The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zkoipk, 2019-02-11 23:52:32

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

бағытты мықты анықтайды. Маған жұлдызды аспан
туралы өте көп əңгіме айтты.

Мұхит ІЗБАСАРОВ: Нəкең табиғат аясына жорыққа
шыққанды жақсы көреді. Алтынбай, Нəкең, мен бар,
үшеуміз балыққа шығып тұрамыз. Біздің араққа жақын
емес екендігімізді тəуір көріп, жолдас қылып жүргені
ғой. Ұжым болып шыққан сол жорықта Қалдығайты
жағасында, арба үстінде қонып жатқанда Нəкең жұлдыз
туралы біраз əңгіме айтты. Мен ұйықтап кетіппін.
Сонда «Мен кімге айтып жатырмын?» деп маған зілсіз
ұрысқаны бар.

Жантас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкемнің бағыт-бағдар-
ды жұлдызға ғана қарап емес, өзге бір ілім-білімге сүйеніп
те анықтайтын шығар деп ойлап қаламын. Бірде біз бала
кезімізде Сармат обалары жақта, ауылдан шамамен төрт
шақырым жерде қойкезекте жүрген кезімізде қатты
тұман түсіп кетті. Сонда əкем бізді трактормен іздеп
тауып алды. Түк көрінбейтін тұман ішінен бізді қалай
тауып алғанына əлі күнге таңым бар.

Махуза АЙСАҒАЛИҚЫЗЫ: Мектепте «Астро-
номия» деген пəн бар. Шыны керек, біздің мектептің
физиктері ондай алғыр болған жоқ, астрономияны
қызық, түсінікті жəне практикада қолданатындай қылып
бере алмады. Бір күні Нəбиолла ағай маған келіп: «Мен
осы астрономиядан тегін сабақ берсем қайтеді?» деп
сұранды. Орынбасарларыммен ақылдасып көріп едім,
олар «Жолата көрмеңіз, ертең педагогикалық кеңесте
неше түрлі сұрақ қояды» деп шошып кетті. Содан,
расы керек, оның білгірлігін біле тұра, «педагогикалық
біліміңіз жоқ» деген желеумен оның жаңағы өтінішін
қанағаттандырмай қойдық...

349

10) Бақшашы:

Өмір сүрген ортасын оазиске айналдыра алған
Серғазы атасына тартты ма екен, əйтеуір, Нəбиолла
аға бау-бақша ісі жөнінен өз замандастарынан көш
ілгері болыпты. Бір жағынан, отбасы бюджетін
томпайтатын, оның үстіне, балаларды еңбекке,
Жер Ананы емуге баулып, үй ішін денсаулыққа
пайдалы табиғи өніммен қамтамасыз ететін бұл
кəсіптің қазаққа да бөтен емес екенін, біраз нəрсені
осы жергілікті топырақтан өндіруге болатынын
практикада дəлелдеген Нəкеңнің бұл қыры көбімізге
өнеге бола алады.

Ардақ ЕСЕНОВА: Ауылда бақша салған санаулы
үй болды. Зуфар Гильманов, Нəбиолла ағай. Нəбиолла
ағамыз – керемет бақшашы жəне қолы ашық, үйіне
барсаң, нəн қауын, қарбыз беріп жіберетін еді.

Венера НƏБИОЛЛАҚЫЗЫ: Папам керемет бақ-
шашы болды деп айта аламын. Тіпті бір кездері бақша
өнімдерінің арқасында күнкөрісіміз жаман болған жоқ.
Папам қауын, қарбыз, қияр, қызанақ, баялды, бұрыш,
асқабақ, картоп, қырыққабат, пияз, кəді, қысқасы,
бақшада өсетіннің бəрін екті. Жəне осының бəрінен
ойлағандай мол өнім алатын. Көрші үй мен біздің үйдің
ортасында, ауланың ішінде, қораның артында үлкен
бақша болды. Папам соған сыпырғышқа дейін екті.
Бұл, бір жағынан, өсіп тұрған кезде бақшаны желден
қорғайды, кесіп алғаннан кейін тазалық құралы болады.
Əкем сыпырғышты əдемілеп буып-түйіп, сататынын
сатып, сатпағанын тегін тарататын еді. Сыпырғышты
үлкенді-кішілі қылып жасап, қалдық қалмауына дейін
қадағалады. Кішкентайлары пештің алдын сыпыруға

350

жарайтын еді. Бірдеңе еккенде ол жайлы кітаптан əбден
егжей-тегжейлі оқып, тереңдігіне дейін мұқият сақтап,
тыңайтқышын жүйелеп салып отыратын еді. Көп өнімді
тегін үлестіріп жүрді.

Махуза АЙСАҒАЛИҚЫЗЫ: Нəбиолла аға үйінің
сыртындағы жерді жыртып, бақша екті. Ол кісі бұл
іске де баппен іліміне сай, жүйемен кірісті. Əуелі егетін
дақылының дəн-тұқымын суда ұстап, бөрттіреді.
Жерге салған кезде олардың бір-бірінің арасындағы
қашықтықты қатаң сақтайды. Тыңайтқышты да өзі
қолдан жасайды. Ол үшін сиырдың жас жапасын, ара-
тұра тауық боғының қуаты көп деп, одан да аздап
пайдаланып жатады.

Нəбиолла ағамыз бұл қасиет-дағдыны əкесі Сафол-
ла атадан алған болса керек. Естеліктерге сүйенсек,
бұл кісі басқарған бригаданың құрамында орыс көп
болыпты. Əдетте құрамында орысы бар ұжым
басшылығына орысты қояды. Сафолла Серғазыұлын
бригадир қойғанына қарағанда, оның ерекше қабілет-
қажыры ескерілсе керек. Содан бұл бригаданың
көрсеткіштері жаман болмаған. Жұртқа қарағанда,
бақшасы да ертерек піседі екен. Себебі қарбызды күн-
діз құммен, түнде шөппен көміп тастатып жүріпті.
Сонда құмның қызуы қарбыздың пісуін жиырма күнге
тездетеді екен. Ал шөппен тасалау түнгі салқын мен
ұрлықтан сақтапты.

11) Шежіреші, өлке тарихын зерттеуші

«Бабалар сөзі» 100 томдығының «Қазақ мақал-
мəтелдері» атты 65-томында Нəбиолла ағамыздың
есімі аталады. ҚР Президентінің 1998 жылды Халық
бірлігі жəне ұлттық тарих жылы деп жариялауына

351

байланысты облыстарға арнайы жіберілген этномəдени
экспедициялар барысында мақал-мəтелдерге қатысты
мəлімет берушілер қатарында Нəбиолла Сафулиннің
есімі бар екен. Нəкеңнің қазақтың рухани қазынасы
жинақталған «Бабалар сөзіндей» асыл кітапқа ену
тарихын сұрадым.

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: 1998 жылдың 1 қыр-
күйегінде ауылға Альберт аға келді. Мен бұл кезде
алтыншы сыныпқа көштім. Алғашқы қоңырау
салтанатынан шығып, үйге келсем, сенедегі киім
ілгіште Альберт ағаның ұзын жең, ақшыл көк түсті
көйлегі ілініп тұр екен. Түстен кейін сабақ басталды.
Кешке қарай сабақтан келсем, үлкен жақта папам,
Едіге ишанның немересі, əнші Мұхиттың жиені –
Қайыррахман атай жəне Альберт ағам – үшеуі отыр екен.
Мен келердің алдында Дəуқара батырдың басына жəне
Айт мазарына барып келген. Альберт аға диктофонын
қосып, Қайыррахман атаның əңгімелерін жазып отырды.
Сонда Қайыррахман атай бір атты кісінің аруақты
мойындамай кетіп бара жатқанда аты тұра қалып, қан
сигенін айтып отырғаны есімде қалды.

Альберт ТӨЛЕГЕНҰЛЫ: Негізі, бұл экспедиция
маршрутында Егіндікөл жоқ еді. Тек Қаратөбе мен сол
ауылға тиіп тұрған Шөптікөл болды. Заманның қиын
кезінде руханиятқа көңіл мен қаржы бөлген осының
өзіне шүкір қылып жүрміз. Біздің Батыс Қазақстан
облысының əр ауданына екі күн бөлінген еді. Мен
болмай, бір күн жəне көлік сұрап алдым. Бірақ бұл істің
шарты бар – барған жеріңде жоқ дегенде 10-15 адамнан
дерек-мəлімет алуың керек. Осы іске тəтем көмектес-
кен секілді.

352

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкем өлке тарихы
деректеріне айрықша мəн берді. Бұл тақырыптағы
мəлімет-деректерді блокноттарына қысқа да нұсқа,
нақты етіп жазып жүріпті. Блокноттағы осы жазбалар
«Егіндікөл тарихы» атты кітабымды жазу барысында
үлкен пайдаға асты. Басқаша айтқанда, «Егіндікөл
тарихын» жазуға əкем себепші болды деуге болады.

Нұртас Сафуллиннің «Егіндікөл тарихы» атты
кітабында «Туған жердің тарихы да терең əрі бай.
Осынау өлкеде жасаған белгілі адамдар, əулие-əнбие,
ишан-қазіреттер жайында көнекөз қарт, хабары
бар жандардан сұрастырып, деректерін тиянақтап
жүретін əке үлгісі біз үшін əдетке айналды. «Əкенің
жақсылығы – жаман ұлға қырық жылдық азық»
дегендей, ауыз əдебиетінің асыл қазыналары да, шынайы
тарих та бастауларын өлке тарихына қатысты
аңыздар, ел жадында сақталған əңгімелерден алатынын
түйсіндік. Шежіре қарттардың əңгімелерін тарихшы
ғалымдардың еңбектері жəне белгілі жазушылардың
тарихи шығармаларымен бір арнаға ұштастыра
келгенде, аядай ауылдың арғы-бергі өткені арқылы бір ғана
өлкенің емес, тұтас қазақ ордасының тарихынан, тіпті
адамзат тарихының көне кезеңдерінен сыр шертерлік
деректерді кездестірдік» деп, əкесі жинаған мəлімет-
деректердің маңызын атап өтеді.

Нұртас Нəбиоллаұлының жоғарыда аталған
кітабында «Диктофонымда сақталған жазбалардың
бірінде «Ауылдың солтүстік іргесіндегі борлы жер
ертеде Бормешіт аталған. Беті жабық, қуыс үңгір еді.
Кейін үңгірдің бетін ашып тастады» – дейді Батырбай
атай. Бұл əңгіме «Бормешітте, аты айтып тұрғандай,
Қожа Ахмет Ясауи, Шопан ата, Бекет ата хикаяларын

353

еске түсіретін көне замандағы жерасты мешіті
болды ма екен?» деген ойға еріксіз жетелейді. Мұның
ықтималдығы да жоғары. Өйткені нақ осы жерді дін
таратушы қожалар қауымы, соның ішінде Киіксауған
бөлімі мекендеді. Ал Киіксауған атанған Назар қожа
Маңғыстаудағы пір Бекеттің тікелей нағашы атасы
екені шежіреден белгілі. Маңғыстау облысынан
Əлия Исаеваның «Қазақ үні» ұлттық порталында
жарияланған мақаласында «Көнекөз қариялар Бекет
атаның батырлығы кəрі нағашысы тама Есет
батырдан, көріпкелдігі мен əулиелігі өз нағашысы Назар
қожадан дарыған екен дейді» деген жолдар бар. Осы
тұста жоғарыда аталған телемұнараның солтүстік
бетінде бір шақырымдай жерде атақты Құныскерей
үңгірі орналасқан Мессай атты сай бар екенін де айта
кетейік. Ауыл үлкендері Мессай – Мешітсай (Месжид
сай) дегеннен шыққан атау деседі. Ендеше, ол сайдың
айналасында не ішінде орналасқан мешіт орны болса
керек-ті. Бұл жерде де Құныскерей үңгірі немесе бүгінгі
таңда «Каръер» атанған борлы үңгір сонау заманда
үңгіп салынған жерасты мешітінің кіреберіс аузы
емес пе?» деген ой қисынды түрде қылаң береді. Ауыл
үлкендері бұл жерлерді кие дарыған, қасиетті мекен
деп текке айтпаса керек дейді. Нұртас Нəбиолланың
осы жазбаларына қарап отырып, бұл өлкенің тарихы
өзге де, тіпті облысымыздан тыс аймақтармен
байланысып жатыр-ау, бұл жақтың шежіре-тарихын
əлі де ақтара түсу керек-ау деген ойға қаласың.

Маған Нəбиолла ағаның руға қатысты жасаған
сараптамасы аяқталмай қалған өзге бір үлкен істің
кіріспесі секілді болып көрінеді.

354

12) Детектив

Нəбиолла аға – өз ортасында ұрлық-қарлықты
тыюға белсене атсалысқан адам ретінде белгілі. Оның
бұл сипатына кітаптың өзге тарауларында сөз болған
жоғалған 36 бас іріқара, көршісінің ұрланған сиырын
тауып беруі, ауыл шаруашылығы институтында оқыған
кезінде жатақханадағы ұрлықты ашу оқиғаларын оқу
арқылы көз жеткізуге болады.

13) Бірнеше музыкалық аспапты меңгерген жан

Сырым НƏЖИОЛЛАҰЛЫ: Тəтем жан-жақты адам
еді, домбыра мен мандолинада тым тəуір ойнады.

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкем жайбарақат
сəттерде немесе көңілі жайланғанда оқ оқтау, ат
құралдарын жасау, жөндеу секілді істермен айналысып
отырып, құлаққа жағымды баритон даусымен ақырын
бір əуендерді айтатын кездері болады. Бір-екі рет
əн салғанына да куə болдым. Зор, қоңыр дауысы
болды. Ертеректе мандолино, домбыра тартыпты. Күй
тартылған кезде өзгеше бір күйге түседі. Көзін ашып-
жұмып ұйықтап бара жатқан адам сықылды тербеліп
отырады. Сосын сол күйдің мəн-мағынасын, орындалу
мəнерін – бəрін егжей-тегжейлі талдайды. Менің əн,
жыр, күйге деген қызығушылығымды оятқан – əкемнің
өнегесі. Оның ноталық сауаты да болды.

14) Фотограф

Махуза АЙСАҒАЛИҚЫЗЫ: Нəбиолла ағай
мектептің штаттан тыс фотографы сияқты болды,
көптеген шарамызды фотоға түсіріп беріп жүрді.

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкем мықты фотограф
болып еді. Сол кезде ауылдағы естелік фотолардың

355

көбі əкемнің қолынан шықты. Жəне əкем өзі шығарған
фотоларын тегін тарататын.

Венера НƏБИОЛЛАҚЫЗЫ: Қалапберген деген
рулас ағайдың Серік атты баласы Эльмира жеңешемізге
үйленгенде шақыру билетінің фотоларын папам
шығарып бергені есімде қалды.

15) Суретші, чертежші

Наурызбай ИСАҒАЛИҰЛЫ: Нəбиолла ағамыз чертеж-
ді шебер сыз-ды, осы қасиетін мұғалімдеріміз де мойындап,
мақтап жүрді. Ол сызса түзу сызады, атса, дəл тигізеді, бұған
студент кезімізде тирге барған кезде көз жеткіздім.

16) Тігінші

Елдос НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Бірде анам өлшемі
келмейтін екі костюм алып келді. Əкем осыларды іс
машинкасымен өзі қысқартып, пинджагын ерекше
əдемі қылып берді. Киім пішуден хабары барлар -
пиджакты кішірейтуге үлкен шеберлік керек екенін
біледі. Əкем базарға киім алуға барғанда шаруаны
аз уақыттың ішінде бітіретін жəне алған киімдері
қашанда құйып қойғандай болып шығады.

Жантас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкем аса сəнқой
болған жоқ, бірақ киімге өте жоғары талап қояды, оның
сапалы болуына қатты көңіл бөледі. Ол алған нəрсе,
киім болсын, басқа болсын, өте ұзаққа баруы керек.
Аса ұқыпты, жарастырып, таза киінеді. Іс мəшинесімен
киімді мықты тігеді. Ойын баласы кезіміздегі аяусыз
киетін үй киімдеріміздің тесілген тұстары болса,
мəшинемен əдемілеп тұрып торлап тастайтын. Аяқ
киімді де жөндей беретін еді. Қоңыр киімге қарағанда,
ашық киінгенді ұнатты. Сəнді киімдерді жақсы көрді.

356

«Бас киім, костюм, аяқ киім бір-бірімен үйлесіп тұруы
керек» дегенді айтатын. Киім аларда бəріміздің қол, аяқ,
бел, иық, кеуде, басымыздың өлшемдерін түгел алып
шығады. Қалаға барарда «Кімге не керек? Əрқайсың
өзіңе керекті түгел тізіп жазыңдар» дейді. Сосын сол
керектің қайсысы тығыз, қайсысы күте тұратынын
анықтап біледі. Содан қаладан алып келген бүкіл киімі
артық-кемі жоқ, шап-шақ болып шығады.

«Жігітке жеті өнер де аз» деген талапты өзіне
екі есе көбейтіп жүктеген Нəбиолла ағамызды,
шындығында, бұдан да басқа сан қырынан сипаттай
беруге болар еді. Мысалы, бұл тізімге оның заңгер,
депутат, медиатор, офицер, т.с.с сипаттарын
қосса, Нəкеңді тек сегіз емес, тіпті он алты да емес,
жиырма төртқырлы қылып та суреттеуге болар еді.
Дегенмен осымен тоқтап, ағамыздың қыры қанша көп
болғанымен, сыры біреу екенін айтқымыз келеді. Ол
Нəбиолла Сафоллаұлының жомарт Құдай берген жəне
өзі дамытқан қабілеттерін халық, қоғам игілігі үшін
жұмсауында дер едік.

Нəбиолла Сафоллаұлының мұндай сан қырлы болу
сырын дөп басып айту қиын болар. Дегенмен, өз басым,
Құдай берген (ата-бабаларынан берілген) қасиет-
дарынды Нəкең арына дақ түсірмеген күйі үздіксіз ізденіс
арқылы дамыта білгенінен шығар деп шамалаймын. Ал
осы ізденістің басты болмағанымен аса пəрменді құралы
кітап болды-ау деп ойлаймын. Кітап демекші, «Сен
маған досыңды көрсет, мен, сенің кім екеніңді айтайын»
деген баяғыдан келе жатқан нақыл сөзді «сен маған
кітапханаңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтайын»
деп те түрлендіруге болатын сықылды. Бұл, əсіресе,

357

ғаламтор дəуіріне дейінгі адамдарға қатысты ақиқи
деп білемін. Себебі керек мəліметті Google-ден суырып
алатынзаманға дейінадамбаласыілім-білімді,негізінен,
кітап арқылы алды. Сондықтан Нəбиолла ағамыздың
шаңырағында болған кезде оның кітапханасына көз
салдық. Біздің назарымызға ілінген кітаптар Нəкең
оқыған, пайдаланған кітаптардың бір бөлігі ғана екен:
біразы қара шаңырақта – Сафолла атамыздың кенжесі
Төлеген ағамызда қалған, қанша кітап қолда кетті.
Қалған кітаптардың аты мен затын тізбелемей-ақ,
оның жанрын ғана атай кетейік: жалпы техника,
астрономия, медицина, бау-бақша өсіру, математика,
мал шаруашылығы, физика анықтамалықтары,
энциклопедиялар, түрлі сөздіктер, тарихи еңбектер,
батырлар жыры; қазақтың би-шешендерінің сөздері,
шежіре, қазақтың салт-дəстүрлері, хандары, бақсы-
балгерлері, ырым-тыйымдары туралы кітаптар,
отбасы өмірінің психологиясы мен этикасы, түрлі
ертегілер; Құран, хадис, пайғамбар, дін туралы
түсініктер қалыптастыратын кітаптар, нақыл
сөздер т.с.с. Бұл кітаптардың ішінде жалпы техника,
астрономия, медицина, бау-бақша өсіру, математика,
физика анықтамалықтары мен энциклопедиялар, түрлі
сөздіктердің қарасы басым. Бұл – əлі толық тізім
емес. Бірақ осы кітап иесінің не нəрсеге қызығушылық
танытқаны туралы осы тақырыптарға қарап-ақ
əжептəуір хабардар бола аламыз деп ойлаймын.

Кітапханасына қарап отырып, «Нəбиолла ағамыз
қызықпаған тақырып болды ма екен, өзі?!» деп ойлап
қаласың. Мысалы, мен білетін адам біткеннің бəрі
аты құлаққа шалынса, мұрнын тыжырайтатын
«Философия» да Нəкеңнің назарынан тыс қалмапты:

358

Елдос НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Институтта оқып жүрген
кезімде əкем менің қолымдағы «Философия» деген
кітапты көріп, қызығып сұрап алды. Біршама парақтаған
соң, «Философия ма десем, философия тарихы екен
ғой» деп қайтып берді.

Бойында осыншама қабілет бар Нəбиолла Сафоллаұлы
өнер-білім, дарынды бағалайтын қоғамда дүниеге келгенде
композитор, əнші, продюсер, əн авторы, музыкант-
экспериментатор, дыбыс жəне кинорежиссёр Фрэнк
Винсент Заппа сықылды сан қырынан ашылар ма еді. Бұл
сан қырлы адамның өнер əлеміндегі даңқы аспандағаны
сонша, 1992 жылы Франкфуртте сырқаттанып жүріп,
өмірден өтерден бір жыл бұрын берген концертінде
табынушылары оған 20 минут (!) бойы толассыз қол
соғып тұрып алыпты. Тоталитар Кеңес режиміне
кереғар Батыс əлемінің бағы ашылған өкіліне мысал
ретінде Фрэнк Заппаны босқа алып отырған жоқпын.
Себебі екеуі де бір жыл, бір ай, бір күнде – 1940 жылдың 21
желтоқсанында дүниеге келген. Идеал қоғам деуге келмес,
дегенмен бойда барды дамытуға, оны тіпті күнкөріс пен
байлық көзіне айналдыруға болатын Америкада дүниеге
келгенде Нəбиолла аға бай магнат болар ма еді, кім білсін,
бірақ біздің бас кейіпкерге қазақ даласында дүниеге келу
бұйырды. Оған өкінген, сірə, ол да жоқ, əрине, біз де жоқ.
Балаларымен бір əңгімелесіп отырған кезде Нəбиолла аға:
«Қарым-қабілетім еркін жете тұра, байлыққа да, билікке
де ұмтылмадым жəне оған еш өкінбеймін» депті. Неге
өкінсін, ел-жұртына қызмет қылудан артық ұлы бақыт
бар ма?! Жантас Нəбиоллаұлы: «Ес білген кезімнен бастап
əкемді идеал тұтып келемін. Əкемізден бес баламыз.
Бесеуміз де оқуымызды қызыл дипломмен бітірдік. Бірақ
бесеуміз бірігіп бір əкеміздей бола алмаймыз» - дейді.

359

Өмірінің жалғасы –балалары үлгі тұтқан, мақтан еткен
əке – қандай бақытты жан!

Нұрыңыз пейіште шалқысын, Нəбиолла Сафоллаұлы!

Әке аруағына арнау

Əкешім – тауымсың сен асқаралы,
Бабамсың – қасиет көрген аспан асты!
Қисықтарды түзуге айналдырдың,
Сөз алып, əділдікпен басқарғалы.

Əділдіктің семсерін нық ұстадың,
Ұрпағым түзу бол деп, тура бол деп,
Білімнің кəусарынан сусындаттың,
Байлық емес, терең білім – сара жол деп.

Абай мен Мұхтарды сен ұғындырдың,
Ұғын деп, қарағым сен, қазақ жайын.
Тарихты зерттеп, тізіп, түсіндірдің,
Замандар болды ғой деп алмағайып.

Ұлтымның ұлылығын сенен көрем,
Тарих пен тəрбиені егіз еткен.
Жеті ата - қасиеттің кепілі деп,
Сен едің ұрпағыңа шежіре шерткен.

Əкешім, тірісің сен, өлген жоқсың,
Біз сенің бөлшегіңбіз бүршік атқан.
Ай мен Күн, жұлдызымыз тек өзіңсің,
Қараңғыда біз үшін ақ жол тапқан.

Индира Нəбиоллақызы
Астана, 17.12.2015

360

СӨЗТҮЙІН

Əл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары
туралы трактат» атты еңбегінде жүрекке үнемі ерекше
мəн беріп, оны даралап көрсетіп отырады. Фараби
«Жүрек – басты мүше, мұны тəннің ешқандай басқа
мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты
мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес» (əл-Фараби.
Философиялық трактаттар. - А. , 1973, 289-б.) деп,
жүрекке шешуші мəн бере қарайды. Мен де осы кітаптың
басты кейіпкерінің ең басты қасиеті мергендігі, кəсіби
шеберлігі, білгірлігі де, өзге де мақтануға-мақтауға
тұрарлық қасиеттері емес, үлкен жүрегі деп білемін.
Нəбиолла ағамызды күрескер қылған да осы жүрегі.
Ол немен күресті? Михаил Геллер деген француз
тарихшысы «Машина мен винтиктер. Совет адамының
қалыптасу тарихы» (1988) деген еңбегінде Кеңес
медицина институттарында латын пəнін оқу «Homo
sovieticus sum» ( «Мен Совет адамымын») деген фразадан
басталады деп атап көрсетеді. Нəбиолла Сафоллаұлы
сынды адамдар Кеңес заманында өмір сүре отырып,

361

«Гомосоветикус» емес, Алла Тағаланың орынбасары
– АДАМ болып қалу үшін күресті деп ойлаймын.
«Гомосоветикус» деген не еді өзі? Жалпы, бұл образ
Зиновьевтің «Гомосоветикус», С. Булгаковтың «На пиру
богов» жəне «Собачье сердце» атты еңбектерінде жақсы
көрініс тапқан. Белгілі əлеуметтанушы Юрий Левада
мен оның тобы өз мақалалары мен дəрістерінде Homo
soveticusке тəн төмендегі қасиеттерді атап көрсетеді:

• өз еңбегінің сапасына салғырт қарау;
• жұмыс орнынан мүмкін болатын нəрсенің бəрін
жымқыра кету;
• ешқандай бастама көтермеу, қандай да бір
жауапкершілік арқалаудан қашқақтау;
• қандай да бір амбициядан ада болу;
• биліктің барша іс-қимылын күмəнсіз құп алу,
бейімделгіштік, жалбақайлық;
• кез келген, тіпті арсыз тапсырма-бұйрықтарды
орындауға пейіл болу;
• маскүнемдікке бейім болу;
• бəріне күмəн, секеммен қарау;
• жəдігөйлік.
Ал біз білетін Нəбиолла Сафоллаұлы – бұл сипаттарға
(қасиет деп атауға да қимайды екенсің) мүлде кереғар
жан, «гомосоветикусқа тəн» деген бұлардың бірде
біреуін Нəбиолла ағамыздың бойынан таба алмайсың.
Сондықтан да бойында гомосоветикустық сипаттар
жете дамымаған адамдардың Кеңестік жүйеде өздеріне
орын таба алмауы заңдылық десе де болады. Сондықтан
да Нəкең тап болған қиыншылықтар – қандай да бір
жекелеген басшылармен арадағы түсінбеушілік-талас
емес, жүйе мен тұлғаның қақтығысы. Ал кеңестік жүйе
өз қалыбына сыймағандарды жүндей түтіп, жүйкесін

362

тоздыруға тырысқанын біз білеміз. Бірақ Нəбиолла аға
сынды адамдар, менің ойымша, жүйеге былай қарсы
тұрды:

1) Сатқын, жемқор, ұры, өсекші, жағымпаз,
маскүнем т.с.с. болмады, сөйтіп, жүйенің бір бөлігіне
айналмады;

2) Балаларын, үй-ішін, айналасын жоғарыда аталған
жағымсыз қылықтан аулақ болуға тəрбиеледі;

3) Мүмкіндігінше ұлттық салт-дəстүрді ұстанып,
дəстүрлі құндылықтарды (өнер, ас т.с.с) тұтынуға
тырысты;

4) Қаржылық тəуелсіздік жолдарын қарастырды.
Мысалы, аң-балық аулау, бақша өсіру, қолөнер, өзге
де кəсіппен айналысу белгілі бір дəрежеде - жүйеге
тəуелді болмаудың амалы-ау деп ойлаймын. Нəкең
қазір тірі болса, ешкімге, соның ішінде үкіметке де
алақан жаймай, тəуелсіз де еркін ғұмыр кеше алар еді
деп ойлаймын.

Лидс университетінің қызметкері Ф. Эллистің
пікірінше, Homo sovieticus – бойы қорқыныш пен
үрейге толы, бастамашылық атаулыдан ада тіршілік
иесі. 2011 жылы «Homo sovieticus» атты көлемді мақала
жариялаған «The Economist» британ апталығы 1991
жылдан кейін посткеңес кеңістігінде де, Батыста да «Енді
постсовет елдері шынайы мораль құндылықтарына бет
бұрып, дамыған елдер қатарына кіреді» деген үмітте
болыпты. Журналистер «Алайда бұл үміт иелері жетпіс
жыл Кеңес билігі кезіндегі моральдық құлдырауды
есепке алмады» деп өкінішпен атап өтеді. Батпандап
кіріп, мысқалдап шығатын дерт, ластық, бəлелерден
арылу процесі үшін қоғам мүшелерінің белсенді
болуы шарт. Осындайда Нəбиолла ағамыздың тек

363

арлы ғана емес, əрекетшіл адам болғаны, қиянат көрсе,
көз жұма алмайтын белсенді ұстанымы – өте-мөте
маңызды, үлгі тұтуға аса лайық асыл қасиет. Қазіргі
«вата» деп аталып жүрген əсіресоветизм де, салафизм
де белгілі бір дəрежеде экономикалық қиындықтар
мен əлеуметтік теңсіздіктен бастау алады. Осы
түйткілден тауы шағылғандар өткенді аңсап, «ватаға»
айналады, не одан бетер тереңге сүңгіп, діннің саф
кезі-мыс шақтың идеологиясы – салафизмнен пана
іздейді. Экономикалық қиындықтар мен əлеуметтік
теңсіздік мəселелері шешілсе, жаңағы айтқан бəлелер
азаяр еді. Бұлардың көбі кішігірім қиянаттан, титтей
əділетсіздіктен, болар-болмас өтіріктен бастау алып
жатады. Осыларға жол бермей, шыр-пыр болып іске
кірісетін Нəбиолла аға секілді сауатты, арлы, белсенді
адамдар ортамызда көбейсе, Фарабидің «Қайырымды
қаласы», Кампанелланың «Күн қаласы» утопия емес,
шынға айналар еді.

Кітапқа материалдарды жинауға жаңа кіріскен кезде,
оқырман тарапынан «Тым əсірелеп, мақтап жіберген
жоқ па?» деген сұрақ туындамай ма?» деген ой, алаң
болды. Бірақ кейінірек материал жинақтау сатысының
соңына таман бұл кісі туралы айтылған барша жақсы
əңгіменің рас екеніне анық көзім жетті.

Нəбиолла ағамыз – шын мəнінде кітап жазуға лайық
кісі. Осындай əке, аға, азамат туралы естелік кітаптың
мүмкіндік болып тұрып, жазылмай қалуы қиянат болар
ма еді. Қалай болғанда да ет жақындары үшін сын болар
еді. Естеліктермен таныса келе, түйгенім: Нəбиолла
Сафоллаүлы – əулет, ет-жақын, ағайын-тума ғана емес,
көптеген адамға үлгі бола алатын жан. Сондықтан бұл
кітап тек отбасы кітабы болумен шектелмей, əулеттен

364

тыс шеңберден де өз оқырмандарын табады деген
үміттемін.

Бұл кітапта Рəзия жеңгеміздің есімі сирек аталғанына
қарап, оның Нəкеңнің өміріндегі рөлі, орны, маңызы
туралы қандай да бір қате, жаңсақ пікір туындап
қалмасын. Рəзия Сапарғалиқызы салмақты, сабырлы,
сөзге сараң адам екені бір-екі рет кездесіп, жүздесіп,
кездескеніміздің өзінде байқалып тұрды. Бұл тақырып
бойынша айтары көп адам екені айқын болса да,
естелік сұраймын деп көңілін босатып, қаяу саламын
ба деген қауіппен көп мазалаудан мен өзім тартындым.
«Айналайын, Алпамыс!» атты мақаламда «Гүлбаршын
жеңгейлер өзінің нəзіктігімен, сынықтығымен,
жолдасына деген уайымымен сүйкімді. Гүлбаршын
жеңгеміз жырдың басында бір, аяғында бір ғана əңгіме
болса да, аяулы жар екеніне күмəн жоқ» деп жазып едім.
Сол сияқты осы кітапта да Рəзия жеңгейдің есімі жиі
аталмаса да, оның Нəбиолла ағадай атпал азаматтың
сенімді де сүйікті серігі бола алғанына титтей де
күмəнім жоқ. «Арғымақ ең ешкімге тұсатпаған» атты
бейнебаянда «Кезінде жары Нəбиолла екеуі балалы-
шағалы болған шаңырақты қаңыратып бос қоймады,
əлі күнге отағасы отау тіккен жерде немерелерін
құлыншақтай ойнатып, жарының сенімін ақтай білген
асыл жан. Себебі бұл құтты мекеннен балалары ара-
тұра барып, Нəкеңнің өн бойынан қалған қасиеттерді
əлсін-əлсін сіңіріп, қуат алатындай» дейді. Осы алтын
отауды жықпай ұстап отырған Рəзия жеңгемізге мықты
денсаулық тілеймін, ұрпағының қызығын ұзағынан
көре беруіне шын жүректен тілектеспін!

Айтпақшы, осы кітаптың жазылуына түрткі болған
жан – тап осы Рəзия жеңгей! Жеңгей түсінде Нəкеңді

365

көріп, «Өңің біртүрлі болып отыр ғой, сені таза ауаға
шығару керек екен» дейді. Сонда Нəбиолла ағамыз: «Таза
ауаға шығарғыларың келсе, жүр ғой, əні балаларың!»
депті. Бұл Нəкеңнің балаларының естелік кітап жазуды
жалпы ойға алған, бірақ əн-міне деп кейінге қалдырып
жүрген кезі екен. Содан балалары ойға алған осы
кітапты жарыққа шығарды, сөйтіп, Нəкеңді өзі түсінде
айтқан «таза ауаға» шығарды. Қайтқаннан кейін де
балаларымен байланысы мықты, түсіне кіріп, бағыт-
бағдар сілтеп отыратын əке мен оның көңілін өмірден
кеткеннен кейін де қалдырмай, елгезектік танытқан
отбасы арасындағы рухани байланыс алдында еріксіз
басыңды иесің. Жалпы, Нəбиолла ағаны бір емес,
бірнеше кітапқа арқау болуға лайық жан деп білемін.

Сафуллиндер отбасымен 2004 жылдан бері
Айкүміс Төлегенқызы Сафуллинамен БҚО мем-
лекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
департаментінде бірге, бір кабинетте жұмыс жасадым)
орнаған байланысым осы кітапты жазу барысында
бұрынғыдан бетер еселеп, нығайды.

Менің үйімнің төрінде ілініп тұрған жалғыз порт-
рет – қазақтың аса талантты жырауы, биі əрі жеңімпаз
батыры Жиембет жырау Бортоғашұлының бейнесі.
Оны маған 45 жасқа толғанымда Жантас Нəбиоллаұлы
сыйлап еді. Осыдан кейін көп ұзамай, Нұртас Нə-
биоллаұлы Қазақстандағы спорт ісін насихаттау ісіне
үлкен үлес қосқан Сейдахмет Бердіқұловты еске алу
турнирінде алған жүлдесі – су жаңа планшетті маған
сыйлады. Бұл сыйлықты Нұртас інім маған Қазақстан
Республикасының спорт шебері, дзюдо мен самбодан
облыс чемпионы, қазақша күрестен Батыс Қазақстан
облысының бірнеше дүркін абсолюттік жеңімпазы,

366

республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегері
Оралбек Қожагелдин жайлы «Оралбек батыр» кітабым
шыққанда тарту етіп еді. Оралбек демекші, сол кітап
шыққан 2016 жылдың желтоқсан айының 29-ы күні
дүниеге келген ұлының есімін Нұртас Оралбек деп
қойды. Оралбек Нұртасұлы дүние келген күні кешке
Дəдем ата-Жұмағазы хазырет мекені басына түнекке
барып, бөбекке бақыт тілеп едік. Жалпы, бұл дүниеде
кездейсоқ ештеңе болмайды, адамдар бір-біріне қандай
да бір рухани жақындық арқылы тартылып жатады
деп ойлаймын. Бұл байланыстың уақыт өткен сайын
нығайып, ел игіліне қызмет етуіне тілектеспін.

ВенераНəбиоллақызымынадайестелікайтты:«Папам
бізге «Мен жұрт құсап дүние жиған жоқпын. Байлық
ол – қолдың кірі. Менің бар байлығым – балаларым,
сендерсіңдер. Сендер өмірде өз орындарыңды тауып,
ешкімнің ала жібін аттамайтын адал, дұрыс адам
болсаңдар, менің негізгі мақсатымның орындалғаны»
деп айтып отыратын.

Мен Нəкеңнің əулетіне, осы айтқан «бар байлығы –
балаларына» шын жүректен бақыт тілеймін!

Серікбай Нəжиоллаұлы бір естелігінде «Тəтем
қандай да бір жанның мұқтаждығына куə болса, оған
қалай да бір көмегін тигізіп, мəселесін шешіп бергенше
тыным таппайды. Оның осы қасиеті маған да жұқты»
дейді. «Сынықтан өзгенің бəрі жұғады» демей ме, өз
басым, осы естелік кітапты жазу барысында қаныққан
Нəбиолла ағамыздың асыл қасиеттері маған да жұғысты
болар деген үміттемін.

Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-нің хадисімен
басталған кітабымызды осы Алланың нəбиінің тағы
бір хадисімен аяқтайын: «Адам қайтыс болғанда, амал

367

дəптері жабылады. Мына үш кісінің ғана сауабы жалғаса
береді: артынан дұға жолдайтын игі ұрпақ қалдырған,
ел игілігіне жарайтын дүние салдырған, артына ілім
қалдырған адам» (Сүнəн, Ибн Мажə). Осы тұрғыдан
алғанда, артында салих ұрпақ пен игі іс қалдырған
Нəбиолла Сафоллаұлы – өте бақытты жан. Рухыңыз
пейіште шалқысын, Нəбиолла аға!

368

БАҚЫТТЫ БОЛА БІЛУ ӨНЕРІ

Автор ойы

Əр адам өзге бір жанға қарап бой түзейді, біреуді
өзіне үлгі тұтады. Жəне сол үлгі күнде қасыңда жүрген
адам болуы шарт емес. Ол ертегінің батыры, кітап-
киноның кейіпкері т.с.с да болуы мүмкін. Ең басты
тəрбие құралы кітап болған заманда өскен аға жəне
орта буын өкілдері осы роман, повесть, əңгімелердің
кейіпкерлеріне еліктеді. Қазіргі балаларға, бір жағынан,
қызығасың, бір жағынан, аяйсың. Қызығатының – қазіргі
ақпарат заманында жас ұрпақты əдебиеті бар, əдебиет
емесі бар, түрлі дүниемен басынан-аяқ көміп тастады.
Аяйтының – осы ақпарат тасқыны ішінен таңдау жасау
– қиынның-қиыны. Қазір көбі өмірден озған аталарымыз
Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғындарды есі кетіп
тыңдады жəне содан шыңдалған рухтары ХХ ғасырдың
бірінші жартысының қиян-кескі оқиғаларында пайдаға
асты. Осы Алпамыс-Қобыландылар тарих сахнасынан
ата жауымыз – жоңғарларды ығыстырып шығарған

369

соң керексіз болып, сана-жадымыздан аласталған
жоқ. Жыр-эпостар патриотизм сынды асыл қасиетті
қалыптастырудың құралы болып қала алды. Алайда
Алпамыстар тым көнеде өмір сүргендіктен, оларды
қазіргі заманның балаларына, əсіресе, күнделікті
тұрмыста үлгі қылып ұсынудың өз қиындықтары бар.
Қалай болғанда да, бұл батырларды бергі заманның
батырларымен қосақтап барып үлгі ретінде ұсынбасақ,
балаларымыздың рухани асқазаны сүрленген кейіп-
керлерді қорыта алмай қалуы əбден мүмкін. Бергі за-
маннан батыр табу да оңай іс емес. Қазан төңкерісінен
кейінгі қазақ тарихы – əбден қорланған-зорланғаны өз
алдына, əбден бұрмаланған, қайшылықтарға лық толы
сормаңдай тарих. Күні кеше əрісі ата-əкелеріміз, берісі
біздер, Амангелді Иманов, Əліби Жангелдин болып,
қабығы аршылған көк шыбықты қолға алып, «жауға»
шауып бара жаттық. Бүгін бұлардың батыр екеніне,
қазақ қамы үшін қылыш сілтегеніне күмəн айтылып
жатыр. «Бандыны қуған Хамитпен» өскен біздер қазір
кинодағы бірін-бірі алма-кезек қуалаған қос қазақтың
қайсысы банды екенін айыра алмай қалдық. Қазір, біраз
жан үшін нағыз банды осы Хамиттің өзі болып кетті.

Байларды кəмпескелеген қызыл белсенділер, басма-
шыларды баудай түсірген қызылдар, контраны қырған
чекистерді балаларымызға мыналар - «біздікілер» деп
ұсына алмайды екенбіз. Тіпті Екінші дүниежүзілік
соғыс деп аталып жүрген Ұлы Отан соғысының май-
дангерлерін де (өз басым, бұл марқұмдарды – «батыр»
дегеннен гөрі, «жаһанды жаулағысы келген екі империя
амбициясының құрбандары» деп атағанды жөн көремін)
қазіргі бейбіт заманның балалары үшін үлгі ретінде
ұсыну қиын. Бергі БАМ-ның құрылысшылары, тың

370

игерушілер де, Ауған соғысының қатысушылары да,
басқаны білмеймін, мен үшін, балаларыма үлгі-өнеге
тұтатын жандар емес. Ал Кеңес заманының бейбіт
кезеңін жазған-жырлаған ақын-жазушыларымыз əдейі
ме, амалсыз ба (сірə, соңғысы шығар), өз туындыларына
коммунистік бояуды аямай жаққаны сонша, сол бояу-
дың арасындағы інжу-маржанды тауып, тұтыну бала
түгілі, кез келген ересектің қолынан келе бермейді.

Сонымен, хош, сынау оңай. Қайтпек керек? Өскелең
ұрпаққа үлгі бола алатын адамдар жайлы өзіміз жазып,
ұсынғаннан өзге амал көріп тұрғаным жоқ. Жəне ол
үлгі адамдарды арғы тарихтан емес, беріден іздегенді
жөн көрдім. Осы кітаптарға (кейіпкерлерге) мынандай
шарттар қояр едім:

1) Кеңестік-коммунистік жəне өзге де идеология-
ның сойылын соғудан ада болуы;

2) Бас кейіпкері қандай заманда өмір сүрсе де, адам
қалпынан айрылмай, керісінше тұлға болып қалыпта-
са алған жан болуы;

3) Кітаптың бас кейіпкері туралы портрет баяндау-
шы (автор) арқылы емес, сол нақты кейіпкердің көзін
көрген, бірге жүрген, замандастарының естеліктері
арқылы жасалуы;

4) Басты кейіпкердің бейбіт заманда өмір сүруі;
5) Кейіпкердің қандай да бір ғажап қабілет-қасиет
иесі емес, өзіміз сықылды ет-сүйектен жаралған
қатардағы адам болуы.

Осындай талаптарға сай кейіпкер тауып, кітап
жазуды ойға алып жүрген кезімде Нəбиолла аға
туралы естеліктермен танысудың мүмкіндігі туды.
Оның жоғарыда аталған шарттардың бəріне сай келуі

371

қазекемнің «Іздегенге сұраған» деген сөзін шынға
айналдырды.

Бас кейіпкер жайлы естелік иелерімен сұхбат, өзге
де естелік-дерек көздерімен танысу барысында мен
мынадай қорытындыға келдім: Нəбиолла Сафоллаұлы
– өте-мөте БАҚЫТТЫ жан. Шыны керек, бұл мен
үшін таңқаларлық нəрсе болды. Өйткені қылышынан
қан тамған Кеңес кезеңінде ерен еңбек еткен, ерекше
ерлік жасаған аға ұрпақ өкілдері аз емес. Олар жайлы
қандай да бір мақала, кітап, кино т.с.с еңбектермен
танысқанда бас кейіпкерге құрметпен қарайсың.
Бірақ осы шығармалардан қандай да бір қайғы-мұң
есіп тұрады. Бұл ол кейіпкерлерді еш кемсіткенім
емес, ішінде шаһид тағдыр иелері бар бұл жандарға
қатысты олай етсем, кешірілмес күнə болар еді.
Мəселе, баяндаушыда, мақала, кітап, өзге де туынды
авторларында. Олар өз кейіпкерлерінің ерлік жəне еңбек
жолын керемет қылып баяндай отырып, өзім басты
нəрсе деп санайтын мəселені – «Осы жолда шығарма
кейіпкері бақытты болды ма? Жоқ па?» – осыны ұмыт
қалдырғандай болып көрінеді де тұрады. Көптеген
шығарманың шарықтау шегі – бас кейіпкерінің қандай
да бір ерен іс қылуы. Ал бас кейіпкердің өзі əдетте осы
іс үшін шалынған құрбандық болып беріледі. Кеңестік
кезеңнің көп шығармалары осы құрбаншылыққа,
жанқиярлыққа құрылған деп санаймын. Бұндай əдіс-
тəсіл құрбанға шалынған бас кейіпкерге құрмет, аяныш
сынды сезімдерді туындататына еш күмəнім жоқ. Ол
шығармалардың авторларының діттегені де сол болса,
онда олардың мақсаттарына жеткені. Алайда акценттің
құрбаншылдыққа құрылуы оны оқығандардың, əсі-
ресе, жас оқырманның бойында бас кейіпкердің асыл

372

ісі мен сипаттарын үлгі-өнеге тұтуға кедергісі бар деп
білемін. Бір сөзбен айтқанда, менің ойымша, қазіргі
ұрпақ үшін кейіпкер үлгі-өнеге тұтуға лайық болуы аз,
ол сондай-ақ, бəлки, ең бастысы, БАҚЫТТЫ болуы
шарт! Себебі қазіргі қазақ еңсені езетін шығармаларға
емес, рухты көтеретін туындыларға мұқтаж.

Қайталап айтайын, сіздердің назарыңызға
ұсынылып отырған кітабымның бас кейіпкері –
Нəбиолла Сафоллаұлы – осындай бақытты жан! Біздің
бас кейіпкеріміз – 1940 жылдың ұрпағы. Бұл ұрпақтың
сəби шағы ІІ дүниежүзілік соғысқа тап келді. Ал
олардың əкелерінің сəбилік шағы Азамат соғысының
аласапыранында өтті. Аталарының балалық, жастық
шағы І дүниежүзілік соғыстың тозағы, 1916 жылдың
дүрбелеңі, Қызыл төңкерістің адам айтқысыз азап-
қиыншылығына тура келді. Бір қарасаң, біреу бақытсыз
болуға тиіс болса, тап осы өздері, əкелері, аталары
қырғын мен қиындықтан көз ашпаған ұрпақ бақытсыз
болуға тиіс еді. Балалықтан кейінгі ғұмыры да тоталитар
жүйе мен 90-шы жылдардың тоқырауына дөп келген
40-шы жылғы ұрпақтың бақытты болуға мүмкіндігі
болды ма? Құдайға шүкір жəне мадақ! Қай заманда
да бақытты бола алған ата, əке, ағаларымыз бар екен.
Кітап осы ұрпақтың бақытты бола алған өкілдерінің
бірі – Нəбиолла Сафоллаұлы хақында.

Нəбиолла ағамыздың бойындағы бақытты бола
білу өнерінің іргетасын ең əуелі оның əке-шешесі,
ата-əжелері қалады деп ойлаймын. «Не жеймін» мен
«не кием» күн тəртібінен түспеген бұл кезеңде осы
ата-əкелерінің бойға сіңірген өнер-өнегесі (аңшылық,
бақша, ұсталық т.с.с) күнкөрістен қатты тарықпауға
мүмкіндік берді.

373

Əрине, Сафолла аталар Нəбиолла ағадай ұлына
бұл дағды-бейімдерден басқа да көзге көрінбейтін –
қиыншылыққа мойымау, өмірге құштарлық секілді
асыл қасиеттерді де бойына сіңіргеніне күмəнім жоқ.

Өмірге құштарлық дегеннен шығады, көшпенді
өркениеттің отырықшы өркениеттен ерекшелігі һəм
артықшылығы – мобильділігі, өмір сүру ортасын
(мысалы) крепостной орыстармен, отырықшы
өзбектермен салыстырғанда) тез де жеңіл өзгерте
салатындығы. Жайлап-қыстап жүрген орны қандай
да бір себептермен қолайсыз бола бастаса, атам қазақ
ол жерді де, жағдайды өзгертем деп əуре болмай,
көшіп жүре беретін болған. Бұл қасиетті «тек қазаққа
тəн демей, көшпенді өркениетке ортақ деп отырған
себебім, мысалы, көшпенді Құрайыш тайпасынан
шыққан Мұхаммед с.ғ.с өзі отырған Меккеде ахуал
қиындап кеткен кезде қауымын ертіп, Мəдинаға
көшіп кеткен. Меккеде өзіме жəне жамағатыма қалай
да қолайлы жағдай туғызамын деп табандап отырып
алғанда тарих дөңгелегі қай жаққа айналарын бір
Құдайдың өзі біледі.

Нəбиолла ағамыздың арғы аталары – ата қонысы
Тайпақтан Қаратөбенің Қоскөл маңайына қоныс
аударғандар. Қоныс аударған кезіне назар салсақ,
адамға да, малға да қолайлы Жайық бойы қазақтың
қолынан кетіп, казактың иелегіне өте бастаған
қасіретті кезең екенін байқайсың. Артында алпауыт
империя тұрған казакпен тіресу өліммен тең.

Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған –

374

Хан Жəңгірдің екпіні - дегендей, Нəбиолла
Сафоллаұлының ата-бабаларын Тайпақтағы жылы
да үйреншікті орнынан қозғаған орыс патшасының
империялық саясаты, - деп ойлаймын.

Өмір сүру, еңбек ету ортасы күйсізденген кезде
ол ортаны тастап кету əдісін ғұмырының кейбір ке-
зеңдерінде Нəбиолла аға да қолданғанға ұқсайды. Қос-
көлдегі еңбек, қызмет ортасы - күйсіз реңге ие болған
кезде, оның жаңа орта, əлдеқайда ілгері шаруашылық
– Егіндікөлге ауысуын көшпенді ата-бабамыздың
тұрмыс тəсілін практикада қолдануы деп білемін.

Жалпы, ата-бабабаларымыз қоныс аударуды саяси
құрал ретінде, билік өкілдерін тəубаға келтірудің
пəрменді де соңғы құралы ретінде де шебер қолданған.
Қазақ халқы тым астамсып кеткен хан-сұлтандарымен
соғысып, қантөгіс жасамаған, бар болғаны – тастап
көшіп кетіп қалатын болған. Халқы жоқ хан-сұлтан
кімге керек?! Үстем тап үшін, жалпы кім-кім үшін де
ел-жұртсыз қалудан бетер жаза болмаған. Ел түгел
көшпей, қандай да бір тайпа-рудың тастап кетуі ханды
да, хандықты да ойсыратып тастайды. Бұхар жыраудың
«Керей, қайда барасың?!» деп шыр-пыр болатыны
да содан. Егер мысалды əріден емес, беріден жəне
осы Нəбиолла ағамыздың тікелей ата-бабаларының
тарихынан алатын болсақ, Тайпақтан Қаратөбе өңіріне
көшіп келген таналар 1865-1870 жылдар шамасын-
да орыс үкіметінің өсетін болған алым-салығына
наразылық білдіреді. «Салық ұлғаятын болса, бұл жер-
ден көшеміз» деп патша үкіметінің ұлықтарының атына
арыз жазады. Сонда мəселе оңынан шешіліп, салық
көлемі ұлғаймайтын болады. Сірə, жергілікті орыс
шенеуніктерінің өзі біраз елден айырылып қалсақ,

375

қамшының бір ұшы өзімізге тиер деп айылдарын жиса
керек.

Менің айтпағым, осы ата-бабаларымыздың түйткіл
біткенмен тіресе кетпей, одан «құтырғаннан құтылған»
деп бойды аулақ салуы – қазіргі жағдайда да өнеге
боларлық қасиет. Қалқаман тана Жетпіс палуанның
Құдай берген қайраты арқасында бұл əулет казак қаптап,
қоныс тарылған Тайпақтан көшіп, Қаратөбе өңірін мекен
қылған, ұрпақ өрбітті. Бұл өміршең амалды қызыл
нəубет кезінде Моңғолия, Қытай, Түркияға ауып, қазақ
генофондының сақталуына үлес қосқан аталарымыз да
жасады.

Жетпіс Бақтыбайұлы – орыс палуанын күресте
жығып, оны өлтіруге жəне қалаған сыйын иеленуге
мүмкіндік алғанда қанға да, дүниеге де құмартпағаны
бұл кітапта кеңірек баяндалады. Алтыннан аз, жерден
көп алуға тырысқан болашақты ойлаған іс-əрекеті
уақыт өте өз жемісін береді. Нəбиолла Сафоллаұлы –
сол мəуелі бəйтеректің бір бұтағы ғана.

Кітаптың өн бойында ылғи «ата-бабаларымыз»,
«азаматтарымыз» деп жазғаныма қарап, бас кейіпке-
ріміздің қалыптасуында тек ер адамдар ғана рөл ойна-
ған екен деген жаңсақ пікір қалыптасып қалмасын.
Осы əулеттің əйел затының қажырының үлгісі ретінде
басынған əпербақанды ат үстінен жұлып алып, тəубесі-
не келтірген Қалия əже, 28 бас малды бір тойғызуға
жетерлік шөпті жалғыз өзі арқалай алған қара күш иесі
– Жəнет əжені мысалға келтірсем, жеткілікті шығар.

Жалпы, осы кітаптағы азаматтарды қиын-қыстау
заманда аман алып қалған сенім мен амал десем, аса
қателесе қоймаспын. Сенімнің мысалы ретінде, дос
бөлімінен шыққан Көтер мен Жетердің (есімдерінің

376

өзіне назар салыңызшы) жоқшылық заманда бар
тамақты қазанға түгел салдырып, жеп тауысып,
«Ертеңгі ырыздық Алладан» деп, қазанды төңкеріп
қойып, ұйқыға жататыны, бір жағынан, езуге күлкі
үйіреді. Бір жағынан, бұл – трагедиясы мен комедиясы
аралас жүретін қу өмірде тағдырға тəуекел, Құдайға
сенудің жарқын көрінісі деп білемін.

Ал амал мəселесіне келетін болсақ, осы кітапта сөз
болған жандардың бəрі дерлік – іс-əрекеттің адамдары.
Жəне ол амалға əртүрлі нəрсе түрткі болады. Кейде адамға,
жалпы тіршілік атаулының бəріне деген жанашырлық
итермелейді. Мысалы, Сафолла атамыз сол кездегі
ебедейсіз, зілдей ауыр қылып жасалған ер-тұрмандар
қылқұйрықтыны жауыр қылғанын көріп, ат-құрал
жасауды амалсыз қолға алады. Болттап құрастырылған
ер-тұрманның тілсіз хайуанды қалай қинайтынын соғыста
миномет арқалаған Сафолла атамыз жақсы білді. Сол
кездегі салмағы 48 келі бұл кісінің ІІ дүниежүзілік соғыс
кезіндегі минометтердің қай маркасын (50-РМ 40 – 9,3 кг,
82 мм-лік батальон минометі 45 кг) арқалағаны туралы
нақты дерек жоқ. Тіпті 50-РМ 40 маркасын қару ретінде
қолданып, ұстап жүрген жағдайдың өзінде ауыр автомат
деп бағаланған ППШ-дан үш еседей ауыр миномет иесінің
иығын езгені сөзсіз. Миномет қаруы неміс-фашистерінің
жаяу əскеріне ең көп нұқсан келтірген қару екенін ғана
атап өтіп, Нəбиолла ағамыз ат құрал жасаумен неге
айналысқаны жайлы өз жорамалымды айтып көрейін.
Егер Сафолла атамыздың заманында ер-тұрмандар бар,
бірақ сапасыз болса, Нəбиолла ағамыздың кезінде бұлар
жоққа жақын болды-ау. Сондықтан бұл жерде ат құрал, ау,
өзгеде қат нəрселерді жасауды қолға алғызған қозғаушы
күш 90-шы жылдардың жоқшылығы деп ойлаймын.

377

Иə, осы 90-шы жылдардың болсын, одан бұрынғы
жылдардың болсын жетіспеушілік-жоқшылығы
адамдарды қиыннан қиыстыруға, пəрменді де тез іс
қылуға баулыды. Қалия əжеміздің қасқыр тамағынан
алған биенің алқымын сол жаманауыздың тісіне күшала
қосып емдеп, тарамыспен тігіп тастауы, бала-шағасын
таз эпидемиясынан шөп-шалам, кір-сабын арқылы аман
алып қалуы – жоғарыда айтқанымның бір-екі дəлелі
ғана.

Сол кездегі қиын-қыстау өмірге қарап, қабырғаң
қайысады, сөйте тұра, ол замандағы бір-біріне деген
ышықтыққа толы отбасылық қарым-қатынасқа
қарап, қызығасың, сүйсінесің де: Қалия əжеміз сонау
Орынборға үлгеріп жетіп, соғысқа аттанып бара жатқан
Сафолла ұлының қолына бір шелек қуырдақ пен бір қап
бауырсақ ұстатып кетеді. Соғыстан жараланып, əрең
қайтып келе жатқан сол баласы, қайдан алғанын бір
Құдайдың өзі білсін, жан анасына бір қап шай ұстай
келеді.

Адамдар осылай бір-біріне мейірімді-қайырымды
болмаса, бетін аулақ қылғыр, ол заманда тірі қалудың
өзі қиын еді.

Бақыт ұғымына қайта оралайық. Қазақтың ұлы
ойшылы, ақын Шəкəрім Құдайбердіұлының «Адамдық
борышың» атты өлеңінде бақыт, өмірдің мəні деген
сұрақтарға нақты да нығыз жауап бар:

Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,

378

Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нəпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нəрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мəңгiлiк өлмейсiң!

Мен осы тараудың басында Нəбиолла ағамызды
«бақытты жан» деп атадым. Менің осы сөзім мен
Шəкəрімдей ғұламаның бақыт жайлы ой-пікірі
қаншалықты үйлеседі екен көрейік:

«Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл»: Нəбиолла Сафоллаұлының
еңбек жолы – халыққа қызмет етудің үлгісі. Бригадир
көмекшісі, комсомол ұйымының хатшысы, шеберхана
меңгерушісі, бас инженер, заңгер-кеңесші, кадр
жөніндегі аға инженер, механизация курсының

379

мұғалімі, қай қызметті қолға алса да, Нəбиолла ағаның
ел-жұрттың қамын жеген іс-тірлігі кітаптың «Өз ісінің
шебері» тарауы мен өзге де бөліктерінде жеткілікті
көрініс тапты.

«Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл»: Нəбиолла ағаның бұл сипатын
«Адалдықты ту еткен» атты тарауда ашуға тырыстық.
Өтірікті жан-тəнімен жек көруі, куə болған қиянатқа
жанқиярлықпен қарсы тұруы, əйел затына қатысты
ар тазалығын қатты ұстануы; табысын адал табуы –
осының бəрі ағамыздың арды ойлаған жан екеніне
көзімізді жеткізеді.

«Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл»: кітабымымыздың бас
кейіпкерінің бойындағы білім мен өнерге «Сегіз
қырлы, бір сырлы жан» атты тарауда қысқа да нұсқа
шолу жасалды. Өз басым, Нəбиолла ағаның өзінің
кəсібінен ауылы алыс өнер, əдебиет, тарих мəселесіне
қатысты ой-пайымдары таңдай қақтырды. «Қандай
өнер сыншысынан мезгілсіз айырылып қалдық!» деген
ой кештірді. Егер ол ой-пікірін кең аудиторияға ашық
айтуға мүмкіндік беретін қазіргі заманда тірі болса,
мыңдаған оқырман оның парақшасына күні-түні үңі-
ліп отырар ма еді...

380

«Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нəпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн»: қолындағы мансап-
мүмкіндігін бас пайдасы үшін жаратпағанына мысал
болатын естеліктер кітапта жеткілікті келтірілді.

«Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нəрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң»: Нəбиолла ағаның бойына
білім мен өнер жиып, оны қоғам игілігі үшін
жұмсағаны жайлы кітаптың «Қоғам белсендісі»,
«Жақсылық жасауға құштар еді», «Тəрбие»,
«Тəлімгер» тарауларында жеткілікті баяндалды деп
ойлаймын. Нəбиолла ағамыз талай адамның жолын
ашып, өміріне жаңа бағыт-бағдар сілтепті. Бұлардың
ішінде Айболат Сəмерұлы, Қайыржан Хасанов, Беркін
Оразов, Райхан Мақсотқызы ұсынған естеліктер
əсерлі көрінді.

«Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мəңгiлiк өлмейсiң!»
Өз басым, Нəбиолла аға туралы естеліктерден
ғибрат аларлық іс-амалды көптеп таптым. Солардың

381

елеулі-ірілеріне емес, бір қарағанда уақ-түйек болып
көрінетін бір-екеуіне ғана тоқталайын:

Отбасында бала ауырып қалғанда оның емі мен
күтімін өз міндетіне алады. Кімнің жанұясында
осылай екен? Əдетте, бұл тірлік əйел адамның мойнына
артылатыны өтірік емес қой. Сырттағы тірлігі бір
басына жетіп-артылатын азаматтың сырқат баланы
күтіп-бағуға белсенді атсалысуы; үйдегі тірлікті ердің,
əйелдің тірлігі деп бөлмеуі, керек кезде ас əзірлеу мен
киім тігуге де үлес қосуы – осының бəрі үлгі етерлік
іс емес пе? Қоғамдық мүлікті күтіп пайдалануға, жаңа
техника сатып ала бермей, ескісін жөндеуге ұмтылуы;
қарауындағы жұмысшылар үшін қолайлы жұмыс
ортасын жасауы, ұл-қыздары оқитын мектеппен тығыз
байланыс орнатуы бүгінгі күн үшін де өзекті емес
пе? Айта берсең көп, осының бəрін қолдарыңыздағы
кітаптан оқып, Нəбиолла ағаның ғибрат аларлық іс-
амалдарына қанығуға болады.

Кітапта Нəбиолла ағаның діни ұстанымы туралы
аз айтылады. Бірақ, өз басым, бас кейіпкер жайлы
естеліктермен таныса келе, оның бұл тұрғыдан да қа-ра
жаяу еместігі жайлы ой-түйінге келдім. Əңгіме Нəби-
олла ағаның біраз сүрені жатқа білгені, жұма сайын
аруақтарға Құран бағыштағаны, əңгіме арасында ха-
дистан мысал келтіріп отыратыны, айналадағы ишан-
хазіреттің бəрін дерлік бала-шағасымен бірге зиярат
еткенінде ғана емес. Бұлар – діннің, айналасындағы
жақын-жуығының көзіне түсетін сыртқы белгілері.
Дінді бұдан артық ұстануға Кеңес заманының саясаты
мүмкіндік бермейді. Тіпті ондай мүмкіндік болған
жағдайдың өзінде Нəбиолла аға ғибадатын жария
қылып жасайтын жандардан емес деп ойлаймын.

382

Мен үшін Нəбиолла Сафоллаұлының жоғары
руханиятынан мыналар көбірек хабар береді: адам
баласына, əсіресе, қандай да бір қайғы-қасірет шеккен
жандарға көмек қолын созуға қ ұштарлығы, «көңіл шай»
беріп болса да, көңілін аулауға тырысуы; араздасып
қалған адамдарды, соның ішінде жұбайларды табыс-
тыруы, бұл ұмтылысын төсек тартып, ауырып
жатқанда да тастамауы; ағайын-тума, ұл-қызына
сөзімен де, ісімен де үлгі-өнеге болып, тəрбие ісіне
ерекше көңіл бөлуі. Бұл тізімді əлі де жалғастыра
беруге болар еді. Бірақ, біріншіден, осы айтылғанның
өзі бас кейіпкердің руханияты туралы əжептəуір
хабар береді, екіншіден, кітап барысында Нəбиолла
ағамыздың рухани келбеті біршама ашылады. Тəрбие
демекші, біздің кітаптың бас кейіпкерінің тəрбиеші-
тəлімгерлік сипаты өз алдына бір бөлек кітап болып
жазылуға лайық. Одан тəлім-тəрбие алғандар –
олжалы жандар. «Мен ой-өріс, парасаты жөнінен
əкеммен деңгейлес кісіні əлі кездестірген емеспін»
деген Индира Нəбиоллақызының сөздері – əбден
жаны бар сөздер. Нəбиолла ағаның өнер, спорт, пионер
лагері, жорық, диктант мəтініне қатысты ұстаным-
ойлары мені, шынымен, таң қалдырды.

С. Керімбайдың «Ясауи феномені» атты отбасы
хрестоматиясында «Пенде өмірі ғана емес, ақтық деміне
де жауапты. Ойлы адам Ақ өліммен жан тапсыруға
міндетті. «Ақ өлім» деп өнегелі өліммен өрнектеліп
барып аяқталған ғибратты ғұмырды атайды» деген
жолдар бар. Айықпас сырқаттың жанға батқан азабынан
айналасының мазасын алмай, керісінше, қысқа ғұмырды
адал сүріп, барынша жақсылық жасап қалуға шақыруы,
ақтық сапарына Жаратқан иесіне, жарына, тағдырына

383

риза көңілде аттануы біле білген адамға көп нəрсені
аңғартады. Ақ Өмір сүріп, Ақ Өлім құшқан бұндай
жан туралы көңілде «Əлі де ортамызда жасай түскенде
ғой...» деген қимастық сезім ғана қалады. Шынында да,
əбден кемеліне келе бастаған кезде сырқатқа шалдығып
өмірден кетуі берері көп қазына адамдарға сый-құрмет
көрсетіп, сол қазынасының қызығын қоғам көбірек
көруі үшін тірісінде барынша жағдай туғызу туралы
ойға итермелейді. Нəбиолла ағамыздың өмірінің соңғы
кезеңдерінде жауырын қарағанын жылдар бойы өзін
таза ұстап, рухани іс-амалдарының көптігінен біткен
қасиет деп білемін. Əлі де жер басып жүргенде, тағы
қандай қыры ашылары Құдайға ғана мəлім.

Жиын-тойда Нəбиолла ағаның сөйлеген сөзіне риза
болып кеткен Құспан деген бір ағамыз «Айтқанының
бəрі мірдің оғындай екен. Сол үшін бір жуан рөмке
ішейік!» деп сүйсініпті. Нəбиолла ағамыздың ғибратты
іс-амалын насихат қылып, соны өз деңгейімізде
қайталай алсақ, рухани жуан рөмкенің көкесі осы деп
білемін.

Нəбиолла ағамызбен бірге оқыған Мұрат Шаштиев
деген азамат сұхбат барысында Жантасқа: «Папаңыз
жайлы жақсы естеліктер көп, қолыңнан келсе, ол
туралы кітап шығар» дейді. Міне, сіз-біз болып, кітап
жазылып бітті. Ерімбет Көлдейбекұлының «Өлген соң
ерден нышан, бектен белгі, жақсыдан ел көретін нұсқа
қалар» деген жыр жолдары бар. Кітапты ден қойып
оқығандар Нəбиолла ағамның өмірінен «Ғибрат алар
артыңа iз қалдырған» осындай нұсқаларды мол табады
деп ойлаймын.

384

Мазмұны

Құрметті оқырман! Жантас Набиоллаұлы.......................3
МЕН БҮГІН ƏКЕМДІ АЙТЫП ТОЛҒАНАМЫН
Алғы сөз ..............................................................................6
Кіріспе бөлім
ЗАМАН .............................................................................11
МЕКЕН..............................................................................15
ТЕК ....................................................................................16
Аталарымыз туралы естігендер мен есте қалғандар ....17
Серғазыұлы СафолланыңҰлы Отан соғысына
қатысуы .............................................................................31
Төлеген Сафоллаұлы (Нəбиолла ағамыздың інісі,
Сафолла ата шаңырағының кенжесі) .............................36
Негізгі бөлім
БƏРІ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН БАСТАУ АЛАДЫ ...........44
Жауынбай Қабес: Замандас туралы эссе .......................47
Жатақтағы шатақ..............................................................48
Ешмат Усалимов: «Бұл бала түбі мықты болады»........56
Ақсəуле Жұмабекова: «Нəбиолладан көшіріп
алатын едік»......................................................................57
Серік Отарғазиевтің естеліктері:«Бала кезінен
үлкен кісі сықылды еді» ..................................................57
«Мылтық Сафолла ағамызда ғана болды» ....................58
Құмарланды қалай жарақаттап алдық?..........................58
Біздің класс туралы..........................................................59
Таз болудан қалай аман қалдық? ....................................60
Біздің ойындар..................................................................60
Төлеген Сафоллаұлының естеліктері: Жалаңбұт шақ..61
Жақсы көргенде төбе шашымыздан тістейді ................62
«Сегіз жасында мерген атанды».....................................63

385

«Бізді араз қылған асқабақ, қаймақ» ..............................63
«Көп нəрсені Нəбиолладан үйрендім»...........................63
Төзуді де, тебуді де білетін бауыр...................................64
Қасқыр қаптаған кез.........................................................64
Қазанға сыймаған шортан ...............................................65
Қазықты түбінен суырып алған балық ..........................66
Қаратерең – қауіп су ........................................................67
Жыламағаны үшін таяқ жеу............................................67
Күрекпен қасқыр алған күн.............................................67
«Қоян бізге азық болды» .................................................69
Балалық шақтың жеңсік асы...........................................69
Киіз оранған кез ...............................................................70
Қораздан көрген қорлық..................................................70
Құмарлан қалай «бала» болды? ......................................70
Қарақұс – бақша күзетшісі..............................................71
Көкқасқаға қарсы ашылған майдан................................71
Балықтың ірісіне қызықпау керек екен..........................72
«Қасқа өгіз – қарбыз білгірі» ..........................................72
Қырау қатқан көрпелер....................................................73
Жарық қарын ....................................................................73
Ағам қалай сабақтан бір жыл қалып қойды ..................74
Хабиев Наурызбай Исағалиұлының естелігі:
Құлақшын қалай нысана болды......................................75
Елдос Нəбиоллаұлының естелігі:Темір-терсек
жинатқан арман ................................................................75
Нұртас Набиоллаұлы: Табаннан өткен суық .................76
«Азамат болды деген осы»..............................................76
Адалдықты ту еткен......................................................78
Берік Оспанұлының естеліктері: Қолда бар,
бірақ үйде жоқ көмір........................................................78
Мойныма іліне жаздаған моторлар мен магнитофондар .79
Серік Отарғазиев: Көмек сұрауға жоқ еді .....................80

386

Серікбай Нəжиоллаұлының естеліктері: Ағайыннан
алыстамауды қалады........................................................80
Қиналғанға қолұшын созды ............................................81
Қыдырғали Құрманғалиев: «Ай, байғұс-ай!»
айтылатын кез...................................................................81
Ешмат Усалимов: Алпыс жыл бұрын дəм
жолдасып, сыйласып едік................................................82
Жанболат Иманғалиев: Пай бөліскенде артылған
сенім ..................................................................................82
Ғалымадин Ғұмаровтың естеліктері:
Ашу басатын айран..........................................................83
Мұқтаж жандарды қамқорлыққа алды...........................83
Біздің шеберхананың қызығын біраз ауыл көрді ..........83
Ерекше режимде жұмыс жасаған мекеме......................84
Зəру Құдабайқызы:Қиналғанда мені шақырды.............84
Тасжан Қабенұлы:Кездескен кісінің бəрін қонақ
қылатын еді.......................................................................85
Сырымбай Нəжиоллаұлының естеліктері:
Шешеме – «Ақтөре», бізге – «Ақтəте» ..........................85
Көрген қиыншылықтары сырқатына себеп болды .......86
Дерт жанына батса да, қабағын шытпай жүре алды ....86
Дертті емес, жұртты ойлаған тəтем еді..........................87
Жеңгесін емделуге үгіттеп еді ........................................87
Индира Нəбиоллақызы: Ажалдан арашалаған
Ақтөбе сапары ..................................................................88
Əкемді қайтар алдында түсімде көрдім.........................89
Рəзия Сапарғалиқызы:«Бүкіл есіл-дерті
түз тірлігінде, үкіметтің жұмысында болды» ...............90
Наурызбай Исағалиұлының естелігі:
«Мені жоқ деп айтыңдаршы!» ........................................90
Жақсылық жасауға құштар еді...................................92

387

Венера Набиоллақызының естеліктері: Уақыт өткен
сайын əкемнің бейнесі биіктей түседі............................92
Біздің үйде таяқ екеш таяқтың да өз орны бар..............93
Үйдегі əдебиет үйірмесі ..................................................94
Əлі күнге дейін əкелік көңілі мен мейірімін
жоқтаймын ........................................................................95
Қатарымыздан қалмағанымызды қалады ......................96
Əкемдей бауырмал адам жоқ шығар, сірə .....................97
«Бұл бір дұрыс біткен іс болды» ....................................98
Кітапты көп оқыса да, көзі өткір еді ..............................98
Аппақ қалпында дүниеден өтіп кетті.............................99
Балдырғанға мейірбан, қарындасқа қамқор жан...........99
Апам ұзатылғанда əкемнің көңілі босап кетіпті .........100
Талай жастың жолын ашты...........................................100
Райхан Мақсотқызы: Өнегесін көріп өстік..................101
Набат Нəжиоллақызы: Ақтəтемнің орнын
ешкім толтыра алмайды ................................................104
Берік Оспанұлы: Бізді өз баласындай жақсы көрді ....105
Қыдырғали Құрманғалиев: Қамқорлықтың қадірін
білмейтіндер де болды...................................................105
Ардақ Есенова: «Ылғи күлімсіреп қарсы алатын еді»...106
Альберт Төлегенұлы:.....................................................106
Беркін Оразовтың естеліктері: Қатарға ілінуіме
Нəкеңнің көмегі болды ..................................................107
«Мен қалай коммунист болдым»..................................108
Зарлық Таумұрын: Жұмысшыларының жағдайын
жетік білді .......................................................................110
Ізбасаров Мұхит:............................................................110
Махуза Айсағалиқызы: Құлыншағын қуантуға
асыққан əке .....................................................................110
Елдос Нəбиоллаұлының естеліктері: Маңындағылар-
дың мұң-мұқтажын жүрегіне жақын қабылдады........111

388

Маңдайдан тер бұрқ еткізген көже...............................112
Жантас Набиоллаұлы: ...................................................113
Нұртас Нəбиоллаұлының естеліктері: Əкемнің
назарынан тыс қалу қиын..............................................114
Серікбай Нəжиоллаұлы: Қолұшын созбаса
жүре алмайтын жан........................................................114
Төлеген Сафоллаұлы: «Отыз донор алып келіп еді»..115
Сырым Нəжиоллаұлы: «Қалай уақыт табатынына
əлі күнге таңым бар» .....................................................116
Тасжан Қабенұлының естеліктері: Елгезек жан еді ...116
Өзгенің қайғы-қиындығын өзімдікі деп қабылдайды 117
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ ....................................................119
Берік Оспанұлының естеліктері: Нəкеңдей азамат-
тардың арқасында ауыл ұнсыз болған жоқ..................120
Біздің шеберханамызды үлгі тұтты ..............................120
Түнімен жұмыста жүретін кездері көп болды.............121
Бас шайқатқан білім.......................................................121
Қаратөбелік Кулибындар...............................................122
Беркін Оразовтың естеліктері: Шеберхана
Нəкеңнің арқасында салынды.......................................123
Ескі мен жаңаның таласы..............................................124
Көзге көрінбейтін еңбек ................................................125
Қыруар қаражаттың үнемделуіне себепші болды.......126
Зарлық Таумұрын: Қарабидайға шықпаған
комбайндар .....................................................................127
Ізбасаров Мұхит: Ақсаған іс, ағамыз араласса,
шауып кететін еді ...........................................................128
Серікбай Нəжиоллаұлы: Неміс жасағанды
тəтем де жасады .............................................................128
Сұлтанов Əзірғалидың естеліктері: Əскерде
бірге болдық ...................................................................129
Нəкеңді əскери бөлім командирінің өзі сыйлады .......130

389

Тəтті болып кеткен «тауықтың жемі» ..........................131
Жазуымыздың жақсы болғаны
қандастарымызға да пайдалы болды............................132
Тасжан Қабенұлының естелігі:Электр ісін жолға
қоюға көп еңбек сіңірді .................................................132
Елдос Нəбиоллаұлының естелігі: Шеберхана
масштабындағы коммунизм..........................................133
Қыдырғали Құрманғалиев: Біздің ауыл телевизорды
аудан орталығынан бұрын көрді...................................134
Бақытжан Жəлелов: Шеберхананы ұзақ уақыт
таратпай ұстап тұрды.....................................................135
Ғалымадин Ғұмаров: Кеңес жүйесі қанатын
кең жайдырмады ............................................................136
«ҚИЯНАТҚА ЖАНЫ ҚАС, БОЛЫПТЫ БІР
ҚАРЛЫҒАШ...» ............................................................138
Наурызбай Исағалиұлының естеліктері:
Құр пирожки, лимонад – студентке қиянат .................139
«Өз пікірінің дұрыстығын дəлелдеуден
тайынбайтын еді»...........................................................140
«Вы, что Юрий ...!»........................................................141
Костюмдегі қара дақ ......................................................142
Киінуге уақыт қимаған сəт............................................143
Төлеген Сафоллаұлы: ....................................................143
Елдос Нəбиоллаұлы: «Жеке мүддесін қорғауға
жоқ еді» ...........................................................................144
Тасжан Қабенұлының естелігі: Қайын жұртқа
бұйырмаған қазы-қарта .................................................144
Елдос Нəбиоллаұлының естелігі: Қалтадан шыға
келген қара қалам, қара қалам болмаса, күнің қараң .145
Зарлық Мусин: Ілтипаты ерекше азамат еді................146
Сырым Нəжиоллаұлы:Жемқорлардың аузынан
қағылған жем жайлы......................................................148

390

Нұртас Нəбиоллаұлының естеліктері: «Талай
ұрлықтың жолын кесіп еді» ..........................................148
«Детектив десе де болар еді»........................................149
АЯҚТАН ШАЛҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕР
АЗ БОЛМАДЫ..............................................................151
Бөлеғалиев Зайлағидің естеліктері: Жаңашыл
адамға жұмыс істеу оңай болған жоқ...........................152
«Шеберхананың бүкіл шаруасының бас-қасында
өзі жүрді» ........................................................................153
«Көшені жарық қылуда Нəкеңнің үлесі бар» ..............153
Ұрымтал тұстан жасалған жойқын соққы...................154
Қайталанған қасқөйлік ..................................................156
Төлеген Сафоллаұлы: «Біраз бəле іштарлықтан
туындады» ......................................................................157
«Ағамды көндіре алмағандар өшін менен
алмақ болды»..................................................................158
Егжей-тегжейлі ұйымдастырылған аяқтан шалу
операциясы .....................................................................159
Жүзеге аспай қалған авантюра .....................................159
Адамды əуреге салудың көне тəсілі .............................160
Сырымбай Нəжиоллаұлы: Кəдуілгі қыр көрсету ғой .161
Индира Нəбиоллақызы: Мəшинені өртеп, əкемді
кінəламақ болған ............................................................161
Түсініктеме ....................................................................162
Зайыбы Разия Сапарғалиқызының естеліктері:
Болмай қалған жол апаты ..............................................168
Жантас Нəбиоллаұлының естеліктері: «Менің
жауларымды өздеріңе жау қылмаңдар» .......................169
Кітап атты қимасын, ұрласа қалай шыдасын ..............169
Торы бие неге сойылды .................................................172
«ЕС БІЛГЕН КЕЗІМНЕН БАСТАП ƏКЕМДІ
ИДЕАЛ ТҰТЫП КЕЛЕМІН» ....................................173

391

Бай кейіпкеріміз сусындаған бастау.............................174
Венера Набиоллақызының естеліктері:
Əкемнен алған алғашқы сабақ......................................175
Репертуарымыздан шығып қалған «спектакль» .........175
Мен қалай вегетариан болмай қалдым ........................176
Ауыра қалсақ, құрақ ұшып, шауып жүретін еді..........176
«Əкең сияқты жылдам «сообразить» ете алмас едім»177
Фатиха, Ықылас сүрелерін жаттау маған
өте оңай болды ...............................................................179
Бізді біреумен бəсекеге түсуге баулыған жоқ..............180
Əкеміз бізді желеп-жебеп жүр деп ойлаймын.............180
Жантас Набиоллаұлының естелігі: Сенім артқаны
күш берді.........................................................................181
Ғибратты сəттер .............................................................181
Спорт жəне домбырамен беріліп
айналысуымызға қарсы болды .....................................182
Елдос Нəбиоллаұлы: Біз қалай
балабақшадан қаштық ...................................................182
Жантас Нəбиоллаұлы: Емтиханға дайындалуға
бүкіл жағдайды жасады.................................................183
Киімге кеткен екі мал ....................................................184
Нұртас Набиоллаұлы: Жинақы жүруге баулыды........185
Санамызда ата-баба жолына деген құрмет
қалыптастырды...............................................................185
Дастарханның берекетін келтіретін .............................186
Ешкіммен бəсекелеспе ..................................................186
Өтірік айтқанды қатты жек көрді .................................186
«Уақ-түйек деген болмайды»........................................187
Ақылға салып қимылдауға, аңғарымпаздыққа
үлкен мəн берді ..............................................................187
Қалау-сұраныстарымыз əкеміздің назарынан
тыс қалмайтын еді..........................................................188

392

Индира Нəбиоллақызының естеліктері:
Ертегі оқымай қойған күн .............................................189
Əкеммен деңгейлес адамды əлі кездестірген емеспін189
Əкем əсіресе қыз балаларын қатты уайымдады .........191
Журасова Алтынай: Нəбиолла ағаның балаларына
репетитор керек емес .....................................................191
Альберт Төлегенұлының естеліктері:
Көпшік астындағы кəмпиттер.......................................192
Дастархан басындағы демократия................................192
Оған отыз жасымда да еркелеп жүрдім .......................193
Тəрбиеші, тəлімгеріміз еді ............................................193
Серікбай Нəжиоллаұлының естеліктері:
Жұртта жоқ журнал бізде болды ..................................194
«Көксерек» пен «Капитан қызын» жұрттан бұрын
таныдым ..........................................................................194
Жақсыға тартты, жаманнан тыйды ..............................195
Тəтемнің пышақ қайрауы бөлек болды........................195
Шахмат үйретудің ерекше əдістемесі ..........................196
Елдос Нəбиоллаұлының естеліктері:
Ой-пайым жасауға баулыды..........................................197
Əкем үшін уақ-түйек деген болған жоқ .......................198
«Қиқым» мен «қоқым» ..................................................199
Мал тоғыту математикасы.............................................199
Зерде концентрациясы...................................................200
Пай бөлу төрағасы сайланған жиналыс.......................200
Мен қалай «Жігіт сұлтаны» атандым ..........................201
Сырымбай Нəжиоллаұлы: Адам тағдырына қатысты
оқуыңа жауаппен қара ...................................................202
Талшын Байқатова: «Пошли қарашаңырақу!»............202
Ардақ Сəмерқызының естеліктері: ..............................203
Мектеппен тығыз байланыста болды...........................203
Бұл отбасы – біздің мақтанышымыз ............................204

393

Махуза Айсағалиқызының естеліктері:
Нəкең сөйлесе, «айта түссе екен» деп отырасың........204
Балаларының жан-жақты болғанын қалады................205
Сафолла атаның ерте үйлену тарихы...........................206
Жантас Нəбиоллаұлының естеліктері:
Əке шапағаты..................................................................208
Айтқанының бəрі расқа шықты....................................208
ТАЛАЙ ЖАНҒА ТƏЛІМГЕР БОЛЫП ЕДІ............210
Əділгерей Қайырлаповтың естеліктері: Жасы мен
ақылы үлкендігіне қарап, біз оны «шал» деп атадық .211
І курстың ортасында Нəкеңді ректорға дейін
танитын болды ...............................................................212
Мұрат Шаштиевтың естеліктері:
Біз Нəкеңді тек құрметпен еске аламыз.......................213
Мені бір жылға жатақханадан шығарып
жібергені бар. .................................................................213
Қолыңнан келсе əкең туралы кітап шығар ..................214
Бір күнге жетпейтін ашу................................................215
Ылғи біз үшін күйіп-пісіп жүретін еді.........................215
Тасжан ағай естелігі: «Боқтан да оңай шаруа» ...........217
Жанболат Иманғалиев: Бойымызға қан жүгірткен
бутерброд ........................................................................217
Ғалымаддин Ғұмаров: Бізді жалықпай тəрбиеледі.....218
Серікбай Нəжиоллаұлы:Теория мен практиканы
шебер байланыстыратын еді .........................................219
Берік Оспанұлының естеліктері: Əр жиналыс –
тəлімгерлік сабағы .........................................................220
Көп кісінің маман болып қалыптасуына
еңбек сіңірді....................................................................220
Саршолақов Айболат Сəмерұлының естеліктері:
Токарь болу тарихым .....................................................221
Нəкең сыйлаған кітап əлі күнге пайдаға асып келеді.....223

394

Тілеген Аяпов:Көбі білгенін үйретпейді .....................223
Қуатов Тілеген Құттыбайұлы: Маған баласындай
қарады .............................................................................224
Ахметов Тарас Хакимоллаұлы:Дəнекерлеуші болып
қалыптасуымда Нəкеңнің еңбегі бар...........................225
Мұхит Ізбасаров:Адамның ыңғай-қабылетін бірден
байқайтын еді .................................................................226
Наурызбай Исағалиұлының естеліктері:
Біз Нəкеңнің ақылын тыңдап, өнегесін көрдік............227
Ағайымыз қатаң тəртіп орнатты...................................228
Бірден Халықтық бақылау комитетінің мүшесі болды ..230
Біз үшін алаңдап жүретін еді ........................................231
Нəкең – ұстаздарын риза қылған үздік студент болды ..232
Жаңағы жігіт үшін жуан рөмке ішейік ........................233
АҢШЫ ...........................................................................236
«Жалмауыз қасқыр» Қыдырғали Құрманғалиев.........237
«Əкесін көргендердің бірімін» Оразбай БАЯНОВ.....243
Айболат Саршолақов: «Малды қырып жүрген -
құбыжық екен» деген де аңыз шықты ........................245
Нұртас Нəбиоллаұлы: «Малды қырып жүрген –
Нəбиолланың иттері» деген де əңгіме болды..............246
Əкемнің шеберлігі туралы əңгіме өте көп...................246
Құтыру ауруының алдын алуға көп еңбек сіңірді ......246
Елдос Нəбиоллаұлының естеліктері:
Айдындағы апат .............................................................247
Суда жатқан үйректерді жағаға шығару операциясы .... 248
Үйрек, елік, дуадақ олжалаған күн...............................250
Ер кезегі үшке дейін ......................................................251
Жантас Нəбиоллаұлы: ...................................................251
Елдос Нəбиолаұлы:........................................................252
Нұртас Нəбиоллаұлының естеліктері:
Əкемнің алғаш мылтық атуы ........................................255

395

Венера Нəбиоллақызы:Ұстаған балығын жұртқа
үлестіріп береді. .............................................................257
Жантас Нəбиоллаұлы:Біз қалай мылтық атып
үйрендік?.........................................................................257
Сағынбай Зейінұлы: «Аңшылық – Нəкең екеуміздің
ортақ қызығымыз болды» .............................................258
Төлеген Сафоллаұлының естеліктері:
Газонмен қасқыр соққаны бар ......................................259
«Ауыл əуендері» үшін атылған үкі...............................259
Аспаннан үйрек жауған түн ..........................................260
Қыдырғали Құрманғалиевтің естеліктері:
«Жақсы ат пен тату жолдас-бір ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға»...........................260
Шаршауды білмейтін жомарт жан еді..........................261
«Қасқыр үшін Нəкең қысылып жүрді» ........................262
«Айтып жеткізе алмас бір ғанибет» .............................262
«ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛУ – ӨМІР МƏНІ».....265
Венера Нəбиоллақызының естеліктері:
«Тұзға түсті көп адам, арқасында əкемнің» ................266
«Талай жанды табыстырып еді»...................................266
Замандастары Нəкеңді жылы сөзбен еске алады
Берік Оспанұлы:.............................................................267
Индира Нəбиоллақызы: «Шəй беру» – кейінге
қалдыруға болмайтын шұғыл шаруа............................268
Қайсар Мəуленұлы: Ұрланған малдың табылуына
Нəбиолла үлкен еңбек сіңірді .......................................269
Альберт Төлегенұлы: Екі ауылдың тал-терегінде
тəтемнің алақанының табы бар ....................................273
Махуза Айсағалиқызы Құрманғалиеваның естеліктері:
Мектеппен тығыз байланыста болды...........................273
Ағамыз əр нəрсеге жауапкершілікпен қарады ............274
Нəкеңнің қадірін кеш түсіндік ......................................275

396

Нəбиолла ағай бірдеңе айтса, сол дұрыс болып
көрінеді ...........................................................................276
Төлеген Сафоллаұлының естеліктері: Есте қалған
комсомол тойы................................................................277
Қосшы би – адам тағдырының арашашысы................278
Депутат Нəбиолла ..........................................................279
Серік Отарғазиев: «Халық игілігін
қызғыштай қорыды»......................................................280
Елдос Нəбиоллаұлының естеліктері:
«Сауапты істің басы-қасында көп жүрді» ...................281
«Қалдығайты қалдық судан қалай аман қалды». ........282
Нұртас Нəбиоллаұлының естеліктері:
Музыкалық орталық олжалаған клуб...........................283
Əкемнің «Жігіт сұлтанын» баптауы.............................284
Түрлі игі істе əкемнің ізі қалды. ...................................285
Жанболат Иманғалиев: «Кеңес сұрап барсаң,
миыңа құйып жібермей, босатпайды» .........................285
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ ЖАН .........................287
Берік Оспанұлы:.............................................................288
Ізбасаров Мұхит.............................................................289
Нұртас Нəбиоллаұлы: ....................................................289
Венера Нəбиоллақызы:..................................................291
Жантас Нəбиоллаұлы: ...................................................291
Серікбай Нəжиоллаұлы .................................................292
Төлеген Сафоллаұлы .....................................................292
Елдос Нəбиоллаұлы:......................................................292
Құрманғазы Қараманұлы: Нəкең нығыз адам еді. .....294
Нұртас Нəбиоллаұлы: Əкемнің əңгімесі......................297
Елдос Нəбиоллаұлы:......................................................301
Ардақ Есенова: ...............................................................302
Ешмат Усалимов: ...........................................................302

397

Нұртас Нəбиоллаұлы: ....................................................303
Өлкетанушы-жазушы Қайыржан Хасановтың
естелігі: Мамандығы инженер болса да.......................304
ЕГІНДІКӨЛ – ҚАРТТАРЫМ, ДАНАЛЫҒЫМ!
Гүлзира Серғазы.............................................................306
Раухан Бердіғалиева:......................................................338
Берік Оспанұлы ..............................................................343
Сырым Нəжиоллаұлы:...................................................343
Нұртас Нəбиоллаұлы: ....................................................344
Индира Нəбиоллақызы:. ................................................344
Қыдырғали Құрманғалиев: ...........................................344
Венера Нəбиоллақызы:..................................................345
Нұртас Нəбиоллаұлы: ....................................................345
Серікбай Нəжиоллаұлы: ................................................345
Венера Нəбиоллақызы:..................................................345
Нұртас Нəбиоллаұлы: ....................................................346
Альберт Төлегенұлы:.....................................................347
Жантас Нəбиоллаұлы: ...................................................347
Бақытжан Жəлелов: .......................................................347
Елдос Нəбиоллаұлы:......................................................348
Сырым Нəжиоллаұлы. ...................................................348
Ізбасаров Мұхит:............................................................349
Жантас Нəбиоллаұлы: ...................................................349
Махуза Айсағалиқызы:..................................................349
Ардақ Есенова: ...............................................................350
Венера Нəбиоллақызы:..................................................350
Махуза Айсағалиқызы:..................................................351
Нұртас Нəбиоллаұлы: ....................................................352
Альберт Төлегенұлы ......................................................352
Нұртас Нəбиоллаұлы. ....................................................353
Сырым Нəжиоллаұлы:...................................................355
Нұртас Нəбиоллаұлы: ....................................................355

398


Click to View FlipBook Version