The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zkoipk, 2019-02-11 23:52:32

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

шығады» - деп əкемді жылы көңілмен еске алады. Қашан
болса да, папамның төсегінің басында кітаптар жатады.
Папам кітапты қалай көп оқыса да, кете-кеткенше көзі
өткір, көргіш болып қалды.

Аппақ қалпында дүниеден өтіп кетті

Папам өте таза кісі болды. Жуынғанда əрдайым
дəрет алудың үлгісімен жуынатын еді. Оны өзім ораза
ұстарда дəрет алудың үлгісін үйренем дегенде барып бір
білдім, бұрын еш мəн бермеген болып тұрмын ғой. Өзі
инженер болып жұмыс жасаса да, əрқашан аппақ болып
киініп, тап-таза болып жүретін еді. Көз жұматын күні
де өзі жуынып, тазарып, аппақ күйде дүниеден өтті.
Папам өмірде қалай ақ, ешкімнің алдында басын имей,
беті ашық, батыл болса, өмірден де абыроймен кеткен
екен-ау деп ойладым.

Балдырғанға мейірбан, қарындасқа қамқор жан

Біздің Серік-Айбарша деген көршілеріміз көшіп
келгенде Саламат деген баласы шамамен үш жаста
болатын. Бала жақсы адамды біледі дейді ғой, Саламат
папамның қасынан шықпайды. Папам да жалықпай,
соның барлық сұрағына жауап беріп жүреді. Сол кездері
бақшаны айналдырып сыпырғыш егетінбіз. Осы биік
сыпырғыштардың арасынан бұзып-жарып, «Көрші
ата, қайда? Атаға келе жатырмын» деп кіп-кішкентай
Саламат шығып келе жататын еді. Ауласында жүріп,
папаны көріп қалса, «Көрші ата, қал қалай?» деп қолын
көтеріп, құдды бір өзінің құрдасындай амандасатын,
біз осы қылығына бəріміз мəз болып күлеміз.

99

«Саламаттың сөздері үлкен адамның сөздеріндей» деп
бəрі таң қалатын. Бұл – папамның кішкентай балаларды
қаншалықты жақсы көргенін, қандай мейірімді адам
болғанын көрсететін көп естеліктердің бірі ғана.

Апам ұзатылғанда әкемнің көңілі босап кетіпті

Апам тұрмысқа шығып, есік алдында ұзатып
салып жатқан кезде папамның көңілі босап, дауысы
өзгеріңкіреп барып, қайта өзіне келіпті. Соны байқап
қалған көршілер «...жүрегіңіз жұмсақ екен ғой» деп
əзілдепті. Апамды ұзатқанда мен де бірге еріп кеттім.
Басында папам менің еріп баруыма қарсы болды. Бірақ
Талшын апам: «Жалғыз сіңлісі еріп бармағанда, кім
барады?!» деп папама айтып, мені бірге алып жүрді.
Бірақ жол көтере алмай ауырып, тойға да жөнді қатыса
алмадым. Той өткеннен кейін екі жұмадай қалада бол-
дым. Сонда папам бізді жоқтап, біршама қиналыпты.
Апамның тойының видеокассетасын қарап отырып,
бізді көргенде «Менің көкелерім күн сияқты ғой, топты
жұрттың арасынан жарқ етіп бірден көзге шалынады»
депті.

Апам тойдың алдында ауылға той əндерінің
кассеталарын əкелген, апам ұзатылып кеткеннен кейін
соларды тыңдап, «Қызым тұрмысқа шығатынын айтуға
қысылып, осыларды тыңдап, түсінер деп əдейі əкелген
болып тұр ғой», - деп көңілі босайды екен.

Талай жастың жолын ашты

Папам ауылдың қарапайым отбасыдан шыққан
көп жастарына білім беріп, институтқа түсуіне ықпал

100

етіп отырған. Мысалы, ауылдағы Жұмагелді, Қуан
деген ағайларға өзі сабақ берген СПТУ-дан қызыл
диплом беріп, жолдама жазып берді. Соның арқасында
олар Оралдағы ауыл шаруашылығы институтына
емтихансыз оқуға түскен. Қуан ағайдың əкесі папаның
қарамағында шеберханада жұмыс жасаған. Қуан ағай
оқуын бітіріп келгесін ауылда ұстаз болып қызмет
етті. Ал Жұмагелді ағай – малшының баласы, кейін
ауыл басқарды. Папамның қолдауы болмаса, осындай
қарапайым отбасынан шыққан балаларға емтиханнан
өтіп, институтқа түсу қиын еді.

Райхан Маќсотќызы:

Өнегесін көріп өстік

Анамның бауырларының үлкенін Нəжен аға дейміз.
Əнші, ақкөңіл, үнемі күліп жүретін қарапайым кісі еді.
Өмірден өтіп кетті. Əншілігі керемет. Дауысы əдемі де
сырлы. Домбыра қағысы қандай шебер еді... Біз ол кезде
баламыз, Мұхит бабамыздың əндерін керемет қылып
айтады. Қазір соны есіме алып, өнеріне таң қаламын.
Анамның екінші інісі – Нəбиолла. Біз оны тəте дейміз.
Анам «Нəбиолла ақ қой», - деп отыратын. Осы бауырын
ерекше жақсы көрді.

Бала күнгі естеліктерден бастайын. Ауылда 14
наурыз – Көрісу күні. Ерте тұрып, бар тəуірімізді киіп,
үлкендерге көрісуге шығамыз. Тəтеме де кіреміз. Сонда
ол басымыздан сипап, «Əй, қайдан келе жатырсыңдар?»,
- деп қолымызға молырақ тəттə ұстатып жіберетін еді.

Бірдеңені түсіндірген кезде санаңа жеткізуге аса
мəн береді. Тəтемнің үйінде трактордың, машинаның

101

қосалқы бөлшектері тұратын еді. Бір бөлмесі жеке
кабинеті болды. Кітаптары сол кабинеттің бір
қабырғасын түгел алып тұрды.

Бірде Əлімжан атты ағам екеуміз, біз оны «Əлөш»
дейміз, тəтемізге амандасуға бардық. Сол барғанында
Əлөш нағашысынан «Тəте, машинамның мына жері
бұзылып тұр. Оны қалай жөндеуге болады?» деп кеңес
сұрады. Тəтем бір кітабын алып, «Міне, теорияда былай,
ал практикада былай» - деп, жаңағы бөлшектер арқылы
бəрін көрнекі қылып көрсетіп, миына құйып берді.

Ол өз ісін терең білетін мықты маман, инженер еді.
Анам «Тəтең кілең беспен оқыған» - деп ылғи айтып
жүрді. Нағашым өте мұқият, аса дарынды еді. Не
сұрасаң да ерінбей-жалықпай, түбіне дейін түсіндіріп
береді. Кетеріңде «Не бұйымтайың бар?» деп сұрайды.
Кейін Алматыда оқып жүріп, ауылға жазғы демалысқа
келген кезде баяғы қанға сіңген əдет бойынша тəтеме
сəлем беруге барамыз. Сонда бала болсам да, бұйымтай
сұрап, қалтамды да көңілімді де қампайтып, қуантып
қайтаратын еді.

Алдағы өмірге деген сенім, мамандық-кəсіпке деген
адалдықты осы нағашымның ақылын тыңдап, өнегесін
көріп үйрендік. Жұмыссыздық жайлаған 90-шы
жылдары Алматыдан ауылға келіп қалдық. Жұрттың
бəрі «Мамандық бойынша жұмыс жасап қажеті жоқ,
сауда-бизнеспен айналысамыз» деп шабылып жатқан
уақыт еді.

Мен ҚазПИ, жолдасым атақты ҚАЗМУ-ді бітіргенбіз.
Қолында гидрогеолог, гидробиолог-инженер деген
күректей дипломы бар. Тəтем жолдасымнан: «Не
істейсің? Қандай оқу бітірдің, қарғам?» - деп жөн
сұрай бастады. Жолдасым Сапар «ҚАЗМУ бітірдім,

102

мамандығым – гидрогеолог. Мамандығым бойынша
жұмыс табылмады. Табылса да, жалақысы аз. Бізге
үй алу керек, бала-шаға асырау керек. Бизнеспен
айналысатын ойым бар», - деді. Сонда тəтем: «Қарғам-
ау, оқудың төресі - ҚАЗМУ-ді бітіріп, кез келген
адамның қолы жетпейтін нағыз керек мамандық – жер
қойнауындағы су қорын зерттеу, пайдалану, өндіріске
жарату ілімін меңгеріп шығыпсың. Ойыңды өзгерт!
Ертеңнен бастап осыны ойланып көр. Ақшасы аз болса
да, осы мамандығыңның соңына түс! Түбіне жет! Жақсы
ма?» - деп қайтарды.

Кейін жолдасым мамандығының өмірде, шынында
да, көмегі көп болғанын, нағашымның сөзі қатты əсер
еткенін айтып жүрді. Артынан Сапар АСИ бітіріп, екінші
жоғары білім – құрылысшы мамандығын меңгерді. Осы
құрылыспен айналысып жүргенде де «жер қыртысын
білу, Нивилермен жұмыс жасағанда бірінші мамандығы
пайдаға асып, сол үшін нағашымды аузынан тастамай
айтып жүрді. Тəтем – өмірге бағыт сілтеу, жастарды
бауырына тартып, қолдау көрсетуге үлкен мəн беретін
кісі еді.

Бірде тағы ауылға демалысқа барып қалдық.
Алматы – үлкен шаһар. Бауырының баласы менімен
бірге Алматыда оқып жатыр еді. Ауылда болып, енді
автобуспен қалаға қайтайын деп жатырсам, екі қолында
екі пакет ұстаған нағашым жүгіріп келе жатыр.
Қолындағыларын «Мынау саған, ал мынау інімнің
баласына», - деп маған ұстатты. Осының бəрі, əрине,
жүрегіңе жылылық ұялатады.

Ол – туыстарға бауырмал, өте адал, шыншыл кісі
еді. Өтірік айтып, жамандық-зұлымдық істейтіндерді
жек көрді. Оларға дегенде қатты болды. Қара қылды

103

қақ жарған мінезі болды. «Бір рет алдаған, сатқындық
жасаған адамды, қанша жерден жақының болса да,
екіншіде жаныңа жолатпа!» деген сөзі есімде қалды.

Бірде тəтемнің «Жайық Прессті» басқаратын ортан-
шы ұлы Жантас қонақ болып келіп, тəтемнің он жылдық
асының видеосын көрсетті. Бейнебаянның музыкасы
да керемет тандалған екен. Тəтемнің жас кезінің суреті
экранға атып шыққанда көзімнен жас қалай шыққанын
аңғармай қалдым. Тəтемді сағынғаннан ғой.

Нағашым бізді еш ренжітпепті, ақылын айтып,
ақшасын беріп, үлгі-өнеге көрсетіп кеткенін түсіндім.
Жып-жылы жүзі көзіме оттай басылды. «Үп-үлкен жиен
апам неге жылап отыр?» деп Жантас түсінбей қалған
жоқ па екен деп те ойлап қоямын.

Елдос, Жантас, Нұртас інілеріміз бар, Индира,
Венера сіңлілеріміз бар, бір-бірімізден еш қол үзген
жоқпыз, əлі күнге дейін араласып тұрамыз. Анамның
кіші бауыры Төлеген нағашым бар. Анамыздың көзіндей
болған Төлеген нағашым Орал қаласында тұрады.

Қаратөбенің Егіндікөлінде Нəбиолла нағашымның
шаңырағын ұстап отырған, мінезі нағашы Жəнет əжеме
тартқан, салмақты жеңгем Рəзия апама да мың алғыс
білдіремін.

Набат Нəжиоллаќызы:

Ақтәтемнің орнын ешкім толтыра алмайды

3 жасымда тəтемнің армияға кеткені есімде.
«Тəтəнау тəтəнау» деп Серікбайды тербеткенім есімде.
Негізі, мен тəтеме өте жақын болдым. Ол да маған «Сен
балалардың ішінде ерекшесің», - дейтін. Тəтем ауылға

104

келіп, ескі клубқа барса, бақырып одан қалмайтын едім.
Бірінші үйленгенде қалыңдығының алдына жетектеп
алып барып, «Мынау сенің апаң» дегенде «жоқ!» деп
тəтемнің алдына құлағаным есімде.

Мектепте оқығанда мұғалімдер де қызық, «үйден
үйреніп келіңдер», - деп нотасымен өлең береді. Соны
ақ тəтем маған мандолинмен үйретіп еді. Оны мен əрі
қарай басқа балаларға үйретіп жүрдім. 10-класс бітіріп,
Алматыға музыканың оқуына барамын дегенімде
тəтем қарсы болды. Біз оның айтқанын тыңдайтын едік.
Мəскеуде жүргенде тəтем 50 сом ақша салып жіберіп,
соған кофта алғаным бар. Ақ тəтеммен жүрген кездерім
мəңгі есімде қалды. Өте адал кісі еді. Шындықты
сүйетін. Оның орнын ешкім толтыра алмайды.

Бізді өз баласындай жақсы көрді

Берік ОСПАНҰЛЫ: Қалаға көшіп кеткеннен кейін
ауылға барып тұрамыз. Сонда келгенімізді қайдан
екенін білмеймін, бірден естіп қалатын Нəбиолла
ағамыз бізді міндетті түрде шақырып, қой сойып, қонақ
қылады. Біздерді баласындай жақсы көрді.

Ќыдырєали Ќўрманєалиев:

Қамқорлықтың қадірін білмейтіндер де болды

Нəкең шеберханаға душ қойды. Қызметкерлерінің
дұрыс киіммен келіп, шеберханаға келгесін жұмыс
киіміне ауысып, кешке жуынып-шайынатын жағдай
жасағасы келді. Сол жақсы ниетінің өзін біреулер дұрыс
түсінбей, əңгіме қылып, сөз тасып жүрді. Ұжымның

105

қамын жейтін еді. Бұнысының қадірін білетіні бар,
білмейтіні бар. Мына жақтан «Не қыласыз соларды? Боқ-
боқ болып жүре берсін!» - деп мен күйіп-пісемін. Нəкең
«қой, болмайды» деп қояды. Ағамыз өзін өте қарапайым
ұстайтын еді. Жас талғамайды, жұрттың бəрімен бірдей
сөйлеседі. Арақ ішпейді. Ақсақалдармен барып, солардан
шежіре жинап жүргенін білемін, олармен де жақсы тіл
табысады. Қонақжайлығы өз алдына бір бөлек əңгіме
– қашан барсаң да, «төрлет, жақсы келдің!» деп жылы
қабақпен қарсы алып жатады.

Ардаќ Есенова:

«Ылғи күлімсіреп қарсы алатын еді»

Нəбиолла ағаны оқушы, студент кезімнен білемін.
Ал Рəзия Сапарқызы – менің тəлімгерім. Институт
бітіргесін мектепке қайтқан əкемнің орнына келіп, сабақ
бердім. Ағайдың адамды күлімсіреп, жылы қарсы алуы
– бір ғажап нəрсе. «Қысқа дайындығың қалай, отын-
суың, жем-шөбің бар ма?» деп бəрін сұрап алады. Шəй
қойғызады. Иə, Нəбиолла ағамыздың қонақжайлығы,
ғаламат, ауылға біреу келсе, жас демей, кəрі демей, үй
көрсетіп, қонақ қылады. Қонақпен бірге балаларын да
дастарханға отырғызады.

Альберт Т ґлегенўлы:

- Ағайынның арасында біреу үйленсе, құдалығы
болса, тəтем мəжіліс ұйымдастырады. Тұрмыс жағ-
дайына байланысты əке-шешесі тартынып, тоқталып
тұрса, тəтем тек кеңеспен ғана емес, қаржылай қолдау

106

да көрсетеді. Бары екі сиырдың біреуін қиып, сойып
бергені бар.

Үш үйдің баласы да тəтемді жақсы көрді. Атамыз
тірі кезінде балаларды бір-бірімен жақсы араластырды,
бір-бірінің үйіне жиі апарып тастайды.

Тəтем көп адамға «ақ қарға» сияқты болып көрінетін
шығар. Себебі ол қамшыламаса да, жорғасынан жа-
ңылмайтын жылқылар сияқты еді. Идеал бағытты
ұстанды. Тəтем адамды қуантқаннан лəззат алады.
13-14-тегі мені үлкен кісілерше қабылдап, байыпты
əңгіме айтады. Біз қазір қай бауырымыздың бала-
сына өйтіп жүрміз?!

Сəл ересек болған кезімде менде сабаққа қатысты
болсын, басқа болсын, қандай да бір мəселе туындай
қалса, тəтем 18 шақырым жерден жетіп келіп, не өзіне
шақыртып алып, соны шешкенше тыным таппайтын
еді.

Бірінші жолдасы жаңа көрінген баланы алып кетіп
қалғаннан кейін көп ұзамай дүниеге мен келдім.
Баласын сағынғасын ба екен, мені алдына отырғызып
алып, төбемнен-желкемнен құшырлана ұзақ иіскейтін
еді.

Беркін Оразовтыѕ естеліктері:

Қатарға ілінуіме Нәкеңнің көмегі болды

Зеленовтағы жеті айлық курсты бітіргеннен кейін
ауылға келіп басшылардан жұмыс сұрағанымда маған
сынып жатқан «МТЗ-2» деген ескі тракторды ұсынды. Ол
кезде Ханкөл Қоскөлге қарайды. Біреулер айдап-айдап,
жарамсыз қылып тастаған əлгі трактормен көп алыстым,

107

ақыры жүргізгендей болып едім. Бірақ содан кейін де
ана жері, мына жері сыр беріп, қиындық көрсетіп жүрді.
Содан 63-жылы əскерден келіп, шеберхана меңгерушісі
болып істеп жүрген Нəбиоллаға жолықтым. Ол бұл
кезде совхоздың комсомол секретары да еді. Əскери
киіммен жүргені есімде, біз алғашқыда оны офицер деп
қабылдадық. Содан Нəбиолла тракторымды стендіге –
диагностикаға салғанда насосы жөндеуге келмейтіндей
пайдасыз болып шықты. Көңіл-күйім түсіп кетті, мен
сияқты жас маманға жаңа насос бермейтіні анық. Нəкең
маған «Бүгінше шыда, біздің үйге қон, ертең бір жөні
болар» деді. Ертеңіне, айтқандай, қоймадан бір жарамды
корпус насос тауып, форсункасын да оңдатып берді.
Осындай жөндеу жұмыстарынан кейін тракторым тəуір
жүріп кетті. Содан күзде жаңа тракторға іліктім. Бір
жағынан, тракторым жаңа, оның үстіне, осы техниканың
оқуын оқып келгесін, несін аянайын, барымды салып
жұмыс жасап, озаттар қатарына іліктім. Басында берген
жаман тракторды Нəбиолла себеп болып, жамап-жасқап
бермегенде жаңа трактормен жақсы атаққа жетер ме
едім, жетпес пе едім. Нəкең – талай адамды сүйемелдеп-
демеп, қатарға қосып жіберген азамат қой.

Мен қалай коммунист болдым?

Иə, сонымен оқығанның аты оқыған, тəуір
көрсеткіштер көрсетіп жүргенде «шөп үйетін кісі
жоқ» деп стогометке шығарды. Басқа жігіттердің істеп
жатқанын тірлігін қараймын – тракторлары шөпті аздап
көтереді де, тастай салады. Артынан білдім, бұған
негізгі себеп трактордың стогометінің толыққанды
жұмыс істемейтінінен екен. Ал шөп дұрыстап үйілмесе,

108

қыста алынбай, адамды қор қылады. Мен шөпті тіп-
тік қылып, қырын шығарып үйіп жүрдім. Шөпті
17-18 метрге дейін апаратын трактор аспасының барлық
мүмкіндігін пайдаландым. Картинадағыдай болып шығып
жүрді. Бір күні осылай жұмыс істеп жатқан кезімізде
қасымызға «УАЗик» келіп тоқтап, ішінен райкомның
екінші секретары Тастанбеков шықты. Амандық-саулық
сұрасқаннан кейін «Күніне қанша үйіп жүрсің?» деп
сұрады. «Күніне 1000 центнер. Маған скирд болса болды»,
- дедім. Ол бірден «Партияға өтуге қалай қарайсың?», -
деді. Аяқ астынан түскен мына ұсыныс мені абдыратып
тастап, ауызымнан шыққаны «Оған мені кім өткізеді?»
болды. «Біз өткіземіз», - деді Тастанбеков.

Ертеңіне совхоздың парткомы Əлімжан келді. «Сені
партияға даярлаймыз», - деді. Содан бір күні райкомға
əкелді. Ішінде совхоз директорлары, парткомдар, өзге де
лауазым иелері бар, комиссия мүшелері қаз-қатар отыр.
Ішінде Тастанбеков те бар. Ол бірден менен «Күніне
қанша шөп үйіп жүрсің?» деп өткендегі сұрағын
қайталады. Мен де сол жауабымды қайталап, «1000
центнер үйемін» дедім. Комиссия мүшелері аң-таң болып
бір-біріне қарады, жүздерінен сенбестік те байқалып
тұрды. Сонда Тастанбеков: «Бұның айтып тұрғаны рас,
өз көзіммен көрдім. Партияға қабылдансын», - деді. ІІ
секретарға кім қарсы шықсын, ешкім ештеңе деген жоқ.
Сөйтіп, коммунист болып шыға келдім. Мен коммунист
– цех партия ұйымының хатшысы, Нəбиолла комсомол
ұйымының секретары болғасын, талай жиналыстарда
қатар отырамыз, былайғы уақытта да жиі-жиі бірге
жүреміз. Қаулыларды бірге жазамыз. Нəкең бұндай
жазба жұмыстарға да жүйрік, сөйлегенде де ешкімге
дес бермейді, ойын өте сауатты жеткізеді. Нəбиолладан

109

кейін əдетте бірінші болып мен сөйлеймін. Нəкең
сөйлеген кезде ойын ірікпей тіке айтады.

Жұмысшыларының жағдайын жетік білді

Зарлық ТАУМҰРЫН: Бірде Нəбиолла: «Егіндікөлде
ұн бітіп қалды. Сіздерде астық бар екен, бізге бірнеше
қап əкеліп тастаңызшы», - деген өтініш айтты. Ғимранов
деген директорымыздың рұқсатын алып, бес қап ұн
бердім. Нəкең сол ұнды өзіне алмай, жұртқа бөліп
берді. Жəне кімде не бар екенін де жақсы білетін болып
тұр ғой, бір жігіттерге «Сен ренжіме, үйіңде астық бар
ғой» деп айтып жатқанын көрдім.

Мўхит Ізбасаров:

Өзінде болмаса да, жұртта болғанын қалайды, əсіресе,
мұқтаж жандарға көмектескісі келіп тұрады. Тамақ
пісіретін плиткаларды көптеп жасатты. Арбалардың
неше түрін жасатты, сөйте тұра, сол нəрселер өзінде жоқ
еді. Бір арбаны өзіне жасап беріп едік, «Ана кемпірге
беріңдерші» деп тұрады.

Ештеңені ұмытпайды, «Кемпірге жасаған арбаңды
нарядқа қосуды ұмытпа» деп жатады.

Махуза Айсаєалиќызы:

Құлыншағын қуантуға асыққан әке

Балаларын қатты жақсы көрді. Қиын кез. Киім жоқ.
Бір қойға бір куртка ауыстырады. Кабинетте отырсам,
Нəбиолла аға қолтығына бір куртканы қысып алған,
мектепке қарай ұшып келе жатыр. Қызының үйге

110

келгеніне шыдай алмай, қуантайын деп асыққаны ғой.
Сондай балажан болды.

Нəбиолла ағамыздың тек бала-шаға, жақы-н жуығын
ғана емес, айналасында жүрген кез келген адамды
қуантуға тырысатын қасиеті болыпты. Тіпті қалтасы
жұқа студент кезінде де осы мінезінен таймапты. Бес
жыл бірге оқыған Наурызбай атты курстасы: «1974
жылы 20 жасқа толып, соны Ет комбинаты жақтағы
бір туысқанның үйінде атап өттім. Нəкең сонда маған
алтын сықылды жылтыраған қырынатын құрал сатып
алып беріп еді», - деп қимастықпен еске алады.

Елдос Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:

Маңындағылардың мұң-мұқтажын
әрдайым ескеретін

Қой кезекте кезегіміз ыстық кезге келсе, əкем ар-
тымыздан ас-сусын алып келеді. Бірде осылай бізге келіп,
əңгімелесіп отырғанымызда. «Мынау қатты шөлдеп жүр
ғой» деп бір лаққа су берді. Əлгі лақ, шынында да, əбден
қаталаған екен, рахаттанып ішті. Əкем «Кейбір адамдар
буыны бекімеген төлді жайылымға шығарып жібереді.
Олардың тез шаршап-шөлдейтінін ойламайды. Ауызын
ашып жүрген төл көрсеңдер, міндетті түрде су берің-
дер», - деп ескертті. Əкем күн ыстықта иттерге де өз
алақанынан су ішкізетін еді.

2014 жылы Жантас екеуміз Оралдан Егіндікөлге
велосипедпен баруға бел будық. Артымыздан келе
жатқан отбасыларымызға «Су-тамақты молынан алып
келіңдер» деп тапсырдық. Сөйтсе, азғантай ғана сусын

111

əкеліп тұр. Күн шыжып тұрғанда бірнеше жүз шақырым
велосипед тепкен адамдардың ас-суға деген сұранысы
қандай болатынын ескермей тұр ғой. Сонда адам өз
алдына, жан-жануардың мұң-мұқтажын сезініп, өтеуге
ұмтылатын əкем есіме түсті. «Əкемнің қадірі өтті», -
дедік. Оның ауырған адамды қалай күтетіні – өз алдына
бір əңгіме. Үйде біреу ауырса, оның ем-дом, күтімін
апама тапсырмай, өз жауапкершілігіне алатын еді.

Ит болсын, мал болсын, оның жайын ойлаудан
танбайтын. 1992 жылы əкем үйге Құтпан деген итті алып
келді. Содан соң үйде Тапқыр, Мойнақ деген бірінен
соң бірі екі ит пайда болды. Сөйтіп, осыған дейін ит
асырамай жүрген біз бір жылда бірден үш ит ұстадық.
Тазы мен төбет аралас Құтпан мықты итке айналды.
Қорқу дегенді білмейтін Құтпан бірде қасқырдың
ізіне түсіп, кетіп қалды. Сонда əкем «Қасқыр жарып
тастамасын» деп, Құтпанның артынан барып, тауып
алып келді.

Маңдайдан тер бұрқ еткізген көже

Үйдің қасында монша болды. Кезінде оны ауылдан
бір шақырым жерде салмақшы болған. Бірақ əкем
«Жұрт моншаға түсіп келе жатқанда салқын тиеді»
деп, ауылдың шетіне салғызады. Моншаның от жағу
қазандығын бір орыс шебер күн ыстықта жалғыз өзі
салыпты. Оған қолқабыс не, ең болмаса, сусын ұсынған
бір жан болмапты. Сонда əкем тоңызытқышқа бабына
келген көжені салғызып, осы көжені əлгі орысқа апарып
бергенде, ол салқын сусынды басына бір көтеріп
ішкенде маңдайынан тер бұрқ ете қалыпты. Осыны
əңгімелегенде əкемнің біреуге жақсылық істегеннен

112

лəззат алатыны байқалып тұрды.
Əкем өзі ауырып жүріп те, ағайынды ойлайды. Бірде

ауруханада жатқан кезде өзіне əкелген құс сорпасынан
осы аурухананың өзге бір корпусында жатқан Біржан
жиеніне ауыз тигізбек болады. Содан аурухана
ауласымен келе жатқан кезде өзін нашар сезініп,
осыны байқап қалған медқызметкерлердің айтуымен
кері қайтады. Артынан бір хабарласқан кезде «Біржан
жиеніме тамақ апара жатыр едім, жеткізе алмадым» деп
өкініш білдіріп жатты.

Əкем айналасындағы ағайын-туманың хал-жағдайын
сұрап-біліп, қолынан келсе, көмектесуге ұмтылып
отырды.

Жантас Набиоллаўлы:

Одақтың кезінде əкеміз кеңесші заңгердің оқуына
Мəскеу түбіндегі Рязань қаласына кетті. Едəуір уақыт үйде
болмағандықтан, сағынып жүрдік. Əкемнің сол сапардан
оралған күні ерекше сыйлығымен есте қалды.

Таңертең оянсам, папам келген, шай ішетін жақтан
дауысы шығады. Оянғанда қолым бас жағыма қойылған
кішкене көзілдірікке ұқсаған қызыл түсті ойыншыққа
тиді. Мұның не нəрсе екенін білмей, қолыма алған күйімде
жүгіріп папам отырған жаққа кірдім. Папам не сыйлық
əкелгенін түсіндіргенде аң-таң болдым. Кішкентай
жиналмалы қайшы екен.

Осыдан бір-ер жыл бұрын өзім Мəскеуде оқуда
болғанымда қайтарда балаларға ойыншық алғым келді.
Дүкендерді көп араладым. Бірақ қазір Орал не, Мəскеу
не, бəрі бірдей екен. Ерекше дейтіндей ештеңе таппадым.
Сонда əкемнің əрі ойыншық, əрі пайдалы құрал, əрі

113

қайшының көп кездеспейтін түрін əкелгенін ойлап, оның
ұтымды таңдау жасайтынына таң қалдым.

Нўртас Нəбиоллаўлы:

Әкемнің назарынан тыс қалу қиын

Қарауындағы бір жұмысшының отбасылық
жағдайы қиын болып жүрді. Əкем оған барынша
көмек берді. Бұл кісі түзеліп кете қоймады, бірақ əкем
«Мынадан үміт бар-жоқ» демей, көмектесуді өзіне
парыз санайтын еді.

Біздің бойымыздағы еш нəрсе əкеміздің назарынан
тыс қалмайды. Сəл жөтеле бастап едім, «Сен баланы
доғдырға апару керек екен», - деді. Содан сабақта
отырсам, дүйім кластың көзінше «Балам жөтеліп жүр.
Доғдырға қаратуым керек еді, сабақтан босатыңызшы»
деп сұрап алып, дəрігерге алып барды.

Серікбай Нəжиоллаўлы:

Қолұшын созбаса, жүре алмайтын жан

Тəтем «Өле жегенше, бөле же» деген қағидатты
мықты ұстанды. Апасының баласы – Қалау жиені
Алматыда оқып жүрген кезде «костюм керек еді»
дегенде өзінің бес баласы бар екеніне қарамастан,
бірдеңе қылып тауып берді. Кім болса да, бір адам
одан көмек сұраса, тəтем үшін сол сұрағанын қалайда
тауып беру қасиетті парызға айналып кетеді.

114

Т ґлеген Сафоллаўлы:

Отыз донор алып келіп еді

Нəжиолла ағам ветеринарлық дəрігер болып істеп
жүріп, өзіне экзема жұқтырып алды. Содан қолғабыс
қылайын деп, 1974 жылы 5-6 сағат ішінде 12 машина
қи ойдым. Күш-қайраттың тасып тұрған кезі ғой.
Шөлдеген сайын шампанның шөлмектеріне толтырып
құйып қойған қара судан қайта-қайта қылқытамын.
Содан салмақ түсіп кетті ме, əлде судан болды ма,
білмеймін, əйтеуір, құйрықтан қан шаптырдым.
Қаратөбе 54 шақырым жер. Бір халі ауыр əйелге
шақырылған санавиацияға ілігіп кетіп, жақсы болды.
Үш-төрт адамдық жеңіл ұшақ қой, Жымпитының
үстіндегі «шұңқырлардан» қалтаңдап əрең өттік.
Оралда маған «неспецифичный язвенный колит»
деген диагноз қойды. Сырқатымның ауырлығын содан
біліңіз – екі жарым айда 17 келі салмақ жоғалттым.
Ауруханада жатқанымда маған шұғыл қан керек
болып қалды. Аяқ астынан қан тапсыратын кісі
іздеген кезде Нəбиолла 30 шақты студентті ертіп алып
келді. Ол кезде ағам студенттер кеңесінің төрағасы,
беделі үлкен болып тұр ғой. Ақырында маған бір татар
қызының қаны үйлесіп, 300 грамм қаны шипа болды.
Қалған студенттердің бəрінен қан алып, гематология
бөлімшесі оңып қалды.

115

Сырым Нəжиоллаўлы:

Қалай уақыт табатынына әлі күнге таңым бар

Тəтем жалпы ақшаны жақсы тауып жүрді. Бірақ ол
дүниеқор болған жоқ, керек кезінде еркін жұмсайтын
еді. Мысалы, мен оқуға түсетін болып, қалаға
барғанымызда қонақүйде тұрдық, тамақты да сол
қонақүйден ішіп жүрдік. Бұл тəтемнің Егіндікөлде бас
инженер болып қызмет атқарып жүрген кезі, осындай
жауапты да қауырт жұмыс атқарып жүріп, менің
шаруаммен Ақтөбеге барып, қалай бірге жүруге уақыт
тапқанына əлі күнге таңым бар! Ақтөбеде оқып жүрген
кезімде де ретін тауып, маған соғып кетіп жүрді.

Т асжан Ќабенўлыныѕ естеліктері:

Елгезек жан еді

Нəкең Оралға барса, мені тастамайды. Нəкеңе бекітілген
«ГАЗ-53» болды, көбінесе өзі айдады. Бірде Шəкен деген
құрдасы бар, үшеуміз жаңағы «ГАЗ-53»-пен жолға шықтық,
біраз жүргесін «Мə үйрен, сен айда!», - деп рульді маған
берді. Техникум бітірген маманмын, көлік жүргізуге
куəлігім бар. Подстепныйдан бензин құйып алып, енді
қозғалайық деп жатсақ, ГАИ ұстап алды. Кабинада үш
адам келе жатырмыз, соған тиісіп тұр. Ол кезде куəліктің
қасында талон деген болды. Айыппұл ештеңе жоқ,
талоныңды теседі. Үш тесік алсаң, куəлікке қайта тапсыру
керек болады. Сонда Нəкең: «Менің талонымды тесіңдер»
деп куəлікке өзінікін ұсынып жатыр. Сонда ГАИ «Сіз
айдаған жоқсыз ғой», - деп, менің талонымды тесті. Нəкең
сондай - елгезек кісі еді.

116

Өзгенің қайғы-қиындығын

өзімдікі деп қабылдайды

Нəкеңнің бір қасиеті – бүкіл нəрсені білгісі келеді,
қызықпайтын-араласпайтын нəрсесі аз. Тіпті ауылдың
айрылысып кеткен жастарын да жарастыруға тырысып,
амал жасап жүрді. Біреу бір қиындыққа ұшырап
жатқанын естісе, соған кəдімгідей қайғырып жүретін
еді.

Совхозға болсын, үйіне болсын, бір дүние келсе,
инструкциясын əбден зерттеу – Нəкеңнің қалыптасқан
əдеті.

Нəкеңе қарап отырсаң, баяғы байлардың заманында
шыншыл, халықшыл батырлар болады ғой, соған
ұқсатамын. Басшыларға да ойындағысын ірікпей,
айтатынын айтып тастайды.

Адам баласы болғасын міні болады ғой. Оның тым
ақкөңіл, елгезек, адамға көмектесуге аса құштарлығы
кейде өзіне кедергі болды деп те ойлаймын.
«Инженермін» демейді, бір жерде комбайн сынып
қалса, соны жөндесуге ақыл-кеңес беріп, көмектесіп,
қасында жүреді. Баршаға қамқор болуға тырысатын
еді. Кафеге барғанда қасында жүрген жолдастарының
бəрі үшін төлеп тастайтын қанына сіңіп кеткен əдеті
бар. Дастарханға қоятын дəм-мəзірі бар ма, жоқ па,
қарамай, үйіне жиі алып келе беретін еді.

Жалпы, біз əңгіме қылып отырған мейірім,
махаббат, жанашырлық əртүрлі формада біліне
береді. Мысалы, Серғазы ата қайтарда талай
тұлпарды шаң қаптырған тон биені «мініп» (қазасына
сойдырып) кетті. Себебі бұл жүйрікке көз алартқан
қызыл белсенділер бала-шағасына зиян қылатынын

117

біліп, сол бəленің алдын алып кетті.
Сафолла ағамыз қайтар алдында Ұлы Отан

соғысының ардагері ретінде көлік алып, Төлеген ұлына
темір тұлпар мінгізіп кетті – қарап тұрсаң, біреуі
«мініп», келесі «мінгізіп» кеткен бұл екі амалдың да
табиғаты бір – жанашырлық, ұрпақ қамы.

Айналасындағы адамдарды қуантуға құштар
Нəбиолладай жаратылысынан мырза да мейірімді
жанды Алла Тағала да құр қалдырмай, жарылқайды
деп үміттенемін!

118

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

Нəбиолла Сафоллаұлы 1954 жылға дейін Қоскөл
жеті жылдық мектебінде оқып, 1957 жылы Қалдығайты
орта мектебін үздік бітірген жылы ауыл шаруашылығы
техникумының механизация бөліміне түсіп, 1960-
жылдың наурыз айында аяқтаған. 1960 жылдан бастап
ұжымшар мүшесі. 1960-жылдан Қоскөл кеңшарының
ІІ бөлімшесінде бригадир көмекшісі, шеберхана
меңгерушісі болып қажырлықпен еңбек етті. 1960-63
жылдар аралығында əскердегі борышын өтеп оралған
соң, Қоскөл кеңшары комсомол ұйымының дербес
хатшысы, шеберхана меңгерушісі болды. Орал ауыл ша-
руашылығы институтының механизация факультетіне
түсіп, 1975 жылы инженер-механик мамандығын иелен-
ді. 1982 жылға дейін Егіндікөл кеңшарында бас инженер
болып қызмет етті. 1983 жылдан контролер-механик,
1986 жылдан бастап заңгер-кеңесші, кадр жөніндегі аға
инженер, 1989 жылдан Егіндікөл кеңшарында шеберхана
меңгерушісі болды. Кеңшардан механизация курсын
ашып, кадрлар даярлады.

119

Берік Оспанўлыныѕ естеліктері:

Нәкеңдей азаматтардың арқасында
ауыл ұнсыз болған жоқ

Нəбиолла ағамды 14 жасымнан, 1979 жылдан бері
білемін. Бұл кезде ол бас инженер болып жұмыс істеді.
Үйленген кезде біздің үйде тұрды. Нəкең үйленгенде
əкем оған құда болды. Ал біз Алтынай екеуміз шаңырақ
көтерген кезде Нəбиолла аға бізге құда болды.

Нəбиолла аға 1995-96 жылдары жүрмей тұрған
диірменді жүргізді. Осы диірменнің шаруасымен Лубен,
Қиыл, Қобда, Оралға барып, табанынан таусылды.
Ол тек диірменнің қосалқы бөлшектерін тауып қана
қойған жоқ, сол бөлшектерді диірменге орнату, іске
қосу сынды барлық тірлігіне тікелей атсалысты. Осы
Нəкеңдей азаматтардың арқасында ауыл ұнсыз болған
жоқ, қоңырқай болса да, құнарлы астықпен аталған
диірмен ауылды бес жылдай қамтамасыз етіп тұрды.

Біздің шеберханамызды үлгі тұтты

Шеберханада, жоқ дегенде, отыз шақты маман
жұмыс жасады. Нəбиолла ағамыз кабинетінде күн сайын
цех басшыларымен, шеберхана ұжымымен жиналыс
өткізетін еді. Сол кезде шеберханада токарь жəне фрезер
станогы бар токарь цех, слесарь цех, мыс цех, ұста цех,
аппаратура цех болды. Сондай-ақ шеберхананың өз
алдына бөлек қоймасы болды.

Мен бұл кезде совхоздың жабдықтаушысы
(снабженец) болып жасадым. Совхоздың шаруасына
қажетті затты іздеп Минск, Курск, Мəскеудегі шарлап

120

кететін едік. Өзге де зат-мүлікпен қатар, техниканың
қосалқы бөліктерін де əкеліп жүрдім, олар қалыптасқан
тəртіп бойынша шеберхананың қоймасына барып
түседі. Біздің шеберхананың сағаттың механизмі
секілді істеп тұрған цехтары совхозымыздың ғана
мақтанышы болып қоймай, даңқы аудан, одан да тыс
аумақтарға да жетіп жатты. Мысалы, аппаратура цехы
бүкіл Қаратөбе ауданы бойынша тек біздің Егіндікөлде
жұмыс істеді. Бұл цехқа Лубен, Қобданың мамандары
келіп, шаруаларын бітіріп жүргендерін көрдім.

Түнімен жұмыста жүретін кездері көп болды

1983-жылы əскерге кетуім керек болды. Бірақ əкем
араласып, келесі жылға қалдырды. Содан Қалы ағайдың
қасында балғашы болып істедім. Шеберхана – жыл
бойы тоқтаусыз жұмыс істейтін мекеме. Жұмыс тек
көктем-жазда ғана емес, қыс кезінде де қайнап жатады.
Мысалы, қыс кезінде жолды қардан күн сайын дерлік
аршып тұру үшін «К-700»-дер мүлтіксіз жұмыс жасауы
керек. Нəбиолла ағамыз мұндайда түнімен жұмыста
жүреді. «К-700»-дің төрт-бесеуін сөндірмей жұмыс
істетіп қояды.

Бас шайқатқан білім

1993 жылы жабдықтаушы болып жұмыс жасап
жүрмін. Совхозға Снабсбыттан ремматериал толтырып
тиеп алған «МАЗ» келді. Қабылдап алайық десек,
жүкқұжатта көрсетілген түрлі ұсақ-түйектің шамасын
шығарып алу үшін қажетті таразы істемей тұр. Ең
жақын таразы Тұщықарада. Ол – 35 шақырым. Жер

121

езіліп жатқан лайсаңда оған жүк тиеген «МАЗ»-дың
жете алуы екіталай. Сөйтіп абыржып тұрған кезде
Нəбиолла ағамыз жүктің ұзындығын, енін өлшеп,
борттағы металл бұйымдардың тығыздығына бір үңіліп,
келіп тұрған ремматериалдың жүкқұжаттағымен
(накладнойдағымен) тура екеніне көзімізді жеткізе
қойды. Жəне осының бəрін ылдым-жылдым, тез
жасағаны сонша, бізбен бірге «МАЗ»-дағы орыс та таң
қалып, басын шайқап жатты.

Қаратөбелік Кулибындар

Нəкеңнің өз ісінің білгірі болғаны сонша, жөндеуге
əкелінген техниканың неден сынғанын дəл анықтап
беретін еді. Кейде тіпті біреулерге «Мынаны күшпен,
əдейі сындырғансың» деп бетіне басып, дəлелдейді.
Сонда айыптылар қайда батқанын, шөп шабатын
машинаны қайда салғанын, техникаға қалай жөнсіз
пайдаланып, ретсіз салмақ салғанын мойындап
жатады.

Тоқырау кезінде Нəбиолла аға басқаратын
шеберхананың қызметкерлері «К-700»-дің тіркемесі
дөңгелегін «ГАЗ-53»-тің артқы доңғалағы қылып,
үйлестіріп салды. Ол үшін «ГАЗ-53»-тің центровкасын
ойып алып, «К-700»-дің тіркемесінің доңғалағына
бейімдеп жапсырды. Соның бəрін егжей-тегжейлі
есептеп жасады. Содан соң əлгі «ГАЗ-53» біразға дейін
жүрді.

122

Беркін Оразовтыѕ естеліктері:

Шеберхана Нәкеңнің арқасында салынды

Бір кездері Қоскөлдің жөнді шеберханасы болмады.
Осыны Нəбиолла бір жиналыста мəселе қылып көтеріп,
«Шаруашылықты жүргіземіз десек, ең əуелі техника
жөндейтін шеберхана салуымыз керек», - деді. Оның бұл
айтқанымен директор келіспей, «Ең бірінші мал базасын
саламыз, шеберхана сосын» деп жауап қайтарды.

Нəбиолла: «Ол базалардың қалай салынатынын
білеміз ғой. Жалдамалы келімсек армян, шешендер
қалай болса, солай салған қора-қопсы бір-екі жылдан
кейін құлап жатады. Жүз сиырға база салғаннан гөрі,
техника мен сол техникамен жұмыс жасайтын жүздеген
маманның жағдайын жасаған қай жағынан да тиімді
болмақ. Қанша техника жаңбыр мен қар астында ішіп-
шіріп далада жатыр. Осыларды жөндеп, іске қосатын
жылы жер болса, совхоздың шаруасы қарыштап алға
басар еді», - деген уəж айтты. Бір-біріне көнбей, біраз
дауласты. «Жобасын сыздырып алып келдім. Сомасы
мынандай. Бізде 12 мың гектар егістік бар. «ДТ»-ның өзі
- мыншама. Бəлен базаға мынандай ақша шығындалады.
Армян ақшасын алады да кетеді. Олардың малшыға
салғандары көп тұрмайды. Қабырғасын саманнан,
төбесін қамыстан қонжита салады. Ең болмаса,
шифермен жаптырсаңызшы. Арнайы жобамен
салдырсаңызшы», - деп, Нəкең табандап тұрып алды.
Нəбиолла директормен тіресіп жүріп, шеберхананы сол
жылы болмағанымен, келесі жылы ақыры салғызды.
Содан осы шеберхана жекешелену басталып, бұзып
алғанға дейін тұрды. Бір жағынан, «МТМ да керек

123

екен» деп кейін директор да жұмсарды. Сөйтіп, бұл
шеберхана Нəкеңнің арқасында салынды.

Ескі мен жаңаның таласы

Нəбиолла өте білімді, өте өткір. Екі сөйлеуді
білмейді. Жала жаппайды. Біреуді бірдеңеге кінəласа,
түбіне жеткізіп айтады. Екеуміз қатар үйлендік. Бір-
бірімізді шақырып, араласып тұрдық. Ол кезде комсо-
мол жиналыстары партия отырыстарынан бетер қызу
өтеді. Сол кезде жастар өте ұйымшыл, жұмыс десе,
жанын беріп, жанып тұрады.

Нəбиолла шеберхананың жұмысын заңмен жүргіз-
ді, сырттан қандай да бір лауазым иесінің шеберхана-
ның тірлігіне заңсыз араласуына жол бермейді.
«Директордан келдім» дегендердің де запискаларын
жыртып тастап жүрді. Ешкімді жағалатпайды.
Дұрыс, жөнімен келген кісінің шаруасын еш қылтың-
сылтыңсыз бітіріп береді.

Совхоз басқарған адамдардың бəрі бірдей техника-
ны, замана талаптарын түсіне бермейді. Олардың
арасында жоғарыдан тағайындала салған, іскерлік-
ұйымдастырушылық қабілеті төмен, ескі əдіспен
басқаруға бейім кадрлар да кездеседі. Мысалы, сол
кездегі совхоз басшылығы техника сынып қалса болды,
оңдаудың орнына жаңа техника алуға əзір тұрады.
Шаруашылықта дəнекерлеу (сварка) ісін жолға қою,
техниканы жөндеу үшін қажетті түрлі станок, стендтер
алдыруға аса құлық танытпайды. Нəкең бұл көзқарасқа
үзілді-кесілді қарсы шығып, «Жаңа техниканы ала
бермеңіз. Оданша сынғаны жөнделсін, жөнделгені
күтіп пайдаланылсын», - деп шыр-пыр болып жүрді.

124

Директордың өзіне «Техника 12 жыл жүруі керек.
Шеберхана жоқ болса, ол тиісті жабдықталмаса, қайдан
жүрсін. Оңдайық. Жаңа техниканы алып-алып, суға
ағызып жатырсыз», - деп тіке айта білген Нəкеңнің осы
ұстанымы – бүгінгі күн үшін де жарамды, өміршең
идея.

Көзге көрінбейтін еңбек

Бір Ханкөлдің өзінде əрқайсының 50 мың егістігі
бар екі бригадасы болды. Соншама егістік техниканың
арқасында егіліп, күтіліп, жиналып тұрды. Ал
техниканың өзі сол Нəбиолла басқарған шеберхана
мамандарының жан аямай істеген еңбегінің арқасында
жүрді. Бірақ шеберхана қызметкерлерінің жұмысы –
көзге шалына бермейтін жұмыс. Сондықтан əдетте
марапатталғандар арасынан инженер, механик,
шеберхана меңгерушісі сынды техникалық мамандық
иелерін көре алмайсың. Мұндай қызметкерлер шопан
секілді 100 қойдан 130 қозы не комбайнер секілді
бəлен гектардан түген өнім ала алмайды; қолға
ұстап, көзге көрсететін көрсеткіштері жоқтың қасы.
Бір жағынан, бұл əкімшілік аппараттың (директор,
партком т.с.с) техкадрлардың білімі мен біліктілігінен
қорыққанынан, сондықтан да жаратпайтынынан болса
керек. Бір технарь көзге түсіп, жұмысы жақсы жүріп
жатса, орнына көз алартуы мүмкін деген қауіптен əлгі
маманнан құтылуға асығады. Тіпті болмаса, райкомға
өтірік мақтап, «Жұмысы жүрмей жатқан бəлен деген
совхозды көтере алады» деп қиыр шеттегі басқа бір
шаруашылыққа (жер) аударып жібереді.

125

Қыруар қаражаттың үнемделуіне себепші болды

Трактормен шөпті жоғары көтеріп үю үшін
распредтің қысымы 125-тен кем болмауы керек. Соны
өлшейтін құрал болмаған кезде еш шаруашылықта
жоқ құрылғыны Набиолла Оралдан тауып алып
келді. Əдетте шарнир (СШР-05) көтерілмей қалса,
шаруашылықтағылар жаңа распред, жаңа насос
алдырады. Ол қыруар ақша. Жаңадан алдырған дүниең
бір-екі скирт үйген соң, су кетсе болды, қайтадан
жасамай қалады. Бұл – оқымағандық, білместіктің
кесірінен болатын жағдайлар. Шаруашылық басшылары
распредтің қысымын өлшейтін құрал болатынын
қайдан білсін. Набиолланың білімділігі, оқығандығы
сол, қыруар қаржыны желге ұшырмай, өлшеуіш құрал
алдырды.

Көпшілік жағдайда насостың қысымы 80-90-
нан төмен түсіп кетеді де, майды бөліп беретін бөліп
таратқыштың қысымы 125-ке жетпей қалады. Сөйтіп,
шөпті жоғары көтеріп үю мүмкін болмай қалады. Ал
оның 80-90-ын кім біліп жатыр, басқарма, бригадирлер
келеді де, «əй, шөп үй» деуді ғана біледі. «Техника
жаңа, ақау болуы мүмкін емес, қозғалып тұр ғой» деп
шанбайды. Олар басқарма болып жүрген зоотехник, мал
мамандары ғой. Ал Набиолла болса, мұндай жағдайда
əуелі бөліп таратқыштың қысымын өлшетеді. Қысым
түсіп кеткен болса, бөліп таратқышты жұлғызады да,
ішін ауыстырады. Ал оны ешкім ауыстырып көрмеген.
бөліп таратқышты ішінде майды жіберіп тұратын
плунжер секілді үш палзон бар. Олар маймен жұмыс
жасайды, су кетіп қалса, істен шығады. Набиолла
Оралдан қосалқы болшекке осындай жекелеген

126

бөлшектерді алдырады. Ал Набиоллаға дейін распредті
жəшігімен тұтастай жаңадан алдыратын. Оның өзін бере
бермейді. Мысалға, бір совхозға жылына бесеуі ғана
бөлінеді. Ал қосалқы бөлшекті алуға мүмкіндік бар.
Бірақ оны ауыстыратын білімді адам, білікті инженер
табылмайтын. Набиолла осылай əр істің тетігін таба
білді. Дұрыс еңбек етуге баулып, маңайындағылардың
көздерін ашты.

Зарлыќ Т аумўрын:

Қарабидайға шықпаған комбайндар

Нəбиолла – бір сөйлегенді жақсы көретін, өзі де
уəдесіне берік, таза кісі. Бірде осы үйге құдалыққа
келді. Ішіп алған құдалар кеткісі келмей, кідіре берді.
Нəкең əрі-бері айтып көрді де, болмағасын машинасына
мініп кетіп қалды.

Нəкең осында бригадир болды. Қосалқы бөлшек
сұрап барсаң, тауып береді. Жады сұмдық мықты. «Ана
қосалқы бөлшек ана жерде тұр» деп дөп басып айтып
жатады.

Нəбиолланы 1968 жылдан бастап танимын. Өз ісінің
нағыз білгірі, қай жерде қандай подшивник бар, мен
білмеймін, ол дəл біліп отырады. Тура энциклопедия, -
дерсің. Біліктің (вал) өлшемдеріне дейін біледі.

Барсаң, дастарханынан дəм татырмай жібермейді.
Өте кішіпейіл, бірақ өз ұстанымын табанды түрде қорғай
алады. Бірде директор шеберханаға келіп, «Комбайндарды
қарабидайға шығарайық», - деді. Нəкең «Жігіттер шөп
шабудан жаңа келді, сəл демалсын, моншаларына түсіп
алсын. Комбайндарын да жөндеп, қарап алсын. Апұл-

127

ғұпыл, қарамай шығып кетсе, көп ұзамай сынады да
қалады. Сол уақыт бəрібір кетеді. Жігіттер қарабидайға
үш күннен кейін шығады», - деп тұрып алды.

Мўхит Ізбасаров:

Ақсаған іс ағамыз араласса, шауып кететін еді

Сынып қалған кез келген техникаға, соның ішінде
электр жабдықтарын жөндеуге кірісе береді. Кітабын
оқиды, білгенін үйретеді. Тұрып қалған жұмыс
Нəбиолла аға араласса болды, зырылдап жүріп кетеді.

Серікбай Нəжиоллаўлы:

Неміс жасағанды тәтем де жасады

Бұлдыртыда немістер көп тұрды. Бұл немістер
жайлы халық арасында «шаруаға мықты, өнерлі» деген
пікір қалыптасқан. Шынында да, көп жұрт əртүрлі
шаруамен осы немістерге барып жүгінетін еді. Дизель
тракторларда свеча деген жоқ, жанармай аппаратурасы
жиі істемей қалып жатады. Бұл көбінесе қап-қара
болып түтіндеумен не дұрыс тартпауымен білінеді. Ол
кезде бұндай аппаратураны мықты шеберлер болмаса,
анау-мынау адам жөндей алмайды. Сондықтан жұрт
амалсыз Бұлдыртыға аппаратурасын апарып тастайды,
«жөнделді» деген хабар келген кезде алып кету үшін
сабылып қайта барады. Сол шақта Бұлдыртының
немістерінің іс-тірлігін мен білетін жалғыз қазақ –
Нəбиолла тəтем жасай алды. Ол бұл шаруаны СХИ-да
оқып жүріп, ауылға каникулға келген кездің өзінде-ақ

128

бітіріп жүрді. Тəтем жазғы каникулын не комбайнда,
не шеберханада жұмыс жасауға жұмсайтын еді. Сол
тірліктің бірі жаңағы күрделі аппаратураны жөндеу
болатын.

Нəбиолла Сафолла ағамыз əскерде болған кезінде
де техника білгірі ретінде танылыпты. Сондықтан
оның азаматтық борышын өтеген кезеңі туралы
естеліктерді осы тараудың ішіне енгізгенді жөн деп
таптық:

Əзірєали Сўлтановтыѕ естеліктері:

Әскерде бірге болдық

Қаратөбенің Шөптікөлінде дүниеге келдім. Бұл
ауылдағы мектеп тек жетіжылдық болғасын, 8-сыныптан
бастап Қалдығайтыда оқыдым. Мен барғанда Нəбиолла да
осы Қалдығайтының мектебінде менен бір сынып жоғары
оқып жатты. Нəбиолла мектепті жақсы оқыды, əсіресе,
математикаға жүйрік болды. Сол кездің өзінде салмақты,
өтірік айтуды, қылтың-сылтыңды білмейтін еді.

1960 жылы автомектепте үш айлық курсты оқып
бітірген соң Қалдығайтыда күзге дейін шопыр болдым.
Осы жылдың қарашасының аяғында ішінде Нəбиолла
да бар, бізді əскерге шақырып, желтоқсанда азаматтық
борышымызды өтеуге аттанып кеттік. Біз мінген
пойыз Ақтөбе жақтан бастап, əскер қатарына ша-
қырылушыларды жинап келе жатыр екен. Украинаның
Хмельницкий қаласына дейін 6-7 тəулік жүріп бардық.
Қаратөбеден жиырма шақты жігіт болдық, облыстың
өзге өңірлерінен де болды.

129

Нәкеңді әскери бөлім

командирінің өзі сыйлады

Біз келіп түскен автобатальонда Нəбиолла екеумізден
басқа Жаңаталап Қадырғалиев, Серікқали Бижанов, Ха-
мидолла Бисенбаев, Мəмбетəлі (фамилиясын ұмытып
қалдым) деген азаматтар болды. Қазір бұлардың ішінен
Жаңаталап екеумізден басқасы о дүниелік болып кетті.
Үш жыл бойы үш зымыран қондырғысын салумен
айналысқан біздің əскери бөлім - автобатта төрт рота:
авторота, жөндеу ротасы, жол ротасы жəне тағы бір
рота болды. Нəбиолла ремротада – автокөліктерді
жөндеу ротасында қызмет етті. Осы ротада қызмет істеп
жүріп-ақ, Нəбиолла үлкен беделге ие болды, себебі ол
машинаның даусына құлақ түріп жіберіп-ақ, «коронный
стук», «шатунный стук», «распред ақсап тұр», «клапан
босап кеткен» деп диагноз қоя беретін еді. Осы қасиет-
қабілеті үшін оны бəрі сыйлады.

Нəбиолланы əскери бөлімнің командирінің өзі жеке
танып құрметтеді, себебі ол əскери басшылықтың
«Волга», «ГАЗ-69» көліктерінің ақауларын дəл тауып
беретін еді. Жаңағы еврей командиріміз өте қатал
кісі болды, қандай да бір тəртіпсіздігі болса, орын-
басарларының өзін аямай жазаға тарта беретін. Содан
ба екен, біздің №41751 əскери бөлімде тəртіп мықты
болды: «дедовщина» деген пəле мүлде болған жоқ.
Үш жыл əскерде болған кезде қандай да бір шатақ,
төбелес, төтенше жағдай болғаны есімде жоқ. Əлде сол
заманның адамдары бір-біріне мейірімді болды ма екен,
кім білсін.

Ұлтаралық қарым-қатынас та тəуір болды: бөлімдегі
орыс, украин, қазақ, өзбек, армян тағы да өзге ұлт

130

өкілдері тату жүрдік. Қандай да бір қажеттілікпен
Украинаның батыс бөлігіне барғанда ол жақтағы
тұрғандардың солдаттарды жақтырмайтынын, бізді
көрсе, теріс айналатынын байқайтынбыз.

Тәтті болып кеткен «тауықтың жемі»

Роталарымыз бөлек болса да, қаратөбеліктер бір-
бірімізбен араласып, сыйласып тұрдық. Арасына 10-15
күн салып болса да, көріп тұрамыз. Ауылдан посылка
келсе, бір-бірімізге дəм таттыратын едік. Балмағамбет
Ізекенов, Ғилман деген жəнібектік азаматтар біздің
жақтан келген тарыны басында «тауықтың жемі» деп
менсінбей, артынан дəмін алғаннан кейін өздері сұрап
жейтін болды.

Бірде Жаңаталапты машинасымен бірге Кубаға
əкететін болды, біз бір офицерге дастархан жайып, арақ
құйып, бір жолға алып қалғандай болып едік. Бірақ
ақырында Жаңаталапты Кубаға алып кетті.

Сол кездегі қиын уақыт үшін əскердегі тамағымыз
жаман болған жоқ: негізгі тамағымыз – жүгері сынды
дəнді дақылдардың ботқасы, ішінде кішкентай еті бар
лапша да береді. Мерекелік дастарханда май, шұжық
тұрады.

Біз елді Хрущев, əскерді маршал Малиновский
басқарып тұрған кезде қызмет атқардық. Ілкі əзірде
ылғалы мол климатқа үйрене алмай, үсті-басымызға
шиқан, сыздауық шығып кетіп жүрді. Бірақ олар да
бірте-бірте жазылып кетті.

Нəбиолла өзі қатардағы сарбаз болса да, сержант
секілді қарауында кісілер болды. Бізді тек жерлес
ретінде ғана емес, ағайын санап, іш тартып жүрді.

131

Басында көбіміз тілден қиналдық, бірақ бес-алты
айда орыс тілін ғана емес, жергілікті украин тілін де
əжептəуір меңгеріп алдық. Нəбиоллада бұндай пробле-
ма болған жоқ, ол əскерге орыс тілін жетік біліп келді.

Жазуымыздың жақсы болғаны
қандастарымызға да пайдалы болды

Əскери бөлімге келіп түскеннен кейін бəріміз
карантинде жатқанда писарь керек болды. Жазуымыз
əдемі болғасын Нəбиолла екеуміз писарь болып, жаңадан
келіп түскен солдаттардың тізімін жасап, мəліметтерін
толтырдық. Екеуміз осы писарьлығымызды пайдала-
нып, қазақ солдаттарды өз ротамызға жазып, орыстарды
өзге жаққа сырып жібергеніміз де бар.

Жалпы, біздің ұрпақ əскерге ықыласпен бардық. Əс-
керге барудан қашқақтау ол кезде жоққа жақын болды.
Осы əскерге барғанның арқасында ел көрдік, жер көр-
дік, адамдармен қарым-қатынас жасауды, санасуды,
жолдастықты үйрендік. Тіл үйрендік.

Əскерден кейін де Нəбиолламен араласып-сыйласып
тұрдық. Үйінде де бірнеше рет қонақ болдым.

Т асжан Ќабенўлыныѕ естелігі:

Электр ісін жолға қоюға көп еңбек сіңірді

Нəкең – бұрыннан практикасы бар, білімі де терең
адам, маған ақыл-кеңес беріп, көмектесіп жүрді.
Оның қаруы кітап еді. Бірде кітапқа құштарлығын
күлкі қылған құрдастарына «Ғылымның бəрі кітапта
жазылған емес пе? Кітапты оқымасаң, қалай білесің?!

132

Аспаннан бал ашып білесің бе?!» дегені есімде.
Мен Хадиша Саметова деген кітапханашыдан төрт

кітап алдым. Ішінде электр сызбасына қатыстысы, бəрі
бар. «100 советов электрика» деген кітабымды Нəкеңе
беріп едім, ұмытып кетіппін, екі-үш жыл өткеннен кейін
өзі айтты. Сол кітаптың орнына Хадиша апайға басқа
кітаптар апарып бердім. Мəселе токқа келіп тірелген
кезде Нəкең жаңағы кітапты ашып жіберіп, бəрін айтып
беретін еді. Нəкең электр ісіне қатты қызықты, ол
кезде совхозда токқа қатысты жабдықтар, ток өлшейтін
құралдар т.с.с жоқ. Содан, амал жоқ, керек құралдарды
өзіміз жинадық, жер өлшеуге келген орыстардан 10
метр клещи сатып алдық. Солардың бəрін өзі ұстайды,
«жоғалтып жібересің» деп, көп ешкімге сенбейді.

Жасыратыны жоқ, бұл кісіден бірталай тəжірибе,
үлгі алдық. Нəкең көп көмек берді, менің бітіріп
шыққаным техникум, онда электр энергиясының ауыл
шаруашылығында қолдануына көп көңіл бөлген жоқ.
Біз механик боламыз деп ойладық қой.

Елдос Нəбиоллаўлыныѕ естелігі:

Шеберхана масштабындағы коммунизм

1997, əлде 1998 жыл ма екен, жаз өте ыстық болды.
Аспан айналып жерге түсіп тұрған бұндай ыстықта
қапырық жерде жұмыс істеу түгілі, жұмысқа келіп-
кетудің өзі бір азап. Əкемнің бірнеше термометрі
болды, сонымен іштің де, сырттың да, көлеңке, күн
көзі, құм температурасын күнде өлшеп, жіті қадағалап
жүретін еді. Содан апталап тұрып алатын аптап ыстық
басталған сол жылы жұмыс кестесін өзгертуге совхоз

133

əкімшілігіне ұсыныс енгізді. Əкімшіліктің көзін жет-
кізу үшін ватман қағазға күн температурасы мен
жұмыс кестесін байланыстырып, график сызды. Жұмыс
кестесін өзгерту арқылы еңбек өнімділігін арттыруға
жəне жұмысшылардың саулығын сақтауға болатынын
дəлел-дəйекпен түсіндірді. Ақыры сөзі өтіп, шеберхана
жұмысшыларының түскі үзілісі күн қатты шыжитын
11.00 мен 16.00 аралығына бекітілді.

Бұл ұжым ішіндегі моральдық аужай жайлы
естеліктермен танысу, Нəбиолла Сафоллаұлы өзі
басқарған шағын ұжымда кішігірім коммунизм
орнатқандай əсер қалдырады екен. «Күн қаласындағы»
теңдік, əділет, қолайлы жұмыс жағдайын армандаған
Кампанелла бұл ұжымның тыныс-тіршілігіне куə
болса, көңілі тояр ма еді деп ойлап қоясың.

Ќыдырєали Ќўрманєалиев:

Біздің ауыл телевизорды
аудан орталығынан бұрын көрді

Əскерден келсем, ауылымыздағы инженер ауысқан
екен. Шеберхананың қойма меңгерушісі болған
Орынғалидың баласына барсам, «Қазір жұмыстан
ерте кетуге болмайды, инженер тəртіпті талап етеді»
дейді. «Инженер Есен емес пе еді?» деп едім, «Жоқ,
қазір инженер – Сафуллин Нəбиолла деген кісі» деді.
Содан екеуміз танысып, екеуміздің саламыз əртүрлі, ол
– инженер, мен газ саласындамын, əйтсе де, араласып,
табысып кеттік.

Нəкең – өте білімді маман. Металды жақсы таниды,

134

қасиетін жетік біледі. Ол салған иін темір көпке дейін
сынбайды.

Бір жылы Нəкең «К-700»-дің көтергішінен кран
жасады. Бұл кран телемұнара əкеліп орнатқанда пайдаға
асты. Біздің ауыл телевизорды аудан орталығынан
бұрын көрді. Жаңағы телемұнараны Есенаман тауы
бетіндегі ауылдан бір шақырым жерде орналасқан төбеге
орнатты. Оны құрастырып, орнатудың басы қасында
инженер ретінде Нəкең өзі жүрді. Мұнараның биіктігі
40 метрдің шамасында еді. Жердің табиғи мүмкіндігін
пайдаланған кезде ол өте алыстан мен мұндалап көрініп
тұрды. Бұл шамамен 1978 жыл болатын.

Баќытжан Жəлелов:

Шеберхананы ұзақ уақыт таратпай, ұстап тұрды

Нəбиолламен бірге өстік. Төлегенмен құрдаспын.
Кеңес үкіметі құлаған дағдарыс кезінде техника
əркімнің бір қолында кетті. Нəкең сол кезде
шеберханыны бөліске салмай, ортақ қылып алып
қалды. «Т-40» тракторымның насосы нашарлағасын,
соны жөндетуге алып бардым. «14.00-де кел,
шаруаңды бітіріп беремін», - деді. Насос жасайтын
Мұхитқа «Насосын еш əңгімесіз, тегін жасап бер» деп
тапсырды. Мұхит «Бұл ағайды білемін: істеп беремін»
деп айтып жатты. Нəкең – өте қарапайым, бір сөзді,
қайырымдылық қасиеті өте жоғары, институтта ұстаз
болатындай аса білімді адам еді ғой.

135

Єалымадин Єўмаров:

Кеңес жүйесі қанатын кең жайдырмады

«К-700»-дің қорабы жөндеу зауытынан келді. Бұл
тракторды Тілек Ырысқалиев айдайтын еді. Қарабты
салғанда, техника жүрмей, біраз дау болды. Нəбиолла
аға сонда кітап алып келіп, «мынау теріс салынған»
деп дəлелдеп, түзетіп берді. Қараптың ішіндегі бір
шильца дұрыс салынбаған екен.

Нəбиолла аға басқарған еңбек ұжымының
Социалистік жарыстардың жеңімпазы, ауыспалы
Қызыл ту иесі болғаны туралы дерек жоқ (адамды
қан-сөлінен айырып, титықтатып барып қол
жеткізетін бұл атақ-дəреженің керегі бар ма еді
өзі?! Бірақ ұжым ішінде орнаған аужай, сыйластық,
үлкенге құрмет, кішіге тəлімгерлік, жалпы адамға
қатысты ұстаным, еңбек бөлісі, тəртіп, еңбегіне қарай
бағалау, ардагерлер мен мұқтаж жандарға деген
қамқорлық, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу
– осының бəрі жан сүйсінтеді. Сондай-ақ, əттең,
осындай ұйымдастырушылық қабілеті бар тұлғаның
əлеует-қабылеті тек кішкентай шеберханамен ғана
шектелгеніне, қанатын кеңге жайғызып, бар əлеуетін
паш қылуға мүмкіндік болмағанына бармақ тістей-
сің. Əріптесі Айболат Саршолақов: «Нəбиолла аға «жеке
цех ашамын, мамандарды таратпаймын» деген ниет-
пен үйдің қасындағы моншаны өзіне қаратуға əрекет
жасады. Бірақ бойын билеген сырқаты оған мүмкін-
дік бермеді деп еске алады.

Нəбиолла аға дүниеге біршама жайырақ, не Амери-
ка, Батыс елдерінде дүниеге келсе, бір сөзбен айтқанда,

136

нарық қарым-қатынастары орнаған кезеңде өмір сүрсе,
бəсекеге қабілетті əжептəуір кəсіпорын қожайыны
болар ма еді?! Бірақ қоғамның басым бөлігі жартылай
робот, жартылай құл, қазақы тілмен айтқанда, өзіне
жүктелген шаруасын ғана білетін, содан өзгесімен
шаруасы жоқ мəңгүрт – гомосоветикустар болғанын
қалайтын Кеңес жүйесінде Нəбиолла Сафоллаұлы
сынды тұлғаларға орын болған жоқ.

Сафолла ата нарком заготовкада агент болып
жүргенде жалған арыз негізінде сотталады, қара
жұмысқа жегіледі. Содан Шыңғыста тас ойып жүрген
жерінен екі айдан кейін ауылына кері қайтарады.
Қайтармайтын амалы жоқ, колхозға да кадр керек,
соның ішінде Сафолла атамыздай шебер маман екі
бастан керек. Сөйтіп, темірден түйін түйетін шеберлігі
атамызды қара жұмыстай айдау тірліктен құтқарып
қалады.

Сол сияқты Нəкең, Төлеген ағамыз айтқандай,
«аузына ағаш қыстырып алып, моторға диагностика
жасай беретін маман» болғасын, «Тесік моншақ жерде
қалмайды» дегендей, бір жұмыстан шеттетіліп жатса,
келесісіне шақырылып, өзі атқарған бас инженер,
шеберхана меңгерушісі, кəсіби училище ұстазы,
заңгер, өзге де қай-қай лауазым-мамандықта да
абырой-беделден айырылмай, тірлік қыла берді.

137

«ҚИЯНАТҚА ЖАНЫ ҚАС,

БОЛЫПТЫ БІР ҚАРЛЫҒАШ...»

Бала кезімізде «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
деген мультфильмді теледидардан сүйсіне қарайтынбыз.
Ішінде «қиянатқа жаны қас, болыпты бір қарлығаш» деген
жағымды кейіпкері бар жаңағы ертегі қазір қарап тұрсаң,
тұнып тұрған пəлсапа екен ғой. Ол пəлсапа – өз алдына
бір бөлек əңгіме. Қарлығашқа келсек, оған жылан тиісейін
деп жатқан жоқ, ішсе, адамның қанын ішеді. Сөйтіп, бұл
құстыңосыоқиғағаараласатынжөніжоқсияқтыеді.Бірақ
бұл қарлығаштың жəне біздің Нəбиолла ағаның табиғаты
сол – адамның қанын (тура жəне ауыспалы мағынасында)
ішетін өздері куə болған кез келген қиянат-əділетсіздікке
бейжай қарай алмайды. Сондықтан барын салып, басын
тігіп, əділет салтанат құруы үшін кірісіп кеткендердің
іс-тірлігі өз жемісін беріп те жатады. Қарсы тарап та
қараптан-қарап беріле салсын ба, қарлығаштың құйрығы
мен Нəкеңнің саулығына қаяу түседі. Қиянатқа жаны қас
бұл «қарлығаштардың» құйрығы айыр болып қалғанымен,
ол құрбандықтары қоғам үшін қайыр болады.

138

Наурызбай Исаєалиўлыныѕ естеліктері:

Құр бәліш, лимонад – студентке қиянат

Институттағы сабақ басталғанға дейін ауыл
шаруашылығы жұмыстарына барып қайттық.
Круглоозерныйда картоп жинадық. Ол кезде мехфакта
– 5 топ, 125 бала оқыдық. Жаңағы ауыл шаруашылығы
жұмыстарын үлкен клубтың ішінде раскладушкада
жатып жасадық. Айға жақын жұмыс жасап келгесін,
сабақ басталғанға дейін бір жеті ауылдарымызға
барып, демалып келдік. 1971 жылдың аяғына дейін
4 корпуста – қаланың ішінде оқыдық. 1972 жылдың
қысынан кейін, екінші семестрден бастап, студенттер
қалашығындағы ІІ корпус дайын болып, тапсырылды.
Сол мехфактың корпусында зоофак та, экономфак та,
бəрі оқыды. Бізге тамақты машинамен, термоспен алып
келеді. Тамақ дегендері – ішек-қарыннан жасалған
бəліш, лимонад, сондай нəрселер. Ол кезде СХИ-
да шаруашылық жұмыстары бойынша проректор
Пирогов деген кісі болды. Мен Нəкеңнің əділетсіздікке
төзбейтін қасиеті туралы айтайын деп отырмын. Осы
тамақ мəселесінің дұрыс ұйымдастырылмауына біраз
студент наразылық танытып, ереуіл жасады. Бұл –
үлкен нəрсе ғой, үлкендігі сонша, бұл туралы тіпті сонау
Америкадағы «Голос Америкадан» да берілді. Содан
осы текетіреске Нəкең де араласып, ақыры жаңағы
проректор жұмысынан босады. Сөйтсе, бұл проректор
тамақты дұрыс бөлгізбей жүр екен. Негізі, студенттерге
ыстық тамақ берілуі керек екен. Ал, шындығында, бар
болғаны қатып қалған бəлішпен салқын лимонад беріп
жүрді. Күніне 5-6 жұп сабақ оқитын студент үшін бұл

139

енді ас болмайды ғой. Айтып отырғаным 1973 жылдың
қаңтар-ақпанында орын алған оқиға. Осыдан кейін құр
бəліш пен лимонад емес, ыстық тамақ жүйелі əкелінетін
болды. Буфет ашылды. Студенттер оңып кетті.

Əрине, бұл – өте сауапты іс. Қанша студент асқазан
жарасынан, қарны тоймай, оқудан шығып кетуден,
нан табамын деп бір нəрсеге ұрынудан аман қалды.
Дегенмен Нəбиолла ағаның студент кезінде бұл оқиғаға
белсенді араласқаны – көзсіз батылдық. Проректордікі
бұрыс, студенттердікі дұрыс болып шығатынына
ешкім кепілдік берген жоқ, керісінше болып шығуы да
мүмкін еді. Өз басым, осы оқиғадан кейін Нəкең тиісті
орындар тарапынан назарға алынды деп ойлаймын.

«Өз пікірінің дұрыстығын

дәлелдеуден тайынбайтын еді»

Физика сабақтарында зертхана жұмыстары бо-
лады. Мысалы, үйкеліс күшінің коэффициенттерін
шығарумен айналысасың. Ол үшін заттың салмағын,
жылдамдығын, үдеуін өлшейсің. Уақыт береді.
Осының бəрін есептеп шығарған кезде нəтиже белгілі
бір шамадан ауытқымауы керек. Балалар қайтеді дейсіз
ғой, сол шамаға қарап отырып, кері қарай есептейді.
Сөйтіп, уақытты да бəрін де қолдан жасап, өткіземіз де
жібереміз. Ал Нəкең біз сияқты қулық қылмайды, өзі
есептеп барып тапсырады. Осы зертхана жұмыстарынан
жаңағы тамақ дауы нəтижесінде орнынан босап қалған
проректор Пироговтың жолдасы Пирогова деген берді.
Сол Пирогова (сірə, жолдасының əлгіндей болғаны
үшін кек қайтарып жүргені шығар) «Мына балалардікін
қара, шамаға келіп тұр, ал сенікі неге сыймайды?!» деп

140

айқайлайды. Сонда Нəкең қате өзінен емес, институт-
тың əлдебір себептермен дұрыс жұмыс жасамай тұр-
ған приборларынан екендігін дəлелдеп, жеңіп шыққа-
ны бар. Сөйтіп, қате сынды қабылдамау, өзіңнің ісің
дұрыс болса, ол үшін күресу керектігін дəлелдеп, бізге
үлгі-өнеге болып еді.

«Вы, что, Юрий..!»

Сызу, теориялық механика, материалдар кедергісі
(сопромат) деген сабақтар Гагарин көшесіндегі корпуста
өтіп жүрді. Сызу пəнінен Юрий Борисович Ермаков
деген орыс сабақ берді. Бір аяғын аздап сылтып басады,
содан орыс балалар оған «Кривой» деген лақап ат беріп
еді. Əрқайсымыздың осы сызуға арналған арнайы
тақтамыз болады. Сызу құралдарымызды жұмыс істеп
болғасын, орын алмас үшін кереуетіміздің астына
салып қоямыз. Сызу жұмыстарын жұрттан үстіне əйнек
қойып көшіретіндер де болады. Нəкең жақсы сызады.
Ермаков – тəжірибелі мұғалім, кімнің қолынан қандай
шаруа келетінін біледі.

Бір күні Юрий Борисович пен Нəкең екеуі бір нəрсеге
келісе алмай қалды. Мұғалім «көрінбейтін бөлшекті
көрінетін қылып салғансың» деген сықылды бір сын
тағып жатыр. Нəкең онымен келісе алмай, «Вы что,
Юрий..!» деді де, бетіне қарап, тұрып қалды. Сол кезде
Нəкеңнің жады əлсіздеу еді, мұғалімінің «Борисович»
деген əкесінің атын ұмытып, есіне түсіре алмай,
мүдіріп жатқаны ғой. Біз жан-жағынан «Борисович»,
«Борисович» деп жанталасып, сыбырлап жатырмыз.
Бір мезгілде мұғалім қарап тұрып, қарқылдап күліп
жіберді. Бұл, бір жағынан, комедиялық жағдай, бір

141

жағынан осы сызудан жүйрік шəкіртінің өз ісінің
түзулігін дəлелдеуге деген ұмтылысы сүйсінткен
шығар, сөзталас əрі қарай ушықпай, осылай бəрін мəз
қылып, жаймашуақ аяқталды.

Костюмдегі қара дақ

Біз бəленбай жыл бойы №43 бөлмеде тұрдық. Ақ
костюммен жүретін кісі еді ғой, осы киімінде бірде аяқ
астынан қара дақ пайда болды. Соны «біреу қастықпен
жақты» деп жүрді. Шкафты ашсақ, костюмі, шынында
да, майланып қалыпты. Зертханалық сабақтарда түрлі
механизмдермен жұмыс жасаймыз, солардың майы
жұқты ма, белгісіз... Біз «Еркін Жабасовтарға ренжимін
деп, шалдың жүйкесі сыр беріп жүр-ау» деп ойлап
жүрдік.

Оқуымыз бітетін жылы нағыз диплом жұмысын жазар
кезде Нəкеңе ауруханаға жатуға тура келді. Халін сұрап
барған кезде «Осы биыл, сірə, үлгере алмайтын шығар-
мын» деп уайымдап жатты. Ол кезде диплом жұмысын
жазу деген – қиын шаруа: 10 бет сызба жұмыстары, 100
беттің үстінде анықтамасы жазылуы керек. Есептері өз
алдына. Біз «Нəке, жəрдемдесеміз ғой» деп жатырмыз.
Сөйтіп жатқанда ағамыздың інісі Төлеген ағай келді,
ағайындылардың жазуы бір-біріне қатты ұқсас екен.
Сөйтіп, анықтама жазбасын Төлеген аға жазды. Ол кезде
диплом қорғау жұмыстарын қабылдауға өкіл сырттан,
институттан тыс оқу орнынан келеді. Комиссия төрағасы
– профессор Челябинскінің зауытынан келді. Нəкең
дипломдық жұмысты «беске» қорғап шықты. Сол кез-
де ғылыми коммунизмнен мемлекеттік емтихан бар еді.
Оны да «беске» тапсырды. Бітіргеннен кейін екі ай əскери

142

жиынға баруымыз керек. Себебі бізде əскери кафедра
болды ғой. Ал Нəкең бұған қатысқан жоқ, өйткені ол –
офицер. Содан үшеуміз Нəкеңді ауылға шығарып салатын
болып, автовокзалға келдік. Сол кезде мұңайыңқырап,
«Сендердің айтқандарың дұрыс екен. Міне, ауылға жалғыз
қайтып бара жатырмын», - деді. Оның жұп болғанын тəуір
көрген əңгімелерімізді айтып тұрғаны ғой.

Киінуге уақыт қимаған сәт

Жазда ыстық болғасын, ішкиіммен жатамыз. Біз
№5 жатақханада түгелдей мехфак жатамыз. Агрофак,
зоофактар №6 жатақханада қалып қойды. Бұл қыздардың
ақшасы жоғалып кету оқиғасы жиілеген кез еді. Олар
жатақхананың 4-5-қабатында жатады. Жедел топтың
бастығы ретінде Нəкең бұл жағдайды бақылауға алды.
Бір күні түн ішінде қызыл ішкиіммен Нəкең «ұят болды»
деп келіп тұр. Подъезд бізге жақын, баспа да бір бөлмеден
кейін. Түнде ұйықтап жатып, дүрліккен дыбысты естіп,
бір нəрсе болып қалды екен деп, Нəкең ішкиіммен атып
шыққан ғой. Сөйтсе, кешкі сауықтан түнделетіп оралған
қыз-жігіттер екен. Нəкең «Əлгілердің алдында осы
кейпімде ескерткіш сықылды қаттым да қалдым» дейді.
«Киінуге уақыт жоғалтсам, ұры-қарыларды ұстай алмай
қалармын» деген қауіппен ішкиіммен атып шыққанда
əлгіндей болып шыққан ғой. Негізі, ұрлық, өтірікке жаны
қас Нəкең қыздардың мүлкіне қол сұғып жүргенді ақыры
əшкереледі.

Төлеген САФОЛЛАҰЛЫ: Бір оқытушы «Комбайн»
деген аса маңызды емес сабақтан сынақ қоймай,
студенттерді əуреге салған кезде Нəбиолла ректорға

143

барып: «Біз мына комбайн дегенді ертең практикада
қасында бірнеше күн жүрген кезде ұршықтай
үйіріп аламыз. Сондықтан студенттерді маңызды
емтихандарына дайындаттырмай, қасақана алаңдатып
жатқан оқытушының қылығын қалай түсінеміз?» –
дейді. Сөйтіп, бүкіл студенттің кітапшасына сынақ
бағасын қойдырып беріпті.

Елдос Нəбиоллаўлы:

«Жеке мүддесін қорғауға жоқ еді»

Қандай да бір қиянат, əділетсіздікпен жанын салып
күресетін əкем өзі мен ет жақындарын қорғауға келгенде
ондай белсенділік танытпайтын. Бірде 90-жылдардың
қиын кезінде анамның сағатын қысқартып тастады.
Шеберханада да табыс жоқ кез. Анам қатты ренжіп қалды.
Кейбір таныстар «Арызданып, қуынып көрсең қайтеді?»
деп жатты. Қуынуға керек болса, ешкімді араға салмай-ақ
та, əкемнің сауаты жетеді ғой. Бірақ əкем бұған бармады.
Содан қыркүйек əбден жақындап, сабақ басталайын деп
жатқан кезде Мақуза апай өзі шығып, сағатын толық
қылып берді. Əкем осылай қара бастың қамына қатысты
мəселеге араласпағаны есімде қалды.

Т асжан Ќабенўлыныѕ естелігі:

Қайын жұртқа бұйырмаған қазы-қарта

Бір күні Оралға летучкамен келдік. Нəкеңде екі сөмке,
менде бір сөмке. Менің сөмкемнің ішінде плащ-тан басқа
ештеңе жоқ. Ал Нəкеңнің сөмкесі толып тұр, «Ждановтағы

144

қайын жұртыма ет, қазы, тағы басқа дəм алып шықтым»
деп өзі айтып еді. Біз машинаны қойып, колхозныйдан
тамақ ішуге кетіп қалдық. Келе жатсақ, машинадан
ұрылар секіріп түсіп, қашып бара жатқанын байқадық.
Айқайлап жатырмыз, бірақ əлгілер жоқ болып кетті.
Летучканың есігі кілттенбейді, сумкаларды алып қашып
кетіпті. Сонда менің сөмкеме тимей, Нəкеңнің екі сөмкесін
алған. «Сенікін неге алмаған?» деп менен сұрайды. «Мен
қайдан білейін, мен жіберді дейсіз бе?» деп жатырмын.
Содан мені отырғызып қойды да, сол жердегі милицияға
кетті. Содан «Құрысын, кеттік, мыналар машинаңның
противоугонныйы жоқ, анауы жоқ, мынауы жоқ деп өзіме
бас салып жатыр» деді. Нəбиолла аға – заң-законды жақсы
білетін адам, жоғарырақ жаққа арызданып жағаласа,
милиция белсендірек қимылдап, жоғалғанды тауып та
берер ме еді. Бірақ Елдос Нəбиоллаұлы айтқандай, Нəкең
жеке басына қатысты қиянатқа аса мəн бермегені көрініп
тұр.

Елдос Нəбиоллаўлыныѕ естелігі:

Қалтадан шыға келген қара қалам,
қара қалам болмаса, күнің қараң...

Менің оқуға түскенім де өз алдына бір оқиға.
Емтихан тапсырған соң жинаған ұпайым бойынша
абитуриенттердің ішінде екінші болып тұрдым. Ауылға
бірге қайтқысы келіп тұрғандар əкеме: «Бала енді анық
түседі ғой, жүре берейік» деген əңгіме айтты. Бірақ
əкем: «Көзіммен көрмей, кетпеймін», - деп табандап
тұрып алды. Нəтиже ер-теңіне шықты. Барсақ, оқуға

145

түсті деген 25 адамның ішінде мен жоқпын. Ректоратқа
барсақ, дұрысын айт-пай, қашқақтайды. Бірақ əкем
қыр соңынан қалмай, «Мен бұны бұлай қалдырмаймын.
Сотқа дейін барамын» дегесін, ректораттағыларға да
қорқыныш кірген сықылды. Ректор: «Бұл адамды неге
ренжіттіңдер?» деп сұрап жатыр. Қарауындағылар
«Бұйрыққа кірмей қалыпты», – деп күмілжиді.
«Бұйрыққа кіргізе қоюға не кедергі? - деп əкем де
бола қоймады. «Қыстырып жаза қоюға қара сиялы
қалам болмай тұр», - дейді əлгілер міз бақпай. Сонда
əкем тап сондай қаламды қалтасынан суырып алып
ұсынғанда ғана «Мə, байқамай қалыппын, менде бар
екен», - деп өз қаламын қалтасынан шығарды. Сөйтіп,
институттағылар амалы құрып, мені 26-шы қылып
тіркеп, кіргізіп қойды. Əкемнің қалтасында керек
болып қалуы мүмкін нəрсенің бəрі – түрлі түсті қалам,
ұшталған карандаш үнемі жүретін еді.

Набиолла ағамыздың орынды жерде ешкімнен
тайсалмай, ойын еркін дəлелдейтін, білікті, бірбеткей,
батыл қасиеттері туралы оның замандасы, Ақсай
қаласының тұрғыны Зарлық Мусиннің естелігінде де
аз-кем айтылады.

:

Ілтипаты ерекше азамат еді

Мен Набиолла Сафуллинмен 1975 жылы Жусанды-
ой мал бордақылау бірлестігінде бас инженер болып
қызмет етіп жүрген кезімде таныстым. Ол кезде əр
түрлі науқанды жұмыс басталар кезде совхоздың бас
мамандарын, соның ішінде бас инженерлерді ауданға

146

шақырып, техниканың əзірлігі туралы есеп алатын.
Əр шаруашылықтың бас инженерлерін кезекпен
тұрғызып, техниканың əзірлігі, оның жөнделу барысы,
жанар-жағармайдың есебі, механизаторлар есебі, өзге
де есептерден соң металл қалдықтарын тапсырудың
орындалуы туралы бөлек мəселе қарайтын. Металл
қалдықтарын əр тоқсанға бөліп-бөліп тапсыру
жоспарланған. Сол жиналысқа облыстық металл
қалдықтарын қабылдайтын мекеменің қызметкері
қатысып, əр шаруашылықтың қанша тапсырғаны, енді
қанша тапсыратыны, жоспардың орындалуы туралы
мəлімет беретін. Кезек Егіндікөл совхозына келгенде
сол совхоздың бас инженері Набиолла Сафуллин
тұрып, металл қалдықтары жоспарының орындалмау
себебін жіктеп талдап беретін. «Біріншіден, жоспар
артық берілген. Себебі осы жылға жарамсыздыққа
шығатын техника мынадай, олардың салмағы мынадай.
Енді қалған металл қалдықтарын қайдан аламыз?»
деп, қабылдау мекемесінің қызметкеріне қарсы сұрақ
қоятын. Қабылдау мекемесінің адамы: «Бізге берген
жоспарды бөліп бердік. Жоспар – заң. Оны орындау
керек» - деп отырып алады.

Набиолланың бір қасиеті – айтылатын мəселенің
есебін аяғына дейін шығарып, дəлелдеп беретін.
Оны кейбір басшылар ұнатпайды. Набиолланың
адамгершілігі мол, азаматтығы жоғары еді. Əрқашан
сұраған адамына ақыл-кеңесін айтып, түсіндіріп,
қазақша айтқанда, миына құйып жіберетін. Техниканы
жетік білетін. Трактордың моторының қай жері дұрыс
істемей тұрғанын дəл айтып беретін.

Қаратөбе ауданы бойынша Егіндікөл ауылы теле-
дидарды ең бірінші болып көрді. Теледидар антеннасын

147

жасаушылардың бастаушысы Набиолла еді. Набиолла
ауыл шаруашылығын механикаландырудың білгір ма-
маны, оның ұйымдастырушысы болды. Ол – өзінің кəсіби
шеберлігін елге, көпшілікке таныта білген азамат. Мен
Набиолланы еңбексүйгіштігімен, қарапайымдылығы-
мен, жоғары мəдени ізеттілігімен, жігерлілігімен,
сыпайы, салиқалы мінезімен жарына, бала-шағасына,
туысқандарына, дос-жарандарына ілтипаты ерекше аза-
мат еді деп еске аламын.

Сырым Нəжиоллаўлы:

Жемқорлардың аузынан қағылған жем жайлы

Қоскөлде тұрған кезімізде түн ішінде үйге бір машина
жем алып келді. Атам «бұл не нəрсе?!» деп шошып кетті.
Тəтем совхоздың жемін жымқырып, əбден дəнденіп
алған біреулерді ұстап алған сықылды. Ал бұндай іс
шаруашылықтың лауазымды адамдарының қолдауымен
ғана жүзеге аса алады. Сондықтан ұрылардың үстінен
арызданғанның пайдасыз екенін біліп, ашынған тəтем əлгі
жемді айналадағы адамдарға тегін таратып берді. Көрші-
көлемнің шелектеп тасып жатқанына қарап отырдым.

Нўртас Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:

«Талай ұрлықтың жолын кесіп еді»

Əкем талай ұрыларды ұстады. Бірде моншаның
жылыту қазандығына түсіп, мазутты канистрлеріне
толтырып құйып алған ұрының үстінен түседі. Сонда
ұры əкемнің көзіне құм шашып, құтылып кетеді. Əкем

148


Click to View FlipBook Version