The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zkoipk, 2019-02-11 23:52:32

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Нұрлан СƏДІР

ӘКЕ ӨНЕГЕСІ
НАБИОЛЛА САФОЛЛАҰЛЫ

хақында

Орал, 2019

СƏДІР Нұрлан
Əке өнегесі. Набиолла Сафоллаұлы хақында.
/Орал, «Полиграфсервис», 2019. - 400 б., 16 б.фото

Бұл жинақта бала тəрбиесіне ерекше мəн берген
əкенің өмірі туралы естеліктер топтастырылған. Кітаптың
басты кейіпкері Нəбиолла Сафоллаұлы (1940-2004 ж.ж.)
– өз ортасында адал, кең пейілді, табанды, турашыл адам
ретінде ерекшеленген абзал азамат.

Кітаптан көне заманнан үзілмеген бабалардың асыл
қасиеттерінің қазіргі уақыттағы текті адамның бойынан
көрініс табуының мысалдарын көруге болады. Естеліктер
жинағы өнегелі əкені құрметтейтін балаларға, ұрпағына
ізгілікті тəрбие беруді көздеген əкелерге, жалпы оқырман
қауымға арналады.

© Набиолла ұрпақтары, 2019

Ќўрметті оќырман!

Мемлекеттің болашағы əр отбасындағы балаға
берілген тəрбиемен тығыз байланысты екені анық.
Қазақтың шаңырағында əуелден ер адамның бала
тəрбиесіндегі орны ерекше болды. Елдің ертеңіне тұтқа
болар болашақ ер азаматтарымызды жəне бесікті де,
əлемді де тербейтін аналарды тəрбиелеуде əкенің өз
рөлін білуі аса маңызды. Осы бағытта əкеміздің тəлім-
тəрбиесі мен бағыт-бағдарының өнегелік тұстары мол
еді. Қалаған адам өзіне қажет тұстарын үлгі етіп алуы-
на болады. Сонымен қатар əкемнің жарқын бейнесін
ұрпақтарына жеткізу, бар асыл қасиетін танытып, бол-
маса да, ұқсап бағулары үшін ата-тегі, балалық шағы,
қалыптасып-жетілуі, отбасы құруы, ұрпақтарына тəрбие
беруі, айналасына қамқорлығы туралы естеліктерді бір
жерге топтастыруды көздедім. Осы оймен жүргенімде
жұмыс орныма əкемді таныған талай таныстары келіп
жүрді. Мүмкіндігіне қарай бейнекамераға жаздым,
кейбіріне естелігін жазбаша əкеліп беруді сұрадым.

3

Осылайша əкеме қатысты сырт көздің пікірін жинақтап,
таныс бола бастадым. Осы уақытқа дейін түрлі ұстаным
мен көзқарастағы адамдармен де көп кездестім. Оның
ішінде елге танылған қаламгерлер, ақындар, жазушылар,
зиялылар, ғалымдар, өнер адамдары да жиі ұшырасты.
Əңгімелесе келе, орайына қарай əкемнің айтқан түрлі ой-
ларымен бөліссем, көпшілігі таңдай қағып таңырқайды.

Еліміз үшін жанын пида еткен тарихи тұлғаларды зерт-
теумен айналыса жүріп, оларды да тани түстім. Өмірлік
ұстанымдары, айтқан сөздері, атқарған əрекеттерінен
əкемнің бейнесі байқалады да тұрады. Тіпті мінез-
құлықтары да ұқсас келеді. Ағайын-тумалар да əкемізді
«тəтем» деп ерекше сыйлап, өзін не өзгені жақсы
жағынан сипаттағысы келсе, «тəтем сияқты» деп айта-
ды. «Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма» деп Абай
атамыз айтқандай, əкеміз əділдік жолында арпалысумен
өтті. Қиындыққа қасқайып қарсы тұрды. Өз ұстаным-
қағидаларынан айнымады.

Алаштанушы, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай
«Ұраным – Алаш...» кітабында кеңестік жүйе тура-
лы: «Отаршыл қоғам рухы еркін, дербес ойлау жүйесі
қалыптасқан, кесек харакет-қабілетке ие, тəуелсіз шешім
қабылдай алатын, жан дүниесі таза, болатөзек, мəдениеті
жоғары, аяр идеологияға бас имейтін тұлғаларға қарсы
күресті» дейді. Əкемнің де осындай асыл қасиеттері, бас
имегендігі үшін отаршыл қоғам қыр соңынан қалмай,
аяқтан шалумен болды. Жүйеге қарсы тұру ағысқа
қарсы жүзгендей қиын, бірақ дұрыстық жолында болған
адамның ісі түбінде қайырлы болары анық. Уақыт
өтеді, бəрі де көмескіленеді. Түрлі оқиғаларға қатысты
əңгімелер жеткізушінің қабылдауына қарай ақиқаттан
алшақтап, түрліше өрби бастайды. Көзі көрген, жанын-

4

да болып, жақын араласқандардың естеліктерін бүгін
жинамасақ, ертең кеш болары анық. Қағазға жазылып,
цифрланғанда ғана жазудың жойылмайтыны, ұрпақтан-
ұрпаққа бұрмалаусыз, шынайы, нақ жетері анық.

Бала кезімізде əкеміз «құлһуалланы» жаттатып еді,
қой бағып жүргенде далада пысықтап қайта сұрайтын.
Мүдірмей айтып бергенге өзіміз де разы болатынбыз.
Енді, міне, қолымыздан келетіні – əкеміздің рухына ар-
нап өзі жаттатқан дұғаны бағыштау. Мына қолыңыздағы
кітап та əкеміздің рухына арналады.

Əке туралы тікелей ұрпақтары жазса, біржақтылау
болады-ау деген ой болды. Сондықтан бейтарап,
əкеміздің болмысын түсінетін, өресіне бойлай алатын,
жазуға шебер маман ретінде таңдау Нұрлан Сəдірге
түсті. Ұсынысымызды қабыл алып, бар ынтасымен
ыждағаттылықпен жазғанына алғыс білдіреміз. Əділ,
адал, терең білімді, білікті, кең пейілді, тік мінезді,
иманжүзді əкенің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде
мəңгі сақталары хақ.

Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ

5

Алғы сөз

«Алла Тағала адам баласының түр-əлпеті мен дене
бітіміне емес, жүрегі мен амалына назар салады»,
- дейді Мұхаммед с.ғ.с-ның бір хадисінде. Дүниеде
қандай да бір затқа баға берген кезде оның үлгі-эталонға
қаншалықты сай екеніне зер саламыз. Сол сықылды
руханият əлемінде адам баласы жайлы сөз қылғанда
оның адамзаттың эталондары – пайғамбарларға
қаншалықты алыс-жақын екенін бағалауымыз керек деп
білемін. Ihsan.kz сайтында баяндалған пайғамбарларға
тəн бес сипат туралы деректен үзінділер келтірейін:

1. Сидқ – шыншылдық, туралық. Əрбір пайғамбар –
шыншылдық пен туралықтан айнымайтын ұлы
тұлғалар. Адамзаттың асыл тəжі болған Хазіреті
Мұхаммедтің с.ғ.с өмір тарихына бір сəт көз жүгіртіп
қарар болсақ, Меккелік мүшріктер арасында əуелі
«Мухаммадул Əмин» (сенімді Мұхаммед) деген атпен
танымал болған Пайғамбарымыздың кіршіксіз келбе-
тін көреміз. Мүшріктер Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.)

6

40 жасқа дейінгі өмірінде ешбір жалған сөйлемегеніне
куə болады. Ол кезеңде өтірік айтпау, алдап-арбамау
мүмкін емес-тін. Міне, сондай азғындық белең
алған уақытта Пайғамбарымыздың бір ауыз жалған
сөйлемеуінің өзі оның болашақ пайғамбар екендігінің
айқын белгісін-дей əсер етті.

2. Аманат. Аманат «сенімді» деген ұғымды білдіреді.
Демек, пайғамбарлардың екінші бір сипаты, ерекшелігі
– өте сенімді тұлға болуы. Пайғамбарлар өздеріне
пайғамбарлық міндет келгенге дейін жəне пайғамбар
болғаннан кейін де ешқандай қиянатшылдық жасама-
ған, жасағандықтары жайлы деректер де жоқ жəне
ондай деректерді кездестіру де мүмкін емес.

Меккелік мүшріктер Хазіреті Пайғамбарымызға
дұшпан бола тұра, аманат мəселесіне келгенде
заттарын Пайғамбарымыздың үйіне тапсыратын.
Ойлап қарасаңыз, мұның өзі адамды таң қалдыратын
жайт. Пайғамбарымызға өлердей дұшпан бола тұрып,
бірақ бір затын аманат етіп тастап кету мəселесінде
одан абзал жан таппайды!

3. Исмəт (күнəсіз). Исмəт күнəдан аулақ болуды
білдіреді.

4. Фəтəнат – ерекше ақылдық һəм зеректік қабілет.
5. Тəблиғ (жеткізу). Əрбір пайғамбардың Алла Та-
ғаладан алған діни үкім мен тыйымдарын өз қауымына
кемшіліксіз жеткізу ісін «тəблиғ» деп атаймыз. Тəблиғ
пайғамбарлардың дінді жаю жолындағы ең басты
əрекеті болып есептеледі. Егер олар Жаратушыдан
жеткен бүкіл əмір мен тыйымдарды адамдарға айна-
қатесіз жеткізбесе, өз ісіне қиянат жасаған болып
табылады.
Жер бетіндегі өсімдік атаулының күн көзіне
ұмтылатыны тəрізді, адам баласының да нұр сипат-

7

ты пайғамбарларға ұқсауға ұмтылатыны мəлім. Сон-
дықтан біз бұл жерде кітабымыздың басты кейіпкері
Сафоллаұлы Нəбиолланың бойынан аталған бес
сипаттың қаншалықты көрініс тапқанын баяндау
арқылы оның тұлғалық бейнесін ашуды мақсат тұттық.
Бұл ой кітаптың бас кейіпкерінің есімін ашықтау
барысында туындады. Нəбиолла «Алланың бұйрығын
адамдарға жеткізуші пайғамбар», «Алланың елшісі»
деген мағынаны білдіреді. Адамдарға есім тектен-текке
берілмейді, оның əрқайсысының тылсым бір сыры
бар деген сөз бар. Мысалы, Нұргүл Сабақанованың
old.aikyn.kz сайтында жарияланған «Есімдер сыры»
атты мақаласында былай делініпті: «Адам есімі оның
тағдырына қаншалықты əсер етеді? Бұл – ХХ ғасырдың
басынан бері ғалымдар зерттеу жүргізіп келе жатқан
жұмыстардың бірі. Соның нəтижесінде кейін адам
есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда
болды. Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана болсын,
өз шаңырағында сəби дүниеге келгенде оған ең жақсы
есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сəбиге
есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ.
Алайда əрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер
жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны,
он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған
есімді сəбиіне қойғаны абзал. Өйткені есімдердің
адам өміріне ықпалы ерекше дейді ғалымдар. Адам
есімдерін зерттеуші ғалымдардың дəлелдеуін-
ше, есім бала өміріне айтарлықтай əсер етеді, сəбилерді
неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын баланың
тұла бойы соған сəйкес көркемделе түседі».

Ал znachenie-tajna-imeni.ru сайты «Нəбиолла есімі
- сенімділіктің символы болып табылады. Бұл есімді
иеленген адам тап қазір не істеу керектігін дəл біледі. Ол

8

жастайынан-ақ лайықты құрметке бөленеді. Уақыт өте
келе тұлғаның осы ерекшелігі тағдырдың талайымен
нық бекиді. Таңдаған кəсібі əрқашан жəне əбден сенуге
болатын адам ретінде ашылуына мүмкіндік береді.
Кейде осындай адам болып қалуы үшін бұл есімді
иеленген жан бойындағы бар күшін сарп етуі мүмкін»
дейді.

Осы екі сілтемеде келтірілгендей, «есімнің адам
өміріне ықпалы өте ерекше» болса, Нəбиолла ағамыздың
өнегелі өміріне өзінің жəне əкесінің (Сафолла – кіршіксіз
тазалық, Алла Тағаланың пəк сипаты) аса көркем
есімдері белгілі бір игі əсерін тигізді деп ойлаймын.
Міне, сондықтан да Алла Тағала елшісінің сипатын
иеленіп өмір сүрген жəне тап соның жасында дүниеден
өткен кітаптың бас кейіпкерінің тұлғалық келбетін
идеалға (пайғамбарлардан артық қандай идеал болуы
мүмкін?) қаншалықты жақын болғанын сипаттау
арқылы ашуды жөн көрдім.

Естелік кітап жазу не береді?
Біріншіден, кітап жазу барысында оның бас кейіпке-
рі туралы əртүрлі адамдардың бойында шашырап
жүрген мəлімет-естеліктер бір жерге тоғысады, тасқа
басылып хатталып қалады. Сөйтіп, кітап арналған
жанды жете білмейтін, тіпті мүлде танымайтын
адамның өзі кейіпкердің тұлғалық портретімен танысу
мүмкіндігіне ие болады. Кітапта баяндалған жай-
жапсарлармен танысу, марқұмды еске түсіреді, ал
еске алудың өзі – о дүниелік болған жан үшін Құран
сүрелері сынды, рухани азық болып табылады. Бақилық
жанды осылайша азықтандыру – аруақтың разылығына
əкелетін үлкен сауап, сондықтан еске алған да, еске
алынған да олжалы болып, əулетте бақ-береке орнауына
себепші болады. «Өлі риза болмай, тірі байымайды»

9

деген сөз – рухани да, материалды байлыққа да қатысты
рас екені ақиқат.

Екіншіден, қандай да бір жан, əсіресе, жас ұрпақ
үшін – айдаладағы бір адам, кейіпкер, бейнеден гөрі,
өзінің ет жақынын (ата, əке, аға т.с.с) үлгі тұту əлдеқайда
жеңіл жəне əлдеқайда сіңімді болады. Өз басым, естелік
көздерімен кездесу барысында «Нəбиолла аға – тек өз
əулетіне ғана емес, одан да тыс көп адамға үлгі-өнеге
бола алатын жан» деген қорытындыға келдім. Нəбиолла
Сафоллаұлы адамдық-тұлғалық бейнесін қандай қиын-
қыстау кезде де сақтап-күшейте білгенін баса көрсету
үшін ол өмір сүрген заман мен орта туралы баяндап
отыруды жөн деп таптым.

Барша естелік айтушылардың пікірлері кейіпкері-
міздің турашылдығы, прагматикалық бейнесі, əр-
дайым болашаққа сеніммен қарайтын жарқын мінезі
төңірегінде өрбиді. Олар естелігімен бөлісу барысында
бойындағы кей жақсы сипаттың қалыптасуына
кітаптың бас кейіпкері себепкер болғанын да айтып
жатады. «Сынықтан өзгенің бəрі жұғады» демей ме, өз
басым, осы естелік кітапты жазу барысында қаныққан
Нəбиолла ағамыздың асыл қасиеттері маған да жұғыс-
ты болар, - деген үміттемін.

Нəбиолла Сафоллаұлындай асыл адамның рухымен
қауышу мүмкіндігін сыйлаған барша жанға, əсіресе,
Елдос, Жантас жəне Нұртас Нəбиоллаұлдарына өз
разылығымды білдіремін! Нəбиолла ағадай азаматқа
арналған кітап жазу ісіне атсалысқан баршаңызға
Алланың нұры жаусын!

10

Кіріспе бґлім

Заман

Адамның тəлімгерлік дəрежеге жетуі үшін, біреуге
қандай да бір құндылық беру үшін өзі де соны қайдан
болсын алуы керек емес пе? Мұндайда адамның тұлға
ретінде қалыптасуына белгілі бір əсерін тигізетін
заман, мекен, тек факторларына назар аударамыз. Осы
турасында біраз сөз қылайық.

Нəбиолла Сафоллаұлы 1940 жылдың 21 желтоқ-
санында дүниеге келді. Бұл өзі қандай кез еді?

1940 жыл – Григориан күнпарағы бойынша
дүйсенбіден басталған кібісе (високос) жыл.

Бұл жылдың лебін барынша сезіну үшін сол
жылдардың хроникасына көз жүгіртейік:

• 2 қаңтар – Жұмысшы-шаруалар қызыл армиясы
Карель мойнағында Финляндия əскеріне қарсы ірі
шабуылды бастады.

• 1 ақпан – КСРО-да əдебиет бойынша Сталин

11

сыйлығы тағайындалды.
• 5 наурыз – БКП (б) ОҚ Саяси Бюросының тұтқын

поляк азаматтарын атып тастау туралы шешімі шықты
(Катынь қырғыны)

• 12 наурыз – Совет-фин соғысы аяқталып,
нəтижесінде КСРО құрамында Карел-Финс КСР-ы
пайда болды.

• 20 мамыр – Аушвиц-Биркенау (Освенцим)
концлагерінің құрылысы аяқталды.

• 15 маусым – АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельт
атом қаруын жасау туралы жарлыққа қол қойды.

• 18 желтоқсан – Гитлер нөмір 21 директивасына
(«Барбаросса» жоспарына) қол қойды.

Иə, бұл 1940 жыл – Екінші дүниежүзілік соғыс
басталып кетіп, жылдың əр оқиғасынан соғыс ызғары
сезіліп тұрған кез. Осы соғыстың ажырамас бір бөлігі
болып табылатын Ұлы Отан соғысының басталуына бір
жылға жетер-жетпес уақыт қалды. Ұлы Отан соғысы
демекші, Нəбиолла Сафоллаұлы дүниеге келген 1940
жылдың 21 желтоқсаны күні əйгілі ППШ автоматы
Қызыл Армияның қару-жарағы қатарына енді. Бұл қару
туралы білмейтін оқырман үшін аз-кем дерек келтіре
кетейін:

ППШ (пистолет-пулемет Шпагина) автоматы –
ковровтық қару-жарақ шебері Георгий Шпагин жасаған
7,62 калибрлі қару. Магазинсіз салмағы – 3,6 кг,
ұзындығы – 842 мм, минутына 900 оқ шығара алады, диск
магазиніне 71 патрон сыяды. Құрылысы қарапайым, сол
кездегі қарулардың ішінде озық болып табылған, соғыс
кезінде 5,4 млн. дана болып шығарылған бұл ППШ -
«Жеңіс қаруы» деп те аталып жүр.

Біздің бас кейіпкеріміз дүниеге келген, ППШ

12

қатарға қосылған күннен тұп-тура бір жыл бұрын – 1939
жылдың 21-желтоқсаны күні Иосиф Виссарионович
Джугашвили (Сталин) Адольф Гитлерден мынандай
мəтіндегі құттықтау телеграммасын алыпты:

«...Менің шын жүректен шыққан құттықтауымды
қабыл ала көріңіз. Жəне Совет Одағымен дос ха-
лықтардың болашағы бақытты болуы үшін сіздің жеке
басыңызға саулық тілеймін!». (Бунич И. «Операция
“Гроза” или ошибка в третьем знаке». Бірінші кітап. -
СПб: ВИТА-ОБЛИК, 1994, 124-бет).

«Шын жүректен шыққан» құттықтау мен қақ
жүрекке бағытталатын қарудың бір күнде шыққанын
тағдыр тəлкегі демеске амалың жоқ. Мен мұның
бəрін не үшін жазып отырмын? Адамның өмір сүрген
шағы, соның ішінде дүние санамен емес, түйсікпен
қабылданатын балалық шақта өтетін алыс-жақын
барша оқиға баланың бойына өзінің өшпес таңбасын
қалдырады, өз өрнегін салмай қоймайды. Өз басым,
Нəбиолла ағамның бойындағы тəртіпсүйгіштік, тосын
оқиғаларға сайма-сайлық, асқан жинақылыққа жалыны
шарпымаса да, түтіні ыстаған сұм соғыстың əсері
болмай қалмады деп ойлаймын.

Иə, бұл ұрпақтың басына түскен ауыртпалық енді
қайта келмесін. Тұп-тура Нəбиолла Сафоллаұлы дүние
келген 1940 жылдың 21 желтоқсаны күні о дүниеге
өткен əйгілі американ жазушысы Фрэнсис Скотт Кей
Фицджеральд əдебиеттегі «жаншылған ұрпақ»-тың
(“потерянное поколение») ірі өкілі деп танылыпты.
Американдықтар «Ұлы депрессияны», Еуропа «бірінші
дүниежүзілік соғысты», біздің аталарымыз – Азамат
соғысы, кəмпеске, бірнеше ашаршылық, репрессияны
бастан кешкен бұл дəуірдің адамдары үшін «жаншылған

13

ұрпақ» тауып айтылған атау болып көрінеді. Бірақ, бір
жағынан, осындай аласапыран, зұлматты бастан кешіріп
қанша жерден «жаншылса» да, осы шақта дүниеге
келген адамдар арасынан да əйгілі тұлғалардың шығуы
адамзат қорының теңдессіз байлығы, адам баласының
өміршеңдігіне көзіңді жеткізіп, көңілге үміт ұялатады.
Біздің Нəбиолла Сафоллаұлы да осындай дүрбелең
шақта дүниеге келіп, күрделі кезеңде өмір сүрсе де,
замандастарының естеліктері оны толыққанды АЗАМАТ
ретінде сипаттайды. Осы естеліктермен таныса келе,
өз басым, Нəбиолла Сафоллаұлы тек ұрпақтары үшін
ғана емес, көп адам үшін үлгі-өнеге бола алады деген
қорытындыға келдім.

Мысалы, мен Нəкең туралы естеліктер бөлісуші-
лермен кездесіп, олардың ауызынан шыққан əңгімені
қағазға түсіріп отыру барысында екіұдай сезімде
болдым:

1. Нəбиолла ағаның тұлғалық қасиеттеріне таң қалу,
сүйсіну

2. Нəкеңнің бойындағы білім, дағды, əрекеттің менде
жоқ екендігіне деген қатты қынжылыс.

Шыны керек, Нəбиолла Сафоллаұлы туралы естіген
əңгіме-естеліктер қамшы болып тиіп, бойымдағы біраз
игі өзгеріске себепкер болды.

Сондықтан Нəбиолла ағамыздың іс-тірлігімен
жете танысу тек маған ғана емес, біраз адам үшін
ғибрат болады деген ойдамын, кітап та осы мақсатта
жазылды.

Жоғарыда əңгіме болған Фрэнсис Скотт Кей Фиц-
джеральдтан «Ұлы Гетсби» сынды атақты кітаптан
басқа мынандай да сөз қалыпты: «Əр жазушы өзінің əр
кітабын осы кітабын жазып біткен күні басын шауып

14

тастайтындай жазуы керек». Мен осы қолыңыздағы
кітапты жазу барысында осы талапқа барынша сай
болуға тырыстым.

МЕКЕН

Нəбиолла Сафоллаұлы – тек аудан, облыс қана емес,
елімізге əйгілі қазақтың халық композиторы, əнші,
ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мерəліұлы; қазақтың
алғашқы заңгері, демократ Бақытжан Қаратаев, ғалым-
академиктер Қажым Жұмалиев, Мəтжан Тілеужанов,
Рахымжан Елешев, əнші-композиторлар Ғарифолла
Құрманғалиев, Ескендір Хасанғалиев, ақын-жазушылар
Берқайыр Аманшин, Құрманғазы Қараманұлы шыққан
Қаратөбе топырағында туып-өскен адам. Нəбиолла аға
дүниеге келген Қоскөл-Егіндікөл маңайы да тарихқа
тұнып тұр: Бөкенбай Қарабатырұлы, Тіленші тархан
Бөкенбайұлы, Жоламан батыр Тіленшіұлы, байбақты
руының ұранына айналған Дəуқара батыр, Едіге ишан,
Жетпіс балуан, атақты Құныскерей, Науқан молда,
Жарман хазрет, Сартай ақын т.с.с есімі осы өңірмен
байланысы бар тұлғалар туралы Нəбиолладай асылдың
тұяғы – облыстық «Орал өңірі» газетінің гуманитарлық
бөлім меңгерушісі, журналист Нұртас Сафуллиннің
2016 жылы жарық көрген «Егіндікөл тарихы» ат-
ты кітабында егжей-тегжейлі жəне өте тартымды
баяндалған. Осындай атақты адамдар дүниеге келген
топырақтан нəр алған Нəбиолла Сафоллаұлының ал-
дыңғы қатарлы азамат болуы заңдылық та шығар.
Нұртас Нəбиоллаұлының айтуы бойынша, бұл кітаптың
жазылуына əкесінен қалған жазбалар түрткі болған.
Өлкетанушы, Қазақстан Республикасының құрметті

15

журналисі Қайыржан Хасанов көзі тірісінде Нұртас
Сафулиннің кітабына «Егіндікөл ауылының тарихы
жайлы тың туынды» деген баға беріпті. «Мен Қаратөбе
ауданының Егіндікөл ауылында туып өстім. Егінді-
көл – табиғаты əсем жер. Солтүстік беті Шыңғырлау
ауданымен шектеседі. Ылдиы мен өрі, өзені, көлі,
мөлдір бұлағы, сай-саласы, шағылды құмдары мен ну
орманы алтын бесік туған жердің ажарын ашып, көркін
асырып тұр» деп, оқырманын əрі қарай жетелей түсетін
бұл кітаптың əр бетінен туған жердің тау-тасынан
бастап тарихына деген перзенттік сүйіспеншілік
сезіледі. Нұртастың туған өлкесінің табиғатына деген
махаббаты «Аққұмды аралағанда» атты мақаласының
əр абзацынан айқын аңғарылып тұрады.

ТЕК

Иə, бұл өңірде ақын да, батыр да аз тумағанға ұқ-
сайды. Осы Қаратөбе топырағында дүниеге келген Құр-
манғазы Қараманұлының «Алтын іздеушілер» атты
кітабы, қателеспесем, алтын іздеп, көр қазғандардың алып
адамдардың сүйегіне кез болып, «астапыралла!»-лап таң
қалып жатқанынан басталады. Біз кітабымыздың бұл
тарауын сүйегі алып болмағанымен, асыл Нəбиолла
ағамыздың арғы тегі жайлы сөз қозғаумен бастаймыз.
Нəкеңнің арғы ата-бабалары талай жақсы-жайсаңдар
шыққан Тайпақ аумағының Өлеңті мен Сайқұдық
арасын жайлаған екен. Тайпақ жақтың адамдарын
Қаратөбеге қоныс аудартқан – Ресей империясының
колониялық саясаты.

Ешкім, соның ішінде ғалымдар да адамның
қалыптасуына шыққан тегінің де əсері болатынын

16

жоққа шығармайды. Нəбиолла ағаның бауырлары
мен балалары арғы жəне бергі аталары жайлы біраз
мағлұмат-дерек жинақтаған екен, осы материалдарды
оқырмандардың назарына ұсынамын:

Материал дос бөлімі, Серғазыұлы Сафолладан
қайтыс болардан үш ай бұрын, яғни 1983 жылдың
сəуір айының соңында кенже ұлы Төлеген жазып
алған деректер негізінде дайындалды.

Аталарымыз туралы
естігендер мен есте қалғандар

*****

Əкеміз Сафолланың айтуы бойынша, үлкен шенді
орыс ұлығының алдында, алқалы бір жиында орыстың
ірі денелі, жас, дүниежүзілік жарыстарға қатысып жүрген
палуанына қазақтардан бір адам шықсын деген шарт
қойылған. Жəне қай жеңгені жығылғанды бауыздасын
деп, жерге қанжар шаншып қойған. Күрестің осы
шартынан жəне орыс палуанының тұлғасынан сескеніп,
бірнеше рет күреске шақырғанда қазақтар жағынан
ешкім шықпаған. Сонда қалқаман тана ұрпағы – ЖЕТПІС
атамыз «мен шығамын» деп алға ұмтылған. Жетпіс
атамыздың жасы ұлғайып, 47-48 жас шамасы екен. Сонда
қарттар «Сенің жасың келіп қалды ғой, жастар шықсын»
деп тоқтатпақ болыпты. «Жастар шықса, олардың жолын
кім байлап тұр?» деп, ортаға шыққан. Жетпіс атамыз
кедей адам екен. Үстінде шолақ етек, шолақ жең қақпа
шекпен (аттың қылы мен қара қойдың жүнінен өрмекпен
тоқылған, қапшық жасайтын материал) болған. Сонда

17

ақсақалдар Жетпістің иығына зерлі шапанын жауып,
ортаға шығарады. Орыс палуаны бірнеше рет жықпақ
болып үйіріп көтеріп, жерге соққан сайын аяғымен
тік түсе берген. Бір мезетте Жетпіс атамыз өзіне
ғана тəн əдіспен, көз ілеспес шапшаңдықпен көтеріп
алып, жерге бір соққанда орыс палуаны есінен танып,
орнынан тұра алмай қалған. Күрес шарты бойынша
«бауызда» деп қолына қанжарды ұстатқанда «жазықсыз
адамның қанын мойныма жүктемеймін» деп, қанжарды
жерге лақтырып жіберген. «Онда қандай тілегің бар»
деп сұрағанда «аталастарыма қоныс тарлық етіп жүр,
Көкөзектің бойынан бір өгіз терісіндей жер беріңіз»
деген. Ұлық: «Жарайды, аласың» деген. Жəне Сыйлық
беремін, қайда саласың?» деп патша алтын тиындарын
ұсынғанда шекпенінің бір жақ етегін ғана тосыпты.
Артынан «Аға, неге шекпеніңізді толық жайып
тоспадыңыз, алтын ақшаны мол алатын едік қой»
дегенде, «Ағайындар-ау, ең бастысы, Көкөзек бойынан
қоныс алатын болдық, сол жарайды ғой» депті.
Сол уақытта атақонысымыз Өлеңті мен Сайқұдық
арасындағы аймақ болған. Ол кез – казак-орыстардың
Жайық бойының шұрайлы жерлерінен қазақтарды
ығыстырып, малдарын «балықты үркітеді» деп, Жайық
бойынан суартпай, «шабындықты таптайды» деп
жайылымдардан қуып, қазақтарды қыспаққа алған кез.

Жаңа жерге келгеннен кейін де орыс үкіметінің
алым-салығы ұлғайып, оны төлеу қиындаған соң
таналар қарсы шағым жазған, «Егер салық ұлғаятын
болса, бұл жерден көшеміз» деп. Мəселе оң шешіліп,
«салық ұлғаймайды» деген қағаз келгенде көшеміз деп
жүктерін буып отырған ауыл қуанып, жүктерін шешіп,
орындарына қайта жайғасқан. Сол кезде дүниеге келген

18

Шоңай атамыздың ұрпағы, баланың атын Қонысбай
қойған. Бұл оқиға 1865-1870 жылдар шамасы. Себебі
Қонысбай баласы Есжан (ауыл жанындағы көл осы
кісінің атымен аталған) 1901 жылы дүниеге келген.

*****

Жетпіс атамызды жасы ұлғайған шағында
Шəмбіл деген палуаны жығып, басынан аттап
кеткен екен. Сонда Жетпіс атамыз орнынан жылап
тұрып: «Əй, Шəмбіл! Осы жасағаныңды менің
тұқымымнан бір ұл алдыңа келтірер» деген екен.
Сол айтқаны келіп, Ботпай атамыздың баласы Тоқай
19 жасында Шəмбілді жығып, басынан аттапты. Сонда
Шəмбілдің жақтастары қызынып, шулап қоя берген.
Сонда тананың қарттары «Баяғыда Жетпіс не деп еді,
сол айтқаны келді» деп дауды басқан.

*****

Көшпелі Құрманқожа деген байдың қызы
ұзатылғанда (онда атты казактар босқан жоқ, үкімет
орнар алдында) үлкен күрес болған. Шумақ шеркеш
бір сары кісі біздің тоғыз палуанымызды қатарынан
жыққан, ал сары белбеу таққан, бешпет, шалбар, қисық
табан етік киген, шаш қойған Жамал дегенге ешкім
шықпаған. Соған Шоңай атамыздың Көбес-Елеусе-
Жақымет баласы Темірхан шыққан. Темірхан атамыз
шағын денелі кісі болған. Халық «Ойбай, Жамал бұны
өлтіріп тастайды ғой» деп кауіп айтқанда Темірханның
тұла бойы селкілдеп, көзінің қанталап, ширығып
тұрғанын қарттар байқап, «Бұны аруақ қысып тұр,

19

тəуекел, күрестірейік» деп шығарған екен. Жамал шот
салғанда Темірхан бұлқып қалып жыққан. Темірхан
ысық Айдынғалимен жолдас болып, аздап салқы, қыз-
келіншектерге жайсыз болған. Оқыған, сауатты болған.
Артынан бала оқытып, молдалық құрған.

*****

Достан Бисенғали болыс болған. Мылтық, найза,
айбалта қаруларын ұстаған.

Ботпайдан ақсақалдықты Тінəш, билікті Қуаныш-
алы ұстаған.

*****

Ботпай атамыздың ұрпағы Тінəш-Құрманның інісі
Жұмалы сері, өте қуатты, төбелесте бой бермейтін
тентек адам болған. Алтыатар, қанжар асынып жүрген.
Қанжарына жіңішке қыл шылбыр тағып, ердің қасына
бір ұшын байлап жүреді екен. Бірінде түске таяу
Ханкөл жағында жолаушылап келе жатса, бір адам
көлігін 10-11 жас шамасындағы балаға айдатып, арба
үстінде қалғып келе жатыр екен. Сəлемдесіп, «Түнімен
ұйықтамай, не бітірдіңіз?» деп сұрағанда «Осы жақта
тентек Жұмалы жүр деп естігесін түнімен ұйықтамай,
атымды шылбырынан ұстап, күзетіп едім. Содан ұйқым
шала болып келе жатқаны ғой» депті. «Мен неше рет
сенің малыңды ұрлап алдым? Онда сол Жұмалы мен!
Иманыңды айт» деп арбадағы кісінің үстіне қона кетеді.
Иегінен көтеріп, қанжарды қынынан суырмастан,
қынымен 1-2 рет изегенде қорыққаннан жаны шығып
кеткен. Қасындағы бала бақырып жылайды. Енді

20

Жұмалының өзі жайсыз жағдайда қалады. Əрең дегенде
баланы жұбатып, көлікті кейін бұрып, ауылына алып
барады. Ауыл у да шу, бəрі Жұмалыны ұстап алмақшы
болады. Қуғыншылар қаумалап, қыспаққа алғанда:
«Жігіттер, қайтыңдар! Əйтпесе өздеріңе жаман
болады» деп ескертеді. Оған болмағасын өте шапшаң
қимылмен қаша жүріп, қуғыншылардың аттарын
қорс-қорс жарып, өздеріне зиян жасамай, қоршаудан
құтылып кетеді екен. Таналар тағы да үй басына 1
баспақ деп айыбына құн төлейді (осы əңгімені Сафолла
жұбайы Жəнет айтып, бетін cызып күліп отырады
екен). Ағайыны болыс Бисенғали, бай Рахымдармен
ниеттес болып, көрші руларға тізе батырып, барымта
жасаған. Келген ауылының алдынан үріп шыққан итін
сабап, атып, ауылының қыз-қатындарына арқасын
қасытып қояды екен. «Анакаңды бəлен қылайын» деп
сөйлейді екен. Ол кісісіз той өтпейді, қандай да бір
себеппен тойға шақырылмай қалса, сол үйге барып,
той иелерін сабап кетеді екен. Ердің қасына домбыра
іліп жүріп, Мұхиттың «Паңкөйлегін» нəшіне келтіріп
орындайды екен. Сондықтан жұрт мақтап, атын атамай,
«Паңкөйлек» деп атаған. Отбасын құрмаған, артынан
қазіретке кіріп, тазалық жолына түскен.

*****

Осы өңірде Серғазы атамыздың бəйге бермейтін
жүйрік торы биесі болыпты. Сафолла атамыздың
бала кезінде торы биеге мініп, ағайындарымен қасқыр
соғуға шығыпты. Серғазы інісі болыс Бисенғалидың
ұлы Мамай да болыпты. Мамай ерекше қамшыгер
болған. Қасқыр қажырлы болып, қуғыншылардан

21

қара үзіп, қарағандардың арасына жатып алған.
Сафолла атамыз торы биемен өкшелеп отырып жетіп,
қасқырды соғуға бата алмай, артындағыларды күтіп
тұрады. Сол кезде бірінші жеткен Мамай: «Бір иттің
күшігін соғып алмай, манадан не ғып тұрсың, əкел
торы биені!» - деп ақырады. Сафолла атамыз бергісі
келмейді. Сонда Мамай атамыз қамшының ұшымен
түртіп қалғанда бала аттың бауырына қалай жалп ете
түскенін білмей қалады. Мамай торы биеге қарғып
мініп, қасқырға ұмтылғанда тыңайып қалған қасқыр да
қарсы ұмтылып, биенің тамағын орып жібереді. Мамай
атамыз қасқырды өзіне тəн əдіспен бір ұрып, төбесін
ойып жібереді, қасқыр сеспей қатады. Қолқасы кесілген
торы биенің тамағынан қанды көбік атқылап тұрады.
Аңшылар көйлектерін жыртып, биенің тамағын байлап,
қасқырды сойып, терісін алып, ауылға қайтады. Серғазы
атамыздың кемпірі шолан байбақтының тұқымы Қалия
есімді əжеміз екен. Ол кісі өте қайратты əрі емсек
болған. Қайныларын «қасқырдың басын кесіп əкел» деп
қайта қуып, əкелгесін қасқырдың тістерін қағып алып,
отқа өртеп, биенің тамағын тазалап жуып, ұстарамен
қырып, қасқыр тісінің күлі мен күшаланы араластырып,
жараға сеуіп, тарамыспен тігіп тастаған. Содан торы
бие құлан-таза жазылып кетеді. Тамағында азғантай
ғана қара тыртық қалады. Одан кейін де талай жарыста
бас бəйгені алады. Серғазы атамыз өлер шағында
ағайындары жиналып, бақұлдасып, «Қандай өсиетің
бар?» дегенде: «Маған торы биені мінгізесіңдер ме?»
- деп сұрайды. Ағайындары «Əрине, өзіңнен қымбат
емес, мінгіземіз» дейді. Атамыз «Онда басқа айтарым
жоқ» деп, риза болады. Атамыз қайтқанда қарасына сол
торы бие сойылады.

22

*****

Сафолла атамыз шешесі Қалияны «əже» дейді екен.
Ауылда үлкендер жоқ кезде Серғазы орының сыртына
көшпелілердің бір қойшысы қойларын орға тақап, қап-
татып жібереді. «Қойларын əрі жайсын» деп жіберген
6-7 жастағы Сафолла атамызға «Олай деп кім айтты,
ауылдың еркектері қайда?» деп сұрайды. «Үлкендер
тойға кетті» дейді. Қойшы «Онда, əжең шайнамасын»
дейді. Бала айтып барады. Оған ашуланған əжеміз
үйдің қасында бос жайылып жүрген биенің мойнына
шаршысын салып жіберіп, жайдақ қарғып мініп,
қойшыға жеткен бойда шап беріп, екі иығынан ұстап,
аттан жұлып алып, тақымға басады. Қойшы қорыққаннан
«апаеке-ай, кешір» деп жалынады. Қойшының əрі-
беріден соң көзі аларып, тамағы қырылдап, үні өшіп
қалады. Сол кезде ғана тақымын босатып, қойшыны
жерге тастап жібереді. Қойшының құрығын алып,
қойларын ала топалаң қылып, ауылдан аулаққа қуып
тастайды. Сол кезде есін жинаған қойшы атына мініп,
айдалаға қашады. Қалия əжеміз еркек пішінді, аз
сөйлеп, тұқымның шаруашылығын ұршықша жүргізіп,
билеп отырған. Еркектердің өзі ол кісіге қарсы келуге
бата алмайды екен. Қайнылары ойнап, мазаласа, шап
беріп алып ұрып, қашан «қойдым» деп жалынғанша
босатпайды екен.

23

*****

Дос атамыздың Баржысынан тарайтын Ақбай,
Тоқыш, Жақай атты аталарымыз болған. Жақай баласы
Əжен атамыз саусақтарының əрқайсысы айырдың
сабындай жуан, ірі денелі, қайратты адам болған. Беліне
қатарынан 4-5 сойыл қыстырып жүреді екен. Ұрысқа
шыдамай сынған сойылды лақтырып тастап, келесісін
суырып алып, төбелес кезінде қарсыластарын сұлата
береді екен. Туған қарындасын өзі ауылда жоқта тартып
əкеткен кезде қасына сенімді 2-3 жігітті ертіп алып,
тойға қамданып жатқан ауылға тайсалмай жетіп барып,
қызды ұстап отырған үйге екпіндей кіріп, қарындасына
«Бол, тез жинал!» дейді де, жанып жатқан ошақтағы
отты қос уыстап көсіп алып, үйдің ішіндегі жігіттердің
үстіне шашқан. Жігіттер ойбайлап, далаға қашқан.
Сол кезде қызды алып қалмақшы болып ұмтылған
жігіттерді сойылмен баудай түсіріп, қарындасын
зорлықтан құтқарып алып кеткен. Бірақ ара ағайындар
түсіп, қарсы жақ қызды жөн-жоралғысымен алған.

*****

Серғазы атамыз өзіне тиесілі ояң жерді екі жылда
үме жасап орлап, екі жақ бетіне көк қақпа орнатқан.
Ішіне жиналған шөп, қоға қалың шығып, құстар ұя
салған. Сафолла атамыз шағылдан кесіп əкеліп, ескі
құдық орнына шанышқан шыбық көп жыл тал болып
өсіп тұрды. Сол кезде жаңа қоныстарда мекендеген
аталарымыз Қоңырбай, Мұқаштар да сексен келілік
алаша қапшықтарды көксоқта қармен толтырып,
Қасқыртау беттен ердің қасына қыл арқанмен екі

24

қапшықтан теңдеп сүйретіп жыра жасап, су жайылып
кететін жақтарын орлап, Орлыкөл, Қоңырбай көлдерін
қолдан жасаған.

*****

Қабаш баласы Ораш жас кезінде тентексалдау
болды. Күресте жығып, төбелесте бір ұрғанда құлатып
жүрді. Николай дейтін чувашты төбелескенде ұрып
құлатқанын жас кезімізде көрдік.

*****

Отарғазы атамыз мінезі өте жайлы, аз сөйлейтін,
əділ, ағайындарына қамқор адам болды. Жоқшылық
уақыттарда ағайындарына сүр құйрық, ет əкеліп беріп,
қиыншылық кездерде қатты көмектескен. Үлкен баласы
Жұмаш шойынжол бойында жұмыс жасағанда бір
рельсті жалғыз өзі көтерген, ал екінші баласы Серік
облыстық деңгейдегі астық қабылдау мекемелерінде
басшылық жұмыстарда болды, жоғары білімді маман.
Ағайыны Нұрым Құттыбаев та ірі денелі жəне қайратты
болған.

*****

1957 жылы астық жинауға көмекке əскери
бөлімнен 40 сарбаз келді. Ұлы Қазан революциясының
40 жылдығына Серғазы орын айналдырып атжарыс,
күрес, алтын, т.б. жарыстар өтті. Сонда таналардан
шыққан Шөкен Тəниев, Мырзаш Оразақаев,
байбақтының сасай бөлімінен Макар Машқанов, өзбек

25

Жаппар Ергашов сарбаздарға қарсы күреске шығып,
бəрі жықты. Оған сарбаздар намыстанып, 40 сарбаздың
қалғандарының біразы күрессе де, жеңіске жете
алмады. Сарбаздар қызынып, төбелеспекші болғанда
жергілікті басшылар, командирлер шатақты басты.
Бірақ түнде ішіп алған сарбаздар Жаппар Ергашовтың
үйіне басып кіреміз дегенде ол қосауыз мылтықтан оқ
атып, жолатпады. Қазақтар көп болып жиналып, үлкен
төбелес басталғалы тұрғанда командирлер аспанға
пистолеттен оқ атып, сарбаздарын тəртіпке шақырып,
алып кетті.

*****

Досқабыл деген дүкеншінің кезінде Оразақаев
Мырзаш ағамыз іші адамдарға толы, жүргелі тұрған
Уазикті арт жағынан келіп, қос қолдап көтеріп, артқы
доңғалақтар шыр айналып, іштегі кісілер жалынған
соң жібергенін бала кезімізде көзімізбен көрдік.

*****

Бисенов Сапа ағамыз өте қайратты, əсіресе, күрек
қолданудың асқан шебері болды. Тоң жер, күрке, бейіт
қазғанда қатты жер кездесіп, жұрт қиналғанда қарттар:
«Бос митыңдамай, күректі Сапаға беріңдер» деп, ағайды
түсіруші еді. Беліне жона не фуфайканы бүктеп, белбеумен
буынып, күректі қос қолдап ұстап, іш бұлшық етімен
итеріп қалғанда күрек ұңғысына дейін бұрқ етіп кіріп
кетуші еді. Ағайыны Сафолла 1953 жылы қыстау салып,
операциядан кейін қуаты болмай, төбеге маңдытып топырақ
шығара алмай жүргенде дара өгізін үйдің маңдайына

26

тіреп қойып, «Қане, аға, күректі маған əкел» деп əп-сəтте
төбені топырақпен толтырып кетті. Қуаттылығы сондай,
қыстаудың бір бетінен лақтырған топырағы келесі жағына
асып кетіп жатқанда Сафолла атамыз «Бала, шамала!» деп
бағыттап тұруға мəжбүр болған.

*****

Шоңай ұрпақтары – Бақыт Ахметов, Қабеш Шурин
шөп үйгенде көбіне жеке-дара, қасына көмекші алмай
шөп үюші еді. Олардың скирдтері ерекше ұзын, биік,
əсіресе, Қабеш ағамыз мая жондатып, скирдтің төбесін
əдемілеп шығарушы еді. Қабеш ағамыз еңсегей бойлы,
күресте жығылмаған адам. Ірі денелі байбақты Нұрсұл-
тан Əлжанов колхоз председателі болып жүргенде,
өзі қоймай күреске шақырып, жығылып қалып (реті
құрдас сияқты), «Ай, Қабеш-ай, жұрт алдында жығып,
беделімді түсірмесең де болатын еді ғой» деп біраз уақыт
өкпелеп жүрулі. Қабештің баласы Аманжан да шағын
денелі болғанымен, өз қатарластарымен күрескенде
жығылып көрген жоқ. Абай Беркинов деген жігіттің
үйлену тойында антракт кезінде өзінің кластасы, бойы
2 метрге жуық байторы Серік Мырзабековпен басталған
əзіл егеске айналып, екеуі алысқанда тойға жиналған
халықтың көзінше қатарынан екі рет алып ұрып, арты
төбелеске ұласа жаздап, қатарларының араласуымен
басылды.

*****

Шоңай бөлімінен Қонысбайұлы Есжан атамыз өткір,
мысқыл тілді, шыншыл адам болған. Жұрт мылтықпен,

27

тазымен аң-құс ауласа, ол кісі қақпанмен-ақ қоймаған.
Дуадақ айдау, атудың шебері болған. Үйрек мамырларын
темірқанат кезінде көлден ұстап, ескі құдыққа салып,
көк шөп, жем, сумен асырап, құдықтан тіке ұша
бастағанда балаларды шақырып, үйректерді ұстатып,
талай қызыл қуырдақ жасаған. Алғашқылардың бірі
болып, үй жанына бақша егіп, құдықтан суарып, өнім
алған.

*****

Тоқай балуанмен бір туған Лұқпан ұрпағы Нұрекеш
те өте қуатты болған. Басқа рудың атаққа шыққан, əлді
деген жігіттерімен қолдап алысқанда аттары тізерлеп
қалады екен. Сондай кезде əдісін тауып, оңтайлы сəтінде
итеріп қалып, қарсыласын ат-матымен құлатады екен.

*****
Көшім каналын салуға əр колхоздан ат-көлігімен
колхозшылар баруға міндетті болған. Канал қазуға
Тəни, Байғали, Ғаббас аталарымыз да қатысқан. Сол
кездегі бастан кешкен жəйттерді айтса, ол да бір
əңгіменің арқауы.

*****
Ботпай Қажығалиев Халел ағамыз бен оның досы
Мантай Мырзағалиев екеуінің интернатта оқып жүрген
кезінде жазда колхоз бақшасында жұмыс жасап жүріп,
суға түскен кезде Халел ағамыздың аршындатып
құлаш ұрып, Мантайдың қысқа қайырып, қатарласа
жүзген кезеңдері ғажайып суреттей əлі жадымызда.
Ағамыз Набиолла үйрек атқанда қандай тұңғиық терең,

28

балдыр басқан айдын, қамыс арасынан күздің қарасуық
кездерінде де «Олжаны қалдыруға болмайды» деп,
балдыр, қамысты қақ жарып жүзіп, үйректерді алып
шығушы еді. Қыздар мен ер балалар оңаша шұңқырдың
ішінде, қатар күркеде тұрған кездегі доп ойнағандары,
əн салғандары балалық шақтың ұмытылмас бір тəтті
елесіндей есте қалды.

*****

Шымыр атамыздың ұрпағы – Қазжан Қазмағамбетов
сиқыршылық өнерді жетік меңгерген. Облыстық
театрларда, жазғы демалыс парктерінде қала халқын
өз өнерімен тəнті еткен. Ауылға келгенде інілері «Аға,
өнеріңді көрсетші» дегенде сəкінің төменгі жағы судан
толып, үйрек қаптап кеткен. «Ал бауыздаңдар!» дегенде
жігіттер тұра ұмтылып, үйректерді жусатып салған.
Біраздан кейін қараса, үйрек деп бауыздағандары
бастары кесіліп қалған өздерінің бəтіңкелері екен.
Інілері жалынған соң бір таяқшамен «суф» деп сермеп
қалғанда бəтеңкелердің бəрі бүтінделіп, қалпына
келген. Адамның денесін тесіп, сым өткізу, жіп өткізу
бұйым емес. Бір жолы пойызда Саратовтың ұрыларымен
карта ойнап, ортада ақша тау болып үйілген кезде
«Мен қазір келемін» деп, орнына ақша толы əмиянын
тастап шығып кеткен. Біраздан кейін ортадағы үйіліп
жатқан ақша газеттің қиындыларына айналып кеткен.
Қазжан атамыз шын ақшаны алып, ұрыларды тақырға
отырғызып, сол кеткеннен мол кеткен. Ол кісі отырған
кезде кеңестік масштабтағы гипнозер, фокусниктер
өнерін көрсете алмай, «Осында бізден де басым бір адам
отыр, сол кісі залды босатса екен, əйтпесе, өнер көрсете

29

алмаймыз» деп өтініш жасайды екен. «Ой, сендердің
өнерлерің маған таңсық емес, концерт көрейін деп келіп
едім, мыналар қоймады ғой» деп залдан шығып кетеді
екен.

*****

Өмір атамыздың ұрпағы – Қалиолла Ғұмаровты
жұртшылық «су перісі» деп атайды. Отбасын құрмаған.
Қаратөбе ауданындағы маңдайалды шахматшы əрі
музыкант-баяншы.

*****

Атамыз Сафиолланың кемпірі Жəнет шешеміз (руы
ысық, ханкелді бөлімі) өте қайратты болған. Абыз
(Шыңғырлау) бен Қоскөл аралығында обоз айдап
жүргенде лау иесі мынадай шарт қойыпты: «Пішен
ауланың қақпасынан бір адамның тізе бүкпей көтеріп
шығара алған шөбін тегін беремін. Ал қақпа аузына
жеткізе алмай қалса, əр көліктен 1 келіден бидай
аламын». Сонда Нұрекеш атамыз өзі қайратты бола
тұра, «Осы келін қара күшке менен басымдау», - деп,
Жəнет шешемізге жол беріпті. Шешеміз қос тоғанақ
жіпті қатар салып, жігіттерге айтып тұрып, теңдеп
салдырып, тізерлеп тартып, байлап, екі иыққа өткізетін
ілмек қалдырады. Сосын шартқа сай ешкімнің көмегінсіз
шөпті арқалап, ауладан шығады. Сонда «Болды,
болды, түсір» дегенде, «Көліктерге жеткіземін» деген
жігіттерді тыңдамай, түйе, ат, өгіз, ұзын саны 28 бас
малға бір тойдырып салуға жетерлік шөпті арбаларға
дейін жеткізген. Осы əңгімені шешеміздің қайнысы

30

Жансұлтан Усағалиев (ботпай бөлімі) 1984 жылы
шешемізді жерлеу садақасында көпшілікке естелік
ретінде айтып берді.

*****

Дос бөлімі, Қосмырза атамыздың Солтан деген
ұлынан тараған Көтер мен Жетер суыққа өте төзімді
болыпты. Бұл жігіттер жерге тоң түскен кезде шотпен
ін қазып, күзен, түлкі аулайды екен. Ат үстінде
байпақпен тұрғанның өзінде аяғы тоңған бір құрдасы
«Сендер қалай тоңбайсыңдар, мен қатып қалдым!» деп
таң қалады. Сонда жаңағы ағайынды Көтер мен Жетер
«Аздап тоңның түйіртпектері батқаны болмаса, тоңып
тұрған жоқпыз» - депті. Үйіндегі бар тамақты қазанға
түгел салдырып, жеп тауысып, «Ертеңгі ырыздық
Алладан» деп, қазанды төңкеріп қойып, ұйқыға жатады
екен.

Ұрпақтары Серғазыұлы Сафолланың Ұлы Отан
соғысына қатысуы туралы мына мақаланы ұсынды:

Серғазыұлы Сафолланың
Ұлы Отан соғысына қатысуы

Əкеміз Сафолла 1906 жылы Каганович ауылдық
кеңесі, Сталин колхозы (Қазіргі Қаратөбе ауданы
үлкен Қоскөл ауылы) аумағында дүниеге келген. Сегіз
жасынан бастап молдадан екі жыл арабша сауаттанып,
əрі қарай оқымай қалыпты. Латын, кириллицаны өз
бетімен үйренген. Есепшотпен төрт амалды, ондық
бөлшек, пайыздарды шығара береді екен. Өте зейінді,

31

қолы шебер болған. Колхоздың көрік үйін ұстады.
Арба, шана, ат əбзелдерін, тұрмысқа қажеттінің бəрін
жасап, темірден түйін түйген. Қираған шөп машинасы,
лобогрейка жөндеу, орақ қайрау – бəрі қолынан келді.
Мешіт басына жүз сиырға тұтас шарбақтан тоқып,
қора салды. Тұқымдатушы да болып, қой санын
молайтуға үлес қосты. Ер-тұрман жасау, тері илеу, етік
тігу – бəрі қолынан келуші еді. Дайындау халықтық
комиссариатында агент болып жүргенде жалған арыз
негізінде сотталып, «жазасын» Шыңғыста тас ойып
өтеп жүргенде екі айдан кейін колхоз жұмысы тұралап
қалғасын, бастықтардың өзі арыз жазып, босатып
алады. Асау ат, тайөгіздерді үйрету де сол кісінің
міндеті еді. Керемет бақшашы болды. Шықпасты егіп-
баптап, ауданды қамтыған өнімдер алды. Соғысқа
броньмен жібермей, тек 1942 жылдың күзіне қарай
алынып, Орынбор жақта бір жарым айдай əзірліктен
өтеді. Əкеміз «Жуырда соғысқа аттанамыз. Көріп
қалғыларың келсе, келіп қайтыңдар» деп хат жазады.
Хатты алған бойда жалғыз ұлынан несін аясын, əжеміз
Қалия бір сиырын 1 000 рубльге сатады. Майын көп
қылып, таза еттен бір шелек қуырдақ əзірлеп, бір қапқа
жақын бауырсақ пісіреді. Ұлының тұңғышы 12 жастан
асқан Нажиолланы (Нəженді) ертіп, жаяулап, өгіз,
ат арбалармен жалғасып, ертең аттанады деген күні
жетіп, жолға азығын беріп, қоштасып, елге қайтады.
Əкеміз қазан айларында Калинин фронтына аттанып,
қырғын соғысқа қатысады. Фронтқа жақындаған сайын
немістердің ұшақтары бомбалап, біраз шығынмен
20 күндей жүріп, ұрыс шебіне жетеді. Азығы жолға
артығымен жетеді. Күректей-күректей 700 рубль
ақшасы бар, əжеміздің тоқып берген ұйық-биялайы

32

бар, бір жұбын командиріне сыйлайды. Ол «отбасыма
ақша салайын деп едім, қарызға ақша бере тұршы», -
дегенде ойланбастан ақша береді. Артынан кілең ұсақ
ақшамен қайырады. Бастапқыда шаруашылық взвод,
асхана, қойма күзетіп жүреді. Бір күні «Ертең ұрысқа
кіресіңдер» деп сапқа тұрғызғанда əкеме етік, шинель
берілмеген, жалаң гимнастеркамен тұрғанын жоғарғы
командир байқап, төменгілеріне ұрсып, киіндіреді.
Əкемнің бағына бұрын офицер күтіп киген хром етік
тап болады. Ол кез – немістердің басым кезі. Шабуылға
полк, дивизияларды сала бергенмен, көбі оққа ұшып,
жараланғаны бар, сау қалғаны бар, ұрыстан дал-дұлы
шығып, кері азғантай ғана тобы қайтып жатады. Окоп
іші – жауған жаңбыр, қардан толып, бой тасалайтын
басқа мүмкіндік жоқ. Өзбектер жағы үсікке ұшырап,
ауырып өлгендері де көп болған. «Батальон азық жоқ, су
жоқ, орман ішімен түнде жүріп келе жатқанда «Немістер
улаған болуы мүмкін» деп командирлер тыйым салса
да, ормандағы батпақ, ойылып кеткен жерде кружкамен
көсіп алып ішеміз. Бірнəрселер пышыр-пышыр етеді.
Ертеңіне жарықта қарасақ, мұзға қатқан суда жүретін
қара қоңыздар екен. Соның бірінен ауырмай кеттік.
Түн қараңғысына немістерге байқатпай, орман ішімен
өтуіміз керек. Ешқандай аялдайтын орын болмады.
Барынша шапшаң жүріп отырдық. Ұйқы дұшпан ғой,
екі солдат үшіншісін ортаға алып, қолын қаусырып
ұстап, иықтарымен тіреп, демеп демалтып алады. Солай
3-4 минут жүргенде кəдімгі тынығып қалатын едік»
деп əңгімелеп отырушы еді. Желтоқсан айының ішінде
масхалатпен ақ қар үстінде шабуылға бұйрық күтіп, екі
тəуліктен астам жатып, «В атаку!» деп команда бергенде
жартысынан көбі орындарынан тұра алмай қалады.

33

Тұрғанын немістер бекіністен пулемет, автоматтан
оқ жаудырып, артиллериядан атқан снарядпен атып,
қырып салады. Соғыста басқа командирге тап болады.
Бір ұрыста командирдің артында оқ атып шауып келе
жатқан əкемнің оғы командирдің дəл құлағының
түбінен өтеді. Командир: «Сен мені атқың келді. Ұрыс
біткесін басқаларға үлгі қылып, саптың алдында атып
тастаймын! Сергазиев, вперед!» деп алдына салып
отырады. Əкем «Жау оғынан өлмей, орыстың оғынан
өлетін болдым-ау» деп қапаланып шауып келе жатқанда
арт жағынан «Ых...» деген дыбысқа жалт қараса,
командирдің қақ маңдайынан неміс оғы тиіп құлаған
екен. «Əйтеуір, Құдай сақтап, бір ажалдан қалдым-ау»
деп əкем қуанады.

Əкемнің соғысқа барғандағы бойы – 164 см, салмағы
48 кг болған. Соған қарамай, минометшілер тобында
болып, минометті біраз арқалайды. «Иығымыз қиылып,
қызарып, ісіп кетуші еді» деп айтып отыратын. Қар, суда
шешпестен киіп жүргесін, хром етік өкшесінен шегелері
шығып, аяғы қанап, асқынып, жараға айналып кетеді.
Жан алып, жан беріп жатқан қызу ұрыс кезінде оған
қарайтын мұрша жоқ, шоқақтап жүріп, соғыса береді.
Бір ұрыста сол тізесінен оқ тиіп, жуан сіңір шорт үзіліп,
аяғы былғақтап қалады. Санитарлар арқалап, дала
госпиталіне операция жасатып, тылдағы госпитальға
жібереді. Сонда бір санитар қыз əкемнің өкшесіндегі
жараны қызыл ала қан қылып, қайшымен ойып, қиып
алып тастайды. Бақырғанына қарамай, йодты мол
құйып байлап, арқалап алып, тылға кетіп бара жатқан
санитарлық пойызға үлгертіп, отырғызып жібереді.
Госпитальда алты ай емделіп, жарамсыз деп танылып,
шəкөш таяқпен ақсаңдап, елге 1943 жылдың көктемінде

34

оралады. Таза ұрысқа үш айға жақын қатысқан.
Германияны жеңгені үшін мерейтолық медальдары
болды. Елге, Шыңғырлау стансасына түседі. Үйге,
шешесіне алған бір қапшықтай шайы бар, бір ауылдан
бір ауылға жалғасып, кейбір жерін ақсаңдаған күйінде
жаяу жүріп, Кіндікті тұсындағы көпірге келсе, оны су
бұзып кетіпті. Содан өткенде тайып құлап, шайынды су
ағызып кетеді. Қасында тағы бір жаралы жауынгер бар,
екеуі жабылып, шайды жандəрмен алып қалады. Содан
Сегізсайдағы тұрмыстағы Зейнеш қарындасына жетіп,
олар көлікпен Қоскөлге əкеліп тастайды.

Батыста екі дүниежүзілік соғыс аралығында
өмір сүрген жастарды «Жоғалған ұрпақ» (орысша –
«Потерянное поколение», ағылшынша Lost Generation)
деп атайтынын жаздық. Осы ұрпақтың өмірін баяндаған
Эрнест Хемингуэй, Эрих Мария Ремарк, Луи-Фердинанд
Селин, Анри Барбюс, Ричард Олдингтон, Эзра Паунд,
Джон Дос Пассос, Фрэнсис Скотт Фицджеральд,
Шервуд Андерсон, Томас Вулф, Натаниэль Уэст, Джон
О’Хара сынды жазушылардың атақ-даңқы жер жарды.
«Жоғалған ұрпақ» – мектепті бітірер-бітірмес 18
жасында соғысқа шақырылып, адамның қанын төгуге
мəжбүр болған жастар. Бұлардың арасында соғыстан
кейінгі бейбіт өмірге бейімделе алмай, ішіп кеткен, өз-
өзіне қол салған, ақыл-есі ауысқан адамдар көп болған.
Осы соғысқа қатысып, оның барша азабын бастан
кешірген, алайда адам қалпынан айырылмай, салиқалы
ұрпақ тəрбелеп өсіре алған Сафолла атамыз секілді
азаматтардың рухына еріксіз бас иесің.

Айтпақшы, жаңағы айтқан жазушылардың ішіндегі
ең бір атақтыларының бірі – «Ұлы Гэтсби» романының
авторы (бұл шығарма – ХХ ғасырдың ең үздік романы

35

болып танылған) Фрэнсис Скотт Фицджеральд 1940
жылдың 21 желтоқсаны күні жүрек талмасы ұстап,
дүниеден озыпты. Тап осы күні дүниеге келген
Нəбиолла Сафоллаұлы туралы, ол өмір сүрген заман мен
замандастары жайлы роман жазылса, бұл шығарманың
берері жаңағы айтқан «Ұлы Гэтсбиден» кем болмас еді
деп ойлаймын.

Төлеген Сафоллаұлы (Нəбиолла ағамыздың інісі,
Сафолла ата шаңырағының кенжесі):

- 1950 жылы совхозда қотыр болған малды қамап,
емдейтін изолятор болды. Сол изолятордың терезелерінен
ауру малдың басын шығарып қойып, қораның ішін
булап бұқырлайды. Бұл малдардың дені – дұрыс күтім
көрмей, жауыр болған мініс аттары. Аттардың жауыр,
қотыр болатын да жөні бар – ер-тоқымдары ебедейсіз,
зілдей қылып жасалған. Ер-тоқымның бөлшектерін бір-
біріне болттап жапсыратын, ол болттың байғұс аттың
арқасына бататынымен мүлде шаруасы жоқ есерсоқтар
да бар. Əкем ер-тоқымды өте ыңғайлы, атқа бір қолмен
салатындай, жеңіл қылып жасайтын еді. Əкем үйреткен
малдардың бəрі тіл біледі, кейбіреулер сықылды жөнсіз
ұрып-соқпай, дауыспен-ақ ыңғайына көндіріп, басқарып
отырады.

Мустанг сияқты тағы Қарақұнанды əкем жəне үлкен
ағам Нəжиолла екеуі əрең үйретті. Бірақ үйренгеннен
кейін қызығын көрді, өте ұшқыр болды. Осы жерде
біздің кітаптың бас кейіпкері – Нəбиолла ағамыздың
туған ағасы Сафиуллин Нəжиолла ағамыз жайлы аз-
кем дерек бере кетейік. Нəжиолла аға мектепті жақсы
оқыған, əсіресе, математика бойынша озық болыпты.
Жеті жылдық мектепті соғыстың нағыз қызып жатқан

36

кезінде аяқтап, əрі қарай оқуға сол кездегі жағдай
мүмкіндік бермейді. Содан қабырғасы қатпай тұрып
колхоз жұмысына кірісіп, əскерге кетер алдында Озинки
техникумын ветеринария мамандығы бойынша бітіріп
шығады. Нəжиолла ағамыз асау үйретіп, тазы жүгіртіп,
аң-құс атқан сол кездің нағыз серілерінің бірі болған
екен. Куриль аралында алты жыл əскери қызметте
болып, одан біраз уақыт Алматыда болып, елге оралған
Нəкең кез келген қарудан, соның ішінде пистолеттен
атудан алдына жан салмайтын мерген болыпты, талай
жарыстардан жүлдемен оралып жүріпті. Өз кəсібін
де жетік меңгеріп, қиналып жатқан талай сиырды
аман-есен тудырып, жемді тым көп жеп қойып күп
болғандарын емдеп, еркек малды піштіріп беріп, көп
адамның алғысын арқалапты. Орынша жеңгей екеуінен
он ұрпақ тарапты. Осы онның ерте шетінеген екеуінен
жəне үлгілі тəртіп сақшысы бола жүріп, тұтқиылдан
қаза тапқан Шыңғыс марқұмнан басқа ұл-қыздары,
қазір қатарының алды болып, əр түрлі салада жемісті
еңбек етіп жүр.

Əкем Сафолла мықты шебер болды. Сондықтан
колхозда өте сыйлы болып, үйретіп мінген атына ешкім
тимеді. Бір жерде мал сойылса, соның терісін алдырып
илейтін. Жұмсару үшін бөшкеге тұзға салып қойған
теріні Нəбиолла екеуміз мұрнымызды басып аударып
жүретінбіз. Иісі өте сасық, бірақ аудармасаң, тұз дұрыс
сіңбей қалады. Əкем етік тікті, əсіресе, қамшының əр
түрін жасады. Кейбір қамшылардың ұшына қорғасынды
қоса өреді, сондай қамшымен ұрғанда мықты деген
өгіздің өзі қайқаң ете қалады. Бірақ əкемнің өзі өгізді
ұрмай, даусымен басқаратын еді. Дуадақ соғу үшін
арнайы қамшы жасады. Қамшының ұшын тарам-тарам

37

қылып, қорғасын жапсырды. Ол кезде дуадақ көп жəне
ірі – біреуі 15-20 келі ет шығарады. Жайылып жүрген
дуадақтарға алыстан көрініп, əдейі бой үйретеді,
жаңағы жүйрік жылқымен жайлап ық жағынан
жақындай түседі. Дуадақтарға 150 метрдей қалған кезде
жүйрік атпен бар жылдамдықпен дуадақтарға қарай
шабады. Дуадақтардың салмағы өте ауыр, оның үстіне
желге қарсы бірден қозғалып кете алмайды. Сөйтіп,
жылдамдықтарын үдетіп болғанша, жүйткіп келіп, жоқ
дегенде бір-екеуін мойын тұсынан қамшымен ұрып,
бастарын ұшырып жібереді.

Əкеміз шебер. Шетеннен шарбақ тоқып, оны арбаға
орнатқан кезде кəдімгідей пəуеске-күйме болып
шығады. Бір жерге көшіп барғанда дұрыс жайылмаған
өгіздің қиымен (ол шөп аралас келеді, сондықтан жақсы
жабысады) күймені жақсылап сылайды. Сөйтіп, өзге
жұрт ұзақ уақыт орнығып жатқан кезде біз жаңағы
көшпелі үйіміздің арқасында бірден жайғасып, өзге
шаруамызға кірісіп кетеміз. Күйменің бір бүйірінен
тесік қалдырып, содан самауырды шығарып қойып,
рахаттанып отырамыз.

Əкем Сафолла тоғайдан ұзын, жуан талдар əкеліп,
оларды үйдің маңына тастайды. Көлеңкеде кебе келе
əлгі талдар жұмсарып, икемге көнгіштеу болады екен.
Содан шетен тоқиды. Сөйтіп, совхоздан бір тиын ақша,
ешқандай материал сұрамай, 100 бас ірі қара сыятын
шетен қора жасады. Төбесін де жапты. Жетіс деген кісі
«ДТ» тракторымен келіп бұл шетен қораны түйген
кезде, тракторының əлі келмей, сөніп қалды.

Серғазы атам – 1863-1926 жылдар аралығында өмір
сүрген адам. Қарап отырсам, Серғазы атам да, Набиолла
ағам да 63 жасында қайтыс болыпты. Осы атам шамамен

38

1923-24 жылдары керуен айдап келе жатады. Бұл – ақ пен
қызыл бірін-бірі алма-кезек қуалап, екеуі де қазақты қан
қақсатып жүрген дүрбелең кез. Қолына қару алып, топ
құрып, ел тонаған қарақшылар көбейген шақта жолға
шыққан бұл көшті қолына бесатар, винтовка ұстаған
біреулер «Құныскерейдің адамымыз» деп тоқтатады.
Олар Құныскерейдің атын жамылып жүргендер де
болуы мүмкін. Сонда «Ұрыға бере салар арамнан жиған
малым жоқ», - деген атам бас болып қарсылық көрсетіп,
мал-мүлкін бермей қойыпты. Ыза болған қарақшылар
оқ жаудырады. Керуендегілер де қолынан келгенше
қарсылық көрсетеді. Атқан оқтың көбі малға тиіп
жатады. «Мал түгел қырылса да, бермейміз, ұры-қарыға
бергенше, өле берсін», – деген атамды қарақшылар:
«Ер екенсің, ерлерше сөйлесейік» деп алдаусыратып,
берірек шығарып алып атқанда оқ қара санынан тиген.
Скрипал деген дəрігерде емделіп көрген екен, бірақ
артынан сол жарақатынан көз жұмыпты.

Сафолла əкеміз көп қудаланған. Немере ағайыны
Бисенғали болыс сол қудалаудан жоқ болып кеткен.
Байдың ұрпағы болғаны үшін жаза ретінде əкем қара
жұмысқа жегіліпті. Жер қазып жүрген кезде жерге
қойғанның өзінде ұзындығы ересек адамның жамбас
тұсына жететін тоқпан жіліктер шығыпты. Осы
кезде колхоз құрылып, қолынан іс келетін адамдар
керек болып, шебер жан ретінде Сафолла əкемді қара
жұмыстан кері алдырған. Байдың баласы бола тұра,
іске икемі болмаса, сол айдауда құрып кетер ме еді, кім
білсін?!».

Əкем есепке жүйрік, сауатты адам болды.
1967 жылы, мен ол кезде студентпін, ал Нəжиолла ағам
– веттехник. Қаражат болсын, - деп Орынша жеңгем

39

екеуміз Қамыстыкөлдегі мал базасын майладық. Ақыры
бұл шаруаны бітіріп, наряд жабуға келгенде Есенғалиев
Тасқали деген құрылыс бойынша бухгалтер бізге
тиесілі ақшаны тым аз қылып есептеді. Əкем бұған
көңілі толмай, шотын қолына алып, тиесілі ақшаны
өзі есептеп шығарып, былай деді: Өзің Орыншаны
«қарындасым» дейсің! Студент бала екеуіне істеп
тұрғаның мынау! Осыдан мына сомадан кем төлесең,
прокурордың алдына дейін барамын!» - деп, ақымызды
жегізбей, толық төлеттірді.

Ата-бабалары туралы шежіре деректерді осылай
мұқият жинап жүрген азаматтарға қызыға қарайсың.
«Өлгеннен соң сауабы тоқталмайтын жақсы амалдардың
бірі – салих (тақуа) бала тəрбиелеу. Ата-анасы өлгеннен
соң баланың жасаған дұғалары ата-анасына жеткізіледі»
(Мүслим) деген хадистің мəн-жайы Нəбиолла
Сафоллаұлының ағайын-тумасы мен ұл-қыздары жасап
жатқан еске алу шараларын көрген кезде ашыла түседі.
Сол шаралардың бірі ретінде Нəбиолла ағаның атасы
Серғазы Тəжіғалыұлының 150 жылдығына арналған
асты атауға болады. Аруақтарға Құран бағышталған,
дастархан жайылып, естелік, шежіре, салиқалы əңгіме
айтылған, ата-бабалар мекенін аралаумен өткен рухани
пайдасы ұшан-теңіз бұл астан қалған із – «Ата-балалар
мекені» атты бейнематериал.

Еске алу шарасын ұйымдастырушылар ас берудегі
мақсатын былай түсіндіреді:

«Отар ел жағдайында ұлты, тілі, дəстүрі бөлек
орыс халқына бағынышты болып, солардың тілінде
сөйлеп, дəстүр, дінін қабылдап, ұлттық тəрбие, тіл,
дəстүрден мүлдем айырылып, ұлт есебінде жойылып

40

бара жатқанда тəуелсіздіктің арқасында «өлгеніміз
тіріліп, өшкеніміз жанғандай» мүмкіндік туғанда, ата-
бабаларымыз саны аз бола тұра, Батыс Еуропаның 5-6
мемлекеті сыйып кететіндей ұлан-ғайыр территорияны
«білектің күші, найзаның ұшымен» (мылтық шықпай
тұрғанда) ұстап тұруы, соның игілігін қазіргі ұрпақтың
көруі – аталарымыздың мыңдаған жыл шыңдалып, өмір
талқысынан өткен ұлттық салт-дəстүр, ұлттық сана,
тəрбиені қатаң ұстауы, бір ғана тіл – ана тіліміз – қазақ
тілінде сөйлесуі.

Жеті ата жүйесін қатаң сақтау арқылы қан тазалығына
қол жеткізіп, дене қуаты орасан күшті, ақылды ұрпақ
өсірді. Міне, осы қасиеттері арқылы қазақ қазақ болып
танылды.

Тіл, дəстүр, ұлттық сана – ұлттың негізі. Осылар
құрыса, ұлт та құриды. Жаһанданудың да мақсаты
ұлттарды жұтып, құртып алып, мемлекетке құл ету,
байлығымызды иемдену. Əлемдік экономикалық одақ,
интеграция неше түрлі ортақ жүйелердің көздейтін
мақсаты да қазақ ұлтын құрту.

Абай мен Тоғжан, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек
махаббаттары деп, жастардың аузынан сілекейін
ағызып сипаттаған жазушыларымыз саясатқа қызмет
етіп, шындықты жасырған. Жоғарыда аталғандардың
бəрі де 4-5 атадан аспайтын жақын туысқандар. Қандас
туысқандар некесінен əлсіз, нақұрыс (Даун ауруы, Царская
болезнь) ұрпақ өрбиді. Бұл – ұлтты құртатын жегі.
Азғындықты ақылды аталарымыз халыққа тарамасын
деп түп-тамырымен балтамен шауып отырған.

Бұдан 180 жылдай бұрын Көкөзекке (Қоскөл)
көшіп келгенде аталарымыз бір үйдің балаларындай
тату ағайын болды. Ағаш өскен сайын бұтақтар басы

41

алшақтағандай, ағайындар да бір-бірінен алыстап бара
жатыр. Жастар жалпы туысқан екенімізді шамалауы
мүмкін, бірақ неше атадан туыс, кім қай атадан
қосылады, көбі білмейді. Ағайындар көбіне тойда
(жастар жағы), не өлімде (үлкендер жағы) бас қосады,
содан кейін өз жөніне кетеді. Жақын туысқан өмір
бойы жақын, бір-біріне ақылшы, қолынан келсе, көмек
беру, оған жағдайы келмесе, жақсылығына сүйініп,
жамандығына күйініп, рухани тұрғыдан бір-біріне
сүйеу, тілекші болуы керек. Қуаныш-қайғыда бір болу,
қайда жүрсе де, (шүкір, қазір ұялы телефон бар ғой) бір-
бірінің амандығын біліп жүру сауапты іс. Жастар жеті
ата жүйесін сақтап, болашақ ұрпағының қамын ойлауы
керек.

Əкеміз (атамыз) Сафолланың есте сақтау қабілетінің
арқасында аурудан меңдеп жатса да, 30 үй тана жігін
айтып кетті. Соны Төлеген мен Елдос жүйелеп, таблица
түрінде құрап, аталарымыздың кейбір қасиеттерін
қысқаша қағазға түсірді. Əркім өз əке-шеше, ата-əже,
арғы аталарынан қалған əңгіме, үлгі етер қасиеттерін
қағазға түсіріп, балаларына үйретіп отырса, тəрбиенің
көкесі сол болар еді.

Қаншама жылдан бері елеусіз қалған, бай болған деп,
атын айтудан да ұрпағы именген, атамыз Серғазы, өмірден
өткеніне 30 жыл болған əкеміз Сафолла, Нажиолла,
Набиоллаларға жəне осы қорымда 1870 жылдан бері
дұға дəметіп жатқан ортақ аталарымыз, берісі Мешіт
басы, ауыл қасына жерленген ата, əке, бауырларымыз
қаншама, соларға бір түбірден тараған ұрпақ екенімізді
сезіне отырып, қол жайып, ағайынның басын қосып
дұға оқығандағы, əр түкпірден тірліктеріңнен бірер күн
алаң қылып, бастарыңды қосудағы мақсат – ет жеп, шай

42

ішіп кету емес, жоғарыдағы айтылғандай, туысқандық
ынтымағымызды нығайту, жастардың ағайындары кім
екенін біліп жүруі, болашақта да бір-бірімізден қол
үзбеу. «Бөріге желінбеу» үшін бірлікте болу мақсатын-
да бастарыңызды қостық.

Əкем Сафолланың аңшылық тəжірибесінен айтқан
əңгімесін келтіре кеткенді жөн көрдік: «Күзендер арғы
аталарының ескі ініне аптасына міндетті түрде бір
соғады». Сонда аң екеш аң – сасық күзендер аталарының
ініне ізет көрсеткеніндей немесе Африкадағы жабайы
пілдер де жылына бір рет барып, ата-баба рухына
тəу етеді. Пілдер ауырып, не қартайып жағдайлары
нашарлағанда сау пілдер жан-жағынан сүйемелдеп,
пілдер қорымына апарып тастайды, сол жерде жан-
тəсілім етеді. Əншейінде үлкен пілдердің бауырынан
ерсіл-қарсылы өтіп, ойнап жүретін балалары да үнсіз
қайғырып, үлкендерінің көздерінде сорғалаған жас,
ата-баба сүйектерін абайлап қозғап, иіскелеп, біршама
тұрып, бəрі бір мезетте бұрылып, кері қайтады.

Біз ата, əке тəрбиесін көрген саналы ұрпақ туған
жерге келіп, жусанын иіскеп, көк шөбіне аунап, балалық
шағымыз өткен туған жер топырағын басып, ескі қыстау
орындарына соғып, өткен өмірімізді сағынышпен
еске алып, оны ұрпақтарымызға əңгімелеп, басымыз
қосылып жатса, жан-дүниеміз жаңарып, рухани
тазарып, ағайындығымыз артпаса, табарымыз көп
болмаса, жоғалтарымыз жоқ сияқты. Лайым басымыз
жақсылықта қосылсын деп тілейік!

ƏУМИН!

43

Негізгі бґлім

БӘРІ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН БАСТАУ АЛАДЫ

Адамның тұлға болып қалыптасуға балалық шағы
айтарлықтай əсер ететін болса, осы балалық шақтың
өзіне отбасы мен өскен ортасы, мекені, заманының
ықпалы зор. Нəкеңнің өскен ортасы мен туған жері
туралы кітаптың өзге тарауларында сөз болады.
Сондықтан кітаптың осы бөлімінде бас кейіпкеріміздің
балалық шағы қандай заманға тап келді екен, соған бір
үңіле кетейік:

- 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының
жеңісімен аяқталды. Халқы 6,2 млн. адамды құрайтын
Қазақ КСР тұрғындарының бестен бірі (еңбек əскеріне
алынғандарды қосқанда, төрттен бірі) соғысқа аттанды,
олардың үштен бірі қан майданда қаза тапты. Сол кездегі
əке-шешелері бар балалар – аса бақытты балалар;

- Аштық, репрессия, соғыстың зардабынан
басын көтере алмай отырған Қазақ КСР фашист
басқыншылығынан жапа шеккен республикаларды

44

қалпына келтіру ісіне жегілді: КСРО-ның 12 қаласы мен
45 ауданына қамқор (шефство) болу жүктелді, көмекке
20 мың қазақстандық аттанды. Көмек ретінде 17,5 мың
ірі қара мал, 22 мың жылқы жəне 350 мың қой жіберді;

- КСРО МҚК 1946 жылғы қазан айындағы
мəліметі бойынша Қазақстанға 2 463 940 адам күштеп
жер аударылды;

- 1947 жылдың 16-желтоқсанынан бастап карточка
жүйесі күшін жойды. Бірақ ерікті-мəжбүрлі түрде
мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір
айлық жалақысы түгелге жақын кетіп отырды;

- 1949 жылдың 29 тамызында қазақ жерінде
тұңғыш ядролық сынақ жасалды. Бұл сынақтар 1964
жылға дейін ашық ауада жүрді. 1950-жылдардың
басында колхозшылар еңбекақыны жұмысшы мен
қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды;

- 1950 жылдың басында КСРО түрмелерінде
5,5 млн.-дай тұтқын болды;

- 1951 жылы мұсылман халықтарының эпостары
кеңес адамына жат дүние деп танылды. Ұлттық
құндылықтарға қарсы майдан ашылып, ұлттық
зиялыларды қудалау күшейді;

- 1952 жылдың 4 желтоқсан күні Қазақ КСР
тарихын жазған Е. Бекмаханов 25 жылға сотталды;

- 1954 жылы тың игеру басталып, бір жыл ішінде
6,5 млн. гектар жер жыртылып, 337 совхоз құрылды.
1960 жылы қазақ жерінің 9 млн. гектары жел эрозиясы-
на шалдыққан болып танылды.

- 1956 жылы КОКП-ның XX съезінде сталиндік
жеке басқа табынушылық əшкереленіп, айыпталды.

Бір сөзбен айтқанда, Нəбиолла аға дүниеге келген
заман, балалық шағы – тірі қалуды, аштан өлмеуді,

45

түрмеге қамалмауды, оққа ұшпауды ғана тілейтін кез.
Мұндай тарихи кезең өз куəгерлеріне таңбасын түсірмей
кетпегені анық, сондықтан осындай дəуірге тап болған
балалықты «бал татыған» деп атау қиын-ау. Нəкеңнің
балалық шағы туралы естеліктерден сол заманның
кермек дəмі білініп-ақ тұрады. Бір жағынан, осы кездің
қиыншылықтары балдырған шақтан бастап ширатып,
шынықтырған да болар. Қалай болғанда да, Нəбиолла
Сафоллаұлы бала кезінен бастап ерекшеленіпті.
«Арғымақ - ең ешкімге тұсатпаған» атты бейнебаянда:
«Ол арғымақ еді. Болып қалады да, талайлар оны
тұсағысы келді, алайда тепсініп тектілігін таныта білген
тұлпар іспеттес мінезі оны өзгенің ырқына көндірмеді.
Еркіндікті жақсы көретін, əр нəрсені сабырлыққа салып
ой елегінен өткізе білген Нəбиолла Сафоллаұлы сонау
сұрапыл соғысқа бір жыл қалғанда дүние есігін ашқан
болатын. Қасиетті Қаратөбе топырағының Қоскөлінде
1940 жылы Нəбиолла Сафоллаұлының кіндігі кесілді»
деп келетін жолдар бар.

Шығыс жұлдызнамашылары 1940 жыл – ұлу
жылы туғандарды «көп нəрсеге ешкімнің көмегінсіз
өз күшімен қол жеткізетін табанды жандар» деп
сипаттайды. Болса болар, ұлу жылы қазақтың ірі
тұлғалары Əбілхан Қастеев, Əлкей Марғұлан, Жүсіпбек
Елебеков, Кəукен Кенжетаев, Хамит Ерғали, Ғафу
Қайырбеков, Қалтай Мұхамеджанов, Мұхтар Мағауин
дүние есігін ашыпты. Бала кезінен алғыр, өз дегеніне
жетпей қоймайтын қайсар баланың зеректігі өзге
балаларға қарағанда, бір саты биік тұратын. Бұл оның
балалық шағының куəгерлері болғандардың естелік-
əңгімелерінен анық аңғарылады. Əуелгі сөздің кезегін
Нəкеңнің замандастарына берейік.

46

Замандас туралы эссе

Бала кезден өз қатарларының арасында шоқтығы
биік, ойы озық болып, ашуға берілмейтін, сөйлесе,
сөзі жүйелі, шешен, жүріс-тұрысы сол кездің өзінде
ересек жігіттердей, парасат-пайымы жоғары, Қаратөбе
ауданы Қоскөл совхозында 1940 жылы туған қалқаман
тана Набиолла Сафоллаұлы замандасым, əрі құрдасым
туралы бір үзік сыр:

1950 жылы жаз айында үкіметтің қаулысымен ұсақ
колхоздар біріктіріліп, іріленді. «Ханкөл», «Қошқарсой-
ған» ізіндегі колхоздар жəне мен туып-өскен «Жаңаталап»
колхозы – төрт колхоз «Сталин» атындағы колхоз болып
аталынды. Орталығы, яғни басқару аппараты осы «Ста-
лин» колхозының орталығына орналасты. Тұтастай «Ка-
ганович» ауыл кеңесіне қарады. Қазір Қоскөл ауылдық
округі деп аталады. Қошқарсойған ізіндегі колхозшыларды
басқа колхоздарға, «Жаңаталап» ізіндегі колхозшыларды
Кенжебек, Құрылыс, Қошқарсойған, Дайынөткел сияқты
мал бағатын жерлерге көшірді. Отырықшы болып қалған
ағайындар бірін-бірі шақырысып, қимай, жылап көшті.
«Уақыт – емші» дегендей, көп ұзамай сол ағайындар бір-
бірін жатырқамай, тез бауыр басып кетті. Сол кездегі
адамдар, əсіресе, аналарымыз соғыстан кейінгі қым-қуыт
қиын кезеңдегі адамгершіліктері, біріне-бірі жанашыр
бауырмалдығы, мейірімділігі тамаша бір ғанибет еді.

Бозала таңнан ымыртқа дейін бел шешпей жұмыста
жүрсе де, кешке ошақ басына келіп, от жағып, тамағын
пісіріп, бала-шағасымен мəре-сəре болып, ол кезде
үйдің бір бөлмесінің төрт бұрышында төрт жанұя
отырады. Сонда да бəрі бір үйдің жанұясындай тату-
тəтті тұрып жататынына осы күні таңғаламын да,

47

«Қайран бұрынғының адамдары-ай!» деймін! Ол кездегі
адамдардың пейілі өте кең. Бай-кедей деген жіктелу
жоқ. Бəрі де қарапайым. Ерлер болса, ортасындағы
қариясына қарайды, əйел қауымы ақ жаулықты
əжейлердің айтқанынан шықпайтын еді.

Шіркін, бұдан 50-60 жыл бұрынғы соғыстың зар-
дабын тартып, бірі жарынан, бірі ұлынан, бірі əкесі-
нен айырылған жесірлер, жетімектер бір-біріне өте
қайрымды еді.

Бірінде жоқты бар болса, бірінен алып, «менікі-
сенікі» жоқ, өте тату еді. Бəрінің мақсаты бір, қоғам
үшін, колхоз үшін, Отан үшін еңбек ету, колхозымызды
көркейту. Еңбектеріне бір тиын алмаса да риза.

Маңдай тері мен табан ақысы ол кезде еңбеккүнмен
есептеледі. Ауырып қалу жоқ. Таңның атуы, күннің
батуы тыпырлап еңбек ету, қамыт астында құлаған өгіз
сияқты өлгенше жұмыстан қалмау еңбек тəртібі сол
замандағы. Колхоз ас-суды, яғни бидай, тары секілді
азық-түлікті колхозшыларға еңбеккүнге береді.

Сол жылы қыс ерте түсті. Боран да боран. Колхоз
орталығы мен қыстақтар арасындағы жол бойына ұшар
басын адамның бөркі сияқты етіп қамыстан буылған
қарақшы қойылады. Қыста боранда жүрген жол күн
сайын биіктей береді. Ол кездегі қатынас көлік –
өгізшана, атшана.

Жатақтағы шатақ

Мектепке алыс-жақын қыстақтардан келіп оқып
жүрген балалар сабаққа қатыса алмады. Бірқатар балада
үстіне, кейбірінде аяққа киер киімдері болмады. Колхоз
басқармасы колхоз орталығынан жатақхана ашты.
Жатақханада алты ер бала, екі қыз бала жатты. Қыз

48


Click to View FlipBook Version