«Қиқым» мен «қоқым»
Бірде негізгі мұғаліміміз Кереева Бақтылы
апайымыз декретке кетіп, орнына келген Гумарова
Мəрия апайымыз Өтебай Тұрманжановтың өлеңін
былай деп оқыды: «Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде
жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп, торғайларға
тастаңдар». Мен «Қоқымын» дегеннен гөрі «қиқымын»
деген дұрыс болмай ма?» - деп сұрап едім. Апайымыз
«Кітаптағы сөзді түзететіндей сен кімсің?!» - деп қатты
айтып тастады. Бұл сөз əкеме жетіп, əңгіме сол кездегі
мектеп директоры Аманкелді Бижановтың кабинетінде
жалғасты. Ақыры шынында да, «қоқымы» дегеннен
гөрі «қиқымы» деген дұрыс болады, - деп тарқасты.
Мал тоғыту математикасы
Осының алдында да осындай бір есептің төңірегінде
бас қатырып едік. Əкем мал тоғыту үшін формасы
қиық пирамидаға келетін бір ыдыс əкелді. Маған «Бұл
ыдысқа қанша сұйық кетеді, қанша неоцидол салу
керек? Ештеңені əзірше өз бетіңмен салма, тек есептеп
қой» деді. Мен ішіне су құйып, оны қайтадан төгіп,
қисық формалы ыдыстың көлемін шығарайын деп
едім. Əкем: «Бұл жолмен емес, есептеп шығар» деді.
Рулетка əкеліп берді, мен өзімше бірдеңелерді есептеп,
«шамамен былай» деп едім, əкем тағы жаратпай қалды.
Ол жалпы «шамамен» деген сөзді жақсы көрмейтін,
мүмкіндігінше дəлдікті-нақтылықты сүйетін еді.
Содан кейін көп ұзамай əкем бір шаруаларымен
мектепке барғанда математика пəнінен сабақ беретін
Нұрлан ағайдан «Сендер мынандай есепті қай сыныпта
199
өтесіңдер?» деп сұрапты. Нұрлан ағай: «10-сыныпта»
деп жауап береді. Сонда əкемнің көңілі орнына түсіп,
бір жағынан, «Осынша қарапайым нəрсені соншама
кейінге сырғаны несі екен?!» деп таң қалды.
Зерде концентрациясы
Əкемнің жады ерекше болды. Өзі маңызды деп санаған,
көңіл бөлген нəрселерін бүге-шүгесіне дейін жаттап
алады. Əсіресе, жұмысына қатысты цифрлар, қандай да бір
нəрселердің орналасу тəртібі жөнінен мүлде шатыспайды.
Алайда мəн берген затына қатысты осылай тастүйін,
жинақы болып жүретін əкем кейде қарапайым нəрсені
аңғармайтыны қызық. Кейде тіпті аңғалдық та бой көрсетіп
қалады: 2001 жылы институт бітіріп, екі жерде жұмыс істеп
жүрдім. «Үміт» гимназиясынан тапқан ақшамнан Жантасқа
салдым. Екі жалақыдан үйдегі бəріне сыйлық алып, ауылға
беріп жібердім. Əкеме жылы трико, оттық, ал анама тəпішке
алдым. Сонда əкем осы тəпішкені аяғына киіп алып, «Балам
шешесіне ештеңе алмаған ба?» депті.
Пай бөлу төрағасы сайланған жиналыс
Бірде əкем Жантас екеумізді контордағы жиналысқа
алып барды. Бұл – пай бөліп жатқан кез. Жиналыста осы
пай мəселесі бойынша папамды сынады. Пай үлестіру
айтуға оңай, берейін десе, он адамға – бір трактор.
Ақыры жиналысқа келген адамдардың шешімімен əкем
пай бөлу жиналысының төрағасы болып сайланды.
Мен бізді бұл жиналысқа жұмыста қандай ауыртпалық,
жауапкершілік арқалайтынын, қалай көрінеу жала
жабылатынын көрсін деп алып барды деп ойлаймын.
200
Мен қалай «Жігіт сұлтаны» атандым
Əкем бізге балық аулайтын ауды қалай тоқитынын
үйретті. Оны өзі кезінде мектеп директоры болған
Зуфар деген татардан үйренген. Бірде ауылдың маңына
«жердің жасанды серігінің (спутник) бір ірі жəне
бірнеше уақ түрі құлады. Ауылдың адамдары осындай
жерсеріктер құласа, оларды тауып алып, ішіндегі мықты
бөлшектерін, əсіресе, берік жібін олжалауға тырысатын
еді. Жаңағы ересек адамның құшағы еркін жететін
алмұрт тəріздес уақ жерсеріктің біреуі Қыдырғали
ағаның көзінше аспаннан құлап, ауыл шетіндегі бір
бағанға ілініп қалады. Ол осы жерсеріктің парашютінің
ерекше мықты жібін əкеме сыйлады. Əкем бұл жіпті
ау тоқуға пайдаланды. Ол аудың түр-түрін жасады.
Ішінде бізге уақ балық сүзу үшін жасап берген торкөзі
бір сантиметрлік шағын ау да болды.
Ау тоқу – оңай шаруа емес, шеберге бір адам ұстасып,
көмектесіп отыруы керек. Бұндайда шаруаға ебі бар
Жантас жақсы көмектеседі. Бірде шамның жарығымен
жалғыз өзі ау тоқып отырған əкеме үн-түнсіз ұстасып,
көмектесе кеттім. Сол кезде қимыл-қозғалысым
ыңғайлы көрініп кетті ме, «Жантассың ба?» деп бетіме
қайта-қайта қарады.
1997 жылы мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауы
болды. Мен ол кезде оныншы сыныпта оқып жүрмін.
Осы байқаудың «Жігітке жеті өнер де аз» деген
бөлімінде ау тоқу процесін көрсеттім. Жантас құрал-
саймандарды сахнаға шығарысып, ұстасып көмектесіп
тұрды. Сонда дене тəрбиесінен сабақ беретін Серғазиев
Бақыт деген мұғалім «Осылай волейбол торын тоқуға
болады ма?» деп сұрады. Жұрт күліп жіберді. Ау
201
тоқуды көрсетіп жатып, бұрынғы кезде қазақтар ауға
жіпті қайдан алғаны туралы өз ой-пікірімді айттым.
«Ата-бабаларымыз ауға жарайтын берік жіп иірудің,
тарамыс дайындаудың əдістерін білген» дедім. Інімнің
көмектесіп тұрғаны да жұртқа жағымды көрінді.
Осының бəрі ескеріліп, І орынға ие болдым.
Сырымбай Нəжиоллаўлы:
«Адам тағдырына қатысты оқуыңа жауаппен қара»
Ақтөбеде оқып жүрген кезімде Сегізсайдың тұсынан
түсіп қалып, ең əуелі тəтеме сəлем беруге баратын едім.
Сонда маған «Сенің оқуың – өте жауапты оқу. Адамның
тағдыры қолыңда болады. Оқу бітіргеннен кейін бірдеңе
түсініксіз болса, қайтадан тағы оқы» деген ақыл-кеңесін
жиі айтатын еді.
Талшын Байќатова:
«Пошли қара шаңырақу!»
Қайын ағам салт-дəстүр, ағайын-тумамен араласуға
қатты көңіл бөлді. Оның өз үйі, өз отбасы болған кезде де
жұма күндері қалайда біздің үйге кіріп шығуға тырысады.
Аруақтарға бағышталған шелпек-бауырсақтардан ауыз тиіп
отырып, «Бұл үйдің орны бөлек, əулетіміздің қара шаңырағы
ғой» деуді ұмытпайды. Əдетте бұл дастарханда көрші-
кө-лем де болады. Солардың біреуінің орысша сөйлейтін
баласы біздің үйге барғысы келгенде əке-шешесіне «Пош-
ли қара шаңырақу!» депті. Сонда олар баласына əркімнің
өз қара шаңырағы болатынын əрең айтып түсіндіріпті.
202
Ардаќ Сəмерќызыныѕ естеліктері:
Индираның класс жетекшісі болдым. Ата-ана жи-
налысын өткізер алдында Нəбиолла ағамызбен ақыл-
дасып аламыз. «Диктанттардың мəні бар ма?» - деп
сұрайтын еді. «Есенин туралы былай айту керек» деп
əңгімелеп бергені есімде қалды. Сөйлеу мəнері ғажап,
дап-дайын қазақ тілі-əдебиетінің мұғалімі.
Ата-аналары осындай мықты болғасын оқушыла-
рым да алғыр болды. Мұндай оқушылардың алдын-
да өзіңді де жинақы ұстайсың.
Балаларының алғыр, жақсы болғаны – əкеден. Бəрі
шетінен көшбасшы. Осылай қылып баулыған əкесі
ғой, аңға барсын, құсқа барсын, қалдырмай бірге алып
жүреді.
Мектеппен тығыз байланыста болды
Үйімде айнаның алдына шежіре іліп қойып едім.
Бізге келіп жүргенде байқаған болып тұр ғой, ағай
ата-аналар жиналысында соны үлгі қылып айтып өтті.
Осы жиналыстарда «Қыз бала тəрбиесіне қатты көңіл
бөлу қажет. Баланың ана, жар болуына дайындық
кішкентайынан басталуы керек!» - деп шегелеп айтқаны
есімде.
Бір жылы ауылымызда республикалық семинар
өтті. Бұл біздің кішкентай ауыл мектебі үшін – өте
үлкен оқиға. Əзірлік жұмыстарымыз аса қызу жүрді.
Барымызды салдық қой. Тіпті күймеге дейін жасадық.
Осы күйменің төрт дөңгелегін Нəбиолла аға əкеліп
берді.
203
Бұл отбасы – біздің мақтанышымыз
Бірде мектептің мұражайын жасауды қолға алдым.
Біраз жұмысты атқарғаннан кейін осы өз білгеніммен
істегенім жөн болмас, мамандардан ақыл сұрайын деп
облыс орталығына барып, Сара Танабаеваға жолықтым.
«Жолыңызды көтеремін, бізге келіп, бағыт-бағдар
сілтеңізші», - деп, оны қолқалап ауылға алып келдім.
Істеп жатқанымның дұрыс емес екендігін, арғы ата-
бабаларымыздың тарихынан бастап тəуелсіздікке
тіреу керек екенін сонда білдім. Қайта істедік. «Біздің
мақтаныштарымыз» деген үлкен стенд орнаттық.
Ауылдағы өнегелі Сафуллиндер отбасына бір бұрышты
арнадық.
Нəбиолла аға сері сияқты киінетін еді. Ақ костюм,
ақ көйлек, бəтеңкесі тап-таза болып жылтырап тұрады.
Осындай сырбаз, төре қалпында есімізде қалды.
Махуза Айсаєалиќызыныѕ естеліктері:
Нәкең сөйлесе,
«айта түссе екен» деп отырасың
Ата-аналар жиналыстарында дəріс оқу үшін Нəкеңе
өтініш қылсақ, ол бұл шаруаға үлкен жауапкершілікпен
қарап, тыңғылықты дайындалады. Ол сөйлегенде «айта
берсе екен» деп отырасың. Жиналыс екенін ұмытып
кетемін. Жақсы əңгіменің қадірін жете түсіне алмайтын
кейбір надандау, қараңғы ата-аналар «қонақтығым,
тағы бірдеңем бар еді» деген кезде ғана жиналыста
отырғаным еске түседі.
204
Балаларының жан-жақты болғанын қалады
Шеберханада істеп жүрген кезі, балаларының
сынып жетекшілеріне емес, тікелей маған келді.
Елдос пен Жантасты сабақтан сұрап алғалы жүр екен.
«Өзіміздің жұмыстағы жиналысқа қатыстырайын деп
едім, өндірістің мəселелеріне қанығып, өмір көрсін деп
едім», - деді. Ой өрісі кеңейгенін қалап тұр ғой.
Нəбиолла ағадан бірде «Балаларыңызды еңбекке
қалай баулып жатырсыздар?» деп сұрадым. Ол: «Қазір
бұлар білім алып жатыр, қазір нағыз білім алатын уақыт,
уақыты өтіп кетсе, қонбай қояды, еңбек етіп үлгереді»
- деді.
Ауырып жатқанда көңілін сұрап бардым, сонда ол
«Балаларым білім алды ғой, енді адамдармен қарым-
қатынас жасауды үйретемін бе деп едім, үлгермейтін
түрім бар» - деді. Көз тимесін, болдым-толдым деп
ойлап, дамымай қалмасын деп айтып жатқаны шығар.
Əйтпесе, Нəбиолла ағаның балалары бірінен-бірі өткен
алғыр. Мұғалімдер қай үйдің баласы қандай екенін,
қандай тəрбие көріп жатқанын зерттеп, байқап жүреді
ғой. Ата-аналар жиналысында ылғи «Кезінде Нəбиолла
аға келіп, дəріс оқығанда тыңдамайтын едіңіздер. Енді
қараңдар, Нəбиолланың балалары қандай болды?!» деп
айтатын едім. Өзім Нəкеңнен көп нəрсе үйрендім, көп
нəрсе алдым.
Ол балаларының болашағын ылғи уайымдап
жүреді. «Менің қатем – ерте үйлену керек екен. Əсіресе,
қызым Индираға алаңдап жүрмін. Оған: «Бізді ойлап,
дайындығы жоқ деп кешеуілдетіп жүрме, қайтсем де
тойыңды жасап, сені ұзатармын» деймін», - дегені есімде
қалыпты. Бірде Ерсайын құрдасының үйіне барып:
205
«Маржан-ай, мына қызыма құрт қайнатуды үйретші»
депті. Кішкентай қызы бір үйдің отанасы болады деп,
алдын ала ойлап жүргені ғой.
Сафолла атаның ерте үйлену тарихы
«Ерте үйлену» демекші, біздің өңірде ерте үйлену
жағынан Сафолла атамыздан асып түскен адамды
естіген емеспін. Əңгімені сəл əріден бастайын,
біріншіден, бұл – өте қызық оқиға, екіншіден ақ-қызыл
боп қырылған сол жылдардың дүрбелеңінен хабар
береді. Ысықтың ханкелдісінен шыққан Əбдеш деген
азамат Атырау жақтан Қоскөл жаққа көшпелі тұрмыс
салтымен көшіп келіп-кетіп тұрады. Сөйтіп жүріп,
Серғазы атамен қатты сыйласып, тамыр болады.
Одан сайын жақын – құда болу үшін балалар ер жетіп-
бой жеткесін екеуі құда болатын болып, уағдаласып
жүреді. Содан Жəнет, Зəкила, Дания деген үш қызының
ортаншысын Сафолла атаға қосатын болып жүргенде
Азамат соғысы басталады: ақтар қашып, қызылдар
өкшелеп қуып, ел ішінде аласапыран кез орнайды.
Бірде қамсыз қазақ ауылына басып кірген ақтардың
бір отряды қараптан-қарап малды қырып, қылышпен
турай бастайды. Бұған шыдай алмаған Жұман бай:
«Бермей жатқан біздер жоқ, сұрап жатқан сіздер жоқ,
алатын болсаңдар адалдап, бауыздап алсаңдаршы» -
дейді. Сонда Əбдештің ағайыны Жұман байдың дұрыс
сөзін татар тілмаш қасақана дұрыс аудармай, ақтың
офицеріне «Сені жеті атаңнан бермен боқтап тұр!»
деп айдап салады. Өшін кімнен аларын білмей жүрген
мас офицердің қаны басына шауып, Жұман байды қақ
жүректен атып, сұлатып тастайды. Ауыл əп-сəтте
206
қара жамылып, «Есің барда елің тап», түгел қырылып
қалмай тұрғанда елімізге қайтайық» деп, Атырау
жақтан келгендер кері жиналады. Солардың ішінде
кетіп бара жатқан Əбдеш: «Бұйырса, бір тыныш
заман орнар, ер жеткесін екеуін некелеп қосарсыңдар.
Зəкиланы алып қалыңдар» дейді. Сөйтсе, кішкентайынан
аурушаң, шынжаулау болып өскен Сафолла ата ойнап
жүрген кезінде Зəкиладан əлімжеттік көріп жүреді
екен, сондықтан таңдауы ерке-тентек Зəкилаға емес,
өзінен екі жас үлкен болса да, мінезі жуас, салмақты
Жəнетке түседі.
Солайша, ойын баласы Сафолла қасындағы достары
«қатының бар» деп мазақтайтын мəртебеге ие болады.
Байбақтының датынан тараған адуынды Қалия əжей
баласы Сафолланы «Түнде Жəнет қорқады, қасына
барып жат!» деп қуып, көнбесе, құйрықтан бір-екі рет
тартып жіберіп, екеуін сыртынан қамап қояды. Сонда
жас бала төсегіне жатпай, табалдырықта отырып,
жылай-жылай ұйықтап кеткенде Жəнет жас баладай
құшақтап апарып, төсегіне жатқызады екен. Бала
да болса, əйелі бар жігіт «Ас таратқан кезде маған
бірінші бер» деп қеліншегіне қиғылық салады екен: ата-
енесіне бермей, күйеуіне бірінші болып ас ұсына алмаған
жұбайына ренжіген бала оның ішінен басымен барып
түйгіштейтін көрінеді. Сөйтіп жүргенде біреуі 17-
ге, екіншісі 19-ға келген шақта тұңғыштары Мəмила
дүниеге келеді... (Мəлімет Төлеген Сафоллаұлының
«Өрбіген тана ұрпағы» жырынан алынды).
207
Жантас Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:
Әке шапағаты
Егер мен бір жақсы нəрсе жасаған болсам, бұл –
əкемнің арқасы, егер бірдеңені оқсатпасам, өз кінəм деп
ұғамын. Əкем дұрыс тəрбие берді. Бес жыл сайын өзіме
осылай есеп беріп отырамын деп шештім. Басында
өзіміз қалыптастық деп ойлап жүрдік, артынан еліміздің
ең мықты деген адамдарымен араласқанда барып,
əкемнің қадіріне жете бастадым. Əлі күнге əкемнің
өресіндей адаммен жолыққан емеспін. (Демек, бұның
бəрі əкемнің шапағаты болғаны.) Енді мен əкемнен
алған тəрбиемді балаларыма бере алуым керек. Осы
эстафетаны жалғастыра алсам, өзім жеке үлгі бола
алсам, балаларым да жақсы болады.
Директор Тоқсанов Қайыржан ағай көшіп келген
кезде бізге «барып көмектесіңдер» деді. Біз соны онша
қабылдаған жоқпыз. Сөйтсе, қалқаман тана ретінде
бауыр тартып жүр екен ғой. Артынан Қайыржан ағай
да бізге көп көмектесті. Əкем бізді бауырмалдыққа,
жанашырлыққа тəрбиеледі.
Əкем қызымның атын Дана деп қойды. Сонда ол
«Мені жұрт ғұлама дейді, менен туған бір бала Дана
деген есімге лайық болар. Білім қуғанның бəрі бірдей
дана болмайды» деп еді. «Дана» журналын ашқан кезде
де осы айтқандары есіме түсті.
Айтқанының бәрі расқа шықты
Бірде бізге «Шеберханаға келіңдер, жұмыстың
ыңғайын көріңдер. Техникадан түк хабарларың жоқ.
208
Кейін қалада тұрсаңдар судың кранигін ауыстыруға
да кісі жалдап, шығынға батып жүресіңдер» дейтін.
Біз бұл айтқанына қарсыласқан жоқпыз, бірақ аса
ықылас та таныта қоймадық. Енді қарап отырсаң, оның
айтқанының бəрі дұрыс болып шықты. Бірдеңені басқару
үшін оны түгел бүге-шігесіне дейін білу керек. Мысалы,
машинаның құрылысын білмейтінім алдымнан шығып
тұрады – біреу алдап жатса да, білмейсің.
Əкеміз бізге қай-қай жағынан да өнеге бола білді.
Баламды Егіндікөлге атасы, əкесі жүрген жерді көрсін
деп бір тоқсанға жіберіп едім, артынан өзі қайта-
қайта созып, бір жыл оқып шықты. Біз атамекенмен
байланысымызды үзбеуге тырысамыз.
Нəкеңнің бейнесі мен дауысын тыңдағым келіп,
той бейне жазбаларын қараған кезімде айтқан тілек-
баталарынан-ақ оның қандай жан екені көрініп
тұрды. Жас жұбайлар Альберт пен Гүлданаға
«...Ата-бабамыздың дəстүрін жалғастырып, қуанышқа
бөленіңдер» десе, Жантас пен Гүлбануға «Елге
қалтқысыз еңбек етіп, қазақ халқына қызмет ететін
азамат болыңдар» дейді. Ол кездің тойларында отау
құрып, үй болып жатқан балаларға «ата-баба дəстүрін
жалғастыру», «халыққа қызмет ету» əр адамның
аузынан шыға бермейтін сөз еді ғой. Жəне осы-тілектерді
айтып тұрып Нəбиолла аға «Тойдың дəмінен, тойдың
тағамдарынан алып қояйық» дейді. «Арақ», «рюмка»
деген сөз аузынан шықпайды. Бұған да бір риза болдым.
Нəбиолла Сафоллаұлын тəрбиені ең əуелі өзінен
бастаған, сөзі мен ісі ажырамаған, сондықтан да тəлімі
сіңімді, өз ортасында қадірлі болған жан деп білемін.
209
ТАЛАЙ ЖАНҒА ТӘЛІМГЕР БОЛЫП ЕДІ
Ислам діні бойға жиған біліміңді халыққа жаюға,
ел ішіне таратуға үндейді. “Шəкіртке үйретіп, алған
біліміңнің ақысын бер” дейді. Дініміздегі ең жақсы
амалдардың бірі-бір сағат өмірің қалса, оның жарты
сағатында өзің үйреніп, қалғанын біреуге үйрету болып
табылады. Нəкеңнің бала-шаға мен жасы кіші (кейде
тіпті жасы үлкен де) ағайындарына берген ақыл-
кеңес, өнегесінен оның тəрбиеші сипаты ашылса, өзге
азаматтарға жасаған сондай ісі арқылы тəлімгерлік
қырынан көрінеді. 70-жылдары Батыс Қазақстан ауыл
шаруашылығы институтында (ауызекі тілде СХИ)
бірге оқығандар Нəбиолла ағаны курстас қана емес,
жаңа айтқан тəлімгер ретінде де құрметпен еске
алады.
210
Əділгерей Ќайырлаповтыѕ естеліктері:
Жасы мен ақылы үлкендігіне қарап,
біз оны «шал» деп атадық
Мен Атырау облысының Балықшы ауданы
Құрманғазы ауылында дүниеге келдім. Қазір де сол
жерде тұрамын.
Студенттердің ішінде ең ересегі – Сафуллин
Нəбиолла деген кісі, содан кейін мен болдым. Мен
курстастардан, жоқ дегенде 3-4 жас үлкенмін, Нəкең
менен 10 жас үлкен. Жасы да, ақылы да үлкендігіне
қарап, біз оны «шал» деп атайтын едік. Ол бір жағымсыз
іс-қылық көрсе, бет-жүзіңе қарамай айтып тастайтын
тік мінезді, дұрыстықпен жүретін кісі еді. Осындай
туралығы үшін ол студсовет (студенттер кеңесінің
төрағасы) болып сайланды. Жастар болғасын, арасында
ішіп қою, төбелесіп қалу деген оқиғалар болып
тұрады. Нəкең бұны студсоветтің отырысында қарап,
жөнге салып жүретін еді. Сабаққа да жақсы болды.
Бізге қай жағынан да өнеге болды. Тентектерді жөнге
салу бойынша үлкен еңбек етті. Көп нəрсені түзеді.
Курстасымыз Мұраттың айтуы рас – жатақханадағы
қыздардың ақшасы қолды болып жүрді. Нəкең осы
жағдайды бір жыл бойы зерделеп жүріп, ақыры ұрыны
əшкереледі. Күмəнданып жүрген бір қызға пошта
арқылы ақша келмейтінін анықтады. Сөйтіп, жаңағы
қыздың ұрлап жүргенін бұлтартпай мойындатты.
211
І курстың ортасында Нәкеңді
ректорға дейін танитын болды
І курстың орта шамасына келгенде, ол кісіні
институттың ректорынан бастап, бəрі танитын
болды. Коммунист болғасын, институттың партия
ұйымымен тығыз араласты. Институттағы партия
ұйымының хатшысы Даулетияров деген кісі Нəкеңмен
жиі пікір алмасып, кеңесіп жүрді. Алай-бұлай
жүретін оқытушылар Нəкеңнің турашыл мінезін
білетіндіктен, ығып тұратын еді. Юрий Безлер деген
деканның орынбасары Нəбиолла ағамен санасып, ақыл
сұрайтын. Ал өзіміз Нəкеңмен шүйіркелесіп сөйлесе
алған жоқпыз. Себебі ол бізден үлкен, біз одан аздап
қашқақтап жүретін едік. Ол кісіні көргенде біртүрлі
үлкен ағамызды, əкемізді көргендей боламыз. Бірдеңе
ішіп келсек, үндемей келіп жатып қаламыз. Ақылды,
өнегелі, оғаш қылығы жоқ ағамыздан жақсы тəлім-
тəрбие алдық. Тəртіпке үйрендік. Одан үйренгенімнің
маған көп көмегі тиді. Екі совхоз, үш колхоздың
директоры болдым. Қазір де басшылық қызметтемін.
«Казагрофинансты» басқардым. Ауылдық округтің
əкімі де болдым. Қызыл балық өсіретін зауытты сегіз
жыл басқардым. Зейнетке шыққаннан кейін бұл зауытта
директордың орынбасары лауазымындамын. Осындай
жетістіктерімде Нəкеңнен алған тəлімнің көп үлесі бар.
Əкесімен бірге жүрген адамды іздейтін мына сендердей
жақсы ұрпақты тəрбиелеген Нəкеңнің жаны жəннатта,
иманы жолдас болсын!
212
Мўрат Шаштиевтіѕ естеліктері:
Біз Нәкеңді тек құрметпен еске аламыз
1953 жылдың екінші мамырында Атырау облысының
Сыралы деген жерінде дүниеге келдім. 1971 жылы Орал
қа ласының СХИ механизация факультетіне оқуға түстім.
Сол кезде оқуға Нəбиолла деген азамат та келіп түсті.
Ол 1940 жылғы екен, біз оны аға тұттық. Ол студсовет
төрағасы болды. Аты үлкен əріппен жазуға лайық
азамат еді. Бірге оқыған жігіттер тек қана біз емес, бүкіл
институттың тіпті зоофак, агрофактың жігіттері, қазір
салиқалы жасқа жетіп, əже болған қыздар да жиналып
қалған кезде, Нəкеңді міндетті түрде құрметпен еске
аламыз. Ауылшаруашылығы жұмыстары (сельхозка)
бітіп, қазанда сабаққа келген кезде арамызда жүрген
бір адамның жастарға «Бала, сен мынауыңды қой,
былай істеме, былай істе» деп ақыл айтып жүргенін
көрдік. «Бұл кісі кім?» деп сұраймыз ғой. Сонда «ол –
коммунист ағай» деп жатты. Ол кісіні тек студенттер
ғана емес, оқытушылар, тіпті кафедра меңгерушісі де
сыйлап, «Бұл Сафулинмен жайлап сөйлесу керек. Ол -
партия адамы, ертең партжиналыста бетің бар, жүзің
бар демей, айтып тастайды» дегенін естідім. Бұл кісі
біздің жақсы көретін ағамыз болды.
Мені бір жылға жатақханадан
шығарып жібергені бар
Біз ІІІ курста оқып жүрген кезде институттың
жанында механикаландырылған отряд, тəжірибе
шаруашылығы (учхоз) деген болды. Нəкең сол
213
отрядтың белді мүшесі еді. Біз трактор болмаса,
комбайнды көрмеген, Атыраудан келген адамбыз.
Нəкең – техникум түлегі, яғни механик. Көп нəрседен
хабары бар, жан-жақты адам ретінде бізге білмегенімізді
үйретті. Мен математика жағынан ұмытып қалғанда,
ол ылғи көмектесіп жібереді. Ақша алған кезде
ұйымдастырылатын дастархан-отырыстарда отырады,
онда ұрыспайды. Сəл артық кетіп бара жатсақ, ескертеді.
Тыңдайсың, əйтпесе, аямайды – жатақханадан қуып
жібере алады. Бір ескертеді, екі ескертеді, үшіншісінде
«өзіңнен көр» деп шығарып жібереді. Менің өзімді
жатақханадан осылай шығарып жіберді. Келесі жылы
барып бір кірдім. Студсоветтің рұқсатынсыз бітіруге
бір жыл қалғанда вечер жасап жүрміз ғой, сол үшін мен
жəне тағы бір жігіт жатақханадан кеттік. Еш реніш жоқ,
тəртіп болуы керек қой. Ол уақытта тəртіп деген қатал.
Мен агроколледжде – бұрынғы ауыл шаруашылығы
техникумында қырық жыл сабақ бердім. Биыл ғана
зейнеткерлікке шықтым. Осындағы əріптестеріме
жаңағыдай ескерту жасап, тыңдамаса, шара қолданып
жатсам, олар «сен менің артыма түсіп жүрсің» деп
ренжиді.
Қолыңнан келсе, әкең туралы кітап шығар
Бірге арақ ішкен кезіміз де болды. Бірақ бір қызғанын,
мас болғанын көрген емеспін. Біреуге артық сөйлегенін
де байқамадым. Ішіп алып, тыныш жүргендерге өзі
де ештеңе айтпайды. Бірде бір студентке ұрысып
жатқанда жаңағы студент «Кеше бірге іштің ғой, неге
маған ұрсасың?!» дегенде, оған «Ішіп алғасын тыныш
жатпайсың ба, тойып алып коридорда жүрдің! Сен
214
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев емессің
ғой! Ол кісіге де Кеңес Одағы батыры атағын бермей
қалды» деп ұрсып жатқанына куə болдым. Папаңыз
жайлы (Жантасқа айтады) жақсы естеліктер көп,
қолыңнан келсе, ол туралы кітабын шығар.
Бір күнге жетпейтін ашу
Дипломдық жұмыстарды, курстық жұмыстарды
кеште жасаймыз. Күндіз жасауға мүмкіндік жоқ.
Жұмысты жасап-жасап, шаршаған кезде темекі тартуға
дəйзге шығамыз. Бізде қайбір темекі бола қояды, бір
күні біреумізде болса, келесімізде жоқ дегендей. Сонда
Еркін Жабасов деген арамызда бір қуақы жігіт «Қарт,
бір тал темекі берші» деп Нəкеңе барады. Себебі онда
ылғи темекі болады. Еркін сөйтіп барып алып алады
да, «Шалда темекі көп, үлестіріп жатыр, барып алып
қалыңдар» деген əңгіме айтады. Сонда «Əй, шошқа,
өзің алғаныңмен қоймай, жəне біреуді жұмсайсың! Не
қылған шошқасың сен!» - деп Нəкең оған кейіп сөйлеп
жатады. «Қарт қойнында қалаш» деген бар. Біз сізге арқа
сүйейміз ғой» деп жаңағы Еркін де қоймайды. «Өй, сөзің
бар болсын!» деп ағамыз есікті жауып, ішінен кілттеп
алады. Бірақ ертеңіне ашуы тарқап, Еркінге тағы темекі
беріп жатады.
Ылғи біз үшін күйіп-пісіп жүретін еді
Саған (Жантасқа айтып отыр) «балам» не «інім»
деп айта алмаймын, себебі əкең Нəбиолла қырқыншы
жылғы, менен он жас үлкен. Онымен бірге институтта
оқыдым. Ол институт бітірген. Ауылда жұмыс істеп
215
келгеннен кейін институтқа түскен, бізбен бірге
оқыды. Жаспыз ғой, əуелі Құдай, сосын заң кешірсін,
жиі-жиі бірдеңені бүлдіріп қоямыз. Сонда Нəбиолла
ағаның алдына барамыз, осылай болып қалды деп.
Ол кісі күйіп-пісіп: «Мə, онда былай ет, былай істе»,
- деп бар ақылын айтып, көмектесіп жатады. Қазіргі
институттарда студент үшін осылай жаны ашитын жан
бар деп ойламаймын.
Төменгі курс студенттері жоғары қабатта, біз төменде
тұрамыз. Бізге дəретхана жақын болуы керек қой. Жас
студент түсіп келе жатса, оған ұрынамыз, ұрамыз.
«Нəкеңнен темекі, сіріңке алып кел», - деп жұмсаймыз.
Сонда əдетте бөлмесінде сызба сызып жататын ағамыз
дəлізге шығып бізге ұрсып, ақылын айтады.
Қалекең екеуміз көшеде келе жатып, екі қызды көріп
қалдық. Біреуі маған ұнап қалды. Танысқым келіп,
«Қарындас, мүмкін сіз менің бақытым шығарсыз» деп
тиісіп жатырмын. Қасымдағы Қалибек «Шашың күшті
екен» деп біреуінің шашынан ұстайды. Қыз «Əй, сен
қойсайшы. Біреудің шашында жұмысың қандай?!»
дейді. Біз шыбынды қаққан болып, қызды құшақтамақ
боламыз. Артынан осыны əңгіме қылып айтқанда
«Бұларың болмайды! Бұларың дұрыс емес!» деп Нəкең
қатты кейіді.
Нəбиолла Сафоллаұлын «тəлімгер» деп атағанымда
оның қарауындағы, айналасындағы адамдардың кəсіби
маман ретінде қалыптасуына көп еңбек сіңірген азамат
екенін негізге алдым. Ислам дінінде ілім үйретуші
ұстаздың орны жоғары бағаланған. Ілім үйрету ең
сауапты əрі қадірлі іс болып есептелген. Қасиетті
Құранда: «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең
216
бе?» («Зүмəр» сүресі, 9-аят) делініп, көзі ашық, білімді
адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтыл-
са, хадистерде де ілім үйретушіні əрдайым сыйлап,
құрметтеу керектігі ескертілген. Нəбиолла ағамыз-
дың осы тəлімгерлік сипаты туралы естеліктерге
кезек берейік:
Т асжан аєай естелігі:
«Боқтан да оңай шаруа»
Шеберханадағы электрстансалар «жұмсақ
жалғауды» (мягкое соединение) қоймай, үзіп тастай
берді. Сонда центровка келтіруді біреуміз де білмейміз.
«Екі сыммен былай істейсің, бұл боқтан да оңай шаруа»
деп, ақауды жөндеуді маған Нəкең үйретті. Нəбиолла
аға екеуміз 1976 жылдан бастап, совхоз ыдырағанша
бірге жүрдік.
Бойымызға қан жүгірткен бутерброд
Жанболат ИМАНҒАЛИЕВ: 1989 жылы қызметке
кірістім. Нəбиолла ағам ауыл шаруашылығында,
мен ауылдық кеңесте (сельсовет) жұмыс істедім.
Нəбиолла аға қоғамдық жұмыстарға жақсы араласты.
Қызметкерлеріне шөп дайындауда ол басқаратын
шеберхана ылғи алда жүретін еді. Бір қызығы, Нəкең-
нің өзі бұл шөпті ең соңынан алады.
Нəкең жұмыс барысында ішкізбегенімен, дастархан
барысында «Ал, енді алып отыруға болады» деп еркін-
дік береді. Ол кезде мамандар жұмыс барысында бірін-
бірі сынағанымен, артынан кек сақтамайтын еді.
217
Заңгер Нəбиолла аға екеуміз семинарға бір «ЗИЛ»-
мен баратын болдық. «К-700»-ден алдымызға түсіп
алып, Ханкөлге қарай қар аршып кетті. Машинамыз
нашар болғасын, біз ілесе алмай, К-700-тан қалып
қойдық. Бірақ оның қайта оралатынын біліп, күтіп
отырмыз. 1-2 сағаттай отырып қалдық. Нəбиолла аға
фуфайка шалбарланып, жылы киініп алған, қолында
қоңыр дипломаты бар. Бір мезгілде қоңыр портфелін
тізесіне қойды. Сары қағазға мұқият оралған ет, нан,
шəйі бар термосты шығарды. Шетінен алып, жəйімен
жеді. Біз шопыр екеуміз ұйықтаған болып отырмыз.
Сонда Нəкең: «Жолға шыққанда киім, ас-суларыңды
міндетті түрде алып жүріңдер» деп маған ет-нан
порциясын, шəй ұсынды. Салауатқа да берді. Бойымызға
қан жүгіріп, рахаттанып қалдық! Көрмеймісің, тамақты
бірден ұсынбай, сабақ болсын деп отыр ғой. Содан
жаңағы «К-700» сағат төрттерде бір келді. Ол кезде
ауданға қазіргідей емес, қонаға баратынбыз.
Бізді жалықпай тәрбиеледі
Ғалымаддин Ғұмаров: Нəбиолла аға көп адамды
тəрбиеледі. Құр тапсырма берумен шектелмейді, соны
қалай жүзеге асыру керектігін тəптіштеп түсіндіреді.
Қолға ілінген істің тақырыбы бойынша кітап əкеліп
береді. Кейде өмір болғасын, жұмыстан қалып қойып
жатамыз. Бұл нəрсе қандай да бір жағдай, қажеттіліктен
туындаған болса, ештеңе демейді. Ал себепсіз болса,
кешірмейді. Жаза тағайындайды. Бірде электрик
Жəнібек Аймашев бірдеңені теріс жалғап қойып, одан
Омның ІІІ заңын сұрағаны, 8-10-сыныптың физикасы
бойынша емтихан алғаны есімде қалыпты.
218
Серікбай Нəжиоллаўлы:
Теория мен практиканы
шебер байланыстыратын еді
Тəтемнің бір қасиеті – адамға сенім арта біледі.
Жастайымнан техникаға үйірлеу болдым. Соны
байқағасын шығар, 15 жасымда-ақ маған жүк
машинасының рөлін сеніп тапсырып жүрді.
Жақын маңдағы ауылдағылар жүргізе алмаған
техникасын сүйреп болсын, тиеп болсын, Егіндікөлге,
– тəтемнің қолына жеткізсе, көп ұзамай оңдалып, еліне
өз аяғымен кетеді.
Бірде Сегізсайда жұмыс жасап жүргенімде
комбайным сынып қалды. Сол ақауды ауылдағылардан
ешкім оңдай алмады. Амал жоқ, Егіндікөлге тəтеме
шеберханаға бардым. Оның бір қасиеті – жұмыста
жүргенде жеке шаруаға көңіл бөлмейтін еді: «Үйге
барып күт», - деді. Келгесін үстелге карта сияқты
бірдеңені жайды. Комбайнның электр сызбасы екен.
Оның бұндай сызбасы болатынын өзім бірінші рет
көріп тұрмын. Жəне бір ғажабы, жаңағы сызбаға
қарап біраз нəрсені өзім де түсіне бастағандаймын.
Ақыры тəтем сызбаға қарап отырып, біраз шұқылап,
бір мезгілде комбайнымды дүр еткізіп тұтатып берді.
Қатты қуандым!
Ол теория мен практиканы мықты байланыстыратын
еді. Бірдеңені істеп отырғанда түсіндіріп, өзі сұрақ
қойып отырады. Қасында отырғанның өзінде осылай
біраз нəрсе біліп қалушы едік.
219
Берік Оспанўлыныѕ естеліктері:
Әр жиналыс – тәлімгерлік сабағы
Нəбиолла ағамыз əр жиналыс сайын жəне одан
тыс мезгілдерде де əр цех меңгерушісіне нақты
тапсырмаларды жүктеп, оларды атқару жолдарын
ерінбей-жалықпай, егжей-тегжейлі түсіндіретін еді.
Шеберхана стенді жөн сілтейтін көрнекі аппаратқа
əрдайым толы болатын.
1988 жылы оқу бітіріп келгесін Тұщықараға
ферма меңгерушісі болдым. Сонда Нəбиолла ағам
«техникаларды дұрыстап, мұқият қабылдап ал» деп
қайта-қайта пысықтады. Арасында өзі соғып, ақыл-
кеңесін аямай беріп кетеді. Мен Нəбиолла ағамыз сынды
тəжірибесі мол жанашыр жанның осындай кеңестеріне
өте мұқтаж едім. Сол кезде бөлімшенің балансында
техника көп болды. Қойма ремень, соқа, культиватор
т.с.с құрал-саймандарға толып тұрды. Бригадир болып
жүрген кезімде де «Т-40»-пен соғып, бізге бір көз қырын
салып кететін еді.
Көп кісінің маман болып қалыптасуына
еңбек сіңірді
Ауылда көп кісінің маман болып қалыптасуына
үлкен еңбек сіңірді. Шеберхананың қойма меңгерушісі
болған Алтынбайға бұл істің қыр-сырын үйретті.
Аймашев Жəнібек ағайдың алдыңғы қатарлы электрик
болуына да үлес қосты.
Нəбиолла аға бір нəрсені қолға алса, дегенін істетеді.
Біреудің қисық іс-қылығын көрсе, əлгі айыпты жан өз
220
кінəсін мойындап, түзетіп-түзелгенінше қыр соңынан
қалмайды. Қалайда оған өз айтқанын дəлелдейді.
Біреулер тіпті Нəкеңнің кабинетінен еңкілдеп жылап
шығып жататын еді. Бірақ бұл – оның біреудің
артынан түскені емес, қателігін түсініп, түзелгенін
қалағаны. Ешкімнен сасу дегенді білмейді. Шеберхана
ұжымының жағдайын жасауға жан-тəнімен кірісетін
еді: бухгалтерияға қызметтестерінің тізімін ұсынып,
шөп-жемін түсіртіп береді. Ал өзі соны жұрттың
ең соңынан алады. Қарауындағы Мақатай деген
қызметкерін токарьлық оқуына жіберді. Арнайы станок
алдыртты. Артынан Мақатай аға СИЧИМ-де токарь
болып істеді.
Айболат Сəмерўлы Саршолаќовтыѕ естеліктері:
Токарь болу тарихым
1995 жылы Тарас құрдасымыз екеуміз шеберханаға
сынақ мерзімімен жұмысқа бірге кірдік. Ол слесарьдың,
мен токарьдың шəкіртіміз. Əкем «токарь болып
көресің бе?» дегесін барып едім. Ол кезде токарь -
маған жезделігі бар Мақатай ағай. Ол мені шеберхана
меңгерушісі Нəбиолла ағайға алып барды. Нəбиолла аға
менен «токарь боласың ба?» деп сұрады. Мен жездемді
көрсетіп, «Мына кісі үйретсе, боламын ғой» дедім. Онда
бүгіннен бастап Мақатайға шəкірт боласың. Бүгінше
жұмыс орныңды көр, цехты арала, станокпен таныс.
Ертең шеберханаға жұмыс киіміңмен кел», - деді. Содан
жұмысты жайлап бастап кеттік. Нəбиолла ағай шақырып
алып, «Мына болттарды, детальдарды ретке келтір»
деп тапсырма берді. Бар білгенімше тырысып жасап
221
жатырмын. Түскі асқа таман келіп, үндемей қарап кетті.
Бітірген дүниемді үндемей алып кетеді. Үндемегеніне
қарағанда, бірдеңеге пайдаға асып жатқан шығар деп
ойлап қоямын. Сөйтіп, екі-үш күн сайын тапсырма
беріп тұрды. Бір күні жиналыста «Сені жұмысқа
қабылдайтын болдым. Бүгіннен бастап саған бұйрық
шығады, өз бетіңмен жұмыс істейтін боласың», - деді.
Осыдан кейін тапсырмалар қиындай бастады. Сөйтіп,
екі-үш ай істедім. Станок ескілеу, кейбір детальдарды
сындырып аласың, кейде жұмыс үсті-үстіне тым
көбейіп кетеді. Солардан қиналып, «бірдеңені бүлдіріп
тастаймын ба» деген уайымнан токарь болып істегім
келмей қалды. «Трактор айдаған тыныш емес пе осы?»
деген ойлар да келді. Соны Нəбиолла ағаға айтып едім
«Ой, жасай бер, саспа» деді. Ағай солай дем бергесін
көңілім кішкене жайланып, үйрене бастадым. Осылай
1995 жылдан 2000 жылға дейін жасадым. 1998 жылы
Мақатай жездем Ақсайға кетіп қалды. Токарь болып
жалғыз өзім қалдым. Ақылдасатын да ешкім жоқ, ол
да қиын. 2000 жылы мен де қалаға кеттім. Ремзауытта,
локомотив депосында жұмыс жасадым. Қазір сол
токарьлықты кəсіп қылып жүрмін.
2004 жылы Айболат Сəмерұлы Елдос Нəбиоллаұлымен
Оралдағы «Энергетик» жатақханасы тұсынан кездесіп
қалып, əкесіне үлкен алғыс білдіріпті. «Нəбиолла ағаның
арқасында қалада жұмыс жасап жатырмын» деп разы
күйде, емен-жарқын əңгіме айтады. Ауылда жүргенде
бұйығы көрінген замандасының осылай ашылып, салиқалы
əңгіме айтқанына Елдос, бір жағынан, таңырқап, бір
жағынан, қатты риза болып қалады.
222
Нәкең сыйлаған кітап
әлі күнге пайдаға асып келеді
Нəбиолла аға жақсы кісі болды. Үйретуі мықты
еді. Жалпы жұмыстың бағытын да, слесарьлық-
токарьлықтың қыр-сырын да ерінбей-жалықпай үйрете
беретін еді. Көрсетеді, сызады, тақтаға сызады. Əйтеуір,
қалай да саған ұқтырып жіберуге тырысады.
Сенің мынауың неге дұрыс болмай жүр, білесің
бе?» деп тақтаға сызады. Кейде жұмыстан кейін алып
қалып, жеке түсіндіреді. Бірде маған кітабын сыйлады.
«Мына токарьлық сенің қолыңнан келеді, сондықтан
босатпаймын», - деді. Қай нəрсені қалай қайрау керек,
қандай градуста өңдеу керек, бəрін біледі жəне білгенін
қызғанбай айтады. Нəбиолла аға кісілерді, шеберхананы
ұстап тұрды. Шеберханаға орналасқандар əдетте басқа
жұмысқа ауыспай, тұрақтап қалатын еді.
Үйіне де барып жүрдім. Сонда маған кітап сыйлаға-
ны бар. Сол кітапты табыстап тұрып: «Тағы бір қазақша
кітабым бар, таба алмай жатырмын, тапқасын саған
беремін. Кітап қарамасаң, маман болып қалыптаса
алмайсың», - деп еді. Нəкеңнің берген сол кітабы əлі
күнге өзіммен бірге, əлі күнге пайдаға асып келеді,
əлсін-əлсін ашып оқып тұрамын.
Т ілеген Аяпов:
Көбі білгенін үйретпейді
Нəкең мені алгебра, логорифмге үйретпек болып бі-
раз əуреленді. Токарь Айболат Саршолақовты үйінен
оқытып үйретті. Көбі білгенін үйретпейді ғой. Ал біз-
223
дің Нəкең ондай емес. Ол басқарған шеберхананың
бүкіл станогы, соның ішінде гидронасос жасайтын
станокқа дейін ақаусыз істеп тұрды.
Т ілеген Ќўттыбайўлы Ќуатов:
Маған баласындай қарады
1989 жылы мектеп бітіргесін, мені Нəбиолла аға
өз қарауына алды. «Қолыңнан бірдеңе келеді» деп
Махмуд екеуі мені үйретті. 1990 жылы əскер қатарына
алындым. 1994 жылы жұмысқа қайта алды. Содан
шеберхана тарағанға дейін жұмыс жасадық. Маған
балам деп қарады, көп ұрыспады, еркелетті десе де
болады. Күнде таңертең жиналыс болады. Соған мені
қатыстырмайды, «ұйқыңды қандырып кел» дейді.
Содан мен жұмысқа ондарда барамын. Токарь, фрезер
станогын, дəнекерлеуді – бəрін маған Нəбиолла аға өзі
үйретті. Тарасты да сүйрелеп, дəнекерлеу ісіне баулыды.
Жастардан екеумізге үйретті. Шеберханаға біздерден
кейін ешкім кірген жоқ. Тарасқа дəнекерлеуші деген
куəлік алып берді. Жұмыстың таза істелгенін жақсы
көреді, қай нəрсенің де сапалы болғанын қадағалайды.
Істеген нəрсе ұнамаса, лақтырып тастайды, бірақ маған
ештеңе деп көрген жоқ.
«Тарас слесарь болуға ыңғайы бар, ал сенен
дəнекерлеуші шығады», - деп əр адамның қабілет-
ыңғайын жақсы танитын еді.
Нəбиолла ағай тек шаруа-кəсіпке ғана емес, қоғам-
дық өмірге белсене атсалысуға да тəрбиеледі. Совхоз
Наурыз тойын ұйымдастырғанда бəріміз ұжым болып
қатыстық. Осы шарада Рахат апайдың қызы Гүлмира
224
əн айтқаны, арқан тартыстан І орын алғанымыз есімде
қалыпты.
Т арас Хакимоллаўлы Ахметов:
Дәнекерлеуші болып қалыптасуымда
Нәкеңнің еңбегі бар
Əскерден келгесін «К-700», комбайн айдадым.
Шеберханаға кірдім. Осы ұжымды басқарып жүрген
Нəбиолла аға мені «мұғалімнің баласы» деп жақын
тартты. Мұхит аға ауруханада жатқанда мені слесарьға,
дəнекерлеуге, вулканизатормен жұмыс жасауға үйретті.
Осы іске қатысты кітаптарын беріп, оқытты. Қазір де
сол үйренгендерімнің арқасында дəңекерлеуші болып
жүрмін. Алматы, Астанада дəнкерлеуші болып істеп
қайттым. Атырауда бір вахта істеп келдім.
Ол кезде шеберханада жұмыс қайнап жататын еді.
Күнде жиналыс болады, бəрі тызылдап шауып жүреді.
Бізге бір нəрсе керек болса, Тоқсанов Қайыржан ағай
(сол кезде ЖШС директоры) дереу Оралға барып, керек
қосалқы бөлшектің бəрін алып келеді. Шеберхананың өз
тракторы болды. Совхозға жалынбай, қызметкерлеріміз
үшін шөпті кезек-кезек өзіміз шауып алатын едік. Со-
ның бəрін Нəбиолла аға ұйымдастырып жүрді.
Бірде Бірінші фермада коробка жинай алмай жатыр
деп естіп, Нəбиолла аға кітабын алып аттанғаны,
«ДТ»-ны дөңгелекпен жүретін қылып істеткені есімде
қалыпты. Оны кезінде Рамазан Сариев айдап жүрді.
225
Мўхит Ізбасаров:
Адамның ыңғай-қабілетін бірден байқайтын еді
Нəкең 1977 жылы совхозда бас инженер болды. Ол
кезде мен жаңа «Беларусь» айдап жүр едім. «Сенен
басқа ыңғайлы ешкім жоқ» деп, жанармай (топливный)
аппаратурасымен жұмыс жасау үшін үйренуге мені
ремзаводқа оқуға жіберді. Сол үшін алдын ала жаңағы
зауыттың цех шеберіне өзі барып, жолығып келді.
Тəлімгерге сонда совхоз айына 5 сом ақша төлейді.
Содан екі ай оқыдым. Ақпанда бітіріп, 1978 жылдың
наурызында цехты қабылдап алдым. Осы оқуға мені
таңдағанына қарағанда, ыңғай-қабілетімді, орысшаға
тəуір екенімді байқаған болып тұр ғой. Содан бірге
істедік. «Мына жерін оқы» - деп көрсетіп, кітабын
маған үйге беріп жіберетін еді. Уақытында қайтарып
бермесең, үйіңе кері қайырады. «Қағаз жазуды да,
бірдеңе жасауды да Мұхиттан үйреніңдер», - деп мені
мақтап жүрді. Адамды ағайын, бөтен деп бөлмеді. Кім
жақсы жұмыс жасаса, соны тəуір көрді.
Жиналыстарда директорға дейін батырып айтады,
оған ешкім ештеңе айта алмайды. Қандай да бір
кінəраттары барлар «Нəбиолла көріп қоймасын», - деп
қашып жүреді.
Бірдеңе айтқанда қалай да жеткіземін, миына
құямын деп сөйлейді. Біреулер сонысын түсіне алмай,
«көп сөйлейді» деп Нəкең туралы қате əңгіме айтады.
Біреуге бір нəрсені ұқтыру оңай емес қой. Түсіндіріп
жатқанда ұйықтап отырғандар болады, бірде сол үшін-
ау деймін, Тілегенге «Өй, мен не айтып отырмын?»
деп кейіп жатқаны есімде қалыпты. Ол кісінің тұла
226
бойы тұнған адамгершілік, білім, үлгі өнеге ғой. Бірде
далаға, су жағасына ұжымды походқа алып шыққан
кезінде түнде тынығып, жарқыраған жұлдыздарға
қарап шалқамыздан жатқан сəтімізде аспан денелері,
жұлдыздар туралы да түсіндірді. Нəкең коммунхоз
құдықтарындағы насос ақауларын табуға, жөндеуге де
көп көмектесті. Шақыртпай, естісе, өзі барып қолұшын
беретін еді.
Наурызбай Исаєалиўлыныѕ естеліктері:
Біз Нәкеңнің ақылын тыңдап, өнегесін көрдік
Нəбиолла ағамен бес жылы бойы жатақханада бірге
тұрдым, қазіргі үлкейген шағымда ойланып отырсам,
Нəкең шындық, əділдік, тазалықтың жиынтық эталоны
болған екен ғой. Оның қасында болған кезде ақылын
тыңдап, өнегесін көрдік.
Мен Ресейдің Куйбышев облысында дүниеге келдім.
Қазір Қаратөбеде тұрамын, 60-шы жылдары Қалдығайты
ауылына көшіп келгенбіз. Руым – алаша, алашаның
қазыбегі, қазыбектің бабатайы. 1971 жылы Қалдығайты
орта мектебін бітірдім. Мектепте оқып жүргеннен-
ақ, инженер-механик болуды аңсадым. Сол арманым
жетелеп, қолыма жолдама алып, 1971 жылы Оралдағы
ауылшаруашылығы институтына келіп түстім. 1976
жылы бітірдім. Ол кезде бұл институттың төрт корпусы
бар, бас корпусы – қазіргі педагогикалық колледж,
қазіргі өлкетану мұражайында біздің институттың
қоғамтану факультеті болды, механикалық факультет
Темір Масин көшесіндегі қазіргі мұнай-газ колледжінің
ғимаратында орналасты. Бары – бір жатақхана, ол
227
жаңа СХИ маңында, Жəңгірхан көшесінде еді. Бұл
№6 жатақхананың екінші қабатында зоофак пен
агрофак, үш пен төртінші қабаттарда мехфак болды.
Біз үш қаратөбелік азамат – Нəбиолла ағайымыз, мен
жəне Мұқат №76 үш кісілік бөлмеде жаттық. Мұқат
та - мектепті беспен бітірген жігіт. 1971 жылғы шілде
айының орта шамалары болса керек, қазіргі «Нұр Отан»
партиясы облыстық филиалы ғимаратында орналасқан
математика, философия, орыс тілі кафедраларында біз
бір айлық дайындық курсынан өттік.
Мектептен жаңа шыққан 17-18-дердегі жігіт-
қыздармыз. Бір күні дайындық кезінде ақ көйлек киген,
шашын артқа қайырған, сүлімдей, əдемі бір ағай кіріп
келді. Біз оны мұғалім екен деп, дүр етіп түрегеліп
жатсақ, ол бізге «Отыра беріңдер, мен де сіздер сияқты
абитуриентпін» деді. Ол кезде ағамыз 31-де, бəріміз
сабақ біткен кезде сол ағайымыздың қасына үйірілеміз.
Танысып, сұрап, Қаратөбенің Қоскөлінен екенін біліп
жатырмыз. Сол кезде Қаратөбеден 10-15 шақты талапкер
келдік. Солардың ішінен оқуға жаңағы айтқан үшеуміз
ғана қабылдандық.
Ағайымыз қатаң тәртіп орнатты
Сол кезде Мұқаттың əкесі келіп-кетіп жүрді. Біз
Мұқат екеуміз құрдаспыз, соның əкесі «Үшеуіңе қаладан
бір жақсы пəтер алып берсем, қалай қарайсыңдар?»
- деді. Біз Нəкеңе қараймыз, ол «Мен үкіметтің
жатақханасында жатамын, қалғандарыңыз өздеріңіз
білесіздер» деді. Біз ағамыздан бөлінгіміз келмеді. Біз
оны бірінші көрген кезде Сəкен Сейфуллинге ұқсаттық,
фамилиясы да Сафуллин ғой.
228
Содан үй-пəтерден бас тартып, жатақханаға
орналастық. Сабағымыз басталып кетті. Сол уақыттағы
ескі автобустармен таң атпай тығылысып келеміз. Əр
сабақ əр жерде болады: техникалық сабақтар Т.Масинде,
орыс тілі, сызу кафедрасы Гагарин жағында. Бір
жерден келесі жерге жүгіреміз де жүреміз. Ағайымыз
бөлмеде тəртіп орнатты, күн сайын кезекші боламыз,
еден жуамыз. «Балалар, бөлмені таза ұстау керек!» деп
қояды. Ай сайын стипендия алған кезде он сомнан
шығарамыз, отыз сомды дəптердің арасына салып
қоямыз. Сол уақыттан бастап есеп жүргізуді үйрендік.
Бөлменің кезекшісі Жазирадағы дүкеннен тамақ алып
келеді. Тамақ алған кісі «Мынандай азық-түлік алдым,
мынандай ақша қалды» деп үлкен дəптерге жазады.
Дəптер тумбочканың ішінде жатады.
Нəкең тəртіпті жақсы көрді. Қатал дейтін аса қатал
да емес, бірақ талап қояды: таңертең тұрғаннан кейін
төсегің мұқият қыры шығып жиналуы керек, еденде
бір қиқым да жатпауы тиіс. Еденнің тазалығын Нəкең
шүберекпен сүртіп қарайды. Аяқ киімді бөлек шешеміз.
Бөлменің кіреберісінде аяқ киім қоятын, чемодан
қоятын сөрелері бар шкаф тұрады. Ішіне киімдерімізді
ілеміз, соның бəрі таза болуы керек. Моншаға міндетті
түрде апарады. Ұят болса да, айтайын, іш киімімізге
дейін өтектетіп қоятын еді.
Бірте-бірте біз ағайымыздың техникум бітіргенін,
МТМ меңгерушісі болып жасағанын білдік. Отстав-
кадағы лейтенант деген атағы да бар екен.
229
Бірден Халықтық бақылау
комитетінің мүшесі болды
Нəкең, əсіресе, тарих сияқты пəндерден орысша-
қазақша мықты болды. Ол шешен еді. Коммунист,
мұғалімдер де сыйлайды. Содан бұл кісі сабақ басталар-
басталмастан, халықтық бақылау комитетіне мүше
болды. Сайлау комитетінің мүшесі болды.
Сонымен, бірінші семестрден бəріміз өттік. Нəкеңдер
жақсы өтті. Мен баяғы тарихтан ақсап қалдым. Ойымды
дұрыстап жеткізе алмағанның кесірі ғой. Сол кезде
тарихтан бізге Ұлы Отан соғысының ардагері Қисмет
Қапанов деген берді. Жұрттың бəрі «Қиын сабақтардың
бəрін 4 пен 5-ке тапсырасың да, тарихтан қиналасың»,
– деп маған күліп жүрді. Ол кезде сабақтың бəрі
орысша жүреді. Орысшаға шорқақтау Мұқатымызға да
оңай болған жоқ, сабақтардың бəрінен құлады, келесі
сессияға дейін бəрін түзеп үлгеруі керек. Мен өзім
сессияны уақытында тапсырып, стипендияға ілігіп
кеттім. Қысқы сессиядан кейін ауылымызға барып,
демалып қайттық. Мұқат тапсыра алмай, 1-2 ай жүрді.
Ол кезде пара деген жоқ. СХИ 1964 жылы құрылған,
біз 1971 жылы түсіп оқып жатырмыз. Оқытушылар
құрамы да əлі дұрыстап қалыптасып үлгермеген, 1-2
профессор болар, қалғандары кандидаттар. Деканымыз
Кульпин деген кісі болды. Сол жылы декандықты
Кульпиннен Сергей Шұғаевич Жабаев деген кісі
қабылдап алды. Бұл жас маманды ректорымыз
Иконников əкеліп таныстырды. Бұл кісі біз оқыған
жылдар бойы деканымыз болды. Кейінірек ректорға
дейін көтерілді. Сонымен Мұқатымыз кететін болды.
Əкесі ана кісі, мына кісімен сөйлесіп жүрді, бірақ
230
ештеңе бітіре алмай, баласына: «Наурызбай тапсырды,
Нəбиолла тапсырды, сен неге тапсыра алмайсың?!» деп
ұрсады. Сонда баласы: «Өй, Наурызбайдың өзі шақ
тапсырды, ал Нəбиолла – офицер, бізді жұмсайды, еден
жуудан қолымыз босамайды» дейді екен. Енді бір себеп
айту керек қой. Сөйтіп, Мұқат бізден шығып кетіп, сол
1972 жылы құжаттарын АЗВИ-ге тапсырып, қызыл
дипломмен бітіріп шықты. Онда оқу қазақша жүрген
болып тұр ғой.
Біз үшін алаңдап жүретін еді
Жазғы сессияда қызық болды. Математикадан
Қайыр Құрақович Бектұрғанов беретін еді. Əңгімешіл,
жақсы кісі болды. Өзім математикаға тəуір болдым.
Қалдығайтыдағы мұғалімім Елжас Халелов деген кісі
математикаға жақсы баулып еді. Содан математикадан
жақсы өттім. Мұқат кеткесін қасымызға екі жігіт
қосылды. Біреуі – əкесі қазақ, шешесі неміс Виктор
Бектұрғанов деген Ақтөбенің жігіті. Виктор – əскерге
барып келген жігіт. Ол кезде бізде негізінен армияға
барып келген, 1949 жылғылар оқыды. Екіншісі –
шыңғырлаулық Алидолла Ергөқиев деген жігіт, біз
оны Əлен деп жүрдік. Төрт кісілік бөлмеге көшіп,
осы төртеуміз бірге тұрдық. Екінші семестрді тəуір
аяқтағаннан кейін ет комбинатында, арматура
зауытында практикада болдық. Сол кезде механикалық
факультеттің жатақханасы қолданысқа беріліп жатты.
Бізді Волгоградтағы трактор зауытына бір ай практикаға
жіберді. «ДТ-75» жасайтын бұл зауыттың əр цехында
жұмыс жасадық. Бөрлінің Қызылталынан Аманғали
Баймұқашев, Ақтөбе облысы Темір ауданының
231
Кеңқияғынан Жанəбіл Нұрлыбеков деген жігіт бар,
осы төртеуміз оқудың аяғына дейін бірге болдық.
Стипендия алған кезде бəріміз бірге дүкенге
барамыз. Біз керек-жарақтарымызды алып жатсақ, ол
кісі кітап алады. Нəкең əдеби кітаптан гөрі практикада
пайдасы бар кітаптарға, соның ішінде техникалық
кітаптарға құштар болды. Тарих туралы кітаптарды
сүйіп оқыды. Институтта оқып жүріп-ақ, ол кітапты
осылай көп жинады. Алғаннан кейін кітапқа «НС» деген
белгі соғады, оқыған кезде маңызды, қайта оралу керек
тұстарын қарындашпен белгілеп отырады.
Біз оқыған кезде пансионның жігіттері болды,
біз солармен жүргіміз келеді. Себебі олар шетінен
спортсмен: бірі – боксшы, келесісі – футболист, палуан
т.с.с. Сонда Нəкең «Оларға көп жақындай бермеңдер!»
деп ұрсады. Ұр да жық қара күштерге еріп, бір пəлеге
ұшырайды деп қорқатын шығар. Жігіттердің бір-бірімен
аяқ киім ауыстыруына қарсы болды – «Адамның тіс
шөткесі қалай жеке болса, аяқ киімі де солай жеке
болуы керек» дейтін еді. Нəкеңнің əскерде бірге
болған бір жолдасы бар, ол бізге бөле болып келеді.
Əзір Сұлтанов деген. Шөптікөлдік, солар келіп тұрды,
шахмат ойнайтынбыз.
Нәкең ұстаздарын риза қылған
үздік студент болды
Оған мұғалімдердің бəрі риза болып жүреді. Декан
Сергей Шунаевичтің өзі «Сафуллин – коммунист, оны
тыңдаңдар» деп оны бізге үлгі қылады. Гуманитарлық
пəндерден жүйрік болды. І курста тарих, ІІ курста
философия, ІІІ курста саяси экономия, 4 курста ғылыми
232
коммунизм – осының бəрін Нəкең жақсы оқыды. Сызуды,
техникалық сабақтарды да жақсы оқыды. Кез келген
станокта жұмыс жасай береді: дəнекерлейді де, токарь
станогында да жұмыс жасайды, қолынан келмейтіні
жоқ. Жазда ауылшаруашылығы жұмыстары кезінде
егінге барғанда Нəкең комбайншы болып жұмыс
жасайды. Қалғандарымыз көмекші болып жүреміз.
«Жаңағы жігіт үшін жуан рөмке ішейік»
1976 жылы оқу бітіргеннен кейін үшеуміз Нəкеңсіз
Ош қаласына барып келдік, сосын «шалымыз қайда?»
деп сағынып іздей бастадық. Дипломды алған,
ромбиктерімізді шелекке салып жуған кез. Мен
«Амантайдың ауылы – Ақсайда болдық, Жəнəбілге
– Ақтөбеге де бардық. Бірақ Қалдығайтыда болған
жоқсыңдар. Қалдығайтыға жүріңдер, Нəкеңді де
алдыртамыз. Ол – ауылдың жолдамасымен келген кісі,
ауылында жұмыс жасап жатыр» - дедім. Сөйтіп, үшеуміз
такси жалдап, Қалдығайтыға келдік. Бұл əкем де, анам
да қайтқан кез. Үйде 1952 жылғы апам бар, ағайын-тума
сол үйге жиналып, кеш жасадық. Қоскөлге коммутатор
арқылы хабарласып, Нəкеңді тауып алдық. Сол жылы
жаңадан салынған мектепте бильярд ойнап жүр екен.
Бізге «ГАЗ-51»-мен келді. Оны Сақып деген апасынан
туған Бекес деген жиенінің үйіне қойды. Қонақтық
барысында Нəкеңе тост кезегі тигенде керемет сөйледі,
бүкіл елді аузына қаратты. Ол адамдардың жүрегіне
жол таба алатын еді.
Бір Құспан деген тентектеу, қызбалау ағамыз бар еді.
Сол ағамыз «Жаңағы сөйлеген жігітті шақырыңдаршы,
айтқан сөзінің бəрі мірдің оғындай екен. Сол үшін бір
233
жуан рөмке ішейік» дегені есімде қалды. Анда-санда
той-томалақта аздап жұқалағаны болмаса, Нəкең
ішкілікке əуес емес еді. Ертеңіне Нəбиолла аға: «Мен
сендерді қалдырмаймын. Қоскөлге - ауылға барасың-
дар» деді. Содан Қоскөлде екі күн қонақ болдық. Сол
жерден Нəкеңе «сау бол» айтып тарадық.
Иə, ағамыздан үйренгеніміз көп қой. Өзім де
шеберхана меңгерушісі болып істеген кезімде Нəкеңнің
үлігісімен, қай мағынасында да, тазалықты талап
еттім. Нормалаушының жұмысына көңілім толмай
жүрді. Содан тəжірибе алмасу ретінде ауылдың
нормалаушысын, бухгалтерін алып, Егіндікөлге –
Нəкеңдерге барып, жұмыстарын көріп қайттық. Сол
сапарда үйінде қонақ болдық. Соңғы көргенім осы
1992 жыл.
Замандастарының айтуынша, басқа совхоздың
жігіттері комбайншы, тракторист болу үшін ауданға,
Оралға барып, ақша төлеп оқып жүрсе, Егіндікөлдегі
СПТУ филиалында мұндай мамандарды Нəбиолла
ағамыздың өзі дайындап, оқытыпты. Өзге жаққа
сабылмай, өз ауылында оқу қанша қаржы үнемдеп,
қалада жолығар қанша бəледен сақтағаны бір Құдай-
дың өзіне аян шығар.
Мұхаммед.с.ғ.с. бірде көшеде кездескен бір еврей
қартқа жік-жаппар болып сəлем беріп, хал сұрасыпты.
Қасындағылары «Қайдағы бір қарт еврейге осыншама
құрмет көрсеткеніңіз қалай?!» деп сұрағанда, мүбарак
пайғамбарымыз «Бұл кісі маған бір əріп үйретіп еді»
деп жауап беріпті. Пайғамбарымыздың тағы бір
хадисінде «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны
басқаларға үйрету» (Тирмизи, Илм, 7) делінген. Олай
234
болса, талай замандастарына риясыз, ақысыз тəлім-
тəрбие берген Нəбиолла ағамызға Бас Тəрбиелеуші
Иеміз – Алла Тағала сансыз сауаптан жазсын деп, осы
тарауды тəмамдаймын.
235
АҢШЫ
Сəкен Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық
университеті аңшылықтану жəне балық
шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы,
биолог-аңшылықтанушы Сансызбай Рашитовтың
«Қазақы құмай тазы» атты еңбегінде: «Өкінішке
орай, аңшылықты адам қанында көне дəуірден қалған,
кəзіргі заманда мүлдем қажетсіз, қатыгездіктің
көрінісі деп санайтындар, аңшыны жануарларды
аяусыз қырып-жоюшы, санасыз құбыжыққа
ұқсатып елестететіндер аз емес. Осындай ойды,
келеңсіз көзқарасты қалыптастыратын шындыққа
жанаспайтын кинофильмдер, баспа басылымдары,
аңшылықтан алыс, шетел автокөліктеріне, қымбат
қаруларға қолдары жеткен, өздерін аңшымын деп
санайтын кейбір отандастарымыздың жағымсыз
іс-əрекеттері жəне браконьерлер мен аңшылардың
айырмашылығын білмеу деп ойлаймын.
Адам адам болғалы аңшылықпен айналысып келеді.
Қоғам өзгеріп, дами түскен сайын аңшылықтың
236
атқарар міндеті де өзгерді. Жері алуан түрлі аңға бай
Қазақстанда бір аңшы бір ауылды асыраған кездер
де болған. Сонау бір бағзы замандарда аңшылық
адамзатты азықпен, киіммен қамтамасыз етсе, бүгінгі
күнгі аңшылықтың атқарар міндеті мүлдем өзге.
Кəзіргі аңшылықтың негізгі міндеті – қалай да аңды
өлтіру емес. Аңшылықтың бүкіл елдерде кең тараған
баламасы - сафари. Сафари бізше сапар деген сөз,
яғни ату, аулау емес, табиғатқа, аңдардың мекеніне
сапар шегу. У-шулы тас үйлер, тар бөлмелерді мекен
еткен қалалықтарға өмірі үйлесімді, əр тіршілік иесі
мыңдаған жылдан бері келе жатқан табиғат заңына
бағынып, күнкөрісін жалғастырып жатқан ғажайып
мекенге сапар шегіп, өзін осы əлемнің перзентіндей
сезіну өте маңызды...» дейді.
Нəбиолла Сафоллаұлының аңшылық сипаты туралы
естеліктер ішінен Қыдырғали Құрманғалиевтің 2011
жылдың 20 қазанында «Орал өңірі» газетіне шыққан
«Жалмауыз қасқыр» мақаласын бірінші ұсынғым
келеді:
Жалмауыз қасқыр
Бұл оқиға кешегі 1995-1996 жылдары, өтпелі кезеңде
болған еді. Аумалы-төкпелі уақыт. Көп жанды үйге ұнды
да 5-10 келіден өлшеп беретін қысылтаяң шақ. Түнге
қарай электр жарығы да сөніп қалады. Ер-азаматтардың
өзі ешкімге айтпаса да, «Ендігі күніміз не болар екен?»
деп уайым қылатын. Ал санасы мен тəні уланған
кейбіреулер пайлық үлеске бөлінген ұсақ жандықты бір
шөлмек сасық спиртке айырбастап, ішіп жатты. «Жұт
жеті ағайынды» деп қазақ бекер айтпаған ғой. Сол
237
жылдары біздің ауылдың маңында бір жалмауыз қасқыр
пайда болды. Сол қасқырдың қырған ұсақ жандығы
шамамен екі жүз бастан асқан болар. Əлгі қасқырдың
малға шабу тəсілі ұяластарынан мүлде бөлек, түн болса,
ауылдың ішін емін-еркін аралайтын. Сонымен, гу-гу
əңгіме, ошаң етер жан жоқ. Азаматтар жұмыс болмаса
да, ауылдық кеңестің қасына жиналар еді. «Ойбай,
бүгін түнде ауылдың көл жақ шетіндегі бəленшенің
қорасына түсіп, үш қойын тамақтап кетіпті». «Кеше
ауылдың қақ ортасындағы тағы біреудің екі-үш қойын
өлтіріпті». Жеңіл ауыз біреулер көрмесе де көрдім деп,
«Қасқыр емес, бөлек аң екен, аяғы сырықтай, құлағы
орасан үлкен бір құбыжық екен, түсі қып-қызыл екен»
деп ант-су ішіп жатты. Ал əлгі зымиян аң кішкене
ауылдың ішінде əр уақыт орын ауыстырып, біресе
ауылдың ой, біресе қырат бетіне, біресе ортасына түсіп,
онсыз да қиыншылықта отырған халықтың қой-ешкісін
қынадай қыра берді.
Жер болар, жер болғасын ел болар, ел болғасын ер
болар деген. Көптен аңшылықта бірге жүрген Набиолла
деген ағамызбен ақылдаса келе, бұл жалмауызды
қайтсек ұстаймыз, қалай көзін жоямыз деп жоспар-
кеңесімізді құрдық.
Набиолла Сафиоллаұлы жоғары білімді, мамандығы
инженер, ауылға еңбегі көп сіңген аяулы азамат еді. Көп
жыл көрші тұрдық. Ол кісінің мінезі турашыл, жоғары
лауазымды əкім-қараға жағына алмайтын еді. Біреудің
ала жібін аттау, қолында қыруар мүмкіндік бола тұрса
да, өзіме қарпып қалайын деп ойлау ол кісіге жат
болатын. Жоғарыда айтқандай, Нəбекең екеуміз саятқа,
табиғат аясына көп шығып едік.
Сонымен, жалмауызды ұстауға екеуміз түнгі күзетке
238
бірге шығатын болып келістік. Қыс күндері ауыл ерте
жатады. Қақаған аяз, кей күні бұрқасын, мүлгіген
ауыл түні, кейде жарық мүлдем өшіп қалады. Ол кісі
ауылдың бір шетінен, мен бір шетінен, еріне үрген
иттердің даусына құлақ түріп, түнгі ауылды кеземіз де
жүреміз. Арманымыз – жалмауыз қасқырды мылтықтың
қарауылына іліктіру. Қасқырдың кезекті шабуылында
ауылдың бір азаматы маған келіп, «Сен аңшысың
ғой, жүр, көзіңмен көр, түнде үш қойымды өлтіріп
кетті, есік, терезе бəрі бітеулі, екі ауладан өтіп, қалай
түскенін білмеймін. Ішкі қоршауда тұрған қойларды
өлтірген, тек сиыр жапасына түсіп қалған ізі бар, ненің
ізі екенін анықтап көрші. Сонда бұл мақұлық аспаннан
ұшып түспесе, қалай түсіп жүр?» - деп таң болып тұр.
Міне, осы жерде аңшының қырағылығы керек. Нəбекең
екеуміз барып анықтап қарасақ, аула, қора-қопсы өте
ұқыпты салынған, ит-құс кіретін ашық-шашық жер
жоқ. Сиыр жапасына түскен із аңшыға белгілі, тайдың
таңбасындай анық қасқырдың ізі. Енді қалай түскен?
Шөп үйген аула 2,5 метрден артық буылған қамыспен,
оның сыртынан сым тормен қоршалған екен, қасқыр
сол биіктіктен бір-ақ қарғып ішке түскен, тырнағы ти-
ген қамыс болар-болмас ағарып қалыпты. Қанды қасап
қырғынын жасап болғасын сол ізімен қайта қарғып
шығып кеткен. Қайтар ізінде қамысқа болар-болмас қан
тамшылары жұққан. Үй иесін шақырып алып, «Міне,
қасқыр осы жолмен түскен» деп көрсеттік. Ол кісі айран-
асыр болды.
Бұл бізге де бір мəселенің басын ашып берді.
Қырғынды салып жүрген қасқыр екенін ізінен анық
білдік. Əйтпесе, ұшқары сөйлейтін желауыздар
көзімізбен көрдік, қасқыр емес, бөтен аң, басқа бір
239
құбыжық деп əуре қылған еді.
Содан кейін де қасқырды аңдығанымызға бір
айдай уақыт өтті. Соның өзінде сан соқтырып, қойға
түсіп, қанды жорығын жалғастырумен болды. Қасқыр
– айлакер аң, иіс сезімі мықты, көзі өткір, жүрдек.
Біз ауылдың бір шетінде жүрсек, ойламаған жерден
ауылдың қақ ортасынан ойранды салып кетеді. Нəбекең:
«Ойпырмай, мынау екеумізге, аңшылығымызға сын
болды-ау» деп қиналып қояды. Əрине, бізге ешкім сол
қасқырды қайтсең де ұста деп міндеттеген емес. Тіпті
ауылдастар біздің аңдып жүргенімізді, сықырлаған
аязда таңға жақын келіп жататынымызды білмеуі де
мүмкін. Сол кезде Нəбекең – өзі үлкен кісі, сонда да
ерінбеуші еді. Нағыз аңшы сондай-ақ болар. «Мынау
елдің малын қоймауға қалды, қайтсек те ұстауымыз
керек» деп, «елге тыныш болсын, пайдамыз тисін» деп
əңгімелеп тұрушы еді, жарықтық. Қаншама тойымсыз
болса да, «Мың асқанға бір тосқан» деген қазақтың сөзі
бар. Адам болсын, аң болсын, бір тұтылар.
Сол күні мен ауылда жоқ болатынмын, бір сапарға
кеткен едім. Келсем, ауыл суылдаған сөз. «Набиолла
қасқыр атып алыпты» дейді. Сол сол қасқыр болса
екен деп Нəбекеңе жеткенше асықтым. Нəкең сабырлы.
«Ал анық сол ма, білмеймін. Басқа да болуы мүмкін,
бір қасқырдың желкесін қидым» деп отыр. Аңшы үшін
мұндай оқиға – көп бола бермейтін сəттілік. Өзінше
өте бір жағымды сəт қой. «Ал, Нəке, құттықтаймын!»
деп қолын алып жатырмын. «Енді асықпай, бүге-
шігесіне дейін қалай болғанын айтыңыз! Қорқауды
қалай қолға түсірдің, айлаңды қалай асырдың?» деп
сұрап жатырмын. Себебі кейбіреудей қосып айтпаса,
аңшылық тəжірибеге қажет-ақ. Бірақ жанынан қосу,
240
өтірік сөйлеу ол кісінің мінезіне жат қылық еді. «Ол
былай болды» деп Нəкең əңгімесін бастап берді.
«Күндегідей ауылдың бас-аяғын айналып, түн
ортасы ауа үйге келдім. Көпке дейін ұйқым келмеді.
Көңіл əлденеге алаң, төсекте кітап қарадым. Бір кезде
ит үрді (Нəкеңнің Құтпан деген қайыңқаптал ірі ала
иті бар еді - Қ.Қ.). Аңшы жай адамға қарағанда, өзінің
сыралғы атының қимылынан, болмаса, серіктес, дос
итінің үргенінен көп мəлімет сезіп отырса керек. Жай
кісі сезбегенді, аңшы сезеді. Иттің үрісі бөлектеу.
Жалма-жан оқтаулы мылтығымды алып, тонымды
киіп, сыртқа шықтым. Ай бұлыңғыр, бозамық екен.
Құтпан гүрілдеп келіп, аяғыма соғып өтті. Ауланың
сыртына шықтым. Үйден жүз қадамдай жерден жол
өтетін. Сол жолмен бір жаяу адам өтіп бара жатыр.
Жол диірмен жақтан келеді. Жолдың жанында шоғайна
өскен кішкене шағылдық бар. «Бұл неғылған адам, ит
соған үрді ме?» деп жаңағы адамға қарап тұрмын. Адам
шағылдыққа деңгейлесті. Шоғайна өскен бұта арасынан
бір нəрсе басын көтерді де, бұға қалды. Байқап тұрмын,
жаңағы жаяу еш кідірместен өтіп кетті. Қарсы келе
жатса да, байқаған жоқ. Ит гүр-гүр етіп соған қарап
тұр. Жайлап басып, жақын келдім. «Айт» деп ақырын
дыбыс бердім, жайлап басын көтерді, əлсіз тұншыққан
ырыл естілді. Көрші-көлем, ауылдастардың иті бола
ма деген ой мазалап өтті. Жоқ, басы ірілеу көрінді, қос
құлағы серектей. Тəуекел, қарауылға алып, шүріппені
бастым. Талай жерде мүлт кетпеген қандыауыз гүрс
етті. Шағылдық жықпылдың ішінде қырылдаған дыбыс
қалды. Əп, бəрекелді! Үйге келіп, азамат болып қалған
балаларым Елдос пен Жантасқа «Бөріні үйге алып келіп,
терісін сыпырыңдар» деп тəртіп беріп, өзім жұмысыма
241
кеттім. Бір жағынан, «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген
тон пішер», балалар да үйрене берсін дедім».
Менің көңілімді мазалап тұрған – бұл сол ма, сол емес
пе?! «Нəке, бөрінің терісін көрсет, тісі сау ма? Өлексесін
көрейік» дедім. «Өлексені балалар аулаққа тастаған
болар, терісі мынау» деді. Теріде мін жоқ, жылтырап
тұр, күйлі, сау аңның терісі екені белгілі. Анық қасқыр.
Шиебөрі немесе басқадай пəле емес, кəдімгі көкжал
бөрі. «Мақұл, мен барып өлексесін көремін» деп едім,
екі ұл құлдыраңдап барып көрсетті. Мені мазалаған ой –
егер бұл сол жалмауыз қасқыр болса, қасқырда жоқ
əдетті жасап, адамнан қорықпай, шулаған елге неге
тайсалмай келіп жүр?! Өлексені аударып-төңкеріп
қарап отырмын, тістері мұқалмаған, 4-5 жылдық бөрі.
Мынандай қайраты бола тұра, түлкіше қораның түбін
қазып, ұрлыққа түсетіндей бұл бөріге не болды екен?!
Əлде қасқырдың басқа түрі ме?! Жоқ, кенет алдыңғы
аяққа көзім түсті, ортаңғы жіліншігі сынып, күдірейіп
қайта бітісіп кеткен. Бəрі түсінікті болды. Қасқыр
ертеде аяғын сындырып алған. Əлде қақпанға түскен.
Бөрілер əлсізді, қартайған бөріні, жаралыны қасқырлық
тағылықпен талап жеп қояды. Сондықтан жаралы,
əлсіз, кəрі бөрі ұяластарының көзіне түспеуге тырысып,
өзінше аулақ күнкөріске шығады. Қазақтың «ұры
қасқыр» дейтіні солар. Олар «берсе, қолдан бермесе,
жолдан» емес, асқан қулық пен ақылға арқа сүйейді.
Қойды үркітпей, жақын келгенше апанда жатып, біреуін
ғана басып қалып, шыдамдылықпен жемін алып, жата
береді. Қойшы тəжірибесіз болса, «қой дүр етті де
басылды, торғай немесе қояннан үріккен болар» деп,
бір қойынан айырылғанын сезбеуі де мүмкін. Мына
қасқыр да басында аштық қысып, ақсақ аяқпен ауыл
242
маңына келіп, сүйек-саяқ, ит-мысық ұстап күн көрген.
Бара-бара адам тұрағына еті үйреніп, бірнеше қораға
түсіп, қойдың ең семізін ұстап жеп дəніккен. Ілкіде
ауылдастар «Қасқыр болса, неге бəрін қырмайды?» деп
таңғалған болатын. Мұның сыры ашылды.
Сонымен, жалмауыз қасқыр ұсталды. Сол қасқырды
алған соң бəрі де сап тыйылды. Ұстаған – атақты
аңшы Набиолла Сафуллин ағамыз еді. Орыста «Ептіге
аңның өзі жүгіреді» деген мақал бар. Кішкентай ауылда
болған кішкене оқиға болса да, аңшы жолдас, нағашы
Нəкеңді есіме алып жазып отырмын. Ауылдың малын,
əр жанұяның нəпақасын жалмауыз бөрінің аузынан
арашалап алып қалған Нəбекеңе, бəлкім, кезінде ешкім
рақмет те айтпаған болар...
Қыдырғали ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,
Егіндікөл ауылы,
Қаратөбе ауданы
Кітаптың аңшылық тарауын осы естеліктен
бастаған себебім – бұл мақалада Нəбиолла ағаның
аңшылық, мергендік қасиеті қара басының, отбасының
қамына емес, қоғам игілігі үшін пайдаға асқаны жақсы
суреттеледі. Міне, осы азаматтығы жөнінен Нəбиолла
Сафоллаұлына теңесетін адам бұл өңірде көп емес
шығар.
Әкесін көргендердің бірімін
«Орал өңірі» газетінің 20 қазандағы №120 санынан
Қыдырғали Айсағалиұлының «Жалмауыз қасқыр»
деген мақаласын оқыдым. Иə, анық болған оқиға. Оны
білетінім – көрші Қоскөл ауылынанмын. Əуелде екі
243
ауыл бір совхоз болған.
Менің айтайын дегенім оқиға жайында емес, сондағы
басты кейіпкер азамат Нəбиолла Сафиоллаұлы туралы.
Қыдырғали Нəбиолланың қандай азамат екенін айна
қатесіз жазғанына түгелдей қосыла отырып, өзімнің
бұл азаматпен жұмыстас, жолдас болғанымды қысқаша
əңгіме еткім келеді.
1967 жылы маусым айында Қоскөл совхозы (орталығы
Егіндікөл ауылы) екі совхозға бөлінді. Жаңа совхоз
Егіндікөл болып (орталығы – Егіндікөл ауылы), ескі
совхоз Қоскөлдің орталығы №2 бөлімшесіне көшірілді.
Мен Қаратөбе совхозында механик едім, осы Қоскөл
совхозына бас инженер етіп жіберді. Қоскөл совхозының
директоры таңдаған мамандарын алып қалып, қосымша
мамандар тағайындалды. Нəбиолла механик, комсомол
жұмыстарында екен (үйі №2 бөлімшеде). Қоскөлге МТМ
меңгерушісі болды. Жаңағы Қыдырғали айтқандай,
өте білікті, жан-жақты жігіт екен. Жиналыстарда əкім-
қаралардың лауазымдарына қарамай, кемшіліктерді
тура бетке айтатын. Нəбиолланың бұл мінез-құлқы
басшыларға жақпады.
Нəбиолланың бұрын техник-механик білімі бар
еді. Кейін білімін көтергісі келіп, жоғары оқу орнына
түсіп, инженер-механик білімін алды. Совхоз жанынан
оқып, стипендияны да совхоз төлеп тұрған. Алайда
бітіріп келгеннен кейін оқытып алған маман кадрын
жұмысқа алмады. Оның себебі де түсінікті еді. Өйткені
ол – бұрынғы Нəбиолла. Лауазымды əкім-қаралардың
кемшіліктерін бетіне айтқан-ды бұрын. Сол себепті
қазір де жақтырмайды. Сыннан қорқып, ақталады.
Керісінше қорытынды шығарып, түзу бағытты ұстану
қалыптаспаған.
244
Нəбиолламен бірге оқыған Дүйсекеш деген жолдасы
Нəбиолланы, оның жанұясын, бірге туған ағасы
Нəжиолла, інісі Төлеген жəне олардың ұрпақтарын
«Оқымыстылар семьясы» дейтін.
Жанынан қосу, өтірік айту, мақтану – Нəбиолланың
мінезіне жат қылық. Жалмауыз қасқырды атып
өлтірген басқа аңшы болса, «Əр жанұяның нəпақасын
жалмауыз бөрінің ауызынан арашалап алып қалған
мен» деп өзін жария етер еді. Ал Нəбиолла «Бір
қасқырдың желкесін қидым. Анық сол ма, білмеймін»
деп отыр» дейді Қыдырғали мақаласында.
Қазақта «Əкең өлсе де, əкеңді көрген өлмесін»
деген бар. Өмірден ертерек озған Нəбиолла жолдасты
еске ала отырып, оның ұрпақтарына айтарым: əкеңді
көргендердің бірімін.
Оразбай БАЯНОВ,
Қоскөл ауылы,
Қаратөбе ауданы
Айболат Саршолаќов:
«Малды қырып жүрген -
құбыжық екен» деген де аңыз шықты
Бұл қасқыр туралы неше түрлі əңгіме тарады. Тіпті
«Малды қырып жүрген қасқыр емес, құбыжық екен»
деген аңыз да шықты. Бұл түз тағысы адамды екі жылға
жақын ығыр қылды. Тек қана малмен күн көріп отырған
жұртқа бұл ауыр тиді. Нəбиолла аға Мүтен көршіміздің
төбесіне шөп үйіп қойып, қалқасында жатып алып,
қасқырды аңдып жүрді. Негізі, қасқыр аңду оңай емес,
темекі тартсаң, сезіп қояды. Көп шыдамдылық керек.
245
Нўртас Нəбиоллаўлы:
«Малды қырып жүрген – Нәбиолланың иттері»
деген де әңгіме болды
Кейбір адамдар бұл жаманауыз жайлы «əбден
қартайған қасқыр» екен деп айтып жүрді. Шындығында
ол биік қорадан қарғып, қамаулы малға жерді қазып
өтіп жүргеніне қарағанда, «кəрі» дейтіндей қайратсыз
емес. Қалай болғанда да, əкем жұрттың мазасын алған
түз тағысының түбіне жетті. Кейбіреулер осыған дейін
«Ауылдың ішіне қасқыр бұлай кіре алмайды, малды
қырып жүрген Нəбиолланың қасқыр иті көрінеді» деп
те жүрді. Əкем ауылға кірген қасқырды атып алып,
қойды ауладан қыру тоқтағанда ғана бұл əңгіме сап
тыйылды.
Әкемнің шеберлігі туралы әңгіме өте көп
Ол кезде аңшы жабдығы қазіргідей толып тұрған
жоқ, сондықтан əкем көп нəрсені өзі жасады, жетілдірді
не бейімдеді. Ол қытай фонаригін мылтықтың үстіне
орнатып, қажет болған кезде жағып қалатындай қылып
та жасады. Пытыраны да қорғасынды балқытып, өзі
жасайды. Əкемнің мергендігі жайлы əңгімені талай
адамнан естідім.
Құтыру ауруының алдын алуға көп еңбек сіңірді
Құсайын деген кісі сиыр бақты (Құсайын ағай –
тарихтағы табын Бөкенбай батыр, батыр Жоламан
Тіленшіұлының тікелей ұрпағы). Сол фермаға құтырған
246
түлкі кіріп кетіп, сиыр-иттері құтырды. Одан басқа
иттерге жұғып, елге қауіп төнді. Дереу құтыру белгілері
байқала бастаған ауыл иттерінің көзін жоюға мылтық
ата алатын мұқият кісі керек болды. Бұл шаруаны да
əкем өз мойнына алып, абыроймен орындап шықты.
Жəне еш ақысыз атқарды.
Елдос Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:
Айдындағы апат
2003 жылдың тамыз айының аяғында əкем көл
басына құс атуға барды. Су сол жылы өте мол еді,
көлдің ені 1,5 шақырым, ұзындығы 3,5 шақырымдай
болып, қамысы қалың айдынға айналды. Суы теңіз
сияқты буырқанып, жағаға соғып жатты. Қасына
барсаң, сұсты көрініп, бойды қорқыныш билейтін еді.
Құс айдында отырмайды, қамыс ішінде тағы бір айдын
бар, əдетте соған қонады. Əкем жалғыз өзі ортасына
сопақ шылапшын салынған камерімен сол ішкі
айдынға жүзіп барады. Бұл – қайтыс боларынан бір жыл
бұрынғы оқиға. Сырқаты сəл жеңілдегендей болып,
бой жазып, құс аулауға шыққан кезі. Ауырып жатқанда
оқ-дəрісі күтімсіздеу қалып, ескіріпті. Сондықтан
атқан оғы дарымай қояды. Атады, құламайды. Тағы
атады, құламайды. Мылтығын тез оқтап, шалт
бұрылып атқанда астындағы камерасынан ауып
кетеді. Тас қараңғы түн. Аман қалу үшін қолындағы
мылтығын тастайды, үстіндегі зілдей резеңке киімнен
де əупірімдеп арылады. Жұлдызға қарап, қай жаққа
қарай жүзу керектігін тез анықтап алады. Содан соң
камераны ұстап алып, итеріп жүзіп отырып, жағаға
247
жетеді. Тамызда су қатты салқын, малмандай болып
үйге жетеді. Əкем жылынсын деп апама «лапша
салсайшы» деп жатырмын. Лапша салына қоймады.
Əкем «Индираны ұзату дастарханынан қалған арақтан
алып бер. Суықты сонымен шығарып көрейін» деді.
Оның ішкенін өмірімізде бірінші рет көріп отырмыз.
Əкем осы процедурасынан соң масайып қалған жоқ,
əңгімесін айтып, сыртқа шығып келген соң, жатып
қалды. Мен таңмен ерте тұрып, қой кезекке кеттім.
Таңмен əкем ішкен кісі секілді емес, жеп-жеңіл тұ-
рып, Жантастың кластасы Азаматты ертіп, көлге
тастаған мылтығы үшін қайта барады. Нəн айдыннан
мылтықты тастаған жерді біріншісінде жаңылысып,
екіншісінде дөп басып көрсетеді. Азамат екінші
сүңгігенде мылтықты алып шығады. Жанталасып
жатқан кездің өзінде əкемнің мылтықты қайда
тастағанын аңғарып, шамалап қалғанына таң қалмасқа
амал жоқ.
Суда жатқан үйректерді жағаға
шығару операциясы
Бірде əкем, Жантас ү шеуміз т рактормен аңға шықтық.
Баянас өзені маңайына барған соң, көлігімізді тастап
жаяу кеттік. Əкем екеумізге де мылтық беріп, «алға
шығып, айдынды жағалап жүріп ата беріңдер», - деді.
Екеуміз жағалап келе жатырмыз. Алдымыздан үйрек
зу ете түседі. Атып үлгере алмай қаламыз. Əлденеше
рет солай қайталанды. Əкем қасымызға қосылған
кезде бізге қалай ату керектігін көрсетті. Үйрек бар-
ау, - деген жерге жақындаған кезде бұқпантайлап ды-
248