The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Монографияда еліміздегі əлеуметтік лингвистикалық мəселелер сөз болады.
Онда этностар құрамы мен саны, əлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі тілдер, этнолингвистикалық жағдаяттағы өзгерістер туралы, мемлекеттік тілдің түрлі өмір салаларындағы қызметі, проблемалары жөнінде, тілдердің қызметтік қарым-қатынастарын жоспарлау мен реттеудің тетіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы жүйелі əрі жинақы түрде мəліметтер берілген. Қазақстанда жəне оның жекелеген аймақтарында өтіп жатқан əлеуметтік-лингвистикалық құбылыстар мен үдерістерге жəне онымен байланысты əртүрлі факторларға теориялық жəне практикалық тұрғыдан арнайы түсініктеме берілген.
Монографиялық еңбек лингвистер мен этнографтарға, саясаттанушыларға, студенттер мен магистранттарға, жоғары оқу орны оқытушыларына, сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуал мен тіл саясаты мəселелері қызықтыратын барлық оқырман қауымға арналған.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by gulvira.satybaldieva, 2020-08-26 03:26:10

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ

Монографияда еліміздегі əлеуметтік лингвистикалық мəселелер сөз болады.
Онда этностар құрамы мен саны, əлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі тілдер, этнолингвистикалық жағдаяттағы өзгерістер туралы, мемлекеттік тілдің түрлі өмір салаларындағы қызметі, проблемалары жөнінде, тілдердің қызметтік қарым-қатынастарын жоспарлау мен реттеудің тетіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы жүйелі əрі жинақы түрде мəліметтер берілген. Қазақстанда жəне оның жекелеген аймақтарында өтіп жатқан əлеуметтік-лингвистикалық құбылыстар мен үдерістерге жəне онымен байланысты əртүрлі факторларға теориялық жəне практикалық тұрғыдан арнайы түсініктеме берілген.
Монографиялық еңбек лингвистер мен этнографтарға, саясаттанушыларға, студенттер мен магистранттарға, жоғары оқу орны оқытушыларына, сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуал мен тіл саясаты мəселелері қызықтыратын барлық оқырман қауымға арналған.

Keywords: тіл,мемлекет,қазақ тілі

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 351
2,9%, өзбектер – 2,4% жəне күрдтер – 1,3%) болса [4], Қызылорда облы-
сында 3 этнос (қазақтар – 95,3%, орыстар – 2,4% жəне кəрістер – 1,2%)
[5]. Осы мəліметтерге зер сала қарасақ, аймақ көлемінде өтіп жатқан əле-
уметтік жəне тілдік үрдерістерде қомақты рөл атқаратын бірнеше ғана ірі
этнос бар. Бұл аймақтың барлық тұрғындарының 73,4 пайызын құрай-
тын қазақтардың өзі, 9,7 пайызды құрайтын орыстар жəне үлес салмағы
7,2 пайызға жететін өзбектер мен 7,2 пайызды құрайтын ұйғырлар.

Аймақтағы облыстардағы халық санын 1989 жылғы халық санағы
мен соңғы 2009 жылғы мəліметпен салыстырсақ, 20 жылда көптеген өз-
герістің болғанын байқаймыз. Əсіресе аймаққа қарайтын төрт облыста да
саны жағынан айтарлықтай көбейгені 5-6 этнос қана, олардың барлығы
да түркітектес халықтар. Айталық, Алматы облысында 20 жыл ішінде
саны жағынан басым болып келетіндер қазақтар, ұйғырлар, өзбектер,
татарлар жəне түріктер. Сол сияқты орыстар мен кəрістердің де саны
артқан, бірақ облыс халқының ішінде алатын үлесі жағынан қазақтар
мен кəрістедің ғана көбейгенін көруге болады. Орыстар 20 жылда 12147
адамға өскенімен, алатын үлесі жағынан 30,1 пайыздан 16,9 пайызға
түскен. Ұйғырлар да екі санақ арасында 40359 адамға көбейген, бірақ
облыс тұрғындар ішінде алатын үлесі бойынша 1989 жылы 10,6% болса,
2009 жылғы санақта 8,0% ғана құраған. Саны жағынан күрт кемігендер-
ге, яғни тарихи отандарына қоныс аударушы диаспораларға немістер мен
украиндар жатады.

Жамбыл облысының тұрғындары екі санақ аралығында 16538 адамға
азайған. Олардың ішінде əсіресе орыстар (152 812 адамға), немістер
(65 756 адамға), украиындықтар (28 550 адамға), татарлар (7355 адамға)
кеміген. Ал саны жағынан өскендеріне қазақтар (222373 адамға), түрік-
тер (12675 адамға), өзбектер (2979 адамға) жəне басқа этностар (4447
адамға) жатады.

Қалған екі облыста да түркітілдес халықтың саны мен үлесінің
өскенін байқасақ, басқа халықтардың саны мен тұрғындар ішінде алатын
үлесі де кемігенін көруге болады.

1-кесте. Екі халық санағы аралығындағы (1989-2009 жж) ай-
мақтағы облыстар бойынша тұрғындарының саны туралы салы-
стырмалы мəлімет

№ Облыс аты жəне он- 1989 жылғы 2009 жылғы Айырмасы
дағы этностар халық санағы халық санағы (+, -)
мəліметі бойын- мəліметі бойын-

ша ша

саны % саны % саны %

12 3 4 5 6 78

Алматы облысы 977373 100,0 1807894 100,0 +830521 +26,7

352 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

1 Қазақтар 406823 41,6 1223181 67,7 +816358 +26,1
2 Орыстар 294236 30,1 306383 16,9 +12147 -13,2
3 Өзбектер 0,3 0,2 +971 -0,1
4 Немістер 2610 6,3 3581 0,5 -52568 -5,8
5 Ұйғырлар 61277 10,6 8709 8,0 +40359 -2,6
6 Украиндар 103704 1,9 144063 0,4 -12043 -1,5
7 Татарлар 18496 1,0 6453 0,7 +3520 -0,3
8 Əзірбайжандар 9993 1,9 13513 0,8 -3432 -1,1
9 Түріктер 18313 2,0 14881 2,0 +16453 0,0
10 Кəрістер 19146 0,3 35599 0,9 +11434 +0,6
11 Басқа этностар 5193 3,8 16627 1,9 -2678 -1,9
37582 34904
Жамбыл облысы 1 038 667 48,8 1 022 129 -16538
1 Қазақтар 507302 26,5 729675 71,4 +222373 +22,6
2 Орыстар 275424 2,1 122612 12,0 -152812 -14,5
3 Өзбектер 21512 6,8 24491 2,4 +2979 +0,3
4 Немістер 70150 0,3 4394 0,4 -65756 -6,4
5 Ұйғырлар 2805 3,3 2534 0,2 -271 -0,1
6 Украиндар 33903 1,6 5353 0,5 -28550 -2,8
7 Татарлар 16618 1,1 9263 0,9 -7355 -0,7
8 Əзірбайжандар 11653 1,7 10781 1,1 -872 0,0
9 Түріктер 17145 1,3 29820 2,9 +12675 +1,2
10 Кəрістер 13360 6,6 9964 1,0 -3396 -0,3
68795 100,0 73242 7,2 +4447 +0,6
Басқа этностар 644979 79,4 678794 100,0 33815 5,2
Қызылорда облысы 511976 13,3 646645 95,3 +134669 +15,9
1 Қазақтар 86042 0,3 16146 2,4 -69896 -10,9
2 Орыстар 1963 0,3 1302 0,2 -661 -0,1
3 Өзбектер 2108 177 0,0 -1931 -0,3
4 Немістер - 136 0,0 +136 0,0
5 Ұйғырлар - 1,8 430 0,1 -11067 -1,7
6 Украиндар 11497 0,9 1789 0,3 -4145 -0,6
7 Татарлар 5934 0,1 232 0,0 -332 -0,1
8 Əзірбайжандар 0,1 1473
9 Түріктер 564 1,9 8190 0,2 +646 +0,1
10 Кəрістер 827 1,8 2274 1,2 -3992 0,7
Басқа этностар 12182 100,0 2469357 0,3 -9615 1,5
Оңтүстік Қазақстан 11889 100,0 651034
облысы 1818323 55,7 1785992
1 Қазақтар 15,3 136538 72,3 +773727 +16,6
2 Орыстар 1012265 5,5 -141935 -9,8
278473

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 353

3 Өзбектер 285042 15,7 401630 16,3 +396588 +0,6
4 Немістер
5 Ұйғырлар 44526 2,4 2523 0,1 -42003 -2,3
6 Украиндар
7 Татарлар 3752 0,2 3485 0,1 -267 -0,1
8 Əзірбайжандар
9 Түріктер 33033 1,8 5788 0,2 -27245 -1,6
10 Кəрістер
34615 1,9 19119 0,8 -15496 -1,1
Басқа этностар
27049 1,5 28956 1,2 +1907 -0,3

11051 0,6 20995 0,9 +9944 +0,3

11430 0,6 9254 0,4 -2176 -0,2

77087 4,2 177957 7,2 +100870 +3,0

Белгілі бір елдің немесе аймақтың тілдік ахуалына сол елдің ұстанған
тілдік саясатынан бұрын ұлттық құрамының ерекшелігі əсер ететіні аян.
Қай кезде де сөйлеушілер саны көп тіл - мықты тіл де, сөйлеушісі аз тіл
- нашар тіл деп саналады. Сондықтан да елімізде қазақ тілінің үстемдігін
қалаймыз десек, қазақ ұлтының санын, қазақ тілінің сөйлеушілерінің са-
нын арттыруымыз керек. Жоғарыда кестеден көріп отырғанымыздай, екі
халық санағы аралығында, яғни 20 жылда қазақтар Алматы обылысында
41,6 %-дан 67,6%-ға көтерілсе, Жамбыл облысында 48,8%-дан 71,4%-ға,
Қызылорда облысында 79,4%-дан 95,3%-ға жəне Оңтүстік Қазақстан об-
лысында 55,7%-дан 72,3%-ға артқан. Бұл қазақ халқының тікелей табиғи
өсімі мен алыс-жақын шетелдерден оралған қазақтардың санымен бай-
ланысты. Жалпы республиканың 3 өңірінде Астана, Алматы, Маңғыстау
облыстарында халық саны көшіқон жəне табиғи өсім есебінен көбейсе,
зерттеу нысаны болып отырған Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда жəне
Жамбыл облыстарында - тек табиғи өсіммен халықтың қатары артып
отыр.

2-кесте. Екі халық санағы аралығындағы (1989-2009 жж) Қа-
зақстанның оңтүстік аймағындағы тұрғындарының саны туралы
салыстырмалы мəлімет

№ Оңтүстік аймақ 1989 жылғы 2009 жылғы Айырмасы
жəне ондағы халық санағы халық санағы (+, -)
этностар мəліметі бойын- мəліметі бойын-

ша ша

саны % саны % саны %

Барлық халық 4479342 100,0 5978174 100,0 +1495092

1 Қазақтар 2438366 54,4 4385493 73,4 +1947127 +19,0

2 Орыстар 934175 20,9 581679 9,7 -352496 -11,2

3 Өзбектер 311127 6,9 431004 7,2 +119877 +0,3

4 Немістер 178061 4,0 15803 0,3 -162258 -3,7

354 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

5 Ұйғырлар 110261 2,4 150218 2,5 +39957 +0,1
6 Украиндар
7 Татарлар 96929 2,2 18029 0,3 -78900 -1,9
8 Əзірбайжандар
9 Түріктер 67160 1,5 43684 0,7 -23476 -0,8
10 Кəрістер 57869 1,3
11 Басқа этностар 54850 0,9 -3019 -0,4

48169 1,1 87887 1,5 +39718 +0,4

42165 0,9 44035 0,7 -1870 -0,2

195060 4,4 165492 2,8 -29568 -1,6

Жоғарыда келтірілген кестелерге назар аударсақ, тəуелсіздік жылда-
ры мен одан кейінгі кезеңдерде елде тарихи отандарына қоныс аудару-
мен өзге этнос өкілдерінің (неміс, украин, белорус, орыс, татар т. б.) саны
азайған. Айталық, 1989 жылғы санақта аймақ халқының 20,9% құраған
орыстар 2009 жылғы санақта 9,7% болған, немістер 4,0 %-дан 0,3%-ға
кеміген, украиндар 2,4%-дан 0,3%-ға, татарлар 1,5%-дан 0,7%-ға түскен
(2-кесте). Ал оның есесіне қазақ халқына туысқан халықтардың (өзбек,
ұйғыр, түрік т.б. ) саны өскен. Бұл жағдай өз кезегінде түркітектестердің
біртұтастығына, этностық сəйкесігіне əкелуде.

Жалпы оңтүстік аймақ өзінің географиялық орналасуы жағынан
да бірыңғай Орта Азия мемлекеттерімен, соның ішінде түбі бір туыс-
қан халықтармен (Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан) жəне олар-
дан басқа түркітілдес этностардың (ұйғыр, түрік, əзірбайжан, татар, түр-
кімен т.б.) барынша шоғыр орналасқан жері ретінде ерекшеленеді. Сон-
дықтан оны жоғарыда айтқанымыздай, моноэтностық аймақ деп еспете-
уге де болады. Туыстас этностар неғұрлым тығыз қоныстанса, соғұрлым
этностық сəйкестілік (идентичность) жоғары болады. Бұл сəйкестілік
тұрғындардың этностық туыстығынан, тілдік жақындығынан, діни ұста-
нымдарының, сондай-ақ мəдени құндылықтарының ортақтығынан көрі-
неді.

Халық санағының екі онжылдықтағы мəліметтерін салыстсақ, 1989
жылғы санақта алғашқы қатарларда орыс (20,9%), неміс (4,0%), украин
(2,2%) диаспоралары болса, 2009 жылғы санақта алғашқы орындарда
орыс (9,7%), өзбек (7,2%), ұйғыр (2,5%), түрік (1,5%), татар (0,9%), əзір-
байжан (0,7%) т.б. диаспоралар орналасқан.

Соңғы санақ мəліметінде 24 түркі халқы тіркелген. Оңтүстік аймаққа
қарайтын 4 облыста да жоғарыда айтып өткендей түркітілдес этностар
барлық тұрғындардың 80 пайыздан астам үлесін құрайды. Оларды ай-
маққа қарайтын облыстар бойынша таратып айтар болсақ, Алматы жəне
Жамбыл облыстарында түркітілдес халықтар барлық тұрғындар ішінде
алатын үлесі жағынан бір-бірімен шамалас, сəйкесінше 79,6% жəне 79,8
% құрайды. Ал Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында олар
96,1% жəне 91,7% арасында.

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 355
3-кесте. Аймақтағы туыстас халқтардың сандық үлесі (2009

жылғы халық санағы мəліметі бойынша)

Облыстар Барлық Түркі халқы Славян Басқа
халақ халқы халық
Алматы облысы саны % саны % саны %
Жамбыл облысы 1807894 1439589 79,6 315185 17,4 53120 2,9
Қызылорда облысы 1022129 815983 79,8 128822 12,6 77324 7,6
Оңтүстік Қазақстан 678794 652063 96,1 16713 2,5 10018 1,4
облысы 2469357 2264720 91,7 143183 5,8 61454 2,5
Оңтүстік аймақ
5978174 5172355 86,5 603903 10,1 201916 3,4

Аймақтың тілдік ахуалына оған қарайтын облыстардағы түрлі се-
бептерге: миграцияларға, əкімшілік-аумақтық бөліністерге, қалалардың
өсуі – урбанизацияға, мегаполис қалалардың дамуына т.б. байланысты
халық санының өзгеретіні белгілі. Соңғы халық санағы бойынша қала
халқы аймақ халқының 34,6 % құраса, ауыл халқы 65,4 % құраған. Алай-
да қазақ халқының басым бөлігі қалаларда емес, ауылдық жерлерде қо-
ныстанған. Айталық, Алматы облысында қазақтардың 19,7% ғана қала-
да орналасса, 80,3% ауылдық жерде. Жамбыл облысында қазақтардың
35,9% қалада, 64,1% ауылда, Қызылорда облысында 40,1% қалада, 59,9%
ауылда, Оңтүстік Қазақстан облысында 37,8% қалада, 62,2% ауылда қо-
ныстанған.

Кеңес үкіметі кезінде қалада қоныстанғандардың басым бөлігі ұлт-
тың оқыған-тоқыған бар зиялы қауымы, бетке ұстар азаматтары болды,
міне, соларды ассимилияцияға ұшырату үшін ауыл қазақтарын қалаға
мөлшермен ғана қоныс аудартты, сөйтіп қалада қазақтың тілін, ділін,
мəдениетін т.б. ата-баба құндылықтарын осылайша құрту саясаты жүр-
гізілді.

Бүгінгі таңда аймақтағы қазақтардың қалаға қоныс аударуы қарқын-
ды түрде жүруде. Бұл өз кезегінде қалалық жерде қазақ тілінің өркенде-
уіне, басым қолданыстағы орыс тілінің ықпал ету аясын шектеуге, қазақ
тілінің қала тіліне айналуына негіз болуда.

Аймақтың тілдік ахуалын сипаттауда, оған кешенді талдау жасағанда
аймақта қолданылатын тілдер мен сол тіл иелерінің жас ерекшеліктері де
басты назарда болуы керек. Аймақ халқының жас көрсеткіштерін 2009
жылғы халық санағының мəліметі бойынша қарастырар болсақ, 14 жасқа
дейінгі жасөспірімдер мен балалар 29,4 %, 15-69 жас арсындағы жастар
мен ересектер – 63,9 %, 70 жастан жоғары қарттар – 6,7 %.

356 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Осы мəліметтерді аймақ халқының этностық құрамы жағынан алсақ,

онда «ең жасы» қазақтар, жастар бұл титулды ұлт өкілдерінің 97,7 %
құраса, өзбекерде жастар қауымы – 97,5%, түріктерде 97,0- %, кəрістерде
– 93,8%, орыстарда – 90,6% құрайды. Осыдан жəне төмендегі 5-кестеден
көрініп тұрғандай, орыстар мен кəрістер «қарттық кезеңде», орыстардың
9,4 пайызы 70 жастан асқандар, кəрістердің 70 жастан асқан қарттары
диаспораның 6,2% құрайды.

4-кесте. Аймақ халқының жас ерекшеліктері бойынша көрсет-
кіштері

Облыс Барлық халық 0-14 жасқа 15-69 жас 70 жастан
дейін жоғары

саны % саны % саны % саны %

Барлық халық 5978174 100,0 1757608 29,4 3822150 63,9 398416 6,7

Қазақтар 4385493 73,4 1361463 31,0 2921080 66,6 102950 2,3

Орыстар 581679 9,7 101846 17,5 425430 73,1 54403 9,4

Ұйғырлар 150218 2,5 51202 34,1 92825 61,8 6191 4,1

Түріктер 87887 1,5 21525 24,5 63720 72,5 2642 3,0

Кəрістер 44035 0,7 8487 19,3 32817 74,5 2731 6,2

Өзбектер 431004 0,7 145157 33,7 275216 63,9 10631 2,5

Басқа этностар 165492 2,8 67928 22,8 11062 3,7 218868 73,5

5-кесте. Аймақ халқының облыстар межесіндегі жас ерекшелік-
тері

Ірі этностар Барлық халық 0-14 жасқа 15-69 жас 70 жастан
дейін жоғары

саны % саны % саны % саны %

Алматы облысы

Барлық халық 1807894 100,0 456850 25,3 1275882 70,6 75162 4,1

Қазақтар 1223181 67,7 334188 27,3 854234 69,9 34759 2,8

Орыстар 306383 16,9 53770 17,6 225516 73,6 27097 8,8

Ұйғырлар 144063 8,0 39418 27,4 99252 68,9 5393 3,7

Түріктер 35599 2,0 9462 26,6 24775 69,6 1362 3,8

Кəрістер 16627 0,9 3091 18,6 12514 75,3 1022 6,1

Өзбектер 3581 0,2 801 22,4 2683 75,0 97 2,7

Басқа этностар 78460 4,3 16120 20,5 56908 72,5 5432 6,9

Жамбыл облысы

Барлық халық 1022129 100,0 290573 28,4 694929 68,0 36627 3,6

Қазақтар 729675 71,4 219885 30,2 493550 67,6 16240 2,2

Орыстар 122612 12,0 21351 17,4 89077 72,6 12184 10,0

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 357

Ұйғырлар 2531 766 30,3 1675 66,2 90 3,6
Түріктер 67,0 1022 3,5
Өзбектер 29820 2,9 8806 29,5 19992 70,2 3,3
Кəрістер 74,6 811 6,9
Татарлар 24491 2,4 6505 26,6 17175 71,6 687 9,8
Басқа этностар 63,3 907 5,0
9964 1,0 1844 18,5 7433 4686
Барлық халық 37,8
Қазақтар 9263 0,9 1727 18,6 6629 67,1
Орыстар 72,7
Кəрістер 93773 9,2 29689 31,7 59398 74,5
Ұйғырлар 73,5
Өзбектер Қызылорда облысы 72,1
Түріктер 68,8
Басқа этностар 678794 100,0 202688 29,9 256436 75,4 219670 32,3
15925 2,5
Барлық халық 646645 95,5 196570 30,4 434150 64,6
Қазақтар 63,8 1492 9,3
Өзбектер 16146 2,2 2908 18,0 11746 63,3 445 5,4
Орыстар 72,6
Ұйғырлар 8190 1,2 1644 20,1 6101 60,7 6 4,1
Кəрістер 73,1 49 3,8
Түріктер 136 0,02 30 22,1 100 63,6 44 3,0
Басқа этностар 73,7 400 8,2
1302 0,2 314 24,1 939

1473 0,2 415 28,2 1014

4902 0,7 807 16,5 3695

Оңтүстік Қазақстан облысы

2469357 100,0 807497 32,7 1594903 66957 2,7
36026 2,0
1785992 72,3 610820 34,2 1139146 9674 2,4
13630 10,0
401630 16,3 137537 34,3 254419
702 2,4
136538 5,5 23817 17,4 99091 577 6,2
214 2,6
29742 1,2 10988 36,9 18052 6134 6,3

9254 0,4 1908 20,6 6769

8399 0,3 2842 33,8 5343

97802 4,0 19585 20,0 72083

Белгілі бір елдің не оның ішкі əкімшілік-аумақтық бөлінісіндегі
тілдік ахуалды сипаттауда сол жерде тұратын этностардың ұлттық құ-
рамы мен олардың тілдерінің таралу шегін, тілдік бағыт-бағдарын қа-
растыру керек. Сондықтан біз аймақтағы əлеуметтік жəне тілдік үдері-
стерде қомақты рөл атқаратын тоғыз этносқа жекелей тоқталуды жөн
көрдік.

Қазақтар. Жоғарыда баяндалған əртүрлі демографиялық проце-
стердің жəне сонымен байланысты мəлімет-дректердің барлығы ай-
мақта қазақ тілінің қызмет аясын айқындауға, қазақ тілінің дамуына,
таралуына сипаттама жасап, қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Соңғы халық санағының мəліметі бойынша оңтүстік аймаққа жататын
төрт облысты қоса есептегенде 4 385 493 қазақ тұрады. Бұл – тұрғын-
дардың 73,4 пайызын, яғни аймақтың барлық аумағында қазақтардың
саны жағынан басым екені көрінеді. Айталық, зерттеу нысаны болып
отырған Алматы облысында қазақтар 16 ауданның 15-інде жəне об-

358 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
лысқа қарайтын 3 қаланың 2-еуінде басым көпшілікті құрайды. Тек бір
қалада (Текелі қаласында орыстардан кейінгі екінші орынды алады.
Орыстар – 48,3%, қазақтар – 43,2%), жəне бір ауданда (Ұйғыр ауданын-
да ұйғырлардын кейінгі екінші орынды алады. Ұйғырлар – 56,5%, қа-
зақтар – 42,3%) [6, 20 б.].

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы мен облысқа
қарайтын 3 қалада басым көпшілікте болса, бір ғана ауданда, Сайрам ау-
данында, өзбектерден кейінгі орынды алады (өзбектер – 60,5%, қазақтар
– 31,4%). Ал Жамбыл жəне Қызылорда облыстарында басым көпшілікті
құрады. Бұл аймақтағы қазақ тілді ортаның қаймағы бұзылмағанын, қа-
зақ тілінің өмірдің қай саласында да қолданатын, басым, мықты екенді-
гінің қайнар көзін көрсетеді.

Аймақтағы қазақтардың – 99,4 пайызы соңғы халық санағының
мəліметінде өз ұлтының тілін ана тілін деп деп санаса, қалған 0,6 пайызы
өзге тілді ана тілім деп көрсеткен. Бұл - 27682 адам, оның 16364 адамы
Алматы облысында, 4297-сі Жамбыл облысында, 1398-і Қызылорда об-
лысында жəне 5623-і Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Өзге тілді
ана тілім деп санайтын қазақтардың 13184-і ер адам болса, 14498-і əйел,
олардың 11477-сі қалалы жерде, 16205-і ауылда тұрады. Дегенмен бұлар
өз ұлтының тілін ана тілім деп санамағанымен, қазақ тілінен мақұрым
қалған немесе мүлдем білмейді деп санауға болмайды. Олар қазақ тілін
əртүрлі деңгейде екінші тіл ретінде меңгергені даусыз. Керісінше, өз ұл-
тының тілін ана тілім деп санайтын 4357811 (99,4%) қазақтың барлығы
да қазақ тілін жетік біледі деп айтуға болмайды.

6-кесте. Аймақ халқының ана тілі бойынша бөлінісі

Этностар Осы ұлт адамдары- Ана тілім деп көрсеткендер:
ның саны
Өз ұлтының тілін Басқа ұлттың тілін

адам % адам % адам %
5978174 100,0
Барлық халық 5784226 100,0 193948 100,0

Қазақтар 4385493 73,4 4357811 99.4 27682 0.6

Орыстар 581679 9,7 562086 96.6 19593 3.4

Ұйғырлар 150218 2,5 125145 83.3 25073 16.7

Түріктер 87887 1,5 82288 93.6 5599 6.4
Кəрістер 44035 0,7 18591 42.2 25444 57.8
Татарлар 43684 0,7 27880 63.8 15804 36.2
Күрдтер 35247 0,6 31498 89.4 10.6
3749

Украиндар 18029 0,3 6107 33.9 11922 66.1

Өзбектер 431004 7,2 417923 97.0 13081 3.0

Басқа этностар 200898 3.4 154897 77.1 46001 22.9

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 359

7-кесте.Аймақ халқының облыстар межесіндегі ана тілі бойынша
бөлінісі

Этностар Осы ұлт адамдары- Ана тілім деп көрсеткендер:
ның саны Өз ұлтының тілін Басқа ұлттың

тілін

адам % адам % адам %
Алматы облысы

Барлық халық 1807894 100.0 1707383 94,4 100511 5,6

Қазақтар 1223181 67,7 1206817 98,7 16364 1,3
Орыстар 306383 19,9 292692 95,5 13691 4,5
Ұйғырлар 144063 8,0 120644 83,7 23419 16,3
Түріктер 35599 2,0 32654 91,7 2945 8,3
Кəрістер 16627 0,9 7052 42,4 9575 57,6
57,4 5759 42,6
Татарлар 13513 0,7 7754 84,9 2039 15,1
Күрдтер 13517 0,7 11478 28,1 4644 71,9
Украиндар 6458 0,4 1814 68,8 1118 31,2
Өзбектер 3581 0,2 2463 53,4 20957 46,6
Басқа этностар 44972 2,5 24015
Жамбыл облысы

Барлық халық 1022129 984980 96,4 37149 3,6

Қазақтар 729675 71,4 725378 99,4 4297 0,6
Орыстар 122612 12,0 119859 97,8 2753 2,2
Түріктер 29820 2,9 28339 95,0 1481 5,0
Өзбектер 24491 2,4 21508 87,8 2983 12,2
Күрдтер 13322 1,3 12205 91,6 1117 8,4
Кəрістер 9964 1,0 4092 41,1 5872 58,9
Татарлар 9263 0,9 5511 59,5 3752 40,5
Украиндар 5353 0,5 1962 36,7 3391 63,3
0,2 1876 74,0 658 26,0
Ұйғырлар 2534 7,3 64250 85,6 10845 14,4
Қызылорда облысы
Басқа этностар 75095

Барлық халық 678794 667518 98,3 11276 1,7

Қазақтар 646645 95,3 645247 99,8 1398 0,2
Орыстар 3,4
Кəрістер 16146 2,4 15596 96,6 550 72,0
Татарлар 54,7
Түріктер 8190 1,2 2292 28,0 5898 4,8

1789 0,3 810 45,3 979

1473 0,2 1402 95,2 71

360 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

Өзбектер 1302 0,2 809 62,1 493 37,9
Украиндар 430 311 72,3
Ұйғырлар 136 0,1 119 27,7 65 47,8
Күрдтер 9 7 77,8
Басқа этностар 2674 0,0 71 52,2 1504 56,2

0,0 2 22,2 45012 1,8

0,4 1170 43,8 5623 0,3
8487 2,1
Оңтүстік Қазақстан облысы 2599 1,9
1102 5,2
Барлық халық 2469357 2424345 98,2 5314 27,8
4099 44,3
Қазақтар 1785992 72,3 1780369 99,7 586 7,0
Өзбектер 401630 16,3 393143 97,9 3576 61,8
Орыстар 136538 5,5 133939 98,1 931 26,7
Түріктер 20995 0,9 19893 94,8 12695 16,2
Татарлар 19119 0,8 13805 72,2
Кəрістер 9254 0,4 5155 55,7
Күрдтер 8399 0,3 7813 93,0
Украиндар 5788 0,2 2212 38,2
Ұйғырлар 3485 0,1 2554 73,3
Басқа этностар 78157 3,2 65462 83,8

Олардың ішінде қазақ тілін ана тілім деп санағанымен оны мүлде
білмейтіндері бар. Белгілі қоғам қайраткері, профессор А.Айталынның
сөзіне қарасақ мұнда бір этнолингвистикалық фактор жасырын жа-
тыр, яғни ұяттылық сезімі тұрғысынан қазақтар ана тілін білмейтінін
мойындағысы келмейді [7]. Ғалымдар тілдік факторды ұлттың негізгі
жекелік белгісі екенін жəне ол өте сезімтал əрі маңызды болатынын
айтады. Сондықтан осы белгілеріне қарай қазақтарды қазақтілді жəне
орыстілді деп бөледі. Қазақ социумының тамырлас болуы немесе та-
мырының қол үзуі бойынша аумақтың, рулық тегі жағынан, сондай-ақ
тарихи отанына оралуы жағынан жік-жікке бөлінетіндігі туралы мəселе
жиі көтеріледі. Демек, қазақ қоғамының ішкі бірлігін күш сала оты-
рып нығайтудың айрықша мəні бар. Қазіргі қазақтар ғасырлық дəстүрге
сүйене отырып, бірліктің, төзімділіктің жəне патриоттың үлгісін көрсе-
туі керек, тіл бұл жерде басты бітіруші фактор ретінде қызмет атқара
алады.

Соңғы халық санағының мəліметінде аймақ тұрғындарының 15 жас
жəне адам жоғары жастағылардың 3792098-і (90,0%) қазақ тілін ауызша
түсінемін, оның ішінде 3417215-і (81,1%) еркін оқи аламын жəне оның
3284750-і (77,9%) еркін жаза аламын деп көрсетеді.

Ал қазақстардың өз арасында 2979978-і (98,5%) қазақ тілін ауыз-
ша түсінеді, сөйлей алады, 2933282-і (97,0%) еркін оқиды жəне оның
2883226-ы (95,3%) еркін жаза алады.

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 361

8-кесте.Аймақ халқының облыстар бойынша қазақ тілін меңгеру
деңгейі (15 жəне одан жоғары жастағылар)

Этностар Осы соның ішінде тілдерді меңгеру деңгейі бойынша
этнос
адамда- қазақ тілі
рының
саны адам пайызбен

ауызша соның ішінде ауызша соның ішінде
түсінеді еркін соның түсінеді еркін соның

оқиды ішінде оқиды ішінде

еркін еркін
жазады жазады

Алматы облысы

Барлық 1351044 1131094 981202 939180 83,7 72,6 69,5
халық

Қазақтар 888993 863568 840597 820833 97,1 94,6 92,3

Орыстар 252643 93947 26308 19505 37,2 10,4 7,7

Ұйғырлар 104645 101159 78811 68749 96,7 75,3 65,7

Түріктер 26137 23274 11797 10043 89,0 45,1 38,4

Кəрістер 13536 5463 1625 1277 40,4 12,0 9,4

Өзбектер 2780 2496 1728 1520 89,8 62,2 54,7

Татарлар 11231 9346 5924 5124 83,2 52,7 45,6

Күрдтер 9597 6853 2648 2221 71,4 27,6 23,1

Украиндар 5896 2067 516 361 35,1 8,8 6,1

Басқалар 35586 22921 11248 9547 64,4 31,6 26,8

Жамбыл облысы

Барлық 731556 629928 555448 538062 86.1 75.9 73.6
халық

Қазақтар 509795 504996 498989 492493 99.1 97.9 96.6

Орыстар 101261 38949 9819 7026 38.5 9.7 6.9

Ұйғырлар 1768 1587 1092 984 89,8 61,8 55,7

Түріктер 21014 19441 10127 8222 92.5 48.2 39.1

Өзбектер 17826 16583 10946 9318 93.0 61.4 52.3

Күрдтер 9134 6768 3352 2660 74.1 36.7 29.1

Кəрістер 8120 3677 1131 826 45.3 13.9 10.2

Татарлар 7536 6233 3721 3188 82.7 49.4 42.3

Украиндар 4834 1879 470 349 38,9 9,7 7,2

Басқалар 50268 29815 15801 12996 59,3 31,4 25,9

Қызылорда облысы

Барлық 476106 464778 450662 444718 97,6 94,7 93,4
халық

Қазақтар 450075 446623 443325 438707 99,2 98,5 97,5

362 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

Орыстар 13238 8195 2442 1942 61,9 18,7 14,7
Кəрістер 68,5 20,8 15,9
Татарлар 6522 4467 1358 1038 89,8 53,4 46,9
Түріктер 97,7 72,5 54,2
Өзбектер 1543 1385 824 724 93,9 75,1 68,5
Ұйғырлар 99,1 84,9 77,4
Украиндар 1058 1034 767 573 58,0 17,3 13,7
Күрдтер 100,0 50,0 50,0
Басқалар 988 928 742 677 83,0 47,8 42,1

Барлық 106 105 90 82 94,5 86,3 82,2
халық
Қазақтар 388 225 67 53 97,9 96,3
Өзбектер 77,3 64,1
Орыстар 6 63 3 13,0
Түріктер 70,8 9,2
Ұйғырлар 2182 1810 1044 919 82,5 62,9
Кəрістер 16,0 75,4
Күрдтер Оңтүстік Қазақстан облысы 80,4 11,7
Украиндар 11,7 75,5
Татарлар 1656860 1566298 1429903 1362790 48,5 8,8
Басқалар 63,7 40,1
1175172 1164791 1150371 1131193 99,1 53,6
169395 97,0
264093 256291 204239 48,5
10415 97,0
112721 54652 14615 9225 96,7
1826 55,5
14660 14220 10382 859 95,7
4196 47,5
2423 2342 1999 456 85,6
6262 91,2
7346 4075 1178 28963

5557 5317 4467

5180 2463 607

15631 13384 7588

54077 48763 34457

9-кесте. Аймақ халқының қазақ тілін меңгеру деңгейі (15 жəне
одан жоғары жастағылар)

Этностар Осы соның ішінде тілдерді меңгеру деңгейі бойынша
этнос
адамда- қазақ тілі
рының
саны адам пайызбен

ауызша соның ішінде ауызша соның ішінде
түсінеді еркін соның түсінеді еркін соның
оқиды ішінде оқиды ішінде

еркін еркін
жазады жазады

Барлық 4215566 3792098 3417215 3284750 90,0 81,1 77,9
халық

Қазақтар 3024035 2979978 2933282 2883226 98,5 97,0 95,3

Орыстар 479863 195743 53184 38888 4,8 11,1 8,1

Өзбектер 285687 276298 217655 180910 96,7 76,2 63,3

Ұйғырлар 108942 105193 81992 71641 96,6 75,3 65,8

Түріктер 62869 57969 33073 28063 92,2 52,6 44,6

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 363

Татарлар 35941 30348 18057 15298 84,4 50,2 42,6
Кəрістер 35524 17682 5292 4000 49,8 14,9 11,3
Күрдтер 24294 18944 10470 9080 78,0 43,1 37,4
Украиндар 16298 1660 1219 40,7 10,2 7,5
Басқалар 142113 6634 62550 52425 72,7 40,0 36,9
103309

Осы айтылғандарды аймаққа қарайтын облыстар бойынша дəлірек
қарастырар болсақ, Алматы облысында қазақ тілін жетік меңгерген
этностар (90-100% арасында): абхаз (1 адам) – 100%, нивхи (1 адам) –
100%, коми (1 адам) – 100%, жапондар (1 адам) – 100%, тувалар (2 адам)
– 100%, чехтар (2 адам) – 100%, адыгелер (3 адам) – 100%, крымшақтар (7
адам) – 100%, таттар (14 адам) – 92,9%, ұйғырлар (104645 адам) – 96,7%,
қырғыздар (1666 адам) – 93,8%, моңғолдар (46 адам) – 91,3%), өзбектер
(2780 адам) – 89,8%. Облыс бойынша қазақ тілін мүлдем білмейтін,
түсінбейтін этностарға: агул, даргин чукча, нанай, эвен, ветнам, та-
басарандар, австриалықтар, кубалықтар, шведтер, венгерлер, манси, аба-
зин, финдер жатады.

Жамбыл облысында қазақ тілін жетік меңгерген этностар (90-100%
арасында): шуван (1 адам) – 100%, кубалық (1 адам) – 100%, жапон (1
адам) – 100%, абазин (1 адам) – 100%, тувалар (2 адам) – 100%, қырым-
шақ (6 адам) – 100%, лактар (7 адам) – 100%, мансилер (5 адам) – 100%,
қарақалпақ (155адам) – 99,4%, өзбектер (17826 адам) – 93,0%, қырғыздар
(5555 адам) – 96,2%, балқарлар (259 адам) – 93,1%, алтайлар (15 адам)
– 93,3%, түріктер (21014 адам) – 92,5%, ұйғырлар (1768 адам) – 89,8%.
Енді облыстағы қазақ тілін мүлдем білмейтін, түсінбейтін этностарға
тоқталсақ, олар: серб, хорват, чех, черкестер, абхаздар.

Қызылорда облысында қазақ тілін жетік меңгерген этностар (90-
100% арасында): алтайлар (1 адам) – 100%, адыгейлер (1 адам) – 100%,
аварлар (1 адам) – 100%, шорлар (1 адам) – 100%, дүнгендер (1 адам) –
100%, румындар (1 адам) – 100%, словактар (1 адам) – 100%, финдер (1
адам) –100%, хорваттар (1 адам) – 100%, кабардин (1 адам) – 100%, қырым
татарлары (2 адам) – 100%, сығандар (2 адам) – 100%, осетиндер (3 адам)
– 100%, ауғандар (3 адам) – 100%, черкестер (4 адам) – 100%, күрдтер (6
адам) – 100%, қарақалпақ (12 адам) – 100%, ұйғырлар (106 адам) – 99,1%,
қырғыздар (118 адам) – 98,3%, түріктер (1058 адам) – 97,7%, түркімендер
(27 адам) – 96,3%, өзбектер (988 адам) – 93,9%, башқұрттар (169 адам) –
92,9%, шешендер (618 адам) – 91,1%. Ал қазақ тілін мүлдем білмейтін,
түсінбейтін этностарға мансылар мен балқарлар жатады.

Оңтүстік Қазақстан облысында қазақ тілін жетік меңгерген этно-
стар (90-100% арасында): табасарандар (1 адам) – 100%, удиндер (1
адам) – 100%, талыштар (1 адам) – 100%, черкестер (2 адам) – 100%, қы-
рымшақтар (2 адам) – 100%, абазиндер (2 адам) – 100%, шорлар (3адам)

364 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
– 100%, мансылар (1 адам) – 100%, кабардиндер (7 адам) – 100%,таттар
(9 адам) – 100%, құмықтар (15 адам) – 100%, қарақалпақтар (149 адам)
– 99,3%, албандар (171 адам) – 97,1%, өзбектер (264093 адам) – 97,0%,
түріктер (14660 адам) – 97,0%, ұйғырлар (2423 адам) – 96,7%, қырғы-
здар (1449 адам) – 96,3%, əзірбайжандар (20217 адам) – 95,9%, тəжіктер
(18754 адам) – 95,9%, күрдтер (5557 адам) – 95,7%, парсылар (2840 адам)
– 93,7%, түркімендер (640 адам) – 93,3%, ноғайлар (15 адам) – 93,3%,
балқарлар (29 адам) – 93,1%, арабтар (22 адам) – 90,9%, қарашайлар (156
адам) – 90,4%, қалмақтар (1 0адам) – 90,0%. Облыстағы қазақ тілін мүл-
дем білмейтін, түсінбейтін этностар: ассириялықтар, славактар, серб-
тер, шведтер, француздар, италяндықтар, румындар.

Келтірілген мəліметтерге назар аударсақ, аймақта саны жағынан қа-
зақтардан кейінгі екінші орынды алатын ірі этнос орыстардың 4,8% қа-
зақ тілін ауызша түсінетін, оның 11,1% еркін оқи алатын жəне 8,1% еркін
жаза алатын деп мəлімдейді.

Саны жағынан үшінші басымдылыққа ие өзбектердің (барлық тұрғын-
дар ішінде алатын үлесі – 7,2%) 96,7 % қазақ тілін ауызша түсінемін,
оның 76,2% еркін оқи алатынын, 63,3% еркін жаза алатынын көрсетеді.

Кестеден көрініп тұрғандай, аймақта, жалпы Қазақстанда қазақ тілін
меңгерген, оның мемлекеттік мəртебесін жүзеге асыруда барынша атса-
лысып, тікелей көмекті түркітектес этностар көрсетеді. Олардың ішінде,
əсіресе, саны жағынан біршама ірі болып келетін этностар ішінде өзбек-
терді (96,7), ұйғырларды (96,6), түріктерді (92,2), татарларды(84,4) т.б.
айтуға болады (9- кесте).

Ал орыстар, сондай-ақ славянтектес украин, белорус, поляк т.б. мем-
лекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге əлі де ден коймағандығы байқалады,
мысалы, орыстардың 40,8% украиндардың – 40,7 белорустардың 39,1%
жəне поляктардың 45,4% осы уақытқа дейін қазақ тілін ауызша да түсін-
бейтіні қанжылтады.

Орыстар аймаққа қарайтын барлық облыстарда бар, үш облыста бар-
лық тұрғындардың ішінде қазақтаран кейінгі екінші орынды алса, бір
облыста (Оңтүстік Қазақстан) үшінші орныды алады. Орыстар аймақ
халқының 9,7 пайызын құрайды. Олардың 55,6% қалада, 44,4% ауылда
тұрады. 45,1% ер, 54,9% əйелдер.

Соңғы санақ мəліметінде орыстардың 96,6% өз ұлтының тілін ана
тілім санаса, 3,4% басқа этностың тілін ана тілім деп есептейді.

Халақ санағының мəліметінде 15 жас жəне одан жоғары жастағылар-
дың ішінде орыс тілін ауызша түсінемін дейтіндер 90,9% құраса, олар-
дың 77,1% еркін оқи аламын, 76,1% еркін жаза аламын деп көрсеткен.
Ал орыстардың өз этносының тілін сол жастағылардың 97,4% ауызша
түсінемін, 96,4% еркін оқи аламын, 95,0% еркін жаза аламын деп мəлім-
деген.

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 365
Орыс тілін орыстардың өздерінен де жақсы меңгерген біршама көп

санды болып келетін этностар ішінде алдымен кəрістерді (98,2%), укра-
индарды (98,1 %) татарларды (97,8%) айтуға болады.

Өзбектер – тұрғындар ішіндегі сандық үлесі жағынан үшінші орынды
алатын этностардың бірі. Олар аймақ халқының 7,2 пайызын құрайды.
Олардың басым бөлігі ауылдық жерлерге қоныстанған (Өзбекстанмен
шекаралас аудандарда жиі қоныстанған) яғни 64,5% ауылда тұрады. Қа-
лада тұратыны - 35,5%. Өзбектер көбінесе Оңтүстік Қазақстан облысын-
да шоғыр орналасқан, облыс халқының 16,3 пайыз құрайды. Олар əсіресе
Сайрам ауданында өте шоғыр қоныстанған, бұл ауданында олардың саны
қазақтардың екі есеге көп. Барлық тұрғындардың 60,5% құрайды. Сон-
дай-ақ өзбектер Түркістан қаласында (33,4%), Кентау (26,0%), Төле би
ауданында (14,4%), Шымкентте (6,3%) көптеп кездеседі. Жамбыл облы-
сында Тараз қаласында (6,3%), Мерке ауданында (2,1%) біршама шоғыр
қоныстанса, қалған облыстарда мұндай емес, шашыраңқы қоныстанған.

Өзбектердің ішінде өз ұлтының тілін ана тілім деп санайтыны – 97,0%,
қалған – 3,0% өзге этнос тілін ана тілім деп қабылдаған.

Аймақтағы өзбектердің 15 жас жəне адам жоғары жастағылардың
ішінде 96,7% қазақ тілін ауызша түсінетіндігін,76,2% еркін оқи алатыны
жəне 63,3% еркін жаза алатынын санақ қорытындысында мəлімдеген. Ал
орыс тілін сол жастағы өзбектердің 93,0% ауызша түсінемін, оның ішін-
де 78,9% еркін оқи аламын, 68,3% еркін жаза аламын деп көрсеткен.

Ұйғырлар – халықтың 2,5 пайызын құрайтын аймақтағы төртінші ірі
этностардың бірі. Олардың 85,2 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған,
оның ішінде басым бөлігі Алматы облысының Ұйғыр ауданында (55,5%),
Панфилов ауданында (27,1%), жəне Еңбекшіқазақ ауданында (18,6%)
тұрады. Қалалы жерлерде ұйғырлардың небəрі 14,8 % орналасқан.

Ұйғырлардың 83,3 пайызы өз ұлтының тілін ана тілім деп санаса, 16,7
пайызы өзге ұлт тілін ана тілім деп қабылдаған.

Соңғы халық санағы мəліметінде ұйғырлардың 15 жас жəне одан
жоғарғы жастағыларының қазақ тілін ауызша түсінемін дегені – 96,6%,
оның ішінде 75,3% еркін оқи аламын, 65,8% еркін жаза аламын деп көр-
сеткен. Ал орыс тілін осы жастағы ұйғырлардың 95,5% ауызша түсі-
немін, 86,6% еркін оқи аламын, 79,7% еркін жаза аламын деп мəлімдейді.

Түріктер – аймақ тұрғындарының 1,5 пайызын құрайтын көп санды
диаспоралардың бірі. Түріктер де ұйғырлар сияқты ауылдық жерлерге
қоныстанған. Олардың ауылда тұратыны - 79,5% болса, қаладағысы -
20,5%. Түріктер аймақтағы барлық облыстар аумағында бірдей кездесе
бермейді. Олардың біршама тығыз қоныстанған жерлері Алматы облы-
сындағы Еңбекшіқазақ ауданы – 5.0%, Қарасай ауданы – 5,0%, Талғар
ауданы – 1,5%, Жамбыл облысындағы Меркі ауданында түріктер барлық
тұрғындардың 10,7%, құраса, Байзақ ауданында – 8,9%, Тараз қаласын-

366 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
да – 5,3%, Шу ауданында – 5,4%, Жамбыл ауданында – 4,4% құрайды.
Ал оңтүстік Қазақстан облысында түріктер Төле би ауданында - 3,6%,
Сайрам ауданында – 2,7%, Сарыағаш ауданында – 1,2%, құрайды. Қызы-
лорда облысында тек екі ауданында ғана шоғыр орналасқан (Қармақшы
ауданы – 2,1% жəне Жаңақорған ауданында – 0,3%).

Кəрістер аймақ тұрғындарының 0,7 пайызын ғана құрайды. Олардың
29,5 пайызы ауылдық жерде тұрса, 70,5 пайызы қалада тұрады. Кəрі-
стердің көп шоғырлаған жерлері: Алматы облысының Қаратал ауданы
(8,3%), Талдықорған қаласы (3,1%), Қапшағай қаласы (2,4%), Текелі қа-
ласы (1,3%), Көксу ауданы (1,3%,), Ескелді ауданы (1,1%), сондай-ақ Та-
раз қаласында (2,5%), Шымкент қаласында (1,0%), Қызылорда қаласын-
да (2,3%), Байқоңырда (1,3%), Шиелі ауданында (1,1%) біршама шоғыр
қоныстанған.

Аймақтағы кəріс диаспораның 42,2 пайызы өз этносының тілін ана
тілім деп санаса, 57,8 пайызы өзге этнос тілін ана тілім деп есептейді.

Халық санағының мəліметінде 15 жас жəне одан жоғары жастағы
кəрістердің қазақ тілін ауызша түсінетіні – 49,8% (17682 адам), оның
ішінде 14,9% (5292 адам) еркін оқиды, 11,3% (4000 адам) еркін жазады.
Ал орыс тілін осы жастағы кəрістердің 98,2% ауызша түсінемін, 92,3%
еркін оқимын, 96,3% еркін жазамын деп көрсеткен. Осыдан көрініп
тұрғандай кəрістердің тілдік бағыт-бағдары бірыңғай орыс тіліне ауған,
барынша орыстанған.

Татар диаспорасы да кəрістер сияқты аймақ халқының 0,7 пайы-
зын құрайды. Жалпы саны – 43684 адам. Татарларлардың 61,5% қалада,
38,5% ауылдық елді-мекендерде орналасқан. Олар аймаққа қарайтын об-
лыстарда əртүрлі санда шашырап қоныстанған. Облыс елді-мекендерін-
дегі тұрғындарының шамамен 5-6 орындарды алады.

Татарлардың жартысынан астамы, яғни 63,8% өз ұлтының тілін ана
тілім деп санаса, 36,2% ана тілін өзге ұлт тіліне ауыстырған.

Соңғы халық санағының мəліметенде 15 жас жəне жоғары жастағы
татарлардың 84,4% қазақ тілін ауызша түсінемін десе, соның 50,2% еркін
оқи аламын, 42,6% еркін жаза аламын деп көрсеткен.

Күрдтер аймақ халқының 0,6 пайызын құрайды. Олар əсіресе Жам-
был облысында (1,3%) жəне Алматы облысында (0,7%) біршама шоғыр
қоныстанған. Басым бөлігі ауылдық жерде 84,7%, қалған бөлігі 15,3% қа-
лада тұрады. Аймақтағы күрдтердің 89,4% өз этносының тілін ана тілім
деп санаса, 10,6% ана тілін өзге тілге ауыстырған.

15 жас жəне адам жоғары жастағы күрд азаматтарының 78,0 пайызы
қазақ тілін ауызша түсінеді, оның 43,1% еркін оқи алса, 37,4% еркін жаза
аламын деп көрсеткен санақ мəліметінде.

Украиндар – аймақ халқының 0,3 пайызын құрап, жалпы есепте
тұрғындар ішіндегі үлесі жағынан тоғызыншы орынды алатын диаспора.

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 367
Олардың жартысынан астамы, яғни 56,8% қалада, 43,2 % ауылдық жер-
де қоныстанған. Украиндар да немістер мен белорустар, кəрістер сияқты
өз ана тілін жоғалтып, өзге ұлт тіліне қарай біршама ауыса бастағандар
қатарына жатады. Мысалы, аймақтағы украин диаспорасының небəрі
33,9% ғана өз ұлтының тілін ана тілім деп санаса, 66,1% өзге тілді (басым
бөлігі орыс тілін) ана тілім деп есептейді.

Санақ мəліметіне сүйенсек, украиндықтардың ішіндегі (15 жас жəне
адам жоғары жастағы) қазақ тілін ауызша түсінетіні 40,7% болса, соның
10,2% еркін оқи аламын, 7,5% еркін жаза аламын деп көрсетеді. Осы
жастағы украиндардың орыс тілін меңгеруіне келсек, олардың орыс тілін
ауызша түсінетіні – 98,1%, оның ішінде еркін оқи алатыны – 97,0%, еркін
жаза алатыны – 95,7% екен. Міне, бұл санамаланып өткен тоғыз этнос
жоғарыда айтып өткендей, аймақ көлемінде өтіп жатқан əлеуметтік жəне
тілдік үдерістерде қомақты рөл атқарады.

Аймақтағы этнолингвистикалық жағдаят шеңберінде қамтылып
өтілуге тиісті мəселелердің біріне ана тілін жəне екінші тілді білу дең-
гейлерін қарастыру жатады. Өз ұлтының тілін меңгеру – бұл ұлттық са-
на-сезімнің өсу деңгейін көрсетеді жəне əрбір адамның қасиетті борышы.
Ал өзге тілді меңгеру күнделікті өмірде қолдану – əлеуметтік қажеттілік,
өмір шындығы.

Оңтүстік Қазақстан аймағындағы этнос тілдерінің меңгерілуі əралу-
ан. Жалпы алғанда мынадай: өз ұлтының тілін ана тілім деп санайтындар
барлық тұрғындардың 96,8% құрайды. Ал басқа ұлттың тілін ана тілім
деп санайтындар – 3,2%.

Облыста өз ұлтының тілін ана тілім деп санап, оны меңгеруге барын-
ша ден қойған этностарға қазақтар мен орыстардың басқа этностар іші-
нен: өзбектерді (97,0%), түріктерді (93,6%), күрдтерді (89,4%), ұйғырлар-
ды (83,3%), т.б. айтуға болады.

Аймақта ана тілін ауыстырып, өзге тілге біршама көше бастаған бір-
неше диаспора өкілдері бар. Олар көбіне аз санды болып келетін қырым
татарлары, еврейлер, марийлер, хакастар, тувалықтар т.б. олар 100% өзге
тілді ана тілім деп санайды. Сол сияқты аймаққа қарайтын төрт облы-
стағы кейбір көп санды болып келетін этностар да, шамамен жарты-
сынан астамы, өз ана тілін жоғалтып, өзге тілді ана тілін деп санайды.
Олар: белорустар (72,4), украиндар (67,3%), немістер (66,0%), поляктар
(58,0%) т.б.

Міне, осы жəне басқа да жағдайлар мен əралуан факторлар еліміз-
де тіл саясатын дұрыс бағытта жүргізуге, елде жəне оның аймақтарында
қалыптасқан тілдік ахуалға нақтылы əлеуметтік лигвистикалық талдау
жүргізуді, сипаттама, баға беруді керек етеді. Бұл өз кезегінде халықтың
тілдік бағыт-бағдарын дұрыс анықтауда, əсіресе мемлекеттік тілдік коғам
өміріне енуі, меңгеруі, оқылуы, қажеттіліктің пайда болуы не болмауы

368 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
т.б. мəселелеріне, сондай-ақ халықтың орыс жəне ағылшын тілдерін мең-
геру деңгейі халықтың сұранысы, олардың мемлекеттік тілді дамытудағы
орны мен рөлін анықтауға жəрдемдеседі.

Қазақстандық диаспоралардың өз этикалық тілдерін білу деңгейі,
олардың қазақ жəне орыс тілдерін меңгеруі, қоғамдық, көпұлттылық
мəселелері, тілдердің өзара қарыс-қатынасы, əсері, жақындасуы т.б.
мəселелер қамтылып, зерттелуі тиіс.

10-кесте. Аймақ халқының облыстар бойынша орыс тілін меңге-
ру деңгейі (15 жəне одан жоғары жастағылар)

Этностар Осы соның ішінде тілдерді меңгеру деңгейі бойынша
этнос
адамда- орыс тілі
рының
саны адам пайызбен

ауызша соның ішінде ауызша соның ішінде
түсінеді еркін соның түсінеді еркін соның
оқиды ішінде оқиды ішінде

еркін еркін
жазады жазады

Алматы облысы

Барлық 1351044 1237841 1138274 1087592 91,6 84,3 80,5
халық

Қазақтар 888993 792669 709929 673371 89,2 79,9 75,7

Орыстар 252643 243631 240916 236429 96,4 95,4 93,6

Ұйғырлар 104645 99978 90446 83286 95,5 86,4 79,6

Түріктер 26137 25502 24227 23522 97,6 92,7 90,0

Кəрістер 13536 13202 13053 12884 97,5 96,4 95,2

Өзбектер 2780 2543 2204 2064 91,5 79,3 74,2

Татарлар 11231 10969 10677 10460 97,7 95,1 93,1

Күрдтер 9597 9313 8805 8547 97,0 91,7 89,1

Украиндар 5896 5749 5679 5583 97,5 96,3 94,7

Басқа 35586 34285 32338 31446 96,3 90,9 88,4
этностар

Жамбыл облысы

Барлық 731556 694442 641402 614447 49,9 87,7 84,0
халық

Қазақтар 509795 476813 429762 407197 93,5 84,3 79,9

Орыстар 101261 99869 99192 98330 98,6 98,0 97,1

Ұйғырлар 1768 1711 1607 1547 96,8 90,9 87,5

Түріктер 21014 20511 19068 18136 97,6 90,7 86,3

Өзбектер 17826 17450 16702 16223 97,9 93,7 91,0

Күрдтер 9134 8712 7879 7376 95,4 86,3 80,8

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 369

Кəрістер 8120 8018 7978 7921 98,7 98,3 97,5
Татарлар 7536 7404 7189 7050 98,2 95,4 93,6
Украиндар 4834 4762 4711 4664 98,5 97,5 96,3
Басқа 50268 49192 47314 46003 97,9 94,1 91,5
этностар
Қызылорда облысы 88,5 77,9 71,8
Барлық 476106 421399 370668 342033
халық 76,8 70,5
Қазақтар 450075 395807 345498 317222 87,9 98,0 97,1
Орыстар 13238 13074 12972 12850 98,8 98,2 97,5
Кəрістер 98,9 96,4 94,2
Татарлар 6522 6448 6404 6358 98,4 90,2 85,5
Түріктер 1543 1518 1483 1453 95,8 86,6 82,7
Өзбектер 1058 1014 954 905 95,4 90,6 84,9
Ұйғырлар 943 856 817 97,2 97,9 97,4
Украиндар 988 103 99,0 100,0 100,0
Күрдтер 106 384 96 90 100,0 93,8 92,2
Басқа 388 380 378 97,0
этностар 6 77,1 70,2
6 1415 6 6
Барлық 1459 1368 1345 74,5 67,7
халық 77,9 66,7
Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысы 97,3 96,0
Өзбектер 86,0 80,9
Орыстар 1656860 1480364 1278253 1162335 89,3 84,4 77,7
Түріктер 96,9 95,7
Ұйғырлар 1175172 1026891 874946 795872 83,4 80,3 76,0
Кəрістер 264093 244662 205756 176079 92,6 97,3 95,9
Күрдтер 112721 110644 109717 108220 98,2 94,6 91,5
Украиндар 14660 14000 12614 95,5 77,2 64,5
Татарлар 11857 94,1
Басқа 2423 2281 2045 1882 98,1
этностар 7346 7210 7121 7030 95,9
5557 5331 4462 4226 98,3
5180 5092 5041 4968 97,5
15631 15244 14790 14298 90,6
54077 49009 41761 37903

370 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

11-кесте. Аймақ халқының орыс тілін меңгеру деңгейі (15 жəне
одан жоғары жастағылар)

Этностар Осы соның ішінде тілдерді меңгеру деңгейі бойынша
этнос
адамда- орыс тілі
рының
саны адам пайызбен

ауызша соның ішінде ауызша соның ішінде
түсінеді еркін соның түсінеді еркін соның
оқиды ішінде оқиды ішінде

еркін еркін
жазады жазады
4215566 3834046 3428597 3206407
Барлық 90,9 77.1 76.1
халық

Қазақтар 3024035 2692180 2360135 2193662 89.0 78.0 72.5

Орыстар 479863 467218 462794 455829 97.4 96.4 95.0

Ұйғырлар 108942 104073 94194 86805 95.5 86.5 79.7

Түріктер 62869 61027 56863 54420 97.1 90.4 86.6

Кəрістер 35524 34878 34556 34193 98.2 97.3 96.3

Өзбектер 285687 265598 225518 195183 93.0 78.9 68.3

Татарлар 35941 35135 34139 33261 97.8 95.0 92.5

Күрдтер 24294 23362 21152 20155 96.2 87.1 83.0

Украиндар 16298 15987 15811 15593 98.1 97.0 95.7

Басқа 142113 134588 123435 117306 94,7 86,9 82,5
этностар

12-кесте. Аймақ халқының облыстар бойынша ағылшын тілін
меңгеру деңгейі (15 жəне одан жоғары жастағылар)

Этностар Осы соның ішінде тілдерді меңгеру деңгейі бойынша
этнос
адамда- орыс тілі
рының
саны адам пайызбен

ауызша соның ішінде ауызша соның ішінде
түсінеді еркін соның түсінеді еркін соның
оқиды ішінде оқиды ішінде

еркін еркін
жазады жазады

Алматы облысы

Барлық 1351044 188662 117958 90148 14,0 8,7 6,7
халық

Қазақтар 888993 135646 86994 67260 15,3 9,8 7,6

Орыстар 252643 27950 15636 11451 11,1 6,2 4,5

Ұйғырлар 104645 13733 8844 6469 13,1 8,5 6,2

Түріктер 26137 2374 1413 1079 9,1 5,4 4,1

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 371

Кəрістер 13536 2112 1176 898 15,6 8,7 6,6
Өзбектер 2780 295 189 132 10,6 6,8 4,7
Татарлар 11231 1534 895 684 13,7 8,0 6,1
Күрдтер 9597 657 318 244 6,8 3,3 2,5
Украиндар 5896 548 294 224 9,3 5,0 3,8
Басқа 35586 3813 2199 1707 10,7 6,2 4,8
этностар
731556 Жамбыл облысы 13,4 9,3 6,8
Барлық 97860 68287 49814
халық 509795 10,6 7,8
Қазақтар 101261 75739 53808 39648 14,9 6,6 4,6
Орыстар 10548 6699 4627 10,4 7,5 5,6
Ұйғырлар 1768 11,9 4,6 3,5
Түріктер 21014 210 132 99 8,6 6,3
Өзбектер 17826 1453 957 727 6,9 3,1 2,3
Күрдтер 9134 2226 1532 1119 12,5 12,3 9,0
Кəрістер 8120 422 286 214 4,6 8,5 6,0
Татарлар 7536 1502 999 729 78,5 4,7 3,4
Украиндар 4834 925 644 453 12,3 6,4 4,0
Басқа 50268 367 228 166 7,6
этностар 4468 3202 2032 8,9 12,7 9,3
476106
Барлық Қызылорда облысы 17,8 12,8 9,4
халық 450075 84628 60314 44271 9,5 6,6
Қазақтар 13238 11,7 8,1
Орыстар 80192 57633 42409 17,8 9,6 6,5
Кəрістер 6522 2053 1263 874 15,5 13,3 7,9
Татарлар 1543 1379 531 21,1 11,1 8,1
Түріктер 1058 766 100 16,5 18,9 17,0
Өзбектер 254 148 84 16,4 6,4 4,9
Ұйғырлар 988 174 141 80 16,6 16,7 16,7
Украиндар 106 164 110 18 32,1 14,2 10,6
Күрдтер 388 34 20 19 11,1
Басқа 43 25 1 16,7 9,1 6,6
этностар 6 155 20,8
1459 1 1 9,7 7,2
Барлық 304 207 7,6 5,3
халық 1656860
Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысы
Өзбектер 1175172
264093 214120 149960 109502 12,9

161747 114086 84312 13,8
27494 20126 13871 10,4

372 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

Орыстар 112721 14174 8556 6117 12,6 7,6 5,4
Түріктер 14660 1585 1168 839 10,8 8,0 5,7
Ұйғырлар 2423 275 194 126 11,3 8,0 5,2
Кəрістер 7346 1476 946 724 20,1 12,9 9,9
Күрдтер 5557 340 224 169 6,1 4,0 3,0
Украиндар 5180 543 315 225 10,5 6,1 4,3
Татарлар 15631 1980 1232 893 12,7 7,9 5,7
Басқа 54077 4506 3113 2226 8,3 5,8 4,1
этностар

13-кесте. Аймақ халқының ағылшын тілін меңгеру деңгейі (15
жəне одан жоғары жастағылар)

Этностар Осы этнос соның ішінде тілдерді меңгеру деңгейі бойынша
адамдары-
ның саны ағылшын тілі

адам пайызбен

ауызша соның ішінде ауызша соның ішінде
түсінеді еркін соның түсінеді еркін соның
оқиды ішінде оқиды ішінде

еркін еркін
жазады жазады

Барлық 4215566 585270 396519 293735 13,9 9,4 7,0
халық

Қазақтар 3024035 453324 312521 233629 15,0 10,3 7,7

Орыстар 479863 54725 32154 23069 11,4 6,7 4,8

Ұйғырлар 108942 14252 9190 6712 13,1 8,4 6,2

Түріктер 62869 5586 3679 2729 8,9 5,9 4,3

Кəрістер 35524 6469 3887 2882 18,2 10,9 8,1

Өзбектер 285687 30179 21957 15202 10,6 7,7 5,3

Татарлар 35941 4693 2919 2130 13,1 8,1 5,9

Күрдтер 24294 1420 829 628 5,8 3,4 2,6

Украиндар 16298 1501 862 634 9,2 5,3 3,9

Басқа этно- 142113 13091 8721 6120 9,2 6,1 4,3
стар

Қазақстанның оңтүстік аймағында мемлекеттік тілді дамытудың
басым бағыттары мен жүзеге асу жолдары. Бүгінгі таңда облыстар-
дағы тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында зерделеу, тексеру,
сауалнама жүргізу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Жалпы
аймақта тіл мəселесі бойынша атқарар жұмыстардың ауқымы кең. Мем-
лекеттік тілді оқыту стандарттарын жетілдіруге, ономастика мəселесін
біріздендіруге, көрнекі ақпаратты заң талаптарына сəйкестендіруге, сон-

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 373
дай-ақ нəтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу жүйесін енгізуге
бағытталған жұмыстар ұйымдастырылуда. Мемлекеттік тіл мəселесімен
айналысатын құрылымдар мамандарының жауапкершілігі мен талаптары
күшейтіліп, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының материалдық-тех-
никалық базасын жақсарту, əдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүзе-
ге асырылуда.

Қазақ тілін мемлекеттік мəртебе беру арқылы дамыту идеясын қа-
зақстандық қоғамның басым бөлігі қуаттады жəне соның арқасында қа-
зақ тілі жиырма жылдан астам тарихи отанында заң жүзінде бірден-бір
мемлекеттік тіл ретінде қызмет етіп келеді. Шынында да, мемлекеттік
егемендік алғаннан бері қазақ тілінің əлеуметтік-саяси маңызы артып,
оның проблемалары алдыңғы қатарға шығарылып келеді. Бұл – қоғам-
ның тіл дамытуға деген саналы əрекеті деген сөз.

Тілдерді қолдану мн дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем-
лекеттік бағдарламасында тіл дамытудағы бүгінге дейін жеткен нəтиже-
лері ретінде төмендегілерді көрсетеді:

1. Мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеулі түрде кеңіді. Мы-
салы, қазақ тілінде оқытатын балабақшалар – 940, бұл 2001 жылмен са-
лыстырғанда 68 пайзға жоғары, мектептер – 3811, 2001 жылмен салысты-
рғанда 163-ке өсті, мемлекеттік тілді оқытатын 101 орталық құрылды.

2. Ісқағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсен-
ді түрде іске асуда (мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжаттардың
үлес салмағы шамамен 67 пайызды құрайды).

3. Мемлекеттік тілді оқытудың əдістемелік базасы əзірлену үстінде
(көп деңгейлі оқу-əдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана
10 түрлі сөздік, жалпытаралымы 260 мың дана екі жəне үш тілді 8 сала-
лық сөздік шығарылды ).

4. Мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технология-
ларды енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, олар тұрақты түрде
жаңартылып отырады (20-дан астам сервис түрі, əлемнің 50 елінен бел-
сенді пайдаланушылар аудиториясы).

5. Мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда (мемлекттік
БАҚ контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі 70 пайыздан асты
2750, БАҚ басылымдарының 68 пайызы толық немесе ішінара қазақ
тілінде шығады).

6. Шет елдерде тұратын отандастармен мəдени байланыстарды дамы-
ту жəне нығайту жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

7. Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың
тиімді жүйесі құрылды (жалпы білім беретін 7576 мектептің 1598-і орыс
тілінде, 62-сі өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-уі тəжік тілінде оқыта-
ды, 2089-ы – аралас мектептер: 2003 мектепке дейінгі мекеменің 260-ы
орыс тілінде, 2-уі өзбек тілінде оқытады, 801 балалар оқу орындары –

374 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
аралас; этномəдени бірлестіктердің 190 жексенбілік мектептерінде 30 эт-
никалық топ ана тілін оқиды, қазақстандық 50 театрдың 9-ы аралас,15-і
орыс тілінде, 1-уі – кəріс, 1-уі неміс, 1-уі өзбек жəне 1-уі ұйғыр тілінде
жұмыс істейді) [8, 8-9 бб.]. Осы аталға мəселелер облыстық, аймақтық
деңгейде жүзеге асып келеді.

Əлеуметтік лингвистиканың негізгі мəселелерінің бірін тілдің қоғам-
дық қызметін зерттеу құрайды. Тілдің қызмет ету тəжірибесі ақуалының
обьективті көрсеткішіне мынадай социолингвистикалық белгілер: тілдің
қоғамдық қызмет көлемі, қызметтік аясы жəне тілдің қолданылатын са-
лалар саны жатады. Осыған орай, Ю.Д.Дешериев тілдердің қызмет ету
жағынан дамуын зерттеу – тілдерді қарастырудың ең жоғарғы деңгейі бо-
лып саналады, өйткені бұл деңгей тілдерді қоғамның материалдық жəне
рухани өмірдегі барлық салаларының дамуымен ажырамас байланыста
зерттеуге жағдай туғызады дей келе: «Судьба любого языка, его роль и
значении в жизни общества, перспективы его функционирования зависят
от его общественных функций», - деп атап көрсетеді [9, 26 б.].

Тілдің қоғамдағы нақты қызмет ауқымы оны қолданатын өмір саласы
бойынша қарастырғанда анықталады. «Өмір саласы» ұғымы адамдардың
өмірде өзара араласуындағы қарым-қатынастың белгілі бір тіл көмегімен
жүзеге асырылатын нақтылы кеңістігі дегенді білдіреді [10, 75 б.].

Тілдің қоғамдық өмірдің нақты бір саласында қолданылуы оның
нақты қызметі де, ал оның қолданылатын орындары бойынша сарала-
нуы қоғамдық қызметі болып табылады. Қоғамдық өмірдің саласы мей-
лінше көп. Олардың көпшілігі белгілі бір тұрақтылықта бола бермейді,
керісінше, обьективті өзгерімпаздыққа ие. Мұны бүгінгі өмір шын-
дығымен дəлелдеуге болады. Айталық, шаруашылықтың нарықтық
тетігіне өту мынадай салалардың: банкілік қызмет, маркетинг, менед-
жмент т.б. дамуына түрткі болды. Бұл салалардың пайда болуы соларға
сəйкес қатынас түрлерінің қарқынды дамуын туғызуда. Демек, уақыт
өткен сайын бүгінгі күнде зерттелді деп танылған өмір салаларының
саны мен мазмұны не азаяды, не ұлғаяды. Ол қоғамның əлеуметтік, мə-
дени жəне экономикалық дамуына байланысты [11, 48 б.]. Сондықтан
оны қоғамның əлеуметтік, мəдени жəне экономикалық даму деңгейіне
оның толық санын көрсету мүмкін емес. Десек те, социолингвист ға-
лымдар тарапынан тілдің қоғамдық қызмет аясын анықтауда əр сала-
ның іштей сала-салаға бөлінетіндігін ескере отырып, негізгі өмір сала-
лары санын көрсетіп жүр. Айталық, Л.Б.Никольский тіл қолданылатын
салаларды алтыға В.А.Аврорин он екіге, Ю.Д.Дешериев жиырма екіге
бөлсе, Ə.Орысбаев 13 негізгі сала мен 65 қосымша саланы атады. Ал
Б.Хасанов қазақ тілінің Қазақстанда өмірдің 15 негізгі саласы мен 57
қосалқы саласында (подсфера), яғни небəрі 72 салада қолданылатынын
көрсетті.

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 375
Осыларды негізге ала отырып, оңтүстік аймақтағы қазақ тілінің аз-

ды-көпті қолданылатын негізгі салалардағы қызметін қарастырып, оларға
мемлекеттік тілді толығынан енгізудің жолдарына ұсыныстар жасадық.

Жалпы аймақта қазақ кездеспейтін жер жоқ десек, соған сəйкес қазақ
тілі қолданылмайтын өмір саласы да жоқ. Бұған облыс көлемінде тіл да-
мыту барысында атқарылып жатқан жұмыстарды айтуға болады.

Қазақ тілі – кез келген тілдер сияқты жалпы адамзаттық құндылық.
Ол қазақ халқының ұлттық өмірінің əртүрлі саласында прогреске, гу-
манистік мұратқа қызмет етіп келе жатқан, ғасырлар бойы жинақталған
рухани құндылықтың, білім мен ғылыми танымның тілі. Сонымен қа-
тар қазіргі қазақ əдеби тілі - жалпыұлттық тілдің ең жоғарғы формасы.
Ұлттық тілдің өзге тармақтарына: аумақтық, əлеуметтік диалекті, қара-
пайым сөйлеу тілі т.б. қарағанда қазақ əдеби тілі өзінің қырланып, ек-
шеліп сымбаттала түскен ерекшелігімен, тіл жұмсаушылардың бəріне
ортақ нормаларының қалыптасқандығымен, стильдік тармақтарының
тарамдала түскен қасиетімен айрықша болып тұрады. Оның қоғамдық
өмірдің бұқаралық ақпарат, көркем əдебиет, ғылым-білім, ресми-құқық,
саясат т.б. салаларында жəне тұрмыста қолданылатын функционалдық
стилдік тармақтары бар. Жалпыхалықтық қазақ тілінің əлеуметтік, ау-
мақтық диалектілері, қарапайым сөйлеу тілі тəрізді формалары мен
шағатай əдеби тілінің қазақ топырағында жасалған кітаби тіл үлгілерінің
болуы, сондай-ақ қазақ тілінің өзге де ұлттар мен ұлыстардың тілімен
өзара қарым-қатынаста, байланыста өмір сүруі ұлттық əдеби тіл дамуы-
ның қайнар көздері болып табылады. Əдеби тілдің ең жақсы үлгілерінің
жазбаша, ауызша тараған тарихи-мəдени мұралары ұрпақтан-ұрпаққа са-
бақтастығы үзілмей үздіксіз жетіп отырған. Енді қазақ əдеби тілі форма-
сының аймақтағы өмір салаларында қолданылуына тоқталайық.

Біріншіден, мемлекеттік тіл - əлемдегі елдердің қай-қайсысында
болмасын қоғамдық саяси салада алдымен қолданылатын тіл. Бұл біздің
соңғы Конституциямызда (7-бап), Тіл туралы заңда (1-тарау, 4-бап) анық
көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастар-
дың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару,
сот ісін жүргізу жəне іс қағаздарын жүргізу тілі». Алайда əлі күнге дейін
жалпы еліміз бойынша айтар болсақ, бұл салада алдымен орыс тіліне
жүгінушілік сақталып келеді. Дегенмен зерттеу нысаны болып отырған
оңтүстік аймақта, соның ішінде Қызылорда облысындағы жағдай бірша-
ма қанағаттанарлық деңгейде. Облыс 2001 жылы республикада бірінші
болып ісқағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшірді. Облыс бойын-
ша 30 республикалық, 20 облыстық жəне 8 жергілікті атқарушы органда
ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру процесі жүзеге асырылды. Сөй-
тіп, 2010 жылы республикамызда ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру

376 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
жұмысы аяқталады. Алайда, түрлі объективті себептерге байланысты
мемлекеттік тілдің дамуы межелі деңгейге жетпей отырғаны шындық.
Дей тұрғанмен, мемлекеттік органдарда əзірленетін ісқағаздарының қа-
зақ тіліндегілерінің үлес салмағы бірте-бірте жүйелі түрде артып келеді.
Бүгінде облыстық мекемелердегі кіріс құжаттарының 90 пайызы мемле-
кеттік тілде болса, шығыс құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі
орта есеппен 99 пайызды құрап отыр. Бұл ауыз толтырып айтарлықтай
көрсеткіш.

Сол сияқты Оңтүстік Қазақстан облысында да мемлекеттік орган-
дар жүйесінде мемлекеттік тілдің талап етілуінің арту үрдісі байқалады.
Мұнда 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік ұйымдарында
ісқағаздарын жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді. Мемлекеттік органдар
мен ұйымдарда ісқағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі 80%-дан
асты.

Оңтүстік аймақтағы зерттеу нысаны болып отырған Алматы облы-
сындағы қоғамдық-саяси салада қазақ тілінің жағдайы қанағаттанар-
лық деңгейде. Алматы облысы – ісқағаздарын мемлекеттік тілге толық
көшірген, ана тіліміздің қолданыс аясы ауқымды облыстардың бірі («Қа-
зақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550
Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 30 мамырдағы
№127 Жарлығының 1-ші тармағының талаптарын орындау мақсатын-
да облыстың барлық жергілікті өкілетті жəне атқарушы органдары 2008
жылдан бастап мемлекеттік тілге көшірілді). Айталық, облыс бойынша
мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіштері
мынаны көрсетеді: 2004 жылы облыстық басқару органдарында ісқағаз-
дарының тек 16 пайыздайы ғана мемлекеттік тілде жазылса, бұл көр-
сеткіш 2005 жылы 44,5 пайыз, 2006 жылы 65,2 пайыз, 2007 жылы 81,2
пайыз, 2008 жылы 87,3 пайыз болды. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 94,0
пайызға, 2010 жылы 97,0 пайызға жəне 2011 жылы 97,5 пайызға көтеріл-
ді. Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасындағы тіл туралы
Қазақстан Республикасы заңының орындалуын бақылау мақсатында
13 аудан мен 2 қалада, 36 облыстық басқармада зерделеу жұмыстары
жүргізілді. Бүгінде облыс бойынша 7083 мемлекеттік қызметкер болса,
оның 856-сы – өзге ұлт өкілі. Сол барлық мемлекеттік қызметкерлердің
80 пайызы ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе алатын деңгейде. Со-
нымен қатар тілдік жағдайға мониторинг пен талдау жүргізетін автомат-
тандырылған жүйені қолдану арқылы облыстық жəне жергілікті атқа-
рушы органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына ай сайын мониторинг
жасалып тұрады. Нəтижесінде облыс бойынша ортақ көрсеткіш 97 пай-
ызға жетті [12].

Аймақта қоғамдық саяси өмір саласында əдеби тілдің жазбаша фор-
масы кең түрде қолданылады. Ол жергілікті атқарушы органдар қаулыла-

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 377
рында, түрлі актілер мен заңдарда, ережелерде, ресми жəне іскерлік хат,
хабарларда т.б. қатынастарда кітаби ресми ісқағаздар стиль тармағында
көрінеді.

Мемлекеттік тіл – жоғарыда айтып өткендей, елдің қоғамдық-саяси
өмірінде алдымен қолданылатын тіл. Алайда Қазақстанда бұл салада ал-
дымен орыс тіліне жүгіндік, əлі де солай. Бұл салада да біртіндеп, ке-
зең-кезеңімен, жоспарлы түрде мемлекеттік тілге көшу керек. Қазірдің
өзінде осы жұмысты екі бағытта бастауға болар еді: бірі – қаулы, қарар,
жарғы, ережелер, үндеу т.б. құжат түрлерін қазіргідей орысша дайындап,
содан қазақшаға аударуды доғарып, бірден қазақ тілінде дайындау. Өйт-
кені орысшадан аудару мемлекеттік тілдің беделін түсіріп қана қоймай-
ды, ішкі заңдылығын да бұзуда. Ашығын айтайық, орысша білмейтін қа-
заққа түсініксіз құжаттар көбейіп барады. Екіншісі – қазақша жазылған
хат, арыз, шағым, өтінішке (тіпті сөйленген сөзге де) тек қана қазақша
жауап (машинка болмай, қолмен жазылса да) талап етуге дағдылану,
орысша жауапты қабылдамау. Айта кету керек, Қазақстан үкіметінің
20-жылдары қазақ болыстары мен ауылдық кеңестеріне орысша түскен
қаулы қарарларды қайтарып жіберу керектігі жөніндегі үкімет тəртібі
ресми құжаттарда көрсетілген.

Екіншіден, əлемдік тілдік тəжірибеде белгілі болғандай, тілдің қоғам-
дық өмір салаларында қызметінің ұлғаюы көбіне оның тəрбие, оқу тілі,
оқу пəні болуымен байланысты. Ағарту саласы - мектепке дейінгі меке-
мелерден бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі өскелең ұрпақты тəр-
биелеу мен оқытудың барлық сатыларын қамтитын, жүйеленген білімді,
шеберлік пен дағдыны меңгерту нəтижелерін көрсететін процесс. Бұл
сала бойынша, айталық, оңтүстік аймақтағы зерттеу нысаны болып оты-
рған Қызылорда облысында барлығы 291 мектеп болса, оның 5-і орыс
мектебі, 27-сі аралас мектеп, ал қалған 259-ы таза қазақ мектебі. Облыс
бойынша барлығы 129 өзге ұлт балалары қазақ мектептерінде оқиды.
Облыстағы мектепке дейінгі тəрбие беретін 199 балабақшаның 190-ы
қазақ, 1-і орыс, 8-і аралас балабақша. Қазақ тілі аймақта арнаулы орта
жəне жоғарғы оқу орындарында оқу тілі ретінде қызмет етеді. Бұл салада
социолингвист-ғалым Б.Хасановтың мəліметі бойынша қазақ тілі 59 ма-
мандықтың 35 түрінің игеру тіліне айналды [10, 184 б.].

Ал Алматы облысы бойынша 2012-2013 оқу жылында барлығы 738
мектеп болса, оның 20-ы орыс мектебі, 311-і аралас мектеп, ал қалған
395-і таза қазақ мектебі. Облыстағы мектепке дейінгі тəрбие беретін
164 балабақшаның 76-ы қазақ, 7-і орыс, 80-ні аралас балабақша. Сон-
дай-ақ облыстағы барлық шағын балабақша орталығының саны 434
болса, соның 218-і қазақ тілінде, 12-і орыс тілінде жəне 204-і аралас,
қазақ-орыс тілдерінде тəрбие-білім береді (№14,15,16-кестелерге қа-
раңыз).

378 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

14-кесте. Алматы облысындағы мектептер туралы мəлімет

Мек- 2008-2009 оқу 2009-2010 оқу 2010-2011 оқу 2011-2012 оқу
тептер жылы жылы жылы жылы

Мектеп
саны
Бала
саны

Мектеп
саны
Бала
саны

Мектеп
саны
Бала
саны

Мектеп
саны
Бала
саны

Барлық 745 292,590 746 291,051 740 292,003 738 293,669
мектеп 395 102,179 392 100,881 397 101,542 395 101,124
Қазақ 24 10,408 21 9896 20 9240
мектебі 315 176,580 322 176,823 22 9954 311 179,947
Орыс 310 177,179
мектебі 11 3423 11 3451 11 3358
Аралас 11 3328
мектеп
Ұйғыр
мектебі

15-кесте. Алматы облысы бойынша барлық балабақшалар тура-
лы мəлімет

Барлық Бала- Қазақ ба- Бала- Аралас Бала- Орыс ба- Бала-
бала-бақ- лар ла-бақша лар бала-бақ- лар ла-бақ- лар
ша саны саны саны саны ша саны саны ша саны саны

164 21993 76 7522 80 535 7 816

16-кесте. Алматы облысындағы шағын орталықтар туралы
мəлімет

Барлық шағын Қазақ шағын Аралас шағын Орыс шағын бала-
бала-бақша бала-бақша бала-бақша бақша орталығы
орталығы орталығы орталығы

434 218 204 12

О.Б.Алтынбекованың «Этноязыковые процессы в Казахстане» атты
монографиясында мектеп, ондағы оқу тілін таңдауға байланысты талда-
малы мəліметтер берілген. Ондағы мəліметтер аздап ескіргенімен, облыс
жастарының оқу тілін таңдаудағы бағыт-бағдарын айқындауға көмегі
бар. Мұнда автор 2004/05 оқу жылында Алматы облысындағы күндізгі
жалпы білім беретін мектептерде 332,5 мың оқушы білім алғанын айта
келіп, оның 62,5 пайызы оқу тілі ретінде қазақ тілін таңдағанын, 32,6
пайызы орыс тілін, 4,9 пайызы өзге этнос тілін таңдағанын мысалға кел-
тіреді. Осы оқу жылында облыстағы 232,8 мың қазақ оқушысының 87,3
пайызы қазақ мектебінде, 12,7 пайызы орыс мектебінде жəне 124 оқушы
(0,06%) өзге этникалық топ тілінде білім алған.

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 379
Оқу тілін таңдауда мемлекеттік тілге басымдылық берген қырғыздар

екен. Осы этностың 321 оқушысының 52,3 пайызы қазақ мектебінде, 45,8
пайызы орыс мектебінде, 6 оқушы өзге тілде оқыған. Тағы да осындай
үлкен үлесті көрсеткендерге қарақалпақтар жатады. Олардың 43 оқушы-
ның 81,7 пайызы оқу тілі ретінде қазақ тілін таңдаса, 16,3 пайызы орыс
тілін таңдаған.

Білім беру саласында қазақ тілі басымдылық танытатын республика-
ның оңтүстік аймағының өзінде славян этностары өз балаларын қазақ
мектебіне бере бермейді. Айталық, 2004/05 оқу жылында Алматы облы-
сындағы күндізгі білім беру мекемесінде орыс оқушыларының саны 41,1
мың адам болса, соның түгелге дерлігі, яғни 99,0 пайызы өз ана тілінде,
тек 1,0 пайызы (411 оқушы) ғана қазақ тілінде жəне 3 оқушы өзге этнос
тілінде оқыған. Сол сияқты 829 украин оқушысының 98,6 пайызы орыс
тілінде, 1,5 пайызы (12 оқушы) қазақ тілінде білім алған. 146 белорустың
97,3 пайызы орыс мектебінің, 2,7 пайызы қазақ мектебінің оқушысы бо-
лып табылады.

Алматы облысындағы 33 мыңға жуық ұйғыр оқушысының 2004/05
оқу жылында 49,3 пайызы ұйғыр тілінде, 7,5 пайызы қазақ тілінде жəне
43,3 пайызы орыс тілінде білім алған [13, 170-175 бб.].

Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, Алматы облысындағы түр-
лі этностардың (барлығы -105 этнос) жастары оқу тілі ретінде орыс
тілін таңдағанын көруге болады. Айталық, 2 057 татардың басым
бөлігі (90,1%) орыс мектебінде оқыса, 9,6 пайызы мемлекеттік тіл-
де жəне 6-уы өзге тілде білім алған. 6 257 түріктің 92,5 пайызы орыс
мектебінде, 7,5 пайызы қазақ мектебінде, тек 2 оқушы ғана өзге тілде
оқыған. Сондай-ақ 4 515 əзірбайжанның 95,9 пайызы орыс мектебінің
оқушысы, 4,1 пайызы ғана қазақ мектебін таңдаған. 1 398 шешен оқу
тілі ретінде орыс тілін 89,3 пайызы, 10,7 пайызы қазақ тілін таңдаған.
Облыстағы күрд оқушысының осы оқу жылындағы саны – 3 134 адам
болса, соның 95,6 пайызы орыс тілінде білім алған, 4,4 пайызы ғана
қазақ тіліне ден қойған. 2 685 кəрістің жəне 1 932 немістің орыс мек-
тебінде оқығаны 98,9 пайыз жəне 98,1 пайыз, 1,2 жəне 1,9 пайызы ғана
оқу тілі ретінде қазақ тілін таңдаған. Өзбек оқушылардың саны -454
адам, оның орыс тілін таңдағаны 78,2 пайыз. Ал қазақ тілін таңдағаны
-18,1 пайыз. 328 гректің 79,9 пайызы орыс тілін таңдаса, 17,7 пайызы
қазақ тілін таңдаған.

Қазақстандық жастардың мектепте жəне жоғары оқу орнында
қай тілге басымдылық беретіні туралы мəліметті ұлттық бірыңғай те-
стілеу (ҰБТ) жəне талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу (ТКТ) мате-
риалдарынан алуға болады. Жоғарыда көрсеткен О.Б. Алтынбекованың
монографиясында бұл жөнінде нақты талдаулар берілген [13, 170-175
бб.].

380 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

17-кесте.Алматы облысы бойынша ҰБТ жəне КТ қатысушылар-
дың қазақ жəне орыс тілдерінде емтихан тапсыру саны

Əкімшілік- 2004 жылғы ҰБТ 2003 жылғы КТ 2002 жылғы КТ
аумақтық
Барлығы
бөлініс Қазақ
тілі

Орыс тілі
Барлығы

Қазақ
тілі

Орыс тілі
Барлығы

Қазақ
тілі

Орыс тілі

Алматы облысы, 18885 13450 5435 20472 15605 4867 17088 12701 4387
оның ішінде
Талдықорған қ. 1994 1164 830 1965 1236 729 1558 942 616
Қапшағай қ. 620 313 307 447 244 203 314 201 113
Текелі қ. 226 54 172 153 45 108 90 15 75
Ақсу ауданы 720 669 51 733 659 74 622 531 91
Алакөл ауданы 1096 908 188 1031 877 154 789 636 153
Балқаш ауданы 320 309 404 377 27 324 287 37
Еңбекшіқазақ 1874 1151 11 2467 1747 720 2145 1445 700
ауданы 723
Жамбыл ауданы 1428 1185 1378 1164 214 1325 1099 226
Кербұлақ ауданы 675 585 243 695 604 91 602 487 115
Көксу ауданы 341 271 90 500 408 92 474 370 104
Каратал ауданы 580 371 70 482 331 151 358 256 102
Қарасай ауданы 1803 1135 209 1504 963 541 1380 803 577
Панфилов ауданы 981 861 668 1816 1587 229 1367 1152 215
Райымбек 1465 1444 120 2130 2093 37 1898 1859 39
ауданы 21
Сарқанд ауданы 676 556 723 588 135 681 557 124
Талғар ауданы 1504 782 120 1306 779 527 993 583 410
Ескелді ауданы 472 342 722 556 413 143 537 362 175
Ұйғыр ауданы 600 450 130 942 722 220 867 642 225
Іле ауданы 1510 900 150 1240 768 472 764 474 290
610

Кестеге жəне автордың ондағы мəліметтерге талдау жасауына назар
аударсақ, Алматы облысындағы жастардың басым бөлігі оқу тілі ретін-
де мемлекеттік тіл – қазақ тілін таңдағанын көруге болады. Айталық,
2004 жылғы ҰБТ-ға қатысқан 18 885 мектеп бітірушінің 71,2 пайызы
емтиханды қазақ тілінде, 28,8 пайызы орыс тілінде тапсырған. Осыған
ұқсас жағдай 2003 жылғы жəне 2002 жылғы кешенді тестілеу кезінде де
көрініс берген. Мысалы, 2003 жылы облыс бойынша кешенді тестіле-
уден өтуге тілек білдірген талапкерлер саны 20 472 адам болса, соның
76,2 пайызы тестілеуден қазақ тілінде, 23,8 пайызы орыс тілінде өткен.
2002 жылы кешенді тестілеуден өткен 17 088 талапкердің 74,3 пайызы

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 381
жоғары оқу орнының қазақ бөліміне, 25,7 пайызы орыс бөліміне оқуға
қабылданған.

Кестедегі мəліметтерге қарап отырсақ, тек Текелі қаласында ғана
мектеп бітірушілер мен талапкерлердің басым көпшілігі оқу тілі ретін-
де орыс тілін таңдап, емтиханды орыс тілінде тапсырған. Айталық, 2004
жылғы ҰБТ-ға Текелі қаласынан 226 мектеп бітіруші қатысса, соның
172-сі (76,1%) орыс тілін, 54-і (23,9%) қазақ тілін таңдаған. 2003 жылы
осы қаладағы 153 талапкердің 70,6 пайызы кешенді тесті орыс тілінде,
29,4 пайызы қазақ тілінде тапсырған. Ал 2002 жылы кешенді тестілеуге
қатысқан 90 адамның 83,3 пайызы жоғары оқу орнындағы оқу тілі ретін-
де орыс тілін, 16,7 пайызы қазақ тілін таңдаған.

Алматы қаласымен шекаралас Қапшағай қаласы мен Талғар ауданын-
да оқу тілі ретінде орыс тілін таңдағандар саны қазақ тілін тағдағандарға
жетер-жетпес шамада болып отыр. Ал облыстың қалған 15 ауданында
жəне облыс орталығы Талдықорған қаласында қазақ тілінде оқитындар
саны емтиханды орыс тілінде тапсырғандардан əлдеқайда асып түсетін-
дігін кестедегі сандардан байқауға болады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінде мемлекет-
тік тілдің рөлі біртіндеп артып келеді. Облыстық білім департаментінің
мəліметі бойынша 2005-2006 оқу жылында, облыс мектептеріндегі
530481 оқушының 380276-сы (71,6%) – қазақ тілінде, 64244-і (12,1%)
– орыс тілінде, 82736-сы (15,5%) – өзбек тілінде, 3225-і (0,6%) – тəжік
тілінде білім алуда. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің жалпы саны
біртіндеп өсіп, 2005 жылы облыстағы мектептердің жалпы саны 1007-ге
жетті.

Қазақ тілінде оқытатын жəне тəрбие беретін мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарының саны 109-дан 137-ге жетті.

Орта арнаулы оқу орындары мен кəсіптік білім беретін мектептердің
қазақ тілінде оқытатын бөлімдеріндегі оқушылардың саны 2005 жылы
63,9%-ды (19540 адам) құраса, орыс тілінде оқытатын бөлімдерінде-
гі оқушылардың саны – 22,6%-ды (9622 адам), өзбек тілінде оқытатын
бөлімдеріндегі оқушылардың саны 4,6,%-ды (1408) құрап отыр. Қазақ
тілінде оқытатын бөлімдер санының жалпы өсуіне қарамастан, осы тілде
оқытылатын мамандықтар санын көбейтуге назар аудару керек.

Үшіншіден, тұрмыс пен отбасы саласына қатысты сөз болғанда,
отбасы - қоғамның əлеуметтік құрылымының маңызды бірлік бөлшегі
екендігін, соған сəйкес əлеуметтік қызметтер атқарылатындығын, қоғам
өмірінің дамуында маңызды рөл атқаратынын айту лəзім. Қатынас сала-
сы ретіндегі бұл қоғамның маңызды бөлігі қалалық жəне ауылдық отба-
сы; аралас некелі жəне бір этносты отбасы; ата-аналарының ана тілі бой-
ынша; балалары меңгерген тілі бойынша; отбасы мүшелері арасындағы
үйдегі қатынаста қолданылатын тіл не тілдерге (ата-аналарының бала-

382 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
ларымен, балаларының өзара, балаларының ата-аналарымен, ата-анала-
рының өзара қатынасында қолданылатын тіл немесе тілдерге) көзқарасы
тұрғысынан қалыптасқан отбасыларлар болады.

Тілдің қызметтік жүктемесін анықтауда отбасы мүшелері қай тілде
көркем жəне басқа да əдебиеттерді, газет, журналдарды оқуға, радио
тыңдауға, теле-хабарларды көруге ықылас білдіретіндігі нақтылы көр-
сеткіш бола алады. Сонымен қатар осыған туыстарымен, жақындарымен,
көршілерімен жəне достарымен ауызша жазбаша қатынастардағы тілді
де қосуға əбден болады. Бұл тұрғыдан қарағанда, оңтүстік аймақтағы
қазақ отбасыларында қазақ тілінің дағдылы, үнемі қолданылатындығы
байқалады. Бұған аймақ тұрғындарының 73,4 пайызын қазақтар құрай-
тындығы да себеп болса керек.

Төртіншіден, бұқаралық қарым-қатынас саласы хабар көздері мен
оларды алушылардың арасындағы өзара хабар қозғалысының байланы-
старынан тұратын жүйені көрсетеді. Бұқаралық қарым-қатынас саласы-
ның қосымша салаларына: мерзімді баспасөз (газет, журнал, брошюра-
лар, кітапханалар т.б.) теледидар жəне радио хабарлары, кинофильмдерді
жалға беру, дыбыс жазу, грампластинкалар, магнитофондық таспалар
шығарушылар жүйесі т.б. жатады.

Бұл саладағы тілдердің қоғамдық қызмет етуіне, яғни қазақ, орыс
жəне өзге де тілдердегі баспа өнімдерінің тақырыбы мен тиражына осы
тілдердегі теле жəне радио бағдарламалары жəне олардағы сағат саны-
на, қазақ тілінде берілетін түрлі жарнамалардың, кино өнімдерінің сапа-
лығы, олардың аударылу мəселелері, жергілікті телестудиялардағы хабар
өнімдерінің тілі мен олардың тартымдылығы, таралу жағдайлары жата-
ды.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем-
лекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілік-
ке тарату бағытында төмендегідей мəселелерге ерекше көңіл бөлінген:

1. Масс-медиа құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесін арттыру.
2. Ақпараттық технологиялардағы мемлекеттік тілді пайдалануды
сүйемелдейтін өнімнің үлесін көбейту.
3. Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі креативті шешімдер орта-
лығын құру.
4. Мемлекеттік тілде сөйлеушілердің жағымды бейнесін насихаттау
жөніндегі материалдардың БАҚ-тардағы санын көбейту.
5. Мемлекеттік тілді көпшілікке тарату міндеттерін шешуге бағыт-
талған əлеуметтік маңызды жобалардың саны арттыру [8].
Осы тұрғыдан қарар болсақ, қазақ тілінің Алматы облысындағы бұл
саладағы қызмет етуі қанағаттанарлық деңгейде. Айталық, 2011 жылы
тіл тақырыбына арналған республикалық бұқаралық ақпарат құралда-
рында 3 мақала, облыстық, аудандық, қалалық газеттерде 387 мақала

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 383
жарияланған. Ал «Жетісу» телеарнасында 50-ден аса бейнематериал
беріліп, айына екі рет «Асыл сөз» телебайқауы жүргізілген [12].

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2012 жылдың бірінші
жартыжылдығындағы атқарған жұмыстары туралы ақпаратына назар
салсақ, облыста 65 бұқаралық ақпарат құралы қызмет көрсетеді. Оның 2
облыстық, 19 аудандық, қалалық, 39 тəуелсіз мерзімді басылымдар жəне
5 электронды БАҚ бар. Мемлекеттік тапсырысты орындаумен 2 облы-
стық газет, 1 облыстық телеарна жəне 19 аудандық, қалалық газеттер
орындайды. Олар 30 тақырып бойынша мемлекеттік саясатты насихат-
тауды жүргізеді. Оның басым бағыттар «Қазақстан-2030» стратегиялық
бағдарламасын, Елбасының дəстүрлі Жолдауын, Үкіметтің елдегі эконо-
микалық-əлеуметтік дамуы жөніндегі бағдарламаларын, жастар саяса-
тын, үкіметтік емес, діни ұйымдардың жұмыстарына арналады [14].

Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
бастығы Т.Қасымберкебаевтың http://www.egemen.kz сайтындағы «Ба-
сым бағыт» атты мақаласында «Көрнекілік мінсіз болсын», «Қазақша
сөйлесейік!», «Аялдама аттары қазақ тілінде» акциясы аясында Тіл
басқармасы «Жетісу» арнасымен бірлескен рейд ұйымдастырып, бір-
неше хабар берілгенін айтады. Сондай-ақ орыстілді «Огни Алатау»
облыстық газетінде айына екі рет «Қазақ тілін үйренейік» айдарымен
сөздік-танымдық сабақ материалдары берілетінін жəне «Государствен-
ный язык», «Язык – душа народа» айдарымен тіл мəселесіне қатысты
материалдар тұрақты түрде шығып тұратынын көрсетеді. Облыстық,
аудандық газет беттерінде «Тіл бұзарға тосқауыл», «Дұрысы қайсы,
бұрысы қайсы?» рубрикалары ашылып, көрнекілікті ретке келтіру жұ-
мыстары қолға алынғанын т.б. басқарманың басым бағыттағы шарала-
рына жатқызады [15].

Қазақ тілінің Қызылорда облысындағы бұл саладағы қызмет етуі де
қанағаттанарлық деңгейде. «Отбасы жəне ана тілі», «Тіл болашағы –
жастар қолында», «Көрнекі ақпараттың жазылуы» тақырыптарында үш
бейнеролик «Маржансөз» атты интеллектуалды телеойын облыстық те-
леарнадан тұрақты беріліп тұрды.

Бесіншіден, қазақ тілінде телерадио таратудың үлесін ұлғайту мен
мемлекеттік тілдегі интернет-сайттарды дамыту жастардың қазақ тілі-
не деген көзқарасын жақсартып, отаншылдыққа бастайтыны сөзсіз.
Осы бағытта аймаққа қарайтын облытардағы басқармалар тарапынан
жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру жəне тіл шұрайын
меңгеріп, оның құдіретін терең түсіне білуіне бастайтын шараларды ұй-
ымдастырып қолға алғаны абзал болар еді.

Алтыншыдан, ақпарат жəне үндеу саласы да қоғамның ілгерілемелі
дамуының белгісі болып табылады. Оның ғылыми-техникалық үдерісті
жəне адамның қоғамдағы аудио-визуалды əлеуметтенуі ретінде көп əсері

384 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
бар. Жалпы ақпарат пен үндеу саласы - басқа салалармен салыстыра қа-
рағанда жас сала, оны қамтамасыз ететін тілдерді зерттеу өте маңызды.
Бұл салаға: түрлі мазмұндағы хабарландырулар, үндеулер, маңдайша-
дағы жазулар, көріністі ақпарат құралдары, электронды мəтінді комму-
никативтік жүйе (бейнеқондырғы жəне кабельді мəтіндер), сондай-ақ
ақпарат таратудың өзге де түрлері жатады.

Бұл сала бойынша Қызылорда қаласындағы қазақ тілінің қолданыс
аясына тоқталайық. Облыс əкімдігінің 2008 жылдың 10 маусымындағы
№ 20 қаулысымен сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыруға рұқсат
беру құқығы Қызылорда облысының сəулет жəне қала құрылысы басқар-
масына беріген. Уəкілетті органның жарнаманы орналастыруға рұқсат
беретін келісу парағына облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма
енгізілген. Сонымен қатар қала əкімдігі жанынан да жаңадан ашылатын
нысандарды қабылдап алу жөнінде комиссиялар құрылған. Олардың
құрамына тіл мамандары бар. Олар нысандардың, жарнамалардың мəтін-
дерінің қазақша дұрыс, сауатты жазылуын бақылайды.

Облыстағы көрнекі ақпараттардың жай-күйін зерделесек, жарнама-
лардың (билбордтардың) 99%-ы, ал маңдайша жазуларының 95%-ы «Тіл
туралы» заңнамаларға сəйкестендірілген.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республика-
сы заңының 21-бап талаптарын халыққа түсіндіру, мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейту, көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды біріз-
дендіру, оларды заң талабына сəйкестендіру, тіл саясатын насихаттау
мақсатында жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы
арнайы бейнероликтер əзірленіп, көпшілік назарына ұсынылып ке-
леді. Жеке кəсіп иелеріне осындай насихат жұмысы «КТК» телеарна-
сы арқылы жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қа-
зақстан Республикасы заңының 21-бап талаптарының мəтіні арнаның
хабарландыру берілетін \жүгіртпе жолы арқылы да көрермен назарына
ұсынылуда. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұсынысымен
облыстық «Сыр бойы» газетінде «Тіл бұзарға-тосқауыл!» атты айдар
ашылып, онда Қызылорда қаласындағы маңдайша жазулары мен жар-
намалары тіл заңнамаларына сəйкес келмейтін нысандардың суреттері
тұрақты жарияланып отырады.

Алматы облысы аумағындағы көрнекі ақпараттарды жазып, орнала-
стыруда тілдік нормалардың сақталу жағдайын реттеу мақсатында облыс
бойынша тіл басқармасы тарапынан рейдтер ұйымдастырылады. Қазір-
гі таңда облыс көлемінде мемлекеттік тіл туралы 79 билборд, 32 панно,
26 аспалы қондырғы, 123 стенд – барлығы 260 сыртқы көрнекі ақпарат
құралы орнатылған [14].

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мəдениет жəне бұқаралық ақпа-
рат құралдары салаларында мемлекеттік тілді дамытуда белгілі бір оң

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 385
нəтижелерге қол жетті. Қазақ тіліндегі телехабарлардың көлемін ұлғайту
бағытында оң қадамдар жасалды. Бұл ретте мемлекеттік тілдегі хабар-
ларының ара салмағы 71%-ды құрайтын «Қазақстан-Шымкент» РТРК
ОҚОФ-ның жұмысын атап өткен жөн. Облыста жұмыс істеп тұрған 19
телеарнаның барлығында мемлекеттік жəне басқа тілдердегі хабар тара-
ту уақытының заң актілерімен айқындалған сандық арақатынасы сақта-
лып отыр.

Мемлекеттік басқару органдары жүйесінде, халыққа қызмет көрсе-
ту, мəдениет жəне өнер салаларында ресми түрде қолданылатын орыс
тілінің қолданылуы дəстүрлі түрде күшті болып отыр. Білім саласында
орыс тілі күні бүгінге дейін мейлінше көп қолданылатын тіл болып та-
былады, оның бұқаралық ақпарат құралдары саласында жетекші тіл бо-
лып қалуы жалғасуда. Мысалы, 2005 жылы облыста қазақ, орыс, өзбек
тілдерінде 280-нен астам газет шығарылып, 19 телеарна жұмыс істейді,
телехабар үш тілде таратылады.

Қазақ тілінің қоғамдық қызметін дамыту мүмкіндігі мол, тек солар-
дың көзін аша білу керек. Əсіресе, осы салада мемлекеттік тілдің қолда-
нылуына барынша күш салу мен жағдай туғызу оны меңгерудің қажет-
тілігіне айналар еді.

Жетіншіден, ғылым саласы – бұл сыртқы дүние жайлы жəне адам-
ның өзі турасындағы пайымдаулар мен білімнің жүйеленген теориялары
түрінде көрінетін адам қызметінің бір саласы. Ол тіл арқылы ғана əлеу-
меттік институт ретінде танылады. Ғылым саласында қазақ тілінің қол-
данылуы əлі де болса жетімсіз. Бұл саладағы ғылыми баспа өнімдерінің
оннан бір бөлігіндейі ғана қазақ тілінде шығады, ал қалған оннан тоғызы
орыс тілінде жарияланады. Демек, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру
үшін онда жазылатын ғылыми зерттеулердің санын ең болмаса жартысы-
на дейін жеткізу, əрбір институтта өз саласындағы ғылыми-техникалық
терминдерді реттеп, жетілдіре түсу, салалық түсіндірме, терминологи-
ялық сөздіктер шығару, көпшілік-қолды ғылыми еңбектер жазу, ақпарат
құралдары арқылы ғылым жетістіктерін уағыздау, іс-қағаздарын қазақ-
ша жүргізу, қазақ жастарының ғылымға келуіне, магистратура, доктор-
антурада оқуын ана тілінде жалғастыруына жағдай жасау, қазақ тілінің
мəдени салада қазақ ұлтының басын біріктіретіндей қызмет атқаруына
жағдай туғызу, қызметке конкурс бойынша қабылдағанда ұлтына қара-
май, қазақ тілін білетіндігі үшін кез келген ұлт өкіліне артықшылық беру,
қазақ тілін білетіндер үшін жоғары ақылы қызмет орындарын белгілеу
сияқты ынталандыру жолдарын, сондай-ақ қазақ тілінде жарияланған
үздік еңбектер үшін бəйге тағайындау керек.

Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруда Б.Хасанов: «Дүние жүзінде-
гі кез келген мемлекеттің академиясы өзінің мемлекеттік тілінде жұмыс
істейді. Бірсыпыра елде Академия құрамындағы Тіл институттарынан

386 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тыс өз алдына Тіл академиялары бар. ...Несі бар, мемлекеттік тілдің
қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін, əдеби тіл нормала-
рын қалыптастыру мəселесін ғылыми негізде жүйелеп беретін, оның іске
асуын қадағалап отыратын, қадағалап қана қоймай, оған ұйытқы бола-
тын Қазақ тілі академиясын құрса, нұр үстіне – нұр. Ал мұндай академия
құруға, шындап кіріссе, материалдық негіз де бар, кадр да жеткілікті»
дейді [10, 192 б.].

Сегізіншіден, мəдениет саласында бұқаралық əрі көріністі нысан-
дарға айрықша назар аудару қажет. Бұл – кино, мультипликация, телешоу,
сазды бағдарламалар, жастарға арналған ақпараттық басылымдар.

Мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз етудің күрделі нысан-
дарының бірі халыққа қызмет көрсету саласы болып отыр. Бұл осы са-
ладағы тілдік қызметті мемлекеттік реттеудің қиындығымен сабақтасып
жатыр. Сондықтан да бағдарлама денсаулық сақтау, сауда, көлік жəне
байланыс сияқты салаларда мемлекеттік тілді кеңінен қолдану мен да-
мытуды көздейді. Бұл үшін, бірінші кезекте, облыстың маманданды-
рылған – жоғары, арнаулы орта жəне кəсіптік оқу орындарында маман-
дарды тиісінше даярлауды кеңейту қажет.

Тоғызыншыдан, қазақ тілінің қоғамдық қызметін дамыту мүмкіндігі
мол, тек солардың көзін аша білу керек. Мысалы, тіл реформасына дей-
інгі кезде қазақ тілінің дін саласындағы қоғамдық қызметі тежеліп келді.
Ал соңғы уақыттарда көптеген мұсылман қауымдастығының, діни мек-
тептің пайда болуына, діни кітаптардың күрт көбеюіне т.б. нақты ісшара-
ларға байланысты, қазақ тілі дін саласында кеңінен қолданыла бастады.
Айталық, бүгінгі күні Алматы облысы аумағында 607 діни бірлестіктер
мен олардың филиалдары жұмыс жүргізуде. Жергілікті атқарушы ор-
гандар, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп «Елімнің тарихы –
болашақтың бағдары», «Ұлттық салтым – халықтық қалпым», «Отанға
сүйіспеншілік – перзенттік парыз», «Тағдыры халықпен егіз ұл», «Эт-
носаралық қарым-қатынас жəне халықтар достығы», Діндарлықтың аб-
залдығы – мінез-құлықтың жақсылығы», «Терроризм жəне экстремизм
көріністерінің алдын алу», «Жастардың дінге көзқарасы», «Дəстүрлі
діндер жəне радикалды секталардың айырмашылығы», Этносаралық қа-
рым-қатынас жəне халықтар достығы» тақырыптарында жыл басынан 62
дөңгелек үстел отырыстары, семинарлар, кездесулер жəне т.б. шаралар
ұйымдастырылған [12, 3 б.].

Оныншыдан, қазақ тілі тəуелсіз елдің мемлекеттік тілі ретінде қару-
лы күштер саласына да кезең-кезеңімен, біртіндеп енгізілуі тиіс. Ұлттық
ұланның əскери қызметі қазақ тілінде жүргізілуі шарт. Ал жалпы қарулы
күштер сапында қазақтан басқа ұлт өкілдерінің басым болуына байланы-
сты, қазақ тілін қолдану оңай болмайды. Шет елдерде мұндай жағдайда
да мемлекеттік тіл қолданылады екен. Мысалы, Финляндияның Аланд

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 387
аралдарында əскери қызметте (оның тұрғындарының 98 проценті швед-
тер болғанына қарамастан) əскери қызмет (команда) фин тілінде жүр-
гізіледі. Жалпы алғанда, көптеген мемлекеттерде əскери қызметте не
саны көп халықтың тілі, не қоғамдық қызметі басым тіл қолданылады.
Бірсыпыра елдерде (мысалы Бельгияда) бастапқы əскери дайындық жа-
уынгерлердің ана тілінде жүргізіледі. Ал офицерлер мемлекеттік тілді
білуге міндетті екен. Югославияда əскери дайындық ұлтаралық тілде
(онда Федерация көлемінде қолданылатын мемлекеттік тіл жоқ), мəде-
ни-тəрбие жұмысы əскерлердің ана тілінде жүргізіледі. Міне, осы сияқты
шетелдік тəжірибелерді мұқият зерттеп, оларды қарулы күштер саласына
енгізу бағытында пайдаланған дұрыс болар еді. Сонымен қатар қазақтың
байырғы қол жасақтау, соғысу айла-тəсілдерін, 20-шы жылдардағы ұлт-
тық əскери құрамалар қалыптастыру тəжірибесін сарапқа салып көрген
де жөн болар еді.

Он біріншіден, тарихи атауларды жүйелеу мен қалпына келтіру
жəне жер-су атаулары мен басқа да атауларды қолданыстағы заңнама-
да айқындалған фонетикалық, таңбалық жəне лексикалық қағидаттарға
сəйкестендіру жұмысын жандандыру тіл дамытудың бір жолы болып са-
налады. Өйткені отаршыл, орталықтандырылған солақай саясат тұсын-
да көптеген жер-су аттары, тарихи топонимдер орысшаланып, бірқатар
атаулар бұрмаланып жазылу арқылы транскрипциясын өзгертіп Кеңестік
идеологияның көлеңкесіне айналып кеткені жасырын емес. Еліміз еге-
мендік алғалы бері ономастика мəселесіне күн санап тиісті көңіл бөлініп
келеді. Əсіресе соңғы 15-16 жылда, республика көлемінде оның ішінде
зерттеліп отырған оңтүстік аймақтағы нысандарға ат беру кезінде ұлттық
бояуымызға қанық атауларды беру, бірқатар нысандарға төл аталымда-
рын қайтару тəжірибеге еніп келеді. Демек, ономастика саласында жүр-
гізіліп отырған бұл тілдік саясат мемлекеттілікті нығайту, мемлекеттік
сəйкестікті қалыптастыруға өзінің зор үлесін қосатын басымдықтардың
бірі. Бұл бағытта, мысалы, Жамбыл облысы əкімі жанындағы ономасти-
ка комиссиясы бірқатар жұмыстар атқарды. Бұрынырак тіл ғылымының
бір кенже саласы секілді қалтарыста қалып қойған ономастикалық жұ-
мыстар қазір қайта жандана бастады. Себебі бұл сала халық тілі, мəдени-
еті, тарихымен, адам өмірімен, қоғам, саяси тіршілігімен тығыз байланы-
сты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №
45 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының» жарық көруі, сондай-ақ
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына 2005 жылдың қаңта-
рынан бастап өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі - соның дəлелі.
Айталық, Жамбыл облысы бойынша 1998-2006 жылдар аралығында 113
ауылдық округтер мен ауылдарға, нысандарға ат берілген немесе аты өз-
гертілген. Оның 50 ауылдык округтер, 19 ауыл, 28 білім беру мекемелері,

388 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
4 балабақша, 6 кітапхана, 3 мəдениет ұйымдары, 3 спорт нысандары. 67
нысанға тарихи атауы қайтарылса, 23 нысанға біздің ғасырымызға дей-
інгі өмір сүрген халқымыздың атақты билері мен батырларының, ғұла-
малардың, ағартушылардың тағы басқа да тарихи тұлғалардың есімдері,
23 қазақ өнері мен мəдениетіне, ағарту ісіне өзіндік үлес қосқан белгілі
азаматтардың есімдері берілген [16].

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында 7 аудан, 5 кент, 350-ден астам
ауылдық округ пен ауыл, сондай-ақ 400-ге жуық білім беру, мəдениет,
денсаулық сақтау жəне тағы басқа объектілер жаңа атауларға ие болған
[17].

Он екіншіден, қазақ тілінің мемлекеттік қызметін өз дəрежесінде
атқарып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында жұмсалуы үшін
қазіргі жағдайда тіл мамандары əлеуметтік лингвистикаға бетбұрыс жа-
сап, мəселенің саяси мəн-жайын жақсы меңгере алуы тиіс. Мемлекет тіл-
шілерді неше түрлі шовинистік көзқарастағы адамдардың шабуылынан,
олардың ұлтшылдық айдар тағуынан қорғауы керек. Ол үшін қосымша
заң қабылдануы қажет. Егер ұлт араздығын қоздырушыларға тыйым са-
латын заң шығарылмаса, Қазақстанда тіл мəселесі шешілмейді.

Он үшіншіден, қазақ тілі - ресми түрде мемлекеттік қамқорлыққа
алынған тіл. Тіл саясатының күре тамыры осылай деп соқса керек. Тіл
заңының жүзеге асуы үшін оның ғылыми негізделген тетігін қадағалау
керек. Бұл үшін арнаулы ғылыми жұмыс тобын ұйымдастырып, оған əр-
бір аудан, облыс жəне республика көлемінде жергілікті тілдік жағдайды
нақты зерттеп, соның негізінде нақты ғылыми практикалық ұсыныстар
жасауды талап ету қажет.

Он төртіншіден, тіл дамуын табысты жүзеге асырудың неғұрлым
маңызды шарттарының бірі тілдерді оқытудың толыққанды жүйесінің
тұрақты қызмет етуін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету болып отыр.
Аталған жүйе түрлі деңгейлерде жəне əртүрлі нысандарда жүзеге асы-
рылатын өзара байланысты сабақтас жəне мүмкіндігінше үздіксіз үдеріс
болып табылады. Қазіргі уақытта бұл саладағы негізгі назар жеткілікті
көлемде лингвистикалық даярлықты жүзеге асырудың неғұрлым оңтай-
лы əрі табиғи жолы болып табылатын əр түрлі типтегі оқу жəне тəрбие
мекемелеріне аударылып отыр. Талап етілетін білім мен дағдыны толық
əрі терең игеру үшін қажетті үздіксіздік принципі оқытуды мектепке
дейінгі тəрбие мекемесі – мектеп – жоғары (орта арнаулы) оқу орны
классикалық схемасы бойынша құрған жағдайда ғана қамтамасыз етілуі
мүмкін. Алайда, аталған үлгі оның жоғары сапалық көрсеткіштері бола
тұра, талап етілетін сандық аспектіні, яғни халықтың əртүрлі əлеумет-
тік топтарын кеңінен қамтуды толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
Осыдан барып, азаматтардың тілдік даярлығын жүзеге асырудың басқа
да жолдары мен тəсілдерін іске асыру қажеттігі туындайды. Қазақстан

ҚР-ның оңтүстік аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 389
Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін жəне
тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдық, материалдық жəне техникалық
жағдай жасау туралы Конституцияның 93-бабының талабы, сондай-ақ,
халықтың түрлі типтегі оқу орындарында оқу мүмкіндігі жоқ ересектер
тобына қатысты болуға тиіс. Өз бетімен оқып-үйренуге арналған теле-
жəне радио хабарлар, газеттердегі арнаулы жарияланымдар сияқты қазақ
тілі сабақтарын өткізудің түрлі нысандарын кеңінен енгізу қажет. Алай-
да мұндағы басты бағыт мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуға арналған
тегін тіл үйрету курстарының жүйесін ұйымдастыру мен қолдану болуға
тиіс. Курстарда оқудың нəтижелілігіне мүдделілікті арттырудың тиімді
тетіктерін əзірлеу керек.

Əдебиеттер:
1 Слямбеков Қ. Қазақстанның тілдік жағдаяты (сипаттама)// Мемле-
кеттік тілді дамыту институтының сайты.
2 Алматы облысы. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының
Ұлттық санағының қорытындылары. 2-том. Статистикалық жинақ. / Ре-
дакциясын басқарған Ə.А. Смайылов/ –Астана, 2011. –162 бет.
3 Оңтүстік Қазақстан облысы. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы
халқының Ұлттық санағының қорытындылары. 2-том. Статистикалық
жинақ./ Редакциясын басқарған Ə.А. Смайылов/ –Астана, 2011. -150 бет.
4 Жамбыл облысы. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының
Ұлттық санағының қорытындылары. 2-том. Статистикалық жинақ. / Ре-
дакциясын басқарған Ə.А. Смайылов/ –Астана, 2011. –132 бет.
5 Қызылорда облысы. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқы-
ның Ұлттық санағының қорытындылары. 2-том. Статистикалық жинақ. /
Редакциясын басқарған Ə.А. Смайылов/ –Астана, 2011. –108 бет.
6 Абасилов А. Алматы облысындағы тілдік ахуал(əлеуметтік жəне
аналитикалық зерттеу). –Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты,
2012.
7 Айталы А. Смена алфавита не только фонетическая, но и большая
политическая проблема //Деловая неделя. - 2013. - 29 марта.
8 Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. –Астана, 2011.
9 Дешериев Ю.Д. Проблемы функционального развития языков и за-
дачи социолингвистики // Язык и общество. –М.: Наука, 1966.
10 Хасанұлы Б. Ана тілі - ата мұра. –Алматы: Жазушы, 1992. –169 б.
11 Абасилов А. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының
солтүстік аймағындағы қызметі: əлеуметтік лингвистикалық про-
блемалары, оларды шеші жолдары. Филология ғылымдарының канди-
даты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Алматы,
1998.

390 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
12 Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының 2011 жылғы

атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат. Алматы облысы əкімінің сайты:
http://www.zhetysu-dov.kz

13 Алтынбекова О.Б. Этноязыковые процесы в Казахстане. Моногра-
фия. –Алматы: Экономика, 2006. –416 с.

14 Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2012 жылы 1 жар-
тыжылдықта атқарған жұмыстары туралы ақпарат. Алматы облысы
əкімінің сайты: http://www.zhetysu-dov.kz

15 Қасымберкебаев Т. Басым бағыт.// http://www.egemen.kz
16 Əзбергенова Ə. Жамбыл облысындағы ономастиканың кейбір
мəселелері// http://online.zakon.kz
17 Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытудың
2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы.

3.6 Қазақстан Республикасының батыс аймағындағы тілдік аху-
ал жəне мемлекеттік тілдің қызметі

Бүгінгі таңда Қазақстанның əлеуметтік-коммуникативтік жүйесін ге-
нетикалық жəне типологиялық тұрғыда əртүрлі болып келетін 128 тіл
құрайды. Қоғамдық-саяси өмірінде екі үлкен серіктес тіл – қазақ жəне
орыс тілдері қатар қызмет етеді. Мұндай тілдік ахуал жалпы елімізге тəн
болғанымен, мемлекеттік тілді дамыту, қолданыс аясын кеңейту жəне
белсенді түрде меңгеру, оқып-үйрену ісі, қоғамдық өмірдің əртүрлі қа-
тынас салаларындағы орыс тілінің бүгінгі жағдайы, өзге тілдерді ана тілі
ретінде сақтау мен дамыту, жергілікті жерлердегі біртілділік, қостілділік,
көптілділік т.б. мəселелері əр аймақта аумақтық жəне тарихи себептер-
мен шартталған ерекшеліктерге ие .

Қазіргі қазақ қоғамы халықтың басын біріктіруші фактор болып та-
былатын қазақ тілін дамыту үшін оның қолданыс аясын шектеу мен те-
жеуге əсері бар жағымсыз ықпалдарды жою қажеттігін айқын сезінуде.
Бұл аймақтық деңгейлерде анық көрінеді.

Халыққа жақын болғандықтан жергілікті жердегі мұндай тіл пробле-
маларын анықтау да оңай жəне оны барынша жақсы білетін жергілік-
ті билік органдарымен жұмыс жасау да тиімді болмақ. Айталық, қазақ
тілінің дамуы мен қолданыс мүмкіндігі кең оңтүстіктің жəне батыс ай-
мақтың Атырау, Маңғыстау облыстарының тұрғындары отандастары-
ның қазақша сөйлей алмақ тұрмақ, оны түсінбейтіндігін айтарлықтай
қынжылыспен қабылдайды жəне бұл мəселеге белсенді түрде көңіл
бөледі. Ал қазақ тілінде сөйлеушілердің саны орыс тілін меңгергендер
санына жетпей отырғанын шығыс, солтүстік жəне орталық аймақтар-
да бұл жағдай керісінше, қазақ тілді халықтың əртүрлі құқықтарына,
əлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктеріне айтарлықтай қысым жасап
отыр. Осыған қарағанда кейбір аймақтар тіл проблемаларын шешуге

ҚР-ның батыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 391

жақын болса, басқалары оны іске асыру барысында айтарлықтай қиын-
дықтарды басынан өткеруде.

Лингвистикалық тұрғыдан əртүрлі болып келетін осындай аймақтар
елдің тіл дамыту барысына жайсыздық əкеледі. Демек, тіл проблемалары
алдымен аймақтық тұрғыда зерттеліп, оған əсер етуші күші бар обьек-
тивті жəне субьективті факторлары анықталып, нақтылы шаралар жүй-
есін жасап барып шешілу керек.

Бүгінгі жағдай еліміздің əр аймақтарындағы тілдік үрдістерді ғылыми
тұрғыда, обьективті түрде зерттеу жəне ұтымды тілдік ортаны қалыпта-
стыруға бағытталған шаралар кешенін əзірлеу қажеттілігін алға шыға-
рып отыр. Бұл орайда тілдің нақты таралу аймағы мен көлемін жəне
оның қоғамдағы қолданысын кеңейтудің нақты мүмкіндіктерін ескеру
қажет [1].

Сонымен қатар əрбір аймақтың тілдік ахуалын қарастыруда жəне
оның өзіндік ерекшелігі мен проблемаларын айқындауда көптеген əлеу-
меттік лингвистикалық зерттеу мəселелеріне көңіл аударылды. Бұл əуелі
аймақтың өзіндік сипаты, ерекшелігін көрсетуден басталып, одан соң ай-
мақ халқының ұлттық құрамы, олардың жалпы тұрғындар ішіндегі үлес
салмағы, аймақ халқының ана тілін таңдау жəне меңгеру деңгейі, аймақ
тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру дəрежесі, солар-
дың ішінде аймақ тұрғындарының қай тілді басымдықпен қолданытыны
туралы мəселе, аймақтағы тілдердің дамуы мəселелерін зерттеу: қазақ,
орыс жəне ағылшын тілдерін оқу қажеттілігі жəне осы тілдердің қазіргі
кезеңдегі даму проблемалары, халықтың тілдік ахуал үдерістері жөнінде
хабардарлығы мəселелері, тұрғындардың тіл саясаты мен тілге қатысты
жоспарлаудан күтетін үміттері мəселесі, мемлекеттік тілді қолдану сала-
сындағы жағымсыз стереотиптер мен теріс ұғымдар, тілдерді меңгеруге
кедергі туғызатын себептер, халықтың аймақта жүргізіліп жатқан онома-
стикалық жəне терминологиялық жұмысқа қанағаттанушылық дəрежесі,
мемлекеттік тілді оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін жергілікті
органдардың тіл саясатын іске асыруда қандай жұмыс түрлері мен əді-
стерін қолдануы қажеттілігі жөнінде өз пікірлері т.б мəселелер назарға
алынуы керек.

Қазақстанның батыс аймағындағы тілдік ахуалдың жалпы сипа-
ты. Зерттеу нысаны болып отырған Қазақстан Республикасының батыс
аймағына төрт облыс қарайды:

1. Ақтөбе облысы - Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орна-
ласқан. Терістігінде - Ресей Федерациясының Орынбор облысымен,
оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақал-
пақстанмен, батысында - Маңғыстау облысы, Атырау жəне Батыс Қа-
зақстан, шығысында - Қостанай, оңтүстік-шығысында - Қызылорда об-
лыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан

392 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа
дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта
орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, жəне əкімшілік аудандарға
бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Əкімшілік орталығы - Ақтө-
бе қаласы.

2. Атырау облысы - Батыс Қазақстанда орналасқан облыс. Сол-
түстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен,
оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен жəне батысында Ресей-
дің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Ка-
спий теңізіне келіп тіреледі. Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауыл-
дық елді мекен бар. Облыс орталығы - Атырау қаласы.

3. Батыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының сол-
түстік-батысындағы əкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе,
оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан,
Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орын-
бор облыстарымен шектеседі. Жерінің аумағы - 151,3 мың км². Əкімшілік
жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық əкімшілік ау-
данға, олар 4 кенттік жəне 155 ауылдық əкімшілік округтерге бөлінген.

4. Маңғыстау облысы - Қазақстан Республикасының қиыр
оңтүстік-батысында орналасқан ірі əкімшілік бірлігі. Маңғыстау облы-
сы Атырау облысымен жəне Түркіменстан Республикасымен жəне Ка-
спий теңізі арқылы Əзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Маңғыстау
облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың əкімшілік-а-
умақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кент-
тен,55 ауылдық елді мекеннен жəне 43 ауылдық округтен тұрады. Облыс
орталығы - Ақтау қаласы.

Аталған төрт облыстан тұратын батыс аймақтағы тілдік ахуал ти-
тулды ұлт қазақтардың басым болуымен (аймақ халқының 81.9% пай-
ызы), соған сəйкес өңірде мемлекеттік тілдің кеңінен таралуы мен
қолданылуына оң əсер ететін табиғи тілдік орта қалыптасқандығымен
сипатталады. Соған қарамастан халықтың тіл мəдениетінің төмендігі,
қазақ əдеби тілі нормаларының сақталмауы, əсіресе жастардың тілін-
дегі жаргондық, сленгтің, пиджиндік құбылыстардың етек алуы бай-
қалады. Сондай-ақ бұрынғы КСРО кезіндегі ұлттық-тілдік сананың
əлсіреуі, біржақты қостілділіктің (ұлттық-орыс қостілділігі) қарқынды
дамуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болғанына қара-
мастан тарихи немесе аумақтық даму факторларына байланысты аймақ
халқының (Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында) көпшілігі əлі күн-
ге дейін тұрмыста да, кəсіби сала деңгейінде де негізінен орыс тілін
қолданады. Сондай-ақ кейбір ауылдық жерлерде (Атырау, Маңғыстау
облыстары) жастардың орыс тілін білу деңгейінің жоғары еместігі де
байқалады.

ҚР-ның батыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 393

Аймақ халқының ұлттық құрамы, олардың жалпы тұрғындар
ішіндегі үлес салмағы. Əлеуметтік лингвистикалық зерттеу аясындағы
тілдік ахуал халықтың əлеуметтік-демографиялық құрамымен айқында-
лады. Батыс аймақ республиканың өзге де аймақтары сияқты көпэтно-
стығымен сипатталады. Атап айтқанда, соңғы халық санағының (2009
ж.) деректеріне сүйенсек, аймақта тұратын əртүрлі этностардың арақа-
тынасы төмендегідей болып келеді: қазақтар – 81.9 %, орыстар – 13.3
%, украиндар – 1.7 %, татарлар - 0.9 %, əзірбайжандар - 0.3 %, кəрістер
– 0.3 %, %, немістер – 0.3 %, өзбектер – 0.2 %, беларустар – 0.2 %, басқа
этностар – 1.0 % [2]. Басқаша айтқанда, батыс аймақта нақты көптілділік
қалыптасқан: жүзден астам тіл мақсатты түрде қолданылады.

Бүгінде егеменді елге айналған Қазақстанның əлеуметтік-саяси өмірі
тілдік, демографиялық жəне саяси ахуалды ескере отырып, көпэтносты
халықтың тілдік мұқтаждықтарына жауап беретін тіл саясатының жүзеге
асырылуын талап етеді. Ол саясат тіл проблемаларын шешудің іс жүзін-
де белсенді, тиімді əрі нəтижелі факторы болуы тиіс. Аймаққа қарайтын
облыстарда бірыңғай тілдік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік
органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, діни жəне өзге де ұйымдардың
əрекет үйлесімділігі қажет.

Қазіргі қоғамды демократияландыру кезеңінде адам факторының бел-
сенділігі тілдік өмірімізде де байқалуда. Аймақта тіл дамуын жоспарлау
ісін, тіл құрылысын тиімді жүргізу үшін халық санағы қорытындыларын
пайдаланудың мəні зор. Өйткені халық санағының материалы – бүкіл
елді əрбір адамына дейін қамтитын жалғыз құжат.

Қазақстанның батыс аймағына қарайтын облыстарда соңғы халық са-
нағының мəліметінде қарастырған тіркеу бойынша шамамен 115 этнос
бар. Олардың ішінде аймақта өтіп жатқан əлеуметтік жəне тілдік проце-
стерде қомақты рөл атқаратын, яғни аймақ тұрғындарының 81,9 пайызын
құрайтын қазақтар, 13,3 пайызды құрайтын орыстар жəне үлес салмағы
1,7 пайызға жататын украиндар. Аймақ тұрғындарының қалған бөлі-
гін əртүрлі этностар құрайды. Олардың ішінен сандық үлесі жағынан
алғашқы ондыққа кіретіндер: татарлар – 0,9 пайыз (22142 адам), немістер
– 0,3 пайыз (7522 адам), əзірбайжандар - 0,3 пайыз (6252 адам), кəрістер
– 0,3 пайыз (6010 адам), 0,2 пайызды құрайтын белорустар (3966 адам),
жəне өзбектер (3664 адам). Аймақ тұрғындарының қазақтан өзгесінің
барлығы бұрынғы одақтық республикалардан келгендер, ал кейбіреулері
сырт елдерден ірі жəне аз санды халықтардың өкілдері болып табылады
(1-кесте).

Халық санағының мəліметі бойынша (2009) батыс аймақтағы барлық
халықтың саны 2 352417 адам, бұл республика халқының – пайызын
құрайды. Оның ішінде 1143102 ер адам, олар аймақ халқының 48,6 пай-
ызын құраса, 1 209315 əйел адам, олар 51,4 пайызын құрайды. Аймақ

394 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
халқының 47,2 пайызын (1 111 498 адам) ауылдық жерде, 52,8 пайызы
(1 240 919 адам) қалада тұрады.

1-кесте. Аймақ халқының облыстар межесіндегі ұлттық құрамы-
на, тұрғылықты жеріне жəне жынысына байланысты бөлінісі

Ақтөбе облысы

Этностар Екі жыныста Ерлер Əйелдер Қала Ауыл

саны % саны % саны % саны % саны %

Барлық 757768 364486 48,1 393282 51,9 461050 60.8 296718 39.2
халық

Қазақтар 601463 79,4 292572 48,6 308891 51,4 347121 57.7 254342 42.3

Орыстар 103069 13,6 46621 45,2 56448 54,8 81254 78.8 21815 21.2

Украин- 25485 3,4 11685 45,9 13800 54,1 13825 54.2 11660 45.8
дар

Өзбектер 800 0,1 458 57,3 342 42,8 609 76.1 191 23.9

Белору- 1343 0,2 637 47,4 706 52,6 841 62.6 502 37.4
стар

Əзірбай- 986 0,1 586 59,4 400 40,6 791 80.2 195 19.8
жандар

Татарлар 9545 1,3 4406 46,2 5139 53,8 7323 76.7 2222 23.3

Кəрістер 1475 0,2 744 50,4 731 49,6 1347 91.3 128 8.7

Немістер 5489 0,7 2628 47,9 2861 52,1 2701 49.2 2788 50.8

Басқа 8113 1.1 4149 51.1 3964 48.9 5238 64.6 2875 35.4
этностар

Атырау облысы

Барлық 510377 249682 48,9 260695 51,1 238936 46.8 271441 53.2
халық
Қазақтар 465033 91,1 228563 49,1 236470 50,9 199790 43.0 265243 57.0
Орыстар
Украин- 33617 6,6 15171 45,1 18446 54,9 28863 85.9 4754 14.1
дар
Өзбектер 815 0,2 369 45,3 446 54,7 728 89.3 87 10.7
Белору-
стар 1103 0,2 606 54,9 497 45,1 872 79.1 231 20.9
Əзірбай- 217 0,0 94 43,3 123 56,7 179 82.5 38 17.5
жандар
Татарлар 388 0,1 246 63,4 142 36,6 363 93.6 25 6.4
Кəрістер
Немістер 2304 0,5 1022 44,4 1282 55,6 1995 86.6 309 13.4
Басқа 2959 0,6 1391 47,0 1568 53,0 2741 92.6 218 7.4
этностар 471 0,1 215 45,6 256 54,4 382 81.1 89 18.9
3470 0.7 2005 57.8 1465 42.2 3023 87.1 447 12.9

ҚР-ның батыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 395

Барлық 598880 Батыс Қазақстан облысы
халық 288758 48,2 310122 51,8 277751 46.4 321129 53.6
Қазақтар
Орыстар 432517 72,2 212519 49,1 219998 50,9 161854 37.4 270663 62.6
Украин- 135813 22,7 61809 45,5 74004 54,5 98372 72.4 37441 27.6
дар
Өзбектер 11594 1,9 5313 45,8 6281 54,2 5981 51.6 5613 48.4
Белору-
стар 412 0,1 236 57,3 176 42,7 276 67.0 136 33.0
Əзірбай- 2146 0,4 927 43,2 1219 56,8 955 44.5 1191 55.5
жандар
Татарлар 1102 0,2 661 60,0 441 40,0 788 71.5 314 28.5
Кəрістер
Немістер 8632 1,4 3910 45,3 4722 54,7 5463 63.3 3169 36.7
Басқа 843 0,1 449 53,3 394 46,7 671 79.6 172 20.4
этностар 0,2 640 50,0 640 50,0 786 61.4 494 38.6
1280 0.8 2294 50.5 2247 49.5 2605 57.4 1936 42.6
4541

Маңғыстау облысы

Барлық 485392 240176 49,5 245216 50,5 263182 54.2 222210 45.8
халық
Қазақтар 428386 83,3 213085 49,7 215301 50,3 209465 48.9 218921 51.1
Орыстар
Украин- 39851 8,2 18047 45,3 21804 54,7 38185 95.8 1666 4.2
дар
Өзбектер 2212 0,5 990 44,8 1222 55,2 2161 97.7 51 2.3
Белору-
стар 1349 0,3 797 59,1 552 40,9 799 59.2 550 40.8
Əзірбай- 260 0,1 115 44,2 145 55,8 251 93.5 9 3.5
жандар
Татарлар 3776 0,8 2167 57,4 1609 42,6 3447 91.3 329 8.7
Кəрістер
Немістер 1661 0,3 749 45,1 912 54,9 1558 93.8 103 6.2
Басқа 733 0,2 383 52,3 350 47,7 650 88.7 83 11.3
этностар 282 0,1 135 47,9 147 52,1 273 96.8 9 3.2
6882 1.4 3708 53.9 3174 46.1 6393 92.9 489 7.1

Батыс аймақ бойынша

Этностар Екі жыны- Ерлер Əйелдер Қала Ауыл
Барлық ста
халық саны % саны % саны % саны %
саны % 1143102 48.6 1209315 51.4 1240919 52.8 1111498 47.2
2352417

396 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

Қазақтар 1927399 81.9 946739 49.1 980660 50.9 918230 47.6 1009169 52.4
Орыстар 312350 13.3 141648 45.3 170702 54.7 246674 79.0 65676 21.0
40106 1.7 18357 45.8 21749 54.2 22695 56.6 17411 43.4
Украин-
дар 3664 0.2 2097 57.2 1567 42.8 2556 69.8 1108 30.2
Өзбектер 3966 0.2 1773 44.7 2193 55.3 2226 56.1 1740 43.9
Белору-
стар 6252 0.3 3660 58.5 2592 41.5 5389 86.2 863 13.8
Əзірбай-
жандар 22142 0.9 10087 45.6 12055 54.4 16339 73.8 5803 26.2
6010 0.3 2967 49.4 3043 50.6 5409 90.0 601 10.0
Татарлар 7522 0.3 3618 48.1 3904 51.9 4142 55.1 3380 44.9
Кəрістер 23006 1.0 12156 52.8 10850 47.2 17259 75.0 5747 25.0
Немістер
Басқа
этностар

Аймақ халқының ана тілін таңдау жəне меңгеру деңгейі. Батыс ай-
маққа қарайтын облыстардағы халықтың өз ұлтының тілін немесе басқа
ұлттың тілін ата тілім деп көрсетуі бойынша соңғы халық аймақтарының
мəліметтерін қоса есептегенде аймақта тұратын халықтың 95,8 пайызы
өз ұлтының тілін ана тілім деп есептейді екен. Осы мəліметті жеке эт-
ностар бойынша қарастырсақ, өз ұлтының тілін ана тілім деп санайтын-
дардың көшбасшысы – қазақтар (99,1пайыз). Өкінішке орай 18059 қазақ
(0,9пайыз) өзге тілді ана тілім деп санайды. Орыстардың 97,3 пайызы өз
ұлтының тілін ана тілім деп көрсетсе, 2,7 пайыз өзге ұлт тілін ана тілім
деп көрсеткен. Одан кейін басым көпшілігі өз ұлтының тілін ана тілім
деп санайтындардың қатарына əзірбайжандарды (70,4 пайыз өз ұлтының
тілін, 29,6 пайыз өзге ұлт тілін) жəне өзбектерді (68,4 пайыз өз ұлтының
тілін, 31,6 пайыз өзге ұлт тілін) жатқызуға болад. Ал қалған этностардың
басым көпшілігі өзге ұлттың тілін ана тілім деп санамайды. Айталық,
украиндардың 83,5 пайызы өзге тілді ана тілім десе, немістердің 83,9
пайызы, белорустардың 83,9 пайызы ана тілін ауыстырған. Сол сияқты
кəрістердің 63,5 пайызы, татарлардың 61,0 пайызы өзге тілді ана тілім
деп көрсеткен.

2 - кесте. Аймақ халқының ана тілі бойынша бөлінісі

Этностар Осы ұлт адамдары- Ана тілім деп көрсеткендер:
ның саны
Өз ұлтының тілін Басқа ұлттыңтілін

адам % адам % адам %

Барлық халық 2352417 2252453 95.8 99964 4.2

Қазақтар 1927399 81.9 1909340 99.1 18059 0.9

ҚР-ның батыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 397

Орыстар 312350 13.3 304061 97.3 8289 2.7
Украиндар 40106 1.7 6611 16.5 33495 83.5
Өзбектер 3664 0.2 2505 68.4 31.6
Белорустар 3966 0.2 638 16.1 1159 83.9
Əзірбайжандар 6252 0.3 4400 70.4 3328 29.6
Татарлар 22142 0.9 10856 49.0 1852 51.0
Кəрістер 6010 0.3 2191 36.5 11286 63.5
Немістер 7522 0.3 1234 16.4 3819 83.6
Басқа этностар 23006 1.0 10617 46.1 6288 53.9
12389

3-кесте. Аймақ халқының облыстар межесіндегі ана тілі бойын-
ша бөлінісі

Этностар Осы ұлт адам- Ана тілім деп көрсеткендер:
дарының саны Өз ұлтының тілін Басқа ұлттың тілін

адам % адам % адам %

Барлық халық 757768 Ақтөбе облысы 92.8 54206 7.2
Қазақтар 601463 703562
Орыстар 103069 98.3 10430 1.7
Украиндар 25485 79,4 591033 96.3 3799 3.7
Өзбектер 13,6 99270 13.5 22050 86.5
Белорустар 800 3,4 3435 51.6 387 48.4
Əзірбайжандар 1343 12.0 1182 88.0
Татарлар 986 0,1 413 56.4 430 43.6
Кəрістер 9545 0,2 161 46.5 5108 53.5
Немістер 1475 0,1 556 33.8 976 66.2
Басқа этностар 5489 1,3 4437 15.9 4615 84.1
8113 0,2 499
0,7 874
1.1

Атырау облысы

Барлық халық 510377 502137 98.4 8240 1.6
Қазақтар 0.3
Орыстар 465033 91,1 463578 99.7 1455 2.5
Украиндар 68.1
Өзбектер 33617 6,6 32773 97.5 844 21.2
Белорустар 815 0,2 260 31.9 555 70.0

Əзірбайжандар 1103 0,2 869 78.8 234 36.1

217 0,0 65 30.0 152

388 0,1 248 63.9 140

398 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

Татарлар 2304 0,5 1092 47.4 1212 52.6
Кəрістер 1788 60.4
Немістер 2959 0,6 1171 39.6 76.6
Басқа этностар 361
471 0,1 110 23.4 3.9
Барлық халық 23366 0.6
Қазақтар 3470 0.7 2568 0.7
Орыстар 1003 80.1
Украиндар Батыс Қазақстан облысы 9282 39.8
Өзбектер 83.0
Белорустар 598880 575514 96.1 164 27.4
Əзірбайжандар 1781 47.2
Татарлар 432517 72,2 429949 99.4 66.4
Кəрістер 302 84.9
Немістер 135813 22,7 134810 99.3 4076
Басқа этностар 560 2.9
11594 1,9 2312 19.9 1087 0.8
Барлық халық 6.6
Қазақтар 412 0,1 248 60.2 14152 72.7
Орыстар 3606 27.7
Украиндар 2146 0,4 365 17.0 2643 81.9
Өзбектер 1608 26.0
Белорустар 1102 0,2 800 72.6 53.6
Əзірбайжандар 374 67.5
Татарлар 8632 1,4 4556 52.8 213 77.3
Кəрістер 980
Немістер 843 0,1 283 33.6 890
Басқа этностар 495
1280 0,2 193 15.1 225

4541 0.8

Маңғыстау облысы

485392 83,3 471240 97.1
428386 8,2 424780 99.2
0,5 93.4
39851 0,3 37208 27.3
2212 0,1 604 72.3
1349 0,8 975 18.1
260 0,3 47 74.0
3776 0,2 2796 46.4
1661 0,1 771 32.5
733 1.4 238 20.2
57
282
6882

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсыры-
сымен «Unig con» компаниясы «Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал:
облыс тұрғындарының тілдерді меңгеруі жəне тілдік мəдениетінің
деңгейі» тақырыбында əлеуметтік-лингвистикалық зерттеу жүргізілген.
Онда Ақтөбе қаласында жəне 12 ауданның орталығында тұратын халық
арасында сауалнама жүргізіліп, 1207 адам сауалнама сұрақтарына жауап
берген жəне 31 адамнан сұхбат (гайд) алыныған. Осында сауалнамаға қа-
тысқандардың басым көпшілігі (76%) ана тілім қазақ тілі деп көрсеткен.
Мұны диаграммаға сəйкес сұрақ-жауапқа қатысқандардың 75%-ы қазақ
ұлтының өкілдері екендігімен түсіндіруге болады.

ҚР-ның батыс аймағындағы тілдік ахуал жəне мемлекеттік тілдің қызметі 399

1-сурет. Сұхбаткерлердің ана тілі
Жауаптар саны бойынша екінші орынды орыс тілі (16%), үшінші
орынды татар тілі (3%) иеленді. Жауаптардың 2% украин тіліне, тағы 2%
неміс, башқұрт, чуваш, армян, грузин, өзбек, əзірбайжан жəне түрік тіл-
деріне келді. Сауалнамаға қатысқандардың 1 % бұл сұраққа жауап беруге
қиналды [3, 16 б.]
Аймақ халқының қазақ тілін меңгеру дəрежесі. Мемлекетіміз-
дің басшысы Н.Ə.Назарбаев атап өткендей, «Біз барлық қазақстан-
дықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілін əрі
қарай дамыту үшін бар күшімізді салуға тиіспіз. Сонымен бірге еліміз-
дегі барлық ұлт пен ұлыстардың өкілдері өздерінің ана тілдерінде еркін
сөйлеп, оқуға, оны дамытуға мүмкіндік алатындай жағдай жасауымыз
керек» [4].
Халық санағының мəліметінде (2009) аймақ тұрғындарының 15 жас
жəне одан жоғары жастағыларының 87,5 пайызы қазақ тілін ауызша түсі-
нетін, 79,6 пайыз еркін оқи аламын жəне оның ішінде 76,9 пайыз еркін
жазамын деп көрсетеді. Енді осы мəліметте жекелеген этностар бойын-
ша карастырар болсақ, тіл иесі қазақтардың 98,6 пайызы оны ауызша
түсінеді, 96,2 пайызы еркін оқиды, 93,6 пайызы еркін жаза алады.
Қазақ тілін біршама жақсы меңгергендер қатарына түркітілдес ха-
лықтарды атауға болады. Айталық, солардың ішінде алдыңғы орынды
өзбектер (89,2 % ауызша түсінеді, 62,7 % еркін оқиды, 54,9 % еркін жа-
зады), татарлар (81,9 % ауызша түсінеді, 48,1 % еркін оқиды жəне 41,6%
еркін жазады) жəне əзірбайжандар (75,3 % ауызша түсінеді, 36,3 % еркін
оқиды, жəне 29,7 % еркін жазады) алады.
Ал славянтілдес халықтардың қазақ тілін меңгерулері бір-бірімен ша-
малас. Мысалы, орыстардың 39,4 пайызы ауызша түсінсе, соның ішін-
де 11,4 пайызы еркін оқимын, 8,6 пайызы еркін жазамын деп көрсеткен.
Украиндардың 38,6 пайызы ауызша түсінемін, 9,7 пайызы еркін оқимын
жəне 7,2 пайызы еркін жазамын дейді. Белорустардың 35,6 % ауызша
түсінеді, 9,9 % еркін оқиды жəне 7,9 % еркін жазады.

400 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Оларға қарағанда мемлекеттік тілді білуі жөнінен немістер мен кəрі-

стер алда тұр. Қазақ тілін кəрістердің 61,1 пайызы, немістердің 44,2 пай-
ызы ауызша түсінемін деп көрсеткен.

4-кесте. Аймақ халқының қазақ тілін меңгеру деңгейі (15 жəне
одан жоғары жастағылар)

Этностар Осы соның ішінде тілдерді меңгеру деңгейі бойынша
этнос
адамда- қазақ тілі
рының
саны адам пайызбен

ауызша соның ішінде ауызша соның ішінде
түсінеді еркін соның түсінеді еркін соның

оқиды ішінде оқиды ішінде

еркін еркін
жазады жазады

Барлық халық 1760242 1540067 1401902 1353976 87.5 79.6 76.9

Қазақтар 1402039 1382919 1348101 1311683 98.6 96.2 93.6

Орыстар 262347 103255 30001 22542 39.4 11.4 8.6

Украиндар 35679 13766 3462 2571 38.6 9.7 7.2

Өзбектер 3079 2748 1932 1689 89.2 62.7 54.9

Белорустар 3590 1277 355 285 35.6 9.9 7.9

Əзірбайжандар 4809 3619 1746 1427 75.3 36.3 29.7

Татарлар 18900 15471 9082 7853 81.9 48.1 41.6

Кəрістер 4738 2893 996 783 61.1 21.0 16.5

Немістер 6172 2729 924 738 44.2 15.0 12.0

Басқа этностар 18889 11390 5303 4405 60.3 28.1 23.3

5-кесте.Аймақ халқының облыстар бойынша қазақ тілін меңгеру
деңгейі (15 жəне одан жоғары жастағылар)

Этностар Осы соның ішінде тілдерді меңгеру деңгейі бойынша
этнос
адамда- қазақ тілі
рының
саны адам пайызбен

ауызша соның ішінде ауызша соның ішінде
түсінеді еркін соның түсінеді еркін соның
оқиды ішінде
оқиды ішінде

еркін еркін
жазады жазады

Ақтөбе облысы

Барлық 579787 500780 446785 423344 86,4 77,1 73,0
халық 448448 439977 426500 407757 98,1 95,1 90,9
Қазақтар


Click to View FlipBook Version