The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Монографияда еліміздегі əлеуметтік лингвистикалық мəселелер сөз болады.
Онда этностар құрамы мен саны, əлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі тілдер, этнолингвистикалық жағдаяттағы өзгерістер туралы, мемлекеттік тілдің түрлі өмір салаларындағы қызметі, проблемалары жөнінде, тілдердің қызметтік қарым-қатынастарын жоспарлау мен реттеудің тетіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы жүйелі əрі жинақы түрде мəліметтер берілген. Қазақстанда жəне оның жекелеген аймақтарында өтіп жатқан əлеуметтік-лингвистикалық құбылыстар мен үдерістерге жəне онымен байланысты əртүрлі факторларға теориялық жəне практикалық тұрғыдан арнайы түсініктеме берілген.
Монографиялық еңбек лингвистер мен этнографтарға, саясаттанушыларға, студенттер мен магистранттарға, жоғары оқу орны оқытушыларына, сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуал мен тіл саясаты мəселелері қызықтыратын барлық оқырман қауымға арналған.

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by gulvira.satybaldieva, 2020-08-26 03:26:10

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ

Монографияда еліміздегі əлеуметтік лингвистикалық мəселелер сөз болады.
Онда этностар құрамы мен саны, əлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі тілдер, этнолингвистикалық жағдаяттағы өзгерістер туралы, мемлекеттік тілдің түрлі өмір салаларындағы қызметі, проблемалары жөнінде, тілдердің қызметтік қарым-қатынастарын жоспарлау мен реттеудің тетіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы жүйелі əрі жинақы түрде мəліметтер берілген. Қазақстанда жəне оның жекелеген аймақтарында өтіп жатқан əлеуметтік-лингвистикалық құбылыстар мен үдерістерге жəне онымен байланысты əртүрлі факторларға теориялық жəне практикалық тұрғыдан арнайы түсініктеме берілген.
Монографиялық еңбек лингвистер мен этнографтарға, саясаттанушыларға, студенттер мен магистранттарға, жоғары оқу орны оқытушыларына, сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуал мен тіл саясаты мəселелері қызықтыратын барлық оқырман қауымға арналған.

Keywords: тіл,мемлекет,қазақ тілі

Қазақстанның топонимика жүйесінде мемлекеттік тіл 201

не сол жерді дəл белгілейтін бір атау табылса, фонетикалық ойконим-
дерді жібермеген жөн болады.

Біз кезінде Өскеменге Тасқорған, Семипалатинскіге Жетікент, Павло-
дарға Қимақорда деген ойконимдерді ұсынған едік. Алайда Семей, Өске-
мен атаулары ел аузында қалыптасып кетті.

Ал Жазаба, Бекалқа атауларын кезінде орыстар Язовая, Фыкалка деп
атап алған деген пікір дұрыс емес. Ол екеуі де кезіндегі староверлердің
(кержақтардың) сөздері. Бұлар фонетикалық жақтан қазақ тіліне икем-
делген ойконимдер: Сухойлог-Сукөйлек деген сияқты.

Қорыта келгенде, топонимиканың заңдылығын білмегендіктен,
ойға келген атауды ойланбастан қоя салу барлық облыстарға тəн «ау-
ру» болып отыр. Мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін, бəріне ортақ
ономастикалық заң шығару қажеттілігі күн өткен сайын айқындалып ке-
леді.

Əдебиет:
1 Ономастикалық Хабаршы. ҚР Үкіметі жанындағы Мемономкомның
бюллетені. № 1(3). –Алматы: Атамұра, 2005.
2 Топоров В.Н. Некоторые соображения в связи с построением тео-
ретической топономастики // Принципы топонимики. –Москва: Наука,
1964. –С.3-22.
3 Никонов В.А. Введение в топонимику. –М.: Наука, 1965. –175 с.
4 Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. –М.: Наука,
1973. –366 с.
5 Омарұлы Б. Ономастика жəне өркениет // Егеменді Қазақстан,
5-ақпан, 2005. –Б.5.
6 Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. –М.:
Мысль, 1984. – 653 с.
7 Бичурин Н.Я. Средняя Азия и Восточный Туркестан. Учебное посо-
бие (Составитель Н.Е. Акбаев). –Алматы: «Санат», 2002. – 352 стр.
8 Аманжолов К. Түркі халқының түп тамыры // Қазақ тарихы. Респуб-
ликалық ғылыми-педагогикалық журнал, №1. –Алматы, 1993. –Б. 7-12.
9 Артықбаев Ж.О., Ерманов А.Т., Жəнісов Ə.Т. Орта Ертіс өңірі қимақ
дəуірінде. («Темір жауынгер» құпиясы). – Астана: Фолиант, 2004. – 48
бет.
10 Лувсанданзан. Алтын шежіре. / Моңғол тілінен ауд. А.Мауқараұлы.
–Алматы: Өнер, 1998. – 224 бет.
11 Күзембайұлы А., Əбіл Е.А. История Республики Казахстан: Учеб-
ник для ВУЗ-ов / 5-ое изд. перераб. и доп/ –Астана: ИКФ «Фолиант»,
2000. –400 с.
12 Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат-ит-түрк): 3томдық
шығармалар жинағы/ауд. А.Егеубай. –Алматы: ХАНТ, 1997. –1353 бет.

202 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
13 Уəлиханов Ш. Қазақ шежіресі (үзінді) // Қазақ тарихы. Республи-

калық ғылыми-педагогикалық журнал, №1. –Алматы, 1993. –Б. 30-31.
14 Вартаньян Э.А. История с географией, или жизнь и приключения

географических названий. –М.: Дет. лит, 1986. –238 с.
15 Бондалетов В.Д. Русская ономастика: Учеб. пособие для студентов

пед. ин-тов по спец. N 2101 «Рус. яз. и лит.» –М.: Просвещение, 1983.
–224 с.

16 Бейсенова Ə., Карпеков Қ. Қазақстанның физикалық географиясы:
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. –Алматы:
Атамұра, 2004. –256 бет.

17 Кайдар А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском
языке. –Алматы: Арыс, 2005. –304 стр.

18 Атанов М. Тыныштық белдеуі. Қазақстан Республикасы мемлекет-
тік шекарасын делимитациялау қалай жүргізілді // Егеменді Қазақстан,
27 қыркүйек, 2005 жыл. –Б. 3-4.

2.8 Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен
қолданысы

Əдетте, терминдердің даму динамикасын айқындау лингвистикалық
жəне экстралингвистикалық факторларға байланысты болады. Тіл білімі
саласына жататын терминология ғылымын қоғамда болып жатқан құ-
былыстардан бөліп қарастыруға болмайды. Себепсіз салдар болмайтын
сияқты, термин де елдің саяси көзқарасымен бағыттас жүйеде дамиды
немесе тоқырауға ұшырайды. Тіл білімінің терминтаным жəне лексика-
лық кірме сөздер салаларын зерттеуде өз орны бар белгілі ғалым Дмитрий
Сергеевич Лотте терминқорға енген кірме сөздердің себептерін төмен-
дегідей экстралингвистикалық факторлар əсерінен болатындығын атап
көрсетеді: 1. Бір ұлттың екінші ұлтқа мəдени негізде əсер етуі. 2. Ауыз-
екі жəне хат алмасу арқылы қарым-қатынас жасау. 3. Қандай да бір тілді
үйренуге қызығушылықтың артуы. 4. Түпкі тілдің беделділігі. 5.Бөтен
ел мəдениетіне əлеуметтік тұрғыдан белгілі бір тарихи уағдаластықтың
(тəуелділіктің) артуы. 6.Жаңа сөз қабылдаушылардың əлеуметтік тұрғы-
дан тіл мəдениетіне қойған шарттары [1]. Қазақ термин жүйесінің өзгеру
динамикасын талдау барысында Д.С.Лотте көрсеткен себептердің бар-
лығының да əсері болғандығына көз жеткіздік.

Қазақ терминтанушы ғалымы Ш.Құрманбайұлының еңбектерінен де
осымен мəндес көзқарасты байқауға болады: «Тілдің жəне оның ғылы-
ми-техникалық терминологиясының дамуы мен қалыптасуын елдің
қоғамдық-саяси, ғылыми-мəдени өмірінен бөліп қарауға болмайды» [2,
7 б.]. Шындығында да елдің саясатында, мəдениетінде, ғылымында бо-
лып жатқан елеулі өзгерістер, сол халықтың термин жүйесіне де өзгеріс
енгізіп отырады. Қазақ терминологиясының динамикасының тарихына

Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 203

зер салар болсақ, ХХ ғасырдың басында халықаралық терминдер қата-
рындағы бірліктер мейлінше қазақ тілінің негізінде жасалғандығын анық
байқауға болады. Мысалы, қазір математика ғылымында жиі қолданы-
латын қосынды, қосу, нүкте, теңдеу, шаршы, шеңбер, үшбұрыш, теріс
бұрыш, түзу, жазықтық, алым, бөлім, жатық сызық, сабақ, кесінді,
тұйықтаушы вектор, теріс бұрыш, тұрақты шама, нүктелер, іргелес
бұрыштар, сыбайлас бұрыштар, тең бүйірлі үшбұрыштар, түзудің
берілген кесіндісі, ортақ төбелі бұрыштар, үшбұрыштың қабырғалары
мен бұрыштарының арасындағы тəуелділік, шеңбер, қоюшы, түйіндесу,
аудан, дөңгелек, түзулер, бұрыштар, амалдар жəне т.б. қатарлы термин-
дер сол кездің жемісі деп айтуға болады. Ал кеңес одағының құрамы-
на кірген жылдары, терминдер орыс тілінің ықпалында, мейлінше сол
тілдің заңдылығын сақтай отырып тілімізге енгізілгені белгілі. Мысалы,
социализм, коммунизм, партия, пойыз, самолет, трактор, автомобиль,
сельсовет, контор, большевик, геометрия, физика, география, кресло,
парта жəне т.б. сияқты мыңдаған терминдердің тілімізге енуі сол жыл-
дары елімізде болған саяси, ғылыми, мəдени өзгерістерінің əсері.

Тəуелсіздік алған жылдары таразының екі басы теңдесіп, біршама
терминдер «қазақ шекпенін жамылса», енді бірқатар терминдер орыс
тілінің заңдылығымен тілімізге еніп жатыр. Мысалы, сусабын, бейнеба-
ян, бопсалау, зайырлы, қолжетімдік, лаңкес, несие, телнұсқа, ғаламтор
секілді терминдер тіліміздің заңдылығына сай немесе көне сөздерге
жаңа мағына үстелуі арқылы жасалса, менеджер, компьютер, принтер,
ксерокс, конгресс, фирма, гудвил, акцепт, эмиссия, депозитор, инкассо,
маржа, офшор жəне т.б. сияқты терминдер шет тілі терминдерінің орыс
тілінде таңбалануы негізінде тілімізге енгендігі белгілі.

Ендігі кезекте əр кезеңде қабылданған терминдердің əртүрлі сипатта,
ұлттық терминдер өлшемінде əртүрлі пайыздық көрсеткіште қабылдану
себептеріне өзімізше талдау жасап, оларға əсер еткен лингвистикалық,
экстралингвистикалық факторларына өз деңгейімізше тоқталмақпыз.

Тіл білімінде қазақ терминологиясының зерттеу аясының айқында-
лып, дами бастауы өткен ғасырдың басы деп көрсетіліп жүр. Нақтырақ
айтсақ, терминтанушы ғалымдардың көрсетуі бойынша, қазақ термино-
логиясының даму кезеңдері үшке бөлінеді:

І кезең. «Қазақ терминологиясының қазан төңкерісіне дейінгі жəне
кейінгі кезеңі (1910-1935 жж.);

ІІ кезең. Қазақ терминологиясының жалпыкеңестік терминдер қалып-
тастыру кезеңі (1935-1990 жж.);

ІІI кезең. Тəуелсіз Қазақстан терминологиясы дамуының бағыт-бағда-
рын айқындау кезеңі (1990 жылдан бергі уақыт)» [3, 38 б.].

Қазақ терминологиясының қазан төңкерісіне дейінгі жəне кейінгі ке-
зеңінде (1910-1935 жж.) тіл білімінде терминология мəселесі ғылыми

204 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тұрғыдан сараланып, аталмыш ғылымның іргетасы қалана бастады. Оған
бірнеше экстралингвистикалық факторлар себеп болған. Атап айтқанда,
ең алдымен ұлттық тең құқық, халық мəдениетін көтеру, оқу-ағарту
ісін жетілдіру, қазақ балаларына сауат ашу оқулықтарының жетіспеу
кемшілігін жою мақсатында жарық көрген оқулықтар, қазақтың үн
жаршысы «Қазақ», «Айқап», «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты»,
«Серке», «Жаңа мектеп» жəне т.б. сынды газеттер мен журналдардың
шығуы, осылармен байланысты ғылым тілін қалыптастыру қажет-
тілігінің туындауы, терминологиялық қағидаттардың белгіленуі жəне
т.б. факторлар.

Бұл кезеңде ең алдымен отарлау саясатына қарсы ұлттық иммунитет
қалыптастыру мақсатында ұлт зиялылары білім беру орындарын ашып,
түрлі салаларға қатысты оқулықтар жазуды көздеді. «Көрнекті ұлт қай-
раткерлерінің, сол кезеңнің ең алдыңғы қатарлы, жоғары білікті азамат-
тарының ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуы білім мен ғылым
саласының қарқынды түрде дами бастауына негіз болды. Мемлекет мүд-
десі, қазақтың қамы үшін қолда бар билігімен де қаруымен де күресуден
аянбаған зиялылар енді сол күрестерін қалам күшімен, халықты ағарту
ісімен жалғастырды. 1910 жылдардың орта тұсы мен 1930 жылдардың
бас жағына дейінгі аралықтағы уақытта ұлт көшбасшыларының төңіре-
гіне елге қызмет етуді мақсат еткен талантты қауым жиналып, қазақтың
білікті ұлттық кадрлар шоғыры қалыптасып, білім беру мен ғылымды ұлт
тілінде дамытудың негізі қалана бастады. Аталған уақыт ішінде ғылым-
ның əртүрлі салалары бойынша жазылған қазақ зиялыларының еңбектері
жарық көрді» [2, 8 б.].

Олар: Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (Орынбор, 1912 ж.,
1914 ж., 1916 ж., 1922 ж., 1923 ж., 1925 ж., «Əліпби» (Қызыл-Орда,
1926 ж., 1927 ж., 1928 ж.), «Сауат ашқыш» (Орынбор, 1924 ж., Семей,
1926 ж.), «Тіл-құрал (қазақ тілінің сарфы)» (Орынбор, 1914 ж., 1915 ж.,
Ташкент, 1918 ж., Қазан, 1920 ж., Ташкент, 1922 ж.), «Тіл-құрал (Дыбыс
жүйесі мен түрлері)» (Орынбор, 1923 ж., 1924 ж., Қызылорда, 1925 ж.,
1926 ж., 1927 ж.), «Тіл-құрал (Сөйлем жүйесі мен түрлері)» (Орынбор,
1923 ж., Қызылорда, 1925 ж., 1927 ж., 1928 ж.), «Баяншы Қазақ мұғалім-
дері үшін» (Қазан, 1920 ж.), «Тіл жұмсар Сөйлеу оқу, жазу тілін жұмыс
тəжірибесі арқылы танытатын І-нші кітап» (Қызылорда, 1928 ж.) атты ең-
бектері, Міржақып Дулатовтың «Есеп құралы» (Орынбор: «Дин уа мағи-
шат», 1914; 1918, 1925), Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика (Баланы тəр-
бие қылу жолдары)» (1922, 1923), Халел Досмұхамедовтың «Жануарлар»
(1922), «Табиғаттану» (1922), «Адамның тəн тірлігі» (1927), Жүсіпбек
Аймауытовтың «Тəрбие жетекшісі» (1924), Елдес Омаровтың «Пішінде-
ме» (1924, 1928), «Физика» (1930), Қаныш Сəтбаевтің «Алгебра» (1924,
1929) Сұлтанбек Қожановтың «Есептану құралы» (1924) Қыр баласының

Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 205

(Ə.Бөкейханов) «Астрономия əліпбиі (К.Фламмарионнан аударған)»
(Мəскеу, 1924. –225 бет), «Дүниенің құрылысы (Д.Граведен аударған)»
(Мəскеу: Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасы, 1926. –101 бет),
«Жердің қысқаша тарихы (Т.Тутковскийден аударған)» (Мəскеу, 1926.
–102 бет), «Мұғалімдерге хат: Пыланеттер» (Ж.М., 1926. №14-15. –21-25-
бб.), Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» (1926), «Жан жүйесі жəне
өнер таңдауы» (1926), Жұмақан Күдериннің «Өсімдіктану» (Мəскеу,
1927), Қошке Кемеңгеровтың «Оқу құралы» (1928), «Қазақша-орысша
тілмаш» (1927), «Химия. Жеті жылдық мектептің 5-інші, 6-ыншы жылда-
рында оқылатын кітапты (П.Лебедевтің Химия оқулығынан аударған)»,
«Жабыропалықтар үшін оқу құралы» (Қызылорда, 1929), «Қазақ тілінің
грамматикасы» (1927), Əлімхан Ермековтың «Ұлы математика курсы»
(Қызылорда: Қазақстан, 1935), «Қазақ тілінің математика терминдері»
(Алматы, 1935) жəне т.б. ғылымның əртүрлі салаларына арнаған еңбек-
тері. Бұл еңбектердің жарық көруі терминология ғылымының қазақ тіл
біліміндегі орнын айқындай түсті. Қазақ тіл білімінде термин мəселесі
осы оқулықтардан бастау алады.

Екінші, халықты қоғамда болып жатқан жаңалықтармен таныстыру,
ғылым мен білімге ынталандыру, халыққа білім тарату, халықтың намы-
сын жоқтау мақсатында газет-журналдардың ашылуы қазақ терминіне
деген сұранысты арттырды. Себебі сол кезде ашылған газеттердің негізгі
мақсаттары дүниеде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру, көзі ашық
оқығандардың білгенін халыққа жеткізу жəне т.б. болған еді. А.Байтұр-
сынұлының өз сөзімен айтсақ, «Əуелі газет – халықтың көзі, құлағы һəм
тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай ке-
рек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ
керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды. Дүниеде не болып жатқа-
нын көру жоқ, не сөйленіп жатқанын есту жоқ, өз пікірін айту жоқ. Бүкіл
дүниежүзіндегі халықтар телеграмма, телефон, пошталардың арқасында
бір-бірімен хабарласып, газет арқылы жұртқа жайып, бір үйдегі адамдар-
дай сөйлесіп отыр. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер
– кімге пайдалы? кімге зарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса,
шаттанып, зарлысынан сақтанып тұрады.

Екінші, газет – жұртқа қызмет ететін нəрсе, олай болатын мəнісі жұрт-
тың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет
арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық ай-
тып тұрады.

Үшінші, газет – халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен
жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зе-
йіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетіспекші.

Төртінші, газет – халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықты арын
арлап, зарын зарлап, намысын жоқтайтын азаматтары газет арқылы ха-

206 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
лықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға
көзін шоқытпасқа тырысады» [4, 10 б.].

Осы кезеңде жарық көрген газеттер мен журналдар («Қазақ», «Ай-
қап», «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты», «Серке», «Жаңа мектеп»
жəне т.б.) ұлттық терминологиялық қорымызды байытуға ерекше
септігін тигізді. Себебі ғылым туралы тұңғыш деректер мен ғылыми
мақалалар алғаш рет газеттер мен журналдардың беттерінде жариялан-
ды. Өзге тіл термині тұрмақ, жекелеген сөздерді білу дəрежесі төмен
көпшілік халыққа қазақ оқығандары елде, əлемде болып жатқан құ-
былыстардан (саяси, экономикалық, ғылыми, мəдени) хабардар ету
үшін, оларды түсіндіру мақсатында шет тілі терминдеріне қазақ тілінен
балама іздеуге тырысты жəне ол мақсаттарына жетті де. Осы жайында
профессор Б.Əбілқасымов «Алғашқы қазақ газеттерінің тілі» атты ең-
бегінде: « ... бұл газеттердегі ғылыми мақалалардың көбі сол кездегі
ғылыми экспедиция материалдары, солардың жұмысы туралы есеп не
солар жайында хабар болып келеді. Сонымен бірге тіл, əдебиет, тарих,
этнографияға қатысты мақалалар да жарияланып отырған. Бұларда кез-
десетін ғылыми ұғымдарды газет қазақ ұғымында бұрыннан бар сөздер
арқылы түсіндірмек жолымен аударып беруге тырысқан, кей кездерде
сол терминдік мағынадағы орыс сөздерінің өзін қалдырып та отырған»
[5, 19-20 бб.]. Осыған ұқсас көзқарасты академик Ө.Айтбайұлынан да
кездестіреміз: «... «Айқап» журналы қазақтың жазба əдеби тілін, оның
жақсы дəстүрлерін əрі қарай дамытуда, жалпыхалықтық тілдің кейбір
стильдік тармақтарын қалыптастыруда, оның терминологиялық лекси-
касын жасауда орасан зор қызмет атқарды. ... Жалпы «Қазақ» газетінің
тіліміздің терминдену сапасы мен сөзжасам процесіндегі жаңалықта-
ры ұшан-теңіз. Бұл газет сол кездегі басқа басылымдардың қай-қай-
сысынан болса да сауаттылық жағынан əлдеқайда жоғары деңгейде.
Əсіресе қазақ тілінің негізгі байлығын, ішкі өз мүмкіншілігін іске жа-
ратуда теңдесі жоқ үлгілерін туғызған. Сонымен бірге өзіндік қорымыз-
дың көзін ашуы əлденеше ғылыми түйін жасауға мүмкіндік береді» [6,
76-99 бб.].

Осы кезде жасалған ұлттық сипаттағы терминдер əлі де болса өзек-
тілігін жоймады. Қазіргі кезге дейін ғылыми стильге еңбегін сіңіріп ке-
леді. Осы мəселе төңірегінде Б.Момынова: «Бүгінде бұқаралық ақпарат
құралдарында пайдаланылып жүрген көптеген қоғамдық-саяси термин-
дер қазіргі лексикалық мағынасы мен стилистикалық реңктерінде ең
алғаш «Қазақ» газеті бетінде қолданылған болатын. Яғни, «Қазақ» газеті
жаңа замандағы, жаңа əлеуметтік-саяси бағыттағы қоғамдық-саяси лек-
сиканың негізін қалаған тұңғыш қазақ мерзімді басылымы болды. Сон-
дықтан да, жалпылай алғанда, қазақ тілінің бүгінгі жəне болашақтағы да-
муында, жекелей алғанда, қоғамдық-саяси лексиканың қалыптасу, даму

Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 207

тарихында «Қазақ» газетінің маңызы зор, атқарған қызметі ұшан-теңіз
екендігін көрсетеді», - деп тұжырымдайды [7, 7 б.].

Үшінші жəне сол кезеңде ұлттық терминдерді дамытудағы басты
фактор – ұлт зиялыларының ұлттық термин қалыптастырудағы ашық
күресі.

Тарихтан белгілі өткен ғасырдың бас жағында Ресей қол астындағы
ұлттардың жазу-сызуын, тілін, дінін бір етуді көздеді. Осыған сəйкес
білім алушы өзге халықтардың сауатын өз тілінде емес бірден орыс
əліппесімен ашуды көздеді. Бұл жағдай А.Байтұрсынұлының «Қазақ»
газетінде жарық көрген «Бастауыш мектеп» атты мақаласында анық
көрініс табады. Мақалада «Россия қол астында түрлі тілді, түрлі дінді,
түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бəрі тілін,
дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан ұнамды іс болмас.
Сондықтан он төртінші июньде министр қол қойған правиланы он ал-
тыншы ноябрьде министрдің жазған қағазы жеңбекші. Ондай правила-
лар іске аспай қалу үшін бір миссионер инспектор жазса болғаны - өз
əліппесімен, ана тілімен оқытып отырсақ, қай уақытта жазу-сызу, тілі
жоғалады? Тегі бөтен жұрттар тілінен, жазу-сызуларынан айырылып,
орыспен бірдей болып сіңісу үшін бірден орыс тілімен оқыту керек деп.
Бастапқы кезде ана тілімен оқыту тиіс деген сөз 1906 жылғы 31 март пра-
виласында да бар еді. Осы күнге шейін ауылынай, волосной, екі класты
бастауыш мектептерде қазақ əліппесімен қазақша басталып оқытылғаны
еш жерде естілмейді. Себебі не правила бойынша қазақ тілі мен қазақ
əрпін бастап оқыт деп отырған балалардың ата-анасы жоқ. Халықтың өз
тілімен, өз əрпімен оқығанын əкімдер жақтырмайтын болған соң, учи-
тельдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт əрпінен бастап оқытамыз дей қой-
майды. Сөйтіп правила қағаз жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл ай-
тылғандардың бəрі де үкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған
істер» [4, 100 б.] деп сол кездегі саяси көзқарастан айқын көрініс береді.
Шындығында да зиялы қауым дінін, тілін, жазуын жоғалтып алу шегінде
тұрған өскелең ұрпақтың болашағына алаңдаушылық білдірді. Қазақтың
дінін, тілін, жазуын құртпақшы болған үкімет əрекеттеріне қарсы пікірде
болды. Ең болмағанда бұл мəселе екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын
көздеді. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, саяси ахуалын, экономика-
лық жағдайын жақсартуды көздеп əрі осы мəселелер төңірегінде қалам
тартып жүрген ұлт зиялыларының біршамасы ендігі кезекте баспа бет-
терінде тілдің мəселесін, оның ішінде қазақ тілінің Алаш еліндегі орнын
ашық көтере бастады. Яғни тіл майданына белсене араласуға мəжбүр
болды (Ол туралы толық ақпаратты филология ғылымдарының доктор-
лары Ш.Құрманбайұлы мен О.Жұбаеваның құрастыруымен 2006 жылы
жарық көрген екі кітаптан тұратын «Терминология мəселелері» атты ең-
бектен алуға болады).

208 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Ғылым тілін қалыптастырып алмайынша, қазақ тілінің мəртебесін кө-

теру мүмкін емес екендігіне, қазақ тілінің орыс тілінің аясында қалып
қалатындығына көз жеткізген А.Байтұрсынұлы бастаған ұлт зиялылары
«Қазақ білімпаздарының съезін» ұйымдастыруға мəжбүр болды. 1924
жылы Орынбор қаласында «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі» өтті.
Онда Елдес Омарұлының жасаған баяндамасы негізінде терминқор қа-
лыптастырудың алғашқы қағидаттары қабылданады. Ол қағидаттар мы-
надай сипатта болды:

1. Қазақша пəн сөздері қазақтың өз тілінен алынатын болсын;
2. Қазақтың өз тілінен табылмаған пəн сөздер, басқа түркі халықта-
рынан ізделінсін. Басқа түріктер тіліндегі пəн сөздер – жалпы түркі сөзі
болып, жат тілдің əсерінен аман болса, ондай сөздер жатырқамай алын-
сын;
3. Еуропа халықтарының бəріне де сіңіп кеткен жалпы жұртқа ортақ
пəн сөздер, қазақ тілінің заңдарына келтіріліп, бізге де пəн сөз болып
алынсын; ондай сөзге мағынасы дəл келетін қазақтың сөзі болса, жалпы
еуропа сөзімен қазақша сөз, түбінде екеуі жалпы халықтардың талғауына
түсіп, қай қолайлысы алынатын болу үшін, екеуі қатар жазылып отыра-
тын болсын;
4. Қазақтың өз тілінен басқа тілдерден алынған пəн сөздер қазақ
тілінің баяндамада көрсетілген заңдарша өзгертіліп алынсын;
5. Қазақша пəн сөздерін тексеріп қабылдап алатын орын, қазақша
білім кеңесі, жалпы қазақ халқы үшін жалғыз болсын. Пəн сөздер əуелі
білім кеңесінің жанында əр пəннің мамандарынан сайлаған, əр пəннің
өзіне дербес комиссияларда тексерілетін болсын. Комиссияның қабыл-
дап алған сөздері баспа жүзінде жарияланып, көптің сынына түскеннен
кейін, білім кеңесінің қарауына тапсырылып, содан бекіп шығатын бол-
сын;
6. Қазақша сөздер əліпби ретінде тізіліп, сөздік болып шығарылсын
[8, 25 б.]. Байқағанымыздай, қабылданған терминқор қалыптастыру
қағидаттары қазақ тілінің пайдасына шешілген. Осыдан бастап қазақ
тілінің терминология мəселесі біртіндеп дамуға бет бұрды. Қазақ тілін-
де терминология мəселесінің көңіл толтырарлық болғандығы соншалық,
ендігі кезекте түркі халықтарына ортақ ғылым тілін қалыптастыру мəсе-
лесі кезекте тұрды. Осыған орай түркі халықтарының зиялы қауымының
ұйымдастыруымен 1926 жылы Баку қаласында түркологтардың Бүкіл-
одақтық І съезі өтті. Съездің негізгі мақсаты А.Байтұрсынұлының жаса-
ған мақаласынан белгілі болғандай, түркі халықтарына ортақ мəдениет,
ортақ тіл қалыптастыру еді [9, 51-59 бб.]. Бірақ бұл келелі мəселенің ғұ-
мыры ұзаққа бармады. Түркі халықтарының зиялы қауымы қатысқан бұл
съез алғашқы жəне соңғысы болды. Оған себеп Кеңес Үкіметінің оларға
«түркішілдік» деген кінə тағуы еді. Осыдан бастап қазақ терминология-

Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 209

сы тоқырауға ұшырады. Ш.Құрманбайұлының көрсетуінше, оған мына-
дай бірнеше себептер əсер еткен:

- алаш зиялылары белгілеген терминология қағидаттары КСРО орта-
лығы белгілеген саяси курсқа сай келмеді;

- ұлттық республикалардың терминологиялық қорды əрқайсысы өз-
дерінің тіл байлығы негізінде қалыптастыруға ұмтылған бағыты орыс
тілін Кеңес Одағының мемлекеттік тіл, ұлтаралық қатынас тілі мəрте-
бесіне ие дара тіл, кеңес халқына ортақ тіл ретінде қалыптастыру саяса-
тына қайшы келді;

- қазақ терминологиясы дамуының бағыт-бағдарын, ғылыми қағидат-
тарын белгілеп, ұлт тіліндегі терминжасам мəселесімен жəне термино-
логиялық жұмыстарды жүргізу ісімен тікелей айналысқан білікті ұлттық
кадрлардың барлығы дерлік саяси қуғын-сүргін құрбаны болды;

- алаш оқығандарының терминологиядағы дəстүрін жалғастыра-
тын, оны қорғай алатын ұлттық ғылыми элита, зиялы қауым, тілшілер
шоғыры болмады. Бірлі-жарым табандылық танытқандар, ұлтшылдар-
дың ізбасарлары, «халық жауларының» жақтастары ретінде қуғындауға
ұшырады. Керісінше, кеңестік тіл саясатына сəйкестендірілген бағыт
кеңінен насихатталды. Оны жақтағандарға сенім артылып, жол ашылды»
[2, 28 б.].

Осыдан барып мына бір факторлар белең ала бастады: орыс ұлты қа-
зақ ұлтына мəдени негізде күшті əсер ете бастады; қазақтар арасында
орыс тілін үйренуге деген қызығушылық артты; қазақ жерінде орыс
тілінің беделділігі күшейе бастады.

Бұлардан өзге патшаның жер аударту саясаты, 1916 жылғы ұлт-азат-
тық көтерілісі, Кеңес Одағының орнауы 1921, 1928 жылғы байларды
тəркілеу, 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы
репрессия сынды саяси оқиғалардың қазақтардың (қазақ тілін тұтынушы-
лардың) санын төмендетіп жіберді. А.Амирхамзиннің көрсетуінше, 1916
жылы қазақтар түркі халықтарының ішінде санақ бойынша түріктерден
кейін екінші орында тұрған екен [10]. Кеңес Одағы орнағанға дейін қа-
зақтардың саны 5 млн. 650 мың адам болса, 1945 жылы олардың саны 2
млн. 500 мыңға дейін төмендеген екен. Бұл фактор да қазақ тілінің қол-
данылуына кедергі келтірді.

Қазіргі терминтанушылар осы кезеңде пайда болған терминдердің
орта есеппен 90 пайызы қазақ тілінің төл сөздері немесе солардың не-
гізінде жасалған жаңа атаулар болып табылатындығын, кірме атаулар 10-
15 пайыздан аспағандығын жəне олардың дені тіліміздің дыбыстық ерек-
шеліктерін ескеріп, үндестік заңын сақтай отырып, өзгертіліп алынған
деп көрсетіп жүр.

Сол кезде терминология саласына байланысты жарық көрген еңбек-
терді талдау барысында мыналарды анықтадық [11]:

210 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

1-кесте. Терминология саласына байланысты жарық көрген ең-
бектерді талдау

Р/с Жұмыс атауы саны

1 Монография 1

2 Съез материалдары 1

3 Ғылыми мақалалар 43

4 Газет мақалалары 65

5 Сөздіктер 8

Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіштерді өте жоғары деп бағалауға
болады. Себебі, терминология мəселесі енді көтеріле бастаған кезде
осыншама еңбек шығуы, үлкен жетістік болып саналады.

Терминология дамуының келесі кезеңінде (қазақ терминологиясының
жалпыкеңестік терминдер қалыптастыру кезеңі (1935-1990 жж.)), «Əмір-
шіл коммунистік партия басшылығы ұлттық ғылымның да даму бағытын
өз мақсаттарына қарай икемдеп бұрып, кеңестік даму жолын, моделін
ұсынды. Сөйтіп, қазақ терминологиясы дамуының Алаш оқығандары
белгілеген қағидаттары теріске шығарылып, орыс тілінің КСРО-дағы
басты тіл ретіндегі орнын нығайтуға бағытталған жалпыкеңестік тер-
минқор қалыптастыру бағытына қарай бет бұрдық. Кеңестік идеология
мен тіл саясатына сəйкес келетін терминология дамуының жаңа бағы-
тын, жаңа қағидаттарын белгіледік» [2, 27-28 б.].

Бұл кезеңнің өзін іштей 3 кезеңге бөліп қарастырған Ө.Айтбайұлы осы
кезеңнің басты белгісі – интернационалдық терминдер мен орыс атаула-
рын тілімізге түпнұсқадағы пішінін бұзбай, сол қалпында қабылдау болып
табылады (30-40-жылдарды қамтиды), бұл жылдардың ұлттық лексиканы
дамытуға қосқан үлесі шамалы (40-50 жылдар), сол кездегі баспасөз мате-
риалдарынан көптеген интертерминдердің қазақша баламалары жасалып,
орыс сөздерінің қазақша сөйлей бастағанын байқауға болады (50-70-жыл-
дар) деп көрсетеді [6, 65-66 бб.]. Шындығын айтқанда, бұл келтірілген
себептер ұлттық терминологияның дамуына кері əсерін тигізді. Алаш
автономиясын толық таратқан Кеңестер Одағы ендігі кезекте білім беру,
мəдениет, экономика жəне т.б. ғылым салаларын өз қолына мықтап алды.
Атап айтқанда, іс қағаздары орыс тілінде жүргізілді, орыс тіліне басымдық
берілді, орыс тілінің беделділігін арттыру мақсатында саяси жиналыстар-
дың орыс тілінде өтуін міндеттеді, қаржы, денсаулық сақтау жəне т.б. сала-
ларды орыс тілінде сөйлетті. Жалпы айтқанда, қай жағынан алсақ та қазақ
тілінің қажеттілігіне шама шарқынша мүмкіндік бермеді, тіпті, қазақ тілін
күнделікті қолданыстан шығаруға да барынша күш салды.

Оның алғашқы сатысы – қазақтардың санының азайып кетуі. А.Амир-
хамзиннің айтуынша, 1916-1945 жылдар арасында, «29 жылдың ішінде

Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 211

біз 45% қазақ тұрғындарын жоғалтып алдық. Табиғи өсімді есептегенде,
біз 65% ұлтымызды жоғалттық. Осының нəтижесінде қазақтар тарихи
отанында тым аз қалды.

Бұның барлығы 1950 жылдар мен 1980 жылдар аралығында Қа-
зақстанда 600 қазақ мектептерінің, ЖОО-дағы көптеген қазақ тілінде-
гі бөлімдердің жабылуына əсер етті. Нəтижесінде ана тілін білмейтін
қазақтар пайда бола бастады» [10]. Бұл дегеніңіз тілмен бірге ұлттық
ғылым тілінің мүмкіндігін шектеу деген сөз.

Екінші əрекеті – жоғарыда аты аталған Алаш қайраткерлерін халық
жауы деген айыппен қамауға алып, артынан ату жазасына кесті.

Үшінші фактор – А.Байтұрсынұлы жасаған төл жазуымызды латын
қарпін көпір етіп алып, кириллицаға ауыстырды. Ондағы мақсат орыс ті-
лінде таңбаланған халықаралық терминдерді (Алаш азаматтарының та-
нуынша жат сөздер) дəл сол күйінде қазақ тілінде таңбалату еді. Осыған
сəйкес өз ішімізден «Шынында, тіліміздің қазіргі даму деңгейін дөп
таңбалап отырған қазіргі жазуымыз осылайша өрістемесе, біз сөздік
құрамымыздағы мыңдаған сөздерді əлі күнге дейін былықтырып жазып
келген болар едік. Əсіресе түбегейлі байлығымызға айналған қатары сан
мыңдап саналатын халықаралық терминдер мен орыс тілі арқылы келген
сөздерді таңбалауда есепсіз былыққа батқан болар едік. Əрбір сөздің, əр-
бір терминнің графикалық пішінін дəл түсіруде орыс алфавитінен асқан
үлгіні табу қиын. Халықаралық терминдер түгілі, байырғы қазақ сөз-
дерінің өзінің мағыналық əрі құрылымдық ерекшелігін, тұлғалық өрне-
гін беруде араб жазуының да, латын əліппесінің де қауқарсыздығын өмір
көрсетті. Аталған екі жазу үлгісі бойынша бейнеленген қаншама термин
сөздер жазу жүйесін қиыншылыққа душар етіп келгені мəлім» [12, 209-
210 бб.] – деп, еріксіз сөйлетті.

Қазақ терминологиясының дамуына тосқауыл қойылған төртінші
фактор – орыс терминологиясының одақтас өзге тілдерге еркін енуге
мүмкіндік туғызатын ұйымдардың ашылуы. 1933 жылы СССР Ғылым
академиясында қазіргі ғылыми-техникалық терминология Комитеті
(КНТТ) құрылды. Бұл комитеттің басты мақсаты – орыс терминология-
сын, сонымен бірге бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы елдердің тер-
минологиясын реттеу болып табылды. Осы негізге сүйеніп 1933 жылы
Қазақ Автономиялы Республикасы Халық комиссарлар Советінің 508
санды Қаулысымен қазақ жерінде Мемлекеттік терминология комис-
сиясы құрылды. Бұл комиссияның басты мақсаты - əр салаға қатысты
терминдерді бекіту болып табылатын. Сонымен бірге «жаңа кезеңдегі»
терминологияның даму бағытын айқындау да ең басты мақсаттарының
бірі болды. Осы комиссия жұмысының барысында 1935 жылы Мəдени
жұмысшылар съезінде Қ.Жұбановтың ұсынған қазақ терминологиясы-
ның қағидаттары бекітілген еді. Ол мынадай:

212 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
1. Термины, имеющие в практике литературных языков междуна-

родно-единые обозначения без перевода на национальные языки, вро-
де: революция, совет, теория, практика, тенденция, медицина, хирургия,
климат, абсолютный, конкретный и т.д., принимать в том же международ-
но-едином обозначении, без перевода их на казахский язык.

2. Международные термины, которые в практике литературных язы-
ков переводятся на национальные языки, как то: производство, труд,
деньги, корень, стебель, мышцы, деление, умножение и т.д. переводить
на казахский язык. Если подлежащий переводу термин не имеет эквива-
лента в казахском языке или же если казахский перевод делает его менее
понятным (в иных случаях искажает смысл термина), то принимать соот-
ветствующее русское слово: сословие, состав, клетка, слет и т.д.

3. Термины, употребляющиеся в различных дисциплинах, но в одном
и том же значении или в значениях, близких друг к другу, принимать в
едином обозначении: форма – porma (в философии и физике), материя –
materija (в философии и физике), корень – tybir (в математике, ботанике
и лингвистике), морфология – morpologija (в ботанике и лингвистике),
реакция – reaksija (в химии, биологии, политике), экскурсия – ekskursija
(в области просвещения и физиологии).

4. Термины, имеющие в различных случаях различное значение, вроде
мануфактура (в историко-экономическом и товароведческом значениях),
продукт (продукт производства и продукт как продовольствие), легенда
(как фольклорный жанр и как аннотация) и т.д. принимать как термин для
одной дисциплины, а в остальных случаях переводить. Например, ману-
фактура как этап экономического развития – термин (не переводится), но
как вид товара – не термин (переводится).

5. Международные термины принимаются в той форме, в какой они
пишутся в русской литературе. В том случае, если казахском языке будут
отсутствовать какие-либо звуки (для передачи этих терминов), токовые
изображаются буквами в пределах казахского алфавита (форма – porma,
химия – qijmia, революция - rebolutsija) и т.д.

6. Термины, переводимые на казахский язык (см. п. 2), должны со-
хранять при переводе полное соответствие их научному значению. При
переводе этих терминов следует точно учитывать грамматические осо-
бенности казахского языка, не прибегая к искусственным словообразова-
ния, делающим термины непонятными, как, например: berilis – передача,
kopkil – многоугольник, toqьma – текстиль, tecirijbe – практика и т.д.

7. Международные термины, выраженные в именной и отглагольнои-
менной формах, за исключением образований с каузативной формой, со-
зданной при помощи формальных элементов -изация, -ификация, -ация
(в словах машинизация, электрификация, объективация), которые соот-
ветствует казахским формам macijlandьyrv, elektirlendьruv, obijekteptenuv,

Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 213

принимать в том же виде. Международные термины как определения, об-
разованные из прилагательных на -ский, -ный, в казахском образовании
принимать усечено, т.е. без -ский, -ный: популярная книга – popular kitap,
абсолютная величина – absolute cama, буржуазная идеология – burcuaz
ijdeologija, экстенсивное хозяйство – ekstensijp carnacьlьq дифференци-
альное уравнение – dijperensial tengerme.

Прилагательные, оформленные суффиксом «-ский» с преврашением
звука «к» основы в «ч», оставлять в существительном оформлении без
всяких наращений: электрическая лампа – elektr cam, физическая геогра-
фия – pijizijka cagrapika и т.д. Глагольные формы от существительных
и прилагательных основ образовывать при помощи соответствующих
казахских суффиксов: изолировать – ijzolatsijalav, машинизировать –
macijnalandьruv и т.д. Термины же, имеющие в русском языке лишь гла-
гольные формы и не имеющие именных форм или слишком отдаленные
от именных значений, переводить сообразно с контекстом (игнорировать,
регулировать, реагировать – последнее слишком отдалено от именной
формы «реакции»).

8. Вместе с терминами ввести в казахский язык ряд приставок, упо-
требляющих в международной терминологической практике, которые не
могут быть заменены казахскими суффиксами, например «-ист», «-изм»
(суффиксы), «ре-», «син-», «де-», «анти-», «контр-» (префиксы).

Большинство же других аффиксов, встречающихся в терминах, сохра-
нять в казахском употреблении, но не выделять как формальные элемен-
ты, а считать их органической частью основы.

9. Сокращенные формы терминов, присоединяемые к другим сло-
вам (авто-, аэро-, авиа- и пр.), иметь в сочетании с казахскими словами:
aptojol, aptoqatynas, aviacana и т.д.

Термины диктатура, революция, совет, теория, практика, контррево-
люция, милитаризм и пр., употреблявшиеся в казахском языке только пе-
реведенными, принимать без перевода в интернациональной их форме.

10. Ввести в практику казахского словообразования сокращенные
сложные слова, широко принимаемые в современном русском языке со
времен Октябрьской революции, считая такие образования вкладом, вне-
сенным достижениями революции (политэкономия – polijtekonomia, рай-
исполком – avatkom и т.п.)

Однако при образовании подобных сокращений необходимо увязы-
вать их с законами казахского литературного языка, используя на прак-
тике лишь те из образований, которые были приняты Государственной
терминологической комиссией» [13, 528-530 бб.].

Байқағанымыздай, терминжасам қағидаттары осы кезеңде орыс
тілінің ыңғайына қарай өзгерді. Орыс тілінде стандартталған халықа-
ралық терминдерді кеңес одағындағы елдер сол қалпында, еш өзгеріс-

214 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы

сіз тілдеріне қабылдауға міндетті болды. Ал халықаралық деп танылып
жүрген терминдер орыс тілінің заңдылығына сəйкес таңбаланғандығы
белгілі.

Жалпы осы кезең аралығында терминология мəселесіне қатысты
орындалған жұмыстар көлемі төмендегідей:

2-кесте. 1940-1990 жылдар аралығында терминология саласына
байланысты жарық көрген еңбектер мен атқарылған іс-шаралар
[11]:

Р/с Жұмыс атауы саны

1 Монография 3

2 Диссертациялар (докторлық, кандидаттық) 15

3 Оқу құралы 3

4 Конференция материалдары 2

5 Ғылыми мақалалар 248

6 Газет мақалалары 98

7 Сөздіктер 81

Дегенмен де, 1970 жылдары ұлт зиялылары тіліміздің шұбарланып
бара жатқандығын байқап, газет беттерінде терминдерді мүмкіндігінше
қазақ тілінде жасау жайында бастама көтереді. Арнайы ғылыми жұмыс-
тар да жазылды. Осымен байланысты газет беттерінде жекелеген термин-
дердің қазақша нұсқасын ұсынған да ұсыныстар болды. Дерек көздеріне
сүйенсек, Мемлекеттік терминология комиссиясы 1971-1981 жылдар
аралығында 2748 терминдер мен атауларды бекітіпті [14]. Оның 1600-дей
шамасы таза қазақ тілінде қабылданған терминдер болса, қалған 1148-і
орыс тілі заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен орыс тілі негізінде
жасалған терминдердің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер. 1990
жылы 79 терминнің 58-і таза қазақ тілінде қабылданған екен.

3-кесте. 1970-1990 жылдар аралығында бекітілген терминдердің
жалпы саны – 2827, олардың ішінде

р/с 1970-1990 жылдар аралығында бекітілген терминдердің жалпы
саны – 2827, олардың ішінде

1 Орыс тілінің заңдылығына Қазақ тілінде қабылданған тер-
сəйкес немесе қазақ тілі мен миндер – 1658
орыс тілінің тіркесуі арқылы
пайда болған терминдер – 1169

Бір сөзбен айтқанда, осы аралықта орыс ұлтының құрамындағы ұлт-
тарға, оның ішінде қазақ ұлтына мəдени негізде əсері артты; іс-қағаз-
дары тек орыс тілінде жүргізілді; халық арасында орыс тілін үйре-

Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 215

нушілер саны артты; осымен байланысты орыс тілінің беделі бірінші
орынға шықты; орыс мəдениетін əлеуметтік тұрғыдан күшейтуге
астыртын түрде болсын, ашық түрде болсын белгілі бір уағдаластық
жасалды; жаңа сөз қабылдауға қойылған шарттар орыс тілінің ыңға-
йына жығылды. Осы жəне осымен байланысты тілден тыс факторлар
қазақ тілін қоғамдық сахнадан ығыстырып, мүлдем əлсіретіп тастады.
Ұлттық ғылым тіліне сұраныс болмай қалды.

Терминология дамуының келесі кезеңінде (Тəуелсіз Қазақстан тер-
минологиясы дамуының бағыт-бағдарын айқындау кезеңі (1990 жылдан
бергі уақыт)), ұлттық лексикамыздың дамуына біршама жағдай туында-
ды. Тіл туралы заң қабылданды, Мемлекеттік тілді дамыту бағдарлама-
лары құрылды, Тіл дамыту құрылымдары ашылды, Мемлекеттен тілді
дамытуға деп арнайы қаржы бөлінді, қазақ мектептері ашыла бастады
жəне т.б. іс-шаралар атқарылды.

Дегенмен де, бұл көрсетілген іс-шаралардың ұлттық лексикалық
қорды қалыптастыруға қауқары жетпеді. Кеңес дəуірінде тоқырауға
ұшыраған қазақ терминологиясы, алпауыт орыс терминологиясының
аясында қалып қала берді. Тіл туралы заңда мемлекеттік тіл қазақ тілі
деп көрсетілгенмен, орыс тілі мемлекеттік тілмен тең дəрежеде деп
көрсетілгендігі белгілі. Бұл қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуін те-
жеді.

Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламаларында да жүйесіздік байқа-
лады. Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «қазақ
тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай
- 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%)» деген мін-
дет қойылған. Біздіңше бұл жерде «реттелген» деген термин өз орнымен
қолданылмаған. Терминдерімізді тек реттеу арқылы қандай да бір ұтым-
ды жетістіктерге жете аламыз деп айта алмаймыз. Бұл сөйлем «қазақ
тілінің стандартталған терминологиялық қорының үлесі» деп берілуі
қажет еді. Сонда ғана ұлттық терминологиялық қорды қалыптастыруда
қандай да бір жетістіктерге жетуге мүмкіндік туар еді.

Бізде терминологиялық жұмыстарды жүргізіп отырған ғылыми меке-
мелер мен мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың ешқайсысы
терминологияны стандарттау жұмысымен арнайы айналысып отырған
жоқ. Əртүрлі салалар бойынша дайындалған терминологиялық стандарт-
тарды Терминкомның келісімінен кейін Қазақстан Республикасы Техни-
калық реттеу жəне метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау жəне
сертификаттау институты» жариялайды. Ал аталмыш мекеменің (Қа-
зақстан стандарттау жəне сертификаттау институты) дайындаған стан-
дарттары ағылшын тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару
арқылы ғана дайындалып жатқаны шындық.

216 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
Ал Министрлік комитеті мен Терминология комиссиясының бұл сала-

дағы жұмысы шығармашылық, сараптамалық тұрғыда емес, мемлекеттік
құрылымдар арасындағы құжат айналымы деңгейінде жүзеге асып жа-
тыр десек артық айтқан болмас едік. Жалпы бізде терминологияны стан-
дарттау жұмысы кейбір басқа елдердегідей үлкен маңызға ие болып отыр
деуге болмайды. Бізде терминологияны стандарттау жұмысы, негізінен
Терминкомның ресми бекіткен терминдерін ұсынумен шектеліп келеді.
Терминком – консультациялық-кеңесші орган. Сол себепті оның шешімін
орындау міндетті болмағандықтан, бекіткен терминдері де Мемстандарт
бекіткен стандарттар сияқты жалпыға міндетті емес. Сондықтан да Тер-
минология комиссиясы бекіткен терминдердің елеулі бөлігі бірізді қол-
данысқа түсіп, тұрақты терминдер қатарына қосылып кетпей, бекітілген
қалпында, қағаз жүзінде қалып қоятындығы да шындық. Бұған Мəдениет
жəне спорт министрлігінің Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс
комитетін де Қазақстан стандарттау жəне сертификаттау институтын да
кінəлай алмаймыз. Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс коми-
тетінде терминдерді үйлестіру жұмысымен бір ғана маман айналысса,
Қазақстан стандарттау жəне сертификаттау институтында аудармашы
мамандардан басқа терминолог мамандардың жұмыс істейтінін кездес-
тіре алмадық. Бұл өз кезегінде тұралап қалған ұлттық терминқорды
ағынан тұрғызып жібере алмады.

Терминологияның теориялық мəселесі мен практикалық мəселесі
байланыссыз дамып келеді. Тəуелсіздік алған жылдары терминология-
ның қай саласының да, нақтырақ айтсақ, терминография, ономасиоло-
гия, терминтаным жəне т.б. теориялық тұрғыдан зерттелініп жатқандығы
белгілі. Бұл да ұлттық терминдердің тиісінше дамуына кедергі келтіріп
отыр.

1991 жылдан бүгінгі кезге дейін терминология саласына қатысты
орындалған жұмыстар көлемі төмендегідей:

4-кесте. 1991-2014 жылдар аралығында терминология саласы-
на байланысты жарық көрген еңбектер мен атқарылған іс-шара-
лар[11]:

Р/с Жұмыс атауы саны

1 Монография 15

2 Диссертациялар (докторлық, кандидаттық) 40

3 Оқу құралы 9

4 Конференция материалдары 15

5 Ғылыми мақалалар 700

6 Газет мақалалары 350

7 Сөздіктер 100

Терминология саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 217

5-кесте. 1992-2011 жылдар аралығында бекітілген терминдер [14]:

р/с Бекітілген терминдер

1 1992 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 48. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде қабыл-
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер – 2 данған терминдер – 46

2 1995 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 485. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде қабыл-
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер – 5 данған терминдер – 485

3 1997 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 376. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 100 терминдер – 276

4 1999 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 391. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 59 терминдер – 332

5 2000 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 113. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде қабыл-
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер – 3 данған терминдер – 110

6 2002 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 103. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 29 терминдер – 74

7 2003 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 1009. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 335 терминдер – 674

8 2004 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 590. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 63 терминдер – 336

9 2005 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 816. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 84 терминдер – 732

10 2006 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 2122. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 1494 терминдер – 628

11 2007 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 113. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 28 терминдер – 85

218 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
12 2008 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 58. Олардың ішінде

Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде қабыл-
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер – 6 данған терминдер – 52
13 2009 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 21. Олардың ішінде
Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде қабыл-
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер – 0 данған терминдер – 21
14 2010 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 114. Олардың ішінде
Орыс тілінің заңдылығына сəйкес немесе қазақ тілі мен Қазақ тілінде
орыс тілінің тіркесуі арқылы пайда болған терминдер қабылданған
– 15 терминдер – 99
15 2011 жылы бекітілген терминдердің жалпы саны – 49. Олардың ішінде

Қорыта айтқанда қазақ терминологиясының даму көрсеткіші шама-
мен алғанда мынадай:

1. 1910-1935 жылдар аралығында терминологияның теориялық жəне
практикалық мəселелері қатар дамыса, 1935-1990 жылдар арасында тер-
минологияның практикалық мəселелері біршама тоқырауға ұшыраған-
дығын байқауға болады.

1-сурет. Қазақ терминологиясының практикалық жəне теория-
лық даму динамикасы

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 219

2. Тəуелсіздік алған жылдары терминологияның практикалық мəсе-
лелері де теориялық мəселелері де аздап болса да дамуға бет бұрды. Де-
генмен де бұл біздің соңғы тұжырымымыз емес, терминологияны осы
бағытта əлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді деп қорытындыла-
мақпыз.

Əдебиет:
1 Лотте Д.С. Вопросы заимствования и упорядочения иноязычных
терминов и терминоэлементов. –М., 1982. –С.1-112
2 Құрманбайұлы Ш. Алаш жəне терминтану (ХХ ғасыр басындағы қа-
зақ терминологиясы. 1-10-1930 жылдар). –Алматы: «Ел-шежіре» ҚҚҚ.,
2008. –240 бет.
3 Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясының дамуының кезеңдік
сипаты. –Астана, 2002. –184 б.
4 «Қазақ» газеті. –Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998. –560 бет.
5 Əбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. –Алматы, 1971.
6 Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі: (Қазақ терминологиясының негіздері). –
Алматы: Рауан, 1997. –240 б.
7 Момынова Б.Қ. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. –Ал-
маты: Арыс, 1998. –110 б.
8 Терминология мəселелері. 1-кітап. –Астана: «1С-Сервис» ЖШС,
2006. –288 бет.
9 Байтурсынов А. О принципах терминологии//Терминология мəселе-
лері. 1-кітап. –Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2006. –288 бет.
10 Амирхамзин А. Некоторые вопросы терминологии казахского язы-
ка // http://www.neotech.kz/terminology_ru.html
11 Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясының зерттелуі. Исследо-
вание казахской терминологии. –Астана, 2008 –240 бет. 1- кітап.
12 Қазақ тіл білімінің мəселелері. Вопросы казахского языкознания.
–Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. –624 б.
13 Жубанов Х. Принципы терминологии казахского литературного
языка, применяемые государственной терминологической комиссией //
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999.
14 Бекітілген терминдер жинағы. –Астана, 2012 жыл. –384 бет.

2.9 Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолда-
нысы

Қазақстандағы аударма тарихын кезеңге бөлу мəселесі турасында
Қазақстандағы аударма тарихының түп-тамыры тереңде жатыр. Ре-
сейге қосылмас бұрын Ұлы Жібек жолының керуендері басып өткен
қазақ жерлері өзге мəдениеттерден де, тілдерден де хабардар болған.
Делдалдар, яғни тілмаштар осы мəдениеттердің арасындағы байланысты

220 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
іске асырған. Қазақстан зерттеушілері аударма тарихын түрліше жіктей-
ді, оны қазіргі қазақ ғылымында бұл мəселе тереңінен зерттелмеген деп
түсіндіреді. Бірқатар ғалымдар аударма тарихының бастау алған кезеңі
Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңі (Н.Ж.Сағандықова, А.Ж.Жақ-
сылықов) десе, енді біреулері оның қайнар көзі XIV ғасырдағы Саади
аудармалары анықталған сəт (С.Əбдірахманов, Ə.С.Тарақов) деп көрсе-
теді, ал үшіншілері – жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялыла-
рының сыни мақалалары жарық көре бастаған кезеңге тоқтайды (К.Ал-
пысбаев, Г.Қазыбек).

К.Кереева-Канафина ұсынған аударма тарихы үшін аса маңызды
орыс-қазақ əдеби қарым-қатынастарын кезеңге бөлу ерекше назар аудар-
тады [1, 64 б.]. Ғалым бұл қарым-қатынастардың алғашқы кезеңі деп 1730
-1868 жылдар аралығын белгілеуді ұсынады. Бұл кезең Қазақстанның
Ресейге қосылған тарихи фактісімен тұспа-тұс келеді, жарлықтар, қа-
зақ даласын басқару жөніндегі нұсқаулар осы кезде басып шығарылған,
бірқатар аударма құжаттардың пайда болғаны да белгілі. Екінші кезең
1869-1917 жылдар аралығы деп айқындалған, бұл кезеңде алғашқы «Қа-
зақ», «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттері пайда болған. Бұл
газеттер кез келген жанрдағы əдеби аударманың қайнар көзі десек артық
емес. Бір топ ғалымдар осы кезеңді қазақ көркем аудармасының қалып-
тасу кезеңі деп те атайды. Сондай-ақ қазіргі ғалымдар үшін З.Тұрарбе-
ковтің ұсынған қазақ аудармасын жіктеуін де негізгі деп есептейміз [2,
90 б.]. Алғашқы дəуір VIII-XIV ғасырлар деп белгіленген, яғни қазақ
этносының қалыптасқан кезеңі: «қазақтар əлі де жеке халық ретінде
қалыптаса қоймаған, олар ол кезде түркі халықтарының құрамындағы
ру-тайпалар, тайпалық одақтар ғана еді». Екінші кезеңді қазақ тіліндегі
аудармалар «Шығыстағы əдеби туындыларды аударманың басты қағида-
сы –назира» əдісімен жасалған кезең деп белгілеуге болады деп ұсынған
[2, 90 б.]. Үшінші кезең Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңі, төртінші
кезең – қазақ аудармасы қарқынды дамыған кеңестік кезең.

Қазақстандағы аударманы кезеңге бөлумен Н.Ж.Сағандықова,
С.Əбдірахманов, Ə.С.Тарақов, Ж.Дəдебаев, К.К.Алпысбаев, Г.К.Қазыбек
сияқты ғалымдар айналысқан. Жоғарыда ұсынылған жіктеулерді жи-
най тұрып, қазақ аударма тарихының барлық кезеңдеріне көз жүгіртіп
көрелік.

Сонымен, ғалымдардың басым көпшілігі қазақ даласына аударма XIV
ғасырдың басынан белгілі, Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда да аударма
туындылары болған деген болжам жасаған. Зерттеу мəліметтеріне сəй-
кес 1393 жылы Сейф ас Сарами деген аудармашы Саадидің өлеңдерін
қыпшақ тіліне (қазақ тілінің ататілі) аударған екен. Сондай-ақ аударма-
ның пайда болуында қазіргі Қазақстан аумағын басып өткен Ұлы Жі-
бек жолының керуен жолы да аса маңызды рөл атқарған. Ə.Тарақовтың

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 221

еңбектерінде XV ғасырда қазақ əдебиетіне шығыс (араб) əдебиетінің
шүбəсіз əсер еткені байқалады деген фактісі назар аудартады [1, 65 б.].
Бұл өлең шығармаларын қазақ шығармашылығына тəн емес, шығыс мə-
нерімен жазудан, шығарманың сюжеттік элементтерін сипаттау үлгісінен
көрініс тапты, тіпті, халық ауыз əдебиетіне де ықпалын тигізді. Қаһар-
мандық эпос, ертегі жəне аңыз əңгімелер сияқты халық ауыз əдебиетінің
шығармаларында шығыс классикасын аударумен бірге келген шығыс
əдебиетінің əсері сезілді.

1882 ж. бастап «Тəржіман» («Переводчик») деген газет шыға баста-
ды, бұл газетке тек аударма басылымдары ғана жарияланды. Осы факт-
ті əдеби аударма ғылымының бастауы деп есептеуге болады. Орыс
классикасының аудармалары əртүрлі марапатталып жатты, А.Сабалов
А.С.Пушкиннің ертегілерін қазақ тіліне аударып басты. А.Левшиннің де
аудармалары аса маңызды рөл ойнады. Біз бұл ғалымның этнографиялық
материалдарды жинаушы, қазақтың тұрмыс-тіршілігін жетік білетін
адам, фольклоршы екенінен хабардармыз. Сондай-ақ ғалым қазақ тілінде
еркін сөйлеген. Сондықтан да газет пен журнал беттеріне жарияланған
оның аударма шығармалары аударма ісінің дамуында аса құнды матери-
ал болатыны сөзсіз. Революцияға дейінгі кезеңде Асан қайғы, Шалкиіз
жəне халық арасындағы басқа да атақты ақындардың шығармалары орыс
тіліне аударылған. Бұл қазақ жəне орыс халықтарының өзара қарым-
қатынастарын дамытуында жақсы материал болды. Оқырманның қа-
зақтың халық ауыз əдебиеті шығармашылығының үлгілерімен танысуы
басқа да халықтардың қазақ мəдениетіне деген қызығушылығын оятқа-
ны сөзсіз.

XX ғасырдың басында атақты тілші Ө.Айтбаев аударма сапасын тіл-
ге тиек ете бастады. ХХ ғасырдың басын ғалым қазақ жəне орыс этнос-
тарының арасындағы қарым-қатынастың басталу кезеңі деп есептейді.
Революцияға дейін Қазақстанда 509 басылым жарық көрген. Ғалымның
пікіріне сүйенсек, қазақ халқы мəдениетінің дамуында аударма баға жет-
пес рөл ойнаған. Сондай-ақ аударма қазақ тілінің дамуына, атап айтар
болсақ: əдеби тіл нормасының қалыптасуына, лексиканың белгілі бір
қабатының терминденуіне ықпалын тигізді: «Ана тіліміздің əдебиленуі,
оның нормалары күйге түсуі, терминологиялық лексикасының жасалып,
қалыптануы аударма жұмысының жандануына тікелей байланысты» [3,
122 б.]. Ө.Айтбаев XIX ғасырдың аяғындағы газет беттеріндегі А.С.Пуш-
кин ертегілерінің аударылу сапасына тоқталады. Бұл аудармаларды ау-
дарма деп атау қиын, бұл тек мазмұнын қысқаша баяндап беру: «Мұны
аударма деуден гөрі шығарманың желісін қуалай отырып, жалпы мазмұ-
нын баяндап шығу десе де болар еді» [3, 123 б.]. Ол кезеңнің газеттері
мен журналдарында аудармаға баса назар аударылған дейді зерттеуші.
Бұл аудармаларда түпнұсқа мəтіннің аударма мəтініне сəйкестігі сөйлем-

222 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
дердің қазақ тілінің нормаларына сəйкес құралуы есебінен іске асқан,
сөйлемдерде орыс тіліне тəн қисынсыз инверсиялар жоқ.

К.Алпысбаев, Г.Қазыбек [4, 10 б.] 1914 жылы С.Сейфуллиннің «Ай-
қап» журналының сегіз нөміріндегі И.Лихановтың «Манап» драмасы-
ның аудармасына жазған сыни мақаласын қазақ аударматану ғылымының
қайнар көзі деп санайды. Жазушының пікіріне сəйкес: «Манаптың» тағы
бір үлкен кемшілігі – оның қазақ тіліне сөзбе-сөз аударылуы. Нəтижесін-
де сөздердің орын тəртібі нағыз қазақ тілінікіне ұқсамай қалған». Бұл
мақала аударма сапасына шын мəнінде талдау жасалған, қазақ аударма
сынының ең алғашқы көрінісі болды.

Өткен ғасырдың 1920-30 жылдарында əдеби аударма қарқынды бе-
лең алды. Н.Сағандықованың пайымдауынша [5, 13 б.], Қазақстан əде-
биетінің көп бөлігі əдеби аударманы құрайды. Алыс жəне жақын шетел
классикасы өте қарқынды аударылды. Өзге тілдерден аудару – делдал тіл
– орыс тілі арқылы жүзеге асты. Əрине, бұл фактор аударма сапасына
айтарлықтай əсер етті. Ғалымның пікірінше: «...шет тілді шығармаларды
қайта жазудың нақты кемшіліктері болды жəне белгілі бір мəндері жоға-
лып отырды». Бірақ мұндай аударманың екінші жағын да атап өткен жөн
– мұндай тəжірибе аударманың жақсы мектебі болды, жоғары класты ау-
дармашылар дайындап шығарудың бастауы болды. Сонда да сол кездегі
аудармашылық қызмет орыс тілінен қазақ тіліне аударылған аудармалар-
дың керісінше аударуға қарағанда көбіне дұрыс болуымен ерекшелен-
гендігін көрсетеді. 30-шы жылдардың басында орыс тілінен қазақ тіліне
жасалатын аудармалар өзекті болды. Орыс тілінен қазақ тіліне аударма
жасау кезеңі А.Алдашеваның ұйғарымына сəйкес [6, 5-12 бб.] екі циклге
бөлінеді. Бірінші цикл аударма мəтіндерінің жазбаша корпусын қалып-
тастыруды білдіреді, екіншісі аудармаға өнердің белгілі бір түрі ретін-
дегі қатынасты қалыптастырады (А.Алдашева). Ғалымның тұжырымда-
уымен бірқатар аударма зерттеушілер осы кезеңде қазақ аудармасының
теориялық базасы салынғанына келіседі.

Бірқатар зерттеушілер мəлімдегендей аударма ісі 1934 жылғы
жазушылардың екінші съезінен кейін тағы да кеңірек тарай бастады.
Ə.Тарақовтың [1, 67 б.] беделді пікірі бойынша дəл сол 1930 жылдардан
бастап көркем аудармаға көңіл аударыла бастаған. Делдал тіл ретіндегі
орыс тілінің рөлін атап айта отырып, ғалым осындай процесте қазақ ау-
дарма өнері көркемдік стиль үлгілерімен толықтырылды дейді: «...олар-
дың сол кезеңге тəн жазу мəнерінен, композиция құру шеберлігі мен ке-
йіпкер сомдау жүйесінен үлгі алды». Көркем аударманың аударма сапасы,
түпнұсқасы мен аударманың дұрыстығы сияқты теориялық проблема-
ларға жеткілікті назар аударылмады: «...аударманың көркемдік деңгейі,
мазмұндық-мəтіндік дəлдігі, сəйкестігі, аударылу дəрежесі туралы сын-
дар айтылғанмен, аударма шығармалары нақты зерттеле қоймады». Ау-

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 223

дарма басқа тілдің үлгісімен сөз жасау (калькалау) арқылы, буквалистік
əдіспен жасалды.

Көптеген ғалымдар келесі саты деп 1950-60 жылдардағы кезеңді ерек-
ше атайды. Бұл саты қоғамдық-саяси əдебиет, ресми құжат, ағартушылық
əдебиет аудармасымен сипатталады. Осы кезеңнен бастап аударма əдісі
мен тəсілін, аударманың стилистикалық айқындамаларын, аударма нор-
маларын зерттеу басталады, олар аудармашылық қызметтің теориялық
базасын қалыптастыра бастады [6, 72 б.]. Аударманы жеке лингвисти-
калық пəн ретінде қарастыру М.Əуезовтың жұмыстарынан (1957 ж.)
басталады. Жазушы аударма процесінде белгілі бір жүйенің, аудармалық
мəтінде шығарманың ұлттық сипатын беруге жарамды өзіндік ұлттық
сипатты көркем сөздерді, сөз тіркестерін бере білу тəсілдерін есепке алу;
сондай-ақ аудармашы пайдаланатын тəсілдер мен əдістерді талдаудың,
тілдің барлық құралдарын: дауыс ырғағы, лексикалық құрамы, идиома-
тикалық сөзді пайдаланудың орындылығын талдау қажеттігі туралы ай-
тады. Яғни жеке лингвистикалық пəн ретіндегі аударманың заңдылығы
анықталды.

1950-60 жылдар лингвистикада мықты қазақ тіл білімінің ғылы-
ми-теориялық базасын жасаумен, қазақ тілі лексикографиясының не-
гізгі айқындамаларын анықтаумен, бір-екі тілді сөздіктер жасаумен,
тілдің іргетасты зерттеулерінің жəне лексика-грамматикалық жү-
йесінің жарыққа шығуымен сипатталатынын айта кету керек. Қазақ əде-
биетін тануда 1950-60 жылдары зерттеушілер аударманың үш негізгі
түрін ерекше бөліп көрсетті: а) еркін немесе ерікті аударма; ə) тура
жəне сөзбе сөз аударма; б) дұрыс, толыққанды аударма (Н.Сағандықо-
ва). Елуінші жылдардың басында көркем аударманың теориясы мен
тəжірибесі саласында маңызды əзірленімдер басталды. Н.Сағандықова
атап өткендей: «Басқа тілдегі, басым көпшілігінде орыс тілді əдебиетті
аудару Қазақстанның əдеби процесіндегі бірінші деңгейдегі іс болды»
[5, 13 б.].

1950 жылдардан бастап аударма ісіне қызығушылық қайта жаңғыра
бастады. Бұл кезеңнің ерекшелігі барлық кеңестік республикалардың
əдеби байланыстарының қарқынды орнауы болды. 1960 жылдан бастап
Қазақстанда аударматану ғылымы туындайды, ол теориялық матери-
алды ғана емес тəжірибелік материалдарды біріктірді. Ə.Тарақов қазақ
аудармасының тез өсуі 1970-80 жылдарға келеді деп есептейді [2, 68
б.]. Дəл осы жылдары Қазақстанның аударма ісінің қазынасындағы баға
жетпес үлес болып табылатын аса сапалы аудармалар іске асырылды:
«Аудармашылық зерттеу еңбектердің əдеби баспасөздерде жиі жарияла-
нуы аударма ісін теориялық əрі тəжірибелік тұрғыда жетілдіруге мүм-
кіндік берді» Бұл жылдар аударма теориясының тəжірибемен тығыз
байланысқан жылдары болды. Əдетте қайшылық байқалатын – қомақты

224 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тəжірибелік материал жиналған болса, теориялық негіздердің қажеттігі
туралы ерекше қажеттілік туындайтын.

1970 жылы алғашқы докторлық жəне кандидаттық диссертациялар
пайда болды, онда аударма теориясы мен тəжірибесінің өзекті мəселе-
лері қозғалады.

Аударматанудың қазіргі Қазақстандағы жағдайы.
Əлемдегі əлеуметтік жəне саяси өзгерістер қазақстандық қоғамда ау-
дармаға үлкен қызығушылық жағдайын тудырды. Қоғамда мəдени жəне
əлеуметтік доминанттың өзгеруімен байланысты ақпараттық ағынды тек
өз ана тілінде ғана емес басқа əлемдік тілдерде де қабылдайтын социум-
ның əлемдік қабылдауы өзгерді. Қазақстанның көп қырлы халықаралық
байланыстары аударматану мен аударма ісінің дамуына ықпал етеді.
Қазақстанның қазіргі заманғы аударма тануы жалпы ғылымдағы
жаңа бағыттар арнасында дамиды. Қазақстанның тіл білімінің өзі тек
теориялық қана емес қолданбалы аспектілерде де қарқынды дамуда.
Э.Д.Сүлейменованың айтуына сəйкес: «Қазіргі уақытта тіл білімі қажетті
міндеттерді табысты шешуді қамтамасыз етеді жəне білімнің зор көлемін
өңдеумен жəне сақтаумен байланысты салаларда белгілі шамада алға ба-
сушылық бар.» [7]. Қазақстандағы аударматану филологияның дербес
бұтағы ретінде дамыды жəне Тəуелсіздік жылдарында дамудың белгілі
жолынан өтті. Когнитивтік лингвистика, психолингвистика, этнолингвис-
тика аспектісінде аударма аударуды зерттеудің өскені байқалады. Сон-
дай-ақ компаративистика, əдебиеттану теориясы көзқарасы тұрғысынан
аударманы қарастыратын жұмыстар жеткілікті.
Тіл білімі саласының бірі ретіндегі аударма теориясы лингвистикалық
пəндердің парадигмасындағы тағы да сол өзгерістерге ұшырауда. Аудар-
маны пəнаралық мəртебемен қамтамасыз ететін аударманың шетелдік
ғылымдармен байланысы туралы – психолингвистикалық, контрастивтік
лингвистика жəне социолингвистика – деп жазады Л.К.Жаналина. Аудар-
ма процесінде аударылатын мəтіннің сəйкестігін қамтамасыз ететін бір-
неше факторлар бар. Мəдени, тарихи, əлеуметтік жəне тілдік «сүзгілер,
олар түпнұсқа мəтінінде белгіленеді жəне енді екінші тілде қатысатын
сол детерминанттар қатысқанда құралатын аударма мəтінде қабылдана-
ды жəне жаңғырады» [8, 35 б.]. Ғалымның айтқанына сəйкес процесс
ретіндегі аударма осы процеске ықпал ететін гуманитарлық пəндерді
білдіреді. Осылай, психолингвистика, ғылымның жас салаларының бірі
ретінде «аударма тануда туындау тетіктері жəне сөздің айтылуын қабыл-
дау, модельдер, сөйлеу əрекетіндегі сырттай (түпнұсқаның мақсатымен,
мəтінімен) уəждеме туралы» [8, 39 б.]. Яғни егер аударманы адам қызметі
ретіндегі процесс ретінде қарастырсақ, онда психолингвистика аудармата-
нуды адамның сөйлеу қызметі туралы мəліметтермен қамтамасыз етеді.
Салыстырмалы лингвистика мазмұнның сəйкестігі мен айырмашылығын

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 225

анықтай отырып, «оң трансайқындаманың білінуін пайдалану, теріс ин-
терференцияны жеңу жəне қайта кодтаудың тіларалық алгоритмдерін
шығару мүмкіндігін алады» [8, 39 б.]. Аударматанудағы аударматану
рөлін ғалым осы ғылымды зерттеу объектісінде – жеке алынған этностың
мəдениеті мен дүниеге көзқарасын көрсететін тілді əлеуметтік стратифи-
кациялау объектісінде көреді.

«Аударматану» терминінің Р.З.Загидуллиннің түсінігінде екі мəні
бар – тар жəне кең қолдану. В.Комиссаров аудару теориясынан тар түрде
түсіндіруді ғалым былайша: «аударма тəжірибесіне қатысты кез келген
концепция, ереже жəне бақылау, оған тікелей немесе жанама əсер ететін
түрлі факторлардың оны іске асыру тəсілдері мен талаптары» деп түсіну-
ді ұсынады [9, 34 б.]. Терминнің кең мағынасын аударманың теориясы
мен тəжірибесін зерттеудің тиісті объектісі ретінде түсінуді ұсынады.
Яғни «аударматану» өз мəнінде аударманың теориялық жəне қолдан-
балы бөлігін біріктіреді. Бұдан басқа ғалым «аударматану» терминін «ті-
келей жəне жанама əрекетке енгізілген аударма мен факторларлы іске
асырудың тəсілі мен талаптарына байланыссыз аударма ісінің іс жүзінде-
гі кез келген аспектісін жиынтықта белгілеу» үшін «шатырлық» термин
ретінде пайдалануды ұсынады. [9, 34 б.]. Біз көріп отырғандай «аудар-
матану» термині Р.З.Загидуллиннің айтуынша пəннің теориялық жəне
тəжірибелік проблемаларынан тұратын əмбебап термин ретінде пайда-
ланылады.

Өз еңбектерінде С.Əбдірахманов көркем аударманы бір-бірін тану,
этностың этноспен, цивилизацияның цивилизациямен танысуы арқылы
жеке алынған тұлға ретінде тану деп есептейді. Көркем əдебиет аударма-
сын досыңмен таныстыру кезіндегідей біздің арамыздағы жалпы бізде
жоқ бір нəрсені танып білеміз. Басқа елдің əдебиетімен танысқанда біз
басқа мəдениетті, тұрмысты, əдет-ғұрыпты жəне дəстүрді қабылдаймыз,
өзіміздің туған дəстүрлерімізбен салыстырамыз жəне зерттейміз. Ғалым-
ның айтқанына сəйкес: «Адамдар аударма көмегімен бір-бірімен тұрақты
байланыста болады. Адамзат тілдері арасында байланыс жүйесі, яғни та-
ратушы» болуы тиіс. Тілдер арасындағы мұндай байланыстырушы жү-
йенің ең қарапайым шешімі – аударма. Осы көзқарас тұрғысынан аудар-
ма туралы адамзатты біріктіретін факторлардың бірі ретіндегі аударма
туралы айтуға болады» [2, 7 б.]. Аударма рөлін осылайша анықтаумен
келіспеу қиын. Зерттеуші көркем əдебиетті былайша анықтайды: «Көр-
кем аударма дегеніміз бір тілде жазылған шығарманы екінші тілдің құра-
лымен қайта жасау, ал көркем аударма теориясы нақты жанды тəжірибені
зерттей жəне жинақтай отырып, осы процесс сипатын анықтаумен айна-
лысады, яғни шығарманы, сондай-ақ аударма алдында қойылған міндетті
орындауға белгіленген құрал сипатын қайта жасаумен айналысады» [2,
10 б.].

226 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
А.М.Алдашева аударманың мынадай функцияларын бөліп қарайды:

мəдени-танымдық, көркем-эстетикалық жəне қоғамдық-əлеуметтік, бұл
функциялар жалпы қазақ лингвистикасының, біріншіден ағартушылық
функцияның дамуы үшін қызмет етеді. Аударманың бұл функциясы
ғылымның, білімнің дамуына, тілдерден сабақ беруде əдістемелік əзір-
ленімдерді əдістемелі жетілдіруге тигізетін жағымды əсерімен сипатта-
лады. Екіншіден, аударма мəдениеттің, көркем əдебиеттің, өнердің да-
муымен қатар жүреді. Ғалымның айтуына сəйкес: «аударманың қоғам-
ның ілгері дамуындағы, қоғамның рухани мəдени жетістіктерімен көр-
кеюіндегі орны үлкен» [6, 75 б.]. Аударманың теориялық проблемасы
ретінде А.Алдашева аударылатын мəтіннің түпнұсқасының стильдік сəй-
кестігі проблемасын қарастырады. Түрлі жанрдағы, стильдегі мəтіндерді
аударудың аударма табиғаты мен мазмұнын зерттеу үшін мəні зор. Екін-
шіден ғалым аударманың негізгі проблемаларының бірі лингвистиканың
аудармадағы орнын, жеке лингвистикалық пəн ретіндегі дербес мəрте-
бесін анықтау деп есептейді. Аударманың теориялық жəне тəжірибелік
рөлін стилистика, лексикология, семасиология сияқты бірқатар қазақ
тілі пəндерінде қарастыру керек. Аударма сондай-ақ лингвомəдениет-
тану теориясын дамытуда үлкен рөл атқарады. Аударматанудың тəжіри-
белік міндеттеріне мəтіннің ұлттық ерекшелігін анықтайтын образдық
құралды анықтау жəне зерттеу жатады. Қазақ аударматануында белсенді
əзірленіп келе жатқан аударма түрлеріне үлкен назар аударған жөн. Ұсы-
нылатын аударма түрлерінің жіктемесі мазмұны бойынша ерекшеленеді,
аудармалық терминдердің терминологиялық аппараты белгілі бір тəртіп-
ке келтірілмеген. Аударылатын тілдердің заңдылықтары мен құрылы-
мын зерттеуге ерекше назар аудару, түрлі құрылымды тілдерден аудару
кезінде сəйкестіктің нақты көрсеткіштерін жасау керек. Сондай-ақ қазақ
лингвистикасының аз зерттелген тақырыптарының бірі болып табыла-
тын тіл бірліктерінің прагматикасын зерттеу де өзекті болып табылады.
Аударылатын мəтін қазақтың дүние танымына, оның стилдік жəне лекси-
калық-грамматикалық нормаларына сəйкес болуы үшін: «Аударылатын
мəтін – қазақ тілінде оқитын адамның қабылдау-түсіну ерекшеліктеріне
сəйкес келуі қажет. Демек, қазақша қайтадан жасалған тексте қазақ əдеби
тілінің табиғи заңдылықтары, лексикалық, грамматикалық, стильдік нор-
малары сақталынуы тиіс» [6, 81 б.].

Ə.Тарақов өз кезегінде қазақ аудармасының негізгі проблемалары деп
мыналарды есептейді. Біріншіден, «басқа тілдердің тікелей тəржімалау
тəжірибесінің дəстүрлі түрде қалыптасуынан», яғни басқа тілдерден қа-
зақ тіліне қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін ескермей, тікелей аударма
іске асырылады. Екіншіден, жолма-жол нұсқаға сүйенуден», бұл пробле-
ма алдыңғыдан шығады – аударма мəтінге қатты сүйенумен іске асыры-
лады, тура сөзбе-сөз аударма жүреді. Үшіншіден, «жолма-жол аударма-

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 227

ның сапасын жетілдіру, мəтіндерін қайта қарап, түпнұсқаға үйлестіруге,
сəйкестіруге жете көңіл бөлінбеуден», яғни туысқан жəне түрлі құрам-
ды тілдердің ерекшеліктері ескеріліп, аударылатын мəтінге түпнұсқа-
ның сəйкес келуіне қол жеткізіп, аударманы жетілдіру керек. Сондай-ақ
шешілмеген міндеттер қатарына ғалым аударылатын мəтінді əдеби өңдеу
жəне сауатты рецензиялау проблемаларын жатқызады. [1, 72 б.].

Қазіргі заманғы ғылымда аудармаға пəнаралық тəсілмен қарау тура-
лы ойды Ю.Найда ұсынды. Аударма процесінің негізгі ойында адамның
ойлау қызметі сияқты аударма процесінде қажетті аударманың барлық
тəсілдерін (филологиялық, лингвистикалық, байланыстық жəне социо-
семиотикалық) ескеру қажет. Қазақ аударма ғылымында, сондай-ақ ре-
сейлік аударматануда бірнеше бағыт орын алды – бұл филологиялық
(Ө.Айтбаев, Ə.Тарақов, С.Əбдрахманов), əдебиеттану (Н.Сағандықова,
Ж.Дəдебаев), мəдениеттану (А.Құлсариева).

Қазіргі заманғы аударматану үшін Өмірзақ Айтбаевтың пікірін ірге-
тастық деп есептейміз: «Біздіңше, көркем аударманың əдебиет пен тілге
тікелей қатынасы бар. Бейнелей айтқанда мұны құстың екі қанатының
көмегімен ғана ұшу мүмкіндігімен салыстырсақ, онда көркем əдебиет
əдеби жəне тілдік айқындамаларсыз дами, жетіле алмайды.» [3, 123-138
бб.]. Ғалымның ойына қарай аударма тең дəрежеде лингвистикаға да əде-
биеттануға да жатады. Ө.Айтбаевтың ізімен аударма теорияшысы Ə.Та-
рақов та аудармалық істі толығымен филологияға жатқызу заңды деп
есептейді. Ғалымның айтуына сəйкес аударма нəтижесі тіл заңдылығын
білуге тікелей байланысты. Аударманың бұл процесінде тіл білімінің
барлық бөлімдері əрекетке қосылған: «Грамматика, фонетика, синтак-
сис, лексика, стилистика – бəрі де көркем жəне ақпараттық аудармада
мəтін жасауда өз қызметін атқарады» [1, 15 б.]. Яғни ғалым аударманы
лингвистика немесе əдебиеттің басымдылығы жоқ жалпы филология-
ның бір бөліміне жатқызады. Аударма мəтіні екі лингвистикалық пəнге
- лингвистика мен əдебиетке негізделеді. Аударманы тіл құралы арқылы
ресімделген көркем ойдың нəтижесі деп есептеуге болады. Кез келген
көркем шығарма осы жеке алынған тілдің мəдениетімен, нормаларымен
сəйкестікте беріледі. Аудармалық шығармашылықта бір тілдің мазмұны
басқа тілдің тілдік байлығы мен грамматикалық нормаларының көме-
гімен берілуі тиіс. (Ə.Тарақов). Аудармашы екі тілді жетік білетін жəне
осы тілдердің барлық заңдылықтарын білетін кең мағынада алынған
лингвист, филолог болуы тиіс.

Бізге белгілі болып отырғандай қазақ лингвистикалық ғылымында
лингвистер Қ.Жұбанов пен М.Балақаев аударманы тіл білімінің тіл білімі
саласына, ал əдебиетшілер М.Əуезов пен М.Қаратаев – əдебиеттану са-
ласына жатқызды. 60-шы жылдары М.Əуезовтың беделді пікірінсіз қазақ
ғылымындағы аударма əдебиетке жатқызылды. М.Əуезовтың өзінің айт-

228 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
қанын мысалға келтірейік: «Соңғы уақытта аударма теориясын талдау
кезінде екі түрлі бағыт анықталады: олардың бірі тіл білімі саласына жата-
ды жəне аударма ісінің мəнін түсіндіре отырып, бұл проблеманы лингвис-
тикалық əдіспен зерттеу қажеттігін көрсетеді, екінші – біздіңше, дұрысы
– аударманы сөз өнерінің түрі ретінде түсіндіреді жəне алдыңғы орынға
эстетикалық айқындамаларды, көркем сөз мөлшерін қояды, осыған орай
бұл мақсатты əдебиет теориясын зерттеу объектісі ретінде қарастыра-
ды» [2, 5 б.]. Дəл осы айтылған ой көптеген жылдар бойы аударманың
əдебиеттанудың бір бөлігі ретінде қарастыруға негіз болды. Бұл факт
С.Əбдрахмановтың пікірі бойынша аударманың дамуына жағымсыз əсер
етті: «...қазіргі уақытқа дейін аударматанудың лингвистикалық шегі жет-
кілікті ашылмаған. Біз аударма ісі осы екі тектес пəндердің назар аудару
саласында болса, айтарлықтай көп ұтар едік» [2, 5 б.] Ғалымның тұжы-
рымдауы бойынша аударма – лингвистикалық заңдылықтар негізінде тіл-
аралық байланыстар міндеттерін шешуге тартылған сөз өнерінің ерекше
түрі. Осылайша, «көркем аударма – лингвистикалық заңдылықтар не-
гізінде тіл аралық байланыстар міндеттерін шешетін сөз өнерінің ерекше
түрі» [2, 25 б.]. Ғалым аударманы көркем жəне ақпараттыққа (салалық
тақырып аудармасы) саралау керек деп есептейді. Осылай, көркем аудар-
маны əдебиеттануға жатқызуға, ал лингвистикаға ақпараттық мəтіндерді
жатқызуға болады.

Н.Сағандықова аударматануды əдебиеттану бөлімдерінің бірі деп
есептейді: «...көркем аударма қазіргі заманғы əдеби процестің ажыра-
тылмас бөлігі болып табылады, ең əртүрлі əдебиеттің өзара баюына жəне
өзара байланыста болуына ықпал етеді» [5, 6 б.]. Ғалымның айқындама-
сымен Ж.Дəдебаев толық келіседі. Зерттеушінің пікірі бойынша бірне-
ше гуманитарлық ғылым көмегімен іске асырылады. Бұл ғылымдардың
қатысуынмыз сапалы аударма алуға болмайды. Өйткені аударма туралы
ғылым əдебиеттану жəне лингвистикалық деп бөлінеді, осы бөлімдердің
əрқайсысының өз объектісі мен əдістері бар. Көркем аударма əдебиетта-
нудың жеке саласы болып табылады: «Аударма туралы ғылым көркем
(əдеби) аударматану жəне лингвистикалық аударматану болып дербес
екі салаға бөлінеді. Əдеби аударматану көркем аударма табиғатын зерт-
тейтін ғылым саласы болғандықтан, əдебиеттану ғылымымен тікелей
байланысты. Көркем аударма ұлттық əдебиетіміздің өз алдына бөлек бір
саласы болып табылмақ» [10, 11-12 бб.]. Ғалым көркем əдебиетті көркем
аударма теориясымен; аударма тарихымен; көркем аударма сынымен қа-
тар əдебиеттану бөлімдерінің бірі деп есептейді. Біз көріп отырғандай
зерттеуші аударманы əдебиеттану пəндеріне жатқызады.

Аударма мəдениет феномені ретінде А.Құлсариеваның «Аударма жəне
өркениет» деген докторлық диссертациясында берілген [11, 22 б.]. Зерт-
теуші аударманы мəдениетке жатқызуға мүмкіндік беру себептері деп

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 229

мыналарды есептейді. Бұл біріншіден, аударма адам қызметінің нəтиже-
сі екендігі фактісі. Өйткені əдебиет жəне адам біртұтас нəрсені құрайды,
аударманы мəдени қызмет нəтижесі деп қабылдауға болады. Екіншіден,
аударма - мəдениетаралық байланысты жеңілдететін құбылыс. Аудар-
ма адам қызметінің шығармашылық процесін білдіреді. Аударманың мə-
дениеттер арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөлі күмəнсіз.
Аударма ісі мəдениетаралық байланысқа ықпал етеді жəне осы байланыс-
тың өзінің нəтижесі болып табылады. Аударманы ғалым тар жəне кең
мəнде түсінеді. Осылай бұл сөздің тар мəнін бір тілден екінші тілге ау-
дарма ретінде қарастыру ұсынылады. Кең мəн – түрлі нысандағы мəдени
ақпаратты, тек жазбаша мəтіндерді ғана емес мəдениет артефактілерін,
музыка, би тілін қабылдау. Мəдениет үлкен мəнде адамзаттың метатілі
болып табылады жəне ақпарат вербальды ғана берілмеуі мүмкін. Сурет
ойын, музыка рухын, би мазмұнын тілді білмей-ақ бере аламыз. Яғни
мəдениеттің метатілі қатынастың əмбебап тілі болып табылады.

Аударма қоғамда орны бар қоғамдық-мəдени құбылыс ретінде
анықталады: «...аударма тек қана абстрактілі ойлау қабілеті бар, өзін қор-
шаған орта туралы көзқарастарын шартты белгілерге айналдыра алатын,
сөйтіп, сол белгілердің мəн-мағынасы туралы келісімге келе алатын жеке
адамдар өмір сүретін қоғамда, сол қоғам туындататын мəдениетте орын
алады» [11, 27 б.]. Аударманы түсіну ретінде анықтауды ұсынатын автор
айқындамасы қызықты. «Түсіну» сөзі бұл жағдайда осы сөздің мəнін ау-
дару үшін ғана қызмет етпейді, «өзінікі-өзгенікі» парадигмасында ғана
емес «өзінікін өзі түсіну» мəнінде болады. Сонымен аударма процесінде
екі туынды мəн жəне осы мəтіннің екі оқырманы туындайды. Бұл жағдай-
дағы аударма байланыстың құрама бөліктерінің бірі болып табылады.

Осылайша, Қазақстанда Тəуелсіздік кезеңінде аударматануда филоло-
гиялық, əдебиеттану жəне мəдениеттану бағыттары айқындала бастады.
Аударма тарихынан 1960 жылдардағы аударма əдебиеттанудың иелігінде
болды. Содан кейін аударма теориясы мен тəжірибесін дамыту ғылымын
филологияға жатқызды. Аударманы мəдениеттану аспектісінде қарасты-
рудың жаңа бағыты əзірленуде. Зерттеушілер аударманың психолингвис-
тика, тарих, социология, этнолингвистика, лингвомəдениеттану сияқты
басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысын ескеріп, аударматануды
пəнаралық ғылым деп есептейді.

Қазақстандық аударматанудың өзекті проблемалары: тенденцияла-
ры мен перспективалары

Қазақстандық аударматану Қазақстан Тəуелсіздік алған жылдары
жалпы қазіргі тіл білімінің дамуына сəйкес дамиды. Аударма теория-
сының теориялық жəне қолданбалы мəселелері, мемлекеттік тілдің рөлі
жəне аударматанудың басқа өзекті мəселелері – қазақстандық ғалымдар
əзірлейтін тақырыптардың үлгі тізбесі. Біздің зерттеуіміздің негізгі мін-

230 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
деті мыналар: қазақстандық аударматанудың негізгі белгілерін сызу (док-
торлық жəне кандидаттық диссертациялар материалында).

Тəуелсіз Қазақстан жылдарында (1992 бастап 2012 жылға дейін) ау-
дарма бойынша əдебиетті шолу кезінде біз Ұлттық кітапхана каталогы-
ның, ҚазМемҒТАҒЗИ каталогының мəліметтерін, А.К.Жұмабекованың
редакциясы бойынша «Қазақстандағы аударма теориясы мен практика-
сы: библиографиялық көрсеткіш (2000-2010 жж.)» аударма бойынша би-
блиографиялық көрсеткіштерін [12], Т.О.Есембекова, А.Ж.Жақсылықова
жəне Г.К.Қазыбек (2007 ж.) редакциясы бойынша «Аударма теориясы мен
тəжірибесі бойынша библиографиялық анықтаманы» пайдаландық [13].

Тəуелсіздік жылдарында қазақ аудармасы теориясына қызығушы-
лықтың бұрын болмаған серпіні байқалады. Оқулықтар, оқу құралда-
ры, аударма теориясы мен тəжірибесінің практикумдары, атап айтқанда
көркем аударма, шығарылды. Аударма бойынша өте көп докторлық жəне
кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Қазақстандық аударматанудың негізгі теориялық жəне қолданбалы
салаларын анықтайтын аударма теориясы бойынша іргетастық еңбек-
тер: А.Алдашева «Аударматану (Лингвистикалық жəне лингвомəдени
мəселелер)», Ə.Тарақов «Аударма əлемі», Ə.Тарақов «Аударма психо-
логиясы жəне мəдениеті», Қ.Қ.Алпысбаев, Г.Қ.Қазыбек «Қазақ аудар-
масының теориясы мен тəжірибесі», А.Қ.Жұмабекова «Аударма теория-
сы», Н.Ж.Шаймерденова «Аударма теориясының негіздері: арнайы курс
бағдарламасы, сөздік, талдауға арналған мəтіндер» (оқу-əдістемелік əзір-
ленім), аудармаға көңіл аударатын кең аудитория үшін үстел үстіндегі
кітап болды.

Лингвистикадағы аударма орнын өз еңбегінде А.Алдашева анықтай-
ды. Зерттеуде ғылым ретіндегі қазақ аудармасының аяғына тұру проб-
лемасы, аударматану проблемасы (аударма қызметі, аударма əдісі мен
тəсілі), сондай-ақ əдеби тілдің лексикалық-грамматикалық қабатындағы
аударманың даму мəселелері, лингвистика мен мəдениеттану байланы-
сы, əдеби аудармадағы сөздерді дұрыс таңдау проблемалары көрсетіледі.
Ғалымның бұл еңбегі мазмұны бойынша қазіргі заманғы қазақ аударма
ғылымында өте жоғары бағаланады.

Осылайша аударматану бойынша бірқатар оқулықтар жарыққа
шықты: Ф.Р.Ахметжанова «Аударматанудың кейбір мəселелері»,
А.Қ.Жұмабекова, Г.З.Жабағиева «Аударматануға кіріспе», Г.К.Қазыбек
«Аударматануға кіріспе», С.Құлманов редакциясы бойынша «Аударма-
тану» (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Қазақстанда аударматану
аудармалық тəжірибеге қатысты (аударма процесі, аударма техникасы,
аударма түрлері) барлық мəселелерді қамтиды.

Аудармаға қызығушылық күмəнсіз Қазақстанның əдебиеттану ғылы-
мында байқалады. Көркем аударма бойынша оқулықтар: Г.Бельгер «За-

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 231

писки старого толмача», Г.Бельгер «Лики слова: Литературно-критичес-
кие статьи, исследования, эссе, проблемах художественного перевода»,
Н.Ж.Сағандықова «Основы художественного перевода», А.Н.Альмура-
това, Г.К.Казыбек «Теоретические проблемы литературного перевода»,
Н.Ж.Сағандыкова, Н.Х.Құлжанова «Специфика перевода казахской ли-
тературы в жанровом аспекте», К.О.Жекеева «Əдеби аударма негіздері»,
Г.К.Қазыбек «Көркем аударма», Д.Мұқанов «Көне үнді дастандары
мəтінінің қазақ тіліне аударылу мəселелері (оқу құралы)».

Салыстырмалы аспектідегі көркем аударма: Ж.Дəдебаев «Əдеби
компаративистика жəне көркем аударма», С.М.Алтыбаева, М.Х.Мадано-
ва «Художественный перевод и сравнительное литературоведение».

Эпикалық, прозаикалық жəне поэтикалық шығармаларды көркем
аудару проблемалары əрқашан зерттеушілер үшін үлкен қызығушылық
тудырды. Əдебиеттану бойынша қорғалған диссертациялар саны аудар-
ма бойынша жұмыстардың жалпы санынан 70 аса құрайтындығы фак-
тісін ерекше айта кету керек. Жоғарыда айтылғандардан көрінгендей
Қазақстан Тəуелсіздік алған жылдары аса қарқынды дамығанын көреміз.

1990 жылдан бастап 2010 жылдары аударма теориясы бойынша 60
жуық докторлық жəне кандидаттық диссертациялар қорғалды. 1990
жылдан бастап 2000 жылдары онға жуық диссертация қорғалды жəне
барлық жұмыстар орыс тілінде орындалды.

1990 жылдан бастап 2000 жылдары мүлдем басқаша көрініс байқа-
лады. Біріншіден, бұл онжылдыққа 50 жуық аударма бойынша зерттеу-
лер келеді, оның ішінде қазақ жəне орыс тілдеріндегі жұмыстар саны
бірдей. Тəуелсіздік жылдары ішінде қорғалған барлық диссертациялар
біздің мəліметтеріміз бойынша – 57, олардың ішінде қазақ тілінде – 24
жұмыс.

Тəуелсіздік жылдарында қорғалған аударма теориясы бойынша ғылы-
ми еңбектер мынадай бағыттар бойынша жіктеледі: 1) поэтикалық жəне
прозалық шығармаларды көркем аудару проблемалары; 2) аударманың
ұлттық ерекшелігін үйрену бойынша зерттеулер; 3) аударманың жалпы
проблемалары; 4) аударма проблемалары а) қазақ тіліне; ə) орыс тіліне;
б) шет тілдерінен (ағылшын, неміс, француз жəне басқа) қазақ тіліне; 5)
терминология проблемалары.

Поэтикалық жəне прозалық шығармаларды көркем аудару проб-
лемалары бойынша жұмыстар: С.Əбдрахманов «Төлтума мен телту-
ма: өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы» (2007); А.Х.Əлімов
«Проблемы художественного перевода в Казахстане в 1920-30 годы»
(1993); Ж.Т.Абдуллаева «Ф.М.Достоевскийдің «Ағайынды Карамазов-
тар» романының түпнұсқасы мен аударма мəтіні поэтикасының сəйкес-
тігі» (2010); Л.Н. Дəуренбекова «Об адекватности оригинала и произве-
дения художественных текстов в 1960-1980 г.» (2008); М.Е.Қуантаева

232 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
«Художественный аспект перевода исторических реалий в казахской
художественной прозе» (2009); К.К. Каримова «Трансформация лингво-
культурем романа М.О.Ауэзова «Абай жолы» при прямом и опосредован-
ном переводе» (2008); Ж.Т.Молдағалиева «Проблемы поэтики перевода
(на материале переводов поэм М.Ю.Лермонтова «Мцыри», «Песнь о
купце Калашникове» на казахском языке)» (2001); Б.А. Төлегенова «Ма-
рат Қабанбаев прозасының көркемдік ерекшілігі» (2006).

Өз зерттеуінде С.Абдрахманов ғалымдар көркем аудармамен байла-
ныстыратын аударманың негізін қалайтын мəселелерді көтереді. Аудар-
ма мəтінін құру кезінде аударылатын мəтін мазмұнына сəйкес келетін
толыққанды аударма, соның ішінде егер аударма мазмұыны ескерілмей
орындалған жағдайда сөзбе-сөз аударма болуы мүмкін. Сондай-ақ аудар-
ма қызметіне көп көңіл аударылады: эстетикалық жəне танымдық. Егер
оқырман түпнұсқа мен аударманың баламалылығына көңілі тойса, бұл
эстетикалық функция ретінде түсініледі, оқырман ақпараттық мəтінді ау-
дару кезінде жаңа ақпаратты біледі – бұл қызмет танымдық қызмет деп
аталады.

В.С.Əлімовтың жұмысы жиырмасыншы ғасырдағы 1920-30 жылдар-
дағы сатысынан ақпарат береді. Дəл осы жылдары қазақ аудармасының
негізі қалыптастырылды, бұл кезеңді Қазақстанның аударма теориясы-
ның аяғына тұру кезеңі деп есептеуге болады. Жұмыстың ерекшелігі əде-
биет бойынша (оның ішінде қазақ əдебиетіне) саяси жəне идеологиялық
факторлар əсерін орнату фактісі болып табылады, бұл жалпы бүкіл əдеби
процеске зор əсер етті.

К.К.Кəрімовтың «Абай жолы» материалында тікелей жəне ара-
лық (делдал тіл арқылы) аударма проблемаларын қарастыра отырып,
лингвомəдениетпен аудармалық трансформацияны аудару кезінде пай-
далануды ұсынады. Аудармалық лингвомəдениет түрлерін бірегейлеуге
əрекет жасау – аударылатын мəтіндер мен түпнұсқаның дұрыстығына
қол жеткізуге əрекет жасау.

Ғалымдар бұл бағытта қарастыратын негізгі мəселелер – көркем
əдебиет проблемалары; - аударма поэтикасы проблемасы; - аударманың
дұрыстығы.

Аудармадағы ұлттық ерекшелік: Ж.Т.Балмағамбетова «Интегра-
тивно-концептологический аспект художественного перевода» (2010);
Г.Н.Дүкембай «Идиоэтнические фразеологизмы казахского языка и спо-
собы их перевода на русский и немецкие языки (М.Əуезовтың «Абай
жолы» романының аударма материалында)» (2007); К.О.Жекеева «Көр-
кем аудармадағы ұлттық болмыс жəне шығармашылық ізденістер»
(А.С.Пушкин шығармашылығының аудармалары бойынша) (2002).

Аударманың жалпы проблемалары: А.Т.Құлсариева «Аударма –
өркениет феномені» (2006); Ш.А.Нұрмышева «Кинодискурс аударма-

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 233

сының коммуникативтік-прагматикалық сипаты» (2010); А.Т.Оңалбаева
«Синтаксис словосочетания в сопоставительном аспекте и проблемы
перевода (N огл.сущ.+ N) (1999); Г.Ихсанғалиева «Функционально-праг-
матический анализ заголовков (На материале казахстанских газет и те-
лепрограмм)» (2000); В.В.Субботина «Прагмалингвистический аспект
перевода общественно-политических текстов (на материале английского
и русского языков)» (2010); В.С.Абдуллаев «Казахские и персидско-тад-
жикские литературные связи второй половины 19 и 20 вв.» (2004); Л.М.
Бабкина «Литературно-художественное творчество Герольда Бельгера»
(2002); Д.Қ.Қуандықова «Е.Букетовтың əдеби мұрасы» (2007); М.Х. Ма-
данова «Казахско-французские литературные связи 20 века и проблемы
сравнительного литературоведения» (1999).

Аударманың жалпы проблемалары Қазақстанның басқа елдермен
əдеби байланысына қатысты (мысалы, Франциямен Тəжікстанмен жəне
т.б.). Дербес-аудармашылар бойынша жұмыстар қызықты жəне таным-
ды: Е.Букетовтың, Г.Бельгердің аудармалары.Қазақстан аудармасының
теориясындағы бірегей тақырыпты қарастырудың мəніділігі мен мазмұн-
дылығын ерекше атап өтеміз – кинодискурс аудармасының проблемасы
(Ш.А.Нұрмышева).

Қазақ тіліне аудару проблемасы: Е.М.Абайділденов «Проблемы
перевода произведений И.С.Тургенева на казахский язык» (1991); Б.А.
Əуелбекова «Воссоздание на казахском языке драмы А.М.Горького «На
дне» (1993); Г.М.Адамбаева «Миссионерлік əдебиеттің қазақша аудар-
маларының тілі» (2010); Б.К.Атығаев «Формирование переводческой
традиции в поэтической школе Абая» (2002); А.С.Əмренова «Перевод
произведения В.Шекспира Юлия Цезаря на русский и казахский языки:
прагмалингвистический аспект» (2005); Г.А.Тастемірова «60-80 жылдар-
дағы қазақ сатирасының дамуындағы аударма» (2007).

Қазақ тіліне аударудың өзекті жəне жанды тақырыптары туралы бірқа-
тар жұмыстармен берілген. Бұл жұмыстарда мынадай проблемалар бел-
гіленген 1) көркем əдебиетті аудару күрделілігі; 2) аударма мектебін қа-
лыптастыру; 3) аударма мəтіндерінің прагмалингвистикалық аспектілері.

Қазақ тілінен орыс тіліне аудару проблемалары: А.Н.Əлмұратова
«Ғ.Мүсірепов –орыс драматургиясының аудармашысы» (1991); А.С.Ай-
құлова «Проблемы перевода казахских символов и этнобытовых знаков
на русский язык» (на материале казахской литературы) (2000); Ж.Ш.Ах-
метжанова «Национальное своеобразие поэзии Жамбыла Жабаева и во-
просы его воссоздания в переводе на русский язык» (1998); Г.Б.Асавбае-
ва «Басенные традиции в казахской литературе и переводы из И.А.Кры-
лова» (2000); К.Ə.Əлпейісова «Қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма
жасау заңдылықтары» (2010); Г.Ж.Болатова «Перевод «Слов назиданий»
Абая на русский язык (теоретические аспекты)» (2002); К.Жанабаев

234 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
«Поэтическая система произведений казахских жырау XV – XVIII и про-
блемы ее воссоздания в переводе на русский язык» (2007); М.А.Көпбо-
сынова «История перевода басен И.А.Крылова в казахской литературе»
(2009); К.Н.Қанапьянов «Отражение своеобразия лирики М.Ж.Копеева
в русских переводах» (2010); Ж.Е. Кенжебаев «Казахские вкраплени-
я-кальки в русских переводах казахской художественной прозы» (1999);
З.Х.Латыпова «Проблемы перевода казахской детской поэзии на русском
языке (1970-1980г.)» (2007).

Орыс-қазақ аудармасы бойынша жұмыстар негізінен орыс тілінен
қазақ тіліне аударудың нақты проблемаларына қатысты: - қазақ əдеби-
еті аудармаларының теориялық аспектілері; - жырау шығармаларының
поэтикалық аудармаларының проблемалары; балалар əдебиетін аудару
проблемалары; - мысалдарды аудару; - дербес тұлғалар (Абай, Жамбыл,
Мəшхүр-Жүсіп жəне Ғ..Мүсірепов).

Ағылшын, неміс тілдерінен қазақ тіліне аудармалар: Б.Н.Ағабеко-
ва «Ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлт-
тық мəдени сипаты» (2010); Ж.А.Бейсембаева «Адекватность перевода
У.Шекспира на казахский язык» (2010); А.А.Ғалиева «Аудармадағы лек-
сикалық сəйкестіктер (Абай «Қарасөздер») ағылшын тіліне аударылған
нұсқасы бойынша» (2010); Д.Қ.Дүйсебаева «М.Əуэзовтің «Абай жолы»
роман-эпопеясының парсы тіліне аударылыу» (2006); Г.Н.Дүкембай
«Идиоэтнические фразеологизмы казахского языка и способы их пере-
вода на русский и немецкие языки (на материале перевода романа
М.Ауэзова «Абай жолы») (2007); Б.И.Дуанина «Неміс прозасын қа-
зақ тіліне аударудың өзекті мəселелері» (2004); Ж.О.Құшанова «Казах-
ско-русско-немецкие художественные переводы (на материале перево-
дов романа М.Ауэзова «Абай» на русском и немецком языке)» (2006);
С.Б.Қабдрғалинова «Вопросительные предложения казахского языка и
их английские переводные эквиваленты (на материале романа М.Ауэзо-
ва «Абай жолы» (2006); Д.Ə.Қабылдаева «Ағылшын детективіндегі экс-
прессивтік құралдардың қазақ тіліне берілу жолдары» (2006); Б.Мизам-
хан «Қазақ, ағылшын тілдеріндегі көптік категориясының ерекшеліктері
жəне аудармада берілуі» (2006); Г.Б.Түсіпова «Ағылшын тілді жазушы-
лар əңгімелерін қазақ тіліне аударудың ұстанымдары мен тəжірибесі»
(2009); Г.Б.Хошаева «Ағылшын детективтерін қазақ тіліне аудару үл-
гілері» (2006).

Жұмыстардың бүкіл əртүрлілігі кезінде бұл бөлімде оларды мынадай
топтарға бөлуге болады: - жолма-жол аударма проблемасы; - аударманың
дұрыстығы; - аудармадағы лексикалық сəйкестік проблемасы; - басқа тіл-
дерден қазақ тіліне аудару проблемасы.

Терминология проблемалары: Аймағамбетова «Особенности гла-
гольной сочетаемости терминов юриспруденции английского, русского

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 235

и казахского языков» (2005); Б.С.Əшірова «Нормативті-жарлықшы құ-
жаттардың аудармасы: құрылымдық жəне лексикалық ерекшеліктері»
(2004); Г.К.Бекқожанова «Лингвистикалық терминдердің құрылымдық
жəне семантикалық сипаты» (2009); Н.Н.Королева «Лингвопереводче-
ский анализ англоязычных неологизмов (на материале английского и
русского языков)» (2001); М.Т.Қожаева «Аударматану терминдерінің ког-
нитивтік-семантикалық құрылымы» (2007); А.Т.Худайбергенова «Прин-
ципы построения переводного идеографического словаря банковской
терминологии (на материале русского, английского и казахского языков)»
(2003).

Осылайша Тəуелсіздік кезеңі ішінде қазақстан ғалымдарының ғылы-
ми зерттеулерінде аударма теориясының дамуын қарастыра отырып, Қа-
зақстанның аударматануында аударма теориясын белгілі бір құрылымы
мен ұйымдастырумен жеке ғылымға жетілдіру үрдісі қалыптасқанын
айта кеткен жөн. Аударманың теориялық проблемасын зерттеудің ауқы-
мы кең. Бұл проза мен поэзиядағы көркем аударма проблемалары, аудар-
мадағы ұлттық ерекшелікті анықтау, Қазақстанның басқа елдермен əдеби
байланысы. Жеке топ болып қазақ тілінен басқа тілдерге жəне керісінше
аудармаларды зерттеу жүргізілуде. Көркем əдебиетті аудару жұмыстары,
сондай-ақ жекелеген жазушылар мен ақындардың тіліндегі лингвисти-
калық заңдылықтарды анықтау жұмыстары да қызықты. Терминология
проблемалары аударма теориясының қолданбалы проблемаларын шешу-
де маңызы жеткілікті болып табылады.

Көркем шығармаларды қазақ тіліне аудару проблемалары
Қазақ-орыс аудармасының проблемалары қазіргі уақытта ерекше
қарқынды зерттелуде. Бұл сөзсіз қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі
рөлімен байланысты, осыған байланысты қазақ тіліне деген сұранысқа
да байланысты. Аударманың қазіргі теориясында тілдік жəне аударма
кезінде қолданылатын бейнелеу құралдарын зерттейтін аударматанудағы
жұмыстар жеткілікті. Аударма теориясында аударма сапасы – дұрыстық
теориясы бойынша зерттеулердің қарқынды өсуде екенін айта кеткен
жөн.
Н.Сағандықованыңорыс тілінен қазақ тіліне аударманың керісінше ау-
дармаға қарағанда сапалы екеніне көзі жеткен: «Көп жылдық бақылаулар
орыс поэзиясы шығармасының аудармасы, жалпы орыс əдебиетінің кез
келген шығармалары қазақ тіліне сапалы жəне толымды беріледі деп, те-
гінде егжей-тегжейін, сюжеттерін, түрлі текті ляпсустерін, алогизмдерді
бұрмалаудың жəне басқа келіспеушіліктер жоқ деп айтуға мүмкіндік
береді, олар қазақ жазушылары мен ақындары шығармаларының орыс-
ша аудармаларында өте көп.» [5, 132 б.]. Орыс-қазақ аудармаларының
тарихы қоғамдағы əлеуметтік, саяси жəне мəдени қатынастарда жақсы
зерттелгені белгілі. Нашар қазақ-орыс аудармасының ең басты себеп-

236 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
терінің бірі ретінде ғалым қалыптасқан дəстүрге қарай онша жағымды
емес рөл ойнаған қазақ тілінен жолма-жол аударуды атайды. «Бұл про-
цестегі маңызды факторлардың бірі түпнұсқа тілін білу. Қазақ тілін игер-
меген бірде бір қазақ жазушысы жоқ десек, біз қателеспейміз. Орыс ау-
дармашылары туралы бұлай айта алмаймыз, олар əрқашан жолма-жол ау-
дарады, кейде əдебиеттен алыс адамдар да аударған, өйткені жолма-жол
аудару ақша табу арналарының бірі болған кез еді. Ең басты кінəлілердің
бірі – сапасыз жолма-жол аударма». Қазақстандағы аударма теориясымен
айналысатын қазіргі заманғы ғалымдар сапалы аударманың жаңа тəсіл-
дерін талмай іздестіруде. Н.Сағандықованың еңбектерінде белгіленген
қазақ тілінен басқа тілдерге аудару жолма-жол аудару проблемасын көп-
теген ғалымдар қолдайды.

Үш тілді жетік білетін белгілі қазақстандық аудармашы Г.Бельгер
республикадағы қазақ тілінен орыс тіліне жəне керісінше аударма сапа-
сы туралы қауіппен жазады. Көркем əдебиетті қазақ тіліне көпжылдық
аудармалық тəжірибе барысында жазушы аудармашыны аударылатын
əдебиет əлеміне сүңгу қажет деп есептейді: «Ұлттық шығарма орыс
тіліндегі аудармасында түпнұсқасындай дұрыс айтылу үшін, аудармашы
мен автордың шығармашылық айқындамасының ұқсастығы, олардың
талғамдарының, стильдерінің, тілдік құмарлығының байланысы маңыз-
ды, ал аудармашыға мыналарды білу қажет – əдебиетін орыс тілінде бе-
ретін халықтың тарихын, мəдениетін, тұрмысын, ғұрпын, дəстүрін білуі,
халық пен шығарма «рухына» рухани жақын болуы қажет.» [14, 18 б.].
Аудармашының үшін тілді білуі – аксиома екені сөзсіз, бірақ бұдан басқа
сапалы аударма бір этностың осы концептілерді басқа этностың мəдени-
етінде дұрыс түсіну сəйкестігін білдіреді. Яғни дəл аударылатын этнос
мəдениетімен танысу сапасына ықпал етеді:«...көркем аударма кезінде
бірқатар қиындықтар туындайды, оның көп бөлігі түрлі тілдердің сөздері
əдетте бір-бірінің мəнін толық жаппайды, өйткені əрбір халық белгілі бір
затты атайды, онда өзінің ұлттық ерекшелігіне сəйкес өзіне тəн аса мəнді
қасиетті сөзсіз ерекшелейді....» [14, 9 б.].

Абай шығармаларын орыс тіліне аудармасыбеделді аудармашылар-
дың пікірі бойынша түпнұсқаға қарағанда нашар болады. Егер жекелеген
аудармашылардың немесе аудармашылар тобының аударған Абай шығар-
масының аудармаларын салыстырсақ, орыс оқырманы ұлы ақын мен
философтан нақты қанағаттанбайды. Мұның себебі неде? Абай шығар-
маларын аударумен айналысқан Г.Бельгердің бақылауларына сəйкесау-
дарманың күрделілігі бірқатар себептерден тұрады. Біріншіден, Абай по-
эзиясы ойының, кейпінің, метафорлығының, афористігінің нығыздалуы;
екіншіден, терең ұлттық діл, ұлттық рух; үшіншіден, əрбір Абай сөзінің
дерлік көпмəнділігі, көпжоспарлылығы; төртіншіден, тарихи-тұрмыстық
нақытылықтың молдығы [14, 180 б.]. Аудармада Абай стилінің барлық

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 237

осы белгіленген ерекшеліктерді біріктіре білу аударма сапасындағы ба-
сты нəрсе болып табылады.

Сапалы аударма проблемасын А.Ж.Жақсылықов аудармашының мəтін
тілінен аударылатын этностың психологиясын түсіне білуінен көреді:
«біз аудармашы шеберлігі негізі ретінде, тілінен шығарма аударылатын
халық психологиясының негізгі, түптамырлық белгілерін мүмкіндігінше
аса терең игеру ретінде түсінетін кəсібилік жоқ болса, мұндай сапалы ау-
дарма жасау мүмкін болмайды» [15, 11 б.]. Түпнұсқа аударылатын мəтін-
ге сəйкес келгенде ғалым пікірі бойынша түрлі этностардың шығарма
мəтінін толық түсінеді: «Халықтар арасында аудармалық байланыс ор-
нағанда зор маңыздылық ашылады. Сондықтан да неміс жазушысы жəне
аудармашысы Альфред Курелланың сөздері қол жеткен жаңалықты мой-
ындаумен, сондай ашық айтылатын шығар: «Сіз «Абайды» оқымадыңыз
ба? Яғни, сіз ештеңе оқымадыңыз. Бұл ғажап, таң қаларлық! Далаға жан
бітті де ол барлық бастапқы табиғатының ұлылығы, оның қимыл-əре-
кеті жəне толық сипаты сізге жетті. Сіз ғылыми зерттеулердің бірінде де
жоқ дəуірді сезінесіз. Ал поэзия қандай! Проза нысанында басылған екі
көлемді кітаптарда бір де бір прозалық жолдар жоқ» [15, 10 б.].

Қазақстанда кəсіби аудармашыларды дайындау проблемасы қазіргі
заманның маңызды проблемасымен – өз елінде жұмыс істеуге бейімдел-
ген аудармашыларды дайындаудың өз теориялық базасының болуымен
тығыз өріліп кеткен. Бүгінгі күнде аудрамашы кадрларды дайындайтын
көптеген оқу орындары Ресей жоғарғы оқу орныдарының теориялық
əзірленімдерін пайдаланады немесе өздері аудармаға үйретуде қазақтан-
дық ерекшелік ескерілмеген өзіндік базаны құруға əрекет жасайды. Көр-
кем аударма теориясы кадрлар дайындауға қатысты түрлі, кей кездерде
қарама-қарсы пікірді қарастырады. А.Н.Əлмұратова сапасыз аударма се-
бебі мыналар деп есептейді: «Өкінішке орай аударманың қазіргі заманғы
теориясының мынадай сипаттары бар: орыс тіліне негізінен орыс тілді
аудармашылар Л.Соболев, С.Липкин, Ф.Кузнецов, В.Фирсов, Л.Жовтис,
З.Кедрина аударды. Бірақ соңғы уақытта аудармашылар кагортасын
орыс тілін жəне əдеби білімді жетік білетін кадрлар толықтыруда, олар-
дың тектік тілі – қазақ тілі, олардың санасында қазақ ділі, ұлттық дү-
ниетану психологиясының ерекшеліктері бағдармаланған, бұл түпнұс-
қаны жақсы түсінуге жəне қайталап айтып беруге алып келеді» [16, 71
б.]. .Бұл анықтамадан туындайтын білікті аудармашыларды дайындау
проблемасы сөзсіз мəтін аудармасы түсінігінде маңызды кедергі болып
қалады.

Өз кезегіндеС.А.Əшімханова өз еңбектерінде кəсіби аудармашылар-
ды дайындауды аса маңызды деп есептейді: «Қазақстанның көркем ау-
дарма проблемасын зерттеушілер қазақ жəне орыс оқырманын оқшаулау
бірқатар проблема тудырады жəне де əдеби қазақ тілі мен орыс тілдерін

238 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
жетік білетін кəсіби аудармашылар санының аздығы да соңғы кезекте
емес» [17, 18 б.].

Қазақстанда орыс тілді əдеби аударма жай-күйі туралы С.В.Ананьева
жаазады. Осылайша, бірінші кезектегі мəселе деп ғалым екі тілді аудар-
машылардың жетіспеушілігін көреді: «...қазіргі заманғы орыс авторла-
рыының шығармаларын қазақ тіліне аудару үшін əдеби талантты жəне
орыс жəне қазақ тілдерін жетік білетін бірқатар аудармашылар қажет»
[18, 7 б.]. Зерттеушілерді көбі көтеретін бұл проблема бірінші кезектегі,
оны шешу аударма сапасына байланысты. Қазақстанда аудармашы-ма-
мандарды дайындайтын жоғарғы оқу орындары жеткілікті. Білім беру-
дің стандартымен бекітілген аудармашыларды дайындауға қойылатын
талаптарды бірегейлендіру қажет. Ғалым қазақ тілінде сөйлейтін жəне
ойлайтын, яғни қазақ тілді оқырманды қалыптастыратын екі факторды
атап көрсетеді. Біріншіден, С.В.Ананьеваның айтқан мынадай сөздерін
аса қуанарлық факт деп есептейміз: «Тəуелсіз Қазақстанда қазақ тілді
оқырманның түрі заңды түрде қалыптасуда, оны егеменді республика
жылдарыда тəрбиеленген 17-20 жастар үлгісінде байқауға болады» [18, 7
б.]. Қазақстанда Тəуелсіздік жылдарында өз ана тілінде сөйлейтін жəне
ойлайтын қазақ тілді буын өсіп үлгерді.

Осылайша, республикада Тəуелсіздік жылдары қазақ тіліне сапалы
аударуды қамтамасыз ететін бірқатар шаралар қабылданды. Біріншіден,
бұл қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау. Мемлекеттік тіл мəр-
тебесі жалпы тілдің даму перспективасын қамтамасыз етеді, бұл жақсы
аударма үшін зерттеулермен баии түседі, қорғалған негіз болып қалады.
Екіншіден, аударма теориясы қорғалған докторлық жəне кандидаттық
диссертациялар талдауына қарай теориялық да тəжірибелік мəндегі де
зерттеулемен үнемі баии түседі.

Қазақстандағы орыс-қазақ аудармасының проблемалары Ж.Жақ-
сылықовтың зерттеулеріне сəйкес аударма мектебі Қазақстанда Кеңес
Одағының жəне оның өкіметтік құрылымдары құрылған уақыттан бастап
қалыптаса бастады. Қазақ аударма тануы əдеби шығармаларды, ресми
құжаттарды, Ресейді қазақ даласын колонияға айналдыру кезеңінің фоль-
клорлық материалдарын аударудан туындады. Орыс тілінен қазақ тіліне
аударудың басталуы сөзсіз Қазақстанның Ресейге қосылуынан басталды
деп есептеуге болады. Патша шенеуніктерінің қазақтарды христиан діні-
не көңіл аударуға біріккен кезеңде діни əдебиет пайдаланылды. Оларды
тарату үшін қазақ тілінде саны аз газеттер мен журналдар тартылды. Бұл
фактіні Г.Адамбаева атап өтеді: «...миссионерлік идеяны таратып, наси-
хаттау үшін арнайы зерттеу газет-журналдар, аударма кітаптар шығару-
мен айналысу болып табылады» [19, 10 б.]. Діни мазмұнда шығарылатын
əдебиет қазақ тіліне аударылды, өйткені бұл насихат идеологтары əдеби-
еттің дала халқына бəрінен бұрын қолжетімді жəне түсінікті болуы керек

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 239

екенін жақсы түсінді. Кітаптар аударылған болғанына қарамастан оңай
жəне жағымды оқылды. Бұған аудармада бəріне түсінікті тұрмыстық
лексиканы қолдану арқылы қол жеткізілді: «Кітаптар аударма болуына
қарамастан лексикасы өзге элементтерінен барынша таза, қазақтың сөй-
леу тілінің сөз байлығы кеңінен пайдаланған» [19, 18 б.]. Аудармашылар
əдебіи тіл негізін құрайтын жалпы пайдаланылатын сөздерді пайдаланды,
бірақ бұл сөздерге православие дініне сəйкес келетін басқа мəндер беріл-
ді. Осылай сол кезеңдегі қазақ тілінде құлшылық ету сөзі біреуге қызмет
ету дегенді білдіретін, ал аударма кітаптарында сыйыну жəне т.б. ретін-
де түсінілді. Сондай-ақ араб жəне парсы тілдерінен, содан кейін орыс
тілінен алынған сөздер пайдаланылды. Орыс тілінен алынған сөздердің
рөлі туралы Г.Адамбаева даладағы экономикалық жəне саяси өзгерістер-
мен түсіндіреді: «Миссионерлік əдебиеттен тараған тұста орыс сөздері
қазақ тіліне молынан кірді, өйткені бұл сол кезеңде қазақ даласында бо-
лып жатырған экономикалық, саяси жəне мəдени өзгерістерге байланы-
сты болатын. Ол ұғымдар өз атауларын қажет етті, олардың барлығының
баламаларын табу мүмкін болмады» [19, 10-18 бб.]. Бұл аударма үшін
жағымды сəт көп сөздердің қазақ тілінің фонетикалық, морфологиялық
нормалары ескеріліп, аударылды. Бұл кітаптардың қарапайымдылығы
мен түсініктілігін қамтамасыз ететін сөзсіз фактор аударма кезінде тіл-
дің синтаксистік нормалары бұзылмағандығы болып табылады. Осы-
лайша, сол кезеңнің миссионерлік əдебиеті қазақ тілінің құрылымы мен
лексикасына сөзсіз əсер етті. Колонияға алынған халықтың ақылы үшін
күресте өкімет өкілдері діни мазмұндағы газет пен журналдар көмегімен
қазақтарды өз дініне аударуға əрекет жасады. Аударма трихының осы ке-
зеңін зерттеудің өзі қуантарлық факт. Осы кезеңнің оң фактілерін атап
айтқан жөн, ол қазақ тілінің баюына қызмет етті. Зерттеуші біріншіден
қазақ тілінің синтаксистік құрылымын сақтау арқылы; екіншіден, тұр-
мыстық лексиканы жаңа мəнде пайдалану арқылы жəне басқа тілдерден
лексиканы алып пайдалануды енгізу арқылы қол жеткізілген аудармалық
мəтінге түпнұсқаның сəйкестігін атап өтеді.

Орыс-қазақ аудармаларының дамуына Абайдың аудармалары зор
əсер етті. Абайдың өз тұлғасының – ақынның, философтың, шешеннің,
суырып салма ақынның, бидің феномені - зерттеудің таусылмас тақыры-
бы. Абай Гете, Шиллер (орыс тілінен), Пушкин, Лермонтов, Крыловтың
өшпес шығармаларын аударып, əлемдік əдебиетке «терезе ашты». Ақын
жəне аудармашының дəл осы аударма шығармалары қазақ аудармата-
нуының «алтын қорын» құрайды. Абайтанушылардың зерттеулері бой-
ынша Абай орыс класикасынан 50 аса шығарма аударды. Бұл «Евгений
Онегиннен» жеті үзінді, М.Ю.Лермонтовтың 20 аса өлең шығармалары
жəне И.А.Крыловтың 12 жуық мысалы. (А.Құлсариева). Ойшыл жəне
ақын қазақ қоғамын орыс əдебиетімен таныстыра отырып, өз аударма та-

240 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
лантын жетілдірді. Абай аудармалары туралы мынадай ойлар айтылады:
«Аударма өнерінде ерекше орын қазақ ақындарына – ағартушыларына А.
Құнанбаевқа жəне Ы. Алтынсаринге беріледі, олар алғашқы рет кəсіби
деңгейде орыс классикалық əдебиеті шығармаларын қазақ тіліне көркем
аударуды кəсіби деңгейде іске асырды.» [20, 14 б.].

М.Дулатов шығармасында орыс классикасын аудару ерекше орын
алды. М.Дулатов өз мақалаларында əдеби шығармаларды іріктеу, аудара-
тын шығарманың тақырыбына мұқият қарау қажеттігін көрсетеді. Бұдан
əрі жазушы пікірі бойынша мəтінді сөзбе сөз (тура) аудару жағдайын-
да шығарма мəні жоғалады. Сондай-ақ М.Дулатов мəтінді аудару емес
мəтінді қайта жазу ғана болып қалатын аса еркін аудармаға жол бермеген
жөн деп атап көрсетеді. Сауатты аударма үшін аударма кезінде сақтау ке-
рек болатын тағы да бір талап – тіл заңдылығын, екі тілдің де құрылы-
мы мен заңдылығын ескеру [5, 111 б.]. Жоғарыда айтылғандардан біз
жазушының сын мақаласында мəтін аудармасының техникасының толық
жəне сауатты талдауы беріледі.

1909 жылы Петербургте А.Байтұрсыновтың аударуымен «Қырық
мысал» (Сорок басен) кітабы басылды. Н.Ж.Сағандықова тұжырымын-
да: «Барлық қырық мысал қазақ тіліне өте өткір, бейнелі жəне мəнерлі
тілмен аударылған. Мысалдардың негізгі мазмұны орыс тіліне барынша
сəйкес, бірақ кейде қорытындылар əлеуметтік жағдайларға бейімдел-
ген, оның психлологиялық қабылдауында онда қазақ оқырманы бар, бұ-
дан аударма ұтылмайды, қазақтарға жақынырақ жəне түсініктірек бола
түседі» [5, 129 б.].

Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай алаштықтар
орыс-қазақ аудармаларында белсенді қатысты. Алаштықтар алдына қа-
зақ даласын ағарту мақсатын қойды. Əлемдік əдебиетпен танысу үшін
негізгі бастау орыс классикасы екенін түсіне отырып, Абайдан кейін
олар қазақ оқырмандарын таныстыру үшін ең үздік шығармаларды алды.
Алаштықтардың аударма сапасы туралы зерттеушілердің беделді пікір-
лерімен келіспеуге болмайды: «…олардың əрқайсысының (Ш.Құдай-
бердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) орыс
тілінен қазақ тіліне аудару ісіне үлес қосқанын атап айтқан жөн, бұл
ретте бұл аудармалардың құндылығы соншалық, оны қазақ оқырманы
түпнұсқа шығарма ретінде қабылдады, бұл аудармалық шығармаларды
сипаттау кезінде ең жоғарғы баға деп есептелді» [5, 111 б.].

1920-1930 жылдарға тəн сипат қазақ аударматануының қалыптасуы
болып табылады, ол орыс əдебиетін қазақ тіліне аударудан басталды.
Əрине бұл кездейсоқ процесс емес, ол патша үкіметі курсының əдеби-
етке саяси жəне идеологиялық əсері болды: «осы кезеңде жаңа эстетика-
лық жүйені, логикалық аспектілерді қалыптастыру жəне даму қарқыны
толығымен саяси жəне идеологиялық детерминанттармен шарттасты-

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 241

рылды». Бұл кезеңге тəн тағы бір сипат дəл осы орыс тілінен қазақ тілі-
не аудармалар аударма туралы ғылым негізі болды. Ғалымдардың бұл
туралы тұжырымдарымен келіспеуге болмайды: «...20-30-жылдарда қа-
зақ əдебиетіндегі көркем аударманы қалыптастыру жəне дамыту, оның
ішінде аударма туралы теориялық ойдың қалыптасуы (орыс тілінен қазақ
тіліне)» [21, 3 б.].

1920-30-шы жылдары ғасыр басы аударма əдебиеттің қызу даму ке-
зеңі болды. Н.Сағандықованың тұжырымдауы бойынша Қазақстан əде-
биетінің үлкен бөлігін аударма əдебиет білдіреді. Алыс жəне таяу шетел-
дердегі классика аса қарқынды аударылды. Басқа тілдерден аудармалар
делдал тіл – орыс тілі арқылы іске асырылды. Əрине бұл фактор аударма
сапасына əсер етті. Ғалымның пікірінше: «...шет тілді шығармаларды
қайта жазудың нақты кемшіліктері болды жəне белгілі бір мəндері жоға-
лып отырды». Бірақ мұндай аударманың екінші жағын да атап өткен жөн
– мұндай тəжірибе аударманың жақсы мектебі болды, жоғары класты ау-
дармашылар дайындап шығарудың бастауы болды. Сонда да сол кездегі
аудармашылық қызмет орыс тілінен қазақ тіліне аударылған аудармалар-
дың керісінше аударуға қарағанда көбіне дұрыс болуымен ерекшеленген-
дігін көрсетеді. «Орыс тілінен қазақ тіліне аудармашылық өнім сапасы
көптеген есе қазақ тілінен орыс тіліне аудару сапасынан асып түседі» [5,
13 б.].

1930-1940 жылдардағы кезеңде орыс тілінен қазақ тіліне аударуға
қатысты жарыққа аударма бойынша мынадай жарияланымдар шықты:
С.Сейфуллин, И.Жансүгіров, К.Бекхожин, Р.Жаманқұлов, Ж.Жұмақанов,
Ғ.Мүсірепов, Ж.Өмірбеков, К.Өтепова К.Тұрғанбаев, Г.Шəріпова.

Аударма бойынша жұмыстардың көпшілігі сол кездегі міндетті мəсе-
ле қазақ əдебиетіне орыс əдебиетінің əсеріне қатысты болды. Бұл мы-
надай жарияланымдар: Жанғалин М. «На родном языке»; Жансүгіров
І. «Пушкин аудармасы қазақ əдебиетіне не берді»; Жүргенов Т. «Орыс
халқының ұлы жазушысы жəне қазақ халқы»; Мусин Ə. «Евгений Оне-
гин»; Ысмайылов Е. «Пушкин жəне Белинский».

30-шы жылдардың басында орыс тілінен қазақ тіліне аудармалар өзек-
ті болды. Орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау кезеңі А.Алдашеваның
ұйғарымына сəйкес [6, 5-12 бб.] екі циклге бөлінеді. Бірінші цикл аудар-
ма мəтіндерінің жазбаша корпусын қалыптастыруды білдіреді, екіншісі
аудармаға өнердің белгілі бір түрі ретіндегі қатынасты қалыптастырады
(А.Алдашева). Ғалымның тұжырымдауымен бірқатар аударма зертте-
ушілер осы кезеңде қазақ аудармасының теориялық базасы салынғаны-
на келіседі. Бірқатар зерттеушілер мəлімдегендей аударма ісі Мəскеудегі
1934 жылғы жазушылардың екінші съезінен кейін тағы да кеңірек тарай
бастады. Ə.Тарақовтың [1, 67 б.] беделді пікірі бойынша дəл сол 1930
жылдардан бастап көркем аудармаға көңіл аударыла бастаған. Делдал

242 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
тіл ретіндегі орыс тілінің рөлін атап айта отырып, ғалым осындай про-
цесте қазақ аударма өнері көркемділ стиль үлгілерімен толықтырылды:
«...олардың сол кезеңге тəн жазу мəнерінен, композиция құру шеберлігі
мен кейіпкер сомдау жүйесінен үлгі алды» [1, 67 б.]. Көркем аударманың
аударма сапасы, түпнұсқасы мен аударманың дұрыстығы сияқты теори-
ялық проблемаларға жеткілікті назар аударылмады: «...аударманың көр-
кемдік деңгейі, мазмұндық-мəтіндік дəлдігі, сəйкестігі, аударылу дəре-
жесі туралы сындар айтылғанмен, аударма шығармалары нақты зерттеле
қоймады» [1, 67 б.]. Аударма басқа тілдің үлгісімен сөз жасау (калькалау)
арқылы, буквалистік əдіспен жасалды.

Осылайша 1920-30 жылдардағы кезең қазақ аударма ісі үшін мəн-
ді болды. Біріншіден, бұл орыс тілінен қазақ тіліне аударудың белсен-
ді кезеңі болды, бұл уақыт талабы, сол кезеңнің тарихи оқиғасымен
түсінідірілді. Орталықтың қатаң, қырағы цензурасыбақылауындабола
отырып, əдебиет дамуы жəне онымен бірге теорияның дамуы билеуші
коммунистік партия курсымен анықталды. Қоғамдық өмірді интернаци-
оналдық көріп білу барлық əдебиеттегі тұрмыстық жəне табиғи нəрсені
қайта салмақтады. Сонда да аударма теориясы дербес ғылым мəртебесін
алды, алайда аударма теориясының көптеген проблемалары əлі де əзір-
леу процесінде болды.

Көптеген ғалымдар келесі саты деп 1950-60 жылдардағы кезеңді ерек-
ше атайды. 1960 жылдардан бастап Қазақстанда теориялық материалды
ғана емес тəжірибелік материалды біріктіретін аударматану ғылымы
туындайды. Сол кезеңнің аударма теориясы бойынша еңбектерін үш то-
пқа бөлуге болады: бірінші топ – аударма теориясы бойынша жұмыс-
тар; еңбектердің екінші тобы – орыс тілінен қазақ тіліне аударма-
лар; жəне үшінші топ – орыс жəне қазақ əдебиеттерінің өзара əсері.
Аударма теориясы бойынша мынадац авторлардың еңбегін атап өтеміз:
М.О.Əуезов, З.Ахметов, Х.Əдібаев, Г.Бельгер, М.Қаратаев, С.Қирабаев,
К.Нұрмаханов, А.Сатыбалдиев, С.Талжанов. Бұл саты қоғамдық-сая-
си əдебиет, ресми құжат, ағартушылық əдебиет аудармасымен сипатта-
лады. Осы кезеңнен бастап аударма əдісі мен тəсілін, аударманың сти-
листикалық айқындамаларын, аударма нормаларын зерттеу басталады,
олар аудармашылық қызметтің теориялық базасын қалыптастыра баста-
ды [6, 72 б.].

Орыс тілінен қазақ тіліне аудармалар туралы мынадай жазушылар-
мен ғалымдар жазды:С.Абдрахманов, Т.Əлімқұлов, М.Əлімбаев, Р.Берді-
баев, Е.Букетов, Ғ.Қайырбеков, Х.Есенжанов, Ш.Кереева-Қанафиева,
С.Мəуленов, С.Нұрышев, Т.Садықов. 1950-60 жылдар лингвистикада
қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық мықты негізін құрумен, қазақ тілі
лексикографиясының негізгі айқындамаларын анықтаумен, бір жəне екі
тілді сөздіктер құрумен, жарыққа тілдің іргетастық құрылымы мен лек-

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 243

сикалық-грамматикалық жүйесін зерттеулердің жарық көруімен ерекше-
ленеді (А.Алдашева).

Сол кезеңнің аудармасы бойынша жұмыстардың көпшілігі орыс жəне
қазақ əдебиетінің өзара байланысына арналған, алайда біржақты тəртіп-
пен:А.Əлімжанов, С.Васильев, М.Ғайнуллин, А.Дербісалин, К.Қанафие-
ва, З.Кедрина, Б.Момышұлы, Д.Николич, И.Омаров, С.Сейітов, С.Смир-
нов, З.Шашкин, М.Фетисов.

Елуінші жылдардың басында көркем аударма теория мен тəжірибені
саласындағы маңызды əзірленімдер басталды. Н.Ж.Сағандықова атап өт-
кендей: «Шет тілдік, басым көпшілігі орыс тілдік əдебиетті қазақ тіліне
аудару Қазақстанның əдеби процесінде бірінші деңгейдегі міндет болды»
[5, 13 б.]. Сондай-ақ осы кезеңнің келесі ерекшелігі «интернационализм»
деп аталатынның дамуы болып табылады: «қоғамдық-саяси тапсырыс
аударма ісінің дамуына əсер етеді, ол 50-ші жылдары аударма«интерна-
ционализм» деп аталатынның, достық жəне Кеңес Одағының барлық ха-
лықтарының нығаюының идеологиялық мақсаты ретінде қызмет етті.»
[5, 13 б.].

Қазақстанның Ресейге қосылған сəтінен бастап екі көрші этнос мəде-
ниетінің белсенді өзара əрекеті басталады. Орыс əдебиетінің қазақ əде-
биетіне (біржақты болса да) əсері дəл осы орыс жазушылары мен ақын-
дарының аудармаларынан басталды. Басында аудармалар қазақ оқырма-
нын орыс əдебиетімен ағартушылық мақсатта таныстыру мақсатында,
содан кейін КСРО құрылуымен бірге орыс тілінен аудару орталық бұй-
рығын орындауға директива ретінде өздігінен белгілі бірнəрсе ретінде
қабылданды.Орыс-қазақ аудармасы тарихының қазақ тілінен орыс тілі-
не аудару тарихына қарағанда ұзақ даму кезеңі бар. Бұл аударманың та-
рихы екі мемлекеттің өзара қарамы-қатынасының даму тарихымен қатар
жүрді:қосылған кезеңнен бастап Тəуелсіздік алғанға дейін. Орыс-қазақ
аудармасының жағымды жағы Қазақстан аудармасы теориясының туын-
дау жəне əрі қарай дамуы дəл осы орыс тілінен қазақ тіліне аудармалар
арқасында болғандығының фактісімен анықталады.

Əлемнің басқа тілдерінен қазақ тіліне аудару проблемалары
Шетел тілдерінен, оның ішінде əлемдік тілдерден (ағылшын, неміс,
француз жəне басқа) қазақ тіліне аудару егеменді Қазақстанда ерекше
өзектілікке ие болып келеді.
Н.Сағандықова, шетел тілдерінен қазақ тіліне аудару тарихын зерттей
отырып, Қазақстандағы аударматанудағы осы процестің бастапқы саты-
сын атап көрсетеді: «1946 жылдан бастап 1960 жылдарға дейін қазақ тілі-
не бұрынғы көп ұлтты Отан халықтарының 22 тілінен жəне шет елдер
халықтарының 24 тілінен кітаптар аударылды. Тек 1965 жылы 14 тілден
аударма жасалды, қазақ жазушыларының шығармалары 8 тілге аударыл-
ды. Аударма шығармаларының саны жылдан жылға ұлғайды, егер 1969

244 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
жылы қазақ тіліне 15 шет елдердің шығармалары аударылған болса, 1970
жылы қазақ тілінде əлемнің 20 елінің жазушылар қазақ тілінде сөйледі»
[5, 22 б.]. Аударма тарихы үшін танымды болып ағылшын тілінен қазақ
аудармашыларының алғашқы аудармалары туралы факт болып табыла-
ды: «20-30 жылдарға шетел тілінен көркем əдебиетті аударым кең құлаш
сермеді. 1929 жылы А.Елшібеков Анри Барбюстың шығармаларын аудар-
ды жəне əңгімелері жарық көрді, ал 1928 жылы М.Дəулетбаев қазақ тілі-
не Джек Лондонның «Признание», Чарльз Диккенстің «Узник Бастилии»
шығармаларын аударды, повестерді қазақ тіліне 1932 жылы А.Х.Марғұ-
лан аударды. О.Беков жəне Қ.Байсейітов М.Тригердің «Подводная лодка»
пьесасын 1932 жылы аударды, қазақ театры сахнасында қойды. Сондай-
ақ қазақ драма театрының сахнасында М.Əуезов пен О.Беков аударған
Б.Прустың «Мстислав Удалой» пьесасы қойылды, У.Шекспирдің «Отел-
лосы» 1939 жылы М.Əуезовтың аудармасында көрсетілді» [5, 17 б.].

Қазақ тіліне жəне қазақ тілінен басқа тілдерге аударылатын аударма-
лардың талап етілу жағдайы жылдан жылға ұлғаюда. Тəуелсіздік алумен
бірге біздің еліміз бүкіл планетаның елдерімен ынтымақтастықтың беле-
стеріне шықты. Бұл факт аударма бойынша көптеген ғылыми зерттеулер-
де атап өтілуде. Ғылыми жұмыстардың тақырыбы барынша кең, бірақ ең
қызықтыларын танысу үшін келтіреміз.

А.К. Машақова қазақ əдебиетінің жай-күйін шетелдік рецепцияда
(бөтен мəдениетті игеру) қарастырады. Автордың пікірі бойынша иге-
ру процесі даму сипатында: «Қазақ əдебиетінің шетелдік рецепция про-
цесі мынадай аспектілерді біріктіреді: шетелдегі қазақ авторларының
шығармаларын аудару жəне басып шығару: шетелдік жарияланымдарға
баспасөзде кəсіби оқырмандардың пікірлері; жарияланған кітаптардағы
алғы сөздер мен соңғы сөздер; конференцияға қатысқан шетелдіктердің
айтқан ойлары; əдеби жəне жалпы энциклопедиялардағы биографиялық
мақалалар; ғылыми мақалалар, диссертациялар, монографиялар» [22,
17 б.]. Автор шетелдегі қазақ əдебиетін тарату процесін кезеңге бөлуді
ұсынады: рецепцияның бірінші сатысы кеңес кезеңіндегі қазақ əдебиеті
шығармаларына жатады; екінші сатыға Тəуелсіздік жылдары құрылған
шығармалар жатады. Бірінші саты қазақ жазушылары мен ақындары-
ның ұсынылған əдебиетін таныстыру сипатында болады: «ХХ ғасыр
ортасынан бастап шетел тілдеріне қазақ жазушыларының шығармалары
белсенді аударыла бастайды. Сол жылдарда қазақ əдебиетінің ең үздік
үлгілерін қабылдау процесі дескриптивтік сипатта болды жəне танысты-
ру мақсатында болды» [22, 17 б.]. Қазақ əдебиеті рецепциясының екінші
сатысы шетелдік авторлардың өзіндік талдамалық жəне сыни жұмыста-
рымен қызықты.

Басқа тілдерден қазақ тіліне аудару бойынша қорғалған жұмыстар-
ды қарастыру кезінде шетел тілдерінен аудару кезінде дəстүрлі болып

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 245

келген жолма-жол аударма рөлі атап көрсетіледі. Жолма-жол аударманы
пайдалану – бəрінен бұрын кеңестік аудармашылық мектептің қалып-
тасқан дəстүрінің бергені, онда бəрін делдал тіл – орыс тілі арқылы ау-
дару қабылданған болатын. Аударма проблемасымен айналысатын ға-
лымдардың көпшілігі жолма-жол аударманы пайдалану тəжірибесінен
бас тартатын жəне білікті мамандарды дайындайтын уақыт келді дегенді
ұйғарды. Ж.О.Құшанованың əділ пікірі бойынша: «Орыс тілінің делдал-
дық қызметін пайдаланбай, қазақ тілінен шет тіліне тікелей аударылатын
аударманың дамуына ықпал ету қажеттігі. Мұндай тікелей аудармалар
қазақстандық аударматануды отандық филолология ғылымы дамуының
жоғары деңгейіне, аударманың аса жоғары сапалылығына алып келер
еді.» [23, 6 б.]. Тəуелсіздік жылдары диссертацияларда көтерілген про-
блемалар, Қазақстан аудармасының теориялары қарқынды жəне жан-
жақты əзірленуде.

Өз жұмысында Г.Б.Түсіпова ағылшын тілді жазушылардың қазақ
тіліне аудармасының тарихын зерттейді. 1920-30 жылдарда ағылшын
классикасын орыс тіліне аудару іске асырылды: «1920-1930 жылдары
Ч.Диккенс, Р.Киплинг, Дж.Лондон сынды танымал авторлар аударылды.
Аудармалардың дені орыс əдебиеті, сол арқылы Еуропа, Америка əде-
биетінен алынды. Аударма жасаушы қаламгерлер өзге ел əдеби нұсқа-
ларынан мінез-құлық сомдау, кейіпкер психологиясын ашу, тіл ұстарту
жағынан көп үйренді» [24, 11 б.]. Ағылшын тілінен аудармалар қазақ
əдебиетінің дамуына өзінің жағымды əсерін тигізді. Жұмыста Джек Лон-
донның шығармаларын ағылшын тілді əдебиет аудармашыларының ау-
дарған аудармалары салыстырылады: «Біз Америка əдебиетінен келген
əңгімелердің алғашқы аудармаларының барлығын талдай отырып, Ж.Ай-
мауытовтың, Т.Ибрагимовтың, М.Ауэзовтың, М.Дəулетбаевтың да Джек
Лондонның танымал емес əңгімелерін аударғанын байқаймыз. Демек, əр
жазушы əңгіменің аудармасын оның танымалдық дəрежесіне қарап емес,
өзінің идеялық бағытына сəйкес келетінін таңдау ұстанымымен жасады»
[24, 13 б.].

Б.И.Дуанина неміс прозасының қазақ тіліне аудару мəселесін қара-
стыра отырып, аударма процесінде үш бағыттың бар екенін атап көр-
сетті. Бастапқыда аударманың эстетикалық жəне əдеби факторларын
сипаттау ұсынылады; екіншіден, мазмұнның шығарма форматына сəй-
кестігі; үшіншіден, автор ойын беру тəсілі: «Аударманың табиғатын
зерттей келе ғалымдар негізгі екі концепцияның ара жігін ажыратады:
лингвистикалық жəне əдебиеттік негізін зерттеу нысанында көркем
аударма мəселесі болғандықтан əдебиеттік концепцияны мынадай үш
бағытта көрсеттік: - бірінші бағытта аударманың эстетикалық жəне əде-
би факторлары сипатталады, аударманың шеберлігі, шығармашылық
əрекеті, өнері де осы мезетте көрінуі шарт; - екінші бағытта семанти-

246 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
калық рөлі көрінеді. Яғни, көркем аудармада форма мен мазмұнның
бірлігін сақтай білу ерекшелігі; - үшінші бағыты – автордың ойын
сөзбе-сөз беру ерекшелігі көрсетілген. Бұл жағдайда көркем аударма-
ның негізінде эстетикалық, этикалық-əлеуметтік, психологиялық ерек-
шеліктер жатыр» [25, 10 б.]. Неміс тілінен аудару кезінде қазақ тілінің
грамматикалық құрылысын ескерген маңызды. Айталық, неміс тілінде
жоқ қыстырма сөздер мен жолдау сөздерді аудару кезінде синонимдік
қатарды, қазақ тілінде мəні бойынша жақын сөздерді пайдалану керек.
Аударманың дұрыстығын сақтау үшін ғалым тілдің лексикалық қоры-
на, грамматика заңдарына ерекше назар аударуды ұсынады: «Түпнұсқа-
ның мағынасын дұрыс беру үшін ана тілінде терең бойлап қана қоймай,
семантикалық белгілерін, ауыспалы мағыналарын білген жөн, лексика-
лық сəйкестік болу үшін тілдік дəстүрлер, заңдылықтар екі тілде бірдей
қарастырылғаны жөн» [25, 11 б.].

Ж.А.Бейсембаева түрлі аудармашылардың (тарихиы ретроспективада)
У.Шекспирдің сонеталарын қазақ тіліне аударған аудармаларын зерттеді.
Зерттеу барысында автор аударманың «дұрыстық» жəне «баламалық»
теориясының негізгі түсініктерін дербес, бір мəнді білдіретін қиылы-
сатын терминдер ретінде қарастыруды ұсынады. Сондай-ақ аударманы
лингвистикалық жəне əдебиеттану процесі ретінде түсіну ұсыныылады.
Бұл ретте аударма айқындамасы бəрінен бұрын түпнұсқаның формалдық
құрылымын қайта жасауды болжайды: «Аударманың лингвистикалық
айқындамасы бəрінен бұрын түпнұсқаның формалдық құрылымын қай-
та жасауды болжайды. Бұл айқындама аудармада түпнұсқа мəтінін еш
аспауға – тілдік қатынаста сөзбе-сөз, бірақ көркемдігі аз аударуға алып
келеді. Мұндай жағдайларда мазмұны мен нысаны арасында алшақтық
болады.» [26, 7 б.].

Г.А.Тастемірова түрік тілінен Азиз Несиннің шығармаларын аудару
проблемаларын қарастырады. Азиз Несин шығармалары əлемнің барлық
тілдеріне дерлік аударылған, бірақ қазақ оқырманына автор пайымдаған-
дай нашар сапасыз аударма салдарынанол таныс емес. Проблема жа-
лықтырған жолма-жол аудармада – түрік тілінен орыс тіліне жəне содан
кейін ғана қазақ тіліне: «Əзиз Несиннің күлкісі қазақ жеріне келгеніне
де біраз болды. Қазақ жазушыларының бірер буын өкілдері кезінде Əзиз
əңгімелерін аударып күнделікті баспасөз беттерінде жарияланды. Оның
түпнұсқа, негізінен, тікелей қазақша аударылмағанында. Олай дейтініміз
алдымен орыс тіліне, сонан соң орыс тілінен қазақ аудармашыларының
сатылы аударма түрінде бізге жетуінде болып тұр.Бұдан байқайтынымыз
қазақ жерінде түрік тілінде жақсы білетін көркем аудармашылардың жет-
кіліксіздігі болмақ» [27, 13 б.].

Осылай, М.Е.Қуантаева қазақ тілініңстилистикалық жəне граммати-
калық нормаларын сақтағанда түпнұсқаға сəйкес келетін аудармалық

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 247

шығарма алуға болады: «…кез келген дамыған ұлттық тіл басқа тіл-
де берілген ойды толық жеткізу үшін барынша толыққанды жеткілікті
құрал болып табылады. Бұл əлемнің ең дамыған жəне бай тілдерінің бірі
– қазақ тіліне қатысты əділ болады. Аудармашылар тəжірибесі кез келген
шығарма қазақ тіліне осы авторға тəн барлық стилистикалық жəне басқа
ерекшеліктерді сақтай отырып, толыққанды (дұрыс) аударылуы мүмкін»
[28, 24 б.].

Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай аударма тео-
риясы бойынша жұмыстардың тақырыбы мен проблематикасы тео-
риялық да қолданбалы да мəселелерді қозғайды. Аударманың жеке
алынған ғылым ретінде шалқып дамуы жалпы республикадағы линг-
вистиканың жоғары деңгейін көрсетеді. Бірқатар ғалымдар шығарма-
ны қазақ тіліне аудару кезінде əдетте пайдаланылатын жолма-жол ау-
дарма проблемеларын қарастырады; басқалары түпнұсқаның аудар-
мамен қатынасының дұрыстығы мəселерімен жұмыс істейді; үшін-
шілері көркем мəтіндегі лингвистикалық заңдылықтарды анықтауға
əрекет жасайды. Жеке сипаттағы, яғни аудармашыларға таза қатысты
ғана проблеманы анықтау ғана емес, оларды əдебиеттанумен жəне
тіл білімімен, тарихпен жəне психологиямен бірге шешу əрекет жа-
сау фактісі де қуантады.

Аударма теориясы бойынша қазақстандық зерттеулердегі мемле-
кеттік тіл рөлі

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының титулдық (кіндік) ұлтының
мемлекеттік тілі ретінде əрекет етеді жəне қазақ тілінің осы мəртебесіне
қол жеткізу үшін мемлекеттік тілдің мəртебесін құқықтық қамтамасыз
ету құрылды. Бұл бағытта Қазақстанда мынадай заңнамалық құжаттар
қабылданды:

- «Қазақ КСР-ғы тілдер туралы» (1989 ж.) Заң, қазақ тілінің мемле-
кетттік тіл ретіндегі мəртебесін анықтады;

- қазақ тілінің мемлекетттік тіл ретіндегі мəртебесі Қазақстан Респу-
бликасы Конституциясының 7-бабында бекітілген (1995 ж.);

- Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданды (1997 ж.);

- ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен 2011-
2020 жылдарға ҚР тілдерді дамыту мен қызмет ету мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды.

Тілдерді дамыту мен қызмет ету мемлекеттік бағдарламасының
(бұдан əрі – Бағдарлама) ерекшелігі мемлекеттік құрылымдардың
заңдардың орындалуына қолдау көрсету болып табылады, бұл мемле-
кеттің мемлекеттік тілдің тиісті түрдегі дəрежеде дамуына көңіл
аударуды білдіреді. Бағадарламаның басым міндетімен республиканың
барлық білім беру алаңында мемлекеттік тілдің талап етілуін көтеру

248 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
белгіленеді. ҚР президенті Н.А.Назарбаев былай деп атап өтті: «Біз бар-
лық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын
қазақ тілінің бұдан əрі дамуы үшін барлық күш салуға тиіспіз» [29].
Бағдарлама авторларына сəйкес ол «мемлекеттік тілдің ұлттық бірлікті
нығайтудың маңызды факторы ретіндегі мемлекеттік тілді дамытудың
басымдылығына есептелген жəне азаматтардың рухани-мəдени жəне
тілдік қажеттілігін толыққанды қанағаттандыруға бағытталған», бұл
сөзсіз қоғамдағы мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлін тану болып та-
былады.

Тəуелсіздік жылдарын қоғамдық өмірдің барлық салаларында тілдік
құрылыстың құқықтық негізін қалыптастыру кезең деп айтуға болады.
Бағдарлама жұмысын үш бағыт бойынша жүргізу пайымдалады: 1) қа-
зақ тілінің дамуына жан-жақты көмек көрсету; 2) орыс тілінің функци-
ясын сақтау; 3) Қазақстанның басқа тілдерінің дамуынан көмек көрсе-
ту. Бағдарлама қазақ тіліне қатысты қарастыратын тілдік құрылыстың
негізгі екі проблемалық аспектілері: бірінші–қоғамда мемлекетттік
тілді игерудің біркелкі емес деңгейімен байланысты проблемалар. Тіл-
ді игеру деңгейі балалар бақшасынан бастап тілді үйренудің бірыңғай
стандартатрының бар екендігіне байланысты. Бұл сөзсіз, «оқыту стан-
дарттарын, сондай-ақ мемлекеттік тілді игеруге ынталандыру (қазақ
тіліне оқыту) жəне процесс мониторингін жүргізу жүйесін əзірлеу»
қажеттігіне алып келеді [29]. Екінші проблема – мемлекеттік тілді қа-
зақстандық социумның əлеуметтік-байланыстық кеңістігіне енгізудің
жеткіліксіздігі. Бұл проблема, Бағдарламаға сəйкес халықаралық бай-
ланыс саласында, ғылым мен білім саласында ҚР заңнамалық жəне
жаңа технологиялар тілі ретіндегі қазақ тілінің функциясын кеңейту
арқылы шешіледі.

Мемлекеттік тілді ғылым, заңнамалық актілер жəне жаңа технолги-
ялар тілі ретінде дамыту шараларын ерекше айта кеткен жөн: «Қазақ
тіліне аударуды жəне көп тиражбен энциклопедияны, ғылыми-публици-
стикалық, іскерлік, көркем жəне басқа əдебиетті түпнұсқа тілінен ауда-
рып басып шығару мемлекеттік тілдің рөлін қазіргі заманғы қолданбалы
ғылым ретінде айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді» [29].

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңда» (1997 ж.) негізгі
ережелердің бірі «мемлекеттік тіл» түсінігі болып табылады, ол былайша
түсіндірілді: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғам-
дық қатынастарға қатысты барлық салаларда əрекет ететін мемлекеттік
басқару, заңнама, сот ісін жүргізу жəне і жүргізу тілі» [30]. 1997 жылы
құрастырылған бұл анықтама істің қазіргі жағдайына аса сəйкес келеді
(2013г.), өйткені Бағдарламада белгіленген, айтылған қолдану салалары
- мемлекеттік басқару, заң жəне іс жүргізу тілі – қазақ тілінің аса көп
қолданылатын салалары.

Аударма саласындағы мемлекеттік тілдің қызметі мен қолданысы 249

«Мемлекеттік тіл» терминін жəне оның мəнінің Қазақстандағы қазір-
гі жағдайға сəйкестігін салыстыру үшін біз Социолингвистикалық тер-
миндер сөздігінде мемлекеттік тілдің мынадай анықтамасын келтірдік
(2007г.): «Мемлекеттік тіл – белгілі бір елді білдіретін тіл, онда ол мем-
лекетпен сəйкестік белгісі ретінде қабылданады; белгілі бір мемлекет
аумағында таралған ерекше саяси-құқықтық мəртебесі бар тіл, осы елде
мекемелерде, сот ісін жүргізуде, мектептерде халықтың ұлттық құрамы-
на байланыссыз сабақ беруде жүргізілуі міндетті тіл; мемлекеттік жəне
қоғамдық өмірде маңызды функция орындайтын ең жоғарғы қоғамдық
функция тілі; тəуелсіз мемлекеттің лингвистикалық егеменділігінің не-
гізгі белгісі » [31, 59 б.].

Бұл академиялық анықтаманың бірнеше қағидалары, жай айтқанда
болашақтың міндеттері бола отырып, нақтылыққа сəйкес келмейді. Қа-
зақ тілінің саяси-құқықтық мəртебесі де-юре, де-факто расталған, мем-
лекеттік тілдің жағдайы қағаздағыдай қуантарлық емес. Мемлекеттік
тілдің анықтамасында екі қағида қазіргі заманғы күйіне сəйкес келмей-
ді – бұл біріншіден қазақ тілі «халықтың ұлттық құрамына байланыс-
сыз» мектептерде сабақ беру тілі болып табылтындығы туралы ереже.
Екіншіден қазақ тілі «ең жоғарғы қоғамдық функциялар тілі» болып
табылтындығы туралы ереже. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі
рөлі де-юре мəлімденген. Əрине қазақ тілі мəртебесінің нығаюы жəне
дамуы үшін аз жұмыс істелмеді. Бəрінен бұрын классикалық анықта-
маның нақтылыққа толық сəйкес келуі үшін уақыт керек, Қазақ тілінің
ең маңызды міндеті қазіргі уақытта орыс тілімен қатар қоғамда байла-
ныс қызметін орындау айқындамаларын теңдестіру болып отыр. Респу-
бликадағы орын алып отырған тілдік жағдайда мемлекеттік ретіндегі
қазақ тілінің рөлін ескеру қажет: «Қазақстанның тілдік жағдайының
өзіндік түрі тектік жəне түрлері əртүрлі тілдер санының болуымен
ғана емес, екі үлкен серіктес тілдердің – қазақ жəне орыс тілдерінің
жалпы байланыстық кеңістігінде қосарлас қызмет қызмет атқаруымен
құрылады жəне қандай да бір салыстырмалы тұрақты көлем қазақ жə-
неорыс тілдерінің қызмет ету «саулығының» социолингвистикалық
көрсеткіштерін жасайды. [31, 282 б.]. Қазақстандағы нақты жағдайда
қазақ тілі республикадағы басым келіп отырған ресми тіл – орыс тілінің
айқындамаларын өзіне алуға тиіс. Республика үкіметі қазақ тілінің да-
муына қолданатын шаралар тиімді болса, қоғамның нақты өмірінде қа-
зақ тілінің ең болмағанда тең құқықты қатысуын күтуге болады. Қазақ
тілінің орыс тілімен дəл осы тең құқықтығын қалпына келтіруге тілді
дамыту Бағдарламасы ықпал етуі тиіс. Егер қазақ тілі шындығында осы
салада бұрын басым болған орыс тілінің барлық қоғамдық қызметін
нақты орындайтын болса, бұл фактінің мемлекеттік тіл мəртебесін мой-
ындауда өзгерісті сəт деп есептеуге болады. Тек сонда ғана оны «тəуел-

250 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы
сіз мемлкеттің лингвистикалық егемендігінің негізгі белгісі» деп тану
басталады [29].

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуының қазіргі заманғы
кезеңі оны игеру үшін əзірленген теориялық базаның жоқтығымен си-
патталады. Қазір мемлекеттік тіл мəртебесінің нығаюына мемлекеттік
органдар тарапынан əкімшілік шаралардың жеткіліксіздігі кедергі бо-
лып отыр: «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі жаңа əлеумет-
тік-саяси нақтылығы елдің көп ұлтты халқының қажеттігіне жауап бе-
ретін жəне тілдік, демографиялық жəне саяси жағдайдың ерекшелік-
терін ескеретін тиісті тілдік саясатты талап етеді» [32]. Мемлекеттік
тілді үйрену беделін көтеру үшін ең жаңа инновацияларды, қазақ тілін
үйрету технологиясын қолдану қажет. Мемлекеттік тілді негізгі кəсіби
қызметінде ғана емес, осы қызметтен тыс білуге ынталандыруға ықпал
ететін бірқатар іс-шаралар ойлап табу қажет: «Қазақ тілін қолдану сала-
сын кеңейту, оны кодтау жəне тіл жүйесін жаңарту бойынша мемлекет-
тік бағадарлама керек. Сондай-ақ мынадай шараларды іске асыру қажет:
жазуды жетілдіру, тілді стандарттау, ғылыми-техникалық терминологи-
яны ретке келтіру, тілді компьютрлеу, аударманы автоматтандыру үшін
лексикалық негіз құру» [33]. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесі декла-
рацияланған, бірақ қоғамда құқықтық механизммен бекітілмеген. Мұн-
дай жағдай неліктен орын алған? Бəрінен бұрын республикада туындап
отырған өмір сүрудің барлық салаларында қазақ тілінің талап етілуінің
өсу үрдісін атап айтқан жөн. Мемлекеттік тілді пайдаланудың өсуі мем-
лекеттік құрылымдарда (армия, полиция, кеден), іскерлік құрылымдарда
(қаржылық жəне банктік салаларда) байқалады. Көптеген зерттеушілер
қазақ тілінде іс жүргізудің өсуін, республиканың Қарулы Күштерінде
қазақ тілінің əскери терминологиясын енгізу процесі едəуір жанданды.
Білім беру саласында мемлекеттік тіл рөлінің өсуі үшін көп күш салы-
нады. Білім беру саласында мемлекеттік тілдің рөлінің өсуі барысында
ең жаңа инновациялық əдістемені əзірлеу ескеріле отырып, қазақ тілі-
не оқытудың инновациялық технологияларын əзірлеу қарқынмен дами
бастады.

Қазақ тілі рөлінің өсуіне түрлі социолингвистикалық сауалнама
мəліметтері куəландырады. Осы сауалнама қорытындылары қазақ тілі
дамуының мынадай аспектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылай,
біріншіден Қазақстан халқының қазақ тілін игеру деңгейін анықтау; екін-
шіден, қазақ тілінің витальдылығын қамтамасыз ететін, заңнамалық ба-
заны игеру деңгейін анықтау; үшіншіден, қоғамның əлеуметтік-байланы-
стық салада қазақ тілінің орнын анықтау [34]. Сауалдама мəліметтері қа-
зақ тілін еркін игерген (оқиды, жазады, сондай-ақ ауызша сөзді түсінеді)
респонденттердің өсуі куəландырады, бұл аса қуанарлық факт. Осы сау-
алнамалардың авторларының зерттеулеріне сəйкес көптеген сұралғандар


Click to View FlipBook Version