Білім беру саласы
түйінді мәселе. Қала тұрғындары арасында ең қолайлы кезеңнің
езінде литрі 150-180 теңгеден сатылатын шипалы қымыз сусыны
үлкен сұранысқа ие. Талап ауылында осы кәсіпке маманданған
бірен-саран фермерлер бар. Олардың қатарын көбейте түсу
қажеттігі сезіледі.
Жезқазған қаласының ірі кәсіпорындары Ұлытау ауд. елді ме-
кендері мен шаруашылықтарына шефтік көмек көрсетіп, екіжақты
тиімді шарт негізінде алыс-беріс жасау жолға қойылған.
Қала тұрғындарының ортақ көкеніс өсіруі үшін 4,6 мың га. жер
бөлініп, 109 бау-бақша серіктестігі құрылған, оларда 7776 саяжай
телімдері бар. Саяжай алқаптары 1105 га. жерді алып жатыр.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мектепке дейінгі тәрбие. Жезқазған қаласы бойынша осы
күнге дейін мектепке дейінгі тәрбие беретін 22 балабақша ашылған.
Соның бүгінгі күнде 13 балабақшасы жұмыс істейді. 1952 жылы
№ 1 балабақша ашылып, бірінші меңгерушісі Демина О.В. болды.
1953 ж. № 17 балабақша ашылып, бірінші меңгерушісі Салапано-
ва Н.И. болса, 1954ж. № 16 "Қарлығаш" балабақшасы ашылып,
бірінші меңгерушісі Филиппова О.Ф. болды. 1955 ж. ашылған № 7
балабақша, бүгінгі "Айгөлек" балабақшасы деп аталынады. Алғашқы
меңгерушісі Мукусева Е.Д. 1986 ж. балабақша меңгерушісі болып
Жақсыгелдинова Ү.Қ. тағайындалып, содан бері еңбек етуде. Мек-
тепке дейінгі бұл мекеме 100 балаға есептелінген. Балалар жас ере-
кшелігіне қарай 4 топқа топтастырылған. "Айгөлек" балабақшасында
оқу-тәрбие жұмыстары сауықтыру үшін барлық қажетті жағдайлар
жасалынған. Қалада 1958-1959 жылдары № 18 балабақша жұмыс
істеді, оның бірінші меңгерушісі Голованова А.Ф. болды. Қазіргі кез-
де қалалық оқу бөліміне қарасты № 2 "Айналайын" балабақшасы
мен № 8 "Айсұлу" балабақшалары 1961 жылдан бастап жұмыс істеп
келеді. "Айналайын" балабақшасының бірінші меңгерушісі Удерба-
ева Г.Н. болса, 1994 жылдан бастап жоғары деңгейдегі тәжірибелі
педагог, ҚР білім беру ісінің үздігі Төлегенова Ж.Т. басқарып келеді.
1999-2000 оқу жылында ұжым "Қаланың ең үздік балабақшасы"
атағын жеңіп алды. № 8 "Айсұлу" балабақшасы 1986 жылға дейін
"Тополек" деп аталынды. Бірінші меңгерушісі Савиных В.И. Соңғы
20 жыл бойы балабақша меңгерушісі болып Қазанбаева Н.Т. еңбек
етеді.
№ 4 балабақша 1961 жылы ашылып, бірінші меңгерушісі болып
Молчанова Г.И. тағайындалды. 1962 жылы № 5 балабақша ашылып,
бірінші меңгерушісі Тятова П.Ф. болды. Қазіргі кездегі қаладағы №9
"Родничок" балабақшасы 1963 жылы ашылып, бірінші меңгерушісі
Эдигер Г.А. болса, қазіргі кезде Каменская А.И. басқарады. 1966
жылы № 24 "Арман" балабақшасы ашылып, күні бүгінге дейін қызмет
етіп келеді. Бірінші меңгерушісі Койчуманова Д.Г. болса, қазір Сус-
[51
Білім беру саласы
ловия Т.Н. басқарады. 1968 жылы екі бірдей балабақша: № 25 "Сал-
танат" және № 27 "Незабудка" балабақшасы ғана жұмыс істейді,
оның бірінші меңгерушісі Трубицина Т.Д. басқарады. Қалада 1970
жылы № 10 "Ұшқын" балабақшасы ашылды. Бірінші меңгерушісі
Дегтярева Г.Д. болса, қазіргі кезде Миронова Г.В. басшылық жа-
сайды. № 30 "Ертөстік" балабақшасы 1971 жылы ашылып, бірін-
ші меңгерушісі Филиппова О.Ф. тағайындалса, қазіргі кезде бұл
балабақшаны Дүйсембаева А.Д. басқарады.
1976жылы № Збалабақша ашылып,оны Инсепова К.А. басқарды.
1978 жылы № 6 балабақша ашылып, оның бірінші меңгерушісі бо-
лып Сухова Г.Б. тағайындалса, қазіргі кезде бұл балабақшаны
Гареева Г.Х. басқарады. Бұл балабақша ұжымы 1995 жылы "Күміс
қоңырау" конкурсында гран-при және бірінші орынды жеңіп алды.
2001 жылы Қарағанды облысы бойынша "Ең үздік балабақша"
атағына ие болды. 1977 жылы қалада № 1 "Көктем" балабақшасы өз
жұмысын бастап, Мигай М.А. бірінші меңгерушісі болса, қазіргі кез-
де Иванова А.Л. басқарады. 1981 жылы №5 "Тамаша" балабақшасы
ашылды. Оның бірінші меңгерушісі Рябова Л.В. болса, қазірі кезде
Омарова Ш.М. басқарады. № 35 "Гүлдер" балабақшасы 1991 жылы
ашылып, оның бірінші меңгерушісі Жаркенова К.Р. болатын. Қазіргі
кезде балабақшаны Барысова Г.К. басқарады.
Жалпы білім беру. 1955 жылдың 8 желтоқсанында ҚазССР
Министрлер Кеңесінің нұсқауының негізінде, Қарағанды обл. атқару
комитетінің, Қарағанды обл. оқу бөлімінің шешімімен 1955 жылғы 15
желтоқсанда Жезқазған қалалық халыққа білім беру бөлімі құрылды.
Жезқазған қала болып құрылғанға дейін осы елді мекендерде
халыққа білім беру орындары білім беру ісін жүргізіп келді. 1931 ж.
№ 29-шы бастауыш мектебі ашылды. 1937 ж. Кеңгір бастауыш мек-
тебі, 1938 ж. № 3 Жезқазған Руднигі орта мектебі, № 2 Жезқазған
руднигі орта мектебі, 1948 ж. № 1, 1949ж. мектеп-интернат Құры-
лысшылар поселкесінен ашылды. Сондай-ақ тәжірибе алаңынан
52 ЖЕ3ҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
бастауыш мектеп ашылып балаларды оқытты. 50-ші жылдары
Жезқазғанның өндіріс саласының дамуына байланысты мектептер
салына бастады. 1950 ж. Рудник пос. № 2 жаңа типті (400 орындық)
мектеп салынды. 1951 ж. Жезқазғанда № 8 (кейіннен № 26) мектеп
салынып іске қосылды. 1953-1956 жылдары № 4 орта мектеп, №
7 қазақ орта мектебі (Жезқазған пос), № 3 Никольский (Сәтбаев
қал.) және № 8 орта мектептері салынды. 1960-61 оқу жылында - 20
мектепте 9596 оқушы, 5 жұмысшы жастар мектебінде 1091 оқушы
білім алды.
1967 ж. 31 жалпы білім беретін мектептерден басқа Пионерлер
үйі, Жас техниктер стансасы, спорт мектебі және музыка мектептері
жұмыс істеді. 1971-73 оқу жылында көптеген 8 жылдық мектептер
орта мектепке жеткізілді, шағын бастауыш мектептер жабылды.
1974-75 оқу жылында Жезқазған қаласында 9 орта, 5 сегізжылдық,
2 мектеп-интернаты, 3 бастауыш мектеп, 3 жұмысшы жастар мек-
тебі болды. Қала мектептерінде 1971-1991 жылдар аралығында оқу
тәрбие үрдісінің дәрежесін арттыруда көптеген нәтижелі жұмыстар
атқарылды. Оқушыларға политехникалық және гуманитарлық білім
беру мен еңбек тәрбиесінің деңгейін көтеру мақсатында мектеп-
тер жаңа бағдарламалар мен оқулықтарға көшірілді. Қала мек-
тептерінде сапалы жабдықталған кабинеттік оқу жүйесіне көшу
негізінен аяқталды. Оқу-дидактикалық материалдарды дайындау
және жүйеге келтіру, кабинеттерді көрнекі құралдармен жабдықтау
жұмыстары белсенді жүргізілді. Оқушыларға базистік дүкен арқылы
оқулықтарды тегін пайдалануға көшу жүзеге асырылды. 1992 жылдан
Жезқазған қалалық халыққа білім беру бөлімі Жезқазған қалалық оқу
бөлімі болып аталады. 1991-92 оқу жылында Жезқазған қаласында
22 мектеп жұмыс істеді. Оның ішінде 10, 11, 30 Жәйрем посел-
кесінің мектептері, 2 мектеп-интернат, кешкі мектеп және 17
Северный поселкесінің негізгі орта мектептері де кіреді. 1993-94 ж.
Жәйрем поселкесінің мектептері Қаражал қалалық оқу бөліміне,
1 17 Северный мектебі Сәтбаев қалалық оқу бөлімінің қарамағына
ауыстырылды. 1996-97 ж. 2 жекеменшік мектеп - "Родник" және
Школа-лицей ашыл-
ды. 1997-98 ж. Темір-
жол жүйесіндегі 133
негізгі орта мектеп
қалалық оқу бөліміне
берілді. 1998-99 ж.
1 25 балабақшаның
базасында 10 бас-
тауыш аралас мектеп
ашылды. 1999 ж. "Ұлан"
жеке мектебі ашылып
2002 ж. гимназия болды.
2001 ж. 11 орта мек-
теп ашылды. 2000-2001
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
оқу жылынан бастап 24 мектеп, оның ішінде 5 ауыл мектебі ( 6
Теректі станциясы, 6 Талап поселкесі, 12 Қорғанбай ауылы,
15 Малшыбай ауылы, 2 Кеңгір поселкесі мектебі) 3 жекеменшік
мектеп ("Родник", "Лицей Плюс" және "Ұлан" гимназиясы). Сондай-
ақ жастарға білім беру орталығы (бұрынғы кешкі мектеп), мектептен
тыс мекемелер (оқушылар ғимараты, оқушылар стансасы, балалар-
дың өнер мектебі, байдарка мен каноэда ескек есу балалар мен
жасөспірімдердің олимпиадалық резервіндегі спорт мектебі). 1997
жылы "Үміт" балалар үйі, 1998 ж. 150 орындық интернат ашылды.
Қаладағы қазақ тілінде білім беретін мектептер л 7, 6, 8, 11, 12, 15,
қазақ-түрік лицейі, орыс тіліндегі 1А, 2.А, 26 мектептер аралас
мектептер: 1, 2, 3, 5, 6, 9, 13, 21, 22, 10, 133 мектептер. Оларда
10559 қазақ тілінде оқитын, 8076- орыс тілінде оқитын оқушылар.
Мектептердің мамандармен қамтамасыз етілуі:
САПАЛЫ ҚҰРАМЫ:
2001 ж. 1375 муғалімнің
2004ж.
Оқушылар санының өсу динамикасы:
54 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
Жезқазған қаласында жаңа типтегі 4 мектеп жұмыс істейді:
7 Қ.И. Сәтбаев атындағы лицей-мектебі, 8 қазақ гимназиясы,
26 гимназия және қазақ-түрік лицейі. 1972 жылдан 1 4 орта мек-
тебінде физиканы, № 22 орта мектебінде математиканы тереңдетіп
оқыту қолға алынды. Ал қазіргі кезде 5, 13, 7, 8 орта мектептерін-
де қазақ тілі мен әдебиеті (319 оқушы қамтылған), 5, 13, КТЛ, 26,
3, 4, 7, 8 орта мектептерінде - ағылшын тілі (911 оқушы қамтылған),
1 3, 13, 24 орта мектептерінде - неміс тілі (121 оқушы қамтылған),
1 8, 21 орта мектептерінде - тарихтан (136 оқушы қамтылған), 1 3,
8, 26 мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті (243 оқушы қамтылған),
6, 22, 21, 5, 13, 26, 1, 4, 8, 7, 3 орта мектептерінде-математика
(870 оқушы қамтылған, 1 7, 26 мектептерінде-физика (52 оқушы
қамтылған), № 8 гимназияда-география (104 оқушы қамтылған)
пәндері тереңдетіп оқытылады. Барлығы 7228 оқушы қамтылған,
оның 4326 қазақ тілінде оқитындар. 1998 жылғы Ө.А.Байқоңыров
атындағы Жезқазған университетімен келісім шарт бойынша 1 8
гимназияда 9-11 "Дарын" класы ашылды. Бұл кластарда жылына 45
оқушы оқып 100% білім сапасын көрсетіп, жоғары оқу орындарына
түсті. 2000 жылдан бастап қала мектептерінде оқытудың жаңа тех-
нологияларын оқу үрдісіне енгізу жедел түрде іске аса бастады.
Бүгінгі күнде қаланың 630 мұғалімі білім берудің жаңа технология-
ларын мектеп тәжірибесіне енгізу эксперименттерін жүргізуде:
Модульдік оқыту технологиясы - 1 6, 7, 8, 9, 11, 22 ОМ.
Деңгейлік дифференциация технологиясы - 7, 8, 8 ОМ.
Оқу және жазу арқылы сыни ойлау - 1 3, 5, 7, 8, 9, 11, 21, 22,
24 ОМ.
Дидактикалық бірлікті нығайту - 1 1, 3, 4, 113 мектептерде.
Дамыта оқыту технологиясы - 1 1, 3, 113, 26 мектептерде.
Тұлғалық-гуманды технология - 3, 4, 26, 1 ОМ.
Ұжымдық оқыту тәсілі - 1 11, 22 ОМ.
Коммуникативті оқыту технологиясы - 1 3, 9, 24 ОМ.
Халықаралық "Шаг за шагом" (Stер bу stер) бағдарламасы бел-
сенді енгізіліп, 72 мұғалім сертификат алып бағдарламаны іске асы-
ру құқығына иеленді.
55
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
1 11 орта мектебі Қарағанды облыстық білім жетілдіру институ-
тының базалық мектебі болып есептеледі. Сондай бағыт 1 5, 9, 22
мектептерде де жүргізіліп жатыр.
Қалада 5 аулалық клубтар жұмыс істейді. "Болашақ" клубы - эс-
тетика-идеологиялық бағытта (МЖК-да орналасқан).
"Отан" әскери-патриоттық клуб ( 1 3 орта мектептің базасында),
"Саяхат" аулалық клуб - эколого-туристік бағытта (оқушылар стан-
циясында) "Белая ладья" - шахматшылар клубы (спорт сарайында
орналасқан), "Бірлік" спорт клубы - (Анарқұлов көшесі 8 үйде).
Оқушылардың білімін жетілдіріп, шеберліктерін шыңдауға және
бос уақыттарын тиімді пайдалануға 142 үйірмелер жұмыс істейді.
Оларда 9915 оқушылар қамтылған.
1 7 мектеп-лицейінде 1990 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы
мұражай ашылды. Мұражайдың 4 бағытында - 990 экспонат бар.
1 3 орта мектепте "Даңқ" залы (2003 ж.) ашылды. Қала мектеп-
терінің кітапханаларында 436200 дана кітап қоры бар. Кітапханалар-
да оқулықтармен қамтамасыз ету 95%. Жаңа оқулықтармен 100%
қамтылды.
Қаланың барлық мектептері компьютермен жабдықталған. 1
компьютерге 36 оқушыдан, 90% интернетке қосылған, жобалау
қуаты - 150. Интернетке 150 оқушы қамтылған. Оның 9 (6%)- жетім
балалар, 10(7%) - ата-ананың қамқорынсыз қалғандар, 35 (23%) -
көп балалы отбасынан, 95 (63%) - күрделі отбасыларының балала-
ры.
1997 жылы "Үміт" балалар... үйі ашылды. (Сәтпаев көшесі 62 үй).
Онда 48 бала тәрбиеленді. Оның 4 (8%) - жетім балалар, 38 (79%)-
ата-ананың қамқорлығында жоқтар, 6 (12%) - тастанды балалар.
Жезқазған мектептері. 1 1 орта мектеп 1964 ж. ашылды.
Алғашқы директоры Жугин М.Г. 25 сыныпта 700 оқушы оқиды. 1965
- 2003 ж. аралығында 2346 түлек бітірді. Мектепте математика пәнін
тереңдетіп оқытатын сыныптардың жақсы тәжірибесі қалыптасқан.
Мектеп директоры Досанов А.М.
1 3 орта мектеп 1976 ж. ашылды. Бірінші директоры
Давлеткельдиева Г.А. 1964 - 2003 ж. аралығында 1528 оқушы бітірді.
Бүгінгі күні 1017 оқушы білім алады. Ұзақ жылдар бойы мектептің
мақтанышы, жас мұғалімдердің тәлімгері Қаз КССР еңбек сіңірген
мұғалімі Черкасова В.М. ұстаздық қызмет атқарды. Мектептің
қазіргі директоры Кенжебаев А.Р.
1 4 орта мектеп 1941 ж. ашылған. Мектептің алғашқы
директоры А.А. Сапақов. 1971 ж. бері мектепте физика және
математиканы тереңдетіп оқыту бағытында мұғалімдер В.М.
Черкасова, Н.Ф. Пирогова "КСРО білім беру үздігі" атанды. Бүгінгі
күнде 52 сыныпта 1460 оқушы оқиды. 1994 ж. С.В. Прохоменко
мектеп директоры.
1 5 орта мектеп 1959 ж. сегізжылдық мектеп болып ашылды.
Сол жылы А.К. Милославская директор болды. 1991 ж. аралас
мектеп болды. 1996 ж. мектепке белгілі педагог Қ. Шыңғысовтың
56 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
есімі берілді. Қазір 1250 оқушы дәріс алады, 105 мұғалім ұстаздық
қызмет атқарады. Қазіргі мектеп директоры Қ.Ә. Ниязбеков.
1 3, 6 кешкі мектеп 1960 ж. әуелде 1 6 кешкі мектеп Жезқазған
тау-кен метал. комбинатының, 1 3 кешкі мектеп "Қазмысқұрлыс"
комбинатының жұмысшыларын оқытуға ашылған. Алғашқы
директоры Сапақов А.А. 1999 ж. жастарды оқыту орталығы болып
қайта құрылды. 2002 ж. кешкі жалпы білім беретін мектеп директоры
Ж.Н. Нұрылдаев.
1 7 акад. Қ.И. Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі 1979 ж.
8 орта мектептен бөлініп жеке орта мектеп болып ашылды.
Директоры Т.Қ. Байзақова болды. 1990 ж. акад. Қ.И. Сәтбаев есімі
берілді. "Сәтбаевтану" пәні 1-11 сыныптарға енгізілді. Қ.И. Сәтбаев
мұражайы ашылды және жыл сайын "Ұрпақ үні" газеті шығарылады.
1996 ж. мектеп директоры Н.Ә. Жұмажанова. Бүгінде мектепте 1600
оқушы оқиды. 112 ұстаз еңбек етеді. 2001 ж. мектеп-лицей болып
қайта құрылды.
1 8 мектеп-гимназиясы 1955 ж. орта мектеп болып ашылған.
Директоры Қ. Құлмағанбетов болды. Ұзақ жылдар бойы
Н. Шенеуова, 1996 ж. Ж. Байнияз директор болды. 2004 ж. дейін
5000-нан астам түлек бітірді. Олардың 27-алтын, 21-күміс медалға,
30 оқушы үздік аттестатқа бітірді. Ө.А. Байқоңыров атындағы
Жезқазған университетімен бірлесіп 1998 ж. "Дарын" 9, 10, 11
сыныптарын ашқан. Гимназияда "Зерде" ғылыми қоғамы жұмыс
істейді. "Балдәурен" ән-би ансамбліне "Халықтық көркемөнерпаздар
ұжымы" атағы берілді (1993).
1 9 орта мектебі 1960 ж. (басында 1 15 бастауыш аралас
мектеп) ашылған. 1967 ж. сегізжылдық мектеп болды. 1983 ж.
9 аралас орта мектебі болып ашылды. 1967 ж. М.М. Анисимова
директор болды. 1980-2000 ж. мектепті КСРО білім беру үздігі
Асанова А.Т. басқарды. 2000 ж. Ж.С. Искакова мектеп директоры.
Мектеп каптеген жылдар бойы қазақ әдебиеті мен математика пәнін
тереңдетіп оқытады.
1 10 бастауыш мектебі 1998 ж. 91 -95 орамда ашылды. Алғашқы
директоры болып Қожырбаева Р.Ж. тағайындалды. Бес жыл ішінде
226 оқушы бастауыш мектебін бітірді. Мектептің қазіргі басшысы
З.М. Төлендин.
1 11 қазақ орта мектебі 2000 ж. ашылған. Мектеп директоры
болып К.Р. Жолдыбаева тағайындалды. Қазіргі күні 798 оқушы оқиды.
2001-2002 ж. көптеген пәндерден ұжымдап оқыту технологиясын
эксперименттік алаңға енгізді.
Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір селосы, Промышленный
бөлімшесінің 1 12 негізгі шағын кешенді мектебі 1991 ж. (орталау
мектеп болып) ашылды. Мектептің алғашқы директоры болып
М. Жармағанбетов тағайындалды. Қазір мектепте 35 бала оқиды.
Директоры С.К. Жансейтова.
1 13 қазақ-орыс орта мектебі 1961 ж. ашылған. Мектептің
бірінші директоры болып Жуган И.Г. тағайындалды. 1989-90 оқу
ЖЕЗҚАЗҒАН 57
энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
жылында қазақ-орыс мектебі. Қазіргі күнде мектепте 2000 бала
оқиды, 146 мұғалім сабақ береді. Директоры Қошан Т.А. Мектепте
химия, 1997 ж. шет тілдері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп
оқытатын сыныптар ашылған.
1 6 Теректі орта мектебі 1949 ж. (әуелде бастауыш, кейіннен
орыс мектебі) ашылды. Алғашқы директоры болып В.С. Нагибина
тағайындалды. 1954 ж. 7-жылдық қазақша-орысша аралас мектеп
болды. 1956-1971 ж. сегізжылдық қазақ мектебі, 1969 ж. 1 8
мектептің филиалы. Директоры Аппаз Қаражігітов. 2003 ж. орта
мектеп. 2004 ж. директоры Бапанова Ж.
1 15 Малшыбай орта мектебі 1962 ж. ашылды. Алғашқы
директор болып Оспанбеков Ш. тағайындалды. 1986-87 оқу жылы
мектеп мұғалімі ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Евгения Түсіпбекова
Мәскеу қ. Бүкілодақтық мұғалімдер съезіне делегат болып қатысқан.
Мектептің қазіргі директоры Б. Төрежанов.
1 21 орта мектебі 1969 ж. ашылып бірінші директоры болып
Бекишев У.Б. 1978 ж. мектеп директоры Е.Г. Нагирняк болды. 1996
ж. мектепті Сексенбаева Б.Б. басқарды. 2002 ж. Сексенбаева Б.Б.
КСРО ҒА Сібір бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Бүгінде 748 оқушы оқиды. 119 мұғалім дәріс береді.
1 22 орта мектеп 1963 ж. ашылды. 1990 ж. орта аралас мектеп.
2004 ж. 51 сыныпта 1615 оқушы оқиды. 1991 ж. ұжымдасып оқыту
технологиясының эксперименттік алаңы ашылған. 1996 ж. "Сорос-
Қазақстан"-қорының грантын жеңіп алды. 2002 ж. бастауыш
сыныптарға "Тәй-тәй" білім беру бағдарламасы енгізілді. 2003 ж.
ҚР-дағы 100 үздік мектебінің қатарына кірді. Мектеп директоры
Әбдіров К.С.
1 24 орта мектебі 1963 ж. ашылған. Алғашқы директоры болып
Т.Ж. Жақыпов тағайындалды. 40 жылдың ішінде 3,5 мың оқушы
бітірді. Бүгінгі күні 30 сыныпта 784 оқушы бар. 66 мұғалім сабақ
береді. Директоры Айешов С.Т.
1 26 гимназия. 1939 ж. сегізжылдық аралас мектеп болып
құрылған. 1971 ж. 1 26 орта мектеп. 1983 ж. математика пәнін
бір сыныпта тереңдетіп оқыту басталды. 1996 ж. гимназия. Бүгін
гимназияда 1077 оқушы оқиды. 81 мұғалім дәріс береді. Мектептің
алғашқы директоры К.К. Құлмағанбетов. 1997 ж. гимназияны Т.И.
Панкрашкина басқарады.
1 133 негізгі мектеп 1938 ж. ашылған (теміржол мектебі).
Алғашқы директоры Шаншаров Қ.Т. 1940 ж. Жезқазған станциясы
1 66 мектебі. 1959-1977 ж. 1 175 орта мектеп, 1977 ж. 1 133
станция мектебі, 1979-82 ж. 1 83 сегізжылдық мектеп, 1991 ж.
1 133 негізгі мектеп, 1997-1998 ж. 1 133 бастауыш орта мектеп,
1998 ж. 1 133 негізгі мектеп. Қазір мектепті Синельникова Н.И.
басқарады.
"Ұлан" жекеменшік гимназиясы 1999 ж. ашылды. Қазір 62 оқушы
дәріс алады.
58
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
"Ұлан" гимназиясы 2002 ж. құрылды. 11 сыныпта 59 оқушы
оқиды. 12 оқу бөлмесі, акт залы, асхана, кітапхана, дәрігерлік бөлме,
гимнастикалық залы бар. 23 мұғалім дәріс береді. Директоры
Қаппасов С.С. Орындаушы директор Бигелдинова Б.Н.
"Лицей-Плюс" жекеменшік мектебі 1998 ж. құрылды. Бүгінгі күні
9, 10, 11 сыныптарда 32 оқушы оқиды. Барлық сынып ағылшын тілін
тереңдетіп оқиды. Директоры Ибраев Р.М.
"Родник" жекеменшік мектебі 1996 ж. ашылды. Мектептің бірінші
сыныбынан ағылшын тілі мен экономика пәні жүреді. 9-шы сыныптан
бастап "Аударма ісі" бейімділікте оқытылады. Мектеп директоры
Смирнов В.А.
Қазақ-түрік лицейі 1993 ж. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев
пен Түркияның Президенті Тұрғыт Өзалдың қолдауымен ашылған.
Қазір лицейде 10 сыныпта 235 оқушы оқиды. Ұжымға тәрбиелеу
мақсатында оқушылар жатақханада жатып оқиды. Лицейдің
оқушылары республикалық, дүнижүзілік олимпиадаларында үздік
шығып, жүлделі орындар алып жүр. Лицейде оқыту: қазақ, түрік,
ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі.
Жезқазған қалалық интернаты (1998 ж.) жетім балалар,
қамқоршысы жоқ, көп балалы отбасының, жеткіліксіз қам-
тамасыз етілген және өнегесі төмен отбасыларының балаларына
арналып ашылған. Интернаттың 8 тобында 150 бала тәрбиеленеді.
Педагогикалық ұжымда 25 тәрбиеші істейді. Директоры
Сейткаримов Т.С.
Кәсіптік-техникалық білім беру. 1955 жылы қазан айында
Жезқазған 1-ші кен-байыту комбинатына қажетті жұмысшы маман-
дар дайындау үшін 1 13 техникалық училище ашылған. Бұл учи-
лищеде дәнекерлеушілер, құюшылар мамандарын дайындап жыл
сайын базалық өндіріске 100-110 түлектерін жіберіп отырған. 1965
жылы 600-орындық жаңа ғимарат салынған. Училищеге осы жаңа
орында 11 (ҚКТУ) қалалық кәсіптік-техникалық училище деген атау
берілді. Кәсіби білім беру жаңа мамандықтармен (электрослесарь,
кран машинисі, ағаш шебері, слесарь-сантехник) толықтырылған.
Оқу-өндірістік жетістіктері және жұмысшы кадрларды сапалы
дайындағаны үшін училище 1976 ж. Бүкілодақтық орталық комсомол
комитетінің туымен марапатталды. 1981 ж. КСРО түсті металлургия
кәсіптік техникалық оқу орындарының арасында алдыңғы училище
болып танылды.
1982 ж. училищенің "Степные зори" ән-би ансамбліне "Халық"
атағы берілді. Ансамбльдің қатысушыларының бірі қазір қаламыздағы
әйгілі "Шашу" ансамблінің жетекшісі Тәуіржан Рахат болған еді.
1982-84-86-88 жылдары училищенің жас ұландары Қазақстан
Республикалық. "Орленок" әскери ойынында 1 орынға ие болды.
1995 жылы кәсіптік-техникалық мектеп, 2000 ж. кәсіптік мектеп
болып аталды.
Қазіргі кезде жұмысшы кадрларын дайындау үшін 1 9 кәсіптік
мектеп: бір оқу кешені, токарьлар, слесарьлар, дәнекерлеу шебер-
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық 59
анықтама
Білім беру саласы
ханалары, металл бұйымдарының цехы, асхана, жатақхана, ағаш
ұсталарының шеберханасы, "В", "С" категориялы жүргізушілер
дайындайтын оқу орны, лабораториялары және дайындық (трена-
жер) бөлмелері бар.
Арнайы және жалпы білім беретін пәндері сапалы оқытылу
мақсатында 9 арнайы кабинет, 3 компьютерлі және лингофон каби-
неттері жоғары деңгейде жабдықталған.
1 6 кәсіптік мектеп 1955 жылы Жезқазғанның құрылысшылар
поселкесінде ашылды. Алғашқы дайындалған мамандықтар:
сылақшы-бояушы, ағаш шебері, тас қалаушы. 1964 жылы бұл оқу
орны 1 36 қалалық кәсіптік-техникалық училищеге айналды. 1972
жылдан бастап, бұл оқу орны орта кәсіптік-техникалық білім беру
училищесі 1997 ж. бастап 1 6 кәсіптік мектеп болды. Осы оқу ор-
нына көп еңбегі сіңгендер: Каженов С.К., Бабенов А.Б., Киндлер А.Э.,
Козлов И., Тұрлыбаев Т., Новак В.В. Осы оқу орны құрылғаннан бері
11 мың білікті жұмысшылар дайындалды.
Орта арнаулы білім беру. 1953 ж. болашақ Жезқазған қаласы
құрылысына қажетті орта арнаулы білімді мамандар даярлау үшін
Жезқазған кешкі құрылыс техникумы ашылды. 1961 ж. Жезқазған
медициналық училищесі құрылды. Училищенің ашылуына ерекше
үлес қосқан Жезқазған денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі
м.ғ.к. ҚазКСР-не еңбек сіңірген дәрігері Бродов Л.Е. болды. Учи-
лище фельдшер мен медбибілер дайындады. Алғашқы директоры
болып Мұқанов Ө.М. тағайындалды.
1964 ж. Рудник поселкесіндегі Жезқазған құрылыс техникумы-
ңьің кешкі филиалын Рудник тау-кен техникумына айналдырды. Ал
1972 ж. ҚазКСР Министрлер кеңесінің шешімімен Рудник тау-кен
техникумы Жезқазған тау-кен техникумы болып қайта құрылды.
Техникумның күндізгі және кешкі бөлімдерінде "Маркшейдерлік іс",
"Кендік және кендік емес орындардың жерасты жұмыстары", "Тау-
кендік электромеханика" және "Пайдалы қазбаларды барлау техни-
касы" мамандықтары бойынша техниктер дайындады.
1997 ж. Жезқазған аграрлы-техникалық колледжі болып
қайта құрылды. Колледжде құрылыс, экономикалық және тау-кен
бөлімдері бойынша орта арнаулы білімді мамандар дайындайды.
1966 ж. Жезқазған педагогикалық училищесі ашылды. Училищенің
алғашқы директоры болып Сапақов А.Ә. тағайындалды. 2000 ж.
Жезқазған гуманитарлық колледжі болып қайта құрылды. Кол-
леджде күндізгі және сырттайғы бөлімдерінде "Бастауыш сынып-
та оқыту" және "Шет тілі" мамандықтары бойынша орта арнаулы
білім береді. Колледж 1966-2004 ж.ж. аралығында 7000-ға жуық
мамандар даярлап шықты.
1980ж. Жезқазған музыкалық училищесі ашылды.
1999ж. Талдықорған заң колледжінің Жезқазғандағы филиа-
лы ашылды. Колледж орта буын заңгер мамандарын дайындайды.
2004ж. Жезқазған заң колледжі болып қайта құрылды. Бүгінде
мыңға жуық студент білім алуда. Колледждің директоры Аптынбеков Б.
60 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі. ҚР Білім
және ғылым министрлігінің бұйрығымен 2003 ж. Ө.А. Байқоңыров
атындағы Жезқазған университеті жанынан Жезқазған индустриалды-
гуманитарлық колледжі құрылды. Колледжде орта арнаулы білімді
"Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит", "Қаржылар", "Есептеу
техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық
қамтамасыз ету", "Электрмен қамтамасыздандыру", "Стандарттау,
сертификаттау және өнімнің сапасын бағалау',"Шет тілі" мамандарын
дайындайды. Күндізгі бөлімде 622 оқушы оқиды, 65 оқытушы дәріс
береді. Олардың ішінде 1 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты бар.
Колледждің директоры т.ғ.к., доцент Тілеужанова М.К.
Жоғары білім беру. 1961ж. Жезқазған аймағын инженер кад-
рлармен қамтамасыз ету қажеттілігінен Қарағанды политехникалық
институтының жалпытехникалық факультетінің кешкі оқу бөлімі
ашылды. Оның құрылуының басында мынадай ғалым-бастаушылар
болды: Сағынов А.С. - ҚРҰҒА академигі.т.ғ.д., профессор, ҚарПТИ-
дің ректоры; Данияров А.Н. - т.ғ.д., профессор, ҚарПТИ-дің кешкі
және сырттай оқыту бөлімдері жөніндегі проректоры.
Кешкі оқу нысаны бойынша мамандар даярлау 1994 ж. дейін
жүргізілді. 1995 ж. ол Жезқазған тау-кен технологиялық институты-
ның сырттай оқыту бөлімі болып қайта құрылды. 1973 ж. ҚарПТИ-
дің жалпы техникалық факультетінің жанынан күндізгі бөлімі ашыл-
ды. 1977 ж. күндізгі және кешкі оқу нысандары бар институттың
филиалы құрылды. ҚР Министрлер кабинетінің 21.01.1992 ж. 1 42
қаулысымен Қарағанды политехникалық институтының филиалы
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған тау-кен технологиялық инс-
титуты болып қайта құрылды. Осы оқу орындарының әр жылдардағы
басшылары болып мына адамдар қызмет жасады: Колобочкин М.С.,
Сафарғалиев Г.С., Урумов С.Т., Түсіпбеков М.Д., Смағұлов З.М.,
Шманов М.Н., Тоқтамысов М.Т., Жайсаңбаев Н.Ә., Жәкенов Ғ.Қ.
Жаңадан құрылған Жезқазған облысының мектептеріне жоғары
білімді Мұғалімдер дайындау мақсатында 1975 ж. КСРО Минис-
трлер Кеңесінің шешімімен Жезқазған педагогикалық институты
құрылды. Институттың алғашқы ректоры болып И.И. Белогривов
тағайындалды. Институттың бірінші курсына 375 студент қабылданды,
оның 164 облыс совхоздарынан. Алғашкы оқу жылында филология
(деканы ф.ғ.к., доцент Г.Қ. Жүнісова) және физика-математика (де-
каны ф.м.ғ.к., доцент Ұ.М. Мыңбаев) факультеттері құрылды.
1976-1977 оқу жылында жаратылыстану және география (деканы
б.ғ.к., доцентСҚ. Нұрсейтов), 1978-1979 оқу жылында көркемсурет
және графика (деканы Б. Ж. Шаханов) факультеттері құрылды.
Институттың алғашқы оқытушылары - Қарағанды, Алматы,
Москва, Ленинград жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар.
1978-80 ж.ж. институтты алғашқы ғылым докторы Т.Ю. Тастанов
басқарды. 1980-1995 ж. институттың ректоры М.С Бектуров болды.
1995 ж. институт ректоры болып О.Т. Әбдірахимов тағайындалды.
1996 ж. 7 мамырда Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған тау-
61
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Білім беру саласы
кен технологиялық институты мен Жезқазған педагогикалық ин-
ституты біріктіріліп Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған уни-
верситеті болып құрылды. Универтитеттің ректоры болып т.ғ.д.
О.Т. Әбдірахимов тағайындалды. 2000 жылдан бері университеттің
ректоры - пед.ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық
жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі Жұмағали
Жөкейұлы Наурызбай. Университеттің құрамында 4 инст-т (Эконо-
мика және құқық, тау-кен инженерлік, Филология және өнер, Жа-
ратылыстану инст-тары) бар. Университетте 65 мамандық бойынша
жоғары білімді мамандар дайындайды. Университетте 369 білікті
маман дәріс береді. Олардың 10-ы ғылым докторы, 5-і академик,
17-і салалық академияның мүше-корреспонденті, 20-ы профессор,
93-і ғылым кандидаты. Күндізгі бөлімде 2246, сырттай бөлімде 2057
студент білім алуда. 2003 жылы университеттің жанынан индустри-
алды-гуманитарлық колледж ашылды.
1998 ж. Қазақстан-Ресей гуманитарлық университетінің филиалы
ашылды. Университет филиалында "Юриспруденция", "Экономика"
мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерінде маман
дайындайды. 1999 ж. Алматы бағалау институтының Жезқазғандағы
филиалы ашылды. "Бағалау" (құрылымдар мен қолдану бағыттары
бойынша қазақ және орыс бөлімінде) маманын дайындайды. 1999ж.
Орталық Азия университетінің Жезқазғандағы филиалы ашылды.
"Юриспруденция", "Экономика", "Педагогика және психология" ма-
мандарын дайындайды.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС.
Ө.А. Байқоңыров ат. Жезқазған университеті 1997 ж. бастап
шетел жоғары оқу орындарымен бағдарламалар алмасуы жүзеге
асыруда. Содан бері университет АССЕLS (білім беру және тілдерді
зерттеу салалары бойынша Американдық кеңес), ІІ5І5 (білім беру са-
ласы бойынша Британдық кеңес), ІАЕSNЕ (техникалық мамандықтар
бойынша студенттердің сынақтамадан өтуін алмасу жөніндегі
Халықаралық ассоциация), DААD (немістің академиялық алмасу
қызметі) сияқты студенттер мен оқытушылар алмасу жөніндегі ең ірі
орталықтармен ынтымақтаса жұмыс істеп келеді. Білім беру сала-
сында Британдық кеңеспен байланыс жолға қойылып, Ұлыбритания
магистратураларында оқытудың бағдарламасы алынды. ЖезУ "Кі-
тапхана - әркім үшін: мыңжылдық жобасына" қосылды. Британдық
кеңес жобасына қатысқаны үшін университет кітапханасына ағылшын
тілінде 300 кітап көлемінде әдебиеттер әкелінді. Студенттер мен
оқытушылар оларды еркін оқи алады. Сорос-Қазақстан қорымен
ынтымақтастырудың нәтижесінде ЖезУ кітапханасы гуманитарлық,
экономикалық, саяси ғылым салаларының жаңа әдебиеттерімен
тұрақты толығуда. Оқытушылардың мақалалары халықаралық ба-
62 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Халықаралық байланыс
сылымдарда тұрақты жарияланып жүр. Жыл сайын университетте
алемнің үздік университеттерінің магистратураларында оқу үшін
Президенттік "Болашақ" стипендиясын алуға байланысты ЖОО-да
іріктеу туры өткізілді. Университеттің 4 студенті аталған стипендия
иегерлері. Студенттер ерекше белсенділікпен қатысқан халықаралық
конкурстар саны өте көп. Мысалы, 2001 ж. ЮНЕСКО орталығы
ұйымдастырған визуалдық өнер көрме-конкурсында филолсгия
және өнер студенттері жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Жезқазған
университетінің халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастығы
Ресей жоғары оқу орындары - мемлекеттік автомобиль-жол уни-
верситетімен және Түркияның Мерси қаласындағы университетімен
жасалған ынтымақтастық туралы келісімінде кеңінен көрініс тапқан.
Университет базасында Алматы қаласындағы Инженерлік акаде-
мияның филиалы ашылды. ЖезУ-дің студенттік стажировка алмасу
жөніндегі ассоциациясының ұлттық комитетімен ынтымақтастық ту-
ралы келісімшарты негізінде студенттер мен оқытушылар жыл сай-
ын әр түрлі мамандықтар бойынша алыс шет ел кәсіпорындар мен
жоғары оқу орындарына стажировкаға барып тұрады. Университет-
тің 20-дан астам студенттері мен оқытушылары бағдарлама жүйесі
бойынша Австрия, Германия, Греция, Швеция, Сирия, Югославия,
Швейцария, Ұлыбритания, Түркия сияқты елдерде стажировкада
болды. Аталған стажировкалар университет кафедралары мен фа-
культеттерінің алыс шет ел жоғары оқу орындарымен байланысын
нығайтуға көмектеседі. Университетте Германиядан, Жапониядан,
АҚШ-тан, Венгриядан қонақтар болды. ЖезУ оқытушылары Гете
институты және DААD семинарлары мен курстарына барып, білім
алмасу жөніндегі "Физбрайт" Болгар - Американдық халықаралық
жазғы институты комиссиясының жұмысына қатысты. Экономика
және құқық институтының оқытушылары жыл сайын ЕDNЕТ білім
беру жүйесі академиясының "Күзгі", "Жазғы", "Қысқы" курстарынан
өтеді, сондай-ақ, жас оқытушылар Сорос-Қазақстан қорының жүйесі
бойынша гуманитарлық және экономикалық мамандықтар жөніндегі
семинарларға, "дөңгелек столдарға", пікір-сайыстарға тұрақты
қатысып тұрады. "Қазақмыс" корпорациясының демеушілік көмегі
арқасында әртүрлі факультеттің 8 студенті Ұлыбританияда болып,
атақты "Маnаgеmепt: & Language Speсіаlіsts" колледжінде тілдерді
оқып үйрену курстарына қатысты. 1998 ж. "Жоғары білімі қорғау"
бағдарламасына қатысқаны үшін университет грант жеңіп алды.
SАВІТ бағдарламасы бойынша ЖезУ-дің бірінші проректорына АҚШ
өнеркәсіп орындарына 5-күндік бағдарлама бойынша қатысу гранты
берілді. Жезқазған университетінде "ағылшын тілі", "информати-
ка", "аударма ісі", "тарих", "география-биология" мамандықтары
бойынша 20 студент алыс шет елдерден келіп білім алды. 2000
жылдан бастап ЖезУ-де Қазақстан Республикасының азаматтығы
жоқ адамдар даярлық бөлімінде білім алады. АҚШ Бейбітшілік кор-
пусының өкілдері Ө.А.Байқоңыров ат. ЖезУ-інде сондай-ақ, қаланың
гуманитарлық, медициналық колледждерінде білім беру салаларын-
да еңбек етіп жүр. Қаланың медицина саласында да халықаралық
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Ғылым және ғылыми мекемелер
ынтымақтастықтың орнығуы үлкен роль атқарады. Жезқазған
медициналық колледжі Каунтерпарт Консорциумы, корпусымен,
ЮСАИД денсаулық - плюс, басқа да осы сияқты халықаралық
ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕР
1771 жылы П.С.Паллас пен Н.П.Рычков Жезқазған-Ұлытау өңірін-
де жер-су атаулары мен тарихи ескерткіштерді зерттеп, 1772 жылы
Петербор қаласының Ғылым Академиясында "Жезқазған-Ұлытау
өңірі" туралы ғылыми еңбектері жарық көрді. Осы еңбегінде көне за-
манда мысты өңдегені және мыс қорының байлығы туралы айта ке-
теді. Жезқазған өңірінің мыс кенін "Кіші Жібек" жолы арқылы әлемге
шығарып отырса керек. Осы өңірдің топографиясы мен геодезиясын
зерттеген XIX ғ. Омбы қаласының әскери-топография депо бастығы
Ю.А. Шмидтің еңбегі маңызды. 1904 жылы орыс саудагері Н.А. Уша-
ковтың мұрагерлері ағылшын концессонерлері компаниясына "Атба-
сар мыс кені қоғамы" мыс өңірінің жерін сатады. Бұл қоғам 1904
жылдан 1915 жылға дейін геологиялық барлау жасап, мыс кенінің
үлкен қорын қызыға зерттеді. 1910ж. С.Х. Болл Жезқазған кен оры-
ны геологиясын жан-жақты қарастыра келіп алғашқы геологиялық
карта жасаған, сонымен бірге геологиялық барлау жұмыстарының
бағдарламасы мен жүргізу әдістерін дайындаған. Революцияға
дейінгі кезеңде кен орнының геологиялық құрылымын зерттеумен
геологтар П. Гарвеп, А.А. Козырев, М.М. Пригоровский, А.И. Тим-
ме, А.А. Краснопольский айналысып ғылыми еңбектер жазған. 1925
жылдан Н.С. Яговкиннің басшылығымен Жезқазған кен орындары-
ның ауқымды геологиялық зерттеулер жұмысы жүргізілді. 1929 жыл-
дан 1941 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарын Қ.И. Сәтбаев
басқарды.
1935 ж. КСРО-ның Ғылым Академиясының Қазақстандық
базасының ғылыми сессиясында Жөзқазған-Ұлытау өңірінің табиғи
ресурстарын зерттеу және игеру мәселелері жөнінде "Үлкен
Жезқазған" ғылыми жинағы жарыққа шықты. 20-ғасырда қазақ
халқының тұңғыш академигі Қ.И.Сәтбаев Жезқазған-Ұлытау
өңірін геология саласы бойынша мыс кенін зерттеп "Жезқазған
Қазақстанның інжу-маржаны" - деп атаған. Қ.И.Сәтбаевтың за-
мандасы академик Ә.Х.Марғұланның Жезқазған-Ұлытау өңірінің
археологиялық, этнографиялық зерттеулері қазақ халқы үшін аса
маңызды.
1941 жылдан 1981 жылға дейін Жезқазған өңірі кен
байлығының геологиялық барлау жұмысын Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті
В.И.Штифанов басқарды. Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті академик
Ө.А.Байқоңыровтың Жезқазған өңірінің тау-кен саласы бойынша
еңбегі зор. 1947 жылдан бастап мыс комбинатында Жезқазған жо-
балау тобы Мәскеу "Гипроцветмет" филиалы болып құрылды. 1954
64 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама.
Ғылым және ғылыми мекемелер
жылы Мәскеу қаласының "Гипроцветметінің" Жезқазғандағы фили-
алының ғылыми орталығы ашылды. 1950-1960 ж. Қ.И. Сәтбаевтың
ұсынысы бойынша Жезқазған аймағындағы кен орындарының
геохимизациялығы мен заттың құрамын зерттеу және құрылымды-
тектоникалық факторлардың рөлін айқындау мақсатында ауқымды
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1957 жылы ҚазКСР Минис-
трлігі Кеңесінің жанынан Мемлекеттік Ғылыми-техникалық комитет
құрылуына байланысты Жезқазған жобалау тобы Қазгипроцвемет
Мемлекеттік Ғылыми-техникалық комитетінің басқармасына беріл-
ді. 1958 жылы Жезқазған қаласының филиалы Мемлекеттік жоба-
лау институты болып құрылды. 1959 жылы Жезқазған кен ком-
бинаты жанынан ғылыми жобалау экспериментальді лаборатория
ашылып, оған белгілі конструктор Б.Башилов басшылық жасады.
1959 жылы ҚазКСР жобалау мекемелерінің дамуы және жобалау
жұмыстарының кеңейуі, көркеюі мақсатында Жезқазған институты
Қарағанды халық шаруашылығы Кеңесі түсті металл басқармасына
берілді. Институтта қосымша зерттеу және автоматика бөлімдері
ашылды.
1963 жылы Жезқазған кен-байыту комбинатында профес-
сор Мостовичтің әдісімен жасалған кен қорытудың тотықтандыру
әдісін пайдаланды. Фабриканың технологтары А.Т. Мирошник пен
Л.А. Ларинов флотация машинасына жаңа реагент ретінде машина
майын қолдануды ұсынып, өндіріске енгізді.
1963 жылы Жезқазған жобалау институтының экспедиция бөлімі,
мемлекеттік құрлыс бөлімі және техникалық саласы толығымен Ал-
маты инженерлік зерделеу институтына қарасты болды.
1961 жылы техникалық мамандардың сұранысына байланысты
Жезқазған қаласында Қарағанды политехникалық институтының
кешкі бөлімі ашылып, алғашқы деканы М.Е. Колобчкин болды.
1964 жылы жобалау институтының зерделеу бөлімінде 152 ма-
ман, 55 инженер, 47 техника маманы еңбек етіп, 39 ғылыми жұмыс
орындалды. Оның ішінде Жезқазған қаласы әуежайының жобасы,
Ақшатау тау-кен байыту комбинатының, Қарағанды пол.итехникалық
институтының, Жезқазған химиялық су тазарту орталығының жоба-
ларымен жұмыс істеді.
1975 жылы К.М. Мыңбаев ат. Бетпақдала тәжірибе станциясының
негізінде Кеңгір совхозында Жезқазған облыстық ауылшаруашылық
станциясы құрылды.
КСРО Министрлер Кеңесінің "ҚазССР-де мал шаруашылығын
одан әрі дамыту шаралары" қаулысының негізінде 1947 ж. 27 мау-
сымда Бетпақдала кешенді мал шаруашылығы бағытындағы тәжірибе
станциясы құрылып, Шет ауданының Қызылтау селосында орна-
ластырылды. Тәжірибе станциясы Бүкілодақтық ауылшаруашылық
Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиалына және ҚазССР
ауыл шаруашылығы Министрлігіне бағындырылды.
Жезқазған облыстық тәжірибе станциясы жұмысының не-
гізгі бағыты: қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, мал
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Ғылым және ғылыми мекемелер
шаруашылығы, жем-шөп өндіру, селекциялық жұмыс, дәнді-дақыл
шаруашылығы және жердің технологиялық картасын жасау. Станци-
яның алғашқы директоры ауыл шаруаш. ғылым. кандидаты X. Сал-
кимбеков болды. 1995-1997 жылдары ауыл шаруаш. ғылым. кандид.
К.А. Сарханов, Н. Жакупов директор болды, ауыл шаруаш. ғылым.
кандид. О.Ш. Абилдинов директордың ғылым жөніндегі орынбасары
қызметін атқарды. Қазақтың етті-майлы, жартылай қылшықты қой
тұқымын дамыту, селекциялық-генетикалық негізде етті еділбай
қойларын өсіру, жабы тектес етті-сүтті мұғаджар жылқысының жаңа
тұқымын Орталық Қазақстанда өсіру, Орталық Қазақстанның суар-
малы буырыл топырағында ауыл шаруашылығы мәдени өсімдіктерін
өңдеу технологиясы бағыттарындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстар
жүргізді. 1997 жылы Жезқазған облысының жабылуына байланысты
ауылшаруашылық тәжірибе станциясы өз жұмысын тоқтатты.
ДЕНСАУЛЫҚ САКТАУ ІСІ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК КОРҒАУ
Жезқазған өндірісті аймағында XIX ғасырдың аяғына дейін
бірде-бір медициналық мекеме немесе маман дәрігер болған жоқ.
1913 ж. Байқоңырда 10 төсектен тұратын шағын емхана ашылды.
Өңірге ағылшындардың келуі медициналық көмрк беруге азды-көпті
өзгерістер енгізді. Олар Қарсақбайда 8 төсектік стационар ашты.
Мұндай емдеу мекемелері (1917 ж. дейін) Жезқазған мен Байқоңыр
кен орындарында да ашыла бастады. 1925 жылға дейін Кеңгір
ауылында (кейіннен Үлкен Жезқазған) 10 төсектік фельдшерлік
бөлімше жұмыс істеген.
Қарсақбай мен Жезқазған кенішінде ең алғашқы аурухана
өңірдің кен байлығын зерттеуші геолог, ғалым Қ.И. Сәтбаевтың
ықпалымен 1926 ж. ашылды.
Соғыс жылдарында және одан кейін (1954 ж. дейін) Жезқазған
жерінде саяси айыппен сотталғандардың лагерлері болғаны белгілі.
Тұтқындардың арасында білікті дәрігерлер де болды, олардың біразы
бостандыққа шыққаннан кейін де мысты өлкеде қалып, денсаулық
саласын дамытуға үлестерін қосты. Жергілікті жас мамандар
В.В. Подзолов, А. Пецольд, А.Ю. Мильвидас, А.А. Куприянова
сияқты тағдыр тауқыметімен қалып қойған жандардан тәжірибе
алып үйренді.
Жезқазғанның қала мәртебесін алғаннан кейінгі (1954) денсаулық
сақтау саласының дамуына 1950 ж. Қарағанды мед.институтының
ашылуы маңызды ықпал жасады. Оның тұңғыш түлектері 1955 ж.
бастап осы өңірге де көптеп келе бастады. 1955ж. наурыз айында
қалалық атқару комитетінің шешімімен Жезқазған қалалық
денсаулық сақтау бөлімі құрылды. 150 төсектік 11 аурухана
ашылды. 1956 ж. Никольский кентінде бұрынғы өкпе ауруларын
емдейтін екі шағын аурухана негізінде туберкулезге қарсы диспансер
66 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Денсаулық сақтау ісі және әлеуметтік қорғау
ашылып, бас дәрігері И.А. Малиновский болды. Қазір жаңадан
салынып жетілдірілген бұл диспансерде 200 төсеккке арналған 5
бөлімше және 2 амбулатория жұмыс істейді. Ол Жезқазған, Сәтбаев
қалапары мен Ұлытау ауд. тұрғындарына мед.қызмет көрсетеді.
Жезқазған қапаткомының жаңа аурухана ашу туралы шешімі
бойынша (1956) мед. мекемелер қатарын 70 төсектік балалар бөлімі,
80 төсектік терапия, 70 төсектік жұқпалы аурулар бөлімі, 30 төсектік
тері аурулары диспансері, 40 төсектік хирургия және гинекология
бөлімдері толықтырды. 1959 ж. көз ауруларын емдейтін бөліммен
бірге тыныс-есту жолдарын емдейтін бөлім ашылып, өңірде
алғашқы рет көзге операция жасау істері жүзеге асты. 1 1 аурухана
құрылымынан 1960 ж. травматология, 1963 ж. әйелдер босанатын
бөлім бөлініп шықты. 1960ж. қыркүйек айында қалапық жедел
жәрдем станциясы ашылды.
Жезқазғанның обл. орталығына айналуы (1973) денсаулық
сақтау мекемелерінің одан әрі дами түсуіне кең жол ашты.
Бұрыннан бар 1 1 қалалық аурухана Қарағанды және Жезқазған
облыстарындағы ең ірі және жақсы емдеу мекемесі болды. Оның
базасында лазерлік қондырғылармен жабдықталған кабинеттер,
баротерапия, эндоскопиялық зерттеу және параклиникалық
әдістерді жүргізетін мамандандырылған 7 бөлім, қалалық емхана
құрамында 4 емхана, 14 денсаулық пункттері және 1 ФАП жұмыс
істеді. 1990 ж.-ға қарай 118 дәрігер 17 сала бойынша медициналық
көмек көрсетіп, төсек саны 380-ге жетті. Бұрынғы 1 3 қалалық
аурухана 1973 ж. 14 наурызда 200 төсектік обл.ауруханаға айналды.
1989 ж. басында қазіргі заманғы мед. құрал-жабдықтармен
жарақтандырылған көп салалы аурухананың ашылуы да жас обл.
өміріндегі елеулі оқиға болған еді. ҚР Президентінің "Маскүнемдікке,
нашақорлыққа және токсикомандыққа салынғандарды мәжбүрлеп
емдеу туралы" Жарлығына сәйкес 1995 ж. 150 төсектік арнайы
емдеу-профилактикалық мекемесі өз жұмысын бастады.
Бүгінгі таңда көптеген реформаларды бастан өткерген
денсаулық сақтау ісі қазіргі заман арнасына түсті. Мысты өңірдің
ежелгі емдеу мекемесі болған 11 аурухана (ақпан, 1977) жабылды,
бұрынғы 1 2 аурухана балалардың жұқпалы ауруларын емдейтін
аймақтық ауруханаға айналды. Балалар емханасы мен әйелдер
кеңесі де жабылып, олардың функциялары гинекологиялық және егу
кабинеттері ретінде отбасылық дәрігерлік амбулаторияларға берілді.
ОДА-лар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (24.01.1995) 1 34
"0тбасылықдәрігерлертәжірибесіндамытутуралы"бұйрығынегізінде
1995-1996 ж.ж. құрыла бастады. Бүгінде қалада жекешелендірілген
9 ОДА жұмыс істейді. ҚР алғашқы рет 1997 ж., одан кейін 1999ж.
желтоқсанда дәрігерлерді өз еркімен таңдау науқаны жүргізілді.
Қала тұрғындарының 79% осы науқан кезінде тіркелу орындары-
на келіп өз ОДА-ларын таңдады. ОДА-лар өздерінің қауымдастығы
арқылы бірігіп отыр. Олар дәрігерлік қызмет көрсетуде басқа мед.
құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен және тұрғындармен тығыз
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Дөнсаулық сақтау ісі және әлөуметтік қорғау
қарым-қатынаста болып, мемлекеттік органдамен, халықаралық
ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. ОДА қауымдастығы отбасылық
дәрігерлік еңбегін ұйымдастыруда жаңа технологияларды жүзеге
асырды. Соған орай қазір отбасылық дәрігер сырқатпен кабинетте
медбибісіз, оңаша сөйлеседі, дәрігерге дейінгі қабылдайтын
кабинетте медбибі өз алдына жеке қабылдау жүргізіп, сырқат
адамға байланысты зерттеулер жасап, кітапша ашады. ОДА-ның
күту аймағы, сырқаттардың еркін жүру және емделу аймақтары бар.
Еңбектен қол үзбей, жұмыс арасында емделудің мүмкіндіктері де
қарастырылған, ем кабинеттері сенбі, жексенбі күндері де жұмыс
істейді.
Қалада денсаулық сақтау саласының екі жүйесі бар:
ведомостволық - "Қазақмыс" корпорациясының мед.орталығы, онда
негізінен корпорация еңбеккерлері емделеді, басқа сала адамдары
ақылы бөлімшеде жатып ем ала алады; екіншісі - мемлекеттік жүйе
мекемелері, оның ең ірісі аймақтық көп салалы аурухана мен оның
емханасы.
Жалпы Жезқазған аймағының халқына дәрігерлік көмек
көрсететін (Сәтбаевты қосқанда) 8 ауруханалық мекеме (1470 төсек),
2 СЭС, 2 жедел жәрдем станциясы, 5 емдеу-профилактикалық
мекемесі, 16 ОДА және 2 ведмостволық емхана мекемелері бар.
Денсаулық сақтау бағдарламасына сәйкес ауруханаларда төсектік
орынмен қамтамасыз ету 103,2-ден 89,7-ге, дәрігерлер саны 69-ға,
мед.қызметкерлер қатары 286-ға қысқарған.
ҚР Үкіметінің салауатты өмір салтын қалыптастырудың
ұлттық орталығын құру туралы (1997) қаулысына орай 1998 ж.
мамыр айында Жезқазған қаласы әкімінің шешімімен бұрынғы
Денсаулық орталығы негізінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру
орталығы ашылды. 1989 ж. тамызында СПИД-ке қарсы күрес
обл.профилактикалық орталығы құрылып, содан бері ВИЧ
инфекциясына диагноз қою жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазір
қалалық СПИД орталығында бас дәрігер Қ.М. Әлібеков бастаған
25 адам жұмыс істейді, профилактика, емдеу - көмек бөлімдері
және "Санофи - Диагностикс - Пастер" құралымен жабдықталған
диагностикалық зертханасы бар.
Қалада "Дезинфекция", "Жезқазған - Фармация", "Медтехника",
АҚ жұмыс істейді. Денсаулық саласында мемлекеттікпен қатар
конкурстық негізде дамыған жекеменшік мед.мекемелер қатары
қалыптасып келеді. "Хакім" емханасы 1995ж. құрылған, С. Қо-
жасовтың хирургиялық кабинеті, 3. Жанысбаевтың травматоло-
гиялық пункті, 3. Әбенованың офтальмологиялық кабинеті жұртшы-
лыққа танымал бола бастады.
Қаладағы заманның өскелең талабына сай емдеу мекемелерінің
бірі әрі бірегейі - "Қазақмыс" корпорациясының медициналық
орталығы. Аурухана кешені 300 орындық жатып емделетін
бөлімшеден және күніне 300 адам қабылдай алатын емханадан
тұрады. Сонымен қатар сервистік қызмет нысандары - қонақ үй,
қызметкерлерге арналған қолайлы тұрғын үйлер іске қосылған.
Мед.орталық өз жұмысын 2000 ж. наурызда емхана мен 25
68 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Денсаулық сақтау ісі және әлеуметтік қорғау
орындық жатып емделу бөлімшесінен бастаған болатын. Бүгінгі
таңда мұнда жандандыру және үдемелі терапия, жүйке, жүрек,
бүйрек, көз, гинекология, хирургия және балалар бөлімшелері бар,
төрт операция модулі ашылған. Функциональды диагностика бөлімі
ең соңғы үлгідегі компьютерлік аппаратурамен, оның ішінде барлық
ішкі ағзалардың құрылымы мен қызметін айқындауға мүмкіндік
беретін ультрадыбыстық Асиsоп "Sеguіа - 512" қондырғысымен,
миокард - жүрек талмасының дамуын және оған жасалған емнің
әсерін анықтап беретін цифрлы электрокардиограф пен өкпе
қызметі бұзылуының алғашқы сатысын анықтайтын компьютерлік
спирографиямен жабдықталған. Оның басқа да жетістікті салалары
көп.
Жезқазған қаласында 2004 ж. дерек бойынша денсаулық жүйесі
7 аурухана, 4 емдеу - профилактикалық мекемелерінен, 1 жедел
мед.жәрдем станциясынан, 1 СЭС, 9 ОДА және 12 жекеменшік
мед.құрылымдардан тұрады. 373 дәрігер, 785 орта мед.қызметкерлері
адам денсаулығын қорғау жолында еңбек етуде.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ. Қала бойынша тұрмыс жағдайы
нашар, аз қамтамасыз етілген жандарға мемлекет тарапынан
қарастырылған көмек пен қайырымдылық шараларын тұрғындарға
әлеуметтік көрсету бөлімі жүргізсе, ал нарық заманында жұмыссыз
қалғандардың проблемасымен еңбекпен қамту үлгі орталығы
айналысады. Мәселен, 2004 ж. 5 айының қорытындысы бойынша
381 отбасы (1452 адам) кедейлік шегінде өмір сүруде деп танылған.
Соған орай 1452 азаматқа мемлекеттік емес көздерден 5387,4 мың
теңге материалдық көмек көрсетілген. Аз қамтамасыз етілген әр
жан басына 3820 теңге көмек берілген. Тұрғын үй жәрдемақысы
134 отбасына 861,4 мың теңге көлемінде көрсетілген. Үйінде
оқитын 69 мүгедек балаға 567,7 мың теңге жәрдемақы, 1177 аз
қамтамасыз етілгендерге 7348,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек
көрсетілген.
2000ж. мед.әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылып, оған белгілі
бір тұрағы жоқ, көшеде қалған қаңғыбас жандар орналастырылуда.
Ол жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылған. Көп салалы
ауруханадан жалғызілікті және мүгедек жандар тұрақты жатып ем
алатын медбикелер күтім жасайтын 20 орындық бөлімше ашылған.
Гранттар мен демеушілік арқылы қаржыландыратын бөлімше
қажетті тұрмыстық техникалармен, мед. құрал-жабдықтармен
жарақтандырылған. Жалғызілікті мүгедектер мен зейнеткерлерге
қызмет көрсету жөніндегі аумақтық орталық базасында (2003)
мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйіне барып әлеуметтік көмек
көрсететін 2 бөлімше ашылған.
Жалпы қалада 10668 адам (2004) әлсіз қорғалғандар деңгейіне
жатады, олардың 4758-і мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.
Сондай-ақ қалада барлық жағдайы жасалған Қарттар үйі жұмыс
істейді.
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама 69
Спорт
Қалада 53,3 мың еңбекке жарамды жандардың (2003) 4529-ы
жұмыспен қамту орталығына келіп, 2585-і еңбекпен қамтылды, 1427 адам
қоғамдық жұмыстарға тартылды, жұмыссыздық деңгейі 1,7% болды.
Жыл өткен сайын тұрғындардың әл-ауқаты жақсара түсуде.
Орташа айлық жалақы 1997 ж. 12293 теңге болса, 2003 ж. 20212
теңге болды.
СПОРТ
Жезқазған қ-да
дене тәрбиесі және
спортпен айналысуға
арналған 81 ғимарат,
олардың арасында
1 стадион, 1 спорт
сарайы, жүзу бассей-
ні, 1 спорттық кешен,
31 спорт залы, 1
шаңғышылар ба-
засы, 1 ескекшілер
базасы, 5 ату тирі,
35 жазықтық және 4 ашық теннис корттары бар. Ең алғашқы ірі
ғимарат - "Металлург" стадионы 1961 ж. салынды. "Купрум" спорт
сарайы 1964 ж., "Металлург" спорт кешені 1989 ж., балалар мен
жасөспірімдердің "Таэквондо" спорт мектебі 2004 ж. пайдалануға
берілді. "Қазақмыс" корпорациясы" ЖМЗ қарауындағы "Металлург"
кешені, "Дельфин" жүзу бассейнін, "Канск" спорттық кешенін, фут-
бол және баскетбол алаңдарын, 1 жабық және 3 ашық теннис кортын
қамтиды. Балалар мен жасөспірімдердің қалалық спорт мектебінде
арнайы жабдықталған күрес және бокс залдары бар. Байдарка мен
каноэ есуге мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің
олимпиадалық резерв мектебінде қайықтар мен катерлерді орна-
ластыру мен сақтауға арналған эллингтер, шаңғы базасы мен атле-
тика залы жабдықталған. Дене тәрбиесі сабақтары 21 орта мектеп-
те, 2 кәсіптік мектепте,
5 арнаулы орта оқу ор-
нында, Ө.А.Байқоңыров
атындағы ЖезУ-нде
жүргізіледі. Дене тәрбие-
сін оқыту және спортпен
айналысу шараларымен
штаттағы 124 қызметкер
айналысады. Олардың
қатарында орта мек-
тептердегі 49 мұғалім,
70 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Спорт
кәсіптік мектептердегі
3, орта оқу орында-
рындағы 2, жоғары оқу
орындарындағы 8 оқы-
тушы, балалар мен жас-
өспірімдердің спорт
мектебінің 5 қызметкері,
спорт түрлері бойынша
40 жаттықтырушы және
басқа да спортшы-ма-
мандар бар. Қалада
таэквондо, кикбоксинг,
каратә-кекусинкай, дзю-
до, самбо, қазақша
күрес және еркін күрес,
туризм, жартасқа өрмелеу және туристік көпсайыс федерациялары
жұмыс жасайды. 35 мыңға жуық жезқазғандық 80 спорт ұжымы мен
клубтарда спортпен шұғылданады. Тұрғылықты жерлері бойынша
балалар мен жасөспірімдердің 18 клубы жұмыс жүргізеді. Спорт
ұжымдарында Олимпиада бағдарламасына енген 15 спорт түрі
өрістеген. Президент көпсайысының жазғы және қысқы түрлерін
қамтитын спорт түрлері бойынша жыл сайын өткізілетін қалалық
спартакиадаларға 2000-нан астам оқушы, 500-ден аса студенттер
мен оқытушылар, білім және денсаулық қызметкерлері қатысады.
Жезқазған спортшылары облыстық, аймақтық, республикалық
және халықаралық деңгейдегі жарыстарға белсене қатысып келеді.
Байдарка мен каноэ есу, бокс, самбо, еркін күрес, грек-рим күресі,
кикбоксинг, футбол, волейбол, спорттық туризм салалары бойынша
үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Қалалық білім бөлімінің Байдар-
ка мен каноэ есу балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1969 ж.
ашылып, 1976 ж. жеке бөлініп шықты. Спорттық жоғары нәтижелері
үшін 1990 ж. "Олимпиадалық резерв мектебі" атағын иеленді. 1980
ж. бастап Кеңгір су қоймасының 4 га көлемінде орналасқан мек-
тептің есу базасында түрлі деңгейдегі жарыстар өткізуге толық
мүмкіндік бар. Мектепте 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері,
23 спорт шеберлігіне кандидат тәрбиеленді. Олардың қатарында
халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше
дүркін чемпионы, халықаралық жарыс жеңімпазы (Куба, 1987),
КСРО құрама командасының мүшесі - Олимпиадалық ойындарға
қатысушы (Сеул, 1988) Апанович А., халықаралық дәрежедегі спорт
шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО Халықтары
спартакиадасының күміс жүлдегері Вандышев А., КСРО спорт
шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпиона-
тының қола жүлдегері (Австрия, 1992) Горовой В., халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан және КСРО чемпионы Криниц-
кий И., халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірне-
ше дүркін чемпионы, Азия ойындарының (Жапония, 1994; Тайланд,
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Спорт
1998) чемпионы, күміс жүлдегері (Оңтүстік Корея, 1998; 2002), әлем
чемпионатының қола жүлдегері (Жапония, 1996), Азияның үздік ка-
ноэшісі (2002), Олимпиадалық ойындарға қатысушы (Атланта, 1996;
Сидней, 2000; Афина, 2004) Нұрмағанбетов Қ., ҚР спорт шебері,
Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы (Сеул,
1997) Паркинен И., ҚР спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін
чемпионы, Азия чемпионы (Сеул, 1997) Рубцов А., халықаралық
дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының (Жапония, 1994;
Тайланд, 1998) чемпионы, Олимпиадалық ойындарға қатысушы
(Атланта, 1996) Скрыпник С, ҚР спорт шебері, Қазақстанның бір-
неше дүркін чемпионы, Азия чемпионы (Тегеран, 2002), Ресей чем-
пионы (2003) Әлем Кубогының жеңімпазы (Италия) Чебоксарова А.
бар. Мектептің алғашқы директоры - ҚР халық ағарту ісінің үздігі
Сабеев Виктор Айтекович. Мамандандырылған спорт мектебін-
де ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар Коптев В.Е., Коптев С.Е.,
Паркинен Э.Я., Цель В.И., Черемыхин В.С. және жаттықтырушы
Борисова Н.А. еңбек етті. Жезқазған қ.-да волейбол спортының
дамуы 1960 ж-рдан бастау алады. Алғашқы қала волейболшылары
қатарында ағайынды Әлиакпаров М. және Ғ., Ким М., Қамбаров Ж.,
Қошанов Ш., Сабеев В., Самохвал В., Сүлейменов Н., Танасечук
П., Тоғандықов Т., Фурсова Н., Чеховский М. т.б. болды. Қала ко-
мандасы "Спартак" және "Еңбек" спорт қоғамдары ұйымдастырған
облыстық жарыстарда бірнеше дүркін жеңімпаз атанды. Жезқазған
футболының көшбастаушысы - 1954 ж. құрылған ЖКМК-ның "Еңбек"
командасы. Команда Қарағанды облысының чемпиондығын және
Кубогын бірнеше мәрте иеленді. 1966 ж. Қазақ КСР Кубогының
финалдық ойындарына қатысушы, 1967 ж. бүкілодақтық біріншілік-
тің Орта Азия және Қазақстан аймағы бойынша дебютанты, 1968
ж. аймақ чемпионы атанды. Команда ойыншыларына КСРО спорт
шеберлігіне кандидат, жаттықтырушы В.Стародубцевке Қазақ КСР
еңбегі сіңген жаттықтырушы атақтары берілді. 1980 ж. "Еңбек"
командасы негізінде "Жезказганец" құрылды. Ол бүкілодақтық
деңгейдегі командалар арасында 15 маусым өткізіп, 520 матч ой-
нады. Жезқазған футболының дамуында жаттықтырушылар Старо-
дубцев В., Хроповицкий В., футболшылар Абрамов О, Белоусов Ю.,
Бондарь Н., Галеев Д., Глеб П, Логинов И., Сысоев О, Усманов Н.,
Ыбраев Ғ., Якубов В. айрықша еңбек сіңірді. Баскетбол спортының
қанат жаюы да - 1960-жылдар еншісінде. Академик Қ.И.Сәтбаев
жүлдесіне арналған дәстүрлі жарыстарда қала намысын Виноградов В.,
ағайынды Кретов Г. және Ю., Стогнев Ю., Шалов А. және Е., Фурсов
А., құраған команда қорғады. 1970-жылдары құрамында Бекметов
Е., Жевагин В., Иванченков А., Кудашев Г., Лицкалюк А., Паршин Б.,
Попов Е., Фурсов А., Чебатура А., Черноштан О., Шырин В. ойнайтын
ККМК баскетбол командасы кеңінен танылды. 1975 ж. Қазақстан
алықтары XIII Спартакиадасының, 1977 ж. Қазақ КСР Кубогының
сүлдегері, 1979 ж. КОБОК Кубогының қатысушысы (Севастополь)
іолды. Ересектер командасы 1993 ж. бастап Қазақстан чемпиона-
72
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Спорт
тының жоғары лигасында тұрақты ойнап, күміс жүлдегер (1995-1996
ж.ж.), чемпион және Кубок иегері (1996-1997) атанды. Балалар мен
жасөспірімдер волейболы да жақсы дәстүрлерге ие. Жасөспірімдер
командасы - ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2004). Жеңіл ат-
летика түрі бойынша Жезқазған мақтанышына айналған Колесников
Николай - Қазақстан құрама командасының мүшесі, Олимпиадалық
Ойындардың эстафеталық жүгіруден қола жүлдегері (1976), бірне-
ше дүркін КСРО және әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшы.
Жезқазған өңірінде бокстың негізін қалаушылар - Бежин В.В, Бу-
даев В.П., Тен А.В. 1968 ж. Будаев В.П. Жезқазған құрылыс техни-
кумында алғашқы бокс секциясын ашты. 1973 ж. жастардың спорт
мектебі жұмысын бастады. Тұңғыш директоры - Сейітов К.С. Бокс
саласы бойынша "КСРО спорт шебері" атағын ең алғаш иеленген
спортшы - Ожанов Сайлау. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Макулов В. 1980 ж. КСРО чемпионы болды. Әр жылдар бедерінде
түрлі деңгейдегі жарыстарда Адамбаев А., Айдарбеков О, Ақылбаев
А., Жүсіпбеков Б., Жүсіпов М., Кургуз Л., Сайдалин Е. т.б. да бок-
сшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Аймақта бокс өнерінің өркен жа-
юына танымал жаттықтырушылар - Әлиакпаров М.К., Әшірбеков
А.Ш., Есболғанов Б.Ж., Есенеев Ә.С., Сейітов Р.С., Хирковский Р.К.
зор үлес қосты. Жезқазған қ.-да Кикбоксинг федерациясы 1994 ж.
құрылды. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Бабенко С. тәрбиелеген
кикбоксинг шеберлері Ербосынов Н., Қорғанбаев А., Өтегенов Е.,
Сәдуақасов Е. 1995 ж. бастап бірнеше мәрте ел чемпиондығын,
түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстардың жүлделерін иеленді.
Күрес спорты да - кеңінен қанаттанып келе жатқан сала. КСРО
еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО еңбегі сіңген жаттықтырушы Са-
беев С.Т. негізін қалаған еркін күрес шеберлері Гоголь О., Сабеев
А. - Қазақстан, ТМД, Европа чемпионаттары мен халықаралық тур-
нирлерде, Олимпиадалық ойындарда топ жарып жүрген балуандар.
Байшолақов Ж., Кемелбаев Ж., т.б. жаттықтыратын Әбдіраманов Н.,
Дауымбаев 3., т.с.с. Қазақстан, ТМД, Европа және әлемнің бірне-
ше дүркін чемпиондары, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары.
Жезқазған өңірінде жақсы дамыған спорттық туризм түрлері - жаяу,
таудағы, жартасқа өрмелеу және спорттық бағдарлау туризмі.
Жезқазған командасы - облыстық, республикалық деңгейдегі
көптеген туристік жарыстардың жеңімпазы болған танымал ұжым.
Спорттық туризмнің қанат жая дамуына айрықша үлес қосқан Гу-
лин В., Данилов И., Дыдышко К., Жеребцов В., Новомлинцев В.,
Сүлейменов Н., т.б. ардагерлердің дәстүрін кейінгі буын өкілдері
табысты жалғастыруда. 2002 ж. Асайын Ғ., Әлменбетов Ғ. ҚР ту-
ризм және спорт агенттігінің Қазақстан Республикасында туризмді
дамытқаны үшін Құрмет Белгісімен марапатталды.
ЖЕЗҚАЗҒАН 73
энциклопедиялық анықтама
Мәдениеті, өнер және әдебиеті
МӘДЕНИЕТІ, ӨНЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ
Сарыарқа өлкесінде ұлан-байтақ жерді ала орналасқан
Жезқазған өңірі - бағзы күндерден бүгінге дейін ұласып жатқан ән
мен күйдің, өлең-жырдың, сал-серілік, балуандық дәстүрдің алтын
бесігі. Желісі үзілместен, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрлі
өнер Жезқазған қаласы құрылған күннен бергі аралықта өркен
жая дами түсті. Қазіргі таңда Жезқазған - республика көлемінде,
әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой ұжымдар, кәсіби
шығармашылық дәрежесі жоғары өнер иелері топтасқан, ұлттық
мәдениет пен өнердің дамуында өзіндік орны бар мәдени орталық.
Қала мәдениетінің қанат жая өркендеуінде театр өнері маңызды
роль атқаруда. Бүгінгі Жезқазғанда 3 театр жұмыс жасайды.
Олар - 1988 ж. Арқалық қаласынан көшіп келген бұрынғы Торғай
облыстық Серке Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма теат-
ры (ЖҚСДТ), қуыршақ театры (ЖҚТ), жасөспірімдер театры (ЖЖТ).
Серке Қожамқұлов атындағы ЖҚСДТ ~ ел аумағында ғана емес,
алыс-жақын шетелдердің сахналарында да бірнеше мәрте өнер
көрсетіп, сыншыл жұртшылықтың талғам биігінен табылып жүрген
ұжым. ЖҚСДТ - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреа-
ты (Н.Островский. "Құрыш қалай шынықты", реж. Е.Тәпенов, 1978),
Орта Азия және Қазақстан республикаларының "Наурыз" фести-
валінің жүлдегері (Ғ.Мүсірепов. "Қыз Жібек"; реж. Ж.Хаджиев; Біш-
кек, 1989), Ғ.Мүсіреповтің 90 жылдығына арналған республикалық
театрлар фестивалінің Бас жүлдегері (Ғ.Мүсірепов. "Қозы Көрпеш
- Баян сұлу"; реж. Ж.Хаджиев; Алматы, 1992), дүниежүзілік театр-
лар фестиваліне тәуелсіз Қазақстан театрлары атынан тұңғыш
қатысушы (Мысыр, Каир, 1993), С.Сейфуллиннің 100 жылдығына
арналған республикалық театрлар фестивалінің жүлдегері (Ә.Әбі-
шев. "Сәкеннің аманаты"; реж. С.Асылханов; Жезқазған, 1994),
ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған республикалық театрлар
фестивалінің Бас жүлдегері (К.Ахметов. "Ерте ояндым, ойландым,
жете алмадым"; реж. Ж.Хаджиев; Жезқазған, 1995), Жамбылдың
150 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінің
жүлдегері (С.Балғабаев. "Ең әдемі келіншек"; реж. С.Қарабалин;
Жезқазған, 1996), Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған
республикалық театрлар фестивалінің Бас жүлдегері (Ә.Тәжібаев.
"Көтерілген күмбез"; реж. М.Ахманов; Павлодар, 2000). Театрдың
негізін қалағандар Москвадағы М.С.Щепкин атындағы Жоғары театр
училищесін бітірген Айтқожанов Т., Байғабылова Ш., Есенғұлова Ш.,
Есенғұлов К., Жанботаев Д., Жарқынбеков Ж., Құралиев Т., Мана-
пов М., Нүрекеев М., Нүсіпжанов Ү., Оразымбетов Б., Рақышева Т.,
Хаджиева Р., Хаджиев Ж., Ыбраева Р., т.б. жастар болатын. Кейін-
нен Алматы консерваториясының актерлік бөлімін, театр студия-
сын бітірген Ақыжанов Т., Қожақов М., Қуанышев Т., Нұрахметова
Г., Нұрғалиева С, Шоманов Ә., Ысмағұлов А. сияқты жастармен
74
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Мадениеті, өнер және әдебиеті
толықты. 1981 ж. ұлттық театр өнерінің көрнекті қайраткері, Со-
циалистік Еңбек Ері Серке Қожамқұлов есімі берілді. Сахна
шымылдығын М.О.Әуезовтің "Айман - Шолпан" комедиясымен
ашқан театр репертуарында бүгінде Асылханов С, Ахманов М.,
Гладков М., Дүйсебаев А., Дүйсенбинов Е., Есенбеков Ж., Жетпіс-
баев Қ., Лебедев О., Смирнов В., Тәпенов Е., Тұңғышбаев Т., Хад-
жиев Ж. режиссерлығымен сахнаға шыққан 200-ден астам қойылым
бар. Олардың арасында қазақ драматургиясынан "Қарақыпшақ
Қобыланды", "Қаракөз" (М.Әуезов), "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш
- Баян сұлу" (Ғ.Мүсірепов), "Таңғы жаңғырық" (Қ.Ысқақов), "Ерте
ояндым, ойландым, жете алмадым" (К.Ахметов), "Көтерілген
күмбез" (Ә.Тәжібаев), шетелдік драматургиядан "Түлкі бикеш"
(Ф.Эрве), "Ай тұтылған түн", "Тастама отты, Прометей" (М.Кәрім),
"Медея" (Еврипид), "Әлін білмеген әлек" (Ж.-Б.Мольер), "Адам ала-
сы ішінде" (Н.Островский), "Ромео мен Джульетта" (В.Шекспир),
"Ревизор" (Н.Гоголь), "Аршин Мал Алан" (У.Гаджибеков), "Бет-
пе-бет", "Арманым - Әселім" (Ш.Айтматов) туындыларын арқау
еткен спектакльдер - театрдың шоқтықты белестері. Қазақ те-
атры тарихында Ж.Хаджиевтің Дәруіш, Д.Жанботаевтың Жарас,
Р.Хаджиеваның Шолпан, Р.Ыбраеваның Құртқа, Ш.Есенғұлованың
Таңқабике, А.Ысмағұловтың Бекежан, Ш.Байғабылованың Айман,
М.Манаповтың Көтібар, Ә.Шомановтың Құнанбай, Қ.Бегайдаров-
тың Қодар, С.Бұлғақбаевтың Бақтығұл, Абай, Т.Рақышеваның Әсел
рольдері актерлік шеберліктің жарқын үлгісі болып жазылды. Ұдайы
шығармашылық ізденіс үстіндегі театрдың репертуары да жыл-
дан-жылға жаңа қойылымдар мен толығып келеді. Қазіргі ЖҚСДТ
репертуарында Асылбеков С. "Желтоқсан жаңғырығы", Ахметов
К. "Құданың өзі, құдайдың "көзі" келгенде", Әбдіков Т. "Біз үшеу
едік", Әбдірахман К. "Кетбұқа", Бөкей О.'"Атау кере", Вовнянко И.
"Тентек теңізші", Домбаев Е. "Біздің ауылда қызықтар бола береді",
75
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Мәдениеті, өнер және әдебиеті
"Ғашықтық туралы баллада",
Жәкеев Б. "Әке тағдыры",
Иран-Ғайып. "Зұлымдық
тамыры", Нұрмағанбетов
Т. "Әкем тірілген түн",
Оразбеков Ә. "Бір түп
алма ағашы", Тарази Ә.
:'Күнә", Ыбраева Р. "Алтын
айдарлы бала", "Сиқырлы
кітап", "Махаббат пен ке-
сапат", т.б. туындылар
бар. 30-жылдан астам тарихы бар ЖҚСДТ сахнасында танымал аға
буынмен қатар Арыстанбеков Ж., Әбілдин К., Әлкенова Б., Байда-
лина Қ., Балмағанбетова Ә., Бірмұқанов Ж., Досымбаева А., Есен-
туров А., Игібаев Қ., Қуатбаева Қ, Құлымбетова С, Нұрғалиева
С, Серекбаева Г. секілді кейінгі толқын өкілдері де жемісті еңбек
етуде. ЖҚСДТ-ның өркендеу жолында театр суретшілері Доспаев Д.,
Тұяқов Е., Мақсұтов Қ., Мұстафинов Т., сазгер Түсіпбеков М., театр
қызметкерлері Арыстанбекова С, Қожақова М., Қожас К., Матақова
3., Нұртазина М., Сембаев Н., Темешбаев А., әр жылдар кезеңіндегі
директорлар Дарбасов С, Бірімбетов О., Өтебаев А., Мұратбаев
М., Әбілтаев Ж., Төлеуханова К., т.б. үлестері аз емес. ЖҚТ - жас
көрермендер көзайымына айналған танымал өнер ұжымы, қуыршақ
театрларының республикалық, халықаралық фестивальдерінің
жүлдегері. ЖҚТ-ның алғашқы қойылымы 1985 ж. театр училище-
лерінің, республикалық эстрада және цирк өнері студиясының
түлектері әзірлеген Н.Гернеттің "Аладдиннің сиқырлы шамы" ерте-
гісімен ашылды. Театрдың бас режиссерлері - М.А.Койфман (1985-
1987), Ш.Ұзақов (1987 ж. бастап). Қазақ және орыс труппаларынан
тұратын ЖҚТ репертуарын ұлттық драматургиядан Ақылбекова 3.
"Туған күн", Бекмаханов И. "Алдар көсе", "Тазша бала", Оразалин
Н. "Ақ құс туралы аңыз", Ысмайылов А. "Алдар көсе", "Балабек",
шетел драматургиясынан Ландау В. "Ку-ка-ре-ку", Михалков С "Үш
торай", Науаи Ә. "Фархат - Шырын", Поспешилов В. "Ханша мен
жаңғырық", Федосенко О. "Ғажайып саяхат", "Қасқыр мен торпақ",
т.с.с. шығармалар бойынша қойылған спектакльдер құрайды. ЖЖТ
- республикадағы өнерпаз жасөспірімдерге арналған алғашқы
ұжымдардың бірі. Алматы, Бішкек, Вильнюс, Кемерово, Клайпе-
да, Москва, Новосибирск, Ташкент, Челябинск қалаларында өткен
фестивальдерге қатысқан. 35 жылдан астам тарихы бар ЖЖТ сан
салалы шығармашылық ізденістерімен дараланады. Оның реперту-
арында "Минусты төрттік королі", "Мальчиш - Кибальчиш", "Париж
Құдай-анасының соборы", "Вестайд хикаясы" т.б. да қойылымдар
бар. 1974ж. құрылған Жезқазған мемлекеттік филармониясы (ЖМФ)
- қазіргі таңца еліміздің түпкір-түпкірінде жемісті еңбек етіп, талан-
тымен ел құрметіне бөленген көптеген дарындарды қанаттандырған
мәдениет ұясы. Тұңғыш директоры - елімізге әйгілі режиссер Серік
76 ЖЕЖЗҚЕАЗҚЗҒААЗНҒАН энэцницкилколпоепдеидяиляылыққ анықтама
Мадениеті, өнер және әдебиеті
Елеусізов. Қазақ музыка әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған
сазгер, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
Жақсыкелді Сейіловтің шығармашылық өрлеу жолы да ЖМФ-мен
тығыз байланысты. ҚР еңбек сіңірген әртістері Балжан Жүсіпбеков,
Серік Оспанов, Бағдат Сәмединова, республикалық конкурстардың
лауреаттары Болат және Мара Есмұқановтар - ЖМФ түлектері. Әр
жылдар бедерінде жұмыс істеп, алыс-жақын шетелдерде бірнеше
мәрте өнер көрсеткен "Ұлытау", "Қаракөз", "Жезкиік", "Байқоңыр",
"Добрый вечер", "Цыган", "Ой, тамаша", "Сырсандық", т.с.с. концерт-
тік ұжымдарға Елеусізов С, Сейілов Ж., Сандыбаев А., Галустян В.,
Дәркембаев Б., Жүзбаев Ж, т.б. көркемдік жетекшілік жасады. ЖМФ-
на 1990 ж. Тайжан Қалмағанбетов есімі берілді. Өнердегі үлкен
жетістіктері үшін "халықтық" атағын иеленген "Шашу", "Мақпал" би
ансамбльдері, "Балауса" ұлт-аспаптар оркестрі, "Любысток" халық
әндері ансамблі, Халықтық жасөспірімдер театры - өнер биігін
бағындырып келе жатқан ұжымдар. Жезқазған атын республика
аясынан тыс жерлерде де кеңінен таныстыруда маңызды орын
алып отырған өнер саласы - хореография. Бұл саланың бастау
алып, өркендей өрістеуінде халықаралық конкурстардың лауреаты,
балетмейстер Тәуіржан Рахаттың еңбегі айрықша. Р. жетекшілік
ететін "Шашу" вокальды-хореографиялық ансамблі республикалық,
халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан
өнерін шетелдерде насихаттауда көш басында жүрген ұжым.
Жұртшылықты би өнерінің тылсымына қанықтыруда республикалық,
халықаралық конкурстардың лауреаты, "Мақпал" үлгілі вокальды-
хореографиялық ансамблі, "Аэлита" эстрадалық би тобы, "Айла"
спорттық-бал би ансамблі, т.б. шығармашылық ұжымдар табысты
ізденістерімен танылып жүр. Салауатты өмір салтын насихаттауда,
ұлттық өнер мен мәдениетті
дамытуда жезқазғандық
14 отбасылық ансамбль-
дің өзіндік орындары бар.
Бұл үлгідегі өнер топтары
қатарында күйші-сазгер
Ахат, зайыбы Роза, қыздары
Айша мен Айсұлудан
құралған Байбосыновтар-
дың ансамблі елімізге ете-
не таныс. Өңірдің мәдени
өмірінде маңызды шаралар
атқарып отырған ұжым
- Жезқазған тарихи-архео-
логиялық мұражайы (ЖТАМ).
21 мыңнан астам археоло-
гиялық-этнографиялық жәді-
герлерді, сирек құжаттар
мен тұрмыстық бұйымдарды
ЖЕ3ҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама 77
Мәдениеті, өнер және әдебиеті
жинақтаған ЖТАМ-ын құрып, қалыптастыруда, экспедициялар
ұйымдастырып, жәдігерліктермен қамтамасыз етуде белгілі өлке-
танушылар Байсартов Е.Ж., Березникова Л.Д., Бүкіров С.Т., Исае-
ва К.Н., Лобас А.Д., Өтжанов А.Р., Сәдуақасов Қ.И., Усманова Э.Р.
айрықша еңбек сіңірді. Ресей саяхатшылар қауымдастығымен, Ма-
жарстан қыпшақтар Одағымен, Челябі облыстық "Аркаим" мұражай-
қорығымен, Орынбор "Дала институтымен" етене байланыс орнатқан
ЖТАМ - халықаралық архео-этнологиялық "Алтай - Дунай" экспеди-
циясын, Астана, Балқаш, Қарағанды, Лисаковск, Теміртау, Түркістан
қ-рында өткізілген көшпелі фотокөрмелерді ұйымдастырушы. Қ.-да
мәдениет пен әдебиеттің, ғылым мен білімнің ақпараттық-ағарту
орталықтары болып табылатын 3 үлкен кітапхана жұмыс істейді.
Олар - М.О.Әуезов атындағы қалалық орталықтандырылған кіта-
пханалар жүйесі (ҚОКЖ), С.Сейфуллин атындағы қалалық әмбебап
кітапхана (ҚӘК) және қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапха-
насы (ҚБЖК). Қаланың мәдени-әдеби өмірін жекелеген дарынды
тұлғалардың шығармашылығынан тыс алып қарау мүмкін емес.
Жезқазған - талантты өнер иелеріне бай қала.
Жезқазған -Ұлытау өлкесінде ақындық, сал-серілік, әншілік өне-
рдің дәстүрлі мектебі қалыптасқан. Көптеген ғылыми еңбектерде,
ел аузындағы әңгімелерде есімдері ерекше айтылатын Қыпшақ
Жаңқа сал, Бәшен салдың өнерпаздығы туралы деректер, сезсіз,
осы өңірдегі өнер мектебінің арғы замандардан бастау алатындығын
дәлелдейді. Суырып салма ақындығымен әрі әншілік өнерімен аты
мәлім болған Қожабай Тоқсанбайұлы, Тайжан Қалмағанбетұлы,
Иманжан Жылқайдарұлы, Болман Қожабайұлы, Ибраһим
Баймолдаұлы, Нияз Ожанұлы, Омар Қунақұлы, Нұрғали Итембаев
78
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Мәдениеті, өнер және әдебиеті
т.с.с. өлең сөз майталмандары тәлім алып, қалыптасқан орта - осы
дәстүрлі мектеп. Арқа, Сыр, Қаратау, Жетісу төңірегіне танымал
болған осы тұлғалар қазақтың айтыс өнерін дамытуға ерен еңбек
сіңірді, өзіндік үлестерін қосты. Артында өлең-толғаулар, дастан-
жырлар қалдырды. Ол шығармаларда ауыл өмірі, даңқты батырлар,
ұлт-азаттық көтеріліс қаһармандары мен еңбекші халық арасынан
шыққан айтулы тұлғалардың ерліктері, өндіріс орындарының тыныс-
тіршілігі өзек болған. Тайжан - айтыс пен қатар, әншілік өнерді де
қатар ұстап, өзіндік қолтаңбасын қалдыра білген өнерпаз. Көкшедегі
әншілік мектеппен байланыс жасап, оны дамытуға үлес қосқан. Сыр
өңірімен де шығармашылық қарым-қатынаста болған. Нартай Беке-
жанов сынды дарынды шәкіртке ұстаз бола білген. Ұлы Отан соғысы
жылдарында айтыс өнерінде айырықша көрінген ақын - Болман
Қожабайұлы. Оның айтыстары мен өлеңдерінде Жезқазған, Жезді,
Қарсақбайдағы өндіріс тынысы, еңбек қаһармандары жырланды.
Жезқазған - Ұлытау өңірінен шыққан айтулы қаламгерлер арасында
Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанов есімдері айырықша атала-
ды. М.Иманжанов "Жастық" (1948) деп аталатын алғашқы әңгімелер
жинағынан бастап "Менің махаббатым" (1954) жинағына дейінгі
аралықтағы шығармашылық өмірбаяны - қазақ әдебиеті тарихы-
ның жарқын беттері. Б.Бұлқышевтың қаламынан туған очерктер
мен публицистикалық шығармалары - соғыс жылдарында тыл мен
майданның ұранына айналды. Әскери публицистиканың айшықты
үлгілерін жасады. Қазақтың маңдайалды ақындары Ә.Тәжібаев,
С.Жиенбаев есімдері де жезқазғандықтар үшін мақтаныш. Бірі
- "Қызыл кенші" газетінде, екіншісі Жезқазған мектебінде еңбек етті.
Жезқазғандық қаламгерлер қатарында публицист Камал Смайылов,
ақындар Жүрсін Ерманов, Ғалым Жайлыбаев есімдері құрметпен
79
ЖЕ3ҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Мәдениеті, өнер және әдебиеті
аталады. Жезқазған қаласында кезінде "Құрыш" "Слиток" әдеби
бірлестігі, С.Сейфуллин атындағы Қазақстан Жазушылар одағы
облыстық бөлімшесі, АҚҚҰС әдеби бірлестігі жұмыс істеді. Олар
қаладағы қаламгерлер мен жас дарындардың шығармашылық бай-
ланысының болуына, көркем дүниелерінің көпшілікке танылуына
қал-қадірінше ықпал етті. Өлеңдерін қазақ, орыс тілдерінде жаза-
тын ақындардың шығармалары топтастырылып "Сарыарқа саздары"
деген атпен тұңғыш жинақ жарық көрді.
ҚР Жазушылар одағының мүшелер: Қаражігітов А., Әлжан-
тегі Т., Грунин Ю., Чумакова 3., танымал ақындар Нәкенов С,
Наурызбай Ж., Мырзабеков Б., Бекмаханов И., республикалық
жыр "Мүшәйраларының" жүлдегері Ештанаев Ғ., Ұлттық "Астана
- Бәйтерек" конкурсының лауреаты, ақын-драматург Ахметов К.,
жастардың "Шабыт" фестивалінің жүлдегері Үмбетова А. есім-
дері қала халқының мақтанышына айналған. Көркем сурет және
қодданбалы өнер туындыларын таныстыру мен насихаттау арқылы
адам қиялының ұшқырлығы мен шеберлік мүмкіндігінің шексіздігін
айғақтауда қалалық көрме залы ауқымды істер атқарып келеді. ҚР
Суретшілер одағының мүшелері Секеманов О., Майлин Ж., мүсінші,
кескіндемеші Богатов Г., суретшілер Хлебов В., Мұстафинов Т.
қыл қаламынан шыққан өнер туындыларын қызықтаушыларды
ҚКЗ-нан ұдайы көруге болады. ҚКЗ - классикалық музыка мен
вокалдың, шығармашылық кездесулердің, көшпелі көрмелердің де
мәдени орталығы. Халық шығармашылығы мен өнерін, ел ішіндегі
80
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
Мәдениеті, өнер және әдебиеті
өнерпаздарды танытуда, дарын-қабілетін ұштауда Жезқазғанда
өткізіліп келе жатқан дәстүрлі "Ұлытау үні", "Байқоңыр дауысы"
фестивальдері аса маңызды міндеттерді шешуге жол ашып отыр.
"Ұлытау үні" аясында ұйымдастырылатын "Әнші балапан", "Күміс
қоңырау", "Жұлдыз", отбасылық ансамбльдердің, би ұжымдарының
конкурстары, жазба ақындардың жыр "Мүшәйрасы", ақындар айты-
сы, өнер иелерінің шығармашылық кештері, суретшілер мен халық
шеберлерінің көрмелері - жұртшылық асыға күтетін мәдени шара-
лар. "Ұлытау үні" талантына дем берген термеші ақын Ділдебаев Ш.,
айтыскер ақындар Сейітқазинов М., Омаров Ә., Ербозов А. секілді
өнер саңлақтарының қатарына жылдар легіне ілесе осы фестиваль
ашқан Байжантаев Б., Мұсабеков Е., Түсіпов I., Абдуллаева Ж., Жум-
кина С, Әбілдин Д., Аманбаев А., Мүбәрәков Б. сияқты жас өнер
жұлдыздары қосылды. Жезқазғандағы айтыскер ақындардың басын
құрап, оларды айтыс өнеріне тәрбиелеуде ұстаз-тәлімгер ретінде
танылған Ділдебаев Шынболат, Садуақасов Қайырбек, Нәкенов
Сайлаухан айырықша үлес қосты. Сан алуан ұлттар мен ұлыстардың
салт-дәстүрлері мен мәдениетін тоғыстыратын сипатымен дарала-
натын "Байқоңыр дауысы" фестивалі де қаладағы ұлттық-мәдени
орталықтардың шығармашылық жетістіктерін көрсетуге орасан
мүмкіндік туғызып келеді. 1979ж. мүгедектермен мәдени-сауықтыру
жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған "Лира" мәдениет үйі
мәдени-сауық кештерін, спорттық жарыстар, шығармашылық өкіл-
дерімен кездесулер ұйымдастыру, мұражайлар мен көрмелерге
бару сияқты іс-шараларды ұйымдастыру арқылы мүгедек жандар-
дың әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру бағытында
ізгі міндеттер атқаруда. Қаладағы ең ірі мәдени шаралардың негізгі
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
орталығы - Халықтар достығы мен мәдениет үйі (ХДМҮ). 1977 ж.
шаңырақ көтерген ХДМҮ - қалалық, облыстық, республикалық,
халықаралық деңгейдегі конференциялар, акциялар, фестиваль-
дер, мерекелер, салтанаттар, шығармашылық кештер, өнер және
әдебиет жұлдыздарымен кездесулер, т.с.с. мәдени-әлеуметтік,
қоғамдық-саяси ауқымды шаралар өткізілетін ғимарат. Жезқазған
жұртшылығын кино өнеріндегі жаңа туындылармен таныстыру, қазақ
киносын насихаттау, кино қайраткерлерімен кездесулер, кинолек-
торийлер ұйымдастыру бағытында көрнекті жұмыстар атқарған
мәдени мекеме - кино-бейне бірлестігі (1961-1998) болды. Жұмыс
жасаған уақыт аралығында кино-бейне бірлестігі "Қазақстан", "Ор-
бита", "Байқоңыр" (Сәтбаев қ.-да) кинотеатрларын және іргелес елді
мекендердегі Мәдениет үйлері мен клубтарды қамтыды. 40 жылға
жуық елге қызмет еткен бірлестік тарихында директорлар Денисов
В., Абраменко А., Төлеуов Ұ., Дүйсенбин А., Табылдинов М., Салиев
С, редактор Шәкенова Қ., қызметкерлер Иванова Е., Повар В., Ли-
хачева Л., Глазунова О. өзіндік қолтаңбаларын қалдырды.
82
ЖЕ3ҚАЗҒАН_ энциклопедиялық анықтама
АЛФАВИТТІК МАКАЛАЛАР
АБАЙ
ұсынысымен Семей обл. стат. комит.
толық мүшесі болып сайланды.
Оп 1888 ж. Н.И. Долгополов, А.А.
Леонтьевпен танысып, олармен
тығыз қарым - қатынаста болған.
А. ел ісіне араласқан жылдарында
әділеттілігімен, білімділігімен көрініп,
халық арасында беделі өседі.
1885 ж. мамыр айында Шар өз.
бойындағы Қарамола деген жерде
Семей ген.губ. Цеклинскийдің
басқаруымен Семей губ-на
АБАЙ қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-
(Ибраһим) болыстары бас қосқан төтенше съез
ҚҰНАНБАЕВ өткізілді. Осы съезде Төбе би болып
(1845-1904) сайланған. А-ға "Семей қазақтары
үшін қылмыстық істерге қарсы заң
ережесін" әзірлеу тапсырылды. А.
бастаған комиссия барлығы 93
баптан тұратын ережені 3 күн, 3
түнде әзір етті. Ғұмырының соңына
қарай А. пенделік шаруалардан
бойын аулақ салып, уақытының
көбісін шығармашылыққа арнаған. А.
өлең жазуды 10 жасында (Кім екен
АБАЙ (Ибраһим) ҚҰНАНБАЕВ (1845- деп келіп ем түйе қуған...) бастаған.
1904) - қазіргі Шығ. Қаз. обл., Абай Одан басқа ертеректе жазылған
ауд., Қасқабұлақ жайлауында туған. елеңдері - "Йузи - рәушән",,
Ұлы ақын, философ, ағартушы,
композитор. А. жас кезінен ел ""Физули, Шәмси". Өлеңдерін қағаз
анасы атанған әжесі Зеренің бетіне 80-жылдардың ортасында
мол қазынадай аңыз ертегілерін, түсіре бастайды. "Сап, сап,
Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, көңілім", "Шәріпке", "Абралыға",
Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. "Жақсылыққа", "Кең жайлау"
Анасы Ұлжан да шешен болған, өлеңдері 1870 -80 ж. аралығында
сөз қадірін білетін ортада өскен. А. жазылған. Ақындық қуатын танытқан
сегіз жасында әкесі Құнанбай қажы үлкен шығармасы - "Қансонарда"
салдырған "Ескітам" медресесінде 1882 ж. жазылған. А-дың ұлылығын
оқып, он жасқа толғанда Семейдегі танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе өлер
Ахмет Риза медресесінен білім алды. табиғат, адам өлмес". Сол сияқты
Медресенің үшінші жылында ол осы ол А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов
қаладағы "Приходская школаға",, да т.б. шығармаларын шеберлікпен
қосымша түсіп, онда 3 ай орысша аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой
оқиды. Құнанбай Абайдың өзге орамымен байытты. А. "Масғұт",
балаларынан ерекше зеректігін "Ескендір", "Әзім" поэмалары, жалпы
ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай саны қырық алты бөлек шығармадан
қайтарып алып, ел ісіне араласуға тұратын қара сөздерін жазған. Оның
баулиды. Сөйтіп 13 жастағы қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш
А. әке ықпалымен әкімш.-билік 1918 ж. Семейде шыққан "Абай"
жұмыстарына араласады. А. болыс журналында жарық көрді. А. муз.
сайлауында жеңіп шығып, 1875 саласында да мол мұра қалдырып,
- 78 ж. Қоңыркөкше еліне болыс қазақтың муз. өнерін дамытты.
болады. 1886 ж. Е.П. Михаэлистің Қазіргі уақытта ақынның 27 әнінің
98 энциклопедиялық анықтама
ЖЕЗҚАЗҒАН
АБАЙ
АБДУЛИН қызметі, қазақ-түрік лицейі, №6 және
Айтмұхамед №9 кәсіптік-техникалық мектептері,
Абдолаұлы автокөлік базары, "Әмбебап" сауда
(1924 ж.т.) дүкені орналасқан. К. абаттанды-
рылып, көгалдандырылған. Негізі-
нен 2 және 5 қабатты үйлер бой
түзеген. Қазақтың атақты ақыны
ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың
құрметіне аталған.
АБДУЛИН Айтмұхамед Абдолаұлы
(29.11.1924 ж.т., Қарағанды обл.
36 нұсқасы нотаға түсірілген. Ұлытау ауд.) - ғалым, геол. - ми-
Ақынның муз. мұрасын жазып алу
XX ғ. 20-жылдары басталды. Қазақ нералогия ғыл. докт. (1971), проф.
әдебиеті тарихы салаларының бірі
- абайтану ғылымы ақын мұрасын (1973), Қазақстан ҒА-ның акад.
кең ауқымда зерттеу мәселесімен
шұғылданады. Елімізде ұлы ақынға (1979), Қазақстанның еңб. сің.
жасалған құрмет ерекше. А. атында
қала (Қарағанды обл.), аудан (Шығ. ғыл. қайраткері (1982). Ұлы Отан
Қаз. обл.), Семей, Қарқаралы
қ., Жидебайда әдеби-мемор. соғысына қатысқан. ҚазМУ-ды бітір-
мұражайлар бар. А. атында шың,
асу бар. Абай қоры жұмыс істейді. ген (1953). 1953-64 ж. Қазақстан
Фильмдер, көркем шығармалар
жазылған. Қазақтың классик ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында
жазушысы М. Әуезовтың бас кітабы
- "Абай жолы "ұлы ақынға арналған. аспирант, лаборант, инженер, кіші,
1995 ж. Абайдың 150 жылдық
мерейтойы Жезқазған қ. аталып өтті. аға ғыл. қызметкер, лаборатория
Қаладағы Абай көшесіне күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 9- меңгерушісі.ғыл.хатшы, 1964-74
орамда көшенің аяқталар тұсына
ақынға арналып мемориал-тақта ж. директордың орынбасары, 1974-
орнатылды. Халықаралық театрлар
фестивалі өткізіліп, С. Қожамқұлов 95 ж. директоры әрі 1987 жылдан
ат.қазақ сазды-драма театры "Ерте
ояндым, ойландым, жете алмадым" Қазақстан ҒА Президиумының
драмасын қойып бас жүлдені
жеңіп алды. Облыстық ақындар акад. - хатшысы, 1988 жылдан ҚР
мүшәйрасы өткізілді. Қалада Абай
атында көше бар. ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тының
АБАЙ көшесі - ең ұзын көшелердің құрметті директоры. Ғыл. зертте-
бірі. Бұл көше бойында "Қарлығаш"
балалар шипажайы, "Қаратал" ем- улерінің негізгі бағыттары: жалпы
ханасы, "Қазақмыс" корпорациясы-
ның бас ғимараты, №11 қазақ орта және аймақтық геология, тектони-
мектебі, мемлекеттік өрт сөндіру
ка, металлогения, мұнай және газ
геологиясы. А. Орт. Қазақстанда
алтын, мыс, турмалин кендерін
зерттеумен шұғылданды. Мұғалжар
кешенді экспедициясын басқарды.
Бірнеше кен орындарын (Самар
алтын мыс кені, Құмкөл, Арысқұм,
Нұралы мұнай кендері, т.б.) ашты.
А-нің тапқан нақты мәліметтері
бойынша республиканың тектоник.
картасы жасалды. Орал, Тянь-Шань
және Орт. Қазақстанның текто-
ник. құрлымдарының байланысы
жөніндегі теориялық мәселелер
жаңа тұрғыдан шешілді, геол. да-
муының ерекшеліктері айқындалды.
Қазақстанның мемл. сыйл. (1978),
КСРО Мемл. сыйл. (1985) лауреаты.
Октябрь революциясы; 1-дәрежелі
Отан соғысы, 2 рет Қызыл жұлдыз,
99
ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама
АБЫЛҚАНОВ
орынбасары (1963 ж.-дан), БКМК
АҒЫБАЙ БАТЫР Саяқ кенішінің бас инженері (1969 ж),
1802-1885ж.
БКМК күрделі құрлыс басқармасы
АБЫЛҚАНОВ
Төлеуқұл бастығының орынбасары (1972),
1937ж.т.
"Балқашмыс" ӨБ-і директоры-
ның орынбасары, күрделі құрлыс
жөніндегі директоры (1978 ж.-дан),
"Жезқазғантүстіметалл" АҚ-ның
вице-президенті, күрделі құрлыс
жөніндегі директоры (1995 ж.-дан).
Қазір "Қазақмыс" корпорациясының
жер қойнауын пайдалану, салық са-
лудың мониторингі және экология
жөніндегі директоры. 12 рет Балқаш
қалалық хал. деп. Кеңесінің, ҚР
Жоғары Кеңесінің (1994), Қарағанды
облыстық Мәслихатының (1999) де-
путаты болып сайланған. "Қазақмыс"
корпорациясы жанындағы "Отан"
партиясы өкілдігі саяси кеңесінің
төрағасы. "Халықтар достығы",
'Құрмет" ордендерімен және бірне-
ше медальдармен марапатталған.
'Қазақ КСР-не еңбегі сіңген метал-
лург" атағының иегері (1988).
АВТОМАТИКА, ТЕЛЕКОММУНИКА-
Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, ЦИЯ және КОМПЬЮТЕР ЖҮЙ-
Халықар. Геол. конгрестің алтын
белгісімен, акад. С.И. Вавилов ме- ЕЛЕРІ (АТКЖ) басқармасы - "Жез-
далімен марапатталған.
қазғантүстімет" АҚ құрамында 1996
Шығ.: Тектоническая карта каледонских струк-
ж. құрылған. Басқарма құрамына
"Автоматика" мамандандырылған
тур Казахстана и прилегающих территорий, М., монтаждау-реттеу кәсіпорны, бас
1977; Геодинамика земной коры Казахстана,
А.-А., 1980; Гөология Казахстана, А.-А., 1981; компьютер орталығы, технологиялық
Метаплогөния и минеральные ресурсы Казах-
стана, А..-А., 1983. және диспетчерлік байланыс
кәсіпорны, кен-технологиялық авто-
матикасының орталық лаборатория-
сы, автоматтандыру бөлімі енгізілді.
"Самсунг" фирмасынан алынған
АБЫЛҚАНОВ Төлеуқұл 1937 ж. 700-ден астам компьютері, әр түрлі
Ақтоғай ауд. Калинин (қазіргі Қара- өлшеу және басқа да техникалық
тал) ұжымшарында туған. Саратов құралдары бар кәсіпорынның
политехникалық инстит. өндірістік- материалдық базасы өз қызметіне
инженері сай келеді. АТКЖ басқармасының
азаматтық құрлыс
мамандығы бойынша бітірген (1963). бастығы - В.А. Хан.
Еңбек жолын БКМК Қоңырат кенішін-
де кен тасып шығарушы, жарушы
көмекшісі болып бастаған. БКМК АҒЫБАЙ БАТЫР (1802-1885 ж.
өндірістік-техникалық белімінің Ұлытау өңірінде туған) - Кенесары
(ПТО) аға инженері, күрделі құрлыс Қасымовтың Ресей отаршылығына
басқармасы (УКС) бас инженерінің қарсы көтеріліс басшыларының
100 ЖЕЗҚАЗҒАН энциклопедиялық анықтама