Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 101
қолдана отырып, тіл мамандарын озық тəжірибеге, ізденіске, қазақ тілін
үйрету қызметінің маңыздылығын сезінуге шақырады. Ғалым-оқытушы-
ның ойынша: «Əлемдегі дамыған алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қа-
тарынан орын алуды көздейтін қазақ амбициясы оның тіліне қатысты
да үлкен мақсатты көздеуі тиіс емес пе? Мəңгілік ел ұлттық идеясының
негізінде салтанат құратын тіліміздің мəңгілігі үшін жасалатын істің бір
парасы тегеуріні мықты халықаралық тілдермен иық тіресе отырып, өз
тарапымыздан тілдік экспансия жүргізбей жүзеге асар ма екен?! Бұл ой
догма болып көрінуі мүмкін, алайда мықты елдердің алдымен тілін мо-
йындататыны тарихтан белгілі» [14].
Мемлекеттік тілді дамытушы тіл жанашырларының басын бірік-
тіретін «Қазақ тілі» қоғамы 2011-2020 жылғы тілдерді қолдану жəне
дамыту бағдарламасының орындалуын үнемі бақылап отырады. Теле-
бағдарламаға, кино өндірісіне қатысты қазақ тіліндегі өнімдердің қол-
данысқа еніп, нəтижесін беріп жатқанын мойындай отырып, межелеген
жоспардың дені орындалмай жатқанын түйреп айтып келеді. Осы тұрғы-
дан қоғам мүшелері тілді дамыту бағдарламасына мынадай өзгерістерді
енгізуді ұсынады:
1. Қазақстан идеологиялық жағынан қауіпсіздік шараларын тез жүзе-
ге асырмаса, Ресей қазірдің өзінде (БАҚ жөнінен) елімізді жаулап алды.
Бағдарламада шетелдің, оның ішінде Ресейдің БАҚ-ын қысқарту немесе
оларға біржола тыйым салу.
2. Елбасымыздың бастамасымен дүниеге келген «Балапан» бағдарла-
масының көкжиегін кеңейту. Балабақшаларға, мектептерге ұлттық рухты
молынан енгізу. Мысалы, балаларға арналған фильмдер жоқтың қасы.
Сəбилеріміздің, балаларымыздың көкірек сарайларын жаулап жатқан
жат бағыттағы шетелдердің мөлтек, көркем фильмдеріне шұғыл тосқа-
уыл қою. Олардың орындарын ұлттық рухты қазақы фильмдермен то-
лықтыру. Үкімет Бағдарлама аясында мол қаржы бөліп, осы саладағы
мамандарды кеңінен тарту.
3. Ғылыми диссертациялардың 99 пайызы орысша (қай сала болма-
сын) қорғалады. Бұл үрдісті де тоқтатып, мемлекеттік тілде олардың
қорғалуын қамтамасыз ету.
4. Шетелдерде 5 млн. қазағымыз бар. Ресейде де, Өзбекстанда да, тіп-
тен Қытайдағы бауырларымыздан тілдік жағынан біржола айырылу
қаупі төніп тұр. Оларға мемлекет тарапынан қамқорлық қажет. Бағдар-
ламада оларды оқулықтармен, көрнекі құралдармен тезірек қамтамасыз
етуді жүктеген дұрыс. Шетелдердегі билік орындарына қазақ мектеп-
терін ашу жөнінде біздің билік тарапынан пəрменді ұсыныс түсірілуін
талап етсек.
5. Жер атауларын қазақыландыру жөніндегі шараларды тездету. Тер-
минология жəне ономастика саласындағы жұмысын жақсарту қажет.
102 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
6. Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуде қазір көзбояушылық бар.
Аудармашыларды қысқартып, əр ұжым бұл іспен өзі айналысуын қадаға-
лау.
7. Бағдарламадағы «Орыс тілінің функциясын сақтау» деген сөзді
алып тастау керек.
8. Бағдарламаның орындалу барысын қадағалайтын арнаулы топтар
құру. Ол «Қазақ тілі» қоғамынан жəне белгілі тіл қайраткерлерінен құра-
луы керек. Əр жарты жыл сайын атқарған істерді БАҚ арқылы елге жа-
рия етіп тұру.
Мемлекеттік тілді құрметтеуге насихаттайтын белгілі журналист
Жарылқап Қалыбай Қазақстандағы қазақ тілінің қолданыс аясы-
ның тар екеніне, əрі ұлттық тіліміздің қадірі жоқ екеніне қатты қын-
жылса да, күресуін тоқтатқан емес. Тіпті мемлекеттік тілді талап
еткені үшін дау-дамай туып, ақырында «ұсақ бұзақылық жасады»
деген айыппен үш тəулікке қамалған болатын. Мемлекеттік тілде
сөйлесуді талап етіп таяқ жеу емес, керісінше, мемлекеттік тілде қыз-
мет көрсете алмағаны үшін айыптау үрдісіне көшетін уақыт кел-
се де, Қазақстан əуекеңістігіндегі билік пен тəртіп оған бағынғысы
келмейді. Қазақстан əуекеңістігіндегі мемлекеттік тілдің жағдайын
жақсарту туралы бұған дейін де бірнеше мəрте айтылған болатын.
Бірақ сол сыннан отандық əуе тасымалдаушы компаниялар нəтиже
шығарған емес. Осындай тіл төңірегіндегі өрескел əрекеттердің бе-
лең алуына тіл саясатының осалдығы негіз болып отыр [15].
Қалкөз Жүсіп мемлекеттік шенеуніктердің мемлекеттік тілді біл-
мей тұрып, ел басқаруынан тілдік ортаның өсімі болмайтынын айтады:
«Елорда қоныстанған астаналық облыстағы тіл мəселесі əлі күнге де-
йін дұрыс жолға қойылмай келеді. Облыс, аудандардағы үлкенді-кішілі
жиындардың 99 пайызы ресми, яғни, орыс тілінде өтеді. Кейбір қазақ
басшылар ұялғаннан болар, əуелі баяндамасын бірер ауыз қазақша бастап
алып, одан əрі «енді көпшілікке түсінікті болу үшін ресми тілде баяндау-
ға рұқсат етіңіздер» деп алады да, орысша сыдыртады келіп. Тіпті, зал-
да отырғандардың бəрі қазақ болса да жиналыс орыс тілінде өткізіледі.
Бұнымыз не, өңкей қазақ отырып, бірі-бірімізбен орысша сөйлескеніміз
қалай деп ешкім ешнəрсе айтпайды. Өйткені, үлкенді-кішілі басшылық
қызметтің тізгінін ұстап отырғандардың бəрі мектепті орысша оқыған,
қазақша акцентпен тілін бұрап бірер ауыз сөзді əзер сөйлейтіндер. Орыс-
ша сайрап тұрған осындай қазақтарға қарап, өзге ұлттың өкілдері де
мемлекеттік тілді үйренейік деп ынталана қоймайды [16].
Цифрларға сенсек, мемлекеттік тілдің қазіргі жайы оншалықты жа-
ман емес. 2009 жылы кіріс құжаттары – 75,9, шығыс құжаттары 66,9
пайыз болса, 2010 жылы ол көрсеткіш тиісінше 79 жəне 77 пайызға жет-
кен. Осы цифрларға қарасақ, шынында да өсім бар. Бірақ, ісқағаздарын
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 103
мемлекеттік тілде жүргізуге 2008 жылдың қаңтарында толықтай көшкен
облыстағы жағдайдың əлі күнге дейін 70-80 пайыздан аспай келе жатуы
қалай? Өкінішке қарай, бұл сауалға жауап іздеп бас қатырып жатқан еш-
кімді көрмедік. Аузы дуалы лауазымды тұлғаларымыз қазақ тіліне қырын
қарап, орысша сайрап жатқанда, өзгелердің мемлекеттік тілді меңгерейік
деп емеурін таныта қоймасы анық» [17].
Депутат Р.Халмұрадов мемлекеттік тіл мəселесін жиі қозғайды, əсіре-
се орыс мектептеріндегі қазақ тілі сағаттарының қысқарылуын жөнсіз
деп санайды: «Орыс мектебін бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеу
барысында қазақ тілі пəнінен тапсырған тест жауаптарының бағасын
жалпы қорытынды балға есептемейді. Бұндай əрекет оқушыларды мем-
лекеттік тілді үйренуге ынталандырмайтынын министрліктегі лауазым-
ды тұлғалардың түсінбейтініне қайран қаласың. Бұл жетпегендей, қазіргі
уақытта орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі пəнінің апталық
сағаты бастауыш сыныптарда 1 сағатқа, жоғары сыныптарда екі есе
қысқарту қарастырылыпты. Қазақ тілін үйретудің халық арасында кеңі-
нен қамтылуы өзекті мəселе болып тұрған кезеңде Білім жəне ғылым ми-
нистрлігінің мұндай қадамдарға баруын қалай түсінуге болады? Осын-
дай асығыс шешім қабылдауға не түрткі болды?», - деп оған мардымды
жауап ала алмады [18].
Мемлекеттік тіл туралы саясаткерлердің көзқарасы. Жасыратыны
жоқ, Қазақстан көрермендерінің 55 пайызы Ресей бұқаралық ақпарат
құралдарының ықпалында. Ал халықтың саяси көзқарасы БАҚ арқылы
түзеледі. Əрі-беріден кейін БАҚ бұқараның билікке ықпал ету құралы
екенін де ұмытпайық. Демек, Қазақстандағы тіл саясатын жүзеге асы-
ратын, тіл құқығы мен тіл мүддесінің қорғалу мəселесін қозғайтын бас-
ты қару - БАҚ-тың қызметі мен тұтынушылары туралы саясаткерлердің
пікірін талдап көрелік. «Тəуекелдерді бағалау тобының» жетекшісі До-
сым Сəтбаев қазақтілді БАҚ-ты жасаушы журналистерге тыңдаушыла-
ры мен оқырмандарын, көрермендерін қызықтыратын шығармашылық
ізденісті күшейткенімен, билік оған қолдау бере алмай отырғанын
ескерте отырып, жалпы Қазақстандағы БАҚ қызметі туралы былай дей-
ді: «Қазақстан журналистикасы туралы сөз қозғағанда, оны қазақтілді
жəне орыстілді деп бөліп қарауға мəжбүрміз. Неге? Өйткені, олардың
арасындағы айырма тым алшақ. Екеуі екі əлемде өмір сүріп жатқан си-
яқты. Оны қазақтілді басылымдар мен орыстілді басылымдарда неғұр-
лым жиі жарық көретін материалдардан көруге болады. Қазақтілділер
тіл, тарих, патриоттық тақырыптарды көп күйзесе, орыстілділер біреу-
дің «кір-қоңын», төсек қатынастарын қозғауға бейім тұрады. Əрине, ол
əр халықтың өз менталитетіне байланысты мəселе ғой. Мен бұл жерде
қылмыс, жемқорлық, тағысын-тағылар сияқты қоғамдық кеселдерді жазу
туралы айтып тұрғаным жоқ. Ашып айтсақ, орыстілді басылымдар қа-
104 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
зақтың «жоғын» жоқтамайды, елдік, Отандық тақырыптарды көтеруге
құлықсыз. Мəселеге мəн бере қарасақ, қазақ тарихын, қазақ халқының
табиғатын ашатын материалдар орыс тілінде жиі жарық көруі керек жəне
осы бағытта орыс тілінде газет-журналдар мен телебағдарламалар болуы
керек. Көп ретте қазақтілді басылым мен орыстілді басылымдардың қан-
дай да бір оқиғаға байланысты берген бағасы да екі түрлі болып шыға-
ды. Олардың пікір қарама-қайшылығы, көздеген мүддесі екі түрлі екені
көзге ұрып тұрады. БАҚ басылымдарының мазмұнынан оны басқарып
отырған жандардың, журналистер ұжымының ішкі пиғылын, ниетін,
ұстанып отырған саясатын анық байқауға болады. Бұл жерде дұрыс нəр-
сені бұрмалау, жөнсіз байбалам салудың орын алып жататыны да жасы-
рын емес. Енді өз ішіміздегі орыстілді басылымдардың қатарына таза
орыстық саясатпен айналысатын мың сан ресейлік БАҚ-тарды қосыңыз.
Осындайда санның сапаға айналатынын ұмытпайық. Сөйтіп, Қазақстан-
ның ақпараттық кеңістігін жаулап алған орыстілді баспасөз бен Ресей
БАҚ-ы улап-шулап санаулы ғана қазақ баспасөзінің үнін шығармай та-
стайды. Бұдан қазақ баспасөзімен бірге қазақ мүддесінің де кенжелеп
жатқанын несіне ұмытайық.
Шыны сол, Қазақстанда орыстілді БАҚ-тың дəурені жүріп тұр. «Ақ
дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс». Оны, ең алдымен, төбесіне шыға-
рып алған биліктің өзі. Мəселен, «Тілдерді дамытудың 2000-2010 жыл-
дарға арналған бағдарламасы» бойынша қазіргі күні мемлекеттік басқа-
рудың барлық саласы қазақ тілінде сайрап отыруы керек еді. Оған сен-
сек, барлық облыстарда іс жүргізу қазақ тіліне көшіп бітуге тиіс болатын.
Бағдарламада солай жазылған. Бірақ, оның орындалуы былай тұрсын,
былтыр қазақ тілінің мемлекеттік мəртебе алғанына 20 жыл толуы «құр-
метіне орай» ісқағаздарды мемлекеттік тілге көшіру үлесін 70 пайыздан
60 пайызға түсіріп тастады. Яғни, биліктің өзі мемлекеттік заңды орында-
майды, мемлекеттік тілді менсінбейді. Ал, аймақтағы көршіміз Эмомали
Рахмон тəжік тілінің мемлекеттік дəрежені иеленуінің 20 жылдық дата-
сына орай орыс тілінің «ұлтаралық қатынас статусын» жоятын заң шыға-
руды ұсынды. Ал бізде бəрі керісінше. Егер билік орыс тілінде сөйлесе,
барлық мемлекеттік маңыздағы жиналыс-жиындардың бəрі орыс тілінде
жүргізілсе, халыққа қызмет көрсету орындары мен көпшілік қоғамдық
орындар орыс тілінде жұмыс жасаса, қазақ тіліндегі баспасөздің беделі
қалай артпақ?! Болашағы бұлыңғыр тілді кім үйренгісі келеді, ол тілдегі
газетті кім оқиды? Билік ақпаратты да ең алдымен орыстілділерге береді,
солардың көңілін аулауға тырысады. Бір ғана мысал, қазақ тілінде қандай
өткір материал шықса да, билік оған селт етпейді, ал сол мақала орыс тілі-
не көшіріліп басылғанда, үлкен қоғамдық резонанс тудыратынын көзіміз
талай көріп жүр. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан, бұл
жерде, қазақ баспасөзінің беделі, өтімділігі журналистердің біліктілігіне
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 105
байланысты деген əңгіме бос сөз. Бар кінəрат қоғамда, билікте болып
тұр» [19].
Халық қалаулысы болған, тіл жанашыры Амангелді Айталы Қа-
зақстандағы мелекеттік тілді дамыту жəне қолдау ісшараларының тиімді
нəтиже бере алмай жатқанына, кейбір игі шаралардың қарқынды жүр-
гізілмей отырғанына қынжылады, көңілі толмайды. Бұл əсерін «Тіл біл-
мейтін адамдарға қазақ тілін толық үйрену үшін 1450 жыл керек екен»
деген мақаласынан айқын байқадық. Саясаткердің пікірін толық бергенді
жөн көріп отырмыз. Себебі бұл пікір көпшілікке ой тастар ма екен деген
үміттеміз: «Біздің еліміздегі тіл саясаты – стратегиялық саясат па əлде
тактикалық саясат па? Шын мəнінде стратегиялық саясат емес екені бел-
гілі. Тактикалық саясат екені анық. Өткен жылы доктринаға байланысты
өткен маңызды жиында мемлекет тарапынан «біздің басымызды бірік-
тіретін тіл – орыс тілі» деген ұстаным айтылды. Бұл сөзге оппозициялық
бағытта жүрген орыс азаматтары қатты риза болды. Қазақты «мемлекет
құрушы ұлт» деп мойындамағаннан кейін бұл елде ол ұлттың құны бол-
майды. Ұлттық мəні болмаған жұрттың қайдан да тілінде мемлекеттік
мəн болмақ. Бұл ақиқат. Көп қазақтар бала-шағасының, немерелерінің
ағылшын тілінде сөйлегеніне мақтанады. Себебі, қазақ тілінің қажет
еместігін түсінеді. Ағылшын тілін білу сəнге айналып барады. Осы мəсе-
леге үлкен мəн беруіміз керек. Жəне бұл саясат қазақ тіліне үлкен зиян
келтіретінін ата-аналардың санасына сіңіруіміз қажет.
Екінші мəселе, жақында социологиялық зерттеулер өтті. Мемлекеттік
тілді меңгер дейсіздер, ол тіл кімге керек. Мемлекеттік тілді меңгерген,
мемлекеттік тілді білетін жастарға қандай жол ашылып отыр. Ешқандай
жол ашылып отырған жоқ. Тек кедергілер ғана кездеседі.
Кейбір облыстар мен қалаларда қазақ тілі жақсы жолға қойылған деп жа-
тыр. Өз басым оған сенбеймін. Сенбейтін себебім, сол облыстарға барғанда
əкімдіктің дəлізінде қазақша сөйлеп жүрген бір адамды көрмеймін.
Жақында, баспасөзде мынадай ой айтылды, егер де еліміздегі барлық
қазақ тілін үйрететін орталықтар, тіл білмейтін адамдарға қазақ тілін то-
лық үйрететін болса оған 1450 жыл керек екен. Бұл орталықтар өтірік
алдаудың бір түрі. Осындай жалған көзбояушылық пен жасандылық жі-
герімізді құм етіп отыр» [20].
«20 жылда «мемлекеттік тіл» мəртебесіне лайық бола алмаған қазақ
тілі. Немесе көрші Қырғызстанның тəжірибесі нені аңғартады?» атты
дөңгелек үстелде бірқатар мəселелердің басы ашылды. Осы сауалға
қоғам қайраткерлері өз əлеуетінше жауап берді. Қазақстан Республикасы-
ның Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің баспасөз құралдары мен тіл
мəселелеріне жауапты вице-министрі болған Ғазиз Телебаев статистика-
лық мəліметтерге сүйене отырып, қоғам санасында қазақ тілін мемлекет-
тік тіл ретінде қолдану керек деген түсінік қалыптаспай отырғанын алға
106 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тартты: «Əрине, қазір мемлекеттік тіл бүкіл қазақ елінде кең етек жайды
десек, ол артық болар. Өйткені, біздің мəліметімізге қарайтын болсақ,
бүкіл Қазақстан халқының 50 пайызы ғана мемлекеттік тілді меңгердік,
жақсы білеміз деген пікір айтқан. Орыс тілін 88 пайызы біледі. Ал ағыл-
шын тілін 2 пайызы білетін болып шықты. Орыс тілімен салыстырсақ,
əрине, 50 мен 88 пайыздың арасында үлкен айырма бар. Екіншіден, бұл
жерде қазақтардың ана тілін меңгеруі жəне өзге ұлт өкілдерінің қазақ
тілін меңгеруі сынды бір мəселе бар. Біздің зерттеуге қарағанда, барлық
қазақтың 80 пайызға жуығы ана тілінде оқып, жазып жəне сөйлей ала-
ды. Өзге ұлттардың өкілдерін алатын болсақ, тек 12 пайызы ғана мем-
лекеттік тілді меңгердік деп отыр. Меніңше, бұл жерде мынадай маңыз-
ды проблема бар: қоғамның санасында қазақ тілі мемлекеттік тіл сынды
биік мəртебеге ие болса да, тек осы тілде сөйлейік, осы тілді қолданамыз
деген берік түсінік əлі қалыптаспай отыр. Бұл жерде қазақтардың өзін
емес, мысалы, Қазақстандағы славян этностарын алатын болсақ, 50 па-
йызы мемлекеттік тілді білу міндет емес деген пікірде отыр. Ал қалған-
дарының пікірі бойынша, мемлекеттік тілді тек сол тілді қолданатындар,
мысалға мемлекеттік қызметтегі кісілер білуге тиіс» [21].
Мемлекет өзінің тіл, халық жəне ұлт алдындағы міндетін атқармай
отырғанын ашып айтатын қоғам қайраткері Жасарал Қуанышəлінің
пікірінше Тіл туралы заң міндеттемейтін заңның қатарында. Оның тіл
туралы пікірінде былай жазылған: «Демографиялық жағдай əлдеқайда
жақсарды. Иншалла, қазақтардың пайызы кем дегенде алпыстан асты.
Тілімізге де кеңістік пайда болды. Алайда осы мүмкіндікті пайдаланып
отырмыз ба деген сұрақ туындайды. Мемлекеттік тіл болғаннан кейін,
оны дамыту, орнықтыру, бекіту жəне нығайту əлбетте мемлекеттің мін-
деті. Қоғам да шетте қалмау керек. Дей тұрғанмен, мемлекет осы мəсе-
лені лайықты атқаруға тиіс болғанымен, соны атқара алмай отыр. Соның
кесірінен қазақ тілі жетімдік көріп отыр. Мемлекеттік тілді бəрі білуі
қажет деп, оны мен айтармын, басқа біреу айтар, бірақ ешнəрсе бұдан
өзгермейді. Ал заңда міндеттейтін норма болса, ол басқа жағдай. Біздің
заңда ондай норма жоқ. Мысалы, сіз жол тəртібін бұзсаңыз, сізге айып-
пұл салады, не болмаса басқа жауапкершілікке тартады – заң соны мін-
деттейді. Тағы бір мысал, көрші Қытайдағы жағдай. Бұл елдің халқы қы-
тайша сайрап тұрса да, мемлекет тіл полициясын енгізген. Сондықтан
осыған қарап бір қорытынды шығаруға болады» [21].
Польшадағы Адам Мицкевич атындағы Познань университетінің
профессоры, түркітанушы ғалым Хенрык Янковски қазақ тілі туралы
былай дейді: «Мен өзім түркітанушы болған соң қазақ тілін көп жыл-
дан бері зерттеп жүрмін. Қазақ тілінің ұшан-теңіз байлығы бар. Ол – ше-
шен жыраулардың тілі. Байтақ даладай ұшы-қиырсыз. Алайда күнделікті
тұрмыстағы жағдайы, турасын айтқанда, сорлы деңгейде деуге болады.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 107
Жүргізген зерттеулеріме қарағанда, Қазақстанда халықтың тең жартысы
өз ана тілінде сөйлесе алмайды екен. Көбі білсе де, сөйлегісі келмейді.
Жергілікті қазақтардың көбінің тіл білу деңгейі өте төмен екен. Белсенді
сөздік қорының өзі 150-160 сөзден аспайтыны байқалды. Олар ең негізгі
үстеуліктерді, зат есімдерді, тіптен қарапайым сын есімдерді де дұрыс
қолдана білмейді. Оның орнына мысалы, үстеуліктерден – «постоянно»,
«совсем», «больше», «просто», сын есімдерден «любой», «простой»
сияқты сөздерді қолдана береді. Етістіктерден «звонить етті» деген сөз
қолданылады. Ал кейбір адамдар дəстүрлі ұғымдарды да білмейді екен.
Кейбір қазақтар кəдімгі қазақтың киіз үйін «юрта» деп жатады. Зерттеу
кезінде солардың көбі сол өздері қолданып жүрген «юрта» сөзінің қазақ-
шасын білмейді екен. Бұл жерде бір нəрсенің басын ашып айту керек. Ең
негізгі мəселе ұлттық тəрбиеде жатыр. Содан соң білім беру мəселесі.
Қазақстанда мектептер орыс жəне қазақ тілінде, яғни аралас болып ке-
леді. Бұл – соның кесірі. Негізі, аралас мектептер болмауы керек. Мен
қазақтар арасында көп жүрдім. Зерттеу жұмыстарым өз тілінде таза сөй-
лейтіндердің көпшілігінің тек қана қазақ мектептері мен қазақ балабақ-
шасында тəрбиеленгендер екендігін көрсетіп берді» [22].
Тіл жанашыры, халық қалаулысы Оразкүл Асанқызы шенеуніктердің
қазақ тілінде сөйлеуін талап ететін ұстанымын жүзеге асыру үшін қо-
лынан келгенін аямай жатқанын айта отырып, «Президенттің айнала-
сында жүрген адамдар сөйлемесе, кім сөйлейді бұл тілде. Мен білемін
- қиын, орысша оңай, бірақ біз қазақ тіліне ауыстыруымыз керек. Əлемде
9 мың ұлт бар болған болса, қазір оның тек 2 мыңы ғана қалды. Егер осы
тілде сөйлейтін соңғы адам қайтыс болса, ұлт өлді дейді. Дəл осындай
жағдайға барып қалған кезімізде, тəуелсіздік келді. Қазір, Құдайға шүкір,
қазақ тілі ғылымның да, техниканың да тілі болды. Бірақ мемлекеттік
басқаруға əлі жеткен жоқ. Сондықтан жандарыңызды сəл-сəл қинаңыз-
дар. Жұмыстарында қазақша сөйлейтін адамдарға жол ашу керек, қазақ
тілі биліктің тілі болуы шарт», - деп үндеді депутат [23].
«Қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйренсін!» деп ұран айтатын
тіл жанашыры Асылы Осман тəуелсіздік алғалы бері мемлекеттік тіл
мəртебесін көтеруге жоспарланған шаралардың тек сөз жүзінде ғана
қалып жатқанын ашық айта отырып, барша халықты мемлекеттің тілін
құрметтеуге шақырады: «Тəуелсіздігі бола тұра өз тілін білмейтін бала-
лардың бойына отаншылдық ұғымы не арқылы сіңіп жатқанын мен біл-
меймін… Менің білетінім – қазақ тілін білуді міндеттеген нақты талап
жоқ. Талап жоқ жерде, қажеттілік те болмайды. Қазақтың наны тəтті де,
тілі жаман ба?! Олай емес, қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйрен-
сін!!! Қазақстанда орыс тілін сыйламайтын, құрметтемейтін адам сирек.
Қай кеңсеге кірсең де орыс тілінің əуезі айқын сезіліп тұрады. Орыс тілі
тұғырынан əлі түскен жоқ. Тіпті түсетін де түрі байқалмайды.
108 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Соның өзінде кертартпа орыс ұйымдары «орыс тілі құрып барады»
деп неше түрлі жасырын, жымысқы əрекеттер жасауда. Оларға тілімен
бірге санасы орыстанып кеткен орыстілді қазақтар қосылды. Сөйтіп,
барлығы бірігіп алып жалғыз қазақ тілін бұрышқа тығып мүйіздеп жа-
тыр. Бұларға «əй дейтін əже, қой дейтін қожа жоқ».
Өткен жиырма жылымыз негіздеп айтқанда, осы ауқымнан асып кет-
педі. Іс жоқ, құр сөз. Жалған сөзге шенеуніктердің еті үйренгені сонша-
лық, беті бүлк етпей «қазақ тілі даму үстінде» деп өтірік айтады.
Қазақстанның ертеңі – мемлекет құраушы қазақ ұлтының ертеңі. Ен-
деше, қазақ тілінің қазақ жерінде қажеттілігін арттыру мəселесін неге
осынша соза береміз?
Қазақстанды Отаным деп білетін басқа ұлт өкілдері өздеріне қазақ
халқының қиын күндерде көрсеткен көмегін, мейірім-қайырымын қай-
тарғысы келсе қазақтың тілін үйренсін!
Билік қай тілді қолданса, сол тілдің басымдылығы артып, ықпалды
бола түсетіні анық. Қай тілде сөйлеп, қай тілді қолдансаң, сол тілге қыз-
мет етесің. Қазақ тілі саясатына деген көзқарасты түбегейлі өзгерту ке-
рек.
Өзін-өзі сыйлайтын əрбір мемлекет өзінің мемлекеттік тіліне айрық-
ша мəн беріп, ерекше көңіл бөледі. Тіл білуді халқынан талап етеді. Оны
білуге міндеттейді. Қазақ тілі – қазақ ұлтының ғана тілі деген пікірден
арылуымыз керек. Қазақстан халқының тілі деген дұрыс. Сонда ғана Қа-
зақстанда «қазақ тілі» деген ортақ бір мемлекеттік тіл болады» [24].
Қорыта айтқанда, ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мəсе-
лесі де болады. Қазақ тілінің мəселесі өткен ғасырдың басынан бері
қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мəселесін
жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемле-
кет те мүдделі. Қоғамдық пікірлер мен көзқарастар айналымында əртүрлі
сауалдар дүркін-дүркін туып, бірте-бірте сейіле бастады. Себебі іс қолға
алынды. Ата заңымыздың 7-бабында: «1. Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда жəне жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең
қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен да-
мыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп көрсетілген. Осы
заңның орындалуы баршамызға міндетті əрі ортақ. Қазіргі БАҚ жүйесі
осы заңның негізінде мемлекеттік тілді насихаттауда қарқынды жұмыс
жасап келеді. Көш жүре түзеледі демекші, дамушы елдер қатарына қо-
сылуға бет бұрған Қазақстанның бұл қадамы айтарлықтай ерен еңбектің
жемісімен тең. Ал қоғамның осы əрекеттерді талдап, талқылап, оның оң
жəне теріс жақтарына пікірін қосуы - зиялы əрі зайырлы қоғамның тала-
бынан туындайды. Демек, Қазақстан қоғамы дұрыс бағытта дамып келе
жатыр деген сөз.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 109
Қоғамдық пікірлердегі өзге мемлекеттің тіл саясатын үлгі ету
үдерісі. Бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнында өзге елдердің
мемлекеттік тілінің мəртебесі мен құзыретті қызметтері туралы, мемле-
кеттік тілдің дамуы мен қолданылу аясының кеңею тəжірибесі туралы
көптеген ақпараттар жарияланып отырады. Мəселен, Латвия елі БҰҰ
ұсынысына орай мемлекеттік тіл туралы заңына өзгерістер енгізе алмай-
тын болды. Бүгінгі күнге дейін Латвияның мемлекеттік тілі – латыш тілі,
ал орыс тілі шетел тілі деген мəртебеге ие болып жүрген болатын. Ұлт-
тық тілінің құқығы мен құзыретін арттыру мақсатында тіл туралы заңға
өзгерістер енгізу жобасына БҰҰ Комитетінің шешімі бойынша мынадай
кеңестер ұсынылды: «Латвия мемлекетінің тілдік саясатында дискрими-
нация элементтері бар. Латвия елінің 44 пайызы орыстілді тұрғындар».
Осы тіл саясатын ескере отырып, саясаткерлер елде ұлтаралық қақтығыс-
тар болуы мүмкін деген болжаммен заңның өзгеруіне қарсылық біл-
дірді. Дегенмен Латвия мемлекеті бұқаралық ақпарат таратушы қызмет-
керлер мен шаршы топ алдында сөйлейтін шенеуніктерге латыш тілін
қолдануын міндеттеді. Егер латыш тілін қолданбаса айыппұл салынаты-
ны ескертілді.
Сондай-ақ Израиль мемлекетіндегі ирвит тілінің мемлекеттік мəрте-
беге ие болу қарқынын үлгі ететін мақалалар саны да өте көп. Өлі тілдер
қатарына енуге таяу қалған (тілді тұтынушылар саны аз болған) ирвит
тілін санаулы жылдар ішінде мемлекеттік тілге дейін көтерген қоғамдық
ұйымдар мен тіл жанашырлары емес, мемлекет тарапынан қатаң жүр-
гізілген ресми саясаты екені үнемі паш етіліп отырды. Барлық азаматтар-
ды ирвит тілін білу, меңгеруді міндеттейтін жəне тілді игеруден, қолда-
нудан бас тартқан жағдайда қолданылатын шаралар мен жазалар туралы
заңнамалық норманы енгізу арқылы мемлекеттік тіл мəртебесі мен құзы-
ретіне ие болған Израильдің тіл саясатын үлгі ететіндер көбейді.
Ал француздар ұлттық тілі мен мəдениетіне ағылшын, испан, неміс,
итальян сөздері мен ұғымдарының көп мөлшерде енбеуін жіті қадаға-
лап отырады. Себебі бұл этносты болашақтағы ассимиляция қаупі қат-
ты толғандырады. Сондықтан өздерінің этникалық тілін қатаң сақтауға
үнемі күш салып отырады.
Талғат Ешенұлының пікірінше, қазақтың қонақжайлылығы өзіне кері
əсерін тигізуде, мемлекеттік тілді білуге қатысты талапты күшейтіп,
орындамайтын, орындағысы келмейтін, тіпті қазақ қоғамының намысы-
на тиіп, менсінбейтіндерге əзірбайжан ағайындарымыз сияқты «Сен
кім едің! Сау бол!» деп зұлымдыққа зұлымдықпен жауап беретін кез
келді.
Əлемдік тəжірибеге сүйенген тіл жанашырлары мемлекеттік тілді біл-
меген заңды жəне жеке тұлғаларға қылмыстық, азаматтық, əкімшілік жа-
уапкершілік жазаларының тетігін жасап, оны іске қосуды ұсынады.
110 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Украинада мемлекеттік тілге қысым жасағандарды түрмеге отырғы-
зу ұсынылған болатын. Ал 2008 жылы Украинада орыс тілін екінші тіл
ретінде емес, тіпті қолданыстан шығару жолында шаралар жүргізілгені
белгілі. Мəселен, он жыл бойы орыс тілінде білім алған мектеп оқушы-
лары жоғары оқу орнына түсу емтихандарын украин тілінде тапсыруға
міндетті болды. ЖОО түсу емтиханын тек украин тілінде тапсыру Білім
жəне ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілді. Осылайша орыстілді
мектептердің оқушылары украин тілін меңгеруге мəжбүр болды. Сон-
дай-ақ 2008 жылдан бастап Украинада барлық шетелдік кинотүсірілім-
дер түбегейлі мемлекеттік тілге (украин тілі) аударылып, таратылды.
Көрші Өзбекстанда орыстану үдерісі Қазақстандағыдай жоғары
деңгейде болмағандықтан, яғни өзбек болмысы сол қалпында сақтал-
ғандықтан, мемлекеттік тілдің қызмет етуі тұрғысынан айтарлықтай
қиындық жоқ. Солай бола тұрса да, тəуелсіздік алғалы бері «өзбек тілін
білмесең, нан тауып жей алмайсың» деген халық арасындағы ұстаным
ішкі тұтастықты да, сыртқы қарым-қатынасты да бірқалыпты сақтап тұр.
Демек, Өзбекстанның тіл саясатында тіл білуге мəжбүрлеу шаралары
бар.
Ресейліктердің тілдік жағдаятына келсек, тіл экологиясы қаупі бар,
бірақ мемлекеттік тілдің қызметіне қатысты күрделі мəселе жоқ. Керісін-
ше, халықаралық дипломатиялық байланыстан бастап, қарапайым
келіп-кетуші халықты орыс тілінде сөйлеуге мəжбүрлеп тұрады. Тіпті
жұмыс іздеп сонда барған гастербайтерлердің өзіне орыс тілін білуді
міндеттеп жатады.
Мемлекеттік тілді дамыту туралы жастардың пікірі. БАҚ-та жа-
рияланған жастар (студенттер, жас ғалымдар, жас мұғалімдер, жас ма-
мандар) пікірлерінің мазмұнында мемлекеттік тілдің қажеттілігі, оның
бағалануы дəйекті сипаттала келе, мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетіл-
діруге, сақтауға, құрметтеуге насихаттайтын мақалалар жиі жариялан-
ды. Жастардың пікірлерінен жалпыхалықтың мемлекеттік тіл туралы
танымы қалыптасып, жеке тəуелсіз мемлекет болу үшін мемлекеттік
тіл символ ретінде қабылдануы туралы ой-санасы ояна бастағанын бай-
қаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған ұсыныстар мен
тұжырымдарды сараптай келгенде қарапайым халық арасынан патриот
жастардың ортақ тілектері мынадай болды:
- мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілін білуін міндеттеу жəне
мұқтаж ететін шарттарды (жаза, айыппұл, т.б.) қолдану;
- мемлекеттік тілді дамыту жəне қолдану бағдарламасындағы стра-
тегиялық жоспарлардың орындалмау себептерін анықтау. Мысалы 2010
жылға дейін ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жоспары түбегейлі
орындалмады. Соның себебін, ондағы кедергілерге аналитикалық талдау
жасау керек, нəтижелерін жариялау қажет;
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 111
- мемлекеттік тілді дамытуға қатысты түрлі фестиваль, дөңгелек
үстел, семинар, конференциялар өзекті емес, оның орнына қазақ тілінде
іс жүргізбеген, қазақ тілін білмеген мемлекеттік қызметкерлерді жазалау
механизмін жүзеге асыратын уақыт келді;
- үштілділік саясаты қазіргі жағдайда 1-сыныптан емес, кем дегенде
5-сыныптан басталуы керек. Сауатын аша бастаған балаға полиглот оқу-
лықтар мен аударма оқулықтардың қажеті жоқ. Үш тілді меңгеремін деп
үшеуінің бірінде де сөйлей алмауы мүмкін;
- əлемдік стандартқа сай терминологиялық комитеттің қызметін кү-
шейту қажет;
- қазақ тілі қоры мен қоғамына ревизиялық тексеру жүргізіп, жүр-
гізілген жұмыстарының есебін алу қажет. Пайдалы ісі болмаса, орнына
мемлекеттік тілді дамыту орталығын құру қажет;
- латын əліпбиіне көшудің тиімді жəне тиімсіз жақтарын айқындап,
тəжірибесі бар елдердің əліпби ауыстыру ісіне сараптама жүргізу керек.
Бүгінгі күні жастардың отансүйгіштік сезімі мен туған жері үшін,
Отаны үшін қажырлы намысы қазақ тілін ілгері дамытуға едəуір септігін
тигізіп жатқаны байқалып келеді. Тіпті бұқаралық ақпарат құралдарына
қазақ тілінің өркендеуі туралы өз ұсыныстарын білдіріп, сайтта жария-
ланған тіл туралы мақалаларға өз пікірін білдіріп, мемлекеттік тілдің
мəртебесін көтеруге ниетті жастардың легі артып келеді.
Солардың бірі Бексұлтан Нұрланұлы «Ана тілі» газетінде қазақ жаста-
рының ана тіліне деген құрметін қалыптастыру үшін «Тек қана қазақша
сөйлесейік» жобасын енгізу керектігін айтады. Ресейдегі жастардың ар-
тықшылықтарын дəріптеп, кемшіліктерін де айта отырып, дамыған мем-
лекеттің жастарына тəн қасиеттердің бірі ретінде - мемлекеттік тілдің
қадірін асқақтатуға шақырады. Тек қана қазақша сөйлесейік жобасын іл-
гері дамыту үшін жастардың жиі шоғырланатын орындары кинотеатрлар
мен театрлардағы барлық көрсетілімді қазақ тіліне аударып көрсету қа-
жеттілігі басты мұқтаждық болатынын атап өтеді. Сондай-ақ жастардың
жиі сұхбаттасатын құралы - əлеуметтік желілердегі қазақ тілінің кеңінен
насихатталуын қарқынды тарататын сайттардың қызметін күшейту қа-
жеттілігін айтады.
Осы секілді алматылық студент Жанболат Мамай да қазақ тілінің қыз-
метін нығайту үшін мүдделі екенін мынадай ұсыныстарын жариялау
арқылы білдіріп отыр: «Біз Қазақстанда ең алдымен тіл мəселесін өркен-
детеміз десек, онда əуелі осы тілге байланысты қажеттілік туғызу керек
деп есептеймін. Яғни, егер қоғамда қазақ тілін үйренуге деген қажеттілік
болса онда халықта, əсіресе, орыстілді қазақтар мен орыс ұлтының жəне
Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген
ниет пайда болар еді. Сондай қажеттілік болмайынша қазақ тілінің ертең-
гі күні өркендеуі мүмкін емес, бұл біріншіден. Екіншіден, біздегі кейбір
112 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ұлтшыл-патриоттар қазақ тілін білетіндерді бір топқа, ал білмейтіндерді
«космополиттер» деп екінші топқа бөледі. Меніңше, бұл - қате түсінік. Се-
бебі, расында қазақ тілін білмейтін, ол тілде сөйлемейтін, бірақ оны мең-
геруге деген ниеті болғанымен, тілге қажеттілік тумағандықтан оны мең-
гермеген азаматтарға біз «бұлар – қазақ тілінің жауы» деп қарамауымыз
керек. Олардың арасында да қазаққа, Қазақстанға жаны ашитын азамат-
тар бар. Бірақ белгілі бір себептермен, айталық, кезінде кеңестік заманда
Ресейдің жүргізген саясатының салдарынан қазақ тілін білмей өскендер
өте көп біздің қоғамда. Ал енді соларды біз бөліп-жаруымызға болмайды.
Егер олай істейтін болсақ, Қазақстанда қазақ тілінің мəселесі шешілмейді.
Жəне, үшіншіден, меніңше, қазіргі Қазақстанда қазақ тілі мəселесі-
нің шешілмей келе жатуының тағы бір себебі – қоғамда демократия-
ның жеткіліксіздігінен деп ойлаймын. Егер де Қазақстанда бір азамат –
бір дауыс деген ұстаныммен жұмыс істейтін болсақ, онда, менің ойым-
ша, болашақта бұл мəселе өз шешімін табады. Себебі, 9 млн. қазақтың
дауысы шешуші дауыс болғандықтан бұл, демократия жағдайында, қазақ
тілі өркендей түседі жəне ол тіл ешқашан жойылмайды деп есептеймін»
[25].
Massaget.kz сайтының тұрақты оқырманы Мейіргүл Оңғарова қазіргі
таңда «Қазақша сөйлес!» деген жауыр болған талаптан гөрі, жастарды
сөйлесуге қызықтыратын тəсілдерді ойластырған жөн деп ойлайды: «Тіл
– ұлт тəуелсіздігінің нышаны, егемендігінің көрінісі. Қандай құдіретті
ұлт болмасын, «тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады». Десе де, ана
тіліміздің бүгінгі қал-ақуалы бəріне аян. Біз «Асан қайғылатпай» осы
мəселені қалай шешуге болатынын таразыға тартып, саралап көруге ты-
рысайық. «Қазақша сөйле!» деп қазақ тілінде сөйлемейтін адамға жек
көре қарау – жауыр болған қате тəсіл. Қазақ тілінің мүшкіл жағдайын
айта беру қоғамның қазақ тіліне деген жиіркенішін туғызып, теріс көзқа-
рас қалыптастырады. Біздің міндетіміз – қазақ тілінде сөйлеуді сəнге ай-
налдырып, əсіресе, жастар арасында кең қолданысқа ие болуына ықпал
ету, санаға сіңіру. Өйткені – жастар егеменді елдің ертеңі. Əркім өзінен
бастау керек. Дүкенге барып азық-түлік алғанда сатушымен қазақша
сөйлесіңіз. Көше атын сұраған адамға қазақ тілінде жауап беріңіз. Үйде
қазақ тілін қолданыңыз. Қоғамдық қызметтерді пайдаланғанда автобус
билетінің қазақша болуын талап етіңіз, банк қызметтерін, бірлік салу қыз-
метін қазақ тілінде қолданыңыз. Ғаламтордағы парақшаларыңыз қазақ
тілінде болсын» [26].
Массагет сайтында жастар арасындағы бірін-бірі рухтандырып,
зиялы көзқараста пікір алысатын көз сүйсіндірерлік тамаша дəстүр
қалыптасып келе жатқанын байқаймыз. Бұл игі іс болашақ қоғамның
рухты, қажырлы, отансүйгіштік қасиеттерін одан əрі нығайта түсетіні
сөзсіз. Осындай пікіралысу мақсатында жазылған мақаланың авто-
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 113
ры Фариза Керімбек қазақ тілінің құдіретін дəріптей отырып, заман-
дастарын, ана тілін құрметтеуге шақырады: «Тіл мен халық - егіз.
Біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тіліндей көркем тілдің
қадірін білмеу ұят. Өз елің, өз жеріңде тұрып, тəуелсіз мемлекеттің
мемлекеттік тілін сылтау, себептермен үйренбеу - елдігімізге сын.
Əрине, мен орысша білме, ағылшынша сөйлеме демеймін. Шамаң
келсе, бүкіл тілді үйрен. Тек өз тіліңді қорлап, ұмытпасаң болғаны.
Бірақ бүгінгі таңда сол туған тілімізді қорлап, өзге тілдің құлына ай-
налған жастарымыз қаншама?! Қоғамдық орындарда болсын, кез кел-
ген жерлерде қарап тұрсаңыз, екі қазақ бір-бірімен орысша сөйлесіп
тұрғанын көресіз. Сонда дана бабамыз Төле бидің: «Қазақ тілінің бү-
гінгі қадірі таздың шашында, соқырдың көзінде, пұшықтың мұрнын-
да тұр» дегені, осы күнгі жағдайды меңзеп тұрғандай секілді көрінеді.
«Балық басынан шіриді» дегендей, тіпті, билік басындағы жоғары лауа-
зымды ағаларымыздың өзі бір ауыз қазақша білмей, орысша сөйлеп жа-
тады. Мұның өзі «жығылғанға жұдырық» болып отыр. Өкінішке орай,
қазіргі жастардың санасында «орысша білмесең, оңбайсың, ағылшын-
ша білмесең, адам болмайсың» деген пікір қалыптасып кеткен. Менің
айтпағым, өзге тілді білгенді дұрыс емес демеймін. Дұрыс, басқа тілді
де үйрен, сөйлей біл. Тек өз тіліңді қорлап, қадірін кетірме» [27].
Осындай жастардың ұсыныстары массагет сайтында жиі жарияланып
тұрады. Бірақ көпшілігі өз атын жариялаудан бас тартады екен. Тіл тура-
лы жарияланған мақалалардың барлығына дерлік оң немесе теріс пікір-
лер беріліп жатады. Демек, бұл көрсеткіш қоғамдағы жастар арасында
мемлекеттік тіл мəселесі қызу талқылауда болатынын байқатады. Сол
пікірлерді сараптай келгенде, қазіргі жастардың қазақ тілінде сөйлеуге,
түбегейлі қазақтілді ортаның қалыптасуына игі ықыласты екеніне айқын
көзімізді жеткіздік.
Дегенмен қоғамдағы мемлекеттік тілдің еркін шарықтай алмай тұрға-
нына биліктің тосқауылы кедергі болады деген пікір жастар арасында
да кең етек алған. Бұл мəселе сөз болғанда жастар өз есімін жариялауға
батылы бармай жатады. Бірақ өз ойын, шынайы өмірдегі тəжірибелері
арқылы дəйектеп ашық айтудан қалысқан емес. Мысалы, 2013 жылы 28
ақпанда жарияланған «Ана тіліміз үшін күрес немесе көзбояушылық...»
атты мақаланың авторы ащы шындықты былайша баяндайды: «Теледи-
дардан көрсететін бағдарламалар да əлі де болса толық тұрғыда, сапалы
жəне мағыналы өнім шығара алмай отыр. Негізінен орыс немесе ағыл-
шын тілінен аударылып көшірме жасаумен айналасуда. Таза түп тамыры
қазақ тілінде шығарылатын өнімдер өте аз, оның өзі жеткіліксіз, қанағат-
танарлық сапаға жеткізе алмай жатыр. Республика көлемінде симпозиум
мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен үлкен жиналыстар мемлекеттік
тілдің мəртебесін көтереміз деп сылтаулатып өткізіп жатыр. Оған былтыр-
114 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ғы жылы 113 млн. теңге жұмсалған екен. Бұл жалпы қазақ тілін дамыту
үшін бөлінген қаражаттың 23,6% құрап отыр. Одан қандай нəтижеге жет-
ті?! Ешқандай, тек ақшаны ауаға шашқандай болды.
Ономастика мен қазақ тілінде шығарылатын оқулықтар мəселесі де
өзекті болып тұр. Оның сапасы мен іске асырылуы алға жылжи алмай
жатыр. Көше атаулары қайдағы жоқ шетел азаматтарының атына беріліп
жатса, басылып шығарылған оқулықтар мағынасыз. Өз туған тілімізден
жиіркенбей, достар арасында немесе жанұяда, жұмыста немесе қоғам-
дық орындарда ұялмай, көкірегімізді көтеріп сөйлеуге тырысуымыз қа-
жет. Егер шала-пұла білсек, кейде қатемен жазып немесе сөйлеп жатсақ,
бұл үшін ешкімнен қорықпай емін-еркін ойымызды жеткізе білейік. Осы
ұсақ нəрселерден бастасақ, алға жылжуымыз тезірек болатынына се-
немін» [28].
Өз мемлекетінде өмір сүре отырып, өз ана тілінде, яғни мемлекеттік
тілінде қарым-қатынас жасауда ыңғайсыздық сезінуден (дискомфорт) ар-
тық қорлық жоқ шығар. Бірақ Қазақстан дəл осындай күйде. Екі орыс
ұлты кездессе, орыс тілінде сөйлесуге мəжбүрміз. Осы бір стереотипті
жеңе алмай келеміз. Бұл тосқауылға не кедергі екенін жəне оны қалай жою-
ға болатынын психологиялық, лингвистикалық, саяси, мəдени тұрғыдан
қарастырсақ та, шешімін таппай келеміз. Осы тіл дағдарысын жеткізгісі
келетін жастардың үні массагет сайтында өте жиі жарияланады. Мəсе-
лен, «Тіл мəдениеті» мақаласының авторы тіл қолданысы туралы ішкі
сезімін былайша баяндайды: «Тəуелсіздігімізді алу ең басты жетістігіміз
болса, қазіргі кезде қазақтың қазақпен орысша сөйлесуі, тіліміздің мəрте-
бесін кемсітуі ең басты жеңілісіміз болып отыр. Өкінішке орай қоғамдық
өмірімізде туындаған бұл мəселенің кетігін мемлекетіміз бүгінгі күнге
дейін жамай алмай келеді. Қазақша екі ауыз сөздің басын қоса алмайтын
шенділеріміз мемлекетіміздің өркендеуі жайлы сөз қозғағанда күлкің
келеді, бірақ шын мағынасында бұл өте аянышты оқиға. Амал қанша,
билік еншісі солардың қолында, еріксіз езу жиюға тура келеді. Өз басым
мемлекеттік тілдері бола тұра, саяси отырыстарда немесе парламенттік
жиындарда сөйлесу құралы ретінде басқа жат елдің тілін қолданатын
бірде-бір елді білмеймін» [29].
Интернет желісіндегі қоғамның сұранысы:
1. Қазақ ертегілері топтастырылған сайт қажет (Today.kz 21.03.2013)
2. Қазақша балаларға арналған əндер керек (Bilimpaz.kz)
3. Сабаққа пайдалану үшін Астана туралы қазақша мультфильм керек
(SZH.kz сұрақ-жауап сайты)
4. Өскемен көшелері қашан қазақшаланады (qazaquni.kz)
5. Қалтафондар қашан қазақшаланады (http://neweurasia.net)
6. Немереміз неге қазақша сөйлемейді (jasqazaq.kz)
7. Қазақтар неге қысылады? (massaget.kz/)
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі 115
8. Осы қазақтар қазақша біле тұра неге қазақша сөйлемейді (SZH.kz
сұрақ-жауап сайты)
9. Қазақша аудио əңгімелер керек (kz-en)
10. Қазақша футбол газеті керек (aladop.kz/)
11. Еріншектер елі мультфильмінің барлық бөлімінің қазақша нұсқасы
керек еді (surak-zhauap.kz)
12. Жеңіс күніне арналған қазақша əндер керек (surak.kz)
13. Тіл үйретуде тиімді тəсіл керек (anatili.kz)
14. Қазақ тіліндегі хабарларды көбейту керек (kiwi.kz)
15. Балаларға арналған қазақша əңгімелер керек
16. Қазақша ас дайындау сайты керек (szh..kz)
17. Қазақ ұлттық энциклопедиясының электронды жинағы керек
(kerekinfo.kz)
18. Қазақ жұмбақтары сайты керек (kerekinfo.kz)
19. Бала күтімі жайлы қазақша сайт керек (szh.kz)
20. Қазақша комедиялар керек (kerekinfo.kz)
21. Қазақша денсаулық сайты керек (szh.kz)
22. Маша и медведь мультфильмінің қазақшасы керек (szh.kz)
23. Қазақ мектебіне зəруміз (Егемен Қазақстан газеті сайты 2011 ж.)
Осы айтылғандарды қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарты
бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті бо-
луы, табиғи жəне табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың бар-
лық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің əр алуан саласында қызмет
етуі жəне ауызша əрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы фактор-
лардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лекси-
ка-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба жəне ауыз-
ша дəстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың
болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік бе-
реді. Тек осы бай тілді тұтынушылардың санын көбейту үшін Қазақстан-
ның ресми жəне бейресми тілдік ортасын қазақтілді кеңістікпен кеңейту
қажет. Тіпті дүниежүзіндегі қазақ диаспорасының қазақи тілдік ортасын
да кеңейтуге тура келеді. Қазақ тілінің осы қызметін, яғни социофункцио-
налдық əлеуетін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жүргізіліп келеді, түр-
лі жобалар мен жоспарлар мүдделі орындалуға бағытталады. Дегенмен,
нəтиже көрсеткіші өте баяу қарқында көрініс тауып отырғаны көкейкесті
саяси шешімге барып тірелетіні де анықталды. «Толеранттылық» деген
басымдықпен ұлтаралық бірлікті ұстап тұрған саясат ішкі тілдік қатынас-
тың қазақи көрініс табуына едəуір ықпалын тигізгенмен, бұл саяси құ-
былыстардың барлығы табиғи қалыпты жағдай деп түсініледі.
Сонымен, мемлекеттік тілдің өз аясын кеңейтіп келе жатқанын нақты
статистикалық деректер бойынша мемлекеттік тілдің мəртебесі мен туы
116 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
желбіреп тұрғанға ұқсайды: 2010 жылы мемлекеттік тілді меңгерген
тұрғындардың үлесі 80 пайызды құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 81
пайызға жетті. Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің
қажеттілік деңгейі артып келеді. Əлеуметтік зерттеулердің нəтижесіне
қарағанда, 2010 жылы бұл көрсеткіш 53 пайыз, 2011 жылы 60,5 пайыз
болды. Қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері 2010 жылы 19 пайыз бол-
са, 2011 жылы 21 пайызды құрады. Мемлекеттік органдардың жалпы құ-
жат айналымындағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 2010
жылы 90 пайыз болса, 2011 жылы 95 пайызға жетті.
Бірақ іс жүзінде өмірлік тұрмыс-тіршіліктегі тілдік қарым-қатынас
түбегейлі мемлекеттік тілде сөйлеп тұр деп айта алмаймыз. Саясатта-
нушылардың пайымдауынша, көпұлтты мемлекеттің құрамындағы орыс
этносы азайғанымен, өзбек, ұйғыр ұлтының демографиялық динамикасы
жоғары дамып келе жатқанын да ескеру керек. Байқағанымыздай, еліміз-
дегі өзбек, ұйғыр ұлттарының саны арта түскен. Керісінше орыстар саны
15,3%-ға азайып, 3797,0 мың адамды құрады, немістер – 49,6%-ға аза-
йып, 178,2 мың адамды, украиндар – 39,1%-ға азайып, 333,2 мың адамды,
татарлар – 18,4%-ға азайып, 203,3 мың адамды, басқа этностар – 5,8%-ға
азайып, 714,2 мың адамды құраған көрінеді. Қазіргі уақытта еліміздің
оңтүстік өңірінде өзбек ұлтының күрт өсіп жатқандығы, əр отбасын-
да 7-8 баладан өмірге келіп жатқандығы мəлім. Түркі тілдес халықтар
болғанымен, мемлекеттік тілдің қолданысын таза əдеби тілінде жаңғыр-
та алады дегенге кəміл сенім жоқ.
Демек, қоғамдық ортадағы мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеру үшін
қазақ ұлтының демографиялық динамикасын арттыру керек, қазақтілді
ортаны нығайту үшін мемлекеттік тілді білу міндеттерін күшейту керек.
Əдебиет:
1 www.ipr.kz. Саяси шешімдер институты сайты мəліметтері
2 www.stat.kz Қазақстан Республикасы статистика агенттігі сайты
3 www .taldau.stat.kz Ақпараттық-талдамалық жүйе сайты мəліметтері
4 www mki.gov.kz Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт
министрлігінің сайты
5 www catalog.kazakh.ru. Статистика сайтов Казнета
6 Рахметова А. Қазақ тіліндегі интернет сайттардың қарымы қа-
лай? //www serke.org ақпараттық-сараптамалық сайт
7 ABCnet латын əліпбиін дамыту порталы
8 Ақболат Д.Е. Қазақстан Республикасының саяси тұрақтылығын
қамтамасыз етудегі мемлекеттік тілдің рөлі // www rusnauka.com
9 www z001.kz М.Сызыкназаров Институт казахского языка
10 Жоямергенқызы Н. Какой язык в Казахстане государственный? //
www altyn-orda.kz/
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 117
11 Новые стандарты в образовании вызвали споры в Парламенте //
www khabar.kz
12 Əмірбекұлы С. Мемлекеттік тілді дамытуда ассамблеяның орны
қандай болуы керек? //www aikyn.kz 11 www qazaq-found.kz (мемлекет-
тік тілді дамыту қоры)
13 Көшім Д. «Болашақтың» балалары мемлекеттік тілге неге
шорқақ?
14 Қарабаева Х. Мықты елдер алдымен тілін мойындатады. Айқын,
2014, 27 ақпан.
15 azattyq.org Ұшақта басталған жанжал тіл мəселесіне ұласты
16 Жүсіп Қ. 14 жылда тіл үйрене алмаған шенеунік 4-5 жылда мемле-
кеттік тілді меңгере алар ма екен? Заң газеті 2011. 9 ақпан.
17 baq.kz Мемлекеттік тілдің бітпейтін жыры
18 Халмұрадов Р. Мемлекеттік тіл мен мемлекеттік мүдде - бізді бірік-
тіреді. Айқын, 2011, 19 қаңтар
19 Дəулет Асаубай. Билік қазақ баспасөзінің бағын байлап отыр.
Абай.кz cайты
20 Айталы А. Тіл білмейтін адамдарға қазақ тілін толық үйрену үшін
1450 жыл керек екен // Namus.kz сайты
21 Азаттық радиосы. «Мемлекеттік тіл» мəртебесіне лайық бола ал-
маған қазақ тілі. 2009. 22.09.
22 Хенрык Янковски. Қазақ тілінің күнделікті тұрмыстағы жағдайы
– сорлы деңгейде // Алаш айнасы. Республикалық қоғамдық-саяси пор-
тал. 2009 жыл 12 тамыз.
23 Асанқызы О. Қазақша сөйлеу, қазақша ойлаудан. // Егемен Қа-
зақстан, 2014 жыл 28 қаңтар.
24 Осман А. Қазақтың наны жеген адам тілін де үйренсін! // Namus.
kz сайты
25 Азаттық Радиосы, 2011, 6 қаңтар.
26 Оңғарова М. Қазақ тілінде сөйлеу сəнге айналса// Massaget.kz сай-
ты. 2013 ж., 26 қаңтар.
27 Керімбек Ф. Ана тілің алпыс тілге татиды. // Massaget.kz сайты.
2014 ж., 5 қаңтар.
28 Ана тіліміз үшін күрес немесе көзбояушылық // Massaget.kz сайты.
2013 ж., 28 ақпан.
29 Тіл мəдениеті. Massaget.kz сайты. 2013 ж., 28 сəуір.
2.4 Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен
дамуы
Тіл – бұл бірегей құбылыс, халықтың баға жетпес игілігі, сонымен қа-
тар бұл белгілі бір социумның барлық коммуникативтік қажеттіліктерін
жан-жақты қызметінде, соның ішінде жарнама қызметін де орындай-
118 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тын əлеуметтік құбылыс. Жарнама, жалпы айтқанда, «сауданың қозғалт-
қышы», нарықтық экономиканың негізгі тетігі болып табылады.
Жарнаманың өзі эстетикалық жəне мəдениеттік мазмұнды болады, со-
нымен қатар тек сауда мен қызмет көрсетудің қозғалтқыш факторы ғана
емес, сондай-ақ тіл дамуының да көрсеткіші, жаңа сөздер мен сөйлем-
дерді енгізудің құралы. Жалпыға мəлім, сөйлеу – экономикалық, тарихи,
əлеуметтік, саяси жəне т.б. көптеген факторлардың əсерінен өзгеретін
жанды құбылыс. Осылайша жарнама, ең бірінші, мемлекеттің экономи-
калық дамуының факторы бола отырып, адамға, оның сөйлеу əрекетіне
əрі тіл қолдану формасына, содан кейін жарнамада берілген ақпараттың
көмегімен тілдің дамуына тиімді əсер етеді.
Мемлекеттік тілдің жарнама қызметінде қолданылу мəселесін қарас-
тырғанда жарнама мəтіндерінің ақпараттық-коммуникативтік қызметін
зерттеудің аса маңыздылығын атап өтпеу мүмкін емес. Мəселен, Қа-
зақстан Республикасы «Жарнама туралы» заңында мынадай анықтама
берілген: «Жарнама - адамдардың белгiленбеген топтарына арналған
əрi жеке, заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, қызмет көр-
сетулерге, жұмыстарға, идеяларға жəне бастамаларға қызығушылық қа-
лыптастыруға немесе қолдауға жəне оларды сатуға жеке немесе заңды
тұлғалар, тауарлар, тауар белгiлерi, қызмет көрсетулер, жұмыстар, идея-
лар жəне бастамалар (жарнамалық ақпарат) туралы кез келген құралдар-
дың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын (орналастырылатын)
ақпарат» [1, 16 б.]. «Жарнама байланыс құралы ретінде социумға қатысы
бойынша қосалқы жүйе болып табылады» деген анықтама да осыны то-
лықтырады [2, 38 б.].
Жарнама қызметі – қандай да бір ортаға жолданған жəне жарнама-
ланған, қалыптасқан немесе қолдау көрсететін нысанның назарын өзі-
не аудартуға жəне оның нарықта дамуына бағытталған кез келген тəсіл
арқылы, кез келген формада жəне ақпараттың кез келген құралын пайда-
лану арқылы тарату мақсатымен жасалатын əрекет.
Е.Е.Медведевтің анықтамасында жарнама мəтіндерінің барлық қыз-
меттері біріктірілген, бұл, біздің ойымызша, біздің ғылыми зерттеу-
леріміздің парадигмасында жарнаманың мазмұнын толық қамтиды:
«Реклама – это разновидность массовой коммуникации, в которой созда-
ются и распространяются информативно-образные, экспрессивно-суггес-
тивные тексты однонаправленного и неличного характера, оплаченные
идентифицированным рекламодателем и адресованные им аудитории с
целью побудить ее к нужным рекламодателю выбору и поступку» [3, 20
б.].
Б.Хасанұлы мемлекеттік тілді дамытудың қажеттілігін басты назарда
ұстай отырып: «Қазақстан ХХІ ғасырға зерттеу нысаны Қазақстандағы
тіл саясаты мен тілдік жағдаяты жəне мемлекеттік тіл мен басқа да тіл-
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 119
дердің əлеуметтік қызметі болып табылатын əлеуметтік лингвистикамен
енді», – дейді өз сөзінде [4, 203 б.]. Автордың көрсетуінше, «қазақ тілі
қоғамның 15 негізгі жəне 57 қосымша салаларында (қосымша салаларда)
қолданылады», ал жарнама қоғамда тілдің қолданылатын бір қосымша
саласы болғандықтан жəне қоғамдағы үлкен сұранысқа ие əлеуметтік құ-
былыс ретінде ондағы мемлекеттік тіл қызметінің даму деңгейлері мен
түрлерін қарастырудың қажеттілігі пісіп жетіледі [5, 11 б.].
Диаграммада мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуының кейбір
салалары көрсетілген.
1-сурет. Кейбір салалардағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен
дамуының диаграммасы
Жарнама барлығын тегіс қамтитын жəне барлық жерге енетін құбылыс
болып табылады (С.А.Асанбаева, И.Я.Рожков, Е.Медведева), осы көзқа-
расты ұстана отырып, біз осы зерттеуімізде қазақ тілінің мемлекеттік тіл
ретінде қолданылуы мен дамуының факторы ретіндегі жарнаманың мүм-
кіндіктерін ашқымыз келді. С.А.Асанбаеваның мына пікірімен келіспесе
болмайды: «Жарнама тілі халық арасында кең тараған тіл болуы шарт,
əйтпесе бейтаныс тілде жарияланған жарнама əлеуметтік тұрғыдан та-
нымал болмауына байланысты иесін таппас жүйесіз сөз болып қалмақ»
[5, 11 б.]. Жалпы алғанда жарнама бұқаралық байланыс саласының ішін-
де бекітілген, мемлекетте мемлекеттік тілдің орыс тілінен басым қолда-
нылуы ретінде оның қалыптасуы мен жай-күйі қадағаланатын жəрдем
көздерінің бірі болуы ықтимал.
Аударма мəселесі, жарнаманың қазақ тілінде қызмет етуі туралы со-
нау 90 жылдардан бастап публицистикалық жəне ғылыми мақалалар-
да жазылды. Көптеген мақалаларда (Б.Қыдырбекұлы (1952), Т.Тілеге-
нов (1971), А.Бақыбаев (1975), М.Қойшығұлов (1986), Д.Қожамбетов
120 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
(1989), С.Асылбеков (1989) ұйымдар мен мекемелердің маңдайшала-
рындағы жазулардың стилистикалық, орфографиялық, грамматикалық
қателері туралы мəселелер қарастырылды. Олардың ішінде Ж.Сахиев
(1989), С.Мұхтаров (1989), Б.Қалиевтер (1985) қазақ тілінде жарнаманың
жоқтығын сөз етті. Осылайша қазақ лингвистері тəуелсіздік алғанға де-
йінгі кезеңнің өзінде қазақ тілінің жарнамада қолданылуы мен дамуына
мүдделілік танытты.
Елдегі саяси жəне экономикалық жағдайдың өзгеруімен, теледи-
дар мен киноның маңыздылығының өсуімен жарнама саласы қоғамда
аса маңызды рөл атқара бастады. Кеңес дəуірінде (1981) жарнаманың
нысаны болғандар: өнеркəсіп бұйымдары, азық-түліктер, кітаптар, өнер-
кəсіп көрмелері, тұрмыстық қызметтер, мəдениет, спорт жəне туризм
саласы. Егемендігін алған Қазақстан басқа одақтас елдер сияқты əлемдік
экономикаға қарқынды қосылды. Алғашқы онжылдықта əлемдік жəне
шағын шетелдік компаниялармен тығыз байланыс орнату шетел компания-
ларының қызметтерінің, тауарларының кең таралуына əкелді, жəне бұл өз
кезегінде жарнама компанияларында көрініс тауып, кеңінен етек жайды.
Кеңестік кезеңдегі көбіне орыс тілінде берілген қолжетімді əрі қарапайым,
шала ұранды жарнамалар, көрінісі жəне əсер ету тəсілдері əртүрлі болып
келген шетел компанияларының жарнамасымен алмасты.
Жарнама қызметінің дамуы жарнама тілін ғылыми деңгейде зерттеу-
ге əкелді: Д.Б.Досжанованың магистрлік жұмысы, С.А.Асанбаеваның,
Г.А.Сұлтанбекованың, С.В.Мясиченко, М.М.Увайсованың кандидаттық
диссертациялары жəне т.б. жарнама мəтініндегі қазақ тілінің қолданылу
мəселесі мен келешегі қарастырылды [6].
Қазақстан Республикасындағы жарнама қызметінің дамуын шартты
түрде төрт кезеңге бөлуге болады:
I кезең (1990-1995 жылдар арасы) нарықтың түрлі шетел тауарлары-
ның толығуымен, сондай-ақ жарнама мəтіндері алдымен орталық теле-
арналар арқылы, сосын жергілікті арналар арқылы таралатын тəуелсіз
(жеке жəне мемлекеттік емес) жəне орталық телеарналардың: КТК, «Тан-
plus» (1991 ж.) телеарналарының; «Радио-макс», «Радио - РИК» (1992 ж.),
басылымдардың, радиостанциялардың ашылуымен байланысты болды.
С.А.Асанбаеваның пікірінше, тəуелсіздік алғаннан кейін бес жыл ішінде
Қазақстан үшін жаңа түр – саяси жарнама мен РR компания дами баста-
ды. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшелігі орыстілді жарнамалардың (Uppy,
Invite:«Просто залей водой!!!», тез ерігіш шырындардың жарнамасы,
1994-95 жж.) қолданылуы болып табылады; жарнамада кейбір коммерция-
лық құрылымдар шетелдік атрибуттармен қолданылды: «Торговый дом
BUTYA», «Anuarshop», «RaimbekFood», «BusinessDosLTD» жəне т.б.
ІІ кезең (1995 – 2000 жылдар арасы) отандық жарнаманың дамуымен,
түрлі жарнама агенттіктерінің ашылуымен сипатталады. Бұл кезеңде тіпті
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 121
қазақтілді газеттерде («Егемен Қазақстан», «Алматы ақшамы») жарнама
мəтіндері орыс тілінде жарияланды, жарнаманың тек 5% қазақ тілінде
шығарылды. Жарнама мəтіндерінде қазақ тілі қолданыла бастағанымен,
жарнама тілі ретінде толыққанды даму қажеттіліктеріне жауап бермеді,
өйткені мəтіндерде қазақ тілінің тілдік нормасына сай келмейтін орфо-
графиялық, грамматикалық, стилистикалық қателер болды. Аударма сала-
сында лингвист ғалымдар жарнама мəтіндерін сəйкесінше аудармай, тіпті
сөзбе-сөз аудару үрдісін көрсетті, бұл өз кезегінде мəтін мазмұнының
бұрмалануына, тілдің шұбарлануына алып келді. Мысалы, «Мой Алтын
как гранит, крепко денежки хранит» – «Алтыным ақшаны сенімді сақтай-
ды», зерттеудің авторы өз нұсқасын ұсынады: «Алтыным менің үмітімізді
ақтайды, ақшаңызды шашу шығармай сақтайды» [7, 74 б.]; «Идешь... и
молчишь?» – «Жүріп келе жатсың... үндемейсің?»; «Расти здоровым с Не-
стле!» – «Нестлемен бірге сау болып өс!» [7, 83 б.] жəне т.б.
1995 жылы Конституцияның, 1997 жылы «Қазақстан Республикасы
Тілдер туралы» заңының қабылдануымен, Қазақстан аумағындағы қазақ
тілінің рөлі артты, соңғы заңның бабында: «... хабарландыру, жарнама,
маңдайшалар мемлекеттік тілде жарияланады» делінуі қазақ тіліндегі
жарнама санының өсуіне ықпал етті. Сол кезеңде жарнаманы зерттеуші
ғалымдар Қазақстандағы қазақтілді, орыстілді жəне ағылшынтілді жар-
наманың арақатынас санының өзгергенін көрсетті: 1999 жылы жарнама-
лардың 60% орыс тілінде, 30% – қазақтілді жарнама жəне 10 % – шет
тілінде жарияланған [7, 8 б.]. Мəліметтерді диаграммамен көрсетейік:
2-сурет. Қазақ, орыс жəне ағыл- 3-сурет Қазақ, орыс жəне ағыл-
шын тілдеріндегі жарнамалар шын тілдеріндегі жарнамалар
арақатынасының диаграммасы арақатынасының диаграммасы
(1990-1995 жж.) (1996-2000 жж.)
122 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
III кезеңде (2000-2008 жылдар арасы) жарнама қызметтерінің то-
лыққанды нарығы қалыптасты, жарнаманың түрлері кеңейді (теледидар-
дағы жарнама, радиожарнама, ғаламтор, көліктегі жарнама, телеқондыр-
ғы мен тақтайлар, пакеттер, флаерлер жəне т.б.), агенттіктер өз жарна-
маларын шығара бастады, медиажоспарлаумен айналысты, Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаев қол қойған 2003 жылдың 19
желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы Жарнама туралы»
№508-II заңын қабылдаумен жарнаманы қолдану, тарату, орналастыру
жəне шығару үдерістерінде туындайтын қарым-қатынас реттеле баста-
ды.
Егемендік алғаннан отыз жылдан кейін профессор Б.Хасанұлы бы-
лай дейді: «Қазақстанның лингвистикалық тарихы орыс тілімен күре-
сті білмейді, бірақ ана тілінің дамуы үшін жəне бүгінгі күні өз ұлтының
тілін қорлайтындармен жəне оның біртілділіктегі тең құқылы мəртебесін
сақтау үшін күресі жалғасып келеді». Б.Хасанұлы көрсеткен жарнама қыз-
метіндегі мемлекеттік тілдің орыс тілімен «қызмет үшін күресі», əсіре-
се «Жарнама туралы» заңның қабылдауынан кейін көрініс таба бастады.
Өйткені аталмыш заңның 6-бабының 2-ші тармағында жарнама «мемле-
кеттік (қазақ тілі) жəне орыс тілдерінде таралады», бірақ БАҚ-та жарна-
маның 50% қазақ тілінде жүзеге асады делінген [4, 17 б.]. Бұл мəселені
мемлекеттік тұрғыдан реттеу алғашында оны асқындыруға алып келді,
қазақ тілінің қызметтік ерекшелігіне мүлдем сай келмейтін калькалы ау-
дармалар қаптап кетті.
Орфографиялық қателердің көптігі, сөздердің құрылымдық байланыс-
сыздығы, лексикалық бірліктерді орынсыз қолдану – барлығы ғылыми
ортада да, қоғамдық ортада да наразылықтың пайда болуына себеп бол-
ды. Сансыз ғылыми жəне публицистикалық мақалалар осы мəселе жа-
йында, аударма мəтіндерінің сəйкес келуі мен сəйкес келмеуі туралы ай-
тып жатты. Сонымен қатар жарнамада жаңа терминдер қолданыла баста-
ды: саптыаяқ – кружка, далап – помада, опа – пудра, əмиян – кошалек
жəне т.б. (телевизиялық жарнама, 2007). Ежелгі ойшылдар айтқандай,
«Бəрі де өткінші», мемлекеттік тіл де жарнама қызметі саласында өзінің
қолданылу мен даму жолын өткерді. Қазір бұл сөздер «Орифлейм»,
«АVОN», «Фаберлик», «Мэри кей» жəне т.б. заманауи косметикалық
фирмалардың каталогінде сияқты, реципиенттің сөздерінде де кең қол-
данысқа ие. Міне, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуына жарна-
маның жанама əсері осындай болды.
V кезеңде (2009 жылдан – қазіргі күнге дейін) жарнама саласында
мемлекеттік тілдің қолданылу қатынасында қолға алынған іс-шаралар
үлкен қалаларда жағдайды айтарлықтай жақсартты, орталық телерадио-
компанияларда қазақтілді жарнаманың берілуіндегі теңдігінің сақталуы-
на ықпал етуде.
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 123
2003 жыл мен 2008 жыл аралығындағы жарнамалар тілін талдау-
дың нəтижесіне қарасақ (Астана жəне Алматы қалалары бойынша), Қа-
зақстандағы орыстілді, қазақтілді жəне ағылшынтілді жарнамалардың
өзара сандық арақатынасы мынаны көрсетеді: 40% – қазақ тілін, 50%
орыс тілін жəне 10% ағылшын тілін құрады. Одан бергі бес жылда арақа-
тынас мынадай болды: 50 % – қазақ тіліндегі жарнамалар, 35 % – орыс
тілінде жəне 15% – шет тілінде.
4-сурет. Қазақ, орыс жəне 5 -сурет. Қазақ, орыс жəне
ағылшын тілдеріндегі жарна- ағылшын тілдеріндегі жарна-
малардың арақатынасының малардың арақатынасының
диаграммасы (2003-2008 жж.) диаграммасы (2009- 2013 жж.)
Жарнама қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылу динамикасы гра-
фикалық түрде мынадай болады:
6-сурет. Жарнама қызметіндегі мемлекеттік тілдің қолданылуы-
ның динамикалық көрсеткіші
124 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Республиканың қалыптасуы кезінде мемлекеттік тілге толығымен
көшу жөнінде айтуға мүмкіндік болмады, сондықтан барлық салаларда
орыс тілі қолданылды. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы
Президентінің №3186 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының
тіл саясаты тұжырымдамасында» мемлекеттік тілдің рөлі анықталды.
Онда мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары мен қарым-қатынаста
мемлекеттік тілді қолдану міндетті болып саналады.
Қажетті тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында мемлекеттік арна-
ларда басқа тілдердегі бағдарламалар көлемі мемлекеттік тілде берілетін
бағдарламалар көлемінен аспауы керек. Сонымен қатар мемлекеттік тіл
ұйымдардың атаулары жазылғанда, оларды басып шығарғанда жəне мөр-
таңбаларда, сондай-ақ маңдайша, бланк, хабарландыруларда, затбелгі
жəне көрнекі ақпараттарда міндетті түрде қолданылады. Бұл норматив-
тер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған
№151-I, 2004 жылғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан
Республикасы тіл туралы» №13-III заңында көрініс тапты. Сонымен қа-
тар Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанда №550
Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айтылды.
2000 жылы 144 телевизиялық арна екі тілде хабар таратты, бірақ, не-
гізінде, заңнамалық актілер белгілеп берген мемлекеттік жəне басқа тіл-
дерде жарнама тарату уақытының теңгерімі көп жағдайда əлі де сақтал-
май келеді.
«Жарнама туралы» заңның талабына сəйкес, орыстілді мəтіндер жа-
нына қазақ тілі де бекітілді. Соңғы уақытта мемлекеттік тілдің мəрте-
бесін нығайтуға байланысты қазақ тіліндегі мəтіндерді алдыңғы орынға
қоюды, ал кейде басқа тілдерге қарағанда мемлекеттік тілдегі мəтінді үл-
кен қаріптермен беруді қолға алуда.
Жарнама жасаудағы тəжірибені жинақтау осы бағыттағы мамандарды
даярлаудың, жарнама бюроларын жасаудың, психологиялық, лингвисти-
калық, салыстырмалы жəне мəдениетаралық аспектілерді үйренудің қа-
жеттілігіне алып келді.
2004 жылдың қаңтарынан бастап қазақтілді жарнамалар тек мем-
лекеттік қана емес, коммерциялық арналардан да жиі естілетін болды.
Егер алғашқы жарнама мəтіндерін қазіргі Хабар, КТК, НТК, Еуразия,
Қазақстан жəне т.б. арналардағы мəтіндермен салыстырсақ, онда қазақ
тіліндегі жарнама индустриясы дұрыс бағытта жəне қарқынды дамып
келеді деп айтуға болады.
Бұл Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі инсти-
тутымен тығыз байланыс жасап, жарнама мəтіндерінің сапасын бақылап
отыратын жарнама бюросы сияқты үйлестіру органдарының пайда бо-
луы əбден орынды. Астанада жарнама қызметін үйлестіретін жəне бақы-
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 125
лайтын орган қала əкімшілігі болып табылады, оның арнайы бөлімі қала
билбордтарында берілетін жарнамаларды сүзгіден өткізіп, редакция-
лайды.
Қазіргі Қазақстанның жарнама нарығы біртекті еместігімен сипат-
талады, жарнамаға төлем қабілеті бар ірі орталық қалалардағы (Астана,
Алматы жəне т.б.) жарнамаға қарағанда ауылдық аудандарда жарнама
ісінің жетілмеуі байқалады. Оған себеп – қала мен ауыл арасындағы қаты-
настардың айырмашылығы, бірақ соған қарамастан жарнама сапасының
өсуі, қазақ тіліндегі патриоттық жəне əлеуметтік лозунгтер, плакаттар,
радио- жəне тележарнамалардың кең таралымдылығы арқылы аудандық
орталықтарының жарнама қызметін заманауи техникалық құралдармен
жабдықтауы жəне жарнама əлеміне еліктіруі байқалады. Жарнама қыз-
метінің реттелуіне біртіндеп мемлекеттік жəне қоғамдық институттар
белсенді түрде қосылып келеді.
Жарнаманы зерттеушілердің көпшілігінің пікірінше, жарнама тілі
тұрғындардың арасында кең таралған тіл болуы керек, өйткені əлеумет-
тік көзқарас тұрғысынан түсінуге қиын жарнама тілінің əсер етуші күші
болмайды. Ол үшін мынадай факторлар: жарнаманың тілі мен стилі тү-
сінікті əрі қысқа, көпшілікке қолжетімді, бейнелі болуы ескерілуі керек.
«...Қазақстанда соңғы жылдары қазақ тілі тілдік орта ретінде қалып-
тасып келеді. Яғни адамның естіп-тыңдау, көру, байқау арқылы қалыптас-
қан (бұқаралық ақпарат құралдары, жарнамалық мəтіндер, айналадағы
адам тобының қазақ тілінде сөйлеуі жəне т.б.) тілдік орта бар (орыс тіліне
де қатысты тілдік орта бар екендігін атап өтеміз)» [8, 60 б.]. Өз кезегінде,
ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, жарнама жеке бөлек тұратын
(жарнама қалқандары, көше хабарландырулары жəне т.б.) «тілдік орта»
(«языковая среда») ұғымының құрамдас қатарларын көрсетуге болады.
Тілдік ресімдеу жағынан жарнаманың өз ерекшеліктері бар:
1. Жарнама тілі мəнді, бай, əсерлі болуы керек.
2. Жарнама тілінің сөздік қоры əркез жаңа терминдермен жəне уақыт
талабына сəйкес сөздермен толығып отыру керек, өйткені əлеуметтік
өмірдегі өзгерістер: өнеркəсіп, ауылшаруашылығы, ғылым мен техни-
ка, өнер жəне мəдениет тілдің лексикалық құрамындағы өзгеріске қатты
əсер етеді.
Тілдің дамуы барысында кейбір сөздер тек өз саласында ғана емес, кең
қолданысқа ие болады, кейбір жағдайларда сөз мағынасының тарылуы,
тілдің қолданылу жиілігінің төмендеуі байқалады. Сөздердің жəне сөз
тіркестерінің көнеленуі де лингвистикалық ғылымда белгілі.
Соңғы он жылда жарнама тілінің сөздік қорының көбеюінде тұрақты
үрдіс байқалады. Мəселен, көптеген реципиенттерге түсінікті жəне қол-
данылатын сөздер: құқ, салым, егеменді, жалгер, жалға беремін, делдал,
сатамын, құжат, көшірме, қожалық, тауар, ханым, мырза, кешен т.б.
126 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Жарнама тілінде кірме сөздер кездеседі, олардың басым көпшілігі
орыс тілінен не орыс тілі арқылы енген сөздерден тұрады, мысалы: диск,
диджей, ксерокс, займ, заемщик, кредит, брутальный, лицензия, акция,
биржа жəне т.б.
Мұндай сөздердің жиі қолданылатын саласы – техника жəне ғылым
жарнамасының саласы. Аталған жəне аталмаған сөздердің көпшілігінің
қазақ тілінде баламалары бар, мысалы: спонсор – демеуші, брокер – дел-
дал, капитал – қыржы, кредит – несие, компания – серіктестік (2004-2006
жж) – компания (қазір), фонд – қор, дилер – өкіл.
Жоғарыда келтірілген мысалдардағы «серіктестік» сөзі уақыт өте
транслитерация түрінде пайдаланылып, «партнерство» сөзінің баламасы
ретінде пайдаланыла бастағанын көреміз. Осылайша Қазақстан Респуб-
ликасы сияқты егеменді ел үшін жарнама тілінің дамуы, ондағы лингвис-
тикалық құбылыстарды зерттеу ерекше əлеуметтік рөлге ие.
2000-2006 жылдары ғалымдар лексикалық норма ретінде көрсеткен
терминдер мен қазіргі күнде сөйлеу дағдысымен қолданылып жүрген
түрін салыстырайық. Мысалы, ғалымдар ұсынған жəне БАҚ-та қолданы-
латын сөздердің екеуінен өміршең сөздер мыналар: дача – саяжай (жай-
лаужай емес); гостиница – қонақүй (қонақхана емес); запчасти – қосалқы
бөлшектер (босалқы бөлшектер емес); музыкальный центр – музыкалық
кешен (сазды орталық емес); жаңа түрге ие болған сөздер: юридические
лица – заңды тұлғалар; барлық жерде қолданылатын жаңа терминдер:
көтерме сауда, бөлшектеп сату, сөйлесу пункті, зубной налет – тіс дағы,
кариес – тісжегі, ұялы телефон, автогонщик – автоозаткер, курьер – ша-
барман, ксерокс – көшірме, спальные – жатын бөлме, бірақ қолдануға
кірмеген сөздер де болды: упаковка – орапжайнату, карточка – озық.
Осылармен бірге қазіргі кездегі жаңа нұсқадағы тіркестер мен тер-
миндердің пайда болуын да еркерген жөн. Мысалы: индивидуальный за-
каз – жеке тапсырыс, аренда – жалға беремін (беріледі), упаковка – қорап,
қаптама, орама, коллекция – топтама, спутниковый – ғарыштық, евро-
ремонт – еурожөндеу, ламинирование – қаптау, конфигурация – нұсқа,
брелок – салпыншақ, зажигалка – оттық, термокружка – термосаптыаяқ,
моментальный приз – лездік жүлде, элита – бақуатты қауым, дистрибью-
тер – ресми таратушы, взнос – төлем, успешный – жеңімпаз, экспресс
обслуживание – жылдам қызмет көрсету, лидер – көшбасшы, аксессуары
– керек-жарақ, под ключ – пайдалануға дайын, жарна – пай, подробности
– егжей-тегжейлі.
Орыс тілінде берілген бір сөздің қазақ тілінде айтылуы үшін түрлі тіл-
дік бірліктердің нұсқаларын қолдану жиі кездеседі: на все 100 – тап-та-
за, мүлде қайызғақсыз, 100 пайызға; правильный выбор – дұрыс шешім,
дұрыс таңдау, оң шешім; яркий – айшық, жарқын, əсем; настоящий – за-
манға сай, нағыз, қазіргі уақытпен.
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 127
Соңғы жылдарда мəтін лингвистикасы – қазіргі тіл білімінің ең өзек-
ті бағыты, мұнда мəтін категориясы, мəтін жасау жəне түрлі мəтін тип-
терінің қолданылуы зерттеледі. Өз кезегінде, біз зерттеуімізді Қазақстан
Республикасындағы қазақтілді жарнама мəтіндерінің қолданылуы мен
дамуына арнадық, бұл қазақ тілінің мемлекеттік тіл дəрежесін нығайтуға
байланысты қажетті болып табылады. С.А.Асанбаева жарнама қызметін-
де қазақ тілінің қолданылуындағы өзінің негізгі орнын: «қазақ тілінің
жарнама стилін қалыптастыруды» басшылыққа алады, ал бұл қазақ
тілінің жалпы дамуында өте маңызды [5, 9 б.].
Қазақстан Республикасындағы жарнама мəтіндерінің бірегейлігі
олардың орыс тілінде де, қазақ тілінде де, сирегірек ағылшын тілінде
де бірдей жасалуында. Бұл жағдайда тек тілдердің біреуінде ғана емес,
көбінесе екі тілде жүреді. Төменде сауалнаманың «Сіздің қалаңызда қай
тілде жарнама көп?» деген сұрағына жауап бергендердің жауаптарының
диаграммасы берілген.
7-сурет. Сауалнамаға жауап берушілердің жауаптарының диа-
граммасы
Қазақстандағы тілдік ахуалы қоғамдық қызмет ауқымы кең екі тіл-
дің, қазақ жəне орыс тілдерінің қолданылуының негізінде сипаттала-
тынын айтқан болатынбыз. Республиканың ірі қалаларында елбасы
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың тілдік саясатына байланысты жар-
нама үш тілде де беріледі (2007 ж.). Осылайша, қоғамның барлық са-
лаларында ағылшын тілінің маңызы артты, бұл жарнама мəтіндерінде
ағылшын тіліндегі сөздерді көп қолдануға ықпал етті: «Live`s good!»,
«PATHWORD», «Flexy», «Bravo», «L`Amure collection», «Touching
tomorrow», «Pattric Hellman collection», кейбірі қазақ тіліндегі мəтін-
дермен қатар жүрді: «Live`s good!» – «Өмір деген керемет!», «Touching
128 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
tomorrow» – «Ертеңге ұмытылыс», «It`s my life» – «Бұл – менің өмірім»,
«The World local bank – Əлемдік жергілікті банк», «Made for you – Сіз-
ге арнап жасалған», «Baised of Experiense. Raising the time – Тəжірибеге
сүйеніп. Уақыттан оза жүріп», «A modern piece of Art – Тұнып тұрған
кемелдік» жəне т.б.
Үштілді жарнама мəтіндері де кездеседі: «Original and Glashute» –
«Біздің үздік екі дəлеліміз» – «Два наших лучших аргумента» (Glashute
сағаты, Төле би – Желтоқсан көшесі), «Let’s fly together» – «Бірге ұша-
йық!» – «Давайте летать вместе» («Аir-Astana», Алматы қаласының əуе-
жайы), «Drive your way!» – «Өз жолында жүр!» – «Выбери свой путь!»
(KИA motors, Сүйінбай көшесі), «Welcome Нome» – «Үйіңізге қош кел-
діңіз!» – «Добро пожаловать Домой!».
Демек, Қазақстанда жарнама бір уақытта екі тілді дамытатын фактор
болып табылады. Бірақ дəл қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолда-
нылу аясының кеңею үрдісін ескеру керек, өйткені «Жарнама туралы»
заңның қабылдануымен телеарналарда, радиохабар бойынша, газеттік
хабарламаларда жарнамалардың қазақ тілінде таралуының өсу үрдісі қа-
лыптасты.
Телевизиялық жарнама қазақ тілінің дамуы үшін жаңа жолдарды аша-
ды, өйткені реципиент видеоқатарды көрмей-ақ, дыбысталған мəтінмен
жиі тікелей қақтығысып тұрады. Тілдегі күнде пайдаланылатын дыбыс-
талған мəтіндер арқылы мемлекеттік тілді дамытатын жаңа сөздер, тер-
миндер белсенді түрде енеді.
Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің негізгі базасын жасаушы БАҚ
болып табылады. Қазақстанның қоғамдық өмірінің барлық салаларында
болып жатқан үдерістерді көрсете отырып, БАҚ өзінің түзетулерін енгі-
зеді, бір ойдың маңыздылығын арттырады, басқасын қамтамасыз етеді,
сөйте тұра республикалық жұртшылықты құлақтандырады [9, 60 б.].
Қазақ ұлтының реципиенттерінің мемлекеттік тілді қолдану форма-
сы мен даму деңгейіне қарым-қатынасын анықтау мақсатында жасырын
сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты осы сұрақтағы қоғамдық
пікірді білу еді. Сауалнамаға қатысқандар:
-Қазақ ұлтынан 250 адам;
-Жынысы: ер адамдар – 182; əйелдер – 58; жынысын көрсетпегендер
– 10;
-Жасы: 15-18 – 80; 19-20 – 67; 24-26 – 28; 30-35 – 28; 40-50 – 25; 60 –
22;
-Əлеуметтік орта – қала тұрғындары (Алматы - 35, ШҚО – 11, Атырау
– 10, Орал – 7, Ақтөбе – 12, Тараз – 55, Қызылорда – 12, Алматы облысы
– 60, Шымкент – 48).
Сауалнамада берілген сұрақтар:
1. Жарнаманы қалай қабылдайсыз?
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 129
2. Қай тілдегі жарнаманы көбірек ұнатасыз?
3. Қазақ тіліндегі жарнама керек пе?
4. Сіздің қалаңызда қай тілде жарнама көп?
5. Сіздің түсінігіңізде, жарнама – бұл ...
6. Сіздің қалаңыздағы, аймағыңыздағы жарнамада қателер көп пе?
«Жарнаманы қалай қабылдайсыз?» деген бірінші сұраққа 111 сұхбат-
кер (сауалнамаға жауап беруші) «көңілді» деп оң жауап берсе, 44 – маза-
сыз, 26 – керек емес, 19 – өмірде маңызды деп көрсетті. Сұхбаткерлердің
көпшілігі 15 жас пен 25 жас аралықтағы жас категориясында болған-
дықтан, жауаптар негізінен жарнама қызметінің көңіл көтеретін жағына
негізделді. Бірақ жоғары буын жарнама туралы «мазасыз», «керек емес»
деген басқаша пікірде болды.
«Қай тілдегі жарнаманы көбірек ұнатасыз?» деген екінші сұраққа жа-
уаптар келесідей болды: орыс тілінде – 51, қазақ тілінде – 105, ағылшын
тілінде – 25, кез келген тілде – 19.
Қазақ тілін басқаларының ішінен белгілеу үрдісі Алматы облысына
жəне Шымкент, Тараз, Қызылорда сияқты қалалардың өкілдеріне тəн.
Бұл сондай-ақ сауалнамада жауап алушылардың басқа облыстардан аз
мөлшерде көрсетілгеніне байланысты болды.
«Қазақ тіліндегі жарнама керек пе?» деген үшінші сұраққа: иə – 198,
жоқ – 27, білмеймін – 18.
Сұхбаткерлердің көпшілігі бұл сұраққа ашумен жауап берді, себебі
бұл, біздің ойымызша, қазақ тіліндегі жарнаманың қолданылуына қоғам-
дық қарым-қатынасты көрсетеді. Бұл сұрақтың жауаптары жастар да (17-
30 жас), одан үлкендер де (40-60) осы тақырыпқа өзінің ана тілі алдын-
дағы жауапкершілігімен келетінін байқатты. Басқа жауаптарға түсіндірме
жасау, біздің ойымызша, артық, өйткені сол сұхбаткерлердің əлеуметтік
жауапкершіліктерінің төмендігін айқындап отыр.
Төртінші «Сіздің қалаңызда қай тілде жарнама көп?» деген сұрақтың
жауаптары келесідей: орыс тілінде – 88, қазақ тілінде – 117, ағылшын
тілінде – 17, үш тілде – 28.
Осылайша, бүгінгі күні 2005-2008 жылдарға қарағанда қазақ тілінде-
гі жарнаманы байқау үрдісін көреміз, өйткені біз жүргізген жарнаманы
зерттеу жұмысы сол кезеңде (2005-2008 жылдары) көпшілік сұхбаткер-
лер қазақ тіліндегі жарнаманы елемегенін көрсетті.
Бесінші сұрақ былай болды: «Сіздің түсінігіңізде, жарнама – бұл ...»,
оған келесі жауаптар алынды: билбордтар мен барлық көше жарнамала-
ры – 69, теле-радиожарнама – 122, барлық түрлері – 59.
Осы сұрақты пайдалана отырып, сұхбаткерлерді жарнаманың қандай
түрі көбірек қызықтыратынын түсінуге тырыстық. Нəтижесінде теле-ра-
дио жарнаманың ең тиімді екенін айқындадық. Сөйтіп, біздіңше, қазақ
тіліндегі жарнаманы əсіресе теле-радио арналары бойынша одан да жіті
130 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тарату қажет, бұл мемлекеттік тілдегі жарнама тілін нəтижелі дамытуға
септігін тигізеді.
«Сіздің қалаңызда, аймағыңызда жарнама қателері көп пе?» деген ал-
тыншы сұраққа сұхбаткерлер былайша жауап қайтарды: көп – 70, көп
емес – 146, білмеймін – 10, кейде кездестіремін – 23, жоқ – 1.
Бұл сұрақты сауалнамаға енгізе отырып, мынадай мақсат қойдық –
қоғам жарнама мəтініндегі қателерге қаншалықты мəн беретінін анықтау.
Көбінде сұхбаткер мəтіндегі қатені көреді немесе аңдаусыз сезінеді, оған
əсерленеді, бірақ сонда да пікірді өз ішінде қалдыратынын анықтадық.
Демек жүргізілген зерттеу бойынша төмендегіні айтуға болады:
•Жарнаманың позитивті түсінігін жастарға əсер етуші құрал ретін-
де қолдануға, əлеуметтік жарнаманың көмегімен жарқын болашақтың
көрінісін құрастыруға, қазақ тіліндегі жарнама арқылы тілге деген оң
көзқарасты дамытуға болады.
•Сұхбаткерлердің ана тіліне жауапкершілігі жəне патриоттық қа-
рым-қатынасы жарнама қызметінің мүмкіндігін көрсетеді.
•Теле-радио жарнаманы қазақ тілін тиімді дамытатын жəне қалыптас-
тыратын құрал ретінде пайдалану.
Сауалнаманың алтыншы сұрағы жарнамаларда қателердің барын
көрсетті. С.Асанбаева, Г.Сұлтанбекова, Т.Тілегенов, М.Қойшығұлов,
Д.Қожамбетов, С.Асылбеков жəне басқалары жарнама мəтіндеріндегі
көптеген лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жəне синтаксистік
қателерді атап көрсетті: «Қазақ тілінде «жарымжан жарнама» деген сөз
тіркесі пайда болды» [6, 3 б.]. Бұндай қателер қазақтілді жарнамаларда
əлі күнге дейін кездеседі. Мысалы:
Орфографиялық: «Пішін шаңында» – «шыңында» болуы керек;
«Сəттілік жанартуын оят!» – «жанартауын», «Қақпаның астынан тап» –
«қақпақтың»;«Əр қорабта касық бар» – «қорапта қасық бар» жəне т.б.
Грамматикалық: «Сіздің талғам пішінің», дұрыс нұсқасы –
«пішініңіз»; «Рахатыңызға ішіңіз», дұрыс нұсқасы – «Рахаттанып ішіңіз»;
«Қайта түрлендіру өнері», дұрыс нұсқасы – «Қайта түрлену өнері»; «Өз
құш-қуат көзін тап» – «күш-қуатыңның» жəне т.б.
Лексикалық: «Жеңіл толқынды жаппа шатыр – Легкий волокнистый
кровельный лист» мəтінінде қолданылған «толқын» сөзінің мағыналары
– «1. Желдің əсерінен теңіз, өзен (егіс, шөп, т.б.) бетінің жал-жал болып
тербелісі, ерсілі-қарсылы шайқалысы; 2. Физикалық ортадағы ауа тер-
белісінің қозғалысы» [10, 640 б.], «волокнистый» сөзі қазақша «талшық»
[11, 116 б.] деп аударылса, нəтижесінде дұрыс нұсқасы шыға келеді:
«Жеңіл талшықты жаппа шатыр».
«Шашты қоректендіреді, қайраттандырады жəне қорғайды» мəтінін-
дегі «қоректендіреді» сөзінің қолданылуы орынсыз, қазақ тілінде бұндай
қолданыс жоқ, ол тек жануарлар мен өсімдіктердің қоректенуіне жатады,
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 131
дұрыс нұсқасы «Шашты нығайтады, қайраттандырады жəне қорғайды»
болады. «Шаш түсуін 2 айда 50% қысқартады» – қазақ тіліндегі «қысқар-
тады» сөзі сол шаштың ұзындығын қысқарту түсінігінде, ал «Шаш тү-
суін 2 айда 50%-ға төмендетеді» дұрыс нұсқасы болып табылады.
Келесі «Толық жəне сəнқой əйелдерге арналған Германия мен Авс-
триядан жаңа жиынтық» мəтінінде «стильная» сөзінің баламасы дұрыс
таңдалмаған. Қазақ тілінде «сəнқой» сөзі «əдемілікке əуес, сəн қуғыш»,
сондай-ақ кейбір жағымсыз бояумен бірге «жылтырағанға құмарлық»
[10, 563 б.] мағынасын білдіреді, – бұл мəтінде стиль жайында айтылған-
дықтан, аталмыш мəтін кейіннен «Сəнді киінетін толық əйелдерге ар-
налған Германия мен Австриядан жиынтық» деп өзгертілді;
«Жас нəрестелерге арналған жинақ», бұл мəтінде «жас» сөзі артық
қолданылған, өйткені жас не кəрі нəрестелер болмайды, осылайша дұрыс
нұсқа – «Нəрестелерге арналған жинақ».
Синтаксистік: «Knayf құрғақ қоспалары жаңа дəрежедегі» – «Жаңа
дəрежедегі Knayf құрғақ қоспалары», «Карта төлемі мерзімінің шектеу-
сіздігі» – «Төлем карта мерзімінің шектеусіздігі», «Есіктер дайын жəне
жеке тапсырыстар» – «Дайын есіктер жəне жеке тапсырыстар», «Жөндеу
– тоңазытқыштарды айырбастау» – «Тоңазытқыштарды жөндеу, айыр-
бастау».
Зерттеу барысында тек сауалнама жүргізіліп қоймады, сонымен қатар
кейбір сұхбаткерлермен тілдескен едік. Жүргізілген əңгіме нəтижесінде
ұлттық ерекшелік бейнеленетін айқын жарнамалар қазақтілді сұхбат-
керлерге қатты əсер ететіні анықталды. Мысалы, «Машақат жүгінен
құтыл» – «адам басына түсетін бейнет, азап, қиыншылық» [10, 455 б.];
«Ментолдың мұнтаздығы» – «мұнтаздай – тап-таза, кіршіксіз» [10, 468
б.]; «Зерігуге ерік берме» – «зеріккендік – іші пісушілік, мезі болушылық,
жалығушылық» [10, 273 б.]; «Саңлақ сыйлық, əрқашан!» – «ауыс. елден
ерекше, озат, шебер» [10, 553 б.]; «Ысталған кальмардың шығыры» (өнім-
де), «шығыр» сөзі өз мағынасында емес, «2. көне. Құдықтан су тартып
шығару үшін жасалған, қолмен бұралатын қарапайым құрал» [10, 747
б.], сол заттың сақиналармен ұқсастығы бойынша қолданылған. «Жаңа
Whiskas-ты мысықтар соңғы қиқымына дейін жейді».
Басқа контексте белігілі сөздерді қолдану арқылы да осындай əсер-
ге жетуге болады: «Бизнес сіздің қалауыңызша»; «Сіздің эксклюзивтік
ақпаратқа кіру ұлықсатыңыз».
Сұхбаткерлер фразеологизмдер, мақал-мəтелдер, қанатты сөздер мен
сөйлемдер қолданылған жарнама мəтіндеріне ерекше көңіл аударады:
«Біз болашағымыздың шаңырағын көтереміз!» мəтінінде «шаңырақ кө-
терді» идиомалық сөзі қолданылған, ол «үй болды, отау тікті» [10, 720 б.]
деген мағынаны білдіреді, ал бұл жағдайда жаңа өмірдің бастауы туралы
ой ашылады.
132 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
«Тоғыз жолдың торабы» – фразеологиялық орамның қолданылуы
жарнама идеясын көрсетіп тұр – қазақстандық реципиенттердің ассоциа-
циясын тудыратын жəне сөйлеу қолданысының жақындығымен көңіл
аудартатын жиһаз дүкені туралы.
«Жақын жердегі сауда үйі» – қазақ халқының кең таралған қарым-қа-
тынасын айқындайтын мəдени шартты сөз тіркесі.
«Асыққан – шайтанның ісі!» – аталмыш ұран қазақстандық реци-
пиенттердің уақытқа қатысын да білдіреді, қазақ ұғымындағы уақыт-
тың ұзақтығы, сонымен қатар асығыстық абайсыз жасалған іс саналып,
уақытқа қатысты қалыптасқан. Жарнама мəтінінде бұл идиомалық сөз
тіркесінің жаңа мағынасы қолданылған – «асығыстық – өлтіреді».
«Су жаңа» АВТО» – ауызекі сөйлеу стиліндегі мəдени шартты бір-
ліктің қолданылуы мүлде жаңа затты білдіріп тұр, «су» сөзінің түсінігіне
негізделген, əрқашан жаңарып тұратын «судай жаңа».
«Өзің туралы жар салудың жарқын əдісі» – «Жар салу. Оповестить,
объявить» фразеологизмі қолданылған [12, 78 б.].
«Сапаның алтын қалабы қолжетерлік бағамен – «Қол жетпес – орын-
далуы қиын, арман болған» [10, 401 б.].
Бұндай мəтіндерге біз келесілерді де жатқызамыз: «Ал сіз осындай
шайдан дəм таттыңыз ба?» «Ақ көңілмен өмір сүр».
«Арманыңды тізгінде – Управляй мечтой», мұнда реалий «тізгінде»
сөзі – «еркіне жібермеу, билік бермеу», яғни жарнама мəтіні көлікті аттың
күшімен, мықты жылқымен жалпыға мəлім салыстыруға құрылған. Бұл
жағдайда қазақстандық реципиенттер үшін тест əсер етеді, өйткені жігіт
үшін атты ерттеу, атқа міну ердің білуі қажетті ептілік пен өз күшінің
куəгері, ең жоғарғы қасиеттерін көрсету болып табылады.
«SULPAK» дүкенінің «Асығыңыздар, келіңіздер, сүйіншісі бар» – (То-
ропитесь, приходите для вас подарки)» деген қызықты радиожарнама-
сындағы сүйінші сөзі мəдени шартты реалий болып табылады, қазақтар
бұрындары оны жақсы жаңалық үшін марапаттауға қолданған. «Сүйінші
– жаңалықты, қуанышты хабарлаушыға берілетін сыйлық, жарылғы» [13,
414 б.]. Аудармашы бұл сөзді реципиентке жарнама мəтінінің əсерін кү-
шейту үшін қолданған, өйткені қазақстандық қолданушыда бұл сөз оң
əсер тудырып, осы «сүйінші» сөзі үшін ол дəл сол өнімді сатып алуға
тырысады.
«Қолың қалт етсе, Кит-Кат жеп ал! – Есть перерыв – съешь Кит-
Кат!» бұл жарнамалық ұранда «Қолың қалт етсе. Қолың сəл босап қал-
са» мəдени шартты идиома қолданылған [13, 287 б.]. Осылайша, дəл сол
«қолың қалт етсе» сөз тіркесі орыс тіліндегі «перерыв» сөзімен ассоциа-
тивті арақатынаста. (Салыстырыңыз: Алматы қаласының аялдамалары-
ның біріндегі «Автобус кешікті ме? Кит-Кат жеп ал! – Нет автобуса?
Съешь Кит-Кат!» деген жарнама мəтінімен салыстырыңыз: қазақстан-
Жарнама саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы 133
дық реципиент үшін оның дəл түсінігіне жақындата түсуші жəне Twix
шоколадының «Үзіліс жаса – Сделай паузу» жарнамалық ұранымен бəсе-
келес бола отырып, өте əсерлі болып келеді).
«Инди» шайының «Үндістанмен жылы жүздесу – Теплое знакомство
с Индией» жарнамасының халықаралық бояуы бар. Қазақтілді нұсқасын-
да «жолығу; кездесу; көзбе-көз сөйлесу» мағынасындағы əдеттегі «жүз-
десу» сөзі пайдаланылған [13, 211 б.] жəне қазақ халқындағы кездесудің
тілдік көрінісінің ұлттық-мəдени ерекшелігін суреттейді. Қазақ тілінің
синонимдер сөздігінен: «Кездесу, жолығу, жүздесу, дидарласу, ұшырасу,
душарласу, табысу, көрісу, кезігу, беттесу, көзігу, қауысу, жолғасу жерг.
Бетпе-бет келіп қарсы кезболу, жүзбе-жүз əңгімелесу, бірін-бірі тауып
алу, жол-жөнекей тап болу» (белгілеген – автор) дегенді кездестіреміз.
Бұл шайды тұтына отырып, біз қосымша үнді мəдениетімен, оның шай
дəстүрлерімен танысамыз.
Республикадағы жарнама ісінің толыққанды дамуына, қазақ тіліндегі
жарнама мəтіндерінің дəрежесі өсуі үшін, біз келесілерді ұсынамыз:
1. БАҚ-тағы қазақтілді жарнамалардың сапасына бақылауды күшей-
ту;
2. Жарнама жəне тіл туралы заңдардың сақталуын қатаң бақылайтын
жарнама қызметінің бірыңғай үйлестіру орталығын жəне бүкіл респуб-
ликада оның филиалдарын құру;
3. Жоғары оқу орындарының сəйкес бөлімдерінде жарнама тілін оқыту;
4. Сəйкес келмейтін, стилистикалық жəне басқа да қателермен дұрыс
ресімделмеген жарнамалардан бас тарту; жарнама туралы заңға сəй-
кесінше толықтырулар енгізу қажеттілігі (қате жарнаманың таралуына
жəне басылып шығуына жарнама агенттіктерінің қабылдамау мүмкіндігі
туралы, сауатсыз, бейəдеп жарнаманың жасалғаны үшін айыппұл санк-
циялары туралы).
Əдебиет:
1 Жарнама туралы: Қазақстан Республикасы Заңының ресми мəтіні. –
О рекламе; Официальный текст Закона Республики Казахстан. –Алматы:
Жеті жарғы, 2004. – 32 б.
2 Волкова В.В. Дизайн рекламы. –М., 1999. – 144 с.
3 Медведева Е. Основы рекламоведения. –М.:«РИП-холдинг», 2004.
– 266 с.
4 Хасанулы Б. Дифференциация общественных функций русского и
казахского языков в Республике Казахстан и изучение российского опыта
развития государственного языка как социальный заказ многоязычного
казахстанского общества // Межкультурная коммуникация и актуальные
проблемы казахской, русской филологии: Материалы Международной
научно-практической конференции, посвященной Году России в Казах-
134 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
стане и 60-летию Казахского государственного женского педагогическо-
го института. – КазГосЖенПИ, 2004. – Т.1. –Алматы. –904 с.
5 Асанбаева С.А. Қазақ жарнамасының тілі: Оқу құралы. –Алматы,
2006. – 27 бет.
6 Асанбаева С.А. Жарнама саласында мемлекеттік тілді қолданудың
өзекті социолингвистикалық мəселелері: оларды шешу жолдары: фил.
ғыл. канд. ... диссертациясы. 10.02.19. –Алматы: əл-Фараби ат. ҚазҰУ,
1999. –150 б.
7 Солтанбекова Г.А. Қазақ жарнамалары: тілдік сипаты жəне олардың
ықпал ету қызметі: фил. ғыл. канд. ... диссертациясы. 10.02.02. –Алматы:
Абай ат. АлМУ, 2001. - 145 б.
8 Қадашева Қ. Қазақ тілі; оқыту əдістемелері, айырым белгілері //
Межкультурная коммуникация и актуальные проблемы казахской, рус-
ской филологии: Материалы Международной научно-практической кон-
ференции, посвященной Году России в Казахстане и 60-летию Казахского
государственного женского педагогического института. – КазГосЖенПИ,
2004. – Т.1. –Алматы. –904 с.
9 Жумагулова В.И. Средства массовой информации и развитие меж-
культурной коммуникации в Казахстане //. Межкультурная коммуника-
ция и актуальные проблемы казахской, русской филологии: Материалы
Международной научно-практической конференции, посвященной Году
России в Казахстане и 60-летию Казахского государственного женского
педагогического института. – КазГосЖенПИ, 2004. – Т.1. –Алматы. –904 с.
10 Қазақ тілінің сөздігі / Жалпы ред. басқарған Т. Жанұзақов. –Алма-
ты: Дайк-Пресс, 1999. – 776 б.
11 Русско-казахский словарь / под ред. Н.Т. Сауранбаева, Г.Г. Мусаба-
ева, Ш.Ш. Сарыбаева, –Алматы: Дайк-Пресс, 2005. –1152 с.
12 Кожахметова Х.К., Жайсакова Р.Е., Кожахметова Ш.О. Казахско-
русский фразеологический словарь. –Алма-Ата: Мектеп, 1988. – 224 с.
13 Бектаев К. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь. –
Алматы: «Алтын Казына», 2001. – 701 с.
2.5 Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қол-
данылуы мен дамуы
Қайта құрудан кейінгі кезеңде Қазақстан мəдениетінің дамуы ұлттық
əдебиет, театр, кино жəне т.б. тарихындағы «ақтаңдақтарды» толтыруға
тырысумен, қазақ халқының рухани өмірін жетілдірудің жаңа жолын із-
деумен сипатталады. Қайта құрудың бастапқы жылдарында бірден пайда
болған нарықтық қарым-қатынас жазушылардың, ақындардың, драма-
тургтердің жəне басқа да мəдениет саласындағы қызметкерлердің еңбек-
терін шығаруға қаржылай қамтамасыз ету жөнінде мəселе қойды. Бұл
мəселелер де түрлі жолдармен біртіндеп шешіле бастады.
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 135
Қазақстан Республикасындағы кітап шығару ісі. Жылдан жылға
қазақ тілінде кітап шығару ісі қарқынды түрде жүре бастады. Республи-
када баспа өнімдерін шығару жəне олардың кітапханаларға тарауы бо-
йынша Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасын-
дағы мəліметтерге қарасақ, оның соңғы жылдарда мемлекеттік тілдегі
əдебиеттермен толыққанын көруге болады. Айталық, Ж.Н.Əлімқұлов
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана қоры туралы жəне республи-
кадағы шығарылған кітаптар туралы мəліметтерді талдай келіп, мынадай
деректер келтіреді: «Егер 1970 жылы шығарылған кітаптар мен кітапша-
лардың, соның ішінде қазақ тіліндегінің жалпы саны 22,3 млн.дана ти-
ражбен 2 022 баспа бірлігін құраса, ал 1990 жылы бұл көрсеткіш 2 575
баспа бірлігіне дейін, ал тираж екі еседен аса көтерілді» [1].
Түрлі тарихи кезеңдерде кітапхана қорының негізін сол уақытта кең
таралған құжаттардың түрлері құрағаны белгілі. Қазақстанның басты
кітапханасы ұлттық кітапхана қоры болып табылады. Ұлттық кітапха-
на қорының қалыптасуына түрлі факторлар ықпал етті: республиканың
қоғамдық-саяси өмірі, баспа үйлердің идеологиялық саясаты, түрлі білім
салалары бойынша мамандарды даярлау. Қорларды жинақтау жəне қайта
жинақтау барысында халық шаруашылығы, ғылым жəне мəдениет ая-
сындағы республиканың жеткен жетістігі туралы баспаларды шығаруға
көңіл бөлінді. Қорларды сапалы толықтыру үшін жинақтау бөлімінің
тақырыптық-типологиялық жоспарына ереже құрылды, онда баспа да-
насы, баспа түрі, оқырман ұсынысы анықталды, Қор мазмұны бойынша
əмбебап жəне кітапхананың жалпы қорының маңызды бөлігінен құрала-
ды. 1970 жылы қазақ тілінде шыққан кітаптар мен кітапшалардың саны
627 баспа бірлігін, 12,7 млн.дана тиражды құраса, 1980 жылы бұл көр-
сеткіш 757 баспа бірлігіне көтерілген, ал 1990 жылы 596 баспа бірлігіне
төмендеді, бірақ соның өзінде тиражы бастапқы қалпын сақтап қалған.
«Қазақстан» жинақтау қорының басты қайнар көздеріне: Қазақстан
туындыларын басатын міндетті даналар; ведомстволық жəне аз тираж-
дық баспалар; одақтық ақылы даналар; «Кеңес баспа» бөлімі баспасы;
жергілікті кітапхана коллекторы мен кітап дүкендерінің кітаптары; қазақ
тіліндегі барлық одақтық кітап палатасынан əдебиеттер жатады.
70-ші жылдардың басында кітапхана жыл сайын қазақ тілінде 6
мыңнан аса кітапханалық бірліктерді, 700-дан аса атауларды, соның
ішінде 35% қоғамдық саяси-əдебиет жəне 30% көркем əдебиет шығарып
отырды. 1973 жылы қазақ тіліндегі əдебиет қоры 97 мың данаға есеп-
телді. Қазақстан аумағында жарыққа шыққан өлкетану əдебиеті негізгі
қор үшін 5-10 данадан жəне 3-8 данасы ішкі одақтық жəне халықаралық
кітап алмасуға тиесілі болды.
Қазақ тіліндегі қордың қалыптасуына мерзімді басылымдар (жур-
налдар жəне басқа да мерзімді басылымдар, үнемі жарияланып тұратын
136 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
жинақтар мен бюллетеньдерді қосқанда) үлес қосады, бұлар қорды тол-
тырудың маңызды қайнар көздердің бірі ретінде танылады. 1970 жылы
республикада қазақ тілінде 24 басылым шығарылса, 1990 жылы оның
саны 34-ке дейін жетті.
Журнал қорының құрамында қоғамдық-саяси сипаттағы жəне көркем-
əдеби журналдар басым болды. Баспа тілдері бойынша журналдардың
пайыздық арақатынасы мынадай болды: 45,3% – қазақ тілінде, 54,7% –
орыс тілінде. Тіл білімі мен əдебиеттануды қоспағанда, журналдардың
қорын жинақтау сұранысқа сəйкес келді.
1970 жылы қазақ тіліндегі газеттердің шығарылуы 355 басылымды,
1980 жылы – 161, 1990 жылы 197 басылымды құрады. Сөйтіп жиырма
жыл ішінде газеттердің шығарылуы 58 басылымға қысқартылды» [1].
Қазақстанда əдебиеттердің шығарылуын талдау Ұлттық мемлекеттік
кітап палатасымен бірлесіп, ұдайы өткізіліп тұрады. Соның негізінде
соңғы жылдарда нарықтық қарым-қатынас кезеңіндегі кітап шығарудың
өзекті мəселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жасалады. Нəтиже-
сінде кітап өнімін шығарудың баспа тілі бойынша мəліметтер мынаны
көрсетеді: 2008 жылғы қазақтілді басылымдардың үлесі 1991 жылмен
салыстырғанда атау бойынша 50% өскен, ал орыстілді басылымдар сəй-
кесінше 40%-дан 29%-ға төмендеген [1].
1-кесте. Тілдер бойынша кітаптар мен кітапшалардың шығарылуы Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 137
(1991-2009).
Жылдар Кітап Тираж, Көлемі, Қазақ тілінде Орыс тілінде Ұйғыр тілінде Ағылшын тілінде
Кітап Тираж, Кітап Тираж,
саны мың дана мың баспа Кітап Тираж, Кітап Тираж, саны мың саны мың дана
беті саны мың дана саны мың дана
дана 5 83,30
1991 1534 32327,00 358971,00 549 13930,10 895 17887,80 2 50,20
1992 1226 30512,00 308774,00 488 13729,90 672 15365,80 32 71,90 3 2,20
1993 1159 25267,00 277314,00 522 13382,60 577 11337,80 36 114,80 1 7,70
1994 1148 18999,00 199240,00 565 12548,10 538 6090,00 20 71,40 1 5,00
1995 1115 13051,00 119728,00 606 8854,50 483 3918,00 13 159,00 3 6,10
1996 1226 21014,00 209634,00 627 14682,10 542 6048,60 38 338,80 41 131,90
1997 1015 13148,00 135741,00 458 7367,30 413 4999,20 28 84,00 19 162,30
1998 1384 17592,00 159870,00 567 9468,40 623 6982,10 31 73,40 9 9,80
1999 1301 11540,00 96267,00 434 3847,00 669 3930,30 14 27,50 17 115,70
2000 1777 9781,00 101660,00 606 4265,25 858 3704,91 22 35,95 23 475,50
2001 2400 12629,00 141642,00 994 6912,30 1267 5155,60 64 66,70 42 385,80
2002 3031 13419,00 158918,00 1139 6400,92 1387 5646,43 49 38,68 36 404,46
2003 3576 14403,00 166221,00 1535 6819,34 1515 6152,48 82 63,90 43 344,70
2004 3906 12765,00 167189,00 1476 6090,47 1616 5054,32 126 78,50 76 538,81
2005 3478 13869,00 180341,00 1539 6732,95 1428 5879,96 65 72,66 43 367,95
2006 4121 13671,00 189033,00 1881 7045,62 1551 5195,48 67 49,19 50 189,73
2007 4211 12819,00 214718,00 1885 6789,92 1539 4286,65 58 90,54 49 261,70
2008 4611 12387,00 183196,00 2049 6412,22 1558 4612,78 63 53,54 463 3542,85
2009 4211 14783,00 205279,00 1874 5684,68 1508 4093,08 57 54,40
Всего: 46430 313976,00 3573736,00 19794 160963,97 19639 126341,29 865 1544,86
138 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
(Анализ выпуска литературы в Казахстане (по языкам и по целевому наз-
начению)
//pps.kaznu.kz/2/Main/FileShow/375574/85/124/3874/.../2013/2 [2]
Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы дайындаған «Қазақстан Респуб-
ликасының кітап ісі: 2013 жылдың қорытындысы» ақпараттық-анали-
тикалық баяндамасында [3] 2013 жылы Қазақстан Республикасы Кітап
палатасына 366 баспа жəне шығарушы ұйымдар өз кітап өнімдерін бер-
гендерін көрсетеді.
Баспа өнімінің басым бөлігі Алматы қаласында жинақталған – 242
баспа жəне шығарушы ұйымдар (жалпы мөлшердің 66,1%). Басқа ай-
мақтар бойынша баспа жəне шығарушы ұйымдардың саны: Астана қа-
ласы – 43 (11,7%), Қарағанды – 15, Қостанай – 13, Шымкент – 10, ал Қа-
зақстанның басқа да ірі қалаларында 1-ден 6-ға дейін. Осылайша Алматы
жəне Астана қалаларында баспа белсенділігінің жоғары көрсеткіші анық
байқалады. Екі қаланы бірге алғанда бұл – 285 баспа жəне шығарушы
ұйымдар, яғни республиканың баспа жəне шығарушы ұйымдарының
жалпы санының 76,4% құрайды.
1-сурет. Баспалардың орналасуы бойынша диаграмма
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 139
2-сурет. Тақырып бойынша əлеуметтік маңызды əдебиет түр-
лерінің шығарылуы
2013 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне мəдениет мини-
стрлігінде «Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару» республика-
лық бюджеттік бағдарлама бойынша кітаптардың шығарылуына 1 млрд.
134 млн. 534 мың теңге бөлінген, бұл бағдарлама бойынша 359 кітап
атауы шығарылды. Кітаптардың типологиясы əртүрлі: ғылыми, бұқара-
лық-саяси, оқулық, бірақ басылымның басым бөлігін көркем туындылар
құрайды (261 кітап, яғни 58,5%), соның ішінде Ж.Аймауытов, А.Бай-
тұрсыновтың («Ел-шежіре» баспасы), М.Дулатұлы («Мектеп» баспасы),
М.Мақатаевтың («Жалын» баспасы) шығармалар жинағы басылған.
Басылған көркем туындылардың жанры да əртүрлі: повесть пен əңгіме-
лер, ертегілер мен поэмалар жəне т.б. «Қазақ қолжазбалары» (7-8-тт.),
«Қызыл лаңкестік: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихынан» жəне
т.б. осы сияқты маңызды құжат көзінің 10 томдығын басып шығару
жалғасын тапты.
Маңыздылығы жағынан еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың көп-
томдық еңбектерінің (14-16-тт), «Күлтегін» (Астана) баспасынан жарық
көретін Елбасының жұмыс тарихының шығуы ерекше орын алатыны
есепте баса назар аударылған.
Сонымен қатар «Фолиант» баспасынан шығатын «Мəдени
мұра» бағдарламасымен 100 томдық «Бабалар сөзі» (91-100-тт) басылып
бітті.
140 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының есебінде «Қазақстан Рес-
публикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасы» аясында Қазақстанда өмір сүретін ұлттардың
тілдері мен мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 2013 жылы 85
кітап, оның басым бөлігі анықтамалық (энциклопедия, энциклопедиялық
сөздіктер, терминологиялық анықтамалар) жəне оқулық əдебиеттері
(мультимедиалық басылымдарды қоса алғанда, оқулықтар, оқу көрнекі
құралдары, тест жинақтары жəне т.б.): сəйкесінше 18 кітап жəне 21 кітап
жарыққа шыққандығы көрсетілген.
Мемлекеттік тілді насихаттауда анықтамалық басылымдар ерек-
ше маңызды. Сондай-ақ «Қазақ сөздігі» (қазақ тілінің біртомдық үлкен
түсіндірме сөздігі) – 106 мың сөзден тұратын қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі, тіл мəдениетін көтеру, тіл білімін жетілдіруге арналған. Бұдан
басқа көптеген салалық энциклопедиялар мен терминологиялық сөздік-
тер шығарылды, мысалы: «Заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз
тіркестері», «Ағылшынша-қазақша сөздік» жəне балаларға арналған
«Жануарлар туралы үлкен энциклопедия», «Континенттер энциклопедия-
сы» жəне т.б.
Ары қарай тақырып жəне белгіленген мақсат бойынша шығарылған
кітаптар келтірілген:
2-кесте. Белгіленген мақсат бойынша шығарылған кітаптар саны
Мақсаты жағынан 2013 2012
Оқулықтар 1505 1537
Ғылыми басылымдар 1223 905
Əдеби-көркем басылымдар 769 622
Оқу-əдістемелік құралдар, оқу бағдарламалары 711 587
Жасөспірімдер мен балаларға арналған басылымдар 182 171
Көпшілік оқырмандарға арналған басылымдар 131 135
Анықтамалық басылымдар 128 107
Ақпараттық басылымдар 95 72
Діни мазмұндағы əдебиеттер 75 69
Ғылыми-танымал басылымдар 58 111
Бұқаралық-саяси басылымдар 45 62
Ресми басылымдар 28 22
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 141
3-сурет. Белгіленген мақсат бойынша шығарылған кітаптар па-
йызы
2013 жылы 1108 көркем əдебиет туындысы, соның ішінде 915 (82,6%)
қазақ тіліндегі еңбектер шығарылды. Қазақ əдебиеті классиктерінің
шығармалары (шығарма жинақтарын қосқанда) жарық көрді: Абай,
М.Əуезов, Ж.Аймауытов, М.Мақатаев, Қ.Аманжолов жəне қазіргі қазақ
жазушылары: Б.Қанапьянов, Н.Келімбетов, М.Шаханов, О.Сүлейменов
жəне т.б.
3-кесте. Тақырып бойынша шығарылған кітаптар саны
Тақырыптық бөлімдер 2013 2012
Білім беру. Тəрбие. Оқыту. Бос уақыт ұжымы 1189 1188
Көркем əдебиет. Əдебиеттану 1108 813
Филология. Тіл білімі 300 211
Экономика. Экономикалық ғылымдар 225 184
Құқық. Заң ғылымдары 192 165
Қазақстан Республикасының тарихы 155 120
Дін. Теология 100 92
Балаларға арналған танымдық əдебиеттер 78 92
Философия 59 29
Жалпы типтік анықтамалық басылымдар 7 16
142 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
4-сурет. 2013 жылдағы тақырып бойынша кітаптар мен кітапша-
лардың таралымы
Мемлекеттік ұлттық саясатқа сəйкес республикада əдебиет Қа-
зақстанда жəне əлемнің басқа елдерінде өмір сүретін 14 этнос тілінде
шығарылады:
4-кесте. Этнос тілінде шығарылған кітаптар саны
Тілдер 2013 2012
Əзірбайжан 1 62
2
Ағылшын 97
Араб 2 2087
1
Испан 2449 19
Қазақ 3
Қырғыз 2 1589
Қытай 11 1
Неміс 9
1 53
Румын 1643
Орыс 1
Татар 3
Түрік 8
Өзбек 37
Ұйғыр
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 143
5-сурет. Этнос тілінде шығарылған кітаптар пайызы
Кестеден көрініп тұрғандай, 2013 жылы қазақ тілінде шығарылған
кітаптар (24 449) 2012 жылмен салыстырғанда (2 087) 362-ге көбейген.
Аударма əдебиеттің шығарылуы бойынша келтірілген мəліметтер:
басқа тілден қазақ тіліне аударылған 94 кітап шығарылды, соның ішінде
48-і – ағылшын тілінен (51,1%), 14-і – орыс тілінен (14,9%).
2013 жылы жалпы республика бойынша халықтың жан басына
шаққандағы есепте кітаптардың көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда
(2012 жылы – 0,93) 0,12-ге төмендеген жəне республиканың бір тұрғы-
нына 0,81 құрады. Егер салыстырмалы түрде тұрғындардың жан басына
шаққандағы кітаптардың шығарылуы туралы айтатын болсақ, онда Бело-
рус пен Ресейдің көш бастап тұрғандығын аңғаруға болады: сəйкесінше
3,49 жəне 3,77. 3-ші орында Молдова (1,0) жəне Қазақстан бойынша көр-
сеткіш сəл азырақ (0,93) – 4-орын. Армениядағы (0,33) жəне Тəжікстан-
дағы (0,14) көрсеткіш Қазақстаннан да төмен [3].
«Central Asia Monitоr» редакциясы ғаламтор беттерінде жариялаған
«Əдебиет жəне меценат» ақпаратында мынадай мəліметтер келтіреді:
«Кеңестік уақытта көркем əдебиетті басып шығару жəне тарату мем-
лекеттің қамқорында болды, бірақ нарықтық қарым-қатынастың ке-
луімен бұл жүйе біржола жоғалды. Кітаптарды шығару жəне тарату енді
жазушылардың өз жұмысы болды. Дегенмен соңғы жылдарда бұл салада
қарқынды өзгерістер байқалды. Отандық бизнес мəдениетке қарай бет
бұрды».
Біз сондай мысалдардың бірін сөз етпекпіз. Əңгіме қазақ əдебиетін
насихаттаумен айналысатын «Алтын Қыран» халықаралық қайырым-
144 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
дылық қоры туралы болмақ. Сондай-ақ оның президенті, танымал кəсіп-
кер əрі меценат Исламбек Салжанов қазақ əдебиетінің классигі Əбдіжа-
мал Нұрпейісовтың «Қан мен тер» жəне «Соңғы парыз» атты екі кітабы-
ның АҚШ-та басылып шығуына жəне ағылшын тіліне аударылуы үшін
қаржылай қолдау көрсетті. Осының арқасында бірнеше жаңадан жазып
бастап жүрген жазушылардың алғашқы кітаптары жарық көрді. Бұлар –
Бейбіт Сарыбай, Азамат Тасқараұлы, Думан Анаш, Қуаныш Медеубаев,
Əлия Дəулетбаева, Жанар Абсадық, Ғалым Смағұлұлы» [4].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың баста-
масымен «Мəдени мұра» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Бұл
бағдарламаның орындалуының нəтижесінде 40 археологиялық жəне 26
ғылыми-қолданбалы зерттеулердің іске асуына мүмкіндік туып, қазақ
топырағының мəдениетіне, археологиясына, тарихына қатысы бар 445
кітап шығарылды. «Қазақфильмнің» «Ұлттық мұра» топтамасы аясында
тарихи жəне мəдени ескерткіштер туралы 10 деректі фильм түсірілді [5].
Қазақстан тəуелсіздігі кезеңіндегі қазақ əдебиетінің дамуы жəне
мемлекеттік тіл. Қазақстанның əдебиеті ел тəуелсіздігінің жəне шығар-
машылық еркіндігінің соңғы жиырма жылында өз қызметін өз елімен
бірге батыл əрі берік түрде жаңаша, ерекше жолға бағытын өзгертті. Əде-
биеттің жанды, шынымен жаңа құбылысының қалыптасуы материалдық
мұқтаждықтармен, басқа да шығындармен байланысты болған өтпелі ке-
зеңнің ауыр əрі қиын жағдайларында өтті.
20 ғасырдың басында өзінің кейбір көптеген жанрларын есептемеген
қазақ əдебиеті, ғасыр соңында əдебиеттің барлық түрлері мен бағыт-
тарын игеріп қана қоймады, сонымен бірге заңды түрде жаңа көркем
шығармаларды шығару дəрежесі бойынша əлемдік аренаға шықты [6],
[7], [8].
Соңғы онжылдықтың əдеби көріністері əлеуметтік жəне қоғамдық
өзгерістерді терең зерделеумен, психологизм мен əлеуметтіктің ішкі өза-
ра байланысымен, адамның ішкі дүниесіне, мінез-құлқына үңіле көңіл
бөлумен өзгешеленеді.
Қазіргі əдебиеттің өзгеруіне əдеби үдерістердің аясына қайта оралған
Абайдың ізбасарлары, көркем сөздің шеберлері болған Шəкəрім Құдай-
бердиев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Жүсіпбек Аймауытовтың ықпалы зор болды.
С.М.Алпысбаев өзінің диссертациялық зерттеуінде «зерттелетін
кезең прозасының аналитикалық шолуы идеяның, тақырыптың, образ-
дардың жасалуына көп жоспарлы тереңдетілген психологизм, неоми-
фологизм, философиялық əдіс қазақ прозасында басым болып бараты-
нын көрсетеді. ...Тəуелсіздік кезіндегі қазақ прозасының ерекше сипаты
жаңа, уақытқа үндес, ғалами идеялар мен тақырыптарды дайындау бол-
ды» [9].
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 145
Г.Ш.Елеукенов, А.Б.Мұхамеджанов қазақ əдебиеттануының жетістік-
терін атай отырып, тəуелсіздік кезеңіне жататын əдебиеттану ғылымы-
ның нəтижелерін келтіреді. Қазақ əдебиеттанушылары қазақ əдебиетта-
нуының дамуына үлкен үлес қосты. Оларға энциклопедиялық, лексико-
графиялық, монографиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары жатады (тəу-
елсіздік кезеңінің əдебиеттану əдіснамасындағы зерттеу тəжірибесі мен
ғылыми болашағы)[10].
Соңғы жылдардағы əдебиет қатаң партиялық бақылау мен цензура-
ның қыспағынан құтылғандықтан, жаңа əдебиеттің пайда болуы туралы
өзінше айтуға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасының Конститу-
циясында алтын əріптермен жазылған – Сөз бостандығы шешуші сипат-
тардың бірі болып табылады. Тəуелсіздіктің нəтижесі Əбдіжамал Нұр-
пейісовтың «Соңғы парыз», Зейнолла Қабдоловтың «Менің Əуезовім»,
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Мұхтар Мағауиннің «Мен», Сəкен
Жүнісовтың «Аманай мен Заманай», Хасен Əдібаев «Отырар ойраны»,
Қалихан Ысқақов «Ақсу – жер жаннаты», Рамазан Тоқтаров «Абайдың
жұмбағы», Смағұл Елубай «Мінəжат», Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз»,
Қалмұқан Исабаев «Шоң би», Баққожа Мұқай «Өмірзая», Оразбек Сəр-
сенбай «Шеңбер», Бексұлтан Нұржекеев «Əйел жолы жіңішке», Қадірбек
Сегізбай «Беласқан», Төлен Əбдіков «Парасат майданы», Тұрсынхан Зə-
кенов «Көк бөрілердің көз жасы», Жанат Ахмеди «Шырғалаң», Ұзақбай
Доспамбетов «Қызыл жолбарыс», Асқар Алтай «Өр Алтай, мен қайте-
йін биігіңді», Тынымбай Нұрмағанбетов «Айқай» жəне тағы сол сияқты
жазушылардың повесть, романдарында, əңгімелерінде ерекше сезіледі.
Соңғы жылдарда тарихты объективті, шынайы баяндауға тырысқаны
байқалады. Қазақ халқының тарихы əдіснама желісінің астында айдал-
ды, оның негізінде Ресей мемлекетінің миссиялық тағайындау жөнінде
тұжырымдамасы жатты. Өзінің отарлық жаулауын артта қалған шет ау-
мақтағы халықтардың өз еркімен қосылуы ретінде көрсетті. Қазіргі қазақ
əдебиеті бұл мифті жоққа шығарды, жаңа көркем бейнелерді жасай оты-
рып, халықтың шынайы төл тарихын жасауда салмақты үлесін қосты.
Бұл қасиет, соның ішінде, Қалмұқан Исабаевтың «Шоң би» роман-три-
логиясына лайық. Роман 1775-1822 жылдар арасында қазақ жүздері мен
руларының бір жағынан шыңғысшылармен (хандар мен төрелер), екін-
ші жағынан қазақ билерімен арасындағы билік үшін шиеленіскен күрес
бұрқ ете түскен кездегі трагедиялық оқиғалардың бірін еске түсіреді.
Бастапқылары үстем болды. Бұл артықшылық үшін шыңғысшылар не-
гізінде Қазақстанның ұлттық құлдырауына жəне мемлекет иелігінен алу
бойынша патшалық отарлау саясатына қарсылық танытпады, сондай-ақ
өздері «бөліп ал да билей бер» қағидасының жеңісіне себептесті.
Қалмұқан Исабаевтың роман-трилогиясы арқылы алғаш жоғары-
латылған көркем тұжырымдама əлі кең жұртшылықтың талқылауы-
146 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
на түспеді. Қазірде қызу талқылаудың тақырыбы отандық тарихтағы
Шыңғыс ханның рөлі болды. Шыңғыс хан бейнесінің ерекше баянда-
луын Хасен Əдібаевтың «Отырар ойраны» романы береді. Жазушы өткен
тарихи кейіпкерлерге айнала отырып, биографиялық нақтылықты сурет-
теуден қашады. Қақтығыстар, сюжеттік қиын-қыстау жағдайлар, өткір
драмалық диалогтер, көркемдік тетіктер туындыда трагедиялық жағдай-
ға түскен қаһармандардың ойлары мен терең ойларын жеткізудің құралы
ретінде қызмет атқарады. Ұқсас тезистер Софы Сматаевтың «Жарылғап
батыр» (2000) атты жаңа тарихи туындысында берілген. Бұл «Елім-ай»
диологиясының өзіндік тарихи жалғасы болып келеді. Жанрды бірден
ауыстыру неден шықты? Абылай хан серіктестерінің бірі ретінде сурет-
телгендей, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың қаһармандары-
ның бірі Жарылғап батырды мінсіз романтикалық дəрежеге шығаруға
ұмтылуы мүмкін.
Жарты ғасыр өтпей жатып М.Əуезовтың «Абай жолы» роман-эпопея-
сы жарыққа шыққаннан кейін, кенеттен ақын туралы жаңа роман дүниеге
келді. Оның авторы Рамазан Тоқтаров өзекті тақырып бойынша өзінің
туындысына лайықты атау берді – «Абайдың жұмбағы».
Абай туралы М.Əуезовтың роман-эпопеясының жанры əдемі нақ-
тылықпен анықталды: «Романдарда белгілі бір əлеуметтік ортада жəне
белгілі бір кезеңде өмір сүрген тарихи тұлға туралы айтылғандықтан,
оларды тарихи романдар қатарына жатқызуға болады». Олар қосымша
ерекшеліктерімен белгіленген – бұл туынды шығармашылық тұлға.
Соңғы онжылдықтың қазақ əдебиеті қазіргі ақиқатты суреттеудің жаңа
жолын іздеумен қамтылды. Қаһармандар шындықтың кеңестік жетілдіру
формуласына, өмірдің материалдық базасын нығайтуға айналған өндіріс
технологиясына байланбаған уақытта, социалистік реализмнің тікелей
топтық ұстанымнан бас тартуы тақырып таңдауда, туындының өз қалпын
өзгертуде көрініс табады. Жазушы Марал Ысқақбай «Ғашық боп көрме-
ген келіншек» (1996) повесінде тұрмыстағы шарттарға төтеп бергенге
жəне жақында өткен дəстүрлерге қарамастан, біздің ортамызда жалпы
адамзаттық бастау одан əрі үстем болып баратынын көрсетеді. Енді алда
тұлғаның қызығушылығы, оның бақыты тұрады. Бұл жағдайда біз жаңа
шипажай романының пайда болғанының куəсі боламыз. Антон Чеховтың
«Дама с собачкой» туындысының Орта Азиялық нұсқасы деуге болады.
Қазақ жазушысында ит түріндегі кейіпкер жоқ, есесіне кейіпкерлердің
өмірі ұқсас. Бірақ ұқсастық, əрине, таза сыртқы. Қазақ жазушысының
түпкі ойы негізінде басқа.
Заманауи тақырыптардағы шығармалар пайда болды. Алғашқы қар-
лығаштардың бірі Қадірбек Сегізбаевтың «Арасан» повесі болып табы-
лады. Шығарма көз алдымызда жаңа шындықтың жасампаз реалияға
сəйкес келетін жағымсыз екі қарама-қайшы бөлімнен тұрады.
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 147
Жаңа, біртума туындыларды шығармашыл жастар дүниеге əкеле
бастады. Қылқаламның аға шеберлері Асқар Алтай, Əлібек Асқаров,
Тұрысбек Сəукетаев, Роза Мұқанова, Айгүл Кемелбаева сияқты жас
прозашылар Əубəкір Смайылов, Светқали Нұржанов, Бауыржан Жақып,
Маралтай Ыбыраев сынды жас ақындардың туындылары жайында жылы
шырай танытты. Қазақ əдебиеті жас бұталар боп ғасырлар бойы бекітіл-
ген салт-дəстүрлерден бөлек кетті. Бұл ең бірінші қазіргі постмодер-
низммен үндес туындыларға қатысты. Солардың бірі – Асқар Алтайдың
«Алтай балладасы» роман-мифі.
Қазіргі əдебиетте қазақ əдебиетінің айрықша дəстүрлі түрі – поэзия-
ның ұлттық шабысы мен азаматтық тонусы жоғарылады. Барлық уақыт
кезеңдерін ұштастыратын поэтикалық көріністің ауқымдылығы, лири-
калық, хабарлы, публицистикалық жəне сыни екпіннің байлығын, көр-
некі тəсілдер мен құралдарға батыл ізденіс барлық буын өкілдеріне тəн:
Əбділда Тəжібаев, Хамит Ерғали, Абдрахман Асылбеков, Мұзафар Əлім-
баев, Асқар Егеубай, Қадір Мырзаəлі, Фариза Оңғарсынова, Тұманбай
Молдағалиев, Серік Тұрғынбеков жəне т.б.
Осы жылдары соңғы онжылдықта жəне одан бұрын да жиі жарияла-
нып отырған Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нəжімеденов сияқты кеңестік
дəуірдегі жеке ақындармен жаппай табынушылық белгісі болды, ал қа-
лың баспасөз олардың шығармаларын классика дəрежесіне шығарды.
Шығармашылық ізденіс үшін шабытқа əдеби-поэтикалық конкурс-
тар: мүшайралар, айтыстар себеп болды.
Драматургиялық өнердің жаңа түрлері қалыптасты. Олар ХХ ғасыр-
дың 90-шы жылдарында ұлттық драматургияның басты нысаны болған
тарихи тереңдіктің заманауи көрінісін бейнелейді. Ə.Кекілбаевтың
«Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абы-
лай ханның соңғы күндері» атты тарихи драмалар енді ғана иеленген ел
тəуелсіздігін нығайту жəне сақтау жолындағы қиын күресте рухани сү-
йеніш іздеудің өзіндік үлгісін көрсетеді.
Азаматтық жалынды көңіл толқыны мен жоғары адамгершілікті са-
тиралық əшкерелеу дəрежесінде лирика-публицистикалық поэма ретінде
Қадір Мырза Əлінің «Түңілістің өткелдері», Иран Ғайыптың «Қорқыттың
көрі» драмалық поэмасы, Жүсіпбек Қорғасбектің «Премьер-Министр»
сатиралық повесі, Қабышев Ғаббастың «Кривды кітабы», Тынымбай
Нұрмағамбетовтың «Ойын» əңгімелері сияқты шығармалар жазылды.
Деректі проза сияқты өзінің жаңа қырларымен əдебиеттің жедел жанры
пайда болды: Сапар Байжанов «Ынтықтың күші», Марат Қабанбаев
«Қайда барасың, қазақ?», Қалаубек Тұрсынқұлов «Қазығұрт». Сапалы
құрамын жалпылаған еңбектерге «Абай» энциклопедиясы, он томдық
«Қазақ əдебиетінің тарихы» жатады. А.Нарымбетовтың «Қазақ əдебиеті:
1970-2001 жж.» бес томдық библиографиялық көрсеткіші аяқталды.
148 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Балалар əдебиетінде өмір романтикасын, қайырымдылық, ме-
йірімділікті əсерлі əрі жоғары дəрежеде Мұзафар Əлімбаев, Қадір Мырза-
лиев, Тұманбай Молдағалиев сынды ақындар лайықты жеткізді. Бұрын-
да керемет нəтижелерді көрсеткен балалар əдебиеті бүгінде материалдық
қиындықтардың салдарынан құлдырауға ұшырады. Балалар жазушыла-
ры өз туындыларын көбіне «Ұлан» газетінің жəне «Балдырған» журна-
лының беттерінде жариялап жүр. Соңғы кезеңнің өмірі салдарынан жас
өскіндер – А.Ысқабаев «Тамаша балықтар», С.Қалиев «Қазақстанның
жалауы», «Елдің елтаңбасы» сияқты ақындар есте қалуға тырысады.
Ғылымға көп мөлшерде жас ғалым докторлар мен ғылым кандидат-
тарының келуімен зерттеу жаңа бағыттармен толықты, бұл моногра-
фия атауларынан анық байқалады: «Қазақ романы жəне психологиялық
талдау» /Б.Майтанов/, «Основные тенденции развития казахской лите-
ратуры первой четверти 20 века» /Б.Мамраев/, «Казахская художествен-
ная проза. Поэтика, жанр, стиль» /А.Исмакова/, «Тарих жəне əдебиет»
/Ж.Тілепов/, «Қазақ поэзиясы жəне ұлттық идея» /Ə.Шəріп/, «Ерте дəуір-
дегі қазақ əдебиеті» /А.Қыраубаева/, «Жүрек адалдығы. Қазақ лирикасы-
ның мəселелері» /Т.Шапай/ жəне т.б.
Халықтың көркем мəдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі фольклор
болып табылады. Өткен уақыт аралығында «ГУЛаг кітаптарынан» алып
шығу жəне фольклорлық мұраның баға жетпес қазынасын құтқарудың
жолы болды. Антиколониялық тақырыпта Абылай хан, Кеңесары хан
туралы тарихи поэмалар, Едіге туралы эпикалық топтамалар жəне т.б.
ғылыми айналымға енгізілгені жəне жарияланғаны анықталды. Фоль-
клоршы ғалымдар белсенді жұмыс жасады: С.Қасқабасов «Алтын
арқау», Ш.Ыбыраев «Оғыз қаһармандық дастаны», Б.Əбілқасымов «Қа-
зақтардың тұрмыс-салт фольклоры» жəне т.б.
Театр саласындағы мемлекеттік тіл. Қазақстан егемендігін алған
кезең ішінде 17 театр ашылды. Қазақстанның танымал театрларының бірі
М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры болып табы-
лады. Тəуелсіздік жылдарында бұл театрда спектакльдер қазақ тілінде
орыс тіліне ілеспе аудармамен өтеді. Алматы жəне Астана театрларында
Е.Обаев, Б.Атабаев, А.Рахимов, Ж.Хаджиев, Т.Жаманқұлов, Т.Теменов,
Р.Андриасян сияқты атақты режиссерлер өзінің режиссерлік шеберлік-
терін классикалық, тарихи, аударма сипатындағы спектакльдерде анық
көрсетті [11].
Бұл театрда спектакльдер ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдарындағы сол
заманның өзекті тақырыптарына жазылған шығармаларының желісі бо-
йынша қойылды:
- “Төрт тақта жайнамаз” А.Сүлейменов (1989, реж.: А.Рахимов),
- “Ақбілек” Ж.Аймауытов (1990, реж.: А.Əшімов),
- “Ғасырдан да ұзақ күн” Ш.Айтматов (1990, реж.: А.Мəмбетов).
Мемлекеттік тілдің мəдениет саласындағы қызметі, қолданылуы мен дамуы 149
Өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдарында көрермендер əлемдік
классикамен мойындалған, сондай-ақ жаңа отандық шығармалармен
қойылған спектакльдерді тамашалады:
- “Кориалан” (1991), “Асауға тұсау” (1994, У.Шекспир)
- “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” С.Жүнісова (1994, реж.:А.Мəмбетов),
- “Жетінші палата” А. Сүлейменов (1993, реж.: А.Мəмбетов),
- “Шыңғысхан” Иран Ғайып (1994, реж.: Б.Атабаев),
- “Турандот ханшайым” К.Гоцция (1994, реж.: Əл Тарази),
- “Абылай ханның ақырғы күндері” М.Байсеркенов (1996, реж.:
М.Байсеркенов),
- “Мəңгілік бала бейне” Р.Мұқанова (1996, реж.: Атабаев),
- “Шолпанның күнəсі” М.Жұмабаев (1997, реж.: К.Сұғырбеков),
- “Қилы заман”, “Қарагөз” М.Əуезов (1997, реж.: Рахимов),
- “Қарагөз” М.Əуезов (1997, реж.: А.Мəмбетов),
- “Томирис” Шахимардан (2000, реж.: Əл Тарази),
-“Ана – жер Ана” Ш.Айтматов (2002, реж.: А.Мəмбетов),
-“Ымырттағы махаббат” Г.Гаутман (2002, реж.: Р.Андриасян). Көпте-
ген қойылымдар жаңа режиссураға ұшырады.
Ұлттық классикалық трагедияның басты тұлғасы – қазақтың ұлы ақы-
ны Абай Құнанбаевтың бейнесі посткеңестік кезеңнің спектакльдерінде
жаңа шешім тапты. М.Əуезовтың «Абай жолы» романы бойынша қо-
йылғандар: «Мен ішпеген у бар ма?» (И.Оразбаев), «Абай – Əйгерім»
(Б.Римова), «Жас Абай» (Н.Жақыпбаев), «Қалың елім, қазағым» (Р.Сейт-
метов), «Абай десем» (Б.Атабаев). Бұл қойылымдар республика бойын-
ша сəтті өтіп жатыр. Абайдың рөлін қазіргі дарынды актерлер сомдауда:
К.Төлеков (Атырау), С.Рақышев, Ш.Сағиев (Жамбыл), С.Досмағамбетов,
С.Өтемісов (Шымкент), С.Қыдыралин, Б.Имаханов (Семей), М.Сүртіба-
ев, А.Кенжеков, А.Кенжеев, Т.Аралбаев (Алматы).
Қазақ көрермендері арасында Д.Исабековтың шығармалары негізін-
дегі қойылымдар ерекше танымалдылыққа ие. Оның барлық пьесалары
сахналық көрсетілімін тапты. Д.Исабеков шығармаларының образдары-
на тəн ерекшелік – осы заманғы адамның моральды-этикалық бейнесін-
де. «Əпке», «Мұрагерлер», «Ертеңді күту», «Кішкентай ауыл», «Анасын
аңсаған қыз», «Ескі үйдегі екі кездесу» пьесалары қазақ оқырмандары
мен көрермендерінің дүниетанымының қалыптасуына зор ықпал етеді.
2006 жылдың қыркүйек айында тəуелсіздік алған жылдар кезінде
алғаш рет Алматы қаласында Орталық Азия елдері театрларының Ха-
лықаралық театрлар фестивалі өткізілді. Оған В.Маяковский атындағы
Тəжік мемлекеттік орыс драма театры, «Йуг» Əзірбайжан мемлекет-
тік театры, С.Ибрагимов атындағы Ош қырғыз драма театры, Г.Камал
атындағы Татар мемлекеттік академиялық театры, Өзбек Ұлттық акаде-
миялық драма театры, Ұлы Сапармұрат Түркіменбашы атындағы Түрк-
150 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
менстанның бас драма театры, сондай-ақ Қазақстанның республикалық
3 театры қатысты.
Жаңа шығармашылық ізденістерге ынталандыратын дəстүрлі респуб-
ликалық театрлар фестивалі жыл сайын өткізілуде. Оған Қазақстанның
13 театрының өнер ұжымдары тұрақты түрде қатысып тұрады. Соңғы те-
атр фестивальдері астананың мəдени орталық ретіндегі беделін көтеруге
бағытталып, Астана қаласында өткізілді.
Мысалға фестивальде көрсетілген бірнеше спектакльдерді келтіре-
йік. А.Қадыров, А.Жаңабаев Қазақстан театрлары репертуарларының,
соның ішінде театрлық фестивальдегі спектакльдердің тақырыптарын
зерттеген болатын:
«2000 жылдың фестиваліне Б.Атабаев үш спектаклімен шықты. Олар
– Ə.Кекілбаев «Абылай хан», Иран Ғайыптың лирикалық драмасы «Ма-
хаббатты асқақтатқан əн» жəне Б.Брехттің «Мещандық үйлену тойы» ко-
медиясы.
Оның «Абылай хан» жəне «Махаббатты асқақтатқан əн» спектакль-
дері туралы көп айтылып, көп жазылғанды.
Б.Атабаев – бүгінде белсенді, пікірталастық, тынымсыз, ымырасыз
режиссерлердің саңлақтарының жарқын өкілдерінің бірі. Оның өз басын
ұмытатындай табанды шығармашылық құштарлығы бəрінен көрінеді:
қойылым сапасынан, ауызша сөз саптауында, шығармашылық конферен-
циялардағы жəне талқылаулардағы дискуссиялық пікірталастардан. Ол
тек өзін ғана емес, өз əріптестерін де сол немесе басқа мəселені түсінуде
тексереді. Оның көріністерінің басты тақырыбы – менің ойымша, зама-
науи адамның мəселелері, түгелімен жəне барлығы жұқтырған лап бер-
ген жамандық тасқынының алдында оның шындықты іздеуі, шашылуы,
жігерсіздігі. Бұл жерде Б.Атабаевтың спектакльдерінен осы алды-артын
орап алған жамандықтың əуесқой ашылуын, əшкерелеуін, айыпталуын
көресің» [12].
Сол жылы фестивальде жеті спектакль қойылды, олардың бірі – ре-
жиссер Н.Тутовтың «Абай – Тоғажаны».
Н.Əбдіқадіров – «Шыңғыс ханның соңғы күндері» спектаклін қоюшы
əрі авторы «өмір жолының соңындағы жəне өз істерін күйінішпен тал-
дайтын күшті адам – əлемді билеуші Шыңғыс хан туралы күрделі фило-
софиялық əңгіме айтуға тырысқан» [12].
Бұл кітапта сондай-ақ облыстық драмалық театрларының жұмысы ба-
яндалады.
2003 жылы Батысқазақстандық қазақ театры М.Ахмановтың қойылы-
мындағы Иран Ғайыптың «Махамбет» трагедиясын көрсетті.
Жыл сайын Қазақстанның драмалық театрларынан Египет Араб Рес-
публикасындағы тəжірибелі театрлардың Халықаралық Каир фестивалі-
не қатысады. Сол 2007 жылы Қазақстанның театр өнері Каир қаласында