The words you are searching are inside this book. To get more targeted content, please make full-text search by clicking here.

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Discover the best professional documents and content resources in AnyFlip Document Base.
Search
Published by zkoipk, 2019-02-11 23:52:32

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

Әке өнегесі. Нәбиолла Сафоллаұлы

жазған Сүгірдің «Аққу» күйін орындайтын тұсы бар
екен. Оркестр орындауындағы аталмыш күйді тыңдап
отырғанымда əкемнің сол жолғы əңгімесі есіме түсіп,
күй мазмұны туралы баяндаған бейнелеуі көз алдым-
нан өтіп жатқандай əсерде болдым. Өйткені оркестр
орындауында əуелеп ұшып келе жатқан аққудың бірте-
бірте төмендеп, айдынға қонуға айнала беріп, қайтадан
шырқап көкке көтеріліп кетуі, осы көріністің əр түрлі
жағдайда қайталануы өте шебер əрі аса ұғынықты
түрде берілген екен. Күйдің соңы аққудың айдынға
қонып, қонған сəтіндегі екпінімен бойын жинап, судың
бетін ақырын сызып бара жатқандай əдемі көрінісін
ойға оралтады.

Енді əкемнің дастарқан басында тыңдатқан күйі
дəл осы Сүгірдің «Аққуы» екеніне ешқандай күмəнім
қалған жоқ. Кейін ауылға демалысқа келген сəтімде сегіз
пластинкадан тұратын қазақ күйлерінің антологиясын,
өзге де күй пластинкаларын əкемнің көзі тірісінде өзі
қоятын орнынан алып қарадым. Олардың ішінде дəл
осы Сүгірдің «Аққуы» екі түрлі нұсқада орындалған
екен.

Əкем музыка тыңдағанда бəзбіреулер секілді «Па,
шіркін, ғаламат!» деп басын шайқап, құр тамсанумен
шектелмейтін. Техниканың бөлшектерін жіктегендей
етіп, əуеннің ұзын ырғасын тұтасымен, басынан-аяқ
талдап беретін. Жəне онысы тыңдаушының санасына
сондай сіңімді болатын.

Бірде теледидардан берілетін «Ауылдың алты
ауызы» деген бағдарламаны тамашалап отырдық. Сыр
бойының мақамымен терме айтылып жатыр. «Сыр
өңірі көбіне түйе өсіреді ғой. Əр жердің əуені де өзінің
табиғи ерекшелігі мен шаруашылығына байланысты

299

болып келеді. Мына кісінің домбыра қағысынан
түйе желісінің ырғағы аңғарылады. Буралар келеге
түсетін кезінде басын төмен салып желіп келе жатып,
өңешін ауызының сыртына салбыратып жібереді де,
көмейінен бір ерекше дыбыс шығарады. Сыр бойы
əнші-жыршыларының көмеймен орындауы соны еске
түсіреді» - деді əкем. Ол сондай-ақ «Домбырамен
орындалатын біздің батыстың, əсіресе, Ғарифолла
Құрманғалиевтің əндерін тыңдағанда, «қамшы сал-
дырмайтын тайпалған жорғаның үстінде келе жатқан-
дай боласың. Ауыздығымен арпалысып, сəл босатсаң
ата жөнелетіндей арынды, тіпті кейде лекітіп қағып-
қағып келіп, шырқата көтергенде сонау бұлтпен
жағаласып бара жатқандай күйге енесің» дейтін.

Кейін есейген шағымда «Мың бір түн» ертегісінің
Қалмақан Əбдіқадыров нұсқасындағы Бір жүз тоқсан
тоғызыншы түнін оқып отырып, «Қамарылзаман
қуанып, ат аяғының ырғағына қосып мынандай өлең
айтты:...» деген тұсына жеткенде əкемнің жоғарыда
айтылған əңгімелері еріксіз есіме түсті. Бір қызығы,
əкемнің осындай бағыттағы талдауларын музыка
туралы жазылған ешбір əдебиеттен кездестіре
алмайсыз. Мысалы, Жаяу Мұсаның «Ақ сисасының»
қайырмасында «игигай-гиккай, гиккай» деп өршелене
қайталануы – «Астындағы атынан зорлықпен айыры-
лып, жаяу қалған адамның «күш қазандай қайнайды,
күресуге дəрмен жоқ» дегендей ашу-ызасы. Қамшыны,
ең қарапайымы шыбықты шапшаң сермегенде «і-г-
гек!» деп ауаны осып өткен дауысын естуге болады. Əн
қайырмасындағы «гиккəй»-дің мағынасы осы. Атынан
айырылып, қолына қамшысын ұстап қалған адамның
«шіркін-ай, зорлығы өткендерді қамшымен осылай

300

сықпыртар ма еді!..» дегендей бойды кернеген намыстан
туындаған əн» деп түсіндіріп еді.

Кішкентай күнімізде халық күйі «Ақсақ құлан»
орындалғанда «Қауіпті алыстан сезіп, бой сала қашпай,
желе жортып бара жатқаны, желісін үдете түсті, əне,
жалтарып өтті, қыспақ күшейіп келеді, енді жан-дəрмен
барын салады» деген секілді сөздермен күйдің тілін
біз үшін ашықтап отыратын. Күй тартылғанда көзін
жұмып, əуеннің ырғағымен баяу тербеліп отыратын
кездері де болады. Ондайда күй аяқталысымен ұйқыдан
оянып, түсін баяндаған адамдай, күйде не айтылып
тұрғанын əңгімелейтін. Ең бастысы, əлдебір кітаптан
оқығанын немесе шығарманың осыған дейін жазылып
қалған тарихын емес, əуеннен өзінің тікелей алған
əсерін байыптап жеткізетін. Əкем осылайша кез келген
күй, қала берді, əлемдік деңгейдегі классиктердің кез
келген шығармасын терең ұғынып, еркін талдайтын
қабілет иесі еді...

Елдос НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкемнің мына тың
пікірі есімде қалды: «Орыс ертегілерінде олардың қас
жау-ларының бірі болып Баба Яга (Жалмауыз кемпір)
аталады. «Сөз атасы – ертегі, Құраннан сыр шертеді»
дегендей, халық ертегісі деген – тегін нəрсе емес, онда
бір сыр жатады. Сонымен, Баба Яга – аяғы бар үйшікте
тұратын тіршілік иесі. Оның бас сипаты да осы –
үйінің аяғы бар екендігі, қалаған уақытында мекенін
ауыстыруға қабілеттілігі. Бұл – көшпенді өркениетіне
ғана тəн қасиет. Ал орыс еліне етене жақын орналасқан
көшпенді халық – қазақтар. Олардың ертегісінде «ата
жау – Баба Яга» деп біздің көшпенді ата-бабаларымыз-
ды меңзеп тұр. Оларды да түсінуге болады, соңғы екі-

301

үш ғасырды қоспағанда, көшпенділер отырықшы өр-
кениетке қарағанда əлдеқайда басым болып келді. Бұл
жерде «басым болу» дегенді тек «жаулап алу, қырып-
жойып үстемдік көрсету» деген мағынада түсінбеу
керек. Көшпенділер, мысалы, Алтын Орда өзіне қарасты
ұлт пен ұлыстардың дін, тіл, тұрмысына қандай да
бір қысым көрсетіп, араласқан жоқ. Оны бұлардың өз
еріктеріне қалдырып, өз басымдығын тек алым-салық
жинау арқылы білдірді. Орыстардың ел болып бірігіп,
мемлекет болып қалыптасуына алтынордалықтардың
үлесі үлкен. Көшпенділерді қанша жерден Баба Яга-дай
жағымсыз сипатта бейнелегенімен, бұл жерде қазақ-
тарды ылдым-жылдым, мобильді, сол кез үшін алдың-
ғы қатарлы өркениет екенін мойындау да жатыр».

Ардақ ЕСЕНОВА: Ағамыз - өте сауатты, оқыған кісі.
Алматыда кезінде Облыстық білім бөлімін басқарған
Шараф деген ағам бар. Сол кісі мында келіп, Нəбиолла
ағаммен жолығып, əңгімелескеннен кейін «Мынандай
ғұлама адам ауылда не ғып жүр?!» деп таң қалғаны
бар. Иə, Нəкең – білімге аса құштар жан, блокнотына
бірдеңелерді түртеді де жүреді.

Ешмат УСАЛИМОВ: Оркестр ашу үшін, балаларды
музыкаға баулып жүрген кезімде Нəкең екеуміз көшеде
жолығып қалдық. Ол бір-екі күй жайлы сұрады.
«Наратуды» білесің бе?» деді. Аңнан келген кезде
алдынан қарсы алатын ұлы жоқтығына мұңайған
аңшының қамкөңіл жайын білдіретін бұл күйді білетін
едім. Нəбиолла өзі де күй туралы əңгіме айтып, күйден
хабары жақсы екенін танытты. Əңгіме барысында кіші
қызын домбыраға беретін ойы бар екенін айтты.

Біз сол кезде «Үкімет басшысы Нұрлан Балғымбаев

302

келеді» деп оркестрді əзірлеп жүрген едік. Балғымбаев
келген кезде Нəкең сөз алды. Бұрынғы күйлер
пластинкада қалғанын, қазір пластинка ойнататын
қондырғылар қолданыстан шығуына орай, аталған
күйлердің диск-кассеталарын шығару қажеттілігі
туралы айтты. Осыған қатысты «басқа бірдеңе сұраса
нетті!» деп кері сөйлеушілер де табылды. Жиыннан
шығып бара жатқан кезде Нұрлан Балғымбаев сол
кездегі облыс əкімі Қ. Жақыповтың арқасынан қағып,
Нəкеңе қарап: «Шаруаңызды осы кісіге тапсырдым»
деді. Басшылық Набиолланың сұрағына толық
бойламағанға ұқсайды. Алайда кейін мəдениет үйіне
музыкалық орталық беріп жіберіпті. Бұл да Нəкеңнің
ауылдастарына келтірген пайдасы.

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Шешем Зеленовтың
Жданов ауылынан, байсалды, сабырлы, қарапайым
жан. Оралдағы пединститутты бітіріп, Егіндікөлге
келіп жұмыс жасап жүрген кезінде əкеммен танысып,
көңіл жарастырып, тұрмысқа шыққан. Шешемізден
бұрын əкеміздің айрықша ажарына, жан-жақтылығына
қызыққан бір-екі қыз алға түсіп көріпті. Солармен бас
қосып қалған кезде əкем оларға қазақтың ұлттық өнері
туралы əңгімені айта берген екен, күйден хабары жоқ
қыздар безіп кетіпті. Содан осы əңгімені шешеме айтса,
ол жаңағы қыздардай қылық танытпапты. Сөйтіп,
қазақтың дəстүрлі өнеріне деген көзқарасы белгілі бір
дəрежеде жар таңдау критерийі де болған сықылды.

303

Ґлкетанушы-жазушы
Ќайыржан Хасановтыѕ естелігі:

Мамандығы инженер болса да...

1953 жыл. Қоскөл жетіжылдық мектебінің үшінші
сыныбында оқып жүрген кезім. Өзіммен қатарлас
Аманкелді Бижанов деген баламен доспын. Оның
ағасы Мақсот Жанқадамов - колхоздағы мал маманы.
Отан соғысында қабырғасынан қатты жаралы болған.
Жұбайының аты – Мəмила. Бұл апай Аманкелді екеумізді
баласындай сыйлап, май-ірімшіктерді береді. Ащы
құрттарды да аямайтын.

Мəмила апай алақаны ашық кісі болатын. Оның əкесі
Саполланы да көрдік. Осы қартты қолы шебер кісі дейтін.
Баласы Нəбиолланы жас кезімде еміс-еміс білетінмін.
Содан аудандық «Еңбек туы» газеті редакциясына
жұмысқа шақырылып, редакцияда қызмет еткен жылдары
аудан шарушылықтарына іссапарға жиі шығатынбыз.
Шарушылықтардағы науқанды жұмыстар – қой төлдету,
шөп шабу, егін орағы, мал қыстағы, тағы басқа да
қызметтер журналистердің назарында жүретін. Малшы-
шопандармен кездесіп, механизаторлармен тілдесетінбіз.
Соның ішінде совхоздағы бас мамандармен сөйлесіп,
олардың бастауымен фермаларды бірге аралайтынбыз.

Егіндікөл совхозына келіп, совхоздың бас инженері
Нəбиолла Сафуллинмен кездескенімде ол кісі əңгіме
желісін аудандағы, қала берді, республика аймағындағы
өнер тақырыбына аударып, ақын-күйшілер жайлы
əңгімелейтін. Нəкеңмен əңгімелескен кезде өзім хабарсыз
болып келген, бұрын-соңды естімеген тың əрі қызықты
деректерге қанығып, оның тереңдігіне таң қалатынмын.

304

Егіндікөлге барған бір сапарымда түске жақын көшеде
кездесіп, екеуміз қараша айының қара суығында сыртта
тұрып тағы да күй өнері жайлы əңгіме қозғағанымыз
есімде. Ол кісі менің газетке Қаратөбе ауданының
бұрынғы мəдени, əдеби тарихы тақырыбына жазған
мақалаларымды құптаса да, «Ол аз. Əлі де ізден» деп, маған
тың тақырыптар беріп, ұйықтап жатқан шығармашылық
ізденісімді оятып, жігерлендірді.

Егер Нəбиолла ағай жігерлендірмесе, аудан өміріндегі
науқандық жұмыстарды ғана жазып жүрген журналист
болып қала берер ме едім деп қазір ойлаймын.

Егіндікөл ауылына бұрынғы Премьер-министр
Нұрлан Балғымбаев келіп, ауылдағы мəдениет үйінің
ашылуына қатысқан кезде Нəкең жаңадан салынған
мəдениет ошағына енді музыкалық аспаптар керек деулі.
Бұл өтінішін қанағаттандырған Премьер-министр өз
атынан музыкалық орталық (музыкалық центр) сыйлапты
деп естідім. Мен мұны оның астындағы тағына қарамай,
айтар сөзін тайсалмай тіке айтатындығының бір көрінісі
деп түсінемін.

Егер ол əдебиетші, ақын, күйші болса, көп күй шыға-
рып, өлең, кітаптар жазар еді деп ойлаймын. Осы кісінің
жігерлендіруімен, ел тарихын жаз деп, тақырыптар беріп,
талпындыруымен өлкетанушы болдым. Осыған ризамын,
Нəке. Осы лебізіме аруағың риза болсын, инженер аға!

Біз осы тұста Егіндікөл ауылынан түлеп ұшқан
белгілі қаламгер Гүлзира Серғазының ішінде Набиолла
ағамыздың бет-бейнесі мейлінше молырақ сипатталатын,
көркем шығармаға бергісіз шеберлікпен жазылған жып-
жылы əрі көлемді естелігін қысқартпай бергенді жөн
санадық.

305

ЕГІНДІКӨЛ – ҚАРТТАРЫМ, ДАНАЛЫҒЫМ!

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Егіндікөл ауылының құрметті азаматы Нəбиолла
Сафиоллаұлының рухына жəне Серғазы əулетінің
шежіресіне жазылған ауылдастарым мен
ұстаздарыма арналады.

...Өмірінің қиясынан қырық бес жасында құлап
түскен қыран ақын өз уақытында ескертіп еді:
«Неменеге жетістің, бала батыр? Қариялар азайып бара
жатыр, Бірі кетіп келместің кемесіне, Бірі күтіп, əнеки,
жағада тұр...» деп. Мұқағалидың осы өлеңін көркемсөз
байқауларында оқыдық, Қалдыбектің əні қылып
та шырқадық, «кемеңгерлікпен керемет айтылған»
деп мақұлдадық. Бірақ, шын мəнінде, тереңдігіне
бойладық па, қарияларымыздың қадіріне жете алдық
па? Əлі сол бейғам қалпымыз, бейбақ қалпымыз
сияқты. «Бауырында күнде өріп жүрген соң таулардың
биіктігін байқамайтын», əр нəрсенің құнын, парқын
кеш пайымдап-парасаттау – адам баласына біткен
қасиет-ау...

«Қарашада қара үй тұр, Қарайлай жүр артыңа!» деп
Жəнібек жырау да аманаттап кетті. Бірер жыл аралатып
Орал өңірінің Қаратөбе қиырында жатқан Егіндікөл
ауылына ат басын бұрып тұрамыз. Иесіз азынап
тұрған қара шаңырақтың есігін ашып, төріне қалаға
үдере көшкендерден қалып қойған ауыл үлкендерін
отырғызып, кең дастархан жайып, ата-баба мен əке-
шеше аруағына Құран оқып, əңгіме-дүкен құрамыз.
Барған сайын о дүниелігін тауып жатқан кəрі-жас
жайын естіп, бет сипап, күрсінісіп қаламыз. «Əкең

306

өлсе де, əкеңнің көзін көрген өлмесін» деген қазақтың
аталы мақалын түйсікпен түйсінгендей боламыз. Баяғы
аңқаулау кезде ғой: іштей түсініп тұрсақ та, «əкем өліп
қалатын болса, басқа бөтен кісілердің маған не керегі
бар?!» деп тіксініп қабылдайтынымыз. Қасымызда
қарқарадай жаулық таққан анамыз жүргесін, төрімізде
асқар таудай əкеміз отырғасын, «Жас болып өмірге
еркін бойламай, күні ертең не боларын ойламай...»,
балалықтың бал қызығына батып жүрген шақ қой.

Сабақтан келе сала, жүре шешініп, сары май жаққан
ыстық күлшені көмейге тықпалап, бақырашпен мұздай
суды төңкере сіміріп, көшеге тұра жүгіреміз. «Гагарин
даңғылының» бойында тұратын ұлдар, қыздар «орта
кран», «ақсерек-көксерек», тығылмақ ойнауға келісіп
қоямыз. Екі езуіміз екі құлаққа ілініп, арсалаңдап
ойын соғып жүргенде кеңсе жақтан бір топ əке мен
ағалар өзара сұхбат құрып, аяңдап келе жатады. Үйдің
жанына таяғанша, өтіп кеткенше мал-жан, өріс, егін,
аудан-облыс жайын түгелдеп келе жатады, сірə. Біз де
отбасылық кешкі асқа жиналатын уақыт болғанын ұғып,
ауламызға зып беріп кіріп кетеміз. Қас қарая бірдеңеден
құр қалғандай, қайта далаңдап шыққанда көшенің
жарықтары жанып, самаладай жарқырап тұрады.
«Столба» басында саңқылдап тұрған репродуктор
«Москва», «Алма-Ата» жаңалықтарын сарнап болып,
орысша-қазақша саздатуға көшеді. Күннің қызуын
сіңірген қалың топырақ жып-жылы... Қыстың күні əр
үйдің мұржасынан қою көк түтіндер бұрқырайды...
Қайран ауылым, сенің осы базарың тарқайды, түтінің
сирейді, құмың көшеді деп ойладық па?!

Алматыдағы студенттік жылдарда каникулға
келгенде шешемнің қатарлары «Кішкене қыз, аман

307

жүрмісің, ей, оқу қалай, тоқу қалай?» деп амандаса кіреді
де, кешке «əбизөк» жиналып, карта ойын соғады. Біздің
жақта əйелдер карта ойнайды десек, көздері алақандай
болатындар бар жүрген жерімізде. Ал неге екенін, біздің
жақта ол салтқа сіңгендей əдет, қанша таяқ та, опық та
жегізген тұстары болса да, қалтаға қаттап ақша басып
алып, қонақ қыдырып, карта ойнау, парт соғу – көңіл
көтерудің кілті, жеткендіктің, теңелгендіктің белгісі
болатын...

Ал кейінірек КазГУ-дің журфагын тəмамдап, Оралға
біржола оралып келе жатқан жерден Алматыда қалып
қойып, қаламым ұшталып, тырнақалды қадамдарым
сəтті басталып, ой-өрісім кеңейіп, сөзге ұсталығым
арта бастағанда... демалысқа келгенде ауылдағы ел
ағалары соғатын болды. Қазір таяғына сүйеніп жүрген
іргелес көрші Ертай ағам гормонын дарылдатып кіреді.
Ой, шіркін, күнде думан, күнде той... Кейін құдамыз
болып алдымен анама амандасып, қарт ұстаз Сағымбай
атамыз келетін болды. Шөптікөлге көшпей тұрғанда
ма, Шөптікөлден Егіндікөлге келіп жүретін кездері ме,
есімде жоқ... Екеуміз Ғайни жеңгейдің тапсырмасымен
ақын Сағынғали ағамыздың Қоңырша деген жастық
шақтағы сүйіктісінен туған, ел жақта есен-сау жүрсе,
ағалық жасқа жетіп қалуы мүмкін баласына іздеу салу
қамын ақылдасамыз. Сосын сəкі үстінде ағаларым,
көршілеріміз бəрі ет піскенше карта ойынға кіріседі...

Есіктен «Алыстан алты жасар бала келсе, Алпыстағы
шал келіп сəлем берер...» деп өлеңдете кіріп, жаюлы
көрпеге малдас құра жайғасып, ой-қырды шолып,
əңгімені өзі бастап, алуан арнаға жетелейтін, отырған
орны төр, ой өрбітуі өр, сөз саптауы салалы, мəнер-
мақамы бөлек ағамыз, ол Нəбиолла аға еді. Айналайын

308

Нəбиолла ағамның жалпы біздің əулетімізге, əке-
анамызға құрметі, аға-əпкелеріме ықыласы, маған деген
ілтипаты ерекше еді. Бақыт ағаммен қақпа сыртында
ауыл қамы, мектеп маңын тілге тиек етіп, əлдебір
кілтипанды мəселелерге ақыл қосып, қолдау көрсетіп
тұратын. Менен қалың қазақ қамына алаңдаушылық
білдіріп, Алматыдағы тоқсаныншы-екі мыңыншы
жылдар арасындағы қарбаласты, Үкімет басындағы
өзгерістерді, қаламгерлер ортасындағы сүйініші-
күйініші жетерлік жайттарды, 86 сергелдеңдерін, Жел-
тоқсан жаңғырықтарын, замана сахнасында, қоғам-
да болып жатқан оқиғаларға менің жеке журналистік
көзқарасымды сұрап-біліп, мəттақамдап отырушы еді.
Тыңдаушылығы да тамаша, мақұлдауы да ғанибет!

Бірде ортамызда анамыз бар, үш үйлі ағайын Мұрат
ағам мен Бақытгүл жеңешемнің үйінде жиналғанбыз.
Дастарханға отырар-отырмастан көрші Разия апамыз
келіп, жеңешеме: «Ағаң көрші үйге Алматыдағы
қарындаскеліпжатырғойдеймін,амандасып,əңгімелесіп
қайтайық дейді, ал мен ыңғайсызданып тұрмын» деп
сыбырлайтын көрінеді. Көрші атаулыға жағып, «жорға
келін» атанған жеңешем «Ойбу, апатай, келіңіздер, төр
сіздердікі, біз өзіміз ғой» деп жайраңдайды. Сол жолы
Нəбиолла аға: «Алматыда шежіре кітаптар бар ма,
«Кіші жүз» деген жазу көрсең жинай жүр, қаламгерсің,
таратушы сен «Қазақ күйлерінің антологиясы» болар ма
екен, күй, шіркін, дала дастаны ғой, оны да ала кел, бірге
тыңдармыз немесе өзім сатып алармын» деп тапсырды.
Алматыға келіп, іздей түстім де, жөппелдемде қарсы
алдымнан шыға қоймағасын ұмытып кеттім. Кейін ғой,
ру түгендеу қозғалысы басталып кетіп, шежіретану
ісін «Арыс» баспасын ашқан Ғарифолла Əнес қолға

309

алып, «Бəйтерек», «Батыс Қазақстан» т.б. əр өңірдің
шежіреқұмар қарттарына ауадай керек кітаптардың
жарыққа жайнап шыққаны. Көне күйтабақтар орнына
арзанқол даңғаза таспалардың келген кезі, дəл сол
уақытта қазақтың күйін жоқтайтын жан болған жоқ,
бəрі «қара қазан, сары бала» қамын күйттеуге көшкен
нарықтың арқырап тұрған жылдары... Бір барғанымда
«Мақалаларыңды бізге əкеліп, оқытып тұрсайшы,
Алматының қалалық газетін біз алмаймыз ғой» дегесін
келесі жолы өзім қызмет істейтін «Алматы ақшамы»
газетінде жарық көрген мақалаларымның тігіндісін
арнайы ала бардым. Оным өзімнің үй-ішіме де олжа
болып, үлкендер жағы мақтап, кішілер жағы мақтанып,
əдеттегідей есендесе келген Нəбиолла ағам да алып
кетіп, өзінің айтуынша, жастанып оқыпты. Үйіндегі
отырыста «Ақылы азбас, тамыры тозбас қадірлі
менің қарттарым» деген көлемді мақалама тоқталып,
«Əнебір жерінде ағаңды да алғыстай кетіпсің, рахмет,
айналайын» деп лебіз білдірді. Биязы, бұйығы мінезімнің
ашылып, сұрақтарына нақты жауаптар беруге, кейбір
түйінді мəселелерде ой жарыстыруға жарап қалғаныма,
қаламгерлік қабілет-қарымым шыңдала бастағанына
сүйініп отырғанда мен де мерейленем.

Беталды əсіре мақтауға жоқ еді. Бірақ əкем
Мұқамбетқалиды «Мұқас» деп мейірлене атап, ма-
дақтаудан еш жалықпайды. Əкемді көбірек еске алатын
жолы да, жөні де бар. «Егіндікөл қой совхозы» болып
дүркіреп тұрған жылдарда төскейде малы мыңғыра
жайылып, егістікте егіні жайқалып, аудан-облыстан
топ-тобымен келетін делегация үзілмей, берекеге
бөккен дəуірі болды ғой ауылымыздың. Сол тұста
Мұқамбетқали Серғазиев пен Нəбиолла Сафуллин –

310

екеуі де ауыл шаруашылығын жүргізудің, іс-шараны
ұйымдастырудың шеберлері, таразының екі басында
білім-біліктері тең тұрған, өз кəсіптерінің қыр-сырын
кəнігі меңгерген хас маман болды. «Еліне елеулі,
халқына қалаулы» деп біздің əкелеріміздей адамдар
хақында айтылса керек. Олар бір-бір партбилетті жүрек
тұсындағы төсқалтада өмір бойы ұстап өткен, коммунист
деген атқа кір келтірмеуге тырысқан, Кеңес өкіметіне
қызмет еткен, партия тапсырмаларын қалтқысыз
орындаған, Мəскеуге ақпар берген «шенеуніктер» деп
қана айта алмас едік. Олар жергілікті жұртшылықтың
тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін адал маңдай терлерін
саулатып төккен, сол мұратқа денсаулығын сарп етіп,
ғұмырын тəрк еткен тұрғылықты халықтың өз арасынан
шыққан еңбекторылар еді. Əкем бас агроном-экономист
болып, өңірдегі егін шаруашылығымен ғалымдарша
айналысты. Оны қолымызда мұра болып қалған қойын
кітапшаларынан аңдап қаламын. Көз алдымдағы
көрініс: бидай т.б. өсімдік дəндерін ұзын дəлізге
брезент төсеп, таудай үйіп тастайды, үйдегі үлкендер
оларды өлшеп, шағын дорбаларға салады, сыртына
заттаңба қағаз жапсырады, бөтелкелерге нығыздайды,
олардың қақпағын ерітілген сүргішпен бітеп, тұқым
сақтау қоймаларына ма, қаладағы зертханаларға
ма, тиеп жөнелтеді. Қала жақтан кəрістерді əкеліп,
далаға қоныстандырып, қарбыз-қауын егіп, ауыл тұр-
ғындарының аузын жеміс-жидекке жарытты. Қыстың
көзі қырауда қазір үйде əлі тоза қоймаған зілдей тонмен
атшанадан үсті-басын қар басып, қас-қабағына мұз
қатып, күрсілдеп-үскініп, құдды Аяз атадай ішке кіріп
жататыны есімде. Бригадаларды аралайды екен. «Өстіп
жүріп, бір күні далада қатып қалсаңдар, қайтесіңдер?»

311

дейтін шешеме «жағыңа жылан жұмыртқаласын» деп
əзілдеуші еді. Жазғы қырман уақытында үйдегі ер ба-
лаларды көлікпен алып кетіп, Тұщықарадағы қырман
жұмысына салады, ойын баласы болып босып жүргенше
пайдалы еңбекке баулығаны ма, əлде жұмыскерліктері
еш кетпей, тиын-тебен тауып жүргендері ме, есімде жоқ.
Бір сөзбен айтқанда, ел сүйген, жер емген даланың дархан
диханы менің əкем болатын. Нəбиолла ағам «Мұқас ағай
жұмыс бабында қызбалау мінезін танытып, ашуланғанда
сөздеріне ащы тұздық қосып жіберуші еді» деп күліп
алатын.

«Болар елдің баласы, Бірін бірі батыр дер!» дейтін
қазақ ғұрпымен осы Нəбиолла інісін менің əкем де
əңгімесіне арқау етіп отыратын. «Батыс өлкемізде
-қали, -ғали, -олламен аяқталатын діни есімдер
көп тараған, мысалы, əкем менің атымды неге
Мұқамбетқали қойған?» деп сұрап алатын. «Пəлі, оны
өзің айтпасаң, боқташақ балдар қайдан білсін?» дейді
шешем. «Мұқамбетқали деген – Мұхаммедтің үмбеті
деген сөз, яғни мен пайғамбардың үмбетімін, жолын
жалғастырушымын», - деп ежіктейтін əшейінде Құдай
бар-жоқ деп бас қатырмау, сенім адамның өзінде болу
керектігін айтып отыратын əкем. - Совхоздағы Нəбиолла
інімнің, Дəмешжан мен Əбестің (Абдолла жездем)
үйіндегі Ибатолла, Қалиолла ұлдардың есіміндегі - олла
деген жалғау Алланың ұлы, құлы дегенді білдіреді.
Бəріміз тегін адамдар болмадық» деп марқаятын.
Сосын діндер, пайғамбарлар жайында сыбырлап тез-тез
айтып өтеді. Шала ұғып қалатынымыз: əр халықтың өз
діні, өз пайғамбары бар, бірақ олар туралы көп айтуға
болмайды. «Заманымның ожданы, ақыл-ойы! Салют
саған, айбынды коммунистер!» деп сəлем орнына

312

салют беріп құрметтейтін партия қайраткерлерінің ең
алдыңғы қатарында жүретін, өзін «атеист» санайтын
əкем ұйықтар алдында көз ілмес бұрын жеті атасын
атап, күбірлеп дұға бағыштап жатушы еді. Нəбиолла
інісінің азаматтығын, өз ісінің білгірі екенін, жан-
жақты энциклопедиялық білімділігін, шежіре шерту
шеберлігін тамсанып айтады. «Қызуқандылығы да бар,
бірақ қайтымы шапшаң» дейтіні де еміс-еміс есімде.
Сірə, қызмет бабында текетіресіп қалған мезеттері
болған болу керек.

Екі мыңыншы жылдар қарсаңында денсаулық
ахуалыма байланысты ауылымда жарты жылдай
аялдадым. Мектепте күнара өтетін «Қыз сыны», «Жігіт
сұлтаны» т.б. сайыстар мен байқауларға арнау-өлең,
таныстыру шумақтарын шиырлаудан қолым босамады.
Арасында үйімдегі ұстаздардың бірі жетекшілік ететін
кластың намысын қорғайтын Елдосқа – Нəбиолла
ағаның үлкен ұлына да жаздым. Оны ешбір сазды
сүйемелдеусіз қарасөзбен нəшіне келтіріп оқып беріп,
жұлдызы жарқыраған Елдос үшін мұғалім аға-əпкемнің
төбесі көкке жеткендей болды. Өзімнің он жыл бойы
мектептен шықпағанымды ұмытып, «Осы сіздер сабақ
оқып, білім аласыздар ма, əлде мектепті фестиваль
бюросына айналдырып алғансыздар ма?!» деп сөгіп
алып, ауыл адамдарынан алғыс жинап шыққандай
болдым. Баламды анама, апама тастап, жас желең
қыздардай күнде кешке кезек қонаққа шақыратын
кластастарымның үйіне қыдырып кетемін. Атшанамен
«Жаңа қоныстағы» Сəлім-Айгүлге асып, жолда қатқақ
мұз үстінде сырғанап, омбы қарға құлай көміліп, жас
балаша күліп-ойнағанымыз естен кетер ме?!

Осындай бір күні Нəбиолла ағаның қырау қонған

313

құлақшыны есіктен көрінді. «Қарындасым, бір бұйымтай
болып тұрғаны, бүгін кешке біздің үйге, жеңгеңнің
шəйіне келе қалшы» деп өтінді. Сұраулы жүзіме қарап:
«Пəлендей қиын шаруа емес, уақыт алмайын, кешке
біржола айтармын» деп шығып кетті. Сол жылдары
бүкіл ауылда белгілі бір мезгілде жарық өшірілетін.
«Энергия үнемдеу» науқаны. Жұрттың бəрі сығырайған
білте шаммен пешке ас-су қамдап ішіп, балалар мен
мұғалімдер сабақтарына қараңғыда дайындалып,
алакөлеңкеде тіпті қонақ жайғап, бастаңғы жасайтын.
Шамның жарығымен Разия апаның сүрленген етін жеп
отырмыз. Ерлер жағы «ақаңнан» ұрттап отыр, маған да
құйып қойғанын ерсі көрсем де, ағаларыммен қағысуға
ұялсам да, ұмсынған қолдары ауада ілініп тұрмасын
деп, стақан сыңғырлатып, қайта-қайта дастарханның
орта тұсына таман ысырып қоямын. Əңгіменің гəбі –
кеңшардың «Мəдениет үйінде» Наурыз мейрамы
қарсаңында өтетін «Жігіт сұлтаны» байқауына
село шеберханасының атынан қатысатын Ғалмаден
ағаны дайындау. «Ғалмаден ағаң – осы ауылдың сал-
серілерінің сарқыны, екісінің бірі немесе соның нақ өзі.
Қалған нөмірлерді өзі қатырады. Сенен дəмететініміз,
айналайын, бірер шумақ таныстыру өлеңі. Мектептің
атынан ағаң Бақыт шығайын деп жатыр екен, өз ағаңа
ішің бұрып, оған мінсіз жазып беріп, біздің баланыкін
шамалы қылып қойма, барыңды сал, бəрі жақсы болу
керек» деп өтінішінің ар жағынан тегеурінді талабын
қойып, тапсырма берді. Ғалмаден ағамыз асыра
мақтауға өзін олқысына ма, «скромность» танытып,
қызарақтап жымияды. Разия апамыз үндемейтін қалпы,
күлімсіреп жүріп, қазақы бешбармағын беріп, оның
артынан тəттілерімен шəй-су ұсынды. Қазіргі «дырау

314

жігіт» болған Жантас-Нұртастар қолға су құйып, ет пен
шəй ортасында ауылдың қыз-келіншектері карта ойнап
даурығысып жатқанда Ғалмаден ағаның домбырамен
айтқан əндерін тыңдап отырдық. Сұлтандықтан үміткер
ағаның жеке шежіресін, отбасы дерегін дəптердің бір
парағына түртіп алып, «факт» жинап, ойша жобалап
отырмын. «Бұрын марқұм əнші Айгүл Ғұмарова
апамызбен бірге ауыл сахнасында əн салғанын тыңдап
қалдық, домбыра қағысы жүрдек, даусы шығандап
кетеді, сұлтандыққа сұранып тұрған жігіт қой, сегіз
қырлы, бір сырлы ағамның дауысы сəл баяу шығатын
еді, одан озып кетер ме екен?!» деп қауіптеніп қоямын.
Үйге бара сала, өлеңнің иін қандырып жазып, ол кезде
пошта-флешканың көлеңкесі де жоқ, ертеңіне үшбу
хатқа түсіріп, Ғалмаден ағаға үйдегі оқушы балалардан
беріп жібердім. Бақыт ағам күнде үлкен жақта терезенің
алдына жайғасып, домбырамен Қасым Аманжоловтың
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» өлеңінің
мақамымен жазылған таныстыру өлеңін жаттайды,
гитарамен Шəмшінің əндерінен попурри құрастырып
шырқап, тапқырлық танытпаққа талпынады. Мен
айтамын: «Ағатай, бəрі ғаламат, жүрекпен айтқаның
жүрекке жетеді. Бірақ таныстыру өлеңінде дауысың
нақпа-нақ шықсын. Анау Ғалмаден ағаның домбыра
қағысы сұмдық, үні ашық екен» деймін.

- Ғалмаденге жету қайда?! - деп мойындаушылық
білдіреді ағам өзінің өнерпаз кластасына. - Озса, оза
берсін. Онда тұрған не бар? Маған жүлденің керегі жоқ,
жүдə. Махуза мен Бəтима апайлар үгіттеп қоймағасын
менікі мектептің атынан қара көрсету ғой. Бірақ:

Мектебім – Ақ ордасы ауылымның,
Бес жүздей білім қуған бауырымның.

315

Тəуекел деп сенімін арқаладым
Сексенге жуық ұстаз қауымының...
- деп көзіне «əшкиін» бір киіп, бір шешіп, көмескі
шам жарығымен қағазға үңіліп үзінді оқиды» деген
жолдарың намысымды жандырып жіберді, дұрыстап
дайындалайын, қара жаяу қалмай, төменнен санаған-
дағы бірінші орынға болса да ілігейін...
«Жігіт сұлтаны» мерекелік сайысын клуб
қызметкері, дарынды ауылдасымыз Гүлсұлу ашып
беріп, «Таныстыру рəсімі» басталды. Ғалмаден аға
домбырасын сабалап шығып:
Əкеміз асқар еді дара шыңдай,
Анамыз дархан еді даласындай.
Бес қыздың ішінде біз екі ұл едік
Көзінің ағы менен қарасындай, е-е-еей! –
деп шығандатқанда зал толы көрермен қиқулап,
қошемет көрсетті. Менің ағам шыққанда да аншлаг
болды. Бірінші қатарда – Егіндікөл шаруа қожалығының
басшысы Қайыржан Тоқсанов, Нəбиолла аға, бəріміз
отырған едік. Нəбиолла аға Ғалмаденді «Өй, дөйт деген!»
деп қамшылап қояды. Мен өзімше ағама жақтасып
шырылдаймын. Есімде қалғаны: өнер көрсету сынында
Ғалмаден аға Құрманғазының бір күйін шертті, басқа
да күй тартушылар болды. Нəбиолла ағаға қарасам,
күй əуеніне елтіп, көзін жұмып, жанар жиегінен жас
жылжып, басын шұлғып, аса беріліп тыңдап отыр екен.
Көне күмбір сай-сүйегін сырқыратып, көңілін теңіздей
толқытып, жүрегін жас сəбидей елжіретіп, жанын
соншалықты тебірендіргені-ау. Жан-жағымдағы жұрт
жайбарақат қана тыңдап отыр. Бір əупірімдер «бас,
бас!» деп əулекіленіп қояды. Күйді түсініп тыңдаудан
қалғанымыз рас қой... Сайыстың «Қырық өтірік» деген

316

сынағы болды. Қысылған жанның жері осы: бір өтірік
емес, қырық өтірікті қисындырып көр! Бақыт ағам
жеңгемнің ежелгі əдеби үлгімен жазып бергенімен
құтылды. Бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен өтірікті
судай сапырып жатты. Шындықпен сабақтасуымен
ұтымды болған ең тапқыр ұсыным Ғалмаден
ағамыздыкі болып шықты. Əдемі қолтаңбамен сарғыш
параққа түсірілген, қарасөзбен басталып, өлең ұйқасқа
ұласатын Нəбекеңнің төлтума қылжақ «өтірікнамасын»
қатырып оқып берді. Ауылда ұрлықтың өршіп тұрғаны,
көршісінің малын сойып жеп, қутамағынан өткізіп, беті
бүлк етпей жүре беретін арсыз тірліктің аракідік елді
шулататыны рас еді. Жаңағы əңгімеде біреудің қойы,
əне біреудің сиыры, міне біреудің жылқысы ұрланады,
аңқау халық бəрін «ауыл ішін шакал (кішкентай
қасқыр) жайлап кетіпті, қырып-жойып жүрген сол екен
деп бірін-бірі үрейлендіріп, нандырады. Соңы «төрт
аяқты шакалыңнан екі аяқты сақалың қауіпті болып
тұр-ау!» деген тұспалмен тəмамдалады. Ұрылардың
ісінің алды облыстық сотқа дейін жетіп, соңы аудандық
сотқа кетіп, дүрлігіп жүрген жұрт өтірік мəнін қапысыз
түсініп, қызу қол соқты.

Басқа сайыскерлердің осал еместігіне қарамастан,
мектеп беделі басым түсті ме, Бақыттың сауалнамалық
білімі, спорттық ұпайы артық болып, Шəмшіден
классикалық топтама көпшілікке де, қазыларға да ұнап,
бірінші жүлдені жеңіп алды. Ғалмаден аға да дес бермей,
екінші жүлдені еншіледі. Жеңімпаздарды марапаттау
салтанатында жеңгем Бақытгүл кішкентай інім
Нұрланға маған жаздыртып алған тақпақты оқытты.
Ол жүлдегер ағасына мамасы пісірген тортты ұсынды,
өзінше демеуші ретінде жасаған тарту-таралғысының

317

түрі. «Атамыздың көзісің, Əкеміздің сөзісің, Ал біз
үшін, Ағатай, Алатаудың өзісің!» деп толқытатын
сөздер жұптаған болармын. Оны Нұрланжан тəтті
тілімен тақылдатып айтқанда қатты əсер етіп кетті
ме, əлде бəсекенің аты бəсеке, шала дайындықпен
мектепті атаусыз қалдырып, ұятқа қалдырам ба деген
мазасыз сəттер артта қалып, «уһ» деп иығынан бір жүк
түсті ме, сахна төрінде, жеңімпаздар тағында отырған
ағам көз жасын жаңбырлатып жіберіп, жанқалтасынан
қолорамал алып, сүртініп жатыр екен. Өмірдің өтіп
бара жатқанын кіршіксіз таза жаны, сезімтал санасы
сезіп тұрды ма?! Нəбекең: «Бақытжан, айналайын, бос
екен-ау, сəби көңіл бала, қайтсін, тостағанын жуып
отыр» деп қалды. Кітаптан ғана оқып келген, ағайдың
«тостағанын жуып отыр» деген сөзін үйдегілерге
айтып келіп, ду күлдірдім де, сол сөзді лексиконыма
енгізіп алдым. (Кейін менің соңымнан еріп, Алматыға
шоғырланған іні-сіңлілерімнен өрген шақалақтар
беталды жыласа: «тостағаныңды жуа жөнелетінің не?»
дейтін əдетім болды. Олардың өкіріп-бақырып жатқан
жерден жылауын тыя қойып, апаларының «не деп кет-
кенін...» түсінбей, дал болатынын қызықтап əлекпін.)
Сайыс соңында ауылда бірінші рет Наурыз мейрамын
анамның жəне баламның жанында, бауырларым
мен ауылдастарымның ортасында қарсы алғаныма
қуанышты екенімді білдірдім. Нəбиолла ағамның
ауыл ақсақалы, ел ағасы ретіндегі орнын, Қайыржан
ағамыздың өзі ұйытқы болып жүрген мəдени игілікті
өзгерістерді атап, сұлтандарға шабыс, күллі қауымға
табыс тіледім. Өзің жақсы көретін, шарапатын көрген
адамдарға көзі тіріде бір-екі ауыз ізгі лебіз айтып
үлгерсең, өмірдің саған сондай мүмкіншілік бергенін

318

жəне мүмкіндікті қапысыз пайдаланғаныңды медет
тұтатын кездер келеді екен... Сананы тұрмыс билеп, ел
бірімен-бірі елбесіп-селбесіп, «аштан өлмеу, көштен
қалмау» үшін жанкештілікке толы тоқсаныншы
жылдары жоқтықты білдірмей, түбінде тоқтық
келетінін айтып, жамағатының ертеңге деген үмітін
тапшы отынға там-тұм тамызуға жарайтын тамызықтай
үрлеген Тоқсанов Қайыржан ағамызды да Құдайым
суық соққан жылдарда аттай қалап, арамыздан алып
кетті.

Сол жолғы бір қызық: Қырмызы апамыз «Біздің
жеңісімізде сенің де үлесің бар, жүр, бізбен дəмдес бол»
деп қолқалағасын, кеңшардың ескі шеберханасының
ғимаратында мерекені жалғастырдық. Ғалмаден ағаның
əріптестері араларында менің отырғанымды ұмытып
кетіп, «Негізі, бірінші орын біздікі болатын, «мектеп,
мектеп» деп өзеуреп, бірінші орынды оларға əділетсіз
берді» деген сықылды өкпе-наз айтып, екіншісі қоштай
жөнеледі де, ыңғайсыздық сезініп, тыныштала қалады.
Нəбиолла аға тақырыпты басқа ауанға аударып жібере-
ді. Бір уақытта «мектеп даңқымен» Бақыт тартып ал-
ған бірінші орынның күйдіргісі тағы қайталанады да,
ду күлісіп, тост-тілек жалғасады. Өз кезегімде Ғалма-
ден ағамыздың талассыз тарландығын жомарттықпен
атап өтіп, ауылдастарымды Ұлыспен құттықтап, олар
бастаған əнге қосылдым...

Бір жазда мен əткеншектегі баламды тербеп қойып,
үй мен сарай ортасында тасығышпен ас-су тасып,
шауып жүрсем, қақпадан Нəбиолла ағам кіріп келеді.
Тасығышты жерге қоя салып, қарсы алып жатырмын.
Біздің жақта ер бала, қыз бала – тегіс жасы үлкен кісіге
қол беріп амандасады. Оқу жылының қарсаңы, аға-

319

əпкелерім мектепте, шешем қонақтықта жүрген болу
керек. Шəй қоймаққа ұмтылып едім, «Салқын көже
болса жарайды, қалқам» деді. Көжені сіміріп тұрып:
«Əй, Гүлзираш, сен халықтың адамы, жорналист емессің
бе, клубта Балғымбаевпен кездесу болды, Шолпан
Қыдырниязова келді, амандаспайсың ба апаң-ағаңмен?
Нұрлан ағаң ысық тегінен, танысып-білісіп қойғаның
дұрыс емес пе? Бала бағып, алжапқыш байлап, өлең
айтып, тамақ пісіріп, ебіл-дебілің шығып үйде жүргенің
қалай?» деп түйреп өтті. Негізі, клубтағы іс-шара
жөнінде көрші ағадан естігем, мұғалім Мəрия апай да
«записке» жазып жіберген, үйде ешкім болмағасын
қозғала қоймаған едім, аға мені əбден ұялтты. Баламды
көтеріп, қақпа сыртына шықтым да: «Жан жарын қазан-
ошақ қасына қадап, бала-шағамен қамап қойғанын
жауды жеңген батырдың ісіндей көретін, əйел əлемінің
əр қырына үңілмей, біресе орынсыз қызғанышқа, біресе
үйішілік бəсекеге ерік беріп, ортадан бөліп алып,
халықтан алшақ ұстап, бірге өсудің орнына өктемдікпен
өшуге əкеліп, кертартпа дағды ұстанатын бəзбір ер-
азаматтарға ағаның түсінік-танымы дарыса, шіркін?!»
деген ойға беріліп, ағаны ұзын көшенің шетіне дейін
көзіммен ұзатып салдым. Содан бастап, ағамның сыны
есіме сап ете қалып, «Əй, қойшы, менсіз де өтер сол
шара» деп, өзім қатысуым керек болса да, кежегем кері
тартып, аяғым баспай қалатын мəртебелі-мінберлі
жиындардан қалмайтын болдым.

Нəбиолла аға тұлғасының көз алдымда Алатаудай
асқақ, Қаратаудай қайратты, Ұлытаудай ұлы айбынды,
Шыңғыстаудай шерлі болып көрінгені аяулы Бақыт
ағатайым өмірден озған ауыл теңселіп кеткен күндер
еді. Алматыдан Оралға ұшақпен ұшып жетіп, көз

320

жасымды көл қылып кешіп келген қаралы кеште
қазаны естіген бойда ағылып көңіл айтқан ауылдың
үлкендері біз алыстан келгесін қайрыла соғып жатты.
Арасынан Нəбиолла аға да көрінді. Қолымды қос
алақанымен ұстап тұрып, тоқтам сөздерін айтып еді,
мең-зең болып, құлағым шыңылдап, басым зыңылдап,
естімедім. Бірақ жетісіне дейін үйде қалған тума-туыс
бар, Нəбиолла ағамыз сол күндерде күн сайын біздің
үйден табылып отырды. Күйреп-күйзелгеніме қарап,
аяушылық білдіріп, үлкен төрдегі туыстардан бөлініп,
кіші бөлмедегі пеш түбінде біріміздің иығымызға
біріміз сүйеніп, жылауымыз басылмаған жеңгем
екеуміздің жанымызға келіп, жаюлы көрпенің үстіне
жайғасып, сабырға шақырумен, басу айтумен болды.
Нəбиолла ағам-ай, сонда ойымды жинап, бойымды
тіктеп алуға күш беретін небір ақыл-нақылдарымен,
Асан қайғы бабам айтып кеткендей, «таза мінсіз асыл
сөз шер толқытса шығатынын» паш етті. Есімде қалған
жалпы сөздері:

- Қайғы деген тұс алдында қиын тиеді адамға.
Бүгін төбеңнен қара бұлт төніп тұрғандай, ол бұлт
енді қайтып көшпейтіндей, көкірегің қарс айрылады.
Бірақ кеш батады. Тамақ арсыз, ас ішесің. Одан түн
келеді, ұйқы арсыз, ұйықтайсың. Ертең таң атады,
тірі оянғаныңа шүкір дейсің, мына шіркіндерге қарап,
күлкі арсыз, еріксіз күлесің (дəлізде шулап ойнап
жүрген кішкентай балаларды иегімен нұсқайды). Солай
тіршілік жалғасады. Күн санап сейілесің. «Уақыт - емші»
деп халық қалып айтпаған. Уақыт емдейді, айнам.
Алматыңа барасың. Балаңмен қауышасың. Қызметке
кірісесің. Бір күнгідей болмайды...

- Мақсотжан аңқылдаған ақкөңілдің өзі еді.

321

«Ағалап» қол берісіп, көше бойын дабыр-дұбыр
қылып амандасушы еді. Бақыт бауырым біртоға
тұйық көрінгенмен, анда-санда сөйлегенінің өзі
түйеден түскендей болатын. Екі жылда қос арыс
жоғалтып отырсыңдар. Бір əулетке оңай емес. Бірақ,
басқа салғанға көнесің. Болған іске болаттай беріктік
танытпай болмайды.

Біздің үйдегі жеңгеңмен əуелі Тұрсынай құрбы
боп жүретін (үлкен жеңгем). Осы үйдегі үлкен қыз
ауылда мұғалима болған жылдары да екеуінің пыш-
пыштары ортақ болды (Райсаны айтады). Бір қарасам,
Гүлзайдашпен «подруги» боп сырласып жүр. Шəй
сапырып, өздерінің əжік-гүжік əңгімелері таусылмайды.
Арасында олардың оңаша отырысына киіп-жарып
араласып, екі мықты қыз басқарып отырған мектеп
саясатын барлап, «мешать етіп» қоятыным бар. Өзі
біздің үйдегі жеңгең, бір қарағанда, саяқ жүретін кісі
сияқты көрінгенмен, өңкей жақсы қыздардың жанында
жүреді... Сол Гүлзайдаш таяуда сырқаттанып қалды.
Мектептің тынымсыз жұмысында жүретін балалар
өздерін ойламай кетіпті. Бақыт бауырым бауырмал
ғой. Апасын өте уайымдап қойған болды соңы осылай
болғанына қарағанда...

Ал, Гүлзираш, осы əулеттің кішісі, еркесі едің. Енді
естияры да, алдияры да өзің болып қалдың, шырағым.
Сен егіліп, езіле берсең, өзің нəп-нəзік баласың, əлсіреп,
жүдеп, ауырып-сырқап қаларсың. Жүрек етін жұлып,
қара жерге берген анаға ауыр бəрінен, анашың кішкене
еңсе көтерсін десең, қалған бауырларыңа сүйеу бола-
мын десең, қатаюға тура келеді, қарағым. Сен мықты
қыз сияқты едің ғой, өзің бас болып омырылып, сынып
кетсең, қалғандарына кім қайрат береді?! Ағаларыңның

322

ұл-қыздарының алды сені сағалап, Алматыға барып
жатыр. Қалғандары да паналап барар: «Апам қайда,
апам Алатауда» деп. Сонда олардың алдында Алатаудай
қасқайып тұру керек қой!

Қабыл алғанымды білдіріп, əлдене айта бастаймын
да, сөзімді аяқтай алмай, діңкем құрып, көз жасыма
булығып, жан дауысым қайта шығып кетеді. Асқа нан
ысып отырған Гүлрайхан апамның да көзінің жасы
қамырға тамып-тамып кетеді. Ағай да кемсеңдеп
кеткендей.., білдірмей, бəсең үнмен:

- Марқұм Бақыттың отыздың орманына енгенде
серіктікке таңдаған жұбайы мына Гүлмираш – менің
ағайыным. Туыс-тамырласпыз. Ол да жас қалып отыр
үш жасар ес білмейтін бөпесімен. Бір-біріңе осылай
сүйеніп өтесіңдер. Бір-бір тал ұлдарың бар екен. Солар-
ды өсіріп, ержеткізесіңдер. Екі ұл екі рулы ел болар.
Оған қалған ағайын қосылар. Тірі адамның жалғаса-
тын өмірі бар, бітеп қою керек аш өзегі бар, келетін кезегі
бар, ертеңгі есебі бар, бұйыртқан нəсібі бар, алданар кə-
сібі бар. Бүгін Құдай тас төбеден ұрды, бəрі осымен
бітті деуге болмайды...

«Қайғы бөліссе, азаяды, қуаныш бөліссе, көбейеді»
деп атам қазақ тегін айтпаған-ау. Сөзге тоқтау –
естіліктің белгісі. «Ас əзір» дегенде түрегеліп, ысып
тұрған бетіме қолға құйылған жылы су мұздай болып
тигенде абзал ағаның жақ жаппай, аузы талмай
айтқандарынан сəл де болса, дəтке қуат тапқанымды
сездім. Неше күннен нəр татпаған, көмекейімнен қара
су да өтпей қойған мен тəбетім тартып, ортадағы тегене
табаққа қол создым. Ағаның дауысы, асыл сөздері
көкірегімде күйдей күмбірлеп тұрды. Алапат қайғыдан
өліп қалмағаныма, тұтас шаңырақты шайқалтып өткен

323

дүлей дауылдан жаншылмай тірі қалғаныма көзім жаңа
жеткендей... белгісіз бір жұбаныш бойымды биледі.
Баламның барын есіме алып, сағынғанымды сезіндім.
Бастауыш сыныпта оқитын ұлымның оқу үлгерімі
мен жоқта нашарлап қалған жоқ па екен деп, тіршілік
иіріміне қайтадан үйірілдім.

2003 жылы «Қос құлынымның артында қалып, жет-
піске жеттім, жетістім деп той жасау не теңім?! Қандай
той жасаймыз дейсіңдер? Мерейтой деген не пəле? Ол
қайдан шыққан? Итше үрмеңдерші (тыйым сөзінің салты
болатын, жарықтық), шаруаларыңмен айналысыңдар!»
деп қарсылық танытқанына қарамастан, шешеміздің 70
жасын атап өттік. «Анамыздың ақмаңдай, Мерейтойы-
на келіңіз! Шаңырақтың шайқалмай, Тұрғанын аман
көріңіз!» деп шақыру билет таратып, «плащ-палатка»
құрып, əулеттің бір серпіліске толы, ел есінде қалған
думанын өткіздік. Аққозыдан нағашы ауыл түгел көшіп
келіпті. Ауыл ақсақалдарының қатары сирей қоймаған.
Иман аға, Сағымбай аға, Батырхан аға, Өтебаш аға,
Ертай аға, Нəбиолла аға... бəрі төрт көздері түгел тізіліп
отырды. Самайларын ақ шалған. Беттерін əжім басқан.
Бойлары еңкіш тартқан. Біреулері тақия киген. Нəбиол-
ла ағам ақшыл күнқағар киіп алыпты. Ерсайын ағай
биге шақырғанда делебесі қозып кеткен Кəмшат апам
қызды-қыздымен үстелдің астынан жорғалап шықты.
Барақбаева Айжан апамыз «Ақ шашты көрдім, апа,
маңдайыңнан...» деп майдақоңыр үнімен тура шешеме
əдейі арнағандай əн əуелетті. Немерелер де ұл-қыздан
қалыспай, көптен қабағын ашпаған анамызды сергітуге
барымызды салып, əн, өлең, би, күйді, жігерлендіру
сөздерін нөсердей төктік.

324

Əзиздің шексіз арманына кім жеттім дер?!
Басыңнан өтті қилы да сыйлы көп күндер.
Түңілме, Ана, қайрылды деп қос қанатың.
Тұғырдан таймай өтеді қыран тектілер!
деген жолдары бар «Ананы қайрау» деген жыр-шашуым
шешемді қайтсем қуантам, қайтсем жұбатам деп
бебеулеген жүрегімді жарып шыққанда ауылдың түнгі
аспанының жұлдыздары жерге шашылып түсердей еді.
Сөз кезегі келгенде Нəбиолла ағам орнынан байып-
пен түрегеліп:
...Мойыныңызда міндет көп əлі, апай. Ертең ана
ауылға барғанда Мұқас ағай алдыңыздан шықпай ма,
емтиханды дұрыстап тапсыру керек болады ғой. Сол
үшін Құдай сізге қуат берсін! - деп тағы біраз шалқып,
бəрімізге зор міндет жүктеп, сусыннан «жұтып-
жұтып» қоюға рұқсатын беріпті (кейін бейнетаспадан
тамашаладым). Шешемнің жаздың сол жайдары кеші
бойына ғұмыры келте қиылған перзенттері есінен кет-
пей, олардан артық жас жасап отырғанын өзіне кешіре
алмай, қиналысқа түскенін аңғарып айтқаны. «Үш келі-
ні де шешендей суырылып сөйледі. Алматыдан келген
қызы ақын екен, өлең оқыды. Топырағымызға аунап
өскен сары баласы «Алтын адам» болып киініп келіп,
қылышын жарқылдатып, тақпақтар айтты. Немерелері
шеттерінен өнерлі. Шүкір ғой апамыз! Бұл шаңырақтың
туы ешқашан құламайды!» деп ел-жұрттың гулеп, аңыз
қылғанын ертеңіне-ақ тілеулес қауым, шақырылмай
қалып, құттықтап келген келіншектер жеткізіп жатты.
Сол тойдың шымылдығын:
Ризамын тел өскен бауырыма!
Ризамын ағайын-ауылыма!
Ризамын ақ пейіл қауымыма!

325

Ауылдас, бауырлас, қауымдас ағайындар! -
деген əнмен жапқан едім. Қаймағы бұзылмаған,
уыздай ұйыған, түтіндері түзу ұшқан, төскейінде малы
мамырлап, қойлары егіздеп қоздап, даласы шипалы
шөптерге тұнып, жабайы қыр гүлдері жұпар шашқан,
Ата Жайықтың бір сағасы – Қалдығайтысы ағындаған,
бұлағы сылдырап, қамысты көлінде қос аққу жүзген,
құрағы жайқалған ауылымның мереке-берекесі
азаймаған уақыт. Ел ағаларының, ақ жаулықты ауыл
аналарының Меккеге екі рет барған, тұқымымен тақуа
діндар Қажығали атамыз (Сағымбай аға Қажақаң деп
ауызға алуды ұмытпады, шешеміз ол кісінің шəкірті
болып шықты), əке-шешеміз, бауырларымыз туралы
жүрекжарды лебіздері, таң бозарып атқанша соңы
тарқамай тамақтары қарлыққанша шарықтатқан əндері
мені ғажайыпқа кенелтіп, «неғылған той дей ме, ел
қалай қабылдайды» деп дүдəмал кіріскен істің сəтімен
мəреге жеткеніне дəн риза едім. Келесі күні жеңгелерім:
«Гүлзираш, демал, өзіміз жинап аламыз ыдыс-аяқ
орнын» дегесін үйдегі үлкен-кішінің көйлек-көншегін,
төсек жабдықтарын жөндеп, қысқартып, өзгертіп,
тігіп беретін əдетіммен іс мəшинеге отыра қалдым.
Көкірегіме өлең жолдарымен өрілген əсем саз құйыл-
ды. Ұмытып қалмайын деп:

Егіндікөл, достарым, балалығым!
Егіндікөл, қарттарым, даналығым!
Тар көшеңде шаң басқан қара жолдан
Бастау алған даңғылы жаңа күннің...
- деп күбірлеп бастап, бар даусыммен:
Егіндікөл, қол бұлғап сағымдары,
Егіндікөл, жалтылдап шағылдары,
Егіндікөл, сылдырап өзен-суы,

326

Жүрегімде саз болып ағындады! –
деп шаттана шырқап кетемін. Бақытгүл жеңешем:
«Пəлі, бұл қандай шедевр?! Автор кім екен, ə?» деп
қояды. «Менікі сияқты...» деймін күлсін деп.
«Қасиетті туынды қасіретті жүректен туады» депті бір
жылдары сұхбатында сазгер Əбиірбек Тінəлиев. Асыл
тұяқ Бақытпен қоштасып, пойызда келе жатып, ұзақ
жол бойы ыңылдап-ыңырсып, құсаға толы көңілімді
тізгіндей алмағанда ағамның өзіммен алып келе жатқан
жазбаларға толы қалың көк дəптерінің бос беттеріне
сөзі-əні бірге төгілген туындыны түсіргенмін. Сол дүние
іште тығылып қалғандай болса, шалыққа шалынып
кетердей халім тым нашар еді. Содан бері əн-аққудың
айдыныма қайта қонғаны осы жолы болды. Алматыға
келіп, жұмыс жетегінде кеттім де, əн қайда, біреу
қайда, «Егіндікөл» əуені шаңға көміліп қалды. 2006
жылы мектеп түлектерінің 20 жылдық кездесуі өтетін
болып, сонда ұстаздарыма, кластастарыма айрықша
жоралғы жасау ниетім оянғанда санамда сайрап тұрған
əлгі əуенге екі шумақ қосып жіберіп, жұп-жұмыр
«Егіндікөл» деген əн дайын бола қалды. Сол əнді шағын
жүздесулерде шырқап қана қоятынмын. Əндерім көбейе
түссе де, əншілерге үлестіріп, тарататын, не сатып,
кəдеге жарататын пысық мен бе? Медицинадай күрделі
ғылым саласына аудармашы болып, желкенім басқа
бағытқа бұрылып кетті.

Осылай жайбарақат жүрген күндердің бірінде
ауылдастарым, туысқандарым бір күнде телефонымды
ұқсас бейнетаспамен толтырды да тастады. Жұмыстан
қолым тиіңкіремей, уақыты бірдей нəрсені неге бəрі
жағалай салып жатыр деп, ұрымтал сəтті тосып,
ашып қарасам, ауылым туралы əнімді бейтаныс əнші

327

тартымды ырғақпен шалқытуда! Сөзі мен əнін жазған
деп есімімді көрсетіпті. «Жобаның авторы – Жантас
Сафуллин» деген жазу шығады. Ауылымыздың
тамаша табиғат суреттерін, көзге оттай басылатын
мектептің ақшаңқан ғимаратын, таныс үйлерді
көргенде жанарымнан жас ыршыды. Нəбиолла ағамның
баласы – Оралдағы «Жайық Пресс» медиахолдингінің
басшысы болып жүрген Жантас бауырым демеушілік
етіп, Ақ Жайық өңіріне мəлім əнші Еркін Өтегеновке
орындатқаны өз алдына, өзінің жобасына қажет болып,
дронмен төбеден түсіріп алған ауыл көріністерін
көркемдеп қосып, кəсіби бейнебаян жасап, ол əлеуметтік
желілерде тарап кетіпті. Бірнеше ай бойы əлгі əннің
дабырасы басылмады. Ел жақтан алғыс айтушылар легі
толастамады. Жантас ініме де, ол арқылы тауып алған
Еркін əншіге де əпкелік ырзалығымды білдірдім. 2016
жылы Бақыт Серғазы атындағы турнирді үшінші мəрте
өткізіп, əкеміздің жəннатты болғанына 30 жылдың жүзі
өтіпті, əрі Бақыт ағамның баласы мектеп бітіріп жатыр,
оны Алматыға оқуға шақырып, елге осындай жауапты
сапармен барғанда Қуаныш бауырыма турнирді өткізуге
тілек қосып, күш біріктіріп жүрген Жантасты көріп,
маңдайынан сүйдім.

Үстіміздегі жылы Астананың 20 жылдық
мерейтойына берілген демалыс күндері елге ұшып
барып келдім. Жиенім Балжан мен Ерболат жездемнің
ұлы Жақсыбектің үйлену тойына қатысуым керек
болды. Сонда ертеңгі құда-құдағиларды шығарып са-
лу дастарханында Ғабиден аға: «Қарындасым, «Егін-
дікөлді» өз аузыңнан естісек» деген тілек білдірді.
Шөптікөл мен Егіндікөл арасы сонша қашық болмаса
да, ауылға баруға, туған үйіме кіріп шығуға, əке-

328

шешем жатқан қорымға соғуға үлгермей, тəртібі қатал
қызметімнен қалуға болмай, кері ұшайын деп отырған
мен əнімнің қайырмасына ауылдастар мен туыстар
жамырап қосылғанда жан-жүрегімде толқыныс
тулап, көзіме жас іріктім. Топырағының ыстық табы
табанымнан кетпейтін, айналайын, туған жер, қалған
өмірде жолаушың һəм қонағың боп қана өтеміз-ау,
төсіңде алшаңдап, алаңсыз аунап-қунаған күндердің
қайтып келмесі ақиқат болды-ау деген тосын ойлар
биледі.

Соңғы кездері Нəбиолла ағамның ұл-қыздарымен
жиі жүздесіп жүргенім тылсым дүниеден жолданған
ізгі сəлемдей көрінеді. Бірде ағаның кенже ұлы – Оралда
ілім-ғылым жолын қуып, кітаптар жариялап жүрген
Нұртас бауырым хабарласып, осы естелік жөнінде өті-
нішін жеткізді. Əншейінде жұмыс уақытында, Қадыр
ақын айтпақшы, «Əр күн – майдан» болып, аударма
жүктемесімен шаншылып жатқанда күндіз ешкімнің
мазаламағанын тəуір көретін, «тоғыздан кейін...»
деп қысқа жауап беруді дағды еткен мен Нұртастың
сыйластық пернелеріне толы үнінен ағайға тəн мақамды
танып қойып, ағаға деген сағынышпен не айтса да,
тыңдай беруге бейіл болдым. Сүт пісірім бе, ет пісірім
бе, біршама уақыт мен ауылға барып келгендей, Нұртас
Астанаға келіп қайтқандай болды. Əсіресе, Сағынғали
Сейітов ағамыздың сөзіне жазылған, Донеділ əншінің
орындауында əйгілі болған «Айлы түн, ашық аспан,
алаулаған... Айдын көл, айна бұлақ сылдыраған...» деген
əннің тарихы төңірегіндегі ізденісіне таң болдым. Сол
əндегі «Айна бұлақтың», саз дүлдүлі Ілия Жақановтың
естелігінде айтылатындай, Сағынғали аға көзі тірі
кейінгі жылдарда тапсырыспен емес, оның жақын бір

329

інісінен естігеніндей, ауылымызда жастық сайранын
салған жылдары өлкеміздің аруына ынтық болып, тап
біздің бұлақ жағасында тұрып жазған өлеңі болып
шыққанын қалайтын пəк пейіліне қайран қалдым.

- Нұртасжан, біз өзіміздің Егіндікөліміздегі бұлақ
жағасында туған махаббат əні дей берсек те, ештеңе
етпейді. Оған сыршыл ақын Сағынғали рухы риза
болмаса, ренжімейді. Не үшін ол «Егіндікөл, аяулы бір
жерімсің! Ет-жүрегім сенен неге жерінсін?!» деп кетті
дейсің?» - деп Гүлзира апасы да қуаттай кетеді.

«Қыз бала жат жұрттық» екені өз алдына... Əу
бастан жырақ жайлап кеткен əйел затының етегі
желпілдеп, шашы желбіреп жүріп, əр нəрседе
ізденімпаздық, ірі істерде ұсынақтық танытуы кейде
қиындау ма деп қаламын. Ана тілінің байрағын биік
көтеріп, жемісті еңбек етіп жүрсем де, тіршілігіме
шағымым болмаса да, қызмет орындығына байланып,
қара аударманың батпағына батып, көп арманымыздан
адасып, жолымыздан жаңылып, қаламға қиянат жасап
жүргендейміз. «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне»
деген атамыз қазақтың даналығын дəлелдеп, атамекенін
аялап, дастандай жырлап, бағбандай қамқорлап жүр-
ген ізбасар буынға қалай разы болмасқа?! Нұртас
бауырымды біздің ауыл туралы кітап басып шығарғанын
естігенімді айтып, құттықтадым. Алдыңғы буын өкілі
– қаламгерлік қарагері Құрманғазы ағам Нұрсұлу
қарындасы жіберген əнімді тыңдап: «Мынадай əн
жазған, Гүлзираш, сендер бізден оздыңдар» деп еді.
Орта буынның өкілі мен: «Ауылымызға кітап-шежіре
арнаған, Нұртас бауырым, сен бізден оздың» дедім шын
көңілден. Нұртас Оралда өтетін Руслан бауырымның
баласы Тайырдың тұсаукесер тойында өзінің кластасы

330

Ақботаш сіңлімнен кітабын беріп жіберуге уəде берді.
Алматыға жазғы еңбек демалысына барғанымда сіңлім
сол кітапты қазынадай қылып қолыма ұстатты. Сонда
жер жұмағы Егіндікөлдей туған ауылымызға деген
перзенттік сүйіспеншілік əр парағынан, əр қарпінен
сезіліп тұрған кітапты бір деммен оқып шығып, «Біз
неге қазіргі буын патриот емес, отаншыл сезімнен
жұрдай деп жөн-жосықсыз байбалам саламыз, міне,
бар ғой, Құдайға шүкір, ел сүйген ұландар, жер сүйген
өрендер!» деп оның баяндау мəнеріне, ой өрнегіне
шынайы тəнті болдым. Тіпті өзім үшін жаңалық болған
жайт: ауылда молдалық етіп, тоқсанның тағына мініп,
ерте кеткен балаларының соңынан аттанған Қайрахман
атамыздың Мұхит бабамыздың қыздан туылған жиені
екенінен қағыс қалыппыз. Кеудемсоқтық қанына жат
даланың дегдары Қайрахман атамыз да отырған жерінде
уағызын айтса да, жеке бас шежіресінің майын тамызып
айтуға əдеп сақтаған сыңайлы. Əйтпесе, мектепте небір
кеш пен жиын өткізуден шаршамайтын Махуза-Бəтима
апайларымыз бұл деректі жалаулатып əкетпес пе еді?!
Мұхит Мерəліұлының ғасырдан асып кеткен торқалы
мерейтойларында осы Қайрахман атамызға лайықты
төр берілді ме, жоқ па, ол жағы беймағлұм. Елден
қашықта көп нəрседен бейхабар да болармын...

Нəбиолла ағамызға соңғы сағат соққан хабар ба-
тыстан оңтүстікке жетіп, ана дүниедегі əкем мен мына
өмірдегі біздің арамызды жалғап тұрған серіппелі арқан
қиылып кеткендей, қатты қамықтым. Кезекті мəрте
елге барғанда Гүмə жеңешемді ертіп алып, қайғыдан
жабырқап қалған Разия апаға ағаның даналық үлгісі-
мен бар білетінімді сарқып, көңіл айттым. Сөйлеуінен
тыңдауы көп кербез сынын сақтайтын Разия апай ішкі

331

шерменде сырын ақтарып, əдеттен тыс шешілді:
- Науқасы меңдегеннен балаларына əр нəрсені

тапсырып, «шешелерің» дегенді жиі айтып, мені
аманаттап, күні таянғанын меңзеп жүрді. Жарық
дүниені қию қайдан оңай болсын, арыздасу-бақұлдасу
сөзін айтпады. Көз жұматын күні қымтап жатып, аяғына
қолым жанасып өткенде: «Аяғың мұздай ғой, тоңып
қалмашы» деп көрпесін қымтадым... Түп-түзу жатып,
жайбарақат қалпында ұйқыға кеткендей көзі жұмылып
жүре берді... Бет-жүзінен ешқандай қиналыстың табы
байқалмады. Ағаңның ақ ниетіне орай жан-жақтан
жиылған қауымда есеп болмады. Енді үйлі-баранды
ұлдарым бізбен бірге бол деп қанша шақырса да,
ағаңның шаңырағын тастай қашсам, жазықты болып
қалатындай ауылды қимаймын. Балаларға қосымша
қор болсын деп мал-түлік баққан-баптаған болып, той-
томалақ, соғым, шекелерде сиреген замандаспен көрісіп,
жастармен жағаласып жүріп жатқан жай бар...

Əпкем əңгімелеп берген бір оқиға: Нəбиолла ағаның
үйі соғымбасына шақырыпты да, апамыз үйдегі ескілеу
кітаптардың бірін ет жегенде қол сүртуге шығарыпты,
кітаптың жұлынған парақтарын көрген ағамыздың көзі
атыздай болып, кінəліні іздеп табу мақсатында «тергеу»
жүргізіліпті, кім болса да, енді ешкім қайтып ондай
əбес қылыққа жол берместей болыпты. Ол уақытта
қазіргідей керім сорғыш сүрткілер жоқ, бас салып кітап
жыртатын ғадетіміз болған жоқ емес, болды. Бірақ сол
ойсыз қылығымызды кім күн тəртібіне шығарып қойды?
Бүкіл ауылда – тек біздің Нəбекең! Ақсақалдардан бата
сұрағанда: «Алқам-талқам берекет берсін!» деп шолақ
қайыратын (Аллаһ - тағалам деген сөз біздің жақтағы
ел аузында осылай жаттығып кеткен болу керек), жаңа

332

заман қырмасақалдары қипақтап, бата беру жолын
«сен бер, жоқ, сен бер» деп «допша» бір-біріне сілтеп,
киелі ғұрыпты аяқасты ететін кездерде Нəбиолла
ағаның мағыналы жұптайтын бата сөздері жадымда
жаңғырады.

«Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі! Егер ата
жолын қумаса, Оның болғанынан болмағаны игі!»
Өлмес өсиет қана ма?! Қатал үкім де сияқты-ау!

«Əке көрген оқ жонар» дейді тағы да қазағым.
Əкелік өнегесі зор ағамыздың тəрбиесінен өтіп,
əңгімесіне құлақ құрышын қандырып өскесін сол
ауыл-аймаққа белгілі де қадірменді тұлғаның салған
жолымен жүріп, соқпағын жалғастырған ұлдарының
өзі қазір айнала қауым сөзіне қонақ беріп, тыңдайтын,
ауылы өздеріне арқа сүйейтін азаматтарға айналыпты.
Егіндікөлдегі тұрғылықты жұрт қарасы азайып келе
жатқанын, біздің тұсымызда мыңды жартылайтын
мектеп оқушыларының жүзден көп аспай қалғанын
естіп, «Ауылым көшіп барады...» деп мұңайып қаламыз.
Аракідік аруақтарға Құран оқып, балалық шақты аңсап
барғанда ауылымыздың орнында тұрғанын, естелік
елестерінің алдымыздан шыққанын, жапырақтары
сиреген мəуелі бəйтерек ағаштың көлеңкесіне болса да,
саялап отырып қайтқанды қалар едік.

«Елу жылда ел жаңаруы» – өмір заңы. Соңғы
жылдары ауылымызда ілгерілеу нышаны да бар: ескі
клуб орнына жаңа мəдениет үйі бой көтерді, əр үйге
су тартылды, көгілдір отын енгізілді, спорт алаңы
салынды, жазғы сахна орнатылды. Тіпті осы жазда
менің Нұрлан бауырымның кластастары бірігіп
мəдениет үйінің төбесіне «Жүрек» суретін іліп, «Менің
жүрегім – Егіндікөл» деп оқылатын түнде жалт-жұлт

333

жанатын жазу орнатып келіпті. «Қарашада қара үй тұр,
қарайлай жүр артыңа!» дегендей, араға шақырымдар
тастап, шалғай ұзап кетсек те, қарайлаймыз соңымызға.
Əкемізден қалған, ескіре бастаған туған үйіміздің
орнына мешіт салу туралы ата-баба аянын алғалы не
заман, қалалық тұрмыс шылауында жұмысбастыланып
əлі жүрміз...

Ауылды қорып, қара шаңырақты күзетіп қалған қара-
құра үлкендер де баршылық. Біреуі – осы Нəбиолла
ағамыздың зайыбы Разия. Менің анаммен аттас. Əрі мені
орыс тілі мен əдебиетіне оқытқан, бірнеше буын ұрпаққа
байырғы «ұлы халықтың» тілін үйреткен сүйікті ұстаз.
Өзімнің туған əпкелерім – Райса мен Гүлзайда өз алдына,
бізге осы пəннен сабақ берген Роза Шагаданқызы, Разия
Сапарқызы, Ардақ Сəмерқызы, марқұм Лена апамыз
бəрі тумысынан ұстаз боп жаратылған жандар еді. Разия
апай мені алтыншы-жетінші сыныпта орыс тілі пəнінен
аудандық олимпиадаға алып барды. Басқа сатыларынан
ең алда болмасам да, орташадан жоғары көрсеткіштер
алған шығармын, бірақ мəнерлеп оқу сайысында Разия
апам екпінін қойып, ырғағымен жаттатқан орыс ақыны
Андрей Дементьевтің «Не смейте забывать учителей!»
деген өлеңін оқығаным бірінші жүлдені жеңіп алуыма
себеп болды. Сілтідей тынған залда менің ғана дауысым
естіліп тұрғаны есімде. Емтихан қабылдаған аудандық
оқу бөліміндегі байырғы орыс тілінің мұғалімі Ақтілек
Қалиқызы: «Сіздің фамилияңыз Серғазиева екен.
Егіндікөл орта мектебінен келіпсіз. Менің шəкіртім
Раисаның сіңлісі емессіз бе?» деп таңырқай сұрады.
«Иə» деп ұяң тіл қатқанымда: «Біліп едім, əрине, менің
үздік оқушымның сіңлісі озық білім, өнер көрсетеді» деп
орысша сөйлеп, қолымды алды. Адамдар жарғылар мен

334

ережелерге бағыныштылықтан құтылмаған, табиғаты
толық ашылмаған, бір-біріне деген сезімдерін білдірудің,
құрметтерін жеткізудің жолдарын меңгермеген кез ғой.
Ақтілек апайдың сөзі маған өзгеше əсер етті. Ішімнен
«Баптаушым Разия Сапарқызы екенін білмейді-ау»
деп ұстазымның тəлімгерлігін де бағалап қоямын.
Міне, қазір аударманың шаңын қағып, шаршы топтың
алдында екі тілде бірдей сөйлеп, қазақша да, орысша
да еркін жазсам, ұстаздарымның ой-бойыма бағбандай
еккен білім-тəлімінің арқасында екені айдан айқын.

Өткен 2017 жылдың қараша-желтоқсанында мен
қызмет ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің құзырына қарасты «Дəрілік
заттарды ұлттық сараптау орталығы» Астанаға қоныс
аударды. Көш бастаушы алдыңғы лектің ішінде Аударма
жəне тілдерді дамыту орталығынан бас маман жалғыз
өзім болдым. Көшіп келген əзірде мені тағы бір банк
аудармашылыққа шақырды да, негізгі қызметіммен
қосалқы алып жүру мүмкін болмағасын осы қалада
тұрады деп естіген Нəбиолла ағамның кенже қызы –
Венераны іздеп, апайға қоңырау шалдым. Жан балам,
үйірім, қадірлес қауымым Алматыда қалып, жат жерде
жабырқап, жортақтап жүрген алғашқы кезеңдегі бір
алакеуім кеште телефоннан Разия апаның үнін естіп,
мəре-сəре болдым. Астана маңындағы «Лесная поляна»
деген елді мекенде тұратын үлкен қызы – Индираға
немере бағуға қолғабысы керек болып, қыдырыстап
келіп қалыпты. «Жаңа келіп жатсың, мені қонақтаймын
деп əбігер болмай, өзің сəлем бере келіп, ауылдың
дəмімен сіңліңнің үйінен шəй іш. Құдағиың Рахат
апаның саған арнайы беріп жіберген сəлемдемесін
алып кет» деп хабар салды. Қолайлы үй қарай бермек

335

болып, жан-жақты зерттеп жүрген мен де қуана
келістім. Сүйкімді сіңлім Венера үйімнің жанына келіп,
жаңағы кентке алып кетті. Ұстазыммен шұрқырасып
көрісіп, өткен-кеткенді айтып, аузыма тыным болмады.
Апайым бəз баяғы байсалды бабында. «Жер қозғалса
да қозғалмайтын» деген сипат менің Разия анама да,
Разия апама да өте тəн қасиет еді. «Ағаң, ағаң...» деп
Нəбиолла ағамен ұшырасу сəттеріне шегініс жасаған
тұстарда əңгімеге жайлап тамызық тастап қояды. Апай
«Қайырлы қонысты бол!» деп менің Арқа төсіне келіп
жатқан қадамыма құт тіледі. Аса қадірлі Нəбиолла
ағамның аруағынан жеткен ақ бата деп қабылдадым.
Отыз жыл мекендеген Алматымды Серғазы əулетіне
алтын қазық етіп кеткен мен Елордада тамыр жайып,
жерсініп, тұрақтап қалып жатсам, осы шаһардағы
көптеген достарым һəм қаламдастарыммен бірге
Нəбиолла ағамның үйіндегі Егіндікөл құмында асыр
салып өскен бүлдіршін қыздар – бүгін Есіл жағалауында
от жағып, ошақ құрып, ақар-шақар болып отырған
Индира, Венера сіңлілеріммен де аралас-хабарлас
болатынымды ойлап, мерейім тасыды. Жаңа қалада ірге
қалап жатқан алғашқы кезеңде соңымнан туған жердің
таңсық дəмінің жеткенін жақсы ырымға жорыдым.

Иə, ағажан, сіз бен біз екі ұрпақтың өкілі болсақ
та, рухтас-мұраттас жандар едік, рухани көпір
арқылы ұғысқан аға мен қарындас болдық. Ақиық
ақын Мұқағали айтқандай, «Бəрін де көрген, Бəріне
көнген, Бəріне сенген, Бəрін де берген жəне Бəріне
берген» алдыңғы үздік буынның үзігіндей болып
мезгіл жеткенде үзілдіңіз. Ол – адамзаттың маңдайына
жазылған ешкім қашып құтылмас заңдылық қой...

Қаратөбедегі майталман өлкетанушы ағамыз

336

Қайыржан Хасановтың да мəңгілікке сапар шеккенін
естіп, тағы өкініш өртіне өртендік: «Ұстаз еді, Аға
еді, Ата еді, Тарих еді, Тұлға еді» деп... «Неге жиі
хабарласып, хал сұрасып, сұхбаттасып тұрмадық,
елмен байланысты неге қалтқысыз орнатпадық?!» деп.
Меніңше, пендеуи адам ғұмыры осылай бір өкініш, бір
үмітпен, бір қуаныш, бір қайғымен, таба алғаныңды
табумен, жоғалтатыныңды жоғалтумен жалғаса беретін
тəрізді. Өмір сабақтарын ескеріп, бірде-бір кем-кетік
жібермей жүруге сауырынан сипатпас асау уақытпен
жарысқан алқын-жұлқын заман екпіні ерік беретін
емес...

Егер көзіңіз тірі болса, сізге сүйіншілеп жеткізерім
өте көп еді, ағажан. Өзіңіз жақсы көрген Мұқас
ағаңыздың бүгінгі жаңа буынының көбейіп-көркейіп,
өркендеу жолында жүргенін, айтқандарыңыздың
айдай келгенін, «ақырзаман балаларының» қызық-
шыжықтарын тəптіштеп айтып, жылы жүзіңізге күлкі
үйірер едім. Баяғыша бас қосып отыратын жарылқап
күн болса: «Ініңе ізіңе ерген қарап жүр деп, Қалдырған
өздеріңді бабаларым!!!» деп талай абыз ағаларға арнап
шырқаған Əсеттің əнін сізге де сазды сəлемдемемен
жолдап, толқытар едім. Өмір жолымда кездескен
сан сынақтан сүрініп-сүрінбей өткен кездерде сіздің
қанаттандырып сөйлеген қайрақтай сөздеріңіздің əр
кез қайрат-жігерімді жанығанын айтып, бұрынғыдай
бірде қысылып, бірде тосылып сөйлемей, қайсар өр
мінез қырларын танытып, толғандыратын ойларымды
өткір жүйелеп, жылдар жотасында жинап-терген адами
жан жауһарларын жайып салып, ой қазыналарыммен
бөлісіп, «ер жасы – елуді» еңсеріп қалған азаматша
болмысымды айғақтап, сізден ағалық алғыс, аталық

337

бата алған болар едім...
Өткен шақта сөйлеу өкініш... Бірақ, өмір дегеніміздің

өзі – өткен күндер. Өмір осылай өтіп кетеді. Бəрі де
өткен, біздер де өтеміз. Дүниенің шегі, шеті белгілі.
Озады уақыт. Тозбайтын – тағылым, қалатын – естелік.
Ұлы адамдардың мұрасы, атақтылардың аты ғана
ма екен ұмытылмайтын?! Ұмытылмайтын. ол – ел
іші кенішінде қарапайым жақсы адамдардан қалған,
ұрпақтары ұлықтайтын ұлағат, ғасырлық насихатқа
лайықты ғибрат!!!

Гүлзира СЕРҒАЗЫ,
Қазақстан Журналистер одағының

Ө. Жəнібеков атындағы жəне
Ғ. Мүсірепов атындағы

əдеби сыйлықтардың лауреаты

Набиолла ағаның көршісі болған, бүгінде Орал
қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясында қазақ
тілі мен əдебиеті пəнінен сабақ беретін педагог-
зерттеуші (бұрынғыша айтқанда, жоғары санатты
ұстаз), Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Раухан
Бердіғалиеваның естелігінде де кейіпкеріміздің жан
жақты қыры жақсы баяндалған.

Раухан Бердіғалиева:
Қазақта «Туыс атадан, көрші Алладан» деген мақал
бар. «Бір-бірімен көңілдері суыспай, қатар қонған екі
көрші туыстай» болып кетеді деген рас екен. 1978-2000
жылдар аралығында біздің жанұямызға Сафуллин
Набиолла ағаның отбасымен көрші тұру бұйырды.
Набиолла аға инженер, апамыз мұғалім болды. Ағай
өз ісінің білімді де іскер маманы болумен қатар, өте
жан-жақты болатын. Ол кісінің өте көп білетіндігін

338

жəне білуге деген құштарлығын ауылдастары аңыздай
қылып айтып отыратын. Бұрын ұлы тұлғалар,
ақындардың үй ішіндегі жұмыс кабинеті туралы
оқығанда таңғалатынбыз. Біздің көрші ағаның да төрт
бөлмесінің бірі өзінің жұмыс кабинеті болатын. Өзінің
мамандығына арналған жап-жаңа жəне сарғыш тартқан
үлкенді-кішілі көп кітаптары, ұқыппен тігілген газет-
журналдар, үй шаруашылығына, бау-бақша жұмысына
қатысты анықтамалар жай сəндік үшін жиналмағанын,
ағаның сол əдебиеттермен, материалдармен үнемі жұмыс
істейтіндігін дəлелдейтіндей. Өйткені жұмыс үстелінде
арасына белгі қойылған кітаптар, газет-журналдар
жататын. «Ағаңның жұмыс бөлмесін жинақтап, тазалық
жұмысын жүргізгенде əр затын, қағаздарын орнында
қалдырамыз, себебі жұмысына қажетті нəрсенің
орнынан қозғалғанын біліп қояды», - деп күлетін Рəзия
апа. Сол оқығандарымен, білгендерімен реті келгенде
салмақты, дəлелді, көркем сөйлеп көпшілік ортасында
бөлісіп отыратын ағамыз. Ағай жыл сайын бау-бақша
жұмысына ерекше мəн беретін. Егіндікөлдің топырағы
құнарлы болғанымен, ағай бұл жұмысқа қолына
нұсқаулық кітабын ала отырып, білек сыбана кірісетін.
Қасына өзінің балалары мен қызығушылық танытқан
көршілер жиналатын. Барлық тұқым түрі сол нұсқаулық
бойынша егілетін. Күнделікті күтім мен баптаудың
арқасында күтілген өнім алынатын. Менің еңбекқор
марқұм Аманбек ағам да «Ал көрші ағадан қалыспай,
мен де кірісейін» деп шабыттанатын.

Набиолла ағаның мінезі ашық, ойлы, жайдары, қиын
сəтте көмек қолын созуға, ақыл-кеңес беруге дайын
азамат еді. Ата-анамыз да оларды ерекше қадірлеп,
құрмет тұтып, қажет жағдайда шаруа жағдайымен

339

ақылдасып отыратын. Өмір жолы теп-тегіс болып
тұрмайды. Əкеміз қайтқаннан кейін отбасылық қиын
оқиғада анамыз көрші ағадан кеңес алып, үлкен қолдау
тапқанбыз. Бүгінде сексеннен асқан анамыз көрші
ағаның сол жақсылығына əлі күнге алғысын жаудырып
отырады.

Набиолла аға ай мен жұлдыздардың, құстар мен үй
жануарларының қимылдарына байланысты ауа райын
болжап отыратын. Анамның: «Көршінің айтқаны келді,
күн суыта бастады немесе боран басталғалы тұр-ау»
деген əңгімесін жиі еститінбіз. Табиғаттағы құбылыстарға
ерекше мəн беретін. Біздің үйде бір «жақсы бинокль»
(көрші ағаның айтуы бойынша) болды. Бір күні ағамыз
келіп, бинокль сұрады. Түнге қарай құйрықты жұлдыз
көрінбекші екен, соны бақылағысы келген екен. Ағай аң-
құс, балық аулауды жақсы көретін. Осы күні ағамыз осы
істері арқылы өз ұрпағына білім мен еңбектің құдіретін
сезіндіргісі келген-ау деген ойға қаламын.

Əттең, осындай жаны жайсаң тамаша адам
балаларының қызығына кенеле бастаған тұста өмірден
ертерек озып кетті!.. «Орнында бар оңалар» демекші,
бұл күнде əке үмітін ақтаған ағаның ұл-қыздарының
бəрі – еңбекқор, білімді, тəрбиелі, көптің жағдайын
ойлайтын елеулі азаматтар мен азаматшалар.

«Жақсы адам жайлы жасқанбай сөйле» дегендей,
көрші ағаның өнегелі өмірі туралы тума-туыс, көрші-
қолаң, замандастарының естеліктерінен үлкен бір
туынды шығады деген ойдамын.

4) Мал білгірі, ат сыншысы

Қолда бар естеліктерге сүйенсек, Нəбиолла ағаның
əкесі Сафолла ата мал танитын адам болыпты.

340

Замандастары ол баптаған Қарақұнан, Құла, Бурыл
тайларды аузының суы құрып айтып жүреді екен. Ат-
жылқы былай тұрсын, атаның «Жорға қасқа» деген
атаққа ие болған шытыра бет, тік мүйіз өгізі сол өңірдің
кішігірім аңызына айналыпты. Бір апта су ішпейтін, бір
ішкенде он екі шелекті жоқ қылатын бұл жануарға ер
салып алып шапса да, арбаға жегіп жарысса да, анау-
мынау атқа жеткізбей кетеді екен. Сафолла ата елуге
келгенде қолға алған малды қолдан ұрықтандырушы
кəсібі еңбегі еленбей жүрген шопандардың қозы алу
жоспарын артығымен орындап, марапатқа бөленуіне
себепші болыпты. Бұл кісінің құрт ауруының бір түріне
шалдыққан сиырларды қашаумен соққылап емдейтін
өнері де болған екен. 1952 жылы Қален деген жерде 110
сиырды бағып жүрген кезінде қарасан болып ауырған
қызыл қасқа қашарды дер кезінде байқап, табыннан
тез оқшаулап, оның сілекейі аққан жерлерге дəрі сеуіп
бұқырлаған, осы ауру малдың өзі мен орнын өртеген.
Осыған қарағанда, Сафолла атаның ветсанитария
ісінен де едəуір хабары болған.

Осындай атадан туған ұл қайдан осал болсын,
Нəбиолла ағамыздың бала кезінен жүйрікті жазбай
танып, асау үйреткені туралы мəліметтер Төлеген
Сафоллаұлының «Өрбіген тана ұрпағы» атты
дастанында, сондай-ақ Нəкеңнің балалық шағына
арналған тарауда келтірілді. Сондай-ақ ер балалардың
азамат болып қалыптасуына ат мінудің маңызын
түсініп, үйдегі тайөгізін тайға ауыстырғаны туралы
Тасжан Қабенұлының естелігінде көрініс тапты.

Нұртас Нəбиоллаұлы мынадай естелігімен бөлісті :
«Əкем бала күнінен ат үйреткен. Талайдың шу асау деген
жылқысын жынын алдырған бақсыдай етіп тақымына

341

көндіргенін Төлеген ағамыз Серғазы атамыздың
150 жылдығына орай жазған көлемді жырында жақсы
келтірді. Сонымен қатар əкеміз жастайынан жылқы
танығыш, аттың сынын дəл айтатын ерекше байқампаз,
қырағы болыпты. Атты жүріске жақсы салатын. Ол
жүріп келген атқа мінсең, рахат. Соқпайды, лыпып
отырады. Аяң, желіске үйрету тəсілі бар еді.

Əкем оқушы күнінде Қалдығайтыда оқып, басқарма
болған жездеміз Боз Бекмурзиннің үйінде тұрған. Бірде
Боз жездеміздің баласы Екпін атай үйімізге келгенде
əкем бала күнінде жездесінің атын қоярда-қоймай
қиылып сұрап алып, азғантай ғана уақыт жаратып,
бəйгеге шауып, бірінші келгенін əңгімелеп отырғаны
есімде. Беріректе осы əңгімені Жусандыой ауылының
тумасы, 1942 жылы дүниеге келген Пəуеден Кəуеновтың
аузынан жəне естідім. Ол кісімен Шалғын ауылында,
Əнуар құдамыздың қарасында кездейсоқ таныстым.
«Мен елуінші жылдан бастап Қалдығайтыда оқыдым.
Сол жылдары Набиолла да Қалдығайтыда, колхоз
бастығы Боз Бекмурзин деген жездесінің үйінде жатып
оқыды. Сол кезде Боздың кереметтей семіз бурыл аты
болды. Набиолла соны жаратып, бəйгеге шауып оздырып
жүргенін көзіммен көрдім. Біз баламыз, Набиолла атқа
мініп шықса, қызықтап соңынан жүгіретінбіз» деді
Бəуеден ағай. Əкем мал күтіміне қатты көңіл бөлетін.
«Жылқы қараңғыны сүймейді, қараңғыда көп тұрса,
буаздары іш тастауы да мүмкін» деп ескертіп отыратыны
есімде қалыпты. «Құлыным, мысығым» деп жан-
жануардың өзін мейірлене еркелететін жұмсақтығы
болды.

Нəкеңнің ауылдастары оның малдың күтімін жақсы
білгендігі туралы көп айтады. Мысалы, ардагер-ұстаз

342

Ардақ Есенова бір естелігінде «Нəбиолла аға қойдың
қозылайтын уақытын біліп, оны өзге малдан бөлек,
қамап ұстайтын еді» деп атап өтті.

Нəбиолла аға ер баланың азамат болып
қалыптасуында жылқының орны бөлек деп білген,
сондықтан балаларының бойынан қылқұйрықтыға
деген қызығушылықты байқасымен, Тасжан деген
қызметтес інісіне тайөгіз беріп, орнына тай алыпты.
Кейінірек жаңағы тайды Жəрдемнің байталына
ауыстырып алыпты. Ол байтал өсіп, бие болады...
Сөйтіп, Нəкеңнің ұл-қыздары бұл түлікті телевизор-
дан тамашалаумен шектелмей, нағыз ауыл балаларын-
ша тай-құлынның қызығын көріп өсіпті.

5) Екі тілде еркін сөйлейтін шешен:

Берік ОСПАНҰЛЫ: Біз тойымызды ремзоводтың
асханасында жасадық. Сонда институтта бірге жұмыс
жасап жүрген ғылым докторы Наталья Александровна
Смирнова (қазір МГУ-да тарихтан сабақ береді) бір
нəрсені қате айтып қалып, Нəбиолла ағай соны түзеді.
Наталья Александровна да «Мə, мен бір нəрсені жаңсақ
айттым ба?» деп сасып қалды. Қателеспесем, бұл ғалым
«соратник» пен «коллега» терминдерін шатыстырып
алды. Иə, біздің Нəкеңнің ғылым докторының өзін
састыратындай білімі бар еді.

Сырым НƏЖИОЛЛАҰЛЫ: Біздің ауылдан
мединститутқа мектеп бітірісімен түскен мен-ау
деймін. Оқуға 1981 жылы тəтем алып барды. Басында
құжатты Оралдан қабылдайтын болған сықылды еді,
бірақ ақырында Ақтөбеге барып тапсыратын болып,
тəтем екеуміз сонда бардық. Əуелі қонақүйде тұрдық,
сосын маған жатақхана берді. Емтиханның ішінде

343

орысша диктант жазу болды. Ауылда өскен баламыз,
диктанттан қаупім болды, содан осы диктантқа мені
тəтем əзірледі.

Əзірғали Сұлтанов өз естелігінде əскерде бірге болған
досы Нəбиолла Сафоллаұлының орыс тілін жете меңгерге-
нін айтады. Техника мен тілге жүйріктігі оны офицерлер
мен солдаттар арасында зор беделге ие қылды дейді. Екі-
нің біріне бұйыра бермейтін əскери демалыс алып, еліне
келіп кеткені осы орыс тілін жақсы білгенінің арқасында
болса керек. Нəкеңнің тілге қатысты қабілет-қарымы
кітаптың өзге тарауларында да сөз болады.

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкем жасы ұлғайған
кезде араб емлесін білуге талпынып еді. Оның араб
қаріптерінің жазылуы мен дыбысталуын əдемілеп
кестеге түсірген қолжазбасы əлі күнге сақтаулы.

6) Тылсым қабілеттер иесі:

Индира НƏБИОЛЛАҚЫЗЫ: 11-сынып бітірген
кезімде, кластың ақшасын алып, Оралға келгенімде
бар ақшамды ұрлатып алдым. Сонда əкем жауырынға
қарап отырып, сауда жасаған кезімде менің қасымда
əйел адам тұрғанын, оның үстіндегі кофтасының түр-
түсіне дейін суреттеп берді. Лавканың қасындағы бір
орыс жігіті жайлы т.с.с детальдарды – бəрін өзі оқиға
орнында болғандай əңгімелеп бергені бар.

Қыдырғали ҚҰРМАНҒАЛИЕВ: Нəкеңнің көп
нəрседен, соның ішінде қазақы ем-домнан да жақсы
хабары болды. Бір күні таң атар-атпаста Нəкең келіп
тұр: «Таңғы ас ішіп қойған жоқсың ба? Жүр балаға
түкіріп жіберші», - дейді. Осының алдындағы кеште
балпанақтай болып жүрген Нұртасқа көзім түскені рас
еді.

344

7) Кулинар, аспаз

Ел аузында жүрген бір əзіл-шыны аралас аңызға
сенсек, Адам Ата Хауа Анамыз жаратылғанға дейін
тамағын өзі пісіріп ішіпті-мыс. Сондықтан кез келген
ер адамның бойында кулинарлық қабілет əуелден бар
көрінеді. Ер адамдардың бəріне бірдей, кім білсін, ал
кітабымыздың бас кейіпкеріне қатысты бұл аңыз ақиқи
деп білемін: Нəбиолла ағамыз - аспаздықтың ауылынан
алыс емес адам.

Венера НƏБИОЛЛАҚЫЗЫ: Анам бірде маған «нан
ысып қой» деп тапсырма беріп, өзі жұмысқа кетіп қалды.
Бұрын істемеген дүнием – біраз əуреленіп, оқсата алмай
жатыр едім, бұл тірлігімді əкем көріп қалып, «Кəне, қызым»
деп өзі кірісіп, əп-сəтте дөп-дөңгелек қылып ыса қойды.
Кулинария бойынша да бірнеше кітабы болды.

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкем анама кулинария
кітабын əкеліп беріп еді. Кез келген істі тəртіппен,
жүйемен жасайды. «Ердің, əйелдің жұмысы деген
болмауы керек. Қыздарым, сендер де малдың жайын
біліңдер. Ұлдарым бір кезек үй шаруасын жасап көрсін»
дейтін.

Серікбай НƏЖИОЛЛАҰЛЫ: Біздің жақта андыз
деген шөп өседі. Онда да барлық жерде емес, өзінің
шығатын бір жерлері бар. Осы шөпті тəтем бидай көжеге
қостырып жүрді. Сол кезде көжеге ерекше керемет бір
дəм бітеді. Ондай көжені мен еш жерден ішіп көргенім
жоқ. Емдік қасиеті мол, əсіресе, тыныс алу мүшелеріне
шипасы көп бұл өсімдіктің тамырын күзде қазып
алады.

Венера НƏБИОЛЛАҚЫЗЫ: Əкем «Ас – адамның
арқауы» деп білді, сондықтан оның адал, таза, құнарлы
болмағына, тіпті қабылданатын уақытына дейін қатты

345

көңіл бөлетін еді. Диетологтардың айтуынша, асты
ылғи белгілі бір уақытта қабылдау, сол мезгілде асқазан
сөлінің мол бөлінуіне, демек, қабылданған астың жақсы
қорытылуына əсер ететін көрінеді. Əкем таңғы шəй сағат
8.00-де, түскі шəй сағат 12.00-де, кешкі шəй сағат 18.00-
де дайын болуын жəне бəріміздің дастарханға бір мезгілде
отырып, бір мезгілде тұруымызды талап ететін еді.

8) Шымыр.

Кейіпкерімізді баяғының баһадүр батырларындай
алпамса, апайтөс, дүлей күш иесі ретінде сипаттай
алмаспыз. Алайда Нəбиолла ағаны шынжау, əлжуаз
адам болған деп тағы айта алмайсың. Ол туралы
естелікпен бөліскендер Нəкеңді өмірдің ыстық-суығына
шыныққан, бір басына жетерлік күші мен ісі бар қай-
рат иесі ретінде суреттейді:

Нұртас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Əкем бала кезінен өте
шымыр болыпты. Күнделікті ат мініп жүрген адам
болмаса да, атқа отыратын сəт туғанда оған лып етіп
мініп алатын еді. Жас күнінде асау үйреткен, бəйгеге
шапқан.

Əкем Колумб деген тергеуші (кино кейіпкері)
сықылды ылғи ой үстінде жүретін еді. Бірде СХИ-да
оқып жүрген кезінде осылай ойланып бара жатып, еден
жуып жатқан əйелдің шелегін көкіс жəшігі деп қабылдап,
түкіре салған ғой, сол кезде əлгі əйел жанталаса дауыстап
жібергенде əкем асқан шапшаңдықпен түкірігін кері
қағып алыпты – оның реакциясы ғаламат еді.

Жас күнінде өзі құралыптас жігіттер арасында
жайманы бəшəйларымен қысып алып тартысқан жа-
рыстан əкем жеңімпаз болып шығыпты. СХИ-да оқып
жүргенде студенттер арасында кистевой динамометрді

346

қысып жарысқан кезде де оған тең келетін жан
болмаған.

Альберт ТӨЛЕГЕНҰЛЫ: Бір кездері біз үлкен əулет
болып, бəріміз бірге тұрдық. Бала кезімде тəтемнің өте
қуатты екенін көрдім. Үйде бір жағы үшкір төс болды.
Тəтем соны көтеріп шеберханаға апарып, қайта əкеліп
жүрді. 10-сыныпта оқып жүргенде жаңағы төсті көтеріп
көргенімде оның зілдейлігіне көзім жетіп, «мынаны
қалай тасыды екен?!» деп таң қалғаным бар. Соққысы
да мықты болған деп естимін.

Жантас НƏБИОЛЛАҰЛЫ: Бірде əкемнің
соғымның етін балтамен жіліктеп, бөліп жатқанының
үстінен түстім. Бұл – оның аурудан əлсіреп, үлкейген
кезі. Сондықтан соққының күшін өсіргісі келді ме
екен, əйтеуір, балтаны басынан асырып, шіреніп келіп
соғады. Сүйек екіге бөліне қоймаса, қайтадан соғады.
Бір ғажабы, қанша соқса да, тап сол бір жерден тигізіп,
ақыры шауып түсіреді. Қайрат қайтса да, дағды қалатын
болатын болып тұр-ау деп ойлаймын.

Бақытжан ЖƏЛЕЛОВ: Жас кезімізде бір аудан
бір ауданға эстафета тапсыратын дəстүр болды ғой.
Қаратөбе ауданының Жымпиты ауданына эстафета
тапсыруы Ханкөл–Бұлдырты арқылы жүретін болды.
Содан арамызда өнерпаз қыз-келіншектер бар, Бұлдырты
өзенінің бойында жүрміз. Совхоз директорының інісі
Нəбиоллаға соқтыға берді. Мен «керек болып қалармын»
деп, бұлардың қасынан шықпай жүрмін. Тағы бір келіп
тиіскен кезде Нəбиолла əлгі сотанақты иыққа салып
көтерді де, суға лақтырып жіберді. Сосын малмандай
болған тентектен «Қойдың ба, қоймадың ба?» деп
сұрады. Анау үндемей қалды. Қыз-келіншектер күліп
жатыр.

347

Төлеген Сафоллаұлының «Өрбіген тана ұрпағы»
атты жырында Нəбиолла ағаның Мақсот жездесімен
бəстесіп, түгел асылған қойдың бүкіл жілігін қолмен
ұрып сындырып шыққаны туралы сөз болады. Сонда
жездесі «Өй, өзің шынашақтай болып, мықтысың
ғой!», - деп балдызына риза болыпты.

9) Аспан əлемінің білгірі

Төлеген Сафоллаұлының «Өрбіген Тана ұрпағы» ат-
ты дастанында Сафолла атаның шық-қырау түскен
салқын шаққа қарамай, Набиолла, Төлеген балаларын
қасына алып, олардың үстін тон-бөрік, орамалмен
қымтап, сыртта қонып жүргені баяндалады. Осылай
сырттағы сəкіде жатқан кезде Сафолла ата түнгі
аспаннан сыр шертеді екен. Сонда Темірқазық, жеті
қарақшы, Ақбоз ат пен Көкбоз ат, Есек қырғанның
аты мен затын əңгімелеп берумен ғана шектелмей,
аспан əлемін практикада қолдануды – уақыт пен
мекенді анықтауға баулыпты. Үлкендерден естіген-
білгенін заманауи біліммен толықтырған-байытқан,
кітапханасындағы Мыңбай Ысқақовтың «Халық
календары» сынды еңбектермен ұштастырған Нəбиол-
ла ағаның астрономиядан едəуір хабары болыпты.

Елдос НƏБИОЛЛАҰЛЫ: 1997 жылы Оралдағы
Əлима апама келдім. Қатысқан олимпиадам бітіп,
ауылға қайтарда Əлима апам мен арқылы институттың
мұқабасы көк түсті оқулығын беріп жіберді. Қарасам,
«Астрономия» оқулығы екен. Ауылға барғанда əкем
ЖОО-ның бұл оқулығын тұщына оқыды.

Сырым НƏЖИОЛЛАҰЛЫ: Бала күнімізде сыртқа
жататынбыз. Тəтем аспанға қарап жатып, уақытты,

348


Click to View FlipBook Version