ұрының арқасынан шыбыртқымен бір тартып үлгереді.
Осыны милицияға барып айтқанда олар ұрыны ұстауға
аса бір құлық таныта қоймайды.
Детектив десе де болар еді
Өзім оны сол кезде көгілдір экранда жүріп жатқан
«Детектив Колумб» туралы киноның бас кейіпкеріне
ұқсатамын. Бірде ауылдасымыздың сиырын ұрлаған
адамның кім екенін бұлтартпай дəлелдеп берген.
Əкемнің мінезі шапшаң, өтірікті, əділетсіздікті
жек көреді. Жəй жек көріп, төзіп отырмайды.
Ауылдағылардың бəрінен, соның ішінде басшылардан
да əділет-шындықты талап етті. Ол қандай да бір
келеңсіз құбылыс-жайтты құр сынаумен шектелмейді,
шешудің тиімді жолын ұсынады.
Қоғамның көлеңкелі тұстарына көз жұмып қарау-
ды білмейтін Нəбиолла Сафоллаұлының бұл азаматтық
позициясы қазір «Нөлдік төзімділік» деп аталып
жүр. Бұл қағидат қазіргі шақта ұлттық идеологияның
құрамдас бір бөлігіне айналды десе де болады.
Қоғамдағы тəртіпсіздік мен құқықбұзушылыққа
«нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру қажеттігі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы
14 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-
2050: стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» Жолдауында белгіленді. Елбасы өзінің
Жолдауында: «Дамыған қоғам барлық жерде тəртіп
пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы
ауладан, таза көшеден жəне жарқын жүзді адамдардан
басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұза-
149
қылықпен, мəдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз
керек, өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады,
өмірдің сапасына селкеу түсіреді» деп атап көрсетті.
«Қазақстан Республикасының азаматтары, тіпті
кішкентай құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа,
мəдениетсіздікке де көз жұма қарамаулары керек.
Тəртіпсіздік жəне бетімен кетушілік сезімі одан да
ауыр қылмыстар жасауға себеп болады. Кішкентай
құқықбұзушылықтарға төзімсіздік атмосферасы, қо-
ғамдық тəртіпті бекітуде, қылмыстылықпен күресуде
маңызды қадам болып табылады, сондықтан құқықтық
көзқамандықты, жеңу керек жəне қоғамдық тəртіпті
сақтау ісіне қоғамды қосу керек. «Нөлдік төзімділік»
өмірдің нормасы болуы тиіс». Қазір қадірленіп, үлгі
тұтылып жатқан бұл қағидатты өмір бойы ұстанып, іс
жүзінде қолданған Нəбиолла Сафоллаұлы өзінің осы
қыры жағынан да көп адамға өнеге бола алады.
150
АЯҚТАН ШАЛҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕР
АЗ БОЛМАДЫ
Өмір болғасын, күнгей-көлеңкелі сəттері ауысып
тұрады, Нəбиолла Сафоллаұлының ғұмырында
да қиындықтар аз кездескен жоқ. Мен бұл жерде
«қиындық» деп бұдан бұрынғы тарауларда əңгіме бол-
ған соғыс, жоқшылық жылдарын айтып отырғаным
жоқ. «Жұртпен көрген – ұлы той» ғой, Нəкеңнің
тура өзіне тап келген, «тап келген» емес-ау, əдейі
ұйымдастырылған қастандық, аяқтан шалуды
айтамын.
Еңбек жолын жаңа бастаған жас Нəбиолла ескі
əміршіл аппараттың шабуылына ұшырайды. Нəкеңнің
замандасының ескі мен жаңаның тартысы туралы
естелігін алға тартамын:
151
Зайлаєи Бґлеєалиевтіѕ естеліктері:
Жаңашыл адамға
жұмыс істеу оңай болған жоқ
Нəбиолла менен төрт жас кіші, институтта да
менен бірер жыл кейін оқыды. Оқуын бітіргесін біздің
Қоскөлге орналасты. Негізі, Нəбиолла – ауылдық жерде
инженер емес, нағыз инженер-педагог болатын адам.
Шегелеп айтады. Кеңшардағы басшылық жаңашыл
Нəбиолланың ұсыныс-пікірін қабылдай бермейді,
себебі өресі жетпейді. Кейде Нəбиоллаға «Осылармен
тіресуіңді қойсаңшы» деймін. Басшылық ақыры оны
да, мені де ығыстырып тынды.
Менің Зəки Мəмбетов деген ағам – КГБ-ның адамы.
(Нұртас Сафуллиннің «Егіндікөл тарихы» атты
кітабында осы Зəки деген кісіге қатысты мынандай
жолдар бар: «Біздің ауылдан 1939 жылғы соғысқа
кейін полковник болған Зəки Мəмбетов алынған еді.
Ол ауылдағы он жылдық мектепті алтын медальмен
бітірген (Заки Мəмбетов – соғыс жылдарында
Америка штаттарының президенті Рузвельтке қарсы
астыртын қастандық əрекетті болдырмау жөніндегі
тапсырманы орындаған, əскери салада көптеген
марапаты бар белгілі адам»). Содан ығып, тікелей тиісе
қоймағанымен, құтылу үшін мені өсіріп жіберді. «Мен
білемінге» салып, мамандардың пікірімен санаспайтын
басшылықпен Нəкең де келісе алмады. Сондықтан
Қоскөлге қарағанда əлдеқайда ірі де ілгері шаруашылық
– Егіндікөлге ауысып кетті.
152
Шеберхананың бүкіл шаруасының
бас-қасында өзі жүрді
Нəбиолла басшылықпен ылғи қырғи-қабақ болды
деген ой қалыптасып қалмасын. Олардың өзара тіл
табысып, жемісті жұмыс істеген, кейде тіпті билікті
Нəкеңе берген де кезі болды. Бұ л ең əуелі сол директордың
өзі үшін жақсы болды. Директордың шеберхана
салдыруға қарсы болуының, ең басты болмағанымен,
бір себебі оны мемлекеттік қабылдаудан өткізу əуресі
еді. Нəбиолла шеберхананы бүкіл талаптарға сай салуды
өзі ұйымдастырғаннан кейін, оны қалай қабылдатам
деп директордың да басы ауырмады.
Көшені жарық қылуда Нәкеңнің үлесі бар
Негізі, өздерімен сыбайлас райкомға ағайын-
тума болып келетіндер болмаса, совхоздарда жақсы
кадрларды өсірмейді. Жергілікті мамандарды өсірудің
орнына бас, жетекші мамандарды көбінесе шеттен
əкелетіні түсініксіз. Жəне сол кездегі əкімшілік,
неге екені белгісіз, халықтың қамын ойлайтын жаңа
бастамаларды жаратпайтын еді.
Бірде Нəкең көшені жарықтандыру мəселесін көтеріп
еді. Директор өзінше үнемді ойлап, қарсы болды.
Нəбиолла: «Бұдан үнем болмайды, ауылдың көркін,
мəдениетін де көтеру керек. Бір жағынан, ұрлықтың
азаюына да əсер етеді» - деген уəж айтты. Бұл сөзін
өткізіп, ойлағанды іске асырып болғанша қанша жүйке
шығындалғанын кім санап жатыр дейсіз.
153
Ұрымтал тұстан жасалған жойқын соққы
Нəбиолла Сафоллаұлы алған ауыр тағдыр соқ-
қыларының бірі – бірінші жолдасының тұла бойы
тұңғышын алып, үйден кетіп қалуы. Бұл, бір қараған-
да, тұрмыстық кикілжіңнен туындаған шешім бо-
лып көрінгенімен, оның жай-жапсарына жете қаныға
келе, ерлі-зайыптылардың ісіне сыртқы күштердің
араласқанын байқауға болады.
Е-history.kz сайтында мынандай хикая бар:
«Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың сақабасы, мұсыл-
мандардың əскери қолбасшысы Үкаша атаның тағы бір
Алла берген қасиеті – шапса қылыш өтпейтін, атса оқ
өтпейтін қасиет дарыған алып денелі батыр болған.
Заманындағы дін жаулары Үкаша атаны өлтірмекке
бекінеді, бірақ осал тұсын таппай дал болады. Содан
жаулары ақылдаса келе, кейуананы жібереді. Кейуана
Үкаша атаның үйіне барып: «Менің баратын жерім жоқ,
сенің үйіңде қызметші болып тұрайын» деп, аянышты
кейіп танытады. Жасы келген ананың көңілін қимаған
Үкаша ата рұқсат беріп, үйіне қалдырады. Əлгі кемпір
қызметші болып жүріп, өзінің негізгі мақсатын да
ұмытпайды. Үкаша ата əскери қолбасшы болғаннан соң
үнемі жорықта, жолда жүреді. Осы сəтті пайдаланып,
əлгі кемпір Үкаша атаның бəйбішесінің ниетін бұза
бастайды, «Қожайының неше ай болды əлі жоқ», «Сыртта
не істеп жүргенін кім біліпті», «Не дегенмен, ер адам
басқа əйелі бар болуы мүмкін» деген секілді керітартпа
əңгімелерді алға тартып, бəйбішенің ойын бұзады.
Үкаша ата кезекті сапардан оралған соң бəйбішесінің
көңіл-күйі жоқтығын байқап, «Не болды, мазасызсың
ғой?» - дейді. Бəйбішесі де тіке басып, «Менен жасырып
154
жүрген нендей құпияңыз бар, айта жүріңіз» дейді.
Үкаша ата бəйбішесін жанына шақырып, «Менің сенен
жасырар ешқандай құпиям жоқ, тек бір осал жерім бар,
мен таң намазын оқыған кезде бүкіл буындарым босап,
əлсіз күйге түсемін, менің кем тұсым осы» - дейді. Осы
сəтте үй сыртында əлгі кейуана да мұны ести сала, сол
түні қашып, жауға оқ өтпес, қылыш кеспес батырдың
құпиясын ашып береді. Мұны білген, дін жаулары
Үкашаның басын намаз оқып отырған жерінде шауып
түсіреді».
Осы əфсанада айтылғандай, сонау атам заманнан
бері тегеурінді соққыларға төтеп берген ерлердің
өзін ала алмағандар оның төңірегінің осал тұстарын
тіміскілеуі қолданыстан əлі қалып көрген емес.
Нəбиолла ағаның бірінші жолдасы ниеті бұзық
жандардың нысанасына айналғанға ұқсайды. Жəне
олардың жасырын жұмыстары жемісін беріп, жас
отбасының тас-талқанын шығарады. Осы болған
іс туралы естеліктерден мынаны білдім: Нəкеңнің
бірінші жолдасының өнерге ыңғайы барын, əжептəуір
вокалдық қабілетін байқаған əкімшілік оны совхоздың
көркемөнерпаздар тобына қосып қояды. Бұл топтың
құрамында болу – үй көрмеу деген сөз: қаптаған
концерт, бітпейтін дайындық т.с.с. Тəжірибесі аз
жас келіншегін желіктіріп, осындай ойын-сауыққа
салып қойғаны қай еркекке ұнасын. Өмірдің ащы-
тұщысының ортасында жүрген жан ретінде Нəкең
бұндай ойын-сауықтың əп-сəтте кəдімгі жынойнаққа
ауысып кете алатынын біледі. Қызылшыл əкімқаралар
үшін қыз-келіншекпен оңаша қалу – аңсаулы сəт. Бұл
аз болғандай, негізгі мамандығы мұғалима жолдасына
сабақтан кейін өтірік-шын тапсырмалар беріліп,
155
мектепте кідіруі жиілейді. Үй-ішінің, соның ішінде
жасы келген, саулығы төмен əкесінің қараусыз қалуы
(Төлеген інісі үйленудің қамымен Лубенде жұмыс
жасап, сонда тұрып жатыр) көктемгі мұзды жүдеткен
күн мен жел секілді, Нəкеңнің жүйкесін жегідей жей
бастайды. Осының бəрін ойластырған, ұйымдастырған
дұшпандарына да керегі осы – адамның өз басымен
(өз отбасымен) əуре болуы, сөйтіп, өзге нəрсеге мүлде
күші қалмауы, ештеңемен ісі болмауы. Ақыры, үйтіп-
бүйтіп, азаматқа өз зайыбын қарсы қояды. Ерінің
əйеліне айтқан жөнді ескерту, тəрбие жұмыстарын
қабылданбайтын жағдайға дейін жеткізеді. Осылай,
жаулары Нəкеңді ажыратып тынды, зайыбы атасының
қолынан он айлық немересін жұлып алып, кетіп қалуы
оның жан-дүниесіне аса үлкен қаяу салды.
Қайталанған қасқөйлік
Адамды ойсыратып тастайтын бұл амалды олар
тағы бір қайталағысы келіп, он жыл өткесін сол
тұзақты Нəкеңнің екінші зайыбына да салып көрді.
Ол үшін республикалық басылымнан журналисті
арнайы алдырады. Бұл, бір жағынан, жергілікті,
аудандық журналистер Нəбиолла ағаны не тануы,
не ел-жұрттан сұрастырып, оның дұрыс адам екенін
танып-білудің алдын-алу амалы болуы мүмкін. Екін-
ші жағынан, шалғайдағы ауылға республикалық ба-
сылымның тілшісін алдыруы Нəкеңнің жауларының
деңгей-қабілетінен біршама хабар береді. Журналист
«Осы отаудың иесі əйелін ескіше, бұрынғының фео-
далдарынша ұстайды деп естіп келіп отырмыз. Бұл
туралы не айтасыз?» - дейді. Сонда Рəзия жеңгей: «Біз
156
туралы сіз келтіріп отырған мəліметтердің бəрі қате.
Біз қалыпты отбасымыз» деп шығарып салыпты.
Нəбиолла Сафоллаұлына қарсы əрекеттер тек
отбасы ісіне араласып, ерлі-зайыптылар арасына от
жағумен бітпепті. Əйелі кетіп жалғыз қалған Нəкең
біраз уақыт совхозда жұмыс істегеннен кейін, Батыс
Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына түсіп,
оны аяқтауға қалғанда да аяқтан шалу амалы тағы бір
қайталаныпты.
Т ґлеген Сафоллаўлы:
Біраз бәле іштарлықтан туындады
Көп бəле көреалмаушылықтан туындайды. Біреу-
дің бір жетістігін көрсе, «мен де сондай болайын» деп
ұмтылудың орнына, биікке шыққанды төменге құла-
ту арқылы бір деңгейге түсіргісі келетіндердің əре-
кеті біраз қаралықтың бастауында тұрады.
Біздің Жетіс деген бір ағамыз бар еді. Сол бір күні
ішіп алған, Нəбиолладан су сұрады. Ұсынған суды
ішіп алғасын, əй-шəй жоқ, бақырашпен Нəбиолланың
көзінен бар күшімен бір ұрады. Нəбиолланың көзі əп-
сəтте көкпеңбек болып шыға келеді. Нəбиолла бірден
ұмтылып, «Ағам деп сыйлап жүрсем, ит екенсің
ғой» деп əлгі Жетісті ұрып тастады. Сөйтсе, Жетіс
Нəбиолланың өзі де, мінезі де көркем, қыздарға да
сүйкімді болғанын көре алмай, істеп жүргені екен.
Басқа-басқа, өз ағайының іштарлық қылса, өзгеге не
айтасың.
157
Ағамды көндіре алмағандар
өшін менен алмақ болды
Амангелді Пауеденов деген ауылдасымыз пед-
институттың география факультетінде оқып жүрген
кезде орыстармен төбелесіп істі болып, Қызылорданың
түрмесінде отырып келді. Ол кезде орыстың жастары
өздері келіп тиіседі. Оларға тойтарыс берген Амангелді
сықылды қазақтың азаматтарын шатап жіберген
оқиғалар көп болды. Осы Амангелді отырып келгеннен
кейін кейбіреулер соны бедел көріп, айналасына
үйірілді. Ол ауылда өзінің тəртібін орнатпақ болды.
Жастарды қысып, араққа жұмсап, дегенін істетіп жүрді.
Нəбиолланы да өзіне бағындырмақ болып еді, оқыған-
тоқығаны бар ағам оған көне қоймады. Содан ол Сайқал
ағамыздың тойында Нəбиолладан ала алмаған өшін
менен алмақ болған тірлік орын алды. Той жүріп жатқан
жерден сыртқа шықтым. Тас қараңғы түнде біреудің
«Нəбиолланың інісі осы» деген дауысы шықты. Сол-
ақ екен, біреу маған қарай қолын сілтеді. Жанап өтсе
де, қатты тиді. Бірден «Қап, орны қарайып кететін
болды-ау» деген ой келді. Содан не де болса, жарықта
көріп алайын деп жүгіріп жарық жаққа шықтым. Əлгі
мені қорқып қашты деп ойласа керек, шарбақ жаққа
артымнан келді. Төбелесе кеткенде ол менің астыма
түсті, шықшытынан пергілеп, ұрып жатырмын. Сол
кезде Нəбиоллаға да хабар жетсе керек, шауып келіп ол
да бір тепті. Сонда Аменгелдінің беті қырт ете қалды.
Шеміршегі сынып кетсе керек. Мен ауыр зақым келтіріп,
пəле болар деп, бірден ажыратып алдым.
Артынан осы Амангелдімен татуласып, құда болып
сыйласып кеттік.
158
Сонда «Інің Есенгелді кластас досым еді, сондықтан
ағам деп бір соққыңды көтеріп, төбелеспеуім керек еді.
Менен қате болды» дегенімде ол: «Бəрі дұрыс. Тиіскен
де, сыбағамды алған да өзім» деп жауап берді.
Егжей-тегжейлі ұйымдастырылған
аяқтан шалу операциясы
Ағама қастық қылғандар оны кəдімгідей жоспарлап,
кішігірім операция сияқты ұйымдастырған. Сондайдың
біреуінде бір жігітті Нəбиолланы мас қылу үшін
арнайы сайлаған. Ол сценарий бойынша Нəбиоллаға
құйып, өзі де ішіп, біраз жерге барып қалған кезде ар-
ұяты шыдатпай, «Мен саған иттік жасап отырмын.
Қазір біздің үстімізден комиссия келіп түседі, сосын
сені шатайды, тезірек кетіп қал» деп мойындап қояды.
Нəбиолла дереу машинасына отырып, аулаққа ұзап
кетпек болады. Бірақ бағып тұрғандар, оны қыр соңынан
қалмай тауып алып, «ішіп алып көлік айдадың» деген
желеумен бас инженерліктен алып тынды.
Жүзеге аспай қалған авантюра
Нəбиолла қандай қиянатқа куə болса, соған араласып
қандай оқытушы, тіпті декан болсын, əділдігін айтатын
еді. Мысалы, студенттер асханасындағы мəзір нормадан
айтарлықтай төмен екенін байқап, соны түзеттірді.
Осының бəрін кек тұтты ма екен, Нəбиолла институтты
бітіруге қалған кезде аяқтан шалып, «Дипломдық
жұмысың шала, көлемі жеткіліксіз. Сірə, биыл диплом
ала алмайтын шығарсың» дей бастады. Басқа да қасақана
істер болмай қалған жоқ: аппақ костюміне қара шайыр
159
ма, май ма, бірдеңе жағып, осыған қатты шамданған
Нəбиолланы «крышаң кетіп қалды» деп емдемек те
болды. Ол ауруханаға жатып қалған кезде мен мектепте
оқу ісінің меңгерушісі едім. Директорға сөзімді өткізіп,
жұмысты қойып, ағамның қасына келдім. Сызу сызуға
икемім бар еді, соны сызыстым. Диплом жұмысы жоқ
дегенде 120 бет болуы керек екен, жазуым Нəбиолладан
аумайтын болғандықтан, дипломның бет саны та-
лаптағыдай болуы үшін атсалыстым. Содан не керек,
Нəбиолла дипломдық жұмысты «беске» қорғап шықты,
мемлекеттік емтиханды да «беске» тапсырды. Осы
айтылған авантюраның тапсырыс берушісі институт
емес, Нəбиолланың совхозға дипломмен оралғанын
қаламаған əкімқаралар да болуы мүмкін.
Адамды әуреге салудың көне тәсілі
Ол кезде адамның істі болуы, бірдеңе жамап алуы
аяқ астынан. Нəбиоллаға «əйел затына феодалдық
көзқараста» деген айып тағылып, жиналысқа
салынғанында Соқыр Қуандық деген бригадир
«Əйеліне күн көрсетпеген деген не масқара! Бұндай
кісіні түрмеде шіріту керек!» деп өршеленгені бар.
Қарап тұрсаң, жеңгем оларға арызданып жатқан жоқ,
өздері бəрін қолдан ұйымдастырып жүр. Бұл – ортада
көрініп келе жатқан адамды тұқырту, өз басымен əуре
қылып қою үшін жасалатын ежелден келе жатқан көне
тəсіл.
160
Сырымбай Нəжиоллаўлы:
Кәдуілгі қыр көрсету ғой
Тəтемді СХИ-ды бітірер шақта ақыл-есіне күмəн
келтірмек болғаны қолдан ұйымдастырған, арандату
деп білемін. Менің мамандығым – дəрігер. Егер оның
психикалық саулығына титтей бір күмəн болса, оны
ауруханадан шығармай қояр еді, шығарса да, есепке қояр
еді. Мұның бəрі – «анда-мында араласуыңды қоймасаң,
күнің осы болады» деп қыр көрсетіп, қорқытпақ
болғандардың ісі. Қастық қылғандардың бұл арамза
əрекеттерінен ештеңе шыққан жоқ, тəтемнің қоғамдық
белсенділігі бұл оқиғадан кейін артпаса, кеміген жоқ.
Индира Нəбиоллаќызы:
Мәшинені өртеп, әкемді кінәламақ болған
Бірде қастық қылғандар үйдің қасындағы жап-
жаңа автокөлікті өртеп жібереді. Сөйтіп, оны əкемнің
мойнына ілгісі келеді. Бірақ қастық ойлағандардың
жоспарлары жүзеге асқан жоқ.
Ауылдың жалпы жиналыстарында (сход) əкем
міндетті түрде сөз сөйлейді. Қордаланып қылған
мəселемді айтады, құр сынамайды, бұл түйткілдерді
шешу жолын ұсынады. Бұл айтқандары біреулердің
айыбын ашып, шымбайына тие ме, əйтеуір, бірте-
бірте мұндай жиналыстың болатынына дейін əкемнен
жасыратын болды.
Нəкеңнің үйінде сақталған құжаттары мен
қолжазбаларының арасында қызы Индираның
161
естелігінде айтылған мəшиненің өртенуі туралы
Набиолла ағамыздың өз қолымен жазған түсініктемесі
де бар екен. Соны қаз-қалпында ұсынайық.
Қаратөбе аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы
Ж. Ишангалиевке
Егіндікөл совхозының бас инженері
Сафуллин Набиолладан
17/VIII-79 ж.
Түсініктеме
«ГАЗ-53» АВВ-3,6 №86-74 ЗКА
автомашинасының өртенуі жайлы
Өз машинам жөндеуде жатқандықтан, 16 май күні
жұмысқа осы машинаны пайдаланып, жұмыс аяғында
Оралдан келіп жүрген котлопаздың инспекторы Пужра
Николай Федоровичті үйге алып келдім. Жəне кешке
шақыруы бойынша Магзумов Жөкеннің үйіне қонағыммен
осы машинаммен барып, үйге сағат 1-ге таман келіп,
машинаны үйдің қасына сөндіріп, есік-терезелерін
жауып, кілттеп жатып қалдым.
Қонақтықта бізбен бірге Сайқал, Мəмбетəлі, Ислям,
Серікқали, Аманкелді, Сайком, Ғабит, Шəмши деген
жігіттер болды.
Қонақтықта ерсі арақ ішілген жоқ, орынсыз қалжың,
шатақ болған жоқ. Николай Федорович арақ ішпейтін
адам екен. Мен де арақ қолданбайтын едім. Əйткенмен,
үй иесінің көңіліне қарай, рюмканы аузыма апарып,
ішкендіктің «ырымын» жасап отырдым.
Таңға жақын есік қатты қағылып, «Өрт!» деген
дауыстан оянып шыға келгенде бензовоздың шоферы
Нұрғалиев Бауыржан біреудің машинаға от салып қашып
162
кеткенін өте алқынып тұрып айтты, ал машинаның асты
орта тұсында өте қатты жалындап жанып жатты.
Қапелімде «өрт» дегенде оянатын инстинкт болуы
керек, коридорда тұрған бидондағы суды ала шықтым.
Кейін жанып жатқан бензиннің суға сөнбейтіні есіме түсіп,
«Машинаны сүйреп бұлаққа салып жіберсе, алдыңғы
жағы аман қалар ма еді» деген ой келіп, «Машинаң
қайда? Немен кедің? Тез тіркеп, бұлаққа алып қашайық»
дедім. «Машинам Бисалиев Мақсоттың (менің үйіме 60
метрдей қашықтықта көрші тұратын) үйінің қасында
тұтанбай тұр, аккумуляторы отырып қалған» деді.
«Басқа жүріп жүрген машина байқадың ба? Гаражға
машинасын қоюға ешкім келмеді ме екен?» дегенімде
«Ешкімді байқаған жоқпын, «монша»-дағы Утегалиев
Шамель сағат 1-2-лердің шамасында гаражға қарай кетіп
бара жатқанын естіп едім» деді. Жан-жақтан не машина,
не трактордың жүріп жүрген дыбысы естілмес пе екен
деп тың тыңдап, төңірекке көз жүгірткенде жерге үйден
құдық бағытына қарай төгілген сұйықтың ізі байқалды.
Бауыржан екеуміз де еңкейіп қарап, солярка екенін
анықтадық.
Бактың төңірегі жəне астыңғы жағы тұтастай жəне
қатты жанып жатқандықтан, бак жарылып, сарай немесе
үйге от тиіп кетпесе екен деген қауіп менде де болды.
Бауыржанға «Күрекпен əрекет жасаса, болмас па екен?»
дегенімде «Бак жарылып кетер, қауіпті ғой» деп ол да
сақтандырды.
Өртті көрген бойда «біреу қасақана өртемеді ме
екен?» деген оймен «Бейсеубет ешкім көзіңе түспеді
ме?» деп сұрадым. «Көрдім, бір адам қашып кетті,
бірақ тани алмадым» деді. «Неге қумадың?» деп едім,
«қорықтым» деді. «Бой шамасы, дене тұрқы қандай,
киімінің түр түсін байқадың ба?» дегенімде «Үстінде қара
киім, басқасын аңғара алмадым» - деді. «Көріп тұрып,
163
қылмысты адамды неге жіберіп қойдың? «Өрт шығып
жатыр, кері қайт, кімсің?!» деп айқайлау міндетің еді ғой,
сонда, ең болмаса, бетін бұрып қарауы мүмкін еді ғой, ол
оған құлақ аспаса, шын мəнісінде, өрт жіберген сол адам
екені өзінен-өзі анықталатын еді, дұрыстап шыныңды
айтшы, қашып бара жатқан адамға не де болса, бірдеме
айтуың керек еді ғой, дегенімде – «Мен машинамды
тұтандыра алмай жүріп, сіздің үй жақтан шыққан түтінді
көзім шалды, соны анықтайын деп қозғала бергенде
тапырақтап шауып келе жатқан адамды көріп, «Ей, аға,
бұның не?» деп қалдым» дегенде мен іле: «Аға» деп
айтқан болсаң, сенен үлкен кісі болды ғой, онда танитын
адамың болды ғой, кім? Шыныңды айт, деп едім, мүдіріп
қалды.
Машинаны құтқарудан үміт үзіп, адамдар өріп кетпей
тұрып із кесіп көрсе деген оймен жəне тиісті орындарға
шапшаң хабарлау үшін машина тауып алу керек болып,
«Машинаң неге тұтанбайды, совсем үмітсіз бе деп едім
«Жоқ, əурелеп көрсе, тұтанар» - деді. Жəне бірден
келіп, маған «газды ұстаңыз» деді де, өзі бұрады, от
алмады, іле капотты ашып, катушкаға перемычка беріп,
бұрағанда бірден тұтанды. Кейін сол машинамен барып
учаскелік милиционер Аманжолдың терезесін қақтым.
Үйден «ауылда жоқ» деген дауыс естіген соң директор
Матжановтың үйіне келіп, жағдайды айтып жəне
телефонмен хабарлауға рұқсат сұрадым. «Ол телефон
Шəбілдің (партком) үйіне қосулы, содан хабарла» деді.
Шəбілдің есік-терезелерін қағып, телефонға рұқсат
сұрағанда «Директорға қосулы еді ғой» деді. Мен «Жүсіп
сізге қосулы деген соң келіп тұрмын» дегенде, «Жоқ
Жүсіпте қосулы болуға тиісті» деді. Мен үшінші қайтара
«Не де болса, звондап көрейін, болмаса, коммутаторға
барармын» дедім. Звондап едік, ала алмадық. Шəбіл
үйінен сағатқа көзім түсіп еді, 5-ке 5 минут қалған екен.
164
Соған қарап, уақиға сағат беске 15-25 минут қалған
шамада болды-ау деп ойладым.
Коммутатордың кілтін сұрап, Əділ Сахиповтың
үйіне келдім жəне ол кісіге бірге жүруін сұрадым,
конторға келсек, сырты кілттеулі екен. Əділ кілтті
əкелу керек деп еді, мен кілттің кекілін суырып ашып,
коммутаторға кіріп телефон шнуры Жүсіптің квартиріне
қосулы тұрғанын көрдім. Содан кейін звондап, кезекші
милиция Файзоллаға хабар бердім, басшыға таңертең
хабарлармын» деді. «Мен Егіндікөлде болғалы бұл
бірінші өрт емес, автолавка, дүкен т.б. бірнеше оқиғаның
сабақтас болуы мүмкін, тез «Басшыға звондап, жауабын
беріңіз» деп едім, «Тұтқаны Хахашқа берейін» деді. Ол
кісі шарасын аламыз деді. «Мен не істеуім керек?» деп
сұрадым. «Машинаның төңірегіне ешкімді келтірмей,
оқиғаның ізін сақтауға тырыс?» деді. Осыдан кейін өрт
инспекторды сұрап, ол жоқ болып шықты.
Коммутатордан шығып, үйге келсем, үйдің қасында
Николай Федорович, өз зайыбым, шофер Аманжан
Бижанов, автопарк күзетшісінің жолдасы Айдаш
Саришанов жүр екен. Содан кейін Тимур Макашев жəне
мотоциклмен Талғат Хангереев келді, үстінде күрте. «Таң
атпай қайдан келесің?» дегенде «Тұщықарадан келемін
деді. Келген адамдардың бəрі де машинаға жақын келіп
көргісі келіп ентелеп жүрді. Бірақ мен: «Ешқайсың да
жақындамаңдар, органнан келген соң өздері қарайды»
деп, адамдардың кейінге кетуін сұрадым. Жүсіп екеуміз
əр жерден із кесіп көріп, іздердің бар екенін анықтадық.
Бірақ өзім жүгіріп өткен ізді кездестіре алмадым. Күн жел
болғандықтан, құмдағы іздерді үріп кете ме деп, үйден
табақ, тазиктер алып шығып төңкеріп, жан-жақтарын
құммен көмдім. Қадамдарының шамасын білуге қажет
болар деп бір жерде одеялмен, екі жерде киізбен жауып
қойдым. Адамдар өріп кетпей тұрып құмға түскен іздер
165
анық көрініп жатады. «Із кесу керек еді» деп едім,
Əділ қозғала қойған жоқ, Жүсіп машинасымен айналып
кетті.
Содан кейін шəй ішіп, конторға барып, Николай
Федоровичтің жұмыстарын бітірдім. Осы кезде
автоинспектор Нурмуханов келді, телефонмен ауданға
хабарласып, үйге келдік. Түсте Тасқали Қанатқалиев
жəне Жамбыл Шапкенов келгенше уақиға болған
жердің өзгермеуін қадағаладық. Олар куəлар əкеліп,
осмотрға кірісті. Мінекей, болған жағдай туралы көрген,
білгенім осы. Осмотр кезінде есіктердің кілттеулі,
бактың крышкасы сол жақ подножканың үстінде
жəне бактың спускной пробкасының запас доңғалақ
қоятын кронштейннің үстінде тұрғанын көрдік. Сол
жақ алдыңғы доңғалақтың қасында шелек тұрды жəне
сарайдың іргесінен шеті күйген бүктелген ортасында
фильтрлі сигареттің тұқылы бар қағаз көрдік. Оны менің
жолдасым Разия көрсетті. Ашып қарап «Мəдениет жəне
тұрмыс» журналының екі парағы деп ойладық жəне
біздер «Мəдениет тұрмыс» журналына жазылған жоқ
едік.
Егер өрт қастандық мақсатпен əдейі жасалған болса,
кім жасауы мүмкін екенін анық білмеймін. Менің жеке
басыма бұндай жаулық əрекет жасауға негіз жоқ деп
есептеймін. Бірақ іске қатысы бола қалса, төмендегідей
жағдайларды ескерту міндетім деп есептеймін.
1) Автомашиналарға электрооборудованиеден за-
мыкание жиі жасалып, сымдарын орып қиып кету неме-
се қиып, бөліп алып кету кездесіп жүрді.
2) Бұрнағы жылы посев кезінде Дина Баубекованың
«К-700» тракторының двигателі пробкасы түсіп қалып,
стройдан шықты.
3) 1978 жылы тех.осмотр кезінде Есетбаев
Құлынтайдың машинасына свечаны ағытып, ішіне темір
салып қойғандықтан, поршен уатылып кетіп, осмотрдан
166
өтпей қалды.
4) Мен Егіндікөлге келместен бұрын қырманда
«ЗАВ-20» тұқым тазартатын щит управлениесінің
барлық проводтарын орып қиып тастаған. Осындай
фактілерге қарап, совхоз директорына жəне сельсовет
председателіне хабарлап, органның адамдарына
хабарлап зиянкес адамды табу қажеттігін əлденеше
ескерттім.
Электрооборудование төңірегінде жасалып жүрген
зиянкестік өте ақылды, яғни электрооборудованиеден
хабары мол адамның қолымен жасалып жүргенін байқап,
совхоз басшыларынан, механиктерден «Бұны кім жасауы
мүмкін? Білімі мен еңбегі бағаланбай немесе жұмыстан
босап т.с.с. зəбір шегіп жүрген адам бар ма? деп сұрап
жүрдім.
Аудандық ішкі істер бөлімінде əңгіме қылғанымда
«Уақиғаны суреттеп жəне кімге шүбаланатыныңызды
көрсетіп, арыз түсір, əйтпесе, қарамаймыз» деді. Нақты
дерексіз ешкімді кіналай алмадым.
Аэропорт басшысы Ахатов Ғалымжан деген азамат
əйелінен жұмысты дұрыс жасауын талап еткенді «қысым
жасады» деп сылтау қылып, мен туралы орынсыз өсек
əңгімелер, негізсіз арыздарды бірнеше адреске жазып
менің беделімді түсіруге жəне жолдасым Разияны
«Тұрмысқа ойланбай қате шыққан екенсің, тез қатеңді
түзеуге əрекет жаса, əйтпесе, адам болмайсың» деп
азғырып келді.
Басаров Кəрім деген азамат мен Егіндікөлге
жұмысқа орналасқаныма ай толмай жатып, 20 пункт
арыз жазып, совхоз, аудан мекемелерінен түгел өтіп,
облыстың бақылау комитетіне дейін барып, қайта-
қайта тексерулерге көп уақытым ысырап болды. Бір
ескеретін жағдай – арыздағы материал ішінде өзі білуге
мүмкіндігі жоқ деректер де бар. Осыған қарағанда,
арыз иесі Басаров болғанымен, оны жазуға көмектесіп,
167
ұйымдастырушы басқа адамдар болуы мүмкін.
Өз үйімде шəй үстінде Хангереев Талғаттан мынадай
жəйді естіген едім: «Макашев Губайдулла өзіне ұнамаған
адамдарға қалайда бір қырсықтық ұйымдастырып жүреді,
өткенде мені шақырып алып ақша берем деп, «Біреудің
2 баллонын бірдей жарып бер» деп өтініш жасады. Бірақ
мен қатты ренжіп шығып кеттім» - деген еді.
Бұларды уақиғаға қатысы бар деп айта алмаймын,
əйткенмен, кімдермен «қырын көздеу» қатынаста
жүргенімді білдіру үшін келтіріп отырмын.
Қорытындылап айтқанда, машинадан біреу бензин
алам деп байқамай шырпы тұтатып не темекі тартып
өртеп алуы немесе əдейі қастықпен өртеуі де мүмкін
деп ойлаймын.
Түсініктеме беруші
/Сафуллин Н./
Зайыбы Разия Сапарєалиќызы:
Болмай қалған жол апаты
1978 жылы Нəбиолла Егіндікөлдің жүк машинасымен
Оралға шығатын болды. Мен сырқаттаныңқырап жүр
едім, қалаға барып қаралу үшін мен де бірге ілесе шықтым.
Жолшыбай Қоскөлде аялдап, Оралды бет алып, екеуміз
жүріп кеттік. «Техпомощь» жүк машинасының жүрісі
Нəбиоллаға ұнамай келе жатыр. Ақыры Жымпитының
техникалық қызмет көрсету бекетіне (СТО) бардық. Ав-
тосервистегілер машинаның карданында ақау барын
анықтады. Сонда Нəбиолла «Қардан қараптан-қарап бо-
самайды, біреулердің қастығы-ау... Қайта мен машина-
ны жайлап айдадым, қатты жүргенде бірдеңеге ұшы-
рауымыз мүмкін еді...», - деді.
168
Жантас Нəбиоллаўлыныѕ естелігі:
«Менің жауларымды өздеріңе жау қылмаңдар»
Мұрағат материалдарымен таныса келе, 1970-80
жылдары əкеме қарсы ұйымдастырған іс-əрекеттердің
жүйелі жасалып, əжептəуір ресурстар жұмылдырғанына
көзім жете түсуде. Мысалы, 1980жылы басшысының
біліктілігі практикада дəлелденген, алдыңғы қатардан
көрініп жүрген шеберхана туралы «Егіндікөлде
дайындық өте төмен» деген мақала облыстық газеттің
бірінші бетіне жариялаған. Бірінші бетке ол кезде тек
бөлім меңгерушісінің мақаласы ғана жарияланады,
авторына 30 сом гонорар төленеді. Бұл – тапсырыспен
жүзеге асырылған шаруа. Бұны істегендер кім екендері
қазір белгілі. Бірақ əкем бізге «Менің жауымды өздеріңе
жау қылмаңдар» деп айтып кеткен. Сондықтан терең
қазбаламадым. Оның өмірден мезгілсіз ерте кетуіне осы
күйзелістің бəрі айтарлықтай əсер етті деп ойлаймын.
Біраз қудалауға түссе де, жоғары жаққа, құқық
қорғау органдарына шағымданғаны жайлы мəлімет
жоқ. Бəлки, Нəкең бұндай арыз-шағымдардан пайда
болмайтынын түсініп, өз ұстанымдарына сай іс-тірлік
қылып, сол үшін бауырын бүркітке талатуға көнген
Прометей секілді күн кешкен шығар.
Кітап атты қимасын, ұрласа, қалай шыдасын?!
Естеліктермен бөліскендердің айтуына қарағанда,
Нəкеңді аяғынан шалғысы келгендер ол қатты
құрметтейтін асыл дүние – кітаптарына дейін
169
тиісіпті. Оның талай құнды кітабын қойған жерінен
таба алмай, қапа болып, іші қан жылаған кезі көп
болыпты. Нəбиолла ағаның кітаптары бір оқып қоя
салатын əдеби кітаптар емес, күнделікті жұмысқа
керек, кəсіби кітаптар еді. Осындай қазынасынан
айрылу адамның көңіл күйін қалай күйретіп, жан-
дүниесін қаңыратып тастайтынын бұндай аярлықты
ұйымдастырғандар жете білгеніне күмəнім жоқ.
Осыған орай «Штази» неміс құпия қызметінің
амал-əдістері еске түседі. diletant.media/articles
сайтынан «Игры разума. «Биодеградация» Штази»
деген мақаладан қазақшаланған үзіндісін ұсынамын:
жекелеген диссиденттерді тұқыртып тастау үшін,
оларды сенімнен (соның ішінде өз-өзіне деген сенімнен)
айыруға күш салынды. Ол үшін нысанаға алынған
жан түрлі-түрлі масқара өсек («көгілдір екен-мыс»,
«жұбайына адал емес екен-мыс», «қолынан түк келмейді
екен-мыс») таратылады.
«Штазидің» ең сүйікті тəсілдерінің бірі –
құрбандықтың үйіне кіріп, оның үйіндегі заттардың
орнын, сипатын болар-болмас өзгертіп кету: сүлгіні
əдеттегіден басқа жерге ілу, шайдың сұрпын
ауыстыру, қағазды өзге жерге қою, терезені ашып
тастау, машинаны орнынан жылжытып қою, сағатты
өзгерту. Өздері шүйліккен жанға түнімен қоңырау
шалып, қайдағы жоқ заттарды (мысалы, вибратор, 20
пирог т.с.с) тапсырыспен əкелген болып мазасын алу –
арнайы қызмет үшін кəдуілгі нəрсе. Осындай шабуылға
ұшыраған жан да бірте-бірте өзінің есі дұрыстығына
күмəн келтіре бастайды, олар кейде қоғамдық
қызметінен бас тартып қана қоймай, өз-өзіне қол да
салып жатады. Осы Zersetzung бағдарламасынан зардап
170
шеккендердің саны анық емес, құрбандықтарының
саны он мыңға дейін барады екен. Олардың, жоқ
дегенде, жартысының денсаулығына орны толмас
залал келтірілген болып саналып, біразына кейінірек
зейнетақы да тағайындалды. Бұл тек Штази ғана
емес, көптеген арнайы, құпия қызметтің арсеналында
бар амал-шарғы көрінеді». Бұл мақаланы оқып отырып,
Нəкеңмен бірге істеген Ізбасаров Мұхит ағайдың
мына айтқаны есіме түсіп кетті: «Бірде Нəкең алып
келген көп кітабының екі-үшеуі жоғалып кетті. Біреу
сейфтің есігін қайырып, алып кетіпті. Менен көріп,
маған айқайлап ұрысты. Коленвал өлшейтін нутромер
жоғалғанда да менен көрді. 2-3 ай бойы ренжіп жүрді.
Мен оларды қайтейін, біреулер айналасымен араз
болсын, берекеті қашсын деп əдейі қастандық қылған
сықылды.
Осыдан кейін Нəкең үйден кітап əкелсе, шеберханаға
қалдырмай, қайтадан үйіне алып кетіп жүрді».
«Биодеградация» тəсілдері мен жаңағы естеліктің
арасына параллель жүргізе отырып, Нəбиолла ағаға да
тап осы Штазидікіндей болмағанмен, соған ұқсас əдіс-
тəсілдер қолданылмады ма екен деген ойға қалдым.
Осы тарауда баяндалған (баяндалмағаны қаншама)
түрлі кедергі, аяқтан шалу, қастық əрекеттер еріксіз
осындай ойға итермелейді. Бұның бəрі өздерінен
оқ бойы озық тұрған азаматпен ашық бəсекеге
шыдамаған замандастарының кəдуілгі қызғаныш, көре
алмаушылығы болуы мүмкіндігін де жоққа шығара
алмаймын.
Тарихта, əдебиеттте өзімен тең, сырласатын адам
таба алмай, құса болып, жапан далаға кетіп, үңгір-
лашықты мекендеген адамдар жайлы аз айтылмайды.
171
Біздің кітаптың бас кейіпкері қандай да бір теперіш
көрдім, жан дүниесі жақын, сырласатын адам жоқ
деп, елден безуді ойға да алған жоқ, керісінше, ел-
жұртымен тығыз араласып, оларға қолынан келгенше
қолайлы орта қалыптастыруға тырысты.
Торы бие неге сойылды?
Төлеген Сафоллаұлының «Өрбіген тана ұрпағы»
атты дастанында Серғазы атасында өңірде ешкімге
бəйге бермеген торы бие туралы баяндалады. Қоян,
түлкі, қасқырды аттатпай қуып жететін бұл жүйріктің
арқасында атамыздың шаңырағында ішіктің түр-
түрі самсап ілініп тұрыпты. Өмірден өтер шағында
Серғазы ата осы тұлпарды қазасына союға өсиет етеді.
Себебі «көздің құрты» болған бұл жүйрікке қызыққан
шолақ белсенділер бала-шағасына соқтығып, сор бола
ма деп қауіптенді. Жақсыны тартып алу, қолына түсіре
алмаса, тапау – нəпсінің ең жексұрын сипаттарының
бірі. Көрсе көз тоятын, бойына асыл қасиет, өнер-
білімді молынан жиған Нəбиолла аға да өз заманының
жүйрігі еді. Оның оза шапқанын көре алмағандар бұл
тұлпарды сүріндірмекке тырысып-ақ бақты. Бірақ олар
шаң қапқаннан басқа не тапты?!
172
«ЕС БІЛГЕН КЕЗІМНЕН БАСТАП
ӘКЕМДІ ИДЕАЛ ТҰТЫП КЕЛЕМІН»
Қазіргі қазақ қоғамының ақсап жүрген мəселелерінің
бірі – тəрбие. Ақиқатында, оны қазіргі қоғамның ғана
емес, бұрыннан күн тəртібінен түсіп көрмеген, қазақ
діл-тіл-дінінен ажыраған сайын қожырай түскен
түйткіл десе де болады. Нəбиолла ағамыз туралы
естелік жинау барысында одан тəрбие ісі бойынша
алар өнеге көп екеніне анық көзім жетті. Бұл істі
Нəкеңнің өз айналасын (бала-шаға, ағайын-тума т.с.с)
тəрбиелеуі мен өзге адамдарды жақсы бір іс-кəсіп-
қасиетке баулыған тəлімгерлігі деп екі топқа бөліп
қарастырғалы отырмын. Осы орайда қолыңыздағы
кітаптың алғысөзінде əңгіме болған пайғамбарлардың
тəблиғ (жеткізу) қасиеті ойға оралады: «Əрбір
пайғамбардың Алла Тағаладан алған діни үкім мен
тыйымдарын өз қауымына кемшіліксіз жеткізу ісін
«тəблиғ» деп атаймыз. Тəблиғ пайғамбарлардың дінді
жаю жолындағы ең басты əрекеті болып есептеледі.
Егер олар Жаратушыдан жеткен бүкіл əмір мен
173
тыйымдарды адамдарға айна-қатесіз жеткізбесе,
өз ісіне қиянат жасаған болып табылады». Осы
пайғамбарларды үлгі тұ ту, оларға еліктеу міндеттелген
адамдарға да өз деңгей-дəрежесіне сай тəблиғ – өз
отбасын тəрбиелеу жүктеледі деп білемін. Олай болса,
адам біреуге тəрбие беру үшін оны əуелі біреуден алу
шарт.
Бас кейіпкеріміз сусындаған бастау
Бұл тұрғыдан алғанда, Нəбиолла ағамыз – ата
тəрбиесін, əке тəлімін көрген бақытты жан. Өзіне тиесілі
жерге су тоқтатып, ағаш егіп, кішігірім оазиске айналдыра
білген; қарулы жауға оңай олжа болуды жөн көрмей
қарсыласып, жарақаттанса да, намысты қолдан бермеген
Серғазы атасы; жастайынан тіл мен есепке жүйрік, аш-
жалаңаш ағайынды құс етімен тойдырып, ажалдан алып
қалған, қолынан келмейтін ісі жоқ шебер, атбегі, қасапшы,
мал емдей білетін, аспан əлемінен əжептəуір хабары бар,
намысқой Сафолла əкесі; өнерпаз, асау үйретуші, мал
білгірі, өз заманының серісі Нəжиолла ағасы – осылар бəрі
Нəбиолла Сафоллаұлы үшін үлгі, тəрбиешісі болғаны
сөзсіз. Осындай ата, əке, ағалары бар адам қайдан осал
болсын. Нəкеңнің сегіз қырлы, бір сырлы адам болғанының
бір себебі сол асыл қасиеттерді бойына сіңіріп, дамытып
алғанынан деп ойлаймын. Бұл тарауда шотына түскен
ақшаны уақыт өте келе еселеп, көбейтіп барып қайтаратын
банк секілді, Нəбиолла аға алған тəрбие-тəлімді байытып,
өңдеп, заманына ыңғайлап барып ұрпақ, замандастарына
бергені туралы əңгіме қыламыз.
Нəбиолла аға мен Разия жеңгейдің кенжесі Венера-
ның естеліктерін қаз-қалпында дерлік ұсынамын:
174
Венера Нəбиоллаќызыныѕ естеліктері:
Әкемнен алған алғашқы сабақ
Əкем қайтқан кезде мен əлі мектепті де бітіре қойған
жоқ едім. Мен 7-8-сыныпта оқып жүрген кезде ол ауыра
бастады. Əкем тік мінезді, талапшыл болғаннан ба, көбі
қатал адам көретін. Бірақ ол жүрегі жұмсақ, мейірімді,
ақкөңіл адам болды. Өте балажан еді. Балаларды жақсы
көрді. Кішкентай бала көрсе, еркелетіп, маңдайынан
сипап жүретін. Біз кішкентай кезімізде бізді баласынбай,
ерінбей, кез келген нəрсені ежіктеп, мағынасын түсіндіріп
отыратын.
Бірде теледидардан ба екен, əйтеуір, «ойбай» деген сөзді
естіп қалып, соны қайталап «ойбай, ойбай» деп айқайлап
шауып жүр едім. Əкем мені шақырып алып жұмсақ
дауыспен: «Қызым, «ойбай» деп үйінен біреу қайтыс
болғанда, басқа бір жаманшылық болғанда айтады. Бұл
сөзді жөнсіз қолдана беруге болмайды» - деп жайымен
түсіндірді.
Репертуарымыздан шығып қалған «спектакль»
Нұртас ағам екеуміз əкеміз жұмыстан келіп, жуынып-
шайынып, шай ішетін бөлмеге беттегенде, жолын тосып,
есіктің екі жағына тығылып тұра қалатынбыз. Папа жа-
қындай берген кезде оқыс тап беріп, «В-а-а!» деп жамырай
кетеміз. Əкеміз бұған шошынғандай кейіп танытып, біз
мəз болатынбыз. Осы көрініс күнде қайталанатын.
Содан бір күні əкем ағам екеумізге: «Сендер ыстық
су немесе тамақ алып келе жатқан шешелеріңді мен деп
ойлап шошытсаңыздар, аяқ астынан бір қате болып қалуы
мүмкін. Ойнағанда абай болған жөн» деп байыппен
түсіндірді.
175
Мен қалай вегетариан болмай қалдым?
Жүрегім тым жұмсақ па, үйде мал сойылған сайын сол
малды аяп, жылайтынмын. «Мына қойды ертең соямыз»
десе, сол қой өрістен келмей қалса екен деп тілейтінмін
(ол келмесе, басқасын соятынын ойламаймын ба екен).
Соямыз деп алып қалғанда қой маңырап тұрады,
маңыраған сайын жүрегім ауырып, адам сияқты көріп,
қасына барып, өзімше сөйлесетінмін.
Бір күні мал сойылып, ас асылып, бəріміз дастархан
басына жиналдық. Мен баяғы малды адам сияқты көріп,
сойып тастағаны үшін «етін жемеймін» деп отырған
едім. Папам келе жатып, менің айтқанымды естіген екен.
«Қызым, мына төрт түлік малды өздерінің келісімімен
Алла тағала адамның қажетіне пайдалану үшін жаратқан.
Иесі өз қажетіне жаратса, мал қуанады екен. Бірақ бұлай
малды аяуға болмайды. Сен аясаң, оның жаны қиналып
шығып болмайды. Олай айтпа, қызым» - деп төрт
түліктің адамның қажетіне жаратылғаны туралы хадис
айтып түсіндіргені есімде.
Ауыра қалсақ, құрақ ұшып,
шауып жүретін еді
Иə, папам өте балажан кісі болды. Ауыра қалсақ,
бізге əкеміз көбірек көңіл бөліп, шыр-пыр болып
жүретін еді. Ауырған балаларына «постельный режим»
жасататын, қасында шылапшын, құманды қойғызып,
көрпемізді жауып, өзі қайта-қайта қызуымызды өлшеп,
қадағалап жүретін. «Аузының дəмін алсын» деп,
мамамыздың жапқан банкілерін ашқызатын. Содан
ба екен, қазір де сырқаттана қалсам, бірден градусник
176
салып қараймын, бұл бір емнің басы секілді көрініп,
жеңілдеп қалғандай боламын.
Папам бізге «Мен жұрт құсап дүние жиған жоқпын.
Байлық ол – қолдың кірі. Менің бар байлығым
– балаларым, сендерсіңдер. Сендер өмірде өз
орындарыңды тапсаңдар, менің негізгі мақсатымның
орындалғаны», - деп айтып отыратын.
«Әкең сияқты жылдам
«сообразить» ете алмас едім»
6-сыныпта оқып жүрген кезімде бірінші тоқсан
аяқталғаннан кейінгі күзгі демалыста қатты ауырып
қалдым. Күн салқын болатын. Мамам жұмыстарымен
қалаға кеткен. Үйде папам, ағам, мен болатынбыз. Түскі
тамақ ішіп болғаннан кейін ішім қатты ауыра бастады.
Басында ешкімге айтпай жүре тұрғам, ішімнің ауруы
күшеймесе, басылатын түрі жоқ. Содан папам біліп,
«қалай ауырып тұр? қашаннан бері ауырды?» деп
сұрақтарын қойып, уайымдап жүрді. Өзінің білген бар
емін жасады. Басылар емес. Сол күндері ауылға Дина
деген емші келіп жатыр екен, дереу естіп, соны барып
ертіп келді. Ол кісі ештеңе айта алмай, су үшкіріп
«осыны ішіп тұрсын» деп кетті. Дəрігерлер де ештеңе
айта алмады. «Жолдама жазып берейік, қызыңызды
аудан орталығына алып барыңыз», - депті. Папам
ойланып, «Қазір күн суық, техника да сенімсіз, ауданға
барар жолда бұзылып қалып жатса, жапан далада
қалармыз. (Ауданға баратын жол кəдімгі далалық қара
жол болатын). Не болса да, бірден қалаға алып кетейін,
қандай жағдай болса да, трассаның бойы, көліктер
177
табылады ғой», - деп қалаға
көлік іздестіре бастайды.
Ол уақыттарда ауыл мен
қаланың арасындағы
жолдың жағдайы қазіргідей
жақсы емес, автобустар
ұзақ жүреді. Папам ауылды
шарлап, жеңіл көлік іздепті.
Ол заманда жеңіл көлік
те ауылда көп емес. Сол
кезде ауылда директор
болған Жұмагелді ағайдың
қызы менің кластасым еді,
артынан содан естідім,
папам барып, «Қызым
ауырып жатыр, қалаға апаруға көлік сұрай келдім»
деп барған екен үйлеріне. Бірақ қандай себеп айтқанын
білмеймін, ол көлігін бере алмаған.
Содан мен ауырғаннан бастап үшінші күн дегенде
Қаман деген бізбен рулас ағайдың жеңіл машинасымен
қалаға зулап бара жаттық. Бекерге алып бара ма деп
қипақтап, іштей ыңғайсызданып барамын. Себебі
ішімнің ауырғаны басылмағанымен, отырсам, ауру
тарап кеткендей болады. Қалаға жеткеннен кейін
ондағы дəрігерлер бірден диагноз қоя алмады. Екі күн
тамақ ішпегендіктен, ағза əлсіреп қалған деп маған
система қойды. Сол сəттен бастап қызуым қатты
көтеріліп, ішім шыдатпай ауырды. Мұз бөтелкелерді
үсті-үстіне əкеліп қолтығыма салады, олар əп-сəтте еріп
кетеді. Папамның мені алып келгенін естіген мамам,
оқудағы апа-ағаларым да дереу ауруханаға жеткен
екен. Медбике маған солардың беріп жіберген пакетін
178
алып келді. Пакетте не екенін қарауға күйім жоқ, бірақ
тəтті жеміс-жидектің иісі мұрнымды жарып барады.
Сөйткенше болмады, пакетті əкелген медбике келіп,
пакетті кері алып кетті. «Саған тамақ ішуге болмайды,
қазір сені операцияға апарамыз», - деді. Диагнозым
белгілі болған екен, сөйтіп бірден операция үстеліне
жөнелтті – жарылып кеткен соқыршек екен. Сонда ота
жасаған дəрігер папама айтыпты: «Енді бір аз уақыт
ота кеш жасалса, қызыңыздан айрылып қалатын едіңіз»
деп. Артынан Мамам айтады ғой: «Мен болсам, «А,
ұшынып қалған ғой, жазылады ғой» деп жүріп, өлтіріп
алар ма едім. Əкең сияқты жылдам «сообразить» етіп
қимылдамаймын ғой» - деп. Операциядан шыққаннан
кейін де əкем палатада менің қасымда жатты.
Балаларға арналған кереуетте екі бүктетіліп жатқаны
əлі көз алдымда. Тамағымды береді, басымды жуып,
шашымды тарап береді. Дəрігерлеріммен ақылдасып,
қасымда шауып жүрді. Кішкене жағдайым түзелгенде
іші пысты ғой деп оқитын кітаптар, ойларын жазсын деп
қағаз, қалам əкеліп берді. Екі жұма ауруханада жатып,
үшінші жұма дегенде ауылға келдік. Ауылға келген соң
да папам менің ішетін тамақтарымды қадағалап, өзіме
бөлек жеңіл тамақ пісіртіп, дəрігерге тексеруге апарып
жүрді.
«Фатиха», «Ықылас» сүрелерін жаттау
маған өте оңай болды
Папам əр жұма міндетті түрде шелпек пісіртіп,
аруақтарға сүре бағыштап, дұға қылатын. «Фатиха»,
«Ықылас» сүрелерін жаттау маған өте оңай болды,
себебі папамның Құран оқыған дауысы құлағымда
179
жатталып қалған. Папам «Ерте тұрған еркектің ырысы
артық, ерте тұрған əйелдің бір ісі артық» дегенді
жиі айтатын. Таңертең ерте тұратын. «Адам күнмен
таласа тұруы керек» дейтін. Оқудан демалысқа келген
ағаларым кейде «вечерден» келіп, таңертең тұрғысы
келмей жатса, «Ұйқыларың қанбаса да, тұрыңдар, ендігі
ұйқыдан пайда жоқ, түскі астан соң демаласыңдар» деп
тұрғызып жіберетін.
Бізді біреумен бәсекеге түсуге баулыған жоқ
Папам бізге ешқашан «Сабақты 5-ке оқыңдар,
біреудің баласынан қалып қоймаңдар, олимпиада,
жарыстарға бара жатқанда да қалай да орын алыңдар»
деген əңгіме айтып көрген емес, Жарыстардан орын
алмасаңдар, ештеңе етпейді», дейтін. Қалыптасқан
үрдіс сияқты сабағымызды үндемей өзіміз оқып жүре
беретінбіз.
Әкеміз бізді желеп-жебеп жүр деп ойлаймын
Мектеп бітірерде «Алтын белгіге» ұсынып, соны
қорғау керек болып, сынаққа дайындалып, уайымдап
жүргенімде, папам түсіме еніп, маған сырты жылтыр
шоколад кəмпит берді. Көп кешікпей емтиханды
ойдағыдай тапсырып, «Алтын белгіні» қорғадым. Сол
кезде папам о дүниеде жүріп, бала-шағасын желеп-
жебеп жүрген шығар деп ойладым.
Мектепте төртінші пəн ретінде əдебиет сабағын
таңдап, дайындалып жүргенімде жүрегімнің түбінде
болашақта сөз өнерінің қыр-сырын үйреніп, əкем
туралы кітап жазсам деген арман болатын.
180
Жантас Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:
Сенім артқаны күш берді
Бірде ауылдың жылқылары жоғалып, оларды
Кіндіктіден таптық. Бөтен айғыр қуып алып кетіпті.
Ауылға осы айғырды мініп, үйірді айдап бару керек
болды. Айғырың адам көрмегендей осқырынып,
арқырап тұр. Əкем арқаннан жүгеннің нобайын
келтіріп, жалы күжірейген айғырдың басына салып,
үйірді ауылға жеткізу шаруасын маған жүктеді. Бөтен
айғырдан құлап қалады-ау, мертігіп қалады-ау дегенді
ойлап тұрған жоқ. Керісінше, «ұр» деп қолыма қамшы
беріп жатыр. Жүрексініп тұрсам да, бір жағынан,
əкемнен сескеніп, бір жағынан оның маған сенім
артқаны күш беріп, айғырға мініп алдым. Бұл жануар
басында ырыққа көніңкіремегенмен, біртіндеп ыңғайға
келіп, үйірді ауылға айдап алып келдім. Асау айғырды
ерсіз жайдақ мініп, үйірді біраз қашықта орналасқан
Кіндіктіден айдап келгенімде əкемнен мақтау естігенім
жоқ. Ол бұны кез келген ер бала атқаратын қатардағы
шаруа деп қабылдаса керек.
Ғибратты сәттер
Əкемізбен бірге болған əр сəт – біздер үшін сабақ.
Елдос екеуміз қой бағып жүрген кезімізде бізге
қулқуолланы үйретті. «Жұмыс істеп жатқан кісінің
қасында құр қарап тұрма, көмектес», - дейді. Əйтеуір,
əкеммен бірге болған əр сəттен бір ғибрат алуға болатын
еді.
181
Спорт және домбырамен беріліп
айналысуымызға қарсы болды
Біздің спорт пен домбырамен беріліп айналысуымыз-
ға үзілді-кесілді қарсы болды. Артынан барып түсіндік:
сол кездегі спортпен кəсіби тұрғыда айналысқандардың
біразының тағдыры қиын болды. Ал домбыра жағына
келсек, біріншіден, ауылда домбыраны дұрыстап
үйрететін өнерпаз болмады. Екіншіден, домбыра
үйреніп, сауық-сайранға салынып, үй-көрмей кеткен
кейбір «жандардың əттеген-айы да себепші болса керек.
Сондай-ақ əскери мамандықты таңдағанымызды да
қаламады. Бұл турасында «Отбасыңа қарай алмай, бір
жерден екінші жерге көшесің де жүресің», - дегені бар.
«Сабақ оқы!» деп қинаған жоқ. Қандай баға алып
жатқанымызды да қатаң қадағалаған емес. Жарық сөніп
қалса, қасына иіріп алып, жақсы əңгімелер айтатын
еді. Əсіресе, Абай атамыздың қара сөздерін жиі оқып,
мағынасын айшықтады.
Елдос Нəбиоллаўлы:
Біз қалай балабақшадан қаштық
Төрт жасар кезім, Жантас үште, екеуміз балабақшадан
қаштық. Қашқан себебіміз – балабақша ауласынан ауыл
ішіне автобус тоқтап, одан Жігерлендегі Дүйсекеш
ағаның қызы баласымен түсіп жатқанын байқап қалдық.
Бұл кісілердің осы Егіндікөлдегі ең жақын адамдар
– біздің үй. Міндетті түрде бізге келеді. Сондықтан
балабақшадан үйге қашып кетуді жөн көрдік. Түскі
182
астан кейін бəрін ұйқыға жатқызған кезде біз көзімізді
өтірік жұмып, дайындалып жаттық. Бəрі саябырсыды-
ау дегенде жайлап тұрып, далаға бет алдық. Сыртқа
шығып, баспалдақтан түсе бергенімізде тəрбиеші Роза
апай байқап қалып, «Қайтыңдар!» деп айқай салды. Мен
сəл кідіріп қалып едім, Жантас «Тоқтама, қаштық!» деп
жүгіре берді. Əп дегенде бой тасалап кету үшін жақын
жердегі талдардың арасына қарай жүгірдік. Сытылып
кетіп бара жатқанымызды көріп, артымыздан қуған
Роза тəрбиешіміз үйге бізден бұрын жетті. Барсақ, əкем
үйде екен. Негізі, əкем өте ыссы кісі ғой. Бір ғажабы,
тəрбиешіміз арыздап келсе де, осы жолы ұрыспады.
Жантас Нəбиоллаўлы:
Емтиханға дайындалуға
бүкіл жағдайды жасады
1999 жылы абитуриент кезімде əкем екеуміз қалаға
бірге бардық. Осы сапардың шығынына жарату үшін
құла биені сатты. Қалаға емтихан басталардан бір ай
ерте келіп, жатақханадан бөлме алып жаттық. Əкем
мен үшін арнайы режим жасады: ерте жатқызып, ерте
тұрғызады. Емтихан тапсыратын төрт пəн бойынша төрт
репетитор жалдады. Оларға əр сағаты үшін 500 теңгеден
төледі. 1999 жыл үшін бұл - əжептəуір қаражат.
Математика бойынша репетиторлар көңілден
шықпай, ауылдан Елдосты шақырып алып,
математикадан ағам дайындады. №7 бөлмеде жаттық.
Емтиханды Қазақ мемлекеттік Заң академиясына
«Заңгерлік» мамандығына тапсырдым. Əкем менің
емтиханға дайындалуым үшін бүкіл жағдайды жасады,
183
тамаққа дейін өзі пісіріп жүрді. Емтихан тапсырып,
81 балл жинадым. Бірақ оқуға түскен-түспегенімді
əлі білмейміз. Нəтижесін хабарлағанын күтіп, қалада
болдық.
Бір күні көшеде Оралдағы мемлекеттік универ-
ситеттің ректоры Рысбеков Тұяқбай Зейітұлымен
қарсы келіп қалдық. Əкем оны танымайды ғой, біз
оған бұл кісінің ректор екенін айтқанымызда, ол дереу
Тұяқбай Зейітұлына жолықты. Оған «Ауылдан келіп
едік, мына баламыздың оқуға түскен-түспегенін біле
алмай жүр едік», - деді. Ректор əкеме түстен кейінгі бір
уақытты белгіледі. Айтқан мезгілінде əкем ректордың
қабылдауында болды. Бір мезгілде қабылдау бөлмесінен
шықты. Қасыма келгенше ештеңе байқатпады, əбден
тақалған кезде ғана жаймен «Өтіпсің, балам, өтіпсің»
деді. Жəне ректорға осы кірген кезінде Индира мен
Елдостың сессиядан қалай өткенін, стипендияға ілікті
ме, жоқ па, соның бəрін қысылып-қымтырылмай,
именбей сұрап-біліп алыпты. Сөйтіп, ешкімді ортаға
салмай, ақша шығармай, бүкіл шаруаны бітіріп
шықты.
Киімге кеткен екі мал
Екінші курста оқып жүргенімде Оралдағы оқуым
жабылып, мен Ақтөбеге ауыстым. Сонда 25 қазан күні
əкем мені орналастыруға Ақтөбеге бірге барды. Оқу
орныма жақын жердегі орыс кемпірдің үйіне пəтерге
жатқызды. Мен үйінде иіс бар деп жақтырмай тұрдым.
Сонда əкем ваннаны өзі аппақ қылып жалтыратып жуып
берді. Көп ұзамай, қысқа жақын əкем Ақтөбеге тағы
келді. Мен сабақтан шығып киім алуға кезекте тұрсам
184
папым келіп тұр. Топта бірге оқитын қасымдағы балдарға
пирожки алып берді. Екі малды сатып, бар ақшаны
ала келіпті. Осы ақшаға маған костюм, кроссовка,
водолазка, папка, оқу құралдарын, не керектің бəрін
алып берді. Сол кез үшін өте бай киіндіріп кетті.
Нўртас Нəбиоллаўлы:
Жинақы жүруге баулыды
Əкем қара жұмысқа көп араласқан жоқ. Оны Елдос,
Жантастар атқарды. Əкем үйде болсын, түзде болсын,
отырыста да ортаны меңгеріп, қас-қабағымен билеп
отыратын еді.
Кез келген оқыс оқиғада сасып қалмайтындай, жинақы
жүруге қатты көңіл бөлді: ит үрген кезде далаға бірден
дыбыссыз шығуың керек, сол үшін сұға салатын галош
өзінің орнында тұруы керек. Ұстай шығатын фонарик,
таяқ та солай, ылғи бір орыннан табылуы тиіс.
Санамызда ата-баба жолына деген
құрмет қалыптастырды
Үш əулиенің басына түнекке апарды:
5) Едіге ишан
6) Бисеке ата
7) Сүлеймен ата.
Əсері мен ғибраты көп бұл сапардың əрқайсысына
жеке əңгіме арнауға болады. Əкеміз осы сапар, түнек
арқылы санамызда ата-баба жолына, əулиелерге деген
құрмет қалыптастырды.
185
Дастарханның берекетін келтіретін
Дастархан басында ортақ бір əңгіме айтылуы керек
деп, əркімнің өз бетімен жамырап кетпеуін қадағалай-
тын еді. Əзіл айтса да, əділ жəне дəл сөйлейді. Зəру апай
сықылды аруақты адамдарды ерекше құрметтеп, арнайы
қонаққа шақырады. Бұндай қонақ келген кезде кейбір
адамдар сықылды балаларын аулақ қуып жібермейді,
керісінше, қонақтармен бірге дастарханға отырғызып
қойып, əңгіме тыңдатады. «Балалар қонақтармен бірге
отырып, дұрыс əңгіме тыңдауы керек. Баланы дастархан
басынан қууға қарсымын. Дастархан басында баласы-
ның бірге отырғанын неліктен қаламайды? Ол жерде
əдепсіз, бейпіл əңгімелер айтылады деген сөз. Ал мұндай
əңгіме айтатын «қонақ» менің дастарханыма лайық
емес» дейтін еді.
Ешкіммен бәсекелеспе
«Ешкіммен бəсекелеспе. Біреуден озамын деген
ойдан аулақ бол. Қылмысқа апаратын нəрсе өтірік. Бір
нəрсені бүлдіріп мойындасаң, жаза жоқ» деген сөздері
құлағымда қалып қойыпты.
Өтірік айтқанды қатты жек көрді
Өтірікке жаны қас болды. «Адам өтірікті дұшпаны-
на айтады, ағайынға өтірік айту – опасыздық» дейтін.
Əкемнің аңға шыққанда үйректің дауысын салып, оларды
шақыру үшін қолданатын ысқырғышы бар еді. Мен
сонымен ойнап жүріп, духовканың түбіне тастап кетіппін.
186
Анам духовканы қосқан кезде əлгі ысқырық балқып,
жарамсыз болды да қалды. Содан менен «Ысқырықты
духовка ішінде қалдырған сен бе?» деп сұрады. Абырой
болғанда, шынымды айтып, мойындадым. Өтірік айтпай,
бірден мойындағасын ұрысқан жоқ, «Бұндай заттар қатты
ыстыққа шыдамсыз ғой, балам. Жарар, ештеңе етпес,
келесіде есіңде болар» деумен шектелді.
Уақ-түйек деген болмайды
Əкем үшін уақ-түйек деген болмайтын еді. Тіпті
төсек салудың да өз ыңғайы бар - жамылғы көрпені
жайылған көрпенің аяқ жағына, тартып қалған кезде
жамыла кетуге ыңғайлы қылып, бүктеп қоюды
үйрететін. Кейін медреселерде төсек салу тəртібі
осыған ұқсас екенін білдім. Бəлки, бұл мешіт-медресе
көрген арғы ата-əжелерімізден келе жатқан тəртіп
шығар. «Шалбарды жинаудың да өз тəртібі бар» дегені
есімде. Содан бастап, шалбарды қалай болса, солай
тастап көрген емеспін, ылғи бүктеп қоямын.
Ақылға салып қимылдауға,
аңғарымпаздыққа үлкен мән берді
Аңқау, тым сенгіш болмауға да тəрбиеледі.
Аңғарымпаздыққа үлкен мəн береді. Сыртқа шығып
келсең, ауа райы туралы тəптіштеп сұрайды. Дұрыстап
сипаттап бере алмасаң, көңілі толыңқырамай қалады.
Енді қайта кейітпеу үшін осыдан кейін айналаңдағы
нəрсенің бəрін аңғарып жүруге тырысасың. Себебі біз
əкемнің көңіліне қаяу түсірмеуге, шама келсе, қуантуға
тырысатын едік.
187
Бірде əкем Серік деген көрші ағаймен шахмат
ойнайды. Əкемнің жасы ұлғайып, ауырып жүрген кезі.
Серік ағай əкемді бірнеше рет жеңіп тастапты. Содан
соң бұл адаммен Елдос ағам алты партия қатарынан
ойнап, алтауында да жеңіске жетеді. Бірақ осыдан кейін
əкемізбен ойнаған кезде əдейі жеңіліп қалады. Серік
ағамыз ештеңе түсіне алмай, аң-таң болады.
Қалау-сұраныстарымыз әкеміздің
назарынан тыс қалмайтын еді
Əкем ағаларымның баспаққа мініп жүргенін көріп,
«Тай алып берсем, баға аласыңдар ма?» деп сұрады.
Тасжан ағайдың үйінен Ақтанауды алып келген кезде
мен бірінші сыныпта оқитын едім. Танауының алмұрт
формалы ақтығына қарап, Ақтанау атап кеттік. Күн
суытып, қыс түсе бастаған, Ақтанаудың келгеніне көп
бола қоймаған кез. Бірде қас қарайған шақта қораға
барып, жарықты қосып, Ақтанауды қызықтап қарап
келдім. Мен қораның есігін аша бергенде Ақтанау
кісінеп жіберді. Үйге кіргенімде əкем: «Ақтанау не істеп
тұр?» деді. Мен «шыңғырып тұр» деп жауап бердім.
Балам, есіңде болсын, жылқы қасқыр шапқанда не бір
нəрседен қатты қиналған кезде ғана шыңғырады. «Басқа
кезде «кісінеді» деп айтқан орынды болады» - деді.
Осы туралы Ақтанаудың бұрынғы иесі Тасжан ағайға
əңгімелегенімде, ол: «Басқа біреу болса, «кісінеді» деп
айт» деп қоя салады ғой. Ал Нəкең өз əдетінше егжей-
тегжейлі түсіндіріп тұр. Себебі, осылай түсіндірсе,
айтқаны сіңімдірек болатынын біледі» - деді.
188
Индира Нəбиоллаќызыныѕ естеліктері:
Ертегі оқымай қойған күн
Əкем білімге қатты көңіл бөлді. «Байлық уақытша.
Білімнің арқасында ғана адам боласыңдар» деп
отыратын еді. Алдымдағы қыз бала қайтыс болғасын ба
екен, мені өте еркін өсіріп, қатты еркелетті. Мектепке
арқалап алып барады. Еркеліктен бе екен, үйренген
əрпімді ұмытып қалатын едім. Соны əкем кəдімгідей
уайымдап жүрді. Маған əр күні жатар алдында ертегі
айтып беретін.
Бірінші сынып бітірген күні ұйықтар алдында
əкемнің кезекті ертегісін тыңдауға барсам, əкем
маған «Енді мен саған ертегі оқымаймын. Сен бірінші
сыныпты бітірдің. Енді ертегіні өзің оқи аласың» -
дейді. Үш күн бойы емшектен суалтылған баладай
күн кештім. Ақыры «Бозінген» деген ертегіні қолыма
алып оқып, алған əсерімнен борша-борша болып ұзақ
жыладым. Содан кітап оқып кеттім. Кітап десе, ішкен
асымды жерге қойып, құнығып оқығаным сонша, əкем
«кітапты тым көп оқисың» дейтін. Сонда да тығып
оқитын болдым.
Әкеммен деңгейлес адамды
әлі кездестірген емеспін
Əкем ұлы адамдардың еңбектерін талдайды. Мен
үшін өте ыстық мынадай көрініс есімде қалды: пеште от
тырсылдап жанып жатыр. Біз бəріміз əкеміздің жанына
үйіріліп алып, оның Абай Құнанбайұлының «Қара
сөздері», қазақ тарихына қатысты бір терең шығарманы
189
талдағанын тыңдап отырмыз. Əкем əсіресе, ертегіні
мықты талдайды. Ертегілердің астарына, мəніне
үңілуге шақырады. Мына «Хиуаның базарынан алған
ала шапанды иығына іліп алып» деген сөзге назар
аударыңдаршы. Міне, бір қарағанда, шағын детальға
қарап отырып, баяндалып отырған аңыз қай заманда,
қай елде орын алып отырғанын шамалауға болады», -
дегені есімде қалыпты.
Үндінің «Бродяга» киносын талқылау өте əсерлі
болды. Міне, бір қарағанда, жеңіл, ойнақы болып
көрінетін киноның «Басымда бөтен елдің қалпағы,
үстімде бөтен елдің пиджагы» сөзіне құлақ түріңдер.
Біз өзге бір мемлекетке тəуелді бодан мемлекетпіз,
деп бастарындағы мүшкіл халден хабар беріп тұр
ғой» дейтін. Мен ой-өріс, парасаты жөнінен əкеммен
дейгейлес кісіні əлі кездестірген емеспін.
Əкесі туралы осылай махаббатпен əңгіме айтып
отырған Индирадан мен «Сіздің өз балаларыңыздың
əкеңіз секілді шыншыл, тура, ақжүрек болғанын
қалайсыз ба?» деп сұрадым. Сонда Индира: «Дұшпанға
өтірік айтуға болады деп ойлаймын. Тым ақжүрек
қылып тəрбиелеп, өмірден таяқ жеп қала ма деп
қорқамын. Жүрген жерімде Атырау, Астана мені
«Батыстың батыр қызы» деп атайды. Жұмыстастарым,
тіпті шетелдіктерге дейін оқу орнының əкімшілігіне
бармай, көмек сұрап маған жүгініп жүрді. Басында
үлкен ықыласпен көмектесіп едім, артынан қашқақтай
бастадым. Себебі басшылық «Неге бізге келмей, саған
барады?» деп ренжитін болды», - деп жауап берді.
190
Әкем, әсіресе, қыз балаларын қатты уайымдады
Мені қыз бала ретінде тəрбиесі кемдеу деп уайым-
дап жүрді. «Жалт етіп тіке қарайсың, қыз бала жұм-
сақ болуы керек қой» деп қынжылып жүрді.
Əкем өтірік айтқанды аса жақтырмайды жəне бірден
сезіп қояды. Кейде шəйнекті дұрыс пайдаланбай, істен
шығып жатады. Сонда өзімізше кінəмізді жасырып
жатсақ, «Өтірік айтпа, ішіне су құйылмай қалған» деп
бəрін біліп отырады.
Бірде «Құрдасымның үйінен керемет көже, айран
іштім. Рецептісін білсеңші» дегені бар. Мені шаруаға
үйреткісі, жұбайлық өмірге дайындағысы келгені ғой.
«Ер бала сияқты өсіп келеді, сен осы рахатсың, ештеңені
уайымдамайсың» деп шешеме ұрсады.
Алтынай Журасова:
Нәбиолла ағаның балаларына
репетитор керек емес
Нəбиолла аға Егіндікөлге барсақ, бізді қонақ қылады,
қой сояды, барлық əңгімесін бізге өзіне тең үлкен
кісідей айтады. Оның əңгімесінің бəрі қызық. Жалпы,
кез келген тақырыпта əңгіме айта алады.
Бірде Нəбиолла аға Жантасты маған репетицияға
алып келді. Сонда ұққаным, Нəбиолла ағаның балала-
рына ешқандай репетитор керек емес екен.
191
Альберт Т ґлегенўлыныѕ естеліктері:
Көпшік астындағы кәмпиттер
Тəтеміз адамды қуантқанды жақсы көретін еді.
Мен ата-əжемнің бөлмесінде жатып, біреулердің
келгенін естігеніммен, ұйқымды қимай, бір аунап
түсіп жата беремін. Сол кезде жастық астына салынған
кəмпиттерге қолым тиіп кетіп, «Тəте!» деп атып
тұрамын. Барып, тəтеммен амандаса салып, жаңағы
тəттілерді жеуге бірден кірісіп кеткім келеді. Бірақ
тəтем өзі көтеріп апарып, шылапшын-құман алып, беті-
қолымды жақсылап жуады. Өзімше «қолым таза» деп
шыдамсыздық танытып жатамын, сонда тəтем қолыңды
жудың болды, соныңмен тоқтай салмайды. «Ұйықтап
жатып əр жеріңді ұстайсың, сондықтан қол жуу керек»
деп маған ерінбей-жалықпай түсіндіреді.
Сөйтіп, тəртіпке үйретті. Ұрыспай айтып тұрған,
оның үстіне кəмпит беріп тұрған кісінің айтқаны, əрине,
сіңімді болады.
Дастархан басындағы демократия
Кейде дастархан үстінде ауызым толы тамақ,
үлкендердің сөзін бөліп, əңгімеге кірісіп кетемін. Ішіме
сыймай, шыдатпай бара жатқан бірдеңелерді сұраймын.
«Өйтуге болмайды, əуелі үлкендердің сөзін тыңдап
ал»- деп басымнан сипап отырып, ерінбей-жалықпай
тағы түсіндіреді. Содан кейін менің сұрағыма жауап
беруге кіріседі. Маған бір қатты ұрысып көрген емес.
Тамақты, соның ішінде базарлықтарды молынан жəшік-
жəшік қылып, қаппен əкелетін еді. Сөйтіп, қолымызды
192
қақпай, еркін тойғызады. Тек ішкізіп-жегізіп қоймай,
тəрбие мəселесін де қалыс қалдырмайды.
Оған отыз жасымда да еркелеп жүрдім
Тəтемнің кітабын көп оқыдым. Ұйықтап жатса,
көрпесінің шетін көтеріп, қойнына кіріп кетемін. Ояу
болса, «Тəте, мынау не кітап?» деп сұраймын. Сонда
оқып жатқаны күрделі механика бойынша кітап болса
да, мен түсінетін деңгейде ерінбей-жалықпай жауап
беретін еді. Тəтеме 30 жасымда да еркелеп жүрдім.
Тәрбиеші, тәлімгеріміз еді
5-6-сыныпта оқып жүрген кезімде əдеби кітап оқып
отырғанымды көрсе, «Одан да сабағыңды оқымайсың ба?!»
деп үй-іші ұрсатын еді. Сондықтан ондай кітапты физика,
география сияқты оқулықтардың ішіне салып оқитын
болдым. Оқып бітіргеннен кейін тəтем «Не түсіндің?
Мына кейіпкер, оның қимылы туралы не ойлайсың?» деп
сұрайды. «Бəріне бірдей сене берме. Өмір ақ пен қарадан
ғана тұрмайды» деп те айтып қояды.
Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыз «Балаларыңа суға
жүзу, мылтық атуды үйрет» деген екен. Тəтем екеуін де
үйретті.
Суға батқан жағдайдың өзінде оның түбімен
еңбектеп шығуға болады. Көп адам суға бойын үрейге
алдырғаннан кетеді», - деп үйреткені есімде қалыпты.
193
Серікбай Нəжиоллаўлыныѕ естеліктері:
Жұртта жоқ журнал бізде болды
Тəтем газет-журналды өте көп жаздырып алып жүрді.
Ішінде жұрттың бəрінде бірдей жоқ «Наука и жизнь»,
«Политическое самообразование», «Математика в школе»
(Нəбиолла ағаның балалары математикаға мықты бо-
луының да жөні бар-ау) сынды журналдар болды. Үйдегі
кітапханамыз бай еді. Кейде кітап сөресінен біздің жақтың
дүкендерінде сатылмаған «Фокустар сыры» сынды кі-
таптарды көріп қаламын. Оларды қайдан тапқаны маған əлі
күнге беймəлім болып қалды. Негізінен, үйдегі кітапхана-
ны тəтем қалыптастырды. Ол өз қатарының көшбасшысы
болды. Қай-қай үйде де тəтемді тып-тыныш тыңдайтын еді.
«Көксерек» пен «Капитан қызын»
жұрттан бұрын таныдым
Ең алғаш оқыған кітабым – «Көксерек». Мен ол
кезде 2-сынып оқушысымын. Маған жаңағы кітапты
тəтем берді. «Мынандай жерін оқып, ұққаныңды маған
айтып бересің», - деді. Соны əп дегеннен түсіне алмадым
ба, əлде ден қойып оқымадым ба, əйтеуір, бұл кітапты
екеуміз бір апта бойы мүжідік. Есесіне, кейін осы
«Көксеректі» мектептен өткен кезде сайрап отырдым.
«Капитан қызын» да осылай оқытты. Артынан
10-сыныпта осы тақырыпты өткен кезде мұғалімім
де, сыныптастарым да «Сен бұл шығарманы қайдан
білесің?» деп қатты таң қалды.
Бізге газет түптетіп қояды. Артынан түсіндім: бұл
тапсырманы бізге əдейі жүктейді екен ғой, газетті түптеп
194
отырып ананы-мынаны оқып, тісіміз бататын, қызық
нəрселерге көз тоқтатып, бірдеңе алып қалатынымызды
біледі.
Тəтем Төлеген ағама, тіпті əкеме де ұрсады, мені
«шалдың баласы» деп есептей ме екен, əйтеуір, маған
ондай көп ұрыспайтын еді. Ал Төлеген ағам тентек
болсам, сабап та алатын еді.
Жақсыға тартты, жаманнан тыйды
Тəтем маған қолға су құюды үйретті: «Əуелі бас
ұстаған кісіге, сосын оның оң жағындағы екі адамға
құясың. Содан кейін бас ұстаған кісінің сол жағындағы
барлық адамды тауысып барып, оң жаққа ауысасың».
Кейін осы үйреткеннің арқасында үлкендер «Су құю-
дың ретін біледі екенсің», - деп, мені мақтап жүрді.
Кешке күн батып бара жатқан кезде тəтем ешкімді
ұйықтатпайды жəне ешкімге тырнақ алдырмайды. Бірде
мен кішкентаймын, тəтем 25-26 жастағы жігіт, жұртты
комбайн айдауға оқытып жүрген кезі. Қасында екі-үш
жігіт бар, жұмыстан келіп, кешкі бір сауыққа жиналып
жатты. Сол кезде Серік Бижанов деген жиеніміз тырнақ
алуға ыңғай танытып еді. Тəтем оған «Ақ пен қызылдың
арасында кісі тырнақ ала ма екен?» деп ұрсып тастады.
Дəретхананың таза болуына өте қатты көңіл бөлді.
Тәтемнің пышақ қайрауы бөлек болды
Тəтемдей пышақ қайраған кісіні көрген емеспін.
Қазір адамдар пышағы өтіңкіремей қалса, апарып
шарқайраққа салады. Содан кейін біршама уақыт
лыпып тұрған пышақ бірте-бірте таз қалпына қайта
195
түседі. Ал тəтем қайраған пышақ өткірлігін өте ұзақ
уақыт сақтайтын. Оның қалай қайрайтынын көріп те
жүрдім: əуелі ірі қайрақпен қайрайды, сосын біртіндеп
қайрақтың орташа-уақтарына ауыса береді. Ең соңында
кірпішпен қайрайды. Тəтем «Мына пышақтарға менен
өзгеге жолауға рұқсат жоқ» деп айтып жүргенін көрдім.
Сірə, олар тым өткір болса керек. Артынан мен сол
тəтемнің əдісімен пышақ қайрап көріп едім, бəрібір
тəтемдей жасай алмадым. Сірə, бұл істің мен жете ұға
алмаған қыр-сыры болса керек.
Тəтем өтірікті жек көрді, қатты ренжиді. Содан ба
екен, біздің үйдің балалары өтірік айтпайтын болып
қалыптасты. Кез келген нəрсеге көңіл бөледі. Қарап
тұрсаң, бəріміз бір тəрбие көрдік. Осының бəрін қайдан
үйренді, қайдан біледі екен деп таңданудан танған
емеспін. Əкем ондай емес, Төлеген ағам да ондай емес.
Шахмат үйретудің ерекше әдістемесі
Тəтем бізге шахмат ойнауды үйретті. Əуелі
жүрістерден бастады. «5-6 жүрісті алдын ала ойлай
білсең, мықты шахматшы болып шығасың. Сенің əр
жүрісіңе қарсыласыңның жоқ дегенде үш түрлі жауап
нұсқасы болады, соған сен қалай жауап бересің?
Осының бəрін ойда ұстай алсаң, бұл тек шахматта емес,
өмірде де пайдаға асады», - деп отыратын. Шахмат –
өте күрделі де қиын ойын. Бұндай əдістемені қайдан
үйренгенін білмеймін, бізбен ойын қызықты, тең
болуы үшін тəтем өзінің мықты фигураларын, мысалы,
ферзісін алып тастап, өз позициясын əдейі əлсіретеді.
Кейде өзін қатты əлсіретіп жіберсе, жеңіп те тастаймын.
Сонда тəтем фигураларын біртіндеп қайта қосады.
196
Ойын қайта тең дəрежеге түседі, осылай бізді біртіндеп
дамытып еді.
Елдос Нəбиоллаўлыныѕ естеліктері:
Ой-пайым жасауға баулыды
Əкем бізді əр нəрсеге пікір жасауға, ой-пайым
жасауға үйретті. Бірде ол бізден «Қыс кезінде есік ашқан
кезде төбе неге сытыр-сытыр етеді?» деп сұрады. Содан
бəріміздің жауап-пікірімізді тыңдап алғаннан кейін, өзі
түсіндірді: «Сыртқы есікті ашқан кезде іштегі төбені
кернеп, көтеріп тұрған жылы ауа сыртқа шығады да,
көтеріліңкіреп тұрған төбе сытырлаған дыбыс шығарып,
сəл де болса, төмен түседі. Осыны түсінбеген біреулер
«домовой», анау-мынау деген əңгіме айтады».
9-сыныптың аяғында мемлекеттік емтиханға
əзірленіп жүрмін. Қызыл аттестаттан үміткермін. Əкем:
«Əнеу аспанда ұшып жүрген қарақұстың салмағы
қанша деп ойлайсың?» - деді.
- 5-6 келі шығар.
- Жоқ, олай емес, 2,8-3,5 келінің арасы болса
керек.
- Осы құс бар күшімен келіп жерді соқса, қанша
ньютон күшпен соғады деп ойлайсың?
Бұны есептеу үшін құс қалықтап жүрген биіктікті
білу керек, өзімнің бір шамамды айтып едім. Əкем
«Қателестің, 400-500 метрдей биікте жүр. Жоғары
сыныпқа келдіңдер, қалайша қарапайым нəрселерді
есептей алмайсыңдар?» - деп басын шайқады.
197
Әкем үшін уақ-түйек деген болған жоқ
Біздің мектепте оқушыларды əртүрлі көріністерге
шығарып жүрді. Сондайда əкем сценарийлерге, оның
мазмұнына қатты көңіл бөлетін еді. «Ойсыз көрініске
қатысып, күлкіге қалудан сақ болыңдар» дегені бар.
Бірде «Түлкі жəне құмыра» деген ертегі желісімен
қойылған көріністі сахналауға қатыстым. Қойылымнан
соң əкем оған кəдімгідей көңіл бөліп, талқылады. Мен
түлкінің рөлін ойнаған едім, сол кезде үстімде түлкінің
қандай да бір нышандары болғанымен, бетімде түлкінің
маскасы болмады. Əкем осыған жəне құмырадан сүт
іше алмағанымды дұрыс бейнелей алмағаныма көңілі
толмай қалды. «Бəзбіреулер осы арқылы бізді мазақ
қылып, біз арқылы өзін кемсіткісі келген жоқ па екен?»
- деп секем алып қалды.
Əкем біздің мектеп шараларына жүргізуші
болып қатысқанымызды да құп көрмеді. «Өнер
көрсететіндердің тізімін сампылдап жариялап тұрудың
адамға берері аз», - деп санады.
Ол адамға бөлінген уақытты шектеулі деп санап,
əр сəтті бос өткізбеуімізге көңіл бөлді. Тіпті тоқырау
кезеңін де ұтымды пайдаланып, осы кезде пайда болған
бос уақытта шамның жарығы арқылы болса да, көп
нəрсеге үйретіп кетті.
Жалпы, əкемнің бос, жөнсіз сөйлегені есімде жоқ.
Жəне ол отырған жерде – үйде болсын, басқа ортада
болсын, орынсыз əңгіме айтылмайды. Əкемнің алдында
Төлеген ағам да сымша тартылып түп-түзу отырады.
Қазіргідей ойын-қалжың, əзіл айту дегенді ол кезде
білмейді.
198