақ, теңіз маңындағы (жанындағы, қасын-
дағы) қыстау».
Қазақстан, Орта Азия жəне Сібір өлкелеріндегі көне этнонимдер мен
топонимдер туралы тарихи деректерді қытай жазбаларынан іздеуге тура
келеді. Көбінесе сүйенетініміз бұдан 150 жыл бұрын жазылған Н.Я. Би-
чуриннің Хань династиясы кезінен (б.э.б ІІІ ғ.) бастайтын «Мəліметтер
жинағы». Өкінішке орай ол жəне басқа да қытай жылнамаларындағы кір-
ме жалқы есімдерді оқу «қытайтанушылардан басқаларға өте ауыр соға-
ды» [7, 46 б.]. Мəселен, жоғарыда сөз етілген Каспий теңізі – Циньхай,
Арал теңізі Вынаньша, Ыстық көл – Жехай немесе Тсинг-Чи (Н.Я.Бичу-
рин транскрипциясы бойынша) түрінде қағазға түскен. Бұлардың мағы-
насын ашамын деу – қытайтанушының өзіне де үлкен сын. Ең алдымен
бұл атаулар аударма ма (калька ма), бар атаудың қытайша жазылуы ма,
əлде тыңнан таңылған қытайша аты ма дегенді анықтап алу қажет си-
яқты. Содан соң қытай тілінің маманы айналыспаса, басқа адамның тісі
батпайтыны анық. Мысалы, жаңа ғана санамалап өткен макрогидроним-
дердің ішінен Ыстықкөлді таңбалаған Тсинг-Чи атауын ғана «ыстық су»
немесе көлдің бұрынғы аты Темірті болуы мүмкін деп тұрпайы жора-
малдауға болады.
Н.Я.Бичуриннің еңбегінде бұлардан басқа Қазақстан жеріне қатысы
бар Согюй (Жаркент), Тяньшань (Жетісу өлкесімен қоса атайды), Су-Е/
Суей (Шу өзені), Сули (Соғд, Жетісуды қоса), Цзюлянь (Құлан), Уту
(Ертіс), Или (Іле), Таласе/Далуй (Талас өзені), Чженьчжу/Шеше (Сырда-
рия), Цзинь шань (Алтай), Далиган (Арал теңізінің тағы бір аты), Жо-хай
(Балқаш көлі), Гинь-вей-шань (Тарбағатай тауы), Нами (моңғ. Нарин-
голь, қаз. Сырдария), Пугучжень (Ертіс), Суй-йе-шуй (Тұзкөл-Ыстықкөл-
188 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Темірті-нор), Уху (көне қытай. Сырдария), Цянь-цюань (Мыңбұлақ),
Шуанхэ (Боротола) сияқты топонимдер кездеседі. Атаулардың кейбіріне
түсініктеме беруге болатын болса, кейбірі талдап, таратуға мүлде көн-
бейді.
Орта ғасырда ислам дінінің таралуына байланысты араб миссио-
нер-саяхатшылары Түркістан, Тұран, Дешті Қыпшақты аралап мəлімет
жинай бастады. Түркілерді жаулап ала алмаған арабтар дінді күшпен
емес, уағыз-насихат арқылы миссионерлік жолмен енгізуді көздеді. Ақы-
рында түркілер ислам дінін өз еркімен қабылдады.
Араб жазбаларында да грек, қытай жылнамаларындағы сияқты жалқы
есімдер бұрмаланып, оқиғалар ауысып кететін жағдайлар кездеседі. Бұл
саяхатшылар деректерді көбінесе ел аузынан, ұзынқұлақтан естіп барып,
қағазға түсіргендігін дəлелдейді.
Араб географиялық əдебиеттерінде түркілерді тікелей сақтың ұр-
пақтары деп есептейді. Қытай жазбалары түріктерді тікелей ғұндардан
шығарады. Ендеше логикадағы ұғымдардың қиылысуы заңы бойынша,
сақтар мен ғұндар түркі тілдес тайпалар одағы болған деген пайымдау
шығады.
ІХ-Х ғасырлар тоғысында өмір сүрген Əл-Истахри қазіргі Қазақстан
аумағында тогузгуздар, хирхиздар, имектер, қыпшақтар, яғни оғыздар,
харлуктар тұратынын жəне ол бес халықтың бірін-бірі түсіне алатын бір
тілде сөйлейтінін атап өтеді [8, 11 б.].
Əл-Истахри неге екені белгісіз қыпшақтар мен оғыздарды бір халыққа
жатқызады. Автор сол Х ғасырда Арал теңізінің солтүстігін тұтас қамтып
жатқан Қаңғар (печенег) ұлысын, Каспийдің солтүстігіндегі Хазар қаға-
натын, одан терістікке орналасқан Бұлғарларды санатқа қоспайды. Бұл
дəуірде Қимақ қағанаты Ертістің екі жағын бойлай солтүстік-шығысты
алып жатса, қыпшақтар олармен іргелес қазіргі Орталық Қазақстан-
ды мекендеді. Қарлық қағанаты Алакөл, Балқаштан бастап Жетісуды
тұтас қамтыды да, Оғыздар олармен көршілес Сырдария мен Аралдың
оңтүстік-шығысында орналасты. Ал Х ғасырда ұйғырлар, наймандар,
керейлер, меркіттер қазіргі Қазақстан аумағынан тыс жатқаны тарихтан
мəлім.
Тағы бір араб саяхатшысы Масуди (Х ғ.) Каспий теңізін Аджам-
дар (аджам халқының) теңізі деп белгілейді. Автор аджам деп Каспий-
дің оңтүстік-батысындағы əзірбайжандарды атайтын сияқты, əйтпесе ол
жерден өте ертеде көшіп кеткен аландарды айтады деуге негіз жоқ.
Сырдарияның Інжу өзен аталу себебі оның бойына моншақша тізіліп
орналасқан қалалардың əсері деген пікіріміз расталғандай, орта ғасырда
ол қалалардың саны өсе түскені байқалады. Мəселен, Сырдың бойында
Бұзыққала, Күйікқала, Янгикент, Алтынасар, Жанқала (Жент), Қызтө-
бе (Баршынлыкент), Сунақ-Ата (Сығнақ), Түркістан (Йасы), Артық-
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 189
Ата, Кавган-Ата, Отырар, Сүткент қалалары бой көтерді. Тарихи-ар-
хеологиялық деректер бойынша орта ғасырда қазіргі Қазақстан жерінде
57-60 қала болған болса, оның 80% Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда ор-
наласқан. Оны, əрине, көрші Орта Азиядағы отырықшы, қалалы өмірдің
ықпалынан деуге болады.
Ортағасырлық араб-парсы деректері, əсіресе əл-Идрисидің мəліметі
бойынша, Қимақтардың 16 қаласы болған делінеді. Алайда ол қалалар
аттарының дұрыс жазылмауы да (Хақан, Карантия, Дамурия, Сараус,
Банджар т.б.), орындарының табылмауы да, «темір қақпалы үлкен қа-
лалар» болғанына күмəн туғызады. Көшпелі өмір кешкен қимақтар мен
қыпшақтар гүлдеп тұрған 16 қала салса, олардың орындары, қирандысы
қалар еді немесе 16 қаласы бар ел көшіп-қонып əуре болмас еді. Біздің
ойымызша, бұл қалалар қақпасы бар, бірлі-екілі діни құрылыстары бар,
қалғаны киіз үйден тұратын жартылай көшпелі қыстақ-қалалар, сауда
жасайтын орталықтар түрінде болған секілді.
Əл-Идрисидің жазып кеткендеріне күдік келтіретін тағы бір нəрсе
– Гамаш (Б.Е.Көмековтың айтуынша Ертіс) өзені бойына орналасқан
Астур қаласы күріш егеді деген пікірі. Қимақияның сол дəуірдегі ау-
мағында күріштің өсуі мүмкін емес.
Саяхатшы өз мəліметін Қимақияны аралаған бір саудагерден естіп,
Орта Азия қалаларына ұқсатып, сипаттап шыққан тəрізді. Өз көзімен
көріп, өз құлағымен естіген адам қалалардың аттарын мұнша бұрмалап
жазбас еді. Қала аттарының кейбіреуі ғана түркілік сұлбасын сақтаған,
ал көбін талдауға тəуекел ету қиын. Мəселен, Хақан қаласы «хақан тұра-
тын қала, астана» екені белгілі; Сараус – Сарысу өзені бойындағы қала
болуы мүмкін.
Қимақ еліне баратын бір жолды саяхатшы Гардизидің мəлімдеуінен
табамыз: Янгикент – Ұйықман (Арал маңындағы құмды өлке) – Сокук
өзені (Торғай не Сарысу) – Кендіртағ (Ұлытау) – Асус (Есіл өзені) –
Ертіс [9, 11 б.].
Авторы белгісіз «Худуд-əл Əлам» («Əлем шекарасы») атты кітапта
Аспижаб (Сайрам), Түркістан, Торар (Тараз болуы мүмкін), Чуф, Маза-
кия, Игсун-Ясу, Киркирхан сияқты елді мекен атаулары, Арташ (Ертіс),
Атал (Еділ), Гоз (Гуз) даласы, Мауранахр, Хазар көлі (Каспий) секілді
жер-су аттары кездеседі. Бұлардың ішінен Киркирхан, Игсун-Ясу, Маза-
кия үшеуі қимақ жерлері деп көрсетіледі. Мұндағы Киркирхан – Қарқа-
ралы тауы ма деген ой келеді, ал Игсун-Ясу атауының екінші сыңары асу
географиялық терминіне ұқсайды.
Орта ғасырдағы жазба деректерде белгіленген қазіргі Қазақстан
жерінде кездесетін елді мекен, жер-су аттарының дені түркі тілінен жа-
салған. Ислам дінінің ықпалымен кейбір араб-парсы топонимдері, жеке-
леген географиялық терминдер ене бастағаны байқалады. Бір өкініштісі
190 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
өзге елдің саяхатшылары, оқымыстылары сол түркілік атауларды мейі-
лінше бұрмалап жазғандықтан, көне қалалардың аттары сырын ашпай
тұр. Ендігі үміт археолог-ғалымдарға келіп тіреледі. Олар көне қалалар-
дың орнын тауып, топырақ астында қалған деректерді аршып алса, көп-
теген құпияның беті ашылар еді.
Моңғол шапқыншылығының алдында қазіргі Қазақстан жерінің ба-
сым бөлігін қыпшақтар билеп тұрды. Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы)
деп арабтардың атау себебі де осыдан шығады. Бұл ғасырларда (ХІ-ХІІ
ғ.ғ.) қимақ этнонимі жоғалып үлгереді де, орнына ұлан-ғайыр жерді
алып жатқан Қыпшақия пайда болады. Қимақтардың қыпшақ қауымына
үн-түнсіз сіңіп кетуіне қарағанда, олар əуел бастан бір ел, бір жұрт болған
деген шешім шығады. Ал қимақтар мен қыпшақтар Х ғасырда жарқ етіп
қайдан шыға келді, бұрын қайда болды деген сұрақ туады? Біздің ойы-
мызша Көне Түркі қағанатының негізін құрған тайпалар осы екеуі болса
керек. Көне ұйғырлар билікті алып, Өтүкен йыштан ығыстырылған тай-
палар орта Ертіс маңына топталып, Қимақ, Қыпшақ ұлыстарын құрған.
Қыпшақ олардың бұрыннан келе жатқан аты болса, қимақ осы дəуірде
таңылған атау еді. Мағынасы «қиылған», «бөлінген» ел дегенге келеді.
Кейін дəл осы жолмен қалмақ «қалған, қалдық» этнонимі пайда болғаны
белгілі. Біраз уақыттан соң, лақап ат тез жоғалып, бұрынғы қыпшақ эт-
нонимі қайта бой көтерді.
Осындай тұжырым жасауға көне түркі тас ескеркіштеріндегі мəтін-
дер итермеледі. Біріншіден, ол мəтіндерде түркілер оғыздармен, қар-
лықтармен, қырғыздармен соғысқандарын жазады да, бірде-бір жерде
«қыпшақтармен соғыстық» демейді. Ендеше олардың өздері қыпшақ
болғаны. Мəселенің бəрі жалқы есімде, яғни қай кезде қалай аталуда
тұр. Түркі жалпы мемлекеттің аты, бір этностың аты емес деген пікір
шындыққа жақын келеді. Түркі қағанатының құрамына ашина, едіз, теле,
қыпшақ т.б. тайпалар енген. Қазіргі қазақ – жалпы халықтың аты, ал
құрамында арғын, найман, қоңырат т.б. рулары сияқты. Қыпшақтар Түр-
кі Қағанатының белді тайпасы болғандықтан, кейінгі ұйғырлардың құра-
мына енбей, кең далаға қарай ығысып кетті. Екіншіден, тасқа түскенде
əдеби тіл дəрежесіне жеткен жетік тіл ешқайда жоғалған жоқ, ол кейінгі
қыпшақ тілдерінің негізін қалады. Атап айтқанда, бұрыннан дамыған тіл
одан əрі дами түсіп, сөз басында «ж» дыбысы пайда болды, септіктің
саны жетеуге жетті т.б. Қыпшақтар көне түркі жазуын Шығыс Еуропаға
дейін алып барды.
Қыпшақ этнонимінің құба+ша+қ/ құб+шақ / қыпшақ «ақсары, құба
түсті» сөзінен шықты деген пікірлер сенім туғызады, өйткені батысқа
барған қыпшақтарды орыстар половцы, еуропалықтар куман деп бекер
атамаған. Половцы – «сары сабан түстілер» десе, қу+ман түбірі де «ақ,
ақсары» мəнін туғызады.
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 191
Шыңғысхан жорығына əлем əртүрлі баға береді. Біреулер халықтар-
дың табиғи қалыптасуын бұзды десе, енді біреулер, керісінше, əлемді
тəртіпке келтірді дейді. Қазақ халқы мен Қазақстан жері үшін «дала да-
уылы» не берді? Əрине, кез келген басқыншылық ниеттегі соғысты құп-
тауға болмайды. Қандай соғыс болса да дүниедегі ең қымбат нəрсе – адам
өмірін қиюға əкеліп соғады. Бұл тұрғыдан алғанда, кейін қазақ халқының
құрамына енген найман, керей, меркіт тайпалары қатты қырғынға ұшы-
рады. Арғы тегі сақ, ғұн, көне түркілерден бері ата қоныс болып келе
жатқан Өтүкен, Керулен, Тола, Орғын сияқты малға жайлы өлкелерден
мəңгіге айырылдық. Егер моңғол шапқыншылығы болмаса, күндердің
күнінде бұл жерлер Қазақстан аумағына кірер ме еді, əлде қайтер еді?
Екінші жағынан алғанда, Дешті Қыпшақ батысында орыс князьда-
рымен, оңтүстігінде ислам дінін таратуды көздеген Хорезмшах мем-
лекетімен қақтығысқа түсіп тұрды. Олар қыпшақтардың табиғи түрде
дамып, біртұтас мемлекет құруына кедергі келтіруі мүмкін еді. Шығыс-
тан соққан қара дауылдай болып келген моңғолдар даланы аласапыран
қылғанымен, артынан дауылдан кейінгі тыныштыққа ұқсас бейбіт өмір
келді. Ұлығ Ұлыс (Алтын Орда) құрылған жылдарда «Еділ бойындағы Са-
райдан шыққан жедел хабар Моңғол үстіртіндегі айшылық алыс Қарақо-
рымға алты-ақ күнде жететін керемет тəртіп болды ... Еуропадан шыққан
сауда керуені қағанаттың ұлан-ғайыр аймағын басып өткенде «тышқан
мұрнын қанатпай» бейбіт жолдармен алаңсыз сапар шегетін-ді. Орасан
үлкен қағанаттың көп тілді, көп дінді адамдары бір заңға ғана бағынды»
[10, 7 б.].
Дешті Қыпшақ даласы орыс князьдарынан, Хорезмшахтан, болуы
мүмкін қытай қаупінен құтылып, бірнеше ғасыр бейбіт өмір кешті. Дəл
осы кезеңде кейінгі түркі халықтарының негізі қалана бастады. ХV ғасыр-
да, Алтын Орда құлаған уақытта, Қырым хандығы, Астрахан хандығы,
Қазан хандығы, Маңғыт (Ноғай) ұлысы, Сібір хандығы, Қазақ хандығы,
Ақсақ Темір əулеті, Моғолстан сияқты этностық бірліктер пайда болды.
Тіпті бұл дəуір орыс князьдықтарының еркін дамып, кейін Москва князь-
дығына бірігуіне игі ықпал етті. Алтын Орда оларды Еуропадан келетін
жаулардан қорғап тұрды. Сондықтан көшпелі халықтардың өз өмір сал-
тын сақтап, жер бетінен құрып кетпеуіне моңғол шапқыншылығы қолай-
лы жағдай туғызды деп нық айтуға болады.
Қазіргі Қазақстан Республикасы орнаған аймақта ХІІІ ғасырға дейін
моңғол атаулары болған емес. Оны қолда бар көне карталар мен жазба
ескерткіштер толық дəлелдейді. Тарихшылар түзген «Қазақстанның ор-
та ғасырдағы қалалары» атты картада Сыр бойында Алтынасар деген
қала аты ғана моңғол тілінен жасалған сияқты [11, 74 б., 75 б.]: алтын
«алтын» + асар моңғол. «шатыр», «мұнара», «күмбез». Бұл, əрине, қала-
ның кейін, моңғолдар келген соң салынғанын білдіреді. Лувсанданзан-
192 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ның «Алтын шежіресінде» Моңғолия жерінде Агасар «қаз. Ақшатыр»
деген топоним көрсетіледі [10, 208 б.]. Сонымен бірге асар «көне ескерт-
кіш, қала» мағынасындағы парсы сөзі болуы да мүмкін.
Орта ғасырдың теңдесі жоқ мұрасы М.Қашқари сөздігінде кездесетін
120-дай жер-су аттарының дені түркі тілінен жасалған жəне көпшілі-
гінің қазіргі қазақ даласына қатысы бар: Арұқ-Тұрық, Абұл, Етіл, Ала,
Ала йығаш, Ертіш, Арғу, Өтүкен, Тарым, Бұқаш арт, Тоқұрқа, Қатын
сыны, Қаз Сувы, Үрүң қаш өгүз, Қара қаш өгүз, Қара сеңір, Талас (Тараз),
Секірме, Қарғалұқ т.б. [12, 1-500 бб.].
Моңғолдар, тарихтағы басқа да жаулаушылар тəрізді, басып алған
елінің жер-су аттарын өз тілдеріне ауыстырды. Бұл үрдіс Алтын Орда
дəуірінен бастап, бертінгі жоңғар жорығына дейін жалғасты. Ал-
тай, Арқауыл, Тарбағатай, Зайсан, Бүркітауыл, Баянауыл, Нарын,
Қорғалжын, Қапшағай, Қобда, Сайхин, Кеген т.б. моңғол атаулары Қа-
зақтан топонимиясында жеке қабат құрайды, бірақ түбі бір алтай тіл-
дерінен тарағандықтан жəне көп уақыт өткендіктен, ол атаулар тілімізге
бейімделіп, қазақ (түркі) атауларымен бірдей болып кетті. Сондықтан
моңғолтілді атауларды ауыстырып, өзгертіп қажеті жоқ деп есептейміз.
Ұлық Ұлыс ыдырағаннан соң, өз еркімен бөлініп шыққан Қазақ хан-
дығы ХV - XVI ғасырларда тəуелсіздігін сақтап қалу үшін жанталасты.
Ол алғашқы еркіндікті Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін алған Егемен-
дікпен салыстыруға келеді, алайда бірінші хандықты найзаның ұшымен,
қылыштың жүзімен қорғауға тура келді. Қазақтар қазіргі Қазақстан-
ның орта тұсын, ядросын ғана ұстап тұра алды. Шығыстан ойраттар,
оңтүстік-шығыстан Моғолстан, оңтүстіктен Шейбани ұрпақтары, батыс-
та Маңғыт (Ноғай) ұлысы, солтүстікте Сібір хандығы қоршап тұрды.
Олардың қай-қайсысы да қазақтардың жерін тартып алуға мүдделі бол-
ды десек, артық айтқандық емес.
Сөз барысында қазақ этнонимінің мағынасы туралы пікірлерге пікір
қоса кету қажеттігі туды. Қазақ этнонимі туралы ертелі-кеш айтылған-
дардың ішінен Шоқан Уəлихановтың пікірі шындыққа жақын келеді.
Қазақ сөзінде «еркіндік», «еркін өмір сүру» мағынасы бар [13, 30 б.].
Бұрыннан түркі тілінде бар қазақылану «бөлініп шығу», «қашып жүру»
мағынасындағы сөз этнонимге айналды деуге болады. Этнонимнің түбірі
қаш/ қаз «қашу» мағынасында болып, оған субъектінің белгілі бір əре-
кетке бейімділігін білдіретін – қақ, - кек, - ғақ, -гек туынды сын есім
жұрнағы жалғанған: қашқақ (қазғақ). (М.Қашқари сөздігіндегі тарғақ/
тарақ, орғақ/ орақ сияқты) [12, 15 б.]. Сонда сөз ортасындағы қ/ғ түсіп,
қашақ/ қазақ сөзі пайда болған (ш – з/с) дыбыс алмасуы тілімізде бар.
Бұл сөз Жəнібек пен Керей бастаған қазақ ұлыстары көшіп кеткен түннің
ертеңінен бастап, этнонимге айналды. Ал, шынында, əлденеге көнбей,
бағынбай қашып шығудың өзі еркіндікті аңсау емес пе? Кейін қазақ эт-
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 193
нонимі «көшпелі, еркін халық» мағынасына ие болды, ал қалып қойған
өзбектер отырықшы елге айналғаны белгілі. Орыс тіліндегі казак сөзі де
осыдан шығады. Олар да қиыр жайлап, шет қонып жүретін, қыпшақтар
мен славяндардың қоспасынан құралған жауынгер ел болған. Ішкі Ре-
сейді шауып, тонап қашып кетіп отырған жəне патшаға бағына бермеген.
Патшалық Ресейдің қазақ даласын қалай отарлап алғаны баршаға
мəлім тарих. Біз оны қайталап жатпаймыз. Тек Кіші жүздің ханы Əбіл-
хайыр өз еркімен патшаға бас имегенде, отарлау процесі бір-екі ғасыр
кейін басталуы мүмкін еді. Бізді Керей мен Жəнібек бастап алған тəуел-
сіздігімізді алтын табаққа салып өз еркімізбен ақ патшаға ұсынғанымыз
қынжылтады. Қалған бірде бір ел Ресейге өз еркімен еніп кеткен жоқ.
Бұл да – қазақ хандарының алты бақан ала ауыз əрекеттерінің нəтиже-
сі. Біз тарихты кінəлаудан аулақпыз, бірақ мүмкіндіктері мол бірнеше
жолдар болғаны кейінгі ұрпаққа əйгілі болып отыр. Мəселен, Қасым хан
біріктірген қазақ хандығы өзара жауласпай, одан əрі дамыған болса, өзіне
жақын Сібір хандығын қосып алуға (бұл бүкіл Батыс жəне Шығыс Сібір
кейін Қазақстан құрамында қалып қоюы мүмкін еді деген сөз), жоңғар
шапқыншылығын ошағында өшіруге, Ресей отарына қарсы күресуге
мүмкіндіктер туатын еді.
Ресей отарлаушылары ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ даласын
түгел отарлап болды. Атап айтқанда ертеректе салынған Семей, Өскемен,
Павлодар, Петропавл, Орал сияқты бекініс-қалаларды айтпағанда, Көк-
шетау (1824), Ақмола (1823), Баянауыл (1838), Қарқаралы (1841), Торғай
(1845), Ырғыз (1845), Райым (1847), Верное (1854) сияқты бекіністері са-
лынып үлгерді. Қазақ жерін Батыс Сібір генерал-губернаторлығы, Семей
облысы, Жетісу облысы, Түркістан генерал-губернаторлығы, Сырдария
облысы, Ақмола облысы, Торғай облысы, Орынбор генерал-губернатор-
лығы, Орал облысы, Бөкей хандығы, Маңғышлақ приставтылығы сияқты
əкімшіліктерге бөліп тастады.
Орыстар да, кез келген отарлаушы елдер сияқты, бағынышты елдің
жер-су аттарын аяусыз ауыстырды. Отарлаудың алғашқы кезеңдерінде
пайда болған Петропавловск, Железинская, Семипалатинск, Усть-Каме-
ногорск, Перовск, Верный сияқты ойконимдер көш бастап бір толқын
кірме атаулар енді; Қазан төңкерісі, колхоздастыру кезеңі бар екінші
толқын атаулар енді; Ұлы Отан соғысы үшінші, тың игеру кезінде төртін-
ші, Кемелденген Социализм дəуірінде бесінші толқын атаулар лек-ле-
гімен келіп жатты. Жалпы алғанда, шартты түрде осындай кезеңдерге
бөлгенімізбен, топонимдерді ауыстыру үздіксіз жүргізіліп отырды. Тіпті
болмағанда қазақ атаулары орысша жазылып, айтыла бастады: Уральск,
Казалинск, Көкчетав, Копал т.б.
Көпшілік атау калька арқылы ауысып жатса (Долонкит – Семипала-
тинск, Жетісу – Семиречье, Жыландытау – Змеиногорск т.б.), енді біреу-
194 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
лері арнайы нұсқаумен немесе кездейсоқ қойылып жатты. Тарихтан
Екатерина ІІ 1775 жылы Емельян Пугачевтің көтерілісін мүлде естен
шығару үшін, Жайық гидронимін Урал өзені, Яицкий городок қаласын
– Уральск, яицкие казаки этнонимін уральские казаки түріне арнайы бұй-
рықпен ауыстырғанын жақсы білеміз [14, 65 б.].
Тілші-ғалым Э.А.Вартаньян: «Атауларды ауыстыру ... Оларға сан жет-
пейді. Алғашқы атын сақтап қалған елді мекендер кемде-кем ... Идеоло-
гиялық күрес, саяси уəж, діни көзқарастар, этникалық бастамалар өмірге
«қайта туылған» топонимдерді əкеліп отырды», - дейді [14, 59 б., 60 б.].
Алайда күшпен, саясатпен ауыстырылған атаулар əділет қайта орнаған
замандарда заңды орындарына оралып жатады. Мəселен, Индонезияның
астанасы Джакарта – үш ғасырдан астам уақыттан соң қайта өз нысана-
сын тапқан атау. Оны Голландия отарлаушылары Батавия деп өзгерткен
болатын. Қазақстанда Тараз, Ақмола, Қырғызстанда Бішкек сияқты көп-
теген тарихи атаулар қайтып оралды. Бұл үдеріс əлі де аяқталған жоқ,
өйткені ғасырлар бойы енген кірме атауларды аластау – тəуелсіздік алған
əрбір елде болатын заңды құбылыс.
Қорыта келгенде, Қазақстан топонимиясында славянтілді атаулар
осыған дейін жеке қабат құрап келген болса, ендігі кезекте тілімізге бе-
йімделіп кеткендері ғана қалдық түрінде (субстрат) қалып, қалғандары
түгелге жуық қолданыстан шығарылады. Оған мынадай үш себеп бар:
1) славян тілі мен түркі тілі екі түрлі макросемьядан тарайтындықтан,
ол атаулар бөлектеніп, жалпы жүйеге енбей тұрады;
2) славян атауларында көшпелі халыққа тəн географиялық нысанды
дəл беру қабілеті болмағандықтан, көпшілігі антротопонимдерден жа-
салған;
3) славян атаулары мейлінше саясаттанған атаулар болып келеді.
Сонымен қазіргі қазақ топожүйесінде шартты түрде алғанда: түркі
(қазақ), араб-парсы, моңғол, славян тілді атаулар қабаты бар деуге бола-
ды. Шартты деуіміздің себебі – əр қабаттың үлес салмағы əртүрлі жəне
келешекте славян қабаты болмауы да мүмкін.
«Зерттеушінің мақсаты – топонимдер арқылы адамзаттың тарихын
оқып шығу», – дейді белгілі орыс ғалымы Н.Н.Надеждин [15, 168-169
бб.]. Шынында да, жеріміздегі əрбір атау еліміздің өткен тарихынан
сыр шертіп тұратыны рас, бірақ біз оны байқай бермейміз. Себебі біз
күнделікті тіршілікте, қарбалас сəттерде жер-су аттарын бағыт-бағдар
беретін таңба ретінде пайдаланумен ғана шектелеміз. Ал сəл ойланып,
байыбына барса, əр топонимнің кумулятивті ақпараты жетіп артыла-
ды. Академик Я.К.Грот: «Топографиялық атау ешқашан кездейсоқ жəне
мағынасыз болмайды», - дейді [15, 172 б.]. Мəселен, қазақ ауыз əдебиетін-
де жиі айтылатын Жиделібайсын атауын алып қарасақ, жиделі «жемісті,
ағашты» деген түркі сөзі мен байшин «үй, үйлі», «қалалы» деген моңғол
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 195
сөзінен бірігіп жасалғанын көреміз. Жиделібайсын деп, жеміс-жидегі,
көне қалалары мол Оңтүстік Қазақстанды, Жетісуды жалпы атағанын
байқау қиын емес.
Сонда жекелеген бір атау археологиялық қазбадан табылған сирек
экспонат, артефакт болып есептелетіндіктен, жер-су аттары аялап сақтау-
ды қажет етеді. Топонимжасам барысында, атауларды ауыстыру кезінде
тарихи топонимдерге ерекше мəн беру керектігі осыдан келіп шығады.
Байырғы атаулардың құндылығы да сонда, оларды қандай атақты адам-
ның атына, қандай əдемі сөзге де айырбастауға болмайды. Қазақ ұғы-
мында Аңырақай, Бөленті, Шорға секілді атаулар жоңғар соғысындағы
ірі жеңістерді еске салса, Алматы облысындағы Ереуілтөбе 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтерілістің естелігі болып табылады. Тарихта «Қарқара
көтерілісі» деп аталған осы ұлт-азаттық күрес жайлы Мұхтар Əеузовтің
«Қилы заман» повесінен толық мəлімет алуға болады.
Қазақстан топожүйесінің географиялық сипаты. География ғылы-
мы табиғи нысанды сипаттап, зерттеп беру арқылы, сөз жоқ, тілші-ға-
лымдарға тілдің аясынан тыс, бірақ аса қажетті мəліметтер береді. Мəсе-
лен, тілші Мұғалжар оронимінің мағынасын анықтау үшін, ол тауды
барып көруі керек, болмаса географиялық сипаттамасына сүйенуі керек.
Топонимика кешенді ғылым болғандықтан, тек тілдік тұрғыдан ғана
қарастырып, сыртынан тон пішу ғылыми əдіске жатпайды. Сонымен,
Мұғалжар тауының географиялық сипаты мынадай: «Мұғалжар Орал
тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табы-
лады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы – оның шығыс бет-
кейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді... Мұғалжар оңтүстікте
төбелері тегіс аласа қырқаларға жəне жеке дара тұрған Шошқакөл тау-
лы бұйратына жалғасады. Сарыарқа сияқты Мұғалжар да шөгінді жəне
магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке» [16, 63 б.].
Тілдік тұрғыдан келгенде, атаудың бірінші сыңары «мұқ/моқ>-
моқал-комалый (тұқыл, мұқыл)» [17, 238 б.] туынды түбірі «мұқалған,
мүжілген», «аласа» мағыналарын береді. Ал екінші сыңары кəдімгі жар
(жарқабақ) сөзі тау орографиялық терминін ауыстырып тұр, өйткені тау-
дың шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік (жарлы) болып келеді.
Сонымен, Мұғалжар<Мұқалжар (Моқолжар) оронимі «аласа,
мұқыл, мұқыр жар(тау)» деген ұғым тудырады демекпіз. Атауға уəж бо-
лып тұрған екі белгі бар: бірі – оның мүжілген, ескі тау екені, екіншісі
– таудан гөрі жарға ұқсауы.
Топонимжасам барысында, егер бұрынғы аты ұмытылған (мүлде ат
қойылмаған табиғи нысан жер бетінде қалмады десе де болады) неме-
се кірме атауды алмастыруды талап ететін географиялық нысан кездес-
се, ол жерді физика-географиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеу қажет.
Көшпелі халықтар жер-суға ат бергенде ұлттық, кəсіптік менталитетін
196 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
пайдаланған жəне бір ғажабы қазіргі географиялық зерттеулермен са-
лыстырғанда бірдей сəйкес келіп жатады. Ал географиялық нысандар
көп өзгеріске түспейтінін ескерсек, ол жердің ерекше бір белгісін тауып,
жаңа ат қойғанда, бұрынғы ұмытылған атауға сəйкес келіп қалуы да мүм-
кін. Бұл - мүлде тарих қойнауына кеткен топонимді қайта өмірге əкелу
деген сөз.
Географиялық нысанды жан-жақты зерттеу керектігінің тағы бір се-
бебі – бір заттың бірнеше ерекше белгісі болатыны сияқты, табиғи нысан-
ның да бірнеше белгісі болады. А.В.Суперанская жаңа таңдап алынған
атау сол жаңа заттың мінездемесін беретінін айта келіп: «... Бірақ біз бір
шағын төбені Корявый торчок деп атасақ, сол маңдағы дəл сондай екінші
төбені тағы да сол атпен атай алмаймыз. Ол төбенің екінші бір белгісін
байқаған басқа адамдар басқаша атау береді», - дейді [4, 239 б.].
Біз Шығыс Қазақстан облыстық Ономастикалық комиссиясының мү-
шесі ретінде географиялық нысанның бірнеше белгісін салыстыра қарап,
біреуін екшеп алу тəжірибесін бірнеше рет пайдаландық. Мəселен, Ка-
тонқарағай ауданындағы Черновая ауылының атын ауыстырғанда, орыс
қоныс аударушылары таудан ағып түсетін қара сулы өзенді Черновая деп
атағанын анықтадық. Тікелей аудару (калька) арқылы Қарасу атын ала
салуға болатын еді, бірақ облыс көлемінде бірнеше Қарасу атты ойко-
нимдер бар болып шықты. Ал атаулардың жиі қайталануы топонимнің
қоғамдық қызметін қиындатып жіберетіні белгілі. Ол өзеннің тарихи
атауы Шу болған деген дерек те бар еді, өкінішке орай Шу өзені, қала-
сы Қазақстанда бар болғандықтан, тағы қайталауға ұшырамауды көз-
дедік. Ауылдың жанында қыста қар тоқтамайтын, желді Қарадала жер
телімі бар болатын. Қарадала атауын жергілікті тұрғындар қолдамады
(көпшілік қауымға атаудың нысанға сəйкестігі емес, əдемі, жарқырағаны
қажет екен). Елді мекеннің тағы бір ерекшелігі ауылдың Бұқтырма өзені
жағында көптеген қайнар, тұмалар бар болатын. Сол белгісі ескеріліп,
ауыл атын Аққайнар деп ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Сонда біз атал-
мыш елді мекеннің төрт түрлі ерекшелігінің біреуіне тоқтадық: 1) Қарасу
– қыста қатпайтын мөлдір сулы шағын өзен; 2) Шу – бұл көне түркі тілін-
дегі «су» (М.: хак. чул «су») болуы мүмкін немесе малдың шуына ұқсас
шұбалаңқы, ұзын өзен; 3) Қарадала – қыста қарын үрлеп кететін желді
жер; 4) Аққайнар – қайнар, тұмасы мол жер.
Қорыта келгенде, Қазақстан топонимикасы аймақтық зерттеулерді,
республика көлемінде жер-су аттарын жинақтау кезеңін, негізінен
аяқтап болды. Ендігі кезекте жиналған атаулар қорын синтездеп, жал-
пықазақстандық сипат беру міндеті тұр. Біздің ойымызша, бұл міндетті
орындаудың екі түрлі жолы бар: бірі – жалпықазақстандық топонимдер
сөздігін жасау; екіншісі- жалпықазақстандық топонимикалық атлас жа-
сау. Екеуі де ауқымды жұмыстар болғандықтан, оларды ұжымды түрде
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 197
біраз уақыт аралығында атқаруға тура келеді. Біздің осы шағын еңбегіміз
екі жұмысқа да септігі тиетін жолнұсқау болмақ.
Қазіргі кезге дейін Қазақстан Республикасы өз мемлекеттік шекара-
сын толық делимитациялап бітірді. Атап айтқанда, 1992-2002 жылдары
Қытай Халық Республикасымен арадағы 1783 км. шекара, 1995-2005
жылдары ұзындығы 7591 км болатын Ресеймен арадағы шекара, 1242
км. болатын
1-сурет. Черновая ойконимін ауыстыруға қабілетті атаулар
нұсқалары
Қырғызстанмен шекара, Өзбекстанмен, Түркменстанмен шекаралар
бекітілді [18, 3-4 бб.]. Ал қазақтілді топонимдер ареалы қазіргі шекара-
мыздан тыс жерлерде де кездеседі. Мəселен, Ресейдің Астрахань, Сара-
тов, Орынбор, Омбы облыстарындағы атаулар; Таулы Алтай өлкесіне
қарап кеткен Құлынды, Мұзтау, Қошағаш, Шүй маңдары, Моңғолияның
Баян-Өлгий аймағында, ҚХР-дың Қара Ертістен Іле басына дейінгі ше-
кара бойындағы атаулар қазақ халқының көшіп-қонып жүрген жерлері
екенін дəлелдейді.
Қазақстан топожүйесін реттеудің кемшіліктері мен жетістіктері.
Бүгінде топонимдер еліміздің тыныс-тіршілігіне қажетті бағыт-бағдар
беретін таңбалық қызметінен басқа үлкен қоғамдық-саяси маңызға ие бо-
лып отыр. Өйткені жер-су аттары адамзат қоғамында ғана пайда болып,
өмір сүріп, қызмет ететіндіктен, сол қоғамда болып жататын өзгерістер-
ден тыс қала алмайды. Қоғамдағы өзгерістердің бірі – мемлекеттік тіл
саясаты болса, қазақ ономастикасы оның құрамдас бөлімі ретінде респуб-
ликалық мəселелер қатарына жатқызылады.
Қазіргі таңда жер-су аттарын реттеуді дұрыс жүзеге асырып жүрміз
бе? Осы мəселені Шығыс Қазақстан облысы бойынша ғана қарастырып
көрсек, басқа облыстарға да үлгі болады деп есептеймін.
198 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2005-2012 жылдар аралығында 1
қала, 1 кент, 27 ауылдың аты өзгертілді. Оларды өзгерту үшін, облыстық
Ономастикалық комиссия аз күш жұмсаған жоқ. Бірақ барлық облыс-
тарға тəн болып келетін қателіктер мен кемшіліктер бізде де орын алды.
Кемшіліктердің барлығы жергілікті жердегі бөлімдердің жалқы есім ту-
ралы аз білетінен келіп шығады. Енді Шығыс Қазақстанда жаңартылған
атауларды мысалға келтіре отырып сөйлейік:
1. Ел есінде, құжаттарда, мұрағаттарда сақталып қалған тарихи
атауларды заңды орнына қайтару жолы арқылы жасалған ойконим-
дер:
1. Аксаковка ауылы – Көлденең ауылы (Үржар ауданы)
2. Большая Владимировка ауылы - Бесқарағай ауылы (Бесқарағай ау-
даны)
3. Ленинка ауылы - Сағыр ауылы (Ұлан ауданы)
4. Сергиополь ауылы - Мамырсу ауылы (Аягөз ауданы)
5. Верх-Катунь ауылы - Ақшарбақ ауылы (Катонқарағай ауданы)
6. Некрасовка ауылы - Жоғарғы Егінсу ауылы (Үржар ауданы)
7. Новотимофеевка ауылы - Сарыбел ауылы (Көкпекті ауданы).
Міне, бұларды облыстық Ономастикалық комиссияның жетістіктері
қатарына жатқызуға болады. Қазақ халқы ежелден көшпелі өмір сүр-
гендіктен, жер-су аттары ерекше маңызды факторға айналған. Əр атау-
да ұлттық дүниетаным, психология, салт-дəстүрдің кумулятивті түрде
жинақталып жатуы өз алдына, əр атау жер бедерін өте жоғарғы дəл-
дікпен белгілеуді мақсат еткен. Сондықтан тарихи атаулар өте бағалы
құндылықтар қатарына жатады. Тарихи атауды қандай атақты адамның
атына болсын, қандай əдемі сөзге болсын айырбастауға болмайды. Біздің
міндетіміз - ең алдымен, осындай тарихи топонимдерді іздеу. Тарихи
атты тауып, заңды орнына қайтару топонимдерді реттеудің ең оңай да
жеңіл жолы болып табылады.
Ал бүгінгі ұрпақ көшпелі өмірді мүлде ұмытқан. Антрополог-ғалым
А.М.Хазановтың айтуынша «ХХ ғасырдың 1920-1930 жылдары Орта
Азия мен Қазақстан номадтары күшпен отырықшылық өмірге көшіріл-
ген»[1, 44 б.]. Отырықшылыққа көшкен соң, бүгінгі буын өкілдеріндегі
көшпеліге тəн нышандар да жоғалды. Олар жер-суға адам есімдерін, қай-
дағы бір дерексіз ұғым беретін əсіреқызыл сөздерді қоя бастағаны сон-
дықтан деп ұққан жөн.
2. Жер-судың ерекше бір белгісіне қарай ат қою жолы арқылы
жасалған атаулар:
1. Чаловка ауылы - Талды ауылы (Катонқарағай ауданы)
2. Черновая ауылы - Аққайнар ауылы (Катонқарағай ауданы)
3. Новопокровка ауылы - Қарағайлы ауылы (Бородулиха ауданы).
Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 199
Тізімдегі үш атау да сəтті ауыстырылған деуге болады. Олар жер бе-
дерінің ерекше бір белгісіне сүйеніп барып жасалған. Мəселен, Черновая
ауылының маңында қайнар-тұмалар көптеп кездеседі. Осы құм астынан
қайнап шығып жатқан тұмалар атауға уəж болған. Бұлар да тарихи атау-
ларға ұқсас, өйткені тарихи атаулар да жердің ерекше белгісін ескеріп
барып жасалады. Мəселен, Ленинка-Сағыр ауысымындағы сағыр сөзі
көне тілімізде «суыр» мағынасын берген (сағыр-сығыр-суыр). Біздің
зерттеуімізде ауыл маңында суыр қалың болған, қазір де кездеседі. Тал-
ды, Аққайнар, Қарағайлы ойконимдері сол жердің ерекше белгісіне қа-
рай жаңадан, тыңнан жасалған атаулар. Біз осы əдісті қолдану жолдарын
ұсынған болар едік. Себебі көптеген кірме атаулардың тарихи аттары
ел есінде де, мұрағат құжаттарында да сақталмаған. Бұл əдіс осындай
жағдайда ғана қолданылады. Ескертетін бір жағдай географиялық ны-
санның бірнеше белгісі болуы да мүмкін (Мұзтау). Ерекше белгіні тауып,
топонимжасам үлгілеріне сүйеніп барып, тыңнан атау жасауға болады.
3. Калька (тікелей аудару) жолы арқылы жасалған ойконимдер:
1. Новореченск ауылы - Жаңаөзен ауылы (Жарма ауданы)
2. Большенарым ауылы - Үлкен Нарын ауылы (Катонқарағай ауданы)
3. Белое ауылы - Ақсу ауылы (Катонқарағай ауданы)
4. Солнечный ауылы - Шуақ ауылы (Жарма ауданы)
Заманында орысша атаулардың кейбірі қазақша атауды тікелей ауда-
ру арқылы өзгертілген болатын: Ақсу - Белое. Енді қайыра калька жасау
арқылы тарихи атауды қайтарып алуға болады: Ақсу - Белое - Ақсу. Бұл
да тиімді əрі жеңіл тəсіл болып саналады.
4. Көрші тұрған нысанның даяр атын ала салу жолы арқылы жа-
салған ойконимдер:
1. Завидное ауылы - Айыртау ауылы (Ұлан ауданы)
2. Георгиевка ауылы - Қалбатау ауылы (Жарма ауданы)
3. Славянка ауылы - Қайыңды ауылы (Көкпекті ауданы).
Бұл, қазақша айтқанда, еріншектердің ойлап тапқаны. Бұрыннан бар,
карталарда белгіленген топонимді екінші бір нысанға беру заңсыз бо-
лып табылады жəне атаулардың қайталануы деген қателікке ұрындыра-
ды. Ол қателік, өз кезегінде, пошта, телеграф қызметтерін шатастыруға
алып келеді. Айыртау, Қалбатау, Қайыңды (өзеннің аты) топонимдері
ежелден келе жатыр. Келешекте даяр атауларды пайдалануға жол беру-
ге болмайды. Жалпы топонимдердің қайталанып келуі сол халықтың тіл
жұтаңдығын, сөз байлығының аздығын білдіреді. Өйткені атау дегеніміз
кəдімгі сөзбен бірдей дəрежеде қызмет етеді.
5. Адам есімдері мен ру аттарынан жасалған ойконимдер:
1. Благодарное ауылы - Келдімұрат ауылы (Үржар ауданы)
2. Васильковка ауылы - Қапай батыр ауылы (Жарма ауданы)
3. Сосновка ауылы - Ерназар ауылы (Бесқарағай ауданы)
200 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
4. Семеновка ауылы - Қарабас ауылы (Бесқарағай ауданы)
5. Дарственное ауылы - Барақ батыр ауылы (Күршім ауданы)
6. Қызылжұлдыз ауылы - Айтбай атындағы ауыл (Үржар ауданы)
7. Молодежный кенті - «Қасым Қайсенов» кенті (Ұлан ауданы)
8. Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округ (Көкпекті ауданы)
Адам есімдері жалқы есімдердің антропонимика деген саласына жа-
тады, ал жер-су аттары топонимика деген саланы құрайды. Заман өткен
сайын атақты адамдар пайда болады, ал жер енді өспейді. Ондай кісі
аттарын жер-суға, елді мекенге бере берсек, антропонимдер, көп ұза-
май-ақ, топонимдерді ығыстырып шығарады. Біздің картамыз қаптаған
кісі аттарынан ғана тұратын болады. Ол дұрыс бола ма? Оның үстіне,
адам есімінен жасалған ойконимдер эстетикалық жағынан да, қолдануға
ыңғайсыздық жағынан да көптеген қиындықтар туғызады. Мысалы,
«Айтбай атындағы ауыл» деген ойконим географиялық, саяси карталарда
жақсы көрініс бере ала ма?
Адам есімдері тəрбиелік мақсатта көшелерге, мектептерге, мекеме-
лерге ғана жарасады, бірақ жер-суға, елді мекенге ұсынуды үзілді-кесіл-
ді тоқтату керек. Біз кешегі қызыл көсемдердің аттарынан əлі құтылып
болғанымыз жоқ, енді көгілдір көсемдер шыға бастады.
6. Саяси, кеңестік атауларды қайтадан жаңғырту жолы арқылы
жасалған ойконимдер:
1. Южный ауылы - Жаңатілек ауылы (Үржар ауданы)
2. Вознесенка ауылы - Бірлік ауылы (Күршім ауданы)
Жаңаауыл, Жаңаүлгі, Жаңаарқа, Жаңаталап, Қызылжұлдыз, Еңбек,
Еңбекшіл, Алғабас сияқты саясаттанған ойконимдерді ауыстырып үлгер-
мей жатсақ, енді Өргебас, Жаңатілек, Достық ауылы, Бірлік тəрізді жал-
пы мағыналы сөздерден жасалған атаулар шыға бастады. Бұл, сөз жоқ,
философиядағы бір қиырдан екінші қиырға ұрыну деген қателікке алып
келеді. Атау сол жердің ерекше бір белгісін білдіріп тұруы керек деген
басты ономастикалық қағида бұзылады. Мəселен: «Южный ауылының
орнында бұрын «Жаңатілек» деген колхоз болған соң ұсынып отырмыз»,
- деп жазады жергілікті тұрғындар. Колхоз қайда, біз қайда? Мұндай са-
уатсыздықты қашан тоқтатамыз, ағайын?
7. Фонетикалық жақтан ауызекі тілде қалыптасып кеткен ойко-
нимдер:
1. Семипалатинск қаласы - Семей қаласы
2. Язовая ауылы - Жазаба ауылы (Катонқарағай ауданы)
3. Фыкалка ауылы - Бекалқа ауылы (Катонқарағай ауданы)
Халықтық тілде айтылып қалыптасқан Семей, Өскемен, Кереку си-
яқты фонетикалық атауларды бекітуге болады, бірақ оларда мағына жоқ.
Олар тек таңбалық қана қызмет атқарады. Егер тарихи аттары сақталса,