The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zkoipk, 2019-02-11 23:52:32

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

быссыз жылжыды. Өте тез еңбектейтініне таң қала қа-
рап тұрдық. Сосын айдыннан үйрек көрсе ғана атады.
Біз сияқты ауадағыны атам деп əуреленбейді. Осылай
бұқпантайлап бара жатып, артындағы бізге қолымен
белгі берді. «Қозғалма!» дегені. Содан кейін екі
атты, сəл үзіліс салып, тағы екі атты. Шауып барсақ,
4-5 семіз үйрек төңкеріліп, талып жатыр. Жүндері
өте қалың. Семіз болғасын, оларға оқ батпайды
екен. Естерінен танып жатып, біраздан соң пыр етіп
ұшып кетеді. Сондықтан судан тез алып, бауыздап
тастамасаң, айрылып қалуың мүмкін. Əкемнің
судағы үйректі жағаға сүйреп шығаратын басы ілмек
құрылғысы бар еді, сонымен айдында жайрап жатқан
құстың нобайын бері қарай шығарды. Бірақ үйректің
бірнешеуіне құрылғы жетпеді. Біз өзіміз үйректі
алып шығуға сұрандық. Мен ол кезде үш-төрт метр,
əрі кеткенде бес метр жерге сүңги алғаныммен, жүзу
білмейтін едім. Жантас артта, мен алда, екеуміз, ұзын
құрықты алып, суда жатқан үйректерді жағаға шығара
бастадық. Бірақ бір үйрек тым əріде болды. Соған
қарай бет алғанда бір мезгілде су кеңірдегімнен келді.
Құрықтың бір ұшын мен, келесі ұшын артта Жантас
ұстап тұр. Үйрекке дейін əлі, жоқ дегенде, үш-төрт
метр жер бар. Көп ойланбай, үйрекке қарай қойып
кеттім. Жартылай сүңгіп, жартылай жүзіп үйрекке
жеттім, дереу оны жағаға лақтырып жібердім. Өзім сол
жерде өсіп тұрған қалың қамыстан жалма-жан ұстап
алып, демімді алдым. Сосын кейін қарай малтып,
əуелі жаңағы үйрекке, сосын Жантас ұстаған сырыққа
əупірімдеп жеттім. Артынан Жантас «Осының бəрін
үн-түнсіз, көзінің қиығымен бақылап жатқан əкеме
де, көзсіз тəуекелге барған саған да қатты таң қалдым!

249

Тіпті шошыдым!» деп күледі. Батып бара жатсақ,
əкемнің алып шығатыны анық қой. Алайда оған
шейін қол ұшын қимылдатпайды. Біздің батып кете
жаздап барып алып шыққанымызға қарап, жата берді.
Бір қызығы, мен де «батып кетеміз-ау» деп қорқуды
білмеппін. Бұл балалық па, əлде əкеме деген шексіз
сенімім бе, білмеймін. Əкем бізді осылай, бөлтірігін
баулыған арлан қасқыр секілді тəрбиеледі.

Үйрек, елік, дуадақ олжалаған күн
(Жоғарыда баяндалған оқиғаның жалғасы)

Содан жағаға шығарылған үйректерді тұздап алған
соң, əкеммен құрдас Жəрдем деген малшының үйіне
бардық. Малшының Оңғарбай деген баласы айналадан
елік көргенін айтты. Біз тракторда қалып, əкем екеуі
елікке кетті. Мылтықтың атылған дауысы екі рет
шықты. Дыбысты естіп, сол жаққа жүгіріп шықтық.

Оңғарбайдың қасынан еліктің өзі мен лағы қатар
өтіпті. Бірақ ол тигізе алмайды. Əкем де Оңғарбайға
тигізіп алармын деп қорқып, əлгі елікті ата алмай
қалады. Тек өзінің қасынан өткен еліктің туша болып
қалған лағын ғана атып түсіреді. Елік тым ұзап кетеді.
Ал оның соңынан ерген келесі туша лақтың шауып бара
жатқанда бір қарғитын тұсын аңдып тұрған əкем ол
қалың шөптің арасынан өзін көрсетіп жоғары ырғыған
сəтте атып жаралайды. Сол жараланған жануардың
артынан өкшелеуге Оңғарбайдың биесін сұрағанда,
ол: «Бұл – мініске жаңа ғана үйретіліп жүрген бие.
Ол мінгізбес жəне үстінен мүлде атқыза қоймас» -
деді. Əкем «Үстіне мінгізбейтін, атқызбайтындай несі

250

бар?!» деп осы биеге мініп алып, жаңағы ет қызуымен
біразға жетіп барып, жығылған тушаны тауып алып
келеді. Келгесін жаңағы айтқан сөзінің дəлелі ретінде
мылтықты биенің қос құлағының ортасынан, бауырынан
шығарып көрсетеді. Сонда əдетте осындайда «ұрайын
деп жатыр ма деп үркетін» бие еш шошымай, ыңғайға
көне берді. (1995 жылы үйге бие келді. Əкем биені
мылтық дауысына үйретті. Ақыры үстінде мылтық
атқанда да селт етпейтін күйге жеткізді).

Ертеңіне трактормен үйге қайтып бара жатқан кезде
Жантас алыста жайылып жүрген дуадақтарды көзі
шалып қалды. Əкем қырағылығы үшін оны «Жарайсың,
аңшы боласың!» деп мақтады. Содан əкем дуадақты
трактордың ішінде отырып қағып түсірді. Осы бір-екі
күннің ішінде үйрек, елік, дуадақ атып, үлкен олжамен
оралдық.

Ер кезегі үшке дейін

Бірде əкем, Жантас үшеуміз Ащы деген суға
балыққа бардық. Егіндікөлден оңтүстікке қарай
жиырма шақырымдай қашықтықта орналасқан бұл
жерді Қаракемер, «Ескі бақшаның орны» деп те атай
береді. Барып, ау құрып едік, ештеңе түспеді. Біраз күн
өткен соң бұл суға қайыра тағы келдік. Бұл жолы да
олжамыз мардымсыз болды. Үшінші рет осы судың
басына қона жатып аулауға Жантас екеуі биеге мініп
кетті. Мен емтиханға дайындалып жатқасын, бармай,
қалып қойдым.

Əрі қарай Жантас Нəбиоллаұлының атынан
баяндалады: Сол жолы кешке екі ау құрдық. Түнде

251

Калинин деген малшылар тұрағына барып қонып,
ерте тұрып, ауымызды қарадық. Қарасақ, ау балыққа
лық толы. Əрең сүйреп шығардық. Екінші ау да
солай, балықтан сіресіп тұр. Қапты аузы-мұрнынан
шығарып толтырдық. Қалғанын атдорбаға салдық.
Мұнша балықты биемен апара алмайтынымыз анық
болды. Содан мен жолшыбай көлік күтіп, балық толы
қапшықтармен қалып қойдым. Əкем биеге мініп,
жұмысына кетті.

Елдос НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Осы орайда Бауыржан
Момышұлының «Москва үшін шайқас» атты
мемуарында автордың атынан баяндалатын мына
эпизодты келтіргім келеді: «...Ол кезде өзіміздің ауданда
аудандық аткомның секретары болып істейтінмін.
Ауданның орталығында мал дəрігерлік пункт бар
болатын. Мал дəрігеріміз іркілдеген семіз, қасқа бас,
орта бойлы Леонтьев Тимофей Васильевич деген егде
тартқан кісі еді. Біздің фельдшер Киреевті көрген
сайын Леонтьев есіме түседі. Екеуін қатар қойсаң,
ұқсастығы сондай – бір туған аға мен іні сияқты боп
көрінер еді.

Жексенбі күні осы уақытқа дейін аудан орталығында
базар болады. Бір базарлы күні кеңсеге əкем келіп:
«Мал докторының алдына барып тұршы, қарағым,
онда бір шаруам бар еді», - деді де, шығып кетті.
Қағаздарымды жайғастырып, мал дəрігерлік пунктке
бардым. Леонтьевтің қорасы кең еді. Қора толған мал:
біреулері түйе, біреулері ірі қара, біреулері жылқы
алып келген қазақтар кезегін күтіп тұр. Леонтьев
жəрдемшісімен екеуі қораның ортасында кезегімен
ауру малдарды қарап, дəрілеп-дəрмектеп, мал иелеріне
ымдаумен, шала-шарпы қазақсымақ тілмен сөйлесіп,

252

кеңесін айтқансиды. Бір түйелі қазақ олардың сөзіне
түсіне қоймады. Мен жақындай барып, тілмаш бола
қойдым. Бір кезде менің əкем төртөбел дөненді
жетектеп, қораға ене бергенде тұрған қазақтар:
«Ассалаумағалайкүм, Момеке» десіп сəлем беріп, ол
кісінің жасын сыйлап, «Кезексіз апарыңыз атыңызды,
көрсетіңіз, біз тұра тұралық» деп шуылдасты. Əкем
артқы аяғын сүйрете басқан төртөбелді жетелеп,
Леонтьевтің қасына келді. Леонтьев ала көзімен қарап,
əкемнің кезексіздігін жақтырмады білем, аттың аяғына
бір қарады да: «Сенікі алаша жаман. Аяқ совсем
жаман», – деп қолын сілтеді. «Ай, доктор, аяғын
ұстап көрсеңші, несі бар екен?» - деді əкем. «Жаман
алаша, жаман». «Бұл кəпір бір нəрсе дəметіп тұрған
болар» деп əкем қалтасына қолын салып, ақша шығара
бергенде Леонтьев ашуланып: «Скажи этому ахмаку,
чтобы он своего коня на махан пустил» дегені. Əкем
ешкімге үн қатпастан, атын жетелеп қорадан шығып
кетті. Қаба сақал, орта бойлы дембелше бір қазақ ұстап
тұрған сыңар мүйіз қара сиырының ноқтасын біреуге
ұстата салып, Леонтьевтің қасына жетіп барып: «Тбоя
жаман локтыр, моя қарошай старик, пошему сен аяқ
қарамайды?» - деп араға түсе кетті.

Екі айдай мен ауылға барғаным жоқ. Əкем де келіп
маған жолыққан жоқ. Бір базар күні біздің ауылдың
бір жігіті келіп: «Сені Момекең шақырып жатыр.
Мал докторға келсін деді», - деп шығып кетті. Өткен
жанжал есіме түсіп, қынжыла, қаймыға, ұяла-қызара
Леонтьевтің қорасына бардым. Бұрынғыдай қора толған
мал алып келген қазақтар. Олардың арасында əкем
көрінбейді. Біраз күтіп тұрдым. Бір уақытта төртөбелге
мініп əкем қораға шауып кірді де, ай-шайға қарамастан,

253

атын ойнақтатып мал қарап тұрған Леонтьевтің
алдына барып, тізгінін бір-ақ ірікті. Елдің барлығы
жəне мен де таңғала қарап қалдық. Леонтьев жұмысын
тоқтатып тұрып қалды. Əкем қораның топырағын
бұрқылдата Леонтьевті айнала біресе желе жортып,
біресе кəдімгідей шапқылап, шыр көбелек айналды.
Бір кезде алыстаңқырап барып, аттың басын шұғыл
бұрып қайтарды да, Леонтьевке қарай шаба ұмтылды.
Доктор сескене қаймығып екі-үш адым шегінбегенде
ат омырауымен қағып кететін түрі бар. Тізгін тартып
тоқтады да, ойнақтап тұрған аттың үстінен қамшымен
нұсқап маған: «Əй, тілмəш бала, скажи этому дураку,
что его самого надо пускать на махан» деп орысшалап,
атын тақымдап, ат байлағыш желіден ырғып, көшеге
қарай шаба жөнелді... Тұрған ел қыран күлкі. Мен төмен
қарап, кеңсеме кеттім.

Екі-үш сағаттан кейін кеңсеге Леонтьев келді. «Əкең
қайда, мен шалдың алдында қатты кінəлі екенмін. Үйге
шақырып, кешірім сұрамақпын. Сіз, жігітім, маған
көмектесіңіз», - деді егде тартқан дəрігер.

Əкем өзінің құрбыларымен базар ортасындағы бір
шайханада қымыз ішіп отыр екен. Леонтьевтің үйіне
барғысы келмеп еді, оған бір жасы үлкендеу шал:
— «Момыш! «Алдыңа келсе, əкеңнің құнын кеш»
деген бар. Барғын, докторда иман бар екен. Алдыңа
айыбын мойындап ұялғанынан келіп тұр ғой», - деген
соң, қасындағы екі шалды ертіп, əкем бізбен ілесті.
Келсек, Леонтьевтің өзінен де семіз шикі сары, ашық
мінез, жайдары бəйбішесі қораның көлеңкесіне киіз
төсеп қойған екен. Үлкен сары самауыр гүжілдеп
қайнап тұр. Біз отырғаннан кейін қазақша дастарқан
жайылып, тамақтар келе бастады. Тамақ-шай үстінде

254

доктор əкемнен кешірім сұрады. Екеуі қол алысып
татуласты. Əңгіме басталды. Мен орталарында тілмəш
болып отырып, дастарқан үстіндегі беляшиді тойғанша
жедім...».

Осы үзіндіде дүйім халықтың, əсіресе, баласының
көзінше орыс ветеринардың өзін кемсіткені қатты
батқан Момыштай азамат əлгі мал дəрігерін тəубесіне
келтіріп, шалдардың көзінше кешірім сұратады. Сол
сияқты «Балық бар» деп балаларын апарған жерінен
екі рет құр қайтқанына əкем іштей назаланып жүрген
болып тұр ғой, тап сол суға үшінші рет барғаны,
олжалы болғанша алған бетінен қайтпағаны содан
шығар деп ойлаймын. Табиғат сыры, балық жүретін
мезгіл болатынын ұқтыру да ойында болар.

Нўртас Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:

Әкемнің алғаш мылтық атуы

Əкеміз тым кішкене күнінен мылтық ату, оқ оқтау,
басқа да түрлі дүниелерді атамыз Сафолладан аса
қызығушылықпен сұрайды екен. Атамыз Сафолла да
ерінбей-жалықпай, əр сұрағанына бүге-шігесіне дейін
ұғынықты етіп жауап береді. Осылайша, əкеміз шауып
бара жатқан аң, ұшқан құсты атқанда дəл тигізудің
ретін əбден ұғып алса да, оған мылтық ұстауға «əлі
кішкентайсың» деп атамыз рұқсат етпей жүреді. Əкеміз
бала болса да, мылтық атуға деген құмарлығы сондай,
тіпті түсінде де мылтықты енді қолына ала бергенде
оянып кетіп, арманына жете алмағандай күй кешіп
жүреді. Күндердің күнінде тағы түс көреді. Түсінде

255

мылтықты қолына алып, көздеп, шүріппені басқанда
«тарс» етіп атылып, оянып кетеді. Сөйтсе, жарда ілулі
тұрған поднос даңғыр етіп жерге түскен екен.

Папамның жасы жетіге толған кезі екен. Аталарымыз
ол кезде су жағасында отырған. Дайынөткел тұсы болу
керек. Бірде күздің қара суығында əкеміз есік алдына
шықса, су бетінде отырған жалғыз қасқалдақты көреді.
Атамыз үйде жоқ. Дереу ішке кіріп, мылтықты оғымен
алып шығады. Кішкене немересінің соңынан қауіпте-
ніп, атақты Сырым батырмен аталас, байбақтының
шоланынан тарайтын ер мінезді, қайратты Қалия əжеміз
де ере шығады. Мылтықты ұмсына бергенде қасқалдақ
судың бетін сабалап, жанталаса қозғалып барады екен.
Əкеміз дəл атамыз түсіндіргендей, қарауылды құстың
тұмсығына таман алып, ілестіре көздеп, шүріппені
басып қалғанда құс су бетінде шалқасынан қалқып
қалған. Үлкендер су өте салқын болса да, «тырнақ алды»
олжаны далаға қалдыруға болмайды» деп ауылдағы
жүзе білетін ересектеу бір-екі жігітті шақыртып, атқан
құсты судан алдырады. Сол бойда отты жағыңқырап,
шапшаңдатып ыстық сорпа даярлап, еңбегі сіңген
жігіттерге ішкізіп, бойларын жылытып жібереді.

256

Венера Нəбиоллаќызы:

Ұстаған балығын жұртқа үлестіріп береді

Папамның аңшылық қасиетінің өзі бір төбе еді.
Балаларыма азық болсын деп қажеттілікпен ғана
аңшылық маусымында көбіне құс пен балыққа
шығатын. Оқ-бытыраларды өзі қолдан жасап жүрді.
Балық аулауға кетсе, бірнеше ауын алып қонаға
кететін, сөйтіп көп қылып балық əкеледі. Оны
көрші-көлем, тума-туысқа үлестіріп береді. Балық
аршығанда да қасына бірнеше құрал əкеліп барып,
бастайды. Балықтан келген бойда ауларды аулаға
керіп, іліп тастайды. Мұқият тазалап, балық үзіп
кеткен жерлерін тоқып, күнге кептіріп барып, келесі
пайдаланғанда шатыспай жазылатындай қылып
ретімен жинап қоятын еді.

Жантас Нəбиоллаўлы:

Біз қалай мылтық атып үйрендік?

Мен бесінші сыныпта, Елдос – алтыншыда оқып
жүрген кезде əкеміз бізге мылтық ұстау, атуды
үйретті. Далаға барып, нысана қойып, «кім атады?»
деп сұрады. Бұндайда қашанда суырылып шығатын
Елдос «мен атамын» деді. Содан соң мылтықты қолға
алып, шамаға келтіріп атып еді, мылтық кері серпіген
кезде шалқалап құлады. Бірақ жақсы тигізді. Папам
нысанадағы бытыра іздеріне қарап, үйрек болса,
қалады деп бағалады. Елдостың құлағанын көрген
қасымыздағы Дəуренбек мылтық атудан бас тартты.
Кезек маған келді. Бас тарта алмайтынымды білемін.

257

Алуын алғаныммен, қолым жетпей, аспанға атып
жібердім. Сонда əкем бұл мылтықтың бізге тым ұзын
екенін түсініп, мылтықтың құндағын кесіп, ыңғайлап
берді.

Саєынбай Зейінўлы:

Аңшылық – Нәкең екеуміздің
ортақ қызығымыз болды

Нəкең маған рудан қуғанда нағашы болып келеді.
1991 жылдың күзінде кездесіп қалып, екеуміз аңшылық,
ит туралы əңгіме соқтық. Сонда мен сеттер тұқымының
күшігін, содан кейін Мойнақ деген итті апарып
бердім. Егіндікөлде үйрек-қаз өте көп. Қыркүйектің
ортасында екеуміз үйрек аттық. Бес-алты көкмойыннан
қанжығамызға байлап қайттық.

Нəкеңмен бірге жүрген бір ғанибет, себебі ол –
ақкөңіл, əзілқой адам. Нəкең мылтықты жақсы
атады, жаңағы бес-алты үйрекке ол жеті-сегіз патрон
шығындады, яғни атқанының бəріне дерлік тигізді
деген сөз. Екеуміз құсқа шыққан кезде Нəкеңнің
олжасының бəрі – көкмойын, менікі шүрегей араласып
кеткен болып шығатын.

258

Т ґлеген Сафоллаўлыныѕ естеліктері:

«Газонмен» қасқыр соққаны бар»

Бірде рөлде Нəбиолла, қасында мен, екеуміз жүк
машинасымен келе жатыр едік. Қырдан бір қарайған
көзге шалынды, ол əуелі бізге ит сияқты болып көрінді.
Бірақ біртіндеп қасқыр екеніне көзіміз жеткеннен
кейін, алыстап айналып, қыр жағынан шығып
алдық. Ақырын-да машинамыздың жылдамдығын
барынша арттырып, қасқырды тар жерде тапап алдық.
Қасқырдың биылғы бөлтірігі екен, бірақ соның
өзінде өте ірі. Нəбиолланың сөйтіп совхоздың жаман
«Газонымен» қасқыр соғып алғаны бар.

Нəбиолла – табиғаттың төл баласы. Құстың да дауысын
айнытпай таниды. Олардың дауысына қарап, қай құс еке-
нін, қай жерде отырғанын дөп басып айтып отырады.

«Ауыл әуендері» үшін атылған үкі

«Ауыл əуендері» атты көркемөнерпаздар тобы
мүшелерінің бас киіміне үкі табылмай жатқан кез еді.
Бір күні Нəбиолла екеуміз люлькалы мотоциклмен келе
жатқан кезде, алдымыздан үкі кездесе кетті. Нəбиолла
дереу «рөлді ұста» деді, мен люлькада отырып рөлді,
ұстай салысымен, ол дереу атып жіберіп, жаңағы үкіні
жалп еткізді. Ол басқа уақытта болса, үкіні атпас еді,
қажеттілік үшін атып алды. Жалпы, ағам ырымдарды
жақсы білді, ақылға сыятындарына құрметпен қарады.
Бірақ ырым-жырымдарға тағдырын билеткен жоқ,
мысалы, жолымнан қара мысық кесіп өтті екен деп
жолынан қалып көрген емес.

259

Аспаннан үйрек жауған түн

Бекмырза деген жерге үйрек атуға бардық.
Совхоздың машинасымен жүргесін, көзге түсіп, пəле
болар деп, оны шағылдың арасына тығып қойдық.
Сөйтіп, түн ішінде үйрек атып болып, енді кетейік
десек, жаңағы жасырып қойған машинамызды таба
алмай қалдық. Сəл демалып, ой жинақтап алайық деп
тынығып отырсақ, төбемізден үйректер сусылдап өте
береді. Арамыздағы Құбайдолла деген ағайынымыз
мылтығын жəй ғана жоғары қаратып атып қалып еді,
дəл алдымызға бір нəн үйрек топ ете түсті. Үйректің
көптігін айтамын ғой. Мұндай жерде өмір сүргесін,
жаны бар адам қалай аңшы болмасын!

Ќыдырєали Ќўрманєалиевтіѕ естеліктері:

«Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға»

Нəбиолла аға екеумізді бір-бірімізге жақын
қылған ортақ қызығымыз – аң-құс, балық аулауға
құштарлығымыз. Екеуміз отырып алып, Нəкеңнің
үйінде қолдан оқ жасаймыз. Сонда балпанақтай Нұртас
жалаңаш күйде жерде жорғалап жүреді. Ағамыздың бір
жақсысы – өте қарапайым, жас талғамайды, жұрттың
бəрімен бірдей сөйлеседі. Араққа да жақын емес.
Аң аулап жүріп, талай рет көліктен де аудық. Бірақ
Нəкең қайтпайды. Аңға шыққанда құрмет көрсетіп,
отырғызып қойып, өзіміз қызмет қылайық десек, оған
көнбейді. Өзі бірге от жағысып, шəй əзірлесіп жүреді.
Абай Құнанбайұлы атамыз «Қансонарда бүркітші

260

шығады аңға» атты өлеңінде «Жақсы ат пен тату жолдас
– бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға»
деген өлеңде аңға шыққан кезде қасындағы жолдастың
жақсы болуы шарт екенін айтып тұр. Нəбиолла ағам сол
шарттың бəріне сай еді. Ол кісі кез келген уақытта аңға
шығуға əзір отырады. Кеттік десең, сайлаулы тұрған
құрал-жабдығын алып, шыға жөнеледі.

Бірде бір құлынды қасқыр талап кеткенін естіп,
бардым. Құлынның қалдығын «УАЗ»-ға тіркеп алып,
тасасы бар жер іздедім. Ыңғайға келетін орын табысымен,
сол жерге құлынды қалдырып, Нəкеңе келдік. Ол
бірден атып шықты. Кейбіреулер сияқты «қол тимейді»
деп еріну жоқ. Аңшылық жабдығы ылғи сайма-сай
тұрады.

Шаршауды білмейтін жомарт жан еді

Өте мұқият адам, еріну-жалығу дегенді білмейді, із
кесіп келе жатып, шатасып қалса, ерінбей қайтадан кері
барып, сол ізге қайта түседі. Кезінде бағасын білмедік.
Қазір аңға шығайын десең, жақсы жолдас жоқ.

Нəкең қайтқаннан біраз уақыт өткенде аңға шықтық.
Қасымда Нəкеңнің кенже ұлы Нұртас болды. Ішімнен
«Нəке, міне, сен жатсың, мен қоян аулауға кетіп барамын»
деп ағаммен сөйлесіп, сырласамын. Сағынасың. Аңға
шыққанда олжаны кім қанша ұстаған-аулағанына
қарамай, тең бөлеміз. Айдың жарығымен шөмеленің
үстінде жатып қоян аулаймыз. Шөмелеге жеткенше қара
тер боламыз. Содан жетіп, жайғасып алғасын, қоянды
үркітпес үшін темекі тартпай, тапжылмай жатамыз.
Жаңағы былшыраған тер мұздай болып денемізге
қатады. Сөйтіп жүріп атып алған қояндарымызды

261

престің жібіне сүйреп алып келе жатып, кездескен
адамның бəріне үлестіреміз. Біреулер емге – сорпа қылу
үшін алдын ала тапсырыс беріп жатады. Оларға бірінші
кезекте табыстаймыз.

Қасқыр үшін Нәкең қысылып жүрді

Негізі қасқыр - мамонтпен қатар жаралған түз
тағысы. Қасқыр аулауға жыл бойы рұқсат болса да,
аулағаны үшін ақшалай сыйлық берілсе де, азаймай
келе жатқан ғажап жаратылыс! Оны аулау – оңай шаруа
емес. Екі жүздей жандықты жалмаған қасқырдың көзін
жойған Нəкеңе ешқандай ресми алғысхат табысталған
жоқ, тұс алдында мақала да жарияланған жоқ. «Мына
жалмауызды қайттік, а?! Əбден ұят болды-ау» деп
Нəкең қараптан-қарап өзі қысылып жүрді.

«Айтып жеткізе алмас бір ғанибет»

Ауылдан тым жыраққа аңға шыққанда Нəкең екеуміз
малшы, шопандардың үйіне қонамыз. Пеш гүрілдеп
жанып жатады, жып-жылы, қазанда тамақ бүлкілдеп
пісіп жатады. Бұл – ауызбен айтып жеткізе алмайтын,
бір ғанибет көрініс, рахат күй. Кейде қасқыр тиіп
жатыр деп осы малшылардың өзі шақырады. «Іздегенге
сұраған» деп ондайда қуана-қуана тартып кетеміз.

Аңшылық туралы қолда бар дерек-естеліктерге қарап
отырып, Нəбиолла аға əкесі Сафолла атаға тартқан-ау
деп жорамалдайсың. Төлеген Сафоллаұлының «Өрбіген
тана ұрпағы» атты толғауында бала Сафолланың
жиырма тоғыз үйрек аулап, бір қауым елді аш өлімнен

262

құтқарып қалғаны жайлы баяндалады. «Алпыс үйлі
арғынның, тоқсан үйлі тобырдың ашыққанын аң-құс
аулап тойғызған» Қамбар батыр сипаты бар Сафолла
атаның қасиеттері ұрпағына берілуі заңдылық қой.

Биолог Сансызбай Рашитовтың «Қазақы құмай тазы»
атты еңбегімен басталған бұл тарауды осы ғалымның
аталған еңбегінен үзінді келтірумен аяқтайын:

«...Аңшылық көбіне сай салалы, жыңғылды,
орманды, таулы, жүруге өте қиын жерлерде өтеді.
Ондай жағдайларда қайрат, тапқырлық, қырағылық,
қайсарлық қажет. Кез келген адамның аңшы бола
алмайтыны да осыдан шығар. Спорттық аңшылық
жастарды туған табиғатымызды қадірлеуге, ұғынуға,
ұлттық мəдениетімізге, салт-дəстүрімізге баулиды;
батылдыққа, тапқырлыққа, төзімділікке тəр-
биелейді; ой-өрісін қалыптастырып, өздерін шынық-
тыра түседі; бұкіл жаратылыстың, қайнаған тір-
шіліктің ортасындағы өз орнын сезініп, салауатты
өмір сүруге үйретеді. Жасөспірімдердің өздерін
тезірек ересек сезінгісі келетіні – заңды құбылыс. Өз
қатарластарынан жоғары болғылары келіп, темекі
шегіп, арақ ішіп, есірткілерді пайдаланып, əлсіздерге
күш көрсететіндер аз емес. Осындай əдістермен
өмірден өз орнымды табамын деп жүріп, теріс жолға
қалай түсіп кеткендерін өздері де аңғармай қалады.
Сөйтіп, əке-шешелерін үлкен қасіретке батырып,
қоғамдағы масыл мəңгүрттер тобын толықтырады.

Ал əкесіне немесе ағасына еріп, аңшылыққа əуестенген
жас жігіттің санасында мүлдем басқа ой, жүрегінде
өзге сезім туындайтыны белгілі. Шынайы аңшыдан
тəрбие алған жас адам айналаны үркітіп, қырып-жою
үшін емес, керісінше, Отанымыздың байлығын қорғау

263

үшін қолына мылтық алатынын түсінеді».
Өз басым, ересек Нəбиолла Сафоллаұлы үшін

аңшылық (балық аулау) қарын мен құлқынның қамы
емес, қарқынды еңбектен кейінгі сүйікті демалыс,
туған табиғатпен рахаттана қауышу деп білемін.

Аңшылықтың осы лəззаты туралы ұлы жазушы
Мұхтар Əуезов «Аңшылықтың үміт, қуанышы көп.
Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір.
Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім
күйі көп. Бұл – салқындап кеткен кəрі ақылдың өмірі
емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап
өткізген күндіз-түніндей ыстық сезім өмір. Өйткені
бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін
де сəттерді басынан кешіреді. Соның бəрін айтып
жүргендіктен, аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік...»
дейді.

Нəкең туралы естелікпен бөліскендер оның ыстық-
суыққа ұшырап, бейнеттеніп жүріп тапқан олжасын
жұртқа тегін үлестіріп беретіні туралы айтады.
Соған қарағанда, Нəбиолла аға аңшылыққа Мұхаң
айтқан «ақын күйіне жеткізетін сезім күйі» үшін
шыққан-ау, сірə, деп ойлап қоясың.

264

ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛУ – ӨМІР МӘНІ

Нəбиолла Сафоллаұлының көзін көрген адамдар оның
қайраткерлік қасиеті туралы естеліктерімен бөліскен-
де, Нəкең шын мəнінде кітап жазуға лайық тұлға екеніне
көзім жетті. Нəбиолла аға – өз ісінің шебері, мықты
механик, инженер, шеберхана меңгерушісі ретінде
де құрметтен құр қалмас еді. Алайда бойындағы
қайраткерлік қабілеті оның кəсіп иесі ғана болып шек-
телуін місе тұтпады. Ғаламтор, анықтамалықтарға
үңілсең, қоғам қайраткері деген – қоғамның əлеуметтік,
мəдени, саяси, өзге де сұраныстарын өз еркімен ақы-
пұлсыз өтеп жүрген жан. Əрине, атқарып жүрген
ісінің ауқымына қарай ол адам мемлекеттік, облыстық,
аудандық т.с.с деңгейдегі қоғам қайраткері, белсендісі
болуы мүмкін. Əңгіме жеке басы үшін емес, қоғам
игілігі үшін риясыз еңбек етуде. Есімі тарихта қалған
австриялық психоаналитик Виктор Франкл «Өмірдің
мəні – өзгеге қуаныш сыйлау. Жұртқа риясыз қызмет
етіп, өзіңді де өзгені де қуанышқа бөлеу» дейді.
Айналасындағы адамдарға қызмет қылуды Батыстың

265

психоаналитиктерін оқымай-ақ та, өзіне міндет қылып
алған Нəбиолла Сафоллаұлының сан қырлы қоғамдық
іс-əрекеттерінен мына естеліктермен танысу арқылы
біршама хабар алуға болады:

Венера Нəбиоллаќызыныѕ естеліктері:

Тұзға түсті көп адам, арқасында әкемнің

Папам жыл сайын ұжым болып тұзға баруды
ұйымдастырып жүрді. Қой алып шығып, тұз
əулиесіне құрбандық шалып, ақтық байлататын еді.
Шеберханадағы əріптестерінің үй-іштерін бірге алып
шығуын қадағалайтын. Жəне оларға «Сен мынаны алып
шық, сен мынаны алып шық» деп, əркімге міндетін
бөліп, қадап айтып жатады.

«Талай жанды табыстырып еді»

Папамның араздасып қалған адамдарды табыстырып
жүргеніне талай рет куə болдым. Еркегі де, əйелі де əкеме
келіп, мұңын шағып отыратын еді. Солармен асық-
пай сөйлесіп, ақыл-кеңес, басу айтып, татуластырған
адамдары қазір ата-əже болып, немере-жиен сүйіп отыр.
Көп үлкен кісілер балаларының тағдырларын айтып,
кеңес сұрап, папаға сырларын ақтарып жүрді. Папам
солардың бəрін уайымдап, дұрыс жолын көрсетіп, ақыл
айтудан жалықпайтын.

Бірде далада оңаша үйде тұратын отбасының
арасында кикілжің туындап, ері əйелін қатты сабап,
қабырғаларын сындырады. Папам аңшылықта жүріп,
сол үйге барып, əйелдің аурулы күйін көреді. Содан оны

266

үйге əкеліп, сынықшы шақыртып, бір аптадай емдетті.
Тəуір болғасын күйеуі келіп, əкеме рақметі ретінде
тоқты əкеліп, əйелін үйіне алып кеткені бар.

Мамамнан естуімше, папам жас кезінен солай
бəріне жанашырлық танытып, əлсіз адамдарға қорған
болыпты, қыздарды өз қарындасындай қамқорлапты.
Қыздар жігіттері ренжітсе де, папаға шағымданады
екен.

Замандастары Нәкеңді жылы сөзбен еске алады

Берік ОСПАНҰЛЫ: Мен бір жылдары «Си Си
Сайпемде» жұмыс жасадым. Осы компанияда қауіпсіздік
техникасы бойынша инженер болып кезінде ауданның
ауыл шаруашылығы басқармасын басқарған Душимов
Түгелбай деген кісі жұмыс жасады. Жерлес, таныс адам
болғасын, Түкеңмен жиі кездесіп, əңгімелесіп жүрдім.
Сондай кездесулердің бірінде Төлеген деген кісімен
таныстым. Ақсайдың орыстілді кісісі екен. Егіндікөлден
екенімді білген кезде, ол менен Нəбиолла ағамды сұрады.
Сөйтсе, екеуі СХИ-да бірге оқыған екен. Сонда оның
Нəбиолла аға туралы айтқаны: «Оны қазақы ауылдан
келді деп ойламайсың, орысша еркін жəне сауатты
сөйлейді. Институтта студенттер мен оқытушылардың
арасында зор беделге ие болып, комсомол бюросының
мүшесі болды. Институт асханасына кіріп, студент
мəзіріндегі ет мөлшерін грамдап өлшеп тексеріп жүрді».
Əкемнің 70 жасына арналған салтанатта Нəбиолла ағамен
қатар отырып қалып, жаңағы Төлеген деген кісі туралы
айтқанымда, ағамыз оны танып жатты.

Ауылда су мəселесі ұңғыма құдықтар арқылы
шешіліп тұрды. Бұл ұңғыма құдықтарда 8-дік, 6-лық

267

тереңнен тартатын насостар тұрады. Жиі істен шығатын
бұл насостарды Нəбиолла аға оңдатып жүрді. Шеберлер
оңдай алмай жатса, өзі кірісіп кететін еді.

Үйдің артынан монша салдыру, жаңа моншаны іске
қосу сынды шаруалардың бас-қасында болды. Қажетті
бөлшектерін бартер жасап əкеліп жүрді. Жұмыстағы
планеркадан кейін дүрдараз болып жүрген адамдарды
татуластырып, табыстырып жіберетін еді.

Индира Нəбиоллаќызы:

Шәй беру – кейінге қалдыруға болмайтын
шұғыл шаруа

Əкем жаңа үйленген жастарға, көшіп келген көршіге,
кісісі қайтқан үйлерге шəй беру керек деп шақырып
алып, қонақ қылатын. Одан ақыл сұрап келетіндер
көп болды. Талай үйлесе алмай жүрген жұбайларды
татуластырып, жанұяларын сақтап қалуға себі тиді.

Нəкеңнің қоғамдық іс-қарекеттерінің арасында
ауылдастарының 36 бас ірі қара жоғалып кеткенде
ұйымдастырған жұмыстары ерекше атап өтуге лайық.
Осы оқиғаға қатысты аталған іздеу жұмыстарының
қатысушыларының бірі – Қайсар Мəуленұлы былай деп
баяндайды:

268

Ұрланған малдың табылуына

Нәбиолла үлкен еңбек сіңірді

1939 жылы дүниеге келгенмін. Жосалы совхозында
жылқышы болдым. Жылқыға 15-20-лап келетін қасқырға
бір бас та бермедім. Иван Рутин деген келіп, қасқыр атуға
көмектесті. Халел директордан мақтау естіп жүрдім.
Алды-арты бірдей айналатын «Урал» машинасын берді.
Құлын алудан ауданның чемпионы болдым. Қаратөбенің
милицияларына жер жағдайын жақсы білетін, із кесетін
адам ретінде көмек көрсетіп жүрдім. Олар көбінесе мал
ұрлығы мəселесі бойынша хабарласып, кеңесіп отырады.
Мен Жосалының Ждан деген жерінде отырдым.

Бірде Егіндікөлден 36 бас мал ұрланды. Шамамен,
1995-96 жыл болса керек. Ұйқым келіп, Маржан қызыма
«малды қарай тұр» деп жатып қалып едім. «Папа, тұршы,
біреулер келіп тұр» деп мені оятты. Екі «УАЗ» келіп,
жарығын түсіріп тұр екен. Мəйкішең жүгіріп шықтым.
Есік алдында екі милиция тұр. «Төрлетіңдер» деймін.
Аманжол Бөлтеков: «Біз Қаратөбенің милициясымыз.
Былқылдақ деген ферманың Ақбаз деген жерінде малды
қамап отыр дегенді естіп, келіп тұрмыз. Кеңащының,
Жданның халқы малды қараған. Бөтен мал. Иесі жоқ
мал бола ма? Айдап, ұсталатын болғасын тастап кеткен
шығар» - дейді.

Малды іздеушілердің ішінде бас болып Нəбиолла жүр
екен.

Аманжол Бөлтеков «Бір түнгі ұйқыңды қи» деп тұр.
Күздің кезі. Əйелім Нəркеске үйдегі үйірді тапсырып,
жөнелдік. Əуелі Жосалы, Үшата жаққа бардық.
Бөлтековпен екі «УАЗ»-бен жүрдік. Жүрген жолымыздың
жықпылы мол. Қасымыздағылар «Нағыз ұрының жүретін

269

жері екен» деп қояды. Ақбазға келдік.
Келгесін есігін қағып едік. Маркс (Белагор) ауылының

бұжыр бет бақалтақ жігіті шықты. Жөн сұрап едік:
- Екі атты адам малды бізге əкеліп жайды да, кетіп

қалды, - деді.
- Мына жерде не ғып отырсыздар?
- Ағам екеуміз мал бағып отырмыз.
- Ағаң онда тез шықсын.
Бұжыр бет үйіне кіріп бара жатырғанда, Аманжол

Бөлтеков қасындағыларға «Ағасымен сөйлесіп қой-масын,
екеуін де алып шық», - деді. Жігіттер ілесе кіріп, əлгінің
Нұрлан деген ағасын алып шықты.

- Малды кім айдап кеткен?
- Білмеймін, мен ол кезде Белогорда болдым.
Бөлтековтер екеуін де сүйрелеп бері алып шығып,
тергей бастады:
- Жəбірлемей тұрғанда шындықты айтыңдар, бəрібір
айтқызамын.
Ағайындылар үндемеп еді. Үлкенін жұдырықпен
іштен бір берді. Аяп та кеттім.
- Інім біледі.
Інісі: «Малды айдап келіп, əрі қарай кеткен – Қыдырдың
баласы Серік. Қуағаштың жігіті», - деді.
- Жəбірлемей тұрғанда айтыңдар деп едім ғой. Бірден
мойындамаған өздеріңнен көріңдер. Мен сендерді мал
табылғанша қамап, байлап қоямын. Əлі дұрыстарыңды
айтпай тұрсыңдар.
Бөлтеков «Бір «УАЗ»-бен жүрейік» деп ұсынды. Маған
«Белогорды білесің, бірге жүр» деп қолқа салды. Келістім.
Қасымызда Мұхтар деген ГАИ автоматпен жүрді. Сосын
жаңағы екі ағайынды. Құбайдың Серігі шопыр. Осы
бəріміз Белагордың Раскөл деген жеріне келдік. Қораны

270

қарап шықтық. Таяуда мал қамаған жерге ұқсамайды,
қи да ескі. Белогордың ар жағында бір жер бар еді, соған
кеттік. Араладық. Табанымыздан таусылып шаршадық.
Шалқардың күтірін қарадық. Күтірге милиция қорқып,
кірмей қойды. Өзім аралап шықтым. Артынан «Осы маған
керек пе еді, біреу желкемнен қойып қалса қайтемін?»
деп ойлаймын. Ешкім жоқ. Кейін қайттық. Бензин
іздедік. Бөлтеков бір қызметкеріне «Бензин тап, ағаңды
үйіне апарып таста» деп мені табыстады. «Рақмет, көп
көмектестің» деп маған ризалығын білдірді. Содан
оларға Шілікті совхозында қой жайып жүрген бір қарт
«Жаңа ғана біреу осы жермен мал айдап өтіп кетті» деп
жөн сілтепті.

Бір сайдың ішінде мал айдап бара жатқан ұрыға қуып
жетеді. Ұры малды тастай қашыпты. «Тоқта, əйтпесе,
атамыз!» дегенде амал жоқ тоқтаған. Серік Қыдырұлын
бір ұрып құлатыпты. Айдап бара жатқан малдарын санаса,
34 бас, екеуі жоқ.

- Екі бас қайда?
- Қайдасы несі? Қалып қойған шығар.
Сөйтсе, алдап тұр екен. Жолай аты болдырғасын,
Маркстегі бір кісіге екі сиыр беріп, тың ат алыпты.
Бөлтеков: «Бұлар мына жерге қалай өтіп кетіп жүр?
Дайынөткелдегілер көрмеген, қарағаштықтар көрмеген.
Түк түсінсем, бұйырмасын!» деп таң қалған. Сөйтсе, жер
жағдайын жақсы білетін ұрылар Қасқыртаудың үстімен
Қарғалыаяқ деген суға қарай тіке айдаған ғой.
Қыдыр – Қоскөлдің танасы, тананың ботпайы.
Қуағашта өскенімен, Егіндікөлге жиі келіп жүрген
екен. Нəкең ұрының руы кім екенін білгенде «Оңбаған!
Сыболыш!» деп, оны мылтықтың дүмімен бір ұрған. Сол
кезде бірге жүрген милициялар: «Аға, абайлаңыз. Өзіңіз де,

271

біз де шаталып кетіп жүрерміз» деп əрең тоқтатып алған.
Сонда Нəкең: «Біреудің ақ адал малын не беттеріңмен
ұрладыңдар?!» деп ұрылардың ит терісін басына
қаптап, əбден ұрсыпты. Жаңағы отыз алты бас төлдерін
əбден сағынған болып тұр ғой, Лубеннен шығарғасын,
Егіндікөлге қарай тіке салыпты. Осы кезде Набиолла –
аудан басындағы милицияларды көтеріп, малдың іздеп
табылуына тікелей ұйтқы болған адам, халыққа сіңірген
еңбегі мол еді, жарықтық...

Бірде біреудің аты жоғалып, Аманғали дегеннің
«Нивасына» мініп алып, Новопетров, Лубеннің даласын
кездік. Сосын Егіндікөлге Нəбиолланы іздеп бардым. Ол
мені құмалақшы Сəнияға алып барды. Сонда шəй ішіп
отырғанда «Қайсақаң бізге үлкен көмек істеді» деп, мені
мақтап отырды. Нəбиолла – адамдық қасиеттің бəрі бір
бойынан табылатын нағыз азамат.

Нəбиолла ағамыздың Серғазы, Бисенғали болыс
аталары 1920 жылдардың дүрбелеңі кезінде каптап
кеткен банды-қарақшылардың тонау, зорлық-
зомбылығына елді қарсы қойып, жұмылдыра біліпті.
Сөйтіп, айбалта, мылтық, найза сықылды қолда бармен
қаруланған қарапайым жұрт бандылардың қиянатына
тойтарыс қылып, олардың біразының сазайын беріпті.
Тоқсаныншы жылдардың дағдарысынан абдыраған елді
қорқауша талаған ұрылардың əрекетіне азаматтардың
басын қосып, жұмылдырған Нəбиолла Сафоллаұлы да
бəлки осы есімі аталған аталарынан үлгі алған шығар.

272

Альберт Т ґлегенўлы:

Екі ауылдың тал-терегінде
тәтемнің алақанының табы бар

Мектепке үлкен бақ ішімен баратын едік. Сол бақты
тəтем ауыл адамдарын жұмылдырып, тал-терек егіп
жасады. Осындай бақты Егіндікөлде де ұйымдастырды.
Ауылдың тентек жігіттері басында бұл шарадан сырттап
жүргенімен, артынан белсеніп кірісіп кететін еді. Тəтем
талай игі іске мұрындық болды ғой.

Махуза Айсаєалиќызы Ќўрманєалиеваныѕ
естеліктері:

Мектеппен тығыз байланыста болды

Егіндікөл ауылында қырық жыл мұғалім болдым,
оның 26 жылында мектеп басқару ісімен айналыстым.
Нəбиолла ағай – ешкімге ұқсамайтын, ерекше,
қайталанбас кісі, бəлки сондықтан да, оны орта түсіне
алмаған, қабылдай алмаған шығар.

Мектепте оқитын балалары бар адам ретінде ол
мектеппен тығыз қарым-қатынас ұстады. Балаларының
əр қадамын біліп отыратын еді. Қай нəрсені де
жүрдім-бардым жасамайтын. Мектептің штаттан тыс
фотографы сияқты талай шараларды фотоға түсіріп,
шығарып берді. Сонда ағамызды қайта-қайта шақыра
беруге ыңғайсызданып, «Осы істі балаларыңызға
неге үйретпейсіз?» десем, ол «Бұған əлі ерте, фотоға
түсіруді бастамас бұрын мен оларға фотоаппараттың
құрылысын, жұмыс істеу қағидаттарымен жете

273

таныстыруым керек» деп жауап бергені бар.
Нəбиолла аға сөзге де тоқтайтын еді. Қайыржан деген

бір азамат болды. Заманның қиын кезі. Жаңа жылды
қалай өткіземіз деп басымыз қатып отыр. Қайыржан
«Бəлки лоторея жасап сатып, сол ақшасына мерекелік
шараға қажетті зат-бұйым, сыйлық алармыз?» деген
ой тастады. Нəкең: «Лотореяң не, Қайыржан?! Жұрт
не жейміз, не киеміз деп басы қатып жүргенде» деп
ренжіді. Сонда директор «Амалсыздан істейін деп
отырмыз, əйтеуір, заңсыз нəрсе емес қой» дегенде əрі
қарай айтыспай, келісті.

Ағамыз әр нәрсеге жауапкершілікпен қарады

Сол кезде пəндер бойынша олимпиада деген болып
тұрады. Құқық сабағы бойынша Жантас мектептен
бірінші орын алғасын, аудандық олимпиадаға
баратын болып ұйғарылды. Менің директор ретінде
шаруам бастан асып жатады, сол əбігердің кесірінен
тарих, құқық пəндерімді жарытып беріп үлгермей
жатамын. Сондықтан Жантастың дайындығын Майра
Ақболатоваға тапсырдым. Шынымды айтсам, бұл
тапсырмамның орындалуын қадағалағаным жоқ.
Сөйтсе, олар дым дайындалмаған. Бір күні Нəбиолла
аға келіп: «Мен Жантасты ауданға жібермейін деп
отырмын. Себебі дым дайындығы жоқ» - деді. Оның
жарысқа жауапкершілікпен қарағанын түсініп, ішімнен
қатты сыйлап қалдым. Кез келген баланың жетістігінде
жақсы ұстаздың үлес-еңбегі айтарлықтай үлкен,
мысалы, араларыңыздағы ең бір алғырың деп санайтын
Елдосты дайындаған мұғалімі мықты болды. Сонымен

274

қатар ағайдың өзі мектеппен тығыз байланыс ұстады
жəне балаларының бүкіл мəселерінен жақсы хабардар
болды.

Нәкеңнің қадірін кеш түсіндік

Мектеп қандай да бір жарыс, олимпиадалардан
жеңіспен оралып жатса, Нəкең таңмен арнайы келіп,
табысымен құттықтайтын еді. Нəкеңнің қадірін
ол қайтыс болғаннан кейін білдік. Мектеп талай
жарыстардан жеңімпаз атанып келіп жатты, «құтты
болсын!» айтып келіп жатқан еш ата-ана жоқ. Нəбиолла
аға болса, келер еді.

Бір күні «Махуза, айналайын, ұрылар ағаңды
тазалап кетті» - деді. Сөйтсе, ұрылар ішінде Нəкеңнің де
сиырлары бар, ауылдың 36 бас ірі қарасын ұрлап кетіпті.
Жəне ақырында сол малдың табылуына Нəкеңнің өзі
мұрындық болды.

Сансызбай деген ағай болды. Сол кісі сапарда жүріп,
машинаның астына түсіп, өліп қалады. Осы машинаның
рөлінде болған адам өз кінəсін мойындамай қойғанда
Сансызбайдың əйелі қуынып, көмек сұрап Нəбиолла
ағаға барады. Басқа кісіден неге көмек сұрамайды? Мал
жоғалған кезде неге басқа кісі тауып алмайды? Себебі
Нəкең бір шаруаға кіріссе, оған жан-тəнімен кірісіп,
түбіне дейін жеткізеді.

Қонақ шақырғанда тізім істейді. Келмеген кісіні
белгілеп отырады. Қонақтықты өзі жəне қызық қылып
жүргізеді. Үйінде жағдай-əзірлігі бар ма, жоқ па
қарамайды, шақыра береді.

Екеуміз жақсы жолдас, сырлас болдық. «Далаға
шығып ер балаларды мылтық атуға үйретейік» деп

275

едім, «Заңға қайшы ғой, бір зиянға ұшырап қалып
жүрер» деп құптамады.

Бірде ата-аналар жиналысын үлкен қылып клубта
өткіздім. Сонда Нəкең «Кейде біз бір-бір əйелімізді
көндіре алмай жатамыз, əйелдер ұжымын басқарып
отырған Махузаға «ауыздығынан айрылмасын» деген
ырыммен сыйлаймын» деп маған шеберханасында өз
қолымен жасаған ауыздықты табыс етті.

Нәбиолла ағай бірдеңе айтса,

сол дұрыс болып көрінеді

Мұғалімдерге диктанттың мəтінін үлкен мəселе
қылып айттым. Бұған да Нəбиолла аға себепші болды.
Ағай көрген бір диктанттың мəтіні онша болмапты.
«Ағай дұрыс айтады, диктант мəтінін өзіміз
құрастырайық» деп ұсындым. Сол біз жасаған дик-
танттар мектепте əлі күнге болса керек.

Мектепте жылыту жүйесі жұмыс жасамай қалғанда
Нəкең оның сызбасын сұрады. Біз оны таба алмай,
əлекке түстік. Адам неғұрлым надан болса, соғұрлым
біреуді айыптағыш келеді ғой, «Сызба не керек, осылай
да жасай салмаймыз ба?!» деп біреулер сөйлеп жатыр.
«Сызба жоқ» деп едім, Нəкең «Мүмкін емес, ізде» деді.
Ақыры сап-сары болып кеткен сызба табылды. Нəкең
тауып алып оқыды, кез келген адам оны оқи да алмайды
ғой. Ақыры шаруа оқсады. Маған Нəбиолла аға бірдеңе
айтса, сол дұрыс болып көрінеді.

Дүкенші Кəмшат бірде былай деп еді: «Нəбиолла
жап-жас кезінде Егіндікөлде комсомол секретары
болып жүрген кезде комсомол тойын ұйымдастырды.
«Бүйтіңдер» дейді, сөйтеміз. Ол айтқасын қайдан

276

білейін, дүкендегі ыдысты алып барыппын ғой», - деп
кейін күледі.

Мектепке жиі келетін Нəкеңді басында директор
болғасын, амал жоқ, тыңдап, артынан оның жан-
дүниесін ұғып, сырлас болып кеттік. Өзім бұл кісіден
көп нəрсе, соның ішінде бала тəрбиесі бойынша көп
өнеге алдым.

Т ґлеген Сафоллаўлыныѕ естеліктері:

Есте қалған комсомол тойы

Ауылда комсомол тойын ерекше қылып
ұйымдастырған – осы біздің Нəбиолла. Ол бұл тойдың
басы-қасында бастан-аяқ өзі жүрді. Əуелі бортты
машинаға жастарды тиеп алып, далаға алып шықты.
Бұл дала гүл жайнап, құлпырып тұрған 1966 жылдың
1 мамыры. Теріп алып келген қызғалдақтан ауылдық
клубтың есігін көздің жауын алғандай, қып-қызыл
қылып безендірді. Жастар отыратын той төріне де
қызғалдақтан жүрек бейнесі жасалды. Бұған дейінгі
тойларда жастар гармон, əрі кеткенде баянды місе
тұтатын еді. Осы жолы комсомол тойының музыкалық
көркемдігіне қатты көңіл бөлген Нəбиолла Орынбасар
Жаманбаев екеумізге қолқа салды. Ол кезде 24 жастағы
Орынбасар ауыл шаруашылығы институтының ор-
кестрін, ал мен педагогика институтының оркестрін
басқарамын. Ағамыздың сөзі жерде қалмай, тойда
«Тойбастар», «Келіншек», «Комсомол» күйлері күм-
бірледі. Орынбасар Жаманбаев жар-жар, беташардың
жоғары деңгейде өтуіне алдын ала əзірленіп, елеулі
еңбек сіңірді. Бұл той көптің есінде ұзақ уақытқа қалды.

277

Қосшы би – адам тағдырының арашашысы

Нəбиолла бір мезгілдері біраз уақыт қосшы би
(заседатель) болып жүрді. Ол кезде қосшы би қылып
халық арасында беделі бар, сауатты, зиялы адамдарды
тағайындайды. Өмір болғасын, ауыл еңбеккерлері
əртүрлі нəрсе бойынша кінəлі болып қалып жатады:
біреуі жұмыста жүріп ішіп қояды, техникасына жөнді
күтім жасамайды, совхоздың малын дұрыс бақпайды
т.с.с. Осындай үлкенді-кішілі кінəраттар қылмыс деп
табылып, біраз мерзімге сотталып кеткен азаматтар да
болды. Ол заманның проку рорлары да қата л, сот отырысы
кезінде «қоғам мүлкіне қасақана залал келтіргені үшін
бəленшеге түгенше мерзім тағайындалсын!» деп бірден
жазаның шырқау шегін сұрап отырады. Мысалы, Сартай
деген өзі сары, көзі көк прокурор жұрттың зəресін алу
үшін бе, əйтеуір, сөйтетін еді. Сонда Нəбиолла шыр-
пыр болып: «Бəленше – үлгілі отбасы иесі, мынандай
жақсы көрсеткіштері бар, түген істе тəуір жағынан
көрінді» - деп, айыпталушы жайлы түрлі жағымды
дерек, оң пікірлер келтіріп, тағдыры қыл үстінде тұрған
ауылдасын түрмеден алып қалуға барын салып жүрді.
Сөйтіп, талай адамға тек шартты жаза ғана белгілеуге
қол жеткізіп, темір тордан алып қалғаны бар.

Нəбиолла Сафоллаұлы Қаратөбе аудандық аурухана
құрылысы тоқтап қалған кезде оның жандануына үлкен
үлес қосыпты. Оның бұл еңбегі «Қаратөбе ауданының
құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасы
мəслихатының Құрметті депутаты» атағының
иегері, өлкетанушы Тілекқабыл Сағыновтың мына
мақаласында аталады:

278

Депутат Нәбиолла

Нəкең өз мамандығын жақсы меңгерген, ауыл
шаруашылығы саласына, əсіресе, механизацияға
бүйрегі мықтап бұрылған азамат еді. Үнемі ауылдың
көкейкесті мəселесін қозғайтын, талап қойғыш,
қоғамшыл болатын. 1980 жылдары Орал қаласында
пропогандистер семинарында танысқан едік. Кеңестік
жүйенің ыдырау алдында соңғы аудандық Кеңес атқару
комитетінің Егіндікөл сайлау округінен аудандық
депутат болып сайланды.

Бұл кезде Ерболат Əбдірахманов ауданда бірінші
хатшы болатын, аудандық аурухана бес корпуста
салынған, үнемі жөндеуді қажетсінетін. Қазақ КСР
Жоғары Кеңесінің депутаты Н. Башмаковпен кез-
десу сəтінде жаңа аурухана салу туралы ұсыныс
айтылған. Аудандық депутат Шолпан Қыдырниязова –
аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары
жəне шөптікөлдік депутат Ізбасар Оңайбаев екеуі
Алматыға жолданды. Құрылыс салу жобасын жəне
қаржыландырудың бастапқы бөлігін шешіп келген
еді. Құрылыс қарқынды басталып, екі қатар биіктікте
ғимарат қаланып үлгерді. 1992-1993 жылдары жаңа
құрылымдық жүйелердің реформалануына сəйкес,
қаржы бөлінбеді. Нəбиоллаға Алматыға барып,
құрылыстың жалғасуы үшін қаржыландыру жайлы
құзырлы орындарға жолығу тапсырылды. Алдағы
уақытта қаржы бөлінеді деген хабармен елге оралды.

1994 жылы мəслихат сайлауынан кейін күз
айында сессияда депутаттар менің баруымды қалады.
Қазақстан Республикасы Экономика министрінің
бірінші орынбасары, жерлесіміз Жанат Ертілесованың

279

қабылдауында болдым. 173 млн. теңге қажет екендігіне
талдау жасап, əдейі өтініш жасадым. Қайта-қайта
депутаттар қозғау салғанын қатерледім. Нəтиже оң
болып, келер жылы 150 млн. теңге қаржы бөлініп,
құрылыс толық аяқталды.

Депутаттардың аудандық аурухана салынуына зор
үлесі болғандығын мақтанышпен айта аламын.

Төлеген Сафоллаұлы да өз естелігінде Қаратөбедегі
аудандық аурухананың құрылысы тоқтап қалғанда
құрамында бас дəрігердің орынбасары Жаукен
Елеусінов, Нəбиолла ағасы бар делегацияның Алматы-
ға барып, құрылысты қайта жандандыруға себепші
болғанын айтады.

Серік Отарєазиев:

«Халық игілігін қызғыштай қорыды»

Қайта құру кезінде совхоз тұралап қалды. Нəбиола
совхоздың бас инженері, шеберхананың меңгерушісі
болып жүріп, елге үлкен еңбек сіңірді. Ол басқарған
шеберхана ауданның №1 шеберханасы болды. Онда
бүкіл жабдық, аппарат, станок мүлтіксіз жұмыс жасап
тұрды. Осындай шеберхана талан-таражға түсуі, жекеге
берілуі мүмкін деген ой Нəбиолланың үш ұйықтаса,
түсіне кірмеген сияқты, себебі оны бұған қимады.
Құлыптап қойып, өзі де алмай, өзгеге де бермей,
«халықтың игілігі ғой» деп қызғыштай қорып жүрген-
де ақыры терезесінен түсіп, өйтіп-бүйтіп тонап бітір-
ген секілді.

280

Мен Орал астық өнімдері комбинатын басқарып
тұрған кезімде Нəбиолланы жұмысқа шақырдым, пəтер
мəселесін де шешіп беретінімді айттым. Қолынан
іс келетінін білемін ғой. Бірақ «Халықпен, ата-ана,
ағайын-тумамен бірге болайын, бір жөні болар» деп
ұсынысымнан бас тартты. Өз қара басын емес, елдің
қамын ойлаған Нəбиолла еліне, жеріне сүйіспеншілігі
мықты азамат болды.

Институтта жүрген кезде оны іздеп барып,
екеуміз асханада түскі асты бірге іштік. Институт
кəсіподағының басшылық құрамында екен. Осы
жоғарғы оқу орнында алған білімін, біліктілігін ел
игілігіне пайдаға асырғысы келді. Бірақ оны жергілікті
билік сыйыстырмады, шетқақпай қылды. Қоскөлден
Егіндікөлге бірнəрсе қылып ауыстырып жіберді. Жаңа
жерде Нəбиолла комсомол хатшысы болды, аудандық
СПТУ-дың Егіндікөл филиалында қызмет атқарды.
Қай жұмыста істесе де, абыройлы болды. Қай істе де
оның жаңашылдығы көзге ұрып тұратын еді. Қайтқан
кезде бірге оқығандардан Хасеннің Алмасы мен Жасан
келді. Қатты сырқатқа душар болған кезде де емделуге
көмек сұраған жоқ. Жантасты оқуға əкелген кезде 1998-
99 жылдар болса керек, үйіме соғып, қонып кетті. Бұл
менің зейнеткерлікке шыққан кезім еді.

Елдос Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:

Сауапты істің басы-қасында көп жүрді

Су мұнараларының көбі қыста қатып қалатын
болғандықтан, қыс бойы толық қолданыста болмайды.
Біздің үйдің қасындағы мұнара қатпай, істеп тұрды.

281

Өзгелер «босқа қатып қалады» деп қорқып, мұнараға
суды жартылай құяды, сосын алғанынша алып
болғаннан кейін, қалғанын босқа қатып қалады ғой

деп ағызып жібереді. Сөйтіп суды рəсуа жасайды.
Əкем мұнараны суға жартылай емес, лық толтыру ке-
рек деп санап, соны практикада дəлелдеді. Сонда судың
тек сырты айнала қатып, қалғаны қатпай, қолданысқа
жарамды болып қалады екен.

Қалдығайты қалдық судан қалай аман қалды?

Шамамен1987-88жылдары,əкемҚаратөбегештативін
апарып, жер өлшеу жұмыстарын жасап жүрді. Менің
түсінгенім – Қаратөбе аудандық ауруханасының орны
əу баста Қалдығайты өзеніне тым жақын белгіленген.
Сонда əкем аурухананың қалдық-қоқыстары өзенді
ластауы мүмкін екендігін ескерткен соң оның орны
өзге жерге жылжытылыпты.

Шеберханадан шығарып жіберген соң, 1988-89
жылдары əкем заңгер-кеңесші болды. Содан
жұмысшылар «Нəбиолланы шаруашылыққа қайтар,
инженер болмаса да, шеберхана меңгерушісі болсын»
деп совхоз басшылығы алдында талап қойыпты. Сөйтіп,
əкеміз қайтадан шеберхана меңгерушісі болды. Əкем
заңгер болып жасап жүрген кезде оған «Шаңғымды
жөндеп берші» деп өтініш қылғанымда «Балам қазір
мен шеберханада жасамаймын ғой» деп еді. Көп ұзамай
шеберханаға қайта орналасқан соң, сынып қалған
шаңғымның басын қаңылтырмен керемет қылып
қаптап, сырғанауға жарамды етіп жасап берді.

Əкем қызмет жасаған СПТУ-дың совхоздың кадр
мəселесін шешуге көмегі өте үлкен болды. Бұл –

282

совхоздың қарыштап дамып жатқан кезі. Ол кезде
совхоздың жиналыстары кəдімгідей жоғары деңгейде,
қызу өтеді. Сол кезде бала болсам да, осындай
жиналыстарда барқыт жабылған үстелде графин
тұратыны есімде.

Нўртас Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:

Музыкалық орталық олжалаған клуб

Бала кезімде ауылға Үкімет басшысы Нұрлан
Балғынбаев келді. Жас та қажырлы совхоз директоры
Қайыржан Тоқсановтың алғырлығы арқасында Кеңес
үкіметі құлағаннан кейінгі шаруашылықтың құлдырау
жылдарында біздің ауылда жаңадан мəдениет үйі
салынған болатын. Осы жаңа мəдениет үйінде
Үкімет басшысының ауыл халқымен кездесуі кезінде
əкем сөз алып, қазақтың бұрынғы орындаудағы əн-
күйлері пластинкада қалғанын, қазір пластинка
ойнататын құралдар қолданыстан шығуына орай,
аталған антологиялардың диск-кассеталарда жазылған
топтамасын шығару жəне соны тыңдауға мүмкіндік
беретін жаңа заманғы ойнатқыш құралдарды
мəдениет ошақтарына жеткізу қажеттілігі туралы
айтады. Балғынбаев бұл өтінішті орындауды облыс
басшылығына тапсырады. Бұл тапсырма жартылай
болса да орындалып, ауыл клубына музыкалық орталық
жеткізілді. Əрине, ол кез музыкалық орталықтың
ауылдық жерлерге жете қоймаған кезі еді. Сөйтіп, ауыл
клубы əкемнің арқасында ойламаған жерден тым тəуір
олжаға ие болды.

283

Әкемнің «Жігіт сұлтанын» баптауы

Өзінің қарауында шеберханада жасайтын
Ғалымаддин Ғұмаров деген жігітті «Жігіт сұлтанына»
əзірлеуде көп еңбек сіңірді. Байқаудың көп шартының
бірі «40 өтірік» еді, осы шарттың сөздерін əкем даярлап
берді. Өкінішке орай, мəтіні сақталмай қалыпты. Ішінде
«Төрт аяқты шакалыңнан екі аяқты сақалыңның зардабы
артып тұр» дегенге саятын ұтқыр ой оралымдары, ақ
өлең ұйқасына ұқсас жолдар болғаны есімде қалыпты.
Сол кезеңде ауыл малына ит-құс көбірек тиіп, кісілер
«Бұл қасқыр емес, өзгеше бір мақұлық көрінеді»,
əсіресе, «шакал» деген əңгіме мол тарады. Сонымен
қатар ұрлықтың да күшейіп тұрған кезі болатын. Сонда
адамдардың жағымсыз əрекетінің ит-құстан да асып
түсіп жатқанын əкем тапқырлықпен шебер бейнеледі.
Ауылдасымыз Қыдырғали Құрманғалиев жазғандай,
ауылдың екі жүздей ұсақ жандығын қырған ұры
қасқырды əкемнің атып алатыны осы жылдың күзі
еді. Ал «Жігіт сұлтаны» болса, бұдан 7-8 айдай бұрын,
көктемде, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған
болатын. Сөйтіп, əкемнің даярлаған адамы екінші орынға
ие болды. Бірінші орынды мектеп мұғалімі Серғазиев
Бақыт ағай алды. «Сварканы жақсы жасайды, жұмысқа
ұқыпты» деп əкем Ғалымаддин ағайды мақтаушы еді.

Бұл байқау туралы Ғалымаддин Ғұмаров: «1997
жылы «Жігіт сұлтанына» шеберхананың атынан мен
қатысатын болып, Нəбиолла аға соған мені əзірледі.
Ол – елге болсын дейтін азамат. Мен осы байқаудан
екінші орынға ие болып, жүлдеге алған сағатымды
Нəкеңе сыйладым. Риза болып қалды» - дейді.

284

Түрлі игі істе әкемнің ізі қалды

Əкем мықты фотограф болды. Сол кезде ауылдағы
естелік фотолардың көбі əкемнің қолынан шықты.

Өрттің алдын алуға көп еңбек сіңірді. Техниканың
ұшқын шашу ықтималдығын барынша азайтуға
тырысты. Өрт сөндіретін сапалақтарды мол қылып
жасатып, солардың машина-тракторларда жүруін қатаң
қадағалады. Ауылдан ашылған СПТУ-дың жұмысына
көп еңбек сіңірген.

Əкем қауырт жұмысынан қолы босаңсыған сəттерде
кешкілікте қой қарсылауға шыққан адамдарды жинап,
жылдың қолайлы мезгілінде қойды таңғы, кешкі
салқынмен ауылдан барынша алыс жаю керектігін,
ал жауын-шашыны көп, ит-құсы мол күз кезінде жаз
бойына шөбі желінбей сақталған ауыл маңына жаюға
болатынын түсіндіретін.

Жанболат Иманєалиев:

Кеңес сұрап барсаң,
миыңа құйып жібермей, босатпайды

Нəкеңнің үйіндегі бөлмесінде нəн үстел тұратын
еді. Жылжымалы метрлік сызғышы болды. Бірдеңесіне
қолыңды тигізбек болсаң, «қозғама» дейтін. Қандай
бір техникалық, заңгерлік кеңес, көмек сұрап барсаң,
миыңа құйып жібермей, босатпайды.

Совхозға «Водовоз» болсын, «ЗИЛ» болсын, қандай
да бір көлік келсе, біраз уақыт өзі айдап, обкаткадан
əбден өткізіп барып береді. Директор Хамит екеуі
құрдас, сыйласып əзілдесетін еді. Совхоздан өзіне

285

ештеңе алған жоқ. Жұмысынан, жиналыстан қалмай-
ды. Мамандардың жиналып ішетін əдеті бар ғой, олар-
ға қосылмайды.

Тарихта, əдебиеттте өзімен тең, сырласатын адам
таба алмай, құса болып, жапан далаға кетіп, үңгір-
лашықты мекендеген адамдар жайлы аз айтылмайды.
Біздің кітаптың бас кейіпкері қандай да бір теперіш
көрдім, жан дүниесі жақын, сырласатын адам жоқ
деп елден безуді ойға да алған жоқ, керісінше, ел-
жұртымен тығыз араласып, оларға қолынан келгенше
қолайлы орта қалыптастыруға тырысты.

Өз басым, Нəбиолла аға саналы түрде, өз қалауымен
коммунист болды деп ойлаймын. Жəне осы шешімді
қабылдаған кезде бұл партияның қазақ халқына
қатысты ұстанымын, жасаған қиянатын, жасайтын
жамандықтарын толық та болмаса, сезді, бірақ соған
қарамастан, осы КПСС мүшесі болуға ұмтылды.
Себебі партия мүшесі болу ойына алған істерін, тұлға
ретіндегі миссиясын жүзеге асыру үшін өте қажет
екенін ұғынса керек. Коммунист емес Н. Сафуллин
коммунист Н. Сафуллинге қарағанда əлдеқайда аз іс-
тірлік атқара алар еді. «Ақ болсын, қызыл болсын,
бəрібір. Мен қазақ халқына пайдасы тиетін үкіметте
қызмет етемін» деген Алаш көсемі қадірменді Ахмет
Байтұрсынұлы секілді Нəбиолла ағамыз қалай да
халқына көбірек қызмет қылу, көбірек пайда тигізудің
жол-амалын қарастырды деп санаймын.

286

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ ЖАН

Бесаспап жігітті қазекем «Сегіз қырлы, бір сырлы»
деп мақтайды. Мен қолыма түскен естеліктерге сүйене
отырып, Нəбиолла ағаны «он алты қырлы, бір сырлы»
деп айтар едім. Сөзімнің дəлелі ретінде кітабымыздың
бас кейіпкерінің осы айтқан он алты қыр-сипатын
санамалап тұрып, мысал келтірген түрде алға
тартайын:

1) Шебер. Нəбиолла ағамыздың əкесі Сафолла

ата да айтулы шебер болыпты. Төлеген Сафоллаұлы
«Өрбіген Тана ұрпағы» атты жырында əкесінің балта,
балға, шапашот, тескіш, қашау, бұрғы, тіпті ине-
тараққа дейін жасағанын, көрік ұстағанын баяндайды.
Əсіресе, мəстемір, шоқаяқ, дөңгелектің иін шеңбері,
шананың табанын жасау; қазан, кесе, аққұманды
жамау жағынан жан баласын алдына салмапты.
Темірден түйін түю жағына келгенде өңірдің мықты
шеберлері Бисеғұл мен Машқаннан да артық түсіпті.

287

Бұдан басқа да теріні қолдан илеп жүген, делбе, айыл
жасап, етік-мəсі тіккен, байпақ түптеген екен.

Бірде Шімтік деген жас жұмысшы тəжіри-бесінің
аздығынан косилкасын құдыққа салып, қи-ратып алады.
Сол үшін бригадир Хансұлтан қамшы үйіріп, жас
баланы сабамақ болып жатқанда Сафолла атамыз
ара түсіп, сынған дүниені өзі жөндеп беруге уəде етеді.
Содан шойынды абайлап тесіп, аллюминий қаңылтырды
мыс шегемен ұстатып, май тұратын қуысын сыммен
құрсаулап, техниканы бүтіндеп, Шімтік жазғанды бір
бəледен аман алып қалады.

Өрбіген Тана ұрпағы» жырында Сафолла атаның
күйме мен диірмен жасағаны, шетеннен шарбақ
тоқығаны туралы да жолдар бар. Ағаш келі, қасық,
аяқ-табақ, ожау, оқтау, сабау, шыбыртқы, қамшы,
айыр, балта, күрексап, қолорақ, пышақ, шанышқы
сықылды күнделікті тұрмысқа қажет нəрсенің
бəрін былай қойғанда, айқұлақтан (ұлу қабыршағы)
ілгек-түйме жасапты. «Əке көрген оқ жонар»
дегендей, осындай шебердің тəлім-тəрбиесін көрген
Нəбиолла Сафоллаұлының құр болмауы заңдылық қой.
«Нəбиолла аға қандай адам болды?» деп көзін көрген
замандастарынан сұрай қалсаң, олардың көбі əңгімені
«Ол мықты шебер болды» деп бастайды. Нəкеңнің
кəсіби сипаты осы кітаптың «Өз ісінің шебері» атты
тарауында баяндалған, дегенмен жоқтан бар жасау,
тыңнан жол табуға бейім ағамыз жайлы бірнеше
естелік келтірейін:

Берік ОСПАНҰЛЫ: Тоқсаныншы жылдардың
жоқшылығы кезінде қосалқы бөлшектердің тап-
шылығы қатты сезілді. Осындайда епсекті жігіттер
бір техниканың бөлшегін келесісіне салып, амал

288

жасап жүрді. Нəбиолла аға басқаратын шеберхананың
қызметкерлері «К-700» тіркемесінің дөңгелегін «ГАЗ-
53»-тің артқы доңғалағы қылып, үйлестіріп салды. Ол
үшін «ГАЗ-53»-тің центровкасын ойып алып, «К-700»
тіркемесінің доңғалағына бейімдеп жапсырды. Соның
бəрін Нəкеңдер егжей-тегжейлі есептеп жасады. Содан
соң əлгі «ГАЗ-53» біразға дейін жүрді.

Мұхит Ізбасаров: Нəкең бастаған жігіттер «ДТ»-
ға комбайнның дискісін, айналатын цилиндрін салып
– шынжыртабанды тракторды дөңгелекпен жүретін
қылып шығарды. Бұл тракторды Адақ (Рамазан) айдап
жүрді.

Осындай естеліктерді тыңдап отырғанда «Шіркін,
осындай азаматтар рационализатор-өнертапқыштық
қарым-қабілеттерін қадірлейтін заманда өмір сүрсе,
қандай биіктерге дейін көтерілер еді. Бұдан қоғам
қаншалықты ұтып, ғылыми-техникалық прогресс алға
жылжыр еді» деген өкініш-мұң еңсені езеді.

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ:
Бір жылы ауыл иттері құтырғанда əкем оларды
алыстан атып, көзін жою үшін директор Тоқсанов
Қайыржан ағайдың мылтығын пайдаланды. Ол
мылтықтың калибрі өзгеше, жіңішкелеу еді. Сонда
соған сай гильзаны əкем өзі станокпен жонып, қолдан
жасады.
Үйдегі пештің темірден жасалған тұтқасына қол
күйе беретін еді. Əкем соған ыстыққа төзімді материал
арқылы жалғап, қолайлы ағаш тұтқа орнатып қойды.
Пештің ауызын ашып-жапқанда енді қол күймейтін
болғанына сүйсінген кішкентай қарындасым Венера
пештің алдына отырып алып, «Əй, папа, сықитып

289

жасайды өзі! Əй, папа!» деп қайта-қайта айтып отырды.
Осыны естіген əкем: «Өй, қызым! Бір жапырақ болып,
риза болып отырғанын қарашы» деп мəз болды.

Тоқсаныншы жылдардың тапшылығы қысыңқыра-
ған кезеңдерде əкем өзіне қажетті кез келген құралды
көрнекі əрі өте ыңғайлы етіп қолдан жасап алатын.
Ұлы Жеңістің елу жылдығында алтыншы мамыр күні
атшабыс, күрес – дала қызықтары ұйымдастырылып,
соны тамашалап үйге қайтып келе жатқанда жолда
жатқан бір темірді «Кетпен жасауға қолайлы екен» деп
алып жүрді де, кереметтей кетпен жасап қойды. Əкемнің
құралдарымен жұмыс жасау жанға лəззат береді. Тік
күрек, шот, кетпенді өткірлеп қайрап қояды. Оның
қайраған шотымен арамшөптерді қырғанда қолмен
салмақ салмай-ақ, ұстарадай лыпып, шотты жүргізіп
өткен жол тап-таза болып, арамшөптерді пытыр-пытыр
қиып түсіретін. Ал кетпені салмақты, онымен тамыры
жуан да қатты, ірі өсімдіктерді (ошаған, қарабарақ)
шауып түсіру бұйым емес. Ол кетпен бақшаға «борозда»
жасауға өте ыңғайлы құрал болды.

Əкемнің сол жасаған кетпені, қолдан тоқыған ауы
əлі күнге дейін бар. Пышақтың түр-түрін, шапашотты
да жасады. Жəне оның қолдан жасаған дүниелері дайын
тауар күйінде сатып алатын құралдарға қарағанда,
əлдеқайда сапалы əрі ыңғайлы болып келетін. Қолдан
өте жеңіл етіп тай ертоқым жасады. Қара байталға
мінгенде сол ертоқымның қызығын өзім көрдім.
Жалпы ат əбзелдерінің барлық түрін жасай алды. Оған
қажетті материалдарды да өзі даярлап алатын. Бізге
шалғы орақты шыңдау, қайрауды көрсетіп, онымен шөп
шабудың ретін де үйретті.

290

Венера НƏБИОЛЛАҚЫЗЫ: Əкемнің қалтасында
керек болып қалуы мүмкін нəрсенің бəрі – түрлі түсті
қалам, ұшталған қарындаш т.с.с үнемі жүретін. Əлі
күнге əкем сияқты қарындашты шебер ұштайтын кісіні
көрген жоқпын. Интернет елге дұрыстап келмей тұрып,
оны пайдалану ретін қағазға жазып қойғаны есімде.
Ол жан-жақты адам еді. Əндерді де нотаға сала алатын
еді.

Жантас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: 1-сыныпта оқып
жүргенімде əріп салатын тақтайша керек болды. Сонда
əр минуты санаулы əкем баласының осы сұранысына
көңіл бөліп, картоннан ойып, гуашьпен бояп, əріп, сан
салатын ұяшықтары бар керемет тақтайша жасап берді.
Мұндай оқу құралы сыныптағы еш балада болған жоқ.

Бізге кішкентай күнімізде «Пионер» велосипедін
алып беріп, оны теуіп үйрендік. Өсе келе, өзіміз
қатарлас балалардың велосипед теуіп жүргенін көріп,
үлкен велосипед алып беруін сұрап жүрдік. Əкем сонда
«Велосипедтен пайда жоқ, ат алып берсем, өздерің
бағасыңдар ма?» деп сұрады. Біз сөз берген соң, көп
ұзамай үйге жылқы келді. Ол кез – ат құралы қат заман.
Содан əкем ат əбзелін жасауды өзі қолға алды. Құйысқан,
ноқта, жүген, шля бəрін қолдан жасады. Керек ағашын
өзі тапты, ат дорбаға дейін өзі тігіп алды. Бір жылдың
ішінде бүкіл ат-əбзелді жасап шықты.

Шана жасау үшін терте (оғлоб) керек болды. сол
үшін тоғайға барып, ағаш іздеді. Осы сапарда Ерғали
жездеміз андызды қалай қазатынын көрсетті. Əкем
Ерғалидан ағашты қалай кептіретінін сұрап алды.
Ағаштың қабығын түгел сыдырып тастамай, оның əр
жерінен кертіп жіберсе, қаудырламай кебеді екен.

291

Серікбай НƏЖИОЛЛАҰЛЫ: Бірде айдап жүрген
«Жигулиімнің» алысқа түсетін жарығы жасамай қалды.
Тəтемнен көмек сұрауын сұрағаныммен, «Жигулимен»
жұмыс жасап көрген жоқ, білмейтін шығар» деп ойлап
тұрмын. Тəтем еш нəрсені асығып жасамайды, бір релені
тауып алды. Төрт сымның қайда барып қосылатынын
сұрайтынын біліп, алдын ала дайындалып қойып едім.
Содан кезекпен-кезек бір жерді айырып, бір жерді
қосып, ақыры ақауды дəл анықтады – контакт болмай
тұр екен. Ол бұрын өзі көрмеген, жұмыс істеп көрмеген
техниканың өзін логикаға сүйеніп отырып, жөндей
беретін еді.

Төлеген САФОЛЛАҰЛЫ: Нəбиолла бір мылтықты
жетілдіргеніне куə болғаным бар. Оғы алысқа ұшуы
үшін мылтыққа диаметрі дəл келетін тұрба жалғады.
Ұзарған мылтық машинаға сыймайтын болғасын,
жаңағы тұрбаға резьба салып, алмалы-салмалы
қылды.

Нəбиолла «К-700»-дің камерінен үндістердің пирог
қайығына ұқсатып қайық жасады. Қайықтың сыртына
екі гимнаст шеңберін орнатты. Осы қайығымен өзге
үрмелі қайықтар «жарылып қалады» деген қауіптен
жоламайтын қамыс ішіне бұзып-жарып кіре беретін еді.
Салмағы менен гөрі біраз жеңіл Нəбиолла ағамды еркін
көтеретін бұл қайықтың қызығын 90 келі тартатын
мен көп көре алмадым. Ішіне бірнеше үйрек салғаннан
кейін суға бата бастайды. Ағамның қиялы жүйрік, ойы
еркін болды. Бір нəрсені бейімдеу, жетілдіруге келгенде
алдына жан салмайтын еді.

Елдос НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкем үй болсын, қызмет
болсын, өмір сүру-еңбек ету орнын оңтайландыру
əрекетін тіпті ауруханада емделіп жатқан кезінде де

292

тастаған жоқ. Кереуетінің айналасын, тумбочканың
ішін тəртіпке келтіріп, сондағы заттардың əрқайсысын
көзді жұмып тауып алатын қылып қойды. Электрон
сағатына жіп байлап, іліп қойды. Сол жіптен тартып
қалса, уақыт көрсететін қылып ыңғайлады.

2) Аңшы, балықшы, мерген:

Нəбиолла ағаның бұл қырына «Аңшы» атты тұтас
бір тарау арналды.

3) Əдебиет пен өнерге жақындығы.

Өмірінің негізгі бөлігін ауылдық жерде өткізген
адам ретінде Нəбиолла аға, əрине, БАҚ бетінде,
мысалы, көгілдір экранда отырып алып, өнер жəне
əдебиет туындыларына талдау жасаған жоқ. Бірақ
замандастары бөліскен естеліктер маған «Нəкең
өз ортасының əдебиет жəне өнер сыншысы болды»
деп айтуға мүмкіндік береді. Егер біздің кітаптың
бас кейіпкері қалада тұрса, əдебиет пен өнер
ортасында жүрсе, ешқандай кəсіби білімсіз-ақ та
көзге түсер ме еді, білікті де батыл сыншы ретінде
бүкіл республикаға танылар ма еді деп ойлайсың.
Бір жағынан, ешкімнің атақ-дəрежесіне қарамай,
бетіне ашық айтып тастайтын мінезімен бұл ортаға
сыяр ма еді, сыймас па еді, кім білсін. Мінез демекші,
кейіпкеріміздің шындықтан ауытқымайтын туралығы
мен батылдығы, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек» сипаты халықаралық «Алаш» əдеби
сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Құрманғазы
Қараманұлының естелігінде де көрініс тапқан.

293

Нәкең нығыз адам еді

Нəкеңді жасы үлкен ғой деп, аға санаушы едім.
Кейін ғана білдім, менен үш-ақ жас үлкендігі бар екен.
Қазақта үш жас түгіл бес жасқа дейінгі аралықты белден
басып, «құрдас» атандыра беретін үрдіс бар ғой. Бірақ
ондай еркінсуге өз жасынан əлдеқайда ересек көрінетін
Нəкеңнің жүріс-тұрысы, сөз саптасы, өзін ортада ұстау
өнегесі жол бермейтін. Сондықтан оны одан үш-төрт
жас үлкен нағашы ағам Өмірзақ Көшербайұлының
қатары шығар деп жорамалдап жүргем. Ол кісіні алғаш
рет сол Өмақаңның үйінде кездестіріп танысқан да
болатынмын.

Алғашқы эпизод. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас
Алаш») газетінде қызмет істеп жүрген шақта ел жаққа іс-
сапарға шыққан кезімде тапсырмамды тездетіп орындау
есебінен міндетті түрде екі-үш күнді «үнемдеп», ауылда,
Егіндікөлде болып қайтуға, Қалдығайты тереңіне бірер
сүңгіп, қармақ лақтыруға уақыт табушы едім. Əр жолы
«Құрман келді!» деп Өмақаң мен Рақат жеңгейдің
қонақ бөлмесінде есіктен төрге дейін жететін дастарқан
жайылып, қонақ шақырылатын. Онда Өмақанның
қатарлары мен менің құрдастарым бас қосып, шаңырақ
əзіл-қалжың, күлкіге толып, бейне бір шағын той-
томалақ өтіп жатқандай болатын.

Əлі есімде, сондай бір алғашқы отырыстағы əзіл-
қалжың азайған тұста əңгіме арнасы совхоз, аудан
басқарып жүрген кейбір əңгүдіктердің жарамсыз
істері, тіпті үкіметтің халықаралық аренадағы айла-
шарғылары жайына қарай ауысып сала берген сəті
болды. Əркім əртүрлі пікір айтып, тақырып онша

294

өрістей алмай қалған сəтте кенет томағасын сыпырған
сұңқардай суырылып, ақсары өңі алабұртып Нəбиолла
ағам сөйлеп берді. «Бұл өзі олай емес, былай ғой»
деп бастап, айтылып жатқан фактілерге өзі түйсініп,
тұжырған пікірін үстеп, жоғарыда кім отыр деп
жалтақтамай, былайша айтқанда, бетің бар, жүзің
бар демей, өзінің өткір де өтімді ой-пікірін ақтарып
салды. Отырған жұрт ауызын ашып қалды. Мен де
аң-таң болдым, мұндай тосын тұжырым «үш əріптің»
адамдары қылышын қайрақпен жанып отырған Кеңес
заманында жиі айтыла қоймайтын.

Партия жəне кəсіподақ ұйымы жиналыстарында
да жасырмай, жария қылып жүрген, сол заман
үшін осындай «оғаш» пікірлерінің салдары шығар,
ағамыз шағын совхоздағы инженер, машина-трактор
шеберханасы меңгерушісі сияқты қызметтерінің өзін
əлденеше мəрте босатуына тура келген болатын. Бұл,
əрине, түсінікті де ғой...

Екінші эпизод. Əлі есімде, жыл аралатып тағы бір
келгенімде Өмақаң үйіндегі отырыстың ертеңінде
совхозда инженер боп істеп жүрген Нəкең мені
Қалдығайты жағасында демалып қайтуға шақырды.

Су жаңа «Газиктің» бортына өзінің үш-
төрт қатарласы жəне құрдас-достарым Амандық
Қилыбайұлы мен Қылыш Бисенұлы бəріміз жайғасып,
азынатып отырып Борөткелге келдік. Сол жерде
ағаларымыз əрменіректен ау құруға кірісті де, біз
бергі жақтағы тостағандай қара су іспетті айдындарға
қармақ лақтырумен айналыстық.

Арада біраз уақыт өткен соң ағаларымыз бізді
балық сорпасына шақырды. Əрине, «жүз грамм»
да болды ғой. Ағаларымыздың бізге деген ерекше

295

ілтипаты мен ықылас-ниеті тəнті қылды. Əзіл-қалжың,
қарқылдаған шат күлкі Борөткел бойын біразға дейін
жаңғырықтырып тұрды...

Үшінші эпизод. Тағы бір жолыққанымда Нəкең
машина-трактор шеберханасының меңгерушісі боп
жүр екен. Арада көп жыл өтті ғой. Ертеректе өзім де
осы шеберханада жұмыс істегем. Мектеп бітірген соң
КазГУ-дің журфагіне түскім келген. Ол кезде бұған
түсетіндерді екі жылдық еңбек тəжірибесі болмаса
қабылдамайтындықтан, аудандық «Еңбек туы»
(қазіргі «Қаратөбе өңірі») газетінде бір жыл жұмыс
жасап, ол 1961 жылы жабылған соң (сол жылы аудан
да жабылып, Жымпитыға қосылған) ауылымдағы
аталған шеберханада слесарь болып істейтін нағашы
ағам Өмірзақтың қарауына көмекші боп орналасқам.
Сондықтан ауылға келген сайын шеберханаға бас
сұқпай кетпейтінмін.

Еңбек демалысымды алып, бір апта ауылда болайын
деп келген кезім еді. Шеберхананы аралап жүргенімде
Нəкеңе ұшырасып қалдым. Хал-жай сұрасып,
қауқылдасқан соң ағама бір-екі күнге көлік керегін,
ауыл маңайындағы бұрын болған жерлерімді тағы
бір көріп шыққым келетінін құлаққағыс еттім. Нəкең
мақұл көріп, түсте үйге бір «Газик» баратынын, кешке
дейін өзіммен бірге болатынын айтты. Айтқанындай,
түсте үйге келген жүргізуші жігітпен Ақ Орынша
анамның дайындап қойған шайын ішкен соң жүріп
кеттік. Қызылжар, Құлақши, Түйеқұдық, тіпті сонау
Тұщықараға дейін барып, біраз жерді аралап қайттық.
Ертеңіне Нəкең маған су таситын машинаны жіберді.
Əлгі інішек екеуміз Жаңақоныс, Жылқықұдық жақты
аралап, қараған, тобылғы, тоғай боп өскен қалың

296

шилерді шарладық...
Бұл əңгімеде мен Нəкеңнің өзіме жасаған жақсылы-

ғын ғана айтып отырғандай болуым мүмкін. Алайда,
ақиқатында, Нəбиолла ағам – ауылдастарына алуан түрлі
жағдайда талай қолұшын беріп, қамқорлық жасаған
абзал азамат. Сондай-ақ ауылда болған кезімдегі қилы
отырыста оның акқөңіл, ақпейіл, ақжүрек, бауырмал,
турашыл, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген
қағиданы ұстанған жүректі адам болғандығы жайында
да талай-талай дəріпті лебіз естігенімді айта кеткенім
жөн.

Нəкеңнің жарқын бейнесі сол қалпында көз
алдымда...

Құрманғазы ҚАРАМАНҰЛЫ

Нўртас Нəбиоллаўлы:

Әкемнің әңгімесі

Əкемнің Төлебай есімді құрдасының отбасымен
үй арасында үй жоқ, көрші тұрдық. Төлебай ағай
жас күнінде ақындар айтысына қатысқан өнерлі
кісі еді. Қоңыр үнді домбырасы болды. Кейде үйге
қонақ шақырғанда əкем құрдасының домбырасын
сұратып алатын.

Əкем бірде кешкісін сол домбыраны иесіне
қайтармаққа алып бара жатып, көктемде жүлге болып
ағып жатқан суға түсіріп алады. «Домбыраны дымқыл
күйінде қайтарғаным үйлеспес» деген оймен: «Төке,
əңгімелесіп бір шай ішкенше, домбыра да кебер» деп

297

құрдасын жолдасы Бақытжамал апаймен бірге үйге
шақырыпты. Содан не керек, арғы жағына өзіміз куə
болдық. Анама үлкен жаққа, яғни қонақ бөлмеге шай
əзірлетті. Сол сəтте үлкен жақтағы үстелдің үстінде
үйдегі қоңыр «проигрыватель» жəне бірнеше күй
пластинкалары болғаны əлі күнге есімде.

Əкем дастарқан басына əдеттегідей бізді де бірге
отырғызды.

- Төке, сен домбыра ұстаған, музыкаға жақын
адамсың ғой. Бақытжамал, сен де өнерден қашық емес-
сің, филологсың, қазақ тілі мен əдебиетінен сабақ
бердің. Мен қазір бір күйді ойнатайын. Күйді тыңдаған-
да қандай əсер аласыңдар, əңгімелеп беріңдер, балалар
тыңдасын, - деді əкем шай басында.

...Сол жолы күй ойнатылғаннан кейін əкемнің
проигрыватель жанында түрегеп тұрып айтқан əңгімесі
есімде қалды. Айдынға қонғысы келген аққу, бір
жайсыздық əлде қауіп бар ма, қонуға жақындай түсіп,
қайта көтеріледі. Осы көрініс бірнеше рет қайталанып,
соңында аққудың қонуымен күй аяқталады деген
бағытта əңгімелеген еді.

Ол кезде мен 8-9 жастағы бала едім. Əкемнің əңгімесі
жадымда жақсы сақталғанымен, күйдің əуені есімде
қалмапты. Сірə, түсінбегеннен шығар. Арада он бес
жылдан астам уақыт өткенде бір қызық оқиғаға тап бол-
дым. Қазақтан шыққан аса дарынды музыкант Мұхит
Айтқалиев туралы көлемді мақала жазатын болып, із-
деніс үстінде жүр едім. Мұхит Айтқалиевтің шəкірті –
Рысты Жакопқызы журналист Жаулыбай Иманалиевтің
«Күйші Мұхит Айтқалиев» атты радиоəңгімесін бер-
ді. Радиохабарда Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар
оркестрінің Мұхит Айтқалиев оркестрге лайықтап

298


Click to View FlipBook Version